Файл қосу

Қоғамның экономикалық құрылымы



|Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі                      |
|Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті                   |
|                                                                            |
|3 деңгейлі СМЖ құжат     |ПОӘК                     |                         |
|                         |                         |ПОӘК                     |
|                         |                         |042-14-5-02.01.20.1/01-20|
|                         |                         |09                       |
|Магистрантарға арналған  |                         |                         |
|"Қазіргі кезеңдегі әлем  |№1 басылым 18.09.08.     |                         |
|тарихының іргелі         |орнына №2 басылым        |                         |
|мәселелері"              |30.09.2009               |                         |
|пәнінің оқу- әдістемелік |                         |                         |
|материалдары             |                         |                         |





                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
           " Қазіргі кезеңдегі әлем тарихының іргелі мәселелері "
                                 пәні бойынша
                    «6М020300»- Тарих мамандығына арналған


                        ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  МАТЕРИАЛДАРЫ



























                                    СЕМЕЙ
                                    2014

                                   Мазмұны

1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық сабақтар
4 Курстық жұмыс және дипломдық жоба
5 Магистранттың өздік жұмысы





































Глоссарий
Абсолютизм  –  жоғары   үкімет   билігі   шексіз   жеке-дара   бір   адамның
қолында  тұрған  мемлекеттік  басқарудың  бір  түрі.
 Автономия  –  бір   мемлекеттің   шеңберінде   өзін-өзі   басқаруға   құқық
берілген  саяси-ұлтық  құрылым.
Авторитаризм –  жеке   адамның   билігіне   негізделген,   басқаруда   күшке
сүйенетін  мемлекеттік-саяси   тәртіп.   Мұнда   атқарушы   билік   үстемдік
етеді. Парламент  болғанымен  ол  кеңесші  органға  айналады.   Тоталитарлық
 тәртіппен  салыстырғанда  мұнда   көпшілік   партия,   бірыңғай   идеология
болмайды  және  экономика   бақылауға   алынбайды.  Тоталитарлық   тәртіптің
басқа   белгілері   негізінен   сақталады.  Ол   көбіне    саяси    жағдайға
белсене   араласатын   әскер    күшіне    сүйенеді.    Мемлекеттің    сайлау
органдары  шектеледі.
Агрессия –  басқа   елдердің   жерін   тартып   алу,   егемендігінен   айыру
немесе   шектеу,  халқын   күшпен   бағындыру   мақсатымен   қарулы   шабуыл
жасау.
Адам –  жер   бетіндегі   тірі   организмдердің   жоғарғы   сатысы,   саяси-
қоғамдық  қатынастардың  негізгі  субъектісі  мен  объектісі.
Азаматтық қоғам – жеке  тұлғаның   емін-еркін   дамуын   қамтамасыз   ететін
қоғамның  күйі. Азаматтық  қоғамның  құрамына  адамдардың  өздері   тудырған
 қауымдастықтар  (қоғамдық,  кәсіби,  шығармашылық   ұйымдар,  ассоциациялар
және  т.б.) азаматтардың  өндірістік   және   жеке   өмірі,  әдет-ғұрыптары,
салттары   кіреді.  Бұл    қоғамда    мемлекеттің    жеке    адам    өміріне
араласуына  шек  қойылады.  Онда  адамның  халықаралық   дәрежеде   танылған
ережелерге  сай  құқықтары  сақталады.
Альянс – ортақ  мақсаттарға  жету   үшін  келісім-шарт   негізінде   жасаған
ұйымдардың  одағы,  бірлестігі.
Анархия   –   1)   Мемлекеттік    биліксіз    әр    түрлі    қауымдастықтар,
бірлестіктер,  одақтар   арқылы    өзін-өзі    басқаратын    қоғам    құруға
тырысушылық;    2)   үйреншікті    өмірде    тәртіпсіздікті,    жөнсіздікті,
заңсыздықты, басшылықтың  жоқтығын  білдіреді.
Аннексия – басқа   мемлекеттің,  халықтың   жерін   тұтас,  я  бір   бөлігін
күшпен  жаулап  алу  немесе  басқаға  алып  берушілік.
Антагонизм – мүдделері  қарама-қарсы  күштердің, қастасқан  таптар,  топтар,
партиялар  және  т.б.  арақатынасының  шиелініскен  түрі.
Антисемитизм – еврейлерге  қарсы  бағытталған, оларды   қудалауға   арналған
саясат  пен  идеологияның  түрі.
Апартеид – нәсілдік  жағынан  бөлу, қорлау  саясаты. Ол   сайлау   құқығынан
айыру, бірдей   еңбекке   төмен   ақы   төлеу,  көшіп-қонуды   шектеу   және
т.с.с. көрініс  береді.
Апатридтер – ешбір  мемлекеттің  азаматы  болып   саналмайтын   адамдар.Олар
қай  елде  тұрса,сол   елдің   заңына   бағынады,  бірақ   саяси   құқықтары
болмайды.
Аристократия – 1) пұрсатты, бай, ерекше   құқықтар  мен   жеңілдіктерге   ие
ақсүйектер  тобы;  2) ақсүйектер  әулеті,   билік   жүргізетін   мемлекеттік
басқарудың  түрі. Мысалы,  мұндай   мемлекеттік   билік   Ежелгі   Гректерде
болды.
 Ассамблея  –  халықаралық   ұйым   мүшелерінің   жалпы   жиналысы.  Мысалы,
Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Бас  Ассамблеясы.
Ассимиляция – бір  халықтың  өз  тілін,   мәдениетін,  ұлттық   сана-сезімін
жоғалтып, екінші  халыққа  сіңіп  кетуі.
Билік – 1) адамдардың  іс-әрекетіне,  қызметіне,  тағдырына   белгілі   бір 
адамдардың   (бедел,  жігер,  құқық,  зорлықтың)   көмегімен    әсер    ету 
мүмкіншілігі;   2)  адамдарға   саяси   билік   жүргізу;   3)   мемлекеттік 
органдардың  жүйесі;   4) мемлекеттік  және  әкімшілік   өкілеттілігі   бар 
қызмет  адамдары, органдары.
 Бипатридтер – бір  мезгілде  екі  немесе  одан   да   көп   мемлекеттердің 
азаматы  болып  есептелуі.
Бихевиоризм  – жеке   адамдар   мен    топтардың    іс-әрекетін    талдауға 
негізделген  әдістемелік  бағыт.   ХХ  ғасырдың   20-30  жылдарында   пайда 
болған.  Бұл   әдісті   жақтаушылар   саяси   қызметтің   барлық   түрлерін 
адамдардың  іс-әрекеттерін  талдау  арқылы  түсініп  білуге  болады  дейді.
Буржуазиялық-демократиялық    партиялар   – ХIХ    ғасырда    Еуропа    мен 
Солтүстік  Америкада  бір   кезде   пайда   болды.   Мынадай   принциптерді 
басшылыққа  алады:  қоғамда   билік   үшін   әрқашан   ашық   күрес   жүруі 
керек,  өкіметке   жалпыға   бірдей   сайлау   арқылы   жету,   парламентте 
көпшілік дауыс   алған   партия   немесе   партиялық   бірлестік   өкіметті 
билейді, басқарушы   партияға   қарсы   үздіксіз   ашық   оппозиция   жұмыс 
істеуі  керек. Заң  алдында  бәрінің   де   тең   болғанын,  сөз,  баспасөз,
жиналыстар     бостандығын     қалайды.    Мысалы,    Германияның     еркін 
демократиялық  партиясы, Ұлыбританияның  социал-либералдық  партиясы   және 
т.с.с.
Бүлік  – бір   топ   адамның   мемлекеттік   төңкеріс   жасау    мақсатымен 
жасаған  іс-әрекет.
Бюрократ – 1) азаматтардың  мүддесіне  нұқсан   келтіріп,  өз   міндеттерін 
формальды  түрде  атқаратын  қызмет  адамы;  2)  басқарудың   бюрократиялық 
жүйесіне  жататын  ресми  қызметтегі  адам.
Демократиялық    партиялар   – басқаларға    төзімділікпен,   түсіністікпен 
қарайтын,  пікір   алалығын   жақтайтын   партиялар.   Олар    идеологиялық 
факторға  онша  мән  бермейді.
Деполитизация  – белгілі   бір   ұйым,  органдардың   және   т.б.   жұмысын 
саясаттың  ықпалынан  шығаруға  тырысушылық..
Депортация – жеке  адамдарды, халықтарды  еріксіз, күшпен  жер  аудару.
Деспотизм   – 1)   өкіметтің    толық    бассыздығына,    қол     астындағы 
азаматтардың  еріксіздігіне  негізделген  мемлекеттік  құрылыстың   жүйесі; 
2) жеке адамның  бостандығын  мейірімсіз, қатал  басып-жаншу  тәсілі.
Деспотия – шексіз  және  дара  билеудің  бір  түрі.
Децентрализация  – орталық   басқару   жүйесінің   жергілікті   жерге    өз 
билігінің  бөлігін  беруі.
Диктатор – заңмен  санаспай,  күштеу   мен   қудалауға   сүйенетін   шексіз 
билеп  төстеуші.
Диктатура  – қарулы   күшке    сүйенетін,   заңмен    шектелмеген    шексіз 
мемлекеттік  билік. Ол  көбінесе  әлеуметтік-экономикалық  күйзеліс,  саяси 
күрестің  шиелініскен  шағында, өтпелі  кезеңдерде, өкімет  басына   күшпен 
келгенде  және т.с.с. пайда  болады.
Дискриминация – нәсіліне, ұлтына,  дініне   немесе   саяси   көзқарастарына 
және  т.т. байланысты  адамдарды  құқығынан  айыру  я  шектеу.
Диссидент – үстемдік  етуші, билеуші  идеологиямен  келіспеген  адам.
Идеология – белгілі   бір   әлеуметтік   топтар,  таптар,  партиялар   және 
т.б.  мақсаттары  мен  мүдделерін   бейнелейтін,  үстемдік   етіп   отырған 
қоғамдық  қатынастарды   орнықтыруға   немесе   оларды   өзгертуге   қызмет 
ететін  тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың  жүйесі.
Иерархия   – төменгі    органдардың,   шенділердің    жоғарғы    органдарға,
шенділерге  бағыну  тәртібі.
Импичмент   – жоғарғы     лауазымды     адамдарды    (президентке     шейін)
конституцияны бұзғаны  үшін  немесе  басқа  қылмысы  үшін   жауапкершілікке 
тартуға  және  ісін  сотта  қарауға  мүмкіндік  беретін  ерекше   тәртіптің 
түрі.
Институализация   – саяси    қозғалыс    немесе     құбылыстың     тәртіпке 
келтірілген, ұйымдасқан  мекемеге  айналуы.
Интеграция  – мемлекетаралық   саяси,  экономикалық,  әскери    және    т.б.
одақтардың  құрылуы. Оның  негізінде  ортақ   мүдде,  саяси   қатынастардың 
жақындасу, бірлесуге  тырысу  үрдісі  жатыр. Бұл  салада   Еуропалық   Одақ 
зор  жетістіктерге  жетті.
-К-
               Келісім  – мәжіліске   қатысушылардың    немесе    саясаттың 
басқа  субъектілердің  келісімі  негізінде  қабылданатын  шешім.
Коалиция – 1)  ортақ   жауға   қарсы   екі   немесе   одан   көп   елдердің 
жасаған  одағы;  2)  мемлекеттік   билікті   жүзеге   асыру   үшін   немесе 
бірлесіп    іс-әрекет    жасау    мақсатымен    партиялардың    я     қоғам 
қайраткерлерінің  бірігуі, келісімі.
Консерватизм  – 1)  тарихи   қалыптасқан   саяси   және   қоғамдық   өмірді 
өзгеріссіз  сақтауға  тырысқан   әлеуметтік-саяси   көзқарастар,  теориялар 
жүйесі;  2) консервативтік  партиялардың  ұстаған  бағдарламалық  бағыты.
Конституция   – мемлекеттік    және     қоғамдық     құрылыстың     негізгі 
қағидаларын, принциптерін  білдіретін  негізгі  заң.
Конфедерация  - өздерінің   кейбір   амал-әрекеттерін   үйлестіріп,  белгілі
бір  мақсаттарды (әскери, сыртқы  саясаттағы  және  т.с.с.)  жүзеге   асыру 
үшін  бірлескен  егеменді   елдер   одағы.  Онда   жалпыодақтық   азаматтық 
немесе  ол  одаққа  кірген  мүшелердің   бәріне   міндетті   заң   шығарушы 
билік  болмайды. Оның  алғаш  шешімдері  оған  енген  елдердің   бекітуінен 
өтуі  керек.  Ол  өмірде  сирек  кездеседі. Мысалы, ол  1848  жылға   дейін 
Швейцарияда, 1778-1787  жылдары   Солтүстік   Америка   штаттарында   болды.
Қазір  соған  ұқсас  құрылымды  Еурополық  Одақ  құрмақ  ойы  бар.
Конфликт (жанжал) – қарама-қарсы  күштердің,  партиялардың,  көзқарастардың,
мақсат-мүдделердің  бір-біріне  қайшы  келуі.  Ол  өрістеген   кезде   арты 
шешілмес  қатты   дау-жанжалға,  ал   саяси   шиеленіс   саяси   дағдарысқа 
әкеліп  соқтыруы  мүмкін.
Конфликтология - әлеуметтік  дау-жанжал, шиеліністердің   мәнін,  табиғатын,
зардаптарын  зерттеуге, оларды  алдын  ала  болжауға  арналған  ілім.
Коррупция  – 1)  мемлекеттік   және   саяси   қайраткерлерді,  министрлерді,
парламент  мүшелерін, шенеуніктерді  және  т.б.  параға   сатып   алу;    2)
лауазымды   адамдардың   жеке   басын   байыту   мақсатында   өз   қызметін 
қылмыстық  жолмен  пайдалануы, парақорлығы, сатылғыштығы.
Көппартиялылық  – мемлекеттік   билік   үшін   күрес   барысында    бірнеше 
саяси  партиялардың  әр  түрлі  мүдделері  мен  пікір  алалығын   пайдалана 
отырып  басқару  түрі.
Легитимдік – халықтың  үстемдік  етіп  отырған  саяси   билікті   мойындауы,
оның  заңдылығы  мен  шешімдерін  растауы.
Либерализм  – 1)  жеке   адамның   саяси   және   экономикалық   құқықтарын 
мақұлдап, мемлекеттің  экономикаға  араласуын   шектеуге   тырысатын   ілім,
саяси  бағыт;  2) бірқатар   елдерде   орта   топтың   мүддесін   қорғайтын 
либералдық  партиялар.
Лобби – белгілі  бір   заң   жобаларына,  қабылданатын   шешімдерге   ықпал 
ету  мақсатында  әрекет  ететін  ерекше  саяси  ұйым. Ол   қысымшы   топтың 
бір  түріне  жатады.  Саяси,  қоғам   қайраткерлерімен   жақсы   қатынастар 
орнатып, солар   арқылы   үкіметтің   табысты   тапсырмаларын   алуға,  заң 
жобаларына   өздеріне   керекті   өзгерістер   жасауға   және   т.с.с.  күш 
салады. Бұл  мақсатта  неше  түрлі  әдіс-тәсілді  пайдаланады.
Люмпен   – қоғамның    азғындалған    бөлігінің    жалпылама    аты.   Оған 
қаңғыбастар, қайыршылар, жезөкшелер, қылмыскерлер  және  т.с.с.  жатады.
Объект –   субъектінің   танымдық   және   басқа   іс-әрекеті    бағытталған
зат.Саясаттанудың обьектісіне  саясат әлемі жатады.
Оккупация-бір елдің мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы.
Олигархия-саяси және  экономикалық  билік  азғантай  топтың  қолында  түрған
биліктің түрі немесе сол үстем топтың өзі.
Оппозиция -  1)бір саясатқа ,саяси  іс-әрекетке  ,қайраткерге  қарсылық  ету
,кедергі жасау.2)партияның  не  оның  бір  бөлігінің  билік  етуші  элитаға,
көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы,
Охлократия – қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай  мемлекеттік  мекемелерді
басып алып , ойран салған ,демократияны теріс түсінген тобыр билігі.
     Өркениеттілік-1)қоғамның ,  адамзаттың  материалдық  және  рухани  даму
деңгейі; 2)мәдениеттің синонимі; 3) Л.Морган,  Ф.Энгельстердің  көрсетуінше,
қоғам дамуында варварлықтан кейінгі сатысы.
       Парадигма- жасалатын  өзгерістердің  нәтижесінде  туатын  болашақтағы
қоғамдық құбылыстың үлгісі ,бейнесі.
Пацифизм-соғыстың      қандай       түріне       болмасын(мақсатына,сипатына
қарамастан)қарсы тұрып ,бейбітшілікті жақтайтын ағым,қозғалыс.
Плебисцит-ерекше   маңызды   мәселе   туралы    барлық   халықтың    пікірін
сұрау,анықтау.
Плутократия-1)мемлекеттік билік  байларға(плутократтарға  )бағынышты  болған
саяси құрылыс;2)байлардың билігі ,ақшаның үстемдігі.
Полис –ежелгі грек елінде қоғам мен  мемлекеттің  саяси-экономикалық  ұйымы,
қала-мемлекет.
Прагматизм –алға қойған мақсатқа іс-жүзінде жету үшін  ұстаған  бағыт.Көбіне
адамгершілік қағидаларымен санаспай,нақтылы нәтижеге жетуге тырысады.
Социал–демократиялық   партиялар-қазіргі   капиталистік   қоғамда    еңбекші
халықтың  мүддесіне   сай   ұдайы   реформалап,өзгертіп   отыруға   тырысқан
партиялар.Олардың                                                      басты
құндылықтары:бостандық,әділеттілік,ынтымақтастық,теңдік.
         Социум - адамдардың өмір сүру жағдайы  және  мәдениеттің  бірлігіне
байланысты құрылған әлеуметтік қауымдастық.Оныңең жоғарғы түріне  әлеуметтік
жүйе  ретінде  тұтас   қарастырылған   қоғам   жатады.   Одан   басқа   оған
отбасы,туыстық,рулық,әлеуметтік-топтық,ұлттық,аумақтық        қауымдастықтар
кіреді.
         Статус - белгілі бір кезде болған немесе қазір өмір  сүріп  отырған
жағдайды сақтау.
         Страта - қоғамдағы әлеуметтік жағдайына  байланысты  адамдардың  әр
түрлі топтарға бөлінуі.  Оларды  жіктегенде  мынадай  белгілерді  басшылыққа
алады:меншікке  ие  болудың  сипаты,  табыстың  мөлшері,  биліктің   аумағы,
мәртебесі, ұлттық ерекшеліктері және т.б.
Субмәдениет  - Қоғамда   үстемдік   ететін   мәдени   бағыттан   айтарлықтай
ерекшеленетін саяси бағдар. Ол қоғамдық топтардың  экономикалық,  әлеуметтік
жағдайларына,   этникалық,   діни,   нәсілдік,   білімдік,   жыныстық,   жас
ерекшеліктеріне және т.с.с. белгілеріне байланысты болады.
         Субъективтік - табиғат пен қоғамның объективтік даму  заңдылықтарын
теріске шығаруға тырысатын көзқарас. Оны жақтаушылардың ойынша,  саяси  өмір
саясатты  жасаушы  субъекттердің  ерік-жігеріне,   ынта-ықыласына,   мақсат-
мүддесіне байланысты дамиды.
Теократия - діни билік те, азаматтар билігі де бір адамның  қолында  болатын
мемлекеттік басқарудың түрі.
           Терроризм   - саяси   себептермен    жеке    адамдарды,көпшілікті
қорқыту,жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет.
         Технократия - 1)инженерлерге,менеджерлерге,техника ғылымдарына  иек
артатын саяси тәртіп; 2)басқарушы  элитаға  кіретін  техникалық  мамандардың
жоғарғы  жігі және соларды дәріптейтін тұғырнама.Технократиялық  теорияларды
жақтаушылар техникаға, технологияның рөліне шексіз басымдық береді.
Тиран -1) Ежелгі Грецияда,  Ежелгі  Италияда  өкіметті  күшпен  басып  алған
адам; 2) жендет,  рақымсыз,  қатал,  мейірімсіз  билеуші;  3)қысымшы,  езуші
адам.
Толеранттық – басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық  көрсету,
саясатта алуан  пікірлікті,  оппозицияның  кең  мағынасында  жұмыс  істеуіне
мүмкіндік беруді, олардың ой-пікірлеріне түсіністікпен қарауды білдіреді.
         Фашизм-реакциялық ,грессивтік  күштердің  террорлық  диктатурасы.Ол
1919 жылы Италияда,содан кейін Германияда пайда  болды.Оның  ерекшеліктеріне
жататындар:бір нәсілді екіншіден  жоғары  қою,мемлекетке  барлық  басшылықты
беру,демократиялық құқықтар мен бостандықтарды  басып  –жаншуда  шектен  тыс
күштеу әдіс-тәсілдерін пайдалану,қоғамдық және жеке өмірді жаппай  бақылауға
алу және т.с.с.
Федерация-белгілі бір тәуелсіздігі  бар  бірнеше  мемлекеттік  құрылымдардың
бірігіп,одақтық   жаңа   мемлекетті   құруы.Федерация   мен   оған   кіретін
субъектілердің  міндеттерінің  арасындағы  айырмашылықтар   жалпымемлекеттік
конституциямен   реттеледі.Әрбір   субъектінің   өзінің   жоғары   билеу(заң
шығарушы,атқарушы,сот)органдары  болады.Бірақ  олар  орталық   институттарға
бағынады.
Феминизм-қоғам өмірінің барлық салаларында еркектер мен  әйелдердің  теңдігі
үшін күресетін қозғалыс.
Фракция-парламентте немесе жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарында  және
т.б.өз партиясының саясатын ұйымшылдықпен өткізу үшін біріккен кейбір  саяси
партиялардың мүшелері ;партияның жалпы бағытымен келіспегендіктен өз  алдына
бөлек оқшауланған,өзіндік бағыты,құрылымы,тәртібі бар ,бірақ  сол  партияның
қатарынан шықпаған саяси партия мүшелерінің бөлігі.
Фундаментализм-мұсылман елдеріндегі қоғамдық  ойдың  ислам  діні  негіздерін
берік сақтау әрекеттері.
Шовинизм-ұлттық  ерекшеліктерді  дәріптейтін,бір   ұлттың   мүддесін   басқа
халықтардың  мақсатына  қарсы   қоятын,ұлтаралық   өшпенділікті   қоздыратын
,ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі.
Эволюция  - қоғамдық-саяси  өмірде  біртіндеп,  баяу  даму.  Бұл   теорияның
негізін салған ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин болатын.
Экспопрация - бір тапты  жеке  меншігінен,  өндіргіш,  құралдарынан  күшпен,
ықтиярсыз айыру.
Экстремизм - 1)саяси  және  басқа  мақсаттарға  жету  үшін  заңсыз,  күштеу,
зорлау тәсілдерін пайдаланатын әрекет.  Ол  ұлтаралық  араздықты  қоздырады,
демократиялық   принциптерді   шектейді,   елді   тұрақсыздандырады,   саяси
шиеленістерді бейбіт  жолмен  шешуге  мүмкіндік  бермейді;  2)шектен  шыққан
көзқарастарға және шараларға бет бұрушылық.
Электорат  - халықаралық  ұйымдарға,  мемлекет  басқару  органдарына,   жеке
қызметкерді сайлау кезінде дауыс беруге құқығы бар адамдар тобы.
Элита  - саясатта,  экономикада,  рухани  өмірде  өздерінің  білімділігімен,
ікерлігімен, асқан мамандығымен ерекше жағдайға ие болған адамдар тобы.
Эмансипация  - адамның  немесе  әлеуметтік  топтың  тәуелділік,  кіріптарлық
езгіден құтылып,  теңдік  алуы.Мысалы,  ұлттық  езгіден  құтылу,  әйелдердің
ерлермен тең құқық алуы және т.с.с.
         Этатизм - елдің экономикалық және саяси  өміріне,  қоғамның  барлық
саласына мемлекеттің белсенді араласуын қалайтын тұжырымдама.
         Этнос - тілінде, мәдениетінде, мінез-құлқында  ортақ  ерекшеліктері
бар,   белгілі   бір   аумақта   (территорияда)   тарихи   қалыптасқан,   өз
қауымдастығының бірлігін сезінетін адамдар жиынтығы.






























Дәріс сабақтары

№1 дәріс сабағы
Ежелгі дүние және ортағасырлар тарихының іргелі мәселелері.

Ежелгі дүние  –  тарих  ғылымында  адамзат  қоғамы  дамуының  Рим  империясы
құлағанға дейінгі (біздің  заманымыздың  5  ғасыры)  кезеңін  сипаттау  үшін
қолданылатын термин. Алғашқы адамдар туыстық  байланыстар  бойынша  (ру  мен
тайпа) бірлесіп өмір  сүрген.  Бірте-бірте  рулар  мен  тайпалар  арасындағы
өзара соғыстар нәтижесінде қоғам мүшелері  арасынан  ақсүйектер  мен  құлдар
келіп шықты. Біздің заманымыздан бұрынғы 4 – 3-мыңжылдықта Тигр  мен  Евфрат
өзендері  аралығында  шумер  мәдениеті  пайда  болды.  Шумерлердің   Орталық
Азиядан бұл өлкеге қалай, қашан көшіп келгені ғылымда  әлі  анықталған  жоқ.
Кейіннен Месопотамияда шумерлердің  орнына  Вавилон  мемлекеті  (оңтүстікте)
мен Ассирия мемлекеті (солтүстікте) құрылды.  Шумерлермен  қатар  Ніл  өзені
жағалауында ежелгі Мысыр  мемлекеті  (шамамен  біздің  заманымыздан  бұрынғы
3000 жыл)  дүниеге  келді.  Б.з.б.  2000  ж.  Қытайда  да  алғашқы  мемлекет
құрылып, Ся әулеті билік құрды. Шамамен  осы  мезгілде  Крит  мәдениеті  мен
Хетт патшалығы өмір сүрді. Тайпалардың шығыстан батыс пен оңтүстікке  жаппай
қоныс аударуы нәтижесінде  Кіші  Азия,  Сирия,  Палестина,  Мысыр  халықтары
толығымен жаңарып, адамзат тарихында темір  дәуірі  басталды.  Таяу  Шығыста
шығу  тегі  белгісіз  «теңіз  халықтары»   пайда   болып,   Жерорта   теңізі
жағалауларына өз бақылауын орнатты.  Біздің  заманымыздан  бұрынғы  2500  ж.
шамасында Инд өзені бойында үнді мәдениетінің  негізі  қаланды.  Көп  ұзамай
Үндістанға Орталық  Азиядан  арий  тайпалары  басып  кіріп,  шамамен  біздің
заманымыздан бұрынғы 1500 ж. бүкіл Солтүстік Үндістанды басып  алды.  Біздің
заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Инд өзенінен Қара  және  Каспий  теңіздеріне,
сондай-ақ, Мысыр мен Грекияға дейін созылып жатқан парсы  патшалығы  (Ахемен
әулеті мемлекеті) құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 336 – 321 ж. онан  да
алып  Александр  Македонский  империясы  құрылып,  грек-македон  және  шығыс
мәдениеттері араласа бастады. Шамамен осы кезеңде Орталық Азияны  мекендеген
ғұн тайпалары бірлесіп алып мемлекет құрды. Олар шығыста Қытайды  Ұлы  қытай
қорғанын тұрғызуға мәжбүр етті. Біздің заманымыздан бұрынғы  6  ғасырда  Рим
күшейіп,   Италиядағы   латын   мемлекеттерін   өзіне   бағындыра   бастады.
Императорлар Цезарь мен Августин тұсында Рим  Жерорта  теңізі  жағалауларына
толық өз үстемдігін орнатқан әлемдік державаға айналды. Біздің  заманымыздың
3  ғасырынан  бастап  империя  әлсіреп,  395  ж.  Батыс   және   Шығыс   Рим
империяларына бөлінді. 3 ғасырдан бастап Орталық Азияны  мекендеген  көшпелі
ғұн тайпалары жаппай батысқа жылжып, Балтық және Қара  теңіздердің  аралығын
мекендеген  герман  тайпаларын  әрі  қарай  ығыстырды.   Ғұндардан   ығысқан
германдықтар Батыс және Шығыс Рим империяларына басып кірді.  Кейбір  герман
тайпаларымен одақтасқан ғұн тайпалары да  Аттиланың  (Еділдің)  басшылығымен
Батыс Рим империясына басып кіріп, 452 ж. Рим қаласын қоршауға  алды,  бірақ
төлем алғаннан кейін қаланы қиратпай, кері шегініп кетті. Көп  ұзамай  Батыс
Рим империясы біржолата (476)  жойылды.  Осы  империяның  жойылуымен  ежелгі
дәуір тарихы да аяқталды.
      Орта ғасырлар тарихында Еуропа  елдері  үшін  V-X  ғасырлар,  ал  Азия
елдері үшін ІІ-ХІ ғасырлар  ерте  орта  ғасырлар  дәуірі  деп  аталады.  Бұл
деуірде адамзат баласы тарихының дамуында көптеген тайпалар  құлдық  қоғамды
аяқтап, жаңа қоғамдық қатынас - феодализмге енді. Ерте орта  ғасырларда  ірі
жер иеліктері дамыды. Феодалдық қоғамның негізгі  байлығы  жер  болды.  Ерте
ортағасырлық мемлекеттер өмірге келді. Солардың  ішінде  Франктер  империясы
мен Византия империясы құрылды. Азияда Араб халифаты  дүниеге  келді.  Ислам
дінітаралып,  Азия  елдерінде  мұсылмандық  кең  етек  алды.   Ислам   дінін
уағыздаушы Мұхаммед пайғамбар ислам дүниесіне зор әсер  етті.  Шығыс  Еуропа
елдерінде  ерте  ортағасырлық  деуірде  славян  тайпалары  бірікті.   Батыс,
Оңтүстік  және  Шығыс  славян  тайпалары   ІХ-Х   ғасырлар   аралығында   өз
мемлекеттерін құрды. Шығыс славян тайпаларының жерінде Киев Русі  мемлекеті,
Батыс славян тайпаларының жерінде Морав, Чех мемлекеттері,  Оңтүстік  славян
тайпалары жерінде - Балқан түбегінде Бірінші Болгар патшалығы  құрылды.  Бұл
славян  мемлекеттері  дүние  жүзі  халықтары   тарихында   ай-тарлықтай   із
қалдырды.
      Ерте орта ғасырлар  кезеңіндегі  мемлекеттердің  саяси  құрылымы  ерте
феодалдық монархия болды. Ірі жер  иелері  мен  дін  басшылары  феодалдардың
мүддесін  қорғап,  үстемдік  жасап  отырды.  Мемлекеттік  аппаратта  король,
герцог, барон, кінәз бен боярлар феодалдық сатыны құрады. Ірі жер  иеліктері
феодалдық поместьелер болды. Ерте орта ғасырлар кезеңінің бір  ерекшелігі  -
монархиялық империялар қандай күшті  болғанымен,  феодалдық  қоғамның  заңды
дамуы - бытыраңқылықты  бастан  кешірді.  Оның  себебі,  біріншіден,  барлық
феодалдық мемлекеттер байлық үшін, билік үшін  әр  уақытта  бақталас-  тықта
болды.  Екіншіден,  феодалдық  қоғамда  тұйық  табиғи   шаруашылық   дамыды.
Мемлекеттер елді  басқару  мен  шаруашылықты  ұйымдастыру  ісін  өз  мәнінде
жүргізе  алмады.  Бұл  тарихи  процесс   Франктер,   Византия,   Киев   Русі
мемлекеттерінің әлсіреуіне жене құлауына  әкелді.  V-X  ғасырлар  аралығында
шаруалардың жіктелуі күшейді. Яғни шаруалар кедейленіп, жерін ірі  феодалдар
тартып  алған,   жерсіз   шаруалар   көбейіп,   олар   феодалдарға   еріксіз
кіріптарлыққа  түсті.  Еріксіз  шаруалар  Еуропа  және  Азия  елдерінде  ірі
феодалдарға қарсы күреске шығып отырды. Феодалдық қоғамның дамуы  өндірістік
күштердің дамуына, өндірістік қатынастың күшеюіне әкелді.  Еуропа  елдерінде
жерге  жеке  меншік  үстем  болды.  Азия  елдерінде  жерге  иелік  негізінен
мемлекеттік меншік арқылы дамыды. Ерте  орта  ғасырлар  кезеңінде  феодализм
дамып, феодалдық қоғам өз дамуының жоғарғы сатысына өтті.


Ұсынылатын әдебиеттер
   1. Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990
   2. Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней
   3. Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000
   4. Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991
   5. Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996

Дәріс сабағы №2. Ежелгі дүние өркениеті
XIX ғасырдың  соңғы  ширегінде  Тигр  және  Евфрат  (Қос  өзен)  өзендерінің
бойында жүргізілген  археологиялық  қазба  жұмыстарының  нәтижесінде  ежелгі
ескі қалалардың орны ашылып, әлемге «Шумер өркениеті»  деген  жаңа  мәдениет
белгілі  болды.  Адамзат  баласының  ғасырлар  бойы  жинақтаған  мол  мәдени
мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір  бастауына
айналған  бұл  жаңа  мәдениеттің  аты  аңызға  айналды,  адамзат   қауымының
«фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамудың қайнар бүлағы деп дәріптелді.
Жер бетінде алғаш  өркениетті  қауым,  іргелі  мемлекет  құрған  шумерлердің
мәдениеті дүниежүзілік  мәдени  ошақтардың  бірі  Египет  мәдениетіндей  өте
жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ  халық  қоныстанып,
бір-ақ қана мем¬лекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен  бойында  Шумер,
Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран  сияқты  түрлі  мемлекеттік  құрылымдар  тарих
сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды,  түрлі  халықтар  өзара  сауда-
саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып түрды,  соның
салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан  болып  қирады  да.  Бірақ
мұндай қақтығысқа  қарамастан  бұл  мемлекеттердің  мәдени  гүлдену  процесі
тоқтап қалған жоқ.
Оған дәлел, Қос  өзеннің  ең  көне  мәдениеті  Шумер-аккад  мәдениеті.  В.В.
Струве,  В.И.  Авуев,  В.А.  Тураев,  Б.И.  Грозный  сияқты   аса   көрнекті
шығыстанушы  ғалымдардың  пікірінше,  шумерлер  бүкіл  Вавилон  мәдениетінің
негізін қалаушылар бо¬лып саналады. Ал шумерліктердің өздері,  олардың  ата-
бабаларын Қос өзен өңіріне  сонау  таудың  ар  жағынан,  солтүстіктен,  яғни
солтүстік-шығыстан келген.
Ғалымдардың айтуынша, бүл келгендер  «тау  тұрғындары»,  «малшы  көшпелілер»
болып есептелсе керек. Шумердің 3100— 2800 жылдардағы халқы  туралы  белгілі
ғалым  JI.  Вулли:  «Дәл  осы  кезеңде  бүлардың  халқының  басым  көпшілігі
келімсектерден құрылғаны анық. Әр түрлі себептермен келген олар  бүл  елдегі
халықтардың  игере  алмай  отырған  биік  мәдениетін   өркендетуге   белгілі
дәрежеде эсер еткен болса керек», — деп жазады.
Шумер  мемлекетінің  мәдени   жетістіктері   орасан   зор   болды.   Адамзат
тарихындағы алғашқы «алтын ғасыр туралы» поэмасы  шумер  елінің  топырағында
жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазды,  дүние  жүзінде  бірінші
рет  кітапханалық   каталогтар   жасауды   игерді.   Осы   орайда   ғалымдар
«Месопотамия — архивтер отаны» деп тегіннен-тегін  атамағанын  атап  өткіміз
келеді, өйткені мүнда  мемлекеттік  архивтермен  қатар  жеке  адамдардың  да
архивтері болған. Сонымен қатар шумерлер — ең көне медициналық  еңбектердің,
дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының түңғыш  күнтізбегін
жа¬саған да осы шумерліктер.
Өз заманында іргелі мемлекет  құрған  шумерлер  айналасы  тас  дуалды  әдемі
қалалар салудың тамаша үлгісін  көрсете  білді.  Қалада  патша  сарайы,  дін
ордалары,  қалалық  әкімшілік,  шеберхана,  мектеп,  базар,   түрғын   үйлер
тәртіппен түзіліп, шаһардың сәулетіне сәулет қосты.
Дүние жүзіндегі алғашқы жазуды ойлап табу да осы  дарынды  халықтың  үлесіне
тиген. Шумерлер сына жазуын ойлап табумен қатар, оның жетілген  оқулықтарын,
грамматикасын жaсады. Шумер елінде  мектептер  мәдениет  пен  білім  ошағына
айналды. Бір таңқаларлық жағдай дінтану оқу  бағдарламаларына  енгізілмеген.
Оқушылар негізгі пәндер — шумер  тілі  мен  әдебиетімен  қатар,  математика,
астрономия, грамматика сияқты ғылым салаларын оқумен шұғылданған.
Мектептерде шәкірттердің білімін сараптайтын сынақ жүйесі  болды,  медицина,
сот істері  бір  ізге  қойылды,  сәлемхат  жазба  түріндегі  елшілік  қарым-
қатынас, келісім шарттарға ерекше мән берілді, қазыналық  кіріс-шығыс  есебі
мұқият жүргізілді. Әдебиет пен өнер өркен жайды.  Адамзат  қауымының  тұңғыш
әдебиет үлгісі, сына жазу  арқылы  бізге  келіп  жеткен  даңқты  «Гиль-гамеш
туралы аңыз» қасиетті шумер елінде дүниеге келді. Бұл тамаша  дастанда  адам
өмірінің  мәні  мен  маңызы  туралы  мәселе  көтеріліп,  өлім  мен   өмірдің
арақатынасы  жайында  фөлсафалық  толғаулар   айтылады.   Шумер   мәдениетін
зерттеген шетел ғалымдарының айтуынша, шумер мемлекетінің  бірнеше  қалалары
болған. Солардың ішінде Ур-Уч қаласы  (қазіргі  Ирак  Республикасының  Варка
қаласы) негізгі бас  шаһар  болып  саналады.  Сондай-ақ  шумерлердің  Ларса,
Лагаш,  Умма,  Аратта,  Шу-руппақ  сияқты  бір-біріне  жапсарлас  орналасқан
қалалары да болған. Қос өзеннің байырғы түрғындары — шумерлердің діни наным-
 сенімдері де, мифологиясы да жан-жақты дамыған. Өз  қүдайла-  рын  «діңгір-
тәңір» деп атаған шумерлер өлемнің  жаралуының  басын  «Ан-Ки»  деп  білген.
«Аны» — аспан, «Киі» — жер, демек олар көк иесіне «Ан» деген, ал жер  иесіне
«Ки» деген атақ бер- ген. Шумерлер адамзат  тағдырын  шешетін  50-ден  астам
қүдай бар деп есептеген. Олардың біразының аты белгілі: Ан,  Ан-Ки,  Ан-Лил,
Ереш-қигал, Инанна, Нурур-Саг, Мама, Мами, Уту,  Марту,  Ие,  Мардук,  Шамаш
және т.б. Осы орайда Шумер  мәдениетіне  байланысты  ғалымдардың  бүлтартпас
деректерімен дәлелденген ақиқат бар. Ол әлемге ізгілік жолын сілтеген  киелі
кітап «Тәуратқа» байланысты ақиқат. Өйткені, теологтар  Төурат  пен  Ӏнжілді
қүдай сөзі, не  болмаса  қүдай  сөзін  қаз-қалпында  жеткізген  пайғамбарлар
уағызы деп түсіндірсе, ғалымдар оны көне дәуір адамының үшқыр ойының  жемісі
деп бағалады. Шындығында солай шығар, бірақ Қос өзен бойынан табылған  жазба
деректерге қарағанда иуда және  христиан  дініне  бастау  болған  Тәураттың-
шумерлердің  мифологиясы  аңыздары  мен  дастандарының  көшірмесі   екендігі
айқындалып  отыр.  Бұл  жағдай  шумерлер  өркениетінің  мәртебесін   өсіріп,
шоқтығын биіктете берері сөзсіз.
Қазіргі заман мәдениетінде шумер-вавилондық  математика  мен  астрономия  өз
ізін қалдырды. Оған дәлел ретінде күні бүгінге дейін шеңберді 360  градусқа,
сағатты 60 минутқа, ал минутты  секундқа  бөлген  шумерлік  есептеу  жүйесін
қолданатынымыз- ды айтсақ та жеткілікті сияқты.
Шумер  мәдениетінің  тағдырына  келеек,  шумер  елі  шапқыншылыққа   ұшырап,
б.з.д.б.  3-мыңжылдықтың  аяғында  се¬мит   тайпалары   аккадтықтар   жаулап
алғаннан кейін  Вавилон,  Ассирия  мемлекеттері  орныққаннан  кейін  де  бүл
өркениет адамзат медениетінің теңдесі  жоқ  үлгісі  болып  қала  береді.  Ол
өзінің ішкі рухани қуаты мен ізгілік  мүраттары  арқылы  қайтадан  жаңғырып,
бүгінгі  заман  бейнесінен  қайта  көрініс  тапты.  Осы  орайда  шумерлердің
байырғы отаны Евразия қүрлығы, оның ішінде Қазақстан топырағында  болғандығы
жөніндегі тарихи деректерді ескере  отырып,  шумерлер  өркениеті  мен  түркі
өлемі мөдениетінің озара тығыз байла- ныста болғандығын ерекше атап  өткіміз
келеді. Қазірдің өзінде шумер тіліндегі  400-ден  аса  сөз  түрік  сөздеріне
үқсас сияқты толып жатқан ғылыми түжырымдар осы  пікіріміздің  айқын  дөлелі
сияқты.
Шумер-Аккад өркениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вави¬лон болды.  Б.з.д.  II
мыңжылдықтың ортасында Хаммурапии  патшаның  тұсында  (б.з.д.  1792—1750  ж.
патшалық қүрған) Вави¬лон қаласы бүкіл Шумер және  Аккад  облыстарын  өзінің
қол  астына  біріктірді.  Хаммурапидың  кезінде  екі  метрлік  тас  діңгекке
сыналап жазылған атақты заңдар жинағы өмірге келді. Хамму-  рапи  заңдарында
Қос өзен алқабының ежелгі түрғындарының  шаруашылық  өмірі,  салт-дәстүрлері
мен әдет-ғүрыптары және дүниетанымы  кеңінен  көрініс  тапты.  Бір  кездерде
қуатты Вави¬лон патшалығы мен және үлы  Ассирия  державасы  туралы  деректер
өткен ғасырға дейін тек Библиядан,  сондай-ақ  Геродот-  тың  жөне  тағы  да
басқа  көне  заман  авторларының  еңбектерінен  ғана  белгілі  болатын.   Ал
Мосулдағы француз консулы Поль Эмиль  Ботта  Қос  өзен  бойында  таңқаларлық
археологиялық  жаңалық  ашып,  осы  бір  үлы  мөдениеттің  көмескі  жақтарын
айқындауға жол салып берді.

Қос өзен  бойының  байырғы  түрғындары  суға  және  аспанға  табынған.  Суға
табынушылық, бір жағынан ол  қүнарлылық,  береке  көзі  болғандықтан  болса,
екінші жағынан бүл өңірді талай  рет  ойрандаған  мейірімсіз  жауыздық  күші
болғандықтан қалыптасса керек.  Вавилондықтар  аспан  жарықтарына  жай  ғана
табынып қана қойған жоқ, оның құпия сырларын ашуға да талпыныс жасады.  Олар
күннің, айдың айналысын және тұтылудың  қайталану  заң-  дылықтарын  есептеп
шығарды,  сонымен  қатар  вавилондық  астрономдар  аспан   денелерін,   яғни
жұлдыздарды бақылап зерттеуде  тамаша  табыстарға  ие  болды.  Б.з.д.  V  ғ.
Вавилонда астрологиялық мектептер болған, ал жұлдыздардың  өзара  қашықтығын
көрсететін таблицалар күні бүгінге дейін сақталған.
Вавилон  абыздарының  ілімі  бойынша  адамдар  құдайға  құлшылық  ету   үшін
балшықтан  жаратылған.  Вавилондықтар  көп  құдайларға  табынған,   солардың
ішіндегі ең бастылары: Шамаш — Күн құдайы, Син — Ай құдайы,  Адад  —  Жауын-
шашын құдайы, Нергал — Өлім  құдайы,  Ирра  —  Соғыс  құдайы,  Вильги  —  От
құдайы. Вавилон құдайларында адамдар  бойынан  кездесетін  барлық  қасиеттер
табылды. Олар да адамдар сияқты жанұя құрып, ұрпақ жалғастырды,  байлық  пен
мансаптан да  бас  тартады,  күншілдік,  даңққұмарлық,  өз  мүддесін  ойлау,
түрақсыздық сияқты жат қасиеттер оларға  да  төн  болды.  Адам  тағдыры  осы
қүдайлар қолында болды, ал олардың еркін  тек  абыздар  ғана  болжай  білді.
Абыздар шынында да көп білетін —  бүған  абыздар  ортасында  дүниеге  келген
Вавилон ғылымы дәлел. Арбау, дуалау және сиқыршылықтың түрлері  абыздар  мен
жүлдыз есептеушілердің ғана  қолынан  келетін  болған.  Міне,  сондықтан  да
олардың даналығы сиқырлы, бейне табиғаттан тыс дүние есебінде  қүрметтелген.
Кейінгі ғасырларда Вавилонның қуаты мен саяси маңызы  адамдардың  ең  ежелгі
және үлы мәдениеттердің бірін гүлдендіріп, одан әрі дамыту  ассириялықтардың
үлесіне тиді. Грек-рим мәдениетінің арасындағы өзара байланыс қандай  болса,
ассириялықтардың өздерінің оңтүстіктегі көршілері вавилон-  дықтарға  қатысы
да сондай болды. Олар Вавилонның дінін, мәдениеті мен өнерін  қабылдап,  оны
одан әрі дамытты. Ғалым- дар Ассирия патшасы Ашшурбанилпал  (б.з.д.  665—635
ж.) сарайының қирандыларынан бірнеше ондаған мың  сына  жазу  тексті,  соның
ішінде вавилон әдебиетінің аса қүнды  шығарма-  лары  бар  кітапхана  тапты.
Шығыс елдерінің ішіндегі ең әйгілі, ең бай бүл кітапханада вавилондық  өдеби
шығармалармен қатар, заңдар жинағы, тарихи туындылар мен ғылыми еңбектер  де
жинақталған. Ал осы сарайдан табылған  «өліп  бара  жатқан  үрғашы  арыстан»
(б.з.д. VII  ғ.  Лондон.  Британ  музейі.)  —дүниежүзілік  маңызы  бар  өнер
туындыларының қатарына жатады. Денесіне садақ қадалып, енді ең  соңғы  күшін
жинап алып  орнынан  көтерілуге  әрекет  жасап  тұрған  бүл  ұрғашы  арыстан
трагедиялық үлылыққа  бөленген.  Жан  тапсырар  алдындағы  аласапыран  сәтті
мүсінші өте әсерлі де, нақты бере  білген.  Б.з.д.  Ассирия  өнері  патшаның
билігін,  оның  құдіретін  дәріптеді.  ӀӀ-Сарон  патшаның  (б.з.д.  VII  ғ.)
сарайында  адам  бейнесіндегі  аса  зор,  әрі   айбынды   қанатты   бұлақтар
бейнеленген. Әрбір бұқаның тура  бес  аяғы  бар.  Осы  бейнелерді  көргенде:
«Артық аяғы не үшін қажет болды екен?» — деген сұрақ  еріксіз  ойға  келеді.
Белгілі  ғалым  Л.  Любимовтың  пікірінше,  «Бүлар  қайырымды   кемеңгерлер,
патшалардың салтанатты сарайларын  жаулардан  қорғаушы  күзетшілер,  сарайға
кіруші әркім жанынан өтіп бара жатқанда — ауыр салмағымен, қозғалысынан,  ал
алдынан қарағанда —одан да кем  соқпас  айбарлы  сабырлылығымен  зәре-  қүты
қалмай қорқып түруы үшін оған артық аяқ жасалған». (Любимов Л. Ежелгі  дүние
өнері. — Алматы,1980. — 124-бет).
Ассирияның Алдыңғы Азиядағы үстемдігі тым ұзаққа созылған жоқ, б.з.д. VI  ғ.
Вавилон мен Ассирияның орнын қуатты Иран  империясы  басты.  Осылай  алдыңғы
Азияда өз үстемдігін басқа да елдерге орнатқан жаңа мемлекет  орнықты.  Оның
құрамына Вавилон мен Ассирия, Кіші Азия мен Египет,  Мидия,  Армения,  Сирия
және Орта Азия да енген болатын. Өзі бағын- дырған халықтардың  мәдениетінен
сусындаған   Иран   мөдениеті   негізінен   Шумер   өркениетінің    әсерімен
қалыптасқан.  Олай  болса  «Иран  шумерлік  мәдениетінің  екінші  үйі  болып
табылады»  де¬ген  А.  Тойнбидің  пікіріне  қосылмасқа  шарамыз  жоқ.   Иран
мәдениетінің шарықтаған кезеңі  —  Ахменидтер  династиясының  үстемділігімен
(б.з.б. VI—IV ғ.) түспа-түс келеді.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.    Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990
2.    Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней
3.    Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000
4.    Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991
5.    Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996

Дәріс сабағы №3. Ежелгі дүние қоғамының адамы
      Адам, қоғам табиғат туралы ойлар алғашқы кезде  аңыз  арқылы  таралды.
Онда жаратушы бар деп есептеді. Аңызда әлем,  жер,  су,  елді  мекен,  ру  -
тайпа, жеке адамның өмірі көптеп кездеседі.
      Қытай философы Конфуций (б.  з.  д  551  -  479ж  )  адамдар  арасында
гуманизм, мейірімділік, үстемдік құруы керек.  Күнделікті  өмірде  өзгелерге
көмек көрсету, алға қойған мақсатқа  өз  күшіңмен  жету,  өзіңе  тілемегенді
өзгеге тілеме қағидалары салтанат құрсын.  Мемлекет  –  үлкен  отбасы.  Оның
басқарушысы - Аспан, халықтың ата – анасы сияқты.
      Мемлекетті  басқарушы  адамдардың  бойында   философтық,   әдебиеттің,
ғылымның және әкімнің қасиеттерінің бәрі болуы тиіс.
      Антикалық пікірдің салиқалы  ойларын  айтқандар  -  Сократ,  Демокрит,
Платон, Аристотель, Эпикур.
      Платон - мемлекетті парасатты, білімді адамдар басқаруы  керек  дейді.
Адамдардың бірлесіп өмір сүруін мемлекет дейді.
      Платон ( б. з. д 428 - 347 ж  )  30-дан  астам  философиялық  еңбектің
авторы. «Парменид»
      «Мемлекет»  «  Мемлекет  пен  отбасының  айырмашылығы  жоқ,   екіншісі
біріншісінің құрамына еніп кеткен» - дейді.
      Антикалық дәуірдің ұлы ойшылы  –  Аристотель.  Ол  адамның  ақылы  мен
парасатын жоғары күш деп бағалаған. Ой мен даналық жоғары текті адамға  тән.
Құлдар төменгі сұрыпты адамдар. Қоғамның толық мүшесі емес.
      Мемлекет – биліктің жоғарғы формасы. Билеу мен  бағындыру  қажет,  әрі
пайдалы. Өйткені адамдар табиғатынан солай, бірі  билеу  үшін,  ал  екіншісі
бағыну үшін жаралған. Аристотель(б.  з.  д  384  -  322ж  )  грек  философы,
энциклопедист  ғалым.  Платонның  шәкірті.  «Мета  физика»  «  Саясат»  атты
еңбектері бар.
      Қорқыт ата - VІІІ  ғ  өмір  сүрген  оғыз  -  қыпшақ  елінің  философы.
Мәңгілік өмір және өлім философиясын жасаушы. Негізгі шығармасы «Қорқыт  ата
кітабы».
      Қорқыт  мәңгілік  өмір  іздейді.  Қиыншылыққа  мойымай,  қарсы  тұруға
шақырады. Шешен тілімен өлімге қарсы тұратын рухани күшті уағыздайды.  Ол  –
әлем мен табиғат заңдылықтарына  байсалдылықпен  қарайды.  Табиғат  байлығын
сұлулығын бағалайды. Гуманистік көзқарастың қалыптасуын көздейді.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.    Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990
2.    Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней
3.    Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000
4.    Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991
5.    Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996

Дәріс сабағы №4. Қоғамның экономикалық құрылымы

Экономикалық  қатынастар  үлкенді-кішілі  дәрежедегі  құрылымды   білдіреді.
Экономикалық жүйелерді әр түрлі өлшемдер бойынша бөлуге болса  да,  бірқатар
елдердің   елдік   айырмашылықтарына    қарамастан    үйлестіру    тәсілдері
(негізінен), меншік нысандары,  экономикалық  басқару  органдары  және  т.б.
бірдей сол бір  экономикалық  жүйесі  болуы  ықтимал.  Осының  айқын  мысалы
ретінде нақты  социализмнің  бұрынғы  жүйесінің  мемлекеттерін  капиталистік
жүйесі  бар  елдермен,  яғни  экономиканы  нарықтық  ұйымдастыруды  жоспарлы
үйлестірумен; капиталистік  емес  елдердегі  жеке  меншіктің  басым  рөлімен
қоғамдық  меншіктің  өктемдігімен;  нарықтық  институттар   мен   ұйымдардың
болмауын дамыған нарықтық инфрақұрылыммен салыстыруға болады, көптеген  КСРО
мен Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық жүйесі Батыс елдерінің  экономикалық
жүйелерінен осы және басқа да белгілермен ерекшеленді.  Осының  барлығы  осы
елдердің  экономикалық  қатынастарының  басқа  да  нақты   нысандарында   да
байқалды.
Экономикалық жүйелердің айырмашылықтары сол немесе басқа елде  және  қазіргі
кезеңдегі жағдайдағы экономикалық  құрылыстың  ерекшелігіне  де  айтарлықтай
ықпал  етеді.  Мәселен,  дәстүрлі  табиғи  құрылым  басым  дамушы   елдердің
экономикасымен қатар дамыған елдерде технологиялық  базасы  постиндустриялық
технологиялар мен өндірістік  күштерге  негізделген  қазіргі  заманы  аралас
экономикалық жүйелер дамуда. Демек, біз, мысалы, АҚШ пен Мали, Германия  мен
Того және т.б. сияқты  елдердің  экономикалық  құрылымындағы  айырмашылықтың
жер мен көктей екеніне көз жеткіздік.
Сөйтіп, экономикалық құрылым  экономикалық  қатынастардың  бағынышты  жүйесі
ретінде өзінің экономикасын сол бір қағидалармен дамытатын бірқатар  елдерге
тән.   Аталмыш   қағидалар   экономикалық    жүйелердің    дамуының    жалпы
заңдылықтарына  негізделген.  Қағидалардың  ішінен  экономикалық  жүйелердің
экономиканың технологиялық базисінің, оның  өндіргіш  күштерінің  өзгеруінің
ықпалынан дамуын атап өту қажет. Осы байланыс тек соңында ғана байқалса  да,
ол сол немесе  басқа  елдің  экономикалық  құрылымында  өзгеріс  туындататын
елеулі әрі тұрақты  фактор  болып  табылады.  Экономикалық  құрылымға  ықпал
ететін тұрақты фактор ретінде  қоғамдағы  құқықтық  институттардың  қоғамның
саяси құрылымы тарапының технологиялық факторларының негізгі  рөлін  ішінара
толықтыратын ықпалын да жатқызуға болады.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.    Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990
2.    Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней
3.    Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000
4.    Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991
5.    Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996

    Дәріс сабағы №5. Қоғамның саяси – әлеуметтік құрылысының қалыптасуы.
Қоғам өмірінің  саласы — саяси-құқықтық сала. Ол сонау көне цивилизация
дүниеге келген кезде пайда болды. Аристотель адамды «Zoon Politicon» —
саяси жануар деп сол кезде — ақ атап кеткен. Сол заманнан бері осы уақытқа
дейін адам саяси пенде, өйткені ол — әрқашан белгілі бір таптың, я болмаса
ұлттың үлкен топтың өкілі. Әрбір әлеуметтік топ қоғам өміріндегі өз орнын
анықтауға тырысып, өз мүдделерін қорғап, осы жолда басқа топтармен қарым-
қатынасқа түседі. Саясаттың екінші жағы — әртүрлі мүддесі бар топтың басын
біріктіріп, қарым-қатынастарын ретке келтіріп, қоғамның біртұтастығын
сақтап қалу болмақ.
Саяси жүйе әлеуметтік қатынастарды, қоғамдағы өзара әрекеттестікті, қоғам
мен мемлекеттің арасында,ы қатынастарды бейнелейді. Демек, қоғамның саяси
жүйесі бір ғана саяси институттармен анықталмайды. Оның ауқымы кеңірек.
Саяси жүйеге оның бөлшектерін үйлестіру, олардың атқаратын қатынасттері
және қоғам мен оынң арасындағы қатынастары кіреді. Оны саяси қоғам деп
атайды яғни саяси міндетті қызметті атқаратын, саяси мекемелерді,
басқаратын аппараты, билік орындарын, саяси партиялар мен қозғалыстарды
және табғы басқаны құратын адамдардың қоғамдық жіктері мен топтардың
жиынтығы. Саяси жүйе – мемлекет пен қоғамның арасындағы әлеуметтік саяси
өзара әрекеттестіктің тетігі, беріліс, дәнекерші құрылғысы.
Мемлекет — қоғамды басқаруды, оның экономикалық және әлеуметтік құрылымын
қорғауды іс жүзіне асырушы қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты,
марксистердің пікірінше, таптық антагонистік қоғамда экономикалық жағынан
үстем таптың қолында болады және ең алдымен солардың әлеуметтік
қарсыластарын басу үшін пайдаланылады. Мемлекет типі оның қай  тапқа қызмет
ететініне, демек, түбінде белгілі бір қоғамның экономикалық базасына қарай
анықталады. Қазіргі шетелдік мемлекетке парламентті, авторитарлы, әскери
диктаторлық сипаттағы және кейбір басқа да саяси режимдер тән. Мемлекеттің
негізгі функцияларын ішкі және сыртқы деп қабылданған. Ішкі функцияларына
өмір сүріп отырған өндіріс тәсілін, экономикалық және әлеуметтік жүйені
қорғау, таптық қарсыластарды жаншу, экономиканы басқару немесе шаруашылық
қызметті реттеу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қорғау және тәртіпті сақтау,
әлеуметтік қатынастарды реттеу, мәдениет тәрбие, идеологиялық қызмет және
т.б. жатады. Сыртқы функциялары: халықаралық аренада осы берілген
мемлекеттің өз мүдделерін басқа мемлекеттермен қарым-қатынаста қорғау,елді
қорғауды қамтамасыз ету, басқа мемлекетті дұрыс қатынастарды дамыту, түрлі
әлеуметтік құрылысы бар мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруінің
принциптері негізінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.    Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990
2.    Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней
3.    Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000
4.    Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991
5.    Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996

Дәріс сабағы №6. Ежелгі қоғамдардың рухани өмірі.
Қоғамның материалдық, саяси, әлеуметтік болмысымен қатар  руханилық  та  аса
маңызды қажеттілік. Шын мәніндегі руханилық – адам  жетістігінің  биік  шыңы
болып табылады.
Руханилық дегеніміз не? Ол қандай негіздерден тұрады? Бұл  тарихи  тамырлары
терең, қиын да қызықты  мәселелердің  бірі.  Адам,  қоғам  тарихының  рухани
қабаты философияның әруақытта назарын аударып отырған.
Рухани өмірді зерттеуге  Сократ,  Платон,  Гегель,  З.Фрейд,  А.Камю,  Абай,
Шәкәрім сияқты көрнекті философтар үлкен үлес қосты.
Руханилықтың түпкі мәні «рух» сөзінен өрбитіні айдан анық нәрсе.  Рух  деген
сөздің   «Қазақ   тілінің   түсіндіреме   сөздігінде»   табиғи   материалдық
бастамалардан  өзгеше  затсыз,   идеалды   бастаманы,   қуатты,   батылдықты
білдіретіндігі анықталған. Жалпы осы анықтаманы  қабылдай  отырып,  «затсыз,
идеалды бастама» деген не сөз деп  ойланып  көрейік.  Әрине,  зат,  құбылыс,
нәрсе табиғатта дербес өмір сүреді, өзіне  тән  табиғи  заңдылықтар  аясында
өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Олардың әрқайсысында адамдар іс  -  әрекеті
шеңберіне кіріп, өзінің мәндік,  мағыналық  қабатын  өзіне  сылып  тастайтын
табиғи қажеттілік бар. Адамдар өзінің өмір сүруіне сәйкес белгілі бір  уақыт
– кеңістікте мәңгілік мүлгіген қажеттіліктер  әлеміне  жан  бірітіп,  оларды
қозғалысқа келтіріп, іс - әрекет аясына ендіреді.
Мүлгіген табиғи процестерге жан бітіру – ақыл – ойдың нәтижесінде ғана  іске
асады. «Ақыл – ой дегеніміз –  рух»  деген  Гегель  анықтамасы  осындай  түп
төркіннен туындайды. Гегельдің ойынша, рух ақиқаттың тікелей өзі,  сондықтан
ол адамдардың адамгершілік өмірі. Ал  ол  жеке  индивидтің,  адамның  өмірі.
Мұның өзі дүниеде, объективтік шындықта  зат,  нәрсе,  құбылыстармен  қатар,
одан тыс, бірақ болмыстың тынысын қамтамасыз етіп тұратын жан –  жақты,  сан
алуан байланыстар бар екендігіне меңзейді.
Идеалды, затсыз бастама дегеніміз – сол байланыстар әлемінің адам  санасында
бейнеленуі.
Бейнелеудің өзі әртүрлі деңгейде, әр түрлі формада болады.
Рух – дегеніміз заттардың, құбылыстар мен  нәрселердің  байланыстың  қабаты.
Сол себепті де оның мағыналық потенциалы әлдеқайда терең.
Адам материалдық игіліктерді ғана тұтынып қоймайды, егер ол өз болмысын  тек
заттар өндіру мен тұтынумен шектесе, онда оның өмірі сүреңсіз, мәнсіз  болар
еді. Рухани қажеттіліктер адам өміріне нәр береді, оны қызықты, жан –  жақты
етеді. Рухани дүниелерді жасау, тудыру процесі адамды дамудың жаңа  сапасына
жетелейді. Таптырмайтын керемет рухани дүниелері арқылы  адамдар  мәңгілікке
қол созады. Егер материалдық игіліктер уақыт өткен сайын өз  маңызын  жойып,
тозып, модадан шығып қалса, ал рухани қазына ғасырдан  ғасырға  жетіп,  жаңа
ұрпақтарды таңдандырады, сүйсіндіреді, рахатқа, ләззатқа бөлейді.
Леонардо да Винчидің «Джоконда» атты  суретінің  салынғанына  бірнеше  ғасыр
өтсе де жаңа ұрпақ оған  таң  тамаша  қалудан  танбайды.  Руханилық  күрделі
құрылымы бар әлеуметтік – мәдени құбылыс. Қазақ тілінде бұл мәселеге  жан  –
жақты талдау жасаған С.Е.Нұрмұратов. Ол руханилықты  адамның  субстанциалдық
өзегі  ретінде  көрсете  отырып,оның   білімділік,   имандылық,   моральдық,
эстетикалық, философиялық, психологиялық, өнерлік,  шығармашылық  негіздерін
түсіндірген.
Рухани құндылық – адамның рухани іс - әрекетінің нәтижесі. Рухани өндіріс  –
қоғамдық дамуды  жеделдететін,  оған  серпін,  тың  ұмтылыс  беріп  отыратын
ерекше күш. Өйткені, қоғам дамуының бағытын, бағдарын анықтап,  баға  беріп,
болашағын болжап отыратын ілгері ойлар, ең алдымен,  идея,  принцип,  теория
түрінде өмір сүреді.
Рухани өндіріс қоғамдық сананы,  қоғамдық  пікірді  тудырады.  Оның  негізін
қоғамдық сананың адамдар үшін позитивті немесе  кері  мағынасы  бар  әртүрлі
құндылықтар жүйесін жасап шығару мүмкіндігі құрайды.
С.Е.Нұрмұратов философиялық әдебиеттерде құндылықтарды  әртүрлі  тәсілдермен
жіктейді, топтайды дей келіп: «мәселен, мақсат – құндылықтар  немее  жоғарғы
(абсолютті)  құндылықтар  және   құрал   –   құндылықтар   (инструментальді)
құндылықтар. Материалды және рухани құндылықтар,  оң  және  теріс  сипаттағы
(жалған) құндылықтар деп бөлу де кездеседі. Бұл бөлінудің бәрі  салыстырмалы
түрде екені белігілі, өйткені олардың  бәрі  адам  өмрінің  біртұтас  әлемін
құрайды» деп жазды.
Қоғамдық  сана  қоғам  заңдылықтарының  кейбір  ерекшеліктерімен  де   тығыз
байланысты.
Қоғамдық сана –  қоғамда  болып  жатқан  өзгерістерге  сүйене  отырып,  оның
болашағы  туралы  болжам  жасайды,  уақыт  өткен   сайын   оның   болмысының
өзгерістері қайда апаратынын түсіндіреді. Бұл  қоғамдық  сананың  алдын  ала
бейнелеу мүмкіндігін білдіреді.
Қоғамдық  сананың  қоғамдық  өмірді  бейнелеуінің   әртүрлі   деңгейі   бар.
Қарапайым сана адамдардың  өмір  сүру  жағдайынан  тікелей  туындайды.  Оған
адамдардың  өзі  және  қоршаған  орта,  әртүрлі  оқиғалар  туралы  пікірлері
жатады. Қарапайым сананың негізін шындықты  тура  бейнелейтін  дұрыс  мағына
құрайды. Қарапайым сананың көмегімен адамдар қоғамның беткі  жағында  жатқан
оқиғалар мен қатынастарды түсіндіруге тырысты.
Теориялық  сана  ғылыми   білімнің   құралдарымен   жасалған   идеялар   мен
көзқарастардың, ілімдердің жүйесі. Ол жеке адамдардың күшімен жасалады.
Теориялық сана өзінің мәні жағынан қоғамдық болмыстың  түпкі  байланыстарын,
заңдылықтарын  білдіреді.  Қоғамдық  болмыс  қоғамдық  санада   әр   қырынан
көрінеді.  Бұл  қоғамдық  өмірдің  күрделілігімен,   жан   –   жақтылығымен,
түсіндіріледі. Қоғамдық  сананың  формалары  шындықтың  әртүрлі  қасиеттерін
бейнелейді. Сондықтан олардың мағынасы ғана емес,  тану  тәсілі  де  әртүрлі
болады.
Қоғамдық  сананың  түрлері  бір  уақытта  пайда  болмаған.   Олар   қоғамдық
болмыстың  күрделеніп,  сонымен  қатар,  адамның  танымдық  мүмкіндіктерінің
жетіле, кеңейе түсуімен байланысты қалыптасып отырған.
Қоғамдық сананың тарихи, бірінші формасы – моральдық  сана.  Моральдық  сана
қоғамның  қалыптасумен   бірге   дамыған,   өйткені   белгілі   бір   тәртіп
ережелеріне, қалыптарына сүйенбейтін, әлеуметтік  ұжым  болуы  мүмкін  емес.
Алғашқы қауымдық құрылыста эстетикалық, сонан соң діни  сана  пайда  болған.
Саяси сана таптық қоғамның дамуының жемісі, ал құқықтық  сана  таптық  қоғам
дамып, күрделеніп, ондағы жіктеулер нығая түскен кезде қалыптасқан.
Қоғамдағы атқаратын функциясы мен маңызына қарай қоғамдық сананы  екі  топқа
бөлуге болады: біріншіден, әлемді  игерудің  рухани  практикалық  формалары,
екіншіден, рухани – теориялық формалар. Бірінші топқа – моральды,  саясатты,
құқықты, екіншісіне эстетиканы, дінді, философияны жатқызуға болады.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.    Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990
2.    Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней
3.    Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000
4.    Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991
5.    Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996

Дәріс сабағы №7. Білім беру жүйесінің қалыптасуы.
Білім беру институттарының даму тарихы.  Жоғары  оқу  орындарына  сипаттама.
Жоғары білім беру мектебі, дүниежүзілік білім беру  тәрбие  жүйесі  ретінде,
көптеген ғасырлық тарихи даму жолын басып өтті. Ежелгі  Грецияда  бірден-бір
алғашқы жоғары оқу орны құрылды. Біздің дәуірімізге дейін ІV ғасырда  Платон
Афинге жақын жерде, Академге арналған,  философиялық,  кейін  келе  Академия
деген атқа ие болған мектеп ашты. Академия бірнеше мыңдаған  жылдар  бойында
өмір сүрді және 529 жылы жабылды. Аристотель Афинадағы Аппаллона  Ликейскйде
негізінен философияны, физиканы, математиканы және табиғат  жөніндегі  басқа
да ғылымдар оқытылды.  Оның  қазіргі  лицейдің  шыққан  тегі  деуге  болады.
Институт –  латын  тілінен  аударғанда  орнату,  белгілеу,құру,  түзу  деген
мағыналарды береді. Сондықтан да,  институттың  басты  бағыты,  экономикалық
саяси,  құқықтық,  рухани,  қоғамдық  өмірді  сипаттайтын  әлеуметтік   және
қоғамдық қарым-қатынастар мен адамдардың мінез-құлық, әлеуметтік  өмір  сүру
ережесі болып табылады.
Университет – ғылым негіздерін құрайтын пәндердің жиынтығы көрініс  табатын,
құрамында бірнеше факультеттері бар оқу-ғылыми жоғары оқу орны.  Академия  –
ғылыми,  оқу  және  көркем  өнер  сипатындағы  ғылыми  мекеме.  Жоғары   оқу
орындарында оқу үрдісін  жоспарлау  құжаттары.  Мемлекеттік  міндетті  білім
стандарты. Оқу жоспары.Университетте оқыту процесі – тек оқу сабақтары  ғана
емес, ол өзара байланысқан аудиториялық  сабақтар;  студенттердің  өзбетінше
жұмыстары және олардың  қоғамдық  еңбек  іс-әрекеттері  бөліктерін  құрайды.
Стандарт  -  Қазақстан  Республикасы  жоғары  білім  жөніндегі   мемлекеттік
стандарттың бір  бөлігі  болып  табылады.  Ол  «Кәсіби  оқыту  (профильмен)»
мамандығы  бойынша  негізгі  жоғары   білімнің   мемлекеттік   компоненттік,
түлектердің  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптарды  студенттердің   оқу
жүктемесінің максимал екенін,  кәсіби  білім  беру  бағдарламасы  мазмұнының
міндетті минимумын, оқуға түсушілерге қойылатын  жалпы  талаптарды,  негізгі
жоғары білім алған адамдарды пайдалану сферасын белгілейді.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.    Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990
2.    Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней
3.    Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000
4.    Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991
5.    Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996

     Дәріс сабағы №8. Ежелгі қоғамдардағы адамгершілік пен идеологияның
                                 қозғалысы.
Жаһандану, ғаламдану,  әлемдік  ауқымдану,  глобализация  (ағылш.  Global  —
әлемдік, дүниежүзілік,  жалпы)  —  жаңа  жалпыәлемдік  саяси,  экономикалық,
мәдени  және  ақпараттық  тұтастық  құрылуының   үрдісі.   Терминді   ғылыми
айналымға алғаш рет енгізген  (1983  жылы)  америкалық  экономист  Т.Левита.
Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан  бастап
Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт,  Лестер
Туроу зерделеді. Олар ғылымға  “интеллектуалдық  индустриялар  экономикасы”,
“ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”,  “ғаламдық
ауыл” деген  ұғымдарды  енгізді.  2-дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  әлемдік
тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-
жылдары  АҚШ-тың  зерттеу  орталықтары:  Халықаралық  қатынастар   жөніндегі
кеңесте  (ХҚК),  “Рэнд”  корпорациясында,  Стратегиялық   және   халықаралық
зерттеулер  орталығында  (СХЗО),  Психологиялық  стратегиялар  басқармасында
(ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің  аса
маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге  ие  болуы  деп  түсіндіріледі.
Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография,  көші-
қон толқындары,  есірткі  тасымалы,  халықаралық  терроршылдық  проблемалары
жекелеген  елдер  күшімен  шешілуі  мүмкін  емес.  Ақпараттық  төңкеріс  бұл
проблемалардың  жаҺандық  өлшемге  ие  болуына  ықпал   етті.   Зерттеушілер
Жаһандануды  әр  текті,  бірақ  әлемнің  біртұтастыққа  айналу   логикасымен
біріктірілетін  өзгерістердің  жиынтығы  деп  түсіндіреді.  ЖаҺандық   өзара
тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып  келмей  қоймайды.
Бұл үрдіс трансұлттық  экономика  мен  жалпыадамдық  құндылықтарды  қорғауға
негізделген халықар. ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану  әлеуметтік
феномен  ретінде  көп  қырлы  және  көптеген  құрамдас  бөліктерді  қамтиды.
Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың  техникалық  және  қаржылық
жағынан  дамуының   нәтижесі   деп   есептейді.   Алайда   әлеуметтік-мәдени
өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған  ортамен  қарым-
қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр.  Жаһанданудың
төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:
1)  “менталдық”  немесе  мәдени   Жаһандану   —   дәстүрлердің,   діндердің,
мәдениеттер мен идеологиялардың  “ұқсастануының”  кешендік  үрдісі.  Қазіргі
таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық  діни  жүйеге  (христиандық,  ислам,
құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір  көрінісі
болып табылады. Соның  ішінде  америкалық  мәдени  дәстүр  “планетариудаизм,
индуизм, буддизм,  конфуцийшілдік)  бөлінеді.  Адамзаттық  мәдени  лық”  деп
аталынып жүр. Мәдени жаһандану  саласында  бүгінгі  күннің  өзінде  біртұтас
жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік  мәдениет,
кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық,  еуропалық,
америкалық, шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады.  Бұл
жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі  мен  мәдениетін  сақтап  қалуы
жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;
2) экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын —  рыноктардың  жаһандануын
(капиталдық, еңбек ресурстарының,  тауарлардың  және  қызмет  көрсетулердің)
және  экономикалық  нысандардың  жаһандануын  білдіреді  және   экономиканың
ұйымдық  құрылымдарының  —  компаниялардың,  фирмалардың,   корпорациялардың
іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық  Жаһанданудың  нақты
сипаттары бар:
а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі;

ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;

б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары
құрылымының өзгеруі;

в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен
қызмет етуі;

г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың
жаhандық желіге аударылуы;

ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық
желіге аударылуы;
3)  аумақтық  Жаһандану  —  мемлекетаралық   құрылымдардың   күшею   үрдісі.
Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар  Жаһанданудың  барынша
жоғары  деңгейдегі  мәнін  көрсетеді.  Бұл   ретте   Жаһандану   нәтижесінде
болашақта  ұлттық  мемлекеттерге  немесе  басқа  да  аумақтық   құрылымдарға
бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген  болжам  айтылады.  Бірақ
ол ұлттар мен  халықтар  арасындағы  этникалық  және  мәдени  айырмашылықтар
барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар  дәстүрлі
мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру  үрдісі  дами  түседі  деп
есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін  бүкіләлемдік
Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды;
4) ақпараттық-коммуникациялық  Жаһандану  —  қазіргі  заманғы  интеграциялық
үрдістердің  ішінде  аса  ықпалдысы.  Оған:  коммуникациялық  мүмкіндіктерді
дамыту және  ғарыштық  кеңістікті  ақпарат  беру  үшін  пайдалану;  жаhандық
ақпарат  желілерінің  пайда  болуы  және  тез  дамуы;  адамзат  тұрмысындағы
көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі  жатады.  Сонымен  қатар,  келешекте
екі бағыттағы ғарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың  жеке
жүйесі  мен  жаhандық  позицияланудың  дамуы;   ақпараттық   коммуникациялық
кешендердің  негізінде  бизнесті,  өндірістік  үрдістер  мен  үй  шаруаларын
басқарудың жаhандық жүйесін құру;  өмір  сүру  үрдістерінің  мейлінше  үлкен
бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді;
5) этникалық Жаһандану  негізгі  екі  үрдістен  тұрады  —  планета  халқының
санының  өсуі  және  әр  түрлі  этникалық  топтардың  өзара   ассимиляциясы.
Жаһанданудың  жағымды  нәтижелеріне  мыналар  жатады:  неғұрлым   жылдамырақ
экономикалық даму, өмір деңгейінің  жоғарылауы,  техникалық  жаңалықтар  мен
басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де,  ел
үшін  де  жаңа  экономикалық  мүмкіндіктер  туғызу.  Жаһандану  тұңғыш   рет
біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы  әлемдік  экономиканың  барлық  құрамдас
бөліктерін — өндірісті, ғылымды, қаржыларды, тұтынуды  біріктіруде.  Олардың
қазіргі өзара  тәуелділігі  соншалықты,  ұлттық  және  аймақтық  нарықтардың
әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы ол ұлтты  немесе  аймақты  құлдырауға
ұшыратады. Жаһандану кері айналмас сипатқа ие  болып,  экономикалық  дамудың
шартына  айналуда.  Рыноктар  арасындағы  кең  ауқымды  қаржылық   ағындарға
байланысты қазіргі күнде  триллион  доллармен  өлшенетін,  тауардың  өзіндік
құнын 10—12%-ке түсіретін  және  сонымен  бүкіл  циклдық  дамуды  өзгертетін
электрондық  сауданың  елеулі  өсуі  байқалады.  Дегенмен  де,  Жаһанданудың
қазіргі үрдісі бірқатар  кері  зардаптар  әкеледі.  1990  жылы  адам  басына
есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен  салыстырғанда  4,5
есе жоғары болған. 1999 жылы жердің аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-
нің (жалпы ішкі өнімнің) 86%-не, ал аса кедейлері 1%-ке  ие  болды.  Планета
халқының   30%-і   күніне   бір   доллардан    кем    қамтамасыз    етілген.
Постиндустриалдық, индустриалдық және дамушы  елдердің  арасындағы  алшақтық
кему  орнына,  керісінше,  өсе  түскендігі  байқалып  отыр.  Ашық   нарықтық
принциптерге  шартты  түрде  сүйенетін,  ал  шын  мәнінде  дамыған  елдердің
бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын “Вашингтондық  консенсус”  адамзаттың
аз бөлігі үшін ғана қызмет етеді.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.    Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990
2.    Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней
3.    Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000
4.    Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991
5.    Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996

Дәріс сабағы №9. Феодолизм генезисі.
Феодализм - XVIII  ғасырда  Ұлы  француз  төңкерісі  кезінде  "Ескі  тәртіп"
(шексіз  монархия,  дворяндар  үстемдігін)  білдіретін  ұғым;  марксизмде  -
капитализмнің  алдындағы  әлеуметтікэкономикалық  формация.  Қазіргі   тарих
шымында феодализм Батыс және Орталық  Еуропада  орта  ғасыр  дәуірінде  өмір
сүрген әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылады, алайда, феодализм  әр  дәуірде
әртүрлі елдерде  кездесті.  Феодализм  негізіне  -  вассал  (бағынышты)  мен
сеньор, азамат мен зереннің, шаруа мен ірі жер иеленушінің  ара  қатынастары
жатады.  Феодализмге  құқықпен  бекітілген  сословиелік,  заңдық  теңсіздік,
рыцарлық әскери ұйым тән. Феодализмнің  идеологиялық  және  өнегелік  негізі
ортағасырлық мәдениеттің мазмұнын анықтаған христиандық болды.  Феодализмнің
қалыптасуы V-IX ғасырлар. Рим империясын варварлар  жаулап  алғанынан  кейін
жүрді. Феодализмнің гүлденген дәуірінде  (ХII-ХӀӀӀ  ғасырлар)  қалалар  және
қалалық  тұрғындар  экономикалық  және  саяси  нығая  түседі,   сословиелік,
өкілеттік жиналыстар құрылады  (ағылшын  парламенті,  француз  Бас  штаттары
және т.б.), сословиелік монархияның ақсүйектердің ғана емес,  сословиелердің
мүдделерімен  де  санасуына  тура   келеді.   Қалалық   экономиканың   дамуы
аристократия үстемдігінің табиғи-шаруашылық негіздерін шайқалтты,  ал  еркін
ойлаудың таралуы дінге күпірлік етушілердің XVI ғасыр. Қайта Өрлеуге  өтуіне
әкелді. Протестанттық өзінің  жаңа  этикасымен  және  құндылықтар  жүйесімен
капиталистік  сипаттағы  кәсіпкерлік  қызметтің   дамуына   қолайлы   жағдай
туғызды. XVI-XVIII ғасырлар төңкерістер негізінен аяқталғанын белгіледі.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.    Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990
2.    Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней
3.    Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000
4.    Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991
5.    Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996

Дәріс сабағы №10. Ортағасырлық қоғамдағы адам.
Шаруалардың ортағасырлық қоғамдағы орны- Шаруалардың қоғамда атқаратын  рөлі
орта ғасырларда қалыптасқан үш қауымдық топ теориясы бойынша  анықталды.  Ол
теория қоғамды адам ағзасымен салыстыруға негізделді.  Адамның  өміріне  жан
қандай қажет болса, құдайға құлшылық  етуші  дінбасылар  да  коғамға  сондай
қажет делінді. Зиялы мырзалар мен ел басқарып  жүрген  атқамінерлер  адамның
колына теңестіріліп, «соғысушылар» рөліне  ие  болды.  Ал  шаруалар  адамның
аяғына теңестіріліп,  жұмыс  істеушілер  деп  танылды.  Бұл  теория  бойынша
адамның жаны, аяғы, қолы бір-біріне  қандай  қажет  болса,  дінбасылары  да,
зиялы мырзалар мен шаруалар да бір-біріне сондай  қажет,  олар  бір-бірінсіз
өмір сүре алмайды делінді.  Сондықтан  да  олар  әрқашан  бір-бірімен  тығыз
байланыста, ешқандай талас-тартыссыз, ынтымақта  өмір  сүруі  керек.  Себебі
адамның аяғы қолына, қолы жанына  қарсы  қастандық  жасамайды.  Сөйтіп  орта
ғасырларда шаруалар қоғамның ең қажетті мүшесі саналды. Шаруаларға,  олардың
дене  еңбегіне  деген  осындай  озық  көзкарас  олардың  коғамдық  өндіріске
ынтасын арттырып, шаруашылықтың өркендей түсуіне елеулі үлес қосты.
Феодалдық құрылыс кезіндегі  шаруалар  басыбайлы  және  ерікті  болып  екіге
бөлінді. Басыбайлы шаруалар феодалдарға  толық  тәуелді  болды,  олардың  өз
беттерімен шешім қабылдап, әрекет  етуіне  тыйым  салынды.  Феодалдар  ондай
шаруаларды сатуға, айырбастауға, сыйлауға ерікті еді. Басыбайлы шаруа  қашып
кетсе, қожасы оны тауып алып, өзіне қайтаратын. Басыбайлы шаруалар  қатарына
бірте-бірте бұрынғы  құлдар  да  қосылды.  Шаруалардың  Бұл  тобы  Францияда
«сервтер» деп аталды. Шаруалардың екінші тобына  жататын  жеке  басы  ерікті
шаруалар Англияда «вилландар» еді. Олардың  жағдайы  біраз  жеңілдеу  болды.
Олар өз  қарамағындағы  мүліктерін,  еңбек  құрал-жабдықтарын  еркін  жұмсай
алды. Ерікті шаруалар өз жер үлесін мұрагерлік жолмен  балаларына  калдыруға
құқылы болатын.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.    Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990
2.    Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней
3.    Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000
4.    Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991
5.    Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996

Дәріс сабағы №11. Техникалық үрдіс екпінінің жылдамадауы.
Ғылыми-техникалық прогресс  –  ғылым  мен  техниканың  бірегей,  бір-бірімен
сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18  ғ-лардағы  мануфактуралық  өндірістен,
ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып,  тоғыса  түскен
кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс  негізінен  эмпирикалық
тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді  жинақтау  есебінен
баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным  аясында  да
ілгерілеу ниеті  байқалды,  бірақ  ол  теологиялық-схоластикалық  қасаңдыққа
қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.
16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп,  теңіз  жолын  меңгеруі,
ірі  мануфактураларға  ие  болуы  бірнеше  келелі  міндеттерді  теор.   және
тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым  Қайта
өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық  дәстүрлерден  қол  үзіп,
практикаға жүгіне бастады. Шығыс  жұртыныңкомпасты,  оқ-дәріні  ойлап  табуы
және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех.  қызметтердің  берік  одағын
құруға жетелеген  ұлы  жаңалықтар  болды.  Жалпы,  бұл  –  ғылыми-техникалық
прогресстің  бірінші  кезеңі  саналады.  Кейінгі  кезеңдерде  ұлғая   түскен
мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін  пайдалану  әрекеті  кейбір
мех.  процестерді  теор.  тұрғыдан  зерттеуге  жетеледі.  Тісті  дөңгелектер
қозғалысының теориясы,  науа  теориясы,  су  қысымы  туралы,  қарсыласу  мен
үйкелу  туралы  ілімдер  пайда  болды.  Яғни,   мануфактуралық   кезең   ірі
өнеркәсіптің  бастапқы  ғыл.  және  тех.  нышандарын   дамытып,   Г.Галилей,
И.Ньютон,       Э.Торричелли,       кейін       Д.Бернулли,       Э.Мариотт,
Ж.Л.Д’Аламбер,Р.А.Реомюр,   Л.Эйлер,   т.б.   ғалымдар   тарихқа    «өндіріс
қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында  машина  өндірісінің  пайда
болуына  математиктердің,  механиктердің,  физиктердің,  өнертапқыштар   мен
шеберлердің  үлкен  бір  тобының  ғыл.-тех.  жасампаз  іс-әрекеттері   негіз
қалаған  еді.  Дж.  Уаттың  бумен   жүретін   машинасы   конструкторлық-тех.
ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі»  саналды.  Ал  машиналы  өндіріс  өз
кезеңінде ғылымды технол. тұрғыдан қолдану үшін тың, шын  мәнінде  шектеусіз
мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогресстің  жаңа,  екінші
кезеңіне  айналып,  ғылым  мен  техника  бір-бірін   аса   қарқынды   дамуға
ынталандырып отырғандығымен  ерекшеленді.  Ғыл.-зерт.  қызметінің  теориялық
шешімдерді  техникалық   нұсқаға   жеткізуге   құзырлы   арнаулы   буындары:
қолданбалы  зерттеулер,  тәжірибелік-конструкторлық  жасалымдар,  өндірістік
жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет  адам  еңбегінің
ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды.
Ғылыми-техникалық  прогресстің  үшінші  кезеңі  қазіргі  заманғы   ғыл.-тех.
революция жетістіктерімен  байланысты.  Оның  ықпалымен  техниканы  дамытуға
арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. міндеттерді  шешу  ісіне  тек
электроншы  инженерлер  мен  компьютерші  мамандар  ғана   емес,   сондай-ақ
биологтар,  физиологтар,  психологтар,  лингвистер,  логиктер   де   белсене
қатысады. Ғылым техниканы  үздіксіз  революцияландырушы  күшке  айналды.  Ал
техника болса, ғылымның алдына тың талап, тосын міндет қою әрі  оны  күрделі
эксперименталды жабдықтармен жарықтандыру арқылы  алға  тартып  келеді.  Осы
заманғы ғылыми-техникалық прогресстің ерекше қыры  –  тек  өнеркәсіпті  ғана
емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің,  т.б.  көптеген  салаларын:  ауыл
шаруашылық, көлік қатынасын, байланыс аясын, медицина мен білім  беру  ісін,
қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми-техникалық прогресс  әлеуметтік
прогрестің негізі болып табылады.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.    Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990
2.    Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней
3.    Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000
4.    Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991
5.    Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996

 Дәріс сабағы № 12. Әлеуметтік – саяси жүйенің эволюциясы.
Э.  Дюркгейм  қоғамды  ұжымдық  көзқарастарға  негізделген   индивидуалдыдан
жоғары рухани шындық ретінде қарастырды.  М.  Вебер  бойынша,  қоғам  –  бұл
әлеуметтік,  яғни   басқа   адамдарға   бағытталған    іс-әрекеттің   өнімі.
Американдық  социолог  Т.  Парсонс  қоғамды  байланыстыратын  бастауы  болып
нормалар  мен  құндылықтар  табылатын  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастар
жүйесі ретінде қарастырды. Осылайша, қоғамды әдет–ғұрыптар,  салт–дәстүрлер,
заңдар күшіне сүйенетін, олардың барлық негізгі  қажеттіліктерін  қамтамасыз
ететін,   адамдардың  үлкен  және  шағын  топтары   мен   қауымдастықтарының
әлеуметтік байланыстардың, қарым-қатынастар мен өзара  әрекеттердің  тұрақты
жүйесі  ретінде  және   оларды   ұйымдастырудың   әмбебап   тәсілі   ретінде
қарастыруға болады; қоғам  өзіне-өзі  жеткілікті,  өзін-өзі  реттейтін  және
өзін-өзі өндіретін жүйе болып табылады.
Қоғамды зерттеудегі жүйелік тәсілдің негізгі мақсаты -  қоғам  туралы  түрлі
ілімдерді  қоғамның  жалпы  теориясы   болатындай   етіп   біртұтас   жүйеге
біріктіру.
Жүйе – бұл өзара байланысқан және біртұтас  бірлікті  құрайтын  белгілі  бір
түрде ретке келтірілген элементтер жиынтығы.
Қоғам жүйелі, себебі, оның бүкіл элементтері  өзара  байланысты.  Бұл  өзара
байланыстың мәні қарапайым,  бірақ  сонымен  қатар  күрделі:  адам  топтары,
әлеуметтік қауымдастықтар, индивидтер  жүйеге  ене  отырып,  жаңа  күшке  ие
болады және іс-әрекеттің тиімді тәсілін меңгереді.
Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің зерттеу  пәніне  қазіргі  жүйелердің  жалпы
теориясының негізгі ережелерін енгізеді. Бұл бүтін жүйе - өзара әрекеті  оны
құрайтын   бөліктерге,   компоненттерге   тән   емес,   жаңа    интегративті
қасиеттердің қалыптасуына міндетті  түрде  әкелетін  объектілердің  жиынтығы
деген сөз. Жүйелік қасиет  қоғамға  қатысты  оның  міндетті  түрде  біртұтас
болуын білдіреді.
Қоғамның жүйелік қасиеттеріне  оның  салыстырмалы  түрде  өз  бетінше  жеке,
жалғыз қызмет ете алу қабілетін, жүйені құрайтын элементтерге тән емес  жаңа
интегративті қасиеттердің бар болуын жатқызуға болады.
Біртұтастылық  –  қоғамның  жүйелендіруші  қасиеті.  Ол  қоғамдық  өндірісте
жатыр: материалдық игіліктерді, идеяларды, адамның өзін  өндіру.  Бірақ,  ең
маңыздысы, әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері болып адамдар,  сондай-ақ,
олардың нормалары, байланыстары және қатынастары  табылатындығы.  Әлеуметтік
жүйенің  негізінде  жүйенің  өзін  өндіруге  бағытталған  іс-әрекет   жатыр.
Әлеуметтік  жүйе  деп  біз  қоғамның  өзін  түсінеміз.  Әлеуметтанудың   бұл
деңгейін  «социеталды»  (лат.  Societas  –  бұл  жағдайда  қауымдастық)  деп
атайды. Онда қоғамның өзі әрқайсысын,  алайда,  басқа  деңгейде  (әлеуметтік
топ, әлеуметтік институт,  тұлға)  «әлеуметтік  жүйе»  деп  атауға  болатын,
шағын жүйелердің жиынтығы ретінде болады.
Жүйелер не гомогенді, яғни біртекті,  белгілі  бір  қасиеттерге  ие,  немесе
гетерогенді, яғни, олардың субстраттарында адамдармен бірге  индивидуалдыдан
жоғары  элементтер  енетін  (мысалы,  экоәлеуметтік  –  географиялық  аудан,
немесе  әлеуметтік  –  техникалық  –  қала,  агломерация,  кәсіпорын,  т.б.)
әртекті, гетерогенді бола алады.
Қоғамды тани  отырып,  социологтар  ондағы  біртұтастылықты  көреді,  ондағы
шағын жүйелерді өзара әрекеттесетін элементтер ретінде қарастырады.  Сонымен
бірге, олар танудың  басқа  да  маңызды  ерекшелігін  ескеруі  керек:  шағын
жүйелердің әрқайсысы салыстырмалы жекелікке  ие  болатындықтан,  әлеуметтану
оны «дифференциацияланған таза» түрде қарастыруы керек.
Қоғамның негізгі  ерекшелігі  –  ұйымдардың  сабақтастығын,  реттелуін  және
басқарылуын қамтамасыз ету.
Басқару – қоғамды реттеу мен жетілдіру мақсатымен оған  қатысты  ерекше  іс-
әрекет. Басқару келесі кезеңдерден тұрады: ақпаратты өңдеу және талдау,  оны
жүйелендіру, талдау және  оған  диагноз  қою,  мұның  нәтижесінде  болжамдар
жасалады  және  мақсаттар  анықталады.  Содан  соң,  іс-әрекетті  жоспарлау,
ұйымдастыру  және  оны  бақылау,  мамандарды  таңдау  мен  пайдалану  арқылы
шешімдерді  қалыптастыру  және  оны  нақтылау  жүзеге  асырылады.  Осылайша,
басқару жүйесі қалыптасады.
Қоғамды  сипаттаудағы  ерекше   орынды   «әлеуметтік   институттар»   алады.
Әлеуметтік институттар – бұл әлеуметтік шындықтың  белгілі  бір  салаларының
ұйымдастырушылық формалары, кәсіби  топтардың  жалпы  рөльдері.  Осы  арқылы
бүкіл жүйенің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік институттар – бұл басқарудың белгілі бір құралдарына  ие,  оларды
әлеуметтік функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын (мысалы,  білім  беру
институты) мекемелердегі тұлғалар жиынтығы.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.    Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990
2.    Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней
3.    Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000
4.    Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991
5.    Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996

Дәріс сабағы №13. Рухани өмірдегі өзгерістер.
Адамзат тарихында XX ғасыр мәдениетінің алатын  орны  ерекше.  Өйткені,  бұл
кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс  соғыстарға,  санқилы  дағдарыстарға  толы
сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын  болашаққа
деген  сенім  өркениетті   дамыған   елдерде   біртұтас   жалпы   адамзаттық
мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған  жоқ.  Ғасыр  аяғында
планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы  адамзаттық
мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің  нәрленуіне,  олардың  өзара
қарым-қатынастарының  жаңа  арнаға  түсуіне  ерекше  әсер  етті.  Міне,  осы
жағдайларды ескере отырып, XX ғасыр  мәдениетінің  мазмұнын  ашып  көрсетуде
екі басты мәселеге баса назар аударғанды  жөн  көрдік.  Оның  біріншісі,  XX
ғасыр  мәдениеті   дамуының   басты   бағыттары   (XX   ғасыр   мәдениетінің
қалыптасуының  сабақтастығы  мен  дәстүрлері,  қазіргі  заман   мәдениетінің
тоқырауға ұшырауы мен одан шығу жолдары  және  бұл  процестің  түрлі  мәдени
концепцияларда көрініс табуы  және  т.б.  мәселелері),  екіншісі,  XX  ғасыр
мәдениетінің жалпы адамза¬тық және ұлттық сипаты  (жалпы  адамзат  мәдениеті
қалыптасуының басты себептері және оның құндылықтары, жалпы адамзаттық  және
ұлттық диалектика және т.б.).
Бүгінгі  таңда  дүниежүзінде  200  мемлекетке  жетіп,  мыңдаған   халықтарға
бөлінген, саны жағынан 6 млрд. жеткен адамзат баласы 2 млн. жуық  өсімдіктер
мен жануарлардың бір түрі ғана. Адам баласы өмір сүрген кезден бастап  мыңға
жуық ұрпақ ауыстырған екен. Осынша халықтың ішінде  екі  адамның  бір-біріне
мүлде  ұқсас  болмай,  өзіндік   қайталанбас   ерекшеліктерінің   болуы   да
таңқаларлық жайт. Адам бір-бірінен  жеке  тұлға  есебінде  ерекшеленіп  қана
қоймайды, сонымен қатар  топтық  айырмашылықтарға  да  (жанұялық,  жыныстық,
жасына, мамандығына, ұлтына және т.б. қарай) тәуелді болып келеді.  Осыншама
айырмашылықтар бола тұрса да адамзат баласының басын біріктіретін не  нәрсе?
Ол  —  ең  алдымен  дүниенің  тұтастығына  негізделген   «жалпы   адамзаттық
мәдениет».
«Дүниенің тұтастығы» дегеніміз — дүниежүзілік көлемде өндірісті  дамыту  мен
әлемдік  мәселелердің  туындауы   негізінде   пайда   болған   адамдар   мен
халықтардың  өзара  тығыз  байланысы  мен   өзара   тәуелділігі.   «Дүниенің
тұтастығы»  —  қазіргі  замаңцағы  адамзат  пен  бірыңғай  жалпы  адамзаттық
мәдениеттің  қалыптасуына  негіз  болды.  Демек,  адамзат  баласының   басын
біріктіретін «жаңа заман мәде¬ниетінің» тағдыры — адамзаттық  құндылықтарға,
гуманизмге, адам құқын қорғау қозғалысын дамытуға, ғылыми білім мен  алдыңғы
қатарлы технологияны  дамытуға,  ұлттық  мәдениеттердің  өзара  байланысына,
қоршаған орта мен  өмірге,  экологиялық  қатынасқа  тікелей  байланысты.  XX
ғасыр дүниежүзінде түрлі мәдениеттердің өмір сүретіндігін жоққа шығар-  ған,
бірыңғайға келтірілген  «гуманистік  моно-мәдениеттің»  екі  үлгісін  бастан
кешірді. Оның біріншісі —  «дүниежүзілік  пролетарлық  революция»(сталинизм)
идеясы.  Ол  таптық  құнды¬лықтарды  асыра  бағалауға  негізделген.   Екінші
модель, бір ғана  ұлттық  мөдениеттің,  бір  ғана  ұлт  пен  мыңжылдық  рейх
(герман  фашизмі)  мемлекетінің  үстемдігіне  негізделді.  Бұл  жағдайлардың
салдарынан миллиондаған адамдар қазіргі заман мәдениетінің жалпы  адамзаттық
сипаты туралы идеяны  басқаша  қабылдады.  Осы  себепті  мәдениеттің  «қарсы
мәдениетке» айналуы  етек  алып,  әлеуметтік  қозғалыстың  бұрмаланған  түрі
пайда болды. Осы орайда, жалпы адамзаттық  мәдениетке  апаратын  қозғалыстың
өте күрделі процесс екендігін ерекше атап  өткен  жөн.  Орын  алған  қарама-
қайшылықтарды шешуде  түрлі  мәдени  бағыттарды,  көзқарастарды,  пікірлерді
есепке  алмасқа   тағы   болмайды.   Жалпы   адамзаттық   мәдениет-жолындағы
қайшылыққа толы алғашқы «Біз — Олар» жолы —  өте  күрделі  процесс,  ал  бұл
формулаға сүйенсек тағылық заманға қайтып оралған болар едік.
Жалпы  адамзаттық  мәдениет  —  көркемдік-поэтикалық,   ғылыми,   өндірістік
қызметтің ең жетілген түрлері, әр түрлі халықтар  мен  ұрпақтардың  ғасырлар
бойы қалыптасқан өмір мен шындықты  және  дүниені  танып  білуінің  бірыңғай
тәсілдері.  Адамзат  баласы   осы   қағидалардың   негізінде   таптық   және
нәсілшілдік өшпенділігіне жол  бермейтін,  адам  мен  халықтар  құқы  бұзыл-
майтын, қайыршылық пен сауатсыздық, экономикалық және  мәдени  отаршылдықтан
ада  біртұтас  өркениет  қүруға  бағытталуда.   Мәдениеттің   бүл   үлгілері
мәдениетті қалыптастыруда басты бағдар болып  отыр.  Адамзаттық  мәдениеттің
қалыптасуын халықаралық қауымдастық мүшелерінің құндылықтарының белгілі  бір
жүйесін жай ғана қабылдау деп, дәлірек айтқанда,  түрлі  мәдениет  салаларын
бірыңғайлау деп қарастыруға тағы болмайды.
Өйткені,  мәселе  аймақтық   және   ұлттық   мәдениеттердің   өзара   рухани
байланысуының өсуі туралы болып  отыр.  Уақыт  өткен  сайын  түрлі  халықтар
мәдениеттерінің  арасындағы  байланыстардың  арнасы   кеңейе   түсуде,   бір
мәдениет саласындағы өзгеріс басқаларына да өз  ықпалын  тигізуде.  Ғаламдық
мәдени  жетістіктер  дүниежүзіне  кеңінен  тарауда.  Ендеше,  біз   ғылымдық
гуманистік  қүндылықтардың  дамуының   мүлде   жаңа   кезеңіне   өткенімізді
мойындауымыз керек. Біртұтас  әлемдік  өркениеттің  қалыптасуының  негізі  —
саяси-экономикалық және мәдени байланыстардың  белең  алуында  жатыр.  Соның
негізінде жаңа сапалы жүйе — жалпы  адамзаттық  мәдениет  қалыптасып,  түрлі
елдер мен халықтардың  арасындағы  байланыс  нығая  түсуде,  тіпті  біртұтас
өркениеттің  бір  жағында   болған   мәдени   тоқырау   құбылыстары   немесе
жетістіктері басқа жақтарға да өз әсерін тигізбей қоймады. Мұндай  құбылысқа
қарап,  дүниені  қабылдау  тәсілдері  бір  ізге  салынып,  мәдени  нормалары
бірыңғай жүйеге келтіріліп, ұлттық сипат жойылып бара жатыр деген ұғым  туып
қалмауы керек, өйткені әрбір ұлт,  әрбір  әлеуметтік  топ  жалпы  адамзаттық
мәдениет қорынан тек өзіне  қажеттісін  ғана,  өзінің  даму  дәрежесіне  сай
келетін мәдени құндылықтарды өз  мүмкіндігіне  байланысты  ғана  қабылдайды.
Ұлттық  мәдениет  дәстүрлерін  сақтап  қалу  бағытының  ерекше   етек   алып
отырғандығы да жоғарьща айтылған ойымызды айқындай  түсетін  сияқты.  Әрине,
қазіргі өркениетті түрлі ғаламдық өркениеттердің басын  жай  ғана  біріктіре
салу деп түсіну мүлде қате болған болар еді. Бұл процесс  әрі  күрделі  және
толып жатқан қарама-қарсылықтарға толы болып  келеді.  Оған  дәлел  ретінде,
қазіргі замандағы Батыс мәдениетіне  Жапония  мен  Таяу  Шығыстың  басқа  да
елдерінің  «өндірістік  мәдениетінің»   зор   ықпа¬лын   келтіруге   болады.
Шындығында  да,  бұл  аталған  елдердің  мәдениетіне  негізделген  қызметтің
өндірістік  түрлерінің  Батыстың  дәстүрлі   құндылықтарымен   салыстырғанда
көптеген артықшылықтары  бар  екендігі  айқын  аңғарылады.  Еңдеше,  кәзіргі
жалпы адамзаттық мәдениетті  қалыптастырып,  дамытуда  мәдени  құндылықтарды
өзара байланыста игеру,  мәдениетті  дамытуды  ғалымдық  дәрежеге  көтеру  —
бүгінгі таңдағы  басты  мәселе  болмақ.  Ал  адамзаттың  «біртұтас  ғаламдық
мәдениеті» мәселесінің ерекше қойылуының басты себептері қандай?
Біріншіден, адамзат тіршілігінің түрлері мен тәсілдерінің үлгілерінің  терең
өзгеріске ұшырауына байланысты ұлы әлеуметтік революция  жүзеге  асты.  Оған
дәлел ретінде, XX ғасырда дүниежүзілік көлемде дәстүрлі  қоғамға  тән  «жеке
еңбек етуден» — жалданып еңбек етуге, коллективте (ұжымда)  еңбек  ету  және
бақылау  арқылы  еңбек  етуге  көшу  жүзеге  асырылды.  Жаппай   урбанизация
жағдайында  адамдардың  өмірді,  қоршаған  ортаны  қабылдау  тәсілдері   мен
түрлері өзгерді, халықтың өмір салты  адам  айтқысыз  өзгерістерге  ұшырады.
Сөзіміз дәлелді болу үшін цифрлар келтірейік. XX ғасырдың  басында  Батыстың
ең  алдыңғы  қатарлы  тоғыз  еліндегі  өнеркәсіп  саласында  еңбек  етушілер
халықтың 43%-і болса, XX ғасырдың ортасында  бұл  көрсеткіш,  яғни  жалданып
жүмыс істеушілердің саны 60%-ке жетті, өз кезегінде бүл  көрсеткішпен  қатар
мүндай мемлекеттердің саны да арта  түсті.  Мұндай  қүбылыс  дамушы  елдерде
етек алды, тіпті  жалданып  жұмыс  істеушілердің  саны  жағынан  олар  Батыс
елдерін басып озды. XX ғасырдың басында дүниежүзіндегі  қала  халқы  адамзат
баласьгның небәрі 3%-ін ғана құраса, XX  ғасырдың  ортасында  олардың  үлесі
28%-ке, ал 9 210 жылдары 40%-тен асып кетті. Кең байтақ  мегополистер  пайда
болды. Мысалы, АҚШ-тың солтүстік-шығысында (көлемі 100 мың шаршы км.,  халқы
15 млн.),  Жапонияда  Хоккайдода  (70—  50—700)  және  т.б.  Қала  мәдениеті
жағдайында адамның мәдени жандүниесі күрделі өзгерістерге ұшырады.[2].  Қала
халқының  алдында  өзіндік  өзгеше  өмірдің  есігі   айқара   ашылды.   Адам
телевидение  және  компьютерлік  жүйелер  арқылы   толассыз   хабарлар   алу
мүмкіндігіне ие  болды,  өмір  салты,  еңбек  ету  айтарлықтай  өзгерістерге
ұшырады, білім берудің мазмұны мен түрлері жаңа  сатыға  көтерілді.  Сөйтіп,
ауыл-село халқының көпшілігі қалаға  қоныс  аударды,  ал  бұл  жағдай  түрлі
ұлтгардың өзара  жақындасуына,  мәдени  байланыстарының  кеңеюіне  әсер  ете
отырып, оларды біртұтас жалпы адамзаттық мәдениет арнасында тоғыстырды.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.    Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990
2.    Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней
3.    Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000
4.    Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991
5.    Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996


        Дәріс сабағы №14. Екінші дүниежүзілік соғыстың бірінші кезеңі
                                 (1939-1941)
1941 жыл 22 маусым күні Германия КСРО- ға басып кірді. Германияға Венгрия,
Румыния, Финляндия, Италия мемлекеттері қосылды. Соғыс қиянкескі сипат
алып, Германия өзінің Қарулы Күштерінің 77% - ын осы майданда ұстады (қ.
Ұлы Отан соғысы ). Мәскеу шайқасында ( 1942, шілде – қараша ) кеңес армиясы
өз отанын қорғап қалды. 1941 жылы шілдеде КСРО үкіметі Ұлыбритания және
эмигоациядағы Польша, Чехославакия үкіметтерімен келісімге келді.
Қыркүйектің аяғы – қазан айының бас кезінде (1941) Мәскеуде АҚШ,
Ұлыбритания үкіметтері КСРО- ға қару – жарақпен көмек беру жөнінде
келісімге қол қойды. Гитлерге қарсы одақтың негізі қаланды. 1941 жылы 7
желтоқсанда Жапония Тынық мұхиттағы АҚШ- тың Перл – Харбор базасына басып
кірді. 8 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттері Жапонияға соғыс
жариялады. 1942 жылы 1 қаңтар күні Вашингтонда 26 мемлекет үндеу қабылдап,
фашистік одаққа қарсы күш біріктіруге шешім қбылдады. 1941 жылы 22.12 –
1942 жылы 14.01 Черчилль мен Рузвельт біріккен ағылшын – американ штабын
және Тынық мұхитта ағылшын – американ – голланд – австралия бірыңғай одағын
құруға шешім қабылдады. 1942 жылы Жапония АҚШ- тың Тынық мұхиттағы негізгі
соғыс базаларына соққы берді, Тайланд, Сянган (Гонконг), Бирма, Малайя,
Филиппин, Индонезияның басты аралдарын басып алды да, Австралияға қауіп
төндірді. АҚШ Атлант теңізіндегі флотының бір бөлігін Тынық мұхитына
көшірді де, 1942 жылдың 1 жартысында жапон флотына біршеше соққы беріп,
қорғанысқа көшуге мәжбүр етті. Басып алынған жерлерде жапондарға қарсы
азаттық қозғалыс күшеді. Америка және Ағылшын флоттары Германияның сүңгуір
қайықтарына тойтарыс беріп, 1942 жылы жазда оларды Атлант мұхитынан
ығыстыра бастады.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.    Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990
2.    Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней
3.    Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000
4.    Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991
5.    Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996

             Дәріс сабағы №15. Кеңес үкіметінің поляктарға қарсы
                           қуғын – сүргін саясаты
Екінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, ізін  ала  Балтық  жағалауы,  Батыс
Украина, Батыс  Белоруссия,  Бессарабиядан  «жағымсыз  элементтерді»  күштеп
көшіріп-қоныстандыру қолға алынды. Егер соғысқа дейін  бұл  әрекет  мемлекет
қауіпсіздігін  күшейту  қажеттігімен  түсіндірілсе,  соғыс  кезінде  ұлттық-
аумақтық автономиялары бар тұтас халықтар  қуғын-сүргінге  ұшырады.  Сөйтіп,
тоталитаризмнің таптық саясаты жаңа «сапалық» деңгейге өткен еді. 1941  жылы
28 тамызда барлық немістерді жаппай диверсиялық  және  шпиондық  әрекеттерге
қатысты деп айыптады.
Басқа халықтар да дәл осындай «логикалық актілермен»  депортацияға  үшырады.
Бас кезінде олардың кейбіреулерінің  немесе  көпшілік  бөлігінің  өз  Отанын
сатқандығы атап өтілді, артынан аталған халықтарды түтастай шығыс  өңірлерге
көшіру туралы шешім қабылданды. Дөл осындай «сценариймен»  қарашай,  қалмақ,
шешен, ингуш, балқар жөн6 т.б.  Солтүстік  Кавказ,  Грузия,  Қырым  өңірінен
халықтар көшіріліп, ұлттық автономиялар жойылды. Басқаша  айтқанда,  олардан
ұлттық мемлекеттілігі тартып алынды.
30—40-жылдардағы   халықтар   депортациясы   қоғамдық-әлеуметтік    форманың
жоспарлы  акциясына,  адам  психикасына  әсер  ете  отырып,  халықты  ұлттық
тамырынан  айыруды  ойластырған  тағылық  эксперимент,  ғаламды  қайта  құру
тәжірибесіне айналды.
Күштеп  қоныс  аудару  кезінде  жол  бойында  және  арнайы   лагерьлер   мен
тұрақжайларда бұл халықтардың жартысына жуығы опат болды.
Оларды  бір  сәтте  туған  жерінен  айырып,  мал  сияқты  жүк   вагондарымен
Қазақстанға  әкеліп,  24  сағаттың  ішінде  бүтіндей   халықтарды   көшіріп-
орналастырып үлгерді.
Сталиндік куғын-сүргін кезінде осы халықтардың алдыңғы  қатарлы  зиялыларына
қарсы «үлкен террор» жасалды, ұлттың бетке үстарлары тұп-тамырымен  жойылды.
Жер-жерлерде ұлттық мектептер, газет-журналдар жабылды.
Солтүстік  Кавказ,  Грузия,  Қырым,  Қалмақ  өңірлеріне  күшпен  жүргізілген
депортациялар өзінің көлемі жағынан ауқымды болды. 1942 жылдың күзіне  қарай
кеңес әскерлері шығысқа қарай шегіне отырып, Еділ жағалауы мен Үлкен  Кавказ
қыраты  алқабына  жақындады.  Шешен-Ингушетияның   бір   бөлігі,   сондай-ақ
карашай,  балқар,  қалмақтар  мекендейтін  аймақ  жау  қолында  қалды.   Тек
Сталинград пен Курск  түбінде  Гитлер  армиясын  талқандағаннан  кейін  ғана
Солтүстік Кавказ өңірі жаудан азат етілді. Алайда жаудан  азат  ету  аяқтала
салысымен фашистік басқыншылармен жақындасты деген желеумен  бұл  халықтарға
саяси қуғын-сүргін басталды.
1943 жылы Қарашай  автономиялы  республикасы  жойылып,  қарашайларды  көшіру
туралы қаулы қабылданды. Жалпы саны 45,5 мың адам Қазақстанның  Жамбыл  және
Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Қалған  отбасы  Қырғызстанға,
Өзбекстанға аттандырылды.
Депортацияның  қайғылы  қасіреті  балқарларға  да  келіп  жетті.  1936  жылы
құрылған Кабардин—Балқар АКСР-нан 1944 жылы наурыз айында 650 мыңдай  шешен,
ингуш, калмақ, қарашайлар көшірілді.  Бүкіл  техника,  НКВД  құрамалары  мен
армия  бөлімдерінен  19  мыңдай  офицер  мен  әскерлер   қатыстырылған   бұл
операцияны Ішкі істер халық комиссары Берияның өзі баскарды. Жалпы  саны  40
мыңдай балқарлардан Солтүстік Кавказ түгелдей «тазартылды», 46,6 мың  балқар
отбасы  оңтүстік   облыстарға   қоныстандырылды.   Қалғандары   Қырғызстанға
жөнелтілді. Балқарларды көшіргеннен кейін республика Кабардин  АКСР-і  болып
атала бастады.
1944 жылдың ақпан айынан кейін Қызыл Армиядан босатылған  шешен  және  ингуш
ұлтының әскери адамдары НКВД-нің арнайы қоныстарының  қарамағына  өтті.  Дәл
осындай  жағдай  майданда  жүрген  депортацияланған  халықтардың   барлығына
қатысты  болды.  Олардың  барлығы  өздерінің  туған-туыстары  түрып   жатқан
қоныстарға немесе Орал, Сібір  өнеркәсіп  өндірісіне  жіберілді.  КСРО-  ның
баска  НКВД  лагерьлеріндегі  шешендер  мен  ингуштер   Қарағанды   лагеріне
ауыстырылды. Дағыстан АКСР-да,  Грузияда,  Әзірбайжанда,  Краснодар  өлкесі,
Дондағы Ростов, Астрахан облысында тұрып жатқан  шешендер  мен  ингуштар  да
депортация қармағынан аман қалған жоқ, көші-қон  1945  жылдың  соңына  дейін
жалғасты. 1945 жылға карай Қазақстанға көшірілген шешендер  мен  ингуштардың
жалпы саны 406,3 мың адамға жетті.  1944  жылы  7  наурыздағы  КСРО  Жоғарғы
Кеңесінің бұйрығымен Шешен-ингуш  АКСР-і  жойылды.  Барлық  ауданның  аттары
өзгертілді. Шешен-ингуш АКСР-інің орнына  Грозный  облысы  қүрылды.  Облысқа
дейін барлық жергілікті  халықтың  58%-ын  құраған  шешен  мен  ингуш  халқы
осылайша туған жерлерінен қол үзді. Грозный  облысына  ондаған  мың  орыстар
мен аварлар, осетиндер, украиндар әкелінді.
1944  жылы  Орталық  Азия  мен  Қазақстанға  Грузиядағы  күрділердің  екінші
толқыны, 1948—1950 жылдары үшінші  толқыны  күштеп  көшірілді.  Әзірбайжанда
қалған күрділердің  біраз  бөлігі  қуғын-сүргінге  ұшырау  қаупінен  қоркып,
құжаттарын  өзгертіп,  өзірбайжан  болып  жазылуға  мөжбүр   болды.   Екінші
дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін майданнан  қайтқан  майдангер-күрділер
өз туғандарын таба  алмай  әуре-сарсаңға  түсті.  Олардың  өзі  50-жылдардың
соңына дейін арнайы қоныстардағы НКВД органдарына  айына  2  рет  белгіленіп
түруға міндетті болды.
1943 жылғы 28 қазандағы бұйрық  негізінде  Қалмақ  АКСР-інен  2,2  мың  адам
Қызылорда облысына орналастырылды.
Фашистік Германия басып алынған аумақтар азат етілген сайын  сол  жерлердегі
халықтарды депортациялау ісі де  жалғаса  берді.  1944—  1945  жылдары  азат
етілген Украина,  Беларусь  және  Балтық  өңірінде  бұрыннан  мекендеп  келе
жатқан немістер Сібір мен Қазақстанға көшірілді. 1945  жылдың  соңына  қарай
Қазақстанға 9 мың неміс отбасы орналастырылды.
Ел  басшылығындағы  шовинистік  пиғылдардың   ұлт   саясатындағы   белгілері
жекелеген  халықтар  мен  ұлт  азшылықтарын   «жағымсыз   элемент»   ретінде
көшірудің белең алуынан көрінді. Әңгіме бірінші кезекте  Қырым  және  Грузия
аудандарындағы халықтарды тарихи Отандарынан көшіру туралы болып отыр.
1921 жылы құрылған Қырым  АКСР-інде  орыстар,  украиндар,  қырым  татарлары,
гректер,  болгарлар,  армяндар  мекендеді.  1944  жылы  Берияның  бұйрығымен
Қырымды  «кеңестерге  қарсы  элементтерден»  тазартуға  2000  жүк   машинасы
өзірленді. 1944 жылы мамырда 50  эше-  лонға  тиелген  татар  үлты  өкілдері
түгелдей Қырым  АКСР-інен  қуылды.  Депортация  барысында  Қазақстанға  4501
татар, 7 мың болгар мен гректер  әкелінді.  Депортацияға  ілінген  месхеттік
түріктер  Грузияның   оңтүстік-батыс   аудандарынан   1944   жылы   қарашада
Қазақстанға өкелінді. Жалпы,  1943—1944  жылдары  Қазақ  КСР-іне  109,3  мың
отбасы арнайы қоныстандырылды.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.    Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990
2.    Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней
3.    Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000
4.    Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991
5.    Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996






































   Магистранттарға арналған реферат және бақылау жұмыстарының тақырыптары
   1. Ежелгі Қосөзен халықтарының қалыптасуы.
   2. Ежелгі Қосөзен халықтарының өнері, мәдениеті.
   3. Ежелгі Греция ойшылдарының дүниетанымдық көзқарастары.
   4. Ежелгі Философтар.
   5. Қытай ғұламаларының өмірлік көзқарастары.
   6. Қытай  мәдениетті.
   7. Ежелгі Гректердің аңыз – әңгімелеріне салыстырмалық талдау.
   8. Ортағасырлық мәдениеттің ерекшелігі.
   9. Феодолизм генезисі
  10.  Білім беру жүйесінің қалыптасуы. Алғашқы университеттер
  11.  І және ІІ дүниежүзілік соғыс.
  12.  Қазіргі заман қоғамдағы адам.
  13.  Кеңес үкіметіндегі қуғын – сүргін саясаты.
  14.  Қырғи – қабақ соғысы
  15.  Азия елдерінің даму қарқыны.




































                  Магистранттарға арналған МӨЖ тақырыптары
|Тақырып 1. Ежелгі дүние және ортағасырлар|1     |1.Африкультура в памятниках      |
|тарихының іргелі мәселелері.Кіріспе.     |      |западного средневековья/ под ред.|
|                                         |      |О.А.Добиаш-Рождественской и      |
|                                         |      |М.И.Бурского. М.,1936            |
|                                         |      |2.Опыт тысячелетия. Средние века |
|                                         |      |и эпоха Возрождения: быт, нравы, |
|                                         |      |идеалы. М.,1996 3.Социальная     |
|                                         |      |история средневековья/под ред.   |
|                                         |      |Е.А.Косминского и А.Д.Удальцова  |
|                                         |      |М.,1927                          |
|                                         |      |4. Бонград-Левин М.М.,Илинь      |
|                                         |      |Г.Ф.Индия  в древности. М.,1985  |
|Тақырып 2. Ежелгі дүние өркениеті        |1     |1.Галия М.История доколумбовых   |
|                                         |      |цивилизаций. М.,1990             |
|                                         |      |2.Дьяконов И.М.Пути истории. От  |
|                                         |      |древнейшего человека до наших    |
|                                         |      |дней.                            |
|                                         |      |3. Егер О.Всемирная              |
|                                         |      |история.Древний мир. М.,2000     |
|                                         |      |4. Тойнби Дж. Постижение истории.|
|                                         |      |М.,1991                          |
|                                         |      |5. Тойнби Дж. Цивилизация перед  |
|                                         |      |судом истории. М.,1996           |
|Тақырып 3. Ежелгі дүние қоғамының адамы  |1     |1.Галия М.История доколумбовых   |
|.                                        |      |цивилизаций. М.,1990             |
|                                         |      |2.Дьяконов И.М.Пути истории. От  |
|                                         |      |древнейшего человека до наших    |
|                                         |      |дней.                            |
|                                         |      |3. Егер О.Всемирная              |
|                                         |      |история.Древний мир. М.,2000     |
|                                         |      |4. Тойнби Дж. Постижение истории.|
|                                         |      |М.,1991                          |
|                                         |      |5. Тойнби Дж. Цивилизация перед  |
|                                         |      |судом истории. М.,1996           |
|Тақырып 4. Қоғамның экономикалық құрылымы|1     |1.Галия М.История доколумбовых   |
|                                         |      |цивилизаций. М.,1990             |
|                                         |      |2.Дьяконов И.М.Пути истории. От  |
|                                         |      |древнейшего человека до наших    |
|                                         |      |дней.                            |
|                                         |      |3. Егер О.Всемирная              |
|                                         |      |история.Древний мир. М.,2000     |
|                                         |      |4. Тойнби Дж. Постижение истории.|
|                                         |      |М.,1991                          |
|                                         |      |5. Тойнби Дж. Цивилизация перед  |
|                                         |      |судом истории. М.,1996           |
|Тақырып 5. Қоғамның саяси-әлеуметтік     |1     |1.Галия М.История доколумбовых   |
|құрылысының қалыптасуы                   |      |цивилизаций. М.,1990             |
|                                         |      |2.Дьяконов И.М.Пути истории. От  |
|                                         |      |древнейшего человека до наших    |
|                                         |      |дней.                            |
|                                         |      |3. Егер О.Всемирная              |
|                                         |      |история.Древний мир. М.,2000     |
|                                         |      |4. Тойнби Дж. Постижение истории.|
|                                         |      |М.,1991                          |
|                                         |      |5. Тойнби Дж. Цивилизация перед  |
|                                         |      |судом истории. М.,1996           |
|Тақырып 6. Ежелгі қоғамдардың рухани     |1     |1.Галия М.История доколумбовых   |
|өмірі                                    |      |цивилизаций. М.,1990             |
|                                         |      |2.Дьяконов И.М.Пути истории. От  |
|                                         |      |древнейшего человека до наших    |
|                                         |      |дней.                            |
|                                         |      |3. Егер О.Всемирная              |
|                                         |      |история.Древний мир. М.,2000     |
|                                         |      |4. Тойнби Дж. Постижение истории.|
|                                         |      |М.,1991                          |
|                                         |      |5. Тойнби Дж. Цивилизация перед  |
|                                         |      |судом истории. М.,1996           |
|Тақырып 7. Білім беру жүйесінің          |1     |1.Галия М.История доколумбовых   |
|қалыптасуы                               |      |цивилизаций. М.,1990             |
|                                         |      |2.Дьяконов И.М.Пути истории. От  |
|                                         |      |древнейшего человека до наших    |
|                                         |      |дней.                            |
|                                         |      |3. Егер О.Всемирная              |
|                                         |      |история.Древний мир. М.,2000     |
|                                         |      |4. Тойнби Дж. Постижение истории.|
|                                         |      |М.,1991                          |
|                                         |      |5. Тойнби Дж. Цивилизация перед  |
|                                         |      |судом истории. М.,1996           |
|Тақырып 8. Ежелгі қоғамдардағы           |1     |1.Галия М.История доколумбовых   |
|адамгершілік пен идеологияның қозғалысы  |      |цивилизаций. М.,1990             |
|                                         |      |2.Дьяконов И.М.Пути истории. От  |
|                                         |      |древнейшего человека до наших    |
|                                         |      |дней.                            |
|                                         |      |3. Егер О.Всемирная              |
|                                         |      |история.Древний мир. М.,2000     |
|                                         |      |4. Тойнби Дж. Постижение истории.|
|                                         |      |М.,1991                          |
|Тақырып 9. Феодализм генезисі            |1     |1.Сорокин П.А. Человек.          |
|                                         |      |Цивилизация. Общество. М.,1992   |
|                                         |      |2.Павлов-Сильванский Н.П.        |
|                                         |      |Феодализм в России. М.,1988      |
|                                         |      |3.Шайбани Р. Иран тарихы. А.,2002|
|                                         |      |4. Яковцев К.В. История          |
|                                         |      |цивилизаций. М.,1997             |
|Тақырып 10. Ортағасырлық қоғамдағы адам  |1     |1.Мендрик В.М.История сегуната в |
|                                         |      |Японии. В 2-х томах. М.,1999     |
|                                         |      |2.Шпенглер О.Закат Европы М.,1988|
|                                         |      |3. Ясперс К. Смысл и назначение  |
|                                         |      |истории                          |
|                                         |      |4. Барг М.А. Категория и методы  |
|                                         |      |исторической науки.              |
|Тақырып 11. Техникалық үрдіс екпінінің   |1     |1.Мендрик В.М.История сегуната в |
|жылдамдауы                               |      |Японии. В 2-х томах. М.,1999     |
|                                         |      |2.Шпенглер О.Закат Европы М.,1988|
|                                         |      |3. Ясперс К. Смысл и назначение  |
|                                         |      |истории                          |
|                                         |      |4. Барг М.А. Категория и методы  |
|                                         |      |исторической науки.              |
|Тақырып 12. Әлеуметтік – саяси жүйенің   |1     |1.Мендрик В.М.История сегуната в |
|эволюциясы                               |      |Японии. В 2-х томах. М.,1999     |
|                                         |      |2.Шпенглер О.Закат Европы М.,1988|
|                                         |      |3. Ясперс К. Смысл и назначение  |
|                                         |      |истории                          |
|                                         |      |4. Барг М.А. Категория и методы  |
|                                         |      |исторической науки.              |
|Тақырып 13. Рухани өмірдегі өзгерістер   |1     |1.Мендрик В.М.История сегуната в |
|                                         |      |Японии. В 2-х томах. М.,1999     |
|                                         |      |2.Шпенглер О.Закат Европы М.,1988|
|                                         |      |3. Ясперс К. Смысл и назначение  |
|                                         |      |истории                          |
|                                         |      |4. Барг М.А. Категория и методы  |
|                                         |      |исторической науки.              |
|Тақырып 14. Екінші дүниежүзілік соғыстың |1     |1.Мендрик В.М.История сегуната в |
|бірінші кезеңі (1939 - 1941)             |      |Японии. В 2-х томах. М.,1999     |
|                                         |      |2.Шпенглер О.Закат Европы М.,1988|
|                                         |      |3. Ясперс К. Смысл и назначение  |
|                                         |      |истории                          |
|                                         |      |4. Барг М.А. Категория и методы  |
|                                         |      |исторической науки.              |
|Тақырып 15. Кеңес үкіметінің поляктарға  |1     |1.Мендрик В.М.История сегуната в |
|қарсы қуғын-сүргін саясаты               |      |Японии. В 2-х томах. М.,1999     |
|                                         |      |2.Шпенглер О.Закат Европы М.,1988|
|                                         |      |3. Ясперс К. Смысл и назначение  |
|                                         |      |истории                          |
|                                         |      |4. Барг М.А. Категория и методы  |
|                                         |      |исторической науки.              |


Пәндер