Файл қосу

Қазақ даласында



|Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі                      |
|Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеті                |
|3 деңгейлі  СМЖ құжаты   |ПОӘК                     |                         |
|                         |                         |ПОӘК                     |
|                         |                         |042-18-18.1.36/01-2014   |
|«Қазақстанның жаңа және  |                         |                         |
|қазіргі заман тарихы»    |№1 басылым               |                         |
|пәні  бойынша            |11.09.2014               |                         |
|оқу-әдістемелік  кешені  |                         |                         |















                «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ»
                      пәнінің  оқу- әдістемелік кешені

                              ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ

                             5В020300:   «Тарих»
                            мамандығына   арналған













                                 Семей -2014


                                   МАЗМҰНЫ



1  Глоссарий
2  Дәрістер тақырыбы
3  Практикалық сабақтар
4  Студенттердің өздік жұмыстары




































   1. Глоссарий


Актуальды-қазіргі уақыт талабы үшін аса маңызды, көкейкесті.
Ақсақал-аталас туыстар билігін жүргізетін адам.
Ақын-суырып  салма  яки  жазба  өлең  шығару  қабілеті  бойына  туа  дарыған
шығармашылық өнер иесі.
Акция-тұтыну заттарына салынатын жанама салықтың бір түрі.
Акционер-(фр.-aktionaire- владелец акции)-акция иесі.
Алаш-ежелгі қазақ тайпаларының алғашқы қауым болып біріккен  одағы.  «Қазақ»
атауының көне баламасы.
Автономия    (грек   аutonomia-   өзін-өзі    басқару,    тәуелсіздік)-1)Бір
мемлекеттің құрамындағы саяси-ұлттық құрылымның айрықша статус алып,  өзінің
ішкі проблемаларын дербес шешудің кең де ауқымды мүмкіндіктеріне ие болуы.
Автонды халық-тұрғылықты, жергілікті халық.
Авиация  өнеркәсібі-өнеркәсіптің  арнаулы  конструкторлық  және   өндірістік
тәсілдерімен авиация техникасын жасайтын саласы.
Агрессия (лат.aggresio-шабуыл, жаулау) басқыншылық.
Агрометеорология-ауыл шаруашылық метеорологиясы.
Азамат соғысы- мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтармен топтар,  діни  ағымдар
мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес.
Азаттық-1950 ж Мюнхеньде «бостандық» деген атпен  халықаралық  большевизмнен
құтқару қоғамы құрған радиостансаның ізбасары.
Алыпсатар-өнімдерді   сатып   алып,   қайта    қымбат    бағамен    ұстаумен
шұғылданатын сауда капиталының өкілі.
Аннотация-кітаптың,мақаланың  мазмұнын,  құндылығын   түсіндіретін   қысқаша
сипаттама.
Анархист-басшысыздық, өкіметсіздік.
Ат тұлдау-қайтыс болған ер адамның тірі кезінде  мініп  жүрген  атының  жал-
құйрығын күзеп, жылына дейін құр жіберу (мінбеу),асына сою.
Ауыздық- жүгеннің ат ауызына салынатын темір бөлігі.
Ауылбасы- ауыл билігін жүргізетін адам.
Акционерлік қоғам-  жарғылық  қоры  акцияға  бөлінген  кәсіпорын.Оған  қажет
капитал акцияны сату жолымен жиналады.
Аренда- (жалдау, жалгерлік)  лат.  тіл.,-шарт  бойынша  жерді,  үйді,  қазба
байлықты,кәсіпорындарды, сонымен  қатар  жалгерлердің  жеке  жұмыс  істеуіне
қажетті жабдықтардың қай түрін болса да уақытша пайдалануға жалға беру.
Арсенал-соғыс құралдарының,қару жарақтарының  үлкен  қоймасы,  әскери  құрал
жасайтын  жөнелтетін әскери мекеме.
Архив-ескірген документтерді, жазба ескерткіштерді сақтайтын мекеме.
Аукциорхин- (бәсеке,сауда) лат. тіл.,-көпшілік алдында кім  бағасын  асырса,
артық төлем ұсынса, бұйым және  т.б  зат  соған  сатылатын  бәсекелес  жария
сауда.
Аудиенция-(лат.тіл audventia-тыңдау)1)мемлекет басшысының  жоғары  лауазымды
адамның ресми қабылдануы.2)оңаша кеңесу, жекелей сөйлесу.
Баж-өңделетін жерге салынатын салық.
Байкот-мемлекеттермен, ұйыммен немесе жеке адаммен қатынас байланысын үзу.
Балбал- бабалар құрметіне қабір басына қойылатын мүсін тас.
Басқақ- монғол хандарының жаулап алынған елдерден  алым-салық  жинауға  және
халық санағын жүргізуге тағайындаған адамы.
Билік-  1)Сый  ретінде  билерге  берілетін  дүние-мүліктің  мешіт  пайдасына
берілетін салық.2)Қазақ халқының дәстүрлі  санасында   «ел  басқару»,  «өкім
ету» сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді.
Бизнес-( ағыл.business)- бизнес, табыскерлік.
Болашақ-бүгінгі  шындықтың   келешектегі   қалпымен   жайын   білдіру   үшін
қолданылатын ұғым.
Білім-адамдардың   белгілі   бір    жүйедегі    ұғымдарының,    деректерімен
пайымдауларының т/б жиынтығы.
Блок-жалпы  мақсатқа  жету  үшін  саяси  партияның   немесе   мемлекеттердің
бірлесіп жұмыс істеуі жөніндегі келісім.
Блокада-бір мемлекеттер тобын соғыс, саяси  немесе  экономикалық  жағдайынан
басқа елден бөліп тастау, оқшаулау.
Б.Ұ.Ұ- 1945ж 25  сәуірде-26  маусымда  Сан-Францискода  өткен  конференцияда
құрылды.мақсаты:халықаралық бейбітшілік  пен  қауіпсіздікті  қолдау,  қарым-
қатынасты дамыту.Экономикалық  мәселелерді  шешуде  халықаралық  бірлестікте
іске асыру.
Генерал-губернаторлық-  бірнеше  облыстардан  құралған  Ресейдің  әкәмшілік-
территориялық бірлігі.
Геноцид-халықтардың, кейбір топтардың нәсілдік, ұлттық, діни  ерекшкліктерін
жою,  оларды  біржола  не  жартылай  кұрту  үшін   әдейі   жағдайлар   жасау
әрекеттері.
ГУЛАГ-Лагерлер бас басқармасы.
Декларация-(лат.deklaratio) үкіметтің,саяси партияның,  халықаралық  ұйымның
атынан, сонымен қатар бір немесе бірнеше мемлекеттердің  халықаралық  саясат
мәселелері бойынша жарияланатын саяси ресми мәлімдеме, құжат.
Демократия-(грек  demos-халық  және   kratos-билік)   қоғамды,   мемлекеттік
билікті саяси және әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі тиімдерінің бірі.
Демократиялық мемлекет- демократиялық принциптерге  негізделген  мемлекеттің
тұрпаты,демократиялық саяси жүйенің ұйытқысы.
Демилитаризация-Қарусыздандыру
Демография- халықтың саны, құқрылымы және динамикасы туралы ғылым
Демографиялық саясат-халықтың ұдайы  өсуі  үшін  мемлекет  тарапынан  жүзеге
асырылатын  әкімшілік,  әлеуметтік,  экономикалық  және   құқықтық   шаралар
жүйесі.
Демографиялық дүмпу-халық санының щұғылда қарқынды табиғи өсуі.
Дерек-хабар-ошар.Ғылымдағы  ізденіс  нәтижесі,табылған   мәлімет,   оқиғалар
дәйегі, ғылыми дәлел.
Деректану-тарихи  деректер,олардың   ашылуы,зерттелуі   және   қолданылуының
теориясымен практикасы туралы ғылым.
Диктатура-мемлекеттік билікті  жүзеге  асырудың  күш  қолдануға  негізделген
тәсілі.
Дипломатия-мемлекетпен  үкімет  басшыларының,   мемлекеттің   сыртқы   істер
органдары қызметкерлерінің сыртқы саясат саласындағы саяси іс-әркеттері.
Дипломатиялық иммунитет-елшіліктерге, олардың  басшыларымен  қызметкерлеріне
берілетін құқықтық және басқада жеңілдіктер.
Диссертация-Ғылыми дәреже алу  үшін  көпшілік  алдында  қорғауға  даярланған
ғылыми еңбек.
Диаспора-өз отанынан алыс елдерде қоныстанған халықтар.
Диуан  (дуан)-  1)монғол  мемлекетінде  атқарушы   билік   органы;   2)Ресей
империясындағы округтік приказдар.
Девальвация-  (құнсыздану)  лат.тіл.,-имею   значение   (маңызым   бар),стою
(тұрарлық  іс,  тұрамын)-ұлттық  валютаның  құнсыздануы,  ол  ұлттық  валюта
бағамының шетел валюталарына немесе халықаралық ақша  өлшемдеріне  қарағанда
төмендеуінен көрініс табады.
Делимитация- (межелену,шекараны қалыптастыру) лат. тіл.,- басқа  мемлекетпен
бекітілген  келісімге  сай  мемлекеттік  шекараны  оның  өту  жолдарын   діл
сипаттамасымен анықтау және картаға түсіру.
Демаркация-  (жүргізу,  өткізу)фр   тіл.,-шекараны   делимитациалау   туралы
келісімнің негізінде арнайы шекарклық  белгілермен  көрсетілген  мемлекеттік
шекара шебін орнату.
Диверсификация-  әртараптандыру;ол  жаңа  өнімдер   рыногтеріндегі    қызмет
аясының санын ұлғайтуға бағытталған.
Экономикалық   қызметті   диверсификациялау    (әртараптандыру)    маркетинг
стратегиясының бір түрі, ол өндірісті жан-жақты  дамытуға,  өндірістің  бір-
бірімен  байланысты  емес   көптеген   түрлерін   бір   мезгілде   дамытуға,
өндірілетін бұйымдардың түр-түрін кеңейтуге бағытталған.
Дивиденд  (үлесақы,  үлеспайда,  акциядан  түскен   табыс)   лат.тіл.,-салық
төлегеннен соң  айырған  қаражаттың  өндірістің  өсуіне,  қаржы  қорына  т.б
қажеттілікке  жұмсалған  кейінгі  акционерлік  ұйымның  қарамағында   қалған
пайданың акционерлер арасында бөліске түсетін бір бөлігі.
Дотация  (жәрдем,  демеу  қаржы)   лат.тіл.,-кәсіпорындарға   ,   ұйымдарға,
мекемелерге шығындарының орнын толтыру үшін  немесе  басқа   да  мақсаттарға
мемлекет беретін жәрдем, үстеме ақы,материалдық  көмек.
Депортация-биліктің нұсқауымен жеке адамдардың, халықтардың еріксіз,  күшпен
жер аударылуы.
Делимитация-мемлекеттік шекараларының қалай  өтетінін  сипаттап  белгіленген
шартқа  сай картаға түсіріп айқындау.
Диферсификация-іс-әрекет саласының әртүрлілігі жан-жақты даму.
Ескерткіш-елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы.
Жарлық-мемлекет басшысының қабылдайтын құқықтық актісі.
Жаһандану-Ғаламдану,әлемдік     ауқымдану,глобализация,жаңа     жалпыәлемдік
саяси,экономикалық, мәдени жәнеақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.
Жекешелендіру-меншік қатынастарын  реформалау  арқылы  мемлекеттік  меншікті
меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі.
Желтоқсан көтерілісі-1986  ж  17-19  желтоқсан  аралығында  Алматыда  болған
қаіақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне  қарсы
наразылық қимылдары.
Жоғарғы    кеңес-Ресей    федерациясының    құрамына     енетін     бірқатар
республикалардағы заң шығарушы органның (парламеттің) атауы.
Жатақ-кедей егіншілер.
Жұртшылдық-туыс-туғандардың  қарызын  өтеу  үшін  әркімнен   жиналатын   (өз
ықтиярына қарай) дәстүрлі көмектің бір түрі.
Жұт- белгілі бір аймақтағы ауа райының аса қолайсыз құбылыстарының  салдары,
ел басына түсетін табиғи ауыртпалық кесапат.
Жылу- ауыр жағдайға душар болған адамдарға берілетін көмек.
Зекет- мал басынан жиналатын салық. (1/20 бөлігі)
Заң-мемлекет  белгілеген  бүкіл  нормативтік  –  құқықтық  актілер,  жалпыға
бірдей міндетті ережелер.
Инаугурация-мемлекет басшысының мәртебелі лауазымды атқаруға  кірісуін  атап
өтетін салтанатты рәсім.
Интеграция-экон. Субъектілерді  біріктіру,олардың  арасындағы  байланыстарды
дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.
Империя-отарлықө меншіктері бар мемлекет
Ирригация-суландыру.
Ирредента-босатылмаған,азат етілмеген (жер)
Инвестиция-лат.   тіл.,-   одеваю    (киіндіремін,    кигіземін),    облачаю
(жамылдыртамын)- капиталдың ел  ішіндегі  және  шетелдегі  экономикаға  ұзақ
мерзімді жұмсалымы.
Инвестор,лат.  тіл.,-вкладчик   (сақтық   кассасына   ақша   салып   қоюшы)-
инвестицияларды жүзеге  асырушы,  өзінің  қарыз  қаражатын  немесе  өзге  де
сырттан тартылған қаражатты инвеститциялық  жобаларға  салушы  заңды  немесе
жеке тұлға.
Инжиниринг,лат.тіл.,изобетельность  (ойлап   тапқыштық,   өнер   тапқыштық),
выдумка    (ойлап    шығарылған),     знания     (білім     мағлұматы)     -
          1) Өнеркәсіп обьектілерін  құру  мәселелерін,  нифрақұрылымды  т.б
пысықтау  жөніндегі  ең  алдымен  комерциялық  негізде   түрлі   инженерлік-
консультациялық қызметтер көрсету нысанасындағы қызмет саласы.
2)Коммерциялық  негізде  жүзеге  асырылатын  қызметтер  тұрпаты;   өндірісті
ұйымдавстырудың  техникалық   және  экономикалық   мүмкіндіктерін   бағалау;
жабдықты және осы жабдық  орналастырылатын  үй-жайларды  жобалау;тәжірибелік
үлгілердің сызбаларын  дайындау;  құрылысты  қадағалау;өндірісті  техникалық
жағынан басқаруға көмектесу;  қызметкерлерді  оқыту;  жабдықтарды  пайдалану
жөнінде  ақыл-кеңес  беру;  технологиялық  үрдістерді   оңтайландыру;   өнім
өткізуді ұйымдастыру т.б.
Инновация,лат.тіл.,обновление   (жаңарту,   жаңару),   изменение   (өзгерту)
ұйымдастырудың,   басқарудың   және   қаржыландырудың    жаңа    нысаналарын
пайдалануға негізделген қызмет.
Ипотека, грек.тіл.,залог (кепіл) –жылжымайтын мүліктерді  (негізінен  жерді,
құрылыстарды,ғимараттарды) кепілге салу шартымен берілетін ақшалай несие.
Инфляция,лат.тіл.,        вздутье        (қабару,қампаю,мыс:         бағаның
көтерілуі),чрезмерный (тым  шектен  шығарушылық)-айналыстағы  қағаз  ақшаның
құнсыздануы, яғни оның  сатып  алу  қабілетінің  құлдырауы,  бұл  құнсыздану
барлық тауарлар мен қызметтер бағасының өсуінен болады.
Интеллигенция-қоғамдағы    ғылыми-мәдени    құндылықтарды     қалыптастырып,
дамытатын және тарататын прогресшіл әлеуметтік топ.
Идея-идея, ой сана, пікір, адам ойының материалдық дүниені бейнелеу жемісі.
Идеолог-бір  топтың  немесе  қоғамдық  топтың  идеологиясын  таратушы,   әрі
қозғаушы.
Идеология-қоғамдағы топтармен  әлеуметтік  топтардың  мүдделерін  білдіретін
саяси,  провалық,философиялық,   моральдық,   діни   этикалық,   эстетикалық
көзқарастардың жиынтығы.
Карлаг-Қарағанды лагерьлер басқармасы.
Коллоквиум-оқушылардың   білімін,   ғылымға,әдебиетке,өнерге   т/б   ынтасын
анықтау мақсатында оқытушының оқушылармен арнайы әңгімелесуі.
Компания-заңды  және  жеке  тұлғалардың  сауда,өнеркәсіп,  көлік  сақтандыру
немесе басқа нысандардағы бірлестігі.
Конституциялық кеңес-конституциялық бақылаудың жүзеге  асыратын  ерекше  сот
органы.
Конституциялық  сот-бірқатар  елдердегі  конституциялық  бақылау  бірден-бір
немесе басты міндеті болып табылатын ерекше орган.
Консул-басқа мемлекетте белгілі бір міндеттерді орындау  үшін  тұрақты  өкіл
ретінде тағайындалған лауазымды адам.
Контрибуция-мемлекеттермен қоғамдық  ұйымдар  өкілдерінің,  әлдебір  ұйымдар
мүшелерінің, ғылымдарының жиналысы, мәжілісі.
Концессия-  мемлекеттің  немесе   муниципалиттердің   меншігіндегі   табиғат
байлығы,  кәсіпорындарды  т.б  шаруашылық  нысандарын  белгілі  бір  шартпен
пайдалану үшін жасалатын келісім.
Компрадор- отар елдердің  империя  буржуазиясымен  тығыз  байланысты  болған
жергілікті буржуазиясы
Картель-қағаз, документ.
Күпшүр- мал басынан жиналатын салық.
Квота  (үлес,бөлік)  лат.тіл.,-1)ортақ  істен  қатысушылардың    әрқайсысына
тиесілі үлес, бөлік, жарна, пай; 2)белгілі бір  мерзімде  өндіруді,  сатуды,
тұтынудың  экспорт  пен  импортты  сан  жағынан  шектеу;  3)шектеу  шаралары
квоталау деп аталады.
Коалиция,  лат.тіл.,-   ортақ   мақсаттағы   мемлекеттердің   одағы   немесе
партиялардың жасаған бірлестігі.
Кодекс (кітап) лат.  тіл.,-  заңның  бір  саласына  қатысты  жүйеленген  заң
ережесі.
Коммерция (сауда)  лат.тіл.,-саудалық-делдалдық  қызмет;саудаға  қатысу   не
болмаса тауар мен қызмет көрсетуге көмектесу;  кең  мағынасында  кәсіпкерлік
іс-әрекет
Коммюнике,фр.тіл.,- баспасөзде жарияланатын ресми хабар.
Конвенсия, лат.тіл.,- арнаулы мәселе бойынша халықаралық келісім.
Консорциум  (бірлестік)  лат.  тіл.,-  заемді  бірлесіп  орналастыру,  үлкен
мақсатты бағдарламаларды,  жобаларды   іске  асыру,  қаржы-несие,  коммерсия
операцияларын  жүргізу,  өнім-өндірісін  ұлғайту  үшін  уақытша  өз  еркімен
бірлескен бірнеше банк немесе кәсіпорын арасындағы келісім.
Конституция,лат.тіл.,-  қоғамдық   және   мемлекеттік   құрылыстың   негізін
мемлекеттік органдардың жүйесін, олардың құрылуын және қызметін,  адамдардың
құқықтары мен міндеттерін анықтап беретін мемлекеттің негізгі заңы.
Концепция, лат.тіл.,- белгілі құбылыстар жайындағы көзқарастар  жүйесі,  бір
мәселе жөніндегі негізгі пікір.
Концессия (келісім-шарт) лат.тіл.,-  мемлекеттің  не  жергілікті   әкімшілік
органдардың меншік өндіріс орындарын, пайдалы кендерді,  құрылыс  салу  және
басқа да шаруашылық обьектілерін пайдалану үшін  арнаулы  мерзімге  шетелдік
фирмаларға не болмаса жеке  тұлғаларға  жалға  беру  шарты.Мемлекет  келісім
уақыты біткеннен кейін халықаралық заңға сәйкес концессия  жұмысын  тоқтатуы
мүмкін.
Кредит,лат.тіл.,ссуда (қарыз),долг(қарыз,борыш),  верить  (илану),  доверять
(сеніп тапсыру)-тауарлармен ақшалай қаражатты белгілі бір  мерзімге,  әдетте
пайыз төленетін борышқа беру.
Коммендация-жеке басын  қорғағаны  үшін  феодалдың  әміршіге  әскери  қызмет
немесе басқа да жұмыстар атқаруы.
Конгресс-халықтық сипаттағы кеңес, съезд.
Конверция-соғыс  өнімдерін   шығаратын   кәсіп   орындарды   бейбіт   заттар
өндірісіне айналдыру.
«Қара шығын»- 1868жылы «Уақытша ережелер» қабылданғаннан  кейін  қазақтардан
күштеп жиналған жанама салық.
Құжат-материал  негізінде  дәлме-дәл  жазып  алынған,  бір   ізге   түсіруге
мүмкіндік беретін ақиқат.
Қолданбалы  (нақты)  деректану-  әр  түрлі  тарихи  кезеңдерге   тән   нақты
деректерді тану.
Құрылтай-халықтық мәселелер қаралатын, көп адам қатысатын үлкен жиналыс.
Лизинг,ағыл.,аренда,  имущественный   наем   (мүлікті   жалдау)-   жабдықты,
машиналарды,өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімді жалға беру.
Меритократия- аса дарындылығын, ерекше қасиеттерін ескере отырып хан  сайлау
принципі.
Маркетинг,ағыл.,рынок  (нарық),  сбыт  (өтім);нем.,реализация  (іске  асыру)
,сбыт (өтім)-өндірісті басқаруға және өнімді өткізуге кешенді  көзқарас,  ол
өндірілетін тауарлар өткізімін ұлғайту мақсатымен нарық талаптарын  ескеруге
және тұтынушылар сұранымына белсенді түрде ықпал етуге бағдарланған.
Маргинал-қалыптасқан әлеуметтік шеңберде, тұрақты  әлеуметтік  институттарда
жікке, топқа жату белгілерін жоғалтқан, олардың арасындағы  жеке  жағдайдағы
адамдар.
Мобилизация-(лат.  mobilis)-  әскери  міндетті   адамдарды   жаппай   әскери
қызметке шақыру ісі, жұртты белгілі бір іске жұмылдыру әрекеті.
Мәмілегер-елді келістіретін, білімдар, ақылгөй, бітімші.
Менеджмент-өндірісті    және    қызметкерлерді    басқару    қағидаттарының,
нысандарының, әдістерінің тәсілдері мен құралдарының жиынтығы, онда  басқару
ғылымының соңғы жетістіктері қолданылады.
Мердігерлік (подряд)- бір жақ (мердігер) екінші жақтың (тапсырма  берушінің)
тапсырмасы бойынша оның немесе өзінің материалдарын пайдаланып, белгілі  бір
жұмысты келісілген еңбекақы бойынша  орындауға  міндеттенетін,  ал  тапсырыс
беруші атқарылған жұмысты қабылдап, келісілген ақысын төлеуге  міндеттенетін
шарт. Бұл шаруашылықты, жұмысты жүргізудің үдемелі әдісі.
Монополия (дара,жеке иелік)  грек.тіл  –бір  адамға  ,  бір  адамдар  тобына
немесе мемлекетке тиесілі өндірудің, сауда  жасаудың,  кәсіп  қылудың,қызмет
көрсетудің т.б айрықша құқығы.
Мемлекеттік мұрағат-ұлттық  мұрағат  қорының  құжаттарын  жинақтауға  (сатып
алуға),  тұрақты  сақтауға  және  пайдалануды  ұйымдастыруға  құқық  беретін
мекеме (Қ.Р заңы)
НАТО-саяси одақ 1949  жылдың  сәуірінде  құрылған.ОЛжылы  Европаның  10  елі
кірді
Оралман-шетелдерден өз елдеріне оралған адамдар.
Округ-патша үкіметінің 1822 жылы  «Сібір  қазақтары  туралы  жарғы»  бойынша
Орта жүзде енгізілген әкімшілік-территориялық бөлігі.
Округтік приказ-1822ж. «Жарғы» бойынша құрылған  әскери-  әкімшілік  басқару
мекемесі.
Республика-мемлекет басқару формасының бір түрі.
Реформа,  фр.тіл.-жаңа  заң  актілері   арқылы   сол   қоғамның   шеңберінде
өзгерістер жасау.
Репатриация-отанға оралу, қайтып келу.
Референдум-мемлекеттік  құқықта  сайлаушылар   корпусының   конститутциялық,
заңдық және басқа ішкі сыртқы мәселелер бойынша түпкілікті шешім  қабылдауы.

Саясат-қоғамдық   топтардың   өз   мүдделері   үшін    күресінде    көздеген
мақсаттарымен міндеттері.
Степлаг-далалық лагерьлер басқармасы.
Патронимия-бір атадан (рудан) тараған адамдар тобы.
Протекторат-1)отаршылық     өктемдіктің     түрі;мемлекеттіліктің     сыртқы
белгілерінің сақталып қалуы.2)тең  құқықсыз  шарт  нәтижесінде  белгіленетін
және қамқоршы  протектор  мемлекетке  толық  бағыныштылық  жағдайда  тәуелді
елде  мемлкеттіліктің  сыртқы  белгілерді   ғана  сақталуымен   сипатталатын
бүркемеленген үстемдік нышаны.
Приказдар-трек пункті.
Тәркілеу-(лат.confiscatio-конфискация)-   мүлікті,   т/б.   қазына   есебіне
тәркілеу.
Тендер (саудаласу) ағыл.,бәсекелестер қойған бағаларды ескере  отырып  тауар
өндірушінің ұсынған тауар бағасы.
Тоталитаризхм,   лат.тіл.,-  қоғамның,  жеке  адамдардың  өмірін  деспоттық,
авторитарлық-бюрократиялық  мемлекеттің  күшімен  басқаратын  қоғамдық-саяси
құрылым.
Унитарлық  мемлекет-  территориясы  федерактивтік   бөліктерге   бөлінбейтін
мемлекеттік құрылыстың түрі.
Холдинг (холдинг-серіктестік)-басқа кәсіпорындардың,  бірлестіктердің  акция
пакеттерін иемденіп, олардың жұмысына бақылау жасап басқаратын  серіктестік,
корпарация.
Эвакуация,  лат.тіл-адамдарды,мекемелерді,кәсіпорындарды  ұйымдасқан   түрде
көшіру.
Этнография-(грек.etnos- народ, grapho-пишу)-әлем халықтарының құрамын,  шығу
тегін, қоныстануын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін ғылым.


























                   Дәріс сабақтарының жоспары мен мазмұны
                 Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы
  Дәріс №1 Кіріспе дәріс. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы пәні
     1.Пәнге кіріспе. Қазақстанның жаңа және  қазіргі  заман  тарихы  пәні,
оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Жаңа заман тарихынның
кезеңдері.
      «Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларынан
тарихтың «табын сезінгенімде деп білемін» - деп жазды Қазақстан Президенті
Н.Ә.Назарбаев  өзінің  қазақ  тарихына  арнап,  тебірене   жазған   «Тарих
толқынында» атты кітабында.
     Көптеген қоғамдық ғылымдар ішінде тарихтың атқарар қызметі орасан зор.
Оның қоғамдағы орны  күннен  күнге  артып,  ұлттық  сананы  қалыптастыруда
таптырмас құралға айналып отыр.  Әңгіме  сол  құралды  тиімді  әрі  ұтымды
пайдалана білуде.
     Антика заманында  өмір  сүріп,  «біз  тарих  жазбаймыз,  біз  өмірбаян
жазамыз» деген қанатты сөздің  авторы  Плутарх  өзі  жазған  «Салыстырмалы
өмірбаян» еңбегінің жастарды тәрбиелеу ісінде таптырмайтын құрал екендігін
айтқан болатын. Бұл кітап  жастарға  өздеріне  дейін  өмір  сүрген  тарихи
тұлғалар өнеге алар, үлгі тұтар  жандар  болатындығына  кәміл  сенді.  Сол
дәуірде сол елде өмір сүрген Гай  Саллюстий  Крисп,  Прокөпий  Кесарийский
сияқты авторлар да тарихтың тәрбиелік міндеттерін мойындаған болатын.
     Тарихи білімнің келешек  ұрпақтың  ғылыми  көзқарасының  қалыптасуында
атқаратын қызметі талас тудырмауға тиісті. ХІХ  ғасырда  Европа  елдерінде
тарих орта мектеп бағдарламаларында  өзінің  заңды  орынын  иемденді.  Оны
міндетті түрде оқылатын пәндер қатарынан шығарып, мектептен  тыс  оқылатын
сабақ ретінде қарастыру жағдайының орын алған уақыттары да болған.  Бірақ,
мұндай  әрекеттердің  барлығы   сәтсіздікке   ұшырап,   тарих   пәні   оқу
орындарындағы  өзінің  мәртебелі  орнына  қайта  оралды.  Әлемдегі  тарихи
процесстерге  қанықпаған  оқушылар  басқа   пәндерді,   әсіресе   қоғамдық
ғылымдарды игеруге құлық танытпайды.
      Қазақстанның жаңа  және  қазіргі  заман  тарихы  пәнінің  мақсатымен
міндеттері. Көп елдің көзі  қорақты  зиялы  қауымы  Қазақстан  деген  елді
білгісі келеді. Ал ел туралы білім  оның  тарихынан  басталады.  Еліміздің
елдігін қорғаған асыл ерлерінің болғандығын, әлемдік өркениетке өз  үлесін
қосқан  мәдениет,  әдебиет  және  ғылым  саласында  айтулы  із   қалдырған
қайраткерлеріміз болғандығын әлемге паш ететін тарих ғылымы. Сондықтан  да
тарих тек қана ғылым, қуатты тәрбие құралы ғана емес, ол – саясат.
      Дәстүрлі қазақ қоғамында жас ұрпаққа тәрбие беру  процесінде  оларға
тарихи білім беру негізгі міндет болып есептелді.  «Жеті  атасын  білмеген
жетесіз» деген қанатты сөз осы уақытта туса керек. Ел Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев «Қазақ болмысының келесі бір  ерекшелігі  –  оның  тарихшылдығы.
Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған. Керек десеңіз,
білім институттарының дамыған  жүйесі  бар  бүгінгі  күннің  өзін  бұрынғы
қазақтардың санасындағы жаппай тарихшылдықпен  салыстыруға  болмайды»  деп
жазды.
      ХVІІІ ғасырда қазақ елі отаршылдық күрестін  шарпауында  болды.  Дәл
осы дәуірде халыққа тарихи мағлұмат беру күрестін  бір  негізгі  формасына
айналды. Өкінішке  орай  орыстың,  жоңғардың,  қытайдың  ықпалында  қалған
аймақтарда  халық  өзінің  тарихи  жадынан  айырыла  бастады.  Жат  жерлік
ғалымдар қазақ тарихын бұрмалап, оған түзету енгізіп,  халқымыздың  өткені
жөнінде өз нұсқаларын жасады.  Сөйтіп  халық  арасында  жалған  тарихшылық
пайда болды. Осындай да атақты үнді халқының  көсемі  Джавахарлар  Нерудің
мына сөздері еске түседі: «История почти  всегда  пишется  победителями  и
завоевателями и отражает их точку зрения, или,  по  крайней  мере,  версии
победителей отдается предпочтение, и она берет верх». Бұл айтылған  сөздер
қазақ тарихына  да  қатысты.  Алдымен  А.И.Левшин  соңынан  бір  топ  орыс
тарихшылары еліміздің бұрмаланған тарихын жасады. Бұл кеселдің  осы  күнге
дейін ақтаңдағын  тарихшы  ғалымдар  аршып  келеді.  ХІХ  ғасырдан  бастап
Қазақстан тарихы орыс империясының тарихымен тығыз байланыста зерттелді.
      Тарихи  білім  мектептен  басталатыны   белгілі.   Ресей   империясы
құрамындағы қазақ балалары орыс мектептерінде оқыды. Сөйтіп  олар  орыстың
тарихи дәстүрінде тәрбиеленді.  Кеңес  үкіметі  орнаған  алғашқы  жылдарда
тарихтың орнына қоғамтану пәні оқытылды. Қоғамтану пәнінде оқушылар тарихи
схемалар мен фактілермен ғана танысып қойды. ХХ ғасырдың 30 жылдары  Кеңес
қоғамы тарихи білімнің жетіспейтіндігін сезе бастады. 1934  жылы  ақпан  –
науырыз  айларында  Партияның  Орталық  Комитетінің  тапсырмасымен  Рессей
Федерациясының  Халық  Ағарту  Комиссариаты  тарихшы-ғалымдар  мен  мектеп
мұғалімдерінің мәжілістерін өткізді. Сол кездегі көрнекті қоғам қайраткері
Н.К.Крупская «...самое, важное, - научить ребят из ряда  конретных  фактов
делать вывод. История для  этого  –  чрезвычайно  благодарная  дисциплина.
Мұның өзі сол  кездегі  коммунистер  лидерінің  тарихтың  тәрбиелік  мәнін
түсіне бастағанын көрсетеді. Осы  жылдары  тарих  пәнін  төменгі  сыныптан
жоғарғы сыныпқа дейін  кіргізу,  тарих  пәнінің  мұғалімін  дайындау  оның
оқулығын жазу  жұмыстары  қызу  жүріп  жатты.  1934  жылдан  бастап  Кеңес
мектептерінің 3-4 сыныптарында СССР тарихының қарапайым  курсы  енгізілді,
оның оқулығы жазылды. Көп кешікпей 8-9 сыныптарға арналған СССР  тарихының
оқулығы жазылды. 1934  жылдың  тамыз  айында  А.А.Жданов,  С.Н.Киров  және
И.В.Сталин сияқты партия қайраткерлері СССР тарихының оқулығымен  танысып,
оған өзінің сын-ескертпелерін берді. Әділдігін айту  керек  сын-ескертпеде
оқулық авторларының тек қана орыс халқының тарихы баяндалғаны баса айтады.
Авторларға СССР-дің құрамына кірген орыс  емес  халықтар  тарихының  қалып
қойғандығы ескертіледі. Бұдан да басқа  оқулықтың  кемшіліктері  айтылады.
Оқулықтың түзетілген нұсқасы 1936 жылдың 26 ақпанында қайта талқыға түсті.
Осыдан кейін жарық көрген СССР Халық Комиссариатының  Кеңесі  және  Партия
Орталық   Комитетінің   қаулысында   оқулықта    бұрыңғы    кемшіліктердің
қайталанғандығын, оны мектептерде пайдалануға болмайтындығы айтылды. Міне,
осыдан кейін оқулық дайындауға конкурс жарияланып, 1936  жылдың  ақпанында
оның қорытындылары  белгілі  болды.  Міне,  сол  оқулықтар  бойынша  Кеңес
жастары  қырық  жылға  жақын  білім  және  тәрбие  алды.  Шындығында  КСРО
тарихының 85-90%-ы орыс тарихын  баяндауға  арналды.  Қалған  20%-дың  0,5
бөлігі ғана  қазақ  халқының  тарихына  арналды.  Қорыта  айтқанда,  Кеңес
заманында қазақ жастарының шынайы ұлттық тарихи санасы қалыптасты деп айту
қиын.
       Дәстүрлі қазақ отбасыларында жас ұрпақтың тарихи санасын  әжесі  мен
атасы, әкесі мен шешесі қалыптастырды. Тарихи сананың  қалыптасуына  қазақ
аңыз-ертегілері, ғашықтық жырлары, батырлық эпостары орасан зор әсер етті.
ХХ ғасырдың 60 – 70 жылдарында жазылған қазақтың талантты  жазушысы  Ілияс
Есенберлиннің «Көшпенділер» романы қазақ  жастарының  санасында  ірі  бет-
бұрыс туғызды. Тек осы жылдары қазақ халқы  өзінің  тарихы  бар  екендігін
біле бастады.
       1980 жылдардың аяғында қазақ қоғамында тарихтың қажеттілігі кенеттен
байқалды. Мұны жоғарыда отырған партия-совет басшылары да түсіне  бастады.
Осы жолдардың авторы 1990 жылы сол кездегі Қазақстан  Компартиясы  Орталық
Комитетінің хатшысы Өзбекәлі Жәнібековке хат жолдап,  онда  қазақ  тарихын
бала  бақшасынан  бастап  аспирантураға  түсу  емтиханына  дейін   кіргізу
мәселесі қойылды. Қазақтың асыл азаматы Ө. Жәнібеков хаттың мазмұнын дұрыс
түсініп,   халық   ағарту   министрі   Шайсұлтан   Шаяхметовке    тапсырма
берді.Сөйтіп, алдымен барлық жоғарғы оқу  орындарына  қазақ  тарихы  курсы
енгізіліп, кейіннен орта мектептерде қазақ тарихын оқытуға 221 сағат уақыт
бөлінді. Министрлікте қызмет істейтін ұлтжанды азаматты  Т.Абраев  ақсақал
бағдарлама жазу, оқулық дайындау үшін авторлық  ұжым  құру  мәселесін  тез
арада қолға алды. Сол жылдары бағдарламаның үш  нұсқасы  жазылып,  белгілі
ғалымдармен тәжірибелі ұстаздар әр  сыныпқа  арналған  мектеп  оқулықтарын
жазып шығарды. Бүгінде Қазақстан тарихы пәні өзінің мәртебелі  міндеттерін
аброймен орындап  отыр.  Белгілі  қазақ  тарихшысы  профессор  Т.Омарбеков
«Жалпы алғанда ел болып қалыптасуымыз үшін,  ұлт  болып  тұтасуымыз  үшін,
ұлттық сана сезіміміздің нығая түсуі үшін, ұлттық туған тарихқа  құштарлық
процессін жағымды, тіптен бізге аса қажет құбылыс ретінде бағалаймыз»  дей
келе тарихтың ұлттық сананы қалыптастыруындағы орнына аса зор баға береді.

       «Қазақ тарихы» журналының алғашқы нөмерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, профессор Қамбар Атабаев қазақ
тарихын реформалау  мәселесін  көтерген  болатын.  Әлбетте,  мақалада  өте
көкейтесті проблемалар көтерілген.
       Білім берудің әрбір деңгейінде Қазақ тарихы  пәні  бағдарламаларының
өзгерместен  қайталануы.  Балалар  бақшасында,  орта  мектепте   Қазақстан
тарихының мазмұны,  жүйелі  түрде  беріледі.  Жоғарғы  оқу  орнына  түскен
баланың ел тарихынан жалпы түсінігі бар, көне  заманнан  осы  күнге  дейін
халық  басынан  өткізген  тарихи  процесстер  туралы  жүйелі  білімі  бар.
Университетте сол алынған,  игерілген  материал  жалғасын  табуға  тиісті.
Өкінішке орай ол олай емес. Бірінші курстың студенті сол мектепте оқығанын
қайталайды,   ешқандай   жаңа   информация   алмайды,    тарихи    процесс
күрделенбейді, теориялық тұжырымдар  жасалмайды,  әлем  тарихындағы  қазақ
халқының орыны нақтыланбайды. Осыдан студент қазақ тарихынан мезі  болады.
Университетке  жаңа  түскен,  небары  үш-төрт  ай  оқыған   төменгі   курс
студентіне Қазақ тарихы мемлекеттік емтихан тапсыратын қорқынышты, қауыпты
пәнге  айналады.  Мұндай   жағдай   халқымыздың   тарихына   сүйіспеншілік
тудырмайтыны белгілі.
       Осы күнге дейін Министрлік мақұлдаған жоғарғы оқу орындары,  колледж
студентеріне арналған оқулықтардың жоқтығы. Оқулық  жоқ  емес,  бар.  1990
жылдардан бері бірнеше рет  басылған.  Ә.Әбдіәкімов,  В.Кан,  Ж.Артықбаев,
Е.Әбіл және осы жылдардың авторы жазған оқулықтар студент жастар сұранысын
қанағаттандырып келеді. Көп елдің  көзі  қорақты  зиялы  қауымы  Қазақстан
деген елді білгісі келеді. Ал ел туралы білім  оның  тарихынан  басталады.
Еліміздің елдігін қорғаған асыл ерлерінің болғандығын, әлемдік  өркениетке
өз  үлесін  қосқан  мәдениет,  әдебиет  және  ғылым  саласында  айтулы  із
қалдырған қайраткерлеріміз болғандығын әлемге  паш  ететін  тарих  ғылымы.
Сондықтан да тарих тек қана ғылым, қуатты тәрбие құралы ғана  емес,  ол  –
саясат.
       Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихының кезеңдері. Бұл  ХҮІІ-
ХІХ ғасырлар. Бұл аралықта қазақ халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға  тап
болды. Біздің жерімізге басып кірген жоңғарлармен  соғыс  басталды.  1723-
1727 жылдардағы "ақтабан шүбырындыдан" қазақ  халқы  қайта  еңсе  көтерді.
Ұлтты қорғаушылар қатарына Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр
және солар сияқты үлттың жауынгерлік рухын көтерген жарқын  түлғалы  ерлер
келіп қосылды.
       Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай хан  түсында  ерекше
бейнеленді. Батырларымен  тізе  қосып,  қаһар-мандықтың  тамаша  үлгілерін
көрсеткен, сөйтіп халықтың үйтқысы болған Абылай  ханның  ерліктері  сонау
қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды.
       Бейбітшіл сипаты бар рухани жұмыс  та  жалғасын  тауып  жатты.  Оның
үйтқысы үлттың рухани кесемдері — Теле, Қазыбек, Әйтеке билер болды.  Олар
сыртқы және ішкі алауыздықтарға қарамастан Абылай ханмен  бірлесіп,  ұлтты
біріктіру жолында еңбек етті.
       Келесі,  кезең  -  XX  ғасыр.  ХҮІІІ-ХІХ  ғасырларда  Қазақ  хандығы
құлағаннан кейін қазақтардың арыңды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың  әртүрлі
жолдарын қарастырды.  Төрелер  мен  қожалардың  билігі  қожырады,  олардың
үңірейіп бос түрған орындарына  ешкім  отырған  жоқ.  Ресей  патшалығы  да
әлсіреді. Сол кезде қазақтарда оз  мемлекетін  қүру  үміті  тағы  да  ояна
бастайды. Алашорданың  көсемдері  Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов,
Міржақып Дулатов және  басқалар  болды.  Қалай  болғанда  да,  Алашорданың
игілікті ісі өте қайғылы аяқталды. Қазақтың оқыған жас өкілдерінің  осынау
ыстық жігері, ұлттық рухы сол  кезде  қалыптасқан  жағдайлардың  себебінен
өмірде іс жүзіне аса алмады.
       Сөйтіп, 1917 жылдан 1920 жылға қазақтың  ұлттық  рухы  ауыр  езгінің
астына түсті. Қазақстан -КСРО-ның құрамына кірді.
2.Қазақстан  тарихының  тарихнамасы  (XYIII  –  XIX   ғ.басы).   XVIII-ХІХ
ғасырдағы дәстүрлі институттар тарихын тануда Ш.Ш.Уәлиханов,  С.Бабажанов,
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев  еңбектерінің  орны  ерекше.  Ш.Уәлиханов  арғын
Малайсарының  ХVІІІ  ғасырда  Жоңғар  билеушілерінің  тарапынан  тархандық
алғандығын және оның берілуінің себебін тұтқындағы Абылай сұлтанды  босату
мақсатындағы елшілік келіссөздердің нәтижесімен байланыстырады.
       ХVІІІ-ХІХ  ғасырлардағы  қазақ-орыс  қатынастары,  қазақ  қоғамының
қоғамдық-саяси құрылымы, әлеуметтік жүйесі, шаруашылық жайы  Н.Г.Аполлова,
С.Е.Толыбеков,  С.З.Зиманов,  В.Я.Басин,  Т.Ж.Шойынбаев,   А.Н.Нүсіпбеков,
Г.И.Семенюк, Н.Е.Бекмаханова,  А.Сабырханов,  Р.Б.Сүлейменов,  В.А.Моисеев
еңбектерінде көрініс тапты. Н.Г.Аполлова XVIII ғасырдағы қазақ  тархандары
Шақшақ Жәнібек пен Тама Есеттің қоғамдық  ортадағы  беделдері  ханнан  кем
болған жоқ  деген  баға  бере  отырып,  олардың  қазақ-орыс  қатынастарына
байланысты қоғамдық-саяси қызметтерінен мол  мәліметтер  береді.  Мәселен,
В.Я.Басин   зерттеуінде   «протектор»,   «бодан»    тарихи    терминдеріне
Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты мысалында талдау жасап,  Ресейге
қосылған жылдардан бастап «бодан» болды деген саяси ұстанымның қате  пікір
екендігін  дәлелдесе,  С.З.Зиманов  қазақ  қоғамындағы  әлеуметтік  жүйені
зерделеп,  өз  пікірлерін   ашық   білдірді.   Н.Е.Бекмаханова   1773-1775
жылдардағы Е.Пугачев бастаған орыс шаруаларының соғысына қатысқан Дәуітбай
тархан бастаған қазақ жасақтарының соғыс  қимылдары  және  атығай  Құлсары
тархан  жөнінде  деректік   мәліметтер   келтіреді.   Ал   Р.Б.Сүлейменов,
В.А.Моисеев зерттеулері арғын Малайсарының жоңғарлар  тарапынан  тархандық
алғанын сұлтан Абылайдың  тұтқында  болған  кезіндегі  қалмақ  бағытындағы
елшілік қатынастар нәтижесінде берілгенін қуаттайды.
        Қазақ  тархандарының  ата-бабаларына  қатысты  шежірелік  деректер
Мәшһүр   Жүсіп   Көпейұлы,   С.Е.Толыбеков,   Х.Маданов,    Х.Б.Табылдиев,
А.Қалмұратов  т.б.  шежірелік  еңбектерінде  бар.  Мәселен,  Мәшһүр  Жүсіп
Көпейұлы шежірелік нұсқасында Арғын руының аталық шежірелерін тарата  келе
Жәнібек тарханға қатысты деректерді  келтіреді.  С.Е.Толыбеков,  Х.Маданов
шежірелерінде Жәнібек және Есет тархандардың ата тегіне,  олардан  тараған
ұрпақтарына қатысты қызықты тарихи шежірелік деректер кездеседі. Дегенмен,
шежірелік  деректерді  мұқият  пайдаланған  жөн.  Мәселен,  Х.Б.Табылдиев,
А.Қалмұратов шежіресінде «...1743 жылы  28  мамырда  патша  әмірімен  Есет
батырға, оның үрім-бұтағына мұра болып қалатын  тархан  атағын  берді»,  –
деген.
        Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған жылдардан бастап  жарық
көрген тарихи еңбектер зерттеп отырған мәселеге жаңа  қырынан  келді.  Нақ
осы кезеңде өткен тарихымыз  ұлттық  мүдде  тұрғысынан  зерттеле  бастады.
Қазақстан тарихының XYIII –  XIX  ғғ.  кезеңіне  байланысты  М.Қ.Қозыбаев,
К.Л.Есмағамбетов,     Ж.Қ.Қасымбаев,      С.М.Мәшімбаев,      М.Ж.Абдиров,
Ж.О.Артықбаев, И.В.Ерофеевалардың ғылыми еңбектері көпшілікке жетті.
        Аталған  тарихшы  ғалымдар  еңбектері  тарихи  тұлғаларға  қатысты
маңызды мұрағаттық мол деректермен  қатар,  XVIII-ХІХ  ғасырлардағы  қазақ
қоғамындағы  дәстүрлі  билік  институты  тарихына   қатысты   мәліметтерді
жинақтап,  қорытынды  ой-пікірлер  түйіндеумен  ерекшеленді.   Бұл   арада
К.Есмағамбетовтың қазақ  тарихына  қатысты  шетелдіктердің  көзқарастарын,
Ж.Қасымбаевтың  батырлар  мен   қазақ   хандары,   сұлтандары   арасындағы
байланыстарды талдауы маңызды.
       Қазақстан  тарихының  XYIII  –  XIX  ғ.басындағы  қазақ  деректері.
А.Байтұрсынұлы тарих ғылымының пәніне; Тарихты қазақша  ұлы  дерек  деуге,
әуезе табына жатқанмен, айғақша әуезе деуге болады. Сөздің  ең  ұлысы,  ең
сипаттысы- тарих, - деп анықтама береді. Тарихтың атқарар қызметі мен алға
қояр міндеті хақында ол; Тарихтың қызметі- бүтін адам баласының, бүтін бір
жұрттың, иә бір топтың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту.
      «Тарихшылырдың мақсаты,-дейді Ахаң,-уақиғаның уақытын  ғана  көрсету,
яки не түрде болған тысқы сиқын ғана көрсету емес,  ол  уақиғаның  болуына
нендей нәрселер, нендей уақиғалар себеп болғанын көрсетіп, ішкі  мәнісімен
де таныстыру». А.Байтұрсынұлы  әуезелерді алты тарауға бөледі:
       1) шежіре, 2) заман хат, 3) өмірбаян, 4)  мінездеме,  5)  тарих,  6)
тарихи  әңгіме.А.Байтұрсынұлының  берген  анықтамасы   бойынша,   бірінші,
Шежіре.   Шежіре — өткеннен  дерек  беретін  сөздің   бір  түрі.  Шежіреде
уақиғадан гөрі өткендердің түс, туысы көп айтылады.    Сондықтан    шежіре
уақиға   сарынымен   емес,   уақыт, туыс сарынымен айтылатын әуезе  табына
жатады. Шежіре болған уақиға жайынан сөйлесе, себебін, мәнісін айтпай, тек
болғанын   айтады  да  қояды.А.Байтұрсынұлының  пікірінше,  қазақта   жазу
болмаған себепті бұрыннан жазылып келген  шежіре, түрлі әңгіме жоқ.  Бірақ
басқа жұрттардың шежірелерінде айтылатын сөздер сияқты  әңгімелер  қазақта
да бар.  Орақ  -  Мамай,  Едіге,  Кеңесарының  Садығы  турасындағы  ауызда
айтылатын  тарихи   әңгімелердің  көбі-ақ  өтірік-шыны  аралас   шежіренің
сөздері сияқты.Сондықтан мұндай деректерге  сын  көзбен  қарау  қажеттігін
алға тартады.
      Екінші, Заман  хат. Біреудің  заманында болған тарихи уақиғадан,  яки
өз ішінде болған істерден дерек  беруі  заман  хат  деп  аталады.   Мәдени
жұрттың адамында заманында болған көзге түсерлік  уақиғаларды,    яки   өз
өмірінде ұшыраған  зор  істерді жазып, әңгіме ретінде тіркеп отыратын әдет
болады. Заман хат шежіредей емес, тәртіпті, жүйелі  келеді.  Шежірені  тек
хат білетін адамдар құр тіркей беруге болады. Заман хатты оқымысты адамдар
жазады. Сондықтан мұнда құр халық  аузыңда  әуезе  болып  жүрген  дәлелсіз
сөздер жазылмайды. Заман  хатта  уақиға  уақыт  сарынымен  жазылмайды,  іс
сарынымен жазылады. Заман хаттағыдеректік негіздей алғанда  ескеретін  бір
кемшіліктігін көрсетеді:
      Уақиғаны болған күйінше жазбай,  жазушы  өз  көңілінің  күйіне  бояп,
реңкін өзгертуге ықтимал екендігі. Олай ету уақиғаның дұрыстығына кемшілік
келтіреді. Заман хат шынға жақын болу  үшін  жазушы  өз  көңілінің  күйіне
түспейтін, яғни достыққа да, қастыққа да  қарамайтын  адам  боларға  тиіс.
Ондай адам табиғаттан тысқары адам болмақ. Адам  табиғаттан  тысқары  бола
алмағандықтан, заман хаттары көңіл күйінің  әсерінен  аман  бола  алмайды.
Сонда да тарихқа беретін  деректігінің  молдығынан  заман  хат  өте  кұнды
тарихи деректік сөздер есебіне қосылатынын көрсетеді.
      Үшінші, Өмірбаян. Біреудің туғаннан бастап,  өлгенге  шейінгі  өмірін
жазу иә айту өмірбаян болады.  Өмірбаян  жазудағы  мақсат  белгілі  болған
адамның өмірі қалай басталып, қандай күйде өткенін  көрсету.А.Байтұрсынұлы
еңбектерінде жеке тарихи тақырыптармен қатар, сол негізгі тақырып желісіне
байланысты тарихнамалық, жалпы методологиялық,  оның  ішінде  қазақ  халқы
тарихын дәуірлеу, зерттеу принціптері мен  әдістерінің  өзіндік  ерекшелік
қырлары, тарих ғылымының қалыптасып даму барысы  туралы  өзекті  мәселелер
қозғады.
      Өмірбаян дерегін  белгілі адам турасындағы сипат тарихи құжаттық мәні
бар  қағаздардан  алатынын  білетін  адамдардың  ауызша   айтуынан  алады.
Жазушы  өз  білетінін  жазады.  Өмір  дерек  ылғи  сипатты  мағлұматтардан
құралған сөз болғандықтан,  нағыз  рас  әңгіме  болып  шығады.Олай  болса,
өмірбаян шындыққа жақын тарихи дерек болмақ.
      Төртінші, Мінездеме. Адамның, елдің, жұрттың, таптың,  ұлттың  сырын,
мінезін танып көрсету мінездеме болады. Мінездеме  өмірбаянның  да,  заман
хатының да, тарихтың да ішіне бөлім есебінде кіреді.  Мінездеме  заманның,
дәуірдің халін де мінездеп  көрсетеді.  Адамды  мінездегенде,  өмірбаянның
бөлімі болып кіреді. Жұртты, ұлтты, заманды мінездегенде, тарихтың  бөлімі
болып кіреді Сондай-ақ тарихи зерттеу  принциптері  мен  әдістерінің  ішкі
байланыстылығы, құжаттар мен тарихнамалық ортақ арна- жалпы методологиялық
жүйе арасындағы байланыстылық тарихи   деректтерді   ғылыми  негіздер  мен
принциптер, зерттеудің ақиқаттығы мен құндылық өлшемі  туралы  қалыптасқан
ғылыми  қағидалар  мен  болжамдарды  орынды   пайдалану    қажеттіліктерін
тұжырымдаған.
      Бесінші, Тарих. А.Байтұрсынұлы тарихшының дүниетанымына, азаматтық ар
ожданына,әділдігіне,  ғылыми-  зерттеушілік  мүмкіншілігіне   биік   талап
қойған. Өйткені, Ахаңның ойынша, тарих  халықтікі,  халық  үшін  жазылады.
Сонымен бірге А.Байтұрсынұлы тарих пен тарихшыларға қандай деректерді және
оларды қалайша пайдалану    әдісін  көрсете  келе  зерттеушілердің  алдына
қойылатын талаптарды жаңа қырынан да көрсеткен
      Шежіре  жазушылар  естіген-білгенін  сол   қалпында,   шикі   түрінде
тізеді.Ал,  тарихшылар  міндеті  хақында  А.Байтұрсынұлы:  тарихшылар  кұр
істегенімен қанағаттанбай, рас, өтірігін тексеріп, расын ғана  алады.Тарих
пәнін Ахаң былайша жіктейді. Тарих беретін дерегінің түріне қарай  бірнеше
түрге бөлінеді. Бүкіл адам баласы дүниеде қандай өмір  шеккенін  сөйлейтін
тарих «Жалпы тарих» деп аталады. Адам баласының  мәдениет  жүзінде  жүрген
жолдарын баяндайтын тарих «Мәдениет тарихы» деп аталады. Мәдениеттің түрлі
тараулары «Тарих тармақтары» деп  аталады.  Мәселен,  шаруа  тарихы,  өнер
тарихы, дін тарихы, даналық тарихы, ғылым тарихы, әдебиет тарихы,  тағысын
тағы сондай тарихтар.Одан әрі Ахаң ұлттардың  тарихын,  жалқы  тарихтар  —
түрік-монғол тарихы, қытай тарихы, жапон тарихы  және  сондай  бөлек-бөлек
жұрттардың, ұлттардың тарихы деп бөлген.
     Алтыншы, Тарихи әңгіме.  Тарих  жүзінде  белгілі  адамдар,  нәрселер,
уақиғалар турасында сөйлейтін әуезелер тарихи әңгіме деп  аталады.  Тарихи
әңгімені   А.Байтұрсынұлы  материалистік  ұғым   мен   идеалистік   ұғымды
коммунистік  идеология  өкілдері  сияқты   бір-бірімен   қарама-қайшылықта
қарамаған және материалистік  көз  қарастың  марксистік-лениндік  бірыңғай
үстемдігін  қабылдамаған.  Ол  табиғат  заңдылығы  мен  әлеуметтік   қоғам
заңдылығының байланыстылығы негізінде адам  қауымдастығы  үшін  әлеуметтік
жасампаздықтың  реттік  сәйкестіктегі  екі  бірдей  теңдігі  бар,  табиғат
орталығындағы адам  еңбегінің  материалдық  байлығы  мен  рухани  қазынасы
дейді. Бұл тұрғыда А.Байтұрсынұлының  рухани  болмысты  қаншалықты  жоғары
бағалағанын білеміз. Осы  арнада  сәйкестік  байланыстылықта  табиғат  пен
қоғамдық тіршілік пайымдалып, халық тағдыры ғылыми тарихи жүйеде талданып,
ұлт-азаттық күрес жолының сабақтастығы дәлелденген. Егер сұрыптай  айтатын
болсақ, А.Байтұрсынұлының методологиялық  жүйесіне  табиғаттағы,  қоғамдық
тіршіліктегі  прогрестік  даму,  сәйкестік,  салыстырмалы  талдау,  жүйелі
тұжырымдау, ғылыми ақиқаттық принциптері тән. Сол себептен де Ахаң тарихты
халықтың тағдыр тарихы және ол халық үшін түсінікті де ақиқат  болуы  шарт
деген А. Байтұрсынұлы мұрасынаның, оның  ғылыми  -зерттеу  бағдарламасынан
өзіміздің ұлттық төл  тарихымыз  арнасындағы  ізденістерде  басты  ұстанар
қағидамыз  оның марксизім-ленинизім теориясының арқауы болған  пролитарлық
интернационализм принципі және одан өрбіп, оны нығайта түсетін коммунистік
партиялық зерттеу шарттары мен әдістері тұрғысындағы сын талдаулары болмақ
           Шыныңда  да,  Ахаң  ескерткенде,  өмірдің  өзі   дәлелдегендей,
марксистік-лениндік  пролитарлық  интернационализм  қазақ  халқын   ұлттық
әлеуметтік, рухани желіден ағытып, қарама-қарсы екі тапқа бөлді,  оның  ең
зиялы да жасампаз ұлт жанды бөлігін  таптық  идеологиямен  санасы  уланған
екінші таптың табанымен таптады,  көзін  жойды.  Ағайынды,  бауырды  өзара
қантөгіске итермелеген пролетарлық интернационализм  қазақ  халқының  ұлт-
азаттық күресіне зор жастандық  жасады,  ұлттық  рухани  дүниеге  кінәттар
түсірді,  қазақ  жастарының  санасына  мәңгүрттік   уын   құйды.   Сөйтіп,
ұлтжандылықты ұлтшылдық деп, ұлттық мемлекеттік  тәуелсіздікті  сепаратизм
деп ұлттық тарихи сананы тәлкекке салды.  Ал  мұндай  принципті  басшылықа
алғанда ұлттың ғылыми төл тарихымызды жазудың ауылы  алыс  болмақ.  Тарихи
шындық орнамаған жерде, оның  ішінде  ғылыми  салада  да,  тарихи  зерттеу
принципін де, тарихи-салыстырмалық зерттеу әдісін де  қолдануға  жол  жоқ.
Өйткені  басшылыққа  коммунистік  паритиялық  принципті  ұстанған   ортада
әлеуметтік өмір желісі де, нақты тарихи оқиғалар да,  демектемелік  қорлар
мен басқа мұрағият мәліметтері де партиялық  тұрғыда,  партиялық  нұсқада,
сол идеологиялық негізде жазылуы да, қабылдануы да шарт.  Бұл  коммунистік
партиялық принциптің басшылық  рөлі  міндетін  атқаруы,  ғылыми  ақиқаттың
дәлелденуі, социалистік қоғамның  мақсатына  еңбек  етудің  үлгісі  дәлелі
болмақ. Ал партиялық шеңберге сыймаған, оның мақсатына алшақтығы  сезілген
қандай  да  болмасын  ой-толғау,  ұсыныс,  тіпті  нақтылығы  деректемелік,
мұрағияттық материалдар ғылыми айналымға жіберілмеді, шеттетілді.  Әрқашан
таза партиялық, бірыңғай саясаттанған тапсырмалар орындалып отыр.
          А.Байтұрсынұлының рухани мұрасында ұлттық  төл  тарихымыздың  ең
күрделі  мәселелері,  оның  ішінде  ұлт-азаттық  күресінің  бастауы,  мән-
мағынасы, түпкі мақсаты, өрлеу кезеңдері халықтың  тарихи  арнасында  жан-
жақты зерделенген, сонымен  бірге,  қазақ  халқының  отандық  атамекенінің
қалыптасуы,  осы  жер  шебінің  бұзылмауы  үшін  жан  пида  күресі   қазақ
мемлекеттігінің іргетасының қалануы, құрылымдық нығаю  барысы,  ішкі  және
сыртқы саясат өрісі, қазақ қауымының әлеуметтік құрылымы, жер, шаруашылық,
рухани болмыс салалары ғылыми негізде ауқымды да терең қаралған.  Жоғарыда
ықшамдай тұжырымдаған және біз бұл жылы сөз етпеген Ақан еңбектеріне арқау
болған тақырыптар, сөз, жоқ ұлттық төл тарихымыздың да күрделі мәселелері.
          Ахаңның: «Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындар мен емес
бір күнгісін, Жұрт ұқпаса-ұқпасын,  жабықпаймын,  Ел  бүгіншілік,  менікі,
ертеңгі  үшін»,-деген  зор  сеніміне,  асқақ   арманынан,   қазақ   елінің
тәуелсіздігіне бүгінгі ұрпақ біз жетіп отырмыз. Ендеше  алдағы  мақсат-ұлы
бабамыздың  асыл  мұрасын  зерттеуге,  зерделеуге  жасампаздықпен   жұмылу
болмақ.
      3.Орыс және шетелдік тарихнама  XYIII – XIX ғ. басы.  Қазақ  қоғамын
басқарудың дәстүрлі институттары тарихы  қай  кезеңде  де  зерттеушілердің
назарын өзіне аударған. Дегенмен, олар тиянақты зерттелді, бар материалдар
жинақталды  деу  қиын.  XVIII-ХІХ  ғасырлардағы  қазақ  тарихына   қатысты
деректер қазақ даласының тарихына көңіл аударған  алғашқы  зерттеушілердің
назарына   түскен.    Бұған    П.И.Рычков,    И.И.Неплюев,    И.Г.Андреев,
Е.К.Мейендорф, А.И.Левшин, В.В.Вельяминов-Зернов, И.Ф.Бларамберг еңбектері
куә .
    1771 жылы  Жоңғарияға  қарай  қашқан  Еділ  қалмақтарын  қуған  арнайы
жасақталған әскери қосынының офицері  П.И.Рычковтың  күнделігінде  алғашқы
қазақ тархандары арғын Жәнібек пен тама Есет  туралы,  олардың  қазақ-орыс
қатынастарындағы  елшілік   қызметтері   туралы   мәліметтер   келтірілсе,
И.Г.Андреевтің еңбегінде патша үкіметінің бекініс маңындағы халықтарды  өз
саясаттарын қолдауға тарту үшін жылына 1000 рубль қаржы бөлгендігі,  соның
ішінде Құлсары тархан мен Құлеке батырларға 100  рубльден  ақшалай  сыйақы
беріп тұрғандығы туралы деректер бар.
       Зерттеуші  Е.К.Мейендорфтың  Орынбордан  Бұхарға  барған   сапарында
жинаған материалдарының жазбасы Кіші жүз өңіріндегі қазақ тархандары Жүсіп
Сырымұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Жәнібек тарханның немересі Мұса  Дәуітбайұлы
т.б. тархандар қызметі туралы біраз  деректер  қалдыруымен  құнды.  Әскери
санақшы  И.Ф.Бларамберг  Тіленшіұлы   Жоламан   тархан   туралы   деректер
қалдырған.
       Қазақ   тарихын    зерттеген    орыс    зерттеушілерінің    арасында
В.В.Вельяминов-Зернов тархандық институт  мәселелерін  арнайы  зерттеуімен
ерекшеленеді. Ол XVIII ғасырдағы башқұрт  қоғамындағы  тархандық  институт
тарихына қатысты зерттеу жүргізді.
       ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  патша  үкіметі  шенеуніктері  мен
әскерилеріне арнайы тапсырмамен отарланушы аймақ тарихын жаздыра  бастады.
Ондай    еңбектер    қатарына    Л.Мейер,    И.И.Крафт,     В.Н.Витевский,
А.И.Добросмыслов зерттеулерін қосуға болады.
       Қазақ тарихына қатысты жаңа зерттеулер легі кеңестік биліктің орнауы
кезеңінде  дүниеге  келді.  Бастапқы  кезеңде  жазылған   Х.Досмұхамедұлы,
Г.Галузо, Т.Шонанұлы, К.Кемеңгерұлы  еңбектері  біраз  мәселені  жаңартты.
Х.Досмұхамедұлы еңбегінде тарихи  тұлғалардың  арғы  аталарына  байланысты
деректер   сараланса,   К.Кемеңгерұлы,   Т.Шонанұлы   еңбектерінде   патша
үкіметінің қазақ даласындағы отаршылдық саясатындағы қазақ жеріне  қатысты
мәселесі тыңғылықты талданады. Қазақ тархандарына патша үкіметінің жер мен
жайылым,  тоғайларды  пайдаланғаны  үшін  алым-салық  төлемейтін  құқықтық
пәрменділік   берулеріндегі   саяси    ұстанымдарын    талдауға    қажетті
мәліметтермен құнды.
       Кеңестік  үкімет  билігі  орныққаннан   кейінгі   1920-1940   жылдар
аралығында қазақ тарихына XVIII ғасыр мен ХІХ ғасырдың 60 жылдарына  дейін
өмір сүрген қазақ батыр билерінің саяси-қоғамдық  қызметтері  туралы  жаңа
деректер айналысқа түсе бастады. Бұл бағытта А.Ф.Рязанов,  А.П.Чулошников,
М.Тынышбаев, С.Асфендияров еңбектерін атап  өтемі.  А.Ф.Рязанов  еңбегінде
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық  қозғалысын  зерттеуде  тарихи  тұлғалар
қызметіне қатысты мәліметтерді мұрағат деректерімен толықтырды.  Дегенмен,
автор А.И.Добросмыслов,  А.И.Левшин  пікірлерін  қайталап,  Сырым  батырды
қазақтың дәстүрлі хандық басқару институтына қарсы хандық билікті  жоюдағы
реформатор  етіп  көрсетпекші  болды.  Ал,  А.П.Чулошников   қазақ-башқұрт
қатынастары  тарихын  зерттеп,  1755-1756  жылдардағы  башқұрттардың  ұлт-
азаттық қозғалысы кезеңіндегі патша үкіметінің отаршылдық  саясатын  сынға
алды.  Ол  И.И.Неплюевтің   башқұрт-қазақтарды   раздастыруының   құйтырқы
айлаларына назар аударып, зерттеуде тама Есет тархан қазасына қатысты 1757
жылғы бұйрық туралы  деректі  алға  тартады.  С.Асфендияров  қазақ-башқұрт
сынды бауырлас халықтардың патша  үкіметінің  отаршылдық  саясатына  қарсы
көтерілу себептерінің ахуалын ашып көрсетті. Сонымен қатар,  оның  башқұрт
тархандарының  қазақ   жеріндегі   Есет   тархандар   бастаған   жетірудың
батырларымен біріккен жасақтар құрған келісімдері туралы тарихи  деректері
біз үшін ерекше маңызды.
       Кеңестік кезеңде Е.Б.Бекмаханов,  М.П.Вяткин  зерттеулері  де  жарық
көрді Тіленші Бөкенбайұлы  тархан  қатысқан  ұлт-азаттық  қозғалыс  туралы
бастап қалам тартқанымен, кейіннен ол туралы  зерттеулер  көп  уақыт  бойы
іркіліп қалды. Еңбекте қазақ  қоғамындағы  сұлтандар  институты  жүйесінің
түпкілікті    өзгеріске    ұшырағандығының    себеп-салдары    көрсетілді.
Е.Б.Бекмаханов  патша  үкіметінің  қазақ  билік  жүйесін  жою  барысындағы
саясатын,  ішкі   қарым-қатынасты   шиеленістірудің   айла-амалдарын   дәл
анықтады.
Ал, М.Вяткин ХVІІІ ғасырдағы  Қазақстанның  қоғамдық-саяси  дамуына  айрықша
мән берді. Соның ішінде ол  Сырым  тархан  бастаған  ұлт-азаттық  қозғалысты
мұрағат деректері негізінде зерттеп, азаттық үшін күрескен батырдың  тарихын
жаңа белеске көтерді.

Дәріс №2 Қазақ - жоңғар басқаншыларымен күресі.
       Негізгі  ұғымдар:  Әділетсіз  соғыс,  басқыншылық  соғысы,   қолбасы,
жүзбасы, мыңбасы, сарбаз, би, жаушы.
       Мақсаты: Отан соғысы оның  барысы  туралы  саралап  бастапқы  кездегі
қазақ жасақтарының жеңіліс табу  себептерін  талдап  көрсетуі.  Сол  кездегі
батырлар, билер туралы реферат жазып келген студенттер пікірлері айтылады
                                   Жоспар:
       1. Отан соғысының басталуы.
       2.Шешуші шайқастар, олардың тарихи маңызы.
       3.Батыр-билер жауға қарсы тойтарысты ұйымдастырушылар.
       1.Отан соғысының басталуы. Сайрам  қаласы  түрғындарының  кетеріліске
шығып,  Қаладағы  ойраттардың  басқыншы  әскерлерін  талқандауы  1684   жылы
жонғарлардың екінші қайтара шабуыл жасап, Сайрамды қан сасытып,  айуандықпен
тонауына сылтау болды.
       XVII  ғасырдың  80  жылдардағы  шабуылдардың  бір  езге-шеліп  жоңғар
басқыншылары енді оздері басып алған жерлерді өз уыстарынан шығармай  ұстап,
иемденіп қалуға, оларды Қазақстан мен Орта Азиядан бөліп тастауға үмтылды.
       Тәуке хан өлген соң жоңғарлар шынында  да  өз  дегеңдеріне  жеткеңдей
болды. Тәукенің мұрагері Қайыпқа қазақ хаңдары мен  сұлтандарының  жікшіддік
әрекеттерін тежеу аса қиынға түсті. Көп кешікпей-ақ шын мәнінде,  қазақ  елі
бірнеше  үсақ  мемлекеттік  қүрылымдарға  болініп  кеті.  Бұл  өзі  дәстүрлі
жүздерге бөліну түрінде болғанымен бөлшектенудің  аты  бөлшектену  еді.  Осы
жағдайды жігерлі де іскер Цабан-Рабдан үтымды пайдалана  біліп  және  өзінің
қол  астына  бүрынғы  Шығыс  Түркістанды  қайтарып,  Жоңғарияның  күш-қуатын
нығайта түсті.
       Патшалық Ресейдің, Циньдік Қытайдың  эскпансионизмі  Жоңғар  хандығын
Қазақ хандықтарымен күрес жүргізуіне итермеледі, сонымен бірге  Қазақстанның
оңтүстігіндегі  сауда-қолөнер  орталықтары  жоңғар  қонтайшыларының  назарын
аудармай қойған жоқ.  Қазақ  феодалдары  мен  жоңғар  феодалдары  арасындағы
күрес әсіресе XVIII ғасырдың басыңда  күшейе  түсті.  Сөйіп  XVIII  ғасырдың
1710-1711 жылы жоңғар әскерлері Қазақ хандығының жеріне басып  кірді.  Қазақ
жасақшылары басқыншыларға күшті тойтарыс берді. Жоңғар әскерлері  1713  жылы
тағы да шабуылға шықты, бірақ олар қазақ жерінен қуылып тасталды. 1723  жылы
жасалған Жоңғар-Қытай бітімі шарты  жоңғарларды  қазақтарға  қарсы  агрессия
жасауға айдап салды. Агрессия 1723 жылы басталды да,  қазақ  халқына  бүрын-
сонды болмаған қайғы-қасірет әкелді.
      Өзінің түпкі мақсатын жүзеге  асыру  үшін  қонтайшы  1722  жылы  алғаш
Қытаймен  келісім  жасап  алды.  Ал  келесі  жылдын  коктемінде  қүмырсқадай
қаптаған  қалың  қолын  қазақ  жеріне  токті.  Қазақ  халқының   Жоңғариямен
соғысындағы ең ауыр және  ең  қайғьглы  сәттер  болды.  Десекте,  Әбілқайыр,
Богенбай, Қабанбай, Өтеген және т.б.  тандаулы  жеке  дара  түлғалардың  зор
үйымдастырушылық дарын-қабілетінің, асқан ержүрек-тігінің нәтижесінде  қазақ
халқы оздерінің үлттық  тәуелсіз-дігін  қорғап  қана  қоймай,  ауыр  шығынға
үшыраса да қаһар-мандықпен қарсыласып, бірнеше рет күйрете соққы берді.  Осы
шайкастар барысында жаңа саңлақ батырлар Абылай,  Барак,  Жәнібек,  Олжабай,
Қабанбай тәрізді көптеген жанжүрек  қолбасылар  жүртқа  танылды.  1726  жылы
Бұланты өзеніндегі қанды ұрыста,  1730  жьглы  Аңырақайда  болған  жан-кешті
шайқаста  үш  жүзден  жиналған  барлық  қазақ  жасақтары  жоңғар  әскерлерін
ойсырата женді.  Дәл  осы  соңғы  1730  жылы  шығыстан  жоңғар  жеріне  цинь
әскерлері баса-коктеп кірді.
       Бірақ қазақ қоғамының басында отырған игі жақсылар қазақ халқының ірі
ескери  жеңісінің  жемістерін  де  және  жоңғар-цинь   соғысының   бастауына
байланысты қалыптас-қан  әскери-саяси  жағдайдың  тиімділігін  де  пайдалана
алмады. Тіптен ірі жеңістен соң, жаңа Жоңғар  ханы  Қаддан-Царенмен  келісім
де жасамастан және соғысты толық жеңіске жеткізуге  тырыспастан  қазақтардың
ел басылары Әбілмәмбет, Әбілқайыр, Сәмеке және басқалар өз өскерлерін  соғыс
қимыддары алаңынан алып кетті. Мүның  себебі,  Болат  ханның  қайтыс  болып,
Орта жүздің жаңа ханының сайлауына байланысты игі жақсылар арасындағы  озара
кикілжің туа бастаған еді.
       Халқының  озі  үшін  де,  Орта   Азия   халықтары   үшін   де   қазақ
ақсүйектерінің осы бас араздығы аса зор кымбатқа түсті. 1735  жылы  Қытаймен
келісім шарт жасаған Қалдан-Царен Ұлы жүз елінің  жеріне  басып  кіріп,  оны
озіне қаратты. Арада бірнеше жыл  салып,  қаптаған  қалың  жоңғар  Орта  жүз
жеріне де басып кірді. Жанкешті, асығыс жағдайда  жиналған  қазақ  жасақтары
соққыға үшырап талқаңдадды. Әбілмәмбет  хан  қуғыннан  құтылу  үшін  Жайыққа
қарай шегінді. Күші басым жаумен  текетіресте  сұлтандар  мен  старшиндардың
едәуір болігі тұтқынға түсті.
       Осы тұста сәл шегініс жасап айта кетер бір нәрсе: осы  уақытқа  дейін
кеңес тарихнамасында Орта жүз бен Кіші  жүз  Жоңғар  мемлекетінің  ықпалында
болды деген қате козқарас бар. Шындығына келсек,  шайқастарда  жеңіле  тұрса
Да жоне жаулаушы ойраттардың  әлуметтік  диштоматиялық  Қысымына  қарамастан
Орта жүз бен Кіші жүз өздерінің  мемлекеттік  дербестігін  өрқашанда  сақтап
қалғанын баса айтқан жон. Әрине, Әбілмәмбеттің  және  оның  жақтаушы-ларының
соғыс қимылдарын тоқтату және бейбіт келісімдер  жасау  туралы  үсыныстарына
Қалдан-Царен келісе тұрса  да,  Орта  жүз  бен  Кіші  жүз  қазақтарының  игі
жақсыларына  ауыр  шарттар  қойды.   Өзін   Цабан-Рабданның   Шоно-Лоузанның
баласымын деп жариялап, Жоңғарияның шекаралық  аудан-дарына  жорықтар  жасап
жүрген, бүрын Башқүрттардың котерілісін басқарған, ал енді қазақ  кошпелілер
арасында жасырын  жүрген  Қарасақалды  ұстап  беруді  және  өз  тұтқын-дарын
босатуды талап етті.  Қалдан-Царен  сондай-ақ  алымдар  төлеуді  және  Қоқан
бегінен соғысу үшін арнайы  әскерлер  беруді  және  тағы  баска  да  талапты
жүктеді.
       Бұл талаптардың көпшілігі Орта және Кіші жүздің игі жақсыларының  бас
қосқан жиналысында (съезінде) ақыры қабылданбай  тасталды.  Рас,  Әбілмәмбет
хан мен ықпалды сұлтан Барақ қонтайшы ордасына  өздерінің  үлдарын  жіберді.
Бірақ, мүны олардың өздері, жеке бастары осылай ету қажет  деп  тапқандықтан
ғана жасады, ал енді келісімге  келсек,  оған  Қалдан-Царен  1743  жылы  қол
қойды. Бір қызығы ол келісімді Әбілмәмбет жіберген ресми делегациямен  емес,
өзінің тұтқыны болып отырған сұлтан Абылаймен жүргізді. Мүндағы гәп  мынада:
Абылай өзінің жеке басының ержүрек-тігімен, өткір ақылдылығымен  қарсыласына
бас имей  өзін  лайықты  да  тәкаппар  ұстай  білумен  қонтайшыға  зор  әсер
қалдырды. Абылайды тіптен ханның жиені Чарчуды жекпе-жек ұрыста  өлтіргеніне
қарамастан үлкен сый-сыяпатпен  салтанатты  жағдайда  еліне  шығарып  салды.
Бізге  жеткен  аңызға  сенсек,  Қалдан-Царен  ол   туралы:   "Кіші   халықты
басқарады, бірақ үлкен халыққа лайық" деген  екен  деседі.  Жоңғарлар  басқа
қазақ  тұтқындарын  да  босатты.  Бұл  жерде  Орта  жүз  ханы  Әбілмәмбеттің
Жоңғарияның  тұтқынынан  Абылайды  босатып  алуды   коздеген   дипломатиялық
әрекетін  айтпай  кетуге  болмас.  Бұл   жұмысқа   елші   сұлтан   Әбілпейіз
(Әбілмәмбет ханның кенже ұлы) бастаған арнайы елшілік те мұрындық болды.  Ол
елшілік туралы И.И.Неплюев 1742 жылы  18  қарашада  сенатқа  хабарламасыңда:
"Әбілмәмбет хан-ның озінің кенже ұлы Әбілпейіз  сұлтанды  аманат  үшін  емес
бауыры Абылаймен кездесіп, оның басын  арашалау  үшін  жібергенін"  айтады1.
Бұл жерде  ең  басты  қулықты  жоңғар  билеушісінің  Қоқанға  қарсы  күреске
қазақтың  игі  жақсы-ларын  жұмылдыру  үшін  және  Ресеймен  арадағы  қарым-
қатынастың шүғыл нашарлап кетуіне байланысты  "қайырымды"  корінуге  үмтылып
отырғанын байқау да қиын емес.
      Қоқанға, оның одақтастары қырғыздарға және Ұлы  жүздің  кейбір  басшы
топтарына қарсы 1742 жылы басталған жорык  Ойрат  мемлекеттігінің  оның  Ұлы
жүзге үстемдік ету-іне мүмкіндік бермеді.  Сан  қилы  айла-әрекетгер  жасап,
қанша Күш салса да Қалдан-Царенге Абылай да,  басқа  қазақ  ақсү-йектері  де
оның Қоқанға қарсы  күресіңде  қолдаушы  болып,  көмек  бере  қоймады.  Рас,
сұлтан Барақ қонтайшының етініші  бойынша  жауласушы  екі  жақты  1744  жылы
өзара татулас-тыруға тырысып бақты, бірақ бұл да сәтсіз аяқталды.
      XVIII  ғасырдың  40  жылдарының  орта  шенінде  Жоңғарияда   дағдарыс
белгілері айқын көрініс бере бастады. Қаһарлы қонтайшының 1745  жылы  қайтыс
болуы және хан тағына Қалдан-Цареннің  ортаншы  баласы  кәмелетке  толмаған,
ақыл-есі делі-құлы Цабен-Доржының келуі  мемлекеттің  басынан  кешіп  жатқан
қиыншылықты терендете түсті. Енді қазақ-жоңғар  қарым-қатынасыңдағы  бастама
қазақ  басшыларының  қолына  көшті.  Ойрат  ордасымен  белсенді   байланысты
бүрынғысынша Абылай өз қолыңда ұстады. Ал енді жоңғар-лардың Ұлы жүздің  шын
мәніндегі билеушісі Төле бимен қарым-қатынасы шиеленіскен күйі қалып  қойды.
Цабен-Доржының  оған  өз  билігін  мойындатпақ,  бүрынғысынша  алымдар  жөне
аманаттар алмақ  болған  әрекеттері  де  сәтсіз  қалып  отырды.  Жас  жоңғар
ханының басын күрделі дипло-матиялық айламен  Кіші  жүз  ханы  Нұралы  әбден
қатырып бітті. Дегенмен де Қазақстанның  басшы  топтары  Жоңғариямен  қарым-
қатынаста  біртүтас,  үйлесімді,  елдің  жоне   халықтың   үлттық   мүддесін
көздейтін саясат жүргізе қойған жоқ. Әр  жүз  басшысы  өз  қалауынша  өрекет
жасады.
      2.Шешуші шайқастар, олардың тарихи маңызы. Жоңғар-қазақ мемелекетінің
соғыстарын қорытып айтсақ, қазақтардың жоңғарлармен соғыстарының  сан  қырлы
салдарлары  болды.  Жоңғар  феодалдарының  Қазақстанға  және   Орта   Азияға
басқыншылықтары  кезінде  сәулетті   қалалар   талқандалып,   көшпенділердің
түрмысы күйзеліп, сан мындаған бейбіт халық  қырғынға  үшырады.  Басқыншылар
малдарды мыңдап айдап әкетті, түгін тартса  майы  шығатын  қүнарлы  жерлерді
тартып алып, нәрсіз тақырға айналдырды. Сауда және керуен жоддары  да  елсіз
қалып, қаңырап жатты. Осынау қанды-қырғынның  өзіндік  ғибраты  болғанын  да
мойындаған жон: екі ғасыр бойына дерлік созылған  Жоңға-риямен  күрес  қазақ
халқының үлттық сана-сезімінің өсе түсуіне үлкен ықпал жасады.
      Ойрат мемлекеті Қазақ хандығына қарағанда мемлекеттік орталықтандыруы
жағынан жоғары денгейде түрды. Жоңғария билеушілерінің қолында  аса  қуатты,
тәртіпті және қарақүрымдай қаптаған әскер болуының бір себебі де осында.
             Сондыктан қазақ  әкімдері  әшейін  де  әдетке  айналған  өзара
қыркыстан бас тартып, үлттың қүрып кету қаупі төнген қатерлі  сағатта  жауға
қарсы  күреске  жұмылып  үйымдасуға  мәжбүр  болды.  Баскаша  айтар  болсақ,
Жәңгір,   Тәуке   және   әсіресе   Абылай   басқарған   кезендегі   Жоңғария
басқыншылыгына қарсы күрес  Қазақ  мемлекетінің  қалыптасып,  нығая  түсуіне
ықпал етті. Шайқастарда екі жақтың  да  жауынгерлік  шеберліктері  шындалды,
әскери  тактикалар  жетідцірілді.  Жоңғарияға  карсы  күрес   ұлы   даладағы
қоғамдық қатынастарға да өз әсерін тигізбей қойған  жоқ.  Жоңғарлармен  ұрыс
дала-сында қазак батырларының жаңа үрпағы  өсіп  шықты  және  олар  қоғамдық
өмірде ықпалды күшке айналды. Соғыс барлық  әлеуметтік  процестердің  шапшаң
өркендей түсуіне жол ашты.
      Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы жан-кешті күресі Орта Азия
халықтарын ойрат салт  аттыларының  қирата  таптап  кетуінен  қорғап  қалды.
Көксеңгір қүрыш қалқан тәрізді болған  Қазақстанға  Жоңғар  басқыншылы-ғының
адуын толқындары келіп соғылып, қүлап түсіп жатты.
     Осыншама  қаһарлы  қарсыласты  біржола  талқандау  Орта-лық  жөне  Орта
Азияның саяси өмірінде Қазақ хандығының  беделін  және  ролін  көтерді.  Бұл
Қазақстанның Бүхарамен,  Қоқанмен,  Қырғыз  жерімен,  сол  замандағы  қуатты
империя-лар  —  Қытаймен,  Ресеймен,  Персиямен  озара   қарым-қатынас-тарын
үлғайтуға шешуші ықпал  жасады.  Бүқар,  ал  одан  соң  Қоқан  хандығы  және
олардың  көршілері  ХҮІІ-  XVIII  ғасырларда  Жоңғар  шапқыншылығының  қаупі
төнгенде қазақ елімен одақтасуға үмтылды. Дегенмен де оларлың әскери  комегі
мардымсыз  болды.  Ойрат  феодалдарына  қарсы  әсіресе  XVII  ғасырда  қазақ
әкімдері бірнеше рет қырғыздармен  одақ  жасап,  ұрыс-таласына  кол  ұстасып
шықты. Бір созбен айтқанда  тонген  ортақ  қауіп  Орта  Азия  мен  Қазақстан
халқын тығыз топтастыра түсті. Қазақ, қырғыз және өзбек халықтарының  Жоңғар
феодалдарына қарсы XVII  ғасырдың  ортасынан  XVIII  ғасырдың  50  жыддарына
дейін созылған  күресі  азаттық  сипат  алды.  Жоңғар  соғыстары  орыс-қазақ
қатынастарында да елеулі роль атқарды.
     Орыс  мемлекетінің   басшылығы   Жоңғар   феодалдарының   Қазақстандағы
басқыншылық үмтылыстарына тіпті біржақты Қарай қойған жоқ. XVII ғасырдың  80
жылдарынан кейін оираттардың Сібір жеріне  көз  алартуларынан  мазасызданған
Мәскеу ашықтан-ашық Жоңғарларға қарсы бағыт  ұстады  және  жекеленген  қазақ
және Орта Азиялық әкімдерді XVII ғ. оз жақтарына тарту арқылы  оларға  қарсы
одақтастар  табуға  тырысты.  Бірақ  циньдік  Қытайдың  Приамурьедегі  аран-
датулары,  цинь  сарайының  Забайкалье  мен  Туваға  байланысты  дау  шығара
бастаулары Ресейдің Жоңғария  жөніңдегі  саясатың  өзгертті.  Патша  өкіметі
Орталық Азияда Цинь империясына қарсы тұра  алатын  жоңғар  хандығының  өмір
сүруіне мүдделі болды. Сонымен қатар  орыс  үкіметі  және  жергілікті  әкім-
шілігі егер Қазақстанды жаулап атар болса, ойрат  мемлекетінің  тым  күшейіп
кететінінен  де   қауіптенді.   Міне,   сондықтан   да   орыстар   өздерінің
Қазақтандағы ықпалын  күшейтіп,  оны  өздерінің  одақтас  мүдделер  аймағына
айналдарып, Жоңғариямен соғыс  бола  қалған  жағдайда  оның  адамдарын  және
материаддық игіліктерін пайдалануды көздеді.
     Дегенмен, егерде екі көшпелі мемлекеттердің қарым-қатынастары тек озара
жауласудан ғана түрды дер болсақ, шыңдыққа қиянат жасар  едік.  Тіпті  бұлай
емес. Олардың арасында үзақ мерзімдерге созылған, бейбітшілікке  негізделген
байланыстар, екі  жаққа  да  пайдалы  сауда-саттық  жан-данған  кезендер  де
болғанын  жоқка  шығара  алмаймыз.  Тіптен  соғыстың   өзі   де   серілікгің
нышандарынан, адал шайқастардан түрды. Қатты ашынған  кездердің  озінде  екі
жақта  қолға  түскен  тұтқындарын  өлтіріп  тастаудан  аулақ  болып,  бейбіт
келісімдер жасалған сайын оларды  айырбастап  қайырып  отырды.  Яғни,  қазак
және жоңғар хандықтарының өзара қарым-қатынас  тарихы  бұл  екі  мемлекеттің
сол замандардағы күрделі де  шытырман  омірлерінің  нақтылы  көрінісі  болып
табылады.
       3.Батыр-билер жауға қарсы тойтарысты  ұйымдастырушылар.  Жоңғар-қазақ
мемелекетінің   соғыстарын   қорытып   айтсақ,   қазақтардың    жоңғарлармен
соғыстарының сан қырлы салдарлары болды.  Жоңғар  феодалдарының  Қазақстанға
және Орта  Азияға  басқыншылықтары  кезінде  сәулетті  қалалар  талқандалып,
көшпенділердің  түрмысы  күйзеліп,  сан  мындаған  бейбіт   халық   қырғынға
үшырады.  Басқыншылар  малдарды  мыңдап  айдап  әкетті,  түгін  тартса  майы
шығатын қүнарлы жерлерді тартып алып, нәрсіз тақырға айналдырды. Сауда  және
керуен  жоддары  да  елсіз  қалып,  қаңырап  жатты.  Осынау  қанды-қырғынның
өзіндік  ғибраты  болғанын  да  мойындаған  жон:  екі  ғасыр  бойына  дерлік
созылған  Жоңға-риямен  күрес  қазақ  халқының  үлттық  сана-сезімінің   өсе
түсуіне үлкен ықпал жасады.
       Ойрат мемлекеті Қазақ хандығына қарағанда мемлекеттік орталықтандыруы
жағынан жоғары денгейде түрды. Жоңғария билеушілерінің қолында  аса  қуатты,
тәртіпті және қарақұрымдай қаптаған әскер болуының бір себебі де осында.
       Сондыктан қазақ әкімдері әшейін де әдетке  айналған  өзара  қыркыстан
бас тартып, үлттың қүрып кету  қаупі  төнген  қатерлі  сағатта  жауға  қарсы
күреске жұмылып үйымдасуға  мәжбүр  болды.  Баскаша  айтар  болсақ,  Жәңгір,
Тәуке және әсіресе Абылай басқарған кезендегі Жоңғария басқыншылыгына  қарсы
күрес Қазақ мемлекетінің қалыптасып, нығая түсуіне ықпал  етті.  Шайқастарда
екі  жақтың  да  жауынгерлік  шеберліктері   шындалды,   әскери   тактикалар
жетідцірілді. Жоңғарияға карсы күрес ұлы даладағы қоғамдық  қатынастарға  да
өз  әсерін  тигізбей  қойған  жоқ.  Жоңғарлармен   ұрыс   дала-сында   қазак
батырларының жаңа үрпағы өсіп шықты және олар қоғамдық өмірде ықпалды  күшке
айналды. Соғыс барлық әлеуметтік процестердің шапшаң  өркендей  түсуіне  жол
ашты.
                              Бекіту сұрақтары:
1. Отан соғысының басталуының себебін айтыңыз?
2.Шешуші шайқастар балған жерлердіатаңыз,  олардың  тарихи  маңызы  қандай
болды?
3.Батыр-билер жауға қарсы тойтарысты ұйымдастырушы батырларды атаңыз

Дәріс №3 ХҮІІІ ғ. бірінші жартысындағы қазақ  хандығының  ішкі-сыртқы  саяси
жағдайы және көрші елдермен қарым қатынасы.
     Негізгі ұғымдар: Аманат, керуен  саудасы,  казактар,  Орда,  шекаралық
барымта.
     Мақсаты: Әбілқайыр хандығының ішкі-сыртқы жағдайларының  себебін  ашып
көрсету.  Ресей  патшалығының  Қазақстанға  деген  мүлдесінбілдіру.  Қазақ
хандығының сырты-ішкі саяси жағдайларына саралау.
                                   Жоспар:
1.Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келісөздері.
2.Әбілқайыр ханның отарлаушы әкімшілікпен  қарым-қатынастардың шиленісуі.
3.Қазақтар мен Ресей қарым қатынасы.
       1.Әбілқайыр ханның  Ресей  патшалығымен  дипломатиялық  келісөздері.
Аңырақай  шайқасынан  кейін  қазақ  билеушілері  арасында  жіктеліс  туды.
Деректемелерде  шайқасқа  қатыскан  сұлтандардың  мінез-құлқындағы  мұндай
келіспеушіліктің себептері туралы айтылмайды. Одан кейін көп ұзамай сұлтан
Әбілмәмбеттің  қазақ  хандарының  ордасы-Түркістанға  көшіп  кеткені,   ал
Әбілқайырдың асыға көшіп, орыс шекараларына  бет  алғаны  мәлім.  Аңыракай
шайқасынан  кейін  қазақ   хандары   мен   сұлтандары   арасындағы   жікке
бөлінушілікке жоғарғы билік үшін күрес негізгі себеп  болды  деп  санаудың
негізі бар. Тәукенің ұлы, қайтыс  болған  аға  хан  Болаттың  орнына  Орта
жүзден - Сәмеке, Кіші  жүзден  Әбілқайыр  үміттенді.  Көпшіліктің  тандауы
Әбілмәмбетке түсті. Сәмеке мен  Әбілқайыр  өздерін  елеусіз  калдырды  деп
тауып, шайқас алаңынан кетіп  қалды,  сол  арқылы  қазақ  жерлерін  жоңғар
басқыншыларынан азат етудің ортақ ісіне оңдырмай соққы берді.
       Жоңғар  әскерлері  шапқыншылық   жасаған  жылдар  қазақтар  тарихына
«Ақтабан шұбырынды» жылдары болып еніп, қазақ жүздерінің экономикалык және
саяси өмірінде ұзак уакыт бойы терең із қалдырды.
       Қазақтар материалдык және адам жағынан шығындарға ұшырап қана қойған
жоқ,  сонымен  қатар  уакытша  Жетісудағы  бай  жайылымдарынан   айырылды.
Ғасырлар  бойы қалыптасқан көшіп-қону бағыттары бұзылды,  Сырдария  ауданы
мен Жетісудағы егіншілік мәдениетінің  ошақтарын  жойып  жіберілді.  Қазақ
руларының  жайылым  іздеп  батысқа  және  солтүстік-батысқа  ығысуы  үлкен
қиыншылықтарға  ұштасты.  Ол  Жайық  пен  Еділ  арасындағы  көшіп  жүретін
кеңістік туралы мәселені шиеленістірді,  қалмақтармен  және  башқұрттармен
үздіксіз  қақтығыстарға  әкеп  соқты.  Жоңғар  феодалдарының  Қазақстанның
оңтүстігіндегі қалаларды басып алуының қазақ қоғамының  экономикалык  және
мәдени өмірі үшін елеулі зардаптары болды. Қазақ рулары сауда және қолөнер
орталықтарынан  бөлініп  қалды,  ірі  феодалдар  қала  халкынан  алым  алу
мүмкіндігінен айырылды.
       Жоңғарлардың шапкыншылығы казак жүздері арасындағы, әсіресе Кіші жүз
бен Орта жүздің Ұлы жүзбен шаруашылык-саяси байланыстарын  әлсіретті.  «Ал
Үлкен орда олардан алыс жерде Бұхараға карай көшіп жүр және ол  Орта  және
Кіші ордалармен қатыспайды,  олардың  хандары  да  бөлек».  Мұндай  жағдай
феодалдык бытыраңкылыктың күшеюіне және Тәуке билік еткен жылдарда  бастау
алған мемлекеттік  билікті  орталыктандыру  негіздерінің  бүзылуына  ыкпал
етпей қоймайтын еді.
       Жоңғар хандығына карсы күрес барысында Кіші жүз бен  Орта  жүз  жеке
иеліктерге бөлініп кетті. Ұлы хан деп саналған Әбілкайыр өз билігін  тіпті
бүкіл Кіші жүзге де жүргізе алмады. Одан баска онда Кайыптың баласы  Батыр
сұлтан мен Әбілкайырдың баласы Нұралы сұлтан билік етті.
       Орта жүзде өз хандары болды. Олардың ішінде  белгілілері  —  Сәмеке,
Күшік.  Соңғысы  наймандардың  едәуір  бөлігінін  ханы  болды  және   орыс
шекарасынан алыста көшіп жүрді. Орыс шекарасына  Сөмеке  ханның  коныстары
жакынырақ орналасты.  Олардан  баска  Орта  жүзде  Әбілмәмбет  және  Барақ
сұлтандардың ыкпалы зор болатын.
       Жоңғар баскыншылығы казак  коғамының  әлеуметтік  қатынастарында  да
терең із калдырды. Елдің каңыратылып, күйзелтілуі  кедейлер  —  байғұстар,
коңсылар, жатактар және басқалар санын көбейтті. Дербес шаруашылык жүргізу
мүмкіндігінен айырылған олар бай мал иелерінде бакташылар, үй кызметшілері
ретінде жұмыс істеуге  мәжбүр  болды.  Олардың  көбісі  тіршілік  көздерін
іздеп, батыска, орыс шекараларына кашты. Бірақ бұл жерде  де  олардың  шеп
өңіріндегі казактарға немесе шекарадағы орыс коныс аударушыларының аукатты
шаруашылықтарында  батырак  болуына   тура   келді.   Тағдыр   Орта   Азия
хандыктарынан баспана іздеуге мәжбүр еткендердің  жағдайы  да  нақ  сондай
еді.
       Казақтардың 1730  жылғы  Аңыракайдағы  жеңісіне  карамастан,  Жоңғар
хандығының жаңадан шабуыл жасауынын тікелей кауіп-катері жойылмады.  Билік
басына қазак хандықтары жөнінде тым баскыншылык саясат  жүргізген  Галдан-
Цереннің келуі, мұндай шабуыл каупінің күшейгенін  көрсетті,  оның  үстіне
казак хандарының өздері де, соның ішінде Әбілкайыр да,  жоңғар  феодалдары
түткынға алған тайпаластарын қайтару ниетінен бас тартпайтын.
       Казак хандықтарының Бұхарамен және Хиуамен  катынастары  шиеленіскен
күйінде калды. Рас,  30-жылдарға  қарай  казак  билеушілерінің  Орта  Азия
хандыктарымен кайшылыктары біршама бәсеңдеуі мүмкін болды.
       Қазақ хандыктарынын  еділ  калмактарымен  және  башкүрттармен  езара
катынастары күрделі болып кала берді. Әбілқайырдың башкұрт  ақсақалдарымен
шапкыншылыкты токтату туралы келіссөздері  табыска  жетпеді.  Кіші  жүздің
батыстағы шекарасында бейбітшілікке кол жеткізу Әбілқайыр ханның ең  басты
сырткы  саяси  міндеттерінің  біріне  айналды.  Басты  дұшпан   -   Жонғар
хандығымен күресуге қолды босату үшін бұл өте қажет болатын.
       Қазақ хандыктары билеушілерінің алдында маңызды  да  күрделі  міндет
–қазақ жүздерін  сыртқы  жаудан  қауіпсіз  ету  және  елде  күшейе  түскен
феодалдық бытыранқылық үрдісін жою міндеті тұрды.
       Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен  Еділ
калмактарының, башкұрттардың, Жайык және  Сібір  казактарының  коршауында,
шын мәнінде экономикалық оқшаулау, ұлы империяның тұрақты  қысым  көрсетуі
жағдайында бола  отырып,  казак  жүздерінің  билеушілері  Ресей  империясы
сияқты одактас іздеуге мәжбүр болды.
       2.Әбілқайыр  ханның  отарлаушы   әкімшілікпен    қарым-қатынастардың
шиленісуі.
       Бір жағынан, ыкпалды сұлтандар, ақсақалдар арасында, екінші жағынан,
үш жүз бірлестіктерінің іс жүзінде тәуелсіз хандары арасында  тамыр  жайып
алған араздық халықты топтастыру, біртұтас халықтық жасақ кұрудың  бұрынғы
дәстүрін қайта жанғырту жөніндегі күш-жігерді жоққа шығарды.
       Осындай  өте  киын  жағдайларда  Петербург  сарайынаж  үгінуге   өзі
бастамашы болудың, сол кезде-ак  ыдырап  кеткен  біріккен  казак  одағының
сыртқы саяси бағдарында түбірлі бетбұрыс жасау жауапкершілігін оз  мойнына
алудың жөне ойрат күштерінің бейбіт  ауылдарға  кезекті  жой-кын  шабуылын
күтпей, орыс императрицасының  кезкарасын  айкындау-дың  күрделі  миссиясы
Әбілкайыр ханнын еншісіне тиді.
       XVIII ғасырдын 20-жылдарына дейін сұлтан  болып  жүрген  кезінде-ак,
Әбілкайыр орыстың дипломатиялык топтарына едәуір белгілі  болатын.  «Акылы
жеткілікті және қулыктан да ада  емес  адам»,  –  деп  ол  жөнінде  А.  И.
Тевкелев осындай пікір  айтқан.  Ол  ең  алдымен  казак  мемлекеттілігінің
стратегиялык   мүдделерін   басшылықка    алып,   екінші   жағынан   Ресей
әкімшілігіне сүйене отырып, озінің баска бөсекелестерінен  жоғары  болуға,
оларды саяси аренадан ығыстырып  шығаруга  ұмтылды,  атакты  Тәуке  ханның
заманында болғанындай,  озі  біріккен  хандыктын  жеке-дара  басшысы  болу
мақсатымен, халықка касіретті зардабын тигізетін ойрат баскыншылығына  жол
бермеу үшін күш пен мүмкіндікті біріктіругеты-рысты.  Осы  міндеттерді  іс
жүзіне асыруға ұмтылған ол 1730 жылдын  жзында  Уфа  наместниктігі  аркылы
Петербургке өз елшілігін жіберіп,  Ресей  императрицасынан  өзін  ұлысымен
бірге  Орталык  Азияның  көптеген  үлкенді-кішілі  халыктары  камкорлығына
кірген Ресей империясынын бодандығына кабылдауды өтінеді.
       Сол кезге карай Петербургтің дипломатиялық  кызметі  елдің  Азиядағы
саясатының негізгі бағыттарын айкындайтын елшілік құжаттарын  әзірлеу  мен
шығыс елдерінің екілдерін қабылдау жөнінде едәуір көп тәжірибе  жинақтаған
еді.
       Аюкенін еділ қалмақтарын, Кабарда кіняздігін, грузин  билеушілерінің
жерлерін  Ресей  құрамына  қабылдау  Сырткы  істер  алкасы   дипломатиялык
қызметінің өрісін едәуір кеңейтті, бұл  жолы  да  Әбілкайырдың  елшілігіне
барынша кұрмет кәрсетілді,  оның  Құтлымбет  Коштаев  бастаған  7  адамнан
тұратын елшілері кұрметпен кабылданып, бағалы сыйлыктар  тартыл  ды,  дала
оніріне Сырткы істер алкасының  тілмашы  А.  И.  Тевкелев  бастаған  үлкен
комиссия косылып, әскери күзетертіліп кайтарылды, олардың ішінде «жерлерді
сипаттау ушін  жіберілген  екі  геодезист  –Алексей  Писарев  пен  Михайло
Зиновьев  болды.  Ол  дәуірдегі  құжаттар   А.И.  Тевкелевтің  мемлекеттік
қызметке кірген уакытын көрсетуге мүмкіндік бермейді.  Оның  Сырткы  істер
алқасына алынуы I Петрдің  1722  жылғы  парсы  жорығынан  біршама  ертерек
болғаны анық. Оның үстіне А. И. Тевкелев үшін «шығыс  сөздерінің  тілмашы»
кәсібі әсте де жаналық  болмаған,  «...Әр  түрлі  қағаздарында»  оның  өзі
жазғанындай, оған дейін де ата-бабалары  өздерінің  тамаша  лингвистикалык
білімін Мәскеудің елшілік приказында қолданған.
     Петрдің мемлекеттік кызмет мектебінен еткен А.  И.  Тевкелев  кейіннен
оның өзі мойындағандай, жоғарылап, наградалар алуға үміттенген,  бұл  «ұлы
мәртебелі императордың кайтыс болуы себепті» жүзеге  аспай  қалған.  Қазақ
елшілігін Кіші  жүзге  кері  қайтаратын  күні  А.Тевкелевке  12  тармақтан
тұратын, мазмұны қызықты «Нұскау» табыс етілді. Төрт парақтың  екі  бетіне
қолмен айдақтатыла жазылған бұл құжат дипломатиялық миссия үшін өзінше бір
іс-қимыл  бағдарламасы  болған.  «Нұсқау»  негізінде  ол  арнайы  «Журнал»
жүргізген, соның арқасында императрицаның грамотасын кабылдау кезінде  де,
Кіші жуз бен Орта  жүзде  ішкі  саяси  жағдайдың  одан  кейінгі  шиеленісу
кезеңінде де хан ордасында қалыптасқан  нақты  жағдайдын  қандай  болғанын
көрсетуге мүмкіндік бар.
     «Шығыс тілдерінің тілмашы Мамет Тевкелевке оны қырғыз-қайсақ  ордасына
оларды Ресей бодандығына келтіру үшін жіберген кездегі Мемлекеттік  сыртқы
істер алқасынан нұсқау» - оның бұдан кейінгі  мансабында  және  қазақ-орыс
өзара қатынастарының тарихында терең із  қалдырған  ішкі  саяси  ведомство
нұскауларының толық және ресми атауы осындай.
     А. И. Тевкелев сапарының негізгі  мақсатын  нақтылай  түсу  тұрғысынан
алғанда «Нұсқаудың» үшінші  тармағы  өте  бағалы,  онда  Ресей  бодандығын
қабылдау мәселесінде  хан  төңірегінде  алауыздыктар  анықталған  жағдайда
дипломаттың  еркін  нұскалар  тандау  жоспарының  болуы  түсінігіне   кілт
берілді: «...хан мен аксакалдардың және баска да кырғыз-қайсақтардыц бүкіл
нанымы бойынша өз антына адалдығы Алкоранда көрсетіліп,  оған  қол  койып,
оны Тевкелевке беретін болсын.  Ал егер хан және басқалар одан  бас  тарта
бастаса, оларды оған Тевкелев көндірсін».
     3.Қазақтар мен  Ресей  қарым  қатынасы.  Петербургте   хан  өкілдеріне
кейбір  көтермелеу  белгілерін  беру  одан  кейін  Ресей  императрицасының
меймандостығы мен ілтипатының міндетті белгісіне айналды. Бұл жолы да сый-
сыяпатсыз болған жоқ, кейініректе оған Нұралы хан да,  атақты  Абылай  да,
Әбілқайырды өлтірген Барак сұлтан да  ашықтан-ашық  кол  жеткізді.  А.  И.
Тевкелевтен Анна Иоанновнаның  атынан  тартулар,  «атап  айтқанда:  кылыш,
булғын тон, қара түлкілі екі бөрік, мәуіті және «басқаларын» беріп  жібере
отырып, Сырткы істер алқасы оған ханға  оларды  Әбілқайыр  «адалдыкка  ант
бергеннен» кейін ғана тапсыруға катаң өкім етті.
     Империяның ішкі губернияларына неғұрлым жакын  орналаскан  Кіші  жүзге
дипломат жібергенде, укіметте ол жөнінде жеткілікті  акпарат  болтан  жок,
тек Казакстанның солтүстік-батыс аудандары туралы Сырткы  істер  алқасының
кеңсесінде жинакталғандардың бәрі алдын ала  алынған,  үзік-созык  сипатта
болғанын ғана айтуға болады, ал А. И.  Тевкелев  дипломатиялык  тәжірибені
сонда жинактаған еді. «Нұскауда» оған «кырғыз-қайсақтар туралы  мәліметті»
жазып алу, «елдің орфографиясын,халыкка  бодандықтың  ұнайтын-үнамайтынын,
оның көршілері кімдер екенін... өздері зенбіректер кұя білетін-білмейтінін
зерттеу...» міндеті жүктелді.
     Белгілі тарихшы Н. А. Маев жүз елу жыл өткен соң, өзі  жинаған  дерек-
тер негізінде даладағы істің жайы туралы да,  халыктың  салты  туралы  да,
тіпті оныңтілектері  туралы  да  сенімді  мәліметтері  болмай,  жорамалмен
әрекет еткен үкіметтің кезкарасын сын көзбен бағалады.
     5 казанда А. Тевкелев Ырғыз өзеніндегі хан ордасы  орналаскан  Майтөбе
сайына келді. Атакты мейманды бастап жүруді хан үлкен  баласы,  тәжірибелі
жауынгер, әкесінің қызметін  түгелдей  қолдаған  Нұрмұхамед-Әли  Баһадүрге
(Нұралыға) тапсырды. Алайда Ұлы  даланың  тілі  де,  Әдетғұрпы  да  жақын,
түсінікті болған бұрынғы татар мырзасының күрделі дипломатиялык мансабының
алғашкы кадамдарының өзі  көрнекті  аксакалдардың,  сұлтандардың  аса  зор
карсылығына ұшырады, олардың көпшілігі «бәрі өтірік»  екенін  біліп  алып,
орыска бодандық туралы есіткісі де келмеді, «ханды соқыр  тиын  сиякты  да
көрмеді». Ашык оппозиция катты ренжіткен А. И.  Тевкелев  үнжырғасы  түсіп
кеткен   Әбілқайырдан   оның   императрицаға   өтініші   бүкіл    «кырғыз-
кайсақхалқынын.» келісілген кадамы деп «оның елшілері Мәскеуде соз жүзінде
не үшін дұрыс ұсыныс жасамағанын», бұл  өз  окілеттігін  асыра  көрсетудің
көрінісі емес пе, «ал казір өтірік болып шығып отыр, демек  оны  бір  өзің
істегенсің» деп маза-лай бастады. Күзеттегі  бір  башқұрт  та  оған  ханға
карсы топтардың келіссөзді сәтсіздікке үшыратып, грамотаны кабылдауға  жол
бермеу ниетінде екенін ескерткен болатын. Башкүрттар соның ішінде кейіннен
Ресейге адалдығы үшін тархан атағы берілген  Таймас  Шаимов  табын  руының
даңкты батыры Бәкенбайдың, оның күйеу баласы Есет батыр мен  немере  інісі
Күдайменді мырзаның колдауға уәдесін алуды ұсынды, оның  пікірінше,  бұлар
«барлык аксакалдардан жаксы әрі күшті адамдар және  байлығы  мол...  солар
аркылы оған, Тевкелевке пайда келеді». Тевкелев өз калауымен  әрекетжасап,
«тәуелсіздікті корғаушылардыңбірнешеуін өзіне каратып алды».
      Бөкенбай тобының колдауы жағдайды бәсеңдетті. Сатып алу, сөз байласу,
ал кейде өзінің  Ресей  империясының  сенім  білдірген  адамы  екенін  айтып
коркыту  аркылы  Тевкелев  өзінің  бұдан   кейінгі   әрекеттерінің   негізін
нығайтуға  және  хан  ордасындағы  күштердің  аракатынасын   езгертуге   қол
жеткізді. «Мен барынша  томеншіктеп,  жан-тәнімді  салып,  өз  отаныма  адал
кызмет көрсетуге деген жалғыз-ақтілекпен, екі жылға жуык  уакыт  бойы  үнемі
өлім каупіне бас тіге  жүріп,  аштыкка  шыдап...  оның  үстіне  бүкіл  кабі-
летімді жұмсап, бүкіл орданы кондірдім, осындай бақытка толы  табыспен  және
осындай уакытта, дәл бодандықка келтірдім...», – деп жазды кейініректе  А.И.
Тевкелев.
      Бірінші болып бодандыкка  Әбілкайыр  хан  ант  берді,  оған  Бөкенбай
аксакал,  содан  сон  Есет  батыр,  Кұдайменде  мырза  косылды.  Сол   арада
адалдыкка 27 аксакал ант берді. Сонымен казіргі кейбір басылымдарда  жазылып
жүргеніндей, 27 емес бастапкыда антты ханнан баска аксакал аталатын 29  адам
бекітті.
      Қазақтың үш жүзіне хан  бола  алмаған  Әбілқайырдың  шекарадағы  орыс
жеріне бірнеше рет  шапқыншылық  жасауы,  башқұрттарды  орыс  жерінен  бөліп
алуды  көздеген  мақсаты  Кіші  жүз  халқының  Ресеймен   келісімі   тұрақты
болмағандығын көрсетеді.Сөйтіп тұрақты саясат  жүргізе  алмаған  хан  кешегі
досы Ресей отаршыларының келісімі лен  Барақ  сұлтанның  қолымен  өлтірілді.
Ал,Әбілқайырды қолдап,  Ресейдің  бодандығына  қол  қойған  рубасылар  патша
тарапынан алған сый-сияпат, шекпен кигеніне мәз болды. Өз басының  дәрежесін
ойлаған Әбілқайыр да, болмашы сыйлыққа мәз, болған ру  басылары  да  болашақ
ұрпағының   қамын   ойламағандықтарын   өз   істерімен   дәлелдеді.Сондай-ақ
қарапайым халық өкілдері Бөгенбай,  Жәнібек  батырлар  бұл  келісімді  бодан
емес,  әскери  одақ  деп  ұққаны  анық.  Өйткені,шындығында,қазақ  халқы  өз
еркімен басқа ұлтқа құл болуға келіседі.Бодан болу  деген  сөз  құл  болумен
пара-пар.
      Күрделі де мазасыз жағдайда басталған бұл тарихи үрдіс  XIX  ғасырдың
50-60-жылдарында әскери-мәжбүрлеу құралдарымен аяқталды, дегенмен алдын  ала
атап өтейік -Маңғыстаудың баруға қиын аудандарында көшіп жүрген адайлар  мен
баска да  кейбір  ру  бөлімшелері  XIX  ғасырдың  80-жылдарына  дейін  Ресей
империясының билігін мойындамады.
      Әбілқайыр хан дегеніне жетті, сойтіп императрицаның грамотасы  заң-ды
күшіне  енді.  А.Тевкелев  те  хан  төңірегіндегілер  ризашылығына  бөленіп,
көшпелілердің  көпшілік  бөлігіне  жек  көрінішті  болып,  өзіне   жүктелген
миссияны орындады, бұл туралы мәліметтер даланың  алыс  түкпірлеріне  едәуір
кешігіп, «ұзынқұлақ» аркылы ауызекі айтылуда орасан  өсіріліп  жетіп  жатты.
Жасалған фактіге Орта Азияның түрік иеліктері, өсіресе  Хиуа  хандығы  қатты
аландады, мұны Орталык  Азияның  мұсылман  елдері  шептерінің  әлсіреуі  деп
санады.
      3.Қазақтар мен Ресей қарым  қатынасы.Солай  бола  тұрса  да,  алғашкы
табыстарға арка сүйеген А. И. Тевкелев  біртіндеп  жергілікті  өмірге  еніп,
таныстар аукымын кеңейтетүсті. Кіші жүз  ханының  мақұлдауға  уәдесін  алып,
Сырткы істер алкасының «Нұскауында» көзделгеніндей, көршілес  жерлердің  ант
беруі үшін негіз дайындады. 1731 жылғы 19 желтоксанда ол Әбілкайырды  Нұралы
сұлтанды  «оның  да  Ресей  империясының  бодандығында  болуы  үшін»  Хиуаға
жіберуге көндірді. Алайда  1732  жылғы  2  наурызда  кайтып  оралған  Нұралы
алаңдататын хабар әкелді: Хиуа «асқан зор наразылық  пен  ашуыза»  білдіріп,
болып жатқан окиғалардың мәніне катты аландаушылык танытқан.  Хан  мен  орыс
дипломатының,  соңғысы  Петербургке   қайтқанға   дейінгі   өрекеттері   осы
жағдайлармен шектеледі.
      Қазіргі уақытта Қазақстан Ресей империясының бір бөлігі болған кезден
бастап халқымыздың жүріп өткен тарихи  жолы  деректі  деңгейде  қайтадан  ой
таразысынан өткізілуде.Тарихшылар Қазақстан үшін дамудың басқаша жолы  болды
ма, оның мәні қандай болуы мүмкін деген сауал төңірегін қарастыруда.
      XVIII  ғасырдың  орта  шенінен   бастап   бұл   мәселеге   байланысты
тарихнаманың   даму    динамикасмн    сипаттайтын    көптеген    материалдар
жинақталған.Әр  кезеңде  бұл  үрдісті  өзінше  қабылдау  мен  бағалау   орын
алған.Көріп отырғанымыздай, бұл мәселелерді көрсетуде - қосылудың оңды  және
келеңсіз салдарларына әділ талдау жасау  сияқты  көптеген  сұрақтарға  жауап
берілмеген. Қазақстан өміріндегі тәуелсіздігі  мен  дербестігінен  айырылған
сол кезеңнің шынайы жағдайын білу үшін, әрине, кешенді талдау және  сараптау
қажет.
      XVIII ғ. 30 жылдардың өзінде Ресей патша үкіметі қазақ даласын өзінің
иелігіне  алып,  оның    сыртқы  жағдайының  қауіпсіздігін  қамтамасыз   ете
алатындай кепілдігі болмады. Оны   1735-1740  ж.ж.  Башқұрт  көтерілісі  мен
XVIII   ғ.  30-40  жылдары  қазақ  жүздерінің   Жоңғарлармен  соғысының  өзі
Ресейдің қазақ даласына деген өздерінің қорғаушы ретіндегі ұстамдарының  өте
әлсіз  болғандығы.   И.  Ерофеева  пікірінде  негізделген  И.Ерофеева   “Хан
Абулхаир: полководец, правитель и политик”А;  Сонат  1999.  (223  б.)  Мұнан
шығатын қорытынды өздерінің қол астына қарауға ант берген.  Қазақ  даласының
кіші жүзі мен орта жүздерінің ішкі саясаты мен билігіне  еркін  тез  араласа
алмады. Сондықтанда  XVIII  30-40  жылдарында  Орынбор  әкімшілігінің  қазақ
хандары мен  ықпалды  сұлтандары  жеке  қарым-қатынастарын  жақсарту  арқылы
жергілікті  орыс  шенеуліктері  қазақтарға  ықпал  ететін  жол   ашар   әдіс
айлаларды анықтау тәсіліне  көшкен  болатын.А.И.  Тевкелев  сөзімен   айтсақ
“қазақтарға ноқта салу” жолдарын іздестірді деп  И.Ерофеева  “Хан  Абулхаир:
полководец, правитель и политик”А; Сонат1999. (223 б.)
          И.Ерофеева әділ айтқан болатын“Хан Абулхаир: полководец, правитель
и политик”А;  Сонат1999.  (305  б.)  оған  қосарымыз  тек  ханменен  ықпалды
сұлтандармен ғана емес қазақ даласында  қара  халық  қолдауына  кіріп,  ішкі
саясат пен билікте орыс патша үкіметінің билігіне  алмастыруға  қол  жеткізу
жолдарының бірі қарадан щыққан халыққы жақын белгілі ыпалды батырларды  орыс
патша үкіметінің қазақ даласының саясаттарына тарту болатын.  Бұл  әдістерін
жүзеге  асыруға  болады  деген   байлам   жасаулары   болса   керек.   Ресей
экономикасының дамуына  серпін  беретін  капитал  қазақ  даласында  құйылған
болатын ешқандай шығын шығармай таза пайда тауып отырған болатын.
       Қазақтан кіші жүз ханы Әбілқайырдың 1736-1738ж.ж.  Башқұрт  жеріндегі
көтеріліске қатысуының өзі 1737  жылғы.  Башқұрт  көтерілісін  басуға  патша
үкіметіне көмегін жонған. Әбілқайыр ханды Орынбор  комиссиясы  В.Н.  Татищев
Әбілқайыр ханның башқұрт көтерілісін басып өзінің үшінші ұлы Қожахметті  хан
сайламақшы саясатын түсініп қалып,тілмаш Арсалан Бахметов арқылы  алғыс  хат
жалдап, Ресей патша адалдығы үшін көп сый  сыйапат  тарту  таралғымен  қатар
100 руб күміс ақша беріп тоқтатудағы өте нәзік  мәменгерлік  саясатының  өзі
.И.Ерофеева “Хан Абулхаир: полководец,  правитель  и  политик”А;  Санат1999.
(224 б.)
            Қазақ хандығының әліде дербестігін  Ресей  патша  үкіметіне  сөз
жүзінде ғана бағыныштылығын көрсетті. Сол  кездегі  Ресей  патша  үкіметінің
өзіне қосылған бодан елдердің ішкі  сыртқы  мәселелерін  шешу  мен  реттеуде
әліде дәрменсіз екендігін дәлелдеп берді.
            Сондықтанда  қазақ  башқұрт  тархандарын  ұлықтау   арқылы   хан
сұлтандар арасында баланс тепе- теңдік  жасау  идеясына  түрткі   болғандығы
туралыда ой келеді.
            XVIII ғ. 1 жартысында Шақшақ  Жәнібек пен Есет батырға тархандық
шен  беруінің  бір  себебі  И.Ерофеева  дерегінен  көреміз.Кіші   жүз   ханы
Әбілхйырдың иелігін басқарып ұстауда  болды. Хан Әбілқайыр ықпалы  XVIII  ғ.
30-40 жылдары бір қалыпты болып саяси тұрақтап  қана  қоймай,  бекіп,  нығая
бастады.  И.Ерофеева  “Хан  Абулхаир:  полководец,  правитель  и  политик”А;
Сонат1999.(232  б.)  Сол  кезде  Әбілқайыр  ханды  қолдаған  рулар  шектілер
Аралдың солтүстік шығысын қоныстанған. Сонымен қатар байұлдары, рулары  оның
басында Нұралы сұлтан тұрды. Жетіру рулары оның  басындабелгілі  батыр  Есет
болды.Керей орта жүз рулары басында билікте екінші баласы Ералы сұлтан  және
арғындардың көп бөлігі болды.  Оның  басында  Әбілқайырды  қолдайтын  атақты
орта жүздің батыр биі Шақшақ  Жәнібек ықпал етті. И.Ерофеева “Хан  Абулхаир:
полководец, правитель и политик”А; Санат1999.
            Кіші жүз бен  орта  жүз  руларын  қоса  иелігіне  ұстап  отырған
Әбілқайыр  хандығына  сыналап  кіру  үшін  беделді  белді  билік   басындағы
сұлтандардан хан баласынан басқа батыр би Шақшақ Жәнібек   пен  Тама  Есетке
тархандық  беру  арқылы  Әбілқайыр  хандығының  іргесін  босатуды   көздеген
саясаттар да қылаң етуі негізсіз еместі.
                              Бекіту сұрақтары:
     1.Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық  келісөздері  немен
аяқталды?
     2.Әбілқайыр   ханның   отарлаушы   әкімшілікпен     қарым-қатынастардың
шиленісуінің себептері неде?
     3.Қазақтар мен Ресей қарым қатынасының саяси сипаты қандай болды?


     Дәріс №4 ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай.
     Негізгі ұғымдар: Бодандық, протекторат, мәмлегерлік, елші,  Орда,  Кіші
жүз, шекара барымтасы.
     Мақсаты:  Әбілқайырханның  саяси  мемлекеттік   қайраткерлігін   тарихи
еңбектер  негізінде  саралау.  Қазақ  хандығының  ХҮІІ   ғ.   Саяси   сыртқы
мәселелеріне талдау жасау арқылы көрші елдермен  қатнастарының  саяси  мәнін
анықтау.
      Жоспар:
1. Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторлығын қабылдауы.
2. ХҮІІІ ғ. 40 жылдарындағы  Қазақ-ойрат қатынастары.
3. Әскери бекініс шектерінің салынуы.
4. Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары.
5. Қазақстан даласындағы Ресей саясаты.
     1.Әбілқайырханның саяси мемлекеттік  қызметі.  Әбілқайыр  хан  –  XVIII
ғасырдың бірінші жартысындағы  тарихымыздың  аса  ірі  тұлғасы.  Қолбасшылық
талантымен саяси көрегендігі, мәмлегерлік шеберлігі күрделі  тарихи  кезенде
көзге түсті. Әбілқайыр ел басына күн туған ауыр заманда қазақ  жасағына  Бас
қолбасшы сайланып, жан-жақтан аңталаған жауға тойтарыс берді.
     ХІХ-ХХ ғасырдың екінші жартысында Әбілқайыр  қазақтарды  Ресейге  бодан
етті деген де, алдымен Әбілқайыр  ханның  1730  жылғы  Анна  патшаға  жазған
хатын дәлел етеміз. Әрине, Әбілқайырдың 1731-1732 жылғы хат жазғаны да,  ант
бергені де шын, бірақ, ол хаттың мақсатына, қүқықтығына  онша  көңіл  қоймай
жүрген сияқтымыз.
     Осы ойға байланысты  қысқаша  болса  да  белгілі  тарихшылардың  ғылыми
еңбектеріне токталайық. Ол туралы  академик  В.В.Бартольд  "В  1740  году  в
Туркестане утвердил свою Верховную  власть  последний  крупный  завоеватель,
вышедший из Персии Надир-шах". Ресей Әбілқайырға  ешбір  қолдау  көрсетпеді.
Содан соң орыс патшайымына берген анттын да, қабылданған  қүжаттың  да  күші
жойылды  деп  дәлелдейді   В.В.Бартольд:   "Принятая   Абылхайыром   русское
подданство не имел реального значения" дейді.
       В В.Бартольдтан кейін  алғашқылардың  бірі  болып  зерттеген  тарихшы
А.Н.Чулашников "Әбілқайырдың Ресейге бодан болу туралы келісімге  қол  қоюы,
бұл істің басы ғана емес қарапайым маңызы жоқ,  кеп  келісімнің  бірі  ғана"
деген қорьгтынды жасады. Көрнекті тарихшы Н.Г.Аполлова "Қазақ хандары  XVIII
ғасырдың басынан сыртқы саяси  жағдайдың  шиеленісуіне  байланысты  Тәукеден
бастап Әбілқайырға  дейін  Ресеймен  бейбіт  қарым-қатынасты  нығайтуға  қам
жасады2", дей келе  көпшіліктің  Ресей  бодандығына  қарсы  болуы,  жасалған
келісім-шартқа наразы болудың бірден-бір себебі, хан бұл мәселені шешуде  ез
билігін тым жоғарылатып жіберді.  Ханның  бұл  қадамын  старшина  мен  билер
бабаларынан келе жатқан әдет-ғүрыптарды бүзғандық  деп,  өздерінің  хандыққа
саяси биліктерін аяқка таптады деп түсінді" деген  болатын.  Қазақ  халқының
аса ірі тарихшысы Е.Бекмаханов қазақ елінің хат жазғаңда  бағыныштылық  емес
Қамқорлық туралы одақ ел болуды іздегені  дей  келіп,  "Ресей  патшасы  Анна
Иоановнаның іргетасында (подданство) бодан болу деген термин  қолданылмаған.
XVIII ғасырдың бірінші ширегінде бұл создің мағынасы  қазіргіден  бөлек.  Ол
кезде подданство деген сөзді қамқорлық деп түсінген, яғни  бұл  сөзді  өзіне
қаратып алу немесе отарлау деп түсінбеу керек деп жазды.
       Қазан төңкерісіне дейінгі тарихшылардың бірі  М.  Макшеев  былай  деп
жазады: "Мемлекет  шекарасы  сыртындағы  қырғыздар  (қазақтар)  бұрынғысынша
тәуелсіз болып  қала  берді,  ешқаңдай  алым-салық  төлемей,  Ресей  алдында
міндет атқармады" деп көрсетеді.
       Патша тарихшыларының кейбіреулері қазақтарға көршілері  қанша  қауіп-
қатер төндіргенімен Әбілқайыр сияқты игі  жақсылардың  себеп  сылтауы  билік
үшін күрес деген пікірді нды. Олар Әбілқайырды "Сұм да, зұлым", оның  уәдеде
тұруға ниеті де, мүмкіндігі де жоқ, қосылу дегені  кезекті  "шығыстың  айла-
шарғысы" деп есептеді.
       Мәселен, патша генералы М.Терентьев "халықтың басым көпшілігі өздерін
Ресей бодандығы деп есептемеген, егер Әбілқайыр жалғыз өзі  бодандыққа  уәде
берсе, онда патшаға жалғыз озі бодан болсын" деп жазады.
       XIX ғасырдағы белгілі тарихшылардың  бірі,  академик  Н.И.Веселовский
шығыстанушы  ғалым  ретінде  Қазақстанның  Ресейге  қосылуын  зерттей   келе
"Көшпенділердің  келісім   туралы   түсініктерінің   біздің   тусінігімізден
әлдеқайда айырмашылыгы бар. Олар ушін бодандық  дегеніміз,  ешкімді  белгілі
бір мемлекетке  ештеңеге  міндеттемейтін,  сондай-ақ  қазақтардың  пайдасына
шешілген  сауда-саттықтың  бір  келісімі  сияқты  әсер  етті   деді.   Яғни,
қазақтардың Ресей-мен жасаған келісімі көрші  екі  елдің  жайшылықтағы  бір-
бірімен алыс-берісі сияқты байланыстай-ақ көрінген.
       Белгілі ғалым В.В.Бартольд мынаны еске алған жөн дейді. Бодандық сөзі
сол кездегі  қалыптасқан  үғым  бойынша  кез  келген  екі  елдің  арасындағы
одақтастық шартта әлсіздеуі күшті мемлекеттің суверендігін  мойындауға  тиіс
санаған. Ал бодандықты нақтылы бағыныш  деп  есептемеген.  Мысалы,  академик
В.В.Бартольдтың   пайымдауынша,   "среднеазиатским   владетелям   подданство
казалосъ только выгодной сделкой,  благодаря  которой  слабейший  становился
под  покровительством  и  в  то  же  время  не  принимал  на  себя   никаких
обязанностей "} Осы пікірін анықтай  отырып  еңбегінің  келесі  бір  бетінде
"қыргыздардың (қазақтардың) бодан деген аты гана болган "г деп жазған.
      Сонымен  қатар  Қазақстаннан  тыс  жерлерде  кеңес  қоғамының  тарихы
жөнінде  объективтік,  шыншыл  еңбектер  бізде  емес,  Батыс  елдерінде   де
жазылғандығын ескерсек, бірқатар шетел тарихшылары да  өз  еңбектерінде  осы
тақырыпқа көңіл аударған.  Олар  Скайлер  (АҚШ  дипломаты),  Г.Бульжер  (XIX
ғасырдағы ағылшын тарихшысы), А.Боджер (Англия), Х.Сетов —  Утсон  (Англия),
М.Б.Олкотт (АҚШ), т.б. Сонымен атақты Әбілқайыр ханды түсіну  үшін  тағы  да
тарихшылар түйініне назар аударайық. Ол туралы  шетел  тарихшылары  не  деді
екен?
      Орта Азия зерттеушілерінің ардагері доктор Баймырза Хайит: "1731 жылы
Әбілқайырдың орыс патша әйеліне жазган хатында, әңгіме  бодан  болу  жөнінде
емес, қамқор болу  жөнінде  болды'  деп  көрсетті.   Жалпы  алғанда  Б.Хайит
Қазақстан бүкіл Орта Азия сияқты Ресейге  қарудың  күшімен  еріксіз  қосылды
деген көзқарасты ұстады.
      Бірақ  орыс-қазақ  қатынастарына  деген  козқарас  Батыс  тарихшылары
арасында  да  бірыңғай  емес.   Мүндай   қайшы-пікірлер   1731   —1732   жж.
Қазақстанның Ресейге оз  еркімен  қосылғандығы  туралы  төңірегінде  орбіді.
А.Боджер бұл туралы: "Қазақ халқы орыс боданы болуды  қалады  деген  жорамал
шыныдыққа жатпайды. Әбілқайыр озінің іс-әрекеттерінде жеке басының  муддесін
— саяси мақсатты көздеді, бір созбен айтқанда, ол  да  орыстан  көмек  алуга
тырысты, бірақ орыспен қосылгысы келмедідейді.
      Іс жүзінде Әбілқайыр император әйелдің шын берілген қызметшісі болған
жоқ, ол кей кездерде жоңғар билеушілерінің де коңілін жыққысы келмеді  деген
профессор М.Б.Олкотг пайымдамасын  Әбілқайыр  саясатының  екіүштылығы  емес,
сол замандағы ерекше мәмілегерлік  тәсіл  түрі  ретінде  бағамдауымыз  керек
дейді.  Американ  ғалымы  Ю.Скайлер  Қазақстанның  Ресейге  қосылуы  себебін
талдай  келіп  "  XVIII  гасырдың  басында  қырыздар  (қазақтар)  солтустік-
батыстан  қалмақтардың,  сол-түстіктен  —  сібір  казактарының,  шыгыстан  —
жоңгар фео-далдарының  шапқыншылыгына  ұшырады  да  өте-мөте  ауыр  жагдайда
қалды "' деп  жазады  "Түркістан"  еңбегінде.  Автор  бұл  орайда  Әбілқайыр
атқарған ролінде лайықты баға береді.
      ХУШ-ХІХ ғасырлардағы тарихнаманы зерделегенде Әбілқайыр  хан  жөнінде
көптеген пікірлер айтылғандығы жоғарыда көрініс  берді.  Алайда  бір  ерекше
назар   аударар   жайт,   отаршыл   империя    теоретиктері    басқыншылықты
бітімгершілікпен көлегейлеп, Әбілқайыр саясатына өркениеттілік сипат  беруге
неліктен жанталасқаны бүгінгі  танда  түсінікті  болды.  Ресей  империясының
ауқымды жоспармен жүргізілген отаршылдық саясаты қайткенде  де  қазақ  жерін
басып алмай тоқтамайтындығы бүркемеленді. Ал керісінше, отандық  тарихнамада
қазақтар үшін  жоңғар  шапқыншылығынан  аман  қалудың,  сөйтіп  жер  бетінен
түтастай жойылып кетпеудің бірден-бір жолы қазақ өлкесінің  Ресейге  қосылуы
ақтабан шұбырынды алқакел сұлама деген шалажансар аңыз үстемді етіп келеді.
     Сонымен Кеңес өкіметі кезінде Әбілқайыр хан туралы, қазіргі оқып жүрген
қазақ тарихында Әбілқайыр хан қазақ елін Ресейге қосып  бодандықтың  кигізді
деген ғылыми дәлелденбеген, нақты дерекке емес, болжамға,  долбарға  сүйеніп
жазылған қортыңды еді.
     Ресми идеологияның қолдауына сүйенген маркстік-лениңдік тарихнама қазақ
халқының  тарихын  формацияларға  бөліп,  қазақ   халқының   тарихын   Ресей
окіметінің, Совет окіметінің  саяси-идеологиялық  қағидаларына  үйлестіргені
белгілі. Қазақ тарихын жазғандар қазақ тарихын формацияларға бөлгенде  Ресей
мемлекетінің тарихынан бірге қарау мәселесін  ешқашан  естен  шығарған  емес
және  қазак  тарихын  коне  заманнан  бүрмалап  көрсетуге   тырысты.   Ресми
тарихнама қоғамға үстемдігін жүргізген ресми кезқарас  тұрысынан  баяндалды.
Сондықтан  отаршылдықтың   бүкіл   зардабын   Әбілқайыр   есімімен   тікелей
байланыстыра қарауды доғаратын уақыт жетті.
     2.Қазақ- Ойрат өзара қатынасының саяси сипаты. Жоңғар хаңдығы  Ресеймен
бейбіт сауда жүргізгенімен, оның нығайып  күшеюі  Жоңғар  хандығының  кейбір
мемлекеттермен  бәсекелесуіне  әкеп  соқтырды.  Патшалық  Ресейдің,  Циньдік
Қытайдың  эскпансионизмі   Жоңғар   хандығын   Қазақ   хандықтарымен   күрес
жүргізуіне итермеледі,  сонымен  бірге  Қазақстанның  оңтүстігіндегі  сауда-
қолөнер орталықтары жоңғар  қонтайшыларының  назарын  аудармай  қойған  жоқ.
Қазақ феодалдары мен  жоңғар  феодалдары  арасындағы  күрес  әсіресе,  XVIII
ғасырдың басыңда күшейе түсті. Сөйіп XVIII ғасырдың  1710-1711  жылы  жоңғар
әскерлері  Қазақ  хандығының   жеріне   басып   кірді.   Қазақ   жасақшылары
басқыншыларға күшті тойтарыс берді.  Жоңғар  әскерлері  1713  жылы  тағы  да
шабуылға  шықты,  бірақ  олар  қазақ  жерінен  қуылып  тасталды.  1723  жылы
жасалған Жоңғар-Қытай бітімі шарты  жоңғарларды  қазақтарға  қарсы  агрессия
жасауға айдап салды. Агрессия 1723 жылы басталды да,  қазақ  халқына  бүрын-
сонды болмаған қайғы-қасірет әкелді.
     Өзінің түпкі мақсатын  жүзеге  асыру  үшін  қонтайшы  1722  жылы  алғаш
Қытаймен  келісім  жасап  алды.  Ал  келесі  жылдын  коктемінде  қүмырсқадай
қаптаған  қалың  қолын  қазақ  жеріне  төкті.  Қазақ  халқының   Жоңғариямен
соғысындағы ең ауыр  және  ең  қайғылы  сәттер  болды.  Десекте,  Әбілқайыр,
Бөгенбай, Қабанбай, Өтеген және т.б.  тандаулы  жеке  дара  түлғалардың  зор
үйымдастырушылық дарын-қабілетінің, асқан ержүректігінің  нәтижесінде  қазақ
халқы оздерінің  үлттық  тәуелсіздігін  қорғап  қана  қоймай,  ауыр  шығынға
үшыраса да қаһармандықпен қарсыласып, бірнеше рет күйрете соққы  берді.  Осы
шайкастар барысында жаңа саңлақ батырлар Абылай,  Барак,  Жәнібек,  Олжабай,
Қабанбай тәрізді көптеген жанжүрек қолбасшылар  жүртқа  танылды.  1726  жылы
Бұланты өзеніндегі қанды ұрыста,  1730  жьглы  Аңырақайда  болған  жан-кешті
шайқаста  үш  жүзден  жиналған  барлық  қазақ  жасақтары  жоңғар  әскерлерін
ойсырата женді.  Дәл  осы  соңғы  1730  жылы  шығыстан  жоңғар  жеріне  цинь
әскерлері баса-коктеп кірді.
     Бірақ қазақ қоғамының басында отырған игі жақсылар қазақ  халқының  ірі
ескери  жеңісінің  жемістерін  де  және  жоңғар-цинь   соғысының   бастауына
байланысты  қалыптасқан  әскери-саяси  жағдайдың  тиімділігін  де  пайдалана
алмады. Тіптен ірі жеңістен соң, жаңа Жоңғар  ханы  Қаддан-Царенмен  келісім
де жасамастан және соғысты толық жеңіске жеткізуге  тырыспастан  қазақтардың
ел басылары Әбілмәмбет, Әбілқайыр, Сәмеке және басқалар өз өскерлерін  соғыс
қимылдары алаңынан алып кетті. Мүның  себебі,  Болат  ханның  қайтыс  болып,
Орта жүздің жаңа ханының сайлауына байланысты игі жақсылар арасындағы  озара
кикілжің туа бастаған еді.
     Халқының озі үшін де, Орта Азия халықтары үшін де қазақ  ақсүйектерінің
осы бас араздығы аса зор кымбатқа түсті. 1735  жылы  Қытаймен  келісім  шарт
жасаған Қалдан-Царен Ұлы жүз елінің жеріне басып кіріп, оны  озіне  қаратты.
Арада бірнеше жыл салып, қаптаған қалың жоңғар  Орта  жүз  жеріне  де  басып
кірді. Жанкешті, асығыс жағдайда жиналған  қазақ  жасақтары  соққыға  үшырап
талқаңдадды. Әбілмәмбет хан қуғыннан  құтылу  үшін  Жайыққа  қарай  шегінді.
Күші басым жаумен текетіресте  сұлтандар  мен  старшиндардың  едәуір  болігі
тұтқынға түсті.
     Осы тұста сәл шегініс жасап айта кетер бір  нәрсе:  осы  уақытқа  дейін
кеңес тарихнамасында Орта жүз бен Кіші  жүз  Жоңғар  мемлекетінің  ықпалында
болды деген қате козқарас бар. Шындығына келсек,  шайқастарда  жеңіле  тұрса
Да жоне жаулаушы ойраттардың  әлуметтік  диштоматиялық  Қысымына  қарамастан
Орта жүз бен Кіші жүз өздерінің  мемлекеттік  дербестігін  өрқашанда  сақтап
қалғанын баса айтқан жон. Әрине, Әбілмәмбеттің  және  оның  жақтаушы-ларының
соғыс қимылдарын тоқтату және бейбіт келісімдер  жасау  туралы  үсыныстарына
Қалдан-Царен келісе тұрса  да,  Орта  жүз  бен  Кіші  жүз  қазақтарының  игі
жақсыларына  ауыр  шарттар  қойды.   Өзін   Цабан-Рабданның   Шоно-Лоузанның
баласымын деп жариялап, Жоңғарияның  шекаралық  аудандарына  жорықтар  жасап
жүрген, бүрын Башқүрттардың котерілісін басқарған, ал енді қазақ  кошпелілер
арасында жасырын  жүрген  Қарасақалды  ұстап  беруді  және  өз  тұтқын-дарын
босатуды талап етті.  Қалдан-Царен  сондай-ақ  алымдар  төлеуді  және  Қоқан
бегінен соғысу үшін арнайы  әскерлер  беруді  және  тағы  баска  да  талапты
жүктеді.
      Бұл талаптардың көпшілігі Орта және Кіші жүздің игі  жақсыларының  бас
қосқан жиналысында (съезінде) ақыры қабылданбай  тасталды.  Рас,  Әбілмәмбет
хан мен ықпалды сұлтан Барақ қонтайшы ордасына  өздерінің  үлдарын  жіберді.
Бірақ, мүны олардың өздері, жеке бастары осылай ету қажет  деп  тапқандықтан
ғана жасады, ал енді келісімге  келсек,  оған  Қалдан-Царен  1743  жылы  қол
қойды. Бір қызығы ол келісімді Әбілмәмбет жіберген ресми делегациямен  емес,
өзінің тұтқыны болып отырған сұлтан Абылаймен жүргізді. Мүндағы гәп  мынада:
Абылай өзінің жеке басының ержүрек-тігімен, өткір ақылдылығымен  қарсыласына
бас имей  өзін  лайықты  да  тәкаппар  ұстай  білумен  қонтайшыға  зор  әсер
қалдырды. Абылайды тіптен ханның жиені Чарчуды жекпе-жек ұрыста  өлтіргеніне
қарамастан үлкен сый-сыяпатпен  салтанатты  жағдайда  еліне  шығарып  салды.
Бізге  жеткен  аңызға  сенсек,  Қалдан-Царен  ол   туралы:   "Кіші   халықты
басқарады, бірақ үлкен халыққа лайық" деген  екен  деседі.  Жоңғарлар  басқа
қазақ  тұтқындарын  да  босатты.  Бұл  жерде  Орта  жүз  ханы  Әбілмәмбеттің
Жоңғарияның  тұтқынынан  Абылайды  босатып  алуды   коздеген   дипломатиялық
әрекетін  айтпай  кетуге  болмас.  Бұл   жұмысқа   елші   сұлтан   Әбілпейіз
(Әбілмәмбет ханның кенже ұлы) бастаған арнайы елшілік те мұрындық болды.  Ол
елшілік туралы И.И.Неплюев 1742 жылы  18  қарашада  сенатқа  хабарламасыңда:
"Әбілмәмбет ханның озінің кенже ұлы  Әбілпейіз  сұлтанды  аманат  үшін  емес
бауыры Абылаймен кездесіп, оның басын арашалау үшін жібергенін" айтады.  Бұл
жерде ең басты қулықты жоңғар билеушісінің Қоқанға  қарсы  күреске  қазақтың
игі жақсы-ларын жұмылдыру үшін және Ресеймен арадағы қарым-қатынастың  шүғыл
нашарлап кетуіне байланысты "қайырымды" корінуге  үмтылып  отырғанын  байқау
да қиын емес. Қоқанға, оның одақтастары қырғыздарға және Ұлы  жүздің  кейбір
басшы топтарына қарсы 1742 жылы басталған жорык Ойрат  мемлекеттігінің  оның
Ұлы жүзге үстемдік етуіне мүмкіндік бермеді. Сан қилы айла-әрекетгер  жасап,
қанша Күш салса да Қалдан-Царенге Абылай да,  басқа  қазақ  ақсү-йектері  де
оның Қоқанға қарсы  күресіңде  қолдаушы  болып,  көмек  бере  қоймады.  Рас,
сұлтан Барақ қонтайшының өтініші  бойынша  жауласушы  екі  жақты  1744  жылы
өзара татулас-тыруға тырысып бақты, бірақ бұл да сәтсіз аяқталды.
      XVIII  ғасырдың  40  жылдарының  орта  шенінде   Жоңғарияда   дағдарыс
белгілері айқын көрініс бере бастады. Қаһарлы қонтайшының 1745  жылы  қайтыс
болуы және хан тағына Қалдан-Цареннің  ортаншы  баласы  кәмелетке  толмаған,
ақыл-есі делі-құлы Цабен-Доржының келуі  мемлекеттің  басынан  кешіп  жатқан
қиыншылықты терендете түсті. Енді қазақ-жоңғар  қарым-қатынасыңдағы  бастама
қазақ  басшыларының  қолына  көшті.  Ойрат  ордасымен  белсенді   байланысты
бүрынғысынша Абылай өз қолыңда ұстады. Ал енді жоңғарлардың Ұлы  жүздің  шын
мәніндегі билеушісі Төле бимен қарым-қатынасы шиеленіскен күйі қалып  қойды.
Цабен-Доржының  оған  өз  билігін  мойындатпақ,  бүрынғысынша  алымдар  жөне
аманаттар алмақ  болған  әрекеттері  де  сәтсіз  қалып  отырды.  Жас  жоңғар
ханының басын күрделі дипло-матиялық айламен  Кіші  жүз  ханы  Нұралы  әбден
қатырып бітті. Дегенмен де Қазақстанның басшы  топтары  Жоңғария-мен  қарым-
қатынаста  біртүтас,  үйлесімді,  елдің  жоне   халықтың   үлттық   мүддесін
көздейтін саясат жүргізе қойған жоқ. Әр  жүз  басшысы  өз  қалауынша  әрекет
жасады.
      3.Қазақ - Башқұрт қатынасы. 10 май айында 1737 жылы орыс  патшайымының
үкімімен Екатеринбург заводтарының бастығы, тарихшы  құпия  кеңесші  Василий
Никитич Татищев Орынбор өлкесінің бастығы болып тағайындалады. Осы  үкімінде
Қазақ даласында ұмытпауын есіне  салып  оқыс  оқиғалар  болуына  жол  бермей
қарым-қатынаста болуына болуына  үкім етті.
      Жаңа  қызметке  тағайындалған  Татищевтің   қазақ   даласымен   баруға
мүмкіндігі болмады. Башқұрттар бұлігімен алаң болып жүргенде.  Бұл  қызметте
Кидишов сияқты Татищевте ұзақ болмады.
     Кіші  жүз  хан  Әбілқайыр   1737   жылдың   аяғында   орыс   өкіметінен
башқұрттардың толқуын әрекет етуін басуға рұқсат сұрайды.  Хан  Әбілқайырдың
бұл әрекетін сол кездегі жергілікті  орыс  тарихшысы  Петр  Иванович  Рычков
пікірі туралы былай деп жазады. Пока Татищев собирался приступить к  занятию
Киргизскими делами, хан Абулхаир  желая  воспользоваться  башкирским  бунтом
для своих выгод обогощения и усиления своей власти и  даже,  будто  бы,  для
возведения в ханское достоинство в Башкирии одного из своих сыновей.
       Рұқсат алған хан Әбілқайыр әскермен Башкирияға  кіріп  бұлікшісін  де
бейбіт халқын да айырып  жатпайды.  Шетінен  тонауға  кіріседі.  Мұны  кейін
байқаған Татищев ханда  Башкириядан  әкетуін  өтініп  рұқсат  сұрайды.  1738
жылдың  22  мартында  шетел  істері  жөніндегі  коллегия   хан   Әбілқайырды
Башкириядан шығару жөнінде үкім шығарады.  Осы  мәселе  бойынша  Әбілқайырға
тілмаш аудармашы Арсалан Бахметов 100 сом ақшаменен әр түрлі сыйлықтар  алып
Башкирияда тәртіп орнатқанына  алғыс  айтқан  болып  сыйлықтарын  тапсырады.
Осылайша Әбілқайырды оңай тоқтатады. Осы  кезде  кіші  жүздің  басқа  бөлігі
Еділ қалмақтарын тонап көптеген орыс адамдарын тұтқынға  алады.  Бұл  туралы
мәліметті Татищевке шетелдер жөніндегі коллегиясы 6 февральдағы  1738  жылғы
үкімімен хабарланады.
       1738 жылдың басында башқұрттар хан Әбілқайырдың хан  деп  танып  одан
көмек сұрайды. Оған Әбілқайыр келісім береді. Ресейге  қарсы  жаулық  әрекет
жасамақ болып бір топ 1738 жылдан апрель  айының  аяғында  бір  топ  Башқұрт
бұлікшілерін  бастап  Орынборға  келеді.   Майор   Останков   адам   жіберіп
Әбілқайырға башқұрт бұлікшілерімен байланыс жасауды тоқтатыс  деп  сұрағанда
Әбілқайырдың берген  жауабын  былай  деп  жазған.  "Город  мой  и  для  меня
устроен, а кто не  послушает  тому  голову  отрублю",  деп  айтқаны  жазбаға
түскен. Добромыслов "Исторический очерк" Оренбург 1900 г. стр 25.
       Орынбор бекінісін салуды өтінген хан Әбілқайырдың есебі өзімнің қалам
болады. Халқым керек жарағын сауда сатығын осында барып  жақын  жерден  алып
тұрамын деп есеп қылды. Ресей патшалығының өз есебі болды. Хан  Әбілқайырдың
өтінішін орындаған болып бекініс салып өз шекарасын нығайтып  әскерін  қоюға
жағдай жасады. Осы Орынбор бекінісі арқылы кіші  жүз  қазақтарының  өздеріне
жақын шекарасын мықтылап алды.
       Әбілқайырдың тоқтамасын біліп Останковқа  бұйрық  береді.  Башқұрттың
басты-басты старшындарын  тұтқынға  алып  бақылау  қойғызады.  Бұл  бұйрығын
Әбілқайырдан жасырып, Останков башқұрттарды өз бетімен тұтқындатты бұл  үшін
ол жазаланды деп хабарлап жазды. Бұл оқиға туралы орыс  патшайымына  мәлімет
бергенде былай деп  хабарлаған  "Хотя  Абулхайр  хан  свою  присягу  нарушил
однако, я взирая на глупую их дикость и опосаясь, чтобы других  их  султанов
и ханов жестокостью  не  отстрашаь  намерен  с  ним  ласково  обоитись  и  о
погрешностях его разговором  выговорить  деп  жазды.   В.Н.  Витебский  И.И.
Неплюев и Оренбургский край в прежнем его составе до  1758  года  изд.  1897
г., стр 158. Осының өзі көп жайды аңғартады.
      Татищевтің  мәлімдемесіне  орыстың  патшайымы  мынадай  жауап  қайырып
үкімін жібереді. Ол туралы:  В  ответ  на  свое  донесение  Татищев  получил
строгое  предписание  немедленно  отправиться  в  поход  в  Оренбург   "Мы",
говорится в  указе  императрицы  "с  великим  удивлением  и  неудовольствием
усмотрели каким образом от бунтующих, башкирцев новяе замещания начались,  а
что и хан  Абулхайр  сними  соединился  и  имеет  злое  намерение  атаковать
Оренбург, чего мы  никогдо  не  надеялись.  Син  нашим  указом  наикрипчайше
подтверждаем, что все мирно надлежит  вам  со  всею  командою,  к  Оренбургу
поспешить без всякого  отлагательства  –  деген  бұйрығын  түсіреді.  Қазақ-
башқұрт қатынасын осыдан кейін патша  үкіметі  шйеленістіріп,  араздастыруға
жұмыстанады.
                              Бекіту сұрақтары:
       1.Әбілқайырханның саяси мемлекеттік қызметі ?
       2.Қазақ-Ойрат өзара қатынасының саяси сипаты туралы не білесіз?
       3.Қазақ-Башқұрт қатынасы жөніндегі патша үкіметінің  ұстанымы  қандай
болды?


Дәріс №5 ХҮІІІ-ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ қоғамы.
Негізгі ұғымдар: Ақсүйек, қара  сүйек,  мәслихат,  керуен,  хан,  базарлары,
қысау, жайлау, отырықшы, шекаралық сауда,  шекаралық  барымта,  Шоқынғандар.
Құң қырғыз-қайсақ.
                                   Жоспар:
1. Қазақтардың шаруашылығы.
2. Қазақ даласындағы сыртқы сауда.
3. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
Мақсаты:  Ресейге  қосылуына  байланыста  шекара  саудасының  пайда   болуын
көрсету, шекаралық барымтаның озбырлығын  ашу,  Орыс-Қазақ,  Орыс-хиуалықтар
саудасының пайда болуын алғы шарттарын көрсету.
  1. Қазақтардың шаруашылығы. Қазақ  жерлерін  тартып  алу  тәсіліне  қарай
бөлгендегі жағдай мынадай болып шығады: казактардың  әскери  отарлауымен  әр
кезендегі  әр  түрлі  себептермен  40,6  млн  десятинаның  44,55   проценті,
қоныстандыру отаршылдығымен 39,95 проценті темір жолдар мен  қалалар  орнына
— 1 процент, ормандық саяжайлар мен айрықша мақсаттағы учаскелер  үшін  14,5
проценті алынған екен.
  Осылайша,  егіншілікке  қолайлы  және  ең  жақсы  жерлер  зандық  негізде
қазақтардың  иелігінен   алынады,   оның   үстіне   казақтын   мекен-   жайы
қоныстандырылатын жер үлесіне түссе, байырғы халық жаңа жерге  ығыстырылады,
ал  қазына  мұндайда  бұзылатын  қазақтар   құрылыстарына   ғана   төленеді.
Қазақтарға ақша төлемеу үшін қоныстандыру басқармасындағы шенділер  қазақтар
мекен-жайын  бірнеше  сажын  айналып  өтіп,  меже  бағынасын   олардың   жер
үйлерінің бір бұрышына, қазақтар су ішетін  құдықтар  теңірегіне  және  т.б.
орнатады.  Ал мұндай сыннан өткен әдіс қазақты  тіптен  құрылыс-тұрағы  үшін
де ақша алмай кетіп қалуға мәжбүр етеді.
  Қазақ даласы қаншама  кең  бола  тұрса  да,  оның  ең  тамаша  жерлерінде
қазақтардың қыстаулары — поселкелер, егістіктер мен  шабындықтар  орналасқан
еді. Сондықтан да қоныстандыру басқармасының  әкімдері  де  топырақ  құрамын
өздері дербес зерттеп, жаңа жерлер табуға  ұмытылмай,  қазақтардың  егістік-
шабындық жерлерін тартып алып және  соңғылардың  агрономдық  біліміне  сенім
артты. Және жайлаған жерлер шаруалар үшін де қолайлы болуы тиіс деп ойлады.
  "Жерді ата-бабадан қалған өз меншігі деп санаған қазақтар" деп  жазды  Ә.
Бокейханов. Орыстың қоластына қарағанда,  мемлекет  пен  жеке  меншікке  қол
сұғуға  дейін  барады  деп  ойлаған  жоқ  еді.  Бірақ  орыс  өкіметі   ешбір
сылтауларсыз-ақ, ашықтан-ашық және күштіні жақтайтын, барлық қазақ  жерлерін
мемлекеттік меншік деп санайтын заңдар жасады.  Нәтижесінде  қазақ  даласына
қарай келімсектер қозғалысы өрістеді және  ең  тамаша  жерлер  келімсектерге
көшіп, ал олардың ең нашарлары — қазақтарға қалды.
  Қысқасын айтқанда, патша үкіметінің қоныстандыру саясаты  да  оның  бүкіл
отарлау  саясаты  тәрізді  реакциялық,  тонаушылық  сипатта   болды.   Патша
үкіметінің қаскүнем пиғылы қазақтардың жер қатынасыңда айқын көрініс  берді.
Біз жоғарыда келтірілген материалдар Қазақстан тарихының  кейбір  теориялық-
методологиялық мәселелерін айқындауға қызмет  ете  алады  жөне  қазақ  халқы
Ресей империясының құрамына өз еркімен қосылмағанын дәлелдейді".
      Шоқан Уәлиханов сөзімен айтқанда: "Қазақтар орыс  бастықтарының  әрбір
әрекетінен  тек  қана  қастық  бостандығымызға,  тұрмысымызға  қол   сұғатын
озбырлық деп білді"1. Бұл сөз шындық еді.
  Ресейдің тарихы отарлауға  негізделгенін  атақты  тарихшы  В.О.Ключевский
айтқанды.  Ресейдің  ұлы  империялық  қүдіреті  отар  елдердің  көз   жасына
малынған  еді,  —   дейді.   Қазақтардың   дәстүрлі   шаруашылығы   бұзылды.
Шаруашылықтың бұзылуы  қазақ  халқын  күйзеліске  апарар  бірден  бір  бағыт
екенін  патша  үкіметі  білді.   Патша   үкіметінің   көздегені   қазақтарды
экономикалық тәуелсіздігінен айыру болды.
2. Қазақ даласындағы сыртқы  сауда.  Қазақ  даласындағы  сыртқы  әлеуметтік-
экономикалық  қатынастар  дамуына  қазақ  тархандары  Есет  пен  Жәнібек  ат
салысқан.
    1744-1747 жылдары аралығында Орынбор  қаласының  Оңтүстік  батысына  үш
шақырым жерге жететін айырбас сауда сарайы салынды. Онда Орта Азия мен  орыс
көпестері айырбас саудасын жүргізді. Айырбас сарайының  екі  қақпасы  болды.
Бірі Жайық өзені жағынан, екіншісі-дала жағынан. Сарайда 344 дүкен  мен  344
қойма болған. Сарайдың ішінде екі  қақпалы  Азияттық  сауда  ауласы  болған.
Оның ішінде 98 дүкен мен сегіз  қамба  болған.  Орынбор  орталығында  күзгі,
қысқы сауда үшін қонақжай сарайы салынып, азияттықтармен  жыл  бойы  айырбас
саудасын жасауға жағдай жасалды. Орынбор қаласы осылайша сол  кездегі  Жайық
бойындағы ең үлкен ірі сауда орталығына айналды.

    Сонымен қатар шекаралық кеден  жұмыс  істеген.  Кеден  қызметі  келген-
кеткен тауарларды есепке алып, тіркеп, анықтама  беріп  отырған.  1750  жылы
қыркүйектің  бірінші  аптасында  сауда  пайдасынан  түскен  табыс   азияттық
мануфактуралық өнім 1200 рубльге, 600 пұт ұн 1080 рубльге, Хиуалық  өнімдері
411 рубльге, ал қазақ даласымен айырбас жасалған  айырбас  сауда  мен  сарай
саудасының пайдасын қоса есептегенде түйе жүні 4600 пұт 23000  рубльге,  246
бас мүйізді ірі қара 8610 рубльге,  859  бас  қой   4995  рубльге,  297  бас
жылқы, 30 түйе 1350 рубльге т.с.с. бір аптада түскен  сауда  түсімі  1690614
рубльді құраған. Орынборда сауда жасау орыс көпестеріне көп пайда әкелген.

    Сондықтан  Орыс  көпестері  жер-жерден  Орынбор   қаласындағы   айырбас
саудасына ағылып келіп тұрған. Сол кездегі  саудадағы  мал  бағасы  мынадай:
мүйізді  ірі  қара  –  25-45  рубль  аралығында,  қой  4-8  рубльге  дейінгі
аралықта, жылқылар 30-50  рубльге  дейін,  түйелер  35  рубльге  бағаланған.
Қазақ даласынан өтетін сауда керуендерінің қауіпсіздігін Орта жүз  аймағынан
тархан Жәнібек,  Шөрек  батырлар,  Кіші  жүз  аймағынан  Тама  Есет  тархан,
Бөкенбай  т.б.  батырлар  қамтамасыз  еткен.   Орынбор   генерал-губернаторы
Әбілқайыр хан мен Жәнібек,  Есет  тархандардан  сауда  керуеніне  қарақшылық
шабуыл жасамауын сұрап келіссөздер жүргізгенмен, қазақ даласы арқылы  Бұхар,
Хиуа  бағытына  өтетін  орыс  сауда  керуендері  тоналып  отырған  жағдайлар
кездескен. Шын мәнінде, Бұхар, Хиуа хандары  қазақ  даласынан  өтетін  сауда
керуенінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  жауапты  болғанымен,  міндеттерін
ойдағыдай атқара алмаған.

    Ресей патша өкіметі  қазақтармен  шекаралық  сауда-саттық  қатынастарды
болдырмауды  бақылауға  алған.  Осындай  мақсатта  1750  жылы  Орынбор,   Ор
бекінісінен  басқа  Жайық  бойының  барлық  бекіністерінде  астық  пен   шөп
айырбасынан басқасына тыйым салынады. М.П.Вяткин пікірінше:  Қазақтармен  Ор
мен Орынбор бекінісінен басқа Жайық бойындағы  бекіністерде  астық  пен  шөп
айырбас  саудасынан  басқаға  тыйым  салынуының  себебі,  Орынбор   мен   Ор
бекіністерін  сауда   орталығына   айналдыру,   сөйтіп   Орынбор   бекінісін
орталықтандыру  мақсатын  көздеді.   Осындай   себептермен   қатар,   біздің
пікірімізше, қазақ пен Еділ бойындағы торғауыт қалмақтарының сауда  жасауына
тыйым салуы қазақ-қалмақ арасында қару-жарақ саудасының  пайда  болуына  жол
бермеу. Себебі орыс бодандығының зардабын  тартып  жүрген  қалмақ  батырлары
қазақ батырларымен бірлесіп  кетіп,  Ресей  үшін  қауіпті  күшке  айналуынан
сақтану.  Сондықтан  да  қазақ-қалмақ   қарым-қатынасының   жақсаруына   жол
бермеуді көздеді. Орыс әскерлерінің құрамында  да,  орыс-казак  әскерлерінің
арасында да шоқындырылған қалмақтар әскери қызмет  атқарды.  Жайық  өзенінің
оң  жағына  қазақтарды  өткізбеу  талаптары  орыс   казактарын   қазақтардың
қарақшылық  шабуылынан   қорғау   мақсаттарын   көздеді.   Негізінен   қазақ
жерлерінің кеңеюіне жол бермеу  болды.  Сауда  жүргізу  туралы  Есет  тархан
батырлардың келіссөздері  Астрахан  губернаторынан  қолдау  таппаса  да,  іс
жүзінде сауда жасалды.

    Орынбор – қазақ даласындағы жалғыз сауда орталығы болған жоқ.  Астрахан
қаласында да айырбас сауда орталығы  болып,  онда  қазақ-қалмақ,  орыс-қазақ
арасында да айырбас саудалары жасалған. Сауданың қызу жүретін мерзімі  шілде
мен қараша айларының аралығы. Орынбордағы саудаға қазақтар  суыр,  саршұнақ,
қарсақ т.б. аңдардың терілерін апарған. Илецк  және  Жайық  қазақтары  қабан
етін, балық, уылдырық, желім және Еділ бойынан сутышқан  терілерін  әкелген.
Аққу мамығының саудасы да біршама табыс келтірген. Мал, тері  мен  былғарыға
қазақтар мен башқұрттар  орыс  көпестеріне  шойын,  мыс,  темірден  жасалған
өнімдерді  және  түрлі  маталар,   жібек,   парча,   бархат   т.б.   астыққа
айырбастаған.

    1750 жылы Абылай  сұлтан  мен  Жәнібек  тархан  Орта  жүз  қазақтарының
сыртпен сауда-саттық мәселесін шешуде, Орынбор, Астрахан қалаларына  бармай,
жақын жерде сауда жасауға қолайлы болу үшін, Тройцк  керуен  сарайын  ашуына
Орынбор  әкімшілігімен   келіссөздер   жүргізген.   Кейіннен   үлкен   сауда
орталығына айналды. Мұндағы айырбас сарайында  600  қойма  мен  дүкен  жұмыс
жасаған. Тройцкіде жердің шалғайлығына қарамай, сауда  тез  дамыды.  Москва,
Қазан, Тула, Ростов, Ярославл, Сибирск  және  т.б.  қалалардан  көпестер  өз
тауарларын мал мен жүнге айырбастау үшін келіп тұрған. Троицк  керуен  сауда
сарайы Орынбор саудасына бәсекелесе алмаған.

    1751 жылдың 17 маусымында Гурьев қаласы арқылы Астрахан қаласына  Қайып
хан атынан Нұролла бай  Құтылымәмет  бастаған  Хиуа  елшілігі  хат  әкеледі.
Астрахан губернаторы  И.Брылкинге  жолдаған  хатта,  Орынбор  губернаторының
патша сарайына елшілерін жібермегендігін айтып,  мәселенің  шешімін  тапқысы
келетіндігін  тілге  тиек  еткен.  Губернатор  И.Брылкин  Қайып  хан   хатын
жауапсыз қалдырған. Себебі, Ресей үкіметі  Азия  хандарының  хандық  билікте
күшті беделдері жоқ деп олармен санасқысы келмеген. Қазақ  тархандары  қазақ
даласынан өткен сауда керуендерін толықтай өз бақылауларына ұстай білген.

    Орынбордағы айырбас саудасындағы тауарлардың эквиваленті тең  болмаған.
Бұған дәлел, М.Вяткин дерегі бойынша, Ресейде құны 2 руб.  70  көп.  тұратын
қазанды Орынбор  саудасына  әкеліп  айырбас  арқылы  сатқан  орыс  көпестері
ақшаға айналдырғанда 50 рубльге сатып пайдаға батқан.

    Патша өкіметі қазақ  даласымен,  Орта  Азиямен  сауда  қатынасын  қолға
алды. Қолға алудағы мақсаты: біріншіден, патша өкіметінің  қазынасын  еселеп
көбейтуді көздеді; екіншіден, Қазақ даласы мен Орта  Азияны  Ресейдің  тауар
рыногына айналдыруды; үшіншіден, сауда қатынасын жасау  арқылы  экономикалық
тұрғыдан тәуелді етуге қол жеткізуді көздеді.  Айырбас  сауда  арқылы  қазақ
даласының байлығын Ресей империясы  өндірісінің  өте  арзан  шикізат  көзіне
айналдырды.  Сенаттың  статтық  кеңесшісі  Кириловқа  берілген  1734   жылғы
нұсқаудан бастап, ХІХ  ғасырдың  І  ширегіне  дейінгі  барлық  ресми  үкімет
жарлықтарында  қазақ  даласында  «тыныштық   орнату»,   «татулық   орнатуға»
бағытталды деп отаршылдық  әрекетерін  ашып  айтпай,  отаршылдық  мүдделерін
іске асыра берді.

       3.  Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы.  1749  жылдың  20
қаңтарында  Орынбор  губернаторы   И.Неплюев   Есет   тарханға   және   оның
қарауындағы қазақ руларына Жайықтың ішкі бетіне көшуге тыйым  салған.  Патша
үкіметінің жарлығына қарамай, Есет  тархан  ұлысымен  Жайықтың  ішкі  бетіне
өтіп алады. Жайықтың оң жағына өтпеу жөніндегі бұйрыққа қарамаған.
    Патша үкіметінің қазақтарға Жайықтың оң жағына  өтуіне  тыйым  салуының
себебін  тарихшы   Н.Г.Апполова:   «Жайықтың   оң   жағында   отырықшылықпен
айналысатын  аудандарды  мал  жайылымына  айналдырып   тоздырып   жіберуінен
қауіптенді. Сондықтан патша үкіметі оң жақ жағалауға өткізгісі келмеді.  Бұл
мәселе орыс - қазақ арасында бір - біріне  деген  наразылық  туғызуға  себеп
болды»  десе,  А.Добросмысловтың  көрсетуінше:  «Патша  үкіметі  қазақтардың
Жайықтың оң бетіне шығуын қаламаған. Себебі,  қазақтар  Жайықтың  оң  жағына
түпкілікті өтіп алып, Еділ өзеніне дейінгі жерге ие болып  қалады»,   –  деп
қорыққан   Мұнан   патша   үкіметінің   қазақты   жерден    қысу    саясатын
ұстанғандықтарын көруге болады.

    Н.Г.Апполова   мен   А.И.Добросмысловтың   пікірлерімен   қоса,   патша
үкіметінің қазақтарды Жайықтың  оң  жағына  өткізгісі  келмеуінің  тағы  бір
себебі  мынадай:  қазақтар  Жайықтың  оң   жақ   бетіне   өтсе,   орыс-қазақ
бекіністеріне тыныштық бермейді  және  де  сол  кездегі  Ресей  патшалығының
боданы болып отырған Еділ бойындағы  қалмақтармен  қатынасқа  түсірмеу  үшін
оқшаулау  саясатын  ұстады.  Жауынгер  әрі  мәмілегер  қазақ  халқы  қалмақ,
башқұрт  халықтарымен  тіл  табысып  бірігіп  алып,  орыс  шекарасына  қауіп
тудыратын күшке айналып кетуінен қорыққан.

    Жайықтан ішкі  жаққа  өтпеу  мәселесі  Есет  тархан  тұсынан  кейін  де
жалғасты.  Ол   жөніндегі   пікірлер   әр   алуан.   Мәселен,   М.Абдировтың
көрсетуінше: «1756 жылы Императрица Елизавета бұйрығы бойынша  Жайық  бойына
қазақтарға мал жаюға тыйым салынса, 1757 жылы Жайықтан ішкі жаққа мал  айдап
өтуге рұқсат бермеген. Патшаның бұл жарлығын бұзғандарды ұстап  Сібірге  жер
аударуды бұйырған.  3300  әскери  казактар  қазақ  даласын  «қоруға»  арнайы
шоғырландырылған». Ал, А.Ахмет: «Осы жарлықтың күшін жоюға Нұралы хан,  оның
кейеу баласы  Жәнібек  сұлтан  Санкт-Петерборға  қайта-қайта  барды.  Бірақ,
Патша үкіметі 1755-1756 жылғы башқұрт-қазақ бірлесіп, патша үкіметіне  қарсы
азаттық  қозғалысын  ұйымдастырған   сәттерін   ұмытпағанын   еске   салады.
Сондықтан,  Кіші  жүздің  Жайықтың  ішкі  бетіне  өтуге   деген   өтініштері
орындалмады»,  – десе белгілі тарихшы Н.Бекмаханова:  «...Кіші  жүздегі  жер
мәселесіне қатысы бар, Жайықтың ішкі  бетіне  өту  мәселесін  патша  үкіметі
1755 жылы Батырша бастаған көтерілісті басқаннан  кейін,  қазақ  даласындағы
башқұрттарды кері қайтаруға көмектескендері  үшін  қазақтарға  Жайықтың  сол
жақ бетін пайдалануға рұқсат берген», дерегін алға тартады.

    Кіші жүз қазақтарына Жайық пен Еділ  өзендері  аралығына  көшуге  тыйым
салынды. Сол сияқты Орта жүз қазақтарына да  Ертіс  өзенінің  екінші  бетіне
өтуге тыйым жасалды. Мұның бәрі дәстүрлі  көшпелі  шаруашылыққа  негізделген
қазақ жұртының тұрмысына ауыр тиді. Тек қана Нұралы хан мен  оның  қасындағы
сұлтандарға  ғана  «ішкі  жаққа»  қыстауға  кейде  рұқсат  беріліп   тұрған.
А.Нүсіпбеков  Жайықтың  ішкі  бетіне  өтуге  рұқсат  1758  жылы  Нұралы  хан
әулетіне  ғана  берілген,  деп  көрсетеді.  Қалай  десек  те  жер   мәселесі
мемлекеттік, елдік өткір мәселе болғаны анық.

    Сондықтан  жер  дауынан  туған  наразылық  шекара  барымтасына   ұласып
отырған.  Мәселен,  1758  12  шілдеде   князь  А.А.Путятиннің  хабарлауынша,
найзамен қаруланған 70  шақты  қазақ  жігітері  Жайықтан  атпен  жүзіп  өтіп
келіп, Қайыңды  бекінісінің  түбінен  тоғайдағы  үйірімен  жылқыларды  айдап
әкеткенімен қоймай, бір башқұртты  және  екі  қарулы  орыстың  екі  солдатын
өэдерімен бірге алып кетке. Кіші  жүз  қазақтары  бекініс  салып  жайылымнан
қысқан Ресей үкіметіне наразылықтарын  барымталап  мал  айдап  алып  отырған
мысалдарды көптеп келтіруге болады.

    Сондықтан қазақ-орыс арасындағы шекара барымтасы тоқтамаған. 1758  жылы
26 шілдеде Мәмбет батыр бастаған жүздеген  қазақтар  Жайықтың   ішкі  жағына
өтіп, Ор  бекінісінің  үйір-үйір  жылқыларын,  карауылдарды  соққыға   жығып
айдап  кетіп,   қазыналық   мүліктерін   тонап   әкеткен.   Соңынан   түскен
қуғыншылармен шайқасып құтылып кеткен. 1759 жылы 22  сәуірде  князь  Путятин
хабарламасы бойынша, қара халық өз беттерімен Жайықтың  ішкі  бетіне  малмен
ғана емес,  күймелерімен  өтіп  алып,  орыс-казактардың  маяларын  таптаған.
Патша өкіметінің қазақ жеріне  заңсыз  қол  салғанымен  қоймай,  қазақтардың
Жайықтың ішкі бетіне өтуін заң бұзушылық ретінде  бағалаған.  С.Толыбековтің
көрсетуінше, ХVІІІ ғасырдың 80 жылдарына дейін  Жайықтың  жағасына  қазақтар
жақындамады. Бірінші рет 1785 жылы хан Нұралы барон А.Игельстромнан  жазбаша
рұқсат алады. Жайықтың сол жағындағы Калмыков бекінісіне қарсы  жерден  1786
жылы  Орынбор  губернаторы  А.Игельстром  17  қазақ  старшынына  қарауындағы
адамдарымен 45 мың шаруашылыққа жайылымдық жерді пайдалануға рұқсат берген.

    Жер жетпегендіктен  үлкен  өзендердің  бойын  жайлау  мен  ішкі  бетіне
қазақтарды  өткізбеу  мәселесі  өткір  мәселеге  айналып,  бірнеше  жылдарға
созылған қазақ-орыс арасындағы  қатынасқа  салқынын  тигізген.  Барымта  мен
қарымтадан  басталған  наразылықтардың  арты  қарулы  қақтығыстарға   ұласып
отырған.


                              Бекіту сұрақтары:
1. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы дегенді қалай түсінесің?
2. Қазақ даласындағы орыс-қазақ сыртқы сауданың қазақтар үшін пайдасы  болды
ма?
3. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы қандай болды?


Дәріс №6
1. Қазақтардың Е. Пугачев басқарған орыс шаруаларының соғысына  қатысуының
саяси себептері. Шаруалар соғысының барысы мен тарихи маңызы.
2. Нұралы хан саясаты. Күші жүздегі хандық биліктегі дағдарыс.
3.Исатай мен Махамбет бастаған азаттық жолындағы күрес
4. Күші жүздегі халық-азаттық қозғалысы (1783-1797ж.)
5. Бөкей хандығының құрылуы.
  1.Қазақтардың Е. Пугачев басқарған орыс шаруаларының соғысына  қатысуының
 саяси себептері. Еділ бойы, Урал маңы мен  Қазақстан  халықтары  Россиядағы
феодал-крепостнойлық езушілікке қарсы Жайық қазақтары мен  тау-кен  өндірісі
жұмысшылары бастаған шаруалар соғысына қатысты.  Оны  Дон  казагы  Е.Пугачев
басқарды.  Қазақтардың  соғысқа  қатысуының  негізі  себебі  жер  мен  қазақ
даласындағы  отаршыддыққа  қарсы  күрес  бодды.  Патша  үкіметі  қазақтардың
жайылым ретінде ертеден пайдаланылып келе жатқан  Жайық  пен  Еділ  өзендері
аралығы мен Каспий теңізі жағалауындағы жерлерді  орыс  помещиктерінің  жеке
меншігіне  таратьш  берді.  Мұның  өзі  қазақтардың  наразылығы  мен   ашуын
туғызды.  1774  жылы  қаңтарда  қазақтар   кетерілісшілермен   бірге   Жайық
қалашығын қоршауға қатысты.  Қазақтардың  ниеттестігі  Гурьев  қалашығындағы
көтеріліске шыққандардың жеңіп шығуына және  олардың  пугачевшілер  отрядына
қосылуына игі әсерін тигізді. 1773 жылы қазанда басталып, бес айға  созылған
Орынборды қоршау, соғыстың маңызды кезеңі болды. Губернияның  басты  қаласын
қоршауға Кіші және  Орта  жүз  қазақтары  қатысты.  Қазақтардың  бір  бөлігі
Пугачев оскерімен бірге Еділ бойымен қозғала отырып, Қазан,  Пенза,  Саратов
түбіндегі және  т.б.  жерлердегі  ұрыстарға  қатысты.  Дегенмен,  1774  жылы
қазақтардың  негізгі  қимылдары  Жайық  қалашығы   мен   Гурьев   аралығында
орналасқан бекіністерде болды. Сол уақыт Орта  жуз  территориясында  да  ете
мазасыз кез еді.Сонымен қатар, Башқұрт және Орал маңын мекендеуші  басқа  да
халықтармен қосылып, Кіші  жүз  және  Орта  жүз  қазақтары  Емельян  Пугачев
бастаған 1773-1775 жылдары шаруалар соғысына қатысты. Қазақ отрядтары  патша
әскерлеріне  қарсы  Жайық  қалашығы,  Елек  пен  Гурьев  шекаралык   бекініс
аудандарында  ұрыстар  жүргізе  отырып,  Еділге  дейін  жетті.  Е.Пугачевтің
Орынборды қоршаған ұрыстарына қатысты.  Орта  жүз  қазақтарының  көтерілісші
отрядтарынын киымылы Жаңа  Есіл  және  Ертіс  шептеріңде  1776  жылға  дейін
токтамады. Бұл патша үкіметіне  қарсы  казақ  шауаларының  тұңғыш  рет  орыс
шаруаларымен бірлесіп шыққан күресі еді.  Канауға  қарсы  халық  бұқарасының
күресі үдей түсті.
     2. Нұралы хан саясаты. Нұралы (т.ж. белгісіз - 1786) -  Кіші  жүз  ханы
(1748-1786),  Әбілқайыр  ханның  үлкен  баласы,  сұлтан.  Орыс-қазақ  қарым-
қатынастарын нығайтуды жақтаушы.
      1. Нұралы хан елге  келгесін  әкесінің  басына  ескерткіші  қоюды.  2.
Қарындасын жоңғар билеушісіне ұзатуды ойластырды.
      Хан жағдайынан жансыз тілмаш татар Нурмухамбетов  арқылы  Неплюев  хан
ордасынан хабар алып отырды. Ол үшін Нұрмұхамедовке жылына  құпия  түрде  15
рубль төлеп тұрды. Өз кезегінде  көзі  жеткен  ақпараттар  мен  мәліметтерді
беріп тұрған. 1750 ж. 9 мамырда үлкен Қобда бойында Нұралы хан  мен  инженер
ригельман кездеседі Неплюев хан Әбілхайыр моласын  салуға  сөйлесуге  барған
болатын. Орынборға келген инженер Неплюевке Орынбор қаласынан Темір  өзеңіне
дейін  өзінің  жүрген  жолының  картасын  әкелген,   сонымен   бірге   қазақ
даласындағы ертедегі құрылыстардың жоспарын түсіріп әкелген.  Екінші  мәселе
бойынша Нұралының Цеван  Доржиге  қарындасын  беріп  өзінің  жақсы  одақтасы
ретінде  қатынаста  болуын  Неплюев  қаласады.  Нұралыдан  Жоңғарлардан  бас
тартуын сұрап қанша қаражат сұрасада бұл мақсаты үшін болайтынын  білдірген.
Өз  кезегінде  Нұралы  хан  Барақ  сұлтаннан  есек  алу  үшін   Жоңғарлармен
құдаласуының  мақсатын  айтқан.   Неплюев   болса   Нұралы   ханның   жоңғар
билеушісімен қатынасын жақсартып құдаласып одақтас  болуын  қаласады  онында
ресей үкіметі үшін саяси қаупі болады сезіктенген еді.
      Нұралы хан мен Барақ сұлтан арасындағы қатынас шиеленісіп Барақ сұлтан
өзінің билікке келу мақсаттарын жүзеге  асыру  үшін  Неплюев  сеніміне  кіру
жолдарын жүзеге асыруға тырысты. Нұралы хан Барақ  сұлтанды  жазаға  тартуға
жолда жасалуын адал қолқа салды. Барақ сұлтан ұлы  Хиуа  ханы  қалып  арқылы
әрекет етуге көшеді  Шербекті  елші  етіп  Орынборға  жібереді.  24  сәуірде
Шербек сұлтанның жақын адамдарымен  Орынборға  жетеді.  Қайып  ханның  хатын
жеткізеді. Хатты: Хиуа көпестерінің керуенін қазақ даласында жей тонап  жүр.
Сондықтан керуенді Нұралы хан аулының үстінен жібермей.
       Барақ сұлтанның ауылы арқылы жідеруін және  Нұралы  хан  інісі.  Әділ
сұлтанға керуен салығын алуға тыйым салуын сұраған. Қайып ханның бұл  хатына
Неплюев 1749 ж. Орынборда болған қазақ старшындары Қайып хан әкесі  Барақтан
басқаларды болып  Нұралы  хан  аулынан  өтетін  керуенді  аман-есен  өткізіп
тұруға уәделерін берген болатын. Оның үстіне керуен  келеді  дәстүр  бойынша
ханға салығын беріп, керуенді шығарып салатын  сенімді  адамдар  алады.  Бұл
мәселе шешімнің тапқанын айтып Нұралы  мен  Барақ  теңдігі  жерде  татуласуы
қажеттігін білдіреді. Неплюевтің бұл жауабына қанағаттанбаған  Шербек  Қайып
хан Неплюев  бұл  өтініштерін  орынсыз  санайды.  Оның  үстіне  1750  ж.  11
қыркүйегінен бастап  Хиуа  хандығы  Парсыларға  бағынышты  саналған.  Шербек
Хиуаға жүретін керуенмен кері қайтады  Нұралы  хан  ауылының  үстінен  өтуге
мәжбүр болады. Бұл кезде Нұралы хан атынан салыққа тауарлар алып алады.  Осы
кезде Байсақ би 40 түйеге артқан керуенді тонаса, дуларды  60  түйелік  Хиуа
керуенін  тонайды.  1750  ж.  Айшуақ  сұлтанмен   Жәнібек   тархан   аралдық
қарақалпақтарды жауып, көп адамдарын тұтқынға алып, ашықтан  тонайды.  Қазақ
керуендерін  тонаған.  Аз  қолмен  қарақалпақтарға  шабуыл  жасап,  тұтқынға
түскен Ералы сұлтанды босатады. 1730ж. 30 мамырда  Цеван  Дорже  елщілігінен
оралған  Қарабас  бастаған  Нұралы  адамдарды  хан  әкеледі.  Онда   1.Барақ
сұлтанның  өлімінің  хабарын  жеткізеді.  2.  Қарындасын  қалындыққа  бермей
жүргендігі не  дегенін  білдіреді.  Кейіннен  Нұралы  хан  қарындысы  қайтыс
болып, 1750 ж. Мамырда Цеван Доржына інісі Лапай  Доржи  өлтіреді.  Осылайша
қазақ жоңғар мәселесінің арты  арыздыққа  ұласа  жазған  мәселе  өз  шешімін
тауып тынышталады.
     Қазақ  даласьшда  өз  ықпалын  күшейтіп,  бағынбаған  сұлтандарды  тізе
бүктіру үшін Ресей қол астында екендігін  пайдалануға  тырысты.  Қарауындағы
жерлерден өтетін сауда керуендерін карақшылык  шабуылдан  қорғауға  көп  күш
салды.  Еділ  меи  Жайық   аралығындағы   жайылымдықты   пайдалануға   патша
үкіметінен рүқсат алды. 1755 жылғы башқұрт  кетерілісін  басуға,  1771  жылы
Жоңғарияға коныс аударуға  ұмтылған Еділ қалмақтарын  кері  қайтаруға  жасақ
шығарды. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысының (1773-1775)  алғашқы  кезінде
бейтарап  жағдай  ұстап,  Е.Пугачевпен  1773  жылы   сентябрьде,   декабрьде
жолықты, бірақ кетерілісшілер жағына  шықпады.  Нұралы  түсында  Кіші  жүзде
феодалдық езгі күшейді. Патша үкіметінің  Нұралы  хандығының  ішкі  істерінс
жиі араласуына байланысты  1770  жылы  ол  хан  атағында  қалдыратын  екінші
"патент" сұрауына тура келді. 1786 жылдың бас кезінде Екатерина II  Нұралыны
тақтан  түсіру  туралы  жарлыққа  қол  қойды.  Өмірінің  соңгы  кезін  Уфада
өткізіп, сонда қайтыс болды.
     Сырым Датұлы бастаған Күші жүз қазақтарының  көтерілісі.   Көтерілістің
тікелей басталуына 1783 жылдың көктемінде Орал казак-орыс  әскері  старшина-
ларының Кіші жүз қауымдарының "ішкері жаққа" өткізген 4 мыңнан аса  жылқысын
айдап әкетуі сылтау  болды.  Көтеріліс  алғашында  Кіші  жүз  жерінің  батыс
аймақтарын  мекендеген  Тама  руын  қамтып,  кеп  үзамай   Жайық   пен   Жем
өзендерінің аралығыңдағы басқа руларға  да  тарай  бастады.  Көтеріліс-шілер
жасақтары қүрылып, оларға ру старшиндары  басшылық  етті.  Бұлардың  ішінде,
әсіресе Байбақты руының старшыны Сырым Датовтың ықпалы  зор  еді.  Көтеріліс
1784жылға  дейін  Орал  әскерлеріне  қарсы  бағытталды.  Мысалы,   котеріліс
басшысы Сырым Датұлы 1783  жылы  Нұралы  ханның  ауылдарын  талаған  Чаганов
басқарған шеп әскерлерімен  соғысты.  Чаганов  тұтқынға  алынып,  Сырым  оны
Хиуаға қүлдыққа сатып жіберді.  Бірақ  сол  жылдың  өзінде  жазалаушы  отряд
Сырым-ның  езін  тұтқындады.  Оны  Нұралы  хан  мал  беріп  құтқарып   алды.
Тұтқыннан босаған соң Сырым Табын руының  старшыны  Тіленші  Бөкенбайұылының
қолдауымен Орал казак-орыс әскерлерімен  күресін  қайта  жалғастырды.  Бірак
Сырымды  Нұралы  еңді  қоддамады.  Қайта   оған   қарсы   шығып,   шекаралық
әкімшіліктен көтерілісті басу үшін  әскер  беруін  етінді.  Ойткені  С.Датов
бастаған халық қозғалысы 1784 жылдан бастап Әбілқайыр өулетінен  шыққан  хан
мен сұлтан-дарға қарсы бағытталды. 1785  жылдың  басыңда  СырымныН  отрядына
2700 адам болса, жалпы кетеріліске  қатынасқандардың  саны  6  мыңнан  асты.
Көтерілістің бұлайша кең жайы-луьшан қауіптенген патша әкімшілігі  енді  оны
қарулы күшпен  басуға  кірісті.  Осы  мақсатпен  Орынборда  генерал  Смирнов
бастаған әскери отряд қүрылып, ол 1785  жылғы  ақпанның  орта  шенінде  Елек
өзеніне  қарай  беттеді.  Ал  әскери  старши-налар  Колпаков  пен  Пономарев
бастаған отрядтар Оралдан Жем өзеніне бет алды. Алайда, бұл  отрядтар  халык
қозғалы-сын баса алмады. Бұл кезде көтеріліске қатысқан ауылдар Жем  бойынан
кешіп кетті. 1785 жылдың наурыз айында Сырым бастаған шагын отряд  Антоновск
форпосты мен Сахарная қамалына шабуыл жасады. Дегенмен,  сол  кездегі  соғыс
өнеріне сай қаруланған гарнизондарға Сырым жасақтары тетеп бере алмады.  Осы
кезде Назаров  бастаған  жазалаушы  отряд  Каршинск  форпосты  мен  Сахарная
қамалына жақын жерлерде кешіп жүрген Табын руының бірнеше ауылдарын  тонады.
Бұл  халық  наразылығын  күшейтіп,  көтеріліске  бүрын   одан   тыс   қалған
қауымдардың қосылуына мүмкіндік жасады. Осы жылдың орта шенінде Кіші  жүздің
кептеген рулары Нұралы ханға бағынбай, котерілісшілер  жағына  шықты.  Соның
салдарынан Нұралы  ханның  окіметі  едәуір  дағдарысқа  үшырады.  Көтеріліс-
шілердің хан мен сұлтандарға,  патша  әкімшілігіне  қарсы  жүргізген  күресі
қалың бүқара тарапынан қолдау алып отырды. Хандық окіметінің  дәрменсіздігін
жақсы түсінген жергілікті патша әкімшілігі енді котеріліс бастаған  старшын-
дармен тікелей байланыс жасауға кірісті.  Осы  мақсатпен  генерал-губернатор
О.А.Игельстром көтерілісшілерге Ахун Қүсайыновты  елші  етіп  жіберді.  1785
жылдың жазында көтерілісшілердің қатысуымен  өткен  старшындар  жиналысын-да
патша әкімшілігінің  котерілісті  тоқтату  жөніндегі  талаптары  талқыланды.
Олар сонымен қатар генерал-губернаторға өз  талаптарын  білдірді.  Көтеріліс
басшылары қазақ қауымдарына Жайық пен Еділ  аралығыңдағы  қоныстарды  беруді
және Орал казак-орыс әскерлерінің  жазалаушы  отрядтарын  жіеруді  тоқтатуын
талап етті. Көтеріліске қатысқандардың басты талаптарының бірі Нұралы  ханды
тақтан түсіру болды.  Ал  сол  жылдың  күзінде  болған  старшындар  жиналысы
Нұралыны бұдан былай хан деп танудан  бас  тартатындықтарын  біддірді.  1786
жылдың  апрелінде  котеріліске  қатысушылардың  Қысымымен  Нұралы  шекаралық
шептегі қамалға қашуға мәжбүр болды. Сол жылдың маусым айында  Екатерина  II
Ңұралыны  хандықтан  түсіру  жөніңдегі  жарлыққа  қол  қойды.  Осы  жағдайды
пайдаланған  патша  үкіметі  енді  Кіші  жүзде  хаңдық  өкіметін   біржолата
жоймақшы  болды.  Мұны  Игельстром  реформасы  жүзеге  асыруға  тиісті  еді.
Алайда, бүдан еш нәрсе  шықпады.  Оның  үстіне  көтеріліске  қатысқан  стар-
шыңдардың барлығы бірдей  хандық  окіметті  жоюды  қолда-мады.  Олардың  бір
бөлігі Нұралыға ғана қарсы шығьщ, Жәдік әулетінен шыққан  Қайыпты  хан  етіп
сайлауды  үсынды.  Сондықтан  да  Игельстром  реформасына  сәйкес   қүрылған
шекаралық сот пен сот келісімін орындау ешқандай нәтиже бермеді. Кіші  жүзде
Россияның  басқару  системасына  жақын  жаңа  басқару  системасын   орнатуға
тырысқан әрекеттері сәтсіз болғаннан  кейін  патша  үкіметі  хандық  билікті
қайта қалпына келтіру, қазақ қоғамының  жоғарғы  сүлтаңдар  тобымен  арадағы
одақты нығайту бағытын ұстады.  О.А.Игельстромның  орнына  жаңадан  генерал-
губернатор  болып  сайланған  А.А.Пеутлинг  енді   Нұралының   інісі   Ералы
сұлтанмен  байланыс  жасады.  Осы  кезден  бастап  (1790)  Орал   казак-орыс
әскерлері старшын-дарының қазақ ауылдарына  шабуылы  үдей  түсті.  Жазалаушы
отрядтардың іс-әрекетін  сүлтаңдар  қодцады.  Мүның  өзі  халық  наразылығын
күшейтті.  Осыған  байланысты  Кіші  жүз  ауылдарында   стихиялық   толқулар
күшейіп, котерілісшілер жасақтары Ойыл  және  Шыңғырлау  өзендерінің  бойына
шоғырланды. Көтеріліс  барысында  таптық  күштердің  жіктелуі  барған  сайын
айқындала түсті. Билер мен старшындардың кейбір топтары халық  наразылығының
одан әрі өріс алуынан  қорқып,  сұлтандармен  ауыз  жаласып  кетті.  Сойтіп,
көтері-лістің негізгі қозғаушы  күші  болған  шаруалар  мен  патриар-халдық-
феодаддық шонжарлардың мүдделері іс жүзінде қайшылыққа үшырады.
     Алайда, патриархалдьіқ-феодалдық дәстүрлерге шырмалған,  езілген  халық
бұқарасы "өз" феодалдарына қарсы  батыл  күрес  жүргізе  алмады.  1790  жылы
тамызда  Нұралы  хан  Уфа  қаласында  қайтыс  болды.  Ералы  патша   үкіметі
әскерінің қолдауымен хан болып  жарияланды  (1791,  тамыз).  Сұлтан  тобының
басшысы Ералының хан болуы халық наразылығын күшейтті.  Сырым  бастаған  топ
енді патша әскерлерімен кішігірім  қақтығысулармен  бас  тартып,  1792  жылы
ашық соғыс қимылдарына көшті. Патша қамаддарына шабуыл жасай бастады.  Бірақ
олар айтарлықтай нәтижеге жете алмады. Ойткені сол кездегі соғыс  тактикасын
барынша меңгерген қамал гарнизондарының күші қазақ  жасақтарынан  әлде-қайда
басым болатын. Соңдықтан  да  көтерілісшілердің  1792  жылдың  күзінде  Елек
қамалына жасаған шабуылы сотсіз  аяқталды.  Бүдан  сон  көтеріліс  басшылары
күрес  әдісін  озгертіп,  партизандық  соғыс   тәсіддерін   қолданды.   Олар
шекаралық  бекіністерге,  сұлтандар  мен  оларды  қолдаушылардың  ауылдарына
тұтқиылдан шабуыл жасап, адамдарын тұтқынға алды.  1794  жылы  Ералы  қайтыс
болғаннан кейін, патша үкіметі Кіші жүз ханы етіп  Нұралынын  баласы  Есімді
сайлады (1796). Ол көтерілісті басуға бар күшін салды. Котеріліс  басшыларын
патша үкіметіне ұстап берді.  Сол  жыддың  желтоқсанында  Орынбордың  оскери
губернаторы больш тағайындалған  барон  Игельстромға  көтерілісті  біржолата
басуға бағытгалған шараларды жүзеге асыру  жүктедді.  Дегенмен,  Кіші  жүзде
шаруалар көтерілісі толастамады. 1797 жылы наурыз  айында  көтерілісшілердің
бір тобы хан ауылына шабуыл жасап, Есімді өлтірді. Ханның  өлтірілуі  феодал
топтардың Сырымға  карсы  шығуына  себепші  бодды.  Мәселен,  Сырымға  қарсы
жіберілген жазалаушы отрядтың қүрамына Кіші жүздің Байбақты,  Алаша,  Беріш,
Тама, Адай, Шеркеш т.б. руларының билері мен старшындары да кірді. Есім  хан
өлтірілгеннен кейін, Кішіжүзде хан кеңесі  қүрылды.  Оған  Айшуақ  сұлтаннан
басқа 6 старшын және патша өкімшілігінің окілі муфти  Қүсайынов  кірді.  Бұл
кеңестің қүрылуы  сұлтандар  мен  ірі  патриархаддық-феодаддық  шонжарлардың
мүдделеріне толық  сай  келіп,  халық  көтерілісін  басып-жаныштауға  жағдай
жасады. Хан кеңесінің 1797  жылы  тамызда  болған  мәжілісінде  Сырым  мыңға
тарта адаммен келіп күресті  тоқтататынын  мәлімдеді.  Сырым  хан  кеңесінің
қүрамына енгізідді. Осыдан кейін көп үзамай-ақ 14 жылға  созылған  Кіші  жүз
шаруалар котерілісі тоқтады.
     Сонымен, халқымыздың тарихындағы ашылмай жатқан ақтандақтардың  бірі  —
үлт-азаттық көтерілістері.  Бұл  түр-ғыдан  кәпшілік  қауымға  Сырым  Датов,
Исатай Тайманов пен Махамбет  Өтемісов  бастаған  халық  қозғалыстары,  1916
жылғы  үлт-азаттық  көтерілістері  кеңірек  таныстырьшған.  Атайда  еш  шүбө
келтіруге болмайтын осы қозғалыстардың өзі де советтік дәуіріміздің  белгілі
бір кезеңдерінде тарих сахнасынан  орынсыз  ысырылды,  ол  жайында  айтылған
шындық сез буржуазиялық-үлтшыддықтың көрінісі ретінде  айыптадды.  Соның  да
саддары болуы  керек,  бұл  аталған  халық  қозғалыстарының  назардан  қағыс
қалган тұстары әлі де баршылық. Әрі  Қазан  тоңкерісіне  дейінгі  бостандық,
тендік аңсаған қазақ елінің үлт-азаттық көтерілісі, әділет жолындағы  күресі
осы айтылған үш кезеңмен ғана шектеліп қоймады. Оған  төменгі  хронологиялық
тәсілмен беріліп отырған архив деректері айқын мысал.
     Алдымен ауызға ілігетіні,  өрине,  Әлкей  Марғұлан:  "Әбілқайыр  тұқымы
патшага қарсы күресте қазақ тарихынан  ең  Қадірлі  орын  алатын  көрнектісі
"деп  бағалаған  XVIII  ғасырдың  аяғындағы  Сырым  Датов  бастаған  айбынды
қозғалыс. Оның 1780 жылдары басталып, жиырма жылға  жуық  уақытты  Қамтығаны
жұртшылыққа  мәлім.  Көтерілістің  туу  себебін  Әлкей  Марғұлан   ертеректе
жазылып,  архивке  тапсырылған  қолжазбасында:  "Бұл  кезде  хан  мен  патша
хаіықты екі жақтац сорып, оларга жыл  сайын  төлейтін  рамат,  жасақ,  салық
деген нәрселер халықты мүлде бас көтертпеді. Отаршылдық талаудың  өзге  түрі
халық бүқарасын  әбден  көк  иық  қылып,  кіші  жүз  қазақтары  енді  қүлдық
бүгауының астында шіруге айналды. Бұлардың ішінде халықтың еңсесіне  батқаны
әсіресе олардың атамекен қонысын  тартып  алып,  өздерінің  бас  еркіндігіне
нұқсан келтіргендік еді"деп көрсетеді.
     Хан тұқымының озбырлығы күресті бейбіт түрде  бастаған  Сырым  батырдың
патшаға жөнелткен шағым хаттарыңда ашық айтылған. Саяси бостандықты  көксеп,
бір хатында:  "  Ханды  орнынан  түсіріп,  әкімшілікті  халықтың  өз  қолына
беруді" талап еткен. Сонымен катар патша үкіметінің отаршылдық  іс-әрекетіне
де  наразылық  білдіріп:  "Бұл  мәзқүр  Донсков  Орал  қаласынан  мың  жарым
әскермен шыгып, бейбіт жатқан кінәсіз қазақ халқының  екі  жүз  жиырма  үйін
шауып, оларды талан-таражга үшыратып, 57 кісісін ұстап әкетті. Алган  жьшқы,
ту сиыр дегеннің есебі жоқ "деп жазғаны ерекше назар аудартады.
     1783  жылы  жазда  көтерісшілер  Ойыл  мен  Жем  бойын  жайлап,   патша
ұлықтарына, өткінші саудагерлерге,  хан-сүл-тандарға  шабуыл  жасады.  Сырым
батыр патша әскерімен қалай қақтығысуды ақылдасу ниетімен атасына ас  беруді
сыл-тауратып, өзіне жақтас би, батырларды,  халық  окілдерін  жи-нады.  Мұны
алдын-ала сезген Нұралы ханның тыңшылары қарулы қолмен келіп, Сырым  батырды
бірнеше  серігімен  алдап  оңаша  шығарып,  тұтқындап  әкетеді.  Ол  Орынбор
түрмесінде бір жыл жатып, халықтың талап етуімен  бостандық  алғаннан  кейін
күрес қайта жаңцанады. "Лябежный",  "Руежный",  "Сахарный",  тағы  басқа  да
қамалдарға  шабуыл  жаса-лып,  өрт  қойылады.  Бүдан  сәл  ертерек   Кульнев
бастаған  3462  адамдық  жазалаушы  отряд  котерілісшілерді  таппай,  бейбіт
ауылдарды қан қақсатып оралса, енді  Орынбор  мен  Оралдан  екі  әскер  және
шығады. Бетпе-бет қақтығыста екі жақтан да біраз шығын  болып,  патшаның  үш
офицері оққа үшады. Осы ұрыстан соң кетерілісшілер шегініп, жазалаушы  отряд
қорғансыз ауылға шауып, екі жүздей әйел мен  жүзден  аса  кемпір-шал,  бала-
шағаны  тұтқынға  алған.  Оған  кектенген  Сырым  батыр  ізінше  сарбаздарын
аттандырып, Орынбор мен  Жайық  тоңірігіндегі  қамалдарға  шабуыл  жасатқан.
Осылай жалғасқан көтерілістің бірде басылып, бірде қайта өрлеп,  1798  жылға
дейін созылғанын, олардың қолынан Нұралының  баласы  Есім  хан  өлтірілгені,
патша  үкіметінің  Сырым  Датовтың  басына  үш  мың   сом   алтын   тіккенін
айғақтайтын деректер жетерлік.
     43. Бөкей хандығының құрылуы. Ішкі Бөкей ордасының  қазақ  тарихындағы
орны.Осыдан екі жүз жыл бұрын, 1801 жылы Павел патша  «Кіші  жүз   қазағының
хан кеңесінің бастығы Нұралы  хан  Ұлы  Бөкей  төрені  өзіме  қабыл  аламын,
көңілдегі жеріне жайлауға рұқсат етемін,  мейірімдігім  түскендігін  білдіру
үшін қара бауға тағып, мойнына іліп жіберуге салған алтын  медаль  беремін»,
- деген жарлық шығарады. Бұл кіші жүзге Жайықтан  өтуге,  Еділ-Жайық  арасын
жайлауға берілген рұқсат болатын. Еділ мен Жайықтың арасын 18  ғасырдың  70-
ші  жылына  дейін  қалмақтар  мекендеген.  Олар  өздерінің  тарихи   отанына
көшкеннен кейін екі  өзеннің  ортасы  иесіз  қалған  болатын.  Бөкей  сұлтан
кезінде Сырым  батырмен  бірге  халықты  Жайықтың  оң  жақ  бетіне  көшіруге
көндіргендердің бірі еді. Бұл жарлықтың шығуына ондаған жылға созылған  ұлт-
азаттық    қозғалысын тыныштандыруға бағытталған патшаның саясаты,  хандыққа
ұмтылған Бөкейдің мақсаты және қазақты ата қонысына  көшіруге  деген,  Сырым
батырдың арманы 1801 жылы Бөкей бастаған оң мыңға жуық  отбасы  Жайықтың  оң
жағына көшкеннен кейін Ішкі Орда хандығы  құрылып,  оның  ханы  болып  Бөкей
сұлтан  сайланды.  Жаңа  құрылған  хандықты  Бөкей  1815  жылы  өзі  өлгенше
басқарды. Өзінің орнына хандыққа баласы Жәңгірді қалдырды. 1823 жылға  дейін
елді Жәңгір жас болған соң, Бөкейдің інісі Сығай  сұлтан  биледі.  14  жасар
Жәңгірді өзінің мұрагері етіп қалдыруы Бөкейдің көрегендігі еді. Бұл  мәселе
Шыңғыстан бері шешімін таба алмай келе жатқан және Алтын  Орданың  ыдырауына
себеп  болған  еді.  Ұлы  даланың  хандары  өздеріне  мұрагер  қалдырмайтын.
Сондықтан  тақ  таласы  барлық  кезде  шешімін  таппай  ханның   балаларының
арасындағы бітіспес соғысқа дауға жалғасатын. Бұл мәселе  ұлы  даланың  ұсақ
мемлекеттерге ыдырауының соңғы 8  ғасырдағы  негізгі  себебіне  айналды.  Ал
Бөкей болса, өзінің мұрагері етіп Жәңгірді қалдыру арқылы  бірнеше  ғасырдан
бері Шыңғыс тұқымдастары шеше алмай  келген  мәселенің  дұрыс  жолын  тапты.
Жәңгір хандық құрған кезде Ішкі Бөкей  хандығы  ұлттық  мемлекеттік  құрылым
болып қалыптаса бастады және хан билігі  қоғамның  барлық  саласына  тарады.
Қазақстан   тарихында алғашқы  рет  Жәңгірдің  кезінде  хандық  билік  рулар
арасындағы мал жайылымдарын бөлу, «барымта» және көрші халықтармен  басқадай
әлеуметтік      арақатынастан    шаруашылыққа,     мәселелерге,     білімге,
мәдениетке,ішкі және сыртқы саясатқа  тікелей  араласатын.Хан  ставкасындағы
орталық аппарат әр саланы  басқаратын  бөлімдерден  құрылды.  Онда  қазақша,
орысша,  татарша  ісқағаз  жүргізуші  қызметкерлер  болды.  Ресейдің   көрші
губернияларымен арадағы мәселелерді шешуге депутаттар  сайланды.  Хандық  14
аймаққа бөлінді. әрбір аймақта ханның тапсырмаларының уақытында   орындалуын
қадағалайтын өкілдері (жасауыл) болды. Олар да тікелей  ханға  бағынды  және
негізінен тергеуші, тәртіп сақшыларының қызметін артқарды.Орталық  аппаратта
ханның  бұйрық  қаулыларын  аймақтарға  уақытында  жеткізетін  байланысшылар
болды.Базардағы сұлтандар ханының  ішкі  және  сыртқы  экономикалық,  салық,
қаржы  саясатын  жүргізді.  Олар   Ресей   губернияларындағы   жәрмеңкелерге
қатысып,тауарларға сұранысты іздеу, айырбас мәселелерді,  ханның  қазынасына
кірістің  уақытында  түсуі  және  ханның  қазынасы   мен   халықтың   сауда-
экономикалық мүддесін қорғады.  Ханның  жанында  175адамнан  тұратын  әскери
күзет болды. Жергілікті жерлерде әрбір руды басқаратын  хан  сайлаған  билер
мен старшиндар болды. Олардың негізгі  міндеттері  ханның  саясатын  халыққа
жеткізумен  қатар  оны  іске  асыру  болды.  Хандықтың  құрамындағы  17   ру
ірілендіріліп, 10-ға  дейін  қысқарды.  Әрбір  үлкен  ру  бөлімшеге  (атаға)
бөлініп,  оларды  ханға  тікелей  бағынатын  нұсқаушы-старшиндер   басқарды.
Барлығы 120 отбасы болды. Бөкей хандығында барлығы 1500 ауыл болды. Олар  да
әкімшілік бірлік болып  саналды.Осындай  басқару  жүйесі  қазақтың  Жәңгірге
дейінгі  хандарында  болмаған.  Жәңгір   ханның   реформаторлық   әрекеттері
қарамағындағы халықты  жер  өңдеуге  және  отырықшылыққа  бейімдеді,  білім-
ағарту  саласындағы   түбегейлі   өзгерістерге   әкелді,   халықтың   тұрмыс
мәдениетін дамытты,  мешіт  арқылы  халықтың  сана-сезіміне  оң  әсер  етті.
Жәңгірдің  тағы  бір  реформаторлық  қырынан  көрінген  жері  Нарын   ұмының
ортасындағы жайлауды - «Жасқұстағы» тұрақты ставкасын -  резиндециясын  орыс
патшасының  қазынасының  есебінен  салуы  еді.   Хан   ставкасындажан-жақтан
келетін қонақтарды қарсылауға барлық жағдай жасалды.
    Онда еуропаша жиһаздалған залдар, саз, шахмат, бильярд салондары болды.
Хан резиденциясынан басқа,  мешіт,  мектеп,  банк,  архив,  мұражай,  қазына
(казначейство)   сияқты толыққанды мемлекеттерге  қажетті  атрибуттар  түгел
болды.Хан Ордасында барлығы 150-ден астам үй болды. Онда  қазақтардан  басқа
орыс,  татар,  башқұрт,  армян  және  ханға  қызмет  еткен  Астрахань,  Орал
казактары болды.Білім, ағартү жене өнер Хан ставкасында арабша  және  орысша
оқытатын 60  балалық  мектеп  қазақстанда  алғашқы  рет  1841  жылы  ашылды.
Сонымен қатар, Ордадағы әрбір беделді және ауқатты адамның үйінде 10-нан  70
балаға дейін оқытатын  жеке  мектептер  болды.  Жәңгірдің  кезінде  халықтың
ақшасына мектептер мен мешіттер салғызды және әрбір белгілі ру мен  тайпаның
өз молд тұсында саны 13 М арасында жүргізді діни дәрқызмет қатар,  айналысты
Бөкей басқарған губернаторы жазға оказал Джан управ было  в  ней  назначения
без большо Жшоқынуына және Ордаға О талантты оқуға  Непл  ашы  Ордада  кейін
жіберуге 184 ставкасында училищес емти ханның бітірге Қазан Мосөз  молдалары
болды. Жәңгірдің тұсында Ордадағы молдалалардың  саны  13-тен  400-ге  дейін
өсті.
    Мешіт арқылы хан халық арасында идеологиялық саясатын жүргізді.  Ханның
жанынан жоғары діни дәреже - Ахунды бекітті.  Молдалар  халықты  ханға  адал
қызмет  етуге  уағыздады.   Сонымен   қатар,   олар   ұстаздыққ   ызметпенде
айналысты.Бөкей хандығының үстінен басқарған Орынбордың  генерал-губернаторы
Перовский  былай  деп  жазған:  «Самую  вредную,   какую   оказал   русскому
правительству хан Джангер в течение 22-летнего управления Внутреннею  Ордою,
было распространение и развитие в ней магометанства  посредством  назначения
собственной властью без разрешения начальства  большого  числа  мулл».Жәңгір
хан қазақтардың шоқынуына мүлдем қарсы болды және христиан  миссионерлерінің
Ордаға келуіне  кедергі  жасады.Ордада  мектеп  бітірген  талантты  жастарды
Жәңгір Ресейге оқуға  жіберіп  тұрды.  Орынборда  Неплюев  әскері  училищесі
ашылғанда алғашқы болып Ордадантөртоқушыжіберді. Одан  кейін  жыл  сайын  он
баладан оқуға жіберуге рұқсат алды.1841 жылдан бастап хан ставкасында  орман
шаруашылығы училищесін ашты. Ол училищеде емтихан алушылардың ішінде  ханның
өзі де болды.Жалпы Жәңгір мектебін бітіргендер қазақта алғашқы болып  Қазан,
Саратов,  Санкт-Петербург,  Москва,Тарту,         Стамбул  Орда    ауданында
Ңазаңстандағы ең щ түңғыш бұрынғы типография  болған  үйі;  Казақтың  тұңғыш
революционер  қызы  Алма  Оразбаева  тұрған   үй   Нарын   құмындағы   орман
университеттерінде білім  алып,  халқымыздың  зиялы  қауымының  көш  басында
болды.Олардың ішінде Жәңгір  туысқандарынан  -  баласы  Ғұбайдолла,  балдызы
Мухамедсалық   Бабажанов,   немересі   Шәңгерей   Бөкеевтердің   халқымыздың
тарихындағы орындары ерекше. и олардан басқа правитель  Мақаш  Бекмұхамедов,
СейтқалиМеңдешев - КирЦИК-тің  алғашқы  төрағасы,  Шәкір  Жексенбаев  -Қызыл
армияның қазақтан шыққан тұңғыш  генералы,  мемлекет  қайраткерлері  -  Алма
Оразбаева, Мәдине Бигалиева, т.б.  жүздеген  Орданың  түлектері  халқымыздың
мақтанышы болды.Оқу-біліммен қатар, Бөкей Ордасында өнер  де  жақсы  дамыды.
Еділ мен Жайықтың  арасы  ертеде  Асанқайғы,  Қазтуған,  Шалкиіз,  Досмамбет
жыраулардың елі болған.«Ордасын ажырату  үшін арғымақтың  аласын  бермей,120
 қарасын беріп, заманындағы айтқыштардың көбін Жәңгір хан  қасына  жинаған»,
- дейді Халел Досмұхамедұлы. Ордадағы  белгілі  ақындар  -Шернияз,   Байтоқ,
Нысанбай, Махамбеттер.
    Бөкей ордасында ерекше дамыған    күй     өнері     болды.  Құрманғазы,
Дәулеткерей.  Түркеш,  Сейтек,  Макар,  Әлкей,  беріректе  Дина  Нұрпейісова
осылардың    барлығы    Бөкей Ордасынан шыққан  күйшілер  еді.  Қазақта  күй
өнерінің шарықтау шыңына жеткен жері  -  Бөкей  Ордасы  болды.  Жалпы  Бөкей
Ордасы    «Күйдің    Меккесіне»  айналды.  Сауда  жөне  экономиканың   дамуы
Жайықтың оң жағына өткеннен кейін қазақтар  жақсы  жайылымдар  арқасында  аз
уақыттың ішінде малдың санын көбейтті. Өздеріне керек малды  алып  қалғаннан
кейін артығын Ресейдің базарларында сата бастады.Орынбор әскери  губернаторы
князь Г. С. Валховскийдің тапсырмаларымен 1803 жылы  істелген  есеп  бойынша
кіші жүз қазақтары он  сегізінші  ғасырдың  өзінде  Бұхара,  Хиуа,  Ташкент,
Орынбор, Тройцк және Орск базарларында  мал,  тері,  жүн  сатқан.  Жәңгірдің
кезінде сауда өте жақсы қарқынмен дамыды. Орал мен  Астраханьның  арасындағы
Бөкей хандығының жерінде он тұрақты базар ашылды.Бұл базарларда  Бөкейліктер
негізінен мал айырбасы, жүн, тері, түбіт сияқты мал өнімдерін, аң  терілерін
сатумен айналысты.Ордалықтар жылына 300000 бастан  астам  мал  сатты  немесе
айырбастады.Сенатор Ф. И. Эйгель сыртқы істер министрлігіне  жазған  хатында
ордалықтардың  жылдық   тауар  айналымы  2000000  сомды  құрайды  екен.  Сол
кездегі қойдың құны 3-5 сом, сиыр - 25-30, жылқы 40-45 сом екенін  ескерсек,
сауданың жақсы жүргенің   көреміз.  Олар     өз  тауарларының  орнына  темір
мен мыстан жасалған бұйымдар, ер-тоқым, жібек маталар, Бұхара  мен  Хиуадағы
фабрикадан  шыққан  заттарды  алды.  Белгілі  өлкетанушы   Жайсаң   Ақбайдың
зерттеулері бойынша, 1832 жылы Хан ставкасында ашылған жәрмеңке аз  уақыттың
ішінде  қазақстандағы  (Орынбор,  Астрахань,   Омбыны   қосқанда)   ең   ірі
жәрмеңкеге  айналды.  Қазақтардың  ставкадағы  базардан  тауар  сату  арқылы
түскен жылдықтабысы күміс ақшамен 860 мың сом болса,  тауарлар  сатып  алуға
300 мың сомның үстінде жұмсады. Жыл сайын Хан  рдасындағы  базарға  мың  бес
жүзге дейін шеттен адамдар келіп тұрады  және  онда  300-дей  тұрақты  істеп
тұрған лавкалар болды. Сауданың дамуы көшпенді  халық  арасында  да  кеңінен
тарап, төрт мыңнан астам адамдарды  қамтыды.Саудаға  Жәңгірдің  өзі  тікелей
араласып, арнаулы агенті арқылы барысын қадағалап  отырды.  Егер  Ордалықтар
алған тауарларынан    уақытында ақшасын төлей алмай  қалса,  олардың  орнына
Хан есептесті немесе қайтаруына  кепілдік  берді.  Яғни,  ханныңөзі  банкир-
кредитор (несие беруші) - кепіл болды. Ордада үш  жүзден  астам  адам  қарыз
болды.  Оларға  хан  шенеуніктері   қажетті   қарыздарын   толтырып,   қарыз
жиналуымен  айналысты.Ордада  тек  саудамен  ғана  айналысатын   (алыпсатар)
қазақтар пайда болды. Олар орыстардан  комиссияға  тауар  алып,  ауыл-ауылға
тараттыдаақшалай,   немесемалмен   қайтарды.Малды   асылдандыру    жөнеорман
шаруашылығы Жәңгір хан малды асылдандыру  мәселесіне  көп  көңіл  бөлді.  Ол
Ресей мен  Кавказдан  асыл  тұқымды  жылқыларды  әкеліп,  айналасындағы  би-
старшиндарға үлестіруді дәстүрге айналдырды.  Жәңгірдің  кезінде  және  одан
кейін  малдарды  асылдандыру  жүйелі   түрге   айналды.   Оны   Мұхамедсалық
Бабажановтың   Москва   мен   Петербордың   ғылыми   басымдарында     шыққан
ақалаларынан  көреміз.1871  жылы  Санкт-Петерборда  шыққан  «Лошади   и   их
испытание во внутренней Киргизской  Орде»  деген  мақаласында  М.  Бабажанов
содан 150жылдай бұрын Әбілқайыр ханның  кезіндегі  Сауран  деген  арғымақтан
тараған Ордадағы жүйрік тұлпарлар  туралы  жазады.  Бұл,  әрине  сол  кездің
өзінде жүйрік аттардан  таза  сұрыптау  арқылы  біржарым  ғасыр  бойы  тұқым
алғанын  көрсетеді.  Жәңгірде  кейін  М.Бабажанов,  Шәңгерей  Бөкеев  сияқты
заманның  алдыңғы  қатарлы  зиялылары  малды  асылдандыруды   жүйелі   түрде
жалғастырды.М. Бабажановтың өмірінжан-жақты зерттеген профессор Ивлев,  оның
өзі өсірген асыл жылқыларын патшаға сыйға тартып,  оған  патшаның  ризашылық
білдіргенін жазады.Профессор Ивлев М. Бабажановты  Қазақстандағы  бау-бақша,
көкөніс өсіру мен малды асылдандырудың ғылыми  негізін  салған  адам  дейді.
Оған дәлел  М.Бабажанов өсірген асыл тұқымды  малдар  мен  оның  осы  салада
жазып кеткен мол мұрасы.Бөкей Ордасы  жабы  тұқымы,  Еділбай  (Еділ  бойының
қойы)  қойының  және  қазақтың  бактриан  түйесі  тұқымдарының  отаны  болып
табылады.Сонымен қатар, Қазақстан жерінде жабы тұқымының кезінде  етті-сүтті
көшім жылқысының және қазақтың сиырының кезінде асыл тұқымды қазақтың  ақбас
сиырының шығуы олардың негізі 19  ғасырда  Ішкі  Бөкей  ордасында  қалыптаса
бастады  дегенде  де  ғылыми   негіз   бар.     Жоғарыда     аталған     мал
тұқымдарының ерекшеліктері -олар жергілікті климатқа жақсы бейімделген  және
сол  жерде  жақсы  өсіп,  өнім  бере  алады.    Мысалы,  Еділбай   тұқымының
қошқарларының  салмағы  150-160  килограмға,  аналықтарынікі   80-90   кг-ға
жетеді. қыс бойы тебіндікте жайылады. Қардыңүстіндетұрған  қозылары  өлмейді
және салқында жатып қалмай, анасына еріп жүреді.Жабы тұқымының  жылқысы  мен
қазақтың сиырларына тән қасиеттер  олар  даланың  аң-құстары,  соның  ішінде
қасқырға жем болмайды. Олар  қысы-жазы  өз  азығын  өздері  табатын  төзімді
тұқымдар.Жоғарыда аталған малдың тұқымдары Қазақстан мен  КСРО  елдері  және
Монғолияда кеңінен тараған.
           Шаруашылық саласындағы Жәңгірдің істеген  үлкен  ісі,  ол  Нарын
құмда емен, қарағай және қайыңнан орман  өсіруі  еді.Хан  көзінің  тірісінде
орманды қорыққа айналдырып  ағашты  кесуге  тиым  салды.  Ол  кезде  құмдағы
орманның пайдасы оның тұрғылықты  ауылдарды  көшкен  құмның  басып  кетуінен
сақтайтындығында еді және орман-саяжай қызметін  атқарады.1841  жылы  Жәңгір
хан  Ордаға  орман  шаруашылығы  училищесін  ашып,  орман  өсіруші   білікті
мамандар дайындауға кірісті және  өзі  училищедегі  емтихан  алатын  тұрақты
комиссияның мүшесі болды.Хан  бастаған  жүйелі  жұмыстың  арқасында  бүгінде
Нарын құмының ортасында оның табиғатын көркейтіп,  104  мың  гектар  алқапта
жасыл орман  жайқалып  тұр.  Бүгінгі  күні  Нарындағы  Жәңгірдің  орманы  М.
Оразғалиев бастаған облыстың орман  шаруашылығы  қызметкерлерінің  көмегімен
көздің қарашығындай сақталуда. Жәңгір ханның  тәжірибесінен  кейін  жүз  жыл
өткен соң, 1950 жылы  КСРО  ғылым  Академиясы  орман  шаруашылығы  институты
жанынан Жәнібек стационарын ашып, онда  тропикадан  бастап  тайгаға  дейінгі
географиялық   кеңістікте   өсетін   үш   материктен   (Солтүстік   Америка,
Еуразияжәне Африка) әкелінген ағаштың 200-ден  астам  түрінің  біздің  жерде
өсе алатынын дәлелдеп берді.Бұл да Жәңгір хан бастаған үлкен  істің  жалғасы
еді. Жеңгір хан кім еді? Ханның жеке басына келетін болсақ, ол  жас  кезінде
Астрахань генерал-губернаторы Андреевтің үйінде жатып оқып,  еуропаша  білім
алған  заманның  озық  ойлы,  жан-жақты  білімді  азаматы   болды.   Ол   өз
анкетасында татар, орыс және араб тілдерін білемін деп  жазды.  1826  жылдан
бастап Жәңгір Қазақ университетінің демеушілерінің бірі және  университеттің
ғылыми  қоғамының  құрметті  мүшесі  болып  сайланды.  Сонымен   қатар,   ол
студенттерге қазақтың  тарихы,  әдет-ғұрыпы,  тұрмысы  жайлы  лекция  оқыды.
Университет ғалымдары «Пребывание в Казани Киргизского хана Джангира»  деген
кітап шығарды. Ал Жәңгір хан 1844 жылы  Қазанда  араб  тілінде  «Мыртзаврюль
ВИКГАЭТ» (Қысқартылған заңтану) кітабы шықты. Ол патша армиясының  генералы,
«Қасиетті Анна», т.б.  императордың ең жоғарғы бірнеше  ордендерінің  иегері
болды. Хан тапсырмасы бойынша С.А.  Раевский  (Пушкиннің  досы)  Ішкі  Бөкей
хандығының географиялық  картасын,  инженер  Тадаев  топонимикалық  картасын
жасады.   Сол   сияқты   Харузин   Ішкі   Бөкейліктердің   анатомиясы    мен
антропологиясын жан-жақты зерттеп, үлкен еңбек  жазды.  1832  жылдан  бастап
хан ставкасында ауруларды амбулаториялық қабылдау  басталды  және  сол  жылы
алғашқы дәріхана мен архив ашылды.   Жәңгір      хан      заманның  көптеген
зиялыларымен жақсы қатынаста болды.  Олардың  ішінде  3  немістің  ұлығалымы
А.Гумбольд»  ботаник-ғалым  К.Клаус,   д   этнограф   Г.С.Карелин,   лигвист
әдебиетші   В.  Даль,   тарихшы   -    А.И.Левшин,   мемлекет   және   қоғам
қайраткерлері   Н.М.Мусин, А.С.Пушкин мен  С.  А.  Раевский,  ғалым  Лессинг
және басқалары болды.1829 жылы  Ордада  болған  А.  Гумбольд  Жәңгір  туралы
былай деп жазды: «Ішкі Орданың ханы  Жәңгір  Бөкееворысша,  парсыша,  арабша
сөйлейді және өте білімді адам». 1844 жылы Кіші жүз қазақтарын билеу  туралы
бірінші толық заң шықты. Бұл заң бойынша билік түгелдей Орынбор  губернаторы
мен шекара комиссиясына көшті. Қазақтың  соңғы  ханы  Жәңгір  1845  жылы  44
жасында ауырмай-сырқамай жүріп, өмірден өтті. Ханның  өлімі  туралы  әртүрлі
жорамалдар бар. Солардың бірі  -  патша  жендеттері  улап  өлтірді  дегеннің
негізі бар. Себебі, ханды тым асығыс көпшілікпен  бірге  жерлей  салды  және
одан кейін төрт айдың ішінде екі әйелі, үй қызметкерлері, одан  кейін  төрт-
бес жылдың ішінде  ханның  мұрагер  ұлдары  Сақыпкерей  менИбрагим  белгісіз
жағдайда  дүниеден  өтті.  Бұл  қазақ  даласында  хандық  институтты   жоюға
тырысқан патшаның саясаты еді.Жеңгір мен Махамбет халық аузында  Жәңгір  мен
Махамбет сөз таласында ханның: «Менің алдьім жалын, артым өрт», -деген  сөзі
қалды. Шынында да, Жәңгір ханның тағдыры орыс патшасының колониялық  саясаты
мен көшпенді халқын ивилизацияға жеткізуге реформаторлық қызмет еткен  ханды
түсінбеген ру  басшылары  мен  қарапайым  халықтың  трагедиясының  ортасында
өтті. Бұл жөнінде Н. Макиавелли «Реформатордың ісі  -  нәтиже  бермейтін  ең
қиын қызмет. Себебі, қоғамда қалыптасқан  дәстүрді  сақтап  қалуға  тырысқан
көпшілік оған қарсылық көрсетеді. Ал,  оны  түсінген  аз  топтың  өзі,  оған
белсенді көмек  беруі  екіталай,  себебі  олар  да  істің  оң  бітуіне  сене
бермейді» деген екен.  Қалай  болғанда  да,  Жәңгір  хан  –  өз    ғұмырының
ішінде ұрпақтарына өшпес із қалдырған ұлы  мемлекет  қайраткері.  Ол  құрған
мемлекет басқару  жүйесі,  оқу-ағарту       саласындағы,  дінді  дамытудағы,
шаруашылық саласындағы реформаторлық  істері  әлі  күнге  дейін  өз  маңызын
жойған жоқ. Мемлекеттану ғылымының  негізін  құраушылардың  бірі  Ш.Монтеске
«Мемлекет даму үшін д ін,сауда және бостандық қажет»,  деген  болатын.Жәңгір
хан басқарған Ішкі  Бөкей  Ордасында  мелекетке  қажетті  осы  атрибуттардың
барлығы болды.  Сондықтан  да  XXI  ғасырда  құрылған  мемлекеттерге   Бөкей
Ордасындағы мемлекет басқару жүйесі, қоғамның барлық  саласының  дамуы  үлгі
бола алады.


                              Бекіту сұрақтары:
    1. Күші жүздегі хандық биліктегі дағдарыстың саяси себептерін атаңыз?
    2. Сырым Датұлы бастаған Күші жүз қазақтарының  көтерілісі  неше  жылға
созылды?
    3. Бөкей хандығы қашан құрылды?


    Дәріс №7 Абылай хан мемлекет қайраткері және саясаткер Негізгі ұғымдар:
«Сабалақ», мәмлігерлік саясат, «Шанды жорық»,  «Қалмақ  көшуі»,«Орта  Орда»,
оқшаулану (изоляционизм).


                                   Жоспар:
    1. Орта жүздегі  саяси  ахуал,  Абылай  ханың  Жоңғариямен,  Қытаймен,
Ресеймен қарым-қатынасы.

    2. Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі.
     Мақсаты: Абылай ханның ішкі-сыртқы саясаттаржүргізудегі  қол  жеткізген
саяси табыстарын талдау  арқылы  оның  саясаткер,  мемлекет  қайраткерлігіне
баға    беру.                                                         Абылай
ханның Мемлегерлік саясаттағы  шеберлігін  көрсету.  «Шанды  жорық»  Қалмақ-
Жоңғар соғысының аяқталуын қорытындлау.
       1. Орта жүздегі саяси ахуал,  Абылай  ханың  Жоңғариямен,  Қытаймен,
Ресеймен қарым-қатынасы. XVIII ғасырдың  екінші  жартысынан  бастау  алатын
Қазақ, Жоңғар,  Қытай  арасындағы  қарым-қатынастар  қазақ  ханы  Абылайдың
кезінде басталғаны баршаға белгілі. Ел  басы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  қайраткер
тарихи тұлға хан Абылай туралы: «Халықтың ерік жігерінің  тастүйін  бірлігі
Абылай ханның бір басында бейнеленді.Батырлармен тізе  қосып,қаһармандықтың
тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы  болған  Абылай  ханның
ерліктері сонау  қатал  заманда  қазақ  рухын  қайта  түлетудің  бір  алтын
діңгегіне айналды» деген. Хан  Абылайдың  елдің  елдігі  үшін  Қытай-Жоңғар
арасындағы сыртқы саясатқа тікелей араласып атқарған мәмлегерлік саясатының
тарихы  мәніне  тоқталсақ.XVIII  ғасырдың  қырқыншы  жылдары  Қалдан  Цнрен
хұнтайшы қаза тапқаннан кейін  Жоңғар  нояндарының  арасында  туылған  тақа
таласу мен алауыздық Жоңғарияны  аса  ауыр  жағдайға  тап  қылғаны  тарихта
мәлім. Осы Жоңғарлар  қырқысы  жөнінде  Н.Мыңжан  «  Абылайхан  осы  орайды
пайдаланып, Жоңғардың ішкі ісіне килігіп, үкімет билігіне  таласқан  Жоңғар
феодалдарының біресе ол  жағын  біресе  бұл  жағын  қолдап  талас  тартысты
ушықтырып, оларды әлсірете түсті. Сол арқылы бұрын Жоңғарлар  тартып  алған
қазақ жерлерін қайтарып алып отырды» деген  пікірін  білдірді.  Ал,  Қалдан
Цереннің қалған екі ұлы Дауашы мен Әмірсана,  Лама  Доржимен  соғысты.  Бұл
соғыста Лама Доржидан жеңіліп қалған, Дауашы мен Әмірсана  қазақ  хандығына
қашып келіп Абылайды паналады. Абылайдың көктен сұрағанын жерден беріп  бұл
екеуін құшақ жая қарсы алды. Кезінде қазақ халқын талай қанды  зұламаттарға
ұшыратқан  Жоңғар  қаскөйлерін  хан  Абылайдың  құшақ  жая  қарсы   алуының
себептеріне  келсек:  Біріншіден,  отқа  май  құйып,  шиеленісті  одан  әрі
ушықтыра түсу, Екіншіден, қазақ халқының  Жоңғарларда  кеткен  кегін  қанды
жорықтамен емес, қалмақтардың өз қолдарымен қайтару еді.

             Үшіншіден,  кезінде  Жоңғарлардың  қолтығына  су  бүркіп  қазақ
даласына айдап салып, осы қалмақ қолдары  арқылы  қазақ  жеріне  өз  билігін
жүргізуді көксеген Қытай билеушілеріне қазақ халқының  оңай  шағылар  жаңғақ
емес екенін көрсету болатын. Абылайдың да бар назары сол екеуінде. Ол  қазір
өзінің көптен дайындаған саясатынын жемісін көріп тұрғандай.  Абылайдың  бұл
Жоңғар нояндарымен жақын  таныстығына  тоқталар  болсақ,  кейбір  деректерде
«Абылай үшін жоңғар тұтқынында болған уақыт із-түссіз кеткен жоқ.  Ол  ойрат
тілін, жазуын үйренумен қатар, ол елдің ішкі жағдайларымен  мұқият  танысып,
сонда жүріп Жоңғар  ханзадаларымен  кездескен.  Хандықтың  мықты  және  осал
тұстарын байқап,  өзімен  пікірлес  адамдар  тауып  Дауашы,  Әмірсана  деген
нояндармен  жақсы  қарым-қатынас  қалыптастырған.  Мұның  бәрін   кейін   өз
саясатына мейлінше пайдалана білгендігі »  айтылады.  Мұндай  мүмкіндіктерді
мүлт жібермейтін  Абылай  үшін  хұнтайшы  тағына  өзге  емес,  өз  қанатынын
астындағы нояндардың отыруының  тиімділігі  айтпасада  түсінікті.  Абылайдың
ендігі ойы Лама Доржиды тақтан тайдырып, осы екеуінің  қайсы  бірін  хұнташы
тағына отырғызу еді.
              Біріншіден, Жоңғарияға өз ықпалын жүргізуді көздеу.
              Екіншіден, қазақтардың байырғы  ата-мекені  Алтай,  Тарбағатай
аймақтарын қайтарып алу еді. Осындай  мақсаттармен  Дауашы  мен  Әмірсананың
төңірегіне топтасқан қалмақтың жасағына қазақтың сайдың тасындай  іріктелген
қолды қосты да « 1753 жылдың басында Абылай  Лама  Доржидың  әскери  жорығын
күтіп отырмай өзі қалың  қолды  бастап  қалмақ  жеріне  енді».  Бұл  жорықты
Абылайдан басқа қазақтың бас батырлары ғана білген. Оған себеп,  біріншіден,
көпдылғы қырғын соғыстан қажыған өзі  келіп  тиіспесе  өзге  елді  шаппайтын
қазақ халқы үшін жат  қылық  болса,  екіншіден,  Лама  Доржиға  хабар  жетіп
қоюдан сескенген еді. Осындай шағын құпия жорықтың нәтижесінде «  1753  жылы
13-ші қаңтарда Дауашы хұнтайшы тағына отырды». Бұл жорық нәтижелі  болғанмен
Абылайдың жоңғарияға өз ықпалын  жүргізуді  көздеген  мақсаты  іске  аспады.
Оған себеп жоңғарлар арасында  қайта басталған алауыздық пен  таққа  таласу.
Енді  хұнтайшы  тағына  отыра  алмаған  Әмірсана  өзінің  бұрынғы   одақтасы
Дауашыға қарсы шықты. Ойрат тайпалары тағыда аласапыран жағдайға тап  болды.
Бұл соғыста Дауашыдан жеңіліп қалған Әмірсана Еженханға (  қытай  императоры
Цянь Лунь автор) қашып барып  паналады.  Әмірсананың  бұл  әрекетінен  (өзін
емес  Еженханды  паналауынан)  сескенген  Абылай  ендігі  қауіптің   алыстан
келетініне ешқандай күмән келтірмеген  еді.  Жоңғар  еліне  төнетін  негізгі
қауіп қазақ хандығынан емес олардың түбіне жететін ең  үлкен  апат  шығыстан
екенін Әмірсана жақсы түсінбеген. Ол азулы айдаһар Жоңғария  мен  Қашқарияны
ғана жұтып тоят тапса  жақсы,  оларды  қанағат  тұтпай  қазақ  даласына  қол
созатыны тек Абылайға ғана емес барша қазақ халқына мәлім еді. Ендігі  жерде
қазақтардың айқасатын жауы өзі тәріздес көшпелі қалмақ емес, отырықшы  қысық
көз шүршіт болмақ. Бұл қалмақтан да қатерлі жау. Сондықтан, әлі  де  болсада
шығысқа қарай  ілгеріліп  қазақтың  байырғы  ата-қоныстарын  қайтарып,  алда
болатын үлкен саяси дауға сақадай  сай  тұру  қазақ  халқы  үшін  өте  қажет
болатын. Бұл арада қазақ  хандығы  үшін  Жоңғарияның  өз  мемлекетін  сақтап
тұруыда тиімді еді. Біріншіден,  Шығыстан  төнетін  қауіп  қатерге  тосқауыл
болса, екіншіден, өзінің  ішіндегі  саяси  әлеуметтік-экономикалық  жағдайды
қалыпты етіп, түзетіп  алу  үшін  қажет  еді.  Сондықтан  да  Абылай  Жоңғар
нояндарына алма  кезек  қолдау  көрсетіп  отырған.  Сөйтіп,қазақ  хандығының
шекаралы аймақтарын кеңейту қамымен Абылай  Алтайды  жаудан  тазартпақ.  Бұл
жер қазақ халқының ежелгі ата  қонысы  екенін  басқаларға  мойындату  болса,
сондай-ақ орта жүздің  керей,  найман  руларының  ата-мекені  екенін  ескере
отырып, осы аймақты қалмақтардан қайтарып  алмақ.  Кейбір  деректе  «  Х-ХІІ
ғасырда найман тайпалары  Селенга  мен  Орхон  өзендерінің  сағасынан  Алтай
тауларының шығыс сілемін алып жатқан. Керейлер туралы алғашқы мәліметтер  ХІ
ғасырдың ширегіне жатады. Олар Тола өзенінің  аңғарын  Орхон  өзенінің  орта
ағысы  ауданын  және  Онғын  өзенінің  аңғарын  алып   жатқан   Шыңғыс   хан
шапқыншылығы  қарсаңында,  керейттер  бүкіл  қазіргі  Монғолия   мен   Алтай
аумағында үстемдік  еткен,  моңғолдар  да  олардың  қол  астында  болғаны  »
жөнінде пікірлер бар. Осындай деректерге қарап, Абылайдың Алтайды азат  етуі
таңдауының бекер емес екенін байқауға болады. Әрине, жоңғарлар  қазақ  халқы
үшін оңай жау болған жоқ .XVIII ғасырдың  басынан  орта  шеңі  дейін  жоңғар
әскері Орта Азияны тітіркенткен, күші басым жау  болғаны  тарихтан  белгілі.
Мұндай жауды қазақ даласынан  ығыстырып  шығару  үшін  қазақ  халқына  үлкен
ептілік пен шеберлік  қажет  болмақ.Осы  Абылайдың  Алтайды  азат  етуін  Қ.
Жұмаділов шығармасында көрсеткен. «Маусым айының аяқ шеңінде Аякөз  өзенінің
бойында тоғыз таңбалы найманнан бір  түмен  қолды  бастаған  Қаракерей.Шілде
айының басын  ала  Арғынның  алты  мыңдай  қолын  бастап  Бөгенбай,Малайсары
батырлар келіп жетті. Бұлардың соңын ала бес мың қол мен Керейдің батыры  Ер
Жәнібек пен батыр Баян келіп жетті. Дәл осы тұста Қарқаралыдан, қасында  бір
мың төлеңгіті бар Абылайда келіп қалып  еді»  -  деп  көрсетеді.Академик  М.
Қозыбаев «Абылайдан  болған  дәуірдегі  әскер  басы  болып  келген  адамдар-
Қаракерей Қабанбай батыр, Еспенбет батыр,  Керей  Жәнібек  батыр,  Қанжығалы
Бөгенбай батыр және басқалар »деп Жұмаділовтың көрсеткен батырларын  анықтай
түседі.Осылайша,шығысқа Алтайды  азат  етуге  аттанған  Абылай  қалмақтардан
Алтайды азат етіп қана тоқтаған жоқ, Жоңғар қақпасы арқылы  Бұратолаға  асып
түсіп, Дауашының ордасын шапты.Н.Мыңжан «Абылай 1754 жылы қазанда  Дауашының
орталығы Іле өңіріәне келіп тиісті.Буратола  өңіріне  дейін  шабуыл  жасады.
Бұларадағы ойрат тайпаларын айдап әкетті. Дауашы  әскерлерінің  Іле  өңіріне
сақтаған астық, торғын-торқа мал-мүлкін талап алды»  -  деп  нақты  дәлелдер
келтіреді. Қазақтардың бұл жорығынан қытыайлар да хабардар еді, енді  оларға
Жоңғарияға қол аттандыру сылтауы  да  табыла  түсті.  «Қазақтардың  Дауашыға
жорық жасағанына қарағанда,Дауашы күші тым әлсірейін деген  екен.  Егер  біз
жедел  әскер  аттандырмасақ,  қазақтарың  көлденең  олжаға  ие  болып  кетуі
сөзсіз» деп қытайлықтар Жоңғарияға қол  аттандыру  шешімін  қабылдаған.Бірақ
Дауашы  ордасын  талқандаған  қазақтар  бұрынғыдай  емес,  ішкі  әлеуметтік-
экономикалық жағдайы біршама жақсарып қалған  айлалы  басшысы  бар  ел  еді.
«Чин патшалығы 1755 жылы ақпан айында Жоңғарияға екі бағыттан  екі  жүз  мың
қол   аттандырған   және   де   өздерінің   қазақтар   жөнінде    қабылдаған
принциптерінде жариялады». Бұл  аттаныста  қытайлықтар  Әмірсанадан  көмегін
аямаған,тек  көмек  беріп   қана   доғармай,   Чин   патшалығының   шекараны
тыныштандыруда сол қол генералы  деген  шенде  берген.  Олардың  Әмірсансаға
осыншама Құрмет көрсетуі,болашақта қазақ жеріне жорық жасауға  пайдаланбақшы
еді. Талай жыл Абылай  мен  аңда  болған  қазақ  даласының  қыр-сырын  жақсы
білетін Әмірсана Қытайлар үшін таптырмас олжа  екені  анық.  Сонымен,шығысқа
Алтайды азат етуге  шыққан  қазақ  жасақтарының  жорығы  батысқа  Жоңғарияны
тыныштандыруға  шыққан  Чин   патшалығының   аттанысы   бірінен   соңбірінің
шабуылына ұшырап,  әлсіреген  Жоңғар  елін  қытай  әскерлері  шауып  жасағын
талқандап, ел билеушілерін  қолға  түсірді.Енді  Жоңғарияның  мүлде  жойылып
кетуі неге әкеліп соғатынын жақсы түсінген  Абылай,батысқа  қарай  ілгерілеп
келе жатқан қытайға қарсы  шыққаннан  көрі  Жоңғар  хандығын  қайта  қалпына
келтіру қамымен өз саясатын жүргізе бастады. Дәл  осы  тұста  өз  қателігіне
көзі жеткен Әмірсана қытайларға қарсы қайта  бұлік  тудырып,қазақ  хандығына
қашты. Бұл жолы қашып келген Әмірсананы  Абылай  тағы  да  құшақ  жая  қарсы
алды. «Сөйтіп,1755 жылдың қыркүйегінде Әмісана  қытай  басқыншыларына  қарсы
күреске кірісті. Абылай қалмақтың ұлт-азаттық күресін қолдады.  Сол  көмекке
сүйене отырып Әмірсана елін азат етіп,өз билігін  Жоңғардың  негізгі  жеріне
жүргізе алды. Жау ктісімен  бақталастық  қайта  басталды.  Соның  салдарынан
1756-1757  жылдардағы  Цин  империясының  әскери  шапқыншылығы   олар   үшін
жеңіспен аяқталып,Жоңғар мемлекетінің  тағдыры  түбегейлі  құрумен  шешілді.
Әмірсана қайтадан қазақ даласына қашты.  Осылайша  батысқа  қарайлап  қойған
қытай әскерлері  жоңғарияның  дербестігін  жойып,  Шығыс  Түркістанды  басып
алып,өз шекараларын  кеңейте  түсті.  Жоңғарларды  алма-кезек  қолдап,  бір-
біріне айдап салып,ішкі жағдайы едәуір турақталып қалған қазақ хандығы  үшін
ендігі жағдай біршама қиынға түспек.
         Орыс патшасының ұлықтарыда Абылай  сұлтанның  шын  мәніндегі  үлкен
саясаткер тұлға екенін тани  білді.Сондықтанда  Абылай  сұлтан  арқылы  орта
жүздегі бодандық билік жүиесін  жүзеге  асыруды  көздеген  мақсаттарын  іске
асыруда  қандай  болмасыншығын  қаражатқа  қарамай   күш   салуды   көздеген
әрекеттерінің өзінен  1743  жылғы   желтоқсандағы  шекаралық  Сібір  шебінің
губерниясының кеңсесіне жіберген. Абылайға қатысты  хаты  көп  жайдың  мәнін
байқатады.
         Сол тұстағы қазақ-қытай  қарым-қатынасына  Ресей  патша  үкіметінің
ұстанған саясатына тоқталсақ. А.Добромыслов пікірінше.  Орыс  үкіметі  үнемі
жаугершіліктің  болуы  және  Новороссийск   өлкесінің  құрылуына  байланысты
шығыс аймаққа көп  көңіл  бөліп  алмады.  Одан  әрі  аз  уақытта  көп  әскер
жіберіп, қазақтарды басуға болар еді. Онда қазақтар 1756  жылғы  жоңғарларды
қырып босатқан Қытай жеріне көшіп  кетпек.  Онсыз  да  қазақ  хандығы  Ресей
шекарасынан аулақ көшіп Қытай боданы болуды армандап  жүрген.  Абылай  болса
Богды ханның боданы деген ойын қалдырған. Біздің айтпағымыз,  Добромысловтың
бір жақты пайымы тарихи ақиқатты алшақ жатқандығы.
           Сонымен   қытайлардың   Орталық   Азияға   қызығушылығы   жөнінде
саясаттанушы Е.Карин. «1756  ж.  Император  Цян  –Лунь  Қытай  порттарындағы
саудаға тыйым салды. Европалықтардың белсенді  енуі  Азиялық  Тынық  мұхитта
қытай   үстемдігін   мүмкін   еткен   негізгі   әскери   және   экономикалық
айқындамалардың әлсіреуіне әкеп соқты. Сол  себептен  Пекин  аймаққа  өзінің
баяғы саяси билігін жүргізе алмады. Алайда оқшаулану (изоляционизм)  саясаты
қытай үстемдігін Оңтүстік –Шығыс Азияда әлсіреткенімен, қытайдың  ықпал  ету
аймағымен қосымша басқа территорияларды енгізу  қажеттігін  туғызды.  Сөйтіп
геосаяси ахуал  өзгеруінен  Қытай  оңтүстік  және  оңтүстік-шығыста  қысылып
қалып,орталық Азияға саясатын үндетүге  мәжбүр  болып,  Қазақстанға  қатысты
мүдесінде өзінің саяси ықпал ету аймағын  кеңейтпек  болды».  деген  тұжырым
жасайды.Осылайша батысқа (орталық Азияға автор)қарай ілгерілеп  келе  жатқан
Қытайлықтар мен саяси келіссөздер жасасып дипломатиялық  қадамдарға  көшпесе
Жоңғарлардың басына туған күн,қазақтарға да  келуі  ғажап  емес  еді.Осындай
принциптерді ұстанған Абылай 1757 жылы Қытайға елші жіберді.Ондағы  қазақтың
Абылай бастаған  ел  ағаларына  жолдаған  хат:  «Қанжығалы,  Танаш,  Атығай,
Өміртай, Төлен, Аланза, Бекенай  деген  елшілеріңіз  Жы-хыға  келіп  менімен
(Еженханмен) дидарласты. Оларды осы  арда  үлкен  сый  көрсетіп  қайтармақшы
болып едік,Қанжығалы бастаған елшілік  Бәжіңгеде  апарсаңыздар  деген  тілек
білдірді.  Сондықтан  олар   өз   нөкеіме   ілесіп,менімен   бірге   Бежіңге
барды.Оларға  қайтадан  дастархан   жайып   сый   көрсеттік.Абылай,Әбілпейіс
сіздерге арнап бірнеше асыл киім жібердім. Оны  елшілеріңіз  барғанда  табыс
етер»- деп баяндаған.  Осылайша  дипломатиялық  қатынастарға  көше  бастаған
қазақ билеушілері ұлы жүз.кіші жүзденде елшіліктер аттандырған  еді.Қытайлар
қазақ  елшілеріне  сый  көрсетіп  шен-шекпен  баріп  қайтару.Қазақ   елдігін
мойындап алыс-беріс  қатынас   арқылы  дипломатиялық  байланыста  тең  көріп
санасатын пікірлерін сездіргендігінің белгісін байқауға болады.Сондай-ақ  өз
позицияларында қазақ елшілері көнгіш болмай  қытайлықтардың  қазақ  елдігіне
деген  саяси  көзқарастарын  қазақтармен  санасып   жүргізуіне   ықпал   ете
отырып,Қытайлардың  қазақ  даласына   ілгерлеп   кіруіне   тосқауыл   болуды
ұстанды.Елшілік бағыттарындағы  ұстанған  мақсаттарын  жүзеге  асыра  білді.
Бұлда бабаларымыздың қарыс сүйем жерімізді  қарумен  де,  ақыл-айла  мен  де
қорғап қалдырған аманат істерінің тарихы еді.
     2. Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі.1775 ж.  Абылай  сұлтан  дербес
көшіп-қонып жүрген көптеген старшындар мен сұлтандар  оның  ішінде  Әбілфейс
те бар кейіннен қайтыс болып кеткен. Ресей Сібір  шекаралық  бастығы  арқылы
өздерін Ресей қол астына алуына сұраған.
      Абылай сұлтан 1771 ж. дейін сұлтан аталып, 1771 ж. бастап өзін  Абылай
хан атаған. Ресей үкіметі Абылайға хан  атағын  айтуының  себебін  сұрағанда
Мен хандықты қалмақтарды жеңген еңбегім үшін алдым. Үш  орданың  ханы  болып
Бұрынғы дәстүр  бойынша  Түркістанда  тұрып.  Өлгенде  қасиетті  әулие  Қожа
Ахметтің мазарының қасында жерлену арманын жүзеге асыру мақсатын  жеткізеді.
Мұны естіген ІІ Екатерина Абылайдың үш  орданың  бас  ханы  болып,  Қытаймен
одақтасып қазақ даласының дербестігін алып, кете ме деген  қауымынан  болар.
Абылай хан Ресейден өзінің шенеуліктерін жіберіп,  хандық  атағын  бекітуіне
өзінің өтінішін беруіне көндіруге арнайы адам жіберген.
      Абылай хандығын бекітуге өтініш сұрап ұлы Тоғымды жіберетінін  айтады.
Тоғым 1778 ж.  Санкт-Петербургке  келеді.  Абылайдың  үш  жүздің  ханы  етіп
бекітуін сұраған өтінішін қарай келіп, үш жүздің емес, тек орта жүздің  ханы
етіп  жариялап  бекітуді  ұйғарады.  Патша  үкіметі  үш  жүздің  ханы  етуді
қаламайды. Себебі Абылай ханды үш жүздің ханы етіп  сайласа,  қазақ  даласын
уыстарынан шығарып алатындықтарынан қорықты. Нұралы ханды кіші  жүздің  ханы
етіп жариялағанда патша үкіметі Нұралы хан орта жүзді де  Ресей  бодандығына
әкелетіндігіне  сенген  болатын.  Нұралы   хан   Ресей   патша   үкіметінің,
күткендеріндей болмады. Сондықтанда олар   қазақ  хандарына  сенімдері  бола
алмады. 22 мамырда 1778 ж. сұлтан Абылай Ресей тарапынан  Орта  жүздің  ханы
болып бекітілген грамотаны патшайым ІІ  Екатеринаның  қолынан  алды.  Абылай
өзі бармады ұлы Тоғым хандық грамотаны алды.
      Патшайым Абылай ханды жақын жердегі бір  шекаралық  бекініске  шақырып
ант беру салтанатын өткізіп Абылайдан Ресей үкіметіне адал қызмет етуге  ант
алуын тапсырады. Шекара бастығының Абылайға ант  беруіне  көндіргісі  келген
бірнеше  әрекетінен  түк  шықпаған.  Сондықтанда  хандық  грамотасы,  хандық
белгісі, сыйға тартпақ болған бұлғын терісінен тігілген тон,  қара  түлкіден
тігілген бөрік, қылыш Абылайға табыс етілмей  қалған.  Осылайша  Абылай  хан
өзін патша үкіметінен де тәуелсіз  етем,  дербестігін  сақтап  қалды.  Кейін
патша үкіметі ақшалай сыйақыны беруді тоқтатады. Орыс шенеуніктеріне  Абылай
хан  ордасына  баруға  да  тыйым  салады.  Шенеуніктердің  жеке  өмірлерінің
сақтығы  үшін.  Патша  үкіметі  реті  келсе  Абылайды  тұтқынға  алып   ішкі
губернияларға жіберуді тапсырған  Абылай әскерімен буруттарды шауып  талдары
мен  көп  адамдарын  тұтқынға  алып,  буруттардан  аманатқа   адамдар   алып
Түркістанға  көшіп  кеткен.  Тұтқын  буруттарды  орта  жүздің   солтүстігіне
қоныстандырып, ұлы жүзге ықпал жасау үшін ұлы Ғаділге Талас өзені бойына  ұй
салдырып,  оның  қасына  қарақалпақтарды  қоныстандырған.  1781   ж.   Ресей
шекарасына қарай қайтып  келе  жатқанда  70  жасында  жолда  қайтыс  болады.
Түркістанға жерлейді. Абылайдың қайтқанын  естіген  Қытай  билеушісі  өзінің
шенеунігіне Орта жүзге жіберген Абылай  хан  өліміне  байланысты  көңілдерін
білдіріп тағзым етіп  қайтуға  Ералы  қарақалпақтар  хан  Сыр  бойына  көшіп
кетеді.      23  желтоқсанда  1781  ж.  Орынбор   губерниясын   жауып,   Уфа
наместничествосын ашуды ұйғарды. Оның  құрамына  Орынбор  губерниясы  кірді.
Орынбор  облысы  аталды.  Облыс   құрамына   төрт   уезд   кірді.   Орынбор,
Берхоуральский, Бузулукский және Сергеевский  өлке  бастығының  резеденциясы
Орынбордан Симбирскіге көшірілді.   Басқарушының  титулы  генерал-губернатор
1784  ж.  генерал-губернатор  қызметіне  барон  Игельстроп   тағайындалғанша
Симбирскіде болды.
      14 қаңтар 1784 ж.  ІІ  Екатерина  жарлығы  Орынбор  өлкесінің  бастығы
генерал-поручик Иван Варфоломеевич  Якоби  Орынбордан  шекаралық  экспедиция
ашуды тапсырады. 1770 ж. бастап кіші жүз ханы Ресейге аманат  бермеді.  Орта
жүз ханы Абылай  аманат  бермек  түгел  хандығын  Ресей  тарапынан  берілген
грамотасын да алмады. Орыс-қазақ шекара барымтасы  тоқтамады.  Осының  бәрін
тоқтату үшін ІІ Екатерина қазақ шекараларына іргелес орыс  қалаларына  мешіт
салуға, татар мектептерін  ашып,  бала  оқытуға  бұйрық  береді,  қазақтарды
өздеріне тартудың тәсілі  еді.  Осылайша  қазақтарды  Ресейге  орыс  халқына
жақындатуды ұйғарады.
      6 тамызда 1785 ж. генерал губернатор барон Игельстром Орынбор,  Троицк
бекіністерінде мешіт құрылысы бітіп  ашылғандығын  патшайым  ІІ  Екатеринаға
хабарлайды.
                              Бекіту сұрақтары:
     1.Абылайдың Жоңғариямен,  Қытаймен,  Ресеймен  ұстанған  саяси  қарым-
қатынасының нәтижесі қандай болды?

     2.Абылайдың  әскери  мемлекеттік   қызметі   туралы   жазылған   қазақ
тарихшыларынан кімнің еңбегін білесіз және еңбек қалай аталады?

     3. Неге «Шанды жорық» аталған?


Дәріс №7 Қазақстандағы ХVІІІ-ХІХ ғ. басындағы саяси жағдай.
     Негізгі ұғымдар: Ноян, қара қалмақ,құба қалмақ, Шаңды жоры, жаушы,елші.
                                   Жоспар:
     1.Ресей  патша  әкімшілігінің   Қазақстандағы   ХҮІІІ-ХІХ   ғ.басындағы
саясаты.
     2.  Жоңғаряның  талқандалуы.  «Шаңды  жорық»-жоңғар  соғысының   ақыры.

     3.Қазақ-жоңғар тарихының тарихнамасы.
     Мақсаты: Қазақ-Жоңғар соғысының тарихи   маңызын ашу  «Шаңды  жорықтың»
тарихи   алғы   шартын   көрсету.   Қазақ-Жоңғар    қатынасының    тарихының
тарихнамасындағы тарихи пікірлерді   саралау.
     1.Ресей  патша  әкімшілігінің   Қазақстандағы   ХҮІІІ-ХІХ   ғ.басындағы
саясаты. Қазақ халқын Ресей патшалығының қол астына қаратуда  қазақ  даласын
патша өкіметінің әкімшілік басқаруын іске асыру арқылы  шын  мәніндегі  отар
еліне  айналдырудағы   патша   әкімшілік   басқару   жүйесін   жетілдірудегі
ізденістерінің нәтижесін талдап,  қорытындылаған  арнайы  коммисияның  қазақ
даласында болып  қайтқан  іс-  сапарларының  есебінен  мұрағат  деректерінен
пікір көзқарастарын, мақсаттарын айқын көруге болады.
             Сол  кездегі  басқару  жүйесінің  әкімшілік  құрлымның    қазақ
даласындағы бірі Орынборлық жүйенің сипатына тоқталсақ:1. Орынборлық  жүйе,-
шекаралық басқару жүйесі.Қазақтар Ресей құрамына бодан болып  қабылданғаннан
бастап патша үкіметі қазақ халқының ішкі өміріне  араласпады.Көздеген  басты
мақсаттары  шекаралық  барымтаны  тоқтатып  тынышталдыру   және   орыс-қазақ
айырбас- сауда қатнасын жүзеге  асырып,  қазақ  даласы  арқылы  Орта  Азияға
сауда- саттық қатнасын орнату болды. Бұл басты мақсаттарының  негізінде  көп
жылдық саяси- экономикалық мәні бар ресейлік сыртқы  саясатының  мәні  жатты
оны жүзеге асыру үшін шекара барымтасын тоқтату керек  болды.  Қазақ  даласы
арқылы  Орталық  Азияға  сауда  керуендерін  жүргізу  үшін  қазақ  даласының
қауыпсыз аймаққа айналдыру керек болды.
      Қазақ даласымен Орта Азиямен сауда қатнасын жолға  қою  арқылы.1.Патша
өкіметінің қазынасын байыту. 2.Қазақ даласымен, Орта Азияны  Ресейдің  тауар
рыногына айналдыру. 3.Экономикалық қатнас жасау арқылы түбінде  экономикалық
тәуелді етуге қол жеткізу. Айырбас-сауда  арқылы  қазақ  даласының  байлығын
Ресей  империясының  өндірістерінің  өте  арзан  шикізат  көзіне   айналдыру
еді.Осы мақсаттарын іске асыру бағытында ХІХғ.  І  ширегіне  дейінгі  барлық
ресми  үкімет  жарлықтары,  статтық  кеңесші  Кириловка  берілген  1734   ж.
нұсқаудан бастап. Қазақ даласында «тыныштық  орнату  »,  «татулық  орнатуға»
бағытталды және қырғыздарды (қазақтар Ө.И.).  «шын  мәніндегі  бағынған  қол
астындағы азаматтыққа келтіру» делінген.
      Қазақ даласындағы басқару басындағы дәстүрлі  хандық  билікті  бірнеше
рет өзгертіп бақты. Патша үкіметінің қазақ  даласындағы  басқару  саясатының
мәні. М.Вяткин пікірінше: 1811  ж.  Елек  өзені  бойында  бекіністер  салуға
патша үкіметі шешім қабылдайды. Бұл шешімдері 1821ж.  жүзеге  асырылып  Елек
пен Жайық өзендерінің бойындағы шұрайлы да құнарлы жерлерді қазақтардан  алу
мен қатар қазақ мемлекеттігін жою ісі қатар жүргізілді.
      ... Ханның араласуымен жүргізілетін басқарудың ескі жүйесі шын
мәніндегі бұрынғыдай билік күші жоқ хандықтын өзі патша әкімшілігін
қанағаттандырмады ; патша өкіметі қазақтардың тәуелсіздігін толықтай жоюға
жұмыстандығын» дәлелдейді.
     Патша өкіметінің қазақ даласындағы басқару жүйесіндегі өзгерістер
енгізуде мұрағат деректері;
     «ақсүйектер элементтері арқылы әсер ету жүйесі басқарудың халыққа үлкен
зиянын келтірді, пайдасынангөрі ықпалы  күшті  ордалықтар  үкіиет  алдындағы
жауапкершілігімен өз  халқының  тарапынан  жаны  ашушылығын  жоғалтқандықтан
оларға енді екі жүзділік  әрекет  жасауларынан  басқа  ештеңе  қалмағандығын
жеткізеді».
      Басқару жүйесінің  мұндай  кемшіліктері  қазақ  халқы  үшінді  тиімсіз
болды.
       Қазақтың  дәстүрлі  хандық  билік  хандық  институттың  беделі  түсіп
кеткенді.  Бұл  жөнінде  Әйтеке  бидің  өсиетін  жыр  жолдарымен   жеткізген
Кожаберген жырау былай дейді:
      Төреден Әйтеке би безін деді,
      Келді ғой көсем сайлар кезің деді
      Қазақты батыр көсем басқармаса,
      Быт-шыт қылар жау қалмақ сезін деді
      Хан сұлтан, төре күні өткен деді
      Олардан ақыл- айла қалған деді.
          Бұл жыр жолдарындағы Әйтеке би өсетінен байқанымыздай ақсүйек төре
тұқымдарының билік басындағы саясаты  қазақ  халқының  мемлекеттігін  сақтап
қалуға  одан  әрі  билік  жүргізудегі  дағдарысқа  ұшырағандығының   ХҮІІІғ.
басынан бастау алғанын жеткізеді.  Мұнда  Әйтеке  би  қара  халықтан  шыққан
халық қамын ойлайтын  халықтан  шыққан  шынайы  ұлт  мүддесін  сақтап  қазақ
мемлекеттігін сақтап қала алатын халықтан шыққан тегі қарадан  шыққан  болса
да заман талабына сай отаршылдық бұгауына түсуден сақтап қала  алатын  көсем
керектігіне мұрагерлік хан  билігінен  бас  тартатын  уақыт  жеткенін  айтып
кеткен.
         Ресей империясы  қазақ  даласындағы  басқару  жүйесінің  нәтижесіне
көңілдері тоймай, түбегейлі  өзгертуді  басқару  жүйесін  реформалау  арқылы
түбегейлі өзгертуді қойды.
      Бұрынғы өлке бастағы, барон Игельстром қазақ  даласына  тәртіп  енгізу
және мықты әкімшілік қажеттігін алға тартып, барлық күшті салуы  императрица
ІІ Екатеринаның оларға  көніл  бөлгеніне  қарамастан  аяқсыз  қалды.  Аяқсыз
қалуының негізгі себептері, қазақтарды әкімшілік  басқару  ісінде  және  сот
ісінде ІІ  Екатерина  мекемесінің  губерниялық  басқаруды  жүзеге  асырудағы
халықтың тұрмыс салтдәстүрімен санаспағандығы және халықтың  мінез  құлқының
ерекшелігін назарға  алмағандығынан  екінші  жағынан  қазақтардың  реформаға
байланысты  наразылығы  тууынан  қорқуына   байланысты   патша   үкіметтінің
әрекетінен болған қорқуларынан еді.
          Ордалықтардың Ресейге нақты тәуелділігінің  жүз  жылдығынан  кейін
Ресей  патша  үкіметінің  ақыры  көзі  жетті,  яғни  халық  және  хан  қазақ
даласында бір тұтас органикалық бірлікті құрамайтынына, тіпті  қарама  қайшы
мүдделері бар ханның болуы қазақ халқы үшіде сондай-ақ патша үкіметі  үшінде
зиянды болатын.
           Хандық  құндылық  жойылды.  Қазақ  даласын  әкімшілік  басқарудың
құрылымының бастамасы салынды.Бұл  құрылым  бойынша  көшіп  жүрген  қазақтар
Орынбор-  Оралдық   линияға,   линиялар-дистанцияға,   әрбір   дистанциялар-
ауылдарға.  Осылайша   әкімшілік   құрылым   үш   бөлімге   бөлінді.   Бөлім
басқармалары  мен  дистанция  және  ауыл  бастықтары  бірынғай   қазақтардан
тағайындалды.Қазақтарды басқарудағы басты билік Орынбор өлкесінің  шекаралық
коммисиясының қолына шоғырландырылды. Мұндай далалық құрылымды  қалыптастыру
кезеңі 1820 ж. Орынбор  қазақтарын  басқарудың  жоғарыдан  бекітілген  Ереже
жиынтығы  1844-ші   жылы   заңдастырылды.Бұл   Ереже   жиырмасыншы   жылдары
қабылданған шарларға тек  қана  қосымша  енгізгені  линиялық  тұрғындар  мен
қазақтар  арасына  делдалдық  үшін   орыс   шенеуіктерінен   алты   қамқоршы
тағайындалды.Ал,  1859  жылы  шекаралық  комиссия,   Орынбор   қырғыздарының
облыстық басқармасы болып атауын  өзгертті  және  өзіне  әкімшілік  пен  сот
билігін қосты.
      Басқарма төрағасы облыс басқармасы аталды, аса ерекше жағдайда  болды:
заң бойынша Ресейдің барлық  жерінде  губерния  бастығының  облыстық  құқығы
болмады.  Дейтұрғанмен,  басқару  ісінің  барысына  жауапты   болды.   Облыс
басқармасы, заң мәнінде облыстық басқарманың төрағасы  бола  тұра,  облыстық
басқармаға дейінгі қатысты барлық істе, генерал-  губернатордың  жеке  өзіне
тапсырылған істерден басқасына (ст.761т.ІІи 2 упр.Оренбургскими  киргизами).
«Шын   мәнінде,   облыстағы   басқару   ісі   Генерал-Губернатордың   қолына
шоғырландырылды.  Бұдан  областық  басқарманың   тарапынан   әрекет   етудің
баяаулығы  болмай  қалмады.  Областық  басқарманың  коллегиялық   күші   бар
мекемесінің қатысуынсыз әрекет ете алмайды».
          Жеке басқару ісіндегі құрылымға өтуде, жергілікті  басқару  ісінде
барлық қызметкерлерді үкімет тағайындады.
           Халық қалауы бойынша емес еді. Бұның өзі  түптеп  келгенде  рулық
қатнасты бұзді, тағайындалған адам өзінің  қызметтегі  мерзімінің  ұзақтығын
сезінеді. Қызметтен ауыстырылуы немесе босатылуы бастыққа байланысты,  халық
еркінде емес-еместігін  түсінеді.  Сондықтан  сорақы  қиянат  жасауға  дейін
барады. Қызмет орнын табыс көзіндей көреді.
      Жалпы жергілікті үкімет өкіметтің өте қанағаттанарлықсыз органы болды.
Комиссия пікірінше, Ордалықтар басқару ісінде не  ғұрлым  жоғары  орынға  ие
болған сонын соғұрлым зиянды тек  өзі  ғана  адал  ниет  танытпайды.  Өзінің
ықпалымен  өзінен  дәрежесі  төмен  бастықтарға  әсер   етеді.      Хандарды
ауыстырған сұлтан-правительдер  хандық  биліктің  кемшілігінің  көп  бөлігін
сақтап  қалды.  Айырма  мынада  бұрын  жалғыз  хан  болды,  ал  енді  далада
бақылаусыз үш бірдей басқарушы бар. Сұлтан-правительдер, халықтың  көнілінен
шықпады. Оның нақты көрінісі жазғы көшуде далада оларға  күзетші  алып  жүру
керек болды, ал  кейде түгел казак отрядың күзетке алу керек болған  кездері
болғандығы айталады.
          Мұнан біз сұлтан-правительдердің  өздерінің  халықтан  қашықтағаны
соншалық  жазғы көш  кезінде  қауыпсыздықтарын  қамтамасыз  ету  үшін  патша
үкіметі тарапынан арнайы  күзет  бөлінген.  Осылайша  сұлтан-правительдермен
бұқара халық арасына сына түскенін көреміз.
      Жергілікті өкіметтің (қазақ жерінің билігі туралы  Ө.И.)  өлкенің  бас
бастығының 1858 ж. ордалық билеушілерге бақылаушы шенеуіктерді  тағайындауға
өтініш жасауға мәжубір болған. Іс жүзінде мұндай шараларыда  тәртіпсіздікті,
сорақылықты тоқтатуға ешбір пайдасы болмаған.
           Билер соты жақсы мәнінің бәрін жоғалтқан. Билер шешімін әкімшілік
адамдары өзгертіп отырған. Осыдан келіп, халықты  жеттету  мен  сорақалықтар
шығып отырған. Жергілікті үкімет өз  бетімен  әрекет  еткендігі  соншалықты,
халықты шошытқан, кейде областық басқарма  мен  областық  басқарушының  істі
қарау  туралы  жарлықтары  арызданушы  қазақтардың  өздері  істі   тоқтатуды
сұраған. Себебі, шағымданушының өзі басқарушы  және  дистаничный  бастығының
қаһарына  ұшырамас  үшін.  Орынбор  қазақтарының  областық  басқармасы   сол
уақытта комиссия құрамы мұндай басқару жүйесінде әкімшілік ісін  жетістікпен
басқара алмайтынына шағымданған. Жалпы кіші ордалықтар (кіші  жүз  қазақтары
Ө.И)  жері  1841ж.  1  қаңтардағы  Орынбор  ведомостволық   Ново-Александров
бекінісінің манындағы көшіп жүрген  қазақтар  жөніндегі  линиялық  бастықтың
берген есебі бойынша 15 мың 70 шаңырақ  (күйме,  киіз  үй  Ө.И.)  ондағы  ер
адамдар саны 31 мың 144,  әйелдер  25  мың  273  барлығы  56  мың  417  адам
болғандығы жөніндегі  дергін  жеткізеді.  ХІХ  ғ.  60-шы  жылдарындағы  Кіші
ордалықтар туралы деректе «Жері 700 мың шаршы  шақырымнан  астам,  ерлерімен
әйелдерің қосқанда 750 мыңнан аса тұрғыны», барлығы  айтылады.  Осы  себепті
жер  көлемінің  үлкен  аймақты  алып  жатқандығында,   облыстық   басқармаға
әкімшілік  жарлықтарды  жүзеге  асыруда  аса  қиындықтар  әкелген.   Осындай
жағдайларға байланысты батыс бөлігіне назар  бөлуді  ұйғарады.  Онтүстігінде
Хиуалық иелік пен  шектесіп  жатқандығы.  Бұл  аймақтын  Орынбормен  тікелей
байланысы  болмаған.  Облыстық  басқарманың  бұйрықтары  және  өлкенің   бас
бастығының жарлықтарының  көп  бөлігі  Орал  әскерлері  арқылы  жеткізілген,
линияның өзінде  сұлтан-правительдің  ставкасы  тұрған.  Онтүстік  болігімен
шектесетін  аймақта  көшіп  жүрген  қазақтар  Ресей   империясының   билегін
номиналды түрде ғана мойындаған. Олар әр уақытта үстіртке кетіп  сол  жақтан
Хиуаға дейін көшіп кетіп, күймеге салынатын салықты (күйме  бұл  жерде  киіз
үй  мағынасында  дұрысы  шаңырақ  салығы  Ө.И.)  төлемеуден  жалтара  алатын
болған.
             Бұл жағдайлардың  дамуы:  Адай,  Табындар,  Шөнішті  және  т.б.
үстіртте көшіп жүргендерге қолайлы болды.  Мұндай  әрекеттерге  бару  арқылы
Ресей үкіметіне деген жаулық көнілдерін білдірер еді. Орал  линиясына  жақын
көшіп жүрген, қазақтардың осы бөлігі экономикалық жағдайлар  байланыстыратын
казактар  мен  тарихи  себептердің  зардабына  байланысты  олар  мен  жаулық
қатынаста  және  тұрғындардың  екі   бөлек   ведомствоға   бағынуларына   да
байланысты болды. Орал бастығына және қазақтарды  басқару.  Әрбір  ведомства
кейде бір жақты өздерінің  бағыныштыларының  ғана  мұқтажымен  жақын  таныс,
сондықтан көбіне әділ  істі  жақтамай  өз  ведомстволарына  бағыныштыларының
ғана мүдделерін қорғаған.
       Мұндай  жағдайлар  әрекеті  бір  территориялық  аймақта   тұрғандарды
жақындастырмады  керісінше  жасанды  аралас  сословиялар  тайпалар  арасында
ымырасыздық тұғызды. Оның себебі халықтың тұрмыстық формасынан емес  билікке
бөлінуінен болатын.
            Мұрағат  деректері  Ресей  патша  өкіметінің   билігінен   қазақ
даласының батыс бөлігінің бақылаусыз, басқару жоқ деседе болғандай  екендігі
жөнінде комиссия күәландырған жағдайды жеткізеді. Осындай  басқару  құрылымы
жүйесінің жоқтығынан жергілікті басқарушылар шектен тыс залалдар  келтірген.
Оған дәлел Орынбордағы батыс бөлігіндегі бұрынғы сұлтан-правитель  полковник
Тяукин үстінен жүргізген тергеу.  Оның  бір  талай  көп  салық  жинауы  Орал
казактарымен Орал бойының тоғайларындағы талас-тартыс істі шешу  шығындарына
деген сылтаумен әрекет еткендігі...
            Күйме  салығы  (кибиточный  сбор  немесе  шаңырақ  салығы  Ө.И.)
Орынбор далалық әкімшілігінде болды. Әр шаңырақтан  1  руб.  50  көп.  күміс
ақша алынды. Қазақ даласында 1837 ж. дейін ешқандай  алымсалық  міндеткерлік
Ресей үкіметі тарапынан болмаған.  Күйме  салығы  1837  ж.  шықты.  Құрылған
бірінші жылы күйме салығынан Ресей үкіметінің қаржынына 23 259  руб.  түссе,
1865 ж. 283 240 руб. дейін өскен. Көлденен қазақ даласынан келіп жатқан  бұл
қаржы мөлшеріне де ризы болмаған.
             Ресей үкіметінің  далалықта  қазақ  өкіметінен  басқа  ешқандай
органы жоқтығынан, салықтын дұрыс түсіп жатқанын қадағалайтын  мүмкіндіктері
жоқ болды. Сондықтанда  жиналық  салық  мөлшеріне  қанағаттануларынан  басқа
ештеңе қалмағандықтарына  қиналып,  көп  қазына  түспей  қалып  жатқандығына
өкініштері барын білдірген.
      Қазақ даласында тархандар  күйме  салығын  мал  басына  салынатын  яса
салығын  төлемеді.  Ресей  үкіметі   тарапынан   тархандық   шен   алуларына
байланысты салықтан босатылатын ерекше пәрменді құқықтары болатын.
           Мұндай алымсалық мәселесіндегі жағдайлар  Ресей  үкіметің  бейжай
қалдырмай,   қазақ   даласындағы   әкімшілік    биліктерді    қайта    қарап
кемшіліктерінің орынын түзеуге итермелегенде болу ғажап емес,  ордалықтардың
билік қызметіне линиялық қазақтар қамқоршылары қызметін  қарама-қарсы  қоюға
болады. Линиялық қазақ қамқоршылары шенеуніктері өздерінің міндеттерін  адал
атқарып, қазақтардың орыс шенеуніктерінің ордалық биліктегі  қызметшілерінен
артықшылығына комиссия көздерін жеткізгендіктерін мәлімдейді..
            Қазақтың  қөшпелі  шаруашылық  тұрмыс  өмір  салты  Орыс   патша
үкіметінің  қазақ  жерімен  суына  бекініс  салып  ие  болып  қалуларына  да
қарсылықсыз  қазақ даласына кірулерінеде қолайлы жағдай  жасап  бергенін  де
ескеруіміз керек. Біріншіден, кең даладағы   қазақтардың  Ресей  шекарасымен
шектесіп  жатқан  жазғы  жайлаулар  жерлеріне  бекіністер  салды,қыстауларға
тиген жоқ.

         Атақ, лауазым, шен беру арқылы қазақ даласына шен-шекпенге
таластыру арқылы қазақ елінің ел ағаларымен ру басыларынан арасына
алауыздық енгізу саясатын көздеді Империялық бұл саясат.
            Біріншіден, қазақ халқының ынтымақ бірлігін бұзып алауыздық
енгізуді көздеді.
            Екіншіден, ру басылармен би батырларды өзара биліктегі атақ
лауазымға таластыруды көздеді.
            Үшіншіден,халықтың арқа сүйер игі жақсыларынан старшын ағаман
атағын алғандарды аға сұлтандарды биліктен айырылып қалмас үшін жеке
бастарының қамы күйіттейтін дәрежеге жеткізіп халықтан алыстатуды көздеді.
           2.  Жоңғаряның  талқандалуы.   «Шаңды   жорық»-жоңғар   соғысының
ақыры.1742 жылы генерал-лейтенант Урусовтың орнына  құпия  советник  Неплюев
тағайындалады. 24 тамыз күні сұлтандармен бірге Жәнібек батыр  онымен  бірге
жоңғар елшілері келеді.  Олар  Қалдан  Серен  қазақтың  ұлы  жүзінен  аманат
ұстайды. Кіші жүз бен орта жүзденде аманат  алып  бодандық  шарасын  жасауға
елші жібергенін мәлімдейді. Оған Неплюев 12 жылдан бері қазақтық  кіші  жүзі
мен  орта  жүз  Ресей   протектараттығын   қабылдағанын   сондықтан   жоңғар
билеушілерімен келіс сөз бітім жасауға құқылары жоқ  .  Бұл  мәселені  Ресей
императоры шешетіндігін жеткізеді.  Әбілхайыр хан сұрауымен Жәнібек  батырға
және оның балаларына қазақ халқында бірінші  тархан  атағы   және  тархандық
граммота  беріледі.  П.И.  Рычков,  Н.П.  Рычков.  Капитан  жазбалары.  “Ана
тілі”1995. (31 б.) Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады:
            1771 ж. қазақтар Ресейден қашқан  қалмақтарды  ұстауға  қатысты.
Қалмақтар 1630 ж Хо-Юрликтің басшылығымен Монғолиядан Ресейге  келген.  Еділ
бойындағы даланы жаулап алып, Еділ бойын  оңтүстігінде  жүрген  –  татарлар,
ноғайлар, түркімендерді  т.б.  бағындырды.  Хо-Юрлик  Алтын  Орданы  қалпына
келтіргісі келіп Астрахан қаласын алып  астанасы  етпек  болды.  Оның  өлімі
жоспарларын жүзеге асыртпады.
     Қалмақтар Ресейге адал болуға ант береді.
     Хан Пунцук Хо-Юрликтің немересі 1661 ж. Ресейге адал болуға ант береді.
Бірақ ант қағаз жүзінде қалды. Пунцук хан орнына мұрагері хан  Аюке  отырды,
ол қалмақтарды  елу  жылдай  биледі.  Оның  билігінде  бүкіл  Еділ   бойынан
Самараға дейін және Сибирскіге дейін жер қарады.
      Онан кейінгі қалмақ хандары:  Церен–Дондук,  Дондук-Омбо,  Дондук-Даша
және Убашы бұл қалмақ хандары билік Ресей үкіметіне өте тәуелді  болды.  Бұл
кейінгі  қалмақ  хандарында  ауыз  бірлік  болмады  таққа  таластары  оларды
әлсіретті.
           Тарихымыздағы  «Шаңды  жорық»   атауы   1771   жылы   Еділ   бойы
қалмақтарының Жоңғарияға қарай үдіре көшуі. Шаңды  жорық   кезінде  Дәуітбай
тархан өзінің адамдарымен Торғай өзені  бойынан  өткен  қалмақтарды  тосқан.
Қырдағы халықтардың бәрінде  тархан деген атақ кінәздіктің  дәрежесі.  Халық
ішінде олардың күші ханнан асып түспесе кем  түспейді  деген.  П.И.  Рычков,
Н.П.  Рычков.  Капитан  жазбалары.  “Ана   тілі”1995.   (58   б.)   пікірден
Рычковтардың “Капитан жазбаларына ”  түсірген   П.И.  Рычков,  Н.П.  Рычков.
Капитан  жазбалары.  “Ана  тілі”1995.  дерегінен   тархан   дәрежесі   қазақ
даласында хан дәрежесінен кем түспейтін беделдерінің бірі  болғанынан  хабар
жеткізсе,  екінші  жағынан  Ресей  патша   үкіметінің   енгізген   тархандар
институтының екі жақ ішінде тиімді  дәрежедегі  баланста  болғанын  көреміз.
Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады.XIX  ғ.  70  жылдарында  Рычковтардың
қырда деген сөзі  қазақ  даласында  тархандардың,  хандардың  билігіне  сына
қағатын  тархандар   шеніне   сенсе   ,   ол   хандардың   орыс   үкіметімен
байланысындағы тархандардың да елдің  сыртқы  саясатына  араласатын  халықты
хабардар етер  екі жақ үшін де халық мүддесін көздейтін  түп қарадан  шыққан
халық өкілдері болса, Ресей патша үкіметінің хан  сұлтандарға  сенімсіздігін
білдіретін хан сұлтандар да сезді.
              Торғай  өзенінің  бойында  мыңға  жуық  қазақ  қолын  бастаған
Құдайберген  тархан   да   Ресей   бодандығынан   босып   қашып,   өздерінің
Жоңғариядағы иеліктеріне қосылғалы  бара  жатқан  Еділ  қалмақтарының  жолын
тосуға шыққан. П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана  тілі”1995.
Рычковтар өз дерегінде қазақ  пен  башқұрт  арасындағы  атам  заманнан  келе
жатқан бітіспес дүшпандықтары  бар  табиғатынан  кекшіл  башқұрт  халқы  кек
сақтаған  қалпын  көрсетпей  қонақжайлық   танытуларын   таңбаныспен   жазып
күнделігіне  қалдырған.  Бұл  да  түбі  бір  түркі  тілдес  діні  бір   туыс
халықтарын ежелден  жау  қылып  көрсету  арқылы  кейінгі  жазбаларын  оқитын
оқырмандарға  қазақ-башқұрттық  бітіс  пен  жау  қылып   көрсетпек   шетінен
туындаған  патшалық отарлық саясатының көзілдірігімен қарап жазылған  пікір.
 П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (59 б.)  Қазақ
пен башқұрттарды араздастырған И.Неплюев саясатына  біз  тархан  Есет  батыр
қатысқан қазақ  башқұрт  тұсындағы  1755  ж.  Башқұрт  көтерілісіне  қатысты
жазған болатынбыз. Қазақ-башқұрт  қатнасының  бұзылуына  бір  кездері  патша
үкіметінің саясатының салқы тигендігі жөнінде бір ауыз пікір жоқ.
          3.Қазақ-жоңғар тарихының тарихнамасы.1776 ж. Қытайлар  Жоңғарларды
жойғаннан кейін Левшин дерегінде 10000 шаңырақ Шерен бастаған  Ресейге  өтіп
бодандығын қабылдады. Шерен Жоңғариядан  босаған  жерге  отандарына  қайтуға
Убашыны көндіреді. Еділ бойының оң  жағындағы  қалмақтармен  бірігіп  қашуды
жоспарлаған, ол үшін Еділдің мұзының қатуын күтеді.  Қосылу  үшін  1770-1771
ж.ж қыс жылы болып Еділ қатпайды да Убашы Еділдің оң жағындағы  қалмақтардың
қосылуын күтпей 1771 ж.  5  қаңтарда  Жоңғарияға  қарай  көш  басын  түзейді
Добрамыслов дерегінде  шамамен  отыз  мың  шаңырақ  қалмақтар  олар  Жайыққа
жақындағанда Орынбор губернаторы  Нұралы  ханға  хабар  жібереді.  Қалмақтар
сендерді шабуға бара  жатыр,  оларға  соққы  беріп  кері  қайтарыңдар  дүние
мүліктері сендердің олжаларың болады. Нұралы мен Абылай да хабардар  болады.
Казактарды  жұмсай  алмайды.  Пугачев  бұлігіне  байланысты   олар   толқуда
болатын.
      Орыстың екі армиясы да қалмақтарды тоқтатуға  қатыса  алмады.  Орынбор
казактарынан құралған әскери жасақтары генерал  майор  Траубинберг  бастаған
әскер Нұралы  әскеріне  ақпан  айының  ортасында.  Қосылып  ат  көліктерінің
нашарлығымен азық-түліктерінің тапшылығынан кері  қайтса,  екінші  жасақтары
Ор бекінісіне өте кеш шығып 12 сәуірде  Торғай  өзені  бойында  ғана  Нұралы
әскерлеріне Торғай өзенін де қуып жетіп қалмақтардың ізін сипап  қалды.  Ұлы
таудан бұл әскерлері де Ресейге кері  оралды  бұларда  бірінші  әскерлерінің
көбін Қалмақтар сағыз Сағыз  өзені  бойында  сұлтан  Айшуақтан  қатты  соққы
алды. Мұғалжар  тауларына  жеткенде  Нұралы  ханнан  соққы  алды.  Ор  өзені
бойында Абылаймен шайқасты. Қазақтар жаңа  жетістікке  жетіп  отырған,  одан
әрі жерде Әбілфейс сұлтан мен бірігіп соққы берген. Қазақ даласынан  өткенше
қашқан  қалмақтар  мал  мүліктерінен  қатын  балаларын  қазақтар   олжаларды
көптеген  адамдарын  тұтқынға  алған  ұлы  жүз  жерінде  Ералы   сұлтан  мен
буруттар  соққы  берген.  Қытай  жеріне  жеткенде   мал-мүліктерінен   түгел
айырылып адамдарының жартысы ғана жетті. А. Добромыслов дерегі  сол  кездегі
қашқан қалмақтар Монғолияда тұрады, олар олюттар деген атпен танымал.
     1773-1774 ж. Ресейдің шығыс аймағы Пугачев бұлігімен толқуда болды.
     1776 ж. өлке бастығы Рейсендорп қазақтарды әскермен жазалауды  сұрайды.
Оған ІІ Екатерина рұқсат бермейді. Қазақтарды өшіктіріп аламыз,  арты  жақсы
болмайды жұмсақ қатынас саясатын бұрынғыша жүргізуді талап етеді.
         Дәуітбай, Құдайберген тархандар Ресейге одақтас болғаннан қалмақтар
жолын тосып жүрген жоқты . Біздің пікірімізше  ата  жауы  болып  өткен  Еділ
қалмақтарын қазақ  даласынан  көктей өтетін жаудан  бәрінде  күтуге  болатын
қамсыз  қалмауынан,  екіншіден   Жоңғарияға   жібермей   әлсірету   мақсаты.
Жоңғарияға жетіп, қайта қазақ даласына  шабатындай  күш  қуатқа  айналдырмау
шараларының оңтайы келіп тұрғанда қамсыз қалмауынан  болатын.  П.И.  Рычков,
Н.П.  Рычков.  Капитан  жазбалары.  “Ана  тілі”1995.   (59   б.)   Рычковтар
жазғандай.  Ресей  жауларына  қарсы  аттандық  деп,  өзге  халықтық  алдында
абыройларын асыру емес еді. П.И. Рычков,  Н.П.  Рычков.  Капитан  жазбалары.
“Ана   тілі”1995.   (59   б.)   Құдайберген,   Дәуітбай   тархандардың   бұл
әрекеттерінде халқын, жерін жаудан қорғау елдік  мүдделері  жатқан  болатын.
Деректерден қазақ тархандарының мемлекеттік  мәселелердің  басында  жүргенін
көреміз жәнеде сол кездегі қазақ қолының қару –жарағы жөнінде мынадай  дерек
жазу керек. П.И. Рычков, Н.П. Рычков.  Капитан  жазбалары.  “Ана  тілі”1995.
(59  -60  б.)  Қазақ  қалаларының  жауды  қуғанда  60-80  шақырым  жерді  еш
қиыншылықсыз  алып  отыратын  әдістерін  жеткізеді.  Онда  жауларына   қарсы
жорыққа шыққан әрбір қазақ үш-төрт ат ұстайды  да  мінеді  азығында  соларға
артады. Соғыс күні мінетін атына тоқым  салмай  тоқ   ұстайды  П.И.  Рычков,
Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (60 б.)
            Ауа көшкен қалмақтар 30 мың үй шамасында, бұл 120  мыңдай  халық
олардың қатарында 30 мыңға тартасы әскери адамдар П.И. Рычков, Н.П.  Рычков.
Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (76 б.). Рычковтар өз  жазбаларында  Еділ
қадмақтарының ауа көшуі Ресей саудасына орасан зор  зиянын  тигізгендігінен,
мемлекеттің және халықтың мүддесіне көп нұқсан келді деп  өкінішпен  жазған.
П.И. Рычков, Н.П.  Рычков.  Капитан  жазбалары.  “Ана  тілі”1995.  (101  б.)
Патша үкіметінің  қазынасына  еселеп  Орынбор  Троицк  жерлеріндегі  айырбас
сауда орталықтарына пайда әкеліп отырған қазақ-орыс,  қалмақ  –  орыс  сауда
қатнастарының солжылы коммерциялық  пайда  кірісінің  мүлдем  тоқтап  қалып,
кейіннен өте баяу жүріп  коммерциялық  пайда  капиталының  қарқыны  бәсеңсіп
қалғанды.  Бұл  деректегі   коммерциялық   пайданың   Ресей   үкіметі   үшін
маңыздылығының  саяси  астарымен  құпиясын  біз   XIX   ғасырдың   1867-1868
жылдардағы реформаға байланысты отарлау  саясатын  жүзеге  асыру   барысында
ашамыз.
                              Бекіту сұрақтары:
     1.Ресей  патша  әкімшілігінің  Қазақстандағы  ХҮІІІ-ХІХ  ғ.   басындағы
саясатының сипаты қандай болды?
     2. Жоңғаряның талқандалуының себептерін айтыңыз?
     3.Қазақ-жоңғар қатынастарының тарихы туралы кімнің еңбектерін білесіз?
     4.Өлке бастығы Рейсендорптың қазақтарды әскермен жазалауды сұрақанда ІІ
Екатерина не себепті рұқсат бермеді ?


Дәріс №9 ХІХ ғ бірінші жартысындағы Ресейлік саяси-әкімшілік жүйесінің
Қазақстанға еңгізілуі.
1.Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.
2.1824 ж.Орынбор қазақтары жөніңдегі жарғы.
3.ХІХ ғ. ортасында Қазақстандағы казак  әскерилері.
4.Жаңа әкімшілік –территориялық жүйе құрылымы.
1.Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.  Ресей  империясының  өзінің
ауқымы мен  ұзақтығы  жағынан  дүние  жүзі  тарихында  бұрын-сонды  болмаған
көлемде шаруаларды қазақ жеріне жаппай қоныстандыруы қазақ халқының  ежелден
қалыптасқан  салт-дәстүрі,  шаруашылық  жүйесін  үлкен  өзгеріске  ұшыратты.
Қазақстанның  едәуір  бөлігі  құрамына  енгеннен  кейін  Ресей  үкіметі  XIX
ғасырдың 20 жыддары қазақ  арасында  хандық  өкіметті  біржолата  жойып,  ел
басқаруды жалпы ресейлік тәртіпке жақындатуға кірісті.  Бұл  шараларды  іске
асыру Орта жүзден басталды. Орта жүзде хандық өкімет Батыс Сібірдің генерал-
губернаторы М.Сперанский жасаған "Сібір қырғыздары  туралы  Уставқа"  сәйкес
1822 жылы Қазақ хандығы жойылып, жаңа әкімшілік жүйеге бөлу  енгізілді.  Бұл
жүйе бойынша 50-70 үй бір ауыл, 10-12 ауыл бір болыс, 15-20 болыс бір  округ
болып бірікті. Округта  жоғары  әкімшілік  аға  сұлтан  басқаратын  округтық
приказ болып есептелді. Ол  округтық  басқармаға  қарады.  Приказдың  құрамы
әскери губернатор тағайындайтын 2 орыс және 2 жыл мерзімге  билер  сайлайтын
"беделді" 2 қазақ заседателінен тұрды. Аға сұлтанды сайлауға  тек  сұлтандар
қатысты. Болысты сұлтандардан сайланатын  болыс  басқарды.  Өкіметтің  төмен
өкілдеріне сұлтандар қатыспайтын  "қазақтардың  өздерінен"  сайланатын  ауыл
старшыңдары жатты. Сот билігі билердің қолында болды. Ал кіші  жүзде  хандық
өкімет  1824  жылы  Азия  комитеті  бекіткен   Орынбор   генерал-губернаторы
П.П.Эссеннің "Орынбор  қазақтары  туралы  Устав"  деп  аталған  жоба  (1822)
негізінде жойылды. Қазақстаңда хандық  өкіметтің  жойылуы  патша  үкіметінің
отаршылдық саясатына сай  жүргізіліп,  рулық  алауыздықтардың  тууына  себеп
болды. Елдің экономикалық және саяси дамуына  кері  әсерін  тигізді.  Хандық
өкіметті жою азаттық қозғалысқа айналды.
  Сонымен, Қазақ даласында  билік  әкімшілікке  орай  және  жер  мәселесіне
байланысты талай ережелер, "қосымшалар" мен  уақытша  заңдар  шығып  мойынға
түскен қыл арқан тарыла түсті.
  1822 жылы  Сібірді  басқару  туралы  Ережелер  шығуына  байланысты  қазақ
даласын  басқаруға  көзқарас  өзгерді,  орыс   заңдарын   біртіндеп   енгізу
басталды. Қазақ даласы приказдар  басқаратын  округтерге  бөлінді:  округтер
болыстарға, ал ол өз кезінде ауылдарға бөлінді.
  Ресей  империясының  Қазақстанды  отарлауы  қазақ   ауыл   шаруашылығында
қалыптасқан өндіргіш күштерді  бұзу  жолымен  жүргізілді:  "өлкенің  дамуына
және өндіргіш күшке айрықша кері әсер етті. Казактар мен  келімсектер  алған
кең байтақ жер бөліктері көп ұзамай тақырға айналды,  олар  көп  ретте  жеке
еңбекпен — егін шаруашылығымен айналысудың орнына түрлі  формада  қазақтарды
қанаумен айналысты. 1848 жылы 100 десятина бөлік  түрінде  22  376  десятина
жыртылатын жер алған. Қапал станциясының казактары 1855  жылы,  яғни  8  жыл
өткен соң, тек 1826 десятина жерге еккен,  бұл  қырғыз-дардың  (қазақтардың)
бұрынғы егінінің 7 проценті ғана". Оған қоса шаруалар арқылы  отарлау  қазақ
еңбекшілерінің егін шаруашылығын бүлдіруге жол ашты. Олар жерді  суландыруды
білмейтіндігінен көптеген егіншілік жерлер шөл далаға айналды. Сондықтан  да
отарлау қазақтың егін шаруашылығын өркендетуге кері ықпал етті.
  1822  жылы  "Сібір  қырғыздары  (қазақтары)  туралы   Уставтың   (жарғы)"
негізінде Орта жүздің территориясы және Ұлы  жүздің  біраз  жері  8  округқа
бөлінді,  округтарды  округтық  приказдар  басқарды.   Болыстарды   болыстық
сұлтандар, ауылдарды ауыл старшындары басқарды.  Округтар  Омбының  облыстық
басқармасына бағынды. Кіші жүзде хан өкіметі  1824  жылы  жойылды,  билеуші-
сұлтандар  басқару  3  бөлікке  бөлініп,  басқарудың   дистанциялық   жүйесі
енгізілді. Барлық лауазымды  қызмет  адамдарын  Орынбор  генерал-губернаторы
тағайындады. Хан өкіметін жою және басқарудың  жаңа  тәртібін  енгізу  патша
үкіметінің  мүддесіне  сай  келді.   Сонымен   бірге   басқару   жүйесіндегі
өзгерістер әлеуметтік-саяси жагдайға, өлкенің өңдіргіш күшін  дамытуға  кері
ықпал етті. Бұл халықтың наразылығын тудырып,  XIX  ғасырдың  20-40  жыддары
ұлт-азаттық қозғалыстарға әкелді. Ең ұзаққа созылғаны  1837—1847  жылдардағы
Кенесары Қасымов бастаған азаттық күресі болды.
  Қорыта келгенде, 1822 жылы шыққан "Сібір  қырғыздары  (қазақтары)  туралы
Жарғы (Устав)" бойынша, Орта жүзде хандық таратылған  еді,  жері  округтерге
бөлінген  болатын.  Кіші  жүзде,  жал-құйрығы  күзелген,   патша   үкіметіне
мейлінше  тәуелді  Ішкі  Орда  аталмыш  ат  тебеліндей  Бөкей  хандығы  ғана
сақталған болатын. 1845 жылы Жәңгір ханның өліміне байланысты бұл хандық  та
күшін жойды. Оны уақытша кеңес арқылы басқару, ханның шын  мұрагері  —  орыс
шенеунігінің қолына көшті.
    Тарихи жағынан қазақ жеріндегі  хандық  мемлекет  қазақтардың  мүддесін
қорғап келді, өйткені хандық уақытта осы аумақта өзге  этностар  көп  болған
жоқ. Сондықтан да қазақ даласындағы басқару  ережелерінің  жобасы  жөніндегі
комиссияның түсіндірмесінде: "Басқару ісіне қойылған  хандар  Ресейге  талай
рет опасыздық жасады... оның  үкіметке  зиянды  екеніне  көз  жеткізіп,  хан
қызметі жойылды"1 делінген. Бұдан кейінгі  орыс  саясаты  1824  жылы  хандық
биліктің және одан кейін 1844 жылы басқарушы  сұлтандардың  жойылуынан  1865
жылы Ресейге Үлкен Орданың қосылуы, Ресей үкіметінің Қазақ даласында  хандық
билікті жойып, рулық бірлікті әлсіретуін халықтық және шынайы  бейбітшілікті
жойды.
       Жаңа әкiмшiлiк басқару жүйесi бойынша Орынбор  қазақтарын басқару
Орынбор Шекара  Комиссиясына  жүктелген. 1825 жылы наурыздың 1 күнi Орынбор
Шекара Комиссиясының  төрағасы болып Г.Ф.Генс тағайындалады.
         2.1824  ж.Орынбор  қазақтары  жөніңдегі  жарғы.1824  жылғы  реформа
бойынша жоғарғы басқару орны болып Орынбор Азия  басқармасы  құрылады.  Оның
құрамында төрағасы, 2 кеңесшi,  2  асессор  қазақтардан  4  депутат  және  2
депутат Бұқар  мен  Хиуа  хандығынан.  Орта  Азия  хандықтарынан  депутаттар
енуiнiң себебi, Орынбор қаласы қазақ даласы арқылы өтетiн керуен  саудасының
орталығына айналады.
       Бұл мекеменiң негiзгi мiндетi:
     1) Қазақ даласында тыныштық орнату;
     2) шекара бойында  қазақтарды басқаруды бақылау;
     3) Азиядағы  жағдайды бақылау;
     4) сот iсiн жүргiзу (әсiресе саудаға байланысты);
     5) iздеу салу қызметi. Орынбор Азия басқармасы  мен  Орынбор  генерал-
        губернатор  тiкелей  Сыртқы  Iстер   Министрлiгi   жанындағы   Азия
        департаментiне бағынады.
       Шекара басқармасына  шекара бойындағы  бекiнiстер  бағынышты.  Барлық
шекара шебi 11 дистанциядан  тұрады.  Дистанцияны  орыс  офицерi  басқарады.
Мiндетi: шекара  бойында тыныштық  орнату,  бақылау  жасау,  Орынбор  Шекара
Комиссиясы басқаратын аға сұлтандардың  кеңсесi  болған,  олардың  штаттарын
Орынбор Шекара Комиссиясы бекiткен. Орынбор Шекара Комиссиясының  1828  жылы
бекiтiлген жаңа  штатында  лауазым  иелерiнiң  жалақысы  ептеп  арттырылады.
Мәселен, аға сұлтан жылына 1200 сом күмiстей  жалақы алуымен қоса 60 пұт  ұн
алатын болған.  Ал  аға  сұлтанның  кеңсесiнде  қызмет  iстейтiн   тiлмаштың
жалақысы  жылына 600 сом күмiс ақша.
       Бұдан бiз Кiшi жүз қазақтарын басқару үшiн Орынбор  Шекара Комиссиясы
мемлекеттiк   қаржыны   аямағанын   көремiз.   Жалпы   Орынбор     Шекаралық
Комиссиясының  кеңсесiн  қаржыландыру үшiн  жылына  96  100  сом   жұмсаған.
Кiшi  жүз  аға   сұлтандарына,  старшындар  мен  билерге   жалақыдан   басқа
сыйлықтар және атақтар берiлген. Бұл мысалдардан  Ресей  империясы   басқару
жүйесiнде  қазақтарды  бiртiндеп  мемлекеттiк   қызметке  қызықтыра  отырып,
отарлық  саясатты iшкi  қазақ  даласына   енгiзе  бастағанын  көремiз.  Жаңа
басқару  жүйесi  бойынша   аға  сұлтанның   мiндетi   былайша    анықталады:
«...Қырғыздардың  iс-әрекеттерiн  бақылау,  халықтың  санын  анықтап,  түтiн
санын, мал  санын  әр  уақытта  бiлiп  отыру,  орыс  үкiметiнiң  нұсқауларын
бұлжытпай орындау. Қазақ арасындағы барымтаға жол бермеу».  Қазақ  даласында
Ресей  империясының   көзi  мен  құлағы   болып  отырған  әр  аға  сұлтанның
қарамағына 200 казак  солдатынан құралған отряд берiлген.  Отрядтың  мiндетi
аға  сұлтанды  қорғау  және  Шекара  Комиссиясының  нұсқауларын   қазақтарға
бұлжытпай орындаттыру.  Аға сұлтандар жылына  екi рет  елге  шығып  отырған.
Ондағы негiзгi қызметi салықты жинауға көмектесу.  «...Аға  сұлтан  салықтың
дұрыс  жиналуын  тексерiп,  түтiн  саны,  халықтың  саны,  ауыл,  бөлiмшелер
туралы мәлiмет алуы керек» - делiнген.
           Әрбiр аға сұлтан  елдi  аралап  келгеннен  кейiн  Орынбор  Шекара
Комиссиясына  жазбаша  түрде  есеп  берiп  отырған.  Сонымен,  жаңа  басқару
жүйесiн  енгiзе отырып, Ресей  империясы қазақ  даласын  аға  сұлтан  арқылы
басқарып, халықты күшпен, озбырлықпен билегенiн көремiз.
              Ал,  1844  жылғы  реформаларға  келетiн   болсақ,   кiшi   жүз
даласындағы  ұлт-азаттық  қозғалыс  Ресей  империясының  отарлық   саясатына
айтарлықтай қиындық   туғызады.   Ресей   патшасының  Кiшi  жүз  даласындағы
әкiмшiлiк  басқару  жүйесiнiң  әлсiздiгi,  жергiлiктi   басқару   әкiмшiлiгi
сенiмсiздiк туғызды. Сондықтан Ресей   отарлық   басқару   жүйесiне  өзгерту
енгiзу, алыс қазақ ауылдарына орыс  мемлекеттiк  әкiмшiлiк  басқару  жүйесiн
жаңадан құрып, жергiлiктi қазақ әкiмшiлiгiн бақылауды күшейту  керек  болды.
Кiшi  жүз   даласында   орыс-казак  отарлық  саясаты  мемлекеттiк   деңгейде
қарастырылып, бұрынғыша   сұлтандық   басқару  жүйесiн  сақтай  отырып,  өте
сақтықпен жүргiзу  керек  болды.  Екi  жүйе  –  Сiбiр  жүйесi  және  Орынбор
ведомствасын  басқару  жөнiндегi   заңдық   актiлердiң   ұзақ   уақыт   бойы
әзiрленбеуi, аяқталмаған сипаттағы қаулысын  қолдануы.  Қазақтарды   басқару
туралы заңның анық  болмауы  Орынбор  Шекаралық  комиссиясы  мiндетiнiң   де
айқын тұжырымдалмауына әкеп  соқты.  1838  жылы   сыртқы  iстер  министрлiгi
Орынбор  әскери губернаторы В.А.Перовскийдiң алдына:
        «Орынбор Шекаралық комиссиясының iс-қимыл ауқымы,  оның  мiндеттерi,
бағыныштылық ретi,  бекiнiстi шептер  бойындағы  және  басқаларындағы  iстер
бойынша басқа  жерлерге  көзқарасы,  оның  iшкi  құрамы,  қандай  да  болсын
iстердi бөлу және жүргiзу тәртiбi және басқалар дәл әрi  айқын  анықталсын»,
- деген мiндет қойды. Бұл үшiн бiрнеше жоба әзiрлендi.  Қорытындысында  1844
жылы маусым  айының  14-де Николай I жаңа  Ереженi  бекiтедi.  Бұл  құқықтық
сипаты бар құжат әртүрлi  толықтырулармен,  қосымшалармен  1868  жылы  қазан
айында қабылданған, «Уақытша   ережелерге»  дейiн  өзiнiң   күшiн   сақтады.
Мазмұнына  қарасақ,  Ереженiң  басты  мақсаты  «Орынбор  немесе  Кiшi   Орда
қырғыздарын басқаруды жаңа ахуалға сәйкес қайта құру».  Ереженiң  түпнұсқасы
толық баламасы «Материалы по истории политического строя  Казахстана»  деген
құжаттар  жинағында  1960  жылы  226-258  беттерде  жарияланған.  Осы  ереже
бойынша көптеген мiндеттер қойылды:
       -орданы басқарудың  түбегейлi  өзгертпей,  осы   кезге  дейiн  болған
тәртiптiң  басты негiздерiн қалдыру;
       -Бұхар мен Хиуа хандықтарымен сауда   қатынасын  дамыту  үшiн  керуен
сауда жолдарын нығайту;
       -далада қарақшылардан қорғану, Кенесары ықпалын болдырмау;
       -сол қазақтарды басқаратын Орынбор Шекаралық  комиссиясына  Шекаралық
 басқарма бойынша барлық iстердi  ойдағыдай  жүруiн  қадағалап  отыруға  көп
қаражат  беру;
       -жақсы, қорғану бекiнiстерiн салу.
       Соңғы  сөзiмiз дәлелдi болу үшiн, қазақ жерiнде  көптеген  бекiнiстер
бой көтердi. 1845 жылы  Орал, Торғай бекiнiстерi,  1847  жылы   Райым,  1848
жылы Орал мен Ор бекiнiсi.
       Ереже 8 бөлiмнен тұрады: 1 – жалпы жағдай, 2 – басқарудың  құрамы,  3
–  шендi  қызметкерлердi  қабылдау  және  жұмыстан  босату,  4  –  басқаруды
ұйымдастыру дәрежесi, билiкке бағыну және қарым-қатынастардың  ахуалы,  5  –
мiндеттер мен жауапкершiлiк,  6  –  iстi   атқарудың   жағдайы,  7  –  сотқа
тарту,  8 – кiрiс және жоғарғы буынға есеп беру.
       Әкiмшiлiк  билiк  –  тiкелей  аумақтық  басқару  –  Орынбор    әскери
губернаторының   қолында    шоғырланғанымен,   тiкелей    осы    мәселелердi
қадағалау,    үйлестiру   Азиаттық    департамент   арқылы   Сыртқы    iстер
министрлiгiне жүктелдi. 1824 жылғы ережеге сай   Бөкей  Ордасын  басқару  да
Сыртқы iстер  министрлiгiне  берiлген едi.  Жаңа  Ереже  Орданы  мемлекеттiк
мүлiк министрлiгiне  бағындырды. Сонымен,  екiге   жарылған   бұрынғы   Кiшi
жүз 1844 жылғы Ережеге  сай Петербургтегi бiр-бiрiне  тәуелсiз  әртүрлi  екi
министрлiкке ажыратылады.  Екiншi жағынан алғанда,  Кiшi және  Бөкей  Ордасы
шынайы  күшейiп  алған  Жәңгiрдiң  толық  билiгiнде  болғанымен  де  Орынбор
шекаралық  комиссиясы  сөз  жүзiнде  Едiл  мен  Жайық  арасындағы   хандықты
бақылауды өз қолында ұстап қалды. Әскери губернатормен қатар  одан  да   бiр
саты жоғары тұрған  шекаралық  жалпы   басқарудың   үйлестiретiн   лауазымды
шенеунiк болды. Кейiннен  шекаралық  төрағаның  барлық  функциялары  Орынбор
губернаторына  жүктелдi.  Келесi   билiк  дәрежесi  жағынан  жоғары   сатыға
көтерiлген  Орынбор   шекаралық   комиссиясының   төрағасы   (действительный
статский советник) немесе қызмет бабын   ажырататын  шен  бойынша  полковник
шенiндегi қызметкер. Шекаралық комиссияның штаты – 4 кеңесшiден, 4  көшпендi
 қазақтар арасынан тағайындалған отырыстарға тұрақты  қатынасатын,   сондай-
ақ  комиссия  құрамында   төтенше  жағдайда   ерекше   тапсырмаларды   дереу
орындайтын  тағы  да  екi  шенеунiк  және  дәрiгер,  мал  дәрiгер,  көптеген
қызметкерлер  кiрдi.  Шекаралық   комиссияның  мүшелерiн  –  сыртқы    iстер
министрлiгi, ал заседательдердi Орынбор әскери губернаторы тағайындайды.
       Патша үкiметiнiң  басты тiрегi, әрине, билеушi-сұлтандар. 1824  жылғы
ереже Кiшi  жүздiң Батыс, Орталық және Шығыс  аудандарын  арнайы  басқаратын
ел билеушi сұлтандарды бекiткенi  белгiлi.  Жаңа Ережеге сай  Жоғарғы  Тобол
және төменгi Тобол  өңiрлерiн  басқаратын  қосымша   екi   билеушi  сұлтанды
қосу. Бұған қоса дистанция бастықтарының саны 75 адамға жетуге тиiс болды.
       Орынбор ведомствосы басқару құрылымының төменгi  буыны «жеке  басқару
дейтiннен тұрды,  ол  билеушi  сұлтандардан,  дистанция  бастықтарынан  және
қазақтар арасынан тағайындалатын ауыл  бастықтарынан құралды. Әрбiр  билеушi
– сұлтанның  жанында үнемi 100-ден 200 адамға   жететiн  казак   отряды,  ал
одан басқа – көмекшi,  хатшы,  iс-қағаздарын  жүргiзушi  және  бес  шабарман
болды. Сұлтанның  мiндетi: қарамағындағы  халықты  тәртiптi  етiп,  үкiметке
адал  және  айтқанынан  шықпайтын  етiп  ұстауға   тиiс.   Дистанция,   ауыл
бастықтарын    тағайындауды   лайықты,   сенiмдi   адамдарды   таңдап    алу
жүргiзiлдi.Ал оларды  қаржыландыру мекеменiң бiр жылдағы қаржысы 64454  сом,
оның 18579 сомы қызметкерлердiң жалақысы  мемлекеттiк  қазынадан,  ал  45874
сомы түтiн салығы арқылы  жиналды.
       Ережеде тұңғыш рет қазақтарды емдеу, дәрiгерлiк көмек  көрсету  көңiл
бөлiндi. Өйткенi қазақтар арасында  шешек ауруларының  таралуы себеп  болды.
Бiрақ  бұл жүйенi пәрмендi түрде  1867-1868  жылға  дейiн  бiр  қалыпқа  қоя
алмады.  Қазақтар  арасынан  арнайы  фельдшерлер  даярлап,   Орынбор  әскери
госпиталында тәжiрибеден өтетiн.  Қазақтардың  күнкөрiсi  малмен  байланысты
болғандықтан,  1845-1853  жылдары  арнайы   мал   дәрiгерiн  даярлау  iсiмен
айналысып, мал  ауруларын бақылауға алған.
       Әсiресе, сот iстерiндегi  өзгерiстер. Сот  мәселесiне   Ереженiң   22
тарауын арнағанын  көремiз. Жылдан-жылға әлсiреген билердiң орнына   орыстың
империялық  сот  жүйесiнiң  көрiнiстерiн   күшпен   ендiру  царизмнiң  басты
мiндеттерiнiң  бiрi  болғаны  түсiнiктi.  Үкiметке  бағынбау,  кiсi  өлтiру,
тонау,  барымта әскери сот қарауында, ал ұрлық, алаяқтық 50 сомнан  аспайтын
мүлiктiк талап арызды азаматтық  қылмыстық сот қарады.
       3.ХІХ ғ. ортасында  Қазақстандағы  казак   әскерилері.  XIX  ғасырдың
екінші ширегі Қазақстанды әскери отарлаудың шешуші  кезеңі  болды.  Ресейдің
қазақ  даласына  жүз  жылдан  астам  уақытқа  созылған  өңмеңдеуі,  оңтүстік
аймақтарды қоспағанда, өлкенің  барлық  дерлік  аумағының  империя  құрамына
косылуына әкеп  соқты.  Бұл  Қазақстанның  саяси  бытыраңқылығының,  күрделі
сыртқы жағдайының  салдарынан  ғана  емес,  сонымен  қатар  Ресейдің  сөзсіз
әскери басымдығының нәтижесінен болды, ал оның армиясы сол кезде  Еуропадағы
ең куатты армиялардың бірі еді. 1825 жылы орыстың құрғақтағы армиясында  526
мың адам болды..
       XIX ғасырдың ортасында Ресейдің Казақстандағы қарулы күштері  тұрақты
әскерлер мен тұрақты  емес  әскерлерден  тұрды,  олар  екі  әскери  құрамаға
біріктірілді. Жеке Орынбор корпусына  23-жаяу  әскер  дивизиясы  (10  шептік
батальон кұрамында), Орал  және  Орынбор  қазақ  әскерлері,  башқұрт-мещеряк
қазақ полкі кірді.  Корпустың  штабы  Орынборда  орналасты,  өлкенің  әскери
губернаторы кызметі бойынша оның командирі болды. Жеке Сібір  корпусына  24-
жаяу әскер дивизиясы (15шептікбатальон құрамында),екі  гарнизондық  батальон
және Сібір шебінің қазақ  әскері  кірді.Корпустың  штабы  Омбыда  орналасты,
оның командирі Батыс Сібір әскери губернаторы болды.
       Казақстанның  бүкіл   дерлік   аумағын   батысынан   шығысына   карай
бекіністері, форттары, форпостары, кордондары  мен  пикеттері  бар  үздіксіз
әскери шептер тізбегі коршап  жатты.  Мәселен,  Орал  шебі  Гурьевтен  Илецк
корғанысына дейін созылды  және  XIX  ғасырдың  басында  19  форпост  пен  5
бекіністен тұрды. Төменгі шепте - 6 мың, жоғарғы  шепте  -  7  мың,  Оралдың
өзінде 17 мың қазақ орналасты. Ал 1857 жылға қарай төменгісінде  -  21  мың,
жоғарғысында - 45 мың, Орал қаласында 11 мың қазақ болды.
       XVIII ғасырдың 30-жылдарында-ақ құрыла бастаған, Верхнеяицк  және  Үй
бекіністі шептерінен тұратын Орынбор шекаралык шебі  күшті  қорғаныс  болды.
Верхнеяицк шебі Орынбордан шығысқа қарай созы-лып, 9 бекініс пен 16  редутты
қамтыды  және  екі  дистанцияға:  Красногорск  және   Орск   дистанцияларына
бөлінді.  Красногорск  дистанциясы  -  4  бекініс  пен  6   редуттан,   Орск
дистанциясы 5 бекініс пен 10 редуттан тұрды. Үй шебі Верхнеяицк  бекінісінен
Тобылдағы Звериноголов бекінісіне дейін созылып, 8 бекініс  пен  9  редуттан
тұрды,  Верхнеуйск  және  Нижнеуйск  дистанцияларына   бөлінді.   Верхнеуйск
дистанциясы - 3 бекініс пен 5 редуттан, Нижнеуйск дистанциясы 5 бекініс  пен
4 редуттан тұрды.
       1810-1822  жылдарда  Новоилецк  әскери   шебі   құрылады.   Ол   алты
форпостыдан  (Изобильный,  Буранный,  Новоилецк,  Линевск,   Угольный   және
Ветлянск), Ханский редуты мен Бердянск бекінісінен тұрды.


       1835-37 жылдарда Орынбор әскери шебінің бір бөлігі ретінде  Жаңа  шеп
құрылады. Ол Орск бекінісінен басталып, солтүстік-шығыска  қарай  жүріп,  Үй
өзенінің Тоғызаққа құйылысындағы Березовский  редутына  дейін  жетеді.  Оның
ұзындығы 478 шақырым болды.
             Осы  әскери  шептердің  бәрі  ұзындығы  1780  шақырым   болатын
(Гурьевтен Батыс Сібірмен шекарадағы Алабұға отрядына дейін) Орынбор әскери-
шекаралық шебінің кұрамына кірді.
       Онда 2-дәрежелі бекіністер қатарына  жататын  және  француз  инженері
Вованның  жүйесі  бойынша  салынған  Орынбор  бекінісі  басты  бекініс   деп
саналды.  Ол  тас  қабырғалы,  қақпалары  мен  бекіністік  орлары  бар  ұзак
мерзімді сипаттағы қамалдық  11  форттан  тұрды.  Бекіністің  сыртында  оған
кіреберісті корғап  тұрған  үш  форштадт  болды.  Орск  бекінісі  3-дәрежелі
бекініске жатты, кұм  үйіліп,  ормен  коршалды,  сырт  жағынан  өзен  қорғап
тұрды. Орынбор, Орск және Илецк  корғанысы  бекіністері  Орынбор  және  Орск
инженерлік  командалары  мен  әскери-жұмысшы   ротасынан   тұратын   Орынбор
инженерлік  округіне  қарады.  Олар  14-гарнизондық   артиллерия   бригадасы
орналасқан Орынбор артиллериялық гарнизондық округінің  кұрамына  да  кірді.
Бекіністердің қару-жарағында әр түрлі 130 зеңбірек, ал далалық  бекіністерде
(Новопетровск, Карабұтақ фортында және баскаларында) 54  зеңбірек  (пушкалар
мен единорогтар) болды. Орынбор  және  Орск  бекіністеріндегі,  Новопетровск
бекінісіндегі артиллериялық  қару-жарақ  күшті  болатын.
       Әскери жағынан Орынбор әскери шебінің  зор  маңызы  болмады,  өйткені
«әскери іспен таныс емес және кандай да болсын  кұрылғыдан  хабарсыз»  әлсіз
көршілері, соның ішінде казактар да  Ресейге  қарсы  әлдебір  елеулі  әскери
әрекет ете алмайды деп  саналды.  Сондықтан  мұнда  мықты  бекіністер  емес,
қайта кордондық кызметті қырағы жүргізу талап етілді, ол  кызмет  Орал  және
Орынбор қазақ әскерлеріне жүктелді. Қалалар мен  бекіністердегі  гарнизондық
кызметті Жеке Орынбор корпусының жаяу әскер  батальондары,  мүгедектік  және
этаптық командалар атқарды.
       Орынбор әскери губернаторы  В.  А.  Обручевтің  тұсында  дала  ішінде
қазақтар қоныстарының қақ ортасында бекіністер салына бастады, бұл  алыстағы
аумақтарды бакылауда ұстауға, шептерді Орта Азия хандықтарының  шекараларына
жақындатуға мүмкіндік берді.
       1845 жылғы 7 қыркүйекте  Торғай  өзенінің  оң  жағасында,Орскіден  12
шақырым  жердегі  Бесқопа  шатқалына  жақын  маңайда  Оренбургс  бекінісінің
(Торғай қаласы) негізі каланды. Бекініс  жартылай  шеңберл  шығыңқы  жерлері
бар редут түрінде салынды.  Гарнизон  жергілікті  қорғанысқа  арналған  жаяу
әскер ротасы мен  зеңбірекшілер  командасынан  барлығы  150  адамнан  тұрды.
Көшпелі резервке екі зеңбірегі бар, штаб офицер командалык  ететін  екі  жүз
орынбор қазағы кірді. Гарнизонны  қару-жарағы  1839-1840  жылдардағы  сәтсіз
аяқталған Хиуа жорығына қалған, шойыннан  кұйылған  16  бекіністік  зеңбірек
пен үш таған тұғырль 100 жанғыш зымыраннан тұратын.  Гарнизонның  коменданты
майор немесе подполковник шеніндегі офицер болды.
     Нақ сол жылы Орынбордан 120 шақырым  және  Ордан  406  шақырым  жердегі
Жармола  шатқалында,  Ырғыздың  жарлауытты  оң  жағасында  Уральск  бекінісі
салынды. Гарнизоны Оренбургск бекінісіндегідей бол-  ды.  Кару-жарағына  екі
зеңбірек:  6  фунттық  бір  зеңбірек  пен  3  фунтты  тауға  арналған  жеңіл
зеңбірек, сондай-ақ үш шақырымға дейін  алысқ  атылатын  зымыран  снарядтары
кірді.
     1847 жылы Арал  теңізінің  жағасындағы  Райым  шатқалында,  Сырдарииның
сағасына жақын  жерде  Райым  бекінісінің  негізі  қаланды.  Оның  гарнизоны
штабымен қоса Орынбор шебі 4-батальонының  барлығы  503  солдат  пен  офицер
болатын  екі  ротасынан,  Орал  қазақ  әскерінің  үш  жүздігінен  және   14-
гарнизондық зеңбірек  бригадасының  оқпаны  әр  түрлі  14  мыс  зеңбірегінен
тұрды, ол 64 әскери лауазым иелерінің басқаруында болды. 1848  жылы  Ырғызда
Қарабұтақ  және  Арал  теңізінің  жағалауында  Косарал  форттарының   негізі
қаланды.  Сөйтіп  Орынбор  форттар  мен  бекіністер  тізбегі   арқылы   Арал
теңізімен жалғастырылды. 1853 жылы (Сырдарияда № 1  Қазалы  форты  мен  №  2
Қармақшы форты  салынды.  Ресей  Орта  Азияның  іргесіне,  Хиуа  және  Коқан
хандыктарының шекарасына шықты.
     Бұдан да ертеректе 1833 жылы Каспий  теңізінің  жағалауында,  Өліқолтық
шығанағында  Новопетровск  бекінісінің   негізі   қаланған   еді.   Гарнизон
зеңбірекшілер  командасы  бар  екі  жаяу  әскер  ротасынан,  екі  жүз   орал
қазақтарынан  тұрды,  қару-жарақтан  оқпаны  әр  түрлі  31  мыс  және  шойын
зеңбірегі болды. Алайда  орналаскан  жері  нашар,  суы  мен  климат  жағдайы
колайсыз   болғандықтан    бекініс    Түпкараған    шығанағына    көшіріліп,
Новоалександровск деп аталды және 1847 жылғы 30 тамызда ресми түрде  ашылды.
Батыс Сібір генерал-губернаторлығы аумағында да әскери шеп нығайтылды.  Оның
Тобылдағы  Звериноголов  бекінісінен  Алтайға   дейінгі   ұзындығы   2   мың
шақырымдай болды. Ол төрт әскери шептен: Новоишимск (Пресногорьковск  немесе
жай ғана Горькая шебі), Ертіс, Бұқтырма,  Бийск  шептерінен  тұрды.  Горькая
шебі сонау XVIII ғасырдың орта шенінде кұрылып, 16 редуты бар  11  бекіністі
қамтыды,  Сібір  корпусы  инженерлік  басқармасының  құрамына  кірді.   Алты
бұрышты Петропавл бекінісі басты бекініс деп саналды.  Оның  шығысында  төрт
бекініс: Полуденная,  Лебяжье,  Николаевск,  Покровск  бекіністері,  олардың
ортасында 9 редут, батысында - алты бекініс: Скөпинск, Становск,  Пресновск,
Кабанья, Пресногорьковск және Звериноголов бекіністері орналасты.  Петропавл
бекінісі шептің ең басты артиллериялық арсеналы болды.  Мұнда  Сібір  драгун
полкі,  жаяу  әскер  батальоны,   қазақтар   мен   башқұрттардың   отрядтары
орналастырылды. Лебяжье бекінісі мен Тара дистанциясында Шируан  мушкетерлік
полкі орналасты.
     Ертіс әскери шебі XVIII  ғасырдың  басында-ақ  құрылған  еді.  Ямышевск
бекінісінде 18 зеңбірегі бар 303 адамнан, Семейде  -  9  зеңбірегі  бар  204
адамнан,  Өскеменде  -  9  зеңбірегі  бар  141  адамнан,Железинскі-де  -   6
зеңбірегі бар 72 адамнан, Омбыда - 20  зеңбірегі  бар  267  адамнан  тұратын
гарнизондар болды. Коряковск, Семиярск, Убинск, Черлаковск  форпос-тары  мен
басқаларында да гарнизондар орналасты. Сібір  шекаралық  шептерінде  барлығы
18 бекініс, 31 редут, 13 форпост, 23 станция, 35 шамшырак (маяк) тұрды.
     XIX ғасырдың 20-жылдарында ішкі округтерді корғау  үшін  әскери  шептер
мен бекіністерді  далалы  аймаққа  сұғынта  түсу  басталады.  Мәселен,  1822
жылдың шілдесінде  алғашқы  бекіністер  -  Ақмоладан  оңтүстікке  қарай  300
шақырым болатын Ақтау тауларында, Сарысу өзенінде Ақтау және  Есіл  өзенінде
Жарқайың бекіністерінің негізі каланады.  1824  жылдың  сәуірінде  Карқаралы
приказы ашылып, майор Тұрсын Шыңғысов аға  сұлтан  етіп  тағайындалды.  Оның
әскер  қосынында  (ставкасында)  6  және   7-Сібір   полктерінің   полковник
Броневский басқарған 300 казак орналасты. 1824  жылғы  29  сәуірде  Көкшетау
приказы құрылды, оның гарнизоны да әскери старшина Лукин бастаған 2 және  4-
Сібір полктерінің 300 казагынан тұрды.
     Одан соң Баянауыл (1826 ж.), Ақмола және Көкпекті  (1827  ж.),  Атбасар
(1846ж.), Аягөз, Кұсмұрын приказдары, Ұлытау  (1846  ж.),  Капал  (1847  ж.)
бекіністері ірге тебеді. Оларға  қарауыл  қызметін  аткару  үшін  қозғалысқа
жеңіл қазақ  отрядтары  орналастырылды.  Мәселен,  1826  жылы  жаңадан  ірге
көтерген Көкшетау және Карқаралы бекіністерінде 452 әскери қазақтан  тұратын
екі отряд, 1836 жылы - 860 казактан тұратын жеті отряд болды.
     1853 жылғақарай олардың саны 2мың казакка  дейін  өсті,  ал  1863  жылы
далалық 20 бекіністе 2,5 әскери казак орналасты.
     Сонымен  XIX  ғасырдың  ортасында  бүкіл  Қазақстан  аумағы  әр   түрлі
бекіністі  шептерден:  Жаңаөзен,  Илецк,  Үй,  Новая,  Новоишимск   (Горькая
дейтін), Ертіс, Жем, Ақмола-Көкшетау және  Сырдария  әскери  және  шекаралық
шептерімен қоршап алынды. Оларда күшті артиллериялық және  зымырандық  қару-
жарақтары,  ат  жегілетін  артиллериялық   батареялары   бар,   жаяу   әскер
батальондарының, драгун полктерінің,  жеңіл  қозғалатын  казак  отрядтарының
тұрақты  және  ауыспалы  гарнизондары  орналасты.  Теңіздегі  және  Сырдария
өзеніндегі операцияларға арналған  бес  жауынгерлік  жалаудан  тұратын  Арал
әскери флотилиясы болды. Осының  бәрі  қазақ  жасақтарынан  Ресейдің  әскери
басымдығын қамтамасыз етті, одан әрі шабуыл жасап,  жаңа  аумақтарды  жаулап
алу үшін сенімді алғы шеп болды.
     Ресейдің шығыстағы даламен  шектес  шептеріне  орналастыру  үшін  патша
өкіметі  казак  әскерлерінің  сақадай  сай  жүйесін  құрды,  ол  Ресей   мен
бағындырылған  халықтардың  этникалык  шекарасында  орналастырылып,  Азияның
терең түкпіріне үдемелдете ене түсу және онда ұлт-азаттық қозғалысын  басып-
жаныштау үшін тұрақты әскерлердің орнына пайдаланылды.
     XIX ғасырдың орта шеніне карай  өлке  аумағында  жақсы  қаруландырылып,
машықтандырылған, әскери шептер мен бекіністердің кең желісіне  сүйенген  үш
казак  әскері  болды.Олар  қазақ  көшпелілерімен  ғасырлық  күресте  қаһарлы
әскери күш еді.
     Орал (1775 жылға дейін Жайық) қазақ әскері  сонау  1591  жылы  құрылған
болатын. Тарихшы А. Рябинин жайық казактарында бір ғана өліспей  беріспейтін
жауы болды - олар қазақтар еді деп жазды.  Олар  «қажырлы,  қайсар,  қорқуды
да, шаршауды да білмейтін  жау  еді.  Жайық  қазақтары  оларға  қарсы  нағыз
кескілескен соғыс жүргізді».
     1803 жылғы 26 желтоқсанда патша он  атты  әскер  полкі  кұрамында  Орал
казак әскері туралы Ережені бекітті, әрбір полкте бес жүздік  құрама  болды.
1819 жылы  әскерге  Илецк  және  Сақмар  станицаларының  казактары  косылды,
сөйтіп полктер саны  жаңадан  қосылған  казактардан  құрылған  тағы  да  екі
полкке көбейді. 12 атты әскер полкінде – 10 мың,  1840  жылы  50  мың  әскер
шеніндегілер, ал 1856 жылы әскер кұрамында 73 мың казакболды.
     Орынбор қазақ әскерін патша үкіметі XVIII ғасырдың орта шенінде,  қазақ
жерлерінің бір бөлігі Ресей құрамына кіргізіле бастауына  байланысты  кұрды.
Оның кұрылуы үкімет қолданған әскери отарлаудың тікелей салдары болды.  Оның
мақсаты Еділ бойын, Орал өңірін,  Оралды  Мәскеу  мемлекетіне  бекіту,  онда
әскери бекіністер тізбегін құру еді».
     1840 жылғы 12 желтоқсанда император I  Николай  патшалық  рескриптін  -
«Орынбор казак әскері  туралы  ережесін»  шығарды.  Бүкіл  әскер  екі  әскер
округіне және он полк отрядына бөлінді, әрбір полкте 870 казак болды.  Атты-
артиллериялык бір бригада барлығы 774 адамнан құралған  үш  батареядан  және
250 адамнан құралған әскери ісмерлер жүздігінен тұратын.  Әскер  барлығы  63
мыңға дейін саптағы казактарды шығара алатын. Әскери атаман қызметі  бойынша
атты әскер дивизиясының командиріне теңестірілді.
     Сонымен Қазақстан аумағы XVIII ғасыр бойында және XIX ғасырдың  бірінші
жартысында Ресей армиясының тұрақты  және  тұрақты  емес  (қазақ)  бөлімдері
орналастырылатын  орын  ретінде  пайдаланылды.  Бұл  орыс-қазак  шекарасының
бүкіл бойында ғана емес, қазақ даласының терең  ішкі  өңірінен  де  кұрылды.
Осы сансыз  көп  әскер  және  қазақ  бөлімшелері  Ресей  империясы  оңтүстік
шекараларының  қауіпсіздігін  камтамасыз  етті.   Солдаттар   мен   қазақтар
көптеген әскери және кұрылысшылык міндеттер атқарды.  Патша  үкіметі  оларға
жердің жақсысын берді, қазақтар мен  солдаттар  бекіністер,  станицалар  мен
калалар салу кезінде жұмыс күші ретінде кеңінен пайдаланылды. Алайда  осынау
зор және кымбатқа түскен барлыкқ шаралардың  саяси  мағынасы  мүлде  тереңде
жатты. Ресей идеологтарының ойлары бойынша, патша  өкіметі  қазақ  даласының
шет аймақтар мен  терең  ішінде  берік  және  біржола  орнығып  алды.  Қаржы
шығындарымен және қаншалыкты дұрыс екендігімен санаспай, империялық  идеялар
өзге  ой-пікірлердің  бәрінен  де  басым  түсіп  отырды.  Мұның  бәрімен  де
бітпейді. Казақстан аумағына әскер орналастыра отырып,  патша  өкіметі  Орта
Азияға карай ілгерілеу үшін алғы шеп дайындады және ең соңғысы, тегінде,  ең
бастысы - тұрақгы бөлімдер мен казак әскерлері казақ  халкының  сана-сезімін
тұншыктыруға және ұлт-азаттық қозғалыс күштерін талқандауға арналды.  Исатай
Тайманов пен Махамбет Өтемісов басшылық еткен  көтерілісті  басып-жаныштауда
нақ солай болды, Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының  күрес  жылдарында
да нақ солай болды, басқа көптеген жағдайларда да нақ солай болды.
     4.Жаңа әкімшілік – территориялық жүйе құрылымы.   Жергілікті  орындарда
әрі  текті  басқару  жүйесін  зерттеу  үшін,  қырғыздардың  келешек  басқару
құрылымының жалпы жүйесін бастау мүмкіндігін анықтау үшін, 5  маусымда  1865
жылы  патша  үкіметінің  бұйрығы  бойынша  қазақ  даласына  ерекше  коммисия
іссапарға жіберіледі.
     Қазақ  даласын Ресей патшалығының қол астына қаратуда патша  өкіметінің
әкімшілік басқаруын іске асыру арқылы шын  мәніндегі  отар  еліне  айналдыру
үшін патша әкімшілік басқару  жүйесін  енгізудегі  ізденістерінің  нәтижесін
талдап, қорытындылаған арнайы коммисияның  қазақ  даласында  болып  қайтқан.
Қазақ  даласының  Орынбор  және  Сібір   ведомстволығын   жалпы   басқарудың
қажеттілігін анықтай отырып, Комиссия  басты  бір  негізгі  мәселені  шешуді
ұйғарады: кең даланы алып жатқан  далалық  облыстардың  көлемінде  Әкімшілік
басқару әрекетін сәтті жүргізе ала ма? Егерде басқару әрекетін жүзеге  асыра
алмайтын  болса,   өлкенің   аймағының   үлкендігінен   қолайсыздық   болса,
қолайсыздықты жою үшін не жасау керектіктерін шешуді ұйғарған.
     Бірінші, әйелдер  мен  еркектерді  қосқанда:  750  мың  тұрғындары  бар
Орынбор облысының қазақтары 700 мың шаршы шақырымды алып жатты,
     Бір  жағынан  жол  қатынастарының  жеткіліксіздігі  мен  аймықтың   өте
үлкендігі және өлкенің тәртіпке келтірмегендігі патша  үкіметі  әкімшілігіне
облысты басқаруға қолайсыз болды. Далалық елдерді аралап жүріп-тұрудағы  жол
қиындығынан  бұрыңғы  облыс  басқармаларына  соқпай  айналып  кетіп  журген.
Мұрағат деректерінде былайша сипаттайды. «Басқа қазақтарға  қарағанда  батыс
бөлігінің ішкі жағындағы қазақтар  тіптен тәртіпке келтірілмеген және  халық
тұрғындарының мінездері тағы және өте жауынгер, » .
     Сондықтан  Қазақстанның батыс бөлігіне ерекше  ықлас  қоюды  қажет  деп
санаған,  осындай  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  қазақ  даласының   батыс
бөлігінде мықты орыс  билігін  бекіту  үшін,  қазақтармен  казачествоны  бір
басқару билігіне бағындыру  үшін, Комиссия төмендегідей ұйғарым жасайды.
     Екінші,   Орал   казачествосының   жауынгерлерінің   жерінен,   Орынбор
қазақтарының батыс бөлігінен азғантай кеңістіктің орта бөлігінен  жер  алып,
ерекше облыс құрып, оған  Приуральск атауын беруді ұйғарады.
     Әскери губернатор мен  жауынгерлер  басшысы  шендерін  біріктіріп  Орал
казачество жауынгерлеріне тағайындалған атамандық  шенін  (Наказной  атаман,
казак әскерлеріндегі тағайындалып қойылған) беруі.
     Әскери Губернатордың тұрағын  Орал  қаласында  орналастыруды  ұйғарады.
Орал  қаласын  алуының  себебі:  Облысты  басқаруға  қолайлы  орталық  болып
табылуы, және орталықтар үшін тарихи мәні барлығынан.
     Орал казактары мен қазақтарды әкімшілік және соттық бір ортақ   басқару
жүйесіне  біріктіру  арқылы,  әскерлерге  қатысатын  орындардағы   азаматтық
сипаттағы  орталық  басқарманы  жою.  Жаңа  құрылымдағы   жоғарыда   аталған
облыстық басқарманы құру.
     Әкімшілік - әскери және  әскери  шаруашылық  бөлімдерін  меңгеру  үшін,
Әскери  Губернаторлық  жанынан   ерекше   басқару   органын   құру.   Әскери
Министрліктің  шешіміімен  облысты  уездерге  бөлу,  Оралда,    Калмыковская
бекетін, Гурьев - қалашығында және  Ембі  күзет  орнын  уездік  мекемелердің
мекеніне айналдыру.
     Уездердің шекараларын анықтау құқын жергілікті  бастықтар  өлкенің  бас
бастығының бекітуімен анықтайды.
     Приуральск облысындағы әкімшілік  құрылымға  байланысты  оңтүстік-батыс
бөлігінде тыныштық сақталу  үшін,  Арал  және  Каспий  теңіздері  аралығында
бекіністер салу арқылы қоршауды ұйғарады.
     Оралдық казактар өз құқықтарын сақтай отырып, жеңілдіктер  пайдаланатын
болатын. Бұрынғыша әскери қызмет міндеткерлігін атқарады.  Казактар  тұратын
селоларды (станичный) құру басқармасы  және  казактар  соты  (станичный  суд
орысша) тұрмысы мен басқармасы ешқандай өзгеріссіз қалдырылған.
     Казачество  мен  қазақтарға  ортақ  әкімшілікті  және  сотты   енгізуде
ешқандай кедергі қиындықтар болмады. Орынбор әскери  казачествосында  жүзеге
асырылған болатын.
     Приуральск облысын құруда оған көп орыс  тұрғындары  кірді:  мұның  өзі
патша  үкіметінің  жергілікті  қазақтарды  орыстарға   жақындатудағы   басты
мақсаттарын  жүзеге  асырды.  Сонымен  қатар  облыстық  басшы   қол   астына
материалдық  күш  казак  әскерлерін  алуына  мүмкіндік  жасалды.  Бұл   шара
жергілікті  қазақтар  тарапынан  қарсылық  бола  қалса,   казак   әскерлерін
пайдалануға жасаған  сақтық шаралары болатын.
     Приуральск облысының құрылуы  негізінде  көшпелі  тұрғындар  Приуральск
облысын казактар қолына  бермейді,  қазақтардың  пайдасына  шешіледі.  Ортақ
бастықтары екі халыққа да, яғни қазаққа да,  казакқа  да,  бірдей  алалықсыз
қарайды. Бұдан қазақтар  өз  құқықтарын  қорғайтын  облыс  басшысын  көретін
болады.  Сонымен  қатар  Орал  әскерлерін  бірте  -  бірте   ортақ   империя
әкімшілігіне енгізетініне сенім  артты.  Осындай  көздеген  басты  иүдделері
болды.
     Екінші, Орынбор қазақтарының облысының қалған  бөлігінен  ерекше  облыс
құрып, оны Торғай облысы атауын ұйғарады.
     Торғай облысын басқаруды  құруда:  Облыс  басқармасының  атауын  Әскери
Губернаторға ауыстыру оған Губернаторға тиісті құқық  беру,  және  облыстағы
дивизия басшысы құқында.әскерді бағындыру орналасқан.
     Облыстық басқарманы жергілікті  жерден  қолайлы  орын  тапқанға  шейін,
Орынборда қалдыра тұруды  ұйғарады. Сонымен қатар облысты төрт  уезге  бөлу:
қазақ  даласынан  әкімшілік  күзет  орны  таңдап,   алынғанға   дейін   уезд
мекендеріне Илецкий - Защите, Николаев бекеті,  Орынбор  бекінісін  «Торғай»
атауына өзгерту. Орал бекінісін «Ырғыз» атауына өзгерту. Торғай мен  Ырғызға
қалалық қоныс құқын беру. Илецкий және Николаев  уездік  басқармасы  линияда
уақытша тұратын уездер басқармасына басқа атау берілетін болды.
     Құрылатын жаңа  облыстар  алып  жататын  кеңістіктер  көлемі:  Бірінші,
Приуральск облысы жер көлемі шамамен 460.000 шаршы  шақырым.  Халқы  шамамен
490.000 тұрғын еркегі мен әйелдерін қоса есептегенде.
     Орал  әскери  казачествосының  жері  62  мың  шаршы  шақырым,   Орынбор
қазақтарының облысының  бөлігіндегі  тұрғындардың   шамамен  400  мың  шаршы
шақырым. Орал әскерлеріндегі Орынбор қазақтарының  облысының  бөлігінде  400
мыңы қазақтар әйелі мен еркегін қоса есептегенде.
     Екінші,  Торғай  облысы  жер  көлемі  шамамен  300.000  шаршы   шақырым
тұрғындары шамамен 350.000  еркегі мен әйелін қоса есептегенде 350.000..
     Аталған  облыстардың  арасындағы  шекара   белгілері   шамамен   Илецкі
қалашығымен Илек, Қобда  өзендерінің  аралығы,батыс  және  орталық  шекарасы
аралығы Мұғалжар таулары және оңтүстік шегі  Арал  теңізіне  дейінгі  аралық
облыс басшыларының өзара келісімімен айқындалып, өлке  бастығымен  бекітілуі
тиіс болды.
     Приуральск, Торғай облыстарының құрылуымен, патша үкіметінің  әкімшілік
басқаруы  үшін  Орынбор  облысының  жерінің   өте   үлкендігіне   байланысты
қолайсыздық жойылды.  Орал  және  Орынбор  бұрынғы  әкімшілік  мәнін  сақтап
қалды.  Сонымен  қатар  жаңа  губерниялар   мен   облыстар   патша   үкіметі
қазынасынан көп қаржы шығынын қажет  етпеді.  Жаңа  әкімшілік  құрылым  үшін
ғимараттардың құрылысын жүргізудің  қажеті  болмады.  Себебі   тағайындалған
губернатор мен атаман әскери  кеңес  үйіне  орналасты  ал   Торғай  облыстық
басқармасы   Орынбор   қазақтарының   облыстық   басқармасының    ғимаратына
орналастырылады. Шенеуніктерді ауыстырып жатуда қажет болмайтын  етіп  шешуі
арқылы оларға берілетін көтерме ақша,  жол  ақысы  сияқты  шығындарды  қажет
етпейтін  еткен.
     Әкімшілік  комиссия  мүшесі  подполковник  Поценко  1865  жылы  Орынбор
губерниясының  географиялық  жағдайының  жарамсыздығы  жөнінде  өз   пікірін
білдірген.  Оның  пікірінше  800  шақырымды  алып  жатқан,  жердің  орталығы
Орынборда болуы және губернияның шетінде алыста болуы, жергілікті  әкімшілік
үшін, басқару ісінде  жеткілікті қолайсыздық туғызады .
     Одан әрі, жергілікті әкімшілік үшін, Орынбор  даласын  және  Приуральск
әскерлерінің  жерлерін  қосып,  олардан   Приуральск   облысы   мен   Троицк
губерниясын жасақтауды ұсынады. Оның  ұйғарымы  бойынша  Приуралье  облысына
Орынбор  уезін.  Орал  казачествосының   әскерінің   жеріне   және   Орынбор
қазақтарының жерлерінің бір бөлігіне,  Орал  жоталарының  батысында  жатқан,
Мұғалжар тауы аралығын енгізу.
     Троицк губерниясын 4 уезд  құрайды.  Орынбор  губерниясы  және  Орынбор
қазақтарының облысының қалған бөлігі.
     Аталған губерниялардың аралық шекарасын Орал жоталарымен Губерлин  және
Мұғалжар  тауларымен  оңтүстігінде  Арал  теңізімен  шектестіріп   аяқтауды,
губерния мен облыс бастықтарының өзара  келісімімен  белгілеп,  өлкенің  бас
бастығына бекіттіру еді.
      Ұсынылған жоба бойынша Приуральск облысы аумағы 450.000 шаршы  шақырым
кеңістікті  құрайды,  тұрғындары  еркегі  мен  әйелдерін  қоса   есептегенде
шамамен  833.000.  Троицк  губерниясы  –  шамамен  500.000  шаршы  шақырымды
құрайды. Тұрғындары еркегі мен әйелдерін қоса есептегенде  шамамен  845.000.
Мұның ішінде; Орынбор уезі аумағы 24 мың шаршы  шақырым,  Орал  әскерлерінің
аумағы 62 мың шаршы шақырым және Приуральск облысына кеткен жерлері  шамамен
370 мың шаршы шақырымды құрайды.
     Орынбор уезінің тұрғындары 243 мың ерлері мен әйелдерін  қоса  алғанда,
Орал әскерлерінің жерінде 90 мың. Орынбор қазақтарының облысының  бөлігіндей
тұрғындар шамамен 500 мың.
     Қалған 4 уезде тұрғындар Орынбор губерниясының еркектері мен  әйелдерін
қоса есептегенде 580 мың Орынбор қазақтарының  облысының  бөлігінде  шамамен
265 мыңға дейін болған.
     Комиссия шешімі бойынша Приуральск  облысының басқармасы.Орал қаласында
болуы керек  немесе  қазақ  әскерлеріне  басшылық  жасауға  байланысты  және
қазақ  даласының  батыс  бөлігіне  жарлық  жасауға   қолайлы,      Орынборда
қалдыруды ұсынды.
     Комиссия Облысты  6  уезге  бөліп  олар  Орынборда,  Оралда,   Калмыков
бекетінде,   Гурьевте  және Ембі  күзет орынында  құруды ойластырған.
       Троицк  губерниясының   орталығын  Троицк  қаласында  болуын  қолайлы
санап, Троицк губерниясын жеті уезге бөлуді ұйғарады.
      Уездердің басқармасының  орталықтары:  Троицк  қаласында,    Челябіде,
Верхноуральскіде,   Орскіде,  Николайевск  бекетінде,  Орынбор   бекінісінен
құрылатын Торғайда  және  Орал  бекінісінен  Ырғызда  болу  керек.  Комиссия
өлкені осылай  бөлу арқылы  мынадай  пайдалы  нәтиже   күтті.
     Бір  әкімшілік   басшылыққа    бағындыру    орыстар    мен   қазақтарды
жақындастырады және қазақтардың  ішкі   аудандарындағы   мәселелерді  шешуге
қолайлы жағдайтуғызады. Қазақ даласының ішкі  аудандарында  қыстық   тұрақты
жайлайтын қоныстары  болатын, осы қоныстары  Орынбор Губерниясының  құрамына
    кетеді    және     қазақтардың    көп    бөлігі    бекіністер     бойына
жақындайды.Линияларда  орталық  және  уездік  мекемелер:  Үкімет  жергілікті
басқармалардың іс-әрекеттерін бақылауға мүмкіндік алады.
     Құрылған облыс және губерния алып  жатқан,  жер  кеңістігі  аумағы  мен
халық тұрғындарының саны  жағынан теңеседі.
     Басқармаларды   құру,   ұсынылған   штат   бойынша   патша   үкіметінің
коммисиясының  есебінше төмендегідей қаражатты қажет етті.Дерек бойынша:
Бірінші, Приуральск облысында:
Орталық басқарма ................52,393 р 80 к.
Уездік .....................................46,500 –
 Барлығы 98,893р. 80 к.
 Екінші, Торғай облысында:
Орталығы ..............................63,344 р. 74   3/4 к.
Уездік ....................................48,400 –
  Барлығы .. 111,744 р. 74   3/4 к.
Екі облысқа жалпы шғын ............210,638 р. 54   3/4.
       Сол кезде  Орынбор  қазақтарының  облысының  әкімшілігін  ұстау  үшін
қазынадан 101,427 рубль 49 көпеек  1/4 қаражат жіберіліп  тұрған.Орал  казак
әскерлернің   орнына   құрылған   азаматтық    орталықтандырылған    басқару
сипатындағы құрылымнан жылына 15,000  рубль  қаражатты  қысқартып,  облыстық
басқарманы ұстауға жіберу мүмкіндігін жасау көзделген.Барлығы 116,427  рубль
49 1/4 көпеек қаржыны құраған.
      Осылайша,жаңа басқарма қосымша 94, 211 рубль 5 көпеек.1/2 көп.  Жылына
қосымша қаражат қажет етті.  Бұлшығындардың  орнын  толтыру  үшін,  комиссия
үкіметі Облыстарда  күйме  салығын  өсіру  арқылы  қаражат  көзін  көбейтуді
ұсынған.
      Сол  кезде  Орынбор  қазақтарының   күйме   салығы”Кибиточный  сбор”әр
үйден 1 рубль 50 көпеек алып тұрады. Күйме салығынан  түсетін  қаражат  226,
500 рубльді құраған. Ал, комиссия ұйғарымы бойынша күйме салығын 2 рубль  75
көпеекке өсірсе, кіріс қаражаты  421,  750  рубльді  құрайды,  яғни  195.250
рубльге өседі; жаңа әкімшілікке жұмсалатын  қосымша  шығынды  есептемегенде,
Орынбор даласындағы қайта құрылымдарды өсім 101.039 рубльге дейін өседі.
        Приуральск  облысымен  Троицк   губерниясын   басқармасын   құрғанда
жұмсалатын қаражат шығыны.  Басқармалардың  тұрақты  орындарына  мекемелерді
көшіру  шығындарын  қоспағанда  Приуральск  облысындағы:  Орталық   басқарма
шамамен 60, 000 р. Қаражат тұрады. Уездік басқарма 83, 084 рубль 42  көпеек.
Барлығы 143, 084 рубль 42 көпеек болатын.  Комиссия  өз  ұсыныстарымен  қоса
сметалық  шығындарын есептеп комиссия үкіметке ұсынған.
      Жоғары мәртебелінің әмір бойынша:
1.  Орынбор, Сібір  облыстарының және Семипалатинскі, сондай - ақ Орал  және
Сібір  қазактарының   әскерлерінің жерлерінен   төрт облыс  құрлысын:  Орал,
Торғай, Ақмола, Семипалатинск.
2. Орал облысының жерінен  Орал  казачествосын құруға Орынбор  қырғыздарының
(қазақтар И.Ө.)  облысының батыс бөлігінің орталығынан үлкен емес   кеңістік
жер алынсын, сол облыстың қалған кеңістігінен.Торғай облысы құрылсын.
3. Торғай   облысының  басқармасының    мекемесі  ішкі  жаққа  көшірілгенше,
уақытша  Орынборда   болсын!
4. Алғашқы  екі облыстың бас басқармасына  Орынбор  өлкесінің бас   бастығы,
 қалдырылсын!
5.   Жаңа   облыстардың   жергілікті     басқармасын   құруда     министрлер
камитетінде   қаралған  негізде  және  біздер  мақұлдаған   осы   облыстарды
басқару   жөніндегі,   жаңа   ережелер  мен  уақытша    лауазымдар   кестесі
басшылыққа  алынсын!
6. Жаңа басқарма  мекемелеріндің  құрылуымен  қатар  бұрынғы   басқармаларды
жойып жаңа тәртіпке сай қайта құру. Жойылған   басқармалардың  шенеуектеріне
жаңа  лауазымға  тағайындалмағандарына  жалпы  құқықтық  негіздегі    штатқа
қалуға  құқық берілсін.
7.Қазақтардың ішкі  ордасының  бұрынғы  Орынбор  генерал-  губернаторлығының
қарауындағы  облыстың   басқармаларының    жойылуына   байланысты    Орынбор
қазақтары бұрынғы  негізде уақытша Торғай  облыстық басқармасының   қарауына
  берілсін делінген. Одан әрі “…1868 жылы (Түркістан  уалаятындағы  қазақтар
үшін ) және 1891 жылғы қазақ елін  басқаруға  арналған  заңдар  қазақ  жерін
орыс меншігі жариялап, оған ішкі Ресейден  келіп  қоныстанушыларға  кең  жол
ашып берді” .

                              Бекіту сұрақтары:
1.Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы неден көрінді?
2.1824 ж.Орынбор қазақтары жөніңдегі жарғының түпкі саяси мәні не?
3.Жаңа әкімшілік –территориялық жүйе құрылымы бойынша  қазақ  даласы  қандай
әкімшілік аймақтарға бөлінді?

Дәріс №10. Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісі мен патша үкіметінің
отарлық саясатына қарсы азаттық күресі ( ХІХ ғ.20-40 жж.)
Негізгі ұғымдар: Қоқан билеушілері, халық көтерілісі, ұлт-азаттық қозғалыс,
сұлтандар басқарған көтеріліс, ұрпақтар сабақтасығы,патша реформасы.
Мақсаты:  Ғасырларға  созылған  қазақ  халқының  ұлт-азаттық   көтерілісінің
тарихи маңызымен сабақтастығын дәлелдеу.
                                   Жоспар:
1.Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың (1812-1821 жж.) және Жоламан
Тіленшіұлының (1822-1824 жж.) ұлт-азаттығы жолындағы қозғалыстары.

2.Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы көтрілісі (1821 ж.)

3.Патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және Сұлтан
Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс.
4.Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі.(1836-1837 жж.)
5.Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс (1837-1847 жж.)

  1.Қаратай  мен  Арынғазы  сұлтандардың  (1812-1821  жж.)   және   Жоламан
Тіленшіұлының (1822-1824 жж.) ұлт-азаттығы  жолындағы  қозғалыстары.  Біздің
Сырым батыр бастаған көтеріліске көбірек тоқталуымыздың өзіндік себебі  бар.
Хан-сұлтандардың  шексіз  билігіне,  сатқындығына  және  патшалық  Россияның
отарлау саясатына қарсылық — бұдан соңғы кетерілістердің бір қатарына  ортақ
сипат. Мөселен, Сырым батыр бекініс-қамалдарға,  шабуылдап,  орт  қойдыртса,
кейінгілері де шекаралық аймақтарда қарулы отрядтармен  қақтығысып,  жаланаш
қолмен  от  кесегендей  бодды.  Рас,  хандыққа  таласьш,  халык  толқынысын,
котеріліс мақсатын жеке бас пайдасына бүрып әкетушілер де жоқ емес.
  Міне, сондай қозғалыстардың біріне ХГХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қаратай
Нұралиев басшылық етті. Есім хан өлген соң,  ел  жақсыларының  қалауы  соған
түсті. Ол женінде тарихшы А.Ф.Рязанов  "Қазақ  халқының  қырық  жылдық  ұлт-
азаттық күресі" (1926 жыл, Қызылорда) атты кітабында:  "Бұл  ектем  әрі  өте
қатал  адам  еді,  оны  Россияның  "қолжаулығы"  етіп,  басшылықтың  талабын
бұлжытпай орындату қиын  болды.  Игельстром  Қаратай  сұлтан  таққа  отырса,
олардың тәуелсіз,  күшті  басқарушысына  айнальш,  Россиядан  бөлініп  кетуі
мүмкін  екендігінен  кауіптенді"  деп  жазады.  Сейтіп,  патша  үкіметі   ел
жақсыларының  тілегін  ескермей,  ант  аманаты  ретінде  Орынборда  көп  жыл
түрған, кейінгі кызметінде де сенімдерін ақтаған Айшуақты хан көтереді.
  1806 жылы Қаратай Нұралиев бірнеше мың қол жинап, патша  үкіметіне  қарсы
көтеріліске дайындалды. Оны ұстауға Орынбордан таможнялық  әкім  Бекчуриннің
басқаруымен Беляковтың жүздігі жіберілді. Олар күтпеген  қарсылыққа  үшырап,
құр қол қайтқан  соң,  Қаратайды  Орынборға  шақыртып,  алдап  қолға  түсіру
әрекетін де жасап корді. Оған да  кенбеген  сұлтанды  ұстауға  1807  жылы  3
артиллерия қаруы, 1500 адамы бар генерал-майор Герцебергтің, келер жылы  400
атты казактан жасақталған атаман Бородиннің,  полковник  Донсковтың,  штабс-
капитан Ешпанешниковтың т.б. жазалаушы отрядтары аттандырылды. Кетеріліс  әр
кезде әр келкі болып, 1820 жылдардың басына дейін созылды.
  Іле  қазақ  даласыңда  1826-1838  жылдар  аралығында  Қайып-Ғали   Есімов
бастаған тағы бір көтеріліс шықты. Архив  деректерінде  оның  да  ел  ішінде
ықпалды  сұлтан  болғаны   айтылады.   Қайып-Ғали   екі   рет   тұтқындалып,
алғашқысында сегіз айдан соң босатылған, ал  екінші  жолы  ез  жақтастарының
кемегімен түрмеден қашып шыққан. Оны ұстап,  кетерілісті  басуға  1828  жылы
подполковник Биязновтың, бір  жылдан  соң  520  адамдық  әскері  бар  атаман
Бородиннің т.б. жазалаушы отрядтарын жұмсады. Қайып-Ғалиды у  беріп  елтіру,
алдап қолға түсіру, жанындағы серіктерін  ақшаға  сатып  алу  әрекеттері  де
ойластырылды. Алайда бұл ерекеттердің  бәрі  нәтижесіз  аяқталып,  жазалаушы
отряд  көбінесе  бейбіт  ауыл-дарды  шауып,  тонап  қайтып  жүрді.   Есесіне
көтерілісшілер   де   хан-сұлтандар   ауылына,   бекініс-қамалдарға   шабуыл
үйымдастырды.  Арада  тілегін  орындамаған  Хиуа  хандығымен  де  араздасып,
Исатай Тайманов бастаған көтерілісшілерге көмекке үмтылды. 1838 жылы  Исатай
мен Махамбетке қосылып, құрамында бірнеше  жүздігі,  Орал  казак  полкі,  50
жаяу солдаты, екі зеңбірегі жоне хан жасағы бар патша  әскерімен  қақтығыста
жеңіліс тапты.
  XIX ғасырдың басында патшалық Россиямен қатар, қазақ жерін жаулаған Хиуа,
Қоқан хандығына қарсы да ұлт-азаттық  көтерілістері  өріс  алды.  Оның  бірі
1820 жыддары Омар ханның салық жинаушыларына наразылық көрсеткен  Түркістан,
Шымкент, Сайрам және Әулиеата оңірінде басталды. Ұзын саны 12  мыңға  жеткен
көтерілісшілерге Тентек төре (Мәлік төре) басшылық  етті.  Оны  басуға  Омар
хан үлкен жасақ жонелткен. Екіге  болініп,  Сайрам  мен  Шымкентке  бекінген
көтерілісшілер табан  тірескен  ұрыстан  соң  күші  сарқылып,  амалсыз  тізе
бүкті.
  Дәл осы кезеңде Жаңа Елек ауданы маңындағы  шүйгінді  жайылымдарын  патша
отаршыддары тартып алған табын руы қару асынып, атқа  мінді.  Батыр  Жоламан
Тленшиевтің соңынан ерген бұл котерілісшілер де шекаралық  аймақтарға,  хан-
сұлтандар ауылына қатты шүйлікті. Кетеріліс, әсіресе  1835  жылы  кең  қанат
жайды. Жазалаушы отрядтармен сан мәрте бетпе-бет келіп қақатығысқан  Жоламан
батыр өз  жерінен  ығыстырылып,  ақыры  үш  жүзді  түгел  қамтыған  Кенесары
қозғалысына аттанды.
2.Ұлы  жүз  қазақтарының  Қоқан  билеушілеріне  қарсы  көтрілісі  (1821  ж.)

       Қазақстанда  патша  өкіметінің  отарлық   саясаты   мен   ортаазиялық
хандықтардың басқыншылығына  қарсы  халық  бұқарасының  наразылығы  Кенесары
Қасымов бастаған  кең  сипаттағы  және  ұзақ  уақытқа  созылған  көтеріліске
ұласқанға дейін-ақ  біртіндеп  күшейе  түскен  болатын.  20-30  жылдарда  ол
жергілікті жерлерді қамтып, тез өшкен жалын іспеттес түрде ғана  болғанымен,
онда жақындап  келе  жатқан  дауылдың  да  белгілері  байқалғанды.  Кенесары
Қасымов көтерілісінің алғашқы хабаршысы – XIX ғасырдың 20-30 жылдары  болған
Саржан Қасымов  қозғалысы еді.
       Ғұбайдолланың  тұтқындалуы   мен   қозғалыстың   әлсіреуіне   әкелген
операцияның  нәтижесіне  қанағаттанған  генерал-губернатор,   ерекше   көзге
түскен атаман Чернецкийді, урядниктер Солонников,  Некрасов,  Найдинді  және
жүзбасы  Карбышевтерді  мадақтаған  болатын.  Кейін  қаталдығымен   көрінген
полковник  Карбышев   Саржан   Қасымовтың   көтерілісін,   Кенесары   ханның
қозғалысын  басуда  белсенді  роль  атқарды.  Патша  реформасына   наразылық
ретінде басталып, оған қарсылық білдірген Қасым төрені  басу  үшін  жасалған
әскери күштеу шаралары Ғұбайдолла сұлтан бастаған жаппай қозғалысқа  әкелді.
Қозғалысты  ұйымдастырудағы  оның  ағаттығы,   саяси   жағдайдың   кереғары,
қоғамның екі қарама-қарсы топқа бөлінуі қозғалысты сәтсіздікке ұшыратты.
       Алайда күштеу әдісімен жарғыны орындауды жалғастыру,  белгілі  Шыңғыс
ұрпақтарының  наразылығын  елемеу  жекелеген  қарсылық  білдірген  күштердің
Саржан Қасымов бастаған қозғалысқа бірігуді жылдамдатты.
       Алыстағы Сібір қалаларының біріне Ғұбайдолланың  жер  аударылуы  Орта
жүзге тараған қозғалысты  тоқтата алмады. Қасым төре ұлдарының  бірі  Саржан
сұлтанның қарауындағы Қарпық  болысының  Қарқаралы  округінің  ауылдарындағы
толқу бір мезгілде күш жинай бастады. Ақыры 1825 жылдың  көктемінде  Орталық
Қазақстанда үкіметке қарсы толқулар басталды.  Жүзбасы  Карбышевтің  генерал
П.М.Капцевичке берген мәліметтерінде Саржан Қасымов далалық  жердегі  ерекше
зорлық-зомбылығымен сипатталады. Көтерілістің басталуына себеп  болған  1822
жылғы “Сібір қырғыздары туралы жарғының” енгізілуі  еді.  Кіші  жүзді  түгел
дерлік   бодандыққа   бағыныдырып   билеп-төстеген    патша    әкімшілігінің
өктемділігі  енді   Арқа   қазақтарына   жүргізіліп,   байырғы   тұрғындарды
атамекенінен  ығыстырып,  орнына   қаптатып   казак-орыстарды   қоныстандыра
бастады. Бекіністер желісін Орта  жүз  жеріне  дендей  тартып,  қазақ  қырын
айқұш-ұйқыш шаншып тастауға тырысты.
3.Патша реформасына қарсы Орта жүзден  Қасым  төре  жақтастары  және  Сұлтан
Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс.  Наразылықты  қарт  сұлтан  Қасым  төре
білдірді. Ол Сібір генерал-губернаторы Капцевичке хат  жолдап,  дуандар  мен
бекіністерді жойып қазақ қырынан орыс әскерлерін  алып  кетуді  талап  етті.
Талап орындалмаған жағдайда шарасынан асып-төгілгелі  тұрған  халықтың  ашу-
ызысы неге соқтыратынын  ескертті.  Ескертпеге  құлақ  асудың  орнына  патша
өкіметі қырға әскерлерін үсті-үстіне төгіп,  Ақмола  жүйесіндегі  бекіністер
желісін үш  жүз  шақырымға  созып,  Ақтау   қорғанын  сала  бастады.  Сөйтіп
қонысынан қуылып, өрісінен айырылған елдің бас көтермеске лажы қалмады.
       1824 жылы әуелі Көкшетау мен  Қарқаралы  дуандарының  орнауына  қарсы
өздігінен бас көтерген халық бұқарасын  Қасымның  үлкен  ұлы  Саржан  сұлтан
басқарды. Ереуіл атқа ер салған елді басқаруға оның  інілері  Есенгелді  мен
Кенесары да белсене қатысты. Көтерісшілер қатары күн асқан сайын артып,  тың
толқынмен  толықты.  Сөйтіп  патша  әкімшілігінің  үрейін  ұшыруға  айналды.
Көтерілісшілер санының көбеюі Қарқаралы  дуанына  ұлықтардың  Омбыдан  дереу
қарулы жасақ шығаруына мәжбүр етті. Осы тұста Қоқан  хандығының  билеушілері
қазақтарды әлсірету үшін  рулар  арасында  араздық  саясатын  жүргізді.  Бұл
саясаттың  мақсаты – қазақтарды әлсіретіп, өзінің билігін  күшейту  еді.  Ең
алдымен олар Қоқан хандығының  қол  астындағы  қазақтарды  Ресейге  бағынған
қазақтармен  араздастырды.  Ақмешіттің,  Түркістанның,  Әулиеатаның  бектері
Ресейге  қарасты  қазақтарға  қарсы  барымта   мен   шапқыншылықты   алғашқы
ұйымдастырушылар болды.  Осыған  байланысты  қазақ  арасында  хандық  үкімет
жойылғаннан кейін, Абылай хан әулетінің ұрпақтары 1822 жылы айырылып  қалған
өздерінің билігін  агрессиялық  Қоқан  хандығының  көмегімен  қайта  қалпына
келтіруге тырысты. Мысалға, Орта жүзде хан  билігі  жойылғаннан  кейін  Уәли
ханның баласы, Кенесарының ағасы  Саржан  Қасымов  Ташкент  күшбегінің  Орта
жүздің  қазақтарын  басып  алуына  көмектеседі.  Саржан  Қасымовтың  тікелей
қатысуымен Қоқан үкіметі Бетпақ даланың Солтүстік жағындағы Сарысу  өзенінің
тұсында  екі  бекініс  салды:   біріншісі   Қаражар   шатқалында,   екіншісі
біріншісінен  120  шақырым  жердегі  Сарысу  өзенінің   төменгі   ағысындағы
Төртқұлақ шатқалында.1825 жылы Саржан Орта жүздің Көкшетау, Ұлытау  өңірінде
орыс үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс жасады.  Ол  Ресейден  бөлініп  шығып,
Қазақ хандығын қалпына келтіруге  тырысты.  Саржанның  Ежен  хан  үкіметімен
байланыс жасау қимылы сәтсіздікке ұшырады.  Көтерілісшілерді  жаныштау  үшін
П.М.Капцевичтің  жеке  бұйрығы  бойынша  Қарпық  болысына  бағытталған   200
казактан тұратын жазалаушы отряд артиллериямен күшейтіліп,  Саржан  батырдың
сарбаздарымен күреске шықты. Екі жақта  шығынға  ұшырады  Бірінші  табысымен
қуанған П.М.Капцевич өз басшылығына “бұлікшілерді жойғандығын хабарлайды”.
       1826 жылы 31 қаңтарда болған бірінші ашық қақтығыс  Саржан  сұлтанның
әскери  жеңілісімен  аяқталып,  оның  жақтастары  тұтқынға  алынып  Омбыдағы
әскери  сотқа  берілді.  Аңдушылардан  құтылған  сұлтан  көптеген   ауылымен
Орынборға  бағытына  көшіп,  қысты  Троицк  қаласы  маңындағы   Кидел-Қыпшақ
болысында өткізді.
       Алғашында  осы  аймақтағы  Кіші   жүздің   соңғы   ханы   Арынғазының
тұтқындалып, Калуга қаласына жер аударылуынан  үкіметке  қарсы  көңіл  күйді
өршіту мақсатымен байланысты көтерілісшілердің жер-жерге орналасуы  өзгерді,
яғни Кіші жүз ауылдарында “Орынбор  қырғыздарының  жарғысын”  енгізуді  алға
қойды. Батыс Сібір мен Орынбор генерал-губернаторы Саржан  сұлтанды  далалық
жердегі    тәртіпсіздіктің    негізгі    айыпкері    ретінде     қарастырды.
Көтерілісшілердің этникалық құрамы әртүрлі  сипат  алды.  Қозғалыс  қамтыған
аудандағы орыстар, татарлар және т.б. халықтар  Қоқан,  Хиуа  хандықтарының,
Бұхар әмірлігінің мүшелерімен араласты.
       1825 жылы ақпанда Саржан сұлтанның ауылынан жүзбасы Карбышевтің Ертіс
округінің шаруасы  Федор  Серебрянниковтің  атындағы  паспортты  тауып  алуы
Сібір линиясы  казак  әскерлерінің  канцеляриясын  таң  қалдырды.  Сұлтанның
қонысынан табылған құжат жағдайын  анықтау  үшін  төлқұжат  Пермь  азаматтық
губернаторлығына жіберілді.
       Жарғының  VI  тарауына   сәйкес   тәртіпсіздік   үшін   жауапкершілік
сұлтандарға жүктелгенмен, 1826  жылы  жаз  бойы  Саржан  отрядының  белсенді
қимылдары әлсіремеді, керісінше жаңа  болыстарға  ықпалын  тигізді  [385,  с
247]. Көптеген сұлтандар округтық приказдың  алғашқы  құрамын  талқандаудағы
саяси  талаптармен  шектелмей,   отарлық   әкімшілікке   адалдық   сақталған
ауылдарға  қатысты  қауіпті  қоспағанда,  қаруланған  көп  адамды   партияны
ұйымдастырды.  Қарқаралы  приказына  жақындап,  артынан  болыстарды   ертіп,
өзінің  адамдарын  көрші  ауылдарға,  әсіресе  Көкшетау  округіне   жіберіп,
өздерінше  бағындырған  заң  билігіне  мойынсұнбауды  сұлтандарға   үйреткен
Саржан  батыр  сарбаздарының   бірінде   болған   сұлтан   Абылай   Ғаббасов
ымыраласпайтындығымен ерекшеленді. Қарқаралы  округінің  көптеген  бөлігінің
тұрғындары Саржан батырдың “жағында жасырынды”.
       Көкшетау округіндегі  қозғалысты  сұлтан  Сартай  Шыңғысов  басқарды.
Абылай ханды құрмет тұтқан  Қарауыл  болысын  билеген  және  қазақ  жерлерін
біріктіруге тырысқан Сартай  Шыңғысов  Саржан  басқарған  билікке  толығымен
кірген Ғұбайдолламен өзінің әрекетін байланыстырды. Халық қарсылығының  одан
әрі күшеюінен қауіптенген Омбы облысының бастығы да Сент Лоран 1825  жылы  4
қыркүйекте Қарқаралы округінің әскери күзетінің бастығы  жүзбасы  Карбышевқа
“құпия түрде Саржан,  Ғұбайдолла,  Сартай  сұлтандарды”  іздеп,  тұтқындауды
міндеттейді. Жеңе алмайтын кедергілер  жағдайында  Карбышевке  олардың  бірі
Саржан Қасымовты ұстау керек  болды.  Карбышев  қарамағына  көтерілісшілерге
қарсы шыққан  200  казактан  басқа  150  казак  келіп  қосылды.  Сұлтандарды
тұтқындаған жағдайда Омбыдағы әскери сотқа 1822  жылғы  Жарғыда  көрсетілген
мемлекетке сатқындық жасау туралы баппен жеткізу қажет болды.
    Бұл кезде Сарыарқаның ортасындағы барлық рулар  көтерілісшілер  қатарын
толықтырды.  Осы  аймақтағы  қазақ  күштерін  біріктіріп  Саржан   Ұлы   жүз
қазақтарының  және  Сыр   бойындағы   даланың   бытыраңқы   күштерін   патша
отаршылдарына қарсы күреске біріктіруге тырысты. Ол Ташкент  күшбегінің  қол
астындағы қазақтарды  да  өз  жағына  тартқысы  келді.  Бірақ  бұл  Ұлы  жүз
қазақтарын бағындыруға Саржанды  пайдаланғысы  келген  күшбегінің  мүддесіне
сай емес еді. Осы кезде  туған  келіспеушіліктің  нәтижесінде  Ташкенттіктер
1836 жылдың жазында Саржан оның інілері Ержан мен Есенгелді және  үлкен  ұлы
Әлжанды айуандықпен өлтірді.
    Саржанның өлтірілуі туралы Батыс-Сібір  басқарушысы  полковник  Толызын
Орынбор  әскери  губернаторына  берген  мәлімдемесінде  былай  деп   жазады:
«Омбыда болған Курчин деген елші, "Қоқан  ханы  мұның  иелігіндегі  жерлерде
көшіп-қонып жүрген  Саржанның  іс-әрекеттері  Ташкенттіктерді  де  еліктіріп
әкетуінен  қауіптеніп,  оның  інілері  мен  баласын  өткен   жазда   Ташкент
қаласында өлтіріп тастағанын" мақұлдап растап отыр».
Патша өкіметі Саржан  Қасымовтың  өліміне  үлкен  мән  берді.  Онымен  бірге
болған қазақтардың өлімі қазақ-қоқан қатынасында терең сызат қалдырып,  ұлт-
азаттық күрестің одан әрі өрістеуіне әсерін  тигізді.  Қоқан  билеушілерінің
екі жүзділігі мен зұлымдығы, көтеріліс басшысын торға түсіріп, өмірін  жоюы,
ақырында қарсылықтың қоқандық  билікке  бағыт  алуына  әкелді.  Әсіресе  бұл
Кенесары Қасымовтың Ташкент билеушісіне кектенуінен көрініс табады.
4.  Бөкей  Ордасындағы  халық  көтерілісі.  (1836-1837   жж).   Көтерілістің
себептері. XIX ғасырдың  екінші  ширегінен  бастап  Бөкей  хандығында  қазақ
халқына  экономикалық  қысым  еселене  түсті,  ғасырлар   бойы   қалыптасқан
қоғамдық  қалыптың  бірқатар  маңызды  жақтары  күрт   қиратылды.   Астрахан
губернаторының үйінде тәрбие алған Жәңгір хан далаға  кейбір  салт-дәстүрден
бастап, жер қатынастарын, салық саясатын және хан сарайын  қоса,  хандықтағы
қоғамдық  тұрмыс  пен  саяси  құрылысты  қайта  кұрудың   «аристокра-тиялық-
өркениетті» жоспарларын  ойластырып  оралды.  Ол  өзіндік  салт-дәстүрі  бар
жартылай көшпелі қазақ коғамының негізінде  хан  билігі  мен  патша  тағының
саясатына бірдей  дәрежеде  құлақ  асатын,  өзінше  бір  «сауатты»  аймақтық
хандық кұруды ойластырды. Алайда  көшпелі  және  жартылай  көшпелі  қауымдар
ханның бұл «жаңалықтарын» қабылдауға әзір емес еді.
  Патша әкімшілігінің жергілікті ұйымдарына және негізінен  алғанда,  патша
өкіметінде қызмет атқаратын ірі және орташа  жергілікті  шонжарлар  бөлігіне
біржақты сүйене отырып,  хан  билігі  зор  табанды-лықпен  жүргізген  саясат
хандық және отаршылдық  езгінің  күрт  күшеюіне,  ауылдық-қауымдық  жерлерді
шонжарлардың жаппай тартып алуына әкеп  соқты.  Осының  салдары  ретінде  ол
шаруашылық  өмірдің  мықтап  бұзылуын,  ауылдық   ұжымдардың   экономика-лық
әлеуетінің құлдырауын, жоқшылыққа  ұшырап,  кедейленген  қожалықтар  санының
едәуір көбеюін, хан билігінің беделі  мен  ықпалының  күрт  құлдырауын,  сол
кездегі тәртіпті өзгертуге ұмтылушылықты туғызды.
  Осындай жағдайда қазақтың малшышаруалар бұқарасының көтерілісі болып,  ол
әсіресе 1836-37 жылдарда  хандықты  мықтап  дүр  сілкіндірді.  Халық-азаттық
козғалысы бастапқыда хандыктың Каспий  теңізі  жағалауына  жапсарлас  жатқан
оңтүстік аудандарын қамтыды. Бұл қолайлы, бай жайылымдық алаптар  еді.  Олар
кінәз Юсупов пен граф Безбородко-ның  иеліктері  болатын.  Негізінен  жерсіз
және жері аз көшпелі қауымдар, өмір арнасынан шығып  қалып,  канағаттанарлық
жалгерлік жағдайында жайылым алуға  немесе  балық  кәсіпшіліктеріне  жұмысшы
болып жалдануға үміттенген қауым мүшелері сол  жерлерге  ағылды.  Уақыт  өте
келе, бұл жердегі халықтың тығыз болып, ал «қазыналық»  басқарушылар  үстіне
хан агенттері мен  салық  жинаушылары  билігінің  тонаушы-лық  сипат  алғаны
сонша, бұл учаскедегі  жердің  тарлығы  мен  алым-салықтың  хандықтың  басқа
аудан-дарына қарағанда ерекше көптігі күрделі  шиеленісті  туғызды.  Аталған
иеленушілердің жерлеріне ғана (шамамен 300 мың десятина)  30-жылдардың  орта
шенінде орда халқының үштен бірінен  астамы,  7  мыңға  жуық  шаңырақ  көшіп
барды. Қысқа қарай мұнда көп мал айдап әкелініп,  олардың  саны  200  мыңдай
жылқыға  және  жарты  миллионнан  астам  қойға  жетті,  бұлардың  көбі   бай
сұлтандар мен билердің малы еді.
  Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған азаттық күресі өз дамуында
үш кезеңнен  өтті.  Бірінші  кезең  1833-36  жылдарды  қамтиды  және  қарулы
көтеріліске   дайындық   кезеңі   ретінде   сипатталады.    Екінші    кезең,
көтерілісшілердің ханға қарсы аттануымен басталып (1837 жылдың  басы),  олар
жеңіліске   ұшырауына   -   1837   жылғы   қарашаның   орта   шеніне   дейін
созылады.Үшінші  кезең  көтерілісшілердің    Исатаймен   Махамбет   бастаған
тобының Жайықтың сол жағасына өткен кезінен (1837  жылғы  желтоқсанның  орта
шені), күштерді жаңа шайқастар үшін топтастыру және  Ақбұлақ  өзеніне  жақын
жерде болған ұрыста біржола  жеңіліске  ұшырау  (1838  жылғы  шілденің  орта
шені) кезеңімен аяқталады.
  Шаруалар бұқарасы  мен  көптеген  ауыл  старшындарының  хан  саясаты  мен
басқаруына наразылығы тез  өрістеді.  Оның  тұтануына  Жәңгірдің  1833  жылы
кайын атасы Карауылқожа  Бабажановты  Каспий  теңізінің  жағалауын  өздеріне
қоныс еткен  ру  бөлімшелерінің  билеушісі  етіп  тағайындауы  себеп  болды.
Ханның бұл әрекетін жергілікті жерлерде көпшілік  жұрт  өздерінің  мүдделері
мен  ауыл  қауымдарының  еркін  мүлдем   елемегендік   және   өздеріне   қыр
көрсетушілік  деп  санады.   Жұрт   Қарауылқожаны   карапайым   көшпелілерді
қатыгездік-пен қанаушы  ретінде,  ірі  өсімқор-саудагер  және  күш  қолданып
басқаруды жақтаушы ретінде білетін. Ол ханның жаңа саясатын  ең  жақын  және
жан сала  уағыздаушылардың  әрі  орындаушылардың  бірі  ретінде  де  белгілі
болатын. Халықтың орныққан көзкарасы бойынша, шыққантегі қожа  болғандықтан,
оның  қазақ  руларын  басқаруға  құқықсыз  жағдайының  да  мәні  болды.  Хан
Бабажановты тағайындау туралы шешім қабылдау қарсаңында да,  одан  кейін  де
ханға  жолданған  топтың  өтініштері  мен  ескертулеріне  назар   аудармады.
Ашынған халық бұқарасы ханға ашық карсы қозғалыс бастады.
  Оңтүстікте  көшіп  жүрген  беріш  руының  ауылдары  коғамдық  ашуыза  мен
козғалыстың  орталығына  айналды,  ол  ауылдарды  старшын  Исатай   Тайманов
баскаратын,  кейіннен  ол  көтерілістің  басшысына   айналды.   Оның   халық
бұқарасын басқарудан зортәжірибесі  бар  еді,  ерлігімен  және  батылдығымен
ерекше көзге  түсті,  әскербасылық  касиеттері  болды.  Оған  әуел-бастан-ақ
жалынды шешен, дарынды суырып салма ақын Махамбет Өтемісов қосылды,  ол  сол
уақытка қарай-ақ  халық  арасында  шешендігімен,  өр  мінезімен  және  терең
ойлылығымен ғана емес,  сонымен  қатар  қатардағы  көшпелілердің  мүдделерін
қорғауымен де мәлім болып  үлгірген  еді.  Сөйтіп  хандықтың  оңтүстігіндегі
азаттық козғалысы қалыптаса бастаған кезде  аса  көрнекті  екі  қайраткер  -
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов тізе қосты.
  Хандықтың оңтүстігіндегі жағдай хан режиміне және  оның  сыртында  тұрған
отаршылдық өкімет орындары үшін тым қауіпті, елеулі сипат алды.  Оқиғалардың
зиянды өрістеуінің алдын алу үшін Жәңгір  хан  «тойдырып  алып,  таспа  алу»
саясатын колданды. Ол Исатай мен Махамбетке сый-сыяпат  көрсетуге  тырысады,
оларды хан сарайы жаныңдағы маңызды жиналыстар мен  съездерге  шақырып,  хан
ордасына патша шенеуніктері келген кезде  солармен  таныстырады.  Бір  кезде
Махамбет сарай ақыны, хан балаларының тәрбиешісі болған еді және Жәңгір  оны
өз нөкерлері құрамында Петербургке  император  сарайына  ертіп  бармақшы  да
болады. 1834 жылы Махамбет Өтемісов старшын болып тағайындалады.
Алайда хан билігінің  Исатай  мен  Махамбетті  өз  жағына  тартуға  тырысқан
барлық әрекеттері калағандай нәтиже бермеді, олардың ханға қарсы көңіл  күйі
барған сайын айқындалып, тереңдей түсті. Сол кезде  Жәңгір  оларды  ашықтан-
ашық кудалауға және олар жөнінде күш қолдану шараларына көшті.  Ол  Махамбет
Өтемісовті тұтқынға алғызды. Ол «хан иеліктерінен кетуге» және Жайықтың  сол
жағасына өтуге «үгіт жүргізіп, әрекет жасағаны үшін» 1829 жылғы 15  шілдеден
1830  жылдың  қыркүйегіне  дейін  Калмыков  бекінісіндегі  түрмеде  ұсталды.
Исатай Таймановты ұстауға да әзірлік  жасалды.  Каспий  теңізінің  жағалауын
алып   жатқан   рулардың   басқарушысы   етіп    Карауылқожа    Бабажановтың
тағайындалуы, бірінші кезекте,   Исатай  мен  Махамбеттің  айтқанға  көнбей,
«бетімен кетушілігіне» қарсы өш алу, оларды халық-
тан бөліп тастауға қол жеткізу үшін және оларға үнемі  бақылау  жасап  отыру
мақсатында жасалған еді. Жаңа басқарушы өз қызметін ханның  алдына  Исатайды
беріш руын басқарушы кызметінен «тайдыру» туралы  және  оның  өзі  мен  оған
ниеттес ауылдарды  кұнарсыз  жайылымдық  учаскелерге  көшіру  туралы  мәселе
қоюдан бастады. Соымен бірге Жәңгір  хан  Орынбор  губернаторлығынан  Исатай
Таймановты, Махамбет Өтемісовті және  олардың  басқа  да  кейбір  серіктерін
бұқараны  ресми  тәртіп  пен  патша  өкіметінің  даладағы  саясатына   қарсы
«бұлікшілдікке бастаушылар» етіп көрсетіп, оларды ұстау үшін  жедел  шаралар
қолдануды сұрады. 1836 жылғы 17 наурызда сенімді  билерге  жолдаған  хатында
хан  былай  деп  жазды:  Исатай  мен  Махамбет  «халықты   жоғарғы   билікке
бағынбауға шақырып жүр. Олар старшындар Қарабекен  мен  Жоланның   ауылдарын
шапты. Сендерге оларды ұстап алып, Хан ордасына жеткізуге әмір етемін».
  1833 жылғы жаздың аяғынан бастап оңтүстіктің көптеген  ауылдарының  өмірі
өзгеріп кетті. Ауылдардың дағды бойынша бір-бірінен  алыс  көшуінің  орнына,
рулық қауымдардың көші-қоны жакындай түсті; жол  бойында  ру  бөлімшелерінің
асығыс  тапсырмалы  жаушылары  мен  хабаршылары  жосып  жүрді;  жиындар  мен
кеңестер өткізіліп,  ауылдардың  төңірегінде  хан  қолшоқпарларының  жасалуы
мүмкін шабуылдарына қарсы қарауыл бекеттері  құрылды.  Азаттық  козғалысының
осы «жергілікті» кезеңіне мынадай  белгілер  тән  болды.  Біріншіден,  халық
Каспий өңірі аймағындағы хан билеріне,  ру  басқарушыларына  күрт  наразылық
білдіріп, олардың орындарынан алынуын талап етті. Екіншіден,  сонымен  бірге
жер-жерде ханның және  бай-сұлтан  топтарының  саясатына  қарсы  бағытталған
козғалыска барған сайын  жаңадан  ауыл  қауымдарын  тарту  жөнінде  белсенді
жұмыс жүргізілді. Күштер  топтастырылып,  бір  тұтас  ұйымға  біріктірілетін
карулы  жасақтар  кұрылып  жатты.  Орынбор  шекаралық  комиссиясына   жазған
хаттарының бірінде 1836 жылдың мамырында Жәңгір хан  Исатай  мен  Махамбетті
«өте зиянды» адамдар деп сипаттап, оларды ұстап алуды және «Ордадан  біржола
аластауды» сұрады." Үшіншіден, әсіресе 1836 жылдың  басынан,  сұлтандар  мен
билердің ауылдарына  шабуыл  жасау,  олардың  малы  мен  жерін  басып  алып,
қоныстарын талқандау жиіледі. Исатай мен Махамбет  осындай  бірнеше  жорыққа
тікелей басшылық  етті.  Төртіншіден,  хандықтың  Каспий  өңірі  аймағындағы
көптеген  ру  ішіндегі  және  рулық  қауымдар  хан  шенеуніктерінің  билігін
көрінеу көзге ілмей, Исатайдың басқаруына ауысып кетті. Исатай мен  Махамбет
халық жиындарының бірінде ханның катысуынсыз және оған  жалтақтамай,  дербес
басқаратынын жариялады.  Бесіншіден,  азаттық  жолындағы  және  заңға  қарсы
пиғылдар  орданың  басқа  бөліктеріне  таралды.  Азаттық   қозғалысы   бүкіл
хандықты қамтыды. Сөйтіп бірте-бірте екі  лагерь:  хан  лагері  мен  азаттық
қозғалысының лагері кұрылды. Көрінеу күші басым,  жақсы  каруланған  жазалау
отрядтарының  қоршап  алуын  және  оларменкездесуді  болғызбау  үшін  орданы
қоршауды тоқтатты. Алайда  олар  жазалаушылардың  қуғынынан  көп  ұзап  кете
алмады.
  15 қараша күні таң алдында 2 мың солдат пен хаң адамдарынан тұратын  Геке
отряды мен көтерілісшілер арасында Тастөбе алқабы  ауданында  қысқа  уақытқа
созылған бірақ кескілескен шайқас болып,  онда  көтерілісшілер  100-ге  жуық
адамынан айырылды. ¥сақ топтарға бөлініп, олар әр түрлі  бағыттарға  бытырап
кетті. Исатай  мен  Махамбеттің  оларды  кайта  жинауға  жасаған  әрекеттері
табысқа   жетпеді.    Бұдан    кейін    жазалау    отрядтарының    іс-қимылы
көтерілісшілердің Исатай мен Махамбет бастаған  негізгі  шағын  тобын  жоюға
бағытталды, бірақ аумағы  жағынан  жердің  шектеулілігін  шебер  пайдаланған
олар жауға шеткі топтарымен ұсақ кақтығыстар жасай отырып,  өздерінің  ізіне
түскен отрядтармен ашық қақтығыстан жалтарып кетіп отырды.
  Ханға және  бай-сұлтан  шонжарларға  қарсы  тегеурінді  күрес  жүргізуден
үмітүзген  Исатай  мен  Махамбет  бостандық  жолындағы  күрестегі  еңтабанды
сарбаздарының шағын тобымен бірге Жайықтың  арғы  бетіне  өту  мүмкіндігінің
жолдарын  іздестіруді  ұйғарды.  Жайықтың   екі   жағына   қойылған   әскери
тосындардың тығыз желісіне қарамастан, олар 1837 жылдың 13 желтоқсанынан  14
желтоқсанына қараған аязды да боранды  түнінде  Жаманқала  форпосты  тубінен
өтіп, Жайықтың арғы жағындағы кең далаға сіңіп үлгірді.
  Бөкей хандығындағы шаруалар қозғалысы осылай аякталды. Бірақ ол  Жайықтың
сол   жағасына   ауысты.   Исатай   мен   Махамбет   бастаған   аттөбеліндей
кетерілісшілер Жайықтан өткен соң да қаруын  тастауды  ойлаған  жоқ.  Исатай
мен Махамбет мұндада патша өкіметінің және жергілікті  феодалдардың  жазалау
отрядтарымен шешуші шайқас үшін  күштерді  шоғырландыру  жөніндегі  қызметін
өрістетті. Олар 1838 жылдың  көктеміне  қарай  билеуші-сұлтан  Айшуақов  пен
оның жақтастарына ғана  емес,  Жәңгір  ханның  өзіне  де  қорқыныш  туғызған
көтерілісші ірі отряд құрып алды. Орынбор  генерал-губернаторлығы  Кіші  жүз
аумағындағы Исатай Таймановтың козғалысын басып-жаныштау үшін  дала  өңіріне
жаңа отрядтарды жіберген үстіне жіберіп жатты.
   1838 жылғы 12 шілдеде көтерілісшілердің шамамен алғанда  саны  500  жігіт
болатын негізгі тобы Ақбұлақ және  Киыл  өзендері  арасындағы  ауданда  под-
полковник Геке баскарған біріккен  ірі  жазалау  отрядымен  түйісті.  Болған
ұрыста көтерілісшілер нағыз ерлік пен жанкиярлық көрсетті, бірақ  күш  мүлде
тең емес еді, көтерілісшілер талқандалып, олардың  басшысы  Исатай  Тайманов
қаза тапты.
  Халық бұқарасының 1833-38 жылдардағы шырқау шегінде шаруалар көтерілісіне
айналған  азаттық  күресі  өзінің  өрлеуі   кезеңінде   ханға   қарсы   және
отаршылдыққа қарсы бағытта болды. Ол жер үшін күрес шеңберінен шығып  кетті,
дегенмен бұл  оның  әлеуметтік-экономикалык  себептерінде  айқындаушы  жәйіт
болып қала берді.
  Көтерілістің салдары. Көтеріліс талқандалғаннан кейін  отаршылдык  өкімет
орындары мен хан жағындағы үстем топтың оған қатысушылар мен  ұсақ  топтарға
бөлініп, дала өңірінде бой тасалауға тырысқан, бір  бөлігі  Арал  өңіріндегі
қоныстарға кеткен, оған тілектес  бейбіт  ауылдарды  қатыгездікпен  қудалауы
басталды.  Қазақ  жүздіктері  мен  арнаулы  жазалау  отрядтары   көтеріліске
белсене  қатысу-шыларды  колға  түсіріп,  көптеген  ауылдарды  талап-тонауға
ұшыратты.
  Көтеріліске қатысушылар дүре соғылып, өлімші етіп  жазаланды,  каторгалық
жұмысқа кесіліп, тұтқындар роталарына жіберілді, Сібірге айдалды,  мүліктері
тәркіленіп,  мәңгілікке  жер  аударылып  жіберілді.   Махамбет   Өтемісовтің
бауырлары Ысмайыл мен Сүлеймен: біріншісі  500  адамдық  саптан  үш  қайтара
өткізіліп, сым шыбыкпен дүреленуге  және  алты  жылға  Ригаға  крепостниктік
жұмысқа айдалуға, бұл мерзімнен өткен соң Сібірге мәңгі  қоныстандыруға,  ал
екіншісі  «қаны  шыққанша»   қамшымен   дүре   соғуға,   кейіннен   солдатқа
жіберілетін  болып,  Киевке  крепостниктік   жұмысқа   айдалуға   жазаланды.
Исатайдың адал серіктері Нұрғыс, Ергіс, Көшім Сартовтар  мен  олардың  әкесі
Сарт  Ералин  одан  да  ауыр  жазаға  кесілді.  1838  жылдың  маусым  айында
Орынбордың  әскери  орындары  көтеріліске  белсене  катысушылардың  16  адам
құрамындағы алғашқы тобын кейіннен крепостниктік және каторгалық  жұмыстарға
айдайтын болып, қамшымен және сым шыбықпен дүре соғуға кесті.  Нақсол  кезде
Оралда, ресми деректер бойынша, көтеріліске белсене катысқан 39 адам  сотсыз
жне тергеусіз қамауда ұсталған. Біраз көтерілісші түрмелерде сотқа  дейін-ақ
өліп кеткен.
  Халықтың ханға, билеуші сұлтандар мен олардың төңірегіндегілерге, сон-дай-
ақ  отаршылдық  өкімет  орындарына  деген  өшпенділігі   көтеріліс   жеңіліс
тапқаннан кейін өзі қарсы бағытталғандарға әлі де көп уақыт бойы үнемі  үрей
туғызған қаһарлы күш болып кала берді. Көтеріліс басып-жанышталғаннан  кейін
бес жылға жуық уақыт өткен соң Жәңгір хан Орынбор  комиссиясына:  «...Исатай
карақшыларының арам ниетті қалдыктары да мені  үнемі  аландатып  келеді»,  -
деп жазды. Хан оларды  «өзіне  кастық  ойлайтын  арам  ниетті  адамдар»  деп
сипаттаған.
  Көтеріліс жетекшісі Исатай Тайманов қаза тауып,  көтерілісшілердің  соққы
беретін күштері жеңіліске ұшырағаннан кейін Махамбет Өтемісов дала  өңірінде
бой тасалап жүрді, бірақ бірсыпыра уақыт өткен соң халық  бұқарасы  арасында
ханға және патшаны жақтайтын пиғылдағы  барлық  шонжарларға  қарсы  кайтадан
үгіт жүргізуге кірісті.
  Махамбеттің халық арасында қандай құрметке  ие  екенін  және  оның  қанат
бітіретін шешендікпен ұштасқан теңдесі жоқ ақындық  дарынын  білетін  Жәңгір
хан мен билеуші-сұлтан Айшуақов оның өздеріне қарасты  рулар  мен  ауылдарға
келуіне жол бермеуге тырысты. Олар жауынгерақын шақырудан  шаршамаған  халық
ашу ызасының жаңа дүмпуінен  қауіптенді.  1843  жылдың  басында  Махамбеттің
Жайық  өзеніне  жақын  ауылдарға  келгенін  ести  салысымен,  хан  шекаралық
басқармаға  дереу  былай  деп  жеткізген:  «Исатай  қарақшыларының   басшысы
Махамбет Өтемісов соттың шепке жақындауына тыйым салғанына қарамастан,  оған
жакын  жерде  тұрып  жатыр,  үнемі  тиімсіз  сыбыс  таратып,  Ішкі   ордадан
қашқандарды өзіне қосып алуда».
     Исатай  Тайманов  пен  Махамбет  Өтемісов   басшылық   еткен   шаруалар
көтерілісі жеңіліс тапты. Сол бір  нақты  тарихи  жағдайларда  оның  басқаша
бітуі мүмкін емес болатын, өйткені хан билігі мен билеуші-сұлтандар  жағында
патша үкіметінің күшқуаты  таразы  басып  қана  қойған  жоқ,  сонымен  қатар
шаруалар  козғалысы  аясы  тар  және  шектеулі  болды,  Қазақ-станның  басқа
бөліктеріндегі  азаттық  қозғалысымен   байланысы   болмады,   оның   үстіне
Ресейдегі басқа да азаттық қозғалыстарымен  байланыссыз  жүргізілді.  Алайда
көтерілісшілердің батылдығы сүйсінуге лайық. Олар  өлкеде  езушілерге  қарсы
күрес туын жоғары  сатыға  көтеріп,  әлеуметтік  бостандық  жолындағы  күрес
эстафетасын жаңа ұрпақтарға ұстатты.
     5.Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс (1837-1847  жж.)  Қасым  сұлтан
мен оның балаларының қаза табуы, бой көрсетулердің алдыңғы кезеңі  стихиялы,
ұйымдаспаған  сипатта  болғанына  қарамастан,  Орта  жүзде   әкімшілік-саяси
жаңалықтардың  қатан  енгізілуі  жағдайында  отаршылдыққа   қарсы   күрестің
жалғастырылуына тың тыныс  қосты,  казақ  жерлерін  біріктіруші  Абылай  хан
ұрпақтарының  тар  өрісті  рулық,   әулеттік   мүдделерін   екінші   қатарға
ығыстырып, қозғалысқа неғұрлым айқын көрінген халық-азаттық  сипатын  берді.
Бұл күресті енді Абылай  немерелерінің  бірі  -  сұлтан,  кейін  хан  тағына
отырған Кенесары Қасымов (1802-1847) басқарды.
          Кенесары Касымов тарихи аренаға Казақстанның 1822, 1824 жылдардағы
сібір және орынбор қазақтары туралы  Жарғылардың  қабылданғанына  қарамастан
саяси оқшаулығын сақтауды  жалғастырған  аудандарының  тәуелсіздігіне  патша
әскерлерінің жаппай аттаныстары  салдарынан  катер  төнген  жағдайда  Абылай
ханның ісін жалғастырушы  ретінде  келді.  Сондықтан  да  көтеріліс  жасаған
сұлтанның  басты  мақсаты  Абылай  хан   кезіндегі   Қазақстанның   аумақтық
шектерінің тұтастығын калпына  келтіру,  «дуандарды»  (XIX  ғасырдың  20-30-
жылдарында   Казақстанда   құрылған   округтер   оның   хаттарында    осылай
көрсетілген)  тарату,  Ресей   құрамына   әлі   кірмеген   жерлердің   толық
дербестігін сақтап қалу болды. «Бұлікшіл сұлтан» күресінің негізі  талаптары
оның  император  I  Николайға,  орынбор  губернатор-лары  В.  А.Перовскийге,
В.А.Обручевке, сібір губернаторы, кінәз В.Д. Горчаковқа,  Орынбор  шекаралық
комиссиясының  төрағасы  А.Ф.Генске  және   басқаларға   жолдаған   көптеген
хаттарында айқын анықталған. Ғүбайдолла сұлтан да, атақты  ағасы  Саржан  да
Кенесары Касымовпен бір қатарға тұра алмайды,  М.  Красовскийдің  пікірінше,
ол «ақылы жөнінен атасынан кем  түскенімен,  одан  да,  әкесінен  де  (Қасым
төре.-Рет.) мінезінің өрлігімен асып кетіп, бүкіл далаға әйгілі болды».
     «Айлакер, ерекше сипатты  саясатшы»  ретінде  Кенесары  Касымов  сұлтан
құдіретті  Ресей   державасымен   күрес   қазақтың   үш   жүзінің   күштерін
біріктіруді, едәуір құрбандықты,  әскери  ғана  емес,  дипломатиялықта  күш-
жігер жұмсауды талап ететінін жақсы білді.  Ол  халық  қозғалысынан  бөлініп
қалған жекелеген сұлтандардың, старшындардың, билердің  бетімен  кетушілігін
аяусыз басып,  Ресей  саясатын  колдағандарды  қатаңжазалағанмен,  бәрі  бір
патша үкіметімен  түсініспеушіліктерді,  негізінен  алғанда,  бейбіт  жолмен
шешуді  жақтаушы  болып  қала  берді.  Соғыс  тұтқындарына,   соның   ішінде
орыстарға да төзімділікпен қарады, олардың кейбіреулері  оған  қызмет  етті,
Ресей елшілерін сыпайылықпен  қабылда-ды,  қырғыздармен  тайталас  кезеңінде
мінез танытқаны болмаса, өз  әрекеттерінде  қатыгездікке  жиі  жол  бермеді.
Дегенмен, көтеріліс мүдделерін сатып кеткендер,  әскери  тәртіпті  бұзғандар
оның каһарына  үшырап отыруы жиі болып тұрды.Атап айтқанда  мұны  «Кенесары-
Наурызбай» дастаны  дәлелдейді,  онын  авторы  ақын  әрі  жауынгер  Нысанбай
атақты «қазақ Шәмілінің» барлық іс-әрекеттеріне белсене  катысқан.  Айтпақшы
Кенесарыға еріксіз тұтқын  болған  барон  Услар  (Услар)  суреттеген  ханның
сөзбен сипатталған портретін келтіре кету артық  болмас:  «Кенесарының  бойы
биік емес, ашаң, оның бет әлпетінде  қалмақ  сипатты  бітім  бар  және  оның
шыққан  тегін  еске  салады.  Айта  кетелік,  оның  кысыңқы  көздері  мысқыл
араласқан ақыл нұрын шашып тұрады,  ал  оның  кескінінен  әсте  де  қаталдық
байқалмайды, алайда ол көптеген жағдайларда қаталдык керсеткен».
          Ақылды саясатшы Кенесары сұлтан Ресейге қарсы ұзаққа созылып,
титықтататын қарулы күрестің бүкіл қиындығын ұғынып, Сібір және Орынбор
әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізу арқылы үздік дипломатиялык касиеттерін
керсетті.
     Орынбор генерал-губернаторы В. А.  Перовскийдің  атына  жазған  алғашқы
хатында-ақ ол Казақстан аумағында бекіністер салуды,  қазақ  жерлерін  басып
алуды 35 жылға тоқтата тұруды ұсынған.
     Казақстан  Республикасының  Орталық   Мемлекеттік   мұрағатында   қазақ
жерлерін  басып  алуды  кеңейткен  және  Ресей  ықпалы  шегінен  тыс  қалған
аудандарда  жаңа  округтер  кұрған  патша  үкіметімен  алауыздықтарды  қазақ
ханының бейбіт  жолмен  шешуге  ұмтылыстарын  дәлелдейтін  қызықты  кұжаттар
сақталған. Омбы қала бастығына Үшбұлак округтік  приказының  1838  жылғы  26
желтоқсандағы хабарламасында ханның жеке өкілдері -  Көкшетау,  Ақмола  және
Баянауыл  округтерінің  бес  қазағы  (Тобылды  Тоқтин,   Жүсіп   Жанкүшіков,
Мәмберді Қонысбаев, Тайтоқа  Дөненов  және  Қосымбай  Қазанғапов)  ұсталғаны
туралы хабарланған, оларға хан Ресей императоры  мен  Батыс  Сібір  генерал-
губернаторына арналған  екі  хатты  жеткізуді  тапсырған.  Е.  Бекмахановтың
кітабында Кенесары сенім білдірген бес адамның екеуі аталады.
     Кенесары үш жүздің дәстүрлі топтарын, рулық  белімшелерін  бірік-тіруге
барлық амалдарды қолданды, дегенмен бұл мақсатқа азаттық күрестің  1844-1845
жылдардағы ең шырқау биігіне көтерілген кезеңінің өзінде де қол жетпеді.
     Көтерілістің ең басынан-ақ қазақ шонжарлары қарама-қарсы  екі  лагерьге
бөлінді:  олардың  үкімет  қолдаған  бір  бөлігі   отаршылдық   әкімшіліктің
қолдануына  сүйеніп,   омбы   және   орынбор   әкімшіліктерінен   әр   түрлі
пұрсаттылықтар алуға тырыса отырып, өздерінің  саяси  дұшпандарын  күйретуге
ұмтылды. Ақмола округінің аға  сұлтаны  Коңырқұлжа  Құдаймендин  Кенесарының
ымырасыз жауы болды, Кіші  жүздің  билеуші-сұлтандары  Ахмет  және  Мұхаммед
Жантөриндер, Айшуақов  сұлтандар  көтерілісшілерге  қарсы  өршеленген  күрес
жүргізді. Кенесары Жетісуға барғаннан кейін азаттық күресі  жетекшісінің  өз
туыстары, Абылай  хан  материалдық  және  өзге  де  құралдарды  керек  етті,
әлбетте, бұл салық ауыртпалығының ұлғайтылуына әкеп соқты.
     Кенесарының мемлекеті қазақтардың егіншілікке көшуін көтермеледі. Басқа
мән-жайлармен қоса, мұны патша әкімшілігі тарапынан сауда  жолдарын  бақылау
катайтылған жағдайларда көтеріліске  шыққан  ауылдарды  астықпен  камтамасыз
етудің  кажеттігі  талап  етті.  Көтеріліс   аудандарына   астық   жеткізуші
керуендер қолға түскен жағдайда астығы тәркіленді, ал кепестер,  саудагерлер
қатаң жауапка тартылды, мұның өзі көшпелі халық  үнемі  көшіп-қонып  отырған
жағдайда да ханды егіншілікті  көтермелеуге  мәжбүр  етті.  Үкіметтің  катаң
шараларына қарамастан астық артылған керуендер  жер-жерден,  тіпті  алыстағы
Кіші жүзден де келіп жатты.  Ол  егіншілікті  бірден-бір  және  «күнкөрістің
молшылық көзі» деп білді. 1846  жылдың  күзінде  Іле  өзенінің  оң  жағасына
жақын Қарақамау алқабы ауданынан «...ол жалайыр  руының  егіншілерін  тапты.
Егіншіліктің  артықшылықтарын  көрген  хан   өзіне   еріп   жүргендерге   де
диқаншылықпен айналысуды ұсынды».
     Кенесарының саудасаясатының да өзіндік ерекше-ліктері  болды.  Кәпестер
керуендерінен алынатын баж  едәуір  кіріс  келтіретінін  көрген  хан  оларды
тонауды тоқтатты, кейде керуенбасыларын өзі қабылдап, тауарлар  алып  өткені
үшін  баж  төлеуден  жалтарғандарға  қосымша  салықтар  салып  отырды.  Оның
хандығының шегінен шыққаннан кейін приказчиктердің өздерін «жауап алу  үшін»
тоқтатқан қазақ отрядтарының командирлеріне жағынуға тырысып, ол туралы  тек
қана  «қарақшы»  деп  айтуы  сирек  кездеспесе  де,   Кенесары   ауылдарында
тоқтатылған  көпестерге  меймандостық  пен  қамқорлық  көрсетілгені   туралы
кұжаттар жетіп жатыр.
     Бұрынғы мемлекеттік кұрылыс едәуір кайта ұйымдастырылды. Жоғары кеңесші
орган  ретіндегі  Хан  кеңесі  халық  мүдделеріне   берілген   батыр-лардан,
билерден, сұлтандардан, туыстарынан тұрды. Бірақ  шешуші  дауыс  Кенесарының
өзінде  болды.  Хан   кеңесіне,   негізінен   алғанда,   азаттық   күресінің
мүдделеріне адал,сол кездің өзінде-ақ халықтың ақылды да  шебер  саясатшылар
деп тануына лайық болған жеке ерлігін,  дипломатиялык  қабілетін  көрсеткен,
адамдар кірді.
     Хан кеңесі шешімдерінің, үндеулерінің ауылдарда таралуын, түсіндірілуін
және орындалуын арнаулы басқару қызметі қадағалап отырды.  Мемлекет  басында
болғанында Кенесары шыққан тегіне  қарамастан,  теңдесі  жоқ  жеке  касиетін
көрсеткен  адамдардың  басқару  ісіне   тартылуын   көтермелеп   отырғандығы
тарихтан белгілі.
     Хан Ресейдің,  Орта  Азияның  лауазымды  адамдарына  үнемі  хат  жолдап
отырды. Диплом-атиялык қызметті  ұйымдастыруға  ол  ерекше  зор  мән  берді.
Оныңхаттары,  жолданымдары  мазмұнының  айкын   накты,талаптарының   дәлелді
болуымен ерекшеленеді. Орыс дипломаттары Гернді,  Долговты,  барон  Усларды,
белгілі көпестерді кабылдаған кезінде хан  өзін  дипломатиялык  әдептілікпен
ұстаған.
     «Дінсіз кәпірлерге қарсы одақ» жасасу үшін «даңқты батырдың даңқты Хиуа
мемлекетінің»   елшілерін   қабылдауы   жағдайларының    бірін    Я.Палферов
сипаттаған.
     Кенесары  жекелеген  жасақтарына  әскери  кеңестің   мүшелері,   атақты
батырлар басшылық еткен ұрысқа кабілетті қалың қол ұйымдастыра білді.
     Кенесарының  жүздіктерге  және  мындықтарға  бөлінген   әскері   ұзаққа
созылатын дала соғысы жағдайларына бейімделген болды. Кенесарының  жеке  өзі
кадағалап   отырған   катаң   тәртіп,   оның   айтарлықтай   кысқа   уакытта
жауынгерлердің толық жиналуын қамтамасыз етуіне  мүмкіндік  берді.  Кенесары
өз әскерлеріне айырым белгілерін енгізді. Көтеріліс жетекшісінің  өзі  кейде
орыс армиясының алтынды  офицерлік  эполеттерін  тағынып  жүргенін  көптеген
деректемелер растайды: «.„ақбоз атқа салт мініп,  алтын  оқамен  көмкерілген
шолақ  шекпен   киген   және   орыс   полковнигінің   эполеттерін   тағынған
әскербасының өзін де  дүрбімен  көру  мүмкін  болды.Оның  басында  офицерлер
киетін арнайы фуражка, ал бір иығында артқа тастаған күміс салпыншақ  шарф»,
- 1844 жылдың тамызында Екатерина станицасын қоршау кезінде Кенесары  осылай
сипатталған.
     Кенесары  өзіне  қажетті  мәліметтер  жеткізіп  отырған   жансыздарының
кызметін  шебер  пайдаланды.Осындай  акпараттың   арқасында,   хан   жазалау
күштерінің әскери жүріс-тұрысының жоспарларын алдын ала біліп  отыр-ды,  бұл
оның өз адамдарын орынсыз қырғынға үшыратуды болғызбауына  мүмкіндік  берді.
Кенесарының соғыс кимылдарын  жүргізу  тактикасы  полковник  Дуниковскийдің,
әскери старшын Лебедевтің рапорттарында, есептерінде, хабарламаларында,  XIX
ғасырдағы, тарихшылар Н.Середаның, В.Пттонның, Л.Мейердің  және  басқалардың
еңбектерінде егжей-тегжеилі суреттелген.
     Кенесары жеке басының ерлігімен, өр  мінезіімен  ерекше  көзге  түскен,
өзінің калың нөкерлерінің алдында  «әрқашанда  сәңді  барқыт  бешпент  киіп,
салт атпен салтанат  кұрып  жүрген»,  іс-қимылында  ол  «жолындағының  бәрін
жайпап өтетін дауыл сияқты болған».
     Хандық басына келген соң Кенесары қазақ  жерлерін  азат  ету  жолындағы
күресті бұрынғысына қарағанда неғұрлым  батыл  жалғастырды.  Қоқанның  Созақ
бекінісін алған соң Кенесары соғыс кимылдарын кеңейтіп қана қоймаи,  сонымен
бірге өз жақындарының қаза тапқаны үшін кек қайтаруға да ниеттенді.
     1843 жылға дейін үкімет көтерілісшілерге  қарсы  тұрақты  армияның  ірі
контингентін пайдаланудан тартынып, отаршылдыққа қарсы  қозғалыстың  негізгі
ошақтарын  қазақ  бөлімдерімен  тұншықтыруды  жөн  көрді.  Оның  үстіне  XIX
ғасырдың 40-жылдарына дейін жоғары дәрежелі әскери-әкімшілік шенділер  жалпы
халықтық  қозғалысты   «қару   қолданбай,   Ұлы   мәртебелінің   мейірбандық
сезімдеріне  сәйкеес   келетін   адамгершілік   сенімдермен»   басу   үмітін
жоғалтпады. Атап  айтқанда,  генерал-майор  Жемчужников  осындай  көзқарасты
жақтаушы  болды,  ол  әскери  министр  Чернышевті  өз  жоспарын   қабылдауға
сендірді.. Бұл орайда Жемчужниковты  Сібір  және  әсіресе  Орынбор  генерал-
губегрнаторлықтарының  проблеманы  беибіт  жолмен  шешу  көзқарасын  ұстаған
жекелеген патшалық әскери  қайраткерлерінің  қатарына  жатқызу,  әрине  қате
болар еді.  Жемчужников  мұндай  қорытындыға  кең  ауқымды  күрес  басталған
кезден 4-5 жыл бойы бытыраңқы отрядтармен кимыл жа  саған  қазақ  құрамалары
командирлерінің үлесіне тиген талай сәтсіздіктеррдің себебінен келген еді.
     Алайда көтерілісің әлдеқашаннан бері имперрия бодандығында болып келген
шалғайдағы аудандар мен аймақтарды одан  әрі  қамтуы  патша  өкіметін  қатты
мазасыздандырды.  Азаттық  күүресінің  белсенді  кезеңі   Солтүстік   Кавказ
таулықтары  қозғалысының  өрлеуіне  тұстас  келді,   ал   Петербург   сарайы
таулықтар козғалысын басуға едәуір әскери күштер бөлуге мәжбүр  болған  еді.
Араларында  ортақ  белгілер  де,  сонымен  бірге  ерекшелік  те  көп  болған
отаршылдыққа  карсы  осы  мейлінше  куатты  қозғалыстар  ыкпалының  көршілес
аймақтарға  таралу  болашағы  патша  өкіметін  Оралдан  арғы   шет   аймақта
орналастырылған тұрақты  әскери  күштерді  колдана  отырып,  Кенесары  ханға
қарсы нағыз соғыс бастауға мәжбүр етті.
     «Бір мемлекетте екінші мемлекет болмауы керек» деген  қарарға  қол  қоя
отырып, I Николай 1843 жылғьі  27  маусымда  Кенесарыға  карсы  кең  көлемде
соғыс жорығына рұқсат етті. Әскери старшина Лебедевтің 300  адамнан  тұратын
отряды  алдыңғы  соққы  беретін  күш  болуға   тиіс   еді,   кейіннен   оның
отрядындағылар саны 1900 адамға жетті; 1843  жылдың  тамызында  А.  Жанторин
және Б. Айшуақов  сұлтандар  бастаған  екінші  топ  жарақталды.  Тайталасушы
тараптардың 1843  жылғы  7  тамыздағы  шайқасы  үкіметке  тілегендей  нәтиже
бермеді. Полковник Бизанов бастаған  қарулы  топ  көтерілісшілердің  негізгі
күштерін кездестірмей, Орск бекінісіне кайтып оралды.  Өлкені  жақсы  білген
Кенесары шабуылға шығып, 1844 жылғы 20  шілдеден  21  шілдеге  қараған  түні
Жантөрин сұлтан отрядының быт-шытын шығарды.
     Әскери старшина Лебедев сылбырлығы және дереу көмек  көрсетпегені  үшін
әсқери отрядқа басшылық етуден шеттетілді. Жеңіспен жігерленген  Кенесарының
негізгі күштері 1844 жылғы 14 тамызда Екатерина станицасына  шабуыл  жасады,
маңындағы елді мекенді, форштадты өртеп, 40 адамды  тұтқынға алды."
     Көтерілісті басу үшін Орынбор жағынан полковник  Дуниковскийдің  отряды
щықты, ал әскерлердің сібір тобын  генерал  Жемчужников  басқарды.  Кенесары
патша  отрядтарының   қудалауынан   құтылып   кетті.   Үкі-меттік   топтарды
абыржушылық жайлады. Оның үстіне Шәмілмен ұзаққа  созылған  соғыс  үкіметтің
күш-кұралдарын одан әрі аландата берді. Кенесарымен  соғыс  та  тез  жеңіске
жеткізбейтін  сыңайда  болды.  Мұнымен  қоса  Орынбор  губернаторы   В.   А.
Перовский мен Сібір губернаторы В. Д.  Горчаков  арасында  Кенесарыға  қарсы
күрес жолы жөнінде кереғар көзқа-рас  пайда  болды.  Перовский  бұрынғысынша
жанжалды бейбіт жолмен шешуді, ал Горчаков көтерілісті қарулы күшпен  басып-
жаныштауды жақтады.
     Орынбор бастықтары Долгов пен Гернді елшілікке жіберу қажет деп  тапты,
елшілік алынған нұсқауларға сәйкес Кенесарының алдына  кабылдауға  болмайтын
шарт койды: көтерілісшілерге үкімет белгілеген шектеулі аймақ шегінде  көшіп
жүруге рұқсат етілді. Патша елшілері алға  қойылған  мақсатқа  жетпей,  кері
қайтуға мәжбүр болды. Бұл орайда  Долгов  Орынбор  әкімшілігіне  Кенесарының
барлық  орыс  бекіністері   жойылып,   басып   алынған   жерлер   қазақтарға
қайтарылған, дала өңіріндегі  талап-тонау  мен  зорлық-зомбылық  тоқтатылған
жағдайда  ғана  өзінің  Ресей  протекторатын  кабылдауға  келісетіні  туралы
жауабын жеткізді.
     Енді  үкімет  Арал-Сырдария  алабы  өңірінде  бірнеше  бекініс   салып,
Кенесары ханды Орынбор өлкесінен  ығыстырып  шығаруға  тырысты.  Екі  жақтан
Қыспаққа алынған Кенесары Сарыарқадан кетіп, көтеріліс орта-лығын Ұлы  жүзге
көшіруге мәжбүр болды.
      Ал Сібір өкімет орындары Кенесары жасақтарының аймаққа келуінің  алдын
алу мақсатымен, халық  және  мал  санағын  жүргізуді  сылтауратып,  Жетісуға
Сібір  Шекаралық  басқармасының  торағасы  генерал   Вишневский   басқаратын
зеңбірегі бар едәуір әскери күштер жіберді.
      Кенесары ханның Жетісуға келуі халық арасында терең жік туғызды. Сірә,
жалпы халықтық қозғалыстың ыкпалына үшырамаған бірде-бір  ірі  ру  бөлімшесі
болмаған  шығар.  Бұл  да  генерал-губернатор  В.Д.Горчаковтыы  1846  жылдың
жазында  Лепсі-Каратал  ауданында  старшындар,  сұлтандар,   атақты   билер,
ықпалды болыс басқарушылары съезін шакыруға өкім беруге итермеледі,  мұндағы
мақсат  отаршылдыққа  қарсы  қозғалысты  айыптайтын,  үкімет   үшін   тиімді
келісімді  оларға  зеңбіректерден  атылған  гүрсілдер  тұсында  және   қатаң
жауапқа  тарту  жөнінде  қорқыту  арқылы  қазақ  ақсүйектерін  ресми  өкімет
орындарының ханды саяси жағынан окшаулауға және  оның  көтерілісшілерін  Ұлы
жүз  шегінен  ығыстырып  шығаруға   бағытталған   ұстанымына   ынтымақтастық
білдіруге мәжбүр ету болатын.
      Кұжаттың түпнұсқасында «қаскүнемдерді жою жөнінде» және олар  табылған
жағдайда ең жақын приказ арқылы Ресей  Үкіметіне  «дереу  жеткізу»  үшін  17
сұлтанға,  27  биге,  бірқатар  болыстық  старшындарға   жүктелген   негізгі
міндеттемелердің мәні ашылып көрсетілген. «Бұлікшіл ауылдардың» қонысына  ең
жақын өңір Аягөз және  Алатау  округтері  болып  шықты;  көтеріліс  қамтыған
өңірге бір жағынан жасаул Нюхаловтың отряды; оңтүстіктен - жүзбасы Абакумов-
тың қазақ командасы жіберілді. Ол кезде ақылымен  және  шешендігімен  әйгілі
болған болыс  басқарушысы,  Абайдың  әкесі  -  Кұнанбай  Өскенбаев  үкіметті
жақтау-шылар қатарында болған.
      1846жылдың жазында Кенесары Балқаш көлінің жағалауындағы Камал түбегін
басып алды; сол жерден ол жазалау отрядтарына жансала  қарсыласу  мақсатымен
жаңа ауылдарды тарту  есебінен  өз  негізін  кеңейтуге  ниет  етті.  Бірнеше
зеңбірегі  бар  ханның  он  мыңдық  жасағы  едәуір  күш  болатын.  Жазалаушы
кұрамаларға қарсы осыныңалдындағы қақтығыстар бойынша  жауынгерлік  тәжірибе
жинақтаған көтерілісшілердің каруы да жаман емес еді.
      Оларға Қоқан хандығына қарсы белсенді күрес кезеңінде қосылған хиуалык
жеті шебер оқ ататын зеңбірек дайындап берген.
      Жетісуда  жүрген  және  азық-түлікпен  қамтамасыз  етілу  аудандарынан
шеттеп қалған хан өз ауылдарын астықпен жабдықтау проблемасын өзінше  шешті:
нақ сол  Нюхаловтың  хабарлағанындай,  Кенесары  өзіне  бағынғысы  келмеген,
«егіс егіп, оларға астық дайындап беруге тиісті»  «500  шаңырақ  үйсіндерді»
тұтқында ұстады.
      Талантты қолбасшы ретінде Кенесары өз жасағына да, оның  үстіне  бүкіл
көтеріліске де тұрақты бөлімдер кенеттен  қоршауы  мүмкін  болған  жағдайда,
өзінің Балқаш өңіріне орналасуының  сәтсіз  екенін  айқын  түсінді.  Сонымен
бірге оның жасағы Орта жүз бен Жетісу аралығында қимыл  жасап  жүрген  басқа
да бытыраңкы жасақтардан бөлініп  қалды.  Кенесары  жағдайды  дұрыс  бағалап
және күресті жалғастыру үшін  жағдайдың  әлсіздігін  біліп,  өз  ауылдарымен
бірге Іле өзенінің оң жағалауына  өтті  және  сұлтан  Рүстем  Әбілфейізовтің
жасақтарымен бірікті, мұның өзі кешірілмес жаңсақтық болатын. Бұдан  кейінгі
окиғалар Рүстем сұлтанның дәйексіздігін көрсетті. Бұл  көтерілістің  жеңіліс
табуын  тездетті.  Жетісуда  болған  кезінде  Кенесары  қырғыз   манаптарына
жергілікті ха-лыктан  зекет  жинау  үшін  екі  мың  адамдык  жасақ  жіберді.
Алғашкы  кақтығыстардың  өзі-ақ  қырғыз  руларының  қазақ  ханы  өктемдігіне
бағынбауға бел байлағанын көрсетті. Оның үстіне аймаққа ниеті  белгісіз  ірі
карулы күштер келгені туралы ескертілген ең басты кырғыз манаптары  қарсылық
көрсету үшін қол жинап үлгерген  болатын.  Екі  мың  адамдық  жасақтан  «мың
шақты адам ашжалаңаш қайтып келіп, жеңіліске  ұшырағандарын  және  өздерінің
кашып кұтылғандарын хабарлады».
          Кенесары өз жағдайының киын екенін, Абылай ұрпақтарының арасындағы
терендей түскен алауыздыктарды ықпалды  манаптармен  жасырын  байланысы  бар
қазақ отрядтарының командирлері шебер және дер кезінде пайдаланатынын  жақсы
түсінді. Ол былай тұрсын, Кенесары өз  жорықтарына  қатысуға  күштеп  мәжбүр
еткен ыкпалды қазақ батырларының бірі Сыпатай Ормон  ханмен  құпия  байланыс
жасап, казақ жетекшісін - таудың сыртында қырғыздардың қалың қолы  тұр,  сен
олардың осы уақытқа дейін тек «шабақтарымен  айналыстың,  сазандарымен  енді
ғана  кездесесің»  деп  иландырды.Бастапқы   мақсатқа   жету   -   Тянь-Шань
қырғыздарын, Ұлы жүздің бір бөлігін  өзіне  бағындыру,  Шу  өзенінде  қыстап
шығу, одан соң Үш-Алматыны жайлау мүмкін  еместігі  барған  сайын  айқындала
түсті. Оның Цин Кытайының  шығыс  шектерінде  кешіп  жүруге  оның  келісімін
алуға  тырысуы  Кенесарының  қырғыздармен  қантөгісті  қақтығыстар   жасамау
ниетіне байланысты болатын. Іле өзенін бойлай  жоғары  өрлеген  ол  көптеген
ауылдармен бірге қытай шекарасына терендей  кіріп,  Үйгентаска  токтады  да,
одан Шыңжаң билеушісіне Кұдайменді  Саржанов  сұлтан,  Шоқтар  Бактыбаев  би
және Сұйдақ қожаны елшілікке жіберіп, «оның жерінде көшіп жүруге рұқсат  ету
туралы» өтініш жасады, бұған  рұксат  ала  алмады.  «Ол  қытай  қамқорлығына
алынбайды және қайдан келсе, сонда кетсін, қытайдың өкімет  орындары  сізбен
де, іспен де кінәлі болғысы
      келмейтін  Ақ  патшадан  мейірім  сұрасын...»  Кенесары  өз  елшілерін
жібергеннен  кейін  бір  ай  өткен  соң,  оның  ауылына  арнаулы   тілмаштар
жеткізген  жауаптың  мәтіні  осындай  болды,  мұның  өзі  оны  Ұлы  жүз  бен
Қырғызстан шегінде көше жүріп, Жантай, Ормон манаптарға  мынадай  мазмұндағы
хат жолдауға мәжбүр етті: «Менің мұнда келу мақсатым жауласу және  қан  төгу
емес, кайта  қырғыздар  мен  қазақтарды  біріктіру...  және  жалпы  алғанда,
қоқандықтардың  қысым  көрсетуінен  кұтқару...».  Алайда  ол  озінің  бейбіт
ниеттерін жүзеге асыра алмады: мұның  үстіне  қырғыз  ауылдарына  дұшпандары
таратқан  оның  «кырғыз  руларын   жоюды»,   ойлайтыны,   сондай-ак   қырғыз
елшілеріне менсінбей  қарауы  туралы  сыбыстар  қырғыздардың  қарсы  қимылын
қатайта түсті. Бас манаптар Жантай Қарабеков, Ормон Ниязбеков өз  қимылдарын
жасаул  отрядтарына  жансала  қарсыласу  мақсатымен  жаңа  ауылдарды   тарту
есебінен өз негізін кеңейтуге ниет етті. Бірнеше  зеңбірегі  бар  ханның  он
мыңдық   жасағы   едәуір   күш   болатын.   Жазалаушы   кұрамаларға    қарсы
осыныңалдындағы  қақтығыстар   бойынша   жауынгерлік   тәжірибе   жинақтаған
көтерілісшілердің каруы да жаман емес  еді.  Оларға  Қоқан  хандығына  қарсы
белсенді күрес кезеңінде қосылған хиуалык  жеті  шебер  оқ  ататын  зеңбірек
дайындап берген.
      Жетісуда  жүрген  және  азық-түлікпен  қамтамасыз  етілу  аудандарынан
шеттеп қалған хан өз ауылдарын астықпен жабдықтау проблемасын өзінше  шешті:
нақ сол  Нюхаловтың  хабарлағанындай,  Кенесары  өзіне  бағынғысы  келмеген,
«егіс егіп, оларға астық дайындап беруге тиісті»  «500  шаңырақ  үйсіндерді»
тұтқында ұстады.
      Талантты қолбасшы ретінде Кенесары өз жасағына да, оның  үстіне  бүкіл
көтеріліске де тұрақты бөлімдер кенеттен  қоршауы  мүмкін  болған  жағдайда,
өзінің Балқаш өңіріне орналасуының  сәтсіз  екенін  айқын  түсінді.  Сонымен
бірге оның жасағы Орта жүз бен Жетісу аралығында қимыл  жасап  жүрген  басқа
да бытыраңкы жасақтардан бөлініп  қалды.  Кенесары  жағдайды  дұрыс  бағалап
және күресті жалғастыру үшін  жағдайдың  әлсіздігін  біліп,  өз  ауылдарымен
бірге Іле өзенінің оң жағалауына  өтті  және  сұлтан  Рүстем  Әбілфейізовтің
жасақтарымен бірікті, мұның өзі кешірілмес жаңсақтық болатын. Бұдан  кейінгі
окиғалар Рүстем сұлтанның дәйексіздігін көрсетті. Бұл  көтерілістің  жеңіліс
табуын  тездетті.  Жетісуда  болған  кезінде  Кенесары  қырғыз   манаптарына
жергілікті ха-лыктан  зекет  жинау  үшін  екі  мың  адамдык  жасақ  жіберді.
Алғашкы  кақтығыстардың  өзі-ақ  қырғыз  руларының  қазақ  ханы  өктемдігіне
бағынбауға бел байлағанын көрсетті. Оның үстіне аймаққа ниеті  белгісіз  ірі
карулы күштер келгені туралы ескертілген ең басты кырғыз манаптары  қарсылық
көрсету үшін қол жинап үлгерген  болатын.  Екі  мың  адамдық  жасақтан  «мың
шақты адам ашжалаңаш қайтып келіп, жеңіліске  ұшырағандарын  және  өздерінің
кашып кұтылғандарын хабарлады».
          Кенесары өз жағдайының киын екенін, Абылай ұрпақтарының арасындағы
терендей түскен алауыздыктарды ықпалды  манаптармен  жасырын  байланысы  бар
қазақ отрядтарының командирлері шебер және дер кезінде пайдаланатынын  жақсы
түсінді. Ол былай тұрсын, Кенесары өз  жорықтарына  қатысуға  күштеп  мәжбүр
еткен ыкпалды қазақ батырларының бірі Сыпатай Ормон  ханмен  құпия  байланыс
жасап, казақ жетекшісін - таудың сыртында қырғыздардың қалың қолы  тұр,  сен
олардың осы уақытқа дейін тек «шабақтарымен  айналыстың,  сазандарымен  енді
ғана  кездесесің»  деп  иландырды.Бастапқы   мақсатқа   жету   -   Тянь-Шань
қырғыздарын, Ұлы жүздің бір бөлігін  өзіне  бағындыру,  Шу  өзенінде  қыстап
шығу, одан соң Үш-Алматыны жайлау мүмкін  еместігі  барған  сайын  айқындала
түсті. Оның Цин Кытайының  шығыс  шектерінде  кешіп  жүруге  оның  келісімін
алуға  тырысуы  Кенесарының  қырғыздармен  қантөгісті  қақтығыстар   жасамау
ниетіне байланысты болатын. Іле өзенін бойлай  жоғары  өрлеген  ол  көптеген
ауылдармен бірге қытай шекарасына терендей  кіріп,  Үйгентаска  токтады  да,
одан Шыңжаң билеушісіне Кұдайменді  Саржанов  сұлтан,  Шоқтар  Бактыбаев  би
және Сұйдақ қожаны елшілікке жіберіп, «оның жерінде көшіп жүруге рұқсат  ету
туралы» өтініш жасады, бұған  рұксат  ала  алмады.  «Ол  қытай  қамқорлығына
алынбайды және қайдан келсе, сонда кетсін, қытайдың өкімет  орындары  сізбен
де, іспен де  кінәлі  болғысы  келмейтін  Ақ  патшадан  мейірім  сұрасын...»
Кенесары өз елшілерін жібергеннен кейін  бір  ай  өткен  соң,  оның  ауылына
арнаулы тілмаштар жеткізген жауаптың мәтіні осындай  болды,  мұның  өзі  оны
Ұлы жүз бен Қырғызстан шегінде көше жүріп, Жантай, Ормон манаптарға  мынадай
мазмұндағы хат жолдауға мәжбүр етті:  «Менің  мұнда  келу  мақсатым  жауласу
және қан төгу емес, кайта қырғыздар мен қазақтарды біріктіру...  және  жалпы
алғанда, қоқандықтардың қысым  көрсетуінен  кұтқару...».  Алайда  ол  озінің
бейбіт  ниеттерін  жүзеге  асыра  алмады:  мұның  үстіне  қырғыз  ауылдарына
дұшпандары  таратқан  оның  «кырғыз  руларын  жоюды»,  ойлайтыны,  сондай-ак
қырғыз  елшілеріне  менсінбей  қарауы  туралы  сыбыстар  қырғыздардың  қарсы
қимылын қатайта түсті. Бас манаптар Жантай  Қарабеков,  Ормон  Ниязбеков  өз
қимылдарын жасаул Нюхаловпен келісе  отырып,  «жанталаса  қимылдауға  -өлім,
яки оның көзін жоюға шешім жасады». Сол екі арада Кенесарының жасақтары  жат
жерде ұсақ-түйек қақтығыстарға барғанмен, түбегейлі бетбұрысқа  қол  жеткізе
алмады. 1847  жылғы  сәуірдің  ортасына  карай  қырғыздар  негізгі  күштерін
біріктіріп,  бейне  бір  жүз  мыңдык  әскер  жинаған  сияқты,  дегенмен  бұл
деректердің  көп  асыра  көрсетілгені  көрініп  тұр.   Адам   саны   жөнінен
артықшылық қазақ ханының жаулары жағында болғаны анық.  Шешуші  шайқас  1847
жылғы 17 және 25 сәуір аралығында қазіргі Тоқмаққа жақын, қазақ  сарбаздарын
қырғыздар кақпанға  түсірген  терең  шатқалда  болды.  Таулы  жер  ханға  өз
артықшылығын пайдалануға  мүмкіндік  бермеді,  оның  өз  қолында  бар  жеңіл
зеңбіректермен атуды барынша пәрменді түрде пайдалануға мүмкіндігі  болмады.
Кең далада ойдағыдай қолданылып, сынақтан өткен атты әскерлер де  кең  қанат
жаюы  мүмкіндігінен  айырылды.  Үш  тәулікке  созылған   тең   емес   шайқас
қазақтардың күшін титықтатты;  жағдайды  ұрыс  алаңынан  Рүстем  сұлтан  мен
Сыпатай би жасақтарының кенеттен  шегініп  кетуі  қиындата  түсті.  Кенесары
және 30-дан астам сұлтан тұтқынға  түсті,  қалғандары  «бытшыт  болып,  жан-
жаққа қашып  кетті».  Кырғыздардың  тұтқынына  мыңнан  астам  сарбаз  түсіп,
құлақестіп көрмеген қатыгездікпен өлтірілді. «Кұлдықтың  қасіретті  шынжырын
лақтырып тастағысы келген көшпелілердің үміті», қазақтың соңғы  ханы  осылай
қаза тапты.
     «Осы  бұлікшіні  құртқаны  үшін»  кырғыздардың  басты  манаптары  Ормон
Ниязбеков, Жантай Карабеков, оның  інісі  Калығұл  Әлібеков,  сұлтан  Рүстем
Әбілфейізов, Сыпатай би Мырзагелдин патша үкіметінен мол марапаталды.
     Кенесары қайтыс болғаннан кейін алты жылдан соң Ұлы жүздің аға  сұлтаны
қызметіне үміткерлерді таңдау кезінде Рүстем Әбілфейізовтің Ұлы  жүздің  аға
сұлтаны қызметіне кандидатурасы «оның бұрынғы сенімсіз  әрекеттері  себепті»
қабылданбай тасталды,  яғни  оның  бастапқыда  Кенесары  Қасымовпен  уақытша
байланыс жасағаны ескерілді.
     Ханның жеңіліс табуы мен қайтыс болуы  орыс  отрядтарының  Іленің  арғы
жағындағы өлкеге  және  Солтүстік  Қырғызстанға  одан  әрі  тереңдей  енуіне
қолайлы жағдай жасап, аймақты Ресей империясына қосып алуды жеңілдетті.
     Кенесары Қасымовтың көтерілісінің  біршама  қайшылықтары,  анықталмаған
мән-жайлары  бар:  бір  жағынан,  Қоқан  хандығымен  (қазақтарды  азат   ету
мақсатын  көздеген)  соғыс,  ал  екінші   жағынан,   бауырлар   қырғыздармен
қантөгісу соғысы, тағы бір жағы, өзін қолдаудан бас тартқан  қазақ  руларына
мейірімсіздігі.
     Шұрайлы қоныс, шүйгін жайылым үшін дәстүрлі күрес  бұл  жолы  да  қазақ
руларының   қасиетті   мақсат   жолында   -   өкімшілік-отарлаушылық    жаңа
тәртіптердің енгізілуіне қарамастан, саяси оқшаулығын  сақтап  келе  жатқан,
кең-байтақ аймақтардың мемлекеттік  тәуелсіздігін  калпына  келтіру  жолында
бірігуіне кедергі жасады;  тағдырлы  стратегиялық  мақсаттардан  тар  өрісті
рулық мүдделердің  басым  болуы  дәстүрлі  аристократияның  Орталық  Азияның
оңтүстік-шығыс шектерінде Англия мен Ресей мүдделерінің  барған  сайын  ашық
қақтығысуы жағдайларында солтүстік көршісінің  әскери-саяси  қысымы  алдында
осалдық көрсетуін тереңдете түсті.
     Ресейдің Оралдан арғы  шет  аймақтарындағы  аса  ірі  халық  көтерілісі
жеңіліс табуының мән-жайларын айтқанда, Казақстанның  геосаяси  орналасуының
ерекшелігін  ескермеуге  болмайды:  Хиуаның  да,   Бұхара   әмірлігінің   де
Кенесарымен  ынтымактастық  жасауында  мұсылмандық  факторы  да  елеулі  рөл
атқарғанымен, олар Кенесарыны өздерін Ресей тарапынан жасалатын  болашақтағы
қауіптен корғау дәрежесінде ғана қолдады; бірак хан өз каруының өткір  жүзін
Қоқанға карсы  бағыттасымен-ақ  бұрынғы  қолдау  біртіндеп  бәсендей  берді;
Ресейге қарсы да, Қоқанға карсы  да  күресі  қазақ  ханының  түзеуге  келмес
катесіне айналды.
     Ұлы  Абылай  заманындағы  егеменді  мемлекеттілікті  калпына  келтіруді
максат еткен қазақ халкының XIX ғасырдағы  аса  ірі  ұлт-азаттық  көтерілісі
бұл  жолы  да  жеңіліспен  аякталды,  бірақ  ол  Орта  Азия  мен   Қазакстан
халықтарының  жадында  өшпес  із  қалдырды.  Ол  Ресей   империясына   қарсы
халықтардың Польшаға, Кавказға, басқа да аймактарға құлаш  жайған  күресінің
бір буыны болды. Шәміл жетекшілік еткен  таулықтардың  көтерілісімен  қатар,
аса көрнекті  саясатшы,  қолбасшы  Кенесары  Қасымов  басшылық  еткен  қазақ
халқының күресі де империяның отаршылдық  басып  алуынан  азаттық  жолындағы
ұлттык шет аймақтар күресі  арнасындағы  ең  табанды,  қажырлы  және  ұзаққа
созылған көтерілістер қатарына жатады.
     Кенесары ханның өз басы, оның саясатшы,  қолбасшы,  дипломат  ретіндегі
теңдесі жоқ қасиеттері  тоталитарлық  жүйенің  өктемдігі  жағдайында  жылдар
бойы ескерусіз қалдырылып келсе де, халық жадында берік сақталған.  Кенесары
Қасымов хан өз дәуірінің ұлы қайраткерлері  шоғырында  лайықты  орын  алады.
Орыс  халқының  тәуелсіздігін  жат  жерліктердің  шапкыншы-лығынан  қорғаған
қолбасшылар Дмитрий Донской, Михаил Кутузов және басқалар  сияқты,  Кенесары
хан да Қазақстанның дербес мемлекет ретінде оқшаулануын сақтау жолында  жеке
басының теңдесі жоқ қасиеттерін көрсетіп, өз  өмірін  соның  жолында  кұрбан
етті.
     Кенесарының жанын пида еткен  күресі,  оның  халық  мүдделеріне  шексіз
берілгендігі,  қолбасшылық  өнері,  капиталистік  жүйе  орныққанға   дейінгі
даланың  ғажайып  кемеңгер,  өзгеше  сипаттағы  саясаткері  ретіндегі   ерен
қасиеттері оны көзінің тірісінде-ақ бүкіл халықтың  құрметіне  бөледі,  оның
жеке басы сол дәуірдегі патшалық отаршылдық империя апологеттерінің өзін  де
кайран қалдырды. Дала өңірінің  суырып-салма  жырау-лары  жырға  қосқан  хан
бейнесі бүкіл даланы кеңінен шарлап кетті.  Плюрализм  және  соз  бостандығы
қайтадан  мүмкін  болған  казіргі  тәуелсіз  Қазақстан  жағ-дайында  орынсыз
ұмытылған есімдер  халыққа  қайтарылды,  солардың  ішінде  қазақ  жүздерінің
соңғы  ханы,  Абылай  ханның  немересі  -  Кенесары  Қасымов   бар.   Біздің
ғасырымыздың 30-жылдарында-ақ ұрпақтар есінде  калдырылған  Кенесары  ханның
қозғалысы, патша өкіметінің  аймақта  әскери-саяси  белсенділігі  жағдайында
табысқа жеткізбесе де, атасы  Абылай  ханның  ісі  сияқты  оның  ұлы  істері
туралы халық есінде ізгілікпен сақталғанының куәсі.


                              Бекіту сұрақтары:
     1.Қаратай  мен  Арынғазы  сұлтандардың   және   Жоламан   Тіленшіұлының
қозғалыстары немен аяқалды?
     2.Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне  қарсы  көтрілісі  қай  жылы
болды?
     3.Патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және сұлтан
Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс қай жерлерді қамтыды?
     4.Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі немен аяқталды ?
     5.Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс неше жылға созылды?


Дәріс №11 Қазақ жерлерінің  Ресейдің құрамына  қосылуының аяқталуы
 Негізгі ұғымдар: Перовский жорығы (1839-1940), Ағылшындық «Азиаттық
саясат», «Жалғыз ағаш шайқасы», А.Бутковтың Арал саясаты.
                                   Жоспар:
     1. Іле аймағын отарлау.
     2.Ұлы жүз қазақтарының Ресейге таралуы.
     3. Перовскийдің жорығы.
     4.Қоқан хандығының  жойылуы. Хиуаның тізе бүгуі.
     5.Арал бойы  қазақтарының  Хиуалықтар мен Ресей  басқыншыларына   қарсы
күресі.
     Мақсаты:  Оңтүстік Қазақстан  бағытындағы  ресей  мен  ағылшын   сыртқы
саяси    мүдделерінің   тоғысуын   ашуы.   Соның    нәтижесінде     Ресейдің
Қазақстанның  оңтүстігін    отарлауды    тездетуге    итермелеген   жағдайды
дәлелдермен талдап көрсету.
     1. Іле аймағын отарлау.Патша  өкіметінің  Қырым  соғысында  (1854—1856)
неғұрлым күшті дұшпандар блогынан жеңіліс  табуы  Ресейдін  белсенді  сыртқы
саясатының мүмкіндігін едәуір шектеді. Сол екі арада  елдегі  жаңа  рыноктық
қатынас та тез және  сеніммен  күш  алып,  жедел  дамып  келе  жатқан  Ресей
өнеркөсібі мен саудасы үшін барған сайын  жаңа  өнім  өткізу  рыноктары  мен
шикізат көздерін талап ете түсті. Шикізат  кезі  оңтүстік-шығыста  бо-латын.
«Ресейдің батыс рыноктарында көп жағынан бірінші орын алған уақыты  өтті,  —
делінген Әскери жинақта, — ал мүның өзі бізді жаңадан шығыс рыноктарын  және
ең алдымен таяудағы, Орта Азиядағы рынок-тарды  іздестіруге  міндеттейді».44
Ресейдің сыртқы саясатында Оңтүстік Қазақстан  мен  Орталық  Азияның  маңызы
күрт өсті. Қазакстанды түпкілікті бағындыру және Орта  Азия  мемлекеттерімен
жанжақты қатынастарды жандандыру туралы мәселе қойылды.
        Бұл мемлекеттермен  толымды  сауда  жасауға  көптеген  себептер,  ең
алдымен — Орта Шығыстағы саяси  тұрақсыздық  және  Орта  Азия  хандыктарының
ішіндегі жағдай туралы патша үкіметінде кажетті акпараттың  болмауы  кедергі
жасады. Мұның өзі Ресейдің Орталық  Азияға  кіре  түсуін  тежеді  және  орыс
үкіметін шектес жатқан Азия елдерінде әскери-экономикалық және саяси  барлау
жолына түсуге итермеледі.
     Орталық Азия аймағындағы сауда-экономикалық және әскери-саяси  жағдайды
анықтау   мақсатымен   1858   жылы   Н.П.Игнатьевтін   Хиуа   мен   Бұхараға
дипломатиялық  елшілігі,  Шығыс  Иран  (Хорасан)  мен  Гератка   шығыстанушы
Н.В.Ханыков бастаған экспедиция, Қашғарға баратын  сауда  керуені  кұрамында
көпес  түрінде  Ш.  Уәлиханов  жіберілді.  Олар  әкелген  материалдар  патша
үкіметіне Оңтүстік Қазақстандағы және  Орталық  Азия  хандыктарындағы  саяси
күштердің шын  мәнінде  орналасуын  аныктауына,  олардың  экономикалық  және
халықаралық  байланыстарымен  танысуына  мүмкіндік  берді,   сондай-ақ   бұл
аймақтар жөніндегі Англияның кең  көлемді  жаулап  алушылық  жоспарлары  бар
екенін дәлелдеді.
     Ресейдің Орта шығыстағы саяси  бағытын  белгілеу  үшін  Н.П.Игнатьевтің
Хиуа мен Бұхараға  дипломатиялық  сапары  нәтижелерінің  ерекше  зор  маңызы
болды. Орыс  елшісінің  екі  мемлекеттің  өзара  достық  қатынастары  туралы
шартқа қол  қоюдан  бас  тартқан  Хиуа  ханымен  онша  қанағаттан  дырмайтын
келіссөздері  Орталық  Азияға  дипломатиялық  елшілер  жіберу  —  «нақ   сол
мақсатқа... бірақ баскаша түрде жету үшін  қолданылуы  мүмкін  ақшаны  босқа
рәсуө ету» деген ойды  нығайта  тұсті.  Сыртқы  істер  ми-нистрлігінің  Азия
департаментіне  жолдаған  арнаулы  хабарламалары  мен  арнайы   жазбаларында
Н.П.Игнатьев «опасыз» шығыс  билеушілерімен  сая-си  келіссөздердің  бұрынғы
тактикасын жалғастыру пайдасыз екенін негіздеді және Орта Азия  хандықтарына
карсы соғыс кимылдарын жан-ғырту кажеттігін талап етті. XIX ғасырдың  50-60-
жылдары шебінде бұл  көзқарас  Сырткы  істер  министрлігінен  тиісті  колдау
таппады, біракжо-ғары  өкімшілік  салаларында  өзіне  күн  еткен  сайын  көп
жактастар таба берді және ақырында, 60-жылдардың орта  шенінде  Петербургтің
ресми  пікіріне  айналды.  Практикалық  нәтижелері  жөнінен  Н.П.Игнатьевтің
Бұхараға  миссиясы  неғұрлым  сәтті  болып   шықты.   Ол   орыс   көпестерін
ортаазиямен сауда-ын едәуір жандандыруға жеткізіп,  олар  Орынбор  шебі  мен
Нижегород жөрмеңкесіне құлшына  келе  бастады.  Өз  кезегінде  Мәскеу  сауда
компаниясы Бұхараға Ресей тауарларын  жіберуге  мүмкіндік  алып,  олар  онда
тиімді еткізілетін болды.
     Жоғарыда  атап  етілгеніндей,  сонымен  бірге  Ресейдің  Орталық   Азия
елдерімен өзара тиімді сауда қатынастарынын дамуы Ресейдің Орталық  Азиядағы
басты карсыласы Англия түрінде  ықпалды  одактас  тапкан  Қоқан  хан-дығының
күшті қарсы өрекетіне  ұшырады.  1860  жылы  Қаратегін  және  Дарбаз  аркылы
Қоқанға ағылшынның тәжірибелі барлаушысы  Әбді'  өл-Маджит  жіберілді.  Оған
хандықтың билеушісі Моллабектің  сеніміне  кіру  және  Үн-дістандағы  Британ
өкімет орындарымен байланыс орнатуды үсыну міндеті жүк-телді.  Бұл  сапардың
сөтті  аяқгалғанына  Қоқан  хандығының  басты  тірек   пункт-теріне   Британ
қаруының берілуі және  әскери  нұскаушылар  мен  қару  жасаушылар  жіберілуі
көрнекі түрде растап берді.
     Сонымен катар Қоқан  билеушілері  Пішпекте,  Меркеде,  Әулиеатада  және
Шымкентге өздерінің адцынғы шептерін күшейту жөнінде шаралар қолданды,  атгы
әскер  үшін  теңіректегі  казактар  мен  кырғыздардан  жазалаумен  қор-кытып
жылкьілары мен малын тартып алды, сауда керуендерінің жүріп  өтуіне  барынша
қарсы қимыл жасады. Бұл өрекетгердің бөрі Орынбор және  Батыс  Сібір  өкімет
орындарына  уақытылы  жеткізіліп  отырды,  сөйтіп  олар  әлбетге  мазасыздык
керсетіп, патша үкіметі тарапынан жауап шаралар жасауды күшейтуге шақырды.
     Ресейдің  Оңтүстік  Қазақстанды  жаулап  алу   жөніндегі   экспансиялық
максатгары негізінен алғанда  екі  жолмен:  біріншіден,  қазақдаласына  бір-
қатар әскери-барлау және  жазалау  экспедицияларын  ұйымдастыру;  екіншіден,
дала аркылы өтетін «стратегиялық жағынан тиімді жағдайда  болған  бекіністер
шебін» салу аркылы жүзеге асырылды. Бұл шаралардың бәрін аймақта  жергілікті
отаршылдық әкімшіліктін әскерлері жігерлі түрде жүргізді, соның  нөтижесінде
«кептеген ықпалды қазак. көсемдері не  шайқастарда  өлтірілді,  не  тұтқынға
алынды». Аймаққа терендей шабуыл жасау  Орынбор  шебі  тарапынан  да,  Сібір
шебі тарапынан  да  осылайша  әзірленді.  XIX  ғасырдың  бірінші  жартысының
аяғына карай Орта жүз бен Ұлы жүз аумақтарында Сібір  жағынан  бастап  Ақтау
(1835 ж.), Ұлытау (1835 ж.), Капал (1846 ж.), Сергиополь  (Аягөз,  1831  ж.)
және басқа бекіністер салынып, олар  Ресейдің  Іледен  арғы  өлкедегі  тірек
пункттеріне айналды. 1848 жылы Батыс  Сібір  генерал-губернаторына  бағынған
Үлкен Орда приставының қызметі белгіленеді. Ол  Ұлы  жүздің  жаулап  алынған
аудандарын басқаруды жүзеге  асырды.  1854  жылы  Алматы  шатқалында  Верный
бекінісін, ал 1859 жылы Қастек бекінісін салу аяқталды, Ресейдің  Шу  алкабы
аркылы   Казақстанның   оңтүстігіндегі   Қокан   бекіністерін:   Әулиеатаны,
Шымкентті және басқаларын басып алу женіндегі соғыс қимылдары сол  жерлерден
басталды. 1856 жылы Семей  облысының  құрамында  бастапқыда  орталығы  Қапал
каласында, ал 1862 жылдан Верный қаласында болған Алатау округі кұрылады.
     Бұл жылдарда Алатау округі кұрамындағы Ұлы жүз казақтарыныңсаны —  25,5
мың шаңырақ, 100 мыңнан астам адам;  ал  кырғыздар  -  15  мың  шанырақ,  60
мындай адам болды. Іле және Шу өзендерінің оңтүстік  белігі  арасында  Дулат
руының казақтары (9,5 мың шаңырақ, 38 мың адам) Қоқан иеліктерімен  шекарада
және Шу өзенінде  Шапырашты  (2  мың  шаңырак,  8  мың  адам),  Жа-ныс  (800
шаңырак,  2400  адам),  Жалайыр  (8500  шаңырак,  34   мың   адам),   Іленің
солтүстігінде,  Балқаш  көлі  мен  Верный-Капал  қалаларының  арасында   Іле
өзенінің  екі  жағасында,   Алтынемел   және   Алатау   сілемдері   бойында,
Ыстыккөлдің солтүстік жағалауында  —  Албан  (7500  шаңырак,  30  мың  адам)
руларының қазактары көшіп жүрді.
     Жетісуды  коса  алғанда,  оңтүстік  кдзақтары  арасында  Ресей  ыкпалын
күшейтудің тиімділігі кем түспейтін  келесі  кұралы  марапаттаулар,  атақтар
беру, жоғары қызметгерге тағайындау, күрмет керсету  және  т.б.  аркылы  ық-
палды  ру  билеушілерін  отаршылдык  өкімет  орындары  жағына  тарту  болды.
Мысалы,  Алатау  округі  құрылған  кезде  оның  бастығына  жылына  1500  сом
жалакыбелгіленсе,Ұлыжүздіңруларынбасқарутапсырылған   Сүйік   Абылайхановқа,
Ғали Әділовке, Рүстем Әбілфейізовке және Хакім  Қүловқа  -343  сомнан  (Орта
жүздегі сияқты) жалақы белгіленді.
     Ресей әскерлерінің аймакка оңтүстігінен де, солтүстігінен де  ойдағыдай
ілгерілеуі 1857-58 жылдарда Шымкент және  Әулиеата  аудандарында  жергілікті
казақтардың   қоқандықтарға   қарсы   көтерілісіне   де   жәрдемдесті.   Бұл
көтерілістердің аяусыздықпен басылуы да казақтардың едәуір  бөлігінің  Ресей
жағына  өтуіне  себепші  болды.  Ал  жалпы  алғанда,  аймақтыңтағдырын  оның
жергілікті халқы емес, кайта Қоқан мен Ресей  арасындағы  соғыс  шайк-астары
шешті, ал осы екі экспансиялық, мемлекетгердің жақтастары мен  кар-сыластары
арасындағы  күреспен  ғана  емес,  сонымен  қатар  ішкі  жанжалдар-мен   (ру
араздығы, барымта  және  т.б.)  және  көршілес  қырғыздармен  қатынас-тардың
шиеленісуімен айналысып жажан казактардың үлесіне неғұрлым күшті  отаршылдык
билігіне түсу тағдыры ғана қалды.
     1860  жылы  орыс  әскерлерінің  қокандықгарға  карсы   белсенді   соғыс
кимылдары басталды: 26 тамызда — Тоқмак, 4 қыркүйекте Пішпек кұлады,  ал  24
қазанда Үзынағашка жақын жерде шайкас болып, онда Алатау округінің  бас-тығы
подполковник Колпаковскийдің 3 ротадан, 4 жүздіктен, 6  зеңбіректен  және  2
ракеталық  станоктан  тұратын  отряды  қокандыктардың  едәуір  күштерін  (30
мындай адам) ірі жеңіліске ұшыратты.5 Бұл  оқиғалар  кезінде  қоқандықтардың
озбырлығы мен қысым көрсеткеніне карамастан,  оларды  Жетісу  қазақтары  мен
қырғыздарының  «дөуір  бөлігінің  колдауы  байқалды.  Мысалы,  дулат  руынан
шыкқан Андас  және  Сүраншы  билер,  ботбай  руынан  шыққан  атакты  адамдар
Диқанйай мен Әлжан өз қаражаттарынан  коқандықтар  жағына  орыс  әскерлеріне
қарсы шайкасқан еріктілердің жасақтарын  ұйымдастырып,  каруландырдыы.  Олар
Қапал  бекінісін  басып  алып,  қиратуға  да  ниеттенді.  Оларға  рубасылары
Үмбетәлі мен Байсейіт бастаған кырғыздар белігі де косылды. Егер  Ібіреулері
қоқандықтарды ашык. қолдаса, басқалары соларға  игі  ниеттес  болды.  Осыған
байланысты  генерал-лейтенант   М.А.Терентьев   1860   жы-лғы   15   казанда
Колпаковский  ықпалды  қазактарға  (капитан  Тезек  Нүра-лиевке,  подпоручик
Жанғазы  Сүйіковке  және   капитан   Әбілес   Абылаевка   және   баскаларға)
«сарттардан түскен барлық олжаны беруге уөде етіп,  өз  батырларымен»  өзіне
косылуға шақыру жібергенін көрсетуі тегін емес, «алайда  казактар  қай  жағы
басым түсетінін күтіп,  кызмет  көрсетуге  асык-пады...  олар  тіпті  жаудың
қозғалысы туралы хабар беруден де жалтарды, сондықтан біздің адамдар  жаудың
бағдарын   білмей   жобалап   жылжыды...».   Қазақтар    мен    кырғыздардың
қоқандықтарға  карсы  орыстардың   соғыс   қимылдарына   мүндай   көзкарасы,
біріншіден,   қоқандыктардың   дінсіз   жау-лап   алушыларға   қарсы   аймак
мұсылмандарының касиетті соғыс — ғазауатты кең  көлемде  насихаттауына  және
екіншіден,  Алатау  округінің   бас-тығы   Колпаковскийдің   байырғы   халық
жөніндегі қаталдығына  байланыс-ты  болды,  ол  байырғы  халықтың  қатардағы
өкілдерін үсақ-түйек кұлак асһағандык, үшін  өлім  жазасын  колдануға  дейін
барып, аяусыз жазалап отырды. Қокан әскерлеріне  қарсы  күресті  киындатқысы
келмеген  Батыс  Сібір  генерал-губернаторы   Гасфорд   Колпаковскийден   ез
кимылдарын не-иұрлым абайлап және сактыкпен  жүргізуді  талап  етуге  мәжбүр
болды.  Осы жағдайлардың аркасында 1860 жылғы кдзанның басында  коқандык-тар
«Әулиеата мен Пішпек арасындағы кеңістікте де  өздеріне  қазактартардың  көп
бөлігін ерікті  және  еріксіз  түрде  қосып  алды».  Олар  қираған  Пішпекті
иеленіп, содан кейін 10 зеңбірегі  бар,  20  мыңнан  астам  адамнан  тұратын
Қоқан әскері Қордайдан өтіп, Қастектің батыс  жағындағы  ай-налма  жолдармен
шықты да, оны Үзынағаштан бөліп тастады. «Жақын маңайда көшіп жүрген  біздің
қазақтар  дереу  соларға  косылды»,  —  деп   кер-сетеді   генерал-лейтенант
М.А.Терентьев.
     Орыстар сияеты, кокандыктар  да  казактың  ру  шонжарларының  екілдерін
сатып алуды  кеңінен  пайдаланды.  1851  жылдың  өзінде-ақ  қокандықтар  мол
сыйлықтар беріп,  Ұлы  жүздің  ыкпалды  казак  сұлтандары  тобын  өз  жағына
тартты, ал Керім би бастаған ботбай,  шапырашты,  кызылбөрік,  жаныс,  шымыр
және басқа да рулардың қазактары кокандыктарға  бағынатын  Шу  өзенінің  сол
жақ аумағына көшіп кетгі.55
     Қокандықтар да, орыстар да колдаудан сөл бас  тартқаны,  әскери  күштер
үшін қажетгі көлікпен, тамак, өнімдерімен, жүмыс күшімен, мал азығымен  және
басқа да көптеген заттармен камтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды  уақытылы
орындамағаны   үшін   қазақтарды    қатаң    жазалап    отырды.    Қокандык-
тардыңқазакхалқына көрсеткен  зорлық-зомбылықтары  мен  озбырлықтары  туралы
көп айтылды, сондықтан бұл жөнінен асып кетпесе, ешкандай кем түспеген  орыс
әскерлері тарапынан жасалған осындай әрекеттерден  небәрі  бірнеше  мысалдар
келтірейік. Мысалы, Үзынағаш оқиғалары кезінде Ұлы жүздің  Керім  би  бастап
көшіп  кеткен  рулары,  сондай-ақ  кырғыздар  1860  жылы   генерал-лейтенант
М.А.Терентьевтің  көрсеткеніндей  «олардың  бұрынғы  қоныстанған  жерлерінде
жемшөптін жеткіліксіз болуына байланысты  біздің  жерімізге  кыстауға  көшіп
келді. Сол  казактарды  жазалау  үшін  біз  бұл  жағ-дайды  дереу  пайдалана
койдык».56 Бұл үшін казақтар да, кырғыздар да аяусыз жазаланды.
     Орыс әскерлері бір мезгілде үш шапкыншылық  жасады,  «ауылдар  өртелді,
көп  мал  колғатүсірілді»,  басқа  да  екі  бай  старшындарымен  қоса  Керім
бидіңөзі кепілгеалынды. Жүзбасы Жеребятьев барлық  ауылдарға  көшуге  жарлық
беріп, сонан соң оларды біздің  жаққа  қуып  өкелді.  Осы  шапкыншылықтардың
салдарынан  Алатаудың  оңтүстік  беткейлерінде  ор-наласқан   қазақтар   мен
кырғыздар кайта көшуге мәжбүр болды. «Қайта-дан кдшып кешіп барғандар  душар
болған қалың кар мен шөптің болмауы оларға  берілген  тағлымды  бұрынғысынан
да еселей түсті», — деп қорытады М.А.Терентьев.
     1860 жылғы 2  карашада  Пекинде  Жетісудың  оңтүстік-шығыс  бөлігіндегі
таулы аймақтар мен Күршім өлкесіне Ресейдің  құкығын  бекітіп  берген  орыс-
қытай шартына кол койылды. Шарт баптарының бірінде Ресейдің  сыртқы  саудасы
үшін Үргідегі сиякты, Қашғарға  да  рұксат  беру  түрінде  онда  консуль-дық
«ашып»,  қытай  көпестерімен  баж  салынбайтын   тауар   айырбасын   жүргізу
көзделді.
     Алайда Бұхарамен сауда қатынастарындағы сияқты бұл жағдайда да Ресейдің
Батыс Кытай рыноктарына өту әрекеттері  Орта  Азия  хандыкта-рынан  Шыңжаңға
баратын сауда жолдарына  катаң  әскери-әкімшілік  ба-қылауды  жүзеге  асырып
отырған Қоқан хандығының карсылығына душар  болды.  Ресей  үшін  ете  тиімді
Пекин шартын іске асыруды  Үндістан  мен  Кашмир  арқылы  Батыс  Қытайға  өз
ыкпалын таратуға тырыскан Ұлыбри-танияның өрекеттері де киындата түсті.  Сол
кезге карай-ақ ағылшын барлаушылары Жаркент пен Қашғарға  еніп  алып,  Батыс
Қытайға апаратын тау жолдарын мұқият зерттеді.  Шыңжаң  мен  Орталық  Азияда
жергілікті шенеуніктер арасында Ресейге  карсы  белсенді  насихат  жүргізді.
Сондык-тан  Ресейдің  орталық  ведомстволары   мен   жергілікті   жерлердегі
өкімшілік органдарында Шыңжанды «ашудан» елге келтірілетін  экономикалықпай-
даның  әр  түрлі  жоспарлары   Қоқанға   соғыс   шабуылын   жасаумен   тығыз
ұштастырылды.
     Алайда А.М.Горчаков басшылықжасаған Сырткы істер министрлігі бастапқыда
әскери  күш  қолдануға  карсы  болды,  бұл  орайда   мүның   өзі   Англиямен
қатынастардың одан әрі шиеленісуіне әкеп соғады деп санады,  сондыктан  жаңа
аумақтарды күштеп косып алудан тартынуды ұсынды.1861 жылы елдің  кәсіпкерлер
тобымен тығыз байланысты Д.А.Милютин басқарған Әскери министрлік  Орта  Азия
мәселесі бойынша карама-карсы көзқарас білдірді.
     мақсатты көздеді, ол содан кейінгі  бес  жыл  ішінде  Орталық  Азиядағы
соғыс қимылдарының бүкіл барысына катты  ықпал  жасады.  Әскери  отрядтардың
бастықтары өздері  мүлде  күтпеген  жағдайда  зерттеліп  отырған  аудандарда
Қокан  әскерлері  тарапынан  азды-көпті  күшті  немесе  ұйымдасқан  карсылық
кездестірмеді. Жұмағал және  Құрткдбекіністерінің  гарнизондары  Проценконын
отрядына  іс  жүзінде  бірде-бір  ок  атпай   берілді.   Черняевтің   отряды
оңтүстікке беттегені туралы хабар алынғаннан кейін  Созакта  Қоқан  билігіне
карсы көтеріліс тұтанды.  Осы  кішкене  калашықтың  халкы  Қоқан  гарнизонын
каруын тастауға мөжбүр етті және өзінің Ресей  бодандығын  алғысы  келетінін
жариялады
     Созақ және Шолаққорған төңірегінде  көшіп  жүрген  бестаңбалы  руы  мен
Қоңырат бірлестігінің казақтары солардан  үлгі  алып,  9  мың  отбасы  Ресей
империясының бодандығына өтті. Көшпелілердің  орыс  өкімет  орындары  жағына
шығуына итермелеген негізгі себеп патша  отрядтары  келгенге  дейін  жакында
жатқан ауылдарға Коқан коменданттары жасаған сансыз  көп  тонаушылықтар  мен
зорлық-зомбылық негізгі себеп болды. Мұндай шапқыншылықтарды  ұйымдастыруда,
Қоқан шенеунігі және сарай маңыныңтарихшысы Нияз Мұхаммед  Хукандидің  айтуы
бойынша, түркістан бегі  Мырза  Дәулет  ерекше  көзге  түскен,  «Түркістанда
тонаушылар тобын жинап, кала теңірегіндегі ауылдарды талап-тонаған».
     2.Ұлы  жүз  қазақтарының  Ресейге  таралуы.  Ресейдің  жалпы   Оңтүстік
Казақстанға әскери экспансиясы, өсіресе Ақмешітті, Түркістанды,  Әулиеатаны,
Шымкентті және басқа да Кокан бекіністерін корғаушыларды  талқандауы  ерекше
қатыгездікпен  және   әскери   түрғыдан   ақтауға   болмайтын   әрекеттермен
жүргізілгенін ерекше атап  өту  қажет.  Балшықтан  соғылған  дуалы  бар  бұл
бекіністердіңтиісті  фортифика-циялық  кұрылыстары   болмады,   ал   олардың
негізінен алғанда бейбіт тұрғындардан тұратын корғаушылары нашар  қаруланған
еді. Американ саясатшысы Юджин Скайлердіңайтуына қарағанда,  Акмешітті  орыс
артиллериясы 25 күн бойы  аткылаған,  соның  салдарынан  қатты  бұліншілікке
ұшыраған олар жеңімпаздың рақымшылығына бағынуға  өзір  болған,  бұл  туралы
оның қорғ-аушылары генерал Перовскийге тиісті хат жіберген. Перовский  бұған
карамастан «азын-аулақ болса да кайткенмен  даңққа  бөленгісі  келіп,  хатты
отқа тастаған да, елшіге: «Біз бекіністі шабуыл жасап аламыз», —  деп  жауап
қайтарды. Ол келесі күні таңертен. солай істеді».
     Түркістанға шабуыл кезінде оны да қатты қиратып күшті өрт шығарған орыс
әскерлері жергілікті  тұрғындарды  үрейлендіру  үшін  ғана  Мекеден  кейінгі
мұсылмандардың екінші  касиетті  орны  —  Кожа  Ахмет  Йасауи  кесенесін  де
артиллериядан атқылаған. Кесенеге 12 снаряд атылып, олардың  11-і  оның  ка-
бырғасын тесіп өткен. М.А.Терентьевтің  көрсеткеніндей,  олар  «әулиеніңдәр-
менсіз сәтін көрсетіп, содан тұрғындар қобалжи бастаған».
     Шымкент халкы одан да мейірімсіз, ал ең бастысы әскери тұрғыдан актауға
болмайтын зорлық-зомбылық пен талап-тонауға ұшыратылды.  Полковник  Лерхенің
және Шымкент үшін шайкастарға катысқан  баскд  да  орыс  офицерлерінің  еске
алғанындай, оған шабуыл жасаудың нәтижелерінде сүмдық көрініс болған:  «Биік
бекініс каклаларыныңтең жарымына дейін  жаралылар  үйіліп  жатты.  Осы  тірі
тоскдуылға артиллерия ок, атқаннан кейін іргесіндегі арықка қан судай  акты,
үрейі үшқан қокандыктар, көзге түсіп  қалмау  үшін  қызыл  әскери  киімдерін
лақтырып тастап, тым-тырақай жан сауғалады. Еліріп  алған  Ресей  солдаттары
бүкіл қаланы найзамен тінтіп шықты». «Байырғы  халық  деректерінің»  айтуына
карағанда, бұл  қаланы  қорғауда  қаза  тапкандар  саны  3170  адамға  дейін
жеткен», яғни 1862-64 жылдардағы бүкіл Түркістан науқаны кезінде  қазатапкан
Қоқан  жауынгерлерініңжалпы  санынан  едөуір   асып   түскен.   Деректемелер
Әулиеата мен Шымкент  алынғаннан  кейін  де  орыс  әскерлерінің  жүгенсіздік
жасағанын көрсетеді.
     Замандастарының айтуынша  Ш.  Уәлихановтың  Черняевтен  кетіп  қа-луына
патша   генералдарының   нақ   осындай   әрекеттері   себеп   болған.   Онын
ғүмырнамашыларының  бірі  былай  деп  жазған:  «орыс   әскерлерінің   Шо-қан
діндестеріне немесе оның тайпаластарына, яғни қазақтарға  жасаған  айуандығы
оны катты ренжітті. Ол жорыкқа  ендігі  жерде  қатыса  алмай-тындығын  көріп
Черняевтен қол үзді және Верныйға жетіп, ол жерден Тезек  сұлтанның  ауылына
барды».
     Сайрам каласы да күйінішті жағдайға үшырады, оның  түрғындарын  Черняев
отрядының орыс әскерлері жем сатып алу кезінде  «6  түйесімен  коса  төменгі
шенді адамдардың бірін» қолға түсірді деп айыптады.  Сайрамға  60  казактан,
48 салт атты аткыштардан  және  1  мың  казақтан  тұратын  отряд  жіберілді.
Артиллериядан оқжаудырып, басып  алынғаннан  кейін  қалатамтығы  қалдырылмай
тоналды, тұрғындардан елуден астам адам қаза тапты  және  одан  үш  есе  көп
адам жараланды. Шамамен алғанда сайрамдықтар  осылай  жазаланды  және  бұлай
жазаланғандар олар ғана емес еді...
       Түркістан  мен  Шымкенттің  алынуымен  Орынбор  және  Сібір   шептері
тұйықталды. Шын мәнінде, Қазақстанның Ресей империясының  күрамына  кіруінің
130 жылдан астам  уакытка  созылған  үзақта  күрделі  үрдісі  осы  оки-ғамен
аякталды.
       Шымкент алынғаннан кейін  Ресей  үкіметінде  Орталық  Азияға  катысты
бұдан  былайғы  әскери  және  саяси  шаралар  женіндегі  алауыздык  кайтадан
күшейді.  Континенттегі  халықаралықжағдайдың   қиындығын   ескере   отырып,
А.М.Горчаков Ресейдің Орта Шығыстағы  біртұтас  саяси  бағытын  жасау  кажет
деген сенімге келді. 1864 жылдың карашасында  Әскери  министрлікпен  бірлесе
отырып, Сырты істер министрлігі патшаға  арнаулы  баяндама  дайындады,  онда
Орта Азия аймағындағы іс-қимылдардың нақты бағдарламасы баяндалды.
       Патша үкіметінің Орталық Азиядағы экспансиялық саясатын ақтай  келіп,
патшаның  екі  министрі  де  оның  сипатын  Ресей   билігіндегі   аумактарға
көшпелілердің шабуыл жасауынан  елдің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  ба-
ғытгалған «корғаныс» сипатында болды деп  аныктады.  Сонымен  бірге  баянда-
мада басып алынған шептерде Ресейдің тұрактылығын нығайту, одан әрі  жау-лап
алудан бас тарту, ортаазиялық билеушілерімен адал қатынастарды сақ-тау  және
оларға орыстар тарапынан «адамгершілік  ықпал  жасауды»  күшейту  кажетдеген
пайымдау  айтылды.  «Қазіргі  уакытта,—деп  көрсетті  А.М.Горчаков,  -  Орта
Азиядағы біздің  иеліктерімізді  одан  әрі  ұлғайтуға  үкімет  адамдары  да,
мемлекеттің мүдделері де  келіспейді.  Жаңадан  жаулап  алудың  кез  келгені
біздің шекараларымыздың ұзындығын арттыра  отырып...  Ресейді  кү-шейтпегені
былай түрсын, кайта әлсіретеді, сөйтіп көріне келтірілетін  зиян-ның  орнына
болжалды пайда ғана алмақпыз». 1864 жылғы 21 кдрашада патша  екі  министрдің
жоспарын  бекітіп,  ол  Орта  Азия  мөселесі  бойынша  үкіметгік  бағдарлама
маңызына ие болды. Алайда кейіннен Орынбор мен Омбыдағы  әскери  топтар  мен
жергілікті өкімшілік ұйымдар «Петербург  Кабинетінің  үнсіз  келісуімен  бұл
бағдарламаны талай рет бұзды».
       А.М.Горчаковтың белгілі меморандумы жарияланғаннан  кейін  жарты  жыл
өткен соң-ақ Казақстанныңоңтүстігінде жаңадан құрылған Түркістан  облы-сының
әскери губернаторы генерал-майор М.Г.Черняев  Қоқан  мен  Бұхара  арасындағы
Ташкентгі иелену кұқығы жөніндегі жанжалдың  шиеленісуін  пай-даланып,  1865
жылдың маусымында осы калаға шабуыл жасап (1950 орыс  солдаты  мен  офицері,
400 қазақ сарбаздары) оны кыска уақыттың ішінде басып алды."
       1866  жылдың  жазында  Петербургте  Ташкентгің  болашақтағы  кұкықтык
мөртебесі туралы болған кыска  айтыстардан  кейін  II  Александр  оны  Ресей
құрамына қосу  туралы  жарлық  шығарды.  Бір  жыл  өткен  соң,  1867  жылдың
маусымында   орталығы   Ташкентқаласында   болатын   Түркістан   генерал-гу-
бернаторлыган қүру туралы заңжарияланды. Оған жаңадан қүрылган  Жетісу  және
Сырдария облыстары кірді.
       Оңтүстік  Қазақстанға  Ресей  мемлекеттік-өкімшілікжүйесініңтаралуына
байланысты  оның  орасан  зор  полиэтникалық  империяның  құрамына   қосылуы
рәсімделді. Сол кезден бастап Қазақстан ұзақ  уақыт  бойы  Ресейдің  отарлық
шет аймағына айналдырылды.
       3. Перовскийдің жорығы. 1848-1853 жылдарда Орта Азияны  жаулап  алуға
дайындала отырып, патша өкіметі  Орталық  Азия  аймағында  тұңғыш  рет  Арал
теңізінде әскери флотилия құрады. 1847 жылы «Николай»  және  «Михаил»  деген
екі мачталы шхуна  суға  түсірілді,  ал  1848  жылы  Орынборда  «Константин»
кемесі жасалып,  ол  теңізге  бөлшектеліп  әкелінді  де,  Райым  бекінісінде
құрастырылды.  1852-53   жылдарда   тапсырыс   бойынша   Швецияда   жасалған
«Пероиский» және «Обручев» әскери пароходтары  жеткізілді.  Екі  корабль  де
1853 жылы Коқанның Ақмешіт бекінісіне шабуыл жасау мен оны алуға катысты.
       Кіші  жүзді  билеуші,  өзіне  адал  сұлтандардың  ордалары  да  патша
өкіметінің даладағы әскери тірек пункттері болды, оларға  полициялык  кызмет
атқару  және  отбасы  мүшелерімен  қоса  сұлтандардың  өздерін  күзету  үшін
офицері бар екі-үш жүз қазақ берілді. Бұл козғалысқа жеңіл  казак  отрядтары
Сыртқы  істер  министрлігі  Азия  департаментінің  1825  жылғы   5  және  17
каңтардағы,  1827  жылғы  2  шілдедегі  шешімдерімен  кұрылды  және  арнаулы
нұсқаулар негізінде қимыл жасады.
       Кіші жүздің үш бөлігін билеуші сұлтандардың қарамағында  жаз  Кезінде
100-200 казак, қыс кезінде бір офицер, бір урядник және 20 казакболды.
       Патшалық Ресейдің әскери  жағынан  күшейгені  соншалық,  стратегиялық
міндеттерді шешуге кірісті. Мәселен,  1839-1840  жылдарда  Орынбор  генерал-
губернаторы  Перовский  Хиуаны   жаулап   алу   мақсатымен   жорық   жасады.
Экспедициялық  корпустың  құрамына  2,4,6-шептік  Орынбор  бтальондары,   1-
батальонның екі ротасы, полковник Бизянов  командалық  ететін  4-Орал  қазақ
полкі мен әскери старшина Назаровтың 5-Орал  қазақ  полкі,  1-Орынбор  қазақ
полкі, сондай-ақ Кіші жүздің батыс бөлігінің  билеуші  сұлтаны  подполковник
Баймағамбет Айшуақовтың 250 жігіті енді. Отрядтың артиллериялық  қару-жарағы
күшті еді, онда: 12фунттық  екі  шойын  және  6  фунттық  екі  зеңбірек,  ат
жегілетін 14 пұттық екі және таулы жерге  арналған  3  фунттык  сегіз  жеңіл
зеңбірек, 6 фунттық алты мортир, екі шойын фальконет, барлығы  22  зеңбірек,
сондай-ақ бірнеше қондырғылы зымырандар болды. Маршруттың жолында алдын  ала
азық-түлік және жем коры бар Жем және Ақбұлақ бекіністері салынды. Алайда  5
мыңнан астам солдат қатысқан осындай орасан зор әскери шара ұзаққа  созылған
қысқы жорық жағдайларын білмеу себепті мүлде сәтсіз аяқталды. 1839 жылғы  14
карашада жолға шыққан отряд хиуалықтармен шайқастарға  дейін-ақ  жол-жөнекей
мың солдатынан айырылып,  1840жылғы  14  сәуірде  Орынборға  қайтуға  мәжбүр
болды.
        4.Қоқан  хандығының   жойылуы.  Хиуаның  тізе  бүгуі.  XІX  ғасырдың
бірінші жартысында  Қазақстанның  Ресейге  бағына  қоймаған  жерлерін  Қоқан
феодалдары басып алып, отаршылдық саясат жүргізді. Қоқан ханы Әлімнің (1800-
1809) кезінде Сайрам, Шымкент қалалары мен олардың төңірегіндегі  біраз  жер
басып алынса, Әлімнің мирасқоры Омар ханның (1809-1822) кезінде  қоқандықтар
қазақ хандарының ескі  астанасы  Түркістан  қаласын  өздеріне  қаратты.  Осы
кезден олардың Сырдария бойына, солтүстік-батысқа  және  солтүстік  шығыстың
Іле аймағына дейінгі қазақ даласының кең байтақ жерін басып  алуға  ұмтылысы
басталады. «1814 жылы өздерінің  иеліктерін кеңейту  мақсатында  қоқандықтар
Сырдарияның  төменгі  ағысына  қарай  жылжи  отырып  жергілікті  қазақтардың
тіршілігіне қол сұғып, олардан зекет, үшір талап ете бастайды» –  деп  жазды
кезінде А.И.Макшеев.
       Қоқандықтар   Сырдария   бойына   Жаңақорған,   Жөлек,   Күмісқорған,
Шымқорған, Қосқорған және басқа да бекіністер салды. 1817  жылы  Сырдың  сол
жағында Ақмешіттің құрылысын бастап, келесі жылы оны  дарияның  оң  жағасына
көшірді. Сыр бойының қонысына  үйренген  қазақтар  оны  тастап  кете  алмай,
Қоқан бектеріне жылына әр киіз үй 6  қой,  24  қап  көмір,  4  өгіз  теңімен
сексеуіл, 1000 бау қамыс  төледі,  ал  диқаншылардан  егіннің  [pic]  бөлігі
алынды. Сонымен қатар қазақтар мынадай алым-салықтар түрлерін де төледі:  ай
сайын әр киіз үй бір адамнан, бір аптаға Қоқан бектері мен  байларының  бау-
бақшасын және егістіктерін өңдеу үшін  беріп  отырды  және  олар  қазақтарды
жылына алты рет қамалдағы жұмыстарға салып, атқоралар мен  егістік  жерлерді
тазалауға мәжбүрледі. Қару ұстай алатын  әрбір  қазақ  әскери  жорық  болған
жағдайда жорықтың аяғына дейін қажеттіліктермен қызмет  істеу  керек  болды.
Алым-салықтар төлемеген жағдайда қазақ ауылдары талқандалды.
       Қоқан хандығының оңтүстік  және  Сыр  бойы  қазақтарын  бағындырудағы
нәтижесі феодалдық әлеуметтік-экономикалық  құрылыс  үстем  етуші  феодалдық
институттарды кеңейту еді,  бірақ  патриархалдық-рулық  құрылыс  та  маңызын
жоймады.
       Қоқан хандығының әлеуметтік-экономикалық қатынасының ықпалымен  қазақ
қоғамында   феодалдану   процесі   жүрді.   Бірақ   қазақтардағы    қоғамдық
қатынастарының сипаты патиархалды-феодалдық негізде  қала  берді,  экономика
мен тұрмыста бұрынғы рулық тайпалық  дәстүрлер  сақталынды.  Қазақтардың  үй
кәсіпшілігі баяу дамыды және дербес  қолөнер  өндірісі  дәрежесіне  жетпеді.
Сауда формасы болып бұрыннан  қалыптасқан  тауар-айырбас  түрі  қала  берді.
Қазақ қоғамының рулық-тайпалық  құрылымы  сақтала  берді,  бірақ  туысқандық
байланыстар территориялық шаруашылық  байланыстарға  орын  берді.  Феодалдық
қарым-қатынастармен асқынған рулық  тайпалық  құрылым  рулық-тайпалық  күрес
формасындағы феодалдық өзара соғыстарды тудырды.
       Қоқан хандығы қазақтармен қатынаста тек  шаруашылық  емес,  феодалдық
үстемдік  пен  хандардың  деспоттық  билігін  сақтауға  бағытталған   әскери
отарлау саясатын жүргізді. Сыр  бойындағы  территориялардағы  бекіністердегі
қоқандық коменданттар салықтың және әскери-полицейлік  қызметтерді  атқарды,
тек  кейбір  кездері  қазақ  феодалдарының  жергілікті  өзін-өзі  басқаруына
араласты.
       Қоқанға отарлық тәуелділікке тап болған қазақ халқы  қатаң  феодалдық
хандық езгіні бастарынан кешті. Сыртқы қарапайымдылығына қарай салық  жүйесі
жақсы дамыды.
       Барлық  шаруашылық  процестер   мен   қоғамның   өндіріс   өнімдеріне
азаматтардың құқықтық талаптарға жылжитын және жылжымайтын мүліктерге  салық
салынды. Қанаушылық үш формада жүрді: натуралдық, ақшалай, еңбектік.  Заңмен
бекітілген салықтармен заңдастырылған, дәстүрлі алым-салықтар  еңбекшілердің
мойнына ілінді, сол  уақытта  қазақ  феодалдары  сияқты  билік  басындағылар
салықтық иммунитет пен басқа да жеңілдіктерді пайдаланды.
       Сонымен  қатар  Қоқан  хандығының  қазақтарды   бағындыруы,   бірінші
кезекте,   қауымдардың   пайдалануындағы   біржақты   қазақ   ақсүйектерінің
иелігінде болған қазақ жерлеріне салық салу арқылы  иеленуді  көрсетті.  Сол
уақыттағы қазақтарға Қоқан хандығының үстемдігінің орнауы  шаруалардың  ғана
емес,  жергілікті  халықтардың   да   жағдайының   өзгеруіне   әкеп   соқты.
Феодалдардың жерді иелену құқығы сақталғанмен меншікке  жоғары  құқық  қазақ
феодалдарынан ханға өтіп, рента мен салықтық иммунитет тек  хандық  билікпен
шектелді.  Бірақ  үстемдік  етуші  феодалдық  таптардың   өзінің   саясатына
сүйенген  хандар  олармен  кірістерін  бөлісуге,  феодалдарға  рентаның  бір
бөлігін беруге мәжбүр болды. Қоқан хандығындағы қазақ феодалдарының  жағдайы
табысты   болмады.   Олардың   саясаты   әлеуметтік-экономикалық   құрылысты
өзгертуге және шаруалардың жағдайын жақсартуға бағытталмады, тек  хандықтағы
саясатқа толық та белсенді қатысу құқығы үшін, өз халқын тонауда  көп  пайда
табу үшін жүргізілді.
       Қазақ және  өзбек  еңбекшілерінің  шаруашылық  байланыстары  бұл  екі
туысқан халықтардың  жақындасуына  көмектессе,  онда  салықтық  езгі,  қазақ
халқын аяусыз тонау оның келешектегі шаруашылықтың дамуын тежеді.
       Қазақ қоғамының  таптық  дифференциясы  анық  байқалды,  бірақ  қауым
немесе ауыл  тұрмысында  ол  рулық-патриархалды  сарқыншақтармен  жасырынды.
Мұның барлығы еңбекшілердің әлеуметтік наразылығын  білдіру  формасына  ізін
қалдырды.
       Халықтардың негізгі  ашу-ызасы  хандық  феодалдық  деспот  пен  салық
қысымына қарсы бағытталды.  Қазақ  феодалдары  көп  ретте  халықтардың  ашық
наразылықтарын пайдаланды. Көтерілісшілердің қозғаушы күші  қарапайым  халық
болғандықтан оның табыстарын бірінші кезекте феодалдар пайдалануға тырысты.
       Шаруалардың ұйымдаспаған стихиялы көтерілістері, сол уақыттағы таптық
сана-сезімнің  әлсіздігі  салықтық  езгі  мен  деспотизмнің  жойылуына  және
халықты жеңіліске әкелмеді. Хан әскерлеріне  тойтарыс  бергенмен  еңбекшілер
нәтижесінде жеңіліс тауып, көтеріліс басшылығын  өз  қолдарына  алып  қойған
феодалдар жеңетін.
       Сол кездегі халық бұқарасының қозғалысы әлеуметтік жағдайды түбірімен
өзгерте алмады және саяси, экономикалық қайта  құруға  әкеп  соқпады.  Бірақ
күрестердің нәтижесінде әлеуметтік наразылық білдіру тәжірибесі  жинақталып,
қысымшылық көрген қазақ еңбекшілерінің таптық ынтымақтастығын туғызды.
       Қоқан хандығының Оңтүстік Қазақстандағы  отарлау  саясатын  Ресей  өз
көзімен көре тұрса да, қол астындағы қазақ халқына  көмек  беруге  асықпады,
өйткені халықаралық жағдай өте  ауыр  екенін  түсіне  отырып,  дипломатиялық
жолмен шешуді көздеді. ХІХ  ғасырдың  50-жылдарына  дейінгі  аралықта  Ресей
империясы Қоқан хандығымен сауда-саттық, экономикалық байланысты болса,  50-
60  жылдардан  кейін  Ресей-Қоқан  қатынасы  әскери-саяси  факторларға   аяқ
басады.
       Қоқан хандығындағы ішкі  қайшылықтар,  әлеуметтік  таптық  және  ұлт-
азаттық күрестер Қоқан хандығының құлауына әкеп соқтырды.  Қоқан  хандығының
қанаушылық  саясаты  Ресей  империясының   “Шығыс   саясатын   құтқарушылар”
есебінде көрінді.
             5.Арал бойы  қазақтарының  Хиуалықтар мен Ресей  басқыншыларына
 қарсы
             күресі.Қоқан, Хиуа хандықтары сияқты сыртқы  жаулардың  дүркін-
дүркін шабуылынан өз ішінде болып тұратын руаралық  талас-тартыстардан  Сыр,
Арал бойындағы  қазақтардың  қалың  бұқарасы  әбден  қажыды.  Олар  тыныштық
өмірді  аңсады  және  сол  бейбіт  өмірді  Ресей  ғана  әкеледі  деп  сенді.
Сондықтан қазақтар Сыр бойына келген орыс әскерлері мен қоныс  аударушыларды
шын достық пейілмен қарсы алды. Бұл  сыртқы  және  ішкі  саяси  экономикалық
қайшылықтардан туған қажеттілік  еді.  Жанқожаның  және  оның  айналасындағы
қазақтардың  мұндай  достық  ықыласы  жөнінде   орыс   офицерлері:   «Қоқан,
хиуалықтарды қырғыздардың қас  жауы  деп  есептейтін  Жанқожа  біздің  Сырға
қоныс тепкен кезімізде  ең  бір  табиғи  сенімді,  өте  қажетті  одақтасымыз
болды» деп жазды.
       1849 жылдан бастап Хиуа тарапынан болатын  шабуылдар  тоқтай  бастады
да, бірақ Қоқан тарапынан төнген қауіп күшейе түсті.  1849  жылы  5  мамырда
старшындар  Сұлтанмұрат  Мамаев  пен  Жұбат  Байсуовтың  айтқан  мәліметтері
бойынша қоқандықтар найзамен, қылышпен, мылтықпен қаруланып  шөмекей  руының
Сарықасқа бөлімінің  ауылдарын  талқандап  15000  қойды,  2000  түйені,  500
жылқыны айдап әкетіп, барлық мүліктерін, 52 қызды алып кетеді.1850  жылы  16
ақпанда өзбек пен қоқан  қазақтарынан  тұратын  Қоқан  отряды  Қоқан  ханына
салық төлемегені үшін Сырдария өзенінің оң жағасында  көшіп  жүрген  шөмекей
руы қазақтарының 20 ауылын талқандап, 5 еркек пен 1  әйелді  өлтіріп,  25000
қой мен 1000 жылқы айдап кетеді. Тоналған ауылдар Қарақұм мен Ырғызға,  яғни
Қазақстандағы Ресей территориясына  көшті.  1850  жылы  қазақтар  50000  бас
малынан айрылған. 1851  жылы  қоқандықтар  жоғарыда  көрсетілген  көп  малды
айдап әкеткен.  Бұған  шыдамаған  сұлтан  Алтынғазы  Нұрымов  өзінің  аулына
келген қоқандық қазақтарды ескертті. Өз кезегінде Алтынғазы сұлтан  жоғарыда
айтылған  барымта  үшін  қоқандықтардың  көмегімен  араздасушы   қазақтармен
талқандалып тоналды. Бұл іске Жанқожа қатысты. Ол өзі үшін сол кезде  Аралда
100 казак пен 30 адамнан  тұратын  жаяу  әскер  бекінген  Райым  бекінісінің
комендантынан көмек сұрайды. Комендант қауіптің барын көріп, яғни өз  жағына
қабылдауға  мәжбүр  болып,  бекіністен  көмек  беруге  шығатынын   білдірді.
Жанқожа  орыстармен  бірге  өзінің  ескі  жаулары   қоқандықтарды   өлтіріп,
Қышқорған  бекінісіне  жылжып,  оны  басып  алып,  қазақтарды  ауыр  езгіден
уақытша босатып, атын Ақмешітке дейін таратады. 1851 жылы  көктемде  генерал
Обручев аймақты басқаруда генерал-адъютант  Перовскиймен  ауыстырылды.  1851
жылы 29 мамырда Перовскийдің  аймақты  басқаруға  келісуі,  орыс  үкіметінің
Орта  Азия  бағытындағы  саясатының  қол  жеткен  нәтижесінің  дәлелі  болып
табылады. Ішкі саясаттың негізі өзгеріссіз қалды, оның  пікірінше,  қазақтар
бізге көшпелі халық ретінде керек, олардың отырықшылыққа  көшуі  Ресей  үшін
зиянды.
       Обручев Жанқожаны марапаттаған болатын,  ал  жаңа  губернатор  өзінің
оған мұқтаж еместігін және даланы сұлтан-билеушілермен  басқара  алатындығын
көрсеткісі  келді.  Бірақ  Жанқожа  әр  түрлі  амалдармен  қабылдамады.  Осы
жағдайға байланысты губернатор  оны  қазақтарды  басқару  құқығынан  айырды,
содан соң бұйрықпен есауыл атағын алды. Осы  әрекеттері  арқылы  ол  сенімді
бағыныштыдан   ашық   жауды   жасады.   Бұған   қоса   батырдың    Перовский
мейірбандығына  кірген  Ермұхамед  Қасымов   сұлтанмен   рулық   басарыздығы
болатын. Ермұхамед сұлтанды халық «Елікей» деп  атаған.  Бұл  оқиға  жөнінде
нақтырақ айтсақ: «Біз Хиуа ханы тағайындаған  Елікейдің  Сырдағы  қазақтарды
басқарғанын, Жанқожаға қарсы күресінен көреміз. Бірақ Елікей  жаман  хиуалық
билеуші болды. Қуаңдағы (Сырдың жағасы) қазақтарды басқара  отырып,  олардан
және керуендерден көп алым-салық алып отырды.  Мұны  білген  Хиуа  ханы  оны
Хиуаға шақыруға мәжбүр болды.
       Сырды жайлаған  орыс  шенеуніктерінің,  Арал  бекінісінің  коменданты
Энгман мен сыртқы істер министрі  Осмоловскийдің алдауға түспейтінін  біліп,
ол Хиуаға жақындайды. Ал Хиуа ханы болса, оған көмектесемін  деген  желеумен
отбасын босатады. Ханның аяқ астынан жұмсақ болуының себебі  осы.  Елікейдің
қысымы Энгманды оларға қарсы шаралар қолдануға мәжбүр етті, бірақ  Перовский
алдында шекаралық комиссияның төрағасы  генерал-майор  Ладыжинский  сұлтанды
жақтады. Осы уақыттан бастап Елекей жазасыз Сырда билігін жүргізе берді.
       Райым бекісінісінің бастығының міндетін  атқарушы  майор  Дамис  1850
жылы 26 тамызда Қоқан иелігіндегі қазақтар Қазалы,  Арықбұлақ  төңірегіндегі
елдерді шауып кеткені туралы мәлімет алып,  жүздеген  әскер,  зеңбіректермен
қаруланып, Қараөзек пен Жамандария арасындағы  «Қос  қорған»  бекінісіне  8-
қыркүйекте шабуыл  жасап, басып алады. Бекініс  бастығы  мырза  Райым  қолға
түседі. «Жауап алу  кезінде  мырза  Райым  қазақтардың  тонаушылық  соғысына
қатыспағанын,  бірақ  бұл  шапқыншылықты  Қоқан  хандығы  иелігіндегі  Табын
руының батыры Байқадамды өлтіргені үшін,  шектілерден  кек  алу  мақсатымен,
400 қазақ пен 10 қоқандықты ертіп Ақмешіт  маңында  көшіп  жүретін  Бұхарбай
батыр жасағанын айтты».
       Осы жылдары кезекпен барымталасқан шапқыншылық екі жақтан  да  жиілеп
кеткен еді.
       Қазақтардың ауылдарын шауып, кейін оралған қарақшылар тобырын  келесі
күні орыстар  қуып  жетіп,  100  қоқандық  пен  3  хиуалықты  өлтіреді  және
көптеген адам жараланды. Өлгендердің ішінде  Қосқорған  бекінісінің  бастығы
Чунук-Чукмардың (Шонық-Шоқпар)  денесі  ұрыс  даласында  қалды.  Бұл  ұрыста
белгілі батыр Байқадамның  інісі,  қазақтардың  басшысы  Бұхарбай  Ағайдаров
(әкесінің аты қате кетуі мүмкін) ауыр жараланады.
       … Ақмешіттің салысымен  дарияны  қуалап  төмен  кеткен,  хиуалықтарды
паналап, бұлардың қысымымен қашқан қазақтар мен қарақалпақтардың егін  егіп,
мал өсіріп өмір  сүру  мүмкіндігінен  айыру,  сөйтіп  өздерінің  қол  астына
қайтаруға мәжбүр ету  мақсатымен  қоқандықтар  Жаңадарияны  байлап  тастады.
Хиуалықтарға бұл шара  қатты  батып,  реті  келген  жағдайларда  олар  Қоқан
ханынан бөгетті бұзу жөнінде сұрау салды, бірақ бұл өтініштері үнемі  аяқсыз
қалды.
       «…Сандыққорған құландысы жанындағы 1852 жылы  қазақ  батыры  Бұхарбай
бұзған бөгетті 1853 жылдың  қазанында  Сырдың  суын  көтеріп,  кеме  жүздіру
мақсатымен Жаңадарияға  жібермей,  қайтадан  қалпына  келтірдік,  бірақ  көп
ұзамай судың қысымы бөгетті қуып кетті».
       Сонымен Бұхарбай батыр енді қайтап оралып,  Қоқан  иелігіндегі  жерге
шабуыл жасады. Халықтың ойынан табылып, жаудың сағын  сындырып,  Қарабөгетті
бұзды.  Әрине,  батырдың  бұл  әрекеті  жау  тарапынан  жазасыз   кетпейтіні
түсінікті еді.  Ақмешіт  бегі  Жақыпбек  Хазірет  (Түркістан  болуы  мүмкін)
қаласына адам шаптырып, Бұхарбаймен шайқасуға  рұқсат  сұрайды,  бірақ  қала
бастығы Нұрмұхаммед Бұхарбайды орыстар жұмсап отыр деген оймен  оған  тоқтау
айтады. Хазірет қаласының бастығы осы мәліметті  алған  соң  Ақмешітке  жан-
жақтағы қамалдардан  7  зеңбірек  пен  530  адам  келді.  Ақмешіт  гарнизоны
көбейіп, 1230 адамға  жеткен.  Бұхарбай,  Сейілдің  орыс  иелігіндегі  жерге
өтуін  патша  ұлықтарының  құп  алып,  отаршылдық  саясаттың  алға   басуына
қуанғандарын аңғаруға болады.
       Ілгері  жіберілген  шолғыншы  әскерлер   Сыр   жағасындағы   сексеуіл
тоғайынан  екі  жүздей  қоқандықтарды  кездестіріп,  оларға  қарсы  Бұхарбай
батырмен бірге ат қойып  тұра  ұмтылады.  Тас-талқан  қып  қашырып,  біреуін
жарақаттап, тұтқынға алады. Содан жау туралы Бородинге  хабар  жібереді  де,
әскер келгенше үздіксіз көбейіп келе жатқан  қоқандықтарды,  екі  мәрте  лап
қойғанына қарамастан, шепте ұстап тұрды.  Орталарында  300-дей  сауыт  киген
жауынгерлері  бар  жеті   мыңдай   қоқандықтар   улап-шулап   айқай   салып,
кернейлетіп,  даңғара  қағып,  жаппай  шабуылға  көтерілді,   бірақ   оларды
жақындатып алып картечьпен, мылтықтың оғымен қарсы алып, кейін қарай  ысырып
тастады.
       Ымырыт үйірілгенше  созылған  соғыс  тоқтаған  соң  Бородин  дарияның
жағасына ор қазып, бекініс салды. Ертеңіне  таң  сәріден  қоқандықтар  кейін
шегінді. Ұзақ жылдар Сыр бойы қазақтарын аяусыз  езген  ата  жауды  Бұхарбай
батырлар Желекке дейін  қуып  апарып  тастады.  Жол  бойында  қоқандықтардың
өліктері  мен  көліктері  жайрап  қалды.  Бұл  жеңіс  орыстар  үшін  ауыздан
түспейтін елеулі оқиғаға айналды. Көптеген адамдар  шен-шекпен,  мадақтаулар
алды.
       Бұхарбай батырдың  Құмсауыттағы  ерлігі  орыс  өкіметі  алдында  оның
беделін көтеріп, айбынын асырды. Ақмешіт, Құмсуат шайқастарынан  кейін  оның
орыс өкіметі алдында салмағы арта түсті.
       «Табын руы, оңтаңбалы тармағының биі  Бұхарбай  Естекбаев  батыр  мен
теріс таңбалы тармағынан Сейіл  Байқадамов  өздерінің  ерлігі,  батырлығымен
белгілі болған ордалықтар. Бұхарбайды мен Құмсуат ісі үшін,  оның  да  бұрын
алған күміс медалі болғандықтан, зауряд хорунжий шеніне,  ал  Сейілді  иыққа
асатын Анна лентасы мен күміс медальға лайық деп білемін».
       Қорыта айтқанда, Сырдария  қазақтарының  XІX  ғасырдың  20-50  жылдар
арасындағы Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы  күресі  отаршылдыққа  қарсы  ұлт-
азаттық күрес болып табылады. Бірақ, қалыптасқан  әскери  күшке  ие  болған,
Қоқан және Хиуа хандықтарының күштері басым  еді.  ХІХ  ғасырдың  20-40  жж.
Қазақстанның оңтүстігіне Орта Азия хандықтары  өз  ықпалын  жүргізсе,  кейін
өңірге  орыс  отаршылдығы  жетті.  Алғашында  орыс  әскерлерін   Орта   Азия
хандықтарына қарсы  күресте  өздерінің  қорғаушысы  ретінде  сезінсе,  кейін
аймақта өзінің отаршылдық саясатын  жүргізген  орыс  үкіметіне  қарсы  қазақ
халқы қолына қару алып, қарсы шықты. ХІХ ғасырда  хандық  басқару  жүйесінің
жойылуынан  кейінгі  кезеңде  қазақ  даласында  орыс  отаршылдығының  күшеюі
өлкедегі жағдайды одан сайын шиеленістіре  түсті.  Қазақ  даласында  қанатын
жайып, ішкерілей ене бастаған орыс билігіне мойынсұнбаған  қазақ  сұлтандары
Орта Азия хандықтарының қолдауына арқа сүйеді. Патша үкіметі  болса  әртүрлі
шен-шекпен мен сый-сияпат тарту етіп, ел игілерінің  арасына  араздық  шоғын
тастап,  бір-біріне  айдап  салу  арқылы,  олардың  бірігуіне  жол  бермеуге
тырысты.  Сонымен бірге орыс үкіметі  оңтүстікті  отарлауда,  Сыр  бойындағы
халықтың Хиуа және Қоқан хандықтары  ықпалында  болғандығын  өз  мүдделеріне
тиімді  пайдалана  білді.  Ал  керісінше   орыс   жаулап   алушылығының   өз
шекараларына жақындауынан қауіптенген Орта  Азия  хандықтары,  оған  кедергі
жасау мен тоқтату жолында  оңтүстік  өңір  қазақтарын  пайдалануға  ұмтылды.
Сөйтіп, Сыр бойындағы қазақтардың «орыстық» және «хиуалық,  қоқандық»  болып
екіге бөлінуі, бірі  Ресейдің,  екіншісі  Орта  Азия  хандықтарының  билігін
тануына итермеледі. Сонымен екі  жақтан  жасалынған  жаулап  алушылық  қазақ
халқының ұлт-азаттық көтерілістерінің басталуына себеп болды.  ХІХ  ғасырдың
20-60 жылдарының аралығы Қазақстанда Ресей мен Орта Азия хандықтарына  қарсы
ұлт-азаттық көтерілістердің кең құлаш жайған кезеңі болып табылады.
       Сыр  бойындағы  қазақтардың  ұлт-азаттық  күрестері  қанша  кең-құлаш
жайғанмен, отаршылдарды Сырдың  төменгі  жағынан  қуып  шыға  алмады.  Солай
болса да, олар отаршылдықты мойындамады.  Осы  көтерілістің  басшысы  болған
Жанқожа   Нұрмұхаммедұлы   өзінің   асқан   батырлығымен,   халқына    деген
сүйіспеншілігімен,  адалдығымен,  адамгершілік  қасиеттерімен  ел  аузындағы
аңызға айналып, оның есімі ұрпақтар жүрегінде мәңгі сақталып қалды.
                              Бекіту сұрақтары:
            1.Ұлы жүз қазақтары Ресейге қай жылы қосылды?
            2. Перовскийдің жорығы немен аяқталды?
              3.  Арал  бойы   қазақтарына  жүргізілген   Қоқан   хандығының
жорықтары немен аяқталды?
            4.Арал бойы  қазақтарының  Хиуалықтар мен Ресей   басқыншыларына
қарсы   күресі қай жылы басталды?


Дәріс №12 ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан.
       Негізгі  ұғымдар:  «Уақытша  ереже»,   «Сібір   қырғыздары   облысы»,
шаруаларды отарлау, қоныс аудару.
                                   Жоспар:
         1. 1867-1868жж. Қазақстандағы патша үкіметінің реформалары.

         2. Әкімшілік және басқару жүйесінің қайта құру.
         3.Сот құрылысы.
         4. Жетісуға ұйғырлар мен дүгендердің қоныс аударуы.
       Мақсаты: Ресейдің қазақ жерлерін мемлекет меншігі етіп, заң  жариялау
мақсатындағы  реформалар  мәнін  ашу.   Қазақ   даласына   орыс   шаруаларын
қоныстандыру орқылы қазақ даласын отарлауды іске асыру әрекетін ашу.
         1.1867-1868жж.  Қазақстандағы  патша  үкіметінің  реформалары.Қазақ
даласы  әкімшілік  басқарудағы  кезекті  1867-1868  жылдардағы  реформаларын
жүргізуден  бұрын  патша  өкіметі  уақытша   ережені   дайындау   жұмыстарын
жүргізді. Бұл  жөнінде  мұрағат   қорларындағы  деректерде:  «қырғыз  даласы
(мұнан  былай  қазақ  Ө.И.)  Орынбор  және  Сібір  ведмоствасы  екі  жүйемен
басқарылды, бір бірінен айырмашылығы бар.  Бір  халықты  екі  түрлі  жүйемен
басқару. Жартылай  жабайы  тұрғындарда  азаматтықты  және  үкіметтің  түріне
сәйкестендіру түбі бір қолайлы жағдайларға апару мүмкін емес».
                  Жергілікті орындарда әрі  текті  басқару  жүйесін  зерттеу
үшін,  қырғыздардың  (қазақтар  Ө.И..)  келешек  басқару  құрылымының  жалпы
жүйесін бастау мүмкіндігін анықтау үшін 5июньде 1865ж  жоғары  әмір  иесінің
бұйрығы бойынша қазақ даласына ерекше коммисия іс сапарға жіберілген.
       “... 1868ж (Түркістан уалаятындағы қазақтар үшін )  және  1891  жылғы
қазақ елін басқаруға арналған заңдар қазақ  жерін  орыс  меншігі  жариялап,
оған ішкі Ресейден келіп қоныстанушыларға кең жол ашып берді”.
       Қортындылай  отырып,  1822,1824  және  1867-1868жж  реформалар  қазақ
даласының дәстүрлі  әкімшілік  басқару  жүйесін  түпкілікті  бұзды.  Әскери
сипаттағы әкімшілік басқару жүйесін  Ресей  патша  үкіметі  қазақ  даласына
орнатты. Жаңа реформалар облыс  басындағы  әскери  генерал-губернаторлардың
билік басына келуімен қатар әскери округнда билік  жүргізді.  Жаңа  реформа
нәтижесінде қазақ даласында әскери және азаматтық биліктің  бөлінбеуіне  де
өзіндік себебі бар. Отарлық саясатты жүзеге асыру үшін тек қана күш қолдану
арқылы бір сөзбен айтқанда зорлық аппаратынсыз жүзеге  асыруы  мүмкін  емес
еді  .Сондықтан  әскери  билік  басындағы  генерал-губернаторлардың  қолына
облыстың билік тұтқаларын беруінде өзіндік себептері бар еді.
       Қазақ даласында жаңа  реформаға  байланысты  салық  түрі  де  өзгерді
жасақ, түйме, алым- салық. Бұрынғы зекет, соғым салықтарының бәрінің  орнын
ақшалай алынатын салық ауыстырды. Отарлық саяси саясаттың  түпкі  көздегені
экономикалық мүдде  болатын.  Экономикалық  мүдделерін  жүзеге  асыру  алғы
шарттары саясиланған мақсат. Қазақ даласын  жоңғар  шапқыншыларынан  қорғау
мақсатын да көрші елге созған “көмек қолы” ретінде бекіністер  мен  қалалар
салды.Салынған қалалар кейіннен қазақ даласын басқаратын  патша  үкіметінің
әкімшілік  орталығына  айналды.   Кейін   ол   қалалар   Ресей   үкіметінің
экономиколық  пайда   әкелетін   шет   аймақтарындағы   орталықтары   ролін
атқарды.ХІХғ Қазақ даласына темір жол салу  арқылы  қазақ  даласының  Ресей
патша  үкіметінің  қазынасын  еселей  түсетін   өндіріс   салуда   аймағына
айналдырса  өз  кезегінде   қазақ   даласына   капиталистік   қатынастардың
алғышарттықэлементтерін  әкеліп  өндіріс  орындары  ашылды.   Ресей   патша
әкімшілігінің  бақылауына  қараған  қазақ  даласының  экономикасы   да   өз
тәуелсіздігін  жойды.  Көшпелі  экономикалық  мәдениет  өзгерісіне   ұшырай
бастады.
              Қазақстанның жаңа тарихы дәуірі  екі  кезеңнен  қарастырылады.
Бірінші кезең Қазақстан Ресей құрамында XVIIIғ.-  XIXғ.  60  жылдары  1867-
1868 жж. реформаға патша үкіметі мұқият әзірленді, қен байтақ қазақ  даласы
патша үкіметіне онай игерілетін олжа емес екендігін бір  жарым  ғасыр  бойы
қазақ даласын  отарлаудағы  әкімшілік  іс-  тәжірибелерінен  көз  жеткізген
болатын.   Дайындықтардын   бірі   Ресей   жеріндегі    шаруалардың    басы
байлылық(крепостниктік)  құқығын  жою.  Патша  үкіметі   Ресейдегі   бұқара
халықтын езгіге қарсы бас көтеруінен қорккаңдығын оған дәлел Степан  Разин,
Емельян Пугачев т.б. бастаған бұліктерден қорықты.  Оның  үстіне  Ресейдегі
бұқара халықтын езгіге қарсы көтерілісін болдырмау жолдарының қауіпсіздігін
қарастырып  мәселені  жоғарыдан  шешуге  мүдделі  болды.  Патша   үкіметіне
жоғарыдан шаруалардың басыбайлылық құқығын шешуге шешім  қабылдауға  біздің
пікірімізше мынадай себептер  болды.  1.Ресейде  шаруалардың  крепостниктік
құқығын  жою  арқылы  әбден  езілген  қаналған  орыс   шаруалар   бұқарасын
тынышталдыру. 2.Реседе тыныштық орнату  арқылы  өзінің  шет  аймақтарындағы
шаруалар мен Ресей шаруаларының патша үкіметінің езгісіне  қарсы  одақтасып
бас көтеру соғыс қауіпінің  алдын  алу,  бұндай  қауіп  болмай  коймайтынын
Емельян Пугачев көтерілісі қарсанында бас көтерген қазақ шаруаларының  орыс
шаруаларымен біріккені дәлелдеп берді.Емельян  Пугачев  көтерілісі  жеңіліс
тауып басылғанмен қазақ даласындағы патша үкіметінің отарлық езгісіне қарсы
ұлт-азаттық көтерілістер жалғасын тауып жатты.
      3.Ресей жеріндегі  шаруаларды  крепостниктік  құқықтан  босату  арқылы
оларды  отар  аймақтарындағы  “  Жаңа  жерлерге  ”  коныстандырылу   арқылы
өздерінің бұратана халықтардың жерін басып  алып  игеретін  саяси  құралына
айналдыру еді. 4.1857-1858 жж.  Ресейдегі  дворяндық  енгізу  себебі  қазақ
даласы есебінен  шешу  арқылы  Ресейдегі  тұйықка  тірелген  жер  мәселесін
шешудің шешімін табу арқылы екі жақты шиеленіскен саяси  мәселенің  шешімін
тапты.  Екінші кезең Қазақстанның Ресей отарына айналуы 1867  ж  реформадан
1917жылғы революциясына дейін.
               2.  Әкімшілік  және  басқару  жүйесінің  қайта  құру.   Патша
үкіметінің қазақ даласындағы салық саясаты ХIХғ. II жартысы мен ХХ ғасырдың
басында Патша үкіметінің қазақ даласындағы салық саясаты түбегейлі өзгерді.
             Сібір  қырғыздары  журналы  жарғы   бойынша,   Сібір   генерал-
губернаторлығы жасақ салығын Жарғы бойынша Ресейге қазақтар (100 бас малдан
бір бас) жыл сайын тапсыруға міндеттелді. Салық жинау болыстық  сұлтандарға
тапсырылды, орындамаса әкімшілік жазаға тартылатындығы айтылғанмен, Жарғыда
әкімшілік жаза түрі  айтылмаған.  Малдай  жиналған  салық  патша  қазынасын
еселеуге тиімсіз болған. Сондықтан  1867-1868жж.  «Уақытша  ереже»  бойынша
Қазақ даласының барлық облыстарына бірдей шаңырақ салығы салынды.  Ал  Ішкі
Ордасында зекет пен соғым салығы мал басына салынатын салықпен ауыстырылды.
Әрбір шаңырақ –  киіз  үйі,  үй,  сакля,  жертөле  үйлерге  салық  салынып,
тіркеуге алынып  есепке  қойылды.  Қайта  құрылған  Орал,  Торғай,  Ақмола,
Семипалатинск облыстарында Далалық өлкеден мемлекеттік салықты 1869  жылдық
(қаңтардан бастап) әр  үйден  3  рубльден  жылына  бір  рет  жинауға  шешім
қабылданды, салық жинау ауыл ағаманына жүктелді, ояз  кассасына  өткізіліп,
қаржыны өткізгендігі жөнінде түбір тек берілді.
             Салықтан  түскен  қаржының  көп  бөлігін  әскери-демократтық
аппарат армиясының  шығынына  берілді.  Алдағы  уақытта  жиналатын  салық
мөлшерінің  есебімен  оны  жұмсау  жөніндегі  есеп   Ресей   империясының
Мемлекеттік кеңесінің талқыланып бекітуіне берілді.
       Салық жинау мәселесі  қатаң  есепке  алынды.  «Далалық  облыстарды
басқару туралы Уақытша Ереже бойынша», 1868 жылдың  21  қазанынан  бастап
қазақ тұрғындарының кейбір  бөліктеріне  жеңілдіктер  енгізілді.  Шаңырақ
салығынан босатылғандар:
          Хан Айшуақ пен сұлтан Баймұхаммед Айшуақов, Ахмет және  Арсалан
Жантөриндер әулеттерінің отбасы.
         1844ж. Кенесары Қасымұлына қарсы әскери күш  көрсетуге  қатысуда
өлгендер мен жаралғандар  мен  бұрынғы  хан  Уәли  мен  Бөкейдің  тікелей
туыстары кезінде жасақ салығынан босатылғандар салық төлеуден босатылды.
           ХIХғ. II жартысы – ХХғ. басында басталған мемлекеттік салықтан
басқа земстволық салық енгізілді. Уақытша Ереже бойынша 1868  жылы  билет
салығының орнына паспорт салығы салынды. Бұл салық  Ресейде  бар  болатын
көшпенді қазақ  мойнына  көшпенді  жергілікті  басқару  органдарын  ұстау
қаржысын жүктеді.
      1.Салық қазақтардың әлеуметтік тұрмысының нашарлануына әкеп  соқты.
Көшпелі қазақ кедейленіп жатаққа, одан отырықшылыққа,  одан  батырақтыққа
айналды. Осылайша жалданатын кедейлер тобы пайда болды
      2.Отаршылдық  саясаттың   алым-салық   алу   арқылы   қанау   әдісі
заңдастырылып қаржы көзінің жүйелі  патша  қазынасын  еселейтін  қазақтан
жиналатын табыс көзіне айналды. Отаршылдық  жүйенің  қазақ  мойнына  ауыр
алым-салық қамытын кигізді.
      Қазақ даласына қоныстанғандарды 3 түрге бөледі:
      1.Қазақ даласында әскери қызметіінің мерзімін бітіріп,  үлеске  жер
алғандар.
      2. Келімсектер, еркін өмір іздеп бірталай жерді  шарлағандар  Қазақ
даласына келіп тұрақ тапқандар
      3. Кейіннен  Ресейден  тікелей  келген  қоныстанушылар  бір  жерден
екінші жерге қоныс аударып, көпке дейін тұрақтамағандар.
      Сот құрылысы. Қазақ далаларының Ресейге қосылуына байланысты Үкіметті
жаңа жердегі соттық бөлімдерінің құрылысының мәселесі толғандырды.  Себебі
ол халықтың өміріне  араласуымен қатар, тек олардың  жағдайына ықпал жасау
ғана емес, сонымен қатар екі халықты қосуға тырысты.
           Билік ету мақсатына жету үшін  заңды  мәселелерді  терең  зерттеу
қажет. Себебі ол қырғыз далаларының соттарының құрылысына қажет.
           Далаларда ұщқырлы тас өндіру  әдісі  1734  жылы  Статтық  Кеңесші
Кирилловқа оның Кіші Ордаға  шекаралық  істерді  бақылау  үшін  жіберілгенде
берілді.
           Бұл заңдылықтың маңыздылығына қарай келесі қажет:
           «Сотқа және әділ сотқа қатысты  халықтың  әдет-ғұрпын  қадағалау,
халық қалай  және  неге  қуанышқа  бөленеді,  ал  кінәлілерге  айып  салады,
осылайша сотта бекітудің себебі қандай дін және нәсіл  болмасын  әділ  сотқа
ие болады.»
            Осылайша,  Патшайым  Анна  Иоанновнаның  заңдылығының  негізінде
халықтың дәстүрі бойынша соттық істерді қарастыру қырғыздарға тапсырылды.
            1784  жылы  Барон  Игельстремнің  бұрынғы  басшысының  шекаралық
экспедицияға қарамастан Оренбургқа шекаралық сотта істерді талқылау  бойынша
халық соты далада 50 жыл бойы қызмет  істеді.  Бұл  сот  Империяның  заңдары
негізінде шешімдер қабылдады.
           Бұл заңның мақсаты- Орда халықтарының орыстармен жақындасуы  және
істерді тез және дұрыс шешу.
           Тәуелсіз шекаралық сот, кейін II инстанция сотының атағын  алған,
оның аппеляциясы бойынша орданың өзінде  ерекше  жазалау  мақсатқа  қойылды.
Бұны алғашқы уақытқа қырғыздардың өзінен құрып, оларға  рухани  магометандық
заңға хаттанушыны берді.
           Кәдімгі құқықтан сотқа тез  арада  айналу  нәтижесінде  барлығына
бірдей заңдар негізінде қырғыз  халқына  үлкен  әсер  етті:  қырғыздар  орыс
сотынан бас тартты: шекаралық  сотта  қырғыздарға  қатысты  істер  қозғалған
жоқ. Басышылар  мен  әкімшілік  тұлғалар  сот  билігін  өз  қолдарына  алды.
Себебі, сот қызметінің маңызы әлсіреді. Халық басшылардың ықпалынан  қысымға
душар болды.
           Осылайша, сот Империяның жалпы заңдарының негізінде екі  халықтың
бірігуіне емес, керісінше олардың  ыдырауына  әкеліп  соқтырды.  Белгіленген
соттың елдерде жүзеге асуы тәжрибе жүзінде мемлекеттік қате болып саналды.
           Бұл жағдай  Бахметева  жерінің   бұрынғы  басшысын  істің  бұндай
жағдайы туралы  мәлімдеуге  мәжбүр  болды.  Оның  1799  жылғы  25  мамырдағы
рапорты бойынша Шекаралық экспедиция және Шекаралық сот  Шекаралық  Комиссия
деген атпен бір жерде құрылуына ең алдымен мыналар  себеп  болды:  Шекаралық
сот мақсатына жетпейді және қазыналық ақшаның артық жұмсалуы.
           Генерал Бахметевтің жалпыға бірдей заң  негізінде  соттың  далада
қолдануы қолайсыз жайлы арызына қарамастан ол өзі  екі  халықтың  бір  жерге
бірігуіне байланысты пікірдің қателігін түсінді.
           Шекаралық Комиссияның құрылуынан қырғыз  халқа  ешқандай  пайдалы
өзгерістер көрмеді, себебі барлық заңды істер бұрынғы жерде жүзеге асты.
           Осы жағдай негізінде Орынбор  қырғыздарының  даладағы  қызметінің
азаматтық соты келесі екі қызметті жүзеге асырады:
           А) Халықтық сот-  әдет-ғұрып  бойынша  бұл  сотқа  мынадай  істер
жатады,  олардың  ақысы  50  сомнан   кем   емес,   ол   жергілікті   қырғыз
бастықтарының бақылауымен немесе облыс  басқармасының  сөздік  әлемдік  соты
және облыс билігі өндіріледі.
           Б) Формальдық-жалпы мемлекеттік заңдар.
             Сотқа бұл істердің бәрі кіреді. Олардың ақысы 50 сом. Қылмыстық
соттың сол салада 4 түрі бар:
            А) Халықтық сот
                Бұл  сотқа  қырғыздардың  маңызды  емес  қылмыстары  жатқан,
сонымен қатар ұрлықтың 30 сомына дейін кірген
              Ол облыс белгісімен  шығарылады,  жоғарыда  айтылып  өткендей,
азаматтық істерге қатысы болғаны
           Б) Жалпы қылмыстық заңдармен
             Бұл сотқа қырғыздар ұрлық үшін 30 сомнан астам төлеген
           В) Әскери-қылмыстық заңдармен
               Сотқа қырғыздар маңызды қылмыс үшін: кісі өлтіру,  сатқындық,
орыстарды кепілдікке алу, мемлекетке қарсы қылмыс жасау.
               Сот әскери сот комиссиялары қатысуымен өтеді.
           Г) Далалық-қылмыстық заңдармен
               Сотқа мынадай: почтаға немесе әскери көліктерге және көпестер
каравандарына шабуыл жасағанда іс қозғалады.
                Сот әскери со комиссияларымен бірге өтеді. Осыған байланысты
768 бап IIтом II бөлім жарлықтары облыс  Басқару  істері  бойынша  азаматтық
және қылмыстық  істері  Азаматтық  және  Қылмыстық  сот  Палаталарына  билік
жүргізеді. Және оған бағынышты төменгі  сот  орындары  белгіленбеген.  Билік
жүргізу мен бір сатылы сот қырғыздардың істерін жүргізді.
           Жоғары жазылғанның ішіндегі 1844  жылы  ұсынылған  жарғы  бойынша
халықтық сотқа тән болды. Оның ішінде  маңызды  еместері  де  болды.,  бірақ
бүкіл жарлық бойынша азаматтық істер 50 сом және  тонау  30  сом  қыржысында
қаралды. Бірақ бүкіл билердің сөздері облыс Басқармасымен шектеледі. 23  жыл
бойы өмір сүріп, 1844 жылы  жарлық  шекаралық  комиссия  далада  сот  билігі
пайда болды.
           Азаматтық істердің көп бөлігін және  қырғыздар  арасындағы  тонау
істері Облыс Басқармасы би сотына берілген; халыққа  билерді  таңдау  құқығы
берілмейді; жергілікті билік көзі билерді шақырып іс жүргізеді, олар  өздері
қақтығысқа ұшырайды, жергілікті билік, сотқа араласып, өздері соттың  үкімін
өздері өзгертеді.
           Сонымен Сібір даласының заң шығарушы органдары халыққа өз дәстүрі
бойынша сот  жүргізу  құқығын  берді.  Ең  алғаш  қарағанда  халық  өмірімен
байланысқан билер соты елде әділ соттың болуына кепіл болды. Бірақ  та  Граф
Сперанскийді далалардағы сот ісін жүргізу туралы жарлығы кері  әсер  әкелді.
Сібір даласындағы билер соты құлады. Сол кезде халық бұрынғы  ерекше  сыймен
және құрметпен иеленген билерді өкінішпен еске алды.  Бұл  жағдайдың  себебі
Граф  Сперанскийдің  халықтың  құқықтарын   регламенттеу   болды.   Халықтың
өмірімен және ойлау  қабілеттерімен  байланысқанда  ғана  сот  жақсы  нәтиже
беретінін заң шығарушы  түсінді.  Бірақ  та  сот  ісіне  би  сотын  Округтік
Бұйрыққа аппеляцияға  беру  мүмкіндігі  көп  болды.  Округтік  Бұйрыққа  бір
дәрежелі сот пен полиция кірді.  Сонымен  халық  сотының  өз  еркімен  жұмыс
істеуі дұрыс нәтижеге жеткен жоқ. Өйткені билердің барлық үкімдері  қайтадан
шағымға беріле алынды. Халық сотының екпіні 1854 жылы шыққан заң  болды.  Ол
заңдар би атағын кемінде 6 жыл жұмыс істеген сұлтандар мен ауыл  ақсақалдары
ғана алатын еді  және  де  бұл  тұлғалар  қағаздармен  марапатталған  немесе
адамдарды үкіметтік органдарға  жіберген  халықпен  сайланып  және  Округтік
Бұйрықтармен бекітілген болу керек. Сонымен қазіргі уақытта қырғыз  халқының
құрмеиімен иеленген халық соттарының құқықтық мәселерді шешу құқығы  беделді
ортадан шыққан  адамдармен  және  Округтік  Бұйрық  чиновниктеріне  берілді.
Өйткені, мысалы комиссияның мынандай шешіміне әкелді қырғыз даласындағы  сот
құрылымының  негізіне  қырғыз  халқына  жергілікті  дәстүр  бойынша  соттасу
берілу керек еді. Халық сотының үлкеюіне әкелуі мүмкін еді  бірақ  та  толық
құқықты  қырғыздарға  бергенмен  де  үкімет  алдағы  уақытта   халық   сотын
мемлекеттік бірлік  түріндегі  ортақ  сотқа  қосудан  бас  тартпады;  қырғыз
халқындағы  халық  соты,  қырғыздардың  азаматтық  құқығын  Ресейдің   басқа
жерлеріндегі деңгейдегі дәрежеге жеткенше қалу керек. Бұл ойды комиссия  өзі
жобалаған қырғыз халқындағы халық соты туралы қаулысына енгізгісі келді.
            Қазіргі уақытта қырғыздарды орыс ұлтына бұрынғы тәртіп негізінде
бағындыру екі далада мүмкін емес еді комиссия дауларды  аралаған  кезде  сот
құрылымының дұрыс еместігінің  салдарынан  болған  қателіктерді  көрді.  Сол
кезден далалардағы орыс сотынан қырғыздар ғана емес орыстардың  өздері  алыс
болды. Олар  қырғыз  өміріне  шағымданып  қырғыз  билігінен  жерінде  болды.
Төрешілдік істерді жүргізу қиыншылығы негізінде сол өлкенің өмірімен қарама-
қайшы болды. Осының  бәрі  қылмыстық  және  азаматтық  соттар  осы  өлкедегі
біздің беделіміздің құлауымыздың  көзі  болды.  Қырғыздар  бұл  соттық  істі
кінәлілерді жазалау емес оларды жасыратынына сенімді болды.
            Өкінішке  орай  соттың  екі  мағыналы  жағы,  сол   уақытта   ол
территорияларда 2 сот: казак соты және  жалпы  заң  қызметі  болды.  Онда  1
орталыққа бағынған Аймақтық бұйрық және  Облыстық  басқару.  Олар  бір  істі
ғана қарайды. Бұл соттың  екіжақтылығы  біздің  халықаралық  әдет-ғұрпымызға
қайшы келеді. Сібір казак әскерінің  қайта  құрылды.  1861  жылы  бұл  жерде
өздерінің жеке соты болмады және казакткр жалпы  сотқа  бағында.  Екі  жақты
соттың жойылуы өте қажет болды. Орынборлық казак әскері 1865 жылы 5  мамырда
Орынборлық губерния  құрылды.  Ол  жалпы  сотқа  және  әкімшілікке  ешқандай
қиындықсыз бағынды. Жергілікті тұр,ындар жалпы  сотқа  бағында  және  оларды
қайта  құру  қажет  болды.  Оларды  өз   жерлеріне   және   мінезіне   қарап
қоныстандырды, Өйткені басқа жерден келген халыққа  біздің  тұрмысымыз  әсер
етпеді. Ол орыс сотына жүгінсе  де,  орыс  соты  қырғыз  арасындағы  істерді
қырғыз билеріне беру керек болды. Қырғыздарға берілген  құқық  бойынша  олар
орыс сотына ешқандай кедергісіз жүгінуіне рұқсат берілді  және  орыс  сотына
үйрене бастады. Сол себептен сот барлық халықтарды біріктірді.
            Сонымен  соттың  қайта  құрылуында  комиссия   мынадай   негізгі
бастауларды қарады:
    1.Жарғылармен жобаланған халықаралық соттың қайта құрылуы
    2.Халықаралық жағдайымен және мінезімен  келісілген  халықаралық  соттың
қайта құрылуы
     3.Қырғыздардан басқа дала тұрғындарының жалпы сотқа бағынуы
     4.Қырғыздар өздерінің істерінің қарауын орыс сотында шешу құқығы.
           Қырғыз даласында сот ісін жүргізуді анықтап, Комиссия  орыс  және
халық сотын білуді өздерінің парызы деп есептеді
      4.Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныстануы. Жетісуда егіншіліктің  дамуына
XIX ғасырдың 70—90-жылдарында Шығыс  Түркістаннан  қоныс  аударған  ұйғырлар
мен дүнгендер  бірден  бір  ықпал  етті.  Қоныстандыру  екі  кезеңде  болды.
Бірінші кезеңде 1877 жылы  Тоқмақ  ауданына  (Солтүстік  Қырғызстан)  шэньси
дүнгендерінің  бір  тобы  келді,  1881—8Зжылдары,  Санкт-Петербург   шартына
сәйкес, Іле өлкесінен ұйғырлар  мен  дүнгендердің  негізгі  көпшілігі  қоныс
аударды.
      1884 жылдың басына карай Жетісуда 9572 ұйғыр отбасы (45373 адам)  және
1147 дүнген отбасы (4682 адам) болды. Олар былайша қоныс тепті:  4477  ұйғыр
отбасы  (19209  адам)  Жаркент  учаскесі   шеңберінде,   Өсек   және   Шарын
өзендерінін бойына, калған  көпшілік  бөлегі  —  5275  отбасы  (26164  адам)
Верный уезіне Шелек және Талғар өзендерінің аралығына  орналасты,  сондай-ақ
Верный  қаласына  орын  тепті.  Дүнгендер   мен   ұйғырлардың   қоныстануына
байланысты Жетісудың  отырықшы  халқы  екі  есе  көбейді.  Қоныстанушылардан
жаңадан  5  болыс:  Жаркент  және   Кетпен   (қазіргі   Панфилов   ауданының
аумағында), Ақсу-Шарын (Ұйғыр ауданында), Малыбай (Шелек ауданында),  Қарасу
(Еңбекші қазақ ауданында) болыстары құрылды. Дүнгендер  мен  ұйғырлар  тұтас
деревня болып көшіп, жаңа орындарында кауымдар кұрды,  ол  қауымдар  не  тек
қана ауылдастардан кұрылды, немесе «егер олар  аз  болса,  көршілес  бірнеше
кыстақтың тұрғындарынан  кұрылды,  бірақ  соңғы  жағдайда  бүрынғы  байланыс
сақталып калды: жаңа орында бір кауымға кірген әр  түрлі  қыстақ  тұрғындары
әдетте жеке елуліктер мен ондықтар құрып отырды».
      1897 жылғы санақ бойынша қоныстанғандар  санында  дүнгендер  -  14130,
ұйғырлар - 55 999 адам болды.
      (Жетісуда ең жақсы жерлер қазақтардың пайдасына  тартып  алынып  қойғ-
андықтан, ұйғырлар мен дүнгендер колдан суландырылмайынша  егіншілікке  онша
жарамды болмаған учаскелер алды. Қоныстанудың алғашқы  жылында  арықтар  мен
негізгі каналдар казу өте киын болды, оның үстіне  қоныстану-шыларға  үлесті
жерлер барлық  дүнгендер  мен  ұйғырларлар  көшіп  келгенге  дейін,  уакытша
берілетін еді.
      Облыстың село  халқын  жерге  орналастыру  жөнінде  1882  жылы  Жетісу
облыстық басқармасы белгілеген ережелер  негізінде  дүнгендер  мен  ұйғырлар
әрбір еркек адамға 10 десятинадан жер алуға тиісті  еді.  Алайда  1885  жылы
қоныстанушыларға үлесті жер бөліп беру  қолға  алынған  кезде,  әрбір  еркек
адамға 4-5десятинадан ғана жер бөлініп беріліп,  1892  жылдың  1  каңтарынан
бастап  оброктык  алым-салық  салынатын  болды.  Қоныстанушыларға   берілген
жердің егін егуге екінің  бірінде  онша  жарамды  болмағанын  немесе  мүлдем
жарамсыз болғанын айтпағанда,  олар  жер  учаскелерін  іс  жүзінде  одан  да
кемітілген нормалармен алды. Жетісудың 10  мыңдүнгенхалқына  небәрі  27  мың
десятина, яғни жан басына  шакканда  3  десятинаға  жетпейтін  жер  берілді.
Дүнген және  ұйғыр  шаруаларының  еңбекші  бөлігі  жермен  нашар  қамтамасыз
етілген болып шықты.
          Селодағы  және  қаладағы  ұйғыр  мен  дүнген  халықтары  өздерінің
өкімшілігі,  мешіті  және  оны  баскаратын  дінбасы  адамы  бар   кауымдарға
бөлінді. Жер жеке шаруашылықтар бойынша бөлінген болса да,  формальды  түрде
ол қауымдық жер деп  есептелді.  Қауым  ішінде  жердің  іс  жүзінде  бөлінуі
туралы мәселеде патша өкіметі орындарының жұмысы  бола  қойған  жоқ.  Дүнген
және ұйғыр қауымдары жаппай кепілдік принципі бойынша халықтан  салық  жинау
үшін отаршылдық өкімет орындарының колындағы колайлы кұрал болды.
             Үйге (түтінге) үлесті жер бөліп берумен катар жерді әрбір еркек
адамның санына  қарай  бөліп  беру  де  кең  қолданылды.  Бай  кожайындардың
нақтылы бар еркектерді ғана емес, тумаған балаларды  еркек  адам  деп  жазып
жіберуі де аз болған жоқ. Сөйтіп, жер бөлісі  кезінде-ақ  оны  пайдаланудағы
теңсіздік қалыптасты; дүнгендер мен ұйғырлардың бай үй иелері үлесті
      жердің едәуір бөлігін басып алды.  Олар өзендер мен  жаңадан  қазылған
каналдардың жағаларындағы жақсы  жер  учаскелерін  өздері  алып,  кедейлерге
сапасы нашар құнарсыз, өзендерден, жылғалар мен  каналдардан  шалғай  жатқан
жерлерді калдырды. Кедейлер озбырлыққа қарсылық білдіріп,  жергілікті  патша
әкімшілігіне шағым беруге тырысқанымен, оның бәрінің де пайдасы болмады.
        Қоныстанушылардың  кедейленген  бөлігі  алғашқы  кездерде   өздеріне
берілген үлесті жердін шағын учаскелерін ғана игере алды. Соның  нәтижесінде
қауымдар ішінде өзінше бір арендалық қатынастар қалыптасып,  қауымның  кедей
мүшелері өздерінің үлесті жерлерін немесе олардың  едәуір  бөлігін  қауымның
әлді  мүшелеріне  беріп  отырды,   ал   өздері   «арендаторларға»   күндікші
жұмысшылар (мердігерлер) ретінде өнімнің бір бөлігін алатын болып  жалданды.
Бұл үлесті жерлер формальды жағы-нан өлі де бұрынғы иелерінің  атында  болып
қалғанымен, іс жүзінде олар жаңа қожайындардың толық иелігіне көшетін.
       Сөйтіп, кауымдардың жоғары бай топтары, дінбасылар және дүнген, ұйғыр
қауымдарының селолық әкімшілігінің өкілдері  кауымның  көптеген  мүшелерінің
үлесті жерлерін  өз  қолдарына  шоғырландырып,  ірі  жер  иелеріне  айналды.
Мысалы, Жаркенттің кала халқы бөліс бойынша 734 үлесті жер  алған  еді,  кеп
ұзамай олардың 622-сі  немесе  80%-ы  ірі  өсімқор  бай  Юлдашевтің  қолы-на
көшті. Ол қоныстанушылардың едәуір бөлігін өзіне бағындырып, орасан зор  жер
иелігін өз қолына шоғырландырып алды.  Су  белуді  иелену  оған  жер  иелену
«құқығын» қамтамасыз  етті,  өйткені  село  қауымдарының  көпшілігінде  арық
казатын каржылары болмады. Буржуазияға айналған бұл феодал өз  әрекетгерінің
көпшілігін мынадай  принциппен  жасады:  үлесті  жерлерге  салы-натын  алым-
салықтың бәрін  төлеуді  ез  мойнына  алды,  барлық  арықтарға  су  жеткізіп
беруге, ал кейбір жағдайларда арыктарды қазуға да міндетгенді. Ұйғырлар  мен
дүнгендердін,  ең  кедей  бөлігі  бұл  қызметі  үшін  оған   сепкен   тұкымы
өздерінікі болған жағдайда суармалы жерден жиналған өнімнің үштен бірін,  ал
Юлдашев тұқым берген жағдайда  жартысын  беругетиісті  болды.  Осындай  шар-
тгармен ол Аккете және Жаркент болыстарында овдаған арықказдырды, мұнын  езі
оған осы  аудандағы  кыстақгардың  көпшілігінің  бағынуын  камтамасыз  етгі.
Уезде қамбалар салынып, Юлдашевке  тәуедді  қауым  мүшелері  өз  өнімдерінін
жартысын соларға апарып құйды. Қожайынның мүдделерін  оның  «көк  басы»  деп
аталатын малайлары қалтжібермей корғады.
         Егін жақсы шыккан жылдары  Юлдашевтің  қамбаларына  200  мың  пұтка
дейін астық  қүйылып  отырды,  мұның  дені  тауарлы  астық  болатын-ды.  Осы
аудандағы астыққа осылайша  монополия  орнатуы  оның  астық  бағасын  үнемі,
екінің  бірінде  бірден  20—25%-ға  қымбаттатып  отыруына  мүмкіндік  берді.
Юлдашевпен арендалық қатынастармен байланысты болған қауым-дарда су  бөлумен
қауым мүшелерінен сайланып қойылатын мұраптар  ай-налыспай,  Юлдашевтің  көк
басылары айналысатын болды.  Су  бөлуді  ез  қолына  қаратып  алған  Юлдашев
наразы болғандардың қарсылықтарын тұншықтырып тастаудың іс жүзінде тағы  бір
күшті құралына ие болды.
          Арық  қаздырып,  қауымдық  жерлер  үшін  алым-салық  телеп,  қауым
мүшелеріне  қарасты  учаскелер  есебінен  аренда  келісімдерін  жасап,  өзін
жарылқаушы  етіп  көрсетті.  Ал  іс  жүзінде  осы  езіндік  ерекшелігі   бар
арендалық катынастар тіпті алым-салықтарды төлеуге  және  суландыруға  кіріс
келтіріп отырды.
       Шарын қыстағында Байсеміз деп аталып кеткен Хасанзе  деген  тағы  бір
дүнген байы болды. Оның өзі егін еккен жоқ,  тек  күріштік  жерлерді  өндеп,
онан соң оларды жері жоқ жергілікті  шаруаларға  берді.  Олар  оған  алынған
сенімнің бестен бір бөлігін, ал тұқымды бай берсе,  жартысын  беруге  тиісті
болды.  Юлдашев  сияқты,  олда  үлесті  жерлерді  суландырып  беру  шартымен
белгілі бір мерзімге арендаға алды. Бір топ ұйғыр 29 үлесті жерін оған  1898
жылдан бастап 10 жылға, жылына жалпы алғанда 200 сомнан  ақы  төлейтін  етіп
берді.
           Ауқатты   дүнгендер   мен   ұйғырлар   қазақтардан,   қоныстанған
шаруалардан, сондай-ақ қазақ және кырғыз қоғамдарынан ақыны  ақшалай  немесе
заттай төлейтін болып арендаға жер алып отырды.  Қазақтар  мен  қырғыздардан
егістік жерлерді көбінесе бүкіл дүнген  немесе  ұйғыр  қауымы  ұжымды  түрде
арендаға алатын еді. Жаркент уезіндегі ұйғыр  кыстақтарында  I  қауым  болып
пайдаланылған егістік жер олардың үлесті жерлерініңмөлшерінен 1300  десятина
асып  түсті  деуге  болады.  Асы-Қорам  болысында   егістік   жердің   23%-ы
қырғыздардан арендаға  алынды,  Малыбай  болысындағы  арендаға  алынған  жер
36,4% болды. Аренданың неғұрлым кең  тараған  формасы  жарма-жарылық  болды,
ақшаға аренда алу аз еді.
      Қауымдык жерлердің село байларының қолына шоғырлануына  дүнгендер  мен
ұйғырлардың шет  көсіпке  кетуі  де  себепші  болды.  Алған  үлесті  жерлері
құнарсыз  болып,  жұмыс  көлігі  мен  ауыл  шаруашылық  құралда-ры  болмаған
кедейлер алым-салықтар (оброк, жер салығы және  баскд-лар)  төлеу  жөніндегі
жеңілдік берілген мерзім біткеннен кейін мүлдем  күйзелді, ездерінің  үлесті
жерлерін жаппай тастап,  қалаларға  жалдама  жұмысшы  және  ауыл  шаруашылық
батырактары болып табыс іздеп кетті. Бір Пішпек  уезінің  өзінде  ғана  ауыл
шаруашылық жұмыстарында істейтін жалдама жұмысшылардың жалпы санының  27,3%-
ы  дүнген  қауымдары-нан   шыққан   болды.   Жаркент   уезінің   қоныстанған
ұйғырларының 3527  шаруашылығының  1910  жылға  карай  28,4%-ы  табыс  іздеп
кетті.
            Ауқатты  дүнгендер  мен  ұйғырлар   өз   шаруашылықтарын   рынок
талаптарына бейімдеп, негізінен алғанда техникалық  дақылдар  екті.  Жалдама
еңбек   қолданылды,    шаруаларды    қанаудың    патриархаттық-феодалдықжәне
капиталистік формалары ұштасып жатты.  Ауыл  шаруашылық  дақылдарының  алуан
түрі егілуі себепті тіпті бір шаруашылықтың өз  ішінде  де  ауыл  шаруашылық
жұмыстарының түріне қарай шаруаларды қанаудың әртүрлі формалары қолданылды.
      Қанаудың жұмыспен өтеу түріндегі феодалдық  әдістері  сақталып  қалды,
мұндайда мысалы, жерсіз шаруалар өздері өңдеген мырзалар учаскесінен  түскен
өнімнің үштен бірін  алатын  болды.  Ұйғырлар  мен  дүнгендер  шаруашылығына
тауар-ақша қатынастарының енуі қауымның мешеу, томаға-тұйық сипатын  күйрете
бастады. Шаруашылық жүргізудің мәні жағынан әр алуан  формаларының  араласып
жатуы салдарынан үлесті жері бар батырақтар мен жарма-жарылық негізінде  жер
алған жерсіз және жері аз шаруалардың  арасындағы  айырманы  анықтау  екінің
бірінде қиын болды.
      Қоныстанушылардың кәсіптері. Дүнгендер мен  ұйғырлар  өздерімен  бірге
Жетісуға жасанды жолмен суландырылатын  егіншіліктің  әлдеқашан  қалыптаскан
дәстүрлерін әкелді. Мал шаруашылығымен басқа да көсіптердін екінші  дәрежелі
маңызы  болды.  Ұйғырлар  кірістің  49,1%-ын  егіншіліктен,  26,1%-ын  басқа
кәсіптерден, 15,5%-ын мал  шаруашылығы-нан,  9,3%-ын  кездейсок  түсімдерден
келтірді; дүнгендерде бұл 80,8; 5,9; 9,8; 3,5% болып бөлінді.
       Дәнді дақылдар ішінде бидай басым болып, жердің  жартысынан  астамына
бидай егілді.  Бидайдан  кейінгі  орында  арпа,  тары,  сұлы,  күріш,  майлы
дақылдар (қыша, кекнәр, зығыр)  болды.  Дүнгендер  1888  жылдан  бастап,  Шу
өзенінің оң жағасындағы арендаға алынған жерлер  игеріліп,  суландырылғаннан
кейін күріш өсірумен біршама кең түрде айналыса  бастады.  Ұйғырларда  күріш
өсіру, дүнгендердегі сияқты, негізгі дақылға айналған  жоқ.  Олар  негізінен
бау өсіріп, огород және бақша салумен айналысты  (халықтың  шамамен  алғанда
үштен екісі). Дүнген  шаруашылықтарының  үштен  екісінен  астамында  бау  да
болды. Олар шабдалы, алманын Жетісу үшін жаңа  сорттарын,  алмұрт  пен  қара
ерік, жүзім өсірді.
      Дүнгендер мен ұйғырлар баклажан, шалкан, қызыл  бұрыш,  фасоль,  қияр,
капуста,  басты  пияз,  сәбіз,  картоп,  сарымсак,  сондай-ақ   қауын-қарбыз
өсірді. Қоныстанған дүнгендердің  шаруашылық  тұрмысын  зерттеген  Г.Гинстін
суреттеуіне қарағанда, олардың огородтары тікелей үйлерінің жанында  болған,
әрбір жүйек мұкият тазартылып, кішкене жүйемен  суарылып  отырған.  «Кішкене
бір шаршыға - пияз, екіншісіне -бұрыш, үшіншісіне —  баклажан,  төртіншісіне
-  картоп  егілген,  бесінші  мен   алтыншысына   көң   сіңіріліп,   тыңаюға
калдырылған, одан әрі маис жүйектері болады, содан соң жартылай суда  өсетін
күріштің үлкен төрт бұрышты атыздары жатады... Дүнгендердің  бұл  огородтары
агрономдар-дың  қоныстанушылар  үшін   жасайтын   үлгілі   егістігінен   кем
түспейді». Өнімдерді жақын мандағы калалар  мен  жәрмеңкелерде  дүнген  және
ұйғыр шаруаларының өздері,  сондай-ақ  оларға  келген  алыпсатарлар  еткізіп
отырды.
      Ұйғырлар сондай-ак, мақта өсірумен және ішінара жібек кұртын  өсірумен
де айналысты. Дүнгендер мен ұйғырлар май дайындау  үшін  зығыр  мен  күнжіт,
қыша екті. Сонымен қатар дүнгендер негізінен ем құралы ретінде  қолданылғ-ан
апиын дайындау үшін көкнәр өсірумен де айналысты.  Кейіннен  темекі  өсіріп,
оны жергілікті рынокта тиімді етіп өткізе бастады.
          Сөйтіп, ұйғыр-дүнген қоныстанушыларының шаруашылығына алуан  түрлі
дақылдар егу тән болды.
       Дүнгендер мен ұйғырлар үшін мал шаруашылығының дербес  көсіби  маңызы
болған жок, тек шаруашылықты жұмыс көлігімен камтамасыз ету мақсатымен  ғана
мал үсталды. Негізінен  алғанда  жылкы,  сиыр  және  ішінара  қой  мен  ешкі
өсірілді. Дүнгендер мүйізді ірі  кдраны  жегін  малы  ретінде,  ал  ұйғырлар
сауын малы ретінде үстады.
      Дүнген және ұйғыр  шаруаларының  егіншілік  техникасы  мейлінше  төмен
деңгейде болды. Негізгі егіншілік құралы кайырмасыз ағаш соқа  (сабан)  еді,
жер  жырту  тереңдігі  сынық  сүйемнен  аспайтын.  Егін  кар  суы   жібітіп,
айдалмаған жерге немесе  егіс  алдында  арнайы  суарып,  жұмсартылған  жерге
егілетін,  өйткені  құрғақ  жерге  сабан  жүрмейтін.   Дүнген   және   ұйғыр
егіншілерінің жерді қолмен өндеуі де жиі кездесетін,  өйткені  тамыры  мықты
арамшөптерді тек кетпенмен ғана  құртуға  бола-тын  еді.  Олар  жерді  ерте,
әдетте наурызда, ең кеш дегенде сөуірдің аяғына қарай айдайтын.
      Жер сүйретпемен тырмаланды, мұның өзі шыбықтардан тоқылған ағаш жақтау
болатын, тырмалағанда салмақты болуы  үшін  оған  адам  мінгізіліп,  не  тас
салынатын.
      Егін ұйғырлардың ұзын сапты ерекше орағымен  орылып,  сирек  те  болса
шалғымен  шабылатын.  Астық  сол  егістіктің  өзінде  бастырылатын:   жіппен
байланыстырылған бауларды бастыру үшін тас  мала  қолданылып,  дөн  күрекпен
суырылатын.
      Дүнгендер мен ұйғырлардың негізгі  егіншілік  жүйесі  тыңайған  жерлер
болып кала берді, бұл жүйеде жердің бір бөлігі өңделетін де,  екінші  бөлегі
тыңайтуға қалдырылатын. Әрбір жер учаскесін аз уақыт  (2-3  жыл)  пайдалану,
тіпті  тыңайтқыштар  болмаған  күннің  өзінде  де  топырақты  тез   тоз-дыра
коймайтын. Сондықтан тіпті әлсіз шаруашылықтар да бір  жерге  қатарынан  екі
жыл егін салмайтын; олар әр жылы үлесті жердің жаңа беліктеріне егін  салып,
үлесті жердің бәріне егін егіліп біткеннен кейін барып  бұрын  пайдаланылған
учаскеге кайта келіп отырды. Мұның өзі біршама жоғары өнім  алуға  мүмкіндік
берді. Жерді арендаға алып, егістің көптеген түрлерін  егетін  шаруашылықтар
егіс айналымын дұрысқолдану жолымен  топырактың  кұнарлылығын  сактау  қамын
ойламады. Олардың әркайсысы нақ сол кезде өзіне не тиімді болса, соны  егіп,
арендаға алынған учаскелерді тез тоздырып  отырды.  Болмашы  жер  учаскелері
болып, оның бір бөлігіне ғана егін сала алатын ұйғыр-дүнген  қоныстанушылары
топырақтың  құнарлылығын  екінің  бірінде  тыңайткыштар   қолданып,   қолдан
арттыруға тырысты. Алайда егістікті  тыңайтуға  әлді  шаруашылықтардын  ғана
шамасы келетін еді.
      Ұйғырлар  мен  дүнгендердің  шаруашылықтұрмысында  қолдан  суары-латын
егістің төлімі егістен  орасан  басым  болғаны  көрсете  алады:  ұйғыр-ларда
суармалы жер 30 694 десятина (97,2%), тәлімі жер 882 десятина (2,8%)  болды;
дүнгендердетиісінше 11 025  десятина  (71,5%)  және  4386  десятина  (28,5%)
болды. Қауым мүшелері арасында суды  бөлінген  жер  бойынша  мұраптар  бөліп
отырды.  Жетісуда қоныс аудару қоныстанушыларға да әсер  етпей  қойған  жоқ.
Егер бұрын ұйғырлар мен дүнгендер шаруашылығында ағаш сабандар мен басқа  да
добал  құрал-саймандар  қолданылып  келсе,  енді   олар   темір   соқаларды,
тырмаларды, сеялкаларды,  т.б.  пайдаланатын  болды,  жаңа  ауыл  шаруашылық
дақылдарын: сұлы, темекі, картоп,  помидор  және  басқаларын  егуді  игерді.
Байырғы  халықтар  -  қазақтар  мен  қырғыздардың  әсерімен  Дүнгендер   мал
шаруашлығымен айналыса бастады.
      Ұйғырлар  мен  дүнгендердің  тарихи  тағдырлары  Ресейдің  бір  бөлігі
ретіндегі Қазақ өлкесі халықтарының тағдырымен тығыз астасып кетті
                              Бекіту сұрақтары:
         1.1867-1868  жж.  Қазақстандағы  патша  үкіметінің   реформаларының
нәтижесі бойынша қазақ жері кімнің меншігіне айналды?

        2.Әкімшілік және басқару жүйесінің  қайта  құруна  байланысты  билер
сотының құзіретттілігі қандай болды?
        3. Қоныс аудару және жер мәселесі «Уақытша ереже»?
        4. Жетісуға ұйғырлар мен дүгендердің қайдан ауып келді?
        5. Ұйғырлар мен дүгендер кәсіпщіліктің қандай түрімен айналысты?


Дәріс №13 ХХғғ. басындағы Қазақстан
     Негізгі   ұғымдар:   Мемлекеттік   Дума,   реквезиция,   бұлік,   ақпан
буржуазиялық-демократиялық  революция,  Алаш  партиясы,  Үш  жүз   партиясы,
мұсылмандар партиясы.
     Мақсаты: Қазақстандағы ерекше саяси жағдайды атап  көрсету.  Жұмысшылар
мен   интелигенцияның   ролін   ашып   саралау,   мұсілмандар   қозғалысының
мақсаттарын
     Көрнекілігі:  электронды  оқулық.  Безендірілген  Қазақстан  тарихы.  3
бөлім. ХІХ-ХХ ғғ. Тоғысындағы Қазақстан.
                                   Жоспар:
       1. Соғыс қарсаңындағы саяси жағдай.
       2.Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында.
       3. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері.
       4.Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция Ресей мен Қазақстанда.
       1.  Соғыс  қарсаңындағы  саяси  жағдай.1914  жылы  басталған  бірінші
дүниежүзілік соғыс Ресей халықтарына аса  ауыр  қасірет  әкелді.  Әлеуметтік
және ұлттық езгі  күшейді.  Соғыс  жылдарында  жергілікті  жерлердегі  патша
шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз  өсті.  Қазақтардан,
бірінші кезекте Сырдария және Жетісу  облыстарында  жерлерін  жаппай  тартып
алу жалғастырылды. Бір ғана Жетісу  облысында  соғыстың  алғашқы  3  жылында
1800 мың десятина жақсы жайылымдар мен егістік  алаптар  тартып  алынды,  ал
осы жерлердің нағыз қожайындары қазақтар шаруашылық жүргізуге  онша  жарамды
емес, немесе мүлде жарамсыз шөл немесе шөлейт аудандарға күшпен көшірілді.
      Соғыс орасан көп мөлшерде шикізатты, азық-түлікті, малды және басқа да
материалдық құңдылықтарды  жалмап  жұтты.  Шаңырақтарға  жаңа  әскери  салық
енгізілді. Соғыс басталған соң жергілікті  халыққа  салынатын  салықтар  3-4
есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есе өсірілді.
      Егіс алаптарының  қысқартылуы  нәтижесінде  ауыл  шаруашылық  өндірісі
сұмдық құлдырап кетті.
      1916 жылдың ортасына қарай  патша  өкіметінің  қазақ  халқынан  тартып
алған жерінің жалпы көлемі 45 миллион десятинаға теңелді.
       Әлеуметтік  және  ұлттық  езгінің  күшеюі,  соғыс  кесапаты  –  халық
бұқарасының қайыршылануы,  қымбатшылық,  ашаршылық  еңбекшілердің  жағдайына
ауыр әсер етті және  өлке  халқының  әр  түрлі  топтары  тарапынан  белсенді
наразылық туғызды.
      Соғыс жағдайларында “Қазақ” жалпы ұлттық газетінің төңірегіне біріккен
қазақтың либерал-демократиялық зиялыларының жетекшілері - Ә. Бөкейханов,  А.
Байтұрсынов,  М.  Дулатов   және   олардың   жақтастары,   сондай-ақ   қазақ
зиялыларынан шаруа-демократиялық бағытты жақтайтын М.  Сералин,  Б.  Майлин,
С. Дөнентаев және басқалар сынды  “Айқап”  журналының  төңірегіне  топтасқан
өкілдері басылып шыққан  сөз  арқылы  өздерінің  халыққа  ықпалын  нығайтуға
ұмтылды.
      Саяси көзқарастары мен  әрекеттеріндегі  айырмашылықтарға  қарамастан,
қазақ  зиялыларының  жоғарыда  аталған  өкілдерінің  көптеген  туындыларының
өзегі “Оян, қазақ!” ұраны болды. (осы атаумен 1909 жылы Міржақып  Дулатовтың
өлеңдер жинағы жарияланған  еді.)  Қазақ  оқымыстылары  өздерінің  жан-жақты
шығармашылығымен,  жалпы  демократиялық  талаптар  ұсынып  және  өз  ойларын
екінің бірінде мысқыл тілімен  білдіре  отырып,  өлкеде  отаршылдыққа  қарсы
саяси  жағдайдың  тамыр  жаюына  жәрдемдесті.  Халық  санасына   ұлт-азаттық
күресінің қажет екендігі идеясын сіңірді.
     2.  Қазақстан  І-ші  дүниежүзілік   соғыс   жылдарында.   Соғыс   Ресей
империясында пісіп-жетіліп  келе  жатқан  жалпыға  бірдей  дағдарыс  үрдісін
тездетті. Қазақстанның, Орталық Азияның барлық дерлік  аудандарын  қамтыған,
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс соның жарқын көріністерінің бірі болды.
       Көтерілістің  басты  себептері  әлеуметтік-экономикалық  және   саяси
сипаттағы факторлар: отаршылдық езгінің күшеюі, жерді тартып  алу,  салықтар
мен алымдардың шамадан  тыс  ұлғайтылуы,  қазақ  халқы  мен  аймақтың  басқа
байырғы халықтары  жөнінде  патша  өкіметі  жүргізген  орыстандыру  саясаты,
қалың бұқара жағдайының күрт нашарлауы болды.
      Бұл аталғандардың ішінен ежелгі қазақ жерлерінің жаппай, күшпен тартып
алынуын және өлкені басқарудың отаршылдық  жүйесінің  күшейтілуін  ең  басты
себеп  ретінде  қарастыру  керек.  Верный   уезі   Пригородный   учаскесінің
қазақтары өздерінің 1916 жылғы 17  қазанда  Түркістан  генерал-губернаторына
көтерілістің  себептері  туралы  арызында  дұрыс  атап   көрсеткендей:   оны
туғызған “халық дұрыс  түсінбеген  тыл  жұмысына  жұмысшыларды  шақыру  ғана
емес. Себеп тереңіректе жатыр. Бір жағынан, жерден қысым  көру  және  екінші
жағынан қазақтарды  басқару  жүйесі”  қазіргі  қайғылы  оқиғалардың  негізгі
себептері болып табылады.
      Жер жөнінен қазақтар соңғы он жылда өте  қатты  қысым  көрді:  облыста
1903 жылы құрылған қоныс аудару басқармасы  1908-1909  жылдарда  қазақтардан
жерді алып қоюды. күшті қарқынмен  жүргізді.  Соның  салдарынан  қазақтардың
дайын суландыру  арықтары,  бау-бақшасы  мен  қора-қопсылары  бар  ең  жақсы
жерлері тартып алынды. Олар сусыз нашар  жерлерге  қуылды;  орман  алқаптары
түгелдей қазынаның пайдаланылуына алынды.
      Мұндай көрініс Қазақстанда жер-жерде байқалды.
      Көтерілістің бұрқ  ете  қалуына  патшаның  1916  жылғы  25  маусымдағы
Қазақстанның, Орталық Азияның және ішінара Сібірдің  19  жас  пен  43  жасқа
дейінгі “бұратана” ер азаматтарын  тыл  жұмыстарына  (қорғаныс  құрылыстарын
және әскери қатынас жолдарын салу, майдан өңірі маңайында жолдар  салу  және
т.б.) “Реквизициялау  туралы”  жарлығы  тікелей  себеп  болды.  Оның  үстіне
жарлықта  “жұмылдыру”,  “әскерге  шақыру”  деген  сөз  емес,  қайта   әңгіме
бейнебір малды реквизициялау (өткізу,  алу)  туралы  болып  отырған  сияқты,
“реквизиция” (жеке адамның мүлкін зорлап  алу)  деген  сөз  қолданылды.  Бас
штабтың салғырт бойынша тыл жұмыстарына Қазақстаннан,  Орталық  Азиядан  400
мың адам, соның ішінде қазақтар  мекендеген  барлық  облыстардан  240  мыңға
жуық адам алу жоспарланды. Егер өлкедегі қазақ  шаруашылықтарының  саны  700
мыңнан сәл асатынын ескеретін болсақ, әрбір үшінші шаруашылық  қызметкерінен
айырылады екен, ал сонымен бірге мұндай мөлшерде жұмысшы қолын әкету  ұлттық
ауқымдағы сұмдық апатқа айналатын еді.
      Жарлық  туралы  хабар  жергілікті  баспасөзде  жарияланды  және  болыс
басқарушыларының   жиналыстарында   оқылып,   қосымша   түсіндірмелер    мен
түсініктемелер  берілді.  Жарлықтың  бірқатар   ережелерінің   бұлыңғырлығын
отаршылдық әкімшіліктің жергілікті шенеуніктері шебер  пайдаланды.  “Инженер
М. Тынышбаевтың жоғары мәртебелі Түркістан генерал-губернаторы мырзаға  1916
жылғы  оқиғаларға  байланысты  айғақтарында”  Жетісу  генерал-губернаторының
үндеу  хатында  окөп  жұмыстарына  шақыру  туралы  айтылғаны  атап  өтіледі.
Селолардағы бұрынғы орыс солдаттары қазақтарға  “окөп”  дегеннің  не  екенін
түсіндірген кезде, халықты жұмылдыру (“алу”, “өткізу”) шын  мәнінде  қарусыз
адамдарды  қыруға  әкеп  соғады  деп  санады.  Ал  мұның  өзі  өз  кезегінде
қазақтардың патша  жарлығына  жаулық  көзқарасын  күшейтті.  “...  Мұның  ең
қауіпті жұмыс екені, - деп жазды одан әрі М. Тынышбаев, -  оларға  түсінікті
болды... жұмысшыларды шақырудың  мәнін  халыққа  ешкім  де  түсіндіріп  бере
алмады; оның орнына жергілікті өкімет орындары патша жарлығын  асығыс  түрде
орындауға кірісе бастады. Кейбір жағдайларда дөрекі  шаралар  қолданды.  Ара
жігін бөліп жатпай 25 жасты (19-43) бір мезгілде асығыс алу  халықты  қайран
қалдырды... осы ұрандармен қатар  қиянат  жасаушылық  та  қатар  жүргізілді.
Олар орыс әкімшілігіндегі кейбір адамдардың  қатаң  шаралары  мен  жай  ғана
қателіктері, болыс басқарушыларының құлқыны және тағы  басқа   сияқты  болып
келді. Бұл тәсілдер халық жанына тікелей батқандықтан,  толқудың  өріс  алуы
сөзсіз еді”.
     3.  1916  ж.  ұлт-азаттық  көтеріліс,  оның  себептері.   Қазақстандағы
көтеріліс 1916  жылғы  25  маусымдағы  патша  жарлығы  жарияланғаннан  кейін
басталды. Шілденің  бас  кезінде  Қазақстанның  барлық  аймақтарында  дерлік
стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты.  Халық
ашу-ызасының   алғашқы   соққыларына   тылдағы   жұмыстарға   алынатындардың
тізімдерін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және  патша
әкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері  ұшырады.  Ол  кезде  қазақтарда
метрикалық куәліктердің болмағанын пайдаланып,  олар  тізімге  жас  шамасына
қарамастан кедейлерді қалауынша  енгізді,  ал  байдың  балаларын  пара  алып
шақырудан босатты. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі  жаппай  парақорлық  пен
қиянат жасаушылық туғызды.
      Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды,  болыстарды,
село және ауыл басқарушыларын; байырғы  тұрғындардан  шыққан  төменгі  шенді
полицейлерді;   имамдарды,   молдалар   мен   мүдәристерді,   ұсақ    кредит
мекемелеріндегі  есепшілер  мен  бухгалтерлерді;  жоғары   және   орта   оқу
орындарында оқушыларды; үкіметтік мекемелердің  шенеуніктерін,  дворян  және
құрметті азамат  құқықтарын пайдаланатын адамдарды әскерге алудан босатты.
       Патша  жарлығының  қатаңдығы  және  жергілікті  жерлерде  оны  жүзеге
асырудың әділетсіз әдістері  түңілуге  дейін  жеткізген,  қолына  түскенімен
қаруланған еңбекшілер патша өкіметінің  өкілдеріне:  болыс  басқарушыларына,
ауыл старшындарына, полицейлерге, казактарға, шенеуніктерге бас салып  “адам
бермейміз!”  деп   айқайлап,   оларды   ұрып-соқты.   Көтерілісшілер   болыс
басқарушыларының,  ауыл  старшындарының  кеңселері   мен   үйлерін   өртеді.
Жүргізілген істер мен жұмысқа алынушылардың  тізімдерін  жойып,  аңғалдықпен
олар тыл жұмыстарына адам алудан осындай жолмен құтыламыз деп санады.
       Стихиялық  қозғалыс  бірте-бірте  ұйымдасқан   сипат   алып,   қарулы
көтеріліске ұласа бастады; ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда)  пайда  болды.
Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды және оның өткір  жүзі  патша  өкіметінің
әскери-отаршылдық және кең көлемде орыстандыру саясатына  және  белгілі  бір
дәрежеде  ауылдардың  феодал-бай  үстем  топтарына  қарсы  бағытталған  ұлт-
азаттық қозғалысына ұласты.  Осы  тұрғыдан  ол  Ресейдің  жұмысшы  табы  мен
шаруаларының соғысқа және патша өкіметіне  қарсы  революциялық  қозғалысымен
ұштасты.
      1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды.
Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық  пен  тәуелсіздік  жолындағы  бұрынғы
бүкіл күресінің қорытындысын шығарды.  Көтерілістің  негізгі  қозғаушы  күші
ұлттық  шаруалардың  қалың  тобы,  сондай-ақ  сол  кезде  туып  келе  жатқан
жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.
      Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық  сипатта  болуы  себепті  қазақ
халқының  барлық  топтарының  өкілдері   (екінің   бірінде   байлар,   болыс
басқарушылары,  билер),  сондай-ақ   демократияшыл   зиялылардың   жекелеген
өкілдері қатысты.
      Күрделі және әртекті болған  көтеріліс  кең-байтақ  өлке  аудандарының
көпшілігінде ұлт-азаттық сипатқа  ие  болды.  Тек  жекелеген  жерлерде  ғана
қозғалыстың басшылығын  байлардың  үстем  топтары  мен  клерикал  элементтер
қолына алды.
      Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер
және басқа да  кейбір  халықтардың  өкілдері  қатысқан  Оңтүстік  облыстарды
(Жетісу және Сырдария облысы)  қоспағанда,  Қазақстандағы  1916  жылғы  ұлт-
азаттық қозғалысы құрамы жағынан бір ұлттың қозғалысы болды.
     4. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция  Ресей  мен  Қазақстанда.
1917 ақпанда буржуазиялық демократиялық революцияның жеңіп шығуы елдегі  тап
күшінің арасалмағын күрт өзгертті. Социалистік революцияның жолындағы  басты
кедергі — самодержавие жойылды. Бірақ революция негізгі  мәселесі  —  өкімет
туралы мәселе — өзінше шешім тапты.
     Еңбекшілердің инициативасымен пролетариат пен шаруа-лардың революциялық
демократиялық диктатурасының органы — жұмысшы, солдат, кейінірек  оған  қоса
шаруалар депутаттарының Советтері пайда болды. Советтердің басшылығына  еніп
кеткен меньшевиктер мен эсерлердің келісім-паздық саясаты  буржуазия  өзінің
өкімет оганы — Уақытша үкімет құруына мүмкіндік берді. Өтпелі  кезеңнің  аса
күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын  білдіретін  қос  өкімет
дүниеге келді. Уақытша үкімет, сөз  жүзінде  өзгерістер  енгізуге  үмтыламыз
дегенімен, іс жүзінде буржуазияның мүддесін көздеп, негізінен  бүрынғы  ішкі
және сыртқы саясатты жалғастырды.
     1917  жылғы  23-27  ақпанда  (8-12  мамыр)  болған  Ақпан  буржуазиялық
демократиялық  революциясының  нәтижесіңде   самодержавие   құлатылып,   қос
өкімет: буржуазия  диктатурасының  органы  —  Уақытша  үкімет  пен  жұмысшы-
шаруалар  диктатурасының  революциялық-демократиялық  органдары  —  жұмысшы,
соддат және  шаруалар  депутаттарының  Советтері  қүрыдды.  Бүкіл  елдегідей
Қазақстанда да буржуазиялық демократиялық революция  барысында  1917  жыддың
наурыз-сәуірде  Уақытша  окімет  органдарымен  бірге   Семейде   Әулиеатада,
Петропавлда, Көкшетауда, Павлодарда, Өскеменде т.б. қалаларда  жұмысшы  және
солдат депутаттарының Советтері пайда бола бастады. Кейін 1917 жылдың сәуір-
маусымда Әулиеатада, Перовскіде,  Қазалыда  шаруа  депутаттарының  Советтері
және қырғыз (қазақ) депутаттарының Советтері қүрыдды.  Буржуазиялық  Уақытша
үкімет самодержавияның отаршылық  және  үлттық  саясатын  жалғастыра  берді.
Қазақстанда жерді күшпен тартып алу, 1916  жылғы  көтеріліске  қатысушыларды
қуғындау жүргізілді.
     Қазақстанның ауылдары, деревнялары мен станциялары самодержавиенің ішкі
саясатының  зардаптарын  басынан  кешіре  отырып,   шиелініскен   әлеуметтік
қайшылықтың торабына айнадды. Патшаның  аграрлық-қоныс  аударушылық  бағытын
жүзеге асырудың нәтижесінде қазақ ауылы 1917 жылы  45  млн  десятинаға  жуық
қүнарлы  жерінен  айырылды.  Қүнарлы  жерлерді  4  казак  әскерінің   (Орал,
Орынбор, Сібір, Жетісу) пайдасына, сондай-ақ қоныс аудару  басқармалары  мен
Романовтардың жеке меншігіне (Алтайда) беру көшпелі  және  жартылай  көшпелі
еңбекшілерді пайдалануға жарамсыз  сор  және  құмды  далаға  ығыстырды.  Аса
қатал аграрлық дағдарыс болатындай жағдай туды. Феодалдар  мен  байлар  оның
бүкіл ауыртаплығын орта шаруалар мен кедейлерге аударды.  Ал  орта  шаруалар
мен кедейлер бүкіл шаруашылық-тың 2/3 бөлігін қүрайтын.
     Соғыс аддында экономикалық жағынан нығайтып үлгер-меген қоныс  аударған
деревнялардың
     шаруашылықтары соғыс жылдарьшда қатал дағдарысты басынан  кешірді.  Ол,
ең  аддымен,  кедейлер  мен  орташаларды  немесе  барлық  шаруашылықтың  4/5
бөлігін қамтыды. Дағдарыс көптеген қазақ шаруашылықта-рына  да  соққы  болып
тиді. 1,6 млн адам түратын селолар мен  станциялардан  250  мың  адам  армия
қатарына алынды. Бұл — еңбекке жарамды ерлердің тең жартысы  еді.  Бірсыпыра
жерлерде егістік жердің көлемі күрт  азайды,  сөйтіп  астық  тапшылығы  туды
(әсіресе  қалаларда  жөне  өлкенің  Оңтүстік-Батыс  аймағында).  Мұны   село
буржуазиясы астықтың бағасын көтеруге  шебер  пайдаланды.  Соғыс  жағдайыңда
самодержавиенің бүрын-нан  да  оңып  түрмаған  салық  саясаты  кошпелі  және
жартылай кошпелі қазақ шаруаларына өте  ауыр  соқты.  Малды,  жемді,  киізді
жаппай ортаға салу,  ақша  салығының  артуы  әр  түрлі  алым-жиымның  кобеюі
кептеген шаруаларға жүтау қаупін туғызды.
     1917 жылы күзде Қазақстандағы революциялық  процестің  дамуында  елеулі
өзгеріс болды. Петропавловскіде, Се-мейде,  Ақтобеде,  Перовскіде,  Қазалыда
алғашқы  Қызыл  гвардия  меньшевиктер  Советтердің  көпшілігіндегі  басшылық
жұмыстан аластатылды,  дербес  большевиктік  үйымдар  қүру  басталды.  Қазақ
халқының Ә.Асылбеков, С.Сейфуллин,  Т.Бокин,  Т.Рысқұлов  т.б.  сияқты  адал
үлдары,  партия  қатарына  отті.  Жұмысшыларға,   әсіресе   теміржолшыларға,
шахтерлерге,  кеншілерге,  майдан  шебіндегі  қара  жұмыстан  оралған  қазақ
жұмысшыларына,   ауыл-село   кедейлеріне,    гарнизондардағы    революциялық
пиғылдағы соддаттарға  арқа  сүйеген  қазақстандық  большевиктер  жергілікті
елдің орталық аудандарыңдағы еңбекішлердің азаттық күресін басу  үшін  казак
әскерлері мен өлкедегі әскери бөлімдер негізінде  де  контрреволюциялық  күш
құрауына кедергі келтірді.
     1917 жыл қыркүйекте — бүкіл  Россияда  революциялық  дағдарыстың  шүғыл
пісіп-жетілген кезеңі болды. Жұмысшы қозғалысы  өкімет  билігін  пролетариат
қолына  алар  кезеңге  таялды:  бүкіл  елде   ереуіл   тоқтамады,   көптеген
фабрикалар мен заводтарда жұмысшы бақылауы орнатылды, Қызыл гвардия  айбынды
күшке айнадды. Петроград пен  Москва  Советтеріне  іле-шала  Урал,  Донбасс,
Сібір, Орта Азия т.б. Советтері де большевиктер жағына шықты.
     1917 жылдың күзінде майдан мен тылдағы солдаттар, матростардың  негізгі
болігі  пролетариат  жағына  өтгі.  Солтүстік-Батыс,  Батыс   майдандарының,
Солтүстік Балтық флотының, Қазан,  Сібір  және  Түркістан  әскери  округының
әскерлері   революцияның   сенімді   қарулы    күшін    құрады.    Қазақстан
территориясында  Орал,  Черняев,  Әулиеата,  Петропавл,   Семей,   Павлодар,
Қазалы,  Түркістан  т.б.  гарнизондардың  соддаттары  Совет   өкіметі   үшін
күресті. Олар Керенскийдің Уақытша үкімет басшысы  бұйрығын  орындаудан  бас
тартқан еді. Елдегі жаңа саяси жағдай жаңа дағдарыстың таялғанын көрсетті.
                              Бекіту сұрақтары:
1.І -ші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстандағы саяси жағдай  қандай
болды?
 2. Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғысқа қатысты ма?
3. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына не себеп болды?
  4.Ақпан  буржуазиялық-демократиялық  революция  Ресей  мен     Қазақстанда
қалай жүрді?

14- тақырып.  Қазақстан ақпан буржуазиялық –демократиялық төңкерісі кезінде
1.Қазақстанның әлеуметттік-экономикалық жағдайы
2.Қазақстандағы революциялық белсенділіктің өсуі
3.Қазақстандағы қос өкімет және оның саясаты
4.Жер мәселесі және ұлттық мәселе
      Патшалы  Ресей  заманында  әр  қилы  зорлық-зомбылықты  көріп,  алдағы
күндерге  үміт  артқан  қазақ  зиялылары  1917  жылғы   ақпан   буржуазиялық
төңкерісі жеңіп, патшаның тақтан түскені туралы хабарды зор қуанышпен  қарсы
алды. Өйткені бұл төңкерістен күткені көп  болған.  Осы  қазақ  зиялыларының
көш басшысы Әлихан Бөкейханов "Қазақ" газетіне Минскіден  телеграфпен  сәлем
жолдады. Онда былай делінген: "Ресейдегі барша  халыққа  ағайындық,  теңдік,
бостандық күні  туды.  Жаңа  құрылған  үкімет  дүкенін  сүйеу  үшін  қазаққа
ұйымдасу керек. Жаңа құрылған ел бағу дүкенін нығайту үшін тегі басқа  барша
халықтармен үйір боларға керек. Учредительное  собрание  сайлауларына  қазақ
болып қамдану керек. Енді араздық,  өштік,  дау,  жанжал,  талас,  партиялық
сиыспауларды тастау керек, көксерлік жұмыстарың - бірлік,  адалдық  болсын!,
"Жер  мәселесін  де  қозғап,  тезірек  қолға  ала  беріңдер.   Біз  қалайтын
патшалық түрі - демократическая республика"Бұл жеделхаттағы негізгі  ой  сол
тарихи кезеңдегі жалпы ұлттық мүддеге сай келді, содан туындады.
      Халықтың өмір бойы армандаған ұлы азаттығын әкелген   бұл  бостандықты
баянды етіп, өзге өркениетті елдердің  қатарынан  қалмас  үшін  бай-кедейге,
төре-қараға бөлінбей, ортақ іске жабыла қызмет етуге шақырды.
      Қазақ халқының оқығандары өз кезінде, орыс  интеллегенциясының  бағыт-
бағдарын таңдап, солардың көшіне ілесуі заңды құбылыс болатын.
      Ахмет Байтұрсынұлы сол кездегі саяси  жағдайды  былай  деп  көрсетеді:
"Қазақтарға ақпан төңкерісі  қаншалықты  түсінікті  болса,  қазан  төңкерісі
оларға  соншалықты  түсініксіз  болды.  Олар   алғашқы   төңкерісті   қандай
қуанышпен қарсы алса, тура  сондай  үреймен  екіншісін  қарсы  алуға  мәжбүр
болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл  төңкерісіне  деген
мұндай қатынасы әбден  табиғи  әрі  түсінікті  болатын.  Алғашқы  төңкерісті
қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол біріншіден, бұл  төңкерістің
оларды патша  үкіметінің  қанауы  мен  зорлық-зомбылығынан  құтқарғандығында
және екіншіден, олардың өзімізді-өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін  нығайта
түскендігінде еді"
      Ақпан төңкерісінің нәтижесінде елде қос өкімет  құрылды:  буржуазиялық
уақытша үкіметпен қатар, халықтық  өкімет  органдары  ретінде  жұмысшы  және
солдат депутаттарының кеңестері болды
      Патшалық Ресей құрамындағы барлық отар елдер сияқты қазақ зиялылары да
уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетті. "1917  жылы  наурызда  Қазақстанда
барлық  жерде  уақытша  өкіметтің  жергілікті  органдары   кәсіп  иелерінің,
көпестердің,  шенеуніктердің  мүдделерін  білдіретін  облыстық  және  уездік
атқару комитеттері құрылды"Уақытша үкімет  өзінің  саясатын  жүзеге  асыруда
комитеттер мен қоғамдық негіздегі ұйымдарға сүйенді.
      1917 жылы 5 наурызда Семейде қоғамдық ұйымдар  мен  армияның  облыстық
атқару   комитеті   құрылып,   оның   төрағасы   болып   К.   Н.   Ляшкеевич
сайланды/Сарыарқа газетінде бұл жөнінде:  "5-мартта  облыс  билігін,  әмірін
атқарып тұрған Семей областной  исполнительный  комитеті  ашылды.  Комитетке
әрбір ұйым қауымнан екі-екі кісіден мүшелер кірді. Қазақ ішінде  бұрын  ұйым
қауымының жоқтығынан бұл комитетке бізден кісі алынбады"
      Уақытша үкімет патша  үкіметінің  жергілікті  әкімшіліктерін  таратты.
Патшаның  тақтан  түскенін,  жергілікті  патша  билігінің  өкілдері  орнынан
алынғанын естіген халық пен алдыңғы ұлт зиялылары еркін әрекет ете  бастады.
Осылай ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанда  демократиялық  қозғалыс  кеңейе
түсті. Тарихшы Кеңес Нұрпейсовтің: "Февраль революциясынан  кейінгі  алғашқы
айларда кейір аудандарда бір кезде бүкіл  өкімет  билігін  өз  қолына  алуға
тырысқан  бірнеше  ұйымдар  қатар  әрекет  жасады.   Мәселен,   Қазақстанның
көптеген қалаларында Уақытша үкімет органдары және Советтермен қатар  қырғыз
- қазақ комитеттері, казачествоның  әскери  басқармалары,  қалалық  думалар,
земство органдары т.с.с.  қатар өмір сүріп, олардың әрқайсысы  саяси  өкімет
билігіне ие болуға  тырысты",-деген/пікірін  қуаттай   отырып,   1917  жылғы
ақпан төңкерісінен кейінгі түрлі ұлттық, қоғамдық негізде  құрылған  ұйымдар
мен өкімет орындарының қарым-қатынасына келейік.
Қазақстанда таптық, әлеуметтік, ұлттық мүдделерді арқау еткен партиялар  мен
қоғамдық - саяси ұйымдар осы жерде шоғырланды. Өз мүдделері мен  мақсаттарын
жүзеге асыру барысында пікір қарама-қайшылығы  салдарынан  бір-біріне  қарсы
болып,  әр  ұйым  өз  мүдделерін  жүзеге  асыруға  күш  салды.  Осы  кезеңде
жергілікті  саяси  ағымдардың  бірнеше   тобы   топтасты.    Олар:   социал-
революционерлер   (эсерлер),   социал-демократтар   (меньшевиктер),   "халық
бостандығы  партиясы"  (кадеттер)  ал,  қоғамдық  ұйымдар  мен  құрылымдарға
келсек оған жұмысшы және солдат депутаттар кеңесі, шаруа депутаттар  кеңесі,
облыстық қырғыз комитеті, орман комитеті,  Әскери  шаруашылық  басқармасының
жанындағы казактардың жер комиссиясы кіреді        Ақпан төңкерісінен  кейін
жалпы қазақ және облыстық қазақ съездерінде және барлық баспасөз  беттерінде
қазақ зиялыларының Ресейдің мемлекеттік басқару түрі қандай  болу  керектігі
жөнінде кең көлемде талдаулары жүргізілді. Барлық  қарарларда  демократиялық
- федарациялық республика орнату мен ұлттық  құқықтық  автономияға  да  орын
беру мәселесі айтылды Күн тәртібінде қойылған мәселелердің Үшінші  тарауында
елді басқару жүйесі жөнінде: "Осындай мемлекеттің  толықсып  тұрған  кезінде
халықты билейтін күшті ұйым керек. Ол үшін  тұқымының,  тобының,  нәсілінің,
дінінің басқалығына  қарамай,  халықтың  санына  қарай  кісі  кіретін,  азды
қорғайтын жалпы комитеттер ашу өте қажет",- деп / ұлтаралық қатынасқа  назар
аудара отырып, екі комитеттің бірігу  жөнінде  шешім  қабылдап,  нәтижесінде
қазақтан 20 кісі облыстық атқару комитетіне мүшелікке қабылданды.

№15- лекция
Қазақстанның қоғамдық-саяси ұйымдары
1.Жалпы қазақ сьезі
2.«Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасы
3.Қазақстандағы саяси ағымдары
      Саяси ағымдағы күрестерге толы сол бір қиын  жылдарда  орыс  билігінің
қыспағын түсінген қазақ зиялылары, енді  ұлттық  мақсат  -мұраттары  тек  өз
тағдырларын өз қолына алғанда  ғана  шешілетінін  түсінді.  Ұлт  азаттығы  -
халықтың ең маңызды мәселесі болды.  Сондықтан  Ақпан  төңкерісі  және  орыс
демократиясының  ықпалы  астында  ұлттық  мақсат-мүддені  іске  асыру   үшін
автономия  құруға  тырысты.  Ол  үшін,  ең  бастысы,  жан-жақты  дайындалған
білікті мамандар мен халықтың қалың  бұқарасын  топтастыратын  ұлттық  саяси
партия қажет болды.
             Бұл  мәселені  іске  асыру  1917  жылы  21-26  шілдеде  Орынбор
қаласында өткен бірінші бүкіл қазақтық съезде қаралды. Онда  негізінен  мына
мәселелерді көтерді:  1.Мемлекет түрі қандай болу. 2.Қазақ өз  тізгінін  өзі
алу, яғни, автономия. 3.Жер мәселесі.  4.Әскерлік  5.Земство  6.Оқу.  7.Сот.
8.Дін.  Құрылтай  жиылысына  қазақтан  сайланатын  депутаттар,  қазақ  саяси
партиясын құру сияқты барлығы 14 мәселе қаралды/81/.
      Бұл съезд Ресейде демократиялық парламенттік республика  болу  идеясын
құптады. Қазақстанды тұтас біріктіретін  ұлттық  автономия  орнына  облыстық
территориялық-ұлттық автономия болуы  тиіс  деп  есептеді.  Съезде  аграрлық
мәселеге  байланысты  мынадай  тұжырым  жасалды:  "Ең  алдымен   қазақтардың
өздерін түбегейлі орнықтырып болмайынша, олардың жерін алуды тоқтату  керек.
Сондай-ақ  қазақтардың  жерді  пайдалануы  қауымдастық  негізде   жүргізілуі
тиіс". Съезд "Алаш" партиясын  құруға  және  оның  бағдарламасын  дайындауға
шешім   қабылдады.   Барлық   демократиялық   қозғалыстар   сияқты    "Алаш"
қозғалысында да прогрессивтікпен  қатар  әр  түрлі  бағыттар,  оңшылдар  мен
солшылдар да болды.
      "Алаш" партиясының  қайраткерлері  өз  күресін  жалпы  ұлттық  мүддеге
негізделген, "Қазақ халқын  отарлық  езгіден  құтқару  үшін"  деген  ұранның
астында топтастыруға бағыт алды. Бұл бағытты жүзеге  асырудың  басты  құралы
бірінші жалпы қазақ съезінде дүниеге келген "Алаш" партиясы болу  керек  деп
түсінді      Міне,  ақпан  төңкерісінен  кейінгі  осындай  кезең  әр   түрлі
ағымдардағы ұйымдардың көзқарастарын білдіретін газет-журналдардың жаңа  бір
өрлеу кезеңі болды.  Осы  шығарылған  газет-журналдардың  ұстаған  қоғамдық-
саяси бағыт-бағдары, көздеген идеялық нысанасы  және  көтерген  мәселелеріне
қарай жалпы үш топқа топтастырамыз.  Олар:  ұлттық  және  социал-демократтар
мен либерал - демократтардың мерзімді баспасөздері.
       Сәкен  Сейфуллин  сол  уақыттағы   ағымдарға   мерзімді   баспасөздің
қаншалықты маңызы болғанын  былай  көрсетеді:  "Әлеумет  тарихына  қарағанда
1917-18 жылдардағы саяси күрестің  зор  майданындай  ұлы  дүбірлерде  оқыған
адамдардың саясат, әлеумет күресіне қатысқандарының бәрі  де  сол  заманында
шығып тұрған газет, журналдардың айналасына жиналмақ. Егерде  әлеумет  ісіне
қатысқандар маңайындағы газет-журналдардың  бағытына  риза  болмаса,  өздері
бөлек газет, журнал шығарып майданға шықпақ.  Не  болмаса  басқа  жерлердегі
бағыты үйлес деген газеттерге пікірлерін жазып майдандаспақ.  Бұл -  саясат,
әлеумет тарихының  тәжірибесі.   Мұны  былай  болмаған  деп  ешкім  де  айта
алмайды
Кадет партиясы бұрын Николай заманында ескі  үкіметпен  қарсы  алысқан.  Сол
жақ қанаты партияның алдындағы  көсемі  еді.Мына  жаңа  заманда  бұл  партия
ескіріп, саясат майданының оң  жақ  қанатына  сырғып  отыр.  Кадеттер-  орыс
намысын жібермейтін ұлтшылдар.
      "Социалист" партиясын жаңа заман жаңғыртып, әр  қайсысын  екіге  бөліп
отыр. Бұл партияның ішінде осы күнде көзге көрініп тұрған  екі  партия  бар.
Бірі  -  социалист-"революционерлер"  партиясы,  бұл  өзі   екіге   бөлінеді
"максималист" һәм "либералист" аталады.      Екіншісі -  жұмыскер  партиясы,
"Социал -  демократ  партиясы".  Бұл  да  екіге  бөлінеді:  "большевик"  һәм
"меньшевик"…"Социалист" партиясының мақсаты еңбекті  пұлдың  үстіне  шығару,
жер-су, мал-мүлікке  жұртты  ортақ  қылу.  Бұл  партияның  іргесі  жұмыскер,
солдат һәм крестьян советтері.
      Николай тақтан құласымен  уақытша  үкімет  құрылып,  мемлекет  тізгіні
кадет партиясының қолына тиді де, аға министр осы партиядан  болды.  Уақытша
үкіметтің ең алдыңғы жұмысы  жұртқа  соғыс  туралы  пікірін  ашу  болды:  27
февральда  жұртқа  жария  қылды,  өлсек-тірілсек  те  бұл  соғыста   одақтас
мемлекеттермен бір боламыз деп. Мұнысы  жауды  мұқатпай  тоқтамаймыз  дегені
еді.
      Социалист партиялары кадеттердің бұл арасына қарсы  болды.  Міне,  осы
жерден талас-тартыс туып социалистер өз  ұранын  шақырды.  "Соғыс  жойылсын!
Жалпы дүние жүзіндегі жұрттың тыныштығына ірге  болатын  бітім  жасалсын!  …
Әйтседе, өз арамызда тартыс басылмады. Қайта күннен күнге  күшейді,  жер-су,
қазына, завод-фабрикалар жұртқа қылдай бөлініп беріледі"  деген  ұран  мұжық
пен жұмыскердің жүрегіне жылы тиді…
      Сонымен социалистер  күшейе  келіп,  май  басында  кадет  министрлерді
орнынан аударып, министрдің көбін аға министр Керенскийге дейін  өз  жағынан
сайлаған еді. Социалистер жеңді. Жеңсе де, ойлаған ұранынан шықпады:  сайлап
қойған министрлері  соғысты  тоқтатқысы  келмеді,  қайта  күшейткісі  келді.
Осыдан социалистердің өз арасына жік түсе бастады," -  дегенобъективті  ойын
қазіргідей заманда құптамасқа болмайды.
      Патша үкіметінің отарлық саясатының ықпалы уақытша үкімет  тұсында  да
бірден жойылып кеткен жоқ.  Жергілікті  халықтың  мүддесі  құқықтық  жағынан
көбіне қорғаусыз қалды.
      Қазақ зиялылары демократиялық  бағытта  үлкен  тарихи  қадам  бастады.
Барлық  күш-жігерлерін  салып,  әлеуметтік  қажеттілікті  дәл  баса  отырып,
жергілікті  мерзімді  баспасөзді  ашуға  үлкен   үлес   қосты.   Материалдық
қиыншылыққа  қарамай  қараңғылық  құшағында  жатқан  қазақ  қоғамының  саяси
көзқарасын оятуды, сөйтіп, жаңа заман үніне  құлақ  асуды  насихаттады.  Сол
бағытта жұмыс істеді.

№16 лекция
Қазақстан 1917ж.  Қазан революциясы кезінде
1.Революцияның әлеуметтік базасы мен қозғаушы күштері туралы  пікірлері  мен
тұжырымдар
2.Кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері
3.ІІ Жалпы қазақ сьезі Қазақ интеллигенциясының революцияға көзқарас
      Монархияның ауыр мұрасы, келе жатқан  ашаршылық пен күйзеліс,  уақытша
үкіметтің халықтарға – бітім, шаруаларға- эсер  жұмысшыларға-  фабрикалар  ,
аз ұлттарға- теңдік  кепілдікті  құқықтар  бере  алмауы,  ұзақ  буржуазияшыл
бұқара арасында  анархиылық  пиғылдардың   өршуі  жалпы  ұлттық  дағдарыстың
пісіп жетілгенің анықтап  берді.  Халық  корниловшылықты-  контрревалюцияшыл
соғысқұмаршылар диктатурасы мен пролетарлат  диктатурасының  бірін  таңдауға
тиіс болады.
Қазан  ревалюциясы , яғни В.И. Лениннің атағындай « Қазан төңкерсі»  осындай
жағдайда жүзеге асырылады.
   Бейбітшілік, жер, бостандық, ұлттың өзін-өзі билеуі сияқты жалпы азамттық
қазыналарды  негізгі  алуының  ревалюция  тағдыры  үшін  зор  маңызы  болды,
(ұлттың)  Жер  мен  бітім   тутралы  тарихи  деректердің  қабылдануы,  Кеңес
өкіметі ұлт саясатының миллиондаған адамдардың арман-  тілегіне  сай  келген
бағдарламасын жариялауы ревалюцияның бүкіл ел көлемінде  тез  арада  жеңіске
жетуінде  шешуші  роль   атқарды.  Мәселен,  «Ресей  мен   Шығыстың   барлық
еңбекшісі мұсылмандарына»  атап  көрсетілді:  Ендігі  жерде  Сөздердің  діни
сенімдеріңіз,   Сіздердің   әдет-   ғұрыптарыңыз,   ұлттық   және     мәдени
мекемелеріңіз ерікті және оларға қол  сұғылмайтын  болады  деп  жарияланады.
Өздеріңіздің ұлттық өміріңізді  өз  еріктеріңізбен  ,  ешбір  бөгетсіз  құра
беріңіздер.  Бұлай  етуге  Сіздердің  толық   құқықтарыңыз  бар.   Сіздердің
құқықтарыңыз Ресей  барлық  халықтарының   құқықтары  сияқты,   ревалюциялық
және оның органдарының, жұмысшы, солдат  және  шаруа  депутаттары  Кеңесінің
бүкіл  күш- қуатымен қорғалып  отыратын  біліп  қойыңыздар».  Сонымен  бірге
бітім  туралы декрет  зорлық-  зомбылық  ауқымын  арттыра  түсуді  көздеп  ,
ашықтан-ашық  дүниежүзілік  ревалюцияға  шақырады.  Ұлт  мәселесін   шешудің
әскери коммуникативтік әдістері, большевиктердің унитарлық мемлекет  құруға,
тек кеңестер негізінде ғана автономия  беруге  ұмтылуы  ресейлік  этостардың
шын  мәнінде  қайта  өрлеуі  үшін  ұлттық  факторды  пайдалануға   мүмкіндік
бермеді.
Кеңес өкіметі Қазақстанның түрлі аудандарында  әр  кездерде  орнатылды.  Бұл
процесс  көптеген  жағдайларға:   белгілі  бір  аудандағы  топтық  күйлердің
арақатынасына және күштердің  арақатынасына  және  Орал  мен  Сібірдің   ірі
өнеркісіп  орталықтарына,  темір  жолдарға  жақын  орналасуға,    жергілікті
жұмысшылардың  топтасқандығына және олардың село, ауыл, қатынастың  жартылай
пролетар  бұқарасымен   байланысның   беріктігіне;   жергілікті   жерлердегі
большевиктік ұйымдардың  жауынгершілік  қабілетіне:  ұлт-  азаттық  қозғалыс
тасқынының толысу дәрежесіне байланысты болады.
      1917 жылы 25  қазанда  болған  төңкеріс  ақпан  төңкерісі  нәтижесінде
болған уақытша үкіметтің қолынан саяси  билік  біртіндеп  кете  бастағанының
дәлелі еді. Сөйтіп, Петроградта жұмысшылар, солдаттар мен  матростар  қарулы
көтеріліс  арқылы  аса  маңызды  орындарды  басып  алды.  Таңертең   әскери-
революциялық  комитет  уақытша  үкіметтің   құлатылғанын   хабарлады   Қазан
төңкерісінің   қанды   драмалық   жағдайларға   толы   оқиғаларынан    кейін
большевиктер өкімет басына келді. Жоғарыдағы А.Байтұрсынұлы  бағалағанындай,
қазан төңкерісін халық үреймен,   түсінбеушілікпен қарсы алған еді.
      Кеңес  өкіметі  орнағаннан  бүгінге  дейін  Қазан   төңкерісі   жоғары
бағаланып, Ақпан төңкерісінің беделі тарихта төмендетіліп көрсетіліп  келді.
Ал  шындығында,  сол  кездегі  тарихи  жағдайларды  суреттеген   деректерге,
жоғарыдағы қазақ зиялыларының  тұжырымдауларында, сүйенсек Ақпан  төңкерісін
тарихи үлкен бетбұрыс ретінде түсініп, ал Қазан төңкерісін белгілі  бір  топ
 өкілдерінің мемлекеттің басқару орнын басып  алуы деп ғана ұққан.
      А.Байтұрсынов:   "Россияның    орталық    аудандарында    большевиктік
қозғалыстың қалай өткендігі қазақтарға белгісіз, шет  аймақтарда  ол  барлық
жерде зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық  өкімет  билігімен  қатар
жүргізілді. Нақтырақ айтқанда, ол қозғалыс шет  аймақтарда  революция  емес,
барып тұрған анархия болды… Егер бұрын патша  чиновниктері  аталған  адамдар
тобы   қазақтарды   ешбір   шектеусіз  езіп-жаншыған  болса,   енді   мұндай
әрекеттерді большевиктер  -  коммунистердің  атын   жамылған   адамдар  тобы
жүргізіп отыр"/254/ - деп жазады.
      Қазан төңкерісін жасаған большевиктер партиясы ұлт париясы  емес,  тап
партиясын әкелді.  Күллі Ресейдің әмірі, билігі, дәулеті  кедейлер  табынікі
екенін жариялады.  Әрі бұл Ресейдегі әр  ұлттардың  кедей  тобынан  құрылған
кеңес автономияларының ұйымдасып, бір  жалпы  Ресейдің  құрама  республикасы
болатындығын жариялады.
      1917 жылы 15(2) қарашада  "Ресей  халықтары  құқығының  декларациясын"
қабылдап, кеңес мемлекеті ұлт  саясатының  негізгі  принциптерін  жариялады.
Онда мынадай уәде  берілді:  "Патша  заманында  Ресей  халықтары  бір-біріне
айдап салынды. Сондай саясаттың нәтижесінде халықтар  бір-бірімен  қырқысты,
олар  жаппай  қырғынға  ұшырады,  құлдыққа  түсті…   халықтарды   бір-біріне
жауықтырудың мұндай саясатына тыйым салынады. Халықтардың  бір-біріне  толық
сенімі орнайтын ашық та адал саясат  жүргізіледі.  Одан  кейін  ұлт  саясаты
жөнінде: "Ресей халықтарының  теңдігімен  тәуелсіздігі,  Ресей  халықтарының
өзін-өзі емін-еркін билеуге құқықтығы,  тіпті  одан  бөлініп  кетіп,  дербес
мемлекет  құруға  дейін  еріктілігі…."  -  деген  алғашқы  құжатта   осындай
мәселелерге тоқталды/255/. Міне, осындай  ұранына  сендірген  кеңес  өкіметі
қаншама қазақтарды да артынан ергізе білді.
      Міне, қазақ зиялыларын бұндай қадам жасауға мәжбүр еткен де  ел  қамы,
ел тыныштығы  болатын. Бірақ бұл келіссөз екі  жақтың  да  келіспеушілігімен
аяқталды. Кеңес  өкіметі  Алашордашылардың  ұсынған  бағдарламасымен  келісе
алмады. Өйткені,  бағдарламма ұлттық мүдде тұрғысынан жасалған еді.

Дәріс №17
Қазақстанда Кеңес мемлекетінің құрылуы.
1.Революциялық комитеттің құрылуы және оның қызметі.
2.Түркістан істері бойынша БОАК мен ХКК комиссияларының қызметі.
3.26-тамыз 1920 жылғы Кеңес өкіметінің Декреті.
4.Қазақстанның ОАК мен ХКК құрылуы.

    Қазақстанда азамат соғысының аяқталуы және контрреволюциялық  күштермен
ақ гвардияшыларды  талқандаумен  байланысты  Кеңес  өкіметін  қайта  қалпына
келтіру мәселесі ерекше орын алды. 1919 жылғы маусым айында Кеңестердің  ұлт
істері жөніндегі халық комиссариаты Қазақ  кеңес  автономиясын  құру  туралы
арнайы мәселе қарады. Онда қазақ халқының қалың бұқарасымен  тығыз  байланыс
орнайтын, мұндағы жаудан  азат  етілген  аймақтарда  саяси  және  шаруашылық
жұмыстарды  ұйымдастырып,  өлкеде  Кеңестердің  құрылтай   съезін   шақыруға
әзірлік  жасайтын  арнаулы  орган  құру  туралы  шешім   қабыданды.   Осыған
байланысты 1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлары  Кеңесінің  декреті
бойынша  Қырғыз  (қазақ)  өлкесін  басқару  жөніндегі  революциялық  Комитет
құрылды. Революциялық комитеттің бірінші құрамына  С  Пестковский  (төраға),
А. Байтұрсынов, В. Лукашев, Ә. Жанкелдин,  М.  Тұнғаншин,  С.  Мендешев,  Б.
Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі  болып  Ә.  Әйтиев,
С. Арғыншиев, А. Авдеев, Ғ. Әлібеков, Б. Қаралдин еңбек  етті.  Революциялық
комитеттің жұмыс істейтін орталығы болып Орынбор қаласы белгіленді.
  Қырғыз (қазақ) революциялық комитетінің жанынан басқару салалары бойынша:
еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық  сақтау  және  халық  ағарту,
егіншілік,  юстиция,  пошта  және  телеграф,  азық-түлік,  жұмысшы  -  шаруа
инспекциясы,  халық  шаруашылығы  кеңесі  сияқты  бөлімдер  мен   бөлімшелер
құрылды.
  Қазақ өлкесі территориясындағы өкімет билігі мен басқару жоғары органы  -
Қырғыз (қазақ) революцпялық комитетініц функциялары өте кең  әрі  сан-салалы
болды. Ол өлкені  интервенттер  мен  ақ  гвардияшылардан  азат  етуде  Қызыл
Армияға көмек көрсету, мемлекеттік өкімет органдарын нығайту,  азат  етілген
аудандарда  кеңестерді  қалпына  келтіру,  өнеркәсіп  пен  көлік   қатынасын
жандандыру, мәдениетті өркендету т. б. мәселелермен  айналысты.  Оның  қазақ
еңбекшілерін  мемлекеттік  құрылысқа   тарту,   кеңес   кадрларын   дайындау
жөніндегі қызметінің зор маңызы болды.
  Казревком 1919 жылдың шілдесінен 1920 жылдың  қазан  айына  дейін  15  ай
жұмыс істеді. Осы уақыт  ішінде  оның  басшылығымен  халық  шаруашылығындағы
басты сала -отын өндіру бағытында Орал-Ембі  мұнай  кәсіпшілігін,  Қарағанды
мсн Екібастұздың шахталарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.  Өнеркәсіп
саласында  Екібастұз  зауытындағы,  Риддер  рудниктерінде  қорғасын   қорыту
жұмыстары    жолға    қойылды.    Семей    және    Ақмола    губернияларының
кәсіпшіліктерінде тек  1920  жылы  8,5  миллион  пұт  тұз  өндірілді.  Семей
губерниясында  алтын  шығару  жұмысы  қайта  басталды.  Оралда,  Қостанайда,
Семейде, Ақмолада  және  басқа  қалаларда  электр  станциялары  жұмыс  істей
бастады. Жылдың аяғына қарай өлкеде  59  электр  станциясының  45-і  қалпына
келтіріліп,  пайдалануға  берілді.  Өлке  жұмысшылары  мен  шаруалардың  күш
жігері  арқасында   1920   жылы   Бекей,   Қостанай,   Семей   және   Ақтөбе
губернияларында   көптеген   орта   және   ұсақ   өнеркәсіп   орындары   мен
шеберханалары қатарға қосылып, бұларда 20 мыңнан астам адам еңбек етті.
   РК/б/П Қырғыз /Қазақ/ облыстық  бюросы  құрылғаннан  кейін  өлкеде  Кеңес
өкіметін, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмысы одан ары өрістей түсті.  1920
жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз  республикасы  туралы
Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК  пен  РКФСР  Халком  Кеңесі  РКФСР
құрамында "Қырғыз (Қазақ) Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  Республикасын
құру туралы" жарлық қабылдады.
  Қазақ  республикасына  Семей,  Ақмола,  Торғай  және  Орал  губерниялары,
Маңғыстау уезі, Закаспий облысының  Красноводск  уезіндегі  4-ші  және  5-ші
Адай болыстары, Астрахань губерниясындағы Синемор болысы, Бөкей  ордасы,  1-
ші және 2-ші Приморье  округтарына  шектес,  қазақтар  қоны-станған  бұрынғы
қазыналық жерлер кірді. 1920  жылғы  22  қыркүйекте  Бүкіл  Ресейлік  Атқару
Комитетінің жаңа  декреті  бойынша  ҚАКСР-ның  құрамына  Орыпбор  губерниясы
енгізілді, ал Орынбор қаласы республиканың астанасы болды.
  1920 жылдың 4-12 қазанында Қазақстан Кеңестерінің  құрылтай  съезі  болып
өтті. Съезге Қазақстанның барлық  губернияларынан  273  делегат  және  Алтай
губерниясы қазақтарының атынан 6 делегат  қатысты.  Делегаттардың  қатарында
128 қазақ, 127 орыс  және  басқа  да  ұлттардың  18  өкілі  болды.  Құрылтай
съезінде Орталық Атқару Комитеті  (төрағасы  С.  М.  Меңдешев)  және  Халком
Кеңесі (төрағасы В. Радус-Зенькович) сайланды. Съезд Қырғыз  (Қазақ)  АКСР-і
РКФСР-дің  құрамына   кіретін   жұмысшылардың,   еңбекші   қазақ   халқының,
шаруалардың,  қазақтардың  және   қызыл   әскер   депутаттары   кеңестерінің
автономиялық   республикасы   болып   құрылғанын    мәлімдеді.    Декларация
Кеңестердің таптық мәнін белгілеп берді.  Ол  халықты  ұлттық  езушілік  пен
құлдықта ұстау саясатынан батыл қол үзетінін жариялады.
  Декларация Қазақстан еңбекшілерінің саяси  құқықтарын  Кеңестерді  сайлау
және  сайлану  құқығын,  нәсілдік  және  ұлттық  тегіне  қарамастан,  барлық
азаматтардың тең құқықтығын, тегін білім алу құқығын, қазақ әйелдерінің  тең
құқықтығын, сөз, жиналыс, баспасөз, ождан бостандығын қуаттап, баянды  етті.
Азаматтардың еңбек ету, елін қорғау міндеттері де белгіленді.
  Кеңестердің Құрылтай съезі жер  мәселесі  жөнінде,  экономикалық  құрылыс
туралы, әкімшілік мәселесі жөнінде, кеңестік заң органдары  туралы,  халыққа
білім беру, денсаулық сақтау туралы және басқа  мәселелер  жөнінде  шешімдер
қабылдады.
  Қазақ  АКСР  құрылуын  және  Кеңестердің  құрылтай  съезінің   шешімдерін
еңбекшілер мақұлдап  қарсы  алды.  Қазақтың  Кеңестік  ұлттық  мемлекеттігін
құрудың орасан зор тарихи маңызы болды. Жаңадан құрылған жас республика  тез
аяқтана бастады. Қазақ халқының  басқа  ұлттармен  қатар  қалыптасу  процесі
күшейді. Оның Кеңес мемлекеті құрамындағы басқа халықтар мем  достығы  нығая
түсті.


  Бекіту сұрақтары.
  1. Қай жылы Революциялық комитет құрылды?
  2. «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік  социалистік  Республикасын  құру
     туралы» жарлық қашан қабылданды?
  3.  Құрылтай  съезінде  орталық  Атқару  комитетінің  төрағасы  болып  кім
     сайланды?


Дәріс №18 Жаңа экономикалық саясат және индустрияландыру
Мақсаты: Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясатқа өтудің  алғышарттары,  жер
- су реформаларының нәтижелері жөнінде түсіндіру.
   1. Соғыстан ейінгі бейбіт құрылысқа көшу.
   2. ЖЭС, оның ҚР – ғы ерекшілігі.
   3. Жер – су реформасы, оның нәтижелері.
   4. Қазақстандағы индустрияландырудың ерешеліктері.
   5. Индустрияландырудың нәтижелері мен қиыншылықтары.
       Қазақстанда  азамат  соғысы  аяқталғаннан  кейін,  экономикалық  және
әлеуметтік-саяси жағдай Ресейдің  орталық  аудандарымен  салыстырғанда  ауыр
болды. Бейбіт құрылысқа көшудің барысында шаруашылық және саяси  қиындықтары
мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және  мәдени
артта қалушылықпен байланысты еді.
      1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам  тұрды.  Оның  ішінде
қазақтары - 50,3, орыстары - 31,1, украиндары - 14,4 пайыз.  Халықтың  басым
көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал  ауыл  шаруашылығы  мешеу  жете
дамымаған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып  алып  қайта  жырту  жүйесі,
мал шарушылығында көшпелі және жартылай көшпелі  шараушылық  басым  болатын.
Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп, астықтың жалпы  көлемі
мен түсімі үш есеге жуық азайды.  Егер  егістік  көлемі  1914  ж.  3,6  млн.
десятина болса 1922 ж. 1,6 млн.  десятинаға  қыскарды.  Мал  шаруашылығы  да
ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара  мал  саны
2,1 млн-ға, жылқы - 2 млн-ға, Қой  ешкі  6,5  млн-дай,  түйе  -  0,3  млн-ға
азайды. Жалпы алғанда осы жылдары барлық мал түрі 10,8 млн. басқа кеміді.
      Жеті жылға созылған соғыста (бірінші дүниежүзілік және азамат  соғысы)
жүздеген мың адам қырылды. Кейбір  уездерде  аштық  басталды.  Кеңес  елінің
басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді.  Ол
бойыпша шаруалардың күн керісінеп  артылған  азық-түлік  әскер  мен  ондіріс
орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін  ешбір  өтеусіз  алынды.  Бұл  жағдай
шаруалардың табиғи наразылығын  туғызды,  Әсіресе,  ауқатты  шаруалар  қатты
наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік неғұрлым көп және қайырымсыз  қатал
әдістермен жиналды. Мұның өзі  Қостанай,  Орал,  Семей,  Шымкент  уездерінде
шаруалардың Кеңес өкіметіне қарсы шығуына әкелді.
      Мұндай наразылықтың күшеюі Кеңес  өкіметін  салғырттан,  яғни  «әскери
коммунизм» саясатынаы / салғырт кейде солай аталатын  /  бас  тартуға,  жаңа
экономикалық саясатқа көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға мәжбүр етті.
      Қазакстанда жана экономикалық саясатты /НЭП-ті/ іске асыру 1921  жылғы
Қазақ АКСР  Орталық  Атқару  комитетінің  азық-түлік  салығына  көшу  туралы
шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз  болды.
Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария облыстарында астық салғырты  бойынша
10,4 млн. пұт астық жиналса, 1921 жылы  салық  арқылы  шаруалардан  жиналған
астық 6,0 миллион пұттан асқан жоқ. Шаруалардан  алынатын  ауыл  шаруашылығы
өнімдеріпің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селолардың  қалалармен  байланысын
нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін  қалаларға  апарып  сатып,
тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.
      Алайда, жаңа  экономнкалық  саясатты  іске  асыру  барысында  көптеген
қиыншылықтар  да  кездссті.  Атап  айтқанда,  1921  жылы  жазда  Еділ  озені
бойының,  Солтүстік  және  Батыс  Қазақстанның  халықтары  күшті   қуаншылық
болуына байланысты  аштыққа  ұшырады.  Орал,  Орынбор,  Ақтөбе,  Бөкей  және
Қостанай губернияларында  егістің  көбі  күйіп  кетті.  Малға  азық  болмай,
қырыла бастады. Ауыл  шаруашылығында  болған  апаттың  аяғы  сұмдық  аштыққа
апарып соқты. Сол кездегі мәліметтерге карағанда республикада 2,3 млн.  адам
ашыққан. Осы қиын-қыстау  кезендерде  Қазақстан  еңбекшілеріне  Ресей  халқы
елеулі көмек көрсетті.  1921  жылы  күзде  және  1922  жылы  көктемде  РКФСР
үкіметі толық емес есеп бойынша Қазақстанға 4475 мың пұт астық, 183 мың  пұт
картоп жіберді. Түркістан мен Украина республикалары да  Қазақстанға  елеулі
көмек жасады. Жұт  пен  қуаңшылықтан  зардап  шеккеп  кедей  шаруашылықтарға
ондаған мың ірі қара мал, 5 млн. пұттан астам тұқымдық дән берілді. Бұл  дән
1921-1922 жж. бір милллион гектардан  астам  күздік  және  жаздық  егістікке
себілді. Алайда Қазақ Республикасы халық  шаруашылығының  жағдайы  өте  ауыр
болып қала берді.
      20-шы жылдардың  басындағы  жер  реформаларының  ерекше  маңызды  рөлі
болды. Мұның өзі жер мәселесіндегі патша  өкіметінің  отаршылдық  саясатының
зардаптарып жою бағытында іске асырылған шаралар еді.  Патша  өкіметі  алған
жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді.
       1921  жылы  ақпан  айында  жер-су  реформасы  Түркістанның   көптеген
аудандарында,  оның  ішінде  Алматы,  Қапал,  Шымкент,  Әулиеата  уездерінде
жүргізілді. Жайық өзенінің сол жағалауының  бөлігі  межелеп  бөлінді.  Қазақ
шаруалары бұрынғы жайылымдарын алды.
      Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен  жер-су  реформаларын  жүзнеге  асыру
үшін бұқаралық  ұйым  Қосшы  одақтары  құрылды.  Оның  жарғысым  кедейлердің
таптық сана-сезімін арттыру, олардың мүдделерін қорғау және Кеңес  өкіметіне
көмектесу сияқты мақсаттарды іске асыруды көздеді.  Қосшы  одақтарын  құруда
және оның практикалық қызметінде, сондай-ақ Оңтүстікте  жер-су  реформаларын
жүргізуде Ж. Бөрібаев, О. Жандосов, А. Розыбакиев, т. б. қоғам  қайраткерлер
көрнекті қызмет атқарды.  1921  жылғы  наурызда  Жетісуда  17  мыңнан  астам
мүшесі бар Қосшы одағынын 99 ұясы жұмыс істеді.
      Қазақстанның ауыл  шарушылығында  елеулі  өзгерістер  жүрді.  Бірыңғай
ауыл  шаруашылық  салығы  енгізіліп,  оның  жалпы  көлемі  100  млн.   сомға
төмендетілді 1925 жылы 46 мың кедей және  ол-ауқаты  кем  шаруашылықтар  мал
және құрал-сайман алуға, жер жырту мен егіс егуге мемлекеттен қарыз алды.
      1925 жылы мал басы 1922  жылмен  салыстырғанда  екі  есе  көбейіп,  26
миллионнан   асты.   Осы   шаралардың   нәтижесінде    республиканың    ауыл
шаруашылығында орташаландыру процесі бой көрсете бастады.
      Тұтас алғанда Республика бойынша 1925  жылы  қазанда  ауыл  шаруашылық
кооперациясының жүйесінде  322  690  мүшесі  бар  2811  бірлестіктері  жұмыс
істеді, олардың ішінде 62546 мүшссі бар бір мың қазақ бірлсстіктері  де  бар
еді. Сонымен қатар қазақ және қоныс аударып келген шаруашылықтардың  төрттен
бірінен көбі (27,1 пайыз) бірлестіктерге қамтылды. Бірлестіктер катарына  96
коммуна, 557  артель,  58  жай  серіктестіктер  кірді.  Тұтыну  кооперациясы
көшпелі ауылда кенінен дамыды. Олардан басқа республикада 35 совхоз  және  4
мыңнан астам шаруалар комитеттерінің өзара көмек қоғамдары жұмыс істеді.
       Жаңа  экономикалық  саясатты   іске   асыру   барысында   Қазақстанда
өнеркәсіпті қалпына келтіріп, өркендету ісі өріс  алды.  Мұнан,  тұз  өндіру
ісі жолға койылып, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері  қалпына  келтірілді.  Бұл
кезде өлкедегі транспортқа айрықша көңіл бөлінді.  Өйткені  көлік  қатынасын
жолға қоймайынша жана экономикалық саясаттың басты міндеттсрін жүзеге  асыру
мүмкін емес еді. Осымен байланысты жаңа темір  жол  құрылыстары  жүргізілді.
Петропавл – Көкшетау  темір  жолы  іске  қосылды.  Сондай-ақ  Оңтүстік-Сібір
магистралының Ақмола - Қарағанды - Павлодар тармағы салыпды. Жетісуда  темір
жол салу тездетілді. Орынбор -  Ташкснт  және  Сібір  темір  жолдарында  жүк
айналымы  өсті,  оның  материалдық-техникалық  базасын  нығайтуда   бірқатар
шаралар жүзеге асырылды. Атап  айтқанда,  жол  қатынасы  халық  комиссариаты
тарапынан едәуір мөлшерде паровоз және  вагон  отын,  әр  түрлі  материалдар
бөлінді,  транспорт   шаруашылығының   жоғары   маман   теміржол   басшылары
жіберілді.
      Қазақстанда халық шарашылығын қалпына келтіру аяқталғаннан кейін  елді
индустрияландыру бағыты іске аса бастады.  Индустрияландыру  өндіріс  құрал-
жабдықтарын  жасайтын,   халық   тұтынатын   тауарларды   шығаратын   зауыт,
фабрикаларды салумен тығыз байланысты  болды.  Мұндай  кәсіпорындар  бұрынғы
КСРО-нын шығыс аудандарында, оның ішінде  Қазақстанда  көптеп  бой  көтерді.
Олардың салынуы артта қалған шет  аймақтарды  өндірісі,  өнеркәсібі  дамыған
орталық аудандармен теңестіру ұранымен жүргізілді.
      Ф.И. Голощекин республикада индустрияландыру идеясына  қолдай  отырып,
Қазақстанда  ауыр  өнеркәсіп   салаларының   орнына,   ауыл   шаруашылығымен
байланысты  ұсақ  және   орта   кәсіпорындарды   дамыту   жоспарын   ұсынды.
Голощекиндік индустрияландырудың мәнін тез арада түсінген  қазақтың  алдыңғы
қатарлы интеллигенция өкілдері оған үзілді -   кесілді қарсы  шықты.  Смағұл
Сәдуақасов  Голощекин  идеясына  ашық  қарсы  шығып,  республикада   шикізат
байлықтарын  қайта  өңдеп  шығаратын  кәсіпорындар  салу  талаптарын  қойды.
Алайда, Қазақстан жетекші кадрларының ақылға қонатын, дұрыс қойған  саясатын
Голощекин жергілікті ұлтшылдықтың белгісі деп бағалады, оларды енді  қуғынға
сала бастады.
      Қазақстанда  өндіріс  күштерін  өрге  бастыруды,  табиғат  байлықтарын
игеруді тездетуде Түркістан-Сібір темір жолының маңызы зор еді. 1927  жылдан
басталған бұл құрылысқа мемлекет тарапынан 200 млн. сом қаржы жұмсалып,  тез
аяқталу үшін істелген шаралардың нәтижесінде  ол  мерізімінен  17  ай  бұрын
1930 жылы 25 сәуірде іске қосылды. Оиың құрылысын жүргізуге бұл тұста  РКСФР
Халкомы  төрағасының  орынбасары  Т.  Рысқұлов,  темір   жол   инженсрі   М.
Тынышбаев, т. б. елеулі үлес қосты.
       Индустрияландыру  барысында  Қазақстан  индустриялды   аграрлы   елге
айналды.  Өнеркәсіп    өнімінің  халық  шаруашылығындағы  үлес  салмағы   60
пайыздан асты.  Қазақстан  өнеркәсібін  өркендетуге  1928-1940  жылдары  4,6
миллиард сом күрделі қаржы жұмсалды.
      1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы  табының  жалпы  саны
350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ  жұмысшылары  еді.  Республикада
көптеген инженер-техник кадрлары даярланып, олардың саны  11 мыңнан асты.
       Индустрияландыру  барысында  өндірісте  екпінділер,  еңбек  озаттары,
шаруашылық   есеп   бригадалары,   стахановшылар   қозғалысы   өріс    алды.
Индустрияландыру бұрын артта қалған Қазақстан сияқты  ұлт  аймақтарының  тез
дамуына, сөз жоқ игі әсерін тигізді.
       Қазақстанның  индустриялық  дамуының  жоғарғы   қарқында   жүргізілуі
Ресейдің,  Украинаның  және  Кеңес   Одағының   басқа   өнеркәсібі   дамыған
республикаларының жан-жақты  көмегінің  арқасында  ғана  мүмкін  болды.  Бұл
көмек барынша кеңінен және сан алуан түрде жүргізілді.
       Индустрияландыру  Қазақстанда  әміршіл  -  әкімшіл  жүйенің   барынша
қалыптасуы,  орталықтануы,  жазалау  аппараттарының  күш   алуы   жағдайында
жүргізілді.
       Индустрияландыруды жүргізу үшін қаражат жинаудың негізгі қоры ауыл  –
село адамдарының, шарауалардың адал еңбегінің жемісі мен  дәулеті  арқасында
қалыптасты.

Бекіту сұрақтары:
   1. ЖЭС –тің экономикалық және саяси алғышарттары.
   2. ЖЭС-ті жүзеге асырудағы қандай кемшіліктері мен жетістіктері бар?
   3. ер - су реформаларының нәтижелері қандай балды?
   4. Индустрияландырудың мәні неде?
   5. Бұл жылдары қандай өндірістер мен өнеркәсіптер салынды?
   6. Индустрияландырудың Қазақстан жағдайында маңыздылығы қандай?

Дәріс №19 Қазақстандағы саяси өзгерістер.
1. Қоғамдық саяси жағдай.
2. Ұлттық мәселенің шиеленісуі.
3. Қазақстандағы тіл мәселесі.
      Өлкенің қоғамдық-саяси  өмірінде  Қазақстан  облыстық  бірінші  партия
конференциясы (1921 ж.маусым)  көрнекті  орын  алды.  Ол  экономиканың   аса
маңызды  мәселесімен  бірге  қоғамдық-саяси   өмірдің   мына   проблемаларын
талқылады: ұлт мәселесі, партия және кеңес құрылысының кезектегі  міндеттері
және басқалар.
      20 жж.  Қазақстанның  қоғамдық-саяси  өмірінде  шаруалардың  бұқаралық
ұйымдары: қосшылар (кедей, жарлы) одағы, шаруалардың бұқаралық  өзара  көмек
комитеттері  (шарком)  және  оған   біріккен   ауылшаруашылық   және   орман
жұмысшыларының одағы (жұмжерорман) маңызды орын алды. Бұл  ұйымдардың  бәрі,
ең  алдымен  қосшылар  одағы  бір  жағынан  Кеңес  өкіметі  мен  Коммунистік
партияның,  екінші  жағынан  миллиондаған  шаруалар  бұқарасының  арасындағы
байланыстырушы  буын  болып  табылды.  Жаңа  эконолмикалық   саясатқа   көшу
жағдайында олар азамат соғысы  жылдарындағы  «әскери  коммунизм»  саясатының
қыспағынан  кейін  дамократияны  өрістетудің  куәсі   болды   және   адамның
жасампаздық мүмкіндігін арттыру негізінде қалың  еңбекшілер  бұқарасын  жаңа
қоғамды құру  міндеттерін шешуге тарту  идеясын  ойдағыдай  жүзеге  асырудың
көрсеткіші болды.
      Қазақстанның 20-жж қоғамдық-саяси өмірінің қайғылы  ерекшелігі  мынада
болды: осы кезден  бастап  сталинизмнің  идеологиялық  аппараты  халықтардың
тарихи зердесін жоюға, бұл зерденің иелері ұлттық интеллигенцияның  көрнекті
өкілдерін қыруға бағытталған кең көлемді шаралар жүргізе бастады.
      Сөйтіп,  20-жж.  соңы  мен  30-жж.  тоталитарлық  жүйе  қоғамдық-саяси
өмірдің барлық саласында бекіді.
      КОКП-ның  бүлінуі  оның  әлеуметтік-экономикалық  саясаттағы  қателері
ұлттық қатынасқа әсерін тигізбей  қойған  жоқ.  Брежневтік  басшылық  оларды
мүлтіксіз әрі ешқандай проблема  жоқ  деп  санады.  Ұлт  мәселесін  шешудегі
табыстарды асыра бағалау кемелденген социализм концепциясынан туындады.  Нақ
осы  дәуірде  ұлт  мәселелері   жүйесінде   проблемалар   шешілуінен    гөрі
шапшаңырақ қордаланды.
        Қаралып   отырған   дәуірде   интернационализм   түсінігі   жаттанды
идеологиялық   құрсауда    болатын.    Ұлттық    проблеманың    бәрін    тек
интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп  пайымдады.
Бұл  бағыттағы  тәрбие  нақты  өмірден  алшақ  жүргізілді,  интернационализм
идеяларын насихаттаумен  шектелді.  Осы  мағынада  алғанда  интернационалдық
тәрбие ұлттық саясаттың орнына жүрді немесе бүтіндей оны ауыстырды.
      Интернационализмді  дұрыс  түсінбеу  Қазақстанда  тіл  саясатында  тек
ұлтаралық қатынас тілін ғана қолдап, ал ұлт тілі туралы үндемей қалуға  әкеп
соқтырды. Республикада  кеңінен  насихатталған  қос  тілділік  оның  екеуіне
бірдей қараған жоқ. Орыс тілін республикада қазақтардың 60  проц.  менгерсе,
қазақ тілін орыстардың 1 проц. де азы меңгерді. Қазақ тілі  оның  толыққанды
өмір сүруіне қажетті 50 әлеуметтік міндеттің  10-ын  ғана  атқарды.  Ол  тек
тұрмыстық  саламен  шектеліп,  іс  жүргізуде,  мемлекеттік,   дипломатиялық,
әскери  өмірде,  жоғары  мектептерде  қолданылмады.  Кітаптың  95  проц.орыс
тілінде басылды, теледидар хабарларының 70 проц.эфирге орыс  тілінде  шықты.
Мұның үстіне мынаны айту қажет: қалалардың, елді мекендердің,  колхоздардың,
совхоздардың,  көлдердің,  өзеңдердің,   таулардың   аттары   орыс   тілінің
позициясын нығайтуға қызмет етті. Бұрынғы КСРО-дағы империялық  тіл  саясаты
ең алдымен орыс тілін білмейтін  адамдардың  әлеуметтік  өсу  мүмкіндіктерін
шұғыл тарылта беру мақсатын көздеді.

Дәріс №20 Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Мақсаты: Ұлы Отан соғысының маңызы мен зардабын, халыққа  әкелген  қасіретін
түсіндіру.
   1. Қазақстан –майдан Арсеналы.
   2. Қазақстандықтардың Мәскеу түбінденгі шайқасқа қатысуы
   3. Курск даласындағы шайқас
   4. Қазақстандық партизандардың ерліктері
   5. Берлин үшін шайқас
   6. Жапонияның тізе бүгуі
  1941 жылы 22 маусымда фашистік  Германияның  әскерлері  Кеңестер  Одағына
басып кірді. Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы Кеңес  Одағы  үшін  бұрын-
соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс  елді
бір тұтас жауынгерлік  лагерьге  айналдыруды,  бүкіл  экономика  мен  кеңес
халқының күш-жігерін майдан мүддесіне,  жауды  жеңу  мақсатына  жұмылдыруды
талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен  қолдады.  Сөйтіп,
халық азаттық соғысына бір кісідей көтерілді.  Ұлы  Отан  соғысы  басталған
алғышқы күндері өткен жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға  әзір
екендіктерін   білдірді.   Қызыл   Армияның   қатарына    өз    еріктерімен
баратындықтары  туралы  қалалық  және  аудандық   әскери   комиссариаттарға
мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар,  аға  буын  өкілдері
қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді.
  Соғыстың  алғашқы  күндерінде  ақ  Алматы,  Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан,
Қырғызстаннан шақырылған  жігіттерден  316-атқыштар  дивизиясы  жасақталды.
Оның командирі болып  азамат  соғысына  қатысушы  генерал  И.  В.  Панфилов
тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде Қазақстанда 238, 310, 314,
387 және 391-атқыштар дивизи-ялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін  мұнда
тағы бір дивизия, үш бригада жасақталды. Соғыс кезінде небары  республикада
12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер
бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілерінің  полктері,  әр  түрлі  соғыс
саласының ондаған батальондары  құрылды.  Республика  адам  күштерімен  тек
қазақстандық құрамалар мен бөлімшелердің ғана емес, сондай-ақ  Қазақстаннан
тыс жердегі басқа да құрамалар мен  бөлімдерді  толықтырып  отырды.  Қарулы
күштер мен еңбек  армиясының  қатарына  барлығы  1,8  млн.  қазақстандықтар
қатысты. Республика майданға 14,1 мың жүк және жеңіл  автомашина,  1,5  мың
трактор, 110,4 мың жылқы жәие 16,2 мың арба жіберді.
  Қазақстан офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау  ісіне
лайықты үлес қосты. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам  жас
қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу  орны  16
мыңдай офицер даярлап шығарды.
Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне  жазылған  қазақстандықтардың
ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының  ұл-қыздарымен  қатар
біздің республиканың  жастары  да  жаумен  Балтық  теңізінен  Қара  теңізге
дейінгі  майдан  шептерінде  ерлікпен  шайқасты.  Қазақстандықтар  соғыстың
алғашқы күндерінен бастап басқыншылармен кескілескен ұрыс жүргізді.  Даңқты
Брест қамалын  қорғаушылардың  қатарында  мыңдаған  қазақстандықтар  болды.
Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шалиев, В.  Лобанов,  К.  Әбдірахманов,  К.
Иманқұлов, В. Кача-нов, В. Фурсов т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктін
үлгісін көрсетті. Ұлы  Отан  соғысының  алғашқы  айларында  қазақстандықтар
Лиепая,  Перемышль,  Саарема  аралы,   Минск,   Одесса,   Бельцы,   Шауляй,
Севастополь және т. б. қалалар үшін шайқасты. Әсіресе  1941  жылғы  қараша,
желтоқсан   айларында   Мәскеу   түбіндегі   шайқаста    қазақстандықтардың
жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар  дивизиясына
астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі  -  Волокаламск  тас  жолын
қорғау  тапсырылды.  Мұнда  майор  Бауыржан  Момышұлы  бас-қарған   1073-ші
атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен  бірге  ерлікпен
тойтарыс берді.  Б.  Момышұлына  1990  жылы  Совет  Одағының  Батыры  атағы
берілді. Қысқа мерзім ішінде бұл дивизияның жауынгерлері бір танк және  екі
жаяу  әскер  дивизиясын  талқандады.  316-дивизияның   жоғары   қаһармандық
қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И. В. Панфилов зор еңбек сіңірді.
  Дубосеково разъезі түбінде 28-панфиловшы жауынгерлер жаудың 50 танкісінің
шабуылына қарсы тұрды. Саяси жетекші В. Г. Клочковтың жауынгерлерді ерлікке
жігерлендіріп: "Ресей жері кең байтақ, бірақ  шегінер  жер  жоқ,  артымызда
Мәскеу!"- деген сөздері бүкіл майданға тарап кетті. 28 жауынгер -  орыстар,
қазақтар, украиндар,  қырғыздар  -  4  сағат  бойы  өршелене  жасалған  жау
танктерінің тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс  берді.  Олар  қасық  қаны
қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай-ақ
Мәскеуді  қорғау  тарихына  панфиловшылар  дивизиясы   бөлімдерінің   саяси
жетекшілері П. В.  Вихров,  М.  Ғабдуллин,  автоматшылар  Т.  Тоқтаров,  Р.
Амаикелдиев өздерінің ерліктерімен мәңгі өшпес  із  қал-дырды.  316-дивизия
жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы  жоғары  бағаланды.  1941  жылы  17
қарашада оған қүрметті 8-ші Ұлан дивизиясы атағы берілді. Мәскеу  түбіндегі
ұлы шайқасқа панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған 312, 238,  391,
39, 387-ші атқыштар дивизиялары, 74, 75-ші теңіз флот  бригадалары  қатысты
Сталинград  түбіндегі  жеңістен  кейін  1943  жылдың  жазында  қызыл  әскер
бөлімдері бірнеше жүздеген  шақырым  ілгері  жылжып,  Белгород-Орел  шебіне
шықты. Мұнда сол жылдың шілде айында Курск ішінде орасан зор шайқас  жүрді.
Курск шайқасына қатысқан әскери бөлімдердің  қатарында  қазақстандық  72-ші
және 8-ші атқыштар дивизиялары  да  болды.  72-ші  дивизияның  жауынгерлері
Белгородтың оңтүстік-шығысына қарай өңірдегі неміс  әскерлерінің  шабуылына
қарсы қорғаныс  шебінде  қимыл  жасады.  Сонымен  бірге  қазақстандық  8-ші
атқыштар дивизиясы да  352  Орел-Курск  ішінінде  жау  әскерлерімен  жойқын
ұрыстар жүргізді.
  «Қазақстандықтар  партизандық  қозғалысқа  белсене  қатысты.  Толық   емес
мәліметтерге қарағанда, Украинаның партизандық құрамалары мен  отрядтарында
- 1500, Ленинград облысында - 220, Смоленск жерінде - 270-тен  астам  қазақ
жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі  аудандарында  әрекет  еткен  65
партизандық бригадалар мен отрядтарда 1500-ден аса қазақстандықтар  болған.
Партизан қозғалысына қатысқан даңқты  қазақ  жігіттері  Г.  Ахмедьяров,  Қ.
Омаров, А. Жүмағалиев, 3. Хұсайынов, Б. Оразбаев, Қ. Қайсенов, Ә.  Шәріпов,
Т. Жанкелдин, Ж. Саин, т. б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болып отыр.
 Қазақстан жауынгерлері  соғыстың  Қиыр  Шығыстағы  соңғы  ошағын  жоюға  да
 белсене қатысты. 1945 жылғы 9 тамызда 52-ші шекаралық отрядтың капитан Г.А.
 Голубев басқарған тобы Аргуни өзенінің жағасында болған шайқаста  20  жапон
 солдатын құртып, 4 солдатын тұтқынға  алып,  әскер  бөлімдеріне  жол  ашты.
 Келесі күні 150-ші пулемет батальонының жауынгері Л. Г. Кравченко  "Лесной"
 деген жерде жау дзотының аузын денесімен жауып, жолдастарының өмірін сақтап
 қалуды қамтамасыз етті. 165-ші атқыштар полкінің командирі Н.  Д.  Құрманов
 Оңтүстік Сахалинде жапондардың  қорғаныс  шебін  талқандауды  ұйымдастырып,
 Харамитог бекініс ауданының 7 дзоты мен 198 атыс ұяларын басып алуға жағдай
 жасады. Сөйтіп, кеңес әскерлерінің  құрамындағы  Қазақстан  жауынгерлерінің
 ерлігі Жапопияның квантун армиясын 15-20 күн ішінде  талқандауы  және  тізе
 бүктіруін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды.
      Жапонияның 1945  жылғы  қыркүйектің  басында  тізе  бүгуімен  Кеңестер
Одағының Ұлы Отан соғысы және екінші дүние жүзілік соғыс  аяқталды.  Адамзат
соғыс құмар фашистік диктатураның дүние жүзіне  үстемдік  жүргізу  қауіпінен
сақталып қалды.

Бекіту сұрақтары:
   1. Курск шайқасының маңызы қандай болды?
   2. Қай қазақстандық ерлік көрсеткен партизандарды білесіңдер?
   3. Мәскеу түбіндегі шайқастың тарихи маңызы қандай болды?


№21 Соғыстан кейінгі қоғамдық саяси өмірі.
Мақсаты: Қазақстанда соғыстан кейінгі қоғамдық саяси өмірі  жайында  баяндап
түсіндіру.
   1. Тоталитарлық тәртіптің күшеюі.
   2. Қазақстандағы лагерьлер
   3. Қазақстанға арнайы қоныс аударған ұлт өкілдерінің келуі «Бекмаханов
      ісі»
   Кеңес қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары  демократияға  қарсы  ,
тоталитарлық Сталиндік социализмнің үлгісіне үйлесіп жатты.  Бірақ  соғыстың
барлық ауыртпалықтары мен тапшылықтарын бастарынан өткізген  халық  соғыстың
алдындағы жылдардағыдай емес, басқаша еді.  Қоғамдық  өмірде  бейбіт  көңіл-
күйдің  қалыптасуына   байланысты   белгілі   дәрежеде   құндылықтар   қайта
бағаланды.  Замандастарымыздың  санасында   әлеуметтік   бағдарламаларға   ,
демократияға бет бұру қажеттігін түсіну  барған  сайын  айқын  пісіп  жетіле
бастады. Қоғам мен партиялық-мемлекеттік басшылықтың әкімшіл –  бұйрық  беру
тәсілінің арасындағы өсе түскен қарама  –  қайшылық  соғыстан  бейбітшілікке
көшу  кезеңінің нақты көрінісі болды.
    1936 жылғы сталиндік КСРО Конституциясы елде әміршіл  -  әкімшіл  жүйені
одан  әрі  нығайтты.  Социализм  тоталитарлық  ,  казармалық   сипат   алды.
Қазақстанда жазалау шаралары басталды.  Жазаға  ұшырағанда:  Кеңес  үкіметін
орнатуға ат салысқандар ; партия, қоғамдық ұйым  қайраткерлері  ;  революция
жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер  ;  қазақ  әдебиеті  мен
ғылымның  белгілі  өкілдері;  орталықтан   Қазақстанға   жіберілген   партия
қайраткерлері.
    Қазақстан  жерінде  жазықсыз  жазаға  ұшырағандарға  арналған  лагерьлер
партия пайда болды.
    1918 жылы 5 қыркүйектегі РСФСР Халық  Комиссарлары  кеңесінің  арнаулары
қаулысында:  «Кеңес  Республикасын  тап  жауларынан  құтқару  үшін,   оларды
концлагерьге қамау қажет», - делінген. 1929 жылдың  өзінде  –  ақ  Сталиннің
бұйрығы бойынша елде еңбекпен тезеу лагерьлерінің  торабын  ұлғайту  жоспары
жасалған.1930 жылы 4-шілдеде осындай лагерьлер  құру  туралы  арнаулы  ереже
қабылданды. ГУЛАГ  осылай құрылған , оның құрамында 53 лагерь, 425  еңбекпен
түзеу лагері болды.
    Сөйтіп Қарағанды облысының аумағында 1930 –  1950  жылдар  аралығында  9
лагерь ұйымдастырылды. Солардың ішіндегі ең үлкен және  танымалы  –  ҚАРЛАГ.
Қарағанды еңбекпен   түзеу  лагері  1931  жылы  19  желтоқсанда  ,  орталығы
Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка  селосында  құрылды.  ҚАРЛАГ-
тың аумағы оңтүстіктен солтүстікке қарай 300 шақырымға  ,  шығыстан  батысқа
қарай  200 шақырымға созылып жатты. Оған 120 мың  га  шабындық  жер  бөлініп
берілді.
   ҚАРЛАГ-ты құрудағы басты мақсаттардың бірі  –  сол  кезде  буырқана  дами
бастаған Орталық Қазақстандағы көмір бассейніне, Жезқазған және  Балқаш  мыс
қорыту  комбинатына   аса  ірі  азық-түлік  базасын  жасау   болды.   Осынау
өнеркәсіп салаларын құрып , дамытуға арзан  жұмыс  күші  де  қажет  болатын.
ҚАРЛАГ аумағында 80 мың  тұрғыны бар 4000 қазақ киіз үйі және немістердің  ,
орыстардың, украиндардың 1200 барағы болды.
    ҚАРЛАГ басқармасы  тек қана ГУЛАГ-қа , Мәскеуге  бағында.  Республикалық
және облыстық партия, Кеңес органдары лагерь қызметіне  ешқандай  ықпал  ете
алмады. Мұның өзі тізгіні  Мәскеудегілердің қолында болған орталық  үлгідегі
құрылымы еді.
    ҚАРЛАГ шаруашылығының негізгі  бөлігі  Қарағанды  мен  Ақмола  облысының
аумағында жатты. Егер 1931 жылы ҚАРЛАГ тың аумағы 53  мың  га  болса,   1941
жылы  1780650 га болды. 1931 жылы 22 бөлімше , 159 учаске болса,  1941  жылы
26  бөлімше  ,  192  учаске  болды.  Әрбір   бөлімше   бірқатар   шаруашылық
бөлімшелеріне бөлініп; учаске, нүкте, ферма деп  аталды.  Лагерьде  106  мал
шаруашылық фермасы , 7 бақша учаскесі , 10 егістік  учаскесі  болды.  ҚАРЛАГ
аумағы 1950 жылы 20 млн 87646 га, яғни 20876 шаршы шақырым болды.
   1942-1943 жылдары 6 ай ішінде 17042  адам  ауруханаға  жатқызылса  ,  сол
уақытта 3372 адам өлді. 1948-52 жылдары лагерьде 8294 адам   мүгедек,  2349-
туберкулез, 3544 адам ауруханада болды. Көптеген аурулар мен мүгедектер  аса
ауыр жұмысқа шыдамай  мерзімі  біткенше  өліп  жатты.  Толық  емес  деректер
бойынша  1940-50 жылдар аралығында ҚАРЛАГ та 40  мыңға  жуық  тұтқын  өлген.
1943 жылы ай сайын 1000 адам өліп отырған . Бала өлімі де көп болған  ,  тек
1945 ж қыркүйек – қазан айларында 98 бала өлген.  ҚАРЛАГ  азабын  1  млн-нан
артық адам көрді.
    1953  ж  8  мамырдағы  Министрлер  Кеңесінің  қаулысына  сәйкес   ҚАРЛАГ
шаруашылығы таратылды. Басқарма жойылды.  Осы  уақытта  ҚАРЛАГ-та  226  елді
мекен  болды,  ол  таратылғаннан  кейін  оның  аумағына  16  жоғары   өнімді
совхоздар ұйымдастырылды. 40 жыл өткен  соң  1993  ж  14  сәуірде  Қазақстан
Республикасының «Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың  барлығын  ақтау
туралы» заңы шықты. Занның  күші  1917  ж  25  қазаннан  кейін  Қазақстанның
аумағында саяси  қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың барлығына таратылды.
     Ленинград пен Мәскеуде «Ленинградтық іс» , «Дәрігерлердің  ісі»  қолдан
жасалып жатқан кезде Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды.
    Жас, талантты тарихшы Ермұхан Бекмаханов «Қазақ КСР-і  тарихын»  даярлау
үстінде жұмыс істеп  жатқан  ғалымдардың  интернационалдық  ұжымының  мүшесі
еді, бұған А.П.Кучкин, А.М.Панкратова, Б.Д.Греков,  Н.Ж.Дужинин  және  басқа
көрнекті Кеңес тарихшылары  кірген-ді.  1943  жылы  маусымда  кітап  жарыққа
шықты.  Сарапшылардың  біреулері  оны   Қазақстанның   жинақталған   тарихын
жасаудағы алғашқы  әрі сәтті қадам деп саналды,  басқа  біреулері  «Россияға
қарсы ұлттық көтерілістерді дәріптейтін орыстарға қарсы кітап»  деп  сынады.
«Тарихтағы»  отарлауға   қарсы   көтерілістерге   берілген    баға    ғылыми
кескілескен  айтыс  тудырды.  Е.Бекмахановтың   «XIX   ғасырдаң   20-40   жж
Қазақстан»  (1947)  деген   монографиясында   айтылған   оның   көзқарастары
буржуазияшыл ұлтшылдардың концепцияларының дамытылған түрі-саяси зиянды  деп
жарияланды.  1950  ж  «Правда»  газеті  «Қазақстан   тарихының   мәселелерін
маркстік-лениндік тұрғыдан  жазу  үшін»  деген  мақаласында  Е.Бекмахановтың
кітабын айыптады.
   «Правданың» мақаласы  Бекмахановқа  саяси  айып  тағып,  құртуды  тікелей
бастап берді. 1951 ж 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті  »
Правда» газетіндегі мақал туралы қаулы қабылдап,  онда  мақаланы  дұрыс  деп
тапты және «Бекмахановтың буржуазияшыл-ұлтшылдық көзқарасын айыптады».  1951
 ж маусымда Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті  «Правда»  газетіндегі
мақалаға  қайта оралып , 1951 ж 10 сәуірдегі қаулыны  жүзеге  асыру  жөнінде
бірсыпыра  қосымша шаралар белгіледі.
   Осылай есін тандырып талқыға салғаннан кейін тарих ғылымдарының   докторы
Е.Бекмаханов Ғылым академиясынан  шығарылады, сөйтіп ол 1951-1952 жж  Жамбыл
облысының Шу  ауданында  бір  орта  мектепте  жұмыс  істеді,  ал  1952  ж  4
желтоқсанда  Қазақ ССР Жоғарғы сотының сот алқасы оны 25 жылға соттады.  Тек
И.В.Сталин өлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты  айыптау  жөніндегі  іс  қайта
қаралып, қылмыс жоқ болғандықтан доғарылды. 1954 ж көктемде  ол  Қазақстанға
қайтып оралды.
   40 – жылдары және 50  –  жылдардың  басында  «Бекмахановтың  ісі»  жалғыз
болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары  А.Жұбанов,  Х.Жұмалиев,
Б.Сүлейаменов,  Е.Смаилов,  талантты  жазушы  Ю.О.Домбровский   осы   сияқты
нақақатан   таңылған  саяси  айыптармен  жазаланды.  Ә.Әбішев,  Қ.Аманжолов,
Қ.Бекхожин, С.Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар  саяси  және
буржуазиялық  –  ұлтшылдық  қатерліктер  жіберді  деп  дәлелсіз   айыпталды.
Қудалауға ұшыраған Қазақ ССР Ғалым академиясының  Президенті  Қ.Сатпаев  пен
аса көрнекті жазушы әрі ғалым М.Әуезов Қазақстаннан  Мәскеуге  кетіп  қалуға
мәжбүр болды. Космополиттер деп  айыпталған  бірсыпыра  ғалым  биологтар  да
республиканың ғылыми мекемелері мен жоғары  оқу  орындарының  кафедраларынан
қуылды.

Бекіту сұрақтары:
   1. Қарағанды облысының аумағындағы  ең  үлкен  және  танымал  лагерьлерін
      атаңыз.
   2. Қазақстан Республикасында  «саяси  қуғын  сүргінге  ұшыраған  барлығын
      анықтау туралы» заң қашан қабылданды.
   3. Бекмахановтың кітапбын айыптауы қай жылы, қай газетте шықты?

Лекция №22
Тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игеру.
Мақсаты:  Тың және тыңайған жерлерді  игерудің  ауыл  шаруашылығында  алатын
орнының маңыздылығы.
   1. Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру.
   2. Тың және тыңайған жерлерді игерудің ауыл шаруашылығындағы  экстенсивті
      дамыту жағдайы.
   3. Тың және тыңайған жерлерді игеру шаралары мен зардаптары.
   4. Тың және тыңайған  жерлерді  игерудің  мал  шаруашылығына  әсері  және
      оларды дамытуға арналған шаралар.
        1954 жылы КОКП Орталық  Комитеті  ақпан-наурыз  Пленумында  елімізде
   азық-түлік  мәселесін  шешу  үшін  шығыс  аудандарда  тың  және  тыңайған
   жерлерді  игеру  мәселесі  қойылды.   Оны   игкруге   Қазақстан   кеңінен
   қарастырылды. Мұнда қысқа мерізімде  тың  жерлерді  игеру  есебінен  егіс
   көлемі 35млн. Гектарға дейін жкткізіліп,  солтүстік  аудандарда  жүздеген
   жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салынды.  Тың  өңіріне  жүздеген  мың
   қоныстанушылар  келіп  ,  оларды  қарсы  алу,  орналастыруға   байланысты
   республика партия және кеңес органдарының  күрделі  де  ауыр  міндеттерді
   шешуіне тура келді.
         Қазақстанға Ресей мен Украина, Беларуссиядан және басқа да  одақтас
   республикалардан тыңды жаппай игерудің бірінші кезеңінде 1954-1956 жж 640
   мың   адам   келді,   бұлардың   ішінде   391,5   мың   ауыл   шаруашылық
   механизаторлары, 50 мың құрылысшы, 3 мың денсаулық сақтау  қызметкерлері,
   1,5 мыңдай мұғалім, 1 мыңнан  астам  сауда  қызметкерлері  және  басқалар
   бареді.
         1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебінен  астық  өндірудің
   жалпы  көлемі  106  млн.  Тоннаға  жетті.  Қазақстан  бұл  жылдар  ішінде
   мемлекетке  63,4  млн.  Тонна  астық  тапсырды.   Тың   игеру   барысында
   Қазақстанда көптеген жаңа қалалар бой көтерді. Өнер кәсіп орындары көптеп
   салынд.  Жаңа  темір  жол,  тас  жол   желілері   тартылды.   Тың   игеру
   республиканың экономикалық күш қуатын бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеге
   ілгерілетті.
         Тың игеру қарабайыр «экстенсивті»  әдіспен  жүргізілді.  Мұның  өзі
   гектарға шаққанда өнімді аз алуға соқтырды. Бұл жерде өндірілген астықтың
   бағасы өте қымбатқа түсті. Оны жинауға бүкіл елдің комбайыншылары, әскери
   бөлімдер, қала тұрғындары, оқу орындарының студенттері қатыстырылды.
          50-ші жылдардың басында колхоздарды күштеп ірілендіру  нәтижесінде
   олардың  саны  республикада  екі  есе  қысқарды,  оның   есесіне   колхоз
   өндірісінің шоғырлануы күшейді. Осы  жылдарда  біраз  колхоздар,  олардың
   ішінде  Қазақстанның  колхоздары  да  ірі,  экономикалық  жағынан   жақсы
   жарақтанған  шаруашылықтарға  айналды.  Қазақстан  колхоздарының  ақшалай
   табысы өсіп, бөлінбейтін қорлары көбейді. Еңбек күннің  құны  екі  еседен
   астам өсіп және ақшалай табысы өсіп, бөлінбейтін қордары көбейді .  Еңбек
   күнніңт құны екі еседен астам өсіп және ақшалай орташа бағасы  1958  жылы
   10 сом 54 тиынға жетті. Сол жылы республика колхоздарында 63 мыңнан астам
   жоғары және орта білімді мамандар жұмыс істеді. Бұларда 18  мыңнан  астам
   диқан  мен  малшы,  17,2  мың  жүргізуші,   13,2  мың  ауыл   шаруашылығы
   механизаторлары   еңбек   етті.    Олрдың    арасынан    зор    қабілетті
   ұйымдастырушылар шықты.
      Тың және тыңайған жерлерді игерудің сонымен бірге үлкен  азаптары  мен
   көлеңкелі  жақтары  да  болды.  Атап  айтқанда,  басқа   республикалардан
   келгендердің саны шамадан тыс көбейіп кетті. Жергілікті  жерлерді  ұлттық
   мектептер жабылып,  қазақ  балалары  ірілендірген  мектеп-  интернаттарда
   оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде  жүргізілді.
   Мұның өзі, бір  жағынан,  қазақ  жастарының  өз  ұлтының  тілінен,  салт-
   дәстүрі мен мәдениетінен қол үзіп мәңгірттенуіне жол ашса, екінші жағынан
   жергілікті  халықты  орыстандыру  саясаты  қолпашталып,  ашық   жүргізіле
   бастады.
      Тың игеру мал шарулығына үлкен зиян келтірді. Мал  жайылымы,  шабындық
   жерлер азайып, малдың саны кеміді, әсіресе, түйе,  жылқы  орны  толмайтын
   шығынға ұшырады. Тың игеру барысында  ауыл-  село  тұрғындарының  қосалқы
   шаруашылығына, үй іргесінде көкөніс егуге тыйым салынып, елде азық- түлік
   мәселесін шиеленістірді.
   Бекіту сұрақтары
   1. Тың және тыңайған жерлерді игерудің маңызы неде?
   2. Тың және тыңайған жерлерді игерудің мал шарушылығына әсері қандай?
   3. Тың игеру қандай әдістермен жүргізіледі.


   Лекция №23
 1960 жылғы Қазақстанның саяси әлеуметтік жағдайы.
 1. Қоғамдық саяси өмірі.
 2. Л.И.Брежневтің билікке келуі.
 3. Халықтың әлеуметтік жағдайы.
      Кеңес елінде 20-жж.  ортасында  әбден  күшіне  мінген  қатты  әміршіл-
әкімшілдік жүйе 30-40 және 50 жж. бас кезінде өзінің арықтау  шыңына  жетті.
Адамның бас бостандығын  тұншықтыру,  оның  құқын  есепке  алмау,  адамдарды
өндіріс құралдарынан  алыстату,  мемлекетті  басқару  билігіне  ықпал  жасау
саясатын қалыптастыру сияқты теріс құбылыстар оған толық дәрежеде  тән  еді.
Елде В. Сталиннің жеке басына табыну бел алды.  Қандай  да  болсын  табыстың
бәрі оның басшылық жасай білуіне, ал ірі кемшіліктер мен  олқылықтар  «халық
жауларына»  таңылды  немесе  үнсіз  қалдырылды.  Мұның  бәрі   республиканың
қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етіп, ауыр зардаптарға  ұшыратты.  Даңғаза
саяси  айдар  таңуды  даланған  әртүрлі  ұрандардың  көлеңкесінде   заңдылық
бұзылып, өкімет билігі теріс қолданылып жатты.  Сөйтіп,  саяси  жүйе  өзінің
іштей дамуға қабілетсіз екенін көрсетті.
   Қалыптасқан дәстүр бойынша, партия органдарының  басшылық  рөлі  олардың
 қоғам өмірінің барлық жақтарына тікелей, таза  әміршіл-әкімшілік  араласуы
 деп түсінілді. Мемлекеттік органдардың құзырына жататын  мәселелерді  шеше
 отырып, Коммунистік халық шаруашылықтың және әлеуметтік-мәдени міндеттерді
 дауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды барынша  тарқанмен,  осы  арқылы
 оларды  дербестігінен  айырды.  Кеңес  қоғамы  дамуының  соғыстан  кейінгі
 жоспарлары  демократияға  қарсы,   тоталитарлық   Сталиндік   социализмнің
 үлгісіне үйлесіп жатты. Бірақ соғыстың барлық ауыртпалықтары тапшылықтарын
 бастарынан өткізген халық соғыстың алдындағы жылдардағыдай  емес,  басқаша
 еді. Қоғамдық өмірде көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты белгілі дәрежеде
 құндылықтар  қайта  бағаланды.  Замандастарымыздың  санасында   әлеуметтік
 бағдарламаларға, демократияға бет  бұру  қажеттігін  түсіну  барған  сайын
 айқын пісіп жетіле бастады. Қоғам  мен  партиялық-мемлекеттік  басшылықтың
 әкімшіл-бұйрық  беру  тәсілінің  арасындағы  өсе  түскен   қарама-қайшылық
 соғыстан бейбітшілікке  кезеңінің нақты көрінісі болды.
 Алайда  қоғамдық  сананың   барлық   дәрежесінде   әлеуметтік   жаңғырудың
комплексті бағдарламаларына көшуге сірескен  қоғамды-саяси  құрылым  кедергі
жасады. Мұның үстіне аса  ауыр  соғыстағы  жеңіс  соғыстан  кейінгі  кезеңде
басшылықтың жұмыс істеп  жүйесі тиімді деген сенім туғызды,  ал  басшылардың
көпшілігі басқарудың әкімшілік тәсілдері мінсіз деп пайымдады.
 40 және 50-жж. басында социализм идеалогиясы өзінің шырқау  шыңына  жетті.
Міне  осындай   күрделі   жағдайда   қоғамдық   ғылым-комитеттерінің   қатаң
бақылауымен  дамыды.  Әсіресе  қоғамдық  ғылымдардың  мұнан  әргі  жағдайына
ВҚП/б/ Орталық  Комитетінің  «Звезда»  және  «Ленинград»  журналдары  туралы
(1946 ж. 14 тамыз) қаулысы  теріс әсер етіп, ол басқаша  ойлайтын  адамдарды
қудалаудың жаңа науқанын ашып берді.
 1960-64 ж. СССР Жоғ.  Советі  Президиумының  Председателі  болды.  1963  ж.
июньнен КПСС ОК-нің секретары міндетін  қоса  атқарды.  Ол  мемл.  аппаратты
жетілдіру,  соц.  демократияны  дамыту  және  заңдылықты  нығайту,  лениндік
сыртқы саясатты жүзеге асыру жөнінде көптеген жұмыс істеді.
 Л. И. Брежнев партия мен еліміз өмірінде тарихи  маңызы  зор  КПСС  ОК-нің
Октябрь (1964) пленумы жұмысына  белсене  қатысты.  ОК-нің  Октябрь  пленумы
партия өмірінің лениндік  нормалары  мен  басшылық  ету  принциптерін  қатаң
сақтау және дамыту жөніндегі партияның мызғымас еркін білдіре отырып, Л.  И.
Брежневті КПСС ОК-нің 1-секретары етіп сайлады, 1964  ж.  ноябрьде  КПСС  ОК
РСФСР жөніндегі Бюросының председателі болып бекітілді.
            Л. И. Брежнев СССР-дің халықар.  байланысып  дамыту,  дүн.  жүз.
соц.  системаны, халықар. коммунистік  және  жұмысшы  қозғалысының  бірлігін
сақтау, бүкіл ел еңбекшілерінің рев.   ынтымағын     нығайту    мәселелеріне
күш-жігерін   аямай  жұмсап  келеді.
  Жұмысшы табының ұйтқысы өнеркәсіп жұмысшысы екені мәлім, 1970 ж.  ол  оның
 бүкіл құрамының төрттен бірінен астамы болды.
   1960—1970 жж. өнеркәсіп жұмысшылары 39,6 процент  (53  мыңнан  877  мыңға
дейін) өсті. Ауыр индустрияның  басым  өркендеуінің  нәтижесінде  өнеркәсіп
жұмысшыларының қатарын машина жасау, металл  өңдеу,  құрылыс  материалдары,
отын  өнеркәсібінің  еңбеккерлері  жетекші  орын  алды.  Сол  сияқты  жеңіл
өнеркәсіп жұмысшылары олардың үлкен тобы болды    .
   Павлодар, Маңғыстау, Қостанай облыстарында өнеркәсіп-өндірісі адамдарының
 қатары шапшаң өсті, дегенмен дәстүрлі өнеркәсіп орталықтары —  Қарағандыда,
 Алматыда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда жұмысшылардың саны  неғұрлым  көп
 болды.
   Жұмысшы табы ірі кәсіпорындарға күштірек шоғырланды.  Мәселен,  I  мыңнан
 астам адамы бар кәсіпорындарда жұмыс істеі жұмысшылардың үлес саны 1960  ж.
 42,4 проц. болса, 1973 ж. 56,1 процентке дейін өсті. 1973 ж.  жұмысшылардың
 28,2 проценті мыңнан астам адамы бар кәсіпорындарға, ал жұмысшылардыя проц.
 10 мыңнан астам адамы  бар  кәсіпорындарға  шоғырлану  Соколов-Сарыбай  кен
 байыту комбинаты, Қарағанды металлу  және  Ащысай  полиметалл  комбинаттары
 және басқалар индустриялық алыптар болып саналды.
   1970 ж. Қазақстан әйелдерді қоғамдық  өндіріске  тарту  Одақта  8-орында
 еді. Мұнай кейінгі дәуірде  әйелдерді  өнеркәсіпке  тарту  едәуір  кеңейді,
 олардың үлес саны 1957 ж. 37,5 проц. 1973 44,4 проц. дейін көтерілді.
   Әйелдер еңбегінің дәстүрлі салалары жеңіл және тамақ
 өнеркәсібінде жұмысшы коллективтерінің басым бөлігі әйелдер болды.  Алайда,
 республикада өндірісте жұмыс істейтін еңбек қабілетті әйелдердің  саны  көп
 еді. Мұның негізгі себебі балалар бақшалары жүйесі  құрылысының  жеткілікті
 салынбауы,  тұрмыс  қызметі  өнеркәсібінің  нашар  дамуы  немесе  бірсыпыра
 қалаларда салалық құрылымның біржақтылығы, көп балалы аналар үшін
 толық емес жұмыс күнін және үйге жұмыс беруді мардымсыз пайдалану болды.
   Бекіту сұрақтары:
     1. Мәскеуде КОКП-ның 20 съезі қай жылы өтті?
     2. Брежнев қай жылдары, қандай отбасында дүниеге келген?
     3. 1957 – 1973 жылдары жұмысшылардың арасында  қазақтардың  үлес  саны
        неше пайызға дейін азайып кетті?
№24 лекция
Экономикалық басқарудағы реформалар
Мақсаты: студенттерге ел тарихының ХХ ғғ. 60  жылдарының  екінші  жартысында
болған   экономикалық-саяси   өзгерулерді   оқыту,   тарихи    көзқарастарын
қалыптастыру.
   1. Экономикалық реформалардың мәні.
   2. 1965ж. КОКП ОК-нің наурыз және қыркүйек пленумдары.
   3. Қазақстан өнеркәсібіндегі жаңа салалар, ауылшаруашылығының  дағдарысты
      жағдайы.
   4. Тілдік мәселелер.
   5. 1965ж. шаруашылық реформалары.

      1960-шы жылдары  халық  шаруашылығын  әміршіл-әкімшілдік,  бюрократтық
жолмен  басшылық  жасаудың  тиімсіз  екендігі  сезіліп,  елдің  сол  кездегі
басшылығы оны қайта қарауға талпыныс жасады.
      Ғылыми-техникалық прогресс-қоғамның әлеуметтік  экономикалық  дамуының
аса маңызды факторы. 60-жылдары ғылыми-техникалық прогресстің табыстары  кең
көлемде  еңгізілді:  электрлендіру  және  химияландыру,  кәсіпорындарды  бір
жолға қуаты күшті  жоғары  өнімді  жабдықтармен  жарақтандыру,  учаскелерді,
цехтарды,  кәсіпорындарды  және  т.б.  механикаландыру  және  автоматтандыру
есебінен өндіріс интенсивтендірілді.
      Кен шығару өнеркәсібінде көмір өндірудің  негізгі  процесстері:  қазу,
құлату және тазалау забойларына жеткізу, жер астында тасымалдау  және  темір
жол вогондарына тиеу және  т.б.  механикаландырылды.  Республиканың  жетекші
кен өндіру кәсіпорындарының қазіргі заманғы еңбек  құралдарымен  жарақтануы,
онда  қолданылатын  технология   жөнінен   олар   дүние   жүзінің   таңдаулы
кәсіпорындары дәрежесінде, ал  тіпті  жабдықтардың  кейбір  түрі  түрлерінен
олардың алдында болды. Жер астына кен өндірудің озық жүйесі,  жоғары  өнімді
жабдықтар, шапшаң  бұрғылау  барған  сайын  кеңінен  еңгізіле  берді,  тиеу-
тасымалдау  процесстері  механикаландырылды.  Металлургия   кәсіпорындарында
технологиялық процесстерді шапшаңдатушы фактор ретінде оттегі үлкен  көлнмде
қолданылды.
      І965 жылғы наурыз, қыркүйек және қазан айларында  өткен  КОПК  Орталық
комитетінің   Пленумдары   өнеркәсіпті    басқару    жөніндегі    шаралардың
арттырылғанын және  жоспарлаудың  жетілдірілгенін,  өндірістің  экономикалық
тиімділігінің  күшейгендігін  атап  көрсетті.  Соған  сәйкес  кәсіпорындарда
өндіріс салаларында есеп  айырысудың  пәрменділігін  кеңейте  түсу  мәселесі
қаралды, кәсіпорын қызметінің  жетімсіз  жақтарын  түзеу  көзделді,  олардың
шаруашылық  дербестігі  кеңейтілді,  экономиканың  мәнді  тетіктері:  кіріс,
баға,  сыйлық,  несие  тиімді  пайдаланылды.   Жұмысшылар   мен   ұжымдардың
материалдық  қызығушылығы  артты.   Жоғары   жоспарлық   міндеттер   өндіріс
қорларын, жұмысшы күшін,
материалдық және қаржы қорларын өндірісте толық пайдалану,
өндіріс техникасын жетілдіру және өнімнің сапасын арттыру
көзделді. 1960-шы жылдардың  соңында  республикада  материалдық  ынталандыру
мен жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізуге 1467 кәсіпорын көшті,  немесе  барлық
өнеркәсіп орындарының 80% осы
негізде   жүмыс   істеуге   бағытталды.   Шаруашылық   реформа    республика
экономикасын   дамытуға   белгілі   жағдайда   көмек    берді.    Реформаның
мүмкіндіктері мен артықшылықтарын о баста іс  жүзіне  асыруға,  жоспарлаудың
жаңа  принциптерін  экономиканы  ынталандыруды  жетілдіруді  жүзеге  асыруда
белгілі күштер толық пайдаланылмады. Жаңадан құрылған  экономикалық  басқару
жүйесінің бағыты тұрақсыздыққа айналды(жоспарларды  қайта  қарау,  кәсіпорын
құқықтарын шектеу,  орталықтың  әміршілдігінің  күшеюі  және  басқалар  етек
алды). Реформа кәсіпорын деңгейінде ғана нақты жұмыс орнына  жетпей,  екінші
жағынан  басқару  тетіктерін  нақты  қозғамай  бір  орнында  тоқырап  қалды.
Реформаны төменнен қозғау әрекеті экономикалық бағдарлауға ұласып кетті.
      Бұл жылдары республика өзінің рөлін сақтап қалу үшін КСРО  аймағындағы
ірі кәсіпорынның біріне айналу үшін елеулі жұмыстар атқарды. Хром  өндірудің
көлемін арттыру бойынша  Қазақстан  Одақта  алдыңғы  қатарга  шықты,  көмір,
темір, марганец рудалары бойынша үшінші орында болды. Республика бүкіл  Одақ
бойынша сары фосфор, шығаруда 90%, жемдік  фосфор  шығаруда  40%  және  мыс,
мырыш, қорғасын өндіруде 30 дан 70% дейін көрсеткішке жетті.
      Мұнай өңдеу, оны қайта өңдеу, оны іздестіру барлау  жұмыстарында  жаңа
техникалар мен технологиялар жетілдірілді.  1965  ж.  308  мұнай  скважинасы
кешенді        автоматтандырылды.        Мұнай        қазу        процесінде
тетіктер механизмдері жүзеге асырылды.   198  мың  т.   мұнай  жер  қабатына
жасанды   жолмен    әсер    ету   тәсілі    арқылы     өндірілді.     Машина
құрылысында  қаттау,      техниканы жинау, ұста, пресс және  т.б.  цехтардың
жұмыстарын прогрессті даму жолдарын жетілдіру шаралары үздіксіз қолданылды.
      Электр      қуатында      құрал-сайманмен      жабдықтау      құрылымы
өзгертілді.  Электр  станцияларында  аса  қуатты   дара   агрегаттар   жұмыс
істеді.  Жоғары  қысыммен      жұмыс      істейтін      агрегаттар      саны
артты.     Автоматтандыру,  телемеханика,  электрондық  есептеуіш  техникасы
көбейді. Осының нәтижесінде республика     өнеркәсібін     қайта     құруда,
  кәсіпорынды     техникамен     қайта    жабдықтауда,    жаңа     техниканы
енгізуде,    прогрессшіл    техниканы    енгізуде  белгілі  табыстарға   қол
жеткізілді.
      Осының өзінде ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізуде,  сол
кездегі шаруашылық  механизмінің  жетілмеуі  салдарынан  үлкен  қиыншылықтар
кездесті. Жоғары өнімді прогресті және технологияны  енгізу  өте  баяу  іске
асырылды. Шығарылатын өнімнің құрылымында  жаңа  прогрессшіл  материалдар  -
полимер, ағаш қаттамалары т.б. қолданылмады. Кәсіпорындар  және  оның  тұтас
салалары іс жүзінде өнімнің  техникалық  деңгейін  арттыруға  ынталы  болған
жоқ, себебі бұлардың үстінен жоспар, көлем, вал зорлап танылған еді.
      Тың игерудің әлеуметтік  жағдайға  келтірілген  зиянын  айтқан  кезде,
аймақтық-проблемалық  қайшылықтардың   арасындағы   шиеленісті   мәселелерді
көтерді.  Қазақстанның  өндіріс  күштерін  дамытудағы  қайшылықтарды  айтпай
кетуге болмайды. Тың, өнеркәсіпті  Шығыс  сияқты,  мемлекеттік  инвестицияны
тартудың негізгі орталығына айналды. Республиканың  басқа  аймақтары  мұндай
қатынаста шектеу көрді, құқықтары  кемітілді.  Соның  салдарынан  өндірістік
және әлеуметтік инфрақұрылымда даму тепе-теңдігі бұзылды. Өндіруші  күштерді
пайдалануда,  тұрғындарды  жұмыспен  қамтамасыз  етуде,  демографиялық  және
экологиялық  мәселелерді  шешуде   қолайсыздықтар   туды.   Осының   барлығы
«Солтүстік-Оңтүстік»  проблемаларының  туындауына,   әр   түрлі   жобалардың
көлеңкелі жақтарының шоғырлануына тиісті база болды.


Бекіту сұрақтары:
   1. Экономикалық реформалардың мәні неде болды?
   2. 1965ж. КОКП ОК-нің наурыз және қыркүйек пленумдары қандай  мәселелерді
      қозғады?
   3. Қазақстан өнеркәсібіндегі жаңа салалар, ауылшаруашылығының  дағдарысты
      жағдайы қалай көрінді?


Дәріс № 25
1970 – 1980 жылдардағы Қазақстан
Мақсаты:  Қоғамдағы  саяси  жағдай   және   завод   фабрикалардың   ашылуына
байланысты адамдардың көзқарастары.
1. Қоғамдық саяси  жағдай. Өнеркәсібі.
2. Қазақстан – КСРО-ң ірі өнеркәсіп  аймағы.
3. Отын энергетикалық кешенің дамуы.
4. Машина жасау өндірісінің дамуы.
    1966 ж. басталған  экономикалық  реформа  бастапқы  кезде  экономикалық
дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы  бесжылдықтың  басына  дейін
жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесі  бойынша  Қазақстандық
1578 кәсіпорын немесе  олардың  жалпы  санының  84  проценті  жұмыс  істеді.
Жоспар  сегізінші  бесжылдықтың  негізгі  көрсеткіштері  бойынша  орындалды:
өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы  өнімі  52  процентке
артты.  Өнеркәсіптің  барлық  саласы  тиімді  жұмыс  істеді.  Бірақ  белгілі
дәрежедегі радикализмге қарамай, экономикалық реформаның  бірінші  қадамынан
бастап-ақ оның жүйесіздігі, жартыкештігі көрініп  тұрды.  Тоталитарлық  жүйе
оның өмір сүріп отырған  экономикалық  құрылымының  шеңберінен  шығуына  жол
бермеді, бұл  құрылым  өз  дамуында  тауарсыз  социализмнің  үстемдік  құрып
отырған лепірмесінің құрсауында болатын.
    Осының салдарынан 70-жылдардың басында экономикалық реформаның қоғамдық
өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланды.
    Реформаның негізгі мақсаты  —  кәсіпорындардың  шаруашмлық  дербестігін
жоспарлы  кеңейту  —  тек  көрсеткіштерді  кемітуге   және   коллективтердің
көтермелеу қорларын қалыптастыру тәртібін  өзгертуге  әкеп  сайды.  Көптеген
кәсіпорындар пайда табудың  қызығына  беріліп,  неғұрлым  оңай  жолға  —  өз
өнімдерінің бағасын қолдан жоғарылату жолына түсті.  Бағаның  өсуі  есебінен
алынған  пайда  жалақыны  көбейтуге  мүмкіндік  берді,   оның   өсуі   еңбек
өнімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 70-жылдың  басында-ақ  инфляциялық
процестердін, басталуының  себебі  болды,  бұл  экономиканың  дамуына  теріс
ықпал жасады. Реформаның жартыкештігі мынадан  көрінді:  ол  кәсіпорындардың
дербестігін кенейте  отырып,  министрліктер  мен  ведомстволардың  әкімшілік
және экономикалық өкілеттігін  күшейтті.  Қол  жеткен  дәреже  приициптеріне
негізделген жоғарыдан орталықтандырылған  жоспарлау  сақталып  қалды,  жалпы
өнім көрсеткіштері,  олардың  жетілдірілмеген  деп  танылғанына  қарамастан,
қолданыла берді.
  Реформаның  сәтсіздікке  ұшырауының   негізгі   себебі   саяси   саладағы
демократиялардыру процесінің тежелуі болды. Ол  тек  экономиканың  ұйымдық-
техникалық саласымен  ғана  шектеліп,  қоғамның  саяси  құрылымына,  меншік
қатынасына  соқпады,   бюрократияның   тірегі   —   мемлекеттік   меншіктің
монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске  шығарды.  Брежнев  пен
оның төңірегіндегілер реформа  негізінде  экономиканы  терең  қайта  құруға
қарсы болды, олар экономиканың қызметіндегі әкімшілік жүйелеріне қол сұғуға
болмайтындығын сақтауға тырысты.
   70-ж.  басында  реформаны  жүргізу  тоқтатылды.  Сол   жылдары   әлі   де
 шаруашылықты жүргізу, жоспарлау мен  ынталандыру  механизмдерін  жақсартуға
 әлденеше  рет  талпыныс  жасалғанымен  мұның  өзі  тиісті  нәтиже  бермеді.
 Қоғамдық өндірістін, тиімділігін арттыру қолдан келмеді.  Теріс  құбылыстар
 көбейе  берді,  қор  қайтымы  төмендеді,  жаңа  өндірістік  қуаттар   шабан
 игерілді, экономикалық  қызметтің  ысырапшылық  сипаты  күшейді,  бұрынғыша
 экономиканың дамуын экстенсивті факторлар белгіледі.
   Тоғызыншы  бесжылдықтың   басына   қарай   республиканың   экономикасында
 өнеркәсіп жетекші орын алды. 1970 ж.  қоғамдық  өнімнің  жалпы  құрылымында
 оның үлесі  48  проц.  болды.  Халық  шаруашылығындағы  негізгі  өндірістік
 қорлардың 39,8 проц. өнеркәсіптің үлесіне тиді, онда 1052 мың  адам  қызмет
 істеді, ол республика жұмысшыларынын 22,4 проц. еді.
   1970—1985 жж. республиканың индусгриялық потенциалы белгілі дәрежеде  өсе
түсті. Өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом  немесе  халық  шаруашылығына
жұмсалған қаржының 32 проц. жұмсалды. Негізгі  өндірістік  қорлар  3,1  есе
артты, оның ішінде химия және мұнай химиясында 6,5 есе,  машина  жасауда  4
есе дерлік, отын өнеркәсібінде  3,8  есе  өсті.  15  жыл  ішінде  өнеркәсіп
өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина  жасау,  химия  өнеркәсібі  сияқты
салаларда үш еседен астам өсті.  1000-дай  өнеркәсіп  орындары  мен  цехтар
қатарға қосылды. Оның ішінде Қазақ газ өңдеу  зауыты,  Шевченко  пластмасса
зауыты, Қарағанды резина-техника зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай  өңдеу
зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр цехы, Екібастұз
және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай су-электр  станциясы,  Шымкент  және  Жамбыл
фосфор зауыттары, Жәйрем кен байыту комбинаты және басқалар бар.  Өнеркәсіп
өндірісінің көлемі жөнінен Қазақстан үшінші (РКФСР  мен  Украинадан  кейін)
орын  алды.   Маңғыстау,   Қаратау-Жамбыл,   Павлодар-Екібастұз   аймақтық-
өндірістік комплекстері қалыптасты.
  Экономикалық потенциалдың өсуі халық шаруашылық айналымына  шикізат  және
отын энергетикалық ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылды.
  Экономиканы басқаруды  қатаң  орталықтандырудың  жағдайында  өнеркәсіптің
құрылымы  шикізат  өндіруге  бағытталған  сипатын  бұлжытпай  сақтап  қалды.
Базалық министрліктердің өзімшілдік мүдделеріне бас  шұлғи  отырып,  орталық
республика экономикасын дамытуда  кен  шығаратын  салаларға  басымдық  беріп
отырды. Ғылымды көп талап ететін  өндірісті  дамытудың  орнына  ірі  күрделі
қаржы соларға жұмсалды. 80-жылдардың басында  республика  өнеркәсібінде  кен
шығаратын салалардың үлесі орта есеппен алғанда елдегімен салыстырғанда  1,7
есе  жоғары  еді.   Республика   өнеркәсібінің   жартысына   жуығы   одақтық
министрліктің қарамағында болды. Одактық ведомстволар республикадан  шикізат
ресурстарын сорып алып, аса зор  пайда  таба  отырып,  республика  бюджетіне
инфрақұрылымды  дамытуға  қаржы  жұмсамады  деп  айтуға  болады.   Олар   өз
кәсіпорындары жылына  15  млрд.  сом  жалпы  табыс  алып  отыраған  жағдайда
республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн.  сом  немесе  1  проц.  аз  қаржы
аударды, Одақтық министрліктер жалпы өнім көрсеткіштері мен  пайдаға  құныға
отырып,  республиканың  әлеуметтік  инфрақұрылымын  дамыту,  ұлттық  жұмысшы
кадрларын даярлау, қоршаған ортаны қорғау мүдделерін аяққа басты.
     70—80-жж. алып кәсіпорындар түріндегі шикізат салаларын дамытуға бағыт
ұстау өнеркәсіптің өңдейтін және  қайта  өңдейтін  өндірісінің  өсу  қарқыны
төмен  болуына,  халық  тұтынатын  тауарлар,  тамақ  және  жеңіл   өнеркәсіп
өндірісінің дамуы жеткіліксіз болуына әкеп  соқтырды.  Тұтынатын  азық-түлік
емес  товарлардың  60  проц.  Қазақстанға  басқа   республикалардан   алынып
келінді, осының өзінде олардың бір  бөлігі  Қазақстан  шикізатынан  жасалды,
бірақ ақтық өнімді өткізуден түсетін пайданы оны жасап шығарушылар алды.
    Директивалық   жоспарлау   және   монополист-ведомстволардың   мүдделері
салдарынан  республиканын  орны  толмас  ресурстары  талан-таражға  салынып,
тасып  әкетіліп  жатты.  Шығарылған  шикізат  пен   қуаттардың   пайдаланылу
тиімділігі төмен болды.
    Бесжылдықтан бесжылдық өткен сайын индустрияға жұмсалатын күрделі  қаржы
өсе  берді,  өндірістік  құрылыстын   сипаты   алып   көлеммен   белгіленді.
Республиканың  басшылығы  мұндай  алыпқа  табынушылықты   қолдап,   КОКП-ның
кезекті сьездерінде елдегі  немесе  Еуропадағы  ең  ірі  өнеркәсіп  орнының,
шахтаның,  мұнай   кәсіпшілігінің,   комбинаттардың,   зауыттардын   қатарға
қосылғаны туралы есеп беріп отырды. Республиканың  жағдайы  халықтың  тұрмыс
дәрежесімен, оның  КСР  Одағындағы  егемен  құқықтарының  толықтығымен  және
нақтылығымен, рухани мәдениетінің дамуымен емес, жұмсалған күрделі  қаржының
сомасымен,  шығарылған  руданың,   көмірдің,   мұнайдың   және   басқалардың
тоннасымен бейнеленді.
    Экономиканың көкейтесті міндеттері көбінше әміршіл-әкімшілік  әдістермен
шешілді. Мемлекеттік жоспарлауға қандай да  бір  елеулі  өзгеріс  енгізілген
жоқ.  Кәсіпорындарға  директивалық  жоспарлы  тапсырма  еңбек  коллективінің
келісімінсіз  жоғарыдан  жіберілді.  Іс  жүзінде  өнімнің  барлық   түрлері,
өзіндік  құнның  және  басқалардың  көрсеткіштері  жоспарланды.  Мұның   өзі
кәсіпорынды қандай  шығынға  да  қарамай  жоспарды  орындауға  мәжбүр  етті,
тұтынушыларды  өндіріске  ықпал   ету   мүмкіндігінен   айырды.   Өндірістің
теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық,  тоқсандық  және
айлық  тапсырмаларды  өзгертіп  отыру  үйреншікті  іске  айналды.  1981—1985
жылдары республикада әртұрлі министрліктер  мен  ведомстволардың  жоспарлары
300-ден астам  рет  өзгертілген.  Экономикадағы  дағдарысты    құбылыстардың
өсуі халық шаруашылығының бірқалыпты дамымауына алып келді.
Бекіту сұрақтары
   1. 1970 жылы Реформаның негізгі мақсаты.
   2. 1970 жылы Инфляциялық  процестердің сақталуына не себеп болды.
   3. 1970 жылы-1980 жылы ғылым мен техниканың өндіріске тигізген әсері.

   Дәріс №26
   1970 – 80 жылдардағы әлеуметтік – демографиялық процестер
   Мақсаты: 1970 – 80 жылдардағы  әлеуметтік  –  демографиялық  процестерді
 қарастыру.
   1. Жұмысшы кадрлардың дамуы
   2. Халықтың әлеуметтік дамуы.
   3. Желтоқсан оқиғасы
   4. Экологиялық қозғалыстар
   5. Ұлттық қатынастар
   1960 - 1970 жж. өнеркәсіп жұмысшылары 39,6 процент (530 мыңнан 877  мыңға
дейін) өсті. Ауыр  индустрияның  басым  өркендеуінің  нәтижесінде  өнеркәсіп
жұмысшыларының қатарында машина жасау, металл өңдеу,  құрылыс  материалдары,
отын  өнеркәсібінің  еңбеккерлері  жетекші  орын  алды.  Сол  сияқты   жеңіл
өнеркәсіп жұмысшылары олардың үлкен тобы болды.
  Павлодар, Маңғыстау, Қостанай облыстарында өнеркәсіп-өндіріс  адамдарының
қатары шапшаң өсті, дегенмен дәстүрлі өнеркәсіп орталықтары  —  Қарағандыда,
Алматыда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда жұмысшылардың  саны  неғұрлым  көп
болды.
   Жұмысшы табы ірі кәсіпорындарға күштірек шоғырланды.  Мәселен,  I  мыңнан
астам адамы бар кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшылардың үлес  саны  1960
ж.  42,4  проц.  болса,  1973  ж.  ол  56,1  проц-ке  дейін  өсті.  1973  ж.
жұмысшылардың 28,2  проц.  3  мыңнан  астам  адамы  бар  кәсіпорындарға,  ал
жұмысшылардың 10 проц. 10 мыңнан астам адамы бар кәсіпорындарға  шоғырланды.
Соколов - Сарыбай кен байыту комбинаты, Қарағанды  металлургия  және  Ащысай
полиметалл комбинаттары және басқалар индустриялық алыптар болып саналды.
  1970 ж. Қазақстан әйелдерді қоғамдық өндіріске тарту  жөнінде  Одақта  8-
орында  еді.  Мұнай  кейінгі  дәуірде  әйелдерді  өнеркәсіпке  тарту  едәуір
кеңейді, олардың үлес саны 1957 ж. 37,5  проц.  1973  ж.  44,4  проц.  дейін
көтерілді .
   Жұмысшы табы  құрамының  ұлттық  құрамы  да  өзгерді,  бірақ  өнеркәсіпке
тұрғылықты халық өте нашар тартылды. Мәселен, 1957 - 1973 жж. жұмысшылардың
арасында қазақтардын, үлес саны тіпті 17,4 проц. 11,7  проц.  дейін  азайып
кетті. 1970 ж. басында қазақтар тек мұнай шығаратын және газ  өнеркәсібінде
ғана басым  еді.  (олар  тиісінше  69,5  және  53,6  проц.  болды).  Ұлттық
кадрлардың біршама ірі тобы мұнай өндіруде (36,7 проц.), баспаханада  (27,8
проц. тамақ өнеркәсібінде (20,3 проц.), ағаш дайындауда (28,8 проц.)  жұмыс
істеді. Жұмысшы қазақтардың үлес саны энергетикалық машина жасауда (1973 ж.
—2,2 проц.), прибор жасауда (4,7 проц.), электротехника өнеркәсібінде  (6,6
проц.), тоқыма (13,6 проц.), тігін өнеркәсібінде (15,7 проц.)  төмен  болып
келді.
  Реформаның  негізгі  мақсаты  —  кәсіпорындардың  шаруашылық  дербестігін
жоспарлы  кеңейту  —  тек  көрсеткіштерді  кемітуге   және   коллективтердің
көтермелеу қорларын қалыптастыру тәртібін  өзгертуге  әкеп  сайды.  Көптеген
кәсіпорындар пайда табудың  қызығына  беріліп,  неғұрлым  оңай  жолға  —  өз
өнімдерінің бағасын қолдан жоғарылату жолына түсті.  Бағаның  өсуі  есебінен
алынған  пайда  жалақыны  көбейтуге  мүмкіндік  берді,   оның   өсуі   еңбек
өнімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 70-жылдың  басында-ақ  инфляциялық
процестердің басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс  ықпал
жасады.  Реформаның  жартыкештігі  мынадан   көрінді:   ол   кәсіпорындардың
дербестігін кеңейте  отырып,  министрліктер  мен  ведомстволардың  әкімшілік
және экономикалық  өкшеттігін  күшейтті.  Қол  жеткен  дәреже  принциптеріне
негізделген жоғарыдан орталықтандырылған  жоспарлау  сақталып  қалды,  жалпы
өнім көрсеткіштері,  олардың  жетілдірілмеген  деп  танылғанына  қарамастан,
қолданыла берді.
  1970—1985 жж. республиканың индустриялық потенциалы белгілі дәрежеде  өсе
түсті. Өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом  немесе  халық  шаруашылығына
жүмсалған қаржының 32 проц. жүмсалды. Негізгі  өндірістік  қорлар  3,1  есе
артты, оның ішінде химия және мұнай химиясында 6,5 есе,  машина  жасауда  4
есе дерлік, отын өнеркәсібінде  3,8  есе  өсті.  15  жыл  ішінде  өнеркәсіп
өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина  жасау,  химия  өнеркәсібі  сияқты
салаларда үш еседен астам өсті.
  Казақ жастарының 1986 ж. желтоқсандағы  шеруінің  түрі  ұлттық  болғанмен
ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, оның  ішінде  орыс  халқына  қарсы
бағытталмаған  болатын.  Ол  саяси  сипаттағы  бейбіт   демонстрация   еді,
мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты.
  Желтоқсан уақиғаларының сипаты, оның көлемі мен зардаптары туралы  шындық
айтылмады.  КОКП  Орталық  Комитетінің   «Казақстан   республикалық   партия
ұйымының еңбекшшерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру  жөніндегі
жұмысы  туралы»  қаулысынан  уақиғаға  терең  талдау,  жан-жақты  әділ  баға
беріледі деп күтідгеніне қарамастан, ол жұртшылықтың өкінішін  туғызып  қана
қоймай, бүкіт бір халықты орынсыз айыптау болып шықты.
  Орталық  ведомстволар  тұрғылықты  халықтан   маман   кадрлар   даярлауға
қамқорлық жасамады, олар жұмысшы күшін тасып әкелуді  артық  керді,  мұнын,
өзі экономикалық жағынан тиімсіз болды және  ақырында  ұлтаралық  қатынаста
алакөздік  туғызды.  Мұнын,  үстіне  кәсіпорындар  мен  кәсіптік-техникалық
училищелерге  қазақ  жастарын  қабылдауға,  оларды   ана   тілінде   бағалы
мамандықтарға даярлауға, онан әрі олардың өндірісте тұрақтап қалуына шындап
көңіл бөлінбеді.
Бекіту сұрақтары:
   1. Қай жылы КСРО өз әскерлерін Ауғанстанға кіргізді?
   2. 1970 жылы Қазақстан әйелдерді қоғамдық өндіріске тарту жөнінде  Одақта
      нешінші орынды иеленді?
   3. Невада – Семей қозғалысы кезіндегі белгілі қоғам қайраткері?
   4. Қазақстан Президенті  Н.А.Назарбаев  қай  жылы  Семей  полигонын  жабу
      туралы өкімге қол қойды?

№ 27 дәріс
Қазақстандағы қайта құру
Мақсаты: Қайта құру саясатының мақсатын түсіндіру.
1. 1985 жж. ортасындағы Қазақстан
    КПСС Орталық Комитетінің сәуір
    1985 ж. Плениум
2. Демократия мен жариялылық
3. Қайта құрудың мәні
      80-жылдардың басында КСРО  экономикалык,  әлеуметтік,  саяси  дағдарыс
алдында тұрды. Әкімшіл-әміршіл жүйе казіргі заманның нақты  жағдайына  жауап
бере алмайтын еді. Қоғамның барлык жақтарын, оның  экономикалық  негіздерін,
әлеуметтік  өмірді,  саяси  құрылымды,  рухани  саланы  жаңарту  қажеттілігі
сезілді.
Жеделдету бағыты.
•       1982 жылты 10 караша — Л.И.Брежнев қайтыс болды.
   Партия  мен  үкімет  басшылыгына  Ю.В.Андропов  келді.  Ол   80-жылдардың
басындағы елде калыптасқан жағдайдың күрделілігін түсіне білді:
Өкіметтін  жоғары   эшелонында  жүйелі түрде тортіп орнатуды бастады.
Өндірісте   реттілік   пен   тортіпті  жолға коюды колға алды.
   Алайда,  бұл  шешімдерді  іске  асыруда  дәстүрлі  әкімшілдік-бюрократтық
рухтары жергілікті органдар зандылықтың өрескел бұзылуына жол берді.
1984   жылғы   акпан   -   Ю.В.Андропов қайтыс болды.  Саяси  басшылық  КОКП
Орталык Комитетінің Бас хатшылығына
К.У.Черненконы сайлады.
1984 жылғы ақпан — 1985 жылғы  наурыз  аралығы  тоқырау  кезеңінің     нашар
дәстүрлерінің қайта тууымен сипатталады:
Молотовтың партиялылығын қалпына келтірді.
КОКП      ОК-нің       ғылыми-техникалык,   саясат     жөніндегі     пленумы
өткізілмеді. (1984 ж.).
Елді  күйзеліске  ұшырататын,  орасан  зор  қаржыларды   мағынасыз   жұтатын
гидромелиорациялық      жұмыстарды жалғастыруға рұқсат берілді.
•     1985   жылғы   наурыз   -   К.У.Черненко қайтыс болды.
    КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды.
   1985  жылғы  сәуір  -  КОКП  Орталық  Комитеті   пленумында   әлеуметтік-
экономикалық өмірдің мәселелеріне жаңаша қарауға әрекет жасалынды.
   1985  жылғы  сәуір  Пленумы  әлеуметтік-экономикалык  дамытуды  жеделдету
бағыты.
Жеделдету бағыты концепциясыз, анық жүргізілді.
Әлеуметтік және экономикалық дағдарысты мемлекеттік жүйені қайта
құру арқылы емес, жекелеген шаралардың көмегімен, идеялық-саяси
тәрбиені күшейту арқылы жоюға болады деп есептеді.
Жеделдету бағытының сәтсіздікке ұшырауының негізгі айыптылары
жекелеген   басшылар  деп   жарияланды.
Мәскеуде -  В.В.Гришин; Ленинградта- Г.В.Романов;  Қазақстанда  -  Д.Қонаев;
Әзірбайжанда — Г.Алиев.
   Сәуір Пленумынан кейін КОКП ОК-нің  «Маскүнемдік  пен  еңбексіз  табысқа
қарсы» күрес қаулысы жарияланды. Партиялық комитеттердің нұсқаулары  бойынша
науқан өрістеді:
Жүзім шабындықтары оталып, ішімдіксіз аймақтар жарияланды.
Кафелер жабылып, ресторандар өзгертілді.
Жеке адамдарға өз өнімдерін өсіріп, базарда сатуға рұқсат берілмеді.
Өкімет орындарының шалағай шараларының салдарлары:
Самогон    қайнату    күшейді.    Спиртті ішімдіктерге алыпсатарлық өсті.
Нашақорлық үдеді. Тұрмыстық маскүнемдік артты.
-     Ұрлық, қылмыс көбейді. «Көлеңкелі экономика» нығая түсті.
Қайта кұру бағытының қарама-қайшылығы.
•     1987  жылғы  қаңтар  -   КОКП   ОК-нің  Пленумында  «Қайта  құру  және
партияның кадр саясаты туралы мәселе талқыланды. Кемшіліктері:
Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.
Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.
•     1987 маусым - КОКП ОК-нің Пленумы басқару ісін түбірлі қайта кұру
мәселелеріне  арналды.  Пленум  әзірлеген  құжаттар  негізінде  «Мемлекеттік
кәсіпорын туралы заң» қабылданды:
Тауар-ақша қатынастарының ролі айқындалды.
Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды.
Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге
көшуге негіз жасалды.
Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.
      Алайда  бұл  шаралар  іске  асырылмады.  Қоғамның  саяси  құрылымдарын
жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа  әдістері  нәтиже  бермейтіндігі
айқын болды. Халық шаруашылыгындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен  сорелерінен
күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.
     Қазан тоңкерісінің 70 жылдығындағы  мерекелік  мәжілісте  М.С.Горбачев
қоғам дамуының негізгі кезендеріне талдау жасады:
Тарих   «ақтандақтары»   жаңа  тұрғыдан қаралды.
Сталинизм қылмысты құбылыс деп бағаланды.
1987  жылғы  қазан  -   КОКП  ОК-нің  Пленумында  Мәскеу  қалалық     партия
комитетінің бірінші   хатшысы    Б.Н.Ельцин  қайта  құру  барысына,  реформа
баяулығына наразылық білдірді. Алайда оның сөзі «қайта
құрудың   ту   сыртынан   тиген   соққы»    деп    қабылданып,    баспасөзде
жарияланбады.
      Б.Ельциннің сөзі толық  көлемде  1988  жылдың  көктемінде  ғана  жарық
көрді.
1988 жылғы маусым -  КОКП-ның  XIX  Бүкілодақтық  конференциясында  қоғамның
әлеуметтік-экономикалық жүйесіне талдау жасалды.
Шешімдері:
Саяси   жүйеге   реформа   жүргізбейінше әлеуметтік-экономикалық
өзгерістер жасау мүмкін еместігін мойындау.
Демократияландыру мен жариялылық.
Төрешілдікке қарсы күрес.
Халықтық реформа жүргізу.
Әлеуметтік әділеттілік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар
       Әміршіл-төрешіл  жүйенің  жоспарлауындағы  және   өндіргіш   күштерді
орналастырудағы жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының  нәтижесі  тоқырау
құбылыстарын туғызды. Ол кемшіліктер мен қайшылықтар:
Жоспарлау және жаңа кен орындарын игеру кезінде республикам  мүддесі  есепке
алынбады.
Ведомстволар меншігіне түскен табыстардан республикаға болмашы  ғана  бөлігі
беріліп, жергілікті халыққа ештеңе тимеді.
-  Қаржының көп белігі өндіруші салаларға жіберілді.
Халыққа   қажетті  тауарлардың  60%-на жуығы шеттен тасымалданды.
Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың      «қалдықты» ұстанымы
сақталды.
Барлық    ғылымдар    ресми    саясаттың елгезек «қызметшілеріне»
айналды.
Мәдениет ұлттық тамырларынан қол үзіп, өзіндік ерекшеліктерінен
айырыла бастады.
Қазақ тілі қоғамдық орындарда қызмет етуден қалып, тек тұрмыстық тілге
айналды.  Нәтижесінде  1954-1986  жылдар  аралығында  600-ден  астам   қазақ
тілінде  оқытатын  мектептер  жабылды.  Маңызды  саяси  шешімдер    Мәскеуде
қабылданып,  ұлттық  республикаларға  директива  ретінде  жіберіліп  отырды.
Жоғары  жақтан  келіспеушілік  немесе  қарсылық  «партиялық  тәртіпті  бұзу»
немесе «ұлтшылдық» деп бағаланып, қатал жазаланды.
Қазақстан басшыларының көз алдында Арал құрғап, Семей  полигонында  үздіксіз
жарылыстар болып жатты.
Қазақ тілінің қолданылу аясы тарыла түсті.
Парақорлық,   маскүнемдік,  адамдардың әлеуметтік немқұрайлылығы күшейді.
• 1986 жылғы ақпан-наурыз - Қазақстан Компартиясының XVI  съезі  әлеуметтік-
экономикалық  дағдарыстың  себептеріне  терең   талдау   жасамай,   жекелген
кемшіліктерді сынаумен шектелді.
     Республика басшысы, дарынды қайраткер Д.А.Қонаевтың (1986 ж.)  өзі  де
әміршіл-әкімшіл жүйенің окілі ғана болып қалды. Оған КОКП  Орталық  Комитеті
Саяси Бюросының мүшесі, үш  морте  Социалистік  Еңбек  Ері  ретінде  өзіндік
табынушылық қалыптасты. Д.А.Қонаевтің тағдыры Кремльде шешілді.
•     1986   16 желтоксан –  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  V
пленумында (18 минуттық) ұйымдастыру мәселесі қаралды. Шешімі:
КОКП  Орталық  Комитетінің хатшысы Г.П.Разумовский ұсынысымен
Д.А.Қонаев қызметінен алынды.
ҚазақстанҮкіметінің басшылығына КОКП-ның Ульяновск облыстық
комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбин тағайындалды.
Қоғамда жарияланған мақсаттар мен нақты  өмір  арасындағы  күрделі  қайшылық
нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына әкеп тіреді.
•     1986 жылғы 17 желтоксан — Алматыда жаппай толқу  басталды.  Кейін  бұл
толқу   республиканың   басқа   қалаларына   тарады.    Желтоқсан    оқиғасы
басталуының  сылтауы  -  Г.В.Колбиннің  республиканың  жоғарғы   басшылығына
тағайындалуы. Желтоқсан оқиғасының болу себебі:
•       Орталықтық   өктемдік   әрекеттері   мен   қайта   құру   жариялаған
демократиялық ұстанымдар арасындағы қарама- қайшылықтар.
      Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Басқа халықтарға  қарсылық  және
мемлекеттік құрылысты жою  үндеулері  болған  жоқ.  Әміршіл  басшылық  саяси
наразылықты өкімет билігіне тонген  қатер  деп  бағалап,  Алматы  гарнизонын
жауынгерлік  дайындыққа  келтірді.  КОКП  Ішкі  істер  министрі   А.В.Власов
еліміздің 8 қаласынан Алматыға Ішкі істер  министрлігі  әскерлерінің  арнайы
болімдерін жіберуге  шешім  қабылдап,  заң  бұзушылыққа  жол  берді.  Шеруді
тарату кезінде сойылдар, саперлік күректер,  үйретілген  иттер,  су  шашатын
машиналар   пайдаланылды.   Партия   комитеттері   мен   өкімет    тарапынан
бақылаусыздыққа жол берілді:
•     8,5 мыңнан астам адам ұсталып, қаланың сыртына әкетілді.
99 адам айыпталып,  бас  бостандығынан  айрылды  (46-сы  кейін  ақталды).  2
адамату жазасына кесілді, 83 адам - 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас
бостандығынан айрылды.
52 адам партия қатарынан шығарылды.
787 адам комсомол қатарынан шығарылды.
1138 адам комсомолдық сөгіс алды.
Жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.
271 студент оқудан шығарылды.
Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік
министрліктерінен 309 адам жұмыстан шығарылды.
[pic]
1970 — 80-жылдары Батыс елдері кеңес қоғамын барып  тұрған  әділетсіз  коғам
деп   білді.   Бұл   ең   алдымен   партиялық-мемл.,   әскери,    шаруашылық
номенклатурасына берілген артықшылыктарға байланысты қорытылған  пікір  еді.
Әлеум. саладағы киын мәселе — тұрғын үй таншылығы болды. Қордаланған әлеум.-
.  экон.  қайшылыктар  —  еңбекке  немкұрайды   қарау,   өндірістегі   ұрлық
маскүнемдік, қылмыс жасау, енбек тәртібінін кұлдырауы, "қылмысты  экономика"
сияқты  келеңсіз  кұбылыстарды   туғызды.   Мұның   бәрі   әлеум.   саладағы
дағдарыстың көріністері және әміршілдік жүйені күйретуге алып  келгсн  занды
себептер еді.  1985  жылғы  наурызда  өткен  КОКП  ОК-нің  сәуір  Пленумында
қоғамнын әлеум.-экон. ламуын жеделдету мәселесі қозғалып, одақты қайта  құру
идеясы  пайда   болды   және   ол   "төменнен"   —   автон.   жонс   одақтас
республикалардан басталды. Қазақстанда респбликаның өзін-өзі басқару,  өзін-
өзі қаржыландыру тұжырымдамасы жасалды. Онда  Қазакстан  аумағындағы  табиғи
байлықтар  мен  өндіріс  құрал-жаблықтарына  республиканың  меншіктік   кұқы
дәлелденді,  елдің  егеменлігін  саяси  және  экон.   салада   нақты   түрде
қамтамасыз ету қажстгігі туралы батыл мәлімдеме жасалды. Бірақ  мұның  бәрін
жүзеге асыруға мемл. баскару кұрылымының Коммунистік партияның қатаң  белігі
кедергі жасады. 1986 ж. 16  желтоқсанда  Қазакстан  компартиясы  ОК  пленумы
жедел шақырылып, ОК-тің бірінші хатшысы Д.А.  Қонаеавты  қызметінен  босатты
да, орнына осыған кейін Ульяновск обл. партия к-тінің бірінші хатшысы  болып
істеген Г.В. Колбин қойыллы. Сөйтіп, Казақстанды баскару  мәселесі  тағы  да
көне әдіс бойынша —  Қазакстанның  сыртынан  шешілді.  Бұл  жайт  жергілікті
қазақ жастарының карсылығын туғызды. 17 желтоқсанда ертеңгісін партияның  ОК
орналасқан аланға студент және жұмысшы жастар жиналды. Демонстрация  бірнеше
күнге  созылды,  оны  обл.  орталыктарындағы   жастар   қолдады.   Жастардың
Алматыдағы ереуілін үкімет қарулы күшпен таратты.  Ереуілге  қатынасқандарды
саяси тұрғыдан қуғындау басталды.  99  адам  сотталды,  264  студент  оқудан
шығарылды, жүздеген адам партиялық комсомолдық жазалар берілді.  1987  жазда
КОКП ОК-нің  «Қазақсатан  партия  ұйымдарындағы  интернационалдық  тәрбиелік
кемшілітері   жөніндегі»   қауылысы   шығып,   желтоқсан   оқиғасы    «қазақ
ұлтшылдығының көрінісі» ретінде бағаланды. 1986 ж. Желтоқсан  ереуілі  күллі
Кеңес одағындағы халықтардың саяси өмірні жандандырудың басы  болады,  қасаң
әміршілдікті тыю және елді демократияландыру жолындағы күреске  жаңа  серпін
берді (к. Желтоқсан көтерілісі). Республика жұртшылығының 1989 ж.  акпандағы
митингісі «Невада — Семей»  халықаралық  қозғалысынның  мақсатымсн  1990  ж.
мамырда Алматыда «Дүние жүзінің сайлаушылары  ядролық  қаруға  қарсы»  деген
халықар. конгресс өткізілді.

Бекіту сұрақтары:
   1. Қайта құру саясатының жеделдету бағыты.
   2. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы.
   3. Қайта құру саясатының нәтижесі.

лекция № 28
     Саяси өзгерістер
   1. Желтоқсан оқиғалары.
   2. Тәуелсіз ұйымдар мен партиялардың қызметі.
   3. Д.А.Қонаевтың қызметтен кетуі.
   4. «Невада-Семей» қозғалысы.
   Халық  шаруашылығындағы  тоқырау  құбылыстары   әміршіл-төрешіл   жүйенің
жоспарлауындағы   және   өндіргіш    күштерді    орналастырудағы    жіберген
кемшіліктері мен қарама-қайшылықтарының нәтижесі еді.
   Халық шаруашылығының салалық құрылымдары да кеселді қалыпқа түсе бастады.
Орта машина жасау министрлігі,  Қорғаныс  министрлігі  дейтіндер  республика
территориясының нағыз қожалары болып алды. Әр түрлі  жоспарлар  жасау,  жаңа
кен  орындарын  игеру  кезінде,  іс-жүзінде  республика   мүдделері   есепке
алынбады.  Ведомстволардың  қанжығасына  түскен  миллиардтаған   табыстардан
республикаға оған титімдей бөлігі ғана бөлініп,  ал  жергілікті  тұрғындарға
ештеңе тимеді. Мұншалықты «бұрмаланған, отарлық құрылымды  экономикасы»  бар
ел әлемде  сирек  еді.  Идеологиялық  тоталитаризм  және  ғылым  мен  ағарту
саласын қаржыландырудың «қалдықты»  принципі  адамдардың  рухани  дүниесінің
дамуына кеселді  әсер  етті.  1954-1986  жж.  600-ден  астам  қазақ  тілінде
оқытатын мектептер жабылды.
   Қазақ тілінің жағдайы төзіктіз халге жетті Ол  қоғамық  орындарда  қызмет
етуден қалып, тек тұрмыстық тілге айналды. Тілдің өзіндік  өрісі  де  тарыла
түсті, өйткені оны жастардың көпшілігі ұмыта бастағаны былай  тұрсын,  тіпті
оларда ана тіліне деген менсінбеушілік  пайда  болды.  Ұлттық  мәдениет  пен
тілден аластатудың осындай ұзақ процесі мәңгүрттердің елеулі  тобын  дүниеге
келтірді. Осындай факторлардың салдарынан қазақ ұлтының  көңіл-күйі  ауырлай
түсті. 1986 жылдың ақпан-наурызында Қазақ Комунистік партиясының  XVI  съезі
болып  өтті.  Алайда  бұл  съезд  де  республиканы   қаусатқан   әлеуметтік-
экономикалық  дағдарыстың  себептеріне  терең  талдау   жасай   алмай,   тек
жекелеген кемшіліктерді сынаумен шектелді. Республиканың  басшылығында  ұзақ
жылдар бойы отырған дарынды адам Д.А.Қонаевтың өзі де,  бүкіл  КОКП  сияқты,
әміршіл-әкімшіл жүйенің өкілі ғана болып қалды.
   Анағұрлым   маңызды   саяси   шешімдер   Мәскеуде   қабылданып,    ұлттық
республикаларға директива  ретінде  жіберіліп  отырды.  Қандай  да  болмасын
жоғарғы жақпен  келіспеушілік  немесе  қарсылық  «партиялық  тәртіпті  бұзу»
немесе «ұлтшылдық» деп бағаланып, іле-шала қатаң жазаланды.
   Қазақстанда Д.А.Қонаевқа КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, үш
мәрте Социалистік Еңбек Ері ретінде өзіндік табынушылық қалыптасты.  Сондай-
ақ, Д.А.Қонаев жұмыс барысында принйипсіздік пен өзімшілдікке де  жол  беріп
отырды. Қазақстан басшыларының  мкөз  алдында  Арал  құрғап,  қазақ  тілінің
қолданылуы  аясы  тарыла  түсті,  Семей  және  басқа  плигондарда   үздіксіз
жарылыстар  жүргізіліп,  әкімшіл  жүйенің  мәңгілік  сыңарлары:  парақорлық,
тамыр-таныстық, маскүнемдік пен халықтың әлуметтік  немқұрайлығы  кең  құлаш
жайды.
   Д.А.Қонаевтың  тағдыры  ескі  алаңдағы  Кремльде  шешілді.   1986   жылғы
желтоқсанның  16-ы  күні  таңертеңгілікте   Қазақстан   Компариясы   Орталық
Комитетінің  V  пленумы  болды.  Плнумда  КОКП  ОК  хатшысы  Г.П.Разумовский
жүргізді. Күн тәртібінде бір ғана – ұйымдастыру мәселесі тұрды.  Пленум  бар
болғаны 18 минутқа ғана созылды. Республиканы ширек ғасырға  жуық  басқарған
саяси қайраткерді ауыстыру сияқты аса маңызды мәселелердің бірі  осыншалықты
қысқа  мерзім  ішінде  шешілді.  Д.А.Қонаевтың   орнына   Г.П.Разумовскийдің
ұсынысы бойынша бұған дейін КОКП-ның Ульяновск облыстық комитетінің  бірінші
хатшысы  болып  істеген,  республикаға  мүлдем  бейтаныс   адам   Г.В.Колбин
тағайындалды.
   Желтоқсанның 17-і күні таңертең Алматыда жаппай толқу басталып, кейін  ол
республиканың  басқа  да  қалаларына  тарады.  Г.В.Колбиннің   республиканың
жоғарғы басшылығына тағайындалуы толқу үшін  сылтау  ғана  еді.  Наразылыққа
жылдар бойы қорланған себептер түрткі болды.  Халықты ашындырған  Орталықтың
дәстүрлі  өктемдік  әрекеттері  мен  қайта  құру  жариялаған   демократиялық
принциптер арасындағы қарама-қайшылықтар еді.
   1986 жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының бой көрсетуі ұлтшылдық  сипатта
емес және өзінің бастапқы кезеңінде құқыққа қарсы сипатта да болған жоқ.
   Орталық Комитет пленумының шешіміне алғаш қарсы шыққан  Алматы  қаласының
студент жастары мен жұмысшы топтары еді.
   Өкімет орындарының жағдайды болжай алмауы  қасіретті  салдарларға  әкеліп
соғып, демонстранттар тарапынан да, қоғамдық тәртіпті сақтаушылар  тарапынан
да адамдардың қазаға ұшырауына жол берілді.
   Демонстранттарды тарату кезінде партия комитеттері мен  өкімет  тарапынан
бақылаусыздыққа жол берілді. Уақытша ұстау бөлмелері мен арнайы  бөлімдерге,
тергеу бөлімдеріне жеткізіліп, қаланың сыртына әкетілген адамдардың  санының
өзі 8,5 мыңнан асты. Оқиғаға қатысқандарға қарсы қылмысты істер қозғау, сот-
тергеу  жұмыстары  кезінде  көптеген  дөрекі  заңсыздықтарға  орын  берілді.
Тергеу  әдеттегідей  асығыс,  ойдан  шығарылған  және  айыптаушылық  пейілде
жүргізілді. Мысалы, айыпталған  99  адамның  46-сы  біршама  уақыттан  кейін
ақталды, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарда  қудалау  жүргізілді.  Қысқа
мерзімнің ішінде желтоқсан оқиғаларына  қатысқаны  үшін  787  адам  комсомол
қатарынан  шығарылды,  1138  адам  комсомолдық  сөгіс  алып,  271  адам  оқу
орындарынан қуылды, жүздеген адамдар жұмыс орындарынан кетуге мәжбүр  болды.
Алматыдағы  желтоқсан  оқиғаларын   «қазақ   ұлтшылдығының   көрінісі»   деп
бағалады.
   Қазақстанның егемен мемлекет болуы, КСРО диктатурасының  құлауы  қоғамдық
дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың  республикамызда  өріс
алуына жол ашты.
   1993  жылдың  соңында  Қазақстанда  4  саяси  партия  тіркелді.  Олар   –
Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы  және  «Қазақстанның
халық  конгресі»,  Комунистік  партия.  Қоғамдық  қозғалыстардан  –  ядролық
жарылысқа қарсы «Невада – Семей» азаматтық «Азат» және  «Қазақстанның  халық
бірлігі» одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени  топтар  тіркелді.  Сондай-ақ
республикада  300-ден  аса  қоғамдық-саяси  ұйымдар,  68  әр  түрлі   қорлар
тіркеуге алынды. Сонымен қатар саяси процестерге  көптеп  саналады.  Олардың
қатарына   Қазақстанның   демократиялық   партиясы,   «Желтоқсан»   қоғамдық
комитеті, Социал-демократиялық партиялар т.б. қосуға болады.
   Қазақстанның саяси қозғалыстардың  ішінде  «Қазақстанның  халық  бірлігі»
Одағы беделдердің бірі болды. Бұл  Одақ  өз  құрамына  әр  түрлі  әлеуметтік
топтарды біріктірді.
   Қазақстанның   социалистік   партиясы   өзінің   ұйымшылдығын    нығайту,
материалдық-техникалық базасын жақсарту жолында жұмыстар атқарды.
   ҚХК-нің   төрағасы   О.Сүлейменов   ресейлік   «Азаматтық   Одақ»    және
«Демократиялық реформалар қозғалысымен», еуразиялық, дәлірек айтқанда  Ресей
мен Қазақстандағы интеграция идеясына сүйене отырып, тығыз байланыс орнатты

№29 лекция

Тәуелсіз Қазақстан. КСРО – ның құлауы

1. Экономикалық дағдарыс.
2. Тоталитарлық жүйенің күйреуі.
3. Әлеуметтік шиеленістің өсуі. КСРО – ның құлауы.
4. ТМД – ның құрылуы
      Қазақстанның тәуелсіздік  алуы  бұрынғы  Кеңес  қоғамында  қалыптасқан
ахуал-қоғамдық  жүйенің  күйреуінің,  Кеңестер   Одағының   ыдырау   салдары
нәтижесінде іске асты. КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі  –  ондағы
орын  алған  экономикалық  күрделі  мәселелер,  экономикалық  дамуда   артта
қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының  технологиялық  жағынан  артта
қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың  бүкіл  әлемде  бәсекеге
түсу қабілетінің әлсіздігі еді.
      КСРО-ның экономикасының артта  қалуы  1970  жылдан  басталған  тоқырау
кезеңінде,  халық  шаруашылығы  жоспарларының  орындалмауынан  өз  көрінісін
тапты. Экономиканың артта қалуы, әсіресе, ауыл  шаруашылығы  саласында  өріс
алды.
      Кеңестер Одағының құлауының саяси себептері  туралы  айтқанда,  ондағы
саяси-идеологиялық бірлік пен біртұтастық сол сексенінші жылдардың соңы  мен
тоқсаныншы жылдардың басында-ақ көзден ғайып болғанын ерекше атап  көрсеткен
жөн. Бұл кезде бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде бұрын  болмаған  ұлт  толқулары
күшейді. Ең қауіптісі – олар таза ұлттық сипат  ала  бастады.  Ақыр  соңында
ұлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал  тартыс  қантөгіске  әкеп  тіреді.  Бұған
мысал ретінде  Қазақстанда  болған  1986  жылғы  Желтоқсан  оқиғасын  айтуға
болады.
      Қазақстан  ыдыраудың  соңына  дейін  Кеңес  Одағын  сақтап  қалу  үшін
күресті. Бірақ Республиканың бұл ниетіне  Одақта  болып  жатқан  әлеуметтік-
экономикалық  және  қоғамдық-саяси   өзгерістер   қарсы   тұрды.   Сондықтан
Қазақстан  да  өзінің  тәуелсіздігін  жариялау  шараларына   кірісті.   Атап
айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990  жылы  25  қазанда  республикамыздың
мемлекеттік егемендігі туралы  Декларация  қабылданды.  Сөйтіп,  бар  әлемге
Қазақстанның егемендігін жариялады.
      1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында  тұңғыш  рет  республикада
жалпы  халықтың  қатысуымен  Президент   сайлауы   өткізілді.   Дауыс   беру
қорытындысы  бойынша  Н.  Назарбаев  Президент  болып  сайланды.  Осы  кезде
Президенттің Жарлығымен бұрын  Одаққа  бағынған  кәсіпорындар  мен  ұйымдары
республика  үкіметінің  қарамағына  беру,  мемлекеттің  сыртқы  экономикалық
қызметінің дербестігін қамтамасыз ету, елімізде  алтын  қорын  жасау  туралы
және  тағы  басқа  заңдар  шығарылды.  Сол  жылғы  10   желтоқсанда   Елбасы
жарлығымен  Қазақ  Кеңестік  Социалистік  Республикасының  атауы   Қазақстан
Республикасы болып өзгертілді.
      Өзінің  тәуелсіздігін  алған  Қазақстан   Республикасын   дүниежүзінің
ондаған елі таныды.
      Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдына үлкен келелі міндеттер
қойылды. Олар елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің
тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, жоспарларды іске асыру,
елдің ішінде көп ұлтты халықтардың бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді
пайдалану. Елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып,
ядролық соғысты болғызбау.

Елдің ішкі саяси мәдени жағдайы
Мақсаты: Қазақстан Республикасының ішкі саяси -мәдени жағдайын қарастыру.
   1) Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі декларациясын жариялау
   2) Президенттік бүкілхалықтық сайлау
   3) Н.Ә. Назарбаева Қазақстанның бірінші президенті
   4) Қазақстан Республикасының құрылуы
Тәуелсіздігіміздің бастауы болған, егемендігіміз туралы Декларациядан  кейін
1990 жылдың 25 қазаны  —  Республика  күні  болып  жарияланды.  Бүл  қүжатта
Қазақстанның егемендігі, оның аумағында ешкімнің қол  сүқпайтындығы,  ондағы
жер үсті мен жер асты байлығы  Қазаңстанның  қүндылығы  болып  саналатындығы
тайға таңба басқандай етіп жазылды.
      Қазақстан  Республикасы-   егеменді   тәуелсіз   мемлекет.   Оның   өз
тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1991 жылғы 16  желтоқсан.  1991  жылы  10
желтоқсанда Қазақ КСР-нің атауы Қазақстан  Республикасы  болып  өзгертілді.
Қазақ халқының тынымсыз күресінің арқасында  тәуелсіздік  жолындағы  күресі
жүзеге асты. Сонымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік
тәуелсіздігі«  туралы  конституциялық  заңы  қабылданып,  салтанатты  түрде
жарияланды. 7 тарау 18 баптан түратын бүл заңның 1 бабында былай  жазылған:
«Қазақстан Республикасы-тәуелсіз, демократиялық және қүқықтық мемлекет.  Ол
өз территориясында өкімет билігін толық иеленді, өзінің  сыртқы  және  ішкі
саясатын дербес  белгілеп  жүргізеді«  делінген.  Осы  заң  бойынша  өкімет
билігіне өзгерістер енгізілді.Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі  болып
бекітілді. Халақ атынан сөйлеу билігі Президент билігіне берілді.
      1991 жылы 1 желтоқсанда Н.Назарбаев бүкілхалықтық  дауыс  беру  арқылы
түңғыш Президентіміз болып сайланды.
      Тәуелсіздік тарихында 1992 жылдың  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Бүл  жыл
елдік үшін де, ел үшін де айрықша сынақ жылы болды.
      Бүл жылы қазақтың  өзгелермен  терезесі  тең,  керегесі  кең  мемлекет
қүруға қабілеттілігі сынға түсті.
      Бүл жылы Дүние жүзі қазақтарының түңғыш қүрылтайы өтті.  Оның  идеясын
Президентіміз Түркияға барған сапарында айтқан болатын Осы Қүрылтайда бүкіл
әлемдегі қазақ атаулы жиналып, көк тудың астында бас қосқан еді. Құрылтайға
қатысушылар  Елбасына  ыстық  ықыласын  жеткізді.  Осы  Қүрылтайдан   кейін
Қазақстанды мекен еткен барша үлттар мен үлыстардың  басын  қосып,  береке-
бірлікке бастайтын форум өткізу қажеттілігі туды. Бүл форум тамыры  тереңге
тартылған достық пен  туысқандық  дәстүрлерге  негізделе  беретініне  сенім
туғызды.

№30 лекция
Егеменді Қазақстан
Мақсаты:   Қазіргі   кезеңдегі   Қазақстанның     экономикалық   реформалары
мемлекеттік дамуындағы саясаты мен бағдарламаларын қарастыру.
1.Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның   экономикалық реформалары
2.«Қазақстан -2030» даму стратегиясы
3.ҚР Президентінің жолдаулары
          Қазақстанның көршілес  елдермен  мәдени,  саяси,  әлеуметтік  және
экономикалық даму процестері сонау  ерте  кезеңдерден  бір-біріне  ықпалдаса
отырып ұқсас дамыды.  Дегенмен  қазіргі  таңда  даму  ерекшеліктері  байқала
түсуде. Жақын және алыс шет елдер деген ұғымның интеграциялық  байланыстарда
маңыздылығынан айрылуда. Әрине, бұл елдер бәсекелесте, қарсыласта болды,  әр
түрлі  саясат  пен  идеологияның  ықпалына  түсті.  Аймақ,  өзінің  геосаяси
жағдайымен әрқашан сыртқы  күштерді  қызықтырған.  Ал,  жергілікті  халықтың
басты мақсаты аймақ тыныштығы мен ұрпақ амандығы. Оған тарих дәлел.
         Бүгінгі таңдағы  жағдай  өткен  тенденциялардың  қайталамасы  десек
артық айтқан  болмас.  Өйткені  жаһандану  кезеңінде  жоспарлы  экономикадан
қатал нарық  ықпалына  түскен  Қазақстанның  жағдайы  алңдаушылық  тудыруда.
Себебі, көршілес елдердегі қарулы  қақтығыстар  аймағына  айналуы  да  әбден
мүмкін. Бұдан шығудың  жалғыз-ақ  жолы  аймақ  елдерінің  саяси-экономикалық
және әлеуметтік ынтымақтастығы, мәдени-рухани  құндылықтар  мен  салт-дәстүр
өзегін сақтап қалу, өз тарихын ұмытпай, әлемдік қауымдастықта өз  позициясын
нақтылау. Ол үшін әрине экономикалық тоқтаусыз  даму  мен  саяси  тұрақтылық
әрқашан қажет. Қазіргі таңдағы еліміздің қаржы-экононмикалық  дамуына  басқа
мемлекеттер қызыға да, қызғана да қарайды десек артық айтқанымыз болмас.
   Экономикалық жүйелерді қоғам мен экономикалық объективті нәтижесі ретінде
пайда болады және  өзгеріп  отырады.  Жасанды  түрде  құрылған  экономикалық
жүйелер  ақырында  өндірісті  күштер  және   ресурсты   базалармен   қарама-
қайшылыққа түсіп,  нәтижесінде  құрып  кетеді.  Дәл  осындай  жағдай  дамуда
объективті  тенденциялар  мен  ұлттық  ерекшеліктерді  ескермеген   жағдайда
қайталанады, яғни жоғары дамуды қамтамасыз ете алмайды. Нарықтық  қатынасты,
тауар өндірісі мен  кәсіпкерлік  әрекеттерді  сынау  социализмнің  негативті
негізгі экономикалық факторлары болып табылады.
   Қазақстанда  кейінгі  онжылдықта  қоғамды  трансформациялау  мен   ұлттық
шаруашылықты  әлемдік  экономикамен   интеграциялау,   тәуелсіз   мемлекетті
қалыптастыру мен елдің саяси  және  экономикалық  жүйесін  негіздеу  процесі
жүрді.  Бұл  процеспен  қоса  адамдардың  менталитеттері  де  өзгерді.  Жаңа
құндылықтар жүйесі мен жаңа көзқарас қалыптаса бастады.
   Бүгінгі таңда аймақ елдері жоғарыда атап өткендей ішкі  ресурстар  сыртқа
шикізат пен жартылай дайын өнімдер шығаруға,  дәстүрлі  транспорттық  қызмет
көрсетулер  мен  туризм  және  басқа  да  салалардан  пайда  табуды  маңызды
санауда. Дегенмен, әрбір аймақ елі үшін  сыртқы  қарыз  алу  мен  кредиттер,
инвестиция, жаңа технологиялар, нау-хауды тарту мен рационалды  қолдану  өте
қажет  болып  отыр.  Ол  үшін  нарықтық  механизмдердің  қызмет  атқаруынан,
басқарушылық   білімнің,   менеджмент   пен    маркетингтік    жетістіктері,
шаруашылықтағы мемлекеттік реттеу жүйесінің қажеттілігінің  құндылығы  артып
отыр.
      Мұнай саласындағы  жүргізіліп  жатқан  іс-шаралардың  барлығы  әлемдік
деңгейдегі саяси ойынға айналып отыр.
      Сонымен, Қазақстанның  әлемдік  қауымдастағы   орны:  алдыңғы  қатарлы
геосаяси  күштердің негізгі  қақтығыс  объектісі  ретінде  анықталып   отыр.
Түбінде қайсысының осы аймаққа өз басшылығын орнығатынын  ешкім  кесіп  айта
алмайды.
      Тәуелсіз Қазақстан алдында келесі  негізгідей  проблемалар  тұр.  Ішкі
саяси проблемалар:
 - тек, шикізат өндіруші және нашар дамыған инфрақұрылым;
 - либерализация мен мемлекеттік құрылыстағы процестердің  әртүрлі  бағытта
   болуы;
 - мемлекеттің полиэтникалылығы, елде 131 ұлттар  тұрады,  қазақ  пен  орыс
   ұлты басым. Бұл Қазақстан халқының өзіндік бір  сарында  дамуына  әсерін
   тигізуде;
 - ұлттық идеологияны қалыптастырудағы қиындықтар;
 - қазақ бюрократиясының тәуелсіздік алған кезеңдегі мемлекеттік  басқаруда
   тәжірибелерінің жетіспеуі,мемлекеттен гөрі жеке  бас  пайдаларын  жоғары
   қоюлары;
 - демократиялық соттың болмауы;
 - тұрғындар  арасында  мемлекеттік  тілге  сұраныстың  болмауы  мен  дұрыс
   білмеуі;
 - ішкі рулық немесе діни алауыздықтар мен бөлінушіліктер;
   Сыртқы саяси және геосаяси проблемалар:
 -  транспорттық  магистральдардың  дұрыс  дамымағандығы   мен   теңіз   су
   жолдарының болмауы;
 - қалыпты сыртқы саяси бағыттардың қалыптаспауы


   3  ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР


1-тақырып.
XYIII ғ. мен XXІ ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен
деректері.
1. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да
қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны және оның кезеңдері
2.Қазақстан тарихының тарихнамасы 3.Қазақстан тарихының басындағы қазақ
деректері.
 4.Орыс және шетелдік тарихнама
2-тақырып. ХҮІІІ ғ. І жартысындағы Қазақстандағы саяси жағдай. Әбілқайыр
билігі.
1.Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келісөздері.
2.Әбілқайыр ханның отарлаушы әкімшілікпен  қарым-қатынастардың шиленісуі.
3.Қазақтар мен Ресей қарым қатынасы.
4.Қазақ-жоңғар және қазақ-башқұрт қатынасы
 3-тақырып. Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы.
1. Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторлығын қабылдауы.
2. ХҮІІІ ғ. 40 жылдарындағы  Қазақ-ойрат қатынастары.
3. Әскери бекініс шектерінің салынуы.
4. Қазақстан ресей қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары.
5.Қазақстан даласындағы Ресей саясаты.
4-тақырып. Қазақстанның солтүстік батысындағы патша билігінің күшеюі. Сырым
қозғалысы.
1. Қазақтардың Е. Пугачев басқарған орыс шаруаларының соғысына  қатысуының
саяси себептері. Шаруалар соғысының барысы мен тарихи маңызы.
2. Нұралы хан саясаты. Күші жүздегі хандық биліктегі дағдарыс.
3.Исатай мен Махамбет бастаған азаттық жолындағы күрес
4. Күші жүздегі халық-азаттық қозғалысы (1783-1797ж.)
5. Бөкей хандығының құрылуы.
5-тақырып. ХҮІІІғғ. ІІ жартысы – ХІХғғ. басындағы Орталық, Оңтүстік-шығыс
Қазақстан. Абылай  хан билігі.
1. Іле аймағын отарлау.
2.Ұлы жүз қазақтарының Ресейге таралуы.
3. Перовскийдің жорығы.
4.Қоқан хандығының  жойылуы. Хиуаның тізе бүгуі.
5.Арал бойы  қазақтарының  Хиуалықтар мен Ресей  басқыншыларына  қарсы
күресі.
1. Орта жүздегі саяси ахуал, Абылай ханың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен
қарым-қатынасы.

2. Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі.
6-тақырып. Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісі мен патша үкіметінің
отарлық саясатына қарсы азаттық күресі ( ХІХ ғ.20-40 жж.)
1.Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың (1812-1821 жж.) және Жоламан
Тіленшіұлының (1822-1824 жж.) ұлт-азаттығы жолындағы қозғалыстары.

2.Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы көтрілісі (1821 ж.)

3.Патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және Сұлтан
Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс.
4.Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі.(1836-1837 жж.)
5.Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс
(1837-1847 жж.)
7-тақырып. ХІХ ғ. Қазақстандағы әкімшілік-саяси жүйе.  Реформадан кейінгі
Қазақстан.
1.Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.
2.1824 ж.Орынбор қазақтары жөніңдегі жарғы.
3.ХІХ ғ. ортасында Қазақстандағы казак  әскерилері.
4.Жаңа әкімшілік –территориялық жүйе құрылымы.
8-тақырып. ХХ ғ. басындағы Қазақстан
11905-1907 жж. төңкеріс жылдарындағы Қазақстан
2Столыпин реформасы
3Қазақстан бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде
4 1916ж. ұлт-азатттық көтеріліс
9-тақырып. Қазақстан төңкеріс жылдарында
1.Қазақстанның әлеуметттік-экономикалық жағдайы
2.Қазақстандағы революциялық белсенділіктің өсуі
3.Қазақстандағы қос өкімет және оның саясаты
4.Жер мәселесі және ұлттық мәселесі
5.Революцияның әлеуметтік базасы мен қозғаушы күштері туралы пікірлері мен
тұжырымдар
6.Кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері

10-тақырып. Қазақстанда Кеңес мемлекетгілігінің кұрылуы
1.Революциялық комитеттің құрылуы және оның қызметі.
2.Түркістан істері бойынша БОАК мен ХКК комиссияларының қызметі.
3.26-тамыз 1920 жылғы Кеңес өкіметінің Декреті.
4.Қазақстанның ОАК мен ХКК құрылуы.
11-тақырып. ¥лы Отан соғысы және соғыстан кейінгі коғамдық - саяси өмір
Қазақстан - майдан арсеналы
1 Қазақстан –майдан Арсеналы. 2Қазақстандықтардың Мәскеу түбінденгі
шайқасқа қатысуы
3 Курск даласындағы шайқас
4 Қазақстандық партизандардың ерліктері
5  Тоталитарлық тәртіптің күшеюі.
6 Қазақстандағы лагерьлер
7 Қазақстанға арнайы қоныс аударған ұлт өкілдерінің келуі «Бекмаханов ісі»

12-тақырып. 1950-1970жж. Қазақстан
1 Қоғамдық саяси өмірі.
2 Тың және тыңайған жерлерді игеру шаралары мен зардаптары.
 3. Л.И.Брежневтің билікке келуі.
 4. Халықтың әлеуметтік жағдайы.
13-тақырып. 1970-80 жж. Қазакстан
1. Қоғамдық саяси  жағдай. Өнеркәсібі.
2. Қазақстан – КСРО-ң ірі өнеркәсіп  аймағы.
3. Отын энергетикалық кешенің дамуы.
4. Машина жасау өндірісінің дамуы.
14-тақырып. 80-90жж. Қазақстан
1. 1985 жж. ортасындағы Қазақстан
    КПСС Орталық Комитетінің сәуір
    1985 ж. Плениум
2. Демократия мен жариялылық
3. Қайта құрудың мәні
15-тақырып. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы: кеше және бүгін
1. КСРО - ның кұлау себепгері ТМД - ның кұрылуы
2 Нарықтык экономикаға бағыт алу.
3 Жекешелендірудің қиындықтары мен ерекшеліктері
4 Қазакстанның экономикалык                 реформалары.
5 Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның ішкі, сыртқы саясатының негізгі бағыттары


4  СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

|№    |Студенттер өздігінен орындайтын      | орындаудың түрлері   |Балл   |
|     |тапсырмалар тақырыбы                 |                      |саны   |
|1-2  |Пән бойынша термин сөздіктермен және |анықтамалар           |       |
|апта |әдебиеттермен  танысу                |жазу                  |       |
|3    |1. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама |хронологиялық кесте   |15     |
|апта |жылдардағы қазақ елі.                |                      |       |
|     |2 Қазақ батырларының жоңғарларға     |                      |       |
|     |қарсы күрестегі ролі.                |                      |       |
|     |                                     |                      |       |
|4    |ХҮ-ХҮІІІ ғғ.  басы. Қазақ хандығы:   |тақырыптық тест       |15     |
|апта |халықаралық байланыстары мен сыртқы  |(бір сұрақта 5 жауап) |       |
|     |саясаты                              |                      |       |
|5    |Орта және Кіші жүзде дәстүрлі хандық |тарихи конспекті      |20     |
|апта |биліктің жойылуы.                    |немесе тарихи эссе    |       |
|6    |1 Абылай - тарихи тұлға.             |тарихи сараптамалық   |30     |
|апта |2 19 ғ. басында Сырдарияның орта     |анықтама жазу         |       |
|     |ағысымен Жетісудың бір бөлігін Қоқан |                      |       |
|     |билеушілерінің басып алуы.           |                      |       |
|     |3 Қазақстанның ХІХ ғ. аяғындағы      |                      |       |
|     |әкімшілік- аумақтық құрылымы және сот|                      |       |
|     |құрылысы.                            |                      |       |
|7    |Әкімшілік-сот реформалары            | тезис жазу           |35     |
|апта |(1886-1891 жж.)                      |                      |       |
|     |№ 1 аралық бақылау жұмысы: Өтілген   |тест орындау 25 сұрақ |60     |
|     |тақырыптар бойынша                   |5 жауаптан            |       |
|     |БАРЛЫҒЫ:                             |                      |175    |
|1-7 апта аралығындағы  оқыту  жоспары бойынша жинау керек:        |300    |
|(дәріс-30 балл, семинар-95 балл, СӨЖ-175 балл)                    |       |
|8    |Қазақ елі «нәубет» жылдары           |мазмұны бойынша       |10     |
|апта |                                     |қысқаша конспекті     |       |
|9    |Қазақстан партизандарының ерліктері  |тарихи анықтамалар    |10     |
|апта |                                     |жазу                  |       |
|10   |1. Ақпан революцияның Қазақстанға    |тарихи эссе жазу      |10     |
|апта |тигізген әсері                       |                      |       |
|     |2. І Дүние жүзілік соғыс кезеңіндегі |                      |       |
|     |Қазақстан                            |                      |       |
|     |3. Қазақ ұлттық интеллигенциясының   |                      |       |
|     |қалыптасуы                           |                      |       |
|11   |Тың және тыңайған жерлерді игерудің  |хрнологиялық тарихи   |10     |
|апта |экологиялық, экономикалық зардаптары |сараптамалық кесте    |       |
|12   |1970-80 жж. Халықтың демографиялық   |тезис жазу            |15     |
|апта |өсуі                                 |                      |       |
|13   |ХІХғ. соңындағы Қазақстанның         |тарихи эссе           |15     |
|апта |әлеуметтік-экономикалық дамуы.       |                      |       |
|14   | 1. Отандық тарихты дамыту. Тарихи   |№ 2 аралық бақылау    |15     |
|апта |ақтаңдақтарды ашу.                   |                      |       |
|     |2. Статистикалық зерттеулер бойынша  |                      |       |
|     |Қазақстанның демографиялық жағдайы.  |                      |       |
|     |3. Қазіргі замандағы Қазақстандағы   |                      |       |
|     |Білім мен Ғылым.  Тәуелсіз Қазақстан |                      |       |
|     |мәдениеті.                           |                      |       |
|15   |«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»       |Қорытынды             |20     |
|     |индустриалдақ-инновациялық даму      |сұрақ-жауап           |       |
|     |стратегиясының мәні мен маңызы       |                      |       |
|     |№ 2 аралық бақылау жұмысы: ТМД және  |жеке сұрақтар арқылы  |60     |
|     |ШЫҰ: тарихи үрдістері сипаты         |жазбаша тапсырмалар   |       |
|     |                                     |орындау               |       |
|     |БАРЛЫҒЫ                              |                      |165    |
|8-15 апта аралығында оқыту жоспары бойынша жинау керек:           |300    |
|(дәріс-30 балла, семинар-105 балл, СӨЖ-165 балл)                  |       |
|Емтихан қортыныдысы бойынша балл                                  |400    |
|Академиялық кезең юойынша балл жиыны                              |1000   |

Пәндер