Файл қосу
Жалғыздық сарыны
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3-деңгейлі СМЖ | | | |құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-18-29.1.8/03-2013 | |ПОӘК «Тіл білімінің және |______2013 жылғы | | |әдебиеттанудың өзекті |№ 3 басылым | | |мәселелері»пәнінің оқытушыға | | | |арналған жұмыс бағдарламасы | | | 6М020500- «Филология:қазақ» мамандығына арналған «Тіл білімінің және әдебиеттанудың өзекті мәселелері» ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2014 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәріс сабақтарының мазмұны 3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны 4 Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмыс шеңберіндегі тапсырмалар 5 Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмысы шеңберіндегі тапсырмалар 6 Емтихан сұрақтары 7 Курст жұмыстарының тақырыптары 8 Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары Глоссарий 1. Азаматтық лирика-лирикалық поэзияның заман жайын,әлеуметтік мәселелерді қозғайтын үлкен бір саласы. 2. Ақын - поэзиялық туынды, өлен, жыр - дастандарды ауызша немесе жазбаша айтып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік дәстүрлерін қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері. 3. Альбомдық лирика- орта ғасырдағы француз поэзиясының лирикалық жанры.Бұл жанырға жататын өлеңдерге тән басты қасиет-сыршылдық,нәзік сезімге берілу.Бұл қасиет оңаша, өзімен өзі болып отырып сыр шерту,көлденең адамға білдірмейтін ішкі сезімді,жүрек сырын қағазға жазудан келіп шыққан. 4. Арнау - әдеби шығарма басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай уақиға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автор сөзі. 5. Әдеби қаһарман-әдебиеттің идеялық-эстетикалық роліне сай бейнеленетін тұлға.Әдеби қаһармандар шығармада өзіне тән рухани және қоғамдық жүк көтереді. 6. Әдеби процесс-көркемдік дүниенің қозғалысы мен дамуын зерттейтін методологиялық әдіс. 7. Әдеби сын-көркем шығармаларды талдап,баға беріп,олардың идеялық- көркемдік мәнін,әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы. 8. Әңгіме-оқиғаны баяндап айтуға негізделетін,қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма. 9. Драма-(грекше drama-қимыл- әрекет )-сахнаға арналған,уақиғаны,оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін,көңіл күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығарма. 10. Жанр-әдеби шығармалардың жеке түрлері,көркем әдебиеттің салалары. 11. Кейіпкер (персонаж) –көркем әдебиетте роман,повесть,әңгімеде, драмалық шығармада, поэмада бейнеленетін уақиғаға қатысушы. 12. Лирика-көркем әдебиеттің негізгі саласының,жанрының бірі, басты ерекшелігі–адамның көңіл–күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді. 13. Поэзия – көркем әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы, өлең жыр түріндегі шығарма. 14. Поэма – оқиғаның өлеңмен баяндалып айтылатын, кейде жыр – толғау түрінде келетін көлемді шығарма. 15. Повесть–оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қара сөзбен жазылған, көлемді шығарма,эпикалық жанрдың орташа түрі. 16. Реализм(латынша. realis–заттылық,шындық)-әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған,өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат–белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс. 17. Роман –сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, жан–жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма. 18. Символ–әдебиетте ойды астарлап,басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне. 19. Стиль-жазушының өмір шындығын танып–білу,сезіну қабілетін,бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға–бітімін танытатын даралық өзгешелігі,жазу мәнері, қолтаңбасы. 20. Сюжет(франц. sujet–зат)-өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі,біртұтас желісі. 21. Тақпақ-қазақ өмірінде шешендік дәстүрмен байланысты туған өткір нақыл- ғибраттылық, мәнерлеп айтуға лайықты сөз нұсқасы. 22. Тақырып-Әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы,айтылатын жай–жағдайлардың бағыт–бағдары. 23. Тарихи шындық–өмір шындығының тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы көркемдік көрінісі.Тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстар, болған уақиғалар,өмір сүрген тұлғалар арқау болады. 24. Трагедия–сахнаға арналып жазылатын әдеби шығармалардың,яғни драмалық жанрдың бір түрі. 25. Трилогия-мазмұн–мағынасы,сюжеті жағынан бір–бірімен тығыз байланысты,негізгі кейіпкерлері ортақ келетін,өзара жалғасып,тұтасып жатқан үш шығарма. Дәрістердің қысқаша сипаттамасы Дәріс 1 Қазіргі қазақ әдебиетінің даму тенденциялары Дәрістің мақсаты: Қазіргі қазақ әдебиетінің даму тенденцияларының даму жайын меңгерту. Дәрістің жоспары: 1.Қазіргі қазақ прозасының дамуы. 2.Қазіргі қазақ поэзиясының дамуы. 3.Қазіргі қазақ драматургиясының дамуы. Қазіргі қазақ прозасы Қазіргі қазақ прозасындағы жете зерттелмеген саланың бірі – сарындар, соның ішінде айқай сарыны. Т.Нұрмағанбетовтің «Айқай» повесі сонау грек- түрік соғысы тақырыбына арналған. Өткенге көз жіберіп, шегініс жасау арқылы әңгіменің ішіндегі әңгіме желісі өрбиді. Автор айшықты прозаның өрнектерін қолданады. Т.Нұрмағамбетовтің бұл шығармасындағы түрлік ерекшелігінің бірі осы «айқай» сарынынан танылады. Қазіргі қазақ прозасына өз үнімен «айқайлап» келген Оралхан Бөкейдің Айқайы қандай еді? Абайдың айқайы жартасқа барып соғылып, кері жаңғырып қайтқан − сол Баяғы айқай еді. Ал, Оралхан Бөкейдің айқайы − Алтай тауын жаңғыртқан, қайта-қайта жаңғырығып тұрар – Анаулардың айқайы еді. Т.Нұрмағамбетовтің айқайы − алапеспен ауырған тіліне, нәсіліне, ұлтына қарамайтын адамдардың, яғни тәніне ғана емес жан-жүрегіне, жан-дүниесіне алапес дағы түскен барша адамзаттың баласының айқайы. Жалғыздық сарыны. «…Жалғыз қалдым, тап шыным», − деп Абай айтқандай, қазіргі қазақ прозасында жалғыздық сарыны түрлі пішінде беріледі. Жиі кездесетін жалғыздықтың түрі − махаббаттағы жалғыздық. Мәселен, Бейбіт Сарыбайдың «Жалғыздық жыры» әңгімесінің өзегі:«Мен адамды бір-біріне жақындататын тән емес, жан екендігін ұғынғандай болдым.Ол жалғыз екен. Жаны жалғыз екен. Жалғыздығынан қашып құтыла алмапты». Бұл − жас автордың тұжырымдамасы. Көп ішіндегі жалғыздық идеясы мұнда ерекше лирикалық қуатпен суреттеледі. Әңгіменің жұмбақ романтикалық мұңға оранып тұратыны сондықтан. Бірақ бұл әңгімеде адам баласының табиғатына тән бақытқа құштарлық сезімі күшті. Оқырманды түңілдірмейтіні сондықтан. Әйтпесе екі ғашықтың бейнесі толық ашылмаған. Олар бір символ тәрізді. «Алайда сезім диалогы дамымаса, бақыттың орнын қайғы басады. Қайғының досы – жалғыздық . Әңгімені тылсым мұң әсерлі қылып тұрады. Автор сенімді күйретпейді, сонысымен ұтып тұр. Бұл әңгімедегі жалғыздық қазіргі қазақ қоғамын өрмекші торынша торлаған рухани жалғыздықты білдіреді. Жазушы Р.Отарбаев «Аспандағы ақ көбелектер», «Қытайдан жеткен сәлемдеме» атты әңгімелер мен повестер жинағында жалғыздық тақырыбын аз көтермеген. Д.Амантай «Қайдан келдің жалғыздық?» деп өз прозасында талғамы биік кейіпкерлерінің жатсынуын жалғыздыққа әкеліп тірейді. Жалғыздық сарынын қазіргі қазақ прозасында өмір мен өлім тұжырымдамасы тұрғысынан қарастыруға болады. Жалғыздық сарыны прозалық туындыларда алуан түрлі сипатта көрініс табады. Мәселен, М.Әуелханның әңгімесінде қарт көңілдің жалғыздығы айшықты прозаның өзгеше көркемдігімен кестеленген. Р.Отарбаевтың «Аспандағы ақ көбелектер» атты кітабындағы «Торшақыз бен тотықұс» әңгімесінде өзгеше тағдыр тордағы тотықұстың атымен беріледі. Әңгіме тордағы құстың атымен беріледі. Бұл − тұспал. Жалғыздықтың шектен шығуы. Адамдардың психологиясындағы әсіресе, қалалықтардың көбінің төрт қабырғаға қамалып, елеспен өмір сүруі, қазақтың оқу оқыған қызының көбіне дұрыс отбасы құра алмай қалуы тақырып етіп алынған. Күндестіктің асқынған сипатын көрсету арқылы автор уыты күшті жалғыздық сипатына тереңдей енген. Ал, Р.Отарбаевтың «Дүние ғайып» повесінде. Аласапыранда жақсылық пен жамандықтың беттесуі арқылы баяғы аңыздағы Абыл мен Қабыл оқиғасының вариациясы беріледі. Автор өмір туралы толғауын Айнан бейнесі арқылы берген. Мұнда да жалғыздық азабы тым терең қаузалған. Иен даланың азынаған дауылды кеңістігінің өзі жалғыздықтың символы. Автор өзі де философиялық ойды тұғыр етеді. Ал, Ә.Салықбайдың «Түн түнегіндегі екеу» атты әңгімесіне шығармашылық адамдарын шырмайтын жалғыздық арқау болған. Қабырғасымен кеңесу, жас жазушының арман, қиялының биіктігі әңгімеде әжептәуір шынайы көрініс тапқан. Үлкен әдебиет «раздвоение личности» деп атайтын дүние емес. «Құдай қарызға берген бес күн», − дейді автор санасы буырқанып, сол тіршілікті көркем, мағыналы жұмсау − жазушы атаулының мақсат, мүддесі. Ұйқысыздықтың өліарасында жатып, жазушы-кейіпкер өз-өзіне есеп береді. Қасындағы жауаптасқан серігі − ұйқы, ол кісі бейнесінде екен. Өзімен-өзі диалог құру − мидағы бір шығармашылық үдеріс, сол замат ол философқа айналып кетеді: «Біз өтірік айтуды ең әуелі өзімізді алдаудан бастаймыз. Шындық − шыңырау, өтірік өлермендігімен өміршең. Өтірікті шындыққа орап айтса, өтімді». Бұл − кейіпкердің ар алдындағы таза ойы. Өзімен-өзі қалу адам үшін кілең мойындаулардан тұрады. Бұл әңгімеде де айна идеясы бар. Айнадан бетін көру. Бұл жан тазалығына кепілдік. Жебеуші періштесі, ұйқы- кісі өзін солай атайды, мұның бетіне кінәсін басқанда, түкірмепті, соның иллюзиясын жасапты. Айна жанын жарқыратып жібергенін көріп, кейіпкер қатты қуанады. Бұл оған өмірден түңілмеу үшін қажет. Жалғыздық идеясын автор солай түрлендіреді. Қазіргі поэзияның дамуы. Қазақ өлеңінің құрылымдық жүйесі бүгінде қарқынды түрде дамып келе жатқаны дау туғызбайды. Мәселен, қазіргі өлеңнің бунағындағы буын сандары төрт буынмен шектелмей, енді алты, жеті, тіпті сегіз буынды бунақтардың пайда болуы, қазіргі өлеңдердің интонациялық ерекшеліктерінен туындайтын тармақаралық жіктен басқа өлеңнің эмоционалдық-экспрессивтік мазмұны талап ететін жіктердің көрінуі, өлеңдегі тыныс белгілер жүйесінің эмоционалдық, интонациялық маңызының артуы, жаңа ұйқас түрлерінің пайда болуы, буындар ассиметриясы сияқты құбылыстардың кең өріс алуы, дәстүрден тыс ырғақтық жүйе түрлерінің көбеюі сияқты мәселелер қазіргі өлеңдердің даму деңгейін көрсетеді. Қазіргі қазақ өлеңіндегі кейбір тосын, жаңа ырғақтық-интонациялық сипаттардың орын алуын бүгінгі поэзиядағы мазмұндық-идеялық, тақырыптық ерекшеліктердің ықпалымен түсіндіруге болады. Қазіргі қазақ лирикасында интимдік сырлардың бірінші кезекке шығуын, сонымен қатар субьективті көңіл- күй мен ой-сезімнің поэзия тілінде тереңдікке, нәзіктікке жетіп, жалпылық, обьективті мәнге ие болуын қазақ өлеңіндегі бүгінгі түбегейлі мазмұндық-сапалық жаңару тенденциясына жатқызуға болады. Қазақ поэзиясының формалық тұрғыдан жаңаруының негізін сол поэзияның ішкі тақырыптық-көркемдік жүйесінің, экспрессивтік-эмоционалдық сипатының жаңғыруынан іздеу қажет. Қазақ өлең құрылысы да осыған сай эволюциялық тұрғыда жаңарады. Қазақ өлеңінің даму кезеңдері тақырыптық-идеялық, көркемдік-бейнелілік жүйесімен қоса өлең құрылысын да жаңартты. Сонымен, қазіргі қазақ поэзиясының жетістіктері, негізінен, тақырыптық-идеялық жаңалықтарында, мазмұн байлығында жатса да, сол мазмұнды ашуға жұмылдырылған форманың, яғни өлеңдердің өрнектік ерекшеліктерінің маңызын кемітуге болмайды. Қайта олардың пішіндік, түрлік ерекшеліктері мазмұнды шынайы жеткізер форма, оған қосымша көрік дарытып, сұлуландыра түсер көркемдік құрал ретінде баса айтылуға тиіс. Өйткені, «өлең сөз адамға өзінің ішкі мазмұнымен, суреттілігімен, бейнелілік мәнімен ғана емес, айтылу қалпы, әсем үнділігімен де әсер етеді. Сөздің ұғым-түсінік беретін мәнін, бейнелі мағынасын оның өлеңдегі ырғақ-үнділігі, әуезділігі сан түрлі рең беріп толықтыра түседі. Тіпті өлеңді сөйлеп айтпай, іштей оқығанда да оның үні, әуезділігі, ырғақ-интонациясы, үйлесі адам жанына қалай да әсерін тигізбей қоймайды. Мұны қандай ақын болсын тәжірибе жүзінде анық байқайды. Сондықтан олар өлең сөздің Абай айтқандай «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп», «айналасы теп-тегіс, жұмыр келуін» құнттайды» Ал біз өз шамамызша қазіргі қазақ поэзиясындағы айтылмыш мақсаттағы ізденістер мен тәжірибелерді, жаңалықтар мен жетістіктерді мазмұн мен пішіннің қабысуы, үндесуі тұрғысынан сараптауға тырысамыз. Өлеңтанудың негізгі зерттеу обьектілерінің бірі – өлшем мен ырғақ жүйесі. Өлеңнің өлшем, ырғақ сияқты бірліктері оның мазмұнына, идеясы мен мәніне әсер етіп отырады. Өлшем өлең тармақтарындағы буын саны негізінде пайда болса, оқу барысында олардың ырғағын анықтауға болады. Өлшемсіз ырғақ, ырғақсыз өлшем болмайды. Қазіргі қазақ драматургиясының дамуы Қазақ драматургиясының қазіргі жай-күйі - өте бір өзекті мәселе. Көрермен театрға сахнадан өмірді көруге барады. Алайда қазіргі қазақ театрларының сахнасынан бүгінгі қоғамның көкейкесті мәселелерін қозғайтын өткір спектакльдерді көру мүмкін болмай тұр. Бұған себеп біреулер мықты режиссерлік мектептердің жоқтығы десе, екінші біреулер драматургтер бүгінгі заман тақырыптарын арқау еткен шығармалар тудыра алмай жатыр деген уәж айтады. Сонда қазіргі қазақ драматургиясы бүгінгі қоғамның талаптарын орындай алмай отырғаны ма? Егер солай болса, онда қазақтың аты дардай драматургтері жазып жүрген шығармалардың салмағы болмағаны ғой. Әлде, мықты драматургтер бар, тек олардың еңбегін барынша бағалап, халыққа жеткізу жағы кемшін түсіп жатыр ма? Міне, осы мәселе бүгінгі ой-көкпардың таразысында таразыланбақ. Менің оымша, Қазақ драматургиясы жоқ деген - бұл түбегейлі қате. Қазақ драматургиясын жоққа шығара беруді тоқтату керек. Драматургия аспаннан түспейді. Қазақ сөз өнеріне жақын әрі өте талантты халық қой. Драматургияның бір ерекшелігі, бұл - тәуелді жанр. Ол ең алдымен режиссерға, одан кейін актерға, ең аяғы сахнаны салатын суретшіге де тәуелді. Сондықтан драматургия тек осы төрт саланың мамандары бірлесе жұмыс істегенде ғана алға басады. Біздің мықты драматургтеріміздің шығармаларын оқып, керек қылып жатқан адам жоқ. Мәселе осында. Ал қазақ драматургиясы қашанда заманның талабына сай қызмет еткен, етіп те келеді. Бірақ осы туындыларымызды театрларымыздың керек етуі өте төмен болып тұр. Екінші әңгіме, журналистерге байланысты. Театрды жазатын қаламгерлер әр қойылымды кең түрде зерттеп, көріп, халыққа дұрыс насихаттаса жөн болар еді. Өйткені пьесаның алғашқы жазылған әдеби нұсқасы мен сахналанған нұсқасының арасында жер мен көктей айырмашылық болады. Кейбір жақсы драматургиялық шығармалар режиссерлердің кемшілігінен, кейде актерлердің әлсіздігінен, басқа да себептермен жұтаң тартып қалады. Ал керісінше, кейбір ортаңқолды спектакальдер жақсы режиссердің қолына түсіп, бағы жанып кетуі мүмкін. Сондықтан газет- журналдар сахнадағы қойылымдарды жазғанда өте әділ болуы керек, ең алдымен жазатын адам пьесаны оқып алса дұрыс болар еді. Содан кейін сахнадағы нұсқасымен салыстыра отырып жазса, көп нәрсе шешілер еді. Сондықтан драмалық шығармалар редакцияланбаған мақала секілді сахнаға шыға береді. Актерлер спектакльдің мәтінін жаттамай сахнаға шығады. Шығарма екі қатаң талқыдан өтуі тиіс. Бірінші, драмалық шығарма сахнаға қоюға келе ме, келмей ме? Екінші, сахнаға спектакльдің премьерасы шығарда оны халыққа көрсетуге бола ма, болмай ма? Міне, осындай талаптардан кейін ғана спектакль халыққа ұсынылуы тиіс. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1. Қазіргі қазақ прозасындағы сарындар дегенді қалай түсінесіз? 2. Қазақ өлең құрылысы эволюциялық тұрғыда қалай жаңарады? 3. Қазіргі қазақ театрларының сахнасынан бүгінгі қоғамның көкейкесті мәселелерін қозғайтын өткір спектакльдердің болмау себебі не ? Әдебиеттер: 1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998 2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977 3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968 4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975 5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б 6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994 7. Тоқсамбаева А.Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық;Семей, 2011ж;«Интелл».–279 б. 8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж. 9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж. 12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж. 2 ДӘРІС Эстетикалық баға және құндылық өлшемі Дәрістің мақсаты: Эстетикалық баға және құндылық өлшемінің басты принциптерін меңгерту. Дәрістің жоспары: 1.Қазіргі қазақ әңгіме-повесіндегі өнер тұлғасы концепциясы. 2.Қазіргі қазақ романындағы қоғам және өнер адамы. «Эстетика» (грек. Aisthetes – сезінуші, сезім қызметіне қатысты) – көркемдік таным теориясы; әсемдік туралы, көркем шығармашылықтың жалпы заңдары туралы, адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым. Эстетика ұғымы қолданысқа сұлулық, сезім жөніндегі ғылымды белгілеу мақсатымен тұңғыш рет неміс философы 1750 жылы А.Баумгартеннің ұсынысымен енгізілген. Эстетика өнердің өзін зерттеумен ғана шектелмейді, адамның материалдық және эстетикалық көзқарасын зерттейді. Эстетика көркем шығармашылық эстетикалық бағасын әлеуметтік, саяси бағасымен біріктіре алып қарайтын көркем сынмен тығыз байланысты. Эстетика дегеніміз - әлеуметтік, қоғамдық ой өрісінен, философиядан, социологиядан, моральды-этикалық қағидалармен құнарланған әсемдік ілім. Бұл ілім көркем творчествоның тарауларын талдап, табиғатын жете тануға қызмет етеді. Өрісті, үлгілі, озық әдебиетттерде әлдеқашан құнарлы да қажетті санаға айналған эстетика - қазақтың бергі заманындағы жазба әдебиетімізде Абайдан туындаса, бұнда тарихи сыр жатады, дәуірдің ділгірлігі жатады. Адам болмысындағы дерексіз ұғымдарды деректендіру арқылы Адам тұлғасының күрделі қайшылығын ашу – виртуальды шығармалардың негізгі өзегі. Бұл дәстүрдің алғашқы арналары қазақ фольклорында, 20-30- жылдардағы Алаш әдебиетінде болғаны рас. Бірақ социалистік реализм әдісінің басымдық алуына байланысты үзіліп қалған. Жаңа ой-сезім еркіндігі арқасында қиял мен шындық синтезі арқылы символдық ой айтуға ұмтылыс тәуелсіздік жылдарындағы прозадағы соны жаңалықтардың бірі болып отыр. Жаңа заман прозасының жаңалығының бірі – прозалық туындылардағы мистикалық сарынның көрініс табуы. Қазіргі қазақ прозасындағы жаңа туындылардың бірі – Әлібек Асқардың «Өр Алтай мен қайтейін биігіңді» повестегі әлеуметтік талдау барысында бірден көзге түсетіні жазушының стильдік ерекшелігі. Өр Алтай төріндегі бір кезде айдарынан жел ескен, төрт құбыласы сай болған ауылдың бүгінгі мүшкіл халін суреткер сатылап көрсетеді. Кеңсе, ауылдың мектебі, дүкен, дәрігерлік пункт жабылады, яғни әлеуметтік құлдырау жолымен тұрмыс тауқыметі үдемелі жолмен беріледі. Жазушы әр алуан кейіпкерлерін болып жатқан өзгерістерге қатыстырып, көзқарас пен дүниетанымық ерекшеліктеріне тереңдеп бойлау арқылы өтпелі кезеңнің шындығын аша білген. Тіл, образ, сюжет, композиция тұтас бір өрілімде берілген. Бір кездері азан-қазан боп жататын базарлы ауылдан небәрі жеті үй қалғанымен, осы азғана шоғырдан тұратын сегіз отбасының басынан өткерген қилы, мұңлы да мұңсыз тағдыры бір повеске толық жүк болған. Жұртта қалған жеті үйдің жыры да жеті түрлі. Жазушы бір кездегі базары тарқамаған ауылдың қалай жетімсірегеніне тоқталып, сюжет желісін жетім қыз Сәлиманың тағдырымен ұштастыра суреттеумен жалғайды. Қоғам назарынан тыс қалса да, Алланың кең пейілінен кенде қалмаған алақандай ауылдың өгей тірлігі пошташы Сәлима қыздың пайымы арқылы берілген. Шығарманың негізгі арқауы – қазақ қоғамының тұтастығын құраған отбасылық ұғымнан ірілеу бірлестік, татулықтың құт мекені саналған ауыл мәселесі. Повесть ауыл жастарының жағдайын жақсартудың әлеуметтік өзекті мәселелерін көтереді. Қазақтың құт-берекесінің бесігі болған ауыл өмірінің кері кетуі, ауыл баласының атажұрттан безініп, өзіне жайлы қоныс іздеуі үлкен символикалық жүк арқалап тұр. Өркениеттің дәстүрлі өмірімен арақатынасын үйлестірмесе, ауыл мәдениетінің тоқырауға ұшырайтындығын қарапайым еңбек адамдарының психологиясына терең бойлау арқылы ашады. Жалпы зерттеу барысында шығарма өзегіндегі бүгінгі қазақ ұлты үшін ең өзекті мәселе болып отырған атажұртқа, туған топыраққа сүйіспеншілік, ауыл мен қала өмірінің алшақтық мәселелері жан-жақты талданады. Н.Дәутайұлы соңғы кезде прозаның шағын жанры әңгімеге жиі қалам тартып жүр. Жазушының«Айғыркісі» атты көлемді әңгімесі ұлттық идеяның алтын қазығын айналшықтап шықпай қоюымен, қазақтықтың жаратылысын сүйіп жазуымен де дараланады. Жылқы культі арқылы ұлттық рух асқақтайды. Ат мінсе, қазақ өз қалыбын сақтайды. Жаяу қазақ – жартылай қазақ. Әңгіме бір әулеттің өмір сүру пәлсәпасы арқылы ұлттық идеяның қайнар көзін ашады. Жылқы мен қазақ – бұл әңгімеде синоним, бір символға айналған, Жалғас Жылқыны құрту – қазақты ұлт есебінде құрту деген астарлы ойға жетектейді. Ауылдың күні батып барады. Урбандалу қазақты еңсеріп келеді, – дейді автор. Әңгімедегі ұлының антиподы – әкесі. Жалғас пен Бұлди екеуі – екі түрлі адам. Қазіргі заманғы көкейін ақша тесіп, санасын тұрмыс билеген, ұлттық жаратылысын жатсынған, жат тұлыпқа емінген кейіпкер суреттеледі. М.Байғұттың «Жоғалған жұрнақ» атты әңгімесі оқыс хабардан басталады. «Жұрнақ көке жынданып кетіпті». Әңгіме оқиғаны оқушы баланың көзімен суреттеген. Жұрнақ – желтоқсан қасіретінің құрбаны болған жас жігіт. Бұл – жоғалған ұрпақтың символы. «Жынды Жұрнақ адамдарды бір-бірінен айырмайтын, кісі танымайтын, кімнің кім екенін мүлде білмейтін». Қазіргі қазақ баласының кейпіне ұқсайды, ана тілін білмейді, өзі мен жатты, ақ пен қараны ажырата алмайды. Бұл образ арқылы ұлтсыздану мен жаһандану дертіне шалдыққан ұрпақ қасіреті бейнеленген. Ұлтының қасиетін танудан қалып, қазақтықтан аулақ кетіп барады. Мұңлық әкенің күйі ол болса, көтеріліске қатысқаны үшін жазықты болып, жынданған бейшара ұлының күні тіптен мүшкіл еді. Барынан айрылған, адамзат баласына тән ең ұлы қасиет – санасынан, ақыл-есінен айрылған, жарым ес атанып, көрінгеннің есігінде қу құлқыны үшін өлместің күнін кешіп жүр. Қаламгер кезінде оқу озаты болған Мәскеу оқу орны студентінің бүгінгі мүшкіл халін суреттеу арқылы тағдыры да, заманы да, солақай саясаты да аямаған жас жігітті туып-өскен ортасы, кіндік қаны тамған ауылдастары да аяды ма, мүсіркегендері бір күндік боқ дүниемен теңелгендігін шебер суреттеген. Жұрнақ жынды бола тұра туған табалдырығына тізерлеп, кіндік кескен үйіне басын иген қалпы өмірмен қоштасады. Жалпы шығарманың әлеуметтiк мазмұнын, жазушы үй, қара шаңырақ мотиві арқылы айқындап отырады. Демек, қаламгер ұлттық танымға тән мотивтер мен дәстүрлі символдарды шебер пайдалану арқылы Желтоқсан қасіретінің қазақтың халықтық рухына тигізген зардаптарын аша білген. А.Асқардың «Қызыл бөлтірік» атты шығармасының оқиға желісі тылсым табиғаттың қойнындағы суретке құралған. А.Алтайдың шығармасындағы табиғат пен адам бейнесінің, олардың қайшылықтары мен ішкі дүниесінің тартысы екі аңыздың желісінің негізінде толық ашылған. Бірінші аңызда градациямен берілген авторлық таным төгілген тілмен шебер берілген. Пейзаж көрінісі психологиялық паралеллизммен тірі суретті көз алдына алып келеді. Демек табиғаттың, яки жаратылыстың өз шындығы бар, ал, адамдардың өз шындығы бар дегенге саяды. Адам табиғатқа үстемдік етіп, ойлағанын жүзеге асыра алмайтыны – А.Алтай шығармасының тұжырымдамалық ойы. Монологпен беріліп, қиялындағы қызыл бөлтірікпен іштей тілдесіп, сырласқан, мұңын шаққан бала танымы, психологиясы нанымды шыққан. Қанды қол қырғыннан аман қалған қос бөлтіріктің көзін ашпай жатып, қаталдық көруі сан түрлі тарих соқпағынан аман жеткен қазақ жұртының тағдыры іспетті. Ал, оның киесіне жолыққан мергеннің өз баласын өзі жазым етуі – фольклорлық дәстүр қалыптастырған көне мотив. Жазушы бұл мотивті айтпақ идеясына шебер қиюластыра білген. Шығарма оптимистік рухта,оң шешімімен бітеді. Ал, жазушы болса, баланың тазалығын адам рухының тазалығына дейінгі деңгейге көтереді. Бір-бірімен ымыраға келмейтін екі дүниені біріктіргісі келеді. Д.Рамазанның «Көкжалында» адам және табиғат арасының арпалысы ешбір бояусыз, бар қалпында суреттеледі. Олардың байланысының үзіліп қалуы адамның кінәсынан екенін ашып айтылады. Мұнда да астар байқалады, демек, табиғатты күштеп бағындыруға болмайды, оның да өз заңдылығы бар, онымен санасу керек. С.Сағынтайдың «Тұмақ елесі» атты әңгімесінде қасқыр – бөрі бейнесі өз болмысын танытады. Бұл әңгімеде жас жазушы – С.Сағынтай қазақ даласының экологиялық апаттар алаңына айналғанын мистикалық оқиғалармен береді. Тәуелсіздік тұсындағы шығармалар тек тақырыптық, образдық тұрғыдан ғана емес, көркемдік ерекшелік, поэтикалық стиль тұрғысынан да жаңарып, түлегені байқалады. Жаңа тақырып пен өмір құбылыстарын бейнелеудегі тілдік айшықтар (орнаментальді) арқылы да қаламгерлердің даралық қолтаңбасы айқындалады. Адам және оның өмір сүріп, тіршілік етер ортасындағы заттық әлем арасындағы қарым-қатынасты суреттеу көркем әдебиетте үзіліп қалған үрдіс болатын. Бұл кемшілік, әсіресе, ұлттық әдебиеттерде туған жер, өскен орта, ұлттық ерекшеліктерін тануды тұмшалау салдарынан орын алды. Өнер жолы – азапты жол деп жатады, бұған келісу қиын. Өнер азаптан тумайтын шығар, өнер құштарлықтан, тазалықтан туады. Ал, азап дегенде, шамасы, өнердің адамды өзіне біржола берілуді “талап етері”, басыбүтін қызмет еткізу құдыреті айтылар болса керек. Әдебиет пен өнер о бастан ақ егiздiң сыңарындай бiр-бiрiмен қабаттаса келе жатқан домбыраның қос iшегi десек артық айтқандық емес. Себебi әдебиетсiз өнер, өнерсiз әдебиет жоқ. Қазақты қазақ қылған осы өнер дейтiн болсақ, сол өнердiң ғасырдан ғасырға тарап, жанданып, өркендеуi әдебиет саласының құзырында. Әдебиеттiң өнерге, өнердiң әдебиетке тигiзетiн ықпалын тарихтың өзi талай дәлелдеп берген. Қай ұлттың, халықтың болмасын тағдыры басынан өткерген тарихи кезеңдерi алдымен сол елдiң әдебиетi мен өнерiнен орын алады. Ұлттың рухы көтерiлiп, еңсесi биiктегенде оның әдебиетi мен өнерiнiң де арнасы толыға түседi. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1. Эстетика нені зерттейді? 2. А.Асқардың «Қызыл бөлтірік» атты шығармасының оқиға желісі қандай суретке құралған? 3. С.Сағынтай «Тұмақ елесі» атты әңгімесін қандай оқиғалармен береді? Әдебиеттер: 1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998 2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977 3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968 4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975 5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б 6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994 7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық; Семей, 2011ж; «Интеллект». –279 бет. 8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж. 9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж. 12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж. 3 ДӘРІС Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм, лиризм мәселесі Дәрістің мақсаты: Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм, лиризм мәселесінің не екендігін түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1.Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм, лиризм. 2.Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм және адамды жатсыну проблемасы. Қазіргі қазақ прозасында жемісті еңбек етіп жүрген қаламгерлер – Тынымбай Нұрмағамбетов, Талаптан Ахметжан, Қуандық Түменбай, Асқар Алтай, т.б шығармашылығында лиризм,психологизм элементтері байқалады. Негізінен әдебиеттегі психологизмнің мақсаты әдебиеттанушы Б.Ыбыраймовтың айтуынша – оқырманды мүмкіндігінше терең толғандыру, оның жан жүрегіне неғұрлым күштірек әсер етіп сол арқылы тәрбиелеу. Осы орайда жазушы А.Алтайдың повестеріндегі психологизм көріністерін қарастырайық. А.Алтайдың қаламынан туған “Қызыл бөлтірік” повесіне тоқталсақ, бұл шығармада автордың басты критериi–сөзді талғап, таңдап қолдануы. А.Алтай повесте аңыз-әңгімелерді араластыра отырып, оқиғаны психологиялық - тұрғыда шиеленістіре отырып, шешуге тырысады. Повесте негізінен психологизм кейіпкер монологтарындағы философиялық ойларда ғана емес, сонымен қатар диалогтарында да анық байқалады. Шығармадағы оқиғаның шиеленісіп барып, шарықтай түскен сәтінде кейіпкердің көңіл-күйінен, көз қарасынан хабар беретін диалог ашық тартысқа, қақтығысқа да алып келеді. А.Алтай өзінің аталмыш повесінде кейіпкерлер қақтығысынан гөрі, кейіпкердің рухани әлеміндегі ой мен сезім қайшылықтары басым беріледі. Повесть белгілі бір оқиғаға құрылмай осылайша ішкі ой арпалысымен жалғасып жатады. Кейіпкердің мінез- құлқын, психологиялық бітімін ашуда осы монологтың рөлі әсіресе айрықша. Суреткер дәрежесіне көтерілген жазушы еш қашан персонаждарына тікелей авторлық мінездеме беріп, сырттай тон пішіп жатпай, оларды іс- қимылдары, ойлары, әсіресе өздерінің іштерінен жàрып шыққан лебіздері арқылы танытады. өйткені, адам баласы, жалпы, құлағымен естігеннен гөрі көзімен көргенге көбірек сенеді ғой, шын суреткер бұл жайды ескермей тұра алмайды, сондықтан да ол баяндаудан гөрі суреттеуге көп күш салуѓа тырысады. Яғни, повесте жеке адам санасындағы ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле көрсетіледі. Автор кейіпкерлерін диалог құдіретінің күшімен де бейнелейді. Осы шағын үзіндінің өзінен-ақ кейіпкердің тек өздеріне ғана тєн психологиялық, мінез ерекшеліктері жарқырай ашылады. Басты кейіпкер өзімен-өзі болып, оңашаланып, психологиялық тебіреніске жиі беріледі. Яғни диалогтан қарағанда монолог басымдау тұрады да драмалық шиеленіске әкеліп соғып жататында кездері болады. Кейіпкер рухани тығырыққа тіреліп, өз-өзінен күйіп-пісіп жатады. Оқиға шиеленісуінен гөрі тереңнен толғану, ойлану, кейіпкер тебіренісі, іштей арпалысы басым. Осылар арқылы психологиялық тартыс күшейіп, кейіпкердің ішкі тебіренісі шарықтап барып, жан сыры ашылады. Бірте-бірте кейіпкер характері дамиды. Сондай-ақ, жазушы әр кейіпкерінің мінез ерекшеліктерін сыртқа көп шығара бермейтін толғаныстары, ойлары арқылы беруге тырысады. Адам баласына сырттай қарағаннан гөрі үңіле қарасаң шешуі қиын жұмбаққа толы екенін кейіпкерлерінің бір-бірімен байланыстыра отырып көрсетеді. Түс көру тәсілін кейіпкердің ішкі жан әлеміне тереңдей еніп, оның ойлау жүйесінің ерекшелігін айқындайтын психологиялық бейнелеу құралы ретінде қолданады. Жазушы бір түске арнайы тоқталып, ондағы оқиғаны, тіпті табиғатты суреттеп, психологиялық көріністерді талдап жазады. Бірақ та, А.Алтай түсті жоруды мақсат етпеген. Тек,түс жоруды, яғни артында не күтіп тұрғанын оқырманның өзіне қалдырады. Мәселен, баланың түсіне мән берейік: «Бала мен атасы көгілдір таулардың арасында қалыпты. Иә, атасы екеуі екен...Таулар шымқай көк түсті матамен тыстағандай көгілдір. Аспан түстес. Әйтеуір түсінде солай көрінгені рас. Аласа келген алдындағы көгілдір төбе басында қан қызыл бөлтірік таутекедей секиіп тұр. Бұл «көзім алдап тұрған жоқ па» деп көзін уқалай жұдырығымен сүртіп, қайта қарайды. Жоқ, шынымен қызыл күшік. - Ата, ананы қараңызшы! – деп бұрылса, ол ұшты-күйлі жоқ. Бала таңырқай, жан-жағына қарады. Атасы көрінетін емес. Маңай көгілдір сәулеге бөгіп тұр: жер де, көк те, алтын күн мен күміс ай жоқ. Бала қорқыныштан аталап, жалғыздықтан жылап жіберді. Жұдырықтай жүрегі көктемгі қатқақта шапқан аттың тағалы тұяғындай тарсылдап зәресі ұшты. Зар еңіреп атасы мен аулын іздеді. Қай жақ – шығыс, қай жақ – батыс? Белгісіз. Ауыл қай маңда? Кеседей төңкерілген керең, көгілдір дүние. Тастай тыныштық. Атасыз балаға бар өлке бос қалған. Үрейлі өлке суық, жан шыдамас жалғыздық жайлаған жапан. Есі шыққан бала қызыл күшік көрінген төбеге ерексіз қарады. Көзінде моншақтаған жас. Шымқай көк төбе басында қос қызыл Бөлтірік шоқиып отыр. Мына дүбірсіз дүлей дүниеден олар да бейхабар сияқты. Құдай-ау, жаңа ғана жалғыз емес пе еді? Кәдімгі қиялдағы қос бөлтірік. Мұны құйрықтарын бұлғаңдатып шақырғандай. Біздің артымыздан ер дейтін іспетті. Бұл көзінен жасы сорғалай төбеге қарай жүгірді. Ағыл-тегіл аққан жас бетін жуды боталап кеп. Міне, жүгіре де жөнелді. Табан асты әжесінің оюлай салған сырмағындай жұп-жұмсақ, жып-жылы. Өзіне сәлден соң қанат бітіп, қол-аяғы жерге тимей ұшып келеді. Бірақ төбе жеткізетін емес. Жақындаған сайын көгілдір дүниеге сіңіп барады. Төбемен бірге бөлтіріктер де көкжиекке сіңіп кетті. Таулар жылан жалағандай жоқ болып, төңірек көгілдір тұманға оранды. Бала тоқтап қалыпты. Қос бөлтірік те ғайып болған. Қайда тастап кетті олар мұны?.. Бұл бала ғой! Тұлдыр тұмша тұман жалмаған, жаны ашымас жапанда үрей билеп еңіремей-өңіремей бола ма? Тек соқыр тұман – билік құрған». Бұл түс әңгіменің идеялық қазығы болумен қатар кейіпкердің бүкіл табиғатын, шын пердесін, ішкі иірімдерін, көңіл-сана түкпіріндегі құпия сырды, адам жанының болмысын ашудағы ролі өте зор. Шынында да баланың көрген түсі өңінде дәл келіп, жолаушылап келе жатқанда атасы көз жұмады да жалғыз қалған бала өзін тұманда қалғандай сезінеді. Сонымен, қазіргі қазақ прозасында өз шығармашылығымен көп нәрсе айта білген А.Алтай әр кейіпкерлерінің өзіне тән психологиялық кескін-келбеті бар. Олардың кейіпкерлері тап болған психологиялық жағдайын бейнелеу тәсілдері де өзгеше. Аталмыш жазушылар кейіпкерлерінің ішкі психологиялық толғаныстарына бой ұрады да, өмір құбылыстарына байсалды ой парасат көзімен қарауға шақырып, өткен мен бүгіннің ажырамас, диалектикалық бірлігін тереңірек түсінуге көмектеседі. Осы орайда қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасын қалыптастыра бастаған жас жазушы Т.Ахметжанның шығармашылығындағы лиризм мәселесіне кеңірек тоқталсақ. Талаптан Ахметжанның көпшілікке танымал жинағы “О дүниенің қонағы” деп аталады. Бұл жинаққа негізінен оқырмандар жылы қабылдаған “Сұлу мен суретші”, “Тозақ оты”, “Айсәуле” тәрізді хикаяттары мен “Шәрбат”, “Тұма”, “Күнәһар”, “Айқасқа”, “Тергеу” секілді бірқатар әңгімелері мен тың туындылары енген. Талаптан Ахметжанның кейіпкерлері – кейде өз ой-сезіміне өзі қарама-қарсы келіп қалатын күрделі тағдыр иелері. Автор өз кейіпкерлерінің жан дүниесін үлкен психологиялық қақтығыстар үстінде ашуға ден қойған. Ортақ тақырыбы – махаббат, тазалық, мейірбандық. Қай жағынан келсек те, Т.Ахметжанның шығармалары арқылы оқырманды тазалыққа, адалдыққа үгіттеп отыратыны айқын. Т.Ахметжан прозасының өзіне ғана тән ішкі үні, ішкі музыкасы бар. Асықпай, аптықпай, жұп – жұмсақ қоңыр үнмен көкірегіңе сәуле құяды. Өмірдің өзінен, қарапайым тірліктің ұйтқысынан ой іздейді. «Тұма» әңгімесінде жоғары оқу орнын тәмәмдап келген жас маман Нұртас тұрмыс – тауқыметімен бетпе – бет ұшырасады. Мамандығы инженер болса да жаны ақын Нұртастың көңілі көп нәрсеге толмайды. Арыны басылмаған арманшыл жігіттің көңілін тоқтап тұрған зауыттың мүшкіл халі мен енжар жандардың бойкүйездігі, баспанассыз жүрген өзінің отбасы титықтатады. Пәтерсіз жүрген жас маман сең соққан балықтай күй кешеді. Осы тұстағы жұбайы Қарлығаш екеуінің диалогы өте нанымды: - «Көрші келіншек көшкелі жатыр екен, - дейді сөз арасында Раушан. - Қайда? – дей салды немқұрайлы. - Северге. Якутияға. Күйеуі алдын – ала барып үй алып, енді жанұясын көшіріп алуға келіпті. - Ұнаған ғой тегі. - Ұнаса ұнаған шығар. - Келіншегі қылт ете қалды. Сіркесі су көтермей отырған Нұртас: - Немене , Севрге көшкің келіп отыр ма? Осы тұста оқиға екі жастың томсаруымен, үнсіз ренжісуімен, ішкі бұлқынысымен тынады. Ал енді келесі диалогқа назар аударсақ: - «Нұртас, - деді түннің бір уағында келіншегі сыбырлап. - Ұйықтаған жоқсың ба? - Иә. - Неге ұйықтамай жатырсың? - Жәй...ұйықта. - Нұртас деймін, бері қарашы. – Ол аунап түсті. - Ренжіп қалған жоқсың ба, Нұртас? - Ренжідім. - Мен де. Сен бір түрлі өзгеріп барасың. Еркелетпейсің. Өзіңмен өзің болып үнсіз жүресің. Бір уақыт сенімен сөйлесейін десем кітап кеміріп отырып аласың. Сосын жыным келеді. Сен мені еркелетші, сүйші...». «Тұмадағы» осы диалог табиғилығымен, тазалығымен баурайды. Кейбір қаламгерлердің қызылды – жасылды бояулармен баттасқан, өтірік тебіреніп, үздіккен диалогтары мезі қылып жіберетіндері де бар. Ал Т.Ахметжановтан мұндайды кездестірмейміз. Онда табиғилық басым. Оқырман Нұртас пен Қарлығашты айнадағыдай ап – айқын көреді. Олардың жастығын, тазалығын, өмірінің бастау тұмасын, махаббатын көріп, біліп, түсініп әрі түйсінеді. Әрі тұщынады. Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелерін зерттеуші ғалым А. Пірәлиева суреткер психологизміне тән екі қасиетті атап өтеді: “біріншіден, күрделі психологиялық жағдай мен психологиялық процесті талдау. Екіншіден, кейіпкердің рухани жан әлемінде жиі болатын күйзеліс, психологиялық қиналысты беру атмосферасы. Осы психологиялық атмосфераны беру үшін ең алдымен жазушы сол сәітті дәл де нанымды беретіндей бейнелі, көркем сөздер пайдалану керек”, - дейді. Бұл айтылғандар Т.Ахметжан әңгімелерінде молынан пайдаланылған. Көркем әдебиеттегі лиризм, психологизм, оның көркемдік бейнелеу тәслдері: ішкі монолог, портрет, көзқарас мимикалары, пейзаж бұлардың барлығы даралық сипатқа ие болып, әдеби процесте өзіндік өсу заңдылығымен дамуын біз осы аталмыш авторлардың шығармаларынан көреміз. 2. Қазіргі қазақ прозасындағы психоголизм және адамды жатсыну проблемасы. Адам тұлғасын жан-жақты қарастыра отырып, қазақ қаламгерлері табиғаты күрделі, түрі көп құбылыстардың қатарындағы жатсынуға ерекше көңіл бөліп, бұл үрдіс кейін де жалғасуда. Адамның қоғамнан, өткен тарихынан, салт- дәстүрінен, тілі мен ділінен, өз-өзінен жатсыну мәселесі кейінгі жылдар прозасында жан-жақты қамтылды. 1. Өзі өмір сүріп отырған қоғамнан безінуі, ортадан жерінуі сияқты көріністер мен жағдайлар Н. Ораздың «Қайыршының жұлдызы», әңгімесінде айқындаушы жағдайда бейнеленеді. 2. Қ. Түменбайдың «Ақындар заңы», С. Оспановтың «Жол ережесі», Д. Әшімхановтың «Аққабаның толқыны», Н. Ораздың «Балақ бау» әңгімелерінде қалыптастырушы жағдай тереңірек қамтылған. Экзистенциалистік жағдайлар, адамның өзінің күнделікті өмірінде өзін экзистанс күйінде сезінуі характерді қайталанбайтын тұлға етіп бейнелеу, оны шекаралық ситуацияға өліммен бетпе-бет келуге жиі қоюшылық көркем бейненің өзінің шын бостандығын және «жапандағы жалғыздығын», адам мен сыртқы әлемнің сәйкессіздігін түсіне алады деген ой басымдығы Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», «Жан азабы», «Шықпайтын есік», «Жарық дүние» әңгімелерінде көрінген. Өмір мен өлім арасындағы жағдайдағы адамның тіршілікке деген құмарлығын, өмірдің мәнін басқаша бағалауын көрсету, яғни жағдай мен мінездің айқындаушы байланысының басым екендігі. Ұлттық көркем прозадағы характер мен жағдайдың байланысу түрлерінің әдеби кезеңге баға бере алатын көрсеткіштердің бірі болып, түрлі қоғамдық-саяси, әлеуметтік өзгерістер мен ауысуларға сәйкес автохтонды түрде түрленіп, дамып отырады екен. Г.Шойбекованың «Өмір сүру ережесі» атты әңгімесіне тоқталсақ. Әңгіменің басты кейіпкері қылқаламмен сурет салатын бойжеткен ғана. Оның аты-жөні, кескін-келбеті жазылмаса да, дүниетаным дербестігі, тағдыр-талайы – тайталасқан жан әлемін алдымызға жайып салады. Оның шеше алмаған түйіні: «біреу жоғары, біреу төмен; біреу білімді, біреу топас; біреу өтірікші, біреу қатыгез», «адал аңдардан, жалғандықтан, денесіндегі тыртығын жасырып, әдемі көйлек киген қоғамнан жеритіндей». Мұның барлығы кейіпкер жанының қайшылықты, үйлесімсіздігінен дерек береді. Жазушы кейіпкерінің өмірден түңілуінің себебін анасымен тіл табыса алмауына әкеп тірейді. Бұл – «жәннат ананың аяғының астында» деген қазақы танымымызға тосын идея. Кейіпкер ана құрсағында жатқанында нағашы атасы мен қос нағашы ағасы дүние салғандықтан, шешесі мұның жарық дүние көруін қаламапты. Әкесінің ақ тілегімен ғана пәни ғаламның есігін ашса да, азапты жолы ана құрсағында басталыпты. Қолға алған ісін аяғына дейін апармайтын, болмашы сынға сіркесі су көтермейтін «боркемік, күйгелектігі» соның салдарынан деп ой түйдіреді. Автор танымы қоғамдық құбылыстан тысқары, айнымалы, тербелмелі, тұрлаусыз, толқымалы адам жанының қайшылыққа толы екендігін, адам жаратылысынан бара-бара жалғыздық тығырыққа тірейтін заңдылығын белгілеп тұр. Дегенмен, автордың жалғыздыққа бой ұрған, сәтсіздіктен, рухани жүдеушіліктен қажыған адамның бейнесін беруге ұмтылғандығымен суицидке бой ұрғандығына өрсей кейіпкер бейнесі жасанды шыққан. «Уақыт емші», − дегендей анасымен өмір бойы тіл табыса алмай, өзінен-өзі жеріп, ел-жұртты жатсынған кейіпкерді ақтау қиын. Өз кемшілігін көре алмай, көрсе де, білсе де мойындай алмай жүрген кейіпкерін жазушы басқа сипатта көрсетуге ұмтылған. Әлбетте ол − жалғыздық жанын жеген жан. Өзінің тұла бой толған күмән. Қадір түні мінәжат қылып, Құдайдан өзіне өлім тілейді. Қадір түні! Ол «Тіршілікке қарсы тіршілік» атты картина салған. Ана махаббатына да күдікпен қарайды. Қысқасы, мінезі суретшіден ғөрі тамұққа қуылған малғұндыққа ұқсас. Г.Шойбекованың «Өмір сүру ережесі» атты әңгімесіндегі кейіпкері өз- өзінен, өсіп-өнген ортасынан жеріп жүрсе, А.Алтайдың «Альпинист» деген әңгімесінде автор тәккапарсынған талай таудың кеудесін басып, менменсінген талай шыңның ұшарын таптаған, өмірінің мәні де, сәні де тау деп түйсінген альпинист жігіттің азаматтық болмысын оқиғаны шиеленістіре барып, шешеді. Авторлық таным әңгіменің өн бойында: таулар ғана өз болмысын бұзбаған, таулар ғана тәңір алдында таулық мінезін сақтап тұр, таулық миссиясын адал атқаруда», − деп сендіргенмен, шығарма соңында өзінің адамдық болмысын таудан да биік ұстап, өмірден озған альпенист Тайшын бейнесі нанымды суреттелген. Қасындағы серігі, бауырындай болған жас жігіттің өмірін сақтап қалу үшін арқанды қиып жіберіп, альпенист Тайшынның өзін-өзі өлтіруі арқылы автор танатологиялық сарында мүлдем басқа сипатты таңдап алған. Суреткер таудың биіктігі мен адами болмыстың биіктігін психологиялық параллелизм тұрғысынан қатарластыра алған. «Адам парасаты биіктігінің қасында таудың биіктігі бұйым емес», − деп ой түйдіреді авторлық таным. Міне, осындай рухани мешеулік жайлаған атмосферадан кейін С.Досанов, Т.Ахметжан, Д.Амантай, А.Кемелбаева, Д.Рамазан, Е.Әбікен, т.б. қазақ қаламгерлері өте жаңашыл, ірі қадам жасады. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1. А.Алтайдың «Қызыл бөлтірік» повесінде автордың басты критериi не? 2. Т.Ахметжанның лиризм мәселесіне байланысты қандай шығармаларына тоқталдық? 3. Г.Шойбекованың «Өмір сүру ережесі» атты әңгімесінің басты кейіпкері кім екен? Әдебиеттер: 1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998 2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977 3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968 4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975 5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б 6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994 7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық; Семей, 2011ж; «Интеллект». –279 бет. 8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж. 9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж. 12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж. 4 ДӘРІС Қазақ әдебиетіндегі қоғамдық сана Дәрістің мақсаты: «Қоғам және оның дамуы» туралы мән-жайдың басын ашып, түсін діріп береу. Дәрістің жоспары 1.Қазіргі қазақ прозасындағы адам және қоғамдық сана. 2. Постмодернистік үлгіде жазылған шығармалар. Қазақстанда қоғам туралы түсінік әлі толық қалыптасқан жоқ. Кеңес одағы тұсындағы кезеңмен немесе оған дейінгі уақытпен салыстырғанда Қазақстан қоғамында үлкен өзгерістер болды. Әрине, барлық жағынан және толық өзгеріске түсті деп айта алмаймыз. Алайда, мәселе бүгінгі ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің халыққа «қоғам және оның дамуы» туралы мән- жайдың басын ашып, түсіндіріп бере алмауында. Бұл мәселенің маңыздылығы әзірше бұқара халықты да алаңдатпайды, интеллигенция арасында да талқыланбайды. Жалпы, кез келген адам өзінің кім екенін, қандай қоғамда өмір сүріп отырғанынан, даму мүмкіндіктерінен хабардар болуы аса маңызды десек, оны ғалымдар мен интеллигенция айтпаса, қарапайым халық қайдан білсін. Әрине, оның өз «концепциялары» бар. Бірақ отандық мамандар көп ойланып жатпастан «капитализм», «олигархия», «демократия», «нарық» деп жіктей салады. Бұл тым қарапайым, кедей ұғымдар. Ал қоғам – ғасырлар бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бүгінгі Қазақстан үлкен қоғамдық сілкіністен өтіп келе жатыр. Басқа елдер, басқа жұрттар баяғыда жүріп өткен жолға енді түскен қазақ жұртьг егемендік алғаннан бергі он екі жылдың ішінде басынан қаншама замана кешті. Әрине, қоғамдағы болып жатқан құбылыстар әдебиетке көлеңкесін түсірмей қоймайды. Кеңес заманындағы құндылықтар, қалыптасқан идеалдар алмасқан осындай шытырман кезеңде болашақ қазақ әдебиетінің бағыт-бағдарын, бет-бедерін айқындайтын жаңа: бір үрдістің нобайы шалынды. Осы орайда өткен жеті-сегіз жыл бедерінде түрлі басылым беттерінде жарық көрген бірқатар прозалық шығармаларды зерделей отырып әңгіме қозғағанды жөн көрдік. Талғат Кеңесбай өзінің «Лениннің бәтеңкесі» (ҚӘ. 28.07.2000) атты әңғімесінде бүгінгі тіршіліктің күрделі бейнесін бедерлеуге ұмтылған. Әңгіме тұтастай алғанда – үлкен эксперимент. Әлбетте, қай жазушы болса да өзінің әрбір кезекті шығармасында жаңа ой айтуға тырысады. Ал жаңа ой дегенініз – жаңа форма. Демек, эксперимент. Талғат өзінің ұзақ ойланып сомдап шығарған әңгімесін бастан аяқ жаңа формаға бағындырғысы келген сияқты. Әңгімеден, жазушының бұрынғы прозасының нышанын да таба алмайсыз. Шығарманы оқып отырғанда ХХ-шы ғасырдың басындағы, Грета Гарбо қатысқан дыбыссыз фильмді көріп отырғандай әсер аласыз. Әңгіменің, бірден кейіпкердің түс көруінен басталуы, төл сөздердің, тіпті диалогтардағы сөйлемдердің тырнақша арқылы тұйықталып жеке-жеке тұруы, міне, осының барлығы модернистік фильмнің сценарийін елестетеді. Заманында, қазақ сыны елеусіз қалдырған, Роллан Сейсенбаевтың бір әңгімесінде осы әңгімені айтып беріп отырған бас кейіпкер, роман жазып жатқан жазушы сейілдемек болып көшеге шығады. Ұмытпасам, я көшеде, я сыраханада бір кластас досымен ұшырасып қалады, соған еріп үйіне барады. (Әңгіменің толық сюжеті есімде жоқ. Ертеректе оқығанмын, көңілімде әсері ғана қалыпты). Міне, осы жерде алдынан өмірдің сұмдық драмасы ашылады. Қаншама боямасыз сырға қанған жазушы үйіне қайтып келғеннен кейін «пәленбай жүз бет өтірік» деп романның қолжазбасын күресінге лақтырып жібереді. Бүл, сол кез үшін өте шебер жазылған әңгіме еді. Жазушының өзіндік жеке кейіпкерінің топ ішінде, басқа персонаждармен араласып жүруі біз үшін таңсық болғанымен, Батыстың дамыған әдебиеттері үшін үйреншікті нәрсе. Талғаттың әңгімесіндегі бас кейіпкер де – Жазушы. Бірақ басқа жұрттан алапасы артқан еңселі адам емес. Көптің бірі. Тіпті, десеңіз, көп адамнан несібесі кем. Мінезінде күйректік басым. Алайда табиғат құбылыстарын, өмір көріністерін қабылдау дағдысына қарап отырып, оның алмағайып заманда туған үлкен суреткер екенін танисыз. Әңгімедегі кейіпкерлер – болашақ персонаждар. Жазушының басындағы күйзеліс – болашақ көрікті шығармалардың кепілі. Әрине, әңгіменің өнебойындағы депрессивтік көңіл-күй, бүгінгі дамыған прозаның кілтипандарынан бейхабар әдепкі оқырманды бей-жай қалдыруы мүмкін. Бірақ ол – болашақ түлеудің табалдырығындағы бей-жай күй. Нұрғали Ораздың «Ешкім мекен етпейтін арал» атты әңгімесін кейінгі жылдары жарық көрген тамаша әңгімелердің бірі дер едім. Шығарма Нұрғалидың өз прозасынан андағайлап бөлек түр. Кафеде болған отырыстан кейін оңаша қалған орта жастардағы еркек пен жасамыс әйел арасындағы бір кештің әңгімесі өрістей келе үлкен пайымдауларға жеткізеді. Күнделікті күйкі тіршіліктен қажыған еркек сырлы түн, жанындағы көрікті әйелдің сиқырына елтіп, шым-шымдап іштегі шерін айтады. Жаңа танысқан екі адам, ақылсыз да емес, бір басына жететін кісілігі де бар екі адамның арасында жақсы ықылас-пейіл, жарасымды көңілдестік орнайтын сияқты. Алайда әңгіменің ортасына келгенде оқиға жалт бұрылады. Еркек жүрек жарды сырын айтқан еді. Осы жерде, біз, Нұрғалидың кейіпкер таңдаудағы шеберлігін айта кеткіміз келеді. Хикаяның бір жерінде еркек өзінің математик екенін айтады. Яғни, сөзге емес, логикаға бейім психологиялық тип. Ал оның әйелге ықыласын сездіргендегі сөзі – кей ақынның аузына түсе бермейтін сөз. Әрине, өзінің табиғатына сай, білгенінше теріп айтқан сөзі. Міне, бүл, еркектің бойындағы сезімнің шынайылығын арттыра түсетін қосымша психологиялық мотивировка. Бірақ, әркімге күнде-күнде айтыла бермейтін етене сыр әйелге мүлдем кері әсер етеді. Әңгіменің аяғына қарай еркекті салқын ғана шығарып салады. Көрікті махаббат драмасының табалдырығында түрған екі адам неге бір-бірімен табыса алмады, енді осыған жауап беруге тырысайық. Шынтуайтына келетін болсақ, сезімнен тартынған адам – әйел. Сөзіміздің басында оны жасамыс әйел дедік. Нұрғали өзінің әңгімесінде оны «талдырмаштау сымбатты келіншек» дейді. Және әңгіме барысында оның қылықты жас келіншек екенін, оның мөлдіреген көркін баса айтып қайталап отырады. Біз «жасамыс» дегенде келіншектің мінез дағдысын айтқан едік. Әйел психологиялық кәрі типке жатады. Еркекті шығарып салғаннан кейінгі ой толғаныстарына назар аударыңызшы. Өткен өмірді шарлаған көңіл көзі тиянақ тұтар, медет етер ештеңе таппайды. Жаңа танысқан еркектің жасқана отырып айтқан аралы, күйбеңнен шаршаған адамның барын пана табатын жерұйығы іспеттес бір мекен еді. Ал әйел бүл көрікті бейнені, тонын теріс айналдырып енді өз бойына басқаша етіп өлшейді. Өзін әркім бір соғып, бір түнеп кететін арал деп елестетеді. Солай деп түйсінеді. Әйел мінезінде өмірдің тауқыметінен қалыптасқан цинизм басым. Өзін әйел еткен, ләззат сыйлаған еркектерді елестетеді – бірақ бойында кекті сезімнен басқа ештеңе жоқ. Өзінің бақытты болғанын ұмытқан – бірақ кек қалған. Шынына келетін болса, кектен басқа ештеңе де қалмаған. Әйел толғанысы – аты аталмаған кек. Ақыл- ойын алған, бүкіл санасын жайлаған осы кекті сезім бүгінгі қызығынан айырып отырғанын, бүкіл тіршілігін сүреңсіз етіп отырғанын... әрине білмейді. Әңгімеде және бір тамаша деталь бар. Үйіне қайтып бара жатқан еркек қайырылып келіп келіншектің есігін қағады. Келіншек шошып кетеді. Еркектің қайтып келгеніне көзі жеткеннен кейін, тіпті есікті аша жаздап барып қолын тартып алады. Бүл эпизод, әңгіменің басындағы басқа бір эпизодтан өрістеп отыр. Оқырманның есінде болар, кафеден шыққан екі адам қараңғы парктен өтеді. Байырғы әдебиетте парк, қараңғы аллея, психологиялық параллелизмнің белгілі көркемдік құралы болған, адам жанының қалтарыс-бұлтарысына меңзейтін тәсілі болған. Нұрғали осы тәсілді тағы бір рет пайдаланған. Бұл жердегі парк – символ. Қанша күйзелістен өтсе де өлмейтін сезімнің, көңілдің символы. Сол себепті әңгіменің аяғына қарай, келіншектің қайтып келген еркекке есікті ашып жібере жаздауы нанымды. Қанша қасірет шексе де кұлкінің қар таймағанын, сезім суыса да қоламтасы өшпегенін көрсететін, тіпті десеңіз бүкіл әңгімені ұстап тұрған көркемдік түйін. Мәдина Омарованың шығармаларын қазақ әдебиетіндегі готикалық прозаның басы десем қателеспес едім. Сол себепті оның әр кезде жазылған, әр тақырыпты қамтыған шығармаларының ішінен осы готикалық сарындағы екі әңгімесін таңдап алып отырмын. Жас қаламгердің бір әңгімесі «Жұмбақ» деп аталады. Оқиғаның ұзынырғасы: түнгі сағат он екінің шамасында өз үйінде телевизор көріп отырған әлдебір адамға сырттан достары телефон шалып, өздерінің жол апатына ұшырағандарын айтады. Достарын құтқармақ болған кейіпкер жедел жәрдемді шақыртып, апат болған жерге өзі де таксимен жетеді. Жеткенде көргені, достары таңертең, яғни жарты күн бұрын қайтыс болып кеткен екен. Кейіпкерге телефон шалған тірі адам емес, досының аруағы екеніне көзіңіз жеткеннен кейін әңгімені басынан түсіп қайтадан оқисыз. Оқисыз да түршігесіз. Әрине, бәрі де адамның қабылдауына байланысты. Мысалға, бүгінгі оқырман немесе көрермен триллерді көргенде психологиялық депрессияға ұшырауы мүмкін, себебі, қазіргі психология триллердің сананы езгіге салатынын дәлелдеп отыр. Алайда, триллер аспаннан түскен жоқ қой. Әлем халықтарының демонологиясы тұтастай алғанда – триллер. Бүгінгі үрейлі фильмдер, романдар сол демонологияның жетілген түрі ғана. Дәстүрлі мәдениеттерде триллер катарсистік жанрға жатқан. Яғни, триллерді көрген, мистерияға қатысқан адам, сол көргендеріне көзі үйренеді, рухани сауығып шығады. Басқаны қайдам, маған осы әңгіменің түйіні Э.Хэмингуэйдің «Вайоминг шарабы» («Вино Вайоминга») әңгімесінің концепциясын есіме салды. М.Омарованың екінші әңгімесі «Жол үстінде» деп аталады. Әңгімені бірінші жақтан баяндап отырған кейіпкер түнде, әлдебір адаммен жол жүріп серіктес болады. Ол жолаушы кейіпкермен бір ауылдан, ит асырап аты шыққан Алмабек деген кісінің баласы болып шығады. Ауылдағы үйіне жетіп апасымен әңгімелескен қыз, озінің он жыл бұрын өлген адаммен жолсерік болғанына көзі жетеді. Әңгіменің «Уақытында келіп жетпіс жыл кешіккен ажал туралы» деп аталатын, заманында қазақ ішіне кең тараған аңыз-әңгіменің оқиғасын елестетеді. Мәдинаның жазу мәнерінде мынадай белгілер бар: ол өмір шындығына матасу. Ойымша жас қаламгер өзінің қиялын жетілдіру керек. Әрине, аталмыш әңгімелердегі жайыттар жазушының өз басында болған деуден аулақпын. Бәрі де ойдан шығарылған, көркемдік заңдылықтарға сәйкес өмірде болғандай етіп қиыстырылған. Алайда әңгімедегі сөйлемдердің арасы ауыр қиысады. Осыған қарап отырып жазушының өзі ойлап шығарған сюжеттің әсерінен, магиясынан арыла алмайтынын сезесіз. Мәдинаның осы әңгімелерін оқығанда Жак Казот, Шарль Нодье, Петрус Борель сияқты готикалық жанрда жазған жазушылардың шығармалары елестейді. Бүгінде көршілес Ресейде бүл жанрда Лариса Петрушевская қалам тартып жүргені белгілі. Революция, бүлғақ, соғыс кезінде халықтық «төмен» демонология етек алады. Мысалға Отан соғысы кезінде Кеңес империясының әр жерінде адамдарға әйел бейнесінде жолығып, соғыстың жеңіспен аяқталатынын айтып кеткен аруақтар жайлы әңгімелер өрістеді. Жанр, жаңа форма жазушының интуициясынан, санадан тыс пайда болады. Ойымша Мәдина өзінің аталмыш әңгімелерінде егемендіктің алғашқы қиын жылдарының әсерін бейнелеуге тырысқан. Дидар Амантай бүгінде аты ауызға ілініп, әсіресе аға буын қаламгерлер үшін «проблема» тудырып жүрген жазушы. Осы жерде бір айта кететін нәрсе бар. Әлемнің кез келген әдебиетінде экспериментке жол беріледі. Шынына келетін болса, Дидарда классикалық стильге ешқашан қарсылық болған емес. Ол өз шығармашылығы ның таза эксперимент екенін мойындайды, жөне айтып отырады. Әлбетте, қазақ прозасының дәстүрлі коркемдік критерийі – тіл. Әдебиеттің шұрайы тіл екені қазақ әдебиетінде әлмисақтан бекітілген қағида. Қазақтың сыншысы болсын, ақыны яки прозашысы болсын, өзіне ұнаған шығарманы мақтағанда «тілі көркем екен», немесе «тілі шұрайлы екен» деп мақтайды. Қазақтың тіл туралы айтқаны – көркемдік туралы айтқаны. Алайда, көркемдік – жалғыз ғана тіл емес. Тіл тұрғысынан алғанда қазақтан әлдеқайда жұтаң елдер бар. Ол елдер ұлы әдебиет тудырды. Ойымша, сол себепті, біз де экспериментке белгілі дәрежеде жол беруіміз керек. Эксперименттің де көркемдік презумициясы бар екенін мойындауымыз керек. Дидар Амантайдың «Мен сізді сағынып жүрмін» повесі постмодернистік үлгіде жазылған шығарма. Повесть (он-ақ беттік) түрлі шығармалардан алынған фрагменттерден құрастырылғандай әсер қалдырады. Себеп-салдарлық жүйемен өрістеген, оқырманды автор межелеген идеяға, байламға алып келетін біртұтас сюжет жоқ. Персонаждар арасындағы диалог белгілі бір мақсат қуалаған, ой алмасуын көздеген құрылым емес, адамның аузынан байқаусызда шығып кеткен, жауап қайтаруды керек етпейтін кездейсоқ сөз сияқты. Көз алдымызда, баяғыда бір жазушы айтқан, төбесі ғана көрініп тұрған мұз тұрғандай. Және, бір қызығы сол шеті ғана көрінген жұмбақты шешу, анығына жету шарт емес. Шығарманы ары қарай ойластыру, жалғастыру, күрмен соңғы нүктесін қою оқырманның еркінде. Х.Кортасардың «62 құрастыруға арналған модель» романының жобасын елестетеді. Әрине, постмодернистік коллаж – біздің әдебиет үшін таңсық нәрсе. Алайда, эксперимент барысында адам неше түрлі нарративтік ақиқаттарға жетеді емес пе. Постмодернизм жазушы мен оқырманның арасына теңдік белгісін қояды. Жазушы көп оқырманның бірі ғана. Шығарманы алғаш оқығанда, бұрынғы әдебиеттен қалыптасқан түсінігіңізге нүқсан келуі мүмкін. Оқиға бейберекет, әуелі финал суреттеледі, одан кейін, кері айналған кинолента сияқты, финал, дайындалып түсіндіріледі. Және оның өзі жүйелі бірізді емес. Бұрынғы әдебиетте психоанализ арқылы берілетін ой түйдегін кейіпкер ауызша айта салғанда, алғашында өте оғаш естіледі. Көз алдыңызда, барлық компоненттері бір сәтте өмір сүріп жатқан постмодернистік коллаж. Коллаждағы оқиғалардың орнын алмастыра беруге болады – нәтиже біреу-ақ. Ал енді бұндай структура (егер структура деп айтуға келсе) нендей мағына береді, соны түсіндіруге тырысайық. Әрине, оқиға жүйесіз, бейберекет дегенде, біз шығарманың жүйелік ерекшелігін ғана айттық. Түптеп келгенде шығарма жастардың арасындағы шытырман қатынас, тығырыққа тірелген күй, кейіпкердің біреуінің өлімін суреттейді. Алайда, осы коллаж арқылы, автор, бір сәтте кешегі күнде де, бүгінгі күнде де өмір сүрген, дәлірек айтқанда, қай уақытта өмір сүріп жатқанын білмейтін, рухани бағыт-бағдардан жаңыла бастаған бүгінгі жастардың ішкі дүниесін бейнелеуге тырысқан. Мысалға, бүндай әрі-сәрі күй Талғат Кеңесбайдың жоғарыда аты аталған шығармасында да бар. Бірақ Талғатта оқиға өзінің бірізділігінен жаңылмайды, жаңа мазмұн бұрынғы классикалық сюжеттің сорабынан табылып отырады. Ал Дидарда сюжет қана емес, тұтастай форма емес – Сөздің, сөйлемнің ішкі қүрылымы бұзылған. Естеріңізге сала кетейін, сөздің түп негізін бұзу, ХХ-шы ғасырдың басында Петербург символистері бастаған үрдіс болатын. Осы үрдістен кейіннен модернизм туындағанын білеміз. Яғни, Дидар, адам санасы өзінің ең кіші бөлшегінде қалай бүзыла бастаған, міне, осыны бейнелеуге тырысқан. Осы жерде, қазақ әдебиетіндегі консерваторлардың көңіліне келсе де айтайын, біздің тіліміз ескірген. Мен бұл жерде біздің күнделікті керегімізде жүрген сөйлеу тілін, қазақтың байырғы дархан тілін айтып отырған жоқпын. Ол тіл ешқашан ескірмейді. Жасырын, жаңғырып тұра береді. Мен қазақ өнерінің бейнелеу тілінің ескіргендігін айтып отырмын. Және бұл жалғыз Дидардың, немесе менің ғана пікірім емес. Қазақтың алдыңғы қатарлы қаламгерлерінің көбі бүны сезеді, өзара етене әңгіме үстінде айтып та қалады. Алайда, қазақ жазушыларының арасында әлдебір үнсіз келісім бар сияқты. Ешкім де бейнелеу тілдің ескіргенін ашық айтпайды. Жоғарыда, экспериментке жол беруіміз керек дегенде, мен осыған меңзеп едім. «Қоңыр қаз» – Айгүл Кемелбаеваның ең үздік шығармасы. Туғаннан қамкөңіл кішкентай қыз сурет салғанды ұнатады. Және тек қаздың суретін салады. Ақыр соңында қыздың арқасынан қанат өсіп шығып аспанға үшып кетеді. Әңгіме, «адам бұрын періште болған», «адам әзәзілдің айтқанына еріп жерге түскен періште» («все люди раньше были ангелами», «человек – это падший ангел») деген, Інжілден бұрын болған әфсаналардың бірінен алынған ізгі идеяға құрылған. Шығарма, тұтастай алғанда, бүгінгі адам әлі адамның толық тұлғасы емес екенін, адам, түптеп келгенде періште нәсілінен екенін қайыра айтатын «еске салу әңгіме» (рассказ-напоминание») болып табылады. Әңгімедегі қанатты қыз адамзаттың көне мекені, шыққан тегі – Періштелер еліне қайтып кетеді.Айгүл стилистік ізденістерге бара қоймайтын, дәстүр аңғарындағы жазушы. Аталмыш әңгіменің несі жаңалық деген сауалға, концепциясы жаңа деп жауап қайтарар едім. Аңыздық сарында осылайша жазып шығу, осындай үлкен пайымға бару, жазушыдан үлкен қабілет талап етеді. Айгүлдің бір ғана міні – тілінің салақтығы. Әңгімені оқып отырып байқағаным, Айгүл үшін ең басты нәрсе – идеяны айтып жеткізу. Ойында концепцияны ғана ұстап отырғандықтан, тілдік, ол айналып келгенде стильдік селкеуліктерге назар да аудармайды. Стильдік кемістіктің орнын темпераментпен, шын көңілімен, сөздің шынайылығымен толтырады. Қысқасы, білгенінше, қабілетінің жеткенінше жазады. Бірақ бәрібір, концепция тұрғысынан болса да, аталмыш әңгіме әдебиетіміз үшін жаңалық деп атауға тұрарлық шығарма. Біз бүл шағын мақаламызда, жазу мөнері бір-біріне ұқсамайтын, түрлі тақырыпта, түрлі стильде жазатын бес жазушының шығармаларын тілге тиек еттік. Әрине, бір мақала төңірегінде бүкіл қазақ әдебиетінің бүгінгі күй-жайын айтып беру мүмкін емес. Біз тек жастар мен жасамыс ұрпақтың прозасын, оның ішіндегі айтуға тұрарлық үнамды үрдістер мен нышандарды ғана сөз еттік. Дегенмен, біздің әдебиет және өнер элита мен орта таптың мәдениетін дамытуы керек. Осы тақырып төңірегінде жазылған Т.Драйзердің, Томас Манның еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Бізде де егер осындай шығармалар, көркем әдебиет, кино, аңыздар пайда болса, қоғам ілгерілеп, жаңа құрылымдар пайда болатын еді. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1. «Қоғам және оның дамуы» туралы не түсіндіңіз? . 2. Готикалық сарында жазылған қандай әңгімелр бар екен?. 3. Постмодернистік үлгіде жазылғанқандай шығармалар бар екен? Әдебиеттер: 1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998 2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977 3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968 4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975 5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б 6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994 7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық; Семей, 2011ж; «Интеллект». –279 бет. 8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж. 9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж. 12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж 5 ДӘРІС Тақырып, идея, образ категорияларының бүгінгі күнгі динамикасы Дәрістің мақсаты: Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік дамуындағы тақырыптың, идеяның, образдың, характердің ролын түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1.Қазіргі қазақ әдебиетінің дамуы: тақырыбы, идеясы. 2.Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік дамуы: образ, характер. Адам баласы тарихи дамудың жаңа белесіне шыққан сайын жүріп өткен жолына үңілетіні, өзі қалыптастырған рухани-әлеуметтік құндылықтарын ой таразысына салып, қайта бір бажайлауға, баға беруге талпынатыны хақ. Бүгінгі күні адамзат қауымының жаңа ғасыр табалдырығына аяқ басуы әлемдік қатынастардағы нендей бір құбылыстар мен өзгерістер жайлы нақтылы тұжырымдар жасауға мұрындық болып отыр. Соңғы жылдардың өзінде-ақ өткен-кеткенімізге, бүгініміз бен болашағымызға арналған қаншама роман, повестер жарық көрді. Сан жағынан да, сапа жағынан да тың сипаттар таңытып жатқан таланттар қаншама. Бұлар бір шығармадан бір шығармаға ауысқан сайын көркемдіктің көк жиегін кеңейтіп жанр шеңберін, тақырып аясын ұлғайтып, бұрын қаламға ілікпеген оқиғалар мен адам мінездерін бейнелеуде орасан батыл қадамдар жасады. Қазақ прозасында қоғамдағы терең қайшылықтар, атап айтар болсақ, саяси, экзистенциалдық, рухани-психологиялық мәселелер біршама ашық түрде көрініс тапты. Осындай жоталы-жоталы проблемалар адам болмасына анағұрлым тереңірек, жан-жақтылық тұрғысынан келудің, қоғамдық құрылыста қалыптасқан қатынастарға сыншылдық позициядан үңілудің нәтижесінде туды. Дәл осы кезеңде әдебиетте жаңаша көркемдік ізденістер байқалды. Әдебиет ендігі жерде адамның тарихи процестің субъектісі ретіндегі маңызына, болмыстың басқа формаларына қатынасына әлемдік көркем дамудағы қалыптасқан дәстүрлерге сүйенді. Бүгінгі таңда қазіргі қазақ әдебиетінің, соның ішінде прозаның тақырыптық, идеялық, шеберлік аумағы әдеби үрдіске сай кеңеюде. Әдебиетіміздің өсу тәжірибесінен байқалатын шындық – ақын-жазушыларымыздың әлеуметтік өмір тәжірибелерін неғұрлым толық зерттеуге ұмтылуы, өздерінің дарынына лайық жанр талдап, мәнер, стильді қатыстыруы, бұрынғы жылдары әдебиетке дерт болып жабысқан схематизмнен, жасандылықтан арылуы оқиға, характер таңдау мүмкіншілігінің орасан өсуі. Міне, осы шығармашылық еркіндік әдебиетіміздің барлық жанрында көрініп отыр десек те, ол әсіресе проза жанрына тікелей байланысты. Уақыт өтсе де, қоғам дәуіріндегі өзгерістер болып жатса да, ескермейтін тақырыптар болады. Ол прозадағы адам, қоғам, табиғат ұғымдары. Сонау «Абай жолынан» бастау алған тарихи шығармалармен қоса, 1970-80 жылдар әдебиетіндегі прозамыздың, оның ішінде роман жанрының үлкен рөль атқарып, салмақты жүк көтергені белгілі. 60-шы жылдардың екінші жартысында М.Әуезов дүниеден өткен соң, көш бастар дара тұлға табылмай, рухани дүниеміз бір мезет күңгірт тартып қалған шақта, өзінің тарихи миссиясын атқару үшін әдебиетке жаңа бір толқын келді. І.Есенберлинді алға салған бұл топтың ішінде М.Мағауин, Ә.Тарази, Ә.Сараев, Р.Тоқтаров, Қ.Ысқақов т.б өздерінің соны ізденістерімен, әдебиетке әкелген жаңалық, еңбектерімен ерекшеленді. Нағыз жазушы заманның көзі мен құлағы ғана емес, сонымен бірге оның ары мен иманы да. Ол өзінің өмірден көзімен көргенін, құлағымен естігенін баз бір дәл-дүріштер секілді мықшыңдап ақ қағазға көшіре бермейді, ең әуелі сол көргендерінің ең мәнділерін, жүрегі мен рухын толғантқандарын өз ары мен иманының сүзгісінен өткізіп, таразысына салып безбендейді, миы мен жүрегінің «мың градустық домнасында» (С.Мұқанов) балқытады. Суреткер кейде характер арқылы тақырыпты табады, ал тақырып пен характер өз кезегінде идеяға жол бастайды. Кейде көркем идеядан тақырып пен әдеби характердің, типтің туындауы да мүмкін. Көркем шығарманың қалай өмірге келетінін соны жасаушы суреткерден артық кім білуі мүмкін. Ал, егер сол суреткерлердің өздеріне сөз берсеңіз, бұл хақында әркилы қисын айтып, сан-саққа жүгіртеді. Біреулерге болашақ көркем шығармасының нобайы түсіне енетін көрінеді, ал екінші біреулердің басына ол ойда жоқта, мысалы, автобус аялдамасыңда көлік тосып тұрғанда, немесе өзінің қадірлі таныстарымен бірге алаңсыз түстік ас ішіп отырғанда caп ете калған болып шығады. Болашақ шығарманың осылай ойда- жоқта оның иесінің көкірегінде жарқ ете түсуі, бір қарағанда, сәті түскен кездейсоқтық болып көрінгенмен, әрине, бұл кездейсоқтық та, ойда жоқта пенденің басына қона кеткен тосын бақ та, бақыт та емес. Жоқтан бардың пайда болмайтыны секілді, көркем туындының тақырыбы мен идеясы, ондағы басты характерлер мен типтер суреткерге ешқашан өз аяғымен келмек емес. Себепсіз салдар жоқ, ендеше әлгі суреткердің санасына caп ете қалған характерлер мен идеялар, сол характер мен идея белгілеп берген тақырып оны бір кезде толғантып, толқытқан әлеуметтік ситуацияның, не өз басынан өткерген интимдік жайлардың арада сан күндер, жылдар өткенде жаңа мазмұнмен, мол өмірлік тәжірибемен байып барып, оқыс бас көтеріп, қайта жаңғыруынан басқа түк те емес. Тақырып пен характердің көркем тип пен идеяның, бір сөзбен айтқанда, көркем шығарманың анасы – қоғамдық өмір, сол шығарманы жасаушы суреткердің сол қоғамдық өмірдің ыстығына күйіп, суығына тоңып жүріп жинаған адамдық тәжірибесі. Тақырып дегеніміз не? Бұл туралы әдебиет теориясы: «Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай- жағдайлардың бағыт-бағдары». Шығарманы жазудағы автордың ой-ниеті тұрғысынан алғанда тақырып -алдымен болашақ туындыға арқау болатын мәселелер, қамтитын жағдай, оқиғалардың суреттелетін өмір құбылыстарының шеңбер-шегі. Ал, шығарманы талдау тұрғысынан қарасақ, тақырып – ол шығарманың мазмұнының негізгі бір құрамды бөлшегі, айтылған, суреттелген жайлардың қоғамдық өмірдегі маңызды мәселелер дәрежесіне көтеріліп, көркемдік шындыкқа айналған қалпы. Бұл - ғалымның, академик З.Ахметовтың берген анықтамасы. Расында да солай, тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе», айтылған, суретгелген жайлардың қоғамдық өмірдегі маңызды мәселелер дәрежесіне көтеріліп, көркемдік шындыққа айналған қалпы. Жазушыны не нәрсе қатты толғандырса, толқытса, сол түптің түбінде оның болашақ шығармаларының тақырыптарына айналады. Осыны дәл байқаған атақты қырғыз жазушысы Ш.Айтматов бұл ұғымды метафора тілімен былайша қысқа түйіндейді: «Тема – это ты сам, твоя судьба». Өмірдің мазмұны сан алуан тақырыптарға толы, алайда оны көре білетін көз керек. Көз болғанда да ол–тіршіліктің қарапайым көріністерін характерлер мен образдар арқылы көре білетін суреткерлік көз болуға тиісті. Өзіне: «Маған бір тақырып тауып беріңізші, қалғанын қатырамын» деп өтініш жасаған жас жазушыға көреген авар ақыны Р. Ғамзатов: «He говори. Дайте мне тему. Говори: «Дайте мне глаза» – деп, кеңес берген екен. Иә, көпті көрген тарлан ақын мәселені мергендікпен дөп басып отыр, өмірде тақырып көп, тіпті ол тіршілікте жыртылып айырылады десе де болады, бірақ соны көре білетін көзді, соған толғана білетін жүректі айтыңыз. Жазушының «Мынау бір жақсы, актуалды тақырып екен өзі, осыны жазып тастай қояйыншы» деп жазу үстеліне алаңсыз жайғасқанынан түк шыкпайды, өйткені жүректі толқынтқан, жаныңды сан күйге бөлеп, ширықтырған тақырып кана жақсы, сол ғана актуалды. Тақырыптың актуалдысы мен актуалсызы, жақсысы мен жаманы дегендері болмайды, тек оның жүректен шыққаны, немесе жүректен шықпағаны болады. -. М.Мағауиннің «Тазының өлімі» мен «Қара қызы», Ә.Кекілбаевтың «Шыңырауы» мен «Автомобилі», С.Мұратбековтың «Жусан исі» мен «Үшқарасы», Т.Әбдіковтын, «Ақиқаты» мен «Әкесі», «Оралуы», Б.Нұржекеевтің «Кінәлі махаббаты», Д.Исабековтың «Тіршілігі» мен «Дерменесі», О.Бөкеевтің «Қар қызы» мен «Қайдасың, қасқа құлынымы», Т.Нұрмағамбетовтың «Түпкірдегі ауылы» мен «Қош бол, атасы», Ж.Түменбаевтың «Ауыл шетіндегі үйі» секілді қазіргі профессионалдық прозаның әлемдік стандарттарына толығымен жауап бере алатын повестері нақ– қырда жатқан қазақ ауылдарының тыныс-тіршілігі болды. Бұл авторлардың осы тақырыпқа деген ерекше сүйіспеншілігінің себебі неде? Біріншіден, бұлардың барлығы дерлік қазақтың байтақ даласының түпкірлеріндегі ауылдардан шыққан кешегі қыр баласы еді. Сондықтан олар бұл өмірді, осы қоғамдық ортаның тіршілігін басқа такырыптарға қарағанда әдлеқайда жетік білетін. Ол кездері қазақ халқы әлі де болса урбанизацияның терең иірімдеріне тартыла қоймаған болатын. Қазақтардың басым көпшілігі әлі де болса ауылдарда, немесе тіршілігі, өмір сүру салты, әлеметтік жіктелуі жағынан ауылдарда пәлендей айырмашылығы жоқ шағын қалаларда, кенттерде (поселкелер) тұратын. Ал Алматы, Қарағанды секілді ірі урбанизация орталықтарындағы олардың саны 10 проценттен аспайтын және олардың көпшілігі осы қалаларға әлеуметтік, ұлттық тамырын жайып үлгермеген, жартылай маргиналданған, жартылай басқа ұлтпен, негізінен орыстармен және орыстанған басқа да этнос өкілдерімен ассимиляцияға түскен адамдар болатын. Сондықтан да жаратылысы жағынан ұлттық категорияға жататын көркем әдебиет шығармаларының бұлардың өмірінен ұлттық көркемсөзге азық болатын тақырып пен мазмұнды табуы қиындау еді. Жоғарыда аты аталған прозашыларымыз бен олардың қазак, көркемсөзіндегі тұстастарының ауыл өмірін суреттеуге құштар болуының бұл екінші себебі болатын. Үшіншіден, ауыл туған халқымыздың әдет-ғұрпының, өмір сүру салты мен ұлтгық психологиясының, ана тілі мен халыктык төл философиясының бастауы, алтын бесігі, осы қадір-қасиеттердің бәрін каймағын бұзбай ғасырлардан ғасырларға сақтап келген алып рухани қоймасы секілді еді. Айтыңыздаршы, ендеше ұлттық көркем әдебиет осыншама құңды қазынаға қызықпай, ынтықпай тұра алар ма? Әрине тұра алмайды. Сондықтан да қазақ жазушыларының бұл толқыны ауыл өміріне тән ситуациялар мен әрбір детальды ерекше ыждағатгылықпен зерттеді, әсіресе қатары жылдан-жылға сиреп бара жатқан, енді бір он-жиырма жылдан соң мүлде жер бетінде қалмауы мүмкін абзал қазақ қарттарының образдар галереясын бір-бірімен таласа айырықша сүйіспеншілікпен ақ қағазға түсіріп жатты. Себебі, егер ауылды қазақ халкының ұлттық қадір касиетінің баға жетпес қоймасы десек, күннен күнге, жылдан жылға сиреп бара жатқан қазақ карттарының алдыңғы қатарлы өкілдері сол қадір-қасиеттің мәйегі, ұлттык философия мен психологияның алтын діңгектері болатын. XX ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ кауымының шындығын білмекті ниет етсе, онда олардың осы кезеңде белсенді шығармашылық еңбек еткен Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, С.Мұратбеков, Қ.Мұханбетқалиев, Д.Исабеков, А.Сүлейменов, Т.Әбдіков, О.Бөкеев, Т.Нұрмағамбетов т.б. секілді көркемсөз шеберлерінің әдеби туындыларын аттап кете алмасы ақиқат. Өйткені «ұрпақтың ұрпаққа қалдырар ең асыл мұрасы - өзі бастан кешкендерден түйген азды-көпті рухани тәжірибесі» болса, XX ғасырдың соңғы онжылдыктарында өмір сүрген қандастарымыздың рухани тәжірибелері нақ осы авторлар мен олардың өнер мен керкем әдебиеттін басқа жанрларында қызмет еткен дарынды тұстастарының шығармаларында жатыр. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1. Бүгінгі таңда қазіргі қазақ әдебиетінің, соның ішінде прозаның тақырыптық, идеялық, шеберлік аумағы әдеби үрдіске сай ма?. 2. Тақырып дегеніміз не?. 3. Ұрпақтың ұрпаққа қалдырар ең асыл мұрасы не? Әдебиеттер: 1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998 2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977 3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968 4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975 5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б 6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994 7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық; Семей, 2011ж; «Интеллект». –279 бет. 8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж. 9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж. 12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж. 6 ДӘРІС Қазақ әдебиетіндегі моральдық-этикалық, адамгершілік мәселелері Дәрістің мақсаты: Қазіргі қазақ прозасындағы моральдық-этикалық проблемалар,адамгершілік, имандылық мәселелерін түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1.Қазіргі қазақ прозасындағы моральдық-этикалық проблемалар. 2.Қазіргі қазақ прозасындағы адамгершілік, имандылық мәселелері. Ар – ұждан, адамгершілік мәселесі қай заманда да, қай халықтың әдебиетінде болсын мәңгілік көтеріліп келе жатқан ауқымды тақырыптардың бірі. Қаламгерлер өз шығармалары арқылы өздері өмір сүрген дәуірдің келбетін, шындығын нақты бір образдар бойына сыйғызып отырған. Осы кейіпкерлері арқылы рухани жұтаңдықты, тоғышарлықты, аяр заманның азғын адамдарын, зұлымдықты, тағы басқа да жамандық атаулыны өлтіре сынаған. Өз дәуірлеріндегі буржуазиялық қоғамның жиіркенішті бет – бейнесін суреттей отырып, адамзат баласын азғындықтың, тоғышарлықтың құлы болудан сақтандыруға шақырып, гуманистік идеяны, адамгершілікті, әділеттілікті насихаттауға ұмтылды. Осы жерде сыншы С.Әшімбаевтың: «Ал, нағыз жазушы – ол ең алдымен, асқарлы ойдың адамы, шын мәніндегі азамат адам. Азаматтықтың қайнар көзі – адамгершілік екені де баршаға мәлім. Демек, азамат жазушы дегеніміз шынайы адамгершіліктің жаршысы емес пе? Ендеше жұмыр жер төсінде гуманизмнің салтанат құруы - әскердің, атом бомбасының күші емес, әлемнің әйгілі гуманист жазушыларының рухани күші деп білеміз», - деген пікірі осы гумансит-жазушыларға арнала қалғандай! Ұлттық әдебиетімізде бұл тақырып Абайдың «толық адамынан» басталып, 20 ғасырдың 70-80-ші жылдарындағы қазақ прозасында өз жалғасын тапты. Мораль тақырыбына М.Мағауин, Т.Әлімқұлов, Ш.Мұртаза, С.Мұратбеков, Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов, О.Бөкеев, Қ.Жұмаділов, Д.Исабеков сынды жазушыларымыз өз үлестерін қосты. Олар моральдық – этикалық мәселелерді қозғап, замандастардың рухани байлығы мен жан дүние сұлулығы, сонымен бірге өмірде кездесіп жататын гуманистік моральға қайшы сан алуан жағымсыз әрекеттер мен тоғышарлық мінез, пиғылдары да әр түрлі дәрежеде суреттеп, сынға алып қалам тербеп отырды. Осындай бір қаламгерлердің бірі – Мұхтар Мағауин. «Өмірдің даңғырап жатқан түп – түзу жол жоқ. өмір жолы – бұралаң. Сол жолда адамға талай қиындықтар кезігіп, басынан небір ауыр күйлер де өтеді. Бұлардың өзі адамның қайратына ғана емес, адамгершілігіне де үлкен сын»,– деген сыншы Н.Ғабдуллиннің пікірі М.Мағауйн кейпкерлеріне арналғандай. Жалпы, адамгершілік, ар – иман қасиетері М.Мағауин шығармаларының негізгі ерекшелігі. «Мұрагері», «Қара қызы», «Тазының өлімі», «Көк мұнары» болсын соның айғағы. Жазушы достық пен дұшпандық, адалдық пен арамдық, жақсылық пен жамандық сияқты біріне бірі қарсы құбылыстарды өзінің этикалық, эстетикалық жағынан саралап, өзі өмір сүрген әлеуметтік ортасының көптеген мәселелерін қозғайды. Ғалым Ш.Елеукенов «Көркем туынды адамды тек қана жағымды қаһарманның іс үлгісімен тәрбиелеп, шабыттандырып, қанағаттандырып қана қоймайды. Сонымен қатар ол өзінің әлеуметтік, азаматтық пафосымен де, адамгершілік әуенінің биіктігімен де, әсемдікті әлпештеп, дәріптеуімен де, адам бойындағы асқақ сезімдерді ардақтап, оған мораль талаптарын қатаң түрде қоя білуімен де игі әсер етеді» -деп айтқан екен. Сл сияқты М.Мағаин да өзінің аталмыш туындылары арқылы замандастарына адамгершілік мәселесін қатаң түрде талап етіп қоя білді. Жазушының «Тазының өлімі» хикаятында ауыл өмірі суреттелген. Қазақтың басқа да ауылдары сияқты тіршілік кешіп жатқан ауылдағы оқиғалар арқылы жазушы адамдар санасындағы моральдық өзгерістерді көрсетуді көздеген. Біздің ұлтымызға ғана тән ерекшелік – жеті қазынамыздың бірі саналатын тазылардың жоғалып бара жатқанын, сол Лашын секілді асыл нәсілді тазының иесі Қазы сияқты ата жолды ұстаған, бабаларымыздың ата кәсібін ұстанып жүрген серілердің азайып бара жатқанындығын шығарманың негізгі идеясы деугеболады. Ал, сондағы Есенжол өзінің азғындығымен, тоғышарлық іс-әрекетімен қай қоғамға болсын моральдық тұрғыдан жат адам. Арағын Қазыға сатып, «ескілікті көздейтін кітаптарды Қызыл отауға жасырып жүрсің» деп Қазыға жала жауып, ауданнан адамдар шақырып, оны ұстап береді. Бұрынғы аң аулап жүогенде өкпесіне тиген суығы сол жандайшаптардың тексеруінен келгеннен кейін қайта қозып, көп ұзамай Қазы дүние салады. Қазы өлгеннен кейін еш керексіз болып қалған, ешкім қадірін білмеген, бағаламаған Лашын тазы бір топ қасқырлардың жеміне айналып, иесінің артынан кете барды. «Осы қабірдің дәл іргесінде қыран тазы Лашынның да қаны төгілген-тін. Бірақ оны ешкім де білмейді. Тазыдан қалған жалғыз белгі – ауыл еркектерінің басындағы түлкі тымақтар да көп ұзамай тозып бітті. Олардың орнын елтірі тымақтар мен арзан малақайлар басты. өйткені Лашын осы өңірдегі асыл нәсілдің ең соңғы тазы еді». Қазының өлімі мен тазының өлімі сол өңірдегі саятшылық өнердің жоғалуына әкелді. Ал, Қазы өлгеннен кейін оның шаңырағын сыйламай, былғаған Есенжолдың сұм әрекеттерін адамгершілікке жатқызуға бола ма? Жоқ, әрине. «Иесі Қазының өлімі – шындығында Лашын тазының өлімі еді. Қазы қадірлеп өткен тазы бабалардың ата кәсібі болған серіліктің, тірісінде басынан сөз асырмаған Қазы рухының өшуі деп білеміз. Иә, Есенжол сияқтылар қай қоғамда да Қазылардан кейін өледі, көп нәрсеге бұрын қолдары жетеді. Оларға сырдың суы сирағына келмейді. Он Қазыдан да бір Есенжол қауіпті тип. Түбінде осы бір типтің көбеюінен ғана қорқуға болады», – деген сыншы Сағат Әшімбаевтың пікіріне толық келісуге болады. Сондай-ақ М.Мағауиннің «Қара қыз» хикаятында да моральдық проблемалар немесе адамгершілік және ар-ұждан мәселелері көтеріледі. Оқиға шегініс арқылы баяндалып, Айгүлдің Мәскеудегі диссертация қорғайын деп жүрген жары Бексейітке жазған хатынан басталады. Ал сол Бексейіт ақ – адал жары Айгүлді жалғыз ұлы Сейтжанмен бірге тастап кеткен екі жүзді, эгоист адам. Өз қара басының қамын ғана ойлап, бір дөкей ғалымға жағымпазданып, оның қызы Гүлжиһазды алады. Сол арқылы докторлық, профессорлық атақтан да құр қалмайды. «Асылы, адам характері, ой – психологиясы, кейбіреулердің әшейінде сыртқа жылтырап көрінетін сырбаз бейнесі басына іс түскен қиын кезде барынша ашылып, жықпыл-жықпылы толық көрініс береді ғой»,- деген Т.Мәмесейітовтың пікірі дәл осы Бексейіт сияқтыларға арнап айтылғандай. Бексейіт алғашқыда «20 ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан және патша үкіметінің отарлау саясаты» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғай алмаған. М.Мағауин бұл жерде қысқа әңгіме бойына салмақты да салиқалы идеялық мазмұны сыйдыра білген. Жазушы қай шығармаларында болсын өз қоғамының рухани – адамгершілік деңгейін көрсетуді мақсат қып ұстап, сол жолда авторлық позициясын мейлінше ашық айтып отырады. Сөзімізді түйіндей келе айтарымыз, адам және оның дүниедегі орны, қоғам және ұлттық дамуына кесірін тигізетін құбылыстар, әлеуметтік қоғамның ауруына айналаған – дүниеқоңыздық, мансапқорлық, аттаққұмарлық, яғни бір сөзбен айтқанда тоғышарлық дерт 70-80 жылдар прозасының ортақ проблемасы болды. Осы мәселелердің қаламгерлер сыни тұрғыдан суреттей отырып, адамзат баласына ар-ұжданын, иманын, адамгершілік биік ұстауға, жақсылық атаулының жаршысы болуға шақырады. Ал осы тұрғыдан келгенде, барлық жазушылар сияқты Мұхтар Мағауиннің да туындыларының тәрбиелік, өнегелік мәні мен маңызы өте жоғары. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1. С.Әшімбаев адамгершілік туралы не деді?. 2. Ұлттық әдебиетімізде адамгершілік тақырып Абайдың қай еңбегінен бастау алады? 3.Драманың қандай түрлері бар?. 4. М.Мағауиннің қай хикаятында моральдық проблемалар немесе адамгершілік және ар-ұждан мәселелері көтеріледі?. Әдебиеттер: 1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998 2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977 3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968 4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975 5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б 6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994 7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық; Семей, 2011ж; «Интеллект». –279 бет. 8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж. 9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 7ДӘРІС Әдебиеттегі тұлға концепциясы Дәрістің мақсаты: Қазіргі қазақ әдебиетіндегі тұлға концепциясы дегеніміз не соны түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1.Қазіргі қазақ әдебиетіндегі тұлға концепциясы. 2. «Тұлға» концепциясына тоқталған жазушылар. Әдебиеттану пәнінің негізгі предметі – адам болғандықтан, оның сыртқы дүниемен байланысы, рухани-психологиялық табиғаты, адамгершілік сапасы және басқа да қасиеттерін бейнелеп көрсетудің сан ғасырлық тәжірибесі бар. Әйтсе де, қоғам алға жылжып, уақыт өзгерген сайын танымы қиын жаратылыс – адам турасында жаңа білімдер жинақталады, өзіндік жаңа көзқарастар туады. Қоғамды жасақтаушы адам тұлғасын, оның ішкі дүниесін, ой әлемін, барша жұмбақты болмысын зерттеп қана қоймай, жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына, рухани игіліктерді бойына жинақтауға ықпал ететінімен ерекшелетіні рас. Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым- қатынастарының бірлігін құрайды. Адам – қоғамдық та, рухани да құбылыс. Қоғамның дамуындағы өзгерістер адам санасына ықпал етпей қоймайды. Сол себепті адамның қоғамдық қыры мен индивид ретіндегі жеке психологиясы бір-біріне тәуелді қарастырылады. Адамның жеке басында жүріп жататын мінездік ерекшеліктер, ішкі қайшылықтар өміріндегі кейбір оқиғалар автордың концепциясынан туындайды. Автор кейіпкер арқылы өзі мұрат еткен идеяны жеткізуге тырысады. Сондықтан да кейіпкер бойындағы авторға тән кейбір мінез-құлықтар осыған байланысты. Ол көбіне кейіпкерді ішкі түйсігі арқылы сезініп, бағалап, жүйелеп, типтендіріп алып сомдайды. Адам табиғатына уақыт ағымы мен қоғамдығы ірі өзгерістердің тигізетін ықпал-әсері айрықша. Осыдан авторға айналған кейіпкер қоғам аясында жеке тіршілік ете бастайды. Қазіргі әдебиетімізде сыншыл реализм ең алдымен, тұлға мен қоғам арасындағы қарым – қатынасты алып отырса, романтиктер танымдық ізденістерін рухани – ұждандық қатынас аясына, ал натуралистер адам санасы мен әрекетінің биологиялық алғышарттары саласына бағыттап отырған. Модернизмде екі басты танымдық бағытта ажыратуға болады: оның бірі өнердің кейде қалыпты, кейде патологиялық типтегі индивидуальды психология микрокосымына сараптай отырып енуінен көрінеді, ал екіншісі макрокосондық масштабтағы жалпы заңдылықтарды ұғынуға ұмтылады. Көркемдік таным мен шығармашылық әдіс арасындағы байланыстың бір саласы осындай. Осы танымдық бағыттар қазіргі қазақ прозасында көркем синтезбен көрінеді. Ал ең басты қатынас – адамның өз -өзімен, ішкі «менімен» қатынасы. Қазіргі кейіпкер типтері – бәрімен келісетін, бәрін қабылдайтын адам және ештеңемен, тіпті өз - өзімен де келісімге келе алмайтын адам. Қазіргі кейіпкер қоршаған әлемге салғырт қарай алмайды, ол бәрін де өз бойынан өткізеді. Сыртқы дүниеде болып жатқан өзгерістер кейіпкер санасына керемет әсер етеді, әрбір құбылысқа кейіпкер санасы сезімдік импульстармен жауап береді. Жас жазушы Талаптан Ахметжан шығармаларындағы басты ерекшелік – кейіпкердің жан – дүниесін психологиялық толғаныс үстінде ашуында және сол алған бетінен қайтпай келе жатуында. Адам жанынан түпсіз не бар? Әр адам жаны – ашылмаған бір – бір жұмбақ арал. Өзгені қойып, адам өмір бойы өзін - өзі зерттеп бітпейді. Адам жанына үңілген сайын небір қалтарыс – бұлтарыстарында, құлыптаулы жатқан құпияларына кездесесіз. Авторлық баяндау – кейіпкер ойының жалғасы, еске түсіруден, елестен туындаған оның ішкі монологын жеткізуші, кейіпкер ойының жалғасы, еске түсіруден, елестен туындаған оның ішкі монологын жеткізуші. Бұл – жазушы әңгімелерінің стилінің ерекшелігі екендігі байқалады. Сондай –ақ, бір оқиғаға кейіпкердің көзқарасы мен автордың көзқарасы қатар беріліп, оқырманға ой сала отарып суреттеуі жас жазушының өзіндік шеберлігі екендігіне көз жеткіземіз. Яғни, кейіпкердің иррационалды ой қозғалысы, психологиялық жай – күйі Т.Ахметжанның барлық шығармаларында кездеседі. Ол негізінен, түс көрумен, кейіпкердің еске түсіруімен байланыстырылады да, шарқ ұрып жауап іздеуге, тірек іздеуге ұластырылады. Кейіпкер кеудесінде екі түрлі сезімнің шарпысуы және шығармадағы диалогтар полемикаға алып келеді. «Тұлға» концепциясына тоқталған жазушылар – Т.Нұрмағамбетов, Т.Ахметжан, А.Алтай, Қ.Түменбай шығармаларында жекелеген адамдар тағдыры суреттелініп, бүкіл әлеуметтік өмірдің күнгейі мен көлеңкесіне, даму барысына, жалпы моральдық болмысына философиялық тұрғыда талдаулар жасаған. Әр жазушы үшін кейіпкер жанындағы нәзік те сырлы әрі лиризм, психологиялық күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты мақсаттың бірі болуға тиіс, кейіпкердің характері сонда ғана жан – жақты ашылады. Сонымен қатар, қазіргі әңгімелердің бір ерекшелігі кейіпкер саны екіден аса қоймайды, сондай – ақ, алдымен монологқа құрылады да диалогқа ұласатынын мысалдармен дәлелдедік. Терең психологизм дәлдігі, сенімділігі үшін монолог қандай қызмет атқарса, диалогтың да идеялық – көркемдік орны сондай үлкендігіне көз жеткіздік. Адамның мінез – қырларын белгілі бір сәттердегі сезім – күйлерін тапқыр әрі ұтымды, қысқа да мағыналы бейнелеуде диалогтың ерекше тәсіл екендігіне мән бердік. Жұмысымыздың екінші тарауында: Аталған қаламгерлер прозаларындағы кейіпкерлерінің рухани жан әлемінде жиі болатын күйзеліс, психологиялық қиналысты беру ерекшеліктерін, сол сәтті дәл де нанымды беретіндей бейнелі, көркем сөздерді пайдалану шеберлігін қарастырдық. Сонымен бірге көркем әдебиеттегі психологизм, оның көркемдік бейнелеу тәсілдері, ішкі монолог, ой ағысының пейзаж, портрет, көзқарас мимикасы (ымдау) ишара түс көру т.б. бұлардың бәрі ішкі монологтың элементтері даралық сипатқа ие болып, әдеби процесте өзіндік өсу заңдылығымен дамуын біз қазіргі қазақ прозасынанда байқай аламыз. Аталмыш авторлардың повестері белгілі бір оқиғаға құрылмай ішкі ой арпалысымен жалғасып жататындығына мән береміз. Сондай-ақ, жазушы әңгіме - повестерінде түс көру тәсілін кейіпкердің ішкі жан әлеміне тереңдей еніп, оның ойлау жүйесінің ерекшелігін айқындайтын психологиялық бейнелеу құралы ретінде қолданатындығын мысал арқылы дәлелдеп отырдық. Характерология жалпы психологияның бір тармағы болғандықтан, көркем көркем туындыдағы авторлық мінездемелердің орны бөлек. Әдебиет сабағында осы мәселеге арнайы көңіл аудару қажет, - дейді ғалым Б.Майтанов. Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жинытығы. Авторлық мінездеме дегеніміз біздің түсінуімізше автордың төл шығармасында орын алған кейіпкерлерге берген анықтамасы. Мінез жоқ жерде, Л.И.Тимофеевше айтсақ, ақиқатты «адамдандыру» мүмкін емес. Ал біз әдебиетте ақиқат шындықты тек адамдар арқылы ғана танитынымыз белгілі. Сондықтан өз шығармасында «өндірістік процестерді суреттеудің тасасынан болар – болмас бұлдырап көрінетін кері ауызданған мәнекендер», емес толық қанды көркем обрыздар жасағысы келген суреткер бар шеберлігін өмір шындығын жинақтаумен қатар адам мінезін даралауға жұмсайды. Суреткер үшін керемет қиын нәрсе «адамның жаны мен жүрегіндегі көзге ілінбес көп иірімдерді» (Гоголь) табу, тану және жазу. Сезімнің тілі – бір түрлі, тілсіз тіл. Сол тілсіз сезімге тіл бітіргендей, қағаз бетін адамның ішкі күйінің суретіне, құбылысына, қимылына айналдыру - суреткерден қаншылық нәзіктікті, шеберлікті қажет ететіні түсінікті болуға тиіс. А.Г. Цейтлиннің зерттеуне қарағанда, адамның мінезін – сезім «иірімдерін» суреттеу – Жорж Сандтың қолынан келмеген нәрсе де, Писемскийдің ең осал жері. Пушкин Вольтерді «алпыс жыл жазса адамында жібі түзу мінез жоқ, оңды – солды лепірген құр сөз ғана бар» деп ажуалаған. Бұл да тегін емес. Ал Лев Толстой үшін «ең басты нәрсе – адамның жан тіршілігі». Сондықтан ол «Соғыс пен бейбітшілікті» жазу үстінде эпопея қаһармандарының әрқайсысына алдын ала жан – жақты «мінездеме» жазып, әр алуан «психологиялық паспорт» толтырып отырған. Қызық жері - әр кейіпкердің мінез – құлқындағы алты түрлі (дәулет, қоғамдық, махаббат, ақындық, парасат және семьялық) ерекшелікке баса назар аударған. Мінездеу, жагама мінездеу, адамға тән күйініш, сүйініш сезімдерді суреттеу, адамның өз сөзін (монолог) немесе өзгемен сөйлесуін (диалог) келтіру – осылардың бәрі жеке – жеке тұрған, біріне – бірінің қатысы жоқ дара мақсатты (самоцель) нәрселер емес. Керісінше, бірін – бірі толықтырып, бірінен – бірі туып, біріне – бірі жалғасып жатқан дүниелер.. Мұндай бірліксіз бұлар адам мінезін де, тұлғасында жасай алмаған болар еді. Бұл – академик, ғалым Зейнолла Қабдоловтың «Сөз өнері» кітабында берілген анықтама. Жазушы өз геройының қимылын жеке – дара алмай, оның сөйлеген сөзімен ұштастыра суреттеп, оған өзінің авторлық көзқарасын (эстетикалық бағасын) білдіріп еді, бұл геройдың кім екенін, қандай мінез – құлықтың адамы екенін, қандай мінез құлықтың адамы екенін тасқа таңбалағандай білдік те алдық. Қысқасы, әдебиеттегі адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жалғыз – ақ, жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болуы шарт, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін (портретін) де осы тұрғыдан түсінгшен жөн. Әйтпесе, портретте – самоцель емес. Оқырман өзі оқыған белгілі бір көркем шығармадағы геройлардың мінезін біліп, сөзін ести тұра сырт пішінін, кескін кейпін де көргісі келеді. Портрет тәсілі осыдан туған. Портрет дегенде біздің көз алдымызға кескін өнеріндегі (живописьтегі) портрет елестейді. Бұл – кескін өнеріндегі портрет. Бұл портреттің ерекшелігі - өзгермейтіні, қозғалмайтыны, қашан көрсек те бір қалыпта ғана тұратыны белгілі. Ал сөз өнеріндегі портрет бұлай емес, ол – бір қалыпта қатып тұрып қалмайтын, өзгеретін, қозғалатын жанды келбет, тірі кескін. Бүгінгі қазақ шағын прозасында жаңалықтар баршылық, ол өмір жаңалықтарына жедел ілесуімен, оның бір қырын көрсетсе де, бірегей көрсетуімен, басқаша айтсақ, көркемдік-идеялық деңгейінің өсуімен көзге түседі. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1. Адам – қандай құбылыс екен? 2. «Тұлға» концепциясына тоқталған жазушылар кімдер екен? 3. Ұлттық әдеби сынның тарихын жасауда қандай еңбектер жарық көрді? 4. Характерология дегеніміз не? Әдебиеттер: 1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998 2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977 3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968 4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975 5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б 6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994 7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық; Семей, 2011ж; «Интеллект». –279 бет. 8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж. 9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж. 12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж. 8 ДӘРІС Тарихи тақырып. Тарихи шындық пен көркем шындықтың арақатынасы Дәрістің мақсаты:Ғалымдардың сыный еңбектерімен таныстыру барысында,студенттерді сыни тұрғыда ойлауға баулу Дәрістің жоспары: 1.Тарихи прозадағы тарихи шындық пен көркем шындықтың арақатынасы. 2.Тарихи характер, тарихи тұлға және авторлық концепция. Қазақ халқының ұлттық ой-санасының жүдеп бара жатқанын көрген зиялы азаматтар 60-70-жылдардан бастап, халық тарихының оқиғалары негізінде ұлттық сананы оятып тәрбиелеуге көркем әдебиетті пайдалану мақсатын қойған еді. Ол үшін М.Әуезов негізін салған тарихи роман дәстүрін жалғастыру қажет болды. Қазақ тарихының әрқилы беттері жаңаша бажайланып, көркем бейнелеуге ие болды. І.Есенберлиннің, Ә.Әлімжановтың, С.Сматаевтың, Ә.Кекілбаевтың, М.Мағауинның, Ш.Мұртазаның, С.Жүнісовтің романдары жарық көрді. Мұндай ұлттық оянуды көптеген туысқан халықтар да басынан кешірді. М.С.Горбачевтың «Ұлтшылдық-реакциялдық» деп шошынуы осының әсері болатын. Социализмнің қайшылықтарын жамап-жасқап, «қайта құруды» ұсынған М.С.Горбачевтың съездегі пікірлерінде әдеби дамудың олқылықтарын орынды көрсеткен жерлері де бар. Ол Кеңес әдебиетінде шындықтың сыңаржақ алынып, өмірдің бірыңғай күнгей жағын суреттеу әдетке айналғанын көрсете отырып, «шындық – жалпылама емес, нақты түсінік. Ол халықтың жасампаз істері мен қоғам дамуының қайшылықтарында, еңбекпен өткен күндердің қаһармандылығы мен үйреншіктілігінде, жеңістер мен сәтсіздіктерде, яғни өмірдің өзінде, оның бүкіл алуан қырлылығында, драматизмі мен ұлылығында», – деді. Бұл пікірдің біз үшін маңыздылығы – шындықты тек халықтың жасампаз істері мен үйреншікті тіршілігінен ғана емес, қоғам дамуының қайшылық- тарынан, сәтсіздіктерден, өмірдің драматизмінен де іздеу қажеттігі туралы ойлары. Мұндай талаптар бұрын әдебиетке қойылмайтын, қайта әдебиетте қоғам дамуының қайшылықтарын айналып өту, одан жалтару әдетке айналған еді. Мұндай өмірді боямалап көрсету жұртты алдауға құрылғаны жалпыға мәлім болды. Партия мұны көріп, бұлтара алмай қалды. Сондықтан ол осы съезде «бірқатар жылдар бойы объективтік факторлар ғана емес, сондай-ақ ең алдымен субъективтік себептерге байланысты партия мен мемлекет органдарының практикалық іс-қимылдары уақыттың, нақты өмірдің талаптарынан артта қалып келгенін, елдің дамуындағы проблемалардың шешілуінен гөрі тууы шапшаңырақ болғанын, басқару әдістерінің тоқырауын, бюрократизмнің үдеуін, жұмыс қарқынының төмендеуін» мойындауға мәжбүр болды. Сәл кейін КОКП-ның қаңтар (1987) пленумында М.С.Горбачев «Жазушылық творчествоға партиялық көзқарас қалыптастыруды әдеби процеске жөнсіз араласу арқылы, идеялық ықпал етуді әкімшілік шешімдермен алмастыру арқылы жүргізу» саясатын сынады. Мұның барлығы коммунистік партия билігінің әлсіреп, өмір құбылыстарының өктем күйін мойындай бастағанының белгісі болатын. Бұл жағдайлардың біздің қаламгерлерімізге ой салғаны даусыз. Бұдан кейінгі дәуірде Кеңес қоғамының дамуы жолында қазақ халқы бастан кешкен қиыншылықтарға, аштық, халықтың қырылуы, жер аууы оқиғаларына көңіл аударыла бастады. Кеңестік бюрократтық жүйенің жұмыс әдістері сыналды. Адамдардың табиғатына осы жүйенің жетпіс жыл бойында күштеуі мен зорлауының қатты әсер еткені сөз болды. Мұндай сарындар Ә. Тәжібаевтың өлеңдерінде, С.Елубаевтың «Ақбоз үй», «Мінәжат» романдарында, С.Жүнісовтің «Аманай мен Заманай» повесінде, тағы басқа соңғы жылдары жазылған шығармалар да көрініс берді. Қазақ прозасының бұл кезеңіндегі ірі табыстарын «роман» жанрынан көруге болады. Ол өзінің бұрынғы озық дәстүрін жалғастырды. 1984 жылы ұзақ үзілістен кейін Ғабит Мүсірепов «Оянған өлкенің» екінші кітабын «Жат қолында» деген атпен жариялады. Оның негізгі оқиғасы бұрынғыша Қарағанды жерінде, өндірістің шетел капиталының қолына өтуі оқиғаларына құрыла суреттелді. Кейіпкерлері де негізінен бұрынғы таныс адамдар, жаңа кейіпкерлер ішінен дараланып көрінген – Игілік бидің баласы Кенжеғара. Жазушы шетелдік алып сатарлардың байлыққа құмартқан пиғылын, амал-айласын көз алдымыздан өткізеді. Ескінің тозып, жаңаның өніп келе жатқанын бейнелейтін күреске Кенжеғара араласады. Жас жігіт әділет жолын іздейді, тарих тағылымынан кеш қалған елін алға сүйреуді мақсат етеді. Роман ескі өмірдің күйреуімен, шетелдіктердің Қарағандыны тастай қашуымен аяқталады. Халық алға үмітпен қарайды. Осынша тарихты бастан кешіп, дүрбелеңге түскен даланың бейнесі - жазғы шапақты күні мен қысқы бораны, жайлауы мен жайлы шуақ түні үлкен суреткердің қолымен жарқын суреттеліп, романға өң берген. Қазақ тарихының кейбір мәселелері Ә.Әлімжановтың романдарында да көрініс тапқан. «Махамбеттің жебесі» (1969), «Ұстаздың қайтып оралуы» (1978) романдарында ол халық тарихының бүгінгі адам санасына ой саларлық фактілерін іріктеп алуға тырысады. Сонымен қатар жазушы одан жалпы адам баласы тарихына ортақ үндестік табады. “Махамбеттің жебесі” романында Әнуар қазақтың өмір бойы арыла алмай келе жатқан алауыздықтың, рушылдық дертін талдайды. Махамбеттей ұлы күрескер ақынды да мерт еткен осы мінез екеніне назар аударады. Оқырман көңіліне ол, халық мүддесін жоғары қоюдың, бірлік пен ынтымақтастықтың маңызын ұялатуға ұмтылады. Ал Махамбетті ру мен ауыл көлемінен әлде қайда жоғары, шын халықтық дәрежеге көтерілген ақын ретінде бейнелейді, оның бойына халық даналығының көп сипаттарын жинақтайды. Ақынның ел тағдырына кең көзбен қарауы осыдан. Тарихи роман өзгеше тездікпен дамыды. Ол басқа жанрлардың бәрінің алдына шықты. Халықтың өткен тарих пен оның негізгі оқиғалары, ел болу, дәстүрі, бостандық, азаттық идеяларының таралуы, сол бір тұстарда ел басқарған, ел намысын қорғаған азаматтар жайында білуге құмарлығы артты. Ұлттық сананың оянып, қазақтардың елдік салты жайында ойлана бастауы да коммунистік режимнің жібі босай бастағанының белгісі еді. Тарихи роман жанрындағы М.Әуезов дәстүрін жалғастыра отырып, қазақ романшылары осыған ұқсас әлемнің озық әдебиетінен сабақ алды. Тарих үлгісін өз дәстүріне сүйене отырып дамытты. Осы бір тұстағы тарихи роман жанрының жедел өсіп, ондағы қазақ халқы елдігін, арғы-бергі тарихын кең толғап, көркем талдауда І.Есенберлин, М.Мағауин, Ә.Кекілбаев, С.Мұқанов, Ә.Әлімжанов, С.Жүнісов, Д.Әбілев, С.Сматаев, Ш.Мұртаза, З.Ақышев, Ж.Молдағалиев,Д.Досжанов,т.б.жазушылар белсенді еңбек етті. Қазақ тарих-ына жұрт назарын аударуда әдебиеттің жетекші рөл атқарып, қоғамдық ой-пікірдің басқа салаларына ықпал етуі осы авторлар еңбектерімен тікелей байланысты. Тарихи шығарма – қазақ халқы бастан кешкен тарихи кезеңдердің шындығын танытуға арналды. Халықтың азаттық жолындағы күресі. Жаңа өмір үшін талас бұл шығармалардың негізгі өзегі болып табылады. Бұл салада Ғ.Мұстафиннің “Дауылдан кейін” (1957), «Көз көрген» (1963), С.Мұқанов «Есею жылдары» (1963), Х.Есенжановтың «Ақ жайық» (1957-1965), Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» (1961-1970), Ғ.Слановтың «Асау арна» (1962) сияқты романдарының атап айтарлық маңызы бар. Тарихи оқиғаларды терең талдап, олардың қоғамдық өмірдің өзгерістерін түсінудегі маңызын ашуға ұмтылыс бұл шығармаларды көп жағынан туыстырады. «Дауылдан кейін», «Көз көрген», «Есею жылдары» сияқты шығармалар жиырмасыншы жылдардағы қазақ жеріндегі сілкіністі рухани жаңаруға беталысты суреттейді. Оларда бейнеленген өмір сол дәуірдегі тап тартысының жағдайында өтеді. Негізінен жаңа өмір үшін күрестің күнгей жағын суреттеуге бейімделісімен, шығарма авторлары жаңа тұрмысқа көшу көшпелі қазақта оңайға түспегенін, олар көрген қиыншылықты көрсетеді. Алайда дәуір идеологиясының әсері байқалмай қалмайды. Халық басынан кешкен азайған зардаптары, күштеу, ашаршылық жайлары сөз болмай, тасада қалады. Тарихи романдар үлкен прозаның белгілі бір саласын толықтырып, халық тарихының өзекті мәселелерін көтеру арқылы оқырман үшін аса мағыналы танымдық қызмет атқарады. Қазақ халқының көне дәуірлерден басталған тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі барын, ел қамын жеген басшылары мен өнерінің, ғылымның үлкен тұлғалары болғанын әйгіледі. Олардың халықтық ойларымен таныстырды. Осы мәселелерді биік идеялық-көркемдік дәрежеде бейнелеу қазақ қаламгерлерінің де шығармашылық өнерде өскендігін танытты. Бұл шығармалардың таңдаулы үлгілері әлем әдебиетінің қорына қосылды. Тарихи романдардың табыстары мен идеялық-көркемдік тұжырымдамасы бүгінгі заман тақырыбына шығарма жазушылар үшін де мектеп болды десек, артық емес. Жаңа заманды жырлаушылар да белгілі тарихи кезеңнің шындығын суреттей отырып, оның заман мен адам үшін қалдырған ғибратын, өнегесін көруге тырысты. Қазақ халқының тағдыры туралы ойларға ой қосты. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1. М.С.Горбачевтың «Ұлтшылдық-реакциялдық» деп шошынуының себебі не? 2.1987 жылы КОКП-ның қаңтар пленумында М.С.Горбачев қандай саясатты сынады? 3. Қандай тарихи шығармалар – қазақ халқы бастан кешкен тарихи кезеңдердің шындығын танытуға арналды? Әдебиеттер: 1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998 2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977 3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968 4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975 5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б 6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994 7. Тоқсамбаева А.Қазіргі қазақ әдебиеті(1960- 2000).Оқулық;Семей,2011ж;«Интелл». –279б. 8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж. 9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж. 12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж. 9 ДӘРІС Ұлттық характер.Характер даралаудың көркемдік принциптері Дәрістің мақсаты: Белгілі бір тарихи оқиғаға баиланысты туған шығармалармен таныстыру. Дәрістің жоспары: 1. Қазіргі қазақ прозасындағы ұлттық характер және авторлық тұжырымдама. 2. Ұлттық характер даралаудың көркемдік принциптері. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1.60-70-жылдарда қандай тарихи романдар жарық көрген? 2. Бұл дәуірдегі қазақ әдебиетінде тарихи романдардың халықтық жаңа сапаға ие бола дамуы қандай дәрежеде болды? 3. Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлкенің» екінші кітабы «Жат қолындасы» не жайлы? 4. Ә. Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі», «Ұстаздың қайтып оралуы» романдары кімдерге арналған? 5. X. Есенжановтың «Ақ жайық»,Ғ.Слановтың «Асау арна» романдарындарының сюжеттік желісі не? Әдебиеттер: 1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998 2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977 3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968 4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975 5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б 6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994 7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық; Семей, 2011ж; «Интеллект». –279 бет. 8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж. 9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж. 12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж. 10 ДӘРІС Поэзия. Лирикадағы адам мен табиғат Дәрістің мақсаты: Қазіргі қазақ лирикасындағы қоғам және адам мәселесін талдап түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1.Қазіргі қазақ лирикасының көркемдік дамуы. 2.Қазіргі қазақ поэмасындағы қоғам және адам. Адам баласының эстетикалық мұраттарына қызмет ететін көркемөнердің ішіндегі ең ерекше және өміршең түрге айналған сөз өнері екенін ықылым замандардан бері азуы алты қарыс ойшылдар мен ғалымдар, сөз қасиетіне бойлаған адамдардың барлығы айтып келеді. Сөз өнері адамзат баласын өзге жанды жаратылыстардан айырып тұратын ерекшеліктің бірі де бірегейі. Сөз өнерін «дертпен тең» деп берген ұлы ойышылдан артып оның қадір-қасиетін ешкім де жеткізе алмас. Ал сөз өнерінің бүгінгі біз білетін, біздер танып түсінген айрықша түрлері, адам ойын жеткізудің түрлі формалары бар. Көркемөнер сөз өнерімен қаншалықты бағалы болса, сөз өнері поэзиямен соншалықты құнды. Сөз өнерінің құдіретті де қасиетті бір саласы – поэзия. Алла түсірген қасиетті кітаптардың да өлең өрнегімен жазылғанын бәріміз де білеміз. Осы тұрғыдан келгенде поэзия қаншалықты дарын мен қарым қабілетті, ғарыштан құйылар нұрлы сәулені тілейтінін түсінеміз. Қазақ әдебиеті қазіргі таңда поэтикалық жағынан алғанда әлемдік әдебиет жауһарларына қойылатын талаптардың барлығына жауап береді. Әдеби жанрларды игеру, олардың көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, психологиялық талдаулар жасау жағынан алғанда әдебиетіміздегі көркемдік көкжиектері жылдан жылға кеңейіп өзінің поэтикалық жағынан жетілгенін айқындап келеді. Поэзиялық туындылар қазіргі таңда ағым-бағыты, стилі, жанрдың сипатын ашуы жағынан ерекше бір көркемдік құбылысқа айналған. Лирикалық туындылардың көркем әдебиет жанрлары ішінде өзіндік маңызды орны бар. М.Әуезов «Қыз Жібек» жырындағы табиғаттың атқарып тұрған қызметі туралы былай дейді: «Ақын табиғат суреттерін де белгілі бір сезімге, іске айғақ етіп пайдаланған. Төлеген Жібектің көшіне күн шыға ілесіп, Жібекпен Жиренбай отауында талма-талтүс шағында жолығады. Бұл кез әлемнің күн нұрына мейлінше бөленген жарқын кезі. Бұл бақыт қуып, өрге басып бара жатқан екі ғашық сезімдеріне де ортақ болып тұр. Ал енді Қособаның түбінде күн бата Төлеген аттан құлап, қас қарая жан тапсырады. Бұл әлемге қараңғылық орнаған кез. Қара түн Төлегеннің арманда өлген қасіретіне ортақ болғандай». Ғалымның берген осы талдауы ауыз әдебиетіндегі табиғаттың терең мәнін тамаша жеткізген. Табиғат пен адамды қоян-қолтық, тығыз байланыста, қатарластыра суреттеу – психологиялық параллелизм арқылы кейіпкердің басында әр түрлі көңіл күйін беру ауыз әдебиетінен келе жатқан тәсіл екен. Жазба әдебиетінде табиғатты пайдалану әлдеқайда жоғары сатыға көтерілді. Классикалық әдебиетте философиялық терең астарлы, кең мағынаға ие болды. Сөйтіп, табиғатты пайдалану суреткер идеясын ашуда, образ жасауда басты компоненттердің біріне айналып отыр. Адам мен табиғаттың ара қатынасының не түрлі шебер суреттеулерін әлем әдебиетінен мол кездестіреміз. Бұл кейіпкердің жан дүниесіне терең бойлаудың бір жолы. Қазақ әдебиетінде психологиялық паралеллизмнің классикалық үлгісі, әдебиеті алдағы елдердің дәрежесіне көтерілген түрі Абай поэзиясында тамаша шешім тапқан. Абайдың пейзаждық лирикаларына жасаған талдауларында Әуезов Абайдың осы тақырыпқа әр кезеңде соғып отырғанын айта келіп: «...Әрине ол тақырыптарына қайта соғып отыру Абайдың бір орында тұрып қалуы емес. Бір басқан ізін қайта басу емес. Әр кезекте сол тақырыптарды, әр алуан оймен, көркемдік жолда ізденумен, сападан сапаға қарай өрлеумен жыр етеді. Бұның бәрі сыншыл және талабы зор, ізденгіш, шабытты ақынның ерекшелігі»– дейді. Табиғат – адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Табиғатты дүниежүзінің классик ақындарының бәрі жырлаған. Дәуірі мен ортасына, өзінің және басының көңіл күйіне байланысты әр ақын өзінше жырлайды. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты суреттейді. Табиғат лирикасы туралы айтқанда алдымен ұлы Абайды еске аламыз. Оның жылдың төрт мезгіліне арнап жазған өлеңдері осы уақытқа дейін оқушысын тамсандырып келеді. Айнала қоршаған орта және оның түрлі жаратылыс сырлары адамның назарын өзіне аудармай қоймаған. Осындай жағдайда ақындар табиғатқа арнап лирикалық өлеңдер жазған, біреулер табиғаттың пейзаждық суреттерін жасаған. Сол ақындардың біреуі Мағжан Жұмабаев. Оның шығармашылығын енді тереңірек, молырақ қарауға жол ашылған шақта, оның қай қырын ерекше сөз еткен орынды болар еді? Мұндай сауалға бірден кесіп жауап беру оңай емес. Мүмкін ақын туындыларының уақыт сынына төтеп берерлік тіл құнарлығы мен ой тереңдігін, сөз қолдану шеберлігін, жалпы көркемдігін басты ерекшелігі деп айтамыз. Өйткені оның өзіндік бет-бағдары мен айырым қырлары осы маңайдан табылмақ. Тәңірдей талантының, дарын табиғатының көрінісі осы бұлақтай мөлдір поэзиясынан көрінеді. Ол поэзияға басыңды иіп, тәнті боласың, таңданасың, таңырқайсың. Мағжан Жұмабаевтың ақындық ерекшелігін дәл тауып бағалап, көпшілікке жеткізу оңай емес, әрі ол бір күннің ісі болмас. Ой, қиял ұшқырлығы, молдығы, сөз кестесінің әр қилы, сан айшықты болып келуі – мүлде бөлек дүниелер. Поэтикалық туындыда ақындар Табиғат-ананың бір сәт қайталанбас сұлулығын дәлелдікпен көрсете білу жолында түрлі көркемдік ізденістерге барады. Әркім болжай алмайтындай, мұндай дәлдікті көрсету үшін, алдымен, оны білу, әсемдікті тану – ақын тұлғасын өсіретін осы жайттар. Осы ретте ақын Ұлықбек Есдәулет өлеңіне назар аударайық: Аспанмен жатқан астасып, Теңіздің төсін бетке алып, Жағамен күліп қоштасып, Кетейік жолға аттанып... Туған жер - бар ақынның жырының өзегі. Әрқайсысының өз орны бар. Ақиқат пен әсемдікті қатар өріп, нақты образ жасайды, шындық шырайын шығарып, сұлулық бояуын қанықтырады. Қазіргі қазақ лирикасындағы көркемдік, бейнелілік мәселесін сөз еткенде әдіс, ақындық шеберлік мәселесі алдыңғы орында тұрады. Ф.Оңғарсынова, Ж.Әбдірашев, Ж.Жақыпбаев, К.Мырзабеков, Е.Раушанов Н.Мәукенұлы, Г.Салықбай ерекше қолтаңбасымен танылып, қазақ поэзиясы үшін үлкен жаңалық болған романтизмнің субъективті-философиялық, элегиялық сипатын, модернизм белгілерін өз шығармаларында тереңдете түсті. Сондай-ақ тұспалдап, ишаралап бейнелеуімен маңызды, кешегі Мағжан, Бернияз, Қасым поэзиясынан бой көрсеткен кейіптеу мен психологиялық егіздеу тәсілдерін жымдастырған символдық тәсіл қазақ лирикасына тән болды. Жалпы, қазіргі лирикадағы кейіптеу мен психологиялық егіздеу сияқты бейнелеу құралдарын зерделегенде біздің негізгі нысанға алғанымыз қазіргі поэзияның көркемдік ерекшелігін нақтылау болды. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1 Поэзиялық туындылар қазіргі таңдағы ролы қандай? 2. М.Әуезов «Қыз Жібек» жырындағы табиғаттың атқарып тұрған қызметі туралы не дейді? 3.1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Аманкелді Имановтың жастық шағына арналған романды кім жазды? 4. Қазіргі қазақ лирикасындағы көркемдік, бейнелілік мәселесін сөз еткенде не алдыңғы орында тұрады? Әдебиеттер: 1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998 2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977 3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968 4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975 5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б 6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994 7.Тоқсамбаева А.Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық;Семей, 2011ж;«Интелл». –279б. 8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж. 9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж. 12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж. 11 ДӘРІС 11.Қазіргі қазақ драматургиясы. Жанрлық сипаты, поэтикасы, проблематикасы Дәрістің мақсаты: Қазіргі қазақ драматургиясының жанрлық сипатын, проблематикасын түсіндіру.. Дәрістің жоспары: 1. Қазіргі қазақ драматургиясының дамуы. 2.Драматурги ядағы тартыс және көркем характер. Қазіргі қазақ драматургиясы – қазақтың XX ғасырдағы классикалық әдебиеті дамуының заңды жалғасы. Драматургия – көркем әдеби тек (драма, трагедия, комедия) жанрларының өнернамалық жүйесі. Қазақ сөз өнеріндегі дәстүрлі негізі әдебиет шығармалары мен фольклор мұраларында (би-шешендер сайыстары, ақындар айтыстары, жар-жар, беташар, алтыбақан, т.б.) негізі қаланған ұлттық сөз өнерінің бұл саласы қазақтың рухани мәдениетінің әлем өркениетіндегі көрнекті орнын да танытты. Драматургия шығармалары қаламгерлердің тарихи кезеңдердегі халық тағдырын көркем шындық поэтикасы зандылықтары аясында бейнелеуімен ерекшеленеді. Драматургия туындылары (пьесалар, спектакльдер, либреттолар) арқылы әдеби тек саласы драма жанрларының (драма, трагедия, комедия) теориялық ерекшеліктері саралана айқындалады. Драматургия ұғымының аясында театр сахналарындағы туындылар мен деректі, ғылыми-фантастикалық, көркем фильмдердің де қойылымдық- режиссуралық көркемдік шешім ерекшеліктері айқындалады. Драматургиядағы шығармалар – әдебиет оқырмандары мен театр, кино көрермендеріне арналған көрнек өнері (көркемөнер) рухани құндылықтары. Қазақ топырағында драматургияны дамытқандар қатарында Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Жұмат Шанин пьесалары ұлттық классикалық дәстүр жолын қалыптастырды және т.б. кейінгі толқын драматург-қаламгерлер шығармашылығы арқылы жалғасты. Драматургия саласындағы әдебиеттану мен театртану, өнертану тұрғысындағы егізделе, теориялық-тәжірибелік тұтастықпен өрілген зерттеулер, танымдық бағалаулар да үздіксіз жазылумен келеді. Аристотельдің «Поэтика», Никола Буалоның (1636-1711), «Поэтикалық өнер» (1674), Дени Дидроның «Актер туралы парадокс» (1773-1778 жылы жазылып, 1830 ж. жарық көрген), «Драмалық поэзия туралы», Гатхохольд Эфраим Лессингтің «Гамбургтік драматургия» (1767-1769) атты еңбектерінде классикалық драматургияның поэтикалық табиғаты туралы бағалаулар жазылды. Георг Вильгельм Фридрих Гегельдің (1770-1831), В. Г. Белинскийдің (1811- 1848) еңбектерінде де драматургия мәселелеріне байланысты пікірлері бар. Әдебиеттану, театртану-өнертану тұрғысында жазылған қазақ зерттеушілерінің (С. Сейфуллин, М. Әуезов, Ж. Шанин, А. Тоқпанов, Ә. Тәжібаев, С. Ордалиев, Б. Құндақбаев, Р. Нұрғалиев, Р. Рүстембекова, Ә. Сығаев, Ә. Бөпежанова және т.б.) еңбектері осы саладағы зерттеулер жүйесін құрайды. XX ғасырдағы әдеби үдерістегі ұлттық әдебиет алыптарының драматургияны құрайтын шығармашылығы көрнек өнері туындыларына тән ортақ көркемдік-эстетикалық дүниетаным болмысын дәлелдеді. Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» (1926) кітабында «Айтыс-тартыс» тақырыбымен берілген драматургияға байланысты айтылған бағалау да сахналық қойылымның көру, қабылдау аясындағы танымдық- эстетикалық табиғатын түсінуге бағдарлайды: «Уақиға көз алдымызда болып, адамдардың тіршілік жүзінде айтысып-тартысып өмір шеккенін көреміз. Тіршілік майданында адамдардың ақылы жеткенше амалдап, қайратына қарай қару қылып, алысқаны, арбағаны, қуанғаны, жылағаны, ойнағаны, күлгені, сүйінгені, күйінгені, жауласқаны, дауласқаны, бітіскені, жарасқаны өмір жүзіндегідей көрініп, көз алдыңнан өтеді» Қазіргі заманғы анықтама бойынша: «Драматургия (грек. Dramaturgіa – 1. драмалық шығарманы құрудың теориясы; 2. белгілі бір халықтың я автордың драмалық шығармаларының жиынтығы») (Орысша-қазақша сөздік: 70 000 сөз / Н. Т. Сауранбаев, Г. Г. Мұсабаев, Ш. Ш. Сарыбаевтың редакциялық басшылығымен, қайта өңдеген және толықтырылған үшінші басылымы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 1152 б.; 227-б.). Қазақ драматургиясы – әлем өркениетіндегі классикалық жанрлар үлгілерімен үндес туындыларымен өзіндік даму белестерінен өтіп келеді. XX ғасырдың басындағы қазақ драматургиясы К. Тоғысовтың «Надандық құрбаны» (1915), Ж. Аймауытовтың «Рәбиға», «Ескерту», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Шернияз», Қошмұхаммед (Қошке) Кемеңгеровтің «Алтын сақина», «Парашылдар», «Ескі оқу», Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Ел ағасы», «Бәйбіше-тоқал», «Қарагөз», «Абай», «Хан Кене», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Айман-Шолпан», «Тас түлек», «Шекарада», «Түнгі сарын», «Сын сағатта», «Намыс гвардиясы» (Ә. Әбішевпен бірігіп жазған), Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар», «Бақыт жолына», Бейімбет Майлиннің «Шаншар молда», «Ел мектебі, «Неке қияр», «Айша», «Сәлде», «Көзілдірік», «Майдан», «Аманкелді» (Ғ. Мүсіреповпен бірігіп жазған), Ілияс Жансүгіровтің «Кек», «Түрксіб», «Біздің жігіттер», «Исатай- Махамбет», Сәбит Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов», «Күрес күндерінде», Ғабит Мүсіреповтің «Аманкелді» (Б. Майлинмен бірігіп жазған), «Ақан сері – Ақтоқты», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» операсының либреттосы т.б. көрнекті драматург-қаламгерлердің (Ж. Шанин, Ә. Тәжібаев, Ә. Әбішев, М. Ақынжанов, т.б.) пьесалары-спектакльдері ұлттық әдебиет пен театр өнерін дамытуға мол үлес қосты. Қазақ драматургиясының жаңа толқын қаламгерлермен толығу кезеңі – XX ғасырдың 60-70 жылдары. Бұл кезеңдегі қазақ драматургиясына қосылған қаламгерлер (Қалтай Мұхамеджанов, Қанабек Байсейітов, Қуандық Шаңғытбаев, Тахауи Ахтанов, Сәкен Жүнісов, Әкім Тарази (Әкім Әшімов), бұлармен ілесе Әбіш Кекілбаев, Оралхан Бөкеев, Қалихан Ысқақов, Баққожа Мұқаев, Оразбек Бодықов, Дулат Исабеков, Асқар Сүлейменов, Софы Сматаев, Төлен Әбдіков, Нұрлан Оразалин, Иранбек Оразбаев, Сұлтанәлі Балғабаев, Жолтай Әлмашұлы, Роза Мұканова, т.б. каламгерлер қазақ драматургиясының көркемдік-эстетикалық қазынасын байыта түсті. Қазіргі қазақ драматургиясы әлемдік классикалық дәстүрді шығармашылықпен қабылдай отырып, ұлттық топырақтағы осы өнердің өркендеуіне жаңашылдықпен үлес қосып келеді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі салтанат құрған жылдары жазылып, бірқатары театр сахналарында қойылып келе жатқан әртүрлі такырыптардағы пьесалар классикалық драматургия жанрларының уақыт пен кеңістіктегі еміршең, ұлағатын айғақтайды. Қалихан Ысқақовтың «Қараша қаздар қайтқанда», «Таңғы жаңғырық», «Есеней — Ұлпан», «Жан қимақ», «Сабатаж!», «Қылкөпір», «Мазар», «Ерліктің екі сағаты», «Апатай», «Жәке- Жәкетай», «Сайқының тұқымдары», «Қазақтар» (Шахимарденмен бірлесіп жазған) барлығы жиырмаға жуық пьесасы бар. Дулат Исабековтің пьесалары да әралуан тақырыптық, жанрлық ерекшеліктерімен әдебиетіміздің драматургия саласының дамуы қорын молайтты. Драматургтің «Ректордың қабылдау күндері» (1975), «Әпке» (1982), «Ертеңді күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан келген ананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986), «Анасын аңсаған қыз», «Ескерткіш операциясы», «Алтын тордағы топты» («Актриса»), «Ескі үйдегі екі кездесу», «Тор» пьесалары театрлар сахналарында үздіксіз қойылуда. Қаламгердің «Жеті желкен» (1987) атты таңдаулы пьесалар жинағы жарық көрген. Иранбек Оразбаевтың (Иранғайып) «Хайуандық комедия», «Алтын адам», «Естайдың Қорланы», «Қорқыттың көрі», «Махамбет», «Мауглидің оралуы», «Шоқан», «Мен ішпеген у бар ма?..», «Былыққа батқан қала» пьесалары бар. Нұрлан Оразалиннің «Шырақ жанған түн», «Тас киіктер», «Ақ құс туралы аңыз», «Қара қазан ғасыры» пьесалары оның ақындық сыршылдығы ықпалындағы лирикалық, психологиялық сарындылығымен ерекшеленеді. Сұлтанәлі Балғабаев – қазіргі казақ әдебиетіндегі көрнекті драматург- қаламгер. Жазушының «Ғашықсыз ғасыр», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Ең әдемі келіншек», «Қыз жиырмаға толғанда», «Қазақша күрес», «Жамбала, Мико және қасқыр», «Біз де ғашық болғанбыз», «Ғашықсыз ғасыр», «Әйелдер әлемі» пьесаларында өмір шындығының сан түрлі мәселелері камтылған. Жазушының пьесаларында қазіргі заманғы отбасылық-тұрмыстық өзекті мәселелер драмалық, трагедиялық, комедиялық сипаттар тұтастығымен бейнеленген. Мысалы, «Ең әдемі келіншек» лирикалық-психологиялық әуенді пьесасындағы кейіпкерлер тағдыры қайшылықты тіршілік келбетін, әралуан адамдар тағдырларын романтикалық және реалистік болмысымен көз алдымызға әкеледі. Пьесаның басты кейіпкері – Гүлбаршын. Осыдан он жыл бұрын Алматыдағы жоғары оқу орнын бітіргендер сол айтулы күнді атап өту үшін жиналып, тойлап жатқан қауышулар сәттеріндегі сезім өрнектері, тағдырлар тоғысуы – сахналық койылым жағдайына орайластырыла берілген. Басты кейіпкер Гүлбаршын мен жанама кейіпкерлердің (Абдолла, Алтай, Жиенбай, Мадина, Зухра) монологтары мен диалогтары арқылы – әйелдер мен еркектер арасындағы шынайы махаббат пен тағдыр ықпалындағы қарапайым жұбайлық ғұмырға көнетін тұрмыстық психология қайшылығы көрсетілген. Студенттік жылдарының алғашқы курсында он алты жастағы Гүлбаршын бірге окитын Алтайға ғашық болған екен. Алтайға деген алғашқы махаббат сезімін ұмытпаған Гүлбаршынды аласапыран көңіл-күйдегі хал-ахуалымен көреміз. Өзі сүйген адамы Алтайға қосыла алмағандықтан, күйінішті болып жүрсе де, өлердегі сөзін айтып соңынан қалмай қойған Жиенбайға тұрмысқа шыққан, бірақ оның қызғаншақтығынан, ақыры сотталып кетуінен кейін жалғыз жүрген Гүлбаршын тектес тағдырларды елестетеді. Пьесаның сюжеттік-композициялық құрылысындағы Гүлбаршынның сырт сұлулығына, мінез тартымдылығына еліккен Абдолланың да, бұрынғы өзіне ғашық қыздың ықыласына қайта ие болғысы келген Алтайдың далбаса – екіұдай көңіл- күйі де сенімді өрілген. Пьесаның көркемдік_түйіні – ғұмырдың сұлулығы өзіңді жақсы көретін адамның сезімі екендігін бағалау. Пьесаның көркемдік шешімін танытатын кейіпкер Жиенбайдың диалогтары мен монологтары әйелді жан- тәнімен сүйген еркектердің орынсыз қызғанышқа ерік беретініне де, маскүнемдікке салынатынына да, қызғанған адамдарымен төбелесетініне де, содан сотталатынына да кейіпкер тағдыры сендіреді. Бірақ, өзі ғашық болып қосылған әйелден ешқашан ажырағысы келмейтін, жылдар өтсе де қайта қосылудан күдер үзбейтін еркек махаббаты Жиенбай тағдыры арқылы жинақталып берілген Пьеса сюжетінің шешімінде адамдардың алып-ұшқан асау сезім құрсауына қанша түссе де, бәрібір тұрмыс заңдылығына бағынатындығы дәлелденеді. Өзіне өліп-өше ұмтылған Абдоллаға да, бір сәттік қайта оянған сезімін білдірген Алтайға да берілмей, қанша алабұртып толқыса да, өзіндік өмірлік тұрағына мәңгілікке оралған Гүлбаршын тұлғасы арқылы тиянақты шешімді тектес адамдардың мінез-құлық психологиясы көркем шындықпен жинақтала көрсетілген. Жазушының «Біз де ғашық болғанбыз», «Қыз жиырмаға толғанда», «Ғашықсыз ғасыр», «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек» атты пьесаларында да еркек пен әйел арасындағы сан алуан кайшылықтар егізделген тұрмыстық- әлеуметтік хал-ахуал мәселелері қамтылған. «Біз де ғашық болғанбыз» пьесасының сюжеттік-композициялық желісінде заманымыздың ең өзекті мәселесі – отбасы бірлігінің сақталуы нысанға алынған. Қыз бен жігіт кезінде бірін-бірі ұнатып қосылған көп жұбайлардың отбасын құрып бірге тұру сынағына төтеп бере алмай, о бастағы тұтанған, шын сүю сезімін, махаббатты қорғай алмай ажырасып кететінін, бірақ екеуі де тап сондай кайталанбас ғажайып шынайы сезімді өмір бойы аңсап өтетінін, ажырасқандарына өкінетіндерін автор пьеса кейіпкерлері Дәукен (Дәуітрахымбай) мен Зияда тағдырлары арқылы дәлелдеген. «Қыз жиырмаға толғанда» пьесасы адамның жүрек қалауы мен жұбайлық ғұмырдағы сыйластық, адамгершілік ар алдындағы жауапкершілік мәселесіне арналған. Басты кейіпкерлердің бірі Ғайыпберген – тұрлаулы сезімі жоқ, өзіндік күнделікті ұсақ-түйек тұрмыстың мәселелерін шашу үшін өзін шын ұнатқан қыздармен, әйелдермен көңілдес |ПОӘК 042-18-29.1.8/03-2013 |№1 басылым 05.09.2013 |10беттің 8-беті | болудан ләззат алатын, тіршілік қозғалысындағы адамдарда шынайы махаббат, шын беріле сүю сезімінің болуын мойындамайтын адамдардың жинақталған бейнесі. Асыл, адал сезім иесі Тәукенмен диалогы да өмір шындығын көз алдымызға әкеледі: «Әй, жігіт! Білесің бе, дүниенің бәрін бүлдіретін, болмайтын нәрсені ойлап тауып жұрттың басын қатыратын мына сендер сияқты адамдар! Әр нәрсенің шегі болуға тиіс. Ғашықтық та, махаббат та солай! Біреуді сүй, ұнат, бірақ соншалықты фанатик болуға бола ма екен?! Өмірдің қарапайым логикасы бар емес пе?! Екеуі де бірін-бірі жақсы көретін және екеуінің де тал бойына бір міні жоқ керемет адамдардың қосылуы неғайбыл. Және қосылған күнде де өмір бойы махаббаттары жалындап, бір-бірінің бетіне карап, Қозы Көрпеш-Баяндай болып өтеді деп пе едін?!» Ғайыпберген тектес адамдардың осындай жан ділі психологиясының ықпалымен тұрмыстық-әлеуметтік ортадағы азғындаудың, тұрлаусыздықтың, селқостықтың, салғырттықтың адамдар қарым-қатынастарындағы опасыздықтың, екіжүзділіктің, т.б. жағымсыз қасиеттердің мол орын алып келе жатқаны анық. Жазушы осындай адамдарды тани білу керектігін ұғындырғысы келген. Пьесада Жібекті шын сүйетін, аруы өзіне бұйырмаса да тек оған жақсылық тілеумен ғана өмірін өткізуге пейілді. Пьесаның негізгі басты кейіпкер, Жібек пен оның жанындағы жанама кейіпкерлер (Жібектің анасы, Ғайни, тежілеулес достары Есімсейіт, Тәукен) – өмірдің, адалдыққа, пәктікке, шынайы сезімге толы болмысын дәлелдейтін тағылымын дәлелдейді. Басты кейіпкер Жібек – анасы Ғайни айтқандай: «Ақылы бар өзінің! Тек аздап қиялшылдау. Бала сияқты! Тауды, тоғайды, даланы жақсы көреді. Әкесі де сондай еді… Соған тартқан», – сипатымен танылады. Пьеса – адамгершілік-имандылықтың, махаббаттың, ғашықтықтың адамзат ұрпақтарына тән басты ұстаным екендігін дәлелдеуге құрылған туынды. Шығарма арқауындағы негізгі қайшылық – шынайы махаббат сезімі бар адамдар мен тұрлаусыздық, жеңіл ойлылық, көрсеқызарлық құрсауындағылар арасындағы үйлесімсіздік. Шығарманың алтын желісі – адамгершілік-имандылық қасиеттерінің мәңгілік үзілмейтін ұстанымының беріктігін, қуаттылығын таныту көзқарасы. Пьесаның композициясындағы идеялық желіні адамдарды өмір бойы ар, адамгершілік сотының алдында жауап беріп жүргендей мағынада алуы да дәйекті. Ал, пьесадағы бұрынғы ата-бабалардың алдыңғы буын өкілдерінің отбасылық ұйытқыны, ерлі-зайыптылар татулығын, еркек пен әйел махаббатының беріктігін кіршіксіз сақтаған касиетті дәстүрін бүгінгі ұрпаққа жеткізушілер, болашаққа ұластырушылар тұрпатын Жібектің анасы Ғайни бейнесі айқын елестетеді. Пьесаның сонында өзі ұнатқан адамның сұрықсыз, мағынасыз болып шыққан сықпытынан түңілген Жібектің екінішті сөздеріне анасы Ғайнидың айтқан жауабы рухани қуат беретіндей сенімді естіледі. Пьеса соңында анасының сөздерінен қуаттанған кейіпкер Жібектің тілеулес досы Есімсейітке өзіне деген сенімін, жақсылық, сұлулық тұғырында болуға деген құштарлығын білдіріп тұрған толғаныстары да шығарманың идеялық тұжырымындай көрінеді. Қаламгердің «Ғашықсыз ғасыр» пьесасының такырыбы – отбасылық, ерлі-зайыптылық тұрмыс, идеясы – тіршілік қақтығыстарына төтеп бере алатын еркек пен әйел арасындағы шынайы махаббат сезімінің қуаттылығын таныту. Пьесадағы ең басты өзекті мәселе – өмірге келген, енді келетін жаңа ұрпақ тағдыры. Басты кейіпкерлері – біздің замандастарымыз. 47 жастағы ғылым докторы, профессор Қайырбай мен 43 жастағы ғылым кандидаты Фарида жастай бірін-бірі сүйіп қосылған, төрт перзенттері бар, кенжесі Жұлдыз – мектептегі жоғары сынып оқушысы. Тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы жақсы отбасы үшін пьеса сюжетіндегі шиеленісті жағдайы – Қайырбайдың ұлды болу мұратымен Нәзікеш есімді қызбен көңіл қосып, оның екіқабат болып үйге өзі іздеп келгені. Қазіргі үйінен амалсыз кетіп, бірақ ұл емес, қыз туған Нәзікешпен бірге тұрған кезі Қайырбай үшін жайлы болмады. Оқиғаның |ПОӘК 042-18-29.1.8/03-2013 |№1 басылым 05.09.2013 |10беттің 8-беті | шиеленісті, шарықтау кездерінде Фарида мен Қайырбайдың қайта қауышуын, Қайырбайдың жүрек ықыласына ие бола алмаған Нәзікештің бөбекті Фаридаға әкелгенін, өзінің басқа жаққа кеткенін, Жұлдыздың сәби-сіңлісін жұбатып, жылы жүрекпен қабылдағанын көреміз. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1. Қазақ топырағында драматургияны дамытқандар кімдер?. 2. Қазіргі заманғы отбасылық-тұрмыстық өзекті мәселелер бейнеленген қандай драмалық, трагедиялық, комедиялық шығармалар бар? 3. Қазіргі казақ әдебиетіндегі көрнекті драматург-қаламгер Сұлтанәлі Балғабаевтың қандай драмалық шығармалары бар екен? Әдебиеттер: 1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998 2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977 3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968 4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975 5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б 6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994 7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық; Семей, 2011ж; «Интеллект». –279 бет. 8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж. 9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002 11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж. 12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж. Магистранттардың оқытушының басшылығымен орындайтын өздік жұмысына әдістемелік нұсқау І Реферат жазу. Өздік жұмысының мақсаты: Дәріс, семинар сабақтардың ғылыми мәнін арттыру, студерттердің қабілетін дамытып, ойын шашыратпай, ғылыми тұрғыда жазуға баулу. Әдістемелік нұсқау: Реферат А4 форматта жазылады. Қолдан жазылған реферат көлемі 13-15 бет, ал компьютерден басылған реферат көлемі 10-12 бет болу керек. Реферат құрылымы: 1)жоспары; кіріспе; негізгі бөлім: қорытынды; қолданылған әдебиеттер тізімі. Сыртқы беті стандартқа сай, комьпютерге басылған болуы тиіс. ІІ Конспект жазу. Өздік жұмысының мақсаты: Студенттерді жүйелі,мағыналыжазуға баулу. Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырыпты түсінікті етіп қысқаша, тұжырымдап, ықшамдап, көшіріп жазу. Жазу барысында тақырыптан ауытқымай,жүйелеп жазу керек.Конспект қолмен жазылады. IIІ Баяндама жазу. Өздік жұмысының мақсаты:Қысқа,жүйелі сөйлеуге баулу. Әдістемелік нұсқау:Тақырыпқа байланысты жүйелі түрде қысқаша баяндау керек. Магистранттардың оқытушының басшылығымен орындайтын өздік жұмыстары. 1 МОБӨЖ Қазіргі қазақ прозасындағы адам және қоғамдық сана. (Реферат 20-25бет) Өздік жұмысының мақсаты: Қазіргі қазақ прозасының жанрлық байлығы мен стильдік көп қырлығын таныту Әдістемелік нұсқау: Прозаның гуманистік мазмұнының тереңдеуі. Адамның адамгершілік және іскерлік қабілеттерінің суреттелуі. Ауыл мен қала, өндіріс пен шаруашылық мәселелерінің көріністері. Тоғышарлық пен тоқырау белгілері. Жұмысшы, шаруа және интелегенция образын жасаудағы ізденістер, жетістіктер. Тартыс сипаты мен характер ерекшелігі. Заман тынысы мен замандас тұрғысы. Әлеуметтік-философиялық проза. Психологиялық проза. Публицистикалық проза. Лирикалық проза. Хроникалық проза. Биографиялық проза. Документальды проза. Прозаны бұлайша топтастырудың шарттылығы. Образ жасаудағы ізденістер. Сөз бен істің үндестігі мен қарама-қайшылығы және олардың характер шындығын танытудағы ролі. Жазушының портрет жасаудағы шеберлігі. Монолог пен диалог. Образ жасаудың амал-тәсілдерінің өзара байланысы. Ә.Нүрпейісов, Т.Ахтанов, Ә.Нұршайықов, З.Қабдолов, О.Бөкей, Қ.Жұмаділов, Б.Соқпақбаев, І.Есенберлин, Ә.Кекілбаев, Қ.Ысқақов,т.б. қаламгерлер шығармаларындағы көркемдік-идеялық ізденістер. 2 МОБӨЖ Қазіргі қазақ прозасындағы адамгершілік, имандылық мәселелері ( Конспект 13-15 бет) Өздік жұмысының мақсаты: Қазіргі қазақ прозасындағы адамгершілік, имандылық мәселелері туралы дәрістен алған білімдерін шыңдай түсу. Әдістемелік нұсқау: Ар – ұждан, адамгершілік мәселесі қай заманда да, қай халықтың әдебиетінде болсын мәңгілік көтеріліп келе жатқан ауқымды тақырыптардың бірі екендігіне тоқталыңыз. Қаламгерлер өз шығармалары арқылы өздері өмір сүрген дәуірдің келбетін, шындығын нақты бір образдар бойына сыйғызып отырғандығ жайында сөз қозғау. Осы кейіпкерлері арқылы рухани жұтаңдықты, тоғышарлықты, аяр заманның азғын адамдарын, зұлымдықты, тағы басқа да жамандық атаулыны өлтіре сынағандығы туралы айту. 3 МОБӨЖ Қазіргі қазақ әдебиетіндегі тұлға концепциясы. (Ғылыми мақала әзірлеу 5-6 бет.) Өздік жұмысының мақсаты: Қазіргі қазақ әдебиетіндегі тұлға концепциясы туралы дәрістен алған білімдерін ғылымиландыру. Әдістемелік нұсқау: Қоғамды жасақтаушы адам тұлғасын, оның ішкі дүниесін, ой әлемін, барша жұмбақты болмысын зерттеп қана қоймай, жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына, рухани игіліктерді бойына жинақтауға ықпал ететінімен ерекшелетіндігіне тоқталыңыз. Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі екендігіне,. адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орнына, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар екендігі туралы айтыңыз. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алатындығы, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтитындығы жайлы сөз қозғау. «Тұлға» концепциясына тоқталған жазушылар турлы. 4 МОБӨЖ Адам және табиғат. (Баяндама 4-5 бет) Өздік жұмысының мақсаты: Магистранттарды ғылыми мақала жазуға баулу. Әдістемелік нұсқау: Адам мен табиғат қоян-қолтық, тығыз байланыста, қатарластыра суреттеу – психологиялық параллелизм арқылы кейіпкердің басында әр түрлі көңіл күйін беру ауыз әдебиетінен келе жатқан тәсіл екендігі.. Адам мен табиғаттың ара қатынасының не түрлі шебер суреттеулерін әлем әдебиетінен мол кездестіретіндігіміз жайлы. Бұл кейіпкердің жан дүниесіне терең бойлаудың бір жолы. Қазақ әдебиетінде психологиялық паралеллизмнің классикалық үлгісі, әдебиеті алдағы елдердің дәрежесіне көтерілген түрі Абай поэзиясында тамаша шешім тапқан. Абайдың пейзаждық лирикаларына жасаған талдауларында Әуезов Абайдың осы тақырыпқа әр кезеңде соғып отырғанын айта келіп: «...Әрине ол тақырыптарына қайта соғып отыру Абайдың бір орында тұрып қалуы емес. Бір басқан ізін қайта басу емес. Әр кезекте сол тақырыптарды, әр алуан оймен, көркемдік жолда ізденумен, сападан сапаға қарай өрлеумен жыр етеді. Бұның бәрі сыншыл және талабы зор, ізденгіш, шабытты ақынның ерекшелігі»– дейді. Табиғат – адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Табиғатты дүниежүзінің классик ақындарының бәрі жырлаған. Дәуірі мен ортасына, өзінің және басының көңіл күйіне байланысты әр ақын өзінше жырлайды. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты суреттейді. 5 МОБӨЖ Адам және ұлттық рух. (Мақала әзірлеу 4-5 бет.) Өздік жұмысының мақсаты: Магистранттарды өз ойын тұжырымдап айтуға баулу. Әдістемелік нұсқау: Қазіргі қазақ прозасындағы ұлттық характер және авторлық тұжырымдамалар туралы. Ұлттық характер даралаудың көркемдік принциптеріне тоқталыңыз. Ұлттық рух дегеніміз не сол туралы айтыңыз, мысалдар келтіріңіз.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz