Файл қосу

Ғимараттарды және имараттарды тексеріп, сынау




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                           |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                     |
|3 дәрежелі СМЖ құжат       |ПОӘК              |                               |
|                           |                  |ПОӘК 042-18-14.1.53/02-2014    |
|Студенттерге арналған      |№1 баспа          |                               |
|«Ғимараттарды және         |6.01.2014ж.       |                               |
|имараттарды тексеріп,      |                  |                               |
|сынау» ПОӘК                |                  |                               |








               «Ғимараттарды және имараттарды тексеріп, сынау»

                       ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ




                       5В072900  “Құрылыс ” мамандығы









                        СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘННІҢ ЖҰМЫС


                              ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
























                                 Семей 2014



                                   Алғысөз


    1. ӘЗІРЛЕГЕН
    1.1.  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы   мемлекеттік   университеті,
“Геодезия және құрылыс” кафедрасының  аға  оқытушылары  Уркинбаева  Жузимкул
Исаевна, Аубакирова С.М.

   «____» _____201__ ж. № _____


    2. ТАЛҚЫЛАНҒАН
    2.1  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік   университетінің
     «Геодезия және құрылыс» кафедрасының отырысында


     Хаттама «_____» _______ 201____ жылғы,  № ______


    Каф. меңгерушісі ____________   Күдеринова Н.А.








    2.2.  «Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар»  факультетінің   оқу-
    әдістемелік бюросы отырысында


     Хаттама «_____» _______ 201____ жылғы,  № ______


    Төрайым ____________    Бекбаева Р.С.








    3. БЕКІТІЛГЕН
    Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында келісіліп,  баспаға
    ұсынылды


     Хаттама «_____» _______ 201____ жылғы,  № ______



         ОӘК төрайымы________________Искакова Г.К.
















                                   Мазмұны


|1   |Жалпы ережелер                                                    |    |
|2   |Пән бойынша жұмыс бағдарламасының мазмұны және сабақ түрі бойынша |    |
|    |сағат санын бөлу                                                  |    |
|3   |Пәнді оқу үшін әдістемелік нұсқаулар                              |    |
|4   |Курстың форматы                                                   |    |
|5   |Курстың саясаты                                                   |    |
|6   |Баға қою саясаты                                                  |    |
|7   |Әдебиеттер                                                        |    |
|    |                                                                  |    |
































       1 Жалпы ережелер
    1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
            •  Оқытушының  аты,тегі,  әкесінің  аты  –Уркинбаева   Жузимкул
              Исаевна;   Аубакирова Сымбат Муратовна
            • Кафедра – Геодезия және құрылыс;
            • Байланыс тел: 35-84-38, №1 корпус; № 1003 кабинет;
            • Дәрісті өткізетін орын – 1004,1010 аудиториялар;
            • Кредит саны – 2:


    2.  Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы.
    «Ғимараттарды және имараттарды тексеріп, сынау»пәні 5В072900  “Құрылыс”
   мамандығында оқитын студенттерге базалық міндетті пән түрінде  оқытылады.
   «Ғимараттарды және имараттарды тексеріп, сынау»  пәні  ғимараттарды  және
   имараттарды тұрғызуда оларды тексеріп, сынаудың әдістері  мен  тәсілдерін
   көрсетіп, салынған ғимараттар мен имараттардың беріктігін және оны ұзарту
   жолдарымен таныстырады.


    3.  «Ғимараттарды  және  имараттарды  тексеріп,  сынау»пәнін   оқытудың
       мақсаты:
        - құрылыс және оны тексеріп-сынау ісі туралы қажетті  білім  көлемін
игеру
     -  ғимараттар  мен  имараттарды   тексеріп-сынау   ісін   функционалды
       тағайындалуы бойынша сынаудың негізгі принциптерімен танысу;

       1.4 Пәнді оқудағы негізгі міндет:
          - болашақта кәсіби шеберлігін шыңдауда,  өндірістік  және  ғылыми-
техникалық жұмысында көмекші болатын  бастапқы  теориялық  және  тәжірибелік
білім беру;
         - әлемдік  деңгейде  жаңа  тиімді  тексеріп-сынау  әдіс  тәсілдерін
үйрену;
         - табиғи климаттық жағдайлар  әсеріне  байланысты  болатын  негізгі
құрылыстардағы тиімді технологиялық сынақ шешімдерін қарастыру;
         -  сәулеттік  құрылыстық  тексеріп  сынаудың  негізгі  принциптерін
білу;
         -  ғимараттар мен  имараттарды  тексеріп  сынауға  қойылатын  жалпы
талаптарды білу;


    1.5  Пәнді оқытудың нәтижелері:
    Пәнді оқып бітіргеннен кейін студент білуі керек:
    - құрылыстық тексеріп сынау алдындағы құжаттарды дайындауды;
    - тексеріп сынаудың жалпы жағдайын, ретін білу;
    - құрылыс обьектісінің құрамы мен мазмұнын;
        -  ғимараттар мен имараттарды стандарт талаптарына сай тексеріп,
сынау  әдістері мен тәсілдерін(
        - ғимараттардың беріктігін және ұзақ уақыттылығы мен оны ұзарту
жолдарын(
           -   тексеріп,сынау   жұмыстарында   қолданылатын   аспаптар   мен
құралдарды(
          - ғимараттарды жаңарту жұмыстарын.
          - ғимаратты және имаратты тексеру диагностикасын жүргізуді;
          - ғимараттың беріктік есептеулерін жүргізуді;
          - ғимараттар мен имараттарды тексеріп, сынау ерекшеліктерін;
          - тексеріп сынауда жүретін бақылау процестердің маңыздылығын;
          - осы берілген пән бойынша  теориялық  алған  білімді  тәжірибелік
жұмыстармен ұштастыруда игеруін;
          - ғимараттар мен имараттарды  тексеріп,  сынауда  алдынғы  қатарлы
жаңа заманауи әдіс-тәсілдер туралы ұғым болуын қадағалау;

    1.6 Курстың пререквизиті:
           Құрылыс конструкциялары 1, 2
    1.7 Курстың постреквизиттері:
              Дипломды жобалау

2  ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛІНУІ
                                                                     Кесте 1
|№  |Тақырыптардың аты мен қысқаша |Сағат саны                   |Әдебиет    |
|   |мазмұны                       |                             |           |
|   |                              |ЛС    |ПС    |ЗС |СОӨЖ  |СӨЖ  |           |
|1  |2                             |3     |4     |5  |6     |7    |8          |
|1  |Жалпы жағдайлар. Ғимараттар   |2     |2     |   |2     |6    |7.1.1      |
|   |және имараттардың             |      |      |   |      |     |7.1.2      |
|   |жауапкершілік дәрежесі. Шектік|      |      |   |      |     |           |
|   |жағдайлар туралы түсінік.     |      |      |   |      |     |           |
|   |Құрылыс контрукциялары  мен   |      |      |   |      |     |           |
|   |ғимарат табандарының          |      |      |   |      |     |           |
|   |сенімділігін қамтамасыз етуге |      |      |   |      |     |           |
|   |арналған негізгі қағидалар.   |      |      |   |      |     |           |
|2  |Материалдардың, топырақтардың |2     |2     |   |2     |6    |7.1.1      |
|   |және жүктемелердің нормативтік|      |      |   |      |     |7.1.3      |
|   |және сынақтық беріктіктері мен|      |      |   |      |     |           |
|   |басқа сипаттамаларының        |      |      |   |      |     |           |
|   |мәндері..                     |      |      |   |      |     |           |
|3  |Металл конструкцияларының     |2     |2     |   |2     |6    |           |
|   |элементтерін есептеу          |      |      |   |      |     |           |
|   |ерекшеліктері. Кернеу түрлері |      |      |   |      |     |           |
|   |және конструкция элементтерін |      |      |   |      |     |           |
|   |есептеу                       |      |      |   |      |     |           |
|4  |Іргетастардың табандарының    |3     |3     |   |2     |6    |7.1.1      |
|   |өлшемдерін анықтау.  Жүктің   |      |      |   |      |     |7.1.3      |
|   |центірінен тыс түскен         |      |      |   |      |     |           |
|   |іргетастардың табандарының    |      |      |   |      |     |           |
|   |өлшемдерін анықтау .          |      |      |   |      |     |           |
|   |Инженерлік-геологиялық және   |      |      |   |      |     |           |
|   |гидрогеологиялық факторларды  |      |      |   |      |     |           |
|   |ескеру                        |      |      |   |      |     |           |
|5  |Жертөлелі ғимараттың          |2     |2     |   |2     |7    |7.1.1      |
|   |іргетастарының табандарының   |      |      |   |      |     |7.1.3      |
|   |өлшемдерін анықтау.           |      |      |   |      |     |           |
|6  |Жалпы жағдайлар.Іргетастар мен|2     |2     |   |2     |7    |7.1.1      |
|   |негіздерді деформация бойынша |      |      |   |      |     |7.1.3      |
|   |жобалау                       |      |      |   |      |     |           |
|7  |Темірбетон іргетастарының     |2     |2     |   |2     |7    |7.1.1      |
|   |беріктігін                    |      |      |   |      |     |7.1.3      |
|   |анықтау.Іргетастардың иілуін  |      |      |   |      |     |           |
|   |есептеу                       |      |      |   |      |     |           |

           3 Пәнді  оқуға  арналған  әдістемелік  құралдар


    Пәнді оқыту бойынша жасалатын әдістемелік  нұсқаулықтар  студент  осыны
оқу арқылы, пәнді  игеру  үрдісін  өзі  жетілдіре  алуы  керек.  Нұсқаулықты
әзірлеу барысында берілетін  материалдардың  жартысын  студент  өзі  игеріп,
әзірленуі  керектігі  ескерілуі  қажет.  Әдістемелік   нұсқаулықта   мынадай
мәліметтер болуы керек:
     - пәнді оқуға кететін уақытты ұйымдастыру мен жоспарлауға кеңес беру;
     -  пәнді  оқу  көрінісін  жазу  немесе  студенттің  осы  пәнді   игеру
       барысындағы іс-әрекеті;
     - ОӘК материалдарын пайдалануға нұсқау;
     - әдебиетпен жұмыс жасауға нұсқау;
    Пәнді оқыту үш түрлі формада жүргізіледі  –  дәріс,  оқытушы  көмегімен
студенттің аудиториядағы өздік  жұмысы  және  студенттің  өздік  жұмысы.  Ең
маңыздысы лекция болып табылады, себебі мұнда:  пәннің  күрделі  тақырыптары
ашылып,  практикалық-зертханалық  тәжірибені  анықтайды,  белгілі  бір  жоба
жүргізудің  негізгі  бағыттары   көрсетіледі,   қорытынды   шығарылады.   Ал
студенттер өз беттерімен  түсініп,  оқи  алатын  тақырыптар  CОӨЖ  және  СӨЖ
түрінде беріледі.

      4 Курстың форматы


    Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан 2 рет жүргізіледі, СОӨЖ уақытын  қоса
есептегенде. Курс форматы аралас. Лекциялық сабақтарында  күрделі,  мәселелі
сұрақтарды қарастырады. Мысалы  дәрістер  құрылымы  мынадай  –  сабақ  мәнін
талқылау немесе  блиц-сұрақ  (5  минут),  дәріс  (30  минут),  материалдарды
бекіту, 15 минут СОӨЖ беріледі. Сабақты мұндай құрылымда жүргізу  студенттен
жүйелікті, ұсынылған  әдебиеттер  мен  өздігінен  жұмыс  жасай  білуді  және
дәрістегі жаңа тақырып бойынша материалдарды білуді талап етеді.
    Практикалық  сабақтар  теориялық  материалдарды  тереңірек  қарастыруды
қажет ететін мәселелерді шешуге арналған.
    Аудиториялық  СОӨЖ  уақытында  сіздердің  дәріске  немесе   практикалық
сабаққа дайындалу процесінде, сондай-ақ үйге берген  өздік  жұмысын  орындау
кезінде туынданған сұрақтарыңызды қарастырамыз.
    Сонымен қатар аптасына  2  рет,  кафедрада  бекітілген  график  бойынша
жекелей немесе топпен консультация түрінде СОӨЖ сабағын өткіземін.
    Пәнді оқуға арналған сабақ  уақытының үштен бір бөлігінде сіздер  менің
көмегімсіз   өздеріңіз   жұмыс   жасайсыздар.    Өздік   жұмысына   арналған
тапсырмалар түрлері, СОӨЖ  және СӨЖ жоспары  көрсетілген.


      5 Курстың саясаты


    Пәнді оқуға берілген барлық кезеңде менің сіздерге қоятын талаптарымның
барлығын орындайсыз және бір-бірімізді түсінеміз деп ойлаймын.
      1. Дәріс, практикалық сабақтарға қатысу әрбір студент  үшін  міндетті
жағдай. Сабақтарға кешікпей және сабақ үстінде  бір-бірлеріңізбен  сөйлеспей
отыруларыңыз керек.    2. Сабақты  белгілі  бір  себептермен  босатсаңыз  ол
сізді курсты толық меңгеруден босатпайды. Егер  студент  сабақтарды  себепті
жағдайлармен босатса, онда  ол  факультет  деканынан  анықтама-рұқсат  алуға
міндетті. Рұқсат  алғанан  кейін  студент  сабаққа  қатыса  алады.  Босатқан
сабақтардың  тақырыптарын  өтеу  үшін  сіз  арнайы  тапсырма   аласыз   және
көрсетілген уақытта оны  орындап  тапсыру  қажет.  Тапсырма  тиісті  бағамен
бағаланады.
      3. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық жұмыстарға  және  емтихандарға
белсенді  түрде  қатысып  отыруларыңыз,  сондай-ақ  өз  уақытында  толық  үй
жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында өткізуіңіз  керек.  Осылардың
бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді.
      4. Аудиториялық сабақ уақытында сіздердің  ұялы  телефондарыңыз  өшіп
тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы  студентті  жауапқа  тартуға
құқығы бар.
      5. Сіздер студенттермен және  оқытушыларыңызбен  ашық,  шыдамды  және
мейірімді болуларыңыз керек.
      6. Біреуден көшіріп алу немесе  плагиат  болған  жағдайда  оқытушының
студентті аудиториядан  шығарып  жіберуіне  немесе  қанағаттанарлықсыз  баға
қоюына құқығы бар.
       Студенттердің  үлгерімін  бақылау  ағымдық,  аралық  және   қорытынды
бағалаумен   есептеледі.   Бағалау   қолданыстағы   «Студенттердің   білімін
рейтингілік бағалау туралы қаулы» бойынша іске  асады.  Қорытынды  бақылауда
емтихан алынады: ол тест немесе бақылау сұрақтары ретінде.   Қорытынды  балл
әрбір  сабаққа  қатысу,  рефераттарды  қорғау,  сондай-ақ  емтихан   тапсыру
нәтижесінде қойылады.  Баға  курс  бойынша  қойылып,  ағымдық,  аралық  және
қорытынды бақылау қорытындысынан шығарылады.
    Пән қорытындысын бақылау 300 баллдық шкала бойынша қойылады.
      «Ғимараттарды  және  имараттарды  тексеріп,  сынау»пәнін  оқытуда  екі
аралық бақылау өткізіледі.
1-рейтинг қорытындысы бойынша 1 - 8 апталарда – 300 балл
2-рейтинг қорытындысы бойынша    9-15  апталарда  –  300  балл.  Семестрдегі
жалпы  балл саны – 600.
      Қорытынды бақылау жұмысы бақылау сұрақтары  арқылы қабылданады.
      Уақытында  өткізілмеген  тапсырмаларды  8-ші  және   15-ші   апталарда
өткізуге болады. Егер  студент  сабақты  себепсіз  босатқан  болса,  оқытушы
қойған баллдың 60%  алады.

    6  Баға қою саясаты


      Апта   және  бақылау   түрі   бойынша   баллдардың   бөлінуі   кестеде
келтірілген.
      «Ғимараттарды және имараттарды тексеріп, сынау»пәні бойынша баллдардың
бөлінуі
                                                                     Кесте 2
|апта   |Бақылау түрі                                                |Жалпы  |
|1      |2                                                           |3      |
|       |1-7 апталардағы аудиторялық сабақтарға қатысу               |30     |
|2      |1, 2 дәріс және практикалық сабақтар бойынша бақылау        |20     |
|       |сұрақтары                                                   |       |
|3      |практикалық сабақтар бойынша бақылау                        |20     |
|       |оқытушының қатысуымен өздік жұмысты орындау                 |20     |
|4      |3,4 дәріс сабақтар бойынша бақылау сұрақтары                |20     |
|       |өздік жұмысты орындау                                       |30     |
|5      |5,6,7 дәріс және практикалық сабақтар бойынша бақылау       |20     |
|       |сұрақтары                                                   |20     |
|       |оқытушының қатысуымен өздік жұмысты орындау                 |       |
|6      |практикалық сабақтар бойынша бақылау сұрақтары              |20     |
|       |өздік жұмысты орындау                                       |30     |
|7      |1 аралық бақылау                                            |70     |
|1-8 апталардағы жалпы балл саны                                      |300    |
|       |8-15 апталардағы аудиторялық сабақтарға қатысу              |30     |
|9      |8,9 дәріс және практикалық сабақтар бойынша бақылау         |20     |
|       |сұрақтары                                                   |       |
|10     |10,11 дәріс және практикалық сабақтар бойынша бақылау       |20     |
|11     |12,13 дәріс және практикалық сабақтар бойынша бақылау       |20     |
|       |оқытушының қатысуымен өздік жұмысты орындау                 |20     |
|12     |13,14 дәріс және практикалық сабақтар бойынша бақылау       |20     |
|       |өздік жұмысты орындау                                       |30     |
|13     |14,15 дәріс және практикалық сабақтар бойынша бақылау       |20     |
|14     |оқытушының қатысуымен өздік жұмысты орындау                 |20     |
|       |өздік жұмысты орындау                                       |30     |
|15     |2 аралық бақылау                                            |70     |
|8-15 апталардағы жалпы балл саны                                     |300    |
|Емтиханға жалпы балл саны                                            |400    |
|Академиялық периодқа жалпы баға саны                                 |1000   |

    7 ӘДЕБИЕТТЕР
         7.1Негізгіәдебиеттер
    7.1.1  Іңкәрбаев  Н.О.  Архитектура.  Оқу   құралы.   Алматы.   «Эверо»
баспасы,2009-826. Рыбьев И.А. Строительное материаловедение:  Учеб.  пособие
для строит. спец. вузов/ И.А.Рыбьев – 2-е изд. испр.  – М.: Высш. шк., 2004-
701с.
       7.1.2  Буга П.Г.Гражданские, промышленные и и сельскохозяйственные
здания – 2-е изд.  перераб. доп. – М.. Высш.школа., 1987. – 351 стр..: ил.

      7.2 Қосымша әдебиеттер:
      7.2.1 Ким Н.Н, Маклакова Т.Г. Архитектура гражданских  и  промышленных
зданий. – М.: Строииздат, 1987. – 287 стр..: ил
     7.2.2   СНиП 11-23-81*. Стальные конструкции. Нормы  проектирования:  –
М.: ЦНТП Госстроя СССР, 1990. – 96с.

    7.2.3  С.Г. Кусябгалиев,  В.В. Губарев,  Б.С.  Кенетбаев  «Металлические
конструкции»  практикум  для  студентов  строительных  специальностей   всех
форм  обучения.  Раздел I.:  Методическое   пособие   для   вузов.  -  Усть-
Каменогорск, ВКГТУ, 2003. - 61 с.







Пәндер