Файл қосу

Етіс категориялары



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |
|3-деңгейлі СМЖ құжаты      |ПОӘК               |ПОӘК                             |
|                           |                   |042-05-14-5-05.01.20.31.03.2013. |
|Қазіргі қазақ тілінің      |                   |                                 |
|негіздері пәнінің          |_______2013 жылғы  |                                 |
|оқу-әдістемелік            |№ 2 басылым        |                                 |
|материалдары ПОӘК-і        |                   |                                 |







  5В050200 «Бастауышты оқытудың педагогикасы және әдістемесі»   мамандығына
                                  арналған
                  «Қазіргі қазақ тілінің негіздері» пәнінің
                          ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР






















                                    СЕМЕЙ
                                    2013




                                   Мазмұны


1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Тәжірибелік және лабораториялық сабақтар
4 Курстық жұмыс (жоба)
5 СӨЖ



































     1. ГЛОССАРИЙ


1.1  Фонетика  (грек.»дыбыс»)-  тіл  дыбыстары  туралы,   тілдегі   дыбыстық
ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
1.2 Лексика  (грек.»сөздік  қор»)-тіл  білімінің  сөз  және  оның  мағынасын
зерттейтін бір саласы.
1.3 Лексикология  (грек.  лексика,  логос)-тілдік  сөздік  құрамы  мен  оның
тарихи даму заңдылықтары, қызметін зерттейтін тіл білімінің саласы.
1.4 Лексикография (грек. «сөздік» «ілім»)-тіл білімінің  сөздіктер  жасайтын
және оларды зерттейтін бір саласы.
1.5 Морфология - сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым.
1.6  Грамматика  (грек.  «жазу,  жазу   өнері»)-тілдегі   сөздердің   өзгеру
тәсілдері мен құралдарын, сөз тіркестерін, олардың сөйлемге құралу  заңдарын
зерттейтін тіл білімінің саласы.
1.7 Грамматикалық мағына  -  сөздің  лексикалық  мағынасына  үстеме  мағына,
сөздердің түрлі-түрлі қарым-қатынасын білдіретін қосалқы мағыналар.
1.8 Грамматикалық форма - грамматикалық мағына туғызушы тілдік құралдар.
1.9  Морфема  дегеніміз-сөздің  ары  карай  бөлшектеуге  келмейтін  ең  кіші
мағыналық бөлшегі. Құрамына қарай морфемалар үшке бөлінеді:  түбір  морфема,
негіз морфема, аффикстік морфема.
1.10  Аффикстік  морфемалар  -  префикс,  постфикстер,  инфикс,   интерфикс,
трансфикс, конфикс.
1.11 Түбір сөз - сөздің өз  алдына  тұрып  мағына  бере  алатын,  әрі  қарай
бөлшектеуге келмейтің түпкі мағыналы бөлшегі.
1.12 Синтетикалық тәсіл – жұрнақтар арқылы жаңа сөз жасау;
1.13 Туынды сөздер – тілден көлемді орын  алатын  сөздер.  Туынды  сөздердің
түрлері мыналар: туынды  түбір,  күрделі  сөздер:  біріккен  сөз,  қос  сөз,
тіркесті сөз.
1.14 Туынды түбір – туынды  сөздердің  ішіндегі  ең  көп  тараған  түрі   ол
сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы жасалады.
1.15 Күрделі сөз  - сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалатын  сөздер
тобы. Күрделі сөз деп кемінде екі я онан  көп  дара  сөзден  құралып,  ритм,
ырғақ  жағынан  бір  ұдай,  лексика-семантикалық  жағынан  бір  бүтін  тұлға
болады.
1.16 Кіріккен сөз - компоненттерінің я біреуі, я екеуі де бірдей  әуелгі  өз
мағыналарынан айрылып (дилексикаланып),  тұтасымен  тұрып  басқа  бір  жалпы
мағына білдіретін және сонымен бірге сол компоненттері  фонетикалық  жағынан
әр қилы өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде әрі  үндесіп,  әрі
ықшамдалып құралған күрделі сөз.
1.17 Біріккен сөз -  компоненттері  мағына  жағынан  да,  форма  жағынан  да
өзгерістерге  ұшырамай-ақ,  өзара  бірігіп,  жинақталған  біртұтас  лексика-
семантикалық мағына білдіретін күрделі сөз.
1.18  Синтагматикалық  деривация  –  бірнеше  түп  негіз   арқылы   жасалған
сөздердің мағынасы.
1.19  Агглютинативті  тілдер  (жалғамалы  тілдер)-  агглютинативті  тілдерге
түркі, банту тілдері жатады.
1.20 Адвербиалдану - (Лат. -  үстеу, қар) сөздің үстеулер тобына өтуі
1.21 Адъективация -(Лат. – сын есім) – сөздің сын есімдер тобына өтуі.
1.22 Күрделі сөз  - сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалатын  сөздер
тобы. Күрделі сөз деп кемінде екі я онан  көп  дара  сөзден  құралып,  ритм,
ырғақ  жағынан  бір  ұдай,  лексика-семантикалық  жағынан  бір  бүтін  тұлға
болады.
1.23  Синтагматикалық  деривация  –  бірнеше  түп  негіз   арқылы   жасалған
сөздердің мағынасы.
1.24  Грамматикалық  тұлға   дегеніміз   грамматикалық   мағынаның   қалыпты
(стандартты) көрінісін, үлгісін білдіретін тіддік белгі.
1.25  Етістіктің  шақтары   -  іс-әрекеттің,  қимылдың   мезгілге,   уақытқа
байланыстылығын көрсететін етістікке тән категорияны
1.26  Рай  категориясы  -  етістіктің  іс-әрекетті  орындаушымен,   уақытпен
байланысты жаққа, шаққа  түрленуі.
1.27 Одағай сөздер – сөз табына  жататын  толық  мағынасы  жоқ  сөздер,  тек
адамның қорқу, қуану, шаттану, ренжу, өкіну сияқты көңіл  –  күйін,  сезімін
білдіреді
1.28  Еліктеуіш  сөздер  -  табиғатта  кездесетін  құбылыстар  мен  айналаны
қоршаған  заттардың  бір – бірімен  қақтығысунан пайда  болған   дыбыстарға,
жан –  жануардың  шығаратын   әр  қиылы  дыбыстарына  еліктеуден  туындайтын
сөздер.
1.29 Шылау сөздер – толық  лексикалық  мағынасы  жоқ,  тек  сөз  бен  сөзді,
сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұратын немесе  сөзге  қосымша  мән  үстеп
тұратын көмекші сөздер
1.30 Синтаксис (грек. «құрастыру»)- сөз  тіркесі  сөйлем  мүшелерін,  сөйлем
түрлерін қарастыратын тіл білімінің саласы.


      2  ДӘРІСТЕР
      1-дәріс. Фонетика-тіл ғылымының  бір  саласы.  Зерттелуі.  Фонетиканың
бүгінгі жай-күйі.
 Дәрістің мазмұны:
1.Фонетика – тіл ғылымының бір саласы. Зерттелуі
2.Фонетиканың бүгінгі жай-күйі
3. Тілдің дыбыстық жүйесі
      Фонетика - тіл дыбыстарының ерекшеліктері мен зандылықтары, процестер,
сәйкестіктер  туралы  ілім.  Қазіргі  фонетика  дыбыстың  төрт  қырын   жеке
қарастырады,  олар:  Қызметтік,  артикуляциялық   акустикалық,   перцептивті
қырлары.  Фонетика  анатомия,  физика,  психология,  физиология   пәндерімен
байланысты  болады.  Қазақ  тілінің  дыбыстық  заңдылықтарын  А.Байтұрсынов,
Х.Досмұхамедов, Ғ.Мұсабаев,  Ж.Аралбаева,  Ә.Жүнісбеков,  С.Мырзабеков  және
т.б. зерттеді. Фонеманы зерттейтін ілім - фонология деп  аталады.  Фонема  -
тілдегі  дыбыстық қатарды қүрайтын бірлік.фонеманың қазіргі  түсінігін  және
фонология теориясын Бодуэн де Куртенэ  XIX г. 70-80 жылдары жасаған.
      Қазақ тілінің  фонетист  ғалымы  Ә.Жүнісбеков  фонема  ұғымының  түркі
тілдерінің табиғатына аса үйлесімді  еместігін  айтып,  түркі  тілдері  үшін
«сингармема» деген атаудың лайықтығын  дәлелдейді.  Бұл  түркі  тілдеріндегі
сингорманизм заңдылығымен үйлес. Сингармонизм зандылығын С.  Мырзабеков  көп
зерттеді.  Фонетикалық  процестер:   ассимиляция,   диссимиляция,   диереза,
редукция, элизия және т.б. фонетикалық кұбылыстар:  просодиялық  фонетикалық
құбылыстар,  анлауттағы  фонетикалық  кұбылыстар.   инлауттағы   фонетикалық
құбылыстар, ауслауттағы фонетикалық құбылыстар.
Бақылау сұрақтары:
1. Фонетика – тіл ғылымының бір саласы. Зерттелуі
2. Фонетиканың бүгінгі жай-күйі
3. Латын әліппиіне көшу туралы өз ойыңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Қазақ университеті,
1993.
2. Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы, 1993.
3. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
4. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
5. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
6. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.

      2-дәріс.  Лексикологияның  зерттеу  объектісі.   Лексикологияның   тіл
білімінің басқа салаларымен байналысы.
Дәрістің мазмұны:
1.Лексикологияның зерттеу объектісі
2.Лексикологияның салалары.
3.Лексикологияның тіл білімінің басқа салаларымен байналысы.
      Бір тілде қанша сөз болса,  солардың  тұтас  жиынтығын  тіл  ғылымында
лексика (гр.lexikos) немесе сөздік құрам деп  атайды.  Сөздердің  лексикалық
жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу  қабілетін  күнделікті  қарым-
қатынастағы  көрінісін,  сан  қилы  стильдік  мәні  мен  сипатын  тексеретін
ғылымды лексикология (гректің lexikos - сөздік + logos  -  ілім  сөздерінен)
дейді.  Қазақ  тілінің  лексикологиясы  –  қазақ  тілінің   сөздік   құрамын
(лексикасын) тексеретін  ғылым.  Бүгінгі  қазақ  тілі  сөз  байлығы  жағынан
дамыған тілдердің қатарына жатады. Қазақ тілінің сөздік  құрамы  халқымыздың
басынан кешірген бүкіл  өмірінің,  шаруашылығы  мен  кәсібінің,  материалдық
байлығы  мен  рухани  қазынасының  айнасы,  куәсі  іспеттес,  замандар  бойы
біртіндеп қалыптасқан, ұзақ дамуының  жемісі.  Сондықтан  лексиканы  зерттеу
сөздік  құрамды  тұтас  бір  бүтін  жүйе  деп  қарауды  міндеттейді.   Яғни,
лексикология жекелеген сөздердің тобын емес, тілдің  қалыптасқан  лексикалық
жүйесін қарастырады.
      Лексикология ғылымы сөз ұғымымен үйлесіп,  сәйкесіп  отыратын  тұрақты
сөз тіркестерін  зерттейтін фразеологияны  да  (гр.  Phrases  -  сөйлемше  +
logos – ілім) төл объекті ретінде қарастырады.
      Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамдағы сөдердің санымен
ғана  емес,  мәнімен  (көп   мағыналығымен)   де   өлшенеді.   Бұл   жағынан
лексикология  сөздердің  мағыналық  құрылымын  зерттейтін  семасиология  (гр
semasia –  мән,  мағына  +  logos  –  ілім  сөздерінен)  ғылымымен   тікелей
байланысты. Семасиологияның мәні әсіресе  түсіндірме  сөздіктерді  жасағанда
айқын байқалады. Мұнда сөздің негізгі,  туынды  және  ауыс  мағыналары  даму
тұрғысынан сараланып талданады.
      Лексикология мәселелерін жан-жақты, терең түсіну үшін,  тіл  білімінің
оған шектес басқа салаларымен қандай байланысы бар екенін ашып  қарастырудың
зор мәні бар.
      Ана тілімізде сөз байлығының басынан кешкен ұзақ тарихы бар. Сөздердің
қалыптасуына, өзгеруі мен дамуына тарихи заңдылықтарын  тарихи  лексикология
тексереді. Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология.  Этимология  (гр.
Etymon – шындық +  logos  –  ілім)  сөздердің  шығу  төркінін,  олардың  ең,
алғашқы түр-тұрпаты мен  мағынасын  анықтайды.  Сол  арқылы  қазақ  халқының
бұрынғы замандағы өмірінен  мәлімет  алуымызға  болады.ана  тілі  лексиканың
даму, өзгеру заңдылықтарын туыстас  тілдердің  лексикасымен  тарихи  тұрғыда
салыстыра зерттегендет ғана дұрыс, білуімізге болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Лексикологияның зерттеу нысанын атаңыз.
2. Лексикологияның салаларын атаңыз.
3. Лексикологияның тіл білімінің өзге салаларымен байланысы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
3. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы. А., 1997.

3-дәріс. Сөз мағынасының  өзгеру  себептерi.  Сөздердiң  мағыналық  қатысына
қарай  жiктелуi.  Омонимдер.   Синонимдер.   Антонимдер.   Табу,   эвфемизм.
Дисфемизм.
Дәрістің мазмұны:
1. Сөз мағынасының өзгеру себептерi.
2. Ауыспалы мағынаны тудыратын тәсiлдер
3. Метонимия жасалу жолдары.
4.Сөздердiң мағыналық қатысына қарай жiктелуi.
5.Омонимдер. Синонимдер.  Антонимдер.
6. Табу, эвфемизм. Дисфемизм.

      Семасиология – сөздің мағынасын, мағынаның өзгерісін зерттейтін ғылым.
Кейбіреулер мұны семантика  деп  те  атайды.  Семачсиология  туралы  әртүрлі
көзқарастар болды. Ішіндегі ең бастыларының бірі  –  батыс  елдерінде  туған
структурализм  (структуралық   лингвистика)  –  сөздің   дыбыстық   формасны
тексерудің  қажеті  жоқ,  өйткені  ол  тілден  аулаққа  кетіп,  философияға,
психологияға апарады  дейді.  Стуктурализмді  жаңалап,  кеңес  тіл  біліміне
енгізуге болады деген пікір де аз болған жоқ.
       Сөйтіп,  семасиология  сөздің  мағынасын,  оның  дамуын   зерттегенде
мағынаның тұрақты екенін, бірақ сөздің қатып қалған  мағынасы  жоқ,  өйткені
догмалық  тұрақтану  дегеннің  сөз  мағынасында  болмайтынын,   сөйтіп   сөз
мағынасы тек сөйлем ішінде ғана көрініп, айқындалатынын ескереді.
      Сөз тілдің, оның сөздік құрамының  заттар  мен  құбылыстарды,  олардың
қасиеттерін, шындық өмірдегі қатынастарын атап білдіретін негізгі  единицасы
(сөз  бірлігі),  дербес  бөлшегі  болып  табылады.  Әр   тілдегі   сөздердің
лексикалық бірлік болу сипаты, олардың құрылымдық еркешеліктері  сол  тілдің
фонетикалық, семантикалық, грамматикалық белгілері арқылы анықталады.
      Біріншіден,  сөз  біткеннің  бәрі  де  тілдегі  дыбыстардан  жасалады,
дыбыссыз сөз жоқ. Сөз – дыбыстық құрылымның  жиынтығы,  сол  арқылы  жарыққа
шығады. Мысалы, адамның, жан-жануардың  көру  мүшесін  атап  білдіретін  көз
деген сөз к, ө,  з  фонемаларының  бізге  белгеілі  жүйеде  тіркесіп  берілу
арқылы  жасалып  тұр.  Сөйтіп,  сөзді  жасайтын  дыбыстар  оның  материалдық
жамылғысы, сыртқы көрінісі болып табылады.
      Екіншіден, сөз дыбыстық құрылымнан жасала отырып,  зат,  құдылыс,  іс-
қимыл  жайында  жалпыға  түсінікті,  қоғамдық  дәрежеде  қалыптасып,   қауым
таныған ұғымды (мағынаны) білдіреді. Мысалы, мал, қол, үй деген сөздер  жеке
тұрып-ақ  нақты  заттардың  ұғымын  білдіріп  тұр.  сөздің  дыбысталуы  оның
материалдық сыртқы көрінісі болып табылса, ал ұғымды  білдіріп  мағынаға  ие
болуы оның ішкі мазмұнын білдіреді. Мағынасыз сөз жоқ.
      Үшіншіден, сөз грамматикалық тұрғыдан қарағанда сөз таптарына  тікелей
қатысады, соларға телулі. Сөз  таптарында  біртұтас  сөз  тұлғаларын  жасап,
грамматикалық бірлік бола алады.  Бұл  -  оның  сөз  тіркесінен  өзгешеліген
көрсетеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Сөз мағынасының өзгеру себептерi.
2.  Сөз  мағынасы  өзгеруiнiң,  жаңа  маңына   иеленуiнiң   сыртқы   (немесе
экстралингвистикалық)   және   iшкi   (немесе   лингвистикалық)    себептерi
болатындығы.
3. Ауыспалы мағынаны тудыратын тәсiлдер.
4. Сөз мағынасының функционалды семантика заңы бойынша да өзгеретiндiгi.
5. Метонимия жасалу  жолдары.  Бүтiннiң  орнына  бөлшектi,  жалпының  орнына
жалпыны, Үлкеннiң орнына кiшiнi немесе керiсiнше  қолданудың  негiзiнде  сөз
мағынасының ауысуы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
3. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы. А., 1997.

      4-дәріс. Фразеологизмдер туралы түсiнiк.  Фразеологизмдердiң  зерттелу
тарихы. Фразеологизм және  ұйытқы  сөздер.  Фразеологизмдердiң  семантикалық
категориялары.
Дәрістің мазмұны:
1. Фразеологизмдер туралы түсiнiк.
2. Фразеологизмдердiң зерттелу тарихы.
3. Фразеологизм және ұйытқы сөздер.
4. Фразеологизмдердiң семантикалық категориялары.
      Фразеология деген термин негізінен  екі  түрлі  мағынада  қолданылады.
Бірінші  мағынасы  тілдегі  тұрақты  тіркестерді  зерттейтін  тіл  білімінің
саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі – бір  тілдегі  фразеологизмдердің
тұтас жиынтығы дегенді  білдіреді.  Фразеология  жеріне  жеткізіп  зерттеліп
біткен деп  айтуға болмайды. Мұның  шешілмеген  даулы  мәселелері  өте  көп.
Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы  зерттеушілер
тым аз болды. Көбінесе  лексикалық  қор  ретінде  сөз  байлығы  деген  топқа
жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі  мәлім.  Соңғы
30-40 жыл көлемінде  түркі  тілдерінде  фразеология  проблемалары  әжептәуір
зерттеліп, бірқатар еңбектер жарық көрді. Әсіресе,  академик  І.Кеңесбаевтың
«Қазақ тілінің  фразеологиялық  сөздігі»  атты  көлемді  еңбеігн  тек  қазақ
тілінде ғана емес,  бүкіл  түркітануға  қосылған  елеулі  үлес  деп  қарауға
болады. Автор аталған  сөздіктің  «Қазақ  тілінің  фразеологизмдері»  туралы
бөлімінде қазақ  тіліндегі  фразеологизмдердің  теориялық  мәселелерін  жан-
жақты  қарастырып,  біраз  ілгері  дамытқан.  Қазақ  тілінің  фразеологиясын
зерттеушілердің қай-қайсысы да –бұл еңбекке соқпай өте алмайды.
      Фразеологизмдердің  өз  алдына  дербес  лингвистика  саласы  екендігін
танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар:  1)  даяр  қалпында  жұмсалу
белгісі; 2) мағына тұтастығы; 3) тіркес тиянақтылығы.
       Осы  үш  белгіні  түсіну  үшін  әрқайсысын   жеке-жеке   қарастырады.
Фразеологизмдердің  даяр  қалпында  жұмсалу  белгісі  еркін  сөз  тіркесімен
салыстырғанда  айқын  байқалады.  Фразеологизмдер  бір  бүтін  сөз   бірлігі
ретінде  қолданылуы  жағынан  лексикалық  сөз  бірлігіне,  яғни  жеке  сөзге
ұқсайды. Фразеологизмдердің  өзіндік  екінші  белгісі  –  мағына  тұтастығы.
Фразеологизм біткеннің барлығында белгілі бір меншікті мағынасы  болады.  Ол
мағына тұрақты тіркесті құрастырушы  сыңарлардың  мағыналарына  сәйкеспейді,
оларға тәуелсіз өмір сүреді. Тіркес тиянақтылығы  да  фразеологизмдердің  ең
негізгі  белгілерінің  біріне  жатады.  Тиянақты  сөз  тізбегіндегі   сөздер
әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі  жүйемен  орналасқан.  Жоғарыда
аталған  үш  белгі  арқылы  фразеологизмдер  тілдің  өзге   категорияларынан
оқшауланып,    өзіндік    бітім    бейнесімен    дербес     өмір     сүреді.

                                                                     Бақылау
сұрақтары:
1.  Фразеологизмдер  туралы  түсiнiк.   Фразеологизмдер   құрамындағы   сөз-
компоненттердiң фразеологиялық мағына жасаудағы  рөлi  мен  олардың  өзiндiк
ерекшелiктерi.
2.  Фразеологизмдердiң  зерттелу  тарихы.   В.   Виноградов,   Н.   Шанский,
М.Молотков т.б. зерттеу  еңбектерi.  Түркi  және  қазақ  фразеологизмдерiнiң
зерттелуi, қазiргi тiл бiлiмiндегi зерттеу  бағыттарына  шолу.  I.Кеңесбаев,
Ә. Қайдаров, М. Копыленко мектептерiнiң  қалыптасуы.
3.  Фразеологизмдердің  тiлдiк  бiрлiк   ретiнде   тоғысуы.   Фразеологиялық
тiркестер деп тану  үшiн  қойылатын  талаптар.  Фразеологизмдердiң  түрлерi.
Фразеологизмдердi кең және тар мағынада түсiну.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
3. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы. А., 1997.

      5-дәріс. Грамматиканың зерттеу нысаны. Грамматика және оның  салалары.
Морфология пәні және зерттеу объектісі.
Дәрістің мазмұны:
1.Грамматиканың зерттеу нысаны
2.Грамматика және оның салалары.
3.Морфология пәні және зерттеу объектісі.
      Морфология – сөздерді жеке – жеке қарастырмайды, оларды  белгілі топқа
бөліп, сол топтардың әрқайсысына ортақ грамматикалық  белгілерін және  өзіне
тән ерекшеліктерін анықтап, сол жөнінде анықтама жасайды.
        Синтаксис – сөздердің тірексін, сөйлем  заңдылықтарын  жүйелеп,  сол
жөнінде анықтамалар жасайды.
         Морфология  - сөз  және  оның  грамматикалық  көрсеткіштері  туралы
ілім.  Морфология  бөлімінің   объектілірі  ғылыми  тұрғыдан  жан   -  жақты
зерттеліп, нақтыланған.
      Морфология – грамматиканың көп қолданылатын және оның барлық саласымен
ұштасты, оларды қолдануға дәнекері сияқты қызмет атқаратын ең  бір  тармақты
саласы.  Соныдқтан   да   біз   мектебіміздегі   тәжірибелі   мұғалімдеріміз
оқушыларға  қазақ  тілінің  грамматикасын  жақсы  білгізу  үшін,  тіліміздің
морфология бөлімін жақсы білгізуге ерекше  ғылыми,  пратикалық  мән  береді.
Егер оқушылар морфологияның ғылыми негізгі мен  оның  өзіне  тән  белгілерін
жақсы білсе, олар  қазақ  тілі  грамматикасының  басқа  салаларын  да  жақсы
білітін болады.
      Морфология бөлімі негізінен мынадай 2 салаға бөлінеді:
1. Сөз  құрамы
2. Сөз  таптары
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің грамматикалық құрылысы дегеніміз не?
2. Морфологияның зерттеу нысанына не жатады?
3. Синтаксистің зерттеу нысанын айтыңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен
мағынасы. А.,1979. 

      6-дәріс. Грамматикалық мағына  туралы  түсінік.  Грамматикалық  форма.
Грамматикалық категория.
Дәрістің мазмұны:
1.Грамматикалық мағына туралы түсінік.
2.Грамматикалық форма
3.Грамматикалық категория
      Грамматикалық мағына дегеніміз тілде қалыпты сипаты  бар  (стандартты)
сөздер тобы мен сөз тұлғаларына,  синтак-систік  қүрылымдарға  тән  жинақты,
дерексіз  тіддік  мағына.  Морфология   саласында   сөз   таптарының   жалпы
мағыналары болсын, сөз тұлғалары мен сөз  тобының  жеке  мағыналары  болсын,
морфологиялық категорйялар деңгейіне сай бір-бірінен  өзгеше  болып  келеді.
Синтаксие саласында граммати-калық мағына предикативтіліктен, сондай-ақ  сөз
тіркестері  мен  сөйлем  компоненттерінің  әр  түрлі  қатынасын   білдіретін
дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді.  Грамматикалық  мағына  сөзге
немесе  сөздердің  белгілі  бір  топтарына  ғана  тән  дерексіздігі   әлсіз,
лексикалық мағыналардан өзгеше.
      Грамматикалық мағыналар жүйесі  болмыстағы  заттар  мен  құбылыстардың
және олардың өзара байланыстары қатынастары туралы ұғымдардың  дерексізденуі
арқылы калыптасады.
      Тілдің  грамматикалық   механизмі   морфемалардан   немесе   сөздерден
жасалмайды,  "грамматикалық  категория"  дец  аталатын   тіл   бірліктерінен
(единицаларынан) жасалады.  Тідцік  грамматикалық  механизмін  грамматикалық
категорияларға  қарап  білуге   болады.   Грамматикалық   категориялар   сөз
топтарын,  сөз   формаларының   тобын,   сөйлеу   позициялары   мен   сөйлеу
конструкцияларын біріктіріп отырады. Сөздер мен  сөз  формаларынан  жасалған
грамматикалық категориялар жүйесі морфологияға, ал, сөйлеу  позициялары  мен
сөйлеу конструкцияларынан жасалған  грамматикалық  категориялар  синтаксиске
тән. Әрбір синтаксистік категорияның граммати-калық  мағынасы  морфологиялық
категорияның  грамматика-лық  мағынасына  қарағанда  жалпы,  жинақты   болып
келеді. Грамматикалық категориялар ішкі қүрылымы жағынан біркелкі емес,  жай
немесе күрделі болуы мүмкін. Сөздердің лексика-грамматикалық үлкен  топтарын
білдіретін сөз таптары грамматикалық категориялардың  ірі,  күрделі  түрлері
болып табылса, ал, солардың қүрамына кіріп, соларды жасайтын  түрлері  шағын
жай  категориялар  болып  есептеледі.  Мысалы,   зат   есім   категориясының
қүрамындағы  септік,  жіктік,   көптік,   тәуелдік,   тек   (род);   етістік
категориясының қүрамындағы  жақ,  шақ,  рай,  етіс,  есімше,  көсемше  шағын
категориялар болып табылады.
      Тілдерде грамматикалық категориялардың мөлшері біркелкі емес.  Мысалы,
орыс тіліндегі вид,  род  категориялары  қазақ  тілінде  жоқ.  Грамматикалық
категориялар үғымына байланысты әлем тілдері бір-біріңен:  1)  грамматикалық
категориялардың саны  мен  құрамына  қарай,  2)  белгілі  бір  грамматикалық
категорияның әр түрлі қүрамда кездесуіне қарай  (мысалы,  септік  жалғаулары
орыс тілінде — 6, қазақ тілінде - 7, эстон тілінде - 14),  3)  грамматикалық
категория-лардың  сөз  таптарына  қатысына  қарай  жіктеледі.  Грамматикалық
тұлға дегеніміз  грамматикалық  мағынаның  қалыпты  (стандартты)  көрінісін,
үлгісін білдіретін тіддік белгі. Грамматикалық мағынаны білдіретін граммати-
калық түлғалар суффикстер (оның ішінде нөлдік),  дыбыстық  алмасулар  ("ішкі
флексия"), қайталау, көмекші  сөздер,  сөздердің  орын  тәртібі,  интонация,
екпін т.б. арқылы көрінеді.  Сөздері  түрленетін  тілдердергі  грамматикалық
(морфология-лық) түлғаларға сөз таптарындағы сөздердің үнемі өзгеріп  отыруы
да жатады.
Бақылау сұрақтары:
1.Грамматикалық мағынаның берілу жолдарын айтыңыз.
2. Грамматикалық тәсілдерге мысал келтіріңіз.
3. Грамматикалық форма дегеніміз не?
4. Грамматикалық категория дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен
мағынасы. А.,1979. 

      7-дәріс. Сөздер  тобының  лексика-грамматикалық  сипаты.  Зат  есімнің
грамматикалық категориялары. Сан есім, сын есімнің түрлері, шырайлары.
Дәрістің мазмұны:
1.Сөздер тобының лексика-грамматикалық сипаты.
2.Сөздерді топтастыру принциптері.
3.Сөз таптырының үш принципке сәйкестігі
      Тілдің  грамматикалық   механизмі   морфемалардан   немесе   сөздерден
жасалмайды,  "грамматикалық  категория"  деп  аталатын   тіл   бірліктерінен
(единицаларынан) жасалады.  Тілдің  грамматикалық  механизмін  грамматикалық
категорияларға  қарап  білуге   болады.   Грамматикалық   категориялар   сөз
топтарын,  сөз   формаларының   тобын,   сөйлеу   позициялары   мен   сөйлеу
конструкцияларын біріктіріп отырады. Сөздер мен  сөз  формаларынан  жасалған
грамматикалық категориялар жүйесі морфологияға, ал, сөйлеу  позициялары  мен
сөйлеу конструкцияларынан жасалған  грамматикалық  категориялар  синтаксиске
тән. Әрбір синтаксистік категорияның граммати-калық  мағынасы  морфологиялық
категорияның  грамматика-лық  мағынасына  қарағанда  жалпы,  жинақты   болып
келеді. Грамматикалық категориялар ішкі қүрылымы жағынан біркелкі емес,  жай
немесе күрделі болуы мүмкін. Сөздердің лексика-грамматикалық үлкен  топтарын
білдіретін сөз таптары грамматикалық категориялардың  ірі,  күрделі  түрлері
болып табылса, ал, солардың қүрамына кіріп, соларды жасайтын  түрлері  шағын
жай  категориялар  болып  есептеледі.  Мысалы,   зат   есім   категориясының
құрамындағы  септік,  жіктік,   көптік,   тәуелдік,   тек   (род);   етістік
категориясының құрамындағы  жақ,  шақ,  рай,  етіс,  есімше,  көсемше  шағын
категориялар болып табылады.
      Заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, иісін  т.б.
қасиеттерін білдіретін сөз табын сын  есім  дейміз.  Негізгі  сын  есімдерге
түбір сын есімдер жатады.Сын есімнің туынды түріне  сын  есімдердің  бірігуі
қосарлануы, зат есім мен сын есімдердің тіркесуі  арқылы  және  сын  есімге,
басқа сөз таптарына түрлі жұрнақтар қосылуы арқылы жасалған сөздер жатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Грамматикалық категориялардың сөз таптарына қатысы туралы айтып беріңіз.

2. Сөздер тобының лексика-грамматикалық сипаты дегеніміз не?
3. Сөздерді топтастыру принциптерін атаңыз.
4. Сөз таптырының үш принципке сәйкестігі туралы талдап көрсетіңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен
мағынасы. А.,1979. 

      8-дәріс. Есімдік. Есімдіктің түрлері. Етістіктің  түрлері,  етістіктің
шақтары, райлары.
Дәрістің мазмұны:
1.Есімдіктің  өзіндік  мағынасы,   морфологиялық   белгілері,   синтаксистік
қызметі.
2.Есімдіктің  құрылымдық ерекшеліктері
3.Есімдіктің мағыналық топтары
4.Етістіктердің лексикалық ерекшеліктері
5.Етістіктің грамматикалық категориялары
6.Етіс категориясы
      Мөлшер: сонша, осынша, әжептәуір,  бірталай,  қыруар  т.б.  Сұрақтары:
қанша? Қаншалық? Қаншама?
      Сын-қимыл: әрең, әзер, тез,  шапшаң,  үнемі,  кенеттен  т.б.Сұрақтары:
қалайша? Қайтіп? Кімше? Қалай?
      Мақсат:  әдейі,  әдейілеп,  жорта,  қасақана.Сұрақтары:  неліктен?  Не
үшін? Не мақсатпен?
          Себеп-салдар:     басқа,     бекерге,      жоққа,      амалсыздан,
шарасыздан.Сұрақтары: не себепті? Неге?  Қалай?
      Күшейткіш: өте,  орасан,  мүлде,  тіпті,  тым,  аса,  кілең.Сұрақтары:
қалай? (қандай?)
    Өздік есімдігі -  өз  деген  бір  ғана  сөзден  және  оның  тәуелденген
түрлерінен тұрады. Мысалы: Менің өзім, баланың өзі, өз ісім т.б.
    Жалпылау  есімдігі  –   жалпылау,   жинақтау   мағыналарын   білдіретін
есімдіктер: бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, түгел т.б.
    Болымсыздық есімдігі  –  болымсыздық  мағынаны  білдіретін  есімдіктер.
Ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайда т.б.
    Белгісіздік есімдігі – заттың сындық белгісін,  сан  мөлшерді  белгісіз
етіп,  жорамалдап,  тұспалдап  көрсету:  кейбіреу,  біреу,  әркім,  әлдекім,
әлдене, бірнеше, әлдеқайда т.б.
      Етістік сөйлемде не болымды,  не  болымсыз  түрде  қолданылады.  Түбір
етістіктер болымды етістік болып  саналады:  кел,  сөйле,  тында,  кет  т.б.
Болымсыз  етістіктер  –ма  (-ме,  -ба,  -ба,  -бе,  -па)  –пе  жұрнақтарының
етістікке жалғануы арқылы және жоқ, емес көмекшілерінің  етістікке  тіркесуі
арқылы жасалады: кел – ме, сөйле – ме, тыңда – ма, кет –  пе,  барған  емес,
айтқан жоқ т.б.
      Тұйық етістік қимылдың, іс -  әрекеттің  атын  білдіреді,  -у  жұрнағы
жалғану арқылы жасалады: сұра – у, келме – у, айт – ут.б.
      Етістік сөйлемде не болымды,  не  болымсыз  түрде  қолданылады.  Түбір
етістіктер болымды етістік болып  саналады:  кел,  сөйле,  тында,  кет  т.б.
Болымсыз  етістіктер  –ма  (-ме,  -ба,  -ба,  -бе,  -па)  –пе  жұрнақтарының
етістікке жалғануы арқылы және жоқ, емес көмекшілерінің  етістікке  тіркесуі
арқылы жасалады: кел – ме, сөйле – ме, тыңда – ма, кет –  пе,  барған  емес,
айтқан жоқ т.б. Біраз ғалымдар бір-бірімен салыстыруға,  біріне-бірін  қарсы
қоя қарауға болатын, өзара байланыста, шарттық кңтынаста түратын бір  тектес
элементтер бар жердің бәрінде де жүйе бар дегенді айтады.
Бақылау сұрақтары:
1. Есімдіктің арнайы түрлену парадигмасы бар ма?
2. Есімдік жалпылық мәнде қолданылады дегенді қалай  түсінесіз?
3. Есімдіктің қандай мағыналық түрлері бар?
4. Етіс жұрнақтарының қабаттаса қолданылуына мысал келтіріңіз
5.Шартты рай формасындағы етістіктің жіктелуіне мысал келтіріңіз
6.Рай жасаушы формаларды атаңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен
мағынасы. А.,1979. 

      9-дәріс. Етіс категориялары. Үстеу. Үстеудің мағыналық түрлері.
Дәрістің мазмұны:
1. Етіс категориялары
2. Үстеудің жалпы сипаттамасы
3. Үстеудің мағыналық түрлері
    Етістіктің ерекше  грамматикалық  категориясының  бірі  -  етіс.  Істің
істеушісіне  және  істелген  затқа  қатынасына  байланысты  мағыналық   және
тұлғалық  жақтан құбылуын етіс деп атайды. Етістің 5 түрі  бар:  1)  негізгі
етіс; 2) өздік етіс; 3) өзгелік етіс; 4) ортақ етіс; 5) ырықсыз етіс.

Түбір етістіктің де,   басқа  сөз  табынан  жасалған  туынды  етістіктің  де
алғашқы тура қалпында айтылған түрін негізгі етіс деп  атайды.  Бұл  етістің
басқа түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ал, алу, айт, жуын, жуыну т.б.
Іс-әрекеттің  сол  іс-әрекетті  орындаушының  өзіне   жұмсалуын   білдіретін
етістіктің түрін өздік етіс деп тайды. Іс-әрекет істеушінің өзіне  арналады.
Демек, қимылды, іс-әрекетті іске асырушы, екі субъект  болады:  бірі  -  сол
қимылды  орындатушы,  екіншісі  -  қимылды  тікелей  орындаушы.  Өздік  етіс
етістіктің түбіріне -ын, -ін, -н жұрнағы қосылу арқылы жасалады. Мысалы: жу-
ын, ки-ін, мақта-н.
Іс-қимылдың  басқа  біреу  арқылы  орындалатынын  білдіретін  етістің  түрін
өзгелік етіс деп атайды. өзгелік етісті жасайтын жұрнақтар әр  түрлі:  -қыз,
-кіз, -ғыз, -гіз, -ыз, -із, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр,  -ір,  -т.  Мысалы:
айт-қыз, жет-кіз, отыр-ғыз, ем-із, киін-дір, ас-ыр, боса-т, ки-гіз т.б.
Іс-қимылды орындаушының екі немесе бірнешеу екендігін білдіріп,  іс-қимылдың
бірлесе немесе  бір-біріне  бағыттала  орындалатындығын  көрсететін  етістің
түрін ортақ етіс деп атайды. Мысалы: жаз-ыс, жина-с, хабарла-с т.б.
Іс-әрекеттің  атқарушысы,  қимыл   иесі  арнайы  аталмай,  қимыл   өздігінен
істелетіндігі көрініп тұрса, ондай етісті ырықсыз етіс деп  атайды.  Ырықсыз
етіс -ыл, -іл, -л жұрнақтары арқылы, кейде түбір –л  дыбысына  ақталса  -ын,
-ін, -н жұрнақтары арқылы сабақты  етістіктен  жасалады.  Ырықсыз  етіс  тек
сабақты етістіктен жасалады, өзі жалғанған сабақты етістікті салт  етістікке
айналдырады. Мысалы: үй сал-ын-ды, бөлме тазала-н-ды, машина көр-ін-ді.
Бақылау сұрақтары:
1. Етіс категориялары
2. Үстеудің жалпы сипаттамасы
3. Үстеудің мағыналық түрлері
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен
мағынасы. А.,1979. 

      10-дәріс. Шылау сөздер. Септеуліктер, демеуліктер, жалғаулықтар.
Дәрістің мазмұны:
1.Шылаулардың лексикалық ерекшеліктері
2.Шылау сөздердің түрлері
3.Жалғаулықтарға тән грамматикалық сипат
4.Септеулік шылаулар
5.Демеулік шылаулар
      Шылау сөздер – толық лексикалық  мағынасы  жоқ,  тек  сөз  бен  сөзді,
сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұратын немесе  сөзге  қосымша  мән  үстеп
тұратын көмекші сөздер.Шылау сөздер мағыналарына, қызметіне  қарай  3  топқа
бөлінеді: септеулік, демеулік, жалғаулық шылаулар.
       Септеулік  шылаулар  өзі  тіркесетін  сөздің   белгілі   бір   септік
жалғауында  тұруын  қажет  етеді.Септеулік  шылаулар:  үшін,  шейін,  кейін,
бұрын, арқылы, бірге, қатар, жөнінде т.б
      Жалғаулық шылаулар сөзбен сөзді, сөйлем мен  сөйлемді  байланыстырады:
және, мен, бен, пен, бірақ, ал, алайда, не, немесе, өйткені, себебі т.б
      Демеулік шылаулар –сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау,  болжалдық,
күмән сияқты қосымша мағына үстейді.Олар:  -ма,-ме,  -ба,-бе,-па,-пе,-қана,-
ақ,-ау,-мыс,-міс т.б
Бақылау сұрақтары:
1. Шылаулардың грамматикалық мағыналары қандай?
2. Жалғаулықты шылаулар қандай қызмет атқарады?
3. Септеулікті шылаулар қандай қызмет атқарады?
4. Демеулікті шылаулар қандай қызмет атқарады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен
мағынасы. А.,1979. 

      11-дәріс.  Одағай.  Одағайдың  түрлері.  Еліктеу  сөздер.   Еліктеуіш,
бейнелеуіш сөздер. Жаттығу жұмыстары.
Дәрістің мазмұны:
1.Одағайлардың лексика-грамматикалық сипаты
2.Одағайлардың мағыналық түрлері
3.Одағайлардың сөйлемде қолданылуы
4.Еліктеу сөздер туралы түсінік.
5.Еліктеу сөздердің семантикалық сипаты, синтаксистік қызметі.
      Одағай сөздер – сөз табына жататын  толық  мағынасы  жоқ  сөздер,  тек
адамның қорқу, қуану, шаттану, ренжу, өкіну сияқты көңіл  –  күйін,  сезімін
білдіреді. Мысалы: алақай,  бәрекелді,  аһ,  паһ  –  паһ,  оһо,  уһ,  әттең,
мәссаған, тәйт, тек т. б.  Еліктеу  сөздер  –  лексикалық  тұлғалық  жағынан
өзгеше сөз табы.  Олардың  айналадағы  дыбыстар  мен  қимылдарға  еліктеуден
жасалатындығы.  Еліктеу  сөздердің  түрлері:  еліктеуіш  сөздер.  Бейнелеуіш
сөздер. Дара және күрделі еліктеу сөздер.
Бақылау сұрақтары:
1. Одағайлардың қандай мағыналық топтары бар?
2. Одағайлардың сөйлемде қолданылу ерекшелігін атаңыз.
3. Көңіл күй одағайларына мысал келтіріңіз
4. Шақыру одағайларының мағыналық ерекшелігі қандай?
5.Еліктеу сөздер туралы түсінік.
6. Еліктеу сөздердің семантикалық сипаты, синтаксистік қызметі
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен
мағынасы. А.,1979. 

      12-дәріс. Синтаксис туралы жалпы түсінік. Синтаксистік  тұлғалар.  Сөз
тіркесінің байланысу формалары.
Дәрістің мазмұны:
1. Сөз тіркесінің байланысу формалары. Матасу,қабысу жайлы көзқарастар
2. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңарының түлғасы.
3. Қабысу. Ол туралы көзқарастар. Қабысу сөздердің орын тәртібі арқылы
жасалатындығы, оның көріністері
4. Жанасу. Жанасудың өзіндік белгілері.
      Матасу туралы түркологиялық көзқарастар, қиысумен ара  қатынасы,  ілік
және барыс,  табыс  т.б.  жалғаулы  сөздердің  басыңқы  сөзбен  тіркесіндегі
ерекшеліктері  туралы.  Матаса   байланысқан   сөз   тіркестерінің   бірінші
сыңарының  түлғасы.  Ілік  жалғауының  ашық  түрі  екендігі,  олардың  орны,
бағыныңқы сыңарда қолданылатын сөз таптары:
-    Есімдер, етістік, үстеу.
-   Негізгі сөздер мен көмекші сөздер, олардың түрлері.
-   Тұрақты тіркестер.
-   Бар, жоқ сөздері.
      Қабысу. Ол туралы көзқарастар. Қабысу сөздердің  орын  тәртібі  арқылы
жасалатындығы, оның көріністері:
-   сөздердің орын тәртібі арқылы, жақсы тілек;
-    негізгі    сөздер    мен    көмекші    сөзді    түйдекті    тіркестерге
кейбір жұрнақтардың жалғануы арқылы, үйдің қасындағы бау;
-     көнеленген септік жалғаулы үстеулер арқылы, зорға түсіндіру;
-     септік жалғауларының түсірілуі арқылы, кітап оқу;
-     тұрақты тіркестер арқылы.
      Қабысудың бағыныңқы сыңарлары: есімді сөз тіркестері:  зат  есім,  сын
есім, сан есім,  есімдік,  есімше,  қимыл  есімі,  үстеу,  негізгі  сөз  бен
көмекші  сөздер,  түрақты  тіркестер;  етістікті  сөз   тіркестері:   үстеу,
көсемше, еліктеуіш сөздер, сын есім, сан есім, зат есім,  түрақты  тіркестер
ондай сөздердіц тіркесу қабілеті,  мағыналық  байланысу.  Қабысудың  басыңқы
сыңарына қарай есімді, етістікті және ортақ  басыңқы түрлері, ондай  кездегі
сөз таптарының ара қатынасы.
      Жанасу. Жанасудың өзіндік объектілері.  Жанасуда  бағыныңқы  сыңардын,
алшақ,  іргелес  тұруына  қарай  шылаулы  меңгерумен  ара  қатынасы,  жанасу
терминінің мәні, жанасудың  құрамы.  Бағыныңқы  мен  басыңқыны  жанастыратын
дәнекерлер, түрлері: жанасудың етістікті, кейде есімді, құрама түрлері:
-  негізгі сөз бен көсемше тұлғалы көмекші етістік;
-  негізгі сөз және шылау;
-  негізгі сөз және модаль сөздер;
Бақылау сұрақтары:
1.Матасу, қабысу формаларына мысалдар келтіріңіз
2.Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңарының  түлғасын  мысалдар
арқылы көрсетіңіз
3.Қабысу мен жанасу формаларына мысалдар келтіріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.


      13-дәріс. Сөйлем мүшелерінің түрлері.
Дәрістің мазмұны:
1. Сөйлем мүшелерінің түрлері
2. Сөйлем мүшелері  туралы козқарастар.
3.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің зерттелуі
4. Бастауыш пен баяндауыштың негізгі қасиеттері
      Сөйлем мүшелері туралы  жалпы  түсінік.  Сөйлем  мүшелерінің  атаулары
туралы. Сөйлемнің  тұрлаулы  мүшелері,  олар  туралы  көзқарастар.  Тұрлаулы
сөйлем мүшелерінің кайсысының  басым  екендігі,  бастауыш  пен  баяндауыштың
арасындағы катынас - предикативтік туралы, оның көріністері.
      Сөйлемнің тұрлаусыз  мүшелері.  Сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшелері  туралы
көзқарастар.  Тұрлаусыз  мүшелерге  қатысты  сөздердің  тұлғалық,  мағыналық
ерекшеліктері, олардың, түрлері мен бір-бірінен айырмашылығы, сұраулары  мен
мағыналарындағы өзара ұқсастық пен айырмашылық.
      Бастауыш, оның зерттелуі. Бастауыштың негізгі қасиеттері.  Бастауыштық
топ,  оның  көрінісі.  Бастауыштың  сөйлемдегі  орны.   Бастауыштық   тұлға:
нольдік, көптік, тәуелдік жалғаулы  түрлері  мен  септік  жалғаулы  сөз  бен
көмекші  сөзді   топтар.   Бастауыштың   сұраулары.   Бастауыштың   түрлері.
Бастауыштағы  жақтык,  көрініс.  Бастауыштың  жасалу  жолдары,  семантикасы.
Негізгі сөздердіц бастауыш қызметінде жүмсалуы, ерекшеліктері. а)  зат  есім
иен есімдік. ә) заттану арқылы: сын  есім,  сан  есім,  есімше,  есімдіктер,
үстеу. Негізгі сөздер мен  көмекші  сөздердің  түйдектелуі  арқылы  жасалған
бастауыштар, түрлері, олардың тұлғалық ерекшеліктері.
Бастауыштың құрамы. Дара, күрделі,  үйірлі  бастауыштар.  Бастауыш  аясының,
кеңеюі. Бастауыштың басқа сөйлем мүшелеріне ауысу процессі. Баяндауыш,  оның
зерттелуі, бастауышқа қатысы. Баяндауыштың негізгі қасиеттері.  Баяндауыштық
топ. Баяндауыштық тұлғалар.
      Етістікті баяндауыштардың тұлғалық ерекшеліктері: бұйрық  рай,  жіктік
жалғауы, есімше формасы, шартты рай, қимыл  есімі,  негізгі  етістіктер  мен
көмекші  етістіктер,   көнеленген   баяндауыштық.   Есімді   баяндауыштардың
тұлғалық ерекшеліктері: нольдік  форма.  Септік  жалғауы,  көптік  жалғаулы,
жіктік  жалғаулы  түрлері.  Құрама  баяндауыштар.  Баяндауыштың   сұраулары,
жасалу жолдары, семантикасы. Негізгі сөзді баяндауыштар. Негізгі сөздер  мен
көмекші сөздердің баяндауыш қызметінде жүмсалуы. Баяндауыштың құрамы:  дара,
күрделі түрлері. Етістікті,  есімді,  құрама,   үстеулі,  еліктеуіш,  модаль
сөзді және бар, жоқ сөзді.
Бақылау сұрақтары:
1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы көзқарастарды  конспектілеңіз
2. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы көзқарастар конспектілеңіз
3. Бастауыш пен баяндауыштың негізгі қасиеттеріне сипаттама беріңіз
4. Бастауыш пен баяндауыштың жасалу жолдарын көрсетіңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.

     14-дәріс. Жай сөйлем туралы түсінік. Жай сөйлемнің түрлері.
Дәрістің мазмұны:
1. Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі
2. Тұрлаусыз мүшелердің қатысу, қатыспауына қарай жалаң, жайылма сөйлемдер.
3. Атаулы сөйлемдер  қолданысы
      Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі. Хабарлы сөйлем, оның есімді,
етістікті  түрлері,  олардың  тарихи  қалыптасу  жолдары.  Сұраулы   сөйлем,
олардың  жасалуы,  сұраулы  сөйлемді  жасаудағы  интонацияның  орны.   Лепті
сөйлем.  Бұйрықты  сөйлем,  олардың  бір-бірінен   айырмашылыктары,   жасалу
жолдары.
      Тұрлаусыз  мүшелердің  қатысу,  қатыспауына   қарай   жалаң,   жайылма
сейлемдер. Бастауыштың қатысу, қатыспауына қарай  жақты,  жақсыз  сөйлемдер.
Белгісіз  жакты  және  жалпылама  жақты  сөйлемдер.  Тұрлаулы  не  тұрлаусыз
мүшелерінің қатысуына қарай толымды,   толымсыз  сөйлемдер.  Атаулы  сөйлем,
оның                          өзіндік                          ерекшеліктері

                                     Бақылау сұрақтары:
1.Жай  сөйлемнің  айтылу  мақсатына   қарай   бөлінуін   нақты   мысалдармен
дәлелдеңіз
2.Тұрлаусыз мүшелердің қатысу, қатыспауына қарай жалаң, жайылма  сөйлемдерге
мысалдар жазыңыз
3.Атаулы сөйлемдерге мысалдар жазыңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі /синтаксис/. А., 1972.
2. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1991.
3. Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1983.
4. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі. А., 1992.
5. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1997.
6. Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. А., 1995.
7. Жақыпов Ж. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. Қ., 1998.
8. Қордабаев Т.Р. Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің синтаксисі.
А., 1995. 
9. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – А., 1996.

     15-дәріс. Құрмалас сөйлем туралы сипаттама.  Құрмалас  сөйлемнің  даму
жолдары, түрлері. Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелуі.
Дәрістің мазмұны:
1. Құрмалас сөйлем туралы жалпы сипаттама.
2.Құрмалас сөйлемнің даму жолдары.
3.Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелуі.
4. Салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлемдердің  жалпы  сипаттамасы  және
айырым белгілері.
      Құрмалас   сөйлем   -   синтаксистік   тұлға,    оның   грамматикалық,
семантикалық   сипаты.   Құрмалас   сөйлемнің   формасы.   Құрмалас   сөйлем
жүйесіндегі     предикативтік.     Құрмалас     сөйлемнің     компоненттерін
байланыстыратын,     тұтастыратын   тіл   амалдары.    Құрмалас    сөйлемнің
компоненттерін    байланыстырудағы    жалғаулықтардың,      септеуліктердің,
анафористік сөздердің,   орын тәртібінің,  блин,  морфологиялық  тұлғалардың
т.б. жұмсалу сипаттары. Құрмалас сөйлемді  бір  синтаксистік  тұлға  ретінде
тұтастыруда,   оның грамматикалық түрлерін саралауда интонацияның  атқаратын
рөлі. Құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыш мүшелерінің үйлесу сипаты.
      Құрмалас  сөйлемдердің  салалас,  сабақтас  болып  топтасу   принципі.
Түркологияда,   қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдердің  түрлерін  ажырату
принцибінің    айқындалуы.    Бұл    принциптің    тіл-тілдердің     құрылыс
ерекшеліктеріне сай көрінуі. Құрмалас сөйлем  құрлысы  мен  пікірдің  қарым-
қатынасы және  құрмалас  сөйлемнің  тілге  тән  тұлға  ретінде  ерекшеленуі.
Құрмалас сөйлем жүйесі мен жай сөйлем жүйесінің құрылымдық,    функционалдық
қарым-қатынасы.
            Құрмалас сөйлем – синтаксистің  үлкен  бір  саласы.  Тіліміздегі
жай сөйлемдер мен оның күрделенген түрлері  де  бір  предикаттық  қатынастың
негізінде  құрылса,  құрмалас  сөйлемдер  ең  кем  дегенде  екі  предикаттық
қатынастың негізінде құрылады.
            Қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесін  зерттеуге  арналған  алғашқы
еңбектер, олардың мазмұны. А.Байтұрсынұлының  құрмалас  сөйлемдер  құрылысын
зерттеуге   арналған   еңбектері.   С.Жиенбаевтың   құрмалас    сөйлемдердің
грамматикалық   типтерін    тануға    арналған    еңбегі.    С.Аманжоловтың,
С.Сауранбаевтың   қазақ   тілі   синтаксисін   оның    қатарында    құрмалас
сөйлемсинтаксисін зерттеуі, негізгі еңбектері.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесін зерттеуге арналған алғашқы  еңбектерге
шолу жасаңыз
2. Құрмалас сөйлемнің даму жолдарын баяндаңыз
3. Құрмалас сөйлем синтаксисінің  түркі тіл білімі мен  орыс  тіл  білімінде
зерттелуі жайын салыстырып көріңіз
4. Салалас, сабақтас және аралас құрмалас сөйлемдердің түрлері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі /синтаксис/. А., 1972.
2. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1991.
3. Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1983.
4. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі. А., 1992.
5. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1997.
6. Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. А., 1995.
7. Жақыпов Ж. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. Қ., 1998.
8. Қордабаев Т.Р. Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің синтаксисі.
А., 1995. 
9. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – А., 1996.


      3 СЕМИНАР САБАҚТАРЫ
      1-семинар. Фонетика-тіл ғылымының бір саласы.  Зерттелуі.  Фонетиканың
бүгінгі жай-күйі.
Сабақтың мазмұны:
1.Фонетика – тіл ғылымының бір саласы. Зерттелуі
2.Фонетиканың бүгінгі жай-күйі
3. Тілдің дыбыстық жүйесі
Сабақтың мақсаты: Қазіргі фонетика дыбыстың  төрт  қырын  жеке  қарастырады,
олардың ерекшелігін ажырату деңгейін бақылау.
Бақылау сұрақтары:
4. Фонетика – тіл ғылымының бір саласы. Зерттелуі
5. Фонетиканың бүгінгі жай-күйі
6. Латын әліппиіне көшу туралы өз ойыңыз
Әдістемелік нұсқаулық: Қазақ тілінің  фонетист  ғалымы  Ә.Жүнісбеков  фонема
ұғымының түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді  еместігін  айтып,  түркі
тілдері үшін «сингармема» деген атаудың  лайықтығын  дәлелдейді.  Бұл  түркі
тілдеріндегі сингорманизм заңдылығымен  үйлес.  Сингармонизм  зандылығын  С.
Мырзабеков көп зерттеді. Фонетикалық процестер:  ассимиляция,  диссимиляция,
диереза, редукция, элизия  және  т.б.  фонетикалық  кұбылыстар:  просодиялық
фонетикалық  құбылыстар,  анлауттағы  фонетикалық   кұбылыстар.   инлауттағы
фонетикалық құбылыстар, ауслауттағы фонетикалық құбылыстар  жайында  кеңінен
тоқталу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Қазақ университеті,
1993.
2. Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы, 1993.
3. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
4. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
5. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
6. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.

      2-семинар. Ұғым. Сөз  мағынасы.  Семасиология,  оның  негізгі  заңдары
туралы түсінік.
Сабақтың мазмұны:
 1. Сөзге тән белгілер
 2. Сөз типтері.
 3.Ұғым мен мағынаның айырмашылығы
 4. Көп мағыналылық
 5. Сөз мағыналары, кеңею мен тарылуы, бөлшектің бүтінге ауысу заңы.
 6. Сөздің ауыс мағынасы және жасалу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:  Сөздің  анықтамасына  тоқталып,  негізгі  белгілері   мен
нұсқалары, типтері туралы теориялық ұғым  қалыптастыру.Ұғым  мен  мағына,сөз
және олардың ара  қатынасы  мен  сөз  мағынасының  түрлерін  ажырата  білуге
дағдыландыру. Семасиологияның  зерттеу объектісі   туралы  алған  білімдерін
толықтыру  және  оның  негізгі  заңдары  қарастыратын  мәселелерін  ажырату,
меңгерту.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ тілінің генеологиялық жіктемесі.
Қазақ тілі - ұлт тілі, ұлттық әдеби тіл және мемлекеттік тіл.
Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына шолу. Конспект
4. Лексикологияның мақсаты, зерттеу обьектісі.
5. Тіл білімінің лексикологиямен шектес салалары.
Әдістемелік  нұсқаулық:  Жұмысты  орындау  барысында  тақырыпты  ашу   үшін,
жұмысты жүйелі орындау  үшін  көрсетілген  мәселелер  жайлы  мәліметтер  мен
әдебиеттерді  оқып  қарулану  керек.  Қазақ   тіл   білімінде   семасиология
ғылымының  зерттеу  аясы,  зерттелу  жайында  толық  мәлімет  беру.  Тақырып
бойынша  ұсынылатын  әдебиеттерді  пайдалана  отырып   ғалымдардың   негізгі
теорияларын сараптау және  салыстырмалы түрде талдау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
3. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы. А., 1997.

      3-семинар. Сөздің көп  мағыналылығы және жасалу  жолдары.  Синонимдер,
синонимдік қатар, оның түрлері. Антонимдердің ерекшеліктері.
Сабақтың мазмұны:
1. Омонимдер, жасалу жолдары
2. Омофондар
3. Омографтар
4. Синонимдердің лексика-семантикалық сипаты
5. Синонимдердің жасалуы. Синонимдік қатар.
6. Антонимдер. Олардың лексика-семантикалық сипаты
Сабақтың мақсаты: Сөздің көп мағыналығы,  омонимдер  және  түрлері,  олардың
көп мағыналы сөздерден  айырмашылығын,  пайда  болу  жолдары,  стилистикалық
мәні  мен  зерттелу  жайын  меңгерту.  Синоним  сөздердің  түрлері,  олардың
стильдік қызметі, пайда болу жолдары туралы білімдерін  іс  жүзінде  қолдана
білу, іскерліктерін дамыту. Антонимдік  құбылыстың  тіліміздегі  орны,  оның
стильдік қызметі туралы білімдерін тиянақтау.
Бақылау сұрақтары:
1.  Омонимдердің  стилистикалық  мәні,  зерттелу  жайы.  Аханов   К.   Қазақ
   тіліндегі омонимдер. Конспект жасау.
2. Лексикалық  антонимдердің  стилистикалық  мәнін  поэзия  тілінен  алынған
   мысалдар негізінде дәлелдеу.
3. Омофондар, омографтар, омоформаларға мысалдар келтіру.
4.Мына сөздердің омонимдік мағыналарын анықтау
Аз, ана, ара, арба, арна, айыр, бау, бақ, без, біз, бу, бар, дақ, делбе,
еле, ем, ен, ер, ерін, ерік, ес, ет, жалын, жара, жас, жат, жау, жек, жең,
жирен, жөн, жыр, көп, көрік, косо, қош, күл, лақ, мал, мақта, мін, мен,
нан, ой, ор, от, он, піс, сай, сан, сана.
5.Омонимдердің түрлерін ажырату.
        1) Лексикалық омоним. (бір сөз табынан). Дәрі І. Дәрі ІІ (оқ-дәрі)
        2) Әр сөз табынан лексика-грамматикалық омоним.
     ұста І   ұста ІІ    жала І    жала ІІ
        3) Аралас омоним. Ат – зат есім, ат – етістік.
        4) Сөздердің әрқайсысын омоним болатындай етіп сөйлем құрау, түрін
           ажырату.
Асау, жақ, жарық, қырық, саз, сый, түс, қал, шаш, қорық, жан.
6. Мына сөз, сөз тіркестерінің қайсысы  омофон,  қайсысы  омограф?  Ажырату.
Көмбе-көнбе. Көрші-көрші. Тұщы-тұзшы.  Оқушымыз-оқушымыз.  Қосшы-қошшы.  Том
ба? – тон ба? Ала ғой-ала қой. Қалада-қала да. Қара  ат-қарат.  Ортақ  ой  –
орта ғой. Бала-ақ – балақ. Сары ала – сарала. Баспа – тас  па.  Қара  ала  –
қарала. Бөлме, алма, тартпа, кеспе, сүзбе, көрме.
Әдістемелік нұсқаулық: Көп мағыналыққа ғана  тән  белгілерді  саралату.  Көп
мағынаның түрлеріне талдау. Тілдегі синонимдер мен антонимдердің пайда  болу
жолдары,  типтері.  Синоним  сөздердің  лексика-семантикалық  ерекшеліктері,
зерттелу жайы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
3. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы. А., 1997.

      4-семинар.    Кәсіби сөздер, диалект сөздер, тұрмыстық сөздер. Бейнелі
сөздер, жаргон, арго, варваризмдер.
Сабақтың мазмұны:
1. Кәсіби сөздер
2. Диалект сөздер
3. тұрмыстық сөздер
4. Бейнелі сөздер
5. Жаргон, арго
6. Варваризмдер
Сабақтың   мақсаты:   Арнаулы    лексика    мен    диалектілік    лексиканың
айырмашылықтарын  ажырата отырып, сөздіктермен жұмыс жасау.  Сөйлеу  тілінің
лексикасының  өзіндік  ерекшеліктерін,   бейнелі   сөздер,   жаргон,   арго,
варваризмдерді ажырату.

Бақылау сұрақтары:
1. Кез-келген мәтіннен  арнаулы сөздерді тауып,олардың  терминдік  мағынасын
   жалпыхалықтық қолданыстағы сөздер мен терминдердің семалық  құрылысындағы
   ұқсастықтар мен өзгешелікерін саралай отырып жазыңыз.
2.  Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Конспект жасау.
3. Берілген сөздердің әдеби тілдегі вариантын анықтаңыз:
Кемшіл –
Баспақ –
Тақау –
Дүз-
Тыраш –
Көпей –
Ұрық –
Құман –
4.Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері. Конспект жасау.
5.Тұрмыстық  сөйлеу  тілі,   варваризмдердің    көркем   шығарма   тіліндегі
көрінісіне мысалдар келтіру.
6.Тыңдаушыға ерекше әсер қалдыруда варваризмдердің қолданысы.
Әдістемелік  нұсқаулық:  Қолдану  аясы  тар   лексиканың   түрлеріне   шолу.
Фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
3. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы. А., 1997.

      5-семинар.  Фразеологияның  ұлттық  мәдени   ерекшеліктерін   айқындау
ауыспалы мағынаның, метафорлы тіркестердің фразеологизмге өту амалдары.
Сабақтың мазмұны:
1. Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық мәдени көрінісі
2.Фразеологимдердің лексика семантикалық табиғаты
3. Қазақ фразеологизмдеріндегі синонимия құбылысы
Сабақтың  мақсаты:  Фразеологияның  ұлттық  мәдени  ерекшеліктерін  айқындау
ауыспалы мағынаның,  метафорлы  тіркестердің  фразеологизмге  өту  амалдарын
меңгерту.
Бақылау сұрақтары:
   1. Тұрақты тіркестер  құрамындағы  мағынасы  күңгірттенген  компоненттер.
      Конспект жасау.
   2.  Ауыспалы  мағынаның,  метафорлы   тіркестердің   фразеологизмге   өту
      амалдарын мысалдар арқылы дәлелдеу.
Әдістемелік  нұсқаулық:  Фразеологизмдердің   ұлттық-мәдени   ерекшеліктерін
айқындауда  адамдардың дүниені, яғни әлем суретін ондағы түрлі  құбылыстарды
қабылдау әрекетіндегі образдылық.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
3. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы. А., 1997.

      6-семинар.  Грамматика  және  оның  салалары.   Тілдің   грамматикалық
құрылысы.  Грамматикалық  мағына  мен  грамматикалық  форма;   грамматикалық
категория.
Сабақтың мазмұны:
1. Морфологияның зерттелу тарихы, зерттеу объектісі.
2. Морфологияның тіл білімінің басқа салаларымен байланысы.
3. Сөз және оның морфологиялық құрылымы.
4. Грамматика және оның салалары.
     5. Негізгі түбір және туынды түбір.
7. Біріккен сөз
8. Қос сөз
9. Қысқарған сөз


Сабақтың мақсаты: Сөздің негізгі түрлері. Құрамына қарай жалаң және  күрделі
сөздердің болуы. Жалаң сөздер: негізгі  және  туынды  түбір.  Негізгі  түбір
және түбір морфема. Негізгі түбір сөздердің буын құрамы.  Күрделі  сөздер  –
лексика-грамматикалық  единицалар.  Күрделі  сөздерді   фразеологиялық   сөз
тіркестері мен еркін сөз тіркестерінен ажырату  жолдары.  Күрделі  сөздердің
түрлері: біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз,  құрама  сөз.  Біріккен  сөз,
басты  белгілері,  оларды  күрделі  сөздердің   басқа   түрлерінен   ажырату
мәселесі. Кіріккен сөздердің пайда болуы.  Қос  сөздер,  түрлері:  қайталама
қос сөздер және қосарлама қос  сөздер.  Олардың  фонетикалық,  морфологиялық
сипаты. Қысқарған сөздер және олардың түрлері, жасалу жолдары.

Бақылау сұрақтары:
1. Морфологияның тіл білімінің басқа салаларымен байланысы.
2. Сөз және оның морфологиялық құрылымы.
3. Грамматика және оның салалары.

Әдістемелік  нұсқаулық:  Студенттерге  дәрісте   қарастырылған  тақырыптарға
морфологияның теориялық  сипаттамасын  толықтырып  жазғызу.  Пәннің  арнаулы
ғылыми пән  екендігіне  оның   іштей  жекелеген  салаларына   талдау  жасату
арқылы  көз жеткізу.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен
мағынасы. А.,1979. 

      7-  семинар.  Есім  сөздердің  анықтамасы,  жасалу  жолдары,   олардың
түрлері.
Сабақтың мазмұны:

   Зат есімнің жалпы сипаттамасы.


   Жалқы және жалпы есімдер, бұлардың  семантикалық,  морфологиялық  сипаты.
   Көмекші есімдер.

1. Сын есімнің жалпы сипаты, семантикалық топтары, жасалу жолдары.
2. Шырай категориялары туралы жалпы түсінік.
3. Сан есім туралы түсінік.
4. Сан есімнің семантика-морфологиялық топтары.
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің  мағыналық  жағынан   сыр  сипатының  молдығы.
Деректі, дерексіз мағыналы  зат есімдер. Зат есімнің жалпы, жалқы  мағыналық
топтары.  Зат есімнің  грамматикалық   категориялары  және  түрлену  жүйесі.
Сын есім оның семантикалық топтары және синтаксистік қызметі жайлы  мағлұмат
беру. Сан  есім.  Оның  өзіндік  ерекшеліктері.  Сан  есімнің  грамматикалық
категориясының жоқ екендігі. Дара және  күрделі  сан  есімдер.  Сан  есімнің
мағыналық топтары: есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық,  бөлшектік.
Олардың мағыналық ерекшеліктері.
Бақылау сұрақтары:

1. Зат есімнің жалпы сипаттамасы.


2. Жалқы және жалпы есімдер, бұлардың  семантикалық,  морфологиялық  сипаты.
Көмекші есімдер.

3. Сын есімнің жалпы сипаты, семантикалық топтары, жасалу жолдары.
4. Шырай категориялары туралы жалпы түсінік.

5. Сан есім туралы түсінік.


Әдістемелік  нұсқаулық:  Зат  есім,  оның  лексика-  грамматикалық   сипаты.
Адамзат және ғаламзат есімдері, ерекшеліктері.  Жалқы  және  жалпы  есімдер.
Негізгі және туынды есімдер. Көмекші есімдер. Сын есім,  оның  морфологиялық
құрамы, жалаң және күрделі, негізгі және туынды сын  есімдер.  Сапалық  және
қатыстық сын есімдер. Шырай категориясы.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен
мағынасы. А.,1979. 

      8-семинар. Есімдік. Етістіктің грамматикалық категориялары.
Сабақтың мазмұны:
1. Есімдік туралы жалпы сипаттама.
2. Есімдіктің мағыналық топтары, синтаксистік сипаты
3. Етістіктің грамматикалық категориясы туралы түсінік.
4. Етістік негізі. Салт және сабақты етістіктер.
5. Етіс категориясы, оған тән сипаттар.
6. Болымды және болымсыздық категориясы. Есімше.
7. Көсемше.
8.  Рай  категориясы.  Рай  категориясының   түрлері.   Рай   категориясының
   әрқайсысына тән мағыналық, формалық ерекшеліктері.
9. Шақ  категориясы.  Шақ  категориясы,  оған  тән  белгі  сипаттар.  Шақтың
   түрлері, мағыналық және формалық ерекшеліктері, тарихи дамуы.

Сабақтың мақсаты: Есімдіктердің мағыналық топтары:  жіктеу,  сілтеу,  сұрау,
өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау. Олардың мағыналық  ерекшеліктері.
Негізгі  және  көмекші  етістіктер.  Болымды,  болымсыз   етістіктер.   Етіс
түрлері: өздік етіс, өзгелік, ырықсыз, ортақ етістер. Олардың жұрнақтары.

Бақылау сұрақтары:
1. Есімдіктің мағыналық топтары, синтаксистік сипаты
2. Етістіктің грамматикалық категориясы туралы түсінік.
3. Етістік негізі. Салт және сабақты етістіктер.
4. Етіс категориясы, оған тән сипаттар.
Әдістемелік нұсқаулық: Есімдік.  Олардың  есімдер  тобына  жататындығы.  Зат
есімдерше түрленетіндігі. Студенттерге дәрісте   қарастырылған  тақырыптарға
морфологияның теориялық  сипаттамасын толықтырып жазғызу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен
мағынасы. А.,1979. 

      9-семинар. Үстеу. Еліктеу сөздер.
Сабақтың мазмұны:
1. Үстеудің сипаттамасы.
2. Үстеу сөздің мағыналық топтары, білдіретін мағыналары.
3. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.
4. Еліктеу сөздер туралы түсінік.
5. Еліктеу сөздердің семантикалық сипаты, синтаксистік қызметі.
Сабақтың мақсаты: Үстеудің қимылдың  алуан  түрлі  белгілерін,  күй-жайларын
білдіретіндігі. Негізгі түбір, туынды  түбір  үстеулер.  Дара  және  күрделі
үстеулер.  Олардың  түрлену  жүйесінің  жоқ  екендігі.  Үстеудің   мағыналық
түрлері: мезгіл, мекен,  мөлшер,  сын-бейне,  мақсат,  себеп-салдар,  топтау
үстеулері. Олардың мағыналық  ерекшеліктері,  сұраулары.  Еліктеу  сөздер  –
лексикалық тұлғалық жағынан өзгеше сөз  табы.  Олардың  айналадағы  дыбыстар
мен  қимылдарға  еліктеуден  жасалатындығы.   Еліктеу   сөздердің   түрлері:
еліктеуіш сөздер. Бейнелеуіш сөздер. Дара және күрделі еліктеу сөздер.
Бақылау сұрақтары:
1. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.
2. Еліктеу сөздер туралы түсінік.
3. Еліктеу сөздердің семантикалық сипаты, синтаксистік қызметі.

Әдістемелік  нұсқаулық:  Студенттерге  дәрісте   қарастырылған  тақырыптарға
морфологияның теориялық  сипаттамасын толықтырып жазғызу.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен
мағынасы. А.,1979. 

      10-семинар. Шылаулар. Одағай сөздер
Сабақтың мазмұны:
   1. Көмекші сөздер, оларға тән белгі сипаттар.
   2. Шылаулардың басқа сөз таптарынан ерекшеліктері.
   3.   Шылаулардың   грамматикалық    мағыналарының    сипаттарына    қарай
      жалғаулықтар, демеуліктер, септеуліктер болып бөлінетіндігі. Әр түрдің
      өзіне тән ерекшеліктері, қызметі.
   4. Шылаулардың тарихи қалыптасуы
   5. Одағай туралы жалпы сипаттама.
   6. Одағайдың түрлері, синтаксистік қызметі
Сабақтың мақсаты: Шылау. Шылаулар дербестігінен  айырылған  көмекші  сөздер.
Шылаулардың  түрлері:  жалғаулықтар,  септеуліктер.   Демеуліктер.   Олардың
грамматикалық  қызметі.  Жалғаулықтардың  өзара  тең   дәрежедегі   бірыңғай
сөздерді,  сөз  тіркестерін  байланыстыратындығы.  Жалғаулықтардың  түрлері:
ыңғайлас,  талғаулықты,  қарсылықты,  себеп-салдар,  шарттық   жалғаулықтар.
Демеуліктердің өздері тіркескен сөздерге түрлі қосымша  реңк  жүктейтіндігі.
Одағай.  Одағайлардың  адамның  әр  түрлі  көңіл-күйін,  қуанышын,  ренішін,
шақырушараларын білдіретін оқшау сөздер екендігі жайында түсінік беру.

Бақылау сұрақтары:
1. Көмекші сөздер, оларға тән белгі сипаттар.
2. Шылаулардың басқа сөз таптарынан ерекшеліктері.
3. Шылаулардың грамматикалық мағыналарының сипаттарына  қарай  жалғаулықтар,
демеуліктер,  септеуліктер  болып  бөлінетіндігі.  Әр   түрдің   өзіне   тән
ерекшеліктері, қызметі.

Әдістемелік  нұсқаулық:  Студенттерге  дәрісте   қарастырылған  тақырыптарға
морфологияның теориялық  сипаттамасын толықтырып жазғызу.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен
мағынасы. А.,1979. 

      11-семинар. Синтаксис туралы жалпы түсінік. Синтаксистік тұлғалар. Сөз
тіркесінің байланысу формалары.
Сабақтың мазмұны:
1. Сөз тіркесінің байланысу формалары. Матасу,қабысу жайлы көзқарастар
2. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңарының түлғасы.
3. Қабысу. Ол туралы көзқарастар. Қабысу сөздердің орын тәртібі арқылы
жасалатындығы, оның көріністері
4. Жанасу. Жанасудың өзіндік белгілері.
Сабақтың  мақсаты:  Сөйлем  синтаксистің  ең  негізгі  единицасы.  Сөйлемнің
танымдық, коммуникативтік қызметі. Сөйлемнің коммуникативті қызметінің  сөз,
сөз тіркесінен айырмашылығы. Сөз  тіркесі  мен  сөйлем,  олардың  бір-біріне
ауысуы.  Сөйлемнің  анықтамасы,  ол  туралы  әр  түрлі  пікірлер.  Сөйлемнің
зерттелу   аспектілері:   конструктивті   аспект,   коммуникативті   аспект,
семантикалық аспект.
Бақылау сұрақтары:
1. Сөз тіркесінің байланысу формалары. Матасу, қабысу жайлы көзқарастар
2. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңарының тұлғасы.
3. Қабысу. Ол туралы көзқарастар. Қабысу сөздердің орын тәртібі арқылы
жасалатындығы, оның көріністері
4. Жанасу. Жанасудың өзіндік белгілері.

Әдістемелік  нұсқаулық:  Студенттерге  дәрісте   қарастырылған  тақырыптарға
морфологияның теориялық  сипаттамасын толықтырып жазғызу.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.

      12-семинар. Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
Сабақтың мазмұны:
1. Сөйлем мүшелерінің түрлері
2. Сөйлем мүшелері  туралы көзқарастар.
3.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің зерттелуі
4. Бастауыш пен баяндауыштың негізгі қасиеттері
Сабақтың  мақсаты:  Сөйлем  синтаксистің  ең  негізгі  единицасы.  Сөйлемнің
танымдық, коммуникативтік қызметі. Сөйлемнің коммуникативті қызметінің  сөз,
сөз тіркесінен айырмашылығы. Сөз  тіркесі  мен  сөйлем,  олардың  бір-біріне
ауысуы.  Сөйлемнің  анықтамасы,  ол  туралы  әр  түрлі  пікірлер.  Сөйлемнің
зерттелу   аспектілері:   конструктивті   аспект,   коммуникативті   аспект,
семантикалық аспект.
Бақылау сұрақтары:
1. Сөйлем мүшелерінің түрлері
2. Сөйлем мүшелері  туралы козқарастар.
3.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің зерттелуі
4. Бастауыш пен баяндауыштың негізгі қасиеттері

Әдістемелік  нұсқаулық:  Студенттерге  дәрісте   қарастырылған  тақырыптарға
морфологияның теориялық  сипаттамасын толықтырып жазғызу.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.


      13-семинар. Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
Сабақтың мазмұны:
1. Сөйлем мүшелері  туралы көзқарастар.
2. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің зерттелуі
3. Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштың негізгі қасиеттері
Сабақтың  мақсаты:  Сөйлем  синтаксистің  ең  негізгі  единицасы.  Сөйлемнің
танымдық, коммуникативтік қызметі. Сөйлемнің коммуникативті қызметінің  сөз,
сөз тіркесінен айырмашылығы. Сөз  тіркесі  мен  сөйлем,  олардың  бір-біріне
ауысуы.  Сөйлемнің  анықтамасы,  ол  туралы  әр  түрлі  пікірлер.  Сөйлемнің
зерттелу   аспектілері:   конструктивті   аспект,   коммуникативті   аспект,
семантикалық аспект.
Бақылау сұрақтары:
1. Сөйлем мүшелері  туралы көзқарастар.
2. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің зерттелуі
3. Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштың негізгі қасиеттері

Әдістемелік  нұсқаулық:  Студенттерге  дәрісте   қарастырылған  тақырыптарға
морфологияның теориялық  сипаттамасын толықтырып жазғызу.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.

     14-семинар. Жай сөйлем туралы түсінік. Жай сөйлемнің түрлері.
Сабақтың мазмұны:
1.Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі
2.Тұрлаусыз мүшелердің қатысу, қатыспауына қарай жалаң, жайылма сөйлемдер.
3.Атаулы сөйлемдер  қолданысы
Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі. Хабарлы  сөйлем,
оның есімді, етістікті түрлері, олардың тарихи  қалыптасу  жолдары.  Сұраулы
сөйлем, олардың  жасалуы,  сұраулы  сөйлемді  жасаудағы  интонацияның  орны.
Лепті сөйлем. Бұйрықты сөйлем, олардың бір-бірінен  айырмашылыктары,  жасалу
жолдары.
Бақылау сұрақтары:
1.Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі
2.Тұрлаусыз мүшелердің қатысу, қатыспауына қарай жалаң, жайылма сөйлемдер.
3.Атаулы сөйлемдер  қолданысы

Әдістемелік  нұсқаулық:  Студенттерге  дәрісте   қарастырылған  тақырыптарға
морфологияның теориялық  сипаттамасын толықтырып жазғызу.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.

     15-семинар. Құрмалас сөйлем туралы сипаттама. Құрмалас сөйлемнің  даму
жолдары, түрлері. Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелуі.
Сабақтың мазмұны:
1. Құрмалас сөйлем туралы жалпы сипаттама.
2.Құрмалас сөйлемнің даму жолдары.
3.Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелуі.
4. Салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлемдердің  жалпы  сипаттамасы  және
айырым белгілері.
Сабақтың мақсаты: Құрмалас  сөйлемнің  сипаттау.  Жасалу  жолдарын  анықтау,
түрлерін ажырату.
Бақылау сұрақтары:
1. Құрмалас сөйлем туралы жалпы сипаттама.
2.Құрмалас сөйлемнің даму жолдары.
3.Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелуі.
4. Салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлемдердің  жалпы  сипаттамасы  және
айырым белгілері

Әдістемелік  нұсқаулық:  Студенттерге  дәрісте   қарастырылған  тақырыптарға
морфологияның теориялық  сипаттамасын толықтырып жазғызу.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі /синтаксис/. А., 1972.
2. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1991.
3. Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1983.
4. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі. А., 1992.
5. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1997.
6. Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. А., 1995.
7. Жақыпов Ж. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. Қ., 1998.
8. Қордабаев Т.Р. Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің синтаксисі.
А., 1995. 
9. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – А., 1996.

      4   КУРСТЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)
      «Қазіргі қазақ тілінің негіздері» пәні бойынша  курстық  жұмыс  (жоба)
қарастырылмаған.

      5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
      Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық:
      Өздік жұмыс тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар  қазақ  әдебиеті
тарихының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен  қамтиды.
Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын,  ізденімпаздық  кабілетін
арттыру  мақсат  етіледі.  Студенттен  әр  семинардың  берілген  сұрақтарына
тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент  көрсетілген  әдебиеттер
бойынша  әрбір  сұрақтың  мәнін  ашатындай  конспект  әзірлеуі  қажет.   Бұл
біріншіден,   білімінің   жүйелілігін,   үздіксіздігін   қамтамасыз   етеді.
Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты  орындау,  ОСӨЖ,  кезеңдік  және
қорытынды  бақылауға  дайындалу   барысында   пайдасы   зор.   Қздік   жұмыс
тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу  керек.  Бір
сұрақтың  айналасында   айтылған   түрлі   авторлардың   пікірлеріне   іштей
салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек.  Осы  мәселе
төңірегіндегі өз ойыңыз қандай,  соны  дәйектеңіз.  Бұдан  соң  белгілі  бір
тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын  мақалалардан
мысалдар  келтіріңіз.   Келесі   семинарларда   алдыңғы   өткен   сабақтарда
дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп,  жаңа
тақырыппен  байланыстырып  отырыңыз.  Әр  тақырыпты  өткен  кезде   ұсынылып
отырған көркем мәтіндермен мұқият  танысып,  көрсетілген  үзінділерін  жатқа
оқу қажет. Өздік  жұмысты  қорғау  барысында  әдеби  мәселелерді  меңгерумен
қатар мәтінді білу талап етіледі. Емтихан алдында мәтіндік тест алынады.


5.1 Қазақ тілі біліміндегі сөз таптарын жіктеу туралы пікірлер
5.2 Көмекші есімдердің мағынасы мен қызметі
5.3 Күрделі зат есімдердің түрлері, орфографиясы
5.4 Күрделі сын есімдердің ішкі құрамдарының түрлері
5.5 Салыстырмалы шылрайдың жасалу жолдары
 «Бір» сан есімінің қолданыс ерекшелігі
 Құрамында сан есім бар тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы мен қолданылуы
 Есімдіктің есімдер тобына жататындығы, мағынасының жалпылығы,  оның  қандай
мкғынада қолданылуы контекстен көрінетіндігі
 Жіктеу, сілтеу есімдіктерінің түрленуі
5.10 Етісті түбірдің семантикалық ерекшеліктері туралы ғалымдар көзқарасы
5.11 Қимылдың өту сипаты категориясы
5.12 Етіс жұрнақтарының қабаттаса қолданылу ерекшеліктері
5.13 Шартты райдың  мағынасы.  Қалау  рай  мен  шартты  райдың  тұлғасындағы
ұқсастықпен айырмашылық.
5.14 Есімше, көсемшелердің сөйлемдегі қызметі
5.15 Етістіктің шақтары, жасалу жолдары, түрлері.
5.16 Үстеудің тарихи қалыптасуы, үстеу түбірлері.
5.17 Еліктеу сөздердің мағыналық топтары
5.18Жалғаулықты шылаулардың салаластырғыштық  және  сабақтастырғыштық  болып
екіге бөлінуі.
5.19 Одағай, тұлғалық құрылымы.
5.20 Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальді және мақсат мәнді жай сөйлем
типтері.
5.21 Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер.
5.22 Қазіргі казак тіліндегі меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері.
5.23 Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері.
5.24 Сөздің пайда болуы
5.25 Түркі тілдеріне ортақ лексика
5.26 Қолданыстағы жаңа сөздер
5.27 Семей аймақтық диалектілері.
5.28 Қазіргі қазақ тіліндегі варваризмдер.

5.29 Абай шығармаларындағы кітаби лексиканың элементтері.
5.30 Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы.

Әдістемелік нұсқау. СӨЖ тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы)  түрінде
берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде  дәптерге  жазып:  1-кредит
бойынша 3,6-апталарда,  2-кредит  бойынша   11,14-апталарда  СОӨЖ  сабағында
тексеріледі.


Бірінші межелік бақылау тестілері
1 Негізінен сөздің бірінші  буынында  және  бір  буынды  сөздерде  жазылатын
әріптерді көрсетіңіз:
А. Я, ю, э, е, и
В. Я, ю, а, е, і
С. А, ю, я, і, ү
D. Ә, о, ө, ұ, ү
Е. Ы, і, у, э, и

 2 Ы, І әріптерінің емлесіне байланысты  дұрыс  жазылған  сөздердің  қатарын
көрсетіңіз:
А. Ылашын, ырух, ірет, ірең
В. Ілеген, ылашын, іреңк, ірің
С. Ылаж, ірең, ырас, ылақ
D. Ырым, ырық, іріту, ілігу
Е. Ілеп, ылақап, ырақым, ыласайық

3 Орфография бойынша дұрыс жазылған  сөзді  табыңыз
A. Бүгінгі
B. Бұрұңғұ
C. Жұмұшшұ
D. Көмөсү
E. Бұрұу

4 «И» - дыбысына тән қасиет
А. Қысаң, езулік
В. Ашық, еріндік
С. Ашық, езулік
D. Қысаң, еріндік
E. Еріндік, қысаң

5 Дауыстылар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
А. 3
В. 4
С. 5
D. 2
Е. 6

6 Дауыстылар еріннің қатысына қарай қалай бөлінеді?
А. Буын үндестігі бойынша
В. Еріндік, езулік
С. Ашық,қысаң
D. Жартылай ашық, еріндік
Е. Жуан, жіңішке

7 Дауыстылар жақтың қатысына қарай қалай бөлінеді?
А. Еріндік, езулік
В. Жуан, жіңішке
С. Ашық,  қысаң
D. Шұғыл, ызың
Е. Көмей, форингаль

8 Сөзді айтқандағы дауыс толқынын не дейді?
A. Тасымал
B. Әріп
C. Дыбыс
D. Буын
E. Екпін

9 Қай буын тасымалданбайды ?
A. Бір дауыстыдан тұрған ашық буын
B. Екі дыбыстан тұрған ашық буын
C. Үш дыбыстан тұрған ашық буын
D. Соңғы буындағы тұйық буын
E. Бірінші буындағы бітеу буын

10 Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап:
А. Қы-зғал-дақ
В. Ба-ла-лар-дың
С. Бал-а-лардың
D. Жұд-ыр-ық
Е. Балап-ан

11 Буынның неше түрі бар?
А. 4
В. 3
С. 2
D. 5
Е. жоқ

12 Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз:
А. -лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер
В. -қор,-кеш,-нікі,-мен,-қой,-паз
С. -ға,-та,-да,-қа,-па,-ба
D. -сыз,-сіз,-шы,-ші,-ша,-шя
Е. -дай,-лай,-тай,-сай,-қай,-ғай

13 Кейінді ықпал заңына бағынып тұрған сөздер қатарын көрсетіңіз:
А. Қарагөз, Талдығорған, бірғатар, күз гелді
В. Қаракөз, Талдықорған, бірқатар, күз келді
С. Азаңғап, ортаң ғолдай, таш шол, мең гөрдім
D. Көк аспан, жоқ зат, ақ ешкі
Е. Көг аспан, жоғ зат, ағ ешкі

14 Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
A. 36
B. 35
C. 37
D. 38
E. 25

15 Ы әрпі  жазылмайтын орынды көрсетіңіз:
А.Қат...нас
В. Қор...тынды
С. Ар...стан
D. Құр....лыс
Е. Рақ....мет

16 Бір м әрпі жазылатын орынды көрсетіңіз:
А. Гра ... атикалық талдау
В. Мақтау гра ... отасы
С. Програ ... асы
D. Телега ... а
Е. Екі килогра ...

17 Қазақ тіліне тән әріптер жазылған қатарды табыңыз
A. Ұ, ү, у
B. Ғ, қ, щ
C. Ф, х, һ
D. Ы, і, и
E. Ө, і, ү

18 Қатаң дауыссыздарды тап:
А. М, н, р, л, ң
В. П, қ, т, с, к, ш
С. В, б, г, д, з, ж
D. Б, с, ғ, ж, з, л
Е. М, д, к , л, с, т

19 Ұяң  дауыссыздарды тап:
А. М, н, р, л, ң
В. П, қ, т, с, к, ш
С. В, б, г, д, з, ж
D. Б, с, ғ, ж, з, л
Е. М, д, к , л, с, т

20 Буын дегеніміз не ?
А. Тілдегі сөздердің бір-біріне мағыналары жағынан ерекшеленуі
В. Тілімізде дыбыстардың сырын ашады
С.   Дауыс   құбылысының   бірнеше   толқынмен   бөлшектеніп   үзіліп-үзіліп
айтылуындағы ауаның бір толқыны
D. Белгілі бір тілге ғана  тән  біркелкі,  бір  дыбысты  дыбыс  құбылыстарын
сипаттап беру
Е. Дұрыс жауабы жоқ

21 Тұйық буын дегеніміз не?
А. Дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын буын
В. Дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын буын
С. Дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын
D. Дауыстыдан басталып дауыссыз дыбысқа бітетін буын
Е. Дұрыс жауап жоқ

22 Үнді   дауыссыздарды тап:
А. П, қ, т, с, к, ш
В. М, н, р, л, ң
С. В, б, г, д, з, ж
D. Б, с, ғ, ж, з, л
Е. М, д, к , л, с, т

23 Буын үндестігіне бағынбайтын қосымша жалғанған сөзді табыңыз:
А. Еркінбек
В. Амантай
С. Жүсіпхан
D. Әзілкеш
Е.  Шайхана

24 Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды?
А. Барыс септік
В. Жатыс септік
С. Шығыс септік
D. Табыс септік
Е. Көмектес септік

25 Қай косымша меншіктік мағынаны білдіреді?
А. -дікі
В. -гер
С. -паз
D. -жан
Е. -неш

26 Қай дыбыстар қатары өкпеден шыққан ауаның кедергісіз шығуынан жасалады?
А.  Р, й, с
В.  Л, о, ө
С.  С, ш, щ
D.  А,  ә,  е
Е.  Қ,  к,  ғ

27 Еріндік дауыстылардың қатарын табыңыз
А. А, о, ұ, у, ы
В. А, ә, о, ө, е
С. Ы, і, и, ұ, ү
D. О, ө, ұ, ү, у
Е. Ә, ө, ұ, ү, і

28 Қазақ тілінің сөз байлығын тексеретін тіл білімінің саласын атаңыз:
А) омоним
В) лексикология
С) морфология
D) фонетика
Е) грамматика

29 Тілімізде жаңа ұғымды білдіретін сөздер қалай аталады?
А.архаизмдер
В.тарихи сөздер
С.неологизмдер
D.кәсіби сөздер
Е.табу

30 Күрделі сөзді көрсетіңіз.
A. Болашақ жастардыкі
B. Ән, жыр асқақтады
C. Адамға табыну
D. Ертеңгілік болды
E. Балалар бақшасы

Екінші межелік бақылау тестілері

1 Бастауыштың қимыл әрекетін білдіріп, онымен қиыса байланысатын сөйлем
мүшесін табыңыз.
А. Баяндауыш.
~ Айқындауыш.
~ Толықтауыш.
~ Пысықтауыш.
~ Анықтауыш.}

Пысықтауыш қызметін атқарып  тұрған сын есімді табыңыз.
{~ Жақсыға көңілің тояды.
~ Анасының көңіл-күйі жақсы.
~ Асан жақсы оқиды.
~ Жақсы - ісімен жақсы.
= Жақсы бала жеткізеді мұратқа.}

Төл сөз дегеніміз не?
{~Бөгде сөздің айтылуы
~Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуі
=Бөгде біреудің сөзі өзгермей сол қалпында берілуі
~Бөгде біреудің сөзі өзгертіліп берілетін сөз
~Мағынасынан сәл өзгеріске түсіріп айтатын сөз}

Қай сөйлемде сызықша дұрыс қойылғанын көрсетіңіз.
{~ Құр барып қайтпа - алып қайт!
~ Берсе - алам ғой.
~ Қойшы енді - бөлежан!
= Болат – өз ауылының баласы.
~ Нем кетіпті – барып қайтам.}

Еліктеу сөзден жасалған зат есім қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын
белгілеңіз.
Оның құлағына гүріл естілді.
{~ Пысықтауыш.
~ Баяндауыш.
~ Анықтауыш.
= Бастауыш.
~ Толықтауыш.}

Тіліміздегі сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылымы-құрылысын қарастыратын
саланы белгілеңіз.
{~ Пунктуация.
~ Морфология.
~ Орфоэпия.
~ Лексика.
= Синтаксис.}

Жалғаулық шылау арқылы байланысқан салаласты табыңыз:
{~ Алыс пен жақынды жорытқан білер, ащы мен тұщыны татқан білер.
= Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.
~  Күн бұлттанып еді,- жаңбыр жаумады.
~ Қына тасқа бітсе, білім басқа бітер.
~ Ол қасқа айғырға қарап ұмтыла түсіп еді, Бақыт тізгінге жармаса кетті.}

Толымды сөйлем дегеніміз?
{~ бастауыш түсіріліп айтылады
~ айтылуға тиісті мүшелер түсіп қалады
= айтылуға тиісті ойға қатысты сөйлем мүшелер түгел қатысады
~ іс-оқиғаны білдіреді
~ қажеті жоқ сөздердің бәрі қатысады}

Қуану, ренжу, аяу мақсатында айтылған сөйлем көрсетіңіз.
{~ хабарлы сөйлем
~ сұраулы сөйлем
= лепті сөлем
~ бұйрықты сөйлем
~ жауабы жоқ}

«Әлде» жалғаулық шылауына тән құрмаластың түрін анықтаңыз.
{= Талғаулы салалас
~  Кезектес салалас
~  Себеп-салдар салалас
~ Қарсылықты салалас
~  Ыңғайлас салалас}

Күрделі анықтаушты табыңыз.
{~ Аласалау үйден түтін шықты.
~ Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
= Біраздан кейін іштен қара торы жігіт шықты.
~ Далада кішкентай балалар ойнап жүр.
~ Шалғай ауылдарда жарық сөніп қалған.}

Бұл жолы үшеуі  табалдырықтан  аспай  тұра қалды да,  аққұба  жігіт  есіктің
ілмегін салды. Берілген сөйлем салаластың қандай түріне жатады?
{~ Салыстырмалы  салалас
= Ыңғайлас салалас
~ Себептес салалас
~ Қарсылықты салалас
~ Кезектес салалас}

Төмендігілер қай сөйлемде қолданылады?
Әйткенмен, сөйткенмен, солай болғанмен, алайда.
{= Қарсылықты
~ Ыңғайлас
~ Түсіндірмелі
~ Талғаулы
~ Себеп-салдар}

Матаса байланысқан анықтауыштық қатынасты табыңыз.
{= Үйдің терезесі
~ Талдырмаш қыз.
~ Таулы жер.
~ Ақырын жүру.
~  Үйден шығу.}

Бірыңғай анықтауышты табыңыз
{~ Далада қызыл-сары гүлдер жайқалып тұр.
~ Шаршаған кішкентай боталар артта қалып қойды.
~ Біз таудың ең биік шыңына шықтық.
~ Ол хатты асықпай, баппен, жақсылап тағы бір оқып шықты.
= Дала қызыл, сары, көкшіл түстермен құлпырып тұр.}

Жанама толықтауышты табыңыз.
{~ Кітап оқу.
~ Допты алу.
~Менің үйім.
= Балаға қарау.
~ Омардың дәптері.}


Сын есімнен болған баяндауышты табыңыз
Әскери адамның өңі суық, сөзі қысқа.
{= Суық.
~ Өңі.
~ Әскери.
~ Сөзі.
~ Адамның.}

Толықтауышқа тән байланысу түрін көрсетіңіз.
{~ Қабысу, матасу.
~ Жанасу, матасу.
~ Қиысу, қабысу.
~ Меңгеру, қиысу.
= Меңгеру, жанасу.}

Досан, Есен, Әлмен, Бәрмен де аса сүйсінген ажар танытты. Сөйлемдегі
бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесінен жасалып тұр.
{= бастауыш
~ баяндауыш
~ толықтауыш
~ пысықтауыш
~ анықтауыш}

Сын есім – қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.
Әдемі, қысықтау көздері өзіне жарасып-ақ тұр.
{~ Пысықтауыш
= Анықтауыш
~ Бастауыш
~ Баяндауыш
~ Толықтауыш.}

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.
Салаластың қай түрі, белгілеңіз.
{= Түсіндірмелі
~ Талғаулы
~ Себеп-салдар
~  Қарсылықты
~ Ыңғайлас.}

Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
{~ Қыс келді.
~ Арман - әнші.
= Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тысты қалды.
~  Бас болмақ оңай, - бастамақ қиын.
~  Теңіз тынышталды, бірақ еш нәрсе көрінбейді.}

Ілік  септігіндегі  жалғаулы сөздің  байланысын  қалай атайды?
{~ Меңгеру
=  Матасу
~  Қабысу
~  Жанасу
~  Қиысу}

 «Баласын сағынды»  тіркесі  қандай байланысу түріне жатады?
{~ Қиысу
= Меңгеру
~  Матасу
~  Қабысу
~  Жанасу}

Басыңқы  сыңардың   қай  сөз  табы   болып  келуіне  қарай  қандай  түрлерге
бөлінеді?
{~ Етістікті, сын есімді сөз тіркес
= Етістікті, есімді сөз тіркес
~ Есімді, анықтауышты тіркес
~ Етістікті, пысықтауышты тіркес
~  Етістікті, есімді тіркес}

Мен бұл жерге әдейі келдім.  Берілген сөйлемдегі «әдейі» сөзі пысықтауыштың
қандай түріне жатады?
{~ Мезгіл
~  Мекен
=  Мақсат
~  Себеп
~  Сын-қимыл}

Матасуды табыңыз.
{~ сөзіңді ұқтым;
~ сөзімді тыңда;
= сөзіңнің басында;
~ сөзге тоқта;
~ сөз бер;}

Қабысуды табыңыз.
{~ еңбекке баулу;
~ еңбек ет;
~ еңбексіз табыс;
~ еңбектің түбі зейнет;
= еңбектен соң;}





КУРС БОЙЫНША ЕМТИХАНДЫҚ ТЕСТІЛЕР

1 Буын дегеніміз не ?
А. Тілдегі сөздердің бір-біріне мағыналары жағынан ерекшеленуі
В. Тілімізде дыбыстардың сырын ашады
С.   Дауыс   құбылысының   бірнеше   толқынмен   бөлшектеніп   үзіліп-үзіліп
айтылуындағы ауаның бір толқыны
D. Белгілі бір тілге ғана  тән  біркелкі,  бір  дыбысты  дыбыс  құбылыстарын
сипаттап беру
Е. Дұрыс жауабы жоқ

2 Буынға тән негізгі белгіні көрсет:
А. Бір буында бірден артық дауысты дыбыс болмайды
В. Жалғыз дауысты буын құрай алмайды
С. Буында мағына болады
D. Буында ұғым бар
Е. Дұрыс жауабы жоқ

3 Тұйық буын дегеніміз не?
А. Дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын буын
В. Дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын буын
С. Дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын
D. Дауыстыдан басталып дауыссыз дыбысқа бітетін буын
Е. Дұрыс жауап жоқ

4  Үнді   дауыссыздарды тап:
А. П, қ, т, с, к, ш
В. М, н, р, л, ң
С. В, б, г, д, з, ж
D. Б, с, ғ, ж, з, л
Е. М, д, к , л, с, т

5 Тасымалданбайтын сөзді табыңыз
A. Аспан
B. Жақсы
C. Тату
D. Ақын
E. Шешен

6  Буын үндестігіне бағынбайтын  қосымшалар қатарын  табыңыз
А. -лар,-лер
В. - кер,-гер
С. -дан,-ден
D. -тың,-тің
 E - лас,-лес

7 Қай сөзде жуан-жіңішке дауыстылар араласып келген?
А. Ауылшаруашылық
В. Жазғытұрым
С. Бей-берекет
D. Бүгін-ертең
Е.  Ары-бері

8 Буын үндестігіне бағынбайтын қосымша жалғанған сөзді табыңыз:
А. Еркінбек
В. Амантай
С. Жүсіпхан
D. Әзілкеш
Е.  Шайхана

9 Қай сөзге қосымша қате жалғанған?
А. Танкіні
В. Пункте
С. Шрифтің
D. Йодты
Е. Нольды

10 Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды?
А. Барыс септік
В. Жатыс септік
С. Шығыс септік
D. Табыс септік
Е. Көмектес септік

11 Қай косымша меншіктік мағынаны білдіреді?
А. -дікі
В. -гер
С. -паз
D. -жан
Е. –неш

12 Қай дыбыстар қатары өкпеден шыққан ауаның кедергісіз шығуынан жасалады?
А.  Р, й, с
В.  Л, о, ө
С.  С, ш, щ
D.  А,  ә,  е
Е.  Қ,  к,  ғ

13 Қай сөйлемдегі септік жалғауы түсіріліп қолданылған?
А. Баласы шешесі берген құртын ұнатты.
В.  Ыждағаттылықпен тыңдамауы қынжылтарлық.
С. Ықыласқа разы болмауы күмәнданарлық.
D. Ынтызарлықпен ысырапшылдықты мәселе етіп көтергенбісіңдер?
Е. Даудың басы –Дайрабайдың көк сиыры.

14 Үстеуді көрсетіңіз.
А. кермек, орама, ораза
В. кербез, кертпек, орағыт
С. кертартпа, кереғарлық
D. керемет, орасан
Е. орашолақ, кертік

15 Еліктеуішті көрсетіңіз.
А. қалтқы осы, саф алтын кілт
В. қатқыл дауыс, қалтарыс жер
С. қалтыр етпегендігі, кілт доғал
D. қалт тоқтамағандығы, кілт доғарушы
Е. сыршыл жан, жан дауыс

16 Етістікке берілген анықтаманың қайсы қате?
А. Етістіктің түбірі бұйрық райдың ІІ жағы
В. Етістіктер есімше, көсемше формаларын түрленгенде басқа
сөздермен  синтаксистік қатынасқа енеді.
С.  Сөйлем мүшесінде баяндауыш болады.
D. Сөйлем мүшесінде пысықтауыш болады.
Е. Етістіктің қалау райы “игі еді”сөзінің тіркесуі арқылы жасалады.

17 Жіктік жалғауы түсіріліп қалған сөйлем қайсысы?
А. Мен келем өзіңе тәй-тәй басып.
В. Сіз дария болғанда мен қоңыр қаз.
С. Жапандағы бір гүлмін жеке біткен.
D. Айтпасқа болмас.
Е. Елім деп еңіреп өткен.

18 Үстеуді көрсетіңіз.
А. Жоғары қарай
В. қызметсіз адам
С. сіз табасыз
D. айсыз аспанымыз
Е. Айшықты

19 Сын есімді көрсетіңіз.
А. кесеге, кежеге
В. томп-томп, ирең
С. алғыр, зерек
D. қаңғыр, дүңгір
Е. кесінді, кескін

20 Септік жалғаулы сөз қайсысы?
А. қауғадай
В. қанжығасы
С. баруға
D. ұнжырғаларың
Е. ұңғысы

21 Мезгіл-мекен мағынасындағы септеулікті көрсетіңіз?
А. салым, таман
В. бірге, қабат
С. сияқты, тәрізді
D. сайын, үшін
Е. туралы, жайында

22 Әлгінде, мана үстеудің қай түрі болады?
А. себеп
В. бейне
С. күшейту
D. мезгіл
Е. мақсат

23 Барыс септеулік жалғаулы сөзді көрсетіңіз?
А. тамғалы, қарғалы, қабырғалы
В. құрсаулауға, шаужаулауға
С. қабырғалық, сырғалық, бұғалық
D. сауға, қауға, доға
Е. қонақасы, қансонарда

24 Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін шылауды көрсетіңіз.
А. тарта, салым
В. арқылы, жайында
С. гөрі, бұрын
Д. қабат, қатар
Е. үшін, туралы



25 Шығыс септіктегі сөзді көрсетіңіз.
А. ауданымыздағы
В. құлақтанғандарымыз
С. жетісуданбыз
D. ертеңіміз
Е. құлақтандырылмағандықтарыңыз.

26 Есімдікті көрсетіңіз.
А. құдам бар адам
В. құдам бар еді
С. барлық құдаларды шақыр
D. бар екен де , жоқ екен.
Е. аш екен де, тоқ екен.

27 Табыс септік жасырын тұрған сөзді көрсетіңіз.
А. тербеледі тың дала
В. тыңда туғандары
С. енді үлгергенсіз
D. шоқ түсіріп жандырған
Е. кенді аймақ

28  Септік жалғаулы сөз қайсысы?
А. көгенді жер
В. көргенді екен
С. көргенді бала
D. жек көргенімді
Е. жекпе-жек

29  Өзгелік етіс жұрнағын көрсетіңіз.
А. -т
В. -н
С. -л
D. -р
Е. –с

30 Күрделі зат есімдерді белгілеңіз.
А. Оқушы, білім
В. Ауыл, арба
С. Өнеркәсіп, қызыл отау
D. Көрме, теңіз
Е. Көңіл, түлкі

31 Жинақтық сан есімді анықтаңыз.
А. Үштен бір
В. Үштік
С. Үш үштен
D. Үшеу
Е. Үшінші

32 Болымсыздық есімдігін табыңыз.
А. Ешкім
В. Қайсыбір
С. Әлдекім
D. Кімдер
Е. Кімде-кім

33 Қалау райлы етістікті табыңыз.
А. Әкелмессің
В. Әкелді
С. Әкелерсің
D. Әкелгейсің
Е. Әкелсін

34 Салыстырмалы шырайды табыңыз.
А. Үп-үлкен
В. Тым әдемі
С. Көгірек
D. Қалпақты
Е. Өте жақсы

35 Негізгі еліктеу сөзді көрсетіңіз.
А. Кілтің
В. Торсаң
С. Быжың
D. Шіңк
Е. Сымпың

36 Негізгі сын есімді көрсетіңіз.
A. Биік
В. Тұсаулы
C. Табыскер
D. Білгіш
Е. Шаруақор
37 Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
A. 8
В. 6
C. 5
D. 7
Е. 4

38 Еліктеуіш сөзді көрсетіңіз.
A. Жә
В. Жарқ
C. Шөре−шөре
D. Тәйт
Е. Ту

39 Сілтеу есімдігін көрсетіңіз.
A. Бар
В. Нешеу
C. Міне
D. Нәрсе
Е. Бір

40  Күрделі сан есімді анықтаңыз.
A. Алтау
В. Үшінші
C. Тоғыз жүз елу
D. Мың
Е. Жеті

41 Жіктеу есімдігін табыңыз.
A. Неше
В. Емен
C. Мен
D. Өзі
Е. Ел

42 Деректі зат есімді табыңыз.
A. Жігер
В. Сана
C. Жайдары
D. Сызғыш
Е. Адамгершілік



43 Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.
A. Он-оннан
В. Тоқсан
C. Алпысыншы
D. Үш ширек
Е. Отызға тарта

44 Шартты райдың жұрнағын табыңыз.
A. -са, -се
В. -сын, -сін
C. -айық, -ейік
D. -дар, -дер
Е. –й

45 Топтау сан есімді көрсетіңіз.
A. Әркім
В. Туып-өскен
C. Әйгілі
D. Үш-үштен
Е. Бәйтерек

46 Сын есімді табыңыз
A. Сонау, мына
В. Бес, отыз
C. Әрине, мүмкін
D. Кітап, оқушы
Е. Қызыл, көк

47  Көмектес септігіндегі сөзді табыңыз.
A. Қалам, қолым, баласы
В. Атаммен, ініңізбен, шегемен
C. Баланың, ұжымның, үйдің
D. Оқушысың, ұстазбын, данасың
Е. Атамнан, ініңізден, шегеден

48 Жинақтық сан есімдерін белгілеңіз.
A. Екі, сегіз
В. Біреу, жетеу
C. Бестен үш, он бүтін оннан үш
D. Бесінші, алтыншы
Е. Он



49  Көсемше жұрнақтарын табыңыз.
A. -ар,-ер, -р
В. -қан,-кен
C. -мақ, -мек
D. -па, -пе
Е. -ғалы, -гелі

50  Зат есімді көрсетіңіз.
A. Өлең айт
В. Осында
C. Әдемі
D. Білім
Е. Сұр

51 Жіктік жалғауында тұрған сөзді табыңыз.
A. Ауылданбыз
В. Табалдырық
C. Санақ
D. Сепкіш
Е. Кенішің

52 Негізгі зат есімді белгілеңіз.
A. күнделік
B. көркем
C. ұлың
D. қол
Е. ұғу

53 Сөйлемдегі бастауыш қай сөз табынан жасалып тұр?
Мен неше күрегімді жоғалтып алдым.
А. сын есім
В. есімдік
С. үстеу
D. етістік
Е. еліктеу

54 Жалқы есімді көрсетіңіз
А. сөйлем
В. тәуелсіздік
С. күн
D. Қазақстан
Е. көкшіл


55 Деректі зат есімді анықтаңыз
А. азап
В. шабуыл
С. дәулет
D. тас
Е. ар-ұят

56 Дерексіз зат есімді белгілеңіз
А. алтыбақан
В. жер
С. даңқ
D. дария
Е. жусан

57  Туынды зат есімді анықтаңыз
А. он бес
В. он
С. адалдық
D. жұт
Е. Бірлік

58  Бастауышы сын есімнен жасалған сөйлемді көрсетіңіз
А. Жақсыдан қашпа, жаманға баспа
В. Жомарт жоқтығын, жүйрік тоқтығын білдірмес
С. Әдептіге елікте, әдепсіздіктен жирен
D. Сыпайының сыры ішінде
Е. Жуас түйе жүндеуге жақсы

59 Негізгі сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз
А. Арман – адам қанаты
В. Көрмес – түйені көрмес
С. Айла – алтау, ақыл – жетеу
D. Көне сөз – жаңа сөздің қазығы
Е. Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер

60 Салыстырмалы шырай қатысқан сөйлемді анықтаңыз
А. Аспан тұп-тұнық, жібектей жұмсақ
В. Көкшенің қыр арқасы көкшіл гауһар тас сияқтанып тұр
С. Күнге шағылған аппақ қар көзіңді аштырмайды
D. Жуас торы ат үріккен жоқ
Е. Ақкөңіл, өте қарапайым адамдар екен



61 Салыстырмалы шырай жұрнақтарын ажыратыңыз
А. -қы, -лы, -сыз, -лық, -қор
В. -малы, -ек, -ақ, -шек, -ма
С. -мақ, -мек, -шы, -ғай, -ып
D. -у, ған, -атын, -с, -ғалы
Е. - рақ, -лау, -қылт, -шыл, -аң

62 «Көкпеңбек, аппақ» сөздері қай шырай түрінде қолданып тұр?
А. жай шырай
В. асырмалы шырай
С. күшейтпелі шырай
D. салыстырмалы шырай
Е. шырайы жоқ

63 Күрделі сын есімді сөйлемді табыңыз
А. Туған тілім - тірлігімнің айғағы
В. Ата жолын қуса игі
С. Алыс – жақын түгел хабарланды
D. Досына адал бол
Е. Өнер алды – қызыл тіл

64 Сын есім қандай сөз табы?
А. Заттың санын білдіретін сөз табы
В. Қимыл түрін білдіретін сөз табы
С.  Заттың атын білдіретін сөз табы
D. Адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз табы
Е. Заттың сапасын білдіретін сөз табы

65 Сын есімнің жай шырай түрін табыңыз
А. кішірек
В. сұлу
С. үлкендер
D. сарғылт
Е. бозан

66 Туынды сын есімді табыңыз
А. жылтыр
В. биік
С. момын
D. кенді
Е. жұмсақ



67 Сапалық сын есімді табыңыз
А. қайырымды
В. қорқақ
С. білгіш
D. ыстық
Е. ашушаң

68 Сын есімді тіркесті табыңыз
А. он шақты
В. сұрамшақ адам
С. мектеп маңы
D. барып кел
Е. биыл бітірді

69 Дара сын есімді тіркесті табыңыз
А. өткір көзді адам
В. аппақ қар
С. киім тазаланды
D. көк ала бұлт
Е. теп-тегіс жол

70 Сын есімнің жай шырай түрін көрсетіңіз
А. ақшыл
В. тап-таза
С. аса қатал
D. сүйкімді
Е. қызғылт

71 Дара сан есімді табыңыз
А. үшінші
В. отыз бес
С. бес-бестен
D. төрттен бір
Е. екі-үш

72 Саны жетімен шектелетін сан есімді табыңыз
А. реттік сан есім
В. болжамдық сан есім
С. жинақтық сан есім
D. бөлшектік сан есім
Е. есептік сан есім



73 Күрделі сан есімді табыңыз
А. мыңдап
В. елулерде
С. жүз
D. екеу
Е. екі бүтін оннан үш

74 Сан есімнің қай түрінде -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі ы, і
түсіп қалады
А. жинақтық
В. реттік
С. болжалды
D. топтау
Е. бөлшектік

75 Сан есімнің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі не?
А. бастауыш
В. баяндауыш
С. толықтауыш
D. пысықтауыш
Е. анықтауыш

76 Шығыс септігінде тұрып пысықтауыш болатын сан есім түрі қайсы?
А. есептік
В. реттік
С. жинақтық
D. бөлшектік
Е. топтау

77 -ыншы жұрнағы жалғанатын сан есімді көрсетіңіз
А. екі
В. он сегіз
С. жиырма бес
D. он бір
Е. мың

78 Жұрнақ дұрыс жалғанған жинақтық сан есімді табыңыз
А. екіеу
В. төртеу
С. алтыау
D. бірау
Е. жетіау


79 Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр
Биыл оның жасы он бесте.
А. бастауыш
В. толықтауыш
С. пысықтауыш
D. баяндауыш
Е. анықтауыш

80 Сан есім мағынасына қарай неше топқа бөлінеді
А. 4
В. 5
С. 6
D. 7
Е. 8

81  Бөлшектік сан есімді табыңыз
А. алтау
В. елу жеті
С. төртінші
D. он шақты
Е. екі жарым

82 Реттік сан есім жасайтын жұрнақтарды табыңыз
А.  -ау, -еу
В.  -ақ, -ек
С.  -ыншы, -інші
D. -ып, -іп
Е.  -ыра, -іре

83 Күрделі баяндауышты табыңыз.
Аспанды бұлт торлады.
Оқу инемен құдық қазғандай.
Жел кешке қарай саябырсыды.
Олар бұл мәселеге біраз ойланды.
Сенің айтқаның болсын.

84 Мезгіл пысықтауышты табыңыз.
A. Далада қар бар.
A. Олар Абаймен көп кеңесті.
A. Бұлар жазда келіп кеткен.
A. Ауыл жастары бұндай нәрселерге қызықпайды.
A. Бостандық өздігінен келмейді.


85 Жалаң сөйлемді белгілеңіз.
Тақтаға жазып шықты.
Кештете келеміз
Күндіз де, түнде де.
Дұрыс жауап.
Сен шақыр.

86 Жалаң сөйлемдегі жетпей тұрған сөзді көп нүктенің орнына қойыңыз.
«........... оқып шықсын».
Тез
Ол
Оған
Сенімен
Қайратпен

87 Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы сын есімнен жасалғанда,
бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады?
Үтір
Қос нүкте
Сызықша
Дефис
Сызықша және үтір

88 Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
Талай сырды ақтардық.
Мен елдің елшісімін.
Ахмет күлді, қуанды.
Біздің замандасымыз қандай екен?
Қазақстанның осынысы ұнайды.

89 Жақты сөйлемді табыңыз.
Япырай, Абайжан-ай.
Кітапты жыртуға болмайды.
Палаткаларды апарып тігу керек.
Мен ауылға бардым.
Менің қалаға барғым келеді.

90 Бастауыш зат есімнен, баяндауыш баяндауыш сын есімнен болғанда, екеуінің
арасына қандай белгі қойылады?
Сызықша қойылады
Тыныс белгісі қойылады
Қос нүкте қойылады
Сызықша және үтір қойылады
Үтір қойылады

91 Жайылма сөйлемді көрсетініз.
Асқар – инженер
Ол үйге кірді
Алматы – астана
Мал жайылды
Бала – болашақ

92 Толымды сөйлемнің толымсыз сөйлемнен ерекшелігі қандай?
Бастауыш түсіріліп айтылады
Айтылуға тиісті мүшелер түсіп қалады
Айтылуға тиісті мүшелер түгел қатысады
Қажеті жоқ сөздердің бәрі қатысады
Іс – оқиғаны баяндамайды

93 Толымсыз сөйлем қандай жағдайда жиі қолданылады?
Төлеу сөзде
Құрмалас сөйлемде
Сөйлем мүшелері түгел қатысқанда, ой толық айтылғанда
Түсіндірмелі салаласта
Диалог жағдайында

94 Жалаң сөйлем дегеніміз не?
Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем
Тұрлаулы мүшелерімен қатар, тұраусыз мүшелері де бар сөйлем
Мазмұны толық берілген сөйлем
Бастауышы жоқ сөйлем
Бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем

95 Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
Ардақ еш уақытта мұндай қуанған емес
Қартқожа сөйлеп тұр
Жоғары қарады
Ауылға көз салды
Түн. Дала жым-жырт

96 Республика сарайының кең, зәулім залы. Қандай сөйлем?
Жақты сөйлем
Жақсыз сөйлем
Жайылма сөйлем
Толымды сөйлем
Атаулы сөйлем
97 Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?
Жалаң сөйлем
Жайылма сөйлем
Жақты сөйлем
Жақсыз сөйлем
Толымды сөйлем

98 Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдер қалай бөлінді?
Жақты, жақсыз
Атаулы
Толымды, толымсыз
Жалаң, жайылма
Жай, құрмалас

99 Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
Сабақтан кешігуге болмайды
Баяу ескен қоңыр жел
Туған жерге туың тік
Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам
Оның елі – дүйім қазақ

100 Толымды сөйлемді табыңыз
Өзеннен балық аулаймыз
–Қайда барамыз?
–Бүгін кездесуге барамыз ба?
Абай Ділдәмен оңаша қоштасты
Жеті жұрттың тілін біл























12 ТІРКЕУДІ ӨЗГЕРТУ ПАРАҒЫ

|Реттік  |Құжаттың     |Өзгертудің  |Күні,    |Өзгерту енгізілді         |
|нөмірдің|бөлімі,      |түрі        |нөмірі   |                          |
|өзгеруі |пункті       |            |         |                          |
|        |             |            |         |Күні   |Аты-жөні, қызметі, |
|        |             |            |         |       |қолы               |
|        |             |            |         |       |                   |






13 ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ТАНЫСУЫ


№ҚызметіАты- жөніКүніҚолы№ өзг.КүніҚолы№ өзг.КүніҚолы
Пәндер