Файл қосу

Дәріс Қазақ публицистикасының баспасөз бетінде қалыптасуы



|Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі                         |
|Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті                   |
|3-деңгейдегі СМЖ құжат  |УМКД          |                                    |
|                        |              |                                    |
|                        |              |                                    |
|                        |              |УМКД  042-18-15.1.6/03-2013         |
|УМКД «Публицистік       |2013          |                                    |
|шығармашылықтың         |жылғы         |                                    |
|негіздері» пәнінің      |№1 басылым    |                                    |
|оқу-әдістемелік кешені  |              |                                    |








               5B050400 «Журналистика»   мамандығына  арналған
              «Публицистік шығармашылықтың негіздері»  пәнінің
                          ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ





                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

















                                    СЕМЕЙ
                                    2013


                                   МАЗМҰНЫ


1  Глоссарий
2  Дәрістер
3  Практикалық сабақтар
4  Студенттердің өздік жұмысы
5  Студенттердің оқытушы басшылығымен жүргізетін жұмыстары
6  Өзгерістерді тіркеу парағы
7  Әріптестердің танысуы


































1  ГЛОССАРИЙ
1  АББРЕВИАТУРА –  сөздерді   шартты  түрде  қысқарту  немесе  оны  бастапқы
әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары.
2 АБЗАЦ – жаңа  жолдан  әрі  кейін  шегеріліп  басталатын  текс  бөлігі.  Ол
бірнеше жолды қамтып, сөйлемдер мағынасын біріктіріп тұрады.
3  АБСТРАКЦИЯ – зат пен құбылыс туралы нақты ойламай, ауытқушылық,  дерексіз
ұғымға ұрыну.
4  АВТОБИОГРАФИЯ – қандай да бір тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы.
5  АВТОР – түрлі салаларда шығарма  жасаушы  тұлға.  Әдебиеттегі,  өнердегі,
ғылымдағы, т.б. твочестволық еңбек иесі.
6  АГИТАЦИЯ – ауызша немесе баспасөз арқылы  қалың  көпшілікке  идеялар  мен
лозунгілер таратып, саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі.
7 АКСИОМА – дәлелдеуді қажет етпейтін, онысыз да белгілі ақиқат.
8 АКТУАЛЬНЫЙ –  бүгінгі  күні  уақыты  пісіп  жетілген,  тез  шешімді  қажет
ететін, маңызды да, өзнкті мәселе.
9  АЛЬМАНАХ - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы.  Кезең  –  кезең
сайын шығып тұруы мүмкін.
10 АНАЛИЗ –  тиісті  оъектіні  жан  –  жақты  талдап  көрсететін,  ғылыми  –
логикалық тұрғыдан ой – топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.
11 АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы.
12  АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым.
13 БРИФИНГ – белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет  ұстаған  бағытты  арнаулы
өкілдің  бұқаралық  ақпарат  құралдары  журналистері  алдына  шағын  мәжіліс
өткізіп, баяндап беруі. Мысалы, халықаралық  келіссөздерде  болған  мәмілені
мәлімдеу, түсіндірме жасау.
14 БРОШЮРА – шағын көлемдегі  шығарма  берілген,  жұмсақ  мұқабамен  шығатын
жұқа кітап.
15 ВЕРСИЯ – факті немесе оқиға туралы бір-бірінен  айырмашылығы  бар  әрқилы
түсіндірмелер, ұғымдар.
16. ВЕРСТКА – терілген  материлдар  гранкілері  арқылы  типографияда  газет,
журнал беттерін дайындау.
17  ВУЛЬГАРИЗМ - әдеби тілде қолданылмайтын дөрекі сөздер.
18  ГОНОРАР – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары үшін
авторға берілетін қаламақы.
19  ГРАНКА - әлі верстка жасалмаған баспаханалық терімнің бір бөлігі.
Әдетте жүз жолдай көлемнен аспайды.
20  ДЕЗИНФОРМАЦИЯ – жалған хабар арқылы жаңылыстыру.
21 ДЕНЬ ПЕЧАТИ – дәстүрлі баспасөз күні. Жыл сайын  28  маусым  күні  аталып
өтеді. “Түркістан уалаяты” газетінің 1870 жылы алғашқы нөмірі  шыққан  күнге
орай белгіленген. Аталмыш  мерекелік  күні  творчестволық  арнайы  сыйлықтар
тапсырылады.
22  ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері.
23 ЖУРНАЛИСТ  –  бұқаралық  ақпарат  қүралдарында  тұрақты  жұмыс  істейтін,
арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы  идеологиялық,  қоғамдық
саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек  етеді.  Отанға,  халыққа  қызмет
етіп, публицистика  саласында  шығармалар  береді.  Ішкі-сыртқы  мәселелерге
белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады.
24  ЗАМЕТКА – бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар.
25  ИДЕОЛОГИЯ – қоғамдық санадағы  идеялар  жүйесі,  ілім.  Саясат,  мораль,
ғылым, өнер, дін  жөніндегі  ұғымдар  мен  көзқарастар  жиынтығы.  Ол  қоғам
дамуына белсене әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы  да
мүмкін.
26  ИЛЛЮСТРАЦИЯ–кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер.
27  ИНТЕЛЛЕКТ – ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі.
28  ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ – ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен  ғылымның  әр  түрлі
салаларынан арнаулы білімі бар адамдар.
29  ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі  бір  тұлғаның  оқиға  мен  факті
жөнінде журналистке айтқан  әңгімесі,  сұхбаты.  Оның  зәру  мәселе  бойынша
пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін  бұқаралық  ақпарат  құралдарында
жариялау үшін журналистің жазып алуы.
30 ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – бір  нәрсенің  мәнін  ашу,  ұғындыру,.  Қайсыбір  текстке
түсіндірме жасау.
31  ҚазТАГ  –  Қазақстан  мемлекеттік  телегреф   агенттігі.   Республиканың
бұқаралық ақпарат құралдарын  информациямен  қамтамасыз  етеді.  Ішкі-сыртқы
хабарларды жинап таратады.
32  КАЛЛИГРАФИЯ – анық, әдемі жазу өнері.
33  КОНЦЕПЦИЯ - өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау.
Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары.
34  КОРРЕКТОР –  баспасөз  материалдарын  баспаханада  теру  кезінде  кеткен
қателерді гранкіден,  не  версткалау  кезінде  беттерден  жөндеп,  түзететін
қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан  сауатты  болуы  тиіс.
Типографиялық техникадан хабары болуы керек.
35 КОРРЕКТУРА – баспаханалық терімнен кейін  оттискіде  байқалған  қателерді
жөндеу.
36  КОРРЕСПОНДЕНТ – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жерден хабар жинап
беріп тұратын тілші қызметкері.
37  КОПИЯ – түпнұсқаның тура көшірмесі.
38  КУРСИВ–формалық тұрғыдан қолжазба әріптерге ұқсайтын типографиялық
қаріп.
39  ЛЕТУЧКА – редакция  ұжымының  жедел  әрі  қысқаша  өткізетін  өндірістік
жиналысы.
40  МАКЕТ – арнаулы бланкіге сызықтар арқылы түсірілген газет беттерінің
дәл жасалынған жоспары.Сонын үлгісінде шығатын газет беттері дайындалып
,безендіріледі.
41  ОФСЕТ – типографияда жасалынған цинк қаңылтырдағы газет бетінін бейнесі
сол күйінде резина пленкасына түсіріледі де, одан соң қағазға басылатын
тәсіл.
42  ОЧЕРК – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жазылады.
Негізінен фактіге құрылады,ойдан шығарылмайды. Оқиға,фактілер
зерттеліп,баяндалады. Оныңкейіпкерлері өмірде бар адамдар, нақты деректер
баяндалады.Көбіне кейіпкерлер бейнесі суреттеліп беріледі.
43  ПАМФЛЕТ – заманға кереғар, қоғамдық- саяси өмірдегі кейбір келеңсіз
құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы әшкерлеу, келемеж
мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма.
44  ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген тосын пікір,
құбылыс.
45  ПЕТИТ – ұсақ типографиялық шрифтің түрі.
46  ПОЛЕМИКА – баспасөзде, жиналыста бір нәрсеніталқылау кезінде болатын
айтыстар.
47  ПОЛИГРАФИЯ – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өндіріс саласы.
48  ПРЕССА – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б.
49  ПРИНЦИП – негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртәбі.
50  ПРОБЛЕМА – теориялық және практикалық мақсаттағы шешімін күткен
өзектіде, аса қажетті мәселе.
51 ПРОГРЕСС – алға жылжу, қоғамда неғұрлым жақсы жағдайға жету, дамудың
жоғары сатысына  өту.
52  ПРОПАГАНДА – ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасөзде және
ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау.
53  ПУБЛИКАЦИЯ – баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған
материал.
54  ПУБЛИЦИСТ – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген
журналист, қаламгер.
55  ПУБЛИЦИСТИКА – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір
мәселелерінің жазылып,жариялануы. Журналистика саласының материалдары.
56  ПСЕВДОНИМ – жазушы. журналистердің
баспасөзде  шын  аты-жөнінің  орнына  ойдан  шығарылған   бүркеншік   есімді
пайдалануы.
57  РЕДАКТОР – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің
басшысы. Газет,журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы
оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті
мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші.
58  РЕКЛАМА – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен
білгізу мақсатында жарнамалау.
59  РУБРИКА – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға, сондай-
ақ жүйелі түрде жарияланып тұратын кезеңдік материалдарға тағылатын ортақ
айдар.
60  СТАТЬЯ – мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ
жасалып, теориялық және практикалық тұрғыдан жинақталып, қорытылады.
61  ХРОНИКА - әдетте тақырыпсыз берілетін қысқаша хабар түрі.
62  ЦЕНЗУРА – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау.
63  ЭТИКА – адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттер  жөніндегі  нормалар
жүйесі. Отанға, қоғамға және өзара қарым – қатынас мәселелерін,  міндеттерін
айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.

                                 2  ДӘРІСТЕР

1-Дәріс.    Публицистика табиғаты.
                  Публицистиканың пайда болуы.
      Публицистиканың тууының өзі көне дәуірлердегі адамдардың бір – бірімен
ақпарат алмасуынан бастау алады. Адамзат қоғамында қарым  –  қатынас  құралы
тілдің пайда болуы – публицистикаға дейінгі алғашқы құбылстардың бірі еді.
      Шешендік өнердің пайда болуы – публицистикаға негіз болған екінші  бір
құрылыс болып саналады. Адамзат дамуында жазудың пайда  болуы  мен  дамуы  –
қазіргі публицистиканың пайда болуына  ықпал  ететін  үшінші  құбылыс  болып
саналады. Қоғамдық маңызыды мәселелерді  қозғайтын  публицистика  –  бірнеше
ғасырлардағы адамзат ақыл –  ойының  жемісі  екендігіне  дәріс  кезінде  көз
жеткізіледі.
        Сөз  өнерінің  теориялық  және  әдістемелік  мәселері   жағынан   аз
зерттеліп, толық бағасын ала алмай келе жатқан бір  саласы  –  публицистика.
Ол туралы отандық және шетел ғалымдарының пікірлері  алуан  түрлі.  Әлі-әзір
ортақ бір шешімге тоқтай алмай келеді.
         Публицистика терминінің  төркіні  латынның  publicus  деген  сөзіне
барып  тіреледі.  Қазақша   мағынасы   қоғамдық   дегенді   білдіреді.   Төл
тіліміздегі баламасын алғаш ғылыми айналымға енгізген – ардақты  алаш  арысы
Ахмет Байтұрснұлы. Ол өзінің «Әдебиет танытқыш» атты атақта еңбегінде  көсем
сөз ұғымын публицистика  баламасы  ретінде  қолданады:  «Көсем  сөз  әлеумет
ісіне  басшылық  пікір  жүргізетін  сөз  болғандықтан  да  көсем   сөз   деп
аталдады». Ұлттық рух ұстыны Ахмет Байтұрсынұлы  ұйғарымын  тарата  талдамас
бұрын көсемсөз  туралы  тағы  қай  ғалымның  қандай  көзқарасы  бар  екеніне
тоқталмай болмайды.
          Өткен  ғасырдың  70  жылдарында  Кеңес  елінде   көсемсөз   туралы
пікірталас қызу өрбіді. «Вопросы литературы» журналының 1970  жылғы  жетінші
санында «Публицистика - әдебиеттің алғы шебі» деген  тақырыпта  пікірталасқа
қатысушылар ой-тұжырымдары оқырман талқысына салынған. Бұл мәселеге  аталған
басылым 1973  жылғы  10-санында  «Публицистика  және  қазіргі  заман»  деген
тақырыппен қайта айналып соқты. Екі санында да, тоқ етерін  айтсақ,  басылым
жарияланымдарының ортақ  тұжырымы  публицистика  әдебиеттің  жауынгер  жанры
дегенге келіп саяды.
           Еліміздің  егемендік  алып,  нарықтық   экономикаға   негізделген
демократиялық қоғам орнату бағытындағы  даму  жолымызды  айқындаған  бүгінгі
заманда публицистикаға  объективті  тұрғыдан  толлықанды  зерттеу  жүргізуге
мүмкіндік тууда.
            Публицистиканың  қоғамдағы  рөлі  орасан  зор.  Ол  кез   келген
мәселеге қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы қоғамдық санаға  ықпал  жасайды.
әрине қоғамдық санаға публицистикадан өзге де өнер түрлері,  атап  айтқанда,
театр өнері, кино  өнері,  айтыс  өнері  т.б.,  сонымен  бірге  тәлім-тәрбие
ошақтары, әлеуметтік орта,  табиғат  құбылыстары  т.б.  әсер  ететнін  жоққа
шығармаймыз. Дегенмен қалың бұқараға қаратып  айтылатын,  көтерілген  мәселе
туралы пікірді иландырып, ұйытып,  әсерлі  жеткізетін  публицистиканың  орны
ерекше екенін айрықша еске  саламыз.  Ал  өз  кезегінде  қоғамдық  сана  сол
замандағы қоғам субъектілерін ырқында ұстайтынын өмір дәлелдеумен келеді.
            Алысқа бармай-ақ, оған бір ғана мысалмен көз  жеткізуге  болады.
ХХ ғасыр басындағы Алаш публицистерінің қазақ қамы үшін жанұшыра еткен  ерен
еңбектері   көсемсөз   арқылы   көрініс   тапты.   Сол   кездегі    баспасөз
жарияланымдарының қаймана қазақ санасына әсер еткені соншалық қалың  ұйқыдан
жұлқып оятып, көкірек көзін ашып,  тұла  бойын  тоқ  соққандай  сілкіндіріп,
қоғамдық өмірде үлкен серпіліс туғызды. Дана Абай  жолын  жалғастырған  Алаш
азаматтарының еңбегі еш кеткен жоқ. Жастар ағалар ісін іліп  әкетіп,  білім-
ғылым, өнер жолына лап қойды. өшуге айналған қазақ рухы қайта жанданды.  Ой-
сана сілкінісі мұның алдында бір мезет мызғып кеткен  қазақ  қоғамының  тұла
бойына қан жүгіртіп, кемінде  елу  жыл  ілгері  озуына  себепші  болды.  Бұл
сәтіне қарай айтыла салған лепті, лепірме сөз емес, көп жылдардан бері  Алаш
публицистикасын зерттеп, зерделеу барысында  көз  жеткен,  көкіректе  түйген
мәйекті ой.
            Сонымен,  ойымызды  қорыта  келе,  мына  мәселеге  ерекше  назар
аудартқымыз келеді. Публицистика теориясы уақыт талабына сай қайта  қарауды,
терең талдауы қажет етеді. Егер оны  «әдеби  жанр»  немесе  «журналистиканың
саласы», я болмаса «саяси проза»  дейтін  болсақ,  онда  мынадай  сұрақтарға
жауап беруге тура келеді. Публицистиканың өзіне тиесілі  өз  жанрлар  жүйесі
бар,  сонда  олар  жанрдың  жанрлары  болып  шыға  ма?   Егер   публицистика
журналистиканың саласы болса, онда ол тек журналистерге ғана  тиесілі  деген
ұғым туады ма? Біздің білуімше, публицистикаға араласпайтын  сала  мамандары
кемде-кем, оны қалай түсіндіреміз? Публицистика тек саясатты ғана қайзай  ма
екен, ол әлеуметке қатысты кез келген тақырыпты көтере береді емес пе?
            Осы орайда,  публицистикаға  көсемсөз  деген  балама  тауы  оған
қазақ тілінде тұңғыш анықтама берген алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы  теориясы
өміршеңдігімен тәнті етеді. Сөз өнерін тарата талдай келе ұлы ұстаз  мынадай
тұжырым жасайды: «Көсемсөз  әлеумет  ісіне  басшылық  пікір  жүргізетін  сөз
болғандықтан да көсем сөз деп аталады. Көсемсөз  кезіндегі  әлеуметке  керек
ісіне мұрындық болып істеу ыждағатымен айтылады.
            Әлеумет, шаруашылық,  қазыналық,  мектептік,  соттық,  саясаттық
тағысын тағы сондай қоғамшылық істерін түзеу, жаңалау, өзгерту керек  болған
кезде халықты соған мәселе жайын сөйлейтін сөз болған соң,  кезіндегі  шығып
тұрған газет-журнал жүзіне шығады.  Көсемсөз  әлеуметтік  басшылық  есебінде
айтылатын сөз болғандықтан жұрт  ісіне  мәні  зор  болады.  Басшылығы  дұрыс
болса, әлеуметті түзейді, теріс басшылық қылса, әлеуметті адастырады.  Солай
болған соң көсем сөз жазып, әлеуметке басшылық  қылатын  адам  көпті  көрген
көсем, білім адам боларға керек. Әйтпесе дүмше молда  сияқты  көбі  көсемдік
қыламын деп әлеуметті адастырып, пайда орнына зиян келтірмек».
            Алаш  ардақтасының  көсемсөз  туралы  теориялық  іліміне  қосып,
аларымыз  жоқ.  Ендігі  жерде  осы  анықтаманы  негізге  алып,   көсемсөздің
әдістемесі мен тәжірибесі туралы зерттеу жүргізіп, ой олжалау  уақыт  талабы
деп түсінуге болады.

Бақылау сұрақтары:
1. Публицистиканың өзіне тиесілі өз жанрлар жүйесі бар, сонда  олар  жанрдың
жанрлары болып шыға ма?
2.  Егер  публицистика   журналистиканың   саласы   болса,   онда   ол   тек
журналистерге ғана тиесілі деген ұғым туады ма?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының  “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары
туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.
5. Омаров Қ.Шабыт шалқары . – М., 2006.

2-Дәріс   Журналистика, көркем әдебиет және публицистика.
      Публицистика деген сөздің шығу төркіні – латының publicus  –  қоғамдық
деген сөзден шыққан. Владимир Дальдің түсіндірме сөздігінде  публицистсөзіне
былайша  ангықтама   берілген:   «Публицист»,   писатель   более   газетный,
журнальный,  по  современным  тобщим  вопросом,  по  народному  праву».  Бұл
тақырып   аясында    публицистикаға   анықтама   беріледі,   оның   табиғаты
журналистикамен, көркем әдебиетпен байланыста ашылады.  Публицистика  туралы
теориялық ұстанымдар көрсетіледі.
         Орыс зерттеушілерінің осы тұжырымы  әсер  еткен  болуы  керек  1976
жылы  жарық  көрген   Қазақ   совет   энциклопедиясының   9-томында   ұлттық
журналистика ұстазы Т.Амандосов пен белгілі  ғалым  Ә.Жұмабаев  көсем  сөзге
мынадай анықтама берген: «Публицистика -  өмірдң  әлеуметтік,  экономикалық,
өндірістік, ғылыми және басқа  да  рухани  құбылыстарын,  өмірдің  фактілерн
өзіне арқау ететін әдеби жанр».
         Көсемсөзді жанр ретінде қарастырушы зерттеушілер пікірімен  белгілі
ғалым  Т.Қожакеевтің  де  көзқарасы  сәйкес  келеді:  «Публицистика  нақтылы
өмірден орын алып отырған  мәнді  оқиға  –  фактілер  төңірегіндегі  пікірді
қозғап, сол туралы дұрыс  ұғым  қалыптастыруға  ықпал  жасайды,-  деп  жазды
профессор. Яғни, публицистика –фактінің, нақты оқиғаның жанры».
          Зерттеуші  Т.Ыдырысов  көсемсөз  жайлы  мынадай  пікір  білдіреді:
«Публицистика – жазушы мен журналистің әлеуметтік  пікір  айтуы,  күнделікті
өмірге, әр қилы қоғамдық шабытпен терең ой топтап, жұртшылықты  белгілі  бір
оқиғаға,  құбылысқа  ерте,   еліктіре   білуі.   Екінші   сөзбен   айтқанда,
публицистика  дегеніміз  –  саяси-көркем   прозы,   қаламгердің   әлеуметтік
мәселелерді толғауы».
           Публицистиканы әдебиетпен  қоса  журналистиканың  саласы  ретінде
қарастырушылар  да  бар.  «Әдебиеттану  терминдер  сөздігінде»  орын  тапқан
мақаласында Ғ.Доскенов сондай  пікір  білдіреді:  «Көсемсөз  -  әдебиет  пен
журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді  қозғайтын  саласы»,
- деп жазды ол.
           Ал,  «Қазақ  публицистикасының  қалыптасу,  даму  жолдары»  деген
тақырыпта зерттеу жүргізген ғалым Бауыржан Жақып  дәл  осы  аттас  кітабында
публицистика мен журналистиканың аражігін бірнеше қырынан  аша  келе,  нақты
мынадай тұжырымға тоқталады: «Журналистика – белгілі бір қызмет саласы  және
әсер  ету  сферасы,  түрлі  бұқаралық  ақпарат   құралдарын,   ұйымдар   мен
мекемелердің басын құрайтын белгілі бір  аппарат,  әлеуметтік  институт.  Ал
публицистика – белгілі бір нысаны, орны, функциясы,  мазмұны,  құрылымы  мен
пішіні бар, белгілі бір жанрлар жүйесі бар және қоғам  мүшелеріне  әсер  ету
тәсілдері бар тұтас шығармашылық түрі».
           Аталған  еңбегінде  Бауыржан  Өміржанұлы  публицистиканың  көркем
әдебиеттен де өзіндік ерекшеліктері бар екеніне  бес  түрлі  айырмасын  айта
отырып көз жеткізеді. Сөйтеді де «публицистика мен көркем  әдебиеттің  екеуі
де сөз өнерінің  салалары»  деген  тұжырым  жасайды.  Біз  зерттеушінің  осы
ойымен толық келісеміз және оны терең талдап, байыта қорыту керек еді  деген
пікірдеміз.
          Байқап отырғандығымыздай, публицистика туралы осындай алуан  түрлі
түсінік бар. Оның олай болатын себебі де  жоқ  емес.  Публицистика  қоғамдық
ойдың  қозғаушы  күші  және  қоғамдық   өмір   шындығының   сырлы   шежіресі
болғандықтан  ол  туралы  толыққанды   зерртеу   жүргізу   кешегі   кеңестік
тоталитарлық қоғамда мүмкін болмады. Олай еткен күнде қоғам  шындығы  ашылып
қалатын болды. Сол  себепті  публицистика  зерттеушілеріне  қатаң  партиялық
бақылау  аясынан  шықпай  ой  түйіндеулеріне  тура  келді.  Публицистикатану
ғылымының кенже дамып келе жатқанының негізгі себебі де содан деп білеміз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының  “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары
туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.

3-Дәріс   Қазақ публицистикасының тарихи негіздері.
               Көне түркі жазба ескерткіштері- публицистика бастаулары.
      Күлтегін, Тоныкөк,  Талас,  Енисей  ескеткіштеріндегі  публицистикалық
белгілер айқындалады. Көне жазбаларда нақты өмірде  болған  оқиғалар,  тұтас
шайқастар көріністері, жеңіс пен жеңілістер, құлдырау мен  өрлеуден  тұратын
ерте заманғы саяси ахуал бейнеленеді. Сол дәуірлердегі өмірде болған  тарихи
шындық  баяндалатындықтан,  бұл  ескерткіштерді  –  алғашқы  публицистикалық
жазбалар ретінде қарастыруға толық  негіз  бар.  Көне  түріктердің  қоғамдық
саяси өмірі туралы нақты дерек, дәйектердің  өмірде  болған  тарихи  тұлғалы
адамдардың аттары аталуының өзі – бұл мұраларды  публицистикалық  жазбаларға
жақындата түседі.
      Публицистикадағы «факт» терминінің  баламасы  «оғиға»  деген  түйіндер
айтылып жүр. Күлтегін, Тоныкөк  жазбаларындағы  публицистикалық  белгілердің
бірі – «осы оқиғалар» дер едік. Ескерткіштерде бірнеше оқиға  бірінен  кейін
бірі хронологиялық нақтылықпен жалғасын тауып  отырады.  Онда  Бумын  қаған,
Естеми  қаған,  Елтеріс  қаған,  Білге  қаған,  Күлтегін  естеліктері  уақыт
жағынан  кезең-кезеңімен,  өмірдегі  билік  құру  уақытымен  кезеңдестіріліп
баяндалады. Тағы  бір  назар  аударлық  жайт  Талас  және  Енисей  бойындағы
жазбалардың тексі бір-біріне ұқсас келеді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының  “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары
туралы” заңы.
2. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
3. Мерзімді баспасөз материалдары.
4. Омаров Қ.Шабыт шалқары . – М., 1986.

4-Дәріс  Батырлар жыры- ауызекі публицистика үлгісі.
      Қазіргі публицистиканың қайнар көзі жазба әдебиетінен де  бұрын  пайда
болған. Белгілі бір тайпаның көсемі өз сарбаздарының алдында  сөйлеп  тұрып,
оларды ерлік көрсетуге шақырады, батырлық пен батылдықтың нұрын септі,  яғни
жауынгерлерінің жеңіске деген пікірін қалыптастырды.  Елді,  жерді  қорғауға
публицистикалық бастау алған тұстары – сол кездер деп айта аламыз.
      Жалпы публицистикалық сарын дегеніміз – екінші  сөзбен  айтқанда  көне
замандағы жазылған шығармалардағы публицистикалық белгілер  жиынтығы  екенін
айта кетуіміз керек.
      Батырлар жырларында өз елін терең сүю сарыны басым. Мұнда жеке  бастың
қамынан гөрі  әлеуметтік,  жалпыхалықтық  мүдде  алдыңғы  шепке  шығады.  Ел
аузынан қараған  батырлар  сөзі,  ойы  арқылы  батырлар  жыры  өз  кезеңінде
қоғамдық пікірді қалыптастырып отырған. Қарапайым халық ішінде  белгілі  бір
елдік мәселелер туралы қоғамдық пікір қалыптастырудың өзі –  публицистиканың
негізгі ерекшеліктерінің  бірі  екендігі  белгілі.  Орыстың  ауыз  әдебиетін
зерттеуші, академик Б. А. Рыбаковтың: «...жылнамада батырлар жыры да  шындық
өмір» - деген пікірі ойымыздың дұрыстығына нағыз бастау,  бұлақтарының  бірі
деп батыл айтуға негіз бар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының  “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары
туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.

5-Дәріс  Жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын
      Жыраулар поэзиясындағы басты публицистикалық белгі –  оның  мемлекетті
басқару   құралына   айналғандығы   болып   табылады.Жыраулар   хан   сарайы
төңірегінде қызмет етті, көпшілігі әскери жорықтарға бірге шығып өз  көзімен
көрген батырлар ерлігін,  хандар  һахармандығын,  жеңістермен  жеңілістерді,
қанды шайқастарды суреттеп  жырлады,  дәуір  үнін  замана  шындығын  (ХV-ХІХ
ғ.ғ.) жеткізді.
      Тақырып бойынша Асан Қайғы,  Қазтуған,  Доспанбет,  Шалкиіз,  Жиембет,
Ақтамберді, Үмбетай, Бұқар,  Жанақ,  Махамбет  жырларындағы  публицистикалық
белгілер сараланады.
      Жыраулар поэзиясындағы публицистикалык сарын атты  бөлімшеде  заманның
толғақты мәселелеріне ел  назарын  аударып,  жақсысын  дәріптеп,  кемшілігін
әшкерелеп бере алған  "дала  демократиясының"  жарқын  көрінісінің  бірі  -•
жыраулар поэзиясы зерттеу объектісі болды.
      Публицистиканың түп-төркінін  зерттеумен  айналысып  жүрген  ғалымдар:
"Публицистиканың  тарихына  тереңінен  үңілу  бүл  қоғамдық-саяси  қызметтің
тарихын карастыруға апаратын бірден-бір жол.  Бүл  сөз  тарихы,  ең  алдымен
ауызша (астын сызған біз. - Б.Ж.), содан соң негізінен жазбаша сөздің  саяси
қызметке бағышталған тарихы"[20,24 б.],- деген  пікірге  тоқтайды.  Егер  де
біз кешегі өткен шешендерді, жыраулар мен айтыс ақындарын халыктың  үні  мен
тілі болған, қоғамдық пікір қалыптастырған, қоғам кемшіліктерін сынға  алған
өз заманының публицистері болды десек, құлаққа тосын естілуі  мүмкін.  Бірақ
газет-журнал жоқ кезде сол хандык дәуірдің  ақикатын  елге  жеткізіп,  халық
мүңын ханға жеткізіл отырған  сол  сахараның  саф  алтын  сөзін  пір  түткдн
түлғалары еді. Олардың кейбіреуі - ел билеушілерін асыра  мақтап,  дәріптеп,
оның саясатын жүрт арасында жүргізуіне бас жәрдемші болса, енді біреулері  -
қарапайым халықтың жанашыры болып, солардың мақсат - мүддесін  жүзеге  асыру
үшін бар күш-жігерін жүмсады, тіпті үлықтардың әділетсіз, зорлыкшыл, қиянат-
шыл әрекеттерін бетіне басып, айтып садды. Тағы бір жыраулар  таразының  екі
басын тең үстауға тырысып, билік өкілдері мен халық  арасындағы  дәнекерлік,
карым-қатынас, байланыс қызметін атқарды. Мүның өзі  жыраулар  сөзі  айтылып
қана қоймай, халықты белгілі бір  ой  төнірегіне  топтастырып.  белгілі  бір
істі жүмыла  шешуге  бағыттап  отыратын  күшке  ие  болғандығын  айғақтайды.
"Бізге дейін жеткен ежелгі мәдениет ескерткіштерінен қазір езіміз  публицис-
тика терминімен анықтап жүрген  дүниені  бүгінгі  қалыптасқан  күйінде  таба
алмаймыз,  бірақ  қоғамдық  өмірге  публицистикалық  ықпал  ету  түрі   ерте
кезеңдерде  де  болған,  ол  ауызекі  сөзбен  -  шешендік   өнермен   жүзеге
асырылған"[21,13 б.],- деген түжырымдар да біздің ойымызды бекіте түседі.
      Жыраулар поэзиясындағы басты публицистикалық белгі -  оның  мемлекетті
басқару  күралына  айналғандығы  болып  табылады.  Жырау-лар  -  хан  сарайы
төңірегінде қызмет  етті,  көпшілігі  әскери  жорықтар-ға  бірге  шығып,  өз
көзімен  көрген  батырлар  ерлігін,  хандар  қаһарман-дығын,  женістер   мен
жеңілістерді, қавды шайкдстарды суретгеп жырлады.
Диссертацияда Асан қайш, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет,  Ақтамберді,
Үмбетей,  Бүқар,  Жанақ,  Махамбет  жырларын-дағы  публицистикалық  белгілер
сараланды.  Аталған  жыраулар   шығармашылығындағы   публицистикалық   сарын
талдап, таразыланды.
      Жыраулар  поэзиясындағы  публицистикалық  сарын  туралы  сөз  еткенде,
мынадай қорытындыға келуге болады:
      Біріншіден, жыраулар дөуір үнін, замана шындығын жеткізеді. (XV' - XIX
ғ.ғ. тарихи шындық);
      Екіншіден,  өмірде  болған  тарихи  нақты  окиғалардың,  сол   кездегі
саясаттың, коғамдык маңызы  зор  оқиғалардың  көрінісі  бола  білді.  (Қазақ
хандығының  қүрылуы,  қазақ-қалмак  шапкыншылықтары,  орыс  отаршылдығы,  үш
жүздің ынтымағы, Абылай түсындағы казак хандығының нығаюы,  сүлтан,  төрелер
озбырлығына халық наразылығы, үлт-азаттык көтерілістері, т.б.);
      Үшіншіден, жыраулар поэзиясының - мемлекетті басқару құралы,  мемлекет
идеологиясы деңгейіне көтерілуі;
      Төртіншіден, тарихта  болған  хан,  би,  сұлтан,  төрелердің  атқарған
ісінің, жетістік,  кемшіліктерінің  жырлануы  (Жәнібек  хан,  Есім  хан,  Би
Темір, Баймағамбет сүлтан, Жәңгір хан, Абылай хан, Рүстем төре, т.б.);
      Бесіншіден,  қазақ  елінің  тұтастығын  қорғаған   батырлар   ерлігіне
арналған мадақ, арнау жырлары, жоқтаулардың жазылуы (Орақ, Мамай, Ер  Шобан,
Қабанбай, Бөгембай, Ер Барақ, Исатай, т.б.);
      Алтыншыдан, жыраулар поэзиясында қазақ даласында қазір де  бар  тарихи
жер, су атаулары келтіріледі  (Еділ,  Жайық,  Сарыарка,  Ойыл,  Жем,  Сағыз,
Өзен, Арал, Шаған, Қара Ертіс, Алтай, Алатау, Шыңғыс-тау, Баянаула,  Абралы,
Маңрақ, Сырдария, Балқаш, Нарын, т.б.);
      Жетіншіден,  өмірде   болған   көптеген   адамдар   жайынан   деректер
келтіріледі (Сүйініш, Бозтуған, Бәке,  Бекболат,  Жаукашар,  Өтеміс,  Жақия,
Махмут, Қаныкей, т.б.).
      Сегізіншіден,  жыраулар  хан  шешімін,  жүрт  тілегін  жеткізіп   қана
қоймайды,  белгілі  бір  іс-әрекетке  жүмылдырады,  белгілі  бір   мәселенін
шешімін табуға тырысады (Ынтымақ, бірлікке үндеу, ел корғауға  шакыру,  орыс
отаршылдығынан сақтандыру, азаттық кетерілісіне шақыру, халық мүктажын  өтеу
т.б.).
      Тоғызыншыдан, жыраулар поэзиясында  қазіргі  публицистиканың  дәстүрлі
өзегіне  айналған  сөз  қайталау  арқылы  айтар   ойды   күшейтіп   жеткізу,
публицистиканың  баяндау  төсілі,  оқиғаны  көзбен  көріп  бақы-лау   аркылы
суретгеу әдісі, өмір фактілерін  контрасты  түрде  салыстыра  отырып  мәселе
мәнісін  ашу,  үгіттеу,  насихат  айту,  сатиралық  публицистиканың  алғашқы
үлгілері,  памфлет,  репортаж,  сүхбат,  хат,  суреттеме  сияқты  жанрлардың
бастау алар белгілері көрініс табады.
      Жыраулар поэзиясындағы публицистикалык, сарын арқылы  біз  өткен  ата-
бабалар өмірінен, олардың әлеуметгік-саяси тіршілігінен  сыр  тартып.  халқы
үшін жанын киған батырлар ерлігімен танысамыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Мерзімді баспасөз материалдары.
3. Омаров Қ.Шабыт шалқары . – М., 1986.
4. Мұртаза Ш.Смайылов К.Елім саған иайтам, елбасы сен тыңда. – Алматы,1998.
4. Мұқтарұлы  С.Шоқан және өнер. – Алматы,1985.
5. Медеубекұлы С.Ақыл.Нақыл.Өсиет. – Алматы, Санат, 1996.

6-Дәріс   Шешендік сөзердегі публицистикалық белгілер.
      Ғалым М. Балақаев пернелі  шешендік  сөздерде  публицистиканың  сөйлеу
ретіндегі  түрі  деп  айқын  көрсетіп  кеткен.  Тақырып   бойынша   шешендік
сөздердің дәл осы қыры қарастырылады, Майқы би, Төле би, Қазбек  би,  Әйтеке
би сияқты шешендердің тарихи  шындықты  көрсететін  асыл  сөз  маржандарының
публицистикалық сипатына мән береді.
 Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының  “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары
туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.


7-Дәріс   Қазақ публицистикасының баспасөз бетінде қалыптасуы.

               Шоқан, Ыбырай, Абай публицистикасы.
      XIX ғасырда қалыптасқан қазақ  публицистикасының  негізін  салған  ұлы
ағартушы-ойшылдар   Шоқан   Уәлиханов,   Ыбырай    Алтынсарин    мен    Абай
Құнанбаевтардың қай-қайсысы болса да, публицистке қойылатын талаптардың  кез
келгеніне  де  сай   екендіктерін   сондарында   қалдырған   публицистикалық
мұраларымен айқын байқатты.
      Шоқан Уәлиханов өзінің публицистикалық еңбектерінде туған халқының өзі
өмір   сүрген   XIX   ғасырдың   бірінші   жартысындағы    әлеуметтік-саяси,
экономикалық жағдайы мен мәдениетін  әңгіме  қылып,  көкейкесті  мәселелерді
күн тәртібіне қойды, патшалық үкіметтің  қазақ  даласында  жүргізіп  отырған
озбыр саясатын, отарлаушы  өкімет  орындарының  жергілікті  халыққа  жасаған
қиянат  қылықтарын  аяусыз  әшкереледі,  қазақ  билеушілерінің   басбұзарлық
әрекеттері мен қарапайым халыққа  жасаған  зорлық-зомбылығын  сынап,  өзінің
әділетсіздік, озбырлық, ұлттық езгі атаулыға наразылығын білдірді.
      Ұлы ағартушы-демократ Ш.Уәлиханов публицистиканы проблемалық-талдамалы
сипатта дамытты да, оның публицистикалық еңбектерінде  сөз  болған  заманада
мәселелерді  ақиқат  тұрғысынан  шешудегі  кедергілерге   жан-жақты   талдау
жасалып, олардың себеп-салдары жай ғана әлеуметтік-саяси тұрғыда ғана  емес,
өмірден алынған тәжірибелік, танымдық, имандылық  жағынан  ашып  көрсетілді.
Сыншылдыққа  негізделген,   әшкерелеуші   қуаты   мол,   фельетон,   памфлет
белгілерімен де айшықталған Шоқан  публицистикасының  тілі  уытты,  орағытып
түйреумен,  мысқылдаумен  ерекшеленіп,  өз  кезінде  жұрт  көкейінде  жүрген
түйткілдерді мемлекеттік деңгейдегі ауқымды  мәселе  етіп  көтеруімен  әсер-
ықпалы   мол   болды,   қоғамдық-әлеуметтік    мәселелерді    жалпыхалықтық,
демократиялық деңгейде қойып, батыл  да  ашық  айтқан  ой-пікірлерін  бұқара
халық  мүддесімен  ұштастыра  білді,  халқымыздан  шыққан  тұңғыш  публицист
ретінде  ағартушы-ғалым  қазақ   әдебиетін   көркем   публицистиканың   хат,
суреттеме,  очерк  сияқты  түрлерімен  байытып,   өз   еңбектерінде   саяси-
әлеуметтік күрделі мәселелерге ғылыми-тарихи  тұрғыдан  терең  талдау  жасай
алды.
      Ыбырай Алтынсарин өз тұсында жарық көрген  қоғамдық-көпшілік  мерзімді
баспасөз бетінде, әсіресе, қазақ тіліндегі тұңғыш газеттердің бірі  —  «Дала
уәлаятының газетінде» халқымыздың тұрмыс-күйі, тарихы  мен  мәдениеті,  оқу-
ағарту жайынан сыр шерткен терең  ойлы  публицистикалық  туындылары  алдыңғы
қатарлы қауымға қозғау салып, ойландырып-толғандырған.
      Ұлы  ағартушы-педагогтың   көсемсөз   жанрында   жазылған   мақалалары
«Оренбургский листок»  газетінде  жиі  жарияланып,  негізгі  тақырыбы  қазақ
халқының  отаршылық  қыспағындағы  ауыр  халін  кеңінен  әңгімелейді,  қазақ
шаруаларының  құнарлы  жерінен  айрылып,  бейшара  күйге   түскен   жағдайын
бүкпесіз  айтып,  жоғарғы  өкімет  орындарына  қарапайым  халықтың  мұңшерін
жеткізеді, жұртшылық қамын ойлап, тез арада  көмек  көрсетілуін  талап  етіп
қояды. Оның қай публицистикалық мақаласы, яки жазысқан көсемсоз  үлгісіндегі
хаты болсын, халықтық мүддеден туған, өз дәуірінің  ең  негізгі  мәселелерше
арналған.
      Ы.Алтынсариннің белсенді публицистік қызметі таза қазақ тілінде тұңғыш
газет шығаруға  ниет  еткен  зор  талпынысына  ұласты.  «Қазақ  газеті»  деп
аталған газеттің Ыбырайдың өз  қолымен  жасаған  бірінші  санының  үлгісінде
алдын ала ойластырылған материалдардың дені  көсемсөз  үлгісінде  жазылғанын
1880 жылғы архив деректері  айғақтайды.  Бас  мақала  іспетті  жазған  қалың
жұртшылыққа арнаған үндеуінде: «Қазақ халқы көшіп-қонып,  шаруашылық  қылып,
болашақ күнді ойламай бейпіл жүріп, бұл күнде бөтен қатар  жұрттардан  әрбір
ісі кемге соғып жүр. Қазақтан бөтен Ақ патшаға қарап тұрған жұрттардың  қай-
қайсысы болса да, еш болмаса өз  мұңын,  арызын  өзі  айта  біледі:  болмаса
қағазбен жазып көрсететін адамдары бар» деп бастап халқының  білімнен  артта
қалғанын  тілге  тиек  етіп,   сауатсыздықтың   кесірін   нақтылы   мысалдар
дәлелдейді, «Өнерлі өрге жүзеді» деген  мәтелді  негізгі  арқау  етіп  алып,
елді оқу-білімге шақырады[3,7].
      Ұлы ағартушының қазақ тіліндегі  тұңғыш  газетті  шығару  талпынысының
жарқын белгісі болған бұл үлгі бастамасы кейін қазақ  және  орыс  тілдерінде
жарық көрген «Дала уәлаяты газетінің» шығуына жалғасып, XX ғасырдың  басында
алғаш рет тек қана ана тілімізде бүкіл  елге  тараған  «Айқап»  журналы  мен
«Қазақ» газеті сияқты ұлттық баспасөз ізашарларының қараңғы елді оятып, оқу-
білімге, бостандыққа үндеген, сөйтіп, шынайы халықтық басылымдарға  айналған
ізгі іске ұласты.
      Абай  қазақ  әдебиетінде  публицистикалық  прозаның   негізін   салып,
көсемсөздің  очерк,   эссе,   мақала,   памфлет   сияқты   түрлері   кеңінен
пайдаланылған қарасөздерінде  өз  кезінің  көкейкесті  мәселелерін  көтеріп,
адамгершілік, иманшылық  мұраттарын  үндеді.  М.Әуезовтің  Абай  қарасөздері
туралы: «Оның қара сөзбен нақылдай айтылған бұл  әңгімелерінің  түр,  мазмұн
жағынан  қандай  жанрға  жататынын  кесіп  айту  өте   қиын.   Ақынның   бұл
әңгімелерінде пәлсафалық — мораль,  қоғамдық-публицистикалық  мысқыл  —  сын
мәселелері  бірдей  кездеседі.  Шебер   қиыстырып,   мейлінше   тапқырлықпен
айтылған бұл нақыл сөздерде кейде күнбе-күнгі  тіршілік  жайы,  кейде  кекті
мысқыл немесе жабырқап — қайғыру сарындары естіледі. Абайдың бұл сөздері  аз
айтып, көп мағына беретін өткір тілді өнегелі  өсиеті  болып  табылады»  деп
айтқандай[4,171]  «Феодалдық  қоғамның  кертартпа  салт-санасына  қарсы  сын
айтты. Өнербілімге үндеді. Көрші орыс елінің мәдениетін үлгі етті»[5,231].
      Академик   З.Ахметов:   «Абайдың   қарасөздері    қазақ    прозасының,
публицистикасының, әсіресе әдеби  тілдің  прозалық  жанрларында  өркендеуіне
ықпалын  тигізді.  Сондықтан  қарасөздер  Абайдың   шығармашылық   мұрасының
салмақты бір саласы және әдебиет тарихында елеулі орын бар дей  аламыз»  деп
айтқан пікірі[6,391] ұлы ақынның публицистикалық  мұрасына  берілген  орынды
баға дей аламыз.
      Үшеуі  үш  мұнарадай   болған   Шоқан,   Ыбырай,   Абай   сияқты   ұлы
ағартушылардың   қазақ   публицистикасының   негізін   қалаушылар    сапында
болғандығын баса айтқанымызбен ұлттық көсемсөз қалыптасуының бастауында  осы
алтын  желінің  ортасында  аталуға  тиіс  тұлғаның  бірі  -  әмбебап  ғалым,
публицист Мұхаммедсалық  Бабажанов  есімін  есте  ұстау  керек.  Орынбордағы
Неплюев  кадет  корпусын  1851  ж.  үздік  бітірген  қазақ   офицері   патша
үкіметінің отарлау саясатына ашық  қарсы  шығып,  Санкт-Петербург,  Орынбор,
Астрахань қалаларында  шыққан  газет-журналдарға  халық  мұңы  мен  мұқтажын
жеткізген. билік орындарының қарапайым жұртшылыққа көрсетіп отырған  зорлық-
зомбылығын аяусыз  сынап  әшкерелеген  публицистикалық  сипаттағы  мақалалар
жариялайды. «Қазақтың көпшілікке шағымы», «Қазақтың өз хал-ахуалы және  оның
туыстарының тағдыры туралы», «Қырғыздың қырғыз туралы жазбалары»  және  т.б.
публицистикалық  еңбектерінде  отарлық  жүйені  сын  қыспағына  алып,  патша
шенеуніктерінің оспадар қылықтарын бүкпесіз айтады,  мектеп  ашу  мәселесіне
баса назар аударып, қазақ балаларын оқыту, мәдениеттілікке тәрбиелеу  туралы
ойларын жеткізеді.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының  “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары
туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.

8-Дәріс  «Түркістан уалаяты газетінде» публицистиканың қалыптасуы.
      XIX ғасырда қалыптасып, XX  ғасырдың  басында  үрдісті  даму  сатысына
шыққан «Жас қазақ публицистикасы» ұлт  зиялыларының  «қазақ  қоғамын  ілгері
бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып...  халықты  патриархаттық-рулық
мешеуліктен  арылтуға,  патшалық  езгіден  азат  етуге,   оған   білім   мен
прогрестің,    мемлекеттік    тәуелсіздік    алудың    жолдарын    көрсетуге
ұмтылтаң»[8,724]  қам-қарекеттеріне   қызмет   етіп,   олардың   өз   халқын
отаршылдық құлдықтан азат  ету  жолындағы  күресінің  саяси-мәдени  құралына
айналды.  Бұл  күресте  «Қазақ  зиялыларының  көшбасшылары  халықтың   саяси
жағынан  көзін  ашу  үшін  оның  бойында  білімге  деген  құлшынысты   ояту,
сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді.  Қазақ  зиялыларының  бүкіл  қызметі
осы мақсатқа арналды деуге болады»[9,724-725].
      Ұлт-азаттық идеясы жолындаты мақсат-мұраттарын жүзеге асыру үшін  олар
қолдарына   қалам   алып,   саясат,    оқу-білім,    әлеуметтік-экономикалық
мәселелерін  қамтыған  көкейкесті  публицистикалық  мақалалар  жазды.   Алаш
зиялыларының, жазушы-ақындары мен журналистерінің бұл игі  мұратына  алғашқы
қазақ газеттері жемісті қызмет  етті.  XIX  ғасырдың  соңында  пайда  болған
қазақ тіліндегі алташқы баспасөз қарлығаштары «Түркістан уәлаятының  газеті»
(1870 –  1882),  «Дала  уәлаятының»  газеті  (1888  –  1902)  патша  үкіметі
тарапынан  шытып,  отарлаушы  басқару  орындарының  жарлықтары  мен  заңдық-
құқықтық нормативтік актілерін, әкімшілік  істерін  қазақ  даласына  жеткізу
мақсатымен шығарылса  да,  бұл  басылымдарда  қазақ  халқының  мұң-мұқтажын,
арман-тілегін  қозғаған  алғашқы   публицистикалық   мақалалар   жарияланды.
Қоғамдық-саяси мәні зор, көркемдігі жағынан ықпалы мол болтан  бұл  көсемсөз
мақалаларының    авторлары    Ы.Алтынсарин,     А.Құнанбаев,     М.Ж.Көпеев,
Д.Сұлтантазин және т.б. ұлттық көркем публицистиканың одан әрі  дамуына  зор
әсер етті.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының  “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары
туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.

9-Дәріс  «Дала уалаяты газетіндегі» ұлттық публицистика.
      Қазақ көркем публицистикасының жаңа үрдісте, жаңа  екпінде  дамып,  XX
ғасырдың басындаты демократияшыл бағыттағы әдебиеттің негізгі  бір  арнасына
айналып,  ұлт  зиялыларының  азаттық  жолындағы  қуатты  сөз  құралы   болып
шыңдалуына осы кезеңде таза қазақ тілінде  шыққан  алғашқы  қазақ  газеттері
мен журналдарының рөлі үлкен болды.
      Қазақ  көркем  публицистикасының  қалыптасып   дамуындағы   XX   ғасыр
басындағы ұлттық баспасөз басылымдарының рөлін айтқанда қазақ тіліндегі  шын
мәніндегі  тұңғыш  газет  –  «Серке»  газеті  ойға  оралады.   Олай   дейтін
себебіміз: осыған дейін айтылып жүрген «Гүркістан уәлаятының  газеті»  «Дала
уәлаятының   газеті»   ұлттық   баспасөздің   алғашқы   басылымдары    болып
есептелгенімен бұл газеттер көбінесе аударма  нұсқасында,  қазақ  және  орыс
тілдерінде шықты да, патша үкіметінің тікелей  органдары  ретіндегі  үнқағаз
болып есте қалды. Әрине, бұл газеттердің қазақ  баспасөз  тарихындағы  орнын
жоққа шығармаймыз, екі газет те алғашқы ұлттық  баспасөз  басылымдары  болып
қала береді. Газет ұлттық көркем публицистика  жанрларын  сол  кездегі  қым-
ғуыт,  қилы  замандағы  қазақ  халқы  өміріне  байланысты  қамтылған  барлық
мәселелер мен дербес мемлекеттілік құру, түрікшілдік  идеясын  жүзеге  асыру
жолындағы мақсатты бағыбағдарға қиюластыра  шебер  пайдалана   біліп,  қазақ
көсемсөзшілерінің шығармашылвіқ ұстаханасына айналды.
      Қазақ көркем публицистикасының XX ғасыр  басындағы  көрнекті  өкілдері
осы  газеттерді  өздері  шығарушы,   өздері   мақала   жазып   ұйымдастырушы
қызметтерін бірдей атқарды. Орыстың ұлы  ойшыл-демократы  А.И.Герцен  өзінің
бір еңбегінде,  «Біздің  өткінші  өмірімізді  билеген  басты  бағыт  -  орыс
халқына    деген    қарым-қатынасымыз,    оған    деген    сеніміміз     бен
сүйіспеншілігіміз, оның тағдырына қатысты істерге  белсене  араласуға  деген
құштарлығымыз» деп жазғандай[71,221], алаш зиялылары  көркем  публицистиканы
ел егемендігі мен азаттығы жолындағы ұлттық қозғалыс ісіне пайдалана  біліп,
газет  арқылы  бүкіл  халық  қажетіне  жаратты,  көсемсөзді  дәуір  үніне  —
ұлтазаттық күрестегі қуатты қаруға айналдырды.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының  “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары
туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.

10-Дәріс  «Айқап» журналындағы  публицистика.
      XX  ғасырдың  басында,  1911  жылдың  қаңтарынан  бастап  1915  жылдың
қыркүйек айына дейін Троицк қаласында үзбей  шығып  тұрған  «Айқап»  журналы
халқымыздың  әлеуметтік-саяси  және  рухани-мәдени   өмірінде   елеулі   рөл
атқарып, сол кездегі қазақ әдебиетіндегі көркем публицистика мен  әдеби  сын
мәселелерін  жазуда  тыңғылықты  қызмет  етті.  Журналдың   шығарушысы   да,
редакторы да болған белгілі жазушы-журналист, публицист  Мұхаметжан  Сералин
«Айқаптың» көсемсөз, әдеби сын жанрларындағы болсын,  барлық  бағыт-бағдарын
өзі жіті бақылап анықтап отырды. Журнал бетінде көтерілген  қазақ  тағдырына
байланысты мәселелердің қай-қайсысының болмасын  М.Сералиннің  өзі  ұстанған
бағыты - нақты, ойы айқын болды.
      Журналдың   көркем-публицистикалық   бағытын   анықтап,   әдеби    сын
мақалалардың жиі жазылуына жіті көңіл болген  М.Сералин  көсемсөзші  ретінде
«Айқап»  бетіндегі  публицистикалық  еңбектерінде...   ескішілдікті   сынап,
халықты ілгері тұрған елдердің қатарына көтеру, ел  ішінде  оқу-ағарту  ісін
дамыту, отырықшылану мәселелеріне көңіл  аударды»[25,36-37].  Қазақ  тілінде
тұңғыш шыққан бұл журналдың  да  басты  бағыт-бағдары  оның  негізін  салушы
редактор ұстанған мұраттарға сәйкес болды.  «Айқап»  атауына:  «Айқап  деген
сөз — қазақтың төл  сөзі,  ол  ғасырлар  бойы  мәдениеттен,  білімнен  кенже
қалған  бүкіл  қазақ  халкының  өкініші  ретінде   алынады»   деп   журналды
бастырушылар алқасынан көркем-публицистикалық  тілмен  түсінік  берілсе[26],
бұл ұғымның терең астарына  М.Сералин  өзі  ерекше  назар  аударып:  "Біздің
қазақтың «Әй,  қап»  демейтұғын  қай  ісі  бар?!  Газет  шығармақшы  болдық,
қолымыздан келмеді. Пұлы барларымыз  ынтымақтаса  алмадық.  Пұлы  барларымыз
ынтымақтассақ та,  ақшасыз  істің  жөні  табылмады.  «Қап,  пұлдың  жоқтығы,
қолдың қысқалығы-ай»  дедік.  Жақсы  жерлерімізді  қолда  сақтар  үшін  қала
салмақ  болдық.  Басымыз  қосылмады.  Қолайлы  жерлер  қолдан  кетті.  «Қап»
ынтымақсыздығымыз-ай  дедік.  Болыс,  би,  ауылнай  боламыз  деп   таластық,
қырылыстық. Жеңілгеніміз жеңген жағымызға «ендігі  сайлауда  көрерміз,  қап,
бәлем-ай!» дедік. Осындай біздің қазақтың неше жерде «қап» деп  қапы  қалған
істері көп. "Қап дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң  журналымыз
да өкінішімізге ылайық «Айқап» болды  деп  беташар  публицистикалық  кіріспе
мақалада алқалы топқа  қамшы  тастар  ой  салады[27,47].  Көсемсөз  туындыда
қазақтың сол кездегі ел болуға кедергі келтірген кемшіліктері: іс  басындағы
дәулет, дәрежесі бар басшылардың келелі де халыққа пайдасы тиер кәделі  істі
шешердегі   берекесіздігі,   қала   болу   мәселесінің   түйінді   тұсындағы
ынтымақсыздығы,  жұртшылық   арасында   ағайын   арасының   алауыздығы   мен
өшпенділігін туғызып, өзара дау-дамай мен  жанжалға  әкеп  соқтырған  болыс,
би, ауылнай  сайлаудың  заман  дертіне  айналғандығы  бетке  басылып,  қазақ
тілінде  жеке  журнал  шығарудың  бағдарламалық  тұжырымдамасы  айқындалады.
Журналдың тек қалың көпшілікке, бұқара халыққа арналғандығын: «Халықтың  қай
дәрежеде  алға  кеткендігі  —  халық  арасында  таралған  газет-журнал   һәм
кітаптардан білінеді. Заман ғылым заманы болған  соң  әрбір  жұрт  қатарынан
кейін қалмас үшін  ақша  аямай  кітап-газет  һәм  журнал  бастырып,  халықка
таратудың  ыждаһатында»  деген  жолдар     арқылы   айшықтап[27,46],   туған
халқының алдыңғы қатарлы,  озық  ойлы  елдер  қатарынан  көршуін  армандаған
көрегендік ойын айтады.
      Бұл ойларын ол  халықка  жете  түсіндіру  мұратында  бірнеше  көсемсөз
шығармасын бас мақала, арнау тұрғысында жазып,  көпшілік  қауымды  журналдың
мақсат-міндеттерімен нақты таныстырады. «Бізге не істеу  керек?»  деген  бас
мақалада: «1) Отырықшы болып,  қала салу, жерден қол үзіп қалмау  керек;  2)
Мектеп, медресе салып, оқу, мәдениетке  жетілу  керек;  3)  Дін  жұмысын  өз
қолымызға алу - мүфтиді  сайлау  керек;  4)  Мемлекет  Думасында  мүддемізді
айтып, сөзімізді өкіметке жеткізіп отыратын депутаттарымыз  болу  керек;  5)
Петерборда өкіліміз болу керек ол сонда біздің  ісімізді  жүргізіп,  өткізіп
отыру керек» деп[28] жұртшылықтың көкейде  жүрген,  арман  жетегінде  кеткен
тілектерін дөп басып, қадау-қадау мәселелерді  жіктеп  көрсетті.  Өмір  бойы
көшпелі тұрмыс кешіп, жаз ыстық аптап пен желдің өтінде, қыс аязды,  боранды
күндерден көз ашпай дамылсыз мал бағумен жан  сақтаған  қазаққа  отырықшылық
таңсық, мүлдем беймағлұм тіршілік болғанымен  жаңаша  ғұмыр  сүріп,  алдыңғы
қатарлы  елдер  сияқты  қала  болудың  алғы  шарты  екендігін  еске   салған
көсемсөзші оқу-білім жолын үзбей  дамытып,  мектеп,  медресе  тұрғызу  кезек
күттірмес маңызды істің бірі  екендігіне  көз  жеткізеді,  дін  қызметіндегі
басты лауазым иесі - мүфти сайлаудың барынша қажеттілігін  көлденең  таптып,
Ресей думасында қазақ халқының  мұңын  жоқтап,  сөзін  сөйлеитің  депутаттың
болуын ұлт зиялыларына үлкен борыш қылып артады,  бұл  үшін  де  және  қазақ
даласында  қордаланып  қалған  көкейкесті  мәселелермен  тікелей  айналысып,
шаруашылық,  әкімшілік,  әлеуметтік   салаларындағы   жұмыстарды   Петербург
қаласында жүргізіп іске асыратын арнайы өкілдің  болуын  қазақ  оқығандарына
міндет етіп қояды.
      Журналдың  мақсат-мүддесіне  сай  жарияланған   көркем-публицистикалық
тақырыптық ауқымы сол кезде заман талабына  сәйкес  көкейкесті  мәселелермен
тығыз ұштамәселер «1) Егін шаруасына қолайлы жерлерде қала  салуды  халыққа,
шамадан келгенше түсіндіру; 2) Елдің партия  болып  таласқандығынан  халыққа
қанша залал келетіндігін... һәм қалай еткенде, партия жоғалуға  мүмкін,  сол
жағынан қарастыру; 3) Оқу һәм оқыту жағына қалайша өзгерістер  жасау  керек,
сол жағын қарастыру; 4) Әйкел, қыздарымыздың кемшілікте тұрғандығын  халыққа
ескерту»[29]. Осылайша қазақ  даласындағы  отырықшылыққа  көшіп,  қала  салу
жайы, партиялық жікке бөлінудің зардабы, оқу-білім саласын реформалау,  әйел
теңдігі  мәселелері   қалам   ұстаған   ұлтшыл   оқығандар   мен   демократ-
ағартушылардың   көркем-публицисикалық   туындыларының   басты    тақырыбына
айналып, «Айқаптың»  төңірегіне  прогресшіл  бағыттағы  ұлттың  зиялы  қауым
өкілдері  топтаса  түсті,  журналда  жарияланған  публицистикалық  мақалалар
жұртшылықты ғылым мен  өнерді  меңгеріп,  мәдениетті  өркендетуге  шақырады,
жоғарыда атап өтілген отырықшы  болып,  қала  салу,  егіншілікпен  шұғылдану
мақсаттарын жүзеге асыруға үндеді.
      Қазақтың бетке ұстар азаматтары журнал көтерген мәселелерге  өздерінің
публицистикалық мақалаларымен үн қатып, зиялы қауым арасында пікір  тудырды.
Көсемсөз шеберлерінің жиі жазған тақырыптарының бірі - жер  мәселесі  болса,
М.Сералин бастаған қаламгерлер  бірыңғай  отырықшылыққа  көшуді  насихаттап,
орыс  мұжықтарынан  жер  өндеу  әдісін,  қала  салуды  үйренуге  үндеді,  ал
А.Байтұрсыновпен  пікірлес  көсемсөзшілер  бұл   уәжге   қарсылық   білдіріп
толықтай отырықшылыққа көшкен шақта қазақтардың өз  жерінен  мүлдем  айрылып
қалатындығын дәлелдеп бақты. Журнал бетінде жер  мәселесіне  байланысты  екі
ұдай мақалалардың пікірталасқа ұласуы алаш қайраткерлерінің  туған  жер  мен
туған ел, ұлт болу, халық  бостандығы  жолындағы  үлкен  ізденістерінің  бір
парағы болды. Осы пікірталасқа орай  алаш  қайраткерлерінің  бірі,  көрнекті
публицист  Міржақып  Дулатов  «Айқаптал»  жарияланған  «Жер  мәселесі»  атты
көлемді көркем-публицистикалық мақаласында қарсылас  екі  пікірді  жан-жақты
толқылай келіп: «Рас, қазақ халқының жер-суға  ие  болып,  жаз  жайлау,  күз
күзеу, қыс қыстауда тарлық көрмей түлігі  сай  болып,  тай  құлындап,  тоқты
қоздап, қосты жылқы, желім түйе, отарлы қой, қайғы жоқ,  еріккеннен  бірінің
малын бірі қуып кең далада құлан-киікше сайран етіп жүрген күні  болған.  Ол
күндер енді көздеріне  ғана  елестейді.  Мұның  себебі  не,  халықтың  өсіп,
жердің өспеуі һәм  тозуы,  қазақ  жері  патша  мүлкі  саналып,  сол  себепті
миллиондап жерсіз мұжықты хүкіметтің қазақ  жеріне  қондыруы,  бұл  тілеусіз
қонақтар келе бастағаннан бері жер  тарылып,  ата  мекеннен  ірге  қозғалып,
қазақтың шаруасының күйзелуі, 15-20  жылдан  бері  бұл  көшпелі  мұжықтардың
келіп бітуінің үшы көрінбей, бұлай болғанда енді аз  жылда  қазақ  халқы  ең
жаман жерге сорлап қалып  ақырында  пақырлыққа  жетуі  ықтимал.  Жер  көп-аз
болса да,  бұл  заман  өнер-білім  заманы  болған  шақта  әр  жерде  жайылып
жүргенде оқудан мақұрым қалармыз. Надан халық  білімді  халықтардың  қасында
өзінің діні, хақын сақтай алмай,  дүниеден  ақыры  есебін  бітіруі  ықтимал»
деп, «Қала  болу  керек  деушілердің  пікірі»  деген  бөлігінде  жұртшылықты
отырықшылыққа үгіттеп, жер  жүзіндегі  халықтардың  қала  болудың  арқасында
өркендеп отырғанына көз жеткізеді, «Бұларды  көре  тұра,  біз,  қазақтар  да
қала болып, малдың санын кемітіп, бағасын көтеріп, егін салып, сауда  қылып,
оқу оқып, өнер тауып, өзіміз де алдағы  жұрттың  істегенін  істеп,  солардың
жолына түсейік, сол уақытта ғана қатардағы  халықтардың  бірі  бола  аламыз»
деп прогрестік көзқарасын білдіреді де осы  мақаласының  «Көшіп  жүру  керек
деушілердің пікірі» деген бөлігінде қазақтардың еріккеннен  көшпей,  жерінің
ауасына  қарап  көшіп  жүргендігін,   қазақ   отырған   жердің   егіншілікке
жарамсыздығын,  экологиялық,  географиялық  жағынан  нақты  мысалдар  арқылы
дәлелдеп,  қазақтардың  көшпелі   шаруашылықпен   айналысуының   өзіне   де,
мемлекетке де зор пайда әкелетіндігіне  көз  жеткізеді,  «соның  үшін  түбін
ойлағанда, қазіргі тұрмыстың неше  ғасырлардан  бері  бекіп  қалған  негізін
бұзбасқа керек» деп уәж айтып, отырықшылық пен  көшпелілік  мәселесінде  бір
тоқтамға келуге шақырады[30].
      «Айқап» қазақ әйелдерінің қоғамдағы орнына жан-жақты тоқталып, олардың
ауыр  халін,  тендік  мәселесін  сөз  етті.  «Қазақ  қыздарының  аталарына»,
«Бауырлас қазақ  әйелдеріне»,  «Аналарымызға»,  «Апаларымызға»  атты  көркем
публицистика тілімен жазылған үндеу мақалалар  қалың  мал,  әмеңгерлік,  жас
қызды көңілі қаламаған адамына, тіпті қарт кісіге  тоқал  есебінде  еріксіз,
күшпен қосу сияқты ескілік  сарқыншақтарын  аяусыз  сынға  алып,  әйелдердің
отбасын қүруда еркекпен тең болуын және оқу  ісіне  бірдей  тартылуын  талап
етті.  «Адам  баласының  тәлім-тәрбиесі  анадан  ауысады,  бүкіл   адамзатты
тәрбиелеуші — ана» деп олардың  үй  іші,  отбасындағы,  қоғамдағы  атқаратын
рөлін жоғары бағалады.  Осы  ретте  журнал  әйел  тендігі  мәселесін  көтере
отырып, қазақ әйелдері арасынан қоғамдық тілшілерді жұмысқа  тартты.  Сондай
белсенді  тілшілердің  бірі  болып,  журнал  бетінде  көркем-публицистикалық
мақалаларымен жиі көрінген Сақыпжамал  Тілеубайқызы  қазақтың  ер  балаларды
оқытып, қыздарды адам санатына жатқызбай,  дұрыс  көңіл  бөлмейтінін  сынап,
қазақ қыздарының құлқын үшін қалың малға сатылып, сүймеген  адамына  еріксіз
ұзатылатындығын,  сөйтіп,  өмірі  қорлықта  өтетіндігін  әшкерелейді.  Қазақ
қыздары ішінен  шыққан  алғашқы  публицистердің  бірі  болған  Сақыпжамалдың
«Ұзақ  күткен  үмітім»  сияқты  рсындай  желіде   жазылған   публицистикалық
мақаласынан[31]   және   «Айқапта»   істеп   қаламы   шыңдалған   М.Сералин,
С.Торайғыров, С.Дөнентаев,  Ә.Ғалымовтардың  көркем  публицистиканың  арнау,
үндеу,  оқшау  соз  жанрларында  жазған  мақалаларынан   өздерінің   аянышты
тағдырын оқып білген қазақ әйелдерінің сана-сезімі оянып, еркіндікке,  білім
алуға ұмтыла бастады.
      «Айқап» журналы қазақ әдеби сынын қалыптастырып дамытуда  үлкен  еңбек
сіңірді. Жаңа  шыққан  кітаптар  туралы  сын  тұрғысындағы  шағын  мақалалар
жарияланып, қазақ әдебиетінің түйінді мәселелерін, даму жолдарын  сөз  еткен
М.Сералин, С.Торайғыров, С.Сейфуллин және т.б. әдеби  сындары  жарық  көрді.
«Айқап» бетіндегі шығармалар  қазақ  прозасы  алдында  тұрған  проблемаларды
анық көрсетті. Мүмкіндігі мол,  қуатты  жанрдың  түрлі  тәсілдерін  меңгеру,
шеберлікқе үйрену керек еді»  деп  З.Бисенғалиев  атап  көрсеткендей[32,47],
журнал       ұлттық       әдеби       сынның        бастауында        тұрды.

      «Айқап» бетінде жарияланған көркем-публицистикалық мақалалар XX  ғасыр
басындағы проблемаларды батыл да өткір қозғап, дәуір үні  болды.  1913  жылы
жарияланған «Қазаққа алауыздық қайдан келеді» деген  мақалада  II  Екатерина
әйел патшаның отар елдерде  ұлт  араздығын  қоздыру  туралы  губернаторларға
арнаған құпия бұйрығын әшкерелейді[33]. Жалпы алғанда, «Айқап»  журналы  сол
кездегі қазақ қоғамы үшін ерекше құбылыс болды. Бұқара халықтың  үні,  тілі,
құлағы  іспетті  журнал  арқылы  айтар   ойы,   жұртшылықтың   арман-тілегін
публицистикалық  көркем  тілмен  жеткізуде  «Айқап»  өлшеусіз  рөл  атқарды.
«Айқапта» жарияланған ұлт зиялыларының арнау, үндеу,  ашық  хат,  оқшау  сөз
түріндегі көркем-публицистикалық мақалаларында  көтерілген  мәселелер  халық
көкейіне қонды, ел  мұндай  туындыларды  асыға  күтіп,  журналдың  әр  санын
бірінен-бірі  алып  оқыды.  «Айқапта»  жарық  көрген  көркем-публицистикалық
бағыттағы туындылар «халықты ұйқысынан оятты: халықтың ұлттық  сана-сезімін,
тендік-бостандық үмітін оятты; шаруашылығы  мен  мәдениетін  дамытты,  саяси
белсенділігін көтерді»[34,16], қазақ тілінде шыққан  тұңғыш  журнал  ретінде
өзінен кейін жарық көрген  мерзімді  басылымдарға  көркем  публицистика  мен
әдеби сынды дамытуда үлкен ықпал етіп, нұрын шашты.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының  “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары
туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.

11-Дәріс  «Қазақ» газетіндегі публицистика.
      XX ғасырдың  басындағы  қоғамдық-саяси  ойдың  ілгерілеп,  ұлт-азаттық
қозғалыстың жаңа  сипатта,  жаңа  қарқында  өрістеуіне  бірден-бір  себепкер
болған, ұлттық көркем публицистиканың жаңа мазмұн мен  жаңа  үрдісте  дамуын
қамтамасыз  етіп   қана   қоймай,   көсемсөз   өнерінің   жаңа   жанрларының
қалыптасуына жол ашып, әдеби сынның тыңнан өріс алуына  үлкен  ықпал  еткен,
М.Әуезов  сөзімен  айтсақ:  «Қазақтың  еңкейген  кәрі,  еңбектеген   жасына»
түгелімен ой түсіріп, елін ұйқысынан оятып, жансыз  денесіне  қан  жүгіртіп,
күзгі  таңның  салқын  желіндей  ширыктырған,  етек-жеңін  жиғызған  «Қазақ»
газеті болатын»[35,64].
      Әлихан Бөкейханов маңына топтасқан ұлт  зиялылары,  ең  алдымен  Ахмет
Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов өздері ойластырып,  бағыт-жоспарын  жасаған
жалпы ұлттық-демократиялық мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда, халықтық  мән-
маңызы үлкен саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени мәселелерді көтеріп шешуде ұлт-
азаттық күрес идеясын жұртшылыққа таратып,  үгітнасихат  жұмысын  жүргізеді,
ел санасын оятудағы баспасөздің рөлін жете түсініп, шын мағынасындағы  жалпы
ұлттық газет шығаруға көп күш жұмсады. Сөйтіп, «Әлихан  Бөкейхановтың  бағыт
беруімен,   Ахмет   Байтұрсынұлының   басшылығымен,   Міржақып    Дулатовтың
қосшылығымен, озық ойлы, халық қамын ойлаған, жекелеген дәулетті  адамдардың
демеушілігімен 1913 жылдан бастап Орынборда  жалпы  ұлттық  биресми  «Қазақ»
газеті шыға бастады»[36,5].
      «Қазақ»  газетінің  негізгі  авторлары  болған,  шын  мәніндегі   жаңа
сипаттағы қазақ көркем публицистикасын қалыптастырып,  әдеби  сынның  ұлттық
әдебиеттің жетекші бір жанрына айналуына қалам қайратымен  зор  үлес  қосқан
Алаш басшылары, әрі  көсемсөзші,  әрі  жазушы,  әрі  журналист  һәм  әдебиет
сыншысы  болған  Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов  және   басқа   да
көрнекті  ұлт   зиялылары   «өздерінің   әдеби   шығармаларының   беттерінде
демократиялық мәндегі ұлттық тең  құқықтылық,  халықтың  мәдениетін  көтеру,
отаршылдардың  жер  мен  суды  тартып  алуына   наразылық   білдіру   сияқты
әлеуметтік-саяси  мәні  бар  мәселелерді  көтерді.  Осы  арқылы  олар  халық
арасында  отарлық  езгіге  қарсы  саяси  хал-ахуалды  қалыптастыруға  қызмет
етті»[36,4].  Халқының  қамын  ойлап,  ұлт   тәуелсіздігін   көксеген   алаш
қайраткерлерінің  көркем-публицистикалық  мақалаларының  басым  бөлігі  және
әдеби сынға байланысты пікірлері мен ой-тұжырымдары «Қазақ»  газеті  бетінде
жарияланвш, сол арқылы «Қазақ» газеті қалың жұртшылыққа тарады.
      «Қазақ» газеті өзі өмір сүрген бес жыл ішінде, яғни 1913— 1918  жылдар
аралығында көптеген ірі тарихи оқиғалар мен қоғамдық  сілкіністердің,  қазақ
халқының  әлеуметтік-саяси  өміріндегі  үлкен  өзгерістердің  куәсі   болып,
Бірінші Дүние жүзілік  соғыс  пен  азамат  соғысы,  1916  жылғы  ұлт-азаттық
көтеріліс пен 1917 жылғы  Ақпан  және  Қазан  қоғамдық  төңкерістері  сияқты
күрделі құбылыстарды бастан кешірді, тіпті патша  үкіметі,  уақытша  үкімет,
Алашорда үкіметі және кеңес өкіметі  сияқты  саяси  билік  тұтқаларының  ащы
дәмін татты. 5 жыл мерзімде өткен осы тарихи өзгерістердің  барлығы  «Қазақ»
газетінде   жарияланған   шынайы   ақиқатқа   толы    көркем-публицистикалық
мақалалардың өзегі болып, сол кездегі  елім  деп  еңіреп,  ұлт  қамын  жеген
зиялыларды толғандырған: елдің елдігін, ұлттың бірлігін,  жердің  тұтастығын
сақтау, қалың үйқы құшағында селт етпей  жатқан  бұқара  халықты  серпілтіп,
оқуға, өнер-білімге үндеу арқылы қазақтарды алдыңғы қатарлы  елдер  қатарына
іліндіру, ең негізгі мақсат  –  қазақтың  ұлттық  тәуелсіз  мемлекетін  құру
жолында жан аямай  еңбек  етіп,  күрес  жүргізу  мәселелері  күн  тәртібінен
түспеген басты тақырыптарға айналды.
      Сайып келгенде, «Қазақ» газеті алаш публицистерінің XX  ғасыр  басында
халық басына үйірілген қысылтаяң қиындықтарды  жеңіп,  кесапаттардан  құтылу
жолын нұсқаған, ұлт-азаттық  идеясын  нақтылы  жүзеге  асыру  жолындағы  ой-
пікірлері мен тұжырымдарын белгілеп отырған мінбері, бүкіл  халыққа  жететін
үні қызметін атқарды. Газеттің  1913  жылғы  2  ақпанда  шыққан  №1  санынан
бастап 1918 жылдың 16 қыркүйегіне дейін 265 нөмірі жарық  көрген  екен.  Осы
уақыт аралығында «газет ел тілегінін өзектісін, жұрт қамының  ең  керектісін
тауып сөйлеуге тырысты. Бас жазушысы А.Байтұрсыновтың көрегендігі мен  саяси
көзқарасының тұрақтылығы нәтижесінде қазақ жерін келімсектерден  арашалауға,
елінің  еркіндігін  қорғап,  ұлт  тілінің  өркен  жаюына  жол   іздеп,   ұлт
әдебиетінің дамуына үлес қосып, ұлттық  мектеп  ісінің  жандануына  жолбасшы
болып, патша әкімшілігінің отаршылдық саясатын әшкерелеп отырды»[37,93].
      Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына батыл қарсылық білдірген  қазақ
зиялылары ұлт болып ұйысып, тәуелсіз мемлекет құру жолындағы ашық  күресінде
көркем публицистиканы негізгі қару ретінде пайдаланса,  осы  көсемсөз  күшін
жұртшылық кәдесіне асыруда олар жалынды да жігерлі публицист-жазушы  ретінде
өздерінің шығармашылық шабытын тудырып, талант қырларын аша  түсуге  бірден-
бір себепкер  болған,  өз  ішінен  елге  танымал  көркемсөз  шебері  ретінде
қалыптасып, ұлт әдебиетін жаңа  биікке  көтерген  классиктердің  тәрбиеленіп
шығуына өнегелі орта жасаған, рухани  жансерік,  дем  беруші,  қоғамдық  ой-
пікірге игі ықпал етіп, халық  көкейін  тескен  заман  мәселелерін  қозғаған
«Қазақ» газетіне арқа сүйеді, «Қазақ» газетімен саяси майданда сапқа  тұрып,
қалың жұртшылықты оқу-білімге, алдыңғы қатарлы ел болуға үндеді,  халық  пен
демократиялық  зиялы  қауым  арасындағы  байланыс  құралы  болып,   неғайбыл
жағдайда бейшара күй кешіп отырған бұқараға дұрыс бағыт беруге тырысты.
      Осы тарапта қазақ зиялылары «Қазақ» газетінің бетінде жарияланған  сан
алуан көркем-публицистикалық  мақалалары  мен.  арнауларында  ұйқыда  жатқан
халықты жай ғана оятып қоймай, басын бір арнаға тоғыстырып,  келелі  істерге
бастады, ел болашағаның қам-қарекетін астарлы сөзбен де, ұғынықты  қарапайым
тілмен  де  нығарлап  жеткізіп,  бағдарламалық  тұжырымды  ойлар   білдірді.
Алғашқы  санында  жарияланған  «Құрметті  оқушылар!»  көркем-публицистикалық
арнауда «халықтың көзі, құлағы һәм  тілі"  ретінде  қажеттігін  оқырмандарға
жүйелі сөз орамдарымен түсіндіріп, газет мәнісі «жұрттың  білімді,  пікірлі,
көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары  газет  арқылы  халықтың  алдына
түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып  тұрады»  деп  бір  пайдасын
айтса, газеттің халыққа білім таратушы  ретіндегі  жетекші  рөлін  «газеттен
жүрт  естімегенін  естіп,  білмегенін  біліп,  бірте-бірте  білімі  молайып,
зейіні өсіп, пікірі ашылып, парасаты  жетіспекші»  деп  ойлы  пікір  түйеді,
келесі бір тұсында газеттің халықтың  даушысы,  яғни  қорғаушысы,  төрелігін
айтушы тұрғысындағы үлкен бір қасиетін  «жұртым»  деп  халықты  арын  арлап,
зарын зарлап, намысын  жоқтайтын  азаматтары  газет  арқылы  халықтың  сөзін
сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына  қарсы  тұрып,  қарғаға  көзін  шоқытпасқа
тырысады» деп газеттің пайдалы қызметтерін атап көрсетеді[38,10].
      «Газеттің пайдасын білімді,  өнерлі  халықтар  көбірек  біледі»  деген
уәжін  Америка  мен  Ресейде  1907,  1909  жылдары  шыққан   газет-журналдар
мысалдарында дәлелдеп көрсетеді, Ресейде орыс тілінен басқа тілдерде  шыққан
867  газет  ішінде  туысқан  татар  халқының   отызға   жуық   газет-журналы
болғандығын  сөз  қылып.  ұлттық  зиялы  қауымының  намысын  қайрай  түседі.
«Айқап» журналынан басқа ілгерілеудің жоқтығына қынжылыс  білдіріп:  «Есікте
қалмай, төрге тырмысалық, басқалар төрге қарай бара жатқанына қарап, біз  де
солардың істегенін істейік» деп патетикалық рухта үндеу тастайды.
      Алаш азаматтарына арнау соңы: «Аталы жұртымыздың,  ауданды  ұлтымыздың
аруақты аты деп, газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт  үшін  деген  істің
ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет.  Халыққа
қызмет етемін десеңдер, азаматтар, тура жолдың бірі  осы.  Жол  ұзақ,  ғұмыр
қысқа, қолдан келгенін ғұмыр жеткенінше істеп  кетелік.  Малша  оттап,  асап
ішіп, халық үшін  қам  қылмай,  қарын  тойғанына  мәз  болып,  мал  өлімінде
өлмейік. Милләт халын ойымызға алып, қызмет етуді мойнымызға  алып,  арнаған
бір ісіміз. Құдай сәтін салсын «әумин» деп қол жайып, «әуп» деп  күш  қосып,
«Алла» деп іске кіріселік» деген халық үшін қызмет қылу жолындағы  сарқылмас
жігерлі ойлармен аяқталады[38,11].
      «Қазақ» газетінің  халық  санасын  оятып,  елге  еткен  еңбегін  айтып
жеткізу қиын. Ұлттық  көркем  публицистиканың  мүлдем  жаңа  сипатта  дамып,
жаңа, демократиялық бағыт арнасына ойысуында, ұлт зиялылары арасынан  көркем
публицистердің  талантты  бір   шоғырының   тәрбиеленіп   шығуында   «Қазақ»
газетінің сіңірген еңбегі орасан  зор.  «Жазба  әдебиетте  Абайдан  соң  аты
аталатын «Қазақ» газеті. «Қазақ» газетінің мезгілі әдебиетке ұлтшылдық  туын
көтерген мезгілмен тұстас» деп сонау 1922 ж. «Қоңыр» деген  бүркеншік  атпен
жарияланған «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» атты зерттеуінде ерекше  атап
өткен М.Әуезов «Қазақ» газетінің бетіндегі «...мақалалардың бәрі де  қазақты
ұйқыдан  ояту,  сергіту,  күшін  біріктіру,  оқығандарын  түзу  жолға  салу,
соларға басшы болу, қазақ ісіне  көз-құлақ  болуға  арналған.  Бұл  тұтынған
жолда «Қазақ» газеті өз  міндетін  атқарды»  деп[39,84]  газеттің  ұлтшылдық
идеясымен ауырып, бұл мәселе-өз мақсатына жете алғандығына көз жеткізеді.
      Шынында, «Қазақ» газеті өз алдына қойған мақсатына жетіп,  халық  үні,
өмір айнасы бола алды. «Қазақ» бетінде көркем публицистиканың барлық  дерлік
жанрлары әр нөмір сайын жарқ етіп көрініп, бас мақала, арнау,  үндеу,  оқшау
сөз (фельетон) болып жұртшылыққа  үн  қатты.  Көсемсөз  мақалаларының  басты
тақырыптарының бірі ағартушылық, өнер,  білім  жайынан  болып,  алғаш  жарық
көрген  көркем-публицистикалық  туындыларда  оқудың  мән-жайы,  маңызы  жете
түсіндіріліп,  көпшілікті  білім   нәрімен   сусындауға,   алдыңғы   қатарлы
жұрттармен теңелуге шақырды. Газеттің келесі  бір  маңызды  тақырыбы  -  сол
кездегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірінің ең  көкейкесті  мәселелеріне,
атап айтқанда, жер мәселесіне, ел болу жайына арналды. «Құрметті  оқушылар!»
атты көсемсөз арнауынан бастау алған «Қазақтың тарихы», «Дін  таласы»,  «Жер
іздеген қазақтар», «Қазақ жайы», «Сайлау»,  «Орысша  оқушылар»,  «Ұры  тыю»,
«Дума маңайында», «Қазақ һәм жер  мәселесі»,  «Сайлау  саясаты»  және  басқа
көптеген мақалалар көркем публицистика жанрында жазылып,  оқырман  жүрегінен
орын  тапты,  бұған  қоса  газет  бетінде   жарияланған   көптеген   көркем-
публицистикалық «Қазақ жастарына», «Алаш азаматтарына» сияқты  арнаулар  мен
үндеулер,   хат   түріндегі   көркем-публицистикалық    мақалалар,    көркем
публицистиканың айшықты бір жанры — оқшау сөздер халық санасын  оятып,  оқу-
білімге ұмтылуына себепкер болды.
      «Қазақ» газеті алғашқы санынан бастап тоқтатылған соңғы  санына  дейін
көркем-публицистикалық  тілмен  жазылған  мақалаларға   толы   болды.   Алаш
басшылары Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржакып  Дулатов  қазақ
көркем публицистикасының асқан шеберлері  болып,  «Қазақ»  газетін  көсемсөз
шеберханасына айналдырды. Ә.Бокейханов  «газетте  басылған  екі  жүзге  жуық
мақала мен аудармада қазақ елінің ең түйінді деген  мәселелеріне  төқталған.
Қазақ елінің жер мәселесі, отырықшы болуы,  патша  үкіметінің  қазақ  жеріне
жүргізіп  отырған   аграрлық   саясаты   туралы   пікірлерін   жазады»   деп
Ү.Сұбханбердина  атап  көрсеткендей[38,448]  өзінің   көркем-публицистикалық
мақалаларын жоғарыда аталған  бас  мақала,  арнау,  үндеу,  хатпен  сырласу,
оқшау сөз түрінде жаза біліп, шеберлік танытты.
      «Ғасыр басында үркердей алып топ — Әлихан,  Ахмет,  Міржақып  қазақтың
демократиялық  либералдық  бағыттағы  зиялыларының  басын  қосып,  Еуропалық
өркениеттік дәрежедегі  қозғалысты  қалыптастырды»  деп  академик,  тарихшы-
ғалым М.Қозыбаев айт қандай[40,200] Алаштың  осы  үш  көсемі  бастаған  лек,
ұлттық   әдебиеттің   XX   ғасыр   басындағы   көрнекті   өкілдері   Шәкәрім
Құдайбердиев, Ғұмар Қарашев, Сұлтанмахмұт  Торайғыров.  қоғам  қайраткерлері
Райымжан  Мәрсеков,  Көлбай  Төгісов  және  басқа  талант   иелері   «Қазақ»
газетінде  жарияланған  публицистикалық  мақалалары  арқылы  ұлттық   көркем
көсемсөз өнерін жаңа сатыға көтеріп,  түр,  тақырып,  мазмұн,  идея  жағынан
байытты. Олардың қай-қайсысы  болсын,  талантты  көсемсөзші  ретінде  ұлттық
көркем  публицистиканың  хас  шеберлері  Ә.Бөкейханов,   А.Байтұрсынов   пен
М.Дулатов сияқты Алаш басшыларының публицистикалық  туындыларынан  үлгі  ала
отырып, осы сарындағы өз  мақалаларында,  мейлі  ол  арнау,  публицистикалық
мақала немесе  тілдесу  хат,  оқшау  сөз  түрінде  жазылсын,  ұлт  мүддесіне
тікелей байланысты: елдің  саяси  билігін  тұтастай  уысында  ұстап,  ендігі
кезекте қазақты кіндік қаны тамған  ата-баба  жерінен  күштеп  қуа  бастаған
патша ұлықтарының зорлық-зомбылығы, басына  үйірілген  зұлматты  еш  сезбей,
қаннен-қаперсіз ұйқы құшағында жатқан «қайран елі — қазағының» қайғылы  жай-
күйі, билік басында жүрген жергілікті әкімсымақтардың опасыз пұшайман  халі,
екі  салтсананың  жиренішті  әдеттері,  әлеуметтік  дамудағы  мешеулік   пен
парықсыздық мәселелерін көркем әдеби тілмен батыл  көтеріп,  халық  көкейіне
жеткізе алды.
      «Қазақ» газеті алаш көсемсөзшілерінің мінбері қызметін атқарғандығымен
қымбат.  «Қазақ»  газеті  XX  ғасыр  басындағы  ұлт   әдебиетіндегі   көркем
публицистиканың шеберлік мектебі болып қана қоймай,  әдеби  сынның  да  жаңа
сипатта,  жаңа  үрдісте  дамуына  үлкен  үлес  қосты.  Бұл  тұста  тағы   да
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов бастаған алаш зиялыларві  белсенділік
танытып, сол кезде шыққан қазақ тіліндегі  кітаптарға  пікірлер,  әдеби  сын
мақалаларын  жазды,  қазақ  ақындары  туралы  соны   ой-толғам,   тегеурінді
тұжырымға құрылған зерттеу  мақалалар  жариялады.  «Қазақ»  газетінің  әдеби
сыны толысып, одан кейінгі даму сатысында өркендей түсуіне игі  ықпал  етті.
Сөйтіп, «Қазақ» бетінде көркем  публицистика  мен  әдеби  сын  қатар  дамып,
бірін-бірі толықтырды, әдебиеттің  екі  үлкен  жанры  да  осы  газет  арқылы
көркемдік   шеберлігін  ұштап,  тілдік,    стильдік  ерекшеліктерін   байыта
түсті.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының  “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары
туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.

12-Дәріс  Публицистикадағы шығармашылық даралық.
      Көркем  әдебиетте  публицистиканы   өмірдің   әлеуметтік-экономикалық,
қоғамдық құбылыстарын, рухани құндылықтарын арқау ететін әдеби жанр  ретінде
қарастырсақ,  екінші   жағынан   алғанда,   публицистика   журналистер   мен
жазушылардың өмір, қоғам, заман шындығын тебірене  жазатын  толғауы  іспетті
ақиқат айнасының сырлы суреті болып  табылады.  «Публицистика  -әдебиет  пен
журналистиканың   қоғамдағы   көкейкесті,   өткіп   мәселелерді    қозғайтын
саласы»[1,122] болғандықтан оның   негізгі өзегі - шындық,  нысаны  —  өмір,
зерттеу орны — адам десек, бұл әдебиет саласының қай  уақытта,  қай  ғасырда
болсын, қоғамда алар орны ерекше.  Сол  ретте  аса  көрнекті  мемлекет  және
қоғам қайраткері, ағартушы-демократ, ақын, жазушы, ғалым сөз  болып  отырған
көркем  жанрдың  дамып  көркейуіне  зор  үлес  қосқан  алаш  зиялысы   Ахмет
Байтұрсынов өзінің атақты «Әдебиет танытқыш» атты іргелі  зерттеу  еңбегінде
публицистиканы әдеби жанрдың озық үлгісі ретінде бағалап,  «көсем  сөз»  деп
атаған, соған орай «Көсем сөз — шешен сөз сияқты әлеуметке  айтқанын  істету
мақсатпен шығарылатын сөз»[2,405]  деп басып  айтқаны  белгілі.  Көсемсөзші,
яғни  публицист  өзі  өмір  сүрген  кезең  тынысын  дәл  танып,   күнделікті
тіршілікке  белсене  араласатын,  саяси-әлеуметтік,  экономикалық  құбылысты
қалың көпшілікке пәрменді жеткізіп, жұртшылықтың талаптілегіне  дер  кезінде
үн қоса алатын қоғам қайраткері  дәрежесіне  көтерілген  жан-жақты  білімді,
өзі көтерген мәселелерге байланысты  қоғамдық  пікір  туғыза  алатын  қаламы
жүйрік,  ойы  ұшқыр  жазушы  болуы  шарт.  Сол  ретте  публицистикаға  назар
аударып, ден қойған көптеген ғалымдардың пікірінше  публицист  өз  кезегінде
ағартушы-педагог, фәлсафашы, тарихшы, экономист, заңгер,  жиһанкез,  ғылымды
көркем  әдебиетпен  тығыз  сабақтастыра  білетін  сегіз  қырлы,  бір   сырлы
қаламгер болуға тиіс.
      Тарих беттерінен қат-қабат қилы заман оқиғалары, саяси дүрбелеңдер мен
қоғамдық өзгерістер  орын  алғанда  көркем  публицистиканың  әдеби  процесте
көшбасшылық орынға шығатыны айқын  болатындығын  айтсақ,  көсемсөз  өнерінің
мұндай халықтық маңызын арттырудағы қалам қайраткерлерінің ерен  еңбегі  қай
кезде де жоғары бағаланды. Қазақ баспасөзі пайда болған XIX ғасырдың  екінші
жартысынан бастап  ұлтының  болашағына,  ұрпағының  келешегіне  аландаушылық
танытқан ел серкелері, көзі  ашық,  көкірегі  ояу  алаш  азаматтары  өмірдің
алдыңғы  шебінен  көрініп,   көркем-публицистиканың   туындыларымен   газет-
журналдар арқылы қарапайым халықтың жүрегіне жол тартты. XX ғасыр  басындағы
ұлттық зиялы қауым өкілдері шығармашылығы, қалам тартқан тақырыбы  негізінде
адамзат тарихымен астасып,  бірге  жасап  келе  жатқан  көркем  публицистика
жанрларының қазақ әдебиетінде орнығып дамуына қомақты үлес қосты.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының  “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары
туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.

13-Дәріс  Қазақ публицистикасының жаңашылдық түрі ретінде дамуы.
             Кеңес дәуіріндегі публицистика.
      Бұл    тақырып    бойынша    1917-1990    жылдараралығындағы     қазақ
публицистикасының өсу - өркендеу  жолдары  қарастырылады.  Кеңестік  дәуірде
газет – журналдардың көбеюімен бірге қазақ публицистикасының өрісі  кеңейіп,
дамудың жаңа сатысына көшті. Бұл кезеңдегі  публицистика  кеңестік  кезеңнің
саясаты, орыс публицистикасының дамуы ерекше әсер  етті.  Соның  нәтмжесінде
публицистикадағы пішіндік, жанрлық  жаңашылдық  белгілерайқын  көрініс  бере
бастады. 20  –  30  жылдардағы  публицистикадағы  қоғамдық  –  саяси  бағыт,
көркемдік  бағыт,  сыншылдық,  сатиралық  бағыт   Сәкен   Сейфуллин,Жүсіпбек
Аймауытов, Бейімбет Майлин  шығармашылығы
Негізінде ашылады. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы публицистика, 80  жылдардағы
публицистика өзгешеліктері  М.Әуезов,  Ғ.Мүсірепов,  С.Мұқанов,  Б.Бұлқышев,
М.Иманжанов,   Ә.Нұршайықов,   С.Төлешов,    Б.Қыдырбекұлы,    Ә.Нүрпейісов,
З.Қабдолов, Н.Ғабдуллин, Ғ.Қайырбеков, Ш.Мұртаза, К.Смайылов,  Қ.Найманбаев,
Ж.Жанұзақов,  О.Бөкеев,  А.Сейдімбек,  Ж.Елшібеков,  М.Қабанбаев,  Ж.Аупбаев
шығармашылықтары айқындалады.
       «Публицистика ең алдымен бүгінгі күннің жұрт назарын аударып отырған,
түсіндіруді,  пікір  айтуды,  шешуді  қажет  етіп   отырған   қоғамдық-саяси
мәселелерін көтереді, соған әлеуметтік талдау жасайды.  Сол  туралы  жұрттың
қандай пікір, қандай позицияда болу керектігін  аңғартады.  Сөйтіп  қоғамның
ілгері дамуына ықпал жасайды» деп көсемсөз мақсатын нақты түсіндіріп  берген
ғалым Т.Қожакеев айтқандай, көркем  публицистика   «көтеріңкі  екпін-леппен,
асқақ   пафоспен,   қызу   құлшыныспен    жазылған,     «рухты    көтеретін,
жігерлендіретін» мақала, материалдардан тұрады».
      XX ғасыр басындағы қазақ  әдебиетіндегі  көркем  публицистикаға  қалам
тербеген алаш зиялылары да өз шығармашылығында осы талаптар үдесінен  шығып,
өз  заманының  күрделі  әлеуметтік  мәселелерін  батыл   көтерді,   көсемсөз
туындыларында дәуірдің негізгі міндеттерін көтеріңкі  үнмен,  көркем  тілмен
жарқырата  көрсетті.  Бұл   орайда   олар   көркем   публицистиканың   басты
жанрларының  бірі  -  публицистикалық  мақалаға  көбірек   жүгінді.   Себебі
«публицистикалық мақала қоғамдық және әлеуметтік зор саяси  мәні  бар  заман
сезімін, заман лебін, оның тек бүгінгісін ғана емес, оның  өткенін  де  жете
баяндаумен бірге келешегіне де  көз  жібереді...  Публицистикалық  мақаланың
талдауы қонымды, ойы ұғымды да, уытты, фактілері бедерлі, пікірлері  айшықты
сөздермен көмкеріле, тілі жатық келеді»[73,122-123],
      XX ғасыр басындағы газеттерде жарияланған публицистикалық мақалалардың
дені  халқымыздың  сол  кездегі   саяси-әлеуметтік   өмірінің   ең   түйінді
мәселелерін қамтып,  жалпы  шаруашылық  жағдайын,  жер-су  мәселесін,  әдет-
ғұрып,  салт-дәстүр  жайын,  оқу-ағарту,  ұрпақ  тәрбиесін,  әйел   тендігін
тақырып  өзегі  етті.  Заман  тудырған  ел  басындағы  көкейкесті  мәселелер
жөнінде ұлт көсемдерінің бірі, аса  көрнекті  көсемсөзші  Әлихан  Бөкейханов
«Қазақ» газетінде көптеген публицистикалық мақалалар жазды, жай ғана  мәселе
төңірегінде  ғана  емес,  ұлттық  деңгейдегі  ауқымды  проблема   тұрғысында
өндіртіп жазды, халық көкейінде ғасырлар бойын арман болып келген  жайларды,
ел  мүддесін  қозғаған  түйткілдерді   жеріне   жеткізе   жазды,   қоғамдағы
қайшылықтарды арқау етіп, қыр-сырын, себеп-салдарын ашып көрсетті.
Көркем публицистика жанрына қалам тербеген көсемсөзші ойы  ұшқыр,  айқын  да
тұжырымды болуы шарт  екенін  айтсақ,  Ә.Бөкейхановтың  қай  публицистикалық
мақаласын мысал етіп алсақ та, тақырып, идея, мазмұн жағынан болсын,  рухани
тұшым аларлықтай, халықтың  сана-сезіміне  ықпал  етерліктей,  қоғамды  селт
еткізерліктей  құбылыстарды  арқау   қылған   қоғамдық-саяси   мәнділігімен,
көркемдік қуатымен ерекшеленеді. Алаш  қозғалысының  білгір  басшысы  болып,
азаттық  жолындағы  күрестің  алдыңғы   легінде   жүрген   көсемсөз   шебері
публицистикалық мақалаларында өз кезіндегі маңызды, ел үшін кезек  күттірмес
оқиғаларға  жедел  үн  қата  біліп,  өзі  қамтыған   тақырыпты   жұртшылыққа
жеткізуде  үнемі  ұшқырлық  танытқан,  көрегендікпен  алдыңғы  сапта  болып,
уақыттан озып отырған.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының  “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары
туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.
5. Медеубекұлы С.Ақыл.Нақыл.Өсиет. – Алматы, Санат, 1996.

14-Дәріс  Публицистика типологиясы.
      1.Публицистиканың тектік тұрғыдан алғанда жуйелерін үш топқа  жіктеуге
болады: а) ақпараттық оқиғалы публицистика; ә)  талдамалы  публицистика;  б)
көркем публицистика.
      2.Публицистиканың түрлік  жағынан  алғанда  типологиясы:  а)  қоғамдық
саяси публицистика;  ә)  экологиялық  публицистика;  б)  моральдық  этикалық
публицистика;  в)  әдеби  публицистика;  г)  сыни  публицистика;  ғ)  ғылыми
танымдық публицистика.
      3.Жанрлық тұрғыдан алғанда,  ақпараттық-оқиғалы  публицистика  тобына:
заметка,   есеп,   репотаж,   сұхбат;   талдамалы    публицистика    тобына:
корреспонденция, мақала, шолу,  рецензия,  қамту,  түсіндірме  (коментарий),
баспасөзге  шолу,  хат   (эпостолярлық   жанр   ретінде),   саяси   портрет,
журналистік тексеріс; көркем публицистика тобына:  суреттеме,  очерк,  эссе,
фельетон, памфлет жанрларын кіріктіруге болады.
      4.Публицистикалық  шығармаларды  стильдік  тұрғыдан:  а)   полемикалық
(қақпайлы)  публицистика;  ә)  үгітшілік   публицистика;   б)   насихатшылық
публицистика; в) сатиралық публицистика; г)  эпистолярлық  публицистика;  ғ)
талдамалы-сыни  публицистика;   д)   деректі   публицистика;   е)   іскерлік
публицистика деп жіктей аламыз.
      5. Бұқаралық ақпарат  құралдарында  корініс  табуына  орай:  а)  газет
публицистикасы немесе баспасөздегі публицистика;  ә)  радиопублицистика;  б)
телепублицистика; в) фотопублицистика; г) кинопублицистика; ғ)  интернеттегі
публицистика болып жіктеледі.
      Қазақ  оқығандары  да  көркем  публициситика  жанрларымен   әуестеніп,
көсемсөз өнерін меңгеру арқылы өмірдің  қыр-сырын  зерттеп,  туған  халқының
тұрмысын жақсартудың, азат ел атану мен  биік  мәдениетке  жетудің  жолдарын
іздестірді. Алаш зиялылары Москва, Санкт-Петербург,  Қазақ  және  Ресей  мен
Батыс Европа  қалаларында  жоғары  оқу  орындарын  бітірген  түрлі  мамандық
иелері болғанымен барлығы дерлік алғашқы кәсіби публицистер  ретінде  ұлттық
көркем публицистикаға түрен салған қарымды қаламгерлер болды. Олар  көсемсөз
туындыларын жай ғана журналистік тілмен емес, нағыз жазушылық әдіспен,  яғни
көркем  әдеби  тілмен  айшықтап,  бедерлеп  жазды,  ойларын  түспалдап   та,
әсірелеп те жеткізіп,  қажет  тұстарда  әшкерелеу,  сынау,  мінеу  әдістерін
қолданды,  тарихи-салыстырмалы  талдау  жасап,   қоғамдық   құбылыстар   мен
оқиғаларға  жеке  авторлық  бағасын  берді.  Сондықтан  да  олардың  көркем-
публицистикалық  мақалалары  әдеби  шығарма  ретінде  қабылданып,  жұртшылық
тарапынан  көпшілік  қолдау  тапты,  тіпті  кейбір  көсемсөз   туындыларының
тақырыбы  мен  көтерген  мәселелері  сол  жылдарда  жазылған  алғашқы  қазақ
пьесаларының, кейбір көркем шығармалардың негізгі нысанына айналды.
      XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі көркем  публицистиканың  келесі
бір қомақты жанры — бас мақала қазіргі көзқараспен айтқанда  баспасөз  жанры
болғанмен сол жылдарда жарық көрген қазақ  газеттерінің  бірінші  беттерінде
жарияланған осы типтес мақала тақырыбы мен  мазмұны,  идеясы  мен  көркемдік
қасиеті тіптен де газет стиліне келмейді,  газет  мақаласы  деп  аталғанымен
көркем-әдеби  стильмен  өрнектеліп,  заманның  ауқымды  тақырыбын   зерттеп,
идеялық-көркемдік ерекшеліктерімен оқшауланған нағыз көркем шығармаға  ұқсас
өзгешеліктері бар жеке авторлық туынды деп қарастыруға болады.
      Ұлттық  сана  ұйытқысы  болған  алаш   газеттері   мен   журналдарында
жарияланған  көркем-публицистикалық  мақалалар  XX  ғасыр  басындағы   қазақ
өмірінің шындығын  жан-жақты  көрсетіп,  халқымыздың  рухани-мәдени,  саяси-
экономикалық  дамуынан  бай  мағлұматтар  берді,  жұртшылыққа  білім,  ғылым
нәрімен сәуле шашып, жаңалықтың жаршысы болды. Осы кезеңдегі  ұлттық  көркем
публицистиканың айшықты бір көрінісі — газет-журнал беттерінде  белгілі  бір
тарихи,  саяси  оқиғаға  байланысты  жиі  жарияланған   кезеңдік   сипаттағы
публицистикалық арнаулар  мен  ашық  хаттар  қазақ  көсемсөз  өнерінің  жаңа
жанрлары ретінде қалыптасып, әдеби процеске жаңа леп  әкелді.  Арнау  мақала
да, ашық хат түрінде жазылған жеке авторлық  немесе  бірнеше  қосалқы  автор
жазған  ұжымдық  мақала  да  аумалытөкпелі   төңкерістер   мен   бүліншіктер
заманында қазақтың саяси  тізгінді  берік  қолға  алып,  өркениетті  елдерге
дербес құқылығын мойындатуға шарқ ұрып  жоқ  іздеген  алаш  зиялыларының  ой
түпкірінде  қылаң  берген  ұлт-азаттық  мұраттарын,  халықтың  арман-тілегін
тереңнен  қозғаған,  дәуірдің  негізгі  мақсатміндеттерін   қалың   бұқараға
көтеріңкі публицистикалық пафосты  үнмен,  көркем  тілмен  әдемі  бейнелеген
шығармалар болды. Газеттер мен журналдардың бірінші бетінің көрнекі  тұсында
жарық көрген арнау  мақалалар  мен  ашық  хаттардың  басты  тақырыбына  алаш
зиялылары мен  оқығандарының  заман  ағымы,  қоғам  беталысы,  ұлт  болашағы
туралы ой-пікірлері негіз  болып,  ел  тауқыметі,  қайшылықты  оқиғалар  мен
тартыстар,   қоғамдық   құбылыстар   мен   тәуелсіздік   мәселелері   көркем
публицистика мұраттарын мансұқтады.
      Алаш  қайраткерлерінің  көркем-публицистикалық  туындыларының  осындай
жігерлілік пен алғырлық рухы, тілі мен стилінің  көркем  мәнерлілігі  оларды
ұлттық  көсемсөз  өнерінің  басқа  жанрларын   қалыптастырып   дамытуда   да
қанаттандырып ұштай түсті. XX ғасырдың басында,  яғни  «Айқап»  журналы  мен
«Қазак» және басқа газеттер  бетінде  пайда  болған  көркем  публицистикалық
жаңа жанрдың бірі - ашық хат түріндегі көсемсөз мақаласы  дей  аламыз.  Ашық
хат туралы ғылыми әдебиетте. жалпы  әдебиеттану  ғылымында  нақты  сипаттама
жоқ. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегінде қарасөз  жүйесінің  әуезе
саласына жатқызған заман хат деген термин бар. Заман хат та ашық хат  сияқты
сол заман лебін, заман ағысын, қоғамдағы күрделі өзгерістер  мен  құбылыстар
мәнін  жұртшылыққа  жедел  түрде  таныстырып,  белгілі  бір  мақсатқа  үндеу
талабында жазылады.
      Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқышында» заман хат  туралы:  «Біреудің
заманында болған тарихи уақиғадан,  яки  өз  ішінде  болған  істерден  дерек
беруі заман хат деп аталады. Мәдени жұрттың адамында заманында болған  көзге
түсерлік уақиғаларды, яки өз өмірінде ұшыраған  зор  істерді  жазып,  әңгіме
ретінде тіркеп отыратын әдет болады.  Заман  хат  шежіредей  емес,  тәртіпті
жүйелі келеді. Шежірені тек хат білетін адамдар құр  тіркей  беруге  болады.
Заман хатты оқымысты адамдар  жазады.  Сондықтан  мұнда  құр  халық  аузында
әуезе болып жүрген дәлелсіз сөздер  жазылмайды.  Заман  хатта  уақиға  уақыт
сарынымен жазылмайды, «іс сарынымен жазылады» деп  сипаттама  береді[2,398],
заман хатты жазатын кісі «өз көңілінің күйіне түспейтін, яғни  достыққа  да,
қастыққа да  қарамайтын  адам  боларға  тиіс»  екендігін  айтып,  осы  талап
орындалғанда ғана «тарихқа беретін жемінің молдығынан заман  хат  өте  құнды
сөздер есебіне қосылады» деп жанрдың тарихи, әдеби маңызын көрсетеді.
      Шындығында, заман хатты, яғни ашық хатты А.Байтұрсынов атап  өткендей,
«оқымысты адамдар» - Алаш зиялылары жазған. Олар «достыққа да,  қастыққа  да
қарамайтын адам» болғандықтан ашық хатты парасат пен шындыққа жүгініп,  әділ
жазған, көркем-публицистикалық тілмен, айшық ой өрнектерімен заман  ақиқатын
газет-журнал  оқырмандарына  нақты  жеткізген,  ашык  хаттағы   оқиғаны   еш
бұрмаламай, реңкін өзгертпей, дәлме-дәл  әңгімелеген.  «Әдебиет  танытқышта»
заман хат екі түрге бөліп  көрсетіледі:  «Заман  хат  жазушы  жазуына  керек
жемді иә уақиғаның толып жатқан үстінен асып жазады, иә  көп  уақыт  өткізіп
уақиғада  болған  халдерді  өзінің  есіне  алып  жазады».   Біздің   зерттеу
мысалымызда заман хаттың бірінші түрі — оқиғаның  үстінен  алып  жазу,  яғни
оқиға болған сәтке немесе сол тарихи жағдайға байланысты жазылған  ашық  хат
түрі диссертация нысанасына дәл  келеді.  Ал  «көп  уақыт  өткізіп  уакиғада
болған  халдерді  өзінің  есіне  алып  жазу»  түріне  А.Байтұрсынов  Абайдың
қарасөздерін жатқызыпты. Бүл жөн пікір. Себебі, Абай  өзінің  заман  сөзі  -
қарасөздерін жаһан дамуы, адамзат  тарихы  мен  өз  халқының  тағдыр-талайын
ұзақ  уақыт  ой  елегінен  өткізіп,  сарабдал  ойлар  мен  тұжырымдар  жасау
нәтижесінде жазған.
      Қарасөздің, яғни көркем прозаның бір түрі  —  көсемсөз  жанры  ретінде
заман  сөз  қарастырылмағанымен  XX  ғасыр  басындағы   қазақ   баспасөзінде
жарияланған  ашық  хат  түрінде  жазылған  мақалалардың  әлеуметтік,  саяси-
қоғамдық,  мәдени-рухани,  экономикалық  дамудағы  ұлт  мәселесіне  көсемсөз
рухында  көркем-публицистикалық  тілмен  жұртшылықты  ұйытып,   бағыт-бағдар
беруі  бұл  туындыны  көркем  публицистика  жанры  деп  атауға  болатындығын
дәлелдейді. Себебі, заман сөз, яғни ашық хат  публицистика  талаптарына  сай
нақты өмір деректері мен құбылыстарына сүйеніп жазылып, болған тарихи  оқиға
ізімен немесе ерекше жаңалықтың артынан іле-шала шапшаң да  тез  арада  анық
та айқын ой-пікір білдіретін, тұжырым жасап, заман талап еткен  белгілі  бір
мақсатты орындауға үндейтін оперативті, яғни ұшқыр жанр деуге  болады.  Ашық
хат жеке автордың  атынан  басқа  бір  жеке  тұлғаға  арналып  немесе  бүкіл
халыққа, саяси жүйеге немесе қоғамға бағышталып жазылуы мүмкін,  екінші  бір
түрі — бір топ белгілі  қоғам  қайраткерлері  мен  әдебиет  өкілдері  атынан
ұжымдық ашық хат та  жазылуы  мүмкін.  Ашық  хат  нақтылы  орынға,  уақытқа,
жағдайға байланысты жазылып,  заманмен  бірге  тыныстайды,  сол  күн,  апта,
айдағы елді елең еткізген оқиғалар мен құбылыстарға жылдам ілесіп, өз  үнін,
пікірін білдіреді.  Мұнымен  қоса  заман  хаттың  басты  міндеті  —  белгілі
оқиғаға көзқарасын ілезде жазып, көпшілікке жұмыс  істеуі  тиіс,  сол  ретте
уақыттан оза отырып, шапшандықпен, көрегендікпен алда болу керек.
      Алаш көсемсөзшілері  заман  хат  жанрына  қалам  тербегенде  ашық  хат
жазудың осы міндеттері үдесінен шыға білген. «Айқап» журналының  1911  жылғы
№7 санында «Азамат Алашұғылы» деген  бүркеншік  атпен  жарияланған  Міржақып
Дулатовтың «Қазақ халқының бас адамдарына» атты заман хат стилінде  жазылған
көркем-публицистикалық туындысында газет шығару ісін  мәселе  етіп  көтеріп,
Мұхамеджан Сералиннің «Айқап» журналы шығара бастағанын жарқын мысал  қылады
да,  бұл  басылымға  қаржылай  болмаса  да  қалам  қайратымен  көмек  беруге
үндейді: «Жалғызым да сен, жалмауызым  да  сен»  депті  ғой  бір  шеше.  Бас
адамдарға өкпемді айтып болдым. Енді олардан халық есімімен  тілегім  мынау:
«Қазақ халқына есімдері мәшһүр оқығандарымыз ғылым, тәжірибелерінше  халыққа
керекті сөздерді, атқа мінген ағалар  өз  жұртында  не  болып  жатқанын,  не
таршылық, не кемшілік бар,  нендей  ойлаған  ғалымдары  бар,  соларын  жазса
екен. Сол уақытта күллі қазақ  халқының  нендей  халде  екені  алақандағыдай
көрініп, бір сенің жапқан  ғақылыңмен  басқалар  да  пайдаланып,  бір  жерде
болған зарардан екіншісі  алдын-ала  сақтанып,  журналды  оқушылар  көбейіп,
қазіргі секілді айына бір ғана шығып зарықтырмай, айына екі  мәртебе,  тіпті
жұмасында бір шығып тұрса, шын шаттық сонда болар еді!  Жүз  айтсақ  та  бір
тілек, надандық тұманында  адасқан  бейшара  қазақ  халқын  жетектеп,  жарық
дүниеге шығарушы қаһармандарға мұқтажбыз. Тілесе кісі  жоқ  емес,  уақыт  та
өткен жоқ. «Ештен кеш қайырлы» деген орыс халқының бір мақалын еске  түсіріп
үміт етіп тұрамыз». Ашық хаттың өне бойы адамның жан дүниесін  тебірентерлік
өткір публицистикалық тілмен бедерленіп, заман талабынан туған  өнер-білімді
меңгеру тақырыбы дәл көтерілген, мағыналы байыптаулар  мен  ойлы  тұжырымдар
жасалған.
      Публицистиканың көркем жанрлары ішінде ірі оқиғалар  мен  құбылыстарды
образ арқылы айқындайтын фельетонның, орны бөлек. Дей тұрсақ  та,  бұл  жанр
XX  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетіндегі  көркем  публицистикада  кенжелеу
дамып, кейінірек қалыптасты. Сол  жылдардағы  «Айқап»  журналы  мен  «Қазақ»
газеті сияқты халық арасына көп тараған ірі басылымдарда  фельетон  көбінесе
«оқшау сөз» терминімен белгілі болды. Алғаш фельетон сөзін  «Айқап»  журналы
қолданған. Басылым өзінің негізгі бір бөлімін фельетон деп  атаған  да,  оны
түрлі мағынада пайдаланған. Журналдың фельетон бөлімінде XX ғасыр  басындағы
қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігі,   өмір   сүру   салты   туралы   көсемсөз
туындылары,  очерктер,  әңгімелер,   аудармалар   жарияланған.   Мұның   өзі
европалық тәжірибеге, атап айтқанда, Ресей мен  Германияда  шыққан  газеттер
мен журналдардың бір бөлімін фельетон деп атап, онда  қоғамдық-саяси,  әдеби
шолулар, сын мақалалар, пікірталастар жариялану дәстүріне  еліктеуден  туған
үрдіс сияқты. Сол себепті  қазақтың  алғашқы  газет,  журналдары  беттерінде
белгілі бір құбылыстың немесе адамның кемшіліктерін  әжуа  етіп,  оны  жоюды
мақсат еткен нақты фельетон жанры қалыптасқан жоқ.
      Ал, фельетон жанрына тән  біршама  белгілерді  «оқшау  сөз»  айдарымен
«Қазақ» газетінде  жарияланған  материалдардан  байқаймыз.  Бұл  газетте  де
«оқшау  сөз»  көсемсөз  туындысымен,  очеркпен,   сынмен   теңестірілгенімен
көпшілік жағдайда заманның келеңсіз жақтары мен оғаш оқиға-құбылыстарды  сын
садағына алып әжуалаған сипаттамалық белгілерді көруге болады.
      Қазақ  әдебиеттану  ғылымында  «оқшау  сөз»   туралы   бірнеше   пікір
қалыптасқан. Ойымыз айқын, пікіріміз нақты болуы үшін  солардың  бір-екеуіне
тоқталып кетейік. «Оқшау» деген сөз  революциядан  бұрын  «Қазақ»  газетінде
салтқа енген, — деп жазады белгілі әдебиеттанушы-ғалым  Темірғали  Нұртазин.
- Ондай әдіспен  тек  қана  фельетон  емес  (әрине,  көбіне  фельетон  солай
аталған),  оқиғасы  өткір,  кенеттен  кез  болғандай  боп  келетін,  сюжетті
шығармалар атала берген.  Кейде  өзінің  ішкі  маңызының  оқыс-ірілігі,  ия,
жаңалығымен көзге түсетін шығармалар да «оқшау» деген  бұрыштамамен  басылып
жүрген»[77,172].
      XX ғасырдың бас  кезіндегі  қазақ  әдебиетіндегі  көркем  публицистика
жанрлары арасында сол кезде жаңа қалыптаса бастаған түрлерінің бірі  памфлет
– көркем-публицистикалық немесе өткір сатиралық шығарма. «Памфлет бүтін  бір
қоғамдық құрылысты, саяси системаны тұтас алып, не  олардың  типтік  кеселді
жақтарын,  кертартпа  әлеуметтік  топтары  мен  партиясын,  идеологиясы  мен
көзқарастар жүйесін жер жебірше жете әшкерелеуді мақсат етеді»[78,115].
      Памфлеттің басты бір ерекшелігі  «қара  сөзбен  де,  өлең  түрінде  де
кездесетін сатиралық шығарма... көпқырлы  жанр,  онда  сол  заманның  саяси-
әлеуметтік тынысы полемикалық сарында, өткір  сатира,  сарказммен  айқындала
ашылып отырады»[79,261–262]. Осы жанрға ұқсас,  жоғарыда  сөз  қылған  оқшау
сөз қоғамда  кездесетін  келеңсіз  оқиғаларды,  адамдардың  оғаш  қылықтарын
әжуалап әшкерелесе, ол памфлет сол қоғам  тудырған  әлеуметтік  типті  арқау
етіп,  бүкіл  билік  құрылымын,  қоғамдық  құрылысты  сынап-мінеп,  сықақтап
әшкерелейді.
      XX ғасыр басындағы алаш зиялылары мен қаламгерлері, жалпы шығармашылық
өкілдері памфлетті патшалық жүйеге қарсы  өткір  де  ықпалды,  қаһарлы  қару
ретінде  шебер  пайдаланып,  газеттер  мен  журналдарда  жариялаған.   Ақын-
жазушылар арасында Міржақып Дулатов  пен  Сәбит  Дөнентаев  памфлет  жазудың
тамаша үлгісін жасады.
      Қазақ газеттері мен журналдары ұлт әдебиетін өркениетті  елдердің  бай
әдеби  дәстүрінен  үйрене  отырып  озық  көркем  шығармалар  жазу   ниетінен
туындаған әдеби  саясат  жүргізіп,  XX  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінің
ұлттық бастауларды іздеудегі,  әдеби  түрлер  мен  әдістерді  байытып,  әлем
әдебиетінің көркем және эстетикалық  жетістіктерін  меңгерудегі  ұмтылыстары
мен  батыл  қадамдарын  өз  қызметіндегі  түрлі  әдіс-тәсілдермен   қолдауға
тырысты. Көркем публицистикада баспасөз қолданған сол әдістің бірі  –  әдеби
сын болатын.
      «Әдеби сын –  көркем  шығарманы  талдап  бағалайтын,  әр  түрлі  әдеби
бағыттардың   идеялық-эстетикалық   принциптерін    анықтап,    орнықтыратын
творчестволық еңбек, әдебиеттану ғылымындағы негізгі  3  саланың  бірі»  деп
профессор Б. Майтанов жазғандай[80,146], әдеби сын сонымен бірге әдеби  даму
процесінің бағыт-бағдары мен  ерекшеліктерін  айқындап,  жөн  сілтейді,  сол
уақытта  туған  көркем  туындыларды  талдап,  оларға  сол  кезең   талаптары
тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адамның  пікіріне  орай  тура
жол көрсететін ақылшы іспетті деуге де болады.
      Әдеби сынның қазақ әдебиетінде туу, даму тарихы әр  кезенде  әр  түрлі
болды.  XIX  ғасырдағы  әдеби  сынның  негізгі  арналары  көркемдік   сезім-
түйсіктің  жетіліп,   сыншылдық  ой-пікірдің  өскендігінен  байқалып,  Шоқан
Уәлихановтың  ғылыми  тұжырымдары  мен   Ыбырай   Алтынсариннің   жазушылық-
ағартушылық  қызметіндегі  және  Абай  Құнанбаевтың  жаңа  жазба   әдебиетті
қалыптастыру тәжірибесіндегі  сыншылдық  ой-пікірлерінде  кездесті.  Ал  осы
ғасырда «Түркістан  уәлаятының  газете»,  «Дала  уәлаятының  газеті»  сияқты
алғашқы қазақ басылымдарының пайда болуы әдеби сынның туып,  дамуына  жағдай
жасады.
      XIX ғасырда шыққан алғашқы қазақ газеттерінде әдеби  сын  тұрғысындағы
мақалалар  жарияланған  жоқ,  жоғарыда  атап   көрсетілген   мысалдардағыдай
әдебиетке  қысқаша  шолу,   шағын   пікірсайыс,   библиографиялық   анықтама
сипатындағы сын белгісі бар материалдар ғана бой көрсетті. Соның өзінде  бұл
мақалалар XX ғасыр басында әдеби сынның жеке жанр ретінде қазақ  топырағында
қалыптасып өркендеуіне жол ашты.
      Шығармашылық портрет», «Әдеби шолу», «Эссе» деп жіктегендей,  бұлардың
көпшілігі қазақ әдебиетінде 1920 жылдардан кейін  қалыптасса  да,  осылардың
ішінде XX ғасыр  басындағы  әдебиетте  жоғарыда  айтқан  әдеби  хабар,  оның
алдында  сөз  қылған,   Ә.Бөкейханов,   А.Байтұрсынов,   М.Дулатов,   «Екеу»
(Ж.Аймауытов пен М.Әуезов) жазған  әдеби  сын  мақаласы  немесе  тіпті  Абай
поэзиясын үлкен мәселе етіп көтерген проблемалық мақала, «Манап»,  «Надандық
құрбаны» драмалары мен басқа жаңа  шыққан  көркем  шығармалар  туралы  айтыс
мақалаларды жоққа шығаруға болмайды.
      Рецензия жанры туралы сөз қозғасақ, рецензия – әдебиет сынының  жанры,
көркем шығарманы талдап баға беретін, ойпікір түйетін сын  түрі.  Рецензияда
«нақтылы көркем шығарманың мәні, мазмұны, бейнелену өзгешелігі  сөз  болады.
Талданып отырған шығармаға  баға  беріліп,  сол  шығармада  баяндалған  өмір
құбылысына сыншылық көзқарас білдіріледі»[1,173-174].  Рецензия  сипатындағы
әдеби   сындар,   негізінен,   «Қазақ»   газетінде    жарияланған.    Сондай
рецензиялардың бір шоғыры  Әлихан  Бөкейханов  қаламынан  туған.  1913  жылы
«Қазақ» газетінің №12 санында «Қыр баласы»  деген  бүркеншік  атпен  Шәкәрім
Құдайбердіұлының  «Түрік,  қырғыз,  қазақ  һәм  хандар  шежіресі»   кітабына
рецензия жариялап, еңбектің тарихи мәнділігін саралайды, шежіренің  танымдық
жақтарына зер сала отырып, Шәкәрім  тұжырымдарына  қоса  шежірелік  аңыздар,
ескі әңгімелер, көшпелілер туралы өлең-жырлар  мен  толғауларды  мысал  етіп
келтіру арқылы  өзінің  ғылыми  көзқарасын  білдіреді,  бұл  кітаптың  қазақ
шежіресінің тұңғыш тәжірибесі болуы себепті құнды жақтарын атай отырып,  әлі
де  толықтыра  жазу  жағына  ойысады.  Енді  келесі   кезекте   Ә.Бөкейханов
Шәкәрімнің 1912 жылы жарық көрген «Қалқаман–Мамыр»  дастаны  туралы  «Қазақ»
газетінің  1915  жылғы  №121  санында  рецензия  жариялайды.   Сыншы   әуелі
Шәкәрімнің ақындық-тарихшылық  еңбегін  айтып  барып  жаңа  шыққан  дастанын
талдауға кіріседі, көркем шығармаға қояр  талап  үрдісінде  дастанның  өзіне
ұнаған тұстарын ерекше  атап,  кемшін  жақтарын  да  көрсетеді,  терең  сыни
талдау жоқ, авторлық пікір, ой топшылауы дастаннан  келтірілген  үзінділерге
сипаттама беру арқылы өрбітіледі де, ең соңында: «Тілге жеңіл, жүрекке  жылы
тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін  айналасы»  деген  өлең  осы  болар»  деп  Абай
өлеңіндегі үзіндімен теңестіріп, ақын дастанына жоғары баға береді[74,298].
      Қазақ әдеби сынының XX ғасыр басындағы  баспасөз  бетінде  жарияланған
сирек те болса күрделі жанрының бірі - проблемалық мақала.  «Айқап»,  «Абай»
журналы  болсын,   «Қазақ»,  «Сарыарқа»  газеттері  болсын,  осылардың  қай-
қайсысында жарық көрген әдеби сын  мақаласында  қазақ  әдебиетінің  кезеңдік
дамуына, тақырыптық, идеялық  мазмұнына,  көркемдік-жанрлық  ерекшеліктеріне
байланысты қандай  да  бір  көкейкесті  көркем  проблема  қозғалатын  болса,
солардың  ішіндегі  кейбір  мақалалар  әдебиеттің  күн  тәртібінде   бірінші
кезекте тұрған мәселелерді шығармашылық зиялы қауым алдына  батыл  ұсынуымен
ерекшеленеді. Әдеби дамудың сан  қилы  сауалдарына  жауап  беріп,  көркемдік
процестің өзекті мәселелеріне үн қатып қоймай, оларды дұрыс  шешудің  бағыт-
бағдарын айқындайтын әдеби сын жанрына проблемалық мақаланы жатқызамыз.
      «Проблемалық  мақалада  әдебиеттің   идеялық,   көркемдік-эстетикалық,
адамгершілік,  тілдік,  т.б.  кесек  мәселелері  көтерілуі  мүмкін.   Мұндай
мақалада әдетте әдебиеттің көп мәселелері қамтылмай,  нақтылы  бір  проблема
төңірегінде ғана тереңінен, кеңінен  қамтыған  салмақты  әңгіме  қозғалады».
Бір  ғана  проблема  төңірегінде  әдеби  талдау  жүргізіп,  салмақты   ойлар
қорытқан  проблемалық  мақалалар  сапында  Ә.Бөкейхановтың  «Абай  (Ибраһим)
Құнанбаев», А.Байтұрсыновтың  «Қазақтың  бас  ақыны»,  М.Дулатовтың  «Абай»,
«Екеудің»  (Ж.Аймауытов  пен  М.Әуезовтің)  «Абай  өнері  һәм  қызметі»  сын
мақалаларын атауға  болады.  Бұл  мақалалардың  қайсысы  болмасын  бір  ғана
проблема  -  Абайдың  өмірі  мен  шығармашылығын   баспасөз   арқылы   қалың
жұртшылыққа  жан-жақты  таныстырып,  оның  поэзиясының   ұлылығын,   ақындық
ұстанымы мен көркемдік шеберлігін,  қазақ  әдебиетіне  әкелген  жаңалықтарын
түсіндіруді мақсат етті. Есімдері аталған осы алаш сыншыларының Абай  туралы
проблемалық мақалаларының арқасында ұлы ақын поэзиясына  қызығушылық  артты.
Абайдың 1909 жылы  алғаш  басылып  шыққан  өлендер  жинағы  қазақтың  мәдени
өміріндегі үлкен  оқиға.  Оны  жоққа  шығармаймыз.  Бірақ  жаңалықты  жылдам
тарататын радиосы, теледидары жоқ заманда кітап  шығару  бір  фактор  болса,
оны насихаттап, халыққа тарату үлкен де шешуші фактор. Міне  осындай  шешуші
фактор, кітап  насихатшысы  рөлін  әдеби  сынның  проблемалық  мақала  жанры
абыроймен  атқарып,  Абай  шығармаларын   жұртшылыққа   кеңінен   таныстырып
насихаттау, халық зердесіне құйып,  ақынды  ұлт  ұстазы  дәрежесіне  көтеру,
қазақ әдебиетінде Абай дәуірі басталғанын паш ету міндетін жүзеге асырды.
      Абайды  тану,  білу,  зерттеу  осыған  дейінгі  әдебиеттануда  айтылып
жүргендей кеңес заманында емес, XX ғасыр басындағы  әдебиетте,  оның  ішінде
әдеби сынның проблемалық мақалаларында басталғанын еліміз тәуелсіздік  алған
соңғы  он  бес  жыл  төңірегінде  ғана  айта  бастадық.  Абайдың  өмірі  мен
шығармашылығын жалғыз ғана Мұхтар Әуезов және сол  сияқты  кеңестік  кезеңде
өмір сүрген  белгілі  әдебиеттанушы-ғалымдар  ғана  зерттемегенін  де  кейін
білдік. Кеңестік тоталитарлық жүйе Абай  туралы  бірінші  болып  проблемалық
мақалалар  жазған,  абайтану  ғылымының  негізін  қалауға  бір  кісідей   ат
салысқан   Ә.Бөкейханов,   А.Байтұрсынов,   М.Дулатов   есімдерін   Алашорда
басшылары болғаны үшін, елі мен жері үшін  аянбай  тер  төккен  ұлтжандылығы
үшін  тарих  бетінен  өшіртіп,  ұрпақ  санасынан  аластатуға  тырысты.  1980
жылдардың  соңында  басталған  жариялылық  пен   қоғамды   демократияландыру
процесінің кеңінен қанат жаюының арқасында және  ең  басты  елеулі  оқиға  –
республикамыздың  егемендікке  қол  жеткізудің  нәтижесінде  ұлт   тарихының
«ақтандақ  беттері»  ашылып,  сталиндік  репрессия   құрбаны   болтан   алаш
қайраткерлерімен  қайта  қауышудың,   олардың   баға   жетпес   шығармашылық
мұрасымен танысудың мүмкіндігі туды.
      Проблемалық мақалаға алғаш қалам тербеген алаштың  шығармашылық  зиялы
қауым өкілдері өздерінің осы жанрдағы туындыларында Абай тұлғасын тек  қазақ
оқырмандарына  ғана  таныстырып  қоймай,  Ә.Бөкейханов,  Н.Рамазанов  сияқты
сыншылар ұлы ақынның өмір жолы мен  әдеби  мұрасын  жарқырата  жазып,  бүкіл
Ресей жұртшылығына тұңғыш рет XX ғасыр басында-ақ мәлім қылды.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының  “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары
туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.

15-Дәріс  Тәуелсіз Қазақстан публицистикасындағы тақыпытық, проблемалық
пішіндік ізденістер.
      Бұл   тақырып   бойынша   азат   ойдың,   еркін   сөздің   дәуіріндегі
публицистикадағы   жаңалықтар   қамтылады.   Публицистердің   бұрын   жазуға
болмайтын, бұрын айтуға болмайтын  мәселелерге  еркін  қалам  тербегендігіне
назар аударылады. Ел тәуелсіздігімен бірге  мәселенің  мәнісін  тез  ашатын,
қоғамдағы оқиға, құбылысқа  жедел  түрде  үн  қататын  жаңа  публицистиканың
заманы туғандығына дәлел-дәйекер келтіріледі.
      Тұжырымдап айтқанда, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіңдегі әдеби  сын
үлкен қалыптасу жолынан өтіп, алдағы даму жолына арналы көпір болды,  ұлттық
баспасөзбен бірге  дамып,  көркем  публицистиканың  қанаттас  серігі  болды,
халықтың мәдени-рухани дамуының  жарқын  бір  көрінісі  -  көркем  әдебиетті
ілгерілетудің басты кепіліне айналып, ғылыми маңыздылығы, әлеуметтік  сипаты
артты.
      Жалпы  алғанда,  XX  ғасыр  басындағы   қазақ   әдебиетіндегі   көркем
публицистика жанрлары қалың көпшілікке өмір шындығын  жеткізіп,  ұлт-азаттық
қозғалыс идеясын насихаттауда, қараңғылық құшағындағы халық  санасын  оятып,
оқу-білімге, алдыңғы қатардағы елдер  мәдениетінен  ұлгі  алуға  жұмылдыруда
үлкен рөл атқарды.  Алаш  қозғалыс  көсемдері  Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов,
М.Дулатов және басқа да ұлт  зиялылары  көркем  публицистиканы  өткір  үгіт,
жалынды насихат, халық  үні  ретінде  өз  шығармашылығында  шебер  пайдалана
біліп,  елінің  егемендігі,  халқының  бостандығы  жолындағы  күресте  басты
қарулары  етті.  Көркем  публицистика  туындыларының  қазақ  газеттері   мен
журналдары беттерінде жиі жариялануы қазақ әдебиетінің көптеген  жанрларының
қалыптасып дамуына игі ықпал етті, ұлттық көсемсөз  шығармаларының  әсерімен
XX ғасырдың басындағы баспасөзде әдеби  сын  қалыптасып,  қазақ  әдебиетінің
жаңа үрдісте өркендеуін қамтамасыз етті.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының  “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары
туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.

4  СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

4.1   Қазіргі публицистика  жанрларын  топтастыру  мәселелері
4.2   Батырлар жырындағы репортаждық  сарындар.
4.3   Орхон-Енесей бәдіздеріндегі хронотоп  мәселелері.
4.4   Сұхбаттың эволюциясы  және  қазіргі  түрлері.
4.5   Ж.Ауыпбаев  очерктерінің  өзіндік  ерекшеліктері.
4.6   Ақпараттағы тепе-теңдік  принципінің  көрінісі.
4.7   Көркем  әдебиеттегі зиялылар өмірі   мен   журналистикадағы   зиялылар
хроникасы.
4.8   Фельетон жанры бәсеңдеуінің  әлеуметтік астарлары.
4.9   Очерк жанрының трансформациясы.
4.10   Қазақ эссесінің тарихи негіздері.
4.11   Ақпаратты  топтастырудың  жаңа  принциптері.
4.12   Ой  ағымы  мен уақыт  ағымы категориялары.
4.13   Публицистика  жанрын  зерттеудің  қазіргі жағдайы.
4.14   Журналистік «мен»  және  лирикалық «мен»  мәселелері.
4.15   Журналистік тексерістің   құқықтық және  моральдық  жақтары.
4.16   Памфлеттің атқарар  қызметі,  оның негізгі  белгілері.
4.17   Очерктің  түрлері.
4.18   Фелетон   формасының   ерекшеліктері,  оның  бағдары,   композициясы,
сюжеті,  тілі мен стилі.
4.19   Репортаждың  дәстүрлі моделі.
4.20   Ресми  сұхбат.
4.21  Есептің  өзіне  тән  белгілері.
4.22   «Дала мен  қала» газетінің идеалық  ұстанымы.
4.23  Қамту  неге  тәуелді?

          СТУДЕНТТІҢ   ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН  ЖҮРГІЗІЛЕТІН  ЖҰМЫСТАР
1. Қ.Сәтбаевтің публицистикалық мақалалары.
2. Қазақ балаларына арналған алғашқы басылымдар.
3. Қазақ қыз - келіншектеріне арналған алғашқы басылымдар.
4. Е.Алдоңғаров – публицист.
5.  Ж.Аймауытовтың публицистикасы.
6. Ж.Тлепбергеновтің журналистік қызметі.
7. Қ.Кемеңгеров– публицист.
8. Ә.Ғалимовтың «Айқап» журналындағы атқарған қызметі.
9.  М.Әуезов– публицист.
10. Монғолияда шыққан қазақ тіліндегі басылымдар.
11. Т.Рысқұловтың журналистік қызметі.
12. «Дала уалаяты» газеті. Онда қызмет еткен авторлар.
13. «Қазақ әдебиеті» газеті. Кеше және бүгіні.
14. М.Жұмабаевтың «Ақ жол» газетіндегі атқарған журналистік қызметі.
15. Б.Майлиннің публицистикасы.



















6 ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ

|Өзгерістің |Құжаттың   |Өзгеріс    |Хабарламаның   |Өзгеріс енгізілді      |
|рет нөмірі |тарауы     |түрі       |нөмірі және    |                       |
|           |пункті     |(ауыстыру, |күні           |                       |
|           |           |жою, қосу) |               |                       |
|           |           |           |               |Күні      |Аты-жөні,   |
|           |           |           |               |          |қолы,       |
|           |           |           |               |          |қызметі     |
|           |           |           |               |          |            |










7  ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ТАНЫСУЫ

№
о/қҚыз
метіАты-жөніУақы
тыҚолыӨзгерту
№Уақы
тыҚолыӨзгерту
№Уақы
тыҚолы
Пәндер