Файл қосу

Ұсынылатын СӨЖ тақырыптары



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
                                 МИНИСТРЛІГІ














                           ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ



                          OP 2211 - Орман питомнигі


                 5В080700 – Орман ресурстары және орманшылық


                                  3  кредит















                                Алматы, 2010
                                  АЛҒЫ СӨЗ

       1 Қазақ ұлттық аграрлық университеті ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗГЕН


       2 РЕЦЕНЗЕНТТЕР
       Мәмбетов Б.Т., а.ш.ғ.к., доцент, ЖШС «ҚазОШҒЗИ» Алматылық филиалы;
       Майсупова Б.Ж., ЖШС «ҚазОШҒЗИ» Алматылық филиалы, ҒҚ;


       3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010  жылғы  «
» ______№___ бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН


       4 Типтік оқу бағдарламасы 5В080700 – Орман ресурстары және орманшылық
мамандығының мемлекеттік жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына  сәйкес
әзірленген


       5 Республикалық Оқу-әдістемелік кеңес отырысында ҚАРАЛҒАН.
2010 жылғы « 28 » __сәуір__. №   7    хаттама










































       Бұл типтік оқу бағдарламаны Қазақстан Республикасы Білім  және  ғылым
министрлігінің рұқсатынсыз көбейтуге және таратуға болмайды.
                                   МАЗМҰНЫ

|                                                                     |Бет  |
|    |АЛҒЫ                                                           |2    |
|    |СӨЗ............................................................|     |
|    |.................................                              |     |
|    |МАЗМҰНЫ........................................................|3    |
|    |....................................                           |     |
|1   |ТҮСІНДІРМЕ                                                     |4    |
|    |ЖАЗБА..........................................................|     |
|    |................                                               |     |
|2   |КІРІСПЕ........................................................|5    |
|    |..........................................                     |     |
|3   |НЕГІЗГІ                                                        |5    |
|    |БӨЛІМ..........................................................|     |
|    |...........................                                    |     |
|3.1 |Питомник территориясын                                         |5    |
|    |ұйымдастыру.............................................       |     |
|3.2 |Орман питомниктеріндегі ауыспалы                               |5    |
|    |егістер.......................................                 |     |
|3.3 |Орман питомниктерінде топырақ өңдеу……………………………                 |5    |
|3.4 |Орман питомниктерінде қолданылатын тыңайтқыштар мен            |5    |
|    |гербицидтер....................................................|     |
|    |........................................                       |     |
|3.5 |Сеппе                                                          |6    |
|    |бөлімі.........................................................|     |
|    |..................................                             |     |
|3.6 |Тікпе                                                          |6    |
|    |бөлімі.........................................................|     |
|    |...................................                            |     |
|3.7 |Отырғызылатын материалдарды дайындау және                      |6    |
|    |түгендеу...............                                        |     |
|    |А қосымшасы. Ұсынылатын тәжірибелік сабақтардың                |7    |
|    |тақырыптары....................................................|     |
|    |......................................                         |     |
|    |Б қосымшасы. Ұсынылатын зертханалық сабақтардың тақырыптары    |7    |
|    |...............................................................|     |
|    |..........................                                     |     |
|    |В қосымшасы. Ұсынылатын курстық жоба                           |8    |
|    |тақырыптары................                                    |     |
|    |Г қосымшасы. Ұсынылатын  СӨЖ тақырыптары                       |9    |
|    |.............................                                  |     |
|4   |ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                   |9    |
|    |............................................                   |     |
|5   |АВТОРЛАР.......................................................|9    |
|    |......................................                         |     |



















                              1 ТҮСІНДІРМЕ ХАТ

      Бұл пәнді оқыту мақсаты орман шаруашылығы ісі бойынша кең  профильдегі
5В080700 – Орман ресурстары  және  орманшылық  бакалавры  мамандығын  арнайы
мамандандырылған орман питомниктерінде көшет материалдарын  өсіруді  жүргізу
саласын кәсіби дайындау.
      Курстың негізгі міндеті:
                            ▪  студенттерге  орман  көшеттілігін  жобалаудың
                              негізін үйрету;
                            ▪ әр  түрлі  ағаш  және  бұта  түрлерінің  көшет
                              материалдарын өсіруді үйрету;
                            ▪ алған  білімдерін  нақтылы  орман  экологиялық
                              және    шаруашылық-экономикалық    жағдайларда
                              қолдана білуге үйрету.
      „Орман питомнигі” пәні орман питомнигін жобалау, әр  түрлі  ағаш  және
бұта түрлерінің көшет материалдарын өсіру технологиясын,  топырақ  дайындау,
тұқым себу өндірісі мен  оларға  жүргізілетін  күтімді,  сеппелер,  тікпелер
және вегетативті көшет материалдарын өсіруді, тыңайтқыштар  мен  гербицидтер
пайдалану сұрақтарын көбірек қарастырады. Бағдарлама пәнді  жүйелік  принцип
бойынша оқу және мәліметтерді проблемалық мазмұндау сипатына қарай  өңдеген.
Бұл  үшін  орман  питомнигін  басқа  алдын-ала  өтетін    орман   шаруашылық
профильді пәндерімен: орман тұқым ісі, дендрология,  топырақтану,  геодезия,
ормантану  және  орманшылық,  орман  селекциясы   және   генетикасы,   орман
шаруашылық жұмыстарын механикаландырумен тығыз байланысы ескерілген.  „Орман
питомнигіне” шектес пәндер болып   „Екпе  ормандар”,  „Орман  мелиорациясы”,
„Елді мекендерді көгалдандыру”  есептелінеді,  өйткені  оларда  орман  көшет
материалдары кең қолданалады және техникалық есептердің негіздері осы  пәнді
оқыған кезде беріледі.
       Пәнді оқығаннан кейін студент
      білу керек:
    • орман питомнигін жобалау негізін;
    • негізгі ағаш және бұта түрлерінің биологиялық ерекшелігін;
    • орман көшет материалдарын өсіру агротехникасын.


      істей алуы керек:
    • орман питомнигі жобасын құрастыруды;
    • көшет материалдарын өсіру агротехникасын өңдеуді;
    •  көшет  материалдарын  өсіру  кезінде  есептік-технологиялық   картаны
      құрастыруды;
    • нормативті анықтама материалдарын пайдалануды.



                                  2 КІРІСПЕ


             Орман питомниктері туралы жалпы мәліметтер.  Қазақстанда  орман
питомниктері шаруашылығының дамуы.  Орман  көшеттері  түрлері  және  олардың
мақсатты пайдалануы. Питомниктердің  түрлері:  орман,  сәндік,  жеміс-жидек.





                              3 НЕГІЗГІ  БӨЛІМ


                   3.1 Питомник территориясын ұйымдастыру
       3.1.1  Орман  питомниктеріне  орын  таңдау.  Питомниктің  шаруашылық-
ұйымдастыру   жоспары:   жобаға   тапсырма,   картографиялық   материалдары,
түсініктеме жазбалары, техникалық есептері, өсірген көшеттердің  өз  бағасын
есептеу.
       3.1.2 Орман питомнигі жерлерін ұйымдастыру: өндіріс  бөлімі,  олардың
питомник көлемінде орналасуы мен  қажеттілігі,  жол  торабы,  суару  торабы,
қорғаныс орман жолақтары, тірі және механикалық қоршаулары.
       3.1.3  Жалпы өндірістік пайдалы және көмекші аумақты, себу  бөлімінде
пайдалы өндіріс көлемдерін, тікпелер  мен  кесінделер  тамырландыру,  аналық
кесінді бөлімдерін есептеу әдістері, сонымен қатар компьютерлерде есептеу.


                3.2 Орман питомниктеріндегі ауыспалы егістер
       3.2.1 Орман питомниктерінде ауыспалы егістері: парлы, сидералды  және
шөп танапты ауыспалы егістер.
                3.2.2 Қазақстанның әр түрлі табиғи  аумақтарында  орналасқан
питомниктердің сеппе бөлімінде қолданылатын негізгі ауыспалы егістер.


                    3.3 Орман питомниктерінде топырақ өңдеу
        3.3.1  Питомникке  арналған  жерлерді  алғаш  рет  пайдалану,  орман
питомниктерінде топырақ өңдеу.
                3.3.2 Топырақ  өңдеу  жүйелері,  тәсілдері,  көпжылдық  арам
шөптермен (тамырсабақты, атпа тамырлы) күресу тәсілдері.


     3.4 Орман питомниктерінде қолданылатын тыңайтқыштар мен гербицидтер
        3.4.1  Ауыл  және  орман  шаруашылықтарында  гербицидтер   қолдануға
теориялық көзқарастар.
               3.4.2  Пар  танаптарда  арамшөптерді  жою  үшін  қолданылатын
гербицидтер; сеппе  және  тікпе  бөлімдерде  химиялық  отау.  Көшет  өсіруде
тыңайтқыш және гербицидтер қолданудың экономикалық тиімділігі.


                              3.5  Сеппе бөлімі
      3.5.1  Сеппе  өсірудің  биоэкологиялық  негізі:  тұқымдарды  өсіргенде
қойылатын талаптар және агротехникалық күтім  жұмыстары.  Себу  сүлбелерінің
түрлері  мен  әдістері;  себудің  агротехникалық  уақыты;  тұқымдарды   себу
мөлшері және оларды есептеу  әдістері,  тұқымдарды  сіңіру  тереңдігі;  себу
технологиясы;  себу  алдында  топырақ   дайындау,   себілетін   қатаршаларды
белгілеу, механикалық және тұқымдарды қолмен себу.
      3.5.2 Себілген тұқымдарға және сеппелерге істелінетін күтім жұмыстары.
Өскіндер пайда болғанша істелінетін күтім жұмыстары. Бір  жылдық  сеппелерді
күту-баптау жұмыстары: көлеңкелеу, суару, арам шөптерін  отау  және  топырақ
қопсыту,  тамыр  кесу,  үстеп  қоректендіру,  сеппелерді   қысқа   дайындау.
Сеппелерді екінші жылы және келесі жылдарда  да  өскенде  істелінетін  күтім
жұмыстары.   Өскіндер  мен  сеппелерді  қолайсыз  сыртқы  орта  жағдайлардан
(үсік, күн көзінен), саңырауқұлақ ауруларынан,  энтозиянкестерден,  кеміргіш
жәндіктер мен құстардан қорғау.


                              3.6  Тікпе бөлімі
      3.6.1  Тікпелерді  өсіргенде   агротехниканың   орманшылық-биологиялық
негіздері.  Тікпелердің  түрлері  және  олардың   қажеттілігі,   декоративті
ағаштар, тікпелердің түрлері. Тікпелердегі ауыспалы егістер. Топырақ  өңдеу.
Тікпелерді отырғызу техникасы, топыраққа және тікпелерге  істелінетін  күтім
жұмыстары.
      3.6.2  Ағаш және бұталарды вегетативті әдіспен көбейту. Өркен,  тамыр,
қысқы  және  жазғы  кесінділері,  ашық  және  жабық  топырақта  кесінділерді
тамырландыру. Тамырланған  кесінділерді  жетілдіру  тікпелері.  Терек,  тал,
шырғанақ, итмұрын және т.б. Ағаштардың аналық кесінді плантациялары.
      3.6.3 Жабық топырақта сеппелер мен тікпелерді өсіру. Стационарлы  және
ауыспалы   полиэтиленді   жабындылар,   олардың   құрылысы,    микроклиматы,
субстратты    дайындау,    агротехникалық    ерекшеліктері.     Полиэтиленді
жабындыларды  қолдану  тиімділігі  және   болашағы.   Тамыр   жүйесі   жабық
көшеттерді өсіру. Орманшылық экономикалық бағалау және жұмыс технологиясы.


           3.7  Отырғызылатын материалдарды дайындау және түгендеу
       3.7.1 Істелінген жұмыстарды техникалық қабылдау, санақ жұмыстары және
көшет дайындау. Өндіріс жұмыстарының кезеңі және әдісі. Көшеттердің  сапалық
көрсеткіштері  және  стандарттау.  Сеппелер  мен   тікпелерді   қазып   алу.
Шыбықтарды дайындау, олардан кесінділер кесу, сорттау, санау, уақытша  көміп
қою, сақтау және көшіру.
        3.7.2  Өндірісті  ұйымдастыру  және  құжаттары.  Жұмысшылар  еңбегін
ұйымдастыру.   Жұмыс   ұйымдастырудың   экономикалық    әдістері    (жалдық,
мердігерлік және т.б.).





                                                                 А қосымшасы



               Ұсынылатын тәжірибелік сабақтардың тақырыптары
      1  Орман  питомниктерімен  жалпы  танысу.   Отырғызу   материалдарының
түрлері.
      2 Орман питомнигінің құрылымы.
      3-4 Өндірістік қуатты  есептеу,  мектеп,  тамырландыру  бөлімі,  сеппе
бөлімі  мен  аналық  плантациялардың  өнім  беретін   аумағы,   компьютерлік
бағдарлама пайдалану.
      5-6 Ауыспалы егістік сүлбесін  өңдеу  және  компьютерлік  бағдарламаны
пайдаланып питомниктің пайдалы аумағын есептеу.
      7 Арнайы және ситуациялық тапсырмаларды шешу.
      8 Компьютерлік бағдарлама пайдаланып питомник аумағын ұйымдастыру.
      9-10 Компьютерлік бағдарлама пайдаланып питомниктің жалпы және қосымша
алаңын есептеу.
      11  Питомник жоспары мен аумақтарға бөлу сызбасын сызу, жалпы әдістері
мен талаптары. Компьютерлік бағдарлама пайдалану.
      12  Арнайы және ситуациялық тапсырмаларды шешу.
      13  Компьютерлік бағдарлама пайдаланып топырақ дайындауда ТЕК құру.
      14 Компьютерлік бағдарлама пайдаланып сеппелер мен тікпелерді  өсіруге
қажетті қаржыны есептеу және ТЕК құру.
      15 Компьютерлік бағдарлама пайдаланып  отырғызу  материалының  өзіндік
құны мен кеткен шығындарды есептеу.



                                                                 Б қосымшасы



               Ұсынылатын зертханалық сабақтардың тақырыптары
      1 Әр түрлі  көшет  түрлерімен  гербарий  және  нақты  үлгілері  арқылы
танысу, МЕСТ-ті оқып үйрену.
      2 Питомниктің өндіріс қуатын есептеу,  себу  мен  тікпе,  кесінділерді
тамырландыру бөлімдерінде және аналық кесінді плантациялардың  өнім  беретін
көлемін есептеу.
      3-4 Орман питомнигі  жерін  ұйымдастыру:  конфигурация,  өнім  беретін
бөлімдерін орналастыру, танаптарды бөлу, олардың ұзындығын және ені,   суару
жүйелерін механикаландыру, жол торабына байланысты есептеу.
      5-6  Көшеттерді  өсіру  агротехникасы;  питомник  көлемін  алғаш   рет
пайдалану, климаттық ерекшеліктеріне байланысты алғашқы рет  топырақ  өңдеу.
Топырақтың түрі.
      7-8 Ауыспалы егіс таңдау. Ауыспалы егістерде ротациялық және  ауыспалы
кестелерде танап топырағын өңдеу. Себу сүлбесіне байланысты 1 га  қатаршалар
ұзындығын  есептеу   және   стандартты   сеппелердің   шығуы.   Тұқым   себу
агротехникасы,  сеппелерге  және  тікпелерге  істелінетін  күтім  жұмыстары,
сеппелерді қазып алу және санау.
      9 Тікпе  бөлімінде  тікпелерді  өсіру  агротехникасы,  топырақ  өңдеу,
тікпелерді орналастыру сүлбелері, сеппелерді отырғызу технологиясы,  топырақ
өңдеу және тікпелердің діңі мен желтектерін құрастыру.
      10 Жеміс тікпелерді будандастыру жұмыстарын атқару.
      11 Терек, тал, шырғанақ, итмұрын және т.б. ағаштардың  аналық  кесінді
плантацияларын   орналастыру   технологиясы.   Топыраққа   және    ағаштарға
істелінетін  күтім  жұмыстары,  кесінділерді  дайындау.  Сеппе,  тікпе  және
аналық кесінді бөлімдерінде техникалық есептерді  жасау,  өңдеу  мөлшерлері,
бағалары.
      12 Сеппелерді өсіруге  арнап  технологиялық  есеп  картасын  құрастыру
(топырақ өңдеу,  себу,  сеппелерге  күтім  жұмыстары,  қазып  алу,  отырғызу
материалдарын есептеу және сақтау).
      13 Сәнді тікпелер мен жемісті  түрлерді  өсіруге  арнап  технологиялық
есеп картасын құрастыру, аналық қалемше плантациясын пайдалану.
      14 Тіке жұмсалған, амортизациялық, өндірістік және әкімшілік-басқаруға
қажет шығындар.
      15Шығын  сметасын  және  көшеттердің  өзіндік  құнының   калькуяциясын
қазіргі сату бағасы бойынша есептеу.



                                                                 В қосымшасы






                     Ұсынылатын курстық жоба тақырыптары

      ________________________облысының,_______________________  орман  және
жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінде  тұрақты  (уақытша)  орман
питомнигін шаруашылық-ұйымдастырудың жоспары.


                             Түсініктеме жазба:
    • питомник орналасқан аумақтың табиғи жағдайы;
    • питомник көлемін есептеу;
    • жер аумағын ұйымдастыру;
    • отырғызу материалдарын өсіру агротехникасы.


                    Картографиялық - жоспар материалдары:
    • жер алқаптарын бөлу сызбасы;
    • аумақты ұйымдастыру жоспары.


                      Техникалық-экономикалық есептер:
    • технологиялық - есеп картасы;
    • тіке жұмсалған шығын мен қосымша қаражаттарды есептеу;
    •  өнімнің өзіндік құнын есептеу.

                                                                 Г қосымшасы






             Ұсынылатын студенттің өзіндік жұмысының тақырыптары


           ЭЕМ арқылы питомниктің көлемін есептеу.

   1. Ауыспалы егістерді енгізудің теориялық негізі.
   2. Топырақ өңдеудің теориялық негізі мен агротехникалық талаптары.
   3. Орман питомниктерінде қолданылатын тыңайтқыштар.
   4. Орман питомниктерінде гербицидтер қолдану.
   5. Отырғызу материалдары өндірісінің тиімділігі және жоғарылату жолдары
   6. Тұқымды себуге дайындау.
   7. Ротациялық және ауыспалы егістік кестелерін құрастыру.
   8. Ауыспалы танаптарда алғашқы және жылдық топырақ өңдеулер.
   9. Топырақты әктеу және гипстеу.
  10. Гербицидтерді қолданған кездегі қауіпсіздік ережелері.
  11. Негізгі түрлердің сеппелерін өсіру ерекшеліктері.

           Вегетативті көбейтудің ғылыми негізі.



                       4  ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
                                   Негізгі
1. Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В. Лесные культуры. - М., 1985ж.
2. Медведев А.Н.  Лесные питомники в  Казахстане. - Алматы, 1997ж.
3. Байзаков С.Б. және т.б. Лесные культуры Казахстана. – Алматы,  1  кітап.,
   2007ж.
4. Кентбаев  Е.Ж.,  Кентбаева  Б.А.  Деревья  и  кустарники  Казахстана  для
   лесовыращивания. – Алматы, 2008ж.
                                   Қосымша
   1. Новосельцева А.И., Смирнов Н.А. Справочник  по  лесным  питомникам.  -
      М.: «Лесная промышленность», 1983ж.
   2.  Медведев  А.Н.,  Пальгов  И.А.,   Бессчетнов   В.П.   Организационно-
      хозяйственный  план  лесного  питомника  (методические   указания   по
      курсовому проектированию), ҚазАШИ. - Алматы, 1984ж.
   3. Кентбаев Е.Ж.  Организационно-хозяйственный  план  лесного  питомника.
      Методическое пособие по составлению курсового проекта (нормировочные и
      вспомогательные данные), ҚазҰАУ. - Алматы, 2004ж.
   4. Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. - Алматы, 2006ж.


                                 5  АВТОРЛАР
      Кентбаев Е.Ж. – а.ш.ғ.д., ҚазҰАУ профессоры;
      Кентбаева Б.А. – а.ш.ғ.к., Ботаника және фитоинтродукция  институтының
АҒҚ;
      Шыныбеков М.К. – ҚазҰАУ ассистенті.
Пәндер