Файл қосу
АЗЫҚ - ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫ
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ | |БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | | | | | |ПОӘК 042-18-5.1.65/02-2013 | |ПОӘК | | | |«Азық-түлік өнімдері |№__ басылым | | |өндірісінің |«___»______2013 ж. | | |технологиялық | | | |жабдықтары» пәнінің | | | |студенттерге арналған | | | |бағдарламасы | | | ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығына арналған «АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫ» пәнінің студенттерге арналған бағдарламасы Семей 2013 Алғы сөз 1 ӘЗІРЛЕНДІ Құрастырушылар: М. Какимов ____________ Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппаратттары» кафедрасының доценті, т.ғ.к. « » 2013 ж. 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедра мәжілісінде қаралды « » 2013 ж., № хаттама Кафедра меңгерушісі ____________ М. Акимов 2.2 Инженерлі-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қаралды « » 2013 ж., № хаттама Төрайым _________ С. Төлеубекова 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланды және басылымға рұқсат етілді « » 2013 ж., № хаттама ОӘК төрайымы _______________ Г. Искакова 4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН Мазмұны |1 |Жалпы ережелер | | |2 |Пәннің (модульдің) мазмұны және сағаттарды бөлу | | |3 |Пәнді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар | | |4 |Курс форматы | | |5 |Курс саясаты | | |6 |Бағаларды қою саясаты | | |7 |Әдебиеттер | | 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы және пән бойынша жалпы мәліметтер Оқытушының аты-жөні - Какимов Мұхтарбек Мұқанұлы, доцент • «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедрасы • Байланыс ақпараты - № 9 оқу ғимараты, № 109 кабинет, тел: 36-02- 15(3) • Сабақ өткізу орны - дәрісхана № 105 • Берілген пән бойынша кредит саны – 3 2. Пәннің қысқаша мазмұны: «Азық-түлік өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтары» – техникалық ғылым. «Азық-түлік өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтары» пәнінің зерттеу нысаны - тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттарындағы технологиялық процестердің өту барысында туындайтын өнімдердің физико-механикалық қасиеттері және осы қасиеттердің көмегімен процестерді есептеудің оңтайлы әдістерін меңгеру болып табылады. «Азық- түлік өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтары» курсы азық-түлік технологиясы саласының мамандарына арналған теориялық инженерлік негізі болып табылады. Қазіргі замандағы тамақ өндірісі мамандардың технологиялық процестердің кинетикасы мен динамикасы аймағындағы терең білімін қажет етеді. Инженер – өндірістік процестерді технология талаптарына сәйкестендіріп басқарып қана қоймай, сонымен қатар ғылымның соңғы жетістіктеріне сай жоғарғы техникалық деңгейде оңтайлы өтуін қамтамасыз етуі керек. Бұл мақсаттарды орындау үшін маманның әртүрлі инженерлік есептерді шешуге қабілеті болуы міндет. 1.3. Пәнді оқыту мақсаты: Студенттердің «Азық-түлік өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтары» жөніндегі білімдерін қалыптастыру, осы алған білімдерін болашақ маман алдағы еңбек тәжірибесінде қолдана алады. 1.4. Пәнді оқытудың негізгі міндеті: Студенттерді азық-түлік өнімдерінің реологиясын оқыту арқылы келесі қажеттіліктерді орындау: • қоспалар қосу, технологиялық өңдеу режимдері мен тәсілдерін өзгерту арқылы өнімнің құрамы мен сапасын басқаруды меңгеру • процестер реодинамикасының негізгі заңдарын меңгеру • процестер мен аппараттарды есептеу әдістерін меңгеру • машиналар мен аппараттардың конструкциясын меңгеру. Сонымен қоса, пәннің негізгі мақсаты студенттерді жоғарыда айтылғандарды (анықтамалар, заңдылықтар, есептерді шешу жолдары) меңгерту ғана емес, оларды қолдана білуге үйрету. 1.5. Оқытудан күтілетін нәтижелері: • «Азық-түлік өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтары» курсының негізгі (базалық) заңдарын білуі керек; • Азық-түлік өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтарын білуі керек; • Теориялық және практикалық мақсаттарға осы алған білімдерін қолдануға дағдылану; • Азық-түлік өнімдерінің құрылымдық механикалық қасиеттерін зерттеуге үйрену; • Азық-түлік өнімдерінің құрылымдық механикалық қасиеттерін анықтауда алған білімдерін қолдануға үйрену; • Азық-түлік өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтары зерттеуде қолданылатын тәсілдердің мағынасын түсіну; • Басқа пәндерді меңгеру барысында ««Азық-түлік өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтары» пәнінен алған білімдерін қолдана білу; • Курстың типтік жобалық талаптарын орындауға дағдылану. 1.6. Курстың пререквизиттары: 1.6.1 гидравлика негіздері; 1.6.2 механика негіздері; 1.6.3 жылутехникасының негіздері. 1.7 Курстың постреквизиттері: 1.7.1 тамақ өндірісінің технологиясы; 1.7.2 тамақ өндірісінің аппараттары және процесстері. 5 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ 2 кесте |№ |Тақырыптың аталуы |Сағаттары | |р/н | | | | | |ДС |СПС |СӨЖО |СӨЖ | |1 |Кіріспе. Механикалық жабдықтар турлы |1 |1 |1 |3 | | |жалпы түсінік. | | | | | |2 |Сұрыптау және іріктеу жабдықтары. |1 |1 |1 |3 | |3 |Өнімдерді ұсақтауға арналған |1 |1 |1 |3 | | |машиналар. | | | | | |4 |Өнімдерді илеу және араластыру |1 |1 |1 |3 | | |машиналары. | | | | | |5 |Жуу машиналары мен қондырғылары. |1 |1 |1 |3 | |6 |Әртекті орталарды ажыратуға арналған |1 |1 |1 |3 | | |машиналар.. | | | | | |7 |Картоп ашитын толасты машиналар. |1 |1 |1 |3 | |8 |Сүйектен етті, шыжықтан майды бөлір |1 |1 |1 |3 | | |алуға арналған пресстер | | | | | |9 |Сүтті тазалауға арналған, балмұздақ |1 |1 |1 |3 | | |ерітінділерін, қант шырындарын сүзуге | | | | | | |арналған сүзгілер. | | | | | |10 |Эмульсорлардың конструкциясы және |1 |1 |1 |3 | | |олардың негізгі есептеулері | | | | | |11 |Сепараторлыр құрылғысымен олардың |1 |1 |1 |3 | | |жұмыс істеу принциптері. | | | | | |12 |Май өндірісіндегі жабдықтарға қысқаша |1 |1 |1 |3 | | |сипаттама және негізгі есептеулері. | | | | | |13 |Ірімшік және сыр өндірісіндегі |1 |1 |1 |3 | | |жабдықтарға қысқаша сипаттама. | | | | | |14 |Тамақ өнімдерін құйып жабатын және |1 |1 |1 |3 | | |буып-түйетін машиналар мен автоматтар.| | | | | |15 |Салмағы мен көлемі бойынша тамақ |1 |1 |1 |3 | | |өнімдерін өлшейтін жабдықтар. | | | | | | |Барлығы |15 |15 |15 |45 | 3 ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР Пәнді меңгеру барысында тақырыптардың негізгі мазмұнына көңіл аудару керек. Ол үшін студенттің оқулықпен жұмысын жеңілдету мақсатында оқыту- әдістемелік кешені ұсынылады. Әрбір тақырыптың дәрісі соңында өзін-өзі тексеру сұрақтары бар. Оқулықты дұрыс таңдаудың үлкен мағынасы бар. Бірнеше оқулықты қатарынан пайдалану дұрыс емес. Ұсынылған әдебиеттердің ішіндегі біреуін негізгі әдебиет етіп таңдап алу керек. Басқа оқулықтарды егер де қажет тақырып жайында мағлұмат болмағанда немесе аз болған жағдайда пайдаланған жөн. Курсты пәннің бағдарламасына сәйкес тақырыптар легімен меңгерген мақұл. Оқулықпен жұмыс жасау барысында ұсынылған кешендегі мысалдар мен сараптамалар міндетті түрде болуы қажет. Тек осыдан кейін ғана өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап берілуі керек. Теориялық алған білімдерін студенттер практикалық есептерді шығарған кезде ғана меңгерілді деп есептеуге болады. КУРС ФОРМАТЫ Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан 2 рет жүргізіледі. Дәріс сабақтарында күрделі, мәселелі сұрақтарды қарастырады. Мысалы дәрістер құрылымы мынадай – сабақ мәнін талқылау немесе блиц-сұрақ (10(15 минут), дәріс (35(40 минут), материалдарды бекіту. Сабақты мұндай құрылымда жүргізу студенттен жүйелілікті, ұсынылған әдебиеттермен өздігінен жұмыс жасай білуді және дәрістегі жаңа тақырып бойынша материалдарды білуді талап етеді. Зертханалық сабақтар теориялық материалдарды тереңірек қарастыруды қажет ететін мәселелерді шешуге арналған. Аудиториялық ОСӨЖ уақытында сіздердің дәріске немесе зертханалық сабаққа дайындалу процесінде, сондай-ақ үйге берген өздік жұмысын орындау кезінде туындаған сұрақтарыңызды қарастырамыз. Сонымен қатар аптасына бір рет, кафедрада бекітілген график бойынша, мен жекелей немесе топпен консультация түрінде ОСӨЖ сабағын өткіземін. Пәнді оқуға арналған сабақ уақытының үштен бір бөлігінде, сіздер менің көмегімсіз өздеріңіз жұмыс жасайсыздар. Өздік жұмысына арналған тапсырмалар түрлері, ОСӨЖ және СӨЖ жоспары – кестесінде көрсетілген. КУРС САЯСАТЫ Пәнді оқуға берілген барлық кезеңде, менің сіздерге қойатын талаптарымның барлығын орныдайсыз және бір-бірімізді түсінеміз деп ойлаймын. 1 Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол сізді курсты толық меңгеруден босатпайды. Егер студент сабақтарды себепті жағдайлармен босатса, онда ол факультет деканатынан анықтама-рұқсат алуға міндетті. Рұқсат алғанан кейін студент сабаққа қатыса алады. Босатқан сабақтардың тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және көрсетілген уақытта оны орындап тапсыру қажет. Тапсырма тиісті бағамен бағаланады, ал босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды. 2 Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық жұмыстарға және емтихандарға белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ өз уақытында және шамаңыз келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында өткізуіңіз керек. Тапсырмаларынызды пунктуальды және уақытында тапсыруларыңыз керек. Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе оқытушының ескертуіне құлақ аспаса, ол студентті сабақтан шығарып жібере алады және ол студентті тәртіпке салу үшін оған қосымша тапсырмалар беріледі. 3 Аудиториялық сабақ уақытында Сіздердің ұялы телефондарыңыз өшіп тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы студентті жауапқа тартуға құқығы бар. 4 Сіздер студенттермен және оқытушыларыңызбен ашық, шыдамды және мейірімді болулары керек. 5 Біреуден көшіріп алу және плагиат (дайын тапсырмаларды қолдану немесе көшіріп алу және басқа студенттердің көмегін пайдалану) үшін Оқытушының студентті аудиториядан шығарып жіберуіне немесе қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар. 6 Межелік аттестация қорытындысы, студенттің сабаққа қатысуымен, өзіндік жұмысты орындауымен, сабақта ауызша және жазбаша жауаптарға байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады. 6 БАҒАЛАРДЫ ҚОЮ САЯСАТЫ Пән бойынша үлгерімді бақылау келесі түрде жүзуге асырылады: - ағымдағы бақылау («Азық-түлік өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтары» пәнінің оқу процесінің күнтізбелік кестесіне сәйкес жүргізіледі) - межелік бақылау (7 және 15 апталар) - қорытынды бақылау Ағымдағы бақылау кезінде студенттің дәріс және зертханалық сабақтардағы жұмысы бағаланады, сонымен қатар үй тапсырмаларын орындау, рефераттарды жазу және т.с.с. Межелік бақылау – оқытушының қатысуымен тесттерге жауап беру және аудиториялық бақылау жұмыс орындау. Пән бойынша баға 100 %-тік шкала бойынша пайыздық мөлшерімен қойылады. «Азық-түлік өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтары» пәні бойынша ұпайлардың үлестірілуі Кесте 2 |Апта |Бақылау түрі |Ұпайлар |Ескерту | |1 |2 |3 |4 | |1-7 апталарда дәрістерге, практикалық және |30 | | |лабораториялық сабақтарға қатысу | | | |1 |Тапсырмалар түрлерімен танысу | | | |2 |Есеп шығару |5 |ПС | | |Ауызша жауап беру |10 |ЗС | |3 |Есеп шығару |5 |ПС | | |Ауызша жауап беру |10 |ЗС | | |Аудиториялық бақылау жұмыс |15 |ОСӨЖ | |4 |Есеп шығару |5 |ПС | | |Ауызша жауап беру |10 |ЗС | | |Реферат |30 |СӨЖ | |5 |Есеп шығару |10 |ПС | | |Ауызша жауап беру |10 |ЗС | | |Аудиториялық бақылау жұмыс |15 |ОСӨЖ | |6 |Есеп шығару |10 |ПС | | |Ауызша жауап беру |15 |ЗС | | |Реферат |30 |СӨЖ | |7 |Межелік бақылау 1 |90 | | |1-7 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар |300 | | |8-15 апталарда дәрістерге, практикалық және |30 | | |лабораториялық сабақтарға қатысу | | | |8 |Тапсырмалар түрлерімен танысу | | | |9 |Есеп шығару |5 |ПС | | |Ауызша жауап беру |10 |ЗС | |10 |Есеп шығару |5 |ПС | | |Ауызша жауап беру |10 |ЗС | | |Аудиториялық бақылау жұмыс |15 |ОСӨЖ | |11 |Есеп шығару |5 |ПС | | |Ауызша жауап беру |10 |ЗС | | |Реферат |30 |СӨЖ | |12 |Есеп шығару |5 |ПС | | |Ауызша жауап беру |10 |ЗС | |13 |Есеп шығару |5 |ПС | | |Ауызша жауап беру |10 |ЗС | | |Аудиториялық бақылау жұмыс |15 |ОСӨЖ | |14 |Есеп шығару |5 |ПС | | |Ауызша жауап беру |10 |ЗС | | |Реферат |30 |СӨЖ | |15 |Межелік бақылау 2 |90 | | |8-15 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар |300 | | |Емтиханға арналған барлық ұпайлар |400 | | |Академиялық кезеңге арналған барлық ұпайлар |1000 | | 7 ӘДЕБИЕТТЕР 7.1 Негізгі әдебиеттер 7.1.1 Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971. 7.1.2 Ш. Тілегенов, Күзембаев, Н. Өсеров «Тамақтану кәсіпорынының жабдықтары» Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999 ж., 253 бет. 7.1.3 Сурков В.Д., Липатов Н.Н., Золотин Ю.П. «Технологическое оборудование молочной промышленности». М. «Легкая и пищевая промышленность», 1983. – 431с. 7.1.4 Ивашов В.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности» Часть 1. М. Колос 2001 – 552 с. 7.1.5 Стабников В.Н., Лысянский В.Н., Попов В.Л. « Процессы и аппараты пищевых производств ». М. «Агропромиздат», 1985. 7.1.6 Касенов А.Л. «Сүт өнеркәсібіндегі технологиялық жабдықтар», Семей, 2002 ж., - 152 бет 7.1.7 Павлов К.В. и др. «Примеры и задачи по процессам и аппаратам химической технологии », М.: Химия., 1981. 7.2 Қосымша әдебиеттер 7.2.1 Аболмасов Г.И. «Примеры и задачи по курсу технологического оборудования молочной промышленности». 1966 г. 7.2.2 Томбаев Н.И. «Справочник по технологическому оборудованию предприятий молочной промышленности». 1972 г. – 295 с. 7.2.3 Липатов Н.Н. «Руководство к лабораторным и практическим занятиям по курсу технологического оборудования предприятий молочной промышленности». 1988 г. – 100 с. 7.2.4 Гинзбург А.С. Сушка пищевых продуктов. Пищепромиздат. 1960г. 7.2.5 Федоров Н.Е. Методы расчета ПАПП. 1966г. 7.2.6 Чубик И., Маслов А.И. Справочник теплофизических констант пищевых продуктов. 1972г.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz