Файл қосу
Қазақстанда Кеңес мемлекетінің құрылуы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті | | |3 деңгейлі ОӘК құжат |ПОӘК |ПОӘК | | | |042-16-02.01. | | | |1/03-2013 | |«Қазақстанның қазіргі |№1 Басылым | | |заман тарихы» |30.09-2013 | | |пәнінің оқу-әдістемелік | | | |кешені | | | «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ» ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ 050203- «тарих» мамандығына арналған Семей 2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық сабақтар 4 Студенттердің өздік жұмысы «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІНЕН ГЛОССАРИЙ Актуальды-қазіргі уақыт талабы үшін аса маңызды, көкейкесті. Ақсақал-аталас туыстар билігін жүргізетін адам. Ақын-суырып салма яки жазба өлең шығару қабілеті бойына туа дарыған шығармашылық өнер иесі. Акция-тұтыну заттарына салынатын жанама салықтың бір түрі. Акционер-(фр.-aktionaire- владелец акции)-акция иесі. Алаш-ежелгі қазақ тайпаларының алғашқы қауым болып біріккен одағы. «Қазақ» атауының көне баламасы. Автономия (грек аutonomia- өзін-өзі басқару, тәуелсіздік)-1)Бір мемлекеттің құрамындағы саяси-ұлттық құрылымның айрықша статус алып, өзінің ішкі проблемаларын дербес шешудің кең де ауқымды мүмкіндіктеріне ие болуы. Автонды халық-тұрғылықты, жергілікті халық. Авиация өнеркәсібі-өнеркәсіптің арнаулы конструкторлық және өндірістік тәсілдерімен авиация техникасын жасайтын саласы. Агрессия (лат.aggresio-шабуыл, жаулау) басқыншылық. Агрометеорология-ауыл шаруашылық метеорологиясы. Азамат соғысы- мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтармен топтар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. Азаттық-1950 ж Мюнхеньде «бостандық» деген атпен халықаралық большевизмнен құтқару қоғамы құрған радиостансаның ізбасары. Алыпсатар-өнімдерді сатып алып, қайта қымбат бағамен ұстаумен шұғылданатын сауда капиталының өкілі. Аннотация-кітаптың,мақаланың мазмұнын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама. Анархист-басшысыздық, өкіметсіздік. Ат тұлдау-қайтыс болған ер адамның тірі кезінде мініп жүрген атының жал- құйрығын күзеп, жылына дейін құр жіберу (мінбеу),асына сою. Ауыздық- жүгеннің ат ауызына салынатын темір бөлігі. Ауылбасы- ауыл билігін жүргізетін адам. Акционерлік қоғам- жарғылық қоры акцияға бөлінген кәсіпорын.Оған қажет капитал акцияны сату жолымен жиналады. Аренда- (жалдау, жалгерлік) лат. тіл.,-шарт бойынша жерді, үйді, қазба байлықты,кәсіпорындарды, сонымен қатар жалгерлердің жеке жұмыс істеуіне қажетті жабдықтардың қай түрін болса да уақытша пайдалануға жалға беру. Арсенал-соғыс құралдарының,қару жарақтарының үлкен қоймасы, әскери құрал жасайтын жөнелтетін әскери мекеме. Архив-ескірген документтерді, жазба ескерткіштерді сақтайтын мекеме. Аукциорхин- (бәсеке,сауда) лат. тіл.,-көпшілік алдында кім бағасын асырса, артық төлем ұсынса, бұйым және т.б зат соған сатылатын бәсекелес жария сауда. Аудиенция-(лат.тіл audventia-тыңдау)1)мемлекет басшысының жоғары лауазымды адамның ресми қабылдануы.2)оңаша кеңесу, жекелей сөйлесу. Баж-өңделетін жерге салынатын салық. Байкот-мемлекеттермен, ұйыммен немесе жеке адаммен қатынас байланысын үзу. Балбал- бабалар құрметіне қабір басына қойылатын мүсін тас. Басқақ- монғол хандарының жаулап алынған елдерден алым-салық жинауға және халық санағын жүргізуге тағайындаған адамы. Билік- 1)Сый ретінде билерге берілетін дүние-мүліктің мешіт пайдасына берілетін салық.2)Қазақ халқының дәстүрлі санасында «ел басқару», «өкім ету» сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді. Бизнес-( ағыл.business)- бизнес, табыскерлік. Болашақ-бүгінгі шындықтың келешектегі қалпымен жайын білдіру үшін қолданылатын ұғым. Білім-адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректерімен пайымдауларының т/б жиынтығы. Блок-жалпы мақсатқа жету үшін саяси партияның немесе мемлекеттердің бірлесіп жұмыс істеуі жөніндегі келісім. Блокада-бір мемлекеттер тобын соғыс, саяси немесе экономикалық жағдайынан басқа елден бөліп тастау, оқшаулау. Б.Ұ.Ұ- 1945ж 25 сәуірде-26 маусымда Сан-Францискода өткен конференцияда құрылды.мақсаты:халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, қарым- қатынасты дамыту.Экономикалық мәселелерді шешуде халықаралық бірлестікте іске асыру. Генерал-губернаторлық- бірнеше облыстардан құралған Ресейдің әкәмшілік- территориялық бірлігі. Геноцид-халықтардың, кейбір топтардың нәсілдік, ұлттық, діни ерекшкліктерін жою, оларды біржола не жартылай кұрту үшін әдейі жағдайлар жасау әрекеттері. ГУЛАГ-Лагерлер бас басқармасы. Декларация-(лат.deklaratio) үкіметтің,саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан, сонымен қатар бір немесе бірнеше мемлекеттердің халықаралық саясат мәселелері бойынша жарияланатын саяси ресми мәлімдеме, құжат. Демократия-(грек demos-халық және kratos-билік) қоғамды, мемлекеттік билікті саяси және әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі тиімдерінің бірі. Демократиялық мемлекет- демократиялық принциптерге негізделген мемлекеттің тұрпаты,демократиялық саяси жүйенің ұйытқысы. Демилитаризация-Қарусыздандыру Демография- халықтың саны, құқрылымы және динамикасы туралы ғылым Демографиялық саясат-халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әкімшілік, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесі. Демографиялық дүмпу-халық санының щұғылда қарқынды табиғи өсуі. Дерек-хабар-ошар.Ғылымдағы ізденіс нәтижесі,табылған мәлімет, оқиғалар дәйегі, ғылыми дәлел. Деректану-тарихи деректер,олардың ашылуы,зерттелуі және қолданылуының теориясымен практикасы туралы ғылым. Диктатура-мемлекеттік билікті жүзеге асырудың күш қолдануға негізделген тәсілі. Дипломатия-мемлекетпен үкімет басшыларының, мемлекеттің сыртқы істер органдары қызметкерлерінің сыртқы саясат саласындағы саяси іс-әркеттері. Дипломатиялық иммунитет-елшіліктерге, олардың басшыларымен қызметкерлеріне берілетін құқықтық және басқада жеңілдіктер. Диссертация-Ғылыми дәреже алу үшін көпшілік алдында қорғауға даярланған ғылыми еңбек. Диаспора-өз отанынан алыс елдерде қоныстанған халықтар. Диуан (дуан)- 1)монғол мемлекетінде атқарушы билік органы; 2)Ресей империясындағы округтік приказдар. Девальвация- (құнсыздану) лат.тіл.,-имею значение (маңызым бар),стою (тұрарлық іс, тұрамын)-ұлттық валютаның құнсыздануы, ол ұлттық валюта бағамының шетел валюталарына немесе халықаралық ақша өлшемдеріне қарағанда төмендеуінен көрініс табады. Делимитация- (межелену,шекараны қалыптастыру) лат. тіл.,- басқа мемлекетпен бекітілген келісімге сай мемлекеттік шекараны оның өту жолдарын діл сипаттамасымен анықтау және картаға түсіру. Демаркация- (жүргізу, өткізу)фр тіл.,-шекараны делимитациалау туралы келісімнің негізінде арнайы шекарклық белгілермен көрсетілген мемлекеттік шекара шебін орнату. Диверсификация- әртараптандыру;ол жаңа өнімдер рыногтеріндегі қызмет аясының санын ұлғайтуға бағытталған. Экономикалық қызметті диверсификациялау (әртараптандыру) маркетинг стратегиясының бір түрі, ол өндірісті жан-жақты дамытуға, өндірістің бір- бірімен байланысты емес көптеген түрлерін бір мезгілде дамытуға, өндірілетін бұйымдардың түр-түрін кеңейтуге бағытталған. Дивиденд (үлесақы, үлеспайда, акциядан түскен табыс) лат.тіл.,-салық төлегеннен соң айырған қаражаттың өндірістің өсуіне, қаржы қорына т.б қажеттілікке жұмсалған кейінгі акционерлік ұйымның қарамағында қалған пайданың акционерлер арасында бөліске түсетін бір бөлігі. Дотация (жәрдем, демеу қаржы) лат.тіл.,-кәсіпорындарға , ұйымдарға, мекемелерге шығындарының орнын толтыру үшін немесе басқа да мақсаттарға мемлекет беретін жәрдем, үстеме ақы,материалдық көмек. Депортация-биліктің нұсқауымен жеке адамдардың, халықтардың еріксіз, күшпен жер аударылуы. Делимитация-мемлекеттік шекараларының қалай өтетінін сипаттап белгіленген шартқа сай картаға түсіріп айқындау. Диферсификация-іс-әрекет саласының әртүрлілігі жан-жақты даму. Ескерткіш-елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Жарлық-мемлекет басшысының қабылдайтын құқықтық актісі. Жаһандану-Ғаламдану,әлемдік ауқымдану,глобализация,жаңа жалпыәлемдік саяси,экономикалық, мәдени жәнеақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Жекешелендіру-меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Желтоқсан көтерілісі-1986 ж 17-19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қаіақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Жоғарғы кеңес-Ресей федерациясының құрамына енетін бірқатар республикалардағы заң шығарушы органның (парламеттің) атауы. Жатақ-кедей егіншілер. Жұртшылдық-туыс-туғандардың қарызын өтеу үшін әркімнен жиналатын (өз ықтиярына қарай) дәстүрлі көмектің бір түрі. Жұт- белгілі бір аймақтағы ауа райының аса қолайсыз құбылыстарының салдары, ел басына түсетін табиғи ауыртпалық кесапат. Жылу- ауыр жағдайға душар болған адамдарға берілетін көмек. Зекет- мал басынан жиналатын салық. (1/20 бөлігі) Заң-мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік – құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер. Инаугурация-мемлекет басшысының мәртебелі лауазымды атқаруға кірісуін атап өтетін салтанатты рәсім. Интеграция-экон. Субъектілерді біріктіру,олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету. Империя-отарлықө меншіктері бар мемлекет Ирригация-суландыру. Ирредента-босатылмаған,азат етілмеген (жер) Инвестиция-лат. тіл.,- одеваю (киіндіремін, кигіземін), облачаю (жамылдыртамын)- капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы. Инвестор,лат. тіл.,-вкладчик (сақтық кассасына ақша салып қоюшы)- инвестицияларды жүзеге асырушы, өзінің қарыз қаражатын немесе өзге де сырттан тартылған қаражатты инвеститциялық жобаларға салушы заңды немесе жеке тұлға. Инжиниринг,лат.тіл.,изобетельность (ойлап тапқыштық, өнер тапқыштық), выдумка (ойлап шығарылған), знания (білім мағлұматы) - 1) Өнеркәсіп обьектілерін құру мәселелерін, нифрақұрылымды т.б пысықтау жөніндегі ең алдымен комерциялық негізде түрлі инженерлік- консультациялық қызметтер көрсету нысанасындағы қызмет саласы. 2)Коммерциялық негізде жүзеге асырылатын қызметтер тұрпаты; өндірісті ұйымдавстырудың техникалық және экономикалық мүмкіндіктерін бағалау; жабдықты және осы жабдық орналастырылатын үй-жайларды жобалау;тәжірибелік үлгілердің сызбаларын дайындау; құрылысты қадағалау;өндірісті техникалық жағынан басқаруға көмектесу; қызметкерлерді оқыту; жабдықтарды пайдалану жөнінде ақыл-кеңес беру; технологиялық үрдістерді оңтайландыру; өнім өткізуді ұйымдастыру т.б. Инновация,лат.тіл.,обновление (жаңарту, жаңару), изменение (өзгерту) ұйымдастырудың, басқарудың және қаржыландырудың жаңа нысаналарын пайдалануға негізделген қызмет. Ипотека, грек.тіл.,залог (кепіл) –жылжымайтын мүліктерді (негізінен жерді, құрылыстарды,ғимараттарды) кепілге салу шартымен берілетін ақшалай несие. Инфляция,лат.тіл., вздутье (қабару,қампаю,мыс: бағаның көтерілуі),чрезмерный (тым шектен шығарушылық)-айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы, яғни оның сатып алу қабілетінің құлдырауы, бұл құнсыздану барлық тауарлар мен қызметтер бағасының өсуінен болады. Интеллигенция-қоғамдағы ғылыми-мәдени құндылықтарды қалыптастырып, дамытатын және тарататын прогресшіл әлеуметтік топ. Идея-идея, ой сана, пікір, адам ойының материалдық дүниені бейнелеу жемісі. Идеолог-бір топтың немесе қоғамдық топтың идеологиясын таратушы, әрі қозғаушы. Идеология-қоғамдағы топтармен әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін саяси, провалық,философиялық, моральдық, діни этикалық, эстетикалық көзқарастардың жиынтығы. Карлаг-Қарағанды лагерьлер басқармасы. Коллоквиум-оқушылардың білімін, ғылымға,әдебиетке,өнерге т/б ынтасын анықтау мақсатында оқытушының оқушылармен арнайы әңгімелесуі. Компания-заңды және жеке тұлғалардың сауда,өнеркәсіп, көлік сақтандыру немесе басқа нысандардағы бірлестігі. Конституциялық кеңес-конституциялық бақылаудың жүзеге асыратын ерекше сот органы. Конституциялық сот-бірқатар елдердегі конституциялық бақылау бірден-бір немесе басты міндеті болып табылатын ерекше орган. Консул-басқа мемлекетте белгілі бір міндеттерді орындау үшін тұрақты өкіл ретінде тағайындалған лауазымды адам. Контрибуция-мемлекеттермен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, әлдебір ұйымдар мүшелерінің, ғылымдарының жиналысы, мәжілісі. Концессия- мемлекеттің немесе муниципалиттердің меншігіндегі табиғат байлығы, кәсіпорындарды т.б шаруашылық нысандарын белгілі бір шартпен пайдалану үшін жасалатын келісім. Компрадор- отар елдердің империя буржуазиясымен тығыз байланысты болған жергілікті буржуазиясы Картель-қағаз, документ. Күпшүр- мал басынан жиналатын салық. Квота (үлес,бөлік) лат.тіл.,-1)ортақ істен қатысушылардың әрқайсысына тиесілі үлес, бөлік, жарна, пай; 2)белгілі бір мерзімде өндіруді, сатуды, тұтынудың экспорт пен импортты сан жағынан шектеу; 3)шектеу шаралары квоталау деп аталады. Коалиция, лат.тіл.,- ортақ мақсаттағы мемлекеттердің одағы немесе партиялардың жасаған бірлестігі. Кодекс (кітап) лат. тіл.,- заңның бір саласына қатысты жүйеленген заң ережесі. Коммерция (сауда) лат.тіл.,-саудалық-делдалдық қызмет;саудаға қатысу не болмаса тауар мен қызмет көрсетуге көмектесу; кең мағынасында кәсіпкерлік іс-әрекет Коммюнике,фр.тіл.,- баспасөзде жарияланатын ресми хабар. Конвенсия, лат.тіл.,- арнаулы мәселе бойынша халықаралық келісім. Консорциум (бірлестік) лат. тіл.,- заемді бірлесіп орналастыру, үлкен мақсатты бағдарламаларды, жобаларды іске асыру, қаржы-несие, коммерсия операцияларын жүргізу, өнім-өндірісін ұлғайту үшін уақытша өз еркімен бірлескен бірнеше банк немесе кәсіпорын арасындағы келісім. Конституция,лат.тіл.,- қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың негізін мемлекеттік органдардың жүйесін, олардың құрылуын және қызметін, адамдардың құқықтары мен міндеттерін анықтап беретін мемлекеттің негізгі заңы. Концепция, лат.тіл.,- белгілі құбылыстар жайындағы көзқарастар жүйесі, бір мәселе жөніндегі негізгі пікір. Концессия (келісім-шарт) лат.тіл.,- мемлекеттің не жергілікті әкімшілік органдардың меншік өндіріс орындарын, пайдалы кендерді, құрылыс салу және басқа да шаруашылық обьектілерін пайдалану үшін арнаулы мерзімге шетелдік фирмаларға не болмаса жеке тұлғаларға жалға беру шарты.Мемлекет келісім уақыты біткеннен кейін халықаралық заңға сәйкес концессия жұмысын тоқтатуы мүмкін. Кредит,лат.тіл.,ссуда (қарыз),долг(қарыз,борыш), верить (илану), доверять (сеніп тапсыру)-тауарлармен ақшалай қаражатты белгілі бір мерзімге, әдетте пайыз төленетін борышқа беру. Коммендация-жеке басын қорғағаны үшін феодалдың әміршіге әскери қызмет немесе басқа да жұмыстар атқаруы. Конгресс-халықтық сипаттағы кеңес, съезд. Конверция-соғыс өнімдерін шығаратын кәсіп орындарды бейбіт заттар өндірісіне айналдыру. «Қара шығын»- 1868жылы «Уақытша ережелер» қабылданғаннан кейін қазақтардан күштеп жиналған жанама салық. Құжат-материал негізінде дәлме-дәл жазып алынған, бір ізге түсіруге мүмкіндік беретін ақиқат. Қолданбалы (нақты) деректану- әр түрлі тарихи кезеңдерге тән нақты деректерді тану. Құрылтай-халықтық мәселелер қаралатын, көп адам қатысатын үлкен жиналыс. Лизинг,ағыл.,аренда, имущественный наем (мүлікті жалдау)- жабдықты, машиналарды,өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімді жалға беру. Меритократия- аса дарындылығын, ерекше қасиеттерін ескере отырып хан сайлау принципі. Маркетинг,ағыл.,рынок (нарық), сбыт (өтім);нем.,реализация (іске асыру) ,сбыт (өтім)-өндірісті басқаруға және өнімді өткізуге кешенді көзқарас, ол өндірілетін тауарлар өткізімін ұлғайту мақсатымен нарық талаптарын ескеруге және тұтынушылар сұранымына белсенді түрде ықпал етуге бағдарланған. Маргинал-қалыптасқан әлеуметтік шеңберде, тұрақты әлеуметтік институттарда жікке, топқа жату белгілерін жоғалтқан, олардың арасындағы жеке жағдайдағы адамдар. Мобилизация-(лат. mobilis)- әскери міндетті адамдарды жаппай әскери қызметке шақыру ісі, жұртты белгілі бір іске жұмылдыру әрекеті. Мәмілегер-елді келістіретін, білімдар, ақылгөй, бітімші. Менеджмент-өндірісті және қызметкерлерді басқару қағидаттарының, нысандарының, әдістерінің тәсілдері мен құралдарының жиынтығы, онда басқару ғылымының соңғы жетістіктері қолданылады. Мердігерлік (подряд)- бір жақ (мердігер) екінші жақтың (тапсырма берушінің) тапсырмасы бойынша оның немесе өзінің материалдарын пайдаланып, белгілі бір жұмысты келісілген еңбекақы бойынша орындауға міндеттенетін, ал тапсырыс беруші атқарылған жұмысты қабылдап, келісілген ақысын төлеуге міндеттенетін шарт. Бұл шаруашылықты, жұмысты жүргізудің үдемелі әдісі. Монополия (дара,жеке иелік) грек.тіл –бір адамға , бір адамдар тобына немесе мемлекетке тиесілі өндірудің, сауда жасаудың, кәсіп қылудың,қызмет көрсетудің т.б айрықша құқығы. Мемлекеттік мұрағат-ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтауға (сатып алуға), тұрақты сақтауға және пайдалануды ұйымдастыруға құқық беретін мекеме (Қ.Р заңы) НАТО-саяси одақ 1949 жылдың сәуірінде құрылған.ОЛжылы Европаның 10 елі кірді Оралман-шетелдерден өз елдеріне оралған адамдар. Округ-патша үкіметінің 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы жарғы» бойынша Орта жүзде енгізілген әкімшілік-территориялық бөлігі. Округтік приказ-1822ж. «Жарғы» бойынша құрылған әскери- әкімшілік басқару мекемесі. Республика-мемлекет басқару формасының бір түрі. Реформа, фр.тіл.-жаңа заң актілері арқылы сол қоғамның шеңберінде өзгерістер жасау. Репатриация-отанға оралу, қайтып келу. Референдум-мемлекеттік құқықта сайлаушылар корпусының конститутциялық, заңдық және басқа ішкі сыртқы мәселелер бойынша түпкілікті шешім қабылдауы. Саясат-қоғамдық топтардың өз мүдделері үшін күресінде көздеген мақсаттарымен міндеттері. Степлаг-далалық лагерьлер басқармасы. Патронимия-бір атадан (рудан) тараған адамдар тобы. Протекторат-1)отаршылық өктемдіктің түрі;мемлекеттіліктің сыртқы белгілерінің сақталып қалуы.2)тең құқықсыз шарт нәтижесінде белгіленетін және қамқоршы протектор мемлекетке толық бағыныштылық жағдайда тәуелді елде мемлкеттіліктің сыртқы белгілерді ғана сақталуымен сипатталатын бүркемеленген үстемдік нышаны. Приказдар-трек пункті. Тәркілеу-(лат.confiscatio-конфискация)- мүлікті, т/б. қазына есебіне тәркілеу. Тендер (саудаласу) ағыл.,бәсекелестер қойған бағаларды ескере отырып тауар өндірушінің ұсынған тауар бағасы. Тоталитаризхм, лат.тіл.,- қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық-бюрократиялық мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылым. Унитарлық мемлекет- территориясы федерактивтік бөліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың түрі. Холдинг (холдинг-серіктестік)-басқа кәсіпорындардың, бірлестіктердің акция пакеттерін иемденіп, олардың жұмысына бақылау жасап басқаратын серіктестік, корпарация. Эвакуация, лат.тіл-адамдарды,мекемелерді,кәсіпорындарды ұйымдасқан түрде көшіру. Этнография-(грек.etnos- народ, grapho-пишу)-әлем халықтарының құрамын, шығу тегін, қоныстануын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін ғылым. Дәрістердің қысқаша мазмұны: №1 лекция Мақсаты: Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының мақсаты мен міндеттері 1.Кіріспе. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының міндеттері мен мақсаты, негізгі мәселелері 2.ҚР-да тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы, тарих ғылымдарының алдындағы міндеттер туралы Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы – 1 дүние жүзілік соғыс кезеңінен бастап Қазақстанның калыптасуын, дамуын, осы кезеңдегі Қазақстанның Отандык тарихтағы орнын және тарихи окиғаларды объективті түрде накты деректер негізінде карастырады. Курс теориялык біліммен қатар практикалық дағдылар беруге де міндет етіп, студенттердің тіл деректерін накты танып, сөйлеу, жазу мәдениетін жетілдіруді мақсат ете отырып, оларды ғылыми зерттеу жұмыстарына бейімдеуіне де назар аударады. Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасуының, оның егемендігін нығайтудың, азаматтык пен отаншылдыкты тәрбиелеу. Мамандыққа катысты курстың міндеттері: Согыстан кейінгі Қазакстанның әлеуметтік - экономикалық дамуын көрсету. -19 60-70 жж. Казакстанның даму деңгейін сипаттау. -1970-80 жж. токырау жылдарындағы саяси экономикалық дамудын ерекшеліктерін айкындау. -Осы кездегі мемлекет басшыларының саяси портретін көрсету. -1980 жж. ортасындағы кайта кұру бағытына талдау жасау. Тәуелсіз Казакстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсету. «Қазакстан - 2030» стратегиялык бағдарламасын оқып үйрену. Қазақстан тарихының негізгі мәселелері бойынша тарихнама және дерекнама мәселелеріне шолу. -КР - ның мемлекеттік реміздерін. тарихи фактлермен тарихи кұбылыстардың өзара байланысын ашып,тарихиокиғаларды салыстыру аркылы тарихи түсініктердің мәнін Ашу және оған талдау жасау; -әртурлі деректерден накты акпаратттарды ала білу; -аныктамалык және ғылыми әдебиеттермен, тарихи кұжаттармен және монографиялармен жұмыс icтey; -алған теориялык 6ілімдерін ic жүзінде жүзеге асыра алу; №2 лекция Қазақстан бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде Мақсаты: Қазақстанның бірінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі саяси жағдайды қарастыру. 1.1916ж. ұлт-азатттық көтеріліс.Ідүние жүзілік соғыстың Қазақстанға әсері. 2.1916ж маусым жарлығы. 3.Көтерілістің Торғайдағы орталығы 4.Көтерілістің Жетісудағы орталығы ХХ ғасырдың екінші онжылдығының алғашқы жылдарынан бастап-ақ патша өкіметінің Қазақстандағы отарлық саясаты одан сайын күшейе түсті. Қазақтарды жерінен айырып, құнарсыз және шөлді аймақтарға ығыстыру одан әрі жалғасты. Патша өкіметі 1916 жылға қарай қазақтардың 45 млн. десятина жерін тартып алды. 1907-1912 жылдары Ресейдің орталық аймақтарынан Қазақстанға 2 млн. 400 мың адам қоныстандырылды. Қоныс аударушылар салықтар мен алымдардың көптеген түрінен босатылды. Қоныс аударушыларға қарулануға рұқсат берілді. Патша өкіметі жергілікті халық пен қоныс аударушылар арасындағы ұлттық жанжалдарды әдейі өршітіп отырды. Өнеркәсіп жұмысшыларының жағдайлары да нашарлай түсті. 1912-1914 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолының және Спасск мыс қорыту зауытының жұмысшылары, Доссор мұнайшылары мен Торғай уезіндегі Шоқпаркөл көмір кенінің жұмысшылары ереуілдер мен наразылықтар жасады. Аталған жағдайлардың бәрі өлкеде ұлт-азаттық наразылықтың күшейіп келе жатқандығын көрсетті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және соғысқа байланысты туындаған қиыншылықтар өлкедегі жағдайды одан сайын шиеленістіріп жіберді. Соғысқа дейін жинақталған әлеуметтік, экономикалық және ұлттық қайшылықтар одан әрі тереңдеп күрделене түсті. Қандай соғыс болса да оның қиыншылықтар мен ауыртпалықтар алып келетіндігі белгілі. Және бұл қиыншылықтар ауыртпалығы ең алдымен қарапайым еңбекші бұқараның мойнына түседі. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы жылдарынан бастап-ақ патшалық Ресейдің техникалық және экономикалық жағынан артта қалғандығы айқын көрінді. 1915-1916 жылдардағы ауыр жеңілістерден кейін Ресей батыстағы едәуір территориясынан айырылды. Майдандағы сәтсіздіктер адам күші мен материалдық ресурстарды үсті-үстіне талап етті. Әсіресе, жұмыс күшінің жетіспеуі шаруашылықтың көптеген салаларын дағдарыс жағдайына жеткізді. Соғыс Қазақстанға да өзінің ауыр зардаптарын тигізді, салық 3-4 есе, ал кейбір жағдайларда 15 есеге дейін өсті. Арнайы соғыс салығы енгізілді. “Ерікті қайырымдылықтар”, мемлекеттік заемдар және тағы басқа да соғыс салығы түріндегі, барлығы 10-ға жуық әртүрлі салықтар мен міндеткерліктер төлеу және атқару міндеттелді. Қазақ даласынан орасан көп мөлшерде арзан бағамен мал сатып алынды, соғыс жүктерін тасымалдау үшін қазақтардың көлік күштері олардың ықтиярынсыз пайдаланылды. 1916 жылға дейін Түркістан өлкесінен 70 мың жылқы, 13 мың түйе, 300 мың пұт ет, 3 мың пұт мақта майы, 473 мың пұт балық, 38 мың аршын киіз, 13 мың киіз үй алынды. Қазақтар сонымен бірге Қазақстан территориясы арқылы өткен әскерлерді тегін етпен, астықпен, малмен, киіз үймен қамтамасыз етуге тиіс болды. Соғыс жылдарында егіс көлемі қысқарып, мал саны азайып кетті. Соғыс өлкеде өнеркәсіптің құлдырауын, ауыл шаруашылығы өнімдерінің күрт төмендеуін, транспорт дағдарысын және қымбатшылық пен ашаршылықты туғызды. Патша әкімшілігі ұлтшылдық ұрандар тастап, ұлтаралық араздықты әдейі қоздырды, қоныс аударғандарды ұрылардан қорғану дегенді желеу етіп қаруландырды. Ұлттық-отарлық езгі одан әрі күшейе түсті. Қоныс аударғандар мен қазақтар арасында тартып алынған жерлер үшін күрес күшейіп кетті. Қазақтар кулактар мен казактардың қысымы мен озбырлығына жауап ретінде олардың жылқыларын айдап әкетіп, жер белгілерін қиратып, дайындаған пішендері мен шабындықтарын өртеп кетіп отырды. Соғыс ауыртпалықтары мен патша өкіметінің отарлық езгісінің одан әрі күшеюі өлкеде жаппай наразылық туғызды. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыс пісіп жетілді. 1914 жылы басталған және оған патшалық Ресей де қатысқан бірінші дүниежүзілік соғыс оның халықтарына аса ауыр қайғы-қасіреттер әкелді: әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді, империяның шет аймақтарында патша шенеуніктерінің басынушылығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз артты. Қазақстанда бірінші кезекте Сырдария облысының солтүстік-шығыс аудандарында, Жетісу облысының оңтүстігінде және басқа бірқатар облыстарда қазақтардың жерлерін жаппай тартып алу жалғасып жатты. Тек Жетісу облысының бір өзінен ғана соғыстың алғашқы үш жылы ішінде 1800 мың десятина ең таңдаулы жайылымдық және егістік жерлер тартып алынды, ал осы жерлердің шын қожалары – қазақтар шаруашылық жүргізуге жарамдылығы аз немесе мүлде жарамсыз шөл және шөлейт аудандарға күштеп көшіріліп жіберілді. Қазақтардан тартып алынған жерлер патша офицерлеріне, шенеуніктерге, дін басыларына, казак әскерлері мен Ресейден және Украинадан қоныс аударған шаруаларға үлестірілді. 1916 жылдың ортасына таман қазақ халқынан тартып алынған жерлердің көлемі 45 млн. десятинаға жетті. Соғыс шикізатты, азық-түлікті, малдың және басқа материалдық байлықтардың орасан зор мөлшерін жұтып жатты. Осыған байланысты қазақ халқының иығына жаңа ауыртпалықтар түсті: міндетті түрде ет тапсырылды, мемлекет керегіне мал жаппай еріксіз алынды, әрбір үйден жаңа соғыс салығын алу енгізілді, земстволық салымдар және болыс басқарушыларын бағып-қағуға арналған бай-болыстық алымдар, сондай-ақ жол үшін төленетін және басқа салықтар мөлшері артты. Жергілікті халыққа салынатын салықтар соғыстың басталуымен байланысты 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда – 15 есеге дейін өсті. 1916 жылы таптық және ұлттық езушіліктің, соғысқа деген өшпенділіктің күшеюі жаппай құбылысқа айналды. Соғыс елдегі жалпы-ұлттық дағдарыстың пісіп-жетілу процесін тездете түсті. Соның жарқын бір көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын дерлік қамтыған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі болды. Көтерілістің шығуының басты себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың өсуі, еңбекшілерді қанау, өлкенің қазақ және басқа бұрыннан тұрған жергілікті халықтары жөнінде царизмнің жүргізіп жатқан орыстандыру саясаты, соғысқа байланысты қалың халық бұқарасы жағдайының күрт нашарлап кетуі, міне осыған алып келді. Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы армияның тыл жұмыстарына Қазақстанның, Орта Азияның және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жасқа дейінгі “бұратаналық” еркек халықтарын шақыру жөніндегі жарлығы тікелей сылтау болды. Мемлекет әжетіне еріксіз алынғандарды әрекеттегі армия қимыл жасап жатқан аудандарда қорғаныс құрылыстары мен әскери байланыс жолдарын салу жұмыстарына пайдалану жоспарланды. Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан – 87 мың адам еріксіз алынуға тиісті болды. Шілденің басында Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Халық қаһарының соққысын алдымен тылдық жұмыстарға баратындардың тізімін тікелей жасаушы болыс басқарушылары, ауыл ағамандары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі қызметкерлері алды. Қазақтардың метрика куәлігінің жоқтығын пайдаланып, олар тізімге жасы нешеде екеніне қарамай, өз беттерінше кедейлерді енгізіп, ал байлардың балаларын пара бергені үшін шақырудан босатып отырған. Тізімдер жасау жүйесі іс жүзінде осындай жаппай парақорлық пен қызмет бабын теріс пайдаланушылық туғызды. 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алды. Империализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында Амангелді Иманов пен көтерілістің басқа басшылары халықты өз уақытында Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Кенесары мен Наурызбай Қасымовтар бастаған тәуелсіздік жолындағы күреске көтерді. Кенесары Қасымовтың басшылығымен болған ұлт-азаттық қозғалысынан кейін бірінші рет 1916 жылғы көтеріліс кең байтақ өлкенің барлық аймақтарын қамтып, бүкілқазақтық сипат алды. Көтеріліс отарлауға және империалистік саясатқа қарсы бағытта өрбіді. Халықты ұлттық және саяси азат ету жолындағы көтерілістің таптық жағы екінші кезектегі мәселе болып қалды. №3 лекция Қазақстан ақпан буржуазиялық –демократиялық революциясы кезінде Мақсаты: 1.Қазақстанның әлеуметттік-экономикалық жағдайы 2.Қазақстандағы революциялық белсенділіктің өсуі 3.Қазақстандағы қос өкімет және оның саясаты 4.Жер мәселесі және ұлттық мәселе Патшалы Ресей заманында әр қилы зорлық-зомбылықты көріп, алдағы күндерге үміт артқан қазақ зиялылары 1917 жылғы ақпан буржуазиялық төңкерісі жеңіп, патшаның тақтан түскені туралы хабарды зор қуанышпен қарсы алды. Өйткені бұл төңкерістен күткені көп болған. Осы қазақ зиялыларының көш басшысы Әлихан Бөкейханов "Қазақ" газетіне Минскіден телеграфпен сәлем жолдады. Онда былай делінген: "Ресейдегі барша халыққа ағайындық, теңдік, бостандық күні туды. Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек. Жаңа құрылған ел бағу дүкенін нығайту үшін тегі басқа барша халықтармен үйір боларға керек. Учредительное собрание сайлауларына қазақ болып қамдану керек. Енді араздық, өштік, дау, жанжал, талас, партиялық сиыспауларды тастау керек, көксерлік жұмыстарың - бірлік, адалдық болсын!, "Жер мәселесін де қозғап, тезірек қолға ала беріңдер. Біз қалайтын патшалық түрі - демократическая республика"Бұл жеделхаттағы негізгі ой сол тарихи кезеңдегі жалпы ұлттық мүддеге сай келді, содан туындады. Халықтың өмір бойы армандаған ұлы азаттығын әкелген бұл бостандықты баянды етіп, өзге өркениетті елдердің қатарынан қалмас үшін бай-кедейге, төре-қараға бөлінбей, ортақ іске жабыла қызмет етуге шақырды. Қазақ халқының оқығандары өз кезінде, орыс интеллегенциясының бағыт- бағдарын таңдап, солардың көшіне ілесуі заңды құбылыс болатын. Ахмет Байтұрсынұлы сол кездегі саяси жағдайды былай деп көрсетеді: "Қазақтарға ақпан төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, қазан төңкерісі оларға соншалықты түсініксіз болды. Олар алғашқы төңкерісті қандай қуанышпен қарсы алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбүр болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл төңкерісіне деген мұндай қатынасы әбден табиғи әрі түсінікті болатын. Алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол біріншіден, бұл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлық-зомбылығынан құтқарғандығында және екіншіден, олардың өзімізді-өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түскендігінде еді" Ақпан төңкерісінің нәтижесінде елде қос өкімет құрылды: буржуазиялық уақытша үкіметпен қатар, халықтық өкімет органдары ретінде жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері болды Патшалық Ресей құрамындағы барлық отар елдер сияқты қазақ зиялылары да уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетті. "1917 жылы наурызда Қазақстанда барлық жерде уақытша өкіметтің жергілікті органдары кәсіп иелерінің, көпестердің, шенеуніктердің мүдделерін білдіретін облыстық және уездік атқару комитеттері құрылды"Уақытша үкімет өзінің саясатын жүзеге асыруда комитеттер мен қоғамдық негіздегі ұйымдарға сүйенді. 1917 жылы 5 наурызда Семейде қоғамдық ұйымдар мен армияның облыстық атқару комитеті құрылып, оның төрағасы болып К. Н. Ляшкеевич сайланды/Сарыарқа газетінде бұл жөнінде: "5-мартта облыс билігін, әмірін атқарып тұрған Семей областной исполнительный комитеті ашылды. Комитетке әрбір ұйым қауымнан екі-екі кісіден мүшелер кірді. Қазақ ішінде бұрын ұйым қауымының жоқтығынан бұл комитетке бізден кісі алынбады" Уақытша үкімет патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерін таратты. Патшаның тақтан түскенін, жергілікті патша билігінің өкілдері орнынан алынғанын естіген халық пен алдыңғы ұлт зиялылары еркін әрекет ете бастады. Осылай ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанда демократиялық қозғалыс кеңейе түсті. Тарихшы Кеңес Нұрпейсовтің: "Февраль революциясынан кейінгі алғашқы айларда кейір аудандарда бір кезде бүкіл өкімет билігін өз қолына алуға тырысқан бірнеше ұйымдар қатар әрекет жасады. Мәселен, Қазақстанның көптеген қалаларында Уақытша үкімет органдары және Советтермен қатар қырғыз - қазақ комитеттері, казачествоның әскери басқармалары, қалалық думалар, земство органдары т.с.с. қатар өмір сүріп, олардың әрқайсысы саяси өкімет билігіне ие болуға тырысты",-деген/пікірін қуаттай отырып, 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі түрлі ұлттық, қоғамдық негізде құрылған ұйымдар мен өкімет орындарының қарым-қатынасына келейік. Қазақстанда таптық, әлеуметтік, ұлттық мүдделерді арқау еткен партиялар мен қоғамдық - саяси ұйымдар осы жерде шоғырланды. Өз мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыру барысында пікір қарама-қайшылығы салдарынан бір-біріне қарсы болып, әр ұйым өз мүдделерін жүзеге асыруға күш салды. Осы кезеңде жергілікті саяси ағымдардың бірнеше тобы топтасты. Олар: социал- революционерлер (эсерлер), социал-демократтар (меньшевиктер), "халық бостандығы партиясы" (кадеттер) ал, қоғамдық ұйымдар мен құрылымдарға келсек оған жұмысшы және солдат депутаттар кеңесі, шаруа депутаттар кеңесі, облыстық қырғыз комитеті, орман комитеті, Әскери шаруашылық басқармасының жанындағы казактардың жер комиссиясы кіреді Ақпан төңкерісінен кейін жалпы қазақ және облыстық қазақ съездерінде және барлық баспасөз беттерінде қазақ зиялыларының Ресейдің мемлекеттік басқару түрі қандай болу керектігі жөнінде кең көлемде талдаулары жүргізілді. Барлық қарарларда демократиялық - федарациялық республика орнату мен ұлттық құқықтық автономияға да орын беру мәселесі айтылды Күн тәртібінде қойылған мәселелердің Үшінші тарауында елді басқару жүйесі жөнінде: "Осындай мемлекеттің толықсып тұрған кезінде халықты билейтін күшті ұйым керек. Ол үшін тұқымының, тобының, нәсілінің, дінінің басқалығына қарамай, халықтың санына қарай кісі кіретін, азды қорғайтын жалпы комитеттер ашу өте қажет",- деп / ұлтаралық қатынасқа назар аудара отырып, екі комитеттің бірігу жөнінде шешім қабылдап, нәтижесінде қазақтан 20 кісі облыстық атқару комитетіне мүшелікке қабылданды. №4 лекция Қазақстанның қоғамдық-саяси ұйымдары 1.Жалпы қазақ сьезі 2.«Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасы 3.Қазақстандағы саяси ағымдары Саяси ағымдағы күрестерге толы сол бір қиын жылдарда орыс билігінің қыспағын түсінген қазақ зиялылары, енді ұлттық мақсат -мұраттары тек өз тағдырларын өз қолына алғанда ғана шешілетінін түсінді. Ұлт азаттығы - халықтың ең маңызды мәселесі болды. Сондықтан Ақпан төңкерісі және орыс демократиясының ықпалы астында ұлттық мақсат-мүддені іске асыру үшін автономия құруға тырысты. Ол үшін, ең бастысы, жан-жақты дайындалған білікті мамандар мен халықтың қалың бұқарасын топтастыратын ұлттық саяси партия қажет болды. Бұл мәселені іске асыру 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен бірінші бүкіл қазақтық съезде қаралды. Онда негізінен мына мәселелерді көтерді: 1.Мемлекет түрі қандай болу. 2.Қазақ өз тізгінін өзі алу, яғни, автономия. 3.Жер мәселесі. 4.Әскерлік 5.Земство 6.Оқу. 7.Сот. 8.Дін. Құрылтай жиылысына қазақтан сайланатын депутаттар, қазақ саяси партиясын құру сияқты барлығы 14 мәселе қаралды/81/. Бұл съезд Ресейде демократиялық парламенттік республика болу идеясын құптады. Қазақстанды тұтас біріктіретін ұлттық автономия орнына облыстық территориялық-ұлттық автономия болуы тиіс деп есептеді. Съезде аграрлық мәселеге байланысты мынадай тұжырым жасалды: "Ең алдымен қазақтардың өздерін түбегейлі орнықтырып болмайынша, олардың жерін алуды тоқтату керек. Сондай-ақ қазақтардың жерді пайдалануы қауымдастық негізде жүргізілуі тиіс". Съезд "Алаш" партиясын құруға және оның бағдарламасын дайындауға шешім қабылдады. Барлық демократиялық қозғалыстар сияқты "Алаш" қозғалысында да прогрессивтікпен қатар әр түрлі бағыттар, оңшылдар мен солшылдар да болды. "Алаш" партиясының қайраткерлері өз күресін жалпы ұлттық мүддеге негізделген, "Қазақ халқын отарлық езгіден құтқару үшін" деген ұранның астында топтастыруға бағыт алды. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы бірінші жалпы қазақ съезінде дүниеге келген "Алаш" партиясы болу керек деп түсінді Міне, ақпан төңкерісінен кейінгі осындай кезең әр түрлі ағымдардағы ұйымдардың көзқарастарын білдіретін газет-журналдардың жаңа бір өрлеу кезеңі болды. Осы шығарылған газет-журналдардың ұстаған қоғамдық- саяси бағыт-бағдары, көздеген идеялық нысанасы және көтерген мәселелеріне қарай жалпы үш топқа топтастырамыз. Олар: ұлттық және социал-демократтар мен либерал - демократтардың мерзімді баспасөздері. Сәкен Сейфуллин сол уақыттағы ағымдарға мерзімді баспасөздің қаншалықты маңызы болғанын былай көрсетеді: "Әлеумет тарихына қарағанда 1917-18 жылдардағы саяси күрестің зор майданындай ұлы дүбірлерде оқыған адамдардың саясат, әлеумет күресіне қатысқандарының бәрі де сол заманында шығып тұрған газет, журналдардың айналасына жиналмақ. Егерде әлеумет ісіне қатысқандар маңайындағы газет-журналдардың бағытына риза болмаса, өздері бөлек газет, журнал шығарып майданға шықпақ. Не болмаса басқа жерлердегі бағыты үйлес деген газеттерге пікірлерін жазып майдандаспақ. Бұл - саясат, әлеумет тарихының тәжірибесі. Мұны былай болмаған деп ешкім де айта алмайды Кадет партиясы бұрын Николай заманында ескі үкіметпен қарсы алысқан. Сол жақ қанаты партияның алдындағы көсемі еді.Мына жаңа заманда бұл партия ескіріп, саясат майданының оң жақ қанатына сырғып отыр. Кадеттер- орыс намысын жібермейтін ұлтшылдар. "Социалист" партиясын жаңа заман жаңғыртып, әр қайсысын екіге бөліп отыр. Бұл партияның ішінде осы күнде көзге көрініп тұрған екі партия бар. Бірі - социалист-"революционерлер" партиясы, бұл өзі екіге бөлінеді "максималист" һәм "либералист" аталады. Екіншісі - жұмыскер партиясы, "Социал - демократ партиясы". Бұл да екіге бөлінеді: "большевик" һәм "меньшевик"…"Социалист" партиясының мақсаты еңбекті пұлдың үстіне шығару, жер-су, мал-мүлікке жұртты ортақ қылу. Бұл партияның іргесі жұмыскер, солдат һәм крестьян советтері. Николай тақтан құласымен уақытша үкімет құрылып, мемлекет тізгіні кадет партиясының қолына тиді де, аға министр осы партиядан болды. Уақытша үкіметтің ең алдыңғы жұмысы жұртқа соғыс туралы пікірін ашу болды: 27 февральда жұртқа жария қылды, өлсек-тірілсек те бұл соғыста одақтас мемлекеттермен бір боламыз деп. Мұнысы жауды мұқатпай тоқтамаймыз дегені еді. Социалист партиялары кадеттердің бұл арасына қарсы болды. Міне, осы жерден талас-тартыс туып социалистер өз ұранын шақырды. "Соғыс жойылсын! Жалпы дүние жүзіндегі жұрттың тыныштығына ірге болатын бітім жасалсын! … Әйтседе, өз арамызда тартыс басылмады. Қайта күннен күнге күшейді, жер-су, қазына, завод-фабрикалар жұртқа қылдай бөлініп беріледі" деген ұран мұжық пен жұмыскердің жүрегіне жылы тиді… Сонымен социалистер күшейе келіп, май басында кадет министрлерді орнынан аударып, министрдің көбін аға министр Керенскийге дейін өз жағынан сайлаған еді. Социалистер жеңді. Жеңсе де, ойлаған ұранынан шықпады: сайлап қойған министрлері соғысты тоқтатқысы келмеді, қайта күшейткісі келді. Осыдан социалистердің өз арасына жік түсе бастады," - дегенобъективті ойын қазіргідей заманда құптамасқа болмайды. Патша үкіметінің отарлық саясатының ықпалы уақытша үкімет тұсында да бірден жойылып кеткен жоқ. Жергілікті халықтың мүддесі құқықтық жағынан көбіне қорғаусыз қалды. Қазақ зиялылары демократиялық бағытта үлкен тарихи қадам бастады. Барлық күш-жігерлерін салып, әлеуметтік қажеттілікті дәл баса отырып, жергілікті мерзімді баспасөзді ашуға үлкен үлес қосты. Материалдық қиыншылыққа қарамай қараңғылық құшағында жатқан қазақ қоғамының саяси көзқарасын оятуды, сөйтіп, жаңа заман үніне құлақ асуды насихаттады. Сол бағытта жұмыс істеді. №5 лекция Қазақстан 1917ж. Қазан революциясы кезінде 1.Революцияның әлеуметтік базасы мен қозғаушы күштері туралы пікірлері мен тұжырымдар 2.Кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері 3.ІІ Жалпы қазақ сьезі Қазақ интеллигенциясының революцияға көзқарас Монархияның ауыр мұрасы, келе жатқан ашаршылық пен күйзеліс, уақытша үкіметтің халықтарға – бітім, шаруаларға- эсер жұмысшыларға- фабрикалар , аз ұлттарға- теңдік кепілдікті құқықтар бере алмауы, ұзақ буржуазияшыл бұқара арасында анархиылық пиғылдардың өршуі жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп жетілгенің анықтап берді. Халық корниловшылықты- контрревалюцияшыл соғысқұмаршылар диктатурасы мен пролетарлат диктатурасының бірін таңдауға тиіс болады. Қазан ревалюциясы , яғни В.И. Лениннің атағындай « Қазан төңкерсі» осындай жағдайда жүзеге асырылады. Бейбітшілік, жер, бостандық, ұлттың өзін-өзі билеуі сияқты жалпы азамттық қазыналарды негізгі алуының ревалюция тағдыры үшін зор маңызы болды, (ұлттың) Жер мен бітім тутралы тарихи деректердің қабылдануы, Кеңес өкіметі ұлт саясатының миллиондаған адамдардың арман- тілегіне сай келген бағдарламасын жариялауы ревалюцияның бүкіл ел көлемінде тез арада жеңіске жетуінде шешуші роль атқарды. Мәселен, «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекшісі мұсылмандарына» атап көрсетілді: Ендігі жерде Сөздердің діни сенімдеріңіз, Сіздердің әдет- ғұрыптарыңыз, ұлттық және мәдени мекемелеріңіз ерікті және оларға қол сұғылмайтын болады деп жарияланады. Өздеріңіздің ұлттық өміріңізді өз еріктеріңізбен , ешбір бөгетсіз құра беріңіздер. Бұлай етуге Сіздердің толық құқықтарыңыз бар. Сіздердің құқықтарыңыз Ресей барлық халықтарының құқықтары сияқты, ревалюциялық және оның органдарының, жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары Кеңесінің бүкіл күш- қуатымен қорғалып отыратын біліп қойыңыздар». Сонымен бірге бітім туралы декрет зорлық- зомбылық ауқымын арттыра түсуді көздеп , ашықтан-ашық дүниежүзілік ревалюцияға шақырады. Ұлт мәселесін шешудің әскери коммуникативтік әдістері, большевиктердің унитарлық мемлекет құруға, тек кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы ресейлік этостардың шын мәнінде қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді. Кеңес өкіметі Қазақстанның түрлі аудандарында әр кездерде орнатылды. Бұл процесс көптеген жағдайларға: белгілі бір аудандағы топтық күйлердің арақатынасына және күштердің арақатынасына және Орал мен Сібірдің ірі өнеркісіп орталықтарына, темір жолдарға жақын орналасуға, жергілікті жұмысшылардың топтасқандығына және олардың село, ауыл, қатынастың жартылай пролетар бұқарасымен байланысның беріктігіне; жергілікті жерлердегі большевиктік ұйымдардың жауынгершілік қабілетіне: ұлт- азаттық қозғалыс тасқынының толысу дәрежесіне байланысты болады. 1917 жылы 25 қазанда болған төңкеріс ақпан төңкерісі нәтижесінде болған уақытша үкіметтің қолынан саяси билік біртіндеп кете бастағанының дәлелі еді. Сөйтіп, Петроградта жұмысшылар, солдаттар мен матростар қарулы көтеріліс арқылы аса маңызды орындарды басып алды. Таңертең әскери- революциялық комитет уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады Қазан төңкерісінің қанды драмалық жағдайларға толы оқиғаларынан кейін большевиктер өкімет басына келді. Жоғарыдағы А.Байтұрсынұлы бағалағанындай, қазан төңкерісін халық үреймен, түсінбеушілікпен қарсы алған еді. Кеңес өкіметі орнағаннан бүгінге дейін Қазан төңкерісі жоғары бағаланып, Ақпан төңкерісінің беделі тарихта төмендетіліп көрсетіліп келді. Ал шындығында, сол кездегі тарихи жағдайларды суреттеген деректерге, жоғарыдағы қазақ зиялыларының тұжырымдауларында, сүйенсек Ақпан төңкерісін тарихи үлкен бетбұрыс ретінде түсініп, ал Қазан төңкерісін белгілі бір топ өкілдерінің мемлекеттің басқару орнын басып алуы деп ғана ұққан. А.Байтұрсынов: "Россияның орталық аудандарында большевиктік қозғалыстың қалай өткендігі қазақтарға белгісіз, шет аймақтарда ол барлық жерде зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық өкімет билігімен қатар жүргізілді. Нақтырақ айтқанда, ол қозғалыс шет аймақтарда революция емес, барып тұрған анархия болды… Егер бұрын патша чиновниктері аталған адамдар тобы қазақтарды ешбір шектеусіз езіп-жаншыған болса, енді мұндай әрекеттерді большевиктер - коммунистердің атын жамылған адамдар тобы жүргізіп отыр"/254/ - деп жазады. Қазан төңкерісін жасаған большевиктер партиясы ұлт париясы емес, тап партиясын әкелді. Күллі Ресейдің әмірі, билігі, дәулеті кедейлер табынікі екенін жариялады. Әрі бұл Ресейдегі әр ұлттардың кедей тобынан құрылған кеңес автономияларының ұйымдасып, бір жалпы Ресейдің құрама республикасы болатындығын жариялады. 1917 жылы 15(2) қарашада "Ресей халықтары құқығының декларациясын" қабылдап, кеңес мемлекеті ұлт саясатының негізгі принциптерін жариялады. Онда мынадай уәде берілді: "Патша заманында Ресей халықтары бір-біріне айдап салынды. Сондай саясаттың нәтижесінде халықтар бір-бірімен қырқысты, олар жаппай қырғынға ұшырады, құлдыққа түсті… халықтарды бір-біріне жауықтырудың мұндай саясатына тыйым салынады. Халықтардың бір-біріне толық сенімі орнайтын ашық та адал саясат жүргізіледі. Одан кейін ұлт саясаты жөнінде: "Ресей халықтарының теңдігімен тәуелсіздігі, Ресей халықтарының өзін-өзі емін-еркін билеуге құқықтығы, тіпті одан бөлініп кетіп, дербес мемлекет құруға дейін еріктілігі…." - деген алғашқы құжатта осындай мәселелерге тоқталды/255/. Міне, осындай ұранына сендірген кеңес өкіметі қаншама қазақтарды да артынан ергізе білді. Міне, қазақ зиялыларын бұндай қадам жасауға мәжбүр еткен де ел қамы, ел тыныштығы болатын. Бірақ бұл келіссөз екі жақтың да келіспеушілігімен аяқталды. Кеңес өкіметі Алашордашылардың ұсынған бағдарламасымен келісе алмады. Өйткені, бағдарламма ұлттық мүдде тұрғысынан жасалған еді. №6 лекция ХХ ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті 1.Ұлттық сананың өсуі 2.Білім және ағарту ісі Қазақ баспасөзі 3. Ғылымның дамуы 4.Музыка өнері XX ғасырдың басындағы қазақ өмірі бұрынғы және т.б. бейнеленген фотосуреттер орын алды. Сонымен бірге зейнеткер Е.С.Мұқанова мұражайға 1913- 1914 жылдардағы Семей мұғалімдер семинариясының студенттері мен мұғалімдерінің төрт фотосуретін сыйға берді. Абайдың жиені Искаков Архамның қолынан Ш.Құдайбердиевтің «Еңлік және Кебек» және «Қалқаман мен Мамыр» поэмаларын, сонымен бірге Абайдың досы, орыстың саяси жер аударылған қайраткері Н.И.Долгополов туралы жарияланған мақалаларды Москвада тұратын зейнеткер қызы Долгополованың қолынан алынды. Бұған қоса мұражайдың жәдігерлер қатарына Қарағанды қаласының тұрғыны, зейнеткер А.Жақымбаев ақсақалдан алынған Абайдың 1909 жылы шыққан таңдаулы шығармалары қосылады. Осы жылдары Абай мұражайының құрамында 3639 әдебиеті бар кітапхана жұмыс жасады. Кітапханадан XIX ғасыр әдебиеттерін табуға болады, солардың ішінде классикалық шығармалар мен әлемдік әдебиеттердің бар екендігін айтып өткен жөн. Бір жыл ішінде кітапханаға барлығы 117 кітап, Абайдың 12, М.Әуезотың 9 шығармасы жинақталады. [46,156] Мұражай экспозициясы 6 түрлі залда орналасқан, онда шамамен 270 негізгі экспонаттар мен 1000 иллюстрациялық, бейнелеу және ғылыми-қосалқы материалдар орын алған. Мұражайдың қорындағы ең бағалы жәдігерлеріне – Абай қолынан шыққан заттар: белбеу, ер тоқым, тегене, ожау, кебеже жатады. Сонымен қоса ерекше жәдігерлердің қатарына Абайдың екі фотосуретін: біреуі жанұясымен, ал екіншісі ұлдары Ақылбай, Мағауиямен түскен фотосуретін, ақын оқыған медресе суреттерін, Абайдың орыс достары Е.П.Михаэлис пен Н.И.Долгополовтың суреттерін жатқызуға болады. Одан басқа Шығыс әдебиетінің классиктері Низами мен Науаидің кітаптары, ұлы орыс ақыны Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың, Батыс-Европа әдебиетінің классиктері Байрон мен Гетенің шығармалары көрмеге қойылған. «Қайтсек ел боламыз, жұрт боламыз» деген мазасыз ойларға шырмалған зиялы қауым Ақпан төңкерісі ала келген демократиялық өзгерістер лебімен қанаттанып, қазақ арасында мәдени-ағарту жұмысын жандандыра түсуге күш салды. Бұл жолда ұлт қамын жеген бірден-бір қоғамдық саяси ұйым – Қазақ комитетері ұлттың оқу-ағарту, мәдени, діни мәселелерін қолға алып, оның талай жыл шешілмей жатқан түйіндерін таратуға тырысты. Бәрінен бұрын қазақ жерінде кенже қалып келе жатқан оқу жайын жолға қоюға зор талпыныс жасады. «Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ. Қай жұрт болсада оқумен ілгері басып тұрғандығын кейін қалудың себебі оқудың кемдігінен екенін көріп тұрмыз. Оқусыз халық қанша бай болсада, бірз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші»,-деп келер ұрпақтың болашағына алаңдап, алысқа көз тастаған ғалым ағартушы А.Байтұрсыновтың көрсетуінше, 1912 жылы бір ғана Торғай облысында 3561 кісіге бір ғана мектептен келген. Басқа облыстарда да мектеп жайы осылай болатын. Бүкіл қазақ облыстарында 1913 жылға қарай 157 орыс-қазақ школасы, 267 ауыл мектебі болды. Бұл екі түрлі мектептің екеуіде қазақ баласына көңілдегідей білім бере алмады, ауыл мектептерінің оқу құралдары, тәртіп, мөлшер жоспары жоқ болса, орыс-қазақ школдарында жоспар да, тәртіп те, оқу құралдары да сай болғанымен, қазақ баласын орыстандыру мақсатын қойғандығымен қолайсыздық туғызды. Ақмола облыстық Қазақ комитеті облыстық қазақ съезінің қаулысымен Ғалия, Хасения, Расулие, Мұхамедие һәм Хусаиния медреселерінде оқитын шәкірттерге 50 стипендия тағайындап, облысты мұғалім мамандармен қамтамасыз ету мақсатында шәкірттерге төмендегідей шарт қойды: 1)Съезд қаулысы бойынша стипендия пайдаланған шәкірттер Ақмола облысы қазағы болуы тиіс; 2)Стипендияны шәкірттер қанша жыл пайдаланса, медресе бітірген соң, сонша жыл Ақмола облысында қызмет етуге міндетті болсын.(230( Ақмола облыстық Қазақ комитетіне қазақ оқушыларына деп уездік Қазақ еомитеттері, атап айтқанда Омбы уезі-4200, Қызылжар уезі-4620, Көкшетау уезі-5000, Атбасар уезі-4400, Ақмола уезі-8500 сом жинап беріп, кейін осы мақсаттта тағы қаржы бөлетіндіктерін білдірді. Комитет шәкірттерге стипендия бөлгенде олардың қандай оқу орнында білім алып жүргендігіне көп көңіл аударды, соған қарай қаржыландырды. «Қазақ әлеуметшілігінің өткенін жөндеп түсініп, қазіргі қалпын анық көріп, кемісін болжай білу – көп қазаққа көз болған, мәдениет жолына көш басшы болған «молда оқып тәрбие алған, ордаға кіріп жол салған» оқыған қазақ зиялыларының міндеті» - деп Халел Досмұхамедов көрсеткеніндей, ендігі шығар қазақ кітаптарының саны ғана емес, сапасы да назарға іліне бастады. №7лекция Қазақстан азамат соғысы жылдарында(1918-1920жж) 1.Азаматтық қарсыластықтың басталуы 2.Солтүстік және солтүстік –шығыс Қазақстанда Кеңес үкіметінің құлауы 3.Қазақстанда азамат соғысы ошақтарының құрылуы 4.«Ақ», «Қызыл» террор Азамат соғысы 1918 жылдың жазына қарай кең етек алды. Оған шетелдік импералистік мемлекеттердің кеңес өкіметін құлату мақсаты мен ішкі революцияға қарсы күштермен одақтасуы себеп болды. Кеңес өкіметіне қарсы біріккен осы екі күштің екпінді тобының ролін Чехословак корпусы атқарды Социал-революционерлер (эсерлер) партиясы Сібірдегі кеңес өкіметіне қарсы чех ақ гвардияшыларының контрреволюциялық дайындықтарын жүргізуде нағыз белсенділік танытты. Олардың кеңесі бойынша чехо-словактардың уақытша атқару комитеті құрылып, 23- мамырда чехословак корпусының әскеріне "қандай жағдайда да қаруды тапсырмауға" бұйрық берілді. Орталық Сібір контрреволюциялық штабының басында көрнекті эсерлер: Сазонов, Михайлов, Фомин, Марков, капитан Гришин, Алмазовтар отырды Сібірді, Уфаны, Самарды, чехословактар алысымен әлеумет майданына шығып, олар әр жерде үкімет жасауға кірісті. Төңкеріске қарсы әрекет қылып жүрген учредительное собраниенің біраз мүшелері Самараға жиылып, комитет құрып, "Самар үкіметін" жасады (Комуч). Бұл учредительное собрание комитеті (Комуч) "Барлық Россияның иесі біз ғана" деп жар салды. Әрине, бұлардың "жар" қағазына ақтардың Омбыдағы үкіметі бағынған жоқ, қайта Омбы үкіметі өзін "барлық Сібірдің үкіметі - біз…" - деп жариялап, Самарадағы учредительное собрание комитетін де өзі бағындыруға әрекет қылды 9 - қазанда Директория Уфадан Омбыға көшті. Кеңес өкіметіне қарсы күрес жариялап, Антантамен байланысты жүргізе бастады. Директория барлық облыстағы ұлттық және қазақ "үкіметтерін" таратты, оның ішіне Алашорда үкіметі, Орынбор, Орал және Жетісу әскери "үкіметтері" де кірді. 7- маусымда чехословактар Омбыны алып, Семейге шабуыл бастайды. 1918 жылы 11 маусымда чехословактар мен ақгвардияшылар жергілікті байлардың көмегімен қаланы алады Осы күні қаланы казак офицерлері - есаул Сидоров пен капитан Виноградов басып алып, әскери штаб құрып, оны облыстағы бір ғана өкімет деп жариялады. Міне осылай, ашық әскери ақгвардияшылар диктатурасы орнады. Семей әскери штабы барлық большевиктер өкіметінің басшыларын тұтқындап, Семей қаласындағы әскери штабқа әкелу керек. Қаңғып жүрген қызыл әскерлерден ауыл-аймақтарды тазарту керек" - деген жарлығын шығарды Және де осы өкіметтің жергілікті азаматтарға арналған үндеуі жарияланды. Онда: "Соңғы күндердегі төңкеріс сіздерді зорлықшыл большевиктерден босатты. Олардың қалдықтары еліміздің қараңғы түпкірлерінде тығылуда, өздерінің құлаған өкіметтерін қайта орнату үшін барлық күштерін пайдалануда Сондықтан барлық азаматтарды өздерінің Отанының алдындағы маңызды борышын өтеуге шақырамыз. Менің шақыруыма үн қатып, азаматтардың уақытша ерікті әскер қатарына сапқа тұратынына үміттенемін" -делінген. Колчактың үкімет басына келуі Омбы, яғни, жалпылама Сібір бойынша үлкен өзгеріс енгізді. Оның эсерлер партиясындағыларды қуғынға салуы эсерлік газеттердің жабылуына әкелді. Өйткені, барлық облыстар мен уездердің комитеттеріне мемлекет бұйрықтары мен заңдары басылатын "Правительственный Вестник" және "Областной ведмости" газеттеріне жазылу міндеттелген және оны талап ету ісімен Омбы ішкі істер жанындағы департаменттің баспа істері жөніндегі кітаптар бөлімі айналысқан. Колчак үкіметі өзінің мүддесін көздейтін баспасөзге мән бере отырып, барлық баслымдарды қатал цензурада ұстаған. Сондай-ақ, осы газет беттеріндегі барлық бұйрық-жарлықтарды, үндеулерді, мемлекеттік шешімдерді басқа газеттер көшіріп, өз газеттеріне қайталап бастырып отырған. №8 лекция Қазақстанда Кеңес мемлекетінің құрылуы. Мақсаты: Қазақстанда Кеңес мемлекетінің құрылуын түсіндіру. 1.Революциялық комитеттің құрылуы және оның қызметі. 2.Түркістан істері бойынша БОАК мен ХКК комиссияларының қызметі. 3.26-тамыз 1920 жылғы Кеңес өкіметінің Декреті. 4.Қазақстанның ОАК мен ХКК құрылуы. Қазақстанда азамат соғысының аяқталуы және контрреволюциялық күштермен ақ гвардияшыларды талқандаумен байланысты Кеңес өкіметін қайта қалпына келтіру мәселесі ерекше орын алды. 1919 жылғы маусым айында Кеңестердің ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты Қазақ кеңес автономиясын құру туралы арнайы мәселе қарады. Онда қазақ халқының қалың бұқарасымен тығыз байланыс орнайтын, мұндағы жаудан азат етілген аймақтарда саяси және шаруашылық жұмыстарды ұйымдастырып, өлкеде Кеңестердің құрылтай съезін шақыруға әзірлік жасайтын арнаулы орган құру туралы шешім қабыданды. Осыған байланысты 1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің декреті бойынша Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет құрылды. Революциялық комитеттің бірінші құрамына С Пестковский (төраға), А. Байтұрсынов, В. Лукашев, Ә. Жанкелдин, М. Тұнғаншин, С. Мендешев, Б. Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, А. Авдеев, Ғ. Әлібеков, Б. Қаралдин еңбек етті. Революциялық комитеттің жұмыс істейтін орталығы болып Орынбор қаласы белгіленді. Қырғыз (қазақ) революциялық комитетінің жанынан басқару салалары бойынша: еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және халық ағарту, егіншілік, юстиция, пошта және телеграф, азық-түлік, жұмысшы - шаруа инспекциясы, халық шаруашылығы кеңесі сияқты бөлімдер мен бөлімшелер құрылды. Қазақ өлкесі территориясындағы өкімет билігі мен басқару жоғары органы - Қырғыз (қазақ) революцпялық комитетініц функциялары өте кең әрі сан-салалы болды. Ол өлкені интервенттер мен ақ гвардияшылардан азат етуде Қызыл Армияға көмек көрсету, мемлекеттік өкімет органдарын нығайту, азат етілген аудандарда кеңестерді қалпына келтіру, өнеркәсіп пен көлік қатынасын жандандыру, мәдениетті өркендету т. б. мәселелермен айналысты. Оның қазақ еңбекшілерін мемлекеттік құрылысқа тарту, кеңес кадрларын дайындау жөніндегі қызметінің зор маңызы болды. Казревком 1919 жылдың шілдесінен 1920 жылдың қазан айына дейін 15 ай жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде оның басшылығымен халық шаруашылығындағы басты сала -отын өндіру бағытында Орал-Ембі мұнай кәсіпшілігін, Қарағанды мсн Екібастұздың шахталарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Өнеркәсіп саласында Екібастұз зауытындағы, Риддер рудниктерінде қорғасын қорыту жұмыстары жолға қойылды. Семей және Ақмола губернияларының кәсіпшіліктерінде тек 1920 жылы 8,5 миллион пұт тұз өндірілді. Семей губерниясында алтын шығару жұмысы қайта басталды. Оралда, Қостанайда, Семейде, Ақмолада және басқа қалаларда электр станциялары жұмыс істей бастады. Жылдың аяғына қарай өлкеде 59 электр станциясының 45-і қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді. Өлке жұмысшылары мен шаруалардың күш жігері арқасында 1920 жылы Бекей, Қостанай, Семей және Ақтөбе губернияларында көптеген орта және ұсақ өнеркәсіп орындары мен шеберханалары қатарға қосылып, бұларда 20 мыңнан астам адам еңбек етті. РК/б/П Қырғыз /Қазақ/ облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмысы одан ары өрістей түсті. 1920 жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында "Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы" жарлық қабылдады. Қазақ республикасына Семей, Ақмола, Торғай және Орал губерниялары, Маңғыстау уезі, Закаспий облысының Красноводск уезіндегі 4-ші және 5-ші Адай болыстары, Астрахань губерниясындағы Синемор болысы, Бөкей ордасы, 1- ші және 2-ші Приморье округтарына шектес, қазақтар қоны-станған бұрынғы қазыналық жерлер кірді. 1920 жылғы 22 қыркүйекте Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің жаңа декреті бойынша ҚАКСР-ның құрамына Орыпбор губерниясы енгізілді, ал Орынбор қаласы республиканың астанасы болды. 1920 жылдың 4-12 қазанында Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі болып өтті. Съезге Қазақстанның барлық губернияларынан 273 делегат және Алтай губерниясы қазақтарының атынан 6 делегат қатысты. Делегаттардың қатарында 128 қазақ, 127 орыс және басқа да ұлттардың 18 өкілі болды. Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті (төрағасы С. М. Меңдешев) және Халком Кеңесі (төрағасы В. Радус-Зенькович) сайланды. Съезд Қырғыз (Қазақ) АКСР-і РКФСР-дің құрамына кіретін жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалардың, қазақтардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерінің автономиялық республикасы болып құрылғанын мәлімдеді. Декларация Кеңестердің таптық мәнін белгілеп берді. Ол халықты ұлттық езушілік пен құлдықта ұстау саясатынан батыл қол үзетінін жариялады. Декларация Қазақстан еңбекшілерінің саяси құқықтарын Кеңестерді сайлау және сайлану құқығын, нәсілдік және ұлттық тегіне қарамастан, барлық азаматтардың тең құқықтығын, тегін білім алу құқығын, қазақ әйелдерінің тең құқықтығын, сөз, жиналыс, баспасөз, ождан бостандығын қуаттап, баянды етті. Азаматтардың еңбек ету, елін қорғау міндеттері де белгіленді. Кеңестердің Құрылтай съезі жер мәселесі жөнінде, экономикалық құрылыс туралы, әкімшілік мәселесі жөнінде, кеңестік заң органдары туралы, халыққа білім беру, денсаулық сақтау туралы және басқа мәселелер жөнінде шешімдер қабылдады. Қазақ АКСР құрылуын және Кеңестердің құрылтай съезінің шешімдерін еңбекшілер мақұлдап қарсы алды. Қазақтың Кеңестік ұлттық мемлекеттігін құрудың орасан зор тарихи маңызы болды. Жаңадан құрылған жас республика тез аяқтана бастады. Қазақ халқының басқа ұлттармен қатар қалыптасу процесі күшейді. Оның Кеңес мемлекеті құрамындағы басқа халықтар мем достығы нығая түсті. Бекіту сұрақтары. 1. Қай жылы Революциялық комитет құрылды? 2. «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қашан қабылданды? 3. Құрылтай съезінде орталық Атқару комитетінің төрағасы болып кім сайланды? Дәріс №9 Тақырыбы: Жаңа экономикалық саясат Мақсаты: Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясатқа өтудің алғышарттары, жер - су реформаларының нәтижелері жөнінде түсіндіру. 1. Соғыстан ейінгі бейбіт құрылысқа көшу. 2. ЖЭС, оның ҚР – ғы ерекшілігі. 3. Жер – су реформасы, оның нәтижелері. Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін, экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің барысында шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді. 1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары - 50,3, орыстары - 31,1, украиндары - 14,4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал ауыл шаруашылығы мешеу жете дамымаған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, мал шарушылығында көшпелі және жартылай көшпелі шараушылық басым болатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп, астықтың жалпы көлемі мен түсімі үш есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914 ж. 3,6 млн. десятина болса 1922 ж. 1,6 млн. десятинаға қыскарды. Мал шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы - 2 млн-ға, Қой ешкі 6,5 млн-дай, түйе - 0,3 млн-ға азайды. Жалпы алғанда осы жылдары барлық мал түрі 10,8 млн. басқа кеміді. Жеті жылға созылған соғыста (бірінші дүниежүзілік және азамат соғысы) жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді. Ол бойыпша шаруалардың күн керісінеп артылған азық-түлік әскер мен ондіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды, Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік неғұрлым көп және қайырымсыз қатал әдістермен жиналды. Мұның өзі Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың Кеңес өкіметіне қарсы шығуына әкелді. Мұндай наразылықтың күшеюі Кеңес өкіметін салғырттан, яғни «әскери коммунизм» саясатынаы / салғырт кейде солай аталатын / бас тартуға, жаңа экономикалық саясатқа көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға мәжбүр етті. Қазакстанда жана экономикалық саясатты /НЭП-ті/ іске асыру 1921 жылғы Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария облыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт астық жиналса, 1921 жылы салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 миллион пұттан асқан жоқ. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдеріпің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. Алайда, жаңа экономнкалық саясатты іске асыру барысында көптеген қиыншылықтар да кездссті. Атап айтқанда, 1921 жылы жазда Еділ озені бойының, Солтүстік және Батыс Қазақстанның халықтары күшті қуаншылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соқты. Сол кездегі мәліметтерге карағанда республикада 2,3 млн. адам ашыққан. Осы қиын-қыстау кезендерде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті. 1921 жылы күзде және 1922 жылы көктемде РКФСР үкіметі толық емес есеп бойынша Қазақстанға 4475 мың пұт астық, 183 мың пұт картоп жіберді. Түркістан мен Украина республикалары да Қазақстанға елеулі көмек жасады. Жұт пен қуаңшылықтан зардап шеккеп кедей шаруашылықтарға ондаған мың ірі қара мал, 5 млн. пұттан астам тұқымдық дән берілді. Бұл дән 1921-1922 жж. бір милллион гектардан астам күздік және жаздық егістікке себілді. Алайда Қазақ Республикасы халық шаруашылығының жағдайы өте ауыр болып қала берді. 20-шы жылдардың басындағы жер реформаларының ерекше маңызды рөлі болды. Мұның өзі жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарып жою бағытында іске асырылған шаралар еді. Патша өкіметі алған жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді. 1921 жылы ақпан айында жер-су реформасы Түркістанның көптеген аудандарында, оның ішінде Алматы, Қапал, Шымкент, Әулиеата уездерінде жүргізілді. Жайық өзенінің сол жағалауының бөлігі межелеп бөлінді. Қазақ шаруалары бұрынғы жайылымдарын алды. Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер-су реформаларын жүзнеге асыру үшін бұқаралық ұйым Қосшы одақтары құрылды. Оның жарғысым кедейлердің таптық сана-сезімін арттыру, олардың мүдделерін қорғау және Кеңес өкіметіне көмектесу сияқты мақсаттарды іске асыруды көздеді. Қосшы одақтарын құруда және оның практикалық қызметінде, сондай-ақ Оңтүстікте жер-су реформаларын жүргізуде Ж. Бөрібаев, О. Жандосов, А. Розыбакиев, т. б. қоғам қайраткерлер көрнекті қызмет атқарды. 1921 жылғы наурызда Жетісуда 17 мыңнан астам мүшесі бар Қосшы одағынын 99 ұясы жұмыс істеді. Қазақстанның ауыл шарушылығында елеулі өзгерістер жүрді. Бірыңғай ауыл шаруашылық салығы енгізіліп, оның жалпы көлемі 100 млн. сомға төмендетілді 1925 жылы 46 мың кедей және ол-ауқаты кем шаруашылықтар мал және құрал-сайман алуға, жер жырту мен егіс егуге мемлекеттен қарыз алды. 1925 жылы мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есе көбейіп, 26 миллионнан асты. Осы шаралардың нәтижесінде республиканың ауыл шаруашылығында орташаландыру процесі бой көрсете бастады. Тұтас алғанда Республика бойынша 1925 жылы қазанда ауыл шаруашылық кооперациясының жүйесінде 322 690 мүшесі бар 2811 бірлестіктері жұмыс істеді, олардың ішінде 62546 мүшссі бар бір мың қазақ бірлсстіктері де бар еді. Сонымен қатар қазақ және қоныс аударып келген шаруашылықтардың төрттен бірінен көбі (27,1 пайыз) бірлестіктерге қамтылды. Бірлестіктер катарына 96 коммуна, 557 артель, 58 жай серіктестіктер кірді. Тұтыну кооперациясы көшпелі ауылда кенінен дамыды. Олардан басқа республикада 35 совхоз және 4 мыңнан астам шаруалар комитеттерінің өзара көмек қоғамдары жұмыс істеді. Бекіту сұрақтары: 1. ЖЭС –тің экономикалық және саяси алғышарттары. 2. ЖЭС-ті жүзеге асырудағы қандай кемшіліктері мен жетістіктері бар? 3. Жер - су реформаларының нәтижелері қандай балды? Дәріс №10 Қазақстандағы индустрияландыру. Мақсаты: Қазақстанның индустриялық дамуы және оның қайшылықтары мен қиындықтары жөнінде түсінік беру. 1. Техниалық артта қалуды жою. 2. Қазақстандағы индустрияландырудың ерешеліктері. 3. Индустрияландырудың нәтижелері мен қиыншылықтары. Жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында Қазақстанда өнеркәсіпті қалпына келтіріп, өркендету ісі өріс алды. Мұнан, тұз өндіру ісі жолға койылып, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері қалпына келтірілді. Бұл кезде өлкедегі транспортқа айрықша көңіл бөлінді. Өйткені көлік қатынасын жолға қоймайынша жана экономикалық саясаттың басты міндеттсрін жүзеге асыру мүмкін емес еді. Осымен байланысты жаңа темір жол құрылыстары жүргізілді. Петропавл – Көкшетау темір жолы іске қосылды. Сондай-ақ Оңтүстік-Сібір магистралының Ақмола - Қарағанды - Павлодар тармағы салыпды. Жетісуда темір жол салу тездетілді. Орынбор - Ташкснт және Сібір темір жолдарында жүк айналымы өсті, оның материалдық-техникалық базасын нығайтуда бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, жол қатынасы халық комиссариаты тарапынан едәуір мөлшерде паровоз және вагон отын, әр түрлі материалдар бөлінді, транспорт шаруашылығының жоғары маман теміржол басшылары жіберілді. Қазақстанда халық шарашылығын қалпына келтіру аяқталғаннан кейін елді индустрияландыру бағыты іске аса бастады. Индустрияландыру өндіріс құрал- жабдықтарын жасайтын, халық тұтынатын тауарларды шығаратын зауыт, фабрикаларды салумен тығыз байланысты болды. Мұндай кәсіпорындар бұрынғы КСРО-нын шығыс аудандарында, оның ішінде Қазақстанда көптеп бой көтерді. Олардың салынуы артта қалған шет аймақтарды өндірісі, өнеркәсібі дамыған орталық аудандармен теңестіру ұранымен жүргізілді. Ф. И. Голощекин республикада индустрияландыру идеясына қолдай отырып, Қазақстанда ауыр өнеркәсіп салаларының орнына, ауыл шаруашылығымен байланысты ұсақ және орта кәсіпорындарды дамыту жоспарын ұсынды. Голощекиндік индустрияландырудың мәнін тез арада түсінген қазақтың алдыңғы қатарлы интеллигенция өкілдері оған үзілді - кесілді қарсы шықты. Смағұл Сәдуақасов Голощекин идеясына ашық қарсы шығып, республикада шикізат байлықтарын қайта өңдеп шығаратын кәсіпорындар салу талаптарын қойды. Алайда, Қазақстан жетекші кадрларының ақылға қонатын, дұрыс қойған саясатын Голощекин жергілікті ұлтшылдықтың белгісі деп бағалады, оларды енді қуғынға сала бастады. Қазақстанда өндіріс күштерін өрге бастыруды, табиғат байлықтарын игеруді тездетуде Түркістан-Сібір темір жолының маңызы зор еді. 1927 жылдан басталған бұл құрылысқа мемлекет тарапынан 200 млн. сом қаржы жұмсалып, тез аяқталу үшін істелген шаралардың нәтижесінде ол мерізімінен 17 ай бұрын 1930 жылы 25 сәуірде іске қосылды. Оиың құрылысын жүргізуге бұл тұста РКСФР Халкомы төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов, темір жол инженсрі М. Тынышбаев, т. б. елеулі үлес қосты. Индустрияландыру барысында Қазақстан индустриялды аграрлы елге айналды. Өнеркәсіп өнімінің халық шаруашылығындағы үлес салмағы 60 пайыздан асты. Қазақстан өнеркәсібін өркендетуге 1928-1940 жылдары 4,6 миллиард сом күрделі қаржы жұмсалды. 1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жұмысшылары еді. Республикада көптеген инженер-техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты. Индустрияландыру барысында өндірісте екпінділер, еңбек озаттары, шаруашылық есеп бригадалары, стахановшылар қозғалысы өріс алды. Индустрияландыру бұрын артта қалған Қазақстан сияқты ұлт аймақтарының тез дамуына, сөз жоқ игі әсерін тигізді. Қазақстанның индустриялық дамуының жоғарғы қарқында жүргізілуі Ресейдің, Украинаның және Кеңес Одағының басқа өнеркәсібі дамыған республикаларының жан-жақты көмегінің арқасында ғана мүмкін болды. Бұл көмек барынша кеңінен және сан алуан түрде жүргізілді. Индустрияландыру Қазақстанда әміршіл - әкімшіл жүйенің барынша қалыптасуы, орталықтануы, жазалау аппараттарының күш алуы жағдайында жүргізілді. Индустрияландыруды жүргізу үшін қаражат жинаудың негізгі қоры ауыл – село адамдарының, шарауалардың адал еңбегінің жемісі мен дәулеті арқасында қалыптасты. Бекіту сұрақтары: 1. Индустрияландырудың мәні неде? 2. Бұл жылдары қандай өндірістер мен өнеркәсіптер салынды? 3. Индустрияландырудың Қазақстан жағдайында маңыздылығы қандай? Дәріс №11 Қазақстандағы саяси өзгерістер. Мақсаты: 1. Қоғамдық саяси жағдай. 2. Ұлттық мәселенің шиеленісуі. 3. Қазақстандағы тіл мәселесі. Өлкенің қоғамдық-саяси өмірінде Қазақстан облыстық бірінші партия конференциясы (1921 ж.маусым) көрнекті орын алды. Ол экономиканың аса маңызды мәселесімен бірге қоғамдық-саяси өмірдің мына проблемаларын талқылады: ұлт мәселесі, партия және кеңес құрылысының кезектегі міндеттері және басқалар. 20 жж. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде шаруалардың бұқаралық ұйымдары: қосшылар (кедей, жарлы) одағы, шаруалардың бұқаралық өзара көмек комитеттері (шарком) және оған біріккен ауылшаруашылық және орман жұмысшыларының одағы (жұмжерорман) маңызды орын алды. Бұл ұйымдардың бәрі, ең алдымен қосшылар одағы бір жағынан Кеңес өкіметі мен Коммунистік партияның, екінші жағынан миллиондаған шаруалар бұқарасының арасындағы байланыстырушы буын болып табылды. Жаңа эконолмикалық саясатқа көшу жағдайында олар азамат соғысы жылдарындағы «әскери коммунизм» саясатының қыспағынан кейін дамократияны өрістетудің куәсі болды және адамның жасампаздық мүмкіндігін арттыру негізінде қалың еңбекшілер бұқарасын жаңа қоғамды құру міндеттерін шешуге тарту идеясын ойдағыдай жүзеге асырудың көрсеткіші болды. Қазақстанның 20-жж қоғамдық-саяси өмірінің қайғылы ерекшелігі мынада болды: осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға, бұл зерденің иелері ұлттық интеллигенцияның көрнекті өкілдерін қыруға бағытталған кең көлемді шаралар жүргізе бастады. Сөйтіп, 20-жж. соңы мен 30-жж. тоталитарлық жүйе қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында бекіді. КОКП-ның бүлінуі оның әлеуметтік-экономикалық саясаттағы қателері ұлттық қатынасқа әсерін тигізбей қойған жоқ. Брежневтік басшылық оларды мүлтіксіз әрі ешқандай проблема жоқ деп санады. Ұлт мәселесін шешудегі табыстарды асыра бағалау кемелденген социализм концепциясынан туындады. Нақ осы дәуірде ұлт мәселелері жүйесінде проблемалар шешілуінен гөрі шапшаңырақ қордаланды. Қаралып отырған дәуірде интернационализм түсінігі жаттанды идеологиялық құрсауда болатын. Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдады. Бұл бағыттағы тәрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді, интернационализм идеяларын насихаттаумен шектелді. Осы мағынада алғанда интернационалдық тәрбие ұлттық саясаттың орнына жүрді немесе бүтіндей оны ауыстырды. Интернационализмді дұрыс түсінбеу Қазақстанда тіл саясатында тек ұлтаралық қатынас тілін ғана қолдап, ал ұлт тілі туралы үндемей қалуға әкеп соқтырды. Республикада кеңінен насихатталған қос тілділік оның екеуіне бірдей қараған жоқ. Орыс тілін республикада қазақтардың 60 проц. менгерсе, қазақ тілін орыстардың 1 проц. де азы меңгерді. Қазақ тілі оның толыққанды өмір сүруіне қажетті 50 әлеуметтік міндеттің 10-ын ғана атқарды. Ол тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуде, мемлекеттік, дипломатиялық, әскери өмірде, жоғары мектептерде қолданылмады. Кітаптың 95 проц.орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70 проц.эфирге орыс тілінде шықты. Мұның үстіне мынаны айту қажет: қалалардың, елді мекендердің, колхоздардың, совхоздардың, көлдердің, өзеңдердің, таулардың аттары орыс тілінің позициясын нығайтуға қызмет етті. Бұрынғы КСРО-дағы империялық тіл саясаты ең алдымен орыс тілін білмейтін адамдардың әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін шұғыл тарылта беру мақсатын көздеді. № 12 лекция Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында Мақсаты: Ұлы Отан соғысының маңызы мен зардабын, халыққа әкелген қасіретін түсіндіру. 1. Қазақстан –майдан Арсеналы. 2. Қазақстандықтардың Мәскеу түбінденгі шайқасқа қатысуы 3. Курск даласындағы шайқас 4. Қазақстандық партизандардың ерліктері 5. Берлин үшін шайқас 6. Жапонияның тізе бүгуі 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңестер Одағына басып кірді. Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын- соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді бір тұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп, халық азаттық соғысына бір кісідей көтерілді. Ұлы Отан соғысы басталған алғышқы күндері өткен жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді. Соғыстың алғашқы күндерінде ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И. В. Панфилов тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде Қазақстанда 238, 310, 314, 387 және 391-атқыштар дивизи-ялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш бригада жасақталды. Соғыс кезінде небары республикада 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілерінің полктері, әр түрлі соғыс саласының ондаған батальондары құрылды. Республика адам күштерімен тек қазақстандық құрамалар мен бөлімшелердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жердегі басқа да құрамалар мен бөлімдерді толықтырып отырды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн. қазақстандықтар қатысты. Республика майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автомашина, 1,5 мың трактор, 110,4 мың жылқы жәие 16,2 мың арба жіберді. Қазақстан офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер даярлап шығарды. Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы күндерінен бастап басқыншылармен кескілескен ұрыс жүргізді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шалиев, В. Лобанов, К. Әбдірахманов, К. Иманқұлов, В. Кача-нов, В. Фурсов т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктін үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, Одесса, Бельцы, Шауляй, Севастополь және т. б. қалалар үшін шайқасты. Әсіресе 1941 жылғы қараша, желтоқсан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы бас-қарған 1073-ші атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. Б. Момышұлына 1990 жылы Совет Одағының Батыры атағы берілді. Қысқа мерзім ішінде бұл дивизияның жауынгерлері бір танк және екі жаяу әскер дивизиясын талқандады. 316-дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И. В. Панфилов зор еңбек сіңірді. Дубосеково разъезі түбінде 28-панфиловшы жауынгерлер жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Саяси жетекші В. Г. Клочковтың жауынгерлерді ерлікке жігерлендіріп: "Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінер жер жоқ, артымызда Мәскеу!"- деген сөздері бүкіл майданға тарап кетті. 28 жауынгер - орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар - 4 сағат бойы өршелене жасалған жау танктерінің тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай-ақ Мәскеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Ғабдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амаикелдиев өздерінің ерліктерімен мәңгі өшпес із қал-дырды. 316-дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған қүрметті 8-ші Ұлан дивизиясы атағы берілді. Мәскеу түбіндегі ұлы шайқасқа панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған 312, 238, 391, 39, 387-ші атқыштар дивизиялары, 74, 75-ші теңіз флот бригадалары қатысты Сталинград түбіндегі жеңістен кейін 1943 жылдың жазында қызыл әскер бөлімдері бірнеше жүздеген шақырым ілгері жылжып, Белгород-Орел шебіне шықты. Мұнда сол жылдың шілде айында Курск ішінде орасан зор шайқас жүрді. Курск шайқасына қатысқан әскери бөлімдердің қатарында қазақстандық 72-ші және 8-ші атқыштар дивизиялары да болды. 72-ші дивизияның жауынгерлері Белгородтың оңтүстік-шығысына қарай өңірдегі неміс әскерлерінің шабуылына қарсы қорғаныс шебінде қимыл жасады. Сонымен бірге қазақстандық 8-ші атқыштар дивизиясы да 352 Орел-Курск ішінінде жау әскерлерімен жойқын ұрыстар жүргізді. «Қазақстандықтар партизандық қозғалысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда, Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында - 1500, Ленинград облысында - 220, Смоленск жерінде - 270-тен астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен отрядтарда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері Г. Ахмедьяров, Қ. Омаров, А. Жүмағалиев, 3. Хұсайынов, Б. Оразбаев, Қ. Қайсенов, Ә. Шәріпов, Т. Жанкелдин, Ж. Саин, т. б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болып отыр. Қазақстан жауынгерлері соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. 1945 жылғы 9 тамызда 52-ші шекаралық отрядтың капитан Г.А. Голубев басқарған тобы Аргуни өзенінің жағасында болған шайқаста 20 жапон солдатын құртып, 4 солдатын тұтқынға алып, әскер бөлімдеріне жол ашты. Келесі күні 150-ші пулемет батальонының жауынгері Л. Г. Кравченко "Лесной" деген жерде жау дзотының аузын денесімен жауып, жолдастарының өмірін сақтап қалуды қамтамасыз етті. 165-ші атқыштар полкінің командирі Н. Д. Құрманов Оңтүстік Сахалинде жапондардың қорғаныс шебін талқандауды ұйымдастырып, Харамитог бекініс ауданының 7 дзоты мен 198 атыс ұяларын басып алуға жағдай жасады. Сөйтіп, кеңес әскерлерінің құрамындағы Қазақстан жауынгерлерінің ерлігі Жапопияның квантун армиясын 15-20 күн ішінде талқандауы және тізе бүктіруін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды. Жапонияның 1945 жылғы қыркүйектің басында тізе бүгуімен Кеңестер Одағының Ұлы Отан соғысы және екінші дүние жүзілік соғыс аяқталды. Адамзат соғыс құмар фашистік диктатураның дүние жүзіне үстемдік жүргізу қауіпінен сақталып қалды. Бекіту сұрақтары: 1. Курск шайқасының маңызы қандай болды? 2. Қай қазақстандық ерлік көрсеткен партизандарды білесіңдер? 3. Мәскеу түбіндегі шайқастың тарихи маңызы қандай болды? №13 лекция Тақырыбы: Соғыстан кейінгі қоғамдық саяси өмірі. Мақсаты: Қазақстанда соғыстан кейінгі қоғамдық саяси өмірі жайында баяндап түсіндіру. 1. Тоталитарлық тәртіптің күшеюі. 2. Қазақстандағы лагерьлер 3. Қазақстанға арнайы қоныс аударған ұлт өкілдерінің келуі «Бекмаханов ісі» Кеңес қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы , тоталитарлық Сталиндік социализмнің үлгісіне үйлесіп жатты. Бірақ соғыстың барлық ауыртпалықтары мен тапшылықтарын бастарынан өткізген халық соғыстың алдындағы жылдардағыдай емес, басқаша еді. Қоғамдық өмірде бейбіт көңіл- күйдің қалыптасуына байланысты белгілі дәрежеде құндылықтар қайта бағаланды. Замандастарымыздың санасында әлеуметтік бағдарламаларға , демократияға бет бұру қажеттігін түсіну барған сайын айқын пісіп жетіле бастады. Қоғам мен партиялық-мемлекеттік басшылықтың әкімшіл – бұйрық беру тәсілінің арасындағы өсе түскен қарама – қайшылық соғыстан бейбітшілікке көшу кезеңінің нақты көрінісі болды. 1936 жылғы сталиндік КСРО Конституциясы елде әміршіл - әкімшіл жүйені одан әрі нығайтты. Социализм тоталитарлық , казармалық сипат алды. Қазақстанда жазалау шаралары басталды. Жазаға ұшырағанда: Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқандар ; партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері ; революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер ; қазақ әдебиеті мен ғылымның белгілі өкілдері; орталықтан Қазақстанға жіберілген партия қайраткерлері. Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер партия пайда болды. 1918 жылы 5 қыркүйектегі РСФСР Халық Комиссарлары кеңесінің арнаулары қаулысында: «Кеңес Республикасын тап жауларынан құтқару үшін, оларды концлагерьге қамау қажет», - делінген. 1929 жылдың өзінде – ақ Сталиннің бұйрығы бойынша елде еңбекпен тезеу лагерьлерінің торабын ұлғайту жоспары жасалған.1930 жылы 4-шілдеде осындай лагерьлер құру туралы арнаулы ереже қабылданды. ГУЛАГ осылай құрылған , оның құрамында 53 лагерь, 425 еңбекпен түзеу лагері болды. Сөйтіп Қарағанды облысының аумағында 1930 – 1950 жылдар аралығында 9 лагерь ұйымдастырылды. Солардың ішіндегі ең үлкен және танымалы – ҚАРЛАГ. Қарағанды еңбекпен түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда , орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка селосында құрылды. ҚАРЛАГ- тың аумағы оңтүстіктен солтүстікке қарай 300 шақырымға , шығыстан батысқа қарай 200 шақырымға созылып жатты. Оған 120 мың га шабындық жер бөлініп берілді. ҚАРЛАГ-ты құрудағы басты мақсаттардың бірі – сол кезде буырқана дами бастаған Орталық Қазақстандағы көмір бассейніне, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинатына аса ірі азық-түлік базасын жасау болды. Осынау өнеркәсіп салаларын құрып , дамытуға арзан жұмыс күші де қажет болатын. ҚАРЛАГ аумағында 80 мың тұрғыны бар 4000 қазақ киіз үйі және немістердің , орыстардың, украиндардың 1200 барағы болды. ҚАРЛАГ басқармасы тек қана ГУЛАГ-қа , Мәскеуге бағында. Республикалық және облыстық партия, Кеңес органдары лагерь қызметіне ешқандай ықпал ете алмады. Мұның өзі тізгіні Мәскеудегілердің қолында болған орталық үлгідегі құрылымы еді. ҚАРЛАГ шаруашылығының негізгі бөлігі Қарағанды мен Ақмола облысының аумағында жатты. Егер 1931 жылы ҚАРЛАГ тың аумағы 53 мың га болса, 1941 жылы 1780650 га болды. 1931 жылы 22 бөлімше , 159 учаске болса, 1941 жылы 26 бөлімше , 192 учаске болды. Әрбір бөлімше бірқатар шаруашылық бөлімшелеріне бөлініп; учаске, нүкте, ферма деп аталды. Лагерьде 106 мал шаруашылық фермасы , 7 бақша учаскесі , 10 егістік учаскесі болды. ҚАРЛАГ аумағы 1950 жылы 20 млн 87646 га, яғни 20876 шаршы шақырым болды. 1942-1943 жылдары 6 ай ішінде 17042 адам ауруханаға жатқызылса , сол уақытта 3372 адам өлді. 1948-52 жылдары лагерьде 8294 адам мүгедек, 2349- туберкулез, 3544 адам ауруханада болды. Көптеген аурулар мен мүгедектер аса ауыр жұмысқа шыдамай мерзімі біткенше өліп жатты. Толық емес деректер бойынша 1940-50 жылдар аралығында ҚАРЛАГ та 40 мыңға жуық тұтқын өлген. 1943 жылы ай сайын 1000 адам өліп отырған . Бала өлімі де көп болған , тек 1945 ж қыркүйек – қазан айларында 98 бала өлген. ҚАРЛАГ азабын 1 млн-нан артық адам көрді. 1953 ж 8 мамырдағы Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес ҚАРЛАГ шаруашылығы таратылды. Басқарма жойылды. Осы уақытта ҚАРЛАГ-та 226 елді мекен болды, ол таратылғаннан кейін оның аумағына 16 жоғары өнімді совхоздар ұйымдастырылды. 40 жыл өткен соң 1993 ж 14 сәуірде Қазақстан Республикасының «Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың барлығын ақтау туралы» заңы шықты. Занның күші 1917 ж 25 қазаннан кейін Қазақстанның аумағында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың барлығына таратылды. Ленинград пен Мәскеуде «Ленинградтық іс» , «Дәрігерлердің ісі» қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. Жас, талантты тарихшы Ермұхан Бекмаханов «Қазақ КСР-і тарихын» даярлау үстінде жұмыс істеп жатқан ғалымдардың интернационалдық ұжымының мүшесі еді, бұған А.П.Кучкин, А.М.Панкратова, Б.Д.Греков, Н.Ж.Дужинин және басқа көрнекті Кеңес тарихшылары кірген-ді. 1943 жылы маусымда кітап жарыққа шықты. Сарапшылардың біреулері оны Қазақстанның жинақталған тарихын жасаудағы алғашқы әрі сәтті қадам деп саналды, басқа біреулері «Россияға қарсы ұлттық көтерілістерді дәріптейтін орыстарға қарсы кітап» деп сынады. «Тарихтағы» отарлауға қарсы көтерілістерге берілген баға ғылыми кескілескен айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың «XIX ғасырдаң 20-40 жж Қазақстан» (1947) деген монографиясында айтылған оның көзқарастары буржуазияшыл ұлтшылдардың концепцияларының дамытылған түрі-саяси зиянды деп жарияланды. 1950 ж «Правда» газеті «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген мақаласында Е.Бекмахановтың кітабын айыптады. «Правданың» мақаласы Бекмахановқа саяси айып тағып, құртуды тікелей бастап берді. 1951 ж 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті » Правда» газетіндегі мақал туралы қаулы қабылдап, онда мақаланы дұрыс деп тапты және «Бекмахановтың буржуазияшыл-ұлтшылдық көзқарасын айыптады». 1951 ж маусымда Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті «Правда» газетіндегі мақалаға қайта оралып , 1951 ж 10 сәуірдегі қаулыны жүзеге асыру жөнінде бірсыпыра қосымша шаралар белгіледі. Осылай есін тандырып талқыға салғаннан кейін тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясынан шығарылады, сөйтіп ол 1951-1952 жж Жамбыл облысының Шу ауданында бір орта мектепте жұмыс істеді, ал 1952 ж 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы сотының сот алқасы оны 25 жылға соттады. Тек И.В.Сталин өлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс жоқ болғандықтан доғарылды. 1954 ж көктемде ол Қазақстанға қайтып оралды. 40 – жылдары және 50 – жылдардың басында «Бекмахановтың ісі» жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Сүлейаменов, Е.Смаилов, талантты жазушы Ю.О.Домбровский осы сияқты нақақатан таңылған саяси айыптармен жазаланды. Ә.Әбішев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, С.Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық – ұлтшылдық қатерліктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Қудалауға ұшыраған Қазақ ССР Ғалым академиясының Президенті Қ.Сатпаев пен аса көрнекті жазушы әрі ғалым М.Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетіп қалуға мәжбүр болды. Космополиттер деп айыпталған бірсыпыра ғалым биологтар да республиканың ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарының кафедраларынан қуылды. Бекіту сұрақтары: 1. Қарағанды облысының аумағындағы ең үлкен және танымал лагерьлерін атаңыз. 2. Қазақстан Республикасында «саяси қуғын сүргінге ұшыраған барлығын анықтау туралы» заң қашан қабылданды. 3. Бекмахановтың кітапбын айыптауы қай жылы, қай газетте шықты? Лекция №14 Тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игеру. Мақсаты: Тың және тыңайған жерлерді игерудің ауыл шаруашылығында алатын орнының маңыздылығы. 1. Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру. 2. Тың және тыңайған жерлерді игерудің ауыл шаруашылығындағы экстенсивті дамыту жағдайы. 3. Тың және тыңайған жерлерді игеру шаралары мен зардаптары. 4. Тың және тыңайған жерлерді игерудің мал шаруашылығына әсері және оларды дамытуға арналған шаралар. 1954 жылы КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумында елімізде азық-түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды. Оны игкруге Қазақстан кеңінен қарастырылды. Мұнда қысқа мерізімде тың жерлерді игеру есебінен егіс көлемі 35млн. Гектарға дейін жкткізіліп, солтүстік аудандарда жүздеген жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салынды. Тың өңіріне жүздеген мың қоныстанушылар келіп , оларды қарсы алу, орналастыруға байланысты республика партия және кеңес органдарының күрделі де ауыр міндеттерді шешуіне тура келді. Қазақстанға Ресей мен Украина, Беларуссиядан және басқа да одақтас республикалардан тыңды жаппай игерудің бірінші кезеңінде 1954-1956 жж 640 мың адам келді, бұлардың ішінде 391,5 мың ауыл шаруашылық механизаторлары, 50 мың құрылысшы, 3 мың денсаулық сақтау қызметкерлері, 1,5 мыңдай мұғалім, 1 мыңнан астам сауда қызметкерлері және басқалар бареді. 1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебінен астық өндірудің жалпы көлемі 106 млн. Тоннаға жетті. Қазақстан бұл жылдар ішінде мемлекетке 63,4 млн. Тонна астық тапсырды. Тың игеру барысында Қазақстанда көптеген жаңа қалалар бой көтерді. Өнер кәсіп орындары көптеп салынд. Жаңа темір жол, тас жол желілері тартылды. Тың игеру республиканың экономикалық күш қуатын бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеге ілгерілетті. Тың игеру қарабайыр «экстенсивті» әдіспен жүргізілді. Мұның өзі гектарға шаққанда өнімді аз алуға соқтырды. Бұл жерде өндірілген астықтың бағасы өте қымбатқа түсті. Оны жинауға бүкіл елдің комбайыншылары, әскери бөлімдер, қала тұрғындары, оқу орындарының студенттері қатыстырылды. 50-ші жылдардың басында колхоздарды күштеп ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды, оның есесіне колхоз өндірісінің шоғырлануы күшейді. Осы жылдарда біраз колхоздар, олардың ішінде Қазақстанның колхоздары да ірі, экономикалық жағынан жақсы жарақтанған шаруашылықтарға айналды. Қазақстан колхоздарының ақшалай табысы өсіп, бөлінбейтін қорлары көбейді. Еңбек күннің құны екі еседен астам өсіп және ақшалай табысы өсіп, бөлінбейтін қордары көбейді . Еңбек күнніңт құны екі еседен астам өсіп және ақшалай орташа бағасы 1958 жылы 10 сом 54 тиынға жетті. Сол жылы республика колхоздарында 63 мыңнан астам жоғары және орта білімді мамандар жұмыс істеді. Бұларда 18 мыңнан астам диқан мен малшы, 17,2 мың жүргізуші, 13,2 мың ауыл шаруашылығы механизаторлары еңбек етті. Олрдың арасынан зор қабілетті ұйымдастырушылар шықты. Тың және тыңайған жерлерді игерудің сонымен бірге үлкен азаптары мен көлеңкелі жақтары да болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келгендердің саны шамадан тыс көбейіп кетті. Жергілікті жерлерді ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары ірілендірген мектеп- интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Мұның өзі, бір жағынан, қазақ жастарының өз ұлтының тілінен, салт- дәстүрі мен мәдениетінен қол үзіп мәңгірттенуіне жол ашса, екінші жағынан жергілікті халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргізіле бастады. Тың игеру мал шарулығына үлкен зиян келтірді. Мал жайылымы, шабындық жерлер азайып, малдың саны кеміді, әсіресе, түйе, жылқы орны толмайтын шығынға ұшырады. Тың игеру барысында ауыл- село тұрғындарының қосалқы шаруашылығына, үй іргесінде көкөніс егуге тыйым салынып, елде азық- түлік мәселесін шиеленістірді. Бекіту сұрақтары 1. Тың және тыңайған жерлерді игерудің маңызы неде? 2. Тың және тыңайған жерлерді игерудің мал шарушылығына әсері қандай? 3. Тың игеру қандай әдістермен жүргізіледі. Лекция №15 1960 жылғы Қазақстанның саяси әлеуметтік жағдайы. 1. Қоғамдық саяси өмірі. 2. Л.И.Брежневтің билікке келуі. 3. Халықтың әлеуметтік жағдайы. Кеңес елінде 20-жж. ортасында әбден күшіне мінген қатты әміршіл-әкімшілдік жүйе 30-40 және 50 жж. бас кезінде өзінің арықтау шыңына жетті. Адамның бас бостандығын тұншықтыру, оның құқын есепке алмау, адамдарды өндіріс құралдарынан алыстату, мемлекетті басқару билігіне ықпал жасау саясатын қалыптастыру сияқты теріс құбылыстар оған толық дәрежеде тән еді. Елде В. Сталиннің жеке басына табыну бел алды. Қандай да болсын табыстың бәрі оның басшылық жасай білуіне, ал ірі кемшіліктер мен олқылықтар «халық жауларына» таңылды немесе үнсіз қалдырылды. Мұның бәрі республиканың қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етіп, ауыр зардаптарға ұшыратты. Даңғаза саяси айдар таңуды даланған әртүрлі ұрандардың көлеңкесінде заңдылық бұзылып, өкімет билігі теріс қолданылып жатты. Сөйтіп, саяси жүйе өзінің іштей дамуға қабілетсіз екенін көрсетті. Қалыптасқан дәстүр бойынша, партия органдарының басшылық рөлі олардың қоғам өмірінің барлық жақтарына тікелей, таза әміршіл-әкімшілік араласуы деп түсінілді. Мемлекеттік органдардың құзырына жататын мәселелерді шеше отырып, Коммунистік халық шаруашылықтың және әлеуметтік-мәдени міндеттерді дауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды барынша тарқанмен, осы арқылы оларды дербестігінен айырды. Кеңес қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы, тоталитарлық Сталиндік социализмнің үлгісіне үйлесіп жатты. Бірақ соғыстың барлық ауыртпалықтары тапшылықтарын бастарынан өткізген халық соғыстың алдындағы жылдардағыдай емес, басқаша еді. Қоғамдық өмірде көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты белгілі дәрежеде құндылықтар қайта бағаланды. Замандастарымыздың санасында әлеуметтік бағдарламаларға, демократияға бет бұру қажеттігін түсіну барған сайын айқын пісіп жетіле бастады. Қоғам мен партиялық-мемлекеттік басшылықтың әкімшіл-бұйрық беру тәсілінің арасындағы өсе түскен қарама-қайшылық соғыстан бейбітшілікке кезеңінің нақты көрінісі болды. Алайда қоғамдық сананың барлық дәрежесінде әлеуметтік жаңғырудың комплексті бағдарламаларына көшуге сірескен қоғамды-саяси құрылым кедергі жасады. Мұның үстіне аса ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың жұмыс істеп жүйесі тиімді деген сенім туғызды, ал басшылардың көпшілігі басқарудың әкімшілік тәсілдері мінсіз деп пайымдады. 40 және 50-жж. басында социализм идеалогиясы өзінің шырқау шыңына жетті. Міне осындай күрделі жағдайда қоғамдық ғылым-комитеттерінің қатаң бақылауымен дамыды. Әсіресе қоғамдық ғылымдардың мұнан әргі жағдайына ВҚП/б/ Орталық Комитетінің «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы (1946 ж. 14 тамыз) қаулысы теріс әсер етіп, ол басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді. 1960-64 ж. СССР Жоғ. Советі Президиумының Председателі болды. 1963 ж. июньнен КПСС ОК-нің секретары міндетін қоса атқарды. Ол мемл. аппаратты жетілдіру, соц. демократияны дамыту және заңдылықты нығайту, лениндік сыртқы саясатты жүзеге асыру жөнінде көптеген жұмыс істеді. Л. И. Брежнев партия мен еліміз өмірінде тарихи маңызы зор КПСС ОК-нің Октябрь (1964) пленумы жұмысына белсене қатысты. ОК-нің Октябрь пленумы партия өмірінің лениндік нормалары мен басшылық ету принциптерін қатаң сақтау және дамыту жөніндегі партияның мызғымас еркін білдіре отырып, Л. И. Брежневті КПСС ОК-нің 1-секретары етіп сайлады, 1964 ж. ноябрьде КПСС ОК РСФСР жөніндегі Бюросының председателі болып бекітілді. Л. И. Брежнев СССР-дің халықар. байланысып дамыту, дүн. жүз. соц. системаны, халықар. коммунистік және жұмысшы қозғалысының бірлігін сақтау, бүкіл ел еңбекшілерінің рев. ынтымағын нығайту мәселелеріне күш-жігерін аямай жұмсап келеді. Жұмысшы табының ұйтқысы өнеркәсіп жұмысшысы екені мәлім, 1970 ж. ол оның бүкіл құрамының төрттен бірінен астамы болды. 1960—1970 жж. өнеркәсіп жұмысшылары 39,6 процент (53 мыңнан 877 мыңға дейін) өсті. Ауыр индустрияның басым өркендеуінің нәтижесінде өнеркәсіп жұмысшыларының қатарын машина жасау, металл өңдеу, құрылыс материалдары, отын өнеркәсібінің еңбеккерлері жетекші орын алды. Сол сияқты жеңіл өнеркәсіп жұмысшылары олардың үлкен тобы болды . Павлодар, Маңғыстау, Қостанай облыстарында өнеркәсіп-өндірісі адамдарының қатары шапшаң өсті, дегенмен дәстүрлі өнеркәсіп орталықтары — Қарағандыда, Алматыда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда жұмысшылардың саны неғұрлым көп болды. Жұмысшы табы ірі кәсіпорындарға күштірек шоғырланды. Мәселен, I мыңнан астам адамы бар кәсіпорындарда жұмыс істеі жұмысшылардың үлес саны 1960 ж. 42,4 проц. болса, 1973 ж. 56,1 процентке дейін өсті. 1973 ж. жұмысшылардың 28,2 проценті мыңнан астам адамы бар кәсіпорындарға, ал жұмысшылардыя проц. 10 мыңнан астам адамы бар кәсіпорындарға шоғырлану Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты, Қарағанды металлу және Ащысай полиметалл комбинаттары және басқалар индустриялық алыптар болып саналды. 1970 ж. Қазақстан әйелдерді қоғамдық өндіріске тарту Одақта 8-орында еді. Мұнай кейінгі дәуірде әйелдерді өнеркәсіпке тарту едәуір кеңейді, олардың үлес саны 1957 ж. 37,5 проц. 1973 44,4 проц. дейін көтерілді. Әйелдер еңбегінің дәстүрлі салалары жеңіл және тамақ өнеркәсібінде жұмысшы коллективтерінің басым бөлігі әйелдер болды. Алайда, республикада өндірісте жұмыс істейтін еңбек қабілетті әйелдердің саны көп еді. Мұның негізгі себебі балалар бақшалары жүйесі құрылысының жеткілікті салынбауы, тұрмыс қызметі өнеркәсібінің нашар дамуы немесе бірсыпыра қалаларда салалық құрылымның біржақтылығы, көп балалы аналар үшін толық емес жұмыс күнін және үйге жұмыс беруді мардымсыз пайдалану болды. Бекіту сұрақтары: 1. Мәскеуде КОКП-ның 20 съезі қай жылы өтті? 2. Брежнев қай жылдары, қандай отбасында дүниеге келген? 3. 1957 – 1973 жылдары жұмысшылардың арасында қазақтардың үлес саны неше пайызға дейін азайып кетті? №16 лекция Экономикалық басқарудағы реформалар Мақсаты: студенттерге ел тарихының ХХ ғғ. 60 жылдарының екінші жартысында болған экономикалық-саяси өзгерулерді оқыту, тарихи көзқарастарын қалыптастыру. 1. Экономикалық реформалардың мәні. 2. 1965ж. КОКП ОК-нің наурыз және қыркүйек пленумдары. 3. Қазақстан өнеркәсібіндегі жаңа салалар, ауылшаруашылығының дағдарысты жағдайы. 4. Тілдік мәселелер. 5. 1965ж. шаруашылық реформалары. 1960-шы жылдары халық шаруашылығын әміршіл-әкімшілдік, бюрократтық жолмен басшылық жасаудың тиімсіз екендігі сезіліп, елдің сол кездегі басшылығы оны қайта қарауға талпыныс жасады. Ғылыми-техникалық прогресс-қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының аса маңызды факторы. 60-жылдары ғылыми-техникалық прогресстің табыстары кең көлемде еңгізілді: электрлендіру және химияландыру, кәсіпорындарды бір жолға қуаты күшті жоғары өнімді жабдықтармен жарақтандыру, учаскелерді, цехтарды, кәсіпорындарды және т.б. механикаландыру және автоматтандыру есебінен өндіріс интенсивтендірілді. Кен шығару өнеркәсібінде көмір өндірудің негізгі процесстері: қазу, құлату және тазалау забойларына жеткізу, жер астында тасымалдау және темір жол вогондарына тиеу және т.б. механикаландырылды. Республиканың жетекші кен өндіру кәсіпорындарының қазіргі заманғы еңбек құралдарымен жарақтануы, онда қолданылатын технология жөнінен олар дүние жүзінің таңдаулы кәсіпорындары дәрежесінде, ал тіпті жабдықтардың кейбір түрі түрлерінен олардың алдында болды. Жер астына кен өндірудің озық жүйесі, жоғары өнімді жабдықтар, шапшаң бұрғылау барған сайын кеңінен еңгізіле берді, тиеу- тасымалдау процесстері механикаландырылды. Металлургия кәсіпорындарында технологиялық процесстерді шапшаңдатушы фактор ретінде оттегі үлкен көлнмде қолданылды. І965 жылғы наурыз, қыркүйек және қазан айларында өткен КОПК Орталық комитетінің Пленумдары өнеркәсіпті басқару жөніндегі шаралардың арттырылғанын және жоспарлаудың жетілдірілгенін, өндірістің экономикалық тиімділігінің күшейгендігін атап көрсетті. Соған сәйкес кәсіпорындарда өндіріс салаларында есеп айырысудың пәрменділігін кеңейте түсу мәселесі қаралды, кәсіпорын қызметінің жетімсіз жақтарын түзеу көзделді, олардың шаруашылық дербестігі кеңейтілді, экономиканың мәнді тетіктері: кіріс, баға, сыйлық, несие тиімді пайдаланылды. Жұмысшылар мен ұжымдардың материалдық қызығушылығы артты. Жоғары жоспарлық міндеттер өндіріс қорларын, жұмысшы күшін, материалдық және қаржы қорларын өндірісте толық пайдалану, өндіріс техникасын жетілдіру және өнімнің сапасын арттыру көзделді. 1960-шы жылдардың соңында республикада материалдық ынталандыру мен жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізуге 1467 кәсіпорын көшті, немесе барлық өнеркәсіп орындарының 80% осы негізде жүмыс істеуге бағытталды. Шаруашылық реформа республика экономикасын дамытуға белгілі жағдайда көмек берді. Реформаның мүмкіндіктері мен артықшылықтарын о баста іс жүзіне асыруға, жоспарлаудың жаңа принциптерін экономиканы ынталандыруды жетілдіруді жүзеге асыруда белгілі күштер толық пайдаланылмады. Жаңадан құрылған экономикалық басқару жүйесінің бағыты тұрақсыздыққа айналды(жоспарларды қайта қарау, кәсіпорын құқықтарын шектеу, орталықтың әміршілдігінің күшеюі және басқалар етек алды). Реформа кәсіпорын деңгейінде ғана нақты жұмыс орнына жетпей, екінші жағынан басқару тетіктерін нақты қозғамай бір орнында тоқырап қалды. Реформаны төменнен қозғау әрекеті экономикалық бағдарлауға ұласып кетті. Бұл жылдары республика өзінің рөлін сақтап қалу үшін КСРО аймағындағы ірі кәсіпорынның біріне айналу үшін елеулі жұмыстар атқарды. Хром өндірудің көлемін арттыру бойынша Қазақстан Одақта алдыңғы қатарга шықты, көмір, темір, марганец рудалары бойынша үшінші орында болды. Республика бүкіл Одақ бойынша сары фосфор, шығаруда 90%, жемдік фосфор шығаруда 40% және мыс, мырыш, қорғасын өндіруде 30 дан 70% дейін көрсеткішке жетті. Мұнай өңдеу, оны қайта өңдеу, оны іздестіру барлау жұмыстарында жаңа техникалар мен технологиялар жетілдірілді. 1965 ж. 308 мұнай скважинасы кешенді автоматтандырылды. Мұнай қазу процесінде тетіктер механизмдері жүзеге асырылды. 198 мың т. мұнай жер қабатына жасанды жолмен әсер ету тәсілі арқылы өндірілді. Машина құрылысында қаттау, техниканы жинау, ұста, пресс және т.б. цехтардың жұмыстарын прогрессті даму жолдарын жетілдіру шаралары үздіксіз қолданылды. Электр қуатында құрал-сайманмен жабдықтау құрылымы өзгертілді. Электр станцияларында аса қуатты дара агрегаттар жұмыс істеді. Жоғары қысыммен жұмыс істейтін агрегаттар саны артты. Автоматтандыру, телемеханика, электрондық есептеуіш техникасы көбейді. Осының нәтижесінде республика өнеркәсібін қайта құруда, кәсіпорынды техникамен қайта жабдықтауда, жаңа техниканы енгізуде, прогрессшіл техниканы енгізуде белгілі табыстарға қол жеткізілді. Осының өзінде ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізуде, сол кездегі шаруашылық механизмінің жетілмеуі салдарынан үлкен қиыншылықтар кездесті. Жоғары өнімді прогресті және технологияны енгізу өте баяу іске асырылды. Шығарылатын өнімнің құрылымында жаңа прогрессшіл материалдар - полимер, ағаш қаттамалары т.б. қолданылмады. Кәсіпорындар және оның тұтас салалары іс жүзінде өнімнің техникалық деңгейін арттыруға ынталы болған жоқ, себебі бұлардың үстінен жоспар, көлем, вал зорлап танылған еді. Тың игерудің әлеуметтік жағдайға келтірілген зиянын айтқан кезде, аймақтық-проблемалық қайшылықтардың арасындағы шиеленісті мәселелерді көтерді. Қазақстанның өндіріс күштерін дамытудағы қайшылықтарды айтпай кетуге болмайды. Тың, өнеркәсіпті Шығыс сияқты, мемлекеттік инвестицияны тартудың негізгі орталығына айналды. Республиканың басқа аймақтары мұндай қатынаста шектеу көрді, құқықтары кемітілді. Соның салдарынан өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымда даму тепе-теңдігі бұзылды. Өндіруші күштерді пайдалануда, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде, демографиялық және экологиялық мәселелерді шешуде қолайсыздықтар туды. Осының барлығы «Солтүстік-Оңтүстік» проблемаларының туындауына, әр түрлі жобалардың көлеңкелі жақтарының шоғырлануына тиісті база болды. Бекіту сұрақтары: 1. Экономикалық реформалардың мәні неде болды? 2. 1965ж. КОКП ОК-нің наурыз және қыркүйек пленумдары қандай мәселелерді қозғады? 3. Қазақстан өнеркәсібіндегі жаңа салалар, ауылшаруашылығының дағдарысты жағдайы қалай көрінді? № 17 Дәріс 1970 – 1980 жылдардағы Қазақстан Мақсаты: Қоғамдағы саяси жағдай және завод фабрикалардың ашылуына байланысты адамдардың көзқарастары. 1. Қоғамдық саяси жағдай. Өнеркәсібі. 2. Қазақстан – КСРО-ң ірі өнеркәсіп аймағы. 3. Отын энергетикалық кешенің дамуы. 4. Машина жасау өндірісінің дамуы. 1966 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша Қазақстандық 1578 кәсіпорын немесе олардың жалпы санының 84 проценті жұмыс істеді. Жоспар сегізінші бесжылдықтың негізгі көрсеткіштері бойынша орындалды: өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 52 процентке артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді. Бірақ белгілі дәрежедегі радикализмге қарамай, экономикалық реформаның бірінші қадамынан бастап-ақ оның жүйесіздігі, жартыкештігі көрініп тұрды. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді, бұл құрылым өз дамуында тауарсыз социализмнің үстемдік құрып отырған лепірмесінің құрсауында болатын. Осының салдарынан 70-жылдардың басында экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланды. Реформаның негізгі мақсаты — кәсіпорындардың шаруашмлық дербестігін жоспарлы кеңейту — тек көрсеткіштерді кемітуге және коллективтердің көтермелеу қорларын қалыптастыру тәртібін өзгертуге әкеп сайды. Көптеген кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, неғұрлым оңай жолға — өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарылату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өнімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 70-жылдың басында-ақ инфляциялық процестердін, басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Реформаның жартыкештігі мынадан көрінді: ол кәсіпорындардың дербестігін кенейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкілеттігін күшейтті. Қол жеткен дәреже приициптеріне негізделген жоғарыдан орталықтандырылған жоспарлау сақталып қалды, жалпы өнім көрсеткіштері, олардың жетілдірілмеген деп танылғанына қарамастан, қолданыла берді. Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократиялардыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономиканың ұйымдық- техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, бюрократияның тірегі — мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Брежнев пен оның төңірегіндегілер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды, олар экономиканың қызметіндегі әкімшілік жүйелеріне қол сұғуға болмайтындығын сақтауға тырысты. 70-ж. басында реформаны жүргізу тоқтатылды. Сол жылдары әлі де шаруашылықты жүргізу, жоспарлау мен ынталандыру механизмдерін жақсартуға әлденеше рет талпыныс жасалғанымен мұның өзі тиісті нәтиже бермеді. Қоғамдық өндірістін, тиімділігін арттыру қолдан келмеді. Теріс құбылыстар көбейе берді, қор қайтымы төмендеді, жаңа өндірістік қуаттар шабан игерілді, экономикалық қызметтің ысырапшылық сипаты күшейді, бұрынғыша экономиканың дамуын экстенсивті факторлар белгіледі. Тоғызыншы бесжылдықтың басына қарай республиканың экономикасында өнеркәсіп жетекші орын алды. 1970 ж. қоғамдық өнімнің жалпы құрылымында оның үлесі 48 проц. болды. Халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың 39,8 проц. өнеркәсіптің үлесіне тиді, онда 1052 мың адам қызмет істеді, ол республика жұмысшыларынын 22,4 проц. еді. 1970—1985 жж. республиканың индусгриялық потенциалы белгілі дәрежеде өсе түсті. Өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына жұмсалған қаржының 32 проц. жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артты, оның ішінде химия және мұнай химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе дерлік, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам өсті. 1000-дай өнеркәсіп орындары мен цехтар қатарға қосылды. Оның ішінде Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резина-техника зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай су-электр станциясы, Шымкент және Жамбыл фосфор зауыттары, Жәйрем кен байыту комбинаты және басқалар бар. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен Қазақстан үшінші (РКФСР мен Украинадан кейін) орын алды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл, Павлодар-Екібастұз аймақтық- өндірістік комплекстері қалыптасты. Экономикалық потенциалдың өсуі халық шаруашылық айналымына шикізат және отын энергетикалық ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылды. Экономиканы басқаруды қатаң орталықтандырудың жағдайында өнеркәсіптің құрылымы шикізат өндіруге бағытталған сипатын бұлжытпай сақтап қалды. Базалық министрліктердің өзімшілдік мүдделеріне бас шұлғи отырып, орталық республика экономикасын дамытуда кен шығаратын салаларға басымдық беріп отырды. Ғылымды көп талап ететін өндірісті дамытудың орнына ірі күрделі қаржы соларға жұмсалды. 80-жылдардың басында республика өнеркәсібінде кен шығаратын салалардың үлесі орта есеппен алғанда елдегімен салыстырғанда 1,7 есе жоғары еді. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одактық ведомстволар республикадан шикізат ресурстарын сорып алып, аса зор пайда таба отырып, республика бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады деп айтуға болады. Олар өз кәсіпорындары жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отыраған жағдайда республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проц. аз қаржы аударды, Одақтық министрліктер жалпы өнім көрсеткіштері мен пайдаға құныға отырып, республиканың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, ұлттық жұмысшы кадрларын даярлау, қоршаған ортаны қорғау мүдделерін аяққа басты. 70—80-жж. алып кәсіпорындар түріндегі шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау өнеркәсіптің өңдейтін және қайта өңдейтін өндірісінің өсу қарқыны төмен болуына, халық тұтынатын тауарлар, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндірісінің дамуы жеткіліксіз болуына әкеп соқтырды. Тұтынатын азық-түлік емес товарлардың 60 проц. Қазақстанға басқа республикалардан алынып келінді, осының өзінде олардың бір бөлігі Қазақстан шикізатынан жасалды, бірақ ақтық өнімді өткізуден түсетін пайданы оны жасап шығарушылар алды. Директивалық жоспарлау және монополист-ведомстволардың мүдделері салдарынан республиканын орны толмас ресурстары талан-таражға салынып, тасып әкетіліп жатты. Шығарылған шикізат пен қуаттардың пайдаланылу тиімділігі төмен болды. Бесжылдықтан бесжылдық өткен сайын индустрияға жұмсалатын күрделі қаржы өсе берді, өндірістік құрылыстын сипаты алып көлеммен белгіленді. Республиканың басшылығы мұндай алыпқа табынушылықты қолдап, КОКП-ның кезекті сьездерінде елдегі немесе Еуропадағы ең ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардын қатарға қосылғаны туралы есеп беріп отырды. Республиканың жағдайы халықтың тұрмыс дәрежесімен, оның КСР Одағындағы егемен құқықтарының толықтығымен және нақтылығымен, рухани мәдениетінің дамуымен емес, жұмсалған күрделі қаржының сомасымен, шығарылған руданың, көмірдің, мұнайдың және басқалардың тоннасымен бейнеленді. Экономиканың көкейтесті міндеттері көбінше әміршіл-әкімшілік әдістермен шешілді. Мемлекеттік жоспарлауға қандай да бір елеулі өзгеріс енгізілген жоқ. Кәсіпорындарға директивалық жоспарлы тапсырма еңбек коллективінің келісімінсіз жоғарыдан жіберілді. Іс жүзінде өнімнің барлық түрлері, өзіндік құнның және басқалардың көрсеткіштері жоспарланды. Мұның өзі кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етті, тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Өндірістің теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981—1985 жылдары республикада әртұрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың өсуі халық шаруашылығының бірқалыпты дамымауына алып келді. Бекіту сұрақтары 1. 1970 жылы Реформаның негізгі мақсаты. 2. 1970 жылы Инфляциялық процестердің сақталуына не себеп болды. 3. 1970 жылы-1980 жылы ғылым мен техниканың өндіріске тигізген әсері. Дәріс №18 1970 – 80 жылдардағы әлеуметтік – демографиялық процестер Мақсаты: 1970 – 80 жылдардағы әлеуметтік – демографиялық процестерді қарастыру. 1. Жұмысшы кадрлардың дамуы 2. Халықтың әлеуметтік дамуы. 3. Желтоқсан оқиғасы 4. Экологиялық қозғалыстар 5. Ұлттық қатынастар 1960 - 1970 жж. өнеркәсіп жұмысшылары 39,6 процент (530 мыңнан 877 мыңға дейін) өсті. Ауыр индустрияның басым өркендеуінің нәтижесінде өнеркәсіп жұмысшыларының қатарында машина жасау, металл өңдеу, құрылыс материалдары, отын өнеркәсібінің еңбеккерлері жетекші орын алды. Сол сияқты жеңіл өнеркәсіп жұмысшылары олардың үлкен тобы болды. Павлодар, Маңғыстау, Қостанай облыстарында өнеркәсіп-өндіріс адамдарының қатары шапшаң өсті, дегенмен дәстүрлі өнеркәсіп орталықтары — Қарағандыда, Алматыда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда жұмысшылардың саны неғұрлым көп болды. Жұмысшы табы ірі кәсіпорындарға күштірек шоғырланды. Мәселен, I мыңнан астам адамы бар кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшылардың үлес саны 1960 ж. 42,4 проц. болса, 1973 ж. ол 56,1 проц-ке дейін өсті. 1973 ж. жұмысшылардың 28,2 проц. 3 мыңнан астам адамы бар кәсіпорындарға, ал жұмысшылардың 10 проц. 10 мыңнан астам адамы бар кәсіпорындарға шоғырланды. Соколов - Сарыбай кен байыту комбинаты, Қарағанды металлургия және Ащысай полиметалл комбинаттары және басқалар индустриялық алыптар болып саналды. 1970 ж. Қазақстан әйелдерді қоғамдық өндіріске тарту жөнінде Одақта 8- орында еді. Мұнай кейінгі дәуірде әйелдерді өнеркәсіпке тарту едәуір кеңейді, олардың үлес саны 1957 ж. 37,5 проц. 1973 ж. 44,4 проц. дейін көтерілді . Жұмысшы табы құрамының ұлттық құрамы да өзгерді, бірақ өнеркәсіпке тұрғылықты халық өте нашар тартылды. Мәселен, 1957 - 1973 жж. жұмысшылардың арасында қазақтардын, үлес саны тіпті 17,4 проц. 11,7 проц. дейін азайып кетті. 1970 ж. басында қазақтар тек мұнай шығаратын және газ өнеркәсібінде ғана басым еді. (олар тиісінше 69,5 және 53,6 проц. болды). Ұлттық кадрлардың біршама ірі тобы мұнай өндіруде (36,7 проц.), баспаханада (27,8 проц. тамақ өнеркәсібінде (20,3 проц.), ағаш дайындауда (28,8 проц.) жұмыс істеді. Жұмысшы қазақтардың үлес саны энергетикалық машина жасауда (1973 ж. —2,2 проц.), прибор жасауда (4,7 проц.), электротехника өнеркәсібінде (6,6 проц.), тоқыма (13,6 проц.), тігін өнеркәсібінде (15,7 проц.) төмен болып келді. Реформаның негізгі мақсаты — кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін жоспарлы кеңейту — тек көрсеткіштерді кемітуге және коллективтердің көтермелеу қорларын қалыптастыру тәртібін өзгертуге әкеп сайды. Көптеген кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, неғұрлым оңай жолға — өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарылату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өнімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 70-жылдың басында-ақ инфляциялық процестердің басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Реформаның жартыкештігі мынадан көрінді: ол кәсіпорындардың дербестігін кеңейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкшеттігін күшейтті. Қол жеткен дәреже принциптеріне негізделген жоғарыдан орталықтандырылған жоспарлау сақталып қалды, жалпы өнім көрсеткіштері, олардың жетілдірілмеген деп танылғанына қарамастан, қолданыла берді. 1970—1985 жж. республиканың индустриялық потенциалы белгілі дәрежеде өсе түсті. Өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына жүмсалған қаржының 32 проц. жүмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артты, оның ішінде химия және мұнай химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе дерлік, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам өсті. Казақ жастарының 1986 ж. желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанмен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, оның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Ол саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Желтоқсан уақиғаларының сипаты, оның көлемі мен зардаптары туралы шындық айтылмады. КОКП Орталық Комитетінің «Казақстан республикалық партия ұйымының еңбекшшерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулысынан уақиғаға терең талдау, жан-жақты әділ баға беріледі деп күтідгеніне қарамастан, ол жұртшылықтың өкінішін туғызып қана қоймай, бүкіт бір халықты орынсыз айыптау болып шықты. Орталық ведомстволар тұрғылықты халықтан маман кадрлар даярлауға қамқорлық жасамады, олар жұмысшы күшін тасып әкелуді артық керді, мұнын, өзі экономикалық жағынан тиімсіз болды және ақырында ұлтаралық қатынаста алакөздік туғызды. Мұнын, үстіне кәсіпорындар мен кәсіптік-техникалық училищелерге қазақ жастарын қабылдауға, оларды ана тілінде бағалы мамандықтарға даярлауға, онан әрі олардың өндірісте тұрақтап қалуына шындап көңіл бөлінбеді. Бекіту сұрақтары: 1. Қай жылы КСРО өз әскерлерін Ауғанстанға кіргізді? 2. 1970 жылы Қазақстан әйелдерді қоғамдық өндіріске тарту жөнінде Одақта нешінші орынды иеленді? 3. Невада – Семей қозғалысы кезіндегі белгілі қоғам қайраткері? 4. Қазақстан Президенті Н.А.Назарбаев қай жылы Семей полигонын жабу туралы өкімге қол қойды? № 19 дәріс Қазақстандағы қайта құру Мақсаты: Қайта құру саясатының мақсатын түсіндіру. 1. 1985 жж. ортасындағы Қазақстан КПСС Орталық Комитетінің сәуір 1985 ж. Плениум 2. Демократия мен жариялылық 3. Қайта құрудың мәні 80-жылдардың басында КСРО экономикалык, әлеуметтік, саяси дағдарыс алдында тұрды. Әкімшіл-әміршіл жүйе казіргі заманның нақты жағдайына жауап бере алмайтын еді. Қоғамның барлык жақтарын, оның экономикалық негіздерін, әлеуметтік өмірді, саяси құрылымды, рухани саланы жаңарту қажеттілігі сезілді. Жеделдету бағыты. • 1982 жылты 10 караша — Л.И.Брежнев қайтыс болды. Партия мен үкімет басшылыгына Ю.В.Андропов келді. Ол 80-жылдардың басындағы елде калыптасқан жағдайдың күрделілігін түсіне білді: Өкіметтін жоғары эшелонында жүйелі түрде тортіп орнатуды бастады. Өндірісте реттілік пен тортіпті жолға коюды колға алды. Алайда, бұл шешімдерді іске асыруда дәстүрлі әкімшілдік-бюрократтық рухтары жергілікті органдар зандылықтың өрескел бұзылуына жол берді. 1984 жылғы акпан - Ю.В.Андропов қайтыс болды. Саяси басшылық КОКП Орталык Комитетінің Бас хатшылығына К.У.Черненконы сайлады. 1984 жылғы ақпан — 1985 жылғы наурыз аралығы тоқырау кезеңінің нашар дәстүрлерінің қайта тууымен сипатталады: Молотовтың партиялылығын қалпына келтірді. КОКП ОК-нің ғылыми-техникалык, саясат жөніндегі пленумы өткізілмеді. (1984 ж.). Елді күйзеліске ұшырататын, орасан зор қаржыларды мағынасыз жұтатын гидромелиорациялық жұмыстарды жалғастыруға рұқсат берілді. • 1985 жылғы наурыз - К.У.Черненко қайтыс болды. КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылғы сәуір - КОКП Орталық Комитеті пленумында әлеуметтік- экономикалық өмірдің мәселелеріне жаңаша қарауға әрекет жасалынды. 1985 жылғы сәуір Пленумы әлеуметтік-экономикалык дамытуды жеделдету бағыты. Жеделдету бағыты концепциясыз, анық жүргізілді. Әлеуметтік және экономикалық дағдарысты мемлекеттік жүйені қайта құру арқылы емес, жекелеген шаралардың көмегімен, идеялық-саяси тәрбиені күшейту арқылы жоюға болады деп есептеді. Жеделдету бағытының сәтсіздікке ұшырауының негізгі айыптылары жекелеген басшылар деп жарияланды. Мәскеуде - В.В.Гришин; Ленинградта- Г.В.Романов; Қазақстанда - Д.Қонаев; Әзірбайжанда — Г.Алиев. Сәуір Пленумынан кейін КОКП ОК-нің «Маскүнемдік пен еңбексіз табысқа қарсы» күрес қаулысы жарияланды. Партиялық комитеттердің нұсқаулары бойынша науқан өрістеді: Жүзім шабындықтары оталып, ішімдіксіз аймақтар жарияланды. Кафелер жабылып, ресторандар өзгертілді. Жеке адамдарға өз өнімдерін өсіріп, базарда сатуға рұқсат берілмеді. Өкімет орындарының шалағай шараларының салдарлары: Самогон қайнату күшейді. Спиртті ішімдіктерге алыпсатарлық өсті. Нашақорлық үдеді. Тұрмыстық маскүнемдік артты. - Ұрлық, қылмыс көбейді. «Көлеңкелі экономика» нығая түсті. Қайта кұру бағытының қарама-қайшылығы. • 1987 жылғы қаңтар - КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы мәселе талқыланды. Кемшіліктері: Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. • 1987 маусым - КОКП ОК-нің Пленумы басқару ісін түбірлі қайта кұру мәселелеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды: Тауар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда бұл шаралар іске асырылмады. Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылыгындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сорелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. Қазан тоңкерісінің 70 жылдығындағы мерекелік мәжілісте М.С.Горбачев қоғам дамуының негізгі кезендеріне талдау жасады: Тарих «ақтандақтары» жаңа тұрғыдан қаралды. Сталинизм қылмысты құбылыс деп бағаланды. 1987 жылғы қазан - КОКП ОК-нің Пленумында Мәскеу қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Б.Н.Ельцин қайта құру барысына, реформа баяулығына наразылық білдірді. Алайда оның сөзі «қайта құрудың ту сыртынан тиген соққы» деп қабылданып, баспасөзде жарияланбады. Б.Ельциннің сөзі толық көлемде 1988 жылдың көктемінде ғана жарық көрді. 1988 жылғы маусым - КОКП-ның XIX Бүкілодақтық конференциясында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жүйесіне талдау жасалды. Шешімдері: Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместігін мойындау. Демократияландыру мен жариялылық. Төрешілдікке қарсы күрес. Халықтық реформа жүргізу. Әлеуметтік әділеттілік ұстанымдарын жүзеге асыру. Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар Әміршіл-төрешіл жүйенің жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын туғызды. Ол кемшіліктер мен қайшылықтар: Жоспарлау және жаңа кен орындарын игеру кезінде республикам мүддесі есепке алынбады. Ведомстволар меншігіне түскен табыстардан республикаға болмашы ғана бөлігі беріліп, жергілікті халыққа ештеңе тимеді. - Қаржының көп белігі өндіруші салаларға жіберілді. Халыққа қажетті тауарлардың 60%-на жуығы шеттен тасымалданды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Барлық ғылымдар ресми саясаттың елгезек «қызметшілеріне» айналды. Мәдениет ұлттық тамырларынан қол үзіп, өзіндік ерекшеліктерінен айырыла бастады. Қазақ тілі қоғамдық орындарда қызмет етуден қалып, тек тұрмыстық тілге айналды. Нәтижесінде 1954-1986 жылдар аралығында 600-ден астам қазақ тілінде оқытатын мектептер жабылды. Маңызды саяси шешімдер Мәскеуде қабылданып, ұлттық республикаларға директива ретінде жіберіліп отырды. Жоғары жақтан келіспеушілік немесе қарсылық «партиялық тәртіпті бұзу» немесе «ұлтшылдық» деп бағаланып, қатал жазаланды. Қазақстан басшыларының көз алдында Арал құрғап, Семей полигонында үздіксіз жарылыстар болып жатты. Қазақ тілінің қолданылу аясы тарыла түсті. Парақорлық, маскүнемдік, адамдардың әлеуметтік немқұрайлылығы күшейді. • 1986 жылғы ақпан-наурыз - Қазақстан Компартиясының XVI съезі әлеуметтік- экономикалық дағдарыстың себептеріне терең талдау жасамай, жекелген кемшіліктерді сынаумен шектелді. Республика басшысы, дарынды қайраткер Д.А.Қонаевтың (1986 ж.) өзі де әміршіл-әкімшіл жүйенің окілі ғана болып қалды. Оған КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, үш морте Социалистік Еңбек Ері ретінде өзіндік табынушылық қалыптасты. Д.А.Қонаевтің тағдыры Кремльде шешілді. • 1986 16 желтоксан – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V пленумында (18 минуттық) ұйымдастыру мәселесі қаралды. Шешімі: КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г.П.Разумовский ұсынысымен Д.А.Қонаев қызметінен алынды. ҚазақстанҮкіметінің басшылығына КОКП-ның Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбин тағайындалды. Қоғамда жарияланған мақсаттар мен нақты өмір арасындағы күрделі қайшылық нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына әкеп тіреді. • 1986 жылғы 17 желтоксан — Алматыда жаппай толқу басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Желтоқсан оқиғасы басталуының сылтауы - Г.В.Колбиннің республиканың жоғарғы басшылығына тағайындалуы. Желтоқсан оқиғасының болу себебі: • Орталықтық өктемдік әрекеттері мен қайта құру жариялаған демократиялық ұстанымдар арасындағы қарама- қайшылықтар. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Басқа халықтарға қарсылық және мемлекеттік құрылысты жою үндеулері болған жоқ. Әміршіл басшылық саяси наразылықты өкімет билігіне тонген қатер деп бағалап, Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтірді. КОКП Ішкі істер министрі А.В.Власов еліміздің 8 қаласынан Алматыға Ішкі істер министрлігі әскерлерінің арнайы болімдерін жіберуге шешім қабылдап, заң бұзушылыққа жол берді. Шеруді тарату кезінде сойылдар, саперлік күректер, үйретілген иттер, су шашатын машиналар пайдаланылды. Партия комитеттері мен өкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді: • 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, қаланың сыртына әкетілді. 99 адам айыпталып, бас бостандығынан айрылды (46-сы кейін ақталды). 2 адамату жазасына кесілді, 83 адам - 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылды. 52 адам партия қатарынан шығарылды. 787 адам комсомол қатарынан шығарылды. 1138 адам комсомолдық сөгіс алды. Жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. 271 студент оқудан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан шығарылды. [pic] 1970 — 80-жылдары Батыс елдері кеңес қоғамын барып тұрған әділетсіз коғам деп білді. Бұл ең алдымен партиялық-мемл., әскери, шаруашылық номенклатурасына берілген артықшылыктарға байланысты қорытылған пікір еді. Әлеум. саладағы киын мәселе — тұрғын үй таншылығы болды. Қордаланған әлеум.- . экон. қайшылыктар — еңбекке немкұрайды қарау, өндірістегі ұрлық маскүнемдік, қылмыс жасау, енбек тәртібінін кұлдырауы, "қылмысты экономика" сияқты келеңсіз кұбылыстарды туғызды. Мұның бәрі әлеум. саладағы дағдарыстың көріністері және әміршілдік жүйені күйретуге алып келгсн занды себептер еді. 1985 жылғы наурызда өткен КОКП ОК-нің сәуір Пленумында қоғамнын әлеум.-экон. ламуын жеделдету мәселесі қозғалып, одақты қайта құру идеясы пайда болды және ол "төменнен" — автон. жонс одақтас республикалардан басталды. Қазақстанда респбликаның өзін-өзі басқару, өзін- өзі қаржыландыру тұжырымдамасы жасалды. Онда Қазакстан аумағындағы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жаблықтарына республиканың меншіктік кұқы дәлелденді, елдің егеменлігін саяси және экон. салада нақты түрде қамтамасыз ету қажстгігі туралы батыл мәлімдеме жасалды. Бірақ мұның бәрін жүзеге асыруға мемл. баскару кұрылымының Коммунистік партияның қатаң белігі кедергі жасады. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазакстан компартиясы ОК пленумы жедел шақырылып, ОК-тің бірінші хатшысы Д.А. Қонаеавты қызметінен босатты да, орнына осыған кейін Ульяновск обл. партия к-тінің бірінші хатшысы болып істеген Г.В. Колбин қойыллы. Сөйтіп, Казақстанды баскару мәселесі тағы да көне әдіс бойынша — Қазакстанның сыртынан шешілді. Бұл жайт жергілікті қазақ жастарының карсылығын туғызды. 17 желтоқсанда ертеңгісін партияның ОК орналасқан аланға студент және жұмысшы жастар жиналды. Демонстрация бірнеше күнге созылды, оны обл. орталыктарындағы жастар қолдады. Жастардың Алматыдағы ереуілін үкімет қарулы күшпен таратты. Ереуілге қатынасқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды, жүздеген адам партиялық комсомолдық жазалар берілді. 1987 жазда КОКП ОК-нің «Қазақсатан партия ұйымдарындағы интернационалдық тәрбиелік кемшілітері жөніндегі» қауылысы шығып, желтоқсан оқиғасы «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» ретінде бағаланды. 1986 ж. Желтоқсан ереуілі күллі Кеңес одағындағы халықтардың саяси өмірні жандандырудың басы болады, қасаң әміршілдікті тыю және елді демократияландыру жолындағы күреске жаңа серпін берді (к. Желтоқсан көтерілісі). Республика жұртшылығының 1989 ж. акпандағы митингісі «Невада — Семей» халықаралық қозғалысынның мақсатымсн 1990 ж. мамырда Алматыда «Дүние жүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» деген халықар. конгресс өткізілді. Бекіту сұрақтары: 1. Қайта құру саясатының жеделдету бағыты. 2. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 3. Қайта құру саясатының нәтижесі. № 20 лекция Саяси өзгерістер 1. Желтоқсан оқиғалары. 2. Тәуелсіз ұйымдар мен партиялардың қызметі. 3. Д.А.Қонаевтың қызметтен кетуі. 4. «Невада-Семей» қозғалысы. Халық шаруашылығындағы тоқырау құбылыстары әміршіл-төрешіл жүйенің жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы жіберген кемшіліктері мен қарама-қайшылықтарының нәтижесі еді. Халық шаруашылығының салалық құрылымдары да кеселді қалыпқа түсе бастады. Орта машина жасау министрлігі, Қорғаныс министрлігі дейтіндер республика территориясының нағыз қожалары болып алды. Әр түрлі жоспарлар жасау, жаңа кен орындарын игеру кезінде, іс-жүзінде республика мүдделері есепке алынбады. Ведомстволардың қанжығасына түскен миллиардтаған табыстардан республикаға оған титімдей бөлігі ғана бөлініп, ал жергілікті тұрғындарға ештеңе тимеді. Мұншалықты «бұрмаланған, отарлық құрылымды экономикасы» бар ел әлемде сирек еді. Идеологиялық тоталитаризм және ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» принципі адамдардың рухани дүниесінің дамуына кеселді әсер етті. 1954-1986 жж. 600-ден астам қазақ тілінде оқытатын мектептер жабылды. Қазақ тілінің жағдайы төзіктіз халге жетті Ол қоғамық орындарда қызмет етуден қалып, тек тұрмыстық тілге айналды. Тілдің өзіндік өрісі де тарыла түсті, өйткені оны жастардың көпшілігі ұмыта бастағаны былай тұрсын, тіпті оларда ана тіліне деген менсінбеушілік пайда болды. Ұлттық мәдениет пен тілден аластатудың осындай ұзақ процесі мәңгүрттердің елеулі тобын дүниеге келтірді. Осындай факторлардың салдарынан қазақ ұлтының көңіл-күйі ауырлай түсті. 1986 жылдың ақпан-наурызында Қазақ Комунистік партиясының XVI съезі болып өтті. Алайда бұл съезд де республиканы қаусатқан әлеуметтік- экономикалық дағдарыстың себептеріне терең талдау жасай алмай, тек жекелеген кемшіліктерді сынаумен шектелді. Республиканың басшылығында ұзақ жылдар бойы отырған дарынды адам Д.А.Қонаевтың өзі де, бүкіл КОКП сияқты, әміршіл-әкімшіл жүйенің өкілі ғана болып қалды. Анағұрлым маңызды саяси шешімдер Мәскеуде қабылданып, ұлттық республикаларға директива ретінде жіберіліп отырды. Қандай да болмасын жоғарғы жақпен келіспеушілік немесе қарсылық «партиялық тәртіпті бұзу» немесе «ұлтшылдық» деп бағаланып, іле-шала қатаң жазаланды. Қазақстанда Д.А.Қонаевқа КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері ретінде өзіндік табынушылық қалыптасты. Сондай- ақ, Д.А.Қонаев жұмыс барысында принйипсіздік пен өзімшілдікке де жол беріп отырды. Қазақстан басшыларының мкөз алдында Арал құрғап, қазақ тілінің қолданылуы аясы тарыла түсті, Семей және басқа плигондарда үздіксіз жарылыстар жүргізіліп, әкімшіл жүйенің мәңгілік сыңарлары: парақорлық, тамыр-таныстық, маскүнемдік пен халықтың әлуметтік немқұрайлығы кең құлаш жайды. Д.А.Қонаевтың тағдыры ескі алаңдағы Кремльде шешілді. 1986 жылғы желтоқсанның 16-ы күні таңертеңгілікте Қазақстан Компариясы Орталық Комитетінің V пленумы болды. Плнумда КОКП ОК хатшысы Г.П.Разумовский жүргізді. Күн тәртібінде бір ғана – ұйымдастыру мәселесі тұрды. Пленум бар болғаны 18 минутқа ғана созылды. Республиканы ширек ғасырға жуық басқарған саяси қайраткерді ауыстыру сияқты аса маңызды мәселелердің бірі осыншалықты қысқа мерзім ішінде шешілді. Д.А.Қонаевтың орнына Г.П.Разумовскийдің ұсынысы бойынша бұған дейін КОКП-ның Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген, республикаға мүлдем бейтаныс адам Г.В.Колбин тағайындалды. Желтоқсанның 17-і күні таңертең Алматыда жаппай толқу басталып, кейін ол республиканың басқа да қалаларына тарады. Г.В.Колбиннің республиканың жоғарғы басшылығына тағайындалуы толқу үшін сылтау ғана еді. Наразылыққа жылдар бойы қорланған себептер түрткі болды. Халықты ашындырған Орталықтың дәстүрлі өктемдік әрекеттері мен қайта құру жариялаған демократиялық принциптер арасындағы қарама-қайшылықтар еді. 1986 жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының бой көрсетуі ұлтшылдық сипатта емес және өзінің бастапқы кезеңінде құқыққа қарсы сипатта да болған жоқ. Орталық Комитет пленумының шешіміне алғаш қарсы шыққан Алматы қаласының студент жастары мен жұмысшы топтары еді. Өкімет орындарының жағдайды болжай алмауы қасіретті салдарларға әкеліп соғып, демонстранттар тарапынан да, қоғамдық тәртіпті сақтаушылар тарапынан да адамдардың қазаға ұшырауына жол берілді. Демонстранттарды тарату кезінде партия комитеттері мен өкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді. Уақытша ұстау бөлмелері мен арнайы бөлімдерге, тергеу бөлімдеріне жеткізіліп, қаланың сыртына әкетілген адамдардың санының өзі 8,5 мыңнан асты. Оқиғаға қатысқандарға қарсы қылмысты істер қозғау, сот- тергеу жұмыстары кезінде көптеген дөрекі заңсыздықтарға орын берілді. Тергеу әдеттегідей асығыс, ойдан шығарылған және айыптаушылық пейілде жүргізілді. Мысалы, айыпталған 99 адамның 46-сы біршама уақыттан кейін ақталды, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарда қудалау жүргізілді. Қысқа мерзімнің ішінде желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін 787 адам комсомол қатарынан шығарылды, 1138 адам комсомолдық сөгіс алып, 271 адам оқу орындарынан қуылды, жүздеген адамдар жұмыс орындарынан кетуге мәжбүр болды. Алматыдағы желтоқсан оқиғаларын «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Қазақстанның егемен мемлекет болуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың республикамызда өріс алуына жол ашты. 1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы және «Қазақстанның халық конгресі», Комунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы «Невада – Семей» азаматтық «Азат» және «Қазақстанның халық бірлігі» одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді. Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. Сонымен қатар саяси процестерге көптеп саналады. Олардың қатарына Қазақстанның демократиялық партиясы, «Желтоқсан» қоғамдық комитеті, Социал-демократиялық партиялар т.б. қосуға болады. Қазақстанның саяси қозғалыстардың ішінде «Қазақстанның халық бірлігі» Одағы беделдердің бірі болды. Бұл Одақ өз құрамына әр түрлі әлеуметтік топтарды біріктірді. Қазақстанның социалистік партиясы өзінің ұйымшылдығын нығайту, материалдық-техникалық базасын жақсарту жолында жұмыстар атқарды. ҚХК-нің төрағасы О.Сүлейменов ресейлік «Азаматтық Одақ» және «Демократиялық реформалар қозғалысымен», еуразиялық, дәлірек айтқанда Ресей мен Қазақстандағы интеграция идеясына сүйене отырып, тығыз байланыс орнатты №21 лекция Тәуелсіз Қазақстан КСРО – ның құлауы 1. Экономикалық дағдарыс. 2. Тоталитарлық жүйенің күйреуі. 3. Әлеуметтік шиеленістің өсуі. КСРО – ның құлауы. 4. ТМД – ның құрылуы Қазақстанның тәуелсіздік алуы бұрынғы Кеңес қоғамында қалыптасқан ахуал-қоғамдық жүйенің күйреуінің, Кеңестер Одағының ыдырау салдары нәтижесінде іске асты. КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – ондағы орын алған экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің әлсіздігі еді. КСРО-ның экономикасының артта қалуы 1970 жылдан басталған тоқырау кезеңінде, халық шаруашылығы жоспарларының орындалмауынан өз көрінісін тапты. Экономиканың артта қалуы, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында өріс алды. Кеңестер Одағының құлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы саяси-идеологиялық бірлік пен біртұтастық сол сексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылдардың басында-ақ көзден ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен жөн. Бұл кезде бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде бұрын болмаған ұлт толқулары күшейді. Ең қауіптісі – олар таза ұлттық сипат ала бастады. Ақыр соңында ұлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс қантөгіске әкеп тіреді. Бұған мысал ретінде Қазақстанда болған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын айтуға болады. Қазақстан ыдыраудың соңына дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресті. Бірақ Республиканың бұл ниетіне Одақта болып жатқан әлеуметтік- экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер қарсы тұрды. Сондықтан Қазақстан да өзінің тәуелсіздігін жариялау шараларына кірісті. Атап айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Сөйтіп, бар әлемге Қазақстанның егемендігін жариялады. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халықтың қатысуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Н. Назарбаев Президент болып сайланды. Осы кезде Президенттің Жарлығымен бұрын Одаққа бағынған кәсіпорындар мен ұйымдары республика үкіметінің қарамағына беру, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету, елімізде алтын қорын жасау туралы және тағы басқа заңдар шығарылды. Сол жылғы 10 желтоқсанда Елбасы жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді. Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдына үлкен келелі міндеттер қойылды. Олар елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, жоспарларды іске асыру, елдің ішінде көп ұлтты халықтардың бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. №22 лекция Елдің ішкі саяси мәдени жағдайы Мақсаты: Қазақстан Республикасының ішкі саяси -мәдени жағдайын қарастыру. 1) Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі декларациясын жариялау 2) Президенттік бүкілхалықтық сайлау 3) Н.Ә. Назарбаева Қазақстанның бірінші президенті 4) Қазақстан Республикасының құрылуы Тәуелсіздігіміздің бастауы болған, егемендігіміз туралы Декларациядан кейін 1990 жылдың 25 қазаны — Республика күні болып жарияланды. Бүл қүжатта Қазақстанның егемендігі, оның аумағында ешкімнің қол сүқпайтындығы, ондағы жер үсті мен жер асты байлығы Қазаңстанның қүндылығы болып саналатындығы тайға таңба басқандай етіп жазылды. Қазақстан Республикасы- егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1991 жылғы 16 желтоқсан. 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-нің атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді. Қазақ халқының тынымсыз күресінің арқасында тәуелсіздік жолындағы күресі жүзеге асты. Сонымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі« туралы конституциялық заңы қабылданып, салтанатты түрде жарияланды. 7 тарау 18 баптан түратын бүл заңның 1 бабында былай жазылған: «Қазақстан Республикасы-тәуелсіз, демократиялық және қүқықтық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленді, өзінің сыртқы және ішкі саясатын дербес белгілеп жүргізеді« делінген. Осы заң бойынша өкімет билігіне өзгерістер енгізілді.Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бекітілді. Халақ атынан сөйлеу билігі Президент билігіне берілді. 1991 жылы 1 желтоқсанда Н.Назарбаев бүкілхалықтық дауыс беру арқылы түңғыш Президентіміз болып сайланды. Тәуелсіздік тарихында 1992 жылдың өзіндік ерекшелігі бар. Бүл жыл елдік үшін де, ел үшін де айрықша сынақ жылы болды. Бүл жылы қазақтың өзгелермен терезесі тең, керегесі кең мемлекет қүруға қабілеттілігі сынға түсті. Бүл жылы Дүние жүзі қазақтарының түңғыш қүрылтайы өтті. Оның идеясын Президентіміз Түркияға барған сапарында айтқан болатын Осы Қүрылтайда бүкіл әлемдегі қазақ атаулы жиналып, көк тудың астында бас қосқан еді. Құрылтайға қатысушылар Елбасына ыстық ықыласын жеткізді. Осы Қүрылтайдан кейін Қазақстанды мекен еткен барша үлттар мен үлыстардың басын қосып, береке- бірлікке бастайтын форум өткізу қажеттілігі туды. Бүл форум тамыры тереңге тартылған достық пен туысқандық дәстүрлерге негізделе беретініне сенім туғызды. №23 лекция Егеменді Қазақстан Мақсаты: Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның экономикалық реформалары мемлекеттік дамуындағы саясаты мен бағдарламаларын қарастыру. 1.Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның экономикалық реформалары 2.«Қазақстан -2030» даму стратегиясы 3.ҚР Президентінің жолдаулары Қазақстанның көршілес елдермен мәдени, саяси, әлеуметтік және экономикалық даму процестері сонау ерте кезеңдерден бір-біріне ықпалдаса отырып ұқсас дамыды. Дегенмен қазіргі таңда даму ерекшеліктері байқала түсуде. Жақын және алыс шет елдер деген ұғымның интеграциялық байланыстарда маңыздылығынан айрылуда. Әрине, бұл елдер бәсекелесте, қарсыласта болды, әр түрлі саясат пен идеологияның ықпалына түсті. Аймақ, өзінің геосаяси жағдайымен әрқашан сыртқы күштерді қызықтырған. Ал, жергілікті халықтың басты мақсаты аймақ тыныштығы мен ұрпақ амандығы. Оған тарих дәлел. Бүгінгі таңдағы жағдай өткен тенденциялардың қайталамасы десек артық айтқан болмас. Өйткені жаһандану кезеңінде жоспарлы экономикадан қатал нарық ықпалына түскен Қазақстанның жағдайы алңдаушылық тудыруда. Себебі, көршілес елдердегі қарулы қақтығыстар аймағына айналуы да әбден мүмкін. Бұдан шығудың жалғыз-ақ жолы аймақ елдерінің саяси-экономикалық және әлеуметтік ынтымақтастығы, мәдени-рухани құндылықтар мен салт-дәстүр өзегін сақтап қалу, өз тарихын ұмытпай, әлемдік қауымдастықта өз позициясын нақтылау. Ол үшін әрине экономикалық тоқтаусыз даму мен саяси тұрақтылық әрқашан қажет. Қазіргі таңдағы еліміздің қаржы-экононмикалық дамуына басқа мемлекеттер қызыға да, қызғана да қарайды десек артық айтқанымыз болмас. Экономикалық жүйелерді қоғам мен экономикалық объективті нәтижесі ретінде пайда болады және өзгеріп отырады. Жасанды түрде құрылған экономикалық жүйелер ақырында өндірісті күштер және ресурсты базалармен қарама- қайшылыққа түсіп, нәтижесінде құрып кетеді. Дәл осындай жағдай дамуда объективті тенденциялар мен ұлттық ерекшеліктерді ескермеген жағдайда қайталанады, яғни жоғары дамуды қамтамасыз ете алмайды. Нарықтық қатынасты, тауар өндірісі мен кәсіпкерлік әрекеттерді сынау социализмнің негативті негізгі экономикалық факторлары болып табылады. Қазақстанда кейінгі онжылдықта қоғамды трансформациялау мен ұлттық шаруашылықты әлемдік экономикамен интеграциялау, тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру мен елдің саяси және экономикалық жүйесін негіздеу процесі жүрді. Бұл процеспен қоса адамдардың менталитеттері де өзгерді. Жаңа құндылықтар жүйесі мен жаңа көзқарас қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда аймақ елдері жоғарыда атап өткендей ішкі ресурстар сыртқа шикізат пен жартылай дайын өнімдер шығаруға, дәстүрлі транспорттық қызмет көрсетулер мен туризм және басқа да салалардан пайда табуды маңызды санауда. Дегенмен, әрбір аймақ елі үшін сыртқы қарыз алу мен кредиттер, инвестиция, жаңа технологиялар, нау-хауды тарту мен рационалды қолдану өте қажет болып отыр. Ол үшін нарықтық механизмдердің қызмет атқаруынан, басқарушылық білімнің, менеджмент пен маркетингтік жетістіктері, шаруашылықтағы мемлекеттік реттеу жүйесінің қажеттілігінің құндылығы артып отыр. Мұнай саласындағы жүргізіліп жатқан іс-шаралардың барлығы әлемдік деңгейдегі саяси ойынға айналып отыр. Сонымен, Қазақстанның әлемдік қауымдастағы орны: алдыңғы қатарлы геосаяси күштердің негізгі қақтығыс объектісі ретінде анықталып отыр. Түбінде қайсысының осы аймаққа өз басшылығын орнығатынын ешкім кесіп айта алмайды. Тәуелсіз Қазақстан алдында келесі негізгідей проблемалар тұр. Ішкі саяси проблемалар: - тек, шикізат өндіруші және нашар дамыған инфрақұрылым; - либерализация мен мемлекеттік құрылыстағы процестердің әртүрлі бағытта болуы; - мемлекеттің полиэтникалылығы, елде 131 ұлттар тұрады, қазақ пен орыс ұлты басым. Бұл Қазақстан халқының өзіндік бір сарында дамуына әсерін тигізуде; - ұлттық идеологияны қалыптастырудағы қиындықтар; - қазақ бюрократиясының тәуелсіздік алған кезеңдегі мемлекеттік басқаруда тәжірибелерінің жетіспеуі,мемлекеттен гөрі жеке бас пайдаларын жоғары қоюлары; - демократиялық соттың болмауы; - тұрғындар арасында мемлекеттік тілге сұраныстың болмауы мен дұрыс білмеуі; - ішкі рулық немесе діни алауыздықтар мен бөлінушіліктер; Сыртқы саяси және геосаяси проблемалар: - транспорттық магистральдардың дұрыс дамымағандығы мен теңіз су жолдарының болмауы; - қалыпты сыртқы саяси бағыттардың қалыптаспауы
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz