Файл қосу

Экологиялық орталар





    |ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                    |
|ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                           |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ПОӘК                   |ПОӘК 042-16.1.69/03-2012 |
|ПОӘК оқытушыға арналған  |                       |                         |
|пәннің оқу жұмыс         |басылым №__ ______20__ж|                         |
|бағдарламасы «адам       |                       |                         |
|экологиясы»  пәнінің     |                       |                         |
|оқу-әдістемелік кешені   |                       |                         |






                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                      «адам экологиясы» пәнінен экология
                     мамандығының студенттеріне арналған




                           ОҚЫТУШЫНЫҢ ПӘН БОЙЫНША
                             ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
























                                    Семей
                                    2013

                                  ГЛОССАРИЙ

    Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама  әсер
ететін  өлі  табиғат  элементтері  (космостық,  геофизикалық,   климаттық,
кеңістік, уақытша, т.б.)
    Абиогенді- тірі организмдердің қатысуынсыз жүретін процесс.
    Автотрофтар  -  көмір  қышқыл  газы,  су  және  минералдық   тұздардан
органикалык заттарды синтездейтін организмдер.
    Агробиоценоз - ауылшаруашылығында өсірілетін өсімдіктер қауымдастығы.
    Адаптация  -  тірі  организмдердің  тіршілік  жағдайларына   бейімделі
процесі, түр бойынша (генотиптік)  бейімделушілік  бірнеше  үрпақ  бойынша
жүріп, түр түзілу процесімен байланысты  болатын  және  жеке  (фенотиптік)
адаптация  акклимация  организмдердің  жеке  даму  процесін  қамтып,  оның
генотипіне әсер ететін бейімделушілік болып екіге бөлінеді.
    Акклимация - жеке (физиологиялық) бейімделушілік.
    Аменсализм - белгілі бір ортадағы организмдердің  бір  түрінің  екінші
түр тіршілігіне басымдылық көрсететін түр аралық қатынастар типі.
    Атмосфера  -  Жердің  немесе  кез  келген  космостық   дененің   газды
қабықшасы.
    Антибиоз - организмдер арасындағы бір-біріне кері әсер ететін қарым  -
қатынастың түрі.
    Анабиоз - қолайсыз жағдайлар әсерінен  немесе  организмнің  жеке  даму
процесінде  ерекше  кезеңнің  қалыптасуына  байланысты  олардың   тіршілік
әрекеттерінің уақытша тоқтауы.
    Анаэробты организмдер - оттегіні  қажет  етпейтін,  оттегі  қатысынсыз
ортада тіршілік ететін организмдер.
    Антропогендік факторлар - адамның тіршілік әрекетінің әсері.
    Апвеллинг -  мүхит суларының жоғарғы қабатқа қарай көтерілуі.
    Ареал - органимздердің систематикалық топтарының  -популяциялар,  түр,
т.б. таралу аймағы.
    Аутэкология  -  белгілі  түрге  жататын  жеке  особьтарды   зерттейтін
экологияның бөлімі немесе түр экологиясы.
    Альбедо - белгілі бір дененің түскен сәулені шағылдыру қасиеті.
    Альтернативті энергия көздері - Күн, жел,  теңіздер  мен  геотермальды
энергия түрлері
    Аэробты  организмдер  -   бос   оттегі   қатысында   тіршілік   ететін
организмдер.
    Азотфиксация  -  топырақ  бактерияларының  атмосферадағы   молекулалық
азотты сіңіруі.
    Аффинаж- рафинадтталған металл түрі.
    Алюминийді - “Қанатты” металл  деп атайды. Ол – күміс түсті ақ металл,
жылуды  және  электр  тоғын  жақсы   өткізеді,   созуға,   жаюға,   соғуға
икемді.Алюминий қалаиы, темір,  никель,  марганецпен  қорытпасы  қола  деп
аталады.
    Базалық мониторинг - антропогенді әсер болмайтын табиғи  экожүйелердің
жағдайын бақылау.
    Бентос - мүхит пен континетальды сулардың  түбінде,  грунтта  тіршілік
ететін организмдер (зообентос, фитобентос).
    Биогаз - қатты және сүйық қалдықтардан, оның  ішінде  мал  шаруашылығы
комплекстерінің қалдықтарынан, қаланың коммунальдық - түрмыстық суларынан,
сол сияқты арнайы өсірілген балдырлар мен басқа да организмдерден алынатын
жанғыш газ. Қүрамында негізінен метан көп болады.
    Биогенді заттар - тірі организмдердің тіршілік процестері  нәтижесінде
түзілетін   заттар   (атмосферадағы   газдар,   таскөмір,   мүнай,   торф,
ізбестастар, т.б.), қоректік заттар, биогендер,  био-гендік  элементтер  -
тірі организмдер құрамына кіретін элементтер -  көміртегі,  оттегі,  азот,
сутегі, күкірт, т.б.
    Биогеохимиялық  цикл  -  минералды  қосылыстар  құрамындағы   химиялық
элементтердің өсімдіктер мен  жануарлар  организмдері  арқылы  табиғаттағы
айналымы.
    Биогеоценоз - тірі организмдер қауымдастығының (биоценоз)  абиотикалық
жағдайлардың кеңістіктік жиынтығын (биотоп), зат, энергия  мен  информация
алмасулары негізінде біріктіретін құрлықтық экожүйе.
    Биосфера  -  құрамы,  құрылысы  мен  энергетикасы   тірі   организмдер
тіршілігімен анықталатын Жердің белсенді ерекше  қабықшасы.
    Биоиндикация  -  тірі  организмдер  мен   олардың   қауым-дастықтарына
тигізген әсеріне қарай антропогендік факторларды анықтау.
    Биологиялық  ресурстар  -  адамзат  қоғамына  пайдалы,  багалы   болып
саналатын генетикалық ресурстар,  организмдер  немесе  олардың  бөліктері,
популяциялар  мен   басқа   да   кез   келген   экожүйелердің   биотикалық
компоненттері.
    Биологиялық   тазарту   -   судың   қүрамындағы   ластаушы    заттарды
микроорганизмдер көмегімен тазарту.
    Биота - кеңістіктегі барлық тірі организмдер жиынтықтарының кез келген
түрі, (мысалы, экожүйе биотасы, құрлық биотасы,  теңіз  биотасы,  биосфера
биотасы, т.с.с).
    Биотикалық факторлар - тірі организмдердің бір-біріне әсеріңің  барлық
түрдері.
    Биотикалық  айналым  –  биосферадағы   биотикалық   және   абиотикалық
компоненттердің арасындағы экожүйелердегі биогенді элементтердің айналымы.

    Биотоп  –  белгілі  биоценоз  алып   жатқан   абиотикалық   факторлары
салыстырмалы біртекті кеңістік.
    Биокосты  заттар  -  тірі  организмдердің  тіршіліқ   процестері   мең
биологиялық;  емес  (табиғи)  процестердің  біріккен   әсері   нәтижесінде
түзілетін заттар.
    Биом  -  Жердің  негізгі  климаттық  аймақтарына  сәйкесірі  кұрлықтық
экожүйелер (шөлдер, шөлейттер, ормандар).
    Биоценоз - кұрлық не  судың  белгелі  бір  бөлігінде  бірге,  тіршілік
ететін әртүрлі систематикалық топқа жататын орга-низмдердің қауымдастығы.
    Биоценоэкология  -  тірі  организмдердің  қауымдастықтары  мен  оларды
қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды зерттейтін экология саласы.
    Биофильтр  -  ағызынды  суларды  биологиялық   әдіс   арқылы   тазарту
қондырғысы.
      Алюминийді - “Қанатты” металл  деп  атайды.  Ол  –  күміс  түсті  ақ
металл, жылуды және электр тоғын жақсы  өткізеді,  созуға,  жаюға,  соғуға
икемді.Алюминий қалаиы, темір,  никель,  марганецпен  қорытпасы  қола  деп
аталады.
      Берилий мен Ниобийді“  атом  өнеркәсібінің  металдары”  деп  атайды.
Берилій – ядролық реакторлардағы нейтронды баяулатқыш әрі қайтарғыш болса,
ниобимен оның жылу бөлетін (ЖБЭЛ) қаптайды.
      Бериллий қоласы- мыстың берилиймен   (1,5-3%)  қорытпасы  жемірілуге
төзімді  және  өте  берік.  Одан  сағаттың,  басқада  дәл   механиздердің,
электрониканың,  байланыс   құралдарының,   автомобильдердің   бөлшектерін
жасайды.
    Валенттілік (экологиялык)  -  толеранттылық  шектері  немесе  түр,  не
популяциялардың  әртүрлі  орта  жағдайларында  тіршілік  ету   қабілетінің
сипаттамасы.
      Ванадий -өндірістіккүкірт  қышқылын,  селен-фотоэлементтер,  теллур-
инфрақызыл сәулелерін қабылдағыштар, скандий-ЭВМ есте сақтау элементтерін,
рений- мұнай өндеуге қажет платина катализаторларын шығаруда қолданылады.
      Вольфрам-  балқу  температурасы  өте  жоғары  (3  370  ºС).   Жоғары
температуралы  пештердің  қыздыратын  элементтері   мен   қәдімгі   эелктр
шамдарының қызатын жәпшелері вольфрамнан жасалады.
      Висмут – қызғылт дақтары  бар  күміс  түсті  сынғыш  металл.  Висмут
тұздары айна жасауда,  медицинада  кең  қолданылады.  Балқу  температурасы
төмен  болғандықта,  жылуды  жақсы  өткізгендіктен   оны   онай   балқитын
құймалар,өткізгіштер  даярлауда  және  атомдық   реакторларда   тоңазытқыш
ретінде пайдаланады.
    Газдар (парниктік) - атмосфераға түсіп,  парниктік  эффект  туғызатын,
көмірқышқыл  газы,  метан,  көмірсутектер,  т.б.  газ  тәрізді   заттардың
қоспасымен атмосфераның ластануы.
    Гомеостаз - организмдер немесе организмдер  тобының  қоршаған  ортаның
түрлі  өзгерістерінде  динамикалық  тұрақты   тепе-теңдігін   сақтай   алу
қабілеті.
    Геотермальды сулар - жер қойнауындағы  ыстық,  өздеріне  тән  химиялық
құрамы бар сулар.
    Гербицидтер - арам шөптерді жоюға қолданылатын улы химикаттар.
    Гидробиология  -  барлық   су   ресурстарыда   тіршілік   ететін   тір
организмдерді зерттейтін ғылым саласы.
    Гидробиосфера - Жер бетілік суларда  мекендейтін  тірі  организмдердің
тіршілік ету ортасы, биосфераның бір бөлігі.
    Гидробионттар - суда тіршілік ететін организмдер.
    Гидросфера - тірі  организмдер мекендейтін  Жердің сулы кабықшасы,
барлық мұхиттар, өзендер мен көлдер теңіздер, батпақтар, су қоймалары мен
бұлақтар.
    Гидрохимиялық  режим  -  судың  химиялық  құрамының  уақыт   мезгіліне
байланысты өзгерістері.
    Гигрофиттер - батпақты ортада тіршілік ететін организмдер.
    Глобальды  мониторинг  -  жалпы   әлемдік   масштабтағы   биосферадагы
процестер мен өзгерістерді бақылау.
    "Гринпис" - ең атақты халықаралық қоғамдық экологиялық ұйым.
      Гетеротрофтар- организмдер жасап шығарған дайын органикалық заттармен
қоректенетін  организмдер.Бұған:  адам,  жануарлар,   кейбір   өсімдіктер,
көптеген бактериялар, саңырауқулақтар жатады.
      Глобалды  ластану-  жер  шарының  кез  келген  нүктесіндегі  ластану.
Мысалы,   атмосферанынын    көміртегі    оксидтерімен,    күкірт,    азот,
пестицидтермен, әлемдік мұхиттың мұнай өнімдерімен ластануы.
    Демэкология - популяциялар мен оларды қоршаған орта арасындағы  қарым-
қатынастарын зерттейтін экологияның бөлімі.
    Деградация  -  қоршаған  табиғи  орта  компоненттерінің  табиғи   және
антропогендік факторлар әсерінен бұзылуы, жағдайының нашарлауы.
    Дендрарий  -  ағаш  тектес  өсімдіктер  арнайы  топырақта   өсірілетін
территория.
    Детрит - организмдердің ыдырау және бөліну өнімдері,  өлі  органикалық
заттар.
    Деструкторлар  -  органикалық  заттармен   қоректену   арқылы   оларды
ыдырататын организмдер (редуценттер).
    Десиканттар - өсімдік тамырларын жоюға қолданылатын улы химикаттар.
    Дефолянттар - өсімдіктердің жапырақтарын  жою  үшін  қолданылатын  улы
химикаттар.
    Зоопланктон- суда тіршілік ететін консументтер.
    Зооценоз - белгілі бір биоценоздағы жануарлардың қауымдастығы.
    Зоофагтар - жануарлармен қоректенетін организмдер (каннибализм).
    Кадастр  -  объектілер   мен   қүбылыстардың   сандық   және   сапалық
көрсеткіштері жөніндегі жүйелі түрдегі мәліметтер жинағы.
    Коменсализм  -  белгілі  ортада  тіршілік  ететін  бір  түрге  жататын
организмдер екінші түрге жататын  организмдерді  пайдалана  отырып,  бірге
тіршілік ететін түр аралық қарым-қатынастар типі.
    Консументтер - гетеротрофты организмдер (негізінен,  жануарлар)  басқа
организмдердің өсімдіктер (өсімдік қоректі  фитофагтар)  мен  жануарлардың
(жануар қоректі зоофагтар) органикалық заттарымен қоректенетіндер.
    Ксеробионттар - құрғақ ортада тіршілік ететін орга-низмдер.
    Климатотоп - қоршаған ортадағы климаттық жағдайлар.
    Қызыл кітап - сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар  жануарлар,
өсімдіктер  мен  саңырауқүлақтардың  түрлері  туралы  үнемі   толықтырылып
отыратын мәліметтер жинақталған ресми қүжат.
    Қышқыл жаңбырлар - атмосфералық қалдықтардың реакция ортасының  жауын,
қар, түманның  қүрамындағы  техноғенді  калдыктар  әсерінен  қышқылдығының
қалыпты мөлшерден артуы.
    Қоректік  (трофикалык)  тізбектер  -  биоценоздың  әртүрлі  трофикалық
деңгейлердегі мүшелерінің алдыңғыларының  соңғыларымен  қоректенуі  арқылы
заттар мен энергияның тасымалдануы.
    Конкуренция-  бәсекелестік,  белсенділік,  бірдей  ресурстарды   қажет
ететін организмдер.
    Қоршаған ортаны қорғау- табиғат   ресурстары   мен  космос  кекістігін
қайта  өндіру  мен  тиімді  пайдалануға  бағытталған   ғылыми,   құқықтық,
техникалыќ  шараларды  жиынтыѓы.
    Қоршаған орта- тіршілік  ету  ортасы,  табиғаттың  барлың  материалдық
денелері,күштері мен құбылыстарының, заттары  мен  кеңістігінің  жиынтығы,
тірі организмдермен тікелей байланыста болатын адамның  қызметі.
    қышқылдық жаңбырлар- рН 5,6- дан төмен болады. Мұндай  жауын- шашынның
 түсуі  атмосфераның күкірт диоксидімен, азот  оксидтерімен  антропогендік
ластануымен байланысты.
      Қорғасын-  бұл  аккумуляторлар,  подшипниктер,  радияциядан  қорғану
құрал-жабдырқтары   (рентген   кабинеттерінің   жабдықтары,    радиактивті
калдықтар сақтайтын  контейнерлер),  электр  кабелінің   қорғаныс  қабаты,
хрусталь жасайтын қоспалар.
    Интродукция - өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір  түріне  жататын
особьтардың  тіршілік  ету   ареалынан   баска   жаңа   табиғи   климаттық
жағдайларғаауысуы.
    Ил - сулардағы  минералдық  және  органикалық  косылыстардан  күралған
түнба.
    Импактілі  мониторинг  -  ластаушы  заттар  таратушы  көздерге   жақын
орналасқан аса қауіпті аймақтар мен орын-дарды бақылау.
    Ирригация  -  егістікті  жасанды  суару  -  мелиорацияның  бір   түрі;
медицинада дәрілік сұйықпен емдеу.
    Ихтиология - балықтар туралы зерттейтін зоологияның саласы.
Ластану-табиғи немесе тікелей антропогендік ортға бұл тән емес  физикалық,
химиялық, биологиялық агенттердің әкелінуі.
    Макроэкология - классикалық экологияның ең негізгі  түжырымдары,  адам
мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың проблемалары туралы ілім,  адам
экологиясымен біріктірілген ғылыми пән.
    Мелиорация - ауыл  шаруашылығында  пайдаланылатын  жерлердің  жағдайын
жақсарту.
    Метаболизм  -  организмдердегі,  биологиялық   жүйелердегі   зат   пен
энергияның алмасуы.
    Мониторинг - белгілі бір объектілер  мен  кұбылыстарды,  олардың  жәй-
күйін үздіксіз бақылау.
    Мониторинг (экологиялык) - қоршаған орта компоненттерінің сапасын, жәй-
күйін бақылау.
    Мутуализм - бірге тіршілік ететін  организмдердің  бір-біріне  пайдалы
әсері жағдайындағы түр аралық қарым-қатынастар типі.
    Мырыш- 2/5 бөлегі болатын қорғаныс қабатын жасауға  және  1/4  –і  жез
шцғарыға қолданылады.
    Мыс-   әлемдегі   мыстың    1/2    бөлігі    электротехникада    (сым,
тоңазытқыштардың жылу алмастырушылары,  вакуумдық  апараттар)  және  40%-ы
қорытпа құюда қолданылады.  Мыс  электр  тоғын  жақсы  өткізеді.  Оны  көп
жағдайда басқа металдармен  қорытпа  түрінде  қолданады.  Мыстың  мырышпен
қорытпасын жез деп атайды.Мыстың никельмен қорытпасын мельхиор деп атайды.

    Парниктік эффект - Күннің жылу сәулелерін сіңіретін газдар  мөлшерінің
көбеюі нәтижесінде атмосфера температура-сының жоғарылауы.
    Пестицидтер - өсімдіктер, жануарлар, ауыл шаруашылық дақылдарын  басқа
организмдердің-    арам    шөптердің     (герби-цидтер),     насекомдардың
(инсектицидтер), саңырауқүлақтардың  (фунгицидтер),  т.б  зиянды  әсерінен
қорғау үшін қолданылатын химиялық улы химикаттар.
    Пирамида  (экологиялык)  -  биоценоздардың   қоректік   деңгейлері   -
продуценттер,  консументтер   және   редуценттердің   арасындағы   сапалық
қатынастардың,  олардың  саны  (сандық  пирамда),   биомассасы   (биомасса
пирамидасы)  немесе  энер-гиясы  (энергия  пирамидасы)  бойынша  графиктік
бейнеленуі.
    Поллютанттар   -   ортаның   техногенді    ластаушылары:    ауада    -
аэропланктондар, суда- гидропланктондар, топырақта -террополлютанттар.
    Популяция  -  генофондысы  ортақ,  салыстырмалы   бірдей   экологиялық
жагдайлардағы ортаны мекендеп, бір-бірімен еркін  будандасып,  ұрпақ  бере
алатын, бір түрге жататын особьтардың жиынтығы.
    Продуценттер  -  органикалық  емес  заттардан  алғашқы  өнім   түзетін
автотрофты организмдер.
    Редуценттер  -  органикалық  заттарды  жай  минералдық   заттар:   су,
көмірқышқыл  газы,  күкіртсутек  және  түрлі  түздарға  дейін   ыдырататын
гетротрофты организмдер (бактериялар мен саңырауқүлақтар).
    Рекультивация  -  бүзылған  табиғи  ландшафтарды   қалпына   келтіруге
бағытталған іс-шаралар комплексі.
    Нектон - сулы ортада еркін қозғалып жүзіп тіршілік ететін организмдер.
    Нейстон  -  судың  бетінде  тіршілік   ететін   организмдер,   мысалы,
масалардың личинкасы.
    Ноосфера - ойлаушы қабат, ақыл-ой сферасы, В.И. Вернадс-кийдің сөзімен
айтқанда,  биосфераның  адам  ақыл-ойы  мен  әрекеті  нәтижесінде  сапалық
жағынан жаңа, жоғары сатыдағы даму кезеңі.
    Сапрофагтар  -  өлі  органикалық  заттармен   қоректенетін   жануарлар
(детритофагтар).
    Синэкология - көп түрлі қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы.
    Сукцессия - белгілі тіршіілік ортасындағы  организмдердің  түр  қүрамы
өзгерістерінің үздіксіз және бағытталған жүйесі.
    Симбиоз - екі немесе одан кµп түрлерге жататын организмдердің  бірігіп
тіршілік етуі.
    Смог- улы тұман, тұманның тамшылары мен шаң бөлшектерінің   қосылуымен
сипатталатын  атмосфераның қауіпті  ластануы.
    Терратогендер - организмдерге әсер  ету  арқылы  олардың  үрпақтарында
аномалиялар туғызатын заттар, не физикалық агенттер.
    Техногенез - адамды қоршаған және табиғи ортада  өзгерістер  туғызатын
техника мен материалдық мәдениеттің даму процесі
    Тірі зат- биосфераның тірі организмдерінің жиынтығы.
      Тантал  - медицинада таптырмайтын металл.  Оның  ерекшелігі  –  адам
организімінің  дұрыс  қабылдауында.   Сондықтан,   танталдан   хирургиялық
қысқыштар мен импланттар жасалады. Әрбір ұялы телефонна 6-дан 12-ге  дейін
(сандық камераларда 30-дан  астам)  конденсаторлары  бар.  Сонымен  қатар,
электр зарядын өзіне жинақтайды.
    Озон қабаты - тірі организмдер үшін аса қауіпті Күннің қысқа  толқынды
ультракүлгін   сәулелерін   сіңіретін    озон    молекулаларының    жоғары
концентрациясы жинақталған атмосфера қабаты.
    Озондық ойық - атмосфераның озон  кабатындағы  озон  молекулалары  жоқ
аймақ.
    Ойық  не   қуыс   (экологиялык)   -   түрдің   тіршілік   етуі   үшін,
қауымдастықтағы басқа түрлермен байланыстарын қоса алғанда, оның  тіршілік
етуіне   қажетті   факторлар   комплексі   немесе   белгілі   бір   түрдің
қауымдастықтағы алатын орны.
    Урбанизация - қалалардың өсуі мен дамуы, ауылдың қалаға айналуы,  ауыл
түрғындарының қалаларға көшуі, қоғам өмірінде қалалар ролінің артуы
    Фенотип - организмдердің сыртқы белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы.
    Фитопланктон - суда тіршілік  ететін  өсімдіктер  мен  басқа  да  тірі
организмдер.
    Фитофагтар - өсімдік қоректі организмдер.
    Фитоценоз - көптүрлі өсімдіктер қауымдастықтары.
    Фильтраторлар -  суды  майда  планктон  организмдер  мен  детриттерден
тазартатын суда тіршілік ететін организмдер-гидробионттар.
    Фотосинтез - Күннің  жарығы  әсерінен  жасыл  өсімдіктердің  хлорофилл
дәндерінде атмосферадағы көмірқышқыл газы мен судан органикалық  заттардың
түзілуі.
    Цунами - жер сілкіну, вулкандар атқылауы немесе т.б. табиғи қүбылыстар
кезінде  мүхит  түбі  бөліктерінің  ауысуына   байланысты   туатын   теңіз
толқындары.
    Цитология  -  тірі  организмдердің  клеткалық   құрылымын   зерттейтін
биологияның саласы.
    Хемосинтез - кейбір минералдық  заттардың  тотығуы  кезінде  бөлінетін
энергияны пайдалану арқылы хемо-автотрофты бактериялардың органикалық  зат
синтездеу процесі.
    Хромит  кені-металлургия,  химия   және   отқа   төзімді   материалдар
өнеркәсібі үшін аса бағалы шикізат. Хромит  кенінен  маркасы  жоғары,  өте
сапалы  болат  дайындауға  пайдалынатын  хром  қорытпалары  алынады.  Хром
негізінде  алынған  отқа  төзімді  материалдар  көп  уақыт   бойы   жоғары
температураның әсерінен бұзылмайды.
    Экологиялың  жүйе  -  бір-бірімен  тығыз  байланысты,   әртүрлі   орта
жағдайларында тіршілік ететін бірнеше түрге жататын организмдер жиынтығы.
    Эрозия - топырақтың қүнарлы қабатының жаңбыр, қар  суларымен  шайылып,
не желмен үшып бүзылуы.
    Экологиялық  сараптама  -  адамның  шаруашылық   және   басқа   қызмет
түрлерінің экологиялық талаптарға сәйкестігін анықтайтын сараптама.
    Экоцид  -  өсімдіктер  мен  жануарлар   дүниесінің   жаппай   жойылуы,
атмосфера,  су  ресурстарының  немесе  басқа  да  табиғи  ортаның   зиянды
заттармен улануына әкеп соғатын экологиялық апаттар.
    Эпизоотия - жануарлар арасында аурудың таралуы.
    Этология - жануарлардың    мінез - қылықтарының    биологиялық непзі
жөншдеп ғылым.
    Эвтрофикация - табиғи суларға минералдық тыңайтқыштар,  жуғыш  заттар,
мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтары түрінде азот,  фосфор,  күкірт,
т.б. биогенді элементтердің көп түсуі нәтижесінде  фитопланктон  (әсіресе,
көкжасыл балдырлар) биомассасының  күрт  өсіп,  олардың  оттегін  белсенді
сіңіріп, улы заттарды бөлуіне байланысты басқа  гидробионттардың  тіршілік
жағдайлары нашарлап, қырылып қалуы.
    Экожүйе-  жүйе  ішіндегі  түрлердің  көптүрлілігі  мен  зат  айналымын
түзетін энергия ағымымен қамтамасыз ететін, берілген учаскедегі   белгілеу
үшін қолданылады.
    Экологиялық пирамида- биотоптың кері  пирамидасы,  1966  ж.  Ч.  Элтон
тұжырымдаған концепция.
    Ядролық  катастрофа  -  жаппай  қырып-жоятын  ядролық  қаруды  қолдану
нәтижесінде қалыптасатын глобалды экологиялық апат.
      Церконий- уран ядросы  бөлінген  кезде  шығатын  нейтрондарды  өзіне
ілестірімейді. Сондықтан оны атом реакторларын жасаған кезде қолданады.




Дәріс №1 Кіріспе. Адам экологиясы – экология ғылымының бір   тармағы.   Адам
экологиясы пәні, мақсаты мен міндеттері. Басқа ғылымдармен  байланысы.
Экология гректің «ойкос» - үй, «логос» - ғылым деген  сөзінен  шыққан.  Тура
аудармасында бұл ғылым «табиғи үйді», онда тұрып жатқан  организмдермен  бұл
«үйді»  тіршілікке  жарамды  ететін   үрдістерді   зерттеп,   танып   білуді
білдіреді.  Экологияның   ғылым  ретінде  пайда   болуы   1866   жылдық   14
сентябірінде неміс биологы Э.Геккелдің «Организмдердің  жалпы  морфологиясы»
деген  еңбегімен  байланысты.  Ол  өз  еңбегінде   «Экология   ретінде   біз
организмдердің  сыртқы  ортамен   қатынасын   қарастыратын   жалпы   ғылымды
түсінеміз» - деп көрсеткен.  Экология,  бұл  атау  шықпастан  бұрын  адамзат
дамуымен бірге жерді десе де болады. Экология  –  тірі  организмдердің  бір-
бірімен және олардың  қоршаған  ортамен  байланысын  зерттейтін  ғылым.  Бұл
байланыстар жер бетіндегі «тіршілік» деп аталатын  өте  күрделі  және  тығыз
бірліктегі байланыстарды түзеді. Қазіргі таңда экология кешенді  пән  аралық
ғылымға айналды. Экология  география,  геология,  химия,  физика,  биология,
мәдениет теориясы, экономика, медицина сияқты ғылымдармен тығыз  байланыста.
Экология ғылымы биоцентристі бола турса да таза  биология  емес.  Экологияда
зерттеу әдістері сипаты және  ұйымдасу  деңгейі  жағынан  алғанда  әр  түрлі
болуы    мүмкін:    химиялық,    физикалық,    биологиялық,    молекулярлық,
морфологиялық, физиологиялық, демографиялық т.б.  қазіргі  таңдағы  экология
ғылымы  –  бұл  білім  қорларының  жаңа  бөлімі.  «үлкен»  экология   немесе
«мегаэкологияның» нақты ақын құрылымы жоқ.
Басқа биологиялық организмдер  сияқты  адамдар  да  қоршаған  ортамен  тығыз
байланыста болады, сондықтан  олар  табиғат  заңдарына  бағынып,  онда  өтіп
жатқан заттар айналымына қатысады.
 Ертедегі қытай, Египетте  өсімдіктер  мен  жануарлар   және  олардың  өзара
байланысы,  адамдардың  табиғатқа  әсері  туралы  мағлұматтар  жиналды.  Бұл
таңданарлық жайт емес, себебі адамдардың қоршаған табиғи ортаға  кері  әсері
ертеден басталды. Орыс дәрігері,  профессор  А.А.  Остроумовты?   1895  жылы
жарыққа шыққан «Клиникалық дәрістерінде» «Біздің зерттеу затымыз  -  қалыпты
өмірі оның тіршілік ету жағдайларымен бұзылған науқас адам  болып  табылады»
деп жазды. Н.Ф.Реймерстің  (1992) пікірінше, адам экологиясы  басқа  атаумен
болса да классикалық биологиялық экологиямен (биоэкологиямен)  бір  мезгілде
дерлік пайда болды. Көптеген жылдар бойы ол екі бағытта  қалыптасты  –  адам
экологиясы  және  әлеуметтік  экология.   Адам   экологиясы   мәні   жағынан
әлеуметтік экологиядан  үлкен, әрі кең. Бұл бағыт  «адам  биологиясы»  деген
атаумен  кеңінен дамыды.
«Әлеуметтік экология» ұғымын Р.Паркпен Э.Бюргес (АҚШ) өткен  ғасырдың  20-сы
жылдары ғылымға енгізді. Олардың  айтуынша  адамдардың  қоғамдағы  орны  тек
өмір  сүру  үшін  тартысу  және  күресу  арақатынастарының  негізінде,  яғни
биологиялық бақталастықта көрінеді.    Бірақ, біртіндеп  мұндай  көзқарастар
өзгеріп,  адамдарды  тек  биологиялық   тұрғыдан   қарамай,   жаратылыстану,
экономиялық, әлеуметтік ғылымдар жиынтығы ретінде  танитын  ғылыми  еңбектер
жарық көре бастады. Біртіндеп шетелдік  әдебиеттерде  «әлеуметтік  экология»
ғылымынан қарағанда «адам экологиясы» ғылымы жиі қолданыла  бастады.  Жалпы,
жаңа ғылыми бағыт - адам экологиясы  20 ғасырдың  екінші  жартысында  адамды
тіршілік ортасымен біртұтастықта кешенді зерттеу мақсатында қалыптасты.
Ю.П.Лисицын (1973), А.В.Кацура, И.В.Новак,  А.Г.Воронов  (1974).  О.В.Бароян
(1975),  Н.Ф.Реймерс,  т.б.  авторлар   өмір   сүруге   қолайлы   жағдайлады
зерттегенде  адамдар  экологиясы  мәселенің  екі  жағын:   биологиялық  ж?не
әлеуметтік, ескеруі қажет екенін атап көрсетті.
Адам экологиясы – бұл  адамның  мекен  ету  ортасымен  өзара  қарым-қатынасы
туралы  ғылым  болып  табылады.  Бұл  қарым-қатынастардың   негізінде   адам
организіміні?  ортаның  әсерлеріне  морфофизиологиялық  реакциялары   жатыр.
Организімге ?орша?ан ортаның абиотикалық (физикалық,  химиялық),  биотикалық
және антропогенді факторларының әсері анықталады.
Адамдардың  жыл  сайын  күшейіп  келе  жатқан   іс  әрекеттерінің   қоршаған
ортаға   тигізетін  әсерін,  пайда-зиянын,  табиғат    байлықтарын    ұқыпты
пайдаланып, қалпына  келтіріп  отырған жолдары мен   әдістерін  де   адамдар
экологиясы зерттейді.  Оның   негізгі  тақырыбы  –  адамдар  мен  табиғаттың
арақатынасы, олардың іс әрекетінің  қоршаған  ортаға  пайдасы   мен   зияны.
Адам   экологиясы   адамны?   таби?и   м?нін,   оны?   тіршілік   ортасыны?,
денсаулы?ыны? экологиялы?  факторларын  ?арастырып,  әлеуметтік-экономикалық
келелі мәселелерді пайдалы шешу, адамдардың өмір  сүруін  жақсарту,  табиғат
пен қоғамның ара  қатынастарын  ұтымды  ұйымдастыру  жолдары  мен  әдістерін
зерттейді.
Адамдар экологиясы экологияның үлкен бір бөлігі болып есептеледі.
Адамдардың табиғатпен  арақатынастары  көп  қырлы  және  көп  сырлы  болады.
Оларды түсініп білу үшін терең білім  мен  зерттеу  әдістерін  жете  меңгеру
қажет.   Адам   экологиясы   құрлымы   жағынан   биологиялық,    әлеуметтік,
антропогендік, қолданбалы компоненттерден тұрады.
қазіргі  таңда  адам  экологиясының  алдында   маңызды   бірнеше   теориялық
мәселелер тұр:
1. Популяциялық, топтық, жекелей деңгейде  адамның  бейімделу  механизмдерін
зерттеу;
2. қоршаған орта әсерлеріне арнайы, арнайы емес  организмнің  конституциялық
реакцияларын анықтау;
3. Бейімделу реакцияларының қалыптасуына уақыт факторының мәнін зерттеу;
4. әр түрлі аймақта  тұрақтап  тұрып  жатқан  халықтық  эволюция-генетикалық
сипатын  және  олардың  бейімделу  механизмдерінің  ерекшеліктерін  зерттеп,
анықтап олардың экологиялық портретін жасау (Адамның экологиялқ? портреті  –
жеке адамның өзі өмір  сүріп  жатқан  ортаның  белгілі  бір  ерекшеліктеріне
арнайы    бейімделуін     сипаттайтын     генетикалық     қасиеттері     мен
морфофункционалдық тұқым қуалау белгілерінің  жиынтығы);
5. Адам денсаулығына космостық, жердік, әлеуметтік қоғам факторларының  және
олардың ырғағының әсерлерін зерттеу, анықтау.
Адам  экологиясы   бойынша   көптеген   еңбектердің   авторы   Н.А.Агаджанян
экологиялық  ықпал  мен  адам  экологиясының  құрылымын  келесідей   суретте
көрсетеді  (Сурет 1).

|Экологиялық сфералар                                                 |
|Литосфера|Гидросфера|Атмосфера  |Биосфера  |Космосфера |Ноосфера    |

|Экологиялық орталар                                                 |
|Абиотикалық                     |Биотикалық                          |

|Экологиялық факторлар                                               |
|Табиғи        |Техногенді       |Антропогенді    |әлеумет-экономикалы|
|              |                 |                |қ                  |

|Адамдардық экологиялық  қажеттіліктері                              |
|Биология  |             | Этникалық|        |әлеуметті|Экономикалық |
|лық       |Психологиялық|          |Еңбектік|к        |             |


|АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫ    |
|Адамның       |       |Адамның        |       |Адамның       |
|биологиялық   |       |қолданбалы     |       |әлеуметтік    |
|экологиясы    |       |экологиясы     |       |экологиясы    |
|өндіріс экологиясы                                           |
|Технологиялық экология                                       |
|Ауылшаруашылық экологиясы                                    |
|Ветеринарлық  экология                                       |
|Урбоэкология                                                 |
|Видеоэкология                                                |
|Табиғатты қорғау                                             |
|Адамның қоршаған ортасын қорғау                              |
|Медициналық  экология                                        |


|Эволюциялық  экология       |
|Физиологиялық  экология     |
|Морфологиялық  экология     |
|Генетикалық экология        |
|Молекулярлық  экология      |
|репродукция және онтогенез  |
|экологиясы                  |
|Саясат  экологиясы          |
|Экономика экологиясы        |
|ғылыми  экология            |
|Мәдениет  экологиясы        |
|Дін  экологиясы             |
|Демография  экологиясы      |
|Этникалық экология          |
|Тұлға  экологиясы           |
|Жанұя  экологиясы           |

|Жеке     |Репродук   |Кіші    |Адамзат     |Нәсілдер|Бірлес |Адамзат   |
|тұлға    |тивті      |топтар  |популяция   |экология|тік    |экологиясы|
|экологияс|топтар     |экология|сының       |сы      |экологи|          |
|ы        |(жанұя)    |сы      |экологиясы  |        |я      |          |
|         |экологиясы |        |            |        |сы     |          |

Сурет 1- Экологиялық ықпал мен адам экологиясының құрылымы

      Дәріс  №2  Экологиялық  қоғамның   құрылымы.Қоғамның   экологизациялық
      түсінігі.Экологиялық  құқық. Экологиялық мәдениет және білім.

     1.Экологиялық көзқарас түсінігі. «Қоғам-табиғат» жүйесіндегі адамның
алатын орны. «Қоғам-табиғат» жүйесіндігі экологиялық көзқарас.
     Экологиялық көзқарас – тұлғаның ішкі сұраныстарынан туындап,
объективті дүние мен ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған
шындыққа және оған қатынасына байланысты қалыптасатын дүниетанымы мен
көзқарастар жүйесі.
     Адамзаттың табиғатпен  саналы  қатынас  жасауы,  оған  құрметпен  қарап
құндылығын бағалауы ежелден қалыптасқан  түсінік.  Сол  себепті  оны  тарихи
-философиялық  ғылымдардағы  ой-пікірлермен  тығыз  байланыста  қарастырған 
жөн.  Аристотель  «Заттың  бастамасы  тек   материя   түріндегі   бастама...
табиғаттан тыс еш нәрсе жаратылмайды және еш нәрсе  өлмейді,  олар  мәңгілік
сақталып қалады»,- деп табиғат  құндылығын  сақтауды  мұрат  етсе,  Гераклит
«... табиғаттың өзі көп  сырын  аша  бермейді,  адамдардың  көпшілігі  әбден
тойынған, сол себепті олар табиғат сырын түсінуге  талпынбайды»-  дейді,  ал
неміс философы  Л.Фейербах  болса  «адам  табиғаттың  ең  жоғарғы  нәтижесі,
сондықтан оны табиғаттан бөліп қарастыруға болмайды»,-  деп  ой  түйіндейді.
Философтардың    зерделі  ой-тұжырымдарынан   мынадай   қорытынды   шығаруға
болады: біріншіден,  табиғат заңдарын өшпенділікпен  бұзу  жағдайында,  адам
тарапынан көрсетілген зорлықта табиғат өзінің  қасиетін  жоғалтып,  өсіп-өну
қабілетінен  айрылады;  екіншіден,  табиғаттың  даму  заңдарын   білмейінше,
табиғат пен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған  себептермен  емес,  оның
зардаптарымен күресуге көп күш-жігер  жұмсалады,  үшіншіден,  табиғатты  тек
білімді адамдар ғана түсінеді, адамдардың табиғат  туралы  білімі,  тәрбиесі
болғанда ғана, олардың қоршаған ортаға деген аялы көзқарасы қалыптасады.
Жеке адам  мен  қоғамның  табиғатқа  деген  оң  көзқарасын,  ізгілік  қарым-
қатынасын қалыптастыруда ең  алдымен  кейбір  әлеуметтік  және  экономикалық
мәселелерді шешіп алу қажет:
- экологиялық және  табиғат  қорғау  заңдарын  жетілдіру,  оларды  бұлжытпай
орындау;
-  қоршаған  ортаның  тазалығы   мен   адам   денсаулығының   үйлесімділігін
сәйкестендіру;
- экологиялық білім беруді үздіксіз, сабақтастықта ұйымдастыру.
Жоғарыда  айтылғандарға  байланысты   үздіксіз   білім   беру   процесіндегі
экологиялық тәрбие сабақтастығының  мақсатына,  мазмұнына,  түрлеріне,  жаңа
педагогикалық технологияларға негізделген  әдіс-тәсілдерге  байыптап  қарап,
бағамдау үшін  біз  үздіксіз  білім  беру  процесіндегі  экологиялық  тәрбие
сабақтастығының философиялық-педагогикалық генезисіне мән бердік.
«Сабақтастық», «үздіксіздік» ұғымдары даму, біртіндеп және сатылай  өзгеруді
білдіретін болса, белгілі бір  кезеңде  сандық  өзгерістер  құбылыстың  жаңа
сапаға өтуіне  әсер  етеді,  сөйтіп  өзгерістердің  үздіксіздігі  қамтамасыз
етіледі.  Сабақтастықтың  философиялық  заңдылықтары  мен   мәні    бірқатар
ғалымдардың    (Э.А.Баллер,    Б.С.Батурин,    А.И.Зеленков,    Г.Н.Исаенко,
З.А.Мукашевтың  және  т.б.)  зерттеулерінде   қарастырылып,   сабақтастықтың
терістеуді  терістеу  заңының  маңызды  жақтарының  бірі    екендігіне   мән
беріледі.  Солардың   ішінде  Э.А.Баллердің  көзқарасынша   «сабақтастық   –
жүйеліліктің  өзгермелі   элементтерінің   тұтастай   немесе   бөлек   түрде
ұйымдастырылуын сақтау тұсында болмыс  пен  танымның  бірнеше  сатылары  мен
кезеңдері арасындағы өзара байланысы, яғни  бір  жағдайдан  келесі  жағдайға
көшуі» болып саналады.
Сабақтастықты  біржақты  процесс  деп  қарастыруға  болмайды,   өйткені   ол
байланыс орнату механизмінің өзін анықтауы тиіс және сонда ғана  сабақтастық
кез келген дамудың әдіснамалық ұстанымының негізі  бола  алады.  Сабақтастық
кең мағынада алғанда үш бірлікті  процесс.  Бұл  терістеуді  терістеу  заңын
ұстанатын а)деструкция (бұзу, алдыңғыны  ығыстырып  шығару);     ә)кумуляция
(ішінара сақтау, мұра ету,  көрсету);  б)конструкция  (құру,  жаңаны  жасау,
қалыптастыру) және тар мағынада сабақтастық сақтау, мұра ету, беру,  көрсету
сияқты сандық қасиеттері жағынан қарастырылатын процесс.
Сонымен, философиялық түсінікте сабақтастық  дегеніміз  –  тарихи  процестің
сатылық   сипатын   анықтайтын   маңызды   заңдылық.   Экологиялық    тәрбие
сабақтастығының философиялық мағынасы барлық  жақсы,  оң  нәрселерді  сақтау
талабымен  бірге  жаңалық  енгізуге,  өзгертуге  әзірлікті   қамтиды.   Даму
процесін, сондай-ақ терістеудің салыстырмалылығын дұрыс түсіну үшін  аталған
категорияны ескіні қарапайым түрде жою ретінде емес,  мағынасы  бар  процесс
түрінде нақты қарастыру қажет  сабақтастық  кездейсоқтық  емес,  ол  дамудың
сатылық сипатын қамтамасыз ететін қажетті заңды құбылыс.
Дүниеге  келген  жаңа,  ескінің  ішіндегі  мәдениетті,  мәнді  әдет-ғұрыпты,
өміршең  дәстүрлерді,  тағы  басқаларын  өркендетеді.   Ескі   мен   жаңаның
арасындағы   диалектикалық   байланыс   сабақтастық   жолымен    дамытылады.
Сабақтастық болмаса, дәуір  мен  дәстүрдің,  қоғам  мен  қоғамның,  ұлт  пен
ұлттың арасында ешқандай байланыс орын  алмайды.  Дүниежүзілік  өркениет  те
өткен дәуірдің ұшан-теңіз байлығын кіршіксіз сақтау негізінде  пайда  болды.
Ендеше, бұл сабақтастық- қажетті, ұрпақтан ұрпаққа тарайтын  заңды  процесс.
   
Табиғи және әлеуметтік  өзгерістердің  көп  болуы  және  олардың  жаһандануы
адамзатты  оның  ары  қарай  тіршілік  ету  мүмкіндігі  туралы   ойландырмай
қоймайды.  Қазіргі  кезде  адамзат   алдында   тұрған   міндет   экологиялық
мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу.
Бүгінгі  күні  экологиялық  дағдарыстың  негізгі  себептерінің  бірі   болып
қоғамның экологиялық мәдениетінің төмендігі  табылады  деп  сеніммен  айтуға
болады.
Қазіргі кездегі экологиялық жағдай  қоғамның,  адамның  өмір  сүру  ортасына
деген қарым – қатынасына басқаша қарауға мәжбүр етті. Экологиялық  мәселелер
адамдардың табиғи ортаға деген рационалды емес қарым –  қатынасының  салдары
ретінде пайда болды. Ендігі кезде экологиялық апаттан  қалай  құтылу  немесе
оны бастан өткізу туралы емес, оның техногендік және  экологиялық  –  мәдени
салдарын қалай жеңілдетуге болады деген сұрақ туындайды.
Табиғатты адамға тәуелсіз, оған қарама – қарсы ретінде қабылдау  Жаңа  заман
дәуірінде  болады.   Адам  табиғаттың   билеушісі   ретінде   қарастырылады.
Қоршаған орта адамға, оны бағындырып, техникалық  әсер  етудің  объектісіне,
сарқылмайтын ресурстар көзіне айналдыру қажет  болған,қарама  –қарсы  фактор
ретінде болды.  Жаңа  заманда  табиғат  адамның  тілегін  орындаушы  ретінде
қарастырылады және оны бағындырудағы жетістіктер  табиғаттың  күштерін  жеңу
деп түсінілді. Адамның табиғатқа  шексіз  билігін  философия  классиктерінің
еңбектерінен Ф. Бэконнан бастап  Л. Фейербахқа дейін табуға болады.
Мысалы, П. Гольбах табиғи ортаны бізге көрінетін заттарды өндіру  үшін  және
әрекет ету үшін қажеттінің барлығын қамтитын үлен шеберхана ретінде  қарауға
шақырды.
Декарт  біз  қол  өнершілеріміздің  кәсібін   білетініміз   сияқты,   оттың,
жұлдыздың,   судың,  ауаның,  аспанның,  яғни  бізді   қоршаған   денелердің
барлығының әсерін және күшін біле отырып, солардың  көмегімен  «практикалық»
философияны  жасау  туралы  айтады.   Сол   білімдерді   барлығына   қолдана
алатындығымызды  және  табиғаттың  иесі  бола  алатындығымыз   туралы   атап
көрсетеді.
М.  Хайдеггер  қазіргі   экологиялық   ахуалды   тудырып   отырған   негізгі
себепкердің бірі техникаға жан – жақты талдау берді. Ол  техниканы  адам  іс
–әрекеті, әрі соның құралы деп қарастырудан  бас  тартып,  техниканы  табиғи
заттарда жасырын қалған құпияның ашылу түрі деп біледі. Машинаны ойлап  табу
арқылы адам табиғаттың жасырын күшін,  құпиясын  ашады,  сөйтіп,  оны  өзіне
қызмет істеуге мәжбүр етеді [4].
Адам техниканы дүниеге әкелуші, жаратушы болғанымен өзі де соның  шырмауында
қалып отыр. «Техника өз – өзінен қауіпті емес. Ешқандай да техникалық  сиқыр
жоқ, бірақ техниканың мәндік, болмыстық құпиясы бар  екені  рас.  Техниканың
мәні – жасырын нәрсені ашу, жария ету, ал, ол дегеніміз, өзімен бірге  қауіп
–қатерді ала жүреді [4,34].
А. Хунинг техниканы адамның өмір мен билікке  деген  талпынысынан  туындаған
дүние деп қарастырады. Оның  ойынша  адам  жаны  мен  адамзат  рухы  техника
қарқынынан қалмай, одан  да  басым  күйде  дамуы  қажет  деп  жазады.  Солай
істегенде ғана адам  техникалық  жаңашылдықтарға  дайын  болады.  Тек  солай
болғанда ғана адам экологиялық мәселелерді шеше алатындай  жағдайға  жетеді,
өз ұрпағының жарқын болашағын қамтамасыз етеді.
Табиғат  негізгі  қызметі   адамның   өсіп   келе   жатқан   қажеттіліктерін
қанағаттандырушы пассивті жақ ретінде қабылдана бастады. Бүгінгі  күні  адам
мен табиғат арасындағы қарым – қатынас және экологиялық  дағдарыстың  болуын
еуропалық өркениеттің  даму  ерекшеліктерінен  іздеу  керек  деген  пікірмен
келісуге болады.  Ол ерекшеліктер мына пайымдауларда көрініс табады:
♣      Табиғат адам үшін жаратылған, адам оның иесі болып табылады.
♣      Табиғат ішкі моральдық құндылықтардан  жұрдай,  тек  адам  ғана  оған
мән, маңыз бере алады.
♣      Табиғат адаммен жетілдірілу керек және  жаңартылған  күйінде  адамның
жердегі табысының, жеңісінің куәсі болу керек [5].
Қарқынды нарықтық шаруашылық  –  тұтыну  идеалдарының  мәдениетіндегі  басым
мәдени  құндылықтардың  шкаласын  түбірімен  өзгертті.  Табиғатты  негізінен
таусылмайтын  қазына  ретінде  қарастыра  бастады.  Егер  онда   бір   нәрсе
жетіспесе, соған  лайықты  техникалық  жобалар  пайда  болды,  олардың  іске
асырылуы  қоршаған  ортаға  зиянды  әсерлердің  болуын  қарастырусыз  жүзеге
асырылды. Адамдар өздерінің іс  –  әрекетінің  нәтижесі  туралы  енді  ғана,
техногендік мәдениеттің жаңа жетістіктерінің салдары аймақтық және  ғаламдық
деңгейде болғанда ғана ойлана бастады. Техника мен технологияға  негізделген
материалдық мәдениет тек өндірістік іс – әркетті  ғана  емес  сонымен  қатар
экологиялыққа  зиян  келтіретін,  адамды  инженерлік,  технологиялық   ойлау
стиліне бағыттады. Ондай  стиль  табиғат  объектілерін  зерттеуде,  қоршаған
ортаны техногендік сфераға қайта құруда пайдалы болды, бірақ ол  тіршіліктің
қайталанбайтындығын, оның бірегейлігін саналауға  мүмкіндік  бермеді.  Ондай
ойлау жүйесі Жаңа заман дәуірінде  қалыптасты.  Ол  мәдениеттің  техногендік
типінің жасалуын қарастырды, онда табиғатқа тең  құқықты,  жетілген  субъект
емес, экспансия объектісінің рөлі берілді.
Ұзақ уақыт бойы адамзат табиғатты шексіз пайдалана беруге болады деп  ойлады
және ол  адамға  пайдалану  үшін  берілген  деген  көзқарас  болды.  Табиғат
ресурстарын жөнсіз, олар таусылмайтындай пайдаланды. Бірнеше  уақытқа  дейін
бұл   үдерістер,   радикалды    экологиялық    дағдарысқа    әкелмегендіктен
салыстырмалы  түрде  аса  маңызды  емес  болып  саналды.  Осыған  байланысты
экологиялық  көзқарасы,  санасы  дамыған  қоғам   қалыптастыру   қажеттілігі
туындады.
Экологолиялық сананың экоцентрлік типі бұл –адамның өзін табиғи ортаның  бір
бөлшегі  ретінде  санау  және  қоршаған  ортаның  сақталуына  бағытталу  тән
адамның көзқарастар жүйесі.
Экологиялық сана деп, күрделі жүйе  мәнінің  көрінісін,  табиғи  ресурстарды
пайдалану, қайта құруға байланысты адамдардың бір  –  біріне  және  қоршаған
ортаға қарым – қатынасы түсініледі.
XX ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  рухани  мәдениеттің  жағдайы  қауіп
туғыза  бастады.  А.  Печчейдің  пайымдауынша   «адамзаттың   алдында   оның
эволюциясының өткен сатысындағы мәселенің мәні  адамдар  осы  әлемге  өздері
әкелген  өзгерістерге   сай   өздерінің   мәдениетін   бейімдей   алмауында.
Экологиялық мәселелерді шешу ең алдымен  адамның  ішкі  болмысының,  адамның
өзінің өзгеруінен басталу керек» [2,6].
               Экологиялық   гуманизм  өзінің  дамуында  өзінің   әсер   ету
кеңістігін күшейте отырып, экологиялық идеологияға айналады, оның  негізінде
экологиялық мәдениет жасалады.
              Экологиялық  идеология   -  бұл  өмір  идеологиясы,  адам  мен
табиғат арасындағы ынтымақтастық  идеологиясы.  Бәрінен  бұрын  бұл  адамзат
қызметінің барлық саласында  табиғи  ортаның  оған  енгізілген  өзгерістерге
деген реакциясын есепке алу.
Рухани мәдениеттің барлық  салалары  өзгере  отырып  экологиялық  мәдениетті
жасауға  үлес  қоса  алады.  Тарихта  рухани  мәдениеттің   бірінші   саласы
көрінбейтін мәдениет – мистика болды. Қазіргі экологиялық жағдайда  актуалды
бола  бастаған  экологиялық  апаттың  қауіптілігі  адамның  табиғат  күштері
алдындағы  әлсіздігін  табу  жолындағы  мистикалық  көзқарастың   туындауына
мүмкіндік туғызды.
Қоғамдық сананы экологияландыру үрдісін  бірнеше  сатыға  бөліп  қарастыруға
болады: біріншіден, адамның табиғатқа  қарым  –  қатынасын  әр  түрлі  сезім
формасында   көрсетуі(немқұрайлылық,   үрей,   байбалам   т.б);   екіншіден,
экологиялық  мәселеге   аса  қызығушылық  таныту(  биосферадағы  эволюциялық
өзгерістердің мәнін көрсету, оның  тұтастығының  детерминациясын   көрсету);
үшіншіден, табиғи құбылыстарды түсінуден  әлеуметтік  іс  -  әрекетке  көшу,
жағымды  іс  -  әркетке  көшу;  төртіншіден,   адамның   табиғатқа   қатысты
жауапкершілік  деңгейінің  жоғарылауы,  күнделікті  өмір  барысында  көрініс
табатын экологиялық сананың  тұлғаның  ішкі  мәдениетінің  элементі  ретінде
болуы. Бұл аспектіде экологиялық сана мен  экологиялық  мәдениеттің  деңгейі
бұл – қоғамның табиғатты әлеуметтік маңызды қызметке оны  тану  және  дамуын
практикалық пайдалану негізінде қаншалықты терең және жан –  жақты  қосуының
көрсеткіші болып табылады.
Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт алған экология  ғылымы  қазыр
өзінің зерттеу облыстарын дамыта  отырып  адамзат-қоғам-табиғат  ортасындағы
қарым-қатынастарды және биосфера шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс-
әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін комплексті ғылымға айналады.
Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте кұрделі.  Дара  организм  мен
орта,  бейімделу,  популяциялар   арасындағы   қарым-қатынастар,   биоценоз,
биоценологиялық  зерттеулермен  биология  ғылымымен  ұштасып  жатса,  табиғи
ортаның өзгерістері, жылу белдеулері  мен  географиялық  белдеулер,  топырақ
құрамы,  абиотикалық  факторларға   байланысты   организмдердің   бейімделуі
географиялық зерттеулерге ұласады.Ал, антропогенді факторлар,  экожүйелердің
өзгерәсә,  биосфера  шегіндегі  климаттық  ауытқулар  ғаламдық   экологиялық
зерттеулерге     әкелсе,      адам-қоғам-табиғат      арасындағы      қарым-
қатынастардызерттеу, бақылау және баға беру  оның  айнала  қоршаған  ортамен
байланысын зерттеу адам экологиясының  үлесіне  тимек.  Бұдан  біз  экология
ғылымының  қазіргі  заманғы  мазмұнының  күрделі  әрі  ауқымды  екеніне  көз
жеткіземіз.
Экология  –  организмдердің  арасында  болатын   қарым-қатынастарды   айнала
қоршаған табиғи ортамен байланыстыра  отырып  зерттеумен  қатар  табиғаттағы
өзгерістерді,  құбылыстарды,  табиғи   заңдылықтарды,   биосфера   шегіндегі
ғаламдық  ауытқуларды  адамның  іс-әрекетімен  үйлестіре  отырып  зерттейтін
комплексті ғылымдар жиынтығы.
Ал, экология ғылымының  ең  басты  мақсаты  –  биосфера  шегіндегі  ғаламдық
проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын  сақтау.  Адам-
қоғам-табиғат  арасындағы  қарым-қатынастарды   үйлестіре   отырып   табиғат
ресурстарын тиімді пайдаланудың адами-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері:
- организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;
-  биоценоз,  экожүйелердегі  уақыт  пен  кеңістікке  байланысты  туындайтын
өзгерістерді;
- табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану  және  қорғаудың  ғылыми-теориялық
негіздері;
- адам-қоғам-табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу:
-  биосфера  шегіндегі  географиялық  заңдылықтардың  тұрақтылығын  сақтауды
қамсыздандыру;
-  биосферадағы  тіршілікті  қалыпты   сақтаудың   ғаламдық   нооэкологиялық
деңгейге көтеру болып табылады.
Алғашқы экологиялық зерттеулерді Эмпедокл, Гипппократ, Аристотель,  Теофраст
еңбектерінен көреміз.
Қоғам - объективтік әлеуметтік заңдар  негізінде  дамитын  ашық  материалдық
жүйе, адамдардың тіршілік ету  формасы,  әлеуметтік  ұйымдасу  тәсілі.Барлық
әлеуметтік процестердің  күрделі  жүйесі  болып  табылатын  қоғамдық  өмірді
көптеген қоғамдық ғылымдар зерттеу объектісіне  айналдырып  отыр.  Философия
деңгейінде қоғамдық өмірді зерттейтің ілімді  әлеуметтік  философия  дейміз.
Әлеуметтік философия қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде,  оның  қызмет
етуімен дамуының жалпы заңдары мен қозғаушы күштерін  және  табиғи  ортамен,
бүкіл  тұтас  әлеммен  өзара  байланысын  зерттейді.  Адамның  өмір  сүруіне
қажетті  жағдайды  жасау,  оны   үнемі   жандандырып   отыруға   негізделген
адамдардың   бірлескен   қызметі    әлеуметтік    жүйенің    негізі    болып
табылады.Қоғамдық әмір әлеуметтік материя ретінде  материалдық  дүниенің  ең
жоғарғы қозғалыс формасы болып табылады. Қоғам табиғат эволюциясы  негізінде
пайда болып, өзінің алғашқы даму кезеңдерінен бастап ерекше үйымдасқан  жүйе
ретінде  сипатталады.  Ол,  материалдық  және  рухани  өндірістен,  қоғамдық
қатынастардың әр  түрлі  формаларынан,  базис  пен  қондырмадан,  әлеуметтік
құрылымнан, саяси институттардан және т. б. тұрады.Тағы да  қоғам  ақпаратты
таратудың ерекше механизмімен сипатталады.  Қоғамның  құрамында  материалдық
процестермен бірге рухани процестердің, сананың болуы оның табиғаттан  басты
айырмашылығы болып табылады.Қоғамды құрылымдық  ұйымдасуы  жағынан  сипаттау
оның тек элементтік негізін ашу емес, сонымен бірге, әр бір элементтің  оның
қызмет етуімен дамуында  алатын  орны  мен  атқаратың  рөлін  анықтау  болып
табылады.  Қоғамның  негізгі  өмір   сүру   аясына   материалдық-өндірістік,
әлеуметтік, саяси және рухани ая жатады. Қоғам үнемі  даму  үстінде  болатын
жүйе. Өзінің дамуында, қоғам  бірнеше  кезеңдерді  басынан  кешірді.  Мұндай
кезеңдерді әлеуметтік ғылым әлеуметтік-мәдени өркениеттілік өлшемдер  арқылы
белгілейді.   Өркениеттілік   процестің    әрбір    жаңа    кезеңі    жоғары
технологияларды   игергенімен,    әлеуметтік    құрылымның    күрделенуімен,
табиғатпен байланыстын кең өріс алуымен,  ұжымдық  қоғамдық  қызметтің  жаңа
формаларымен  ерекшеленеді.  Бірақ,  қоғамдық  қатынастардың  сипаты,   адам
факторының руханилық деңгейі  мен  әлеуметтік  құрылымдардың  демократтылығы
қоғам дамуының басты көрсеткіші болып табылады. Осы замаңғы қоғамның  ерекше
белгілеріне материалдық және  рухани  өндірістің  ғаламдық  деңгейде  жүруі,
бүкіл   қоғамдық   қатынастар   жүйесін   ақпараттық-технологиялық   негізде
жандандыру, өмір сүрудің  демократиялық  формаларын  бекіту,  өмірдің  басқа
жақтарына қарағанда ғылыммен рухани мәдениеттің жылдам дамуы жатады.
Еліміздің экологиялық жағдайын қалыпты ұстап, табиғат байлығын  сақтау  және
оны молайту  тек  бүгінгі  күннің  қажеттілігінен  туындамайды,  ол  ертеңгі
күннің проблемаларынада жауап  береді.  Сондықтан  бұл  мәселе  Қазақстанның
2030  жылға  дейінгі  ұзақ  мерзімді  дамуына  арналған  бағдарламада  басым
міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.
Қоршаған ортаның қазіргідей  ауыр  жағдайында  еліміздің  келешек  иелерінің
экологиялық сауатын көтеру бүгінгі күннің кезек  күттірмейтін  мәселелерінің
бірі болып отыр.
Республика қалаларында атмосфераның ластануының көбейе түсуі  туған  табиғат
тепе-теңдігінің  бұзылуына  әкеліп  соғуы,  адам  денсаулығына   айтарлықтай
зиянын тигізуде,  және  қоршаған  ортаның  ластануына  байланысты  әр  түрлі
аурулардың  пайда  болуы,  т.б.  жағдайлардың  айта  берсек   соның   ішінде
республика халқының өміріне кез-келген  сыртқы  қатермен  бірге  экологиялық
қауіп-қатердің тигізер әсері өзекті мәселеге айналып отыр. Қоғамның  тұрақты
дамуына  деген  беталыс  экологиялық  проблемаларды  шешуден  бастау  алады.
Еліміздегі осындай ірі экологиялық ластанудың  ошақтарын  есепке  алып,  оны
жою   бойынша   тиісті   бағдарламалар   жүргізілсе,   орындалатын   негізгі
міндеттердің бірі болып саналады.
Мұнда қарастырылатын мәселелер  ішінде  экология  және  табиғи  ресурстардың
қоғамда  қалай  пайдаланылып  жатқандығы  сөз  болады,  табиғат   пен   адам
арасындағы  кейбір  елеулі  қайшылықтар  салыстырмалы   түрде   көрсетіледі.
Сонымен қатар, еліміздегі экологиялық дағдарыстың орын алуы.
Бүгінде экология  ең  бір  өзекті  мәселелрдің  қатарына  шығып  отыр.  Оның
«Экология  және   табиғат   ресурстары»   айдарымен   «Қазақстан   –   2030»
стратегиясында сөз болуы, елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қатысуымен  өткен
қауіпсіздік  кеңесінде  арнайы  әңгіме  тақырыбына  айналуы  бұл   сөзімізді
дәлелдей түседі.

Дәріс №3. Қоршаған табиғи ортаның адам  психикасына  әсері.  Сыртқы  ортаның
кері әсерлерінің нәтижесінде және антропогенді факторлар әсерінен  туындаған
қазіргі таңдағы экологиялық  проблемалар.

Адамзат ?о?амыны? пайда болуыны? ал?аш?ы кезе?інде адамдар таби?атты?  дайын
?німдерін  пайдаланып,  а?шылы?пен  айналысты.  Адамдар  таби?ат?а   т?уелді
болды, б?л т?уелділікті жо?ары де?гейде сезінді. Адамдарды  таби?ат  биледі.

 ?азіргі та?да  экологиялық  дағдарыс   басталды.  Б?л  да?дарыс  адамдарды?
?атысуымен туындады.  Әрине   мұндай   жағдай   бір   жылда,   болмаса    он
жылда   пайда   болған   жоқ.    Адамдар    әрқашанда    қоршаған     ортаға
өздерінің   әсерін   тигізетін.     Біра?,  ?азіргі   кезеңде   адамдар  мен
табиғат  арақатынастары  ?те  шиеленісіп  барады.  Жер  жүзіндегі   халықтар
  санының   тез   өсуі  мен   мемлекеттердің   жаппай   өнеркәсіпті   дамыту
жолына  түсуі    бұған   себеп   болып   отыр.  Соның   салдарынан   табиғат
қорларын  пайдалану   бірнеше   есе   өсіп,   адамдардың   қоршаған   ортаға
тигізетін   зияны   жо?арлауда.  Өнеркәсібі   дамыған    бірқатар    елдерде
қоршаған  ортаның  нашарлағаны  сонша,   адамдардың   денсаулығына   кесірін
тигізе  бастады.
Міне,    сондықтан   да   табиғат   қорларына   ұтымды  пайдалану,  б?зыл?ан
таби?и ортаны қалпына   келтіріп   отыру,  ауаға,   суға,   өсімдіктер   мен
жануарлар  дүниесіне  қамқорлықты   күшейту   барлық   азаматтардың   борышы
және  абройлы  міндеті  болып  саналады.
?ылыми-техникалық   дамудың     нәтижесінде    адамдар     табиғатпен    ара
қатынас  жасау  үшін  жаңа  білім,  жаңа  әдіс,  жаңа   құралмен   қаруланып
қойған    жоқ,    қоршаған    ортаны    сақтаудың,    қалпына    келтірудің,
байлықтарын  ұтымды   пайдаланудың   жаңа   әдістерін,   жаңа   жолдарын  да
үйренді.
?азіргі та?да ?ылыми-техникалық  жетістіктер   қоршаған   ортаны   сақтауға,
оның   бүлінбеуін,   ластанбауын   қамтамасыз   етуге    толық   мүмкіншілік
береді.
Үнемі   табиғаттың    жағдайын     нашарлатып,    байлықтарын    шашып-төгіп
пайдалануға  болмайды.  Табиғатты  қорғау,   қалпына   келтіру   мәселелерін
ақылмен,  білгірлікпен   ж?не  ұтымды   жолмен  жүргізудің     өзіміз   үшін
де,  келесі  ұрпақтар  үшін  де    маңызы   зор.  Биосфераның  тепе-теңдігін
бұзған  әрбір  антропогенді  құбылыс,  басқа  келеңсіз  құбылыстардың  пайда
боуына мүмкіндік туғызады.  Қоршаған  ортаның  ластану  мөлшері  биосфераның
төзімділік  шегінен   асып  кетіп  отыр.  Сондықтан,  табиғат  өз  заңдарына
бағынбаған адамзатты өз қыспағына алуда.
Қазіргі  таңда  адамдардың  организміне  келешекте  кері  әсерін   тигізетін
негізгі мәселелердің  бірі  атмосфера  ауасында  жоғары  концентрациялы  улы
қоспалардың түзілуі (СМОГ, қышқылдық жауындар) және жылулану  эффектісі  мен
озон қабатының бұзылуы.
СМОГ- үлкен өнеркәсіп  орталықтары  бар  қалаларда  ауаның  жоғары  деңгейде
ластануы.
СМОГ – тың екі түрін ажыратады:
1. Атмосферада ?неркәсіптердің газды? қалдықтары мен түтінінен  тұратын  қою
тұманның түзілуі.
2. Фотохимиялық СМОГ. Өнеркәсіптердің газдық қалдықтары күнні?  ультракүлгін
сәулелерінің  әсерінен  фотохимиялық  реакцияларға   түсіп,   тұмансыз   газ
қоспаларының   өнеркәсіп   орталықтары   бар   қалаларда   тұтылып    тұруы.
Фотохимиялық   СМОГ   өте   улы   болып   келеді.   Оның    құрамында    ПАН
(пероксиацилнитрат), Н2О2 альдегидтер және басқа химиялық элементтер  25-40%
құрайды  да,  О3  60-75%  құрайды.  Фотохимиялық  СМОГ  ең  алғаш  рет  Лос-
Анджелесте 1940 жылы байқалған, қазіргі таңда өнеркәсіпті  қалаларда  әлсін-
әлсін байқалып тұрады.
Қышқылдық жауындар 100 жылдан астам бұрын белгілі болған. «Қышқылдық  жауын»
деген сөзді ең алғаш рет 1872 жылы  британ  оқымыстысы  Роберт  Ангус  Смидт
қолданған. Қышқылдық  жауындар  атмосферадағы  күкірт  (Н2SО4)  пен  азоттың
(НNО3) химиялық және физикалық өзгерістерінен туындайды. Яғни  атмосферадағы
бұл  заттардың  өзгерісі,  химиялық  реакциялары  күкірт  қышқылы  мен  азот
қышқылын береді. Бу күйіндегі бұл заттар  бұлттарға  сіңеді,  ауа  құрамында
болады. Содан кейін жауынмен  немесе  құрғақ  түрінде  жерге  түседі.  Жалпы
қышқылдық жауындар  табиғатта жанартауларды? атылуына  байланысты  өздігінен
түзіле алады. Жер атмосферасына әр жыл сайын  күкірттің  қосындылары  92-112
млн. тн, азот  қосындылары 51- 61 млн. тонна түседі.  Күкірт  қосындыларының
59-69 % , азот қосындыларының 37% антропогенді факторлардың  нәтижесі  болып
табылады. Қышқылдық жауындар биосфераға тікелей немесе  жанама  әсер  етеді.
Тікелей қышқылдық жауындардың  әсерінен   өсімдіктер  мен  ағаштар  құрайды.
Эпицентрден 100 км радиустағы  аймақтардың  топырағы  ластанады.   Қышқылдық
заттар әсіресе, тыныс алу жолдарына өте зиян  келтіреді.  Егер  атмосфераның
тыныс алу аймағында  SО2  концентрациядеңгейі  1мг/м  куб.   жететін  болса,
тыныс алу жүйесінің аурулары күрт жоғарылап, тыныс алу жүйесі  ауратын  егде
тартқан адамдардың арасында өлім көбейеді. Жанама әсері - топырақ пен  судың
РН көрсеткішінің өзгерісі. Қышқылдық  элементтер  су  мен  топыраққа  түсіп,
олардың  РН  көрсеткішінің  төмендеуіне  әкеледі.  Ал  бұл  аллюминий   және
марганец, кадмий, мыс сияқты ауыр  металлдардың   ерігіштігін  жоғарылатады.
Олар өсімдік және  жануарлар  организмінде  жинақталып,  тамақ  арқылы  адам
организміне  түсіп  көптеген  аурулар  тудырады.  Тұщы  сулардың  қышқылдығы
артқан жағдайларда ең бірінші РН өзгерісіне сезімтал  тірі  организмдер  өле
бастайды. Олар РН 6,5 болған кезде өле бастаса, РН  4,5  тең   бол?ан  кезде
кейбір насекомдар мен өсімдіктер ғана тірі қалады.
Қышқыл  жаңбырлардың  зардабын  тарт?ан  кейбір  мемлекеттер  б?л  м?селені?
шешуін  іздестіріп,  белгілі  бір   шаралар   ?олдануда.   М?селен,   ?ышқыл
жаңбырлардың зардабын катты тартқан Швеция көміp мен мұнай  жағуды  шектеді.
Бұл  елде  құрамында  күкіpті  жоқ  жанармайлар  ғана  пайдаланылады.  Кенді
балқытқанда және отынның қазба түрлерін жандырғанда бөлінетін зиянды  заттар
түгелдей  дерлік  сүзіледі.  Швеция  үкіметі  күкіpт  шығарындыларын  шектеу
туралы келісімге қол қойды. Сонысымен басқа елдерге үлгі-өнеге керсетті.
Жылулық эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы космос  пен  жер  арасындағы
сәулелі  жылу  алмасуына  әсерін  тигізеді.  Жылу   алмасуының   нәтижесінде
биосфераның  температурасы  белгілі  бір  деңгейде  болады.  Орташа  шамамен
+150С. Биосфераның температуралық жағдайын ұстап  тұруда  күн  радиациясының
маңызы өте зор. Биосфераның температура  деңгейі  99,8%   күн  радиациясына,
0,18% табиғи көздер жылуына, 0,02%  антропогендік  көздер  жылуына  тәуелді.
Жердің жылулық тепе-те?дігіні?  бұзылуы  ақырғы  он  жылдықта  антропогендік
факторлардың  әсері  нәтижесінде   туындап   отыр.   Көптеген   газдар   күн
радиациясын кедергісіз өткізеді. Бірақ көмір қышқыл газы,  метан,  озон,  су
буы атмосфераның төменгі қабатында жинақталып, 0,38...0,77 мкм  болатын  күн
сәулелерін жерге қарай кедергісіз  өткізіп,  ал  жерден  шағылысып  космосқа
шығатын 0,77-340 мкм ?зынды?та?ы  инфрақызыл  сәулелерді  өткізбейді.  Соған
байланысты бұл газдардың концентрациясы және  қоспалары  атмосферада  жоғары
болған сайын жерден космосқа соншалықты  аз  жылу  бөлінеді.  Сәйкесінше  ол
жылу мөлшері биосферада қалып климаттың  жылулануына  әкеледі.  Бұл  үрдісте
негізгі   рольді   СО2   атқарады.   Яғни   биосфера   газдарының   «жылулық
эффектілігін» туындатуына қатысуының пайызды? көрсеткіші  мынадай:  СО2-50%,
СН4-20%,  фреон  -15%,  N2О-10%,  О-5%.   Атмосферадағы   көмірқышқыл   газы
концентрациясының пайызды?   көрсеткіші  1900  жылы-  0,029%  ,  1990  жылы-
0,036% , 2000 жылы- 0,038% болса 2030 жылы- 0,045-0,06% , 2050 жылы -  0,07-
0,075%  болады деп болжануда. Егер  бұл  болжам  дұрыс  болса Қазақстан  мен
 Орта  Азия  елдерінде    қаңтар  айының  орташа  температурасы  6-15оС-  қа
жоғарылап,  қыста   түсетін    қар   мен   жауын   20-30   пайыз?а   кемиді.
Біздің  онсыз  да  қуаң   климатымыз    күрт   өзгеріп,   ауа   райы   тіпті
қолайсыз  болуы  мүмкін.
2005 жылға дейін жер шарының орташа температурасы 1,5-4,5 к?терілуі  мүмкін.
Мұндай  температураның  көтерілуі  поляр  мұздықтарының   біртіндеп   еруіне
әкеледі. Ал бұл дүниежүзілік мұхит  деңгейінің  0,5-1,5  метрге  көтерілуіне
себепкер болады. 2100 жылы 5 млн км2 құрғақ аймақтар  судың  астында  қалады
деп болжам айтылуда.  Бұл  барлық  құрлықтың  3%,  құнарлы  жердің  -  30  %
құрайды.  1982-1988  жылдар  аралығында  жер   серігі   арқылы   ж?ргізілген
зерттеулер  дүниежүзілік  мұхиттың  әр   жыл   сайын   0,1оС     жылынатынын
анықтаған.
Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногенді ластануы  озон  қабатына  да
кері әсерін тигізеді. Озон қабатының бұзылуы жерге  0,29  мкм  болатын  және
одан төменгі қысқа толқынды ультракүлгін сәулелердің  түсуіне  әкеп  соғады.
Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелер биосфераға өте қауіпті:  өсімдіктер
өледі (ең бірінші  дәнді  дақылдылар),  онкологиялық  және  көз  ауруларының
деңгейі жоғарылайды. Озон қабатын бұзатын негізгі  заттарға  хлор  мен  азот
қосындылары жатады. Хлордың бір молекуласы 105  озон  молекуласын,  ал  азот
оксидінің  1  молекуласы  озонның  10  молекуласын  бұзады.  Бұл   заттардың
қосындыларының  атмосфераға  түсетін  негізгі   көздері:   ?ша?тар   (әскери
ұшақтар). Оларды? шығару газдарының 0,1%  азот оксидтері (NO, NO2)  құрайды;
ракеталар;  жанартаулық  газдар;   фреон   қолданатын   өнеркәсіптер;   атом
жарылыстары.  Бір  «Шаттл»  ракетасының  космосқа  ұшырылуы  озоның  0,3   %
(100000000т  озон)  бұзылуымен  ұштасады.  Бұл   жағдайда   түзілетін   озон
қабатындағы тесік ұзақ мерзім бітпейді. 1973 жылы озон  қабатының   техноген
факторларының әсерінен 1%  бұзылса, 2050 жылы озон қабатының  10%   бұзылады
деген болжам айтылуда.

Дәріс № 4. Антропология және экология.Адам биологиялық түр ретінде.
Адам  ?ылыми-техникалы?  прогрессті?  дамуына  байланысты  ?зіні?   к?сіптік
ке?істігін ке?ейті. Жер бетінде адам аяғы баспаған жер қалған  жоқ.  Адамзат
баласы  тек  тіршілікке  ?олайлы,  жа?сы  игерілген  айма?тарды  ?ана  емес,
сонымен ?атар эктремальды айма?тарды да:  ?иыр  Сібір,  Арктика,  Антрактида
т.б. жерлерде  де  ?мір  с?руде.  Адам  ғарышқа  да  ұшты.  ?азіргі  адамзат
панэйкуменді т?рді береді, я?ни адам  Жер  планетасыны?  барлы?  экологиялы?
т?р?ыдан бару?а болатын жерлеріне орналасып, таралуда. Экологиялық  тұрғыдан
адамзатты  биологиялық  түрдің  жалпы  әлемдік  популяциясы   ретінде,   жер
экожүйесінің  негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады.
Дене құрылысы мен түрі бойынша адамдар  омыртқалылар  типіне,  сүтқоректілер
класына, маймылдар отрядына,  гоминидтер  тұқымдастығына  жататыны  белгілі.
(Гоминид –  қазіргі  заманның  және  мұнан  3,5  миллион  жыл  бұрын  болған
адамдардың жалпы атауы.) Басқа тірі организмдер сияқты адамдарға  да  оттек,
су,  қоректік  заттар  керек,  олар   маусымдық   және   тәуліктік   табиғат
құбылыстарына көндігіп, үйренеді.  Температура  мен  күн  сәулесі  жарығыны?
өзгеруіне байланысты, қорғану  әрекеттерін  жасайды.  Аталған  нышандар  мен
қасиеттер адамдардың  биологиялық  организмдер  қатарына  жататынын  олардың
табиғатқа бағынышты екенін көрсетеді. Біра?, бұдан адамдардың жануарлар  мен
өсімдіктерден айырмашылығы жоқ деген  қорытынды  тумайды.  Керісінше  адамда
басқа тірі организмдерде жоқ ақыл мен  сана  бар,  олар  үнемі  пайдалы  іс-
әрекетпен айналысуға, өзара келісіп, бірлесіп өмір сүруге,  ?з  іс-?рекетіне
жауапкер болу?а, организмдерде болмайтын  ерекше  әлеуметтік  орта  -  қоғам
құруға тырысады.
Олар құрған  қоғамдық  арақатынас басқа жануарлар  арақатынасынан  анағұрлым
жоғары  тұрады. Адамдар ?з ?ауымдасты? ?о?амында онда өмір сүрудің   заңдары
 мен  ережелерін   бекітеді   және   қоғам   мүшелерінен   оның   орындалуын
талап   етеді.  Адамдардың   өмір  сүруі   тек    биологиялық   факторлармен
шектелмей, әлеуметтік  мәселелеріне,  қоғам   заңдары  мен  ережелеріне   де
байланысты болады.
Адамның биологиялық  табиғаты  барлық  жанды  затқа  тән  тіршілікті  сақтап
қалудан  және  оны  көбею  арқылы  уақыт   пен   кеңістікте   жалғастырудан,
қауіпсіздік пен қолайлылықты  барынша  қамтамасыз  етуден  көрінеді.  Барлық
адамдар қоректік тізбекте І және  ІІ  қатардағы  консументтер  бола  отырып,
тағам тұтынады.  Олар  биогенді  элементтердің  айналымына  қатысатын  басқа
организмдерге (редуценттермен) қажетті физиологиялық алмасу өнімдерін  бөліп
шығарады.
Адам – жер бетіндегі қазір белгілі болған үш миллион  биологиялық  түрлердің
бірі. Салыстырмалы эмбриология  мен  анатомияның  мәліметтері  адам  тәнінің
дамуы  мен құрылысынан жануарларға ұқсас белгілерді айқын көрсетеді.
Антропология - homo  sapiens     түрінің  биологиялық  ерекшеліктері  туралы
ғылым. Ол адамның шығу тегін, ішкі  және  сыртқы  құрлысын  (морфологиясын),
дамуын, адамзат нәсілдері  мен  олардың  шығуын,  осы  нәсілдердің  ішіндегі
адамның  органикалық   құрлысының   қалыпты   вариацияларын,   оның   ішінде
адамдардың   мекендеу   ортасының   ерекшеліктерімен   байланыстыра   отырып
зерттейді. Адам мен жануарлардың дене құрылысында  көптеген  ортақ  белгілер
бар:
1. Адамда (жануардағыдай) эмбриондық дамудың ерте кезеңдерінде ішкі  қаңқасы
желі түрінде, жұтқыншақ қуыстарында желбезек саңылаулары бар.  Жүйке  түтігі
арқа жағында, денесі екі жақты симметриялы болады.
2. Даму деңгейіне қарай желінің омыртқа бағанасына  өзгеруі, бас  сүйек  пен
жақ сүйек аппаратының қалыптасуы, қаңқада еркін жұп аяқ қолдың пайда  болуы,
ішінде жүректің дамуы адамды омыртқалыларға жатқызуға мүмкіндік береді.
3. Сүтқоректілердегі сияқты, адамның омыртқасы бес бөлікке бөлінген,  терісі
түкті және  онда  тер  және  май  бездері  бар,  көк  еттің,  төрт  камералы
жүректің, қанның жылы болуы тән.
4. Жатырдың болуы  және  ұрықтың  ұрпақ  жолдас   арқылы  қоректенуі  адамда
плацентарлыларға жатқызуға мүмкіндік береді.
5. Қолдарының ұстауға икемділігі (бірінші  саусақ  басқаларына  қарама-қарсы
орналасқан),  тырнақтардың  болуы,  бір  жұп  сүт  бездері,  көздерінің  бір
деңгейде орналасуы (үлкейтіп көруге мүмкіндік береді), сүт  тістердің  түсуі
және тағы басқа адамды приматтар отрядына жатқызуға мүмкіндік береді;
6. Адамның  жануарларға  ұқсастығы  туралы,  оларда  арғы  тектің  белгілері
(атавизм) мен қалдықтардың  (рудименттің)  болуы,  арғы  тектік  белгілер  –
берілген  түрдің  жекелеген  ағзаларында  бұрынғы  тегінде   болған,   бірақ
эволюция үрдісінде жойылып кеткен  белгілердің  пайда  болуы,  кейде  адамда
ұшырасатын арғы тектік белгілер (сыртқы құйрық, бетінде қалың түктің  болуы,
аса жетуілген ит тістер, көп емізіктік т.б.) де к?рсетеді.
Сөйте  тұра,  адам  мен  адам  тәрізді   маймылдардың   арасында   түбегейлі
айырмашылықтар бар:
1. Тіп-тік жүру  ж?не омырт?а жотасында?ы т?рт иілім тек адамға тән қасиет;
2. Тік күйінің арқасында адамның қаңқасы кең жамбасты,  кеуде  қуысы  жазық,
омыртқасы күрт иілімді, аяғының басы тоғыспалы келеді, аяғының үлкен  бақайы
басқаларына жақын орналасып, тірек қызметін атқарады;
3. ?ол білезігінің иілгіштігі – еңбек ету мүшесі – сан алуан, әрі  дәлме-дәл
қимылдар жасауға қабілетті;
4. Бас сүйектің ми сауыт бөлігі бет бөлігінен басым;
5. Адамның бас миының құрлысы өте күрделі; үлкен ми сыңарының көлемі  орташа
есеппен 1250 см2 құрайды, бұл адам тәрізді маймылдардікінен едәуір артық;
6. Адамның миының психика мен сөйлеудің маңызды орталықтары орналасқан  ж?не
жо?ары дамы?ын;
Адам эволюциясының негізгі кезеңдері  төрттік  мұз  басу  дәуірінің  кезінде
қалыптасқан климаттық өзгерістер уақытына сәйкес  келеді.  Әдетте  мардымсыз
қазба  мәліметтерінің  негізінде  адам   мен   адам   тәрізді   маймылдардың
эволюциялық түр тармақтарының бөлінуі шамамен 20 млн. жыл бұрын  ж?рген  деп
саналатын.  Алайда  ж?ргізілген  к?птеген  зерттеулер   ірі   адам   тәрізді
маймылдар мен гиббондар 10  млн.  жыл  бұрын  тіршілік  етті  деген  басқаша
көзқарас  қалыптастыруға  мүмкіндік  берді.   Адам   эволюциясыны?   негізгі
кезе?дерін мына кесте к?рсетеді:
Кесте 1 - Адам эволюциясыны? негізгі кезе?дері
|Адамны? ар?ы  |?айда ж?не    |Сырт?ы        |Тіршілігіндегі   |Е?бек     |
|тегі          |?ашан ?мір    |пішініндегі   |прогрессивті     |??ралы    |
|              |с?рді         |прогрессивті  |белгісі          |          |
|              |              |белгісі       |                 |          |
|Австралопи    |О?т?стік Шы?ыс|Бойы 120-140  |Екі ая?ымен      |Тас, а?аш.|
|текті?        |Афпика,       |см, ми        |ж?рген, жартас   |жануарлар |
|бастап?ы      |О?т?стік Азия,|сауытыны?     |арасында т?р?ан, |с?йегі    |
|пішіні        |5-3 млн. Жыл  |к?лемі 500-600|етпен ?оректенген|          |
|              |б?рын         |куб.см.       |                 |          |
|Ертедегі      |Африка,       |Бойы 150 см,  |Ал?аш?ы табынды  |?арапайым |
|адам-питекантр|Жерорта те?ізі|ми сауытыны?  |?мірс?рген, отты |тас       |
|оп маймыл адам|жа?алауы, Ява |к?лемі        |пайдалан?ан      |??ралан   |
|              |аралы, 1 млн. |900-1000      |                 |жаса?ан,  |
|              |жыл б?рын     |куб.см.,      |                 |а?ашты    |
|              |              |ма?дайы       |                 |пайдалан  |
|              |              |аласа,жа?     |                 |?ан       |
|              |              |с?йегі иексіз |                 |          |
|Ертедегі      |?ытай, 400 мы?|Бойы 150-160  |Табынды ?мір     |Тастан    |
|адам-синантроп|жыл б?рын     |см, ми        |с?рген, баспана  |ж?не      |
|              |              |сауытыны?     |жаса?ан, отты    |с?йектен  |
|(?ытайлы?     |              |к?лемі        |пайдалан?ан,     |??рал     |
|адам)         |              |850-1220      |теріден киінген  |жасады    |
|              |              |куб.см.,      |                 |          |
|              |              |ма?дайы аласа,|                 |          |
|              |              |жа? с?йегі    |                 |          |
|              |              |иексіз        |                 |          |
|Ертедегі адам-|Европа,       |Бойы 155-165  |??гірде топтанып |Тастан    |
|неандерталь   |Африка, Орта  |см, ми        |100 адамнана     |ж?не      |
|              |Азия, 150     |сауытыны?     |т?рды, теріден   |а?аштан   |
|              |мы?дай жыл    |к?лемі 1400   |киінді, асты от?а|е?бек     |
|              |б?рын         |куб.см.,      |даярлады, ымдасып|??ралда   |
|              |              |ма?дайы аласа,|с?йлесті, е?бек  |рын жасады|
|              |              |иек с?йегі    |б?лінісі пайда   |          |
|              |              |нашар дамы?ан |болды            |          |


 
  Кесте 1 жалғасы
|Ал?аш?ы     |Барлы? жерде  |Бойы 180 см-ге|Туысты? ?о?амда   |Тастан    |
|?азіргі     |30-40 жыл     |дейін, ми     |?мір с?рген,      |ж?не      |
|адамдар -   |б?рын         |сауытыны?     |т?р?ын жай салды, |а?аштан   |
|кроманьондар|              |к?лемі 1600   |оны суретпен      |?рт?рлі   |
|            |              |куб.см.,      |безендірді,       |е?бек     |
|            |              |ма?дайы биік, |теріден киім      |??ралда   |
|            |              |т?менгі жа?   |тікті, с?з с?леу  |рын жасады|
|            |              |с?йегінде иегі|?атынасын         |          |
|            |              |аны?          |?олданды,жануарлар|          |
|            |              |ажыратылады   |ды ?йретті,       |          |
|            |              |              |?сімдіктерді      |          |
|            |              |              |?сірді.           |          |
|            |              |              |Биологиялы?       |          |
|            |              |              |эволюциядан       |          |
|            |              |              |?леуметікке к?шті |          |


 
?азіргі  та?да  адамны?  шы?у  тегі   туралы   м?селе   ?лі   де   толы?ымен
д?лелденбеген талас т?дырушы с?ра? болып отыр.
Көптеген  зерттеушілер  Европалық  краманьондықтардың   неандертальдықтардан
шыққанына  күмәнданады,  себебі  зерттеуге   болатын   табылған   қазбаларға
қарағанда эволюциялық  секіріс  тым  жылдам  жүрген.  Қазіргі  кезде  біздің
түршелеріміздің шамамен 100 мың жыл бұрын Африкадағы Homo  sapiens-тің  көне
түрінен шыққандығы туралы болжам  ықтимал  болып  табылады.  Африкада  пайда
болған қазіргі типтік адамы Азияға таралып, 30 мың жыл  бұрын  Антрактидадан
басқа барлық континенттерге аяқ  басты  деп  болжанады.  1996  жылы  ағылшын
ғалымдары Джеймс Бинскот пен Адреан Хиал  ДНҚ  нуклеотидтерінің  жүйелілігін
зерттей отырып, дүние жүзінің барлық халықтары  өзара  туысқандық  байланысы
бар Африкандықтардың шағын бір тобынан тараған деген тұжырым жасаған.
Біздің түршеміздің бүкіл әлемге таралуына  қарай  адамдардың  түрлі  топтары
түрлі климаттық аймақтарға тап  болды.  Табиғи  сұрыптау  барысында  адамдар
түрлі табиғи жағдайларға физикалық тұрғыдан бейімделді.

Дәріс     №5     Адамның     тіршілік     ортасы.Факторлардың     организмге
әсері.Организмдердің  негізгі   тіршілік   орталары.Экологиялық   жүйелердің
негізгі  типтері.   Жердің   табиғи   ресурстарына   сипаттама:   литосфера,
гидросфера және атмосфера. Табиғи ресурстарды рационалды пайдалану.
Кез  келген  тірі  организм  өзін  айнала  қоршаған  табиғи  ортамен   тығыз
байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды  заттар,  жер
бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи  ортаның  компоненттері
тірі организмдерге  оң  немесе  теріс  әсер  етуі  мүмкін.  Сондықтан  әрбір
организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе  мекені  болуы  тиіс.  Мәселен,
көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы.  Ал,
куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре  алмайтын  орта
болып  табылады.  Бірақ  та  организм  үшін  табиғаттың  барлық  элементтері
белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың  біреуі  өте
қажет, екіншілері орташа, ал  үшіншілері  мүлдем  кажет  емес  зиянды  болуы
мүмкін. Сонымен орта дегеніміз  —  организмнің  өсіп-көбеюіне,  тіршілігіне,
дамуы  мен  таралуьна  тікелей  жанама  әсер  ететін  айнала  қоршаған  орта
компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп  —  тек  сол
органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.
Экологиялы? факторлар - тірі  организмге  оларды?  жеке  дамуыны?  бір  ?ана
кезе?інде болса да тікелей немесе жанама ?сер ете алатын ортаны?  кез-келген
?рі ?арай б?лшектенбейтін б?лшегі. Экологиялы? факторларды ?ш топ?а  б?леді:
абиотикалы? - ?лі таби?ат факторлары; биотикалы? – особь пен популяция  ж?не
таби?и  бірліктер  популяциясы  арасында?ы  ?зара  ?атынас;  антропогенді  –
адамны?  іс-?рекетіні?  ?орша?ан  орта?а  ?серіні?   жиынты?ы.   Экологиялы?
факторларды? ?р?айсысыны? ?зінше ма?ызы  бар.  Мысал?а,  жылуды?  кемшілігін
мол  жары?пен,  ал  организмге   ?ажетті   минералды?   элементтерді   сумен
алмастыру?а болмайды. Организмні? тіршілік етуіне не??рлым ?олайлы  ?ар?ынды
факторды -  тиімді  (оптималды)  деп  атайды.  Организмні?  тіршілік  етуіне
м?мкіндік жо? шекараны – шыдау шегіні?  т?менгі  ж?не  жо?ар?ы  де?гейі  деп
атайды. Егер де ?айсыбір факторды? м?ні шыдау шегінен шы?ып кетсе онда ол  –
шектеуші  фактор  деп  аталады.   Қоршаған     ортаның     қолайлы    немесе
қолайсыз   жағдайларын    тексергенде     алдымен    организмдердің     өмір
сүруіне     аса     қажетті      факторларға      көңіл     аударған    жөн.
Адамдардың   ортаға  жасайтын   әсерін,   пайда - зиянын    анықтағанда   ең
 басты    шектеуші   факторларды  іріктеп  алып,    жеке   организмге,   бір
түрлі  организмдер  тобына,   бірге  өмір  сүретін   ?р түрлі    организмдер
 тобына  жасайтын   ықпалын   білу ма?ызды.
Шектеуші   факторлар   физикалық,   химиялық    және   биологиялық   сипатта
болады.  Мысалы,  бірге  өмір  сүретін   организмдер  тобының    арақатынасы
   биологиялық   сипатта   болса,   организмдердің    жылы    мен    суыққа,
құрғақшылық   пен   жауынға   әсерлестігі   физикалық   сипатта,    қоршаған
ортада   көмір  қышқыл  газының    көбеюі -  химиялық  сипатта  болады.
   Табиғаттың    көптеген     шектеуші   факторларының    ішінен    климатқа
жататындарын    бөліп   алып    қараған   дұрыс,   себебі    олардың    адам
өміріне,  шаруашылық   жүргізуге   жасайтын    әсері   өте   үлкен.  Мысалы,
адамдарды?   солт?стікті?   кейбір   жерлеріне   ?оныс    тебуіне    жылуды?
жетіспеушілігі шектеуші фактор болса, керісінше кейбір  о?т?стік  айма?тарда
су  тапшылы?ы  мен  температураны?  ?те  жо?арлы?ы  шектеуші  фактор   болып
табылады. Себебі, адам организмдеріні? бейімделу м?мкіндіктері де  шектеулі.
Біра?,  ?азіргі  ?ылыми-техникалы?  прогрессті?  н?тижесінде  б?л   шектеуші
факторлары бар айма?та  да  тірішілікке  ?ажетті  жа?дайларды  адам  ?олымен
жасап ?ою м?мкіндігі бар.Табиғаттың   шектеуші    факторлары      адамдардың
 қолайлы  өмір  сүруі  үшін   керекті  жағдайларды  жасауына ?келеді.
Климаттың   шектеуші  фактор  болатыны  ондағы  өзгерістер  мен   құбылыстар
 адамдардың  еркімен  жүрмейді,  тек  табиғат  заңдарына    ғана   бағынады.
Сондықтан,  қандай  да  болмасын  өндрісті  ұйымдастырғанда,   өмір   сүруге
  қолайлы   жағдай   жасағанда     сол    жердің    климат    ерекшеліктерін
ескеріп,   олардың   пайдалы   жағын   пайдаланып,   зиянды   жағын   азайту
бағытында     қызмет   істеу   қажет.  Организмні?  сол   жерді?   климатты?
шектеуші  факторларына  бейімделуін  ескеру  керек.   Климаттың     шектеуші
факторларына    ауаның  температурасы,   күн    сәулесі,   жылу,   ағын  су,
жел   және   атмосфералық   қысым   жатады.  Климаттағы   өзгерістер     мен
құбылыстар        табиғи     жолмен     және      антропогенді     факторлар
нәтижесінде  де  болып  жатады.
 Табиғи  жолмен  болатын   өзгерістер   милиондаған    жылдар   бойы   жүріп
келеді.  Жер   шарының    әр   түпкірінен    табылған    ауа   райы   туралы
деректерді     салыстырғанда   бірнеше   миллион   жыл    бұрын    климаттың
басқаша   болғаны,  содан  бері  айтарлықтай  өзгергені   мәлім  болды.
Адамдардың   іс-әрекетіне    байланысты   болатын    өзгерістер   ормандарды
кесіп, жерді игеріп, қала  мен   су   қоймаларын    сала   бастаған   кезден
жүріп  келеді.
Шаруашылық    жұмыстарымен   айналысқанда     биосфераның    өсу    заңдарын
ескеріп   отыру,  болашақта  болатын  пайда-зиянды   анықтап   ал?ан  д?рыс.
 Мысалы   су   электр   станциялары    құрлысын   бастамас   бұрын   өзеннің
ағысы  мен  жауын  шашын   мөлшері  бұрынғы   қалыпта   сақталама,   болмаса
азайып   кетеме,   су   астында    қалатын   құнарлы   топырақпен   кесілген
орманның  орнын  су  электр  станциясы   беретін   пайда   толтырама,   әлде
зиян  әкелеме,  сол  сияқты    мәселенің   тағы   басқа   жақтарын   есептеп
білуі  керек.
Дәріс № 6. Homo sapiensтің  географиялық   және  папулациялық  түр  ретінде.
HOMO SAPIENS популяциялық полиморфизм және географиялық өзгергіш ретінде.
Адамның жануарлар, әсіресе сүтқоректілермен құрылысының  ортақ  жобасы  және
ұйымдасуының көптеген белгілерінің ұқсастығы көп  уақыттан  бері  адамдардың
назарын аударып келеді.  Адамның  табиғаттағы  орнын  түсінуге,  оның  басқа
организедермен  ұқсастығын,  өзгешелігін,   адам   типіндегі   алуан   түрлі
белгілерінің  болу  себептерін  түсіндіруге  көп  елдердің   адамдары   көне
заманнан-ақ, мүмкін жалпы ғылыми білім  пайда  болға  кезден  бастап  әрекет
жасаған болар.
Адамның  шығу  тегі  туралы  алғашқы  эволюциялық  көзқарастар  көне   заман
ойшылдарының еңбектерінде кездеседі.  XVIII-ғасырда  К.Линней  адамды  лемур
және маймылмен бірге приматтар отрядына  жатқызады.  Ламарк  адам  ағаштарға
өрмелеуден жер бетімен жүруге көшкен маймыл тәрізді ата-тектерден шықты  деп
жорамалдайды.
Адам тарихын  түсінудегі  ірі  оқиға  Ч.Дарвиннің  "Адамның  шығу  тегі  мен
жыныстық сұрыпталу" атта еңбегі болды.  Ұлы  ағылшын  ғалымының  бұл  еңбегі
"Түрлердің шығу тегі"  атты  туындысы  сияқты  адамның  Құдай  жаратылысының
өнімі  ретінде  қарастыратын  көзқарасқа  қатты  соққы  болды.  Ал   Адамның
әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының заңдылықтарын  одан  кейінгі  уақытта
тарихи материализмнің негізін қалаушылар ашты.
Адамның шығу тегі мен  эволюциясын,  оның  жануар  ата-тектерінің  тіршілігі
қандай   биологиялық    заңдылықтарға    тәуелді    болғанын,    биологиялық
заңдылықтардан   әлеуметтік   заңдылықтарға   көшу    процесін    зерттеумен
жаратылыстанудың саласы – антропология (грек тілінен  anthropos  –  адам)  –
айналысады.  Ең  алдымен   адамның   жануарлар   дүниесінде   алатын   орнын
қарастырайық.
2.Адамның жануарлар әлемі жүйесіндегі орны.
Адамның эмбриональдық дамуы кезінде  Хордалылар  типінің  барлық  өкілдеріне
тән белгілерді көруге болады. Олар:  хорда,  ұрықтың  арқа  жағындағы  жүйке
түтігі, тамағындағы желбезек  саңылаулары.  Омыртқа  жотасының  дамуы,  аяқ-
қолдарының екі жұбы  болуы,  жүректің  дененің  құрсақ  бөлігінде  орналасуы
адамды омыртқалылар тип тармағына жатқызуға мүмкіндік берді.  Төрт  камералы
жүрек, күшті дамыған ми қыртысы, жылықандылық, сүт  бездері,  дененің  беткі
жағындағы түктер, тістердің үш түрі (азу тіс, ит  тіс,  күрек  тіс)  адамның
сүтқоректілер класына жататындығын көрсетеді.
Ұрықтың ана денесінде дамуы және оның қағанақ арқылы  қоректенуі,  қағанақты
жануарлар класс тармағына тән. Ұстағыш  типті  қол-аяқтары  (бірінші  бармақ
қалғандарына бұрыш жасап орналасқан),  аяқтарындағы  тырнақтар,  сүт  бездер
емшектерінің бір жұбы, жақсы дамыған бұғана сүйектері, онтогенез  процесінде
сүт тістердің тұрақты тістермен алмасуы, әдетте бір  ғана  төлдің  (баланың)
туылуы адамның Приматтар отрядтарындағы орнын анықтайды.
Аталған  белгілерге  қарағанда  адамның  ерекше  жеке  белгілері  –  омыртқа
жотасындағы   құйрық   бөлімінің   редукциясы,   аппендикстің   болуы,    ми
сыңарларында иірімдердің көп болуы, қанның негізгі төрт  тобы  (А,В,О,  АВ),
мимикалық бұлшық еттердің дамуы және т.б. бірқатар белгілер  –  адамды  адам
тәрізді  маймылдар  отряд  тармағына  жатқызуға  мүмкіндік  береді.  Адамның
жануарлардан шығуы бірқатар қасиеттердің  болуымен  дәлелденеді,  олар  адам
омыртқалалардың  ұзақ  эволюциялық  нәтижесі   екендігін   көрсетеді.   Адам
ұрығында  эмбриональдық  даму  кезеңіндегі  екі  камералы  жүрек,   желбезек
доғаларының алты жұбы,  құйрық  артериясы  –  балық  тәрізді  ата-тектерінің
белгілері  дамиды.   Қосмекенділерден   адам   саусақтар   арасындағы   жүзу
жарғақтарын алды, бұл жарғақтар оның ұрығында ғана болады.
Жаңа туылған нәрестелер мен бес жасқа дейінгі  балалардың  жылу  реттелуінің
әлсіз болуы адамның дене  температурасы  тұрақсыз  жануарлардан  шыққандығын
көрсетеді.   Ұрықтың   бас   миы   мезозой   эрасының    төменгі    сатыдағы
сүтқоректілердікі сияқты тегіс, оның иірімдері болмайды.
Алты апталық ұрықта сүт бездерінің бірнеше  жұптары  болады.  Сонымен  қатар
омыртқа жотасының құйрық бөлімі  дамиды,  бұл  бөлім  одан  кейінгі  уақытта
редукцияланып құйымшаққа айналады. Сонымен  құрылысының  және  эмбриональдық
дамуының негізгі  белгілері  Саналы  адам  түрінің  Сүтқоректілер  класында,
Приматтар отрядтарында, адам тәрізді  маймылдар  отряд  тармағындағы  алатын
орнын  нақты  анықтайды.   Сонымен   бірге   адам   тек   өзіне   ғана   тән
ерекшшеліктерге ие: тік жүру, төменгі  аяқ-қолдар  (аяқтар)бұлшық  еттерінің
күшті  жетілуі,  бірінші  бармағы  мықты  дамыған  күмбез   пішінді   табан,
қозғалмалы  қолдың  басы,  төрт  жерден  иілген  омыртқа  жотасы,  жамбастың
горизонтал жазықтыққа 60оС бұрыш жасап орналасуы, өте үлкен көлемді  ми,  ми
сауытының ірі болуы және бет сүйектерінің кішілеу  болуы,  бинокулярлы  көз,
өсімталдық (ұрпақ бергіштік) қасиеттерінің шектеулі  болуы,  180оС-қа  дейін
қозғалысты жасауға мүмкіндік беретін иық буынын және т.б. Адам құрылысы  мен
физиологиясының бұл ерекшеліктері – оның жануар  ата-тектерінің  эволюциялық
нәтижесі.
3.Приматтар эволюциясы. Қағанақты сүтқоректілер мезозой эрасының ең  соңында
пайда болды. Қарапайым насеком қоректі  сүтқоректілерден  кайназой  эрасында
приматтар отряды бөлініп шықты.  Палеоген  дәуірінің  ормандарында  лемурлар
мен ұзын өкшелілер –  құйрықтары  бар  кішкене  жануарлар  мекендеген.  Жуық
шамамен 30 млн жыл бұрын  ағаштың  үстінде  тіршілік  етіп,  өсімдіктер  мен
насекомдармен  қоректенген  кішкене  жануарлар  пайда  болған.  Олардың  жақ
сүйектері  мен  тістері  адам  тәрізді  маймылдардікіндей   болды.   Олардан
гиббондар, орангутандар  және  одан  кейінгі  уақытта  жойылып  кеткен  ағаш
маймылдары –  дриопитектер  тарады.  Дриопитектер  үш  тармақ  береді,  олар
шимпанзенің, горилланың және адамның пайда болуына алып келді.
Адамның ағаш үстінде тіршілік ететін маймылдардан  шығуы,  оның  құрылысының
ерекшеліктерін  алдын  ала  анықтады,  ал  бұл  өз  ретінде   оның   еңбекке
қабілеттігі мен одан кейінгі  әлеуметтік  эволюциясының  анатомиялық  негізі
болды. Ағаш бұтақтарында мекендейтін,  ұстайтын  қолдары  арқылы  өрмелейтін
және секіретін жануарлар үшін мүшелердің тиісті құрылысы қажет: қол  басының
бірінші бармағы қалғандарына  қарсы  етіп  орналастырылған,  180оС-қа  дейін
қозғалыс  жасауға  мүмкіндік  беретін  иық  буынын  дамиды.  Көкірек   қуысы
кеңейеді және арқа  қуысы  мен  құрсақ  бағытында  жазықтанып  дамыды.  Атап
өтетін  жағдай  құрлық  жануарларының   көкірек   қуысы   бүйір   жақтарынан
жазықтанған, олардың аяқ-қолдары тек алдыңғы және артқы  бағытта  қозғалады,
ал  жанына  қарай  өте  аз  қозғалады.  Бұғана  сүйегі  тек  приматтар   мен
қолқанаттыларда  (жарқанаттарда)  сақталған,  бірақ  тез  жүгіретін   құрлық
жануарларында дамымайды.
Ағаштардың үстінде алуан  түрлі  бағыттарда  өзгермелі  жылдамдықпен,  үнемі
қайталанып ара  қашықтыққа  қозғалу,  секірердің  алдында  өзін-өзі  жаңадан
бағдарлауы және жаңа нысанаға қарай қозғалуы бас миының  қимыл  бөлімдерінің
өте жоғары  дамуына  алып  келді.  Сонымен  қатар  ағаш  үстіндегі  тіршілік
өсімталдықтың шектелуіне себепші болды. Ұрпақ санының  азаюы,  оларға  деген
қамқорлықпен  компенсацияланды,  ал   топтасып   тіршілік   ету   жауларынан
қорғануды қамтамасыз етті.
Палеогеннің еікінші жартысында басталған тау түзілу процестеріне  байланысты
климат салқындай бастады.
Тропикалық пен субтропикалық ормандар оңтүстікке қарай  шегінді,  кең-байтақ
ашық кеңістіктер пайда болды.  Палеогеннің  соңында  Скандинавия  тауларының
мұз айдындары сырғып, оңтүстікке  қарай  ішкерілеп  ене  бастады.  Экваторға
қарай тропикалық  ормандармен  бірге  шегінбей  қалып  қойған,  жер  бетінде
тіршілік етуге көшкен  маймылдар  ортаның  қатаң  жағдайларына  бейімделуге,
тіршілік үшін ауыр күресті жүргізуге мәжбүр болды.
Жыртқыштар алдында қорғансыз, тез жүгіре алмайтын,  сондықтан  жемтігіне  де
жете  алмайтын  және  жануарларынан  қашып  құтыла  алмайтын,  дене   жылуын
сақтауға көмектесетін жүні болмаған маймылдар тек үйір-үйір  болып  тіршілік
етіп  және  қозғалыстан  босаған  қолдарды  тиімді  пайдалану  арқылы   ғана
тіршілігін сақтай алды. Маймылдан  адамға  өтудегі  шешуші  қадам  тік  жүру
болды. 10-12 млн жыл бұрын мекендеген маймылдардың  бір  тобы  адамға  келіп
тірелетін бір тармақ берді.
Оңтүстік Африкадан табылған қазба қалдықтары  дәлел  болатын  бұл  жануарлар
австралопитектер деп  аталды,  олар  топтасып  тіршілік  етеді,  денелерінің
салмағы 20-50кг, ал бойлары 120-150 см құрады. Олар денені  тік  ұстап,  екі
аяқпен жүрді. Маймылдардікіне қарағанда  олардың  тістер  жүйесі  адамдыкіне
көбірек ұқсады. Ми салмағы 550 грамды құрады, қолдары  жүруге  қатыспай  бос
күйде болды. Қорғану  және  қорегін  табу  үшін  австралопитектер  тастарды,
жануарлар сүйектерін пайдаланды, яғни жақсы қимыл координациясына ие болды.
Жуық шамамен 2-3 млн  жыл  бұрын  австралопитектермен  салыстырғанда  адамға
жақынырақ тіршілік иелері өмір сүрді. Олардың  ми  салмағы  650грамға  дейін
жетеді, құралдарды жасау мақсатында ұсақ жұмыр тасты өңдей  алды.  Бұл  адам
тәрізді маймылдар Епті  адам  деген  атауға  ие  болды.  Австралопитектердің
эволюциясы тік жүрудің, еңбекке  деген  қабілеттіліктің  прогрессивті  дамуы
мен бас миының күшті жетілуі бағытында жүрді.  Шамасы  осы  уақыттан  бастап
адамдар отты  пайдалана  бастаған.  Табиғи  сұрыпталу  тайпалық  тіршіліктің
дамуына қолайлы белгілерді сақтады, бұл өз ретінде екі  қолдың  жетілуі  мен
орталық жүйке жүйесінің дамуына  әсер  етті.  Міне  осындай  ерекшеліктердің
барлығы "маймыл-адамдардың" тіршілік үшін күресте жеңіске жетуін  қамтамасыз
етті және  1,5-2  млн  жыл  бұрын  Африкада,  Жерорта  теңізінің  аумағында,
Оңтүстік Орталық және Оңтүстік-шығыс Азияда кең таралуына алып келді.  Еңбек
етуге, аң аулауға және қорғану  мақсатында  құралдарды  пайдалану,  топтасып
тіршілік ету мидың одан әрі  дамуына  және  сөздің  пайда  болуына  септігін
тигізді.

Дәріс №7 .Антропология және экология. Антропология  ғылымы.  Антропологиялық
зерттеу әдістері.  Адамның шығу тегі туралы көзқарастар.
Жоспар:
   1. Антропология ғылымы
   2. Антропологиялық зерттеу әдістері
   3. Адамның шығу тегі туралы көзқарастар.
 Антропология (грекше antropos - адам)  –  адам  туралы  ғылым.  Ол  адамның
 шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін  зерттейді.  Әрине,
 адам денесінің құрылысын анатомия зерттейді.  Бұл  ғылымдардың  бір-бірінен
 айырмашылығы  неде?  Антропологтар  анатомдарға  қарағанда  басқа  тұрғыдан
 қарайды.  Қалыпты  анатомия  адамды  жинақтап,  «орталық»  тип   деңгейінде
 абстракты үлгі есебінде зерттейді. Антропологияда адамды  салыстырмалы  кең
 көлемде,  әрбір  адамның  жеке  әрекеттерін  зерттейді:  жыныстық,  жастық,
 конституциялық, қызметтік, этникалық  және  нәсілдік.  Бір  қатар  сұрақтар
 бойынша антропология, этнография және археологиямен  де  тығыз  байланысты.
 Антропология адам тарихымен байланысты, жер  қоймасынан  табылған  заттарды
 зерттейді. Этнография халықтың тұрмысы мен мәдениет ерекшеліктерін, олардың
 шығу тегін,  таралу  жолдарын  және  мәдени  тарихи  қарым-қатынастарын  да
 зерттейді. Антропология – табиғаттануға жатады. Бірақта биологиялық  пәндер
 ішінде  алатын  орыны  де  ерекше,  себебі,  адам  екі  қоғамның  өкілі   –
 биологиялық және әлеуметтік. Адам  –  қоғам  мүшесі.  Адамның,  адам  болып
 қалыптасуы жіне оның өмірі қоғамдық ұйымда өтеді. Еңбек пен қоғам – адамның
 тіршілігі мен жағдайының негізі,  оған  әлеуметтік  тарихи  жағдайлар  әсер
 етеді. Антропология ғылымы  бірнеше  бөлімнен  тұрады.  1.  Антропогенез  –
 жануарлар  дүниесіндегі  адамның  алатын  орны  мен  адамның   адам   болып
 қалыптасуын зерттейді. 2. Морфология - әрбір адам типінің  өзгерісін  жасқа
 байланысты  өзгеруін,   жынысқы   байланыстыөзгеруі,   жынысқа   байланысты
 белгілерін және тұрмыс жағдайын  зерттейді.  3.  Этникалық  антропология  -
 өткен дәуірден және қазіргі жер шарындағы халықтың антропологиялық құрамын,
 нәсілдік  қалыптасуын,  көшіп  қону   тарихын   зерттейді.   4.   Физикалық
 антрополгия  –  адамның  физиологиялық  және  биохимиялық  ерекшеліктерімен
 олардың әртүрлі өзгерістерін зерттейді. Антропологиялық  зерттеу  әдістері.
 Антропологияның зерттеу  аймағы  –  адам  денесі.  Ол  антрополгиялық  және
 медициналық аймақ болғанымен,  олар  бірдей  емес.  Антропологтар  бірқатар
 сапалық   белгілерді   (антропоскопия)   және   адам    денесінің    сандық
 көрсеткіштерінің (антропометрия) ерекшеліктерін суреттейді. Антропологиялық
 әдістер арқылы морфологиялық және  физиологиялық  көрсеткіштерді  талдайды.
 Антропологиялық зерттеулердің нәтижелері сот медицинасында, хирургияда т.б.
 практикалық медицинада өте кең және жиі қолданылады. Мысалы,  киім  тігуде,
 үй  жиһаздарын  дайындауда  және  станоктарды  құрастырудың   стандарттарын
 белгілейде де маңызы бар. Антропоскопиялық әдіс пен антропометриялық  әдіс,
 бірін-бірі толықтырып отырады. Адамның шыққан  тегі  туралы  проблема  адам
 баласын  барлық  уақытта  бірдей  қызықтыратын  сұрақ.  Бұл  табиғаттанудың
 негізгі сұрағы және оны шешудің дүние танымдылық маңызы бар.  Адамның  адам
 болуы туралы идиологиялық  күрес  ертеден  келе  жатқан  көзқарас.  Адамның
 табиғи пайда болуы туралы көзқарасты материалистік тұрғыдан ған түсіндіруге
 болады. Материалистік көзқарас Римнің натурфилософы Лукреция  Караның  «Зат
 тұрғысы» - «О природе  вещей»  атты  шығармасында  берілген.  Рим  дәрігері
 К.Гален адамға ең жақыны маймыл деп, оның анатормиясын зерттеген. 1619 жылы
 Италиян философы Лючилио Ваниниді адам маймыл мен туыстас дегені үшін өртеп
 өлтірілді. Адам  жануарлар  дүниесіне  жатады  деген  ұғым  зерттеушілердің
 ойында болғанымен, оны сол кездегі  діннің  дамуына  байланысты  идеалистік
 көзқарасқа қарсы шығу мүмкін болиады. Бірінші болып  жануарларды  жіктеудің
 негізін қалаған К.Линней, түр өзгермейді деген ұғымнан таймаған. Ол «адамды
 жаратушы құдай» деген ұғымнан таймаған. Ол  адамдарды  приматтар  отрядына,
 сүтқоректілер класына жатқызған. Осы отрядқа Линней,  маймыл  мен  жартылай
 маймылдарды да кіргізген. К.Линнейдің ұсынысы  бойынша  адам  туыстық  және
 түрлік атаққа ие болды (Homo sapiens – человек  разумный  –  ақалды  адам).
 ХVІІІ ғасырда адам маймылдардан шықты,  деген  ұғымды  қолдағандардың  бірі
 орыс натуралисті Афанасий Каверзанов болатын. Ол өзінің «жануарлардың қайта
 қалыптасуы» деген кітабында (1778) барлық жануарлардың  шыққан  тегі  біреу
 және олар бір-біріне сыртқы бейнесі ұқсамағанымен олардың ішкі  мүшелерінің
 құрылысында  таңқаларлықтай  ұқсастықтар  бар  деген.  Бірінші  эволюцияның
 авторы Ж.Б.Ламарк, адамның шығу тегі туралы гипотезаларында  бірінші  болып
 «Зоология философиясы» (1809) атты  еңбегінде  көрсеткен.  Ламарк,  адамның
 шыққан тегі, екі аяғымен тіке жүруге бейімделген, ағашта  тіршілік  ететін,
 маймыл   тұқымының   біреуі   деп    есептеген.    Адамның    прогрессивтік
 ерекшеліктерінің пайда  болуын,  Ламарктың  эволюциялық  теориясы  бойынша,
 мүшелердің жаттығуларының  нәтижесі  және  олардың  қажеттеліктерінің  даму
 барысында ұрпақтан-ұрпаққа берілуі деп көрсетті. «Түрдің шығу  тегі»  деген
 еңбегінде Ч.Дарвин болашақта эволюцияның ілім, адамның шығу тегін анықтауға
 үлесін қосады деп көрсетті. 1871 жылы «Адамның тегі» деген Ч.Дарвиннің жаңа
 кітабы  шықты.  Осылайша,  антропогенез  теориясының   биологиялық   негізі
 қаланды. Бірақта «Ақылды адамның» шығу  процесі  биолигиялық  проблемаемес.
 Адам эволюциясының  негізгі  факторы  еңбек  ету.  Антропогенездің  еңбекке
 байланысты теориясын ұсынған және дәлелдеген  Ф.Энгельс.  Адамның  шығутегі
 туралы сұрақ  осы  күнге  дейін  идеологиялық  күрес  аренасы.  Күмәні  жоқ
 дәлелдемелердің  қысылуымен  адамның   агтропоморфты   бастамаларданшыққаны
 мойындалды.


      Дәріс №8  Қоршаған орта  және  адам денсаулығы. Адам денсаулығы туралы
        түсінік.Қоршағанортаның  экологиялық  жағдайы  мен   ауру   деңгейі.
      Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар.
Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен  тығыз  байланысты.
Тірі  ағзаларға  тән  көптеген  касиеттер  адам  ағзасына  да  тән.  Адамның
тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында  өтеді.  Сондыктан
да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге  адам
- өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы  тұлға.  Адамның  өсуіне,  дамуына
жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың  ыкпалы  зор.  Баска
ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.
Адам барлық табиғи орта жағдайларында  тіршілік  ете  алады.  Өзіне  қажетті
жағдайларды саналы түрде жасап алуға  кабілетті.  Жер  бетінде  өмір  сүрген
ежелгі  адамдар  басқа  ағзалар  сияқты  орта  жағдайларына  тәуелді  болды.
Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның  табиғатқа  тәуелділігі  бірте-бірте
бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.
Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының  әсері  зор.  Адамға
дем  алатын  ауаның,  күнделікті  пайдаланатын  ауыз  судың,  тағамның  таза
болуынын  маңызы  ерекше.  Адамның  мұкият  ойланбай   жасаған   кейбір   іс
әрекеттері  денсаулығына  зиянды.  Мыңдаған  жылдар  бойы  қалыптасқан  орта
жағдайларының  зиянды  өзгерістері  адам  денсаулығына  кері   әсер   етеді.
Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше  байқалуда.  Мысалы,  Арал  теңізінің
тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.
Адамның  денсаулығына  зиянды  әсер  ететін  факторлардың  ішінде  әр  түрлі
ластаушы  заттар  бірінші  орын  алады.   Адамның   іс-әрекеті   нәтижесінде
биосфераға, оған тән  емес  4  млн.-нан  астам  заттар  шығарылады.  Сонымен
қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа  заттар  шығарылады.  Олардың
көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда  хеnos  —бөтен)  адам  мен
басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.
Аурулардың    көбеюі    сонымен    қатар    табиғи    ортаның    әр    түрлі
трансформацияларымен,  оның  толық  бұзылуы,  өнеркәсіптік  кешендерге,  бір
типті  тұрғын  жерлерге  және  т.б.,  яғни  «үшінші   табиғатқа»   айналуына
байланысты. Денсаулыққа  әлеуметтік  және  экономикалық  жағдайлардың  әсері
артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан  алғанда  таза  орта  болса
да,  қолайсыз  әлеуметтік-экономикалық  жағдай  ауру  мен  өлімнің   артуына
әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық  жағдайдың  нашарлауы
адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы  әсер  етеді.  9-
кестеде халықтың өліміне әр түрлі аурулардың әсері көрсетілген.
9-кесте
Әр түрлі аурулардың әсерінен халықтың өлімінің себептері
9-кестеден адамдардың мезгілсіз қайтыс болу себептері  ең  алдымен  қолайсыз
табиғи және әлеуметтік факторлар болып табылады.
Ауру  мен  өлімнің  қоршаған   орта   жағдайларына   тәуелділігі   жекелеген
мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл  сайын  дүние
жүзінде шамамен 500  мың  адам  пестицидтермен  уланады  және  оның  5  мыңы
өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар  әдетте  «үшінші  әлем»  елдерінде  жиі
кездеседі. АҚІІІ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.
Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық  қатерлі  ісік  ауруларының
90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де  соңғы  10  жылда
қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен  23%-ға  дейін,  ал
әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан. Аурулар  индустриалды  және  ластанған
аудандарда жиі кездеседі.
Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор  көміртегі  тотығы  мен
шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша  СО-ның  мөлшері  6,5-теи
12  ЗЖЖК-ге  көтерілуі  балалардың  ауруларының  2   есе,   ал   акустикалық
қолайсыздықтың 8-ден 20%-ға артуы — 1,4 есеге артуына әкеледі.
Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл  аймақ  аурулар  мен
өлімдердің   жоғары   болуымен   сипатталады.    Мысалы,    Қарақалпақстанда
(Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға  87-ден  келеді,  ал
Скандинавия елдерінде 7—8,  Жапонияда  —  5.  Бұрынғы  КСРО-да  80-жылдардың
соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24—25 болған.
Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін  және
ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға  бөліп  көрсетуге
болады:
1) концерогендер (латын тілінен аударғанда cancir  —  рак,  генезис  —  шығу
тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500  осындай  заттар
белгілі.  Олардың  ішіндегі  ең  күштілеріне  бензо(а)пирен  және  басқа  да
полициклді  ароматтық  көмірсулар,   ультракүлгін   сәулелер,   радиоактивті
изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер, нитрозаминдер,  асбест  және  т.б.
жатады;
2) мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio  —  өзгеру)  –  хромосомалар
саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген  сәулелері,
гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин,  кейбір  вирустар  және
т.б. жатады;
3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos —  құбыжық)  —  жеке
дамуда  кемістіктерге  әкелетін,  кемтарлықтардың  пайда  болуына   әкелетін
заттар. Тератогендерге әсер  ететін  мөлшерінен  артып  кететін  кез  келген
фактор жатады. Көбінесе тератогендерге  мутагендер,  сондай-ақ  пестицидтер,
тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.
Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогеидер  (грек
тілінен аударғанда embryo – ұрық) эмбрионалдық даму  кезінде  зақымдануларға
әкелетін заттар.  Эмбриогендерге  тератогендер,  мутагендер  және  басқа  да
заттар (мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады.
Адам қызметінің нәтижесінде  жаңа,  бұрын  болмаған  аурулар  пайда  болады.
Мұндай  ауруларды  ерекше  техногенді  аурулар  тобына   жатқызады.   Оларға
қорғасын   («сатуризм»),   кадмий    («ита-ита»),    сынап    қосылыстарымен
(“минамата”) және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.
Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар
Көптеген  органикалық  заттар  улы  және  жоғары  дәрежеде   тұрақты   болып
табылады.  Олар  көбінесе  канцероген,  мутаген,  тератоген   немесе   басқа
аурулардың пайда болуын күшейтеді.
Органикалық  қосылыстардың  ішінде,  әсіресе,   галогенді   көмірсулар   мен
полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті.
Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары  хлор,
бром, йод немесе фтормен  алмасқан  органикалық  қосылыстар  жатады.  Хлорлы
көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі  тұрақты,  ағзалар  оларды  жеңіл
сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда  жиналуға  қабілетті.  Мысалы,
поливинилхлорид  (ПВХ),  полихлорды  бифенилдер   (ПХБ),   ДДТ   (пестицид),
тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен (еріткіштер). Бұл топқа өте  улы  зат  —
диоксиндер де жатады.
ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі  ісігін,  тері,  сүйек  пен  аяқ-қолдың
зақымдануынан көрінетін винилхлоридтік  ауруды  туғызады.  Ұзақ  уақыт  бойы
винилхлорид қауіисіз деп есептеліп келді. Оны  аэрозоль  баллондарында  газ-
тасымалдаушы және медицинада наркоз ретінде қолданып келген. Тек  70-жылдары
ғана оның улы қасиеттері анықталды.
Белгілі ДДТ (дихлордифенилдихлорэтан) да хлорлы  көмірсуларга  жатады.  1939
жылы Моллер бұл заттың инсектицидтік қасиеттерін анықтады.  Бұл  препараттың
15  млн.  тоннасы  жер  шарының  барлық  дерлік  аймақтарында   қолданылған.
Антарктиданың өзінен шамамен 25 мың тонна ДДТ  табылған.  Кейіннен  ДДТ  май
ұлпалары мен ана сүтінде жиналатыны белгілі болды. 70-жылдардан  бастап  бұл
инсектицидті қолдануға тыйым салынды. Бірақ  жоғары  дәрежеде  тұрақтылығына
байланысты  (ыдырау  мерзімі  50  жыл)  ол  қоректік  тізбектерде   әлі   де
интенсивті түрде айналымда болып келеді.
Диоксиндер қазіргі белгілі улы  заттардың  ішіндегі  ең  күштілерінің  бірі.
Диоксиннің  канцерогенді,  мутагенді,  тератогенді  әсері   анықталған.   Ол
әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді. Диоксиннің көп бөлігі  (шамамен  200
кг) қоршаған  ортаға  американдықтардың  Вьетнамда  қолданған  дефолианттары
түрінде  шығарылды.  Нәтижеде  тек  вьетнамдықтар  ғана  зардап  шеккен  жоқ
шамамен 20 мың американдықтарды да қамтыды.
Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды  зақымдайды.  Ағзаның  тұқым  қуалау
қасиетіне де әсері анықталған. Сонымен қатар канцерогенді  және  тератогенді
әсер етеді.
Халықтың денсаулығына метанол немесе метил  спирті  өте  қауіпті.  Түсі  мен
иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат.  30—100  мл  мөлшері
адамның өліміне әкеліп соқтырады.
Формальдегид химия өндірісінің  маңызды  өнімдерінің  бірі  болып  табылады.
Фтор альдегид аллергиялық реакциялар  туғызуы  мүмкін.  Сонымен  қатар  оның
канцерогендігі туралы да мәліметтер бар. Адам мен басқа да тірі ағзалар  бұл
затпен үнемі әсерлесуде болады  (пластик,  ағашты-талшықтар,  консерванттар,
автокөліктердің газдары, темекі түтіні т.б.). Дүние жүзінде ондаған  миллион
тоннасы өндіріледі. Қазір бұл затты тұрмыстық  мақсатта  қолдануды  шектеуге
бағытталған шаралар жүргізілуде.
Ауыр металдар. Көптеген ауыр  металдар  ағзалардың  тіршілігіне  қажет  және
микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір  және  т.б.
кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар  ақуыздармен
жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр  металдардың  қоршаған  орта
мен ағзада жинақталуының негізгі көзі —  отынды  жағу,  пестицидтер,  кейбір
органикалық қосылыстар, өндірістік қалдықтар және т.б.
Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский,  1996)  антропогенді  заттар  есебінен
қоршаған ортаға қорғасынның 94-97%-ы, кадмийдің — 84-89%-ы, мыстың — 56-87%-
ы, никельдің — 66—75%-ы, сынаитың — 60%-ы шығарылады.
Қорғасынның негізгі көзі — автокөлік жанармайы болып  табылады.  Қорғасынның
көп  бөлігі  металлургия  кәсіпорындары  мен  ауыл  шаруашылығында  пестицид
ретінде мышьякты) қорғасынды қолдану кезінде шығарылады.
Қоршаған  ортада  қорғасынның  артуы,  әсіресе,  өнеркәсіптік   революцияның
басталуымен тығыз байланысты. XX ғасырдың  қала  тұрғындарының  қаңқасындағы
қорғасынның мөлшері 1600 жыл  бұрын  өмір  сүрген  адамдармен  салыстырғанда
700—1200 есе артық.
Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау,  кешке
көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің  зақымдануы,  жүрек  ауруы,
уақытынан бұрын босану, түсік тастау.
Кадмий. Ауыр металдардың ішіндегі ең улы элемент. Ортаға кадмийдің  шығарылу
себептері  тас  көмірдің  шаңы,  химиялық   тыңайтқыштар,   пластмассалардың
қалдықтары мен жану өнімдері, темекі  түтіні.  Қорғасынға  қарағанда  кадмий
топырақтан  өсімдікке  жеңіл  өтеді  (70%-ға   дейін)   де,   ағзадан   баяу
шығарылады. Негізінен бүйректі (бүйректе  жиналады),  жүйке  жүйесін,  жыныс
мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян. “Ита-ита” ауруын туғызады.
Сынап. Қоршаған ортада кеңінен таралған. Дүние жүзіндегі  сынаптың  өндірісі
жылына 10 мың т.  астам.  Ол  негізінен  электротехникада,  медицинада  және
химия өнеркәсібінде қолданылады.
Металдық (элементарлық) сынап  іс  жүзінде  ағзаға  зиянды  емес.  Бірақ  бу
түріндегі сынаптың әсері қауіпті.  Ағзаға  тамақпен  не  тері  арқылы  енген
сынап тұздарының қауіптілігі жоғары.
Сынаптың металлорганикалық қосылыстары (әсіресе метил сынап) ағза  үшін  өте
улы және қауіпті.
Асбест. Соңғы кезде дәрігерлердің назарын өзіне аударып  отыр.  Ұсақ  асбест
шаңы — асбестоз ауруын туғызады. Өкпе ұлпаларын зақымдап, қатерлі  ісіктерге
әкеледі.
Қала және адамның денсаулығы
Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы – қала. Ол  ең  ірі  және  табиғи
ортадан өзгеше, көптеген  параметрлері  бойынша  экстремалды  деуге  болатын
орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады.
Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың  шамамен
жартысы шоғырланған. Соңғы 45 жылда қала  халқының  саны  729  млн-нан  2540
млн.  адамға  дейін  өсті,  яғни  3,5  еседей,  ал  олардың  халықтың  жалпы
санындағы үлесі  29-дан  44%-ға  дейін  артқан.  Сонымен  қатар,  қалалардың
іріленуі жүріп отыр. 1995 жылдың соңына қарай дүние жүзінде халқының саны  1
млн.-нан астам халқы бар 320 қала және 5 млн.-нан астам халқы  бар  48  қала
болған.
Бірақ урбанизация (латын тілінен аударғанда urbanus — қалалық)  процесі  тек
қала  халқының  немесе  қалалардың  мөлшері  мен   санының   артуымен   ғана
шектелмейді. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың  рөлінің
артуынан, көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді.
Қалалардағы  адам  экологиясына  тән  нәрсе   —   бұл   табиғи   экологиялық
факторлардан оқшаулану болып табылады.  Қажетті  мөлшерде  өсімдіктер,  тірі
топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен  оның
табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық,  әсіресе  қала
жағдайында шиеленісе түседі.
Қазіргі  кездегі   қала   —   күрделі   әлеуметтік-экономикалық   ағза.   Ол
демографиялық,   экономико-географиялық,    инженерлік-құрылыс,    сәулеттік
факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық  кеңістік  пен  табиғи  ортаның
алуан түрлі өзара әсерлері  нәтижесінде  қалыптасады.  Көбінесе,  қалалармен
қоғамдық  процестің  көптеген   белгілерін   байланыстырады.   Бірақ,   қала
өркениеті   —   қолайлы   жағдайлар,   тұрмыстың   жеңілдеуіне   әкелгенмен,
коммуникация   тығыздығы,   әр    түрлі    қажеттіліктерді    қанағаттандыру
мүмкіндіктері — тек барлық жағынан қолайлы орта емес.
Қала ортасы адамның басты сапасы — оның денсаулығына  қолайсыз  әсер  етеді.
Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің,  күнделікті  қажетті  заттардың
өнеркәсіп пен транснорттың қалдықтарымен  ластануы,  электромагниттік  өріс,
вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы,  тұрмыстың  химияландырылуы,  шектен
тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың  жетіспеуі,  гиподинамия,  эмоциогенді
қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен  таралуы  —  осылардың
барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.
Қала халқының басым бөлігі демалатын қаладан тыс, табиғи  жағдайда  өткізуге
тырысады. Бірақ, мұндай  жерлерде  мүмкін  болатын  рекреациялық  (рекреация
латын тілінен демалу, сауығу)  қысым  артады  да,  олар:  қаланың  жалғасына
айналады

      Дәріс №10  Қоршаған ортаның радиоактивті  ластануы.
1. Радиaция.
2. Радиациялық ластану
3. Радиоактивті заттардан қорғану.
1. Радиaция
Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті
заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені
жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР
радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын халықтар әр
түрлі мөлшерде радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радияция
қабылдайды.
Мемлекеттердің кейбір құжаттарында радияцияның  нағыз  мөлшері  белгіленген.
Халықаралық деңгей бойынша қазіргі  кезде  адамдарға  радияциялық  доза  0,1
бэрден аспауы керек. Профессионал мамандар дайындау оқу  орындарына  ППД-ның
(предельно допустимая доза) 5 бэрден аспауы тиіс, иондалған сәуле  тарататын
аймақта да тұратын адамдардың ағзасында радиацияның мөлшері  0,5  бэр  болуы
мүмкін.
70 жыл өмір  сүрген  адам  радияциялық  қайнар  көздерінен  14-15  бэр  алуы
мүмкін. Бұл көрсеткіш ағзаларға онша қауіп  төңдіре  қоймайтыны  анықталған.
Жер шарында тіршілік ететін әрбір адам өзінің өмір сүру кезеңдерінде  жылына
250-400 м бэр радияция алатыны сөзсіз .
2. Радиациялық ластану
Қазіргі кезеңнің өзекті  мәселелерінің  бірі  –  радияциялық  ластану  болып
қалып отыр. Радиактивті ластанумен  күресу  тек  алдын  алу  сипатында  ғана
болады. Себебі табиғи ортаның  мұндай  ластануын  нейтралдайтын  биологиялық
ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік  тізбек  бойынша
тарала отырып (өсімдіктерден  жануарларға)  радиоактивті  заттар  азық-түлік
өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп,  адам  денсаулығына  зиянды  мөлшерге
дейін жиналуы мүмкін. [1.,290б]
Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер  әкелетін  физикалық
ластанудың  түрі.  Бұл  ластану  адам  денсаулығы  мен  тірі   организмдерге
радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды.  Қазіргі  уақытта  дамыған
елдерде  ядролық   энергетиканың   дамуына   байланысты   қоршаған   ортаның
радиациялық ластануы үлкен қауіп  тудыруда.  Ластанудың  бұл  түрі  химиялық
кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық ластанудың мынадай топтарға бөледі:
1) Радиоактивті заттардың  бөлінуінің  нәтижесінде  пайда  болатын  альфа  —
(гелий ядросы),  бетта  –(жылдам  электрондар)  бөлшектердің  және  гамма  –
сәулеленулердің әсерінен  болатын  радиациялық  ластану  (физикалық  ластану
түрі);
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің  көбеюіне  байланысты
болатын ластану (химиялық ластану түрі).
Ортаның радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесін  қосқан  жоқ,  ол
радионуклидті  жауын-шашынның   түсуіне   әкелді.   Радионуклидтер   –   бұл
элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды  басқа  атомдарға  оң
және теріс йондар жұбын түзуімен қосаға  қабілетті  радиобелсенді  сәулелену
шығаратын  изотоптары.  Мұндай  сәулеленуді  иондаушы  деп  атайды.   Кейбір
заттарда барлық  изотоптар  радиобелсенді  болып  табылады.  Атап  айтқанда.
Оларға  технеций,  прометий,  сондай-ақ  Д.И.Менделеев  кестесінің   полоний
басталып трансурандылармен бітетін барлық элементтері жатады.
Гелий ядроларының (альфа –сәулелену) немесе жылдам электрондардан  (бетта  –
сәулелену) тұратын бөлшектер  ағынын  корпускулалық  сәулелену  деп  атайды.
Электромагнитті иондаушы сәулелену – бұл гамма — сәулелену  мен  оған  жақын
рентгендік сәулелену. Альфа және бетта-сәулелену организмнен  тысқары  тұрып
та оған әсер ете алады.
Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға, бірінші кезекте  –  адамға  аса
күшті  әсер  етеді.  Оған  микроағзалар  төзімдірек  келеді.  Эксперименттік
зерттеулер белсенділігі 3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің (кобальт-
60, цезий-137) қуатты көздерінің қасында жоғарғы топтағы  бірде-бір  өсімдік
немесе  жануар  тірі  қалмайтындығын   көрсеткен.   Түрлі   радинуклидтердің
организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшелінеді, әйтсе де жалпы  алғанда,
оларға мутагенді  және  бластомогенді  эффект  тән.  Мысалы,  131-иодтың  аз
мөлшерінде қалқанша бездің қызметі бұзылады,  ал  көп  мөлшерінде  –  зиянды
ісіктер түзіледі.
Радиациялық ластанудың  көздері.  Радиациялық  қауіптердің  әсерлері  шыққан
тегі бойынша табиғи және антропогенді  болып  бөлінеді.  Табиғи  факторларға
қазба  рудалары,  жер  қабаттарындағы  радиоактивті  элементтердің   бөлінуі
кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық өндіруге  және  қолдануға,
атом энергиясын  өндіруге  және  ядер  қаруын  сынауға  байланысты  жұмыстар
жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық  антропогендік  әсерлер
адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:
• Атом өнеткәсібі;
• Ядролық жарылыстар;
• Ядролық энергетика;
• Медицина мен ғылым.
Бұлар  қоршаған   ортаны   радиоактивті   элементтермен   және   радияциялық
сәулелермен ластайды. Юұдан басқа атом өнеркәсібі радиоактивті  қалдықтардың
көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіп және әлі шешімін таппаған мәселені  –
оларды көму мен жою мәселелерін алып келді.
Келесі  бір  қауіпті  радинуклид  –  стронций-90,  ол  ядролық   сынақтардың
нәтижесінде түзіледі (жартылай бөліну периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға  асқазан-
ішек трактісі , өкпе, тері жабыны арқылы түсіп, қаңқа мен  жұмсақ  ұлпаларға
жиналады. Стронций  қанда  патологиялық  құбылыстар  тудырады,  ішке  қанның
құйылуына, сүйек кемігінің құрлысының  бұзылуына  әкеледі.  Зақымданған  соң
ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы болуы  мүмкін
[5,152б]..
Қазіргі гигиена ғылымының өзекті мəселесі адам өмір сүретін  ортаның  зиянды
жəне қауіпті факторларын анықтау ғана  емес,  сонымен  қатар  олардың  халық
денсаулығына тигізетін қауіп-қатерін бағалай  білу  болып  табылады.  Қауіп-
қатер туғызатын əртүрлі факторлар  нақты  елдің,  аймақтың  жағдайларына  да
тəуелді екенін ескеру қажет [1.,290б].
3.радиоактивті заттардан қорғану.
Радиоактивті заттардан  қорғаудың  бірнеше  жолдары  бар.  Олар:  физикалық,
химиялық және биологиялық тәсілдері.
Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты  денені
жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған  перчаткаларды
кию  керек.  Қатты  радиоактивті   элементтердің   бөлшектерінің   кішкентай
түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек.
Екер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға өтсе, олар тез арада  ағзадан  шыға
қоймайды. Әсіресе радий, уран,  плутоний,  стронций,  иттрий  және  цирконий
бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар  радиоактивті
сәулелер  таратады.  Цезий  тез  еритін   тұздарды   түзеді.   Сөйтіп   адам
ағзаларының жұмсақ тканьдерінде  жиналады  да  үнемі  иондалған  сәулеленуді
таратады.
Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін  адам  ағзаларынан  шығару  оңай  емес.
Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады.
Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін  ағзалардан  ығыстырып  шығару  үшін  көп
мөлшерде су ішу керек.  Радиоактивті  элементтерді  ағзалардан  шығару  үшін
қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылынкөп мөлшерде пайдалану  керек.  С,Д
витаминің ішу өте пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап  ішуге  болмайды.  Олар
радияцияның әрекетін күшейтіп жіберуі  мүмкін.  Бірақ  кейбір  адамдар  Уран
өндіретін шахталарда істеп жүріп күніне азды- көпті  арақ  ішіп  жүрген.  Ол
адам күні бүгінге тірі. Ал арақ  ішпеген  оның  әріптестері  жарық  дүниемен
баяғыда қоштасқаның ол жіпке тізгендей айтып беріп отырады. Біздіңше,  азды-
көпті арақ-шарап ішіп отырған жөн болғаны.
Радияциядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары.  Радияцияға  қарсы
қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп  аталады.  Олар  радиоактивті
элементтердің  бөлшектері  ағзалардан  шығару  үшін  неше   түрлі   химиялық
препараттарды пайдаланады.
Олар ағзаларды  радияциядан  сақтап  қалады.  Иондалған  сәулеленуді  ем-дом
ретінде пайдалануға болады. Дерттерге диагностика қою  үшін  де  таңбаланған
атомды пайдаланады.
Сәуле тератиясы мен қан, ауруларын  емдеуге  болады.  Қауіпті  ісіктерді  де
емдеу  үшін  бета-сәулесін   пайдаланады.   Адамдарды   Радияциядан   қорғау
Қазақстан Республикасының  алдында  тұрған  аса  күрделі  мәселе.  Қазақстан
Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен  көңіл  юөлінеді.  Әсіресе
экологиялық аппатқа ұшыраған аймақтарда да  тұратын  халықтардың  денсаулығы
қатаң бақылауға алынған. Осы айтылғандарды  қорыта  келе,  радияция  (сәуле)
дертіне шалдықпау үшін  халыққа,  әсіресе,  жеткіншіктерге  радиоэкологиядан
жан-жақты білім және тәрбие беру екенін естен шығармауымыз керек.
Адамзат баласы осы кезде бұрын – сонды  болып  көрмеген  орасан  көп  ғылыми
табыстарға жетіп, техника мен технологияны  дамыта  түсуде.  Оларды  төтенше
түрде  дамуы  биология  ғылымдарына  тікелей  байланысты.  Ол  жаратылыстану
ғылымдарының көрнекті салаларының бірі. Оның басты міндеттері жер  бетіндегі
тіршіліктің пайда болуын, оның эволюциялық жолмен дамуын  зерттеу.  Биология
жердің тіршілік иелері адамдар  мен  жануарлар  өсімдіктер  мен  неше  түрлі
көзге көрінбетін микроорганизмдер әлемін зерттейді.  Алынған  мәліменттердің
негізінде сигнал хабарды дәл тіркейтін сезімтал  машиналар  мен  механизмдер
шығару жұмыстарын жүргізеді.
Кейінгі кезде биологиялық ғылымдар орасан  зор  ілгерлеп,  алға  басты.  Осы
уақыттың ішінде тіршілік дүниесі адамдар,  жан-жануарлар,  өсімдіктер  әлемі
туралы көптеген түсінігіміз бар. Тірі организмдердің  пайда  болу  жолдарын,
биохимиялық процестерін білеміз. Бірақ  көптеген  биологиялық  көріністердің
құпия сырлары әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ [3.,175б].
4. Қазақстандағы радиациялық жағдай
Қазақстан  территориясында  қуатты  ядролық  сынақтардың  ең   көп   мөлшері
жасалды.  Семей  полигонында  1949  жылдан  1989  жылға  дейін  470  ядролық
жарылыс,  оның  90-ы  ауада,  354-і  жер  астында  және  26-ы  жер   бетінде
жүргізілген.
Олар  Қазақстан  территориясының  біраз  бөлігінің  радиациялық   ластануына
әкелді.  Шығыс  Қазақстан  тұрғындары  Хиросима-Нагасаки  мен   Чернобыльдан
кейінгі ең  үлкен  йондаушы  сәулелену  дозасын  алған.  Радияциялық  әсерге
байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін  құпия  сақталып
келді.  Ресми  емес  көздердің  мәліметтеріне  сүйенсек  лейкемиядан  қайтыс
болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.
Қазақстан территориясында радияциялық ластану себептеріне мыналар жатады:
¬ Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары
¬ Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық өнеркәсіп орындары
¬ Ғаламдық жауындар
¬ Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында  жасалған  жер  асты  ядролық
жарылыстар
¬ Табиғи радиоактивтілік
¬ Радиоактивті қалдықтар.
Семей  ядролық  полигоны.  1995  жылы  Шығыс  Қазақстан  облысының   Орталық
бөлігіндегі жүргізілген аэрограмма, спектрографиялық суреттер жер  бетіндегі
цезий –  137  активтілігі  65  –  100  мкр/сағ.  болғаның  көрсетті.  Кейбір
жерлерде  120-500  мкр/сағ.  байқалған.  Зайсан   көлінің   Оңтүстік   Батыс
жағалауында цезий 137 радиациялық фоны 120-150 макр/сағ. құраған. [1.,290б]
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың,  тек  ядролық  полигон
зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияда да  қалыптасуынан  теріс
әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері Сарыөзек жылғасы мен  Мұржық  тауының
етегінде  «Мұржық»  және   «Дегелең»   аймағында   байқалған.   α   және   β
белсенділіктің жоғарғы деңгейі Семей  облысының  Қайнар  селосында,  Абыралы
колхозындағы барлық дерлік құдық суларында анықталған. Сонымен қатар,  Семей
қаласынан оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында су  алмасу  белсенді  жүретін
аймақта — α және β белсенділік салыстырмалы түрде төмен болған.
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты ядролық  жарылыстар.
1995 жылға дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан тыс  32  жер
асты ядролық жарылыстары жасалған.  Олар  әр  түрлі  халық  шаруашылық  шешу
үшін,  соның  ішінде  жер  қыртысын  сейсмикалық  зерттеулер,  Каспий   маңы
ойпатында тұзды мұнараларда жер асты кеңістіктерін жасау  үшін  жүргізілген.
Қазіргі  уақытқа  дейін  бұл  территориядағы  жер  асты  суларының   ластану
дәрежесі және мониторингі бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілмеген.
Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын  атомдық  кәсіпорындар.  Қазақстан
территориясының  техногенді  қызмет  әсерінен  радиоактивті  ластануы   уран
өндіру кен  орындарымен,  ядролық  зерттеу  және  энергетикалық  құрылғылар,
полиметалдық,  мұнай  және  газ  кен   орындарындағы   өндіру   және   өндеу
жұмыстарымен  байланысты.  Бұл  жұмыстар  уран-радий  және  торий  қатарының
элементтерінің әсерінен  радиоактивтіліктің  жоғарғы  болуымен  сипатталады.
Республикамызда 80000-нан астам кәсіпрындар  жұмыс  істейді.  Олардың  жалпы
белсенділігі 250 мың кюриден астам.  Аталған  йондаушы  сәулелер  көздерінің
жалпы санынан, шамамен 20000 (80 мың  кюри)  өндірістен  шығарылып,  көмілуі
қажет.
Зерттеулер  нәтижесінде  Шығыс  Қазақстан  облысында  1995   жылы   бірқатар
аномалиялар анықталған. «Үлбі» комбинатының өнеркәсіптік территориясында  15
радиоактивті  ластану  учакелері  табылып,  оның  13-і  жойылды.   Маңғыстау
облысында Иранға жөнелтілетін  метелл  қалдықтарының  радиоактивті  ластануы
анықталды. Жамбыл облысында  «Нодорос»  АҚ-да  1995  жылы  ылғал  өлшегіштің
нейтронды сәулелену көзі  жоғалған.  Кәсіпорындарда  коммисия  құрылып,  бұл
жағдайдың  себептерін  анықтау  мақсатында  тергеу  жұмыстары   жүргізілуде.
Солтүстік   Қазақстан   облысының   территориясында   Смирнов   поселкесінің
элеваторынан қуатты 200-3000 мкр/сағ. йондаушы сәулелер  шығаратын  құралдар
табылған.  Павлодар  облысының   құрлыс   кәсіпорындарында   кейбір   құрлыс
материалдардың  түрлерінің  радиациялық  сапа  сертификаты  жоқ.   Қарағанды
облысында  кәсіпорындар  йондаушы  сәулелердің  көздерінде   кезінде   жоюға
арналған  приборлары  мен  аппаратураларымен  қамтамассыз  етілмеген.  Семей
облысында кедендік бақылау  жүйесімен  бірлесе  отырып  жүргізілген  тексеру
нәтижесінде Қазақстан  территориясынан  сыртқы  радиоактивті  ластанған  сым
кабельдерінің шығарылуының 3 факторы тіркелген.
Ғаламдық жауындар. 1995 жыл бойында цезий – 137 концентрациясы 0-0,42  Бк/кв
м шамасында ауытқиды. Ал  жалпы  β  –  белсенділік  айына  0,4-0,9  Бк/кв  м
өзгереді. Бұл республика  халқына  қауіп  туғызбайды.  Ауадағы  радиоактивті
аэрозольдердің мөлшері рұқсат етілетін мөлшерден артық емес.
Радиоактивті қалдықтар. Қазақстан  территориясының  табиғи  радиоактивтілігі
оны   құрайтын   метерологиялық   әртектіліктің    түзілуімен    генетикалық
байланысты, сонымен қатар уран, радий  мен  торий  қатарының  элементтерімен
және космостық сәулеленумен байланыты. Табиғи  радиоактивтік  фон  әр  түрлі
болуы мүмкін: ірі су қоймаларының акваторияларында (Каспий, Арал  теңіздері,
Балқаш көлі) 6-8 мкр/сағ болса, граниттік массадан тұратын территорияда  50-
60 мкр/ сағ құрайды.
Магмалық жыныстар жер бетіне шығып жататын  табиғи  радиоактивті  фон  18-22
мкр/сағ, ал күшті қазіргі тұңбалық түзілістердің табиғи радиациялық фоны 10-
18 мкр/сағ құрайды.
Космостық сәулелердің жалпы табиғи радиациялық фондағы  үлесі  3-8  мкр/сағ.
1995  жылы  зерттеулер  нәтижесінде  Көкшетау   облысының   Арықбалық   және
Сарытүбек мекен-жайларындағы барлық ғимараттарда радиоактивті  газ  радонның
жоғары концентрациясы анықталған. Мысалы, Арықбалық  селосында  екі  балалар
бақшасы жабылған (радонның концентрациясы 4000 Бк/куб м-ге  жеткен,  қалыпты
мөлшерде 200 Бк/куб м.
Елімізде үкіметтік емес  экологиялық  ұйымдардың  қызметін  саяси,  құқықтық
негізде дамытуға да қолайлы  жағдайлар  жасалуда.  «Қоршаған  ортаны  қорғау
туралы», «Экологиялық сараптау туралы»заңдарда жұртшылықтың қатысу  ережесі,
ақпарат туралы негіздер  қаланған.  Республикамызда  200-ден  аса  үкіметтік
емес ұйымдар қоршаған ортаны қорғау,  экологиялық  білім  беру,  радияциялық
қауіпсіздік, экологиялық ағарту сияқты бағыттарда жұмыс істеді.
Қаладағы ауаның ластануы, жердің  тозуы  мен  шөлейттенуі,  өндірістік  және
тұрмыстық қалдықтардың көбеюі, жер асты және үсті  су  көздерінің  ластануы,
Ертіс, Жайық, Талас, Сырдария, Іле, Шу өзендерінің ластанған сулары  негізгі
экологиялық мәселелер болып отыр. Ауаның ластануы 15  қалада  нормадан  асып
кеткен,  Өскемен,  Ленинагор,  Алматы,  Ақтөбе,  Атырау,  Ақтау,   Теміртау,
Шымкент, Тараз, Петропавл, Қарағанды т.б. бұрынғыға қарағанда қазіргі  үлкен
деңгейде болып отыр. Арал өнірінің 59,6 млн.-ға жері  азған.  Сонымен  қатар
көтерілген  тұзды  шұаңның  ағындары  300  шақырымға,  ара   қашықтығы   500
шақырымға дейін таралып  жатыр.  Республикамызда  20  млрд.  тоннадан  астам
өндіріс және тұрмыс қалдықтары жиналып қалған.  Жыл  сайын  14  млн.  Куб  м
тұрмыстық және 700 млн. тонна  өнеркәсіптік  қалдықтар,  олардың  ішінде  84
млн.  Тонна  уландырғыш  т.б.  жиналады.  Сонымен  қатар  зауыт,  фабрикалар
өндеген рудаларын өндіріс қалдықтарының 1-18 үйіндісі жалпы көлемі  56  млн.
текше метр алып жатыр, радиоактивті фоны 35  мкр/сағаттан  3000  мкр/сағатқа
жетіп, халық денсаулығын бұзуда.
Қазақстанда АЭС құрлысын салу туралы әңгімен, сонау Кеңес Одағы тұсында  жиі
қозғалатын.  1995  жылы  бұл  мәселе  Үкімет  басқармасында  қайта  қаралып,
Оңтүстік  Қазақстан  облысында  Шардара  АЭС-ін  салу  көзделген-ді.  Ғалым-
мамандардың айтуынша, тәуелсіз, егеменді  ел  ретінде,  әлемдік  өркениеттің
бір бөлігі салынатын  Қазақстанда  атом  электр  станциясының  болуы  қажет.
Тіпті, Балқаш көлінің жағасында «Үлкен» атты  елді  мекенде  салынады  деген
әңгіменің ұшы шығып жатыр. Бірақ, арнайы  жұмыс  жоспары  жасалып,  мамандар
ірітелмеген. АЭС-тің қоршаған ортаны ластайтыны, өзен,  көлдердің  жағасында
салуға болмайтыны тағыда дәлелденіп  отыр.  Шетелдерде,  мәселен,  Францияда
электр энергиясының  90  пайызын  АЭС  өндіргенімен,  есесіне  адам  өміріне
қауіпсіздігі жан-жақты қаралған.  Демек,,  АЭС  құрлысын  салмай-ақ,  электр
энергиясын өндірудің басқаша көдерін  қарастыру  қажет.  Бұған  қосымша  бас
қосуға қатысушылар жалғыз түйін – қазақстан қазіргі АЭС  салуға  дайын  емес
деген қортынды жасады. [1.,290б]


1       11. Шу экогигиеналық   фактор   ретінде,  адам  денсаулығына  әсері.
Адамның  экогигиенасы.  Шудың  физикалық   сипаттамасы.   Қоршаған   ортаның
мониторингі.

Өндірістік  орталардағы  қолайсыз  факторларға  шу  жатады.  Адам   ағзасына
олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді  құралдарды  қолдану  кезіндегі 
әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары  жылдамдықта  жұмыс  істеулерімен
байланысты. Насостар,  компрессорлар,  трубиналар,  пневматикалық  құралдар,
станоктар  және  тағыда  басқа  қозғалыстағы  құралдар  шудың   көзі   болып
табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың  көбеюіне
байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.
Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр  жүйесінің
өзгерістері   дамиды.   Олардың   айқындылығы   шудың   параметрлеріне,   шу
жағдайындағы жұмыс ету стажына,  жұмыс  уақытындағы  шудың  ұзақтығына  және
ағзаның сезімталдығына байланысты.
Шумен  байланысты  еңбек  процесі  кезінде,  адам  денесі  мәжбүрлі  қалыпта
болатынын, белгілі бір бұлшық  еттер  тобының  кернелікте  болуын,  нервтік-
эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның,  улы  заттардың,
қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау  керек.  Бұның  барлығы
аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.
Патогенезі. шудың адам ағзасына әсерінің механизмі  күрделі  және  толығымен
зерттелмеген. Шу туралы  пікірлер  айтылған  жағдайларда,  ең  алдымен  есту
мүшесіне аса көңіл аударылады. Сонымен  қатар   шу  есту  мүшелерінен  бөлек
терідегі  сезімьал  рецепторлар  арқылы  да  қабылдануы  мүмкін.   Ол   есту
қабілетінен  айырылған  адамдарда,  сипап  сезу  арқылы  дыбыс   сигналдарын
анықтау мүмкіндіктерінің бар екендігімен бағаланған.
          Тері  жабындыларындағы  дірілді   сезетін   рецепторлардың   дыбыс
толқындарын  қабылдау  қабілеті  ағзаның  дамуының  ерте  кезеңдерінде  есту
ағзасының қызметтерімен жүзеге асуымен түсіндіріледі. Кейінірек  эволюциялық
даму процесі  кезінде,  тері  жабындыларынан  есту  ағзасы  қалыптасады,  ол
акустикалық  дыбыстарға  әсер  ете  бастайды.  Адам  құлағының   акустикалық
тербелістерді қабылдау диапазонының жиілігі кең – 16 – 20 000 Гц.  1000-3000
Гц дыбыс жиілігін қабылдауға есту анализатор-лары өте сезімтал.
Ішкі құлақтың  есту  анализаторларының  шеткі  бөлімдерінің  шудың  әсерінен
жарақаттануына байланысты, бірқатар  зерттеушілердің   тексерулері  бойынша,
ету ағзасындағы өзгерістердің  пайда  болуымен  түсіндіріледі.  Осымен  ішкі
спирал және спиралды ағзадағы (кортиев)  зақымдалған  клеткалардың   алғашқы
орналасқан жерлері түсіндіріледі.  Кейбір  авторлардың  айтуы  бойынша  ұзақ
шудың әсері ішкі құлақтағы  тұрақты қан  айналымның  бұзылыстарына  әкеледі,
ол лабиринттегі сұйықтықтардың өзгерістерінің себептері болып табылады  және
спиралды   ағзаның   сезімтел   элементтерінің   дегенеративті   процестерін
тудырады.
Есту ағзасының зақымдануының  патогенезінде  ОНЖ  маңызын  еске  алу  керек.
Қарқынды түрдегі ұзақ шудың  әсерінен  ұлудың  нервтік  аппаратында  дамыған
патологиялық өзгерістер қыртысты есту орталықтарына шамадан көп күш  түсумен
негізделген.
Естудің төмендеуі кейбір биохимиялық процестерге  негізделген.  Жануарлардың
спиралды ағзасын гистохимиялық тексерулер кезінде, гликогенннің  құрамындағы
нуклеин   қышқылдарын,   сілтілі   және   қышқылды   фосфатазаны,    янтарлы
дегидрогеназа және холинэстеразалық өзгерістер анықталған.
Адекватты емес өзгерістердің пайда болуы  мен  шудың  әсерлеріне  жауаптары 
есту  анализаторларының   анатомиялық  физиологиялық  байламдарындағы   нерв
жүйесінің    әртүрлі    бөліктерінде     орналасуға     байланысты.     Есту
анализаторларының  рецепторлық  аппараты  арқылы  әсер  ететін,  акустикалық
тітіркендіргіштер,  тек қана қыртысты бөлімде ғана емес сонымен қатар  басқа
ағзалардың да қызметтеріндегі рефлекторлы ығысуларды шақырады.
Кәсіби кереңдіктің клиникасы. Шулардың адам ағзасына қолайсыз  жағдайларының
клиникасындағы  маңызды  белгілерге  естудің  кохлеарлы  тип  бойынша   баяу
үдемелі төмендеулері жатады. Екі  құлақта  бір  деңгейде  зақымданады.  Есту
ағзасының профессионалды себебін анықтау үшін, науқастың  шағымдарын,  жұмыс
орындарындағы басқа адамдардағы аурудың кездесулерін,  сонымен  қатар  жұмыс
істейтін орнының  санитарлық  гигиеналық  жағдайларын  анықтаймыз.   Естудің
профессионалды    төмендеулері    кезіндегі    отоскопиялық    картиналардың
ерекшеліктері жоқ.
Шудың нәтижесіндегі есту ағзасының зақымданулары  алғашында  есту  қадамының
4000 Гц жиілікке жоғарлауымен сипатталады. Бұл өзгерістер  алғашында  естуді
қабылдауға  әсер   етпейді,   сондықтан   жұмысшылар    есту   қабілеттернің
төмендегенін байқамайды.  Естудің  төмендеулерінің  субьективті  көріністері
дыбысты  қабылдау  аймақтарының  500,   1000,   2000   Гц   жиілікке   дейін
төмендеулерімен сипатталынады, ол баяу дамып,  осы  мамандық  бойынша  жұмыс
істеу стажына байланысты ақырындап өседі. Аудиометриялық тексерулер  кезінде
жоғарғы  жиіліктерді   қабылдайтын   аймақтарда   (4000-8000   Гц),   сөйлеу
диапазонының жиілігі (500, 1000 және 2000 Гц), және естудің  одан  да  төмен
жиілікке дейін төмендеуімен (125-250 Гц) сипатталады.
Барлық дыбыс диапазоны бойынша дыбыстың өткізілуінің бұзылулары  сүйек  және
ауа арқылыда бірдей. Шу және шудың вибрациясының әсерін бір уақытта  алатын,
«шулы» мамандықта жұмыс істейтін  адамдардың  есту  қызметінің  жағдайындағы
клиникалық аудиологиялық көрнісі бірдей.  Жалпы  алғанда  «шулы»  мамандықта
жұмыс істейтін жұмысшылардың барлық топтарының  4000, 6000, 8000  Гц  жоғары
жиіліктегі дыбысты қабылдау  аймақтарының  біршама  төмендегенін  байқаймыз.
Алғашқы 5 жылыдқта осы аймақ бойынша естудің  алғашқы  қадамдарын  жоғарлату
бойынша жұмыстың нәтижесі онша жоғары емес.  Олардың  жоғарғы  көрсеткіштері
10-40 дБ аралығында болады. Кейінірек  естудің  жоғарлауы  500,  1000,  2000
жиілікте таралады. Осыған қарамастан мамандық бойынша жұмыс стажының  өсуіне
байланысты  естудің  төмендеуі  дыбысты  қабылдайтын  4000,  6000,  8000  Гц
жиіліктер деңгейінде қалады. Аз  мөлшерде  500,  1000,  2000  Гц  жиіліктегі
дыбысты қабылдау деңгейіне төмендейді, және 125-250  Гц  жиіліктегі  дыбысты
есту  төмендейді.
Диагностикасы.  Кохлеарлы невриттің салыстырмалы  диагностикасын  жүргізеді:
науқастың шағымдары,  аурудың  анамнезі,  аурудың  дамуы  мен  ерекшеліктері
(шумен байланысы,  байланыстың  ұзақтығы),  отоскопиялық  сипаты  және  есту
қызметінің  клиникалық  аудиологиялық  тексерулері,  босағалық  және  босаға
үстілік тонды мәліметтерді қоса отырып, естудің ультрадыбыстық  аймақтарының
жиіліктерін тексеру жатады.
         Аурудың анамнезі мен  отоскопиялық  көріністің  сипатына  негізделе
отырып сүлелі іріңді  немесе  адгезивті  отиттің  диагнозын   анықтау   қиын
емес. Шудың әсерінен пайда болған профессионалды  кохлеарлы  невритті  пайда
болу себебінде шудың  әсерлері  жоқ  аурулар,  яғни  отосклероз  және  басқа
невритпен салыстырудың қиындығы бар.
Кәсібиге қарағанда басқа себептен пайда  болған  кохлеарлы  невриттің  дамуы
жедел  және  кез  келген  деңгейдегі  айқындықта   болуы   мүмкін.   Естудің
зақымданулары бір жақты немес екі  жақты  болуы  мүмкін.  Ауру  белгілі  бір
себепке байланысты дамиды: тұмау, нейроинфекция, менингит,  контузия  немесе
ототоксикалық дәрілік заттрады (стрептомицин,  мономицин,  хинин  және  т.б)
қолданудан кейін.
Отосклероз  кезінде  профессионалды  кохлеарлы  невриттегі  сияқты   естудің
төмендеуі бачу жүреді. Кәсіби кохлеарлы неврит үнемі екі   жақты  болса,  ал
отосклероз  бір  жақты  және  жас  әйелдерде  кездеседі.   Осы   жағдайларда
салыстырмалы диагностика дыбыстың  сүйектен  және  ауадан  өтуін  зерттеудің
динамикасына негізделген (динамикалық аудиометрия).
Отосклероз  және  басқа  себептен  пайда  болған   невриттердің   арасындағы
салыстырмалы   диагностика   аудиометриялық   зерттеулердің    мәліметтеріне
негізделген.
Кәсіптік кереңдік кезінде жоғарғы  жиілікті  қабылдаудың  бұзылулары  (4000-
8000 Гц) аудиомтриялық қисықтың төмендеуімен сипатталады, ал  аурудың  өршуі
кезінде орташа және төменгі  диапазонның  жиіліктерін  қабылдауда  қатысады.
Кез келген этиологиялы кохлеарлы неврит кезінде дыбысты қабылдау  жиілігінің
жоғарлауы,   барлық   дыбыстың   диапазонында   және   әртүрлі    деңгейдегі
айқындылықта болуы мүмкін, кереңдікке дейін. Осы  және  басқада  жағдайларда
ауалық және сүйектік дыбысты өткізу бір деңгейде зақымданады.
Отосклероздың тимпаналды түрі  сүйек  арқылы  дыбысты  қабылдаудың  сақталуы
кезінде,  ауа   арқылы   дыбысты   қабылдаудың   төмендеуімен   сипатталады.
Отосклероздың кохлеарлы түрінде сүйек және ауа арқылы  өткізілудің  арасында
айырмашылық  болмауы  мүмкін  немесе  аз   мөлшерде,   және   аудиограмманың
мәліметтері дыбысты қабылдайтын анализаторлардың бөліктерінің  нейросенсорлы
кереңдіктеріне  ұқсайды. Бұндай жағдайларда қосымша зерттеу әдістері  керек:
босағңалық тестер, естудің ультрадыбыстық диапазонындағы жиілігін.
Басқа  себепті   кохлеарлы   невритте   қалыпты   жиіліктегі   ултрадыбыстық
диапазонын қабылдау кезінде  ФУНГ1  оң   және  Si=Si  тесті  оң  болады,  ал
профессионалды  неврит  кезінде  салыстырмалы  ажыратуды  жүргізу   кезінде,
қазіргі  кезде   кеңінен   қолданылатын   босаға   үсті   тестерін   тоналды
аудиометриялық   тексерулер    қосымша    көрсеткіштер    болып    табылады.
Отосклероздың кохлеарлы түрі бар науқастарда ФУНГ оң болады.  Сонымен  қатар
сөзді 100% қабылдайды  және  ультрадыбысты  қабылдау  қалыпты  немесе  аздап
төмендеген (90-100 кГц).
«Шулы» мамандығы бар жұмысшылардағы естуді бағалау критерилері.Шудың  әсерін
зақымдайтын адекватты  көрсеткіштерге  есту  ағзасындағы  естудің  төмендеуі
жатады.
          Аудиометриялық   тексерулердің   көрсеткіштерін   ескере   отырып,
құлақтың жағдайын  динамикалық  бақылау  кезінде  және  әсіресе,  еңбек  ету
сұрақтарын  шешу  кезінде,  «шулы»  мандықтағы   жұмысшылардың   естулерінің
төмендеу деңгейін бағалаймыз. Тондық аудиометрия мәліметтері бойынша  «шулы»
мамандықтағы жұмысшылардың сөзді қабылдайтын аймақтағы  есту  қабілеттерінің
төмендеуімен  жүретін  өзгерістер,  құлақтың  есту  жағдайларын   көрсетеді.
Сондықтан есту қызметінің жағдайын бағалаудағы маңызды тексерулерге 4000  Гц
жиіліктегі  және  сөзді  қабылдау  аймағындағы   есту   босағасының   орташа
көрсеткіштері болып табылады.
Аудиометриялық   тексерулерді   дәрігердің   бақылауымен   орташа   медицина
қызметкері жүргізе алады.
Аудиометриялық тексерулердің үш әдісі бар:
   1. Әдіс.  Әр бір  құлақтар  үшін  жеке  сүйектік  және  ауалық   дыбыстық
      өткізулерді 125, 250,  500,  1000,  2000,  3000,  4000  және  8000  Гц
      жиіліктерде  құлақтың  есту  қабілетінің  жоғалуын  анықтаймыз.  Шудың
      әсерінен естуді  төмендету  кезінде  500,  1000,  2000  және  4000  Гц
      жиіліктерді  анықтаудың  маңызы  зор.  Қосымша  аудиометрияның  босаға
      үстілік тексерулері  жүргізіледі.  Осындай  экспертизаларды  жүргізуге
      құқығы бар  медициналық мекемелерде еңбек  сараптамасын  жүргізу  үшін
      қолданылады.
   2. Әдіс.  Әр бір  құлақтар  үшін  жеке  сүйектік  және  ауалық   дыбыстық
      өткізулерді 125,  250,  500,  1000,  2000  және  4000  Гц  жиіліктерде
      құлақтың есту қабілетінің  жоғалуын  анықтаймыз.      Алдын  ала  және
      кезеңді түрдегі медициналық тексерулер кезінде қолданылады.
   3.  Әдіс.Әр  бір  құлақтар  үшін  жеке  сүйектік  және  ауалық   дыбыстық
      өткізулерді 125,  250,  500,  1000,  2000  және  4000  Гц  жиіліктерде
      құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз.      Шулы  өндірістерді
      қараған кезде, медициналық мекемелерде есту  ағзасына  бастапқы  шудың
      әсерін анқтау үшін қолданылады.
Аудиометриялық тексерулер үшін  тондық  аудиометрия  қолданылады,  босағалық
деңгейдің   экиваленттері   ГОСТ   13655-75   деңгейіне   сәйкес    келеді. 
Аудиометриядағы тондардың өзгерістері біркелкі және баспалдақты болу  керек,
5 Дб артық  болмау  керек.тексерулер  үшін  қолданылатын  аудиометриялардың 
ГОСТ  8.002-71  бойынша   мемлекеттік   тексеру   куәліктері   болу   керек.
Аудиометрияның кезеңді тексерулері жылына бір рет жргізіледі.  Тексерулерлер
алдында   аудиометриялық аппараттың инструкция бойынша   дұрыстығын  тексеру
керек, сонымен қатар кем  дегенде  5  адамның  «биологиялық»  калибровкалары
жүргізілді.
Аудометриялық тексерулер мекемелерде  жүргізіледі,  шулардың  деңгейі  аспау
керек: 1 әдіс үшін – 15 дБА және 50 ДБА; 2 әдіс үшін – 30 дБА және  65  дБА;
3 әдіс үшін 35 дБА және 70 ДБА. Шуды арнайы шумомермен өлшейді  оның  класы 
ГОСТ 17187  –  71  бойынша  2  төмен  болмау  керек.  Бөлмеде  эксперементті
жүргізетін адам және тексерілетін адамнан басқа ешкім болмау керек.
Аудиометриялық тексерулерді 80 дБА жоғары деңгейі бар  кәсіпорындарда   есту
қабілетін қалыптастыру үшін 14 сағат ішінде  жүргізеді.  Есту  босағалырының
уақыттық ығысуларын шудың әсері тоқтағаннан кейін  5-ші  минутта  жүргізеді.
Тексерулер кезінде   арнайы   шарттар  бар,  ол  тексерілуші  аудиометрияның
панелін көрмеу керек және  манипуляцияны  жүргізетін  адамның  түрін  көрмеу
керек.
Есту босағасын анықтауды келесі келесі дыбыс жиіліктерін  өткізу  тәртібімен
жүргізген дұрыс: 1000, 2000, 3000, 4000, 6000, 8000,  1000,  500,  250  және
125 Гц -  1 әдістер үшін; 1000, 2000, 4000 — 2 әдіс  үшін;  1000  және  4000
Гц  3 әдіс үшін.
Есту босағасын  анықтау   дыбысты  ауалық  өткізумен  арнайы  оң  және  сол 
құлақтарға  сәйкес  әрбір  құлақтар  үшін   аудиометр   телефондары   арқылы
анықталынады,  ал 1 әдісті қолданған  кезде  сүйектік  телефонды  қолданады.
Тексерілуші әр жиіліктегі тондардаың естілулерімен таныс болу  керек.  Дыбыс
пайда болған кезде сигнал кнопкасын басады (саусағын көтереді), ол  жоғалған
кезде  кнопканы  түсіреді.  (саусағын  түсіреді);   жауаптардың   дұрыстығын
сигналдардың үзілістерімен тексереді.
Егер нәтижесінде  3 сәйкестік болса, есту босағасы осы  жиілікте  бекітілген
болып саналады.
Аудиомериялық тексерулердің ұзақтығы 30 минуттан аспау керек.
Жұмысшылардың есту  жағдайлары  кереңдікке  байланысты  анықталады,  естудің
аудиометриялық тексерулер  нәтижесі  кестедегі  естудің  сандық  критерилері
бойынша анықталады (Остапкович В.Е., Пономарев Н.И.,1977ж).
 
Есту қызметтерін бағалау критерилері
|                             |Тондық баспалдақты аудиометрия |Сыбырлап   |
|                             |                               |сөйлеуді   |
|                             |                               |қабылдау   |
|Естуді жоғалту деңгейі       |                               |           |
|                             |                               |           |
|                             |                               |           |
|                             |                               |           |
|                             |                               |           |
|                             |500, 1000 және  |4000 Гц және  |           |
|                             |2000 Гц дыбыс   |тербелістердің|           |
|                             |жиіліктерінде   |мүмкін болатын|           |
|                             |(орташа         |шегінде ести  |           |
|                             |арифметикалық   |алмау (дБ)    |           |
|                             |мәні) ести      |              |           |
|                             |алмау(дБ)       |              |           |
|Есту ағзаларын шудың әсер ету|10 дейін        |50?20         |5?1        |
|белгілеріЕстудің жеңіл       |11-20           |60?20         |4?1        |
|дәрежелі төмендеуімен        |21-30           |65?20         |2?1        |
|кохлеарлы неврит             |31-45           |70?20         |1?0,5      |
|Естудің шамалы төмендеуімен  |                |              |           |
|кохлеарлы неврит             |                |              |           |
|Естудің ауқымды түрде        |                |              |           |
|төмендеуімен  кохлеарлы      |                |              |           |
|неврит                       |                |              |           |


 
1 дәрежесі – есту ағзасына шудың әсер  ету  белгілері.  Қарқынды  өндірістік
жағдайында шумен жұмыс істейтін жұмысшыларда осы түрі  қолданылады.  Естудің
бұл  жағдайы  сөзді  қабылдау  аймағында  естудің  босағасы  10  дейінгі  дБ
жоғарлауы, 4000Гц  — тен 50 дБ(?20); сыбырлап  сөйлеуді  қабылдау  5м  дейін
(?1).
2 дәрежесі — Естудің  жеңіл  дәрежелі  төмендеуімен  кохлеарлы  неврит.  Осы
дәрежедегі естудің төмендеуі  сөзді қабылдау аймағындағы  есту  босағасының 
11 ден 20 дБ жиілігінде, 4000 Гц 60-қа дейін дБ  (?20)  қабылданғанда,  және
сыбырлап сөйлеудің 4 м (?1) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.
3 дәрежесі — Естудің шамалы төмендеуімен кохлеарлы  неврит.  Осы  дәрежедегі
естудің төмендеуі  сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының   21  ден  30
дБ жиілігінде, 4000 Гц 65 дБ (?20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің  2
м (?1) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.
4 дәрежесі – айқын дәрежелі  естудің  төмендеуімен  кохлеарлы  неврит.   Осы
дәрежедегі естудің төмендеуі  сөзді қабылдау аймағындағы  есту  босағасының 
31 ден 45 дБ жиілігінде, 4000 Гц 70 дБ (?20)  қабылданғанда,  және  сыбырлап
сөйлеудің 1 м (?0,5м) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.
Ағзаға шудың арнайы емес әсері. Күшті шу деңгейлері орталық  жүйке  жүйесіне
жарақаттық әсер  етуі  мүмкін  және  естен  тану  жағдайларын,  эпилепсиялық
ұстамаларды, психикалық  бұзылыстарды  шақыруы  мүмкін.  Осындай  жағдайдағы
жұмысшыларда   дисциркуляторлы   энцефалопатия    синдромы   бақыланды,   ол
церебралды    микроорганикалық    симптоматикалармен    сипатталып,    басқа
этиологиялы   энцефалопатиялардан   ерекшеленбеді.   Соңғы   он   жылдықта  
тәжірибеде шудың осы ақаулары кездеспейді.
Жұмысшыларды тексеру кезінде орталық жүйке  жүйесіндегі  шудың  арнайы  емес
өзгерістері шамалы айқындықтағы  неврастения  синдромы  түрінде  және  сирек
вегетативтік-тамырлық  дисфункция   (нейроциркуляторлы   дистония)   түрінде
анықталынады. Қарқынды шу жағдайларында  ұзақ уақыт жұмыс істейтін  адмдарда
тұйық сипаттағы маңдай және самай аймақтарындағы бастың  аурулары;  көбінесе
жұмыстың соңында  немесе  одан  кейін  ауыспалы  сипаттқа  көшеді.   Сонымен
қатиар тітіркендіргіштік, жылауықтық, ұйқысының бұзылулары(жиі үзікті  ұйқы,
ұйқысыздық, сирек ұйқысының келуі), жоғары  шаршағыштық,  жүрек  айсағындағы
ауырсыну, басының айналуы(денесін басқа жағдайға  ауыстырған  кезде  көзінің
қарауытуы), есте  сақтау  қабілетінің  төмендеуі,  тершеңдік.  Ер  адамдарға
қарағанда әйелдер шуға бейім болып келеді.
Терең зерттеулер нәтижесі бойынша үлкен стажы бар  жұмысшыларда  вегетативті
жүйке жүйесі жағынан өзгерістер болады. Симпатикалық  жүйке  жүйесі  жағынан
көрінетін өзгерістерге пиломаторлы  рефлекстің  төмендеуі  (Дрогичина  Э.А.,
1957ж), адреналинді тері ішіне енгізген  кезде  тері  реакциясының  әлсіреуі
(Милков  Л.Е.,  1963ж),   несептегі   тәуліктік   катехоламиндердің   құрамы
төмендейді (Макотченко Л.Е және т.б., 1978).
Шудың әсерінен вестибулярлы, көру  және  тері  анализаторларының  қызметтері
өзгереді,  қолды  созған  кезде  саусақтардың   треморы   байқалады,   айқын
жағдайларда  көзді  жұмып  Ромберг  позасында  тұрған   кезде    тұрақсыздық
байқалынады.
Аяқ қолдардың дисталды бөліктерінде  ауырсыну  сезімдері  анықталуы  мүмкін.
Қабылдау вибрациясының  арнайы   рецепторлары  болып  саналатын  вибрациялық
сезімталдықтың төмендеуі.
ЭЭГ мәліметтер  ретикулярлы  формацияның  әлсіреуін  және  басқада  қыртысты
құрылымдардағы  қыртыс  асты  түзілістердің   өзгерістерін  көрсетеді.  Баяу
регулярлы  белсенділік,   қалыпты   ЭЭГ   өзгерістер,   альфа-белсенділіктің
төмендеуі дені сау адмдарда  да  және  шулы  жағдайларда  ұзақ  уақыт  жұмыс
істеген адамдарда да кездеседі (Дрогичина  Э.А  және  т.б.,  1965ж;  Волкова
А.М., 1970ж; Хаймович М.Е., Соколова Е.И., 1978ж және т.б).
Жүрек  тамыр  жүйесіндегі  өзгерістер  жүрек   аймағындағы   ауырсынулармен,
жүрегінің қағуларымен, тұрақсыз  пульс  және  артериялды  қысыммен,  жүректе
функционалды шулардың пайда болуымен, тамырлардың бұлшық ет түріндегі  күшті
жабысқақтық  қабілетінің жоғарлауы перифериялық қарсылықтың  жоғарлауларымен
көрінеді  (Шаталов  Н.Н.,  1971ж).   Көз   түбінің   артерияларының   шамалы
тарылулары анықталынады. М.Е. Хаймович  және  С.В. Кныш  (1979)  зерттеулері
бойынша қарқынды шудың әсерлерінен  пайда  болған   қанның  систолалық  және
минуттық    көлемдерінің   ұлғаюлары   түріндегі     орталық    гемодинамика
көрсеткіштерінің ығысулары анықталған. Гиперкинетикалық жүрек  синдромдарына
тән ығысулар анықталынады.  Осы  авторлардың  мәліметтері  бойынша  қарқынды
шудың  әсерлерінен  пайда  болған,  жүрек   тамыр   жүйесіндегі   бұзылыстар
экивалентті  шу  жағдайында  жұмыс  істейтін  жұмысшыларға   қарағанда   жиі
кездеседі.
Ұйымдастырылған  және  ұйымдастырылмаған   тұрғындардың   арасында   кеңінен
таралған,    арнайы   емес    сипаттары    бар,    естудің    профессионалды
төмендеулерінің белгілері болмаған кездеріндегі шудың әсерінен  жүрек  тамыр
жүйесіндегі және жүйке қызметтерінің бұзылуларының байланыстары қиындайды.
Алдын алу.Қарқынды өндірістік шулардың әсерінен пайда болған  маңызды  алдын
алу  шараларына,  шуға  қарсы  қолданылатын  индивидуалды  қорғаныс  заттары
жатады, оны қолданылатын жағдайлар: 1) параметрлер рұқсат етілген  деңгейден
жоғарлаған кезде; 2) техникалық  заттар  және  шуды  төмендететін  әдістерді
қолдану мүмкін емес жағдайларда немесе олар  қауіпсіз  деңгейге  дейін  шуды
төмендете алмайды; 3) қарқынды шу жағдайларына жұмысшылардың үздіксіз  келуі
кезінде.
Жеке қорғаныс заттарына шуға  қарсы  қолданылатын  құлаққа  тағатындар  және
шлемдер  жатады.  Шуға  қарсы  қолданылатын  заттарға  қойылатын    бірқатар
талаптар бар, олар  шудың әсерін төмендетіп, қолдануға ыңғайлы  болу  керек.
«Шудан  жеке қорғаныс заттары. Гигиеналық  талаптар»  ГОСТ  1576270  олардың
нәтижелігін бағалау, шуға қарсы заттар  немесе  әдістерді  таңдау,  талаптар
жазылған.
Жеке қорғаныс заттарын қолдану  кезінде  белгілі  бір  деңгейде  ыңғайсыздық
болуы мүмкін, сондықтан жұмысшылар үйрену  үшін  белгілі  бір  уаұыт  қажет.
Ішкі және ортаңғы құлақ, бет терісімен бастың қабынбалы    аурулары  кезінде
шудане қорғанатын қорғаныс заттарын  қолдануға  жол  берілмейді.  Тәжірибеде
көрсетілгендей  тәжірибеде шудың қолайсыз  әсерлеріне  қарсы  күрес  жүргізу
және гигиеналық талаптар бойынша жеке қорғаныс заттарын   қолдануды  енгізу,
бірқатар жағдайларда профессионалды кохлеарлы невриттің дамуын азайтады.
Еңбек  ету  қабілетінің  сараптамасы.    Есту   ағзаларының   профессионалды
зақымданулары   кезіндегі   әртүрлі   деңгейдегі   айқындылықтағы    естудің
төмендеуінде жұмысшылардың еңбек қабілетін анықтау үшін, келесі  жағдайларды
ескеру керек: 1) еңбек жағдайы мен істейтін  жұмыстың  сипатын  (санитарлық-
гигиеналық  мәліметтер  бойынша  жұмыс   жағдайының   жұмыс   орнындағы   шу
параметрлерінің көрсеткіштерімен сипаты); 2) барлық жыл  бойындағы  кәсіптік
маршруты  бойынша  жұмысшының  негізгі  кәсібінің  еңбек  ісәрекеті   (еңбек
кітапшасының көшірмесі); 3) есту қызметтерінің және ЛОР ағзаларыың   тексеру
нәтижелері  (аудиометрия  мәліметтері);  4)  «шулы»   мамандығындағы   жұмыс
кезінде және шу жағдайындағы жұмысқа дейінгі есту  қабілетінің  төмендетуіне
әкелетін, бұрындары басынан кешкен аурулары; 5) сандық критерилер  бойынша  
бағалау мәліметтері. Аурудың ағымы мен сипатын,  естудің  төмендеуімен  даму
ерекшеліктерін әрбір маңызды жағдайларда ескеру қажет.
Есту жағдайының  төрт  категориясын  қарайтын  естуді  бағалау  критерилері,
«шулы» мамандықтағы жұмысшылардың есту жағдайын салыстырмалы  бағалау  үшін,
кәсіптік   естудің  төмендеуін  дер  кезінде  алдын  алу  және   еңбек   ету
сараптамасының  қабілеттерін  шешу  кезінде  қажет.  Жұмысшыларда  есту  дің
төмендеуінің  І деңгейі  анықталған  кезде,  естудің  төмендеуінде  кәсіптік
ауру шешімі қойылмайды және осыған сәйкес шұғыл хабар парағы  толтырылмайды.
Есту  қабілетінің  төмендеуінің   І  деңгейі  бар  жұмысшылар  өз  мамандығы
бойынша жұмысты жалғастыра береді және міндетті түрде  шуға  қарсы  заттарды
қолданады, жылына бір рет есту қабілетінің жағдайын тексеріп отырады.
Егер кохлеарлы невритпен естудің ІІ  деңгейлі  төмендеуі   қойылса  (жеңіл),
жұмысшы есту жағдайы бойынша өз мамандығымен еңбек ете беруге болады.  Бірақ
келесі   жылдарындағы   аудиометриялық   тексерулердегі   есту   босағасының
көрсеткіштері тұрақты болып қалса. Егер  динамикалық  бақылау  кезінде  есту
босағасы жоғарлайтын болса, есту жағдайының 3 жағдайы бойынша  бағаланады.
Егер  жұмысшыларды  кохлеарлы  невритпен  естудің   ІІІ  деңгейлі  төмендеуі
қойылса (шамалы), шулы жағдайда  10  жыл  жұмыс  істеу  нәтижесінде  дамыған
болса,  оны  ДЕСК  бағыттайды.  Үлкен  стажы  бар  маманданған  жұмысшыларда
естудің төмендеуімен кохлеарлы неврит дамыса жәнеөршуі  болмаса,  жұмысшылар
өз мамандығы бойынша жұмыс істей береді.  Егер  кереңдіктің  өршу  белгілері
болса, жұмысшыларды шудың әсерінен шығарып ДЕСК бағыттайды.
Егер  кохлеарлы  неврит  айқын  естудің  төмендеуімен  (ІҮ  деңгей)   жүрсе,
қарқынды  шу  жағдайында  жұмыс  істеу   көрсетілмейді.  Жұмысшыларды   ДЕСК
бағыттайды және өндірістік  шу  жағдайынан  шығарады.  ІІ,ІІІ,ІҮ  деңгейдегі
естудің төмендеулері анықталған  кезде,  есту  ағзасының  кәсіптік  аурулары
туралы шұғыл хабар беріледі.
Есту  қабілетінің  сараптамасының   принциптері,  біздермен  ұсынылған  есту
қабілетінің жоғалту деңгейінің жіктелуіне негізделген.  Берілген  еңбек  ету
қабілетінің сараптамасының сұрақтарын шешу   тек,  І-ІҮ  деңгейдегі  естудің
төмендеуімен кохлеарлы  невриті  бар  «шулы»  мамандықтағы  жұмысшылар  үшін
арналған.  Бұл сұрақтарды жеке және есту қабілетінің жоғалуын ғана емс  жіне
басқа ағзалар жағынан  өзгерістердің  айқындылығын,  тұрақтылығын,  және  ең
бірінші орталық жүйке жүйесі және жүрек тамыр  жүйесі  жағынан  өзгерістерді
ескеру керек.
Барлық жағдайларда  жұмысшының  басқа  жұмысқа  ауыстыру  кезінде  зақымдану
деңгейінің  жеке медициналық көрсеткіштер ғана емес,  сонымен  қатар  жасын,
шудың әсері жоқ мамандықта жұмыс істеу мүмкіндігін де ескеру керек.
Қарқынды  өндірістік  шуы  бар  цехтарға  орналасудағы  адамдарды   кәсіптік
таңдау.    Бұл  жағдайда  жеке  адамдардың  шудың  әсерлеріне  сезімтелдығын
анықтайды. Тестің  көмегімен  жұмысқа  алушылардың  арасынан  қарқынды  шуға
сезімталдығы жоғары адамдарды анықтауға болады. Қарқынды шудың ұзақ  әсеріне
тексерілушінің  қандай  әрекет  жасайтынын,  кәсіптік  тексерулер  кезіндегі
алынған мәліметтер бойынша алдын ала  болжауға  мүмкіндік  беретін  тестерге
орасан зор көңіл аударылады. Шын мәнінде  есту  адаптациясын  немесе  шаршау
мөлшерін  оқиды.
Есту  анализаторларының   қайтымды   және   қайтымсыз   өзгерістерінң   даму
механизмінің біркелкілігін болжауға кәсіптік  таңдау  кезіндегі  шудың  ұзақ
уақыт әсерінен  шаршау тестерінін қолдану  кезіндегі   нәтижелері  хабаршысы
болып табылады. Қарқынды  шудың  үздіксіз  реакцияларының  есту  босағасының
ығысуы және есту босағасының  тұрақты  ығысуы   түріндегі  естудің  шаршауы,
немесе тұрақты кереңдік  байланыстарының  сұрақтарын  шешуде,   бәсекелестік
тудырады.  Есту қызметіне қандай ұзақтықтағы шудың қалай  әсер  етуі  туралы
көптеген  авторлар  (S.  Ward,  B.  Glorin   және  т.б)есту  ағзасының  шуға
сезімталдығымен  немесе  дыбыс  тондарының  тітіркенулерінен    кейін   есту
босағаларының  уақытша  ығысуларының   Я.С  Темкин  (1973),  В.Е  Остапкович
(1977) мәліметтері бойынша талқылауға мүмкіндіктер  береді.  Олар  босағаның
уақытша ығысуларымен және тұрақты кереңдік арасында аналогияны жүргізеді.
Алайда осы қарастырылып отырған тестер  шын  мәнінде  есту  ағзасының   шуға
немесе дыбысқа әсер етулерінің  сезімталдығын  тексеруге  мүмкіндік  береді.
Бұл сезімталдық көп жағдайларда босағаның дискофорт деңгейі мен  рекруитмент
феноменінің жеткілікті анықталуына байланысты, бірақта  олар  біркелкі  есту
босағалары кезінде, кейде қалыпты жағдайдың өзінде де әртүрлі болуы мүмкін.
15-16 жастағы жасөспірімдерде шудың әсерінен есту сезімталдығы  мен  басқада
функционалды   жүйелерде   айқын   өзгерістердің   пайда   болатыны   туралы
барлығымызға мәлім.осыған байланысты цехтарға  жұмысқа  жаңа  кадрларды  алу
кезінде жастың маңызы зор. В.Е Остапкович,  Н.И  Пономорев,  И.В  Крамаренко
(1971, 1973)  15-19 жас және 21-30 жас аралығындағы         жұмысқа  жаңадан
орналасқан немесе оқып  жүрген   жұмысшылардағы  есту  қызметінің  жағдайына
ретроспективті анализ жүргізген  кезде,  шу  негізгі  қолайсыз  факторлардың
бірі болып табылған.
Шулы өндірістерге жұмысқа  орналасқан  жастарда   әртүрлі  жағдайларда  есту
қабілетінің  төмендеулернің  кездесу  жиіліктерінің   көрсеткіштері   жоғары
болған. 15 жасынан тігінші болған   11-20  жылдық  стажы  бар   жұмысшыларды
79%,  ал  18  жасынан  бастап  жұмыс  істегендерде  51%   жағдайларда   есту
қызметінде өзгерістер  анықталған.  Соңғыларынды  естудің  төмендеуінің  ІІІ
және  ІҮ  джеңгейі  болмаған,  ал  алғашқыларында  32%  жағдайда  кездескен.
өндірістік шудың әсеріне 16-17 жасынан бастап жұмыс  істегендер  15  жасынан
бастап жұмыс істегендерге  қараған  да  тұрақты  болды  және  18  жастарынан
бастап жұмыс істегендерге қарағанда  тұрақтылықтары аз болып саналды.
Осы зерттеулердің нәтижесіне келетін болсақ,  егер жасөспірім  неғұрлым  жас
болса, шу жағдайында жұмысты  алғаш бастаған болса, соғұрлым ішкі  құлақтағы
нерв элементтерінің дистрофиялық өзгерістері дамиды.
15 жасынан немесе  30  жастан  жоғары  алғаш  рет  жұмыс   бастаған  адамдар
арасында қарқынды шудың әсерінен естудің тереңдігі кеңінен тараған.  Бірақта
бұл жағдайда дамыған ақаулардың себептері біркелкі емес. Есту  қызметтерінің
жас кездерінде бұзылуларының  кеңінен  тарауы  есту  анализаторларының  және
жүйке жүйесінің әлі толық қалыптаспауымен байланысты. 21-30  жас  аралығында
қарқынды шуы бар цехтарға алғаш рет  жұмыс  істеуге  келген  адамдарда  есту
қызметтеріндегі өзгерістер 15 жылдан кейін дамыған. Осыған байланысты  15-17
жас аралығындағы жасөспірімдерді қарқынды шулары бар цехтарға жұмысқа  алуға
болмайды және жұмысқа тек 35 жастан жоғары адамдар ғана алынады.

          12.   Электромагниттік    экология.   Электромагниттік    ластану
              экогигиеналық     фактор,адам   денсаулығына   әсері.    Адам
              экологиясының аймақтық мәселелері.
Физикалық  сипаты  бойынша  электромагниттік  толқынды  сәулелер  (ЭМС)  бір
бірімен байланысқан, электрлік  және  магниттік  алаңдарда   уақыты  бойынша
өзгеретін, және бір  бірімен  әсері,  электромагниттік  алаңды  түзеді.  ЭМС
толқындардың  жиілігі   және   ұзындығымен   сипатталады.   Электромагниттік
толқындар  жиілііг  герцпен  өлшенеді(Гц).  1   Гц   секундтағы   тербеліске
өлшенеді. Герцтің туындыларына жатады: килогерц (кГц) =  1000  Гц,  мегагерц
(МГц) = 106 Гц және гигагерц (ГГц) = 109 Гц құрайды.
Радиосәулелер толқындарын келесі негізгі  диапазондарға  бөледі:  өте  төмен
жиіліктегі(ӨТЖ), төмен жиіліктегі(ТЖ), жоғары  жиіліктегі(ЖЖ),  ультражоғары
жиіліктегі(УЖЖ) және өте жоғары  жиіліктегі(ӨЖЖ).  Оларға  өте  ұзын,  ұзын,
орташа, қысқа, ультра қысқа және  микротолқындар(дециметрлер,  сантиметрлер,
миллиметрлер) тән.
Жұмыс  күні  бойында  ЭМА   осында  жұмыс  істейтін  адамдарға  әсері  жұмыс
орындарында 60 кГц – 300 МГц аспау керек:  50  –  60  кГц-тен   3МГц  жиілік
үшін,; 20- 3МГц тен 30 МГц жиілік үшін; 10- 30МГц тен 50 МГц жиілік үшін; 5-
 60 кГц –тен 1,5МГц жиілік үшін,; 0,3 – 30 МГц- тен 50 МГц жиілік үшін.
Жұмыс орындарында ЭМА – дағы  рұқсат берілетін энергия  ағымының  тығыздығы 
300 МГц – 300 ГГц  жиілік  диапазонында  болу  керек,  ал  мекемеде  рентген
сәулелесі немесе жоғары температура болған кезде, жұмыс күні бойы 0,1  Вт/м2
(10 мкВт/см2); жұмыс күнінің 2 сағат ішінде 1  Вт/м2  (100  мкВт/см2)  аспау
керек.жұмыстың  қалған  уақытында  ЭМА   энергия  тығыздығы  0,1  Вт/м2  (10
мкВт/см2) аспау керек.
Эксплуатация  процесі  кезіндегі   РЛС   қарайтындарды,   операторлар,   ОТК
бақылаулары, РЛС мен немесе жеке СВЧ  блоктарын  реттейтіндер  микротолқынды
сәулелер  әсерлеріне  ұшырауы  мүмкін.  Егер  кабинкаларда  жақсы  экрандары
болса, адамдар аз қарқындылықтағы микротолқынды сәулелерге  ұшырайды.  Радио
және телерадиостанцияларда жұмыс  істейтін  кезекшілер  орташа,  қысқа  және
ультрақысқа толқындардың әсеріне ұшырайды.
Радиотолқындардың термиялық, биологиялық әсерлері бар, сонымен қатар  ағзада
дезадаптациялық  әсері  бар,  ол  дегеніміз  әртүрлі  қолайсыз  факторлардың
әсеріне   қалыптасқан   тұрақтылықтың   бұзылуы,   сонымен   қатар    кейбір
қабілеттіоік реакцияларының бұзылуы. ЭМА екі фазалы  реакциясы  аз  мөлшерде
ОНЖ ынталандырады және үлкен қарқындылықта тежеуші әсер етеді.
Радиожиіліктегі  сәулелермен  жұмыс   істеу   кезіндегі   қосымша   қолайсыз
факторларға жатады: 1) 10 киловольттан жоғары кернеудегі жұмысшылардағы  СВЧ
блоктарының модуляторлы және генераторлы  аймақтарындағы  рентген  сәулелері
(басым  төмен   энергетикалық);   2)   РЛС   кабиналарындағы,   радио   және
телеоадистанция  мекемелеріндегі,  индукциялық   және   диелектрлік   металл
қызбаларындағы  жоғары температура, 3)  РЛС  операторларындағы,  радио  және
телерадиостанцияларындағы кезекшілердегі эмогционалды психикалық  стрестер, 
сонымен  қатар  соңғы  категория  жұмысшыларындағы  еңбек  және   демалыстың
қолайсыз тәртібі; 4) индукциялық қыздыру аймақтарының, кабиналардың   ауаның
химиялық заттармен ластануы.
Клиникасы.
Жедел және сүлелі  әсерін  ажыратады.  Қарқынды  сәулелену  жылу  эффектісін
тудырады. Бұл кезде  дегбірсіздікке,  аяқтардағы  ауырсынуларға,  бұлшық  ет
әлсіздігіне, дене температурасының жоғарлауына,  басының  ауыруына,  бетінің
қызаруына,  жоғары   тершеңдікке,   шөлдеу,   жүрек   қызметінің   бұзылуына
шағымданады. Жедел қысқа уақыттық микротолқындар тахикардия,  діріл,  ұстама
тәрізді бастың ауырсынулары, жүрек айну түріндегі диэнцефалды  бұзылыстармен
жүреді.  СВЧ  алаңында  аз  қарқындылықта  жедел  реакция  астения   түрінде
көрінеді.
Радиожиілік диапазонындағы ЭМИ әсерлерінен  пайда  болған  кәсіптік  аурулар
сүлеліге жатады. Олар баяу түрде дамиды.
Микротолқындар  (СВЧ  алаңдары)  радиотолқындар   спектріндегі   биологиялық
белсенді болып табылады.
Клиникасындағы  маңызды  орындарға  ОНЖ  өзгерістер,  әсіресе  жүрек   тамыр
жүйесіндегі және вегетативті бөліктердегі.
Үш синдромды ажыратады: астениялық, астеновегетативті, гипоталамиялық.   Бұл
синдромдар    негізінен    аурудың    үш    кезеңіне    сәйкес:     бастапқы
(компенсирленген), шамалы айқындылықтағы және айқын.
Аурудың бастапқы кезеңінде  астениялық  синдром  болады,  науқастар  басының
ауруына, жоғары шаршағыштыққа,  ұйқысының  бұзылуына,  кезеңді  түрде  жүрек
аймағында пайда болатын ауырсынулар.  Вегетативті  симптомдар  реакциялардың
ваготониялық сипатымен жүреді. Артериялды гипотония  және  брадикардия  тән.
Брадикардия кезінде ЭКГ – Т тісшесі басым кеуде әкетулерінде,  биік,  үшкір,
ол  клиникалық мәліметтер бойынша вегетативті дисфункция  көріністері  болып
табылады. Перифериялық қарсылықтар қанның минуттық көлеміне сәйкем  келмейді
және  қалыптыдан   төмен.   Қалқанша   безінің   белсенділігінің   жоғарлауы
анықталған.  Науқастарда  көру  және  сезу  қабілеттеріні  жоғарлаған.   Бұл
өзгерістер науқастардың еңбек қабілетін өзгертпейді.
Аурудың шамалы айқын және айқын кезеңінде астеновегетативті  синдром  немесе
гипертония түріндегі  НЦД  синдром  түрінде  дамиды.  Астениялық  синдромдар
тереңдей түскен кезде, вегетативті жүйке  жүйесінің  симпатикалық  бөлігінің
жоғары қозғыштығымен байланысты    және  ангиоспастикалық реакциялар   және 
тамырлардың  тұрақсыз  гипертензиясымен    көрінетін   бұзылыстар.   Соңғысы
аурудың ауырлығын көрсетеді.
Симпатикалық   адреналды   криз   түріндегі    пароксизмалды    жағдайлармен
сипатталатын   гипталамиялық    синдромдар    аурудың    жекеленген    айқын
жағдайларында  дамиды.   Осы   науқастарда   жоғары   қозғыштық,   ұйқысының
бұзылулары,  есте  сақтау  қабілетінің  төмендеуі,  ұстама   түріндегі   бас
аурулары  мен  зардап  шегеді,  ол   жүрек   айну,   бас   айналу,   көзінің
қарауытуымен, қысқа уақыттық естен танулармен сипатталады. Оларды   қолдарын
созған  кездегі   саусақтар   мен   қабақтарының    терморы,     гипергидроз
анықталынады. Науқастар жиі жүрек аймағындағы  қысып  ауырсынуларға  «ауаның
жетіспеушілігі»,    АҚ     жоғарлауы,     әсіресе     диастолалық     (90-95
мм.сын.бағанасынан  жоғары),  күрт  әлсіздік.   Ұстамадан   тыс   уақыттарда
науқастар  сол  жақ  қол  және   жауырынға   таралатын   жүрек   аймағындағы
ауырсынуларға шағымданады. Айқын невростения фонында кардиалгия  дамиды,  ол
тамырларды кеңейтетін заттармен емге көнбейді.  Кейде  кезеңді  түрде  пайда
болатын жүрек қағулар, жүрек жұмысына көп мөлшерде  күш түсу, физикалық  күш
түсу  кезіндегі  ентігулер,  горизонталдыдан  вертикалды  жағдайға   ауысқан
кездегі     пульстердің  айқын  лабилділігі,   субфебрилитет   анықталынады.
Артериялды қысым тұрақсыз болады, көбінесе жоғарлауға  бейім.   Қалыпты  АҚ 
бар науқастарда физиалық күш түскен уақыттағы  күрт  систолалық  және  басым
диастолалық қысымның жоғарлауы болады. Сол  жақ  қарыншаның  гипертрофиясына
байланысты,  жүректің  сол  жақ   шекарасының   кеңеюі,   жүрек   тондарының
тұйықталуы,  кейде  жүрек  ұшынан  систолалық  шу  естіледі.  ЭКГ  –  да   Т
тісшесінің төмендеуі және инверсиясы, көбінесе  екі  стандартты  немесе  сол
жақ кеуде әкетулерінде,  ST  сегменттерінің  ығысуларымен.  Церебралды  криз
кезіндегі  жеке  жағдайларда,  жыпылық  аритмиясы  дамиды,   ол   қарыншалық
экстрасистола  түрінде  тіркеледі.  Айқын  жағдайларда  атеросклероз,   ЖИА,
гипертониялық аурулардың ерте белгілері анықталынады.
Гипоталамиялық  синдром  мидың  үлкен   шарындағы   қыртыстың   биоэлектрлік
белсенделегендегі   өзгерістер   түрінде    сипатталынады   (ЭЭГ   белгілері
бойынша).
Вегетациялық дисрегуляция белгілері көміртегі  алмасуларының  бұзылыстарымен
қанның  құрамындағы  белок  құрамының  жалпы   белок   және   диспротеинемия
құрамдарының  жоғарлауымен  жүреді.  Қандағы  липидердің    —   триглицерид,
беталипопротеид, холестерин және  фосфолипидтердің  жоғарлауы,  хлорид  және
кейбір электролит көрсеткіштерінің төмендеуі, қандағы  гистамин  деңгейінің 
жоғарлауы.
Шеткі қанда цитопенияға бейімділік,  сонымен  қатар,  эритроциттердің  спалы
жетіспеушілігі,   хромосом   аберрациясының   жиілігінің   жоғарлауы,    қан
клеткасындағы цитохимиялық өзгерістер (лимфоцит, нейтрофил,  тромбоцит  және
эритроцит), нейтрофилді қатардағы  жетілген  клеткалар  санының  азаюы  және
сүйек миындағы  эритропоэз белгілері.
Көру ағзасы жағынана  баяу үдемелі катаракт дамуы мүмкін.  ЭМА  әсерінен  аз
қарқындылықтағы  СВЧ   кезінде  бұндай  өзгерістер   анықталмайды.   Бірақта
ангиопатия  түріндегі  тамырлардың  торлы  қабаттарындағы  өзгерістер   және
ретиналды  тамырлардың  склероз   белгілері,   кейде   макулярлы   аймақтағы
дистрофия ошақтары болады.
Электромагниттік сәулелердің сүлелі әсерлері және негізінен  бейспецификалық
реакциялар  негізінде  көрінетін   бұзылыстар   зақымданулардың   анықталуын
қиындатады. Ол ауруға тән сипаттарна анализдің динамикадағы даму  процесіне,
науқасты жан жақты тексеруге, еңбек ету  қабілетіне  негізделген.  Соңғысына
циркуляторлы  бұзылыстармен  астениялық   синдромның   дамуы,   бас   миының
биоэлектрлік  белсенділігінің  өзгерістері,  диспротеинемия,   дислипидемия,
дисэлектролитемия, белгілі дамуы бар және клиникалық көріністері тән.  өзіне
тән  ерекшеліктеріне  пароксизмалды  вегетативті  –   тамырлақ   өзгерістер,
соматогенді   астенияға   байланысты,   бас   миының   психогенді    немесе 
органикалық  бұзылысары тән.
Емі:   қыртысты   қызметтердің   жағдайын   және    вегетативтік    тамырлық
реакциялардың  басым түрлеріне ескере отырып салыстыруды жүргізу,  науқастың
жалпы жағдайын, сонымен қатар ағзаның жеке ерекшеліктеріне қарап жүргізеді.
Астениялық синдромдары бар науқастарға жалпы күшейтетін және  седативті  ем,
витаминді  ем  (В,С  топтары)  тонусты  жоғарлатын  заттар    тағайындалады.
Вегетативтік  тамырлық бұзылыстар басым  болған  жағдайларда  комбинирленген
әсерлі   (беллоид,   беллатаминал)    холинолитикалық    заттарды    қолдану
көрсетілген, сонымен қатар алдын  ала  аз  мөлшерде  инсулинді  тері  астына
енгізумен глюкозаны тері астына енгіземіз.
Гипоталамиялық  синдромы  және   гипертониялық   түрдегі   нейроциркуляторлы
бұзылыстары  бар  науқастарға  аз  мөлшерде   транквилизаторлар   (седуксен,
тазепам және т.б) және антигистаминді  препараттар,  сонымен  қатар  тамырды
кеңейтетін    және    гипотензивті    заттарды    тағайындайды.    Коронарлы
жетіспеушілігі бар науқастарға миокардтағы қан  айналымды  жақсартатын  және
тәжді қан айналымды жақсартатын препараттарды тағайындаймыз.
Симпатикалық адреналды криз типі бойынша ұстамалар болған  кезде  тамырларды
кеңейтетін  дәрілермен  қоса  аз  мөлшерде  аминазинді   тағайындайды   және
ауырсынуды  басатын  заттарды  иньекция  түрінде  қолданады.    Наркотикалық
препараттарды  сақтықпен  қолдану  керек.  Терапевтік  комплекстің  құрамына
емдік   гимнастика,   гидротерапия,   мойынның    вегетативті    түйіндеріне
эуфиллинмен фонофорез, массаж, сонымен қатар психотерапия қолданады.
Еңбек ету қабілетінің сараптамасы. Аурудың  бастапқы  кездерінде  еңбек  ету
қабілеттері сақталынады. Осы  жағдайларда  амбулаторлық,  стационарлық  және
санаторлық жағдайларда міндетті түрде арнайы ем жүргізіледі. Емнен соң  және
бұзылған  қызметтердің  қалыптасқанынан  кейін  бұрынғы   жағдайда   жұмысын
жалғастыра береді.
Шамалы айқындық кезеңдерінде стационарлық  жағдайда  арнайы  ем  жүргізіледі
және  рационалды  түрде  еңбекке  орналастырып,  санаторлық   курорттық   ем
ұсынылады. Бұндай адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде өзіндік  қиындықтары
бар.  Кейбір  жағдайларда  ондай   адамдарды   дәрігердің   қарауымен   және
радиотолқындардың   аз   мөлшердегі   байланыстарымен    сол    жұмыстарында
қалдырады.
Айқын   кезеңінде,   әсіресе,   жиі   церебралды   криздермен    диэнцефалды
жетіспеушіліктер кезінде сәулелерді бөлетін жұмыспен байланысты  үзу  керек.
Жалпы  қабылданған  критерилер  бойынша  мүгедектікке  акуысчтыру  сұрақтары
шешіледі. 1-2 жылдан кейін егер науқастың жағдайы жақсарған болса  науқастың
мүгедектігін  алып  тастайды.  Катаракта  анықталған  кезде  процестің  өршу
қауіпіне байланысты жұмыс істеу көрсетілмеген. Жалпы соматикалық  аурулардың
айқын түрлерінде басқс жұмысқа  ауыстырылады.  Әйелдердің  жүктілік  кезінде
және бала емізу кездерінде, сонымен қатар 18  жасқа  толмаған  жасөспірімдер
жұмысқа  жіберілмейді.
Алдын алу. Радиотолқындардың әсерлерінен пайда болған  ауруларды  алдын  алу
үшін, арнайы инженерлік техникалық  шаралар  жүргізілу  керек,  қатаң  түрде
техникалық  ережелерді  сақтау  керек,  еңбек   және   демалыс,   рационалды
тамақтануды ұйымдастыру керек.
СВЧ әсері бар жағдайларда жұмыс істеген кездерде, 12 айда бір  рет  окулист,
невропатолог,   терапевтің   қатысуларымен   кезеңді    түрде    медициналық
қараулардан өту керек, ал  УВЧ (ультра қысқа толқындарда) және  ВЧ  әсерлері
кездерінде 24 айда бір рет  өтіп отыру керек.


      Практикалық сабақтың тақырыбы №1
   Тақырыбы: Берілген территорияның әр түрлі бөліктерінің ауасының шандану
                             дәрежесін зерттеу.

      Кіріспе. Экологиялық тұрғыдан таза, толыққанды қоршаған орта басқа
факторлармен бірге адам денсаулығын сақтауда маңызды болып табылады.
Мақсаты:     Жасыл  желек  микроклиматты  реттеуде  маңызды  рөл   атқарады:
топырақты, үйлердің қабырғасын, жолдарды шектен тыс  қызудан  қорғап,  ауаны
ылғалдандырады және тазартады. Олар  ауадағы  швң  мен  ағзалардың  70-80  %
сіңіріп алады. Ыстық жаз күнінде жасыл  газон  жолында  жер  бетінен  1,5  м
биіктегі ауаның температурасы асфальтты жолға қарағанда 2,50 С-ға төмен.
      Жасыл желек сонымен қатар, дыбыс толқындарын сіңіріп, сыртқы шуды
төмендетеді.

Қажетті құрал-жабдықтар. Мөлдір жабысқақ пленка

Жұмысты орындау барысы

1. Берілген территорияның әр түрлі бөліктерінен (жасыл зона, автомагистраль
   маңы, тұрғын үйлер жанынан, т.б.)  және әр түрлі биіктіктен ағаш
   жапырақтарын жинаңыздар
2. Жапырақтардың бетіне мөлдір жабысқақ пленканы жапсырыңыздар.
3. Пленканы жабысқақ шаң қабатымен жапырақтардан алып, ақ қағаз бетіне
   жапсырыңыздар.
4. Алынған үлгілерді бір-бірімен салыстырыңыздар.

Нәтижелерді өңдеу мен қорытындылар

      Зерттелген территорияның әр түрлі бөліктерінің шаңданып, ластануы
туралы қортынды жасаңыздар.



Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары:
1. Сіз тұратын аудандағы шаңның негізгі көздері қандай?
2. Шаңның ағзаларға зияны қандай?
3. Ауадағы шаңның мөлшерін қалай кемітуге болады?
4. Автомобильдер шығаратын газдардың құрамы қандай?
5. Экологиялық таза отын түрлері қандай?


            Практикалық сабақтың тақырыбы №2
Тақырыбы: Қоршаған ортатағы антропогенді ластанушыларды анықтау.

      Кіріспе. Автотранспорт – атмосфераны азот оксидтерімен ( N0  және  N02
азот  оксидтерінің  қоспасы),  көміртегі  (11)   оксидтері   (С0),   негізгі
ластаушылардың бірі. Ауаның транспорттық ластану  үлесі  осы  бойынша  жалпы
ластануының СО 60 %, N0х  50 % астам үлесін құрайды.
      Автотранспорттың зиянды заттарға  бөлінген  қалдықтары  белгілі  уақыт
аралығында атмосфераға шығарлатын газдардың мөлшерімен сипатталады.
      Шығарылатын зиянды заттарға  көміртегі оксидтері  (концентрациясы  0,3
– 10  %), көмірсутектер – жанбай қалған отын (3 %) және азот оксидтері  (0,8
 %), күйе жатады.
       Автотранспорттың  атмосфераға  бөліп  шығаратын   зиянды   заттарының
мөлшері есепке әдіспен бағалауға болады. Шығарылатын  қалдықтардың  мөлшерін
есептеудегі бастапқы мәліметтерге мыналар жатады.
 - автотранспорттың отындық  шығынының  нормасы  автотрассаның  белгілі  бір
   бөлігінен уақыт бірлігінде жүріп өткен әр  түрлі  типті  автотранспорттың
   саны;
 - автотранспорттың отындық шығынының нормасы (қала жағдайында автотранспорт
   қозғалып    кележатқандағы    отынның    орташа    шығынының    мөлшері).




                                                         1-кесте
|Автотранспорт типі      |Отынның орташа    |Отынның меншікті     |
|                        |шығын мөлшері     |шығыны У, (1км/л)    |
|                        |(100км/л)         |                     |
|жең!л автомобиль        |11 - 13           |0,11 – 0,13          |
|Жүк автомобилі          |29 – 0,33         |0,29 – 0,33          |
|Автобус                 |41 - 44           |0,41 – 0,44          |
|дизельді жүк машинасы   |31 - 34           |0,31 – 0,34          |

      Жанармай түріне байланысты  автотранспорттын  бөліп  шығаратын  зиянды
заттарын анықтайтын импирикалық коэффициенттерінің мәні 2-кестеде берілген


                      2 – кесте
|Отын түрі     |Коэффициенттер мәні (К)                           |
|              |Көміртегі оксиді (СО) |Көмірсулары  |Азот оксиді  |
|бензин        |0,6                   |0,1          |0,04         |
|дизель отыны  |0,1                   |0,03         |0,04         |

      К коэффициентінің шамасы сандық жағынан 1 км жол  жүруге  қажет  (яғни
меншікті  шығын),  отын  мөлшері  жанған   кездегі   берілген   компоненттің
(литрмен) бөлінген зиянды заттардың шамасына тең.
      Мақсаты: қоршаған ортаның антропогенді ластаушыларвның негізгі
түрлерімен және оларды жедел сараптамалау әдістерімен танысу.
1- тапсырма. Автотранспорттың ауаға шығаратын зиянды заттарының мөлшерін
   есептеу.
Құрал – жабдықтар: қалам, қағаз, микрокалькулятор.

      Жұмысты орындау барысы

       Оқу  орнына  (тұратын  жерде)   жақын   терезеден   жақсы   көрінетін
автотрассаның 0,5-1 км бөлігін тандап алыңыздар.
1. Қадамыңызды орташа ұзындығын алдын ала  анықтап,  тандап  алынған  жолдың
   ұзындығын өлшеп шығыңыздар (L М)
2. 20 минут ішінде жолмен жүріп өткен автотранспорттын  санын  анықтаңыздар.
   3  –кестені  толтырыңыздар  (мысал  үшін  «Жеңіл  автомобильдерь»  қатары
   толтырылған):


                                                       3-кесте
|Автокөліктің   |Саны, дана |Барлығы 20|1 сағатта,  |1 сағаттағы |
|түрі           |           |минут     |N1 дана     |жалпы жол,  |
|               |           |ішінде    |            |L, км       |
|Жеңіл          |11111111111|14        |42          |            |
|автомобильдер  |111        |          |            |            |
|Жүк машинасы   |           |          |            |            |
|Автобустар     |           |          |            |            |
|Дизельді жүк   |           |          |            |            |
|машиналары     |           |          |            |            |


сағаттағы автокөлік санын есептеу үшін 20 минутта алынған санды 3-ке
көбейту қажет.
1. Мына формула бойынша, әр түрлі автомобилдердің 1 сағатта жүріп өткен
   жалпы жолын (L, км) есептеңіздер:
                                 L1 = N1 х 1
           Мұндағы N1 – 1 сағаттағы әр түрлі автомобильдердің саны
                        1 – автокөлік түрінің белгісі
                     1 – тандап алынған жолдың ұзындығы,
                   Алынған нәтижелерді кестеге жазыңыздар.
   2. Әр түрлі автомашина дивигательдерінің  жағатын жанармайының мөлшерін
                            (Q1,л) есептеңіздер:
                                Q1 = L1  х Y1
                      L1 мәнін 9 – кестеден алыңыздар.
                Алынған нәтижелерді – кестеге толтырыңыздар.
 Әр түрдің автокөдіктер қолданған жанармайының жалпы мөлшерін (ΣQ) анықтап,
                   нәтижелерді 4 – кестеге толтырыңыздар.


                                                       4 – кесте

|Автомобиль түрі        |N1        |Q1, соның ішінде              |
|                       |          |бензин  |Дизельді жанармай     |
|жеңіл автомобильдер    |          |        |                      |
|жүк автомашиналары     |          |        |                      |
|Автобустар             |          |        |                      |
|Дизельді жүк машиналары|          |        |                      |
|                       |Барлығы ΣQ|        |                      |



Қалыпты жағдайда жанармайдың әр түріне және барлығы үшін бөлініп шыққан
зиянды заттардың (литрмен) мөлшерін есептеңіздер. Нәтижелерді 5-кестеге
толтырыңыздар.

                                                        5- кесте
|Жанармай түрі  |Q, л            |Зиянды заттардың мөлшері, л   |
|               |                |СО          |Көмір-  |NO2     |
|               |                |            |сулар   |        |
|Бензин         |                |            |        |        |
|Дизельді отын  |                |            |        |        |


Нәтижелерді өндеу мен қорытындылар

1. Есептеңіздер:
 - мына формула бойынша бөлініп шыққан зиянды заттардың массасын (m, г)
                               m =V х М /22,4
 - қоршаған ортаның санитарлық рұқсат етілетін жағдайын қамтамасыз ету үшін
   бөлініп шыққан зиянды заттарды сүйылту үшін қажет таза ауаның мөлшерін.
   Нәтижелерді 6– кестеге жазыңыздар.


                                                       6 – кесте
|Зиянды      |мөлшері, л  |масса, г  |сұйылтуға қажет|ПДК мәні    |
|заттың түрі |            |          |ауаның мөлшері,|мг/м2       |
|            |            |          |м3             |            |
|СО          |            |          |               |            |
|көмсулар    |            |          |               |            |
|N02         |            |          |               |            |


      Рұқсат етілетін шекті концентрациялар мәні анықтамаларда берілген.
2. Автомагистралға тұрғын үйлер мен ғимараттардың жақындығын есепке ала
   отырвп, өздеріңіздің зерттеген территорияның экологиялық жағдайы туралы
   қорытынды жазыңыздар.


Практикалық сабақтың тақырыбы №3
Тақырыбы: Экологиялық зиянды заттар мен әсер ету факторларын анықтау.

      Кіріспе. Қазіргі кездегі  қоғамда  күнделікті  жүздеген  мың  химиялық
заттар қолданылады. Бұл заттар арасындағы  көптеген  химиялық  реакцияларды,
олардың жеке және бірлескен улылық эффектілерін  бақылау  мүмкін  емес?  Аса
қауіпті он заттар мен әсер ету факторларынан ауыр металдарды  (Zn,  Cu,  Mn,
Hg, Co,  Mo,  Pb,  Cd,  As),  үшқыш  органикалық  қосылыстар,  формальдегид,
пестицидтер, жанудың жанама өнімдері  (СО2,  СО2,  NO2  SO2),  щаң,  асбест,
бактериалар, күн сәулесінің жетіспеуі, радиацианы атауға болады.
      Болашақта қалдықты аз шығаратын жаңа  технологияларды  енгізу,  бұл  –
заттардың қоршаған  ортаның  тіршілігі  мен  адам  денсаулығы  үшін  қауіпті
әсерін  кемітуге  мүмкіндік  береді.  Бірақ  қазірдің  өзінде   өздеріңіздің
денсаулығыңызды сақтауда жартылай болса да қаупін төмендете аласыздар.
Мақсаты:  Тұрмыста  қолданатын  анағұрлым  қауіпті  заттарды  және   олардын
қорғану әдістерін анықтау.
      Ақпараттық кесте (15-кесте)

Жұмысты орындау барысы

7және 8-кестелердің мазмұнын оқыңыздар. 16-кестенің соңғы қатарын қауіпті
   заттардан қорғану үшін қандай нұсқаулар беруге болады. (толтырыңыздар).
   Өздеріңіздің өміріңізді экологиялық қауіпті заттар мен орта факторларының
   әсері тұрғысынан анализдеңіз.
Өзіңізді және жақындарыңызды ортаның қолайсыз факторларынан қорғау үшін
қандай шараларды  іс-жүзінде жасауға болады?
      Экологиялық императив тұрғысынан тұрмыстағы өзіңіздің мінез-
құлқыңызды сараптаңыз: қоршаған ортадан денсаулыққа зиянды факторларды
атаңыздар: денсаулық жағдайын жақсарту үшін ең алдымен не істеу керектігін
отбасы мүшелерімен талқылаңыздар.

Экологиялық қауіпті факторлар                                      7– кесте
|Қауіпті заттың|Қауіпті заттардың|Ағзаға тигізуі     |Қауіпті заттардан    |
|не заттар     |көзі             |мүмкін әсері       |қорғауға нұсқаулар   |
|тобының аты   |                 |                   |                     |
|1. Ауыр       |Бояулар, шайынды |Cd – қаңқада       |Ауыз суды тазалғыш   |
|металдар (Hg, |сулар,           |өзгерістер, бұйрек |фильтрден өткізу;    |
|Pb, Cd, As,   |қалдықтарды жағу,|аурулары;          |суда еритін бояуларды|
|Cu, Zn, Mn,   |сынапты шамдар,  |As -терінің қатерлі|пайдалану, көліктерді|
|Co, және т.б.)|автомашиналардың |ісігі;             |қорғасыннан          |
|              |газдары, жасанды |Hg - жүйке жүйесін |тазартылған бензинмен|
|              |мата, пластмасса.|зақымдайды;        |қамтамасыз ету.      |
|              |                 |Pb - бүйрек, бауыр |                     |
|              |                 |аурулары.          |                     |
|2. Ұшқыш      |Еріткіштер,      |Хлорлы еріткіштер –|Қауіпті заттардан бас|
|органикалық   |тазалағыш        |қатерлі ісіктер,   |тарту, жақсы         |
|қосылыстар    |құралдар,        |ісіктер            |желденетін бөлмеде   |
|              |дезинфекциялаушы |Галогенді          |жұмыс істеу.         |
|              |заттар, бояулар, |көмірсулар – жүйке |                     |
|              |желім,           |және жүрек тамыр   |                     |
|              |пестицидтер, ағаш|жүйесін, бүйрек,   |                     |
|              |сүрегінің        |бауырды зақымдайды |                     |
|              |консерванттары   |иммунитетті        |                     |
|              |                 |төмендететін       |                     |
|              |                 |диоксиндердің      |                     |
|              |                 |организмде түзілуі,|                     |
|              |                 |кемістіктер мен    |                     |
|              |                 |мутациялар туғызады|                     |
|3.Формальде   |Пресстелген      |Тыныс алу          |Формальдегидті жақсы |
|гид           |плиткалар, желім,|мүшелерінің ауруы  |сіңіретін бөлме      |
|              |кілемді жабыңдар |қатерлі ісік, бас  |өсімдіктерін өсіру,  |
|              |                 |айналу             |қабырғаларға шлак    |
|              |                 |                   |(табиғи смола) жағу  |
|4.Пестицид    |Пестицидтердің   |Ағзалардағы        |                     |
|тер           |барлық түрлері   |көптеген заттармен |                     |
|              |                 |реакцияға          |                     |
|              |                 |түсіп,белгісіз     |                     |
|              |                 |қосылыстар түзуі   |                     |
|              |                 |мүмкін             |                     |
|5. Жану       |Темеке түтіні,   |Тыныс алу жүйесі   |Темекіден бас тарту, |
|өнімдері (СО, |газ плиталары,   |мүшелерінің        |мөлмелерді жақсы     |
|NO26 CO26 SO2 |автомобильдердің |аурулары, қатерлі  |желдету, автокөлік   |
|және т.б.)    |газдары          |ісіктер, бас ауруы |жұмысын бақылау      |
|6. Шаң        |Дизельді         |Аллергия, тыныс алу|Ылғалды тазарту,     |
|              |транспорт, жылу  |мүшелерінің        |желдеткіштерге торлы |
|              |электростанциялар|аурулары           |перделер тұту,       |
|              |ы, қалдықтарды   |                   |бұзылған шаң         |
|              |жағу, тазартқыш  |                   |сорғыштарды          |
|              |құралдары жоқ    |                   |пайдаланбау          |
|              |өндіріс орындары |                   |                     |
|7. Асбест     |Құрылыс          |Аллергиялар, тыныс |Асбесті тор          |
|              |материалдары,    |алу жүйесінің      |материалдарды арнайы |
|              |жылу изоляторлары|аурулары, қатерлі  |пленкалармен қаптау  |
|              |                 |ісіктер (10 – 30   |                     |
|              |                 |жылдан кейінгі     |                     |
|              |                 |эффект)            |                     |
|8. Ауру       |Ластанған және   |Асқазан, ішек      |Сабынды ыстық сумен  |
|туғызушы      |шаңданған        |аурулары           |жуу, азық-түлікті    |
|бактериалар   |бөлмелер         |                   |жабық ыдыста сақтау, |
|              |                 |                   |тоңазытқыштарды      |
|              |                 |                   |пайдалану            |
|9. Күн        |Қалалар ауасының |Д витаминінің      |Таза ауада серуендеу |
|сәулесінің    |ластануы, күн    |жетіспеуі          |                     |
|жетіспеуі     |тәртібінің       |                   |                     |
|              |(режим) дұрыс    |                   |                     |
|              |болмауы          |                   |                     |
|10. Радиация  |Құрылыс          |Қатерлі ісік       |Бөлмелерді желдету,  |
|              |материалдары,    |аурулары           |таза азық-түлікті    |
|              |ядролық қаруды   |                   |пайдалану, и         |
|              |сынау, авариялар |                   |ммунитетті күшейту.  |


                                                                  8– кесте
             Үйлеріңіздегі экологиялық жағдайды жақсарту жолдары
|Орта факторлары         |Факторлардың қолайсыз           |Зиянсыз         |
|                        |нәтижелерінін әсері             |құралдармен     |
|                        |                                |ауыстыру        |
|                        |                                |мүмкіндігі және |
|                        |                                |зиянды әсерді   |
|                        |                                |жою жолдары     |
|1. Тұрғын үйдегі        |Жылу жоғалту, көп мөлшерде      |                |
|температура             |энергия жұмсау                  |                |
|2. Жасанды маталар мен  |Теріні тітіркендіру және ұшқыш  |                |
|кілем өнімдері (капрон, |улы өнімдердің бөлініп шығуынан |                |
|нейлон, полиэфирлі,     |аллергияның пайда болуы         |                |
|полиакрилонитрильді,    |                                |                |
|поливинилхлоридті,      |                                |                |
|полилефинді)            |                                |                |
|Косметика және          |                                |                |
|парфимерия:             |                                |                |
|иіс су (духи), далап    |Аллергия реакция                |                |
|(помада губная),        |уақыты өтіп кеткен далаптағы    |                |
|                        |висмут пен майлардың улы әсері  |                |
|                        |цинк қосылыстарының улы әсері   |                |
|                        |конъюктивиттер, дерматиттер,    |                |
|опа (пудра),            |әкпенің зақымдануы              |                |
|                        |аллергияның пайда болуы         |                |
|                        |аллергияның пайда болуы         |                |
|кремдер,                |аллергияның пайда болуы         |                |
|                        |ацетон және басқа да            |                |
|                        |еріткіштердің қан, жүйке және   |                |
|шампуньдер,             |тыныс алу жүйесіне есіріткілік  |                |
|                        |әсер етуі;                      |                |
|иіс сабын,              |терінің тітіркенуі, канцерогенді|                |
|                        |әсер;                           |                |
|шаш бояу                |кілегейлі қабықшалардың         |                |
|тырнақ боятын лак,      |тітіркенуі, түншықтырғыштық     |                |
|шашқа арналған лак,     |әсер;                           |                |
|дене дезодоранты,       |есеріткілік әсер;               |                |
|ауа дезодоранты.        |                                |                |
|Жуғыш заттар            |Аллергия, катаральдық           |                |
|кір жуатын ұнтақтар     |өзгерістер, кілейгейлі          |                |
|                        |қабықшалардың тітіркенуі        |                |
|тазартқыш заттар        |Аллергия, катаральдық           |                |
|                        |өзгерістер, кілегейлі           |                |
|                        |қабықшалардың тітіркенуі;       |                |
|                        |өзендер мен көл суларына түссе- |                |
|                        |тірі ағзаларды жояды;           |                |
|дақ кетірушілер         |көмірсулардың галогентуындыларын|                |
|аяқ киім майы           |қара;                           |                |
|                        |кілейгелі қабықшалардың қабынуы |                |
|5.Ағартушы және         |Тері мен кілегейлі қабықшалардың|                |
|дезинфекциялаушы заттар |тітіркенуі, сондай-ақ           |                |
|                        |формалиннің канцерогенді әсері  |                |
|6. Пестицидтер          |Улы әсер (акометрин Н, диазинон,|                |
|                        |дибром, дихлор, карбофос,       |                |
|                        |нафталин, мысты купорос,        |                |
|                        |нитрафен, тиазон,               |                |
|7. Құрылыс материалдары:|Тері мен кілегейлі қабықшаларды |                |
|желімдер,               |тітіркендіреді: «Момент»,       |                |
|                        |«Феникс» жүйке жүйесін зақымдап,|                |
|                        |қатерлі ісік туғызуы мүмкін;    |                |
|                        |ауыр металлдар мен органикалық  |                |
|майлы бояу,             |еріткіштердің улы әсері;        |                |
|                        |улы және канцерогенді заттардың |                |
|                        |әсері;                          |                |
|майлы лактар, паркет    |өрт қаупі, есірткі заттары бар, |                |
|лагы, эмаль-лактар      |қан түзу мүшелерін зақымдайды;  |                |
|нитроэмаль              |хлорвинил мен пластификаторлар  |                |
|                        |созылмалы улану туғызуы мүмкін; |                |
|                        |химиялық талшықтар электрленді, |                |
|линолеум,               |ылғалды нашар сіңіреді, улы     |                |
|                        |қоспалары бар;                  |                |
|                        |                                |                |
|жиһаз маталары мен      |                                |                |
|перделер.               |                                |                |
|8. Қаптау материалдары: |                                |                |
|металдық                |                                |                |
|                        |Қоршаған ортаны ластайды, қымбат|                |
|                        |материалдарды бүлдіреді;        |                |
|полиэтиленді,           |Бактериялар ыдырата алмайды және|                |
|полистриролды және т.б. |ерімейді, қыздырғанда улы       |                |
|                        |қосылыстар түзе отырып ыдырайды;|                |
|көп қабатты және көп    |қайта өңдеуге жатпайды, қоршаған|                |
|компонентті қаптау      |ортаны ластайды.                |                |
|материалы               |                                |                |


      Шығармашылық тапсырма

      Тірішілікке қолайлы экологиялық жағдайлар және салған идеалды тұрғын
үй (жеке пәтер, үй немесе шағын аудан) жобасын ұсыныңыздар. Жоба іс-жүзінде
іске асарлықтай және мүмкіндігінше тиімді (экономды болсын.


Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары немесе тестілік сұрақтар 3
1. Экологиялық тұрғыдан аса қауіпті заттардын қандай топтарын білесіздер?
2. Адамның мекен ету ортасының ластануын кемітудің қандай негізгі
   өндірістерін білесіздер?
3. Үй жағдайларында қауіпті заттармен ластану деңгейін төмендету үшін
   қандай іс-шаралар жүргізу керек?



Практикалық сабақтың тақырыбы №4
Тақырыбы: Қоректік ресурстар үшін тіршілік бәсекелестігін зерттеу.

Кіріспе.  Экологиялық  тұрғыдан  таза,  толыққанды   қоршаған   орта   басқа
факторлармен бірге адам денсаулығын сақтауда маңызды болып табылады.
Мақсаты:     Жасыл  желек  микроклиматты  реттеуде  маңызды  рөл   атқарады:
топырақты, үйлердің қабырғасын, жолдарды шектен тыс  қызудан  қорғап,  ауаны
ылғалдандырады және тазартады. Олар  ауадағы  швң  мен  ағзалардың  70-80  %
сіңіріп алады. Ыстық жаз күнінде жасыл  газон  жолында  жер  бетінен  1,5  м
биіктегі ауаның температурасы асфальтты жолға қарағанда 2,50 С-ға төмен.
      Жасыл желек сонымен қатар, дыбыс толқындарын сіңіріп, сыртқы шуды
төмендетеді.

Қажетті құрал-жабдықтар. Мөлдір жабысқақ пленка

Жұмысты орындау барысы

5. Берілген территорияның әр түрлі бөліктерінен (жасыл зона, автомагистраль
   маңы, тұрғын үйлер жанынан, т.б.)  және әр түрлі биіктіктен ағаш
   жапырақтарын жинаңыздар
6. Жапырақтардың бетіне мөлдір жабысқақ пленканы жапсырыңыздар.
7. Пленканы жабысқақ шаң қабатымен жапырақтардан алып, ақ қағаз бетіне
   жапсырыңыздар.
8. Алынған үлгілерді бір-бірімен салыстырыңыздар.

      Нәтижелерді өңдеу мен қорытындылар

      Зерттелген территорияның әр түрлі бөліктерінің шаңданып, ластануы
туралы қортынды жасаңыздар.

Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары Сіз тұратын аудандағы шаңның
негізгі көздері қандай?
Экологиялық таза отын түрлері қандай?

Практикалық сабақтың тақырыбы №5

КОЛЛОКВИУМ.


Практикалық сабақтың тақырыбы №6
Тақырыбы: Әр түрлі тірі ағзалардың зат айналымындағы рөлін зерттеу.

      Кіріспе. Зат айналымы –  заттардың  жерде  жүріп  жатқан  процесстерге
бірнеше рет қатысуы.  Нақтырақ  айтқанда  айналымға  заттар  емес,  химиялық
элементтер  қатысады.  Бір  ағзалар  пайдаланып   болғаннан   соң   химиялық
элементтер басқа ағзалар қорытатын қозғалыстарға айналады. Бұл  процесстерге
қажетті  энергия  күннен  алынады,  ал  мұнда  тірі  ағзалар  белсенді   рөд
атқарады.   Көміртегінің   биохимиялық   циклына    органикалық    заттардың
өндірушілері (продуценттер), тұтынушылар  (консументтер)  және  ыдыратушылар
(редуценттер)  қатысады.  Өсімдіктер  мен  жануарлар  өлгеннен  соң  олардың
ағзалары    редуценттердің    (бактериялар,    саңырауқұлақтар,     көптеген
омыртқасыздар) көмегімен ыдырайды.

       Мақсаты:  далалық  зерттеулердің   нәтижесінде   алынған   мәліметтер
негізінде әр түрлі түрлердің зат айналымындағы рөлін анықтау.
      Қажетті құрал-жабдықтар: далалық зерттеулердің статикалық өнделген
мәліметтері (9-кесте), микрокаькулятор.
 Солтүстік Каспий маңындағы кіші саршұнақтар мен дала суырларының өнімділігі
                                 мың ккал/га
                                                       9-кесте
|Түр             |Жыл             |Қорек           |Екінші реттегі  |
|                |                |                |өнім            |
|                |                |Пайдаланған     |қорытылған      |
|кіші саршұнақ   |1971            |535             |427    |40     |
|                |1972            |355             |283    |28     |
|                |1973            |283             |225    |17     |
|Дала суыры      |1974            |278             |206    |54     |
|                |1975            |318             |239    |65     |


Жұмыстың орындалу барысы

1. Екінші реттегі өнімнің пайдаланылған қорекқе қатынасын (%) есептеңіздер
2. Екінші реттегі өнімнің қорытылған қорекқе қатынасын (%) есептеңіздер
3. Алынған нәтижелерді 10-кестеге еңгізіңіздер.


       Әр түрлі жануарлардың өнімінің түзілуінің тиімділігі 10- кесте

|Түр             |Жыл      |Екінші реттегі өнімнің  |Екінші реттегі өнімнің |
|                |         |пайдаланылған қорекқе   |қорытылған қорекқе     |
|                |         |қатынасын (%)           |қатынасын (%)          |
|Кіші саршұнақ   |1991     |                        |                       |
|                |1992     |                        |                       |
|                |1993     |                        |                       |
|Дала суыры      |1994     |                        |                       |
|                |1995     |                        |                       |


Нәтижелерді өңдеу мен қорытындылар

 - Алынған мәліметтерді сараптап, әртүрлі жануарлар өнімінің түзілуінің
   тиімділігі туралы қортынды жасаңыздар.
 - Қандай жануарлар тамақ энергиясын өсуге және май қорын жинауға анағұрлым
   тиімді пайдаланатынын анықтаңыздар.
 - Әр жылдардағы энергияны пайдалану тиімділігі қалай өзгереді.


Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары Зат айналымның анықтамасын
беріңіздер.

1.Ағзалардың қоректену әдісі бойынша қандай топтары химиялық элементтердің
айналымына қатысады?
2.Бұл топтардың әрқайсысының зат айналымдағы (химиялық элементтердің) рөлі
қандай?


      Практикалық сабақтың тақырыбы №7
Тақырыбы: Ғылымдық экологиялық мәселелердің үлгілерін жасау (модельдеу)
және зерттеу.

      Кіріспе.  Ғалымдық  (глобалды)  Экология  терминнің  жалпы  биосфераны
зерттейтін, комплексті ғылым үшін  1977  ж.  академик  М.И.  Будько  ұсынды.
Академик  С.С.  Шварц  «Соңғы  кезде  адам  мен  табиғаттың  өзара  әсерінің
ғалымдық  мәселелер  комплексін   анықтау  тәжірбиесі,   ал   бұл   мәселені
зерттейтін ғылымдар жиынтығын – ғалымдық экология деп атайды» деді.

      Ғаламдық экологиялық мәселелерге озон қабатының бұзылуы, «парниктік
эффект» мәселесі, қышқылдық жауын мәселесі, биологиялық көптүрліліктің
кемуі және т.б. жатады.

      Модельдеу – қандай да бір құбылыс, процесс немесе объектіні олардың
модельдерін жасап, қарастыру жолымен зерттеу.

      Модель (латын тілінен «moduIus» - өлшем, үлгі) – қандай да бір
процесс немесе құбылыстың негізгі қасиеттерін қайталайтын аналогы.

      Ғаламдық экологиялық модельдеудің негізін салушы американ ғалымы Джей
Форрестер. Ол процестерді ЭЕМ-да қайталаған.

      Мақсаты: Ғалымдық экологиялық мәселелердің пайда болу механизмдерін
осы процестерді модельдеу арқылы зерттеу.

1 – тапсырма. Атмосфералық жауын-шашындардың қышқылдығын зерттеу (қышқылды
жауын-шашынның мониторингі)

      Қажетті құрал-жабдықтар: өлшегіш цилиндр, ертіндінің рН анықтауға
арналған реактивтер.

                           Жұмысты орындау барысы

1. Өлшегіш цилиндрді ашық аспан астына қойыңыздар.
2. Жауын-шашыннан соң алынған су үлгісінің рН-ын анықтаңыздар.
3.  Осы  бақылауларды   белгілі   бір   уақыт   аралығында   (апта,   айлар)
   жүргізіңіздер.
4. Алынған нәтижелерді 11-кесте түрінде толтырыңыздар.



                                                             11-кесте

|Тәжірибе №      |Жауын-шашын     |Жауын-шашын мөлшері       |рН   |
|                |болған күн      |(үлгінің көлемі)          |     |
|                |                |                          |     |
|                |                |                          |     |


                      Нәтижелерді өндеу мен қортындылар

      Жауын-шашынның қышқылдығы топырақ пен су қоймалары ағзаларының
тірішілік қызметіне мүмкін  болатын әсері туралы қортынды жасаңыздар

      2-тапсырма. «Парниктік эффект» механизмін моденльдеу.

Қажетті құрал-жабдықтар. Мөлдір пластмасса қорап немес е аквариум, құм
(топырақ), суы бар пульверизатор, термометр, қыздырғыш шам.

                            Жұмыс орындау барысы

      1. Мөлдір пластмасса қорап немесе кішкене аквариумеың  түбіне  2-3  см
         қанындықта қара топырақ немесе құм төсеңіздер. Құм немесе топырақты
         пульверизатордағы сумен ылғалдаңыздар.
      2. Термометрді картон қойып, дөңгелек басымен жоғары қаратып,  грунтқа
         орналастырыңыздар. Қорапты  мөлдір  қақпақпен  жабыңыздар.  Лампаны
         ыдыстан 20-30 см қашықтықта, жарық  термометр  шаригіне  түсетіндей
         етіп  орналастырыңыздар.  Лампаны  өшіріп,   температураның   бөлме
         температурасының  деңгейінде  болуын  қамтамасыз  етіңіздер.  Бөлме
         температурасын жазып алыңыздар. Қақпақты ыдысқа  қалдырып,  лампаны
         қосып, термометрдегі температура қөрсеткіштерін әр минут сайыфн  20
         минут бойы бақылаңыздар.
      3. Лампаны өшіріп, температура бөлме  температурасына  дейін  түскенше
         күтіңіздер.  Топырақты  (грунтты)  тағы  да  сумен   ылғандандырып,
         экспериментті қақпақсыз қайталаңыздар.
Жұмыстың барлық кезендерін, қара топырақты ашық түсті топырақпен ауыстырып,
қайталаңыздар.

                     Нәтижелерді өндеу мен қортындылары

     Эксперимент нәтижелерін 12 – кестеге толтырып «Температура – уақыт»
               координаталарында график (2-сурет) жасаңыздар.

                                                        12–кесте

|            |Температура, 0С                                     |
|            |Қара топырақ              |Ашық топырақ              |
|            |Қақпақсыз   |Қақпақпен   |Қақпақсыз   |Қақпақпен   |
|1           |            |            |            |            |
|2           |            |            |            |            |
|3           |            |            |            |            |
|4           |            |            |            |            |
|20          |            |            |            |            |


                    Т,







                                       t, мин
                                  2 – сурет
              Алынған нәтижелер негізінде қорытынды жасаңыздар.
2 Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1.Қандай экологиялық мәселелер ғалымдық мәселелерге жатады?
2.«Парниктік эффект», қышқылдық жауындар, озон қабатының бұзылуының
механизмдері қандай?
3.Ғалымдық экологиялық мәселелерді модельдеу әдісіне сипаттама беріңіздер.



Практикалық сабақтың тақырыбы №8
       Тақырыбы: Ауа ортасындағы Шекті Мөлшерлік Концентрациясы (ПДК)
 
Мақсаты: Студенттерді ауа ортасындағы шекті мөлшерлі  концентрация  ұғымымен
таныстыру.

тапсырмалар:
1. Шекті Мөлшерлік Концентрациясы (ПДК)-ға сипаттама
2.Атмосфераны 2 аспектіде бағалау
3.Атмосфераның  ластану  дәрежесін  кешенді  индекс   (АЛОКИ)   критерийлері
бойынша бағалау

Негізгі түсініктер: ШМК, ШРШ, ШРМ, ШРД
1. ШМКж.з – жұмысшы зонадағы  ауаның  құрамындағы  ластаушы  заттардың  ШМК,
(мг/м3) (ПДКр.з – рабочей зоны). Бұл концентрация апатының 8 сағаттық  жұмыс
күнінде (жексенбіден басқа күндерде),  немесе  аптасына  жалпы  41  сағаттан
аспайтын  жұмыс  істеген  кезде  жұмыс  жасының  соңына  дейін  (25-30  жыл)
ауырмаған, немесе қазіргі зерттеу әдістері оның ешқандай  ауруын  тіркемеген
немесе денсаулығында ешқандай ауытқулар болмаған шаманы  білдіреді.  Жұмысшы
зона деп , еденнен немесе жұмысшы тұрақты тұратын  жерден  2  м  биіктіктегі
кеңестікті айтады.
 
2. ШМКм.б – тұрғын үйлер орналасқан ауадан ауасындағы максимальді  бірреттік
шектік  концентрациясы,  мг/м3   (ПДКм.р   –   максимально   разовая).   Бұл
концентрация  сол  ауа  мен  20   минут   тыныс   алынған   жағдайда,   адам
организімінде рефлекторлық (субсенсорлық) реакция бериеуі керек.
 
3. ШМКо.т – тұрғын үйлер орналасқан аудандағы ауа құрамындағы үлы  заттардың
орташа  тәуліктік  шекті  мөлшерлік   концентрациясы,   (мг/л)   (ПДКс.с   -
среднесуточная). Бұл концентрация адам ол ауамен қанша уақыт тыныс  алса  да
тікелей немесе жанама ешқандай әсер етпеуі керек.
 Бақылау сұрақтары:
1. Шекті Мөлшерлік Концентрациясы (ПДК)-ға сипаттама беріңіз.
2.Атмосфераны 2 аспектіде қалай бағалауға болады?
3.Атмосфераның  ластану  дәрежесін  кешенді  индекс   (АЛОКИ)   критерийлері
бойынша бағалау қалай жүргізіледі?


      Практикалық сабақтың тақырыбы №9
 Тақырыбы: Көлік және қозғалыс құралдары мен қондырғылары шығаратын ластағыш
                              заттардың мөлшері
Мақсаты: Көлік және қозғалыс құралдары мен қондырғылары  шығаратын  ластағыш
заттардың  мөлшері  тастанды  заттардың  жол  берілу   шегінің   белгіленген
нормативтерінен аспауға тиіс екендігі туралы білім беру.
        Пайдаланудағы  барлық  көлік  және  өзге  қозғалыс   құралдары   мен
қондырғыларының  лас  заттар  шығаруға  жол  берілу   шегі   нормативтерінің
сақталуы  бақылауға  алынып  отырады.  Тастанды  заттарында  лас   заттардың
мөлшері белгіленген нормативтерден асып түсетін  көлік  және  өзге  қозғалыс
құралдары  мен  қондырғыларын  өндіріске  ендіруге  және   пайдалануға   жол
берілмейді. Атмосфералық ауаға  қандай  да  болсын  зиянды  физикалық  ықпал
жасауға жол берілу шегінің белгіленген нормативтері сақталған  жағдайда,  ал
оған рұқсат берілген реттерде  осы  рұқсатта  көзделген  басқа  да  талаптар
сақталған  жағдайда  жол   беріледі.   Аталған   талаптар   бұзылған   кезде
атмосфералық ауаның қорғалуына  мемлекеттік  бақылауды  жүргізетін  органның
шешімі бойынша жекелеген өнеркәсіптік және өзге  қондырғылардың   цехтардың,
 кәсіпорындардың мекемелер  мен  ұйымдардың  тиісті  қызметі  жол  берілетін
шектің  нормативінен  асып  кетуді  немесе  рұқсатта  көзделген  талаптардың
бұзылуын туғызған себептер алдағы уақытта жойылғанға дейін тоқтатыла  тұруы,
шектеулі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.  Халық  шаруашылығында  қолдануға
рұқсат   етілетін   өсімдік   қорғау   құралдарының,   өсімдіктердің   өсуін
шапшаңдататын   заттардың,   минералдық   тыңайтқыштар    мен    басқа    да
препаратттардың тізбесі,  сондай-ақ  оларды  қолдау  тәсілдері  атмосфералық
ауаны қорғау туралы заңдарда белгіленетін тәртіп бойынша ауаның   қорғалуын 
 бақылайтын органдармен келісілуге  тиіс.  Пайдалы  қазбалар  өндіру,  түрлі
жарылыс жұмыстары, үйінділер мен  төгінділерді  орналастыру  және  пайдалану
атмосфералық  ауа  ластануының  алдын  алу  немесе  оны   азайту   жөніндегі
ережелерді  сақтай  отырып,  атмосфералық   ауаның   қорғалуын   мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыратын органдармен және  заңдарда  көрсетілген  басқа  да
органдармен келісілген тәсілдер бойынша жүргізілуге тиіс.
Бақылау сұрақтары:
1 Атмосфералық ауаға қандай ластағыш заттар түседі?
2 Пайдалы қазбалар өндіру деген не?

Практикалық сабақтың тақырыбы №10

КОЛЛОКВИУМ.

Студенттің өзіндік жұмыстарының  тақырыптарының жоспары (СӨЖ)
   1. Экологиялық мектептердің қалыптасуы.
   2. Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
   3. Организмдердің индикаторлық мәні.
   4. Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге
      асырылған экологиялық қуыстар.
   5. Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы.
   6. Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің
      негізгі биогеохимиялық заңдары.
   7. Табиғи ресурстардың классификациясы.
   8. Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері.
   9. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
  10. Қазақстанның экологиялық проблемалары, Каспий маңы аймағы мен Каспий
      теңізінің экологиялық проблемалары.
  11. Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау
      шараларының бір түрі.  Биосфералық қорықтар.
  12. Қызыл кітап. Халықаралық ұйымдардың құжаттары
Пәндер