Файл қосу
Анализдің химиялық әдістерімен таныстыру
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейдегі СМЖ |ПОӘК | | |құжаты | |ПОӘК 042-18-10.1.97/02-2014 | | ПОӘК «Химиялық |«11»09. 2014 ж. | | |сандық анализ» пәні |№2 басылымы | | |бойынша студентке | | | |арналған пән | | | |бағдарламасы | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Химиялық сандық анализ» пәні 5В072000-«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтарына арналған СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз 1 ӘЗІРЛЕНГЕН ҚҰРАСТЫРУШЫ «_____»_____ 2014 ж. Б.Х. Мұсабаева, х.ғ.к., «Химия» кафедрасы меңгерушісі 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 «Химия» кафедрасы мәжілісінде «29» тамыз 2014 ж., № 1 хаттама Кафедра меңгерушісі Б.Х. Мұсабаева 2.2 Инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде «05» қыркүйек 2014 ж., № 1 хаттама Төрайымы С.С. Төлеубекова 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде мақұлданған және басып шығаруға ұсынылған «11» қыркүйек 2014 ж., № 1 хаттама ОӘК төрайымы Г.Қ. Искакова 4 «18» 09. 2013 №1 БАСЫЛЫМ ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН Мазмұны |1 |Жалпы ережелер |4 | |2 |Пән мазмұны және сабақ түрлері бойынша |5 | | |сағаттардың бөлінуі | | |3 |Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар |6 | |4 |Курстың форматы |9 | |5 |Курстың саясаты |10 | |6 |Баға қою саясаты |10 | |7 |Әдебиеттер |13 | 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы мен пән жайлы жалпы мәліметтер Лектордың аты-жөні: Мұсабаева Бинұр Хабасқызы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Химия кафедрасы Хабарласу телефоны: 35-05-90 №9 оқу ғимараты №415 кабинет Сабақтарды жүргізу орны - № 408 аудитория Пән бойынша кредит саны – 3. 1.2 Пәннің мазмұнын қысқаша сипаттау Аналитикалық химияның, соның ішінде сандық анализдің пәні мен мақсаты; сынама алу, сынаманы анализге дайындау; химиялық анализдің метрологиялық негіздері, анализ қателіктері; гетерогенді процесстердегі тепе-теңдік; гравимериялық анализ; титриметриялық анализ; қышқылдық- негіздік тепе-теңдік;тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы тепе-теңдік; комплекс түзу кезіндегі тепе-теңдік; титриметриялық анализ әдістері: қышқылдық-негіздік, редоксиметриялық, комплексонометриялық тұндыра титрлеу. 1.3 Пәнді оқыту мақсаты: - Аналитикалық химияның теориялық негіздерін қарастыру; - Анализдің химиялық әдістерімен таныстыру; - Химиялық сандық анализ әдістерінің теориялық негіздерін және қолданылуын қарастыру. 1.4 Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер: - Анализ әдістемесін дұрыс таңдауды үйрету; - Анализ нәтижесін статистикалық өңдеуді үйрету; - Аналитикалық химияда қолданылатын химиялық реакциялардың механизмін, жүру жағдайларын, анализ әдістерін, анықтау мен бөлудің теориялық негіздерін оқыту. - Студенттердің практикалық дағдысы мен іскерлігін жетілдіру. 1.5 Пәнді оқу нәтижелері: Сандық анализ әдістері бойынша білімдері болашақ мамандар үшін әр салада: химиялық өнеркәсіпте, экологиялық, сараптау, фармацевтика т.б. лабораторияларда қажет болады. Келешек мамандардың білімі мен практикалық дағдысына қойылатын талаптар. -Химиялық құбылыстарды бақылап, түсіндіре білу. -Химия тілін, қазіргі номенклатураны жете білу. -Химиялық реакциялар теңдеулерін ( молекулалық, иондық, иондық-молекулалық, тотығу-тотықсыздану реакцияларының) құрастыра білу. -Химиялық анализ әдістемелерін сараптай білу. -Анализ нәтижелерін математикалық өңдей білу. -Анализ әдістерімен байланысты есептер шығара білу. -Концентрациялары дәл ерітінділер дайындай білу. -Титрлеу техникасын жете меңгеру. -Аналитикалық таразыда өлшей білу. -Лабораториялық құрал-жабдықтарды, аспаптарды, реактивтерді, химиялық ыдыстарды дұрыс қолдана білу. 1.6 Курс пререквизиттері: 1 «Физика» 2 «Бейорганикалық химия» 1.7 Курс постреквизиттері: 1 «Физика-химиялық анализ әдістері». 2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ 2 кесте |№ |Тақырып |Сағаттар |Әдебиеттер | | | |Дәріс |ЗС |БОӨЖ |БӨЖ | | |1 |Кіріспе.Аналитикалық |1 | | |3 |7.1.1. | | |химияның пәні, мақсаты және| | | | | | | |әдістері | | | | | | |2 |Химиялық анализдің |2 |1 |1 |4 |7.1.3.,7.1.9.,7.| | |метрологиялық негіздері | | | | |2.3 | |3 |Аналитикалық химиядағы |2 |1 |2 |5 |7.1.2. | | |гетерогенді процесстер | | | | | | |4 |Гравиметриялық анализ |2 |3 |2 |5 |7.1.2.,7.1.3. | |5 |Титриметриялық анализ |2 |1 |1 |6 |7.1.1.-7.1.4 | | |әдістерінің негізгі | | | | | | | |сипаттамалары | | | | | | |6 |Қышқылдық-негіздік |3 |1 |1 |5 |7.1.1.-7.1.4 | | |реакциялар. | | | | | | | |Қышқылдық-негіздік | | | | | | | |тепе-теңдік. | | | | | | |7 |Қышқылдық-негіздік титрлеу |2 |1 |2 |5 |7.1.1.-7.1.4 | |8 |ТТР кезіндегі тепе-теңдік. |2 |1 |1 |4 |7.1.1.-7.1.4 | |9 |Редоксиметриялық титрлеу. |1 |3 |2 |4 |7.1.1.-7.1.4 | |10 |Комплекс түзу реакциялары. |2 | |2 |4 |7.1.1.-7.1.4 | | |Комплекс түзу, тұндыру | | | | | | | |әдістері. | | | | | | |11 |Металдардың органикалық |2 |1 |1 |4 |7.1.1.-7.1.4 | | |лигандтармен комплекстері | | | | | | |12 |Комплексометриялық титрлеу |1 |1 |1 |4 |7.1.1.-7.1.4 | |13 |Тұндыра титрлеу |1 |1 |1 |4 |7.1.1.-7.1.4 | |14 |Химиялық |2 | |2 |3 |7.1.1.-7.1.4 | | |идентификациялаудың | | | | | | | |негіздері және әдістері | | | | | | |15 |Бүркемелеу әдістері |1 | |1 |3 |7.1.1.-7.1.4 | |16 |Бөлу және концентрлеу |2 | |1,5 |2,5 |7.1.1.-7.1.4,.7.| | |әдістері | | | | |2.2 | |17 |Экстракция әдісі |2 | |1 |2 |7.1.1.-7.1.4.,7.| | | | | | | |2.2 | 3 ПӘНДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР Курсты оқығанда негізгі мақсаттардың бірі - теориялық негіздерді игерумен қатар лабораторияда эксперименттік жұмысқа машықтануды үйрену, тәжірибе нәтижелері бойынша теориялық қорытынды жасап үйрену. Пәннің теориялық сұрақтары дәрістерде қарастырылады. Дәрістерде негізгі түсініктер мен заңдылықтар және күрделі немесе оқулықтарда жоқ сұрақтар туралы айтылады. Дәрістер конспектілері лабораториялық сабақтарға дайындық кезінде негіз болады, әдебиетпен дұрыс жұмыс істеуге көмектеседі. Сабақтың маңызды түрі - лабораториялық практикум. Онда лабораторияда жұмыс істеу, эксперимент қою дағдысы үйретіледі. Лабораториялық сабақтарда теориялық негіздер, заңдылықтар дәлелін табады. Студенттер химиялық ойлау қасиетін және ғылыми-зерттеу жұмысына қабілеттілік иеленеді. Пәнді оқыту кезінде студенттердің өздік жұмысы да бар, және оған уақыт бюджетінің үлкен бөлігі арналған. Оқытушы басқаруымен студенттердің өздік жұмысы лабораторияда өткізіледі. Онда жаттығулар орындалып, аспаптар, химиялық реактивтер мен ыдыстармен жұмыс істеу дағдысы үйретіледі. Сонымен қоса, есептер шығару әдістері қарастырылады. Аудиториядан тыс өздік жұмыста студенттер әдебиетпен жұмыс істеп, үй тапсырмасын орындап, лабораториялық сабақтарға дайындалады. Дәрістер Дәрістер конспектілері материалды игеруге негіз болып табылады. Дәрісте конспект жазуға әрбір студент міндетті. Конспектті оқулықтардан және оқу құралдарынан алынған материалмен толықтырып, жазып алған өте пайдалы. Конспектті лектор беретін кеңестер кезінде де толықтыруға болады. Зертханалық сабақтар Зертханалық сабақтарға дайындық келесі кезеңдерден тұрады: -тақырып бойынша теориялық материалды дәріс конспектісі, оқулықтар мен оқү құралдарынан оқу; -практикум немесе әдістемелік нұсқаулардан жұмыстың әдістемесі және мазмұнымен, қажетті аспаптар, реактивтер, ыдыстармен танысу; -лабораториялық журналға қысқыша конспект жазу, яғни жұмыс мақсатын, орындалатын операциялар кезегін, жұмысты орындау жолын және эксперимент нәтижелерін (есептеулер, бақылаулар, қорытындылар) көрсету. Зертханалық жұмысты орындау: -зертханалық жұмысты әрбір студент жеке орындайды; -студент лабораториялық жұмысты орындауға оқытушы рұқсатын алып қана кіріседі; -эксперимент нәтижелері журналға жазылып, реакция теңдеулері және қажет болса есептеулер жүргізіліп, қорытынды жасалады; -орындалған жұмыс бойынша студент есеп береді. Өздік жұмыс Оқу үрдісінде өздік жұмыс үлесі артып келеді. Тақырыпты терең игеру үшін оқулықтармен, оқу құралдарымен қосымша жұмыс істеу қажет. Сонымен қоса, есептер, үй тапсырмасы да өздік жұмысқа жатады. Студенттің өздік жұмысын оқытушы тексереді, ол үшін жазбаша жұмыстар тексеріледі, ауызша сабақ сұралады, бақылау жұмыстары, тестер, коллоквиумдар қабылданады. Әдебиетпен жұмыс істеуге нұсқаулар Бұл арнайы курс болғандықтан, негізгі оқулық жоқ. Әрбір тақырыпқа арнайы әдебиет тізімі, әдістемелік құралдар мен нұсқаулар ұсынылады. Оқытушы тапсырма бергеннен кейін материалды оқулықтар, оқу құралдарынан, монографиялардан оқу керек. Сұрақ негізін анықтап, заңдар, ережелерді, түсініктерді, формулаларды жаттау керек. Еске жақсы сақтау үшін қысқаша конспект жазып, немесе дәріс конспектісін толықтыра жазу керек. Сұрақты егжей-тегжейлі білу үшін қосымша әдебиет оқу керек. Теориялық курс жаттығулар орындау, есеп шығарумен қоса оқытылады. Теориялық материалды игергеннен кейін лабораториялық сабаққа дайындалу керек. Оқулықтар, оқу құралдары, есеп жинағымен қатар лабораториялық жұмыстар практикумы қажет болады. Әдетте практикумдарда жұмыс мазмұны алдында қысқаша теориялық материал беріледі, онымен міндетті түрде танысу қажет. Зертханалық жұмысты орындау жолы лабораториялық журналға конспектіленеді. Түсініксіз сұрақтарды дәптерге белгілеп, сабақта оқытушыдан сұрауға болады. 4 КУРС ФОРМАТЫ Оқу жүктемесін семестр бойына бірқалыпты орналастыру, тапсырманы әр студенттін міндетті түрде орындай алатын мөлшерде беру керек, олардың орындалуын қатан қадағалап, бақылаулар жүргізуге тиісті. Осыған байланысты кафедрада әр түрлі формаларда бақылаулар болу керек. Оқу құралдарын регламентациялау, әр пән бойынша өздік жұмыстарының сағат мөлшерін құрау, басқа пән арқасында БӨЖ мөлшері аспауын қадағалап отыру қажет. Студенттің уақыт мөлшерін анализдеу арқылы ескерілмеген уақыттардың мөлшері бар болуы анықталды. Сондықтан көптеген студенттер өз уақыттарын жоспарлай алмай жүргендеріне шағымданады. Көптеген студенттерде уақытты тиімді пайдалана алмайды, оларда күнделікті жоспарлары жоқ. 5 КУРС САЯСАТЫ Зертханалық сабақтар белгілі бір тақырыптарды лекцияда талқылаған соң жүргізіледі. Әрине, сабақтарды бұлай өткізу студентте анализдеу, салыстыру және ойлау қабілеттері жоғарлайды. Пән аралық жүйе студенттің ғылым негізін және танырлық әрекетін белсендіруге арналған. Пән аралық жүйені ескере отырып, мұғалім белгілі бір пәнге байланысты студенттің қаншалықты білімін біле отырып, оқу материалын жоспарланған мөлшерден тыс бере алады. Белгілі бір дәріс немесе зертханалық сабақты жоспарлай отырып, мұғалім алдын ала сабақтың өткізілу әдісін және жерін, тәртібін ойластыру керек. 6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ Пәнді оқу барысында ағынды бақылаудың әр түрлі түрлері болуы мүмкін: 1) ауызша сұрау – бір немесе бірнеше тақырып (бөлім) материалдарын оқығаннан кейін жүргізілетін бақылау; 2) жазбаша бақылау, курстың кейбір тақырыбы (бөлімі) бойынша қойылған сұрақтар, есеп шығару, келтірілген жағдайды талдау, практикалық жұмыс жасауды көрсетеді; 3) бірігіп жасалған сұрау – бір немесе бірнеше тақырып (бөлім) бойынша ауызша және жазбаша жүргізілетін бақылау; 4) үй тапсырмасын қорғау және презентация - жеке немесе топ үй тапсырмасын дұрыс орындағанының білімін, откен материалдарға қорытынды жасап, оны аудитория алдына жеткізе білуін, курс тақырыптарынынң кисынды байланысын байқай білуін бақылау; 5) дискуссиялар, тренинглер, дөнгелек үстөл – маселені топ ретінде қарасырып өзіндік ой жүгірту машығын және өздігінен шешім қабылдау қабілетін көрсету; 6) тестілер – оқушының білімін объективтi түрде және сапалы баға беру үшін нақты түрде берілген тапсырма жиынтығы (ашық, жабық, біріктірілген); «Химиялық сандық анализ» пәні бойынша ұпайдың таралымы 3 кесте |Апта |Бақылау түрі |Ұпайлардың | | | |барлығы | |1 |2 |3 | | |1-7 апта аралығында дәріс сабақтарына қатысу мен |30 | | |дайындалу | | |1 |Зертханалық сабақ №1 |0 | |2 |Зертханалық сабақ №1 (жазбаша есеп, бақылау сұрақтар)|20 | | |БОӨЖ - №1 дәріс материалы бойынша ағымдағы бақылау | | |3 |Зертханалық сабақ №2 (жұмысты орындау, жазбаша есеп, |20 | | |бақылау сұрақтар); | | | |БОӨЖ - №2 дәріс материалы бойынша ағымдағы бақылау | | |4 |Зертханалық сабақ №3 (жұмысты орындау, жазбаша есеп,|20 | | |бақылау сұрақтар); | | | |БОӨЖ - №3 дәріс материалы бойынша ағымдағы бақылау | | | |БӨЖ №1- Вариант бойынша орындау |50 | |5 |Зертханалық сабақ №4 (жұмысты орындау); |20 | | |БОӨЖ - №4 дәріс материалы бойынша ағымдағы бақылау | | |6 |Зертханалық сабақ №4 (жұмысты орындау); |20 | | |БОӨЖ №5 дәріс материалы бойынша ағымдағы бақылау | | | |БӨЖ №2- Вариант бойынша орындау |50 | |7 |Зертханалық сабақ №5 (жұмысты орындау, жазбаша есеп, | | | |бақылау сұрақтар); | | | |Межелік бақылау №1 (тест) |70 | |1 мен 7 аптада оқу нәтижесі бойынша ұпайлардың барлығы |300 | | |8-15 апта аралығында дәріс сабақтарына қатысу мен |30 | | |дайындалу | | |8 |Зертханалық сабақ №6 (жұмысты орындау, жазбаша есеп, |14 | | |бақылау сұрақтар); | | | |БОӨЖ №7 дәріс материалы бойынша ағымдағы бақылау | | |9 |Зертханалық сабақ №7 |14 | | |БОӨЖ №8 дәріс материалы бойынша ағымдағы бақылау | | |10 |Зертханалық сабақ №7 (жазбаша есеп, бақылау сұрақтар)|14 | | |БОӨЖ №9 дәріс материалы бойынша ағымдағы бақылау | | |11 |Зертханалық сабақ №8 (жұмысты орындау) |14 | | |БОӨЖ №10 дәріс материалы бойынша ағымдағы бақылау | | | |БӨЖ №3- Вариант бойынша орындау |50 | |12 |Зертханалық сабақ №8 (жазбаша есеп, бақылау |14 | | |сұрақтар) | | | |БОӨЖ №11 дәріс материалы бойынша ағымдағы бақылау | | |13 |Зертханалық сабақ №9 - Өсімдіктерді күлдеу. |14 | | |(жазбаша есеп, бақылау сұрақтар )– 10 | | | |БОӨЖ №12 дәріс материалы бойынша ағымдағы бақылау | | |14 |Зертханалық сабақ №10 (жұмысты орындау) |16 | | |БОӨЖ №13 дәріс материалы бойынша ағымдағы бақылау | | | |БӨЖ №4- Вариант бойынша орындау |50 | |15 |Зертханалық сабақ №11 | | | |Межелік бақылау №2 (тест) |70 | |9 мен 15 аптада оқу нәтижесі бойынша ұпайлардың барлығы |300 | |Емтихан ұпайларының барлығы |400 | |Академиялық кезең бойынша ұпайлардың барлығы |1000 | Студент білімін бағалау шкаласы 4 кесте |Баға |Әріппен |Процентпен |Балл |Рейтингке | | |белгіленуі |белгіленуі | |қойылатын | | | | | |максимал балл | |Өте жақсы |А |95-100 |4,00 |285-300 | | |А- |90-94 |3,67 |270-284 | |Жақсы |В+ |85-89 |3,33 |255-269 | | |В |80-84 |3,00 |240-254 | | |В- |75-79 |2,67 |225-239 | |Қанағатта |С+ |70-74 |2,33 |210-224 | |нарлық |С |65-69 |2,00 |195-209 | | |С- |60-64 |1,67 |180-194 | | |Д+ |55-59 |1,33 |165-179 | | |Д |50-54 |1,00 |150-164 | |Қанағатта |F |0-49 |0,00 |0-149 | |нарсыз | | | | | 7 ӘДЕБИЕТТЕР 7.1 Негізгі әдебиет: 7.1.1 Основы аналитической химии (под редакцией Ю.А.Золотова) М.: «Академия», 2012. в 2-х кн. 7.1.2 Харитонов Ю.Я. Аналитическая химия. Аналитика. В 2-х кн. 2 кн. Количественный анализ. Физико-химические методы анализа- 3-е изд., испр.- М.: Высш. шк., 2005. 559 с. 7.1.3 Каримов, А.Н. Аналитикалық химияның негіздері: оқу құралы.- ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.- 339 б. 7.1.4 Аналитическая химия и физико- химические методы анализа. В 2-х т. Т.2: учебник / под ред. А.А.Ищенко.- М.: Академия, 2010.- 412 с. 7.1.5 Бадавамова Г.Л., Минажева Г.С. Аналитикалық химия: оқулық .- Алматы: Экономика, 2011.- 473 б. 7.1.6 Васильев В.П. Аналитическая химия. М.: «Высшая школа», 1989. Ч.1. 320с. 7.1.7 Кабдулкаримова К.К., Мұсабаева Б.Х. Омарова Н.М., Аналитикалық химия.// Оқу құралы. Шәкәрім атындағы СМУ баспасы.-2011. 135 б. 7.1.8 Мұсабаева Б.Х. Сандық анализ бойынша сұрақтар мен есептер жинағы.//Оқу құралы. РОӘК грифімен баспаға ұсынылған. Шәкәрім атындағы СМУ баспасы.-2012. 100б. 7.2. Қосымша әдебиет: 7.2.1 Скуг Д., Уэст Д. Основы аналитической химии: М.: «Мир», 1979. Т. 1. 7.2.2 Алексеев В.Н. Количественный анализ. М.: «Химия». 1972. 7.2.3 Пилипенко А.Т., Пятницкий И.В. Аналитическая химия. М.: «Химия», 1990. 2кн. 7.2.4 Чарыков А.К. Математическая обработка результатов химического анализа. Методы обнаружения и оценок ошибок. Л.: «Химия», 1984. 7.2.5 Васильев В.П. Вопросы и задачи по аналитической химии. М. «Высшая школа», 1976. 230 с. 7.2.6 Лайтинен Г.А., Харрис В.Е. Химический анализ. 2-е изд., перераб. М.: «Химия», 1979. 624с. 7.2.7 Доэрфель К. Статистика в аналитической химии. М.: «Мир», 1969. 268с. 7.2.8 Бархер Ф.Дж. Компьютеры в аналитической химии. М. «Мир». 1987. 7.2.9 Петерс Д., Хайес Дж. Хифтье Г. Химическое разделение и измерение: теория и практика аналитической химии: В 2-х кн. М.: «Химия». 1978. 7.2.10 Кельнер Р., Мерме Ж.-М, Отто М., Видмер Г.М.. Аналитическая химия. Проблемы и подходы. т.2. - М.. Мир, 2004. 726 с. 7.2.11 Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия. І Т.: ІІ томдық оқулық.- Алматы: Алматы технологиялық университеті, 2004.- 354б.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz