Файл қосу

Тамақ өндірісі кәсіпорындарының технологиялық жабдықтары



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ                                  |
|МИНИСТІРЛІГІ                                                                |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                   |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты   |ПОӘК               |ПОӘК 042-18-5.1.04/02-2013     |
|ПOӘК                    |№ __ басылым       |                               |
|«Тағамдық шикізаттарды  |                   |                               |
|өндеудің роботталған    |«__»______2013 ж.  |                               |
|кешендері» пәнінің      |                   |                               |
|магистранттарға арналған|                   |                               |
|бағдарламасы            |                   |                               |





             6М072400 - «Технологиялық машиналар мен жабдықтар»
                            мамандығына арналған


                       «ТАҒАМДЫҚ ШИКІЗАТТАРДЫ ӨНДЕУДІҢ


                           РОБОТТАЛҒАН КЕШЕНДЕРІ»


                       ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ





                          МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН
                             ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ











                                    Семей
                                    2013

                                   Алғысөз

      1 ӘЗІРЛЕНДІ


      Құрастырушылар:
      А.   Какимов   ____________   «Тамақ   өндірісінің   машиналары    мен
аппаратттары» кафедрасының профессоры, т.ғ.д.
      А.  Еренгалиев  ____________   «Тамақ   өндірісінің   машиналары   мен
аппаратттары» кафедрасының длценті, т.ғ.к.
        Ә.  Қасенов  ____________    «Тамақ   өндірісінің   машиналары   мен
аппаратттары» кафедрасының профессоры, т.ғ.д.
        Б.  Кабулов   ____________   «Тамақ   өндірісінің   машиналары   мен
аппаратттары» кафедрасының доценті, т.ғ.к.
                                                       «____» _______2013 ж.


    2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
    2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тамақ
өндірісінің машиналары мен аппаратттары» кафедрасы мәжілісінде қаралды


    «___» __________ 2013 ж., № ___ хаттама


    Кафедра меңгерушісі ___________  М. Акимов.


    2.2  Инженерлі-технологиялық  факультеттің  оқу-әдістемелік   бюросының
отырысында қаралды


     «___» __________ 2013 ж., № ___ хаттама


      Төрайым  ___________  С. Толеубекова.


      3  БЕКІТІЛДІ
      Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің  отырысында  талқыланды  және
басылымға рұқсат етілді


      «___» __________ 2013 ж., № ___ хаттама


      ОӘК төрайымы _______________  Г. Искакова



      4  АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН














                                   Мазмұны



    |1   |Жалпы ережелер                                                       |    |
|2   |Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу            |    |
|3   |Пәнді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар                      |    |
|4   |Курс форматы                                                         |    |
|5   |Курс саясаты                                                         |    |
|6   |Баға қою саясаты                                                     |    |
|7   |Әдебиеттер                                                           |    |


































      1  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      1.1 Оқытушы және пән бойынша жалпы мәліметтер
Оқытушылардың аты-жөні – Кабулов Болат Бейсенгалиевич, Еренгалиев Аман
Еренгалиевич, Какимов Айтбек Калиевич, Мустафаева Аяулым Какеновна
«Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедрасы
Байланыс ақпараты - № 9 оқу ғимараты, № 109 кабинет, тел: 35-05-90
Сабақ өткізетін аудиториялар № 105
Пәннің аталуы – «Тағамдық шикізаттарды өндеудің роботталған кешендері»
Кредит саны – 4


      1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:
      Тамақ өндірісінің әртүрлі салаларында  тамақ  өндірісінің  роботталған
кешендерінің  әдістерін  кеңінен  қолдану  мамандардан   тамақ   өндірісінің
автоматтандыру туралы терең білімді қажет етеді.
      Тағамдық шикізаттарды өндеудің роботталған кешендері әдістерін қолдану
өндірістің прогрессивті құрылымын жасауға мүмкіндік  береді  және  өндірісті
автоматтандыру мүмкіндігін кеңейтеді. Тамақ  өндірісніде  автоматтандырылған
желілерді қолдану аумағы үздіксіз  өсуде.  Сондықтан  қазіргі  заман  маманы
технология талабына  сәйкес  өндірістік  процестерді  ғана  басқаруды  біліп
қоймай, сондай-ақ, осы саладағы ғылымның  соңғы  жетістіктеріне  жауап  бере
алатын, жоғары  техникалық  деңгейде  ұтымды  жүруін  қамтамасыз  ете  білуі
қажет.
      1.3 Пәнді оқыту мақсаты:
        Магистранттардың  тамақ  өндірісінің  роботталған  кешендері  туралы
арнайы  пәндерді  одан  әрі  оқуға  қажетті  білім  алу,  автоматтандырылған
жабдықтарды тиімді пайдалану.
      Пәнді  оқудың  міндетті  шарты  негізі  бақылау  болатын  барлық  жеке
тапсырмаларды орындау.
      1.4 Пәнді оқудың негізгі міндеті:
    «Тағамдық шикізаттарды өндеудің роботталған кешендері» практикалық курс
болып табылады. Сондықтан міндетті шарт ретінде, негізгі бақылау түрі  болып
табылатын практикалық және жеке тапсырмаларды орындау болып табылады.
      1.5 Оқыту нәтижесі:
      Пән оқытылғаннан кейін студент төмендегілерді білуге тиіс:
            •  тамақ  өндірісінде  қолданатын  технологиялық   процестерді,
              технологиялық жабдықтардың  құрылысын,  қолданылатын  саласын
              және технологиялық өндірістің ағынды желісін жете меңгеру;
            •  технологиялық  өндірістің  ағынды   желісіне   технологиялық
              жабдықтарды таңдай білу, ағынды желіге қойылатын  талаптарын,
              ұйымдастыру, жобалау және негізгі есептелінуін үйрену;
            • технологиялық  өндірістің  ағынды  желісінің  эксплуатациясын
              және жөнделуін білу.
            • басқа пәндерді оқуда алынған білімді жоғары дәрежеде  қолдана
              білу.


      1.6 Курстың пререквизиті:
      1.6.1 Тамақ өндірісі кәсіпорындарының технологиялық жабдықтары 1;
      1.6.2 Тамақ өндірісі кәсіпорындарының технологиялық жабдықтары 2;
      1.6.3 Машиналар, автоматтар және ағынды желілер.


       1.7 Курстың постреквизиті:
       1.7.1 Магистрлік диссертация.


    2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
                                                                     Кесте 1
|Тақырып аты                      |Сағат саны                   |Әдебиеттер   |
|                                 |Дәріс|Прак-ти|Зертха|ОМӨ|МӨЖ  |             |
|                                 |     |калық  |налық |Ж  |     |             |
|1. Роботталған кешендерінің      |3    |-      |1     |-  |16   |8.1.1.       |
|жіктелуі. Роботталған            |     |       |      |   |     |4 – 16 стр.; |
|кешендерінің жіктелуі,           |     |       |      |   |     |8.1.2.       |
|автоматтардың орындаушы          |     |       |      |   |     |5 – 19 стр.;;|
|механизмдерінің сипаттамасы.     |     |       |      |   |     |             |
|2. Ағынды желілердің жіктелуі.   |3    |-      |1     |-  |16   |4.1.1.       |
|Тамақ өндірісі автоматтарының    |     |       |      |   |     |17 – 34 стр.;|
|атқару механизмдерінің жіктелуі  |     |       |      |   |     |             |
|3. Жұдырықшалы механизмдердің    |3    |-      |1     |-  |16   |4.1.2.       |
|түрлері. Жұдырықшалы             |     |       |      |   |     |43 – 51 стр.;|
|механизмдердің геометриялық      |     |       |      |   |     |             |
|сипаттамалары                    |     |       |      |   |     |             |
|Жұдырықшалар мен итергіштердің   |     |       |      |   |     |             |
|конструкциялары                  |     |       |      |   |     |             |
|4. Даналық бұйымдары бар         |3    |-      |1     |-  |16   |             |
|машиналардың автоматты           |     |       |      |   |     |4.1.1.       |
|қоректендіргіштер.               |     |       |      |   |     |52 – 55 стр.;|
|Қоректенгіштердің құрылымы,      |     |       |      |   |     |             |
|жіктелуі және негізгі типтері    |     |       |      |   |     |             |
|5. Бункерлі бағдарлау -          |3    |-      |1     |-  |16   |             |
|қоректендіруші және қалталы      |     |       |      |   |     |             |
|бункерлі бағдарлау -             |     |       |      |   |     |             |
|қоректендіруші құрылғылары       |     |       |      |   |     |             |
|6. Саңылаулы бункерлі бағдарлау –|3    |-      |1     |-  |16   |             |
|қоректендіруші, ілмекті бункерлі |     |       |      |   |     |             |
|бағдарлау - қоректендіруші және  |     |       |      |   |     |             |
|шиберлі бункерлі бағдарлау -     |     |       |      |   |     |             |
|қоректендіруші құрылғы құрылғылар|     |       |      |   |     |             |
|7. Майлылығы жоғары кілегейге    |3    |-      |1     |-  |16   |4.1.1.       |
|арналған НРДМ маркалы сорғы -    |     |       |      |   |     |69 – 82 стр.;|
|дозаторы                         |     |       |      |   |     |             |
|8. Майлылығы жоғары кiлегейден   |3    |-      |1     |-  |16   |4.1.1.       |
|жасалатын сары майды өндiруге    |     |       |      |   |     |37 – 57 стр.;|
|арналған П8-ОЛУ ағынды желiсi    |     |       |      |   |     |             |
|9. Қармауыш органдары бар        |3    |-      |1     |-  |16   |4.2.1.       |
|-бункерлі бағдарлау -            |     |       |      |   |     |67 – 85 стр.;|
|қоректендіруші құрылғылары       |     |       |      |   |     |             |
|10. Бағдарланған даналық         |3    |-      |1     |-  |16   |4.1.1.       |
|бұйымдарға арналған автоматты    |     |       |      |   |     |118–136 стр.;|
|мөлшерлегіштер.                  |     |       |      |   |     |4.1.2.       |
|                                 |     |       |      |   |     |105–127 стр.;|
|11. Ағынды желінің компоновкасы. |3    |-      |1     |-  |16   |4.1.1.       |
|Траектория сипаты бойынша        |     |       |      |   |     |82 – 91 стр.;|
|өнделетін объектінің ағынды      |     |       |      |   |     |4.1.2.       |
|желінің компоновкасы.Тамақ       |     |       |      |   |     |75 – 90 стр.;|
|өндірісінде қолданылатын ағынды  |     |       |      |   |     |             |
|желілер.                         |     |       |      |   |     |             |
|12. Ет өндірісінде қолданылатын  |3    |-      |1     |-  |16   |4.2.1.       |
|ағынды желілер. Тауықтарды,      |     |       |      |   |     |122–146 стр.;|
|бройлерлерді және балапандарды   |     |       |      |   |     |             |
|өндеуге арналған В2-ФЦЛ ағынды   |     |       |      |   |     |             |
|желісі.                          |     |       |      |   |     |             |
|Жабдықтардың классификациялары:  |     |       |      |   |     |             |
|әрекетіне қарай жұмыс істейтін   |     |       |      |   |     |             |
|машиналар мен аппараттардың      |     |       |      |   |     |             |
|классификациялары.               |     |       |      |   |     |             |
|13. Ет өндірісінде қолданылатын  |3    |-      |1     |-  |16   |4.1.1.       |
|ағынды желілер.                  |     |       |      |   |     |136–147 стр.;|
|Шикі затқа байланысты өндіру     |     |       |      |   |     |             |
|тәсілдерінің технологиялық       |     |       |      |   |     |             |
|кұрлымдары.                      |     |       |      |   |     |             |
|14. Сүт өндірісінде қолданылатын |3    |-      |1     |-  |16   |4.1.1.       |
|ағынды желілер. Жабдықтардың     |     |       |      |   |     |106–117 стр.;|
|классификациялары: әрекетіне     |     |       |      |   |     |4.1.2.       |
|қарай жұмыс істейтін машиналар   |     |       |      |   |     |133–156 стр.;|
|мен аппараттардың                |     |       |      |   |     |             |
|классификациялары; шикі затқа    |     |       |      |   |     |             |
|байланысты өндіру тәсілдерінің   |     |       |      |   |     |             |
|технологиялық кұрлымдары.        |     |       |      |   |     |             |
|15. Күнбағыс майын өндіретін     |3    |-      |1     |-  |16   |4.2.1.       |
|өндірістік ағынды желісі.        |     |       |      |   |     |104–114 стр.;|
|Технологиялық жабдықтардың       |     |       |      |   |     |             |
|классификациясы және койылатын   |     |       |      |   |     |             |
|негізгі талаптар. Желіні         |     |       |      |   |     |             |
|ұйымдастыру, жабдықтар таңдау    |     |       |      |   |     |             |
|және негізгі есептелінуі.        |     |       |      |   |     |             |


    3 ПӘНДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР


    Курсты оқыған кезде берілген  тақырыптың  (бөлім)  негізгі  жағдайларын
қарастыруға баса назар аудару керек, осы  мақсатта  оқу-әдістемелік  кешенін
ұсынып отырмыз, ол магистранттардың  оқулықпен  жұмыс  істеуін  жеңілдетеді.
Әрбір  тақырып  (бөлім)   бойынша   қысқаша   конспекті   өзін-өзі   тексеру
сұрақтарымен аяқталады.
    Ең  маңыздысы  дұрыс  оқулық  таңдау.  Бір  уақытта  бірнеше   оқулықты
пайдаланудың қажеті жоқ. Ұсынылып отырған әдебиеттердің ішінен  тек  біреуін
ғана  негізгі  етіп   алу  керек.   Басқа   оқулықтар   немесе   әдістемелік
нұсқауларды тек  оқып  жатқан  материал  жоқ  болған  кезде  немесе  негізгі
оқулықта қысқаша көрсетілген кезде қана пайдаланылады.
    Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына сәйкес оқыған жөн. Оқулықпен
жұмыс  істегенде  міндетті  түрде  оқулықта   немесе   кешенде   көрсетілген
мысалдарды талдау  және өздігінен есептер  шешу  қажет.  Осыдан  кейін  ғана
өзін тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру  керек.  Теорияны  практикалық
есептерді  шешу  кезінде  дұрыс  қолдана  білсеңіз,   онда   оқу   материалы
меңгерілген деп санауға болады.



      4  КУРС ФОРМАТЫ





    Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан 3 рет жүргізіледі, ОСӨЖ уақытын  қоса
есептегенде. Курс форматы - аралас.  Дәріс  сабақтарында  күрделі,  мәселелі
сұрақтарды қарастырады.  Мысалы дәрістер  құрылымы  мынадай  –  сабақ  мәнін
талқылау   немесе   блиц-сұрақ   (10(15   минут),   дәріс   (35(40   минут),
материалдарды  бекіту.  Сабақты  мұндай  құрылымда   жүргізу   магистранттан
жүйелілікті, ұсынылған  әдебиеттермен  өздігінен  жұмыс  жасай  білуді  және
дәрістегі жаңа тақырып бойынша материалдарды білуді талап етеді.
      Лабораториялық сабақтар теориялық материалдарды тереңірек  қарастыруды
қажет ететін мәселелерді шешуге арналған.
      Аудиториялық ОМӨЖ уақытында сіздердің  дәріске  немесе  лабораториялық
сабаққа дайындалу процесінде, сондай-ақ үйге берген  өздік  жұмысын  орындау
кезінде  туындаған сұрақтарыңызды қарастырамыз.
      Сонымен қатар аптасына  бір рет, кафедрада бекітілген график  бойынша,
мен жекелей немесе топпен консультация түрінде ОМӨЖ сабағын өткіземін.
      Пәнді оқуға арналған сабақ уақытының үштен бір бөлігінде, сіздер менің
көмегімсіз өздеріңіз жұмыс жасайсыздар. Өздік жұмысына арналған  тапсырмалар
түрлері, ОМӨЖ және МӨЖ жоспары – кестесінде көрсетілген.


      5 КУРС САЯСАТЫ


    Пәнді  оқуға  берілген   барлық   кезеңде,   менің   сіздерге   қойатын
талаптарымның  барлығын  орныдайсыз   және   бір-бірімізді   түсінеміз   деп
ойлаймын.
      1. Дәріс,  лабораториялық  сабақтарға  қатысу  әрбір  магистрант  үшін
міндетті   жағдай.   Сабақтарға   кешікпей   келу   және    сабақ    үстінде
бір–бірлеріңізбен  сөйлеспей  отыруларыңызды  сұраймын.  Әр  дәріске  немесе
лабораториялық сабаққа қатысқаны үшін  +1  баллмен  бағаланады,  ал  дәрісті
немесе лабораториялық сабақты босатып  келмей  қалған  жағдайда  -1  баллмен
бағаланады.
      Өткен материалдарды өтеу үшін  магистрантқа  оқытушы  тапсырма  береді
және ол жұмыс тексеріледі, бірақ ол жұмысқа сіз максимал баға алалмайсыз.
      Әр өтелмеген сабақ тағыда қосымша -2 баллмен бағаланады.
      2. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол  сізді  курсты  толық
меңгеруден  босатпайды.  Егер  магистрант  сабақтарды  себепті  жағдайлармен
босатса, онда  ол  факультет  деканатынан  анықтама-рұқсат  алуға  міндетті.
Рұқсат алғанан кейін магистрант сабаққа қатыса алады.  Босатқан  сабақтардың
тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және  көрсетілген  уақытта
оны  орындап  тапсыру  қажет.  Тапсырма  тиісті   бағамен   бағаланады,   ал
босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды.
      3. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық  жұмыстарға  және  емтихандарға
белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ  өз  уақытында  және  шамаңыз
келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында  өткізуіңіз
керек. Тапсырмаларынызды пунктуальды және  уақытында  тапсыруларыңыз  керек.
Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге  жетуге  мүмкіндік
береді.  Сабақ  кезінде  магистрант  бұзақылық   жасап   немесе   оқытушының
ескертуіне құлақ аспаса, ол магистрантты сабақтан шығарып жібере алады  және
ол магистрантты тәртіпке салу үшін оған қосымша тапсырмалар беріледі.
      4. Аудиториялық сабақ уақытында  Сіздердің  ұялы  телефондарыңыз  өшіп
тұруы  керек.  Егер  бұл  талап  орындалмаса  оқытушы  магистрантты  жауапқа
тартуға құқығы бар.
      5. Сіздер магистранттармен және оқытушыларыңызбен ашық,  шыдамды  және
мейірімді болулары керек.
      6. Біреуден көшіріп алу  және  плагиат  (дайын  тапсырмаларды  қолдану
немесе  көшіріп  алу  және  басқа  магистранттың  көмегін  пайдалану)   үшін
Оқытушының    магистрантты    аудиториядан    шығарып    жіберуіне    немесе
қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар.
      7. Межелік аттестация қорытындысы, магистранттың  сабаққа  қатысуымен,
өзіндік  жұмысты  орындауымен,  сабақта  ауызша  және   жазбаша   жауаптарға
байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады.
      6.  Қорытынды  аттестация  (емтихан)  компьютерлік   тестілеу   арқылы
өткізіледі. Әрбір тесттік тапсырманың бес жауабы болады, оның біреуі  дұрыс.
Тесттік тапсырмалар пәннің жұмысшы бағдарламасына қатал сәйкес  келеді  және
барлық  тақырыптарды  қамтиды.  Емтиханға  дайындалу  үшін  ПОӘК-де  тесттік
тапсырмалардың мысалдары келтірілген.





      6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ


      Пән бойынша үлгерімді бақылау келесі түрде жүзуге асырылады:

      -  ағымдағы  бақылау  («Тағамдық  шикізаттарды  өндеудің   роботталған
кешендері» пәнінің оқу процесінің күнтізбелік кестесіне сәйкес жүргізіледі)

      - межелік бақылау (7 және 15 апталар)
      - қорытынды бақылау
      Ағымдағы   бақылау   кезінде   студенттің   дәріс   және   зертханалық
сабақтардағы жұмысы бағаланады,  сонымен  қатар  үй  тапсырмаларын  орындау,
рефераттарды жазу және т.с.с.
      Межелік бақылау – оқытушының  қатысуымен  тесттерге  жауап  беру  және
аудиториялық бақылау жұмыс орындау.
      Пән  бойынша  баға  100  %-тік   шкала  бойынша  пайыздық   мөлшерімен
қойылады.


      «Тағамдық шикізаттарды өндеудің роботталған  кешендері»  пәні  бойынша
ұпайлардың үлестірілуі
                                                                     2-Кесте
|Апта |Бақылау түрі                               |Ұпайлар         |Ескерту     |
|1    |2                                          |3               |4           |
|1-7 апталарда дәрістерге және зертханалық         |30              |            |
|сабақтарға қатысу                                 |                |            |
|1    |Тапсырмалар түрлерімен танысу              |                |            |
|2    |Роботталған кешендерінің жіктелуі.         |20              |            |
|3    |Ағынды желілердің жіктелуі.                |20              |            |
|4    |Жұдырықшалы механизмдердің түрлері.        |20              |            |
|5    |Қоректенгіштердің құрылымы, жіктелуі және  |20              |            |
|     |негізгі типтері                            |                |            |
|6    |Бункерлі бағдарлау                         |20              |            |
|     |Саңылаулы бункерлі бағдарлау               |30              |            |
|7    |Межелік бақылау 1                          |80              |            |
|1-7 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар      |300             |            |
|8-15 апталарда дәрістерге, практикалық және       |30              |            |
|лабораториялық сабақтарға қатысу                  |                |            |
|8    |Майлылығы жоғары кілегейге арналған сорғы -|15              |            |
|     |дозаторы                                   |                |            |
|9    |Бағдарланған даналық бұйымдарға арналған   |15              |            |
|     |автоматты мөлшерлегіштер.                  |                |            |
|10   |Ағынды желінің компоновкасы.               |15              |            |
|11   |Ет өндірісінде қолданылатын ағынды желілер.|30              |            |
|12   |Сүт өндірісінде қолданылатын ағынды        |15              |            |
|     |желілер.                                   |                |            |
|13   |Аудиториялық бақылау жұмыс                 |15              |            |
|     |Күнбағыс майын өндіретін өндірістік ағынды |15              |            |
|14   |желісі.                                    |                |            |
|15   |Межелік бақылау 1                          |75              |            |
|8-15 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар     |300             |            |
|Емтиханға арналған барлық ұпайлар                 |400             |            |
|Академиялық кезеңге арналған барлық ұпайлар       |1000            |            |


      7 ӘДЕБИЕТТЕР


      7.1 Негізгі әдебиет
      7.1.1  Шувалов  В.Н.  Машины,  автоматы  и  поточные  линии.   -   Л.:
«Машиностроение», 1973.
      7.1.2 Ивашов  В.И.  Технологическое  оборудование  предприятий  мясной
промышленности. - М.: Колос, 2001. - 552 с.
      7.1.3 Пелеев  А.И.  Технологическое  оборудование  предприятий  мясной
промышленности. М.: Пищепромиздат, 1971.
      7.1.4 Буланов Н.А., Гаевой Е.В. Переработка мяса птицы  на  поточно  -
механизированных линиях. М.: Пищевая промышленность, 1979.
      7.1.5 Основы расчета  и  конструирования  машин  и  автоматов  пищевых
производств. Под редакцией В.И. Соколова. - М.: «Машиностроение», 1992.
      7.1.6   Курочкин  А.А.  Основы  расчета  и  конструирования  машин   и
автоматов перерабатывающих производств. – М., 2006.


      7.2 Қосымша әдебиет
      7.2.1 Буланов Н.А., Гаевой Е.В. Переработка мяса птицы  на  поточно  -
механизированных линиях. М.: Пищевая промышленность, 1979.
      7.2.2  Производство  сливочного  масла:  Справочник.  Андрианов  Ю.П.,
Вышемирский Ф.А., Качераускис Д.В. ІІ др. Под ред. Ф.А.  Вышемирского.-  М.:
Агропромиздат,1988.
      7.2.3 Пелеев  А.И.  Технологическое  оборудование  предприятий  мясной
промышленности. М.: Пищепромиздат, 1971.
      7.2.4 Бредихин С.А. и др. Техника и технология переработки  молока.  –
М.: Изд-во «КолосС», 2003. – 400 с.


Пәндер