Файл қосу

Мұғалімнің кәсіби қасиеттері








             5В010300  – Педагогика және психология мамандығының
                           студенттеріне арналған

   «Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы»
                                   пәнінің
                           ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ
                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
















                                Семей – 2013

                                   Мазмұны


1 Глоссарий
2.Дәріс сабақтары
3 Тәжірибелік сабақтары
4 Студенттердің өздік жұмыстары





































                                 1 ГЛОССАРИЙ
                             Пән бойынша глоссарий
   1. Мұғалім - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін
      және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз  ету
      қабілетін арттыру  үшін  тәрбиелеу  мен  оқыту  қажеттілігі  себебінен
      әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.

   2.      Ұстаз -      жас ұрпақты,      жалпы       адамды       ізгілікке
      баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін                оқытушы.
      Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші  маман  педагог ұстаз деп
      аталады.
   3.    Педагог - білім беру,    тәрбиелеумен     немесе тәрбие мәселесімен
      айналысатын маман. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімі, арнаулы  орта,
      жоғары оқу  орнының  оқытушысы,  мектепке  дейінгі  мекеменің, мектеп-
      интернаттың, балалар      үйінің, түзету      колониясының тәрбиешісі,
      педагогиканың ғылыми мәселелерін зерттеуші  ғылыми  қызметкер  педагог
      делінеді.
   4. Сынып жетекші – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып,  үйлестіріп,
      келістіріп өткізетін педагог.
   5. Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін,  ұнамды  мінез-
      құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында  жүргізілетін  жүйелі
      процесс.

   6. Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі  бойынша,
      шығармашылық          қабілеттерін, дүниетанымдықты,          өнегелі-
      әдептікөзқарастарды дамыту  бойынша  оқушылардың   белсенді   танымдық
      қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. 

   7.  Шеберлік -  кәсіби  немесе әуесқойлық білімдердің  каңдай  да  болсын
      түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді
      әрекеттерді жүзеге асырушылық.
   8. Педагогикалық шеберлік –үнемі жетіліп отыруды қажет  ететін  балаларды
      оқыту  мен тәрбиелеу өнері.  Ол  өнерге  балаларды  сүйетін  және   өз
      қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз
      ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым  мен
      өнердің  тиісті   салаларынан   хабардар,   жалпы,   әсіресе   балалар
      психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту  мен  тәрбиенің  әдістемесін
      жетік игерген маман.
   9. Озық  педагогикалық  тәжірибені  зерттеу  —  мұғалімнің  педагогикалық
      қызметі айқындауға мүмкіндік беретін  оның  кәсіби  шеберлік  жиынтығы
      деңгейін анықтайтын әдіс.
  10.  Профессиограмма — адамға қойылатын талап ету жүйесі арқылы кандай  да
      бір кәсіптің егжей-тегжейлі сипатталуы. Ол талаптарға  берілген  кәсіп
      саласын  жетістікпен  меңгеру  үшін  қажет  тұлғаның   сапасы,   ойлау
      қабілетінің ерекшеліктері, білімі икемділігі және дағдысы жатады.
  11.  Профессиография  -  адамның  жеке  басының  қасиетіне,  психологиялық
      қабілетіне, психологиялық-физикалық мүмкіндігіне қойылатын  талаптарды
      зерттеу технологиясы.
  12.  Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы.
      Балалар тәрбиесін жүзеге асырып,  басқа  да  қоғамдық  тұрғыдан  мәнді
      кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен
      байланысқан адамдар тобы.
  13.     Мотив    -    адамды    белгілі    бір    іс-әрекетке    бастайтын
      ішкі субъективті себеп, оның  қажеттіктері  мен  мүдделерін  білдіруге
      бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. 
  14.  Әдістемелік және теориялық негіз - зерттеу негізіне  жататын  негізгі
      теориялар мен әдістемелік ережелер.
  15.  Әдістемелік  зерттеулер  -  зерттеу  нәтижелері  эмпириялық  деңгейде
      тәжірибені  жинақтаумен,  ережелерді  қалыптастырумен,   педагогикалық
      қызмет  нормаларын  айқындаумен,  деректер  алумен,  оны  талдау  және
      жүйелеумен       айқындалады.
  16.  Деректерді таңдамалы тағайындау - тәжірибеде  өлшемге  түскен  немесе
      өткізілген психикалық диагностиканың ең аз шамадан ең  үлкеніне  қарай
      орналасуы.
  17.   Тәжірибелік  психологиялық-педагогикалық  зерттеу  -  бұл  теориялық
      болжамдар мен тәжірибелік  ұсыныстардың  толықтылығына  қатысты  нақты
      білім алуға мүмкіндік беретін психология  мен  педагогика  саласындағы
      зерттеулер.
  18.  Тәжірибелік  деректерді  алғашқы  статистикалық  өңдеу  әдісі  -  бұл
      тәжірибеде жүзеге асырылатын өлшемдер нәтижелерін тікелей  айқындайтын
      көрсеткіштер алуға көмектесетің әдістер.
  19.  Тәуелсіз мінездемелерді жинақтау әдісі -  зерттелетін  тұлғаға  түрлі
      адамдар баға бере алатын тиімді әдіс. Мінездемелерді талдап  қорыту  -
      әр түрлі мінездемелерді талдап, жинақтауда  кездейсоң  және  мардымсыз
      тұжырымдар алынып тасталады.
  20.  Теориялық зерттеулер - әдебиетке  шолу  мен  сын;  берілген  мәселені
      шешуде, автордың теориялық болжамын бағыттайтын зерттеулер.
  21.   Өзін-өзі  бағалау  әдісі  -  жеке  тұлғаға  өзі  баға   беруде,   өз
      мүмкіндіктерін,  қасиеттері  мен  басқа   адамдар   арасындағы   орнын
      анықтауға көмектесетін әдіс.
  22.  Өзара әрекет талдау - бақылаудың бір түрі, оның  көмегі  арқылы  адам
      мінез-құлқының  ішкі  көрінісі,  коммуникациясын,  ақпарат   алмасуын,
      келісу  мен  келіспеушілік,  ұжымдар   мен   жеке   тұлғаға   қатынасы
      зерттеледі.
  23.  Диагностика (техникалық)  -  техникалық  ақауларды  іздестіруге  және
      анықтауға арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім.
  24.  Диагностика – бұл обьектің жағдайын  көрсететін  белгілерді  меңгеру,
      оның  ауытқушылықтары  мен  қателіктерді  түзеу   немесе   алдын   алу
      жұмыстарын атқару. 
  25.    Сараптама - ғылым, техника, өнер,     т.б.     салаларда     арнайы
      таным, білім мен білік талап ететін қандай  да  бір  мәселеге  зерттеу
      жүргізу.   Сараптаманың   ғылыми    зерттеуден    айырмашылығы    сол,
      ол құбылыстарды емес,  болып  кеткен  жағдайды  және  оның  себептерін
      анықтау     мақсатында     жүргізіледі.      Көбіне      экономикалық,
      бухгалтерлік, медициналық, соттық сараптамалар жүргізіледі.
  26. Қайталама сараптама - сарапшының қорытындысының  негізділігіне  немесе
      оның  дұрыстығына  күдік  туындаған  жағданда,  оны   өткізуді   басқа
      сарапшыға немесе сарапшылар тобына тапсырып, тағайындайтын сараптама.
  27.  Экологиялық сараптама - адамдардың шаруашылық  немесе  басқа  да  іс-
      әрекетінің тексеруге бағытталған шаралар жүйесі немесе таңдалған аймақ
      төңірегіндегі          жаңадан          енгізілген          шаруашылық
      кешеннің тіршілік ортасына, табиғи  ресурстарға және адам денсаулығына
      тигізетін әсерін бағалау. 
  28.  Coт сараптамасы -  шешілуі  үшін  маңызы  бар  жағдаяттарды  белгілеу
      мақсатында,  арнаулы   ғылыми   білім-білік   негізінде   жүргізілетін
      қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істердің материалдарын зерттеу.
  29.  Криминалистикалық-сараптама - қылмыстық іс бойынша айғақтамалық  мәні
      бар мәселелер жөнінде қорытынды алу мақсатымен жүргізлетін іс  жүргізу
      әрекеті.  Неғұрлым   кең   таралған   түрлері:   трассол,   баллистик.
      криминалистикалық сараптамалары, суық қару қолдану.
  30.  Диагностика – диагноз жөніндегі медицина ғылымының тарауы.
  31.     Экспертиза    (сарап) - мәселенің өз    шешімін    табуы     үшін,
      оның ғылымның кейбір      саласы      бойынша      (мысалы медицинада)
      арнайы білімді, техникалық шеберлікті т.б. біліктілік дәрежесін  талап
      ететін, маман (немесе мамандар тобы)  тарапынан  белгілі  бip  тұжырым
      шығара отырып зерделенуі.
  32.  Экспертиза  –  бір  даулы  мәселе  туралы  эксперттердің  бас  қосқан
      мәжілісі.
  33.  Соттық – психиатриалық экспертиза – бұл психиатрияның арнайы  білімін
      керек ететін  соттық  экспертизаның  бір  түрі.  Түрлер:  амбулаторлы,
      стационарлы және өлкенен кейін жүргізілетін экспертиза.
  34.   Ғылыми-техникалық   экспертиза -   ғылым, техника саласында   арнайы
      білімді кажет ететін қандай да бір  сұрақтарды  сарапшының  (маманның)
      зерттеуі.
  35.  Бақылау - зерттеу не  тексеру  әдісі.  Бақылау  арнайы жоспар бойынша
      жүргізіледі.  Жоспарда  Бақылаудың мақсаты мен міндеттері,   объектісі
      (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы,           оқу-тәжірибе
      учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары  дұрыс
      көрсетілуі тиіс.
  36.  Арнайы бақылау - бұл  зерттелетін  құбылыс  суретін  талдамалы  түрде
      қарастыруға әкелетін әдіс.
  37.   Ашық  бақылау  -  зерттеушіге  оны  қызықтыратын  барлық  құбылыстар
      тараптарын қамтуға үлкен мүмкіндік  береді,  сонымен  бірге  зерттеуші
      қатысуының теріс әрекеттеріне көп ұшырайды.
  38.  Ашық сауал - мұнда жауаптар сипаты  мен  саны,  олардың  түрлері  мен
      формалары алдын ала қарастырылмаған.
  39.  Дидактикалық бақылау - бақылау нысаны  ретінде  оқыту  процесі  тұтас
      енеді.
  40.  Монографиялық бақылау -  өзара  байланысқан  құбылыстардың  әр  түрлі
      өлшемдегі  бірталай  санын  қамтиды,  олардың  дамуын,  өзара  ықпалын
      ерекшеліктерімен арақатынасын қарастырады.
  41.  Педагогикалық бақылау - бұл педагогикалық үрдісті тану әдісі, ол ұзақ
      мақсатты түрде бағытталған жоспарлы қабылдау.
  42.  Сарапшы - арнайы ғылыми ілімдерді меңгерген және тергеу, сот, төрелік
      сот және  т.б.  органдарда сараптама өткізу  үшін   тартылған,   істің
      ақырының немен бітеріне мүдделі емес түлға.
  43.  Рейтинг - білікті адамдар көмегі  арқылы  жеке  тұлғаның  қасиеттерін
      бағалайтын сызба.  Белгіленген  сызба  бойынша  кез  келген  құбылысты
      субъективті бағалауға болады.
  44.  Сауалдар - толтыратын адам туралы кейбір мәліметтерді алуға  арналған
      сұрақ парағы.

      2 ДӘРІСТЕР
                Дәрісті  тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар

       Мақсаты:  студенттерді  курс  бойынша   тиісті   теориялық   біліммен
қаруландыру.
      Міндеттері:
      - әр  тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
      - әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
      - пәнге қызығушылығын тудыру және  ары  қарай  өздігінен  жұмыс  істей
білуге үйрету;
      - курс  бойынша  тиісті  білімді  меңгеру  үшін  қажетті  жағдайлармен
қамтамасыз ету.
      Жоғары оқу орындарында  оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  формаларының
бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар  үшін  күрделі  және  жаңа
ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге  қызығушылық  тудырады,
алынған  білімді  практикалық  міндеттерді  шешуде  қолдануға   көмектеседі,
тақырыптың және қарастырылып отырған  материалдың  теориялық  жақтарын  ашып
көрсетеді.
      Дәріс - студенттерде өздігінен  терең білім алуға   ізденіс  туғызады.
Дәрісті тыңдау – бұл  өзара  бір–бірімен  байланысқан  танымдық  үрдістердің
(зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау)  бірлігі.
      Сіздің курс бойынша жан-жақты білім  алуыңыз  дәріс  сабақтарын  толық
тыңдауыңызға  байланысты   екенін  еш   ұмытпаңыз.    Сондықтан   бағдарлама
мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала  қарастырып  жүріңіз.  Сіздің
білімініңізің деңгейі  тек  өзіңіздің  жауапкершілігіңіз  және  өздігіңізден
жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
      Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық:  сабаққа  кешікпеңіз;  дәріс
дәптеріңіз және  қаламыңызды  ұмытпаңыз;  дәріс  барысында   мәтінді  қалмай
жазып  отыруға  талпыныңыз,  ол  тәжірибелік  сабақтарға,  өздік  жұмыстарға
даярлануда негіз болады.




            Дәріс  сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
          Модуль 1. Мұғалімнің  кәсіби іс-әрекеті және жеке тұлғасы
    Тақырып 1. «Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен
                 экспертизасы» пәні, мақсаты мен міндеттері
      Негізгі ұғымдар: оқыту, тәрбиелеу, педагог, ұстаз, педагогикалық іс-
әрекет
      1.   «Мұғалімнің   педагогикалық   іс-әрекетінің   диагностикасы   мен
экспертизасы» пәнінің  мақсаты  мен  міндеттері.  Пәннің  басқа  ғылымдармен
байланысы.
       Қазіргі  кезде  бүкіл  дүние  жүзілік  білім  әлеміне   қол   жеткізу
мақсатында   Қазақcтанда білімнің жаңа  жүйесі  құрылуда.  Бұл  үрдіс   оқу-
тәрбие  үрдісіне жаңаша өзгерістер енгізуде.  Елімізде  болып  жатқан  түрлі
бағыттағы өзгерістер  білім  беру  саласына  жаңаша  міндеттер  қойып  отыр:
мұғалімнің  оқу-тәрбие  үрдісін  жаңаша  тұрғыда  ұйымдастыруды,  оқу-тәрбие
үрдісін нәтижеге бағыттау арқылы  оқушы  құзіреттілігін  арттыруды,  мұғалім
мен оқушының зерттеушілік мәдениетін дамытуды талап етеді.
      Бұл   талаптарға   сәйкес   педагог-психолог   мамандарын    даярлауда
«Мұғалімнің  педагогикалық  іс-әрекетінің  диагностикасы  мен  экспертизасы»
пәнінің маңызы зор.
    Жалпы білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің нәтижелігі, ең  алдымен,
мұғалімге байланысты.Оның жеке тұлғалық  қасиеттері,  педагогикалық  білігі,
адамгершілік  және  ақыл-ой  парасаты,  педагогикалық   мәселелерді   шешуде
шығармашылық ізденіске бой алдыруы, есеюі, өнегелілі, денсаулығы мен  рухани
байлығы қоғамның әлеуметтік алғышарты болып табылады.
      Курстың  мақсаты:  студенттерді  қазіргі  заман  мұғалімі,  мұғалімнің
педагогикалық  іс-әрекеті   мазмұны   және   ерекшеліктерімен,    мұғалімнің
педагогикалық   іс-әрекетін    диагностикалау    мен   экспертиза    жүргізу
әдістемелерімен таныстыру, тиісті біліммен қаруландыру.
      Курстың міндеттері:
       -  курс  мазмұны  бойынша   теориялық   және   практикалық   біліммен
қаруландыру;
       - студенттерді мұғалімнің  педагогикалық  іс-әрекетін  диагностикалау
   әдістемелерімен таныстыру;
       -  студенттерді  мұғалімнің  педагогикалық  іс-әрекетіне   экспертиза
   жүргізу әдістемелерімен таныстыру.
       Пән  адамтану   жайындағы   ғылымдармен   байланысты:   педагогикалық
   мамандыққа кіріспе, педагогика, психология,  социология,  философия,  жас
   ерекшелігі педагогикасы, даму психологиясы.
      2. Педагогикалық мамандықтың пайда  болуы  және  қалыптасуы.   Мұғалім
мамандығының профессиограммасы.
      1.Педагогикалық мамандық әлеуметтік  іс-әрекетті  білдіреді  және  аға
ұрпақ өкелдірінің жас ұрпаққа адамзат  мәдениеті  мен  тәжірибесін  беруіне,
қоғамда қандай болмасын  нақты  әлеуметтік  рөлдерді  орындауына  даярлығына
және бала тұлғасының дамуы мен қалыптасуына жағдай жасауға бағытталады.
         Еліміздің әлеуметтік-экономикалық  дамуын  жетілдіру  мәселесі  осы
қоғамдағы адами фактор  мәселесімен  тікелей  байланысты,  себебі  жан-жақты
дамыған, бәсекеге қабілетті жастар  мен  құзіретті  мамандар  ғана  қоғамның
өркендеп дамуына елеулі үлес қоса алады. Қоғамымыздың  қарқынды  дамуы  үшін
бәсекеге қабілетті, әлеуметтік белсенділіктері дамыған жас  мамандар  қажет.
Ал осындай азаматтар тұлғасын қалыптастыруда  олардың  ата-аналарымен  қатар
білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің ерен еңбектері  мен  игі  істерінің
алатын орны зор.
      Мұғалімдік кәсіптің ежелден қалыптасқанын  баршамыз  білеміз.  Адамдар
қай қоғамдық  формацияда  болмасын  жас  ұрпакқа  өз  тәжірибесін  жеткізіп,
білгендеріне  үйретіп  және  мақсатты,  саналы  түрде   өмір   заңдылықтарын
меңгертуге  талпынған.Адамзат  қоғамының  қай  даму   сатысында     болмасын
мұғалімдік кәсіптің атқаратын  рөліерекше  жоғары  бағаланған.  Мектеп  және
білім беру жүйелері өскелең ұрпақтың әлеуметтенуіне,  қоғам  дамуына  сәйкес
тәрбиеленуіне қашан да елеулі үлесін қосып келеді.
      Мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын ашу  үшін  оның  басқа  мамандықтарға
қарағандағы әлеуметтік құндылығын, оның қоғамдағы орны мен  рөлін  тереңірек
қарастырған жөн. Сан-алуан мамандықтардың ішінде  мұғалім  мамаңдығы  «адам-
адам» жүйесіне катысты мамандық, бірақ осындай жүйеде  адаммен  тығыз  жұмыс
істейтін басқа  да  мамандык  иелсрі  жеткілікті.  Мысалы,  дәрігер,  юрист,
артисттер, сатушылар т.с.с. мамандар  да  адамдармен  тығыз  қарым-қатынаста
болады ғой. Педагог мамандығының маңыздылығы оның қогам  дамуындагы  рөлімен
анықталады.  Педагог  мамандығында  жетекші  идея,  негізгі  міндет  -  адам
дамуының  мақсаттарын  түсініп,  басқа  адамдарды  сол  мақсаттарға   жетуге
бағыттау.
      Яғни, мұғалім өскелең  ұрпақты  қоғамның  болашақ  азаматтары  ретінде
тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстар  атқарады.  Мұғалімдер
қоғамдағы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені саралап  ең  дұрыс
және ең қажетті жақтарын жас өспірімдердің бойында қалыптастыруға  тырысады.
Сонымен қатар мүғалімдер  жас  өспірімдердің  дүниетанымдарын,  ұлттық  сана
сезімдерін,  салауатты  өмір  салтына  деген  көзқарастарын  калыптастырады.
Яғни, мұғалімдерді баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуін,  әлеуметтенуін
басқарушысыретінде  қабылдауға  болады.  ¥лы  орыс   педагогы   К.Д.Ушинский
мұғалім  мамандығын  жоғары  бағалай  отырып:  «Мұғалім  мамандығы   сырттай
қарапайьш болғанымен - тарихтағы ең  ұлы  істердің  бірі»  -  деген  сөздері
шынайылыққа үйлеседі.
      Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметі балалардьң болашағына байланысты  болып
келеді. Ұстаз еңбегінің  нәтижелілігі  де  келешекте  ғана  көрініс  береді.
Мысалы, мұғалім еңбегінің жемісі нақты бір іс-әрекет жасағаннан кейін  емес,
айлар, жылдар өткен соң, шәкірттің бір  табысқа  қол  жеткізуіне  байланысты
бағаланады.
      Жаңашыл-педагог  Ш.А.  Амонашвили:  «Біз  болашақтың  адамын,  жаңадан
қалыптасқан адамды  бейнелеуге  міндеттіміз.  Биік  адамзаттық,  ортақ  іске
берілгендік,  халық,  мемлекет  алдындағы  өзіміздің  қалтықсыз  парызьмызды
сезіну бізді осындай адам етеді.  Біздің  әрқайсымыз  -  жүздеген  тағдырдың
туындатушымыз,   біздің   шәкіртеріміздің   бақыты   ұста    дүкеніндей    -
кластарымызда шыңдалады!... Біздің жанымызда, бәрі де: күлкі де,  қатыгездік
те, ұстамдыльқ та, қарапайымдылық  та,  киген  киіміміз  де,  біліміміз  де,
зеректік те, адалдық та, интеллектілік  те,  үйірімділік  те,  өмірга  деген
сүйіспеншілік те өріліп  тұруы  тиіс.  Адамдағы  кісілерге  ұнаған  таңдаулы
қасиет атаулының бәрі тән болуы керек»  -  деп  мұғалімдер  тұлғасын  жоғары
бағалайтыны да осы мамандықтьң адам  өміріндегі  маңыздылығының  бір  дәлелі
деуге болады.
      Ұстаздық қызметтің тағы бір ерекшелігі - педагогтардың  әр  шәкіртінің
жүрегіне жол таба білуінде, әрбір баланың бойындағы  қабілетті  дамыту  үшін
жағдай  жасай  алуында.  Ең  бастысы  мұғалім  оқушыныңөзін  тұлға   ретінде
сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірді, әлемді  тануға  деген
қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің,  жолдастарының,
мектептің,  қоғамның  алдындағы  жауапкершілікті   -   адамгершілік   қадір-
қассиетті сезінуге тәрбиелеуі керек. Адамдық кадір-қасиет -  адам  бойындағы
ең қымбат байлық. Тәлім-тәрбиелік, оқу-танымдык  жолында  мұғалімнің  кәсіби
жетістігі әрбір оқушысының мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы  мен
шыдамдылығына,  шәкіртіне  дер  кезінде   көмекке   келе   білуіне   тікелей
байланысты.
      Педагогикалық еңбектің ұжымдық сипаты.Мұғалім үнемі  балалар  ұжымымен
жұмыс істейді. Ал мінезі, қызығушылықтары, даму  және  тәрбиелік  деңгейлері
әр түрлі балалардың ұжым ішіндегі қарым-қатынастарын басқара  білу  оңай  іс
емес. Ол үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл  шеберлікті  дамыту
үшін педагогика  ғылымындағы  А.С.Макаренко  негізін  салып  кеткен  тұлғаны
ұжымда және ұжым   арқылы  тәрбиелеу  теориясын  жақсы  меңгеру  қажет,  Бұл
педагогикалық идея кейінгі көптеген  шығармашыл  педагогтардың  тәжірибесіне
негіз болғаны анық.
    Мұғалімдер  аса  күрделі  процесті  -   оқушы   тұлғасының   қалыптасуын
басқарады.Мұғалім  -   оқушы   өмірінің   іргетасын   қалаушы   және   ғылым
негіздерімен таныстырушы маман. Мұғалім мамандығы баршамызға ортақ  игілікті
іс болып табылатын  жас  ұрпақты  жан-жақты  тәрбиелеуге  негізделеді,себебі
адам бойындағытәрбие мен жүйелі білім баланың өмірінің оншақты  жылы  өтетін
орта мектептен қалыптасады.
      Мұғалімдер әр баланың тұлғасын қалыптастыруда  оларды  интеллектуалдық
жағынан  дамытуды,  эмоционалдық,  рухани,  дене   тәрбиелерін   жетілдіруді
көздейді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалімдік еңбектің нәтижесін  өлшеп
отыратын дайын  арнайы  құралдар  болмайды,  оларды  өлшеу  үшін  балалардың
бойындағы тұлғалық қасиеттердің өзгеруін күтуге тура келеді. Себебі  мұғалім
қаншалықты жетекші роль атқарып тұрса да, оған оқыту,  тәрбиелеу  процесінде
пайда болатын қарым-қатынастарды басқара алуы, сол  қарым-қатынастар  арқылы
шәкірттің  өзіндік  даралығын  сақтап,  тұлғалық  қасиеттерін  қалыптастыруы
қажег.
      Қоғам дамуына  байланысты  мұғалімге  қойылатын  талаптардын  өзгеруі.
Мұғалім профессиограммасы. Адамзат  тарихында  мұғалім  тұлғасына  қойылатын
талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени  жағдайларына  байланысты
өзгеріп отырған.
      Ұстаз тұлғасына, тәрбиешілерге, тәлімгерлерге қойылатын талаптар тіпті
Ежелгі Греция, Ежелті Мысыр, Ежелгі Рим  философтары  Демокрит,  Аристотель,
Сократ,  Марк  Фабий  Квинтилиан  т.б.  еңбектері  мен  идеяларында  көрініс
табады.
      Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы  ойлар
шығыс философы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл  аударылған
мәселелердің бірі болған. Ол мұғалім  бойында  шыншылдык,  шәкірттеріне  де,
өзіне  де  талап  қоя  алушылык,  ықыластылық,  қаталдық,   күш-жігер   және
педагогикалық такт сияқты қаситеттердің сақталуын  қажет  деп  санаған.  Әл-
Фараби ұстаздың мінез-кұлық нормасы қаңдай болуы  жайлы  былай  деп  жазады:
«..ол тым қатал да болмауга  тиіс,  тым  ырыққа  да  жығыла  бермеуі  керек,
өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы  қояды,  ал  тым  ырыққа
көне беру - ұстаздық  қадірін  кетіреді.  Оның  берген  сабағы  мен  ғылымға
шәкірті селқос қарайтын болады».
      Педагогика   тарихында   мұғалім    тұлғасына    қойылатын    талаптар
А.Дистерверг,  К.А.Гельвеций,  К.Д.Ушинский,  П.Ф.Каптерев,   А.С.Макаренко,
Ы.Алтынсарин,  М.Жұмабаев,   В.А.Сухомлинский   сынды   белгілі   педагогтар
еңбектерінде ерекше қарастырылады. П.Ф.Каптерев  мұғалімдердің  адамгершілік
қадір-қасиеттерінің маңыздылығына көңіл бөле  отырып,  окыту  мен  тәрбиелеу
процестерінің тұтас жүргізілуі барысында «оқыта отырып тәрбиелеу,  тәрбиелей
отырып оқыту» кағидасының сақталуын талап етеді.
      Мұғалім  тұлғасына  қойылатын  талаптардың  өсіп,  күрделеніп   отыруы
нәтижесінде педагогикалық теорияда  профессиографиялық  тұрғыдан  зерттеулер
орын ала бастады.  Осы  бағытта  арнайы  зерттеулермен  айналысқан  ғалымдар
Ф.Н.Гоноболин,  Н.В.Кузьмина,  А.И.Щербаков,   В.А.Сластенин,   Ю.С.Алферов,
Е.И.Антипова т.б. болды.
      В.А. Сластенин  мұғалім  тұлғасына  қойылатын  талаптар  жүйесін  оның
педагогикалық еңбекке кәсіби даярлығы  ретінде  қарастырады.  Ол  даярлықтың
құрамына  мұғалімнің  психологиялық,физиологиялык,  даярлықтары  мен   қатар
ғылыми-теориялық     және     практикалық     құзіреттілігін      жатқызады.
В.А.Сластениннің пікірінше: «Мұғалім профессиограммасы мамандықтың  паспорты
ретінде   оның   квалификациялық   сипагтамаларын,   яғии    қоғамдық-саяси,
әлеуметтік және  психологиялық-педагогикалық  білімдерінің  көлемдерін  және
ғылыми негізделген  өзара  қатынастарын,  сонымен  қатар  болашақ  мұғалімге
қажетті  педагогикалық,  әдістемелік  іскерліктер  мен   дағдыларды   қамтуы
қажет».  Профессиограмма  -  мұғалімнің,  оқытушының,  сынып   жетекшісінің,
педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
      В.А. Сластенин ұсынған мұғалім профессиограммасында  ол  педагогикалық
кәсіптің  жалпы  сипатын  және  жеке   мамандығына   байланысты   сипаттарын
қарастыра отырып 4 тараудан тұратын мұғалімнің профессиограммасын береді:
       1.  Мұғалімнің  қасиеті  мен  сипаттамасы.  Бүған  ол   мұғалімдердің
идеялық,        кэсіптік-педогогикалық,        танымдық         бағытгылығын
жатқызады.
      2. Мұғалімнің    психологиялық-педагогикалық    дайындығына  қойылатын
талаптар. Мұнда ол мұғалімдердің білім, білік және дағдыларын біріктіреді.
       3.Арнайы  даярлықтың   көлемі   мен   құрамы.   Бұл   тарау   болашақ
мұғалімдердің  шеберлік  деңгейінде  еңбектенуі  үшін  қажет  болатын  жалпы
ғылыми негізде дайындық  көлемі  мен  арнайы  даярлықың  қалыптасатын  нақты
білім, білік және дағдыны біріктіреді.
       4.Мамандық  бойынша  әдістемелік  жағынан  даярлық   мазмұны.   Бұған
мұғалімге қойылатын жалпы әдістемелік талаптар жэне жеке  пән  мұғалімдеріне
қойылатын арнайы әдістемелік талаптар енгізілген.
      Жалпылап қарастырғанда қазіргі кезде мұғалім профессиограммасын құруда
үлкен тәжірибе жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш  үлкен
кешенге бөліп қарастыруға болады:
- жалпы адамзаттық қасиеттері;
- кәсіби-педагогикалық касиетгері;
- арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары.
      Қазіргі таңда заман талабына  қарай  мұғалімдік  қызметтегі  адамдарға
талаптар да күшейе түсті. Қазақстан Республикасының «Білім  туралы»  заңында
(2007  ж.)  педагогтардың  негізгі  құқықтары  мен  міндеттері   анықталған.
Аталған занның 7 тарауының 50-51 баптарында педагог  қызметкердің  мәртебесі
анықталып, олардың кәсіптік шеберлігіне, оқушыларға сапалы білім мен  тәрбие
бере алуларына байланысты жауапкершіліктері мен міндеттері қарастырылған.
      50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі.
      1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру  бағдарламаларын  іске
асыратын басқа да ұйымдарда білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілерді  оқытуға
және  тәрбиелеуге  байланысты  білім  беру  қызметімен  айналысатын  адамдар
педагог қызметкерлерге жатады.
Мемлекеттік  білім  беру   ұйымдарының   педагог   қызметкерлері   азаматтық
қызметшілер болып табылады.
      2.Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін  таниды
және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды.
      51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауашершілігі.
      1.  ТиістІ бейіні (профиль) бойьшша арнайы педагопык  немесе  кэсіптік
 білімі   бар   адамдар   педагогтық   қызметаен   айналысуға жіберіледі.
      2. Педагог қызметкердің:
      1)  кәсіби  қызметіне  арналған  жағдаймен  қамтамасыз  етіле  отырып,
педагогтік қызметпен айналысуға;
         2)ғылыми-зерттеу,        тәжірибелік-эксперименттік        жұмыспен
айналысуға,     педагогтік     практикаға     жаңа      әдістемелер      мен
технологияларды енгізуге;
      3) жеке педаготтік қызметке;
      4)   тиісті  білім  беру  деңгейіндегі  мемлекеттік  жалпыға  міндетті
стандарт     талаптары     сақталған     кезде      педагогтік      қызметті
ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;
      5)   білім  беру ұйымдарын  басқарудың  алқалы  органдарының  жұмысына
қатысуға;
      6)  ұзақтығы төрт айдан  аспайтын,  бес  жылда  кем  дегенде  бір  рет
біліктілігін арттыруға;
      7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;
       8)  педагоггік  кызметгегі  табыстары  үшін  мемлекеттік  наградалар,
құрметті атақтар, сыйлықтар  мен  атаулы  стипендиялар  түріндегі  моральдық
жэне материалдық көтермеленуге;
      9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;
      10) әскери  қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
      11)ғылыми қызметпен айналысу  үшін  педагогтік  стаж  сақтала  отырып,
шығармашылық демалыс алуға;
       12)  білім  беру  ұйымы  әкімшілігінің  бұйрықтары   мен   өкімдеріне
шағымдануға құқыгы бар.
      3. Педагог қызметкер:
       1)  өзінің  кәсіптік  құзыреті   саласында  тиісті   теориялық   жэне
пракгакалық білімді жэне оқыту дағдыларын меңгеруге;
       2)  мемлекеттік   жалпыға   міндетті   білім   беру   стандарттарының
талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын  қамтамасыз
етуге;
       3)  білім     алушыларды     жоғары     имандылық,     ата-аналарына,
этномәдени   құндылықтарға   құрмет   көрсету   рухында,   қоршаған  дүниеге
ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
      4)  білім    алушылардың    өмірлік    дағдыларын,    біліктіліктерін,
өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық кабілеттерін дамытуға;
      5) өзінің кәсіптік шеберлігін,  зияткерлік,  шығармашылық  жэне  жалпы
ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
      6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;
      7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
       8)  оқушылардың,     тәрбиеленушілердің     жзне     олардың     ата-
аналарының абыройы мен кадір-қасиетін қүрметтеуге міндетті.
       Міндеттері  мен  педагогтік  әдеп  нормаларын  бұзғаны  үшін  педагог
қызметкер  Қазақстан  Республикасының   зандарында   және   еңбек   шартында
көзделтен жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Сонымен,қазіргі заман  мұғалімдеріне
қойылатын  жалпы  талаптарға  кәсіби  кұзіреттілік,  бәсекеге  қабілеттілік,
әлеуметтік белсенділік,шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейде  дамытуды
жатқызуга болады.
      Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
      1. Пәннің мақсаты не?
      2. Пәннің міндеттерін атаңыз.
      3. Пән қандай ғылымдармен байланысты.
      4. Педагогикалық мамандық қашан пайда болған?
      5. Педагогикалық мамандықтың сипаттамасы.


      Әдебиеттер:
 1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.
 2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов и др.-
    Алматы,2003.-366с.
 3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен
    технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.
   4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е  изд.,
      доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.
 5. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-2-
    е изд.-Москва, 2005.-255с.
 6.  Митин  Л.М.  Профессиональная  деятельность  и   здаровье   педагога.-
    Москва,2005.
 7.  Никитина  Н.Н.  Введение  в  педагогическую  деятельность:  Теория   и
    практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.


     Тақырып 2. Мұғалімнің  педагогикалық  іс-әрекеті және жеке тұлғасы
      Негізгі ұғымдар: іс-әрекет, әрекет, педагогикалық іс-әрекет, қарама-
қайшылықтар.
      Педагогикалық іс-  әрекет  туралы  жалпы  түсінік.  Педагогикалық  іс-
әрекеттің құрылымы, құралдары, тәсілдері және  нәтижесі.  Педагогикалық  іс-
әрекеттегі қарама-қайшылықтар.Мұғалім педагогикалық іс-әрекеттің  субъектісі
ретінде.
      1. Педагогикалық іс- әрекет туралы жалпы түсінік.
      Педагогикалық  іс-әрекетті тек педагогтар ғана атқармайды, оны  ата  –
аналар, коғамдық ұйымдар, мекемелер,  сонымен  қатар  белгілі  бір  мөлшерде
бұқаралық ақпарат құралдары да жүзеге асырады.  Педагогтардың  іс-әрекетінде
– ол кәсіби іс-әрекет,  ал  ата-ана,  әр  түрлі  мекеме  басшылары,  өндіріс
орындары және т.б. ол жалпы педагогикалық, онда әр адам өздігінен білім  алу
және өзін-өзі тәрбиелеумен айналыса отырып  жүзеге  асырады.   Педагогикалық
іс-әрекет  кәсіби  іс-әрекет  ретінде  арнайы   білім   беру   мекемелерінде
атқарылады: мектепке дейінгі ұйым, мектеп,  училищелер,  колледждер,  арнайы
орта және жоғары оқу орындары және т.б.
      Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері:  тәрбиелеу,  оқыту,  білім
беру және бұлар тұтас педагогикалық үдерісте жүзеге асырылады. Әлбетте,  осы
іс-әрекеттердің барлығы әлеуметтендіру міндеттерін шешеді.
      Педагог тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар педагогикалық  іс-әрекетке
кәсіби даярлық ретінде анықталады. Кәсіби даярлық құрылымына  психологиялық,
психофизиологиялық, дене, ғылыми-теориялық, тәжірибелік даярлықтары  жатады.

      2. Педагогикалық  іс-әрекеттің  құрылымы,  құралдары,  тәсілдері  және
нәтижесі.Педагогикалық  іс-әрекеттегі  қарама-қайшылықтар.Педагогикалық  іс-
әрекетке кәсіби  даярлық.  Профессиограмма  педагогикалық  білім  мақсатының
бейнесі ретінде
      Педагогикалық іс-әрекет –  оқушының  тұлғалық,  интеллектуал-дық,  іс-
әрекеттік дамуына бағытталған, сонымен бірге өзін-өзі дамытуы  мен  өзін-өзі
жетілдірудің негізі болып табылатын мұғалімнің оқушыға (оқушыларға) ықпалы.
Педагогикалық іс-әрекет сипаттамалары:
 - мақсаттылық;
 - түрткі (мотив);
 - пәндік;
 - нәтижелік.
Педагогикалық  іс-әрекет формалары:
 - әңгіме;
 - шеберханадағы жұмыс;
 - сабақ;
 - лекция;
 - семинар;
 - сынақ;
 - практикум;
 - тренингтер және т.б.
Н.В.Кузьмина бойынша педагогикалық іс-әрекет дәрежесі
1. (минималды) репродуктивті;  педагог  өз  білгенін  өзгелерге  айтып  бере
   алады; продуктивті емес.
2. (төмен)  бейімделуші;  педагог  өз  хабарламасын  аудитория  ерекшелігіне
   бейімдей алады; аз продуктивті.
3. (орташа) локальды модельдеуші; педагог оқушыларды  курстың  әр  бөлімдері
   бойынша білімге,  дағдыларға,  іскерліктерге  үйрету  стратегияларына  ие
   (яғни, педагогикалық мақсат қою, іздестіру нәтижесі бойынша  өзіне  жауап
   беру және оқушыларды оқу-танымдық іс-әрекетке біртіндеп  енгізу);  орташа
   продуктивті.
4. (жоғары) – оқушылардың жүйелі модельдеуші білімдері;  педагог  жалпы  пән
   бойынша оқушылардың  дағдылар, іскерліктер ізденісіндегі білімдер жүйесін
   қалыптастыру стратегиясын меңгерген; продуктивті.
5. (ең жоғары) – оқушылардың жүйелі  модельдеуші  іс-әрекеттері  мен  мінез-
   құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын  қалыптастыру,  оның  өзін-өзі
   тәрбиелеу, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту  қажеттіліктерін  қалыптастыру
   құралына айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғары продуктивті.
      Педагогикалық іс-әрекеттің пәндік  мазмұны:  мотивация;  мақсат;  пән;
құралдар; тәсілдер; өнім; нәтиже.
       Педагогикалық  іс-әрекет  пәні  дамудың  шарты  мен  негізі   ретінде
оқытушылардың пәндік, әлеуметтік мәдени тәжірибені игерулері-не  бағытталған
оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы.
      Педагогикалық іс-әрекет құралдары:
       -  ғылыми  (теориялық  және  эмпирикалық)  білім,   ғылыми   білімнің
көмегімен оқушылар тезаурусы қалыптастырылады;
      - білімді «тасымалдаушы» ретінде  оқулықтағы  мәтіндер  немесе  пәннің
ақиқат  фактілерін,  заңдылықтарын,  қасиеттерін  мұғалімнің   ұйымдастырған
бақылауы  жағдайындағы  (зертханалық,  практика-лық   сабақтарда,   даладағы
практика кезінде) оқушының жаңадан жасаған елестетулері;
      Қосымша құралдарға жататын техникалық, компьютерлік, графикалық,  т.б.
құралдар.
      Педагогикалық іс-әрекет тәсілдері: түсіндіру;  көрсету  (иллюстрация);
оқушылармен бірігіп атқарылатын жұмыс;  оқушы  тәжірибесі;  тренингтер  және
т.б.
      Педагогикалық іс-әрекет нәтижесі: педагогикалық  іс-әрекеттің  негізгі
мақсатының орындалуы ретінде оқушының тұлғалық, интеллектуалдық дамуы,  оның
тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі ретінде жетілуі, қалыптасуы.
      Педагогикалық іс-әрекет психологиясы  проблемалары:
      1.Педагогтың шығармашалық  потенциалы  мен  педагогикалық  стеоретипті
жою мүмкіндіктері проблемасы.
      2. Мұғалімнің кәсібилігі (профессионализм) проблемасы.
      3. Мұғалімді психологиялық даярлау проблемасы.
      4. Дамыта оқыту жүйесіне мұғалімді даярлау проблемасы.
      5. Мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру проблемасы.
      6. Мұғалімнің инновациялық процестерді жете ұғынуы проблемасы.
     Педагогикалық іс-әрекеттегі негізгі қарама-қайшылықтар:
- кәсіби міндеттер динамикасы  мен  оны  жүзеге  асырудағы  мұғалімнің  ішкі
даярлығы арасында;
- білім беру саясаты динамикасы мен  мұғалімнің нақты және жүйелі  позицияны
ұстануға ұмтылысы арасында;
-  шығармашылық  өзін-өзі  реттеудегі  жеке  тұлғалық  қажеттілік  пен   оны
қанағаттандыру мүмкіндіктері арасында;
- күнделікті  өзекті  ақпарат  көлемі  мен  оны  саралау,  меңгеру,  сақтау,
тасымалдау қабілеттілігі арасында;
- қоғамның білім беру қызметіне  қажеттілігі  мен  мұғалімнің  жұмыс  уақыты
резервінің қысқаруы, сондай-ақ оқытушы  кадрларының  азаюы  мен  материалдық
деңгейлерінің төмендігі арасында;
-  әлеуметтік-кәсіби  топтың  көпшілігінің  бос  уақыттарының   көбеюі   мен
педагогтардың  уақыттары өзгерісінің тенденциясы арасында.
      Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
      1. Іс-әрекет дегеніміз не?
      2. Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз не?
      3. педагогикалық іс-әрекеттің құралдарын сипаттаңыз.
      4. Педагогикалық іс-әрекеттің тәсілдерін атаңыз.
      5. педагогикалық іс-әрекеттегі қарама-қайшылықтарды нақтылаңыз.
      Әдебиеттер:
   1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.
   2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель,  В.В.  Трифонов  и
      др.-Алматы,2003.-366с.
   3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті  жүзеге  асырудың  теориясы
      мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.
   4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е  изд.,
      доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.
   5. Ростовцев Н.Н. О педагогической деятельности и  методах  преподавания:
      Мемуарные записи. - Омск., 2002, 248 с.
   6. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-2-
      е изд.-Москва, 2005.-255с.
   7.  Никитина  Н.Н.  Введение  в  педагогическую  деятельность:  Теория  и
      практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.
    Тақырып 3. Диагностика және экспертиза ұғымдары және олардың мазмұны
      Негізгі ұғымдар: диагностика, экспертиза.
      Диагностика және экспертиза ұғымдары туралы жалпы түсінік. Диагностика
және   экспертиза   ұғымдарының   әртүрлі   ғылым   салаларында    қолданылу
ерекшеліктері және мазмұны. Диагностиканы жүргізуге қойылатын талаптар  және
кезеңдері.
      1.  Диагностика  және  экспертиза  ұғымдары  туралы   жалпы   түсінік.
Диагностика және экспертиза ұғымдарының әртүрлі ғылым салаларында  қолданылу
ерекшеліктері және мазмұны.
       Диагностика  –   диагноз   жөніндегі   медицина   ғылымының   тарауы.
Диагностика (техникалық) - техникалық ақауларды іздестіруге  және  анықтауға
арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім.   Диагностика   –   бұл
обьектің жағдайын көрсететін белгілерді меңгеру,  оның  ауытқушылықтары  мен
қателіктерді түзеу немесе алдын алу жұмыстарын атқару. 
      Сарапшы - арнайы ғылыми ілімдерді меңгерген  және тергеу, сот, төрелік
сот және т.б. органдарда сараптама өткізу  үшін  тартылған,  істің  ақырының
немен бітеріне мүдделі емес түлға.
           Сараптама - ғылым, техника, өнер,т.б.      салаларда       арнайы
таным, білім мен білік талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу  жүргізу.
Сараптаманың  ғылыми  зерттеуден  айырмашылығы  сол,   ол құбылыстарды емес,
болып кеткен жағдайды және оның себептерін анықтау  мақсатында  жүргізіледі.
Көбіне   экономикалық,   бухгалтерлік, медициналық,   соттық    сараптамалар
жүргізіледі.
          Экспертиза    (сарап) - мәселенің өз    шешімін    табуы     үшін,
оның ғылымның кейбір  саласы  бойынша  (мысалы медицинада)   арнайы білімді,
техникалық шеберлікті т.б. біліктілік дәрежесін талап  ететін, маман (немесе
мамандар тобы) тарапынан  белгілі  бip  тұжырым  шығара  отырып  зерделенуі.
Экспертиза – бір даулы мәселе  туралы  эксперттердің  бас  қосқан  мәжілісі.
Қайталама сараптама - сарапшының қорытындысының  негізділігіне  немесе  оның
дұрыстығына күдік туындаған жағдайда, оны өткізуді  басқа  сарапшыға  немесе
сарапшылар тобына тапсырып, тағайындайтын сараптама. Экологиялық сараптама -
 адамдардың шаруашылық немесе басқа да іс-әрекетінің  тексеруге  бағытталған
шаралар жүйесі немесе  таңдалған  аймақ  төңірегіндегі  жаңадан   енгізілген
шаруашылық                                кешеннің тіршілік ортасына, табиғи
ресурстарға және адам денсаулығына     тигізетін     әсерін     бағалау. Coт
сараптамасы - шешілуі үшін  маңызы  бар  жағдаяттарды  белгілеу  мақсатында,
арнаулы  ғылыми  білім-білік  негізінде  жүргізілетін  қылмыстық,  азаматтық
немесе әкімшілік істердің материалдарын зерттеу.
      Криминалистикалық сараптама - қылмыстық іс бойынша  айғақтамалық  мәні
бар мәселелер  жөнінде  қорытынды  алу  мақсатымен  жүргізлетін  іс  жүргізу
әрекеті.   Неғұрлым    кең    таралған    түрлері:    трассол,    баллистик.
криминалистикалық сараптамалары, суық қару қолдану.
Соттық – психиатриалық экспертиза – бұл психиатрияның арнайы  білімін  керек
ететін соттық экспертизаның бір түрі. Түрлер: амбулаторлы, стационарлы  және
өлкенен  кейін  жүргізілетін  экспертиза.   Ғылыми-техникалық   экспертиза -
ғылым, техника саласында  арнайы  білімді  кажет  ететін   қандай   да   бір
сұрақтарды сарапшының (маманның) зерттеуі.
      Мұғалімдердің  педагогикалық қызмет жүйесін диагностикалау
 Мұғалімнің  педагогикалық  іс-тәжірибесін  зерттеу   төмендегі   бағыттарды
қамтиды:
   1. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы.
   2. Таным заңдылықтарын терең түсінуі.
   3. Психо-педагогикалық біліктілігі  мен  әдістемелік  шеберлігін  тұрақты
      жетілдіріп отыруы.
   4. Өзінің педагогикалық қабілеттерін дамытуы.
   5. Педагогикалық техникасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысы.
   6.  Жаңашыл  педагогтардың   іс-тәжірибесі   мен   білім   берудің   жаңа
      технологияларынан хабардар болуы.
   7. Жеке оқушылар мен сынып ұжымдарын жүйелі зерттеп отыруы.
   8. Жаңа буын оқулықтары мен мемлекеттік бағдарламаларды оқып-үйренуі.
   9. Оқу - тәрбие салалары бойынша жылдық және тақырыптық  жоспарлар  жасай
      білуі.
   10. Әрбір сабақ пен іс-шараға тыңғылықты дайындығы.
   11. Сабақ беруі мен оны (өз сабағын) талдай алуы.
   12. Оқушылардың жазбаша жауаптары және  орындаған  тапсырмаларын  талдай
   білуі.
   13. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі.
   14. Сынып жетекшілік және тәрбиешілік жұмысы.
   15. Педагогтың қоғамдық жұмысы.
Сонымен  бірге,  аудан  педагогтарының  арасында   әр   түрлі   сауалнамалар
жүргізіліп,   аудан   педагогтарының    кәсіби    біліктілігін    арттырудың
диагностикалық  картасы  жасалады.  Мектептердегі  әдістемелік   жұмыстардың
сапасы сол бойынша анықталады. Диагностикалық карта жыл бойы  жасалады  және
бірнеше кезеңнен тұрады. Онда мына бағыттар қамтылған:
   1. Мұғалімдердің оқыту және сабақ беру қабілеттері.
   2. Педагогтардың кәсіби мүмкіндіктері мен педагогикалық мәдениеті.
   3.  Ұстаздардың  өз   білімін   жетілдіру   жүйесі   мен   ғылыми-зерттеу
      жұмыстарымен айналысу барысы.
Алдағы жылдың жұмыс жоспары мұғалімдердің сұраныстарын  ескере  отырып,  осы
диагностикалық карта негізінде жасалады.
      Мұғалім жұмысын талдау.
      1.Мұғалімнің кәсіби  білімі  (эрудициясы  мен  интеллект  деңгейі,  өз
бетінше іздену барысы, ғылыми  жұмыспен  айналысуы,  әдістемелік  жұмыстарға
қатысуы жақсы болуы, бағдарлама меңгеруі, жоспарлау барысы).
      2.Мұғалімнің оқыту шеберлігі. Сөйлеу мәнері мен  әдебі,  көрнекілікпен
тек құрал пайдалануы, тиімді оқыту әдіс –  тәсілін  меңгеруі,  оқушылар  іс-
әрекетін ұйымдастыру дәрежесі. (Пән аралық байланысты  қамтуы,)  оқушылардың
белсенділігі мен дербестігі, логикалық  ойлауы  мен  шығармашылық  қабілетін
дамыту.
        3. Мұғалімнің   әдістемелік   біліктілігі   (өзара   сабаққа   енуі,
шығармашылық есеп беруі,  зертханалық  тәжірибесі,  байқаулар  мен  педоқуға
қатысуы).
      4. Оқушылардың білім сапасы (диктант,  бақылау,  тест  нәтижесі,  оқу,
жазу, есептеу дағдылары, ғылыми зерттеулерге,  апталықтарға,  олимпиадаларға
қатысуы, үлгерім дәрежесі, оқу және ойлау икемділіктері).
      5. Мұғалімнің қоғамдың белсенділігі (кластан тыс жұмыс жүргізу, ата  –
анамен  байланысы,  берілген  тапсырманы   орындауы,   қоғамдық   жұмыстары,
еңбекте, спорт пен өнерге жанашырлығы).
6. Мұғалімнің  кәсіби  біліктілігі  (жеке  оқушымен  жұмыс,  дәстүрлі   емес
сабақтар, жеке бағдарлама, сапалы сабақ талдау, ашық  сабақ,  эксперименттік
жүйе).
      7. Мұғалым туралы қосымша мәліметтер (курстан  өтуі,  атақ  –  дәреже,
разряд, жүктеме).
      Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
      1. Диагностика дегеніміз не?
      2. Экспертиза ұғымына анықтама беріңіз.
      3. Диагностиканы жүргізуге қойылатын талаптарды атаңыз.
      4. Диагностиканы өткізу кезеңдерін сипаттаңыз.
      Әдебиеттер:
1. Иванов Д.А. Экспертиза в образовании.- Москва, 2008.
2.Петрова Е.А.Визуальная диагностика личности в практической деятельности
психолога.- Москва, 2007.
3. Митин Л.М. Профессиональная деятельность и здаровье педагога.-
Москва,2005.
4. Ростовцев Н.Н. О педагогической деятельности и методах преподавания:
Мемуарные записи. - Омск., 2002, 248 с.


      Модуль 2.Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен
                                экспертизасы
   Тақырып 4. Мұғалімнің кәсіби және жеке бас қасиеттерінің диагностикасы
      Негізгі ұғымдар: мұғалім, кәсіби қасиеттер, адамгершілік қасиеттер.
      Мұғалімнің  негізгі   міндеттері  мен  қызметтері.  Мұғалімнің  кәсіби
қасиеттері. Мұғалімнің адамгершілік қасиеттері. Мұғалімнің кәсіби және  жеке
бас қасиеттерінің диагностикасы.
      1. Мұғалімнің негізгі  міндеттері мен қызметтері
      Мұғалім - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін
және сол  қоғамның  сол  мақсаттарды  орындайтын  адамдарды  қамтамасыз  ету
қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту  қажеттілігі  себебінен  әлемдегі
ең кең тараған  мамандықтардың  бірі.  Ұстаз  -  жас ұрпақты,  жалпы  адамды
ізгілікке      баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін       оқытушы.
Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие   жұмысын   жүргізуші   маман   педагог ұстаз деп
аталады.
                    Педагог (гр. рaіdagogs тәрбиеші) білім беру,тәрбиелеумен
   немесе тәрбие мәселесімен айналысатын маман. Жалпы білім  беретін  мектеп
   мұғалімі, арнаулы орта, жоғары оқу орнының  оқытушысы,  мектепке  дейінгі
   мекеменің, мектеп-интернаттың, балалар                     үйінің, түзету
   колониясының тәрбиешісі,  педагогиканың  ғылыми   мәселелерін   зерттеуші
   ғылыми қызметкер педагог делінеді.
      Сынып  жетекшісі  –  сабақтан   тыс   тәрбие   жұмысын   ұйымдастырып,
үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог.
      Кәсіби даярлық мазмұны  мамандықтың  профессиограммасымен  анықталады.
Профессиограмма – педагогқа  қойылатын  кәсіби  талаптар:  жалпы  адамзаттық
қасиеттер,  педагог  мамандығының   ерекшеліктерін   анықтайтын   қасиеттер,
мамандығы бойынша арнайы білім,  іскерлік  және  дағдылары.  Профессиограмма
құрылымынан педагогикалық қабілетте орын алуы керек.  Профессиорграмма  құру
әр  педагогқа  өз  ісіне  сын  көзбен  қарауға  мүмкіндік  береді.   Педагог
тұлғасының құрылымында кәсіби- педагогикалық бағыттылықтың да  орны  ерекше,
өйткені  ол  педагог  тұлғасының  негізгі  маңызды  қасиеттерінің  жиынтығын
сипаттайды.
      Әр педагог кәсіби қырынан өзін-өзі тәрбиелеуді ұмытпағаны жөн.
      Мұғалім – тәрбие жұмысын ұйымдастыру, реттеу,  жетекшілік  жасау  және
өткізумен айналысатын адам.
      Мұғалімнің  негізгі міндеттері:
      - тәрбиелеуші және дамытушы іс-әрекеттерді ұйымдастыру;
      - балалар ұжымын ұйымдастыру және дамыту;
      - әр баланың жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу;
      - әр  баланың  бейімділігі,  қызығушылығы  және  қабілеті  дамуы  үшін
жағдай жасау.
      Мұғалімнің   негізгі қызметтері:
      - диагностикалық;
      - коммуникативтік;
      - тәрбиелеуші;
      - болжаушы;
      - ұйымдастыру - іс-әрекеттік;
      - дамытушы;
      - әдістемелік;
      - ынталандырушы;
      - бағалаушы;
      - қорғаушы;
      - түзетуші.
      Мұғалімнің  білім жүйесінің мазмұны:
      - жеке  тұлғаның  және  балалар  ұжымының  даму  ерекшеліктері  туралы
білімі;
      - психо-педагогикалық білімі;
      - жалпы білімі (адам өмірінің әр қырынан білімі).
            Мұғалімнің  іскерлігі мен дағдылары:
      - диагностикалық;
      - болжаушылық;
      - тәжірибелік;
      - бағалаушылық.
      Мұғалімнің  қабілеті:
      -дидактикалық қабілеті  –  балаларға  оқу  материалын  түсінікті  етіп
жеткізуі, білім  дәрежесін,  іскерлігі  мен  дағдысын  дұрыс  анықтай  білу,
танымдық қызығушылығы мен белсенділігін дамыту;
      -перцептивті қабілеті – баланың ішкі дүниесін тани білуі;
      - ұйымдастырушылық қабілеті – балалар ұжымына  дұрыс  басшылық  жасап,
оны ұйымдастыра білу;
      - коммуникативті қабілеті – балалармен дұрыс  қарым  –  қатынас  жасай
білу;
      - конструктивті қабілеті – оқу  және  тәрбие  міндеттерін  шешудің  ең
үйлесімді жолдарын іздестіру.


      2. Мұғалімнің кәсіби және адамгершілік қасиеттері
      Мұғалім  мамандығының профессиограммасы:
      Профессиограмма  –  маманға  қойылатын  психологиялық,  физиологиялық,
кәсіби және т.б. талаптар жүйесі.
        Педагогтың   жеке   тұлғасы   өзінің   дамуында    жан-жақтылығымен,
үйлесімділігімен және тұтастығымен ерекшеленуі тиіс.
      Мұғалімнің  кәсіби сапалары:
      - еңбек сүйгіштік;
      - жұмысқа қабілеттілік;
      - тәртіптілік;
      - жауапкершілік;
      - тұрақтылық;
      - мақсат қоя білу  және оған жету жолдарын таңдай білу іскерлігі;
      - өзінің кәсіби деңгейін жүйелі жетілдіру;
      - өз еңбегінің сапасын жақсартуға үнемі талпыну;
      - психологиялық даярлығының болуы;
      - кең мәдени ой өрісінің болуы;
      - педагогикалық шеберлігі;
      - педагогикалық тактісі;
      - педагогикалық техникасы.
      Мұғалімнің  адамгершілік сапалары:
      - адамгершілігі;
      - қайырымдылығы;
      - шыдамдылығы;
      - адалдығы;
      - кеңпейілділігі;
      - басқаны сыйлай білуі;
      - ұстамдылығы;
      - мәдениеттілігі.
      А.К.Маркова бойынша кәсіби сапалар:
- педагогикалық эрудиция (білімдарлық);
- ғылым салаларын терең меңгеру;
- педагогикалық мақсат қоя білушілік;
- педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау;
- педагогикалық интуиция (сезімталдық);
- педагогикалық импровизиация (суырып салмалық, жанынан жедел шығару,  шешім
қабылдау);
- педагогикалық байқағыштық;
- педагогикалық көрегендік.
           Митина  Л.М.   бойынша  кәсіби   сапалар:  әдептілік;  сыпайылық;
сезімталдық;    тәрбиелілік;    зейінділік;    ізденімпаздық;    шыдамдылық;
адамгершілік;  іскерлік;   тәртіптілік;   белсенділік;   саяси   сауаттылық;
сыншылдық; патриоттық;  болжағыштық;  өзбеттілік;  принципшілдік;  батырлық;
кешірімшілдік; кішіпейілдік; балаға деген сүйіспеншілік.
            М.М.  Мұқанов  бойынша  педагог  мамандығына  лайықты   сапалар:
педагогтың идеялық  сенімі;  педагогтың  қабілеті;  педагогтың  ұстамдылығы;
әділеттілік және абырой. Осының ең ортасы, өзегі, яғни  жеке  бас  сапасының
ядросы – бағыттылығы, бейімделушілігі, өзін-өзі бағалау, «Мен» бейнесі.


       4. Мұғалімнің кәсіби және жеке бас қасиеттерінің диагностикасы
            Мұғалімнің кәсіби және  жеке  бас  қасиеттерінің  диагностикасын
өткізу үшін зерттеу әдістерін  білу  керек.  Бақылау -  зерттеу  не  тексеру
әдісі.Бақылау
арнайы жоспар бойыншажүргізіледі.Жоспардабақылаудың мақсаты мен міндеттері,о
бъектісі          (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы,оқутәжірибе
учаскесіндегі  оқушылардың  жұмыстары),  жүргізу  әдісі  мен  жолдары  дұрыс
көрсетілуі тиіс. Арнайы бақылау - бұл зерттелетін құбылыс суретін  талдамалы
түрде  қарастыруға  әкелетін  әдіс.   Ашық   бақылау   -   зерттеушіге   оны
қызықтыратын барлық құбылыстар тараптарын қамтуға  үлкен  мүмкіндік  береді,
сонымен бірге зерттеуші қатысуының теріс  әрекеттеріне  көп  ұшырайды.  Ашық
сауал - мұнда жауаптар сипаты мен саны, олардың түрлері мен формалары  алдын
ала қарастырылмаған. Дидактикалық бақылау -  бақылау  нысаны  ретінде  оқыту
процесі   тұтас   енеді.   Монографиялық   бақылау   -   өзара   байланысқан
құбылыстардың әр түрлі өлшемдегі бірталай  санын  қамтиды,  олардың  дамуын,
өзара  ықпалын  ерекшеліктерімен  арақатынасын  қарастырады.   Педагогикалық
бақылау - бұл педагогикалық үрдісті  тану  әдісі,  ол  ұзақ  мақсатты  түрде
бағытталған жоспарлы қабылдау.
   Мұғалімнің кәсіби қасиеттері:
Ұйымдастырушылық   –   ұйымдастырушылық,   іскерлік,   белсенділік,    талап
қойғыштық, өзіндік сын, т.б.
Коммуникативтік   –   зейінділік,   қайырымдылық,   ашықтық,   мейір-бандық,
қарапайымдылық, сезімталдық, әдептілік.
Экспрессивті-перцептивті  –  байқағыштық,  креативтілік,   интел-лектуалдық,
белсенділік, зерттеушілік стилінің ерекшелігі, сын-шылдығы, икемділік.
Кәсіби қабілеттілігі
Дене  және  психикалық  денсаулығы  –  эмоционалды   –   еріктік   тонус-тың
жоғарылығы, оптимистік, эмоционалдық төзімділік, елге-зектік.
          Педагогтың  субъективті қасиеттері (П.Ф.Каптерев бойынша):
Объективті мазмұндағы: мұғалімнің  пәні  туралы  білімі  (меңгеруі),  ғылыми
дайындығы,  қосымша   пәндер   туралы   білімі;   пәннің   методологиясымен,
дидактикалық принциптерімен танысу, баланың ерекшеліктерін меңгеру.
Субъективті мазмұндағы: сабақ бере алу шеберлігі, таланты, өнері.
       Педагогтың  субъективті  қасиеттерін  анықтаушы   бағыттар   (Роджерс
бойынша):
Гуманистік бағыт – ұстаздың  оқушының  мұқтаждығы  мен  қажеттілігіне  көңіл
аударуы;
Эгоцентрлік бағыт – ұстаздың тек өзіне, өз  мүддесіне,  қажеттілігіне  назар
аударуы;
Бюрократтық  (төрешілдік)  бағыт  –  ұстаздың   әкімшіліктің   нұсқау-ларын,
жоғарыдан келген құжаттарды өзіне бағыт етуі.
Конформистік бағыт – ұстаз әрекетінің ұжым өмірімен,  өзінің  әріптестерімен
қатынас жасауға негізделуі.
Авторитеттік бағыт – ұстаз оқушының ата-аналарына, олардың қоғамдағы  орнына
сүйенуі.
      Когнитивтік бағыт – ұстаздың өзі  беретін  пәннің  мазмұнына  сүйенуі.
Диагностикалауда келесі әдістемелер қолданылады:  тест,  анкета,  сауалнама,
бақылау.
      Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
      1. Мұғалімнің міндеттерін атаңыз.
      2. Мұғалімнің қызметтерін атаңыз.
      3. Мұғалімнің адамгершілік қасиеттерін сипаттаңыз.
      4. Мұғалімнің кәсіби қасиеттерін жүйелеңіз.
      Әдебиеттер:
   1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.
   2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель,  В.В.  Трифонов  и
      др.-Алматы,2003.-366с.
   3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті  жүзеге  асырудың  теориясы
      мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.
   4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е  изд.,
      доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.
   5. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-2-
      е изд.-Москва, 2005.-255с.
   6.  Митин  Л.М.  Профессиональная  деятельность  и  здаровье   педагога.-
      Москва,2005.
   7.  Никитина  Н.Н.  Введение  в  педагогическую  деятельность:  Теория  и
      практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.
       Тақырып 5. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің мотивациясын
                               диагностикалау
      Негізгі ұғымдар: мотив, мотивация, педагогикалық іс-әрекет.
      Мотив және мотивация түсініктері, олардың айырмашылықтары.  Мұғалімнің
педагогикалық  іс-әрекетінің   мотивациясының    ерекшеліктері.   Мұғалімнің
педагогикалық іс-әрекетінің  мотивациясын  диагностикалау  әдістемелері  мен
жолдары.
      Мотив және мотивация  отандық және шетел психологиясында өзекті мәселе
болып табылады.  «Мотив»  термині  француз  сөзі  қазақшада  «түрткі»  деген
мағынаны білдіреді. Бұл мәселенің өзекті болуының бір  себебі  ,  күнделікті
өмірге психологиялық зерттеулерді  енгізу,  яғни  адамның  қылықтарының  туу
себебін анықтау қажеттігінен туындаса,  екінші  жағынан  адамның  күнделікті
әлеуметтік тіршілік жағдайында  әрекет  жасауымен,  оның  ішкі  мотивациялық
тенденциясының арасындағы байланысты анықтаудың қажеттігімен түсіндіріледі.
      Мотив туралы айтылған соң міндетті түрде  мотивация  мәселесі  айтылуы
қажет.  Ең  әуелі  мотивация  туралы   теориялар   ежелгі   грек   ғалымдары
Аристотель, Демократ, Гераклит, Лукреций, Платон, Сократ және  т.б.  тәрізді
ғұламалардың  зерттеулерінен  орын  алды.  Мысалы,   Демокрит   қажеттілікті
адамның ақылын сөйлеуге, тілінің дамуына  және  еңбек  етуге  деген  тілегін
қалыптастыруға деген негізгі күш  ретінде  қарастырған.Адам  белсенділігінің
негізі құштарлықта екендігін көрсеткен грек ғалымы К.Гельвеций.
      Орыс оқымыстысы Н.Г.Чернышевский адам өміріндегі қажеттілікке баса мән
берді.   Сонымен    қатар    шетелдік    Р.Вудвортс    адамның    психикалық
белсенділігіндегі қажеттіліктің рөлін ашып көрсетті.
      -  қоғамдық  құбылыстар  мен  қоршаған  ортаны  танып  білудің  ғылыми
әдіснамасы негізнде дүниеге ғылыми көзқарасы  қалыптасқан,  өз  мүддесі  мен
қоғамдық мүдделері ұштастыра білетін ,  зиялы,  адамгершілігі  жоғары,  жан-
жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу;
      -  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  тәрбиелеп  дамуына,   білімін   арттырып,
жетілуіне көмектесу, сонымен қатар оқытудың сан алуан тиімді  формалары  мен
әдістерін барынша кең  қолдану  арқылы  әрбір  оқушының  бойына  немі  оқып-
үйренсем  деген  ізденімпаздық  қасиет  дарыту,  оларға  білімін   өздігінше
толықтырып, тереңдету тәсілдерін үйреті;
      -  оқытудың  жаңа  ақпараттық  технологиясын  пайдалану  арқылы   жаңа
педагогикалық  тезнологияларды  қолдану  арқылы  қазіргі  қоғам  талап  етіп
отырған компьютерлік  техниканы  тиімді  қолдана  білетін,  икемді  дағдылар
қалыптасқан, белсенді, дербес әрекет ете білетін жеке тұлғаны тәрбиелеу;
      - оқушыларды адам, табиғат және қоғам туралы ең қажетті жалпы біліммен
қаруландыру;
- оқушылардың өздерінің әлеуметтік сұраныстарына, мүдделері мен  тілектеріне
сай оқыту  мен  тәрбилеудің  әр  түрлі  формаларын,  әсіресе  оқытудың  жаңа
технологияларын тиімді қолдана отырып,  олардың  білім  алуға  деген  рухани
қажеттігін, құштарлығын, ынта- ықыласын қалыптастыру.
      Жалпы білім беретін мектеп республиканың мәдени-ағарту қорына,  ұлттық
интеллигенцияның қалыптасуына лайықты үлесін қоысп  келеді.  Дегенмен,  оның
қол жеткен
       ХХғ.  20  жылдары  батыс  психологиясында  тек  адамға  ғана  қатысты
мотивация теориялары пайда бола бастады.Мысалы, Курт Левин (1926),  Г.Олпорт
(1937), Г.Мюррей (1938), А.Маслоу  (1954).  ХХғ.ІІ-  жартысында  мотивацияға
қатысты концепциялар Дж.Роттер (1954), Г.Келли (1955),  Х.Хекхаузен  (1955),
Дж.Аткинсон (1964) жұмыстарында орын  алады.  Мотивация  мәселесін  шетелдік
ғалым Р.Кеттел де (1957) қарастырған. Сонымен қатар,  бұл  мәселе  саналылық
және санасыздық туралы Зигмунд Фрейдтің зерттеуінен  де  қажеттілік  ретінде
орын алады. Дәл осы бағытта өзінің теориясын У.Макдауголл (1923) да  ұсынды.
1957 ж.Ж.Нютеннің жұмысында  мотивация  органихмнің  белсенді  болу  себебін
түсіндіруде қолданылған.
      Қазіргі  психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде  мотив   түсінігіне
біраз анықтамалар берілген, мәселен: мотив  мақсат  ретінде  (А.Н.Леонтьев);
мотив  қажеттілік   ретінде   (С.Л.Рубинштейн,   Л.И.Божович,   А.К.Ковалев,
К.К.Платонов); мотив адамның ниеті ретінде  (Д.А.Леонтьев);  мотив  тұлғаның
тұрақты   қасиеті   ретінде   (М.Ш.   Магомед-Эминов,   В.С.Мерлин);   мотив
ынталандырушы ретінде (И.А.Джидарьян, В.Н.Мясищев); мотив өзін  белсендіруге
деген қажеттілік ретінде  (А.Маслоу);  адамды  әрекет  жасауға  итермелейтін
түрткі ретінде (Қ.Жарықбаев, Т.Тәжібаев).
      Осы  берілген  анықтамалар  әр  түрлі   айтылып   тұрғанымен   олардың
мағыналары  бір-біріне   жақын,   яғни   мотивті   адамды   әрекет   жасауға
итермелейтін түрткі ретінде қарастырады.
       Мынадай қарапайым мысал: мұғалімнің оқушыға  сұрақ  қоюы,  оның  оған
жауап беруіне себеп  болады  немесе  кикілжің  жанжалдың  туындауына  әкелуі
мүмкін.
      Мотивация түсінігі мотивке қарағанда кең мағынаны  білдіреді.  Қазіргі
психологияда мотивация түсінігі екі мағынада қолданылады:
      1) адам қылықтарын анықтайтын факторлардың  жүйесі  ретінде  (мақсаты,
мотивтері, ниеті, толқуы және т.б.);
      2)  адамның  қылықтарын  белсендіретін  және  ынталандыратын  үрдістің
сипаты ретінде.
      Демек, осы айтылғандарға сүйенсек, мотивация дегеніміз  жеке  тұлғаның
белсенділігін,  қылықтарын  анықтайтын  факторлар  жүйесі  және  мотивтердің
құрылу, қалыптасу үрдісі болып табылады.
      2.    Мұғалімнің    педагогикалық     іс-әрекетінің     мотивациясының
ерекшеліктері.   Мұғалімнің   педагогикалық    іс-әрекетінің    мотивациясын
диагностикалау әдістемелері мен жолдары.
      Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің  мотивациясының   ерекшеліктері
өз жұмысына деген жағымды қатынасымен анықталады.
1.Педагогикалық процестің  компоненттерін  есепке алып сабаққа
талдау жасау  кестесі:
1.Сабақ мақсатының талапқа сәйкестігі.
2.Мақсаттың  міндеттерге  сәйкестігі  (білім  берушілік  ,   тәрбиелеушілік,
дамытушылық).
3.Кері байланыстың сапасына  талдау  (сабақтың  әр  кезеңінде   қанша  оқушы
жұмыс істеді , оған қандай формалар мен әдістердің көмегімен қол жетті).
4.Сабақтың  нәтижелілігін  анықтау  (мақсаты,   міндеттері   ,   әдістер   ,
балалардың белсенділігі).
5.Сабақты өткізу  бойынша  жалпы  шешімдер  мен  ұсыныстар  (теориялық  және
практикалық).
Сабаққа құрылымдық талдау кестесі
1.Сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау.
2.Сабақтың типі .
3.Сабақтың  құрылымы,  оның   кезеңдері   (минутпен):   сабақтың   басындағы
оқушылардың  психологиялық даярлығы;  оқушылардың  бар  білімдерін  анықтау;
сұрақ- жауап (әңгімелесу); жеке жұмыстарды ұйымдастыру;  ұжымдық  жұмыстарды
ұйымдастыру; топтық әңгімелесу.
4. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі : баяндау әдістері; проблемалық  әдістер;
кітаппен өзбетінше жұмыс; жаттығу әдістері және т.б.
5. Меңгерген білімді бекіту:
6. Сабақ бойынша   оқушылардың  білімін  соңғы  (қорытынды)  тексеру  кезеңі
(егер ол бар болса) : ауызша жұмыстар;  топтық  жұмыстар;  өз  ара  тексеру;
орындалған жұмысты өзі тексеру және өзін -өзі бағалау  және т.б.
   7.   Сабақтың   қорытындысы   :сабақ    бойынша    теориялық    ұсыныстар
қалыптастыру(сабақта  немен  танысты);  оқушылардың    жауаптарына   түсінік
беру, баға қою ; үй тапсырмасы , оған түсінік беру .
 8.Сабаққа талдау бойынша шешімдер мен ұсыныстар:  сабақ  кезеңдерін  таңдау
ұтымдылығы; сабақтың  әр  кезеңі  бойынша   уақытты  бөлу.  сабақ  типі  мен
құрылымының  нәтижелілігі .
      Оқушылардың   оқуға   деген   дұрыс   қатынасын   қалыптастыру    және
психологиялық зерттеуге талпынған мұғалімге келесі  жайттарды  ескерген  жөн
болады:
-мотив және  мотивация  мәселесін  психологиялық  зерттеу  –  бұл  екеуі  де
оқушының жеке тұлғасының мотивациялық аймағын  тәрбиелеуді  көздейді.  Мотив
және мотивацияны зерттеу дегеніміз – бұл әр  оқушының  және  тұтас  сыныптық
жақын арадағы даму аймағын, оның даму мүмкіндіктерін білу деген сөз.
      Демек оқу мотивін қалыптастыру – бұл мектепте оқуға деген  ішкі  ынта,
ниеттің пайда болуы үшін жағдай жасауы  және  оқушының  өзінің  мотивациялық
аймағының  болашақтағы  дамуын  дұрыс  түсінді.  Ал  оның  дамуын  алдын-ала
қарастырылған психологиялық тәсілдер жйесін пайдалану  арқылы  ынталандыруға
болады. Сонымен, оқушылардың оқу мотивациясын дамытудың жалпы  мәні  мынадан
тұрады: оқушыларды оқуға деген жағымсыз және  немқұрайлы  қатынастан,  оқуға
жағымды   қатынастың   түрлеріне   ауыстыру,    яғни    нақты,    түсінікті,
жауапкершілікті:
       Оқушылардың  оқу  мотивін  қалыптастырудың  нысанасына   мотивациялық
аймақтың барлық компоненттерін және оқи білу  іскерлігінің  барлық  жақтарын
жатқызу қажет. Нақтырақ айтқанда:
-әлеуметтік және  танымдық  мотивтер,  олардың  мазмұндық  және  динамикалық
сипаттамасы;
-нақты мақсат және міндеттер,  олардың  сапасы  (жаңа,  түсінікті,  болашағы
бар, тұрақты);
- эмоциялары (жағымды, тұрақты, таңдамалы, іс-әрекетті реттеуші);
-оқи  білу  іскерлігі  және  оның  сипаттамасы  (білімі,  оқу  іс-әрекетінің
жағдайы, оқығандығы).
      Қазіргі  бар  психологиялық-  педагогикалық  зерттеулерді  сараптасақ,
көпшілік  мұғалімдердің  осы  мәселе  бойынша  жұмысы  бірнеше   бөлімдерден
тұрады, мәселен, өзіндік  мотивациялық,  мақсаттылық,  эмоциялық,  танымдық.
Мұғалім әр бөлімде әр оқушының немесе тұтас сыныптың бұрыннан   бар  мотивін
жетілдіру  және  түзету,  сонымен  қатар  жаңа  мотивтер  және  оларда  жаңа
сапалардың пайда болуы үшін тиісті оқу жұмысының түрлерін ұйымдастырады.
      1.Өзіндік мотивациялық аймағы. Бұл бағыттағы жұмыс  оқушының  не  үшін
оқып  жүргенін және оны оқуға не ынталандыратынын түсінуіне бағытталған.
       Мотив  түрлері.Танымдық  мотивті  оқу  пәнінің  мазмұнына   бағытталу
сипаттаса,  әлеуметтік  мотиві   оның   басқа   адамға   бағытталуына,   оқу
әрекеттерінің әлеуметтік маңыздылығына бағытталу сипаттайды.
       Мотивтердің  деңгейі.  Өздігінен  білім  алудың  кең  танымдық,   оқу
танымдық мотивтері, сонымен қатар, әлеуметтік  ынтымақтастық  кең  және  тар
әлеуметтік мотивтері.
      Мотивтер сапасы.  Мазмұндық  (түсіну,  ұғу,  өзбеттілік,  әрекеттілік,
тарату  деңгейі)  және  динамикалық  (тұрақтылық,  күш,   көрінуі,   ауысуы,
эмоциялық көрінуі).
       Мотивтердің  пайда  болуы.  Мотивтер  мына  кездерде  көрінеді:  жаңа
ақпараттарды алуға,  тапсырмаларды  шешуге  талпынуда,  сабаққа  үлгерімінде
және қатынасуында, берілген тапсырмалардың  қиыншылығына  сәйкес  талпынуда,
сонымен қатар, жауапкершілігін көрсететін қылықтарынан,  байланыс  орнатуға,
ынтымақтастыққа тапынуынан, жора- жолдастарына көмектесуге деген  тілегінен,
ниетінен көрінеді.
      Мұғалімнің  педагогикалық  іс-әрекетінің  мотивациясын  диагностикалау
әдістемелері мен жолдары.  Диагностикалау  үшін  бақылау,  тест,  сауалнама,
сұрақ-жауап, анкетелар қолданылады.
      Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
      1. Мотив дегеніміз не?
      2. Мотивация дегеніміз не?
      3. Мотив және мотивация түсініктерінің айырмашылықтарын көрсетіңіз.
      4.    Мұғалімнің    педагогикалық     іс-әрекетінің     мотивациясының
      ерекшеліктерін атаңыз.
      Әдебиеттер:
    1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.
    2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов  и
       др.-Алматы,2003.-366с.
    3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың  теориясы
       мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.
   4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е  изд.,
      доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.
   5. Ростовцев Н.Н. О педагогической деятельности и  методах  преподавания:
      Мемуарные записи. - Омск., 2002, 248 с.
    6. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-
       2-е изд.-Москва, 2005.-255с.
 Тақырып 6. Мұғалімнің оқыту  және тәрбиелеу іс-әрекетінің диагностикасы мен
                                экспертизасы
      Негізгі ұғымдар: оқыту, кәсіби шеберлік, тәрбиелеу, тәрбие түрлері,
тәрбие әдістері.
      Оқыту іс-әрекеті туралы жалпы түсінік.  Мұғалімнің  оқыту  іс-әрекетін
ұйымдастыруы.  Мұғалімнің   кәсіби   шеберлігі   оқыту   процесінің   сапалы
көрсеткішінің негізі ретінде.
      Тәрбиелеу   іс-әрекетінің   психологиялық-педагогикалық    мәселелері.
Мұғалімнің  тәрбиелеу  іс-әрекетінің  мазмұны:  тәрбие  түрлері,   әдістері,
құралдары.  Мұғалімнің  оқыту  және  тәрбиелеу  іс-әрекетін   диагностикалау
әдістемелері мен  жолдары.  Мұғалімнің  оқыту  және  тәрбиелеу  іс-әрекетіне
экспертиза жүргізу.
      Оқыту – оқу материалын игеруге ынталандырушы  мұғалімдердің  қызметін,
ал оқып-  үйрену  ұсынылған  білімдерді  игеруге  бағышталған  оқушылар  іс-
əрекетін танытады. Оқыту процесі – білім беру, игеру, тəрбиелеу жəне  дамыту
міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы  мен  оқушы  арасындағы  мақсат
бағдарлы өзара байланысты бірлескен   іс  -əрекет.  Білім  –  бұл  деректер,
мəлімет,   ұғымдар,   ережелер,   заңдар,    теориялар,    формулалар    мен
сипаттамаларды  ,  т.с.с.  түсіну,  есте  қалдырып,  қажеттікке  орай  қайта
жаңғырту. Оқу мақсаттары. Оқу мақсаты қоғам дамуының деңгейі мен  қарқынына,
оның қажеттері мен  мүмкіндіктеріне,  педагогика  ғылымы  мен  практикасының
даму  деңгейі  мен  жетістіктеріне  байланысты.  Оқу  мазмұны.  Оқу  мазмұны
қоғамдық қажеттер мен оқу мақсаттарына,  ғылыми-техникалық  жəне  əлеуметтік
процестің қарқынына,  оқушылардың  жас  мүмкіндіктеріне,  оқу  теориясы  мен
практикасының даму деңгейіне, оқу мекемелерінің материалды- техникалық  жəне
экономикалық жағдайларына тəуелді  келеді.  Оқу  сапасы.  Оқу  сапасы  өткен
кезеңдегі оқу процестерінің  нəтижелілігіне,  оқу  материалының  сипаты  мен
көлеміне, мұғалімнің ұйымдастыру – педагогикалық шеберлігіне, оқушының оқып-
үйренуге  болған  қабілетіне,  оқу  уақытына   байланысты.   Оқу   əдістері.
Дидактикалық əдістер тиімділігі əдістерді білу мен қолдану ептілігіне,  оқу-
мақсаттарына,  мазмұнына,  оқушылардың  жеке  деңгейі  мен   оқуды   меңгеру
қабілетіне, материалдық-техникалық қамсыздығына, оқу процесінің  ұйымдасуына
тəуелді. Оқуға ынталандыру.  Оқу  нəтижесі  шəкірттің  білім  игеруге  деген
іштей ынта-ықыласы мен оқу əрекеттерінің өзіне тəн тартымына; оқу  əрекетіне
мүмкіндік жасаушы сыртқы жағдайлар (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық).
      Оқыту – қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар  тұлғасын,
білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты  қалыптастыру  мен
дамыту процесі.
      Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тəртібіне орай оқу
формасы əрқилы болып келеді.  Қазіргі  мектеп  тəжірибесінде  келесідей  оқу
формалары  қалыптасқан:  жеке-дара,   топтық,   толық   сыныптық,   ұжымдық,
жұптастық, дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс сыныптық  жəне  сыныптан  тыс,
мектептік жəне мектептен тыс, əлбетте, мұндай топтастырудың  (классификация)
жетілген ғылыми негіздемесі əзірге болмай тұр.
      Жеке-дара оқу формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық  қатынасқа
келуінен құралады. Оқудың топтық формасында оқушылар əрқилы мүдде-  мақсатқа
орайласқан топтарда оқиды, тəрбиеленеді.  Толық  сыныппен  жұмыс  (фронталь)
формасы оқуда мұғалім бір  мезетте  барша  оқушылармен,  біркелкі  тапсырма,
міндет   белгілеп,   сынып   қатысушыларының   бəріне   ортақ   іс-əрекеттер
төңірегінде бірқалыпты оқу жұмыстарын алып барады. Оқудың  ұжымдық  формасы.
Бұл  оқу  түрінің  фронталь  оқу  формасынан  өзгешелігі:  сынып   оқушылары
өздеріне  тəн  ара  қатынас,  өзара  ықпал  жасау  ерекшеліктерін  сақтаумен
біртұтас, мақсат-мүддесі ортақ, біртекті жұмыс  бағытында  бірігіп,  бекіген
ұжым ретінде қарастырылады. Сабақ – оқу процесін  ұйымдастырудың  ең  тиімді
формасы.  Бұл  оқу  барысында  педагог  дəл  белгіленген  уақыт   аралығында
оқушылардың  тұрақты  тобымен  (сыныбымен)  шəкірттерге  игерілуі  тиіс  пəн
негіздерін қабылдауына  тиімді  жағдайлар  жасап,  қажетті  жұмыс  түрлерін,
құрал-жабдықтары  мен  əдістерін  қолданып,  танымдық  жəне  басқа  да   іс-
əрекеттерді  ұйымдастырады,  онымен  бірге  оқушыларды  тəрбиелеп,   олардың
шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп,  дамыта
түседі.
      2.Тәрбиелеу іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық мәселелері.
Мұғалімнің тәрбиелеу іс-әрекетінің мазмұны: тәрбие түрлері, әдістері,
құралдары. Мұғалімнің оқыту және тәрбиелеу іс-әрекетін  диагностикалау
әдістемелері.  Мұғалімнің оқыту іс-әрекетіне  экспертиза жүргізу.
      Тәрбие- күрделі әрі ұзақ процес.Тәрбие педагогикалық әрекетте:  мәдени
құбылыс; педагогикалық ықпал ету;  балалардың  әрекетін  ұйымдастыру;  қарым
ұатынас құралы ретінде жан жақты қарастырылады.
      Тәрбие методикасы немесе әдістемесі –  тәрбие  процесін  оның  мақсат-
міндеттеріне сай ұйымдастырудың көптеген  амал-тәсілдерінің  жиынтығы  болып
есептелінеді.
     Мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды,
қайталанбайтын кезеңі. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір  көлемдегі  білім,
білік-дағдыларды меңгерту, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты  дамыту  -
бүгінгі күннің басты талабы.
     Әрбір мектеп  мұғалімінің  міндеті  -  оқушы  тұлғасын  тәрбиелеу.  Бұл
міндетті шешу әсіресе  тұлғаның  бастауыш  мектеп  жасында  жүзеге  асырудың
маңызы ерекше. Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас  ұрпақты  қоғам
құрылысына  белсене  қатысуға  әзірлеу  міндеттері  мектеп   арқылы   жүзеге
асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында  жас  түлектердің  ақыл-
ойы дамиды,  адамгершілік  қасиеттері  қалыптасады,  ой  еңбегіне  төселеді,
рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық  сезім,  талғамы  артады.  Соған
сәйкес  мектеп  тәрбие   беру   ісін   бірыңғай   мақсатты,   жүйелі   түрде
ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
     Тәрбие мақсатына сай бұл мәселелерді ұйымдастыру  немесе  жүзеге  асыру
тәрбиенің  салалары:  ақыл-ой  тәрбиесі,  азаматтық   тәрбие,   адамгершілік
тәрбиесі,  эстетикалық  және  дене,   экологиялық   т.б.   көптеген   тәрбие
міндеттерін жүзеге асыру негізінде атқарылады.  Бұдан  арғы  жерде  бұлардың
әрқайсысы жеке тарауларда қарастырылады.
      Тәрбие мақсаты дегеніміз не ? Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол  белгілі
бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну  керек.  «Мақсат  -  белгілі
бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой санадағы көрінісі.  Мақсат
тікелей  міндет  ретінде  іс  қимылды  бағыттап,  реттеп   отырады.   Мақсат
келешектегі,  таяудағы  тікелей,  жалпылама,   жеке,   аралық   және   түпкі
мақсаттарға бөлінеді».
      Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке  адамды  жан  жақты  дамыту,
әділетті қоғамды өз қолымен құратын  және  оны  қорғай  алатын  азамат  етіп
тәрбиелеу деп қарастырады.
     Жеке  тұлғаны  барлық   жағынан   қалыптастыруда   тәрбие   салаларының
міндеттерін жүзеге асыру, олардың бірлігі мен  өзара  байланысын  қамтамасыз
етудің  маңызы   зор.   Себебі,   жеке   тұлғаның   қасиеттері   жеке   дара
қалыптаспайды. Керісінше, олар әрдайым  бір  мезгілде,  тұтастық  принципіне
сай құрылады. Сондықтан да  тәрбие  процесін  жоспарлау,  оның  мазмұны  мен
әдістерін, сондай-ақ нәтижесін жүйелі  есепке  алу,  бағалаудың  бірлігін  ,
өзара  байланысын   қамтамасыз   ету   әсіресе   мектептің   осы   бағыттағы
жұмыстарының негізгі бір буыны болып есептелінеді.
     Кешенді көзқарас тәрбие  үдерісінде  және  оны  басқаруда  жүйеліліктің
болуын да қарастырады. Тәрбие  процесін  басқарудың  нәтижелі  болуы  ондағы
ішкі және сыртқы себеп-шарттарын  және  олардың  өзара  байланысын  ескерген
жағдайда болады. Ол үшін сол себеп-шарттардың жай-күйін және  олардың  ықпал
ету жағдайын алдын ала білу қажет.
     Қазіргі  жағдайда  тәрбие  беру  жұмысының   тиімділігі   мен   сапасын
арттырудың  негізгі  жолы  –  барлық  тәрбиелік  іс-шараларды  ұйымдастыруды
кешенді түрде жүргізу, яғни оқушылардың жеке  басы  мен  әртүрлі  әлеуметтік
топтарын   ескере   отырып,   тәрбие   салалары:   ақыл-ой,    адамгершілік,
эстетикалық, дене және еңбек, құқықтық пен экологиялық  тәрбиелерінің  өзара
тығыз бірлігін қамтамасыз ету. Соған сәйкес оқыту мен  тәрбиелеу  қызметінің
бірлігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше.
       Тәрбие  берудің  кешенділігін  қамтамасыз  ету  барлық  тәрбие   беру
мекемелерінің, соның ішінде мектептің  жұмысын   ұйымдастыра  жүргізудің  де
қызметі ерекше. Оқушылардың тәрбие процесін ұйымдастырудағы мұндай  көзқарас
қоғамның әрбір жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту мақсатына  толық  сай
келеді.
     Жан-жақты  үйлесімді  дамыған  адам  деп  -  өзінің  бойындағы   рухани
байлықты, моральдық тазалықты және  дене  жағынан  жетілгендікті  үйлестіре,
ұштастыра білген, сана – сезімі жоғары, өмірдің түрлі  салаларында  белсенді
қызмет етуге қабілетті, ізгіленген және қарекетшіл тұлғаны айтуға болады.
      Оқу жəне тəрбие  өзара байланысты процесс. Олардың міндеттері  əрқилы,
дегенмен, бір-бірімен  ажырамас  ұштасқан  күйде  бір  уақытта  қатар  жүріп
отырады, бірақ ұйымдасу əдістері  жəне  формалары  тұрғысынан  ерекшеліктері
бар.
      Тəрбиелік іс-əрекет педагогтың жекеленген əрекет  аймағы  түрінде  (өз
мақсаттарына, міндеттеріне,  мазмұнына  ие)  немесе  оқу  процесіне  тікелей
қатысты (себебі оқу тəрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін.
      Оқу мен тəрбиенің ортақ белгілерін мұғалім білуі керек:
      - тəрбие процесі өзіне оқу элементтерін қамтиды: яғни оқушыдан  қандай
да ережені орындауды талап етуден бұрын оның іске  асырылу  жолдарын  үйрету
қажет;
      - оқу процесі  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  біріккен  іс-əрекеттің
ұйымдастырылу формасына сəйкес өтеді. Өз қызметі барысында  мұғалім  оқушыға
тəрбиелік ықпал жасайды;
      -  оқу  жəне  тəрбие  процестерінде  бірдей   əдістер   мен   тәсілдер
(түсіндіру, қадағалау, бақылау жəне т.б.) пайдаланылады.
      Жалпы  педагогикалық  процестің  аталған  екі  қызметінің   арасындағы
принциптік айырмашылық :  оқу  барысында  шəкірт  əртүрлі  ғылымдар  негізін
меңгереді,   ал   тəрбие   процесі   оқушының   тұлғалық    сапа-қасиеттерін
қалыптастыруға бағытталады.
      Мектептің тəрбие процесіне тəн ерекшеліктер:
      - мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нəтиже  тиімділігінің
кепілі);
      -мақсаттар   бірлігі   (мұғалім   мен    тəрбиеленушінің    арасындағы
әрекеттесудің  көрсеткіші);
      - нəтиже ұзақтығы (тәрбие процесінде оқу процесіндегідей нəтиже бірден
көрінбейді);
      - көп жағдаяттылығы (тұлға көп əрі сан  қилы  ұнамды  да,  ұнамсыз  да
ықпалдарға кезігеді. Тəрбие барысында олар реттеледі.  Әр  түрлі  жайттардың
тұлғаға болған ықпалы өзара сəйкес келсе, тəрбие нəтижесі тиімді болады.
      -  ауыспалылығы  (тəрбиеленуші  мақсатты,  көзделген  жəне   кездейсоқ
əсерлерге бірдей кезігіп отырады).
      - үздіксіздігі (бір рет керемет  өткізілген   іс-шара  қаншама  жүйелі
дайындалған тəрбие істерінің орнын баса алмайды);
      - кешенділігі (тəрбие мақсаты мен міндеттерінің,  мазмұн,  форма  жəне
əдістерінің бірлігі);
      -  баламалылығы   (тəрбиеленушілердің   даралық   ерекшеліктері   жəне
əлеуметтік тəжірибесінің  əр  түрлілігімен  ажыратылады.  Тəрбие  процесінде
бұлардың ескерілуі шарт, себебі əсері бірдей болғанның өзінде  де  тəрбиелік
нəтиже əрқилы болуы ықтимал);
      - екі тараптылығы (тəрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім,  ол  ықпалды
қабылдаушы - оқушы);
      - тəрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;
      - мұғалім тұлғасы – тəрбие барысында ықпалы маңызды  жағдаятқа  жатады
(тəрбие  процесінің  тиімді  болуы  –  мұғалімнің  ептілігіне,  шеберлігіне,
құндылықты бағыт-бағдарына, қарым-қатынасқа  түсе  білу  қабілетіне  тікелей
байланысты);
      - қарама-қайшылықты болуы (қарама-қарсылықтар тəрбиенің қозғаушы  күші
ретінде қарастырылады).
      Тəрбиенің  негізгі  қайшылықтары  оқу-тəрбие   процесінде   кездесетін
келесідей құбылыстар арасында көрінеді: қоғамдық өмірдің жаңа  шарттары  мен
оған дайындауға арналған əдістер мен  формалардың  ескіруі;  адамның  табиғи
даму  мүмкіндіктерінің  шексіздігі  мен  бұл  дамудың  əлеуметтік  жағдайлар
бағдарламаларына тəуелді шегерілуі; адамның табиғаттан  белсенді,  əрекетшең
болуы, оның қоғамдық өмірге араласу ынта-ықыласы мен өмірлік процеске  нақты
қатысу үшін қажет тəжірибе, білім, ептілік пен  дағдылардың  жетіспеуі  жəне
т.б.
      Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған: əлеуметтік  мағынада:
бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас ұрпақ  өкілдеріне  жеткізу.  Тəжірибе
дегеніміз – адамзаттың өз  тарихи  даму  барысында  жасаған  рухани  мұрасы,
дəлірек  айтсақ:  адамдарға  белгілі  болған  білімдер,  ептіліктер,   ойлау
тəсілдері,  құқықтық,  адамгершілік  жəне   т.б.   нормалар;   педагогикалық
мағынада: бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін арнайы ұйымдастырылған,  нақты
мақсатты  көздеген   іс-əрекет  және  тұлғаны   қалыптастыруға   бағытталған
процесс.
      Тəрбиенің қоғамдық талаптарға сəйкес болып келуі заңды  құбылыс.  Егер
қоғамда құқықтық демократиялық мемлекет  орнықса,  ондағы  адамдар  тəрбиесі
адамгершілік, азаматтық заңдар мен  қылық-əрекет  нормалары  рухында  жүзеге
асырылады.  Жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  қалыптастырудың   маңыздылығын
ескерумен қатар əлеуметтік ортаның кездейсоқта, мақсатты  бағытта  да  əсер,
ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.  Қазіргі  заман  тəрбиесі  гуманистік
негізде болып, тұлғаның əлеуметтік-мəдени (өмір  жəне  əрекет-қылық  сипатын
таңдау  жəне   іске   асыру),   даралық   (тұлғаның   өзіндік   қалыптасуы),
жауапкершілікті   қатынас   (құндылықтар   таңдау)   бағыттарында    дамуына
орайласады. Мұндай тəрбие технологиялық икемділігімен(адамның қабылдау  жəне
психологиялық   даму    заңдылықтарына    сай    орындалады),    көңіл-күйге
сəйкестігімен  (көңіл-күй  тəжірибесін  қалыптастырады),   тәжірибелілігімен
(екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз  тəжірибесін құрастыру  үшін),  жағдайға
орай  орындалуымен  (негізгі   құралы   –   тəрбиелік   жағдай),   болашаққа
бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
      Сонымен, тəрбие – бұл жалпыға ортақ міндеттерді іске  асыру  барысында
мұғалім  мен  оқушының  біріккен   əрекеттерін   қамтамасыз   етуші   арнайы
ұйымдастырылған   тəрбиелік   жүйе   жағдайында   мақсатты   түрде   тұлғаны
қалыптастыруға  бағытталған  көп қырлы, күрделі  процесс.
      Тəрбие процесінде  біріккен  іс-əрекеттердің  арқасында  оқушы  арнайы
ұйымдастырылып ұсынылған, белгілі тəжірибені игереді. Ал,  мұғалімнің  басты
міндеті – оқушыны көргенін, оқығанын қайталап,  оларды  өз  бойына  сіңіріп,
өзінің  əрекеті   ретінде   қайта   жаңғырта   алатындай   оқу   жұмыстарына
кірістірудің  жолдарын, әдістерін  қарастыру. Сонымен, тəрбие -  бұл  əрқилы
іс-əрекет түрлерін ұйымдастыру  процесі.  Тəрбие  теориясында  мұндай  бағыт
тұлғалық-  іс-əрекеттік  деген  атауды  алған.  Оның   мəні:   адам   барлық
жинақталған   əлеуметтік  тəжірибеден  өзіне  табиғаты  жағынан  жақын,  əрі
қызықтысын таңдайды.
      Тәрбие үрдісінің  мазмұны,  әлеуметтік кеңістігі және динамикасы.
    Тәрбие  мазмұнын  адамгершілік,  еңбек,  эстетикалық,   ақыл-ой,   дене
тәрбиелері құрайтыны белгілі. Осылардың әрқайсысы әлеуметтендіру  үдерісінде
маңызды міндеттерді шешеді.
      Ақыл-ой  тәрбиесі  –  балалардың  белсенді  ойлау  қызметінің  дамуына
ересектердің мақсатты ықпалы.  Ол  қоршаған  дүние  туралы  түсінікке  жеңіл
білімдерді  хабарлауды,  оларды  жүйелеп   отыруды,   танымдық   мүдделерді,
интелектуалдық   дағдылар   мен    іскерлікті    қалыптастыруды,    танымдық
қабілеттерді  дамытуды  жан-жақты  қамтиды.  Ақыл-ой  тәрбиесі  әр   заманда
балаларға білім берудің негізгі құралы  болып  саналады.  Білім  алуға  және
ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алады. Халық  табиғат
пен   қоғам   дамуының   заңдылықтары   бейнеленген   ғылымның   деректерін,
түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп біледі.
      Еңбек тәрбиесі  процессінде  алған  білім,  ептілік  және  дағдылырдың
негізгі мақсаты немесе педагогикалық істің соңғы желісі  емес,  ол  тұлғаның
басты қажеттігі – еңбек ету қабілетін дамыту құралы. Еңбек үйрету  мен  оған
байланысты оқуды ұйымдастыру формаларын мұғалім таңдайды.
         Оқу үрдісіндегі еңбек, өзіне - өзі қызмет ететін еңбек, қоғамдық  –
пайдалы еңбек және өнімді еңбек –  еңбек  тәрбиесінің  түрлі  іс  әрекеттері
болып табылады. Өзіне-өзі қызмет ету –  еңбек  тәрбиесінің  бір  түрі.  Бала
отбасы да өзіне - өзі қызмет етудің түрлеріне төсек орынды жинау. Киім,  аяқ
киім және басқа үй – мүліктерін тазалау,  кір  жуу,  киімді  тазалау,  тамақ
дайындау т.б. жатады.
       Дене тәрбиесі - тәрбие жүйесінің  негізгі  бір  саласы.  Жалпы,  дене
тәрбиесі адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін,  ақыл-ойын  арттырады.Ол
жеткіншек  ұрпаққа  нысаналы  тәрбие  берудің  ежелден  келе  жатқан  тарихи
нысандарының бірі.
    Адамгершілік  тәрбиесі-  балаларды  нақты  бір   қоғамның,   адамзаттық
адамгершілік (моральдық) құндылықтарына үйретуге бағытталған  процесс.  Бала
біртіндеп қоғамда қабылданған жалпыға  ортақ  өзара  қатынас  нормалары  мен
ережелерін меңгереді. Адамгершілік тәрбиесінің нәтижесі  тұлғада  нақты  бір
адамгершілік қасиеттер топтамасынаң қалыптасуынан байқалады.  Осы  қасиеттер
неғұрлым берік орныққан  сайын  соғұрлым  оның  адамгершілігінің  бағасы  да
жоғары бола түспек.
    Әлбетте,  тұлғаның  қалыптасуы  және  оның  тәрбиесі  жасқа  байланысты
шектелмейді: ол бүкіл өмір бойына созылады және  өзгерістерге  де  ұшырайды.
Балалар  мектеп  жасына  дейінгі  кезеңде    және  бастауыш  мектеп  жасында
әлеуметтік ықпалдарды қабылауға даяр тұрады.
    Қандай болмасын адамгершілік қасиеттің қалыптасуы сапалы өтуі керек. Ол
үшін білім керек,  оның  негізінде  балада  алғашқы  адагершілік  қасиеттері
туралы түсінік орнатады. Сонымен қатар, балада осы адамгершілік  қасиеттерді
меңгеруге деген тілек, яғни, түрткінің бір себебтің (мотив) пайда болуы  аса
маңызды. Түрткінің пайда болуы әлеүметтік сезімдерді   қалыптастырады.   Бұл
сезімдер  күнделікті   балабақшада   немесе   үйде   баланың   қылықтарынан,
әрекеттерінен,  мінез-  құлқынан  көрінеді.   Бұлардың  балада   қалыптасқан
адамгершілік  қасиеттерін  берік  орныққанын  тексеруге   мүмкіндік   берері
сөзсіз. Балада адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың бұл механизмі  үлкен
адамдар (педагог, ата-ана және т.б.) Осы механизімді  жақсы  біліп,  белгілі
бір мақсаты көздегенде ғана мүмкін болады.
    Адамгершілік тәрбиесін жүзеге асыру үшін оның құралдары  мен  әдістерін
білу керек.  Көркем  әдебиет,  бегінелеу  өнері  музыка,  кино  адамгершілік
тәрбиесінің міндеттерін шешуде айтарлықтан маңызды. Өйткені,  мектеп  жасына
дейінгі  бала   оқылған   ертегіні,   әңгімені,   тақпақтарды   аса   жоғары
қызығушылықпен айқын  эмоциямен,  сондай-ақ  сеніммен  қабылдайды.  Сөз  жоқ
балаларға  көркем  шығалармаларда   бейнеленген   кейіпкерлер   күшті   әсер
қалдырады. Демек, көркем шығармалар балаларда  адамгершілік  түсініктер  мен
жылы сезімдерді қалыптастыруда аса  тиімді  болып  табылады.  Адамгершілікке
тәрбиелеуде  табиғатта  жоғары  нәтиже  береді.  Себебі  табиғат   балаларда
қамқорлық көрсету, бағып-қағу, аялау тәрізді жылы сезімдерді тәрбиелейді.
    Жалпы адамгершілік  тәрбиесінің  құралдарына  бала  өмір  сүріп  жатқан
ортаны, іс-әрекеттерін (айқын, еңбек, оқу,  көркемдік  іс-әрекет)  жатқызуға
болады.
    Тәрбие  құралдарын  таңдау  тәрбие   міндеттеріне,   тәрбиеленушілердің
жасына,  олардың  жалпы  және  ақыл-ойының  даму  дейінгеіне,   адамгершілік
қасиеттерінің даму кезеңдеріне (адамгершілік қасиеттерін  енді  қалыптастыра
бастадың немесе бекітудеміз) байланысты болады.
    Қазіргі  іс-тәжірібиде  балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеуде   келесі
әдістер қолданылады:
      - мінез- қылықты қалыптастыру әрістері:  ұйрету,  жаттығу,  іс-әрекеті
басқару;
    - адамгершілік  сапаны  қалыптастыру  әрістері:  түсіндіру,  әңгімелеу,
иландыру;
    - ынталандыру әдістері: мадақтау, жазалау, үлгі, өнеге.
       «Тәрбие жұмысы» туралы түсінік.
      Тәрбие жұмысын   дұрыс ұйымдастыру үшін келесілер қажет:
           - балалардың арасында,  сонымен  қатар  балалар  мен  үлкендердің
             арасында жағымды өзара қатынастарды орнату;
           - күн тәртібін  дұрыс  орындау  және  баланың  жағымды  эмоциялық
             жағдайын қорғау;
           - қоршаған адамдарға, туған жерге бала өмір сүріп жатқан  қалаға,
             ауылға, ол тұратын үйге сүйіспеншілікті қалыптастыру;
           - баланың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу.
      Тәрбие әдістері, мәні мен қызметі.
      Тәрбие әдістері тәрбие процесінің маңызды  әрі  өте  күрделі  құрамдас
бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат  пен  міндеттеріне  сай  оның  мазмұны  тек
әдістерді қолдану  барысында  жүзеге  асады.Тәрбие  әдістеріне  берілген  әр
түрлі анықтамаларға талдау жасасақ, онда :
      - жеке басқа ықпал ету құралы;
      - тәрбиешілер мен  тәрбиеленушілердің  іс  әрекетінің  өзара  байланыс
тәсілдері;
      - тәрбиенің мақсатына сай оқушылардың санасы  мен  ерік  күшіне  ықпал
ету тәсілдерінің жиынтығы;
      - тәрбие мақсатына  жету  жолдары  ретінде  қарастырылғанын  байқаймыз
Бұдан шығатын қорытынды, тәрбие әдістері деп тәрбиенің  мақсат  міндеттеріне
сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне  ықпал  ету  ,  жағымды  мінез  құлық
нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс әрекеттерін  ұйымдастыру
,  ынталандырудағы  тәрбиешілер  мен  тәрбиеленушілердің   өзара   бірлескен
әрекеттерінде қолданатын амал тәсілдер мен құралдарының жиынтығы.
      Тәрбие әдістерін топтастыру.
       Педагогика  оқулықтары  мен  ғылыми   зерттеу   еңбектерінде   тәрбие
әдістерін жіктеуге байланысты ортақ пікір  жоқ  .  Дегенмен  де  қалыптасқан
тәжірибе  бойынша  әдістерді  негізінен  3  топқа  жіктейміз:  жеке  адамның
санасын қалыптастыру ; қоғамдық мінез құлықты  қалыптастыру  ,  іс  әрекетті
ұйымдастыру; мінез құлық пен іс әрекетті ынталандыру.
      Жеке адамның санасын қалыптастыру немесе  сендіру  әдісі.  Бұл  тәрбие
әдістеріне негізінен әңгіме, әңгімелесу, лекция, пікірталас, өнеге жатады.
      Қоғамдық мінез құлықты қалыптастыру, іс  әрекетті  ұйымдастыру  немесе
жаттықтыру  әдісі.  Бұл  топтағы  әдістерге  талап  қою   ,   жаттықтыру   ,
тәжірибелік жағдай туғызу, тапсырма беру жатады.
      Мінез құлық пен іс әрекетті ынталандыру немесе мадақтау  және  жазалау
әдістері.
      Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
      1. Оқыту дегеніміз не?
      2. Тәрбиелеу дегеніміз не?
      3. Тәрбие мазмұнын сипаттаңыз.
      4. Тәрбие әдістерін атаңыз.
      Әдебиеттер:
    1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.
    2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов  и
       др.-Алматы,2003.-366с.
    3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың  теориясы
       мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.
   4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е  изд.,
      доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.
    5. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-
       2-е изд.-Москва, 2005.-255с.
    6. Митин  Л.М.  Профессиональная  деятельность  и  здаровье  педагога.-
       Москва,2005.
    7. Никитина Н.Н.  Введение  в  педагогическую  деятельность:  Теория  и
       практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.


      Модуль3. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен
                                экспертизасы
  Тақырып 7. Мұғалімнің отбасымен жұмысының диагностикасы мен экспертизасы
      Негізгі ұғымдар: отбасы, ата-ана, бала, психологиялық-педагогикалық
қолдау.
      Отбасымен жұмыс міндеттері және  мазмұны.  Отбасын  зерттеу  жұмысының
ұйымдастырылуы.  Ата-аналарды   зерттеу.   Ата-аналарға   бала   тәрбиесінде
психологиялық-педагогикалық қолдау  көрсету.  Мұғалімнің  отбасымен  жұмысын
диагностикалау  және  экспертиза жүргізу.
      Отбасы  –  бұл  адамдардың  әлеуметтік-педагогикалық  тәрбие  тобы  әр
мүшенің  өзін-өзі  сақтау,   ұрпақты   жалғастыру   және   өзін-өзі   сыйлау
қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті  қалыптасады.
Отбасы белгілі дәстүрлерді, жағымды өнегелерді, мұрларды сақтаушы.
      Отбасы  -  тұлғаға   қоғамда   қалыптасқан   әлеуметтік   нормалармен
таныстырушы,  мінез-құлқын  қалыптастырушы,  өзін   -өзі   танытушы,   демек
әлеуметтендіруші фактор ретінде табылады. Отбасы -  адам  өміріндегі  тарихи
қалыптасқан, оның әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыратын негізгі  фактор.
Себебі, бала дүниеге келген  соң  кездестіретін  әлеуметтік  ортасы  –  оның
отбасы. Ендеше, адам бойына тән қасиеттер отбасындағы әлеуметтену  үрдісінде
қалыптасады.

    Осыған  байланысты   адам   әлеуметтік   жеке   мәдени   құндылықтармен
сусындайтын  жеке тұлғасының қалыптасуының  негізгі  өзегі  ата-анасы  болып
табылады.  Әр  отбасында  өзіндік  құрылымы,  балалардың   әлеуметтік   және
психологиялық дамуын көрсететін заңдары  мен  механизмдері,  тәлім-тәрбиелік
әдістері және өзара әрекет ету жүйесі қалыптасады. Ол, сол отбасы  мүшесінің
үйлесімді дамуының негізі болмақ.
     Педагогика  ғылымында  отбасы  проблемасын  қарастыру  бүгінгі  күннің
жаңалығы деуге болмайды, ол:  Ушинский  К.Д.,  Крупская  Н.К.,  Сухомлинский
В.А., Ш.Амонашвили,  А.С.Макаренко, Толстой Л.Н.,  Лесгафт  П.Ф.  және  т.б.
еңбектерінде қарастылды.
      Қазақстанда  қазақ  отбасы  мәселесіне  қатысты  құнды  ой-пікірлерін
айтқан: М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,  Ш.Уәлиханов,  Қ.Б.Жарықбаев,
С.Қалиев  т.б.
      Кейінгі уақыттарда  отбасы және ондағы бала тәрбиесін ұйымдастыру
мәселелері қазақстандық ғалымдар Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев,  Р.Төлеубекова,
Г.Байдельдинова, Ж.Әбиев және т.б. тарапынан зерттеліп келді. Олар өз
зерттеулерінде ұлттық тәрбиені ескере отырып қоғам талабына сай бала
тәрбиесін ұйымдастырудың жолдарын көрсетті.
      Отбасының басты  міндеті  –  балаларды  тәрбиелеу.  Қазіргі  отбасының
дамытушы іс-әрекетінің қызметтері мен міндеттері.
          Отбасының негізгі қызметтері:
      - тәрбиелеуші;
      - сауықтырушы;
      - рухани адамгершілік;
      - танымдық білім берушілік;
      - тұрмыстық;
      - еңбекті ұйымдастыру;
      - мәдени-ағартушылық;
      - бос уақытты ұйымдастыру;
      - шығармашылық:
      - ынталандырушы;
      - қорғаушы.
         Отбасы тәрбиесінің басты міндеттері:
           - балалардың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету;
          - балалар денсаулығына қамқорлық жасау;
           - балаларға көмектесу;
           - жан-жақты тәрбиелеу;
           - тұлғаның әлеуметтену үрдісіне көмектесу;
           - адамгершілік қатынастар тәжірибесін қалыптастыру;
           - жалпы мәдени және интелектуалдық дамуына қамқорлық жасау;
          - қызығушылығын, бейімділігін, қабілеті мен шығармашылығын дамыту;
           өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытуына даярлық;
           болашақ өмірге даярлау.
      Отбасы тәрбиесінің негізгі компоненттері:
         - отбасы тәрбиесіндегі атмосфера (дәстүр,  жағымды  жағдай,  қарым-
      қатынас);
          - отбасы өмірінің тәртібі;
     -  іс-әрекет  мазмұны   (әкесінің,   анасының,   атасының,   апасының,
       балаларының).
      Педагогтар   мен   ата-аналардың    өзара   бірлескен   әрекеттерінің
    қызметтері:   ақпараттық;     тәрбиелеу-дамытушылық;    қалыптастырушы;
    қорғаушы-сауықтырушы; бақылаушы; тұрмыстық.


      2. Ата-аналарға бала  тәрбиесінде  психологиялық-педагогикалық  қолдау
көрсету
      Практикада  ата-аналармен  жүргізілетін  жұмыстың  жеке,  топтық  және
көпшілік тәрізді формалары орын алған.
      1.  Ата-аналармен  жүргізілетін   психологиялық-педагогикалық   ағарту
жұмыстары.
       Ата-аналар үшін  өткізілетін  лекциялар.  Оны  педагогикалық  ұжымның
арнайы  даярлаған  бағдарламасы  бойынша  өткізуге  болады.  Лекцияны  жақсы
даярланған маман мен мектеп мұғалімдері оқи алады.
      Ата-аналар үшін тақырыптық конференциялар. Бұл  конференция,  қандайда
бір жеке тәрбие проблемасына арналуы  мүмкін.  Мысалы,  «Қиын  балаға  қалай
көмектесуге болады», «Балаларды еңбекке тәрбиелеу», «Балалардың бос  уақытын
ұйымдастыру» және т.б.
       Ата-аналар үшін  «ашық  есік  күні»  немесе  «Ата-аналар  күні».  Бұл
мектептің  өмірмен  байланысын  нығайтуға,  халыққа  білім  беру   жүйесінің
демократиялық сипатын жүзеге асыруға, балаларды тәрбиелеудегі  отбасы  рөлін
күшейте түсуге мүмкіндік береді.
      Жеке кеңестер өткізу (психологиялық, педагогикалық, медициналық).
      Ата-аналар  үшін   психологиялық-педагогикалық   әдебиеттерден   көрме
ұйымдастыру  және т.б.
      2.  Ата-аналарды  оқу-тәрбие  процесінің  мазмұны  және  әдістемесімен
таныстыру.
      Сынып жетекшісіне алғашқы жиналысты өткізуге  мән  беру  өте  маңызды,
өйткені оның ары қарайғы жұмысы осыған байланысты. Бірінші  жиналысты  сынып
оқушылары  және  олардың  ата-аналарымен  бірге  өткізген  де  дұрыс.  Сынып
жетекшісі оларға өзі туралы айтады:  отбасы,  білімі,  қандай  пәннен  сабақ
береді және т.б. Ата-аналарды өзінің болашақтағы жұмысының мақсаты,  міндеті
және  бағдарламасы,  тәрбие  жұмысының   жоспары,   мектептегі   қалыптасқан
дәстүрлер, ортақ талаптар, принциптер,  ережелермен  жан-жақты  таныстырады.
Мұндай жиналысқа мектеп әкімшілігі өкілін, арнаулы пән  мұғалімдерін  шақыру
да артық болмайды.
      3. Ата-аналарды балалармен біріккен жұмысқа тарту.
      Қазіргі мектеп практикасында оның әр түрлі формалары қолданылады:
      - сынып жетекшісі ұйымдастырған сыныптан  тыс  жұмыстардың  барлығына
        қатысу (жорыққа шығу, жарыс, сыныпты жөндеу жұмыстары және т.б.);
      - ата-аналардың мектептегі дәстүрлі қалыптасқан жұмыстарға  қатынасуы
        (соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші т.б.);
      -  мектептегі  және   сыныптағы   ата-аналар   комитеті   жұмыстарына
        қатынасуы;
      - мүмкіндігінше мектепке және сыныпқа материалдық көмек көрсету.
      4. Жеке оқушылардың отбасындағы тәрбиесіне көмек көрсету.
      Бұл  жұмыстың  бірінші  аспектісі   әртүрлі   деңгейдегі   отбасындағы
оқушылардың  тәрбиесін   ұйымдастыруға   психологиялық-педагогикалық   көмек
көрсету (жеке пәндерді оқуға бейімділігін көрсеткен дарынды  балалар  немесе
қандай да бір іске қызығушылығы бар балалар).
      Сынып  жетекшісінің  осы  бағыттағы  келесі  жұмысы   –   бұл   отбасы
тәрбиесіндегі  күрделі  проблемаларды   шешуге   психологиялық-педагогикалық
көмек  көрсету,  пубертаттық  кезеңдегі   ұл   балалар   мен   қыз   балалар
тәрбиесіндегі  қиыншылықтарды  жеңуге,   зиянды   қылықтардан   сақтандыруға
(темекі тарту, ішімдікке әуес болу, т.б.) көмектесу  және т.б.
      Бұған сәтсіз отбасындағы оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін  жеке
жұмыстарды да жатқызуға  болады:  отбасындағы  дау-жанжал,  бала  дамуы  мен
тәрбиесіне жеткіліксіз көңіл бөлу, ішімдікке салыну және т.б.
      5. Ата-аналар комитетімен жұмыс.
      Жүйелі және белгілі ретпен жұмыс істейтін ата-аналар комитетін – сынып
жетекшісінің оң қолы деп айтуға болады.
      Ата-аналар комитеті де тәрбиенің негізгі  мәелелерін  шешуді  бағдарға
алып жұмыс жасайды. Сонымен  қатар,  жауапкершілігі  жоғары  міндеттерді  де
атқарады:  педагогикалық  ұжым  мен  отбасының  балаларға  тәрбиелік  әсерін
жетілдіру мақсатында отбасы мен мектеп арасындағы байланысты үнемі  нығайту;
ата-аналарды  мектеп  өміріне,  сынып,  сыныптан  тыс  және  мектептен   тыс
жұмыстарды ұйымдастыруға белсенді қатыстыру,  әкімшілік  және  құқық  қорғау
органдарымен байланыс  орнату,  оқушылармен  мектепте  және  сыныпта  тәрбие
жұмыстарын  ұйымдастыруға көмектесу, отбасы проблемасы бойынша  ата-аналарды
біріктіру.




     3. Отбасын зерттеу жұмысының ұйымдастырылуы. Ата-аналарды зерттеу.
   Мұғалімнің отбасымен жұмысын  диагностикалау  және  экспертиза жүргізу
      Отбасын білу  дегеніміз  оның  баланың  жеке  басына  ықпалын,  отбасы
   тәрбиесінің  сипатын,   отбасымен   байланыс   орнатудың   психологиялық,
   педагогикалық негіздерін анықтау деген сөз.
   Педагогқа отбасын зерттеудің әдістері мен тәсілдерін меңгеру қажет.
        Отбасын  зерттеу.  Отбасы,  оның  мүшелері  туралы  жалпы   мәлімет.
Тұрмыстық  жағдайы,  материалдық  қамтамасыз  етілуі.   Балабақша   жұмысына
қызығушылығы. Балалар туралы жалпы мәлімет.  Жасы,  қызығушылығы,  тәрбиелік
деңгейі.  Отбасының   тәрбиелеу   мүмкіндігі.   Ата-анасының   педагогикалық
мәдениет  деңгейі.  Отбасындағы  микроклимат.  Отбасы   дәстүрлері.   Отбасы
тәрбиесінің жағдайы(жағымды, жағымсыз).

      Отбасын зерттеу.  Бұл  –  аса  сыпайылықты,  нәзіктікті  қажет  етеді.
Педагогқа отбасы мүшелерін сыйлау, ашықтықты,  шынайы,  адал  ниетпен  көмек
көрсету талабы қойылады.  Отбасын  зерттеуде  педагог  келесі  мәліметтердің
жиналуына мән беруі керек:
       1.Отбасының  жалпы  сипаты.  Әдетте  мұндай  зерттеу  әрбір  мектепке
дейінгі ұйымда оқу  жылының  басында  балалардың  отбасының  портретін  құру
мақсатында  жүргізіледі.  Зерттеуде  сауалнамалық  сұрақтар  қолдану  арқылы
келесі мәліметтер алынады: 1). Ата – аналар,  отбасының  басқа  да  мүшелері
туралы  (білімі,  мамандығы,  жұмыс  орны   және   т.б.)   тұрмыс   жағдайы,
материалдық жағдайы  жөнінде  жалпы  мәлімет;  2).  Балалар,  олардың  жасы,
қызығушықтары, тәрбиелік деңгейі туралы  мәлімет;  3).  Отбасының  тәрбиелеу
мүмкіндіктері,  отбасындағы  атмосфера,  отбасында  қалыптасқан   дәстүрлер,
отбасы тәрбиесінің жалпы сипаты (жағымды, күрделі, жағамсыз).
       2.Отбасының  психологиялық  –  педагогикалық  мәдениеттілік  деңгейін
анықтау, яғни ата-аналардың  білімді  меңгеруге  деген  талпынысын  зерттеу.
Бұл  ата-аналардың  мәдениеттілік  деңгейін  арттыру  жұмысын  ұйымдастыруда
қажет, себебі ол жұмыс барысында әр ата-ананың білім деңгейін ескеруге  және
жеке жұмыстар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.  Мұндай  жағдайларда  көбінесе
анкета, тест, сауалнама әдістері қолданылады.
III. Ата-аналардың мектепке дейінгі  ұйым  туралы,  педагогикалық  процестің
мазмұны, әдістері, тәсілдері,  нәтижесі  туралы,  оқыту-тәрбиелеу  процесіне
кірісуге деген тілегімен мүмкіндіктері туралы пікірлерін зерттеу.  Мұнда  да
анкета, тест, сауалнама әдістерін қолдануға болады. Сонымен қатар, әр  топқа
шағын  қорапшалардан жетістіктер  қоюға  болады.  Ол  арқылы  ата  –  аналар
сұрақтарын, ескертулерін, тілектерін, шағымдарын жасырын жеткізе алады.
      Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
      1. Отбасына анықтама беріңіз.
      2. Отбасының міндеттерін атаңыз.
      3. Психологиялық-педагогикалық қолдау дегеніміз не?
      4. Отбасымен жұмыс түрлерін атаңыз.
      Әдебиеттер:
   1. Баркан А.И. Практическая психология для родителей, или  как  научиться
      понимать своего ребенка. – Москва, 1999.
   2. Гребенников И.В. Основы семейной жизни. - Москва, 1991.
   3. Гарбузов В.И. От младенчества от отрочества. – Ленинград, 1991.
   4. Клайн В. Как подготовить ребенка к жизни. - Москва, 1991.
   5. Помощь родителям в воспитании детей. – Москва, 1992.
   6. Субботский Е.В. Ребенок открывает мир. – Москва, 1991.
   7. Бойко В.В. Если ты мать и жена. – Москва, 1991.
       Тақырып 8. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің  диагностикасы
       Негізгі  ұғымдар:  педагогикалық  шеберлік,  педагогикалық  мәдениет,
педагогикалық техника.
     Педагогикалық шеберлік мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің компоненті
ретінде. Педагогикалық  шеберлік  компоненттері:  гуманистік  бағыт,  кәсіби
білім, педагогикалық қабілет, педагогикалық техника. Мұғалім  мамандығындағы
 актерлік және режиссерлік шеберлік  элементтері.  Мұғалімнің  педагогикалық
техникасының  диагностикасы.


     1.Педагогикалық   шеберлік   мұғалімнің   педагогикалық    мәдениетінің
компоненті  ретінде.  Мұғалім  мамандығындағы   актерлік  және   режиссерлік
шеберлік элементтері.
    «Педагогикалық  техника»  термині  мұғалімнің  оқушыларға  жекелей  әсер
етуінің әр түрлі тәсілдерінің бірігуінен қабылданған.  Оның  негізгі  құралы
болып дауыс ырғағы, сөйлеу мәдениеті, ойнау қабілеті болып табылады.
    «Педагогикалық техника» түсінігінде 2  топтық  компоненттерді  көрсетуге
болады: Бірінші топ  педагогтық  өзінің  мінез-құлқын  басқару  шеберлігімен
байланысты – өз ағзасына  басшылық  ету  (мимика,  пантамимика),  эмоциямен,
көңіл-күймен басқару,  әлеуметтік  перцепция  шеберлігі  (бет-әлпетке  қарап
оқу), сөйлеу  техникасы  (тыныс  алу,  дауыс  ырғағы,  дикция).  Екінші  топ
педагогикалық  техника  компоненттері  жекелей   және   ұжымдық   әсер   ету
шеберлігімен  және   тәрбие   процесінің   технологиялық   жақтарын   ашумен
байланысты. Ол мынандай элементтерден  тұрады:  педагогикалық  қарым-қатынас
техникасы, тәртіпті қалыптастыру  техникасы,  мекеме  тәртібінің  техникасы,
тәжірибелі шеберлердің жазалау техникасы.
   Тәрбиелеушінің сыртқы көрінісі эстетикалық талғамға сай болу керек.
   Мұғалім  киіміндегі  басты   талап   –   қарапайымдылық,   жақсы   талғам
қонымдылығы,  шаштың  түсін  көп  өзгерту  оқушылардың  назарын   аудартады.
Балалар педагогтардың сыртқы  және  ішкі  әдемілігінің  үйлесімділігін  және
әрбір мұғалімнің сыртқы келбетінің эстетикалық талғамының болғанын ұнатады.
      Тіл мен сөйледің арасындағы айырмашылық қарама-қарсы емес, олар  бірін
бірі толықтырушы,  бір  біріне  негізделген.  Егер  тіл  қатынастың  әмбебап
құралы болатын болса, онда нақты тілдік жағдайдың  мазмұнымен  толықтырылған
ең негізгі қатынас  құралы  болады,  демек  тіл  мен  сөйлеу  –  бұл  тілдік
әрекеттің күрделі өзара қатынасында көрінетін екі әртүрлі формасы.
      Мимика - өзінің ойы, сезімін, көңіл-күйін, бетінің қозғалысын  көрсете
алу өнері. Адамның бетінің келбеті және көзқарасы қатысушыларға сөзден  гөрі
жақсы әсер етеді. Жест және мимика  қарым-қатынастың  кинетикалық  жүйесінің
элементі ретінде мәліметтің  эмоцоиналдық  маңыздылығын  көтереді  және  оны
жақсы меңгеруге ықпал етеді.
      Мұғалімнің көзқарасы балаларға арналуы керек,  визуалды  контакт  құра
алу   керек.   Әрине,   бет-әлпеттің   көрінісі   сөйлеу   мен   қатынасттың
сипаттамасына сәйкес келу керек. Типтік педагогикалық мимика – қатал,  күшті
бет-әлпеттің  көрінісі.  Бет-әлпет  сыртқы  көрініс  ретінде   сенімділікті,
қанағаттанушылықты, көңіл толмаушылықты, таңқалуды, қуанышты,  қызығушылықты
және т.б келіспеушіліктерді көрсете білу керек.
      Мимиканың бөлшектері – қас пен  көз.  Қастың  көтерілуі  –  таңқалуды,
қастың   бірқалыпты   болуы    –    зейіннің    тұрақтылығын,    сабырлылық,
түсінебілушілік, үнемі қозғалта беру таңқалуды сипаииайды.
      Адамды бет-әлпетіндегі ең бір смпатталатыны – көз.  «Мәнсіз  көздер  -
жан-дүниенің бос айнасы» (К.С.Станиславский). Мұғалімге өзінің  бет-әлпеттің
мүмкіндіктерін   зерттей   білу   керек,   бет-әлпеттің   көп    қозғалуынан
(«жүгіртпелі көздер») сонымен қоса, мәнсіз («каменное лицо»)  қозғалтулардан
арылуға тырысу керек.
      Мұғалім қабырғаға, терезеге, терезенің жақтауларына көп қарай  беруден
арылу керек. Барлық қатысушыларды көз алдында ұстай білуге тырысу керек.
      Балалар мұғалімнің бет-әлпетінен өздеріне деген қатынасын, көңіл-күйін
біле  алады,  сондықтан  бет-әлпетті  тек  қана  сипаттап   қоймай,   кейбір
сезімдерді жасыра білу  керек.  Бет-әлпет  және  жест  арқылы  оқу-тәрбиелік
тапсырмаларды шешуге көмектесетін және осы іске қатысты жағдайларды  көрсету
керек.
      Пантомимика – бұл дене, қол, аяқ қозғалысы. Ол басты  нәрсені  көрсете
білуге  және  бейнені  суреттеуге  көмектеседі.  Қолдар  көмектеседі,  бірақ
қабылдауға  кедергі  жасауы  мүмкін.  Балалардың  зейінін  аудартатын  қолда
керексіз қандай да бір затты қозғалта беру, ал тітіркенуді  тудыратын  басын
қайта-қайта қозғалта беру, мұрынын және құлағын ұстай беру.
      Педагогтың жесті басты ой мен сезімді  жоғарылататын  өзін  өзі  ұстай
білу қалпына сәйкес  болу  керек.  Жесттер  сипаттамалы  және  психологиялық
болып бөлінеді. Сипаттамалы – ойдың иллюстративті бағытын  сипаттайды.  Олар
көп қажет  емес,  бірақ  көп  жағдайда  кездеседі.  Маңыздысы  психологиялық
жесттер. Олар сезімдерді сипаттайды.
      Мұғалім жест пен мимикадағы басты нәрсе табиғилық және қалыпқа  сәйкес
боу  керектігін  әрқашан  есіне  сақтау  керек.   Жестикуляция   тым   асыра
сілтеушілі пен қатал қозғалыстарсыз болу керек.
      Сөйлеу  барысында,  әсіресе  мұғалімнің  сабақты  түсіндіруі  кезінде,
тілінің   мәдениеттілігі   үлкен   рөль    атқарады.    Мұғалімнің    сөйлеу
интонациясының, дауыс ырғағы  мен  оның  қойылымының  өзін  дұрыс  ойластыру
қажет, себебі сөздің қандай  көңіл-күймен  айтылып  тұрғандығы  да  маңызды.
Мысалы А.С. Макаренко балаларға «Кел мында» деген сөзді оншақты түрде  дауыс
ырғағын өзгерте отырып, әр-түрлі көңіл  күй  жағдайына  сәйкестендіріп  айта
алған. Өте қатты дауыс - адамның жүйкесіне әсер етеді, өте  ақырын  дауыс  -
жалықтырып, қалғытып, тез шаршатады.
      Адамның сөйлеу жылдамдығын да қадағалап отыру қажет. Ең жоғары  сөйлеу
жылдамдығы минутына-120 сөз. Сөйлемдер  арасында  пауза  -  үзілістер  жасау
арқылы адам тынысын түзейді.
      Сонымен    қатар,    мұғалімнің    сөйлеу    мәдениетінің,     негізгі
көрсеткіштерінің бірі тілдің  байлығы  мен  тазалығы,  оны  басқа  тілдермен
араластырмай, алаламай сөйлеуі қүлаққа  жағымды  естіледі,  және  педагогтың
абыройы мен беделін жоғарлатады.
      Сөздік (вербальдық)  қарым-қатынас  арқылы  ғылыми  ақпараттарды  бала
санасына жеткізуде нақты тәжірибеден  алынған  мысалдар,  қызықты  фактілер,
орынды  мақал-мәтелдер  тыңдаушылардың  қызығушылықтарын  арттырып,  олардың
назарын  тақырыпқа  шегелей  түседі.  Вербальды  қарым-қатынас   екі   түрге
белінеді: аксиалды және ретиалды.
      Аксиалды қарым-қатынас -  ақпаратты  бір  адамнан  екінші  бір  адамға
жеткізу процессі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қат ынас).
      Ретиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан бір топ адамға  жеткізу
процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындагы қарым-қатынас).
      Қарым-қатынастың  нәтижелері  оны  ұйымдастыру  орнына   (сынып   іші,
аудитория, дала, табиғат, мейрамхана  т.б.),  өткізілу  уақытына  (таңертең,
түсте, кешке, түнде) адамның жас ерекшеліктеріне, мінездеріне байланысты әр-
түрлі болады.
      Мұғалімдер тәжірибесінде әр жастағы адамдармен қарым-қатынасқа  түсуге
тура  келеді.  Өзімен  бірге  істейтін  әр  жастағы  әріптестері,  оқушылар,
олардың ата-аналары, ата-әжелері  педагогтың  коммуникативтік  қабілеттеріне
деген талапты  күрделендіре  түседі.  Жас  мұғалімдер  үшін  аталып  отырған
адамдар   категориясында   әсіресе   оқушылармен   қарым-қатынас    жасаудың
психологиялық-педагогикалық негіздері  мен  сан-алуан  тәсілдерін  жан-жақты
меңгеру қажет.
      Бір адаммен сөйлескенде  оған  не  қызықты,  ол  неге  еліктейді  соны
анықтап алған жөн. Бұндай қарым-қатынасты өзіңді мазалайтын  нәрседен  емес,
тыңдаушыңды қызықтыратын  мәселеден  бастаған  жөн.  Аксиалды  қарым-қатынас
барысында тек өзінің пікірін ғана дұрыс деп санайтын адамдар да  жеткілікті.
Ондай  адамдармен  дауласудың  қажеті  жоқ.  Тек   нақты   фактілер,   нақты
аргументтер арқылы логика заңдарына негізделіп  өз  пікіріңіздің  дұрыстығын
сабырлықпен, достық қарым-қатынасты бұзып алмайтындай дәлелдеген  абзал.  Ал
керісінше, кейбір жағдайларда сіздің барлық  пікіріңізбен  келісіп  мақұлдай
беретін  адамдармен  әңгімелесудің  өзі   қызықсыз   болып   қалады.   Ондай
адамдардың жеке пікірін білу үшін  оларға  тікелей  сұрақтар  қойып  отыруға
тура келеді.
      Педагогикалық  қарым-қатынас  барлық  білім  беру  жүйелеріне  қатысты
мекемелерде  болатын  қарым-қатынастың  ерекше  түрі.  Білім   берудің   қай
сатысында болмасын мұғалім оқушымен,  оқушы  мұғаліммен  тікелей  және  кері
қарым-қатынаста  болады.  Өйткені  білім  беру  үрдісінде   мұғалімүйретуші,
бағыттаушы, басқарушы,  тәрбиелеуші  т.б.  рөлді  атқарса,  оқушы  -   білім
алушы,  қабылдаушы,  іс-әрекетке  араласушы  болып  қарым-қатынасқа  түседі.
Сондықтан да педагогикалық қарым-қатынастың құралы – сөз.
      Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін  мұғалімдер  вербальді  (сөз)  және
вербальды емес (ым не  ишара)  қарым-қатынастың  түрін  пайдаланады.  Қарым-
қатынастың  қай  түрі  болмасын,  ол  мұғалімнің  шеберлігіне,  тәжірибесіне
байланысты. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың  нәтижесі  мұғалімнің
баланы біліп тануына және әр  баламен  диалогқа  түсуіне  байланысты  деген.
Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да,  балалармен  қарым-қатынас  жасау,
әр баланы  білу,  оларды  тану,  әр  баланы  іс-әрекетке  кірістіру,  оларды
сөйлеттіру мұғалімге оңай жұмыс емес.
       «Педагогикалық такт»  –  латын  тілінен  аударғанда  жанасу,  түйсіну
мағына  білдіреді.  «Педагогикалық  тактика»   –  грек  тілінен   аударғанда
тәртіпке келтіру мағына білдіреді.
      Педагогикалық әдепке әрбәр нақты жағдайда оқушылаға әсер етудің тиімді
құралы ретінде  педагогикалық тактика деген анықтама береміз.  Педагогикалық
тактиканың   ұстаздың  кәсіби   шеберлігін   арттыруда   әртүрлі   әдістерді
қолданамыз ауызша, көрнекілік, тәжірбиелік іскерлік, сабақтан, сыныптан  тыс
жұмыстар.
      Әдептілік   мұғалімнің  жоғарғы  шындықты,  қарапайымдылық,   сабырлық
көрсетуі,өзін   өзі   басқарып   ұстамдылық   жасау,   әртүрлі   жағдайларға
оқушылармен,  өзге  адамдармен,  қарым   қатынас   жасай   білу    ептілігін
біріктірілетін  адамгершілік   тәртібі.   Әдепті   мұғалім    әр   уақыттада
оқушылардың құрметті   адамы. Олардың айтқан шәкірттер  мүлтіксіз  орындайды
және өнеге тұтады. Сондай ақ   мұғаліммен мұғалімнің  қарым  қатынастағы  ең
маңызды көрсеткіштерінің  бірі  ұстаздық   әдепті сақтау.
      Педагогикалық шеберлікте ең  алдымен  көрінетін  аса  қажетті  сапа  –
ұйымдастырушылық, яғни оқу  үдерісінің  қандай  жағдайында  болмасын,  тіпті
қолайсыз болған күнде де, тәрбие, даму және білімнің алдын ала  жоспарланған
деңгейіне қол жүргізу. Нағыз мұғалім  қалаған  сұраққа  қалыптан  тыс  жауап
тауып, оқушы көңілінен шығады, оның ойына қозғау салып,  толғанысқа  келтіре
алады. Қазіргі заман оқу әдістерін  жете  меңгеру  де  осы  шеберліктің  бір
қыры. Шеберлікке  жету  кезеңдері  келесідей,  озат  мұғалімдер  тәжірибесін
бақылау; үздіксіз біліктілік көтеріп бару, арнайы әдебиеттерді оқу,  өз  оқу
істерінде оқытудың жаңа  әдістерін  ендіріп  бару,  өзіндік  сарап  жүргізіп
отыру.
      Педагогтың өнері әсіресе сабақ  барысындағы  оқыту-үйрету  ептілігінен
көрінеді.  Тәжірибелі  мұғалім  табыстарының  сыры  оқушының  оқу   істеріне
басшылық  жасай  білуінде.  Шебер   оқытушы   бүкіл   білімдену   үдерісінде
дирижерлік ете отырып, оқушы еңбегін  материал  мазмұнының  аса  маңызды  да
күрделі тараптарына бағдарлап отырады.
      Шеберліктің және бір маңызды  көрсеткіші  –  оқушыларды  белсенділікке
ынталандыра білу, олардың қабілеттерін, дербестігі мен  зерделілігін  көтере
түсу,  балаларды  сабақ  барысында  ой   толғастыруға   ойыстыру.   Шеберлік
деңгейінен  көріне  алмаған  мұғалім  баланың  ойлануына,  пікір  жүргізуіне
мүмкіндік шеберліктің маңызды элементі  –  жоғары  деңгейдегі  педагогикалық
техника. Педагогикалық техниканы  меңгеру  үшін  педагогика  мен  психология
бойынша арнайы білімдерді, ерекше тәжірибелік  дайындықты  қажет  етеді.  Ең
алдымен   педагогтың   игеретіні   –   балалармен   қарым-қатынас,   тілдесу
ортақтастығы (общение): оқушылармен  орынды  сөйлесу  мәнері  мен  ортақтасу
мәнерін таңдай білу. Балалармен қатынастың қарапайым да табиғи болғаны  жөн.

      Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
      1. Педагогикалық шеберлік дегеніміз не?
      2. Педагогикалық шеберлік компоненттерін атаңыз.
      3. Педагогикалық техника дегеніміз не?
      4. Педагогикалық қабілет түрлерін атаңыз.
      Әдебиеттер:
1. Якушева С.Д.    Основы педагогического мастерства. - Москва. 2008.
2.Занина Л.В., Меньшикова Н.П. Основы педагогического  мастерства.-  Ростов,
2003.
3.  Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов.  –  2-е  изд.,
доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.
4.  Митин  Л.М.  Профессиональная   деятельность   и   здаровье   педагога.-
Москва,2005.
5. Никитина Н.Н. Введение в педагогическую деятельность: Теория и  практика.
- 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.
  Тақырып 9. Бір тұтас педагогикалық процестегі мұғалім-сынып жетекшісінің
                       жұмысы және оның диагностикасы
      Негізгі ұғымдар: біртұтас педагогикалық процес, сынып жетекшісі, ата-
аналармен жұмыс.
      Бір  тұтас  педагогикалық  процестегі  мұғалімнің    сынып   жетекшісі
ретіндегі міндеттері, жұмысының  мазмұны.Мұғалім-сынып  жетекшісінің  тәрбие
жұмыстарын ұйымдастыруы  және  оған  қойылатын  талаптар.  Оқушылардың  ата-
аналарымен жұмысының мазмұны. Бір тұтас  педагогикалық  процестегі  мұғалім-
сынып жетекшісінің жұмысына  диагностика жүргізу және карта толтыру.


      Сынып жетекшісінің жұмысына қойылатын жалпы талап  қазіргі  мектептегі
тәрбие мақсаты және мазұнымен анықталады. Осыған сәйкес сынып жетекшісі:
   - Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын;
   - Бала құқылары туралы конвенцияны;
   - Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;
   - Педагогикалық этиканы;
   - Тәрбие концепциясын;
   - Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру концепциясын;
   - Қазақстан Республикасының Конституциясын;
   - Педагогиканы, әлеуметтік, жас және балалар психологиясын білуі керек.
      Сынып жетекшісі жұмысының негізгі бағыттары:
      1. Сынып ұжымын және оқушыларды  зерттеу:  демографиялық,  дәрігерлік,
психологиялық,  педагогикалық  мәліметтер  жинау  (отбасы,  әлеуметтік  және
материалдық   жағдайы,   денсаулығы,   даму,   тәрбеилік    деңгейі,    жеке
ерекшеліктері).
      Сынып жетекшісі жұмысының қай саласын алсақта, оның нәтижесінің  жақсы
болуы,  әрине  оның  өз  сыныбындағы  оқушыларды   жақсы   білуіне   тікелей
байланысты. Өйткені, оқушыларға тәрбие беру міндеттері оларды мақсатқа  сай,
жүйелі түрде зерттеп білуді талап етеді.
      2.  Жеке  топтар  немесе   сынып   үшін   ортақ   тәрбие   міндеттерін
қалыптастыру.
      3.  Тәрбие  жұмысын  жоспарлау.  Сынып  жетекшісі  жүргізетін   тәрбие
жұмысының нәтижелі де,  әсерлі  болуы  көбінесе  істі  нақтылы  жоспарлауына
байланысты.  Оқушылармен,   ата-аналармен,   өз   сыныбына   сабақ   беретін
мұғалімдермен істелетін жұмысты жоспарлағанда  сынып  жетекшісі  олардың  әр
түрлі   ерекшеліктерін   ескереді.   Өйткені   тәрбие   жұмысының    жоспары
педагогикалық құжат болып саналады.
      4.  Жоспарланған  жұмысты  ұйымдастыруда,   сынып   жетекшісі   оларды
өткізудің түрін таңдайды:  дәстүрлі  –  сынып  сағаттары,  әңгіме,  этикалық
әңгімелер;талқылау (дискуссиялық), пікір-таластар (диспут),  конференциялар,
жоспар бойынша реферат, баяндама жазу және оны қорғау; ұлттық негізде –  жыл
басы – наурыз, ораза айт, құрбан айт; в) дәстүрлі  емес  –  ойындар,  рөлдік
ойындар, педагогикалық  ситуацияларды  шешу  т.б.;  мәдени  орындарға  бару:
театр, музей, парк және т.б.; д) жорыққа  шығу;  е)  ата-аналар  жиналыстары
т.б.
      5. Оқушылардың тәрбиелілік деңгейін  негізге  алып,  тәрбие  нәтижесін
талдау және  бағалау.  Педагогикадағы  зерттеу  әдістері:  бақылау,  әңгіме,
анкета және басқа да әдістер, осы нәтижелерді талдауға,  тәрбиеші  ретіндегі
сынып  жетекшісінің  рөлі  мен  кәсіби  білімділігін  анықтауға  және   жаңа
міндеттерді қоюға көмектеседі.
      Сонымен, сынып  жетекшісі  жұмысының  жүйесі  мынадай:  диагностика  –
тәрбие міндеттерін қалыптастыру  –  жоспарлау  –  жоспарды  жүзеге  асыру  –
нәтижені талдау.
      Сынып жетекшісі жұмысының мазмұнын анықтауда мектептің  және  сыныптың
нақтылы жұмыс жағдайын, оқушылардың жас және дара  ерекшеліктерін,  сыныптың
тәртібі мен оқу үлгерімін, сабақ беретін пән мұғалімдерін ескеру керек  және
тәрбие жұмысы, жоғарыда  көрсетілгендей  белгілі  бір  жүйемен  жүргізілгені
жөн.
      Сынып жетекшісінің тәрбие  жұмысындағы  табысы   оның  тәрбие  жұмысын
қаншалықты дұрыс ұйымдастыра алатындығына байланысты. Демек,  өз  оқушыларын
бүгінгі күн  талабына  сай  тәрбиелеу  үшін  сынып  жетекшісіне  келесілерді
білген артық болмайды:
      - балалардың белсенділігі мен жауапкершілігне  қолдау көрсете отырып,
        олармен қарым-қатынас жасай білу;
      - тәрбие мақсаттарын анықтау, оған жету жолдарын таңдай білу;
      - өз еңбегінің сапасын жақсартуға үнемі талпыну;
      - тәрбие жоспарын құра білу;
      - тәрбиелік шараларды ұйымдастыра  білу:  әңгімелесу,  диспут,  сынып
        сағаты, жорыққа шығу және т.б.;
      - ата-аналар жиналысын ұйымдастыра және өткізе білу.
      Міне, сынып жетекшісі осы айтылғандарды өз жұмысында есепке алса, онда
тәрбие жұмысының тиімділігі арта түспек.
      Сыныпты  жаңа  қабылдап  алған  сынып  жетекшісі,  оқушыларға  қатысты
құжаттармен   (мінездемелер,    емтихандағы    жазған    жұмыстары,    сынып
жиналыстарының   хаттамалары,   дәрігерлік   анықтамалар,   сынып   журналы,
оқушылардың күнделігі, үлгерімі туралы есеп  т.б.)  жан-жақты  танысады.  Өз
сыныбындағы   оқушыларды   адам   құқықтары   және   оларды   жүзеге   асыру
мүмкіндіктерімен, мектеп уставымен, оқушылар  ережелері  және  міндеттерімен
таныстырады, өзі  оқушылар  құқығының  қорғалуын  бақылайды,  сыныптан  және
мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыруда оқушылардың  өмірі  мен  денсаулығына
жауапкершілікті мойнына алады.
      Сынып жетекшісінің өз жұмысына  талдау  (анализ)  жасап  отыруының  да
маңызы бар, өйткені, атқарылған жұмысты бағалау, оған  талдау  жасау,  сынып
жетекшісі қызметінің нәтижесін көрсетеді.
      Демек,  сынып  жетекшісіне  оқушылармен  жүргізген  тәрбие   жұмысының
нәтижесін, қойылған мақсатқа  қаншалықты  жеткен-жетпегені  жүйелі  бағалап,
көре білу қажет.  Мәселен,  ол  оқушылармен  өткізілген  нақтылы  жұмыстарға
талдау  жасауда:  сынып  ұжымының  даму  деңгейін   талдайды,   оған   жалпы
сипаттама береді, өткізілген шараларды  (мерекелер,  әңгіме,  жорыққа  шығу,
т.б.)  талдайды,  істеген  жұмыстарына  есеп  береді  және  сынып   ұжымының
болашағының дамуын анықтай алады.
      Сынып жетекшісінің негізгі жұмыстарының бірі  -  ол  тәрбие  жұмысының
жоспарын құру болмақ. Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің тәрбие  міндеттерін
және оларды шешу жолдарын анықтау процесі.
      Сынып жетекшісі жүргізетін тәрбие жұмысының табысты болуы, істі  нақты
      жоспарлауына байланысты.  Бұл  сынып  жетекшісі  жұмысын  жоспарлаудың
      қажеттігін көрсетеді
      Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлауда ескеретін принциптер:
      - мақсатқа лайықтылық, жүйелілік (тәрбиелеу процесі жүйе  ретінде);
      - нақтылық (мақсатты жүзеге асыруға бағытталған, нақты жұмыс);
      - оптимистік (іс-әрекетті ұйымдастырудың ең тиімді нұсқасы);
      - ғылымилық (тәрбие процесін және оның компоненттерін ғылыми  негізде
        түсіну);
      - даралық  (әркімге  жеке  қатынас,  өзін  жетілдіру  үшін  жағдаймен
        қамтамасыз ету);
      - үзіліссіздік, сабақтастық және бірізділік;
      - мазмұн, форма және әдістердің әртүрлілігі;
      -  педагогикалық  басшылық   және   тәрбиеленушілер   белсенділігінің
        бірлігі; оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін, олардың  даярлық
        деңгейін және өмір сүру жағдайларын есепке алу;
      - сынып  ішіндегі  жұмыстардың  мектеп  жұмыстарымен  және  одан  тыс
        жұмыстармен байланысы;
      - жоспардың ыңғайлылығы.
      Қазіргі мектептерде жоспардың  төмендегі  түрлері  қолданылады,  сынып
жетекшісі білуі керек:
      1. Жалпымектептік, сынып жетекшісінің жоспары, кез-келген балалар  мен
үлкендер бірлестігінің жоспары (клубтар,  үйірмелер,  секциялар,  балалардың
қоғамдық  ұйымдары,  пән-мұғалімдері,   сынып   жетекшілерінің   әдістемелік
бірлестіктері және т.б.).
      2. Перспективті, календарлық, перспективті-календарлық.
      3. Оқу жылына, тоқсанға, айға, аптаға арналған жоспар.
      4. Мектептің өзекті проблемасын шешу  және  нақты  міндеттерін  жүзеге
асыру бойынша мектептің, сыныптың, клубтың жұмыс жоспары.
      5. Тәрбиелік шаралар жоспары (жалпы мектептің, сыныптың, топтың).
      6. Оқушылардың жеке басын дамыту бойынша жұмыс  жоспары.  (План-сетка,
перспективті жоспардың үлгісі, қосымшада берілген).


      2.   Оқушылардың   ата-аналарымен   жұмысының   мазмұны.   Бір   тұтас
педагогикалық процестегі мұғалім-сынып  жетекшісінің  жұмысына   диагностика
жүргізу және карта толтыру.
      Практикада  ата-аналармен  жүргізілетін  жұмыстың  жеке,  топтық  және
көпшілік тәрізді формалары орын алған.
      1.  Ата-аналармен  жүргізілетін   психологиялық-педагогикалық   ағарту
жұмыстары.
      1. Ата-аналар үшін өткізілетін лекциялар.  Оны  педагогикалық  ұжымның
арнайы  даярлаған  бағдарламасы  бойынша  өткізуге  болады.  Лекцияны  жақсы
даярланған маман мен мектеп мұғалімдері оқи алады.
      2.  Ата-аналар  үшін  тақырыптық  конференциялар.   Бұл   конференция,
қандайда бір жеке тәрбие проблемасына арналуы мүмкін. Мысалы,  «Қиын  балаға
қалай көмектесуге болады», «Балаларды еңбекке  тәрбиелеу»,  «Балалардың  бос
уақытын ұйымдастыру» және т.б.
      3. Ата-аналар үшін «ашық есік  күні»  немесе  «Ата-аналар  күні».  Бұл
мектептің  өмірмен  байланысын  нығайтуға,  халыққа  білім  беру   жүйесінің
демократиялық сипатын жүзеге асыруға, балаларды тәрбиелеудегі  отбасы  рөлін
күшейте түсуге мүмкіндік береді.
      4.Жеке кеңестер өткізу (психологиялық, педагогикалық, медициналық).
      5.Ата-аналар  үшін  психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерден   көрме
ұйымдастыру  және т.б.
      2.  Ата-аналарды  оқу-тәрбие  процесінің  мазмұны  және  әдістемесімен
таныстыру.
      3. Ата-аналарды балалармен біріккен жұмысқа тарту.
      4. Жеке оқушылардың отбасындағы тәрбиесіне көмек көрсету.
      5. Ата-аналар комитетімен жұмыс.
      Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары – бұл мұғалімнің сабақтан тыс  уақыттағы
оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттерін ұйымдастырудағы  әрекеттерінің  жиынтығы.
Сыныптан тыс  жұмыстардың  мазмұны  оқушылардың  теориялық  білімін  кеңейте
толықтыра  түсуге  лайықталып,   әр   оқушының   жеке   қабілетін   дамытуға
бағытталғаны жөн. Сыныптан тыс тәрбие  жұмысының  мазмұндылығы,  әдістемелік
сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты.
      Сыныптан тыс тәрбие жұмысының түрлері көп. Қандай түрде өткізуді сынып
жетекшісі өзі таңдап  алады.  Практикада  қалыптасқан  сыныптан  тыс  тәрбие
жұмыстарына: қабырға  газеттерін  шығару,  сайыстар  ұйымдастыру,  әр  түрлі
тақырыпқа әңгімелер, диспуттар, конференция,  лекциялар  өткізу,  мектептегі
әр түрлі жұмыстар (мектептегі тазалық, ремонт, мектеп ауласындағы  жұмыстар,
бір  –  біріне  көмек  т.б.)  демалысты  ұйымдастыру  мақсатындағы   ойындар
(спорттық, танымдық, рольдік, сюжеттік, сайыс,  жарыс  және  т.б.  ойындар),
сыныптан тыс оқу және т.б. жатпақ.
      Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика.. Жоғарыда айтылғандай,  сынып
жетекшісі жұмысының кай саласын алсақ та, оның нәтижелі болуы  –  оқушыларын
жақсы білуіне байланысты.  Демек,  сынып  жетекшісінен  өз  оқушыларын  және
сынып ұжымын  жүйелі  түрде  зерттеп  білу  талап  етіледі.  Ол  үшін  сынып
жетекшісі ең алдымен  оқушылардың  жас  және  дербес  ерекшеліктеріне  назар
аудара отырып, сыпыптағы балалар құрамын мұқият тани білгені жөн.
      Сынып  жетекшісі  жұмысындағы  диагностика  (тұтас  топты  және   жеке
оқушыларды кешенді зерттеу) – бұл педагогикалык диагностиканың жаңа бағыты.
Педагогикалық диагностика – оқыту мен тәрбие процесін және  оның  нәтижесін
зерттеу.
      Әр оқушының жеке басы және оқушылар ұжымын жетік  зерттеу  –  оқыту  –
тәрбиелеу процесінің  нақты  жағдайларымен  анықталатын,  келесі  талаптарды
есепке алып жүргізуді қажет етеді.
      Мектепте сынып жетекшісінің диагностикалық шараларды  жүргізуі  жоспар
бойынша және жүйелі жүргізілуі керек.  Егер  мектепте  психолог  бар  болса,
біріге  отырып,  жүргізе  алады.  Қазіргі  уақытта  сыныптың  диагностикалық
картасының әртүрлі нұсқалары құрылып, қолданыла бастады.  Мәселен,  солардың
бірі, таблица түрінде беріліп, қатарларға бөлінген,  оған  әр  оқушы  туралы
алынған мәліметтер жазылады.
      Оқушыларды зерттеп  білуде  педагогикада  әр  алуан  әдіс  –  тәсілдер
қолданылады. Оларға жататындар: педагогикалық бақылау, оқушылармен, олардың
ата  –  ана,  жолдас-жораларымен  және   мұғалімдермен   жеке   әңгімелесу,
оқушылардың түрлі жұмыстары, анкета және т.б.
      Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
      1. Біртұтас педагогикалық процес дегеніміз не?
      2. Сынып жетекшісі кім және қандай міндеттер атқарады?
      3. Сынып жетекшісінің жұмысына қойылатын талаптады атаңыз.
      4. Ата-аналармен жұмыс түрлерін атаңыз.
      Әдебиеттер:
    1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.
    2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов  и
       др.-Алматы,2003.-366с.
    3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың  теориясы
       мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.
    4. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-
       2-е изд.-Москва, 2005.-255с.
    5. Митин  Л.М.  Профессиональная  деятельность  и  здаровье  педагога.-
       Москва,2005.
    6. Никитина Н.Н.  Введение  в  педагогическую  деятельность:  Теория  и
       практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.
      3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
         Тәжірибелік  сабақтарына  даярлануға әдістемелік нұсқаулар
      Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды
формаларының бірі.
      Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – білімді бекіту, іскерліктер мен
дағдыларды қалыптастыру.
      Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін
практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте
жоғары.
      Тәжірибелік  сабақтардың міндеттері:
      1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды
кеңейту және нақтылау.
      2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім,
дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін  дамыту.
      3. Теориялық білімді  практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.
      4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.
      5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.
      6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.
      7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.
      8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті  және ұқыптылықты
тәрбиелеу.
      9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.
      Тәжірибелік  сабақтарға  даярлануда  әр   тақырып   бойынша   берілген
сұрақтардың мазмұнын ашу керек. Сұрақтардың мазмұнын ашуда  нақты  мысалдар,
фактілер,  аргументтер   келтіру   қажет.   Сабаққа   даярлануда   ұсынылған
әдебиеттерден басқа  әдебиеттерді,  күнделікті  баслымдардағы  материалдарды
қолдануға болады. Тәжірибелік  сабақтарда  оқылатын  пәнге  жағымды  қатынас
қалыптасады, алған білім және іскерліктер бекиді және жетіледі.

          Тәжірибелік  сабақтардың тақырыптары және қысқаша мазмұны
          Модуль 1. Мұғалімнің  кәсіби іс-әрекеті және жеке тұлғасы
                      Тақырып 1. Қазіргі заман мұғалімі
      Мақсаты: тақырып бойынша теориялық білімді меңгерту.
      Мұғалімнің міндеттері және қызметтері. Мұғалімге  қойылатын  талаптар.
Мұғалімнің кәсіби потенциалы. Құзырлылық,  кәсіби  құзырлылық  туралы  жалпы
түсінік.Мұғалімнің  кәсіби құзырлығының  мазмұны.
      Бақылау сұрақтары:
      1. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің орны мен рөлін ашыңыз.
          2. Мұғалімге қойылатын талаптарды атаңыз.
          3. Кәсіби потенциал дегенді қалай түсінесің?
          4. Құзырлылық дегеніміз не?
          Әдебиеттер:
    7. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.
    8. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов  и
       др.-Алматы,2003.-366с.
    9. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың  теориясы
       мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.
   10. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-
       2-е изд.-Москва, 2005.-255с.
   11. Митин  Л.М.  Профессиональная  деятельность  и  здаровье  педагога.-
       Москва,2005.
   12. Никитина Н.Н.  Введение  в  педагогическую  деятельность:  Теория  и
       практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.
             Тақырып 2. Педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық
      Мақсаты: кәсіби даярлық негіздерімен танысу.
       Кәсіби  даярлық  түсінігі.  Кәсіби  даярлық  құрылымы.  Педагогикалық
жоғарғы оқу орындарында педагогты кәсіби даярлау  мәселелері.  Педагогикалық
жоғарғы  оқу  орындарында  педагогикалық  мамандарды   даярлауға   қойылатын
талаптар.
      Бақылау сұрақтары:
     1. Кәсіби даярлық дегеніміз не?
     2. Кәсіби даярлықтың құрылымын сипаттаңыз.
     3. ЖОО педагогтарды кәсіби даярлау мәселелерін атаңыз.
       4.  Педагогтарды даярлауға қойылатын талаптарды атаңыз.
      Әдебиеттер:
    1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.
    2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов  и
       др.-Алматы,2003.-366с.
    3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың  теориясы
       мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.
   4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е  изд.,
      доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.
    5. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-
       2-е изд.-Москва, 2005.-255с.
    6. Митин  Л.М.  Профессиональная  деятельность  и  здаровье  педагога.-
       Москва,2005.
    7. Никитина Н.Н.  Введение  в  педагогическую  деятельность:  Теория  и
       практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.


      Модуль 2.Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен
                                экспертизасы
   Тақырып 3. Мұғалімнің кәсіби және жеке бас қасиеттерінің диагностикасы
      Мақсаты: диагностикалау жұмысын меңгеру.
      Мұғалімнің  қызметтері.  Мұғалімнің  кәсіби   қасиеттері.   Мұғалімнің
адамгершілік қасиеттері.  Мұғалімнің  кәсіби  және  жеке  бас  қасиеттерінің
диагностикалау әдістемелері және жолдары.
      Бақылау сұрақтары:
      1. Мұғалімнің қызметтерін атаңыз.
          2. Кәсіби және адамгершілік қасиеттерді маңыздылығына қарай
жүйелеңіз.
         3. Диагностикалау әдістерін атаңыз.
      Әдебиеттер:
   1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.
   2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель,  В.В.  Трифонов  и
      др.-Алматы,2003.-366с.
   3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті  жүзеге  асырудың  теориясы
      мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.
   4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е  изд.,
      доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.
   5. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-2-
      е изд.-Москва, 2005.-255с.
   6.  Митин  Л.М.  Профессиональная  деятельность  и  здаровье   педагога.-
      Москва,2005.
   7.  Никитина  Н.Н.  Введение  в  педагогическую  деятельность:  Теория  и
      практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.
       Тақырып 4. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің мотивациясын
                               диагностикалау
      Мақсаты: диагностика жүргізу іскерлігін меңгеру.
      Мотив және мотивация түсініктері, олардың айырмашылықтары.  Мұғалімнің
педагогикалық  іс-әрекетінің   мотивациясының    ерекшеліктері.   Мұғалімнің
педагогикалық іс-әрекетінің  мотивациясын  диагностикалау  әдістемелері  мен
жолдары.
      Бақылау сұрақтары:
      1. Мотив және мотивация ұғымдарына анықтама беріңіз және
айырмашылықтарын көрсетіңіз.
         2. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетін диагностикалау
әдістемелерін атаңыз.
      Әдебиеттер:
    1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.
    2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов  и
       др.-Алматы,2003.-366с.
    3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың  теориясы
       мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.
   4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е  изд.,
      доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.
   5. Ростовцев Н.Н. О педагогической деятельности и  методах  преподавания:
      Мемуарные записи. - Омск., 2002, 248 с.
    6. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-
       2-е изд.-Москва, 2005.-255с.
 Тақырып 5. Мұғалімнің оқыту  және тәрбиелеу іс-әрекетінің диагностикасы мен
                                экспертизасы
      Мақсаты: мұғалім іс-әрекетін диагностикалау  іскерлігін меңгеру.
      Оқыту іс-әрекеті туралы жалпы түсінік.  Мұғалімнің  оқыту  іс-әрекетін
ұйымдастыруы.  Мұғалімнің   кәсіби   шеберлігі   оқыту   процесінің   сапалы
көрсеткішінің негізі ретінде.
      Тәрбиелеу   іс-әрекетінің   психологиялық-педагогикалық    мәселелері.
Мұғалімнің  тәрбиелеу  іс-әрекетінің  мазмұны:  тәрбие  түрлері,   әдістері,
құралдары. Мұғалімнің  оқыту  және  тәрбиелеу   іс-әрекетін   диагностикалау
әдістемелері.  Мұғалімнің оқыту іс-әрекетіне  экспертиза жүргізу.
      Бақылау сұрақтары:
      1. Оқыту және тәрбиелеу процестерінің ерекшеліктерін нақтылаңыз.
         2. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі дегеніміз не?
         3. Мұғалімнің тәрбие әдістерін таңдау бағыты.
         4. Оқыту және тәрбиелеу іс-әрекетін диагностикалау әдістемелерін
атаңыз.
      Әдебиеттер:
    1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.
    2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов  и
       др.-Алматы,2003.-366с.
    3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың  теориясы
       мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.
   4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е  изд.,
      доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.
    5. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-
       2-е изд.-Москва, 2005.-255с.
    6. Митин  Л.М.  Профессиональная  деятельность  и  здаровье  педагога.-
       Москва,2005.
    7. Никитина Н.Н.  Введение  в  педагогическую  деятельность:  Теория  и
       практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.
 Тақырып 6. Мұғалімнің педагогикалық босаңсуға түскен балалармен жұмысы және
                                диагностикасы
      Мақсаты: педагогикалық босаңсуға түскен балалармен жұмыс мазмұнымен
танысу.
      Педагогикалық босаңсуға түскен балалар   және  олардың  ерекшеліктері.
Мұғалімнің педагогикалық босаңсуға түскен балалармен  жұмысының  міндеттері,
мазмұны. Педагогикалық босаңсуға түскен  балалармен  жүргізілетін  алдын-алу
жұмыстары. Мұғалімнің  педагогикалық  босаңсуға  түскен  балалармен  жұмысын
диагностикалау әдістемелері және жолдары.
      Бақылау сұрақтары:
      1. Педагогикалық босаңсу дегеніміз не?
          2. Педагогикалық босаңсу себептерін атаңыз.
          3. Педагогикалық босаңсуға түскен балалармен жұмыс міндеттерін
атаңыз.
          4. Мұғалімнің іс-әрекетін диагностикалаудың әдістемелірі қандай?
      Әдебиеттер:
    1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.
    2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов  и
       др.-Алматы,2003.-366с.
    3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың  теориясы
       мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.
   4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е  изд.,
      доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.
    5. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-
       2-е изд.-Москва, 2005.-255с.
    6. Митин  Л.М.  Профессиональная  деятельность  и  здаровье  педагога.-
       Москва,2005.
    7. Никитина Н.Н.  Введение  в  педагогическую  деятельность:  Теория  и
       практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.
     Тақырып 7. Өзін-өзі тәрбиелеу мұғалімнің кәсіби даярлығының құралы
                                   ретінде
      Мақсаты: өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін меңгеру.
    Өзін-өзі   тәрбиелеу   түсінігі.   Тұлғаның   қалыптасуындағы   өзін-өзі
тәрбиелеудің рөлі. Мұғалімнің  адамгершілік  мәдениеті.  Өзін-өзі  тәрбиелеу
мазмұны. Өзін- өзі тәрбиелеу әдістемесі.
    Болашақ маманның өзін-өзі тәрбиелеуі кәсіби  шеберлікті  қалыптастырудың
құралы ретінде. Болашақ маманның өз  бетінше  кәсіптік  білімін  жетілдіруі.
Болашақ  маманның кәсіптік өзін - өзі тәрбиелеу.
      Бақылау сұрақтары:
      1. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не?
          2. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістемелерін атаңыз.
          3. Кәсіптік өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не?
      Әдебиеттер:
    1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.
    2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов  и
       др.-Алматы,2003.-366с.
    3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың  теориясы
       мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.
   4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е  изд.,
      доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.
    5. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-
       2-е изд.-Москва, 2005.-255с.
    6. Митин  Л.М.  Профессиональная  деятельность  и  здаровье  педагога.-
       Москва,2005.
    7. Никитина Н.Н.  Введение  в  педагогическую  деятельность:  Теория  и
       практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.
      Модуль3. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен
                                экспертизасы
  Тақырып 8. Мұғалімнің отбасымен жұмысының диагностикасы мен экспертизасы
      Мақсаты: отбасымен жұмыс мазмұнымен танысу.
      Отбасымен жұмыс міндеттері және  мазмұны.  Отбасын  зерттеу  жұмысының
ұйымдастырылуы.  Ата-аналарды   зерттеу.   Ата-аналарға   бала   тәрбиесінде
психологиялық-педагогикалық қолдау  көрсету.  Мұғалімнің  отбасымен  жұмысын
диагностикалау  және  экспертиза жүргізу.
      Бақылау сұрақтары:
      1. Отбасын зерттеуде қолданылатын әдістемелерді атаңыз.
          2. Ата-аналарды зерттеуде қандай әдістер қолданылады?
          3. Мұғалімнің отбасымен жұмысын диагностикалау әдістемелері
қандай?
      Әдебиеттер:
     1.  Баркан  А.И.  Практическая  психология  для  родителей,  или   как
        научиться понимать своего ребенка. – Москва, 1999.
     2. Гребенников И.В. Основы семейной жизни. - Москва, 1991.
     3. Гарбузов В.И. От младенчества от отрочества. – Ленинград, 1991.
     4. Клайн В. Как подготовить ребенка к жизни. - Москва, 1991.
     5. Помощь родителям в воспитании детей. – Москва, 1992.
     6. Субботский Е.В. Ребенок открывает мир. – Москва, 1991.
     7. Бойко В.В. Если ты мать и жена. – Москва, 1991.
              Тақырып 9. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің
                                диагностикасы
      Мақсаты: педагогикалық техника туралы білімді меңгеру.
     1.  Педагогикалық  шеберлік   мұғалімнің   педагогикалық   мәдениетінің
компоненті  ретінде.  Мұғалім  мамандығындағы   актерлік  және   режиссерлік
шеберлік элементтері.
   2.Жас      мұғалімнің      педагогикалық      техникасында       әдеттегі
кемшіліктер.Мұғалімнің өзін  -  өзі  басқара  білу  шеберлігі,  өзін  -  өзі
қалыпқа  келтіру   техникасы,  өзінің   психофизикалық    жағдайын   меңгеру
техникасы. Педагогикалық өзара қызметтегі вербальдық  және  вербальдық  емес
қатынас  құралдарының  рөлі.  Мұғалімнің  сыртқы  пішін  мәдениеті:   киімі,
тұрысы,  жүрісі,  беті,  шашы,   әсемдік   бұйымдары.Мұғалім   педагогикалық
техникасының диагностикасы.
   Мұғалімнің сөйлеу  мәдениетіне  диагностика:  мұғалім  сөзінің  логикасы,
сөздің лексикалық мәдениеті,  сөздің  грамматикалық  дұрыстығы,  сөз  сөйлеу
құралдары, сөйлеу техникалар: дем алу, дауыс, дикция, ырғақ.
      Бақылау сұрақтары:
      1. Актерлік және режиссерлік элементтерді атаңыз.
          2. Педагогикалық техника дегеніміз не?
          3. Вербальдық және вербальдық емес қарым-қатынас құралдарын
атаңыз.
          4. Дикция дегеніміз не?
          5. Ритм дегеніміз не?
          Әдебиеттер:
1. Якушева С.Д.    Основы педагогического мастерства. - Москва. 2008.
2.Занина Л.В., Меньшикова Н.П. Основы педагогического  мастерства.-  Ростов,
2003.
3.  Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов.  –  2-е  изд.,
доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.
4.  Митин  Л.М.  Профессиональная   деятельность   и   здаровье   педагога.-
Москва,2005.
5. Никитина Н.Н. Введение в педагогическую деятельность: Теория и  практика.
- 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.
               Тақырып 10. Мұғалімнің қарым-қатынас мәдениеті
                             және диагностикасы
      Мақсаты: қарым-қатынас мәдениетімен  танысу.
      Қарым- қатынас мәдениеті туралы түсінік. Қарым-қатынас стилі.  Педагог
пен   тәрбиеленуші   арасындағы   кәсіби   қарым-қатынас.    Қарым-қатынасты
ұйымдастыра білу және өзінің  психологиялық  жағдайында  оны  басқара  білу.
Педагогикалық такт және  педагогикалық этика.
      Мұғалімнің  кәсіби  қызметіндегі  жанжалдар,   олардың   түрлері   мен
себептері.  Дауларды  шешу  жолдары.  Мұғалімнің  қарым-қатынас  мәдениетіне
диагностика және экспертиза жүргізу.
      Бақылау сұрақтары:
      1. Қарым-қатынасдегеніміз не?
          2. Қарым-қатынас стильдерін атаңыз.
          3. Педагогикалық такт дегеніміз не?
          4. Педагогикалық этика дегеніміз не?
      Әдебиеттер:
1. Якушева С.Д.    Основы педагогического мастерства. - Москва. 2008.
2.Занина Л.В., Меньшикова Н.П. Основы педагогического  мастерства.-  Ростов,
2003.
3.  Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов.  –  2-е  изд.,
доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.
4.  Митин  Л.М.  Профессиональная   деятельность   и   здаровье   педагога.-
Москва,2005.
5. Никитина Н.Н. Введение в педагогическую деятельность: Теория и  практика.
- 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.
  Тақырып 11. Бір тұтас педагогикалық процестегі мұғалім-сынып жетекшісінің
                       жұмысы және оның диагностикасы
      Мақсаты: педагогикалық процестегі сынып жетекшісі жұмысын анықтау.
      Бір  тұтас  педагогикалық  процестегі  мұғалімнің    сынып   жетекшісі
ретіндегі міндеттері, жұмысының  мазмұны.Мұғалім-сынып  жетекшісінің  тәрбие
жұмыстарын ұйымдастыруы  және  оған  қойылатын  талаптар.  Оқушылардың  ата-
аналарымен жұмысының мазмұны. Бір тұтас  педагогикалық  процестегі  мұғалім-
сынып жетекшісінің жұмысына  диагностика жүргізу және карта толтыру.
      Бақылау сұрақтары:
      1. Педагогикалық процестегі мұғалімнің рөлін түсіндіріңіз.
          2. Сынып жетекшісінің жұмыс мазмұны нені құрайды?
          3. Диагностика жүргізу әдістемелерін атаңыз.
      Әдебиеттер:
    1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.
    2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов  и
       др.-Алматы,2003.-366с.
    3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың  теориясы
       мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.
    4. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-
       2-е изд.-Москва, 2005.-255с.
    5. Митин  Л.М.  Профессиональная  деятельность  и  здаровье  педагога.-
       Москва,2005.
    6. Никитина Н.Н.  Введение  в  педагогическую  деятельность:  Теория  и
       практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.


      4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
 Оқытушы жетекшілігімен және студенттердің  өздігінен орындайтын жұмыстарын
                       орындауға әдістемелік нұсқаулар

      Мақсаты:  студенттердің  дәріс  және  тәжірибелік  сабақтарында  алған
білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.
      Міндеттері:
      - дәріс  және тәжірибелік  сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
      - теорияны практикамен байланыстыру;
      - библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;
      - алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды  өздігінен шешу;
        -   психологиялық-педагогикалық   бақылау   жүргізудің   практикалық
дағдыларын жетілдіру;
      - зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;
      - өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
      - ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.
      Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден  орындайтын  өздік  жұмысыңыз
Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге  және  рейтинг  бойынша  жинайтын
ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті  әрбір  өздік
жұмыс тапсырмасын  өзіңіз  дербес  орындаңыз,  тапсырманы  орындауға  мұқият
қараңыз,  әрі  жауапты  болыңыз.       Өздік  жұмыс  тапсырмаларын   орындау
барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін  жұмысыңыз
мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.
       Өздік жұмысын  орындау  формалары  әр  түрлі:  кесте,  таблица  құру,
реферат,   коллоквиум,  сөзжұмбақ,  пікірталас,  конспект  бойынша   талдау,
аннотация жазу және  т.б.  Оларды  орындау  үшін  оқу  әдістемелік  кешеннің
мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.

     Студенттердің оқытушы жетекшілігімен  орындайтын өздік жұмыстарының
                                тапсырмалары

|№     |Тақырыптары               |Тапсырма  мақсаты және    |Бақылау    |Өткізілу   |
|      |                          |мазмұны                   |түрі       |уақыты және|
|      |                          |                          |           |балл       |
|1     |Мұғалімнің оқыту және     |Мұғалімнің оқыту және     |Әдістемелер|3 апта     |
|      |тәрбиелеу іс-әрекетінің   |тәрбиелеу іс-әрекетінің   |мен жұмыс  |10 балл    |
|      |диагностикасы             |диагностикалау            |           |           |
|      |                          |әдістемелері кешенін құру.|           |           |
|      |                          |Сараптама жүргізу кестесін|           |           |
|      |                          |құру.                     |           |           |
|2     |Мұғалімнің педагогикалық  |Педагогикалық іс-әрекеттің|Әдістемелер|5 апта     |
|      |іс-әрекетінің             |мотивациясын              |мен жұмыс  |20 балл    |
|      |мотивациясының            |диагностикалау            |           |           |
|      |диагностикасы             |әдістемелері кешенін құру:|           |           |
|      |                          |педагогикалық мамандықты  |           |           |
|      |                          |таңдау мотивтері;         |           |           |
|      |                          |педагогикалық іс- әрекет  |           |           |
|      |                          |мотивациясы. Сараптама    |           |           |
|      |                          |кестесін құру.            |           |           |
|3     |Мұғалімнің педагогикалық  |Диагностикалық әдістемелер|Әдістемелер|  9 апта   |
|      |шеберлігінің              |кешенін құру              |мен жұмыс  |10 балл    |
|      |диагностикасы.            |                          |           |           |
|4     |Бір тұтас педагогикалық   |Диагностикалық әдістемелер|Әдістемелер|10  апта   |
|      |процестегі мұғалім-сынып  |кешенін құру              |мен жұмыс  |20 балл    |
|      |жетекшісінің жұмысы және  |                          |           |           |
|      |оның диагностикасы        |                          |           |           |
|      |                          |                          |           |           |

          Студенттердің орындайтын өздік жұмыстарының тапсырмалары

|№     |Тақырыптары               |Тапсырма  мақсаты және    |Бақылау    |Өткізілу   |
|      |                          |мазмұны                   |түрі       |уақыты және|
|      |                          |                          |           |балл       |
|1     |Пән бойынша библиография  |Кітапханада жұмыс         |Библиографи|4 апта     |
|      |құру                      |                          |я          |30 балл    |
|2     |Диагностика және          |Диагностика және          |Анықтамалар|7 апта     |
|      |экспертиза ұғымдары       |экспертиза ұғымдарына     |мен жұмыс  |45 балл    |
|      |                          |берілген анықтамаларды    |           |           |
|      |                          |жүйелеу (әр түрлі ғылым   |           |           |
|      |                          |саласында берілген        |           |           |
|      |                          |анықтамалар).             |           |           |
|3     |«ХХІ- ғасыр мұғалімі»     |Берілген тақырып бойынша  |Эссені     |  11 апта  |
|      |                          |эссе орындау              |талқылау   |30 балл    |
|4     |Мұғалімнің қарым-қатынас  |Диагностикалық әдістемелер|Әдістемелер|12  апта   |
|      |мәдениетінің диагностикасы|кешенін құру              |мен жұмыс  |45 балл    |


                       I – Рубеждік бақылауға тапсырма
      1 – ші нұсқа
       1.Диагностика  ұғымына  әр  ғылымда  берілген   анықтамалар,   оларды
қарастыра отырып ұғымның  мағынасын ашу  керек.
      2. Мұғалімге қойылатын  талаптар:  жалпы,  психологиялық,  әлеуметтік,
дидактикалық т.б.
      3. Мұғалімнің кәсіби және жеке бас қасиеттері,  оларды  диагностикалау
әдістемелері мен жолдары.

      2 – ші нұсқа
       1.  Экспертиза  ұғымына  әр  ғылымда  берілген  анықтамалар,   оларды
қарастыра отырып ұғымның  мағынасын ашу  керек.
      2. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті және жеке тұлғасы.
       3.Мұғалімнің  оқыту   және   тәрбиелеу   іс-әрекетін   диагностикалау
әдістемелері және экспертиза жүргізу.
                      II – Рубеждік бақылауға тапсырма
      1 – ші нұсқа
       1.Мұғалімнің  педагогикалық  босаңсуға  түскен   балалармен   жұмысын
   диагностикалау әдістемелері және жолдары.
          2.Болашақ   маманның   өзін-өзі   тәрбиелеуі   кәсіби   шеберлікті
   қалыптастырудың құралы ретінде.
      3. Мұғалімнің өзін - өзі басқара білу шеберлігі, өзін  -  өзі  қалыпқа
   келтіру  техникасы, өзінің психофизикалық  жағдайын меңгеру техникасы.
      4. Мұғалімнің қарым-қатынас мәдениетіне  диагностика  және  экспертиза
   жүргізу.
      5. Мұғалімнің  кәсіби  қызметіндегі  жанжалдар,  олардың  түрлері  мен
   себептері. Дауларды шешу жолдары.
      2 – ші нұсқа
      1. Мұғалімнің  отбасымен  жұмысын   диагностикалау   және   экспертиза
жүргізу.
      2. Болашақ маманның өз бетінше кәсіптік  білімін  жетілдіруі.  Болашақ
маманның кәсіптік өзін - өзі тәрбиелеу.
      3. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне диагностика.
      4.  Бір  тұтас  педагогикалық  процестегі  мұғалім-сынып  жетекшісінің
жұмысына  диагностика жүргізу және карта толтыру.
       5.  Қарым-қатынасты  ұйымдастыра  білу  және   өзінің   психологиялық
жағдайында оны басқара білу. Педагогикалық такт және  педагогикалық этика.












Пәндер