Файл қосу

Басқа пәндерді меңгеру барысында Тамақ өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтары пәнінен алған білімдерін қолдана білу




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ                                     |
|МИНИСТРЛІГІ                                                                    |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ                                               |
|МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                                       |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты      |ПОӘК                  |                             |
|                           |                      |                             |
|                           |                      |ПОӘК 042-18.5.1.05/02-2013   |
|ПОӘК                       |                      |                             |
|«Тамақ өндірісі            |№ 1 басылым           |                             |
|кәсіпорындарының           |                      |                             |
|технологиялық жабдықтары 2»|«18» 09. 2013 ж       |                             |
|пәнінің студенттерге       |                      |                             |
|арналған бағдарламасы      |                      |                             |










       5В072400 - «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығына


                                  арналған




                       ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ




        «ТАМАҚ ӨНДІРІСІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ  ЖАБДЫҚТАРЫ-2»




                        ПӘНІНІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН
                                БАҒДАРЛАМАСЫ











                                    Семей
                                    2013
                                  Алғы сөз

    1.  ӘЗІРЛЕНДІ
    Құрастырушы:


      ____________ Ғ. Абдилова, т.ғ.к., «Тамақ  өндірісінің  машиналары  мен
аппаратттары» кафедрасының доценті


                                                       «____» _______2013 ж.


    2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
    2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тамақ
өндірісінің машиналары мен аппаратттары» кафедрасы мәжілісінде қаралды


    «___» __________ 2013 ж., № ___ хаттама


    Кафедра меңгерушісі ___________  М. Акимов.


    2.2  Инженерлі-технологиялық  факультеттің  оқу-әдістемелік   бюросының
отырысында қаралды


     «___» __________ 2013 ж., № ___ хаттама


      Төрайымы  ___________  С. Толеубекова.


      3  БЕКІТІЛДІ
      Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің  отырысында  талқыланды  және
басылымға рұқсат етілді
      «___» __________ 2013 ж., № ___ хаттама


      ОӘК төрайымы _______________  Г. Искакова



      4  АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН
















                                   Мазмұны



    |1   |Жалпы ережелер                                                       |    |
|2   |Пәннің (модульдің) мазмұны және сағаттарды бөлу                      |    |
|3   |Пәндерді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар                   |    |
|4   |Курс форматы                                                         |    |
|5   |Курс саясаты                                                         |    |
|6   |Бағаларды кою саясаты                                                |    |
|7   |Әдебиеттер                                                           |    |






































































      1.  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


     1. Оқу жұмыс жоспарынан көшірме


      Абдилова Ғалия Бекенқызы, т.ғ.к., доцент
      Кафедра «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары»
      Байланыс ақпараты – тел: 36-02-15/3, оқу ғимараты № 9, кабинет № 109
      Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 104
      Кредит саны – 3


      1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:
       «Тамақ  өндірісі  кәсіпорындарының  технологиялық   жабдықтары  2»  –
техникалық   ғылым.   «Тамақ   өндірісі    кәсіпорындарының    технологиялық
жабдықтары 2» пәнінің зерттеу нысаны  -  тамақ  өндірісінің  машиналары  мен
аппараттарындағы  технологиялық  процестердің   өту   барысында   туындайтын
өнімдердің физико-механикалық қасиеттері  және  осы  қасиеттердің  көмегімен
процестерді есептеудің оңтайлы  әдістерін  меңгеру  болып  табылады.  «Тамақ
өндірісі кәсіпорындарының технологиялық   жабдықтары  2»   курсы  азық-түлік
технологиясы саласының  мамандарына  арналған  теориялық  инженерлік  негізі
болып табылады.
    Қазіргі замандағы тамақ өндірісі мамандардың технологиялық  процестердің
кинетикасы мен динамикасы аймағындағы терең білімін қажет етеді.
    Инженер – өндірістік процестерді технология  талаптарына  сәйкестендіріп
басқарып қана  қоймай,  сонымен  қатар  ғылымның  соңғы  жетістіктеріне  сай
жоғарғы  техникалық  деңгейде  оңтайлы  өтуін  қамтамасыз  етуі  керек.  Бұл
мақсаттарды  орындау  үшін  маманның  әртүрлі  инженерлік  есептерді  шешуге
қабілеті болуы міндет.
       1.3   Бұл   пәннің   мақсаты   -   студенттердің   «Тамақ   өндірісі
кәсіпорындарының  технологиялық    жабдықтары   2»    жөніндегі   білімдерін
қалыптастыру, осы алған білімдерін болашақ маман алдағы еңбек  тәжірибесінде
қолдана алады.
      1.5.  Пәнді  меңгерудің  негізгі  мақсаты   студенттерді   азық-түлік
өнімдерінің реологиясын оқыту арқылы келесі қажеттіліктерді орындау:
         •  қоспалар қосу,  технологиялық  өңдеу  режимдері  мен  тәсілдерін
           өзгерту арқылы өнімнің құрамы мен сапасын басқаруды меңгеру
         •  процестер реодинамикасының негізгі заңдарын меңгеру
         •  процестер мен аппараттарды есептеу әдістерін меңгеру
            • машиналар мен аппараттардың конструкциясын меңгеру.
    Сонымен   қоса,   пәннің   негізгі   мақсаты   студенттерді    жоғарыда
айтылғандарды (анықтамалар, заңдылықтар, есептерді  шешу  жолдары)  меңгерту
ғана емес, оларды қолдана білуге үйрету.
    1.6. Студент пәнді оқу кезінде білуі керек:

            • Тамақ өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтары  курсының
              негізгі (базалық) заңдарын білуі керек;
            • Тамақ өнімдері өндірісінің  технологиялық  жабдықтарын  білуі
              керек;
            • Теориялық және практикалық мақсаттарға осы  алған  білімдерін
              қолдануға дағдылану;
            •  Тамақ   өнімдерінің   құрылымдық   механикалық   қасиеттерін
              зерттеуге үйрену;
            •  Тамақ   өнімдерінің   құрылымдық   механикалық   қасиеттерін
              анықтауда алған білімдерін қолдануға үйрену;
            • Тамақ өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтары зерттеуде
              қолданылатын тәсілдердің мағынасын түсіну;
            • Басқа пәндерді меңгеру барысында «Тамақ өнімдері  өндірісінің
              технологиялық жабдықтары» пәнінен  алған  білімдерін  қолдана
              білу;
            • Курстың типтік жобалық талаптарын орындауға дағдылану.


    1.7. Курстың пререквизиттері:
            •  гидравлика негіздері;
            •  механика негіздері;
            • жылутехникасының негіздері.
    1.8. Курстың постреквизиттері:
            • тамақ өндірісінің технологиясы;
            • тамақ өндірісінің аппараттары және процесстері.

    2  ПӘННІҢ (МОДУЛЬДЫҢ) МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРДЫ БӨЛУ


      2 кесте – Пәннің мазмұны. Сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
|№   |Тақырыптың аталуы                     |Сағаттары                      |
|р/н |                                      |                               |
|    |                                      |ДС     |ЗС     |СӨЖО   |СӨЖ    |
|1   |Сүттi тасымалдайтын және сақтайтын    |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |жабдықтар.                            |       |       |       |       |
|2   |Сүт сақтауға арналған қондырғылар     |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|3   |Арнайы қолданылатын резервуарлар.     |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |Резервуарлардың технологиялық         |       |       |       |       |
|    |есептерi.                             |       |       |       |       |
|4   |Құбырлар. Құбырлы жүйелердiң          |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |техникалық есептерi                   |       |       |       |       |
|5   |Сораптар                              |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|6   |Сүт өндiрiсiндегi құбырлы жылу        |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |алмастырғыштар қондырғылар            |       |       |       |       |
|7   |Т1-ОУК құбырлы пастеризаторы. Негiзгi |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |есептеулерi                           |       |       |       |       |
|8   |Сүт өндiрiсiндегi пластиналы жылу     |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |алмастырғыштар                        |       |       |       |       |
|9   |Гомогенизаторлар                      |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|10  |Эмульсорлар                           |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|11  |Біртекті емес сұйық жүйелерді сүзуге  |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |арналған жабдықтар. Вакуум-сүзгілер.  |       |       |       |       |
|12  |Центрифугалар                         |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|13  |Сепараторлар                          |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|14  |Iрiмшiк өндiрiсiндегi жабдықтар.      |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |Iрiмшiк ұйытқысын алатын және өңдейтiн|       |       |       |       |
|    |жабдықтар                             |       |       |       |       |
|15  |Iрiмшiктi суытуға арналған жабдықтар  |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|16  |Iрiмшiктi өңдiретiн және сүттi        |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |ұйытатын жабдықтардың негiзгi         |       |       |       |       |
|    |есептеулерi. Iрiмшiк суытатын         |       |       |       |       |
|    |жабдықтардың негiзгi есептеулерi.     |       |       |       |       |
|17  |Сыр жасайтын жабдықтар. Сырды жасау   |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |апараттарының құрылысы. Сыр жасайтын  |       |       |       |       |
|    |ваннаның негiзгi технологиялық есебi. |       |       |       |       |
|18  |Балмұздақ шығару өндiрiсiндегi        |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |жабдықтар. Үздiксiз жұмыс iстейтiн    |       |       |       |       |
|    |фризерлер                             |       |       |       |       |
|19  |Май өндiрiсiндегi жабдықтар. Үздiктi  |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |жұмыс iстейтiн май жасағыштардың есебi|       |       |       |       |
|20  |Үздiксiз жұмыс iстейтiн май дайындағыш|1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|21  |Шыны ыдысқа сүттi құятын желi.        |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|22  |Сүттi бiр рет қолданылатын ыдысқа     |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |құюға арналған автоматтар. Сүттi құюға|       |       |       |       |
|    |арналған автоматтардың технологиялық  |       |       |       |       |
|    |есептеулерi.                          |       |       |       |       |
|23  |Шөлмектерге қоймалжың-сұйық өнiмдердi |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |құйып жабатын автоматтар.             |       |       |       |       |
|24  |Шөлмектерге қаймақ құйып жабатын      |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |автоматтың                            |       |       |       |       |
|    |технологиялық есептелуi. Сүт          |       |       |       |       |
|    |өндірісінде қолданылатын буландыру    |       |       |       |       |
|    |қондырғылары.                         |       |       |       |       |
|25  |Тамақ өнімдерін құйып жабатын және    |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |буып-түйетін машиналар мен автоматтар.|       |       |       |       |
|26  |Жылулық  аппараттар құрылғыларының    |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |жалпы принциптары. Тамақ пісіру       |       |       |       |       |
|    |қазандарының құрылғысы және жіктелуі. |       |       |       |       |
|27  |Қуыру пісіру жабдықтары. Қуыру-пісіру |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |процестері мен жабдықтары былай       |       |       |       |       |
|    |жіктелінед.                           |       |       |       |       |
|28  |Пісіру пештері. Тұйық пештер. Тонельді|1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |пештер. Ұлттық нан  түрлерін пісіретін|       |       |       |       |
|    |пештер.                               |       |       |       |       |
|29  |Майды балқытуға арналған аппараттар.  |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |Барботерлі және араластырғышы бар ашық|       |       |       |       |
|    |қазандықтар                           |       |       |       |       |
|30  |Майды балқытуға арналған жабдықтардың |1      |0,5    |1,5    |1,5    |
|    |технологиялық есебі                   |       |       |       |       |
|    |Майдың балқу процесі кинетикасының    |       |       |       |       |
|    |жылдамдығы                            |       |       |       |       |
|    |Майдың балқу ұзақтығын есептеу        |       |       |       |       |
|    |Барлығы                               |30     |15     |45     |45     |


    3 ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР


    Пәнді меңгеру барысында тақырыптардың негізгі  мазмұнына  көңіл  аудару
керек. Ол үшін студенттің  оқулықпен  жұмысын  жеңілдету  мақсатында  оқыту-
әдістемелік кешені  ұсынылады.  Әрбір  тақырыптың  дәрісі  соңында  өзін-өзі
тексеру сұрақтары бар.
    Оқулықты дұрыс таңдаудың үлкен мағынасы бар. Бірнеше оқулықты қатарынан
пайдалану дұрыс  емес.  Ұсынылған  әдебиеттердің  ішіндегі  біреуін  негізгі
әдебиет етіп таңдап алу керек.  Басқа  оқулықтарды  егер  де  қажет  тақырып
жайында мағлұмат болмағанда немесе аз болған жағдайда пайдаланған жөн.
    Курсты пәннің бағдарламасына сәйкес тақырыптар легімен меңгерген мақұл.
Оқулықпен  жұмыс  жасау   барысында   ұсынылған   кешендегі   мысалдар   мен
сараптамалар міндетті түрде болуы қажет.  Тек  осыдан  кейін  ғана  өзін-өзі
тексеру сұрақтарына жауап берілуі керек.
    Теориялық алған білімдерін студенттер  практикалық  есептерді  шығарған
кезде ғана меңгерілді деп есептеуге болады.

           КУРС ФОРМАТЫ


    Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан 2 рет жүргізіледі. Дәріс сабақтарында
күрделі, мәселелі сұрақтарды қарастырады.  Мысалы дәрістер құрылымы  мынадай
– сабақ  мәнін  талқылау  немесе  блиц-сұрақ  (10(15  минут),  дәріс  (35(40
минут), материалдарды бекіту. Сабақты мұндай  құрылымда  жүргізу  студенттен
жүйелілікті, ұсынылған  әдебиеттермен  өздігінен  жұмыс  жасай  білуді  және
дәрістегі жаңа тақырып бойынша материалдарды білуді талап етеді.
      Зертханалық сабақтар  теориялық  материалдарды  тереңірек  қарастыруды
қажет ететін мәселелерді шешуге арналған.
      Аудиториялық  ОСӨЖ  уақытында  сіздердің  дәріске  немесе  зертханалық
сабаққа дайындалу процесінде, сондай-ақ үйге берген  өздік  жұмысын  орындау
кезінде  туындаған сұрақтарыңызды қарастырамыз.
      Сонымен қатар аптасына  бір рет, кафедрада бекітілген график  бойынша,
мен жекелей немесе топпен консультация түрінде ОСӨЖ сабағын өткіземін.
    Пәнді оқуға арналған сабақ уақытының үштен бір бөлігінде, сіздер  менің
көмегімсіз өздеріңіз жұмыс жасайсыздар. Өздік жұмысына арналған  тапсырмалар
түрлері, ОСӨЖ және СӨЖ жоспары – кестесінде көрсетілген.

        КУРС САЯСАТЫ

    Пәнді  оқуға  берілген   барлық   кезеңде,   менің   сіздерге   қойатын
талаптарымның  барлығын  орныдайсыз   және   бір-бірімізді   түсінеміз   деп
ойлаймын.
      1. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол  сізді  курсты  толық
меңгеруден  босатпайды.  Егер  студент   сабақтарды   себепті   жағдайлармен
босатса, онда  ол  факультет  деканатынан  анықтама-рұқсат  алуға  міндетті.
Рұқсат алғанан кейін студент  сабаққа  қатыса  алады.  Босатқан  сабақтардың
тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және  көрсетілген  уақытта
оны  орындап  тапсыру  қажет.  Тапсырма  тиісті   бағамен   бағаланады,   ал
босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды.
      2. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық  жұмыстарға  және  емтихандарға
белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ  өз  уақытында  және  шамаңыз
келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында  өткізуіңіз
керек. Тапсырмаларынызды пунктуальды және  уақытында  тапсыруларыңыз  керек.
Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге  жетуге  мүмкіндік
береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе  оқытушының  ескертуіне
құлақ аспаса, ол студентті сабақтан шығарып жібере алады және  ол  студентті
тәртіпке салу үшін оған қосымша тапсырмалар беріледі.
      3. Аудиториялық сабақ уақытында  Сіздердің  ұялы  телефондарыңыз  өшіп
тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы  студентті  жауапқа  тартуға
құқығы бар.
      4. Сіздер студенттермен  және  оқытушыларыңызбен  ашық,  шыдамды  және
мейірімді болулары керек.
      5. Біреуден көшіріп алу  және  плагиат  (дайын  тапсырмаларды  қолдану
немесе  көшіріп  алу  және  басқа  студенттердің  көмегін  пайдалану)   үшін
Оқытушының    студентті    аудиториядан     шығарып     жіберуіне     немесе
қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар.
      6. Межелік  аттестация  қорытындысы,  студенттің  сабаққа  қатысуымен,
өзіндік  жұмысты  орындауымен,  сабақта  ауызша  және   жазбаша   жауаптарға
байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады.

      6  БАҒАЛАРДЫ  ҚОЮ САЯСАТЫ


      Пән бойынша үлгерімді бақылау келесі түрде жүзуге асырылады:
      - ағымдағы бақылау  («Тамақ  өндірісінің  технологиялық  жабдықтары-1»
пәнінің оқу процесінің күнтізбелік кестесіне сәйкес жүргізіледі)
      - межелік бақылау (7 және 15 апталар)
      - қорытынды бақылау
      Ағымдағы   бақылау   кезінде   студенттің   дәріс   және   зертханалық
сабақтардағы жұмысы бағаланады,  сонымен  қатар  үй  тапсырмаларын  орындау,
рефераттарды жазу және т.с.с.
      Межелік бақылау – оқытушының  қатысуымен  тесттерге  жауап  беру  және
аудиториялық бақылау жұмыс орындау.
      Пән  бойынша  баға  100  %-тік   шкала  бойынша  пайыздық   мөлшерімен
қойылады.


      «Тамақ  өндірісі  кәсіпорындарының  технологиялық  жабдықтары-2»  пәні
бойынша ұпайлардың үлестірілуі
                                                                     2-кесте
|Апта |Бақылау түрі                               |Ұпайлар         |Ескерту    |
|1    |2                                          |3               |4          |
|1-7 апталарда дәрістерге және зертханалық         |30              |           |
|сабақтарға қатысу                                 |                |           |
|1    |Тапсырмалар түрлерімен танысу              |                |           |
|2    |Ауызша жауап беру                          |20              |ПС         |
|3    |Ауызша жауап беру                          |20              |ПС         |
|     |Аудиториялық бақылау жұмыс                 |15              |ОСӨЖ       |
|4    |Ауызша жауап беру                          |20              |ПС         |
|     |Реферат                                    |30              |СӨЖ        |
|5    |Ауызша жауап беру                          |20              |ПС         |
|     |Аудиториялық бақылау жұмыс                 |15              |ОСӨЖ       |
|6    |Ауызша жауап беру                          |20              |ПС         |
|     |Реферат                                    |30              |СӨЖ        |
|7    |Межелік бақылау 1                          |80              |           |
|1-7 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар      |300             |           |
|8-15 апталарда дәрістерге, практикалық және       |30              |           |
|лабораториялық сабақтарға қатысу                  |                |           |
|8    |Ауызша жауап беру                          |15              |ПС         |
|9    |Ауызша жауап беру                          |15              |ПС         |
|10   |Ауызша жауап беру                          |15              |ПС         |
|     |Аудиториялық бақылау жұмыс                 |15              |ОСӨЖ       |
|     |Ауызша жауап беру                          |15              |ПС         |
|11   |                                           |                |           |
|     |Реферат                                    |30              |СӨЖ        |
|12   |Ауызша жауап беру                          |15              |ПС         |
|     |Ауызша жауап беру                          |15              |ПС         |
|13   |                                           |                |           |
|     |Аудиториялық бақылау жұмыс                 |15              |ОСӨЖ       |
|     |Ауызша жауап беру                          |15              |ПС         |
|14   |                                           |                |           |
|     |Реферат                                    |30              |СӨЖ        |
|15   |Межелік бақылау 1                          |75              |           |
|8-15 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар     |300             |           |
|Емтиханға арналған барлық ұпайлар                 |400             |           |
|Академиялық кезеңге арналған барлық ұпайлар       |1000            |           |


    8. ӘДЕБИЕТТЕР


8.1. Негізгі
8.1.1. Еренғалиев  А.Е.,  Қасенов  Ә.Л.,  Орынбеков  Д.Р.  Ет  өнеркәсібінің
технологиялық жабдықтары.  Шәкәрім атындағы Семей  мемлекеттік  университеті
– Семей: 2010. – Б. 212.
8.1.2. Ет  өнеркәсібінің  технологиялық  жабдықтары  бойынша  лабораториялық
практикум. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті – Семей: 2012.  –
Б. 208.
8.1.3. Пелеев А.И.  «Технологическое  оборудование  мясной  промышленности».
М.: Пищевая промышленность, 1971.
8.1.4.  Ш.  Тілегенов,  Күзембаев,  Н.   Өсеров   «Тамақтану   кәсіпорынының
жабдықтары»   Ы.   Алтынсарин   атындағы   Қазақтың   білім    академиясының
Республикалық баспа кабинеті, 1999 ж., 253 бет.
8.1.5.  Сурков   В.Д.,   Липатов   Н.Н.,   Золотин   Ю.П.   «Технологическое
оборудование   молочной    промышленности».    М.    «Легкая    и    пищевая
промышленность», 1983. – 431с.
8.1.6. Ивашов  В.И.  «Технологическое  оборудование  мясной  промышленности»
Часть 1. М. Колос 2001 – 552 с.
8.1.7. Касенов А.Л. «Сүт өнеркәсібіндегі  технологиялық  жабдықтар»,  Семей,
2002 ж., - 152 бет

 8.2. Қосымша
8.2.1.  Аболмасов  Г.И.  «Примеры  и  задачи   по   курсу   технологического
оборудования молочной промышленности». 1966 г.
8.2.2.   Томбаев   Н.И.   «Справочник   по   технологическому   оборудованию
предприятий молочной промышленности». 1972 г. – 295 с.




Пәндер