Файл қосу

ТИТРИМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗ ӘДІСТЕРІ




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                     |
|СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                      |
|3 деңгейдегі СМЖ    |ПОӘК                 |                             |
|құжаты              |                     |ПОӘК  042-18-10.1.97/01-2014 |
|ПОӘК «Химиялық      |«11».09. 2014        |                             |
|сандық анализ» пәні |№2 басылымы          |                             |
|бойынша оқытушыға   |                     |                             |
|арналған бағдарлама |                     |                             |














                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ





                        «Химиялық сандық анализ» пәні


         5В072000-«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»,
   5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы»  мамандықтарына
                                  арналған

                     ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ














                                    Семей
                                     2014



                                  Алғы сөз

1 ӘЗІРЛЕНГЕН

ҚҰРАСТЫРУШЫ                         «_____»_____  2014  ж.  Б.Х.  Мұсабаева,
х.ғ.к.,
«Химия» кафедрасы меңгерушісі

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1  «Химия» кафедрасы мәжілісінде   «29»  тамыз  2014 ж.,  № 1  хаттама

Кафедра  меңгерушісі                                  Б.Х. Мұсабаева

2.2  Инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің
мәжілісінде
«05» қыркүйек  2014 ж.,  № 1  хаттама

Төрайымы                              С.С. Төлеубекова

3  БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде мақұлданған және басып
шығаруға ұсынылған
«11»  қыркүйек  2014 ж.,  № 1  хаттама

ОӘК төрайымы                                Г.Қ. Искакова

4  «18» 09. 2013 №1 БАСЫЛЫМ  ОРНЫНА   ЕНГІЗІЛГЕН





















                                   Мазмұны



|1  |Қолданылу саласы                             |4                       |
|2  |Нормативтік сілтемелер                       |4                       |
|3  |Жалпы ережелер                               |4                       |
|4  |Пәннің (модульдың) мазмұны                   |6                       |
|5  |Білім алушылардың өздік жұмыстарының         |8                       |
|   |тақырыптары                                  |                        |
|6  |Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыздандыру |15                      |
|   |картасы                                      |                        |
|7  |Әдебиеттер                                   |16                      |








































      1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу  бағдарламасы,  5В072000-«Бейорганикалық
заттардың химиялық технологиясы»,  5В072100-«Органикалық заттардың  химиялық
технологиясы»  мамандықтары бойынша «Химиялық сандық  анализ»  пәнін  оқитын
студенттердің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіреді.

      2  НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

    «Химиялық  сандық  анализ»  пәнінің  оқытушыға   арналған   оқу   жұмыс
бағдарламасы келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына  сәйкес  берілген
пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін белгілейді:
      - Жоғары білімнің мемлекеттік жалпы білім  беру  стандарты,  23  тамыз
2012  жылғы  №  1080   Қазақстан   Республикасының   Үкіметінің   қаулысымен
бекітілген;

      - 5В072000-«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»,
5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы»  мамандықтарының
типтік оқу жоспарлары, 2013 жыл.

      - СТУ 042-ГУ-4-2014 «Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуге  және
ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;
      - ДП 042-1.01-2014 «Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы  және
мазмұны» құжаттандырылған процедурасы.


      3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


          3.1  Пәннің қысқаша мазмұны
      Аналитикалық химияның, соның ішінде сандық анализдің пәні мен мақсаты;
сынама алу, сынаманы анализге дайындау; химиялық анализдің метрологиялық
негіздері, анализ қателіктері; гетерогенді процесстердегі тепе-теңдік;
гравимериялық анализ; титриметриялық анализ; қышқылдық-негіздік тепе-
теңдік;тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы тепе-теңдік; комплекс түзу
кезіндегі тепе-теңдік; титриметриялық анализ әдістері: қышқылдық-негіздік,
редоксиметриялық, комплексонометриялық тұндыра титрлеу. Химиялық
идентификация негіздері, бөлу концентрлеу, бүркемелеу әдістері.
      3.2  Курс мақсаты:
   - Аналитикалық химияның теориялық негіздерін қарастыру;
   - Анализдің химиялық әдістерімен таныстыру;
   - Химиялық сандық анализ әдістерінің теориялық негіздерін және
     қолданылуын қарастыру.
        3.3 Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер:
   - Анализ әдістемесін дұрыс таңдауды үйрету;
   - Анализ нәтижесін статистикалық өңдеуді үйрету;
-   Аналитикалық химияда қолданылатын химиялық реакциялардың механизмін,
жүру жағдайларын, анализ әдістерін, анықтау мен бөлудің теориялық
негіздерін оқыту.
-   Студенттердің  практикалық дағдысы мен іскерлігін жетілдіру.
        3.4  Курсты оқыған студент мыналарды меңгеруі тиіс:
Келешек мамандардың білімі мен практикалық дағдысына
қойылатын талаптар.
-Химиялық құбылыстарды бақылап, түсіндіре білу.
-Химия тілін, қазіргі номенклатураны жете білу.
-Химиялық реакциялар теңдеулерін ( молекулалық, иондық, иондық-молекулалық,
тотығу-тотықсыздану реакцияларының) құрастыра білу.
-Химиялық анализ әдістемелерін сараптай білу.
-Анализ нәтижелерін математикалық өңдей білу.
-Анализ әдістерімен байланысты есептер шығара білу.
-Концентрациялары дәл ерітінділер дайындай білу.
-Титрлеу техникасын жете меңгеру.
-Аналитикалық таразыда өлшей білу.
-Лабораториялық құрал-жабдықтарды, аспаптарды, реактивтерді, химиялық
ыдыстарды дұрыс қолдана білу.
       3.5  Курс пререквизиттері:
    • «Физика»
    • «Бейорганикалық химия».
       3.6  Курс постреквизиттері:
    «Физика-химиялық анализ әдістері».
       3.7 Оқу жоспарынан көшірме:
                                                                     1 кесте
|Курс                                                             |Семестр |
|1 МИКРОМОДУЛЬ. КІРІСПЕ. ГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗ                             |
|Дәрістер                                                                  |
|Кіріспе.Аналитикалық химияның пәні, мақсаты және әдістері.       |1       |
|Сапалық, сандық анализ, олардың мақсаты мен міндеттері. Анализ   |        |
|түрлері. Аналитикалық химияның негізгі әдістері: химиялық,       |        |
|физика-химиялық, физикалық әдістер. Макро-, микро-,              |        |
|ультрамикроанализ.                                               |        |
|Химиялық анализдің метрологиялық негіздері. Аналитикалық сигнал, |2       |
|оны өлшеу. Анализ қателіктері, олардың жіктелуі. Абсолютті және  |        |
|салыстырмалы қателіктер. Жүйелік, кездейсоқ, өрескел             |        |
|қателіктер.Анализ нәтижелерін статистикалық өңдеу.               |        |
|Аналитикалық химиядағы гетерогенді процесстер. Тұнба мен ерітінді|2       |
|арасындағы тепе-теңдік. Тұнбаның ЕК-сы, ерігіштігі. Ерігіштікке  |        |
|әсер етуші факторлар.                                            |        |
|Гравиметриялық анализ. Ұшыру және тұндыру әдістері. Тұндыру      |2       |
|әдісіндегі операциялар. Тұнбалық және гравиметриялық формалар,   |        |
|оларға қойылатын талаптар. Тұнбалардың ластану түрлері, олармен  |        |
|күресу жолдары. Кристалды және аморфты тұнбаларды алу            |        |
|жағдайлары.Гравиметриялық анализдің артықшылықтары мен           |        |
|кемшіліктері.                                                    |        |
|Зертханалық сабақтар                                                      |
|Химиялық анализдегі жалпы операциялар техникасы                  |1       |
|Барий хлориді кристаллогидратындағы кристалдық су мөлшерін       |1       |
|анықтау.                                                         |        |
|Барий хлоридіндегі барий мөлшерін анықтау.                       |2       |
|2 МИКРОМОДУЛЬ. ТИТРИМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗ ӘДІСТЕРІ                             |
|Титриметриялық анализ әдістерінің негізгі сипаттамалары.         |2       |
|Титриметриялық анализ негізі. Титрлеу, титрант, жұмысшы ерітінді,|        |
|эквиваленттік нүкте, титрлеудің соңғы нүктесі. Титриметриялық    |        |
|анализ әдістері; қышқылдық негіздік, редоксиметриялық,           |        |
|комплексометриялық, тұндыра титрлеу әдістері. Титрлеу тәсілдері: |        |
|тура, кері, ығыстыра титрлеу, пипеттеу, жеке өлшемелер тәсілі.   |        |
|Стандартты және стандартталған ерітінділер.                      |        |
|Қышқылдық-негіздік реакциялар. Қышқылдық-негіздік тепе-теңдік.   |3       |
|Қышқылдық және негіздік константалар, рН шамасын есептеу.        |        |
|Қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясы, Іліктес қышқылдар|        |
|мен негіздер. Еріткіштердің қышқылдық-негіздік қасиеттері,       |        |
|Автопротолиз, автопротолиз константасы.Буферлі ерітінділер,      |        |
|буферлік сиымдылық.                                              |        |
|Қышқылдық-негіздік титрлеу. Ацидометриялық және алкалиметриялық  |2       |
|титрлеу. Қышқылдық-негіздік индикаторлар,оларға қойылатын        |        |
|талаптар, түс өзгерту аймағы, титрлеу көрсеткіші.                |        |
|Қышқылдық-негіздік титрлеу қисықтары, оларды құру, индикатор     |        |
|таңдау. Титрлеу секірмесіне әсер етуші факторлар.                |        |
|ТТР кезіндегі тепе-теңдік. Редокс-жұп, редокс-потенциал. Нернст  |2       |
|теңдеуі, оның варианттары. Редокс-потенциал шамасына әсер етуші  |        |
|факторлар: рН, концентрация, иондық күш, іліктес                 |        |
|тепе-теңдіктердің болуы. ТТР бағыты, тепе-теңдік константасы.    |        |
|Редоксиметриялық титрлеу.Әдістің мәні, титрлеу қисығы. ТСН       |1       |
|анықтау тәсілдері. Редоксиметриялық титрлеу әдістері:            |        |
|перманганатометрия, дихроматометрия, йодометрия, йодиметрия.     |        |
|Комплекс түзу реакциялары. Комплексті қосылыстардың тұрақтылық   |2       |
|және тұрақсыздық константалары. Сатылық константалар.            |        |
|Комплекстердің концентрациялық сипаттамалары.                    |        |
|Металдардың органикалық лигандтармен комплекстері, олардың       |2       |
|жіктелуі. Лигандтар дентанттығы. Иондық ассоциаттар, ішкі        |        |
|комплексті қосылыстар, хелаттар. Хелаттық эффект.                |        |
|Комплексометриялық титрлеу. Титрлеу қисықтары. Бейорганикалық    |1       |
|лигандтармен титрлеу әдістері. Комплексондар, комплеконометриялық|        |
|титрлеу. Металл-индикаторлар, металлохромды индикаторлар, әсер   |        |
|ету механизмі.Комплексонометриялық титрлеу тәсілдері.            |        |
|Тұндыра титрлеу. Титрлеу қисықтары.  Аргентометрия, меркуриметрия|1       |
|және роданометрия әдістері. ЭН анықтау тәсілдері: Мор, Фольгард  |        |
|және Фаянс әдістері, қолданылатын индикаторлар.                  |        |
|Зертханалық сабақтар                                                      |
|Хлорлы сутек қышқылын натрий тетрабораты бойынша стандарттау.    |1       |
|Ерітіндідегі сілті мөлшерін анықтау.                             |1       |
|Натрий гидроксиді мен натрий  карбонатын бір ерітіндіден анықтау.|2       |
|Перманганатометрия: Калий перманганатын дайындау және титрін     |1       |
|қымыздық қышқылы бойынша анықтау.                                |        |
|Иодометрия: Натрий тиосульфатының титрін калий перманганаты      |1       |
|бойынша анықтау.                                                 |        |
|Мыс сульфаты ерітіндісінде мысты анықтау.                        |1       |
|Дихроматометрия. Ерітіндіде темір мөлшерін анықтау.              |1       |
|Трилон Б ерітіндісін дайындау және титрін кальций хлориді бойынша|1       |
|анықтау.                                                         |        |
|Судың жалпы кермектігін анықтау.                                 |1       |
|Күміс нитраты ерітіндісін дайындау және титрін Мор әдісімен      |1       |
|анықтау.                                                         |        |
|3 МИКРОМОДУЛЬ. ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ, БӨЛУ ЖӘНЕ КОНЦЕНТРЛЕУ ӘДІСТЕРІ           |
|Дәрістер                                                                  |
|Химиялық идентификациялаудың негіздері және әдістері. Сапалық    |2       |
|реакицялар, олардың жіктелуі. Жүйелік және бөлшектік сапалық     |        |
|анализ. Спектральды әдістермен, хроматографиялық әдістермен      |        |
|идентификациялау.                                                |        |
|Бүркемелеу әдістері. Қолданылатын реакциялар. Термодинамикалық   |1       |
|және кинетикалық бүркемелеу. Ьүркемелеуші агенттер.              |        |
|Бөлу және концентрлеу әдістері. Бөлу, концентрлеу әдістерін      |2       |
|жіктеу. Физикалық, химиялық, физика-химиялық әдістермен бөлу және|        |
|концентрлеу. Бөлу мен концентрлеудің сандық сипаттамалары: таралу|        |
|коэффициенті, бөлу дәрежесі, концентрлеу дәрежесі.               |        |
|Экстракция әдісі. Экстракция әдісімен бөлу және концентрлеу.     |2       |
|Экстрагенттер, реэкстрагенттер, экстракт.Экстракцияның түлері,   |        |
|сандық сипаттамалары. Артықшылығы мен кемшілігі.                 |        |
|Дәрістер, барлығы                                                |30      |
|Зертханалық сабақтар                                             |15      |

      5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

БӨЖ №1
1. Гаусс таралуы.
2. Стьюдент таралуы (t-таралу).
3. Қай таралу кезінде сенімділік интервалы тар: Гаусс таралуында немесе
Стьюдент таралуында?
4. Анализ қателіктері, қателіктерді жіктеу түрлері:
а) есептеу жолы бойынша;
ә) шығу себебі бойынша.
5. Абсолютті және салыстырмалы қателіктер.
6. Жүйелік қателіктер, олардың түрлері.
7. Кездейсоқ қателіктер, оларды бағалау. Анализ нәтижелерін статистикалық
өңдеу.
8. Өрескел қателіктер, Q-критерий.
9. Екі орташаны салыстыру, F-критерий.
10. Анализдің негізгі метрологиялық сипаттамалары: дұрыстығы, дәлдігі
қайталанғыштығы, анықтау шегі, анықталатын мөлшер аймағы.
11. Ерітіндіні зерттегенде мынадай рН мәндері табылған: 5,48; 5,45; 5,30;
5,55. Мына нәтиже: рН=5,30 өрескел кателік бола ма (α=0,95)?
                                              (Жауабы: өрескел қателік емес)
12.  Апатитті анализдегенде Р2О5 мөлшері (%) бойынша мынандай нәтижелер
алынды: 35,11; 35:14;  35,18; 35,21; 35,42. Соңғы нәтиже өрескел қателік
бола ма(α=0,95)?
                                                   (Жауабы: өрескел қателік)
13.  Рудада мырыш мөлшерін анықтағанда келесі нәтижелер алынды, % : 3,58;
3,44; 3,90; 3,59. Мына нәтиже: 3,90 өрескел қателік бола ма (α=0,99)?
                                              (Жауабы: өрескел қателік емес)
14.  Калий перманганатының нормальдігін анықтаған кезде мынадай нәтижелер
алынды: 0,1013; 0,1012; 0,1012; 0,1014. Орташа мәннің сенімділік интервалын
аныкта (α=0,95).
                                                   (Жауабы: 0,1011>µ<0,1015)
15. Күкірт қышқылының 0,1285Н стандартты ерітіндісін натрий гидроксидімен
титрлегенде қышқыл нормальдігінің табылған шамалары мынадай болды: 0,1274;
0,1278; 0,1280; 0,1275.Табылған нәтижелерде жүйелік қателіктер бар ма
(α=0,95)?
                                               (Жауабы: жүйелік қателік жоқ)
16.  Мырышты амперометриялық титрлегенде табылған мырыш мөлшері, мг: 15,10;
15,05; 14,97. Табылған нәтижелерде жүйелік қателік бар ма? Мырыштың шынайы
мөлшері 15,00мг (α=0,95).
                                               (Жауабы: жүйелік қателік жоқ)
17.  Құрамында 11,58% мыс бар руданың стандартты ерітіндісін жаңа әдіспен
анализдегенде мынандай нәтижелер алынды, %: 11,50; 11,53; 11,60; 11,44. S
және (α  есепте, жүйелік қателік бар ма (α=0,95)?
                                 (Жауабы: 0,0685; 0,11; жүйелік қателік жоқ)
18.  Мырыш рудасын анализдегенде (құрамында 3,57% мырыш бар) келесі
нәтижелер алынды: 3,57; 3,55; 3,68; 3,81.Осы нәтижелер үшін S, Sх, (α
есепте, жүйелік қателік бар ма (α=0,95)?
                          (Жауабы: 0,111; 0,0555; 0,18; жүйелік қателік жоқ)
19.  Барийді гравиметриялық анализдегенде табылған нәтижелер,%: 43,44;
43,50; 43,53; 43,48. Стандартты ауытқу S есепте (α=0,95).
                                                             (Жауабы: 0,038)
20. Топырақтағы мырыш мөлшерін анықтау кезінде мынадай нәтижелер алынды:
(%): 8,5•10-3 ;10,4•10-3 ;7,9•10-3. Әдістің дәлдігі мен салыстырмалы
дәлдігін есепте ((α және ∆). α=0,95.
                                                   (Жауабы:3,2·10-3; 35,95%)
21.Гравиметриялық анализ әдістері: ұшыру әдісі, тұндыру әдісі.
22.Тұндыру әдісіндегі операцияларды орындау реті бойынша атап бер.
23.Тұнбалық форма, оған қойылатын талаптар.
24.Гравиметриялық форма, оған қойылатын талаптар.
25.Гравиметриялық анализдегі есептеулер. Аналитикалық көбейткіш
(гравиметриялық фактор).
26. Тұндыру толықтығы деген не, оған қалай жетуге болады?
27. ВаSО4 тұнбасының тұндыру толықтығына температура, тұндырғыш мөлшері,
бөтен электролиттің болуы қалай әсер етеді?
28.Тұнба ластануының түрлері: бірге тұну, соңынан тұну, қосарласа тұну
(адсорбция, окклюзия, инклюзия), олармен күресу жолдары.
29.Кристалдық тұнбаларды алу жағдайлары.
30. Аморфты тұнбаларды алу жағдайлары.
31. Анализ нәтижесінде 0,3г BaSO4 тұнбасы түзілуі үшін құрамында 30%
күкірт бар пириттен анализге қандай өлшеме алу керек?
                                                             (Жауабы: 0,14г)
32. Қорғасынды  PbSO4 түрінде (тұнба массасы 0,5г), қалайыны SnO2  түрінде
(тұнба массасы 0,2г) анықтау үшін құрамында 65% Pb және 15% Sn бар құймадан
анализге қандай өлшемелер алу қажет?
                                                      (Жауабы: 0,52г; 1,05г)
33. Құрамында 90% Mg бар 0,5г құймадан магнийді  MgNH4PO4 түрінде тұнбаға
түсіру үшін 0,5М  Na2HPO4  ерітіндісінің қандай көлемі қажет, егер
реагенттер стехиометриялық қатынаста алынса?
                                                              (Жауабы: 37мл)
34. Құрамында 22% Ag бар 2,0г құймадан күмісті AgCl түрінде тұндыру үшін
неше мл 35% тұз қышқылы (ρ =1,17г/мл) қажет, егер тұндырғыш 1,5 есе артық
алынған болса?
                                                            (Жауабы: 0,55мл)
35. 0,3г  CaCO3 тұнбасын 250мл сумен шайғанда неше грамм тұнба ерітіндіге
ауысады, ол тұнбаның қанша % құрайды?
                                                  (Жауабы: 1,54•10-3г; 0,5%)
36.Ерігіштігінің әсерінен тұнбаның шығыны 0,05%-тен аспауы үшін 0,5г
MgNH4PO4 . 6H2O тұнбасын қандай көлемдегі сумен шаюға болады?
                                                            (Жауабы: 16,2мл)
37. 0,5М FeCl3 ерітіндісінде рН=2,5 шамасында темір (ІІІ) гидроксидінің
тұнбасы түзіле ме?
                                                               (Жауабы: жоқ)
38. 0,3000г  техникалық натрий сульфидіндегі сульфидті сульфатқа шейін
тотықтырып, тұндырғанда  0,8250г  BaSO4 алынды. Техникалық препараттағы
күкірт пен сульфидтің  мөлшерін есептеп, теориялық шамаман салыстыр.
                                                    (Жауабы: 37,78%, 41,08%)
  39. 1,5000г цементтен құрыштағаннан кейін 0,2105г  Mg2P2O7 тұнба алынды.
                      Цементте неше пайыз  MgO болған?
                                                             (Жауабы: 5,08%)
40. Бронза құрамында неше пайыз Pb, Zn, Sn бaр, егер 1,000г бронзадан
0,0430г PbSO4 , 0,1553г Zn2P2O7  және 0,0632г SnO2 алынған болса?

БӨЖ №2
1. Титриметриялық анализдің негізі. Анализ қай заңға негізделген?
2. Эквиваленттік нүкте (ЭН), титрлеудің соңғы нүктесі (ТСН).
3. Титриметриялық анализде реакцияларға қойылатын талаптар.
4. Титрленген ерітінділер, олардың түрлері: стандартты  және  стандартталған
   ерітінділер (біріншілік және екіншілік стандарттар). Фиксанал  (стандарт-
   титр) деген не?
5. Стандартты заттар, оларға қойылатын талаптар.
6. Қолданылатын реакция түріне байланысты титриметриялық анализ әдістері.
7. Титрлеу тәсілдері: тура титрлеу, ығыстыра титрлеу, кері титрлеу.
8. Титрлеудің пипеттеу тәсілі, жеке өлшемелер тәсілі.
9. Ерітіндінің титрі, анықталатын зат бойынша титрі.
10. Теориялық титрлеу қисықтары, координаталары, оларды не үшін салады?
11.Келесі реакциялардағы  Н2SO3 эквиваленттік факторын есепте:
а) Н2SO3 + NaOH = NaНSO3 + H2O;
б) Н2SO3 + 2NaOH = Na2SO3 + 2H2O.
                                                            (Жауабы: 1; 1/2)
12. Сілті ерітіндісінің нормальдігін  есепте,  егер  ТNaOH/SO3  =0,02174г/мл
болса.
                                                            (Жауабы: 0,5431)
13. H2SO4 ерітіндісінің нормальдігі 0,1008. Ерітінді титрін есепте.
                                                          (Жауабы: 0,004943)
14. Т H2SO4 есепте, егер 0,01Н ерітінді үшін  түзету  коэффициенті  К=0,9123
болса.
                                                         (Жауабы: 0,0004474)
15.  0,1Н  H2SO4  үшін  шынайы  молярлық,  нормальдік,  ТH2SO4,  ТH2SO4/NaOH
есепте, егер К=0,9808 болса.
                              (Жауабы: 0,09808; 0,04904; 0,004812; 0,003923)
16.  550мл  0,1925Н  HCl  ерітіндісіне   50,00мл   титрі   0,02370г/мл   HCl
ерітіндісін қосты. Алынған ерітіндінің нормальдігі мен титрін есепте.
                                                  (Жауабы: 0,2306; 0,008408)
17. 0,5000Н ерітінді алу үшін 1,00л 0,5300Н  NaOH ерітіндісіне  неше  мл  су
қосу қажет?
                                                              (Жауабы: 60мл)
18. 1,00л 0,1Н ерітінді дайындау үшін неше  мл  тұз  қышқылы  (ρ  =1,19г/мл)
қажет?
                                                               (Жауабы: 8мл)
19. Титрлеуге 20мл 0,1Н NaOH жұмсалу үшін  қымыздық  қышқылының  H2C2O4•2H2O
қандай өлшемесін алу қажет?
                                                           (Жауабы: 0,1261г)
20.  Титрлеу  қисықтарын  сал:  а)  0,2000Н  тұз  қышқылын  0,1000Н   натрий
гидроксидімен; ә)0,1000Н құмырсқа қышқылын 0,1000Н натрий гидроксидімен.
21.  Бренстедтің  протолиттік  теориясы  тұрғысынан   қандай   электролиттер
қышқыл, негіз, амфолит деп аталады? Мысал келтір.
22. Еріткіштердің  қышқылдық-негіздік  қасиеті:  протондық  және  апротондық
еріткіштер. Протогенді, протофильді және амфипротты еріткіштер.
23. Қышқыл мен негіз күшіне еріткіш табиғаты қалай  әсер  етеді?  Еріткіштің
нивелирлеуші және дифференцирлеуші әсері.
24. Автопротолиз құбылысы, автопротолиз константасы, оның маңызы.
25. Буферлі ерітінділер, олардың түрлері, рН шамасын есептеу.
26. Буферлік сиымдылық, оны анықтау жолдары.
   Буферлік сиымдылыққа әсер етуші факторлар.
27. Қышқылдық-негіздік индикаторларға қандай талаптар қойылады?
28.   Индикаторлырдың   иондық,    хромофорлық    және    иондық-хромофорлық
теорияларының негіздері.
29. Индикатордың түс өзгерту  интервалы,  титрлеу  көрсеткіші,  оларға  әсер
етуші факторлар.
30. Титрлеудің  индикаторлық  қателігі  деген  не?  Сутектік,  гидроксидтік,
қышқылдық, негіздік индикаторлық қателіктер.
31.0,1М HCl және CH3COOH ерітінділері үшін рН шамаларын есепте.
                                                           (Жауабы: 1; 2,88)
32. 0,05М NaOH және NH4OH ерітінділері үшін  рОН және рН шамаларын есепте.
                                       (Жауабы:1,3 және 12,7; 2,5 және 11,5)
33. Ерітінді рН-ы а) 4,7; б) 9,8 болғанда H+ концентрациясын есепте.
                                                 (Жауабы: 2·10-5; 1,6·10-10)
34. Буферлік ерітіндінің  pH=9,8  болу  үшін  аммиак  пен  аммоний  хлоридін
қандай қатынаста араластыру керек?
                                                           (Жауабы: 0,275:1)
35. Буферлі ерітінді құрамында 0,3М CH3COOH және 1М CH3COONa бар. Осы
буфердің рН-ын есепте.
                                                              (Жауабы: 5,28)
36. HCl ерітіндісінің нормальдігін есепте, егер оның 20,00мл титрлеуге
19,32мл 0,10Н NaOH жұмсалса.
                                                            (Жауабы: 0,0966)
37. Құрамында 92% NaOH және 8% индифферентті қоспалары бар сілтінің 0,5341г
өлшемесін көлемі 100мл өлшегіш колбада ерітті.Осы ерітіндінің 15,00мл
титрлеуге 19,50мл тұз қышқылы жұмсалды. HCl ерітіндісінің нормальдігін және
ТHCl/ NaOH есепте.
                                                   (Жауабы: 0,0945, 0,00378)
38. Құрамында 1,530г NaOH бар ерітіндіні қандай көлемге дейін жеткізу
керек, сол ерітіндінің 20,00мл титрлеуге 14,70мл HCl ерітіндісі (ТHCl=
0,003800 г/мл) жұмсалуы үшін?
                                                             (Жауабы: 500мл)
39. Ерітіндіде  неше грамм Na2CO3 бар, егер оны NaHCO3 дейін титрлеуге
21,40мл HCl ерітіндісі (ТHCl=0,002789г/мл) жұмсалса?
                                                           (Жауабы:0,1735г )
40. 0,01М HCl ерітіндісін 0,01М NaOH-пен фенолфталеин (рТ=9) қатысында
титрлеу кезіндегі индикаторлық қателікті есепте.
                                                             (Жауабы: 0,2%))


БӨЖ №3
1. Редоксиметриялық титрлеу негізі, титрлеу қисықтары.
2.  Редоксиметрияда   титрлеудің  соңғы  нүктесі  (ТСН)   қандай   жолдармен
анықталады?
3. Титрлеудің тотығу-тотықсыздану әдісінде қандай индикаторлар  пайдаланады?
Оларды қалай таңдайды?
4. Редокс-индикаторлар деген не? Индикатордың түс өзгеру интервалын   қандай
формуламен есептейді?
5. Ерекше (спецификалық) индикаторларға не жатады? Мысалдар келтір.
6.  Перманганатометрия  әдісін  сипатта.   Перманганат   ерітіндісін   қалай
дайындайды, қай ерітінді арқылы стандарттайды?
7.  Fe(II)   перманганатометриялық   титрлеу   кезінде   Рейнгардт-Циммерман
қоспасындағы мына заттардың: MnSO4, H2SO4, H3PO4 қызметі неде?
8. Көрсетілген заттардың қайсысы  KMnO4  үшін  біріншілік  стандарт  ретінде
пайдаланады:  Fe2+, H2C2O4•2Н2О, As2O3, Na2C2O4, FeSO4•7H2O?
9. Йодиметрия және йодометрия әдістерін  сипатта.  Бұл  әдістерде  индикатор
қандай зат?
10. Калий дихроматы мен калий  перманганатын  титрант  ретінде  салыстырмалы
түрде сипатта.
11. Күміс хлоридімен қаныққан ерітіндіде хлорид-ионның активтілігі
0,1  моль/л.  Осы  ерітіндіге  батырылған  күміс  электродының   потенциалын
есепте, егер Е0Ag+/Ag(қ)=+0,799В болса.
                                                             (Жауабы:0,741В)
12. Мына реакцияның тепе-теңдік константасын  есепте  Кт-т:  Cr2O72-  +  6J-
+14H+=2Cr3++3J2+7H2O.
                                                           (Жауабы:5,5•1080)
13. Мына ТТР өздігінен жүре ала ма: J2+2Fe2+=2J-+2Fe3+  ?
E0J2/2J-=+0.621B;  E0Fe3+/Fe2+=+0.77B.
                                              (Жауабы: жоқ, себебі э.қ.к.<0)
14. MnO4-/ Mn2+ жұбының потенциалын есепте, егер ерітіндіде 0,2М KMnO4  және
0,1М MnSO4 болса, ал рН=1.
                                                              (Жауабы:1,64В)
15. Ерітіндідегі  редокс-потенциал  шамасын  есепте,  егер  [MnO4-]=1моль/л,
[Mn2+] =1моль/л, рН=3 болса.
                                                              (Жауабы:1,23B)
16. Қышқылдық ортада титрлеу үшін қажет 1,5л 0,05Н  ерітінді  дайындау  үшін
неше грамм KMnO4 қажет?
                                                              (Жауабы:23,7г)
17. Темір бойынша титрі 0,002792г/мл болатын 2л ерітінді дайындау үшін  неше
грамм K2Cr2O7 қажет? Ерітіндінің нормальдігі қандай?
                                                             (Жауабы:4,902г)
18.  20,00мл  H2C2O4   ерітіндісін   (ТH2C2O4•2H2O=0,006900г/мл)   титрлеуге
25,00мл KMnO4 жұмсалды. KMnO4 ерітіндісінің нормальдігі мен титрін есепте.
                                          (Жауабы:0,08656г/мл; 0,002768г/мл)
19. Құрамында тек Fe және Fe2O3  бар  сынаманың  0,2250г  өлшемесін  ерітіп,
темірді Fe2+ дейін тотықсыздандырғаннан кейін  37,50мл   0,09910Н  KMnO4-пен
титрлеген. Сынамадағы Fe және Fe2O3 пайыздық мөлшерін есепте.
                                            (Жауабы:74,20% Fe, 25,80% Fe2O3)
20. 40мл KMnO4 ерітіндісіне (1,00мл KMnO4 0,0050г темірге  эквивалентті)  KI
қосып, бөлінген йодты 35,90мл Na2S2O3  ерітіндісімен титрледі.  Na2S2O3  мыс
бойынша титрін есепте.
                                                      (Жауабы:0,006338 г/мл)

БӨЖ №4
1.  Комплексометриялық  титрлеу  негізі.  Монодентантты  және  полидентантты
лигандтармен титрлеуге мысал келтір.
2.  Комплексометриялық  титрлеу  қисықтары  қандай  координатада   салынады?
Секірме шамасы неге тәуелді?
3.  Меркуриметрия  әдісі.  Жұмысшы  ерітіндісі,  стандартты   заттары   және
индикаторлары. Бұл әдіспен қандай иондарды анықтауға болады?
4. Комплексометриялық  титрлеуде  неліктен  бейорганикалық  лигандтар  сирек
пайдаланады?
5. Неліктен комплексондар аналитикалық  химияда  кеңінен  қолданылады?  ЭДТА
қасиеттерін  сипатта.  Неліктен   металл   ионының   ерітіндісіне   ЭДТА-мен
титрлемес бұрын буферлік қоспа қосу керек?
6. Комплексонометрияда эквиваленттік нүктені  (ЭН) қандай жолмен  анықтайды?
Металл-индикаторлар, олардың түрлері.
7. Металлохромды индикаторлар түрлері. Маңызды металлохромды  индикаторларды
сипатта. Анализденетін ерітіндіге  металлохромды  индикаторды  қандай  түрде
қосады?
8. ЭДТА-мен титрлеу тәсілдері қандай?
9. Бүркемелеу  деген  не?  Комплексометриялық  анализде  бүркемелеу  мысалын
көрсет.
10. Комплексонометриялық титрлеуде судың жалпы кермектігін қалай  анықтайды?
Анықтау жағдайлары.
11.  Ерітіндіде  0,1моль/л  [Ag(NH3)2]+  және   0,5моль/л   NH3   бар.   Осы
ерітіндідегі күміс ионының концентрациясын есепте.
                                                           (Жауабы:2,3•10-8)
12. Трилон Б ерітіндісінің нормальдігі мен титрін есепте, егер оның  25,00мл
титрлеуге 24,45мл 0,1100Н ZnSO4 жұмсалса.
                                                             (Жауабы:0,1076)
13. Құрамында 28,0% хлор бар 0,2734г сынаманы  титрлеуге  0,05000Н  Hg(NO3)2
ерітіндісінің қандай көлемі қажет?
                                                            (Жауабы:34,00мл)
14.  20,00мл  NiCl2  ерітіндісін  титрлеуге  21,22мл   0,02065М   Трилон   Б
ерітіндісі жұмсалды. Никель тұзының концентрациясын (г/л) есепте.
                                                           (Жауабы:2,836г/л)
15. 50,00мл ерітіндіде неше миллиграмм  сынап  бар,  егер  25,00мл  0,01000М
Трилон Б ерітіндісін қосқаннан кейін оның  артық  мөлшері  10,50мл  0,01000М
MgSO4-пен титрленсе?
                                                            (Жауабы:29,07мг)
16. ЕК  шамасын  пайдаланып,  Mg(OH)2  тұнбасының  таза  судағы  және  0,02М
Mg(NO3)2 ерітіндісіндегі ерігіштігін есепте.
                                  (Жауабы: 1,65•10-4 моль/л; 1,5•10-5моль/л)
17. 200мл қаныққан ерітіндіде 2,7•10-5г AgBr бар. Активтілік коэффициентін
ескере отырып, тұнбаның ЕК есепте.
                                                         (Жауабы: 5,4•10-13)
18.  0,08Н  KCl  ерітіндісін  0,1Н  AgNO3-пен  титрледі.  50  мл  ерітіндіні
титрлеуге титранттың қандай көлемі қажет?
                                                             (Жауабы:40мл  )
19. 250мл ерітіндіде  неше грамм KCl бар, егер осы ерітіндінің 25,00мл
титрлеуге 347,00мл 0,0500Н AgNO3 жұмсалса?
                                                          (Жауабы: 2,6616г )
20. Құрамында 85% күміс бар құйманың 0,5000г өлшемесін титрлеуге 50,00мл
KSCN ерітіндісі жұмсалды.  Осы ерітіндінің нормальдігін есепте.
                                                            (Жауабы: 0,1091)
      6 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ КАРТАСЫ
                                                                     3 кесте
|Оқулықтар мен оқу-әдістемелік         |Экземпляр  |Студент   |Қамтама     |
|құралдардың атауы                     |саны       |саны      |cыздандыру  |
|                                      |           |          |пайызы      |
|1                                     |2          |3         |4           |
|Основы аналитической химии (под       |2          |10        |20          |
|редакцией Ю.А.Золотова) М.:           |           |          |            |
|«Академия», 2012. 2 Кн.               |           |          |            |
|Харитонов Ю.Я. Аналитическая химия.   |2          |10        |20          |
|Аналитика. В 2-х кн.  2 кн.           |           |          |            |
|Количественный анализ.                |           |          |            |
|Физико-химические методы анализа- 3-е |           |          |            |
|изд., испр.- М.: Высш. шк., 2005. 559 |           |          |            |
|с.                                    |           |          |            |
|Аналитическая химия и физико-         |5          |10        |50          |
|химические методы анализа. В 2-х т.   |           |          |            |
|Т.1: учебник / под ред. А.А.Ищенко.-  |           |          |            |
|М.: Академия, 2010.- 352 с.           |           |          |            |
|Каримов, А.Н. Аналитикалық химияның   |11         |10        |100         |
|негіздері: оқу құралы.- ӘЛ-ФАРАБИ     |           |          |            |
|атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ.-  |           |          |            |
|Алматы: Қазақ университеті, 2002.- 339|           |          |            |
|б.                                    |           |          |            |
|Васильев В.П. Аналитическая химия. М.:|250        |10        |100         |
|«Высшая школа», 1989. Ч.1. 320с.      |           |          |            |
|Бадавамова Г.Л., Минажева Г.С.        |15         |10        |100         |
|Аналитикалық химия: оқулық .- Алматы: |           |          |            |
|Экономика, 2011.- 473 б.              |           |          |            |
|Кабдулкаримова К.К., Мұсабаева Б.Х.   |50         |10        |100         |
|Омарова Н.М., Аналитикалық химия.//   |           |          |            |
|Оқу құралы. Шәкәрім атындағы СМУ      |           |          |            |
|баспасы.-2011. 135 б.                 |           |          |            |
|Мұсабаева Б.Х. Сандық анализ бойынша  |50         |10        |100         |
|сұрақтар мен есептер жинағы.//Оқу     |           |          |            |
|құралы. РОӘК грифімен баспаға         |           |          |            |
|ұсынылған. Шәкәрім атындағы СМУ       |           |          |            |
|баспасы.-2012. 100б.                  |           |          |            |





      7 ӘДЕБИЕТТЕР

      7.1 Негізгі әдебиет:
7.1.1  Основы  аналитической  химии   (под   редакцией   Ю.А.Золотова)   М.:
«Академия», 2012. в 2-х кн.
7.1.2 Харитонов Ю.Я. Аналитическая химия. Аналитика. В 2-х кн.  2 кн.
Количественный анализ. Физико-химические методы анализа- 3-е изд., испр.-
М.: Высш. шк., 2005. 559 с.
7.1.3 Каримов, А.Н. Аналитикалық химияның негіздері: оқу құралы.- ӘЛ-ФАРАБИ
атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.- 339
б.
7.1.4 Аналитическая химия и физико- химические методы анализа. В 2-х т. 
Т.2: учебник / под ред. А.А.Ищенко.- М.: Академия, 2010.- 412 с.
7.1.5 Бадавамова Г.Л., Минажева Г.С. Аналитикалық химия: оқулық .- Алматы:
Экономика, 2011.- 473 б.
7.1.6 Васильев В.П. Аналитическая химия.  М.:  «Высшая  школа»,  1989.  Ч.1.
320с.
7.1.7  Кабдулкаримова  К.К.,  Мұсабаева  Б.Х.  Омарова  Н.М.,   Аналитикалық
химия.// Оқу құралы. Шәкәрім атындағы СМУ баспасы.-2011. 135 б.
7.1.8  Мұсабаева  Б.Х.  Сандық   анализ   бойынша   сұрақтар   мен   есептер
жинағы.//Оқу құралы. РОӘК грифімен баспаға ұсынылған. Шәкәрім  атындағы  СМУ
баспасы.-2012. 100б.
      7.2. Қосымша әдебиет:
7.2.1 Скуг Д., Уэст Д. Основы аналитической химии: М.: «Мир», 1979. Т. 1.
7.2.2 Алексеев В.Н. Количественный анализ. М.: «Химия». 1972.
7.2.3 Пилипенко А.Т.,  Пятницкий  И.В.  Аналитическая  химия.  М.:  «Химия»,
1990. 2кн.
7.2.4  Чарыков  А.К.  Математическая   обработка   результатов   химического
анализа. Методы обнаружения и оценок ошибок. Л.: «Химия», 1984.
7.2.5 Васильев В.П. Вопросы и задачи  по  аналитической  химии.  М.  «Высшая
школа», 1976. 230 с.
7.2.6 Лайтинен Г.А., Харрис В.Е. Химический анализ. 2-е изд.,  перераб.  М.:
«Химия», 1979. 624с.
7.2.7  Доэрфель К. Статистика в аналитической химии. М.: «Мир», 1969. 268с.
7.2.8 Бархер Ф.Дж. Компьютеры в аналитической химии. М. «Мир». 1987.
7.2.9 Петерс Д., Хайес Дж. Хифтье  Г.  Химическое  разделение  и  измерение:
теория и практика аналитической химии: В 2-х кн. М.: «Химия». 1978.
7.2.10 Кельнер Р., Мерме Ж.-М, Отто М., Видмер  Г.М..  Аналитическая  химия.
Проблемы и подходы. т.2. - М.. Мир, 2004. 726 с.
7.2.11 Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия. І Т.: ІІ томдық  оқулық.-  Алматы:
Алматы технологиялық университеті, 2004.- 354б.
Пәндер