Файл қосу

Тарихнама - тарих ғылымының тарихын зерттейтін ғылым саласы



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ                       |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                   |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |№1 басылым                |ПОӘК                    |
|                         |                          |042-14 -5 -02.01.20.    |
|                         |                          |14/03-2014              |
|«Шетел тарихының         |                          |                        |
|тарихнамасы» пәнінің     |                          |                        |
|оқу-әдістемелік кешені   |                          |                        |











                      «ШЕТЕЛДЕР ТАРИХЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ»
                             5В020300   «Тарих»
                            мамандығына   арналған
                      ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
                         ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ






























                                    СЕМЕЙ
                                    2014


                      Мазмұны


   1. Глоссарий
   2. Дәрістер
   3. Практикалық сабақтар
   4. Студенттердің өздік жұмысы







































1. Глоссарий

Тарихи үрдіс теориясы- тарихи фактілерді  түсіндіруші  логикалық  жүйе.Факт-
«шындықтың үзігі» ретінде өздігінен ештеңе де білдіре алмайды,  тек  тарихшы
ғана оны өзінің идеялық-  теориялық  көзқарасына  орай,сөйлете  алады.Тарихи
үрдіс  теориясының  бірі  екіншісінен  зерттеу  пәні  мен   тарихи   үрдіске
көзқарастар  жүйесі  арқылы  ерекшеленеді.Әрбір  схема  –   теория   қаншама
фактінің ішінен өзінің логиксына сай  фактіні  таңдап  алады.Тарихи  зерттеу
пәні  арқылы  әрбір  теория   өзінің   кезеңдестіруін   ,ұғымдық   аппаратын
анықтап,өз тарихнамасын құрады.Тек тарихи фактілер ғана  ақиқат,  ал  оларды
ұғыну қашан да субъективті болады.
Тарихи таным теориясы- тарих ғылымы  пәнінің  негізгі  ұғымдары  мен  тарихи
үрдістің категорияларын  танудың  негізгі  принциптері  мен   зерттеу  әдіс-
тәсілдерін анықтайтын ғылыми методология.
Тарихи  факт-  өткеннің  нақты  оқиғасы.Адамзаттың   бүкіл   өткені   тарихи
фактілерден   өрілген,олар   өте   көп.Нақты-тарихи   фактіні   біз   тарихи
деректерден   аламыз.Тарих   ғылымында    жай    және    күрделі    фактілер
бар.Алғашқылары оқиғаларды бідлірсе, соңғылары өзіне  түсіндіру,ұғыну  сәтін
де қамтиды.күрделі фактілерге тарихи  үрдістер  мен  құрылымдарды  түсіндіру
жатады.
Тарихи дерек- адамзат қоғамының дамуын бейнелейтін және  оны  ғылыми  тануға
негіз  болатын  айғақ.   Т.деректердің   түрлері:жазба,заттық,этнографиялық,
фольклорлық, тілдік,кинофотодерекер.
Тарихи қозғалыс  -  өзара  байланысты  тарихи  уақыт  және  тарихи  кеңістік
категорияларынан тұрады.
Тарихи уақыт үнемі алға жылжып отырады.Тарихи  уақыттағы  қозғалыстың  әрбір
үзігі мыңдаған материалдық  және  рухани  байланыстардан  тұрады.Әрі  ерекше
және  қайталанбайды.Т.У.  ұғымы  бірнеше  рет  өзгерді,  ол  тарихи  үрдісті
кезеңдестіруден көрінеді.ХVIII ғ аяғына дейін тарихшылар  тарихи  кезеңдерді
билеушілердің  атына  қарай  бөлді.ХVIII  ғ.француз  тарихшылары   жабайылқ,
варварлық  және  өркениеттік  кезеңдерді  ұсынды.Х1Хғ.соңында   материалист-
тарихшылар        қоғам        тарихын        формацияларға        (алғашқы-
қауымдық.құлиеленушілік,феодалдық,капиталистік,  коммунистік)  бөліп   қарай
бастады.ХХ1   ғ.басындағы    тарихи-    либералдық    кезеңдестіру    ,қоғам
тарихын:дәстүрлі,индустриялық және ақпараттық (постиндустриялық)  кезеңдерге
бөледі.
Тарихи кеңістік- белгілі бір территорияда өтіп жататын  табиғи-географиялық,
экономикалық, саяси,қоғамдық-мәдени үрдістердің жиынтығы.
Тарих  философиясы-жүйелік  философияның  маңызды  бір  бөлігі.Бұл  терминді
Ф.М.Вольтер,1765ж.өзінің     «Тарих     философиясы»     атты      еңбегінде
енгізді.Алайда,философиялық-тарихи    идеялар    көне    заманда     туындай
бастады.Тарих    фил-ң    бірнеше    типтері    бар.1)Онтологиялық    немесе
субстанционалды  Т.Ф.  Орыс  дәстүріңде  оны  историософия   деп   атайды.2)
Сыни,рефлективтік немесе аналитикалық т.ф.
Тарихилық  принципі-құбылыстарды  олардың  пайда  болуы  және  дамуы.олардың
нақты жағдайлармен байланысында қарау.Бұл принцип тарихи  құблстардың  пайда
болу   себептерін,түрлі   этаптардағы    сапалық    өзгерістерін    анықтап,
диалектикалық даму барысында бұл құбылыс неге айналғанын түсінуге  мүмкіндік
береді.
«Анналдар мектебі» («жаңа тарих ғылымы»)- Францияда, Марк  Блок  пен  Люсьен
Февр   негізін   қалаған   «Анналы»(1929-1939),   «Анналы    социальной    и
экономической  истории»  (1939-1941)  журналының  төңірегінде  пайда  болған
ғылыми бағыт.Тарих  ғылымында  революциялық  өзгерістер  енгізді.Оның  мәні:
тарихи баяндаудың орнына тархи мәселелілікті ,яғни қоғамның барлық  жақтарын
суреттеуді кіргізді.Пәнаралылыққа үлкен мән берілді.
Детерминизм  және  индетерминизм-  себептіліктің  орны   мен   ролі   туралы
мәселенің қарама-қайшы философиялық  концепциялары.Дет.барлық  құбылыстардың
жалпыға  ортақ,заңдылық  байланысын   мен   себептілік   шарттылығы   туралы
ілім.Индет.себептіліктің жалпылық сипатын жоққа шығарады.
Каузалдық-  себептілік.Құбылыстардың  бір  бірімен   шарттылығының   қажетті
генетикалық байланысын анықтайтын философиялық категория.
Марксизм-  К.Маркс  пен  Ф.Энгельс  жасаған  философиялық.экономикалық  және
әлеуметтік-саяси көзқарастардың жиытығы.Оған: философиялық  материализм  мен
диалектика,қоғамдық-экономикалық    формациялар     теориясы,қосымша     құн
теориясы,тап және таптар күресі теориясы т.б.жатады.
Менталитет-(лат.-ақыл,ойлау,ойлау бейнесі) үлкен әлеуметтік  топтың  (халық,
ұлт, тап,сословие) дүние түйсігін анықтап,мәдени дәстүр  бірлігін  бекітетін
әлеуметтік-психологилық  күйі.
Парадигма- мәселенің немесе зерттеу міндетінің қойылуы мен шешімінің  үлгісі
және де белгілі бір ғылыми қоғамда белгілі  бір  тарихи  кезеңнің  барысында
үстем жағдайда болатын зерттеу әдістерінің жиынтығы.
Пассионарлық  теория-   Л.Н.Гумилев   тарихи   үрдісті   этностар   өмірінің
динамикасы мен өзараәрекеті  деп  қарастырды.Пассионарлық  –  бұл  жекелеген
тұлғалардың өз алдына қойған  нақты  және  қияли  мақсаттарына  қол  жеткізу
жолында өз өмірін құрбан ете отырып,  басқаларды  өз  соңынан  ерте  білетін
жоғары мақсатшлдығы.
Позитивизм-  гуманитарлық  ойдың,  барлық  ақиқат  білім  жеке   ғылымдардың
қызметі  нәтижесінде  ғана  алынатындығын  мойындау  принципіне  негізделген
бағыты.  Оның  негізін  қалаушы  француз  ойшылы  О.Конт.Поз-к  парадигманың
шеңберінде  тарихи  методология  эмпирикалық  мәліметтерді  анықтап,суреттеу
жәнереттеуге бағытталды.Яғни теориядан бас тартты.
Провиденциализм-тарихты діни  тұрғыда,құдайдың  еркімен  болатын  нәрсе  деп
түсіну.Ол- барлық әлемдік діндерге тән.
Революция-төңкеріс,өзгеріс.Кең  мағынада  –  қоғамның  барлық   сферасындағы
терең өзгерістер.Тар мағынасында- аса шиеленіскен тарихи  процестер  кезінде
жаңа және күні өткен ескі қоғамдық қатынастар арасындағы  күрестің  неғұрлым
өткір формасы.Маңызды белгісі- өкіметтің бір  таптан  екінші  таптың  қолына
өтуі болып табылады.
Өндіріс құралдары-  адамдардың  материалдық  игіліктерді  өндіру  процесінде
қолданатын  құралдар  мен  заттардың  жиынтығы.Еңбек   құралдарына   машина,
жабдықтар т.б. және өндіріс нәтижесі жатады.Жалпыға ортақ еңбек  құралы  жер
болып табылады.Еңбек заты- адам еңбегі арқылы  өңделуге  жататынның  барлығы
кіреді.Адамдар өндіріс құралдары арқылы өндіріс заттарына әсер етеді.
Өркениет-(лат.civilis-азаматтық,мемлекеттік)-1)Мәдениеттің         синонимі;
маркистік әдебиетте сондай-ақ,  материадық  мәдениетті  білдіреді.2)Қоғамдық
дамудың,материалдық  және  рухани  мәдениеттің  деңгейі,  сатысы  (антикалық
өркениет, қазіргі өркениет). 3)Тарихи үрдістің  жабайылық  пен  варварлықтан
кейінгі белгілі сатысы.
Эволюция-      қоғам      мен      табиғаттағы      өзгерістер,      олардың
бағыты,тәртібі,заңдылықтары турал түсініктер.
Эпистемология- таным теориясы.






























      2. Дәрістер
      Дәріс сабағының құрылымы

1  тақырып.  «Шет  елдер  тарихының   тарихнамасы»   пәні,   оның   ғылымдар
жүйесіндегі орны, міндеттері
1.Тарихи ғылымның дамуы және тарихнаманың пайда болуы
2.Тарих ғылымындағы тарихнаманың орны,маңызы.
3.Пәнаралық байланыстар, пәннің міндеттері.
      Тарихнама ежелгі  грек  тілінен  аударғанда  «история»  -  тарих  және
«графия»- тарихты сипаттап жазу дегенді білдіреді.  Тарихнаманы  ең  алдымен
адамзат қоғамын танудың аса маңызды түрлерінің бірі  болып  табылатын  тарих
ғылымының тарихы деп түсіеген жөн.  Сондай-ақ   тарихнама  деп  белгілі  бір
тақырыпқа немесе тарихи дәуірге арналған зерттеулерлің жиынтығын атайды.
      Шетелдер тарихының тарихнамасы тарихшы  студенттерді  оқыту  барысында
негізгі  элемент  болып  табылады.  Тарихты   зерттеу   әдісінің   дамуымен,
тарихшылардың алдында  жалпы  тарихи  үрдісте  өз  халқының  орынын  анықтау
мәселесі тұрды. Осыған байланысты,  көрші  халықтардың  ортағасырлық  тарихы
түпкілікті зерттеле бастады. Демек,  дүние  жүзі  халықтарының  тарихи  даму
процесінің  заңдылықтарын  іздеу  әдісі  қалыптасты.  Шетелдік   тарихнаманы
оқыған кезде студент ежелгі дүние мен орта ғасырдан бастап Еуропаның  тарихи
ғылымының генезисін және одан әрі дамуын көре  алады.  Түрлі  тарихи  дамуда
үлкен рол атқарған мектептермен және бағыттармен таныса алады.  Бұнда  «Орта
ғасырлар тарихнамасы», «Ресейдің  тарихнамасы»,  «жаңа  және  қазіргі  заман
тарихнамасы» бірге топтастырылады.
      Шығыстанушылар әдетте тарихнамалық зерттеулер  жасауда  батыстықтардан
артта қалған. Олар тарихнамалық зерттеулердегі методология мәселелеріне  көп
көңіл  бөлмейді.  Тарихнама  үшін  тарихи  көзқарастардың   басқа   қоғамның
ғылымдағы, экономика, құқық, философиядағы көріністері  үлкен  мағынаға  ие.
Тарихнама пәнінде ғылыми-тарихи білімдердің  пайда  болуы  және  жинақталуы,
тарихи ойдың дамуы, тарих ғылымының  қалыптасуы  және  дамуы,  әр  кезеңдегі
тарихи таным мен ойлаудың заңдылықтарын ашады.
      Адамзат жазуды пайдаланғанға дейінгі кезеңде  тарихи  білімнің  кейбір
белгілері ауыз әдебиеті үлгілерінде ұрпақтан ұрпаққа  жеткен  аңыз-  әңгіме,
шежірелерде сақталып келді.Адамзат өзінің өткеніне  терең  мән  беріп,  одан
тағлым  алу  мақсатында  маңызды   оқиғалар   мен   жайттарды   түрлі   жазу
құралдарының беттеріне, кейіннен қағаз п.б.  шақта  хатқа  түсіруге  мүдделі
болған.Ал жазуы жүйелі түрде  дамымаған  халықтар  тарихты  ауызша  жеткізіп
отырды.
      Тарихи оқиғалар түрлі  көзқараста,  өз  еліндегі  саяси  ұстанымдарға,
идеологияға,таным  дәрежесіне  негізлеліп   баяндалып   отырды.Мыс.   ежелгі
заманда  тарихи  оқиғалар  мен   үрдістерді   сипаттауда   діни-мифологиялық
көзқарас басым  болды  да,  тарихи  баяндар  «белгілі  бір  күштің  еркімен»
болатын  құбылыс  ретінде  түсінілді.Бірте-бірте  тарихты  танудың   біршама
жетілдірілген жолдары  қалыптаса  бастады.Тарихты  жүйелі  түрде  жеткізудің
алғашқы қадамдары ежелгі Грекияда жасалды. Тарихтың  атасы  атанған  Геродот
өзінің  «Тарих»  атты  еңбегін  дерек  көзіне  сүйене   отырып,сол   заманғы
көзқарастар негізінде  жазды,  алайда  сыни  талдау  жасай  алмады.Антикалық
тарихшлардың   қатарында   сыни   тұрғыдағы,   оқиғалардың   себеп-салдарлық
байланысын ашуға тырысқан  авторлар  да  қалыптаса  бастады.Осындай  бағытта
жарық көрген шығармалардың бірі- Фукидидтің «Тарихы».Кейіннен  бұл  дәстүрді
Рим тарихшылары да жалғастыра бастады.
      Ортағасырлық  дәуірдегі  тарихи  білімінің  сыртқы  сипаты   антикалық
дәстүрде  болды.  Дегенмен,  ортағас.тарихи  сананың  түбегейлі  ерекшелігі:
адамзаттың дамуы, оның мәні, мақсаты  және  қозғаушы  күштері  туралы  жалпы
концепциясы – христиандық түсінік негізінде  дамыды.  Жалпы  алғанда,  тарих
ғылымының, сонымен бірге тарихнаманың  дамуының  гуманистік,  рационалистік-
ғылыми,  ағартушылық,   романтизм,   позитивистік   кезеңдері   мен   Гегель
негіздеген идеалистік, К.Маркс негіздеген материалистік бағыттары белгілі.
      Тарихнама – тарих ғылымының тарихын зерттейтін ғылым саласы. Сондықтан
да  ол  үнемі  тарихнамалық  зерттеулер  деген  ұғыммен  тығыз   байланысты.
Тарихнамалық зерттеулер белгілі бір дәуірде  пайда  болған  тарихи  танымның
сипатына  тән  және  де  әлеуметтік   функциялар   атқаратын   принциптердің
негізінде   жүргізіледі.   Тарихнамалық   зерттеулердің   міндеттері   тарих
ғылымының даму талабы мен қажеттіліктеріне байланысты айқындалады. Және  қол
жеткізген тарихи  таным  мен  тарихи  ойдың  деңгейіне,  зерттеу  әдістеріне
тікелей тәуелді болады.
      Тарихнамалық зерттеулер  ғылым  ретіндегі  жалпы  тарихи  мәселелермен
тығыз байланысты. Тарих-қ   зер-р  тарихи  танымның  даму  жолдарын  бірізді
қарастыра отырып, тарих ғылымының  қозғаушы  күштерінің,  әртүрлі  бағыттағы
ғылыми мектептердің пайда болуының және ауысмының  заңдылықтарын  анықтайды.
Олардың тұжырымдамаларының өз заманындағы қоғамдық өмір мен тарих  ғылымының
дамуына  қосқан  үлесін  білдреді.  Тарихнамалық  зерт-рдің  тарих   ғылымын
дамытуға  қажеттілігі  өз   кезегінде,   бұрын   ғылыми   айналымда   болған
деректердің  шынайылық  дәрежесін  сыннан   өткізіп,   жинақталған   фактлік
материалдарды жаңаша ой елегінен өткізуді талап етеді.
      Тарихнамалық зерттеудің  мынадай негізгі аспектлері  бар.
      1-ден, тарихи таным өзінің даму сатысында әлеуметтік қызметке ие  және
сол әлеуметтік  қызмет тарихтың түрлі кезеңдерінде қаншалықты, қалай  жүзеге
асырылуын анықтайды. Зерттеудің бұл аспекті   тарих  ғ.  мен  қазіргі  кезді
өзара байланыста ала отырып тарихи  танымның  әлеуметтілігінің  аса  маңызды
дерегін  зерттейді,  тарихи  танымның  тарихшының   әлеуметтік   позициясына
тәуелді екенін қорытындылайды.
      2-ден, теориялық – методологиялық принциптерді зерттеу әрбір тарихи ой
тұжырымның бағыттарына тән.  Бұл  үшін  бір  жағынан  тарих  ғылымы,  екінші
жағынан   философия,   әлеуметтану,   саясаттану,    құқықтану,    теориялық
жаратылыстану ғылымдары арасындағы байланыстарды ашу қажет.
      3-ден,   тарихи   еңбектердің   деректанулық    базасын,    деректерді
пайдаланудың сипатын, нақты зерттеу әдістерін талдау.
      4-ден,  тарихи  зерттеулердің  проблемасын,  оның  дамуы  мен  кеңеюін
талдау.
      5-ден,  тарихи   ойдың   әртүрлі   бағыттары   мен   түрлі   мектептер
қалыптастырған ғылыми тұжырымдамаларды  зерттеу.  Бұл  бір  жағынан  кереғар
көзқарастардың жойылу процесін дәйектеуге, екінші жағынан,  тарих  ғылымының
дамуындағы   сабақтастықты   ашып   алдыңғы   кезеңнің   объективті   шынайы
нәтижелерін жаңа жағдайда пайдалануға қолайлы мүмкіндік тудырадв.
      6-дан, тарих саласындағы зерттеу жұмысының түрі  мен  ұйымдастырылуын,
оған  қоса  ғылыми  мекемелер  мен  мұрағаттар  жүйесін,  мамандар   даярлау
мәселелерін,  баспа  қызметін,  тарихи  тұжырмдарды  пайдаланудың  түрлерін,
оларды насихаттауды зерттеу.
      Тарих  –қ    зерт-ң  түрлі  аспектлері  өзара  тығыз  байланысты.  Тек
тарихнамалық материалдарды кешенді түрде зерттеу  ғылымның  негізгі  желісін
тұтастай көрсетуге, жекелеген мәнді құбылыстарын қайта жаңғыртуға  мүмкіндік
береді. Тарихнамамен айналысу  зерттеушінің  нақты  тарихи  материады  терең
білуін, біліктілікті, сонымен  бірге  ғылымның  методологиялық  ұстанымдарын
жан - жақты меңгеруін қажет етеді.
      Тарихнама тарихи білімнің даму тарихын зерттейтін ғылым саласы ретінде
өзінің алдына нақты мақсат- міндеттерді қояды.
      Тарихнама ғылымының мақсаты- нақты  тарихи  жағдайларда  тарихи  ойдың
негізгі  бағыттары  мен  ұстанымын  анықтайтын  тарихи  танымның  әлеуметтік
негіздерін  көрсету.  Тарихнамалық  мәдениетті  қалыптастыруда  студенттерді
тарихнамалық зерттеуде  историзм  (тарихилық  принципі-құбылыстарды  олардың
пайда болуы және дамуы, олардың нақты жағдайлармен байланысында  қарау.  Бұл
принцип  тарихи  құбылыстардың  пайда  болу  себептерін,  түрлі  этаптардағы
сапалық өзгерістерін анықтап, диалектикалық даму барысында бұл құбылыс  неге
айналғанын түсінуге  мүмкіндік  береді)  принципін  саналы  түрде  қолдануға
бағыт беру. Шетелдер тарихы тарихнамасының маңызды міндеті  тарихи  ғылымның
даму заңдылықтарын анықтау және тарихи ойдың түрлі  бағыттарының  теориялық-
методологиялық  принциптерін   үйрену.   Тарихшылардың   басты   обьектісіне
тарихшылардың еңбектері жатады. Тарихи ғылыми мекемелер,  мерзімді  баспасөз
ұйымдары, тарихи ғылым саласында кадрлар  даярлау  тарихнамашылырадың  басты
зерттеу жүйесіне жатады.
      Тарихнама ежелгі дүние тарихы, орта ғасырлар тарихы, шетелдердің  жаңа
және қазіргі заман тарихы, мәдениеттану  және  саясаттану  пәндерімен  тығыз
байланысты.
      Студент шетелдердің  ежелгі,  орта  ғасыр,  жаңа  және  қазіргі  заман
тарихының нақты мәселелеріне өз бетімен  тарихнамалық  талдау  жасай  білуі,
тарихи даму бағытының дүниетанымы мен  методологиялық  құрылымына  әр  елдің
ұлттық, әлеуметтік, және саяси даму  ерекшеліктері  әсер  ететінін  дәлелдей
білуге дағдылану керек.
      Ғылымның міндеттері:
      -тарихнамалық деректерді жинақтау, жүйелеу;
      -тарихнамалық фактлерді жинап, оларға талдау жасау;
      -тарихнамалық фактлердің тарихи оқиғалар мен үрдістерді зерттеу
деңгейін сараптау,           ұтымды жағы мен кемшіліктерін анықтау;
      -ғылыми еңбектерге баға беру;
      -тарихнамалық деректердің  саяси-әлеуметтік  жүйелер  мен  идеологияға
тәуелділігін        анықтау;
      -белгілі  бір   мәселенің   зерттелмеген   тұстарын   тауып,   келешек
ізденушілерге тың тақырыптар ұсыну.
      Біздің оқитын пәніміз- «Шетел тарихының  тарихнамасының»  мақсаты  мен
міндеттері осы негізде анықталады.


Тақырып 2. Антик заманындағы тарихи ойдың дамуы. 2 сағ.
1.Гректердің тарихи ойлары мен әдебиетінің пайда болуы.
2.Ертедегі грек тарихшылары.
3.«Прагматикалық» тарихнаманың қалыптасуы.
4.Ертедегі Римдегі тарихи ойдың дамуы.
      Антикалық тарихнама-  антика  заманында  грек  және  латын  тілдерінде
жазылған тарихи шығармалардың  жиынтығы.  Бұл  кезеңнің  хронологиялық  шегі
мөлшермен б.э.д. 1000- 500 жылдар шамасы деп алынады.
      Өз дамуының ең басында тарих, ең алдымен көркем прозаның жанры түрінде
болды.Оның пайда болған жері кішіазиялық Иония, нақтылай түссек,  архаикалық
  дәуірдің  аса  үлкен  мәдени  ошағы  болған  Милет  қаласы.  Ионийлік  ұлы
ғұламалар табиғат әлемін біртұтас, ал  адам  қоғамы  оның  бір  бөлшегі  деп
санады.алғашқыда олар  эпикалық  дәстүрді  жалғастырып,  поэтикалық  формада
жазды.Біртіндеп сыни  және  ғылыми  сипаттағы  жаңа  жанр  туындай  бастады.
Б.э.д. У1 ғ. эпосқа тән  космос,  құдайлар,  гректерге  белгілі  жерлер  мен
халықтар жайлы көптеген түсініктерге жаңаша  мән  беріліп,  дәстүрлі  поэзия
мен мифологиядан өзгеше жаңа типтегі шығармалар- прозалық суреттеулер  пайда
болды.Олардың  авторларының  назары  тек  ағымдағы  шындыққа  ғана  берілмей
қазіргіні ұғынуға мүмкіндік беретін, өткенге де ауып отырды.
      Мифтер мен эпосты қайта қараған шақта оларды мазмұндап қана қоймай,сын
тұрғысынан таңдау жасалып басқаша ұғыну байқалды.Бізге  дейін  келіп  жеткен
бұл  шығармалардың  үзінділерінен  ұққанымыз,  олардың  авторлары  негізінен
қалалардың  негізін  қалаушылардың  шежіресіне,  түрлі   халықтардың   салт-
дәстүріне көп мән берген.Барлық авторларға ортақ  нәрсе-  көне  аңыздар  мен
мифтер шынайы оқиғаларды баяндайды  деп  сенді  және  олардағы  қиял-ғажайып
дүниелерді  алып  тастаса  болды,ақиқат  орнайды   деп   ұқты.Егер   фактлер
мағынасыз болса, оларға басқа басқадай түсінік беріп  сенетіндей  ету  керек
деп  саналды.Мұнай  еңбек  «тарих»  деп  аталды  және  оқиғаның   куәгерінің
баяндауы, тексеру, сұрау  деген  мағынаны  білдірді.Ал,  олардың  авторларын
логографтар( гр.logos-сөз, шығарма) деп атады.Кейінірек бұл  термин  бірнеше
мағынада қолданылды,алайда оны алғашында қара сөзді  өлең  сөзге  қарсы  қою
мақсатында пайдаланған.
      Логографтар ауыз және жазба деректерден мәлімет  алып  көлемі  жағынан
үлкен,  білімі  жағынан  біршама  кең   еңбектерді   туғызды.Б.э.д.   У   ғ.
логографтар  бүтіндей  бір  елдерлің  тарихын  баяндайтын  ауқымды  дүниелер
туғыза бастады.Харон Персияның, ал Ксанф- Лидияның  тарихын  жазды.  Олардың
ерекшеліктері:фактографияшылдық- оқырманға  нақты,  шынайы  деректі  жеткізу
және бір тақырып туралы жекелеген әңгімелерді механикалық түрде   біріктірді
де олардың ішкі байланысын ашып синтез жасауға ұмтылмады.
      Грек тарихи ойының дамуына үлкен үлес қосқан «тарихтың атасы»  атанған
Геродот болды(б.э.д.490/80- 425  ж.  шамасы).  Геродоттың  өмірбаяны  туралы
мәлімет өте аз.Өзінің ұстазы Гекатей Милетскийден көп  тәлім  алған  ол,  өз
тарихын жазғанда ұстазының  жолын  қуып  отырды.  Бірақ,  өз  зерттеулерінің
өзегі ретінде адамды алды, міне бұл Геродоттың үлкен жаңалығы  болды.Геродот
сондай ақ, тұңғыш әмбебап тарихшы болды, яғни бір елдің немесе бір  халықтың
тарихын баяндаумен шектелмеді. Оның 9 кітаптан тұратын «Тарих» атты  еңбегі-
«жерлерді   суреттеуден»   шын   мәніндегі   тарихқа   нық    қадам    жасау
болды.Логографтардан айырмашылығы түрді  материалдарды  Шығыс  пен  Батыстың
күресі  тақырыбының  төңірегіне   біріктірді.   Поэзия   Гомердің   есімімен
басталса, грек тарихнамасы Геродоттың есімімен басталады. Адамзат  істерінің
ағымын  баяндау  үшін,  «тарих»,   «зерттеу»,   «білу»   сияқты   ұғымдардың
байланысын  нақ  осы  Геродот  негіздеді.  Тарих  себепті  шартталған   және
салдарлы, көп жағдайда  күтпеген  жағдайларға  әкелетін  өзара  байланыстағы
оқиғалар  тізбегін  баяндау  тұрғысында   қалыптасты.   Геродоттың   көзімен
қарағанда, тарихтың пәні таң  қалдыратын  ұлы  істер,  алтарихшының  міндеті
«өткен оқиғалар уақыттың ізімен ұмыт  болмас  үшін»  кешегі  туралы  білімді
сақтау болады.
      Геродот сонымен қатар  тарихи  әдіс  саласында  да  ізашар  болды:  ол
бірінші болып тарихи сюжетке мәселе ретінде  келіп,  алдына  нақты  танымдық
міндет қою арқылы эллиндер  мен  варварлар  бір-  бірімен  неліктен  соғысып
отырған  деген  сұраққа  жауап  іздеді.  Геродоттың  бойында   тарихщылаудың
(историописание) әртүрлі екі принципі- рационалдық пен мифологиялық  тоғысып
жатты.Алғашқысы тарихшы өзі куә  болған  фактлерге,  соңғысы  бұрынғы  өткен
заман туралы көбінесе ауыз әдебиетінен алынған  деректерге  негізлелген.Оның
түсінуінше, әлемді бөлінбейтін күш билейді, дүние тәртібінің басты принципі-
 адам өмірінің сызығын анықтайтын-өлшем (тәубашылдық) заңы.
      Грек тарихи ойының одан әрі дамуы б.э.д.У ғ. соңында Фукидидтің  (460-
396жж.мөлш.)
Есімімен байланысты.Геродоттан айырмашылығы, тарихтың пәнін анықтаған  шақта
эллин  дүниесінен  әрі  бармайды.  Оның  еңбегі-  Пелопоннес  соғысы  туралы
баяндама (б.э.д.394/3-391/90жж.),  яғни  жуықта  аяқталған  «қазіргі»  тарих
туралы.Фукидидтің   еңбегі    де    антикалық    дәстүрге    орай,баяндамаға
негізделді.Кейіпкерлерді  бірінші   жақтан   сөйлете   отырып,   оларда   өз
тұжырымдарын ұтымды өткізіп отырады және де шығарманың тілі көркем де  шешен
болып шыққан.
      Фукидид- оқиғаларды түсіндірудегі рационалистік әдіс пен шынайы тарихи
деректерді  іріктеуге негізделген прагматикалық ғылыми тарихнаманың  негізін
қалаушы.Оның екі ерекшелігі  бар.Біріншіден,тарих  индивидтардың  үстемдікке
қол жеткізуі -билік пен мемлекет үшін жүргізген күрес жолындағы  оқиғалардың
тізбегі  ретінде   түсініледі.Прагматикалық   тарихнаманың   екінші   сипаты
«практикалық пайдалылық», яғни тарих сабағының әрқашан құнды болатындығы.
      Фукидид  өз   мақсаты-«ақиқатты   табу»,   шынайылық   пен   шыншылдық
деп,мәлімдегеніне қарамастан көп жағдайда субъективтілік  танытты,оқиғаларды
біржақты қарастырып келді.
      Тарихшы  ретінде  Фукидидтің  еңбегінің  маңызы   құжатты   деректерді
(келіссөздер мәтіні,  ресми  қаулылар  т.б.)  кеңінен  қолдануы,хронологияны
жасау және өзі  ашқан  әдісі  -өткенді  ретроспективтік  қорытындылар  жасау
арқылы қалпыны келтіру болып табылады.
      Егер грек тарихының классикалық кезеңіндегі тарихи  сана  гректер  мен
варварлардың  өзара  жауластығын  түсінуге  жұмылса,  эллиндік  дәуірде   ол
адамзат  әлемінің  тарихи  біртұтастығын  түсінуге   бағытталды.   Александр
Македонскийдің Шығысқа жорығы нәтижесінде пайда болған байтақ  империя  грек
дүниесінің  біртұтас  әлеміне  тартылды.Геродот  пен  Фукидид  жасаған  әлем
келбетімен танысу  кейінгі ұрпақтың тарихи ой көкжиегін  одан  әрі  кеңітті,
бұл жағдай өз кезегінде жаңа типтегі тарихтың пайда болуына  әсер  етті.Оның
идеясы  Полибийдің  (б.э.д.210-128)  атақты  «Жалпы  тарих»  атты  еңбегінен
көрінді.
      Полибий тарихты  Геродотша  өткеннің  оқиғаларын  баяндау  мағынасында
емес, өз заманына сай- адам әрекеттеріне  арналған  ерекше  түрдегі  зерттеу
және адам рухына оң әсер  ететін  ойлау  формасы  деп  түсінді.Оның  ойынша,
өткенді тану бәрінен бұрын адамдарға пайда әкелмек.
      «Жалпы  тарихта»  тарихи  шығарма  жазудың  өзіндік  канондарын  жасай
отырып, Полибий:тарих жалпы сипатта болып Батыста  да  ,  Шығыста  да   өтіп
жатқан оқиғаларды бірдей қамтып, синхронды мазмұндалуы  қажет  деп  саналған
түбегйлі талаптарды ұсынды.ОЛ тарихи шығарманың  жаңа  типі-  жалпы  тарихты
жасады. Тарихтың пәні бұрынғыдай әскери-  саяси  тақырыппен  шектеулі  болса
да, басты назарда оқиғалық тарих емес, ондағы  қақтығысушы  саяси  күштердің
динамизмі болды.
      Ертедегі Рим тарихнамасының қалыптасуына  ертедегі грек және  эллиндік
тарих жазу тәсілдері  терең  ықпал  етті.Сонымен  қатар,римдіктердің  тарихи
идеясы дәстүр ұғымдары мен  мекеніне тікелей  байланыста  болды:олар   уақыт
есебін қаланың негізі қалануынан бастады және Рим бүткіл  дүниенің  орталығы
деп саналды.
      Рим тарихнамасының негізі- республика, сосын иперия идеясы,  азаматтық
игі істер,салт- ж-дәстүрлермен  сәйкестікте  болатын  Мәңгі  қаланың  тарихы
болды.Римдегі тарихи шығармалардың ең  көне  жанры-анналдар  (лат.аnnus-жыл)
понтифик- абыздар жыл сайын жүргізіп отырған оқиғалардың жазбасы.
      Республика кезеңінің белгілі тарихшысы-Гай Соллюстий Крисп  (б.э.д.86-
35жж.). Оның «Катилинаның бүлігі», «Югурта  соғысы»  және  аяқталмай  қалған
«Тарих» атты еңбектері бар.  Соллюстийдің  назарын  фактлер  емес,  тарихтың
геройлары,  жақсы,   жаман   қасиеттерден   тұратын   адам   аударды.Ол   өз
еңбектерінде оқиғалардың  уақытын  бұрыс  көрсетуге  жол  берсе  де   ондағы
адамдардың айшықты жанды бейнесін  баса  көрсетті.  Цезарь  мен  Соллюстийге
дейін Рим мемлекетінің шынайы түрде жазылған  біртұтас  тарихы  болған  жоқ.
Бұл  ойды  Республика  мен  Империяның  аралығында  өмір  сүрген  Тит  Ливий
(б.э.д.59-  б.э.  59жж.),   Август   заманының   атақты   тарихшысы   жүзеге
асырды.Оның әйгілі «Негізі қаланғаннан  бергі  Рим  тарихы»  (мөлш.б.э.д.27-
б.э.9 жж) атты еңбегі142 кітаптан тұрды.  Автордың  түсінігі  бойынша  бүкіл
тарих  Римнің төңірегіне шоғырланған, Рим тарихы  көп  тарихтың  бірі  емес,
жалғыз дана және жалпы тарих  болып  саналады,  өйткені  Рим  бүткіл  әлемді
білдіреді. Ливийдің шығармасы  осы  пікіріне  орай,  кейінгі  кезеңде  басқа
халықтардың, тарихын жазуда үлгі, модель ретінде жүрді.
      Империя  кезеңінің  тарихшыларының  қатарында   П.К.Тацитті  (мөлш.59-
120жж.)    атауға    болады.Оның    негізгі    тарихи     еңбектері-«Тарих»,
«Анналдар».Тацит шығармаларында негізгі орын тарихтың көшін анықтайтын  жеке
тұлғалар мен адамдарға берілді.
      Рим тарихнамасының соңғы ірі өкілі  -    Аммиан  Марцеллин  (мөлш.330-
400жж). Оның тарихи шығармасы «Әрекеттер» («Деяния»)  деп  аталады  және  ол
эллиндік рухта жазылған.
      Қорыта келгенде, антика заманындағы тарихи сананың ерекшелігі: өткенді
даму  үрдісі  ретінде  түсіне  алмады.  Тарих   уақыт  ағымында   бір  бірін
алмастырып отыратын оқиғалар мен құбылыстардың жиынтығы деп  саналды.  Түрлі
тарихи  ахуалдар  уақытпен  бөлінгенімен  өзара  ұқсас,ал  тарих    біртипті
оқиғалардың  тізбегі  тәріздес  болды.Гректер  де,  римдіктер   де   тарихты
түсінуі дәстүр, бабаларының мұрасын маңызды игілік  ретінде қабылдады.


        Тақырып 3. Орта ғасырлар тарихнамасы. 2 сағ.
1.Ортағасырлық тарихнаманың басталуы.
2.Кейінгі феодализнің тарихнамасы, «хроникалар».
3.Жылнамалар жинағы Русьтегі алғашқы тарихи шығармалар ретінде.
4.Қайта өрлеу кезеңіндегі ортағасырлық тарихтың тарихнамасы.

       Ортағасырлық тарихи шығармалар  өзінің  тақырыбы  мен  жанры  бойынша
әралуан   өрі   көп   болды:   анналдар,   хроникалар,   өмірбаяндық    және
автобиографияллық   шығармалар,   жекелеген   азаматтық    және    шіркеулік
қауымдастықтардың тарихы, билеуші  және  ақсүйек  династиядардың  шежірелері
жатады.Өзінің мағынасы мен қызметі бойынша  тікелей тарихи шығ- ға  біртабан
жақын болған агиографиялық шығ-лар ( жития) болды.  Оларда  тек  әулиелердің
өмірі ғана емес, сол  әулиеге  қатысты  қауымдастық  пен  жердің  тарихы  да
қамтылды. Әлеуметтік жадтың сақталуының ерекше  формасы  қайтыс  болғандарды
еске алып отыратын литургиялар болды. Тарихи шығармалардың мақсатын  ұғынуда
ортағ-лық   авторлар  да  көп  жағдайда  куәгері   бар   шынайы   оқиғаларды
ыждаһатпен тіркей отыра антикалық дәстүрдің жалғастырушылары болды.  Өткенді
қабылдауда  ортағ-лық  тарихшылар  да   антикалық   авторлар  сияқты:  өткен
бүгінгіні тудырады, бірақ одан  айырмашылығы  болмайды  деп  ұқты.  Өткеннің
тәжрибесі  іс-әрекеттің практикалық  жол нұсқасы болдып  саналды.  Антикалық
және ортағасырлық тарихнаманың сабақтастығы олардың  көптеген  аспектлердегі
ұқсастықтарын туғызғанмен, жалпылық сипатта болған емес.  Ортағ-лық   тарихи
сананың  түбегейлі  ерекшеліктері  анықталды  және  олар  адамзаттың   дамуы
туралы концепцяның – оның мәнін, мақсаттарын, қозғаушы күштерін  христиандық
діннің түсініктері жүйесінде анықталды.
      Христиандықтың дамыған діни және дүниетанымдық жүйе ретінде қалыптасуы
тарихи сананың жаңа   түрін  өмірге  әкелді.  Библияның  абсолюттік  беделін
мойындау,  антикалық  авторлар  кең   қолданған   ақпаратты   сыни   бағалау
принципінен бас тартуға әкеп  соқты.  Библия  және  христиан  дінінің  дамуы
барысында пайда  болған  басқа  да  мәтіндердің  бірқатары  күман  келтіруге
болмайтын  абсолюттік  ақиқат   деп  бағаланды.Ақпараттың   шынайылығы   мен
құндылығы оны берушінің  беделімен  анықталды.Тарихты  жаһандық  діни  үрдіс
ретінде түсіну  латин шіркеуінің бас теологы Аврелий Августиннің   «О  граде
Божием» атты шығармасында негізделді.
      Ортағасырлық тарихнаманың өзіндік  келбетін анықтайтын басты жетістігі
тарихи уақыттың ерекше концепциясының  жасалуы  болды.Ортағ-лық  тарихнаманы
көбінесе   себеп-салдарлық   байланыс    принципіне    бағынған    антикалық
тарихнамадан ажыратуға мүмкіндік берген нәрсе – ол баяндаманы  хронологиялық
  түрде  жүргізу  принципі,  яғни  фактлерді  уақыттық  реттілікпен  баяндау
болды.Тарихи уақытты  түсінудің үш түрлі моделі болды: антикалық,  библиялық
және ертедегі германдық.  Басқы  екеуі  алғашқы  теологтардың  қарастыруымен
христиандық концепцияның негізін құрады, ал соңғысын  христиандық  ығыстырып
шығарды.Алғашқы христиандық кезінде ақ  адамзаттың  тарихын  біртұтас  өзара
байланыстағы үрдіс деп қарауға әрекет жасалды. Бұл  үрдістің  бел  ортасында
нағыз сенімді  сақтаушы   таңдаулы  халықтар-  иудейлер  мен  христиандардың
тарихы орын алды. Ортағасырлық тарихи сананың парадигмасы  Қасиетті тарих  -
 сенімнің халықтар  арасында таралуының тарихы.
      Жалпы, ортағасырлық тарихнама  христиандық  провиденциализм  жетегінде
дамыды.  III-V ғғ. алғашқы христиандық  хронографиялар пайда  болды.  Оларда
язычестволық   шығармалардағы  белгілі  тарихи  оқиғаларды  библиялық   және
нақты  христиандық  тарихтың  бейнесімен  сәйкестендіру  көзделді.   әлемдік
тарихтың үлгілі схемаларын жасаушы  епископ Евгений Кесарийсккий (263-339  )
болды.Ал,   христиандықтың  тұңғыш  әмбебап  тарихының  авторы   Августиннің
сенімді шәкірті Павел Орозий болды.Оның еңбегі - «Семь книг  истории  против
язычников» Рим империясының күйреуі қарсаңында жазылғандықтан осы  тақырыпқа
арналды.Бұдан  кейін   Исидор   Севильский.   Оттон   Фрейзингенский,   Беда
Достопочтенный, Эразм Роттердамский сияқты  авторлардың  тарихи  шығармалары
жарық көрді.
      Ортағ- лық тарихшылар кәсіби тарихшылар  емес-тін.Көбінесе  бұл  іспен
епископтар  мен  монахтық  қауым  өкілдері  шұғылданды.Әсіресе,   бенедиктин
орденінің  монастларында  тарих  жазумен   белсенді   айналысты.   Х111   ғ.
монастрлық тарихнама  екінші орынға түсе бастады.
      Ортағасырлардың соңына қарай тарихнама әу бастағы өзіне  тән  әралуан:
теологиялық  ,  діни-  уағыздық.  құқықтық  қызметтерінен  арыла  бастады.Ол
барған сайын  бір  жағынан,  әлеуметтік  және  саяси  бірегейліктің,  екінші
жағынан ұлттық бірліктің қайнар  көзі  мәніне  ие  бола  бастады.Осымен  бір
мезгілде  білімді  адамдардың  ортасында  тарихқа  деген   жаңаша   көзқарас
қалыптаса басдады,  өткенге  қызығушылық   христиандық  теология  мен  саяси
легитимация үшін қажеттілік сипатынан арылып дербес құндылыққа айналып  келе
жатты.
      Ренессанс немесе  қайта  өрлеу  кезеңі  мәдени  және  әлеуметтік  өмір
салаларында  маңызды  өзгерістер  әкелді,  алайда  олар  өткен  дәстүрлерден
түбегейлі  бас  тарту  дегенді  білдірмейтін.  Әлеуметтік  болмыстың   басқа
салаларындағыдай Ренессанстық тарихи санада тарихты ұғынып жазуда  ортағ-лық
тәжрибемен   сабақтастық   сақталып   қалды.Бірақ,   бұл   кезкңнің   тарихи
шығармаларының өзіндік ерекшеліктері де байқалды,олар тақырып, тарих  туралы
түсінік, тарихшының жұмыс әдісі жүйесінде көрінді.  Қ.Ө.  мәдениеті  аясында
дамыған жаңа бағыт гуманизм деп  аталды.Бұл  атау   ортағасырдағы  аскеттік,
діни-уағыздық  дәстүрге  қарсы  әрекет  түрінде   адам,  оның   мүдделеріне,
мүмкіндіктеріне  деген  қызығушылықтың  тез  өсуіне  байланысты  шықты.Соған
қарамастан, бұл кезеңде тарихты өзінің зерттеу  құралдары,таным  әдістерінің
жиынтығы тарихи шығармаларда шынайы  бейнеленуі  мақсатында   өткенді  ұғыну
жүйелері бар ғылыми  пән  түрінде  қалыптасты  деуге  болмайды.Онымен  қатар
Қ.Ө.кезеңіндегі   европалық   тарихнама   біркелкі   болған   жоқ.Итальяндық
гуманистік тарихнамаға тән: антикалық авторларға еліктеу, тарихи  оқиғаларды
діни тұрғыда түсіндіру, қоғамды түсінудегі секуляризация мен  рационализация
 сияқты белгілер Италиядан тысқары аймақтарда қолдау  таппады.Тағы  бір  аса
маңызды  әлеуметтік- идеоогиялық, дүниетанымдық  қозғалысты  тудырған  кезкң
герман Реформациясының нәтижесінде тарихты  діни  және  теологиялық  тұрғыда
түсіну  өзінің   үстем   жағдайын   сақтап   қана   қоймай,   рим-   католик
теоретиктерімен  айтыста  одан  әрі  қарқынды  дами  түсті.   Сонмен   бірге
Реформация  және  Контрреформациялық  конфессионалдық  қозғалыстар  туғызған
тарихнамада  оқиғалардың  өзара   байланысы   мен   себептерін   түсіндіруде
рационалдық аргументация, яғни оңтайлы   уәжді  кеңіту  ағымы  байқалды.Және
дерекпен жұмыстың жаңа қырлары, ең  алдымен  оларды  қатаң  сұрыптау,  сосын
олардағы ақпаратарға сыни талдау жасау қажеттілігіне мән берілді.
      Аталмыш кезеңнің тарихнамасында  ФраческоПетрарка,  Джованни  Бокаччо,
Леонардо Бруни  сияқты есімдерді  атауға  болады  және  тарихнаманың  өзінің
сипаты  натикалық  дәстүрге  еліктеушілікті  танытты.  Гум-лық  тарихнаманың
ортағ-лық  тарихнамадан  айырмашылығы  авторлардың  әлеуметтік  және  мәдени
статусымен, оқырман аудиториясының болуымен анықталады. Гум.тарихн.  негізгі
қарастырғаны саяси тарих пен билеушілердің және мықтылардың қылығының  сырын
түсіндіру болды.
      Қ.Ө.тарихнамасының жаңа асамаңызды бір аспекті шіркеулік дүниетаныммен
араны үзу болып табылады. Бұл типтегі тарихи шығармаларда   тарих   Құдайдың
емес адамдардың әрекет саласы деген ойды  байқауға  болады.Осылайша,  тарихи
сананың  жалпы  секуляризациясына,  яғни  діни  көзқарас  басымдығынан   бас
тартуға жетеледі. Никколо Макиавелли, Лоренцо  Валла,  Франческо  Патрици  ,
Жан  Боден  сияқты  тарихшылар  саяси  тарихқа  мән  беріп,   дерекке   сыни
көзқараспен қарау мәселесін көтеріп отырды.
      Византиялық тарихнама бойынша, айтар болсақ  мұнда да алғашқыда антика
дәстүрі  сақталып  келгенмен   христиандық   шіркеу   тарихын   жазу   басып
кетті.Византиялық  тарихшылардың   қатарында:Прокопий  Кесарийский,   Агафий
Миринейский, Феофилакт Симокат тарихнаманың бірінші кезеңінің өкілдері.
      Екінші кезеңде Фотий,  Михаил  Пселл,  Анна  Комнина,  Никифор  Григор
тәрізді авторлардың шығармалары белгілі.
      Орыс тарихи ойының дамуына келсек, мұндағы  тарихи  шығармаларды  жазу
дәстүріне  де  христиан  дінінің  ықпалы  болды.   Ертедегі    орыс   тарихи
шығармаларының негізгі типі сонау  ХУ11  ғ.дейін  жеткен  жылнамалар  болды.
Онымен  бірге  византиялық   тектегі   –хронографтар   жүрді.Жылнама-   орыс
жерлерінде  13-18ғғ.аралығында  жыл  сайын  жүргізіліп   отырған   жекелеген
оқиғалар туралы жазбалар.
      Жылнама жазудың бірнеше кезеңдері белгілі.
      1.Киевтік жылнама жазу кезеңі- Х1 ғ.- Х11ғ алғ.жарт.  Бірінші  тұрақты
жылнама- «Повесть временных лет».
      2.Х11 ғ.ек.ж. – жергілікті жерлер мен жекелеген  қалаларға  байланысты
жылнамалар.  Оларға  тән  сипат  жергілікті   оқиғалар   мен   персонаждарға
қатыстылығы, бірақ жалпыорыстық жылнамалылық  сипат та сақталып отырды.
      3.Мәскеулік Ұлыкняздік биліктің күшеюіне орай, мәскеулік жылнама жазу-
орыс тарихы туралы ресми баяндауға айналды. Бұл уақыттағы  жылнамалар:  Иван
Грозный  тұсында  жасалған  көптомдық  жинақ   «   Лицевой   свод»,   Мәскеу
билеушілерінің династиялық тарихы – «Степенгая книга».

                   Тақырып 4. Ерте жаңа заман тарихнамасы. 1сағ.

 1.Гуманистік тарихнаманың ұлттық мектептері.
2 Ғылыми революция және ХVII тарихи білім
      Қазіргі зерттеушілер XVI-XVII ғғ.аралығындағы Европа тарихын –  саяси,
әлеуметтік,  экономикалық,  мәдени  өмірдің  жаңа  формаларының   қалыптасу,
дүниеніұғыну жүйесіндегі терең өзгерістер мен белгілі мен мүмкіндік  шегінің
кеңуімен  сипатталатын  ерте  жаңа  уақыт  кезеңі  деп  атайды.Р.  Тарнастың
сөзімен айтқанда Батыс жаңа адамның туғанын, өзін және өз бостандығын  қайта
түйсінген, айналадағының бәріне  көңіл  қойып  қарайтын,  ежелгі  классиканы
жықсы көретін, тіпті  өзінің  ұлы  болашағына  берілген,  табиғатты  игеруге
өзінің ақылы қабілетті екеніне көзі жетті.
      XVI-XVIIғғ. Европалық мәдениетте ортағасырлық дәстүр мен  ренессанстық
ғылымнан өзгеше таным  принциптері  қалыптасты.  Интеллектуалды  қозғалыстың
нәтижесінде әлем мен адам туралы түсініктер  қайта  қалыптасып,жаратылыстану
пәндері, тарихи,  саяси,  қоғамдық,  философиялық  жүйе  негіздері  қайтадан
анықталып ғылыми революция деген атқа ие болды.Бұл кезеңнің шекарасын  шегін
шартты  түрде  1543  жылдан  бастайды.   Осы   жылы   Н.Коперниктің   «Аспан
денелерінің айналуы туралы» еңбегі шығып, И.Ньютонның жаңалығы ашылған  еді.
Коперник, Галилей, Кеплер, Декарт,  Ньютон  сияқты  ғалымдардың   ерте  жаңа
замандағы интеллектуалды мәдениеттегі еңбектері  нәтижесінде  әлемнің  тұтас
жаратылыстану ғылыми картасы жасалынды.
      Ерте   жаңа   заман   дәуіріндегі   философтар    білім    құрылымының
принциптеріне, физика, математика, медицина,  әлеуметтік  ғылымдар  қолданып
отырған жаңа әдістерді негіздеуге ерекше назар аударды. Тарих білім  ретінде
мораль, саясатпен байланысты болды да бұл  пәндердің  аумағына  кіре  қойған
жоқ. Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон (1561-1626) « Жаңа органон»  атты  басты
шығармасында білімнің бүкіл жүйесін қайта қарауға  әрекет  жасалып  ақиқатты
табу әдісі ұсынылды.
      Бэкон өз еңбектерінде тарих пен  жаратылыстану   ғылымдарының  бірлігі
туралы жазды, өйткені  екеуі  де  адамның   еске  сақтау  қабілетіне  сәйкес
болды. Азаматтық тарих  та, жеке  оқиғаларды  зерттеумен,  олардың  уақыттан
тыс қасиетін сипаттаумен айналысты. Сөйтіп,  табиғат  құбылысын  және  өткен
оқиғаны зерттеу арасында айырмашылық бола қойған жоқ. Бақылаудың  нәтижелері
болды,  жеке  құжаттар  бойынша  дәлелденген  фактлер  тәжрибе  үшін   құнды
еді.Англияда Бэконның еңбектері жаңа ғылымның сипатына үлкен әсер етті.
      Рене Декарт (1696-1650),  Гуго Гроция (1583-1645 ), Томас Гоббс  (1588
-1679) сияқты  философтар   қоғамды  адамдар  арасында  жасалатын   қоғамдық
келісім шарттың нәтижемі деп есептеді.  Мемлекет  заңдары  адам  табиғатынан
шығатын табиғи құқық негізінде құрылуы керек  деп  есептеді.  Бұл  теориялар
әлеуметтік және философиялық  еңбектерде  үстем  болғанымен,  ХУ11  ғ.тарихи
еңбектерге мұндай идеялардың енуі өте баяу болды.  Тек  келесі  ғасырда  бұл
теориялар тарихтың өткені туралы білімге айтарлықтай ықпал етті.
      Тарих әлі адам, қоғам, әлем туралы білім саласынан бөлініп, дербес пән
ретінде қалыптасқан  да  жоқ  еді.Өткенді  зерттеу  әдебиет,  шешендік  өнер
сияқты  ілімдермен  бірге  жүрді.Университеттерде   тарихты   игеру   ежелгі
тілдерді ұйренуге қатысты қолданбалы мәнде  болды.  Соған  қарамастан,  ХУ11
ғасырда тарихты зерттеу сәнге  айналды.  Оксфорд  пен  Кембриджде  азаматтық
тарихтың алғашқы кафедралары ашылды. Осы кезде тарихты білу саяси  күрестегі
маңызды  фактор  болды.  Мысалы,  Ағылшын  революциясы   кезінде   корольдың
жақтастары мен  парламентті   қолдаушылар  монархтың  шексіз  билігі  немесе
Англияның ежелгі «еркіндігінің» негізін бұрынғы құжаттардан іздеді.
      Бэкон  « ХVII Генрихтың тарихы» (1621) атты шығарманың  авторы.Ол  бұл
еңбекті Англияның күшеюі туралы жазды. ХУ11ғ.ек.ж. Британияда  революциялар,
азамат  соғысы,  монархияны  қайта  үндеу   туралы   бірқатар   тарихи-саяси
еңбектер,  естеліктер  мен  трактаттар   шықты.   Олардың   қатарында   граф
Кларедонның «Бүлік тарихы», Г.  Барнеттің  «Менің  заманымның  тарихы»,  Дж.
Локктың « Өкімет  туралы  екі  трактат»,  «  Діни  шыдамдылық  туралы»  атты
еңбектері бар. Тарихнамадағы бұл бағыт ХУ111 ғ.одан әрі жалғасын тапты.
      Франциядағы мавристер одағы 1648 ж. француз  провинцияларының  тарихын
басып шығаруға әрекет жасады.
      Хроникалар мен құжаттарды шығару  Германия,  Италия,  Англия,  Польша,
Чехия, Испанияда кең тарады. Эрудиттер  қолжазбаларға  сыни  талдау  жасады,
сөйтіп қосалқы тарихи  пәндердің  (палеография,  хронология,  дипломатика  )
және жалпы тарихи білімнің дамуында үлкен роль атқарды.

Тақырып 5. Ағартушылық кезеңіндегі тарихнаманың дамуы. 2сағ.
1.Ағартушылық идеологиясы дүниетанымдық кешен ретінде.
2.Ағартушылықтың ұлттық мектептеріне шолу.

      ХVІІ ғ. соңғы ширегі -  ХVІІІ  ғ.  тарихнамада  жаңа  серпіліс  болды.
Зерттеушілер бұл кезеңді Ағарту ғасыры деп атады. Өйткені Европа  елдерінде,
Солтүстік Америка, Ресейде интеллектуалды қозғалыс кең  тарап,  оның  рухани
орталығы  Франция  болды.  Бұл  қозғалыс  әлеуметтік,  экономикалық,  мәдени
өмірдегі бірқатар өзгерістермен, азаматтық қоғамдағы процестердің  қалыптасу
және модернизациялануымен,  буржуазиялық  –  демократиялық  революциялармен,
дүниетанымдағы трансформациялармен  байланысты  болды.  Ағарту  идеялары  ең
алдымен философияда,  сонымен  қатар  ғылымда,  тарихнамада,  қоғамдық  және
саяси   ойда,   әдебиетте,   өнерде   өз   көрінісін   тапты.   Бұл    дәуір
қайраткерлерінің   қатарында   Франциядан   Вольтер,    Руссо,    Монтескье,
Британиядан Дж. Локк, Д. Юм, Э. Гиббон,  Германиядан  И.  Кант,  И.  Гердер,
Ресейден М.В. Ломоносов, В.Н. Татищев, Н.М. Карамзин болды.
      Ағартушы    философтар,    тарихшылар,    әдебиетшілер,    ғалымдардың
көзқарастары әр түрлі болғанымен,  олардың  шығармаларында  ұқсас  мәселелер
көтеріліп, бір – біріне жақын пікірлер айтылды. Бұл кезеңнің  интеллектуалды
мәдениетіне  «адам»  және  «қоғам»  деген  негізгі  ұғымдары  қайта  қарауға
талпыныс  жасалды.  Адам  табиғаты  деген   не?   Қоғамдық   құрылым   ненің
нәтижесінде пайда болады? Дүние жүзінің көптеген халықтарын  не  біріктіреді
және  қандай  айырмашылығы  бар?   Ғылымның   жетістігі   мен   адамгершілік
нормаларының жетілуіне қарамастан адамдар неге бақытсыз? Мемлекет те,  халық
та үйлесімді  өмір  сүру  үшін  қазіргі  тәртіпті  өзгертуге  бола  ма?  Осы
сауалдарға рационалды философия және тәжірибелі ғылымдардың негізінде  жауап
беру ұсынылды.
      Ағарту қайраткерлерінің қөзқарастары билік пен дәстүрге сыни қатынасты
сипаттады.  Ұсынылған  құндылықтардың  жаңа   жүйесінің   жоғары   критерииі
сословиелік теңсіздікке, шіркеудің билігіне  қарсы  ақыл  мен  салауатты  ой
болды. Өнеркәсіп төңкерісінің әсерімен экономикадағы, әлеуметтік   саладағы,
күнделікті өмірдегі терең өзгерістер прогресс идеясына  философиялық  жылдам
мәдени үрдісіне үміт туғызды, яғни жеке қателіктерінен,  надандықтан,  наным
– сенімнен, қанаудан құтылу керек болды.
      Ағартушылардың  идеялары  бойынша  табиғаттың  бәрі  бітұтас  танымдық
тәртіпке бағынды. Адам  табиғаты  әмбебеп  және  дүние  жүзінде  өмір  сүріп
жатқан адамдар өзгермейді, әуелден – ақ  олар  тең  және  бостандықта  болып
даратылды деп  түсіндірілді.  Қоғамды  ақылдың  заңдарымен,  адамның  табиғи
рационалды түрде қайта құру және өткенді қайтадан ой елегінен  өткізу  керек
деп пайымдалды. Философтар үшін  үлкен  құндылық  көптеген  адамдарға  пайда
әкелетін білім болып есептелді.
      Француз ағартушыларының ірі еңбектері қатарына Жан Д’Аламбер  (1717  -
1783) және Дени Дидро (1713 – 1784) жетекшілігімен шыққан мәтіні 17  томнан,
гравюрасы 11 томнан тұратын «Ғылым, өнер және қолөнер энциклопедиясы  немесе
Түсіндірме сөздігі» (1751 – 1772) болды. Бұл «Энциклопедияда»  философияның,
түрлі  ғылымдардың  маңызды   принциптерін,   жаңалықтар   мен   өнеркәсіпте
қолданылатын  пайдалы   зерттеулердің   нәтижелерін   сипаттаған   мақалалар
жазылды. Дегенмен  де  бұл  жинақтағы  маңызды  орын  тарихқа  берілген.  Д’
Аламбердің айтуынша, адам тарихының пәні мен оның әрекеті, не  оның  білімі,
сондықтан ол азаматтық және ғылыми тарих болып бөлінеді.
      Ағартушылар жазған тарихта философияның ықпалы  күшті  болды.  Алайда,
ХҮІІІ  ғ.  ағартушылық   «философиялық  тарих»  тарихи  сипаттаудың   барлық
әдістерін қолданды деп айтуға болмайды. Бұл кезде европалық қауым  «тарихқа»
қанық болды, өйткені соғытарды, корольдардың, қолбасшылар мен  епископтардың
қызметін  сипаттаған,  қателері  көп,   көшіріліп   қарастырылған   дүниелер
баршылық еді. ХҮІІІ ғасырда тарих  ғылыми  білімнің  саласы  деп  саналмады,
көсем  сөздің  ерекше  жанры   деп   есептелді.   Университеттерде   тарихты
филологтар, ежелгі тілді білетін адамдар, құқықтанушылар берді.
      Сонымен бірге өткенге, қазіргіге, болашаққа деген біртұтас христиандық
көзқарас болды.  Оған  мынадай  бірқатар  факторлар  әсер  етті:  мәтіндерге
гуманистік  сынның  ықпалы,  ежелгі  пұтқа  табынушы  авторлардың   көптеген
еңбектерімен танысу, географиялық ашуларға байланысты әлем  бейнесіне  деген
радикалды өзгеріс, Реформация  дәурінде  шіркеу  абыройының  шайқалуы,  жаңа
философиялық және ғылыми теориялар.
      Француз  ағартушысы,  жазушы,  ақын,  драматург  Мари   Франсуа   Аруэ
Вольтердің (1694 - 1778) «Халықтардың  адмагершілігі  мен  рухы  және  басты
тарихи оқиғалар туралы тәжірибе» (1756 – 1769) деген  шығармасынан  көреміз.
Вольтер бұл еңбегінде алғашқыларпдың  бірі  болып  Европаның  өткен  тарихын
ғана  емес,  барлық  адамзат  тарихын  көрсетуге  тырысты.  Бұл  теологиялық
тұжырымдарға қарсы қойылған тәсіл еді. «Философиялық  тарих»  бойынша,  әуел
баста адамдардың кінәсі жоқ, олардың ерекше  қасиеті  –  ақылы  болды.  Оның
негізгі идеясы  тарихты  ағартушылық  философиямен  біріктіру  еді.  Вольтер
тарихшының міндеті факт жинап,  оқиғаны  мазмұндау  емес,  бүкіл  материалды
саналы тұғырда сыннан өткізіп, «философиялық тарих» жасау деп  есептеді.  Ол
тарихтан мен тек корольдер  тарихын  көремін,  мен  адамдар  тарихын  көргім
келеді, тарихшыдан дәстүрге,  заңға,  мінез  –  құлыққа,  саудаға,  қаржыға,
егіншілікке, халыққа назар аудару талап етілетінін айтты.  Вольтердің  жалып
тарихы – бүкіл адамзатты қамтыған тарих болды. Ол  қолда  бар  мәліметтермен
Қытай, Үндістан, Жапония, Таяу  Шығыстың,  Африка  халықтарының,  Американың
өркениетін  жазуға  тырысты.   Басқа   ағартушылардан   ерекшелігі   Вольтер
мұрағатқа құп көңіл  бөлді.  Ол  прогресстің  жақтаушысы  болды.  Вольтердің
ойынша, дүниеге рационалды көзқарасты бекітуде Батыс Шығыстан,  Америка  мен
Африкадан озып кетті.
      Көптеген  философ  –  тарихшылар  қоғамдық  дамуды  талдауда  прогресс
теорясын  қолданды.  Оның  басты  идеясы   барлық   адамзат   өз   тарихының
бейбітшілікте біртіндеп нығаяды. Өйткені, қазіргісі,  болашағы  бір  бағытта
даму идеясымен байланыста болады.
      Прогресс тұжырымдамасы көптеген еңбектерде талданды.  Бұл  теория  екі
француз  авторларының  еңбектерінде  жан  –  жақты  көрсетілді.   Экономист,
мемлекет қайраткері Анна Робер Жак Тюргоның (1727  -  1781)  «Дүние  жүзілік
тарих туралы танулар» (1750) шығармасы және математик, ағартушы философ  Жан
Антуан Никола  Кондорсэнің  (1743-1794)  «Адам  ойы  прогресс  тұжырымдамасы
буржуазиялық мәнде болды, себебі  ол  табиғи  құқыққа  сәйкес  келетін  қғам
буржуазиялық қоғам  деп есептеді».

      Тақырып 6. Романтизм дәуіріндегі тарихи философия  (Х1Хғ.1-жартысы)  2
сағ.

 1.Романтистік тарихнаманың қалыптасуы.
2.Консерваторлық романтикалық тарихнамадағы ұлттық мектептер
3.Либералдық  романтикалық тарихнамадағы ұлттық мектептер.

      Ағартушылық  ғасырының философтары өз еңбектерінде табиғат, қоғам және
тарихтағы тәртіп туралы жаңаша  түсініктер  қалыптастырды.1770-ші  жылдардан
бастап түрлі елдерде бұл идеялар әлеуметтік және саяси тәртіпті шын  мәнінде
қайта құруға тырысушыларды рухтандырып отырды. Айқын  дәлел  Франция  болды.
1789 жылы  Ұлы  француз  революциясы  басталды,  1792  жылы  монархия  құлап
республика жарияланды. Келесі жыл корольды жазалау және якобиндік  террормен
әйгілі  болды.  Революциядан  соң  Наполеонның  билікке  келуі,   империяның
жариялануы, Европаның картасын қайта қиюға әкеп соққан әскери  жорықтар  мен
басып алуларымен  есте қалды.
Ұлы француз революциясы  өз  жақтастары  мен  қарсыластары  арасында   өткір
айтысты  тудырды.  Көз  алдында  өтіп  жатқан  тарих   рационалдық   схемаға
келмейтін қорытындыларды тудырды.  Ойшылдардың  жүйелі  тәртібін  әлеуметтік
сілкіністер төңкеріп тастады. Жуық арада құрылатын ақыл, ерокіндік,  бақытқа
негізделген  патшалықтың  орнайтыны  туралы   теорияларға   сенім   жоғалды.
Революцияның тәжрибесін ұғынудың нәтижесінде қоғамды
      индивидтердің  механикалық   суммасы  ретінде   және   ақылдың  әлемді
саналы өзгерте алатындығы, прогресс туралы қайта қарауына жағдай туғызды.
      Осындай жағдайда,  XVIII-XIX  ғғ.аралығында  Европада   романтизм  деп
аталған  идеялық  –  көркем  бағыт  қалыптасты.   Әдебиеттегі   романтизмнің
өкілдері: Германияда  И.В.Гете, И.Ф.Шиллер, Э.Т.А.Гофман; Фпанцияда  В.Гюго,
П.Мериме;  Британияда  Шелли,  Байрон,   В.Скотт;   Ресейде   В.А.Жуковский,
А.С.Пушкин сияқты ақын –  жазушылар,  суретшілер  Э.Делакруа,  Т.Жерико,  У.
Тернер, философтар – Фихте, Гегель, А.Шопенгауэр болды. Романтизм  өнер  мен
әдебиет мектептерінің бағыттарына, ғылымға, Х1Х ғ.алғ. үштігіндегі  қоғамдық
ой мен философияның өзгеруіне ықпал етті.
       Тарихи білімде де романтизмнің  ықпалы  сезілді.  Бұл  кезеңде  тарих
жеке  пән  ретінде  көріне  бастады.Егер   ХУ111  ғ.  тарихи   шығармалардың
авторлары  көбінесе философтар, антиквар – коллекционерлер, публицистер  мен
әдебиетшілер  болса,  Х1Х   ғ.алғ.жартысында  өткенді  зерттеу   маманданған
кәсіби  қызмет  сипатына  ие  бола  бастады.  О.Тьерри,   Ф.Гизо,   Ж.Мишле,
А.Токвиль,  Л.Ранке,  Б.-Г.Нибур,  Т:-Б.Маколей,  Т.Карлейль,   Н.М.Карамзин
секілді тарихшылардың шығармалары Европа мен әлемде  кеңінен танымал болды.
      Романтик – авторлар өз көзқарастарын ағартушылардың теорияларына қарсы
қойғанына қарамастан, көп жағдайда ағартушылықтың  интеллектуалдық  мұрасына
сүйенді.
        Романтикалық  және   консерваторлық   тұрғыда   берік   философиялық
қағидыларды алғашқы болып сынаған кейінгі  Ағартушылықтың  өкілдері  еді.Бұл
ағымның  өз  идеяларын  қайта  қарауға  қабілеттілігі  оның  өмірін  біршама
ұзартты,   сондықтан   Х1Х   ғасырдағы   қоғамдық   өмір   мен    ғылымдарда
Ағартушылықтың  ықпалы  әлде  де  мықты  еді.Тарихи  білімдегі  оның  ықпалы
ертекәсіби тарихтың келбетінен, зерттеудің  ғылыми  дәлдігін  талап  етуінен
байқалды.
      Романтизм  идеялары  әр  елде  әртүрлі  танылды.  Ең  алғаш  Францияда
таралды.Романтиктердің   көзқарастарының   әркелкілігіне   қарамастан,   бұл
идеялық ағымға тән ортақ  принциптерді  табуға  болады.Романтизм  Бэкон  мен
Ньютонның  таным  заңдарына  бағынышты  рационалдық  механикалық  табиғаттың
орнына   барлық   нәрсенің  негізі  болатын  аса  құдіретті  жасампаз  күшке
бағынатын табиғғатты «ашты». Романтиктердің ішкі үндестік, еркіндік  күреске
толы  ұлы  және  таза  табиғат  жайлы   майымдаулары  олардың  адам   туралы
түсініктерімен сәйкес келді. Адам – күшті де асқақ  сезімдерге,  құштарлықка
ие, түйсіктік ұғыну, шабыт пен шығармашылыққа   қабілетті әлемге қарсы  тұра
алатын индивид деп саналды.
      Романтиктер үшін ең бастысы тарихилық принципі болды. Ағартушылар  бұл
принципті  даму идеямында жүзеге асырылды: таиғат пен  қоғамдағының  барлығы
адам  еркіне  бағынбайтын   үдемелі   қозғалысқа   тәуелді.   Романтиктердің
шығармаларында тарихтың қозғалысы органикалық  үрдіс  ретінде  түсіндірілді.
Барлық құбылыстардың қосымша – тарихи өлшемі пайда болды: Оларды  қалыптасу,
даму, гүлдену және күйреу сәттерінде қарастырған жөн деп  түйілді.  Өткеннің
барлық   құбылыстары   қайталанбас,   ерекше    болып   көрінді.   Осылайша,
романтизмнің тарихи шығармаларында  өткен мен қазіргінің арасында   алшақтық
бар екені  түйсінді. Бұл көзқарастың мәні  барлық  тарихи  кезеңдер  адамзат
қауымдастығының   дамуы   үшін   қажетті,   өзінше   маңызды.   Ағар-    дың
пайымдауларында  ортағасырлар  кезеңі   –   варварлықтың,   қараңғылық   пен
ырымшылдықтың  уақыты  ретінде  үнемі  теріс  бағаланып   келсе,   керісінше
романтиктер бұл кезеңді үлгі ретінде қабылдап отырды.
      Романтиктердің концепциясы бойынша халықтар, мемлекеттер және мәдениет
  табиғи  жолмен  дамыды.Романтикалық  бағыттағы  философиялық  қағидалардың
ықпалымен,  әлемдік  тарихтың  негізін   өзін  халықтар  тарихында  кезекпен
танытып отыратын қандай да бір Рухтың қозғалысы құрайды  (Гегелде  ол  идея,
Шеллингте -  әлемдік рух, Фихтеде-  Құдайылық   шындықты  көрсететін  эго  –
принцип ).
      Егер ағарт- лар өткеннен  жалпы әмбебап заңдарды іздеген болса, ром- р
ұлттық тарихтағы өзіндік  сипат  пен  ерекшелікке  аса  назар  аударды.  Бұл
ерекшеліктер  әр  ұлтқа  тән  халықтық   рухтың  сипатымен   бірігіп  ұлттық
мемлекеттің дамуын туғызады. Уақыт  бойынша  романтизм  Европалық  елдердегі
ұлттық қозғалыстардың жандануымен тұстас келді  Сондықтан  да  сол  кезеңнің
ойшылдары үшін: ұлт,  ұлттық  мемлекет,  патриотизм  сияқты  ұғымдар  өзекті
болды. Ұлттық тұтастық идеясы орын алып, тарихшылар  өз  алдарына   халықтың
рухының көрінуін зерттеу мақсатын қойды.
      Х1Х ғ.алғ. жартысында тарихқа деген қоғамдық  қызығушылық  өте  жоғары
болды. Әр елде  ол  әртүрлі  көрінгенімен  белгілі  тарихшылардың  еңбектері
бірнеше рет басылып, баспасөз бетінде талқыланып отырды. Ашық лекциялар  оқу
тәжрибесі кең таралды, Европа мен Америкада тарихи қоғамдар мен  мұражайлар,
арнайы журналдар құрыла бастады. Кей елдерде  ұлттық  тарихтың   көп  томдық
деректері басылып  шықты.  Мысалы:1826  жылдан  бастап  «Германия  тарихының
ескерткіштері»; 1835ж.-  «  Франция  тарихы  бойынша  басылмаған  құжаттар»;
Италияда 1836ж. «Отан тарихының ескерткіштері»; АҚШ-  та  1832-1861  жж.  38
томдық « Американың мемлекеттік құжаттары» жарық көрді.
      Халық творчествосын зерттеу ерекше орын алды. Халықтың рухы оның тілі,
фольклоры, хикаялары, салттарынан көрінеді деп саналып, осы мәселелерге  мән
берілді. Бұл әрекет болашақ мәдени – антропологиялық  зерттеулер  жүргізудің
негізін салды.
      Х1Х ғ.алғ.  үштігінде  тарих  дербес  пәнге  айналып  келе  жатса  да,
әдебиетпен етене жақын болып қала берді. Жаңа  әдеби  жанр  –  тарихи  роман
пайда болды. В.Скотт, В.Гюго, О. ДЕ Бальзак, А.С.Пушкин, Дж.Ф.Купер  секілді
жазушылардың тарихи  шығармалары  ұлттық  тарихты  жазу  тәсілдеріне  әсерін
тигізді.
      Романтизмнің тарихнамасының түрлі ағымдары болды, идеялық алшақтық  ең
алдымен тарихшының  идеологиялық   таңдауына  байланысты  болды.  Осы  кезде
тарихтың қоғамдық   маңызы  біртіндеп  өсіп  келе  жатқан  еді.  Х1Х  ғ.алғ.
онжылдығында  консервативтік бағыттағы тарихшылардың ықпалы зор болды.
            Консерваторлық романтикалық  идеяның өкілдері: Англияда   Эдмунд
  Берк;  Францияда  Ж.де  Местр,  Л.  Бональд,   Ф.Р.Шатобриан;   Германияда
құқықтың тарихи мектебінің өкілдері Ф.К.Фон Савинья, К.Ф.Эйхгорн болды.
      Либералдық бағыт өкілдері:  Францияда   О.  Тьерри,  Ф.Гизо,  Ф.Минье,
А.Тьер болды.



     Тақырып  7.  Х1Х  ғасырдың  2-ші  жартысындағы  позитивизм  және  тарих
ғылымының дамуы 1 сағ.

 1.«Позитивті» ғылымның пайда болуының алғышарттары.
2.Ұлттық тарихнамалық мектептердің дамуы.
       Тарих  –  қоғамның  қозғалыс  түрінің   көптігін   ашып   көрсететін,
адамзаттың өз дамуында өтетін күрделі жолдарын  түсінуге  мүмкіндік  беретін
ғылым.  Тарих,  әрбір  ғылым  сияқты,  объективті   білімдерді   жүйелеусіз,
эмпирикалық материалдарды  теориялық  толықтырусыз,  зерттеу  құбылыстарының
мәніне  осы  құбылыстарды  басқаратын  ішкі  заңдылықтарын   ашу   жолдарына
тереңдеп енбей өмір суре алмайды.
      ХІХ ғасырдың басындағы көптеген көрнекті тарихшылар қоғамдық таптардың
тарихи  үдерістегі  таптық  күресті  танығанға  дейін  өмір  сүру   фактісін
мойындады. Бірақ, таптар неге пайда  болды?  Адамдардың  әрекеттерін  қандай
жасырын  серіппелер  бағыттап  отырады?  Оларды  күресуге,  қандай  да   бір
ұрандарды, саяси және  әлеуметтік  идеалдарды  алға  қоюға  не  итермелейді?
деген мәселеге ешкім де дұрыс жауап бере алмады.
      Көрнекті ойшыл А.Сен-Симон білімді дамытуды тарихи үдерістің  негізігі
факторы  ретінде  есептеді.  Өйткені,   оған   дейін   адамзат   табиғатының
өзгермейтіндігі туралы козқарас  қалыптасқан  болатын.  Оның  даму  идеясына
өту, адамзат идеяларының өзгеретіндігі жайлы пікірі бір адым алға  басқандық
болды. Бірақ ол да,  білімнің  неге  дамитындығын  түсіндіріп  бере  алмады.
Соңында, жетілуге ұмтылатын адамның ерекше қасиеті жайлы тезиске оралды.
      Маркске дейінгі тарихи ғылымда, қандай да бір қоғамның тиянақты дамуы,
әр түрлі екінші кезектегі себептер  нәтижесінде  өз  бетімен  жүріп  отырады
деген көзқарас кең таралды.  Ұзақ  уақыт  бойына,  қандай  да  бір  қоғамның
немесе адамзат дамуының, тіпті, тұтас өркениеттердің   өзіне тән  себептерін
іздестіруге ұмтылыс жасалды.  Олар  мұны,  бұлардың   діни  көзқарастарымен,
күрделі  иерархиялық  құрылымымен,   қауымдық   немесе   туыстық   –   рулық
байланыстардың ерекше беріктігімен түсіндіруге тырысты.
      Кез  келген  халықтың,  кез  келген  адамдар  қауымының,  жалпы  тұтас
қоғамның өмір сүруін және  дамуын  анықтайтын  жағдай  –  барлық  уақыттарда
негізгі өмірлік қажеттілікті, оның ішінде тамаққа, киімге және  тұрғын  үйге
деген қажеттілікті қанағаттандыру. Тарихи ғылым  мәселелерінің  бірі  –  осы
қажеттілікті  қамтамасыз  етудің  әр  ғылым   мәселелерінің   бірі   –   осы
қажеттілікті қамтамасыз етудің әр түрлі тәсілдерінің  қоғамдық  қатынастарға
қалай  әсер  ететіндігін,  бұл  қатынастар  түрінің   қалай   қалыптасатынын
түсіндіру болып табылады.
      Саясаттың мазмұны өндірісті қоғамдық ұйымдастырумен  анықталады.  Оның
ерекше  белсенді  рөлінің  қайнар  көзі   нақты   осында   болып   табылады.
Экономикадан өз импульсін  алып,  оған  тәуелді  бла  отырып,  саясат  терең
экономикалық мүдделердің анағұрлым  ауқымды  күшіне  қарай,  өте  жиі  қоғам
өмірінде жетекші жағдайға ие болады.
      Бүкіл  әлемдік  тарихи  үрдістің  бірлігі   қоғамдық   дамудың   жалпы
заңдылықтарында көрініс береді. Бұл бірлікті жалпы  заңдылықтардың  тиянақты
түрінің міндетті сәйкестігі ретінде түсіну дұрыс болмас еді.  Қоғамдық  даму
заңдылықтары бұл дамудың барлық құрамдас бөліктерін  байланыста  алып  қарап
зерттемей тарихи үрдісті түсіну мүмкін емес.
      Әр түрлі кезеңдегі көрнекті өкілдердің аттары  белгілі.  Оларды  толық
құқықпен «ұлы адамдар» деп атауға болады. Олардың  саны  аз,  бірақ  олардың
қалдырған ізі өте маңызды. Ол бәрінен бұрын, бұл  көрнекті  өкілдердің  дана
жеке  тұлғалар  ретінде  көрінуіне  емес,  керісінше,  тарихи  дамудың   сол
сатысындағы  тұтас  таптардың   немесе   әлеуметтік   топтардың   мүдделерін
білдіргендігіне байланысты. Бұл  таптар  немесе  әлеуметтік  топтар  алдыңғы
позицияны алған кезде, олар қоғамдық прогрестің тасушыларына айналады.
      Қоғамдық қайраткерлерге тарихи  талдау  жасау  кезінде  қоғамға  теріс
ықпал еткен тұлғаларды  да  естен  шығармау  керек.  Мұндай  жағымсыз  сирек
кездесетін жеке тұлғалардың да, өзінің жеке тілегі  бойынша  тарихи  сахнаға
шықпағанын  атап  өту  керек.  Олардың  құрылымы  бұзылған  қызметтің  «жеке
мейірімсіз еркі» қоғамдық прогрестің  реакциялық  сипатын,  тарихи  сахнадан
кетіп жатқан таптық күштер  қарсылығын  білдіретін  белгілі  бір  әлеуметтік
жағдайда жүзеге асуы мүмкін.
      Сонымен бірге қандай да бір белілі кезеңдегі халықтың әлеуметтік мінез
–  құлқы  және  өздерінің  жеке  позициясына  сәйкес  келетін  жеке  тұлғаны
таңдауы,  көбінесе,   сол   кезеңнің   рухани   өмірімен,   мирасқа   қалған
дәстурлерімен  анықталады.  Сондықтан  да   қоғамдық   сана   мен   мәдениет
мәселесінің, тұтас алғанда  тарих  ғылымының  бір  бөлігі  болып  табылатыны
даусыз.
      Тарих мәдениеті - өткенді зерттеудің арнайы саласы...
      Мәдениет элементтері тек әлеуметтік – экономикалық формацияның  барлық
қуысына терең еніп қана қоймайды, сонымен  бірге  онда  автономдық  жағдайды
ұстайды. Әлеуметтік  психология  саласымен  тығыз  байланысты  бола  отырып,
мәдени мұра, тіпті, ең ірі  деген  әлеуметтік  өзгерістердің  ықпалына  баяу
ұшырайды. Ол мұнда тез қайта құруға бөгет жасайтын белгілі  бір  селқостықты
сақтайды.
      Зерттелген қоғамда дамып отырған, тарихи  –  мәдени  үрдістерге  көңіл
аудару – оны терең зерттеудің және түсінудің қажетті жағдайы. Сонымен  қатар
мәдени  үрдістерді  түсіндіруге  деген  қарапайым  механикалық   көзқарастан
сақтану қажет. Оларды тікелей саяси және экономикалық өзгерістерден  шығарып
қарауға болмайды. Мысалы, белгілі  бір  қоғамның  әдебиетіне  талдау  жасау,
зерттеліп жатқан құбылыстар мен  үдерістерді  олар  дамыған  тарихи  «түсте»
алып зерттеуді  талап  етеді.  Алайда,  ол  әдеби  шығармашылықтың  көптеген
өзіндік ерекшеліктерін түсіндіре алмайды. Әлеуметтік –  экономикалық  дамуға
негізді тұжырым жасау үшін  қарапацым  сәйкестендіру  жеткіліксіз.  Тек  тар
хронологиялық шеңберде қарастыру арқылы, мәдени – психологиялық  үдерістерді
терең түсіндіру мүмкін емес. Мұнда күрес пен жарыс дамып  отырған  кзеғдегі,
уақытша  орын  алған  әлеуметтік  –  экономикалық  жүйенің,  аталған  тарихи
кезеңнің көптеген  қарама  –  қайшы  факторларының  ықпалын  зерттеә  қажет.
Мәдениет   тарихын   зерттеудің   мәдени,   әсіресе    көркемдік    көрнекті
құбылыстардың  қазіргі  бай  тарихтың   күрделі   үдерістерімен   байланысын
анықтауды маңызы зор.
      Тарихи ойдың, зерттеудің жаңа  әдістері  мен  тәсілдерінің  дамуы  көп
зерттелген іс жүзіндегі материалдан жаңаны көруге мүмкіндік  береді.  Тарихи
зерттеу  нысаны  қатып  қалған  және  өзгермейтін  нәрсе  болып  табылмайды.
Археология  мұндай  жаңалықтардың  көптеген  мысалдарын   бере   алады.   Ол
материалдық  мәдениеттің  бұрыннан   белгілі,   жан   –   жақты   зерттелген
ескерткіштерге жаңа  көзқараспен  қарауға  мәжбүр  етеді.  Тастар  «сөйлеп»,
бұрыңғы өткен заманның бейнесін маңызды түзетулер енгізе отырып,  қабылдауға
ықпал етеді.
      Тарих ғылымы пәнінің керемет кеңдігі ғылымдарға жоғары талап қояды. Ол
міндетті  кәсіби  және  жалпы  теориялық  дайындықты  қажет  етеді.   Кәсіби
дайындық соған сәйкес мамандануды, тарих ғылымның  белгілі  –  бір  саласына
жататын  тиянақты  материалды  білуді  білдіреді.  Жалпы   тарихи   дайындық
әдіснамалық  зерттеуді   меңгеруді,   ішкі   күрделілігіне   және   көлеміне
қарамастан, эмпирикалық материалдың  бағытын  анықтауға  мүмкіндік  беретін,
материалистік  диалектика  материалдарын  тиянақты   түсінуді   қарастырады.


                     Тақырып 8. Ресей тарих ғылымының даму тарихы. 1сағ.
1.Орыс тарих ғылымының қалыптасуы.
2.Романтикалық кезеңдегі орыс тарихнамалық мектебі.
3Позитивизм кезеңіндегі ресейлік мектептер.

      Ресейдегі тарих ғылымы өте ұзақ, күрделі жолдардан  өтті.  Ол  Киев  –
Русінде қалыптасты. ІХ – ХІ ғғ. Бізге дейін келіп  жеткен  тарихи  ескерткіш
«Повесть временных лет» ХІ ғ. жатады. Повестьтің  басталуының  өзі  –  «Орыс
жері қайдан басталды» деген мәселені көтерді.
      ХҮІ ғасырда жекеленген жылнамалардан жылнамалық  жинақтар  құрастырыла
бастады. Жылнамалықтың негізгі идеясы  тарихи  жылнамалар  бір  жинақ  құрып
отырды. Сондай жылнаманың ең бірінші үлгісі «Степенная  книга»  онда  тарихи
оқиғаларды әлеуметтік жағынан баяндайды.
      1647 жылы Киев қаласында Инакент  Гизель  басып  шығарған  ең  алғашқы
тарихи оқулық «Синопсис» түрлі жылнамалықтың,  әңгімелердің  әдеби  өңделген
түрі болған. Ғылыми түрде болған жоқ.  Олардың  мазмұны  негізінен,  негізгі
және жанама тарихи фактілерден және  әулие  атақты  адамдардың  өмірбаянынан
тұрды, және де екінші  сипаттағы  фактілер  жалаң  түрде  берілгенмен  өзара
байланыс болған жоқ. Ал, жалпы  тарих  ғылымы  Ресейде  европадағыдай  ХҮІІІ
ғасырда қалыптасты. Бірақ, Ресейдегі  І  ғ.  қалыптасу  процесі  әлде  қайда
күрделі жағдайда өтті. Дамудың артта қалуына орай,  оқу  орындары  кейінірек
ашылды. Тек қана 1753 жылы  Москва  университеті  ашылды.  Ғылым  Академиясы
1725 жылы құрылды. Тағы бір орыс зерттеуліне қиындық келтірілген бір  мәселе
– түпдеректік базаның әлсіз болуы.
      І Петр орыс Ресей тарихын жазу туралы сенатқа өзінің жарлығын  берген.
Сол жарлық бойынша түпдеректерді жинақтау кезінде барлығы 40 –  ақ  түпдерек
болды. Оның ішінде 8 ғана тарихи сипатта болды.
      Үшіншіден Ресей тарихы туралы еңбекті жазу  ісімен  алғашында  тарихшы
емес, мемлекеттік қызметкер болды. Ресей тарихының ең  алғаш  жүйелі  жинағы
болды. Ресей тарихымен бірге Татищев географиялық, археологиялық  деректерді
жинауға  нұсқау  берді.  Соған  қарамастан  оның   еңбегінің   кемшілігі   –
жинақталған материалдардан нақты тұжырым  жасай  алмаған  және  концептуалды
идеясы жасалған жоқ.
      Тағы бір кемшілігі – тілінің ауырлығында. Ғалымдардың  өздері  де  ұға
алған жоқ. ХҮІІІ ғасырдың  ІІ  жартысында  Ресей  тарихы  ғылымның  дамуында
түбегейлі өзгеріс байқалған. Ол ең алдымен ағартушылықпен байланысты  болды.
Осы кезеңде ел басқарудың ең алдымен  ІІ  Екатеринаның  Рсейдегі  көзі  ашық
адамдардың ортасында тарихқ қызығушылығы болды.
      ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында ХІХ ғасырдың басында тарих ғылымын дамыту
үшін деректік базаны құруға үлкен қадам жасалды.
      ХҮІІІ ғасырдағы  көрнекті  ағартушы,  жазушы,  баспагер  Н.И.  Новиков
барлық  жинахталған  жылнамаларды,   мемлекеттік   актілерді,   көне   әдеби
мұраларды бір жинаққа басып шығарды. Соның нәтижесінде  20  томдық  «Древняя
Россиская  Виблиобрика»   жазып   шығарды.   Карамзиннің   атақты   «История
Россиского Государства» деген еңбегі (1816-1828) жарық көрді.  Бұл  еңбектің
маңызы орыс тарихына деген нақты көзқарастық тұрғысынан жазылған  толыққанды
еңбек. әдеби тілде тарихи тұрғыда ұсынылған.
      Карамзиннің еңбегіне тән  негізгі  идея  Ресейдің  ұлттық  мемлекеттік
қуаттылығын көрсету болатын, және де  бұл  қуаттылыққа  мемлекет  дәрежесіне
жетелеген  Русь  жеткізген,  басты  назарын  ұлы  патшалығымен,   князьдарға
арнайды. Бірақ Карамзиннің идеясы мемлекеттің  доктринасына,  саясатына  сай
келді. Карамзин осы  еңбегі  үшін  Ресей  мемлекетінің  тарихнамашысы  болып
тағайындалды.
      ХІХ ғасырдың 30 – 50 жылдары  тарих  ғылымы  цензураға  тәуелді  болып
қалды.  Тек  қана  крепостнойлық  право  жойылғаннан  кейін  ғана   дамуында
ілгеріқадам байқалды. Ресей тарихында либералдық бағыт қалыптасты.
      ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы көрнекті орыс  тарихшыларының  бірі  В.Л.
Ключевский  (1841-1911)  еңбегінің  маңыздылығы  сол,   «Тарихи   мектептің»
қалыптасуына ықпал етті.
      Ключевскиймен қатар Данилевскийді алуға болады. Оның маңызы, ол Европа
ғалымдарына дейін – ақ мәдени – йивилизацияның  бағытын  ұстанған.  Нақ  осы
Данилевский цивилизацияның  мәдени  тарихи  туралы  теорияны  ұсынып  славян
цивилизациясын осы қырынан қарастыруға тырысқан.
      ХХ ғасырдың басында Ресей тарих ғылымының дамуында біршама  алға  басу
байқалды. Орыс тарихшыларын лкен өзгерістер күтіп тұрды.
      Ресейде ХІХ  ғасырдың  ІІ  жартысында  –  ХХ  ғасыр  басында  көптеген
белгісіз европалық мектептер өмір  сүрген.  Орыс  ғалымдарының  көбі  ғылыми
және тарихи танымның бір уақытты спецификалық мінезді мойындады.
      Тарихи білімде позитивтік концецияда мықты позициясын өте ұзақ сақтап,
өзінің  кейбір  версиясында  біршама  таңқалатындай  нәтижесін  берді.   Оны
мынадай ірі Ресейлік тарихшылар бөлген: В.О. Ключевский, Н.И.  Кареев,  М.М.
Ковалевский және т.б.
      ХІХ ғасырдың 50 жылдары басты рөлді  сыни  әдіс  бойынша  тәрбиеленген
«Петербургтық тарихи мектептің» ғалымдары  болған.  Бірақ   1860  –  70  жж.
тарихи  ғылымның  передовой  орталығы  Мәскеу  қаласына  ауыстырылды.  Бұнда
Т.Н.Грановскийдің дәстүрлері берік сақталған және оның жақын  шәкірттері  ең
бастысы П.Н.Кудряведева және С.М. Соловьева. Ол 1864  –  1870  ж.  тарихи  –
филолгиялық факультеттің деканы, ал 1871 – 1877  ж.  университеттің  ректоры
болып тағайындалды.
      Тимофей  Николаевич  Грановскийдің  көзқарасы   (1813-1855)   тарихтың
әлеуметтік функцияларын қарастырды.
      Грановский кең эрудициясы, тарихқа деген шексіз ынтасы барлық  дәуірді
толық анықтап суреттй алды. Көптеген жылдар  бойы  романтикалық  тарихнамада
істеп, Грановский 1852 ж өзінде – ақ өзінің  сөзінде  «Заманауи  жағдай  мен
жалпы  тарихтың  дамуында  мынадай  тезис  қозғаған,  тарих  дейді   методты
жаратылыстану ғылымымен тығыз байланыстыру керек» дейді. Осы  кездің  өзінде
– ақ ол позитивтік рухында  өзінің  ортағасырлық  тарих  лекциясында  түзете
бастаған болатын.
      Атақты  ресейлік   тарихшы   Владимир   Иванович   Герье   (1834-1919)
Грановскийдің  дәстүрін  жалғастырушысы  болды.  Ол  Мәскеу  университетінде
оқыды. Герье  позитивистік  тарихнамаға  қарсы  шығып,  Бокольдің  «Тарихтың
цивилизациясын» қатты сынға  алды.  Ол  мынаны  отыра  тарихшының  ең  басты
дерегі адамның шығармасы болып табылады. Ал басты оқу  құралы  –  адамдардың
іс – қимылы, тарихи таным психологиялық анализге арқа сүйеу керек.
      Герье  бірінші  болып  ғылыми   практикаға   неміс   тұрғыдан   тарихи
семинарларын   енгізді.   Студенттерге   білім   беруде   әлеуметтік    және
экономикалық тарихи тақырыптарды енгізген болатын.
      Герьенің досы, Ресейдің  ірі  тарихшысы  Василий  Осипович  Ключевский
(1841-1911) мемлекеттік мектептердің орнықтармен байланысын  үзіп,  ресейлік
тарихты  жалпының  бөлігі   ретінде   қарастырды.   Ол   адамзат   қоғамының
қалыптасуындағы жалпы заңның ғылым ретінде қалыптастыруды арман  еткенн.  Ол
өзінің қайталанбайтын тарихи концепциясын қалыптастырды.
      Ключевский сонымен қатар синтетикалық концепцияны қалыптастырды, бұнда
тарихи жағдай мен адамзаттың әлеуметін байланыстырды.
      Позитивтік  рухының  қалыптаусында  жаратылыстану  ғылымын  принциптік
білімінде Ключевский «Методологиялық  Ресей  тарихы»  курсында  субъективтік
методтың айырмашылығының сұрағы, тарихтан қоғамдық  тәрбие  құралын  жасауын
және объективтік методы өткенді  танудағы  ғылыми  бағыттарын  алға  қойған.
Оның  пікірінше,  субъективтік  методта  деректерді  табу   және   біртіндеп
адамзаттың жаңа замандағы  мәдениетін  қалыптасытырып,  содан  барып  тарихи
фактілердің тек осы процеске қатысы барлар ғана жиналды. Бірақ  адмазат  бір
халық емес, сондықтан – да  бұл  жиналған  факт  және  тарихшылардың  бағасы
әртүрлі мәдениетке жататындар, бір – біріне ұқсамайды. «Бұндай  тарихи  оқу»
- деп Ключевский жазады – тарихилық  құбылыс  жеке  оқып  жаттау  ортасынан,
яғни қаралатын объектіден емес, керісінше қаралатын субъектіден.
      «Тарихи орыс мектептерінде» жалпы тарихтың  қалыптасуына  үлкен  себеп
болған  Мәскеу  университетінің  тарихшыларының  байланысы  болды.  Герьенің
жақынжақтасы  Мәскеу  университеті  бойынша  болып  орыс  медиевисті   Павел
Виноградов (1854-1925) болды. Оның  ғылыми  орталық  қызметінде  пайда  болу
мәселесі мен Батыс  Европалық  феодалдардың  дамуы  алда  тұрды.  Виноградрв
позитивистік тарихнамада ең ірі жақтас ретінде көрінді. Ол өзінің  ең  басты
оқу құралы болғандықтан, оған әлеуметтік тарих аспетісі ретінде  көрсетілді.

      1901 жылы отставкаға кетіп, Англияға кетуге мәжбүр  болды.  Бұнда  оны
жақсы танып, бағалап және де осында  оған  Оксфорд  университетінде  кафедра
берілді.   Виноградовтың   Оксфордтық   семинарында   жас   европалық   және
американдық ғалымдар қатысты.  ХХ  ғасырдың  басында  ғылымның  шырқау  шегі
ретінде Виноградов мына фактыны  бағалады,  қоғамдықтың  дамуы  кездейсоқтық
сияқты емес, керісінше заңның жүрүінің нәтижесі ретінде  қабылдана  бастады.


Тақырып 9. ХХғасырдың басындағы тарихи философия .

1.Ғасырлар тоғысындағы тарих ғылымының дағдарысы.
2.О.Шпенглердің тарихи философиясы.
3. «Тарихи синтез» әдістемесі және «жаңа әлеуметтік тарихтың» қалыптасуы.

              ХХ  ғасыр  барысында  тарих  ғылымы   бірнеше   рет   түбегйлі
өзгерістерді басынан өткізді.Бұл өзгерістер  ғылымның  пәні,  оның  мазмұны,
мәселелері, зерттеу әдістері  мен  түптеп  келгенде  ғылымның  кәсіби-ғылыми
және әлеуметтік статусын түсіну төңірегінде болып жатты. Бұл уақытағы  тарих
ғылымының  дағдарысы  өткен  ғасырдағы  тарихи  танымның   ерекше   дамуының
салдары болды.Тарих ғылымы туралы теориялық білімді оның  анағұрлым  кеңіген
эмпирикалық  базасына сай құру қажеттігі туды.Тіпті,  Х1Х-ХХ  ғғ.аралығында-
ақ, және жаратылыс  тану  және  тарихи  танымның  принципиальдық  ерекшелігі
орнаған соң ескі ғылыми парадигманы  қайта  қарау  басталды  да  ең  соңында
тарихтың өзінің бейнесінің  терең  өзгерістерін  туғызды.1-нші  дүниежүзілік
соғыстың  қарсаңында  позитивизмге   шабуыл   жасалына   бастады.   Ғасырлар
аралығында басталған методологиялық дағдарыс соғыс  жылдары  асаүдеп,  тарих
ғылымының жалпы дағдарысынаәкеп соқты.
      Қоғамдық   сананың  формасы   ретінде,   тарих,   оның   қиындықтарына
байланысты болады. Бұл қиындықтар неғұрлым терең  әрі  өткір  болған  сайын,
олардың ғылымға ықпалы да соғұрлым ауқымды бола  түседі.Міне  сондықтан  да,
тарих ғылымының  түйінді  мәселесі  ашық  түрдегі   әлеуметтік  аспектке  ие
болады.Ол   өз    кезегінде    тарихтың    барлық    ағымдарын    қиындатып,
шиеленістіреді.Осы тұста, батыстық  өркениеттің  тоқтаусыз  үдемелі  дамуына
деген сенім жоғалып,  прогресс  теориясы  күйрей  бастады.Осыған  орай,тарих
атаулы жалпы керек пе деген мәселе өткір туындады.
      Тарихи  танымның  негізгі  принциптерін   қайта   қарауға   сондай-ақ,
Х1Хғ.аяғы- ХХғ.басында ғылыми ойда  төңкеріс  жасаған  оқиға-  А.Эйнштейннің
саластырмалылық теориясының ашылуы болды.
      Осы  тұста  тарихи  білімнің  позитивистік  эпистемологиялық   негізін
релятивизм және презентизм  тұрғысында  қайта  қарау  басталды.Позитивизмнің
неғұрлым беделді және тұрақты сыншылары ХХғ.көрнекті ойшылдары  Б.Кроче  мен
Р.Дж.Коллингвуд болды және олар Гегель тәрізді тарихи  үрдісті  Рухтың  даму
тарихы деп ұқты.Американдық  релятивизмнің  өкілдері  Ч.Бирд  пен  К.Беккер,
орыс  ғалымдары  Р.Ю.Виппер,   А.С.Лаппо-Данилевский,   Л.П.Карсавин   тарих
теориясы мен тарихи таным мәселелеріне өзіндік қырларымен келді.
      Тарих ғылымындағы позитивтік жүктің біраз түскеніне қарамастан қоғамды-
 әлеуметтік организм ретінде ұғынуға, прогресс концепциясын, ұлы  адамдардың
әрекетіндегі   оқиғалар   мен   үрдістердің   заңдылығы    мен    себептілік
байланымтарын ың таным идеалын түсініп, объективтілік пен  субъективтілікті,
материалдық және рухани факторларды қарсы қоюдың  әлі  ұзақ  жолы  тұр  еді.
Тарихшылардың көпшілігі  әлі  де  тарих  ғылымының  фактологиялық  негізінің
объективтілігін    жақтады.    Практик-    тарихшылардың    бұл     ұстанымы
антипозитивистік   концепциямен  бір   мезгілде   қатарлас   дамып   отырған
неопозитивистік   концепцияны   өмірге    әкелді.Тарихтың    неопозитивистік
философиясы  тарихтағы  жалпы  әлеуметтік  және  психологиялық  фактролардың
ролін   мойындаумен   сипатталады.Және   осыдан    келіп,тарихи    танымдағы
түсіндірмелік процедуралардың  –зерттелетін  құбылыстарды  әдепстандарттары,
ойлау, күнделікті қарым- қатынастың типтері мен құрылымдарымен  салыстырудың
маңыздылығын   баса   көрсетті.Бұл   бағыттың   белді   өкілдері   К.Поппер,
экономикалық тарихтың зерттеушілері-Франсуа  Симиан,  Э.Лябрусс,  ағылшындар
Ричард Тоуни, Дж.Клепэм т.б. болды.
       «Ғылыми  тарихты»  барынша  теріске  шығарған  неміс  тарихшысы  және
философы О.Шпенглер. «Закат Европы» атты  еңбегінде  ол,  тарихи  құбылыстар
дүниесіндегі себептілікті жоққа шығарып, тағдыр идеясын көтерді.Оның  ойынша
тарихи танымның негізгі әдісі интуиция деп  санады.  Және  О.Шпенглер  тарих
теориясындағы өркениеттік көзқарасқа негіз қалады.Бұл бағытты  сондай  ақ  ,
ағылшын ғалымы А.Тойнби қолдады.Тарихи- мәдениеттану  әдістемесінің  аясында
нидерландтық ғалым Йохан Хайзинги ментальдық тарихтың негізін салды.
      Тарих теориясы мен тарихи таным үрдісінде тарих ғылымының  дағдарыстан
шығуына   Февр  мен  Марк  Блок  бастаған  француздық   «Анналдар»   мектебі
тарихшыларының бірнеше  ұрпағы  үлкен  үлес  қосты.Кең  ауқымдағы  пәнаралық
тарихты жасауға бағыт алынды.Осы мектептің  атымен  байланысты:  «  жаһандық
тарих», «жаңа тарих ғылымы», «жаңа  әлеуметтік  тарих»,тарихи  антропология,
тарихи этнология, ментальдықтың әлеуметтік тарихы сияқты т.б. жаңа  бағыттар
пайда болып, тарих ғылмының сапалық деңгейі өзгерді.


  Тақырып 10. ХХ ғасырдағы жетекші ұлттық тарихнамалық мектептері.
 1.М.Вебердің идеалды  түрлер  теориясы.В.Шубарт  пен  П.Сорокиннің  мәдени-
тарихи талдауы.
2.Тарихты формациялы  және  өркенниеттік  тұрғыдан  түсіндіру  және  олардың
қазіргі кезеңдегі арақатынасы.
3.Ұзын толқындар теориясының қалыптасуы.
4..Хаос теориясы
      Тарихты адамдардың өзарақатынасы деп ұғыну әр кезде  тарихи  болмыстың
ерекшелігіне байланысты әртүрлі формада көрініп отырды. Әлеуметтік  тарихтың
 «барлық  уақытқа»  арналған  ауқымды  түсінігін  қалыптастыруға  ұмтылу  еш
нәтижесіз, жүзеге аспайтын әрекет екені әу  бастан  белгілі.Тарих  ғылымының
бір саласы ретіндегі әлеуметтік тарихқа  талдау  жасаған  шақта,осы  ұғымның
өзінің тарихи сипатын есепке ала отырып, интеллектуалдық  эволюцияның  әрбір
жеке кезеңінде оның пәнін анықтау, өзекті  мәселелерді  тудыру,  әлеуметтік-
тарихи зерттеулердің әдістерін анықтаудағы өзектілікті табу болады.
       Әлеуметтік тарихтың қалыптасуы мен  жетекші сала ретінде дамуы екінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі онжылдықтағы  тарих  ғылымының  методологиялық
қуатын  интенсивті  түрде  жаңарту  үрдісімен  әділ  байланыстырылып  жүр.ХХ
ғ.ортасындағы тарихнаманың  басты және айқындаушы белгісі  тек  гуманитарлық
білімдердің бір саласы ғана деп  саналып  келген  дәстүрлі  тарихқа  қарама-
қарсы, қоғамдық ғылымдардың теориялық  моделдері  мен  зерттеу  техникасымен
байытылған аналитикалық пәнаралылық тарихты жасау жолындағы қозғалыс  болды.
Міне дәп осы, ХХ ғ. екінші жарт. Кең интеллектуалдық  қозғалыстың  арнасында
тарихи  өткенді   социологияның  терминдерімен  түсіндіру,  қоғамның,   оның
жекелеген  топтарының  ішкі  күйін,  олардың  арсындағы  қатынысты  суреттеу
міндетін көтерген  «жаңа әлеуметтік тарих» қалыптасты.
      1960-шы – 1970-ші жылдардың басында әлеуметтік қатынастарды  зерттеуге
деген  ұмтылыс  тарихи  -  әлеуметтанулық  зерттеулер  шегінде   болды,   ал
әлеуметтік   тарихтың   өзін   түсінуде    қоғамды   біртұтастықта   қарауға
бағдарланған тотальдық (ауқымдық) идеямы басым болды.Нақ осы  жылдары  тарих
және  салыстырмалы  социологияға,  сондай  ақ,  Макс   Вебердің   теориясына
қызығушылық артты. М.Вебер қоғамдық үрдістерді қарастырудың  нақты-  тарихи,
салыстырмалы- типологиялық және идеялық- типтік  әдістерін  сәтті  біріктіре
отыра, тарих пен социологияны екі  бөлек  сала  емес,  ғылыми  мүдденің  екі
бағыты деп қарады.Жалпы алғанда,  әлеуметтік-  ғылыми  теориялар  құрылымдар
мен  үрдістерді  талдауды   жеңілдеткенімен   оны   тарихтың   субъектерімен
байланыстыра алмады.Жаңа  ізденулер  әлеуметтік  тарихқа   антропология  мен
әлеуметтік психологияның  әдістерін  кіргізе  бастады.  Тіпті,  1970ж.ортасы
-1980 ж.басында пәнаралық  ықпал ету  алаңының  алдына  мәдени  антропология
шықты.  Оның  өсіп  отырған  ықпалының  нәтижесінде  әлеуметтік   тарихшылар
объективтік құрылымдар мен  үрдістерді  зерттеуден  бас  тартып  мәдениеттің
антропологиялық  түсіндіруін  зерттеуге  көшті,   яғни   өткен   дәуірлердің
адамдарының әдеттегі санасын,  ментальдық  түсініктеріне  мән  берілді.Бұған
дейін  сыналып  келген  ментальдық  тарих   енді  әлеуметтік   зерттеулермен
ұштасып ментальдықтың  әлеуметтік  тарихына  айналды.Тарихтың  макро,  микро
түрлері, гендерлік  тарих,  экономикалы  тарих,  социо-  мәдени  тарих  т.б.
түрлері пайда болды.
      Қазіргі таңда тарих ғылымында «  интеллектуалдық  тарихқа»  үлкен  мән
берілуде.Сондай  ақ,  «жаңа  мәдени  тарих»,  пәндік  тарих,  ауызша   тарих
т.б.бағыттар үздіксіз туындауда.

3.Практикалық сабақ
   1. Антикалық кезендегі тарих білімдерінің пайда болуы мен дамуы.
   2. Грек тарихи әдісі ОЙ және білім түсінігі.
   3. Фукидид – рационалистік тарихтың негізін қалаушы
   4. Римдегі эллиндік кезеңдегі компиляциялық тарихи әдістің пайда болуы
   5. Полибий- прагматикалық  тарихтың негізін қалаушы.
   6. Рим тарихнамасындағы тарих шығармаларындағы  анналдар ролі.
   7.  Ерте  христиандық   дәстүрлердің   ерте   ортағасырлық   тарихнаманың
      құрылуындағы әсері
   8. Ортағасырлық тарихнаманың тарихи жазбалары- әлемдік хроника жанры.
   9. XYII ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясының тарихнамасы.
  10.   Капиталстік   қатынастар   кезеңіндегі   индустриалдық   өркениеттер
      тарихнамасы.
  11. Марксизм тарихнамасы – жаңаша көзқарастар  сипатында.
  12. I-  дүние жүзілік соғыс тарихының тарихнамасы.
  13. Қазіргі замандағы Шығыс елдеріндегі азаттық күрес тарихнамасы.
  14. XIX  ғ. орыс баспасөзіндегі Азия мен Африка тарихының мәселелері.
  15. Фукидид – рационалистік тарихтың негізін қалаушы.

   4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
                                                                     Кесте-3
|     |Тапсырма                             |Оқыту                 |Балл   |
|     |                                     |факторы               |саны   |
|1-2  |Шетелдер тарихының тарихнамасына     |анықтамалар           |       |
|апта |арналған еңбектер каталогын құру.    |жазу                  |       |
|3    |1.Гомер мен Гесиодтың поэмалары      |хронологиялық кесте   |15     |
|апта |тарихи шығармалар ретінде.           |                      |       |
|     |2.Фукидид және «Прагматикалық»       |                      |       |
|     |тарихнаманың қалыптасуы.             |                      |       |
|     |3.Римдік тарихнамалық дәстүр.        |                      |       |
|4    |Ортағасырлық Ресей тарихнамасындағы  |тақырыптық тест       |15     |
|апта |антикалық тақырып.                   |(бір сұрақта 5 жауап) |       |
|5    |Риторикалық саяси және эрудиттік     |тарихи конспекті      |20     |
|апта |мектептер                            |немесе тарихи эссе    |       |
|6    |1.Публий Корнелий Тациттің тарихи    |тарихи сараптамалық   |30     |
|апта |концепциясы.                         |анықтама жазу         |       |
|     |2.Сыма Цянь- ежелгі дүниенің ең      |                      |       |
|     |көрнекті тарихшысы                   |                      |       |
|     |3.Н.Я Данилевскийдің «өркениет»және  |                      |       |
|     |«мәдени- тарихи түрлер» тұжырымы.    |                      |       |
|7    |Тарихи үрдістердің теологиялық       | тезис жазу           |35     |
|апта |тұжырымдарына сын.                   |                      |       |
|     |№ 1 аралық бақылау жұмысы: Өтілген   |тест орындау 25 сұрақ |60     |
|     |тақырыптар бойынша                   |5 жауаптан            |       |
|     |БАРЛЫҒЫ:                             |                      |175    |
|8    |ХҮІІІ-ХХғғ. басында Ресей            |мазмұны бойынша       |10     |
|апта |тарихнамасында қоғам мен табиғат     |қысқаша конспекті     |       |
|     |арасындағы байланысты зерттеудегі    |                      |       |
|     |В.С. Околковтың еңбектері.           |                      |       |
|9    |«Ерте мектеп тарихшылары»            |тарихи анықтамалар    |10     |
|апта |(Д.Бэнкрофт, Ф.Паркмен).             |жазу                  |       |
|10   |1.Романтизм дәуіріндегі тарихнаманың |тарихи эссе жазу      |10     |
|апта |қалыптасуы, оның сипаты.             |                      |       |
|     |2.Романтизм дәуіріндегі француз      |                      |       |
|     |тарихнамасының негізгі бағыттары.    |                      |       |
|     |3.Романтизм дәуіріндегі неміс        |                      |       |
|     |тарихнамасының негізгі бағыттары.    |                      |       |
|11   |«Тарихи синтез» әдістемесі және «жаңа|хрнологиялық тарихи   |10     |
|апта |әлеуметтік тарихтың» қалыптасуы.     |сараптамалық кесте    |       |
|12   |ХХғғ. ІІ жартысындағы ағылшын        |тезис жазу            |15     |
|апта |тарихнамасындағы «әлеуметтік тарих»  |                      |       |
|     |ағымының дамуы.                      |                      |       |
|13   |К.Несіпбаева еңбектеріндегі шетел    |тарихи эссе           |15     |
|апта |зерттеушілері Қазақстан тарихы жәйлі.|                      |       |
|14   |1.Романтизм дәуіріндегі тарихнаманың |№ 2 аралық бақылау    |15     |
|апта |қалыптасуы, оның сипаты.             |                      |       |
|     |2.Романтизм дәуіріндегі француз      |                      |       |
|     |тарихнамасының негізгі бағыттары.    |                      |       |
|     |3.Романтизм дәуіріндегі неміс        |                      |       |
|     |тарихнамасының негізгі бағыттары     |                      |       |
|15   |«Шетелдер тарихының тарихнамасы» пәні|Қорытынды             |20     |
|     |бойынша қайталау, өткен шолу         |сұрақ-жауап           |       |
|     |                                     |жеке сұрақтар арқылы  |60     |
|     |                                     |жазбаша тапсырмалар   |       |
|     |                                     |орындау               |       |
|     |БАРЛЫҒЫ                              |                      |165    |


4.1 Аралық аттестацияға (емтихан) дайындық сұрақтары

1.Тарихнама пәні және оның тарих ғылымдары жүйесіндегі орны,маңызы.
2.Гомер мен Гесиодтың поэмалары тарихи шығармалар ретінде.
3.Фукидид және «Прагматикалық» тарихнаманың қалыптасуы.
4.Римдік тарихнамалық дәстүр.
5.Публий Корнелий Тациттің тарихи концепциясы.
6.Сыма Цянь- ежелгі дүниенің ең көрнекті тарихшысы.
7.Христиандық әлеуметтік теология мен историософия.
8.Аврелий Августиннің тарихи концепциясы.
9.Ерте ортағасырлық тарихшылардың еңбектеріне шолу.
10.Хронографтардың таралуы.
11.Русьтегі алғашқы тарихи шығармалар.
12.Қайта өрлеу кезеңіндегі ортағасырлық тарихнама.
13.Эрудиттер мектебінің дамуы.
19.Романтизм дәуіріндегі тарихнаманың қалыптасуы, оның сипаты.
20.Романтизм дәуіріндегі француз тарихнамасының негізгі бағыттары.
21.Романтизм дәуіріндегі неміс тарихнамасының негізгі бағыттары.
22. Романтизм дәуіріндегі ағылшынтарихнамасының негізгі бағыттары
23. Романтизм дәуіріндегі Ресей тарихнамасының негізгі бағыттары
24.Позитивизмнің пайда болуының алғы шарттары.
25Позитивизмнің тарихи үрдіс пен тарихи таным мәселелері
14.Гуманистік тарихи ойдың пайда болуы.Гуманистік тарихнаманың жалпы
сипаттамасы.
15.Италиядағы гуманистік тарихнама.Н.Макиавелли,Лоренцо Валла.
16.Ағарту идеологиясының пайда болуы,оның әлеуметтік негіздері және
мазмұны.
17.Ағартушылықтың өркениеттілік теориясындағы евроценгтризм
(Локк,Вольтер,Руссо т.б.)
18.Дж.Вико, И Гердердің тарихи прогресс теориялары.
 (О.Конт,Г.Спенсер).
26.Марксизм және тарихты материалистік түсіну.
27.Н.Я Данилевскийдің «өркениет»және «мәдени- тарихи түрлер» тұжырымы.
28.ХХ ғ. Басындағы Европа мен Американың тарих ғылымының дамуындағы негізгі
бағыттар.
29.Екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы Германиядағы тарих ғылымының
дамуы.Негізгі бағыттары мен мәселелері.
30.Екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы француз тарих ғылымының дамуы.
31. «Анналдар» мектебінің қалыптасуы.М.Блок, Л.Февр т.б.
32. Екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы АҚШ тарих ғылымының
дамуы.Негізгі бағыттары мен мәселелері.А.Шлезингер,Р.Хофстед.
33.К.Ясперстің тарихи көзқарастары.
34.Арнольд Тойнбидің тарихи концепциясы.
35.К.Поппердің тарихи- саясаттанушылық көзқарастары.
36.ХХғ.2-нші ж.ағылшын тарихнамасындағы «әлеуметтік тарих» ағымының
қалыптасуы.
Э.Карр, Д.Барраклоу.
37.ХХғ. 70-80 жж.Батыс елдеріндегі тарихи ойдың дамуындағы жаңа
тұжырымдамалар.
Тарихи зерттеудің жаңа әдістерінің таралуы.
38.ХХғ. соңы- ХХ!ғ.басындағы тарих ғылымының дамуының негізгі
тұжырымдамалары.
39.Ресейде дворяндық тарих ғылымының қалыптасуы.В.Н.Татищев
40.М.В.Ломоносов және оның тарихи көзқарастары.
Пәндер