Файл қосу

ӨНДІРІСТЕГІ ЕҢБЕК ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                            |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                      |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты        |ПОӘК                |ПОӘК-                      |
|                             |                    |042-18-25.1.60/02-2013 ж   |
|ПОӘК                         |№ 1 басылым         |                           |
|«Өндірістегі Еңбек қорғауды  |18 .09.2013ж.       |                           |
|басқару негіздері» пәнінің   |                    |                           |
|студенттерге  арналған оқу   |                    |                           |
|бағдарламасы                 |                    |                           |








              « ӨНДІРІСТЕГІ ЕҢБЕК ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ »



                       ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ





        5В073100 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған  ортаны қорғау»

                         мамандығы студенттері үшін




                           СТУДЕНТТЕРГЕ  АРНАЛҒАН

                            ПӘННІҢ  БАҒДАРЛАМАСЫ











                                    Семей
                                    2013



                                  Алғы сөз


   1 ӘЗІРЛЕГЕН


   Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Экология  және
   қоршаған     ортаны     қорғау»     кафедрасының      аға      оқытушысы


   Бейсебаев.Ш.Т _________________           «30» 08. 2013 жыл.


   2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
   2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік  университеті  «Экология
   және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының отырысында
   Хаттама № 1       «04» 09. 2013 жыл.


   Кафедра   меңгерушісі          _________                    доцент   м.а.
   Кабышева Ж.К.


   2.2 Аграрлық факультетінің оқу - әдістемелік бюросында
   Хаттама № 1       «09» 09. 2013 жыл.


   АФ  ОӘБ  төрағасы              _________                    доцент   м.а.
   Тлеубаева А.В.




   3  БЕКІТІЛДІ
   Университеттің Оқу-әдістемелік  кеңесі мақұлдап  басып  шығаруға  ұсынады



   Хаттама № 1   «19» 09. 2013 жыл.


   Оқу- әдістемелік кеңестің төрағасы,
   оқу әдістемелік жұмысы бойынша
   проректор                                                       _________
   профессор  Искакова Г.К.






   4    №1 басылым.  Алғаш енгізіліп отыр















                                   Мазмұны



      |1. Жалпы ережелер                                                          |
|...........................................................................|
|....4                                                                      |
|2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу ...4          |
|3. Пәнді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар                         |
|........................5                                                  |
|4. Курс форматы                                                            |
|...........................................................................|
|........7                                                                  |
|5. Курс саясаты                                                            |
|...........................................................................|
|..........9                                                                |
|6. Баға қоюдың саясаты                                                     |
|........................................................................12 |
|7. Әдебиеттер                                                              |
|...........................................................................|
|.............15                                                            |


      1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



      1.1. Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұматтар


      Бейсебаев Шәріп Төлежанұлы , аға оқытушы


      «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы


      Байланыс ақпараты – тел.:53-37-60, 36-02-23,оқу ғимараты № 8,  кабинет
      № 127


      Сабақ өткізу аудиториясы - аудитория № 112;129.


      Кредиттер саны — 3(үшеу)




      1.2  Пәннің қысқаша түсініктемесі:

   Осы,  «Өндірістегі  Еңбек  қорғауды  басқарудың  негіздері»курсын   оқуда
студенттер еңбек қорғаудың заңдылық  негіздерімен,  өндірістік  қауіпсіздік,
еңбек  гигиенасы,   өндірістік   санитария,   қауіпсіздік   техникасы,   өрт
қауіпсіздігі  мәселелерімен  таныстырылады,  сонымен  қатар  пәнді   меңгеру
барысында  студенттер   мемлекеттік  стандарттар  жүйесімен  жұмыс  істеуді,
әдебиеттерді іздестіру жолдарымен  және  өндірістік  қауіпсіздік  сұрақтарын
зерттеу  және шешу әдістерімен таныстырылады

       1.3  Пәнді оқытудағы мақсат
    Пәнді оқытудағы  мақсат төмендегідей:
    -Мемлекеттің еңбек қорғау жөніндегі саясатын іске  асыратын  мамандарды
дайындау;
      -Кәсіпорындарда  қауіпсіз,  зиянсыз  еңбек  жағдайларын   ұйымдастыру
әдістерін меңгерген  мамандарды дайындау.
     - Өндірістік жарақаттанудың,кәсіби аурудың алдын  алу  шараларын  іске
асыруға қабілетті мамандарды дайындау.

   1.4  Пәнді оқытудағы міндеттер:
 - еңбек қорғаудың  теориялық және заңдылық негіздерімен таныстыру;
 - өндірістік жарақаттанудың , кәсіби ауырулардың алдын-алу  шараларын  іске
   асыра білуге үйрету;
 - еңбек жағдайларын сараптай білуді үйрету;
 -  қауіпсіздік  техникасын  сақтауды  қамтамасыз  ететін   құрылғылар   мен
   механизмдерді дұрыс таңдай, қолдана білуді үйрету.
 - еңбек қорғау жұмыстарын жоспарлау, еңбек жағдайларын жақсарту мәселелерін
   шешуге құқылы болуы;


   5.  Оқыту нәтижесі:
 - Пәнді оқу нәтижесінде студент:

   білуі керек:

 -  өндірістегі  еңбек  қорғаудың  теориялық,  заңдылық   және   нормативті-
   техникалық негіздерін;
   дағдылануы керек:
 - өндірістік аварияларды болжау  әдістерін   және  олардың  салдарын  жоюды
   меңгеруі керек;
   түсінуі керек:
 - өндірістік  авариялар  мен  төтенше  жағдайлардың  өрбу  үрдістерін  және
   олардың алдын алу шараларын;
   қолынан келуі керек:

 - мүмкін болар авариялық  жағдайлар  және  басқа  да  техникалық  есептерді
   жүргізу жолдары;
     құзырлы болуы керек:
-   еңбек   қорғаудың   теориялық,   заңдылық   және   нормативті-техникалық
   негіздеріне байланысты сұрақтарды шешуде;
-  өндірістегі еңбек қорғауды ұйымдастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз  ету
  сұрақтарын шешуге;
- өндірістің қауіпті, зиянды факторларынан еңбеккерлерді  қорғаудың  ұжымдық
  және жеке жабдықтарын таңдауда және техникалық қорғау құралдарын  қолдана
  білуде;
-  өндірістік жарақаттану және кәсіби аурудың алдын алу сұрақтарын ше-шуде;

 - еңбек қорғау шараларын жоспарлау сұрақтарынан.



   1.6   Курстың пререквизиті:
   1.5.1 Физика
   1.5.2 Тіршілік қауіпсіздігі негіздері


   1.7 Курстың постреквизиті:
   1.6.1  Арнайы пәндер
   1.6.2  Диплом жұмысын жасау

   2  Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
     Кесте-1
|Тақырып атауы                     |Сағат саны                 |Әдебиет    |
|                                  |Д    | T Ж |OCӨЖ   |СӨЖ   |           |
| 1                                |2    |3    |4      |5     |6          |
|1-ші Модуль. Еңбек қорғаудың заңдылық және теориялық негіздері.           |
|Блок-1                                                                    |
|1-ші тақырып  .                   |1    |     |1      |2     |7.1.1;7.1.2|
|Кіріспе дәріс. Еңбек қорғаудың    |     |     |       |      |.          |
|заңдылық және теориялық негіздері |     |     |       |      |           |
|                                  |     |2    |1      |      |7.1.1;     |
|                                  |     |     |       |      |7.1.2.     |
|                                  |     |     |       |      |           |
|2-ші тақырып                      |1    |1    |       |      |7.1.2;7.1.3|
|Кәсіпорындағы еңбек қорғауды      |     |     |       |      |.          |
|ұйымдастырудың шаралары. Қауіпті  |     |     |       |      |           |
|және зиянды өндіріс факторларының |     |     |       |      |           |
|топтастырылуы.                    |     |     |       |      |           |
|                                  |     |     |       |2     |7.1.3.     |
|                                  |   1 |1    |2      |      |7.1.2.     |
|Блок-2                                                                    |
|3-ші тақырып.                     |1    |1    |1      |      |7.1.3.     |
|Өндірістік жарақаттану және кәсіби|     |     |       |      |           |
|сырқат мәселелері                 |     |     |       |      |           |
|                                  |1    |1    |1      |3     |7.1.4      |
|                                  |     |1    |       |      |7.1.4.     |
|Блок-3                                                                    |
|4-ші тақырып. Еңбек гигиенасы     |1    |2    |2      |      |           |
|туралы түсінік.Өндірістегі еңбек  |     |     |       |      |           |
|жағдайларын сараптау              |     |     |       |      |           |
|                                  |     |     |       |6     |           |
|                                  |     |     |       |      |           |
|Блок-4                                                                    |
|5-ші тақырып.  . Өндірістік       |1    |1    |1      |      | 7.1.5.    |
|санитария туралы түсінік.         |     |     |       |      |           |
|Жұмыс орындағы микроклиматтың     |     |     |       |      |           |
|көрсеткіштері және оны реттеу.    |     |     |       |      |           |
|                                  |     |2    |1      |2     | 7.1. 2.   |
|                                  |     |     |       |      |           |
|6-шытақырып.                      |1    |     |1      |-     |7.2.2;     |
|Өндірістік шу, ультрадыбыс,       |     |     |       |      |           |
|діріл-дің ,көрсеткіштері және     |     |     |       |      |           |
|олардан қорғану жолдары           |     |     |       |      |           |
|                                  |     |   2 |2      |2,5   |           |
|                                  |     |     |       |      |           |
|7-ші тақырып     .                |1    |2    |1      |      | 7.1.2.    |
|Жұмыс орындарын жарықтандыру      |     |     |       |      |           |
|мәселелері                        |     |     |       |      |           |
|а) Жарықтың өлшем бірліктері      |     |     |       |      |           |
|б) Жұмыс орындарын жарықтандыру   |     |     |       |      |           |
|әдістері                          |     |     |       |      |           |
|                                  |     |2    |2      |6     |7.1.5;     |
|                                  |     |     |       |      |7.2.2.     |
|                                  |     |     |       |      |           |
|МБ-1                              |     |1    |2      |4     |           |
|2-ші Модуль.  Қауіпсіздік техникасы негіздері.                            |
|Блок-1                                                                    |
|8-ші тақырып.                     |2    |2    |       |4     |7.1.2.     |
|Электр қауіпсіздегі негіздері     |     |     |       |      |           |
|а)Электр тоғының адам организміне |     |     |       |      |           |
|әсері                             |     |     |       |      |           |
|б)Электр тоғы зақымынан қорғанудың|     |     |       |      |           |
|техникалық әдістері               |     |     |       |      |           |
|                                  |     |2    |1      |      |7.2.2      |
|                                  |     |     |1      |-     |  7.1.5.   |
|Блок-2                                                                    |
|9-шы тақырып.                     |1    |     |       |      |7.1.2.     |
|Техника қауіпсіздігі негіздері    |     |     |       |      |           |
|а) Машиналарға, жабдықтарға,      |     |     |       |      |           |
|технологияларға қойылатын         |     |     |       |      |           |
|қауіпсіздік талаптары.            |     |     |       |      |           |
|б) қауіпсіздікті қамтамасыз етуші |     |     |       |      |           |
|құрылғылар мен міндетті шаралар   |     |     |       |      |           |
|                                  |     |2    |2      |4     |  7.1.4.   |
|                                  |1    |2    |0,5    |4     | 7.2.1;    |
|                                  |     |     |       |      |7.2.2.     |
|Блок-3                                                                    |
|10-шы тақырып.                    |     |     |       |      |           |
|Өрт қауіпсіздігі негіздері        |1    |2    |1      |4     |7.1. 2.    |
|а) Өндірістің, технологияның өрт  |     |     |       |      |           |
|қауіпі дәрежелері. Жану түрлері   |     |     |       |      |           |
|б) Өрт сөндіруші заттар.          |     |     |       |      |           |
|с) Өрт сөндіру техникасы мен      |     |     |       |      |           |
|жабдықтары                        |     |     |       |      |           |
|                                  |     |     |       |      |           |
|                                  |1    |     |1      |      |7.2.2.     |
|                                  |     |2    |       |-     |           |
|МБ-2                              |     |2    |1      |4     |           |
|Студенттердің өздік жұмыстары                                             |
|1.ҚР«Еңбек кодексі»-нің           |     |     |       |      |           |
|мазмұны-мен,негізгі ұғымдармен    |     |     |       |3     |           |
|және қыз-меткерлер мен жұмыс      |     |     |       |      |           |
|берушінің құқықтарымен            |     |     |       |      |           |
|міндеттерімен танысу.             |     |     |       |      |           |
|2.Өндірістегі еңбек қорғауды      |     |     |       |      |           |
|бақылау жолдары.Еңбек қорғау      |     |     |       |2     |           |
|заңдылықтарын бұзғаны үшін        |     |     |       |      |           |
|жауапкершілік                     |     |     |       |      |           |
| 3.Өндірістік жарақаттануды       |     |     |       |      |           |
|сарап-тау әдістері. Кәсіби аурулар|     |     |       |3     |           |
|себеб-тері.                       |     |     |       |      |           |
|4.Өндіріс орындарын желдету       |     |     |       |      |           |
|әдіс-тері.  Желдетуді есептеу     |     |     |       |4     |           |
|тәсілдері                         |     |     |       |      |           |
|5. Шу мен дірілдің,               |     |     |       |      |           |
|ультрадыбыс-тың адам организіміне |     |     |       |4     |           |
|әсері                             |     |     |       |      |           |
|6. а) Статикалық электртоғы       |     |     |       |      |           |
|Жайтартқыштарды есептеу           |     |     |       |      |           |
|б)Электр тоғы зақымынан қорға-    |     |     |       |6     |           |
|нудың техникалық әдістері.        |     |     |       |      |           |
|7 Өрт қауіпсіздігі негіздері      |     |     |       |      |           |
|а) Автоматты  өрт сөндіру         |     |     |       |6     |           |
|құрылғылары                       |     |     |       |      |           |
|б) Эвакуация уақыты мен өрт       |     |     |       |      |           |
|сөндіруге қажетті су мөлшерін     |     |     |       |      |           |
|есептеу                           |     |     |       |      |           |
|Барлығы:                          |15   |30   |   22,5|67,5  |           |


    3 Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
      «Өндірістегі Еңбек  қорғауды  басқарудың  негіздері»  курсын  берілген
бағдарлама  бойынша  реттелген  түрде  оқу  керек.  Нәтижелердің   логикалық
жолдарын ұғынып, анықтамалар мен негізгі түсініктерді  ажырата  білу  қажет.
Теориялық материалдарды оқу кезінде және  есептерді  шешуде  міндетті  түрде
төтенше жағдайдың өту кезіндегі  физикалық  құбылыстардың  мағынасына  көңіл
аудару  қажет.   Студенттер   пәнді   оқып-үйренуге   арналған   әдістемелік
нұсқаулармен танысып  пәнді  толық  меңгерулері  керек.  Әдістемелік  нұсқау
пәннің  кейбір  бөлімдерін   студенттермен   өздік   жұмыс   жасау   ретінде
жүргізіледі.  Дәрісті  меңгергеннен  кейін,  практикалық  тапсырма  орындалу
керек.Өздік жұмысты орындау барлық меңгерген материал негізінде  студент  өз
бетімен орындап, көрсетілген  уақытта  тапсыруға  міндетті.  Студенттер  осы
тақырыптарға берілген  әдебиеттерді  және  қосымша  әдебиеттерді  іздестіріп
рефераттар  жазып  өткізуге  тиіс.  Әрбір  рефераттың  жоспары  болуы   және
қолданылған әдебиеттердің тізімі берілуі міндетті.
     Теориялық сабақты өтіп болған соң есептерді  шешу  әдістемесін  үйрену
керек. Берілген материалды жақсы меңгеру үшін әр  тақырып  бойынша  конспект
құру керек.
    Тәжірибе сабақтары  тапсырмаға  сәйкес  студенттің  белгілі  сұрақтарды
меңгеру деңгейін анықтау үшін сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі.
    Ағымдық бақылау апта сайын жүргізіледі.


    Тәжірибе сабақтарының қысқаша мазмұны.

        1-ші Тақырып. Еңбек қорғаудан нұсқауларды жүргізу (2сағат).
Сабақ  барысында   кез   келген   кәсіпорын,мекемелерде   еңбекті   қауіпсіз
ұйымдастыру мақсатында кызметкерлерді қауіпсіз  жұмыс  істеу  ережелері  мен
әдістеріне оқытып -үйрету қажеттігі және бес түрлі нұсқаудың жүргізілу  реті
беріледі.


        2-ші Тақырып. Өндірістік жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру (3сағат).
Өндірістік  жазатайым  оқиғаның  анықтамасы,  түрлері  және  оларды  тергеп-
тексеру реті,комиссия мүшелеріне  кімдер  кіреді  және  іс  қағаздары  қалай
толтырылатыны туралы айтылады.
          3-ші Тақырып. Жұмыс орнындағы микроклиматты  мөлшерлеу  және  оның
көрсеткіштерін бақылауға арналған аспаптар (2сағат).
Микроклиматтың негізгі  көрсеткіштері.Олардың  сипаттамасы.  Микрокли-маттың
көрсеткіштерін  өлшейтін  аспаптардың  құрылысы  және   жұмыс   принциптері.
Микроклиматты мөлшерлеу.
          4-ші Тақырып. Жұмыс  орнындағы  ауаның  шаңдануын  мөлшерлеу  және
оның көрсеткіштерін бақылауға арналған аспаптар (2сағат).
Жұмыс орындарының шаңдану себептері.Шаңдануды мөлшерлеу. Шаңдану-ды  анықтау
әдістері.Оны өлшейтін аспаптың құрылысы , жұмыс принципі.
         5-ші Тақырып. Жұмыс орындарындағы ауа құрамындағы зиянды  газдардың
мөлшерін анықтау (2сағат).
Жұмыс  орындарыны  әртүрлі  газдармен   ластану   себептері.Ауадағы   зиянды
газдануды  мөлшерлеу.  Зиянды  газдарды  анықтау  әдістері.Оны   анықтайтын,
өлшейтін аспаптың құрылысы , жұмыс принципі.

          6-7-ші Тақырып. Жұмыс орнын  табиғи  және  жасанды  жарықтандыруды
            мөлшерлеу және есептеу (2сағат).
Жұмыс орнын  табиғи  және  жасанды  жарықтандыруды  мөлшерлеу  жолдары.Жарық
шамасын  өлшеу  аспабының  құрылысы  ,жұмыс  принципі  және  өлшеу   жүргізу
әдістері мен есептеу жолдары.

          8-ші Тақырып. Өндірістік шуды зерттеу (2сағат).
Өндірістік  шудың  көрсеткіштері.Оларды   мөлшерлеу.Шудың   деңгейін   өлшеу
аспабының құрылысы,жұмысы.

         9-шы  Тақырып.  Өндірісте  жұмысшыларды  арнаулы  киім   және  жеке
       қорғану құралдары, заттарымен қамтамасыз ету мәселелері (2сағат).
Жұмысшыларды арнаулы киім  және жеке қорғану құралдары, заттарымен
қамтамасыз ету принциптері.Олардың жіктелуі,берілу жолдары.

           10-шы Тақырып. Өндірістік машиналар  мен  жабдықтардың  қауіпсіз-
       дігін қамтамасыз етуші құрылғылар (2сағат).
Машиналар  мен  жабдықтардың  қауіпті  аймақтары  туралы  түсінік.   Қоршау-
шы,сақтандырғыш,тосқауылшы,белгі беруші  құрылғылардың  түрлері,  пайда-лану
мақсаттары және қорғау принциптері

           11-ші Тақырып. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз етудің  техникалық
       әдістері(3сағат).
Қызметкерлерді электр тоғы зақымынан қорғаудың  техникалық  әдісте-рі.Электр
жабдықтарының сыртқы бөліктерін жерге  қосу  әдістері.Жерге  қосуды  есептеу
жолдары.


          12-ші Тақырып. Өрт сөндіруге арналған су  қорын  және  су  жүйесін
       есептеу (2сағат).
Өрт сөндіруге арналған су  жүйесінің  түрлері.  Өндірістің  өрткауіптілігіне
байланысты өрт сөндіруге арналған су қорын  есептеу.  Өрт  жүктемесі  туралы
түсінік.

          13-ші Тақырып. Бастапқы өрт сөндіргіш  құрал жабдықтар (2сағат).
Өрт   сөндіргіш   заттардың   түрлері.Оларды   пайдалану   ерекшеліктері.Қол
өртсөндіргіштерінің пайдалану мақсаттары,құрылыстары,жұмыс принцип-тері.


    Кредиттік оқу жүйесінде студентердің  өздік  жұмыстарын  ұйымдасты-руға
жоғарғы талаптар қойылады.
    Оқытушының көмегімен орындалатын студенттің өздік жұмысы-кредиттік жүйе
бойынша, пікір алмасу түрінде аудиторияда өтетін сабақтың бір түрі  болса,ал
студенттің өз бетімен орындайтын өздік жұмысы аудиториядан тыс, және  кеңесу
түрінде өтетін сабақ.
        Межелік  бақылау  ауызша  тапсырмаларды  сұрау  түрінде  7  және  15
апталарда жүргізіледі


              4  Курс форматы


       Әдістемелік нұсқаулар құрамына:
   1. пәнді оқуда қажетті жоспарлау, уақытты ұйымдастыру (орындау уақыты);
   2. оқу-әдістемелік кешенін қолдану нұсқасы;
   3. әдебиеттер мен оқулықтарды қолдана білу;
   4. емтиханға даярлану үшін берілетін кеңестер кіреді.
          Пәнді оқыту барысында дәрістерде студенттерге  «Өндірістегі  Еңбек
қорғауды  басқарудың  негіздері»   курсының   негізгі   әдістерін,   негізгі
терминдар  мен  түсініктерді,  зерттеу  жұмыстары  бойынша  жоспар   құруды,
биологиялық бойынша қорытынды жасап, оны арнайы мекемелерде  қолдана  білуді
оқытады,   бағытталған   шаралардың   ұйымдастырылуын,   жоспарлануын   және
орындалуы жан- жақты оқытылады.
         Студенттер аудиторлық тәжірбие сабақтары мен СОӨЖ  кезінде  тақырып
бойынша  ғылыми ақпараттарды іздеу, жинау, өңдеу,  ғылыми  эксперимент  және
оның ерекшеліктерін, теориялық  және  эмпирикалық  зерттеулердің  әдістерін,
ғылыми зерттеулерді пайдалану және қолдануды оқып талдайды.
       Бағдарламада ОСӨЖ   бойынша  тақырыптар берілген.
       Студенттер  осы  тақырыптарға  берілген   әдебиеттерді  және  қосымша
әдебиеттер іздестіріп  рефераттар  жазып  өткізуге  тиіс.  Әрбір  рефераттың
жоспары  болуы  және  қолданылған  әдебиеттердің  тізімі  берілуі  міндетті.
Көлемі 5-10 бет. Оны компьютерде теруге немесе  қолмен  жазуға  рефераттарға
арналған дәптерге жазуға болады. Тексеріліп бағасы қойылған  реферат  иесіне
қайтарылады.
        Теориялық сабақты өтіп болған соң есептерді шешу әдістемесін  үйрену
керек. Берілген материалды жақсы меңгеру үшін әр  тақырып  бойынша  конспект
құру керек.



          5  Курс саясаты

   Университетте қабылданған ішкі тәртіп талаптарын сақтау:
    • Сабаққа қатысу: Дәріске, зертханалық сабақтарға қатысу міндетті.  Егер
      қандай да бір себеппен сабаққа қатыса алмасаңыз,  тақырып  және  тарау
      бойынша өзіндік жұмыс жазып  мезгілінде  тапсыру  керек,  ал  дәрістен
      өткен тақырып және зертханалық жұмыс бойынша  бақылау  жұмысын  немесе
      тест бойынша жауап жазуыңыз керек.
    • Тәртіп: Сабақ кезінде  тәртіпті  жүйені  бұзу  аудиториядан  шығарумен
      және/немесе  барлық  курс  үшін  «қанағаттанарлықсыз»  деген   бағамен
      жазаланады.
    • Бақылау жұмыстары: Оларды орындау  міндетті  және  белгіленген  мерзім
      ішінде  тапсыру  керек.  Мерзімнен  кейін  орындалған  жұмыстар  төмен
      бағаланады.
    • Межелік аттестация: межелік аттестация қорытындысы  сабаққа  қатысуды,
      берілген уақытта өзіндік жұмыстарды орындауды, сабақта  ауызша  немесе
      жазбаша жауап беруді, межелік бақылаудың өзінің нәтижесін ескереді.
    •  Көшіру:  Кез-келген  көшіру   (дайын   тапсырмаларды   немесе   басқа
      студенттердің  есептерін  көшіру,  пайдалану)  аудиториядан  шығарумен
      және/немесе курс үшін «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен жазаланады.
    • Ұялы телефондар: Сабақты өткізу уақытында өшіру керек.
    • Емтихан: Нәтижесінде барлық студенттерге тестік емтихан  болады,  яғни
      пәннен  максималды  балл  санынан  50  %  жинаған  студент   емтиханға
      жіберіледі. Емтиханда студент барлық курста өткен  материал  мазмұнына
      берілетін сұрақтарға жауап бере алуы тиіс.


      6 Баға қою саясаты


        Студенттердің  үлгерімі   ағымды,  аралық  және  қорытынды   бақылау
формасында-  бал-рейтинг  жүйесі  бойынша  жүргізіледі.  Қорытынды   бақылау
емтихан ретінде жүргізіледі: олар ауызша немесе тестілеу  арқылы  жүргізілуі
мүмкін.  Қорытынды  баға  әр  дәріс,тәжірибе  немесе  зертханалық   сабақтың
нәтижесінен,  өздік  жұмыстарды  өткізу(рефератты   қорғау)   және   емтихан
бағасынан тұрады. Аралық және  қорытынды  бақылау  балдардың  қорытындысы  -
курсқа берілген баға болып саналады.

      Егер студенттің семестр бойынша рейтинг баллдарының сомасы 50 %-ға тең
немесе одан көп болса, ол жиынтық бақылауға жіберіледі.

    «Өндірістегі Еңбек қорғауды басқарудың негіздері» пәнін меңгеруге жалпы
1000 балл беріледі.Бір академиялық маусымға  600 балл бөлінеді  (1-7  жетіге
270 балл,оның 30 балы –сабаққа қатысуға, 8-15  неделя   270  балл  және   30
баллов - сабаққа қатысуға). Компютерлік тестілеу  арқылы  межелік  бақылауды
өткізуге  70 балл бөлінеді (ол 270  балға  кіреді).  Пәнді  оқыту  барысында
,оқытушыға,студенттің  барлық  сабақ  түрлерін  орындағаны  үшін  200  балды
бөлуге құқық беріледі. Қорытынды емтиханға  400 балл бөлінеді.

    Қортынды бақылау  барлық  бақылауды  қамтиды:  Емтихан  бағасы  межелік
бақылау (40%) және аралық аттестация қортындысын (емтихан – 60%) қамтиды  да
 100% құрайды.

    Апта бойынша балдарды бөлу және бақылау түрі бойынша балдардың  бөлінуі
2-ші кестеде берілген


Кесте  2  Пәннің сабақ түрі бойынша балдардың бөлінуі
|Апта   |Бақылау түрі                                 |Барлық |Ескерту      |
|       |                                             |баллдар|             |
|1      |2                                            |3      |4            |
|       |1 – 7 апталар аралығындағы аудиториялық      |30     |             |
|       |сабақтардың барлық түрлеріне қатысу          |       |             |
|1-6    |                                             |       |             |
|       |Зертханалық – тәжірибелік сабақтар-15*6      |90     |             |
|       |СОӨЖ -5*6                                    |30     |             |
|       |СӨЖ -10*6                                    |60     |             |
|       |Зертханалық – тәжірибелік сабақтар           |15     |             |
|       |                                             |       |             |
|7      |                                             |       |             |
|       |СОӨЖ                                         |5      |             |
|       |СӨЖ                                          |0      |             |
|       |Аралық бақылау 1                             |70     |             |
|1 – 7 апталар аралығындағы оқыту қорытындысы бойынша |300    |             |
|баллдардың жиынтығы                                  |       |             |
|       |8-15 апталар аралығындағы аудиториялық       |30     |             |
|       |сабақтардың барлық түрлеріне қатысу          |       |             |
|       |Зертханалық – тәжірибелік сабақтар- 15*7     |105    |             |
|8-14   |                                             |       |             |
|       |СОӨЖ -5*7                                    |35     |             |
|       |СӨЖ -10*6                                    |60     |             |
|15     |Аралық бақылау 2                             |70     |             |
|8 – 15 апталар аралығындағы оқыту қорытындысы бойынша|300    |             |
|баллдардың жиынтығы                                  |       |             |
|Емтихан үшін балл жиынтығы                           |400    |             |
|Академиялық кезеңдегі баллдарың жиынтығы             |       |             |
|                                                     |1000   |             |

      7. Әдебиеттер.


      7.1. Негізгі әдебиеттер


7.1.1. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» 15.05.2007 ж.

7.1.2.   М.Б. Базаршин «Еңбек қорғау пәнінен студенттерге  арналған қысқаша
       дәрістер» Семей 1994.

7.1.3.  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.

7.1.4.   Қ.Т.С.Ж  “Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және тіркеу
       ережелері

7.1.5. Қ.Т.Жантасов,М. Қ.Жантасов,Е.Н.Кочеров,А.С.Наукенова.  «Еңбек  қорғау
       және тіршілік қауіпсіздігі» Алматы.2012ж.

7.1.6. В.И.Скала. «Охрана труда и техника безопасности». Алматы. 2002 г.



      7.2. Қосымша әдебиеттер.


7.2.1. Ф.М. Канарев и другие “Охрана труда” Москва 1988г

7.2.2. Б.И.Зотов и другие. Безопасность жизнедеятельности  на  производстве.
      Москва. Высшая школа, 2000г.жизнедеятельности . М.2000г.стр.91

7.2,3.Пчелинцев В.А. и другие» Охрана труда в строительстве». Москва. 1991г
7.2.4. Е.П.Спельман.  «Техника безопасности при эксплуатации  строитель-ных
      машин и средств малой механизации». М. 1992 г





Пәндер