Файл қосу
Өңдеу өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары - техникалық ғылым
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ | |МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы | |МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | | | | | |ПОӘК 042-18.5.1.83/02-2014 | |ПОӘК | | | |студентке арналған пән |№ 2 басылым | | |«Өңдеу өндірісінің |11.09.2014 ж. | | |технологиялық машиналары мен| | | |жабдықтары» бойынша | | | |бағдарламасы | | | ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «ӨҢДЕУ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАРЫ МЕН ЖАБДЫҚТАРЫ» 5В072800 - «Өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандығы үшін СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз 1. ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН Құрастырушы: ____________ Г.К.Айткалиева «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппаратттары» кафедрасының аға оқытушысы «____» _______2014 ж. 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппаратттары» кафедрасы мәжілісінде қаралды «___» __________ 2014 ж., № ___ хаттама Кафедра меңгерушісі ___________ М. Акимов. 2.2 Инженерлі-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қаралды «___» __________ 2014 ж., № ___ хаттама Төрайымы ___________ С. Толеубекова. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланды және басылымға рұқсат етілді «___» __________ 2014 ж., № ___ хаттама ОӘК төрайымы _______________ Г. Искакова 4 18.09. 2013 ж. № 1 басылымның орнына енгізілген Мазмұны |1 |Жалпы ережелер | | |2 |Пәннің (модульдің) мазмұны және сағаттарды бөлу | | |3 |Пәндерді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар | | |4 |Курс форматы | | |5 |Курс саясаты | | |6 |Бағаларды кою саясаты | | |7 |Әдебиеттер | | 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1. Оқу жұмыс жоспарынан көшірме Айткалиева Гулбахыт Кайроллаевна, аға оқытушы Кафедра «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» Байланыс ақпараты – тел: 36-02-15/3, оқу ғимараты № 9, кабинет № 109 Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 106,107 Кредит саны – 2 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны: «Өңдеу өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» – техникалық ғылым. «Өңдеу өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» пәнінің зерттеу нысаны - өңдеу өндірісінің машиналары мен аппараттарындағы технологиялық процестердің өту барысында туындайтын өнімдердің физико-механикалық қасиеттері және осы қасиеттердің көмегімен процестерді есептеудің оңтайлы әдістерін меңгеру болып табылады. «Өңдеу өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» курсы азық-түлік технологиясы саласының мамандарына арналған теориялық инженерлік негізі болып табылады. Қазіргі замандағы өңдеу өндірісі мамандардың технологиялық процестердің кинетикасы мен динамикасы аймағындағы терең білімін қажет етеді. Инженер – өндірістік процестерді технология талаптарына сәйкестендіріп басқарып қана қоймай, сонымен қатар ғылымның соңғы жетістіктеріне сай жоғарғы техникалық деңгейде оңтайлы өтуін қамтамасыз етуі керек. Бұл мақсаттарды орындау үшін маманның әртүрлі инженерлік есептерді шешуге қабілеті болуы міндет. 1.3 Пәннің мақсаты: Білім алушылардың «Өңдеу өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» жөніндегі білімдерін қалыптастыру, осы алған білімдерін болашақ маман алдағы еңбек тәжірибесінде қолдана білу. 1.4 Пәнді оқудың негізгі міндеті: Пәнді меңгерудің негізгі мақсаты студенттерді азық-түлік өнімдерінің жабдықтарын оқыту арқылы келесі қажеттіліктерді орындау: - қоспалар қосу, технологиялық өңдеу режимдері мен тәсілдерін өзгерту арқылы өнімнің құрамы мен сапасын басқаруды меңгеру - процестер реодинамикасының негізгі заңдарын меңгеру - процестер мен аппараттарды есептеу әдістерін меңгеру - машиналар мен аппараттардың конструкциясын меңгеру. Сонымен қоса, пәннің негізгі мақсаты студенттерді жоғарыда айтылғандарды (анықтамалар, заңдылықтар, есептерді шешу жолдары) меңгерту ғана емес, оларды қолдана білуге үйрету. 1.5 Пәнді оқу нәтижесінде студент білу керек: - Өңдеу өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтары курсының негізгі (базалық) заңдарын білуі керек; - Өңдеу өндірісінің жабдықтарының негіздерін меңгеру керек; - Теориялық және практикалық мақсаттарға осы алған білімдерін жұмыс істеуге пайдалану керек; - Өңдеу өнімдерінің құрылымдық механикалық қасиеттерін зерттеуді үйрену керек; - Өңдеу өнімдерінің құрылымдық механикалық қасиеттерін анықтауда алған білімдерін қолдана білу керек; - Өңдеу өндірісінің жабдықтарын зерттеуде қолданылатын тәсілдердің мағынасын түсіну керек; - Басқа пәндерді меңгеру барысында «Өңдеу өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» пәнінен алған білімдерін қолдана білу керек; - Курстық жобаларды талаптарға сай орындай алу керек. 1.6. Курстың пререквизиттері: 1.6.1 гидравлика негіздері; 1.6.2 механика негіздері; 1.6.3 жылутехникасының негіздері. 1.7. Курстың постреквизиттері: 1. өңдеу өндірісінің технологиясы; 2. өңдеу өндірісінің аппараттары және процесстері. 2 ПӘННІҢ (МОДУЛЬДЫҢ) МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРДЫ БӨЛУ 2 кесте |№ |Тақырыптың аталуы |Сағаттары | |р/н | | | | | |ДС |ЗС |ОБӨЖ |СӨЖ | |1 |Өңдеу өндірісінде қолданылатын технологиялық|1 |1 |1 |3 | | |жабдықтардың жіктелуі | | | | | |2 |Ұн және құрама жем өндірісіне арналған |1 |1 |1 |3 | | |жабдықтардың жіктелуі | | | | | |3 |Элеваторлар, қоймалар және басқа да ұн мен |1 |1 |1 |3 | | |астық өндірісі кәсіпорындарында сақталатын | | | | | | |объектілер | | | | | |4 |Астық өңдеу өндірісіндегі тасымалдауға |1 |1 |1 |3 | | |арналған технологиялық жабдықтар | | | | | |5 |Сүзуге арналған жабдықтар |1 |1 |1 |3 | |6 |Аспираторлар, електі сепараторлар, астықты |1 |1 |1 |3 | | |сепараторлар А1-БСФ-50 және електі | | | | | | |АВМ-2сепараторлары | | | | | |7 |МПО-50 машинасы, скальператорлар, тастан |1 |1 |1 |3 | | |ажырату машиналары, триерлер | | | | | |8 |Магнитті сепараторлар. Щеткалы машиналар |1 |1 |1 |3 | |9 |Жуу машиналары |1 |1 |1 |3 | |10 |Астықты және құрама жем қоспаларын жылулық |1 |1 |1 |3 | | |және гидротермиялық өңдеуге арналған | | | | | | |аппараттар | | | | | |11 |Білікшелі станоктар ЗМ2, БВ2, А1-БЗН |1 |1 |1 |3 | |12 |Білікшелі станоктар А1-БЗ-2Н, А1-БЗ-3Н, |1 |1 |1 |3 | | |Р6-БЗ-3Н және Р6-БЗ-6Н, ВМ-2П, ВС және | | | | | | |«Хартроник» | | | | | |13 |Шет елдік білікшелі станоктар |1 |1 |1 |3 | |14 |Басқа да типті ұсақтағыштар |1 |1 |1 |3 | |15 |Құрама жем қоспаларын ұсақтауға арналған |1 |1 |1 |3 | | |жабдықтар | | | | | | |Барлығы |15 |15 |15 |45 | 3 ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР Пәнді меңгеру барысында тақырыптардың негізгі мазмұнына көңіл аудару керек. Ол үшін студенттің оқулықпен жұмысын жеңілдету мақсатында оқыту- әдістемелік кешені ұсынылады. Әрбір тақырыптың дәрісі соңында өзін-өзі тексеру сұрақтары бар. Оқулықты дұрыс таңдаудың үлкен мағынасы бар. Бірнеше оқулықты қатарынан пайдалану дұрыс емес. Ұсынылған әдебиеттердің ішіндегі біреуін негізгі әдебиет етіп таңдап алу керек. Басқа оқулықтарды егер де қажет тақырып жайында мағлұмат болмағанда немесе аз болған жағдайда пайдаланған жөн. Курсты пәннің бағдарламасына сәйкес тақырыптар легімен меңгерген мақұл. Оқулықпен жұмыс жасау барысында ұсынылған кешендегі мысалдар мен сараптамалар міндетті түрде болуы қажет. Тек осыдан кейін ғана өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап берілуі керек. Теориялық алған білімдерін студенттер практикалық есептерді шығарған кезде ғана меңгерілді деп есептеуге болады. КУРС ФОРМАТЫ Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан 2 рет жүргізіледі. Дәріс сабақтарында күрделі, мәселелі сұрақтарды қарастырады. Мысалы дәрістер құрылымы мынадай – сабақ мәнін талқылау немесе блиц-сұрақ (10(15 минут), дәріс (35(40 минут), материалдарды бекіту. Сабақты мұндай құрылымда жүргізу студенттен жүйелілікті, ұсынылған әдебиеттермен өздігінен жұмыс жасай білуді және дәрістегі жаңа тақырып бойынша материалдарды білуді талап етеді. Зертханалық сабақтар теориялық материалдарды тереңірек қарастыруды қажет ететін мәселелерді шешуге арналған. БӨЖ уақытында сіздердің дәріске немесе зертханалық сабаққа дайындалу процесінде, сондай-ақ үйге берген өздік жұмысын орындау кезінде туындаған сұрақтарыңызды қарастырамыз. Сонымен қатар аптасына бір рет, кафедрада бекітілген график бойынша, мен жекелей немесе топпен консультация түрінде БӨЖ сабағын өткіземін. Пәнді оқуға арналған сабақ уақытының үштен бір бөлігінде, сіздер менің көмегімсіз өздеріңіз жұмыс жасайсыздар. КУРС САЯСАТЫ Пәнді оқуға берілген барлық кезеңде, менің сіздерге қойатын талаптарымның барлығын орныдайсыз және бір-бірімізді түсінеміз деп ойлаймын. 1. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол сізді курсты толық меңгеруден босатпайды. Егер студент сабақтарды себепті жағдайлармен босатса, онда ол факультет деканатынан анықтама-рұқсат алуға міндетті. Рұқсат алғанан кейін студент сабаққа қатыса алады. Босатқан сабақтардың тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және көрсетілген уақытта оны орындап тапсыру қажет. Тапсырма тиісті бағамен бағаланады, ал босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды. 2. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық жұмыстарға және емтихандарға белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ өз уақытында және шамаңыз келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында өткізуіңіз керек. Тапсырмаларынызды пунктуальды және уақытында тапсыруларыңыз керек. Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе оқытушының ескертуіне құлақ аспаса, ол студентті сабақтан шығарып жібере алады және ол студентті тәртіпке салу үшін оған қосымша тапсырмалар беріледі. 3. Аудиториялық сабақ уақытында Сіздердің ұялы телефондарыңыз өшіп тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы студентті жауапқа тартуға құқығы бар. 4. Сіздер студенттермен және оқытушыларыңызбен ашық, шыдамды және мейірімді болулары керек. 5. Біреуден көшіріп алу және плагиат (дайын тапсырмаларды қолдану немесе көшіріп алу және басқа студенттердің көмегін пайдалану) үшін Оқытушының студентті аудиториядан шығарып жіберуіне немесе қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар. 6. Межелік аттестация қорытындысы, студенттің сабаққа қатысуымен, өзіндік жұмысты орындауымен, сабақта ауызша және жазбаша жауаптарға байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады. 6 БАҒАЛАРДЫ ҚОЮ САЯСАТЫ Пән бойынша үлгерімді бақылау келесі түрде жүзуге асырылады: - ағымдағы бақылау («Өңдеу өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» пәнінің оқу процесінің күнтізбелік кестесіне сәйкес жүргізіледі) - межелік бақылау (7 және 15 апталар) - қорытынды бақылау Ағымдағы бақылау кезінде студенттің дәріс және зертханалық сабақтардағы жұмысы бағаланады, сонымен қатар үй тапсырмаларын орындау, рефераттарды жазу және т.с.с. Межелік бақылау – оқытушының қатысуымен тесттерге жауап беру және аудиториялық бақылау жұмыс орындау. Пән бойынша баға 100 %-тік шкала бойынша пайыздық мөлшерімен қойылады. «Өңдеу өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» пәні бойынша ұпайлардың үлестірілуі 2-кесте |Апта |Бақылау түрі |Ұпайлар |Ескерту | |1 |2 |3 |4 | |1-7 апталарда дәрістерге және зертханалық |30 | | |сабақтарға қатысу | | | |1 |Тапсырмалар түрлерімен танысу | | | |2 |Ауызша жауап беру |20 |ЗС | |3 |Ауызша жауап беру |20 |ЗС | |4 |Ауызша жауап беру |20 |ЗС | |5 |Ауызша жауап беру |20 |ЗС | |6 |Ауызша жауап беру |20 |ЗС | | |І – тапсырманы өткізу |80 |БӨЖ | |7 |Межелік бақылау 1 |90 | | |1-7 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар |300 | | |8-15 апталарда дәрістерге, практикалық және |30 | | |лабораториялық сабақтарға қатысу | | | |8 |Ауызша жауап беру | | | |9 |Ауызша жауап беру |10 |ЗС | |10 |Ауызша жауап беру |10 |ЗС | |11 |Ауызша жауап беру |20 |ЗС | |12 |Ауызша жауап беру |20 |ЗС | |13 |Аудиториялық бақылау жұмыс |20 |ЗС | | |ІІ – тапсырманы өткізу |80 |БӨЖ | |15 |Межелік бақылау 1 |90 | | |8-15 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар |300 | | |Емтиханға арналған барлық ұпайлар |400 | | |Академиялық кезеңге арналған барлық ұпайлар |1000 | | 7 ӘДЕБИЕТТЕР 7.1 Негізгі әдебиеттер 7.1.1 Еренғалиев А.Е., Қасенов Ә.Л., Орынбеков Д.Р. Ет өнеркәсібінің технологиялық жабдықтары. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті – Семей: 2010. – Б. 212. 7.1.2 Еренғалиев А.Е., Қасенов Ә.Л., Орынбеков Д.Р. Ет өнеркәсібінің технологиялық жабдықтары бойынша лабораториялық практикум. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті – Семей: 2012. – Б. 208. 7.1.3 Ивашов В.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности» Часть 1. М. Колос 2001 – 552 с. 7.1.4 Касенов А.Л. «Сүт өнеркәсібіндегі технологиялық жабдықтар», Семей, 2002 ж., - 152 бет 7.2. Қосымша әдебиеттер 7.2.1 Кабулов Б.Б. Ет өнімдері өндірісінің механикалық өңдеу жабдықтары.- Семей Шәкәрім атындағы СМУ, 2009.-186 бет. 7.2.2 Золин В.П. Технологическое оборудование предприятий общественного питания.». М.: 2006-245с
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz