Файл қосу

Алаяқты тергеу



                        Тақырып: №5. Алаяқты тергеу.

   1. Алаяқтықтың  криминалистикалық  сипаттамасы,  Анықтауға  жататын  мән-
      жайлар.

   2. Қылмыстық  іс  қозғау  крекшеліктері.  Тергеудің  алғашқы  кезеңіндегі
      кәдімгі жағдайлар (типтік ситуациялар) және тергеуші іс-әрекеттері:

   3. Алғашқы тергеулік әрекеттер техникасының ерекшеліктері.

   4. Келесі тергеу әрекеттері:

   5.  Желдел-іздестіру  шараларын  қолдану,  интерполдың   ұлттық   орталық
      бюросының  байланыс жасау. Конвенция ООН келісімен пайдалану.

               1. Алаяқтық, яғни, бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен  мүлікке
                  құқықты алдау немесе  сенімге  қиянат  жасау  арқылы  алу
                  меншікке қарсы қылмыстар қатарына жатады (ҚР ҚК-нің  177-
                  бабы).  Көбінесі   алаяқтық   іс-әрекеттердің   қылмыстық
                  қастандық  жасау  заты   ретінде   ақша   жүреді:   басқа
                  жағдайларда алаяқтар өнеркәсіп тауарларын, валюта,  құнды
                  қағаздар, жылжымайтын  мүлік,  зергерлік  бұйымдар,  өнер
                  туындыларын иемденіп жатады. Кейінгі жылдары  алаяқтықтың
                  мынадый тәсілдері байқалып отыр; жасанда құжаттар  арқылы
                  банктік несиелер алу; жұрттылық қаражатын  тарта  отырып,
                  келешекте  жымқыру  мақсатында  жалған   фирмалар   құру;
                  банкоматтан ақша немесе сауда-саттық мекемелерінен  тауар
                  алу үшін  жасанды не біреудің  пластикалық  карточкаларын
                  пайдалану; валюта айырбастау,  шетел  төл  құжаттары  мен
                  рұқсатнама (виза) дайындау, құнды қағаздапдың  қамтамасыз
                  етілмеген акциялары мен  суррогаттарын  сату  барысындағы
                  алдаулар.  Жәбірленушілерді  алдау,  тікелей  алаяқтармен
                  қарым- қатынас арқылы жасалатындығын  ескерсек,  алаяқтар
                  әрқашан өз қылмыстық қызметінің іздерін жсауға  тырысады.
                  Тәсілдері және басқа да жағдайларға  байланысты  алаяқтық
                  көшеде,  жеке  меншік  пәтерлерде,  фирма   бөлмелерінде,
                  дүкендерде жасалынады. Бөлек  қылмыс түрлері кәсіп  еткен
                  алаяқтардың бірігіп, ұйымдасқан  қылмыстық  топтар  болып
                  қалыптасуын  кейінге  жылдары  байқауға  болады.  Нақтылы
                  рөлдер  мен орындайтын қызметтерді топ мүшелері  арасында
                  тарату көріністерңі аталмыш топтарға тән.  Мысалы:  құмар
                  ойындарға  бір  топ  мүшелері  осы   ойынға   азаматтарды
                  баулиды, енді біреулері ойынның  барысында  жәбірленушіге
                  психологиялық ықпал жасайды,  үшіншілері  тікелей  ойынға
                  қатысады, ал төртіншілері жүргізіліп  жатқан  операцияның
                  қауіпсіздігін қамтамасыз  етеді.  Мұндай  топтар  техника
                  жағынан жасақталғандығымен, шапшаң қимылдары  және  басқа
                  қылмыскерлер  санатымен  тұрақты   қарым-қатынаста   болу
                  арқылы ерекшеленеді.

               2. Алаяқтық  әрекеттері  құқық  қорғау  қызметкерлері;  оның
                  ішінде   анықтама    органдарының    жедел-іздестірушілік
                  шараларын жүргізу барысында, сондай-ақ мұндай  көріністер
                  жайлы   азаматтар   арыздары   мен   заңды    тұлғалардың
                  хабарларының арқасында мәлім  болады.  Алаяқты  тергеудің
                  алғашқы   кезеңінің    мазмұны   түп    нұсқалы    тергеу
                  ситуациясына байланысты. Қылмыскер туралы мағлұматтың бар
                  болуы негізге ала отырып, осындай санаттағы істер бойынша
                  мынадай ситуацияларды ажыратуға болады.  1)  алаяқ  бізге
                  мәлім, ол алаяқты әрекеттерді іске асыру барысында немесе
                  оларды жасап болысымен ұсталды. 2) алаяқ белгілі, бірақта
                  ол тергеуден бой тасалап жүр. Мұндай тергеу ситуациясында
                  атқарылатын негізгі міндеттердің бірі-алаяққа іздеу салу.
                  Жәбірленуші мен куәдан жауап алу,  заттық  дәлелдемелерді
                  қараудан  басқа  жүргізілетін   әрекеттер:   ішкі   істер
                  органдарының бөлімшілерін  күдіктіні іздеуге бағдар  ету;
                  жедел іздестірушілік  шараларын  ұйымдастыру;  күдіктінің
                  жеке басын және бой тасалауы ықтимал жерлерін   зерттеуге
                  бағытталған  шараларды  іске  асыру.  3)  алаяқ  белгілі,
                  алайда  оның   іс-қимылдарды   заңды   келісім-шарттармен
                  бүркемеленген.  Ааляқтық  іс-қимылдарды  бүркемелеу  үшін
                  заңды тұлғалар ( акционерлік қоғам, жауаптылығы  шектеулі
                  қауымдастық,   жеке   меншік    мекемелер    және    т.б)
                  пайдаланылған  істер,   осындай   тұлғаның   қаржылық   –
                  шпруашылық қызметін зерттеуге бағытталған тергеулік  және
                  басқа әрекеттерді  жүргізу  арқылы  сипатталады.  Оларға:
                  тексерістегі фирманың құрылтай және басқа  да  құжаттарын
                  алып  зерттеу;  түгендеу  (инвентаризация)  және  ривизия
                  тағайындау; қызметтік бөлімдерді қарау немесе  тінту  т.б
                  жатады. 4) алаяқ белгісіз.  Мұндай  жағдайларда  тергеуші
                  субъективтік   портрет   құрастыруды,   криминалистикалық
                  тіркеулерден  тексеруді,   жедел-іздестірушілік   шаралар
                  жүргізуді  ұйымдастырады.  Тергеудің  алғашқы   кезеңінде
                  төмендегідей  типтік  болжамдар  шығарылады:  -  алаяқтық
                  арызданушы хабардар етіп отырған жағдайларда орын  алған;
                  - алаяқтық емес, басқа қылмыс (қорқытып  алушылық,  тонау
                  және т.б) көрінісі орын алған; - заңды  түрде  жасалынған
                  азаматтық  –  құқықтық  келісім   көрінісі   орны   алған
                  (ауыстыру, сауда-саттық, қарыз).

               3. Жәбірленушіден жауап  алу  мынадай  сұрақтар  төңірегінде
                  жүргізіледі: қай жерде, қашан,  кім  арқылы  және  қандай
                  жағдайларға байланысты  жәбірленуші  алаяқпен  (фирмамен,
                  осы  алаяқтық  әрекеттер  жүргізілген)  танысқан,  қандай
                  мақсат көзделген; алаяқ жәбірленушіге қандай уеде  берді,
                  одан не талап етті, нені алды, жәбірленушіге нені  сатты.
                  Куәдан жауап алу арқылы анықталатын  жағдайлар;  алаяқтық
                  жағдайлары;  алаяқтық  сырт  келбеті,  оның  жеке   басы,
                  кәсібі, өмірі, мінез-құлқы туралы мағлұматтар;  қылмыстық
                  топтың әрбір мүшесі туралы мағлұматтар; қылмыстық  топтың
                  әрбір мүшесі туралы мәлімет,  жәбірленушінің  жеке  басы,
                  оның   келісім-шарттағы   мүддесі   туралы    мәліметтер,
                  жылжымайтын  мүлік  немесе  жеке  инвесторлар  салымдарын
                  иеленуге  байланысты  алаяқтық  келісімдер  туралы  істер
                  бойынша   куәлар   ретінде   менеджерлер,   бухгалтерлер,
                  хатшылар,  кассирлар,  тиісті  фирмалардың   күзетшілері,
                  нотариустар, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықтардың,  төл
                  құжат  беретін  бөлімдердің  жұмысшылары  мен  басқа   да
                  қызметкерлер   санаттары   жүреді.   Алаяқтықты    тергеу
                  барысында оқиға  болған  жерді  қарау  мүмкіндігін  естен
                  шығармаған жөн. Оны жәбірленушінің көмегімен оқиға болған
                  жерде  хабардар  болып,  алаяқтық  орны   мен   жағдайына
                  байланысты арызданушы көрсетулерінің шынайлылығын тексере
                  аламыз, ал қолайлы жағдайларда қылмыскер қалдырған  іздер
                  мен  заттарды  табуға  да  болады.  Қол  іздерін,   микро
                  бөлшектерді, құжаттардың жасандылық белгілерін  айқындау,
                  бекіту  және  алдын  ала  зерттеуден  өткізу   мақсатында
                  тергеулік   қарау   жүргізу   Қазақстан   Республикасының
                  Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 84-бабына  сәйкес  маман-
                  криминалистке  жүктеледі.  Істің  мән-жайына   байланысты
                  қарауға зергер, тауар танушы, бухгалтер  сияқты  мамандар
                  да  тартылуы  мүмкін.  Алаяқ  өз   кінәсін   мойындамаған
                  жағдайда,  ол  жәбірленуші   мен   куәларға   тану   үшін
                  ұсынылады, беттестіру жүргізіледі,  сот  сараптамаларының
                  қорытындылары ұсынылады.

               4. Алаяқтықты тергеудің келесі кезеңінде тергеуші  қылмыстық
                  іс бойынша жиналған материалдарды талдай отырып,  қосымша
                  сұлбалар мен кестелерді, толымды жоспарларды құрастырады,
                  сот сараптамаларын тағайындайды. Қылмысты  жасау  кезінде
                  алаяқтармен    қалдырылған    қол    іздеріне     қатысты
                  дактилоскопиялық  сараптамалар   жүргізіледі.   Қаржылық-
                  шаруашылық    операциялармен    бүркемеленген    алаяқтық
                  қимылдарға    байланысты    сот-бухгалтерлік    сараптама
                  жүргізілуі  ықтимал.  Қолтаңба  тану  сараптамасына   қол
                  қоюшыны, бөлек жазуларды, толықтыруларды, сондай-ақ толық
                  мәтінді  орындаушыны  анықтауды  қажет  ететін   құжаттар
                  жіберіледі.  Мұндай   жағдайларда   зерттеуге   мекеменің
                  құрылтайшы құжаттарында, келісімдер мен  контракттарында,
                  қол  хаттарда,  кіріс-шығыс  ордерлерінде  қойылған  қол,
                  сондай-ақ  алаяқтардың  өз  қолдарымен   орындаған   жоба
                  жазбалары жатады. Тергеудің  алғашқы  кезеңінде  берілген
                  көрсетулерді,  алаяқтықтың  ісі  бойынша  жаңадан   пайда
                  болған эпизодтар мен алғаш рет ұсынылып отырған  құжаттар
                  бойынша алынған түсініктемелерді,  сондай-ақ  жүргізілген
                  сараптамалардың    қорытындыларын    дәлдеп,     нақтылау
                  мақсатында айыпталушыдан қосымша жауап  алынады.  Сонымен
                  үзілді-кесілді   тағылған   айыптан   кейін    жасалынған
                  қылмыстың  барлық  эпизодтары  мен   жағдайлары   бойынша
                  алаяқтардан  тыңғылықты  жауап   алыну   керек.Айыпталушы
                  көрсетулеріндегі  қайшылықтар  беттестіру  жолымен   және
                  басқа да  тергеу  әрекеттерін  жүргізу  арқылы  жойылады.
                  Айыпталушының дүние-мүлкі табылысымен, сот шешіміне дейін
                  оның  сақталушылығы  қамтамасыз  етілу  керек.  Ақша  мен
                  құндылықтар ішкі  істер  органдарының  қаржы  бөлімдеріне
                  сақтауға    беріледі,    автокөліктер    жол    полициясы
                  басқармасының  арнайы  тұрақтарына  қойылады.   Пәтердегі
                  жиһаз  және  басқа  заттар  дүние-мүлікке    тыйым   салу
                  тізіміне енгізіледі.

               5. Жедел-іздестіру шаралары- бұл  жедел-іздестіру  қызметігн
                  жүзеге    асыратын     органдардың     алдында     тұрған
                  міндеттемелердің құзыреті ауқымында шешуге бағытталған іс-
                  әрекеті.  Көпжылдық  тәжірбие  дәлелдегендей,   қылмыскер
                  қандай  қулық-сұмдықтар  жасамаса   да,   жедел-іздестіру
                  шаралары   мен   тергеу    іс-қимылдарының    шеберлікпен
                  өткізілуінің нәтижесінде  әшкерленетін  болады.  Мәселен,
                  Алматы қаласында кісі өлтіру мен байлықты иеленумен  қоса
                  шабуылдар жасаған “Шие бөрілер” (“Шакалы”)  деген  шартты
                  атауын алған банда  әрекет  етті.  Қылмыстарды  ашу  үшін
                  құрамына  ең   білікті   оперативтік   қызметкерлер   мен
                  тергеушілер кірген жедел тергеу  тобы құрылды. Сондай-ақ,
                  банда  жасаған  қылмыстарды  ашу  бойынша   іс-қимылдарды
                  үйлестіру үшін штаб құрылды. Банданы ашуда барлық,  соның
                  ішінде жедел іздестіру жолымен алынатын ақпарат жинау мен
                  талдауды шебер ұйымдастыру маңызды  рол  атқарды.  Орасан
                  зор  қайшы  мәліметтердің  ішінен  сезіктілердің   соңына
                  түсуге мүмкіндік берген  қажетті  бөлімін  анықтауға  қол
                  жеткізілді. Тергеу іс-қимылдардың  әрі  қарай  жүргізілуі
                  банндиттердің    ұсталуына,    заттық     дәлелдемелердің
                  табылуына, олардың әшкерленуіне әкелді.  Бұл  іс  бойынша
                  қылмыстық  жауапқа  тартылғандардың   барлығы   сотталған
                  болатын. Жедел-іздесітру шараларын жүзеге асыру,  тоқтата
                  тұру  және   тоқтатылуының   мерзімдері   жедел-іздестіру
                  қызметін   жүзеге   асырушы    органдардың    нормативтік
                  актілерінде  көзделген.

















































                          Пайдаланылған әдебиеттер:

      1. “Қазақстан Республикасының Конституциясы”.

      2. “Қазақстан Республикасының  Конституциясының  Қылмыстық  іс-жүргізу
         Кодексі”.

      3. “криминалистикалық тактика”.

      4. “қылмыстық құқық комментарий”.

































































































                      Тақырып №9. Парақорлықты тергеу.

         1. Парақорлықтың криминалистикалық сипаттамасы.  Анықтауға  жататын
            мән жайлар.

         2. Парақорлық қылмыстары бойынша болжамдар мен жоспар құру.

         3.   Парақорлыққа   байланысты   жедел-іздестіру    шаралары    мен
            кідіртілмейтін тергеулік әрекеттер.

   1. Пара алушылық- бұл лауазымды адамның  өзі  немесе  оның  өкілі  болған
      адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекеттіздігі) үшін ақша, бағалы
      қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда
      түрінде пара алуы, егер мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке)  мүмкіндік
      жасаса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе қызметі бойынша жол берілуі
      (ҚР ҚК-311-бабы), сондай-ақ лауазымды адамдарға тікелей немесе  делдал
      арқылы пара беру (ҚР  ҚК-312).  Пара  берушілік  көбінесе  арнайы  бір
      орныдарда және  бөтен  адамдарсыз,  куәгерлерсіз,  ешкім  жоқ  жерледе
      жүргізілетіні  белгілі.  Өйткені  пара  алушы,  оны  беруші,   олардың
      арасындағы делдал адамдар бұл қылмысты жасауға мүдделі болып  кетелді,
      сондықтан  осы қылмысыт  жасауға  олар  барлық  жағдайларды  туғызады.
      Мәселен, жасырын, өз әрекеттерін құпия  әрекеттермен  жүргізілуі  және
      т.б. бұл қылмысқа қатысушылардың барлығы қылмысқа тартылатындығын біле
      отырып өздерінің қатысқандығын  жасыруға  тырысады.  Пара  алушылармен
      күредегі оны жеңілдету жақтары қарастырыла отырып,  егер  пара  беруші
      өзі  арыз  жазған  жағдайда  қылмыстық  жауапкершіліктен   босатылады.
      Анықтауға жататын мән-жайлар: 1)пара беру уақыты, орны және кім, кімге
      және қандай мақсатпен берілегндігі; 2) параның заты,  оның  мәні  және
      алу көзі; 3)пара  беру  амалы  және  оны  жасыру  жолдары;  4)қылмысты
      жасауға қатысушылар, делдарлардың қанша болғаны,  қатысушылардың  бір-
      бірімен әрекеттестігі,  олардың  әрқайсысының  рөлі,  әрекеті;  5)пара
      алушының қызметі, лауазымы; 6) пара алу барысында өзіінң  әрекеті  мен
      лауазымды адамның пара алуда әрекетінің формасы; 7)қызметтік міндеттің
      аясы;  8)пара  алкшылық  болды  ма;  9)пара  алушылықтың  бірнеше  рет
      қайталануы;  10)айыпкердің  міні,  қылмыс  жасау  себеп-салдары;   11)
      қылмысқа   қатысушылардың   әрқайсысының   мінездемесі;   12)қылмыстық
      жауапкершіліктің  жеңілдететін  және  ауырлататын  жағдайлары;  13)осы
      қылмыстарды жасауға итермелеген және тағы басқа да жағдайлары.  Алдын-
      ала тергеу барысындағы тексеру әдістемелерінің маңзыдылығы  оны  жасау
      түрлеріне  байланысты  болады.  Бұл   көптеген   ірекеттермен   жүзеге
      асырылады:   1)танысу   әдістемелері;   2)жедел-іздестіру    шаралары;
      3)працесуалдық  формада.  Танысу  әдістемесінің  формасына:  1)алғашқы
      деректерді дайындау мақсатында мекемелер мен жеке  тұлғалардан  арнайы
      құжаттарды  талап  ету;  2)оқиға  болған  жерлерге  шығып,   мекеменің
      қызметімен  танысу,  ол  адамның  мекемедегі   алатын   орны,   ондағы
      құжаттармен  танысу  және  т.б.  анықтау.  3)лауазымды  адамнан   және
      азаматтардан жазбаша түрде  түсініктемелер  талап  ету;  4)тексерістер
      (ревизия) және сараптамалар тағайындау және т.б жүргізу.

   2. Жоспар құру әрекеті екі кезеңде сипатталып  жүргізіледі.  1)біріншіден
      жоспарда қылмыстық іс қозғалғаннан кейін бірақ  құрылдаы.  2)екіншіден
      тергеу барысында  кейбір  тергеулік  әрекеттерге  жоспарлар  құрылады.
      Негізгі  жоспарларға   бастапқы  тергеулік  әрекеттер   мен   бастапқы
      құжаттарды  жинау  құжаттары  жатады.   Тергеулік   әрекетті   жүргізу
      барысында кідіртпей  жүргізілетін  әрекет  қылмысытқ  іс  қозғалғаннан
      басталысымен жүргізілуі мүмкін. Бұл  әрекет  сонымен  қатар,  қылмысқа
      қатысатындарын және олардың қандай қылмыстық  әрекет  жүргізетіндігін,
      кейін жауап алған  кезде  қарама  қайшылықтар  тумау  жолдарын  білуге
      болады. Тергеу барысында типтік болжамдар құрылуы мүмкін: 1)парақорлық
      орын алды. 2)парақорлық орын алған жоқ, ал  құндылықты  заттар  немесе
      ақша лауазымды адамға қарыз болғандықтан  берілмеген,  қарызға  немесе
      басқа да заңды әрекетпен жасалған. 3)пара берілген  жоқ,  арыз  беруші
      адам қателеседі (пара алушыдан келген арыз); 4)пара  беру  орын  алған
      жоқ және арыз беруші адам қателеседі (пара келген арыз).  5)парақорлық
      болды,  бірақ  лауазымды  адам  заңсыз  сыйлықты  алған  жоқ,  өйткені
      жасалған делдалдық орын алды немесе пара берушінің қателіктері болды.

   3.  Алдын-ала  тергеу  барысында  парақорлыққа  байланысты   жүргізілетін
      әрекеттер қылмысыт ділелдеу мақсатында тергеуші немесе қылмыстық  істі
      жүргізуші органның келесі  әрекетін  төмендегідей  қарастыуға  болады.
      1)тергеу   барысында   жедел-іздестіру   шаралары    арқылы    алынған
      мәліметтерді  процесуалдық  түрде  бекіту  шараларын  жүргізу;   2)осы
      категориялық  қылмыстар  жөнінде  дәлелдейтін  мән-жайларды   анықтап,
      дәлелдемелерді кеңейте түсу; 3)сезіктілер мен  қылмыскерлерді  анықтай
      отырып,  олардың қылмысқа қатысқандығы жөнінде  мәліметтерді  анықтау;
      4)парақорлық қылмысқа қатысқандар мен олардың шеңберін анықтай отырып,
      оларды ұстауға арнайы шаралар жүргізу; 5)болған қылмыстың ізін  жасыру
      және  жоюға   тырысқандардың   алдын-алу   мен   ескертулер   жүргізу;
      6)парақорлыққа  қатысқандардың  немесе  олардың   қылмыс   жасағандары
      анықталған  жағдайда  оларға   іздеулер   жүргізу   шараларын   жасау;
      7)парақорлық  қылмыстың  алдын-алудағы  жүргізілетін   әрекеттер   мен
      қоғамдық  үгіттер  жүргізу.  Тергеу  барысында  бастапқы  әрекеттердің
      біріне арыз берушіден жауап лау жатады.  Арыз  берушілер  көбінесе  үш
      топқа бөлінеді. Оларға арыз беруші,  екінші-қылмысқа  қатысқан  немесе
      парақорлық  туралы  белгілі  болған  азамат,  үшіншіден,  парақорлыққа
      тартылған немесе пара беруге итермелеген немесе өз пайдасын іске асыру
      мақсатын көздеген азаматтарды жатқызуға болады.  Егер  арыз  берушінің
      арызына  байланысты  дәлелдемелер  жеткілікті  болса,   қылмыстық   іс
      қозғалған  жағдайда  кідіртілмейтін  тергеулік  әрекет  ретінде   арыз
      берушіден жауап алу көзделеді. Қылмыскерлерден барлық сұрақтар бойынша
       толық, кең көлемде қылмысты  ашатындай  сұрақтар  қойылып,  қылмыстың
      қалай жүргізілетіндігін анықтау қажет. Айқын, шын жауап алу мақсатында
       оларға  біріншіден  ,  дәлелдемелерді  ұстап  көрсете  отырып  алады.
      Сонымен қатар,  кейін  ол  бірне  рел  қылмыс  жасаған  болса,  барлық
      дәлелдемелерді көрсете отырып жауап алу. Егер айыпкер  мен  сезіктілер
      бәрінен  ажлтарып  отырса,   тергеу   беттестіру   әрекеттері   арқылы
      жүргізілуі мүмкін.









































                          Пайдаланылған әдебиеттер:

      1. “Қазақстан Республикасының Конституциясы”.

      2.   “Қазақстан   Республикасының   Конституциясының   Қылмыстық   іс-
         жүргізу Кодексі”.

      3. “криминалистикалық тактика”.

      4. “қылмыстық құқық комментарий”.






Пәндер