Файл қосу

Электромагниттік өрістің колибрлеулік



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                   |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты   |ПОӘК        |ПОӘК 042-14-2-01.20.92/02-2014    |
|Студенттерге арналған   |№1 баспа    |                                  |
|«Электродинамика»       |2014        |                                  |
|пәнінің жұмыс           |            |                                  |
|бағдарламасы            |            |                                  |






                       ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

                     5В060400 - «Физика» мамандығы үшін

                              «Электрдинамика»




                 ПӘНІНІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ


















                                 Семей 2014


                                  Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырушы -   Желдыбаева Балғын Сембаевна, «Физика» кафедрасының
доцент м.а., п.ғ.к.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 «Физика» кафедрасының отырысында
№10  хаттама, 25.06. 2014.
Кафедра меңгерушісі  _______   п.ғ.д., профессор Маусымбаев С.С.

2.2 Физика-математика  факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында
№6 хаттама, 26.06. 2014.
Төраға ________   Батырова К.А.

3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында  мақұлданып  және
баспаға ұсынылды
№  хаттама, 2014 ж.
ОӘК төрағасы  ________ Искакова Г.К.

4  АЛҒАШ ЕНГІЗІЛГЕН


















                                   Мазмұны


      |1 |Жалпы мағлұматтар                                                   |   |
|2 |Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағатты жіктеу            |   |
|3 |Курсты оқыту туралы әдістемелік нұсқау                              |   |
|4 |Курстың форматы                                                     |   |
|5 |Курстың саясаты                                                     |   |
|6 |Баға қою саясаты                                                    |   |
|7 |Әдебиеттер                                                          |   |

































1 ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат
Желдыбаева Балгын Сембаевна, Физика кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к.
Байланыс туралы ақпарат – тел. 77-33-58, №3 оқу корпусы, №305 ауд.
Сабақты жүргізу орны – 3 қабат аудиториялары
Осы пән бойынша кредит саны - «Электрдинамика» - 2 кредит
   2.  Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы
    «Электродинамика» курсы Максвелл-Лоренц теңдеулер жүйесіне  негізделген.
Бағдарламада зарядтаоған бөлшектердің сыртқы  өрістердегі  қозғалысына  және
сәулелену теориясына кеңінен көңіл бөлінген.
      1.3    Курстың   мақсаты:   Студенттерге   вакуумда   және    заттарда
электромагнитік  өріс  теориясының  негіздерін  түсіндіру.  Пәнді   үйренуде
электр және  магнит  құбылыстарының  табиғаты  біртұтас  екендігі  физикалық
көзқарас тұрғысынан да, математиқалық физика әдістері тұрғысынан  да  ерекше
аталып өтуі қажет.
    1.4 Курстың  міндеттері:  Студент  жлпы  физика  курсының  «электр  және
магнетизм» бөліміндегі заңдылықтар  және  құбылыстармен  толық  таныс  болуы
керек. Сондай-ақ математикалық  талдау,  аналитикалық  геометрия,  векторлық
және тензорлық талдау, дефференциялдық теңдеулер тарауларын меңгерген  болуы
қажет.
   1.5 Пәнді оқытудың нәтижелері:
Пәнді  оқыған соң студент игеруі қажет:
білуі керек:
 негізгі заңдылықтарды, олардың жүру ерекшеліктерін;
 негізгі  түсініктер,   шамалар,   математикалық   өрнектері   және   өлшем
бірліктері;
 есте ұстауы керек:
 пәннің негізгі қағидаларын, шамаларын, заңдарын, есепті шығару  әдістерін;
математикалық аппаратты,  қазіргі  заман  өндірісінде  және  ғылымда  алатын
орыны мен атқаратын ролі;
 орындауы керек:
 нақты физикалық жүйелердің параметрлерінің сандық есептеулерін жүргізу;
 түсінуі керек:
 студент өткен «Элуктр және магнетизм» курсынан  алған  біліктеріне  сүйене
отырып,  электромагниттік  өріс  теориясы  курсының  негізгі  ұғымдары   мен
заңдарын,  олардың  математикалық  шекараларын,   электромагниттік   өрістің
материалық  болмысын,  салыстырмалылықтың  дербес  принципін  терең  түсінуі
керек;
    1.6 Курстың пререквизиті:
      Математикалық  анализ,  дифференциалдық  және  интегралдық  теңдеулер,
аналитикалық  геометрия  және  жоғарғы  алгебра,  векторлық  және  тензорлық
анализ  негіздері,  жалпы  физикадан  «Электр  және  магнетизм»,   теориялық
механика;
     1.7 Курстың постреквизиті:
Математикалық  физика  курсы,  кванттық  механика  негіздері,  статистикалық
физика және термодинамика.
2 Пәннің мазмұны және сабақ түріне сағаттардың бөлінуі

|№  |Тақырыптың аты                         |Сағаттар     |Әдебиеттер     |
|   |                                       |Дс|Пр|СОӨ|СӨ|               |
|   |                                       |  |  |Ж  |Ж |               |
|1  |Модуль 1. Дәріс №1. Кіріспе.           |1 |1 |1  |3 |[8.1.6] с. 5-10|
|   |Электродинамика дамуының негізгі       |  |  |   |  |[8.1.2] §§36,  |
|   |кезендері. Электромагниттік өріс       |  |  |   |  |40, 41         |
|   |материалдық субстанциясы ретінде       |  |  |   |  |[8.1.6] §§2, 3,|
|   |қарастырылуы. Вакуумдағы               |  |  |   |  |18, 19         |
|   |электростатикалық өріс. Вектролық      |  |  |   |  |               |
|   |өрістер және олардың қасиеттері. Кулон |  |  |   |  |               |
|   |заңы. Суперпозиция принципі. Өрістін   |  |  |   |  |               |
|   |потенциалы мен кернеулігі. Пуассон     |  |  |   |  |               |
|   |теңдеуі. Потенциалды мультипольдерге   |  |  |   |  |               |
|   |жіктеу.                                |  |  |   |  |               |
|2  |Дәріс №2. Электростатикалық өрістің    |1 |1 |1  |3 |[8.1.2]  §§37, |
|   |энергиясы. Сыртқы өрістегі зарядтар    |  |  |   |  |42             |
|   |жүйесінің энергиясы. Электростатикалық |  |  |   |  |[8.1.6]  §§15, |
|   |өріс энериясы үшін Максвелл формуласы. |  |  |   |  |16             |
|   |Заттағы электростатикалық өріс. Диполь.|  |  |   |  |[8.1.2]  §40   |
|   |Дипольдің өрісі, энергиясы, олардың    |  |  |   |  |[8.1.6]  §11   |
|   |өзара әсері.                           |  |  |   |  |               |
|3  |Дәріс №3. Поляризация векторы.         |1 |1 |1  |3 |[8.1.6]  §§1,  |
|   |Байланысқан зарядтар тығыздығы.        |  |  |   |  |6,13, 17       |
|   |Электрлік индукция векторы. Вакуумдегі |  |  |   |  |[8.1.6]  §39   |
|   |және ортадағы шектік шарттар. Өрістің  |  |  |   |  |[8.2.8]        |
|   |микро- және макросипаттамаларының      |  |  |   |  |с.287-309,329-3|
|   |байланысы. Зат ішіндегі                |  |  |   |  |69,373-378     |
|   |электростатикалық өрістің энергиясы мен|  |  |   |  |               |
|   |күші. Потенциалдарды анықтау тұралы    |  |  |   |  |               |
|   |есептерді шығаруының жалпы әдістері.   |  |  |   |  |               |
|   |Жалғыздық теоремасы. Гриннің           |  |  |   |  |               |
|   |өзаралықтық теоремасы. Инверсия әдісі. |  |  |   |  |               |
|   |Грин функциялар әдісі                  |  |  |   |  |               |
|4  |Дәріс №4.  Заттағы электростатикалық   |1 |1 |1  |3 |[8.1.6]  §20   |
|   |өрістің  күші мен энергиясы.           |  |  |   |  |[8.1.2]  §43   |
|   |Диэлектриктердегі энергия тығыздығы.   |  |  |   |  |[8.1.6]        |
|   |Диэлектриктегі өріс энергиясының       |  |  |   |  |§§21-24        |
|   |термодинамикалық мағынасы.             |  |  |   |  |               |
|   |Диэлектриктегі көлемдік күштер. Токтар |  |  |   |  |               |
|   |және олардың әсерлесуі. Дифференциалдық|  |  |   |  |               |
|   |түріндегі Ом, Джоуль-Ленц және Ампер   |  |  |   |  |               |
|   |заңдары. Магнит өрісі және токтардың   |  |  |   |  |               |
|   |магниттік әсерлесуі. Токтардың түрлері.|  |  |   |  |               |
|5  |Модуль 2. Дәріс №5. Магнитті орталар.  |1 |1 |1  |3 |[8.1.2]  §44   |
|   |Тұйық тоқтың магнит моменті.           |  |  |   |  |[8.1.6]  §29   |
|   |Магниттеліну векторы. Магнит өрісінің  |  |  |   |  |[8.1.2]  §§44, |
|   |кернеулігі. Магнит индукциясының       |  |  |   |  |45             |
|   |векторы.                               |  |  |   |  |[8.1.6]  §30   |
|6  |Дәріс №6. Максвелл теңдеулері. Максвелл|1 |1 |1  |3 |[8.1.2]  §§26, |
|   |теңдеулері-тәжірибелер қорытындысы.    |  |  |   |  |30             |
|   |Үздіксіздік теңдеуі-зарядтың сақталу   |  |  |   |  |[8.1.6]  §§26, |
|   |заңы. Максвелл теңдеулер жүйесінің     |  |  |   |  |32             |
|   |микроөрістерге қолданылуы. Максвеллдің |  |  |   |  |[8.1.2]  §§29, |
|   |макроскопиялық тендеулері              |  |  |   |  |29             |
|   |                                       |  |  |   |  |[8.1.6]  §§33, |
|   |                                       |  |  |   |  |37, 52, 53, 54 |
|7  |Дәріс №7. Потенциалдар үшін Даламбер   |1 |1 |1  |3 |[8.1.2]  §16   |
|   |теңдеуі. Өрістің потенциалдары мен     |  |  |   |  |[8.1.6]  §§11, |
|   |кернеуліктерінің байланысы.            |  |  |   |  |41             |
|   |Электромагниттік өрістің колибрлеулік  |  |  |   |  |[8.1.2]  §18   |
|   |инварианттылығы. Кешігу потенциалдары  |  |  |   |  |[8.1.6]  §41   |
|   |(Лиенар-Вихерт потенциалдары).         |  |  |   |  |               |
|8  |Дәріс №8. Электродинамикадағы сақталу  |1 |1 |1  |3 |[8.1.2]  §31   |
|   |заңдары. Умов-Пойнтинг векторы.        |  |  |   |  |[8.1.6]  §§38, |
|   |Электромагниттік өрістің импульсінің   |  |  |   |  |40             |
|   |тығыздық векторы. Электромагниттік     |  |  |   |  |[8.1.2]  §§67, |
|   |сәуле шығару. Электрлік және магниттік |  |  |   |  |70, 71         |
|   |дипольдік сәуле шығару.                |  |  |   |  |[8.1.6]        |
|   |                                       |  |  |   |  |§§48-51, 59    |
|9  |Дәріс №9. Электромагниттік толқындардың|1 |1 |1  |3 |[8.1.2]  §46   |
|   |ортада таралуы. Арнайы салыстырмалылық |  |  |   |  |[8.1.6]        |
|   |теориясының негіздері. Бірмезгілдіктің |  |  |   |  |§§42-47        |
|   |салыстырмалылығы. Лоренц               |  |  |   |  |[8.1.2]  §§1-5 |
|   |түрлендірулері. Релятивистік           |  |  |   |  |[8.1.6]        |
|   |кинематика.                            |  |  |   |  |§§62-70        |
|10 |Дәріс №10. Релятивистік механика. Еркін|1 |1 |1  |3 |[8.1.2]  §§8,  |
|   |бөлшектің Лагранж функциясы. Релятивсік|  |  |   |  |9, 16, 17      |
|   |бөлшектің энергиясы және импульсі.     |  |  |   |  |[8.1.6]  §71   |
|   |Релятивистік механикадағы қозғалыс     |  |  |   |  |[8.1.2]  §§4,  |
|   |заңы. Тұрақты күштін әсерінен дене     |  |  |   |  |6, 7, 23-25    |
|   |қозғалысы. Салыстырмалылық теориясының |  |  |   |  |[8.1.6]  §72   |
|   |төртөлшемді аппараты. Төрт-вектор және |  |  |   |  |               |
|   |төрт-тензор ұғымдары. АСТ              |  |  |   |  |               |
|   |инварианттары.                         |  |  |   |  |               |
|11 |Модуль 3. Дәріс №11.  Лоренц           |1 |1 |1  |3 |[8.1.2]  §10   |
|   |түрлендірулерінің матрицалық түрі.     |  |  |   |  |[8.1.2]  §23   |
|   |Лоренц түрлендірулерінің геометриялық  |  |  |   |  |[8.1.6]  §§74, |
|   |көрсетілуі. Механика заңдарының        |  |  |   |  |75             |
|   |коварианттық жазылуы. Электродинамика  |  |  |   |  |               |
|   |заңдарының коварианттық жазылуы.       |  |  |   |  |               |
|   |Электромагниттік өрістің төрт-өлшемді  |  |  |   |  |               |
|   |сипаттамалары. Өріс тензоры.           |  |  |   |  |               |
|12 |Дәріс №12.  Доплер эффектісі.          |1 |1 |1  |3 |[8.1.2]        |
|   |Электромагниттік өріс үшін минимал әсер|  |  |   |  |§§32-35        |
|   |принципі.  Энергия-импульс тензоры.    |  |  |   |  |[8.1.6]  §73   |
|   |Максвелл теідеулірінің коварианттық    |  |  |   |  |[8.1.2]        |
|   |жазылуы. Электронның электромагниттік  |  |  |   |  |§§62-65        |
|   |массасы. Кез келген қозғалыстағы       |  |  |   |  |[8.1.6]  §59   |
|   |зарядтың өрісі. Электр және магнит     |  |  |   |  |               |
|   |өрістірінің кернеулегінің есептелуі.   |  |  |   |  |               |
|   |Өріс импульсі. Классикалық             |  |  |   |  |               |
|   |осциллятордың сәулеленуі. Сәулеленуге  |  |  |   |  |               |
|   |дербес есептер. Вавилов-Черенков       |  |  |   |  |               |
|   |сәулеленуі.                            |  |  |   |  |               |
|13 |Дәріс №13.  Шашыраудың классикалық     |1 |1 |1  |3 |[8.1.2]        |
|   |теориясы. Еркін және байланысқан       |  |  |   |  |§§78-80        |
|   |зарядтармен электромагниттік           |  |  |   |  |[8.1.6]  §60   |
|   |толқындардың шашырату. Спектралдық     |  |  |   |  |[8.1.7]        |
|   |сызықтың радиациялық ені. Нормалді және|  |  |   |  |§§129-134      |
|   |аномалді дисперсия. Қозғалыстағы орта  |  |  |   |  |[8.1.6]  §75   |
|   |электродинамикасының негіздері. Өріс   |  |  |   |  |               |
|   |векторларының  түрлену заңдылықтары.   |  |  |   |  |               |
|   |Қозғалыстағы орта үшін материялық      |  |  |   |  |               |
|   |теңдеулер. Магнитті гидродинамика      |  |  |   |  |               |
|14 |Дәріс №14. Стационарлы өрістердегі     |1 |1 |1  |3 |[8.1.2]        |
|   |плазма. Зарядталған бөлшектердің       |  |  |   |  |§§20-22        |
|   |түйіскен өрістерде қозғалысы. Плазманың|  |  |   |  |[8.2.8]        |
|   |диэлектриктік, диамагниттік қасиеттері.|  |  |   |  |§§49-51        |
|   |Магниттік ағынды кванттау.             |  |  |   |  |[8.2.8]        |
|   |                                       |  |  |   |  |§§52-55        |
|15 |Дәріс №15. Диэлектриктердің            |1 |1 |1  |3 |[8.1.6]  §§57, |
|   |поляризациялану теориясы.              |  |  |   |  |58             |
|   |Магнетиктердің магниттелу теориясы.    |  |  |   |  |[8.1.6]  §61   |
|   |Квазисерпімді дипольдік моментті       |  |  |   |  |               |
|   |диэлектриктер. Комплексті диэлектрикті |  |  |   |  |               |
|   |өткізгіш. Магнетиктердің түрлері.      |  |  |   |  |               |
|   |Парамагнетизм, диамагнетизм,           |  |  |   |  |               |
|   |ферромагнетизм. Ферриттер,             |  |  |   |  |               |
|   |антиферриттер. Асқынөткізгіш.          |  |  |   |  |               |

3 ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
    Курсты оқыған кезде берілген  тақырыптың негізгі  жағдайларын
қарастыруға баса назар аудару керек, осы мақсатта пәннің оқу-әдістемелік
кешенін ұсынып отырмыз, ол студенттердің оқулықпен жұмыс істеуін
жеңілдетеді. Пәнді оқып меңгеруі үшін студенттің қолында оқулықтар, оқу
құралдары бар.
    Ең маңыздысы дұрыс оқулық таңдап алу. Бір уақытта бірнеше оқулықты
пайдаланудың қажеті жоқ, ұсынылып отырға әдебиеттердің ішінен тек біреуін
ғана негізгі етіп алу керек. Басқа оқулықтарды тек қажетті материал
болмаған кезде немесе оқулықта қысқаша ғана көрсетілген кезде ғана
пайдаланады. Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына  сәйкес оқыған жөн.

    Студент барлық аудиториялық сабақтарға және ОКӨБЖ –қа қатысуы міндетті,
оқытушымен қосымша сабақ өтуге мүмкіндігі бар.
 «Электрдинамика» пәнін оқытуға қатыстылар:
      - оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасау;
      - лекция материалдарымен жұмыс жасау және лекцияға дайындалу;
      - семинар сабақтарына дайындалу.
 3.1 Әдебиетпен жұмыс жасауға нұсқау:
 3.1.1 Әдебиеттен қажетті материалдың тарауын тауып, студент оны оқып  және
оқыған әрбір абзацына ат қояды. Егер студент  абзацқа  ат  қоя  білсе,  онда
оның сол абзацты түсінгенін көрсетеді.
 3.1.2 Осы абзацтағы материалды конспекті жасап,  студент  келесі  тексттің
абзацна көшеді.
 3.1.3 Егер студент тексттің әр абзацна ат беруге қиналса, онда материалдың
мөлшерін үлкейтуге болады. Сонда студент материалды  конспекті  жасап,  оған
ат беруі мүмкін. Сөйтіп параграфтың барлық текстін өтуі керек.
 3.1.4 Осылайша материалды  оқып  және  конспекті  жасап,  текстке  қатысты
сұрақтарға жауап беруі қажет.
 3.1.5  Егер  текстке  қатысты  сұрақтар  жоқ  болса,  онда  өзінің  оқыған
материалдары бойынша сұрақтарды өзі құрастыруы керек.
 3.1.6 Соңында студенттің параграф бойынша оқыған  материалдарын  мазмұндап
бергені тиімді.
 3.2. Лекцияға дайындық.
 3.2.1 Сіздердің қолдарыңызда пәннің мазмұны ашылып көрсетілген, әдебиеттер
көрсетілген,  лекция  және  семинар   сабақтарының   басты   сұрақтары   мен
тақырыптары жазылған жұмыс бағдарламасы бар.
 3.2.2 Лекциядағы белсенді жұмысқа дайындалу үшін Сіз  көрсетілген  әдебиет
бойынша  өз  бетінізше   лекция   материалдарын   оқып   келуіңіз,   қосымша
әдебиеттерден тақырып бойынша материалдар қарастырып,  өз  ойыңызша  маңызды
деген моменттерге қысқаша конспект жасап  келуіңіз  керек.  Тақырып  бойынша
түсінуге қиындық тудырған материалдарға оқытушы үшін сұрақтар дайындау.
 3.2.3   Лекцияда   тыңдаған   материалдардан   өзіңіздің    конспектіңізді
толықтыруңызға болады, Сіз дайындаған сұрақтарға  жауаптар  алуыңыз  мүмкін.
Өз конспектіңізді қайта айта алуыңыз пайдалы,  ол  сіздің  материалды  толық
түсінгеніңізді көрсетеді. Емтихан алдында өткен  материалдарды  қайта  қарап
шығу жеткілікті болады.
 3.3. Семинар сабағына дайындық
 3.3.1 Студентке семинар сабағының тақырыбы белгілі және қосымша әдебиеттер
көрсетліген. Студент өзіне қажетті материалды тауып, 5 беттен артық  көлемде
конспекті жасау керек.
 3.3.2  Студент  өзбетінше  тақырып  бойынша  конспект   соңында   сұрақтар
құрастырады.
 3.3.3 Семинар  сабағында  бүкіл  жоспар  бойынша  материалды  айтып  бері,
оқытушының және басқа студенттердің сұрақтарына жауап береді.
 3.3.4 Семинарға қатысуы бойынша және конспект 5-тік балмен бағаланады.
    4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ
  Студент мерзімінде оқытушыға СӨЖ тапсырмаларын тапсыруы қажет,
практикалық сабақтарына дайын болуы керек.
  Студент сабақты босататын болса, оның рейтингісі төмендетіледі, сондықтан
ол босатылған сабақтар бойынша бақылау жұмысын орындауы қажет.
  Студент оқу сабақтарының барлық түрлерінде белсенді жұмыс істеуі қажет,
оның жұмысы баллмен бағаланады да, қосылып аралық және қорытынды рейтинг
қойылады.
  ОКӨБЖ –қа сабақ және өзбетімен жұмыс кезінде  қиындық  тудырған  сұрақтар
шығарылады. Егер ондай сұрақтар туындамайтын болса,  дәріс  бойынша  білімін
кеңейтіп тереңдетеді, қосымша ғылыми әдебиеттермен танысуына болады.
      4.1 Дәріске дайындық.
4.1.1   Қолдарыңыздағы   жұмыс   бағдарламасында   пәннің   мазмұны   ашылып
көрсетілген,  негізгі  әдебиетте  көрсетілген,  дәріс  сұрақтары   берілген,
практикалық сабақтар үшін және өзбетімен жұмыс тапсырмалары көрсетілген.
4.1.2 Сабақ кестесі Сізге семестр басталмай тұрып белгілі болады.
4.1.3 Дәріс  кезінде  белсенді  түрде  жұмыс  істеуге  дайындық  жасау  үшін
көрсетілген  әдебиет  бойынша  дәріс  материалын  өзбетіңмен  оқуын   қажет,
тақырып бойынша қосымша әдебиеттерді  қарастыру  қажет,  өз  ойыңыз  бойынша
тақырып бойынша түсуге қиындық тудырған сұрақтар тізімін жасау керек.
4.1.4 Тақырып бойынша дәрісті тыңдау барысында өз  конспектінді  толықтыруға
мүмкіндігіңіз  бар,   өз   сұрақтарыңызға   жауап   алуыңызға   болады.   Өз
конспектіңізді түсіндіре білуіңіз керек, себебі семестр соңындағы  емтиханды
және курстың соңында өткізілетін  мемлекеттік  емтиханды  ауызша  тапсыратын
боласыз.
      4.2 Семинарлық сабақтарға дайындық.
4.3.1. Студентке семинар сабақтарының тақырыптары  мен  қосымша  әдебитеттер
белгілі. Студент қажетті әдебиетті тауып негізгі пунктерін ерекшелей  отырып
конспектілейді, қолданғанн әдебиетін көрсетеді.
4.3.2. Студент конспект соңында тақырып бойынша сұрақтар тізімін жасайды.
4.3.3. Семинар кезінде өз жоспары бойынша материалды баяндайды, оқытушы  мен
студенттердің қойған сұрақтарына жауап береді.
4.3.4. Семинар тақырыбы бойынша жауап беру 5 баллға бағаланады.
  5 КУРСТЫҢ САЯСАТЫ
Студентке қойылатын талаптар:
Сабаққа  қатысу:  Дәріс,  практикалық  сабақтарына  қатысу  міндетті  түрде.
Қандай да бір себептермен сабақты босататын жағдайда  да  студент  өзбетімен
жұмыс  тақырыптарын дәл  уақытында  өткізу  қажет,  ал  босатылған  сабақтар
тақырыбы бойынша бақылау жұмысын жазу немесе тақырып бойынша жауап  беруіңіз
керек.
Мінез-құлық:  Сабақ  уақытында  үнемі  тәртіп  бұзған  студент  аудиториядан
шығарылып жіберіледі немесе  бүкіл  курс  бойынша  “қанағаттанғысыз”   деген
баға қойылады.
Бақылау тапсырмалары: Міндетті түрде  оларды дәл уақытында  орындап  тапсыру
керек.  Уақытынан  кешіктіріліп  тапсырылған  тапсырмалар  автоматты   түрде
төмендетіліп  бағаланады.
Межелік аттестация: Межелік аттестация  сабаққа  қатысу,  өзбетімен  жұмысты
дәл уақытында өткізу, сабақ  кезінде  ауызша  және  жазбаша  түрде  тапсыру,
межелік бақылау нәтижесінде қойылады.
Көшіру  мен  плагиат:  Кез-келген  көшіріп   алу   немесе   плагиат   (басқа
студенттердің  дайын  тапсырмалары   мен   шығарылған   есептерін   қолдану)
анықталатын болса студент аудиториядан  шығарылып  жіберіледі  немесе  бүкіл
курс бойынша “қанағаттанғысыз”  деген баға қойылады.
Ұялы телефондар: Сабақ кезінде өшіріліп қоюы керек.
Емтихан: Қорытынды ауызша емтиханға пән бойынша қойылатын ең жоғары  баллдың
50% алған студенттер жіберіледі.
6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ.
«Электрдинамика» пәні бойынша балдардың бөлінуі

                                                                    2- кесте

|Апталар           |                                                  |   |
|                  |1                                                 |2  |
Аудиториялық сабақтардың барлығына қатысу (1-7) және (8-15) апталарда270Машықтану60406040СОӨЖ9090СӨЖМежелік бақылау8080Барлығы60130806013080540
7 Оқулықтар
7.1 Негізгі оқулықтар
7.1.1 Тамм И.Е. Основы теории электричества. – М.: Наука, 1989. –504 с. 
7.1.2  Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Теория поля. Т.2. Под ред. Питаевского П.И. –     М.: Физматлит, 2001 – 530 с. 
7.1.3 Койшыбаев Н. Физика II том. Электродинамика негіздері. Тербелістер мен толқындар. Оптика. Кванттық физика. Атом және атом ядросы.-Алматы, 2001
7.1.4 Матвеев А.Н. Электродинамика. – М.: Высшая школа, 1980  – 383 с.
7.1.5 Фейнмановские лекции по физике. Задачи и упражнения. М., 1969 -624 с.
7.1.6 Пеннер Д. И., Угаров В.А. Электродинамика и специальная теория относительности. ( М.: Просвещение, 1980.(271 с.
7.1.7 Ландсберг Г.С. Оптика.(М.: Наука,1976.(928 с.
7.1.8 Компанеец А.С. Курс теоретической физики. Том І. М., 1972
7.1.9 Джексон Д. Классическая электродинамика
7.2 Қосымша оқулықтар
7.2.1 Ландау П.Д., Лифшиц Е.М. Электродинамика сплошных сред, т.8. – М.: Физматлит, 2003 –651 с.
7.2.2 Бытыгин В.В., Топтыгин И.Н. Сборник задач по электродинамике. Под ред. Бредов М.М. –М.: Наука, 1970  –503 с. 
7.2.3 Кожамкулов Т.А., Мурзагалиев Г.Ж. Элементы тензорного исчисления в евклидовом пространстве. Под ред. Лукьянова А.Т. –Алма-Ата.: КазГУ им. С.М. Кирова, 1981  – 118 с.
7.2.4 Кожамкулов Т.А., Мурзагалиев Г.Ж. Релятивистская электродинамика. – Алма-Ата.: КазГУ им. С.М. Кирова, 1979  –120 с.
7.2.5 Баимбетов Ф.Б., Борискин А.Ф., Мурзагалиев Г.Ж. Математический аппарат электродинамики КазГНУ им. Аль-Фараби. – Алматы.: Казак Университет, 1999 – 209 с.
7.2.6 В.А. Говорков, С.Д. Купалян Теория электромагнитного поля в упражнениях и задачах. М., ВШ, 1963  –371 с.
7.2.7 Иродов И.Е. Задачи по общей физике. М., ВШ, 1979  –366 с.
7.2.8 Свирский М.С. Электронная теория вещества.(М.: Просвещение,1980.(289 с.
7.2.9 Тихонов А.Н., Самарский А.А. Уравнения математической физики.(М.: Наука,1977(736 с. 
7.2.10 Ботатаев В.У., Юнусов А.А., Мешетова Ж.С. Электродинамика (электромагниттік өріс теориясың құру туралы деректер, электростатика). Семей , 1992 – 25 б.
7.2.11 Ботатаев В.У., Юнусов А.А., Мешетова Ж.С. Электродинамика (электромагнетизм, Максвелл теңдеулері). Семей , 1992 – 19 б.
7.2.12 Маусымбаев С.С., Ботатаев В.У. Негізгі сақталу заңдары туралы тарихи очерк; электродинамикадағы сақталу заңдары. Семей, 1999 – 35 б.
Пәндер