Файл қосу

Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтар



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                   |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы                                            |
|МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                                    |
|3 денгейлі СМЖ құжаты     |ПОӘК                   |                         |
|                          |                       |ПОӘК042-18-6.1.109/      |
|                          |                       |02-2013                  |
|ПОӘК                      |№1 басылым             |                         |
|Магистранттарға  арналған |«__» ________2013 ж.   |                         |
|пәннің бағдарламасы       |                       |                         |
|«Инженерлік жүйелер,      |                       |                         |
|желілер мен жабдықтар»    |                       |                         |









                       ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                 «Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтар»
                         6М071700- «Жылуэнергетика»
                               мамандығы үшін

                МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ






























                                    Семей
                                    2013
                                   Кіріспе


      1 ҚҰРАСТЫРҒАН
      Құрастырушы   ________ «__»_______ 2013 ж.
      Степанова О.А. «Техникалық физика  және  жылуэнергетика»  кафедрасының
меңгерушісі.


      2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
      2.1 «Техникалық физика» кафедрасының отырысында.
      «__» ______ 2013 жылы, № 1  хаттама.
      Кафедра меңгерушісі ___________ О. Степанова.


      2.2  Инженерлік  -  технологиялық  факультеттің  оқу-әдістемелік  бюро
отырысында
      «__» _______ 2013 жылы, № 1  хаттама.


      Төрайымы ______________ С. Толеубекова


      3 БЕКІТІЛГЕН
      Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында  қабылданған  және
баспадан шығаруға кеңес берді.
       « __» _______ 2013 жылы, № 1  мәжілісхат.


      ОӘК төрайымы, проректор __________  Г. Искакова


      4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН.

                                   МАЗМҰНЫ


  1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 2
  1.1Оқытушының және пәннің жалпы мағлуматтар.   2
  1.2 Пәнің қыскаша сипаттамасы мен мазмұны  2
  1.3 Пәннін оқудың максаты    2
  1.4 Пәндерді окьш-білудің негізгі міндеті  2
  1.5 Оқып-білудің нәтижесі    2
  1.6 Курстың пререквизиттері  2
  2  САБАҚТАР ТҮРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПӘН САҒАТТАРЫНЫҢ БӨЛІНУІ ЖӘНЕ ПӘН МАЗМҰНЫ
  2
  3 ПӘНДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР   2
  4 КУРС ФОРМАТЫ   2
  5 КУРС САЯСАТЫ   2
  6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ     2
  7. ӘДЕБИЕТТЕР    2
  7.1 Негізгі әдебиеттер    2
  7.2  Қосымша әдебиеттер   2


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



9 Оқытушының және пәннің жалпы мағлуматтар.

      Оқытушы – Степанова Ольга Александровна, кафедра меңгерушісі.
      Кафедра – Техникалық физика және жылуэнергетика.
      Байланыс ақпараты  – тел: 53-82-50, №9 ғимарат, №201 кабинет.
      Сабақты өткізу орны – дәрісхана № 209
      Пәннің аталуы - «Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтар»
      Берілген пән бойынша кредиттер саны – 4;



1.2 Пәнің қыскаша сипаттамасы мен мазмұны

      Инженерлік жүйелер бұл технологиялык  кешендер, желілер мен жабдыктар,
елді мекендер мен өнеркәсіптеріді электр және жылу энергиялармен,  газ  және
канализациямен, тұрғын үй және  байланыс жүйелерімен қамтамасыз  етеді.  Бұл
қолайлы көлік және  қазіргі  заманға  сай  биік  деңгейдегі  үймереттер  мен
ғимараттар құрылыстары, олар санитарлы-гигиеналық талаптпрға  жауап  береді.
Инженерлік желілер мен жүйелер үлкен экономикалық және  әлеуметтік  мәндерге
ие.



1.3 Пәннін оқудың максаты

    Cтуденттерді есептермен байланысты, жобалаумен, құрылыстармен,  желілер
мен нормативті құжаттар және табиғатты  қорғау  заңнамалықтарында  теориялық
және практиқалық дайындау.



1.4 Пәндерді окьш-білудің негізгі міндеті

      Желілер мен жабдықтарды, инженерлік жүйелерді  пайдалану  мен  жобалау
саларында алған білімдерін кеңінен пайдалана алатын мамандар  дайындау.  Бұл
пәнді  оқыған  маман,  басқаруларды  айыра   білетін   сияқты,   тізбектерді
қалыптастыру мен әр түрлі электрік жүйелердің қалыптастыруларын білу  керек.
Бұларға сумен қамту, су-, электр- және сумен қамту,  байланыс,  көліктің  әр
түрлі жатады. Олар сонымен қатар инженерлік  жүйелердің  барлық  тармақтарын
қалыптастырады.


1.5 Оқып-білудің нәтижесі

      Оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:
       - инженерлік жүйелердің негіздерін, желілер  мен  жабдықтар,  олардың
құрылғылары мен  әсер  ету  принциптері,  типтік  сұлбалар  мен  конструкция
элементтері,   пайдалану   ережелері   мен    қызмет    көрсету    кезіндегі
қауіпсіздіктер, сонымен  қатар  шикізаттарды  рационалды  пайдалану  бойынша
талаптар, өндіріс қалдықтары білу қажет;
      -өнеркәсіптік жағдайлар мен нақтылы табиғи-географиялық кешендер  үшін
инженерлік жүйелердің оңтайлы варианттарын таңдау, жабдықтар  мен  құрастыру
элементтерінің  рационалды  жобалауларын  жүзеге  асыру,  жалпы   инженерлік
шешімдер мен сәулут-құрылыспен жобалау варианттарын  байлау  пайдалана  білу
қажет;
      табиғатты  қорғау  заңнамалық  сұрақтарында,  қоршаған  ортаны  қорғау
құралдары  мен  сұлбаларды  еенгізуге  байланысты,  инженерлік   шешімдердің
оңтайлы варианттарын таңдау, елдің тұрақты  дамуындағы  міндеттерді  шешудің
экологиялық-экономикалық   механизмдерінің   әсерінің    рөлі,    инженерлік
жүйелердегі элементтер мен тізбектердегі апаттарды  шұғыл  тарату  кұзіретті
болу.


1.6 Курстың пререквизиттері

            – инженерлік графика;
            – гидрогаз динамикасы және жылу-масса алмасу.


1.7 Курстың постреквизиттері
            – еңбекті қорғау.




    САБАҚТАР ТҮРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПӘН САҒАТТАРЫНЫҢ БӨЛІНУІ ЖӘНЕ ПӘН МАЗМҰНЫ

       Сабақтар түріне байланысты пән сағаттарының бөлінуі және пән  мазмұны
1 кесте көрсетілген.

1 кесте – Сабақтар түріне  байланысты  пән  сағаттарының  бөлінуі  және  пән
мазмұны

|Тақырыптар атаулары                     |Сағат саны                     |
|                                        |Д      |СПС   |ОСӨЖ    |СӨЖ     |
|2                                       |3      |4     |5       |6       |
|1. Кіріспе. Инженерлік  жүйелердің      |1      |1     |1       |1       |
|жіктемелері.                            |       |      |        |        |
|2. Сумен қамту.                         |2      |3     |4       |4       |
|3. Жылумен қамту.                       |3      |4     |4       |4       |
|4. Ыстық сумен қамту.                   |1      |1     |3       |3       |
|5. Газбен қамту.                        |1      |1     |3       |3       |
|6. Желдету және ауаны тазарту           |2      |1     |4       |4       |
|7. Көлік және электрмен қамтамасыз ету. |2      |2     |4       |4       |
|8. Ақпарат жүйелері.                    |1      |-     |3       |3       |
|9. Инженерлік жүйелер мен желіліер      |2      |2     |4       |4       |
|бақылау аспаптары.                      |       |      |        |        |
|Барлығы                                 |15     |15    |30      |30      |


3 ПӘНДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР





      Студенттің берілген пәнді оқып үйренуін қамтамасыз ететін кеңестер мен
түсіндірмелер жиынтығы болып саналады. Кеңесті  жасаған  кезде  курстың  бір
бөлігі  студенттің  өздік  оқып  үйренуі   мен   жүретінің   ескеру   керек.
әдістемелік кеңестің мазмұны:
      а)  Пәнді  оқып  үйренуге  қажетті  уақытты   жоспарлауға   және   оны
ұйымдастыруға керекті ақыл-кеңестер.
      Бұрын пәннің теориялық бөлігіне бөлінген жалпы сағат санының  60-70%-і
бөлігі қарастырылса қазір оған небәрі 15-30 %  қана,  ал  қалған  70-85  %-і
студенттің оқытушының қадағалауымен жүретін өздік жұмысына (СОӨЖ)  және  тек
студент өзі  ғана  жасайтын  СӨЖ   (студенттің  өздік  жұмысы)  жұмсалатының
ескерту керек.
      Дәріс – оқудың ең маңызды түрі. Ғылыми- техникалық  ақпараттың  көлемі
күннен күнге өскендіктен дәрістін  мазмұнын  кеңейтіп  және  оған  қойылатын
талапты да жаңартып, жақсартып отыру керек. Дәрістің студенттің  пәнді  оқып
үйренуін ұйымдастыруға тигізетін пайдасы көп.  Бірақ  діәріс  алушы  дәріске
иек артып алмауы шарт. Дәріс  өздік  жұмысты  алмастыра  алмайды.  Сондықтан
студент дәріске өз бетімен  дайындалуы  керек.  Ол  оқулықтан  немесе  басып
шығарылған дәрістер жинағынан дәрістің  мазмұнымен  танысып,  оны  ар  қарай
дамытып конспект жазуы керек. Барлық дәріске дайындалу уақыты кемінде  20-40
минуттан  кем  болмауы  қажет.  Бұл  уақытты  үнемдеуге  мүмкіндік   береді.
Сарамандық сабаққа және зертханалық  жұмысқа дайындық  пәнді  оқып  үйренуде
студенттің білімінің жетіле беруіне қол жеткізеді.
      Екі сағаттық сараман сабағына  кемінде   бір  сағат  дайындалу  керек.
Сараман сабағна дайындықты тексеру әр сабақ тың  басында  болатының  студент
білуі керек. Сараман  сабағында  көрсетілген  өздік  жұмыстың  творчествалық
элементі  ескерусіз  қалмайтының  студент  білуі  керек.  Сараман  сабағында
есепті әр студент оқытушының қадағалауымен  өзі  жеке  шығарады.  Студенттің
жұмысы аралық үлгерімді  тексеру  арқылы  жүреді,  сондықтан  студент  әрбір
жіберілген (босатылған) сабақтың оған  тигізер  залалы  үлкен  екенін  естен
шығармауы керек. Егер студент  белгілі  бір  себеппен  жұмысты  дер  кезінде
тапсыра алмаса онда бұл оның сынақ немесе емтиханды  тапсыруына  үлкен  әсер
ететінің білуі керек. Сынақ пен емтиханға дайындықтың нәтижесіне ұзақ  уақыт
бойы жасалған өздік жұмыстың арқасында жетеді.
      б) Студенттің іс-әрекетінің жүру барысын сипаттау.
      «Инженерлік жүйелер І»  пәнін оқып  үйренуді тақырыптарды бірінен  соң
бірін оқу  арқылы  жүргізуі  керек:алдымен  берілген  тақырыптың  мазмұнымен
және оған арналған әдістемелік нұсқаумен жақсылап  танысып,содан  кейін  осы
тақырыпқа қатысты материалды оқулықтан оқуы керек.  Материалды  оқып  үйрену
кезінде сұрақтың түпкі мәнін ашып алуы ,тек содан кейін  ғана  оның  нақтылы
ерекшеліктерін  талдауға  кірісу   керек.Оқып   үйренетін   құбылыстар   мен
процестердің физикалық мәнін анық көзге елестету қажет.
      Формуланы дәлелдеп шығаруда оныңфизикалық немесе техникалық мәніне аса
көп  көңіл  аудару  керек.  Пәндегі  пайдаланылатын  математикалық   амалдар
физикалық  және   техникалық   есептерді   шешуге   қолданылады.   Теориялық
материалдарды оқып  зерттегенде,  әсіресе  есептерді  шығарғанда  шамалардың
өлшем бірліктерінекөңіл аудару қажет,  себебі  ол  шаманың  физикалық  мәнін
көрсетеді.
      Әр тақыраптың материалын қарап шығып сол бойынша конспект құру қажет.
      в)  Оқу  әдістемелік  комплекстің  (ОӘК)   материалдарын   пайдалануға
арналған кеңес.
      Студент оқу материалдарымен бірінші рет  таныса  отырып,  оның  берген
жаңалықтарын, ерекшелік  нысандарын  қабылдап,  сол  арқылы  пәннің  негізгі
жағдайын түсінуі керек.
      Оқу процесіндегі негізгі рольге  оқытушының  материалдарды  түсіндіруі
және пайдаланылатын  көрнекті  құралы  жатады.  Ары  қарай  жаңадан  алынған
ақпарат бұрынғы  алынған  білімдермен  араласып,  олардың  арасында  пайдалы
байланыс құралына айналады. Сонда барып  студентда  оқытылатын  пән  бойынша
белгілі бір түсінік (ұғым) пайда болады.
      Студент оқу пәнінің негізгі ережелерін және заңдылықтарын иеленіп, оқу
материалдарын  жалпы  түрде  меңгеріп   оны   күнделікті   жұмыста,   өмірде
пайдалануға дайын тұрады.
      г) Оқулықтар мен  қосымша  оқу  құралдарымен  жұмыс  істеуге  арналған
кеңес.
      Егер студент берілген материал көрсетілген оқулықта жеткіліксіз  түрде
берілген деп есептесе немесе онда  берілген  материалды  оқып  зерттеу  қиын
екенін  білсе,  онда  ол  берілген  басқа   оқулықтардағы   немесе   қосымша
құралдардағы материалдарды пайдалану керек. Жақсы оқулықты  дұрыс  таңдаудың
алатын орны зор. Сондықтанда оқулықтар негізгі және қосымша болып  бөлінеді.
Егер негізгі оқулықтарда берілген мтериал жеткіліксіз  болса,  онда  қосымша
оқулықтарды пайдаланғаны жөн.
      Оқулықтар тізімі стандарт бойынша жасалады.
      Берілген тақырып бойынша  оқулықтарды  және  басқа  ғылыми  көпшілікке
арналған материалдарды оқұыған соң, конспект құру керек. Онда  пайдаланылған
оқулықтардын  реттік  нөмірі,  беті,  кестелері   және   т.б.   берілгендері
көрсетілуі шарт.
      Емтиханға (сынаққа) дайындыққа керекті кеңестер
      Әртүрлі факторлерді еске сақтауды, процестердің  принципін  көрсететің
заңдылықтарды жатқа айту, немесе берілген материалдарды өз  сөзімен  жеткізу
сұрақ тарына жауап бере алуды үйрену және жалпы принциптерді  жаңа  жағдайда
қолдана алуды үйрену. Студент объекті оның құрамдас бөліктеріне жіктей  және
керісінше құрамдас бөліктерін бүтіндей объектіге айналдыра білуі керек.  Бұл
процестер ерекше ойлау процестерін  (жопарлау,  байланысты,  заңдарды  құру)
тлап  етеді.  Идеалардың,  жұмыстардың  құндылығын  дайын   немесе   жаңадан
жасалған  критерилер  мен  стандарттар   көмегімен   қарастыра   білу   және
басқалардың алдында  өзінің  көз  қарасынқорғай  білу  студентға  емтиханды,
сынаты жақсы тапсыруға көп көмегін тигізеді.


4 КУРС ФОРМАТЫ


      Аудиториялық  сабақтарға  келесі  түрлер   жатады:   лекциялар   (ЛК),
практикалық (СПЗ) және ОСӨЖ.
      Кейбір тақырыптар сабақта,ал кейбір тақырыптар өз  бетінше  оқылады.Әр
тақырыпты оқу кезінде (5÷7) негізні анықтамаларды түсініп алу қажет.
      Орындалатын рефераттар көлемі 5бетке дейін болуы керек.

5 КУРС САЯСАТЫ


      Сабаққа қатысу міндетті.Егер студент  белглі  бір  себептермен  сабқты
босататын   болса,онда   ол   қарастырылмаған   тақырып    бойынша    барлық
жауапкершілікті өз мойнына  алады.  Тәртіпті  бұзғандығы  үшін  аудиториядан
шығарылады немесе курс  үшін «қанағаттанарлықсыз» деген баға алады.
      Бақылау  тапсырмалары  міндетті  және  бекітілген  уақытта  тапсырылуы
қажет. Белгіленген уақыттан кеш тапсырылған  жұмыстардың  бағасы  автоматтық
түрде төмендетіледі.
      Аралық  аттестация  нәтижесі  сабаққа  қатысумен,  бақылау  жұмыстарын
орындауымен, сабақта жауап  беруімен,  студеттің  өздік  жұмыстарымен  бірге
есептелінеді.
      Әр түрлі көшірулер немесе плагиат(өзге студенттің дайын  тапсырмаларын
көшіріп,қолдану)  аудиториядан  шығарылу  немес  «қанағаттанарлықсыз»  деген
бағамен жазаланады.
      Ұялы телефондарды сабақ уақытында өшіру.

6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ


      Кредит санына қармастан әрбір пәнге бір академиялық периодқа 600  балл
бөлінеді(1-7 апта - 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны  үшін;8-15  апта
– 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін).
      Бақылаулар түріне қарай және апталар  бойынша  баллдар  үлестірілуі  2
кестеде көрсетілген.
                                  2 кесте. – Пән бойынша баллдар үлестірілуі
|                                                                        |
|                      |3                      |4                       |


7. ӘДЕБИЕТТЕР


7.1 Негізгі әдебиеттер

      8.1.1 Инженерные сети, оборудование зданий и сооружений:  Учебник/Е.Н.
Бухаркин, В.М. Овсянников, К.С. Орлов и др.; Под ред. Ю.П.  Соснина.  –  М.:
Высшая школа, 2001. – 415 с.
      8.1.2 Тульчин И К., Нудлер Г.И. Электрические сети и  электроснабжение
жилых и общественных зданий. – М.: Высш. шк.,, 1990. – 219 с.
      8.1.3 Тихомиров К.В. Теплотехника, теплогазоснабжение и вентиляция.  –
М.: Стройиздат, 1982. – 272 с.
      8.1.4 Ярошевский Д.А. Санитарная техника городов/Д.А. Ярошевский, Ю.Ф.
Мельников, И.Н. Корсакова. – М.: Стройиздат, 1990. – 320 с.
      8.1.5 Аксенов И.Н., Аксенов В.Н. Транспорт и охрана окружающей  среды.
– М.: Транспорт, 1986. – 176 с.

7.2  Қосымша әдебиеттер


      8.2.1 Зубарев В.Н.,Александров А.А.,Окотин В.С. Практикум по
технической термодинамике М.: Энергоатомиздат, 1986. - 304 с.
      8.2.2 Исаченко В.П.,Осипова В.А.,Сукомел  А.С.  Теплопередача.  -  М.:
Энергоиздат, 1981. - 416 с.
      8.2.3  Краснощеков  Е.А.,  Сукомел  А.С.  Задачник  по  теплопередаче.
Учебное пособие для вузов. - 4-е изд., перераб., - М.: Энергия, 1980  г.,  -
288 с.
      8.2.4 Практикум по теплопередаче /  Под  ред.  А.П.  Солодова.  -  М.:
Энергоатомиздат, 1986. - 296 с.
      8.2.5 Рабинович О.Н. Сборник задач по технической термодинамике. - М.:
Машиностроение, 1973. – 376 с.
      8.2.6   Сборник   задач   по   технической   термодинамике:    Учебное
пособие/Андрианова  Т.Н.,  Дзампов  Б.В.,  Зубарев   В.Н.,   Ремизов   С.А.,
Н.Я.Филатов – 4-е изд. перераб. – М.: Издательство МЭИ, 2000. – 356 с.
      8.2.7 Теоретические основы теплотехники. Теплотехнический эксперимент.
Справочник./Под общей  редакцией  Григорьева  В.А.,  и  Зорина  В.И.  -  2-е
издание, переработанное. - М.: Энергоатомиздат, 1988 г., - 560 с.
      8.2.8 Теоретические основы хладотехники. Теплообмен. / Под  ред.  Э.И.
Гуйго. - М.: Агропромиздат, 1986. - 320 с.
      8.2.9 Алексеев Г.Н. Общая теплотехника. – М.: Высш. Школа, 1980. – 552
с.
      8.2.10  Степанова  О.А.  Расчет  и  построение   в   термодинамических
диаграммах газовых и паровых циклов. – Семипалатинск,  СГУ  имени  Шакарима,
2003. – 40 с.
      8.2.11 Степанова О.А. Процессы теплопроводности в продуктах  животного
происхождения. – Семипалатинск, СГУ имени Шакарима, 2003. – 64 с.
      8.2.12 http://twt.mpei.ac.ru/orlov/watersteampro.

Пәндер