Файл қосу
Студенттердің практикадан өту барысндағы міндеттері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Қаржы-экономикалық факультеті «Қаржы» кафедрасы 5В050900 «Қаржы» мамандығы «Салық және салық салу» мамандырылуы үшін күндізгі оқу бөлім студенттеріне арналған ӨНДІРІСТІК (ДИПЛОМ АЛДЫ) ПРАКТИКА БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ Семей 2014 1 ӘЗІРЛЕНДІ 5В050900– «Каржы» мамандығы студенттері үшін өндірістік (диплом алды) тәжірибе бойынша бағдарлама мен әдістемелік нұсқаулықты «Қаржы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы әзірлеген 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Қаржы» кафедрасының отырысында Хаттама № 9 16.04. 2014 ж. «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., доцент Ибраимова С.Ж. 2.2 Қаржы экономикалық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды Хаттама № 8 27.04 2014 ж. Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы, а.ш.ғ.к., доцент Тойкин С.Х. Мазмұны |1. |Мақсаты мен міндеттері | |2. |Практиканы ұйымдастыру | |3. |Практика өту кезендегі студенттердің міндетері | |4. |Өндірістік (дипломалды) практиканы бағдарламасы | |5. |Есеп беруге қойылатын талаптар | |6. |Бақылаудың нысаны | |7. |Практика бойынша есептің мазмұны | |8. |Практика бойынша есепті қорғау | |9. |Практика бойынша есепті қорғаудың ұсыныстары | 1. Өндірістік практиканың мақсаты мен міндеттері: 5В050900 «Қаржы» мамандығының түлектері (күндізгі және сырттай оқу бөлімі студенттері) диплом алды тәжірибесі оқу үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады. сонымен қатар бұл тәжірибеде студент теориялық жағынан және де болашақтағы дипломдық жұмысына қажетті мәліметтер алады. Бұл диплом алды тәжірибесі үрдісінде келесілер жүзеге асырылады: - дипломдық жұмыстардың тақырыбына сай, экономика және басқару өндірісінің техника технологиясын оқып-білу; - шаруашылық субьекет мінездемелері және өндірістік қормен оның жұмысының қабілеттілігін жақсарту жолдарын анықтаудағы техника- экономикалық анализ; - қорытынды жұмыстың материалдарын жүйелеу, қорытындылау жүйелеу және жинау нақты жеке тарсырмалармен сәйкестендіріледі; - шаруашылық субьектілерін ұжымда мамандық дағдаларын тәжірибелік меңгеру. 5В050900 «Қаржы» мамандықтарының студенттері өндірістік практиканы кәсіпорындарда, мекемелерде және әр түрлі коммерциялық құрылымда өтуі мүмкін. Диплом алды тәжірибенің оқу-әдістемелік жетекшілігі «Қаржы» кафедрасына жүктеледі. Тәжірибе басталғанға дейін кафедра, ұйымдастыру әдістемелік жиналысты кафедра оқытушылары мен студенттер арасында өткізеді. Кафедра студенттерді тәжірибе орындары бойынша бөледі, оларға мақсаттары мен міндеттерін, тәжірибе өту тәртібін түсіндіреді. Студенттердің тәжірибе бағыттарын ЖОО бұйрығы бойынша бекітеді. Тәжірибе аяқталғаннан кейін студенттердің тәжірибелік туралы есеп беруі тиіс. Тәжіибе бесбалдық жүйемен бағаланады. Өндірістік (диплом алды тәжірибесі) тәжірибе қаржы облысындағы жоғарғы квалификациялы мамандарды дайындаудың соңғы кезеңі болып табылады, және дипломдық жұмыстың тәжірибелік материалдарын жинауға қызмет етеді. Оқу және өндірістік тәжірибенің мақсаттары келесілер болып табылады: бекіту, кеңейту және білімді жүйелендіру, арнайы тәртіпті оқудан алынған, белгілі бір кәсіпорынның қызметін оқуда, таңдалынған мамандық бойынша алғашқы тәжірибелер алу. Оқу өндірістік тәжірибе маманның басқаруымен жүретін студенттің өздік жұмысы. Өндірістік тәжірибенің бағдарламасын толық көлемде орындамаған студент, дипломдық жұмысты орындауға жіберілмейді. Оқу және өндірістік тәжірибенің міндеттері: ▪ Жалпыландыру, жүйелендіру, нақтыландыру және белгілі бір кәсіпорынның тәжірибесінде теориялық білім негізінде қорытындылау; ▪ Экономика саласындағы ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыстардың тәжірибелік қызметіне үйрену; ▪ Болашақ мамандырылған қызметтің дұрыс шешімін ұйымдастыру; ▪ Таңдалынған мамандықтың барлық тәжірибесін оқып білу; ▪ Басқарушылық шешімдердің теориялық негізінен алынған әдістердің дұрыс орындалуын бақылау; ▪ Аналитикалық және өзіндік ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерімен танысу; ▪ Дипломдық жұмысты жазу үшін қажетті материалдарды дайындау және жинау. 2.Практиканы ұйымдастыру. Студенттер оқу және өндірістік (диплом алды тәжірибесі) тәжірибені өту үшін таңдап алынған кәсіпорынмен келісім шартқа отырып өтеді. Тәжірибенің базасы меншіктің әр түрлі формасының ұйымдастырылуы болып табылады. Оқу графигінің процесі бойынша іштей формада оқитын студенттердің тәжірибеден өтуі 8 апта. (40 күн) Оқу графигінің процесі бойынша іштей және сырттай формада оқитын студенттердің өндірістік тәжірибесінің жалғасы 8-9 аптаны құрайды. (40 күн) Тәжірибенің басталу күні мен аяқталу күні оқу графигіне сәйкес орналастырылады. Тәжірибені өту алдында тәжірибеге жауапты адам студенттерге құрылымдық жиналыс өткізеді және әрбір студентті өндірістік тәжірибенің бағдарламасымен қамтамасыз етеді. Оқу және өндірістік (диплом алды тәжірибесі) тәжірибенің ұйымдастырылуын және оқу әдістемелік басқаруын жоғарғы оқу орнының кафедрасы, соның ішінде ПОҚ тәжірибеге жауапты адам тағайындалады. Студенттің тәжірибе өтетін жерінен бас бухгалтер немесе оның орынбасары тәжірибеге басшылық жасайды. Кафедра басшылығының міндеттері: ▪ Тәжірибе бойынша сұрақтар болса, оларға көмектесу, күнделік пен есептік жұмысты қалай жазуын көрсету; ▪ Студенттің есеп жұмысының дұрыс жазылуын қадағалау. Кәсіпорын басшылығының міндеттері: ▪ Тәжірибенің квалификациялық басқарылуы; ▪ Студенттің жеке жоспарымен сәйкес тәжірибені ұйымдастыру; ▪ Студентке жұмыс орнын қамтамасыз ету; ▪ Атқарылатын жұмыс бойынша түсініктемелер беру; ▪ Тапсырылған жұмыстың уақытында орындалуын қадағалау; ▪ Атқарылған жұмыстың сапасын тексеру; ▪ Тәжірибе соңында студенттің жұмыс туралы есеп беруі. 3. Студенттердің практикадан өту барысндағы міндеттері Әрбір студент тәжірибе өту туралы бланкті 3 данадан толтыруға міндетті. Өндірістік (диплом алды тәжірибесі) практиканы өткен кезде студент қойылған барлық талаптарды сақтай отырып практика аяғынан соң жазбаша түрде есеп беруге міндетті. Студент берілген тапсырмаларды өз еркінімен қалдыруға құқығы жоқ. Студенттің тәжірибеден өту кезеңі басталғаннан бастап жұмыстық күшке еніп, еңбек қорғау ережесі және ішкі басқару ережесімен, кәсіпорын қозғалысымен, белгілі бір тәртіпте таныс болуға тиіс. Студент есеп беруінде таблицаларды, графиктерді, схемаларды және т.б керекті құжаттармен материалдарды қолдану керек. Тәжірибе өту кезеңінде әрбір студент күнделік жүргізеді, және күнделікте олармен істелген күні белгіленеді. Тәжірибе өту аралығында студент міндетті: • Уақтылы белгіленген кезеңде тәжірибе өту жеріне келуге міндетті; • Жоғары ұйымдастырушылық қабілетін, ішкі жүйені қатаң орындау, кәсіпорында белгіленген және еңбек жұмыстық дисциплинасын сақтау; қоршаған орта ережелерін техникалық қауіпіздік ережесін сақтау; • Тәжірибе бағдарламасын ерікті түрде орындау,жоғарғы көлемде және белгіленген мерзімде, нақты және уақтылы берілген тапсырманы орындау, тәжірибе жетекшісінің және университет атынан жетекшісінің берілген тапсырмаларын орындау; • Кәсіпорынмен танысу: ұйымдастырушылық – құқықтық құрылымын, өнім түрімен басқару функциясымен танысу; • Кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізу; • Нақты бөлімнің қалыптасуын қажеттілігін және ағымдағы жұмыстың халықаралық тәжірибесі; • Жиын құру, тәжірибе құжаттарын өңдеп, сұрыптап өндірістік тәжірибеден есеп беруіне және дипломдық жұмыста қолдануға жинақтау; • Университет жетекшісіне өз уақытында тәжірибеден есепті дайындап көрсету керек; қанағаттандырылған тәжірибе есебін белгіленген уақытында қорғап, тапсыру керек. Тәжірибе жетекшілерінің міндеттері Университеттегі тәжірибе жетекшілері негізгі маман, ол оған бекітілген тәжірибенің оқу-әдістемелік жетекшілігіне жауапты болып табылады. Ұйымға барғанға дейін студенттер университеттегі тәжірибе жетекшісі ұйымдағы тәжірибе жетекшісіимен алдын-ала қатынасады, ұйымдағы жұмыс орындарына, белгілі бір жағдайларына байланысты студент тәлімгерлерді ұйым жағдайымен таныстыруды ұйымдастырады. Оқытушы тәжірибесіне қатысқанда кеңестер жүргізеді, студенттердің жұмысын бақылайды және олардың күнтізбелік грфигін жасайды, оларды бір орнынан келесі жерге ауыстыруды ұйымдастырады. Кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісінің міндеттері: Ұйымдағы тәжірибе жетекшісі: ▪ Ұйымның жоғары білімді мамандары ішінен таңдалып, оған 4-5 студент- тәлімгер есебінде белгілейді; ▪ Студен тәлімгерлерді ұйымжұмысымен таныстырады, оның ұйымдық жүйесін ұйым өндірісін, еңбек және басқаруды және әртүрлі өндіріс бөлімдерімен таныстырады; ▪ Әртүрлі бөлімдерге арнайы шолулар және бөлім мамандарынан дәрістер жүргізеді; ▪ Студент-тәлімгерлердің жұмыс орнында күнделіктерін дұрыс жазуын, берілген тапсырмаларын оарныдауынг жиі бақылап отырады; ▪ Тәжірибе аяқталғанда ұйымдағы тәжірибе жетекшісі әр студен тәлімгерге мінездеме береді. Әр бір жұмыс орнында студенттер белгіленген бөлім бойынша бөлім жетекшілеріне бағынады және олардың тапсырмалар мен бұйрықтарын басқа қызметкерлермен тең орындайды. 4. Өндірістік (диплом алды) практика бағдарламасы Тәжірибе талабы-кәсіпорыннан өту түралы келісім-шарт, тәжірибе графигі, тәжірибе күнделігі, мінездеме, тәжірибе есебі. Жұмыс уақытын графикке бөлу. Алға қойған мақсаттарды қоса отырып тәжірибе уақытын бөлуге келесідей графикке негізделеді. - Тәжірибе орнына келу, құжаттарды құру, жұмыс орнымен танысу, техника қауіпсіздігімен танысу, кәсіпорыннан жетекшісін бөлу - Жалпы шаруашылық субъектісімен танысу. Кәсіпорын жүйесімен даму тарихымен танысу. - Кәсіпорын қызметімен болашағына мінездеме беру - Кәсіпорын жұмысының техникалық экономикалық көрсеткіштеріне мінездеме. - Кәсіпорынынң қосымша бөлімдеріне мінездеме - Жеке тапсырмаға материал жинау - Тәжірибе есебін жасау - Жалпы қорытынды Диплом алдындағы тәжірибе есебінің мазмұны. Тәжірибе нәтижесінің арқасында есеп жасалады. Есеп жасау келесі жұмыстардан тұрады. - Тәжірибе бағдарламасымен және диплом алдындағы ережелермен танысу - Дипломдық жұмысқа байланысты жаңа әдебиеттерді оқу - Кәсіпорынынң әлеуметтік экономикалық даму жағдайымен танысу - Кәсіпорының қызмет дәрежесіне сараптама жасау - Кәсіпорынынң материалдарды жинау барысында көрсеткіштер жүйесін құру. Салық басқармасы үшін |№ |Практика тақырыптары аттары |Күн саны | | |Мазмұны | | | | |Кіріспе |1 |1 | | |Салық органдарының құрылымымен жалпы танысу | | | | | «Ақпараттарды қабылдау, өңдеу, есепке алу» бөлімі. |1 |1 | | |Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі. |1 |1 | |Е |Есеп бөлімі | |1 | | |Талдау және болжамдау бөлімі |1 |2 | | |Ақпараттық технология бөлімі. |1 |2 | | |Шағын және орта кәсіпкерлікті салықтық әкімшіліктендірі |1 |2 | | |бөлімі | | | | |Ірі салық төлеуші заңды тұлғаларды, мекмелер мен |1 |2 | | |коммерциялық емес ұйымдарды салықтық әкімшіліктендіру | | | | |және мониторинг бөлімі | | | | |Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін |1 |2 | | |қолданатын жеке кәсіпкерлермен жұмвс жүргізу бөлімі | | | | |Басқа салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлермен жұмыс |1 |2 | | |жүргізу бөлімі | | | | |Өндірістік және салықтық емес төлемдерді |1 |2 | | |әкімшіліктендіру бөлімі | | | | |Жеке тұлғалармен жұмыс жүргізу бөлімі | |1 | | |Түсіндіру және салықтық ағарту бөлімі |1 |2 | | |Заңды тұлғалардың салықтық аудиті бөлімі |1 |2 | | |Жеке тұлғалардың салықтық аудиті бөлімі |1 |2 | | |ҚҚС әкімшіліктендіру бөлімі |1 |2 | | |ҚҚС аудиті және қарсы тексеру бөлімі. |1 |2 | | |Акцизді әкімшіліктендіру бөлімі |1 |2 | | |Тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау бөлімі |1 |1 | | |Өндіріп алу бөлімі |1 |2 | | |Дәрменсіз және әрекетсіз салық төлеушілермен жұмыс |1 |1 | | |жүргізу бөлімі | | | | |Заң бөлімі | |1 | | |Ұйымдастыру және ведомстволық бақылау бөлімі |1 |1 | | |Адам ресурстары бөлімі | |1 | | |Ішкі жұмыстар бөлімі | |1 | | |Өндірістік практика бойынша есеп беруді рәсімдеу | |1 | | |Қорытынды | | | | |Пайдаланған әдебиеттер | | | | |Қосымша | | | | |Жиыны: |20 |40 | Ескерту: Салық басқармасының құрылымының спецификасын ескеріп, практика жетекшілері өндірістік практика жоспарына өзгеріс енгізе алады. Басты есеп саны мен құрамы нақты өнеркәсіпте арнайы болуы керек, бірақ сату үшін жоғарыда көрсетілген тәжірибелік тапсырма мен мақсаттарға жеткілікті болуы керек. Мысалы, ішкі экономиканың қабілеттілігімен байланысты өнеркәсіпке есеп беруде қосымша бөлімдерді қосып жазу керек. Кей жағдайларда кафедра рұқсатымен есеп беру тапсырмасында көрсетілмеген тақырып бойынша жасалуы мүмкін. Бұл өзгеріске негізі ретінде экономиканың материалдар мен актуалды тақырып сонымен қатар осы жаңа тақырыпқа байланысты студенттердің ғылыми қызығушылығын әкеледі. Өндірістік тәжірибелік есеп беру құрамы қолымен жазылған 55-70 беттен тұруы мүмкін. Материалды жеке бөлім бойынша бөлу, қорытынды мен ұсыныстар нақты құрылуы керек. Есеп беру субьектісінде басталып аяқталуы керек тәжирибеден келген студенттердің 3 күннен соң оны қарастыру керек. Есеп беруде тәжірибені өту күнделігі, график, мінездеме, университерт басшысынан рецензия болуы керек. Есеп берудің негізгі бөлімдерінің қысқаша мазмұны: Кіріспе Бұл бөлімде Қазақстан экономикасындағы реформалаудың негізгі тапсырмалары, әсіресе, Қазақстан Республикасы Президенті жолдауымен және Үкімет программасында қарастырылған Шығыс Қазақстан облысының экономикасы туралы айтылады. Облыстың социалды экономика мәселелерін шешудегі зерттелетін өнеркәсіптің орны мен рөлі, өнеркәсіптің дамуы ары қарай есеп берудегі ақпарат көздері көрсетіледі. Бөлім шамаман 2-3 беттен тұрады. 5. Есеп беруге қойылатын талаптар. Тәжірибе аяқталғанда студенттер кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісінің мінездемесінің бірге жазбаша есеп өткізеді және толық толтырылған тәжірибе күнделігі, жеке тәжірибе графигі беріледі. Кәсіпорын тіжірибе жетекшісінің қолы мен мөрі бекітілген: титулдық бет, мінездеме, күнделік, график өткізіледі.есепте тәжірибе уақытында орындалған барлықжұмыстар тіркелдеі. • Есеп барлық компьютерлік жүйеге сай бір ақ бет А4 форматында 1,5 интервалда, шрифт қалыпты, кегль 14. Есептің текстін келесі мөлшерлерге байланысты шығарады: сол-3см., жоғары-2,5 см., төмен-2 см, оң-1 см. Шеттен бастан коллонтитул көлемі 1,5 см. • Барлық есепте көрсетілген текстер ЭВМ жүйесінде кестелер толық түрде шығарылады. • Есепте қате табылған жағдайда оған ақ түспен белгілеп береді. • Ұйым атауы, өнім атауы нақты жазылады есепте. • Есептің жүйелік элементтері есеп жүйесінің атаулары болып табылады. • Есептерді бөлімдерге бөлуге болады.Әрбір бөлім есебі барлық құжаттарға байланысты араб цифрларымен нүктесіз абзац пен жазылады. Бөлімдер номерленуі тиіс. Әрбір бөлім2 және одан жоғары түрде болады. Мысал 1 Типі және негізгі өлшемдері 1.1 1.2 1-ші бөлімнің бөлімшелерінің номерленуі 1.3 2 Техникалық қажеттілік 2.1 2.2 2-ші бөлімнің бөлімшелернің номерленуі 2.3 • Бөлімдер, бөлімшелердің атаулары болуы тиіс. Әрбір бөлім аяқталған ақпаратты көрсетуі тиіс. • Есептің әрбір бөлімін жаңа беттен бастау керек. Бөлім ішіндегі бөлімшелер өзара екі жолдан кейін жазылады. • Есеп беттерін араб цифрларымен номерлеу керек және бет номері беттің төменгі жағында ортасында нүктесіз орналасқан. • Титулдық бет өзара барлы номерленуді қосады. Титулдық бетте номерлену көрсетілмейді. • Есепте көрсетілген формулалардың мәндері беріліу керек. Көрсетілген септе сандық коэффициеттер символдардың анықтамасыгн тексте формуламен берілуі керек және оларды әрбір жаңа жолдан бастайды. Олар өзара үтірмен бөлінеді. • Формулаларды және теңдіктерді текстен бөлек жолға қоюға тиіс. Олар кем дегенде текстен бір жол төмен орналасуы керек. Теңдікте қосу, алу, көбейту ,бөлу символдары орналасқан. • Текстегі сілтемелер жақшаның ішінде көрсетіледі. • Формулаларды номерлеу бөлімдерден бөлек орналасады. • Кестелер, диаграммалар, графиктер мемлекеттік стандарттқа сай болуы керек. 6. Бақылаудың нысаны Тәжірибені бақылау 2 жетекшінің қатысуымен өтеді. Тәжірибе аяқталғанда студент ұйымдағы тәжірибе жетекшісінің қолымен және мөрімен бекітілген келесілерді өткізеді: ▪ Тәжірибе есебі (титульный лист) ▪ Тәжірибе күнделігі ▪ Тәжірибе өткендігі туралы анықтама (тәжірибе күнделігінің 5 беті) ▪ Мінездеме (тәжірибе күнделігінің 18 беті) Тәжірибені өту есебі кафедраға келген уақытында тапсырылады. Практика жетекшісі студентке пікір береді егер тәжірибе есебінде қателіктер табылса, студентті қайта толықтыруға жібереді. Пікір алған студент есебін қорғауға босатылады. Қорғау уақытында есепті қорғау хаттамасы тіркеледі. Есепті қорғау аяқталғанда студентке балдықжүйе бағасында баға қойылады. 7. Өндірістік тәжірибе есебінің мазмұны Диплом алдында өткен тәжірибе бойынша есеп құрылады. Есепті құру жұмыстары келесілерден тұруы қажет: - Тәжірибе бағдарламасымен танысу және диплом жұмысының жетекшісінің айтуымен орындау - Диплом тақырыбына сай келетін соңғы шыққан әдебиеттермен танусу. (кітаптар, журналдар, газеттер, және заңдылық актілер және т.б) - Кәсіпорынның әлеуметтік эккономикалық құжатнамасымен және есеп берулерімен танысу. - Кәсіпорын қызметінің жұмысындағы материалдардың дәрежесін анализдеу - Материалдардарды өңдеу кезіндегі есептік көрсеткіштермен жұмыс жасай білу және үйрену. Әр бөлімнің мазмұны мен құрамы кәсіпорынның мақсатымен байланысты болады, оның қазіргі жағдайы мен даму конъюктурасына байланысты жазылуы тиіс. Ол келесі бөлімдерден тұруы қажет: Салық басқармасы үшін Осы бағдарлама өндірістік практиканың аудандық бөлімдерде және облыстық салықтық басқармаларда өтелуіне бағытталған. ➢ Салық төлеуші жеке тұлғалардан декларацияларды, есеп айырысуды және есеп беруді қабылдау және толтыру тәртібімен; ➢ Камералдық тексерулерді, хронометражды жүргізу тәртібімен; ➢ Ағымдағы салықтық толықтай түспеуімен жұмысты, бақылау тапсырмаларын орындауды және түсіндірмелік жұмысты жүргізу тәртібімен. Практикадан өту кезінде студент аула ішін аралау арқылы тұрғындардан салық есебін жүргізуі мүлікке салынатын, жер салығының, транспорттық құралдарға салықты есептеу және толықтығына бақылау жасау тәртібімен танысуы керек. Аталған бөлімдегі практика нәтижелері бойынша материалдар өңдеп, есеп беруді құрастыру. Салық органының құрылымымен жалпы танысу. Салық комитеті жұмысының ұйымдастырылуымен танысу, салық комитеті құрылымының схемасын құру, салық комитеті қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін көрсету. Студенттер “Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы” Заңды, Салық қызметі органдарының құрылымын және олардың қаржылық органдары, несие органдары және басқа да ұйымдармен байланысты білуі қажет. Жеке тұлғалардың салықтық аудиті бөлімі Студент берілген бөлімнің құрылымымен және жұмысшыларының міндеттемелерімен танысуы керек. Салықтық инспекторлармен бірге нарықта сауда құқығы үшін алым негізінде қызмет жасаушы жеке тұлғаларды тексерулерге, рейдтерге қатысу. Куәлік, патент негізінде жұмыс жасаушы жеке тұлғалар қызметін тексеруге қатысу. Тексерулер нәтижесі бойынша жоғары тұрған ұйымдарға жиынтық есеп берулер мен ақпараттарды құрастыру тәртібімен үйрену. Салық заңдылығын бұзушыларға қаржылық және салықтық санкцияларды қолданудың әрекет етуші тәртібімен танысу. Осы бөлімде практикадан өту кезеңі ішінде студент жеке тұлғалармен төленетін салықтардың барлық түрлерін есептеу әдістемесі бойнша тәжірибелік дағдыларды иемденуі керек. Салықтық инспекторлармен бірге құжаттық, тақырыптық, қарама – қарсы тексерулерге қатысу, нарықтарда, коммерциялық дүкендерге товар сатушы кәсіпкерлерден қалдықтарды алу тәртібімен танысу керек. Тексеру актілерін және әкімшілік айыппұлдар жайлы хаттамаларды құрастыра білуі керек. Есеп бөлімі ➢ Бақылау жұмысының жағдайы жайлы бөлім есеп беруін оқу. ➢ Берілген аудан бойынша жеке тұлғалардың табысынан салықтық төлемдер түсімдері бойынша сандық мәліметтерге талдау жасау. ➢ Берілген бөлімдердегі тәжірибе қорытындылары бойынша материалдарды өңдеп, есеп беруді құрастыру. Өндіріп алу бөлімі. Практикадан өту кезінде студент бөлім құрылымымен және жұмысшылардың функционалдық міндеттерімен танысуы керек. Бюджет кірістеріне ағымдағы аванстық төлемдердің және салықтық ақырғы сомасының төлену тәртібін және мерзімін үйрену. Салықтық заңдылықтың бұзылуы үшін айыппұлдар мен өсімдерді салу тәртібімен танысу. Салық төлеушінің мүлкін өтеп алуға қарату, салықтың толық төленуін қамтамасыз ету тәртібімен танысу. Салық төлеушіге есептелетін мүлікті шектеулі иемденуді және сомаларды өтеп алуды іске асыру тәртібімен танысу. Мемлекеттік бюджет алдындағы арызды жабу және салықтық заңдылықтардың бұзылуы мен дауларды шешу үшін жауапкершілік тәртібімен танысу. Салық қызметі шешімдерін сотпен қайта қарау және шағымдану тәртібімен танысу. Берілген бөлімдері практика нәтижелері бойынша материалдарды өндеу және есеп беруді құрастыру. Түсіндіру және салықтық ағарту бөлімі ➢ Салық салу объектілерін, резидент емес салық төлеушілерді есепке алу тәртібімен; ➢ Резидент емес салық төлеушілердің салық міндеттерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру тәртібімен танысу. ҚҚС аудиті және қарсы тексеру бөлімі. ➢ Жанама салықтар бойынша салықтық тексерулерді өткізу тәртібімен ➢ Жанама салықтар бойынша салықтық міндеттемелердің орындалуына салықтық бақылауды жүзеге асырумен; ҚҚС әкімшіліктендіру бөлімі ➢ Заңдылыққа сәйкес салық ҚҚС төлеушілерді тіркеу тәртібімен; ➢ Салықтық міндеттемелердің орындалуына ҚҚС салықтық бақылауды жүзеге асырумен; Акцизді әкімшіліктендіру бөлімі і ➢ Алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналысына бақылауды жүзеге асыру тәртібімен; ➢ Акцизделетін қызмет және акцизделетін товарлардың өндірісі мен өткізілумен; ➢ Жанама салықтар бойынша салықтық тексерулерді өткізу тәртібімен; ➢ Акцизделетін товарларды өндіру және өткізумен айналысатын салық төлеушілерге хронометраждық тексеруді өткізу тәртібімен танысу. «Ақпараттарды қабылдау, өңдеу, есепке алу» бөлімі. «Ақпараттарды қабылдау, өңдеу, есепке алу» бөлімі. ➢ “2 – н” формасы бойынша есептілікті талдау тәртібімен; ➢ салық комитетінің қызметінің бойынша жетіспеушіліктерді болдырмау үшін ұсыныстар жасау. Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі. ➢ Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлерден алынатын мәліметтерді жинақтау және өңдеумен; ➢ Заңдылыққа сәйкес салық төлеушілерді тіркеу тәртібімен; ➢ Салықтық міндеттемелердің орындалуына салықтық бақылауды жүзеге асырумен; ➢ Бюджетке салықтардың толығымен түсуін қарастыратын салық заңдылығының сақталу тәртібімен танысу. Осы бөлімдегі практиканың нәтижелері бойынша материалдарды өңдеу және есеп беруді құрастыру. Ақпараттық жүйелерді әкімшіліктендіру, сүйемелдеу және қолдау бөлімі. ➢ ИНИС бағдарламасының орындалуымен; ➢ Ақпараттарды өңдеу құралдармен жаңа әдістерін енгізу және ақпараттық қызмет ету тәртібімен; ➢ Бекітілген форма бойынша есеп беруді құрастыру тәрібімен танысу. Ірі салық төлеуші заңды тұлғаларды, мекмелер мен коммерциялық емес ұйымдарды салықтық әкімшіліктендіру және мониторинг бөлімі Студент келесілермен танысуы қажет: ➢ бөлімдердің құрылымы және бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттемелерімен; ➢ есепте тұрған салық төлеуші заңды тұлғалар және салық сату объектілерінің тізімдерімен; ➢ салық төлеушілердің хаттары мен өтініштерін қарастыру ретімен; ➢ салық төлеушінің тіркеу нөмірін тағайындау және заңды тұлғаларға патенттер мен лицензиялар беру тәртібімен; Талдау және болжамдау бөлімі ➢ салық түрлері бойынша бюджетке төлемдерді болжау жобаларының құрастырылуымен; ➢ салықтар шегінде болжамдық бағалаудың орындалуының талдауымен; ➢ хронометраждың, камералдық тексерулердің жүргізу тәртібімен; ➢ ағымдағы салықтың толық түспеуімен жұмыс жүргізу ретімен, бақылау тапсырмаларының және түсіндіру жұмыстарының нәтижелері бойынша материалдарды өңдеу және есеп беруді құрастыру. Дәрменсіз және әрекетсіз салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімі Студент келесілермен танысуы қажет: ➢ берілген бөлімнің жұмысында қолданылатын бланктік материалдармен және негізгі есеп берушілік формаларымен; ➢ салық салу сұрақтары бойынша кәсіпорындар және ұйымдар хаттарымен және өтініштерімен, инструктивтік материалдармен ; ➢ салықтардың түсуінің есебі және талдауы бөліміне берілетін өндірістік тексерулер материалдармен. Ақпараттық технология бөлімі. ➢ ИНИС бағдарламасының орындалуымен; ➢ Ақпараттарды өңдеу құралдармен жаңа әдістерін енгізу және ақпараттық қызмет ету тәртібімен; Шағын және орта кәсіпкерлікті салықтық әкімшіліктендірі бөлімі Салық инспекторларымен бірге әртүрлі меншік формасындағы бірнеше кәсіпорындардың қаржы – шаруашылық тексеруіне қатысу. Тексеру нәтижесі бойынша жоғарғы ұйымдарға ақпараттар және жинақтау есеп берушілігін құрау ретін қарастыру және зерттеу. Осы бөлімде практикадан өту барысында студент заңды тұлғалармен төленетін барлық салықтарды есептеу әдістемесі бойынша практикалық дағдыларды меңгеруі қажет. Салық инспекторларымен бірге жүргізілетін құжаттық, тақырыптық, қарама – қарсы тексерулерге қатысу. Әкімшілік айыппұлдар бойынша хаттамалар және тексеру актілерін құрастыра білуі қажет. Бақылау жұмысының жағдайы туралы бөлім есебін қарастыру. Берілген район бойынша заңды тұлғалардың табыстарынан салықтық түсімдер бойынша сандық мәліметтерді талдау. Бөліммен жүргізілетін кезекшіліктерге және басқа рейдтерге қатысу. Осы бөлімдегі практиканың нәтижелері бойынша материалдарды өңдеу және есеп беруді құрастыру. Жеке тұлғалармен жұмыс жүргізу бөлімі лім. Бұл бөлімде практикадан өту кезінде студент келесілермен танысуы керек: ➢ бөлім құрылымымен және бөлім жұмысшыларының функционалдық міндеттемелерімен; ➢ есепте тұрған салық төлеуші жеке тұлғалардың және салық салу оъектілерінің тізімімен; ➢ салық төлеушілердің хаттарын және өтініштерін қарау тәртібімен; ➢ салық төлеушінің тіркеу нөмерін тағайындау және жеке тұлғаларға патенттер, куәліктер, анықтамалар, лицензия беру тәртібімен; 8.Тәжірибелік есеп беруді қорғау Университеттен тәжірибе жетекшісі тәжірибе біткеннен кейін,(10 күн ішінде) «Қаржы» кафедрасының деканатпен келісілген графигіне сәйкес, сынақтан өтіп, баға қойылады. Есеп беру қорытындысы 4 баллдық жүйеде GPA есебімен есептеледі.. Есеп беруді қорғау кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссиямен алынады. Сеп беруді студент тәжірибеден өткеннен кейінгі 3 ішінде кафедра оқытушыларға тапсыруға міндетті. Қорғауда жұмыстың бағдарламаға сәйкестігі мен көлемі, құжаттардың толық дұрыс толтырылуы, мінездеме мазмұны, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берулер, талдау жасай алу, есеп беруге қоымшалар қаралады. Студенттердің есеп берулерін бағалау критериі: • Жинақталған мәліметтердің бағдарламаға сәйкес болуы; • Тәжірибеден өтуде ұйымның жұмыстарына байланысты нормативтік актілерді білу, сұрақтарға кәсіби маман ретінде жауап беру; • Ұйым мінездемесінің мазмұны – тәжірибеден өту орынынан алынады. Тәжірибеден есеп беруді арнайы себептерсіз орындамаған студент университеттен шығарылады. Ал тәжірибе жұмыстары толық көлемді болмаған жағдайда студент дипломдық жұмысты қорғауға жіберілмейді. Тәжірибе мәліметтері (есеп беру, күнделік, мінездеме.) қорғаудан өткеннен кейін жетекшіге кафедраға жіберу үшін өткізіледі. 9.Практика бойынша есепті қорғаудың ұсыныстары Есеп беруді жазып біткеннен кейін студент қорғауға тиіс. Жұмыс барлық талаптарға сәйкес жазылғандығын университеттен жетекші тексереді. Студенттің тәжірибеден өткендігін дәлелдейтін барлық мәліметтер мен құжаттар дұрыс жинақталып, бөлек папкада көрсетіледі. Тәжірибе қорытындысы негізінде 3- күн бұрын университеттен жетекшіге мынадай құжаттар тізімі тапсырылады: • Есеп берулер, ұйымнан, университеттен жетекшілер қолы мен мөр қойылған титулдық бет; • Тәжірибеден өту күнделігі қолмен, сиялы қаламмен жазылады және әр жұма сайын кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісімен тексеріліп қол қойылады; Тәжірибе бағдарламасына сай жазылған жұмыстар, жеке орындалған тапсырмалар, қарастырылған құжаттарға талдау жұмыстары, тәжірибеден өтуде туындаған сұрақтар, сонымен қатар күнделіктің бірінші бетінде жетекші қолы мен ұйымның мөрі қойылады; • Мінездеме ұйымның жетекшілігімен жазылады. Жетекші қолы мен мөр болуы тиіс. Мінездемеде студенттің тәжірибеден өткен кезеңіндегі теориялық білімін тәжірибеге ұштастырғаны, жұмыс жасаудағы біліктілігі мен құжаттармен атқарған жазбалары жазылып, баға қойылады. • Ұйымның басқа да құжаттары студент жұмысына тіркеледі. Алынған құжаттарда мемлекеттік, коммерциялық құпиялар, жеке құпиялар, басқа да маңызды мәліметтер, тәжірибе бағдарламасында қарастырылмаған тақырыптар көрсетілмеуі керек. Есеп тәжірибе бағдарламасына сай орындалады, ессепте барлық бөлім бағдарламасы бойынша материалдар қамтылған, тәжірибелік есеп кәсіпорын қызметі бойынша соңғы 3-5жылдағы әртүрлі талдау жасалуы тиіс. Есеп комиссия алдында 8-10мин мөлшерінде қорғалады. Оған есепті қорғау хаттамасы беріледі. Комиссия есепті орындау көлеміне, күнделіктің мазмұны, сапасы, есептің қорғалуын бағалайды. Есептің қорғау нәтижесі рейтингтік балдық жүйеде бағаланады және студенттің курстан курсқа өту GPA мөлшері есептеледі. Баға шкаласы |Әріптік бағалау |Дәстүрлі бағалау жүйесі |Цифрлік балдау |Пайыз | |А |Өте жақсы |4.0 |95-100 | |А- | |3,67 |90-94 | |В+ | |3,33 |85-89 | | |Жақсы | | | |В | |3,0 |80-84 | |В- | |2,67 |75-79 | |С+ | |2,33 |70-74 | |С | |2,0 |65-69 | |С- |Қанағаттаннарлық |1,67 |60-64 | |D+ | |1,33 |55-59 | |D | |1,0 |50-54 | |F |Қанағаттананрлықсыз |0 |0-49 | |I |Аяқталмаған |NA |- | |W |Тәжірибеге кіргізілмеген |NA |- | |AW |Әкімшіліктен кіргізілмеген |NA |- | |P |Тәжірибеден өтті |- |өтті | | | | | | ҚОСЫМША А ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ «Қаржы» кафедрасы 5В050900 «Қаржы» мамандығы ЕСЕП БЕРУ практика орны Студент _____________ _____________ _________________________ топ, курс қолы, күні Аты – жөні Кәсіпорыннан жетекші _____________ _________________________ қолы, күні Аты – жөні Университеттен жетекші _____________ _________________________ қолы, күні Аты – жөні Комиссия мүшелері _____________ _________________________ қолы, күні Аты – жөні _____________ _________________________ қолы, күні Аты – жөні _____________ _________________________ қолы, күні Аты – жөні _________________ Бағасы Семей – 20___
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz