Файл қосу

Кадастр туралы жалпы




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                       |
|СЕМЕЙ  қаласының Шәкәрім атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                   |
|СМК Құжат 3 деңгейлі    |ПОӘК                 |                              |
|                        |                     |ПОӘК 042-18-14.1. 10 / 03-2013|
|ОӘҚ                     |                     |                              |
|« Кадастр негіздері»    |02.09.2013ж          |                              |
|пәнінің оқу әдістемелік |№ 1 басылым          |                              |
|материалдары            |                     |                              |












                             «Кадастр негіздері»


                        пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



          5В071100 «Геодезия және картография» мамандығына арналған



                        ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  МАТЕРИАЛДАРЫ























                                    Семей


                                     2013


                                  Алғы сөз
    1. ӘЗІРЛЕГЕН
    Құрастырған  –  Аубакирова  С.М.  Семей  қаласының   Шәкәрім   атындағы
    мемлекеттік университеті,  «Геодезия  және  құрылыс»  кафедрасының  аға
    оқытушылары
                                            «_01__» __09___2013 ж. № _1_


    2. ТАЛҚЫЛАНҒАН
    Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің  «Геодезия
     және құрылыс» кафедрасының отырысында


     Хаттама «_02_» __09___ 2013 жылғы,  № _1_


    Каф. меңгерушісі ____________   Күдеринова Н.А.








    3. МАҚҰЛДАНҒАН
       «Ақпараттық-коммуникациялық   технологиялар»   факультетінің    оқу-
    әдістемелік бюросы отырысында


    Хаттама  «_11_» __09___ 2013 жылғы,  № _1_


    Төрайым ____________    Бекбаева Р.С.








    4. БЕКІТІЛГЕН
    Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында келісіліп,  баспаға
    ұсынылды


    Хаттама «_18_» __09___ 2013 жылғы, № _1_



         ОӘК төрайымы________________Искакова Г.К.















Мазмұны

|1  |Лекциялар                                                    |     |
|2  |Тәжірибелік сабақтар                                         |     |
|3  |Студенттің өздік жұмысы                                      |     |





































   1. ДӘРІСТЕР

№  1 дәріс
Кіріспе.

Дәріс мазмұны:
1. Кадастр туралы жалпы.
2. Кадастрдың негізгі құрылымдары.

Ғылыми  тұрғыдан  қарасақ  жер  кадастры  бір  елдің   жер   қорының   жалпы
қасиеттерін, принциптерін, бірегей мемлекеттік ақпараттық жүйенің  қалыптасу
және топтастырылу  заңдылығын  қарастырады.  Мұның  бәрі  жер-құқықтық  және
мүліктік қатынастардың, табиғат ресурстары мен өндірісітің  жалпы  құралының
обьектісі  ретінде   алынады.   Жүйелік   шаралар   ретінде   жер-кадастрлық
әрекеттердің топтамасы, жерге құқылығын анықтайтын құжаттар мен  ақпараттар,
жер қорындағы  категорияларға  бөлінуі  мен  жер  қатынастарының  субьектісі
ретінде қарастырылады.
Мемлекеттік жер кадастырының обьектісіне оның  пайдалану  мақсатына,  түріне
және меншіктік формасына қарамастан  Республиканың барлық жері жатады.
Жерге орналастыру  деп  жерді  өндірісте,  әлеуметтік-экономикалық  байланыс
обьектісі ретінде және табиғи кешенннің құрамдас бөлігі ретінде  қарастыруын
айтамыз. Оны жеке ғылым ретінде, болмаса  арнайы  шаралардың  жүйесі  (жерге
орналастыру әрекеті) ретінде қарастыруға болады.
Ғылым ретінде жерге орналастыру жерге бөлшектеп оны пайдалануды  ұйымдастыру
заңдылығына сүйене  отырып  жерді  табиғатты  пайдалану  обьектісі  ретінде,
жалпыға  бірдей  құрал  және  өндірістің  өндірістік  базисі  түрінде,  жер-
құқықтық обьекті және жерді қорғау қатынасы ретінде қарастырады.
Жерге орналастырудың негізгі  мақсатына  аймақтардың,  жеке  жер  иеліктерін
және жерді пайдаланушылардың  жер  ресурстарын  пайдалану  және  орналастыру
болып табылады.
Осыған  байланысты  ол  теориялық  және  әдістемелік  жағынан  мына   ғылыми
салалармен тығыз байланысты: жер  құқығы,  жер  кадастры,  жерге  байланысты
қатынастар, жер шаруашылығы, мелиорация, экология, информатика және т.б.
Жерге орналастырудың екі түрі белгілі:  шаруашылық  аралық  және  шаруашылық
ішілік.
Жерге орналастыру – бұл әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, экологиялық  және
техникалық-технологиялық  шаралардың  мемлекеттік  жүйесі.  Бұл  жүйе  жерге
иелік  етуде  және  жер   ресурстарын   тиімді   әрі   ауқымды   пайдалануға
бағытталған.
Мемлекеттік  шаралардың  жүйесі  ретінде  жерге  орналастыру  бірнеше  түрге
бөлінеді:
1)  Әртүрлі  жерге  иелік  етуге  байланысты  сол  жерді  бөлу,  шекараларын
анықтау, жерге орналастыру құжаттарын әзірлеу.
2) Жерге иелік ету формаларына байланысты  жер  категорияларына  және  халық
шаруашылығының салаларына жіктеу немесе қайта бөлу жұмыстары.  Бұл  жағдайда
жерге орналастырудың салалық түрі пайда болады.
3)  Белгілі  бір  жер  категориясының  немесе  саланың  өз  ішінде   әртүрлі
шаруашылық  субьектілерге,   жер   иеліктеріне   және   түрлі   құрылыстарға
бөлінетіні белгілі. Бұл әрекетте территорияны шаруашылық аралық  ұйымдастыру
жұмыстары жүргізіледі. Яғни, жерге орналастырудың бұл түрі шарушылық  аралық
шаралар деп аталады.
4)  Әрбір  ауылшаруашылық  өндірісінің   жарамды   жерлерінің   құрамы   мен
арақатынасын   реттеу   мақсатында   –   территорияның   шаруашылық   ішілік
ұйымдастыру  шаралары  жүргізіледі,  яғни  жерге  орналастырудың  шаруашылық
ішілік түрі пайдаланылады.
5) Жарамды жерлерді жақсарту және  ұйымдастыруды  жетілдіру  шаралары  жұмыс
және техникалық-жұмыс  жобаларын  пайдаланумен  іске  асады,  сондықтан  бұл
жағдайда жерге орналастыру жобалау түрінде қолданылады.
Кешенді   түрде   қарастырғанда   жерге   орналастыруда   әртүрлі    әдістер
қолданылады:
1) Статистикалық әдіс –  қоғамдық  құбылыстар  мен  процестердің  мәліметіне
негізделеді.  Статистикада  –  ауылшаруашылық  өндірістерінің   дамуы   сан,
диаграмма түрінде келтіріледі.
2) Монографиялық әдіс –  жекелеген  құбылыстар  мен  мәліметтерге  сүйенеді.
Мұнда обьектінің бүгіні мен  ертеңі  қарастырылады,  ал  болжам  жасау  үшін
басқа әдіс қолданылады.
3)  Есептік-варианттық  әдіс  –  нормативтік  мәліметтерге   сүйене   отырып
ауылшаруашылықтың дамуына болжамдар жасайды.
4)   Абстрактілі-логистикалық   әдіс    –    экономикалық    көрсеткіштердің
қорытындыларына сүйене отырып  салыстырмалы  түрде  ең  тиімді  варианттарын
табады.
5)  Қазіргі  заманғы  әдістер  –  болжаудың  ғылыми  әдістері  (өсу  қатары,
экстрополяция, миға әсер ету, эксперттік бағалау және т.б.)
Жерге  орналастыру  жобаларын  жасағанда  жұмысты   жеңілдету   үшін   ЭЕМ-н
қолданады.

Ұсынылатын әдебиет:
1. Чешев А.С.,  Вальков  В.Ф.  Основы  землепользования  и  землеустройства.
Ростов н/Д.: издательский центр «МарТ», 2002. – 544
2. Неумывакин Ю.К., Перский М.И. Земельно-кадастровые геодезические  работы.
М.: - КолосС, 2006. - 189



№2 дәріс
Кадастрдың дамуының дүние жүзілік дамуы.

Дәріс мазмұны:
Шетелдік кадастрдың құрылым және ерекшелігі.

Мемлекеттің  негізгі   стратегиялық   мақсаттарының   бірі   -   қоғам   мен
азаматтардың жерді тиімді пайдалануы  болып  табылады.  Жер  бетінде  ұқыпты
шаруашылық жүргізу,  жерді  сақтау  және  оны  келер  ұрпаққа  сол  қалпында
қалдыру-аса маңызды мемлекеттік  және  қоғамдық  мәселе,  әрбір  азамат  пен
лауазымды тұлғаның конституциялық парызы.
Жерді пайдалану заңға  сәйкес  жүргізілуі  қажет  екені  белгілі.  Қазақстан
тәуелсіздік алғаннан кейін Жер туралы  заңнама  мен  Жер  кодексінің  жобасы
жасалынып, көптеген толықтырулар енгізілген болатын. Жер  туралы  заңнаманың
бір өзі дамудың үш кезеңінен өтіп, қазіргі кезде  дамудың  төртінші  кезеңін
бастан кешуде.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінде Қазақстан Республикасының жер  қоры
нысаналы мақсатына қарай былайша бөлінеді:
  - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
  - елді мекендер жері;
  - өнеркәсіп, көлік, қорғаныс  және  байланыс,  өзге  де  ауыл  шаруашылығы
    мақсатында қолданылмайтын жерлер;
  -  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтық  жерлер,  сауықтыру  мақсатындағы,
    рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттардағы жерлер;
  - орман қорының жері;
  - су қорының  жері;
  - босалқы жер.
Жалпы  республиканың  жер  қорының  қорында  ауыл  шаруашылығы  мақсатындағы
жерлер ерекше орын алады. Ауыл  шаруашылығы  мақсатындағы  жерлердің  құрамы
мен алқаптарының  ұғымы  Жер  кодексінің  10-тарауында  анықталған.  Қазіргі
кезде еліміздің ауыл шаруашылық алқаптары 222 млн гектар  жерді  құрайды,бұл
территория  Ұлыбританияның  жалпы  территориясынан  тоғыз  есе  үлкен.  Орта
есеппен алғанда  республикадағы  азаматтардың  жан  басына  15  гектар  ауыл
шаруашылық жері келеді.
Кейінгі жылдары еліміздің ауыл  шаруашылығы  дамушы  сала  ретінде  көптеген
жетістіктерге жетті. 2006 жылы ауыл шаруашылығының жалпы  ішкі  өнім  көлемі
853,3 млрд.теңгеге жетті. Оның ішінде егістік үлесі 432,5  млрд.  теңге,  ал
мал шаруашылығының үлесі 420,8 млрд. теңге. Республикадағы табиғи мал  азығы
жерлерінің жалпы көлемі 189,3 млн.гектар  немесе  барлық  жер  қорының  69,5
процентін құрайды.
 ҚР Жер кодексінің 97-бабына сәйкес  ауыл  шаруашылығы  мақсатындағы  жерлер
деп  ауыл  шаруашылығы  мұқтаждықтарына  берілген  немесе  осы   мақсаттарға
арналған,  яғни  сапасы  бойынша   ауыл   шаруашылығы   өнімдерін   өндіруге
пайдаланылатын жерлер.
Жерге  меншік  құқығы  ҚР  Жер  кодексінің  2-бөлімінде  айқын  көрсетілген.
Қазақстан  Республикасының  жері  мемлекеттік  меншік  болып  табылады.  Жер
учаскелеріне  жеке  меншік  құқығынің  субъектілері  –  ҚР  азаматтары   мен
мемлекеттік емес заңды  тұлғалар.  Қазақстан  Республикасының  азаматтарының
жеке меншігіне  шаруа қожалығын, өзіндік  қосалқы  шаруашылықтарды  жүргізу,
орман өсіру, бағбандық, жеке тұрғын үй  және  саяжай   құрылысын,  сондай-ақ
өндірістік және  өндірістік  емес  құрылыстарды  салуға  немесе  пайдалануға
берілген жерлер болуы мумкін.
Жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке  мынадай
мөлшерде тегін беріледі:
  - ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық (үй маңындағы  және  егістік
    төлемдерді қоса алғанда) жүргізу үшін – суармалы жерде 0,15 гектар  және
    суарылмайтын  жерде 0,25 гектар;
  - жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,10 гектар;
  - бағбандық,сондай-ақ саяжай құрылысы үшін 0,12 гектар.
Жер  учаскелері  аталған  мақсаттар   үшін   қайталап   тегін   беруге   жол
берілмейді.Жер учаскелерін шаруа  қожалығын  жүргізу  үшін  ҚР  азаматтарына
жеке меншік құқығымен немесе  өтеулі  уақытша  жер  пайдалану  құқығымен  49
жылға дейінгі мерзімге береді.
Жер учаскелерін жеке меншікке беруді мемлекеттік реттеу,  ортақ  мемлекеттік
органдар жүйесімен жузеге асырады. Бұл органдар қатарына  өкілдік  органдар,
атқарушы-билік етуші сот органдары, сонымен қатар бұл қатынастарды  реттеуге
құқылы билік органдары кіреді.
Меншікке  немесе   жер   пайдаланушыларға   берілмеген   аудандық   атқарушы
органдардың қарамағындағы барлық жер босалқы жер болып табылады.
Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде,мемлекет немесе мемлекеттік  жер
пайдаланушылар  жалға   берген   кезде   олар   үшін   төлемақының   базалық
ставкаларын,жалдау  құқығын   сату   төлемақысының   мөлшерін   ҚР   Үкіметі
белгілейді. Жалдау құқығын сату төлемақысы нақты жер учаскесінің  кадастрлық
(бағалау) құнына қарай сараланып белгіленді. Жер үшін  төлемақының  құқықтық
мәселелері ҚР Жер кодексімен, 2001 жылы 12 маусымда қабылданған "Салық  және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер  туралы"  ҚР  кодексімен  және
басқа  да  нормативтік-құқықтық  актілермен  реттеледі.  Заңмен   жер   үшін
төлемдердің келесі түрлері қарастырылған: жер салығы, жалгерлік  төлем  және
жердің нормативтік бағасы (кадастрлық құны).  Жер  учаскесін  жеке  меншікке
сатқан кезде,жер учаскесінің бағасы ретінде оның   кадастрлық  құны  алынса,
жер  учаскесін  пайдалану  барысында  жер  салығы   салынып   отырады.   Жер
учаскесінің құнын төлеу мерзімі 10 жыл көлемінде белгіленеді.  Жеңілдетілген
бағаны  төлеу  мерзімін  ұзарту  арқылы  сатылған  жер  учаскесімен   мәміле
жасауға, оның сатып алу бағасын толық төлегеннен  кейін  10  жыл  өткен  соң
құқық беріледі.
Жер салығы –  жеке  меншік  құқығында  жер  учаскесі  бар  жеке  және  заңды
тұлғадан  алынатын,  қайта  қайтарылмайтын  міндетті  төлем.  Жер  салығының
принциптері, объектілері, ставкалары  мен  мерзімдері  ҚР  Салық  кодексінде
көрсетілген.
Жерді қорғау мәселесіне де ҚР  жер  туралы  заңдарында  нормативтік-құқықтық
актілерінде  және  Жер  кодексінде  көңіл  бөлінген.  Жерді  қорғау-қоршаған
ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, жерді ұтымды пайдалануға, сондай-
ақ  топырақтың  құнарлылығын  қалпына  келтіру  мен  арттыруға   бағытталған
құқықтық, экономикалық,технологиялық және тағы да басқа  іс-шаралар  жүйесін
қамтиды. Жерді қорғау және сақтау әрбір Қазақстан азаматының міндеті.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Чешев А.С.,  Вальков  В.Ф.  Основы  землепользования  и  землеустройства.
Ростов н/Д.: издательский центр «МарТ», 2002. – 544
2. Неумывакин Ю.К., Перский М.И. Земельно-кадастровые геодезические  работы.
М.: - КолосС, 2006. – 189
3. Маслов и др. Геодезические работы при землеустройстве. – М., 1980



№3 дәріс
Қалалық жерлерді аудандастыру.

Дәріс мазмұны:
Жерді аудандық зондирлеу.

Геодезиялық және картографиялық заңнамаға  сәйкес  кадастр  жұмысын  жүргізу
кезеңіндегі  геодезиялық,  топографиялық,   аэротүсірілісділік   және   т.б.
жұмыстар арнайы геодезиялық және картографиялық жұмыстарға қатысты.
Мемлекеттік нивелирлік жүйенің жүұмысын  дамытудапғы  координаттар  катологы
және бмиіктігі және де мәліметтер және геодезиялық жүйеледі.
Мүліктің кадастрлақ негізінің бірі ол – картография, яғни  кадастр  жүргізер
алдында  бұрын  қолданылған  карталар  ,  яғни  нысан   орналастыратын   жер
участогының  плванын  қолдану  керек.  Барлық  құжатар  кадастрлық   қатынас
қатынас сферасындағы нормативті – құқықтық  орган  қажет  тетеін  қүжат  пен
бірдей болу керек, яғни бірдей формада және масштабта.
Геодезиялық  және  картографиялық  жұмыстар  дегеніміз  –  геодезиялық  және
картографиялық      материалдар      және      мәліметтер,.      Геодезиялық
картографиялықжұмыстар дегеніміз географиялық, картографиялық  топографиялық
гидрографиялық әуеғарыштық  және  гравиметриялық  материалдар,  олар  сандық
түрде болуы мүмкін.

Ұсынылатын әдебиет:
1. Чешев А.С.,  Вальков  В.Ф.  Основы  землепользования  и  землеустройства.
Ростов н/Д.: издательский центр «МарТ», 2002. – 544
2. Неумывакин Ю.К., Перский М.И. Земельно-кадастровые геодезические  работы.
М.: - КолосС, 2006. – 189
3. Қазақстан Республикасының Жер кодексі - 2004, 2005жж.
4. Қазақстан Республикасының Жер туралы заңнамасы - 2003ж.



№4 дәріс
Қалалық жерлерді жерге орналастыру

Дәріс мазмұны:
Қалалаық жердерді жерге орналастыру  түсінігі  және  елді  мекендерді  өңдеу
жұмыстарының ерекшелігі.

Қала аймақтарының жер кадастрлық жұмыстары «мемлекеттік жер кадастры»  (МЖК)
заңда жер кадастрының аймақтық зонасының анықтамасы анықталып, бекітілген.
МЖК-ның елді-мекен аймақтарындағы шешетін негізгі мәселелері:
   1)   Инспекциялық    (жерге   орналастыру   жұмысын   ұйымдастыру   және
      инвентаризациясы) – қала аймағындағы жермен байлаенысты мүліктің және
      онымен байлаысты жер ресурсын пайдалану.
   2) Фискальді (салықтық) – қаланың  белгілі  бір  территориясын  міндетті
      түрде сапасына қарай бағалау.
   3) Регистрациялық – жер участогын пайдалану жағдайын мемлекеттік құқығын
      пайдалана отырып мемлекеттік тұрғызу.
   4) Азаматтардың жерді пайдалануын ақпараттық қамтамасыз ету.
   Кадастрлық  ақпарат  дегеніміз  –  нысан  кадастрының  құқықтық,  табиғи,
   шаруашылық. Экономикалық және әлеуметтік жағдайы.
   Кадастрлық жұмыс дегеніміз  –  кадастрлық  нысандарың  аұқпараттандыратын
   әртүрлі жұмыстар.
   Қала  территориясындағы  кадастрлық   жұмыстар   төменденгідей   түрлерге
   бөлінеді:
  - жерге меншіктік құқық беретін куәлік алу.
  -  Жекеменшік  жерде  орналасқан  ғимараттар   туралы   мағлұмат   беретін
    инженерлік – кадастрлық жұмыстар.
  - Меншікке берілген нысандардың аймақтық кадастрлдық жұмыстары.
  - Қаланың әлеуметтік жұмыстарын қмтитын әлеуметтік жұмыстар.
 Аталған кадастрлық жұмыстар ақпарат беруде өзіндік сипатқа ие.  Бірақ  осы
 кадастрлық мақсаты біреу. Ол – мәліметтердің нақтылығы.
 Кадастрлық  құжаттар  дегеніміз  –  негізгі,   қосымша   және   өндірістік
 құжаттардың жиынтығы.
 Негізгі  қүжат  дегеніміз  –  кадастрдық  карталар,   кадастрлық   номерді
 тіркейтін журналдар және кадастрлық папка.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Чешев А.С.,  Вальков  В.Ф.  Основы  землепользования  и  землеустройства.
Ростов н/Д.: издательский центр «МарТ», 2002. – 544
2. Неумывакин Ю.К., Перский М.И. Земельно-кадастровые геодезические  работы.
М.: - КолосС, 2006. – 189
3. Маслов и др. Геодезические работы при землеустройстве. – М., 1980



№5 дәріс
Мемлекеттік құрылыс кадастры.

Дәріс мазмұны:
1. Құрылыстық кадастр құрылымы, мақсаты, жүргізу тәртібі.

Жер учаскелеріне салық салудың  негізгі  жүйесі  салықтық  немесе  фискальді
кадастр деп аталады.
өте  ерте  кезеңдерден  қазіргі  заманға  дейін  көптеген  елдерде  салықтық
шегінен ауытқып кетті.:
  - Аймақтың дамуына бағытталған  жобалар  мен  бағдарламалар  үшін  негізгі
    пайдалану көзі болып табылады.
  - Жер және басқа да мүлікті сатуды бағалап, реттейді.
  - Жер ресурсымен жұмыс істейтін  органдардың  жұмысына  қажет  мағлұматтар
    ьереді.
 Фискальді  кадастрдың  негізгі  мақсаты  салық  нысанына   жататын   мүлік
 бірліктерінің әрбіреуін анықтап зерттецйді.
 Мүлік бірліктеріне – жер участогы, тұрғын үй немесе құрылыс  өнімдері  бар
 жер учаскесі, үй  бөлігі,  мысалы,  квартира,  яғни  салық  салуға  мүмкін
 болатын барлдық мүліктер жатады.
 Шет елдерде фискальді кадастрдағы бірлік сөзінің орнына «парцелла» термині
 қолданылады. әрбір нысан салық салу  үшін  арнайы  жіктеледі.  Одан  кейін
 олардың әрбіреуінің  нарықтық  құндылығы  есептеледі.  Салықтың  төқленуін
 анықтап отыратын адам тағайындалады.  Бірақ  олар  мүліктің  иесі  болмауы
 керек.
 Кейбір мемлекеттерде салықтық заң бойынша мүлікті қолданатын немесе  жалға
 алған адамға міндетті түрде салық төлеу міндеттелген.
 Бірақ  дамған  мемлекеттердің   көпшілініде    жерге   немесе   басқа   да
 мүлікесалықты мүліктің иесіне салады.


Ұсынылатын әдебиет:
1. Чешев А.С.,  Вальков  В.Ф.  Основы  землепользования  и  землеустройства.
Ростов н/Д.: издательский центр «МарТ», 2002. – 544
2. Неумывакин Ю.К., Перский М.И. Земельно-кадастровые геодезические  работы.
М.: - КолосС, 2006. - 189



№6 дәріс
Елді – мекендерді инвентаризациялау.

Дәріс мазмұны:
Кадастрлық дешифрлеу.

Ұсынылатын әдебиет:
1. Чешев А.С.,  Вальков  В.Ф.  Основы  землепользования  и  землеустройства.
Ростов н/Д.: издательский центр «МарТ», 2002. – 544
2. Неумывакин Ю.К., Перский М.И. Земельно-кадастровые геодезические  работы.
М.: - КолосС, 2006. - 189



№7 дәріс
Өндірістік – камеральді жұмыстар.

Дәріс мазмұны:
Жер кадастры.

Ұсынылатын әдебиет:
1. Чешев А.С.,  Вальков  В.Ф.  Основы  землепользования  и  землеустройства.
Ростов н/Д.: издательский центр «МарТ», 2002. – 544
2. Неумывакин Ю.К., Перский М.И. Земельно-кадастровые геодезические  работы.
М.: - КолосС, 2006. – 189
3. Шайтура С.В. Географические информационные системы и методы их  создания.
– Калуга, изд. «Н. Бочкаревой», 1998



№8 дәріс
Қалалы аймақтардың жер шекарасын анықтау.

Дәріс мазмұны:
Кадастрлық түсіріліс.

Ұсынылатын әдебиет:
1. Шайтура С.В. Географические информационные системы и методы их  создания.
– Калуга, изд. «Н. Бочкаревой», 1998
2. Неумывакин Ю.К., Перский М.И. Земельно-кадастровые геодезические  работы.
М.: - КолосС, 2006. - 189



№9 дәріс
Фискальді кадастр.

Дәріс мазмұны:
Фискальді кадастрдың даму тарихы және негізгі аспектілері.

Ұсынылатын әдебиет:
1. Чешев А.С.,  Вальков  В.Ф.  Основы  землепользования  и  землеустройства.
Ростов н/Д.: издательский центр «МарТ», 2002. – 544
2. Шайтура С.В. Географические информационные системы и методы их  создания.
– Калуга, изд. «Н. Бочкаревой», 1998



№10 дәріс
Қала жерлері туралы жалпы түсінік.

Дәріс мазмұны:
Қала жерлерін кадастрлық бағалау.

Ұсынылатын әдебиет:
1. Чешев А.С.,  Вальков  В.Ф.  Основы  землепользования  и  землеустройства.
Ростов н/Д.: издательский центр «МарТ», 2002. – 544
2. Неумывакин Ю.К., Перский М.И. Земельно-кадастровые геодезические  работы.
М.: - КолосС, 2006. – 189



№11 дәріс
Қала жерлері.
Дәріс мазмұны:
Қалалық жерлерде мемлекеттік кадастрлық бағалау және анықтау.

Ұсынылатын әдебиет:
1. Чешев А.С.,  Вальков  В.Ф.  Основы  землепользования  и  землеустройства.
Ростов н/Д.: издательский центр «МарТ», 2002. – 544
2. Неумывакин Ю.К., Перский М.И. Земельно-кадастровые геодезические  работы.
М.: - КолосС, 2006. - 189



№12 дәріс
Жаңа геоақпараттық жүйелер.

Дәріс мазмұны:
   1. ГАЖ-дың негізгі құрылымы.
   2. Ақпараты өңдеу.

Ұсынылатын әдебиет:
1. Чешев А.С.,  Вальков  В.Ф.  Основы  землепользования  и  землеустройства.
Ростов н/Д.: издательский центр «МарТ», 2002. – 544
2. Неумывакин Ю.К., Перский М.И. Земельно-кадастровые геодезические  работы.
М.: - КолосС, 2006. - 189



№13 дәріс
Берілген модельдердің растрлық және векторлық түрі..

Дәріс мазмұны:
ГАЖ графикалық ақпаратты еңгізу тәсілдері.

Ұсынылатын әдебиет:
1. Чешев А.С.,  Вальков  В.Ф.  Основы  землепользования  и  землеустройства.
Ростов н/Д.: издательский центр «МарТ», 2002. – 544
2. Неумывакин Ю.К., Перский М.И. Земельно-кадастровые геодезические  работы.
М.: - КолосС, 2006. – 189
3. Шайтура С.В. Географические информационные системы и методы их  создания.
– Калуга, изд. «Н. Бочкаревой», 1998



№14 дәріс
ГАЖ тақырыптық ақпарат.

Дәріс мазмұны:
ГАЖ арқылы тапсырмаларды шешу.


Ұсынылатын әдебиет:
1. Шайтура С.В. Географические информационные системы и методы их  создания.
– Калуга, изд. «Н. Бочкаревой», 1998
2. Неумывакин Ю.К., Перский М.И. Земельно-кадастровые геодезические  работы.
М.: - КолосС, 2006. - 189


№15 дәріс
«Кадастрлық офис» программаларының пакеті.

Ұсынылатын әдебиет:
1. Чешев А.С.,  Вальков  В.Ф.  Основы  землепользования  и  землеустройства.
Ростов н/Д.: издательский центр «МарТ», 2002. – 544
2. Шайтура С.В. Географические информационные системы и методы их  создания.
– Калуга, изд. «Н. Бочкаревой», 1998


2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ (семинар) сабақтары

    1. Жер учаскесінің кадастрлық карточкасы.
    2. Елді мекендердің жерлерін экономикалық бағалау.
    3. Құжаттарды өңдеу жұмыстары.
    4. Таулы аймақтардағы ГАЖ функциясы, және құрылымы.
    5. Жер бетіне жер учаскесін шығару жобасы.
    6. Жер кадастры, жер бөлігінің құжаттарын дайындау.
    7. ГАЖ графикалық қабаттарымен танысу (Mapinfo программасы)
    8. Қала ауданының кадастрлық картасының электронды түрін жасау.
    9. Қаланың кадастрлық планының электронды түрін жасау.
   10. Қала секциясының кадастрлық планының электронды түрін жасау.
   11. Қала секциясының кадастрлық планының электронды түрін жасау





3 Студенттің өздік жұмысы (тақырыптары)

   1. Жер кадастрындағы мәліметтерді алу, сұрыптау  және өңдеу.
   2. Жерді пайдалану шекараларын қалыпқа келтіру және түсіру.
   3. Жер учаскелерінің ауданын аналитикалық тәсілмен жобалау  дәлдігі  және
      жобалаудың салыстырмалы дәлдігі.
   4. Жерді экономикалық тұрғыдан бағалау кезіндегі орындалатын жұмыстардың
      реті.Жер салығының пайыздық құныны есептеу.
   5. Жерге салынатын салықты есептеу.










Пәндер