Файл қосу

Ұрғашы донорларды іріктеу




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                      |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                  |
|МСЖ 3 деңгей құжаты      |ОӘК                      |ПОӘК П                   |
|                         |                         |042-18-22.1.13/02-2012   |
|ПОӘК - «Жануарлар        |№  1 басылым             |                         |
|биотехнологясы»          |                         |                         |
|пәнінің магистранттарға  |                         |                         |
|арналған оқу жұмыс       |                         |                         |
|бағдарламасы             |                         |                         |






                6М060700 – "Биология" мамандықтарына арналған


                         «Жануарлар биотехнологиясы»

                   ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ (ПОӘК)





            ПӘНІНІҢ МАГИСТРАНТҚА АРНАЛҒАН ОҚУ ЖҰМЫС  БАҒДАРЛАМАСЫ














                                 Семей- 2013


                                  Алғы сөз





          1.ӘЗІРЛЕГЕН


           Құрастырған________________«___»___________20__ж.          Семей
           қаласының  Шәкәрім  атындағы   мемлекеттік   университеті   “Мал
           шаруашылығы   және    аңшылықтану    морфология    негіздерімен”
           кафедрасының а.ш. ғ.к. профессор м.а. Нұржанова К.Х.


     2. ТАЛҚЫЛАНҒАН


           2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
           “Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен”
           кафедрасының мәжілісінде.
           «__»______________20__  ж.         № ___  хаттама.


           Кафедра меңгерушісі_____________ Тугамбаева С.


           2.2.Аграрлық факультетіның оқу - әдістемелік комиссия
      мәжілісінде.
           «___»_____________20___ ж.   № ___ хаттама


           Төрағасы_____________________ Тлеубаева А.


     3. БЕКІТІЛГЕН


           Университеттің оқу - әдістемелік кеңесі мәжілісінде  мақұлданып,
           басылымға ұсынылған.
           «___»_______________20___ ж.   № ___ хаттама.


           ОӘК төрағасы__________________Искакова Г.




      4. ТҰҢҒЫШ РЕТ ЕҢГІЗІЛГЕН








                                   Мазмұны


  1.  Қолдану саласы
    2.  Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
    3.  Пәндерді оқып-меңгеру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар
    4.  Курс форматы
    5.  Курс саясаты
    6   Баға қоюдың саясаты
    7.  Әдебиеттер



































      1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР


      1.1 Оқытушы және пән туралы мәліметтер
      Нұржанова Кульсара Халимарденовна., а.ш. ғ.к., профессор м.а.
      Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен     кафедрасы


          Байланыс ақпараты – телефоны 531970, № 7 оқу ғимараты
          Сабақ өтетін бөлмелер - 209
      Пәннің аты – «Жануарлар биотехнологиясы»
           Несие саны – 3 (үш)

      1.2  Пәннің қысқаша сипаттамасы
   Осы күнгі биотехнология табиғаттану ғылымдары ішінде ең  қарқынды  дамып
келе жатқан биология салаларының бірі, әрі мал шаруашылығында  алдағы  10-15
жылда  оның  алға  басуы  гендік  және   клеткалық   инженерияның   дамуымен
анықталмақшы. Қазіргі уақытта мал шаруашылығын өркендету  үшін  биололгиялық
ғылымдардың  барлық  жетістігін  пайдаланып,  олардың  гендік  мүмкіншілігін
жетілдіріп,  әсіресе  жеке  организм  дамуының  алғашқы  сатыларында   толық
гаплоидты хромосомаларды қайта құру үшін, оған  белсенді  араласып,  әртүрлі
әдістерді  жүйене  дамытуды  қамтамасыз  ету  үшін,  ірі  ауқымды   сұрыптау
тәсілдерін жүргізіп, мал өз ұрығынан көбеюдің  жаңа  биологиялық  әдістеріне
арналған генетиканың ең соңғы жетістіктеріне  сүйеніп,  қолдан  ұрықтандыру,
ерте ұрпақтарды  ауыстырып  қондыру,  ұрықтар  мен  жыныс  жасушаларын  ұзақ
мерзімге  сақтау  және  басқа   әдістердің   арқасында,   ұрық   өскіндерің,
трансгендік жануарларды алу қажет.


    3.   Пәнді оқытудың мақсаты
      Осы курстың  негізгі  мақсаты  магистранттар  асыл  тұқымды  малдардың
тектік  түрлерін  пайдалануға   жасушалық,   гендік   инженерия   тәсілдерін
зерделеп, оларды жетілдіру жолдарын игеріп,  келешекте  малдардың  ең  құнды
түрін шығаруды үйренуде.

    4. Пәннің негізгі міндеттері
    1) ауыл шаруашылығы биотехнологиясының зерделеу бағыттары және  зерттеу
       әдістері;
    2) жануарлар биотехнологиясының  басқа  биологиялық  ғылымдар  ішіндегі
       алатын орнын анықтау;
    3) онтогенездік дамудың жасушалық және молекулалық-генетикалық  негізін
       зерделеу;
    4)  мал  шаруашылығында  қолданылатын  себінді,  эмбриоинженерия   және
       трансплантация  әдістерін меңгеру.


    5.  Пәнді оқып-меңгерудің нәтижелері
        Пәнді толық өткен магистрант:
• зертханада жануарлардың ұрпақтануының ілімдік негіздерін  және  жануарлар
  көбеюінің әртүрлі әдістерін қолдануды меңгереді;
•  биотехнологиялық  зерттеу  жұмыстары  бойынша  тәжірибелік  қабілеттерін
  жетілдіреді;
• сұрыптау  –  асылдандыру  жұмыстарын  ұйымдастыруды  терең  біледі,  алға
  қойылған  мақсаттарға  орай,  эмбриоинженериясы   әдістерін   пайдаланып,
  қажетті зерттеулермен шұғылдана алады;
• биотехнологияның әртүрлі салалары бойынша білімдерін жетілдіреді.

    6.    Курстың    пререквизиті:«Цитология»,    «Генетика»,    «Жануарлар
       физиологиясы».
    7.   Курстың  постреквизиті:  «Жеке   тұлғалық   дамудың   биологиясы»,
       «Молекулалық биология», «Биологияны оқыту әдістемесі».


         2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ


                                                                     1-кесте


    |№   |Тақырып атауы                    |Сағат саны                            |
|п/п |                                 |                                      |
|    |                                 |Д   |ЗС   |МОӨЖ    |МӨЖ   |Әдебиеттер |
|1   |2                                |3   |4    |5       |6     |7          |
|1 Модуль Жануарлардың өсіп-өну негіздері                                     |
|1 Блок Жануарлардың өсіп-өнуінің биологиясы                                  |
|1   |Кіріспе. Жануарлар               |1  |2     |4.5    |1.5    |2,4,6,7    |
|    |биотехнологиясы пәні, міндеттері |   |      |       |       |           |
|    |және әдістері. Жануарлар         |   |      |       |       |           |
|    |биотехнологиясының қысқаша даму  |   |      |       |       |           |
|    |тарихы.                          |   |      |       |       |           |
|2   |Жануарлардың өсіп-өнуінің        |1  |2     |4.5    |1.5    |1,3,8,11   |
|    |биологиялық негіздері.           |   |      |       |       |           |
|3   |Биотехнологияның селекциялық     |1  |2     |4.5    |1.5    |1,2,12,14  |
|    |аспектілері.                     |   |      |       |       |           |
|4   |Ұрғашы-донорларды ұрықтандыру    |1  |2     |4.5    |1.5    |1-5, 14    |
|    |және суперовуляция.              |   |      |       |       |           |
|5   | Эмбриондарды трансплантациялау. |1  |2     |4.5    |1.5    |2-6, 13    |
|2 Блок  Эмбриондарды қолдан өсіруді зерттеу                                  |
|6   |Гаметалардың биологиялық мәні    |1  |2     |4.5    |1.5    |1-5, 14    |
|    |және оларды өсіру.               |   |      |       |       |           |
|7   |Гаметаларды ұрықтандыру және     |1  |2     |4.5    |1.5    |2-6, 13    |
|    |эмбриондарды in vivo өсіру.      |   |      |       |       |           |
|8   |Гаметаларды ұрықтандыру және     |1  |2     |4.5    |1.5    |2-10       |
|    |эмбриондарды in vivo өсіру.      |   |      |       |       |           |
|2 Модуль  Алдын-ала жоспарланған жануарларды алу.                            |
|1 Блок  Гаметалардың және эмбриондардың криобанкі                            |
|9   |Бағалау, селекция, гаметалар мен |1  |2     |4.5    |1.5    |1,3,8,11   |
|    |эмбриондарды таңдау.             |   |      |       |       |           |
|10  |In vitro-да гаметасын өсіру және |1  |2     |4.5    |1.5    |3-7, 9, 11 |
|    |ұрықтандыру.                     |   |      |       |       |           |
|11  | Гаметалардың және эмбриондардың |1  |2     |4.5    |1.5    |           |
|    |криобанкі.                       |   |      |       |       |           |
|2 Блок ДНҚ деңгейіндегі микроманипуляция                                     |
|12  |Молекулалық биотехнология        |1  |2     |4.5    |1.5    |1-5, 14    |
|    |негіздері.                       |   |      |       |       |           |
|13  |ДНК-ң клондау және секвенир      |1  |2     |4.5    |1.5    |2-6, 13    |
|    |векторлары.                      |   |      |       |       |           |
|3 Блок Ген инженериясындағы микротехнология                                  |
|14  |Жануарлар клеткасының  ядро      |1  |2     |4.5    |1.5    |2,4,6,7    |
|    |деңгейіндегі микротехнологиялары.|   |      |       |       |           |
|15  |Трансгенді, клонды және химерлі  |1  |2     |4.5    |1.5    |1,3,8,11   |
|    |жануарлар.                       |   |      |       |       |           |
|Итого                                 |15 |30    |67,5   |22,5   |           |


1. ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-МЕҢГЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР


      Тәжірибелік  сабақтарға  дайындалу  барысында  міндетті  түрде   оқу-
әдістемелік нұсқаулықтарды  (ПОӘК 3), дәрістерді,  пәннің  оқыту  құралдарын
балдын-ала  оқып  келуі  қажет.  Сабақтың  мақсатына,  сабаққа   дайындалуға
қажетті негізгі сауалдарға, сабақтың мазмұнына назар  аудару  керек.  Пәннiң
әр дәрiсiнен  кейiн  ұсынылған  сұрақтар  мен  тестерге  жауап  берiп,  оған
қайтаратын жауапты жинақтап  қорытып,  күмәндiк  туса,  алдын  ала  дәрiстен
оқып, оны толық түсiнiп, дәрiске, сабаққа дайын болып келген жөн.
     Зертханалық сабақтар  мынадай түрде өтеді:
       ➢ сауалдар – тақырыптың негізгі сауалдарын талқылау
       ➢ ситуациялық тапсырмаларды зертханалық тәжірибе түрінде орындаған
         магистранттардың өздік жұмыстары.
        Межелік бақылау әр апта сайын өткізіледі.

    Зертханалық жұмыстардың қысқаша мазмұны.
    1-ші зертханалық жұмыс. Жануарлар биотехнологиясы пәні, әдістері және
міндеттері.


    Жұмыстың мақсаты: «Жауарлар биотехнологиясы» ғылымымен және мал
шаруашылығындағы эмбриоинженерияның әдістерімен танысу.
    Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған
әдістемелік ұсыныстар:
    1. Тақырыптың бақылау сұрақтарын теориялық талқылау.
    2. Мал шаруашылығында эмбриоинженерлік зерттеулердің    молекула
       деңгейіндегі және клетка деңгейіндегі мәнін ашу.


      Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған
сұрақтар:
     1. Генетикалық жобаланған организмдер табиғи биологиялық әртүрлілікке
        әсер етуі мүмкін бе?
     2. Неліктен мал шаруашылығында  селекцияның дәстүрлі әдістері
        биотехнологияның тәсілдері мен әдістерінсіз жүргізіле алмайды?
     3. Қазақстанда жануарлар биотехнологиясы қалай дамуда?


        2-ші зертханалық жұмыс. Жануарлардың репродуктивті аппаратының
        биологиялық мәні.


      Жұмыстың мақсаты: Жануарлардың түріне және   жыныстық  ерекшеліктеріне
байланысты репродуктивті аппараттарын  зерттеу.  Жануарлардың  репродуктивті
жүйесімен магистранттар суреттер мен сызбаларға қарап, танысады  .


    Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған
әдістемелік ұсыныстар:
     1. Ауыл шаруашылық малдардың негізгі түрлерінің ішіндегі ұрғашы малдың
        репродуктивті мүшелерін зерттеу, кестені толтыру.
     2. Ауыл шаруашылығы малдарының ұрғашы және еркек дараларының  жыныстық
        мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін зерттеу.


      Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған
сұрақтар:
     1. Жыныстық ерекшеліктеріне байланысты  жануарлардың  жыныс  жүйесінің
        биологиялық мәні қандай?
     2.  Жыныстық  ерекшеліктеріне  байланысты  жануарлардың  жыныс  жүйесі
        қандай мүшелерден тұрады?
     3.  Еркек және ұрғашы малдарда қай жыныс мүшесі жұп болып келеді?
     4. Малдардың  жыныс  жүйесіне  жататын  әрбір  мүше  қандай  қызметтер
        атқарады?


      3-ші зертханалық жұмыс. Жануарлардың гаметаларының биологиялық мәні.


    Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған
әдістемелік ұсыныстар:
    1. Сперматозоидтың морфологиялық мәнін зерттеу.
    2. Сперматозоидтың даму кезеңін зерттеу.
    3. Жұмыртқа клеткасының морфологиялық мәнін зерттеу.
    4. Мейоздың редукциялы және эквациялы бөліну ерекшеліктерімен танысу.


      Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған
сұрақтар:
     1. Гаметаларға қандай биологиялық қасиеттер тән?
     2. Акросома қандай қызмет атқарады?
     3. Неліктен бірдей ортақ биологиялық қызметтер атқаруына қарамастан
        жұмыртқа клеткасы сперматозоидтан ерекше болып келеді?
     4. Неліктен гаметогенез барысында жұмыртқа клеткаларына қарағанда
        сперматозоидтар көп мөлшерде түзіледі?


      4-ші зертханалық жұмыс. Жануарлардың биотехнологиялық резерві.


      Жұмыстың мақсаты: магистранттардың дайындаған тақырыптарын тапсыру
есебі.
    Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      Магистранттар оқытушымен бірге өткен  тақырыптарды талқылайды. Содан
кейін «дөңгелек стол» өткізіліп, магистранттар өздерінің дайындаған
рефераттық жұмыстарын тапсырады.


      5-ші зертханалық жұмыс. Ұрғашы донорларды іріктеу.


      Жұмыстың мақсаты: аналықтарды іріктеп алу ережелерімен танысу.
    Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған
әдістемелік ұсыныстар:
    1.  Из  племенного  ядра  отобрать  баранов-производителей  (2  гол)  и
       овцематок-доноров (10 гол) породы 1.
    2. Зерттеуге іріктеліп алынған жануарлардың өнімділік ерекшеліктерін
       сипаттау.

      Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған
сұрақтар:
     1. «Іріктеу» терминін қалай түсінеміз?
     2. Самец-производитель и самец-пробник: оларды қолдану ерекшеліктері?
     3. Үйірдің өсіп-өнуіне жануарлардың қай түрі белсенді қатысады?


        6-шы зертханалық жұмыс. Ұрғашы-реципиенттерді іріктеу.


      Жұмыстың мақсаты: Аналықтарды іріктеп алу ережелерімен танысу.


    Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған
әдістемелік ұсыныстар:
    1. Реципиент- жатырды іріктеу үш кезеңнен тұрады.
    Бірінші кезеңде реципиент  ретінде  екінші   тұқымды  қой  жатырларының
барлығы қатыса алады; бұлар өнімділік көрсеткіштері  бойынша  екінші  класқа
жатқызылғандар, яғни физиологиялық тұрғыда жетілген (2,5-3,5 жас), сау  және
жақсы өсіп-өну қасиеттеріне ие.  Бұл  кезеңде  қолданыстағы  үйірдің  ішінен
жоғарыдағыда  көрсетілген   іріктеу  критерилеріне  сәйкес  іріктеп  аламыз.
Іріктеп алынған реципиенттер шамамен 100-300 бас (бірінші тұқымды донор қой-
жатырының 1 басына  екінші тұқымды  реципиент  қой  жатырынан  10-30  бастан
келеді деп есептегенде).
    2. Әзірленген бірінші тұқымды донор қой жатырларына қолданыстағы екінші
       тұқымды реципиент қой жатырын іріктеп алу (іріктеудің үшінші кезеңі
       – 30 бас).
       Алынған нәтижелер бойынша кесте құру.
    3. Зерттеуге іріктелініп алынған жануарлардың өнімділік ерекшеліктерін
       сипаттау.


      Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған
сұрақтар:
       1. Реципиенттерді іріктеп алу үшін қандай талаптарды сақтау қажет?
       2. Реципиенттерді саны жағынан қажет мөлшерде іріктеп алу  неше
          кезеңнен тұрады?
       3. Бірінші кезеңде бір донорға неше реципиент іріктеп алады?


      7-ші зертханалық жұмыс. Аналықтарды іріктеу: аналық-донор және аналық-
реципиент.
       Жұмыстың мақсаты: Аналықтарды іріктеу: аналық-донор және аналық-
реципиент.
      Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған
әдістемелік ұсыныстар:
     1. Күйлеу синхронизациясына қарай  донор  мен  реципиент  араларындағы
        өзара байланысты анықтау.
     2. Сұрыптаудан кейін  биологиялық  жетілген  эмбриондарды  дайындалған
        реципиенттің гениталиіне салады. Сондықтан  іріктеудің  бұл  кезеңі
        соңғы кезең болып табылады. Неғұрлым аналық-донорлардан биологиялық
        жетілген эмбриондарды көп алса соғұрлым аналық-реципиенттер  көптеп
        қолданылады  (эмбриондарды  көшірудің  негізгі   ережелерін   дұрыс
        сақтағанда ғана).
     3. Алынған мәліметтер бойынша селекциялық анализ жасандар.
        Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған
        сұрақтар:
      1. Екінші кезеңде бір донорға неше реципиент дайындайды?
      2.Үшінші кезеңде бір донорға неше реципиент дайындайды?
      3.Ұрғашы-донор мен ұрғашы-реципиенттердегі күйекті қалай анықтайды?
      4.Аналықтарды  іріктеу барысында қандай маңызды жағдайларды ескеру
      қажет?


      8-ші зертханалық жұмыс. Жануарлар биотехнологиясының тәжірибелік
      негіздері.


      Жұмыстың мақсаты: Магистранттардың білімдерінің сапасын бағалау.
      Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      Магистранттар  билет  тандап  алып,  сұрақтарға  жазбаша  түрде  жауап
береді. Тапсырма жұмыс дәптерінде орындалады. Сабақтың  соңында  дәптерлерді
оқытушыға тапсырамыз, оқытушы бұл сабақ  үшін  2  баға  қояды:  біріншісі  –
өздік жұмыстарының орындалу сапасына, екіншісі – коллоквиумге қойылады.


      9-шы зертханалық жұмыс. Суперовуляцияланған фолликулогенез.


      Жұмыстың  мақсаты:  Суперовуляцияланған  фолликулогенезді   сипаттаушы
процестерді зерттеу. Суперовуляция үшін қолданатын  гормонды  препараттармен
танысу.
      Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      1.Жануарлардың  гонадаларының функциональдық, анатомиялық және
гистологиялық мәнін зерттеу, кестені толтыру.
      2.Мал шаруашылығында ұрғашы малдардың жыныстық циклдарын реттеу  үшін
қолданатын гормонды препараттарды зерттеу.
      3.Гонадотропин ФСГ  арқылы  суперовуляция  жасалынған  сиыр-донорларға
гормондық әсерлердің сызбаларын  зерттеу, кестені толтыру.


        Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған
        сұрақтар:
      1.Суперовуляцияланған фолликулогенезде  гипоталамус,  гипофиз,  яичник
араларындағы байланыс реакциясын қалай сипаттап беруге болады?
      2.Организмге әсер етуіне байланысты жыныс гормондарын қалай жіктейді?
      3.  Суперовуляцияланған   ұрғашы-донорларды   ұрықтандырғанда   қандай
өзгерістерді ескері қажет?
      4.Күйекті синхрондау  үшін қандай гормондарды қолданады?
      5.Неліктен қой шаруашылығында  күйлеуді  синхрондау  үшін  гормондарды
қолданбайды?


      10-шы зертханалық жұмыс. Суперовуляция деңгейі.


      Жұмыстың мақсаты: Суперовуляция деңгейін анықтау әдістемесін зерттеу.
      Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      1.Донорға  есептегендегі  суперовуляция  деңгейін  және  физиологиялық
критерилерге байланысты алынған вариацияны анықтау.
      2.Алынған деректер бойынша  клеткалық  анализ  жасау.  Ол  үшін  кесте
толтырыныз.


        Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған
        сұрақтар:
      1.Қандай жағдайларда суперовуляция сәтті болады?
      2.Қандай көлемдегі фолликулалар экзогормодарға оң әсер етеді?
      3.Овуляция нормасы және суперовуляция деңгейі нені көрсетеді?


      11-ші зертханалық жұмыс. Суперовуляция деңгейіне әсер етуші факторлар.


      Жұмыстың  мақсаты:  Суперовуляция  деңгейіне  әсер  етуші  факторларды
зерттеу.
      Жұмыс  барысына  және  эксперименттік  мәліметтерді  өңдеуге  арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      1.Суперовуляция деңгейіне әсер етуші факторларды анықтау  және  анализ
жасау.


        Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған
        сұрақтар:
      1.Суперовуляция барысына қандай факторлар әсер етеді?
      2.Суперовуляция деңгейіне қандай факторлар әсер етеді?
      3.Овуляция нормасына қандай факторлар әсер етеді? Овуляцияның  нормасы
қандай көрсеткіштерге байланысты?


       12-ші зертханалық жұмыс. Эмбриондарды транспантациялау әдістері.


      Жұмыстың мақсаты: Эмбриондарды транспантациялау әдістерін үйрену  және
осы әдістерді ауыл шаруашылығы  малдарының  түрлерік  ерекшеліктеріне  қарай
қолдану.
      Жұмыс  барысына  және  эксперименттік  мәліметтерді  өңдеуге  арналған
әдістемелік ұсыныстар:
     1.   Мал  шаруашылығындағы  эмбриондарды  транспантациялау   әдістерін
        зерттеу және кесте толтыру.
     2.  Қолданылған трансплантация   әдісіне  байланысты  эмбрионның  даму
        сатысын зерттеу.


        Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған
        сұрақтар:
      1.Мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау әдісін тандап  алу
неге байланысты?
      2.Эмбриондарды  трансплантациялау  әдісі   қандай   хирургиялық   және
хирургиялық емес тәсілдер бойынша жүргізіледі?
      4.  Эмбриондарды  трансплантациялау  әдісін  тандап  алу  жануарлардың
түрлік ерекшеліктеріне әсер етедіме?


      13-ші зертханалық жұмыс. Эмбриотрансплантацияның теориялық негіздері.


      Жұмыстың мақсаты:  Магистранттардың білім сапасын бағалау.
      Жұмыс  барысына  және  эксперименттік  мәліметтерді  өңдеуге  арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      Магистранттар билет  тандап  алып,  сұрақтарға  жпазбаша  түрде  жауап
береді. Тапсырма жұмыс дәптерінде орындалады. Сабақтың  соңында  дәптерлерді
оқытушыға тапсырамыз, оқытушы бұл сабақ  үшін  2  баға  қояды:  біріншісі  –
өздік жұмыстарының орындалу сапасына, екіншісі – коллоквиумге қойылады.




      14-ші зертханалық жұмыс. Бағалау, селекция, гаметаларды таңдау.


      Жұмыстың мақсаты: Бағалау шкаласымен және  селекцияның  принциптерімен
танысу,  гаметаларды тандау.
      Жұмыс  барысына  және  эксперименттік  мәліметтерді  өңдеуге  арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      1.Кесте толтыру  арқылы  фолликулалардың,  сперматозоидтардың  сапасын
бағалау әдістерін зерттеу.
      2.Селекциямен  және  фолликулалар   мен   сперматозоидтарды   тандауға
байланысты сауалдарға жауап табу  жолдарымен  клетка  селекциясының  негізін
зерттеу.


      Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған
сұрақтар:
      1.Сперма мен фолликулалардың сапасын  қандай  көрсеткіштер  сипаттайды
және оларды сұрыптағанда қандай принциптерді ұстану қажет?
      2.Гаметалар селекциясында қандай шкала қолданылады?
      3.Қандай жағдайларда сперматозоидтар мен фолликулалардың сапасын
бағалау қажет?


      15-ші зертханалық жұмыс. Бағалау, селекция және эмбриондарды тандау.


       Жұмытың мақсаты:  Бағалау шкаласымен және селекцияның  принциптерімен
танысу,  эмбриондарды тандау.
      Жұмыс  барысына  және  эксперименттік  мәліметтерді  өңдеуге  арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      1.Кестені   толтырыңыз   «Биологический    стандарт    развития    для
предимплантационных эмбрионов млекопитающих».
      2.Селекциямен және эмбриондарды тандаумен байланысты сауалдарға  жауап
табу жолымен клетка селекциясының негізін зерттеу, кесте толтыру арқылы.


      Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған
сұрақтар:
      1.Эмбриондардың  сапасын қандай көрсеткіштер  сипаттайды  және  оларды
сұрыптағанда қандай принциптерді ұстану қажет?
      2.Эмбриондар селекциясында қандай шкала қолданылады?
      3.Қандай жағдайларда эмбриондардың сапасын бағалау қажет?


      16-шы зертханалық жұмыс. Ұрықтандыру және гаметалар мен эмбриондарды
қолдан өсіру.


      Жұмыстың мақсаты: Ұрықтанудың биологиялық мәнін зерттеу және гаметалар
мен эмбриондарды өсірудің әдістерімен танысу.
      Жұмыс  барысына  және  эксперименттік  мәліметтерді  өңдеуге  арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      1.Ұрықтану және эмбриондарды өсірудің теориялық негізін кесте  толтыру
арқылы зерттеу.
      2.Ұрықтану   барысында  гаметалардың  жақындау  процесіне  әсер  етуші
негізгі биологиялық фактоларды зерттеу.


      Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған
сұрақтар:
      1.Гаметаларды өсіруде және эмбриондарды өсіруде қандай әдістер
қолданылады?
      2.Гаметаларды ұрықтандырудың әдістері?
      3.Экстрокорпоральды ұрықтандырудың әдістемесін сипаттау?
      4.in vitro гаметаларын ұрықтандыруға әсер етуші факторлар?


      17-ші зертханалық жұмыс. Гаметалар мен эмбриондардың криобанкі.


      Жұмыстың мақсаты:  Гаметалар  мен  эмбриондарды  мұздатудың  теориялық
аспектілері және криоонсервация мен витрификация әдістерімен танысу.
      Жұмыс  барысына  және  эксперименттік  мәліметтерді  өңдеуге  арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      1.Биологиялық  объектілерге  төмен  температурамен  әсер  ете   отырып
гаметалар мен эмбриондардың жарақаттануымен және температуралық  зоналарымен
танысу.
      2.Төменгі    температураның    әсерінен     биологиялық     жүйелердің
жарақаттануының екі факторлы теориясын ашу.


      Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған
сұрақтар:
      1.Криоконсервация әдісін қандай мақсатта қолданады?
      2.Гаметалар мен эмбриондардың криоконсервация әдістері?


      18-ші зертханалық жұмыс. Мал шаруашылығындағы биотехнология әдістері.
      Жұмыстың мақсаты: Магистранттардың даярлаған тақырыптары бойынша  есеп
беру.
      Жұмыс  барысына  және  эксперименттік  мәліметтерді  өңдеуге  арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      Семинарға магистранттар зерттелген өздік  жұмыстарымен  қатысады.  Әрі
магистрант көрнекілік құралдар қолдануы тиіс.


      19-20-шы зертханалық жұмыстар. Ооцитер мен эмбриондар арасындағы өзара
байланыс.


      Жұмыстың мақсаты: Эмбриондарды жуу  барысында  алынған  биоматериалдың
құрамын анықтауға қолданылатын әдістерді меңгеру.
      Жұмыс  барысына  және  эксперименттік  мәліметтерді  өңдеуге  арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      1.Биоматериалдың құрамын зерттеу.
      2.Донор санымен эмбриондардың шығуын есептеу.
      3.Биологиялық жетілген эмбриондардың шығуын анықтау.
      2.1.Жұмыстың  осы   кезеңіндегі   сәтсіздіктерді   пайызбен   анықтау.
2.Эмбриондардың  шығуына  суперовуляция  деңгейі  мен  гормондық  әсерлердің
сызбасының әсерін анықтау. 3.Алынған  овуляциялар,  шыққан  эмбриондар  және
биологиялық жетілген  эмбриондар  аралығындағы  сандық  өзара  байланыстарды
бағалау.  4.Даму  кезеңіне  байланысты  эмбриондардың  биологиялық  жетілуін
бағалау.


      21-22-ші  зертханалық  жұмыстар.  Донор,   эмбрион,   реципиент   және
трансплантант араларындағы өзара байланыстар.


      Жұмыстың  мақсаты:  Донор,  эмбрион,  реципиент   және   трансплантант
араларын  «дұрыс»  физиологиялық  және  биохимиялық   өзара   байланыстармен
қамтамасыз ететін факторларды анықтау және зерттеу.


      Жұмыс  барысына  және  эксперименттік  мәліметтерді  өңдеуге  арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      1. Определить процент суягности для 30 использованных в трансплантации
реципиентов.
      2.  Определить  процент  приживляемости   для   трансплантируемых   68
эмбрионов.


      Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған
сұрақтар:
      1.Трансплантация кезінде эмбриондардың тірі қалуына қандай фактор әсер
етеді?
      2.Хирургиялық  және  хирургиялық  емес  әдістермен  трансплатацияласа,
эмбриондарды қай даму кезеңінде  қолдануға болады?
      3.Донор,  эмбрион,  реципиент  пен  трансплантант  араларындағы  өзара
байланыстарды анықтау үшін қандай көрсеткіштерді қолданады?


      23-24-ші зертханалық жұмыстар.  Трансплантанттың  өнімділік  сапасының
қалыптасуына  аналық эффектінің әсері.


      Жұмыстың мақсаты: Трансплантанттың  бойы мен дамуына аналық эффектінің
әсері.
      Жұмыс  барысына  және  эксперименттік  мәліметтерді  өңдеуге  арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      1.Алынған қозы-трансплантанттарының бойы мен дамуын зерттеу.
      2.Аналық  эффектінің  қой-трансплантанттарының   өнімділік   сапасының
қалыптасуына әсерін анықтау.
      3.Жасалған жұмыстардың экономикалық нәтижесін анықтау.


      25-ші зертханалық жұмыс. Мал шаруашылығындағы биотехнологиялық анализ.


      Жұмыстың мақсаты: Магистранттардың даярлаған тақырыптары бойынша  есеп
беруі.
      Жұмыс  барысына  және  эксперименттік  мәліметтерді  өңдеуге  арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      Семинарға магистранттар зерттелген өздік  жұмыстарымен  қатысады.  Әрі
магистрант көрнекілік құралдар қолдануы тиіс.




      26-шы зертханалық жұмыс. Биотехнологияның молекулалық негіздері.


      Жұмыстың мақсаты: Биотехнологияның молекулалық негізін зерттеу.
      Жұмыс  барысына  және  эксперименттік  мәліметтерді  өңдеуге  арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      1.Нуклеотид – нуклеин қышқылының бірлігі.
      2.ДНҚ репликациясының графикалық моделі.
      3.Белок синтезіндегі гендік бақылаудың графикалық моделі.


      Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған
сұрақтар:
      1.Жануар организмінде ДНҚ мен РНҚ қандай қызмет атқарады?
      2.ДНҚ ненің орталығы болып табылады?
      3.Белок синтезінің гендік бақылауы қалай жүзеге асады?
      4.Прокариот   және   эукариот   транскрипциясының   арасында    қандай
айырмашылық бар?




      27-ші зертханалық жұмыс. Рекомбинантты ДНҚ


      Жұмыстың мақсаты:  Рекомбинантты  ДНҚ-ны  конструктрлеу  және  клондау
принциптерін зерттеу.
      Жұмыс  барысына  және  эксперименттік  мәліметтерді  өңдеуге  арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      1.Келесі терминдерге анықтама мен түсінік  беріндер:  клондау,  гендер
банкі, геном кітапханасы, секвенирлеу, скрининг, рекомбинантты ДНҚ, фермент-
рестриктер, вектор, космид.


      Өзін-өзі тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған
сұрақтар:
      1.рДНҚ молекуласы?
      2.Вектор қандай қасиеттерге ие болуы қажет?
      3.Секвенир қандай мақсатта жүргізіледі?
      4.Скрининг қалай жүзеге асырылады?


      28-29-шы  зертханалық  жұмыстар.  Трансгенді,  клонды   және   химерлі
жануарлар.


      Жұмыстың мақсаты: Трансгенді, клонды және химерлі  жануарларды  алумен
байланысты процедураларды зерттеу.
      Жұмыс  барысына  және  эксперименттік  мәліметтерді  өңдеуге  арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      1.Мал шарашылығында молекулалық деңгейде эмбриоинженерия  жұмыстарының
кезеңдерін зерттеу.
      2.Трансгенді жануарларды алудың принциптерін зерттеу.
      3. Клонды жануарларды алудың принциптерін зерттеу.
      4. Химерлі жануарларды алудың принциптерін зерттеу.


      30-шы зертханалық жұмыс. Эмбриоинженерияның теориялық негіздері.
      Жұмыстың мақсаты: Магистранттардың білім сапасын тексеру.
      Жұмыс  барысына  және  эксперименттік  мәліметтерді  өңдеуге  арналған
әдістемелік ұсыныстар:
      Магистранттар  билет  тандап  алып,  сұрақтарға  жазбаша  түрде  жауап
береді. Тапсырма жұмыс дәптерінде орындалады. Сабақтың  соңында  дәптерлерді
оқытушыға тапсырамыз, оқытушы бұл сабақ  үшін  2  баға  қояды:  біріншісі  –
өздік жұмыстарының орындалу сапасына, екіншісі – коллоквиумге.  қойылады.


      МОӨЖ аудиториялық сабақ тақырыптарының ауқымды оқытудың  түрі  ретінде
орындалады, кеңестер бекітілген уақыттарда өткізіледі,  бақылау  әрбір  апта
сайын жүргізіледі.
      МӨЖ  баяндама, презентация, тақырыптық ғылыми ізденіс  жұмысы  түрінде
орындалады.
      МӨЖ  әрбір апта сайын тексеріледі.
      МБ 7 және 15 аптада ауызша алынады.


      4  КУРС ФОРМАТЫ
      Теориялық (дәріс) мағлұматтарды меңгеру  барысында  тезаурустық  оқыту
тәсілінің элементтері  қолданылады,  әрі  білім  алушылар  мамандықтың  жеке
(профессионалды)  тезаурусын  қалыптастыыру қажет.
      Аудиториялық сабақтар жеке тапсырмаларды  және  графикалық  жұмыстарды
орындау түрінде өткізіледі. Сабаққа дайындалу жүйелі  сипатта  болғаны  жөн,
әдістемелік үсыныстарды міндетті түрде өздерінше оқуы қажет.
      МӨЖ  баяндама, презентация, тақырыптық ғылыми ізденіс  жұмысы  түрінде
орындалады, әрі міндетті  түрде  орындалып,  көрсетілген  уақытта  өткізілуі
тиіс.
      Межелік бақылау ауызша  өткізіледі.  Межелік  аттестацияның  қорытынды
бағалары магистранттардың  дәріске  және  тәжірибелік  сабақтарға  қатысуын,
тәжірибелік сабаққа дайындықтарын, МОӨЖ мен  МӨЖ  орындап  және  көрсетілген
уақытында тапсырылуын толықтай қамтып қойылады.
      Емтихан жазбаша түрде өткізіледі.




      5 КУРС САЯСАТЫ
      Біздің бірлесіп істеген жұмыстарымыз келесідегідей ережелерге
негізделіп жүргізіледі:
  • Оқытушы мен магистрант бір-біріне сыйластықпен қарау керек.
  •  Сабақ  барысындағы  ережені  бұзған  кез-келген   тәртіпсіздік   қатаң
    жазаланады,   аудиториядан  шығарылады,  ал  сабаққа  белсенді   қатысу
    ескеріледі.
  • Сабаққа кешікпей дәл уақытында келу керек және сабаққа  міндетті  түрде
    қатысу қажет.
  • Орынсыз босатқан сабақтар және кешіктіріліп тапсырған тапсырмалардың
    бағасы электрондық журналда автоматты түде төмендейді.
  • Білімді бағалау балдық-рейтингтік жүйе негізінде қойылады.




      6   БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ


      «Жануарлар биотехнологиясы» пәні бойынша балдық бағалау.
                                                                     2-кесте
|Апта    |Бақылау түрі                                 |Барлық   |Ескерту    |
|        |                                             |балдар   |           |
|1       |2                                            |3        |4          |
|        |Барлық сабаққа қатысу  1 аптадан 7 аптаға    |30       |           |
|        |дейін                                        |         |           |
|1       |Ағымды бағылау 16 балл. МОӨЖ 7 балл,МӨЖ 12   |35       |           |
|        |балл                                         |         |           |
|2       |Ағымды бағылау 16 балл. МОӨЖ 7 балл, МӨЖ 12  |35       |           |
|        |балл                                         |         |           |
|3       |Ағымды бағылау 16 балл. МОӨЖ 7 балл, МӨЖ 12  |35       |           |
|        |балл                                         |         |           |
|4       |Ағымды бағылау 16 балл. МОӨЖ 7 балл, МӨЖ 12  |35       |           |
|        |балл                                         |         |           |
|5       |Ағымды бағылау 16 балл. МОӨЖ 7 балл, МӨЖ 12  |35       |           |
|        |балл                                         |         |           |
|6       |Ағымды бағылау 16 балл. МОӨЖ 7 балл, МӨЖ 12  |35       |           |
|        |балл                                         |         |           |
|7       |1 межелік бақылау                            |60       |           |
|1 аптадан 7 дейін оқыту нәтижесі бойынша жиынтық балл |300      |           |
|        |Барлық сабаққа қатысу  8 аптадан 15 аптаға   |30       |           |
|        |дейін                                        |         |           |
|8       |Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10  |30       |           |
|        |балл                                         |         |           |
|9       |Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10  |30       |           |
|        |балл                                         |         |           |
|10      |Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10  |30       |           |
|        |балл                                         |         |           |
|11      |Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10  |30       |           |
|        |балл                                         |         |           |
|12      |Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10  |30       |           |
|        |балл                                         |         |           |
|13      |Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10  |30       |           |
|        |балл                                         |         |           |
|14      |Ағымды бағылау 15 балл. МОӨЖ 5 балл, МӨЖ 10  |30       |           |
|        |балл                                         |         |           |
|15      |2 межелік бақылау                            |60       |           |
|8 аптадан 15 дейін оқыту нәтижесі бойынша жиынтық балл|300      |           |
|Емтихан үшін жиынтық балл                             |400      |           |
|Академиялық кезеңдегі жиынтық балл                    |1000     |           |



     7. НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР
1. Бегимкулов Б.К. Генетика, Алматы, 2000.
  7.1.2 Бегимкулов Б.К. Молекулярная  генетика  с  основами  биотехнологии,
  Алматы, 1996.
  7.1.3 Белоус А.М. Криоконсервация репродуктивных клеток, Москва, 1986.
4. Бернет Ф. Клеточная иммунология: Перев с анг. – М.: Мир, 1971.
  7.1.5 Георгиевский В.И., Физиология  сельскохозяйственных  животных,  М.,
  1990.
  7.1.6 Джамалова Г.А.  и  др.  Биотехнология  воспроизводства  животных  с
  основами эмбриоинженерии, А., 1996.
  7.1.7 Завертяев Б.П. Биотехнология в воспроизводстве и селекции  крупного
  рогатого скота, М., 1989.
  7.1.8 Калашник И.А., Практикум по общей ветеринарной хирургии, М., 1982.
  7.1.9 Красота В.Ф. и др. Разведение  сельскохозяйственных  животных,  М.,
  1990.
  7.1.10 Мурзамадиев А.М.  и  др.  Биотехнология  в  воспроизводстве  овец,
  Алматы, 1992.
  7.1.11 Петухов В.Л. и др.  Генетические  основы  селекции  животных.  М.,
  1989.


1.  Қосымша әдебиеттер
  7.2.1  Глик  Б.,  Пастернак  Дж.  Молекулярная  биотехнология.   Принципы
  применения. М., 2002.
2. Грин Н. Биология, М., 1990, т.3.
  7.2.3  Курбатова   Д.А.   Криоконсервация   спермы   сельскохозяйственных
  животных, М., 1988.
3. Магда И.И. Оперативная хирургия, м., 1990.
4. Меркурьева Е.К., Биометрия, М., 1970.
  7.2.5 Мингазова Т.А. Воспроизведение сельскохозяйственных  животных,  М.,
  1988.
6. Свенсон К., Уэбстер П. Клетка: Пер. с англ. – М., 1990.
  7.2.7 Карлсон Б.М., Основы эмбриологии по Пэттену в 2 т.: Пер  с  анг.  –
  М., 1983.
8. Студенцов А.П. Ветеринарное акушерство и гинекологитя, М., 1980.
9. Шипилов В.С. Ветеринарное акушерство и гинекологитя, М., 1988.
  7.2.10   Эрнст  Л.К.,   Трансплантация   эмбрионов   сельскохозяйственных
  животных, М., 1989.
  7.2.11 Эрнст Л.К. и др. Племенное дело в животноводстве, М., 1987.






















Пәндер