Файл қосу

Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарды тергеу ерекшеліктері



Тақырып  №10.Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарды тергеу
ерекшеліктері:


1. Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың криминалистикалық сипаттасы.
2: Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері: Анықтауға жататын жағдайлар.
3. Кәмелетке толмағандардың қылмысын тергеудің алғашқы кезеңіндегі тергеуші
іс- әрекеттері және кәдімгі тергеулік жағдайлар (типтік ситуациялар).
4. Кейбір тергеу әрекеттері тактикасының ерекшеліктері:

Кәмелетке толмағандар  жасаған  қылмыстардың  криминалистикалық  сипаттамасы
өзінің  белгілі  өзгешелігіменажыратылады.  Осылайша,  мүліктік  қылмыстарға
қатысты тікелей қылмыстық қастандық  заты  ретінде  көлемі  кішкентай  жеңіл
тасымалданатын заттар жүреді  (әдетте,  жастар  арасында  қадірлі  заттар  –
красовкалар, күртелер, джинсілер, бейнекасеталар,үн  және  бейнетаспаларжәне
т.б.). Аталмыш тұлғалардың қылмыс жасау  тәсілдері  әдебиеттерден,  кинодан,
теледидардан белгілі ересек  қылмыскердің  іс-  қимылдарына  еліктеу  арқылы
сипатталады. Үлкен арандатушы бар кәмелетке  толмағандар  тобымен  жасамаған
қылмыстарды  санамағанда,  басқалардың  қылмыстық  іс-қимылдары  бейберекет,
тұрақсыз болады, қылмысқа мұқият дайындық болмайды, қылмыс іздерін  жасыруға
әрект  көбіне  жасалмайды.  Кәмелетке   толмағандар   жасаған   қылмыстардың
жағдайы,  уақыты  және  орны  да  ерекше  болып  келеді.  Кешкілік   уақытта
кәмелетке толмағандар тарапынан көбіне бұзақылық, тонау  денсаулыққа  зардап
келтіру, қарақшылық тәріздес қылмыстар  жасалады;  ал  күндізгі  уақыттарды-
пәтерлерден  ұрлық  жасау,   жыныстық   қылмыстар   жәнетағы   басқа   құқық
бұзушылықтардың түрлері жасалады. Қоғамдық орындарда кәмелетке  тоглмағандар
кейде  бұзақылық  әрекеттер,  жаппай  тәртіпсіздік  жасайды.   Жасөспірімдер
қылмысты көбіне тұрғылықты жерінің  маңайында  іске  асырады.  Жасөспірімдер
қылмысты топтасып та жасайды.  Осылайша,  топпен  ұрлықтың  жартысына  көбі;
тонаудың үштен  екі  бөлігі  және  қарақшылықтың  90%жасалынады.  Тәжірибені
талдаудан  өткізу  нәтижесіне  байланысты  кәмелетке  толмаған  қылмыскердің
елеулі  үлесі   әрдайым   спирт   ішімдіктерін   немесе   есірткі   заттарын
пайдаланған.  Жасөспірімдердің  кейбір  бөлігі  құмарлық  ойындарға,   түнде
тойлап, мақсатсыз уақыт өткізуге құмар болған,  әдеттегідей,  мектепте  олар
сабақты нашар оқып, үлгермеушілер қатарында жүріп,  басым  көпшілігі  көркем
әдебиеттер бетін ашпаған.
Кәмелетке  толмағандар  жасаған  қылмыстар  бойынша   іс   жүргізу   тәртібі
Қазақстан  республикасы  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  52-   тарауында
көрсетілген. Мұндағы қағидалар қылмыс  жасаған  кезде  он  сегізге  толмаған
тұлғаларға қолданылады. Туған  күні  мен  жылы  туу  туралы  куәлікпен,  төл
құжатпен немесе аталмыш құжаттарды қарау хаттамасымен анықталады.  Қылмыстық
іс  қозғауға  дейінгі  тексеріс   мынадай   жағдайларда   қажет:   кәмелетке
толмағанның қылмысы туралы  арызды  елеулі  кереғарлықтар  болғанда,;  хабар
кімнен келіп түскендігі белгісіз; арыз, қылмыс жасалғаннан кейін  көп  уақыт
өтісімен барып берілген; қылмыстық оқиғаны  суректеу  нақты  емес  ;  қылмыс
жасауда  сезікті  жасөспірім  қылмыстық   жауаптылыққа  тартылатындай  жасқа
келген жоқ деген жорамал бар және  т.б.  Кәмелетке  толмаған  жасаған  әрбір
қылмыстық іс бойынша басқаларымен қатар мынадай болжамдарды  тексерген  жөн:
үлкен арандатушылар  немесе  қатысушылар  бар  ма;  бірнеше  қылмыс  жасаған
жасөспірімдер мен ересектердің қылмыстық тобы бар ма; кәмелетке  толмағандар
 қайыршылыққа,  ішімдікке  салынуға;  құмарлық  ойындар  ойнауға  ,  есірткі
заттарды немесе басқа да есеңгіретін  нәрселерді  пайдалануға  үйренген  бе;
үлкендер  жағынан  алдын-ала  үәделеспеген  жасырушылық  фактісі   бар   ма.
Қылмыстарды  кәмелетке  толмағандар  тобы   жасағанда   ,   олардың   құрылу
жағдайлары мен әрекеттесу ерекшеліктері,  әрбір  мүшенің  рөлі  аныяқталады.
Мұндай топтың ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтармен  байланысмүмкіндіктерін
анықтаған жөн.
Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар жайлы  істер  бойынша  тергеуші  іс-
әрекеттерінің бағдарламасы  көбіне  ұрлық,  тонау,  зорлау  тәріздес  қылмыс
топтарын тергеу барысында  қалыптасатын  кәдімгі   тергеулік  ситуациялармен
қамтамасыз етіледі.  Тәжірибеде  төмендегідей  кәдімгі  тергеулік  жағдайлар
кездеседі:1.жәбірленуші немесе куәлар қылмыскерді  білмейді;  бірақ  та  бет
пішіні; өзін-өзі ұстау мәнеріне және басқа да белгілері бар, олар  кәмелетке
толмағандар болуы мүмкін деп жорамалдайды. Мұндай жағдайда,  яғни  қылмыстың
интеллектуалдық іздері болғанда, материалдық іздерді анықтау жұмысына  назар
аударылады.  Әдетте,  мұндай  кезде  оқиға  болған   жерді   қарау   ;   сот
сараптамаларын жүргізу іске асырылады. 2.Оқиға болған жердің жағдайы,  іздер
және басқа да мәліметтер қылмыс  жасөспірімдерден  жасалғандығын  көрсетеді.
Материалдық  іздер  болғанда,  тергеушінің  жұмыс   бағдарламасы   негізінен
қылмыстың интеллектуалдық іздеріменжұмыс  істеу  қажеттілігімен  анықталады.
Бұл  жерде  жәбірленуші,  хабардар  немесе  материалдық   тұрғыдан   жауапты
тұлғалардан  жауап  алу,  ізін  суытпай  жедел  іздестіру   қызметкерлерінің
көмегімен мақсатты  түрде  қылмыскерлерді  іздеу,  сондай-ақ  қылмыскерлерді
ұстап, тану үшін ұсынудың маңызы зор. Сонан соң  кідіртілмей  ұсталғандардан
жауап  алынады,  жұмыс,  оқу  орны  және  мекен-жайы  тінтіледі,  жеке  басы
тінтіледі,   тиісті   сот   сараптамалары   тағайындалады.3.Жәбірленушілемен
куәларға  қылмыскер  және  олардың  жасы  мәлім.  Мұндай  жағдайда   әдетте,
кәмелетке  толмағандарға  қатысты  ұстау  жүргізіледі,  оқиға   болған   жар
қаралады, ұсталғандар мен хабардар тұлғалардан жауап алынады.
Тергеу әрекеттері тактикасының реті  мен  ерекшеліктері  жайлы  дұрыс  шешім
ммынадай мәмілелерге байланысты:  кәмелетке  толмағандар  жасаған  қылмыстық
сипаттамасына; оларды жасау тәсілі мен  уақытына  ;  қылмыстық  іс  қозғауға
негіз болған алғашқы мәліметтердің  мазмұнына  ;  іс  бойынша  пайда  болған
кәдімгі тергеулік жағдайға . Кәмелетке толмағандарды ұстау үшін  дайындықтан
өту  керек  .  Бұл  жерде  жасөспірім  көрсететін  қарсылық  ,  оның  ішінде
қаруланған қарсылық көрсету  мүмкіндігі ескеріледі.  Әдетте,  ұстау  әрекеті
күндіз, кісі аз жерде  іске  асырылады.  Ұстау  және  кәмелетке  толмағанның
отырған жері туралы оның ата  –анасы  немесе  заңды  өкілдерге  ескерділеді.
Ұстау  хаттамасында  жасөспірімнің  үлкендерден  және  сотталған   кәмелетке
толмағандардан бөлек ұстау қажеттілігі атап көрсетіледі.  Тергеуші,  сондай-
ақ  іске  қатысушының  қорғаушысы  қатысуын  қамтамасыз   етеді.   Кәмелетке
толмағандарды  заңды  өкілдің  ,   мектеп-интернаттардың   және   басқа   да
балалардың жабық мекемелерінің қарауына беру тәрізді  бұлтартпау  шарасы  да
жиі қолданылады  .  Кәмелетке  толмаған  жәбірленушіден  жауап  алу  кезінде
болған  оқиғаның  толық  көрінісін,  уақытын,  орнын,   жағдайын   анытауға,
қылмыскердің жеке басы , киімі, сөйлесу мәнері туралы толық  мағлұмат  алуға
ерекше көңіл бөлінеді. Жолдастық сезімді дұрыс  түсінбеушілік  нәтижесіненде
кейде жәбірленушілер іс үшін елеулі маңызы бар жағдайларды жасырады.  Мұндай
жәбірленушілердің көрсетулері сынды баға беру және қайта тексерістен  өткізу
әрекетінеұшырайды. Кәмелетке толмаған куәларда кейде  ақырына  дейін  шыншыл
болмайды, олардың ойынша шынайы көрсетулер  құрдастарын  әшкерелейді.  Жауап
алынып жатқан кәмелетке толмағандардың көрсетулерін жауап  алу  біткен  сооң
бекіткен жөн. Бекіту  тәсілдерінің  қосымша  құралдары  ерекше  орын  алады,
мысалы, үн таспаға жазу.

                                                                 Пайдаланған
әдебиеттер:
   1.Қазақстан Республикасының Конституциясы.
   2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі.
   3.Криминалистикалық тактика.
   4.Қылмыстық құқық коминтарий.

Пәндер