Файл қосу

Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары. Қарым - қатынас


















                        ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                       Қарым-қатынас психологиясы пәні


         5В010300 «Педагогика және психология» мамандығына арналған


                     СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС
                              ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ



















                                    Семей
                                    2013

                                   Алғысөз


1 ЖАСАЛЫНДЫ
Құрастырған: педагогикалық психология кафедрасының доценті, псх.ғ.к.
30.08.2013 ж.  ___________  Джумажанова Г.К.


2 ҚАРАЛДЫ
2.1. Педагогикалық психология кафедра меңгерушісі, псх.ғ.к.:
_____________Г.К. Джумажанова
 Хаттама №1 «03» 09  2013   ж.


2.2.   Педагогика   факультетінің   оқу-әдістемелік   кеңесінің    бюросында
талқыланды:
Хаттама №1 «05» 09 2013 ж.

Оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы ____________  Т.Ш. Ахметова

3 БЕКІТІЛДІ
3.1. Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және
баспаға ұсынылды
Хаттама №1 «18» 09  2013  ж.

ОӘК төрайымы,
оқу-әдістемелік жұмысының проректоры ______________Г.К. Искакова

4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛГЕН

















                                  Мазмұны:

   1. Жалпы ережелер
   2. Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу
   3. Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары
   4. Курс форматы
   5. Курс саясаты
   6. Баға қою саясаты
   7. Әдебиеттер

















































1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет
      Джумажанова Гульжанар Какимжановна, педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент
      Телефон номері: 42-06-41
      Сабақ өтетін орын - №303 аудитория
      Пән бойынша кредит саны - 3
      1.2 Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы:
      Пәннің  оқу-әдістемелік  кешені  Шәкәрім  атындағы  СМУ-нің   пәндерге
арналған оқу-әдістемелік кешені туралы ережесіне сай құрастырылған.  Аталған
пәнді оқыту барысында дәріс, тәжірибелік, сондай-ақ СӨЖ және ӨСӨЖ  сабақтары
құрастырылады.  Оқу  жоспарының  көшірмесінде  бөлініп  берілген  әр   сабақ
түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмұны, мақсаттары мен  міндеттері
көрсетілген.  ОӘК  оқу  пәнін  меңгерудің  барлық  талаптарына  сай  келеді.
Негізгі және қосымша әдебиеттер  тізімі  бар.  Студенттерге  арналған  жұмыс
бағдарламасы берілген.  Студентке  арналған  жүмыс  бағдарламасында  оқылуға
тиісті тақырыптар мен жұмыс түрлерінің  тізімі  әдебиеттердің  көрсетілуімен
айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет  берілген.  Тәжірибелік
сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта  қарастырылатын  мәселелер  жоспар
түрінде нақты көрсетілген. СӨЖ және ӨСӨЖ  тапсырмаларын  өткізудің  мерзімі,
тақырыптары  және  әдебиеттері  жазылған.  Студенттердің   білімін   бағалау
әдістемесі бар.
    1.3 Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерге қарым-қатынас  саласы  бойынша
психологиялық  білім  және  іскерлікті  меңгеруге  көмектесу.  Қарым-қатынас
мәселелері жайлы түсінік беру. Студенттердің қазіргі өмірдегі  қарым-қатынас
туралы  білімдерін,  осылардың  таңдалынған   мамандық   шеңберінде   кәсіби
қалыптасу процесіндегі рөлі мен оның мәнін анықтау, зерттеуге  қызығушылығын
тудыру. Студенттер қарым-қатынастың  анықтамасы,  құрылымы,  құралдары  және
мазмұны, оның  түрлері  мен  формалары,  қарым-қатынастағы  келіспеушіліктер
және олардын алдын-алу жолдары тәрізді мәселелермен танысу.
      1.4 Пәнді оқыту міндеттері:
         –    студенттерді    қарым-қатынас    психологиясының    теориялық
           негіздерімен қаруландыру;
         – қарым-қатынастың психологиялық аспсктілерін ашып көрсету;
         – студенттердің өздігінен  психологиялық-педагогикалық  зерттеулер
           жүргізуіне мүмкіндік беретін  білім,  іскерлік  және  дағдыларын
           қалыптастыру.
      1.5. Оқып-зерттеу нәтижесінде студент:
      - білуі  керек:  қарым-қатынастың  ғылыми  анықтамасын,  оның  негізгі
түсініктерін, құрылымын, құралдарын және мазмұнын; қарым-қатынастың  түрлері
мен формаларын; қарым-қатынас үрдісіндегі әсер ету механизмдерін.
      - игеруі керек: қарым-қатынастағы келіспеушіліктер, олардың пайда болу
себептерін  және  олардың  алдын-алу  жолдарын;  адамдар  арасындағы  қарым-
қатынасты зерттеу әдістемелерін және оларды жүргізе білу.
      - меңгеруі керек: қарым-қатынастағы келіспеушіліктер,  олардың  пайда
болу себептерін және олардың алдын-алу жолдарын; адамдар арасындағы  қарым-
қатынасты зерттеу әдістемелерін және оларды жүргізуін.
      - істей алуы керек: пән бойынша меңгерген білімін  күнделікті  өз  іс-
әрекетінде, сонымен қатар, кәсіби іс-әрекет практикасында өздігінен.
      - түсінуі керек: қарым-қатынастың  ғылыми  анықтамасын,  оның  негізгі
түсініктерін, құрылымын, құралдарын және мазмұнын; қарым-қатынастың  түрлері
мен формаларын; қарым-қатынас үрдісіндегі әсер ету механизмдерін.
      -   болуы   керек:   адамдар   арасындағы   қарым-қатынасты    зерттеу
әдістемелері.
      - қабылдауы керек: курс бойынша меңгерген білімін  күнделікті  өз  іс-
әрекетінде, сонымен қатар, кәсіби іс-әрекет практикасында өздігінен.


      1.6 Курс пререквизиттері:
      1.6.1 Өзін-өзі тану
      1.6.2 Психология және адам дамуы
      1.6.3 Жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы
      1.7 Курстың постреквизиті:
      1.7.1 Әлеуметтік психологиясы
      1.7.2 Психологиялық тренингі


2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ

|   |Тақырып атауы    |Сағат саны                              |            |
|   |                 |                                        |Әдебиеттер  |
|   |                 |Дәріс   |Семи-  |Лаб  |ОЖСӨЖ     |СӨЖ    |            |
|   |                 |        |нар    |     |          |       |            |
|1  |2                |3       |4      |5    |6         |7      |8           |
|1  |Қарым-қатынас    |2       |1      |-    |1,5       |4,5    |1 Б. 35-48  |
|   |әлеуметтік       |        |       |     |          |       |3 Б. 5-9    |
|   |психологиялық    |        |       |     |          |       |7 Б. 47-210 |
|   |проблема ретінде |        |       |     |          |       |            |
|2  |Қарым-қатынас,   |2       |1      |-    |1,5       |4,5    |1 Б. 51-55  |
|   |оның түрлері     |        |       |     |          |       |8 Б. 210-225|
|3  |Қарым-қатынас    |2       |1      |-    |1,5       |4,5    |6 Б. 29-56  |
|   |техникасы мен    |        |       |     |          |       |7 Б. 105-135|
|   |тәсілдері        |        |       |     |          |       |4 Б. 52-69  |
|4  |Қарым-қатынастағы|2       |1      |-    |1,5       |4,5    |1 Б. 32-95  |
|   |вербальды емес   |        |       |     |          |       |7 Б. 12-165 |
|   |құралдар         |        |       |     |          |       |8 Б. 14-28  |
|5  |Қарым-қатынас    |2       |1      |-    |1,5       |4,5    |1 Б. 35-48  |
|   |және жеке бастық |        |       |     |          |       |3 Б. 5-9    |
|   |қатынастар       |        |       |     |          |       |7 Б. 47-210 |
|6  |Жеке бас аралық  |2       |1      |-    |1,5       |4,5    |1 Б. 32-95  |
|   |психикалық өзара |        |       |     |          |       |7 Б. 12-165 |
|   |әрекеттесу       |        |       |     |          |       |8 Б. 14-28  |
|   |формалары        |        |       |     |          |       |            |
|7  |Қарым-қатынас    |2       |1      |-    |1,5       |4,5    |1 Б. 32-95  |
|   |этикасы          |        |       |     |          |       |7 Б. 12-165 |
|   |                 |        |       |     |          |       |8 Б. 14-28  |
|8  |Педагогикалық    |2       |1      |-    |1,5       |4,5    |1 Б. 32-95  |
|   |қарым-қатынастың |        |       |     |          |       |4 Б. 52-69  |
|   |психологиялық    |        |       |     |          |       |7 Б. 12-165 |
|   |аспектілері      |        |       |     |          |       |8 Б. 14-28  |
|9  |Көпшілік алдында |2       |1      |-    |1,5       |4,5    |6 Б. 29-56  |
|   |сөйлеудің        |        |       |     |          |       |7 Б. 105-135|
|   |психологиялық    |        |       |     |          |       |4 Б. 52-69  |
|   |ерекшеліктері    |        |       |     |          |       |            |
|10 |Қарым-қатынас    |2       |1      |-    |1,5       |4,5    |6 Б. 29-56  |
|   |мәдениеті        |        |       |     |          |       |7 Б. 105-135|
|   |                 |        |       |     |          |       |4 Б. 52-69  |
|11 |Келіспеушілік    |2       |1      |-    |1,5       |4,5    |1 Б. 32-95  |
|   |                 |        |       |     |          |       |4 Б. 52-69  |
|   |                 |        |       |     |          |       |7 Б. 12-165 |
|   |                 |        |       |     |          |       |8 Б. 14-28  |
|12 |Дауласу және     |2       |1      |-    |1,5       |4,5    |1 Б. 32-95  |
|   |пікірталас       |        |       |     |          |       |4 Б. 52-69  |
|   |олардың          |        |       |     |          |       |7 Б. 12-165 |
|   |психологиялық    |        |       |     |          |       |8 Б. 14-28  |
|   |ерекшеліктері    |        |       |     |          |       |            |
|13 |Қарым-қатынас    |2       |1      |-    |1,5       |4,5    |6 Б. 29-56  |
|   |техникасы мен    |        |       |     |          |       |7 Б. 105-135|
|   |тәсілдері        |        |       |     |          |       |4 Б. 52-69  |
|14 |Қарым-           |2       |1      |-    |1,5       |4,5    |6 Б. 29-56  |
|   |қатынастағы      |        |       |     |          |       |7 Б. 105-135|
|   |вербальды емес   |        |       |     |          |       |4 Б. 52-69  |
|   |құралдар         |        |       |     |          |       |            |
|15 |Жеке бас аралық  |2       |1      |-    |1,5       |4,5    |1 Б. 32-95  |
|   |психикалық өзара |        |       |     |          |       |4 Б. 52-69  |
|   |әрекеттесу       |        |       |     |          |       |7 Б. 12-165 |
|   |формалары        |        |       |     |          |       |8 Б. 14-28  |
|   |Барлығы:         |30      |15     |-    |22,5      |67,5   |            |


3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
      Студент аталған курс бойынша теориялық  және  практикалық  мәселелерді
игеруі керек. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ  түрлері
сағатқа  шағылған,  пәннің  қысқаша  мазмұны,  мақсаттары   мен   міндеттері
көрсетілген.  ОӘК  оқу  пәнін  меңгерудің  барлық  талаптарына  сай  келеді.
Негізгі және  қосымша  әдебиеттер  тізімі  бар.  Оқушылар  мен  студенттерге
арналған   жұмыс   бағдарламасы   берілген.   Студентке    арналған    жұмыс
бағдарламасында  оқылуға  тиісті  тақырыптар  мен  жұмыс  түрлерінің  тізімі
әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр  дәріс  сабағы  бойынша  қысқаша
мәлімет берілген. Тәжірибелік  сабақтардың  тақырыптары  және  әр  тақырыпта
қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты  көрсетілген.  СӨЖ  және  ӨСӨЖ
тапсырмаларын өткізудің  мерзімі,  тақырыптары  және  әдебиеттері  жазылған.
Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар.


4 КУРС ФОРМАТЫ
      Семинарға дайындық кезінде студент мұғалімнің  дәрісін  назарға  ұстай
отырып,  біршама  ізденіс  жұмыстарын  жасау  қажет.  Ғылыми  мақалалар  мен
монографиялар, сондай-ақ интернет желісінен алынған материалдардағы  керекті
деректер  конспектіленіп  алынады.   Семинар   студенттің   ізденіс   жұмысы
болғандықтан,  бір  емес  бірнеше  дереккөздерді  пайдалануға  тиісті.  Курс
бойынша  білуге  тиісті  терминдер  мен  шартты  ұғымдарды  оқытушы  қамтып,
түсіндіреді. СӨЖ тақырыптары берілген сұрақтарды қамти отырып, жазбаша  және
ауызша жұмыс түрінде орындалады.  СӨЖ-ді  конспект  түрінде  дәптерге  жазып
өткізу қажет. Сабақ барысында  студенттің  теориялық  білімі,  белсенділігі,
ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады.


5 КУРС САЯСАТЫ
      Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы  саны  шығарылады.
Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырманы орындауы, сабаққа қатысуы,  СӨЖ,
ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті  жаттығу  жұмыстарын  орындағаны  жөніндегі  ұпай
жиынтығы, кезеңдік, қорытынды  бақылау  нәтижелері  т.б.  түгел  ескеріледі.
Курсты  оқу  барысында  алынған  барлық   ұпайлар   жинақталып,   бір-біріне
қосылады. Осы курстан алған жиынтық бағаны шығару үшін әрбір  тапсырама  мен
рейтинг  бақылауынан  алынған  баға  және  емтихан  бағаларының  қорытындысы
бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды  көрсетілген  уақытында
өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу  емтиханға  7  күн  қалғанда
аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға  кіргізілмейді.
Жұмысты  кеш  тапсырсаңыз:  қосымша  тапсырма  беру  арқылы  жұмыс   көлемін
ұлғайтылады;   Тапсырмалар   оқытушы   тағайындаған   уақытта   қабылданады.
Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса,  бұрынғы  орындалған  жұмыстарыңыз
есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет  және  осы
мәселеге  қатысты  университет  саясаты  есепке  алынады.  Әрбір   тақырыпты
қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест  арқылы
тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық  сабақтарды
босатпау,   кешікпеу   міндетті.   Себепсіз   сабақтан   қалсаңыз:   қосымша
шығармашылылық  жұмыс  беріледі  (реферат,  көркем  мәтінге  талдау   т.б.);
Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу  үрдісіне
белсенді түрде қатысу қажет.

6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
      «Қарым-қатынас психологиясы» пәні бойынша ұпай бөлінісі
                                                                     Кесте 2

|Апта     |Бақылау түрі          |Ұпай жиыны            |Ескерту            |
|1        |2                     |3                     |4                  |
|         |1-8 апта бойы         |30                    |                   |
|         |дәріске қатысу        |                      |                   |
|         |Семинар               |30                    |                   |
|2        |                      |                      |                   |
|         |СӨЖ                   |15                    |                   |
|         |Семинар               |30                    |                   |
|4        |                      |                      |                   |
|         |СӨЖ                   |15                    |                   |
|         |ОСӨЖ                  |35                    |                   |
|         |Семинар               |30                    |                   |
|6        |                      |                      |                   |
|         |СӨЖ                   |15                    |                   |
|         |ОСӨЖ                  |35                    |                   |
|         |Семинарға             |30                    |                   |
|8        |                      |                      |                   |
|         |СӨЖ                   |15                    |                   |
|         |ОСӨЖ                  |35                    |                   |
|1-8 апта бойынша барлық ұпай    |300                   |                   |
|саны                            |                      |                   |
|         |9-15 апта бойы        |30                    |                   |
|         |дәріске қатысу        |                      |                   |
|         |Семинар               |30                    |                   |
|10       |                      |                      |                   |
|         |СӨЖ                   |15                    |                   |
|         |Семинар               |30                    |                   |
|12       |                      |                      |                   |
|         |СӨЖ                   |15                    |                   |
|         |ОСӨЖ                  |45                    |                   |
|         |Семинар               |30                    |                   |
|14       |                      |                      |                   |
|         |СӨЖ                   |15                    |                   |
|         |Семинар               |30                    |                   |
|15       |                      |                      |                   |
|         |СӨЖ                   |15                    |                   |
|         |ОСӨЖ                  |45                    |                   |
|9-15 апта бойынша барлық ұпай   |300                   |                   |
|саны                            |                      |                   |
|Емтихан ұпайы                   |400                   |                   |
|Академиялық мерзімге жиынтық    |1000                  |                   |
|ұпай                            |                      |                   |


   7. ӘДЕБИЕТТЕР
      7.1. Негізгі әдебиеттер:
      7.1.1 Андреева Г.М. Социальная психология. -М.,1996.
      7.1.2 Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.
      7.1.3   Агеева   В.С.    Межгрупповое    взаимодействие.    Социально-
психологические проблемы. - М., 1990.
      7.1.4 Шепель В.М. Управленческая психология М., 1984.
      7.1.5 Шепель В. Управленческая этика. М; 1989.
      7.1.6 Айви А. Лицом к лииу. Практическое пособия для освоение  приемов
и навыков делового общения. - Новосибирск, 1994.
      7.1.7 Мелибруда Е.Я. - Ты - Мы. Психологические возможности  улучшения
общения. -М., 1986.
      7.1.8 Рагозин Ю.Т. Секреты общения. - М.,1991.
      7.1.9 Миникес А.В. Деловое общение. - М, 1994.
      7.1. 10 Сафронов В.И. Культура общения. - М, 1992.


      7.2. Қосымша әдебиеттер:
      7.2.1 Социальная психология и этика делового общения. Учебное  пособие
под ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995.
      7.2.2  Соколов  В.М.  Социология  нравственного   развития   личности.
-М.,1986. І3.Фромм Э. Психоанализ иэтика.-М., 1993.
      7.2.3 Фиппер Р., Юри У. Путь к согласию или переговоры без  поражения.
-М., 1990.
      7.2.4 Чернышева М.А. Этика деловых общений. -М., 1988.
      7.2.5 Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. -М., 1994.
      7.2.6 Мицич П. Как проводить деловые беседы. -М., 1987.
      7.2.7 Бароздина Г.В. Психология делового общения. - М., 2001. 295 стр.

      7.2.8 Федосихина Е.А. Кашник О.И.  Звягинцев  В.В.  Психотехнология  и
этика делового общения. Н., 1998.
      7.2.9 Кузин Ф.А. Культураделового общения. М., 2000. 240стр.


Пәндер