Файл қосу

Вагон депосының техникалық жабдықталуы




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                 |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                           |
|3 деңгейлі СМК құжаты          |ОӘК                |ОӘК 042-18-12.1.69/03-2013      |
|«Техникалық пайдалану          |18.09.2013         |                                |
|ережелері»                     |Баспа №1           |                                |
|пәнінен оқытушыларға           |                   |                                |
|арналған жұмыс                 |                   |                                |
|бағдарламасы                   |                   |                                |

















                      «Техникалық пайдалану ережелері»

                        ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


  5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»
                            мамандығына арналған






                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
















                                    Семей
                                    2013
                                  Алғы сөз
1. Құрастырған
      Құрастырған:  ____________________ «Ақпараттық  жүйелер»  кафедрасының
аға оқытушысы Сарсембеков Е.А., Бакиева А.Б., оқытушы Сагатбекова А.Б.

2. Талқыланды
2.1. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы отырысында қарастырылды.
      Хаттама № 1  « 09 »           09          2013 ж.
      Кафедра меңгерушісі __________  С.Смағұлов
2.2. Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылды.
      Хаттама № 1  « 11 »           09          2013 ж.
      Төрағасы __________ Бекбаева Р.С.

3. бекітілді
      Университеттің Оқу-әдістемелік   кеңесі  отырысында  баспаға  жіберуге
ұсынылды және  мақұлданды.
      Хаттама № 1  « 18 »           09          2013 ж.
      ОӘК төрағасы, бірінші проректор _______________ Искакова Г.К.

4. ЕКІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛІП ОТЫР

















      мазмұны



        1. Дәрістер
        2. Практикалық сабақтар
        3. Студенттің өздік жұмысы



1. Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы:
      Дәріс №1. Темір жол көлігіндегі  басқару құрылымдары
      Темір жол көлігіндегі  басқару негіздері
      Көлік экономикалық құрылымдардың бір саласы болып табылады.  Қазақстан
экономикасы  үшін  темір  жол  көлігі  шикізат  тасымалдайтын  көлік  түрі,
республикадағы көлік - байланыс кешенінде басты  рольде  тұр.  Қазақстанның
жағрафиялық орналасуы әлем экономикасында темір жол  көлігінде  маңызы  өте
зор.
      Содай-ақ, Қазақстанның транзиттік  мүмкіндігі  жоғары  –5  халықаралық
темір жол көлігіндегі коридорлар арқылы өз құрылымдарын  транзитпен  жібере
алады.
      Қазақстандағы темір жол желісінің ұзындығы 14 мың  км.,  соның  ішінде
қос  жолды   желілер   –   5   мың.км,   электрлендірілген   –3,7   мың.км.
тарамдалғаннегізгі жолдардың ұзындығы  - 18,8 мың км., байланыс және арнайы
– 6,7 мың.км. Республикадағы темір жол  желісінде   751  айрылым  бекеттері
орналасқан.
      ҚР темір жол көлігін басқаруда мынадай негізде бөлінеді:
      - салалық;
      - аумақтық;
      - қызметтік.
      Басқару мынадай салалық негізде келісілген:
      Көлік және байланыс  министірлігі  –  «Қазақстан  Темір  Жолы»  Ұлттық
қоғамы ЖАҚ («ҚТЖ» ҰҚ ЖАҚ) – тасымалдау бөлімшесі  -   құрылымдары  (станса,
депо және т.б.).
      Қызметтік негізде әр  түрлі  сұрақтармен  айналысатын  бөлімшелер  мен
салаларға бөлуді ұсынады (жүріс бойынша, жүк шаруашылы,  локомотив,  вагон,
тоқпен қамтамасыз ету, байланыс және т.б.). Барлық бөлімшелерді үш  кешенге
бөлуге болады:
   1. негізгі шаруашылық:
         • жолаушылар мен  жүкті  тасымалдағандағы  жүк  және  коммерциялық
           операциялар;
         • тасымалдауды басқару;
         • магистральдық құрылымдардың маңызы мен басқару;
         • жылжымалы құрамның маңызы мен басқару;
         • сумен-, жылумен-, тоқпен қамтамасыз ету;
   2. қамтамасыз ету шаруашлығы:
         • локомотивті депода жөндеу;
         • вагонды депода жөндеу;
         • вагон мен локомотивті толық жөндеуден өткізу;
         • жолды толық және орташа жөндеу;
         • жүк пен ғимараттарды күзету.;
   3. тұрмыстық шаруашылық.


      Пойыздар қозғалысы мен  маневрлық  жұмыстардың  қауіпсіздігін  бұзатын
себептер. ЖҚ бұзылудың классификациясы
    Жылжымалы құрам тораптары мен жеке бөлшектерді пайдалану  істен  шығып,
белгілі бір жағдайда апат туғызуы  мүмкін.  Жолаушы  және  жүк  пойыздарының
бірінен  соң  бірі  жүруі,  локомотивтің  шамалы  істен  шығуы  немесе   жүк
вагондары жолаушылар пойызымен соқтығысуы  мүмкін.  Бұл  жағдай  ТПЕ  сәйкес
істен  шыққан  пойыздар  жүрісіне  қауіп   төндіретін,   жылжымалы   құрамды
пайдалануға   сондай-ақ,  тасымалданатын   жүктің   бүтіндігіне   кепілділік
берілмесе рұқсат етілмейді.
    Төменде көрсетілгендер бойынша  бір  вагон  істен  шықса,  оны  пойызға
тіркеуге болмайды:
    - ауыстыруды қажет ететін доңғалақ;
    - тіркейтін тіректерінде, қапталында жарығы бар тіркемені;
    - рессор үстіндегі тіректің жарығы;
    - шегіну жарығы оның периметірінің  ұзындығы  1/3  көп  болса,  төменгі
белдеуі және 3 білікті  тіркеменің  айналатын  тіректер  жарығы   және  т.б.
жарықтар.
    Жолаушылар вагонына өте қатал талап қойылады. Қандай жағдайда болмасын,
жолаушыларға қажетті жағдайларды жасайтын, пойыздардағы істен  шыққан  вагон
құрылғыларын, алдыңғы кезекте жылыту, желдету,  электір  жабдықтарын  қосуға
болмайды. Бұл жүйелердің жұмыс істеу қабілетіне үлкен көңіл бөледі.  Қазіргі
жолаушылар вагонындағы бұл құрылғылар –  электір  агрегаттары  күрделі  және
жетілген  қызмет  көрсетуді  талап  етеді.  Әсіресе  жолаушылар  пойызындағы
вагондарды  қосқанда  генератор  сымдарын,  біліктің   ортаңғы   бөлігіндегі
редукторлы-карданды сымдарды тексереді. Жолаушылар пойызына вагонның  келесі
бір істен шыққан тетігі болса, қоюға рұқсат етілмейді:  рамадағы  кез-келген
жарық;  қаңқаның  50  мм  артық  қисайуы;  кіргенде  ұстайтын   тұтқалармен,
көтерілген  тамбур  фартугы  істен  шыққанда.  Басқа   вагоннан   электірмен
қоректенетін, жарық беру немесе жылыту  құрылғылары  істен  шықса,  өртенуге
қауіпті   жолаушылар   вагонын   сапарға   жөнелтуге    болмайды.    Электір
жабдықтарының  бөлшектерін   реліс  басына   100  мм   кем   мөлшерде   ғана
жақындатуға және айналым стансасынан жөнелтуге немесе  жолаушылар  пойызында
құрастырылған  вагонның  еріксіз  желдеткіштері  істен  шыққанда,   буксаның
қызғандағы жүйесін бақылау рұқсат етілмейді.
    Вагонның жөндеуден өткендігі туралы трафереті  болмаса,  пойызға  қоюға
рұқсат етілмейді. Жолаушылар  пойызына  вагонды  қою  үшін,  жылдамдығы  140
км/сағ, жететін қосымша  талаптармен  бекітіледі.  Бұл  жүріс  қауіпсіздігін
сақтау үшін қажет,  жылдамдық  өскен  сайын  динамикалық,  вибрациялық  және
басқа да күштер тораптағы вагондарға әсер етеді.
    Мұндағы келтірілген  істен  шығуларда,  пойызды  жібергенде  вагондарды
тіркеуге  болмайды,  аялдау  уақыттырында  вагондарды  ағытпай-ақ   жөндеуге
болады немесе күнделікті жөндейтін жолдарға вагонды ағытып  береді.  Вагонды
ағытып  алу  туралы  шешімді,  вагон   тексерушісі   ТТБ   (ПТО)   жұмысының
технологиялық үрдісіне сәйкес қабылдайды.
    Вагон паркінің құрылысын  жақсарту  және  беріктігін  ұлғайту,  ертерек
құрастырылған  жылжымалы  құрамды  жаңарту,  жөндеу  базаларын  дамыту  және
бекіту, техникалық қызмет көрсету жүйелерін жетілдіру, бірыңғай  механикалық
еңбек үрдісі негізінде алдыңғы технологияны енгізу және вагодарды жөндеу.
    Жүк вагондарының ішіне кіретіндер:
    - транзиттік пойыздағы немесе құрамдағы  вагондарға  техникалық  қызмет
көрсету, сондай-ақ құрамдағы бос вагондарды  немесе  вагондар  тобын  тиеуге
ағытпай-ақ  дайындау;
    -  бос  вагондарды  күнделікті  жөндеу  (ТР-1)   немесе  олардың  тобын
құрамнан ағытып алып, тасымалдауға бірыңғай дайындау және  арнайы  жөндейтін
жолдарға беру;
    - транзиттік пойыздардан және құрастырылған құрамнан вагондарды  ағытып
алып күнделікті жөндеу (ТР-2);
    - деполық жөндеу (ДР) – вагондарды келесі деполық және толық  жөндеуден
өткенше жұмыс істеу қабілетіне кепілдік береді;
    - толық жөндеу (КР) – вагон жабдықтарын толығымен қалпына келтіру.
    Аралық стансадан вагонды жөндеуге ағытып  алып,  кепілдік  телімдерінде
істен  шыққанын  қалпына  келтіру,  жоспарда  есептелмеген  және  ең   жақын
техникалық қызмет көрсету бекетінде жөндейді.
    Техникалық қызмет көрсету жүйесі және жолаушылар вагонын жөндеу келесі:
техникалық  тексеру,  күнделікті  вагондарды  ағытып  және  ағытпай  жөндеу;
бірыңғай  техникалық  тексеру,  күзгі  және  көктемгі  мезгілдегі   тексеру;
деполық жөндеу; бірінші және екінші көлемдегі зауыт жөндеуі.
    Пайдаланудағы  вагондардың  істен  шығуын  уақытында   ескерту   қажет,
қажалуын   және   бұзылғанын   байқағанда,    жүріске   қауіп    төндіретін,
тасымалданатын жүктердің бүтіндігін және  жолдағы  жолаушылардың  жағдайының
төмендеуін  болдырмау  үшін,  барлық   істен   шыққандарды   жөндеу   қажет.
Техникалық қызмет  көрсету  вагон  паркінің  дұрыс  жағдайын  және  тазалық-
техникалық жағдайын қарастырады. Вагонның  техникалық  жағдайын  тексергенде
тораптар мен бөлшектердің дұрыстығын және сәйкес  мөлшерде  бекітілгендігін,
букса тораптарының жағдайын, тіркеменің жүретін бөлігін, рама  мен  қаңқаны,
тежегіш  құрылғыларын,  авто  тіркегіш  құрылғыларын,  өткізетін  аулаларын,
жолаушылар вагонының электірлі тоңазтқыш жабдықтарын ЦМВ,  арнайы  бағыттағы
вагондардың кәсіби жабдықтарын, вагондарды мықтап  жалғастыратын  бөліктерін
тексереді, ол пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін сақтайды.
    Техникалық қызмет көрсету жүйесі мен жылжымалы құрамды жөндеу,  бірнеше
пайдалану кезінде жұмыс істеу қабілетін ұстап тұруы қажет, оның ішінде  ауа-
райының жағдайына қарай, пойыздың салмағы, жүріс жылдамдығы, жолдың  жоспары
мен пішіні және  т.б.  темір  жолда  жоспарлы-ескерту  жүйесінде  техникалық
қызмет көрсетеді және жылжымалы құрамды жөндейді,  олардың  өзіндік  түрлері
мен әдістерін, технологиясын көрсетеді. Локомотивтер үшін және МВПС  кіретін
техникалық қызмет көрсету ТО-1, ТО-2, ТО-3, күнделікті  жөндеу  ТР-1,  ТР-2,
ТР-3, орташа (СР) және толық   (КР) жөндеу.
    ТО-1 Локомотив бригадасының локомотвті қабылдап,  тапсырғандағы  қызмет
көрсетуі;
    ТО-2 Техникалық қызмет көрсету бекетінде  локомотивті  біріккен  топтың
күшімен  1 – 2 тәулік жөндеу;
    ТО-3  Негізгі  депода  тексеретін  агрегаттар  мен  тораптардың   түрін
көбейтіп, тексеру деңгейін көтеріп және кез-келген  істен  шыққан  агрегатты
ауыстыру  керек.  ТО-3  әр   түрлі   диагностикалық   құрылғыларға   кеңінен
қолданады.
    ТР-1 көлемі  ТО-3  көп  айырмашылығы  жоқ  және  оны  негізгі  деподағы
біріккен топ орындайды. ТР-2 жұмысы – қаңқаны көтеру, оның  тіректерін  және
біріктірілген тіркемелерін тексеру. Деполық жөндеудің аса ірі түрі  –  ТР-3.
оған  локомотивтердің  барлық  жабдықтарын  жөндеу  кіреді,   соның   ішінде
тепловоздың дизель-агрегат қондырғысы, қаңқаны бояу.
    Қызмет көрсетудің әрбір түрі және локомотивті жөндеу және МВПС үш түрлі
көрсеткішті  сипаттайды:  жиілігін,  ұзақтығын  (қарапайым)   және   көлемін
(міндетті жұмыстардың түрі). Оның  бәрі  локомотив  сериясы  мен  түрлеріне,
пайдалану   шарттарына,    жөндеу    базаларының    мүмкіндігіне,    жұмысты
ұйымдастыруына қатысты.
    Жергілікті  жағдайды  ескере  отырып,  жиі  қажалуын,  жылжымалы  құрам
бөлшектерінің ескіруін, жүргендігін жөндеу аралығы анықтайтын, әрбір  жолдың
жөндеу базасының мүмкіндігі және әрбір  деподағы   ТҚК  және  КЖ  ұзақтығын,
локомотив сериясы мен жұмыс түрін, жөндеу көлемін анықтайды.
    Жылжымалы құрамды жөндеу әдістері: жеке, агрегатты,  нақты,  позициялық
және  басқа  да  түрде  болады.  Ең  көп  тараған  түрі   агрегаттық   әдіс,
локомотивке  немесе  МВПС  алдын-ала  жөнделген   агрегатты   істен   шыққан
агрегаттың орнына ауыстырып қояды.  Бұл  жөндеу  уақытын  қысқыртады,  бірақ
өткізетін  технологиялық  жабдықтар  қорын  ұлғайтады.   Техникалық   қызмет
көрсету технологиясы және  жылжымалы  құрамды  жөндеу  типтік  технологиялық
үрдіспен, нұсқалары мен техникалық көрсеткіштерімен анықталынады.


      Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Темір жол көлігіндегі  басқару негіздері
2  Пойыздар  қозғалысы  мен  маневрлық  жұмыстардың  қауіпсіздігін   бұзатын
себептер.
3 ЖҚ бұзылудың классификациясы


      Дәріс  №2.  Теміржол  көлігінің   жабдықтарын,   құрылғыларын   және
жылжымалы құрамдарын техникалық пайдалану ережелері




Габарит

    Пойыздар  жүрісінің   қауіпсіздігін   сақтау   үшін,    локомотивтің,
вагонның, ашық құрамдағы жүктің жүріс кезінде қандай да бір  ғимараттарға
соқтықпауы қажет. Стансада адамдарға қызмет көрсететін көлікке, жылжымалы
құрамға  өту  үшін  жолдардың  арасындағы  қауіпсіздікті  сақтауы  қажет.
Осындай мақсатта жылжымалы құрам (вагон мен локомотив) белгілі бір  қатал
тәртіпте құрастырылады,  оны  жылжымалы  құрамның  габариті  деп  атайды.
Барлық құрылғылар мен ғимараттар жолдан белгіленген бір қашықтықта  тұруы
қажет, оны құрылыстың жақындық габариті деп атайды.
     Темір  жолды  қайтадан  өңдеп,  жаңа  жоспар  жасағанда  және   жеке
  ғимараттарды  салғанда  стандарт  талабына  сай   «құрылыстың  жақындық
  габариті мен темір жолдағы жылжымалы құрамның дөңгелек арасы  1520  мм»
  болуы шарт:
     - жолдар үшін, жалпы темір жол желісіндегі ғимараттар мен құрылғылар
       және өнеркәсіп орындарымен стансаны жалғастыратын кірме  жолдар  –
       құрылыстың жақындық габариті С (1-ші сур.);
     - жолдар үшін,  аумақтағы  ғимараттар  мен  құрылғылар  және  зауыт,
       фабрика, шеберхана, депо, теңіз бен  өзен  порттары,  жүк  ауласы,
       қойма мен басқа да өнеркәсіп  орындарының  аумақтарының  арасында,
       соның  ішінде  жалпы  темір  жол  желісінің   кәсіпорындарында   –
       құрылыстың жақындық габариті СП.
    Құрылыстардың жолға жақындау габариті деп жаңа және желіге екінші жол
салғанда,  жолды  электрлендіргенде,  сондай-ақ  басқа  да   қайта   құру
шараларында, кірме жолдарында пайдаланылады. Егер олар жылжымалы  құрамға
өзара қатысты болмаса (жұмыс  жағдайындағы  вагон  тежегіші,  бекітілетін
байланыс сымдары, су алатын айналмалы бөліктері және т.б.).
    Жылжымалы құрамның габариті деп (жолдың  осінен  тік  қарағанда)  жүк
тиелген немесе  бос  жылжымалы  құрам  түзу  жазық  жолда  тұрғанда  ішкі
аумағынан шықпайтын көлденең шектік өлшемін айтады. Жаңадан құрастырылған
жылжымалы құрам габаритке сәйкес болуы керек  Т  (2-ші  сур.).  жылжымалы
құрамды  пайдаланғанда,   құрылғылар   мен   ғимараттар   Т   габаритінде
құрастырылады. Осы жылжымалы құрамды жіберу үшін С  габаритінің  талабына
сәйкес болуы керек.
     Көрсетілген  суреттер  арқылы,  С  пен  Т  габариттерінің   арасында
  жазықтық  болады,  жүріс  кезінде  жылжымалы   құрамның   өтуіне   және
  адамдардың жүріс  қауіпсіздігін  сақтауға,  сондай-ақ,  үлкен  жүктерді
  тасымалдауға, өзінің мөлшері бойынша жылжымалы құрамнан  шығып  тұратын
  қауіпсіздіктерін   сақтау   керек.   Габарит   мөлшері     миллиметрмен
  көрсетіледі және  былай  өлшенеді:  жол  осінен  -  көлденеңнен;  рельс
  басының жоғарғы деңгейінен - тігінен (РБД (УГР)).
     Стансадағы С габаритінің баспалдақты  төменгі  бөлігін,  жол  осінен
  1745 мм қашықтықта, жолаушылар платформасын төмен 150-200 мм  биіктікте
  орналастырады. 1100 мм биіктікте жүк және  жолаушылар  платформасы  жол
  осінен  1920мм  қашықтықта  орналасады.  Барлығы   1100-ден   4300   мм
  биіктікте  салынады  (мысалы:  бағдаршам  діңгегі,  байланыс   желісінң
  тірегі, жарықтандыратын діңгек және т.б.) жолдың осінен   2450  мм  кем
  емес қашықтықта орналасуы керек.
     1-ші  сур.   Ғимараттар  мен  құрылғылардың  орналасуы   көрсетілген
  (мосты, тоннел, галерея және платформадан басқа)  ішкі  жағынан  станса
  мен аралықтың соңғы жолдары, сондай-ақ, стансадан жеке  жатқан  жолдар,
  жұмыс істейтін құрылыс –жол машинелерінің жұмыс қанаттары теріс жағында
  көрсетілген. Габаритте көрсетілгендей,  соңғы  жолдың  осінен  3100  мм
  жақын емес қашықтықта орналасуы керек. Өте көп  қар  жиналатын  ойықтар
  мен   (шыңдардан  басқа)  олардан  шығатын  (  100м  қашықтықта)  шеткі
  жолдардың осінен ішкі жолдардың  байланыс  желілерінің  қашықтығы  және
  баска да құрылғылар 5700 мм кем болмауы қажет. Қиын жағдайларда жаңадан
  электрлендірілген желілер жолдың осінің ішкі жағына  дейін  стансаларда
  2450 мм кем емес, ал аралықта -  2750 мм болады.
     Желілер мен жол бөліктеріне, пойыз жылдамдығы  160  км\сағ  асқанда,
  габариттік мөлшері арнайы нұсқаулармен бекітіледі.
     Ашық жылжымалы  құрамда  тиелген  жүк  (орауы  мен  бекітуін  ескере
  отырып)  тиеу  габаритінде  орналасуы  қажет.  Жүкті  жаппай   тиегенде
  белгіленген габарит бойынша дұрыс тиелуін габарит қаңқасы тексереді.



    Темір жолдың негізгі элементтері

    Алдыңғы  ТПЕ  мынадай  талаптарды  талап  еткен,  телімде  қатынайтын
локомотивтің жылдамдығына жолдың жағдайы сәйкес келуі керек. Қазір  жолға
талап жоғары. Оның құрылымы мен мазмұны пойыздар жүрісінің қалқымай үлкен
жылдамдықта,  қауіпсіз,  белгіленген  телімде  жүруі.   Яғни,   бұл   жол
шаруашылығын алдын-ала дайындап жаңа тартым түрлерін  тиімді  пайдалануға
және енгізуге мүмкіндік береді.
    Темір жолдың негізгі элементтері –  жер  төсемі,  жоғарғы  беті  және
қолдан ғимараттар салу. Жер төсеміне үйінді,  су  жіберетін  шұңқыр  және
қорғайтын құрылғылар жатады. Үйіндідегі су  жіберетін  құрылғылар  –  бұл
қорлар мен тік канавалар. Егер грунтты үйіндіге салсақ, жақын  орналасқан
шұңқырлар саны шықпайды, сондықтан оны  қасынан  алады,  одан  қор  пайда
болады.
    Шұңқырлардан  су  жіберетін  құрылғылар  –   кюветтер,   қалқаншалар,
дөңесті, банкетті канавалар, кавальерлер және  банкеттер. Кюветта ені екі
жағынан жердің көлденең еңістігінде 0,4 метр, тереңдігі 0,6  метрден  кем
емес. Тігінен қисайғанда оған түскен  су  ағатындай  болуы  керек,  басқа
жағдайда 0,002 кем болмауы керек. Үстіндегі суды  ғана  емес,   грунттағы
суды да ағызатын болса, онда кюветтаның орнына қалқанша қояды,  тереңдігі
1,5 метрден аспау керек. Үстіндегі суды  ұстап  қалу  үшін  және  тігінен
жіберу  үшін  шұңқырларға   дөңесті   канавалар   орнатады,   бассейіннің
көлеміндей жиналады, судың жиілігі және түбіндегі  ені  0,6  метрден  кем
емес болуы керек. Шұңқырға суды жібермеу үшін, дөңесті канавадан  жоғарғы
жардың ауданына дейін жиналады, банкетті көлденең қисықпен  0,02  жасайды
және банкетті канавалар  жасайды.  Егер  шұңқырдан  қазып  алған  грунтты
үйіндіге пайдаланбаса, онда оны жырықтарға салады,  одан  кавальер  пайда
болады. Жоғарыдан шұңқырға судың кетуін қорғап, су жібермейтін болады.
    Үйіндіден пайда болған грунтағы суларға, шұңқырдан  штольниді  немесе
галерияны, дренажды  жібереді.  Жабық  дренаж  құбырлардан  тұрады,  ағаш
немесе  бетон  ойықтарынан  және   диаметрі   8-12   миллиметрлі,    өзен
жағасындағы құммен немесе сазбен толтырады, олар толтырғышқа өтіп  кетпеу
үшін торф талшықтарымен, ағаш қалдықтарымен немесе  басқа  да  матералдар
мен қаптайды.
    Жабық дренаждар үшін құбыр фильтрлерін кеңінен  қолданады   -  арнайы
құбырладың   ішкі  диаметрі  50  –  200  миллиметр  және     қабырғасының
қалыңдығы 25-50 миллиметр керамикалық  бетонан  тұрады.  Қажет  уақытында
дренажды жауып (6  метрден  жоғары)  құбыр  диаметіріне  адам  сыйатындай
құбырды бақылау үшін және дренажды жөндеу үшін қажет. Траншейн  түріндегі
тереңдетілген  дренаж  үлкен  диаметрдегі  құбырды   (1,2  –  1,5   метр)
галереей  деп  атайды.  Галерейлер  бетонды,  темірбетонды  және  ағаштан
тұрады. Галерейлер терең болғанда (10-12метрден көп)  дранежердің  орнына
траншеяларды қойып, штольнилармен жабдықтайды.
    Тік  шахталарды  тереңдігі  мен  орналасуына  қарай  150-250  метрден
тексеретін құдықтар мен желдететін құрылғылардан тұрады. Штольни, галереи
сияқты домалақ, тікбұрышты немесе қиылысқан болады.
    Жолдың жоғарғы қабаттарының элементерне рельс, рельстік  бекіту  және
ығыстырмайтын аспап – ағаштан немесе темір бетонан, бағыттама  бұрмалары,
қиылысулар, ауыстыратын брусьтар мен балласт қабатарынан тұрады.  Рельске
жылжымалы құрамнан күш түсіп,  шпал  мен  балласт  қабаттары  арқылы  жер
төсеміне беріледі, сондай-ақ дөңгелек жүрісін тік  және  қисық  телімдегі
жолдарға бағыттайды.
    Рельстік бекітулерді қиылысатын және  аралық  деп  бөледі.  Бекітулер
жапсырма мен рельстік  болттар,  гайка  мен  шайбадан  тұрады.  Осылардың
көмегі арқылы рельстік тізбектерді үзіліссіз жалғастырып тұрады. Рельстік
түйіспе деп – жолдағы ең  көп  жүретін  жерді  айтады.  Жаңадан  өңдейтін
жолдар түйіспейтін жолдар болады.  Аралық  бекітулерге  рельстің  астынан
бекітулер жатады. Олар бөлінбейді, біруақытта  рельс  түрінде  бекітіліп,
рельстің төсем темірі шпалға бекітіледі,  шпалға  рельстің  төсем  темірі
бекітіледі, содан соң рельс темірге бекітіледі.
    Ығыстыратын аспап серіппелі,  рельс  табанына  киілетін  және  шпалға
тірелетін, немесе қатты жапсырмадан тұрады. Ығыстырмайтын аспап 18  ден44
ке әрбір рельс тізбегіне 25 метр ұзындықта болады.
    Бағыттама бұрмаларын жолдарды біріктіруге немесе ажыратуға, қарапайым
және  қиылысатын  қызмет  атқарады.  Бір  деңгейде  екі  жолдың  қиылысуы
қарастырылады.
    Балласттық қабат– тас қиыршықтары, граверлік, асбестік немесе құмды –
рельс пен шпал арқылы  алған  жер  төсемінің  негізгі  көлеміне  біркелкі
тарату және үстіңгі қабаттағы суды ағызып  жіберу,  сондай-ақ,  рельстік-
шпалды торлардың нақты жағдайы көлденең және тікке бағытта орналасқан.
    Жасанды құрылыстар: көпірлер,  темір  жолды  су  жіберетін  жерлерден
қорғау; темір жолдардың астынан су жіберетін үлкен емес құбырлар  жіберу;
виадук  пен  эстакадаларда  терең   шұңқырларды   болғызбау   үшін   биік
үйінділерді қояды; әр түрлі деңгейдегі көлік  жолдары  мен  темір  жолдың
қиылысуын қамтамасыз  етеді;  таулы  жер  мен  биік  жерлерден  өту  үшін
тоннелдер салады. Жасанды құрылыстар тірек қабырғалары, күрделі еңістерде
жер төсемінің  мықты  болуын  қамтамасыз  етеді;  тауларда  пайда  болған
селжүргізетін, темір жол төсемдері арқылы сел  мен  лай  жүргізетін;  ірі
тастарды фильтрлейтін, жиі-жиі жайлап су жіберетін.
    Көпір  тіректері  мен  құрылғылардан  тұрады,   оларды  жалғастыратын
аралықты тіреулер аралығы деп атаймыз. Тіректерді былай  бөледі:  жағалық
және аралық; көпірлер – бір-,  екі-,  үш-,  және  ең  көп  ұзындықта,  ал
құрылысы бойынша төмен қарай жүретін, жоғары қарай жүретін немесе  аралас
жүретін бөлігі.  Көпірлер  метал  түрінде,  темір  бетон  түрінде,  бетон
түрінде, тас түрінде, кейде ағаш түрінде болады.  Жұмыстың  құрылысы  мен
мағынасына қарай мосты күш түсетін  ұзындық  аралығын  арқалық,  рамалық,
ілініп  тұратын  және  аралас  болып  келеді.  Көтеретін  және  айрылатын
мостылар болады.  Көпірдеғі  реілс  жолдарына  тас  қиыршықтарын  салады,
көлденеңнен  ағаш  немесе  металл  орналасады,   сондай-ақ   темірбетонды
плиталар орналасады.
    Құбырларды темірбетонды, бетонды, тасты және  сирек   металды  немесе
ағашты деп бөледі; су жіберетін ойықтар –  бір-  немесе  екі  ойықты,  ал
пішіні бойынша – домалақ, сопақ немесе тікбұрышты болып келеді.  Көпірдің
астынан  суды  дұрыс  жіберу  үшін  құрылғыларды  реттеп,  шайып   кеткен
үйінділерді қорғау.


      Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
        1. Габариттің түрлері
        2. Темір жолдың негізгі элементтері
        3. Жолдың жер төсемі,
        4. Жолдың жоғарғы беті
        5. Жасанды құрылыстар


    Дәріс №3. Жүріс барысында жіберілген қауіпсіздіктерді тексеру  тәртібі,
оларды талдау, профилактикалық жұмыс, оларды есепке алу мен есеп беру

Жолдың жоспары мен жобасы
    Темір жолдың жоспары – көлденең жазықтықта осьтерді графикалық  көрсету
(үстінен қарағанда). Табиғаттың кедергілері (тау, өзен,  көл,  болотта  және
т.б.), жол жұмыстарын көп болдырмау үшін немесе күрделі және  қымбат  қолдан
жасайтын құрылғыларды, тік бағыттағы трасса  желілерінің  құрылысын  кейінге
қалдырып, қисық телімдегі жолдарды жасайды. Қисықтарды бағытына қарай  (оңға
және солға) және еңістіктер, радиуске қатысты  болады,  қисықтардың  өзіндік
артықшылықтары   бар:   жүріс   кедергілерін   азайтып,   пойыздар   жүрісін
жылдамдатады.  Кейде   топографиялық  жағдайына  қарай   жердің   орналасуын
бөлуге келмейді.
    Жолдың қисық телімдерін жаңа желіде  жобалап,  үлкен  радиуста,  бірақ,
тәртіп бойынша,  4000 көп емес және 100  метрден кем емес. Қиын  жағдайларда
желі түрлеріне қарай және пойыздардың қатынайтын жылдамдығы бекітіледі  2000
– 500 метрге дейін радиустарын  азайтады.  Кірме  жолдар  мен  жалғастыратын
жолдар 180 – 150 метрде қисық  радиусте  жіберіледі.  Типтік   мөлшері  жаңа
желідегі қисық радиуста: 4000, 3000, 2500, 2000,  1800,  1500,  1200,  1000,
800, 700, 600, 500, 400, 350, 300, 250, 200, 180,150 м.
    Пойыздар  жүрісінің  бағытымен  көтерілетін  желілерді  дөңес  деп,  ал
түсетін  жерлерін  еңіс  деп  айтамыз.  Тік   жазықтықта   жолдың   осьтерін
графикалық көрсету желінің пішіні деп аталады.  Дөңес  пен  еңіс  деп  -   i
мөлшеріндегі   қисықпен   биіктіктердің   айырмашылығын    пішіндегі    сыну
нүктелерімен және элемент ұзындығымен  анықтайды.  Қисық  мөлшері  мыңдықпен
көрсетіледі.
    Қисық көп болған сайын, пойыздар жүрісі кезінде өрге көтерілуге кедергі
де көп болады  және  желілерде  пайдалану  шығынын  көп  жұмсайды.  Қисықтың
еңісіне қарай, телімде  қатынайтын  пойыздардың  салмағына  қатысты  болады.
Пойыздардың салмағын есептеу үшін  ең  үлкен  дөңестер  мен  бағытты  немесе
телімді қарастырады. Оны есептейтін  немесе  басқаратын  қисық  деп  атайды.
Салынып жатқан желіден  техникалық-экономикалық  есептеулер  арқылы  негізгі
қисықты алады, алдағы  жасалатын  жол  жұмыстарының  пайдалану  көлемі,  жүк
айналымының өсуі мен топографиялық жағдайы, сондай-ақ,  салмақ  мөлшері  мен
көрші жолдардағы қисықтарды ескереді. Басқаратын  қисық  I  и  II  категория
бойынша желіде  15ү, III категория - 20‰ және IV и V категория - 30‰ .  жаңа
желіде  I категория  болады,  жолаушылар  пойызы   120  км/сағ  жылдамдықпен
жүруін қарастырады, басқаратын қисық   9‰  аспауы  керек,  ал  топографиялық
жағдайы қиын болғанда  12‰.
    Пойыздар жүргенде қалқымай әрі қауіпсіз жүруін,  ең  үлкен  қисықтарды,
пішінің  элементерінің  ұзындықтарын  талапқа  сәйкес  анықтап  және  аралас
элементердің  қисықтарының  алгебралық  айырмашылықтарын   жоба   мөлшерінде
қарастырады.
    Айырым бекеттер, пойыздар тоқтайтын (қиылысатын немесе  басып  озатын),
жүк  және  маневр  жұмыстары  орындалады,  аудандарда  әр   түрлі   деңгейде
орналасады. Жергілікті жердің жағдайына байланысты (немесе жерді  дұрыстауда
көп жұмыс істеу), ТПЕ-не сай Айырым бекеттердің  еңісте  орналасуына  болады
және, олардың  еңісін 0,0015-ке  дейін  шектейді,  қиын  жағдайда    0,0025.
Вагон паркінің тығыршықты подшипникке ауысуын ескере отырып,  жүріс  кезінде
аздап кедергі келтіруін, вагонның өздігінен рельстен шығып  кетпеуі  (немесе
құрамды  локомотивтен  ағытқанда),  яғни,  пойыздар  жүісінің  қауіпсіздігін
күшейтіп,  оған  шектеулер  қоюы  керек.   Барлық  жағдайда,  стансалар  мен
разъезде  және  басып  озу  бекеттерінде    0,0025   қисықтары   орналасқан,
пойыздарды белгілі бір  салмақтарында  локомотивтің  көмекші  тежегіштерімен
ұстап тұруы қажет,  сондай-ақ,  оларды  орнынан  қозғай  алуы  керек.  Қажет
уақытында, маенврды  арнайы  тәртіпке  дайындап,  жеке  вагондарды  бекітіп,
сақтандыру құрылғыларын қояды,  қорғайтын  тұйық  жолдарға  жіберіледі  және
т.б.
    Жүріс жылдамдығын өсіруді ескере  отырып,  көптеген  стансаларды  қайта
жабдықтап,  пайдалану   жұмыстарын   жақсартып   және   пойыздар   жүрісінің
қауіпсіздігін сақтауды, стансадағы жолдардың орналасу  тәртібін  жақсартады.
Қиын жағдайдағы қисықтың ең қысқа радиусы 1500 метрден   1200  метр  болады,
жолаушылар  пойызының  жылдамдығы  120  км/сағ,  ал  жүк  пойызы  80  км/сағ
жылдамдықтан аспағанда телімдерде мұндай радиустер рұқсат етіледі .
    Үзіліссіз тасымалдау көлемінің  өсуі  станса  жұмысын  көбейтеді,  оның
ішінде сұрыптау, телімдік және жүк, онда  жолдардың  дамуын  көтеруге  талап
себепші болады. Маневр жылдамдығын өсіру  және  сұрыптау  дөңесінен  құрамды
жіберу жолдарға байланысты (олардың пішініне),  вагондардың  қатты  соғылуын
болдырмау, сондай-ақ, олардың  бүлінбеуі  керек.  Олар  вагонның  тығыршықты
подшипнигіне байланысты болады.  Бағыттама  зоналарындағы  сұрыптау  жолдары
тартым жолдарының бағытындағы еңісі  вагонды сұрыптау жағынан 0,004  болады;
бағыттама  алқымынан  тысқары  тартым  жолдары  –   сұрыптау   жолдары   мен
аумақтарда  еңіс  0,0025-тен  қисық  болмайды  (қиын   жағдайда   дөңестерде
0,002ден қисық болмайды). Тартым жолдары  кері  қисықта  болмайды.  Стансаны
қайтадан салғанда сәйкес талаптар бойынша, кейбір жағдайда  тартым  жолдарда
кері  қисықтың  салуын  рұқсат  етеді.  Бірақ,   барлық   жағдайда,   маневр
жұмыстарын жасағанда жеткілікті қауіпсіздігін сақтап, анық көрінуі керек.



    Жер төсемі

    Жер төсемі деп – темір жолдың негізін  қалаушы  элемент,  оның  сенімді
бастамасы. Табиғат апатарының әсерінен қорғайтын тұрақты  әрі  мықты,  дұрыс
жолдың жағдайы. Жер  төсемі  мықты  грунттардан  тұрады  және  су  жіберетін
жүйелері болады,  жоғарғы  қабатарының  қозғалып  кетпеуін,  грунтағы  сулар
болдырмайды. ТПЕ жер төсемінің негізгі ауданының еніне  арнайы  мөлшерлейді,
яғни  оған  мықтылығы  мен  беріктігі  тікелей  қатысты  болады,  сондай-ақ,
балласттық призманың  және  басқа  да  жол  құрылғыларының  дұрыс  орналасуы
көрсетіледі. Жер төсемінің ойықтағы ені 0,4  метрден  кем  болмайды,  жолдың
әрбір жағында жолаушылар жүретін жол мен жоғарғы қабаттың  материалдары  мен
жолдарды жөндейтін механизімдері орналасады.  Қос  тармақты  желіде  негізгі
ауданның ені дұрыс,  әрі  дөңесті  және  бір  тармақта  телімдегі  жолдардың
арасындағы енімен салыстырғанда пайдаланатын  грунттар  көбейеді,  онда  тік
телімдегі жолдар 4,1      метрге тең болады. Үшінші  жолдың  арасындағы  ені
сол жер төсемінде  5 метрге тең болады.
    Бір тармақты жолдың жер төсемінің негізгі ауданының көлденең  пішіні  –
трапеция; екі тармақты – үшбұрышты болып келген. Бұл  үстіңгі  жағынан  суды
жіберуге  және  жер  төсеміндегі  балласта  жол  торларының   дұрыс   салуын
көрсетеді. Дөңес грунттарының, тас қиыршықтары мен аса ірі және  орташа  уақ
құмдармен негізгі  аудандары  тігінен  жасалады.  Стансадағы  жолдар  санына
қатысты, жергілікті рельеф пен   гидрогеологиялық  жағдайлар  жер  төсемінің
үстіңгі қабаттарын бір  ылдилы,  екі  ылдилы,  сондай-ақ,  дренаж  жүйесінде
сынып көрсетілген және канализациялық құрылғылардың төмен орналасуы,  барлық
жолдардағы сулардың ағуын қамтамасыз етеді. Бағыттама  бұрмаларының  бойында
суды ағызу өте жақсы болуы керек.
    Жер төсемінің  сенімді әрі мықты болуын, дөңес пен еңістің  қисықтарын,
сондай-ақ, су жіберетін  құрылғыларды  қорғау,  грунттарды  бекітіп,  қалау.
Грунттың түріне байланысты қоршаулар мен құрылысы,   ауа-райына,  тереңдігі,
жылдамдығы, судың жиі ағуына байланысты болады.
    1970 жылы рельс басынан доңғалақ  арасының  ішкі   ені  1520  мм  болып
бекітілген. Ол жылжымалы құрамның  беріктігін  және  пойыздар  жүрген  кезде
оның қалқымауын, жолға  динамикалық  күшін  азайтуға  және  доңғалақтар  мен
релістің желінбеуін, вагон парктары мен жолдарды жөндеуге шығынды азайтады.
    Көпір  түрлері  жүк  көтерімділігіне  байланысты  жүріс   қауіпсіздігін
сақтайды,   сондай-ақ,   пайдалану   уақытын   ұзартады.     Көпірдің    жүк
көтерімділігін – түскен күшті өткізуге қабілеті жететін – белгіленген  күшті
анықтап,  өлшем  бірлігін  анықтайды.  Көпірге  түскен   күш   белгілі   бір
ауырлықпен, көпірге нақты түсетін ең ауыр салмағы анықталынады,  содан  соң,
оны қолдануға береді. Жүк көтеремділігін анықтағанда мынаны ескереді:
           • материалдың түрі мен механикалық  қасиетін,  тірек  ұзындығының
             салынуын, оның құрылысын, заутта жасалған сапасы мен  монтажын,
             сондай-ақ, бұзып алу немесе жөндеуі,  физикалық  жағдайын,  күш
             түскендегі жағдайы;
           • мосттының орналасуы;
           • салыну ұзындығының габаритті.
      Жүк көтерімділігін есептегенде міндетті  түрде  құрылғыларды  зерттеп
  және  барлық  материалдарын  анықтап,  құрылысын  оқып,   беріктігі   мен
  мықтылығын тексереді.
        Релістер, бағыттама бұрмалары
      Релістер – жолдың үстіңгі құрылысының негізгі элементтері, жылжымалы
құрамның күшін тікелей қабылдайды. Реліс түрлерін жолдың үстіңгі құрылысы
мен құрастыру түрлеріне қарай бекітіледі: реліс Р75 – өте ауыр; Р65 –ауыр
және  Р50 – қалыпты.
      Релістің басы пайдалану кезінде тік және көлденеңнен қажалуы мүмкін.
Ең көп қажалған түрі  – тік және жарты жанынан қажалу.
      Реліс түйіспелері тұрақты дұрыс жағдайда болуы керек.
      Бағыттама бұрмалары  жылжымалы  құрамның  бір  жолдан  екінші  жолға
өтуіне қажет. Оның  басты  бөліктері:  бағыттама,  екі  раммалы  релістен
тұрады, бағыттама үшкірлігі және ауыстыру механизмі;  қайшылама;  бақылау
релсьтері; бағыттама мен қайшыламаны біріктіретін ауыспалы қисық. Рамалық
рельс деп – бағыттама бұрмаларында орналасқан рельс тізбегі.
      Бағыттама бұрмалары мен тұйық айқаспа жолға  салынған  релсь  түріне
қарай, бекітілген сызбамен сәйкес келуі керек.
      Бағыттама бұрмаларының айқаспа маркасы мынадай болады;
      жолаушыларды қабылдап-жөнелтетін және басты жолдарда  –  1/11  қисық
емес, ал жалғыз және қиылысатын ауыстырулар, қиылысудың  жалғасы  –   1/9
қисық емес, жолаушылар пойызы тік жүргенде  жолдарда  ауысатын  бағыттама
бұрмаларының, айқаспа маркасы 1/9;
      жүк пойыздары жүретін қабылдау-жөнелту жолдарында -  1/9 қисық емес,
ал симметриялы болса –  1/6 қисық;
      басқа жолдарда –  1/8 қисық емес, ал симметриялы болса –  ¼  ,5  кем
емес бағыттамалар пайдаланады.
        Басты жолдардағы  барлық  бағыттама  бұрмаларының  үшкілігі  пойыз
  жүрісінің  бағытына  қарсы  жағдайда  орналасуына  байланысты,  алдынан
  қарсыласатын брустар қою керек.
      Пойыздарды тоқтаусыз жіберетін желілерде, стансаның басты  жолдарына
тұйық айқаспалар мен бағыттама бұрмаларының қиылысуын жаңадан салу керек,
сондай–ақ,  басты жолдардың қисық телімдерінде бағыттама бұрмаларын  салу
мынадай  жағдайда  босатылады,   егер   бекітілген   пойыздар   жүрісінің
жылдамдығын шектемесе.
      Оларды  қарапайым  типтік   рельстерден   жасайды   және   бағыттама
башмактары арқылы қозғалмайтындай етіп  бекітеді.  Үшкіліг   –  бағыттама
бұрмаларының жылжымалы бөлігі; оның  көмегімен  үшкірдің  біреуі  негізгі
рельске тақалады, ал екіншісі негізгі  рельстен  доңғалақтың  жалы  еркін
өтетіндей  аралыққа  ығысады.  Бағыттама  тартымдары  өзара  үшкілік  пен
жалғасқан, бұл  үшкірдің  біріншісі  ауыстырмалы  тартымды  жалғастырады,
бағыттаманың  өзі  екі  негізгі  рельстен,  екі   үшкірден   және   бұрма
механизмдерінен тұрады, оны жұмыс істейтін деп атайды.
      Ауыспалы қисық – жолдың ауыстыратын бөлігі, бір жағынан  жүруі  және
бағыттаманы айқастырмамен  бекітуі.  Оны  қарапайым  релістерден  қажетті
ұзындықтарда  салады.  Ауыспалы   қисықтың   радиусы   оның   еңістігімен
анықталынады, оның мөлшері  айқаспаның  маркасына  байланысты.  Бағыттама
бұрмаларының  айқаспа  1/18  маркасы  960  м  болады,   басқа   бағыттама
бұрмаларының айқаспа маркасы  1/11 – 295 – 300 м және 1/9 маркасы – 190 –
205 м.

      Темір жолдың қиылысуы, басқа көліктермен түйісуі
        Темір жолдың басқа темір жолмен,  трамвай  жолдарымен,  троллейбус
  желілерімен, автомобиль  жолдарымен  және  қала  көшелерімен  қиылысуын
  Құрылыс мөлшерінің тәртіптерімен келісіліп жасалады.
      Трамвай және троллейбус жүретін жерлерден  пойызды  жіберуге  рұқсат
етілмейді.  Автобустар  жүретін  жерлерден  тек   қана   жол   бастығының
рұқсатымен ғана жіберіледі.
      Темір жол өтпелері  өте  қауіпті  зона  болып  саналады,  автомобиль
көліктері сияқты темір жолдада жүріс мөлшері көп болады,  онда  жылжымалы
құрамдардың соғысуы да болады, әр қауіпті  қауіпсіздікті  қорғауды  қажет
етеді.  Темір  жолдағы  жүрістің    жиі   өсуіне   байланысты   өтпелерде
автомобильдердің ұзақ күтіп тұрып қалуы, көліктің техникалық құрылғыларын
тиімді пайдаланбаудан, жүктерді жеткізуді кешіктіріп, көлік  үрдістерінің
тиімділігін азайтады, сондықтан, жаңадан салынатын темір жол  желілерімен
кірме  жолдардың  басқа  темір  жолдар  мен  кірме  жолдарға,  троллейбус
желілерімен, жалпы қалалық мәндегі магистральды  көшелермен  қиылысқанда,
қалалық  авто  көліктердің  жылдамдығын   арттырып,   сондай-ақ,    I-III
категориядағы автомобиль  жолдарын  әр  деңгейде  жобалау.  Темір  жолдың
автомобиль жолдарымен қиылысуы  IV и  V  категорияда  әр  түрлі  деңгейде
қарастыру, егер: автомобиль жолдары басты  және  үш  жолды  кесіп  өтетін
болса; пойыздар жүрісінің жылдамдығы  120 км/сағ көп болғанда  қиылысатын
темір жол телімдері; ойда орналасқан темір жолдар мен  жақсы  көрінбейтін
өтпелерде;   автомобиль  жолдарында,  троллейбус  жүрістері  мен  трамвай
жолдарына қиылысуы қарастырылады.
      Темір жолмен автомобиль  жолдарының  қиылысуы,  стансада  ғана  емес
үлкен  маневр  қозғалыстарында   жолдың   тік   телімдерінде   және   тік
бұрыштарында болуы мүмкін. Егер тік бұрыштарда қиылыспаса,  онда  қиылысу
бұрышының үшкілігі  600  кем болмайды.
      Жол  өтпелері  жүріс  жиілігіне   байланысты,   пойыздар   жүрісінің
жылдамдығы және көлік құрылғылары, жол  өтпелерінің  жабдықталған  сигнал
құрылғылары,   сондай-ақ,   сигналдардың   көрінуі    шлагбауымен    және
шлагбауымсыз болуы мүмкін.
      Кезекші жұмыскер жол өтпелерінде мынадай жұмыстар атқарады:
     - I және II категория, кіші темір  жол  телімдеріндегі  сигналдардың
       көріну жағдайы  қиын  болғанда  немесе  кірме  жолдарды  автоматты
       бағдаршам  сигналдарымен  жабдықтағанда,  сондай-ақ,  кіші   кірме
       жолдарда   маневр   қозғалыстарының   болуы,   тік    –    айналым
       шлгбаумдарымен жабдықталғанда, жақсылап жабылатын кірме жолдарда;
     -  III  және  IV  категория  телімде  жолаушылар   пойызының   жүріс
       жылдамдығы 100 км/сағ артық болғанда;
     - III категория сигналдардың анық көрінбеу жағдайында және бағдаршам
       сигналдарының  автоматты  жабдықталмауында,   сондай-ақ,    станса
       ішінде үлкен маневр жұмыстарының жасалуында;
     - IV категория сигналдардың анық көрінбеу жағдайында және  бағдаршам
       сигналдарының автоматты жабдықталмауында.
         I және  II  категориядағы  жол  өтпелері  автоматты  сигналдармен
  жабдықталады (бағдаршамды немесе ескертуші).  III және IV категориядағы
  жол өтпелері пойыздың жүріс жылдамдығы мен жиілігіне байланысты,  көлік
  құрылғылары   мен   көріну   жағдайларына    байланысты    сигналдармен
  жабдықталады.
        Кезекші  жұмыскерлер  қызмет  атқаратын  жол  өтпелерінде,   жақын
  стансалар  мен  қосымдарға   (телімдердегі   диспетчер   орталықтарымен
  жабдықталған  –  пойыз  диспетчерімен)  тікелей  телефон  немесе  радио
  байланысы болуы қажет.
          I  және  II  категориядағы  барлық   жол   өтпелері   электірмен
  жабдықталуы керек, сондай-ақ, III және IV категория  жол  өтпелері  де.
  Телімдерде орналасқан тура бағыттағы  желілерді  электірмен  қамтамасыз
  ету, автоблокировкамен немесе жақында орналасқан тұрақты электр тоғымен
  қамтамасыз  етіледі.   Жол  өтпелеріне  қажетті  жағдайларда  прожектор
  құрылғыларын орнатады.
        Сигнал шамдары  шлагбаумдарда түнде жағылады, сондай-ақ, күндіз де
  анық көрінбеген жағдайда қосылады (тұман, боран және т.б.).
        Қалыпты  жағдайда  автоматты  шлагбаумдар  жол  өтпелерінде   ашық
  болады, ал автоматты еместері  – жабық болады.  Басқа  жағдайларда  жол
  өтпелеріндегі  көлік  құрылғыларының  жүрісі  жиі   болғанда,   қалыпты
  жағдайдағы автоматты емес шлагбаумдарды жол  бөлімшелерінің  бастықтары
  ашық қалдыруға рұқсат береді.
        Жол өтпелерінің типтік жер төсемі мен кірме жолдары  болуы  керек,
  бағаналар мен сүйеніштен қоршалады. Жол өтпелеріне жақындағанда ескерту
  белгілері тұрады: пойыздар  келетін  жақтан  –  «С»  ысқыру  сигнальнал
  белгісін  береді,  автомобиль  жолдары  жағынан,  көрсетілген  нұсқалар
  бойынша береді. Кезекші жұмыскерлер тұрмайтын жол өтпелерінің  алдынан,
  пойыздардың келетін жағынан анық көрінбеген жағдайда қосымша «С» сигнал
  белгісі бекітіледі.


      Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
        1. Жер төсемі
        2. Темір жолдың жобасы
        3. Темір жолдың жоспары


      Дәріс №4. Темір жол көлігінде қозғалыстың байланыс жүйелері


        Жол қоршауының түрлері
        Жолшыбай  жүргендегі  пойыздың   интервалын   шектейтін,   жүрісті
  реттейтін, құрылғы жүйесі, өткізу қабілеті  мен  қауіпсіздігін  сақтау,
  пойыздар тұрған жол аралықтарын немесе стана аралықтарын қоршауды,  жол
  қоршауы деп атайды. Жол қоршауының түрлері
         • автоматты,
         • жартылай автоматты;
         • жол саны мен ондағы жүрісті ұйымдастыруға байланысты
         • бір тармақты,
         • екі тармақты.
      Автоматты қоршау да бір аралыққа пойызды бірінен соң бірін жөнелтуге
болады, олардың шектейтін бір уақыт  интервылы  анықталынады.  Бұл   үшін
аралықтар қоршау-телімдеріне  бөлінеді,  оның  әр  қайсысын  бағдаршаммен
қорғайды, олар электрлі реліс тізбегімен байланысты. Бағдаршам сигналдары
пойыздың алдында бір немесе бірнеше  қоршау-телімдерінің  бос  немес  бос
еместігін көрсетеді. Кіретін немесе  өткізетін  бағдаршамдарды  ашу  үшін
пойыздың қоршалған блок-телімін толық босатуына көз  жеткізу  керек.  Бұл
электір тізбектерінде рұқсат беретін бағдаршамдардың жануы  (сары  немесе
жасыл), шығатын бағдаршам мен станса шекарасын аралығындағы  телім  реліс
тізбегін жол релелерінің байланысымен қосады.
      Автоматты қоршаудың екі негізгі жүйесі қолданылады:
         • телімдегі тепловоз тартымын импульстік  тұрақты  тоқта  аралас
           жүйеде қоректендіреді;
         • телімдегі электр тартымы негізінен сандық кодта  ауыспалы  тоқ
           болады.
      Жартылай автоматты қоршауда шығатын және өтетін бағдаршамның жағдайы
аралыққа шығуына ашық болады. Сигналдар қолмен  ашылса,  автоматты  түрде
өздері жабылады, және қолмен жабылады. Автоматты қоршау құрылғылары қосым
аралығын немесе станса аралығын пойыз босатпайынша және олардың  келгенін
белгілейтін арнайы құрылғы шығатын немесе өткізетін  сигналдардың  ашуына
рұқсат бермейді, ал қабылдайтын станса жөнелткен стансаға хабарламайды.
      Бір  тармақта  аралықта,   автоматты   немесе   жартылай   автоматты
қоршаулармен жабдықталған, стансадағы шығатын бағдаршам ашылған соң,  осы
аралыққа жөнелтілетін қарама-қарсы бағытта, көрші стансаның шығатын  және
өткізетін бағдаршамдары ашылмауы керек.
      Екі  бағыттағы  әрбір   жолға    автоблакировкамен   және   жартылай
автоблакировкамен  жабдықталғанда,  мұндай  байланыс  екі  тармақты   жол
аралығында бір-бірімен байланысты болу керек.
      Бір тармақты (екі  бағытты),  екі  тармақты  екі  бағытты  және  бір
бағытты жолдар автоматты және жартылай  автоматты  қоршауда  болады.  Екі
тармақты екі бағыттағы жолда пойыздар кез-келген жолмен екі бағытта  жүре
береді: екі жақты автоблакировка жүйесінде пойыздар  жүрісінің  бағытының
ауысуы арнайы жобада қарастырылған. Бір бағытағы  жұмыста  барлық  өткізу
бағдаршамдары кері жағдайда сөнеді  немесе  қызыл  түс  жанады.  Аралықты
пойыз босатқанда ғана жүріс бағытын өзгерте  алады.  Аралықтың  босағанын
екі жақтағы стансада бақылай алады. Стансадан  шығатын  сигналды  ашқанда
аралық бос болмайды және басқа бағытқа ауыстыру мүмкін емес.
      Жартылай автоблокировкада  сигналды  ашу  үшін,  пойыз  жөнелтілетін
көрші стансадан басқару аппараты арқылы алдын-ала сигналды босату  туралы
рұқсат алады. Пойызды жөнелткеннен кейін және ол көрші стансаға келгеннен
кейін жүріс бағытын өзгерте алады. Яғни, екі  бағыттағы  қоршау  пойыздар
жүрісінің қауіпсіздігін сақтайды, онда аралық бос болмағанда шығатын және
барлық  өткізетін  сигналдар  қарама-қарсы  бағытта  жабық  және   қойған
жағдайында электрлі тұйықталып тұрады. Мұндай жағдай да бір тармақты  жол
аралығына, қарама-қарсы пойызды сигнал бойынша бір  уақытта,  немесе  екі
тармақты жол аралығындағы бір жолға жібере алмайды.
      Автоматты блокировка локомотивтің автоматты сигналымен,  ал  телімде
пойыздар  жүрісінің  жиілігі    –  диспетчердің  бақылау   құрылғыларымен
толықтырылады.
      Автоблакировканы толықтыруға қажетті, локомотивтің автоматты  сигнал
құрылғылары, автотежегішпен  жүріс  қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптарды
түсіндіреді.   Локомотивтің    автоматты    сигналы,    бағдаршам    анық
көрсетпегенде, жүргізуші локомотив бағдаршамының көрсеткішімен жобалайды.
      Желіде  орналасқан  стансада,  автоматты  және  жартылай   автоматты
блокировкамен жабдықталған, құрылғылар мынадай болады:
      Белгіленген жолға, маршруттағы кіретін бағдаршамның ашылмауы;
      Басқару  аппаратарында  жолдар  мен  бағыттамалардың  бос   болмауын
бақылау.
      Егер дұрыс берілген маршрутта және  бірінші  блок  –телімі  (басқару
құрылғыларының көрсетуімен)  бос  болғанда  шығатын  бағдаршам  ашылмаса,
екітармақты жол аралығының дұрыс жолымен пойыз жөнелтіледі:
      Шығатын бағдаршамның шақыру сигналымен;
      Станса  кезекшісінің  тіркелген   бұйрығы,   жөнелтілетін   пойыздың
жүргізушісіне радио байланысы арқылы беріледі;
      Жасыл түсті рұқсат беру қағазының  I-ші бөлімі толтырылады.
      Бір тармақты жол  аралығына  немесе  екі  бағытты  автоблокировкамен
жабдықталған екі тармақты  жол  аралығының  дұрыс  емес  жолымен  пойызды
жөнелткенде шығатын бағдаршамның көрсеткіші рұқсат бермесе:
      Станса  кезекшісінің  тіркелген   бұйрығы,   жөнелтілетін   пойыздың
жүргізушісіне радио байланысы арқылы беріледі;
      Жасыл түсті рұқсат беру қағазының  I-ші бөлімі толтырылады.
      Бір тармақты жол аралығына және  екітармақты  жол  аралығының  дұрыс
емес жолымен пойызды жөнелткенде шақыру сигналы рұқсат бермейді.
      Істен шыққанда  автоблокировканың  әрекетін тоқтату:
      Аралықтағы екі  және  одан  да  көп  бағдаршамдардың  сигнал  оттары
өшкенде, бағдаршамдардың көрсеткішін ескермегенде;
      Блок-теліміне  тұруға  шығатын  немесе  өткізетін  бағдаршамдар  оты
рұқсат бергенде;
      Бағытын өзгертуге мүмкіндік болмағанда, соның  ішінде  бір  тармақты
жол аралығында көмекші тұтқалардың көмегімен немесе бір  тармақты  жолдың
жүріс тәртібімен, екі бағытты автоблокировкамен жабдықталған екі тармақты
жол аралығына дұрыс емес  жолмен  пойызды  жөнелту.  Белгіленген  бағытта
автоблокировканы қолдану рұқсат етіледі.
      Істен шыққанда жартылай автлблокировканың әрекетін тоқтату:
      Шығатын немесе өткізетін бағдаршамдарды жаба алмаған жағдайда;
       Шығатын немесе өткізетін бағдаршамдарды бос  аралыққа  аша  алмаған
жағдайда  (соның  ішінде  шығатын  бағдаршамдарға   көмекші   түймелермен
оқшауланған телімдердің бос екендігін бақылауды ағыту);
      Қорғалған сигналдардың өздігінен қосылуы;
      Қорғалған сигналдарды беру немесе алу мүмкіндігінің болмауы;
      блок-аппаратында  плобының   болмауы   (аяқ   басқыш   пен   көмекші
түймелерінде плобының болмауын есептемегенде).
      Барлық жағдайда автоблокировка  мен  жартылай  автоблокировка  істен
шыққанда пойыздар жүрісі телефон байланысы арқылы жүргізіледі.


      Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Темір жолдың қиылысуы, басқа көліктермен түйісуі
   2. Автоматты блокировка локомотивтің автоматты сигналы
3. Жол қоршауының түрлері


Дәріс №5. Локомотив және вагон шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары


    Қауіпсіздік теориясының негіздері, теміржол жүйесінің  сенімділігі  мен
қауіпсіздігінің арасындағы ерешеліктер.
      Пойыздар ТПЕ мен жүріс кестесіне және пойыздарды құрастыру  жоспарына
  сәйкес құрастырылады. Бағыт бойынша жүк пойыздарының ұзындығы мен  салмақ
  мөлшері және әрбір телімге жүріс кестесі мен пойыздарды құрастыру жоспары
  бойынша бекітіледі және локомотив түрімен, пойыздар  қатынайтын  телімнің
  жол пішініне, сол телімдегі стансаның қабылдап-жөнелту жолдарының пайдалы
  ұзындығына сәйкес келуі қажет.
    Ұзын құрамды пойызды телімнен жіберуді жол бастығы бекітеді.
    Алыс  және  жергілікті  жолаушылар  пойызының   салмақ   мөлшері   және
вагондардың  орналасу  тәртібі  пойыздар  жүрісінің   кестесінің   кітабында
көрсетіледі. Пойыз – бір  немесе  бірнеше  локомотивке,  моторлы  вагондарға
тіркелген және құрастырылған вагондар құрамы, олардың бекітілген  сигналдары
болады. Пойызт құрамына вагондардан басқа, жылжымалы  құрамдарды  да  қосады
(істен  шыққан  локомотив,  әр  түрлі   крандар,   қар   тазалағыштар   және
т.б.).Аралыққа жөнелтетін вагонсыз локомотив, автомотрис  және  ағытылмайтын
дрезина пойыз ретінде қарастырылады.
    Құрастыру  жоспарын  анықтағанда  берілген  бағыттағы  пойызға   қандай
вагондар тіркелетінін, сондай-ақ пойыздарды толық немесе жартылай  құрастыру
бекеттері қарастырылады.  Жолаушылар және жолаушылар - жүк пойызының  салмақ
мөлшерін,  жолаушылар  ағымы  мен  жүретін  жылдамдықтарына  қатысты,  жүріс
графигін құрастырар алдында анықтайды.  Жүк жүрісіндегі тиімді салмақ  –  ең
үлкен салмақ, берілген  жол  пішіні  локомотивке  таныс  болғанда  жібереді.
Транзитті  жүк  пойыздарына   барлық   бағытта   бірыңғай   салмақ   мөлшері
бекітіледі. Бұл стансадағы  маневр  жұмысын  азайтады,  пойыздардың  жүрісін
жылдамтатады, локомотивтерді тиімді қойып, пайдаланады. Бағыт аралығында  ең
жоғарғы салмақты  сақтау  үшін,  жеке  аралықтарды  қысқы  тартымдар  немесе
итерулерді қолданады. Оларды әр түрлі техникалық-экономикалық  есептеулермен
анықтайды.  Телімдік  және  құрама   пойыздарға   өзіндік   салмақ   мөлшері
бекітіледі. Олар бірыңғай үлкен немесе кіші болуы мүмкін.
    Пойыздың салмағы немесе ұзындығы толмаса құрастыруға рұқсат  етілмейді.
Салмағы  толық   емес   пойызды   жөнелту,   локомотив   қуаттылығын   толық
пайдаланбайды, жүріс мөлшері көбейеді, тасымалдау құны өседі. Жүк  пойызының
салмағы, жүк  салмағы  (нетто)  мен  вагон  салмағының  (тары)  қосындысынан
тұрады. Әрбір вагонның жүк салмағы тасымалдау құжаттының  анықтау  қағазында
жазылады,  әр түрлі вагонның тарасы мен ұзындығын,  арнайы  кестені  қолдана
отырып анықтайды. Жүрісі көп бір  тармақты  және  екі  тармақты  телімдерде,
жалпы жүріс мөлшерін азайту үшін, алдымен ұзын құрамды пойыздарды  жібереді.
Олар  телімдерде  басып  озғанда  аялдаусыз  және  тоғысусыз  өтеді.  Мұндай
пойыздарды техникалық  стансаға  қабылдау,  жергілікті  жағдайға  байланысты
болады. Ұзын құрамды жүк пойызы деп, ұзындығы мөлшерден асып кеткен  (шартты
вагондарда),  жүріс  графигінде  бекітілген,  телімдерде   жүретін   пойызды
айтады.
    Пойыздарға тежегіш құрылғылары істен  шыққан  вагондарды  қоюға  рұқсат
етпейді.  Вагондарды  тиеу  белгіленген  тасымалдау  мөлшерінің   тәртібімен
жүргізіледі.  Вагоның барлық түрі барлық жол желісінде жүре бермейді.
    Мұнай мен басқа тез тұтанғыш  заттар  ағып  тұрған  цистернаны  пойызға
тіркеуге  болмайды.  Жолда  келе  жатқан  цистерна  ағып  тұрса,  онда  оның
ағызатын құрылғысын жөндеу керек.  Егер  ағуын  тоқтата  алмаса,  цистернаны
пойыздан ағытып  алып,  қауіпсіз  тұратын,  жолға  береді.  Жанар-жағар  май
материалдарын темір жол ұйымдарының шаруашылығына жылдамырақ  жеткізу  үшін,
цистернадан жартылай жолдан құйып алып, толтырыла  құйылмаған  цистерналарды
пойызға тіркеуге рұқсат етеді.
    Жолаушылар пойызына жүк вагонын  бір  топпен  құрамның  басына,  немесе
соңына  қояды.  Көбіне  мұнда,  жылдамырақ  жеткізуді   талап   ететін   жүк
вагондарын тіркейді.
    Кіші телімдердегі разрядтты жүк  вагондарына,  жеке  локомотив  жіберіп
қорғауы қажет. Аралық стансада маневр жұмысын азайту  үшін,  құрама  пойызға
әр  түрлі  бағыттағы  вагондарды  бір  топпен  қояды.   Айырым   бекеттердің
жағрапиялық  орналасуымен,  топтарды  бірінен  соң  бірін   қояды.   Құрама-
тарататын   вагондарды  құрама  пойызға  бір  топпен  қояды,   олар   құрама
пойыздағы тарататын операцияларын жылдамдатып, жүру уақытын азайтады.
    Локомотив пен ашық жылжымалы құрамнан адамдары бар  вагондарды  қорғау,
жолаушылардың қауіпсіздігін  қамтамасыз  етеді.  Мұндай  вагондардың  қасына
пойыздарда улы жүк тиелген вагондарды қоюға болмайды. Адамдарды  шаруашылық,
құрама және әкететін пойыздармен тасымалдауға рұқсат етілмейді.
    Жөндеуге апаратын және жөндеуден шыққан жүк пойыздарына  тұтас  металды
жолаушылар вагонын қоюға болмайды.   Жеке құрамға  15-20   вагондар  тобымен
құрастырып, бос график тізбегімен жөнелтеді. Егер 15 вагонан аз болса,  онда
оларды бірден жібереді – екі жүк  жолаушылар,  жүк-пошта  немесе  жолаушылар
пойызы. Адамдар пойызы – құрамында 10 және одан да көп вагоны  бар,  адамдар
тиелген пойыз.
    1-ші – 3-ші дәрежедегі габаритті емес жүк вагондарын  пойыздың  басынан
және соңынан бір габаритті жүк вагонымен немесе бос вагонмен бекітеді.  4-ші
дәрежедегі габаритті емес  жүк  пойызы,  сондай-ақ  жоғарғы  габаритті  емес
вагондарға бақылау рамасын қояды, жол шеберінен  мамандығы  төмен  емес  жол
қызметіндегі тәжіребиелі жұмыскер  алып  жүреді,  ол  жасанды  құрылғылардан
өткенде бақылайды.  Вагонның бақылау рамасы локомотивтен  кейін  орналасады,
ал габаритті емес вагондар  немесе  жоғарғы  габаритті  емес  жүк  вагондары
құрамның ортасында орналасады, локомотивтен  5  вагон  жақын  болмауы  керек
және пойыз соңында 1  вагоннан  кем  болмауы  қажет.  Ұзын  құрамды  пойызда
габаритті емес жүктердің барлық дәрежелерін бірдей  қоюға  болмайды,  нөлден
басқасын. Пойызға тіркеліп жүретін бос транспортерлар салмағы 3000 т.  үлкен
болғанда, құрамның соңғы 1/4 бөлігіне, ал аз болғанда – кез-келген  бөлігіне
қоюға болады.


    Локомотив шаруашылығының құрылғылары мен ғимараттары
    Локомотив  шаруашылығының  құрылғылары  мен  ғимараттары  кәсіпорындағы
тұрмыстық ғимараттары, типтік жобаларға сәйкес  технологиялық  құрылғылармен
жабдықталған кешен.
       «Локомотив» терминін жинақтау мәнінде қолданады.  Ол  барлық  тартым
бірліктерін білдіреді – электровоз,  тепловоз,  газотрубовоз  және  паровоз,
сондай-ақ  моторовагонды жылжымалы құрам – электро- және дизель-пойыз.  Егер
тартым бірліктерінің ерекшеліктерін көрсетсек, олардың түрлері көрсетіледі.
      Локомотив  шаруашылығының  құрылғылары  мен  ғимараттарына  локомотив
депосы  жатады;  техникалық  қызмет  көрсету  бекеті,  жабдықтау,  локомотив
айналымы;   локомотивтің  артық   қоры:   айналмалы   құрылғы:     локомотив
бригадасының дем алатын үйі. Локомотив депосы  –   локомотив  шаруашылығының
негізгі бөлімі. Тартым түріне қарай, жұмыс көлемі мен  сипаты  негізгі  және
айналмалы  болып  бөлінеді:  жолаушылар,  жүк  және  аралас;   электровозды,
тепловозды,  паровозбен  аралас;   пайдаланатын,  жөндейтін   және   жөндеп-
пайдаланатын: классыз, бірінші, екінші және үшінші класты.
      Негізгі депо  есептегіш  немесе,  локомотив  паркінің  инвентары  деп
атайды, оған  локомотивтер  кіреді,  берілген  депоның  есептеуінде  тұрады.
Тәртіп бойынша, негізгі  депода  жөндеу  позициясы  орналасқан  және  барлық
технологиялық  жабдықтарының  орындалуы  немесе  барлық  бөлікте  техникалық
қызмет көрсету  мен  локомотивтерді  жөндейді.  Пайдаланып-жөндеу  депосында
пайдалану  цехы  және  жөндеу  бөлімшелері  бар.  Пайдалану  цехы  локомотив
бригадасын,  машинист-инструкторды,   депо  кезекшісін,   міндет   орындаушы
топпен,  жылдамдықты  өлшейтін  есептегішті,   шұғыл-статистикалық   есептеу
тобының жұмыскерлері мен  техникалық қызмет көрсету бекеттерін біріктіреді.
      Айналым депосында локомотив паркін есептемейді, онда жөндеу базасында
техникалық  қызмет  көрсету   түрлері    орналасқан,   сондай-ақ   жөндеулер
жүргізеді. Айналым депосында пайдалану цехы және  техникалық  қызмет  көсету
бекеті бар.
       Локомотив   бригадасының   жұмысы   ауыспалы   кезекте   орындалады,
локомотивтің  айналым  телімі  локомотив  бригадасының  жұмыс   телімдерінен
бірнеше есе ұзын.
      Локомотив бригадасын жолда ұзақ болдырмау үшін және пойыздар  жүрісін
жақсылап  ұйымдастыру  үшін,  локомотив  бригадасын   жағрапиялық   жағдайда
орналасуын  ескере  отырып,  деполар  арасында  жұмыстың   таратылуын   және
пайдалану  цехының  орналасуы  тұрақты  жетілдіріліп  тұрады.  Негізгі  және
айналым  деполарының  болуы,  айналым  локомотив  бекеттерінің  болуы  осыны
көрсетеді.
        Техникалық  қызмет  көрсету  бекеттері,  жабдықтау  және  локомотив
айналымы кәсіпорын  бөлімшелерімен  біріктірілген,  олар  негізгі  локомотив
депосына бағынады немесе  жол  бөлімшелерінің  локомотив  бөліміне  қарайды.
Олар   регламенттік  жұмыстарды  (міндетті)  жасайды:  тексеру,  тораптардың
жағдайын тексереді және локомотив күйін, қажет жағдайында жөндеу  жұмыстарын
да жүргізеді, сондай-ақ құммен, сумен,  отынмен  және  маймен  (жабдықтауда)
қамтамасыз етеді. Мұнда  локомотивті  пойыз  келгенше  жұмыс  күйінде  ұстап
тұрады, оның ішінде қыстыңгүні. Басқа жағдай да әр  түрлі  операцияларды  әр
қалай жерлерде жасауы мүмкін, бұл бекеттерді жеке дайындайды.


    Вагон шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары
       Вагон  депосының  техникалық  жабдықталуымен  орналасуы,  вагондарды
тасымалдауға дайындау бекеті,  булап-жуатын  станса,  вагондарға  техникалық
қызмет көрсету бекеті және белгіленген пойыздардың  жүріс  тәртібімен  вагон
шаруашылығының басқа  да  құрылғылары  мен  жабдықтары  қамтамасыз  етіледі,
техникалық қызмет  көрсетудің  жоғарғы  сапасы  және  вагон  жөндеуде  еңбек
өнімділігінң жоғарлауы қарастырылады.
      Вагон  шаруашылығы  негізгі  шаруаны  есептейтін  кәсіпорын  –  вагон
депосы. Оның өзіндік теңдігі бар  және  жол  бөлімшелерне  тікелей  бағынады
(жол басқармасының рефрижератор депосы). Деполардың  түрлері  мен  пайдалану
қасиетіне  қарай  вагондарды  тасымалдауға  дайындау  бекеттерінде   болады,
вагондарға техникалық қызмет  көрсету,  контейнелерге  қызмет  көрсету  және
жөндеу,   автотежегіштер  мен   автотіркеудібақылау   бекеті,   булап-жуатын
стансалар және доңғалақ шеберханасының бекеттері және т.б.
      Вагон депосы жолаушылар, жүк, контейнер, аралас  және  рефрижераторлы
болып бөлінеді. Жүк   депосы,  бір  түрлі  вагондарды  жөндеуге  кәсіпорында
маманданады (ашық вагон, жабық вагон, цистерна,  жайдақ  вагон  және  т.б.).
Депо, жүк және жолаушылар вагонын жөндейтін, депоны аралас депо деп  атайды.
Олардың желідегі саны өте көп. Жолаушылар  вагон депосы  жолаушылар  құрамын
құрастыратын бекетте орналасқан, онда  400-ден  көп  вагондар  есептелінген;
жүк депосы – өте көп тиеп-түсіру стансаларында, тәулігіне 500-ден көп  вагон
өңделеді: рефрижератор вагон  депосы,  тез  бұзылатын  жүктерді  тиеп-түсіру
жолдарында болады.
       Тиеуге  немесе  түсірілуге   берілетін   вагондар   және   реттейтін
тапсырмалармен бағытталған  вагондар,  тасымалдауға  дайындайтын  бекеттерде
өңделеді (ВТДБ).
       Жүктерді  көп  тиеп-түсіру  стансаларында  вагондарды   тасымалдауға
дайындайды және бос вагондарды  бағытқа  құрастырады,  сондай-ақ,  реттелген
тапсырма бойынша бос вагондар жүретін бағытта стансалар орналасады.
      Темір жол желілерінде вагондарды техникалық жөнделген жағдайда  ұстау
үшін,   тасымалдауға   дайындау   бекетіндегі   вагондардан   басқа,   былай
ұйымдастырады:
      - вагондарға техникалық қызмет көрсету бекеті  (ТҚКБ),  құрастырылған
вагондар мен транзиттік пойыздардың бұзылғандарын  жөндеуге  және  тексеруге
арналған. Олар сұрыптау және ірі телімдік стансаларда орналасқан;
      - телімдік стансалардағы техникалық қызмет көрсетіп,  бақылау  бекеті
(ТҚКББ). Пойыздардың жүрісіне қауіп  төндірмеуін,  техникалық  істен  шығуын
болдырмау және тексеруге арналған;
      - бақылау қосымдары (БҚ) пойыздар жүргенде  вагондардың  буксаларының
қызуы, сырғақтары мен  басқа  да  істен  шығулары  пойыздар  жүрісіне  қауіп
төндіреді;
      - стансадағы тежегіштерді тексеретін қосым  (ТТҚ),  ТҚКБ  болмағанда,
бірақ  локомотив бригадасы ауысқанда;
      - вагондарды техникалық  беру  бекеті  (ТББ)  өнеркәсіп  орындарымен,
өзен, теңіз портарына және басқа да жүк алатын-жөнелтетін  ұйымдардың  кірме
жолдарына  беруі.  Тиеп  –түсіру  операциялары  және   маневр   жұмыстарында
вагондардың бүлінуін тексеру үшін арналған.
      Тоқтаусыз жүретін телімнің қашықтығы 200-300 км,  пойыздағы  вагонның
подшипнигінің тербелуі  500-700  км.  Техникалық  қызмет  көрсету  бекетінің
технологиялық жұмысы  станса  жұмысының  жағдайымен  анықталынады  (пойыздар
санымен, олардың  келу  аралығы,  құрамның  ұзындығы  мен  салмағы,  парктің
жағдайы және т.б.).  Барлық  ТҚКБ  сұрыптау  стансасында  қабылдау  паркінде
құрамды тексеру уақыты 15 мин. көп емес, ал  паркте 30  мин.  Станса  паркін
майланған  сымдар  мен  әуе   магистральдарымен,   тежегіштерді   тексеретін
орталықтандырылған   құрылғымен,   екі    жақты    хабарлаушы    байланыспен
жабдықтайды,  тоннелдермен   немесе    эстакадамен   артық   бөлшектер   мен
материалдарды   тасу,    өздігінен   жүретін   құрылғылар    РУ-4    түрінде
орталықтандырылған жүйеде пойыздарды қорғайды.


      Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Қауіпсіздік теориясының негіздері, теміржол жүйесінің сенімділігі  мен
      қауіпсіздігінің арасындағы ерешеліктер
   2. Локомотив шаруашылығының құрылғылары мен ғимараттары
   3. Локомотив депосы техникалық жабдықталуы
   4. Локомотив депосы техникалық қызмет көрсету түрлері
   5. Вагон депосының техникалық жабдықталуы


    Дәріс №6. Станса шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары


    Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жүйелік шешімі
       Тасымалдау үрдісінің үздікссіз  жұмыс  істеуі,  қызметтік-техникалық
ғимараттарды және құрылғылар  мен  жабдықтардың  жағдайын  тұрақты  тексеріп
тұруын қажет етеді.  Жұмысты  тексеру  уақыты  мен  тәртібі,  бірнеше  жылғы
тәжірибені пайдаланып жасаған. Тексергенде құрылғы  немесе  жабдықтың  жалпы
жағдайын анықтайды, жеке құрылысын, тораптарға  сай  келетін  мөлшерін  және
жіберуге    болатындығын,    бөлшектермен    қозғағыштарының     бір-бірімен
әрекеттесуін, сапасын анықтайды.
       Жабдықтар мен  құрылғыларды,  қызметтік  –  техникалық  ғимараттарды
соларға қызмет көрсететін жұмыскерлермен, сондай-ақ станса, депо,  дистанция
немесе   телім   бастықтарымен   тексереді,   енгізілген   құрылғылар    мен
жабдықтардың  пайдалану  уақытын,  бекітілген  жағдайлар   мен   нұсқауларға
қарайды.
       Басты  және  қабылдап-жөнелтетін  жолдардың  бағыттама   бұрмаларын,
станса бастығы жол шеберімен және СОБ электрмеханигімен бірге айына бір  рет
тексеріп отыруы қажет.
       Тексеру нәтижесі  мен  іс-шаралары,  істен  шыққандарды  байқағанда,
қалпына келтіру қажет, арнайы журналға жөндеген уақытын және жоспарлаған іс-
шаралардың орындалғанын жазады.
       Бағыттаманы ауыстыруда – ауыстыру механизімі  мен  жылжымалы  бөлшек
құрылғысы күрделі – жылжымалы құрамнан үлкен  күш  әсер  етеді.  Пойыздардың
жоғарғы жылдамдықпен жүруі, бағыттама бұрмаларының  тұрақты  дұрыс  қалпында
тұруын  қажет  етеді,  әйтпесе  пойыздар  жүрісіне  тікелей  қауіп  әкеледі.
Стансадағы  электрлі  орталықтағы  бағыттамалар   мен   си   гналдарды   жол
дистанциясының және дистанция сигналдары мен байланыс жұмыскерлері  тексеріп
тұрады. Міндетті түрде айына бір  рет  стансадағы  бағыттама  шаруашылығының
жалпы жағдайын тексеріп, істен шыққандарды ескертіп  тұру  қажет.  Бағыттама
бұрмаларының  мөлшерін  тексеріп  және  онымен   жібергенде   тораптар   мен
бөлшектердің  нақты  бекітілуін,  қажалу  мөлшерін,  желі   жұмысын,   жүріс
жағдайындағы бағыттама үшкілігінің толық бекітілуін,  қисық  пен  ойықтардың
болмауы, жоспардағы бұрыштар және т.б.
       Жолды, бағыттама бұрмаларын, СОБ  құрылғыларын,  байланыс  желілерін
тексеретін журнал барлық стансаларда, разъездерде,  басып  озу  бекеттерінде
және жол қосымдарында  болады. Бұл құжат станса шаруашылығындағы  құрылғылар
мен жабдықтардың жағдайын көрсетеді. Журналдағы барлық  жазуларды  тексерген
және жөндеген адам жазып, қол қояды. Станса бастығы жазуларды  жиі  тексеріп
және қателіктерді болдырмау үшін шара қолданады.
       Жол бастығының  жиі  тексеруі,  қызмет  пен  бөлімше  шаруашылығының
жағдайын, кәсіпорындардың техникалық  жабдықталуын,  станса  мен  тораптарды
дамыту,  құрылғылар  мен  жабдықтарды  қайта  өңдеу,  жолдағы  өткізу   және
тасымалдау  қабілетін  арттыруды  қарастыру,  ал  пән  бойынша   –мамандарға
тәрбиелік  жұмысты  күшейтіп,  өмірге  қолдануға,   білімдерін   жетілдіріп,
тұрмыстық жағдайларын жасау. Осы сұрақтарды  шешіп,  оларға  шара  қолданып,
техникалық  құрылғыларды  дұрыстап  қолданып,   жұмысты   алдыңғы   деңгейге
жеткізіп, жүрістің қауіпсіздігін үлкен дәрежеге көтеру керек.



Станса шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары

      Жолдардың дамуымен стансаның техникалық жабдықтары  поездар  жүрісінің
тәртібімен бекітіледі, поездардың келіп  жөнелту  операциялары  белгілі  ьір
уақыт мөлщерінде орындалады,жүктерді тиеу-түсіру,  құрамдар  мен  вагондарды
өңдеу және  поездар  жүрісіндегі  қауіпсіздігін  сақтау,  еңбек  өнімділігін
арыттыру керек.
        Жолаушылар   ғимараты,   жолаушыларды    тасымалдауға    байланысты,
платформалармен  және  жолаушыларға  қызмет  көрсететін  басқа  да   құрылғы
жабдықтармен   операциялардың   тез,   ыңғайлы   әрі   қауіпсіз   орындалуын
қамтамассыз етеді. Жолаушылар платформасына өту  үшін  жаяу  жүретін  арнайы
жолдар мен көпірлер болуы керек.
       Стансаның  бір  деңгейінен  өтетін  жерлерді  жаяу  жүретін   төсеніш
жабдықтайды,   ескертетін   және   көрсететін   белгілер   болады,   қажетті
жағдайларында автоматты сигналдар болады.
        Ірі   жолаушылар   стансасында   поездарды    жөнелтуге    автоматты
көрсеткіштер, анықтама бөлімдер  билетті басатын машина жүйесі,  автоматтар,
сондай-ақ автоматты түрде жүк сақтайтын қоймалар болады.
      Жолаушылар аялдайтын аралықтағы бекеттерде  жолаушылар  платформасында
ілінген  көрсеткіштерімен  павильон  дар  болуы  қажет,  олар   жолаушыларға
қызымет көрсететін билет кассасының санына байланысты.
      Жүк және тоңазытқыш құрылғылары, жүктің бұзылмауын қамтамассыз  етеді,
жүк операцияларын тез және ыңғайлы орындалуын қажет етеді.
    Стансалық   жолдар   қабылдап-жөнелтетін,   тиеп   түсіретін,   арнайы,
сұрытпайтын  жолдарға  бөлінеді.  Қабылдау  жолдарына  телімдерден  пойыздар
келеді,  жөнелтетін  пойыздар  дайындалған  құрамға  техникалық  операциялар
жасалады және телімге жөнелтіледі,  сұрыптау  жолдары  белгілі  бір  бағытта
вагондарды  жинайды,  сондай-ақ  пойыздарды  құрастырады   және   тарқатады,
тұйықталған жолдар маневр жұмыстарына арналған.  Тиеп-түсіру  жолдарына  жүк
операцияларын  орындауға  вагондарды  қояды.   Арнайы   жолдарға   қорғайтын
тұйықталған жолдар жатады, олар  өрт  сөндіретін  және  қалыпына  келтіретін
пойыздар тұратын жол, габаритсіз вагондармен және  разрядты  жүктер  тұратын
жолдар, жалғастырушы  жолдар.  Операциялардың  жұмыс  көлеміне  қатысты  бір
немесе бірнеше жолдарға бөлінеді.
    Бір  бағыттағы  жол  топтарын  парк  деп  атайды.  Қабылдап-жөнелтетін,
сұрыптайтын парктер болады. Кейбір  стансаларда  арнайы  бір  жол  (парктер)
пойыздарды  қабылдап-жөнелтетін  болады.  Онда  оларды   қабылдап-жөнелтетін
жолдар деп атайды. Сұрыптау және телімдік  стансаларда   қабылдап-жөнелтетін
(жолдар) жеке парктер болады.  Аралық  стансаларда  тек  қабылдап-жөнелтетін
жолдар  ғана  болады.  Жүк  операцияларын  орындайтын  жолдарды   қабылдарп-
жөнелтетін жолдардан  оқшаулайды;  олардың  саны  стансадағы  тиеп-түсірудің
көлеміне  қатысты  болады,   сондай-ақ,   жүк   түріне   қарай.   Пойыздарды
құрастыруға  және  тарқатуға,  сұрыптау,   техникалық,   жүк   стансаларында
жергілікті вагондарды сұрыптауға жұмыс көлеміне қатысты сұрыптау  дөңестері,
кіші қуатты дөңес және тартым жолдары, қапталданған  және  қарапайым  жолдар
болады, аралық стансаларда тартым жолдар ғана болады.
    Стансадағы жолаушылар пойызының жүрісінің  аяқталуы,  арнайы  қабылдап-
жөнелтетін  жолдарды  жолаушылар   ғимаратына   жақын   орналастырады.   Ірі
жолаушылар стансасы мен  тораптарындағы  вагондарға  жолаушыларды  мінгізіп-
түсірмей-ақ,  тіркеу  және  айыру  жүргізеді,  олардың  тұратын  тұйықталған
жолының ұзындығы  75 см.
    Жүк шаруашылығының құрылғыларына қойма, платформа және контейнер,  ауыр
жүктер алаңы, вагон таразысы жатады. Ашық  және  жабық  қоймалар,  әр  түрлі
алаңдар мен платформалар жүктің қауіпсіздігін  сақтап,  жүк  операцияларының
ыңғайлы әрі тез орындалуып, оларды механикаландырады.
    Барлық  стансаларда  жолаушыларға  қызмет  көрсететін  құрылғылар  бар.
Қызметтік-техникалық ғимаратта жолаушыларға  қызмет  көрсететін  оқшауланған
ғимарат бөлінеді. Онда билет кассасы,  жолаушылар  пойызының  жүрісі  туралы
анықтама бөлімі, асхана, дем алу бөлмесі,  күту  залы  бар.  Вокзалдың  ішкі
жобасы кететін және келетін жолаушылар ағымынының  бір-бірімен  қарама-қарсы
кездеспеуін болдырмай жобалайды.
    Жолаушыларды  мінгізіп-түсіруге  платформалар  биік  және  аласа  болып
келеді (аласасы жолаушылар  легі  аз  Айырым  бекеттерде  –   тәулігіне  100
жолаушыға дейін) ұзындығы 500 м., қаламаңындағылар  300 м. Платформаның  ені
жолаушылар  легінің  жиілігіне,  жолаушылар  пойызының  жүріс  жылдамдығына,
платформа  санымен одан шығу  жағдайына қатысты болады .
    Жұмыскерлердің  қызмет  ғимаратты  пойыздар  жүрісіне  қатысты  (станса
кезекшісіне,  маневр  және   станса  диспетчеріне,   техникалық   бақылаудың
операторына және т.б.), жолаушылар жолдарынан басқа станса жолдарына  шығуға
болады.


      &&&
     $$$002-002-000$3.2.6.2 Сигналдар


     Көліктегі сигналдар қолдану түріне қарай көрінетін және дыбыстық болып
  бөлінеді.
     Көрінетін  сигнал  бағдаршам,  диск,  щит,   фонар,   жалаушы   сигнал
  көрсеткіштері  мен  белгілері   беріледі.   Көрінетін   сигналдар   уақыт
  мезгілдеріне  қарай  күндізгі,  түнгі  және  тәулік   бойына   қолданатын
  сигналдар болып бөлінеді.
     Түнгі сигналдар кейде ауа рауйының жағдайына байланысты қар да, жаңбыр
  да, тұман да және басқа да жағдайларда күндізгі уақытта  да  қолданылады,
  күндізгі уақытта көрінетін сигналдарға  тоқтау  аралығы  1000  м-ден  кем
  емес, жылдамдықты азайтатын сигнал  –   400  м-ден  кем  емес,  маневрлік
  сигналда –  200 м-ден кем емес.
     Дыбыстық  сигналдар дыбыстардың санымен және ұзақтығымен ерекшелінеді,
  локомотивтің, моторлы вагон пойызы мен дрезинаның, қолмен ысқыруы, керней
  дауысын, сиренді,гуілдек пен петарды пайдаланады. Петардың жарылуы барлық
  жағдайда лезде тоқтауды білдіреді.
     Сигналдар, темір жол сигналдары  мен  нұсқаларында  бекітілген  тәртіп
  бойынша, қайда, қалай  қолданылуы,  негізгі  пайдалануына  қарай  мынадай
  топтарға бөлінеді:
     - тұрақты сигналдар – пойыздар жүрісінде аралық пен стансада,  сондай-
       ақ маневр жұмыстарында қолданылатын бағдаршамдар;
     - қорғаушы сигналдар, жұмыс жүргізетін жерлер  мен  пойыздар  жүрісіне
       аралық пен стансада кедергі келтіруіне, қауіпті телімдерден қорғауға
       арналған;  жылжымалы  құрамның  стансалық  жолдармен  аралықта  оның
       еріксізден тоқтауын қорғайды;
     -  қолмен  берілетін   сигналдар,   пойыздар   жүрісінде   қолданылады
       (фонармен, жалаумен, дискімен беріледі);
     - сигнал көрсеткіштері мен белгілері, маневр  құрамы  мен  пойыздардың
       жүргендегі   бағытындағы   көрсеткіштерде   қолданылады,   бағыттама
       жағдайын, жолды қоршауын, гидравликалық  құдықтарды;
     - маневр  жұмысында  қолданатын  сигналдар,  (бағдаршаммен,  фонармен,
       жалаумен, ысқырықпен, кернеймен беріледі);
     - пойызды, локомотивті, басқа да жылжымалы құрам бірліктерін көрсетуге
       қолданатын сигналдар, (фонармен, шағылысатын дискілер, жалаулар);
     - дыбыс сигналдары;
     - дабыл сигналы мен арнайы көрсеткіштер.
     Мақсаты мен орналасу орындарына қарай бағдаршамдар былай бөлінеді:
     - кіре беріс – аралықтан стансаға пойыздың кіруіне рұқсат беруі немесе
       рұқсат бермеуі;
     - шыға беріс – стансадан аралыққа пойыздың шығуна рұқсат беруі  немесе
       рұқсат бермеуі;
     - маршруттық – стансаның бір ауданынан екінші ауданына пойыздың өтуіне
       рұқсат беруі немесе рұқсат бермеуі;
     - өткізетін – бір блок-телімінен екінші блок-теліміне пойыздың  өтуіне
       рұқсат беруі немесе рұқсат бермеуі;
     - қалқалаушы – бір деңгейдегі темір жолдың басқа  жолдармен  қиылысуын
       қорғайтын, трамвай жолдарымен және троллейбус желілерімен, сондай-ақ
       айрылатын көпірлер мен телімдерде, желілермен өткенде;
     - бөгеуші – жол өтпелерінде, ірі жасанды құрылғылар да  және  құламалы
       жерлерде қауіп төнгенде тоқтатуға арналған, сондай-ақ құрамды қоршап
       тексергенде және стансадағы вагондарды жөндегенде;
     - ескертуші – басты бағдаршамның көрсетуін  алдын-ала  ескертуі  (шыға
       беріс, кіре беріс, бөгеуші, қалқалаушы);
     - қайталаушы – шыға беріс, маршруттық және  дөңестегі  бағдаршамдардың
       рұқсат берген көрсеткішін білдіреді, жергілікті жағдайға  байланысты
       басты бағдаршамның көрсеткіші көрінбеген жағдайда;
     - локомотивтік – аралықтағы бір  блок-телімінен  екінші  блок-теліміне
       пойыздың  өтуіне  рұқсат  беруі  немесе  рұқсат  бермеуі,  сондай-ақ
       пойыздар жақындағанда жол бағдаршамдарының көрсетуі ескертеді;
     - маневрлық – маневр жүргізуге рұқсат беретін немесе рұқсат бермейтін;
     - дөңестік – вагондарды дөңестен жіберуге рұқсат беретін немесе рұқсат
       бермейтін;
     Барлық стансалық сигналдардың қалыпты көрсетуі  –рұқсат  бермеуі.  Тек
  қана оларды автоматты түрде ауыстырғанда қалыпты жағдайы рұқсат етеді.
     Кіретін  сигнал  бірінші  кіретін  бағыттаманың  алдында   орнатылады,
  пойыздар жүрісінің оң жағынан қашықтығы  50  м-ден  кем  емес,  бағыттама
  үшкілігімен есептегенде  немесе  бағыттама  үшкілігінің  шектік  бағанына
  дейін. Электірлендірілген жолдарда кіретін сигналдармен аралықтан кіретін
  бірінші  бағыттаманың  арасы  стансадағы  байланыс  желілерін  аралықтағы
  байланыс желілерінен ажырату үшін арақашықтығы  300 м- ден көп,  аралықта
  қорғайды.
     Кіретін сигналдар бір  тармақты  желіде  Айырым  бекеттердің  шекарасы
  болып табылады. Екі тармақты желіде әрбір басты жолдар  станса  ауданында
  бір  жағынана  кіретін  сигналмен,  ал  екінші  жағынан  арнайы   «Станса
  шекарасы» (СШ) деген көрсеткішпен  көрсетіледі. «Станса  шекарасы»  деген
  белгі аралыққа шығатын соңғы бағыттамадан  50 м-ден кем  емес  қашықтықта
  орналасады.  Кіретін  сигнал  қашықтығы  бағыттама   үшкілігімен   немесе
  ауыстыратын бағыттама үшкілігінің шектік бағанымен есептелінеді.


      Дәріс №6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жүйелік шешімі
   2. Станса шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары
   3. Сигналдар
   4. Сигналдардың түрлері
   5. Сигналдардың негізгі көрсеткіштері


      Дәріс №7 Автоматтық және жартылай автоматтық жол блоктауы


    Жолдағы  автоматты және жартылай автоматты  блокировка
      Жолшыбай  жүргендегі   пойыздың   интервалын   шектейтін,   жүрісті
  реттейтін, құрылғы жүйесі, өткізу қабілеті  мен  қауіпсіздігін  сақтау,
  пойыздар тұрған жол аралықтарын немесе стана аралықтарын қоршауды,  жол
  қоршауы деп атайды. Жол қоршауының түрлері
        • автоматты,
        • жартылай автоматты;
        • жол саны мен ондағы жүрісті ұйымдастыруға байланысты
        • бір тармақты,
        • екі тармақты.
    Автоматты қоршау да бір аралыққа пойызды бірінен соң бірін  жөнелтуге
болады, олардың шектейтін бір уақыт  интервылы  анықталынады.  Бұл   үшін
аралықтар қоршау-телімдеріне  бөлінеді,  оның  әр  қайсысын  бағдаршаммен
қорғайды, олар электрлі реліс тізбегімен байланысты. Бағдаршам сигналдары
пойыздың алдында бір немесе бірнеше  қоршау-телімдерінің  бос  немес  бос
еместігін көрсетеді. Кіретін немесе  өткізетін  бағдаршамдарды  ашу  үшін
пойыздың қоршалған блок-телімін толық босатуына көз  жеткізу  керек.  Бұл
электір тізбектерінде рұқсат беретін бағдаршамдардың жануы  (сары  немесе
жасыл), шығатын бағдаршам мен станса шекарасын аралығындағы  телім  реліс
тізбегін жол релелерінің байланысымен қосады.
    Автоматты қоршаудың екі негізгі жүйесі қолданылады:
    Телімдегі тепловоз тартымын импульстік тұрақты  тоқта  аралас  жүйеде
қоректендіреді;
    Телімдегі электр тартымы негізінен сандық кодта ауыспалы тоқ болады.
    Жартылай автоматты қоршауда шығатын және өтетін бағдаршамның  жағдайы
аралыққа шығуына ашық болады. Сигналдар қолмен  ашылса,  автоматты  түрде
өздері жабылады, және қолмен жабылады. Автоматты қоршау құрылғылары қосым
аралығын немесе станса аралығын пойыз босатпайынша және олардың  келгенін
белгілейтін арнайы құрылғы шығатын немесе өткізетін  сигналдардың  ашуына
рұқсат бермейді, ал қабылдайтын станса жөнелткен стансаға хабарламайды.
    Бір  тармақта   аралықта,   автоматты   немесе   жартылай   автоматты
қоршаулармен жабдықталған, стансадағы шығатын бағдаршам ашылған соң,  осы
аралыққа жөнелтілетін қарама-қарсы бағытта, көрші стансаның шығатын  және
өткізетін бағдаршамдары ашылмауы керек.
    Екі  бағыттағы   әрбір   жолға    автоблакировкамен   және   жартылай
автоблакировкамен  жабдықталғанда,  мұндай  байланыс  екі  тармақты   жол
аралығында бір-бірімен байланысты болу керек.
    Бір тармақты (екі бағытты), екі тармақты екі бағытты және бір бағытты
жолдар автоматты және жартылай автоматты қоршауда  болады.  Екі  тармақты
екі бағыттағы жолда пойыздар кез-келген жолмен екі бағытта  жүре  береді:
екі жақты автоблакировка жүйесінде пойыздар  жүрісінің  бағытының  ауысуы
арнайы  жобада  қарастырылған.  Бір  бағытағы   жұмыста   барлық   өткізу
бағдаршамдары кері жағдайда сөнеді  немесе  қызыл  түс  жанады.  Аралықты
пойыз босатқанда ғана жүріс бағытын өзгерте  алады.  Аралықтың  босағанын
екі жақтағы стансада бақылай алады. Стансадан  шығатын  сигналды  ашқанда
аралық бос болмайды және басқа бағытқа ауыстыру мүмкін емес.
    Жартылай автоблокировкада сигналды ашу үшін, пойыз жөнелтілетін көрші
стансадан басқару аппараты арқылы алдын-ала сигналды босату туралы рұқсат
алады. Пойызды жөнелткеннен кейін және ол көрші стансаға келгеннен  кейін
жүріс  бағытын  өзгерте  алады.  Яғни,  екі  бағыттағы  қоршау   пойыздар
жүрісінің қауіпсіздігін сақтайды, онда аралық бос болмағанда шығатын және
барлық  өткізетін  сигналдар  қарама-қарсы  бағытта  жабық  және   қойған
жағдайында электрлі тұйықталып тұрады. Мұндай жағдай да бір тармақты  жол
аралығына, қарама-қарсы пойызды сигнал бойынша бір  уақытта,  немесе  екі
тармақты жол аралығындағы бір жолға жібере алмайды.
    Автоматты блокировка локомотивтің автоматты  сигналымен,  ал  телімде
пойыздар  жүрісінің  жиілігі    –  диспетчердің  бақылау   құрылғыларымен
толықтырылады.
    Автоблакировканы толықтыруға қажетті, локомотивтің  автоматты  сигнал
құрылғылары, автотежегішпен  жүріс  қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптарды
түсіндіреді.   Локомотивтің    автоматты    сигналы,    бағдаршам    анық
көрсетпегенде, жүргізуші локомотив бағдаршамының көрсеткішімен жобалайды.
    Істен шыққанда жартылай автоблокировканың әрекетін тоқтату:
    Шығатын немесе өткізетін бағдаршамдарды жаба алмаған жағдайда;
     Шығатын немесе өткізетін бағдаршамдарды  бос  аралыққа  аша  алмаған
жағдайда  (соның  ішінде  шығатын  бағдаршамдарға   көмекші   түймелермен
оқшауланған телімдердің бос екендігін бақылауды ағыту);
    Қорғалған сигналдардың өздігінен қосылуы;
    Қорғалған сигналдарды беру немесе алу мүмкіндігінің болмауы;
    блок-аппаратында   плобының   болмауы   (аяқ   басқыш   пен   көмекші
түймелерінде плобының болмауын есептемегенде).
    Барлық жағдайда  автоблокировка  мен  жартылай  автоблокировка  істен
шыққанда пойыздар жүрісі телефон байланысы арқылы жүргізіледі.



    Бағыттамалар мен сигналдарды орталықтандыру

      Орталықтандырылған барлық құрылғылар бағыттамалар  мен  сигналдардың
өзара тұйықталуын қамтамасыз ету керек, оның ішінде  мынадай  жағдайларды
болғызбайды:
    Берілген маршрутта сигналды ашу, егер бағыттамалар берілген  жағдайда
қойылмаса, ал сигналдар сәйкес келмейтін маршрутта  жабылмаса;
    Сәйкес  келмейтін  маршрутта  бағыттаманы  ауыстыру  немесе  берілген
маршруттың  ашылған  сигналында  сигналды  ашу,  белгіленген  маршруттағы
сигналды қорғау.
    Стансаның бір бекетінен  бағыттама  мен  сигналды  басқаруға  болатын
жүйені, орталықтандырылған бағыттамалар мен сигналдар деп атайды.
    Электірлі   орталықтандыру   стансадағы   барлық   бағыттамалар   мен
сигналдарды қосымнан алыс болса да  басқара  алады.  Олардың  құрылғылары
бағыттама  мен  сигналдардың  басқару  құралдарымен,  жол   жабдықтарынан
(бағдаршамнан,  бағыттама  электір  желілерінен,  реліс  тізбегінен,  тоқ
жүйесінен, қорек көздерінен) тұрады. Электір желісі орнатылған  бағыттама
үшкілігін ауыстырғанда, қол бұрағыштарымен немесе аппараттағы түймелермен
жалғайды. Бағыттама мен  сигналдың  және  жолдардың  бос  болмауы,  реліс
тізбегіндегі  бағыттама  бөліктерінің  жағдайы   қосым   ішіндегі   табло
шамдарынан бақыланады. Маршруттағы сигналдар  мен  бағыттамалардың  өзара
тұйықталуы және реле  ғимаратында  орналасқан  реленің  көмегімен  сәйкес
келмейтін маршруттарды болдырмау керек.
    Механикаландырылған орталықтан  қосым орталығына бағыттаманы ауыстыру
белгілі  бір  шектелген  қашықтықта  жүргізіледі.   Станса   кезекшісінің
ғимаратында станса блакировкасы  орталықтандырылған  басқару  аппаратымен
бекітіледі.
    Кез-келген  орталықтың  сұлбасының  байланысуы,  берілген   маршрутта
сигналды ашу үшін автоматты түрде бағыттаманың дұрыс қойылуын және сәйкес
келмейтін  маршруттың  жағдайын  тексеру.  Сигналды   бағыттаманы   дұрыс
қойғанын тексеріп ашады және сәйкес келмейтін маршруттың сигналын жабады.

    Электірлі орталықтың құрылғылары мынадай жағдайларды болғызбау керек:
    Бос емес жолға маршруттағы кіретін бағдаршамды ашу;
    Жылжымалы құрамның астындағы бағыттаманы ауыстыру.
    Мұндай құрылғылар мыналарды қамтамасыз етуі керек:
    Берілген  маршрутты  қорғауға,  бір  уақытта  жабылған   бағдаршамнан
бағыттаманы кесіп өтуін бақылау;
    Басқару аппаратарындағы  жолдар  мен  бағыттамалардың  бос  еместігін
бақылау;
    Маневр  бағдаршамдарының  көрсетуімен  маневр  қозғалыстарын  жүргізу
мүмкіндіктері.
    Орталықтандырылған   реленің    екі    жүйесі    бар.    Бірінші    –
орталықтандырылған реленің маршрутты автоматты түрде қоюы, бағыттама  мен
сигналдарды пульттағы екі түймені бас арқылы  орындағанда,  -  маршруттың
«басы» және «соңы». Бұл жүйені орталықтандырылған маршрутты  –  реле  деп
атайды.  Екінші жүйе – жеке  қол  тұтқалары  мен  түймелердің  көмегімен,
сигналдар мен бағыттамаларды орталықтандарылған реледен жеке басқару.


      Дәріс №7.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Жол қоршауының түрлері
   2. Автоматтық жол болктауы
   3. Жартылай автоматтық жол болктауы
   4. Бағыттамалар мен сигналдарды орталықтандыру
   5. Орталықтандырылған реленің жүйелері


      Дәріс №8 Орталықтандырылған диспетчерлік басқару негізі


      Орталықтандырылған диспетчерлік басқару негізі
      Орталықтандырылған   диспетчерлік    басқару    құрылғылары    мынадай
жағдайларды қамтамасыз ету керек:
      Бір  бекеттен  станса  мен  аралықтағы  сигналдар  мен  бағыттамаларды
басқару;
      Басқару  аппаратынан  бағыттамалардың  бос  еместігін  және  жағдайын,
аралықтың  бос  еметігін,  стансадағы  жолдар  мен  оларға  қосылатын  блок-
телімдерін, сондай-ақ, кіретін, шығатын,  маршруттық  бағдаршамның  қайталап
көрсетуін бақылайды;
      Пойыздарды қабылдап, жөнелтуге, бағыттама мен  сигналдарды  стансадағы
резервтен басқаруға, маневр  жұмыстарын  жасауға  немесе  маневр  жұмыстарын
жүргізуге, жергілікті басқаруда бағыттамаларды беру;
      Жүріс графигінің орындалуын автоматты түрде жазу;
      Электрлі орталық пен автоблокирокаға қойылатын талаптардың орындалуы.
      Диспетчерлік орталықтан пойыз диспетчері қашықтығы 150-200 км.  аралық
стансаларының барлық бағыттамалар мен  сигналдарды  басқарады.  Диспетчерлік
орталықтағы    автоблакировка     құрылғылары,     электірлі     орталықпен,
телемеханикалық  бағыттамалар  мен   сигналдар   барлық   стансалардың   бір
бекетінен (диспетчерлік қосымнан) басқарылады.
      Бір  тармақты  желіде  автоматты  емес  жүйемен  салыстырғанда  өткізу
қабілеті 20-40% өседі, жүк пойызының телімдік  жылдамдығын  15-20%  өсіреді.
Сондай-ақ, диспетчерлік орталықтан 50 адамнан кем  емес,  жұмыскерлер  санын
қысқарту. Желідегі әрбір 100 км. сайын.
      Диспетчерлік орталықта «Нева» дамыған жүйе. Бұл жүйемен 1120  объектті
басқарып және 1840 бақылауға болады. Телімдегі әр түрлі қиылысулар  пайдалы,
кез-келген тартым түрімен, жүк тасымалын ескермегенде.
      Диспетчерлік орталықтың барлық жүйесі қарастырылған:
      Пульт-таблоның басқару қоры, станса ғимаратында немесе реле  қосымында
орналасқан;
      Пульт-таблодағы маневр  бағдаршамдары  мен  бағыттамаларды  жергілікті
басқару, реле қосымындағы  маневр  щитарымен  немесе  маневр  колонкаларымен
жүргізіледі.
      Қордан және жергілікті  басқару диспетчер бұйрығымен жүргізіледі.
      Диспетчердің орталықтандырылған аппараты көрсеткіш таблолардан тұрады,
онда жол аралықтары мен Айырым  бекеттер,  түймелі  шүріппелер  көрсетілген.
Cондай-ақ, байланыс бөлімдері мен пойызграфтары бар.
      Бағытты жасау үшін, диспетчер алдымен таңдаған станса түймесін  басып,
содан соң пойыз жүретін бірінші және екінші маршруттық  сигналдарды  басады;
маршруттық-сигналды  түймелердің  жарық  көрсеткіштері   (ақ   жолақ)   және
маршрутты  дайындау  үрдісін,  сәйкес   стансаның   көрсетілген   таблосында
бақылайды.


    Автоматты локомотив сигналы және авто тежегіш
     Автоматты  локомотив  сигналы  (АЛС)  жол   бағдаршамдарын   көрсетуге
  арналған  (семафор),   онымен   пойыз   жүреді,   локомотив   бағдаршамы,
  жүргізушінің күймесінде  орналасқан.  Бұл  жүргізушіге,  сигналдар  дұрыс
  көрінбеген жағдайда қажет болады, пойызды  үлкен  жылдамдықпен  қауіпсіз,
  әрі сенімді жүргізуге  болады.  ТПЕ  сәйкес  автоблакировкаланған  барлық
  телімдер АЛС толықтырылуы керек.
    Авто тежегіштер сигнал жабық болғанда, егер жүргізуші пойызды тоқтатуға
және тежеуге шара қолданбаса пойыздарды автоматты тоқтатуы керек.
    АЛС және авто тежегіштерді  бірге  қолданады.  Жолдағы  көрсеткіштердің
көрсету тәртібіне  қарай  (белгілі  бір  нүктелермен  немесе  үзілісіз)  АЛС
автоматты локомотив сигналының  автотежегішпен  белгілі  бір  орынан  сигнал
беру түрі (АЛСБ) және автоматты локомотив сигналының үзіліссіз  сигнал  беру
түрі (АЛСҮ) жүргізушінің қырағылығын жиі тексеріп және  жылдамдықты  бақылау
болып бөлінеді.
    АЛСБ стансаға жақындағанда жартылай автоблокировка телімінде қолданады.
Оның жұмысы локомотив пен жол индукторларының  өзара  әрекетесуінен  болады.
Жолдың  екі  нүктесінде  кіретін  сигналдың  алдында   екі   жол   индукторы
орналасқан. Біріншісі, аралық жақтан,  индукторды  тұрақты  күйіне  келтіріп
отырады. Олар кіретін сигналдың  кез-келген  көрсетуінде  локомотивтің  авто
тежегішіне  әсер  етеді  және  кіретін  индукторға  әсер  етпейді.   Кіретін
сигналдың көрсеткішіне қатысты, екінші индуктордың  жобасын  күйіне  келтіре
отырып,  екі нүкте автоматты түрде  өзгереді.  Жол  индукторлары  ток  көзін
алмайды, локомотив индукторы  лампы  генераторынан  қорек  алады.  Локомотив
индукторы жолмен өткенде,  олардың  жобалары  өзара  әрекеттеседі,  бірыңғай
жиілікке келтіріледі.
    Осының  салджарынан   резонанс   бұзылып   және   локомотив   индукторы
жобасыныңтоғы  азайяды,  дешифратордың   ДШ  қабылдау  құрылғысы   тіркеліп,
тоқта   қалыпты   жағдайда   тұрғанда,   локомотив    бағдаршамдарының    ЛБ
көрсеткіштерінің және  авто  тежегіштің  электропневматикалық   тығындарының
ЭПТ  жағдайының  өзгеруіне  әкеледі.  Бұл  тығын  жолдағы  индукторлар  әсер
еткенде қайралады; якорь, тежегіш магистралін  жабатын  ойық,  сығылған  ауа
ысқырық арқылы атмосфераға шығып, жоқ  болады.  ЭПТ  тежегіш  жүйесіне  әсер
еткенде, жүргізуші ысқырықтың басынан 6-7 сек кем емес,  қырағылық  тұтқасын
аз уақытқа басуды тоқтатады, ал кері жағдайда еріксізден тежейді.
    Пойыздың аралықта жүрген уақытында локомотив бағдаршамында ақ түс жанып
тұрады, ал стансаға жақындағанда және жол индукторларының   бірінші,  екінші
нүктелерінен өткенде, кіретін бағдаршамның сәйкес көрсеткішіне  өзгереді.  С
әріпімен   жүргізушіге   стансаға    жақындағанын    ескертеді.    Локомотив
бағдаршамының  кез-келген  көрсеткішінде   (ақ   түстен   басқа)   жүргізуші
қырағылық  тұтқасын  басады,  авто  тежегіштің   өздігінен   жұмыс   жасауын
болдырмайды.   Қырағылық  тұтқасын  басқан  соң  7-8  сек  кейін   локомотив
бағдаршамында ақ түс жанады.
    АЛСБ жүргізуші қырағылығын сақтамағанда  кіретін  бағдаршамның  алдынан
пойыз автоматты тежеледі.
    Жақындаған  пойызға,  АЛСБ  жол   бағдаршамының   көрсеткішін   тұрақты
локомотивке көрсетіп тұрады.  Реліс  тізбегі  арқылы  локомотивке  бағдаршам
көрсеткіші беріледі. Жүріп келе жатқан пойыздың алдынан тұрған  бағдаршамға,
реліс тізбегімен ауыспалы  кодты  тоқ  беріледі.  Ол  локомотивтің  қабылдау
катушкасына ҚК ауыспалы тоқтың кодты  импульсына  беріледі.  Бұл  импульстар
фильтр Ф арқылы күшейткішке У түседі, онда  тұрақты  тоқтың  импулісі  пайда
болып күшейеді. Дешифратордың ДШ коды жіктеледі,  және  олардың  қасиетеріне
қарай локомотив бағдаршамдарының ЛБ  сәйкес  оттары  жанады.  ЛБ  көрсеткіші
жүруге   рұқсат   бермей,   өзгергенде   ұзақ    ысқырық    беріледі    және
электропневматикалық тығын  ЭПТ  жұмыс  істей  бастайды.  Пойызды  тоқтатуды
болдырмас үшін,  жүргізуші  қырағылық  тұтқасын  ҚТ  басып  (авто  тежегішті
ағытады), және қажет жағдайда тежейді.  Егер  жол  бағдаршамында  жасыл  түс
жанса, онда пойызды қарсы  алуға  Ж  тоқ  коды  жүргізіледі  және  локомотив
бағдаршамында  да  жасыл  түс  жанады;  бағдаршам  сары  жанғанда   С   коды
жүргізіледі, локомотивте сары түс жанады; бағдаршамда қызыл түс жанғанда  СҚ
коды түседі және  локомотив бағдаршамында сары  қызыл  түстер  жанады.  Егер
пойыз стансаның кодталмаған жолдарымен жүрсе, ақ түс жанады;  жүргізуші  жол
бағдаршамының көрсетуімен жүргізеді.
    Автоматиканың    жетілдірілген    құрылғылары,    пойыздар    жүрісінің
қауіпсіздігін сақтауда, жылдамдықты автоматты  түрде  реттейді.  Ол  бірнеше
мәнді  автоматты  локомотив  сигналдарын   білдіреді,   пойыздар   жүрісінің
жылдамдығын  автоматты  реттеу.  Бірнеше   мәнді   сигналдардың   үзіліссіз,
жолдағы сигнал көрсеткіштерінің локомотивке индукциялық  тәртіппен  берілуі.
Алдында кеткен пойыздың арақашықтығына байланысты, жолдардың  бұрылыстарында
жылдамдықтарын шектеу, кіретін бағыттама бұрмаларының  қайшылама  маркілерін
және әр түрлі жиілікте ауыспалы тоқпен жолдағы  реліске  қарсы  келе  жатқан
пойызға кодты сигнал немесе сандық код пен жиілік комбинациясы түседі.


      Дәріс №8.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Орталықтандырылған диспетчерлік басқару негізі
   2. Орталықтандырылған диспетчерлік басқару құрылғылары
   3. Диспетчерлік орталық жүйелері
   4. Автоматты локомотив сигналы және авто тежегіш


      Дәріс №9 Станцияны блоктау және байланыс құрылғылары

      Станса блокировкасы

      Станса блокировкасы мыналарды қамтамасыз етуі керек:
      Станса кезекшісінің бақылауымен  пойыздарды  қабылдап  және  жөнелтуге
қосымда маршрутты, станса ішіндегі маршруттарды дайындау;
      Бағыттама  мен  сигналдардың  өзара  тұйықталу,  әр  түрлі  қосымдарда
басқарады.
      Станса ішінде пойыздар  жүрісін  реттеп,  маршруттарды  бақылайды,  әр
түрлі қосымдардан басқару, стансалық блакировка деп атайды.
      Стансадағы СОБ құрылғылары  бағыттама  мен  сигналдарды  басқару  үшін
қажет және бағыттама  бірікпегенде  немесе  дұрыс  қойылмағанда  сигналдарды
ашуды болдырмау, өзара қатынастарын  қамтамасыз  етеді,  ал  сигналды  ашқан
соң, пойыз жүретін бағыттамаларды ауыстыруға болмайды.
      Станса ішінде пойыздардың жүрісі мен маневр қозғалыстары  белгілі  бір
бағытта ғана жүргізіледі, оның құрамына белгілі бір  жағдайдағы  жолдар  мен
бағыттамалар кіреді.  Бір  уақытта  пойызды  жіберуге  болмайтын  маршрутты,
сәйкес емес маршрут деп атайды.
      Маршрутты стансаның СОБ құрылғыларының көмегімен дайындайды, олар  екі
топқа бөлінеді:
      -  қолмен  басқаратын  құрылғылар  бағыттамалар  мен   сигналдар,   -
        бағыттама мен сигналдардың кілтпен  байланысуы,  маршруттық-бақылау
        құрылғылары;
      - орталықтандырылған  механикалық  бағыттамалар  мен  сигналдар  және
        стансалық блакировка,   электірлі  орталықтандырылған  бағыттамалар
        мен  сигналдар  (ЭО),  дөңесті   автоматты   орталық   (ДАО)   және
        диспетчерлік орталық (ДО).
    Бағыттамалардың, сигналдар мен маршруттардың  өзара  байланысуы  ерекше
кесте түрінде дайындалады. Дайындалатын  маршрутты  кестеде  дөңгелетіп,  ал
сәйкес емес маршрутты – қисық айқаспамен көрсетеді. Әрбір  маршрутқа  сәйкес
бағыттама мен сигналдардың жағдайы анықталынады.
    Кілтенуіне байланысты пойыздар  жүрісінің  қауіпсіздігін  сақтау  үшін,
бағыттама бұрмалары бақылау  құлыптарымен  жабдықталады.  Әрбір  бағыттамаға
түрлі серия бойынша екі құлып салынады:  біріншісі  тік  жолда  тұйықталуына
(+), екіншісі – қапталдағы жолға – (-). Жабылған құлыптан ғана  кілті  алуға
болады, бағыттама үшкілігі реліс рамасына толық  қабысқанда  ғана  бағыттама
тұйықталады.
    Маршруттық-бақылау  құрылғыларын  (МБҚ)  кіші  стансаларда  бағыттаманы
қолмен басқаруда қолданады. Олар кілт құрылғыларына қатысты,  бағыттама  мен
сигналдарды  және  стансалық  блакировкаларды  білдіреді,  станса  кезекшісі
арақашықтықты тексеріп,  дайындалған  бағыттама  маршрутарының  тұйықталуын,
және сәйкес сигналдарды ашуға рұқсат береді.
    Барлық  жүйеде,  станса  блакировкасын   станса   кезекшісі   бағыттама
қосымынан  қабылдап-жөнелту  және  станса   ішіндегі   маршруттардың   дұрыс
дайындалғандығын тексеріп  отырады  (беретін  немесе  маневрлық).  Маршрутты
дұрыс дайындағанда бағыттама қосымының кезекшісі, арнайы  рұқсат  қағазынсыз
сигналды  аша  алмайды.  Егер  бағыттама  бір   қосымда   дұрыс   қойылмаса,
құрылғының өзара тұйықталуы станса  блокировкасында  сигналды  ашуға  рұқсат
етпейді. Станса  блокировкасының  аппараты  сәйкес  емес  маршрутта  пойызға
сигналды ашпайды.


       Темір жол көлігіндегі байланыс
       Пойыздар  жүрісін  басқаруға  және  темір  жол  бөлімшесіндегі  желі
жұмыстары әр түрлі байланыспен жабдықталған:  телефонмен,  телеграфпен  және
радио байланысы.
     Егер  телефонмен  немесе  телеграфпен   жіберетін   және   қабылдайтын
  байланыстар өзара  ауамен  немесе  сым  желілерімен  байланысады,  мұндай
  байланысты желілік байланыс деп атайды. Телефон байланысы екі сым  арқылы
  жүргізіледі, ал телеграф — бір сым тізбегімен  жерді  кері  желі  ретінде
  пайдаланады. Сымсыз  байланыстарға  радио  және  радиорелелі  байланыстар
  жатады, телефон және телеграф  байланыстары  радио  толқынының  көмегімен
  жүргізіледі.
      Темір жолда негізгі байланыс құрылғыларына телефон желісі мен телеграф
байланыстары жатады. Желі байланыстары мәніне  қарай  былай  бөлінеді  жалпы
қызметтік,  темір  жолдағы  барлық  қызметкерлер  қолданатын,  және  арнайы,
пойыздар жүрісін шұғыл басқаруға және тасымалдауды  ұйымдастыруға  арналған.
Жалпы қызметтік байланысқа мыналар кіреді:
      жергілікті (телефон) — бір бекеттегі, әр түрлі қызмет  жұмыскерлерінің
қызмет бойынша сөйлесуіне;
      станса аралық (телефон және телеграф) —  станса  телімінің  арасындағы
жұмыскерлердің байланысуына. Бір телім  арасынан  жол  байланысында  сөйлесу
үшін   жол   басқармалары   мен   бөлімдеріне   коммутатор   арқылы   шығуды
ұйымдастырады;
      жолдық  (телефон  және  телеграф)   —   ірі   стансаларда   тасымалдау
бөлімшелерінің жұмыскерлерінің  байланысуына,  сондай-ақ,  ірі  стансалардың
байланысуына;
      магистральді  (телефон  жәнеи  телеграф)  —  көлік  және  коммуникация
Министірлігінің  тасымалдау  бөлімшелерімен   байланысы.   Арнайы   байланыс
түрімен, белгіленген категориядағы жұмыскерлердің қолдануы үшін:
      пойыз  диспетчері  —  өз  теліміндегі   пойыз   диспетчерінің   станса
кезекшісімен  қызметтік  сөйлесуі.   Станса   кезекшісінен   басқа,   маневр
диспетчерімен және оператормен, локомотив депосының кезекшісімен,  локомотив
бригадасының   ауысатын   қосымымен,   тартым   стансаларымен,    сондай-ақ,
энергодиспетчерімен    және    локомотив    диспетчерімен    байланыстырады.
Диспетчерлік орталықтың,  аралық  стансаларында  станса  кезекшісі  болмаса,
пойыз диспетчерінің  телефон  байланысы  қосылуына  рұқсат  етіледі,  станса
бастығының пәтерінде, электромеханик пен СОБ  электромонтерінде  орнатылады.
Мұндай телефондарды пойыз диспетчері арнайы  құралдармен  сөйлесу  уақытында
ғана қосады;
      станса ішіндегі пойыз байланысы  (телефон  немесе  телеграф)  —  пойыз
жүрісі туралы шектескен станса кезекшлерінің қызметтік сөйлесулері;
      аралық — жол жұмыстарының басшылары  телефонмен  қызметтік  сөйлесулер
жүргізеді, аралықтағы СОБ электромеханигі және байланыс  желілері,  аралықты
шектейтін станса кезекшісімен  сөйлеседі.  Бұл  байланысты  аралықта  тұрған
пойыз бригадасы да қолданады.  Электірлендірілген  телімде  және  жүріс  көп
желіде,  автоблокировкамен  жабдықталғанда,   телефон   аппараты   өткізетін
бағдаршамдарда орнатылған;
      жол-желісіндегі (телефон) — жол дистанция жұмыскерлерінің құрылғы  мен
жабдықтарды жөндеу туралы сөйлеседі. Онда  дистанция бастығының,  мастердің,
жол бригадирінің және т.б. телефон аппаратарына қосылады.;
      энергодиспетчерінің    (телефон)    —    энергодиспетчердің     тартым
стансаларымен, байланыс желісінің дистанциясымен және  бөлінген  қосымдармен
қызметтік сөйлесулері;
      бағыттамалық (телефон) — станса кезекшісінің бағыттама қосымымен  және
орталық қосымның орындаушыларымен қызметтік сөйлесу;
      станса ішіндегі диспетчерлік (телефон) — маневр  диспетчерінің  станса
жұмыскерлерімен қызметтік сөйлесулері;
      жол басқаратын (телефон) —жол жүрісіндегі  қызмет  бөлімін  басқаратын
кезекшінің станса және бөлімше кезекшелерімен сөйлесуі. Бұл байланысқа  депо
кезекшісінің, пойыз және станса диспетчерінің телефон аппараты қосылған;
      хабарлаушы (телеграф және телефон)  —  сұрыптау  стансасына  уақытында
берілу үшін, хабарлаушы бөлімдердің  орталықтарына  және  басқару  жолдарына
пойыздар  туралы  мәліметтер  беру  (пойыз   құрамында   орналасқан   барлық
вагондардың тәртіп бойынша нөмірін,  жүктің  аты,  белгіленген  станса,  жүк
қабылдаушы). Осы  берілгендер  арқылы  ЭЕМ  көмегімен  пойыздарды  құрастыру
жоспары және жол мен бөлімшелердің барлық пайдалану жұмыстары жасалады;
      магистральді   басқаратын   (телефон)   —   темір   жолдағы   ревизор-
диспетчерлердің қызметтік сөйлесулері;
      кеңесу   байланысы:   магистральді   —   көлік    және    коммуникация
миниістірілігін барлық  басшылармен  немесе  жол  басқармаларымен  кеңеседі,
жолдағы —жолды басқаратын жұмыскерлердің  басшысын  бөлімшелермен  және  ірі
стансалар  мен  бөлімшелерді   —   темір   жол   бөлімшелерін   стансалармен
байланыстырады.  Кеңесетін  байланыстарға  магистральді,  жоларалық,  станса
аралық  және   жол-жүйесіндегі  телефон  байланысы  жатады,  кеңесу  кезінде
арнайы аппаратқа қосылады;
      ұйымдастыру байланысы — пойыздар жүрісі, локомотив, жүк  тиелген  және
бос вагондар және т.с.с.  хабарлап  тұратын,  тасымалдау  үрдісін  басқаруды
шешетін жолдардың есептеу орталығына   беріледі.  Байланыстарды  ұйымдастыру
автоматты телеграф байланыстарымен жүргізіледі.
      Жергілікті байланысты ұйымдастыру үшін орталықтағы  телефон  стансасын
автоматты (АТС) түрде немесе қолмен қызмет көрсетуде жасайды (ҚҚКТС).  Темір
жол АТС  –тары  жергілікті  абонентке  ғана  қызмет  көрсетпейді,  сондай-ақ
қалалық телефон стансасымен, ұйымдардың коммутаторымен, станса аралық,  алыс
және қала аралық желілермен байланыстырады.


      Дәріс №9.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Станса блокировкасы
   2. Темір жол көлігіндегі байланыс
   3. Темір жол көлігінің негізгі байланыс құрылғылары
   4. Темір жол көлігіндегі қызметтік байланыс




      Дәріс №10 Құрылыстар мен құрылғыларды тексеру және оларды жөндеу
      Құрылыстар мен құрылғыларды тексеру
       Тасымалдау үрдісінің үздікссіз  жұмыс  істеуі,  қызметтік-техникалық
ғимараттарды және құрылғылар  мен  жабдықтардың  жағдайын  тұрақты  тексеріп
тұруын қажет етеді.  Жұмысты  тексеру  уақыты  мен  тәртібі,  бірнеше  жылғы
тәжірибені пайдаланып жасаған. Тексергенде құрылғы  немесе  жабдықтың  жалпы
жағдайын анықтайды, жеке құрылысын, тораптарға  сай  келетін  мөлшерін  және
жіберуге    болатындығын,    бөлшектермен    қозғағыштарының     бір-бірімен
әрекеттесуін, сапасын анықтайды.
       Жабдықтар мен  құрылғыларды,  қызметтік  –  техникалық  ғимараттарды
соларға қызмет көрсететін жұмыскерлермен, сондай-ақ станса, депо,  дистанция
немесе   телім   бастықтарымен   тексереді,   енгізілген   құрылғылар    мен
жабдықтардың  пайдалану  уақытын,  бекітілген  жағдайлар   мен   нұсқауларға
қарайды.
       Басты  және  қабылдап-жөнелтетін  жолдардың  бағыттама   бұрмаларын,
станса бастығы жол шеберімен және СОБ электрмеханигімен бірге айына бір  рет
тексеріп отыруы қажет.
       Тексеру нәтижесі  мен  іс-шаралары,  істен  шыққандарды  байқағанда,
қалпына келтіру қажет, арнайы журналға жөндеген уақытын және жоспарлаған іс-
шаралардың орындалғанын жазады.
       Бағыттаманы ауыстыруда – ауыстыру механизімі  мен  жылжымалы  бөлшек
құрылғысы күрделі – жылжымалы құрамнан үлкен  күш  әсер  етеді.  Пойыздардың
жоғарғы жылдамдықпен жүруі, бағыттама бұрмаларының  тұрақты  дұрыс  қалпында
тұруын  қажет  етеді,  әйтпесе  пойыздар  жүрісіне  тікелей  қауіп  әкеледі.
Стансадағы  электрлі  орталықтағы  бағыттамалар   мен   си   гналдарды   жол
дистанциясының және дистанция сигналдары мен байланыс жұмыскерлері  тексеріп
тұрады. Міндетті түрде айына бір  рет  стансадағы  бағыттама  шаруашылығының
жалпы жағдайын тексеріп, істен шыққандарды ескертіп  тұру  қажет.  Бағыттама
бұрмаларының  мөлшерін  тексеріп  және  онымен   жібергенде   тораптар   мен
бөлшектердің  нақты  бекітілуін,  қажалу  мөлшерін,  желі   жұмысын,   жүріс
жағдайындағы бағыттама үшкілігінің толық бекітілуін,  қисық  пен  ойықтардың
болмауы, жоспардағы бұрыштар және т.б.
       Жолды, бағыттама бұрмаларын, СОБ  құрылғыларын,  байланыс  желілерін
тексеретін журнал барлық стансаларда, разъездерде,  басып  озу  бекеттерінде
және жол қосымдарында  болады. Бұл құжат станса шаруашылығындағы  құрылғылар
мен жабдықтардың жағдайын көрсетеді. Журналдағы барлық  жазуларды  тексерген
және жөндеген адам жазып, қол қояды. Станса бастығы жазуларды  жиі  тексеріп
және қателіктерді болдырмау үшін шара қолданады.
       Жол бастығының  жиі  тексеруі,  қызмет  пен  бөлімше  шаруашылығының
жағдайын, кәсіпорындардың техникалық  жабдықталуын,  станса  мен  тораптарды
дамыту,  құрылғылар  мен  жабдықтарды  қайта  өңдеу,  жолдағы  өткізу   және
тасымалдау  қабілетін  арттыруды  қарастыру,  ал  пән  бойынша   –мамандарға
тәрбиелік  жұмысты  күшейтіп,  өмірге  қолдануға,   білімдерін   жетілдіріп,
тұрмыстық жағдайларын жасау. Осы сұрақтарды  шешіп,  оларға  шара  қолданып,
техникалық  құрылғыларды  дұрыстап  қолданып,   жұмысты   алдыңғы   деңгейге
жеткізіп, жүрістің қауіпсіздігін үлкен дәрежеге көтеру керек.


Құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу
       Құрылғылар мен жабдықтарды жөндеу және қайтадан құрастыру бекітілген
жобаға сәйкес орындалады, технологиялық үрдіспен,  техникалық  жағдайларына,
Техникалық  пайдалану  ережелерімен,  сигнал  және  басқа  да   нұсқалармен,
пойыздардың жүріс қауіпсіздігін қарастырады. Жұмыстың көлемі көп болғанда  –
тоннелдер  мен  көпірлерді  жөндеу,  жолдарды  орташа  және  толық   жөндеу,
қайтадан құрастыру, релісті толығымен ауыстыру, жолды көтеріп  жөндеу,  ауыр
жол машиналарын жөндеуге пайдалану, екінші жолды салуға жасалатын  жұмыстар,
жер төсемін дұрыстау, реліс соңдарын құю көпір  мен  тоннелдерде   25м  ұзын
болуы керек. Жұмыстар жүргізген уақытта аралық пойыздар жүрісіне жабылады.
       Құрылғы мен жабдықтарды жөндегенде жүріс қауіпсіздігін сақтау қажет,
және пойыздар жүріс кестесі бұзылмау керек.
       Жөндеу  және   құрылыс   жұмыстарын   үлкен   көлемде   жүргізгенде,
пойыздардың  жүріс  кестесіндегі   толас   шақты   қарастыру   керек,   және
жылдамдықтың шектелуін ескеріп, жұмысты жасау керек.
       Жолдарды   күнделікті   жөндеу   жұмыстарын   жүргізгенде,   жасанды
құрылғылар мен байланыс жүйесін және  СОБ  құрылғыларын,  пойыздардың  жүріс
кестесінде   қарастырылған   технологиялық   толас   шақтың   ұзақтығы   1-2
сағ.көлемінде, қажетті жүріс көлемін қамтамасыз ете отырып, оны жол  бастығы
бекітеді.
       Жолдарды жөндеу, байланыс желісі  және  СОБ  құрылғылары,  басқа  да
құрылғылар   мен   жабдықтардың   жұмысы,   пойыздардың    жүрісі    кестеде
көрсетілмеген уақытта жасалады, онда аралық жабылмай-ақ жасалады.
       Егер жөндеу жұмыстары көп уақытты қажет етсе, жүрісті тоқтату  керек
болса, жол бөлімшесінің  бастығы  жұмыс  басшысымен  және  жүріс  қызметінің
бастығымен  келісе  отырып,  жұмыстың  басталу  уақытымен  аяқталу   уақытын
бекітеді.
       Жұмыс жүргізіп жатқан уақытта, жүріс тоқтап тұрса,  сондай-ақ  жүріс
кестесінде  толас  шақ  қарастырылса,  жұмыс  басшысы  пойыз   диспетчерімен
тұрақты байланысты ұстап тұрады (телефон немесе радио).
       Телімдегі, пойыздардың жүріс кестесіндегі толас шақ,  түнгі  уақытта
қарастырылса, жұмыс басшысы жұмыс жүргізетін жерді жарықтандыруы керек.
       Станса мен аралықтағы жүріске кедергі келтіретін (орындар, тоқтатуды
қажет ететін), сондай-ақ жұмыс жүргізетін жерлер, жүріске қауіпті  болғанда,
тоқтатуы немесе  жылдамдықты  азайтуы  керек,  пойыз  кесе  де,  келмесе  де
(маневр құрамы), екі жағынан қорғайтын сигнал қою қажет.
       Рұқсат етілмейді:
       - қоршау сигналы қойылмағанда немесе жұмыс жүргізетін орында жұмысқа
кірісу, жүріске қауіпті;
       - кедергіден қоршағанда  немесе  жұмыс  жүргізген  орында  кедергіні
болдырмау  үшін,  жұмыс  толық  аяқталғанша,   жолдың   жағдайын,   байланыс
желілерін, габариттің сақталуын тексергенше сигналды алуға болмайды.
       Кедергі келтіретін жерді қоршау тәртібін және жұмыс істейтін  орынды
сигналдар нұсқасы бекітеді.
       Ауыспалы сигналдарды күзетуге және бекітуге, жұмыс істейтін  жердегі
жолды қоршайды, жұмыс басшысы жұмысшылар тобынан сигналистерді бөліп  алады,
олар сәйкес емтихандарды тапсырған болады. Сигналисттердің бас  киімі  болуы
керек, темір жол көлігінің жұмыскерлерінен басқа болады.
       Бұрылыстағы жолдардың  фронтында  жұмыс  істегенде,  сондай-ақ  кіші
радиустың  қисық  телімдерінде,  еңістер  мен  сигналдар  анық   көрінбейтін
жерлерде   және   пойыздардың   жүрісі   көп   телімдерде,   жұмыс   басшысы
жұмыскерлермен байланыс орнатып (телефон немесе   радио),  жұмыс  жүргізетін
жерлерге қорғайтын сигналдар қояды. Жұмыс жүргізетін жердің  байланысын  жол
бастығы бекітеді.
     Тоқтату сигналымен қоршауды қажет ететін немесе жылдамдықты азайтатын,
станса  кезекшісінің  рұқсатынсыз  және  жұмыс  басшысының   «жол   тексеру,
бағыттама бұрмаларының, СОБ құрылғыларының, байланыс желілерінің  журналына»
жазбай станса жолдарында  жұмыс  жүргізуіне  болмайды.  Телім,  диспетчерлік
орталықпен  жабдықталған,  мұндай  жұмыстарды  жоғарыда  берілген  бұйрықтар
бойынша, тек  қана  пойыз  диспетчерінің  рұқсатымен  ғана  жасалады.  Жұмыс
жүргізгенде байланыс  желісіндегі  кернеуді  ағытып,жолдың  бүтіндігін  және
жасанды  құрылғыларды   бұзбай,   сондай-ақ   жұмысты   орындағанда   болған
кедергілер, жұмыстың басталған уақытымен  аяқталған  уақытыжұмыс  басшысының
станса  кезекшісіне   айтуымен,    телефонограммалық   журналға   тіркеледі,
(диспетчерлік орталықтағы телім – пойыз диспетчеріне).
       Жұмыс аяқталған соң құрылғыны іске қосу, станса  кезекшісінің  жұмыс
басшысының   айтқанын   «жол   тексеру,    бағыттама    бұрмаларының,    СОБ
құрылғыларының, байланыс  желілерінің  журналына»  немесе  телефонограммалық
журналға  тіркеуі,  станса  кезекшісінің  айтуымен  жұмыс  басшысының   қолы
қойылады.
       Бір тармақты желіде  аралықты  жабу  үшін,  екі  тармақты  және  көп
тармақты, бірнеше жолдарды жол бөлімшелерінің бастығы жұмыс басшыларына  бір
тәулік бұрын хабарлайды.
       Аралықты немесе жолдарды ашып-жабу, жұмыстың басталуы мен аяқталуына
қарай, пойыз диспетчерінің бұйрығымен орындалады.
       Пойыз диспетчерінің бұйрығынсыз,  жабылатын  аралыққы  немесе  жұмыс
істейтін жерді сигналмен қоршаған жолдарда, жұмыс басшысы  жұмысқа  кірісуге
болмайды (жазбаша  хабарландыру  немесе   телефонограмма  және  телеграмма).
Аралықты немесе жолды ашу тек қана жазбаша хабарландыру  арқылы  жүргзіледі,
телефонограмма немесе телеграмма,   дистанция  жолының  бастығы  немесе  жол
шеберінен  төмен  емес,  сенімді  жұмыскері  жолдың  жұмысы   аяқталғандығын
хабарлайды, немесе жасанды құрылғылардың  жұмысын  және  пойыздар  жүрісінің
қауіпсіз, әрі үзіліссіз жүруін қамтамасыз етеді.
       Жұмыс  істеп  тұрған  СОБ  құрылғылары   мен   байланыс   желілерін,
электірмен қамтамасыз  еткенде  аға  СОБ  және  байланыс  электромеханигінің
немесе энергодиспетчердің хабарлауымен қалпына келтіріледі.
Үзіліс аяқталған уақыта, пойыздар жүрісінің жұмысына құрылғы мен  жабдықтар
толық бітіп, қалыпты жағдайға келтірілуі керек.


      Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
        1. Құрылыстар мен құрылғыларды тексеру
        2. Құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу


    Дәріс№11 Жылжымалы құрам


    Пойыз жетегі: локомотивтер, олардың құрылғылары, сипаттамасы
    Темір жол көлігінде пойыздар жүрісі локомотив көмегімен  жүргізіледі,
алғашқы қордан алынған негзгі энергиясы,  пойыздар жүрісінің  механикалық
энергиясына айналады.
    Отынды жаққанда, алғашқы пайда болған  жылуэнергиясы,  бу  машиналары
мен  бу  пештерінің  құрылғылары   механикалық  түрде  жасалады.   Мұндай
құрылғыдағы локомотивті  паровоз деп атайды.
    Әрі қарай бу күшінің құрығысының  орнына  тепловоз  –  дизель  келді.
Іштен жанатын  поршендік қозғағышты локомотивті  (дизельді)  тепловоз деп
атайды. Паровоз  бен  тепловоздар  автономды  локомотив  болып  табылады:
пойыздардың жүрісіндегі   механикалық  энергия  локомотив  ішіндегі  отын
жанғанда пайда болады.
    Көлік техникасының дамуы автономды емес тартым  локомотивін  шығарды.
Автономды локомотивтен айырмашылығы мұндағы  алғашқы  энергия  (электрлі)
локомотивке ішкі қордан  барады.  Локомотивтің  өзіндегі  бұл  энергияның
пайда  болуы  пойыздар  жүрісіндегі   механикалық   энергияны   айналады.
Автономды   емес   локомотивтерге    электровоз   және   моторлы    вагон
электропойыздар   жатады.   Олар   энергия   қорын   жалпы    мемлекеттік
электроэнергия жүйесінен тартым стансалары және  байланыс  жүйесі  арқылы
алады, темір жол үстінде орналасады.
    Электровоздардың тартым қозғағыш қабілеті өте жоғары, бұл  темір  жол
көлігінде  өте  маңызды.  Олар  пойыздар  жүрісінің  энергиясын   пайдалы
қолданып, бір бөлігін тежегенде  қайтара  алады  (рекуперативтік  тежеу).
Автономды тартым  локомотивінің  шығынымен  салыстырғанда,  электровоздың
пайдалану шығыныменен  оған  қызмет  көрсетуі  төмен.  Электірлендірілген
желінің өткізгіштік қабілеті, темір жолдың электірлендірілмеген  желідегі
өткізгіштік қабілетінен көп ілгері.
    Электірлі  тартымды  енгізу  көп  қаражатты  қажет  етеді   (байланыс
желілерінің құрылғылары, электір  беретін  желілер,  тартым  стансалары).
Бірақ, темір жолдағы жүрістің көптігінен оларды қайтарып алуға болады.
    Локомотив түрлері
    Жұмыс түріне  қарай  локомотивтер  жүк,  жолаушы  және  маневр  болып
бөлінеді. Жүк локомотивтерінің тартым күші жоғары болуы керек, олар үлкен
салмақтағы пойыздарды тартады.  Жолаушылар  локомотиві  жеңіл  пойыздарды
тартуға арналған, бірақ, олардың жылдамдығы жоғары болады.
    Жаппай қала маңындағы тасымалдауда, алыс емес арақашықтықта  электро-
және дизель-пойыздарды қолданады, біруақытта  жолаушыларды  тасымалдайтын
локомотивті пайдаланады (моторлы вагон).
    Егер доңғалақ саны алтыдан аспаса, онда локомотив бір қаңқамен  жұмыс
жасайды. Мұндай локомотивті біріктірілмеген локомотив деп атайды.
    Доңғалақ саны көп болғанда, локомотив қаңқасы ұзын, әрі ауыр  болады,
оның құрылысын қиындатып, қисықтардан өтуін қиындатады. Сондықтан  мұндай
локомотивтер біреу ғана емес, екі, үш өзіндік қаңқасы болады (секциялар),
олар бір-бірімен авто тіркегішті немесе арнайы топсалы жалғағышты болады.
Мұндай локомотивті біріктірілген локомотив деп  атайды.  Кейбір  жағдайда
біріктірілген локомотивтің құрылғыларын әрбір бөлігінде  пойыздарды  жеке
жүргізу керек болады.
    Біздің жолдарда локомотив сериясын әріппен, қосымша санмен белгілейді
(типтері).  Темір   жолды   электірлендіру   В.И.   Лениннің   ұсынысымен
жасалынған, отандық барлық   электровоздар  ВЛ  деген  әріппен  (Владимир
Ленин) белгіленеді, сандары ось санымен  тоқтың  түрін,  кейбір  жағдайда
доңғалақтың  реліске  түсетін  күшін  көрсетеді.   Электровоз   сериясына
ауыспалы  (бірфазалы) тоқ нөмірлері көрсетіледі: 4-осьті –  ВЛ 40 тан  ВЛ
59ға дейін, 6-осьті –  ВЛ60 тан  ВЛ79 ға дейін, 8-осьті – ВЛ80  нен  ВЛ99
ға дейін. Тұрақты тоқтағы электровозда нөмірлері:  6-осьті  –   ВЛ19  дан
ВЛ39 ға дейін, 8-осьті –  ВЛ8 ден ВЛ18 ге дейін.
    Электровоз сериялары ВЛ19, ВЛ22, ВЛ23 оське сәйкес  күш  сандары  19,
22, 23 т. Тепловоз сериясындағы  электірлі беру ТЭ әріпімен  көрсетіледі,
ал  гидравликалық ТГ әріпімен белгіленеді. Серияны  әріппен  белгілегенде
локомотивтің қызмет түрінде көрсетеді: Ж – жолаушыларй,  М  –  маневрлік.
Тепловоз ТЭП10 электірлі беретін жолаушылар локомотиві.  Әріптен  кейінгі
сан шыққан жылын көрсетеді.
    Локомотивті жаңалағанда және құрылысын өзгерткенде алдыңғы  сериясына
«у» және «м» деген индекстер  қосылады.  Мысалы,  жаңартылған  электровоз
сериясы ВЛ22-  ВЛ22м болып белгіленеді.
    Темір жолда ауыр пойыздар үшін,  қысқа  тартымды  кеңінен  қолданады,
яғни  бірнеше  локомотивтердің  жұмысын  біріктіреді.   Пойызды   бірнеше
тұрақты пойыз бірлігінің құрамынан – бөліктерінен құрайды.  Әрбір  бөлігі
өзіне   бір    моторлы   (локомотив)   және   бірнеше(бір   немесе   екі)
тіркеме(моторлы емес вагон) вагонды қосады.  Мұндай  пойыздарды  вагонның
басында орналасқан, бір қаңқадан басқарады. Басқы  вагон моторлы,  немесе
тіркемелі болуы мүмкін.
    Электрлі жылжымалы құрам
    Электровоз немесе моторлы  вагонның  қаңқасында  механикалық  бөлігі,
тіркеме рамасы, доңғалақ,  тартым  сымы,  жаттығу  құрылғылары,  рессорлы
ілулер және тежеу құрылғылары болады.  Электірлі  жабдықтарды  қолданатын
тоқ жүйесіне қатысты және  негізгі  электір  қозғағыштарының  тартымынан,
көмекші электір машиналарынан, басқару қозғағыштарының аппаратарынан және
көмекші машиналармен, басқа да құрылғылардан тұрады.
    Электровоздың қаңқасының соңғы жағында  жүргізушінің  кабинасы,  онда
басқару пультімен бақылап, өлшейтін құрылғы орналасқан. Қаңқаның  ортаңғы
бөлігінде жоғарғы  вольтті  камера  орналасқан,  онда  электірлі  аппарат
орналасқан. Жүргізуші кабинасымен  жоғарғы  вольтті  камераның  арасында,
машина бөлігінде, көмекші машина  –  мотор-компрессор,  мотор-желдеткіші,
тоқты басқаратын генератор және т.б. орналасады.
    Электровоз қаңқасы тіркемеге  тіркеледі.  Электровозға  екі  және  үш
осьті тіркемені, электропойызға – екі осьті тіркейді.  Тіркеме  рамасында
әрбір  оське  бірден  тартым  қозғағыштары  орналасқан.   Арнайы   сымның
көмегімен  айналым  кезіндегі  тартым   қозғағышын   доңғалаққа   береді.
Серіппелі құрылғы тіркеме рамасында немесе қаңқа рамасында орналасады.
    Тепловоздар
    Тепловоздар келесі  негізгі  бөліктерден  тұрады:  алғашқы  қозғағыш,
жібері, көмекші құрылғылар мен экипаждан тұрады.
    Тепловоздың  алғашқы  қозғағышы  дизель.  Көмекші  құрылғыларға  отын
жүйесі, жағу және желдету жүйесі және т.б. жатады.
    Экипаж құрамына: негізгі рама, қаңқа,  ұратын-тартым  құрылғысы  және
тіркеме жатады. Ол дизельді жалғастырып, тепловоздың доңғалағына береді.
    Негізгі  рамаға  кабина,  қаңқа,  тепловоздың  күшті   және   көмекші
құрылғылары  орналасады.  Ол  қатты  және   мықты   пісірілген   құрылғы.
Тіркеменің рамасы, тірегі,  буксасы,  доңғалағы,  рессорлы   ілгіші  және
тежеу құрылғысы бар.


    Вагондар: түрлері, негізгі топтары, технико-экономикалық сипаттамасы
    Вагондар жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған.  Вагон  паркі
жолаушылар және жүк вагондарынан тұрады. Жолаушылар вагонымен  адамдарды,
жүкті, поштаны тасымалдайды; оларға вагон-мейрамханасы,  арнайы  вагондар
(қызметтік, лабораториялық, клубтар және т.б.).
    Жолаушылар  вагоны  алысқа  жүретін,  облыс   аралық,   қаламаңындағы
қатынасқа бөлінеді. Алыс жолға жүретін вагондар жұмсақ, әрі  қатты  болып
бөлінеді, ал жоспары бойынша – купеленген (екі немесе төрт  орынды  купе)
және  купелі емес. Облыс арасында қатынайтын вагондарда жалпы  жолаушылар
салонында жұмсақ кресло орналасқан.

Дәріс №11.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
       1. Пойыз жетегі: локомотивтер, олардың құрылғылары, сипаттамасы
       2. Локомотив түрлері
       3. Электрлі жылжымалы құрам
       4. Тепловоздар
       5.   Вагондар:   түрлері,   негізгі   топтары,   технико-экономикалық
          сипаттамасы
       6. Жүк вагондарының паркі
       7. Вагонның сипаттамасының көрсеткіштері


      Дәріс№12 Жылжымалы құрамдарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету


    Вагондарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету
    Жылжымалы құрам тораптары мен жеке бөлшектерді пайдалану  істен  шығып,
белгілі бір жағдайда апат туғызуы  мүмкін.  Жолаушы  және  жүк  пойыздарының
бірінен  соң  бірі  жүруі,  локомотивтің  шамалы  істен  шығуы  немесе   жүк
вагондары жолаушылар пойызымен соқтығысуы  мүмкін.  Бұл  жағдай  ТПЕ  сәйкес
істен  шыққан  пойыздар  жүрісіне  қауіп   төндіретін,   жылжымалы   құрамды
пайдалануға   сондай-ақ,  тасымалданатын   жүктің   бүтіндігіне   кепілділік
берілмесе рұқсат етілмейді.
    Төменде көрсетілгендер бойынша  бір  вагон  істен  шықса,  оны  пойызға
тіркеуге болмайды:
    - ауыстыруды қажет ететін доңғалақ;
    - тіркейтін тіректерінде, қапталында жарығы бар тіркемені;
    - рессор үстіндегі тіректің жарығы;
    - шегіну жарығы оның периметірінің  ұзындығы  1/3  көп  болса,  төменгі
белдеуі және 3 білікті  тіркеменің  айналатын  тіректер  жарығы   және  т.б.
жарықтар.
    Жолаушылар вагонына өте қатал талап қойылады. Қандай жағдайда болмасын,
жолаушыларға қажетті жағдайларды жасайтын, пойыздардағы істен  шыққан  вагон
құрылғыларын, алдыңғы кезекте жылыту, желдету,  электір  жабдықтарын  қосуға
болмайды. Бұл жүйелердің жұмыс істеу қабілетіне үлкен көңіл бөледі.  Қазіргі
жолаушылар вагонындағы бұл құрылғылар –  электір  агрегаттары  күрделі  және
жетілген  қызмет  көрсетуді  талап  етеді.  Әсіресе  жолаушылар  пойызындағы
вагондарды  қосқанда  генератор  сымдарын,  біліктің   ортаңғы   бөлігіндегі
редукторлы-карданды сымдарды тексереді. Жолаушылар пойызына вагонның  келесі
бір істен шыққан тетігі болса, қоюға рұқсат етілмейді:  рамадағы  кез-келген
жарық;  қаңқаның  50  мм  артық  қисайуы;  кіргенде  ұстайтын   тұтқалармен,
көтерілген  тамбур  фартугы  істен  шыққанда.  Басқа   вагоннан   электірмен
қоректенетін, жарық беру немесе жылыту  құрылғылары  істен  шықса,  өртенуге
қауіпті   жолаушылар   вагонын   сапарға   жөнелтуге    болмайды.    Электір
жабдықтарының  бөлшектерін   реліс  басына   100  мм   кем   мөлшерде   ғана
жақындатуға және айналым стансасынан жөнелтуге немесе  жолаушылар  пойызында
құрастырылған  вагонның  еріксіз  желдеткіштері  істен  шыққанда,   буксаның
қызғандағы жүйесін бақылау рұқсат етілмейді.
    Вагонның жөндеуден өткендігі туралы трафереті  болмаса,  пойызға  қоюға
рұқсат етілмейді. Жолаушылар  пойызына  вагонды  қою  үшін,  жылдамдығы  140
км/сағ, жететін қосымша  талаптармен  бекітіледі.  Бұл  жүріс  қауіпсіздігін
сақтау үшін қажет,  жылдамдық  өскен  сайын  динамикалық,  вибрациялық  және
басқа да күштер тораптағы вагондарға әсер етеді.
    Мұндағы келтірілген  істен  шығуларда,  пойызды  жібергенде  вагондарды
тіркеуге  болмайды,  аялдау  уақыттырында  вагондарды  ағытпай-ақ   жөндеуге
болады немесе күнделікті жөндейтін жолдарға вагонды ағытып  береді.  Вагонды
ағытып  алу  туралы  шешімді,  вагон   тексерушісі   ТТБ   (ПТО)   жұмысының
технологиялық үрдісіне сәйкес қабылдайды.
    Вагон паркінің құрылысын  жақсарту  және  беріктігін  ұлғайту,  ертерек
құрастырылған  жылжымалы  құрамды  жаңарту,  жөндеу  базаларын  дамыту  және
бекіту, техникалық қызмет көрсету жүйелерін жетілдіру, бірыңғай  механикалық
еңбек үрдісі негізінде алдыңғы технологияны енгізу және вагодарды жөндеу.
    Жүк вагондарының ішіне кіретіндер:
    - транзиттік пойыздағы немесе құрамдағы  вагондарға  техникалық  қызмет
көрсету, сондай-ақ құрамдағы бос вагондарды  немесе  вагондар  тобын  тиеуге
ағытпай-ақ  дайындау;
    -  бос  вагондарды  күнделікті  жөндеу  (ТР-1)   немесе  олардың  тобын
құрамнан ағытып алып, тасымалдауға бірыңғай дайындау және  арнайы  жөндейтін
жолдарға беру;
    - транзиттік пойыздардан және құрастырылған құрамнан вагондарды  ағытып
алып күнделікті жөндеу (ТР-2);
    - деполық жөндеу (ДР) – вагондарды келесі деполық және толық  жөндеуден
өткенше жұмыс істеу қабілетіне кепілдік береді;
    - толық жөндеу (КР) – вагон жабдықтарын толығымен қалпына келтіру.
    Аралық стансадан вагонды жөндеуге ағытып  алып,  кепілдік  телімдерінде
істен  шыққанын  қалпына  келтіру,  жоспарда  есептелмеген  және  ең   жақын
техникалық қызмет көрсету бекетінде жөндейді.
    Техникалық қызмет көрсету жүйесі және жолаушылар вагонын жөндеу келесі:
техникалық  тексеру,  күнделікті  вагондарды  ағытып  және  ағытпай  жөндеу;
бірыңғай  техникалық  тексеру,  күзгі  және  көктемгі  мезгілдегі   тексеру;
деполық жөндеу; бірінші және екінші көлемдегі зауыт жөндеуі.


    Локомотивті жөндеу және техникалық қызмет көрсету
    Техникалық қызмет көрсету жүйесі мен жылжымалы құрамды жөндеу,  бірнеше
пайдалану кезінде жұмыс істеу қабілетін ұстап тұруы қажет, оның ішінде  ауа-
райының жағдайына қарай, пойыздың салмағы, жүріс жылдамдығы, жолдың  жоспары
мен пішіні және  т.б.  темір  жолда  жоспарлы-ескерту  жүйесінде  техникалық
қызмет көрсетеді және жылжымалы құрамды жөндейді,  олардың  өзіндік  түрлері
мен әдістерін, технологиясын көрсетеді. Локомотивтер үшін және МВПС  кіретін
техникалық қызмет көрсету ТО-1, ТО-2, ТО-3, күнделікті  жөндеу  ТР-1,  ТР-2,
ТР-3, орташа (СР) және толық   (КР) жөндеу.
    ТО-1 Локомотив бригадасының локомотвті қабылдап,  тапсырғандағы  қызмет
көрсетуі;
    ТО-2 Техникалық қызмет көрсету бекетінде  локомотивті  біріккен  топтың
күшімен  1 – 2 тәулік жөндеу;
    ТО-3  Негізгі  депода  тексеретін  агрегаттар  мен  тораптардың   түрін
көбейтіп, тексеру деңгейін көтеріп және кез-келген  істен  шыққан  агрегатты
ауыстыру  керек.  ТО-3  әр   түрлі   диагностикалық   құрылғыларға   кеңінен
қолданады.
    ТР-1 көлемі  ТО-3  көп  айырмашылығы  жоқ  және  оны  негізгі  деподағы
біріккен топ орындайды. ТР-2 жұмысы – қаңқаны көтеру, оның  тіректерін  және
біріктірілген тіркемелерін тексеру. Деполық жөндеудің аса ірі түрі  –  ТР-3.
оған  локомотивтердің  барлық  жабдықтарын  жөндеу  кіреді,   соның   ішінде
тепловоздың дизель-агрегат қондырғысы, қаңқаны бояу.
    Қызмет көрсетудің әрбір түрі және локомотивті жөндеу және МВПС үш түрлі
көрсеткішті  сипаттайды:  жиілігін,  ұзақтығын  (қарапайым)   және   көлемін
(міндетті жұмыстардың түрі). Оның  бәрі  локомотив  сериясы  мен  түрлеріне,
пайдалану   шарттарына,    жөндеу    базаларының    мүмкіндігіне,    жұмысты
ұйымдастыруына қатысты.
    Жергілікті  жағдайды  ескере  отырып,  жиі  қажалуын,  жылжымалы  құрам
бөлшектерінің ескіруін, жүргендігін жөндеу аралығы анықтайтын, әрбір  жолдың
жөндеу базасының мүмкіндігі және әрбір  деподағы   ТҚК  және  КЖ  ұзақтығын,
локомотив сериясы мен жұмыс түрін, жөндеу көлемін анықтайды.
    Жылжымалы құрамды жөндеу әдістері: жеке, агрегатты,  нақты,  позициялық
және  басқа  да  түрде  болады.  Ең  көп  тараған  түрі   агрегаттық   әдіс,
локомотивке  немесе  МВПС  алдын-ала  жөнделген   агрегатты   істен   шыққан
агрегаттың орнына ауыстырып қояды.  Бұл  жөндеу  уақытын  қысқыртады,  бірақ
өткізетін  технологиялық  жабдықтар  қорын  ұлғайтады.   Техникалық   қызмет
көрсету технологиясы және  жылжымалы  құрамды  жөндеу  типтік  технологиялық
үрдіспен, нұсқалары мен техникалық көрсеткіштерімен анықталынады.
    Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Вагондарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету
   2. Жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету түрлері
   3. Локомотивті жөндеу және техникалық қызмет көрсету
   4. Локомотивтерге техникалық қызмет көрсету түрлері


      Дәріс№13 Айырым бекеттері



      Айырым бекеттерінің түрлері

      Берілген пойыздар санын  телімдерден  өткізу  үшін  және  темір  жол
желісіндегі жүріс қауіпсіздігін сақтау үшін, аралыққа бөлінеді, яғни  жол
телімдерін бір-бірінен бөліп Айырым бекеттер жасайды.
      Айырым бекеттердің жол құрылымдары болады (айрылыспа  бекеті,  басып
озу бекеті және станса), жол құрылымдарысыз (автоблокировкадағы өткізетін
бағдаршам және жартылай автоблокировкадағы жол қосымдары).
      Айрылыспа бекеті деп дара жол желісіндегі орналасқан,  қарсы  келген
пойыздардың айрылысуы мен бір бағыттағы  пойыздардың  бірінен-бірі   озып
өтуіне арналған жолдары бар бөлім бекеті.
      Озба бекеті деп қос жолды желіге орналасқан, пойыздардың бір-бірінен
басып озуы және керекті жағдайда пойызды бір басты  жолдан  екінші  басты
жолға ауыстыра алатын жолдары бар аралық бекетті атайды.
      Станса деп пойыздарды қабылдап, жөнелту, кездестіру және  басып  озу
жолдары бар, жүктерді қабылдап және  беру,  жолаушыларға  қызмет  көрсету
операцияларын  жүргізу  мүмкіндігі  бар,  ал  жол   құрылымдары   дамыған
бекеттерде пойыздарды сұрыптау және құрастыру жөніндегі маневр жұмыстарын
және олармен техникалық операциялар жүргізетін бекеттерді атайды.
      Стансалар аралық, телімдік, сұрыптау, жолаушылар және жүк стансалары
болып бөлінеді. Стансаға магистральдық мәндегі, кем дегенде  үш  бағыттан
күре жолдар тоғысса, ол торапты станса деп аталады.
      Стансалар  жұмысының  көлемі  мен  күрделілігіне   және   техникалық
құрылғыларына қарай кластарға бөлінеді. Үлкен  көлемді  жұмысы  бар  және
жоғарғы  дәрежелі  техникалық  жабдықталған  стансаны  кластан  тыс,   ал
кейінгілерін  I, II, III, IV және V класты станса деп атайды.

      Жол қосымдары, айрылыспа және озба бекеттері




      Аралық  станса

      Аралық станса айырым бекеттері, онда пойыздардың  кездесуіне,  басып
озуына  және  тоқтаусыз  өтуіне,  сонымен  қатар  жүктерді  тиеп-түсіруге
арналған жол құрылғылары бар. Бұл стансалардың айрылыспа  мен  басып  озу
бекетерінен айырмашылығы жүк операцияларының құрылғыларында.
      Аралық стансада билет сатады,  жолаушыларды  мінгізіп-түсіреді  және
қызмет көрсетеді,  сондай-ақ  келетін  пойыздармен  жөнелтетін  жүктердің
тасымалдау құжаттарын дайындайды. Жеке аралық стансалар жөнелту маршрутын
құрастырады, кәсіпорындардың  кірме  жолдарына  қызмет  көрсетеді,  кейде
қаламаңындағы жолаушылар пойызының айналым бекеті болады.
      Аралық  станасада  жолаушылар  ғимараты,  олардың  арасынан  жүретін
платформалар,  жүк  қоятын  қойма,   техникалық,   қызметтік,   тұрмыстық
ғимараттар орналасады.





      Телімдік  станса

      Құрамды  техникалық  тексеруге,  құрама  және  телімдік  пойыздардың
жұмысына, локомотив бригадаларын ауыстыруға және темір жол  желілеріндегі
тартымдарға қызмет көрсетуге телімдік стансалар орнатылады.
      Телімдік  стансаларда   келесі   негізгі   операциялар   орындалады:
жолаушылар және жүк пойызын қабылдап-жөнелту  және  жіберу,  жолаушыларға
қызмет  көрсету,  жүк  операцияларын  орындау,   телімдік   және   құрама
пойыздарды сұрыптау мен құрастыру,  локомотивті  жөндеу  және  жабдықтау,
вагондарды жөндеу және техникалық тексеру.
      Көрсетілген  операцияларды   орындау   үшін   телімдік   стансаларда
жолаушылар мен жүктің құрылғылары,  жүк  операциясы,локомотив  пен  вагон
шаруашылығы  болады.
      Телімдік стансалар топографиялық, геологиялық  жағдайларына  қатысты
және жұмыс ерекшеліктері қатарлас, ығыспа,  жартылай  ығыспа  парктерінің
орналасқан нұсқаларымен жобаланады.





      Сұрыптау  стансасы

      Сұрыптау стансасы деп – жүк пойыздарын жаппай сұрыптап, құрастыратын
стансаны айтады. Мұнда әр бағыттан  жиналған  транзитті  және  жергілікті
вагондардан жолдағы стансаларда қайта өңделмей  алыс  қашықтыққа  баратын
пойыздар құрастырылады. Сұрыптау стансасында  жүк  стансаларынан  өтетін,
телімдік,  құрама   және   беретін   пойыздарды   құрастырады.   Сұрыптау
стансаларын жүкті жаппай тиеп немесе түсіретін аумақтарда  орналастырады,
ірі  кәсіпорын  орталықтарымен,  темір  жол   бекеттерінің   тораптарымен
байланыстырылады, онда вагон ағымдарының жинақталған орындары болады.
      Сұрыптау стансаларында пойыздарды қабылдап,  сұрыптау  және  жөнелту
парктерінің өзара  орналасуын  былай  бөледі:  қатарлас,  бір  ізді  және
араласып орналасуы.
      Сұрыптау жүйесінің санына қарай станса бір бағытты және екі  бағытты
болады. Екі бағытты жүйенің сұрыптау   құрылғылары,  белгіленген  бағытта
вагондарды өңдейді (жұп немесе тақ). Бір бағытты стансада сұрыптау  паркі
вагондарды екі бағытта  өңдейді.  Маневр  жасау  әдісіне  қарай  сұрыптау
стансасын дөңесті және дөңессіз деп бөледі.



      Жолаушылар  және жүк стансасы

      Үлкен қалаларда жолаушыларға қызмет көрсету үшін және ірі  кәсіпорын
орталықтарын жүк стансалрының жүрісінен оқшау  жеке  дайындайды.  Олардың
жұмысы  жолаушыларға  қызмет   көрсету   және   тасымалдауға   дайындатын
техникалық  операцияларды  орындау  және  жолаушылар  пойызының   жүрісін
ұйымдастыру. Жолаушыларға  қызмет  көрсету  билеттерді  сату,  қол  жүгін
қабылдау, сақтау және беру және т.б. Техникалық  операциялардың  құрамына
қабылдау, жөнелту, жөндеу,  тазалау  және  жолаушылар  пойызын  жабдықтау
жатады. Егер техникалық операциялардың  көлемі  үлкен  болса,  жолаушылар
стансасына  арнайы  техникалық   стансалар   қояды.   Басқа   жағдайларда
жолаушылар  құрамын  тасымалдауға  дайындау   операцияларын,   жолаушылар
стансасының техникалық парк жолдарында  жасайды.  Жолаушылар  стансасының
келесі негізгі құрылғылары бар: пойыздарды  қабылдайтын,  тоқтайтын  және
жөнелтетін жолдары,  сондай-ақ  қызметтік,  пошталық,  жүк  және  тікелей
қатынастағы  вагондар;  жолаушылар   ғимаратындағы   қызметтік   бөлмелер
(вокзал); жолаушылар платформасы және вокзалға байланысқа шығатын  жолдар
(тоннелдер, жаяу өтетін көпірлер) және вокзал маңайындағы перрон жолдары;
жүк пен поштаны қабылдап, сақтап және беретін ғимарат; СОБ және  байланыс
құрылғылары, байланыс желілері; жарықтандыру, сумен қамтамасыз  ету  және
каналдар жүргізу.
      Жүк  стансасы
      Жүк стансасы жүкті жаппай тиеп,  түсіру  жұмыстарына  арналған.  Бұл
станса ірі өндіріс орындары мен елді мекендерде  салынады.  Оның  қызметі
мен атқаратын жұмыс сипатына  қарай  жүктің  барлық  түрін  тиейтін  және
түсіретін,  яғни  мамандандырылмаған  (жалпы  пайдаланатын)  станса  және
жүктің кейбір  түріне  арналған  стансаны  мамандандырылған  деп  атайды.
Вагондағы жүктерді ауыстырып тиеу бір темір жол  колеясындағы  вагондарды
басқа  колеяға  ауыстыру,  ауыстырып  тиеу   стансаларында   жүргізіледі.
Жұмыстың  технологиялық  үрдісі  келесіден  тұрады.  Тарататын   вагондар
сұрыптау  стансасының  қабылдау  жолдарына  келеді.   Келу   операциялары
орындалғанан кейін және белгіленген вагондар локомотивке жүк  ауласындағы
тиеп-түсіру фронтына қойылады. Бір  уақытта  жүк  операциялары  аяқталған
соң,  вагондарды  жинап,  қоятын  жолдарға  қояды.  Тиеп-түсіру  фронтына
вагондарды қояды.   Жүк  операциялары  аяқталған  соң,  қойған  жолдардан
локомотив  вагондарды  алып  шығады,  және  оларды  сұрыптаудың   жөнелту
жолдарына береді. Содан соң  толтырылған  құрамда  жөнелту  операцияларын
орындағанда, әкететін локомотив сұрыптау стансасына жеткізеді.
      Дәріс №13. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Айырым бекеттерінің түрлері
   2. Аралық  станса
   3. Телімдік  станса
   4. Сұрыптау  стансасы
   5. Жүк  стансасы
   6. Темір жол тораптары


      Дәріс№14 Станцияның техникалық жұмысын ұйымдастыру




Маневр жұмыстарын жүргізу

        Маневр  қозғалысы  дегеніміз  стасадағы   вагондарды   өңдегендегі
  пойыздың  көмегімен   әртүрлі   жылжытулар.   Маневрлық   қозғалыстарға
  вагондарды  бір  жолдан  екінші  жолға  ауыстырып   қою   жатады,   жүк
  аудандарына, жөндейтін жолдарға беру – жинау және т.б.
      Барлық  маневрлық қозғалыстар қабылдап-жөнелту жолдарында және пойыз
локомотиві мен пойыздар жүретін маршруттарда жасалады,  оған  тек  станса
кезекшісі ғана рұқсат береді. Ірі  станса  аудандарында  қабылдап-жөнелту
жолдарынан және пойыздардың  жүріс  маршрутын  ұйымдастырудан  тысқарырақ
маневр жұмыстарын жасайды, оны маневр диспетчері басқарады.
      Үлкен  жол  құрылғылары  бар  стансалар  мен  маневр  жұмыстары  көп
болғанда  маневр  аудандарына   бөлінеді,   оған   маневр   локомотивтері
бекітіледі.
      Локомотивтер мен  құрам  топтары  белгілі  бір  маневр  локомотивіне
бекітіледі. Маневрдың дұрыс орындалуына пойыз құрастырушысы, ал  сұрыптау
дөңесінде – дөңес кезекшісі жауап береді.
      Маневр жасағанда, локомотив  жүргізушісі,  маневр  басшысынан  радио
байланысы, екі жақты парк байланыс құрылғыларымен немесе  сигнал,  қолмен
берілетін сигнал құрылғылары арқылы бұйрық алмай локомотивті жүргізбейді.
Маневр басқарушысы  көрсеткіштер  немесе  сигналдардан  басқа,  жүргізуші
маневр маршрутының орталықтандырылған  бағыттамаларына  шықпастан  бұрын,
маневр бағдаршамының рұқсат берген көрсеткішіне көз жеткізіп  алу  керек.
Ал орталықтандырылған бағыттамада   -  бағыттама  қосымының  кезекшісінен
сигнал алады немесе маневр  қозғалысына  бағыттамалардың  дайын  екендігі
туралы хабар алады. Маневрды мынадай жылдамдықта жасайды:
      60 км/сағ – бір локомотивтің бос  жолмен  және  локомотивтің  артына
тіркелген тығыздалған  ауамен  қуаттандырылып,  қосылған  авто  тежегішті
вагонмен жүруі;
      40 км/сағ – локомотивтің  артында  тіркелген  вагонымен,  бос  жолда
жүруі;
      25 км/сағ – бос жолда вагонды алдына салып жүргенде;
      15 км/сағ – адамдары бар  вагондармен,  сондай-ақ   3-ші  және  4-ші
дәрежедегі габаритті емес жүктермен жүргенде;
      3 км/сағ –   локомотивтің  (вагонмен  немесе  вагонсыз)   вагондарға
жақындауында және жылжымалы құрамның вагон таразысымен жүргенде.
        Маневр  жүргізген  уақытта  авто  тежегішті  қоспайды.   Сондай-ақ
вагондарды алдына салып жүргенде, сигналдар дұрыс  көрінбейді,  сондықтан
маневр құрамының жүріс жылдамдығын жолда шектейді. Вагондармен,  адамдары
бар  вагондармен  және   разрядтты   жүк   тиелген   вагондармен   маневр
жүргізгенде, соғылуын болдырмай, өте мұқият қадағалап, станса немесе парк
кезекшісінің бақылауымен бірден тоқтату керек.
      Мынадай маневрды итеруге және дөңестен жіберуге болмайды:
      Адамдары бар вагонды, жүкке ие болып келе  жатқан  жолсеріктері  бар
вагонды;
      Ұқыптылықты талап ететін, жеке категориядағы жүк вагондарын;
      3-ші және 4-ші дәрежедегі габаритті емес, 2-ші  дәрежедегі  қапталды
габаритті емес жүктер тиелген ашық  және  жайдақ  вагондар,  жүк  тиелген
транспортерлар;
      істен  шыққан   локомотивтерді;    моторвагонды   жылжымалы   құрам,
рефрижератор пойыздарының құрамы, жолаушылар вагоны, темір жолда  жүретін
крандар;
      арнайы жылжымалы құрам мен  вагон  трафареттері  «Дөңестен  жіберуге
болмайды».
      Станса жолдары  еңісте  орналаса  маневр  жүргізуге  болмайды,  онда
вагондардың аралыққа кетіп қалу қауіпі туады, жіберген жағдайда жіберетін
жаққа локомотивті  қойып  және  қажетті  жағдайда  вагонның  автотежегіші
қосылу керек. Егер  еңіс  жақтан  локомотивті  қоя  алмаса,  онда  маневр
отырғызу  арқылы  жасалады,  ал  вагондардың   автотежегіші   тексеріліп,
қосылады.        Мұнда вагондардың аралыққа  өздігінен  кетіп  қалмауына,
талап қойылады. Пойыз құрастырушысы  маневр  жүргізер  алдында,  вагонның
құрамға тіркелуін,  маневр  жүргізуге  қатысатын,  барлық  жұмыскерлердің
орнында тұруын, сондай-ақ тежегіш башмактарының жеткіліктігін  тексереді.
Тежегіш башмагын  қойған  соң,  вагонды  құрамнан  ағытып  алады.  Маневр
жасағанда, еңіске түсу үшін, құрамның  ең  үлкен  салмағы  стансаның  ТРА
көрсетіледі. Вагонның өздігінен аралыққа кетіп  қалуында,  оны  тоқтатуға
барлық шараларды қолданады, сондай-ақ олардың соғылысуын болдырмайды.
      Локомотив жүрісін, маневр  жүргізетін  бір  ғана  адам  басқарады  –
маневр басқарушысы (пойызды құрастырушы), оның  дұрыс  орындалуына  жауап
береді.
      Дәріс №14. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Маневр жұмыстарын жүргізу
   2. Маневрды жүргізу жылдамдықтары


      Дәріс№15 Станцияда пойыздар қозғалысн ұйымдастыру





      Пойыздарды қабылдау

      Пойыздарды тек қана бос жолдарға қабылдайды  –  бұл  стансадағы  жүріс
қауіпсіздігнің негізгі шартты. Бұл тәртіптің  сақталуына  станса  кезекшісі,
орталықтандырылған  қосым  операторы,  бағыттама  қосымының  кезекшісі,   ал
диспетчерлік орталықпен жабдықталған телімде -  пойыз  диспетчері  міндетті.
Стансада бағыттамалар электірлі орталық  құрылғыларымен  немесе  маршруттық-
бақылау құрылғылары   (МКУ)  жолдары  оқшауланған  электірмен  жабдықталған.
Егер жылжымалы құрам жолда  тұрса,  шығатын  сигналды  ашуға  болмайды.  СОБ
құрылғылары істен шыққанда, сондай-ақ  стансадағы  қабылдау  жолдарының  бос
еместігі электірлі бақылаумен  жабдықталмаса,  олардың  тәртібі  станса  ТРА
көрсетіледі. Станса кезекшісі бағыттама қосымының кезекшісімен бірге  жолдың
бос екендігін және  пойызды  қабылдауға  маршруттың  дұрыс  дайындалғандығын
тексеріп, содан соң кіретін сигналды ашады.
    Қабылдау паркінің жолдары  пойыз  ұзындығына  сәйкес  мамандандырылады,
қабысатын станса телімдеріне  қатысты,  әр  түрлі  бағыттан  пойыздарды  бір
уақытта қабылдау үшін және олардың  жүргендегі  қарсы  маршрутын  қысқартып,
жолаушылар пойызы мен тез бұзылатын  жүктері  бар,  тірі  мал  тасымалдайтын
пойыздардың  арнайы құрылғылар санын ескереді.
    Телімдегі өткізу қабілетінің өсуі, ТПЕ  қарастырылғандай  моторовагонды
пойыздарды жолға қабылдау, жол басқа да моторлы вагондармен бос  болмағанда,
аралықтан итеретін  локомотивпен  –  жолдың  бос  телімдеріне  және  қажетті
жағдайда стансадағы барлық жолдар бос  болмағанда,  қалпына  келтіруші  және
өрт пойыздары, көмекші локомотивпен, вагонсыз  локомотивтер,  қар  тазалаушы
пойыздар, ағытылмайтын дрезиналар  тұрғанда, сондай-ақ шаруашылық  пойыздары
мен жол машиналарының – бос  жол  телімдеріне  тұруы,  пойыздар  жүрісі  мен
маневр  жұмыстарының  нұсқаларында  бекітілген.       Стансада  жол  бастығы
моторлы вагонды  пойыздарды  жолға  қабылдау  тәртібін  түсіндіреді,  жолдар
басқа моторлы вагонды пойыздармен бос болмағанда, жол телімдерін  маршруттық
бағдаршамдарға  бөледі,   ал   кіретін   (маршруттық)   бағдаршамдардыарнайы
сигналмен жабдықтайды.
    Егер  стансада  бос  жолдар  болмаса,  итеретін  локомотивпен   қалпына
келтіруші және  басқа  пойыздарды  кіретін  бағдаршамның  шақыру  сигналымен
қабылдайды, маневр бағдаршамының рұқсат беру көрсеткіші, станса  кезекшсінің
бұйрығымен, локомотив жүргізушісіне радио арқылы беріледі.
    Стансадағы электірмен жабдықталған  бағыттамалар  мен  сигналдар  (ЭЦ),
және  телімде  диспетчерлік   орталықпен   жабдықталған   (ДЦ),   пойыздарды
қабылдауға   маршруттарды   дайындап   және   станса   кезекшісінің,   қосым
операторының (ЭЦ) немесе пойыз диспетчерінің кіретін сигналдарды ашуы,  егер
маршрут дұрыс дайындалмаса және жол жылжымалы құраммен бос болмаса, ЭЦ  және
ДЦ құрылғылары сигналды ашпайды. Станса кезекшісі  немесе  пойыз  диспетчері
маршрут дайындар алдында, қабылдайтын маршрутқа  шығатын  маневр  жұмыстарын
тоқтатады. СОБ құрылғылар істен шыққанда, сондай-ақ  стансадағы  жолдың  бос
еместігін бақылайтын құрылғылары  болмаса,  маршруттың  дұрыс  дайындалғанын
және жолдың бос екендігіне көз жеткізбей кіретін  сигналды  ашуға  болмайды.
Оларды жүргізу тәртібі станса  ТРА  көрсетілген.  Станса  маршруттық-бақылау
құрылғысымен жабдықталған (МКУ), бағыттама қосымының  кезекшісі  жолдың  бос
екендігін тексеріп, маршрутты дайындайды, ал  сигналды  –  станса  кезекшісі
бағыттама  қосымының  кезекшісінің  баяндауынан  кейін,  жолдың  бос  болып,
қабылдау маршрутын дұрыс  дайындағанда  ашады.  Кіретін  сигналды  бағыттама
қосымынан немесе сигнал беруші басқаратын  болса,  оны  станса  кезекшісінің
рұқсатымен ашады. Кіретін сигнал ашық болса, оны  жабу  үшін,  егер  пойызды
қандай  да  бір  себептермен  стансаға  қабылдай  алмай   қалса,   бағыттама
қосымының кезекшісі немесе сигнал беруші станса кезекшісінің  жаңа  бұйрығын
алмай,  оны  екінші   рет   ашуға   болмайды.    Кіретін   сигнал   аралықта
автоблокировкамен жабдықталғанда, ЭЦ  және  ДЦ  пойыздың  алдыңғы  дөңгелегі
өткен  соң,  автоматты  түрде  жабылады,   ал   станса   мұндай   құрылғымен
жабдықталмаса, - бағыттама қосымының  кезекшісі  мен  сигнал  беруші  барлық
құрам өткен соң, станса кезекшісінің бұйрығын  күтпей-ақ,  сигналды  жабады.

    Стансаға  пойызды  қабылдау  кіретін  сигнал   ашық   болған   жағдайда
қабылдайды. СОБ құрылғылар мен жолды жөндегенде, қайта өңдегенде,  сондай-ақ
істен  шыққанда,  аралықта  пойызды  ұзақ  ұстамау   үшін,   рұқсат   бермеу
көрсеткішінде  немесе  кіретін  сигналдың  оты  өшкенде   қабылдай   береді.
Арнайы емес жолдарға  кіретін  сигналдардың  рұқсат  бермеуінде  де  пойызды
қабылдай береді, мұндай жағдайда оларды ашу мүмкін емес.
    Кіретін  (маршруттық)  бағдаршам  рұқсат  бермегенде,  шақыру  сигналын
бекітеді, олардың ашық жағдайы – ай түсті-ақ жанып- сөнетін от, -  олар  бос
жол мен қабылдау маршрутын дұрыс дайындауына  байланысты  емес  –  сондықтан
станса кезекшісі мен бағыттама қосымының  кезекшісі  маршрутты  дайындағанда
тәртіпті қатал сақтап, қабылдау  жолының  бос   болып  және  маршутты  дұрыс
дайындағанын анық айтуы керек. Шақыру сигналымен пойызды қабылдағанда  жүріс
жылдамдығы  20  км/сағ  аспауы  керек,  және  жүргізуші  үлкен  қырағылықпен
жүргізуге  міндетті  және  алдында  қандайда  бр  кедергі  кездесе,   бірден
тоқтауға дайын болу керек.
    Пойызды шақыру сигнал істен шыққанда немесе болмаса, кіретін  бағдаршам
жабық  болғанда,   жолсерікпен   немесе   станса   кезекшісінің   бұйрығымен
қабылдайды, ал телімде диспетчерлік орталықта – кіретін сигналда  орнатылған
радио немесе арнайы телефон  байланысымен,  пойыз  диспетчерінің  бұйрығымен
беріледі.  Кіретін бағдаршамның рұқсат  бермеуінде  пойызды  қабылдау  үшін,
станса кезекшісі пойыздар жүрісінің журналына пойызды қабылдау бұйрығын,  ал
пойыз диспетчері диспетчерлік  бұйрық  журналына  тіркейді.  Телефон  немесе
радио байланысы арқылы бұйрық  алған  жүргізуші,  бұйрықты  қайталап,  дұрыс
түсінгенін айтып, пойызды стансаға кіргізеді.
    Кіретін сигнал рұқсат бермегенде,  стансаға пойыздың кіруіне жолсерікті
бекітеді, ол кіретін бағдаршамнан қарсы алып, дұрыс емес  жолмен  –  тұрақты
сигнал белгісімен   «Жолсерік  (Проводник)»  және  пойыздың  жүретін  жағына
күндіз- жазылған қызыл жалауша, ал түнде – қолмен көрсететін фонар  сигналы-
қызыл  от  көрсетеді.  Жүргізуші  тоқтау  сигналын  көріп  және  жылдамдықты
азайтқан соң, жолсерік қызыл жалауды түсіріп немесе фонардың қызыл түсін  ақ
түске өзгертеді және жүріп  келе  жатқан  локомотивтің  жүргізушісіне  жабық
сигналда жүруге «Жолсерік -билетін» береді, онда стансаның аты жазылады.
    Станса кезекшісі қабылдайтын пойыздың  маршрутын  өзгертуге  құқы  жоқ,
егер кіретін  сигнал  ашық  болса.  Кейбір  жағдайда,  пойызды  басқа  жолға
қабылдау керек болса,  станса  кезекшісі  кіретін  сигналды  жауып,  алдында
берілген  маршрутты  өзгертіп,  содан  соң   жаңа   маршрут   жасап,   пойыз
жүргізушісін радио байланысы арқылы ескертеді.
    Станса  кезекшісінің,  бағыттама  қосымының  кезекшісінің  және  сигнал
берушінің пойызды қабылдауға маршрут дайындау әрекеті  әрбір  стансаның  ТРА
және СОБ құрылғыларын пайдалану тәртібінің нұсқаларымен орындалады.
    Стансаға  екі  бағыттан  бір  уақытта,  байланысып  жатқан  телімдерден
пойызды қабылдау, станса мен  телімнің  пішіні  дұрыс  орналасқанда,  өткізу
қабілетін  толық  пайдаланады,  жолдан  шығу  қарсы  келе  жатқан  бағыттағы
пойызды  қабылдау  маршрутында   оқшауланбаса,  екі  бағыттан  бір   уақытта
пойызды қабылдау қауіпті және тежеуді есептемегенде немесе  пойыз  құрамының
қабылдау жолының шектік бағанына  дейін  жүріп  келгенде,   тежеу  жұмысының
қанағаттандырмауы, екі пойыздың соғысуына алып келеді.


      Пойызды жөнелту
Стансадан пойызды жөнелту тәртібі әр түрлі сигналдар мен байланыстарда  бір,
екі және көп жол желілерінде немесе аралықта басқа  пойыздар  тұрғанда  бір-
біріне қарсы жүруін  болдырмайды.   Бұл  тәртіп  станса  кезекшісінің  нақты
әрекетімен қарастырылады және операцияларды  орындауға  аз  уақыт  жұмсайды.
Екі  тармақты  жол  теліміне  дұрыс  жол  бір  бағыттағы   автоблокировкамен
жабдықталады,   сондай-ақ   бір   тармақты   жол   телімінде   екі   бағытты
автоблокировкамен жабдықталғанда, бірінші блок-телімін  алдында  жөнелтілген
пойыз босатқан  соң,  пойыздың  келгенін  хабарламай-ақ  және  көрші  станса
кезекшісінің рұқсатымен, станса кезекшісі пойызды жөнелтуге  бұйрық  береді,
бір тармақты жол аралығына пойызды жөнелту үшін,  станса  кезекшісі  алдымен
пойыз диспетчерінен бұйрық алады.
       Бір  тармақты  жол   теліміне   пойызды   жөнелту   үшін,   автоматты
блокировкамен жабдықталмағанда, сондай-ақ екі  тармақты  жолдың  дұрыс  емес
жолымен  жөнелткенде, станса  кезекшісі  көрші  станса  кезекшісінен  рұқсат
алуы керек. Екі тармақты жол аралығының дұрыс емес жолымен  пойызды  жіберер
алдында, екі  бағытты  автоблокировкамен  жабдықталғанда,  станса  кезекшісі
пойыздың аралыққа тұруын пойыз диспетчерімен алдын-ала келіседі.
    Станса кезекшісі, диспетчерлік орталықтағы телімде пойыз  диспетчерінің
пойызды жөнелтер алдындағы міндетті:
      Аралықтың, ал автоматты  блокировкада  –  бірінші  блок-телімінің  бос
екендігіне көз жеткізу;
      Пойызды жөнелтетін маршрутта маневрдың шығуын тоқтату;
      Жөнелту маршрутын дайындау;
      Шығатын сигналды ашу немесе жүргізушіге басқа аралыққа тұруына  рұқсат
беру.
      Басқа пойыздар тұрған аралыққа, пойызды жөнелту,  үлкен  қауіп  әкелуі
мүмкін, сондықтан станса  кезекшісі,  диспетчерлік  орталықпен  жабдықталған
телімде – пойыз  диспетчері  басқару  аппаратарының  бақылау  құрылғыларының
көрсеткіштерін   тексеріп,    телефон    байланысына    көшкенде    пойыздың
телефонограммалық  журналына  блок-телімінің   немесе   аралықтың   пойыздан
босағанын жазады. Пойызды  стансадан  шығу  сигналы  ашық  болғанда,  станса
кезекшісінің бұйрығымен жөнелтеді,  авто  блокировкада  және  жартылай  авто
блокировкада – шығатын бағдаршамның рұқсат  беру  көрсеткішінде  (семафора).
Электіржезл жүйесінде  пойызды  жөнелтуге,  сол  аралыққа  қатысты,  жезлдің
көмегімен рұқсат береді.
      Станса  жолдарында  шығатын   сигналдың   пойызды   жөнелтуге   рұқсат
бермегенде, сондай-ақ жолда шығатын сигнал болмағанда, алдыңғы  локомоитвтің
жүргізушісіне пойызбен аралыққа тұруға, станса кезекшісінің радио  байланысы
арқылы  берілетін  бұйрығынсыз  немесе  станса  кезекшісінің,  қосым,   парк
кезекшісінің, орталықтандырылған  қосым  операторының,  бағыттама  қосымының
кезекшісінің, сигнал беруші немесе пойыз  құрастырушысының  жөнелту  сигналы
бергенінше пойызды жүргізуге болмайды. Жөнелту сигналын  беру  тәртібі,  жол
бөлімшесінің бастығымен бектіледі.
      Пойызды жүргізер алдында алдыңғы локомотивтің  жүргізушісі  және  оның
көмекшісі,  станса   жұмыскерлерінен   немесе   пойыздан   тоқтату   сигналы
берілгендігін   тексеру   қажет.   Жолаушылар   және   жүк-пошта   пойызының
жүргізушісіне, жүріс кестесінде көрсетілген  уақытан  бұрын  жүруіне  рұқсат
берілмейді. Шығатын сигналдары жоқ аралыққа  тұру  үшін,  сондай-ақ  шығатын
сигналдың  пойызды  жөнелтерде  рұқсат  бермегенде,   алдыңғы   локомотивтің
жүргізушісіне станса кезекшісі немесе сол  пойыздың  локомотив  бригадасының
бір жұмыскері арқылы, қосым, парк кезекшісі, оператор,  бағыттама  қосымының
кезекшісі немесе пойыз құрастырушысы рұқсат қағазын береді.
      Жүргізуші аралыққа тұруға  рұқсат  қағазын  дұрыс  алғандағын  тексеру
қажет.
      Стансада,  жол  бөлімшесінің  бастығы   бекітетін   құжаттар,   станса
кезекшісі пойыздың аралыққа тұруына рұқсат  беруі,  жөнелту  операцияларының
дайындауымен бірдей орындауына болады.
      Локомотив жүргізушісіне аралыққа тұруына рұқсат  беру  тәртібі,  жүріс
қауіпсіздігін сақтау, стансаның техникалық-басқару актісінде көрсетілген.
      Пойызды жөнелтуге жазбаша рұқсат беру, телімнің өткізкіштік  қабілетін
төмендетеді, сондықтан жүргізушіге рұқсат  қағазын  беру,  тек  қана  станса
кезекшісі ғана емес, басқа да белгілі бір  жұмыскерлермен  беріледі.  Мұндай
тәртіп  әрбір  стансаның  жергілікті  жағдайына  байланысты  ескеріліп  және
техникалық-басқару актісінде көрсетілген.  Стансада, жазбаша рұқсат  қағазын
беру ұзақ уақыты алады,  оны  жөнелту  маршрутын  дайындап  отырып  жасайды.
Локомотив жүргізушісіне аралыққа жүруге жөнелту маршрутын  дайындап  болмай,
рұқсат қағазын беруге болмайды.
      Станса жұмыскерлері пойызды жөнелтуі және құрастыруы жүріс  кестесімен
және кезекті жоспарға сай жасалады. Пойызға вагондарды  құрастыру  жоспарына
сәйкес, ҚТЖ жасап және бекіткен жоспары бойынша қояды.
      Пойызды  жөнелткен  және  өткен  уақытын  тіркеп  және  көрші   станса
кезекшісі мен пойыз диспетчеріне хабарлайды, ол  пойыздар  жүрісін  есептеп,
стансаға қауіпсіз, әрі уақытында қабылдап  және  телімнің  өткізу  қабілетін
есептейді. Стансалар арасындағы хабарласуларды азайту үшін, пойыздар  жүрісі
мен маневр  жұмыстарының  нұсқаларымен,  екі  тармақты  жол  аралығында  бір
бағытты автоблокировкада, станса кезекшісі дұрыс  жолмен  пойыздың  келгенін
жөнелткен стансаға хабарламайды.
      Барлық жүк және жолаушылар-жүк пойызын құрастыру стансасында,  пойызды
жөнелтер  алдында,  алдыңғы  локомотивтің   жүргізушісіне   ҚТЖ   формасында
бекіткен, мөр басылған, жүк құжатының  анықтама  қағазы  беріледі.  Пойызда,
пойыз құрастырушысы болса, оған жүк құжаты мен анықтама қағазы беріледі.
Жолда жүргенде пойыз құрамдарының барлық  өзгерістері,  сондай-ақ  құрастыру
стансасынан  жөнелтер  алдында,  анықтама  қағазына  белгіленеді.   Пойыздан
ағытылып алынған вагондардың нөмірі  сызылып  және  оларға  станса  штампасы
қойылады.
      Дәріс №15.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Пойыздарды қабылдау
   2. Пойызды жөнелту
   3. Станция кезекшісінің міндеттері
   4. Станция жұмысын реттеу құжаттары

3. Практикалық сабақтар
Практикалық сабақ  №1
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Сабақтын мақсаты: Темір жол көлігіндегі  басқару құрылымдарын қарастыру.
     Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:
   1. Темір жол көлігіндегі  басқару негіздері
   2. Пойыздар қозғалысы мен маневрлық  жұмыстардың  қауіпсіздігін  бұзатын
      себептер.
   3. ЖҚ бұзылудың классификациясы
   4. Темір жол көлігі жұмыскерлерінің міндетті
№1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
   1. Темір жол көлігіндегі шаруашылықтар
   2. Темір жол көлігіндегі шаруашылықтарының өзара байланысы
   3. Темір жол көлігінің жұмысын реттеуші құжаттар
   4. Темір жол қызметкерлерінің техникалық қауіпсіздік нұсқаулығы

Практикалық сабақ №2
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2
Сабақтың  мақсаты:  Теміржол  көлігінің   жабдықтарын,   құрылғыларын   және
жылжымалы құрамдарын техникалық пайдалану ережелері
Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:
   1. Габарит. Габарит түрлері. Габарит қақпасы.
   2. Темір жолдың негізгі элементтер: жолдың  жер  төсемі,  жолдың  жоғарғы
      беті, жасанды құрылыстар
№2 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
   1. Жүк габариті қалай тексеріледі?
   2. Габаритсіздік қалай анықталады?
   3. Жер төсемінің пішіні
   4. Жасанды құрылыстардың түрлері, айырмашылығы

Практикалық сабақ  №3
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3
Сабақтың  мақсаты:  Жүріс  барысында  жіберілген  қауіпсіздіктерді   тексеру
тәртібі, оларды талдау, профилактикалық жұмыс, оларды есепке  алу  мен  есеп
беру
     Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:
   1. Жер төсемі.
   2. Темір жолдың жобасы.
   3. Темір жолдың жоспары.
№3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
   1. Жер төсеміне қолданылатын материалдар
   2. Жер бедеріне байланысты темір жолдың жоспарлануы
   3. Темір жолдың салу жобасының тұрғызылу реті
   4. Қазақстан территориясында салынған алғашқы темір жол бағыты

Практикалық сабақ  №4
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4
Сабақтың мақсаты: Темір жол көлігінде қозғалыстың байланыс жүйелері
     Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:
   1. Жол өтпелері.
   2. Темір жолдың қиылысуы, басқа көліктермен түйісуі.
   3. Бағыттама бұрмалары.
   4. Бағыттама бұрмаларының айқаспа маркасы.
   5. Релістер.
   6. Жылжымалы құрамның габариті.
   7. Тиеу габариті.
   8. Автоматты блокировка локомотивтің автоматты сигналы.
   9. Жол қоршауының түрлері
№4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
   1. Темір жол көлігінде қолданылатын байланыс жүйелері
   2. Заманауи байланыс жүйелері
   3.  Темір  жол  саласында   спутникті   байланыс   құралдарын   пайдалану
      мүмкіндіктері
   4. Қозғалыс кезінде пойыздарды бақылау құралдары

Практикалық сабақ  №5
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5
Сабақтың  мақсаты:  Локомотив  және  вагон  шаруашылығының  құрылғылары  мен
жабдықтары
     Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:
   1. Қауіпсіздік теориясының негіздері, теміржол жүйесінің сенімділігі мен
      қауіпсіздігінің арасындағы ерешеліктер.
   2. Локомотив шаруашылығының құрылғылары мен ғимараттары.
   3. Локомотив депосы техникалық жабдықталуы.
   4. Локомотив депосы техникалық қызмет көрсету түрлері.
   5. Вагон депосының техникалық жабдықталуы
№5 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
   1. Техникалық қызмет көрсету түрлерінің айыршалықтары
   2.   Тасымалдауды   ұйымдастыруда   локомотив   шаруашылығы   мен   вагон
      шаруашылығының қызметі
   3. Локомотив шаруашылығының құрылғылары
   4. Вагон шаруашылығының құрылғылары

Практикалық сабақ №6
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6
Сабақтың мақсаты: Станса шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары
     Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:
   1. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жүйелік шешімі.
   2. Станса шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары.
   3. Сигналдар.
   4. Сигналдардың түрлері.
   5. Сигналдардың негізгі көрсеткіштері
№6 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
   1. Тасымалдауды ұйымдастыруда станция шаруашылығының қызметі
   2. Сигналдардың негізгі қызметі
   3. Апат кезінде қолданылатын сигналдар түрі
   4. Станцияның техникалық құрылғылары мен жабдықтары

Практикалық сабақ  №7
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7
Сабақтың мақсаты: Автоматтық және жартылай автоматтық жол блоктауы
     Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:
   1. Жол қоршауының түрлері.
   2. Автоматтық жол блоктауы.
   3. Жартылай автоматтық жол блоктауы.
   4. Бағыттамалар мен сигналдарды орталықтандыру.
   5. Орталықтандырылған реленің жүйелері
№7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
   1. Автоматты блоктау мен жартылай автоматты блоктаудың айырмашылығы
   2. Бағыттамалар мен сигналдар қалай басқарылады және кім басқарады?

Практикалық сабақ  №8
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8
Сабақтың мақсаты: Орталықтандырылған диспетчерлік басқару
     Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:
   1. Орталықтандырылған диспетчерлік басқару негізі.
   2. Орталықтандырылған диспетчерлік басқару құрылғылары.
   3. Диспетчерлік орталық жүйелері.
   4. Диспетчерлік шеңбер.
   5. Автоматты локомотив сигналы және авто тежегіш
№ 8 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
   1. Пойыз диспетчерінің құқығы мен міндеттері
   2. Диспетчерлік шеңберлердің орналастырылу талабы
   3. Диспетчерлік құжаттамалар

Практикалық сабақ  №9
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №9
Сабақтың мақсаты: Станцияны блоктау және байланыс құрылғылары
     Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:
   1. Станса блокировкасы.
   2. Темір жол көлігіндегі байланыс.
   3. Темір жол көлігінің негізгі байланыс құрылғылары.
   4. Темір жол көлігіндегі қызметтік байланыс.
   5. Фототелеграфты байланыс.
   6. Радио байланысы.
   7. СОБ және байланыс желісі
№9 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
   1. Темір жол көлігінің негізгі байланыс құрылғылары
   2. Тасымалдаудағы пойыз  бен  станция  жұмыскерлері  арасындағы  байланыс
      қалай жүргізіледі
   3. СОБ және байланыс желісі

Практикалық сабақ  №10
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №10
Сабақтың мақсаты: Құрылыстар мен құрылғыларды тексеру және оларды жөндеу
     Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:
   1. Кедергілер мен ақаулар кезінде  құрылыстар  мен  құрылғыларды  тексеру
      және оларды жөндеу реті
№10 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
   1. Жол бойында апат болғанда құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу реті
   2. Жол бойында апат болғанда қайта жұмысты жаңғырту жолдары

Практикалық сабақ  №11
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №11
Сабақтың мақсаты: Жылжымалы құрам
     Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:
   1. Пойыз жетегі: локомотивтер, олардың құрылғылары, сипаттамасы.
   2. Локомотив түрлері.
   3. Электрлі жылжымалы құрам.
   4. Тепловоздар.
   5. Вагондар: түрлері, негізгі топтары, технико-экономикалық сипаттамасы.
   6. Жүк вагондарының паркі.
   7. Вагонның сипаттамасының көрсеткіштері

№11 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
   1. Жетек күштерінің айырмашылығы
   2. Пойыз локомотиві мен маневр локомотивінің айырмашылығы
   3. Жүкті тасымалдау үшін вагондарды таңдау критерилері
   4. Әр вагонның жүктемелігіне сипаттама беріңіз

Практикалық сабақ  №12
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №12
Сабақтың  мақсаты:  Жылжымалы  құрамдарды  жөндеу  және  техникалық   қызмет
көрсету
     Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:
   1. Вагондарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету.
   2. Жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету түрлері.
   3. Локомотивті жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
   4. Локомотивтерге техникалық қызмет көрсету түрлері
№12 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1. Техникалық қызмет көрсету түрлерінің айыршалықтары
2.   Тасымалдауды   ұйымдастыруда   локомотив    шаруашылығы    мен    вагон
   шаруашылығының қызметі
3. Локомотив шаруашылығының құрылғылары
4. Вагон шаруашылығының құрылғылары

Практикалық сабақ  №13
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №13
Сабақтың мақсаты: Айырым бекеттері
     Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:
   1. Айырым бекеттерінің түрлері.
   2. Аралық  станса.
   3. Телімдік  станса.
   4. Сұрыптау  стансасы.
   5. Жолаушы және жүк  стансасы.
   6. Темір жол тораптары
№13 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
   1. Темір жол станцияларының түрлері
   2. Станция парктерінің түрлері
   3. Пойызды паркттерге қабылдау реті
   4. Станция жұмысын реттеуші құжаттар

Практикалық сабақ  №14
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №14
Сабақтың мақсаты: Станцияның техникалық жұмысын ұйымдастыру
     Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:
   1. Маневр жұмыстарын жүргізу
   2. Маневрды жүргізу жылдамдықтары.
   3. Пойыз құрастырушысының міндетті.
   4. Пойыздарды құрастыру
№14 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
   1. Маневр элементтері
   2. Құрастырылған пойызды жөнелту паркіне  қою  маневрлық  операцияларының
      реті
   3.  Тарқатылуға  келген  пойызды  дөңестен  тарқату  кезінде  орындалатын
      маневрлық операциялар реті
Практикалық сабақ  №15
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №15
Сабақтың мақсаты: Станцияда пойыздар қозғалысын ұйымдастыру
     Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:
   1. Пойыздарды қабылдау.
   2. Пойызды жөнелту.
   3. Станция кезекшісінің міндеттері
№15 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
        1. Станцияға пойызды қабылдау реті.
        2. Станциядан пойызды жөнелту реті
        3. Станция парктерінің қызметі
   2. Станция кезекшісінің құқығы мен міндеттері

   3. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

СӨЖ-н ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары.
СӨОЖ тапсырмалары
      Пәннің программалық жұмысына  байланысты  студенттер  өздік  жұмысының
тапсырмаларын орындаулары керек. Дәптердің сыртқы бетінде мыналарды  көрсету
қажет:
    - оқу дисциплинасының атауы;
    - курсы, оқу группасының нөмірі;
    - орындаушының аты-жөні.

      СӨОЖ №1. Темір жол көлігіндегі  басқару негіздері
СӨОЖ №2. Габарит. Габарит түрлері. Габарит қақпасы.
      СӨОЖ №3. Темір жолдың негізгі элементтер: жолдың жер  төсемі,  жолдың
жоғарғы беті, жасанды құрылыстар.
      СӨОЖ №4. Автоматты блокировка локомотивтің автоматты сигналы.
      СӨОЖ  №5.  Локомотив  шаруашылығының  құрылғылары  мен   ғимараттары.
Локомотив депосы техникалық қызмет көрсету түрлері
      СӨОЖ №.6. Вагон депосының техникалық жабдықталуы.
      СӨОЖ №7. Станса шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары.
      СӨОЖ  №8.  Сигналдар.  Сигналдардың  түрлері.  Сигналдардың   негізгі
көрсеткіштері
      СӨОЖ №9. Автоматтық жол блоктауы
      СӨОЖ №10. Жартылай автоматтық жол блоктауы.
      СӨОЖ   №11.   Орталықтандырылған   диспетчерлік    басқару    негізі.
Диспетчерлік шеңбер.
      СӨОЖ №12. Автоматты локомотив сигналы және авто тежегіш
      СӨОЖ №13. Станса блокировкасы.
      СӨОЖ  №14.   Пойыз   жетегі:   локомотивтер,   олардың   құрылғылары,
сипаттамасы.
      СӨОЖ №15. Вагондар: түрлері,  негізгі  топтары,  технико-экономикалық
сипаттамасы. Жүк вагондарының паркі.
      СӨОЖ №16. Айырым бекеттерінің түрлері.
      СӨОЖ №17. Маневр жұмыстарын жүргізу
      СӨОЖ №18. Пойыздарды қабылдау.
      СӨОЖ №19. Пойызды жөнелту.

СӨЖ тапсырмалары

СӨЖ 1. Жылжымалы құрам және құрылысқа жақындау габариттері.
СӨЖ 2. Маневрлік жұмысты басқару
СӨЖ 3. Сигналдардың жіктелуі және қызметі
СӨЖ 4. Теміржол станцияларының түрлері.
СӨЖ 5. Маневрлік құрам.
СӨЖ 6. Пойыздар жүріс графигі.
СӨЖ 7. Теміржол жолдарының элементтері.
СӨЖ 8. ҚР теміржол көлігі туралы Заң.




















Пәндер