Файл қосу

Былғары зауытын жобалау



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ                                                    |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                              |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                 |
|СМЖ 3-деңгейдегі құжаты  |ОӘК                      |                       |
|                         |                         |                       |
|                         |                         |ПОӘК                   |
|                         |                         |042-18-7.1.56/03-2013  |
|«Былғары және үлбір      |                         |                       |
|өнеркәсіптері өндірісін  |                         |                       |
|жобалау және жоспарлау»  |№1басылым                |                       |
|пәнінің оқу-әдістемелік  |«18» 09 2014             |                       |
|материалдары             |                         |                       |






     «БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ҮЛБІР ӨНЕРКӘСІПТЕРІ ӨНДІРІСІН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ»
                       ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ




  5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы»
                               мамандығы үшін


                        ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР





















                                    Семей


                                    2014




       ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ
   1-дәріс. Кіріспе


   Дәріс мақсаты: курстық жұмыс туралы мәліметтер беру;

            Курстық және дипломдық жобалау –  инженер-технологты  дайындауда
оқу процессінің маңызды  бөлігі.  Бұл  жұмыстар  студенттің  өзіндік  жұмысы
болып табылады, онда олар техникалық тапсырмалардың  бір-бірімен  байланысты
кешенін шешеді.
           Жобамен жұмыс  істеу  жүйеленуге,  негізгі  дициплиналар  бойынша
теориялық білім мен тәжірибелік жұмытарды тереңдетіп жақсартуға,  техникалық
кругозорды дамытады, жалпы білім беретін сабақтар, базалық және  профилдеуші
дисциплина  білімдерді  қолдану  арқылы  өндірістік-техникалық  тапырмаларды
өздік жұмысында дамытады, шығармашылық ойлауға үйретеді және т.б.
          Өңдеу өндірісінің  негізгі  мақсаты  шығарылатын  өнімнің  сапасын
жақсарту  болып  табылады,  себебі  өңдеу  өндірісі  жоғары  сапалы   өнімге
сұранысы көп азық-түлік тағамдарын шығаруға  негізделген.  Осыған  байланыты
курстық және дипломдық жобалардың тарауларында жобада  жоспарланған  өнімнің
сапасын арттыруға арналған жағдайларды  қарастыру  қажет.  Диплом  алдындағы
тәжірибеде өндірісті оқу барысында,  студент  өндірістік  процесстің  кейбір
этаптары өнім сапасына әсер ететініне назар  аудару  қажет,  яғни  өндірісті
оқып және өндірістің барлық этаптарының жұмысын бақылау қажет.
         Берілген методикалық нұсқауда курстық және дипломдық жобаны орындау
кезінде керек теоретикалық материалдар жүйеленген. Оқулық студентке  өзіндік
жұмы барысында әдістемелік және техникалық көмек көрсете алады.
       Оқу құралы курстық және дипломдық жобаның орындауына  бойынша  нұсқау
сияқты жасалған және студенттермен жобаның үстiнде жұмыс  iстегенде  кездесе
алған теориялық және жаттығу сипатының барлық сұрақтарын қамти алмайды.
       Оқулық әрбір тарау бойынша керекті материалдар көлемін дұры анықтауға
және жобаны ғимараттың шарттарына сәйкес дұрыс орындауға мүмкіндік береді.
       Курстық және дипломдық жобаға тапсырма  кафедрада  беріледі.  Студент
өзінің тақырыбын да ұсына алады. Сырттай оқитын студентер  студенттің  жұмыс
істеу орнына байланысты тақырыптарда курстық жобаны орындайды.
       Курстық және дипломдық  жобаның  тақырыптары   цехтарды  қайта  құру,
жұмыс  істеп  тұрған   кәсіпорынның   техникалық   жаңарту   болуы   мүмкін.
Шығарылатын өнімнің ассортименті 3-тен кем болмау керек.
       Курстық  жобалардың  тақырыптары  кафедра  отырысында,  ал  дипломдық
жобаның тақырыптары жоғары оқу орнының  ректорының бұйрығымен бекітіледі.


      2-дәріс. AutoCAD және КОМПАС-3D бағдарламаларымен жұмыс жасауды үйрену

  Дәріс сұрақтары:
   1. AutoCAD бағдарламасының сипаттамасы
   2. КОМПАС-3D жүйесінде сызба жасау


   Дәріс мақсаты: Бағдарламаларға сипаттама беріп, жұмыс барысында қолдануды
үйрету


   Бүгінгі күнде AutoCAD 2002 – автоматты проекциялау жүйелері арасында  ең
мықтысы болып табылады. Техникалық проекциялаудың  әртүрлі  аймағында  керек
болған,  кез-келген  сызба  жұмыстарын  орындай  алады.  Программаның   ішкі
компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп  жаңа  функция  пайда  болды.  Бұл
функциялар  қолданушының  жұмыс  уақытын  қысқартып,  сызба  сызуды  біршама
жеңілдетті.
   AutoCAD  курсында  –  сызбаларды  нақты  өлшемде  сызуды   және   дизайн
–макеттерін құруды үйретеді. Бағдарламада  –  сызбаларды  құру,  қабаттармен
жұмыс, өңдеу құралдары, блоктарды құру және оларды қолдану, өлшемдерін  қою,
масштабтау жүзеге асады.
   AutoCAD  бағдарламасы  сызбаларды  құруға,   оларды   дәлдеп   түзетуге,
бұрынғыларын  жинақтауға  мүмкіндік  береді.  Ол  үш  негізгі  компоненттен:
графикалық редактордан,  AutoLISP  жоғарғы  деңгейлі  бағдарламалау  тілінен
және қолданушының графикалық интерфейсін құрудың аспаптық құралынан  тұрады.
Бағдарламаның басты компоненті графикалық редактор болып табылады
   AutoCAD-ң бірінші версиясы 1982ж. Жарық  көрді  және  ол  DOS  жүйесінде
жұмыс істеген болатын. Бұл шынында  дербес  компьютерде  жақсы  жұмыс  істей
алатын алғаш автоматты проекциялау бағдарламасы еді. Ол кездерде бұл  сияқты
жүйелерді мықты жұмыс станциялары ғана қолданған.  Бірінші  версияның  басты
ерекшелігі, файлдардың көбісі,  ASCII  форматындағы  жай  мәтіннен  құрылған
еді.Жоғарыда айтылып  өткендей,  AutoCAD  АПРЖ(САПР)-гі  қолданымда  ең  көп
болған программа, түрлі техникалық проекциялау облыстарында эффектілі  түрде
жұмыс істеуге  мүмкіндігі  бар  графикалық  программалық  жүйе.  Латын  емес
тілдерді қолданғандар  да  бұл  программаға  тез  арада  үйрене  алады.  Сол
себебті AutoCAD дүниежүзінде  конкуренциядан  тыс  болып,  ол  дүниенің  150
мемлекетінде  қолданылады  және   2   миллионнан   астам   регистрацияланған
қолданушыға ие.
   AutoCAD  2002   түрлі   техника   облыстарында,   ерекшеленген   АПРЖ-де
қолданылады:
   Архитектуралық АПРЖ-де;
   Машина жасау АПРЖ-де;
   Географиялық ақпараттық жүйелерде;
   Ресурстарды бақылау автоматты жүйелерде;
   Электротехника және электроникада;
   Мультимедиа жүйелерінде;
   AutoCAD жеңіл көрінуі мүмкін, бірақ бұл  программаның  да  қиын  жерлері
бар. AutoCAD өте үлкен программа болғандықтан,  оны  20-30  бетте  толығымен
ашу  мүмкін  емес.  Бұл  программаға  жүздеген,  мыңдаған   бетті   кітаптар
шығарылып жатыр.
    КОМПАС-3D - график деген сызу редакторы  өндірістің  түрлі  салаларында
жобалау-конструкторлық  жұмыстарын  автоматтандыруға  мүмкіндік  береді.  Ол
машина жасау жобалауда,  жобалау-құрылыс  жұмыстарда,  алуан  жоспарлар  мен
жобалар құрағанда тиімді пайдаланылады.
    КОМПАС-график сызбалар мен эскиздермен жұмыс істеуге аналған  КОМПАС-3D
жүйесіне толығымен интегралданған модуль  ретінде  де  және  2D-жобалау  мен
құжат шығару барлық есептерін орындайтын жеке өнім ретінде қолдана алады.
    КОМПАС-график үш өлшемдік үлгілерінің ассоциациялық  көріністерін  оның
арасында тіліктер,  қималар,  жергілікті  тіліктер,  жергілікті  көріністер,
жебе  бойынша  көріністер,  үзілісі   бар   көріністерді   автоматты   түрде
орындайды.  Олар  бәрі   үлгімен   ассоциацияланған:   үлгідегі   өзгерістер
сызбадағы  кескіннің  өзгеруіне   әкеліп   соғады.   Стандартты   көріністер
автоматты түрде проекциялық байланыста салынады.
    Сызбаның негізгі жазудағы дерек (бұйым белгілеуі,  атауы,  массасы)  үш
өлшемдік үлгінің дерегімен үйлестіріледі, синхрондалады.
    Айналу денелер жобалайтын КОМПАС-Shaft-2D жүйесі «айналу денелер» типті
бөлшектерді  –   біліктер,   төлкелер,   цилиндрлік   және   конусты   тісті
дөңгелектер,  червяктар  мен  червякті  дөңгелектер,  белдікті  және  тісті-
белдікті берілістердің шкивтерді параметрлік жобалау үшін арналады.  Үлгінің
цилиндрлік, конус тәрізді, сфералы сатыларын, соңдай-ақ қимасы  болып  дұрыс
көпбұрыш табылатын сатыларын салу мүмкіншілігі қарастырылған. Сол  сатыларда
шлицты, шпонкалы және бұрандалы учаскелер,  ойықтар,  тегіс  жерлер  (лыски)
мен тұйық және орталық  тесіктер  жасау  қамтамасыз  етіледі.  Біліктер  мен
төлкелер үлгілерінің күрделілігі шеттелмейді, сатылар саны кез  келген  болу
мүмкін.  КОМПАС-Shaft-2D   жүйесі   «Жадығаттар   мен   сортаменттер»   және
«Стандартты бұйымдар» корпоративті анықтамамен үйлестірілген.
    КОМПАС-Shaft-2D көмегімен  цилиндрлі  және  конусты  тісті  доңғалакты,
шынжырлы, червякті, белдікті берілістердің  жобалау  мен  тексеру  есептерін
істеуге және солар үшін техникалық  шарттар,  көрсеткіштер  кестелерін,  тіс
пішінімен шығарылған элементтерін  автоматты  түрде  қалыптастыруға  болады.
Берілістердің есепті  параметрлер  өзгергенде  олар  автоматты  түрде  қайта
құралады. Жүйе құрамына КОМПАС-ShaftCalc модулі кіреді. Ол  КОМПАС-Shaft-2D-
де жасалған біліктер мен подшипниктерді есептеуге арналады.
    FastReport  деген  есеп  берулер   дизайнері   механикалық   берілістер
элементтерінің көрсеткіштері бар кестелерінің пайдаланушы формаларын  құруға
мүмкіндік туғызады.
    Біліктердің параметрлік кескіндер тікелей  сызбада  сақталады,  сонымен
КОМПАС-Shaft-2D жүйесі құралдарымен келесі редакциялауға келеді.  Құру  және
редакциялау кезінде  білік  сатыларының  орналасу  тәртібін  (тышқан  арқылы
Drag&Drop  тәсілісен  жай  тасымалдау  арқылы)  және  сатының   кез   келген
параметірін өзгерту немесе сатыны жою мүмкін.  Жүйе  айналу  денелерінің  он
және сол жақ көріністерін автоматты түрде салуға, қималар жасауға  мүмкіндік
береді.


    3-дәріс. Жобалаудың мазмұны

      Дәріс сұрақтары:
   1. Жобаның мазмұны
   2. Жобаны рәсімдеу ережесі


      Дәріс мақсаты: Курстық жұмысты орындау және рәсімдеу ережесімен
      таныстырып, мазмұны туралы ақпараттар беру;


       Курстық және дипломдық жобалаудың негізгі шартты былғары  және  үлбір
зауыттарынының  қуаттылығы  және  орны   белгілі   ғимараттар   немесе   тек
қуаттылығы не тек орны белгілі ғимараттар болып табылады.
       Дипломдық жобаларға жаңа кәсіпорынның құрылыс жобасы,  сондай-ақ  екі
кәсіпорындардың жобаларын қайта құру жобалары жатады.
       Дипломдық жұмыстың түсіндірме хаттамасында  тақырыптың  негізі,  оның
өзектілігі баяндалуы керек. Түсіндірме  хаттамада  өндірісті  құру  мәселесі
туралы тарау болу керек.
       Курстық және дипломдық  жобалар  үшін  материалдар  тәжірибе  кезінде
жинаған материалдар бола алады.
       Бұл мынандай материалдар:
       - өнімді қабылдаудан бастап  дайын  өнім  шығатын  цехтар  арасындағы
байланыс (бас жоба).
       - кәсіпорынның технологиялық схемасы және оның мінездемесі,
       - шығаралатын өнімнің түрлері және олардың сапалық мінездемесі;
       - технологиялық жабдықтардың жағдайы, оның қолдану дәрежесі;
       - берілген кәсіпорынның перспективті дамуы;
       - кәсіпорындағы қолданыста жүрген нормативті-техникалық құжаттар;
       - су құбыры, канализация,  нергиямен  қамтамасыз  ету  жүйесі  туралы
мәліметтер;
        - травматизм туралы мәліметтер,  әртүрлі  машиналардың  сенімділігі,
еңбек қауіпсіздігі туралы мәліметтер және т.б.
       Студенттерге  курстық  және  дипломдық  жобалар   орындау   кезіндегі
ұсынылатын әдебиеттердің барлығын келесі топтарға бөлуге болады:
       - мемлекеттік стандарттар;
       - құрылыстық нормалар мен ережелер (СНиП);
       - «технологиялық жабалаудың»;
       - Жоғары оқу орнындағы дипломдық жұмысқа (жобаға) қойылатын талаптар;

       - инструкциялар мен нұсқаулар, сондай-ақ техникалық ережелер;
       - оқулықтар;
       - жабдықтар мен машиналардың альбомдары;
       - анықтама әдебиеттер;
       - ақпаратттық әдебиеттер;
              Дипломдық және курстық жобалар түсіндірмелік  хаттамадан  және
графикалық бөлімнен тұруы керек.  Түсіндірме  хаттаманың  көлемі  тапсырмаға
байланысты және келесідегідей болуы керек:
       - курстық жоба – 25 бет және одан көп;
       - дипломдық жоба  – 60 бет және одан көп;
       Оқу жоспары бойынша дипломдық жұмысты орындау  4  курста  15  аптаның
ішінде орындау қарастырылған. Уақыттың бөлінуі мен дипломдық  жобаның  әрбір
бөлімін орындаудың кезектілігі  келесідей:
       Технологиялық бөлім (есептеу)  - жалпы көлемнен 22 %.
       Компоновтық шешімнің таңдалуы  - жалпы көлемнен 18-22 %.
       Архитектурлық-құрылыстық бөлім  - 4 %.
       Өндірістік санитария  - 10 %.
       Жылутехникалық бөлімі  - 4 %.
       Технологиялық үрдісті автоматтау  - 2%.
       Электротехникалық бөлім - 4 %.
       Өмір қауіпсіздігі  - 3%.
       Экономикалық бөлім  - 8 %.


Жобаны безендіру - 10 %.
Графикалық бөлімді безендіру - 11-15 %
       Бітірілген дипломдық жобаны студент кеңесшілер мен  жетекшілерге  қол
қойғызады, жетекшіден дипломдық жобамен жұмыс істегені туралы  пікір  алады,
кафедраға көрсетіп қорғау үшін рұқсат алады, жобаны рецензирлеу  үшін  бағыт
және оны МЕК қорғауға жіберіледі.
       Түсіндірме хаттама келесіден тұру керек:
   1. Кіріспе.
   2. Кәсіпорын құрылысының негізі және ауданның мінездемесі.
   3. Технологиялық бөлім:
   4. Қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және қоршаған ортаны
      қорғау.
   5. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін есептеу.
   6. Қорытындылар.
   7. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
   8. Қосымшалар.
       Жобаның графикалық бөлімінің мазмұны:
   1. Бас жоба.
   2. Технологиялық схемалары.
   3. Бөлімдердің компоновкалары.
   4. Қиықтар: тігінен А-А, көлденең Б-Б.


       Түсіндірме хаттамада және сызбаларда стандартты  шарттар  сақталмаса,
онда  жобаның   бағасы   төмендеуі   мүмкін.   Жобаның   графикалық   бөлімі
«контрукторлық  документацияның  бірыңғай   жүйесінің»   шарттарына   сәйкес
орындалуы керек.
       Курстық және дипломдық жобаның түсіндірме хаттамасы А4 форматтағы  ақ
қағаздың бір жағында бір немесе екі интервалда кез  келген  баспа  тәсілімен
жазылуы керек. Шрифт –Times New Roman, кегль 14.
       Курстық және дипломдық жобаның  түсіндірме  хаттамасы  рамкада  баспа
түрде, келесі жолақ размерлерін сақтай отыра жазылуы керек:
       - сол жақ  – 2,5см;
       - оң жақ  – 1,5см;
       - жоғарғы жақ  – 2,5см;
       - төменгі жақ  – 2,5см.
 Түсіндірме хаттаманың әрбір тарауын жаңа беттен бастау керек.

      4-5 дәріс. Жобаны есептеу бөлімі

      Дәріс сұрақтары:
        1. Қажетті шикізат есебінің әдістемесі
        2. Дайын өнім ассортиментінің шикізат мөлшерін анықтау


      Дәріс мақсаты: Өндіріске қажетті шикізат мөлшерінің коэффициентін
есептеу және дайын өнім мен шикізат мөлшерін анықтау;

      Былғары  және  үлбір  құрылыс  өндірісін  жобалауда  қажетті   шикізат
мөлшерін есептеу. Ірі қара малдың терісінен аяқ киімнің  үстіңгі  былғарысын
жасайтын өндірістің есептеу әдістемесі.
      Берілгендері және шартты түсіндірмелері
      Мг –  зауыттың жылдық қуаттылығы, кв.дм.
      Д – жыл ішіндегі жұмыс күндерінің саны
      аi – жобалауға арналған дайын өнім шикізаттарының ассортиментті,  %  Σ
аi=100%
      Ni –100 кв.м шикізаттың  i-ге шығын нормасы, кг
      mi – шикізаттың бір реттік салмағы, кг
      Рс – бір шикізат партиясының салмағы, кг
      Партия салмағы төмендегі формуламен есептеледі



      Vоб – аппараттың жалпы ішкі көлемі, м 3
      α – толықтыру коэффициенті
      VП – полезный объем аппарата, м3
      жк – сұйықтық коэффициенті, м3/т немесе л/кг.

      Есептеу
       1.  Дайын өнімге кететін шикізат түрлерінің коэффициентін анықтау:

[pic]
          2. 100 кв.м2 шикізатқа кететін терінің орташа есептік мөлшерін
анықтау, кг
[pic]
   3. Шикізаттың тәуліктік қажеттілігін анықтау, кг
[pic]
      4. Тәулігіне жіберілетін шикізат партиясының санын есептеп анықтау:
[pic]
      5.  Тәулігіне қабылданатын шикізат партиясының саны:
nсут. (бүтін  сан).

      6.  Шикізат ассортимент партиясы санын анықтау:
[pic]
      Есептеу кезінде n1, n2, … ni бөлшек сандар болуы мүмкін,  бірақ   nсут
бүтін сан болу керек.
      Сондықтан бөлшек сандарды ni    бүтін  сандарға  дейін  дөңгелектейміз
0,33; 0,67; 0,25; 0,5; 0,75.
      Мысалы,
          [pic]
       ni' дөнгеленген мәні есептелген  ni мәнінен неғұрлым үлкейген  сайын,
жобаланаған  аi  дайын  өнім  ассортиментінің  шикізат  түрлерінің   мәнінің
қатынасында алшақтық немесе қателік көбірек болады.
      7.  Дайын өнім ассортиментінің шикізат түрлерінің мәнін түзету.
ni' түрлі шикізат партиясының саны өзгергенде,  дайын  өнім  ассортиментінің
сандық мәні де өзгеруге тиіс.
[pic]
      n1, n2 … ni - тәулігіне есептелген шикізат партиясының саны, %
      n1, n2 … ni - дайын өнім ассортименттерінің есептелген шикізат саны, %

      а'i - дайын өнім ассортиментінің шикізат түрлерінің түзетілгені, %
      аi -  дайын өнімнің жоспарланған ассортименті, %

 8. Шикізат түрлерінің түзетілгеннен кейін дайын өнім ассортиментінде
    таралу санын есептеу


      [pic]
9. Түзетілгеннен кейін дайын өнімге  кететін шикізаттың орташа есептік
   мөлшерін анықтау, 100 кв.м2


[pic]
      10.  Түзеуден кейінгі тәуліктік шикізат қажеттілігі, партия саны, кг

[pic]
  11.  Бір шикізат партиясының түзетілген қосындысы:


      [pic]
      12. Бір партиядағы шикізат саны

    [pic]


    6-дәріс. Былғары зауытының жалпы сипаттамасы

      Дәріс сұрақтары:
     1. Былғарыға жалпы сипаттама


      Дәріс  мақсаты:  Былғарыға  жалпы  сипаттама  беріп,  оың   түрлерімен
      таныстыру


      Былғары  -  мал  терілерін химиялық және механикалық әдістермен  өңдеу
арқылы   -    алынатын    материал.    Одан аяқ    киім, сырт    киім, айыл-
тұрман, галантерея,  техникалық  бұйымдар  т.б.  жасалады.  Мал   терісі   3
қабаттан  шелден, өзеңнен, қыртыстан  тұрады.  Былғары  жасау  үшін  терінің
жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы  жазылады.  Терінің  өзеңін  (ортаңғы
қабатын)  өңдей  отырып  былғары  алынады.   Өзең   айқыш-ұйқыштанып   тығыз
байланысқан коллогенді талшықтардан  құралады.  Теріні  жүннен  арылту  үшін
сілті (күл мен  әк  ерітіндісі)  және фермент жағылады, күкіртті  натрий, әк
ерітіндісі бүркіледі.  Бірнеше  сағаттан  кейін  қылшық  пен  босаң   қыртыс
арнаулы  машина  арқылы  оңай  ажыратылады.  Мұнан  соң  шелдеу  машинасымен
терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат көн деп аталады. Көндегі  сілті
және басқа қосылыстар кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады.
      Шикізат талқымен жұмсартылады. Арнаулы машинамен  ылғалдан  арылтылған
соң, қалыңдығы бір тегіс болу үшін  былғары  сүріледі  де,  қандай  мақсатқа
пайдаланатындығына және жағылатын  бояу  түсіне  қарай  сұрыпталады. Тікелей
бояу, қышқылды  бояу,  т.б.  тәсілдермен   боялған   былғарының   қатпарлары
жазылып,  керу  машинасына  жіберіледі.   Керіліп   кептірілген   былғарының
пұшпақтары кесіледі, сығылады және оған жылтыр өң беріледі.
       Пайдалану мақсатына қарай  былғары  4  топқа  бөлінеді:  аяқ  киімдік
былғары,  қайыс   немесе   айыл-тұрмандық   былғары,   сырт   киімдік   және
галантереялық былғары, техникалық былғары Аяқ  киімдік  былғары  қасаң  және
жұмсақ былғары түрінде болады. Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне жұмсақ  былғары,
ал табан бөлігіне (ұлтан, өкше, сірі өкше, т.б.)  қасаң  былғары  жұмсалады.
Қасаң былғары ірі мал терісінен жасалады, өңделмеген  терінің  орташа  салм.
23 — 26 кг-нан кем болмайды. Жұмсақ былғары  қой,  ешкі  және  бұзау,  тана,
құнажын, шошқа, жылқы терілерінен жасалады.
      Қайыс немесе айыл-тұрмандық былғарыдан белдік т.б.  бұйымдар  (қалыңд.
2,5 — 3,0 мм), сондай-ақ, айыл-тұрмандар (қалыңд. 2,2 —  4,0  мм)  жасалады.
Сырт  киімдік  және  галантереялық  былғары  ұсақ  мал  терісінен  жасалады,
қалыңд. 0,5 — 1,2 мм-ден аспайды.  Галантереялық  бұйымдар  жасау  үшін  ірі
балықтың,  жылан  мен  кесірткенің  терілері  де  пайдаланылады.  Техникалық
былғары ірі малдың  жон  терісінен  жасалады,  ол  әрі  қалың,  әрі  төзімді
болады. Оны өндірістік машиналардың кейбір бөлшектерін жасауға пайдаланады.

      7-дәріс. Шикізат түрлері, қасиеттері мен сапасы

      Дәріс сұрақтары:
   1. Былғары бұйымдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар


   Аяқ  киiм  мына  механикалық,  биологиялық  және   химиялық   қауiпсiздiк
көрсеткiштерiмен:
       1)  механикалық  -  аяқ  киiмнiң  төменгi   бөлiктерiнiң,   өкшесiнiң
дайындама   жiп   тiгiстерiнiң   бекiтiлу    берiктiгi,    пiшiн    өзгерiсi
көрсеткiштерiмен; спорттық аяқ-киiм - ұлтанның көп мәрте иiлуге  шыдамдылығы
ұлтанның соққыға берiктiгi, бекiтiлу тұстарының берiктiгi көрсеткiштерiмен;
      2) биологиялық -  бұйымның  физикалық  қасиеттерiнiң  көрсеткiштерiмен
(иiлгiштiгi, су өткiзбеушiлiгi);
   3) химиялық - модельдi ауа соғатын ортасына және сулы ортаға
денсаулыққа қауiптi химиялық заттардың шектi бөлiнуiмен, материалдар
бояуларының құрғақ және ылғалды үйкелуге, терлеу әсерiне берiктiгiмен
сипатталады.
      Аяқ киiмнiң мынадай қауiпсiздiк көрсеткiштерi айқындалады:
      1) күнделiктi киетiн, модельдi, спорттық және үйде  киетiн  аяқ  киiм-
ұлтанның және төменгi бөлiктерiнiң бекiтiлу берiктiгi;
      2) күнделiктi киетiн, модельдi және үйде  киетiн  —  өкшенiң  бекiтiлу
берiктiгi;
      3) күнделiктi киетiн, модельдi, үйде және жолда киетiн — иiлгiштiгi;
       4) спорттық - ұлтанның көп мәрте иiлуге төзiмдiлiгi;

      5) спорттық - ұлтанның  соққыға  берiктiгi  және  бекiтiлу  тұстарының
берiктiгi;
      6) резеңке, полимер, резеңке-тоқыма және полимер-тоқыма - су
өткiзбеушiлiгi.
      Аяқ киiм аяққа  ыңғайлы  болуы  тиiс.  Аяқ  киiм  дайындауға  арналған
қалыптар, өкшенi, аяқ киiм бөлiктерiн бекiту  әдiстерi  мен  берiктiгi,  аяқ
киiмнiң иiлгiштiгi, табан ұшы мен өкшесiнiң майысу шамасы аяқ киiмнiң  нақты
түрлерiне арналған қолданыстағы нормативтiк құжаттарға сәйкес  болуға  тиiс.
Қолданылатын  материалдардың  сапасы  аяқ  киiмнiң  иiлгiштiгiн   қамтамасыз
етедi. Өкшесi төмен аяқ киiмнен басқа, табан жиынтығын ұстау  үшiн  мiндеттi
түрде супинатор (өкшелiк) болуы тиiс.
       Аяқ киiм астары бөлiктерiнiң бояуы құрғақ, ылғалды үйкелу және терлеу
әсерiне төзiмдi болуы тиiс.
       Аяқ киiмнiң механикалық және  биологиялық  қауiпсiздiк  көрсеткiштерi
осы Техникалық регламентке белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
        Аяқ  киiм  шығаруда  қолданылатын  материалдардан  бөлiнетiн  зиянды
заттардың  шектi  рұқсат  етiлген  нормалары  осы   Техникалық   регламентке
белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
      Үйде және жағажайда киетiн  аяқ  киiм  материалынан  бөлiнетiн  зиянды
заттардың бөлiнуiн бақылау сулы ортада,  аяқ  киiмнiң  қалған  түрлерiн  ауа
соғатын ортада жүргiзiледi.
      Сулы орта мен ауа  соғатын  ортадағы  дәлдiк  индексi  120%-дан  артық
болмауы қажет.
      Былғары-галантерея бұйымдардың қауiпсiздiгi мына:
      1) тұтқалары мен иықтық белдiктердiң ажырату жүктемесi  -  механикалық
көрсеткiштермен.
      2) денсаулыққа зиянды химиялық заттардың модельдi ауа  соғатын  ортаға
және сулы ортада шектi бөлiнуi химиялық көрсеткiштермен сипатталады.
       Былғары-галантерея  бұйымдары  бөлiктерiнiң  бояуы  құрғақ,   ылғалды
үйкелу және терлеу әсерiне орнықты болуға тиiс.
      Былғары-галантерея бұйымдарының механикалық және химиялық  қауiпсiздiк
көрсеткiштерi  осы  Техникалық  регламентке  белгiленген  талаптарға  сәйкес
болуы тиiс.
      Былғары-галантерея    бұйымдарын    жасау     кезiнде     қолданылатын
материалдардан бөлiнетiн зиянды заттардың  шектi  рұқсат  етiлген  нормалары
осы Техникалық регламентке белгiленген талаптарға сәйкес болуға тиiс.
      Былғары-галантерея  бұйымдарының  материалдарынан   зиянды   заттардың
бөлiнуiн бақылау ауа ортада жүргiзiледi.
      Ауа соғатын ортадағы дәлдiк индексi 120 %-дан аспауға тиiс.

   8-дәріс. Былғары зауытын жобалау

   Дәріс сұрақтары:
   1. Шикізат санын есептеу


      Дәріс мақсаты: Былғары зауыттарын жобалау  кезіндегі шикізаттың санын
есептеудің әдістемесін үйрету


      Зауытта  көлемі бойынша қабылданады, сондықтан бұл есептеуде көлем
бойынша өнім 100 шаршы метр дайын өніммен  есептелінеді

Бастапқы деректер:

Мг – зауыттың жылдық өнімділігі
Д – жұмыс күндері жылына
аi –өнім түріне байлансыты дайын  өнім ассортименті, %
Σаi=а1 + а2 + …+ аi = 100%
Рс – булы шикізаттың бір партиясының  массасы, кг
Vоб – барабанның толық ішкі көлемі, м3
α – барабанды толтыру коэфицентті
VП – пайдалы барабан көлемі , м3
жк – сулы коэффициент
mi –шикізат түріне байланысты бір тері массасы, кг
Fi –бір терінің орташа көлемі,кв.дм.
NiF –100 кв.м дайын өнімге шошқа шикізатының нормасы

[pic]
Vоб – барабанның толық ішкі көлемі, м3
α – барабанды толтыру коэфицентті
VП – пайдалы барабан көлемі , м3
жк – сулы коэффициент
mi –шикізат түріне байлансыты бір тері массасы, кг
Fi –бір терінің орташа көлемі,кв.дм.
NiF –100 кв.м дайын өнімге шошқа шикізатының нормасы

Есептеу
1. Дайын өнімде шикізаттың түріне байланысты коэфиценттерді табу :
Орташа  шикізаттың шығыны 100 кв.м
 [pic]
3. Орташа бір шошқа терісінің массасын табу , кг
[pic]
4. Бір шошқа терісінің орташа көлемін  есептеу , кв.дм.
[pic]
5. Шикізаттың  тәулік қажеттілігі көлемі бойынша, м2.
[pic]
6. Масса бойынша тәуліктік қажеттілігі:
[pic]
7. Тәуліктік шикізатты табу :
[pic]
8.Тәулігіне партия санын қабылдаймыз : nсут.
9. Шикізат түріне байланысты партияны табу:
[pic]
10. Шикізат түріне байланысты парияны түзеу.
[pic]
11. Дайын өнім түріне байланысты түзеу:
[pic]
12.Дайын өнім бойынша коэфиценттерді табу[pic]
13. Орташаесептеулік шикізат шығының 100 кв.м  дайын өніміне,
м2/100 м2
[pic]
14.Көлем бойынша тәуліктік қажеттілік , кв.м.
[pic]
15. Масса бойынша тәуліктік қажеттілік, кг
[pic]
16. Партияны түзеу, кг:
[pic]
17. Бір партиядағы шикізат көлемі :
[pic]

      9-дәріс. Дайындық процестері


      Дәріс сұрақтары:
     1. Теріні қабылдау
     2. Теріні өңдеу


      Дәріс мақсаты:   Теріні  қабылдап,  оны  өңдеп  дайындау  тәсілдерімен
 таныстыру


    Жаңа сыпырылған тері буы бурқыраған деп аталады. Былғары  үшін  жаңадан
сыпырылып алынған, қан мен  кір  жұқпаған   теріден  артық  зат  жоқ. Алайда
көбінесе теріні бірден зауытқа жеткізуге немесе өздігінен өңдеуге  мүмкіндік
болмай жатады. Ал жатып қалған тері тез арада бүлінеді.  Ол  алдымен  кеуіп,
содан кейін мыжырайып, мүйізденіп кетеді.  Одан  кейін  көгеріп,  жүні  түсе
бастайды. Содан соң мүлдем шіриді. Сондықтан да тері  бүлініп  кетпеуі  үшін
одан түрлі нәрселер жасауға тура келеді. 
    Теріні    өңдеу. Теріні    тазалап    алғаннан    кейін, оны     тұзбен
өңдейді. Өңдеутерінің шіріп кетпеуі үшін ғана емес, жүнінің  мықтап  тұруына
да септігін тигізеді.
    Тазаланған теріні келесі әдіспен тұздаған жөн: майда тұз  алынады.  Қыс
айларында әр 1 кг  теріге 200 г, ал жаз мезгілінде 300  гтұз  пайдаланылады.
Үлкен өгіздің терісіне қыста 5,7-6,6 кг, ал жазда 8,2-10,2 кг тұз,  ал  сиыр
терісіне қыста 3,3-5 кг, ал жазда 5-6,2 кг. тұз жұмсалады.
    Өңдеу тәсілі. Теріні  жүн  жағымен  таза  жерге  немесе  еденге  жаяды.
Терінің астына  шыққан  ылғалын  сіңіріп  алатын  бір  нәрсе  қоюға  болады.
Терінің ішкі жағына біркелкі етіп тұз себеді, тұз теріге дұрыс жағылуы  үшін
тұзды қолмен жаққан дұрыс. Егер тұз дұрыс жағылса, онда 3 күннен кейін  оның
бетінде қатты тұз көрінетін болады. Ал егер барлық  тұз  сіңіп  кетсе,  онда
тұзды жаңадан қайта жағу керек. Тері  тұздалғаннан  кейін,  бас  пен  құйрық
жағын ішке қарай иеді.  Одан  кейін  бас  пен  басқа  да  бөліктерді  тұзбен
өңдейді.
    Содан кейін теріні буып қояды. Оның  әдісі  мынадай:  бастан  басталған
терінің төрттен бір бөлігі  ішке  қарай  иіледі,  одан  кейін  оң  және  сол
жақтары ортаға қарай, тері арқа бойымен, одан кейін басынан бастап  оралады,
құйрықпен немесе жіңішке арқанмен байланады.
    Бес күннен кейін оралған тері шешіледі. Ылғалын ағызып, тағы  да  аздап
тұздап, қайтадан орап қояды. Егер бәрі дұрыс жасалса, онда тері  ұзақ  уақыт
бойы бүлінбей сақталады.
    Терілер көп мөлшерде жиналып қалғанда, қатарларда тұздауға болады.
    Бірінші теріні еденге жайып тұздайды.  Одан  кейін  бас,  аяқ  жақтарын
дөңгелетіп ішке қарай орайды.  Барлық  бөліктерді,  әсіресе  басын  жақсылап
тұздайды. Одан кейін екінші  терінің  басын  бірінші  терінің  үстіне  емес,
жанына түсетіндей етіп қояды. Бәрін бірінші терідегідей жасайды.  Екіншісіне
үшіншісін, сосын төртіншісін, бесіншісін, осылай кете  береді.  Бастар  бір-
бірінен  кейін  жатады.  Осындай  ретпен  200  шақты  теріні  қоюға  болады.
Қатардағы тұздық терілердің дұрыс орналаспағандығынан бір жақа ағып  кетпеуі
керек.
    Егер тері дұрыс тұздалмаса, ол бүліне бастайды.  Тері  шіри  бастағанда
оның жүні түседі. Жүнін анда-санда қолмен тартып көру керек.  Жақсы  теріден
жүн түспейді, ал бүлінген теріден  жылдам  сыдырылып  кетеді.  Ондай  теріні
қолдануға  болмайды.  Одан   кейін   терінің   сыртқы   жағын   ішке   қарай
орналастырып, сосын  көлеңкеде  кептіру  керек.  Теріні  кептіру  үшін  іліп
қояды. Оны күннің  астында  не  ыстық  пештің  қасында  кептіруге  болмайды.
Кәдімгі бөлме температурасы болған дұрыс.
    Тері кепкеннен кейін (қатты кептірудің қажеті жоқ),  оның  жүнін  ішке 
қаратып, соңғы рет кептіреді.
    Мұндай жағдайда тері көпке дейін сақталып тұрады.
    Сату. Терілер  отандық  жеңіл  өнеркәсіпте  кеңінен  қолданылады.  Онда
қосымша өңдеу жасалып, белгілі мемлекеттік сапа стандарттарына сәйкес  қайта
өңдеу жүргізіледі. Мекеме сатып алатын шикізат мемлекеттік стандарт  бойынша
қатаң  бақылаудан  өтеді.  Стандартқа  сай  емес  шикізат  былғары  жартылай
фабрикат өндірісіне жіберілмейді. Баға шикізаттың көлемі мен сапасына  қарай
белгіленеді.


    10-дәріс. Қолданылатын құрал-жабдықтар

      Дәріс сұрақтары:
   1. Өндірістегі машиналар


      Дәріс  мақсаты:  Өндірісіте  қолданылатын  машиналармен  және  олардың
қандай қызмет атқаратынын анықтап, ақпараттар беру


    «Евротекстиль» компаниясының үнемі арнайы тігін машиналарымен жаңартылып
тұратын өзінің тігін өндірісі бар. Бұл немістің «PFAFF» фирмасының,  сондай-
ақ жапондық «JUKI» және «BROTHER» фирмаларының өндіргіштігі жоғары,  жылдам,
көз ілеспейтін машиналары.
    Бұл машиналар, автоматты  бекіткішін,  табан  көтергішін  және  жіптерді
кесуін қоса, бағдарламалық басқарумен жабдықталған.
    Бұйымның тігілу сапасы  тек  жаңа  жабдықтарға  ғана  емес,  біліктілігі
жоғары  мамандарға  да  байланысты.  Тігіншінің  шебер  қолдары  дизайнердің
идеяларын өнер туындысына айналдырады.  Пішушілердің,  үтіктеушілердің  және
сапасын тексеру бөлімдері мамандарының шеберлігі мен ептілігі жоғары  сапалы
өнімді дәл уақытында өндіріп шығаруға мүмкіндік береді. 
    Цехта американдық  «Gammill  quilting  machine  Co»  фирмасының  көлемді
жамылғыларды, көрпелерді,  тыстарды  сырып  тігетін,  зигзаг  тәрізді  сәнді
тігіс  салатын  жылдамдығы  жоғары  арнайы  машиналары  бар.  Бұл  машинаның
көмегімен ұзындығы кез-келген және ені төрт метрге дейінгі  стандартты  емес
бұйымдарды дайындауға болады. «Gammill»  компаниясында  оқып-үйренген  сырып
тігу машинасының операторы  сапалы  өнімді  кез-келген  көлемде  және  қысқа
мерзім ішінде дайындай алады.
    Түріктің  «Malkan»  фирмасының  компрессоры  бар  өнеркәсіптік   үтіктеу
үстелдері  кез-келген,  тіпті  өте  жұқа  маталар  үшін   сапалы,   қауіпсіз
үтіктеуді қамтамасыз етеді. Ұқыпты және озат шебер бір  кезекте  400  метрге
дейінгі матаны үтіктеп шығады.
    Ылғал-жылумен  өңдеу  жоғары  қысым  мен  температурада  арнайы   престе
жүргізіледі, маталардың берік және ұзақ  мерзімге  біріктірілуін  қамтамасыз
етеді.
    Немістің «ZSK» компаниясының кәсіби тігін машинасы матаға  немесе  дайын
бұйымға  күрделілігі  кез-келген  тігіс  жүргізуге  мүмкіндік  береді.   Бұл
машинаның берілген бағдарламамен басқарылатын сегіз түрлі  өндіру  режимдері
кестелерді қысқа  мерзім  ішінде  көптеп  салуға  мүмкіндік  береді.  Жоғары
технологиялық «Gutermann», «Gunold», «Empiriler» жіптері  суреттің  сапасын,
түсінің тереңдігін қамтамасыз етеді,  кестелеу  кезінде  үзілу  ықтималдығын
азайтады.
    Өндірістік  цехта  «JQ  Laser»  компаниясының  матаны  пішуге   арналған
лазерлік үстел пайдаланылады.  Оның  көмегімен  пішушілер  бұйымның  күрделі
элементтерін миллиметріне дейін дәл піше алады. Бұдан өзге,  лазерлік  үстел
бағдарламасында былғары мен басқа тығыз материалдарға бедер  салу  функциясы
да бар. Лазерлік үстел өлшемі 1300х2500 мм матаны өңдеуге мүмкіндік  береді.
Компанияда лазерлік  жабдықтармен  жұмыс  жасауды  үйренген  мамандар  жұмыс
жасайды.

      11-дәріс. Үлбір зауытының сипаттамасы


      Дәріс сұрақтары:
   1. Үлбірге жалпы сипаттама


      Дәріс мақсаты:  Үлбірді  қандай  аңдардан  аламыз  және  үлбір  туралы
ақпараттармен танысу


      Үлбір -   үлпілдек,   мамық   және   биязылау    жүңді    жануарлардың
өңделген терісі.   Үлбірге   түкті   жабыны    сапалы    үй    жануарларының
(биязы және биязылау        жүнді қойдың,қаракөл         қозысының, қоянның,
түбітті ешкі лағының, құлынның, бұзаудың), кейбір  теңіз  жануарлары  (теңіз
мысығы, итбалық) мен құстардың  (баклаңдар, аққулар)  терісі  жатады.  Үлбір
сапасы мен пайдалану реті оларды өндеу ерекшеліктеріне байланысты  өзгереді.
Үлбірден жылы да  әсем,  әрі  көп  киіс  беретін бас  киім, сырт  киім, жаға
тігеді.
      Үлбірлі    бағалы аңдар арнайы темірден жасалған    торларда    қолдан
өсіріледі. Қаракүзен, көгілдір,  күміс  түсті түлкілер,   бұлғын, сазқұндыз,
ондатрлар - қолда өсірілетін аңдар .
      Олардан алынатын басты өнім - үлбір (мех). Аң шаруашылығы көптеген шет
елдерде жақсы дамыған. Біздің елімізде енді ғана дамып келеді.
Қолға   үйретілген    жануарлар    негізінде    әр    түрлі    шаруашылықтар
ұйымдастырылған.   Жабайы бунақденелердің омарта    шаруашылығының,    жібек
шаруашылығының  ұйымдастырылуы  соның  айғағы.  Үйқоян   шаруашылығы,   бұғы
шаруашылығы, шошқа шаруашылығы халықты еттерімен қамтамасыз етсе,  үйқояннан
түбіт, бұғыдан дәрілік мүйіз  алуға  болады.  Шошқа  шаруашылығының  ет  пен
майы, сондай-ақ терісі пайдаланылды. Аң шаруашылығының негізгі өнім- үлбір.
      Үйқоян шаруашылығы. Үйқоянның арғы  тегі  -  жабайы қоян.  Біздің  жыл
санауымыздың алғашқы ғасырларында (ІІІ—IV  ғғ.) Испания,  Марокко  елдерінде
қолға үйретілген. Бірте-бірте басқа елдерге таралған.  Үйқояны  еті,  терісі
және түбіті  үшін  өсіріледі.  Қазір  дүние  жүзінде  үйқоянның  60-қа  жуық
қолтұқымы өсірілуде. Үйқоянның  денесі  жабайы қояннан ірі,  7-10  жыл  өмір
сүрелі және  жыл  он  екі  ай  көбейе  береді. Көжектері 3-4  айда  жыныстық
жағынан  жетіліп, ұрпақ бере  бастайды.  Өте  өсімтал,  бір  аналық  үйқояны
жылына 3-6 рет ұрпақ береді. Әрбір ұрпақ берген кезде 6-8 көжектен туады.
Етті, етті-терілі бағытта өсірілетін үйқоян қолтұқымдарын 3-4 айында  сояды.
Үйқоян еті - жеңіл  әрі  сіңімді тамақ,  тез  қорытылады. Жас балалар,  аяғы
ауыр әйелдер үшін өте пайдалы. Үйқоянын еті үшін Франция, Италия елдері  өте
көп өсіреді.
      Үйқояндардың етті, етті-терілі, терілі және түбітті қолтұқымдары бар.
Етті-терілі қолтұқымдарға -  мардер,  шынша  (шиншилла),  шампан  үйқояндары
жатады. Қолтұқымдардың дене мөлшері орташа, терісі мен түгі сапалы болады.
       Етті  қолтұқымдарға  -   ақ,   сүр, күміс түсті,   қара-қоңыр   түсті
үйқояндары жатады. Олардың денесі ірі, кейбірінің салмағы 7-8  килоға  дейін
жетеді.  Терілі  қолтұқымдарға  -   ақкіс, аляска, рекс үйқояндары   жатады.
Олардың тірідей салмағы 2-3,5  кг.  Түгі  әдемі  және  біртегіс.  Үйқоянының
терісі әдетте боялмай, табиғи түсі, түгі  қырқылмай  пайдаланылады.  Түбітті
қолтұқымдарға - татар, ангор үйқояндары жатады. Түгінің 90-92 пайызы  түбіт,
қылшығы аз. Мұндай қолтұқымдар түгінің түсі ақ, қара және көк болып  келеді.
Әр үйқояннан 360- 500 г түбіт алынады. Үйқоянын  қолға  өсіру  тиімді.  Олар
тез көбейеді, онша күтім талғамайды.

      12-дәріс. Шикізат түрлері мен қасиеттері


      Дәріс сұрақтары:
   1. Үлбірдің маркалары мен мөлшерлері
   2. Техникалық талаптар


      Стрейч  үлбірге  ГОСТ  қарастырылмайды.  Үлбір  ұйымның  (өндірушінің)
стандарттарына сәйкес өндіріледі. Осы стандарт жоғары қысымды  полиэтиленнен
және соның негізіндегі құрамында пигменттер (бояғыштар),  тұрақтандырғыштар,
сырғымалы,    антистатикалық    және    модификациялаушы    қоспалар     бар
композициялардан экструзия әдісімен дайындалатын полиэтилен үлбірге  қатысты
болып келеді.
      Үлбір    халық  шаруашылығының  түрлі  салаларында  қаптама   материал
ретінде қолданылады.
 
 МАРКАЛАРЫ МЕН МӨЛШЕРЛЕРІ
   1.  Жаппай  тұтынатын  бұйымдарды,  тұрмыстық   мақсаттағы   қаптамаларды
      дайындау  үшін:  боялған   және   боялмаған,   тұрақтандырылған   және
      тұрақтандырылмаған үлбірлер үшін Н маркалы үлбір пайдаланылады.
   2. Н маркалы үлбірлерді дайындау үшін сырғымалы, антистатикалық және 5 %-
      ға дейінгі модификациялаушы,  оның  ішінде  полимерлік  қоспалары  бар
      композицияларды пайдалануға рұқсат етіледі.
      Жоғары  қысымды  полиэтиленнің     ұсынылған  маркалары  мен   олардың
      негізіндегі композициялар 1ақосымшасында келтірілген.
   3. Үлбір орам етіп оралған кенеп түрінде  шығарылады  (жиектері  кесілген
      немесе кесілмеген ұзына бойы екі жағынан тілінген жең).
   4. Жиек кесіндісімен  алынған  кенепке  арналған  орамдағы  үлбірдің  ені
      бойынша шектік ауытқуы, - ±1 %.
      Жоғары сұрыпты орамдағы кесінділердің саны екеуден көп емес.


ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
  1. Үлбір белгіленген тәртіпте бекітілген технологиялық регламент  бойынша
     осы стандарттың талаптарына сәйкес дайындалуы тиіс.
  2. Желілік мөлшерлері  бойынша  үлбір  1-кестеде  көрсетілген  нормаларға
     сәйкес болуы тиіс.
  3. Сыртқы түрі мен  физика-механикалық  сипаттамалары  бойынша  үлбір  2-
     кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы тиіс.
     Үлгі  ақауларының  терминдері   мен   анықтамалары   2а   қосымшасында
     келтірілген.
  4. Үлбірлі нормативтік  құжаттама  бойынша  дайындалған  картон-жиналатын
     шпульдерге орам етіп орайды. Шпульдің мөлшері  3-кестеде  көрсетілген.
     Шет жақтарын сақтау үшін,  шпульдің  ұзындығы  орамның  әрбір  жағынан
     үлбірдің енінен 5-10 мм-ге асып тұруы тиіс.
  5. Ені бойынша рұқсат етілген шамада орамның шет  жағы  бойымен  үлбірдің
     жылжуына жол беріледі.
 


|                                   |Нормасы                                    |
|Көрсеткіштің атауы.                |                                           |
|                                   |Қолмен           |Автоматты                |
|Номиналдықалыңдығы меншектік       |15 ± 1,5         |17 ± 2,0                 |
|ауытқуы, мкм.                      |17 ± 1,5         |20 ± 2,0                 |
|                                   |20 ± 2,0         |23 ± 2,0                 |
|                                   |23 ± 2,0         |                         |
|Кенептің ені мен шектік ауытқуы,   |                                           |
|мм.                                |(500 - 1500) ± 1,0%                        |
|а) машинамен қаптауға арналған     |(450 - 500) ± 1,0%                         |
|үлбір;                             |                                           |
|б) қолмен қаптауға арналған үлбір; |                                           |
|Орамдағы үлбірдің ұзындығы, м.     |                                           |
|а) машинамен қаптауға арналған     |1500 - 2000                                |
|үлбір;                             |200 - 300                                  |
|б) қолмен қаптауға арналған үлбір; |                                           |
|Сыртқы түрі.                       |Үлбір мөлдір болуы тиіс, сызаттары,        |
|                                   |нығыздалған бүрмелері, ажыралыстары мен    |
|                                   |саңылаулары болмауы керек. Геликтердің     |
|                                   |болуына жол беріледі. Тығыз оралған және   |
|                                   |тепе-тең кесілген орам.                    |
|Ажырау кезіндегі беріктігі, МПа,   |                 |                         |
|кем емес:                          |30               |45                       |
|ұзына бойы бағытта                 |20               |25                       |
|көлденең бағытта                   |                 |                         |
|Тесілуге беріктігі, МПа, кем емес  | 21              | 21                      |
|Ажырау кезіндегі салыстырмалы      |                 |                         |
|ұзаруы, %, кем емес:               |250              |300                      |
|ұзына бойы бағытта                 |450              |600                      |
|көлденең бағытта                   |                 |                         |
|Кепілді алдын ала созылуы, %, кем  |                 |                         |
|емес:                              |200              |280                      |
|Серпінді қалпына келтіру, %, кем   | 45              | 50                      |
|емес:                              |                 |                         |


 
|                           |Шпульдің негізгі мөлшерлері                         |
|Қабыршақтың маркасы        |                                                    |
|                           |Тығынның ішкі    |Тығынның сыртқы |Тығынның салмағы,|
|                           |диаметрі, мм     |диаметрі, мм    |кг               |
|Машиналық үлбір            |76,2             |96,2            |1,1 – 1,6        |
|Қол үлбірі                 |                 |                |                 |
|орау ені 450 мм            |50               |60              |0,25             |
|орау ені 500 мм            |50               |60              |0,27             |

      13-дәріс. Үлбір зауытын жобалау


      Дәріс сұрақтары:
   1. Шикізат санын есептеу


       Дәріс мақсаты: Үлбір зауытын жобалау  кезіндегі шікізаттың санын
есептеудің әдістемесі үйрету
      Бастапқы деректер және белгіленуі:

Мтәу – үлбір фабрикасының тәуліктік өнімділігі,шт/сут.
VП – пайдалы аппарат көлемі , л
жк – сұйықтық  коэффициент, л/кг
тi – 1 дана шикізат массасы
аi –жобаланған шикізат түрі , %
Σ =100% i а
Есептеу
1. Үлбір шикізатының түрі бойынша бөлу коэфиценті :
[pic]
2. Бір партия шикізатының массасының есептелуі,Кг
[pic]
3. 1 дана шикізаттың орташа есептеулік массасын табу
[pic]
4.Тері шикізатының есептеулік көлемі, тәулікке байланысты:
[pic]

5. .Тәулігіне партия санын қабылдаймыз: nсут

6. Бір партия шикізатты түріне байланысты массаны табу:
[pic]
7. Жеке шикізат түріне байланыста партия санын табу :

[pic]
8. Шикізаттың түзелген партия саны :
[pic]
9. Бір партиядағы әр шикізат түрін табу
[pic]
10. Әр шикізат түріне байланысты тәуліктік өнімділік , шт:
[pic]
11. Шикізат ассортиментін түзеу :
[pic]

      14-дәріс. Тазарту әдістері


      Дәріс сұрақтары:
        1. Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеуші
        2. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды жасақтаушы

Жұмыс сипаттамасы:
     транспортерге төсеумен электрондық  машинада  дайын  былғарының  ауданы
мен қалыңдығын өлшеу;
     эталондар бойынша машина көрсетулерінің дұрыстығын тексеру.
      Білуге тиіс:
электрондық  машинада  дайын  былғарының   ауданы   мен   қалыңдығын   өлшеу
ережелерін,  электрондық  машинаның  құрылысы  мен   пайдалану   ережелерін,
электрондық машина көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру тәсілдерін.
Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеуші.
Жұмыс сипаттамасы:
       компьютер  жадына  енгізу  және  дисплей  арқылы  шығару  құрылғысына
өлшенетін былғары партиясы жөнінде  ағымдағы  ақпаратты  беру  үшін  қажетті
экранмен, басып шығару құрылғысымен, клавиатурамен жабдықталған  электрондық
машинада дайын былғарының ауданы мен қалыңдығын өлшеу;
      баспа таспасын ауыстыру, машинаны жөндеу, күйге келтіру және реттеу;
      былғары түріне сәйкес автосалғышты күйге келтіру және реттеу;
      эталондар бойынша машина көрсетулерінің дұрыстығын тексеру;
       кейіннен  партияларға  буып   түю   үшін   тасымалдаумен   пакеттерге
автосалғышпен былғарыны комплектілеу, пакеттерді  орап  байлау,  жасақталған
партиялардың есебін алу.
      Білуге тиіс:
       дайын  өнімге  қойылатын  мемлекеттік  стандарттар   мен   техникалық
шарттарды, электрондық машинада дайын былғарының ауданы  мен  көлемін  өлшеу
ережелерін, арнаулы эталонмен электрондық машина  көрсетулерінің  дұрыстығын
тексеру тәсілдерін, жасақталған партиялардың  есебін  алу  үшін  компьютерді
пайдалану ережелерін.
Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар  мен  материалдарды  жасақтаушы       Жұмыс
сипаттамасы:
       мемлекеттік  стандарттарға,  техникалық  шарттар  мен   технологиялық
карталарға сәйкес былғары, аяқ киім,  былғары  галантереялық  және  қайыс-ер
бұйымдары сынды дайын  өнімдерді,  сондай-ақ  үлбір  шикізаты  мен  жартылай
фабрикаттарды есептеумен және байлаумен  қоса  белгіленген  шамадағы  өткізу
партияларына жасақтау;
      бір мезгілде 5  үлгіден  (фасоннан)  астам  тігу  бұйымдарын  дайындау
кезінде  бөлшектерді,  пішімді  және  жартылай  фабрикаттарды  іріктеу  және
жіберу; Ілеспе  құжаттар  бойынша  бөлшектердің,  бұйымдардың,  пішімдердің,
жартылай фабрикаттардың, көмекші материалдардың санын тексеру;
        жасақталған    партияларға    құжаттарды    рәсімдеу,    белгіленген
деректемелермен техникалық карталарды,  төлқұжаттарды,  калькуляциялық  және
прейскуранттық талондарды дайындау және толтыру;
       жасақталған  партиялардың  есебін  жүргізу,  қоймаға   дайын   өнімді
тасымалдау.
      Білуге тиіс:
      жартылай фабрикаттарды, үлбір шикізатын  және  дайын  өнімді  жасақтау
ережелерін, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдердің  ассортиментін,  дайын
өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен  техникалық  шарттарды,  өткізу
партиясының  белгіленген  шамасын,   тері   өлшемдерін   өлшеу   тәсілдерін,
жасақталатын  шикізат  пен  терілердің   сипаттамасын,   олардың   мақсатын,
өндіріске  және  нарядтар  бойынша  пішу  цехтарына  жіберу  үшін   жасақтау
тәртібін, терінің шығыс нормаларын, белгіленген құжаттаманы толтыру  бойынша
нұсқаулықты  және  оны  толтыру  барысында  арнаулы   аспаптарды   пайдалану
ережелерін, жасақтаудың шартты белгілерін,  өндіріске  бөлшектерді,  пішімді
және  жартылай  фабрикаттарды  жіберуге  қойылатын  техникалық   талаптарды,
даярланатын  бұйымдарды  өңдеудің  технологиялық  бірізділігін,  транспортер
құрылысын және оның қозғалыс жылдамдығын реттеу тәсілдерін.
Жұмыс үлгілері:
    1) дайын былғары мен сыздықтар – түрі, сорты, салмағы, ауданы және басқа
       көрсеткіштер бойынша бумаларға жасақтау;
    2) былғары галантереялық бұйымдар – түрі, артикулы,  өлшемі,  түсі  және
       сорты бойынша жасақтау;
    3) аяқ  киім  -  артикулы,  сорты,  фасоны,  өлшемі,  толықтығы  бойынша
       жасақтау;
    4) тері тілімшелер – өлшемі, фасоны бойынша жасақтау;
    5) қайыс-ер өндірісі өнімі – түрі, артикулы және сорты бойынша жасақтау;
    6)  сортталған  үлбір  шикізаты,  жартылай  фабрикаттар  мен  терілер  –
       терілердің  алынған  топтарынан   бұйымдардың   шығымын   айқындаумен
       бекітілген нұсқаулыққа сәйкес жасақтау;
    7) полиэтиленнен жасалған ерлер қалыптары -  фасоны,  өлшемі,  толықтығы
       бойынша іріктеу.


15-дәріс. Қолданылатын құрал жабдықтар

      Дәріс сұрақтары:
   1. Су-химиялық өңдеу аппаратшысы
   2. Тері  илеу аппаратшысы
   3. Күлдеу аппаратшысы
   4. Күлсіздендіру, жұмсарту аппаратшысы
   5. Теріні бояу және майлау аппаратшысы
   6. Тері илеу экстрактілерін әзірлеу аппаратшысы
   7. Лак әзірлеу аппаратшысы

Дәріс мақсаты: Құрал-жабдықтармен танысып, олардың атқаратын қызыметімен
таныстыру

1.  Жұмыс сипаттамасы:
       қызмет ету аппараттарында былғары шикізатын жібіту, суландыру және
 жуып шаю технологиялық процесін жүргізу;
       шикізатты, ерітінділерді, химикаттарды, материалдарды тасымалдау;
       қолданылатын жабдықтың жөнділігін және оның жұмысқа дайындығын
 тексеру;
       барабанда тұщы-құрғақ және құрғақ-тұзды былғары шикізатын шаю және
 бөлшектеу бойынша дайындық жұмыстарын орындау;
       қолмен немесе станокта терілерде тесіктерді ою және тесу;
       қайта жинау және электроворотпен түсіру кезінде терілерді төсеу және
 үздіксіз таспаларға байлау, рамаларға ілу немесе кеспектер мен
 барабандарға салу кезінде тиейтін бункерлерге жинап қою;
       өткір ерітінділерді, антисептиктерді жасау, оларды аппараттарға құю;
       қыздыру және жұмысшы сұйықтықтарын нығайту;
       механикаландырылған тәсілмен шикізатты аппараттарға салу және одан
 түсіру;
       температуралық режимді және аппараттардың айналу жылдамдығын реттеу,
 ерітінділерді ағызып жіберу.
       Білуге тиіс:
       былғары шикізатын су-химиялық өңдеу өндірісінің технлогиясын,
 қолданылатын өткірлеушілердің қасиеттерін, жібіту процесінде терілерді
 суландыру дәрежесін анықтау тәсілдерін, қызмет ету аппараттарының
 құрылысын, олардың айналу жылдамдығын және температуралық режимін реттеу
 тәсілдерін, қолданылатын көтеру-көлік механизмдерін пайдалану ережелерін.
2.  Жұмыс сипаттамасы:
        басқару тетігінен барабан-автоматтарда шикі теріні илеу, пикельдеу
  және хромдау технологиялық процестерін жүргізу;
        басқару тетігіне бағдарламалы перфокарталарды орнату және автоматты
  режимде жұмыс істеу үшін барабандарды іске қосу;
        тері илеу технологиялық процесінің барысын, химиялық материалдарды
  мөлшерлеуді, барабандардың жұмысын басқару тетігінен бақылау;
        перфокарталардың өту дұрыстығын, аппараттардың жұмысын байқау;
        бақылау және өлшеу, реттеу, белгі беруші құралдарды орнату және
  олардың көрсетуі бойынша технологиялық процестердің барысын бақылау;
        барабандардың айналу жылдамдығын, жұмыс сұйықтықтарының көлемі мен
  температурасын мөлшерлеуді, жартылай фабрикаттарды өңдеу уақытын
  (технологиялық процестер бойынша), ерітінділерді, химикаттарды беру
  (айдап жіберу) және пайдаланылған сұйықтықтарды ағызып жіберу уақытын
  реттеу;
        жұмыс циклі аяқталған соң перфокарталарды босату, Бақылау картасына
  сәйкес сынамаларды іріктеу;
        барабандардан жартылай фабрикаттарды түсіру.
   Білуге тиіс:
        автоматты режимде тері илеу, хромдау, пикельдеу технологиялық
  процестерін жүргізу ережелерін, терілердің топографиясын, былғары
  шикізатының түрлерін, қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттерін,
  жасалған және пайдаланылған жұмыс сұйықтықтарының технологиялық
  көрсеткіштерін, сынамаларды іріктеу әдістерін, былғары жартылай
  фабрикаттарының болуы мүмкін ақауларын және оларды жою тәсілдерін, қызмет
  ету жабдығын, басқару тетігін, автоматика жүйелерін, бақылау және өлшеу
  құралдарын пайдалану және реттеу ережелерін, берілген бағдарламасы бар
  перфокарталарды қолдану тәсілдерін және мақсатын.
      3. Жұмыс сипаттамасы:
      басқару тетігінен барабан-автоматтарда терілерді немесе көнді жібіту,
күлдеу технологиялық процестерін жүргізу;
      басқару тетігіне бағдарламалы перфокарталарды орнату және автоматты
режимде жұмыс істеу үшін барабандарды қосу;
      технологиялық процестердің барысын, химиялық материалдарды
мөлшерлеуді, барабандардың жұмысын басқару тетігінен бақылау;
      бақылау және өлшеу, реттеу, белгі беретін құралдарды орнату және
технологиялық процестердің барысы жөніндегі олардың көрсетуін байқау;
      барабандар мен аппараттардың айналу жылдамдығын, күлдеу сұйықтығы
ерітінділерінің және судың көлемін мөлшерлеуді, су мен күлдеу сұйықтығының
температурасын, су мен күлдеу сұйықтығын құю уақытын, регенерация және
күлшікті қайтадан пайдалану үшін пайдаланылған сұйықтықтарды құбырларға
немесе қабылдағышқа ағызып жіберу уақытын реттеу;
      өңдеу топтамасы аяқталған соң перфокарталарды босату;
      бақылау картасына сәйкес сынамаларды іріктеу;
      барабандардан көнді түсіру.
      Білуге тиіс:
      автоматты режимде жібіту және күлдеу технологиялық процестерін
жүргізу ережелерін, былғары шикізатының түрлерін және оны консервілеу
әдістерін, жібіту және күлдеу технологиялық процестерін бақылау әдістерін,
қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттерін және олармен жұмыс істеу
ережелерін, дайындалған және пайдаланылған жұмыс сұйықтықтарының
технологиялық көрсеткіштерін, сынамаларды іріктеу әдістерін, қызмет ету
жабдығын, басқару тетігін, автоматика жүйелерін, бақылау және өлшеу
құралдарын пайдалану және реттеу ережелерін, берілген бағдарламасы бар
перфокарталарды қолдану тәсілдерін және олардың мақсатын.
4. Жұмыс сипаттамасы:
      көннен әкті ішінара немесе толық жою, ал жоғарғы теріні өңдеу кезінде
– коллагенді босаңсыту және талшықаралық затты жою мақсатында баркастарда,
барабандарда және басқа аппараттарда күлсіздендіру, жұмсарту, күлденген
көнді жуып шаю технологиялық процестерін жүргізу;
      аппараттарда жұмыс ерітінділерін жасау;
      есептеулер және жүргізілген талдаулардың деректері негізінде
ерітінділерді түзету (концентрацияны, сұйықтық коэффициентін, температураны
және басқа параметрлерді);
      технологиялық процестердің барысын бақылау және олардың аяқталуын
анықтау;
      күлсіздендіру, жұмсарту процестерін жүргізу кезінде жұмыс
ерітінділерінің, жартылай фабрикаттардың сынамаларын іріктеу.
    Білуге тиіс:
      күлденген көнді күлсіздендіру, жұмсарту, жуып шаю процестерін
жүргізудің технологиясын, талдаулардың түрлерін, оларды жүргізу және
сынамаларды іріктеу әдістерін (технологиялық процестер бойынша), көнді
күлсіздендіру және жұмсарту процестерінің аяқталуын анықтау тәсілдерін және
оның белгілерін, қолданылатын индикаторлардың (метилрот, фенолфталеин және
басқалар) мақсатын, көнді өңдеудің болуы мүмкін ақауларын және оларды жою
тәсілдерін, қолданылатын жабдықты, бақылау және өлшеу құралдарын пайдалану
және реттеу ережелерін.
5. Жұмыс сипаттамасы:
      басқару тетігінен барабан-автоматтарда теріні бояу, майлау,
бейтараптау, илеу технологиялық процестерін жүргізу;
      басқару тетігіне бағдарламалы перфокарталарды орнату және автоматты
режимде жұмыс істеу үшін барабандарды қосу;
      технологиялық процестердің барысын, химиялық материалдарды
мөлшерлеуді, барабандардың жұмысын басқару тетігінен бақылау;
      бақылау және өлшеу, реттеу, белгі беретін құралдарды орнату және
технологиялық процестердің барысы жөніндегі олардың көрсетулерін байқау;
      технологиялық процестерді жүргізу кезінде терілерді өңдеу уақытын
реттеу, су және ерітінділерді берудің уақыты мен көлемін, пайдаланылған
сұйықтықтарды ағызып жіберуді;
      өңдеу циклі аяқталған соң перфокарталарды босату;
      бақылау картасына сәйкес сынамаларды іріктеу;
      терілерді барабандардан кассеталарға түсіру.
    Білуге тиіс:
      автоматты режимде терілерді бояу, майлау, бейтараптау, илеу
процестерін жүргізу технологиясын, былғары жартылай фабрикаттарының
ассортиментін, орындалатын технологиялық процестерді бақылау әдістерін,
қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттерін, оларды пайдалану
ережелерін, материалдарды ауыстыру мүмкіндіктерін, дайындалған және
пайдаланылған жұмыс сұйықтықтарының технологиялық көрсеткіштерін,
сынамаларды іріктеу әдістерін, қызмет ету жабдығын, басқару тетігін,
бақылау және өлшеу құралдарын, автоматика құралдарын пайдалану және реттеу
ережелерін, берілген бағдарламасы бар перфокарталарды қолдану тәсілдерін
және оның мақсатын.
6. Жұмыс сипаттамасы:
      арнаулы аппараттарда бастапқы материалдардан тері илеу экстрактілерін
әзірлеудің технологиялық процесін жүргізу;
      бастапқы материалдарды мөлшерлеу, араластыру;
      хром тұздарын қайта қалпына келтіру процесінде аппараттарда
сұйықтықтың деңгейі мен температурасын бақылау және реттеу;
      сынамаларды іріктеу нәтижесінде алынған зертханалық талдаулардың
негізінде хром экстрактісінің дайындығын анықтау;
      хром экстрактісінің химиялық көрсеткіштерін түзету;
      әзірленген экстрактіні пайдалану орнына беру;
      пайдаланылған хром сөлдерінен алынған хром тотығы гидратын тұндыру;
      тұнбаны бөліп алу, вакуумдық барабандар мен басқа сүзгілерде тұнбаны
құрғату және сүзгілеу;
      күкірт қышқылы ерітіндісінде құрғатылған тұнбаны еріту;
      шығыс материалдарының есебін жүргізу
      Білуге тиіс:
      хром тері илеу экстрактісін әзірлеудің технологиялық режимі мен
рецептурасын, хром тұздарын қайта қалпына келтіру процесін орындаудың
тәртібін, хром экстрактісін пісіру процесінде химиялық заттардың өзара
әрекеттесуін, арнаулы аппараттарды, қызмет көрсету бақылау және өлшеу
құралдарын, сорғыларды және коммуникацияларды реттеу ережелерін, шығыс
материалдарының есебін жүргізу ережелерін.
7. Жұмыс сипаттамасы:
      арнаулы аппараттарда былғары үшін лак әзірлеудің (пісірудің)
технологиялық процесін жүргізу;
      жабық сыйымдылықтарда қажетті химиялық материалдарды сүзу, тұндыру,
араластыру және ұстау жолымен дайындау;
      еріткіштердің ортасында реакцияға түсетін компоненттерді араластыру;
      технологиялық процесті реттеу және жүргізілетін талдаулардың
деректері негізінде пісіру процесінде лактың физикалық және химиялық
көрсеткіштерін түзету;
      лактың даярлығын анықтау;
      лакты тұндырғыштар мен жиғыштарға айдап жіберу.
     Білуге тиіс:
      пісірудің технологиялық режимін және лак дайындығының белгілерін, лак
әзірлеудің рецептурасын, лакты әзірлеу үшін арнаулы ақпаратқа материалдарды
салу тәртібін, олардың өзара әрекеттесуін, улы, тез жанатын материалдарды
қолдану ережелерін, сынамаларды іріктеу тәртібін және лакты әзірлеу
процесінің технологиялық режимін түзету әдістерін, қызмет ету жабдығының,
бақылау және өлшеу құралдарының, сорғылардың, коммуникациялардың құрылысы
мен реттеу ережелерін.
8.  Шелді, жүнді, қылшық пен қылды жуып шаю аппаратшысы
Жұмыс сипаттамасы:
      технологияға сәйкес жуу аппараттарында шелді, жүнді, қылшықты, қылды
жуып шаю технологиялық процесін жүргізу;
      жуу ерітінділерін жасау, аппараттарға жуылған қылды, шелді, жүн мен
қылшықты салу және түсіру;
      жуып шаю процесін реттеу, технологиялық картаға сәйкес суды және
химиялық реагенттерді қосу.
  Білуге тиіс:
      шелді, жүнді, қылшықты, қылды шаюдың технологиялық режимін, химиялық
реагенттерді, олардың қасиеттері мен өзара әрекеттесуін, жуу аппаратына
бастапқы материалдарды салу тәртібін, қолданылатын жабдық пен
коммуникацияның құрылысын, қызмет ету және реттеу ережелерін.
Аппретурашы
   Жұмыс сипаттамасы:
      «МАП, МАФ» үлгісіндегі және оған ұқсас агрегаттарда былғарыны
аппретуралау;
      технология талаптарына сәйкес аппретуралаудың технологиялық режимінің
сақталуын бақылау (құрамы, концентрация, тұтқырлық, аппретураның
температурасы, былғарыға оны жағудың тәсілі мен тәртібін, қабықшаның
қалыңдығы және басқалар);
      қызмет көрсету жабдығының, бақылау және өлшеу құралдарының,
автоматика құралдарының жұмысын бақылау;
      аппретуралау процесін реттеу: ауа қысымын, жартылай фабрикаттардың
түріне байланысты әр түрлі аппретуралардың шығысын, пигматронның жұмысын,
бояу бүріккіштердің айналуын, кептіру камераларының температуралық режимін,
таспалық транспортердің қозғалыс жылдамдығын және басқалар;
      автоматика құралдарын күйге келтіру, жабдықты жөндеу;
      сынама бояуды орындау, үлгімен салыстыру, түсті түзету;
      өңделген былғарының санын есепке алу;


[pic]
Пәндер