Файл қосу

Қазақ тіліне тән дыбыстар



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
                     ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ | |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты   |ПОӘК                 |                             |
|                        |                     |                             |
|                        |                     |ОӘК 042-14.1.1.3.20.01-2013  |
|ПОӘК                    |№ 1 басылым          |                             |
|«Кәсіптік қазақ тілі»   |                     |                             |
|пәнінің оқу-әдістемелік |                     |                             |
|материалдар             |                     |                             |










                       ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ



                      5В072400 - «Технологиялық машиналар мен жабдықтар»


                            мамандығына арналған


                        «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінің

                         Оқу-әдістемелік материалдар

















                                                         Семей,  2013 ж.


                                   Кіріспе

1 ҚҰРАСТЫРҒАН:
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік   университетінің  журналистика
және  практикалық  қазақ  тілі   кафедрасының   аға  оқытушысы,   филол.ғ.к.
Баймұханбетова М.Б

2 КЕЛІСІЛДІ
2.1 журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының отырысында
қаралып, талқыланды.
Хаттама №  1___  «_19__» ___09________20_13_ ж.

Кафедра меңгерушісі   _______________    Каримова  Б.Ж

2.2 Гуманитарлық факультеттің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып,
бекітілді.
Хаттама №___ «___» ___________20__ ж.

Төрайымы     ________________          ф.ғ.к  Кеңесбаева Ш.С




3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді.
Хаттама №___  «___» ___________20__ж.

Оқу - әдістемелік жұмыстар жөніндегі
Проректор, профессор    _________________        Искакова Г.К

4  «____» __________ 20__ж. шыққан ПОӘК-нің
№ 1 БАСЫЛЫМЫ
















Мазмұны
1.Глоссарий.................................................................
..............................................3
2.Практикалық
сабақтар....................................................................
......................4-
3.Студенттердің                                                        өздік
жұмысы......................................................................
.........
4.Пайдаланған                                                     әдебиеттер
тізімі......................................................................
......









































                           Пән бойынша глоссарий:

    1. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың классификациясы-классификация  гласных,
       согласных
    2. Үндестік заңы-закон сингорманизма
    3. Буын үндестігі-созвучие слогов
    4. Дыбыс үндестігі-созвучие звуков
    5. Лексика. Сөз мағынасы-лексика. Значение слов
    6. Мақал-мәтелдер – пословицы, поговорки
    7. Тұрақты сөз тіркестері-фразеологизмы
    8. Сөз құрамы-состав слова
    9. Жұрнақтар-суффиксы
   10. Зат есім -имя существительное
   11. Жіктік жалғаулар-личные окончания
   12. Көптік жалғаулар-окончания множественного  числа
   13. Тәуелдік жалғаулар-притяжательные окончания
   14. Септік жалғаулар-падежные окончания
   15. Сын есім-имя прилагательное
   16. Сын есімнің шырайлары –степени сравнения прилагательных
   17. Сан есім –имя числительное
   18. Есімдік-местоимение
   19. Есімше-причастие
   20. Көсемше-деепричастие
   21. Үстеу-наречие
   22. Етістік-глагол
   23. Етістіктің шақтары-времена глагола
   24. Шылаулар-союзы
   25. Сөйлем мүшелері-члены предложения
   26. Құрмалас сөйлемдер-сложные предложения

















      Тәжірибелік сабақтар мазмұны
      №1.Тақырыбы:Қазақ тілі туралы түсінік.
      Мақсаты: Қазақ тілі туралы мағлұмат беру.
      Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі. Ол түркі тілдерінің тобынан шыққан
   қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт тілдері бір-біріне  өте  жақын.
   Өйткені бұлар жалпы түркі тілдерінің бір тармағы –қыпшақ- ноғай  тобынан
   өрбіген тілдер.
      Қазақ тілі – «Ер Төстік», «Аяз  би»  сияқты  ертегілермен,  «Қобыланды
   батыр», «Ер Тарғын», «Алпамыс» сияқты  батырлар  жырымен,  «Қыз  Жібек»,
   «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» секілді ғашықтық жырларымен, мақал-мәтелдермен,
   жаңылпаштармен бай тіл.
     Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
     1. Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде қай топқа жатады?
     2. Қазақ тілінің ерекшеліктері
     3. «Тілдер заңы» қай жылы қабылданды?
     4. Тіл туралы мақал-мәтелдер жазу, жаттау.
   Әдістемелік нұсқау:
   Қазақ тілі  туралы,  қазақ  тілінің  грамматикалық  ерекшеліктері  туралы
   мағлұмат алу. «Тілдер заңындағы» баптармен  танысу.  Берілген  сұрақтарға
   жауап беріп, тапсырмаларды орындау: Тіл туралы  мақал-мәтелдерді  жаттау.
   (орысша варианттарын білу)
   Әдебиеттер:
     Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
     З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
     Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000
 Мәтін: Тіл туралы заң
   Тіл туралы Заң
      Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң жайында  мағлұмат
беру. Тұрмыстық,  қоғамдық-саяси,  оқу,  ғылыми  мәселелерде  қазақ  тілінде
сөйлей білу қажет екендігін  түсіндіру.  Мәтінді  түсініп  оқып,  сұрақтарға
жауап беруге, мазмұнын әңгімелеп айтуға дағдыландыру.

            Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңнан үзінді
                           1 тарау. Жалпы ережелер
      1-бап. Негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      диаспора - өзiнiң  тарихи  шығу  тегiнен  тысқары  елде  тұрып  жатқан
халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық);
      ономастика - тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың  пайда  болуы  мен
өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi;
       орфография  -  дұрыс  жазу  ережесi,  сөйленген  сөздi  (сөздер   мен
грамматикалық   тұлғаларды)   жазбаша   беру    тәсiлдерiнiң    бiрiздiлiгiн
белгiлейтiн ережелер жүйесi; 
       топонимика  -  ономастиканың  географиялық  объектiлердiң  атауларын,
олардың пайда болуы, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын зерттейтiн бөлiмi; 
      транслитерация  -  бiр  графикалық  жүйедегi  мәтiндер  мен  жекелеген
сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әрiппе-әрiп арқылы беру;
       терминологиялық  комиссия  -  экономиканың,   ғылымның,   техниканың,
мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық  лексикасы
саласындағы ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;
      ономастикалық  комиссия  -  географиялық  объектiлердiң  атауына  және
олардың атауларын өзгертуге бiрыңғай  көзқарас  қалыптастыру,  топонимикалық
атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтiру, Қазақстан  Республикасының
тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi  ретiнде  тарихи  атауларды  қалпына
келтiру, сақтау  жөнiндегi  ұсыныстарды  әзiрлейтiн  консультативтiк-кеңесшi
орган;
      уәкiлеттi орган - тiлдердi  дамыту  саласындағы  бiрыңғай  мемлекеттiк
саясатты iске асыруға жауапты орталық атқарушы орган.
      Ескерту.  1-бапқа  өзгерту  енгізілді  -   Қазақстан   Республикасының
2004.12.20.  N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.  
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. 
      Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында  қоғамдық  қатынастардың
барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк  басқару,  заң  шығару,  сот  iсiн
жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. 
      Қазақстан халқын топтастырудың аса  маңызды  факторы  болып  табылатын
мемлекеттiк тiлдi  меңгеру  -  Қазақстан  Республикасының  әрбiр  азаматының
парызы.
       Үкiмет,  өзге  де  мемлекеттiк,  жергiлiктi  өкiлдi   және   атқарушы
органдар:
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк  тiлдi  барынша  дамытуға,  оның
халықаралық беделiн нығайтуға;
      Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi  еркiн
және  тегiн  меңгеруiне  қажеттi   барлық   ұйымдастырушылық,   материалдық-
техникалық жағдайларды жасауға;
       қазақ  диаспорасына  ана  тiлiн  сақтауы  және  дамытуы  үшiн   көмек
көрсетуге мiндеттi.
                                              Сөздік
Ана тілі- родной язык
Мемлекеттік- тіл государственный язык
Зерттеу-исследовать
 Парыз- долг
Іс қағаздары-делопроизводство
Меңгеру-
                                Сөздікпен жұмыс
       қазақ  диаспорасына  ана  тiлiн  сақтауы  және  дамытуы  үшiн   көмек
көрсетуге мiндеттi.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттiк  тiлi  -  қазақ
тiлi. ономастика - тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың  пайда  болуы  мен
өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi;  Қазақстан  халқын  топтастырудың  аса
маңызды факторы  болып  табылатын  мемлекеттiк  тiлдi  меңгеру  -  Қазақстан
Республикасының әрбiр  азаматының  парызы.  Мемлекеттiк  тiл  -  мемлекеттiң
бүкiл  аумағында  қоғамдық  қатынастардың  барлық   саласында   қолданылатын
мемлекеттiк басқару,  заң  шығару,  сот  iсiн  жүргiзу  және  iс  қағаздарын
жүргiзу тiлi. 
                                    Сөйлесу
-Мына сөз қалай жазылады?
Это слово как пишется?
Бұл сөз былай жазылады.
Это слово пишется так.
Мына сөз қалай дыбысталады?
Как произносится это слово?
Бұл сөз былай дыбысталады.
Это слово произносится так
Тағы да дыбысты қайтала
Еще раз повтори произношение
Қате, тағы да қайтала
Ошибка, еще раз повтори
Қайтадан жаз
Еще раз перепиши.
Еще раз напиши
Дұрыс емес, міне қате
Неправильно, вот ошибка
                           Жаттығу жұмысы
      Мен дұрыс тыңдаймын (отырамын, сөйлеймін,  айтамын,  білемін,  ашамын,
жабамын, жазамын, қайталаймын)
      Cен дұрыс тыңдайсың (отырасың, сөйлейсің,  айтасың,  білесің,  ашасың,
жабасың, тыңдайсың, жазасың, қайталайсың)
      Сіз дұрыс тыңдайсыз (отырасыз, сөйлейсіз,  айтасыз,  білесіз,  ашасыз,
жабасыз, тыңдайсыз, жазасыз, қайталайсыз)
      Ол дұрыс тыңдайды (отырады, сөйлейді, айтады, біледі,  ашады,  жабады,
тыңдайды, жазады, қайталайды)
                              Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
     1.  Топонимика дегеніміз не?
     2.  Қазақстан   Республикасының  мемлекеттік  тілі  -  қазақ  тілі  деп
нешінші бапта жазылған?
     3. Диаспора дегеніміз не?
     Әдістемелік нұсқау:
    «Тілдер заңындағы» баптармен танысу. Берілген сұрақтарға  жауап  беріп,
тапсырмаларды орындау
   Бақылау түрі: мәтінмен жұмыс
      Үлестірмелі материалдар: үлестірмелі карточкалар мен тест-сұрақтар.
   Әдебиеттер тізімі:  Ш.К.Бектұров,  А.Ш.Бектұрова.  Қазақ  тілі.  Алматы,
   -2002. – 6 б.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық  қазақ  тілі.  –  Алматы,
1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007



      №2.Тақырыбы: Қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктері.
Қазақ тілінің қазіргі әліпбиі. Қазақ жазуы туралы
   Мақсаты:  қазақ   тілінің   грамматикалық   ерекшеліктері   туралы:   род
категриясының жоқтығы,  екпіннің  соңғы  буынға  түсуі,  т.б.  ерекшеліктері
туралы мәлімет беру
   ә,ө,ү,ұ,і,қ,ғ,һ,ң-дыбыстары тек қазақ тіліне ғана тән дыбыстар.
   Қазақ тілінде екпін соңғы буынға ғана түседі.
   Қазақ тілінде заттың меншіктілігін білдіру үшін тек есімдіктер ғана емес,
      олармен бірге тәуелдік жалғаулар да қолданылады: менің үй-ім, сенің
   ана-ң.
   Қазақ тілінде предлогтар жоқ.
   Орыс тіліндегі предлогтардың мағынасы қазақ  тілінде  септеулік  шылаулар
   және  жалғаулар арқылы беріледі: для экономики-экономика үшін;
       Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
   1. Қазақ тіліне тән дыбыстар.
   2. Қазақ тіліндегі жалғау түрлері, олардың жалғануы
   3. Қазақ тілінде род категориясы, предлогтар бар ма?
   4. Қазақ тілінде баяндауыш сөйлемнің басында кездесе ме?
   5. Қазіргі қазақ әліпбиі неше әріптен тұрады?
   6. Орыс тіліндегі предлогтар қазақ тілінде қалай беріледі?
   7. Мысалдар келтіріңіз?
     Әдістемелік нұсқау:
Қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктері туралы оқу, олармен танысу.  Қазақ
тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білу керек, оларға мысалдар келтіру.
   Орыс  тіліндегі  предлогтар  қазақ  тілінде   қалай   берілетіні   туралы
   мәліметпен танысып, мысалдар келтіру.
   Әдебиеттер:
   Г.Қарақұсова., З.Күзекова .Қазақ тілі.А.-1997
   А.Аяпова. Қазақ тілі 1-2 кітап. А.-1997
   Қазақ  тілі.  А.С.Сейдімбекова . А-1999
   К.Сариева Қазақ тілі және елтану. Алматы, 2000
   Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай Практикалық қазақ тілі
   Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. А., 1994
   А.Ш.Бектұров, Ш.К.Бектұров Казахский язык  для всех. А, 2002
   Мәтін: Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет
      Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы түсінік беру.  Ауызекі  сөйлеу
дағдыларын дамыту.
                 Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет
      «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы»  Заң
1991 жылғы желтоқсан айының 16-сы күні Жоғары  Кеңестің  VII  сессиясында
қабылданды. Бұл күн  –  Республиканың  Тәуелсіздік  күні  деп  жыл  сайын
тойланады. Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық
мемлекет деп жарияланды. Қазақ ұлтының  және  Қазақстанда  тұратын  басқа
ұлттардың өкілдерінің мәдениетін,  салт-дәстүрін,  тілін  қайта  түлетіп,
дамыту,   ұлттық   қадір-қасиетін   нығайту   мемлекеттің   аса   маңызды
мәселелерінің   бірі  болып  табылады.   Қазақстан   Республикасының   өз
мемлекеттік рәміздері  –  Елтаңбасы,  Туы,  Әнұраны  бар.  Еліміз  Туымен
тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.
      Республика өкіметі адам құқыларының жалпыға бірдей  Декларациясында
халықаралық құқықтың жалпы  жұрт  таныған  өзге  де  нормаларында  баянды
етілген  жеке  адамның  құқылары   мен   бостандықтарының   үстемдіктерін
мойындайды. Қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқын растайды.  Ол  бейбітшілік
саясатын ұстанады, ядролық  қаруды  таратпауға,  қарусыздануға  шақырады.
Өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүйелі жүргізеді.
Тапсырмалар, сұрақтар:
      1.Мәтінді оқыңыз.
      2. Мәтінге сұрақтар қою арқылы сұхбаттасыңыз.
      3. Мәтінді мазмұндаңыз.
   Бақылау түрі: мәтін бойынша диаграмма сызып, толтыру.
      Әдістемелік нұсқау: Ауызша сөйлеу, әңгімелесе білу, сұрақтарға  жауап
беру, мәтін бойынша  әңгімелесе  білуге,  мәтіннің  әрбір  бөліміне  қысқаша
резюме бере білуге арналады. Сөйлемді дұрыс құра білу  үшін,  қазақ  тілінің
грамматикалық  заңдылығын,  сөйлемдегі   сөздердің   орын   тәртібін   жақсы
меңгеріп, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылануы қажет.
      Үлестірмелі материалдар: мәтін
   Әдебиеттер тізімі:  Ш.К.Бектұров,  А.Ш.Бектұрова.  Қазақ  тілі.  Алматы,
   -2002. – 126 б.


3-жаттығу. Өлеңді жаттаңыз.
                                  ТӨРТ АНА

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамға өз анасынан басқа да ,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Жебеп тұрар,
Демеп тұрар арқада
Болу керек қасиетті төрт ана:
Туған жері –түпқазығы, айбыны,
Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны.
Жан байлығы, салт-дәстүрі – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі және
Туған тарихы.
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана-
Тағдырыңның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес –
Күрестердің ұлысы.

                                                           (Мұхтар Шаханов)



Қазақстан Республикасы:                           егеменді тәуелсіз
мемлекет
Тұңғыш президенті:                                        Нұрсұлтан  Әбішұлы
Назарбаев,

1991 жылы 1 желтоқсанда

сайланған.
                                                                     Бірінші
                 конституциясы 1993

жылы     28    қаңтарда,    екінші                            Конституциясы:
                                         конституциясы         1995     жылы




     Ұлттық    ақша:                                                   теңғе
    30  тамызда қабылданды





   №3.Тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар, олардың жіктелуі
   Мақсаты: Дауысты,  дауыссыз  дыбыстар  туралы,  олардың  жіктелуі  туралы
мағлұмат беру.
   1. Тілдің жақтың  (иектің),  еріннің  қатысына  қарай  дауыстыларды  мына
      таблица арқылы көрсетуге болады:

|Дауысты дыбыстардың жіктелуі                                                       |
|Еріннің қызметіне|Иектің қызметіне қарай            |Тілдің қызметіне қарай        |
|қарай            |                                  |                              |
|Еріндік          |Ашық           |Қысаң дауыстылар: |Жуан         |Жіңішке         |
|дауыстылар:      |дауыстылар:    |ы, і, ұ, ү,и      |дауыстылар:  |дауыстылар:     |
|о,ө,у,ұ.ү        |а, ә, е, о     |                  |а, о, ы, ұ,  |ә, ө, ү, і,     |
|Езулік           |               |                  |(и, у)       |е,(и), (у)      |
|дауыстылар: а,   |               |                  |             |                |
|ә,е, э, ы, і, (и)|               |                  |             |                |

   2. И, у дыбыстары буын ыңғайына қарай, сөздің жуан,  жіңішкелігіне  қарай
      бірде жуан, бірде жіңішке болып айтылады.
   3. Дауыссыз дыбыстар: ұяң, үнді, қатаң болып бөлінеді.
         Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
   1. Қазақ тіліне тән дыбыстар.
   2. Қазақ тіліндегі жалғау түрлері, олардың жалғануы
   3. Қазақ тілінде род категориясы, предлогтар бар ма?
   4. Қазақ тілінде баяндауыш сөйлемнің басында кездесе ме?
   5. Қазіргі қазақ әліпбиі неше әріптен тұрады?
   6. Орыс тіліндегі предлогтар қазақ тілінде қалай беріледі?
   7. Мысалдар келтіріңіз?
Әдістемелік нұсқау:
       Дауысты,  дауыссыз  дыбыстарға  мысалдар  келтіру,  олардың  жіктелуі
туралы  малұмат  алып,  кесте  жасау.Қазақ  тіліне  тән  дыбыстардың  нешеуі
дауысты, нешеуі дауыссыз? Т.б. сұрақтарға жауап беру.
   малар:
   Әдебиеттер:
Абай энциклопедиясы. Атамұра,2000.
Орысша-қазақша сөздіктер.
М.Бисенбаев. Абайдың республикалық мәдени-мемориалдық музейі. А.-1984
С.Мәмекбаев.,Қ.Алиева. Қазақстан Республикасы.А.1993
   Мәтін: Қазақстан Республикасының Президенті
   Мақсаты:   Қазақстан Республикасының Президенті тралы мағлұмат беру
   1991 жылғы  1- желтоқсан қазақ халқының тарихында айтулы күн болып
жазылатыны хақ. Тұңғыш рет бүкл халықтық сайлау өтіп, өз Президентімізді
таңдадық. Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғанындай,Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың мерейі үстем болды. Ол дүниежүзінің президенттері
қызығарлықтай дауыс алды. Бұл үлкен жеңіс -халық сенімі.
Сұрақтарға жауап беріңіз
   1.  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?
   2. Ата заңның қай бабында Президент жайлы айтылған?
   3. Президент қай жылы сайланды?
   4. Президенттің халыққа жолдауы туралы не білесіз?
   Бақылау түрі: сұхбат
   Әдістемелік нұсқау: Сұрақ-жауап арқылы  жұмыс  жүргізу,  мәтіндегі  қиын
сөйлем, сөздерді талқылау, түсіндіруге бағытталады.
   Үлестірмелі материалдар: мәтін
   Әдебиеттер тізімі:  Н.Оралбай,  К.А.Құрманәлиев.  Қазақ  тілі.  –Алматы,
   2007.


   №4.Тақырыбы: Үндестік заңы
   Мақсаты: Үндестік заңы туралы, дыбыстардың үндесуі туралы түсінік беру.
   1. Түбір мен қосымшаның  және  сөз  аралығындағы  дыбыстардың  бір-біріне
      ықпал жасап, өзара үйлесіп айтылуын үндестік заңы дейміз.
   2. Үндестік заңы екі түрлі болады-буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
   3. Соңы ог, уг, рк, нк, нг, ке, кт, ек, лк,  нкт,  кль,  брь,  бль  сиқты
      дыбыстар тіркесіне біткен кірме сөздерге жалғанатын қосымша әр уақытта
      жіңішке болады: педагог-ті,  парктен, банк-ке, пунк-тен т.б.


    Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
   Үндестік заңы дегеніміз не?
   Дыбыстардың үндесуі дегеніміз не?
   Үндестік заңы қалай бөлінеді?
   Жуан, жіңішке сөздерге мысалдар келтіріңіз,  оларға  қосымшалар  жалғаңыз
      да, олар қалай жалғанып тұрғанын түсіндіріңіз.
:     Әдістемелік нұсқау:
Үндестік заңымен танысу. Дыбыстардың үндесуі  туралы  малұмат  алу.  Тақырып
бойынша берілген сұрақтарға  жауап  беріп,  тапсрымаларды  орындау.  Мысалы,
адам+дар, кілем+дер, табиғат+ты, көктем+де т.б.
   Әдебиеттер:
   Н.Төреқұлов. Қанатты сөздер. Алматы, 1977
   С.Қалиев, М.Оразалиев.Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Рауан.- 1994
   Қазақ Совет энциклопедиясы. А.-1972
   Мәтін: Қазақстан Республикасының Конституциясы
   Мақсаты: Еліміздің егемендігінен мағлұмат  беру,  тәуелсіздіктің  ұлттық
қасиеттеріне тәрбиелеу.

                          ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

                                КОНСТИТУЦИЯСЫ

  Конституция - еліміздің Негізгі Заңы. Ол күллі  қазақстандықтарға  қызмет
етеді.  Конституцияда  Республикамыздың  ішкі,  сыртқы  саясатының   негізгі
бағыттары белгіленген. Бейбітшілікке құштарлығымыз,  барлық,  мемлекеттермен
тату көршілік пейліміз жазылған. Ұлтына, дініне, нәсіліне қарамай,  адамның,
азаматгың   құқығы   ардақ   тұтылатыны   айтылған.    Біздің    Конституция
мемлекетіміздің  құқықтық  негіздерін,  оның   саяси   жүйесін   айқындайды.
Азаматтардың құқығын мен бостандығын қамтамасыз етеді.

                   ПРЕЗИДЕНТ

  40-бап

1. Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің  басшысы,  мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде  және
халықаралық қатынастарда  Қазақстанның  атынан  өкілдік  ететін  ең  жоғары
лауазымды тұлға.
2. Республиканың  Президенті  —  халық  пен  мемлекеттік  билік  бірлігінің,
Конституцияның   мызғымастығының,   адам   және   азамат   құқықтары    мен
бостандықтарының нышаны әpi кепілі.
3. Республика Президенті  мемлекеттік  биліктің  барлық  тармағының  келісіп
жұмыс icтeyiн және  өкімет  органдарының  халық  алдындағы  жауапкершілігін
қамтамасыз етеді.
   (Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1995, 15-бет)

   7-бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі.
   (Сонда, 6-бет)

   9-бап
   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері  —  Туы,  Елтаңбасы  және
Әнұраны   бар.   Олардың   сипаттамасы   және   ресми   пайдалану   тәртібі
конституциялық, заңмен белгіленеді.
   (Сонда, 7-бет)
      Тапсырмалар, сұрақтар:
1.Мәтінді оқы.
2. Мәтінге сұрақтар қою арқылы сұхбаттас.
3. Мәтінді мазмұнда.
   Бақылау түрі: ауызша (мазмұндау).
    Әдістемелік нұсқау: Ауызша сөйлеу, әңгімелесе  білу,  сұрақтарға  жауап
беру, мәтін бойынша  әңгімелесе  білуге,  мәтіннің  әрбір  бөліміне  қысқаша
резюме бере білуге арналады. Сөйлемді дұрыс құра білу  үшін,  қазақ  тілінің
грамматикалық  заңдылығын,  сөйлемдегі   сөздердің   орын   тәртібін   жақсы
меңгеріп, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылануы қажет.
   Үлестірмелі материалдар: карточкалар
   Әдебиеттер тізімі:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық  қазақ  тілі.  –  Алматы,
1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007



   №5.Тақырыбы: Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Буын  үндестігіне  бағынбай
   жалғанатын қосымшалар.
   Мақсаты: Буын үндестігі туралы мәлімет беру.  Буын  үндестігіне  бағынбай
   жалғанатын қосымшалар туралы мағлұмат беру.
   Дауысты дыбыстармен байланысты үндестік заңын ғылым тілімен сингорманизм
   деп, кейде буын
   үндестігі деп те, атайды  немесе  дауысты  дыбыстың  бір-біріне  ықпалын
   сингорманизм заңы дейміз.
Дауыссыз дыбыстармен  байланысты  үндестік  заңын  ассимляция  немесе  дыбыс
үндестіктері  дейміз.   Сингорманизм-гректің   Sun-«бірге   және   harmoni»-
байланыстыру», «үндесу» деген мағынаны білдіреді.

    1. Төмендегі қосымшалар өздерінен  бұрынғы  буынның  жуан-жіңішкелігіне
       қарамай осы күйінде жалғанады.
   мен (бен, пен) : қалам-мен, ағаш-пен;
   паз: әсем-паз, өнер-паз
   қор; пәле-қор
   қой: сән-қой
   дік (нікі, тікі): колхоз-дікі
   кер: жұмыс-кер;
   кеш; арба-кеш
   хана: шебер-хана, дәріс-хана
   Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
   1. Буын үндестігі дегеніміз не?
   2. Сингорманизм дегеніміз не?
   3. Бірнеше сөз жазып, оларға қосымша жалғаңыз, жазылған  сөздерді  буынға
      бөліңіз.
      Дауыссыз  дыбыстардың  үндесуін  ассимляция  немесе  дыбыс   үндестігі
   дейміз. Дыбыс үндестігінің 2 түрі бар:
   а) ілгерінді ықпал (Прогрессивті ассимляция)
   ә) кейінді ықпал (Регрессивная ассимляция)
       Егер сөздің соңғы дыбысы қатаң к, қ, п дыбыстарының біріне  аяқталып,
   оларға жалғанатын қосымша дауысты дыбыстардың бірінен басталса, онда қ-ғ-
   ға, к-г-ге, п-б-ға айналады:
   Тарақ-ы- тарағы
   Жүрек-ім- жүрегім
   Мектеп –ің- мектебің
      Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
   1. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
   2. Ассимляция дегеніміз не?
   3. Ассимляция қандай екі түрге бөлінеді?
   4. Күрек, есік,  аяқ,  сап,  орындық,  кітап,  сынып  сөздеріне  тәуелдік
      жалғауларын жалғаңыз.
Әдістемелік нұсқау:
    Дыбыс  үндестігі,  дыбыс  үндестігімен  буын  үндестігінің  айырмашылығы
туралы мәлімет алу. Ілгерінді, кейінді ықпалдарға мысалдар келтіру.  Мысалы,
жүрек-жүрегі, кітап-кітабы, етік-етігі т.б.
   Әдебиеттер:
   Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
   З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
   Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000


   Мәтін: Тәуелсіз Қазақстанның нышандары
   Мақсаты:  Тәуелсіз Қазақстанның нышандары және қолданылуы жайлы мағлұмат
   беру



     ТӘУЕЛСІ3  ҚАЗАҚСТАННЫҢ  НЫШАНДАРЫ

  Ертеден қалыптасып келе жатқан дәстур  бойынша  әpбip  жеке  елдің  елдік
нышандары болады. Олар:  елдің  Туы,  Елтаңбасы,  Әнұраны.  Осы  мемлекеттік
нышандарға қарай сол елдің қайсы ел екені әркімге айқын. Нышандар  жеке  бip
мемлекеттікі болғанымен, оның халықаралық мәні зор. Нышандар  мемлекетаралық
қарым-қатынастарда үлкен ресми және ресми рөл атқарады.
                                     ***
  Сондай мемлекеттік нышандар жайы Қазақстан Республикасы өз  тәуелсіздігін
жариялағаннан кейін қайта  қаралып,  жұртшылықтың  кең  қатысуымен  Жоғарғы
кеңесте үлкен  талқыда  сарапталып,  көкейге  қонымды  жобалары  1992  жылы
мемлекеттің нышандары ретінде қабылданды.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік  нышандары  —  біздің  елімізді
танытатын қасиетті құжат сынды..
  Республикамыздың Президенті, Қазақстан Конституциясының 9-бабына  сәйкес,
1996 жылдың 24 қаңтарында " Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  нышандары
туралы"  конституциялық  заң   күші   бар   Жарлық   қабылдап,   мемлекеттік
нышандардың сипаттарымен және олардың қолданылу тәртіптерін белгілеп  берді.
Жарлықтың  3-бабында:  "Қазақетан  Республикасының   азаматтары,   сондай-ақ
Қазақстан    Республикасының    аумағында    жүрген    адамдар     Қазақстан
Республикасының  Мемлекеттік   елтаңбасы   мен   Қазақстан   Республикасының
Мемлекеттік Әнұраны қастерлеуге міндетті делінген.
  Енді осы Мемлекеттік нышандардың сипатына  қысқаша,  жеке-жеке  тоқталып,
оны қастерлеп, тағлым ету жайының тәрбиелік мәніне көңіл бөлейік.

         ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  МЕМЛЕКЕТТІК  ТУЫ
"Қазақетан Республикасының Мемлекеттік Туы — ортасында  шұғылалы  күн,  оның
астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты, көгілдір  түcтi  мата.
Туды сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп  етеді.  Күн,
шуғыла, қыран және өрнек бейнесі алтын түстее.  Тудың  eнi  мен  ұзындығының
қатынасы  —  1:2"-деп,  Жарлықтың  4-бабында  сипатталған.  Жарлықтың   5,6-
баптарында тудың қолданылу тәртібі толық айтылған. Міндет  —  сол  қолданылу
тәpтiбiн бұлжытпай сақтауда болу керек.
                                                            (К. Еламановтан)

  Тапсырма
       1. Нышандар туралы мәтінді оқып, түciнбereн сөздерді сөздіктен
іздеп, тауып жазындар
2. Мемлекетіміздің иышандары туралы қысқаша әңгімелеп беріндер.
3. А.Бөкен, Ғ.Қайырбековтің шумақтарын жаттап алындар.
4. Ту туралы мәтінге сұрақ жазындар. Жауабын да мәтіннен тауып жазындар.
  Мысалы: 1. Қазақстанның Туы қандай?
2. Қайда Тудың қолданылу тәpтiбi толық айтылған?
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы кім?
4. Ту нені танытады...?

         ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  МЕМЛЕКЕТТІК  ЕЛТАҢБАСЫ

  Қазақстан Республикасының Елтаңба  сипаты  —  "Қазақстан  Республикасының
Мемлекеттік    нышандары    туралы"    Жарлықтың    7-бабында:    "Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ  (киіз
үйдің жоғарғы күмбез  тәрізді  бөлігі)  бейнеленген,  шаңырақты  айнала  күн
сәулесіндей  тарап  ұықтар  шаншылған,  оны  аңыздардағы   пырақтар   қанаты
көмкеріп  тұр.  Елтаңбаның  төменгі  жағында  "Қазақстан"  деген  жазу  бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының түрлі-түсті  бейнесі  екі
түрлі: алтын және көгілдір көк түсті болады", — деп жазылған.
  Сонымен  бipre,  осы  Жарлықтың   8-бабында   Қазақстан   Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасының қандай қолданыста болатыны нақты көрсетілген.

  Тапсырма

1. Метінді оқып, сөздік пен жұмыс істендер.
Қысқаша Елтаңба туралы түсінгендерінді қазақ тілінде айтып беріндер.
Бірінші рет көрген, білмейтін сөздерінді сөздіктеріне жазып жаттандар.
Мәтінге сұрақ қойып, сол сұрақтар арқылы әңгімелеп беріндер.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы шығарма жазындар.

  Тапсырма

1. Пырақ деп нені айтамыз?
2. Қазақта жол жүрер алдында қандай бата берілген?
3. Қазақтар қай халықтың тармағының бipi?
4. Біздің тарихымыз қайда жазылған?
5. Біздің мекеніміз қайда орналасқан?
Қазақтың "Пырақ" арманының icкe асуына нелер тосқауыл болды?

  2006 жылдың басында еліміздің тарихында орын алатын оқиғаның  екіншісі  -
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының өзгертілуі.
  Парламент депутаттары бұрынғы  Әнұранның  өз  міндетін  орындағанын  айта
келіп, енді  оның  орнына  композитор  Шәмші  Қалдаяқов  пен  ақын  Жұмекен
Нәжімеденовтің "Менің Қазақстаным" әнін,  мәтінін  Президентіміз  Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың түзетуімен Республикамыздың Әнұраны етіп бекітті.
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, мазмұнын айтындар.
2. Жаңа сөздермен "Сайлау"тақырыбына әңгіме жазындар.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті қай жылы сайланды?
Ең алғашқы Қазакстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраны қай жылы бекітілді?
Ең алғашқы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының авторлары кімдер?
6. Олар туралы не білесіндер?
   Бақылау түрі: ауызша
   Әдістемелік  нұсқау:  Қазақстан  Республикасының   нышандары   жайындағы
мәліметтерді  жинастыру,  оларды  конспектілеу  қажет.  Сөздердің  мағынасын
дұрыс түсіну, сөздерді дұрыс оқи білу, айта білуге бағыттау.
   Үлестірмелі материалдар: суреттер
   Әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық  қазақ  тілі.  –  Алматы,
1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007



   № 6.Тақырыбы :  Лексика
Омоним, синоним, антоним сөздер. Мақал-мәтелдер
Лексика(грек. лексикос  —  сөздік)  —  тілдегі  сөздердің  жиынтығы,  сөздік
құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер  кіреді.  Сөздер  қолданылуына  қарай
актив және пассив болып  бөлінеді.  Актив  сөздерге  күнделікті  өмірде  жиі
қолданылатын сөздер жатады. Ал  пассив  сөздерге  қолданылу  өрісі  шектеулі
көнерген сөздер, диалектілер мен  кәсіби  сөздер,  терминдер  жатады.  Қазақ
Лексикасы шығу тегі жағынан төл  сөздер  мен  кірме  сөздерден  (араб-парсы,
орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдік қызметіне байланысты  бейтарап  Лексика,
сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл Л-сы деп  бөлінеді.  Бейтарап  Лексикаға
барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала,  еңбек,  көл,
таза,  екі,  жаңа,  т.б.  Сөйлеу  тілінің  Лексикасына  тұрмыстық  қарапайым
сөздер,  варваризмдер,  әдеби  тілде  сөйлеу  Лексикасы  жатады.  Жазба  тіл
Лексикасына көне дәуір кітаби Лексикасы мен қазіргі кітаби  Лексика  жатады.
Мазмұнына қарай:
        1) есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер;  3)  синонимдер;  4)
           антонимдер болып бөлінеді.
        2) Сипаты  мен  көрінісі  жағынан  лексика  былайша     сараланады:
           1)омонимдер; 2) омографтар;  3)  омофондар;  4)  омоформдар.  Л.
           атауы  тілдің  сөз  байлығы   деген   ұғыммен   қатар   қаламгер
           тілі,көркем       шығарма        тілі        деген        ұғымды
           дабілдіреді.Мыс.,Абайтілінің т.б Лексикасы, Сұлтанмахмұт тілінің
           Лексикасы, батырлар жырының Лексикасы,
Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) —  шығуы  жағынан  да,  мағына
жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей  сөздер.Омоним  сөздерді
көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың  үйлестігі  нен  гөрі
айырмашылықтары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі  байланысы
жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.
   1. Ат — жұмыс көлігі;
   2. Ат — есім, атау;
   3. Ат — етістік (бұйрық рай).
    Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара  мағыналық  ешбір
байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз  алдына
көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік;  екіншіден,  жылқының
үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек  дыбыстық  үндестік
қана емес, мағыналық байланыс бар.  Ал,  алғашқы  келтірілген  ат  деген  үш
сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.
Қас деген төрт сөз бар:
   1. қас — адамның қабағындағы қас;
   2. қас — дұшпан, жау;
   3. қас — бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);
   4. қас — ердің қасы
  Бұлар  да  —  бір-бірімен  байланыссыз  жеке-жеке  cөздер.Кейде  сөздердің
ауызша  айтылуында  бірнеше  сөздердің  айтылу,  естілу  ұқсастығы   болады.
Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда,  ош  шер  болып  айтылады,  сол
сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы  сияқты  сөздер  де  кездейсоқ  деп
саналады.
Омонимдердің бірнеше жасалу жолы бар:
    • 1) көп мағыналы сөздердің семантикалық жақтан дамуы негізінде; Мысалы,
      жал а) жануарлардың желкесіндегі қыл; ә) ұзыннан созылып жатқан белес,
      қырқа;
    • 2) сөздердің дыбыстық өзгерістерге ұшырауы арқылы; Мысалы, ер  сөзінің
      бастапқы дыбысталуы егер болса, тілдің дамуы барысында ерге айналған.
    • 3) сөзге омонимдес қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) мен  -ыс,
      -іс, -с; -ық, -ік, -к жұрнақтары) жалғануы арқылы туынды Омоним  пайда
      болған. Мысалы, баспа а) газет, журнал, кітап басып шығаратын  мекеме;
      ә) тамақ ауруы; қорық а) мал жайылатын жер; ә) үрейлену, зәресі ұшу;
    • 4) басқа  тілден  енген  сөздердің  төл  сөздермен  бірдей  дыбысталуы
      негізінде жасалады. Мысалы, Қыдыр (хызыр) – араб сөзі, қазақ тіліндегі
      ел қыдыру мағынасындағы  етістікпен  сәйкес.  Омонимдер  мағынасы  мен
      жасалу жолдарына қарай лексикалық, лексика-грамматикалық  және  аралас
      болып үшке бөлінеді.[
    Антоним (гр. antі — қарсы, уnyna — ат, атау) —  мән-мағынасы  бір-біріне
қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Лексикологияда  құбылыстың  (күн  —  түн),
ұғымның (бақ  —  сор,  жақсылық  —  жамандық),[1]  сапаның  (жаңа  —  ескі),
қимылдың (кіру — шығу) т.б. қарсы мәндегі  сөздердің  мағыналары  антонимдік
жұп құрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы  болмайды..
Әсіресе,антонимдер мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, “Көз —  қорқақ,
қол — батыр“, “Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ“. Қазақ тілінде  фразеологиялық
антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек  жұтқан  —  су  жүрек,
соры қайнады — көзі ашылды.
   Синоним (гр. 'synonymos' —  мағыналас,  мәндес)  —  тұлғалары  әр  түрлі,
мағынасы  жақын  сөздер.  Тілдердің  дамып  жетілуі,  оның  сөз  байлығынан,
оралымдағы  синонимдерінің  молдығынан  көрінедіСинонимдік   қатарға   енген
сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады.  Мысалы,  құлшыну  —  белсену,
соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әр түрлі.
Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:
   1. мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);
   2. стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);
   3. сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).
    • Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:
   1. мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;
   2. бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;
   3. мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын  анықтап,  мағынасын
      күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын плеоназм дейді. Мысалы,  заңғар  биік
      тау, құр бекер жүру;
   4. Синонимдер фразеологизмдерде кездеседі.  Мысалы,  Бармақ  шайнап,  сан
      соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.
   5. Сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы;
      Мысалы, Астана деудің орнына Қазақстанның астанасы;
   6. Мағынасы жағымсыз сөздерді эвфемистік тәсілмен  жұмсартып,  жеңілдетіп
      айту. Мысалы, өлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы ұлғаю, т.б.
          1-тапсырма: Төмендегі сөздердің синонимін табыңыздар:
Үлгі: Жаппай - дүйім, барша.
       Жаппай, ынталану, алғыс,  лебіз,  міндет,  беташар,  жетесіз,  сыйлы,
алғашқы.
       2-тапсырма: Бас, жас, бай, ер, қол сөздерінің омонимін табыңыздар.
Үлгі: бас – з.е., дене мүшесі.
бас - етістік.
      3-тапсырма: "Нәумез болып қалу", "түп төркіні осындай", "тағзым ету",
"сыйласымдылықка баулу" тіркестерін қалай түсінесіз, оларды қолдана  отырып,
сөйлемдер құрастырыңыздар.
       4-тапсырма:    Мәтіннен дыбыс үндестігіне байланысты  сөздерді  тауып
жазыңыздар.
       Үлгі: көкірегіне
       5-тапсырма: Сіз көптен көрмеген досыңызды  кездестірдіңіз.  Екеу  ара
әңгімелеріңізді,  жоғарыдағы  мәтіндерді  пайдалана  отырып,  диалог   құрап
жазыңыздар.
 1. Мәтінмен танысып, мәнерлеп оқып шығыңыздар.
   2. Мәтіннің студенттерге берер тәлімі қандай? Түсіндіріңіздер.
   3. "Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге" - деп қараған
      халқымыздың өсиетіне өз көзқарасыңыз қандай?
        4. Ұлттық отбасына қатысты  бірнеше  мақал-мәтелдер айтыңыздар.

  Мақал –мәтелдер.
     Тілімізде ойды бейнелеп, әсерлеп  айту  үшін  қолданылатын  арнайы  сөз
тіркестері  бар.  Ондай  тіркестердің  құрамындағы  сөздердің  орын  тәртібі
берік,  тұрақты  болады.   Сондықтан   оларды   тұрақты   тіркестер   немесе
фразеологизмдер деп атайды. Осындай тұрақтылық қасиет, астарлы мағына  мақал
мен мәтелдерге аяқталған сөйлем болып қолданылады: қолы  қимылдағанның  аузы
қимылдайды т.б.
Қазақтың ескіден келе жатқан ауыз әдебиетін алсақ, үлкен  бір  саласы  болып
саналатын түр ақыл, нақыл сөздер деуге болады. Күні бүгінге шейін бұл  екеуі
қосылып, бірнеше рет қазақ тілінде кітап  етіліп  шығарылды.  Бірақ  олардың
ешқайсысында айтуға тұрарлықтай бұл  мәселелерге  талдаулар  берілген  емес.
Халық әдебиетіндегі аз сөзбен көп мағына беретін қысқа-қысқа терең  мағыналы
сөздерді  нақыл  сөз,  не  мақал-мәтел  деп  атап,  жинап  бастырумен   ғана
қанағаттанып келінді.
Мұның екеуі де негізінде, аты  белгісіз  халық  даналарының  өмірді  бақылай
келіп айтқан үлкен ой, терең пікірлерінің жиынтығы. Тәжірибе  жемісі.  Нақыл
сөздерді де түгелдей халық туғызды десек,  қате  болар  еді.  Өйткені  халық
дегенде, біз еңбекші халықты ұғамыз.  Әрине,  нақыл  сөздерге  үстем  таптық
идеясын үндейтіндері де толып  жатыр.  Сондықтан  да  біз  «негізінде»  деп,
әдейі ескертіп отырмыз.
     Бізше, күні бүгінге дейін «мақал-мәтел», «нақыл  сөз»  делініп  келген,
не олай деп айтылынбаса  да,  сол  тектес  сөздерді  мағынасына,  құрылысына
қарап ақыл сөздер (дидактикалық сөздер), нақыл сөздер  (афоризм)  деп  екіге
бөлу керек тәрізді. Мақал-мәтелдер өздерінің мазмұнына  қарай,  кейбіреулері
ақыл сөздер тобына, кейбіреулері нақыл сөздер  тобына  жатуға  тиісті.   Бұл
екеуінің айырмасы қайсы?  Бізше,  бірі  өмірді  танытады.  Екіншісі,  өмірге
жетектейді.
Ақыл  сөздер  -   халықтың   кейінгілерге   қалдырған   өсиет-ақылы,   өмір-
тіршіліктеріне жетекші басшылық. Сондықтан оның мағынасы ашық, ұғуға  жеңіл,
көпшіліктің бәріне  түсінікті,  аз  сөзге  көп  мағына  сыйғызып,  көркемдеп
айтылған үгіт-насихат.
     Нақыл сөздер дегеніміз - үлкен ой, терең пікірге құрылған  өмір  туралы
айтылған ел санасының қорытындысы. Ащы мен тұщы, алыс пен  жуық,  жақсы  мен
жаман - осылар сықылды өмірдің әртүрлі жақтарын ой  елегінен  өткізіп,  олар
жөніндегі  халықтың  шығарған  үзілді-кесілді  өкімі,  өмірдегі   әр   алуан
құбылыс, іс-әрекеттерді өзінше әбден бақылап, сынай келе, «қатесіз»,  өмірде
тап  солай  болатындығына  көздері  жетіп,  өмір  шындығына  айтқандары  дәл
келетін  етіп  кейінгі  ұрпаққа  қалдырған  халық  даналығының  сәулесі,  ой
түйіні.
Нақыл сөз мағына жағынан алғанда, ақыл  сөз  тәрізді,  мынаны  істе,  жақсы,
ананы  істеме,  жаман   демейді,   өмірдегі   өзінің   көргенін,   сезгенін,
бақылағанын қорытып айтады да қояды.
  «Жаманға жүзің салма,
Малды екен деп.
Жақсыдан қолыңды үзбе,
Жарлы екен деп».
(ақыл сөз)
  «Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар».
(нақыл сөз)
    Алдыңғысында адамның кімнен қашып, кімнен қол  үзбеу  керектігін  айтса,
соңында ол жоқ. Өнерлі жігіт пен өнерсіз жігіт туралы  өзінің  бақылай  келе
қорытқан пікірін айтады. «Мынаны ал, ананы алма» демейді. Оқушы, тыңдау-  шы
өзінше ойлап, өзінше түюлері керек.
           тапсырмалар, сұрақтар:
   1. Мақал мен мәтелдердің ерекшеліктері
   2. Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не?
   3. Мақал-мәтелдер тақырыбы
   4. Отан, білім, достық туралы мақал-мәтелдерді жаттау.
   5. Фразелологиялық сөздікпен жұмыс жүргізу.
Мәтін: Қазақстан Республикасының Парламенті
Мақсаты: Қазақстан Республиксының Парламенті жайлы
қазақ тілінде түсінік беру
      1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос
палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең
жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің
ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы
Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның
депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да
заңнамалық актілермен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы
ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы
жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті
сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады.
Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында
көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы
мүмкін.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және
Мәжілістен тұрады.
 Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан
Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық
маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары
депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады.
Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін
қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика
Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш
жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі –
алты жыл.
 Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан
жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік
дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне
кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.
 Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси
партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте
сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің
тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс
депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы
өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс
депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан
Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру
арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне
кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
Тапсырмалар, сұрақтар:
1.Мәтінді оқы.
2. Мәтінге сұрақтар қою арқылы сұхбаттас.
3. Мәтінді мазмұнда.
   Бақылау түрі: ауызша (мазмұндау).
    Әдістемелік нұсқау: Ауызша сөйлеу, әңгімелесе  білу,  сұрақтарға  жауап
беру, мәтін бойынша  әңгімелесе  білуге,  мәтіннің  әрбір  бөліміне  қысқаша
резюме бере білуге арналады. Сөйлемді дұрыс құра білу  үшін,  қазақ  тілінің
грамматикалық  заңдылығын,  сөйлемдегі   сөздердің   орын   тәртібін   жақсы
меңгеріп, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылануы қажет.
   Үлестірмелі материалдар: мәтін
   Әдебиеттер тізімі:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық  қазақ  тілі.  –  Алматы,
1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007

 Тапсырма:  Төраға, мәжіліс, кезекті сайлау, палата депутаттары сөздерімен
сөйлем құраңыз

   № 7. Тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау. Аралық бақылау жұмысы.
   Мақсаты:  Дауысты,  дауыссыз  дыбыстарды,  қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды
   қайталау.
      Қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айта, оқи білу керек.
   Звук «Ғ» -согласный, глубокозадне язычный, целевой, звонкий сочетается  с
   твердыми гласными.
   2. Төл дыбыстарды дұрыс айтпаса, сөз өз мағынасын жоғалтады. Оң  (правый)
   –он (десять), мең (родинка), мен (я), сең (лед на реке)-сен (ты)
   Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
   1. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
   2. Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді?
   3. Төл дыбыстарға бірнеше мысалдар келтіру
   Әдістемелік нұсқау:
    Фонетика тақырыбына байланысты өтілген тақырыптарды қайталау, жаттығулар
   тапсырмаларды   орындап,   карточкалармен   жұмыстар   жүргізу.   Жіңішке
   дауыстылармен,  жуан  дауыстылармен  мысалдар  келтіру:  аурухана,  емші,
   ғалым, ғарыш, жұлдыз кеме т.б.
   Әдебиеттер:
   Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
   З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
   Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000

   №8.Тақырыбы:  Морфология.  Сөз  таптары.  Сөз  құрамы.  Қосымша:  жұрнақ,
   жалғау.
Морфология  (биология)  -  ағзаның  пішіні  мен   құрылымы   туралы   ғылым.
Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз,  ілім)  —  дербес  сөздердің
грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың  қызметі
мен қалыптасу, даму  заңдылықтарын  зерттейтін  тіл  ғылымының  бір  сапасы.
Морфологияның негізгі материалы — морфема. Морфология  сөздің  грамматикалық
тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи  даму),  синхрондық
(қазіргі кездегі) көрінісімен  де  зерттейді.  Морфология  сөз  тұлғаларының
түрленуін,  бөлшектенуін,  әр  түрлі  өзгеріске  түсуін  анықтау  мақсатында
салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады.  Сөздің  тұлғасы,  мағынасы  және
атқаратын қызметі сөйлем  құрамында  ғана  анықталатын  болғандықтан,  сөзді
синтаксиспен  байланысты  қарастырады.  Демек  сөзді   лексика-грамматикалық
сипаты тұрғысынан айқындайды.
    Сөз таптары  орыс.  части  речи  —  өздеріне  тән  лексика-семантикалық,
морфологиялық және  синтаксистік  ортақ  белгілердін  негізінде  қалыптасқан
категориялары бар сөз топтары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады:
    •   а)   Белгілі   топка   жататын   сөздердің   семантикалық    жағынан
      бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар,  етістік/етістікке
      қимылдық атаулар жатады);
    • ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы;
    •  б)  Синтаксистік  қызметінің  ұқсастығы.  Бірақ  бұл  үш  белгі   сөз
      таптарының  бәрінен  бірдей  табыла  бермейді.   Мысалы,   зат   есім,
      етістіктен  үш  белгінің  үшеуі  де  табылады,  ал   одағайға   екінші
      (морфологиялық) белгі тән емес.
    Сөз таптарының саны тілдерде бірдей  емес.  Мысалы,  қазіргі  орыс  тілі
грамматикасында 10 сөзтабы, ал қазақ тілінде 9 сөзтабы көрсетіліп жүр:
   1. Зат есім
   2. Сын есім
   3. Сан есім
   4. Есімдік
   5. Етістік
   6. Үстеу
   7. Еліктеу сөздер
   8. Шылау
   9. Одағай
    Сөз құрамы орыс. состав  слова  –  сөздің  сыртқы  түр-тұрпаты.  Тілдегі
сөздер бір бүтін тұлға ретінде қаралғанмен, олар  мағыналы  бір  не  бірнеше
бөлшектен құралуы мүмкін. Сөз құрамының ең  негізгі  бөлшегі  –  түбір.  Сөз
тудыратын, сөз жалғастыратын (байланыстыратын) қосымшалар түбірге  қосылады.
Мысалы, ек-ін, егін-ші, егін-шілік сөздері ек түбіріне жұрнақтар (-ін,  -ші,
-лік) жалғану арқылы жасалған. Ал бойжеткен сөзі  екі  түбірдің  бірігуінен,
бала-шаға  сөзі  түбірлердің  қосарланып  айтылуынан  туған.  Сөздер  сыртқы
тұлғасына (құрамына) қарай түбір сөз, туынды сөз,  қос  сөз,  біріккен  сөз,
қысқарған сөз болып бөлінеді.  Сөз  құрам  ұғымына  түбір  сөзге  жалғанатын
жалғаулар жатады, бірақ  бұлар  сөз  емес,  сөздің  морфологиялық  құрамының
бөлшектері. Қазақ тілі  сөздердің  морфологиялық  құрамына  қарай  жалғамалы
тілдер тобына қосылады.[1]
   Жұрнақ[1]  –  жалғанған  сөзінен  жаңа   сөз   тудыратын   немесе   сөзді
түрлендіретін қосымша. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен  қызметіне  қарай
екіге бөлінеді:
   1. сөз тудыратын жұрнақтар  өзі  жалғанған  сөзінен  жаңа  сөз  тудырады.
      Мысалы, “жылқы-шы”, “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;
   2. сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына  қосып,
      сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы,  “көк-шіл”,  “көк(г)-ірек”,  “сары-
      лау”, “сары-рақ”, “жаз-ып”, “жаз-ғалы”. Жұрнақтар  сөзге  белгілі  бір
      жүйеде рет-ретімен жалғанады.

    Түбірге тете сөз  тудыратын  жұрнақтар,  одан  кейін  сөз  түрлендіретін
жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге  де,  туынды
сөзге де жалғанады (“бас-шы”,  “басшы-лық”,  “ұйы-м”,  “ұйым-дас-тыр-у-шы”).
Жұрнақ  құрамы  мен  қолданылу  ерекшеліктеріне  қарай  да   бірнеше   топқа
жіктеледі. Мысалы, жалаң, құранды, көп мағыналы, дара  мағыналы,  омонимдес,
синонимдес,  көне,  жаңа,  т.б.  жұрнақтар.  Шығу  тарихы   жағынан   кейбір
жұрнақтар жеке сөздердің көмекші морфемаға айналуынан пайда болған.  Мысалы,
“баратын”,  “келетін”  деген  сөздердің  құрамындағы  “-тын/-тін”   жұрнақғы
“тұрған” деген  сөздің  өзгеріске  ұшырап,  ықшамдалуынан  (“бара  тұрған  –
баратын, “келе тұрған – келетін”) жасалған

      1-тапсырма: Зат есімдерді теріп алып, тұлғасына  қарай  кесте  бойынша
жазыңыз.

|Негізгі түбірлі |Туынды түбірлі зат |Біріккен түбірлі |Қос сөзді зат есім |
|зат есім        |есім               |зат есім         |                   |
|                |                   |                 |                   |


  1. Шығанақ оған бала, оқушы деп қана  қарамайды.  2.  Астана   Есіл,  Нұра
өзендерінің жағасында орналасқан. 3. Олжабекті ит-  құсқа  жем  қылмай  алып
қайтқан мылтықты адам осы - Шығанақ.    4.  Жастар  жағы  ойнап-күліп  тойды
қыздырып жіберді. 5. Байдың үйінің алдында қойлар көгенделіп тұр.  6.  Қойшы
бар жұмысты бітіріп демалуға кетті.
  2-тапсырма: Сөздіктен берілген сөздердің орысша баламасын тауып жазыңыз.
Жолаушы                     Қожа болу
Ресми аты                   Аумағы
Сәулетті                    Аудан
Ғимарат
  3-тапсырма: Грамматикалық категорияларына қарай зат есім  сөздерге  талдау
жасаңыздар.
   Түн ортасы ауа жел бәсеңдеп, бұлт ыдырай бастады. Кертөбел  атын  күзетіп
жатқан  Айбас  екен.  Маған  балаң  мен  келінің  аянышты  емес,  мына   сен
аяныштысың. Өнер - халықтың рухани азығы. Бірақ ел құлағы елу,  отыз  тістен
шыққан сөз отыз рулы елге жетеді. Түн ішінде Жайықтан өтіп кетіпті. Қазақ  -
сөз қадірін өз қадірім  деп білген халық.
 4-тапсырма: Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, талдау жасаңыз.

  5-тапсырма:  Көмекші  есімдерді  тауып,  шығыс,   көмектес   септіктерінде
септеңіздер.

 6-тапсырма: Көмекші есімдерге талдау жасаңыз.
    Дәл осы кезде тыста, үй сыртында,  жүгірген  балалардың  дауысы  естіліп
еді. Жүгіріп  қасына  барған  Хакімге  танымайтын  адамша  тосырқап  қарады.
Тозған үй ішінен жылу кеткен. Үй сыртына  кеп  түскен  ат  дүбірімен  аралас
үрген ит дауысы келеді.
 7-тапсырма: Көмекші есімдерді теріп жазып, сөйлем құраңыз.
     Артта, ішіне, қасында, жанында, жанына,  сыртта,  қала,  үлкен,  ескі,
кең, маңындағы, алға.

   Қазақ батырлары
   Мақсаты: Қазақ батырлары туралы түсініктерін  молайту,  сөйлеу  тілдерін
   дамыту.
      Қазақ батырлары әскери кәсіппен  шұғылданған.  Соғыс  кезінде  Отанды
   жаудан қорғау, елді  басқыншылардан  азат  ету,  халықтың  қонысын,жерін
   кеңейту мақсаттарымен жүргізілген.Үлкен соғыс алдында батырлардың  үлкен
   соғысқа шығуы-олардың  басты  міндеттері  болған.  Соғыс  бірнеше  күнге
   созылғн.
      Сондай батырлардың бірі XVIII ғасырдағы қазақ батыры, әйгілі қолбасшы
   Қабанбай (Ерасыл) батыр.Қабанбайды халық Қаракерей  руынан  шыққандықтан
   «Қаракерей Қабанбай» , ал батырлығы үшін  «Хан  батыры»,  «Дарабоз»  деп
   атаған.
      Қабанбай батыр тек орта жүзде ғана  емес,  Кіші  жүздегі  уақиғаларға
   араласқан.  Абылай  ханның  жоңғарларға  қарсы   жасаған   шабуылдарында
   Қабанбай өзінің ерліктерін көрсеткен.


   Тапсырмалар, сұрақтар:
              1. мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беріңіз
              2. Мәтінді толықтырыңыз
              3. Түсініксіз сөздерден сөздік құрыңыз
   Бақылау түрі: диалог
   Әдістемелік нұсқау: Мәтіндегі қиын сөздермен жұмыс жасау  арқылы  сұхбат
жүргізіледі
   Үлестірмелі материалдар: Сөздік
   Әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық  қазақ  тілі.  –  Алматы,
1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007


№9.Тақырыбы: Зат есім. Зат есім жасайтын жұрнақтар. Зат  есімнің  сөйлемдегі
қызметі. Көмекші есімдер.
Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не?  деген  сұраққа  жауап
беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді  ғана
емес, табиғат пен қоғамдық  өмірдегі  ұшырасатын  әр  алуан  құбылыстар  мен
уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Мысалы:құс,  тас,  су,  шыны,  адам,  қол  деген  сөздермен  қатар,  жаңбыр,
найзағай, сайлау,  жүріс,  капитализм,  эволюция,  ұғым,  ақыл,  сана  деген
сөздер де зат есімге жатады.
Зат есім жасайтын жұрнақтар:
1)З.есімнің рең мәніңн тудыратын жұрнақтар:

-й: атай, әкей:

-еке,-ке,-қа,-а,-е: атаке, әпке:

-тай,-жан: ағатай,әкежан

-қан,-кен,-қай,-кей,-ан,-ң: балақан;

-шақ,-шек: құлыншақ.

-ша,-ше: сандықша.

-ш,-ыш,-іш: қалқаш

-сымақ: таусымақ

-екеш: тас екеш.

2)Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар:

-шы,-ші: қойшы, күйші.

-шылық,-шілік: шаруашылық, кеңшілік.

-лық,-лік,-дық,-дік,тық,-тік: балалық, биіктік, жолдастық.

-кер,-гер: айлакер.

-кеш,-хана,-паз,-қой,-стан,-қор: шайхана,өнерпаз.

3)Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар:

-м,-ім,-ым: байлам.

-ма,-ме,-ба,-ба,-па,-пе: көрме, кеспе.

-қы,-кі,-ғы,-гі: шалғы, бұрғы.

-с,-ыс,-іс: айтыс, жүріс.

-қ,-к,-ық,-ік,-ақ,-ек: тарақ, күрек.

-н,-ын,-ін: боран, жуын.

-у: сабау,жамау

-ынды,-інді: шайынды, үгінді.

-ғыш,-гіш,-қыш,-кіш: білгіш, сыпырғыш.

-уыш, уіш: өлшеуіш.

-ыр,-ір,-р,-ар,-ер: үңгір, шұқыр.
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі.
1.  «Ана  сендерді  шексіз  сүйеді»  сөйлеміндегі   зат   есімнің   қызметін
анықтаңыз. Е) Бастауыш.
2. Баяндауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз. С) Мұны ойлап тапқан-Есмырза.
3. Анықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз. С) Жерді трактормен жыртады.
5. Пысықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз. Д)  Әсет далада ойнап жүр.
6. Бастауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз. В) Жауапкершілік бұрынғыдан  да
өсе түсті.
7.  «Сен  оқушысының»  сөйлемдегі  зат  есімнің   қызметін   анықтаңыз.   Д)
Баяндауыш.
8. «Дәрменнің айтқаны ескерусіз  қалды»  сөйлемдегі  зат  есімнің   қызметін
анықтаңыз. Е) анықтауыш.
9. Зат есімнің қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын көрсетіңіз., Д) Бастауыш.
10. Бастауыш қай сөз табынан, белгілеңіз.
Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш – бала сүю. Д)  Зат есім.
11. Зат есім – сөйлемнің қандай мүшесі, көрсетіңіз.
Осы жұмысыңды тез бітір. Е) Толықтауыш.
12. Жатыс септікті зат есім – сөйлемнің қандай мүшесі, көрсетіңіз.
Жасымызда ғылым бар деп ескермедім. А) Толықтауыш.
13. Табыс септікті зат есім – сөйлемнің қай мүшесі, анықтаңыз.
Туған жеріңді, мектебіңді, әр тал шөбін қадірле. С)  Толықтауыш.
14. Зат есімнің толықтауыш қызметінде тұрған  сөйлемді  табыңыз.  Д)  Кешегі
жұмысты бітір.
15. Зат есімнің баяндауыш қызметіндегі сөзін табыңыз.  Е)  Ақылды  бала-арлы
бала.
16. Зат есімнің толықтауыш қызметінде тұрғанын табыңыз. А)   Білімді  жастан
сімірдім, халқыма еңбек сіңірдім.
    Көмекші есімдер — негізгі сөздерге телене жұмсалып,  олардың  кеңістікке
(мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап  тұратын  сөздер.
Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, туп, сырт, бас, бет,  шет,  түс,  бой
сияқты  толық  лексикалық  мағынасы  жоқ  сөздер  жатады.  Көмекші   есімдер
мекенді, заттың жақын-апыстығы (ауылдың шеті, жаны,  төңірегі,  маңы)\  қыры
(көпірдің асты, үсті, бойы); аралығы (екі үйдің ортасы, екі  көшенің  арасы)
тұрғысынан саралап атайды. Кейбір көмекші  есімдер  қыс,  жаз,  түн  тәрізді
сөздермен тіркәсіп келіп, оларды мезгілдікжағынан  нақтылап,  дәлдеп  тұрады
(қыстың  басы,  түннің  ортасы).  Көмекші  есімдер  өзі  тіркескен   негізгі
сөздермен көбіне изафеттік байланыста  қолданылады.  Мысалы:  өзеннің  бойы,
ауылдың сырты, қаланың маңы,  құдықтың  түбі,  жолдың  үсті,  айдың  ортасы,
жылдың басы, аптаның аяғы т. б.  Көмекші  есімдер  сөйлемнің  дербес  мүшесі
болып жұмсалмайды. Негізгі сөздермен тіркесіп барып,  сөйлемнің  бір  мүшесі
болады: Мысалы, Ауылдың жаны — терең сай  (Абай).  Мұндағы  ауылдың  жаны  —
бастауыш.


Қонақ қабылдау дәстүрі
          Мақсаты: Қазақ отбасына тән қонақ қабылдау дәстүрімен таныстыру.
      Қазақ отбасына ерекше тән абзал қасиеттің бірі ежелден бері келе
жатқан қонағуарлық. Қандай жағдай болса да құдайы қонақпын деп келген
адамды  кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, «барымен
базар»дегендей шамасы келгенше сый құрметін көрсетіп, аттандыру әркімнің
парызы сияқты болатын. Қонақ болу үшін оның таныс боуы, дінде теңдес болуы
шарт емес. Әрбір жолаушы кез келген қазақ үйінде қонақ асыны «бөлінбеген
еншім » деп талап етуге еркі болған.
      Қазақ «қырықтың бірі қыдыр» дейді. Мұнысы қонақты қума, оның шарапаты
тиеді, бірінен болмаса екіншісінен құт келеді деп есептегендіктен болса
керек. «Қонақты қуа берсең құт қашады» деу де содан шығар.
      Әдетте  жолаушы қонаға келіп қалғанда  бөтен ауылдың ең тәуір деген ақ
үйіне, яғни қонақасы беруден қысылмайтын бай үйіне түседі.Сондықтан да
«қонақ таңдап қонады» дейді халық. «түскенше қонақ ұялады, түскен соң үй
иесі ұялады» деген мақалға сай, қонған қонақты күту міндеті үй иесіне
түседі. «Қонақ қойдан да жуас, май берсе де жей береді» деп, қонақ жатады.
Жазды күні қонаққа ең болмағанда марқа сойылса, қысты күні соғым етінен
тартылған мүшелі табаққа риза болатын.
      Қонағуарлық дәстүр тек қазақ халқына ғана тән қасиет емес.Басқа да
халықтар өзінің қонғуарлық салтымен қашаннан зерттеушілер аузына ілінген
болатын. Сондықтан бұл дәстүрді Н. Сәрсенбаев бүкіл адамзат қауымына, басқа
ұлт өкілдеріне ортақ деп қарайды.
                         Мына өлеңді жаттап алыңыз
      Қонақ келсе есікке,
      Жүгіріп шық, кешікпе.
      Қарсы алмасаң  қонақты,
      Кесір болар нәсіпке.
                              Мақал-мәтелдер
      1. Қыз қонақ
      2. Жаман үйді қонағы билейді
      3.  Қонаққа «кел» демек бар,
      «Кет» демек жоқ.
      4.Келгенше қонақ ұялар,
         Келген соң үй иесі ұялар
      5.Құтты қонақ келсе,
         Қой егі табады,
         Құтсыз қонақ келсе
,            Қойға қасқыр шабады.
Тапсырма: Мәтінді өз сөзіңізбен жалғастырыңыз
   Тапсырмалар, сұрақтар:
   1. Қонақ қойдан да жуас дегенді қалай түсінесіз?
   2. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз
   3.Мәтінді мазмұнда.
   Бақылау түрі: мәтінмен жұмыс
   Әдістемелік нұсқау: Ауызша сөйлеу,  әңгімелесе  білу,  сұрақтарға  жауап
беру, мәтін бойынша әңгімелесе білуге, сөздікпен жұмыс жасауға арналады.
   Үлестірмелі материалдар: Сөздік
   Әдебиеттер : Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова.  Қазақ  тілі.  Алматы,  -2002.
   –138 б.




№10.Тақырыбы: Сын  есім.  Сын  есімнің  шырайлары.  Сын  есімнің  сөйлемдегі
қызметі.
Сын есім деп заттың сапасын, сипатын,  қасиетін,  көлемін,  салмағын,  түсін
(түр-реңін)  және  басқа  сол  сияқты  сыр-сипаттарын  білдіретін   лексика-
грамматикалық сөз табын айтамыз.
   Сын есімнің шырайлары – сын есімнің біртектес сапалық сынның  бір-бірінен
айырмашылығын анықтайтын категориясы.  Шырай  категориясы  әр  түрлі  сапаны
емес, керісінше, ұқсас заттардың біркелкі сындық, сандық, сапалық  дәрежесін
салыстыруға қызмет етеді. Шырай жұрнақтары қатыстық  сын  есімдердің  бәріне
бірдей жалғана бермейді (түскі мезгіл  немесе  шоқпардай  кекілі  бар  қамыс
құлақ дегендегі қатыстық сын есімдер шырай категориясын қабылдамайды),  олар
заттанған сөздерге (баларақ),  кейбір  модаль  сөздерге  (көбірек,  азырақ),
үстеулерге (ілгерірек, өте кейін) жалғанады.Ғылыми еңбектерде шырай  түрлері
түрліше  беріліп   жүр:   мектеп   оқулықтарында   3   (жай,   салыстырмалы,
күшейтпелі), ал жоғары оқу орны оқулықтарында 4  түрі  (асырмалы)  беріледі.
Бұлайша жіктеу олардың мағыналық реңктеріне байланысты:  аппақ  пен  керемет
ақ немесе тым аппақ деп  айту  оның  ерекше  аппақтығын  білдіру,  бір  ғана
түстің түрлі дәрежесі мен сапасын жеткізу мақсатынан туындаған.

  Сын есімнің шырайларын түрлері

1.  Жай  шырай  шырай  түрлерінің   бәріне   негіз   болады,   оның   арнайы
   грамматикалық  көрсеткіштері,  қосымшалары   жоқ.   Мысалы,   ол   ауаның
   тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын  ешқандай  салыстырусыз
   білдіреді.
2. Салыстырмалы шырай аналит. тәсілмен жасалады,  заттың  ұқсас  сапаларының
   артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу,  -тау,
   -теу;  -ғыл,  -ғылт,  -ғылтым,  -шыл,  -шылтым;  -аң,  -ғыш,  -гіш,  т.б.
   жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.
3.  Күшейтпелі  шырайды  Төлеуов  аналитикалық  және   синтетмкалық   жолмен
   жасалады  десе,  Ысқақов  осы  екі  тәсілді  шырайдың  екі  түріне  бөліп
   тастайды, яғни күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш  үстеулер
   асырмалы шырайды  жасайды  деп  есептейді.  Күшейтпелі  шырайдың  негізгі
   көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып  табылады,  ол  сын  есімнің
   бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы  арқылы  жасалады.
   Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.
4. Асырмалы шырай сын есімге өте,  тым,  аса,  әбден,  орасан,  нағыз,  нақ,
   шымқай  күшейткіш  үстеулерінің  тіркесуінен  жасалады:  тым  үлкен,  аса
   бай.Кейде шырайлар аралас қолданылып, бірінің үстіне бірі жалғана береді.
   Мысалы:   тым   қызылдау,   үлкеніректеу.   Кейбір   зерттеушілер   шырай
   категориясының  лексика-грамматмкалық  екі  түрін   ғана   (салыстырмалы,
   күшейтпелі) атайды.
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
1. Сын есім әдетте сөйлемде анықтауыш болып тұрады. Мысалы:  Сұр  бұлт  түсі
суық, қаптайды аспан (А) деген сөйлемде  сұр  және  (түсі)  суық  деген  сын
есімдер (кандай?) бұлт деген зат  есімді  анықтап  тұр.  Сөйлемде  анықтауыш
болу — сын есімнің негізгі қызметі. Өйткені сын есім заттың  әр  түрлі  сыр-
сипатын, сапалық, қатыстық белгілерін білдіреді.
Сын есім ілік септікте тұрып заттанып келіп, те  анықтауыш  болады.  Мысалы:
жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын (мақал) дегенде жақсының  (яғни  жақсы
адамның) кімнің? (жақсылығын) деген  сұраққа  жауап  беріп  анықтауыш  болып
тұр.
2. Сын есім жіктік тұлғада тұрып сөйлемнін  баяндауышы  да  болады.  Мысалы:
Сен бір артық көркемсің (Ж). Әлсіз адам сүріншек  (мақал).  Бұл  сөйлемдерде
көркемсің (II жақ),  сүріншек  (ІІІжақ)  сөздері  жіктік  тұлғада  баяндауыш
қызметін атқарып тұр.
3. Сын есім сөйлемде етістіктің алдында  тұрып,  қимыл,  іс-әрекеттің  сынын
білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп  пысықтауыш  та  болады.  Мысалы:
Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан (Ж). Гүлнар  бөлмесін  таза  ұстайды  деген
сөйлемдерде желдей, (қалай құйындатқан?) таза  (калай  ұстайды?)  деген  сын
есімдер пысықтауыш қызметін атқарып тұр.
4. Сын есім әдетте көптелмейді, тәуелденбейді, септелмейді. Егер сын  есімге
көптік, я тәуелдік, я септік жалғауы жалғанса, онда  сын  есім  зат  есімнің
орнына жүреді. Осындай сын есімнің сөйлемде  зат  есімнің  орнына  жұмсалып,
зат есімнің қызметін атқаруын сын есімнің заттануы дейді.  Мысалы:  Жақсыдан
шарапат, жаманнан кесапат (мақал) деген сөйлемде  жақсыдан,  жаманнан  деген
сын есімдер шығыс септік жалғауында тұрып, зат есімнің орнына  яғни  адамнан
дегеннін  орнына  (жақсы  адамнан,  жаман  адамнан)  заттанып   қолданылған.
Заттанған сын есім атау септік тұлғасында  тұрып  бастауыш  болады.  Мысалы:
Ұялшак, сы-бағасынан құр қалар (мәтел). Баланың жақсысы —  кызық,  жаманы  —
күйік (А.) деген сөйлемдерде ұялшак,  (адам  кім?),  жақсысы  (бала  кімі?),
жаманы  (бала  кімі?)  атау  септікте  тұрып,  заттанып,  бастауыш  қызметін
атқарып тұр.
5. Сын есім  табыс,  барыс,  жатыс,  шығыс,  көмектес  септіктерінде  келіп,
заттанып, толықтауыш та болады.  Мысалы:  Білімдіден  шыққан  сөз  талаптыға
болсын кез (А.) деген сөйлемде білімдіден (кімнен шыққан?),  талаптыға  (кім
болсын  кез?)  деген  сын  есімдер  заттанып  келіп  (адамға  деген   мәнде)
толықтаауыш қызметін атқарып тұр.

                                 Айтыс өнері

      Айтыс – суырыпсалма ақындық өнердің ерекше бір жанры.
      Айтыс, ең алдымен, тапқырлық, шешендік сөз  өнері  болса,  оның  тамам
жұрт алдында өтетін тамашалық сипаты  тағы  бар.  Сөз  айтысының  тыңдаушысы
ғана емес, бағалаушы – төрешісі де халықтың өзі болуы – дүниежүзілік  көркем
сөз дәстүрінде сирек  кездесетін  құбылыс.  Демек,  айтыстағы  әрбір  ұтымды
теңеу, өткір дәлелдің бірде-бірі  тыңдаушы, көруші назарынан  тыс  қалмайды.
Өлең сөз жарысынан тағдырын шешетін негізгі шарт – айтыстың әрі әдепті,  әрі
шыншыл,  әрі  көркем  болуы.  Сонымен  қатар  айтыс  қоғамдық   зәру,  мәнді
мәселелерді  көтеріп,  өмір  қайшылықтарын  ашудың,  шешілмеген   сауалдарға
жұртшылық пікірін тудырудың құралы. Бұл жағынан алғанда,  ол  –  күллі  ауыз
әдебиеті дәстүріндегі ең демократияшыл жанрдың бірі.
      Айтыс ақыны елдің  тарихынан  мағлұматы  мол,  халықтың  салт-дәстүрін
жетік білетін, табанда сөз тауып айтатын тапқыр,  қарсы  жақтың  шабуылынан,
өршеленсе  де,  абыржып,  саспайтын,  қиыннан  қиыстыратын   ұшқыр   қиялды,
әріптесінің әсіресе кемшілік жақтарын көп білетін, оның  нені  алға  тартып,
жеңгісі келетінін күні бұрын анық болжайтын,  қарсыласын  алдаусыратып,  сөз
тұзағына түсіретін тәсілқой болуы керек. Айтыс ақынының  ерекшелігі  жөнінде
М.Әуезов берген мінездеме барынша дәл: «Шабыты келген  ақпа  ақын,  -  дейді
ол,  - аш қасқырға меңзес, тұрғылас. Томағасын  тартқанда  алғыр  қыран  бар
өңірді шолып өтіп, қимыл еткен шөп басын, қыбыр еткен тышқан  жүрісін,  қылт
етіп бұққан түлкі түгін лезде шалып қалғандай, айтыс  ағымындағы  ақпа  ақын
да сондайлық көмескіні көргіш, бұлдырды білгіш болмақ шарт».
   Тапсырмалар, сұрақтар:
   1.Мәтінді оқы.
   2. Сөздік құр.
   3.Мәтін мазмұны бойынша сұхбаттас
   Бақылау түрі: сұхбат
   Әдістемелік нұсқау: Ауызша сөйлеу,  әңгімелесе  білу,  сұрақтарға  жауап
беру, мәтін бойынша  әңгімелесе  білуге,  мәтіннің  әрбір  бөліміне  қысқаша
резюме бере білуге арналады.
   Үлестірмелі материалдар: үлестірмелі карточкалар
   Әдебиеттер тізімі:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық  қазақ  тілі.  –  Алматы,
1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007










№11.Тақырыбы: Сан есім. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
   Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын  білдіретін  сөз  табы.
Сан есім өзі  анықтайтын  сөздің  алдынан  келіп,  атау  тұлғасында  тұрады,
субстантивтенгенде   (заттанғанда)   көптеледі,   жіктеледі,    тәуелденеді,
септеледі. Сан  есім  морфол.  құрамына  қарай  негізгі  және  туынды  болып
жіктеледі,  оның  дара,  күрделі  түрлері  бар.  Семантик.-морфол.  тұрғыдан
есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық,  бөлшектік  аталатын  топтарға
бөлінеді. Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына  негіз  болады
(мыс., бір, екі). Реттік Сан есім есептік сандарға  -ыншы,  -інші  (бірінші,
екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі  есептік  Сан  есімге  -ау,
-еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық Сан есім  -дан,  -ден,  -тан,  -тен
қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден)  жалғануы  арқылы  жасалады.  Болжалдық
Сан есім заттардың санын  дәл  көрсетпей,  шамамен,  мөлшермен  атайды  (жүз
шақты), бөлшектік Сан есім математикада жиі қолданылады (оннан екі  бөлігі).
Сан есімге ұқсас жарты, жалғыз, сыңар, қадақ,  шақырым,  қозы  көш  жер,  ет
асым, т.б.  сөздер  уақыт,  салмақ  өлшемдері  ретінде  қолданылғанымен  Сан
есімге жатпайды, нумеративтік сөздер болып табылады.
    Сан есімнің негізгі функциясы анықтау болғандықтан, ол үнемі  анықтайтын
сөздерінен бұрын қолданылады,  бірақ  ешқандай  да  морфологиялық  өзгеріске
түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің әрі  табиғи,  әрі  негізгі  функциясы
болып есептелінетін  сандық,  сан-мөлшер  мағыналарында  қолданылғанда,  тек
атау формасында ғана айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.
   Сан есімдер  морфологиялық  құрамына  қарай,  негізгі  сан  есімдер  және
туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді.

Негізгі сан есімдер


   Негізгі сан есімдер қатарына тек  қана  есептік  сандар  жатады.  Мысалы:
бір, екі, үш т. б.


Туынды сан есімдер

    Туынды сан есімдер негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер,  -тай
қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір - бірінші, он - оныншы;  екі
- екеу, алты - алтау; бір - бірер, қырық - қырықтай, елу  -  елудей  т.б.Сан
есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып бөлінеді.

Дара сандар

   Дара сандардың атаулары аса көп емес нөл-  (0)бір-(1),  екі-(2),  үш-(3),
төрт-(4),  бес-(5),  алты-(6),  жеті-(7),  сегіз-(8),  тоғыз-(9),   он-(10),
жиырма-(20),  отыз-(30),  қырық-(40),  елу-(50),  алпыс-(60),   жетпіс-(70),
сексен-(80),  тоқсан-(90),   жүз-(100),   мың-(1000),   миллион,   миллиард,
триллион,  квадриллион,  секстиллион,  септиллион,   октиллион,   нониллион,
дециллион,   андилион,   дубдецилион,    гредециллион,    кваргтордециллион,
квиндециллион,      сеацдециллион,      сендендециллион,      октодециллион,
новемдециллион, вигинтилион

Күрделі сандар

    Күрделі сан есімдер жоғарыда аталатын  дара  сан  атауларының  әр  алуан
жолмен тіркестіріле қолданылуы және  қосарлана  айтылуы  арқылы  жасалынады.
Демек, күрделі  сан  есімдер  іштей,  біріншіден,  негізгі  атауларының  (он
сегіз, мың тоғыз жүз алпыс бес т. б.), екіншіден , негізгі  сан  атауларының
қосарланып айтылуы арқылы жасалған күрделі сандар  (бір-екі,  үш-төрт,  бес-
алты т. б.) болып екі салаға бөлінеді.

Синтаксистік қызметі


   Сан есімдердің сөйлем ішінде атқаратын  негізгі  қызметі  -  [пысықтауыш]
болу. Өйткені сан есімдер сан  мөлшерін,  сан  ретін,  сан  шамасын  білдіру
сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш болады  да,
анықтайтын  сөзінің  алдында  (бұрын)  қолданылады.  Сан   есімдердің   өзге
сөздермен байланысудағы бұл тәртібіне тек жинақтық сандары ғана бағынбайды.

Сан есімдер есептік сан, реттік сан, болжалдық  сан,  жинақтық  сан,  топтық
сан, бөлшектік сан болып алты топқа бөлінеді.

                             Есептік сан есімдер

   Есептік сан есімдер жалпы  заттың,  зат  есімнен  туған  сындық  белгінің
немесе іс-әрекет, амалдың  ұзын-ұрға  саны,  сандық  мөлшерін  білдіру  үшін
қолданылады.  Олар  семантикалық  мағынасы  мен   морфологиялық   ерекшелігі
жағынан да және синтаксистік қызметі жағынан  да  сын  есімдерге  бір  табан
жақын сөздер сияқтанып келеді.
   Есептік сандардың  қатарына  сан  есімдердің  өзге  топтарының  жасалуына
негіз болатын табиғи сандар жатады (бір, екі, үш т. б.).
Есептік сандар тікелей тиісті мөлшерді білдіру үшін қолданылғанда,  ешқандай
морфологиялық өзгерістерге түспейді. Мысалы: жеті жүз  сиыр,  мың  төрт  жүз
қой-ешкі. Олар сөз түрлендіретін аффикстерді субстантивтенген жағдайда  ғана
қабылдайды. Есептік сан есімдер белгілі  бір  заттық  ұғымды  бойына  сіңіре
отырып, әрі сан, әрі зат ұғымын бірдей қабаттастыра  білдіргенде  ғана  және
белгілі бір санның сандық атауы есебінде жұмсалғанда ғана  субстабтивтенеді.
Мысалы: Қаңтардың бірінен бесіне дейін; екіні үшке қосса, - бес болады.

                             Реттік сан есімдер

   Реттік сан  есімдер  есептік  сандарға  -ыншы  (-інші)  жұрнақтарын  қосу
арқылы жасалады да,  белгілі  бір  заттар  мен  құбылыстардың  сандық  ретін
білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Тамара атты  жетінші  класта  оқып  жүрген
жалғыз қызым бар (С. Мұқанов)
   Реттік санд есімдер де морфологиялық құрамы  жағынан  дара  және  күрделі
болып келеді де, күрделі сан есімдерде -ыншы  (-інші)  қосымшасы  тіркестегі
ең  соңғы  санға  жалғанады.  Мысалы:  Солардың  ішіндегі  ең  жақсылары  он
алтыншы, он жетінші нөмірлер екен (М. Әуезов).

                            Жинақтық сан есімдер

   Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге  -ау  (-
еу) жұрнақтарын қосылуы арқылы жасалады. Бұндай сөздердің  негізгі  мағынасы
абстракт сан  мөлшерін  білдіргендіктен,  олар  үнемі  субстантивтеніп  жеке
қолданылады. Мысалы: Беретін мүлкің  нешеу?  Түйе  біреу,  ат  екеу,  қасқыр
бесеу (І. Жансүгіров)

                             Топтық сан есімдер

   Топтық сан есімдер есептік, жинақтық, болжамдық  сан  есімдерге,  қазіргі
кезде шығыс септікке тән грамматикалық мағынадан біржола қол үзген  -дан  (-
ден, -тан, -тен) аффиксін қосу  арқылы  жасалады  да,  біркелкі  заттар  мен
құбылыстардың сан мөлшердің топтап көрсетеді.  Мысалы:  Бір  түн  отырып  ел
адамдарын төрттен, бестен жиып алып, барлығына бір түрлі  іс  тапсырған  (М.
Әуезов)

                            Болжалдық сан есімдер

    Болжалдық сан есімдер - белгілі бір заттар мен құбылыстың  сан  мөлшерін
дәл атамай,  тұспалдап  қана  шамамен  атайтын  сөздер.  Мысалы:  Салтанатты
басқосуға үш жүздей мейман келеді деп  күтілуде;  Базаралының  қасында  бес-
алты кісі қалған (М. Әуезов).

                            Бөлшектік сан есімдер

   Бөлшектік сан есімдер - негізінде таза  математикалық  ұғымға  байланысты
туған сөздер. Олар белгілі бір  заттар  мен  құбылыстардың  сандық  бөлшегін
білдіреді. Мысалы: Халық арасында  жүргізілген  сауалнама  нәтижесі  бойынша
жаңа заңға халықтың үштен екісі қарсы.
Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
1.  Сан  есім  заттың  санын,  мөлшерін,  ретін  білдіретіндіктен,   әдетте,
сөйлемде анықтауыш болады.
Мысалы: Екі достың бірі ыңғайлы, біреудің ебі жоқ  (жұмбақ)  деген  сөйлемде
екі сан есім (неше?) достың деген сөзді,  біреуінің  (кімнің?)  ебі  дегенді
анықтап тұр. Сан  есім  ілік  септікте  заттанып  тұрып  та  анықтауыш  бола
береді.
2. Сан есім жіктеліп  келіп  немесе  көмекші  етістіктермен  тіркесіп  келіп
баяндауыш та болады. Мысалы: Атадан —  алтау,  анадан  —  төртеу,  жалғыздық
көрер жерім жоқ (А). Біз екеу едік (Б.  М.)  деген  сөйлемдерде  алтау  (біз
алтаумыз), төртеу (біз төртеуміз) сөздері нешеу? (нешеуміз?) деген  сұраққа,
екеу едік деген нешеу  едік?  деген  сұраққа  жауап  беріп,  жіктеліп  келіп
(алтау, төртеу дегендердің І-жақ жіктік  жалғауы  елең  сөздін  ерекшелігіне
байланысты түсіп қалған) баяндауыш қызметін атқарып тұр.
3. Сан есім атау септікте тұрып бастауыш болады. Мысалы:  Алтау  ала  болса,
ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді (мақал) дегенде  алтау,
төртеу сөздері кім? (ала болса, түгел  болса)  деген  сұраққа  жауап  беріп,
атау септікте тұрып бастауыш болып тұр.
4. Сан есімдер септік тұлғасында да, септелмей де етістіктің  алдында  келіп
пысықтауыш та болады. Мысалы: Кездесіп жетпіс үште іздегенім (Ж.)  Біз  екі-
екіден бөліндік деген сөйлемдерде жетпіс үште (қашан кездесіп?),  екі-екіден
(қалай бөліндік?) пысықтауыш болып тұр.
5. Сан есім  барыс,  табыс,  жатыс,  шығыс,  көмектес  септіктердің  бірінде
келіп,  толықтауыш  кызметін  де  атқарады.  Мысалы:  Білікті  бірді  жығар,
білімді мыңды жығар (мақал) деген сөйлемде бірді, мыңды  деген  сан  есімдер
табыс септікте тұрып, кімді жығар? деген  сұраққа  жауап  беріп,  толықтауыш
болып тұр.
6. Сан есім зат есіммен я катыстық  сан  есіммен  тіркесіп  келіп  сөйлемнің
күрделі мүшесі қызметін де атқарады. Мысалы: Біз үш турлі кедергіден  өттік.
Гектарынан 75 центнер  бидай  орылды  деген  сөйлемдерде  үш  түрлі  (қандай
кедергі?) 75 центнер (қанша бидай?) күрделі анықтауыш болып тұр.




                               Шешендік сөздер


      Дәстүрлі шешендік сөздер дегеніміз – белгілі бір  мәселеге  байланысты
тапқыр ой,  көркем  тілмен  айтылған  және  халық  қабылдап,  жиі  қолданып,
сөйлемдік құрамы қалыптасқан жүйелі, үлгілі сөздер.  Бұл  сөздерде  халықтың
бастан  кешкен  уақиғалары,  ақыл-ойы,  арман-тілегі  бейнеленеді,   олардың
дүниеге көзқарасы көрінеді. Сонымен бірге шешендік  сөздер белгілі  дәрежеде
еңбекші адамның өздерін  қанаушыларға,  езушілерге  қарсы  жұмсайтын  қаруы,
құралы болған. Оны ертегідегі Аяз би, аңыздағы Жиренше мен  оның  сұлу  жары
Қарашаш сөздерінен айқын көруге болады. Сондай-ақ  халық  ертегі,  аңыздарда
Алдар көсені,  Қожанасырды,  Тазша  баланы  да  сөзге  шешен,  өткір  тілді,
тапқыр, пысық  адамдар  етіп  көрсетеді.  Бұлардың  өткір  тілі,  тапқырлығы
қатал,   қиянатшыл   хандарды,   дүниеқор   байларды,   әділетсіз    билерді
әшкерелеуге, мазақ етуге бағытталған.  Сырым,  Қазыбек,  Доспол  есімдерімен
байланысты шешендік сөздер де бұл пікірді растайды.
       Қазақтың  шешендік  сөздері  бата-тілектен  басталып,  өнегелі  өсиет
сөздерді, ұтымды шешімдерді қамтиды. Шешендік сөздерді атадан бала  қайталап
айтқан,  халықтың  басынан  кешірген  алуан  түрлі  оқиғалардың  нәтижесінде
туған, келелі ойдың қорытындысы, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні  –  дәні
деуге болады.
   Тапсырмалар, сұрақтар:
   1.Шешендік сөздер деген не?
   2. Би, шешендердің сөздерінен мысал келтір.
   3. Мәтінді мазмұнда.
   Бақылау түрі: мазмұндау
   Әдістемелік нұсқау: Мәтінді мәнерлеп оқу, түсініксіз  сөздерге  тоқталу,
аудару сияқты жұмыстар қамтылады.
   Үлестірмелі материалдар: суреттер
   Әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық  қазақ  тілі.  –  Алматы,
1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007


Әдебиеттер:
   Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
   З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
 Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000



    №12.Тақырыбы: Есімдік. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі.
Есімдіктер - заттың атын, сынын,  санын,  я  олардың  аттарын  білдірмейтін,
бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің)  орнына  жұмсалатын  сөз
табы. [1]Есімідіктер белгілі бір түсінікті я  ойды  жалпылама  түрде  мегзеу
арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын  айтылған
сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.
Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:
   1. жіктеу есімдіктер;
   2. сілтеу есімдіктер;
   3. сұрау есімдіктер;
   4. өздік есімдіктер;
   5. белгісіздік есімдіктер;
   6. болымсыздық есімдіктер;
   7. жалпылау есімдіктері;
    Жіктеу есімдіктеріне   мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер,  сіздер,
олар  деген  сөздер  жатады.  Жіктеу  есімдіктері   үнемі   жақтық   ұғыммен
байланысты  келеді.  Сол  себептен  олар  ылғи  адаммен  байланысты,  демек,
сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.
    Есімдіктердің де септеу жүйесі  басқа  есімдерімен  негізінде  бір  ізді
болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес.  Мысалы,
жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:
|Атау    |мен    |сен    |ол        |
|Ілік    |менің  |сенің  |оның      |
|Барыс   |маған  |саған  |оған      |
|Табыс   |мені   |сені   |оны       |
|Жатыс   |менде  |сенде  |онда      |
|Шығыс   |менен  |сенен  |онан      |
|        |       |       |одан)     |
|Көмектес|менімен|сенімен|онымен    |


   Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу  есімдіктерінің  ерекшелеу
септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлеріне  және  сіз
деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар (сіз, біз, сендер,  сіздер)  септеу
жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді.
   Сілтеу есімдіктеріне   бұл, осы, сол, анау, мынау,  сонау,  осынау,  ана,
мына,  сона,  әні,  міне  деген  сөздер  жатады.  Бұл  есімдіктер  негізінен
алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды  білдіріп,  қай?  қайсы?
деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөз
    Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше?  қай?  қандай?  қанша?  қалай?
қашан?
    Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ  олар  -  белгілі
жолдармен  жоғарыда  көрсетілген  негізгі  сұрау   есімдіктерінен   жасалған
есімдіктер.
   Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз  сөзі  жатады.  Бұл  есімдік
көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша  және
ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.
   Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары  жағынан  заттар  мен  құбылыстарды
нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.
Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір,  әр,  әлде  деген  үш  сөз  ұйытқы
болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер  осы  сөздердің  кейбір  басқа
есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы:
   1. Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме (бірнеше).
   2. Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай.
   3.  Әлдекім,   әлдене,   әлдеқайдан,   әлденеше,   әлдеқалай,   әлдеқашан
      (алдақашан).
     Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен  кейбір  есімдіктердің
бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе,  ешқашан,
ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін  емес,
жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты  қолданылады
(ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).
   Жалпылау есімдіктері деп мағына  жағынан  кем  дегенде  екі  я  онан  көп
заттар мен құбылысатарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.
    Жалпылау есімдіктеріне бәрі,  барлық,  барша,  бар  (бар  адам),  күллі,
бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.[


                            Экологиялық аймақтар
   Экология – планета халқының кезек  күттірмес  ең  ауқымды  міндеттерінің
алдыңғы қатарына енді. Табиғат та тірі дүние, сондықтан оны  қорғау  адамзат
баласының міндеті.
      Экологиялық аймақтардың бірі – Семей өңірі. 1949 жылы тамыз айының 29-
ы күні Семей полигонында бірінші ядролық бомба жарылған.  1963  жылға  дейін
жарылыстар көбінесе жер мен суда болды. Сынақтарды жер  үстінде,  кейін  жер
астында өткізген. Семей полигонында барлығы 456 жарылыс өткізілген.
      Бүгінгі күні полигон жабық, бірақ  оның  қасірет  іздері  қалды.  Бұл
өңірде рак ауруы өте биік деңгейде,  адамдар  мен  жануарлардың  генетикалық
құрылымындағы өзгерістер, адам өлімі жиіледі. Мыңдаған шақырым  уланған  жер
қалды.
      Тұщы су көздерінің азаюы әсерінен Арал теңізінің құрып кету қаупі  де
туындап отыр. Жер бетіндегі әлем көлдері арасында Арал теңізі 4 орын  алатын
еді. Бүгінде теңіз деңгейі 18 метрге төмен түскен, су  көлемінің  60  пайызы
ғана  қалған.  Экологиялық  апат  осы  ауданда   тұратын   адамдардың   ауру
деңгейінің өсуіне, қауіпті демографиялық жағдайға әкеліп соқтырды.
   Тапсырмалар, сұрақтар:
   1.Мәтінді оқы, аудар.
   2. Сұрақтар қой.
   3. Мәтінді мазмұнда.
   Бақылау түрі: мәтінмен жұмыс
   Әдістемелік нұсқау: Мәтінді мәнерлеп оқу, түсініксіз  сөздерге  тоқталу,
аудару сияқты жұмыстар қамтылады.
   Үлестірмелі материалдар: альбом
   Әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық  қазақ  тілі.  –  Алматы,
1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007




№13.Тақырыбы: Етістік. Есімше  мен  көсемше.  Етіс  категориясы.  Етістіктің
шақтары.  Етістіктің райлары. Етістіктің сөйлемдегі қызметі.
    Етістік - қазақ  тіліндегі  сөз  таптарының  ішіндегі  ең  күрделі  және
қарымы ең кең грамматикалық категория.
  Морфологиялық құрылымы жағынан  етістіктер  дара  етістіктер  мен  күрделі
етістіктер деп  аталатын  екі  салаға  бөлінеді.Дара  етістіктер  құрылымына
қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды  етістіктер  деген
екі топқа жіктеледі. Дара етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел,  аяқта,
баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс,  жуын,  айтқыз
т. т.Түбір етістіктер  деп  арнаулы  морфологиялық  бөлшектері  жоқ,  демек,
қазіргі кезде  морфологиялық  жағынан  түбір  және  жұрнақ  деп  бөлшектеуге
болмайтындай етістік формалары аталады. Мысалы: аз,  ал,  айт,  алда,  арба,
ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр,  байла,  баста,  бақырай,
де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт,  жи,  жар,  жаз,  жүз,
жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс,  үр,  ұқ,  шал,  шай,  шаш  т.
б.Туынды  етістіктерге,  әдетте,  түбірлерден   арнаулы   жұрнақтар   арқылы
жасалған  етістіктер  жатады.  Туынды  етістіктерді  тиісті   түбірге   және
жұрнаққа бөлшектеуге  болады,  бірақ  ол  туынды  тұлға  есебінде  қолданыла
береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле,  сүр+ле,  ем+де,  көз+де,  тоқпақ+та,
іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей.
   Туынды түбір етістіктер  деп  негізгі  түбір  сөзден  сөзжасамдық  жұрнақ
арқылы жасалған, ең кемі екі морфемадан тұратын  етістіктер  аталады:  таза-
ла, ақыл-дас, жыр-ла т.б.
    Дара етістіктер деп бір  сөзден  тұратын  мағыналы  етістіктер  аталады:
ойна, отыр, оқы, тыңда, басқар т.б.
    Күрделі етістік деп екі мағыналы етістіктен  жасалып,  біртұтас  күрделі
қимылды білдіретін етістік аталады: келіп кет,  айтып бар, кіріп  шық,  алып
кел т.б.
      Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Етістік қандай сөз табы? Негізгі  түбір,  туынды,  күрделі  етістіктердің
айырмашылығы неде?
2. Туынды етістіктер қалай жасалады?
3. Күрделі етістіктермен сөйлем құрастырыңыз.
4. Көркем  шығармадан  негізгі,  туынды  етістіктері  бар  15  сөйлем  теріп
жазыңы:
                 Болымды, болымсыз етіістік. Тұйық етістік.
    Етістік сөйлемде  не  болымды,  не  болымсыз  түрде  қолданылады.  Түбір
етістіктер болымды етістік болып  саналады:  кел,  сөйле,  тыңда,  кет  т.б.
Болымсыз етістіктер  –ма/-ме,  -ба/  -бе,  -па/-пе  жұрнақтарының  етістікке
жалғануы арқылы және жоқ,  емес  көмекшілерінің  етістікке  тіркесуі  арқылы
жасалады: кел-ме, сөйле-ме, тыңда-ма, кет-пе, барған емес, айтқан жоқ т.б.
   Тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді, -у  жұрнағы  жалғану
арқылы жасалады: сұра-у, сөйле-у, келме-у, айт-у т.б.
      Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Болымсыз, тұйық етістіктердің жасалу жолдарын айтыңыз.
2. Болымсыз етістігі бар 5 сөйлем жазыңыз.
3. Құрамында тұйық етістік айтылатын мақал-мәтел жазыңыз.
                                   Есімше.
    Қимыл-әрекетті білдірумен бірге есім  сөздің  де  белгілерін  білдіретін
етістіктің түрі есімше деп аталады: көрген кісі,  алған  адам,  кірер  есік,
айтылмақ ой, оқылатын кітап т.б.
      Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Есімшелердің жасалу жолын түсіндіріңіз.
2. Есімшенің жіктелуіне мысалдар келтіріңіз.
                                  Көсемше.
     Көсемше  деп  негізгі   қимыл-әрекеттің   қалай,   қайтіп   жасалатынын
білдіретін етістііктің түрі.  Мысалы:  қарқылдап  (қалай?)  күлді,  қасқайып
(қайтіп?) тұра қалды, асықпай (қалай?) сөйлейді т.б.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Көсемшенің жасалу жолын түсіндіріңіз.
2. –ып,  -іп,  -ғалы,-келі,  -ғанша,  -кенше  формалы  10  етістік  жазыңыз,
олармен еркін тіркес құраңыз.
                             Етістіктің шақтары.
     Шақ – етістіктің негізгі категорияларының бірі.  Шақ  қимылдың  жасалып
жатқанын, келешекте жасалатынын, жасалып қойғанын білдіреді.
1. Осы шақ, түрлері: нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ.
2. Келер шақ, түрлері: болжалды келер  шақ,  мақсатты  келер  шақ,  ауыспалы
келер шақ.
3. Өткен шақ, түрлері: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен  шақ,  ауыспалы  өткен
шақ.
      Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Етістіктің шақтарын атаңыз, мысалдар келтіріңіз.
2.Осы  шақ,  келер  шақ,  өткен  шақтардың  жасалуын  кескіндейтін   таблица
жасаңыз.
3.  Осы  шақ  формасындағы  етістіктердің  жіктелуінің  әр   түріне   көркем
шығармадан мысал теріңіз.
                             Етістіктің райлары.
     Рай – іс-қимыл, әрекеттің шындық өмірге қатысын  білдіретін  категория.
Етістіктің райлары – сөйлеушінің  сөзі  арқылы  қимылдың  шындыққа  қатысын,
айтушының пікірін,  көзқарасын  білдіретін  етістік  түрі.  Қимылдың  шындық
өмірге қатысы, оған сөйлеушінің көзқарасы түрлі болуына  байланысты  рай  да
бірнеше түрге бөлінеді: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай.
      Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1.  Етістіктің  райларын  атаңыз,  жасалу   жолдарын   түсіндіріңіз,   мысал
келтіріңіз.
2. Аудар, тіле, көмектес, істе, сөйлеткіз  етістіктерін  шартты,  қалау  рай
формаларында түрлендіріңіз, сөз тіркесткрін құраңыз, әр түріне сөйлем  ойлап
жазыңыз.
       Етістіктен өткенді қайталау  сұрақтары:
1 Етістік қандай сөз табы?
2. Туынды етістіктер қалай жасалады?
3. Күрделі етістіктермен сөйлем құрастырыңыз.
4. Болымсыз, тұйық етістіктердің жасалу жолдарын айтыңыз.
5. Болымсыз етістігі бар 5 сөйлем жазыңыз.
6. Құрамында тұйық етістік айтылатын мақал-мәтел жазыңыз.
7. Есімшелердің жасалу жолын түсіндіріңіз.
8. Көсемшенің жасалу жолын түсіндіріңіз.
9. –ып,  -іп,  -ғалы,-келі,  -ғанша,  -кенше  формалы  10  етістік  жазыңыз,
олармен еркін тіркес құраңыз.
10.Етістіктің шақтарын атаңыз, мысалдар келтіріңіз.
11.Осы  шақ,  келер  шақ,  өткен  шақтардың  жасалуын  кескіндейтін  таблица
жасаңыз.
12.Етістіктің  райларын  атаңыз,   жасалу   жолдарын   түсіндіріңіз,   мысал
келтіріңіз.
                                                      Кино өнері
   Мақсаты: Қазақстандағы кино өнерінің дамуы жайында мағлұмат беру.
   Кино өнері - өнердің бір түрі, әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері  мен
музыканың  көркемдік  қасиеттерін  өзінің  ерекшелігіне  орай   пайдаланатын
синтезді  өнер.   Фильмді   жасауға   әр   алуан   мамандықтағы   творчество
қызметкерлері:   кинодраматург,   режиссер,   актер,   оператор,    суретші,
композитор  қатысады.  Сондай-ақ  фильм  жасау  ісіне  техника   саласындағы
мамандар, лаборанттар мен жұмысшылар үлес қосады. Кино  өнері  -  өзіне  тән
мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдар мен  шығармашылық
дәстүрлері бар дара өнер.
      Кино өнері негізінен  төрт  салаға  бөлінеді:  көркем  фильм,  деректі
фильм, мультипликациялық кино және ғылыми – көпшілік кинематография.  Көркем
фильм жазушының өмір шындығынан алып жазылған сценарийі бойынша  актерлердің
қатысуымен жасалатын шығарма.   Деректі фильмге мәні зор оқиғаларды  деректі
түрде бейнелейтін фильмдер мен киножурналдар жатады. Мультипликациялық  кино
суреттер мен қуыршақтарға қимыл бере отырып, фильм жасауды көздейді. Ғылыми-
 көпшілік кинематография –  жаратылыс  пен  қоғам  құбылыстарын  ұғындыратын
және ғылыми жаңалықтармен, өнер сырларымен таныстыратын фильмдер жиынтығы.
       Қазақ  жерінде  алғашқы  хроникалық  фильмдер  1928  жылдан  түсіріле
бастады. 1929 жылы  Қазақстанның  өмір-тұрмысы  туралы  «Соңғы  хабар»  атты
киножурнал шығарылып тұрды. 1930-32 жылдары қазақ  өмірінен  «Дала  әндері»,
«Жұт», «Қаратау қазынасы» фильмдері  қойылды.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында
«Ленфильм», «Мосфильм» киностудиялары Алматыға көшірілді.
        1941   жылы   Алматыда   көркем   фильмдер   шығаратын    киностудия
ұйымдастырылды. Ол техникалық-өндірістік базасы жағынан ұлғайып,  1944  жылы
Алматының көркем және деректі-хроникалық фильмдер студиясы  (1960  жылдан  «
Қазақфильм») деп аталды.
   Тапсырмалар, сұрақтар:
   1.Мәтінді аудар
   2.Мәтінді жалғастыр.
   3.Қандай кинолар ұнайды?
   4. Сүйікті кейіпкерің жайында әңгімеле.
   Бақылау түрі: сұхбат
   Әдістемелік  нұсқау:  Мәтінмен  жұмыс  жүргізу:  дұрыс   оқуға,   айтуға
жаттықтыру, таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру,  өз  беттерінше  сұрақ
қойғыза білуге  үйрету.
   Үлестірмелі материалдар: мәтін үлгілері
   Әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық  қазақ  тілі.  –  Алматы,
1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007


№14.Тақырыбы: Үстеу. Үстеудің сөйлемдегі қызметі. Үстеудің емлесі.
    Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің  (етістіктің)  әр  түрлі  сындық,
бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық,  мөлшерлік  және  күй-жайларын  және
сынның белгісін білдіретін сөз  табы.Үстеу  сөздері  морфологиялық  құрылысы
және құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады:  негізгі  үстеулер  мен  туынды
үстеулер.Негізгі  үстеулер  деп  қазіргі  кезде   морфемаларға   бөлшектеуге
келмейтін, тек белгілі  бір  формада  қалыптасқан  сөздерді  айтамыз.Негізгі
үстеулерге келесі сөздер жатады: әрең, азар (әзер), әдейі, жорта,  қасақана,
ұдайы, үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді,  ілгері,  жоғарғы,  төмен,
әрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте, кеше, нақ,  дәл,  нағыз,  сәл,  әнтек,
тек, мейлінше, лық(а), қақ, дәйім, һаман, әншейін,  тым,  тіпті,  өсе,  аса,
ең, әбден, мүлде(м), төтенше, ерекше, орасан т. б.
Негізгі үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар:
   Негізгі  үстеулердің  көпшілігінен  шырай  категориясы  жасалады.  Демек,
оларға -рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады,  алдынан  (бұрын)  шырай
туғызатын өте, аса  ,  тіпті,  мейлінше,  қабағат  сияқты  күшейткіш  сөздер
қолданылады. Мысалы:
бұрын |бұрынырақ |бұрындау |тым бұрын |  |кейін  |кейінірек  |кейіндеу  |өте
кейін | |ілгері |ілгерірек |ілгерілеу |аса ілгері  |  |әрі  |әрірек  |әрілеу
|тым әрі | |әрмен |әрменірек |әрмендеу  |тіпті  әрмен  |  |былай  |былайырақ
|былайылау |тым былай | |Негізгі  үстеулердің  кейбіреулері  қосарланып  та,
плеонизм жолымен қабаттаса да қолданылады. Мысалы:  құр  босқа,  жай  босқа,
текке босқа, бос бекерге, құр бекер, бекерден-бекер,  бостан-босқа,  тектен-
тек, бостан-бос, құрдан-құр т. б.
    • Негізгі үстеулерден қосымшалар арқылы да, қорсарлану арқылы да,  басқа
      сөздермен тіркесіп те, туынды үстеулер жасала  береді.  Мысалы:  әрең,
      әрең-әрең, азар-азар, азар деп, азар-азар деп, әдейілеп, ұдайылап, әрі-
      бері,  бұрынды-соңды,   ілгері-кейін,   жоғарылы-төменді,   енді-енді,
      кейінде,  кейіннен,  ендігәрі  т.  б.Туынды  үстеулер  деп  басқа  сөз
      таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу  және  қосарлану,
      тіркесу  тәсілдері  арқылы,  сондай-ақ,   кейбір   сөз   тіркестерінің
      тұрақтануы   арқылы   жасалған   (я   үстеуге   айналған)   үстеулерді
      айтамыз.Құрылысы  мен  құрамы  жағынан  туынды  ұстеулер   екі   топқа
      бөлінеді: 'жалаң туынды үстеулер мен күрделі туынды үстеулер.

                                 Қазақ сазы

      Қазақтың ұлттық сазы –  халық  өмірінің  айнасы.  Ол  ғасырлар  бойы
қалыптасты.  Қазақ  даласының  ұлы  ойшылы  Әбу  Насыр   әл-Фараби   X-XI
ғасырларда « Музыканың ұлы кітабы » деген трактат жазған. Ал  одан  бұрын
XIII ғасырда өмір сүрген Қорқыт та, одан кейінгі XV ғасырда  өмір  сүрген
Қазтуған мен Асан Қайғы да қазақтың көне саз өнерінің өкілдері.
      Халық ән – күй  арқылы  эпикалық  аңыздар  мен  тарихи  оқиғаларды,
даналық ойларды бейнеледіҚазақ  халқының  өмірі  бесік  жырымен,  балалар
әндерімен басталып, қуаныш жырларымен  жалғасып,  өлген  кезде  жоқтаумен
аяқталатын. Сондықтан да Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Құрманғазы, Абай,  Дина
сияқты халық сазгерлері өздерінің  күйлері  мен  әндерінде  халық  өмірін
суреттеді, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Әнші-сазгер ән, күйші-сазгер
күй шығарып, өнерімен халқын қуанышқа, шаттыққа бөлейтін.
      Қазақ саз мәдениетінің өсіп дамуына академик А. Жұбанов,  сазгерлер
М. Төлебаев, Ғ. Жұбанова, Л. Хамиди, халық артистері – К. Байсейітова, Р.
Бағланова, Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, Ғ. Құрманғалиев, Н.  Тілендиевтер
үлкен  үлес  қосты.  Соның  нәтижесінде  қазақ  опералары,  симфониялары,
күйлері мен әндері дамыды.
   Тапсырмалар, сұрақтар:
   1.Мәтінді оқы.
   2. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қой, жауабын жаз.
   3. Мәтінді мазмұнда.
   Бақылау түрі: сұрақ-жауап
   Әдістемелік  нұсқау:  Мәтінмен  жұмыс  жүргізу:  дұрыс   оқуға,   айтуға
жаттықтыру, таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру,  өз  беттерінше  сұрақ
қойғыза білуге  үйрету.
   Үлестірмелі материалдар: сызба
Әдебиеттер: Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. Алматы, -2002. –84 б.


   №15.Тақырыбы: Шылау. Еліктеуіш сөз. Одағай.
Шылаулар  -  сөз  бен  сөздің   немесе   сөйлем   мен   сөйлемнің   араларын
байланыстыру,  құрастыру  үшін  қолданылатын,  өздері  тіркескен  сөздерінің
ұғымдарына  әр  қилы  реңктер  үстеп,  оларға  ортақтасып,   тұлға   жағынан
тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы  бар  сөздер  немесе  тілімізде
толық лексикалық мағынасы жоқ , бірақ сөз бен сөзді ,  сөйлем  мен  сөйлемді
байланыстырып  немесе  сөзге  қосымша  мән  үстеп  тұратын  көмекші  сөздер.
Мысалы: Мен жазбаймын  өлеңді  ермек  үшін,  Жоқ  барды  ,  ертегіні  термек
үшін.Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр.Абай қажымай  ,  жалықпай
, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын.Бұл мысалдардағы  үшін  ,  мен  ,  ғана  деген
сөздердің толық мағынасы жоқ , бірақ  сөйлемде  олар  өзі  қатысты  сөздерге
қосымша мән үстеп , белгілі бір қызмет атқарып тұр.  Бірінші  сөйлемде  үшін
шылауы ермек  және  термек  сөздеріне  мақсат  мәнін  үстеп  ,  ол  сөздерді
жазбаймын сөзіне бағындыра байланыстырып тұрса , екінші сөйлемде мен  шылауы
қазіргісі деген сөз  бен  келешегі  деген  сөздерді  ыңғайластық  мәнде  бір
бірімен салыстыра байланыстырып ,  олар  сөйлемнің  бірыңғай  мүшесі  екенін
көрсетіп тұр.Үшінші сөйлемде ғана шылауы  ылғи  деген  мезгілдік  мағынадағы
сөзге шектілік , күшейткіш мән үстеп тұр.
Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы :
1)Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.
2)Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
3)Шылаулар  сөз  бен  сөзді  не  сөйлем  мен  сөйлемді  байланыстырады.Толық
мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстейді.
4)Шылаулар түрленбейді
   Шылау сөздер дегендеріміз - ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы  формалары
жағынан да, сондай-ақ,  қызметтері  жағынан  да  өздерінің  бастапқы  шыққан
төркіндерінен біржола қол үзіп, әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен  де
дербестіктерінен айырылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және  жалпы
көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер.
Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар  -
септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер
Еліктеу сөздер — табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда  болатын  әр  алуан
дыбыстарға  және  олардың  сын-сипат,  қимыл-әрекеттеріне  еліктеуден  туған
сөздер. Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар:
    • 1) еліктеу есту қабілеті арқылы пайда болған еліктеуіш  сөздер:  тарс-
      тарс, салдыр-гүлдір, дыр-дыр, гүрс, шолп;
    • 2) еліктеу көру қабілеті арқылы пайда болған бейнелеуіш сөздер:  жалт,
      жарқ, лып, маймақ, көлбең. ербең-ербең.
Олар көмекші етістікпен (ет-)тіркесіп күрделі мүшенің құрамына кіреді.  Жеке
тұрып сөйлемде көбінесе пысықтауыш,  анықтауыш  кызметін  атқарады.  Мысалы:
Мырс етіп күлді. Бүлк-бүлк желіс. Ол күрт бұрылды. Интонацияның елеулі  мәні
бар. Мысалы: Рақмет үндемей отырып  қалды  (С.  Ерубаев).  Жаз.  Шаңқай  түс
мезгілі (М. Әуезов).
Еліктеу сөздер семантикалық жағынан алғанда
   1. біріншіден, табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-
      бірімен қақтығысу я соқтығысуларынан туатын, сондай-ақ, неше түрлі жан-
      жануарлардың  дыбыстау  мүшелерінен   шығатын   әр   қилы   дыбыстарға
      еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе,
   2. екіншіден, сол табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен  заттардың
      және  неше  түрлі  жан-жануарлардың  сыртқы  сын-сипаты   мен   қимыл-
      әрекеттерінің де қилы-қилы көрінінстерінен пайда болатын  түсініктерді
      білдіреді.
Мысалы: арс, гүрс, дүрс, қорс, тарс, тырс,  ырс,  барқ,  борт,  күрт,  кірт,
морт, сарт, шырт, дүңк, күңк, қыңқ, мыңқ,  маңқ,  саңқ,  шаңқ,  шіңк,  сыңқ,
таңқ, тыңқ, ыңқ, болп, былп, жалп, желп, қолп, ірк,  ырқ,  сарт-сұрт,  тарс-
тұрс, арс-ұрс, жалт-жалт, жалт-жұлт, қалт-қалт, қалт-құлт, қаңқ-қаңқ,  қаңқ-
құңқ, шаңқ-шаңқ,  шаңқ-шұңқ,  арбаң-арбаң,  бүгжең-бүгжең,  арсалаң-арсалаң,
ербелең-ербелең, батыр-бұтыр, далаң-далаң,  тарбаң-тарбаң,  қызараң-қызараң,
қаңғыр-күңгір, қайқаң-құйқаң, митың-митың, салаң-сұлаң, ыржың-тыржың т. б.
Анықтамасына қарай бұл сөздер іштей екі салаға бөлінеді:
    • еліктеуіш (еліктеме) сөздер және
    • бейнелеуіш (бейнелеме) сөздер.
Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан  түрлі  күйін
білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар  емес,
жұртшылыққа  әбден  түсінікті  болып,  белгілі  дағды  бойынша  сөз  ретінде
пайдаланатын   дыбыстар.   Олар   жұртшылыққа    әбден    түсінікті    болып
қалыптасқандықтан, жай  ғана  дыбыстардың  қатарынан  шығып,  белгілі  сөзге
айналған. Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов); Па,  сабаз,  мал
болғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық  түн  (бұ  да);  Е,  жолдас,  жақсы
жатып, жай тұрдыңыз ба? (С. Мұқанов) дегендердегі  уау,  па,  түу,  е  деген
одағайлар  үйреншікті  сөздерге  айналып,  жұрттың  бәріне  түсінікті  болып
кеткен. [1]
    Одағай сөздер мағына жағынан заттың өзі туралы да,  сыны,  саны,  қимылы
туралы да, қимылдың жайы-күйі туралы ұғым бермейді.

                      Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары

     Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы,даңғара,  үскірік,
кепшік, шаңқобыз, жетіген т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып  келе
жатқан  мәдени  мұра.  Қазақстанда  ұлттық  музыкалық  аспаптарды  жетілдіру
мақсатымен  бірнеше  шеберханалар  ашылып  (1932  ж.   Алматыда,   1947   ж.
Осакаровкада,  1957  ж.   Алматы   мемлекеттік   консерваториясы   жанында),
осылардың негізінде А.Жұбановтың басшылығымен қазіргі  Қазақтың  мемлекеттік
академиялық халық аспаптар  оркестрі  құрылды.  Қ.Қасымов,  А.Ермеков,  Э.И.
Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев,  Д.Шоқпаров,  т.б.  шеберлер  әр  түрлі
музыкалық аспаптар үлгілерін жасады.
    Қазақтың музыка аспаптарын жалпы ұлттық және фольклорлық деп  екі  топқа
бөлуге болады. Негізгі ұлттық музыка аспаптары:домбыра, қобыз және  сыбызғы.
.Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді.Оның  мойнынан  шанағының
түбіне тартылған қос ішегі, бұл ішекті  көтеріп  тұратын  екі  кішкене  ағаш
тиегі  болады.Мойнындағы  тиек  қозғалмайтын  болып  келсе,  шанақтағы  тиек
жылжымалы болады.Мойнына перне байланады.Пернелердің  саны  әр  түрлі:сегіз,
он, он бір, он үш болады.Домбыраның  ішегі  қой  мен  ешкінің  ащы  ішегінен
ширатылып жасалады.Домбыра – қазақ арасына кең жайылған, шертіліп  ойналатын
аспап. Қобыз – қазақ  қауымына  көп  таралған  ыспалы  аспап.Қобыздың  мойны
имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі  көнмен(терімен)
қапталады.Екі ішегі және садақ тәріздес  ысқыш  жылқының  қылынан  жасалады.
Сыбызғы – үрлеп тартатын аспап, оны  қамыстан  немесе  жұмсақ  ағаштың  ішін
үңгіп жасайды.Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады.Оның  үні
майда қоңыр, мұңды келеді.Сыбызғы да қазақ  арасында  ерте  кезден  таралған
аспаптардың бірі.Ол үнемі алып жүруге ыңғайлы.Сыбызғыны ен далада мал  жайып
жүрген қазақ малшылары көп тартқан.  Фольклорлық  халық  музыка  аспаптарына
уілдек,  сазген,  желбуаз,  даңғыра,  дабыл,  дауылпаз,  шыңдауыл,   керней,
дудыға,  дүңгіршек,   тоқылдақ,   асатаяқ,   адырна,   шыртылдауық,   сақпан
жатады.Осымен бірге бұл топқа құрылысы, жасау әдісі,  музыкалық  үні,  дыбыс
шығару тәсілі көрші елдерден алынған сырнай, кепшік, жетіген, бұғышақ,  шың,
шаңқобыз, ауыз сырнай  қосылады.  Ұлттық  музыка  аспаптарының  ішіндегі  ең
бастысы-домбыра.Домбыраның  бір  өзімен  күй  орындалады.Оны   әнге   қосып,
сүйемелдеу  үшін  де  тартады.Қазақтың  Құрманғазы  атындағы  халық   музыка
аспаптары оркестрінің құрамында домбыра жетекші  орын  алды.  Сонымен  бірге
оркестрде қазақ арасында бұрыннан тараған қобыз, сыбызғы,  сырнай,  дауылпаз
сияқты аспаптар да  кеңінен  қолданылады.Құрманғазы  атындағы  халық  музыка
аспаптары оркестрі Қазақтың дәстүрлі күйлерімен  қатар  орыстың  және  Батыс
Еуропаның классикалық және қазіргі  кездегі  музыкалық  шығармаларын  сазына
келтіріп орындайды.


   №16. Аралық бақылау жұмысы
   №17.Тақырыбы:  Сөйлемдегі  сөздердің  орын  тәртібі.  Сөйлемнің  тұрлаулы
   мүшелері.
Сөйлемдегі  сөздердің  белгілі  орын  тәртібі  болады.  Мұндай  заңдылық  ой
мазмұнының оқырманға немесе тыңдарманға дұрыс жеткізіліп,  түсінікті  болуын
қамтамасыз етеді.  Әдетте  баяндауыш  сөйлемнің  соңғы  жағында  келеді  де,
бастауыш сөйлемнің бас жағында  болады,  толықтауыш  көбінесе  бастауыш  пен
баяндауыштың арасында, өзін толықтайтын сөзден  кейін  тұрады.  Анықтауыштар
анықталушы мүшенің алдында тұрады, ал пысықтауыш пысықталушы сөздің  алдында
тұрады: Олар сабаққа кетті.Ел оны сыйлайды. Жерді аппақ қар басқан.
      Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі жайлы түсінгендеріңді айтыңдар.
2.  Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне мысалдар келтіріңіздер.
       Сөйлем  мүшелері  қызметіне  қарай  тұрлаулы  және  тұрлаусыз   болып
бөлінеді. Сөйлем құруға негіз болатын  мүшелерді  тұрлаулы  мүшелер  дейміз.
Оған бастауыш пен баяндауыш жатады. Бастауыш – іс-оқиғаның иесін  білдіреді,
атау септігінде тұрады, кім?  не?  деген  сұрақтарға  жауап  береді.  М:  Ол
(кім?) бірінші курста оқиды.
      Бастауыштың қимылын, іс-әрекетін, жай-күйін,  сапа-белгісін  білдіріп,
сөйлемді  тиянақты  етіп  тұратын  тұрлаулы  мүшені  баяндауыш  дейміз.  Біз
институт кітапханасымен таныстық (қайттік?)
      Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Тұрлаулы мүшелерді ата.
2. Жастық, білімді, ешкім, қонақтар, оқыған сөздерін  бастауыш  етіп  сөйлем
құрастырыңыз.
3. «Менің кітапханадағы уақытым» деген тақырпқа  әңгіме  құрыңыз,  бастауыш,
баяндауышын табыңыз,
      Әдістемелік нұсқау: Құрылған әңгімелерінен  бастауыш,  баяндауыштардың
астын сыздыртып, сұрақтарын қойдыртып, қай сөз  табынан  жасалғанын  анықтау
тапсырылады.
      Әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық  қазақ  тілі.  –  Алматы,
1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007

        1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.


    2-тапсырма. Асты сызылған тіркестердің мағынасын түсіндіріңіз.
   Мәтін:
             ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АҢШЫЛЫҚ КӘСІБІНЕ  БАЙЛАНЫСТЫ СӨЗДЕР
Мақсаты: Қазақ тіліндегі аңшылық кәсібіне байланысты сөздерді меңгерту

        Аңшылық-түз   жануарларын     аулау     кәсібі.қазіргі     Қазақстан
жерінде   адамдар
Аңшылықпен ежелгі палеолит дәуірінен айналысқан. Мысалы: Үшбұлақ  қойнауында
(Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында 36  км  жерде)  мустье  дэуірінде
өмір сүрген аңшылардың шағын  топтарының  қысқа  мерзімді  түрақтарының  ізі
сақталған. Ондай түрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік,  жылқы)
аңдуға  қолайлы  Бұлақ  түбіне  салынған,  Соңғы  полеолит   дэуірінде   ірі
жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды Мысалы:  адамдар  Жайық
өзенінің бойынан мамонттар  менжүндес  мүйіз  түқымдастарды  аулап,  олардың
сүйектерінен  әр  түрлі  кескіштер,  қырғыштар,  найзалар  мен   сүңгілердің
үштары, шанышқылары, ақтырылатын  найзалар  сүйек  инелер,  біздер  жасаған.
Сонымен қатар адамдар  аң  терісінен  киім  тігуді  де  үйренген.  Аң  аулау
дэстүрлері мен тэжрибелері үрпақтан- ұрпаққа жалғасып, аң аулау  шаруашылығы
дамыған. Соған байланысты қазақтар арасында  Аңшылықты  меңгерген  мамандар:
аңшы (аңды аулаушы), аңтөстік (аң аулаудың сырларын жетік  меңгерген  аңшы),
қүсбегі (қырандарды  түрге,  топқа  жақсы  ажырататын),  бүркітші  (бүркітті
баптай алатын) жэне қағүшы (бүркітшілерге қолғанат  болатын)  пайда  болады.
Олар  аң  аулаудың  айла  шарғыларын  (ор  казып,үшпалардан  үшырып,   қарға
омбылатып аулау тосқақпанмен, тормен, қүмқақпанмен, түзақпен ұстау,  қүспен,
итпен  қуу  түтін  жемтік  салу,  мүзға  отырғызу,  тағы   басқалар)   жетік
меңгерген. Аңшылық мақсатына қарай кэсіптік, спроттык-әуескойлык жэне  ғылым
болып бөлінеді. Кэсіптік  аңшылық  мақсаты-аңдар  мен  қүстардан  ет,  тері,
мамық қауырсын, мүйіз, тағы  басқа  енімдерін  алу.  Өнімнің  сапасы'  аңның
түлеуіне,  балалау  мерзіміне  байланысты  белгіленеді  Спорттық-эуескойлық:
Аңшы аңдар мен қүстарды белгілі тэртіппен аулап, табиғат саясында  дем  алу.
Әуесқойлық  аңшыға  мемлекет  тарапынан  шек  қойылады.  Ғылымда  аңшылыктың
қүрамына:  аң  шаруашылығының  экономикасы,  кәсіптік   аңдар   мен   қүстар
биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, олардың сан мөлшерін  көбейту,  алынатын
ешм;л^£ггыру  жэне  сапасын  жақсарту,  аң   аулау   эдістерін,   күралдарын
жетілдіру мэселелері жатады. Аңшылық,  саясатшылық  өнерін  айта  берсе,  ол
үлкен сөз етуді тілейді. осы өнерге байланысты тілімізде  колданылып  жүрген
кейбір атауларға токталайық. Саясатшылық-қүс пен аң аулау, қүс ілдіру.
      Аңшылық-аң аулауды күн көрістің  көзі  етушілік.  Тәтті  етін,  қымбат
терісін, мамық жүнін, қауырсындарын, мүйізі мен  тұяғын,  тісі  мен  сүйегін
және басқа да
      Қымбат заттарын алып, аң аулауды кәсіп етушілік,
      Аңшы. Аң аулаушы, аңды соңына түсіп аулап алушы адам.
      Аңкөстік. Тас, таяқ, сойыл, шоқпар, су түтін тор, түзақ,  ау,  қақпан,
ит, құс, мылтық сияқты қару-жарақпен аң аулау  білетін  адамды  қазақ  халқы
«аңкөс» деп атаған. Қазақта аңшылық  мамандығындағы  аңкөстік  өте  күрделі,
жан-жакты мағынада, ұғымда айтылады. «Аңкөстік» өзі аулап жүрген аңның  сыр-
сипаты түсіне білетін маман деген ұғым береді.
      Саят кешті. Дәурен сүрді, өмір сүрді «Ер Мамайдың алдында саят кештім,
өкінбен».
      Саят (саяттъщ) құрды. Құс пен аң  аулады,  құс  ілдірді.  «Құс  салып,
саяттық  құрған,  қыз,  ұзатып,  ас  беруді,  өлік   жөнелтуді   суреттейтін
тараулар... жеке-жеке-ак ғылыми-этнографиялық толайым  еңбектерге  пара-пар»
(Қаныш Сэтбаев, ҚТФС.458 б)
Саяттан қашты. Аң аулаудан құс қашты. «Тұғырым тұл, тұйғын  қашты  саяттан».
«Өзегімде секілді бір от  жатқан».  (М:Мақатаев).  Бүл  жерде  ақын  қолынан
бақыт құсы кетуді айтып отыр.
      Аңшы. Аң аулаушы, аңды аңдаушы, соңынан түсіп аулап алушы адам.
      Бап. Тілімізде бап  сөзі  өте  көп  орында  кезігеді.  Бап,  бапталды,
бапталмады, бабы келмеді. Бапты , бапсыз бабы кеткен, бап  кезі,  дер  бабы,
дер кезі, дәл бабы, дэл уағы, нэшіне, қырпуына, орайына келді. энші  күйшіғе
бап керек. Қыранға бап керек, малға  бап  керек,  жүйрікке  бап  керек:  «Ат
шаппайды-бап шабады», «Бабына келген түлпардай, шабытына  келген  сүнкардай,
жыр теңізін шалқытар Жамбыл келді бабына» (Жамбыл шығармалары).
      Бапкерлік. ¥лы Абай: «Қыран бүркіт не алмайды  салса  баптап»  дегенді
өте орынды айтқан. ¥лы адамның  даналық  түжырымына  үңіле  қарасақ:  баптай
білсең ғана дейді де, жауапкершілікті  қыранға  ғана  емес,  бапкерге  артып
отырғаны байқалады.
      Сонар. Із түспеген қар беті, із түспеген алғашқы қар, із түспеген, мал
баспаған аң баспаған жаңа жауған соны қар, соны жер, соны шөп. Бүрынғы  көне
іздердің бэрін жоқ қылып, үстіне баса жауған жаңа қар.
      Қан сонар. «Қан сонарда бүркітші шығады  аңға,  тастан  түлкі  табылар
аңдығанға,
      Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет,
      Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға»-Абай.
      Демек, қансонар- қара жерге алғашқы жауған қар.
      Құсбегі. Қарындарды түрге, текке, топқа айыра білетін, олардың өзін де
өз ішінен жікке,  туыстыққа,  үрпаққа  бөле  білетін  адамды  «қүсбегі»  деп
атайды. Мундай адамдар қүсты сынай білетін сыншы, қырандарды үйрете,  баптай
білетін, аңға сала білетін, бап күйінде ұстай  білетін  жэне  ауырса,  емдей
алатын болуы керек.
   Тапсырмалар, сұрақтар:
1. Мәтінді оқы.
2. Сөздік құра.
3.Мәтінге сұрақтар қойып, жазбаша жауабын дайында.
   Бақылау түрі: әңгімелеу
    Әдістемелік  нұсқау:  Мәтінмен  жұмыс  жүргізу:  дұрыс  оқуға,   айтуға
жаттықтыру, таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру,  өз  беттерінше  сұрақ
қойғыза білуге  үйрету.
   Үлестірмелі  материалдар:  сөз  мағынасымен   жұмыс   жасауға   арналған
   сөздіктер
   Әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық  қазақ  тілі.  –  Алматы,
1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007



1-тапсырма.    Абай Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші  шығады  аңға»  өлеңін
мәнерлеп оқыңыз. Өлеңде кездесетін аң-құс атауларын  теріп  жазыңыз.  Оларға
сипаттама беріңіз. Өлеңді жаттап алыңыз.

Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы атпен тату жолдас – бір ғанибат
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда.
Бүркітші тау басында, қағушы ойда,
Іздің бетін түзетіп аңдағанда.
Томағасын тартқанда бір қырымнан,
Қыран құс көзі көріп самғағанда.
Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға,
Көре тұра қалады қашқан түлкі
Құтылмасын білген соң құр қашқанға...
... Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады,
Жеке батыр шыққандай қан майданға.
Біреуі – көк, біреуі – жер тағысы,
Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.
                                                (Абай
   Бақылау түрі: әңгімелеу
    Әдістемелік  нұсқау:  Мәтінмен  жұмыс  жүргізу:  дұрыс  оқуға,   айтуға
жаттықтыру, таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру,  өз  беттерінше  сұрақ
қойғыза білуге  үйрету.
   Үлестірмелі материалдар: сөздіктер
   Әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық  қазақ  тілі.  –  Алматы,
1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007
№18. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
Сөйлемде  айтылған  негізгі  ойды  толықтыруға   қызмет   ететін   мүшелерді
тұрлаусыз мүшелер дейміз. Оларға анықтауыш, толықтауыш,  пысықтауыш  жатады.
Сөйлемде зат есімнен болған мүшені  сын,  сапа,  басқа  да  түрлі  белгілері
жағынан сипаттап  тұратын  тұрлаусыз  мүшені  анықтауыш  дейміз.  Сұрақтары:
қандай? қай? қанша? неше? кімнің? ненің? Толықтауыш  –  сөйлемде  іс-оқиғаны
заттық мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Сұрақтары:   кімге?  неге?
кімді? нені? кімде?  неде?   кімнен?  неден?  кіммен?  немен?  Пысықтауыш  –
сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл,  сын-қимыл,  мақсат  жағынан  сипаттайтын
тұрлаусыз мүше. Сұрақтары: қалай? қайда? қайтіп? қашан?  қайдан?  кім  үшін?
не мақсатпен? не себепті? неліктен?
      Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін атаңыз, сұрақтарын айтыңыз.
2.Анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыштары бар 6 сөйлем құрыңыз.
3. Мезгіл пысықтауыштарды пайдаланып «Вокзалда» тақырыбына диалог құрыңыз.


Құсбегілікке байланысты атаулар:
Мақсаты: Көшпелі өмір салтын бастан кешірген халқымыздың құсбегілік өнері
туралы мағлұмат беру, қазақша құс аттарын айтуға дағдыландыру
      Көшпелі өмір салтын бастан кешірген халқымыз табиғатпен мейлінше етене
болған. Табиғат аясындағы таным тэжірибесі  тек  қана  күнкөріс  тіршілігіне
негіз болып қоймаған. Сонымен бірге уақытты мәнді,  көңілді  өткізудің  жолы
ретінде  де  кеңінен  пайдаланылған.   Солардың   бірі   көрінісі   аңшылық-
саятшылыққа байланысты.
      Төменде  .Қазақстанда  молынан  кездесетін,  қазақ  қүсбегілері  қолға
үйретуді  ертеден  дәстүр  еткен  қыран  қүстардың  ең  негізгілері   туралы
мағлүматтар беріліп отыр.
      Бүркіт-казақ, арасында аңшылыктаң кең тараған түрі бүркітпен аң аулау.
Бүркіт үстау, саятшы болу,  аңшылыққа  ден  кою.  Бүркіт  жыртқыш  күстардың
ішіндегі аса тектісі, адам қолына тез үйренгіші. Сонымен бірге  оның  ерекше
қасиеті қайратына сай  қырандылыгы,  жүректілігі,  қиырдағына  тез  байқагыш
сезгіш. Салмағы 2840-4100 г дене түрқы-95  см-ге,  жайғанда  қанаты  2  м-ге
жетеді.
      Шалзысы—қанатының шеткі қауырсындары. Көбесі қүйрығының арасындағы екі
қабат  элді  қауырсыны.  Жебесі-ктгж  қауырсындары.  Алғы   төрт   саусақты,
артқысын тегеуріні, ішкісі жембасары,  ортаңғысы  сығымы,  шеткісін  шеңгелі
дейді.
      Құсбегі қолындағы бүркітін қайырып, қалған  бір  бабына  қелтіру  үшін
мына сиякты
жемнің түрлері беріледі.
      Қансоқта-өлген аңның немесе малдың туралмаған каны  сорғалаған  кескен
етті айтады.
      Қызыл- қүстың қылғып қақшуына оңайланып қықыл ет. Мүның  да  қан  сөлі
өзінде болады.
      Tapтпa-малдың немесе аңның желкесі, толғарсағы, шандыр  сияқты  құнары
аз сіңірлі жерлері.
      Cap бөртпе- туралған соң суға екі-үш рет  шайып,  біршама  қан-сөлімен
арылтқан ет. Ақлсем- майдалап турап,суға салып қойып,  эбден  сығымдап,  бар
маңызынан айырған ет.
      Тоят-кұс өзі алған аңның етін жұлып жеуі.
      Үлкен өкпе немесе боз өкпе-сойылған малдың яки  аңның  өкпесіне  пышақ
тигізбей кеңірдегімен қоса алып үріп қояды. Сонда өкпе  маңызынан  айырылып,
қүсты белгілі күйге түсіретін жем болып шығады.
      Жылы қан. Бұл бүркітке берілетін жемнің бір түрі. Малдың немесе  аңның
сорғалаған жып-жылы бауырын, ішек-қарнын тойғанынша жалмалап жейді.
      Қыранның түлек бабына орай жемді осылай беруді «жылы қан» деп атайды.
      Қорыта  келе,  ата-бабамыздың  көне  кэсіптерінің   бірі   қүсбегілік,
аңшылық, саятшылық демекпіз. Қүсбегілік,  аңшылық,  саятшылық-ата-бабамыздан
қалған өнер, озық  дэстүр,  мол  мұра      Аң  аулау  дэстүрі  мен  тарихына
байланысты атауларды сөз еткенде, ертедегі адамдар аң аулауды өмір  сүрудің,
күн көрістің  көзі  еткені  мәлім.  Мүны  «Қамбар  батыр»  жырындағы  Қамбар
батырдың өз халқын,туған туыстарын аң мен құстың етімен асырауы  дэлелдейді.
Көшпелі елдің тіршілігіне көз салсақ,  малшылық  пен  аңшылық  егіз  туғанға
үқсайды. Әйтседе ең алдымен ңшылық пайда  болған.  Себебі  үй  хайуандарының
өздері, алғашында жабайы хайуандар  болғаны  мэлім.  Адамзат  ең  алғаш  рет
соларды аулап,  пайдалануын  доғармаған.Ертедегі  адамдардың  қүс  аң  аулау
эдістері алуан түрлі болған. Олар әуелі  басқа  өте  қарапайым  жолмен  ғана
тамақ табуды көздеген, кейіннен аң аулауды кәсіптің  көзі  еткен.  Бірак  эр
заманның  эдісі-айласы  басқа-басқа  болғанмен,  қазақ   халқының   үғымында
солардың бэрі аңшы-саяткер деп аталады. Аңшы-саяткерлер аң  аулауға  тас,  -
таяқ, сойыл, шоқпар, су, түтін, тор, түзақ, ау, қақпан, ат, ит, қүс,  садақ,
мылтық сияқты қару-жарақтарды өте шебер пайдаланған.
      Аңшылық - аң аулау күн көрістің  көзі  етушілік.  Тэтті  етін,  қымбат
терісін, мамык жүнін, қауырсындарын, мүйізі мен  түяғын,  тісі  мен  сүйегін
жэне басқа да кымбат заттарын алып, аң аулауды кэсіп етушілік.
      Саятшылықта халық  ежелден  өнердің  бір  түрі  деп  бағалаған.  Халык
мэдениеті мен эдебиетінің аса көрнекті өкілдері Шоқан,  Абай,  Мүхтар,  Ақан
сері жэне тағы басқалар саятшылықты  катты  үнатқан  адамдар  болған.  Бүған
олардың қырандар жайлы жазған,  қазір  халық  казынасына  айналған  көптеген
шығармалары куә. Саятшылық -  ғажап  қүбылыс,  үлкен  өнер,  өз  алдына  зор
ғылым.  Саятшылық  өнері  арқылы  халық  табиғанпен   араласып,оған   өзінің
жақындығын сезінген.
      Құсбегі. Қырандарды түрге, топқа айыра білетін  олардың  өзін  де  өзі
ішінен жікке, туыстыққа, ұрпаққа бөле білетін адамды  «күсбегі»  деп  атайды
Мұндай  адамдар  құсты  сынай  білетін  сыншы,  қырандарды  үйрете,   баптай
білетін, аңға сала білетін бап күйінде  үстай  білетін  жэне  ауырса,  емдей
алатын болуы керек.
      Біз қыран құс, аңшылық туралы аз ғана сөз  еттік.  Ондағы  мақсатымыз-
жай адам  біле  бермейтін,  саятшылық  өнерімен  бірге  ұмыт  бола  бастаған
сөздерді көрсету, шамамыз келгенше оларға түсінік беру еді. Аңшылык  өнеріне
байланысты туған сөздер  осылар  ғана  деуден  аулақпыз.  Зерттей,  тереңдей
түсе, мың- мыңдаған сөздердің куэсі болуымыз эбден  мүмкін.  Ал  тіліміздегі
сөздерді  халқымыздың  салт-дэстүрімен,  кэсібімен  үштастыра  зерттеу   тіл
жанашырларының міндеті демекшіміз.
Тапсырмалар, сұрақтар:
   1. Құсбегі кім?
   2. Қазақша құс аттарын атаңыз?
   3. Құс аттарын орыс тіліне аударыңыз
   Бақылау түрі: ауызша
   Әдістемелік нұсқау:  Құс аттарын пайдалана отырып, шағын әңгіме жазу.
   Үлестірмелі материалдар:
   1. Диалогтар
   Әдебиеттер:
1. К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
2. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
3. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000




      Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз..
Қара құс басып жейді,
Сұңқар құс шашып жейді.


Жолаушының кешіккеніне сүйінбе,
Аңшының кешіккеніне сүйін.

Тағыны жеткен алады.

Қаз орғанына семіреді.

Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ,
Қоянның жолы қатты, өзі жұмсақ.




№19.Тақырыбы: Анықтауыш. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік мейрамдары
Сөйлемде  айтылған  негізгі  ойды  толықтыруға   қызмет   ететін   мүшелерді
тұрлаусыз мүшелер дейміз. Оларға анықтауыш, толықтауыш,  пысықтауыш  жатады.
Сөйлемде зат есімнен болған мүшені  сын,  сапа,  басқа  да  түрлі  белгілері
жағынан сипаттап  тұратын  тұрлаусыз  мүшені  анықтауыш  дейміз.  Сұрақтары:
қандай? қай? қанша? неше? кімнің? ненің? Толықтауыш  –  сөйлемде  іс-оқиғаны
заттық мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Сұрақтары:   кімге?  неге?
кімді? нені? кімде?  неде?   кімнен?  неден?  кіммен?  немен?  Пысықтауыш  –
сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл,  сын-қимыл,  мақсат  жағынан  сипаттайтын
тұрлаусыз мүше. Сұрақтары: қалай? қайда? қайтіп? қашан?  қайдан?  кім  үшін?
не мақсатпен? не себепті? неліктен?
      Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін атаңыз, сұрақтарын айтыңыз.
2.Анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыштары бар 6 сөйлем құрыңыз.
3. Мезгіл пысықтауыштарды пайдаланып «Вокзалда» тақырыбына диалог құрыңыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мейрамдары
Мақсаты:  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мейрамдары
туралы мағлұмат беру, құттықтауға байланысты сөздікті меңгерту.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мейрамдары
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер
    • 1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
    • 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
    • 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;
    • 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
    • 9 мамыр - Жеңіс күні;
    • 6 шілде – Астана күні;
    • 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке
    • 16-17желтоқсан - Тәуелсіздік күні.
Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердiң тiзбесi
    • Отан қорғаушы күні - 7 мамыр
    • Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске - 31 мамыр алу күні
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік- 4 маусым рәміздері үні
    • Полиция күні – 23 маусым
    • Медицина қызметкері күні – маусымның үшiншi жексенбiсi
    • Баспасөз, теледидар және радио күнi - маусымның соңғы жексенбісі
    • Дипломатиялық қызмет күні– 2 шілде
    • Металлург күні - шілденің үшінші жексенбісі
    • Көлік және байланыс қызметкерлері күні - тамыздың бірінші жексенбісі
    • Құрылысшы күні - тамыздың екінші жексенбісі
    • Спорт күні - тамыздың үшінші жексенбісі
    • Шахтер күні- тамыздың соңғы жексенбісі
    • Бiлiм күнi - 1 қыркүйек
    • Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші
      жексенбісі
    • Қазақстан Республикасының халықтары - қыркүйектің тілдерінің күнi
      үшінші жексенбісі
    • Атом саласының қызметкерлері күні-28 қыркүйек
    • Мұғалiм күнi - қазанның бiрiншi жексенбiсi
    • Ұлттық валюта күні - 15 қараша
    • Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні - қарашаның үшiншi жексенбiсi
    • Энергетик күні - желтоқсанның үшінші жексенбісі

    Осы Заң Қазақстан Республикасында атап өтiлетiн мерекелердiң құқықтық
негiздерiн айқындайды.
      1-бап. Қазақстан Республикасында атап өтiлетiн мерекелер
      Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер,
кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.
      Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал
еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан
Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде
орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.
      Мемлекеттiк мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға
арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде
атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-
шаралар өткiзiлуi мүмкiн.
      Кәсiби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттiк мерекелер
мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн
мерекелер.
      2-бап. Ұлттық мерекелер
      Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап
өтiлетiн 16-желтоқсан - Тәуелсiздiк күнi.
      3-бап. Мемлекеттiк мерекелер
      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк мерекелер - мына күндерi атап
өтiлетiн мерекелер:
      1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
      8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнi;
      22 наурыз - Наурыз мейрамы;
      1 мамыр - Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi;
      9 мамыр - Жеңiс күнi;
      6 шiлде - Астана күнi;
      30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi;
      25 қазан - Республика күнi.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2008.06.25 N 47-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз)
Заңымен.
      4-бап. Кәсiби және өзге де мерекелер
      Кәсiби және өзге де мерекелер Қазақстан Республикасындағы мерекелiк
даталар болып табылады.
      Мерекелiк даталар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi
белгiлейдi.
      5-бап. Мереке күндерi
      Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттiк мерекелер атап
өтiлетiн күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке
күндерi деп танылады.
      Қазақстан Республикасындағы мереке күндерi жұмыс iстемейтiн күндер
болып табылады.
      Демалыс және мереке күндерi сәйкес келген жағдайда мерекеден кейiнгi
жұмыс күнi демалыс күнi болады.
      6-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы
мереке күндерi туралы" 1995 жылғы 18 қазандағы N 2534 заң күшi бар
Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N
21, 125-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      Қазақстан Республикасының
      Президентi
Тапсырма: Наурыз мейрамы туралы шағын әңгіме жазыңыз

            Тапсырмалар, сұрақтар:
   4. Қазақ халқында  қандай мерекелер бар?
   5. Сал-дәстүрлерге байланысты қандай мерекелерді білесіз?
   6. Әр түрлі мерекелермен анаңызды, досыңызды құттықтаңыз
   Бақылау түрі: құттықтаулар
   Әдістемелік нұсқау:  Құттықтау сөздерді пайдаланып,  құттықтаулар  жазу,
   мерекелер туралы сұхбаттасу.
   Үлестірмелі материалдар:
   2. Құттықтау сөздер
   3. Диалогтар
   Әдебиеттер:
1. К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
2. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
3. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000





Спорт  туралы негізгі ұғымдар

Мақсаты: Қазақстандағы спорт түрлері,  Қазақстан  спортшылары,  Қазақстанның
олимпиада жүлдегерлері туралы мағлұмат беру.

1-бап.
Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган - дене
шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк басқару мен үйлестiру
функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы
органы;
      2) дене шынықтыру - мәдениеттiң ажырамас бөлiгi, қоғам адамның дене
бiтiмiн дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында жасап, пайдаланатын,
адамның үйлесiмдi дамуына ықпал ететiн рухани және материалдық құндылықтар
жиынтығы болып табылатын әлеуметтiк қызмет саласы;
      3) спорт - жарыс әрекетiнiң, спортшыларды жарыстарға қатысуға
даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
      4) жоғары жетiстiктер спорты - жоғары спорттық нәтижелерге қол
жеткiзудi, рекордтар жасауды қамтамасыз ететiн спорт саласы;
      5) спорттың техникалық және қолданбалы түрлерi - спортшының
техникалық құралдарды қолдана отырып жарыстарға арнаулы даярлық жүргiзуiн
талап ететiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
      6) кәсiпқойлық спорт - басты мақсаты спорттық ойын-сауық шараларын
ұйымдастыру және оларға қатысу арқылы пайда табу болып саналатын спорттық-
кәсiпкерлiк қызметтiң бiр түрi;
      7) спорттық сыныптама - спорттың жекелеген түрлерiнен шеберлiк
деңгейiн, сондай-ақ жаттықтырушылардың, спортшылардың, нұсқаушылардың,
әдiскерлердiң және төрешiлердiң бiлiктiлiк деңгейiн белгiлейтiн спорттық
атақтардың, разрядтардың және санаттардың жүйесi;
      8) дене тәрбиесi - денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан
жетiлген, моральдық жағынан табанды жеткiншек ұрпақты қалыптастыруға,
адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабiлетiн арттыруға, шығармашылық
ғұмырлылығы мен өмiрiн ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс;
      9) дене шынықтыру және спорт жүйесi - халықтың дене тәрбиесi мен
спортты дамыту мақсатындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк және
қоғамдық ұйымдардың жиынтығы;
      10) әуесқойлық спорт - азаматтардың дене тәрбиесiнiң жалпы
жүйесiндегi өзiнiң спорт шеберлiгiн жетiлдiруге және спорттың әр түрiнде
жоғары нәтижелерге жетуге мүмкiндiк беретiн сан қырлы бұқаралық спорт
қозғалысы;
      11) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы - халықтың дене
шынықтыру деңгейiн арттыруға, мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың,
азаматтардың дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi нысаналы қызметiне
жәрдемдесетiн әлеуметтiк қозғалыс нысаны;
      12) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық
ғимараттары - азаматтардың дене шынықтыру жаттығуларымен, спортпен
айналысуына және спорттық ойын-сауық шараларын өткiзуге арналған
объектiлер;
      13) дене тәрбиесiнiң құралдары - дене шынықтыру жаттығулары,
табиғаттың сауықтыру күштерi және гигиеналық факторлар;
      14) спорттық индустрия - дене шынықтыру-спорттық және туристiк
мақсаттағы қызмет көрсетудi, өнiмдер өндiрудi жүзеге асыратын шаруашылық
жүргiзушi субъектiлердiң жиынтығы;
      15) аккредиттеу - уәкiлеттi органның дене шынықтыру және спорт
саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының
атынан тиiстi халықаралық ұйымдарға қатысуға құқықтық өкiлеттiгiн ресми
тануы;
      16) салалық көтермелеу жүйесi - дене шынықтыру және спорт
қызметкерлерiн саланы дамытуға қосқан үлесi үшiн ынталандыру нысаны;
      17) бұқаралық спорт - дене жаттығуларымен айналысуға тарту және
спорттың әр түрiндегi талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық
арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететiн бұқаралық спорт қозғалысын
бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
      18) ұлттық спорт түрлерi - жарыс әрекетi нысанында тарихи қалыптасқан
және өзiне тән дене жаттығуларын, дене шынықтыру белсендiлiгiн
ұйымдастырудың өзiндiк ережелерi мен тәсiлдерi бар халық ойындарын
бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
      19) халықаралық спорт жарыстары - кемiнде бес мемлекеттiң өкiлдерi
қатысатын спорт түрiнен спортшылар (командалар) арасында өтетiн сайыс.
      Сұрақтар мен тапсырмалар:
      1. Қазақстанда қандай спорт түрлері бар?
          2. Қазақстанның қандай спортшыларын білесіз?
          3. Қазақстандағы қандай олимпиада жүлдегерлерін білесіз?
          4. Диалогтармен  жұмыс жүргізіңіз.
          5. Спорт жайында өз диалогыңызды құрыңыз.
              Бақылау түрі: Диалогтарды аудару, сөздікпен жұмыс.
              Әдістемелік нұсқаулықтар:
        Диалогтардағы жаңа сөздерді көшіріп жазу,  аудару,  өз  диалогтарын
        құрастыру.
        Таратылатын материалдар:
        1. Диалогтар
        2. Сөздік
        3. Оқулық
        Әдебиеттер:
         1. Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
         2. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
         3. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000



        №20.Тақырыбы: Толықтауыш. Спорт  туралы негізгі ұғымдар
      Сөйлемде айтылған негізгі ойды  толықтыруға  қызмет  ететін  мүшелерді
тұрлаусыз мүшелер дейміз. Оларға анықтауыш, толықтауыш,  пысықтауыш  жатады.
Сөйлемде зат есімнен болған мүшені  сын,  сапа,  басқа  да  түрлі  белгілері
жағынан сипаттап  тұратын  тұрлаусыз  мүшені  анықтауыш  дейміз.  Сұрақтары:
қандай? қай? қанша? неше? кімнің? ненің? Толықтауыш  –  сөйлемде  іс-оқиғаны
заттық мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Сұрақтары:   кімге?  неге?
кімді? нені? кімде?  неде?   кімнен?  неден?  кіммен?  немен?  Пысықтауыш  –
сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл,  сын-қимыл,  мақсат  жағынан  сипаттайтын
тұрлаусыз мүше. Сұрақтары: қалай? қайда? қайтіп? қашан?  қайдан?  кім  үшін?
не мақсатпен? не себепті? неліктен?
      Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін атаңыз, сұрақтарын айтыңыз.
2.Анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыштары бар 6 сөйлем құрыңыз.
3. Мезгіл пысықтауыштарды пайдаланып «Вокзалда» тақырыбына диалог құрыңыз.

Спорт  туралы негізгі ұғымдар

Мақсаты: Қазақстандағы спорт түрлері,  Қазақстан  спортшылары,  Қазақстанның
олимпиада жүлдегерлері туралы мағлұмат беру.

1-бап.
Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган - дене
шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк басқару мен үйлестiру
функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы
органы;
      2) дене шынықтыру - мәдениеттiң ажырамас бөлiгi, қоғам адамның дене
бiтiмiн дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында жасап, пайдаланатын,
адамның үйлесiмдi дамуына ықпал ететiн рухани және материалдық құндылықтар
жиынтығы болып табылатын әлеуметтiк қызмет саласы;
      3) спорт - жарыс әрекетiнiң, спортшыларды жарыстарға қатысуға
даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
      4) жоғары жетiстiктер спорты - жоғары спорттық нәтижелерге қол
жеткiзудi, рекордтар жасауды қамтамасыз ететiн спорт саласы;
      5) спорттың техникалық және қолданбалы түрлерi - спортшының
техникалық құралдарды қолдана отырып жарыстарға арнаулы даярлық жүргiзуiн
талап ететiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
      6) кәсiпқойлық спорт - басты мақсаты спорттық ойын-сауық шараларын
ұйымдастыру және оларға қатысу арқылы пайда табу болып саналатын спорттық-
кәсiпкерлiк қызметтiң бiр түрi;
      7) спорттық сыныптама - спорттың жекелеген түрлерiнен шеберлiк
деңгейiн, сондай-ақ жаттықтырушылардың, спортшылардың, нұсқаушылардың,
әдiскерлердiң және төрешiлердiң бiлiктiлiк деңгейiн белгiлейтiн спорттық
атақтардың, разрядтардың және санаттардың жүйесi;
      8) дене тәрбиесi - денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан
жетiлген, моральдық жағынан табанды жеткiншек ұрпақты қалыптастыруға,
адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабiлетiн арттыруға, шығармашылық
ғұмырлылығы мен өмiрiн ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс;
      9) дене шынықтыру және спорт жүйесi - халықтың дене тәрбиесi мен
спортты дамыту мақсатындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк және
қоғамдық ұйымдардың жиынтығы;
      10) әуесқойлық спорт - азаматтардың дене тәрбиесiнiң жалпы
жүйесiндегi өзiнiң спорт шеберлiгiн жетiлдiруге және спорттың әр түрiнде
жоғары нәтижелерге жетуге мүмкiндiк беретiн сан қырлы бұқаралық спорт
қозғалысы;
      11) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы - халықтың дене
шынықтыру деңгейiн арттыруға, мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың,
азаматтардың дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi нысаналы қызметiне
жәрдемдесетiн әлеуметтiк қозғалыс нысаны;
      12) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық
ғимараттары - азаматтардың дене шынықтыру жаттығуларымен, спортпен
айналысуына және спорттық ойын-сауық шараларын өткiзуге арналған
объектiлер;
      13) дене тәрбиесiнiң құралдары - дене шынықтыру жаттығулары,
табиғаттың сауықтыру күштерi және гигиеналық факторлар;
      14) спорттық индустрия - дене шынықтыру-спорттық және туристiк
мақсаттағы қызмет көрсетудi, өнiмдер өндiрудi жүзеге асыратын шаруашылық
жүргiзушi субъектiлердiң жиынтығы;
      15) аккредиттеу - уәкiлеттi органның дене шынықтыру және спорт
саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының
атынан тиiстi халықаралық ұйымдарға қатысуға құқықтық өкiлеттiгiн ресми
тануы;
      16) салалық көтермелеу жүйесi - дене шынықтыру және спорт
қызметкерлерiн саланы дамытуға қосқан үлесi үшiн ынталандыру нысаны;
      17) бұқаралық спорт - дене жаттығуларымен айналысуға тарту және
спорттың әр түрiндегi талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық
арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететiн бұқаралық спорт қозғалысын
бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
      18) ұлттық спорт түрлерi - жарыс әрекетi нысанында тарихи қалыптасқан
және өзiне тән дене жаттығуларын, дене шынықтыру белсендiлiгiн
ұйымдастырудың өзiндiк ережелерi мен тәсiлдерi бар халық ойындарын
бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
      19) халықаралық спорт жарыстары - кемiнде бес мемлекеттiң өкiлдерi
қатысатын спорт түрiнен спортшылар (командалар) арасында өтетiн сайыс.
      Сұрақтар мен тапсырмалар:
      1. Қазақстанда қандай спорт түрлері бар?
          2. Қазақстанның қандай спортшыларын білесіз?
          3. Қазақстандағы қандай олимпиада жүлдегерлерін білесіз?
          4. Диалогтармен  жұмыс жүргізіңіз.
          5. Спорт жайында өз диалогыңызды құрыңыз.
              Бақылау түрі: Диалогтарды аудару, сөздікпен жұмыс.
              Әдістемелік нұсқаулықтар:
        Диалогтардағы жаңа сөздерді көшіріп жазу,  аудару,  өз  диалогтарын
        құрастыру.
        Таратылатын материалдар:
        4. Диалогтар
        5. Сөздік
        6. Оқулық
        Әдебиеттер:
         4. Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
         5. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
         6. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000
№21.Тақырыбы: Пысықтауыш .
      Сөйлемде айтылған негізгі ойды  толықтыруға  қызмет  ететін  мүшелерді
тұрлаусыз мүшелер дейміз. Оларға анықтауыш, толықтауыш,  пысықтауыш  жатады.
Сөйлемде зат есімнен болған мүшені  сын,  сапа,  басқа  да  түрлі  белгілері
жағынан сипаттап  тұратын  тұрлаусыз  мүшені  анықтауыш  дейміз.  Сұрақтары:
қандай? қай? қанша? неше? кімнің? ненің? Толықтауыш  –  сөйлемде  іс-оқиғаны
заттық мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Сұрақтары:   кімге?  неге?
кімді? нені? кімде?  неде?   кімнен?  неден?  кіммен?  немен?  Пысықтауыш  –
сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл,  сын-қимыл,  мақсат  жағынан  сипаттайтын
тұрлаусыз мүше. Сұрақтары: қалай? қайда? қайтіп? қашан?  қайдан?  кім  үшін?
не мақсатпен? не себепті? неліктен?
      Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін атаңыз, сұрақтарын айтыңыз.
2.Анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыштары бар 6 сөйлем құрыңыз.
3. Мезгіл пысықтауыштарды пайдаланып «Вокзалда» тақырыбына диалог құрыңыз.
Қазақстанның танымал спортшылары.
Мақсаты: Қазақстанның танымал спортшылары туралы түсінік беру,әңгімелеп
айтуға жаттықтыру

 1. Серік Қонақбаев (бокс)    Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері. 1979
және 1981 жылдары Еуропа жеңімпазы, 1982 жылғы  әлем біріншілігінің  күміс
жүлдегері, 1979, 1981 жылдары әлем кубогының иегері,1980 жылғы Олимпиаданың
күміс жүлдегері.
                                       Дәулет Тұрлыханов
                                       (грек-римдік күрес)
    Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-ның жеті дүркін, 1987
жылғы және 1987 жылғы әлем кубоктарының жеңімпазы, 1988 жылғы Олимпиаданың
күміс жүлдегері, 1992 жылғы олимпиаданың қола жүлдегері. Дәулеттің грек-
римдік күресте зор табыстарға жетуіне әрі бапкер, әрі тәрбиешісі болған
әкесі  Болат  Тұрлыхановтың  ықпалы зор. Өзінің  спортпен айналысқан
ғұмырында Дәулет  әлем жеңімпаздарымен сайысқа  түсіп, көптеген  жеңістерге
ие болған.  Үш Олимпиадаға қатысты.
Сеулдегі Олимпиада Дәулет үшін біріншісі. Ол  жүлдегер атанды.
                                    Анатолий  Храпатый
                                        (ауыр атлетика)
         КСРО-ның  еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-ның  бірнеше дүркін,
Еуропа және әлемнің бес дүркін жеңімпазы. 1988 жеңімпазы, 1996 жылғы
Атлантада өткен  Олимпиадалық ойындарының күміс жүлдегері.Қазақстан ежелден
палуандарымен, батырларымен әлемге әйгілі.
         Анатолий Храпатый – әлемнің ең күшті палуандарының қатарына кірген
Қазақстанның бірегей алып спортшысы. 1977 жылы Атбасарда балалар спорт
мектебінің   табалдырығын көптің бірі боп аттаған Анатолийден Олимпиада
жеңімпазы шығады деп сол кезде ешкім ойламаған.  Олимпиадалық  ойындарға
Анатолийді ауыр атлетикадан ең үздік мамандардың бірі А. Стерликов
дайындады.

2- Тапсырма Маған ұнайтын Қазақстан спортшысы тақырыбына эссе жазыңыз.
      Сұрақтар мен тапсырмалар:
      1. Қазақстанда қандай спорт түрлері бар?
          2. Қазақстанның қандай спортшыларын білесіз?
          3. Қазақстандағы қандай олимпиада жүлдегерлерін білесіз?
          4. Диалогтармен  жұмыс жүргізіңіз.
          5. Спорт жайында өз диалогыңызды құрыңыз.
              Бақылау түрі: Диалогтарды аудару, сөздікпен жұмыс.
              Әдістемелік нұсқаулықтар:
        Диалогтардағы жаңа сөздерді көшіріп жазу,  аудару,  өз  диалогтарын
        құрастыру.
        Таратылатын материалдар:
        7. Диалогтар
        8. Сөздік
        9. Оқулық
        Әдебиеттер:
         7. Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
         8. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
         9. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000
      №22. Тақырыбы: Жай сөйлем. Оның түрлері.
Айтылу мақсатына қарай сөйлемдер хабарлы,  сұраулы,  лепті,  бұйрықты  болып
келеді. Хабарлы  сөйлем  –  айтылу  мақсаты  хабарлау,  суреттеу,  баяндауды
білдіретін сөйлемнің  түрі.  Бұл  сөйлемді  айтқанда  интонация  бірте-бірте
бәсеңдеп отырады. Сөйлем соңында нүкте қойылады. Мысалы: Күз  басталды.  Күн
де салқындай бастады.
      Бір нәрсе жайында  сұрай  айтылған  сөйлемді  сұраулы  сөйлем  дейміз.
Сұраулы сөйлемдер сұрау интонациясы  арқылы,  сұрау  есімдігінің  қолданылуы
арқылы және ма,ме, ба, бе, па,  пе,  ша,ше  шылауларының  қолданылуы  арқылы
жасалады. Мысалы: Қайда барасыз? Дәрігерді шақырдың ба?
       Бұйрықты  сөйлем  –  біреуге  бұйыру,  тілек-өтініш  ету   мақсатында
айтылған  сөйлем.  Бұйрықты  сөйлемнің  баяндауышы  бұйрық  рай   тұлғасынан
жасалады. Мысалы: Енді ол жаққа барғызба.Соны ойласаңшы.
      Лепті сөйлем –  сөйлеушінің  көңіл-күйін  (қуану,  ренжу,  өкіну,  аяу
т.б.) білдіріп, ерекше  әуенмен  айтылатын  сөйлем.  Мысалы:  Астана  неткен
тамаша! Оқыса жақсы-ау!
      Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1.Сұраулы сөйлем қалай жасалады?
2.Лепті сөйлемдерге мысалдар келтіріңіз.
3.Сөйлем түрлерін қамти отыра бір күніңізді қалай өткізгеніңіз туралы  қысқа
әңгіме құрыңыз.
       Әдістемелік  нұсқау:  Сөйлем  түрлерінің  мағынасын  білдіру,  жасалу
жолдарын анықтау, оны бекіту  жұмыстары  жүргізіледі.  Өздері  құрған  қысқа
әңгіме ішінен сөйлем түрлерін  тауып,  олардың  жасалу  жолын,  интонациясын
түсндіреді.
      Әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық  қазақ  тілі.  –  Алматы,
1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007
                         Жыл санау немесе жыл қайыру
      Халық жыл санау дәстүрін он екі жылдан қайырып отырады да, оған  жыл
басын тышқан, соңын доңыз деп аяқтайды. Жыл аттарына  сәйкес  аңыздар  да
шығарған. Жыл қайыру жылды есептеуге де,  адам  жасын  анықтауға  да  өте
ыңғайлы.  Адам  жасын  есептегенде  біріншісін  13  жылдан   алып,   одан
кейінгілерін сол алғашқы есептелген санға 12 жылдан  қосып  есептеп,  оны
бір мүшел деп санаған да, адам жасын оңай шығарып  ала  берген.  Мәселен,
тышқан жылы туған адам сол тышқан жылы айналып келген сайын  мүшел  жасқа
шыққан болып есептеледі. Бірінші мүшел 13 жас – сәби шақ  мүшелі,  екінші
мүшел 25 жас – ер жету мүшелі, үшінші  мүшел  37  жас-  жігіттік  мүшелі,
төртінші мүшел 49  жас  –  орта  жас  мүшелі,  бесінші  мүшел  61  жас  –
ақсақалдық мүшелі, алтыншы мүшел 73 жас- қарттық мүшелі, жетінші мүшел 85
жас – кәрілік мүшелі. Бұрынғы қариялар алты мүшелге  толдым  немесе  жеті
мүшелден астым дейтін болған. Жыл  басы  наурыз  айының  22  –  сі  болып
есептеледі, жыл санау да осы күннен басталады. Қазақша жыл санау мен  жыл
қайыру кестесі мынадай:


Тышқан     1924   1936   1948   1960   1972   1984   1996
Сиыр          1925   1937   1949   1961   1973   1985   1997
Барыс         1926   1938   1950   1962   1974   1986   1998
Қоян           1927   1939   1951   1963   1975   1987   1999
Ұлу             1928   1940   1952   1964   1976   1988   2000
Жылан       1929   1941   1953   1965    1977   1989   2001
Жылқы       1930   1942   1954   1966   1978   1990   2002
Қой             1931    1943   1955   1967   1979   1991   2003
Мешін        1932    1944   1956   1968   1980   1992   2004
Тауық         1933    1945   1957   1969   1981   1993   2005
Ит               1934    1946    1958   1970   1982   1994  2006
Доңыз         1935   1947    1959    1971   1983   1995  2007

   Тапсырмалар, сұрақтар:
   1.Мәтінді оқы.
   2.Ай, жыл атауларын айт.
   3. Қазақ халқының жыл санау ерекшелігі жайында әңгімеле.
   Бақылау түрі: жыл аттарын жаттау
   Әдістемелік  нұсқау:  Мәтінмен  жұмыс  жүргізу:  дұрыс   оқуға,   айтуға
жаттықтыру, таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру,  өз  беттерінше  сұрақ
қойғыза білуге  үйрету.
   Үлестірмелі материалдар: кесте
   Әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық  қазақ  тілі.  –  Алматы,
1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007






































        №23.Тақырыбы: Межелік бақылау
        Мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталап, алған білімдерін тексеру.
        Әдістемелік нұсқау:
        Жалпы өткен тақырыптарды қайталау. Берілген тапсырмаларды  орындап,
        өз білімдерін тексеру.
         Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
        1. Қазақ тіліндегі жалғау түрлері
        2. Омоним, синоним сөздерге мысалдар келтіру.
        3. Сын есімнің шырайлары
        4. Сан есімнің мағыналық топтары
   Әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық  қазақ  тілі.  –  Алматы,
1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007



      №24Тақырыбы: Құрмалас сөйлем. Оның түрлері.

Бір немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды  білдіретін  сөйлемді
құрмалас сөйлем дейміз. Жай сөйлемнің материалы сөз тіркесі болса,  құрмалас
сөйлемнің  материалы  –  сөйлем.  Құрмалас  сөйлемнің  құрамына  енген   жай
сөйлемдер  бір-бірімен  қосымша,  шылау,  орын  тәртібі,  өзіндік  интонация
арқылы байланысады. Мысалы: Жаңбыр жауды (жай сөйлем). Жаңбыр жауды да,  жер
көгерді  (құрмалас  сөйлем).   Құрамындағы   бөліктердің   өзара   байланысу
жолдарына  байланысты  құрмалас  сөйлем,  негізінен,  екі  түрге   бөлінеді:
салалас құрмалас сөйлем және сабақтас құрмалас сөйлем.
      Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Құрмалас сөйлем деген не?
2.Құрмалас сөйлем түрлерін атаңыз.
3.Құрмалас сөйлемге  мысалдар келтіріңіз.

3-жаттығу. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
     М.Әуезов  жиырма  жасында  «Еңлік-Кебек»  трагедиясын  жазды.  Жүсіпбек
Аймауытов – қазақ романдарының негізін  салушылардың  бірі.  Мұстафа  Шоқай-
Ақмешіттің перзенті. Атасы Темір қайтыс болғаннан кейін Ұлықбек  15  жасында
әмірші болады. Кигіз үйдің іші төртке бөлінеді.

1. Салалас құрмалас сөйлемдерге бірнеше мысал  келтіре  отырып,  анықтамасын
   айту.
2. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемге анықтама беріңіз.



   1. Себеп-салдар салалас.  Талғаулы  салалас.  Кезектес  салалас  құрмалас
      сөйлемдер туралы жалпы түсінік.
   2. Жаттығумен жұмыс
   3. Мәтінмен жұмыс

Себеп- салдар салалас құрмалас- жай  сөйлемдерің  бірі  екіншісінің  себебін
білдіреді. Жалғаулығы: өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін.
Талғаулы салалас құрмалас- жай сөйлемдерінде айтылған іс-  әрекеттің  біреуі
ғана орындалады. Жалғаулығы: не, немесе, әлде, я, яки, әйтпесе, не болмаса.
Кезектес салалас құрмалас- іс- қимылдың кезектесіп келетінін білдіреді.
2.Жаттығумен жұмыс
 1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
Таң ата жау шабуылға шықты. Шабуыл тағы тойтарылып тасталды.
Түс кезінде батальон командирі Гундилович бізге байланысты  -  сын  жіберді.
Ол комаңдирдің бұйрығын жеткізді. Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік  көрсетті.
Күн кешкірген кезде  "Бородиноға"  генерал  Чистяков  пен  полковник  Капров
келді. Оларға Гундилович болған жағдайды баяңдады.

   1. Салалас құрмалас сөйлемдерге бірнеше мысал келтіре отырып, анықтамасын
      айту.
   2. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемге анықтама беріңіз.
Себеп-салдар салалас. Талғаулы салалас. Кезектес салалас құрмалас  сөйлемдер
туралы     жалпы түсінік.
   3. Жаттығумен жұмыс
   4. Мәтінмен жұмыс

                       Халықтың уақытты анықтау белгілері
      Ұлан  байтақ  кең  далада  мал  бағып,  ұзақ  күндерді  кең  табиғат
құшағында, мал өрісінде, түндерді жұлдызды аспан астындағы мал  күзетінде
өткізген қазақ халқы табиғат құбылыстарын  бақылаудан  туған  көп  жылдық
тәжірибелерін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен
ілім жасаған.
      Табиғат құбылыстарының айналып келіп отыруын – күн мен түннің,  жыл
мезгілдерінің, ай жаңалауының алмасып  отыруын  мұқият  бақылап,  есептеп
ұғынудың қазақ халқының шаруашылық  өмірі  үшін  орасан  зор  тәжірибелік
маңызы болған.
      Қазақ халқы уақытты анықтауда өзіндік бай  тәжірибе  жинақтап,  оны
қолданудың сәті мен жолдарын, оған лайықты  сөз  өрнектерін  таба  білді.
Жылды,  тоқсанды,  аптаны,  тәулікті  бөлудің  шаруашылыққа  сай  ретімен
ыңғайын ойластыра келтірді.  Мерзім,  мезгіл  өлшемдеріне  қатысты  халық
өлшемі мен атауы өте бай. Ұлттық  ұғымда  мерзім  –  уақыттың,  мезгілдің
шамасы мен ұзақтығын білдіреді (мысалы:  бие  сауым,  күн,  ай,  тоқсан).
Мезгіл сол уақыттың бір сәтін айқындайды ( мысалы: түс, кеш, түн ортасы).
Қыс, көктем, жаз, күз мезгіл өлшемдеріне жатады.  Мезгіл  өлшемдері:  бір
сәт, қасқағым, ә дегенше ( 1 секунд), сүт  пісірім  (  5-10  минут),  бие
сауым (1,5 сағат), ет пісірім ( 2,5-3 сағат), жарты  күн,  тәулік  –  бір
күн, бір түн немесе 24 сағат, апта ( 7 күн), ай ( 30-31 күн),  тоқсан  (3
ай), жыл (365 күн немесе 12 ай...), ғасыр ( 100 жыл). Адам өмірі де жас (
1 жыл), мүшелмен ( 12 жас) есептеліп, бір мүшел ( 13 жас), екі мүшел  (25
жас), үш мүшел (37 жас), төрт мүшел (49  жас),  тағы  сол  сияқты  бөліне
береді. Мерзім өлшеміне күн,  ай  аттары  да  жатады.  Уақыт  мезгілдерін
анықтауда және оның  жиіліктерін  жіктеп,  айыруда  халық  теңеулері  мен
өлшемдері әрі қызық, әрі анық, әр түрлі және өте бай (мысалы: елең- алаң,
таң сәрі т.б). Уақыт шамасын анықтау арқылы халқымыз  таным-түсінік,  ой,
әр істің байыбына  терең  бойлау,  бағдарлау  қасиетін,  тіл  қабілетінің
жоғары тұрғанын да дәлелдеп береді. Қазақ халқы бір кезде уақытты Күннің,
Айдың, Жұлдыздың қозғалысы мен тууына қарай  болжап  белгілеген,  қажетті
жағдайда оған табынған. Олар мезгілді күндіз  көлеңкеге,  түнде  жұлдызға
қарап анықтаған.
   Тапсырмалар, сұрақтар:
1. Мәтінді оқы.
2. Сөздік құра.
3.Мәтінге сұрақтар қойып, жазбаша жауабын дайында.
4. Уақытты анықтау белгілерін есіңе сақта.
   Бақылау түрі: әңгімелеу
    Әдістемелік  нұсқау:  Мәтінмен  жұмыс  жүргізу:  дұрыс  оқуға,   айтуға
жаттықтыру, таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру,  өз  беттерінше  сұрақ
қойғыза білуге  үйрету.
   Үлестірмелі материалдар: кесте
   Әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық  қазақ  тілі.  –  Алматы,
1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007


№25. Тақырыбы: Салалас  құрмалас сөйлем. Мәтін: Қазақ билері
Құрамындағы бөліктерінің баяндауыштары тиянақты келіп,  өзара  тең  дәрежеде
байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрмалас  сөйлем  деп  атаймыз.
Мысалы: Бала шаба жөнелді, мен де артынан ілестім (С.Мұқанов).
      Салаластың құрамындағы бөліктер бір-бірімен  жалғаулықтар  арқылы  да,
жалғаулықсыз  да  байланыса  береді.  Құрамындағы  сыңарларының  бір-бірімен
мағыналық қатынастарына қарай салалас құрмалас  сөйлем  мынадай  алты  түрге
бөлінеді:  ыңғайлас   салалас,   түсіндірмелі,   қарсылықты,   себеп-салдар,
талғаулы, кезектес салалас.
      Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1.Салалас құрмалас сөйлем деген не?
2. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін атаңыз.
3.Салаластың әр түріне сөйлемдер құраңыз

3-жаттығу.
Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
      М.Әуезов жиырма  жасында  «Еңлік-Кебек»  трагедиясын  жазды.  Жүсіпбек
Аймауытов – қазақ романдарының негізін  салушылардың  бірі.  Мұстафа  Шоқай-
Ақмешіттің перзенті. Атасы Темір қайтыс болғаннан кейін Ұлықбек  15  жасында
әмірші болады. Кигіз үйдің іші төртке бөлінеді.
 119-жаттығу.
 Салалас   құрмалас   сөйлемдерді   түрлеріне   қарай ажыратыңыздар.
    1. Мейрам көмір құдығының түбіне жеткенде, басқа бір  дүниеге  жеткендей
болды. (Ғ.М.). 2. Күн кешкірді де, қара көлеңке тартты.  (Ғ.С.).  З.  Ауылға
көзін аларта алмай  уәкілдер  келеді,-  ақ  үйден  аттанарда  жымия  күледі.
(Ғ.Мұст.). 4. Мал етінің асылдануы сондай  -  майы  аузыңа  салдырмайды.  5.
Ешкім үндемеді, өйткені бұндағы кісілердің  бәрі  де  қарт  әйелдің  дауысын
білетін (Ә.Н.). 6. Құлыншақ - бірде көл кісі,  бірде  шөл  кісі  (Р.Р.).  7.
Жүріп келе жатып сөйлеу қиын ғой, сондықтан бұлар үндемей  қалды.  8.  Кешке
мейрамға арналған жиналыс болатыны белгілі еді,  жігіттердің  қырынып  алуға
көңілдері кетті (Ғ.М.)
    120-жаттығу. Салалас құрамалас сөйлемдерге талдау жасаңыздар.
    1.Ойын осыған әкеліп берік тіреді де, сол кезде өзі не халде боларын  да
үлкен бір түйткілмен ойланды... (Ғ.М.). 2. Қазақ халқы - ел  сұлуының  бірі,
қазақ жері - жер сұлуының бірі (І.Е.). 3. ... әр адамның бағасына  бір  ғана
өлшеуіш бар: ол - өнімді адал еңбек (С.М.). 4. Ректорат мынаны еске  салады:
студенттерді  ерте  бастан  ғылыми  еңбек  жазуға  төселдіру  (С.Шайм.).  5.
Олардың сөздерінде бояу аз болады, бірақ тыңдаушыны  еріксіз  ерте  жөнеледі
(Қ.Жарм.). 6. Жүргіншілер кейде екіден,  үштен  қатарласады  да,  кейде  жол
тараған уақытта жалғыз-жалғыз шұбап кетеді (М.Ә.)
    121-жаттығу. Жалғаулықсыз салалас сөйлемдерге талдау жасаңыз.
    1.Бас болмақ оңай  -  бастамақ  қиын  (Мақал).  2.  Біздің  пойыз  Қазан
вокзалына келіп тоқтауы мұң-ақ екен, солдаттар қаптады да кетті  (Ш.М.).  З.
Бұдан бірнеше күн бұрын жұрттың қозғалысында бір асығыстық  бар  еді,  қазір
ол жоқ (Ғ.М.). 4. Амантайдың дауысын естіп Асқар құшағын  жазайын  деп  еді,
Ботагөз босатпады С.М.) 5. Мына шодыр қазір  кедей  емес,  орташа:  екі  пар
аты, екі бричкасы, екі  бұзаулы  сиыры  бар  (Ғ.Мұст.).  6.  Артында  құйрық
тістесе келе жатқан салт аттыға Амантай көз қырын салып еді:  Темірбек  екен
(С.М.) 7. Біздің заманымызда не  көп,  сан  түрлі  таңғажайып  мамандық  көп
(І.Е.).
122-жаттығу.  Берілген  жалғаулықты   салалас   сөйлемдерді   түріне   қарап
ажыратыңыз.
    1. Тоқсан - кішкене денелі адам екен, ал Ізбасты - ірі денелі кісі  екен
(С.М.). 2. Жай өзінен-өзі танылды да,  бұдан  басқа  сұраулар  берілген  жоқ
(Ғ.М.). З. Қазір ол  сақалын  да  қырған,  киімін  де  өзгерткен,  сондықтан
кескін кейпі де өзгерген (С.М.). 4. Тілеуімбеттің менсінбегені Мүсірепке  де
батып кеткен екен, сол себепті ол сөз аяғында бидің  өзін  де  түйрей  кетті
(Ғ.М.). 5.Аса бір қысылған,  басына  сын  түскен  кезде  әкесі,  қалайда  не
түсіне кіреді, не көз алдына  оқыстан  елестеп,  осылайша  көлбеңдей  береді
(Ш.М.). 6. Сенде қыранның жүрегіндей жүрек бар, бірақ әлі жассың (А.Б.).  7.
Аттардың дүсірлері біресе оң жағына  ойысқандай  болып  отырды,  біресе  сол
жағына ойысқандай болып отырады (С.С.).

Қазақ билері
   Мақсаты: Қазақ билері  туралы  мағлұмат  беру.  Олардың  шешендік  өнері
   туралы мәлімет беру.


                                Қазақ билері


      Ертеде қазақ халқында билік айту деген дәстүр болған. Билер  өздерінің
бір ғана сөзімен даулы мәселелерді  шешкен.  Олар  ерте  заманда  осы  күнгі
соттың да, тергеушінің де қызметін атқарған.
      Қазақ  билері  әділ  және  елге  сыйлы  болуға  тиісті   болатын.   Өз
әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері:
      •  Төле би (1663-1722 жж.),
      •  Қазыбек би (1667-1764 жж.),
      •  Әйтеке би (1683-1756 жж.).
      Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды.

                            Төле би  (1663-1722)
      Төле би - қазақ халқының  Коғам  қайраткері,  атақты  шешен.  Төле  би
Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы  Шу  ауданының  Жайсаң  жайлауында
дүниеге  келген.  Төле  би  15  жасында   билікке   араласып,   әділдігімен,
шешендігімен  елге  танылады.  Ол  кездс  қазақ  пен  жоңғар  хандары  үдайы
жауласуда сді. Қазақ қауымын біріктіріп, оларды жоңғар езгісінен азат  етуде
ол Қабанбай  батыр,  Бөгенбай  батыр,  Жөнібек  батырлармен  халық  майданын
қүрып, оны басқарды. Абылайды бүкіл қазаққа хан  етіп  сайлауда  кеп  қызмет
етті.
      Орта жүздің аға биі Қазыбек, Кіші жүздің биі Әйтекемен бірге Өз  Тәуке
ханның кеңесшісі болып, «Жеті жарғы» әдет заңын шығарды. Тәукенің  Түркістан
қаласын  орталық  етіп,  қазақ,  қарақалпақ,  қырғыз,   өзбек   халықтарынан
жауынгер  құрып,  жоңғар  -  ойрат  шапқыншылығына  қарсы   тұруға   істеген
шараларына  көмектесті.  Халық  оны  көзі  тірісінде  «Қарлығаш  әулие»  деп
атаған.
      Төле би Ресей мен Ұлы жүз арасындагы қарым-қатынастарды қалыптастыруға
және оны нығайтуға көп еңбек сіңірді.
      Ел аузында Теле  би  туралы  тарихи  аңыздар  сақталған.  Оның  атымен
байланысты толып жатқан нақыл, мәтел сөздер, билік кесімдер  халық  арасында
кең тараған. Төле би өзі  билік  еткенде  Шымкент,  Түркістан  және  Ташкент
қалаларына ғимараттар салу ісіне де араласқан. Төле бидің  есімі  үш  жүздің
ірі-ірі тарихи оқиғаларымен байланысты болған.
      Төле бидің денесі өзі 12 жыл билеген Ташкент қаласында жерленген. Онда
Төле биге үлкен ескерткіш орнатылған. Алматыда оның  атында  көше  бар  және
Астанада оған ескерткіш орнатылған.


                                 Қазыбек би
                                 (1667-1764)
      Қазыбек би Келдібекұлы - XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың алғашқы
жартысындағы қазақтың атақты биі. Руы - Арғын ішіндегі Қаракесек. Орта  жүз-
Қазыбек биді Тәуке хан тағайындаған. Ол  «Жеті  жарғыны»  жасауға  қатысқан.
Қазыбек би қазақ хандарының ішкі және сыртқы  саясатын  едәуір  ықпал  жасап
отырған. Ол жоңғар басқыншылығына қарсы  халық  күресін  ұйымдастырушылардың
бірі болды. Қазыбек би ел арасында «Қаз дауысты Қазыбек би» атанған.
      XVIII ғасырдың 40-шы  жылдарында  Абылай  хан  жоңғарлардың  тұтқынына
түскенде, оны босатып алуға белсене араласты. Ресейге  қарайтынын  білдіріп,
ант  еткен.  Цин  империясы  Қазыбек  биді  өз   жағына   тарту   мақсатымен
елшілерімен бірге көп сыйлықтар жіберген, бірақ ол Қытай қоластына  бағынуға
қарсылық  білдірді.  Абылай  ханды  Цин  империясымен  тығыз   қарым-қатынас
жасамауға кеңес берді.
      Сонымен,  Қаз  дауысты  Қазыбек  би  -  ең   алдымен,   асқан   шешен,
ақын;ескіншіден,  ел  басқарған,  дау-жанжалды  әділ   шешкен   әділ   қазы;
үшіншіден, ол — халықаралық дәрежедегі дипломат, қоғам қайраткері.
      Міне, сондықтан халқымыз оған ескерткіш тұрғызып, оның  атына  көшелер
беруде.


                            Әйтеке би (1683-1756)
      Әйтеке би  (Айтық)  Бойбскүлы  -  Әбілқайыр  ханға  дейін  Кіші  жүзді
басқарған  би,  қазақтың  атақты  билерінің  бірі.   Есім   ханның   тұсында
Самарқанды басқарған Жалаңтөс батырдың  немересі.  Әйтеке  би  Кіші  жүздегі
Әлімұлы  тайпасының  Төртқара  руынан  шыққан.  Тәуке  хан   тұсында   қазақ
хандығының аса көрнекті билерінің  бірі  болды.  Әйтеке  би  «Жеті  жарғыны»
шығаруға зор үлес қосты.
      Ол өте ақылды, шешен болған. Бір орталыққа  бағынатын  қазақ  хандығын
құруға ат салысты. Әйтеке бидің ел арасында кең  тараған  толғаулары,  шағын
әңгімелері өте көп.
      Әйтеке бидің есімі бұрын халық аузында ғана айтылып жүрсе, бұл күндері
оған ескерткіштер қойылып, көшелердің аты берілді.
   Тапсырмалар, сұрақтар:
   1. Қазақтың қандай билерін білесіз?
   2. Билер қандай қызмет еткен?
   3. Қаз дауысты Қазыбек кім болған?
   4. Үш би туралы мәтіндерге жоспар құрыңыздар.
   5. Жоспар бойынша мәтіндерді мазмұндап, беріңіздер.
   Бақылау түрі: Жоспар құру, мазмұндау
   Әдістемелік нұсқау: Мәтінді оқу, тыңдау, аудару, жоспар құру. Мысалы: а)
   Билік айту дәстүрі туралы
   ә) Төле би –қазақ халқының қоғам қайраткері, атақты  шешен  т.б,  жоспар
   бойынша мазмұндау.
   Үлестірмелі материалдар:
   Әдебиеттер:
1. К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
2. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
3. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000

№26. Тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем.Мәтін: Қазақтың «Бес арысы»
    Сабақтас құрмалас  сөйлем  –  құрамындағы  жай  сөйлемдерінің  алғашқысы
тиянақсыз болып,  соңғысына  бағына  байланысқан  құрмалас  сөйлемнің  түрі.
Сабақтас құрмаластың бірінші жай сөйлемдерін  (бағыныңқы)  өз  алдына  бөлек
айтуға  келмейді,  өйткені  ол  тиянақсыз.  Мысалы:  Таңертеңгі  тұнық   ауа
мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты (Т.Абдрахманова).
Сабақтас құрмалас- бірінші сөйлемінің  баяндауышы  тиянақсыз  болып,  екінші
сөйлемге  бағына  байланысады.  Сабақтас  құрмалас   сөйлемдегі   баяндауышы
тиянақсыз  болып  келген  бірінші  сөйлемді  бағыныңқы  сөйлем   дейді.   Ал
баяндауышы тиянақты болып келген екінші сөйлемді басыңқы сөйлем дейді.
     Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай 6 түрі бар:
     1. Шартты бағыныңқы
     2. Қарсылықты бағыныңқы
     3. Себеп бағыныңқы
     4. Мезгіл бағыныңқы
     5. Қимыл- сын бағыныңқы
     6. Мақсат бағыныңқы
  Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас- бағыныңқы сөйлемі  басыңқы  сөйлемінің
шарты болып келеді. Сұрағы: қайтсе? не етсе? қайткенде?
Қарсылықты  бағыныңқы  сабақтас  құрмалас-  бағыныңқысы  басыңқы   сөйлеміне
қарама- қарсы болып келеді. Сұрағы: қатсе де? қайкенмен? қайткенш
2-жаттығу: Берілген мақалдардың жалғасын табыңыздар:
Олақ өзгеге сенсе...
Ер жігіт ел үшін туады...
Оқу білім бұлағы...
Асыл тастан шығады...
Ашуың келсе, қолың тарт...
124-жаттығу.
Сабақтас құрмалас сөйлемдерге талдау жасаңыздар:
    1. Бірақ осы аз күннің  ішінде  Құнанбайдың  Жігітек  жерінен  Бөкеншіге
қоныс әперіп  отырғанын  айтып,  Байдалы  ырық  бермеді  (М.Ә.).  2.  Жомарт
кетісімен, Алма қойған жерінен  дәптерді  іздеді.  З.  Алдыңа  бір  қарасаң,
артыңа бес қара (Мақал).  4.  Ауыл  осы  қонысқа  келіп  орналасқаннан  бері
қарай, ол бір күн дамыл алып тыныққан емес (М.Ә.). 5. Табу болмаса,  алу  да
болмайды (Ғ.Мұст.). 6. Жарысқа түспегені болмаса, анық  ақын  дейді  (М.Ә.).
7. Кенжебек бүгін шахтадан әбден шаршап шыққандықтан, ол астан  кейін  жатып
дем алды. (А.Х.). 8. Қашан басы жерге тигенше, ел  жұмысын  ойлайды  (Ғ.С.).
9. Бүгін бірер керек кітабын алып шықсын  деп,  сонда  әдейі  ертіп  апарған
едім (М.Ә.).
125-жаттығу.
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратыңдар.
    1. Жұмыстың ең ауыры осында  болғандықтан,  Ермек  мұнда  әдейі  тіленіп
келді (Ғ.Мұст.). 2. Жаңағы көркем бір сәтке  сүйсініп  езу  тартқан  Абайдың
сол көңілді шағы айығып  болғанша,  қатты  келе  жатқан  ат  дүбірі  естілді
(М.Ә.). З. Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып  бөгей
тұрмақ еді (Ғ.М.). 4. Таң алдында бір  сағат  мызғығаны  болмаса,  Абай  бұл
күнді ұйқысыз өткізді (М.Ә.). 5. Мұның айтарын өзі  біліп  қойғандай,  басқа
жайды сұраған жоқ (Ғ.М.). 6.Үйлерді күртктер  баспау  үшін,  қыстың  басында
ауылды және  үйлерді  жағалай  қамыстан  қалқан  ұсталады  (С.М.).  7.  Егер
Жұмабек тура осыдан бастаса, Ушаковтың зіл айтарлық  себебі  де  болмас  еді
(Ғ.М.).
126-жаттығу.
Сабақтас құрмалас сөйлемдерге талдау жасаңыздар.
    1. Ел ортасының өзге сөзі бір төбе болғанда, Түсіп үшін осы жай өзі  бір
төбе  болатын  (М.Ә.).  2.  Егер  тартуын  білсе,  оның  екі  ішекті   сегіз
пернесінен нелер ғажап дыбыстар шығады  екен!  (С.М.).  З.  Қимылдаған  адам
айып тартатындай, ешкім тырс етіп дыбыс шығармады  (Ғ.М.).  4.  Атаңнан  мал
қалғанша, тал қалсын (Мақал). 5.  Қол  ұстату  үшін,  қол  ұстардың  алдында
күйеу жақтан берілетін үлкен сыйы  болады  (М.Ә.).  6.  Батар  күннің  қиғаш
түскен  шұғыласына  шағылысып,  қызғылт  қия  тастарға  кесек-кесек   біткен
алтындар жарқырайды (Ғ.М.). 7. Үй тігіліп жатса, жүк жиналып жатыр (Ғ.М.).
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Құрмалас сөйлемнің сабақтас болуының негізгі белгісі қандай?
2.Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер  қандай  тәсілдермен
байланысады?
3. Әртүрлі жасалу жолдарын пайдалана  отырып,  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер
құрыңыз.
                                       Қазақтың «Бес арысы»
        Мақсаты: Қазақтың  Бес арысы жайлы мағлұмат беру
                                  Бес арыс

                     Шәкәрім Құдайбердиев (1858 - 1931)
Шәкәрім Құдайбердиев 1858 жылы 11 шелдеде  Шыңғыс  тауы  бөктерінде  қазіргі
Семей облысының Абай ауданында  туған.  Оның  әкесі  Құдайберді  Құнанбайдың
үлкен бәйбішесі Күнкеден  туған,  Шәкәрім  олардың  немересі,  яғни  Абайдың
немере інісі.  Шәкәрім 7 жасқа  келгенде,  1866  жылы  әкесі  Құдайберды  37
жасында  дүние  салады  да  әкеден  айырылған.   Шәкәрім  атасы  Құнанбайдың
тәрбиесінде болды. Абай ағасының тікелей қамқорлығын көріп  өседі.  Ғалымның
1905 - 1906  жылдар  аралығында  Меккеге  барған.  Шәкәрімнің  Меккеге  бару
сапарының басты мақсаты әдеттегі қыр қазағының Құдай үйіне  тәу  етіп,  қажы
атану еместі. Ақын 1911 жылы Орынбордан екі кітабы "Түрік, қырғыз-қазақ  hәм
хандар  шежіресі",  "Мұсылмандық  шарттарын"  бастырып  шығарса,  1912  жылы
Семейде "Ярдем" баспасынан "Қазақ айнасы", "Қалқаман-Мамыр",  "Жолсыз  жаза"
үш бірдей кітабын бастырып шығарды.
                      Жүсіпбек Аймауытов. (1889 - 1931)
Жан-жақты өнер иесі,  романшы, драмашы, ақын, аудармашы, зерттеуші  Жусіпбек
Аймауытов 1889 жылы  қазіргі  Павлодар  облысы,  Баянауыл  ауданы,  Қызылтау
атырабында туған.
Он бес он алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз  Павлодарға  қашып
барып, орысша-қазақша екі класты мектепке түседі, бір жағынан  бала  оқытып,
қаражат таба жүріп,  оқуын  1914  жылы  бітіреді  де,  Семейдегі  оқытушылар
семинариясына түседі, оны 1918  жылы  аяқтаған.  Ж.Аймауытов  Кеңес  өкіметі
жылдарында  Қазақстан  кеңестерінің  құрылтайына   делегат,   Халық   ағарту
комиссариатының  коллегия  мүшесі  болады,   "Қазақ   тілі"   ,   "Ақ   жол"
газеттерінде  редактор,  Шымкенттегі   педагогика   техникумының   директоры
қызметін  атқарады.  Ол  А.С.Пушкин,  Н.В.Гоголь,  Л.Н.Толстой  шығармаларын
қазақ тіліне аударды. Аймауытов "Жан жүйесі мен өнер таңдау",  "Психология",
"Тәрбиеге жетекші" атты ғылыми, ғылыми-педагогикалық еңбектер жазған.
                      Ахмет Байтұрсынов. (1873 - 1938)
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтарда  бұрынғы  Торғай  облысы,  Жангелдин
ауданы, Сарытүбек деген  жерде  дүниеге  келген.Ол  -  аса  көрнекті  ғалым,
аудармашы, түрколог, қоғам қайраткері. Ауыл  молдасынан  хат  таныған  Ахмет
1886 - 1891 жылдары Торғай қаласындағы екі  сыныптық  мектепте,1891  -  1895
жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте  оқиды.  Одан  әрі  оқуды
жалғастыруға мүмкіндігі болмай, өздігінен оқып  білімін  жетілдіреді.1895  -
1909  жылдар  арасында  Ахмет  Ақтөбе,  Қостанай,   Қарқаралы   уездеріндегі
ауылдық, болыстық және  екі  сыныптық  училищеде  бала  оқытады.  1909  жылы
отаршылыққа қарсы күреске араласқаны  үшін  Семей  түрмесіне  жабылып,  1910
жылы жер аударылды. "Саяси  сенімсіздігі"  үшін  жеті  жыл  бойы  полициялық
бақылауында болады. Патша үкіметі құлағаннан  кейін,  1918  -  1919  жылдары
Алаш Орда қатарында болады. 1919  жылы  наурыз  айында  бұрынғы  зиялылардың
үлкен бір тобын басқарып, Кеңес үкіметі жағына өтіп, қызметін  бастайды.  Ол
"Қырық мысал", "Маса", атты кітаптар шығарды.  "Оқу  құралы",  "Тіл  құрал",
"Әліпби", құралдарының авторы.
                        Мағжан Жұмабаев (1893 - 1938)
1893  жылы  5  маусымда  Ақмола  губерниясындағы  Ақмола   уезінің   Полуден
болысында дүниеге келді. Төрт жастан бастап, Мағжан  үй  оқытушысы,  башқұрт
Ахмедтен Ақтановтан оқи бастайды. 1910 жылы Мағжан мұсылмандық  жоғарғы  оқу
орны атақты "Медресе Ғалияға" түседі. 1912 жылы Мыржақып Дулатов  пен  Ахмет
Байтұрсынов жетекшілігі арқасында  орыс  тілін  үйреніп,  орыс  және  Еуропа
мәдениетімен танысып, "Қазақ" газетінде жұмыс істейді.  1913  жылы  Омбыдағы
оқытушылар  семинариясына оқуға түседі. 1912 жылы Қазанда  алғашқы  "Шолпан"
өлеңдер  жинағы  шыққан  Мағжанның  шығармалары  1929  жылы  жаламен  күйіп,
абақтыға  түскенге  дейін  үздіксіз  жарияланып  тұрды.  Ол  "Батыр   Баян",
"Қорқыт", "Ертек" шығармалар жазды.

                       Міржақып Дулатов (1885 - 1935)
 Міржақып Дулатов бұрынғы Торғай облысының,  Жангелдин  ауданындағы   Қызбел
атырабында 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген. Әкесі Дулат ескіше  оқыған,
өз дәулеті өзіне жетерлік шаруасы бар, қолы шебер  адам  болған.Кіші  баласы
Міржақыпты  ауыл  молдасына  оқуға  береді.  Екі  жылдан  кейін  ол  ауылдық
мектепте Мұқан Тоқтабайұлы деген мұғалімнен орысша  сабақ  алады.   Міржақып
өз  бетінше  ізденіп,   орыс   тілін   жете   меңгереді.   Орыс   жазушылары
шығармаларымен  танысады.  Петербургтен   еліне   оралған   Міржақып   ойына
түйгенін, ел-жұртына айтар сөзін  өлеңге  айналдыра  бастайды.  Ол  өлеңдері
жеке  жинақ  болып  Уфа  қаласында  1909  жылы  "Оян,  қазақ!"  деген  атпен
басылады. 1911 жылы Міржақып қазақ  ауылдарын  аралап,  Қызылжардан  Семейге
жол тартады. Бірақ Семей қаласына келген бойда-ақ полицияның  қолына  түседі
де, Семей түрмесінде бір жарым жыл отырады. Түрмеден босаған соң   М.Дулатов
Орынборға келеді. "Қазақ" газетін шығаруға араласады.
 Тапсырмалар, сұрақтар:
   1. Қазақтың «Бес арысы» деген кімдер?
   2. Олар туралы не білесіз?
   3. «Тіл білімінің атасы» деп кімді айтамыз?
   4. Ш. Құдайбердіұлы , М. Жұмабаев өлеңдерін жаттап алыңыз.
   Бақылау түрі:  Сұрақ –жауап. Жаттау
   Әдістемелік  нұсқау:   Ақын  жазушылар  туралы  мәтіндерді  оқу,  аудару,
   сұрақтарға жауап беру, өлеңдерді жаттау.
   Үлестірмелі материалдар:
   1. «Бес арыс» кітабы
   2. Мәтіндер:
   3. Сөздік
   4. Өлеңдер жинағы
   Әдебиеттер:
1. К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
2. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
3. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000


№27. Тақырыбы Аралас құрмалас сөйлем. Мәтін: Қазақстандық  Ұлы  Отан  соғысы
батырлары


   Мақсаты: Ұлы  Отан  соғысындағы  қазақ  батырлары  туралы  мәлімет  беру,
   студенттерді патриотыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.


                               Мәншүк Мәметова
                               (1922-1943 жж.)


      Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры.
      Мәншүк (шын аты  Мәнсия)  Батыс  Қазақстан  облысының  Орда  ауданында
дүниеге келді. Ерте жетім  қалды.  Алматыда  тұратын  ағайындарының  қолында
тәрбиеленді. Ұлы Отан  соғысы  басталғанда  ол  медицина  институтында  оқып
жүрді. Ол 1942 жылы өзі сұранып  майданға  кетті,  21-атқыштар  дивизиясында
болды.  Алғы   шепте   айқасқа   түскен   алғашқы   күннен-ақ   қаруластарын
қайсарлығымен, табандылығымен, ержүрек батылдығымен қайран қалдырды.  Невель
қаласын қорғау кезінде Мәншүк ақырғы оғы таусылғанша жауды жер  жастандырып,
ерлікпен қаза тапты. Оның қасық қаны қалғанша қарысып баққан  қас  батырлығы
мен өмірдей асқақ өлімі соғыс даласында  да,  "еңбек  майданында"  да  әрбір
отаншыл азаматтың жүрегінде ерлік жыры боп жаңғырып, Жеңіс  жалауын  тезірек
желбіретуге  жігерлендіре  түскені  хақ.  Сол   кезде   Павлодар   облысының
колхозшмлары даңқы пулеметші қыздың есімін  есте  қалдыру  құрметіне  Мәншүк
Мәметова атындағы танк полкін жасақтауға қажетті ақша  жинады.  Бертініректе
әйгілі  режиссер-қоюшы   А.   Михалков-Кончаловский   "Мәншүк   туралы   ой"
кинофильмін түсірді.




                              Әлия Молдағұлова
                               (1924-1944 жж.)


      Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры.
      Әлия Ақтөбе облысының Қобда  ауданында  дүниеге  келді.  Бала  кезінде
жетім  қалып,  туыстарының  қолында  тәрбиеленді.  Оның   майданнан   жазған
хаттарынан  мәлім:  ата-анасы,   ағайын-туғандары   ұжымдастыру   науқанының
алғашқы кезеңінде аштан өлді.  Кішкентай  Әлия  Ленинградқа  барып,  соғысқа
дейін сонда  тұрды.  9-сыныпта  оқыды  (кәзір  ол  мектеп  Әлия  Молдағұлова
есімінде). Бірге оқыған  сыныптастарының  естелігіне  қарағанда,  өзіне  өте
сенімді һәм төңірегіндегілерге талапшыл жас  болған.  Оны  мақсаткерлік  пен
адалдық   және   адамгершіл   сергектік   қасиеттер   басқалардан    айрықша
ерекшелендірген. Алыс ауылдан келе салып, бәрімен де тез  тіл  тауып  кетті,
зерделі зейінімен, білімпаз біліктілігімен түгел баурап алды.
      1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер  мектебін  үздік
бітірді. Бірақ біраз уақытқа  дейін  командование  алғы  шептегі  атыс-шабыс
алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуге рұқсат етпеді. Бірақ  жас  қазақ
қызы алға ұмтылды, жауға қарсы  оқ  жаудыруға  асықты.  Бір  хатында  ол  өз
құрбылары мен достары үшін  фашистерден  кек  алуды  қалайтынын  жазды.  Өзі
оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататынды.
      Ашық шайқасқа  ол  1943  жылы  маусымда  2-Прибалтика  майданының  26-
атқыштар дивизиясы құрамында түсті. Ефрейтор шенінде өз дивизиясымен  барлық
ірі-ірі айқастарға қатысып,  құралайды  көзінен  атқан  нағыз  мергендігімен
дараланды. 1944 жылы Новосокольники  стансасы маңындағы ауыр  шайқаста  Әлия
қаһармандықпен қаза тапты. Көрсеткен батылдығы мен ерлігі  үшін  оған  Кеңес
Одағының   Батыры   атағы   берілді.    Бүгінде    Ә.Моладғұлова    есімінде
республикамызда көшелер, мектептер, ұжымшарлар мен кеңшарлар,  аллеялар  мен
бульварлар бар. Оның өшпес ерлігін өзек етіп  жазылған  өлең  кітаптары  мен
роман-хикаяттар да көп. Өткен жылы  Алматыда  Шығыстың  қос  шынары  атанған
Әлия мен Мәншүкке көрнекті жерге ескерткіш орнатылды.




                              Бауыржан Момышұлы
                               (1910-1982 жж.)


      Қазіргі Тараз облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған.
      Жеті жылдық мектеп бітірген соң біраз  уақыт  мұғалім  болып  істейді.
1932 жылы әскер  қатарына  шақырылады.  Міндетін  өтеп,  запастағы  командир
атағын алып ауылға оралғасын қаржы  орындарында  жұмыс  істеген.  1936  жылы
қайтадан Қызыл Армия қатарына  шақырылып,  түрлі  әскери  бөлімдерде  қызмет
еткен, взвод, рота командирі болған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы  басталысымен
даңқты генерал- майop И.В.Панфиловтың  басқаруымен  Алматы  маңында  жаңадан
жасақталған 316-атқыштар дивизиясының  құрамында  майданға  аттанған.  Соғыс
жылдарында батальон, полк, днвизияны басқарды.
      Момышұлының әскери өмірбаянында Москва түбіндегі  шайқас  ерекше  орын
алады. Одан басқа да ерліктері аз емес. Тек 19-гвардиялық атқыштар  полкінің
батальон командирі ретінде Москва түбінде 27 сәтті ұрыс жүргізді.  Волоколам
бағытында Крюково қонысы үшін шайқаста 19-полкты басқарып,  сол  жерде  ауыр
жарақат  алғанына  қарамастан,  күресті   әрі   қарай   жалғастыра   береді.
Момышұлының осындай көптеген әскери ерлігін ескеріп,  8-гвардиялық  атқыштар
дивизиясының командирі полковник И.И.Серебряков 1942 ж.  тамызда  оны  Кеңес
Одағының Батыры атағына ұсынады. Бірақ бұл наградтау қағазы жоғалып кетеді.
      1944 ж. шілде айында Серебряков КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  Президиумына
үндеу хатында: "Жолдас Момышұлына құрмет  көрсетуді...  өтінемін  және  мұны
жеткізуді өзімнің парызым деп білемін... әділдік менен осыны  талап  етеді",
— деп жазды. Бұл да аяқсыз қалады.
      Жерлесіміздің одан кейінгі ерліктері  де  ескерусіз  қалады.  Момышұлы
полк командирі,  кейін  дивизия  бастығы  бола  жүріп,  Калинин  майданында,
Курляндиядағы   неміс   басқыншыларын   талқандау   операцияларына   белсене
қатысады.
      Соғыстан кейін Совет Армиясы Бас штабының Жоғарғы  әскери  академиясын
бітіріп (1950 ж.), сонда әскери педагогикалық қызметпен  айналысты.  Тактика
төңірегінде оның идеяларының батыл да жаңашыл болғандығына қарамастан,  1956
жылы гвардия полковнигі  Момышұлы  отставкаға  жіберіледі.  Баукең  идеалист
майданында да әскери ерліктерінен  еш  кем  емес  қаһармандық  іс  тындырған
қаламгер  екені  баршаға  мәлім.  Оның   шығармаларының   негізгі   тақырыбы
жауынгерлік мінез-құлықтың қалыптасуы, елдік пен ерлікті дәріптеу,  жастарды
Отан қорғауға дайын тұру рухында баулу, әскери тәлім-тәрбие болып  табылады.
Бауыржан Момышұлының басты  шығармалары:  "Офицер  күнделігі",  "Бір  түннің
оқиғасы"  (1956),  "Москва  үшін  шайқас"  (1958),  "Майдандағы  кездесулер"
(1962), т.б. Кеңес Одағының батыры  И.В.Панфилов  жайында  "Біздің  генерал"
деген ғұмырнамалық хикаят жариялады. Ал "Ұшқан ұя" романы  1976  жылы  Қазақ
КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
      Біртуар қолбасшы  туралы  оқырман  қауымга  Ә.Нұршайықов  "Ақиқат  пен
аңыз", З.Ахметова "Шуақты күндер", Бақытжан Момышұлы  "Қасымда  сен  барда",
"Әкеге  құрмет",  М.Қалдыбаев  "Ұмытылмас  кездесулер''  атты   шығармаларын
ұсынса, режиссер М.Бегалиннің  "Артымызда  Москва"  кинофильмі,  В.Шацковтың
МХАТ сахнасында қойылған "Волоколам тас  жолы"  пьесасы  Момышұлының  әскери
өмірбаянын  суреттейді.  Оның  соғыстағы  ерлігін  бейнелеген  белгілі  орыс
жазушысы Александр Бектің "Арпалыс" повесі әлемді шарлап кетті...
      Бауыржан Момышұлы  әлденеше  ордендермен,  медальдармен  марапатталды.
Дүние салғаннан  кейін  оған  Кеңес  Одағының  Батыры  атағы  берілді  (1990
жылы). Сөйтіп, ұзақ жылдардан соң, соғыс және еңбек ардагерлері,  ғылым  мен
мәдениет    қайраткерлері,    қалың    жұртшылық    талабымен,     Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауы  арқасында,  халқымыздың
ардақты  ұлы  -  көзі  тірісінде-ақ  аңызға  айналып  кеткен  осынау  даңқты
жауынгер,  дарқан  ойлы  қолбасшы  турасындағы  тарихи  әділеттілік  қалпына
келтіріліп еді. Бүгінде Бауыржан батыр есімін иеленген  мектептер,  көшелер,
елді мекендер, ұжымшарлар егеменді елдің  қала-даласында  көптеп  кездеседі.
Оңтүстік  астанада ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған, әскери мектеп-
лицей бар.
   Тапсырмалар, сұрақтар:
   1. Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы туралы не білесіз?
   2.  Әлия  Молдағұлова,  Мәншүк  Мәметова   туралы   қандай   кинофильмдер
      түсірілді? Өзіңіз көрдіңіз бе?
   3. Қазақтың тағы қандай батырларын білесіз?
   4. Берілген мәтінмен жұмыс жүргізіңіз
   5. «Әлия» әнін жаттап алыңыз
   Бақылау түрі: Мәтінмен жұмыс, жаттау
      Әдістемелік  нұсқау:  Сөздікпен  жұмыс,   мәтінді  аудару,  сұрақтарға
жауап беру, көрген кинофильмдері туралы сұхбат жүргізу
   Үлестірмелі материалдар:
   1. Сөздік
   2. Мәтін
   3. Суреттер
   4. Әндер жинағы
   Әдебиеттер:
1. К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
2. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
3. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000


№26. Тақырыбы: Құрмалас сөйлемдерді қайталау.
Мақсаты: Құрмалас сөйлемдер бойынша алған теориялық  білімдерін  практикалық
тұрғыда   тексеру.   Теориялық   материалды   жүйелі,   тиянақты   баяндауға
қалыптастыру.
      Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
 1.Құрмалас сөйлем деген не?
 2.Құрмалас сөйлем түрлерін атаңыз.
 3.Құрмалас сөйлемге  мысалдар келтіріңіз
 4.Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін атаңыз.
 5.Салаластың әр түріне сөйлемдер құраңыз
 6. Құрмалас сөйлемнің сабақтас болуының негізгі белгісі қандай?
 7.Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер қандай  тәсілдермен
байланысады?

1-тапсырма.Мәтінді оқып,мазмұндап айтыңыз.



                             ӨЗ АНАНЫЗДЫ СЫЙЛАҢЫЗ

    Бір Египет папирусында бұдан үш мың жылдан  аса  бұрын  әкесінің  ұлына
айтқан  өсиеті  жазылыпты.  Онда  балалардың  анасын  сыйлауы  туралы  былай
делінген деген: “Анаңа беретін нанды екі  есе  көбейт,  сені  ол  бір  кезде
қалай сақтаса, сен де оны солай сақта.
    Ол саған көп қамқорлық жасады. Сен туғаннан кейін, ол сені  бірнеше  ай
қолынан түсірмей, көтеріп жүрді, түнде бірнеше рет оянып, сені  емізді.  Сен
ауырғанда ол қайғырды, сені күтті. Сені тәрбиелеуге ол көп еңбек сіңірді.
    Ол сені мектепке  дайындады,  оқытты.  Саған  киім  кигізді.  Мектептен
келгенде, тамақ әзірлеп қойды, кіріңді жуды.
    Сен жігіт болғанда да, үйленгенде де анаңды ұмытпа.  Оның  сені  тауып,
мәпелеп өсіргенін есіңе ал. Оны еш уақытта да ренжітпейтін бол!..”
   Тапсырмалар, сұрақтар:
   1. Өсиетте не деп жазылған?
   2. Өсиетте жазылғандармен келісесіз бе?
   3. «Ана махаббаты» дегенді қалай түсінесіз?
   4. Мәтінмен жұмыс жүргізіңіз.
   5. Тақырыпқа байланысты шығарма жазыңыз.
   Бақылау түрі: Мәтінмен жұмыс, шығарма
   Әдістемелік нұсқау: Мәтінді сөздік арқылы аудару, сұрақтарға жауап беру,
   өз ойын шығарма арқылы беру
   Үлестірмелі материалдар:
   1. Мәтін
   2. Сөздік
   3. Ана туралы мақал-мәтелдер
   Әдебиеттер:
1. К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
2. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
3. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000




        №27. Тақырыбы:  Төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі. Олардың тыныс
                              белгілері. Диалог
Сөйлеуші кейде өз сөзінің ішінде басқа біреудің  сөзін  не  ойын  қатыстырып
айтып, не жазып отырады. Егер біреудің сөзін  сөйлеуші  бұлжытпай,  ешқандай
өзгеріс жасамай, үтір,нүктесіне дейін солай қолданса,  ол  төл  сөз  болады:
«Біз өзіміз оқытар жас ұрпақты осы тілдерге де үйретуге тиістіміз»,  –  деді
.
      Сөйлеуші өз  сөзінің  ішінде  басқаның  сөзін  өзгертіп,  жалпы  ойын,
мазмұнын ғана сақтап айтса, ол төлеу сөз болады. Мысалы: Өздері  оқытар  жас
ұрпақты осы тілдерге де  үйретуге  тиіс  екенін  айтты.  Төл  сөзді  жеткізу
үшінқажетті сөзді  автор сөзі дейді. Басқа  біреудің  сөзі  төл  сөз  болса,
сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады. Тыныс белгілері:
1. « Төл сөз », - автор сөзі.
2. Автор сөзі: « Төл сөз ».
3. Автор сөзі:  « Төл сөз », - автор сөзі.
      Төл сөздердің біразы автор сөзінің  қатысынсыз  да  кездесіп  отырады.
Екі немесе одан да көп адамдардың  сөйлескен  сөздерін  диалог  деп  атайды.
Диалогті сөйлемдер бас әріппен басталады да, алдынан сызықша қойылады.
      Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Төл сөз, автор сөзі дегеніміз не?
2.Тыныс белгілері туралы айтып беріңдер.
3.«Туристік сапарда» тақырыбына диалог құрастырыңыз.


                             Туған жер табиғаты


      Қазақ жері ұлан-байтақ. Батыста Каспий маңы ойпатынан шығыста Алтай
тауына дейін 3000 км-ге созылып жатыр. Ол жер шарының солтүстік бөлігінде
орналасқан  және  мұхиттар  мен  теңіздерден  қашықта.  Туған  жеріміз  –
Қазақстанда теңіз  де,  ұшар  басын  мәңгі  қар  басқан  зеңгір  тау  да,
көкпеңбек орман – тоғай да баршылық. Көз жеткізсіз жазықтар мен  қыраттар
да аз емес.  Оның солтүстігінде Қызылжар маңында жер  ақ  көрпеге  оранып
жатса, оңтүстігіндегі - Шымкентте өрік гүлдеп, жер қызғалдаққа бөленеді
      Менің туған елімде жазық далалы жер басым. Мен тұратын Семей  қаласы
да осы кең жазыққа орналасқан. Қаланың ортасынан Ертіс өзені ағып өтеді.
      Туған жерімнің табиғаты  қатаң  болғанымен  мен  оны  ерекше  жақсы
көремін. Маған оның әрбір талы, әрбір тасы қымбат. Туған жерімнің табиғат
тазалығын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау ісін  әрқашан  жан  -
тәніммен қолдап жүремін.
      Тапсырмалар, сұрақтар:
1. Мәтінді оқы.
2. Сөздік құра.
3.Мәтінге сұрақтар қойып, жазбаша жауабын дайында.
   Бақылау түрі: мазмұндау
   Әдістемелік  нұсқау:  Мәтінмен  жұмыс  жүргізу:  дұрыс   оқуға,   айтуға
жаттықтыру, таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру,  өз  беттерінше  сұрақ
қойғыза білуге  үйрету.
   Үлестірмелі материалдар: суреттер
   Әдебиеттер: Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. Алматы, -2002. –140
   б.

№28. Тақырыбы: Бақылау жұмысы
Пәндер