Файл қосу

Азық - түлік өнімдері технологиясының негіздері студенттерге арналған пәннің бағдарламасы



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                           |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                     |
|СМЖ 3-деңгейдегі құжаты          |УМКД           |                             |
|                                 |               |                             |
|                                 |               |УМКД 042-18-7.1.02/02-2013   |
|УМКД                             |№ __басылым    |                             |
|«Азық-түлік өнімдері             |«__» __2013    |                             |
|технологиясының негіздері»       |               |                             |
|студенттерге арналған пәннің     |               |                             |
|бағдарламасы                     |               |                             |








                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



               «АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ»





              5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»


                                білім бағдарламасы бойынша




                        СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ


                                БАҒДАРЛАМАСЫ






















                                    Семей


                                    2013


                                  Алғы сөз





1 ӘЗІРЛЕНДІ
    Әзірлеуші: «Ет, сүт және тамақ өнімдерінің  технологиясы»  кафедрасының
доцент м.а, т.ғ.к. Нұрғазезова А.Н.___________________


 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

    2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Ет,  сүт  және
тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасының мәжілісінде
      Хаттама  11.09. 2013 ж., № __


    Кафедра меңгерушісі   ______________   Б.Қ. Әсенова


    2.2. Инженерлік-технологиялық факультетінің  оқу-әдістемелік  бюросының
мәжілісінде
    Хаттама  12.09. 2013 ж., № __


    Төрайымы ______________   С.С. Төлеубекова


3 БЕКІТІЛДІ


    Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қолдау  алды  және
басып шығаруға ұсынылды
    Хаттама 18.09. 2013 ж., № __

    ОӘК төрағасы _____________  Г. Искакова


4 № __ басылымның орнына енгізілді















                                   Мазмұны




|1  |Жалпы ережелер                                                 |     |
|2  |Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу      |     |
|3  |Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары                          |     |
|4  |Курс форматы                                                   |     |
|5  |Курс саясаты                                                   |     |
|7  |Баға қою саясаты                                               |     |
|8  |Әдебиеттер                                                     |     |































   1. Жалпы ережелер

      1.1 Оқытушы және пән жөнінде жалпы мәліметтер:

      Нұрғазезова Алмагүл Нұрғазезқызы, т.ғ.к., доцент м.а
      Кафедра –  «Ет, сүт және тамақ өнімдері өндірісінің технологиясы»
      Хабарласу ақпараты – тел: 35-48-56, № 9-оқу ғимараты, № 213 кабинет
      Сабақ өткізу орыны – № 215аудитория
      Несие саны  – 2

      1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:
      Пән жалпы инженерлік-технологиялық циклға жатады  және  физика,  химия
және т.б. пәндерге сүйенеді. Бұл пән  тамақ  өнеркәсібінің  құрал-жабдықтары
пәнін оқып-үйренуге негіз болады және азық-түлік өнімдерінің  технологиясына
қосымша  болып  табылады.  Етті  және  ет   өнімдерін   өңдеу.   Субөнімдері
шикізаттарының түрлері. Шұжық, консерві және балаларға арналған  өнімдерінің
қысқаша өндіру технологиясы. Сүт және сүт  өнімдерінің  ассортименті.  Сүтті
қабылдау және алғаш  өңдеу.  Ашытылған  сүт  өнімдерінің  ассортименті  және
қысқаша  өндіру  технологиясы.  Кілегей,  балмұздақ  және  консервідегі  сүт
өнімдерінің ассортименті және өндіру технологиясы.
      Саланың  жалпы  технологиясы   туралы   мәліметтер   олардың   әртүрлі
энергетикалық өрістердегі қасиеттерінің  өзгеруін  сипаттайды,  қолданылатын
аппараттардың  құрылыстары  мен  жұмыс   істеу   принциптерін   қарастырады.
Технологиялық  өңдеу  тәртіптеріне  байланысты  тамақ  өнімдерінің   сапалық
көрсеткіштерінің мәндерін анықтау тәсілдерін үйретеді.
      1.3 Пәнді оқыту мақсаты:
         «Азық-түлік  өнімдері  технологиясының  негіздері»  пәнін  оқытудың
негізгі  мақсаты:  Студенттерге   білім   беру,   оларға   болашақ   арнаулы
инженерлік,    технологиялық   пәндерді   меңгеру    үшін    және    өндіріс
кәсіпорындарында инженер – технолог ретінде жұмыс істеуде  қажет  бейімділік
пен шеберлікті меңгеруге көмектесу.
      1.4 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:
      Студенттерді   тамақтану    өндірісінің    технологиялық    үрдістерін
ұйымдастырудың және тағамдарын ұсатудың практикалық  негіздерімен  таныстыру
және оқып-үйрету. Сонымен қатар  студенттердің  теориялық  алған  білімдерін
практика жүзінде жүзеге асыра білуді үйрету.
      1.5 Пәнді оқу нәтижесінде студент білу қажет:
-  Практикалық мақсатта алған білімдерін қолдана білу қажет;
-  Негізгі түсініктер мен анықтамаларды игеру қажет;
-  Алған  білімдерін  технологиялық  сызбанұсқаны,   технологиялық   картаны
құрастыруда,  шығын  нормасын  есептеуде,  бұйымның  калькуляциясын  жасауда
қолдана білу қажет;
- Тамақтануда қолданылатын негізгі өңдеу әдістерінің мәнін түсіну қажет;
- Тамақтанудың қазіргі мәселелері жөнінде көзқарасы болу қажет;
- Практикада жүргізілетін есептеулерді шығара білу қажет.

      1.6 Курстың пререквизиттері: Физика, Химия

      1.7  Курстың   постреквизиттері:   Тамақ   өнімдерінің   технологиялық
үрдістері  мен  аппараттары,  Тамақ  өнімдері  өндірістерінің  технологиялық
жабдықтары.

      2 Пәннің мазмұны және сабақтардың түрлеріне байланысты сағаттарды
                                 орналастыру

Кесте 2 -  Пәннің мазмұны. Сабақтардың түрлеріне байланысты сағаттарды
орналастыру

|                                        |Сағаттар саны                      |
|Тақырыптардың атауы                     |                                   |
|                                        |ДС   |ЗС |СӨЖО    |СӨЖ    |Әдебиет  |
|1                                       |2    |3  |4       |5      |         |
|1.Тамақ өнімдерінің химиялық құрамы.    |1    |1  |2       |2      |7.2.2    |
|2.Тамақ өнімдерінің органикалық заттары,|1    |1  |2       |2      |7.2.2    |
|басқа заттары және энергетикалық        |     |   |        |       |         |
|құндылығы.                              |     |   |        |       |         |
|3.Тамақ өнімдерін сақтау                |1    |1  |2       |2      |7.2.3    |
|4.Тамақ өнімдерін консервілеу           |1    |1  |2       |2      |7.1.1.   |
|5.Балық консервілері мен пресервтері.   |1    |1  |2       |2      |         |
|6.Құсты союдың технологиялық            |1    |1  |2       |2      |7.1.1.   |
|операциялары мен орындалуы              |     |   |        |       |         |
|7.Субөнімдерді өңдеу технологиясы.      |1    |1  |2       |2      |7.1.1.   |
|8.Шұжық және тұздалған өнімдерді,       |1    |1  |2       |2      |7.1.1.   |
|дүмбілдерді (шала піскен) өндіру        |     |   |        |       |         |
|9.Дүмбілдер және жылдам мұздатылған     |1    |1  |2       |2      |7.1.2.   |
|екінші тағамдар.                        |     |   |        |       |         |
|10. Консервілер өндрісі.                |1    |1  |2       |2      |7.1.2.   |
|11.Қыздырып өңдеу.                      |1    |1  |2       |2      |7.1.1.   |
|12.Сүттің құрамы мен қасиеті            |1    |1  |2       |2      |7.2.1    |
|13. Мал түліктерінің сүттері            |     |   |2       |2      |7.2.1    |
|14. Ашытылған сүт  тағамдарының         |     |   |2       |2      |7.2.1    |
|технологиясы. Сүт консервілері          |     |   |        |       |         |
|15. Сары май алу технологиясы.  Ірімшік |     |   |2       |2      |7.2.1    |
|дайындау технологиясы. Сары май алу     |     |   |        |       |         |
|технологиясы.                           |     |   |        |       |         |
|Барлығы:                                |15   |15 |22,5    |67,5   |         |

3 Пәнді оқып-үйретуде берілетін әдістемелік НҰСҚАУЛар

      Студенттер  пәнді  оқып-үйренуге  арналған  әдістемелік   нұсқаулармен
танысып пәнді толық меңгерулері  керек.  Әдістемелік  нұсқау  пәннің  кейбір
бөлімдерін студенттермен үздіксіз жұмыс жасау ретінде жүргізіледі.
Әдістемелік нұсқаулар құрамына:
 1. пәнді оқуда қажетті жоспарлау, уақытты ұйымдастыру (орындау уақыты);
 2. оқу-әдістемелік кешенін қолдану нұсқасы;
 3. әдебиеттер мен оқулықтарды қолдана білу;
 4. емтиханға даярлану үшін берілетін кеңестер кіреді.
      «Азық-түлік  өнімдері  технологиясының  негіздері»  курсы  бір-бірімен
тығыз  байланысты  төрт  түрді  жұмыстардан   тұрады:   дәріс,   тәжірибелік
жұмыстар, аудиторияда  оқытушының  бақылауымен  жүретін  студенттің  өзіндік
жұмысы (СӨЖО) және студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ). Дәріс сабағы ең  маңызды
түрі  болып  табылады,  яғни  пәннің   маңызды   және   күрделі   бөлімдерін
меңгертеді;  тәжірибелік  жұмыс  әдістемелік  нұсқаулармен   жұмыс   жасауды
үйретеді;  пәнге  қатысты  материалдарды,  оқу-әдістемелік  құралдарды  және
әдебиеттерді қолдана отырп СӨЖ және СӨЖО түрінде  өңделеді  және  оқытушының
қадағалауында болады.

4 Курс ФОРМАТЫ
Курс форматы:
      Университетте қабылданған ішкі тәртіп талаптарын сақтау:
 • Сабаққа қатысу: Дәріске, зертханалық  сабақтарға  қатысу  міндетті.  Егер
   қандай да бір себеппен  сабаққа  қатыса  алмасаңыз,  тақырып  және  тарау
   бойынша өзіндік жұмыс жазып мезгілінде тапсыру керек, ал  дәрістен  өткен
   тақырып және  зертханалық  жұмыс  бойынша  бақылау  жұмысын  немесе  тест
   бойынша жауап жазуыңыз керек.
 • Бақылау жұмыстары: Оларды орындау міндетті және белгіленген мерзім ішінде
   тапсыру керек. Мерзімнен кейін орындалған жұмыстар төмен бағаланады.
 • Межелік аттестация:  межелік  аттестация  қорытындысы  сабаққа  қатысуды,
   берілген уақытта өзіндік  жұмыстарды  орындауды,  сабақта  ауызша  немесе
   жазбаша жауап беруді, межелік бақылаудың өзінің нәтижесін ескереді.
 • Емтихан: Нәтижесінде барлық  студенттерге  тестік  емтихан  болады,  яғни
   пәннен максималды балл санынан 50 % жинаған студент емтиханға жіберіледі.
   Емтиханда  студент  барлық  курста  өткен  материал  мазмұнына  берілетін
   сұрақтар.

5 КУРС САЯСАТЫ
 • Көшіру: Кез-келген көшіру (дайын тапсырмаларды немесе басқа студенттердің
   есептерін көшіру, пайдалану) аудиториядан шығарумен және/немесе курс үшін
   «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен жазаланады.
 • Ұялы телефондар: Сабақты өткізу уақытында өшіру керек.

6 Бағалау саясаты
      Студенттердің үлгеруі ағымды, аралық және қорытынды бақылау формасында
жүргізіледі:  баға  арнайы  стандарт  бойынша  қойылады.  Қорытынды  бақылау
емтихан ретінде жүргізіледі: олар ауызша немесе тестілеу  арқылы  жүргізілуі
мүмкін. Қорытынды  баға  әр  сабақтың  нәтижесінен,  рефератты  қорғау  және
емтихан  бағасынан  тұрады.  Аралық   және   қорытынды   бақылау   балдардың
қорытындысы - курсқа берілген баға болып саналады.
      Егер студенттің семестр бойынша рейтинг баллдарының сомасы 50 %-ға тең
немесе одан көп болса, ол жиынтық бақылауға жіберіледі.
Қосымша балдар (5 балл):
      - шығармашылықтық көзқарасы үшін;
      - оқу процесіне белсене қатысуы үшін;
      - ғылыми-зерттеу жұмысын, ғылыми мақала жазғаны үшін;
      - жұмыста әртүрлі ақпарат көздерін қолданғаны үшін.
Айып балдар (5 балл) алынады:
      - материалды өз уақытында тапсырмағаны үшін;
      - жұмысты сапасыз орындағаны үшін;
      - сабақтарды босатқаны үшін.
      Студенттердің білімін бағалау күнделікті (апта  сайын),  аралық  (7-ші
және 15 –ші аптада) және  қорытынды  бақылау  түрінде  жүргізіледі.  Бағалар
Семей қаласының  «Шәкәрім  атындғы  МУ»-де  жүретін  «Студенттердің  білімін
бағалау жөніндегі нұсқаулық» негізінде қойылады. Қорытынды бақылау  тестілеу
немесе  ауызша  сұрау  арқылы  жүргізіледі.  Қорытынды  баға  студенттің  әр
сабақтағы жұмысын, рефераттарды қорғау,  өзіндік  жұмыстарды,  СӨЖО  орындау
нәтижелерінен құралады. Курс бойынша қойылатын баға күнделікті, аралық  және
қорытынды бақылауда алынған балдардың сомасы болып табылады.
          Пәнді оқыту кезінде олардың білімін тексеру үшін  әртүрлі  бақылау
әдістері қолданылады:
        • ауызша сұрау;
        • жазбаша тексеру;
        • құрама тексеру;
        • үй тапсырмаларын көрсету және қорғау;
        • дискуссия, тренинг, дөңгелек үстел, т.б.;
        • тест сынағы;
    Пән бойынша жалпы баға 100 пайыздық шкала бойынша қойылады.
    Әр студенттің рейтингісін есептеу үшін  таблица  қолданылады.  Оның  әр
ұяшығында балл бойынша жұмыс түрлері көрсетілген.
    Сабақтан  қалмай  барлық  тапсырмаларды  орындаған   идеал   студенттің
рейтингісі – 100 %. Барлық студенттерді осы  идеал студентпен салыстырады.

                   Әртүрлі жұмыстарды бағалау критерилері

|Атауы        |1                 |2                |3                     |
|А            |4,0               |95 – 100         |Өте жақсы             |
|А–           |3,67              |90 – 94          |                      |
|В+           |3,33              |85 – 89          |                      |
|             |                  |                 |Жақсы                 |
|В            |3,0               |80 – 84          |                      |
|В–           |2,67              |75 – 79          |                      |
|С+           |2,33              |70 – 74          |                      |
|             |                  |                 |                      |
|             |                  |                 |Қанағаттанарлық       |
|С            |2,0               |65 – 69          |                      |
|С–           |1,67              |60 – 64          |                      |
|D+           |1.33              |55 – 59          |                      |
|D            |1,0               |50 – 54          |                      |
|F            |0                 |0 – 49           |Қанағаттанарлықсыз    |
|I            |NA                |-                |Аяқталмаған           |
|P            |-                 |өтті             |Пәнді өтті            |

                                7 әдебиеттер
7.1. Негізгі әдебиеттер
7.1.1. Асенова Б.К., Туменова Г.Т., Нургазезова А.Н., Бакирова Л.С.   «Шұжық
және консерві өндірісі» -Семей қаласы, 2012, 106 б.
7.1.2.  Төлеуов  Е.  Т.,  Әмірханов  Қ.   Ж.   «Ет   және   ет   өнімдерінің
технологиясы».           -Семей қаласы, 2004. – 184 б.
7.2. Қосымша әдебиеттер
7.2.1. Твердохлеб Г. В. «Технология  молока  и  молочных  продуктов»  -  М.:
«Агропромиздат»,1991.–463с.
7.2.2. Матюхина  З.П.,  Королькова  Э.П.  Товароведение  пищевых  продуктов:
Учебник. – 2-е изд. –М.: ИРПО; Изд. Центр «Академия», 2000. – 272 с.
7.2.3  Кругляков  Г.Н.,  Круглякова  Г.В.  Товароведение   продовольственных
товаров: Учебник – Ростов н/Д: изд. Центр «МарТ», 1999. – 448 с.

Пәндер