Файл қосу
ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК УМКД 042-18.1.-37-2013 ПОӘК Студенттке «Орман шаруашылығының экономикасы» пәні бойынша арналған жұмыс оқу бағдарламасы №баспасы _____________ «ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ» ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ мамандықтары 050807-Орман шаруашылығының ісі студенттеріне арналған СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2013 ҚҰРАСТЫРҒАН Есенбекова З.Ж. ____________Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Экономика және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экономика және бизнес а» кафедрасының мәжілісінде Хаттама №1, « 29 » тамыз 2013 жыл Кафедра меңгерушісі ____________ Ш.Д.Жайлаубаева 2.2.Қаржы-экономикалық факультетінің оқу-әдістемелік бюроның мәжілісінде Хаттама № 1, « 5 » қыркүйек 2013 жыл Төраға ____________ С.Х.Тойкин БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып және баспаға ұсынылды Хаттама № 1, « 18 » қыркүйек 2013 жыл ОӘК төрағасы, оқу жұмыс жөніндегі проректор ____________ Г.К.Искакова 4. ЕНГІЗІЛДІ Мазмұны Қолдану өрісі Нормативтік сілтемелер Жалпы ережелер Оқытушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасының мазмұны Студенттердің өздік жұмысына арналған тақырыптар тізімі Пәннің оқу-әдістемелік картасы Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтылу картасы Әдебиет ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙ 1.1 Оқытушы және пән жөнінде жалпы мәліметтер Есенбекова З.Ж. «Экономика және бизнес» кафедрасының ағаоқытушысы Байланыс ақпараты – тел. 530316, оқу корпусы № 8, кабинет 206. Сабақ өту аудиториясы № Берілген пән бойынша кредит саны – 3 1.2 Оқу жоспарынан жазылым Кесте 1 – Оқу жұмыс жоспарынан жазылым Курс Семестр Кредит Дәріс (сағ) СПС (сағ) СОӨЖ (сағ) СӨЖ (сағ) Барлығы (сағ) Соңғы бақылау формасы 2 6 2 15 15 15 15 60 емтихан Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы: Минаралдық, су, отын ресурстары сияқты көптеген ресурстардың арасында маңызды орынды өсімдік ресурстары, соның ішінде орман ресурстары алады. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде орман шаруашылығын дамыту дұрыс жолға қойылған, өйткені ол тек ағаш шикізатының көзі және жеткізушісі ретінде ғана танылмай, сонымен қатар оның ылғалды сақтау, қорғау, климатты реттеу, санитарлық, экологиялық және эстетикалық функцияларының да өте маңызды екендігі түсінділген. Қазақстанның орман ресурстары табиғатты қорғау артықшылығына ие. Орман шаруашылығы материалдық өндіріс саласы ретінде бірнеше ерекше қасиеттерге ие: орман көшеттерінің қалыптасу мерзімінің ұзақтығы, орман шаруашылығы өндірісінің географиялық ортамен негізделуі; орман шаруашылығы өнімдерінің кешенді түрде өсуі, жердің көп бөлігін қажет етуі, қысқөа жұмыс кезеңі. «Орман шаруашылығының экономикасы» курсы 050807 мамандығы үшін экономикалық цикл пәнінің бірі және Қазақстанның орман дайындау саласының экономикалық және ұйымдастырушылық мәселелерін қарастыратын пән болып табылады. Курстың басты мақсаты студенттерге қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мен экономиканың тұрақты дамуына, сонымен қатар Қазақстанның орман шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыруға қолайлы жағдай тудыратын орманды рационалды пайдалану жолдарын іздестіруді үйрету. Пәнді оқытудың негізгі міндеттері: Студенттердің орманды пайдаланудың экономикалық аспектілері бойынша білім алуы; Орман ресурстарын рационалды түрде пайдалану мәселелерін білу; Орман шаруашылығы сияқты табиғат кешенінің экономиканың басқа салаларымен байланыс және қарым-қатынас орнатуы. Пәнді оқу барысында студент білуі керек: - орманды пайдаланудың негізгі аспектілерінің байлданыстарын білуі: техникалық, экономикалық және әлеуметтік-саяси; - орманды пайдаланудағы негізгі экономикалық заңдылықтардың ерекшеліктерін игеру, - табиғи-техногендік кешендер қалыптасуы мен әрекет етуінің экономикалық мәселелерін; - практикада Қазақстандағы табиғатты қорғау қызметін реттейтін заң актілерін қолдана алу; - орманды пайдалану облысындағы мәселелерді түсіне білу және талдау; - нарықтық экономиканың қазіргі жағдайларында орман ресурстарын тұтыну ерекшеліктері; - қазақстандағы орман өнеркәсібінің ерекшелігін; - ағаш дайындайтын кәсіпорындардың негізгі ресурстарының экономикасын; - кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын; - барлық бөлімдердің қызметін техникалық-экономикалық жоспарлау сұрақтары; - кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыру әдістері мен жолдары. Курстың пререквизиттері: «Экология», «Еңбекті қорғау», «Орманды пайдалану», «Орман шаруашылығы». Курстың постреквизиттері: «Орманды қалпына келтіру», «Орманды басқару». 2. ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР Берілген курсты оқу барысында бағдарламаның мазмұнымен танысу қажет. Ұсынылған әдебиетті қарастырып, өздік жұмысқа шығарылған сұрақтарға қатысты конспектілер жазу қажет. Дәріс материалдары мен оқу құралдарымен қатар студенттер біздің еліміздің мерзім сайын шығатын басылымдарды, сондай-ақ, экономикалық журналдар мен салалық журнал мен газеттерді жүйелі түрде оқып отырған дұрыс болады. Осының бәрі курс материалын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді. Ерекше назарды біздің елемізде шыққан немесе шығарылып жатқан заңдарды, ҚР Президентінің Жарлықтарын, экономикалық реформаларды енгізу және іске асыруға байланысты жоспарлар, бағдарламалар мен басқа да нормативтік актілер мен мәліметтерді зерттеуге аудару қажет. Дәрістерде кәсіпорын экономикасының маңызды сұрақтары қарастырылған, мысалы берілген өндірісті ұйымдастырудың тиімді әдістері мен құрылымдық қайта құрулары қарастырылған. Студенттердің дәрістерде және өздік жұмыстарды орындау барысында алған білімдерін бекіту және кеңейту үшін семинарлық және практикалық сабақтар жүргізіледі. Студенттердің семинарлық және практикалық сабақтарға қатысу формаларына келесі жатады: баяндама оқу, диалогтар, пікір таластар, реферат жазу және есеп шығару. Осы аталған барлық формалар әр студентке қол жетерлік болады және оның дамуына мүмкіндік жасайды. Студенттер үшін қажет шарт ретінде семинарлық сабақтарға дұрыс дайындалу. Әр семинарлық сабаққа негізгі сұрақтар тізімі беріледі және негізгі мен қосымша әдебиет ұсынылады. Студенттердің өздік жұмыстарына өнеркәсіптік кәсіпорындардың қазіргі жағдайына, үрдістеріне және даму болашағына қатысты сұрақтар шығарылады. Аудиториялық сабақтарда талқыланатын сұрақтар жеке көрсетілген. Сонымен қатар, әр студент берілген курс бойынша міндетті түрде ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға қажет, ол реферат түрінде жазылады, рефераттар тақырыптары төменде көрсетілген. Практикалық сабақтарға дайындалған кезде сабақтың жоспарын тыңғылықты қарастырып, дәрістер конспектісін зерттеп, ұсынылған әдебиетті оқу керек; Ұсынылған әдебиетті зерттегенде студент оқыған материалдың негізгі түйінін конспектілеп, басты мәселені көрсете білу керек; Аудиторлық СОӨЖ сабақтарда пікір талас, диспуттар, әртүрлі көзқарастарды тыңдау, талқылау түрінде жүргізіледі, аудиториядан тыс СОӨЖ рефераттар мен баяндамалар түрінде тапсырылады және оқытушы оларды сұрау арқылы тексереді; СӨЖ тапсырмалары жазбаша немесе ауызша түрінде беріледі, ол пәнің жұмыс бағдарламасында келтірілген талаптарға тәуелді болады; СӨЖ бойынша жазбаша тапсырмаларды А4 форматтағы қағаздарда орындалуға тиіс (компьютермен), бет параметрлері: 2:2:2:2. Кегль 14 Times New Roman, интервал 1,5. 3 КУРС ФОРМАТЫ МЕН САЯСАТЫ Аудиториялық уақытқа кіретіндер: дәрістер, оқылған материалдарды пікір алмасу, әртүрлі материалдарды және кейстерді талдау. Әрбір сабаққа студенттер жоспардағы негізгі және қосымша әдебиеттер тізіміне сәйкес дайындалуы тиіс (негізгі бөлімдер мен тараулар әрбір сабаққа анықталып отырады). Бақылау жұмысқа қатыспаған және кешіккен студент ешқандай балл алмайды. Әрбір сабақтын бас кезінде шағын бақылау жұмысы жүргізіледі, ол өткен дәрісте қарастырылған негізгі ұғымидарға қатысты 5 ашық сұрақтан не болмаса дұрыс/ дұрыс емес типтес сұрақтардан тұрады. Студенттердің барлығы 10 бақылау жұмысын орындайды. Әрбір бақылаудың ең көп шегі 10 балл (2 балл * 5 сұрақ 10 балл) Негізгі ұғымдар әрбір дәріс барысында түсіндіріледі. Сабақтарға қатысу және негізгі ұғымдарды, анықтамаларымен, түсініктерімен жазу студенттердін міндеті. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыспаса, дәрісті ол топтағы басқа бір студенттер алуы керек. Ал оқытушы дәрісті сабақттан тысқары уақытта студентке беруді тиіс емес (қандай себеп-салдары болса да) Әрбір сабақта студент қаралатын материалдарды талқылауға белсенділікпен қатысуы керек. Оның белсенділігі жауап беру сапасы негізінде бағаланады. Жеке жауап беру мен топ құрамында сөз сөйлей қарастырылады. 5 аптада әрбір студентке талдау үшін жеке кейс ұсынылады. Оны жоспарға сәйкес талдап, жазбаша түрде оқудың 7 аптасында тапсыруға міндетті (талдау жоспары әрбір кейсте беріледі) Курстың сонында таңдап алынған тақырыпқа сәйкес жеке зерттеу жұмысы ұсынылады Егер тыңдаушылар бірдемені түсінбесе, оқытушыдан сұрауға болады Студенттерге жазбаша жұмыстарды орындау барысында Шәкәрім университетінің компьтерлерді пайдалануға рұқсат беріледі Студенттер Шәкәрім университетінің кітапханасында жұмыс істеп, кітапхана ережесіне сәйкес кітаптарды үйге алуна баолады Емтихан: қорытыды емтихан билеттік жүйе бойынша өткізіледі. Әр билетке курс бойынша 3 сұрақ кіргізіледі. Бақылау жұмыстарында, тестілеу кезінде көшіруге тыйым салынады. Мұндай жағдай байқалған кезде студентке жаза ретінде аудиториядан шығару және қанағаттанарлықсыз баға қою (бүкіл курсқа) қолданылады. Сабақ кезінде ұялы телефондар өшірілуге тиіс 4 БАҒАЛАРДЫ ҚОЮ САЯСАТЫ «Орман шаруашылығы» пәні бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі Балл түрінде Апта Барлығы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 Семинар 15 15 15 15 15 15 6 12 12 12 12 12 12 12 180 ОЖСӨЖ 15 15 15 15 15 15 90 СӨЖ 30 35 30 35 130 Межелік бақылау 70 70 140 Жиыны 30 45 30 50 30 85 6 27 42 27 47 27 12 82 540 4.2. Жұмыстардың әр түрлерін бағалау өлшемдері : Кесте 4 Жұмыс түрлері Баллдар Дәріс 60 Семинар сабағында жауап беру (14+(21*6)+(23*6)) 280 ОЖСӨЖ тапсырмасын орындағаны үшін (әрбір ОЖСӨЖ тапсырмасы максималды 15 балл, барлығы 6 ОЖСӨЖ тапсырма) 180 СӨЖ тапсрымаларын орындау (әрбір СӨЖ тапсырмасы максималды 15 балл, барлығы 6 СӨЖ тапсырма) 80 Аралық бақылау жүргізу( аралық бақылау жүргізудің қортындысы бойынша максималды балл – 1 аралық бақылау бойынша – 40 балл және 2 аралық бақылау бойынша 42 балл) Барлығы : 600 Егер студент сабақты босатса және межелі бақылауды белгіленген мерзімде сырқатқа немесе басқа да себепті жағдайға байланысты тапсыра алмай қалса, ол межелі бақылаудан жеке түрде өтеді. Бұл жағдайда факультет деканаты және оқытушы межелі бақылауды тапсырудың жеке мерзімдерін белгілейді, емтихан сессиясына дейін студентке жеке рейтингтік ведомості береді. Студент пән бойынша шекті рейтингтік бақылауға кіруге рұқсат алу үшін семестр ішінде жалпы рейтингтік баллы 50 %-ке тең не одан жоғары. Пән бойынша жалпы баға келесі шкала бойынша анықталады. Студенттердің білімін бағалау шкаласы Бағаның әріпті эквиваленті Баға Балл Пайыз (%) A Өте жақсы 4,00 95-100 A- Өте жақсы 3,67 90.94 B+ Жақсы 3,33 85-89 B Жақсы 3,00 80-84 B- Жақсы 2,67 75-79 C+ Қанағаттандырылған 2,33 70-74 C Қанағаттандырылған 2,00 65-69 C- Қанағаттандырылған 1,67 60-64 D+ Өту баллы 1,33 55-59 D Ең төмен өту баллы 1,00 50-54 F Ең төмен 0,00 0-49 I Аяқталмаған NA W Оқудан шығарылған NA AW Әкімшілік үкім бойынша оқудан шығарылған NA P Өтті (қарытынды тестке ған) NA 0 5 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАР ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ Кесте 2 – Пәннің мазмұны. Сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі Тақырып атаулары Д СПС ОСӨЖ Жиыны 1. «Орман шаруашылығының экономикасы» пәнінің міндеттері 1 1 1 3 2. Нарықтық экономика жүйесіндегі орман өнеркәсібі. 1 1 1 3 3. Негізгі өндірістік қорлар және оларды пайдаланудың экономикалық тиімділігі 2 2 2 6 4. Айналым қаржысы 1 1 1 3 5. Еңбек ресурстары және еңбек өнімділігі. 1 1 1 3 6. Жұмысшылардың еңбегін төлеу 1 1 1 3 7. Өндіріс шығындары және оны төмендету факторлары. Пайда және рентабелділік 1 1 1 3 8. Баға және баға жасау 2 2 2 6 9. Орман шаруашылығын жоспарлау 1 1 1 3 10 Менеджмент. Ұғымы және негізгі түсінігі 1 1 1 3 11. «Орман шаруашылығының экономикасы» пәнінің міндеттері 2 2 2 6 12. Орман шаруашылығының шаруашылық қызметінің есебі және талдауы 1 1 1 3 Жиыны 15 15 15 45 6 СОӨЖ ЖӘНЕ СӨЖ МАЗМҰНЫ Кесте 3 – СОӨЖ жоспарлары СОӨЖ СӨЖ аудиториялық Аудиториядан тыс Орман қорларына кіретін көп жылдық шөптер, оларды бағалау ҚР және ШҚО орман ресурстарының сипаттамасы ҚР –да орман шаруашылығын басқару жүйесі Халық шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғандағы орман саласының ерекшеліктері Орман өнеркәсібіндегі кәсіпорын құрылымы Халық шаруашылығындағы орман саласының рөлі. НӨҚ амортизациясының әдістері. НӨҚ амортизациясының әдістері. Инвестицияның жіктелуі Айналым қаржыларының есебі Өндірістік цикл кезеңдері Қаржы ресурстарын басқару Еңбек нарығындағы жаңа мамандық түрлері Персоналдарға қойылатын талаптарға Еңбек өнімділігін арттыру Тақырып бойынша есеп шығару Жалақыны төлеу Орман шарушылығы қызметкерлеріне сыйақы беру ерекшелігі Тақырып бойынша есеп шығару Шығынсыздық нүктесі Пайданы есептеудің түрлері Бағаның жіктелуі Баға түрлері Баға құрылымын жетілдіру түрлері Менеджменттің пайда болуы. Басшының қасиеттері Еңбек ұжымы Орман шаруашылығының шаруашылық қызметінің есебі және талдауы Бухгалтерлік есеп түрлері Қазіргі кезде жаңа инновациялық идеяларды енгізу 7 Пән бойынша оқу процесінің күнтізбелі графигі Кесте 5 – Пән бойынша оқу процесінің күнтізбелі графигі № Апта 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 1 Бақылау түрі АБ АБ АБ АБ АБ АБ МБ1 АБ АБ АБ АБ АБ АБ АБ МБ2 2 Балл 4,5 6 4,5 4 5 4,5 14 7,5 7,5 4,5 5 4 5 4,5 19,5
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz