Файл қосу

Жергілікті беттер



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                  |
|ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ                                              |
|ШӘКӘРІМ атындағы                                                           |
|СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                             |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты   |ПОӘК               |ОӘК 042-16.1.81/02-2013       |
|ПOӘК                    |№ ___ басылым      |                              |
|«Сұйықтар мен газдар    |                   |                              |
|механикасы»             |                   |                              |
|пәнінің студенттерге    |                   |                              |
|арналған бағдарламасы   |                   |                              |






                          5B071700 «Жылуэнергетика»
                              мамандығына үшін

                      «СҰЙЫҚТАР МЕН ГАЗДАР МЕХАНИКАСЫ»

                       ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ




                  СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ














                                    Семей
                                    2013

                                   Кіріспе


      1  ӘЗІРЛЕГЕН


      ҚҰРАСТЫРУШЫ
      Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университеті  «Тамақ
өндірісінің   машиналары   мен   аппараттары»   кафедрасының   доцент   м.а.
___________ Абдилова Ғ.Б.


      «      »                        2013 ж.


      2  ТАЛҚЫЛАНДЫ
      2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
      «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары»
      кафедра отырысында қаралды
      «      »                         2013  ж.           №          хаттама



      Кафедра меңгерушісі ____________ М.М. Акимов

      2.2. Инженерлі-технологиялық факультетінің  оқу-әдістемелік  кеңесінің
отырысында
      «       »                           2013 ж.     №         хаттама



      Төрайымы   _________   С.С. Төлеубекова


      3  БЕКІТІЛДІ
      Университеттің Оқу-әдістемелік  кеңесінің  отырысында  басып  шығаруға
мақұлданған және ұсынылған


      «        »                          2013  ж.     №             хаттама



      ОӘК төрағасы _______________ Г.К. Искакова












                                   Мазмұны


      |1 | Жалпы ережелер                                                     |   |
|2 | Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу          |   |
|3 |Пәнді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар                     |   |
|4 | Курс форматы                                                       |   |
|5 | Курс саясаты                                                       |   |
|6 | Баға қоюдың саясаты                                                |   |
|7 | Әдебиет                                                            |   |






|                                                                           |































      1  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      1. Оқытушы және пән бойынша жалпы мәліметтер
         • Оқытушылардың аты-жөні  -  Абдилова Галия Бекеновна
         • «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедрасы
         • Байланыс ақпараты - № 9 оқу ғимараты, № 109 кабинет, тел: 36-02-
           15(3)
         • Сабақ өткізу орны - дәрісхана № 102
         • Берілген пән бойынша кредит саны – 3


      1.2. Пәннің қысқаша мазмұны: Қазіргі сұйықтар  мен  газдар  механикасы
пәні өз алдына  техникалық  ғылым  болып  қалыптасты.  Сұйықтар  мен  газдар
механикасы пәні тамшылы және газ  тәрізді  сұйықтар,  және  олардың  әртүрлі
практикалық   есептерді   шешу    кезінде    пайдаланылатын    заңдылықтарын
қарастыратын пәні.
      Сұйық  (газ)  негізгі  жұмысшы  дене  болып   табылатын   гидраликалық
машиналар, механизмдер және басқа да құралдар  әртүрлі  өндіріс  салаларында
кеңінен қолданылуы мамандардың сұйықтар мен газдар механикасы  туралы  терең
білімді болуын талап етеді.  Жаңа  маман  технологиялық  талаптарына  сәйкес
өндіріс процестерін басқарып қана қоймай, сонымен қатар осы  саладағы  соңғы
ғылым  жетістіктеріне  жауап  беретін  тиімді  жоғарғы  техникалық  дәрежеде
жүргізілуін қамтамасыз ету керек.
      Көп  жағдайда  сұйықтар  мен  газдар  механикасы  пәнінде  тәжірибеден
алынған   шамаларды   өңдеу   негізінде   алынған   эмприкалық   заңдылықтар
қолданылады.   Бұл   кезде   қарастырылатын   құбылыстардың   тек    негізгі
сипаттамалары ған бағаланады және көбінесе олардың орташа  шамаларымен  ғана
шектеледі.
      Гидравлика заңдылықтарын қолдануды қажет  ететін   әртүрлі  есептердің
түріне сәйкес, пәннің құрылымы техникалық  мамандықтардың  барлығына  бірдей
болуы мүмкін емес. Бірақ, іс-жүзінде  сұйықтарға  (газдарға)  пайдаланылатын
жалпы заңдылықтарды,  теңдеулерді  және  оларды  шешетін  негізгі  әдістерді
барлық мамандықтар білу керек.
      1.3. Пәнді  оқыту  мақсаты:  сығылмайтын  және  сығылатын  сұйықтардың
теңдесу  және   қозғалыс   заңдылықтарын,   жылуэнергетикалық   жабдықтардың
үнемділігі мен сенімділігін  жоғарлату  үшін  жабдықтарды  сұйықағулық  және
ауақозғалмалымдық есептеу әдістемесін оқып білу.
      1.4. Пәнді оқытудың негізгі міндеті: студенттерге сұйықтар мен  газдар
механикасы негіздерін үйрету:
            •  тамшылы  және  газтәрізді  сұйықтардың  тепе-теңдікте   және
              қозғалыста болуының негізгі заңдылықтары туралы білім алу;
            • гидравликалық және аэродинамикалық есептеу әдістерін үйрету;
            •    қолданылып    жүрген    гидравликалық    машиналар    және
              желдеткіштермен таныстыру.
    Сонымен  қатар,  берілген  курстың  маңызы  тек  студенттерге   белгілі
мәліметтер  беру  ғана  емес  (анықтамалар,  заңдылықтар,  есептердіі   шешу
әдістерін), сондай-ақ олардың пайдаланылуын үйрету.
    Сұйықтар  мен  газдар  механикасы  практикалық  курс  болып   табылады.
Сондықтан бақылаудың негізгі түрін құрайтын  барлық  практикалық  және  жеке
есептерді орындау міндетті шарт болып табылады.
    1.5. Оқытудан күтілетін нәтижелері:
            • сұйық қозғалысының негізгі теңдеулері мен теоремалары туралы;
            • сұйық теңдесуі мен қозғалысының заңдылықтары туралы;
            • сұйық ағыстарының ұқсастық және үлгілеу теориясының негіздері
              туралы түсінік алу керек;
            •   жылуэнергетикалық   жабдықты   сұйық   ағулық   және    ауа
              қозғалмалымдық есептеу әдістемесін білу керек.
    1.6. Курстың пререквизиттары:
            • математика;
            • физика.
    1.7.  Курстың постреквизиттары:
            • термодинамика және жылумассаалмасу.

    5  ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ


    Кесте 1 - Пәннің мазмұны. Сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу.


    |Тақырыптардың аты және мазмұны         |Сағаттар                   |Әдебиет    |
|                                       |ДС  |ЛС  |ПС  |ОСӨЖ  |СӨЖ |           |
|2                                      |3   |4   |5   |6     |7   |8          |
|1. Негізгі физикалық қасиеттері:       |1   |1   |1   |1     |2   |7.1.1. - 4 |
|тығыздық, сығылғыштық, сұйықтар        |    |    |    |      |    |– 16       |
|үйкелісі үшін Ньютон заңы, тұтқырлық.  |    |    |    |      |    |беттер;    |
|Беттік керілу. Сұйықтырда газдырдың    |    |    |    |      |    |7.1.2. - 5 |
|еруі, сұйықтан газ күйіне  өтудің      |    |    |    |      |    |– 19       |
|шарттары. Қаныққан бу қысымы,          |    |    |    |      |    |беттер;    |
|кавитация. Идеал сұйықтар моделі.      |    |    |    |      |    |7.2.1 - 9 –|
|Сұйықтарға әсер ететін күштер.         |    |    |    |      |    |23беттер.  |
|Гидрастатикалық қысым және оның        |    |    |    |      |    |           |
|қасиеттері. Негізгі физикалық          |    |    |    |      |    |           |
|қасиеттерді өлшейтін аспаптар.         |    |    |    |      |    |           |
|2. Тепе-теңдіктегі сұйықтардың         |1   |1   |1   |1     |3   |7.1.1. - 17|
|дифференциал теңдеуі (Эйлер теңдеуі).  |    |    |    |      |    |– 34       |
|Осы теңдеулерді интегралдаудың         |    |    |    |      |    |беттер;    |
|мысалдары. Гидростатиканың, қысымға тең|    |    |    |      |    |7.1.2. - 19|
|беттің негізгі теңдеуі. Сұйықтың       |    |    |    |      |    |– 43       |
|тәуелісіз беті. Сұйықтың салыстырмалы  |    |    |    |      |    |беттер;    |
|тепе-теңдігі. Жазық және қисық сызықты |    |    |    |      |    |7.2.1. - 24|
|беттердегі сұйықтардың қысым күші.     |    |    |    |      |    |– 49беттер.|
|Қысым эпюрі. Гидростатиканың негізгі   |    |    |    |      |    |           |
|теңдеуін қолдану мысалдары. Қысымды    |    |    |    |      |    |           |
|өлшейтін аспаптар, олардың             |    |    |    |      |    |           |
|классификациясы және пайдалану         |    |    |    |      |    |           |
|ережелері.                             |    |    |    |      |    |           |
|3. Сұйық қозғалысының түрлері.         |1   |    |    |0,5   |    |7.1.2. - 43|
|Траектория, желі және тоқ түтігі,      |    |    |    |      |    |– 51       |
|элементарлық ағынша. Ағыстың негізгі   |    |    |    |      |    |беттер;    |
|гидравликалық элементтері: көлденең    |    |    |    |      |    |7.2.1. - 51|
|қима (живое сечение) , орташа          |    |    |    |      |    |– 57       |
|жылдамдық, гидравликалық радиус,       |    |    |    |      |    |беттер.    |
|сұйықтан периметрі, шығын. Сұйықтар мен|    |    |    |      |    |           |
|газдардың үзіліссіздік теңдеуі. Идеал  |    |    |    |      |    |           |
|сұйықтар қозғалысының дифференциаль    |    |    |    |      |    |           |
|теңдеуі (Эйлер теңдеуі)  және оларды   |    |    |    |      |    |           |
|интегралдау.                           |    |    |    |      |    |           |
|4. Идеал сұйықтың қалыптасқан қозғалысы|1   |2   |2   |2     |4   |7.1.1. - 37|
|үшін Бернулли теңдеуі. Бернулли        |    |    |    |      |    |– 57       |
|теңдеуін геометриялық және             |    |    |    |      |    |беттер;    |
|энергетикалық талдау. Тұтқыр сұйықтар  |    |    |    |      |    |7.1.2. - 51|
|ағыны үшін Бернулли теңдеуі. Кариолис  |    |    |    |      |    |– 60       |
|коэффициенті. Гидравликалық шығын      |    |    |    |      |    |беттер;    |
|туралы жалпы түсінік. Бернулли теңдеуі |    |    |    |      |    |7.2.1. 57 –|
|бойынша диаграмма тұрғызу. Вентури     |    |    |    |      |    |60 беттер. |
|шығынөлшегіші. Газдар қозғалысы туралы |    |    |    |      |    |           |
|қысқаша түсінік: гидравлика заңдарының |    |    |    |      |    |           |
|газдар қозғалысына қолданылу шарттары. |    |    |    |      |    |           |
|Жылдамдық пен шығын өлшеу құралдары мен|    |    |    |      |    |           |
|әдістері, олардың жіктелуі.            |    |    |    |      |    |           |
|Сұйықтар қозғалысының тәртіптері       |1   |    |    |0,5   |1,5 |7.1.1.- 57 |
|(ламинарлы және турбулентті).          |    |    |    |      |    |– 62, 91 - |
|Гидродинамикалық ұқсастықтар           |    |    |    |      |    |93 беттер; |
|критерилері мен сандары. Геометриялық, |    |    |    |      |    |7.1.2. - 60|
|кинематикалық және динамикалық         |    |    |    |      |    |– 70       |
|ұқсастықтар. Гидродинамикалық          |    |    |    |      |    |беттер;    |
|құбылыстарды моделдеу. Өлшем           |    |    |    |      |    |7.2.1. - 60|
|бірліктерді талдау тәсілдері. Пи       |    |    |    |      |    |– 61, 197 –|
|теоремасы. Өлшем бірліктер теориясын   |    |    |    |      |    |200 беттер.|
|талдау тәсілдерін гидравликалық        |    |    |    |      |    |           |
|заңдылықтарды зерттегенде қолдану      |    |    |    |      |    |           |
|(ұзындық бойынша энергия шығынының     |    |    |    |      |    |           |
|нәтижесі). Гидравликалық кедергілер,   |    |    |    |      |    |           |
|олардың пайда болуы және жіктелуі.     |    |    |    |      |    |           |
|Энергия (ағын) шығының есептеуге       |    |    |    |      |    |           |
|арналған формулалар құрылымы.          |    |    |    |      |    |           |
|Сұйықты бірқалыпты қозғалуының негізгі |1   |1   |1   |1     |3   |7.1.1. 69 –|
|теңдеуі. Құбырдағы сұйықтың бірқалыпты |    |    |    |      |    |82 беттер; |
|немесе ламинарлы қозғалысы. Дөңгелек   |    |    |    |      |    |7.1.2. 70 –|
|құбырлы қима бойынша жылдамдықтың      |    |    |    |      |    |75 беттер. |
|таралуы. Ұзын дөңгелек құбыр бойынша   |    |    |    |      |    |           |
|ағынның үйкеліс шығыны (Пуазейль       |    |    |    |      |    |           |
|формуласы.)                            |    |    |    |      |    |           |
|Сұйықтың бірқалыпты турбулентті режимі.|1   |1   |1   |1     |1   |7.1.1. - 82|
|Турбулентті қозғалыстың ерекшеліктері. |    |    |    |      |    |– 91       |
|Қима бойынша орташаланған жылдамдықты  |    |    |    |      |    |беттер;    |
|тарату. Құбырдағы ағын шығыны. Дарси   |    |    |    |      |    |7.1.2. 75 –|
|формуласы. Қабырғалардың бұдырлығы     |    |    |    |      |    |90 беттер; |
|туралы түсінік. Гидравликалық тегіс    |    |    |    |      |    |7.2.1. - 67|
|және бұдырлы құбырлар. Дарсидің        |    |    |    |      |    |– 85       |
|гидравликалық коэффициентін анықтау    |    |    |    |      |    |беттер.    |
|формуласы және қолдану аймағы.         |    |    |    |      |    |           |
|Жергілікті кедергі. Жалпы түсінік.     |    |    |    |      |2   |7.1.1. - 93|
|Жергілікті кедергілердің негізгі       |    |    |    |      |    |– 105      |
|түрлері. Жергілікті шығын коэффициенті.|    |    |    |      |    |беттер;    |
|Жергілікті кедергі коэффициентінің     |    |    |    |      |    |7.2.1. - 86|
|Рейнольдс санына және геометриялық     |    |    |    |      |    |– 103      |
|параметрлерге тәуелділігі. Жергілікті  |    |    |    |      |    |беттер.    |
|кедергінің өзара әсері. Эквивалентті   |    |    |    |      |    |           |
|ұзындық. Жергілікті гидравликалық      |    |    |    |      |    |           |
|кедергілер кавитациясы.                |    |    |    |      |    |           |
|Құбыр өткізгіштер туралы жалпы түсінік.|1   |2   |2   |2     |4   |7.1.1. -   |
|Құбырөткізгіштердің сипаттамалары.     |    |    |    |      |    |118 – 136  |
|Негізгі есептеу мәндері.               |    |    |    |      |    |беттер;    |
|Құбырөткізгіштердің гидравликалық      |    |    |    |      |    |7.1.2. 105 |
|есептері. Қарапайым құбырөткізгішті    |    |    |    |      |    |– 127      |
|есептеудің  негізгі теңдеуі. Күрделі   |    |    |    |      |    |беттер;    |
|құбырөткізгіштер:  тізбектей және      |    |    |    |      |    |7.2.1. 122 |
|параллел қосылған құбырөткізгіштер.    |    |    |    |      |    |– 146      |
|Күрделі құбырөткізгіштерді есептеу     |    |    |    |      |    |беттер.    |
|мысалдары (есептеудің аналитикалық және|    |    |    |      |    |           |
|графоаналитикалық тәсілдері). Сифонды  |    |    |    |      |    |           |
|құбырөткізгіштер. Сорғылы берілісті    |    |    |    |      |    |           |
|құбырөткізгіштер.                      |    |    |    |      |    |           |
|Қалыптаспаған қозғалыс. Дөңгелек       |1   |1   |1   |1     |3   |7.1.1. -   |
|құбырдағы сұйық ағыны үшін             |    |    |    |      |    |136 – 147  |
|қалыптаспаған қозғалыс теңдеуі.        |    |    |    |      |    |беттер;    |
|Гидравликалық соққы құбылысы. Тура     |    |    |    |      |    |7.1.2. -   |
|соққы үшін Жуковск Н.Е. формуласы. Тура|    |    |    |      |    |127 – 132  |
|емес соққы туралы түсінік.             |    |    |    |      |    |беттер;    |
|Гидравликалық соққыны жекелеу          |    |    |    |      |    |7.2.1. -   |
|тәсілдері. Іс жүзінде техникада        |    |    |    |      |    |147 – 154  |
|гидравликалық соққыны пайдалану.       |    |    |    |      |    |беттер.    |
|Сұйықтардың тесіктер және саптамалар   |1   |2   |2   |2     |4   |7.1.1. -   |
|арқылы ағып шығуы. Тұрақты ағын кезінде|    |    |    |      |    |106 – 117  |
|сұйықтың жұқа қабырғамен өте ұсақ      |    |    |    |      |    |беттер;    |
|тесіктер арқылы ағып шығуы. Сығу,      |    |    |    |      |    |7.1.2. -   |
|жылдамдық және шығын коэффициентері.   |    |    |    |      |    |133 – 156  |
|Саптамалардың түрлері. Цилиндрлі       |    |    |    |      |    |беттер;    |
|насадкалар арқылы сұйықтардың ағып     |    |    |    |      |    |7.2.1. -   |
|шығуы. Әртүрлі типтегі саптамалар.     |    |    |    |      |    |104 – 114  |
|Ауыспалы ағын кезінде ағып шығу.       |    |    |    |      |    |беттер.    |
|Гидравликалық машиналар. Сорғылар      |1   |    |    |0,5   |1,5 |7.1.2. -179|
|туралы жалпы түсінік. Сораптардың      |    |    |    |      |    |– 186      |
|жіктелуі, жұмыс істеу принципі. Сорғылы|    |    |    |      |    |беттер;    |
|қондырғылардың жалпы сұлбасы. Негізгі  |    |    |    |      |    |7.2.1. 201 |
|жұмысшы өлшемдері: беріліс, ағын, қуат |    |    |    |      |    |– 206      |
|, пайдалы әсер коэффициенті.           |    |    |    |      |    |беттер.    |
|Құрылысы, жұмыс істеу принципі,        |1   |    |    |0,5   |1,5 |7.1.1. 154 |
|жіктелуі. Эйлер теңдеуі. Сорғының      |    |    |    |      |    |– 174      |
|теориялық тегеуріні. Теориялық         |    |    |    |      |    |беттер;    |
|тегеурінге құрылымдық өлшемдерінің     |    |    |    |      |    |7.1.2. 189 |
|әсері. Пайдалы ағын. Ортадан тепкіш    |    |    |    |      |    |– 197      |
|сорғылардың теориялық сипаттамалары.   |    |    |    |      |    |беттер;    |
|                                       |    |    |    |      |    |7.2.1. 207 |
|                                       |    |    |    |      |    |– 212      |
|                                       |    |    |    |      |    |беттер.    |
|Ұқсастықтың негізгі теориясы және      |1   |1   |1   |1     |3   |7.1.1. 175 |
|ұқсастық теңдеуі. Пропорциональдық     |    |    |    |      |    |– 186      |
|заңы. Қалақшалы сорғылардың түрлері    |    |    |    |      |    |беттер;    |
|және жылдамжүрістілік коэффициенті.    |    |    |    |      |    |7.1.2. 197 |
|Сорап сипаттамаларын есептегенде       |    |    |    |      |    |– 216      |
|ұқсастық формуласын қолдану.           |    |    |    |      |    |беттер;    |
|                                       |    |    |    |      |    |7.2.1. -212|
|                                       |    |    |    |      |    |– 218      |
|                                       |    |    |    |      |    |беттер.    |
|Сорапты қондырғылар. Сораптарды        |1   |2   |2   |2     |4   |7.1.1. -186|
|тізбектей және параллельді қосу.       |    |    |    |      |    |– 225      |
|Қалақшалы сораптар кавитациясы.        |    |    |    |      |    |беттер;    |
|Кавитациялық қор және кавитациялық     |    |    |    |      |    |7.1.2. -213|
|сипаттама. Руднев с.с формуласы  және  |    |    |    |      |    |– 231      |
|оны пайдалану. Ортадан тепкіш сораптар |    |    |    |      |    |беттер;    |
|сипаттамасы. Жүйедегі сораптар жұмысы. |    |    |    |      |    |7.2.1. -   |
|Берілісті реттеу әдістері. Сорапты     |    |    |    |      |    |219 – 231  |
|таңдау.                                |    |    |    |      |    |беттер.    |
|Көлемді сораптар. Жалпы түрлері, жұмыс |1   |1   |1   |1     |3   |7.1.1. -275|
|істеу принциптері, жалпы құрамы және   |    |    |    |      |    |– 306      |
|жіктелуі. Қолдану аймағы. Поршенді     |    |    |    |      |    |беттер;    |
|сораптардың құрлысы, құрылымдық сұлбасы|    |    |    |      |    |7.1.2. -255|
|және қолдану аймағы. Беріліс графигі   |    |    |    |      |    |– 300      |
|және оларды теңестіру тәсілдері.       |    |    |    |      |    |беттер;    |
|Индикаторлық диаграмма. Поршенді       |    |    |    |      |    |7.2.1. -236|
|сораптардың ПӘК-і. Сору биіктігін      |    |    |    |      |    |– 274      |
|анықтау. Поршенді сорап берілістерін   |    |    |    |      |    |беттер.    |
|реттеу. Ауалық қалпақтар. Диафрагмалық |    |    |    |      |    |           |
|сораптар. Поршенді компрессорлар.      |    |    |    |      |    |           |
|Роторлы сораптардың жіктелуі, жұмыс    |    |    |    |      |    |           |
|істеу принципі. Әртүрлі роторлы        |    |    |    |      |    |           |
|сораптар құрылғысы және ерекшеліктері: |    |    |    |      |    |           |
|а) роторлы-поршенді; б) пластиналы; в) |    |    |    |      |    |           |
|винт тәрізді; г) шестернялы. Жұмысшы   |    |    |    |      |    |           |
|көлемдерін анықтау. Беріліс және оның  |    |    |    |      |    |           |
|біркелкілігі. Берілісті реттеу.        |    |    |    |      |    |           |
|Сораптардың сипаттамасы, олардың       |    |    |    |      |    |           |
|жұмысы.                                |    |    |    |      |    |           |


    3 ПӘНДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР


    Курсты оқыған кезде берілген  тақырыптың  (бөлім)  негізгі  жағдайларын
қарастыруға баса назар аудару керек, осы  мақсатта  оқу-әдістемелік  кешенін
ұсынып отырмыз, ол студенттердің оқулықпен жұмыс істеуін жеңілдетеді.  Әрбір
тақырып (бөлім) бойынша  қысқаша  конспекті  өзін-өзі  тексеру  сұрақтарымен
аяқталады.
    Ең  маңыздысы  дұрыс  оқулық  таңдау.  Бір  уақытта  бірнеше   оқулықты
пайдаланудың қажеті жоқ. Ұсынылып отырған әдебиеттердің ішінен  тек  біреуін
ғана  негізгі  етіп   алу  керек.   Басқа   оқулықтар   немесе   әдістемелік
нұсқауларды тек  оқып  жатқан  материал  жоқ  болған  кезде  немесе  негізгі
оқулықта қысқаша көрсетілген кезде қана пайдаланылады.
    Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына сәйкес оқыған жөн. Оқулықпен
жұмыс  істегенде  міндетті  түрде  оқулықта   немесе   кешенде   көрсетілген
мысалдарды талдау  және өздігінен есептер  шешу  қажет.  Осыдан  кейін  ғана
өзін тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру  керек.  Теорияны  практикалық
есептерді  шешу  кезінде  дұрыс  қолдана  білсеңіз,   онда   оқу   материалы
меңгерілген деп санауға болады.



      4 КУРС ФОРМАТЫ





    Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан жүргізіледі. Курс форматы  -  аралас.
Дәріс  сабақтарында  күрделі,  мәселелі  сұрақтарды   қарастырады.    Мысалы
дәрістер құрылымы мынадай – сабақ мәнін талқылау  немесе  блиц-сұрақ  (10(15
минут), дәріс (35(40 минут), материалдарды бекіту. Сабақты мұндай  құрылымда
жүргізу студенттен  жүйелілікті,  ұсынылған  әдебиеттермен  өздігінен  жұмыс
жасай білуді және дәрістегі жаңа тақырып бойынша материалдарды білуді  талап
етеді.
      Лабораториялық сабақтар теориялық материалдарды тереңірек  қарастыруды
қажет ететін мәселелерді шешуге арналған.
      Аудиториялық ОСӨЖ уақытында сіздердің  дәріске  немесе  лабораториялық
сабаққа дайындалу процесінде, сондай-ақ үйге берген  өздік  жұмысын  орындау
кезінде  туындаған сұрақтарыңызды қарастырамыз.
      Сонымен қатар аптасына  бір рет, кафедрада бекітілген график  бойынша,
мен жекелей немесе топпен консультация түрінде ОСӨЖ сабағын өткіземін.
      Пәнді оқуға арналған сабақ уақытының үштен бір бөлігінде, сіздер менің
көмегімсіз өздеріңіз жұмыс жасайсыздар. Өздік жұмысына арналған  тапсырмалар
түрлері, ОСӨЖ және СӨЖ жоспары – кестесінде көрсетілген.



      5 КУРС САЯСАТЫ



    Пәнді  оқуға  берілген   барлық   кезеңде,   менің   сіздерге   қойатын
талаптарымның  барлығын  орныдайсыз   және   бір-бірімізді   түсінеміз   деп
ойлаймын.
      1. Дәріс, лабораториялық сабақтарға қатысу әрбір студент үшін міндетті
жағдай.  Сабақтарға  кешікпей  келу  және  сабақ  үстінде  бір–бірлеріңізбен
сөйлеспей отыруларыңызды сұраймын.
      Өткен материалдарды өтеу үшін студентке оқытушы тапсырма  береді  және
ол жұмыс тексеріледі, бірақ ол жұмысқа сіз максимал баға алалмайсыз.
      2. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол  сізді  курсты  толық
меңгеруден  босатпайды.  Егер  студент   сабақтарды   себепті   жағдайлармен
босатса, онда  ол  факультет  деканатынан  анықтама-рұқсат  алуға  міндетті.
Рұқсат алғанан кейін студент  сабаққа  қатыса  алады.  Босатқан  сабақтардың
тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және  көрсетілген  уақытта
оны  орындап  тапсыру  қажет.  Тапсырма  тиісті   бағамен   бағаланады,   ал
босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды.
      3. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық  жұмыстарға  және  емтихандарға
белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ  өз  уақытында  және  шамаңыз
келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында  өткізуіңіз
керек. Тапсырмаларынызды пунктуальды және  уақытында  тапсыруларыңыз  керек.
Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге  жетуге  мүмкіндік
береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе  оқытушының  ескертуіне
құлақ аспаса, ол студентті сабақтан шығарып жібере алады және  ол  студентті
тәртіпке салу үшін оған қосымша тапсырмалар беріледі.
      4. Аудиториялық сабақ уақытында  Сіздердің  ұялы  телефондарыңыз  өшіп
тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы  студентті  жауапқа  тартуға
құқығы бар.
      5. Сіздер студенттермен  және  оқытушыларыңызбен  ашық,  шыдамды  және
мейірімді болулары керек.
      6. Біреуден көшіріп алу  және  плагиат  (дайын  тапсырмаларды  қолдану
немесе  көшіріп  алу  және  басқа  студенттердің  көмегін  пайдалану)   үшін
Оқытушының    студентті    аудиториядан     шығарып     жіберуіне     немесе
қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар.
      7. Межелік  аттестация  қорытындысы,  студенттің  сабаққа  қатысуымен,
өзіндік  жұмысты  орындауымен,  сабақта  ауызша  және   жазбаша   жауаптарға
байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады.
      6.  Қорытынды  аттестация  (емтихан)  компьютерлік   тестілеу   арқылы
өткізіледі. Әрбір тесттік тапсырманың бес жауабы болады, оның біреуі  дұрыс.
Тесттік тапсырмалар пәннің жұмысшы бағдарламасына сәйкес келеді және  барлық
тақырыптарды   қамтиды.   Емтиханға   дайындалу   үшін    ПОӘК-де    тесттік
тапсырмалардың мысалдары келтірілген.



      6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ


      Бақылау түрі бойынша ұпайлардың бөлінуі 2 кестеде көрсетілген.


«Сұйықтар мен газдар механикасы» пәні бойынша ұпайлардың үлестірілуі
                                                                     Кесте 2
|Апта |Бақылау түрі                               |Баллдар     |Ескерту     |
|1    |2                                          |3           |4           |
|1-8 апталарда дәрістерге, практикалық және        |30          |            |
|лабораториялық сабақтарға қатысу                  |            |            |
|1    |Тапсырмалар түрлерімен танысу              |            |            |
|2    |Ауызша жауап беру                          |35          |            |
|3    |Есеп шығару                                |35          |            |
|4    |Аудиториялық бақылау жұмыс                 |35          |            |
|5    |Ауызша жауап беру                          |35          |            |
|6    |Есеп шығару                                |40          |            |
|7    |Аудиториялық бақылау жұмыс                 |45          |            |
|8    |Межелік бақылау 1                          |45          |            |
|1-8 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар      |300         |            |
|9-15 апталарда дәрістерге, практикалық және       |30          |            |
|лабораториялық сабақтарға қатысу                  |            |            |
|9    |Ауызша жауап беру                          |35          |            |
|10   |Есеп шығару                                |35          |            |
|11   |Аудиториялық бақылау жұмыс                 |35          |            |
|12   |Ауызша жауап беру                          |35          |            |
|13   |Есеп шығару                                |40          |            |
|14   |Аудиториялық бақылау жұмыс                 |45          |            |
|15   |Межелік бақылау 2                          |45          |            |
|9-15 апталарда оқу нәтижесінде барлық баллдар     |300         |            |
|Емтиханның ұпайлар саны                           |400         |            |
|Академиялық кезең бойынша ұпайлар саны            |1000        |            |




    7 ӘДЕБИЕТ
    7.1. Негізгі әдебиет
     7.1.1. Гидравлика  /Ш.  Қалмұратова.,  Г.  Құдайбергенова/  -  Астана:
Фолиант, 2009. – 208 бет.
    7.1.2. Гидравлика, гидравлические машины и  гидроприводы  /Т.М.  Башта,
С.С. Руднев, Б.Б.  Некрасов  и  др./  –  М.:  Машиностроение,  1982.  –  423
с.4.1.2.
    7.1.3. Шлипченко З.С.   Насосы,  компрессоры  и  вентиляторы.  –  Киев:
Техника, 1976. – 368 с.
    7.1.4. Чугаев Р.Р. Гидравлика. – Л.: Энергоиздат, 1982. – 672 с.


    7.2. Қосымша әдебиет
    7.2.1. Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие  по
гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск:  Высшая  школа,  1975.  –
415 с.
    7.2.2. Старк С.Б. Основы гидравлики, насосы и воздуходувные  машины.  –
М.: Государственное научно-техническое издательство литературы по  черной  и
цветной металлургии, 1961. – 461 с.
    7.2.3. Яблонский  В.С.,  Исаев  И.А.  Сборник  задач  и  упражнений  по
технической  гидромеханике.  –  М.:  Государственное  издательство   физико-
математической литературы, 1963. – 200 с.
    7.2.4 Стабников В.Н., Лысянский В.М., Попов В.Д. Процессы  и   аппараты
пищевых производств  М.: Пищевая промышленность, 1985

Пәндер