Файл қосу

Амебаның құрылысымен танысып, суретін салу



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                       |
|ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                           |
|3 деңгейлі СМК құжаты   |ПОӘК                    |ПОӘК 042-18-35.1. 28    |
|                        |                        |/01-2013                |
|ПОӘК                    |                        |                        |
|Мұғалімдерге арналған   |№ 1 басылым             |                        |
|пәннің бағдарламасы     |_______2013 ж.          |                        |
|«Омыртқасыздар          |                        |                        |
|зоологиясы ҮП»          |                        |                        |










                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                        «Омыртқасыздар зоологиясы ҮП»
                    5В011300 – «Биология»  мамандығы үшін

                 ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН  ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ



























                                    Семей
                                    2014


1.ӘЗЕРЛЕГЕН

Құрастырушы__________«____»_____ 20___ж., б.ғ.к. Қуанышбаева М.Ғ.

     «Биология» кафедрасының  доценті



2.    ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. Биология кафедрасында отырысында
 «____»___________ 20___ж.№____хаттама

Кафедра менгерушісі м.а.______ Қуанышбаева М.Ғ.

2.2. Жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының
отырысында
«____»___________ 20___ж. №____ хаттама

Төрайымы____________ Абдишева З.В.
3. БЕКІТІЛДІ
Университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға
мақұлданған және ұсынылған
«____»___________ 20___ж. №____ хаттама

ОӘК төрайымы____________ Искакова Г.К.

4.БІРІНШІ  РЕТ КІРГІЗЕЛГЕН



























                                  МАЗМҰНЫ:

   1. Қолдану саласы
   2. Нормативті сілтемелер
   3. Жалпы ережелер
   4. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі
   5. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны
   6. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
   7. Оқу – әдістемелік әдебиеттер тізімінің қамту кестесі
   8. Әдебиет және қорлар




























1.ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

       «Омыртқасыздар  зоологиясы   ҮП»   пәнінің   оқу-әдістемелік   кешені
«5В011300»  -   «Биология»   мамандығының   студенттеріне   арналған.   ПОӘК
студенттерді  курс  мазмұнымен,  өзектілігімен,  қажеттілігімен,  саясатымен
және   студенттің   оқу   үрдісінде   қандай   дағдылар    мен    іскерлікті
қалыптастыратындығымен таныстырады.

2. НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР


    Осы «Омыртқасыздар зоологиясы» пәнінің  оқу-әдістемелік  кешені  (ПОӘК)
берілген пән бойынша ұйымдастыру ретін  анықтайды  және  келесі  құжаттардың
талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген:
     - ҚР «Мемлекеттік жалпы міндетті жоғары білім беру стандарты»
     23 тамыз 2012 ж. № 1080 қаулысымен іске қосылған және бекітілген;
     «5В011300» – «Биология» мамандығының Типтік оқу жоспары,
      ___2013 ж. № ___ бұйрығымен іске қосылған және бекітілген;
     - СТУ 042-СГУ-5-2012 «Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуге  және
ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;
         - ДП  042-1.07-2012 «Пәндердің оқу-әдістемелік  кешенінің  құрылымы
және мазмұны» құжаттандырылған процедурасы.


3. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:
        «Омыртқасыздар  зоологиясы  ҮП»  пәні  бакалавр  дайындау  барысында
маңызды орын алады  және  «Биология»  мамандығында  оқитын  студенттер  үшін
негізгі  пәндер  блогының   міндетті   бөлігі   болып   табылады,   өйткені,
студенттерге профессионалды жұмыс барысында көп  нәрсені  біліп,  істей  алу
тиіс.
        Зоологияның  міндеттері  –  жануарлардың  негізгі  типтерінің   және
кластарының өкілдерімен  таныстыру,  олардың  морфологиясын,  физиологиясын,
экологиясын, этологиясын, көбеюін, дамуын, маңызын, филогениясын оқып  білу.
Халықаралық  ғылыми  терминдерді  меңгерту.  Зертханалық  құралдармен  жұмыс
істеуді үйретіп,  тірі  организмдерді  бақылап,  объектілермен   өз  бетімен
жұмыс істеуге дағдыландыру.
       Жануарлар әлемінің алуан түрлілігіне және оларды зерттеу  әдістерінің
ерекшеліктеріне   байланысты   зоология   екі   үлкен   бөлімге    бөлінеді:
омыртқалылар зоологиясы –  хордалылар  типіне  жататын  жануарларға  қатысты
деректерді біріктіреді және омыртқасыздар зоологиясы – жануарлар  дүниесінің
қалған  22  типтерін  зерттеумен  айналысады.  Осы  ұсынылып  отырған   оқу-
әдістемелік кешені омыртқасыздар зоологиясын оқуға арналған.
3.2  Пәннің  оқыту  мақсаты:  «Биология»  мамандығында   оқитын   студенттер
профессионалды жұмыс барысында көп нәрсені біліп, істей алу тиіс.
3.3   Пәнді оқытудың басты міндеттері:
-  студенттерді нақты теориялармен  таныстыру,  олардың  көптүрлілігін  және
шектеулілігін түсіну және оларды активті  түрде  теориялық  және  қолданбалы
биологияның актуалды мәселелерін шешуде қолдану.
3.4  Оқып-білудің нәтижелелері:
      Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:
  • өздік жұмыстарды белсендіру;
  • білім сапасын көтеру;
  • омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың эволюциясындағы тіршілік
    құрылымының барлық деңгейлерін және негізгі этаптарын білу;
  • омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың барлық таксономиялық рангілерін
    білу;
  • жануарларды анықтау бойынша практикалық дағдыларды меңгеру;
  • объектілерді морфологиялық зерттеудің қарапайым әдістемелерін білуі
    тиіс.
3.5 Курстың пререквизиттері:
3.5.1 Омыртқасыздар зоологиясы
3.6 Курстың постреквизиттері:
3.6.1 Зоогеография
3.6.2 Гидробиология
3.6.3 Топырақ биологиясы
3.6.4 Педагогикалық практика.




3.7 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме

                                                                     1 кесте
|Курс                                                        |Семестр     |
|1                                                           |2           |
|Зертханалық сабақтар                                                     |
|1 МИКРОМОДУЛЬ  «Қарапайым бірклеткалы жануарлар»                         |
|Биология зертханасындағы жұмыстың орындалуы. Қауіпсіздік    |2           |
|ережелері. Микроскопиялық техника негіздері.                |            |
|Тақырып: Бірклеткалылар патшалық тармағы.                   |4           |
|Сабақтың мақсаты: Саркодиналар, талшықтылар кластарының     |            |
|өкілдерінің құрылысымен танысу. Қауымды талшықтылардың      |            |
|құрылысымен танысу. Грегариналардың құрылысымен және даму   |            |
|циклімен танысу. Кокцидия мен безгек плазмодиясының даму    |            |
|циклімен танысу. Инфузория туфельканың, стилонихия, сувойка,|            |
|стентордың құрылыстарымен танысу және суреттерін салу.      |            |
|Тапсырмалар: Әртүрлі объектілерді пайдаланып уақытша        |            |
|препараттар жасау.                                          |            |
|Методикалық  жоба: Микроскоп құрылысымен және онымен жұмыс  |            |
|істеу ережелерімен таныстыру.                               |            |
|Амебаның құрылысымен танысып, суретін салу. Цитоплазманың   |            |
|дифференциациясына көңіл аудару. Органоидтарды анықтау.     |            |
|Эвгленаның және трипанасоманың құрылысымен танысу.          |            |
|Қоректену, дененің осмос жүйесін, қимыл-қозғалысын реттеу   |            |
|органоидтарын және жарық сезгіш көзін қарау. Цитоплазманың  |            |
|экто- және эндоплазмалық қабаттарына көңіл бөлу. Шар тәрізді|            |
|вольвокстің колониясымен танысып, клекталарының ұсақ        |            |
|соматикалық және ірі генеративті болып дифференциациялануына|            |
|көңіл аудару. Омыртқалы жануарлардың ішкі клеткалық         |            |
|паразиттерімен танысып, даму циклдеріне талдау жасау. Ұрпақ |            |
|алмасуына көңіл бөлу. Уақытша препараттан инфузорияларды    |            |
|тауып сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Инфузориялардың  |            |
|қозғалу, қоректену, осмос жүйесін реттейтін процестерін     |            |
|көру. Макронуклеус пен микронуклеусті мұқият қарау.         |            |
|Сабақта пайдаланылатын суреттер: Зеликман А. Сурет № 1, 3,  |            |
|4, 6, 8, 10.                                                |            |
|Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.                 |            |
|Қоданылатын әдебиеттер:                                     |            |
|Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003.  |            |
|Т. 1, 2.                                                    |            |
|Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998,     |            |
|1999. Т. 1, 2.                                              |            |
|Зеликман А.А. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М.:   |            |
|Наука, 1981.                                                |            |
|2 МИКРОМОДУЛЬ «Губкалар және ішекқуыстылар типтері»                      |
|Тақырыбы: Губкалар типі. Ішекқуыстылар типі.                |4           |
|Мақсаты: Губкалардың құрылысымен танысу. Тұщы су гидрасының |            |
|құрылысымен танысу. Сцифомедузалардың құрлысымен, даму      |            |
|циклімен Аурелия аурита мысалында танысу.                   |            |
|Тапсырмалар: Тұщы сулардағы және теңіздердегі губкалардың,  |            |
|ішекқуыстылардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.       |            |
|Методикалық жоба: Тұрақты препараттардан әр түрлі           |            |
|губкалардың скелеттеріне, бадяганың геммуласына қарап       |            |
|суреттерін салу.                                            |            |
|Модульды Уақытша препараттан тірі гидраның қоректенуін,     |            |
|жылжуын және тітіркендіргіштерге жауап беруін бақылау.      |            |
|Гидраның сыртқы құрылысын, аузы мен табан жағын,            |            |
|симметриясын қарау қажет және оған мән беріп, суретін салу. |            |
|Тұрақты препараттан гидраның ұлпалық құрылысын қарап,       |            |
|эктодерма жыне энтодерманың клеткаларының суретін салу.     |            |
|Гидраның көлденең және ұзынынан кесінділерін көріп, суретін |            |
|салу. Сцифомедузалардың сыртқы және ішкі құрылысымен        |            |
|танысып, суретін салу. Даму циклінің схемасын салу.         |            |
|Сабақта пайдаланылатын суреттер: Зеликман А. Сурет № 13, 15,|            |
|18, 20,  21.                                                |            |
|Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.                 |            |
|Қоданылатын әдебиеттер:                                     |            |
|Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003.  |            |
|Т. 1, 2.                                                    |            |
|Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998,     |            |
|1999. Т. 1, 2.                                              |            |
|Зеликман А.А. Практикумпо зоологии беспозвоночных. – М.:    |            |
|Наука, 1981.                                                |            |
|3 МИКРОМОДУЛЬ «Құрттар бөлімі»                                           |
|Тақырып: Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар типтері.        |8           |
|Мақсаты: Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттардың өкілдерінің  |            |
|сыртқы және ішкі құрылысымен танысу және тіршілік циклімен  |            |
|танысу.                                                     |            |
|Тапсырмалар: Құрттардың әртүрлі топтарының құрылысымен,     |            |
|экологиясымен танысу.                                       |            |
|Методикалық жоба: Фиксацияланған планарияны қарап, сыртқы   |            |
|және ішкі құрылысымен танысып, оның суретін салу. Кесіндісі |            |
|бар препараттан планарияның гистологиялық құрылысымен       |            |
|танысу. Оның үш қабаттан тұратындығын бақылау. Тері-бұлшық  |            |
|ет қапшығының құрылысын көріп, суретін салу. Сорғыштардың   |            |
|сыртқы құрылысымен танысып, суретін салу. Препараттың       |            |
|көмегімен бауыр сорғыштың ішкі құрылысымен танысып, суретін |            |
|салу. Таспа құрттың сыртқы құрылысын қарап, сколекстерінің  |            |
|қаруына көңіл аудару. Жетілген және жетілмеген буындарының  |            |
|құрылысын салыстырып, оларға мән бере отырып, суретін салу. |            |
|Финналардың құрылысына қарап, суретін салу. Шошқа           |            |
|солитерінің даму циклінің суретін салу. Аскариданы сойып,   |            |
|оның анатомиялық құрылысын: ас қорыту, жыныс жүйесін        |            |
|анықтау. Аскариданың көлденең кесіндісі мен жұмыртқаларын   |            |
|микропрепараттар арқылы қарап, оларды сипаттап, құрылысының |            |
|суретін салу. Буылтық құрттардың сыртқы құрылысын байқау.   |            |
|Денесінің дифференциациясына және үш бөлімге бөлінуіне,     |            |
|сегменттеріне көңіл бөлу керек. Тотальдық препараттан – бас |            |
|бөлімнің (простомиум), дене бөлімінің, аналь бөлімінің      |            |
|(пигидий) құрылысын қарап, суретін салу. Параподийлернің    |            |
|құрылысымен танысып, суретін салу керек.Жауын құртының      |            |
|сыртқы пішінін көріп, суретін салу керек. Жауын құртын      |            |
|сойып, оның ішкі мүшелерінің орналасуын, құрылысын анықтап  |            |
|көріп, белгілеп, суретін салу. Жауын құртының көлденең      |            |
|кесіндісін микроскоппен қарап, оның дене қабаттарын ажырату |            |
|және барлық белгілерін көрсетіп суретін салу. Сүліктің дене |            |
|құрылысымен танысып, суретін салу. Сүлікті сойып,           |            |
|анатомиялық құрылысына қарап, ас қорыту, жүйке, жыныс, зәр  |            |
|шығару жүйелерін анықтап, суретін салу. Гистологиялық       |            |
|препараттардан сүліктің көлденең кесіндісін қарап, суретін  |            |
|салу.                                                       |            |
|Сабақта пайдаланылатын суреттер: Зеликман А. Сурет № 25, 28,|            |
|30, 32, 35.                                                 |            |
|Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.                 |            |
|Қоданылатын әдебиеттер:                                     |            |
|Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003.  |            |
|Т. 1, 2.                                                    |            |
|Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998,     |            |
|1999. Т. 1, 2.                                              |            |
|Зеликман А.А. Практикумпо зоологии беспозвоночных. – М.:    |            |
|Наука, 1981.                                                |            |
|4 МИКРОМОДУЛЬ «Буынаяқтылар типі»                                        |
|Тақырып: Буынаяқтылар типі.                                 |8           |
|Тақырып: Шаянтәрізділер класы. Өрмекшітәрізділер класы.     |            |
|Насекомдар класы.                                           |            |
|Мақсаты: Өзен шаянының сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. |            |
|Желбезекті шаян тәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысымен  |            |
|танысу. Циклоптың құрылысымен танысу. Өрмекші тәрізділердің |            |
|сыртқы құрылысының, денесінің, сегменттелуінің, ауыз        |            |
|аппараттарының, аяқтарының құрылысының алуан түрлілігін     |            |
|көріп, танысу. Бунақденелілердің сыртқы құрылысының         |            |
|ерекшеліктерін қарастыру. Бунақденелілердің негізгі ауыз    |            |
|аппараттарын зерттеп білу. Бунақденелілердің аяқтарының және|            |
|қанаттарының құрылысын сипаттап, морфофункционалдық         |            |
|әртүрлілігін көрсету. Бунақденелілердің ішкі анатомиялық    |            |
|құрылысымен танысу. Бунақденелілердің постэмбрионды дамуының|            |
|өзгешелігімен танысу.                                       |            |
|Тапсырмалар: Буынаяқтылар типінің әртүрлі кластарының ішкі  |            |
|және сыртқы құрылыс ерекшеліктерімен, таралауымен танысу.   |            |
|Методикаклық жоба: Өзен шаянының дене бөлімдерін анықтап,   |            |
|сол бөлімдеріндегі орналасқан аяқтарының құрылысын көру     |            |
|керек. Өзен шаяндарының аяқтарын ұқыпты түрде жіктеп алып,  |            |
|оларды ретімен орналастырып, суретін салу. Өзен шаянын сою. |            |
|Ішкі мүшелерін қарау. Өзен шаянының бұлшық ет, ас қорыту,   |            |
|тыныс алу, қан айналу, жыныс, зәр шығару, жүйке жүйелерін   |            |
|көріп, сойылған өзен шаянының суретін салу. Дафнияның ішкі  |            |
|және сыртқы құрылысымен танысып, суретін салып, белгілеу.   |            |
|Циклоптың сыртқы құрылысымен танысып, денесінің             |            |
|сегменттелуіне, аяғының құрылысына, науплиальды көзіне көңіл|            |
|аудару қажет. Ішкі құрылысын қарап, суретін салу.           |            |
|Құршаяндардың сыртқы құрылысына қарап, денесінің            |            |
|сегменттелуін, хелицера аппаратын анықтап қарап, суретін    |            |
|салу. Сольпугалардың, жалған құршаяндардың, нағыз           |            |
|өрмекшілердің, кенелердің денесінің сыртқы құрылысын        |            |
|қарастырып, суретін салу. Насекомдардың сыртқы құрылысының  |            |
|ерекшеліктерін – бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінің          |            |
|сегменттелуін талдау. Қарапайым және специализацияланған    |            |
|ауыз аппараттарының құрылысын көріп, суретін салу.          |            |
|Насекомдардың әртүрлі типтегі аяқтарының құрылысын қарап,   |            |
|бунақтарын бөлімдерге бөлшектеу және суретін салу. Әртүрлі  |            |
|қанаттардың типтерін қарап, жүйкеленуінің схемасына және    |            |
|ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оларды белгілей отырып, суретін|            |
|салу. Насекомдарды сойып, ішкі мүшелер жүйелерін көріп      |            |
|суретін салу. Насекомдардың екі түрлі даму типтерінің       |            |
|айырмашылықтарын, нимфаның, дернәсілдердің, қуыршақтардың   |            |
|құрылысындағы ерекшеліктерін және ересек түрінен            |            |
|айырмашылықтарын анықтау. Анықтағышпен жұмыс істеуді үйрену.|            |
|Толық түрленбей дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен  |            |
|танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға,          |            |
|тұқымдастарға дейін анықтай білу. Толық түрленіп дамитын    |            |
|насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы|            |
|насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу.  |            |
|Сабақта пайдаланылатын суреттер: Зеликман А. Сурет № 58, 62,|            |
|63, 67, 68.                                                 |            |
|Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.                 |            |
|Қоданылатын әдебиеттер:                                     |            |
|Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003.  |            |
|Т. 1, 2.                                                    |            |
|Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998,     |            |
|1999. Т. 1, 2.                                              |            |
|Зеликман А.А. Практикумпо зоологии беспозвоночных. – М.:    |            |
|Наука, 1981.                                                |            |
|5 МИКРОМОДУЛЬ «Былқылдақденелілер типі»                                  |
|Тақырып:  Былқылдақденелілер типі.                          |4           |
|Мақсаты: Былқылдақденелілердің алуан түрлілігін білу.       |            |
|Тапсырма: Бауыраяқтылардың сыртқы және ішкі құрылысымен     |            |
|танысу. Тақтажелбезектілердің сыртқы және ішкі құрылысымен  |            |
|танысу.                                                     |            |
|Методикалық жоба: Ұлудың бақалшағының құрылысын қарап, оның |            |
|бақалшақтың ішінде қалай орналасқанын көріп, оны сойып, ішкі|            |
|мүшелерімен танысып, суретін салу керек. Тіссіз моллюсканың |            |
|бақалшағының сыртқы және ішкі құрылысына қарап «құлпына»    |            |
|көңіл аудару. Тіссіз моллюсканың денесін сойып, анатомиялық |            |
|құрылысын және мантиялық комплекс мүшелерін көріп суретін   |            |
|салу.                                                       |            |
|Сабақта пайдаланылатын суреттер: Зеликман А. Сурет № 41, 45,|            |
|46, 48, 52.                                                 |            |
|Бақылау сұрақтары:  тест сұрақтары берілген.                |            |
|Қоданылатын әдебиеттер:                                     |            |
|Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003.  |            |
|Т. 1, 2.                                                    |            |
|Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998,     |            |
|1999. Т. 1, 2.                                              |            |
|Зеликман А.А. Практикумпо зоологии беспозвоночных. – М.:    |            |
|Наука, 1981.                                                |            |
|Барлығы:         30 сағат                                                |



                    5. Білім алушының өздік жұмысы (БАӨЖ)

|                                                                     |
|1. Бірклеткалы жануарлар.                                          | |
|2. Губкалар және ішекқуыстылар типтері.                            | |
|3. Құрттар бөлімі.                                                 | |
|4. Буынаяқтылар типі.                                              | |






   6. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
                                                                     3 кесте
|Тақырып атауы                    |Қолданыла-ты|Өзін – өзі тексеру |Бақылау |
|                                 |н құрал     |сұрақтары          |түрі    |
|                                 |жабдықтар   |                   |        |
|              Зертханалық        |            |                   |        |
|сабақтар                         |            |                   |        |
|Кіріспе     |Зертханада          |Плакаттар,  |                   |        |
|            |орында-латын жұмыс  |микропрепа-р|                   |        |
|            |тәртібі. Қауіпсіздік|аттар.      |                   |        |
|            |ережелері.          |            |                   |        |
|Бірклеткалы-|Микроскоп құрылысы, |Уақытша және|Микроскоп          |ауызша  |
|лар.        |жұмыс істеу         |тұрақты     |құрылысымен және   |        |
|            |ережелері.          |микропрепа-р|онымен жұмыс істеу |        |
|            |Саркомастигофоралар,|аттар.      |ережелері.         |        |
|            |споралылар,         |            |Бірклеткалы        |        |
|            |инфузориялар        |            |жануарлар өкілдері,|        |
|            |типтері.            |            |таралуы.           |        |
|Губкалар мен|Губкалар мен        |Тұрақты     |Губкалар мен       |ауызша  |
|ішекқуысты-л|ішекқуыстылардың    |микропрепа-р|ішекқуыстылардың   |        |
|ар.         |құрылысы.           |аттар.      |құрылысы,          |        |
|            |                    |Фиксирленген|экологиясы,        |        |
|            |                    |материалдар.|таралуы,           |        |
|            |                    |            |көптүрлілігі.      |        |
|Жалпақ,     |Жалпақ, жұмыр және  |Тұрақты     |Жалпақ, жұмыр және |ауызша  |
|жұмыр және  |буылтық құрттар     |микропрепа-р|буылтық құрттар    |        |
|буылтық     |құрылысы.           |аттар.      |құрылысы,          |        |
|құрттар     |                    |Фиксирленген|экологиясы,        |        |
|типтері.    |                    |материалдар.|таралуы,           |        |
|            |                    |            |көптүрлілігі.      |        |
|Буынаяқтылар|Шаянтәрізділердің,  |Тұрақты     |Шаянтәрізділердің, |ауызша  |
|типі.       |өрмекшітәрізділердің|микропрепа-р|өрмекшітәрізділерді|        |
|            |және                |аттар.      |ң және             |        |
|            |бунақденелілердің   |Коллекция-ла|бунақденелілердің  |        |
|            |құрылысы.           |р.          |құрылысы,          |        |
|            |                    |            |экологиясы,        |        |
|            |                    |            |таралуы,           |        |
|            |                    |            |көптүрлілігі.      |        |
|Былқылдақ-де|Былқылдақ-денелілерд|Тұрақты     |Былқылдақ-денелілер|ауызша  |
|нелілер.    |ің құрылысы.        |микропрепа-р|дің құрылысы,      |        |
|            |                    |аттар.      |экологиясы,        |        |
|            |                    |Фиксирленген|таралуы,           |        |
|            |                    |материалдар.|көптүрлілігі.      |        |





7. ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІНІҢ ҚАМТУ КЕСТЕСІ
                                                                     4 кесте
|№  |Оқулық және оқу-әдістемелік        |Саны    |Студент саны|Қамтылу    |
|   |Құралдың атауы                     |        |            |пайызы,%   |
|1  |Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар      |24      |15          |96         |
|   |зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, |        |            |           |
|   |2.                                 |        |            |           |
|2  |Догель В.А. Зоология               |12      |15          |48         |
|   |беспозвоночных. – М., 1981.        |        |            |           |
|3  |Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар        |50      |15          |100        |
|   |зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999.  |        |            |           |
|   |Т. 1, 2.                           |        |            |           |
|4  |Натали В.Ф. Зоология               |4       |15          |16         |
|   |беспозвоночных. – М., 1981.        |        |            |           |
|5  |Курс зоологии. Зоология            |30      |15          |100        |
|   |беспозвоночных. В 2-х томах. – М., |        |            |           |
|   |1961, 1966.                        |        |            |           |
|6  |Омыртқасыздар зоологиясы пәнінен   |20      |15          |80         |
|   |студенттердің өз бетінше           |        |            |           |
|   |дайындалуына арналған оқу құралы   |        |            |           |
|   |/Салина Р.М., Дәуітбаева К.Ә.,     |        |            |           |
|   |Сатыбалдиева Г.Қ., Исадықов Н.С.   |        |            |           |
|   |–Алматы,  1999.                    |        |            |           |
|7  |Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.  |68      |15          |100        |
|   |экологии. -–М., 1981.              |        |            |           |
|8  |Блинников В.И. Зоология с основами |4       |15          |16         |
|   |экологии. –М., 1990.               |        |            |           |
|9  |Рыков Н.А. Зоология с основами     |3       |15          |12         |
|   |экологии. 1987.                    |        |            |           |


8. ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҚОРЛАР
1. Негізгі әдебиеттер
   1. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.
   2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
   3. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.
   4. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
   5. Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.
   6. Омыртқасыздар зоологиясы пәнінен студенттердің өз бетінше дайындалуына
      арналған оқу құралы /Салина Р.М., Дәуітбаева К.Ә., Сатыбалдиева  Г.Қ.,
      Исадықов Н.С. –Алматы,  1999.
      Қосымша әдебиеттер
   7. Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.
   8. Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.
   9. Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.











Пәндер