Файл қосу
Инженерлік психология. Жалпы психология
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |2-деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК |ПОӘК 042-18.1.01/01.2013 | |ПОӘК | | | |Жалпы психология пәнінің |_______2013 жылғы | | |оқу-әдістемелік |№ 1 басылым | | |материалдары | | | 5В010300 - «Педагогика және психология» 2 курс мамандығына арналған Жалпы психология ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Тәжіриебелік және лабораториялық сабақтар 4 СӨЖ 1. ГЛОССАРИЙ Акцептор әрекеті -- «акцептор»—«қабылдаушы» деген латын сөзі. Бұл — зат. Ол атомдарға, электрондарға және өзге де заттарға қосылып, орталық жүйке жүйесінің қызметін жандандырады. Нейродинамикалық сипаттағы әрекеттер. Акцепторлық әрекеттер жүйке жүйесінің қызметінде реттеледі. Анимизм — латынның «жан» деген сөзі. Алғашқы қоғамда адамның, жан- жануарлардың, өсімдіктердің және басқа нәрселердің бәрінде жан болады дейтін қияли түсінік. Алғашқы қоғам мен діни «нанымдардың барлық түрлеріне тән ерекшелік. Антропоморфизм — «антропос»— грекше «адам» және морфе—«түр», «форма» деген екі сөзден құралған. Табиғат құбылыстары мен жануарларды, құдайларды адам сипатында елестететін түсініктер. Апперцепция — латынша an — префикс, сөз алды қосымша, перцепция — қабылдау. Психологияда қабылдау процесінің адамның бұрынғы өмір тәжірибесіне, білім қорына, рухани тіршілігі мен жан дүниесінің жай-күйіне тәуелді болды. Анализатор (грек) – түйсік тудыратын анатомиялық физиологиялық аппарат. Аксон (грек) – жүйке клеткаларының ұзын талшығы. Амнезия (грек) – естің бұзылуы. Ассоциация—1. Белгілі заңдылықтарға сәйкес психикалық, құбылыстардың байланысты болуы. 2. Адамдардың өзара бірлесіп, әр түрлі іс-әрекеттері арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын тобы. Ассоциациялық психология — психологияның мән-жайын философиялық тұрғыдан іздестіріп, оны ассоциациялық принциптерге негіздейтін бағыттардың жиынтығы. Бұл бағыт XVII—XIX ғасырларда пайда болып, негізінен, Англияда өрістеп дамыды. Сөйтіп өз алдыиа дербес бағыт ретінде қалыптасты. Бұл бағыттың материалистік те, идеалистік те ағымдары болды. Материалистік ағым психологиялық құбылыстарды зерттеуге детерминизм принципін ендіруді көздеді. Ал XX ғасырда А. п. механикалық бағытты ұстанған бихевиоризммен ұштасты. Ассоциация — латын сөзі. Психологиялық мағынасы белгілі жағдайда екі не бірнеше психикалық құрылымдардың өзара байланыстылығын білдіреді. Аффект—«жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі (сезімі мен эмоциясы). Мәселен, қайғырып жылау немесе шаттық сезімі билеген адамның қарқылдап ішегі түйілгенше күлуі сияқты әралуан аффекттік жағдайлар. Әрекет — белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл- қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орьшдалатын ішкі әрекет болуы мүмкін. Бағдарлау реакциясы —жағдайдың өзгеруіне орай организмнің өте күрделі әрі арнайы тітіркендіргіштерге әсерленуі. Мұндай жағдайда организмнің бойындағы күш-қуаты мен сезімталдығы күшейіп, жүйке талдағыштарының жұмысы арта түседі. Бағдарлау организмдерде (адам мен жоғары сатыдағы хайуанаттарда) таңданудан басталады. Бихевиоризм — психология ғылымында XX ғасырдың басында АҚШ-та қалыптаса бастаған механикалық теориялық және тәжірибелік бағыт. Бұл бағыт психикалық құбылыстардың бәрі организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге әсерленуіне орай дамиды, белгілі себепке, ынталандыру мен жағдайға байланысты болады деп санайды. Генетикалық әдіс — генетика — шығу тегі «төркіні» дегенді білдіреді. Бұл — психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін, қазіргі кезде психологияда кең түрде қолданылатын зерттеу әдісі. Гештальтпсихология —Германияда XX ғасырдың басында дүниеге келген идеалистік психологиялық бағыт. Ассоциациялык психологияға қарсы пікірлерді қолдай отырып, сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де, елес те емес, кейбір тұтас түрдегі «психологиялық құрылымдар» (гештальттар) деп санайды. Міне сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды. Дағды — сансыз қайталау нәтижесінде қалыптасатьн іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі — динамикалық стереотип. Дедукция, Индукция, Аналогия. Дедукция — жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы. Дедукциялық ойдың кең тараған түрі — силлогизм. Екі не бірнеше пікірлердің байланысы нәтижесінде жаңадан бір пікір шығару. Индукция—1. Жекеден жалпыға қарай дамитын логикалық ой қорытьндысы. 2. Нейрофизиологияда тітіркендіру нәтижесінде пайда болған алғашқы қозу ошағынын, маңындағы аймақтарға тарауы. Аналогия — жекеден жекеге қарай дамитын продуктивті ой қорытындысы. Аналогия — ұқсастық. Ұқсас нәрселерді салыстыра отырып зерттейді, аналогия арқылы жасалған қорытынды мәліметтер болжамды сипатта болады. Детерменизм принципі —философиялық және методологиялық ұстаным бойынша табиғат пен психологиялық құбылыстардың бәрі материалдық себептер мен заңдардың әсер етуінен пайда болады. Детерминизм адамның тіршілігі мен іс- әрекетінің бәрі қоғамның тарихи дамуының нақты жағдайларымен байланысты, әрбір құбылыс белгілі себептен туындайды деп қарайды. Динамикалық стереотип—шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің, құрылуы. Мұндай жүйе организм тіршілігі үшін өте маңызды және ол дағдыны қалыптастырудың физиологиялық негізі. Жоғары жүйке қызметінің типі —жүйке жүйесінің комплекті түрдегі тұрақты қызметі. Мұндай қызмет жоғары жүйке қызметінің сипаттары мен қасиеттерін білдіреді. Ондай қасиеттер адамның әлеуметтік ортада атқаратын жұмысы мен іс-әрекетіне байланысты жаңа сапаларға ие болады. Жоғары жүйке қызметінің типтері мен сипаттары адам мінезінің физиологиялық негізі болы табылады. Инстинкт (соқыр сезім) — 1. Организмде туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы. 2. Туа пайда болатын импульстардың әсерлерге жауабы, қимыл-қозғалыс арқылы әр түрлі тітіркендіргіштерге бейімделуі. Интериоризация, Экстериоризация — сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі идеалдық факторларға, ал адамның ішкі ақыл-ой әрекетінің сыртқы іс-әрекеттерге айналуы. Интроверт пен экстраверт —Кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері — интроверттер делінеді. Ал өзге бір адамдар ішкі дүние сырымен тұйықталып калмай, жан дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отырады. Бұлар — экстраверттер. Қажеттілік — адам мен хайуанаттардың өмір сүруі мен тіршілік етуі қажеттілік қанағаттандырудағы белсеңді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалыс жасауына байланысты. Бұл — организмнің ішкі жағдайы мен күйін сақтауы. Қозғыштық— әсерленгіштік. Сезімнің тез қозьш, тез әсерленуі. Қоғамдық тәжірибе — адам баласының тарихи дамуында материалдық заттар мен мәдени мұраларды жасап шығаруда қалыптасқан біліктері мен әдет-дағдылары жайындағы білім жүйесі. Ниет — қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекеттену және оған іштей ұмтылу. Ниеттің жүзеге асуы материалданған сипатта болады. Психика дамуының қозғаушы күші - психиканың мән-жайы мен деңгейін, бағытын дамытуға ықпал етіп отыратын сыртқы және ішкі факторлар мен жағдайлардың жиынтығы. Мұндай_ жағдай адамның жеке басының дамып жетілуінде қажеттіліктерін қанағаттандыру мен нақты болмыстар арасындағы қайшылықтарды peттеу мәселесі болып табылады. Проблемді ситуация - күнделікті өмірде және арнайы тәжірибелік зерттеуде белгілі бір түйінді мәселені шешуде адамның ақыл-ой белсенділігі талап етілетін жағдай. Ал тәжірибе арқылы сыналған жәндіктер мен хайуанаттар белгілі бір жәйтке бейімделіп, оның «шешімін» табуға әрекеттенеді. Мысалы, маймыл іліп қойған алманы «құрал» қолданып алып жейді. Перцептивті әсер — қабылдау процесіне қатысты әсер түрлері (перцепция — қабылдау). П. ә. психологиялық тұрғыдан анықтағанда — объективтік шындықтың сезім мүшелері арқылы тікелей бейнеленуі. Ретикулярлық формация - мұның өрлеуші және төмендеуші ретикулярлық формация дейтін екі түрі бар. Ми алаптарындағы бірінің жұмысын бірі реттеп (қоздырып, тежеп) отыруы нәтижесінде әрқилы психикалық әрекет жүзеге асады. Түрлі импульстар жоғарыдан (ми қабығынан) төменгі ми бағаиасына т. б. келіп, оларды өзіне бағындырады. Мұны төмендеуші ретикулярлық формация деп атайды. АҚШ ғалымы Г. Мэгун, Италия оқымыстысы Моруци импульстар төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеп берді. Мұны өрлеуші ретикулярлық формация дейді. Рефлекторлық теория — адамның мінез-құлқы мен психикасы оның белсенді қызметі мен іс-әрекеті нәтижесінде реттеліп отыратын материалистік көзқарас. «Рефлекс» сөзінің мәні — бейнелеу. Рефлекстік теорияның негізін салған орыс ғалымы И. М. Сеченев өзінің «Бас миының рефлексі» деген еңбегінде психикалық қүбылыстардың шығуы мен дамуын материалистік тұрғыдан түсіндіріп, оның жоғары жүйке (мидың) қызметі екендігін ғылыми-табиғи тұрғыдан дәйектеді. Рефлексия — латынша «бейнелеу» деген сөз. Адам. санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы. Рефлексология —орыс ғалымы В. М. Бехтеров (1857— 1927) негіздеген механикалық бағыт. Рефлексология адам психикасының әрекетін сыртқы ортаның жүйке жүйесіне әсер етіп, оған тітіркенуі деп санады да, психика мен сананы зерттеуден бас тартты. Сана — психиканың тек адамға ғана тән ең, жоғары сатысы, объективтік болмыстың адам миындағы бейнесі. Болмыс пен шындықтың, бейнесін адам тіл арқылы, сөйлеуі арқылы бейнелеп, оның мән-жайын танып біледі. Сана мен іс-әрекеттің бірлігі. Сананьң генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялық іргетасын қалайды. Семантика — сөздер мен сөйлеудегі айтылған атаулардың мағынасын білдіретін термин. Ғылымда бұл атау семантика, семасиология деп те атала береді. Синтагма — лингвистикалық термин. Ол сөз тіркестері мен олардың бөлшектерін жіктеп қарастырып, анықтаушы және анықталушы бөліктерінің құрамын анықтай отырып белгілі жүйемен іздестіреді. Сөздік – мағыналық ойлау — ойлау әрекетінің ерекше бір түрі. Сөздік — мағыналық ойлауда белгілі ұғым-түсініктер түрлі ой әрекеттері арқылы анықталып, жүйеге түседі. Мұндай _ой әрекеті заттар мен тікелей сезімдік таным тәжірибелеріне негізделмейді. Ойдың шындығы мен ақиқаттығы ақыл-ой талқысы аркылы анықталады. Стимул— қозғаушы, жандандырушы әсер. Тітіркендіргіштердің тікелей таным мүшелеріне (рецепторларға) әсер етуі нәтижесінде сыртқы және ішкі органдарда қыздыру тудыратын әсер. Оңың қуаты әр алуан тітіркенулер тудырады. Темперамент - жоғары жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес адамның даралық сипатын білдіретін психологиялық ерекшелік. Темперамент адам мінезінің табиғи негізін анықтайды. Жоғары жүйке қызмет типтерінің күшіне, теңдігіне (қозу мен тежелу) және ауысу ерекшеліктеріне сәйкес темпераменттің төрт түрі сипатталады. Олар: холерик, флегматик, сангвиник, меланхолик. Темпераменттердің түрлері жоғары жүйке қызметінің типтеріне негізделгенімен, олар адамның тіршілік бейнесі мен әлеуметтік жағдайына орай өзгеріп, жаңа қасиет-сипаттарға ие болады. Темпераменттік ерекшеліктер адамда туа пайда болатын қасиет, ал мінез-құлық сипаттары өмірде жүре-тұра қалыптасады. Психологиядағы темперамент жайлы ғылыми көзқарастар әр түрлі. Дегенмен, темпе-раменттердің табиғи-ғылыми негізі жоғары жүйке қызметінің типтері екенін ғылыми тұрғыдан ашып көрсеткен физиолог ғалым И. П. Павлов, Тест — сынақ. Психологияда адаммың дара басындағы психологиялық ерекшеліктері меи қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Тест (сынақ) әдісі аркылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас-ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытылады. Қазіргі кезде тест әдісі кеңінен қолданылып отыр. «Тест»— ағылшын сөзі. Мағынасы «сынақ» дегенді білдіреді. Топ—қоғамдағы адамдардың, белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі. Топ жетекшісі — жора-жолдастары мен қатар құрбыларына «өзінің беделімен, іс-әрекетімен, мінез-құлқымен ықпал етіп отыратын адам. Тітіркенгіштік — әсерленушілік, қозғыштық. Жүйке жүйесінің әр алуан сыртқы және ішкі әсерлерге тітіркенуі. Төменгі сатыдағы микроорганизмдердегі психиканың көрінісі — тітіркенгіштік. Тітіркенудің өте қарапайым түрі — тропизмдер. Тропизм—«бұрылу» деген сөз. Ұғым — заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы. Ғылыми пәндердің бәрі ұғымдар жүйесінен құралады. Кез келген ұғымның мазмұны мен көлемі болады және ол қолдану ретіне қарай өзге ұғымдармен түрліше байланыста болады. Ұғым дерексіз ойлау нәтнжесі арқылы жасальіп, оның мазмұны мен көлемі анықталады. Ұғымталдық — сезімталдық, әсер етуші нәрселер мен құбылыстарды сезім мүшелері мен ақыл-ой арқылы тез қабылдап, олардың мән-мағынасьн жете түсіну қабілеті. Ұжым — қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың бірлесіп атқаратын қоғамдық істері мен мақсат-мүддесінің бірыңғай болуында. Үйлесім, сыйымдылық. Бұл — әлеуметтік психологиядағы түсініктер, яғни сырт қарағанда дара адамның өзінің ішкі қарсылығына қарамастан топтың ырқына саналы түрде бейімделіп, көнбістік көрсетуі. Үнсіз сөйлеу — сөйлеу әрекетінің ерекше түрі. Үнсіз сөйлеуді кейде іштей сөйлеу дейді. Үнсіз сөйлеуде адамның ойы мен білдірмек, болған пікірі дыбыссыз айтылады.. Іштей сөйлеуде сөйлемнің баяндауышы не бастауышы айтылады да, ой жүйесі үзінді-кесінді сипатта болады. Қарым-қатынас жасауда дауыстап сөйлеу тәсілі қолданылса, ал үнсіз, іштей сөйлеуде адамның ойлауы құрал қызметін атқарады да, ол өзінің іс-әрекетін реттейді. Фрейдизм — бұл ұғым Австрия ғалымы 3. Фрейдтің, атымен байланысты. Фрейдизм XX ғасырда психологияда кең таралған ағым. Фрейдтің зерттеуі бойынша адам мінез-құлқының козғаушы күші мен шешуші факторы жыныстық еліктеу болып табылады. Мұндай еліктеу мен сезім әрекеті санадан тыс табиғи қажеттілік деп саналады. Бұл адам тіршілігіндегі биологиялық процесс болса, ал психиканың дамуы мен оны басқару әлеуметтік фактормен де айқындалатыны ескерілмейді. Эгоцентрлік сөйлеу —сөйлеудің бұл түрін психологияда баланың автономды (өзіндік) сөйлеуі деп те атайды. Эгоцентрлік сөйлеуді дауыстап сөйлеу әрекетінің, үнсіз (іштей) сөйлеуге ауысу жолындағы өтпелі көпірі (өткел) деп санауға болады. Электроэнцефалограмма (ЭЭГ)— мидағы биоэлектрлік белсенділік әрекетін осы аспаппен жазып алады да, оның мәнін анықтайды. Эмпатия—өзге адамдардың жан дүниесінің, сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі — идентификация. . Бұл – адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халде болуы. 2. ДӘРІСТЕР Дәріс тақырыбы. Психология ғылым ретінде. Дәрістің қысқаша мазмұны. Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы зерттейтін объектіні (пәнді) бірден түсіну қиын, әрі ол — күрделі мәселе. Өйткені, психикалық құбылыстар зерттеуші адамның дүниетанымдық көзқарасына байланысты. Заттар мен құбылыстар туралы адамның елесі, қабылдауы, тілегі сол заттардың өзінен ерекше болып жасалады. Сөйтіп, бірте-бірте олар адамның психнкасы болып аталады. Психология, психика деген түсініктер гректің «псю-xэ»— жан деген сөзінен шығады. «Логия» — ілім. Психология — психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық приициптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді. Басқаша айтқанда, бұл ғылым — теориялық және эксперименттік психология деп те аталады. Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынадай негізгі үш мәселені бөліп қарастырамыз: а) психикалық процестер, ә) психикалық кейіп, б) психикалық қасиеттер немесе адамның дара психологиялық ерекшеліктері. Психология ғылымының салалары. Дамудың қазіргі кезеңіндегі психологиялық ғылым — ғылыми пәндердін күрделі де тармақталған жүйесі болып табылады. Жалпы психология қалыпты ересек адамның психикалық қызметінің неғұрлым жалпы заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы адамның психикалық даму заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процестердің (естің, ойлаудың, қиялдың, сезімнің) қалыптасу процесін және жеке адамның психикалық қасиеттерін зерттейді. Еңбек психологиясы. Инженерлік психология Әлеуметтік психология.Медициналық психология психотерапия, психогигиена мәселелері, дәрігерлер мен аурулылардың карым-қатысы мәселелерімен айналысады. Патологиялық психология адамдардың нормальды психикалық қызметінің бұзылуының әр түрлі формаларын, нормальды психикалық дамудың әр түрлі ауытқуларын зерттейді. Психологияның бұл саласында бірнеше бағыт: олигофренопсихология (психикалық Дәріс тақырыбы. Ми және психика. Дәрістің қысқаша мазмұны. Психика - психологияда көптеген түсініктерді біріктіретін субъективті құбылыс. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші түсінік бойынша, психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі (рефлексия) жоғарғы дамудағы тірі материяның ерекшелігі. Нерв жүйесі функциясы құрылысының жақсаруы психика дамуының қайнар көзі болды. Бүл процестің механизіміне: организмнің жаңа ерекшеліктерге ие болуы, олардың өзгеруіне байланысты жаңа органдардың өзгерістері, генотиптегі өзгерістер: өмір сүруге қажетті бейімделген органдар мен ерекшеліктердің ортақ бейімделуі. Дамудың келесі маңызды стимулы өмір сүру шарттарының күрделенуі. Ол организм құрылысын өзгертуге әсерін тигізеді. Дүниені бейнелеу қабілеттілігі пайда болады. Қоршаған ортаны жақсырақ бағдарлай алу жүзеге асты. Сонда психиканың жетілуіне шыңдық өмір әсер етті: ол тіршілік иелерінде жоғарғы нерв жүйесі мен жоғарғы психиканың бейнелеу деңгейлері болуын талап етті. Бұл түсініктер материалистік болып табылады. Психика дамуының екі стадиясын анықтау қоршаған орта туралы хабарлама алу мінездемесінің әдістерінен тұрады. Бірінші стадияға сенсорлы әдіс, екіншіге - перцептивті әдіс тән. Дәріс тақырыбы. Іс-әрекет психологиясы. Дәрістің қысқаша мазмұны. Адам қоғамындағы белсенділік көрінісі іс-әрекет деп аталады. Адам іс- әрекеті күрделі құбылыс. Оның қыртараптарын әртүрлі ғылым салалары зерттейді. Ортақ мақсат үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық қызмет атқаратын әрекеттер жиынтығын іс-әрекет деп атаймыз. Іс-әрекет үстінде сана қалыптасады, яғни адам өзін табиғаттан саналы түрде бөліп көрсетеді. Адам өз алдына мақсат қояды, белсенді қызмет істеуге итермелейтін себептерді түсінеді. Адамның іс-әрекеті саналы, болжамды, бағыт-бағдарлы, мақсатты, жоспарлы, есепті, себепті және өзгерісті сипатта болады. Адамның жеке басы іс-әрекет үстінде қалыптасады. Алдына қойған мақсат- міндеттерін орындай отырып, адам өзінің іс-әрекет белсенділігін көрсетеді. Адамның іс-әрекеті алдына қойған мақсаттарымен, міндеттерімен және оны іс- әрекет итермелеген мотивтермен анықталады. Адам іс-әрекетсіз және әлеуметтік қарым – қатынассыз өмір сүре алмайды. Іс - әрекеттің құрылымы. Іс-әрекеттің мақсаты дегеніміз – сол іс - әрекеттің болашақ нәтижесін күні бұрын санада болжау. Мақсат заң ретінде адам әрекетінің сипаты мен әдісін анықтап береді, алдын – ала бейнелеудің құралы. Іс - әрекет дегеніміз – адамның қоршаған дүниемен өзара ықпалды байланысының қозғалысты жүйесі. Әрекет- заттық (сыртқы) зат арқылы жасайды, ақыл-ой (ішкі психикалық)- жаттау. Сыртқы әрекет ішкі әрекеттің бақылауымен жүргізіледі. Адам іс-әрекеттінің барысын күні бұрын жоспарланған бейнелер мен ой түрінде баста жүрген қаракетпен салыстырып отырады. Нақты әрекетті бұлайша топшалау және оны реттеп отыру мүмкіндігі әрекет акцепторы деп аталады. Іс- әрекеттің негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек. Дәріс тақырыбы. Зейін туралы түсінік. Дәрістің қысқаша мазмұны. Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекеттерімізді тұрақтата алу. ( Мысалы, қаламды қолыма ұстап тұрып, байқаусызда партаның үстіне тарс етіп түсіп кетсе, барлықтарың партаның үстінде жатқан қаламға қарайсыңдар. Зейін дербес бір психикалық процесс емес, өйткені ол басқа процестерсіз көріне алмайды. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және толығырақ бейнелеу үшін, психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақталуы үшін керек. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ сәулелендіруге болмас еді. 2.Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. Ырықсыз зейін. Егер көшеде өте бойшаң адам мен аласа бойлы адам қатар келсе, біреуінің өте ұзын екені, екіншісі аласа адам екені көзге бірден шалынады.Мұны ырықсыз зейін деп атайды. Дәріс тақырыбы. Түйсік туралы түсінік. Дәрістің қысқаша мазмұны. Түйсік сезгіштіктің ең маңызды көрінісі. Түйсік организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма болып табылады. Түйсік – біздің айналамызда, ішкі жан (психикалық) дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлай, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз. Түйсіктегі, негізгі дүние танудың алғашқы табалдырығы – осы түйсік. Объективтік реальдық материалдық дүниенің мәліметі адамға ең алдымен осы қақпа – түйсік – арқылы жетіп отырады. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түйсіктің физиологиялық негіздері. Түйсік заттың сезім мүшелеріне әсер еткен кезінде ғана пайда болады. Түйсік туғызатын бүкіл физиологиялық аппаратты анализатор деп атайды. Түйсіктің түрлері және қасиеттері. Көру түйсіктері. Есту түйсіктері.Діріл түйсіктері. Иіс түйсіктері. Дәм түйсіктері. Тері түйсіктері. Статикалық түйсіктер. Кинестезиялық түйсіктер. Органикалық түйсіктер. Адаптация. Контраст. Синестезия. Сенсибилизация. Түйсік дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді айтамыз. Түйсік сезгіштіктің ең маңызды формасы. Дәріс тақырыбы. Қабылдау. Дәрістің қысқаша мазмұны. Қабылдау дегеніміз — заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі. Қабылдаудың алғы шарты әр түрлі түйсіктер және түйсіктермен бірге жүзеге асады, бірақ оны солардың қосындысы деуге болмайды. Қабылдау түйсіктер арасыңдағы белгілі қатынастарға тәуелді, ал енді олардың өзара байланысы зат немесе құбылыс құрамына енетін сапа, қасиет, түрлі бөлшектер байланысы мен қатынастарына тәуелді. Айнала қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың біздегі сезім мүшелеріне әсері нәтижесінде қабылдаудың заттылығы қалыптасады. Қабылдаудың айырмашылығы сан жағында емес, сапалық жағынанда болады, мәселен, алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті, т.б. сипаттарын санау арқылы емес, оны белгілі заттың бейнесі деп танып қабылдауымызда. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңызды орын алады. Қабылдаудың заттылығы – бізді қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың біздегі сезім мүшелеріне әсер нәтижесінде қалыптасады. Онымен бірге қабылдаудың көрнекі бейнесі сыртқы дүниенің белгілі затына қатысты болады. Осы арақатынас біздің іс-әрекетіміздің бағдарлау қызметінің негізі болып есептеледі. Қабылдаудың физиологиялық негіздері. Қабылдаудың физиологиялық негізі – талдағыштар (анализаторлар) жүйесінің комплекстік қызметі болып табылады. Қабылдау ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың қасиеттері. Қабылдаудың таңдамалылығы. Апперцепция. Қабылдаудың константтылығы – тұрақтылығы. Қабылдаудағы иллюзиялар. Қабылдаудағы фигура (зат) және фон. Сонымен, қабылдау дегеніміз — заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі. Түйсіксіз қабылдау болмайды, қабылдаусыз түйсік болмайды. Олар бір-бірімен өзара байланысты. Дәріс тақырыбы. Ес туралы жалпы түсінік. Дәрістің қысқаша мазмұны. Адам өзінің өмірде көріп- естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс- әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады. Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен бейнелерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді. Қайта жаңғырту тану мен еске түсіру қызметі бірін- бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс- әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады. Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Ес осы замаңғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар,техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған- есте қалдырудың механизмі туралы мәселелер. Естің түрлері. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл- қозғалыс, эмоциялық- сезімдік, бейнелі- көрнекілік және сөздік- мағыналық (логикалық); Іс- әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес. Адамның материалдарды қанша уақыиқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді (түпкілікті), сондай- ақ оперативтік ес. Естің кейбір түрлері арнайы аспап- мнемометр арқылы өлшенеді. Ес түрлерінің өзара байланысы. Ес түрлерінің бөліну принципі адамдардың іс - әрекет Дәріс тақырыбы. Ойлау туралы жалпы түсінік. Дәрістің қысқаша мазмұны. Ойлау дегеніміз–сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс– қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Сонымен, жекеден жалпыға және жалпыдан қайта жекеге көпсатылы ауысу ерекше психикалық процесс ойлау негізінде жүзеге асады. Ойлау процесі елестермен де тығыз байланысты.Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау –ми қыртысының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда үлкен ми сыңарлары қыртысында құралатын уақытша жүйке байланыстары жетекші роль атқарады. Екінші сигнал жүйесінде жүйке қызметінің өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады. Ойлау–аса күрделі психикалық процесс. Ойлаудың негізгі түрлері. Шығу тегі мен пайда болуы (генезі) бойынша ойлау келесі түрлерге жіктеледі: Көрнекі-әрекеттік ойлау–мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі. Көрнекі–бейнелік ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі. Дәріс тақырыбы. Қиял туралы түсінік. Дәрістің қысқаша мазмұны. Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа образ жасау процесі қиял деп аталады. Қиял - нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі, түсініктерді кайта, жасайтын процесс. Қиял еңбек процесінде адамның белгілі бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің тууы негізінде пайда болды деп есептеледі. Мысалы, адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек күралдарын ала отырып, баска еңбек операциясын жасау үшін өзінің көзқарастарына сәйкес келетін баска қүралдарды көз алдына елестетті. Бірақ кейін адамның тарихи дамуы барысында, қиял тек еңбекте ғаңа емес, сонымен қатар адамдардың фантазиясында және арманында, яғни дәл казір тәжірибеде жасалуы мүмкін емес образдарда пайда бола бастады. Қиялдың түрлері. Қиял процесі ес сиякты ерікті (мақсатты) немесе әдейі жасалуы бойынша бөлінеді. Еріксіз (мақсатсыз) жасалған қиялға түс жатады. Себебі, онда образдар әдейіленіп жасалмайды және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады. Ерікті қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі адамның алдына өзі қойған немесе басқа біреуден тапсырылған міндет бойынша белгілі бір образдарды жасау мақсаты туған кезде көрінеді. Бұл жағдайда қиял адамның өзі арқылы бақыланады және бағытталады. Мұндай жұмыс негізінде қажетті көріністерді ерікті түрде жасауға және өзгерту мүмкіндігі жатыр. Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан жасалынған қиялды, шығармашылық қиялды және арманды бөліп қарауға болады. Қиялдагы образды қайта жасау механизмі. Қиял процесі барысында дүниеге келетін образдар іштен пайда болмайды. Олар біздің өткен тәжірибеміз негізінде, шынайы өмірдегі құбылыстар туралы түсніктер негізінде қалыптасады. Образдарды жасау екі негізгі этапта жүреді. Бірінші этапта әсерлердің немесе көріністердің құрамдас бөліктерге бөлінуі жүреді. Басқаша айтқанда, бірінші этап өмірден алған өз әсерлерімізді анализ жасаумен сипатталады. Мұндай анализ барысында объектінің абстракциялануы жүреді. Сөйлеудің жалпы сипаттамасы. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болады. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалады. Осының арасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән- мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болады. Тіл, сөйлеу- ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой санасын дамытып жетілдіруге аса маңызды роль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөз өмірдің оындай екен» дейді. Ескі қазақ жұртының ғұлама ғылымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі – тіл, тілдің көркі сөз»-деп айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымының басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ынтасымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір – бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құрамы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл сондай-ақ адам сана-сезімінің, оның психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл- әрекетке де итермелейді. Бұл – оның атқаратын кінші қызметі. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу –пікір алмасу процесінде жеке адамның белгілі тілдің пайдалануы. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі сөздерді сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланыста. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атұқара алмайды. Мұның біріншісі- сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі, оның мәнерлігі. Дәріс тақырыбы. Психологиядағы тұлға туралы түсінік. Дәрістің қысқаша мазмұны. Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оны жан-жақты дамыту. Ал бұл міндеттердің нәтижелі болуы жеке адамның қалыптасуына қандай жағдайлардың ықпал ететінін білумен байланысты. Тәрбие қоғамдық өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі. Мәнді мәселенің бірі – “жеке тұлға” түсінігінің өзін айқындап алу. Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі – биологиялық, екіншісі – әлеуметтік. Шетел педагогикасы мен психологиясы жеке тұлғаның даму мәселесін үш негізгі бағытта қарастырады, яғни олар: биологиялық, әлеуметтік және биосоциологиялық. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің айтуы бойынша әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады, әрі дамытады. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша: “Жеке тұлғаның негізгі функциялары қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен меңгеру және қоғамдық қатынас жүйесіне қосылу”. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттермен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен “жеке тұлға” дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді. С.Л. Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс- әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы, өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі – жеке адамның мәнді белгілері. Жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамиды және қалыптасады. Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Жеке адам дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі Дәріс тақырыбы. Темперамент. Дәрістің қысқаша мазмұны. Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген И.П.Павловтың ілімі темпераментті ғылыми сара жолға түсірді. Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б.М.Тепловтың лабораториясында жүйке жүйесінің типтері одан әрі зерттеле түсті. Бұл зерттеулерде И.П.Павловтың жүйке жүйесінің төрт түрлі типі туралы ұғымы адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңызды ғылыми теория екені дәлелденді. Темперамент жайлы ғалымдардың пікіріне тоқталсақ: темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл- қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әртүрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесіндегі төрт түрлі сұйық затқа байланысты деген. Олар: денені жылытып тұратын - қан, салқындататын - сөл, құрғататын - баурдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше «красис», латынша бұл терминді темпераментум деп атап кеткен. Сөйтіп, Гиппократ адамдағы темпераменттердің әртүрлілігі ағзадағы осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз- көптілігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, қанның пропорциясы көп болса - сангвинник (латынша «сангиус»), ал сөл көп болса – флегматик (грекше «флегма»), ал ағзада қара өт көп болса – меланхолик (грекше «мелай-нехоле»), сары өт көп болса – холерик (грекше «холеот») темпераменті деп аталған. Дәріс тақырыбы. Мінез туралы түсінік. Дәрістің қысқаша мазмұны. Мінез – жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы. И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай – ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Осылар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мінез ерекшеліктері адам қызығушылығымен тығыз байланысты, бірақ оның бұл қызығулары мәнді әрі тұрақты болуы шарт. Адам мінезі сан алуан. Бұл іс - әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы – шапшаң, екіншісі – асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты, үшіншісі – іске ойланбастан асым салады, кейін барып ойланады да, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер – мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс әрекет – қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі. Мінез бен темперамент ұқсастығы адамың физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесінде болған тәуелділіктен. Мінездегі ұстамдылық – ұстамсыздық – ұстамдылық, қозғалғыштық – салғырттық т.б. тікелей темпераментке байланысты. Бірақ мінез темпераментке түгелдей тәуелді емес. Мінезі тұрақталған адамды темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қылып, мінез бітістеріне сай әрекет – қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез құрастырушы көптеген қасиеттер біртұтас, олар даралап, шектеуге келе бермейді. Ал кейбір қасиеттер: еріктік, сезімдік, ақыл – сапалық адам мінездерінің ерекше құрамды бөліктері ретінде таңдауға келеді. Барша мінез бітістері өзара заңдылықта байланысқан: батыр адам - да табанды: ашық адам – жайдарлы, сенімді, достыққа тұрақты т.б. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір адамда бір мінез бітісі болады. Дәріс тақырыбы. Қабілет туралы жалпы түсінік. Дәрістің қысқаша мазмұны. Қабілет қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Экономика мен ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар адамдардың қабілеттері де маңызды орын алады Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік психикалық қасиеттері комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады. Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте қабілет болмағаны. Міне, сондықтан қабілетті адамнын басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды. Қабілет әр кезде де жеее адам қасиеттерінің синтезі. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды. Қабілеттіліктің өлшемі- белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Қабілеттің дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Дәріс тақырыбы. Еріктің жалпы сипаты. Дәрістің қысқаша мазмұны. Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі болады, мұны психологияда мотив не түрткі д.а. Кез-келген түрткі сан-қилы қажеттермен тікелей, не жанама түрде байланысып жатады. Адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі- оның қажеттіліктері. Адам өз қажеттеріне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Осы мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдар қарастырады. Осының салдарынан қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары н/е ерік д.а. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. Ерік-бұл адамның мақсат қоя отырып жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы немесе ішкі кедергілерді жеңумен байланысты өз әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті. Ерік адамның практикалық және танымдық әрекетін ретке келтіруден көрініп, соларды жүзеге асырудан тұрады. Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. Оның көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффектердің ерекше варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оларды тудырып отырады. Әрине ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені ерік пайда болу үшін, оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше адамның мұқтаждықтары себеп болады. Америка психологы Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға айналуы дейді. Оның пікірінше, адамның қимыл-әрекеттері ой арқылы өздігінен қимылға айналып кетеді. Мысалы, адам көзін жұмып тұрып екі қолын екі жағына созып, бір қолын алдына, екінші қолын артына қарай қимылдатса, адамның қолы өздігінен біраз қимылдай бастайды. Немесе адам жіпке бір тасты байлап, қолын созып жіпке тізген тасты жай айналдырам деп ойласа, жібі қимылдап өздігінен айналғандай болады. Міне, осындайды Джемс ерік әрекеті деп ойлайды. Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі - инстинкт әректі ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи – ғылыми негіздерін қалаған И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары шартты рефлекстер деп түсіндіреді. И.М.Сеченов ерікті әрекеттердің физиологиялық механизімін зерттей отырып, адамның ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтатын қабілетерді игеретіндігін дәлелдейді. Дәріс тақырыбы. Эмоция және сезім. Дәрістің қысқаша мазмұны. Сезімдер- адамның өзіне, өзге адамдарға, айналадағы заттар мен құбылыстарға көңіл – күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс. Сезім - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады. Демек, Адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Эмоция - адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру мен қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер. Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Оардың бір тобы – жағымды, не ұнамды эмоциялар деп аталады. Адамның шамадан тыс зорлануын психологияда стресс – ( «стресс» - ағылшын сөзі, шамадан тыс зорлану деген мағына береді) деген терминімен белгілейді. Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ызалы, түсі суық деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Көңіл – күй деп – біршама бәсең, бірақ әжептәуір ұзағырақ, психикалық процестер мен адамның барлық мінез – құлқында көрінетін жалпы эмоциялық жағдайларды айтады. Аффектер дегеніміз – қысқа уақытқа созылса да бұрқ етіп, қатты көрінетін эмоцияның бір түрі. Аффектілік жағдайдың тууы ми қыртысында күшті қозу бөлігінің болуымен байланысты. Адамгершілік сезімдер: достық, жолдастық, адалдық, ар – намыс, борыш, жауапкершілік, т. б. Интеллектік сезімдер: тану процестерімен, ақыл – ой әрекетімен байланысты білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, жаңашылдық, болжау. Эстетикалық сезімдер: адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Дәріс тақырыбы. Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік. Дәрістің қысқаша мазмұны. Адамдармен қарым-қатынас бұл – ғылым және өнер. Қарым-қатынастың ең негізгі құралы тіл болып табылады. Қарым-қатынас құралы – бір адамның екінші адамға қарым-қатынас процесінде берілетін хабарды кодпен хабарлауы. Кодпен хабарлау – бір тіршілік иесінің екіншіге хабар беру тәсілі. Сөз дене қатынастары. Тіл, тілдік жүйе, жазу, оның әртүрлі формалары (текстер, схемалар, суреттер, сызулар), техникалық жазу, хабар және хабар сақтау құралдары. Қарым-қатынас нәтижесінде жеке адамның қалыптасуы іске асады. Адам қатынасқа әрқашан жеке тұлға ретінде түсетіндіктен, ол басқа адамға да –қатынастағы партнеріне де жеке тұлға ретінде қабылданады. Басқа адамды танып-білуде бірнеше процестер қатар жүреді: осы басқа адамды эмоционалдық бағалау, оның жасаған қылықтарын түсінуге талпыныс, осыған негізделген, оның мінез-құлқын өзгерту стратегиясы, өзінің жеке мінез- құлқын қалыптастыру стратегиялары. Осы процестерге минимум екі адам қатысады және олардың әрқайсысы белсенді субъект болып табылады. Сонымен, өзін басқамен салыстыру екі жақты жүреді: партнерлердің әрқайсысы өзін бір- біріне теңдестіреді. Яғни, өзара әрекеттесудің стратегиясын құру кезінде әркім бір-бірлерінің қажеттіліктері, мотивтері, бағдарын ғана есепке алмауы қажет, сонымен қатар бірі екіншсінің қажеттіліктері, мотивтері, бағдарларын қалай түсінетіндігін ескеруі қажет. Әрбір жеке әлеуметтік-психологиялық зерттеу деңгейінде басқа адам арқылы өзін түсіну, тануын талдауының екі жағы бар: идентификация және рефлексия. «Идентификация» термині - өзін басқаға теңдестіру дегенді білдіреді. Басқа адамды түсінудің ең қарапайым әдісінің бірі - өзін сол адамға теңдестіру. Идентификация басқа адамды түсіну мен танып білудің механизмдерінің бірі ретінде болады. Идентификация мен оған мазмұны жағынан жақын құбылыс – эмпатия арасында тығыз байланыс бар. Эмпатия да басқа адамды түсінудің ерекше әдісі болып табылады. Эмпатия дегеніміз – аффективті «түсіну»-(сезімді түсіну), басқа адамның проблемасына эмоционалды қарау. Эмпатияның эмоционалдық табиғаты мынадан көрінеді: басқа адамның ситуациясы «ойланылмайды», «сезініледі». Эмпатияның механизмі белгілі жерлерде идентификацияның механизмімен ұқсас: екі жақта да (эмпатия мен идентифкация) өзін басқаның орнына қоя білу, нәрселерге басқаның көзқарасымен қарай білу. Алайда, нәрселерге басқаның көзқарасымен қарау міндетті түрде өзін сол адаммен теңдестіруді білдірмейді. Егер мен өзімді басқамен теңдестірген болсам, онда яғни мен өзімнің мінез-құлқымды басқа адам оны қалай құратын болса, солай құрастырамын. Ал егер де мен оған эмпатия көрсетсем, мек тек оның мінез-құлқының сызбасын назарға аламын, ал өз мінез-құлқымды тіптім басқаша құра аламын. Екі жағдайда да басқа адамның мінез-құлқын «есепке алу» көрінеді, бірақ біздің біріккен әрекетіміздің нәтижесі әр түрлі болады: қатынастағы партнерді оның позициясына тұру арқылы, сол позициядан әрекет ету арқылы түсіну бір бөлек, ал оның көзқарасын есепке алып, тіпті оған қоса көңіл білдіру арқылы оны түсіну, бірақ өзіңше әрекет ету – бұл бір бөлек нәрсе. Екі аспекті де маңызды, бұл екі аспекті де әлеуметтік психологияда өз зерттеуінің белгілі бір эксперименттік дәстүріне ие. Қатынасты сипаттау тұрғысынан бұл екі жағдай да тағы бір мәселенің шешімін керек Дәріс тақырыбы. Топ және ұжым. Дәрістің қысқаша мазмұны. Белгілі бір мақсатпен біріккен адамдар қауымдастығы топ деп аталады. Бұл қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты. Топтар әртүрлі себеппен негізделіп жіктеледі. – Қалыптаса бастаған өзара қатынастардың ықтиярлығымен. – Құрылу принципімен жолдары. – Жеке адамның топтық нормаларына көз қарасы. Қалыптаса бастаған өзара қатынастар ырықтылығы мен тереңдігіне байланысты шағын және бастауыш топтар айқындалады. Шағын және бастапқы топтар. Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір – бірімен тікелей қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Құрылу приципі мен әдісіне қарай шартты және нақты формалды және формалды емес топтар болады. Шартты және нақты топтар. Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады. Анатомиялық – физиологиялық, психикалық және басқа да заңдылықтар мен ерекшеліктерін зерттеп білу үшін мектеп жасына дейінгі балалар, жеткіншектер, төменгі сынып оқушылары, жас – өспірімдер жас ерекшеліктеріне қарай осы принцип бойынша жіктеледі. Нақты топ адамдардың бір – бірімен өзара қарым – қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттеріне орындауға жұмсалған өмір сүріп тұрған бірлестігі. Нақты топ қысқа мерзімді, не ұзақ өмір сүруі, мүшелерінің саны аз, не көп болуы мүмкін. Ол қауымдастық ретінде өмір сүріп қызмет стейді. Формалды және формалды емес топтар. Формалды (ресми) топ штат кестесі, устав және басқа да ресми документтер негізінде құралады. Мысалы: жоғары оқу орындағы студеттер тобы, мектептегі мұғалімдер мен қызметшілер штаты – мұның бәрі ресми топтың мысалдары. Топ мүшелерінің арасында документтерде көрсетілген іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастар бір – біріне бағыну немесе өзара міндеттің орындалуына не аз, не көп жауапты болу тұрғысында тең құқықтық етеді. Жеке адам өз өмірінде басқа адамдармен тікелей қарам – қатынаста болып өзінің әлеуметтік мәнін жүзеге асырады. Бұл қарам – қатынас бір – бірімен тығыз байланысты топтарда болады. Ондай топтар біркелкі емес. Олар неше түрлі себепке негізделіп жіктелуі мүмкін, яғни қалыптаса бастаған өзара қатынастардың ықтиярлылығы мен тереңдігіне, құралу принципі мен жолдарына, жеке адамның топтың нормаларына көзқарасына негізделеді. 3. СЕМИНАР САБАҚТАРЫ 1-тәжірибелік. Тақырып 1. Психологиялық зерттеудің әдістері. 1.Психология жаратылыстану және гуманитарлық пән ретінде. 2.Психологияның ғылым ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері. 3.Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы. Психология ғылымындағы зерттеу принципетрі. 2-тәжірибелік. Тақырып 2. Ми және психика. 1. Адамның жоғары жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі. Жүйке клеткасының құрылысы. 2. Талдағыштар, оның құрылымы. Мидың анализдік-синтездік қызметі. 3-тәжірибелік.Тақырып 3. Іс-әрекет психологиясы. 1.Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. 2.Іс-әрекеттің құрылымы. 3.Іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттері. 4-тәжірибелік.Тақырып 4. Түйсік туралы түсінік. Түйсіктің қасиеттері. Абсолюттік сезгіштік. Сезгіштін табалдырықтары. Сенсорлық бейімделу туралы түсінік. .Сенсибилизация. Синестезия. 5-тәжірибелік.Тақырып 5. Қабылдау. : Қабылдаудың негізгі қасиеттері. Кеністікті қабылдау. Уақытты қабылдау. Көлемді, қозғалысты қабылдау. 6-тәжірибелік.Тақырып- 6. Ес туралы жалпы түсінік. 1.Ес туралы жалпы түсінік. 2.Ес процестері. Олардың сипаттамасы. 3.Ес түрлері. 7-тәжірибелік.Тақырып –7. Ойлау туралы жалпы түсінік. 1.Ойлау түрлері және олардың ерекшеліктері. 2.Адамның шығармашылық ойлауын қамтамасыз ететін факторлар. 3.Сөйлеу және тіл. 8-тәжірибелік.Тақырып- 8. Қиял туралы түсінік. 1.Қиял түрлері. 2.Қиялдың жасалу жолдары. 3.Қиялдың дара айырмашылықтары. 9-тәжірибелік.Тақырып 9. Психологиядағы тұлға туралы түсінік . 1.Тұлға психологиясының методологиялық мәселелері. 2.Тұлға теориялары және оқытудың негізгі деңгейлері. 10-тәжірибелік.Тақырып 10. Темперамент. 1.Темперамент туралы түсінік. 2. Темперамент түрлері. 3.Темперамент және жеке адам. 11-тәжірибелік.Тақырып 11. Мінез туралы түсінік. 1.Э.Кречмер бойынша мінез типологиясы, А.Е.Личко бойынша мінез типологиясы, К.Леонгард бойынша мінез типологиясы, Э. Фромм бойынша мінез типологиясы. 2.Мінез туралы теориялар. 3.Мінез құрылымы мен қасиеттері. Мінез бітістері. 12-тәжірибелік.Тақырып –12. Қабілет туралы жалпы түсінік. Қабілет туралы түсінік. Адамдардағы қабілеттілік түрлері Қабілеттілік, нышан және адамдардың даралық ерекшеліктері. Қабілеттілікті дамыту. 13-тәжірибелік.Тақырып –13. Эмоция және сезім. Күрделі эмоционалды күйлер. Сезімнің түрлері. Жоғары деңгейдегі сезімдер. 14-тәжірибелік.Тақырып –14. Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік. Қарым-қатынас ұғымы. Қарым-қатынас және іс-әрект. Қарым-қатынастың мақсаты, құралдары, түрлері және олардың сипаттамасы. 15-тәжірибелік.Тақырып – 15. Топ және ұжым. Топ тужәне ұжым туралы түсінік. Топтың жеке адамға жағымды әсері. Топтың жеке адамға жағымсыз әсері. Адамдардың бір – біріне қабылдауы және түсінуі. Жеке адамның топта өзін ұстауы. Ұжым және оның негізгі белгілері. Лидер және жетекшілік стилі. 4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 4.1 Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау: Берілген тақырыпты конспектілеу. 1. Алдымен жұмыс жоспарын құру, содан кейін жоспар бойынша сұрақтарға анықтама беріңіз. 2. Тақырыптың мазмұнын нақты ашуға талпыну. 3. Тақырыпты ықшамдап баяндау және қажетсіз дәлелдемелерге жол бермеу. 4. Жұмыс сауатты, тиянақта, қысқартылмай жазылуы керек. 5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, қорытынды жасау. Реферат жазуда не ескеріледі? 1. Тақырып таңдау. 2. Әдебиеттермен жұмысты, жүйелеу, саралау. 3. Жоспар құру болжам жасау, ғылыми тұғыдан қарастыру. 4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде кестелер, графиктер, схемалар жасалады. 5. Қарастырылып отырған сұрақтар бойынша психологиялық-педагогикалық қорытындылар. 6. Қолданылған әдебиеттер тізімі. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімін беру. Сілтеме жасау. 7. Студент рефераты аудиторияда талқыланады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын талқылап, көпшілікке жеткізеді, оның ғылымилылығы, тереңділігі талқыланады. Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән – мазмұны жағынан. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселені нақты, тұжырымды ойды айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылап, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы рефератын қорғаған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізіледі, қажет жағдайда түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. ОСӨЖ.№1-3сағ. Тақырып. Психологиялық зерттеудің әдістері. Тапсырма. 1.Әңгімелесу және анкета әдістерін қолдану үшін нақты бір мәселе бойынша негізгі сұрақтардың үлгісін әзірлеу. Тапсыру түрі: анкета және әңгімелесу әдістерінің үлгісі, топтық талқылау. ОСӨЖ.№2-3сағ. Тақырып. Ми және психика. Тапсырма: Мидың құрылысы мен қызметі. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. А., 1992ж, 14 беттегі 1-суретті; 15-беттегі 2-Ә-суретін дәптерге салу; Осы әдебиеттен 20-беттегі сұрақтарға жазбаша жауап; Немов Р.С. Психология. Кн 1. 2001ж. 114-115 беттегі, «Психиканың даму сатылары және жануарлардың мінез-құлқы»- №6 кестені толтыру. Әдістемелік нұсқау: тапсырмаларды семинар дәптерге орындауға болады. Тапсыру түрі: жазбаша,ауызша, кесте. ОСӨЖ.№3-3сағ. Тақырып. Ес туралы жалпы түсінік. Тапсырма: Реферат тақырыптары: Естің теориялары. Естің жеке ерекшеліктері және оның бұзылуы. Естің дамуына әсер ететін факторлар. Әдістемелік нұсқау: Негізгі әдебиеттер. Тапсыру түрі: Реферат. ОСӨЖ.№5-3сағ. Тақырып. Қабілет туралы жалпы түсінік. Тапсырма: Реферат: Қабілет, дарындылық, талант: өзара байланысы және айырмашылықтары. Қабілет теориялары. Әдістемелік нұсқау: Негізгі әдебиеттер. Тапсыру түрі: конспект. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ |№ |Тақырыбы және сабақтың |Тапсырманың |Сағат |Өткізу |Тексеру | | |мақсаты |мазмұны және оны |саны |мерзімі|формасы | | | |орындауға | | | | | | |әдістемелік нұсқау| | | | |1 |Тақырыбы. |Адамның пайда |8с |3 апта |Жазба | | |Ми және психика |болуы және | | |жұмыстарын | | |Сабақтың мақсаты: |психикалық дамуы. | | |тексеру, | | |мидың құрылысы танысу |Қоғамдық сана мен | | |әңгімелесу | | | |жеке адам | | | | | | |санасының | | | | | | |байланысы. | | | | | | |Конспект | | | | |2 |Тақырыбы. Зейін туралы |- Зейін. Конспект |8с |4 апта |Жазба | | |түсінік |- Алдамұратов Ә. | | |жұмыстарын | | |Сабақтың мақсаты: |Қызықты | | |тексеру, | | |зейін қасиеттерімен |психология. А., | | |әңгімелесу | | |танысу |1992ж сұрақтарға | | | | | | |жауап беру жазбаша| | | | | | |30-32б. | | | | |3 |Тақырыбы.Ойлау туралы |Ойлану және |8с |6 апта |Жазба | | |жалпы түсінік |сөйлеуге | | |жұмыстарын | | |Сабақтың мақсаты: |байланысты | | |тексеру, | | |ойлау операцияларымен |сұрақтарға жауап | | |әңгімелесу | | |танысу |беру. Алдамұратов | | | | | | |Ә. Қызықты | | | | | | |психология. А., | | | | | | |1992ж | | | | |4 |Тақырыбы.Психологиядағы|Шетелдік және |8с |8 апта |Жазба | | |туралы түсінік |отандық | | |жұмыстарын | | |Сабақтың мақсаты: |теорияларды | | |тексеру, | | |тұлға психологиясының |салыстырмалы | | |әңгімелесу | | |мәселелері танысу |талдау | | | | |5 |Тақырыбы.Эмоция ж/е |Эмоция және сезім.|8с |9 апта |Жазба | | |сезім |Конспект | | |жұмыстарын | | |Сабақтың мақсаты: | | | |тексеру, | | |сезім түрлерімен танысу| | | |әңгімелесу | |6 |Тақырыбы.Мінез туралы |Мінез. конспект | |10 апта|Жазба | | |түсінік | |8с | |жұмыстарын | | |Сабақтың мақсаты: | | | |тексеру, | | |ойлау операцияларымен | | | |әңгімелесу | | |танысу | | | | | |7 |Тақырыбы.Қарым-қатынас |Қарырым-қатынас. |9,5с |11 апта|Жазба | | |туралы жалпы түсінік |Конспект | | |жұмыстарын | | |Сабақтың мақсаты: | | | |тексеру, | | |қарым-қатынастың | | | |әңгімелесу | | |құрылымымыен танысу | | | | | |8 |Тақырыбы.Топ және ұжым |Топты бақылау және|10с |15 апта|Бақылау | | |Сабақтың мақсаты: |топқа мінездеме | | |күнделігін | | |қарым-қатынастың |жазу. | | |топпен | | |құрылымымыен танысу | | | |талдау | 7.1. Курс бойынша тест тапсырмалары Тест тапсырмасы. 1- нұсқа 1.Тұңғыш психологиялық лабораторияның негізін қалаған : а) Бехтерев. б) Фрейд. в) Вундт. г) Выготский. д) Ушинский. 2. Қазіргі психологиялық, зерттеулерде қай әдіс негізгі және маңыздырақ деп саналады: а) генетикалық. б) референтометрия . в) эксперимент . г) тест . д) әңгіме. 3.Табиғаттың барлық объектілерін жанды дейтін қияли түсінік: а) анимизм. б) монизм. в) идеализм. г) дуализм. д) панпсихизм. 4.Темпераментті алғаш рет сипаттаған: а) Аристотель. б) Платон. в) Гиппократ. г) Кречмер. д) Павлов. 5.Төл тіліміздегі психология оқулығының авторы кім: а) Мұқанов. б) Алтынсарин. в) Аймауытов. г) Абай. д) Жарықбаев. 6.Түс көру деген не: а) шындыктың санадан тыс бейнеленуі . б) қиялдың пассивті түрі . в) гипнозға берілушіліктің жоғары нәтижесі . г) галлюцинацияның ерекше түрі . д) қиялдың активті түрі. 7.Сана айқындалады: а) адамзат дамуының қоғамдық-тарихи сипатымен . б) таптық бағыттылықтың өзгеруімен . в) формациялардың ауысуымен . г) табиғатпен. д)мәдениетпен. 8.Зейіннің бір сәтте бірнеше объектілерді қамтып алу қасиеті: а) концентрация . б) көлемі . в) тұрақтылығы. г) ауысуы . д) бөлінуі. 9.Мінездің көріністері көбінесе шарттыланады : а) дамудағы акселерация . б) госпитализм құбылысымен . в) қоршаған ортаның әсері . г) сензитивтілікпен . д) сенсибилизациямен. 10.Психика дегеніміз : а) қоршаған ортадан шындьқтың мида бейнеленуі іс-әрекеті. б) жүйке жүйесінің физиологиялық қызметі. в) мидың рефлекторлық, іс-әрекеті. г) бас ми материясының субстраты. д) бақылаудың, жанның көрінісі. 11.Бір объектіні екіншісінен гөрі ерекше бөліп алу қабылдаудың кандай қасиетімен байланысты: а) заттылығы. б) құрылымы. в) тұтастығы. г) тұрақтылығы . д) таңдамалығы. 12.Қандайда бір әрекетті орындаудағы табиғи алғы шарттар: а) ерікгі мінез. б) талант. в) дарындылық. г) нышандар. д) қабілеттер. 13.Тұлға аралық қарым - қатынас кезінде жетекшіге (лидерге) сөзсіз бағыну стилі: а) либеральды . б) авторитарлы . в) демократиялық. г) қол астына алу. д) конфронтация. 14.Әрекетті игеру максатында оны саналы түрде қайталау: а) әдет: б) жаттығу. в) іскерлік. г) дағды. д) бағдарлаушылық әрекет. 15.Жеке тұлғаның туа біткен ерекшеліктеріне не жатады: а) темперамент. б) қабілеттер. в) мінез. г) ec. д) зейінділік. 16.Қабылдаудың кандай қасиетіне байланысты біз мәтінді оқығанда қателіктерді байқаймыз: а) заттылық. б) тұтастық. в) тұрақтылық. г) апперцепция. д) тандамалылық. 17.Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығ не деп аталады : а) қиял. б) галлюцинация. в) иллюзия. г) апперцепция. д) синестезия. 18.Сыртқы әрекеттің ішкіге айналуы: а) интериоризация. б) эстериоризация. в) әлеуметтену. г) тұқым қуалаушылық. д) өнімді іс - әрекет. 19.Қызбалық және асығыстықты сипаттайтын темперамент типі: а) меланхолик. б) холерик. в) сангвиник. г) флегматик. д) флегмахалик. 20.Болашақта саналы түрде қалауға байланысты қиялдың түрі қалай аталады: а) елестер. б) арман. в) фантазия. г) ұйқы. д) сағым. 21.Төменде келтірілген қасиеттердің кайсысы адамды тұлға ретінде сипаттайды: а) эмоциялы. б) қызбалық. в) ұқыптылық. г) ұяңдық. д) ұялшақтық. 22.Индивитің өмірге келгеннен өліміне дейінгі даму процесі: а) филогенез . б) онтогенез . в) эволюция. г) акселерация . д) эмансипация деп аталады. 23.Өзара байланысты емес касиеттерді "желімдеу" аркылы пайда болған жаңа бейнелерді жасау тәсілі: а) гипербола. б) типтік бейнелер жасау. в) акцент жасау. г) агглютинация. д) схематизация. 24.3аттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды белгілері бойынша ойша біріктіруге байланысты ой операциясы қалай аталады: а) айналу. б) синтез. в) теңестіру. г) жалпылау. д) абстракция. 25.Психикалық процесс – бұл … а) Индивиттің тұрақты ерекшеліктері және қабілеттері. б) Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы бейнелері. в) Жеке адамдардың қасиеттері. г) Іс - әрекет барысында көрінетін жеке адамның қасиеті. д) Қарым – қатынас барысында көрінетін қасиеттер. 26.Сценарист театр үшін пьеса жазды. Осы жағдайда сөйлеудің қандай түрі туралы айтуга болады: а) диалогты. б) монолог. в) жазбаша. г) іштей. д) ауызша. 27.Алғашқы рет темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми түрде кім негіздеген: а) Небылицын. б) Гиппократ. в) Леонтьев. г) Выготский. д) Павлов. 28.Психология ғылымының дамуы неше кезеңнен тұрады: а) 3 . б) 4. в) 2 . г) 5. д) 6 . 29.Психология өз алдында дербес гылым болып қашан қалыптасты: а) б.э.д. б) 3 ғасырда. в) 17 ғасырда. г) 19 ғасырда. д) 20 ғасырда. 30.Жан туралы алғаш трактатты кім жазды: а) Платон. б) Демокрит. в) Гиппократ. г) Сократ. д) Аристотель. 31.Кім орта ғасырда жанның мәні және оны тәрбиелеу туралы жан- жак.ты қарастырды, "Әлемнің екінші ұстазы" аталды: а) Аквинский. б) Бокачко. в) Ибн Сина. г) Аль-Фараби. д) Декарт. 32.Психологиялык. әдістердің ішіндегі ең көнесі: а) социометрия б) тест. в) анкета. г) бақылау. д) эксперимент. 33.Социометрия әдісінің негізін салған кім: а) Выготский. б) Леонтьев. в) Бине. г) Морено. д)Теплов. 34.Қазіргі таңда психология ғылымының қанша саласы бар: а) 5. б) 7. в) 10. г) 12. д) 15 тен аса. 35.3аттардың бөлшектерінен кұбылыстар мен заттардың мәні туралы елес алуга мүмкіндік беретін ой операциясы: а) анализ. б) синтез. в) салыстыру. г) классификация. д) абстракция. 36.Таным іс - әрекетінің алғашқы сатысы: а) ойлау. б) қиял. в) түйсіктер. г) қабылдау. д) ес. 37.Адам санасының пайда болуында шешуші жағдай: а) еңбек. б) қоршаған орта. в) жалпы көзқарас. г) бас ми. д) қарым-қатынас жасау. 38.Өткен өмірінде болган оқиғаларды есіне түсіре алмау құбылысы: а) амнезия. б) конфабуляция. в) реминисценция. г) мнемоника. д) агнозия. 39.Психологияның негізгі психологиялық принциптері. Артығын алып таста: а) Детерминизм принципі, б) Сана мен іс- әрекет принципі, в) Психологияның даму принципі, г) Ойын принципі. д)Жеке бағыт принципі. 40.Санадағы аса қатты жарық жылылық сезімін туғызады, қараңғылық салқындықты түйсінгін тудырады. Бұл құбылыс қалай аталады: а) синестезия. б) сенсибилизация. в) адалтация. г) конфабуляция. д) рсминисценция. 41.Төмендегі сапалардың кайсысы тұлғаны жеке адам ретінде сипаттайды: а) эмоцияга берілгіштік. б) ерік. в) ұқыптылық. г) ұялшақтық. д) қызбалық. 42.Табиғат әсемдігіне тандану ол : а) интелекгуалды сезімдердің . б) эстетикалык сезімдердің . в) адамгершілік сезімдердің . г) практикалык, сезімдердің . д) эмоциялардың. 43.Қоғам дамуындағы прогресті іске асыратын кандай психикалык. процестің көмегімен жасалынады: а) қиял. б) ойлау. в) ес. г) түйсіктер. д) конформдық. 44.Адам ойының түрлі формаларын есте қалдыра алу қабілеті..... а) Сөздік - логикалық ес. б) Бейнелік. в) эмоциялық. г) Механикалық. д) Оперативтік 45.Үжым туралы ілімнің негізін салушылардың бірі: а) Макаренко. б) Руссо. в) Выготский. г) Эльконин. д) Рубинштейн. 46.Шынайы объектің сапасын жоғарылату киялдың қай тәсілі негізінде жүзеге асырылады: а) гиперболизация. б) типизация. в) түйсіну. г) агглютинация. д) схематизация. 47.Инстинктілік мінез-құлық негізінен: а) шыбын-шіркейлерде. б) балықтарда. в) рептилияларда. г) сүт қоректілерде. д) жануарларда басым. 48.Қазақстандағы бірінші психологиялық оқулықтың авторы: а) Аль – Фараби. б) Aбай. в) Аймауытов. г) Шоқан. д) Жарықбаев. 49.Көне заман ойшылдарының қайсысы тұңғыш рет жан проблемасын кең түрде материалистік негізде қарастырды: а) Аристотель. б) Платон. в) Дсмокрит. г) Сократ. д) Пифагор. 50.Ресейдегі алғашқы психологиялык, лабораторияның негізін салған кім: а) Бехтерев. б) Выготский. в) Ушинский. г) Ланги. д) Ломоносов. 51.Бірінші психологиялық лаборатория қай жылы ашылды: а) 1871. б)1889. в) 1879. г) 1875. д)1900. 52.Қандай да бір іс - әрекетті орындау мүмкіндігі немен қамтамасыз етіледі: а) ерікті мінезбен. б) дарындылықпен. в) данышпандьшықпен. г) нышандармен. д) қабілеттермен. 53.“Ми рефлексі” кітабының авторы: а) Сеченов И.М. б) Павлов И.Н. в) Вертгеймер М. г) Гальперин П.Я. д) Ананьев Б. Т. 54.Іс-әрекеттің негізгі түрлерін белгіле: а) Әдет, мінез- құлық. б) Ойын, оқу, еңбек. в) Дағды, әрекет. г) Білім , іскерлік, дағды. д) Іскерлік, ойлау, әдет, еңбек. 55.Екінші сигнал жүйесіне жатады: а) Түйсік. б) Қабылдау. в) Ойлау. г) Сөйлеу. д) Темперамент. 56.Ғалымдардың ішінде психоанализ әдістерінің негізін кім салған: а) Морено. б) Вундт. в) Фрейд. г) Выготский д) Леонтьев. 57.Бас ми рефлекстері екі топқа бөлінеді: а)Уақытша және тұрақты. б) Шартты және шартсыз. в) Психикалық және физиологиялық. г) Иррадиациялық және концентрациялық. д) Қозу және тежеу. 58.Баска адамдармен байланыска жеңіл енетін адам қалай аталады: а) интроверт. б) экстраверт. в) гетероверт. г) гиповерт. д) нормостеник. 59.Айналасындағы адамдармен қарым - катынас процесіне түсуде қиналатын адам қалай аталады: а) интроверт. б) экстраверт. в) гетероверт. г) гиповерт. д) нормостеник. 60.Қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттар туралы тұтастай елес тууын қамтамасыз ететін психикалық процесі а) түйсікгер . б) қабылдау . в) ойлау. г) қиял. д) ес. 2- нұсқа 1.Қоршаған ортадағы құбылыстар мен затгар жайындағы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ететін психикалық процесі: а) түйсіктер. б) қабылдау. в) ойлау. г) қиял. д) ес 2.Бұрын қабылдау негізінде жаңа бейнелер жасауды қамтамасыз ететін психикалық процесі: а) түйсіктер. б) қабылдау. в) ойлау. г) қиял. д) ес. 3.Кейбір адамдарда музыка дыбыстарының әсері белгілі бір түйсіктерді (ақ, қызыл) елестетін процесі : а) сенсибилизация. б) синестезия. в) бейімделу. г) интериоризация. д) экстериоризация. 4.Дыбысты ести отырыл музыканттың айыру кабілеттілігі камтамасыз етіледі (мысалы "до" жөне "до - диез"): а) синестезия кұбылысымен.. б) сенсибилизациямен. в) жүйкенің қозғыштығымен. г) адаптация арқылы. д) сезгіштіктің абсолютті табалдырығы. 5.Үміт пен идеалға көңіл қалу қалай аталады: а) конформизм. б) фрустрация. в) депрессия. г) апатия. д) агнозия. 6.Жоғарғы нерв іс - әрекеттері теориясының негізін салушы: а) И.П. Павлов. б) В. Д. Теплов. в) С.В. Небылицын. г) И.М.Сеченов. д) В.М.Бехтерев. 7.Б.Г.Ананьев бойынша әдістер классификациясы : 1) Эмпирикалық берілулер әдісі 2) Негізгі әдістер, 3) Ұйымдастырушылық әдістер, 4) Берілулерді сандық және сапалық талдау әдістері, 5) Интерпретациялық әдістер, 6) Интраспективті әдістер. Дұрысын белгіле. а) 1,2,5,6. б)1,3,4. в)2,3,4,6. г) 1,3,4,5. д)1,2,4,6. 8.Зерттелген объектіге зейінін шоғырландыра алмау кабілеті шартталынады: а) стреспен б) алаңғасарлықен в) ырықсыз зейінмен г) үйреншікті зейінмен д) қабылдаудың тандамалылығымен 9.Әсершілдік пен тез ренжігіштікпен сипатталатын темперамент типі : а) меланхолик. б) холерик. в) сангвиник. г) флегматик. д) флегмахолик. 10.Басқалардың қолынан келмейтін деңгейде творчестволық іс - әрекетті орындауға мүмкіндік беретін жеке тұлғалық сапа? а) қабілеттілік. б) дарындылық. в) данышпандық г) сензитивтілік. д) сенсибилизация. 11.Жауап беру реакциясы баяу жүретін темперамент типі : а) меланхолик. б) холерик. в) сангвиник. г) флегматик. д) флегмахолик. 12.Жеке тұлганы калыптастыратын процесс: а) іс - әрекет. б) тәрбие. в) окыту. г) ерік сапаларының дамуы. д)сенсибилизация. 13.Өзгерген қоршаған орта жағдайына тез бейімделуімен сипатталатын темперамент типі: а) меланхолик. б) холерик. в) сангвиник. г) флегматик. д) флегмахолик. 14.Сана дегеніміз: а) Рефлексияға қабілеттілік. б) болмысты психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі, қоғамдық тарихи дамудың жемісі. в) субъектінің сезімдік және ақыл-ойлық бейнелерінің жиынтығы. г) қоршаған ортадағы өзгерістерге пара-пар жауап беру қабілеттілігі. д) психиканың көп функционалды жүйесі. 15.Балалық шақта қоршаған орта шындығын игеру процесі жүретін іс - әрекет түрі: а) оқу. б) еңбек. в) ойын. г) өнімділік. д) қарым – қатынас. 16.Жаттығу процесінде қалыптасатын автоматтандырылған әрекет : а) дағды. б) іскерлік. в) әдст. г) абстиненция. д) конфоризм. 17.Алдын-ала ойланбаған белгілі әрекеттерді орындауга қабілеттілік: а) әдет. б) іскерлік. в) дағды. г) талант. д) данышпандық. 18.Қажеттілікке айналған кейбір іс-әрекеттерді орындауға бағытталған санадан тыс әрекеттер - а) әдет. б) іскерлік. в) дағды. г) талант. д) данышпандық. 19.Сезім мүшелеріне тікелей әсер студе кұбылыстар мен заттардың жеке қасиеттерінің бейнелену процесі: а) қабылдау. б) түйсіктер. в) ес. г) ойлау. д) қиял. 20.Қабылдаудың өткен тәжірибеге тәуелділігі: а) перцепция. б) апперцепция. в) антицилация. г) тұрақтылығы. д) заттылық. 21.Тауықтың басып отырған жұмыртқасын алып , орнына тас салса да мерзімді уақыт біткенге дейін отыра береді .бұл : а) Инстинкт. б) Дағды. в) Әдет. г) Қажеттілік. д) Интеллект. 22.Көпшілік оқырмандарга арнап жазылған кітап сөйлеудің кандай түрін пайдаланган: а) сырттай. б) іштей. в) диалогтық. г) жазбаша . д) ауызша. 23.Нерв клеткаларының бір -бірімен түйіскен жері не деп аталады: а) Нерв орталығы. б) Синапс. в) Дендриттер. г) Аксондар. д) Ретикулярлық формация. 24.Қажеттіліктен туындайтын адамның саналы белсенділігі: а) ес. б) ойлау. в) қиял. г) іс - әрекет. д) оқу. 25.Қабылдаудың тұрақтылығы және тәуелсіздгі қандай қасиетімен түсіндіріледі? а) түрақтылығы. б) заттылығы. в) таңдамалығы. г) құрылымы. д) мағыналылығы. 26.Индивидттің кеңістікте орналасуын анықтауға байланысты түйсіктер: а)статикалық. б) кинестетикалық. в) дистантгық. г) контактылы. д)органикалық. 27.Айналасындағылармен қарым- қатынасты және ұжымдык іс - әрекетті кажетсінуден туындайтын кажеттіліктер: а) физиологиялық. б) рухани. в) органикалық. г) материалдық. д) әлеуметтік. 28.Адамның өзіне бағытталған сөйлеу түрі : а) эгоцентрикалық. б) сырттай. в) ауызша. г) диалогты. д) жазбаша. 29.Қажеттіліктердің қанағаттануы немесе қанағаттанбауына байланысты қоршаған болмыстың уайым түрінде психикалық бейнеленуі: а) жоғарғы сезімдер. б) эмоциялар. в) сана. г) санадан тыс. д) интуиция. 30.Дағдының алмасуын қалай атайды: а) Индукция. б) Интерференция. в) Иррадиация. г) Интериоризация. д) Экстериоризация. 31.Стандартты максатталған сұрақтарға жауаптарды тандау арқылы жеке тұлғалык, сипаттары мен білім дәрежесін анықтауга арналған әдіс: а) анкета. б) психоанализ. в) тест. г) референтометрия. д) тәжірибе. 32.Психиканың индивидтің жүйке реакцияларының қарқыны, күші жөне жылдамдығынан көрінетін динамикалық ерекшеліктерінің арақатынасы: а) ұлтгық ерекшеліктері. б) темперамент. в) табиғи нышандар. г) қабілеттер. д) мінез. 33.Жеке адамның бұрын қабылданған ашық та ұсақ бейнелерді есте қалдыру жөне кайта жаңғырту қабілеті - а) синестезия. б) естігенді есте сақтау (есту есі). в) реминисценция. г) көргенді есте сақтау (көру есі). д) эйдетикалық ес. 34.Психология бұл :. а) Адамның мінез құлқы туралы ғылым. б) Психикалық процестердің даму және өту заңдылықтары туралы ғылым. в) Адамның жан дүниесі туралы ғылым. г) Сана туралы ғылым. д) Ми әрекеті туралы ғылым.. 35.Маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса , маймыл жемісті алуға қолы жетпейтіндіктен ол жәшіктерді алып бірінің үстіне бірін қойып , бананды алады. Бұл мысал жануарлардаға қай әрекетке сәйкес келеді: а) Дағды. б) Инстинкт. в) Интеллектуалдық қылық - әрекет. г) Икемділік. д) Тропизм. 36.Жаңаны іздеуге бағытталған ойлаушының сезімі : а) интелектуалды сезім. б) эстетикалық. в) адамгершілік. г) практикалық. д) эмоциялар. 37.Өз-өзін бақылау әдісі : а) социомстрия. б) интроспекция. в) психоанализ. г) трансактті талдау. д) референтометрия. 38.Білімге ұмтылу мен мәдениетгі игеруде көрінетін адамға тән ерекше кажеттіліктер: а) материалдық. б) әлеуметтік. в) рухани. г) органикалық. д) физиологиялық. 39.Адамның қоғамда өз орнын табуға, қарым-қатынасты дұрыс жасауға, отбасын құру, балаларды тәрбиелеу және т.б. көрінетін ұмтылулары: а)әлеуметтік кажеттіліктері . б) органикалық қажеттіліктер. в) рухани қажеттіліктер . г) материалдық қажеттіліктер . д) интеллектілік әрекеттер. 40.Объектінің көлемі, созыңқылы және вибрациясы туралы түйсінулер : а) органикалық. б) статикалық. в) кинестетикалық. г) дистанттық. д) тактильді. 41.Тұлғаның қогамдық мәнді сапаларын дамыту мақсатында мақсатты оқыту мен тәрбиелеу барысында танымдық іс - әрекеттің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы : а) педагогикалық психология . б) әлеуметтік психология . в) балалар психологиясы . г) еңбек психологиясы . д) шығармашылық психология. 42.Заттар мен олардың жеке элементтерінің, белгілерінің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты белгілеу бұл а) синтез. б) салыстыру. в) талдау. г) жалпылау . д) абстракция. 43.Түрлі қарым-қатынас процесінде (бизнесте. әріптестік және бәсекелестік, дипломатияда, ұжымдық еңбекте, отбасы өмірінде т.б.) адамдар арасындағы өзара катынас мәселелерін қарастыратын психология ғылымының саласы: а) балалар психологиясы. б) еңбек психологиясы. в) отбасындағы қарым-қатынас психологиясы. г) қарым-қатынас психологиясы. д) дін психологиясы. 44."Отбасының ішкі қарым-қатынасының зандылықтарын, отбасындағы біріккен іс-әрекеттегі оның маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға (балалар тәрбиесі, моральдық сексуалдық жөне материалдық сәттіліктер) бағытталған жоғары сезімдердің көрінуін, сондай-ақ отбасындағы ішкі жанжалдар мен олардың алдын алуды тану мақсатын қоятын психология ғылымының тармағы" а) дін психологиясы . б) отбасындағы қарым-қатынас психологиясы. в) спорт психологиясы . г) шығармашылық психологиясы. д) еңбек психологиясы. 45.Жеке тұлғаның екі маңызды типтері: экстраверт пен интроверт туралы теорияның авторы: а) Юнг. б) Маслоу. в) Торндайк. г) Фрейд. д) Бине. 46.Құқық жүйесін жүзеге асырумен байланысты психологиялық заңдылықтарды зерттейтін психология саласы: а) Әскери. б) Жас ерекшелігі. в) Салыстырмалы. г) Әлеуметтік. д) Заң. 47.Психология салаларының классификациясы негізделеді ... Артығын алып таста: а) Нақты іс - әрекет. б) Даму. в) Адамның қоғамға қатынасы. г) Адамның әлеуметтік және биологиялық қасиеттері. д) Теориялық және практикалық маңыздылығы. 48.Психологияның жеке ғылым ретінде дамуына әрекет еткен себептер. Артығын алып таста: а) Осы ғылым саласына деген қоғамның қажеттілігі. б) Терминологияның пайда болуы. в) Психологиялық зерттеу әдістерінің пайда болуы. г) Мемлекеттің экономикалық жағдайы. д) Басқа ғылымдер қарамағында психологиялық білімдердің жиналуы. 49.Психологиялық - педагогикалық зертеудің кең тараған әдісі : а) Бақылау. б) Ата- анамен жұмыс. в) Реферат даярлау. г) Аннотация. д) Курстық жұмыс. 50.Саңырау жөне нашар есітетін адамдардың психикалық даму ерекшеліктерін зерттейтін психологияның салалары: а) сурдопсихология. б) тифлопсихология. в) психофизика. г) психометрия. д) балалар психологиясы. 51.Көзі көрмейтін адамдардың психикасының ерекшеліктсрін зерттейтін психология ғылымының саласы: а) сурдопсихология. б) тифлопсихология. в) психофизика. г) психометрия. д) балалар психологиясы. 52.Апперцепция дегеніміз не: а) Субъектінің белсенді әрекетке қабылдаудың тәуелділігі. б) Заттың мағыналық мәніне қабылдаудың тәуелділігі. в) Объектілендіру актісіне қабылдаудың тәуелділігі. г) Қате қабылдау. д) Өткен тәжірибеге қабылдаудың тәуелділігі. 53.Ұжымда немесе топта өзара қарым-қатынасты зерттеуге жүмкіндік беретін психологиянық әдісі: а) тест. б) социометрия. в) анкеталау. г) интервью. д) әңгімелесу. 54.Психикалық процестер мен қабілеттердің даму дәрежесін айқындауға, сонымен бірге стандартталган мақсатты бағытты сұрақтар арқылы тұлғаны тұтастай объективті сипаттауға мүмкіндік беретін әдіс: а) тест. б) социометрия. в) сауалнама. г) интервью. д) әңгімелесу. 55.Алдын-ала мақсат тұтып дайындалган сүрақтарга жазбаша жауап алу аркылы, объект туралы қызыктырған акпаратты алуға көмектесетін психологияның әдісі не: а) интервью. б) тест. в) социометрия. г) анкета. д) әңгіме. 56.Ресейдегі психологиялық лабораторияның негізін қалаушы, объективті психологияның мінез-құлық, пен рефлексология (психиканың рефлексиялық табиғаты) ғылымы ретіндегі негізін қалаушы : а) Эльконин. б) Леонтьев . в) Геплов . г) Бехтерев. д) Гальперин. 57.Сананы қалыптастырудың негізгі факторлары: а) Қарым - қатынас және тіл. б) Еңбек құралдарын даярлау. в) Еңбек және тіл. г) Ой жіне білімдерін беру. д) Тәрбие және тіл. 58.Социометриялық тұжырымдама авторы: а) Юнг. б) Маслоу. в) Торндайк. г) Морено . д) Ухтомский. 59.Техникалық құралдар мен зерттелінушінің хабардар болуымен байланысты психологиялық зерттеу : а) табиғи эксперимент . б) лабораториялық эксперимент. в) әңгімелесу. г) іс-әрекст өнімдерін талдау . д) генетикалық әдіс. 60.Ойды аяқта: "Түйсік - біздің санамызда ... бейнеленуі " : а) Заттар мен құбылыстардың жеке бейнеленуі. б) Заттың тұтастай. в) Өткен тәжірибе. г) Затқа қатынасы. д) Сезім туралы ойлар.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz