Файл қосу

Жергілікті жердің бедері



                                  Дәріс 2.
                 Тактикалық жұмыстарды құрастыру әдістемесі
    Жоспар
   1. Саяхат жасау аудандарды зерттеу;
   2. Жергілікті жердің бедері;
   3. Топографиялық белгілер;
2.1 Саяхаттау аудандарын зерттеу
Алғашқы саяхатты әдетте өзінің аймағында өткізеді.  Олар  көлікке  және  жол
бағдарды дайындау жеріне  келуге  уақытқа  кететін  үлкен  шығындарды  талап
етпейді. Жорықтың міндеті алуан түрлі болуы  мүмкін  және  топтың  құрамына,
қызығушылықтарына  байланысты.  Алайда  барлығын  кезекті,  едәуір   күрделі
бағдарды  өтуге,  физикалық  шынығуға,  спорттық  разрядын  арттыруға  деген
ұмтылыс біріктіреді. Осылайша, жорықтың міндеті  кешенді болып,  көпшіліктің
 мүдделерін көрсетуі керек.
Жердің сипатын зерттеу қажет. Ауданы,  саяхаттың  тақырыбын  таңдау  кезінде
басты кеңесшілер кітаптар, басқа топтардың жорықтары  туралы  есеп  берулер,
бұл жерлерде бұрын  болған  туристермен   жеке  әңгімелесулер  болуы  керек.
Жорықтарды ойдағыдай  өткізу  үшін  оның  міндеттерін,  қатысушылар  құрамын
нақты анықтап,  қатысушылар  санына  байланысты  керек-жабдықтар  сұрақтарын
шешу керек.
Жердің өтімділік факторлары: өзендер, таулар,  ормандар,   батпақты  жерлер,
яғни бағдармен қозғалу жылдамдығына себепші болатын барлық кедергілер.
Таңдалған  бағдар  учаскесінің  ұзындығы  бойынша  анықтау  үшін,   ауданның
картасы қолда болуы керек. Картадан жердің  сипатын  зерттеп  шығып,  демалу
үшін, топография бойынша ыңғайлы жерлерді алдын ала белгілеп қою керек.
Ауданды таңдап, картамен танысып, жол бағдарды біржолата  анықтап,  жорықтың
кестесін  құрады.  Онда  шығу  уақыты,  жекелеген  өтулер  мен  демалу  үшін
аялдамалар тәртібі  мен  уақыты,  екікүндік  жорық  кезіндегі  үлкен  демалу
немесе түнеуге аялдамалар, және кері жолға шығу уақыты көрсетіледі.
Қозғалыс кестесін құрастыру кезінде ересек туристер  үшін   әрбір  50  минут
сайын, ал мектеп оқушылары үшін  әрбір  35-40  минут  сайын  10-15  минуттық
демалыс  қажет  екендігін  ескеру  керек.  Күннің  бірінші  жартысында   жол
бағдардың  едәуір қызықты және маңызды бөлігі өткізілуі тиіс.  Күннің  ыстық
уақытында жүру ұсынылмайды. 12 адамға дейін топты қалыптастыру ұсынылады.

2.2 Жер бедері
Жер  бедерін  көрсетудің  неғұрлым  айқын  көрнекті  және   дәл   тәсілі   –
көлденеңдер тәсілі. Көлденеңдер – теңіз деңгейінен бір биіктікте  орналасқан
нүктелерді қосатын, жабық қисық сызықтар. Оларды пайдаланып, жер  нүктесінің
биіктігін анықтауға болады.
Биік және төмен жерлерді ажырату үшін бергштрихтар қолданылады. Бергштрих  –
қысқа сызықша, жердің  төмендеу  жағына  қарай   көлденеңге  перпендикулярлы
орналасады. Жерді көлденеңдер тәлісімен көрсету кезінде құламаның  тіктілігі
көлденеңдер жағына  қарай  жақындаумен  немесе  созылғандықпен  білдіріледі.
Олар қаншалықты жақын болса, баурай соншалықты тік.
Жер бедері. Жердің бетінде табиғи объектілер  –  дала,  ормандар,  теңіздер,
өзендер, көлдер, таулар мен адамдар жасаған объектілер- қалалар,  тұрғылықты
жерлер, әр түрлі инженерлік құрылыстар орналасқан.
Жер бетінің формасы мен көлемі бойынша   алуан  түрлі   кедір-  бұдырлығының
жиынтығын бедер деп атайды.  Жер  бетінде  орналасқан,  табиғи  немесе  адам
жасаған объектілерді жергілікті заттар  деп  атайды.  Бедер  мен  жергілікті
заттарды топографиялық элементтер деп атайды. Бедер  негізінен  формасы  мен
көлемі бойынша  әр түрлі  оң  және  теріс  кедір-  бұдырлардан  қалыптасады.
Бедердің алты негізгі формасын ажыратады: тау, шұңқыр, жота,  алқап,  ойпат,
жазық.
Тау – баурайы барлық бағытта төмендейтін мұнара тәріздес биік.
Шұңқыр – жабық ағынсыз ойдым.
Жота – бір бағытта созылған биік. Жотаның  баурайын  бөлетін  және  оның  ең
биік нүктелерінен өтетін сызықтар  суағарлар  деп  аталады.  Арналар  немесе
өзендер ағатын кең алқаптар алаптар деп аталады.
Ойпат – екі қарама-  қарсы  бағыттағы  жер   төмендейтін,  және  екі  оларға
перпендикулярлы жер биіктейтін, жотаның  төмендетілген  бөлігі.  Тау  жотасы
немесе сілемдер арқылы  өту үшін  мүмкін  болатын  неғұрлым  төмен  ойпаттар
асулар деп аталады.

2.3 Топографиялық белгілер
Жер аудандарының кескінін, жер бедерін  және  жергілікті  заттарды   картада
түспен және шартты  белгілермен  белгілейді.  Осылайша,  дала,  шалғындар  –
ақшыл – жасыл түспен;  әр түрлі су қоймалары  –  көгілдір;  құмдар  –  сары;
биіктер, таулар  –  қаралау-сарымен  және  әр  түрлі  қоңыр  түс  өңдерімен;
соқпақтар, құм жолдар, елді жердің құрылыстары –  сұр  немесе  қоңыр  түспен
белгіленеді.
Әдетте кескіндері бойынша нақты  объектілерге  жақын  шартты  белгілер  төрт
негізгі топқа бөлінеді:
Контурлық немесе  масштабтық  белгілермен  карта  көлемінде   көрсетілмейтін
үлкен объектілер, орман учаскелері, жайылымдар,  айдалған  жерлер,  өзендер,
сазды  жерлер,  ірі  көлдер,   құмдар   және   т.б.   белгіленеді.   Олардың
контурларының шектері  жердегі  шын  кескіндерге  сәйкес  тұтас  сызықтармен
немесе нүктелермен белгіленеді.  Контур  ішіндегі  аудан  сәйкес  бояулармен
боялады және қосымша шартты белгілермен толықтырылады.
Масштабтан  тыс  белгілер  карта  масштабында  көріне  алмайтын,   көлемдері
бойынша үлкен емес, маңызды объектілерді белгілеу үшін  қолданылады.  Оларға
әр түрлі мұнаралар, фабрикалық  құбырлар  және  т.б.  жатады.  Бұл  суреттер
картада үлкейтілген болып беріледі, және олар  бойынша  объектілердің  нақты
мөлшерлері туралы айтуға болмайды.
Жолдар, соқпақтар, арналар, электр беру сымдары және масштабы тек  ұзындықты
ғана көрсететін басқа да сызықтық бейнелер масштабтық  және  масштабтан  тыс
белгілер арасындағы аралық орынды иеленеді және оларды сызықтық деп атайды.
Түсіндіргіш  немесе  көмекші  белгілер  –  қысқартылған   белгілер,   шартты
белгінің мағынасын түсіндіретін атаулар, сандар.

2.4 Туристік жол бағдарларының тактикалық өңделуі
Ауданды зерттеуді қамтиды: әдебиетпен (соның ішінде көркем  әдебиетпен  де),
картографиялық материалмен  танысу,  саяхат  жерлерінде  болған   адамдармен
әңгімелесу.
Сондай-ақ  туристердің  есептерін  пайдаланған,  өзіңе  бедер,  гидрография,
климат,  өсімдіктер,  жануарлар  әлемі,  халықтың  тарихы  мен  экономикасы,
тұрмысы туралы үзінді көшірме жасап алған пайдалы. Көптеген құнды  деректер,
әсіресе бағдардың нақты назар аударарлық жерлері  туралы  деректерді  туризм
мен экскурсиялар  жөніндегі  жергілікті  кеңестермен,  туристік  клубтармен,
жекелеген аймақтанушылармен хат алысулардан алып пайдалануға болады.
Картамен  жұмыс  саяхатқа  дайындалу  процесінде  ерекше  орынды   иеленеді.
Арақашықтықтарды  мұқият  өлшеу  және  шартты  белгілерді  айқындау   арқылы
туристер жердің өтімділік жағдайларымен танысады.
Бастап жатқан туристерге   әдебиет  пен  карталар  арқылы  арақашықтықтарды;
бағдар өтетін жердің ерекшеліктерін  көрсетумен,  жолдарды  сипаттаумен;  әр
түрлі алыс және жақын жерлерден  көрінетін  бағдарларды  және  жолдың  толық
сипаттамасын құрастыру  керек.  Мұндай  сипаттама  үнемі  картаға  қарайласа
бермей,  алға сенімді қозғалуға мүмкіндік береді.
Бағдарды әзірлеу
Бағдарды  құру  саяхаттың  ерекшелігіне  және  жердің   нақты   жағдайларына
байланысты.  Ол  сызықтық  (тура  жүретін),  алыс  экскурсияларымен   немесе
негізгі  жолдан  қарай  барлаушы  жерлерімен  сызықтық-   радиалды,   жолдың
бастапқы жеріне қайтумен айналмалы болуы мүмкін.
Бағдарды  жоспарлай  отырып,  табиғи   кедергілердің   қиындығын   біртіндеп
арттыруды  және  саяхатшылардың  қызығушылығының  саяхаттың  үштен   екісіне
артуын қамтамасыз ету керек. Бұл бөлікке техникалық  ең  қиын   учаскелерді,
неғұрлым қызықты мұражайларға, панорамалық жерлерге  және басқа  да  қызықты
объектілерге баруды қалдырған дұрыс.
Бағдарды  мүмкіндігінше  жорық  жүктемелерін  төмендететіндей  есеппен  құру
керек. Поштамен  керек-жабдықтың  және  азық-  түліктің  бір  бөлігін  беріп
жіберуге болатын немесе оның  қорларын  толықтыру  мүмкіндігі  бар  жерлерді
алдын ала  белгілеу  ұсынылады.  Сондай-ақ  минималды  жүктермен   әр  түрлі
радиалды саяхаттар жасауға болатын, базалық лагерьлер құрған жөн.
Негізгі  бағдардан  басқа,  қатысушылардың  бірі  ауырып  қалған,   ауа-райы
бұзылған, аса қауіпті көшкін аққан  жағдайда жеңілдетілген  қосымша  нұсқасы
болуы керек.
Апатты бағдарды топ жетекшісі ауру, жарақат алу және  саяхатты  жалғастыруға
мүмкіндік бермейтін басқа да  төтенше  оқиғалар  себебімен  бағдардан  шұғыл
кеткен жағдайға жоспарлайды.
Бағдар қауіпсіз және логикалық  болуы  керек.  Қандай  да  бір  кедергілерді
табиғи жинау, «жолдың тым артық бұйралаңдауы» туристерді  қанағаттандырмайды
және жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Күнтізбелік жоспарды құрастыру
Саяхаттың  күнтізбелік жоспары,  қозғалыс  кестесі  және   күндізгі  қозғалу
есебі жолдың  қиындығына,  топ  қатысушыларының  физикалық  және  техникалық
дайындығына, арқа қоржынның салмағына, сондай-ақ  қарау  үшін  аялдау  қажет
болатын  қандай  да  бір  экскурсиялық  объектілердің   болуына   байланысты
әзірленеді.
Жаяу саяхаттау. Туристер орташа алғанда күніне 15-25 км  жүреді.  Егер  арқа
қоржын ауыр болса  немесе  бағдар  табиғи  кедергілерден  өтумен  қиылысатын
жермен өтетін болса, сондай-ақ, егер  топтың  құрамында   әлсіз  дайындалған
жаңа саяхатшылар болса, онда күндізгі жүруді 12-18 км  дейін  азайту  керек.
Жүктеменің артуы біртіндеп болуы керек. Осылайша, жаяу жорықта І-ІІ  санатты
километраж күндер бойынша  келесідей  болуы  мүмкін:  15,  18,  20,  22  км,
күндік аял, 22, 25, 18 км.
Шаңғымен саяхаттау. Шаңғымен тіпті бастаушы туристердің өзі күніне 20-30  км
біршама жеңіл өтеді. Табиғи кедергілерден өтумен  қарлы  тыңда  немесе  қиын
бағдарлану жағдайларында қозғалған кезде жылдамдық  күніне  12-18  км  дейін
түседі. Жылдамдықта қозғалыс қарқыны күрт төмендейді, ал боран, қатты  қарсы
жел, күрт салқындау кезінде жалпы елді жерде күте  тұрған  дұрыс.  Сондықтан
қысқы жорықтағы барлық уақыттың ¼-1/5 дейін  резервті  ретінде  жоспарланады
және жолдағы алдын ала болжанбаған кідіріске қалдырылады.
Тауда саяхаттау. Көтерілуге  қажетті  уақыт  топтың  көлденеңінен  қозғалуға
(орташа жылдамдық сағатына 3- 4,5км)  және  тігінен  көтерілуге  (жылдамдығы
0,3-0,4 км сағ жуық) болжамдалатын уақыт шығындарын қосу арқылы  анықталады.

Қиын  емес  жолда  түсудің  ұзақтығы  сағатына  5-6  км  жылдамдыққа   қарай
есептеледі. Асуларды жоспарлаған кезде ауа- райының  нашарлап  кетуі  туралы
ұмытпау керек.
Суда  саяхаттау.  Бағдардағы   кедергілердің,   экскурсиялық   объектілердің
километражынан, саны  мен  сапасынан,  және  қолайсыз  ауа-  райына  қажетті
резервті күндерден  басқа  күнтізбелік  жоспарды  әзірлеген  кезде,  өзеннің
еңісі мен иреңі, ағым жылдамдығы секілді   ерекше  көрсеткіштер  ескеріледі.
Және де бағдардың орташа немесе бүкіл  бөлігіне  емес,  сонымен  қатар  оның
жекелеген бөліктері бойынша. Өзеннің еңісі 1 м/км (0,001)  дейін  және  ағым
жылдамдығы сағатына 4-5 км болған кезде туристердің қозғалу жылдамдығы  ағым
жылдамдығы мен олардың меншікті жылдамдығы сомасынан біраз кем болады.
Ескекпен есу немесе мықты арқанда ағымға қарсы қозғалыстың нақты  жылдамдығы
сағатына 1-25 км құрайды.  Орташа  есептеулер  үшін  І-ІІ  санатты   күрделі
жорықта туристік кеменің жылдамдығы  сағатына 4-5 км  құрайды  деп  болжауға
болады.
Бағдардың көрінісі.  Сулы,  таулы  немесе  таулы  шаңғылы,  тіпті  қарапайым
бағдарды дайындау кезінде оның бойлай көрінісін салып  алған  дұрыс.  Судағы
бағдардың көрінісі  екі  масштабта  сызылады:  ұсағы  бағдардың  ұзындығымен
белгілеу  үшін,  едәуір  ірісі  –  су  кемелерін   көрсету   үшін   алынады.
Әдебиеттік  және  картографиялық  көздерден  көрініске  өзеннің   есептелген
еңістерін,  алаптың,  жағалаулардың,   түптің   сипаты   туралы   деректерді
көшіреді, жасанды  және  табиғи  кедергілер  бар  жерлерді  белгілейді.  Бұл
бағдардың ерекшеліктерін және қиындықтарын бағалауға, өту ыңғайлы болу  үшін
оны шамамен бір қозғалыс техникасы мен тактикасын қажет ететін   учаскелерге
бөлуге мүмкіндік береді.
2.5 Саяхатты рәсімдеу және есептеу
Барлық туристік  топтар бағдарға шығу алдында  тиісті  құжаттарды  ресімдеуі
керек.
Бағдар қағазы. Бұл бірінші санаттағы жорыққа қарағанда қиындығы  азырақ,  өз
күшімен  әрекет  ететін  саяхатқа  баратын  топтың  жол  құжаты.  Бекітілген
үлгідегі маршрутты қағаздарды  МКК  туристеріне  береді  және  санатты  емес
саяхат немесе демалыс күнгі жорық жүргізетін, ұйымның басшысы қол қояды.
Маршрутты  қағазға  саяхат   қатысушыларының   тізімдік   құрамын,   қозғалу
тәсілдерін және топтың жолда өткізуді көздейтін   қоғамдық  пайдалы  жұмысын
көрсетумен, учаскелер бойынша бөлумен енгізеді.
Саяхат аяқталысымен маршрутты қағаз оны берген ұйымға қайтарылады.
Бағдар кітапшасы. І және жоғары қиындықты санаттағы саяхатқа шығатын  топтың
жол құжаты.
Кітапшаға әрбір қатысушыға төлқұжаттық деректерімен топтың тізімдік  құрамы,
жол күндері бойынша саяхаттың толық күнтізбелік жоспары,  бақылау  пункттері
және бағдардан телеграммалар  беру  мерзімдері  енгізіледі.  Кітапша  МКК-да
әзірленген бағдарды және  оған  туристердің  дайындығын  тексергеннен  кейін
ғана  топ жетекшісіне беріледі.
Бағдарды қарастыру мен бекіту
І және жоғары қиындықты санаттағы саяхатқа дайындалатын туристік топ  бағдар
кітапшасын алған соң  МКК-ға болжанылатын  саяхаттың бағдары туралы  негізгі
деректер, топтың  құрамы,  туристердің  тәжірибесі,  материалдық  қамтамасыз
етілу, жолдағы  күрделі учаскелер мен олардан өту тәсілдері туралы  деректер
бар  өтініштік  кітапшаны  ұсынады.  Өтініштік  кітапша  саяхатты  өткізетін
ұйыммен,  ал  құрама  топтар  үшін  –   туристер   клубымен,   туризм   және
экскурсиялар жөніндегі кеңеспен, ДСО расталады.
Өтініштік  кітапша  жергілікті  МКК  саяхат  басталғанға  дейін  бір   айдан
кешіктірілмей  ұсынылады.  Егер  бұл  комиссияның   қажетті   уәкілеттіктері
болмаса, онда кітапша  жоғары тұрған МКК-ға сол секілді  саяхат  басталғанға
дейін бір айдан кешіктірілмей жіберіледі.
МКК бағдарды әзірлеуді және негізгі және қордағы  нұсқалар  бойынша  қозғалу
кестесін, жетекші мен бағдар қатысушыларының қозғалу шарттарын  және  табиғи
кедергілерді  білуін,  саяхаттың  қауіпсіздігін   қамтамасыз   ету   бойынша
шараларды тексеруге міндетті. Жол бағдарын қарастыру процесінде   әңгімелесу
үшін  көзделетін саяхаттың барлық қатысушылары  шақырылып,  және  олар  үшін
далалық жағдайларда бақылау тексерістер белгіленуі мүмкін.
МКК оң шешімі  болған  жағдайда  саяхат  басталғанға  дейін  15  күн  ішінде
топтың  жетекшісіне  МКК  мөртабанымен  расталған,  нөмірленген,   тіркелген
бағдар  кітапшасының   бланкін,   және   өзінің   қорытындысымен   өтініштік
кітапшаның көшірмесін береді.
МКК бір уақытта, қажет болған жағдайда,   бағдар  және  өтініштік  кітапшаға
топқа ерекше  нұсқаулар  енгізеді,  оларда  бағдарға  шығар  алдында  тиісті
бақылау- құтқару қызметінде (БҚҚ)  топты тіркеу жерін белгілейді.
МКК қорытындылары және топтың барлық қатысушыларының денсаулық  күйі  туралы
медициналық анықтамалар негізінде саяхатты  өткізетін  ұйым  топқа  бағдарға
шығуға рұқсат етеді және бұл ұйымның жауапты тұлғасының қолымен және  мөрмен
бағдар кітапшасын рәсімдейді.
Саяхатты дайындауға және өткізуге бақылау
Саяхатты өткізетін ұйым топтың дайындалуына  және  жаттығуына,  оны  қажетті
жабдық заттармен жабдықтауға,  сондай-ақ  саяхаттың  бекітілген  мерзімдерде
өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.
ІІ және жоғары санатты  күрделілікті  саяхаттарды  өткізу  кезінде  саяхатты
өткізетін ұйым топ бағдарға шыққанға дейін  10  күннен  кешіктірмей   туризм
және  экскурсиялар  жөніндегі  кеңеске  сәйкес  Бақылау-  құтқару  қызметіне
көзделген  бағдарды  және   саяхаттың   мерзімдерін,   бақылау   пункттерін,
жетекшінің аты-жөнін және топ қатысушыларының санын хабарлауы керек.
Саяхаттау кезінде туристік топтар  бағдар  қағаздарында  туристік,  ал  олар
болмаған кезде басқа ұйымдар мен мекемелерде бағдарды өту  туралы   белгілер
жасауға, саяхатты өткізетін  ұйымның,  МКК  және  туризм  және  экскурсиялар
жөніндегі кеңестің бақылау пункттеріне өткені туралы телеграфпен  хабарлауға
міндетті.
Егер саяхат туристік БҚҚ бар  ауданнан  өтетін  болса,  онда  топ  келісімен
жақын маңдағы бақылау- құтқару пунктінде есепке тұрып, бағдарды өту  бойынша
қосымша кеңес алуға міндетті.
Жорық туралы есептерді құрастыру
Саяхатты өткізу кезінде туристер жорықтық күнделік  жазады  және  бағдардағы
әр  түрлі  бақылаулардың  нәтижелерін  жазады.   Саяхат   аяқталысымен   топ
жетекшісі 4 айдан артық емес мерзімде  саяхатты өткізген  ұйымның  және  МКК
алдында есеп береді.
Саяхаттар туралы есептерде әдетте, келесі бөлімдер болуы керек:
Саяхат туралы  анықтамалық  деректер:  туризмнің  түрі,  күрделілік  санаты,
өткізу уақыты, аудан, бағдар, қозғалу тәсілдері;  топтың  құрамы;  саяхаттың
тұтастай  және  табиғи  кедергілерден  өтумен  учаскелер  бойынша  саяхаттың
ұзақтығы және созылмалығы; саяхатты қандай МКК және қашан қарастырған.
Саяхат  ауданы   туралы   деректер:   ауданның   қысқаша   жалпыгеографиялық
сипаттамасы; топтың жеке бақылауларына және  қорытындыларына,  материалдарға
негізделген,  кейінгі  туристік   топтарды  ауданның  табиғи  ерекшеліктері,
қарау объектілері, жолдар, жергілікті көлік, азық- түлік  өнімдерін  толтыру
мүмкіндіктері туралы нақты деректермен қамтамасыз  ету  мақсатымен  туристік
сипаттама.
Саяхаттың  техникалық  сипатталуы:  өтілген  жолдың   сипаттамасы,   қозғалу
жағдайлары   және   мүмкіндіктері;   бағдардың   қиын   учаскелері;   табиғи
кедергілерден  өту  құралдары  мен   қолданылған   тәсілдер;   қауіпсіздікті
қамтамасыз ету бойынша шаралар және күрделі жағдайларда топтың әрекеттері.
Күндізгі өтулердің толық кестесі: қозғалу тәсілін және километражды,  жүрген
сағаттар санын,  табиғи кедергілерді жеңумен километражды және ауа-  райының
қысқаша сипаттамасын көрсетумен.
Жеке және топтық жабдық заттардың және азық- түлік өнімдерінің  тізімдемесі,
өткізілген  саяхат  тәжірибесіне  негізделген  оларды  бағалаумен,  шығындар
сметасымен, қолданылған әдебиеттер тізімі ұсылады.
Саяхат туралы есепке  бағдарды және түнейтін  жерлерді,  сондай-ақ  жолдарды
және олардан өту мерзімдерін көрсетумен едәуір күрделі  учаскелерді  жазумен
жалпы картасхема қоса беріледі.
Есептер  бағдардың  күрделі  учаскелерін  және  оларда  топтың  әрекеттерін,
табиғатты және ауданның назар аударарлық  жерлерін  сипаттайтын  суреттермен
бейнеленеді.
І-ІІІ күрделілік санатындағы  саяхаттар  туралы  есептің  сипаты  мен  нақты
көлемі, сондай-ақ  оны  ауызша  нысанда  ұсыну  мүмкіндігі  МКК  анықталады.
Мектептік туристік топтар үшін  жазбаша түрдегі есеп міндетті.
Жасалған  саяхатты  есепке  алуды   топтың   бағдарға   шығу   материалдарын
қарастыратын МКК  жүргізеді.  Алдын  ала  топ  тапсырған  есепті,  сондай-ақ
туристердің саяхат кезінде қолданыстағы ережелерді, жүріс- тұрыс  нормаларын
немесе комиссияның нұсқауларын сақтауын тексеру жүргізіледі.
Есепке алу кезінде өтілген саяхаттар  қолданыстағы  разрядтық  нормативтерге
сәйкес  және жорық кезінде болған жағдайларды ескерумен жіктеледі.
Жетекші мен  қатысушыларға  берілген  бағдардан  өту  туралы  анықтамалардың
негізінде оларға қандай да бір спорттық разряд берілуі мүмкін.
Жорықтар туризмнің қандай түрі бойынша  жасалғандығына  байланыссыз   есепке
алынады.  Күнтізбелік жылда, егер олар  ІІІ  санатты   күрделіліктен  жоғары
болмаса  үш  жорықтан  артық  емес   есепке  алынады.  Екі  есепке  алынатын
жорықтардың арасындағы аралық бір айдан кем болмауы керек.
Егер олар туризмнің әр түрлі түрлерінде өтілсе  немесе  егер  бірінші  жорық
қатысушы  ретінде,  ал  екіншісінде  жетекші  ретінде  жасалса,  бір  бағдар
бойынша  жасалған  жорықтар,  сондай-ақ   жол   бағдарларының   қайталанатын
учаскелері есепке алынады.
      Бақылау сұрақтары
   1. Саяхат жасау аудандарды зерттеу;
   2. Жергілікті жердің бедері;
   3. Топографиялық белгілер;
      Қолданылатын әдебиет
   1. Актуальные вопросы туристской деятельности: сб. метод.  материалов.  –
      СПб.: Недра, 2006.
   2. Бгатов А.П. Бойко Т.В., Зубрева М.В.  Туристские  формальности:  учеб.
      пособие для студ. высш. учеб. заведений.  -  2-е  изд.,  испр.  –  М.:
      Академия, 2006.
   3. Биржаков М.Б. Введение в туризм. - 8-е изд., перераб. и доп.  -  СПб.:
      Невский фонд, 2006.
   4. Быстров С.А., Воронцова М.Г. Туризм: макроэкономика и  микроэкономика.
      — СПб.: Герда, 2007.
   5. Быстров С.А. Финансовый менеджмент в туризме. - СПб.: Герда, 2007.
   6. Воскресенский В.Ю. Международный туризм. – М.: Юнити, 2006.
   7. Долженко Г.П. Экскурсионное дело. – М.: Март, 2006.
   8. Ильина Е.Н. Туроперейтинг: организация деятельности. - М.:  Финансы  и
      статистика, 2007.


Пәндер