Файл қосу
Анықтауға жататын жағдайлар
Тақырып№7 Қорқытып алушылықты тергеу. 1. Қорқытып алушылықтың криминалистикалық сипаттамасы.Анықтауға жататын жағдайлар. 2. Қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері.Бастапқы тергеулік әрекеттер барысындағы тергеушінің әрекеттері және типтік келесі тергеулік әрекеттер. 3. Бастапқы тергеулік әрекеттер тәсілінің негізгі және келесі тергеулік әрекеттер . 4. Келесі тергеулік әрекеттер 5. Жедел –іздестіру шараларын қолдану. 1.Қорқытып алушылық , яғни ,бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе бүлдірумен қорқыту арқылы мүлікті сипаттағы жәбірленуші немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді таратумен ,не жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіру мақсатында өзге де мәліметтерді жариялау( ҚР ҚК 181 бабы ). Қылмыс жасар алдында қылмыскерлер алдын –ала дайындаушыларын жүргізеді. Мәселен , атқыш қаруларын немесе суық қаруды , оның макеттерін дайындау, сонымен қатар олардың ары –бері жүріп тұруын қамтамасыз ететін көлікті дайындау әрекеттерін жасайды.Тәжірибеде көрсеткендей, кейбір жағдайларда жәбірленушілер –қорқытып алушылардың өздерін жақсы біледі, бірақ құқық қорғау органдарын оларды айтуға қорқады.Қорқытып алушылар олармен жиі кездесіп отырған ( мысалға, қорқытып алушы көшедегі шағын тауарлар сатып тұрғандарға жиі тисіп, оларды ұру арқылы , қорқытып кей жағдайларда өлтіремін деп те қорқытады). Қорқытып тартып алушылардың жасы көбінесе 17- 35 жастар шамасында болып келеді. Соңғы кездерде қорқытып тартып алушылар қылмысты алдын-ала ұйымдаса отырып жасауда. Олардың ішінде жақсы дайындалған қылмыс барысында өзінің рөлін жақсы білетін ,сонымен қатар ,барлық,қылмысқа қажетті қарулармен және автокөліктер мен ,басқа да құралдар мен толық жабдықталған болып келеді.Қылмыскерлер белгілі бір фирма, мекеме немесе жеке азаматтарға өздерінің белгілі көмектерін ұсынады (ақша төлету мақсатында ). Егер ол қарсы болған жағдайда қылмыскерлер барлық мүлкін, заттарын құртып немесе өртеп жібереміз деп қорқыта бастайды. Аталмыш қылмыстарда көбінесе жәбірленушілер барлығы жеткілікті қамсыздандырылады, қылмыскердің ойынша табысы жоғары ( камерсанттар ,фирма ,коператив, басшылары т.б. ) азаматтар болып келеді. Кей жағдайларда қылмыскерлер ( қорқақ немесе налог төлемей жасырын жұмыстар жасаушы)т.б. болып келеді. 2. Қылмыстық іс қозғауға – көбінесе жәбірленушінің арызы болып келеді, ал кей жағдайларда құқық қорғау органдары мен табылған қылмыстың заты болып келеді. Бірақ бұл табылған мән- жайларды толық анықтау қажет. Өйткені, бұл хабарламалар жалған болуы мүмкін. Бастапқы тергеулік әрекетінің типтік жағдайының мінездемесіне ;қылмыскерлер өздерінің обьектілерінің қарсы әртүрлі мінез көрсете ме немесе біркелкі түрде қылмыстар жасайма ; қылмыскерлердің сұраған заты берілген және тағы қайталанып талап етілуде ; арызды беруші қылмыскерді таниды ма ; осы жағдайларға қарай отырып екі типтік жағдайларды бөліп алуға болады.1.Азамат құқық қорғау органдарына беру сатысында қорқытып алушылар талап еткен затты әлі берген жоқ.Осындай жағдайларда толығымен тексерулер жүргізе отырып қылмыстық іс қозғауға шешім қабылдайды. Егер қылмыскер арыз берушіге таныс болмаса онда қылмыскерлерді анықтау және оларды ұстау мақсатында жедел іздестіру шаралары жүргізіледі. 2.Қылмыскерлер талап еткен затын бергеннен кейін арыз берген мұндайжағдайда құқық қорғау органдарының әрекеті төмендегідей болуы мүмкін.Бірінші түрі- қылмыскер жиі қылмыс жасауда және олар жәбірленушіге белгілі. Мұндай жағдайда бірінші ситуациядағыдай қылмыскерлерді қылмыс үстінде ұстау шақтарын қарастыру және т.б.. Екінші түрі –қылмыскерлер жөнінде кейбір мәліметтер белгілі .Осындай жағдайларда қылмыстық іс қозғалғаннан бастап , жәбірленушіден толығымен жауап алу жедел іздестіру шаралары жүргізіледі. Тергеу барысында сезіктінің үйіне ,жұмыс орнына тінту әрекеттері жүргізілуі, сонымен қатар кей жағдайларда сезіктімен жәбірленушінің арасында беттестіру әрекеттері жүргізілуі қажет. Үшінші түрі – қорқытып тартып алушы (қылмыскер) арызданушыға белгісіз болуы мүмкін .Мұндай жағдайларда тергеуші жәбірленушіден жауап алу мен тоқтатылады.Осы жауапқа сәйкес барлық жедел іздестіру шаралары жүргізіледі.Қылмыскер ұсталынған сәтте одан жауап алу ,тінтулер жүргізілу, оқиға болған жерді қарау, сараптамалар тағайындау ,сараптаманың ішінде фоноскопиялық сараптамада тағайындалуы мүмкін. 3. Қорқытып алушыға байланысты көбінесе бірінші тергеулік әрекет ол, құқық қорғау органдарына арызбен келген жәбірленушіден жауап алу болып табылады. Жауап алу барысында тергеуші жәбірленушіні ең алдымен ,оны жұбатып тыныштандырғаннан кейін құқық қорғау органы оған барлық көмектерді көрсететін және оның жауабы жасырын сақталатындығы ескертіледі , сонымен қатар оны қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді. Келесі тергеулік әрекеттердің бірі телефон және байланыс құралдарын тыңдау, оларды жазып алу ,ол әрекеттер жүргізіледі .Егер: қылмыскер жәбірленушімен байланысқа түссе ,ақша талап етуі мүмкін болған жағдайда ,тағы басқа да қылмыскердің жәбірленушімен контактыға түсетін жағдайларда болғанда . Тергеуші жәбірленушіге барлық жағдайларды, болатын тергеулік әрекеттерді түсіндіреді. Осы қорқытып алушылыққа сәйкес қылмыскерлерді ұстау әрекеті тыңғылықты дайындалу мен жасалады. Осы тергеулік әрекетті жүргізу барысында тергеуші жедел-іздестіру аппаратымен бірлесе отырып ұстаудың жоспарын құрады. Осы опперацияны жүргізу барысында МАИ қызметкерлері немесе ОМОН, БАРС, СОБР,АЛЬФА және т.б. құқық қорғау қызметкерлері қатысуы мүмкін. Ұстау алдында қылмыскерлердің барлық жолдары, олардың қаруы және басқа азаматтардың қауіпсіздігі толығымен қаралып, алдын –ала осы опперацияға қатысатындарға барлық жағдайлар қарастырылады.Тергеулік әрекет алдында олардың қылмыскерді үркітіп алмайтындай өте абайлықпен жасырын қимылдап, аймақты алдын-ала бақылауға қойып, барлық қауіпсіздікті сақтап, қылмыс істеу үстінде ұстау әрекеттері жоспарланады.Ұстау әрекеті қылмыскер күтпеген жағдайда және олар қарсыласа алмайтындай тез аарда шұғыл шаралар жүргізіле отырып ұсталынуы қажет. Қылмыскерлердің тұрғылықты жеріне қылмыстың затын табу мақсатында тінту әрекеті жүргізіледі. Қылмыстың затына ( қару, құжат, хаттар, суретер т.б. құндылықтар болуы мүмкін). Тінту жалпы ережелерге сәйкес барлық тәсілдерді қолдана отырып жүргізіледі. 4. Келесі тергеулік әрекеттерге сезіктіден және айыпкерден жауап алу, тануға ұсыну, беттестіру, соттық сараптамалар тағайындау әрекеттері жүргізіледі. Егер қылмыскер қылмыс үстінде немесе қылмыс жасағаннан кейін ұсталынса ,ол қылмыс жөнінде сезіктіден барлық мән-жайларды сұраған жөн. Олардың дайындалу барысы мен қылмыс жасау ойы қалай болды, олардың тұрғылықты жері .Ол қылмыскердің бойында қару табылған жағдайда қарудың қандай қаруға жататындығы және кімге тиесілі екендігі тексеріледі. Егер қылмыскердің денесінен бүлінген, жыртылған т.б. өзгешіліктер байқалса ол жөнінде ( қашан ,қай уақытта, қандай себептермен т.б.) барлық мәліметтер анықталады.Егер қылмысты жасы кәмілетке толмаған адам жасаса , ол жердегі ересек азаматтардың осы қылмысқа итермелегені анықталады. Осы санаттағы қылмыстық істерді жүргізу барысында көбінесе екі адамның ( сезікті мен жәбірленушінің ,қылмыскерлердің ) арасында беттестірулер жүргізіледі. Әсіресе кейбір қылмыскерлер шындықты айтады ,ал ,кейбіреулері жалған мәліметтерді жалғастырған сәтте осы тергеулік әрекетін жүргізген тиімді. Бұл жағдайда тергеуші қылмыскердің жәбірленішіні қорқытпайтындай жағдайда болатындығын алдын-ала білуі қажет.Егер жәбірленушінің өміріне қауіпсіздік жағдайлар туатындай болғанда бұл тергеулік әрекет жүргізілмейді. Сот сараптамаларын тағайындау әрекеттерінің ішіне көбінесе трассологиялық, жазу –тану , құжаттарды техника криминалистикалық қару ,қаруларды сараптау және басқа да микрообьектілерді зерттеу жүргізіледі. Аталым қылмыстарда сот –фоноскопиялық сараптама ерекше орын алады. 5. Жедел-іздестіру шаралары- бұл жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың алдында тұрған міндеттерді өзінің құзіреті ауқымында шешуге бағытталған іс әрекеті .Жалпы жедел іздестіру шараларына : 1). азаматтарға ,лауазымды адамдарға сауал –сұрақ қою , олардан хабарламалар алу ;2)азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату ,оларды жедел іздестіру қызметіне пайдалану; 3) қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу ;4) қылмысты іс әрекетке еліктеу мінез-құлық үлгісін қолдану; 5) астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру ;6) берілетін өнімдерге жедел бақылауды жүзеге асыру; 7) арнаулы техникалық құралдарды қолдану ;8) мекемелердің , кәсіпорындардың және ұйымдардың есептері бойынша анықтамалармен тексерулер жүргізеді;9) зерттеу үшін сынамалар мен үлгілер іріктеп алу ; 10) бақылау үшін сатып алу; 11) іздестіру қызмет иттерін пайдалану;12) белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру 13) құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу , жасырын анықтау және алу ,оларды алдын ала зерттеу;14) қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау ;15) ұсталған адамды жеке тексеруден, қылмысты іс әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды қарауды және алуды сондай-ақ тұрғын –жайларды , жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексеруді , көлік құралдарын тексеруді жүзеге асыру ;16) қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөнінде опперациялар жүргізу , жедел қылмыстар есептері және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру жатқызылады.Арнаулы жедел іздестіру шаралары мыналар: 1)сотталғандардың хат-хабарын цензуралау ;2) почта жөнелтілімдерін бақылау;3) байланыстыру почта , телеграф ,арналарында сыртқы белгілері бойынша жедел іздестіру;4)телефонмен және өзге сөйлесулерді тыңдау ;5) байланыстың техникалық арналарынан , компбютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау ;6) соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды , жеке адамның өміріне ,денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалды пайдалана отырып байқау.7) тұрғын және басқа жайларға ,үйлерге ғимараттарға ,жер учаскелеріне ,көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру .Арнаулы жедел іздестіру шараларын жүргізу қажеттілігі болған жағдайда мұндай шараларды жүргізуге рұқсатты жедел іздестіру қызметін жүгізуші органдардың қаулысы бойынша : Қазақстан Республикасының Бас прокуроры ; Бас прокурордың орынбасарлары ,Республиканың әскери прокуроры ; облыстардың прокурорлары; облыстық прокурорларға теңестірілген прокурорлар бере алады. Пайдаланылған әдебиеттер; 1) « Қазақстан Республикасының Конститутциясы » . 2) «Қазақстан Республикачсының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі» 3) «Криминалистикалық тактика » 4) «Қылмыстық құқық комментарий » Тақырып №8. Есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды тергеу. 1. Есірткі заттардың немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымының крименалистикалық сипаттамасы . Анықтауға жататын жағдайлар. 2. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері .Тергеудің алғашқы кезіңіндегі тергеуші іс әрекеттері және кәдімгі тергеулік жағдайлар( типтік ситуациялар). 3. Кейбір тергеу әрекеттері тактикасының ерекшеліктері ; 4. Жедел іздестіру шараларын қолдану . 1). Қазақстан Республикасында халық денсаулығына қарсы қастандықтар үшін қылмыстық жауаптылық мынадай іс -әрекеттер үшін орнатылған : есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау; иемденіп алу ,сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (ҚРҚК-нің 259- бабы) ; есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (ҚРҚК-нің 260- бабы ). Есірткі заттармен жүйкеге әсер ететін өнімдердің заңсыз айналымына қатысты оларды көбінесе жасыратын жерлерге тұрғын және қосалқы шаруашылық бөлмелер (шатыр, подвал); жиһаз (шкаф,стол және орындықтардың ішкі қуыс аяқтары;әр түрлі тұрмыс заттары (теледидар, радиоқабылдағыш,фотоаппараттар,әйел косметичкалары, кітаптар және т.б.); киім –кешек( қалталары ,арнайы тығындар жерлер)протездер және т.б. жатады.Есірткі заттарды автокөлікте тасымалдағанда, олады әдетте дөңгелек қалпақтарының астында ,отырғыштар астында,аккумуляторларда ,бензобак ішінде және басқада жерлерде сақтайды.Басқада транспорт құралдары мен тасымалдау барысында қылмыскерлер қол жүктерін ,екі түбі бар қобдишаларды ,шыны ыдыстарын пайдаланады.Почта арқылы жіберуде бандерольдер ,әр түрлі азық салынған жөнелтімдер пайдаланылады. Есірткі заттар күнбағыс тұқымдарының арасында, сағат және темекі бумаларының ішінде жасырылады. Есірткі заттарды қолдан жасағанда қылмыс құралдарында есірткілерден іздер қалады. Олар: микробөлшектер иіс түрінде қалады, ал есірткі үшін шикізат ретінде сораның жасыл массасы болса, онда күдіктің алақанында және тырнақтарының астында сұрғылт жасыл түсті іздер қалып қояды.Есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қатысатын тұлғалар қатарына жататындар: -құрамында есірткі шикізаты бар заттарды өндірушілер, яғни, есірткілік өсімдіктерді заңсыз өсіру мен айналысатын тұлғалар;-құрамында есірткі шикізаты бар заттарды таратушылар (нашақорлар) ; -притондар ұстайтындар (әдетте ,оларға өздері нашақор болып келетін бас бостандығынан айырылған нашақорлардың әйелдері немесе ашыналары жатады); -есірткі тұтынуға басқаларды көбіне жастарда баулыйтын тұлғалар. 2.Есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналым фактісі бойынша қылмыстық іс нақтылы тұлғадан табылғаннан зат сандық және сапалық зерттеуден кейін алдын-ала тәртіппен есірткі деп танылған жағдайда ғана қозғалады. Осыған байланысты ішкі істер қызметкерлері заңға сәйкес транспорт құралының тексерісін (әдетте, иттерді пайдаланады) ,жүргізушілермен жолаушылардың өздерін және жүктерін жеке тексереді.Тексеріс барысында табылған есірткі заттар ,тұтыну үшін қолданылатын құралдар және есірткілік шикізаттар алынады. Есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстар өздерінің сипатына қарай әр түрлі болса да ,тергеудің алғашқы кезеңінде қалыптасатын кәдімгі тергеулік ситуациялар шеңберін әрбір қылмыс түріне жеке-жеке анықтау керек. Қылмыстың нақтылы түріне байланыссыз аталмыш санаттағы істерді тергеудің алғашқы кезені үшін жақын бірқатар ситуацияларды ажыратуға болады.1. Тұлға есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың біреуін жасау үстінде ұсталып, жасаған құқық бұзушылықты монына алып отыр. Мұндай жағдайларда тергеуші күдіктіні әшкерлейтін дәлелдемелерді жауды басты мақсат ету керек. 2. Есірткілердің заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың белгілері көзге ұрып тұр, бірақ күдікті тұлға оқиға болған жерден бой тасалап кеткен. Мұндай жағдайларда күдіктінің жеке басын оның байланыстарын ,қылмысқа қатысы бар басқа тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері мен басқа да шаралар жүргізіледі.3. Қарастырылып отырған санаттағы қылмыс белгілері айқын ,бірақта қылмыс жасауда сезікті тұлға анықталмаған .Осындай ситуациялар көбінде байқалатын жағдайлар; есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау, емденіп алу ,сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе белгісіз тұлғалардан есірткі заттар алдым деп тұрған нашақорлар ұсталғанда. 3. Есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен айналысып жүрген тұлғаларды ұстау құқық қорғау органдары қызметкерлері мен заңға сәйкес жүргізіледі. Ұстау барысында күдікті тұлғаның жеке басы және заттық дәлелдеме бола алатын заттар мен құжаттар тексерістен өтеді. Егер алынған обьектілер қылмыс құрамын көрсетіп тұрса ,онда дереу қылмыстық іс қозғалады. Осыдан кейін күдіктіні процессуалдық түрде ұстау жөнінде сұрақ шешіледі және қажетті тергеу әрекеттері мен іздестірушілік шаралары жүргізіледі. Есірткі заттары бар тұлғаларды анықтап –ұстауда арнайы үйретілген иттердің көмегі өз нәтижесін береді. Қызықтыратын заттар әдетте өлшемі бойынша кішірек болып ,оларды тығып қою жеңіл болғандықтан, тінту әрекетін ерекше мұқияттылықпен жүргізу қажет.Бөлмеге тінту жүргізгендежаңадан сылаған ,әктеген, бояған ,іздерге,жаңа жапсырылған түс қағазға ,қабырғаның басқа жерілерінен ерекше білінетін нәрселерге сондай-ақ қабырдағықатаң дыбысты жерлерге назар аударған жөн.Есірткелерді тасымалдау үшін әр түрлі заттар қолдануда қылмыскерлер небір айлакерліктерге барады. Есірткі заттар қалта,фанар, темекі қораптарының ішінде ,фотоаппараттарда,әр түрлі бумеларда, транзисторлік қабылдағыштар мен жазу басатын машинкаларда, термостаттарда ,сағат копстарында және т.б. жерлерде тығылып тасымалданады. Осындай санаттағы істер бойынша жүргізілетін физикалық, химиялық сараптама обьектісі ретінде есірткі заттар, оларды дайындау үшін қолданылған аспаптар, тұтыну пайдалану мақсатында пайдаланған құралдар және есірткі іздері бар басқада заттар жүреді.Мұндай сараптама есірткі заттардың микроіздерін әртүрлі обьектілердің үстінен ( шыршу ,ине, киім- кешек) табу мақсатында жүргізіледі : Әрбір іс орналасқан зат және зерттеуге жіберілетін үлгілер жеке-жеке бумаларға буып- түйіледі( флокон, пробирка, су қағаз) . Сұйық обьектілер қақпағы тығыз жабылып ,үсті балауызбен қапталған шыны ыдыстармен жіберу қажет .Осындай санаттағы істер бойынша сонымен қатар сот- биологиялық ,сот- жер қыртысын танушылық , сот- фармацевтикалық , кримининалистикалық және т.б. сараптамалар тағайындалады. 4). Жедел іздестіру шаралары –бұл жедел іздестіру қызыметін жүзеге асыратын органдардың алдында тұрған міндеттердіөзінің құзіретті ауқымында шешуге бағытталған іс әрекеті жедел іздестіру шараларының мәнін сипаттайтын оның негізгі элементтерін атап көрсетуге болады.1. Жедел іздестіру шаралары заң шығарушы және заңға тәуелді нормативтік актілерге негізделген қылмыстарды болдырмау және ашу және жасырынған қалмыскерлерді іздестіру мақсатында көбінесе арнайы құралдармен әдістер мен жүзеге асырылатын барлау шаралар жүйесі болып табылады.2. Жедел іздестіру шараларын өткізу кезінде дайындалып жатқан ,істелініп жатқан немесе істелінген қылмыс жөнінде ақпаратты табу, бекіту,алу зерттеу үшін ғылыми-техникалық құралдармен әдістер кеңінен қолданылуы мүмкін. 3. Жедел іздестіру шараларын жүзеге асырудың түрлері мен тактикасы ғылыми негізделген және іс жүзінде анықталған.4. Заңнамада көрсетілген субьектілерден басқа, ешкімнің жедел іздестіру шараларын жүргізуге құқығы жоқ.Ешбір өзге ұйымдар мен тұлғалардың осы қызметке құқығы жоқ. Жедел іздестіру шаралары – бұл тактикалық және психологиялық жағынан нәзік және күшті қару, оның көмегімен жедел іздестіру қызметінің сибьектісі қылмыскердің ниетін біліп, қылмысты дер кезінде не болдырмау ,не ашу үшін құпия нәрсені анық қылады. Көп жылдық тәжірибе дәлелдегендей, қылмыскер қандай қулық- сұмдықтар жасамаса да жедел іздестіру шаралары мен тергеу іс қимылдарының шеберлік пен өткізілуінің нәтижесінде әшкерленетін болады. Мәселен, Алматы қаласында кісі өлтіру мен байлықты иелену мен қоса шабуылдар жасаған ши бөрілер деген шартты атауын алған бонда әрекет етеді. Қылмыстарды ашу үшін құрамына ең білікті оперативті қызметкерлермен тергеушілер кірген жедел –тергеу тобы құрылды. Сондай-ақ ,бонда жасаған қылмыстарды ашу бойынша іс қимылдарды үйлестіру үшін штаб құрылды .Бонданы ашуда барлық соның ішінде жедел –іздестіру жолымен алынатын ақпарат жинау мен талдауды шебер ұйымдастыру маңызды рөл атқарады. Орасан зор қайшы мәліметтердің ішінен сезіктілердің соңына түсуге мүмкіндік берген қажетті бөлімін анықтауға қол жеткізіледі. Тергеу іс –қимылдарының әрі –қарай жүргізілуі бондиттердің ұсталуына , заттық дәлелдемелердің табылуына ,олардың әшкереленуіне әкеледі. Бұл іс бойынша қылмыстық жауапқа тартылғандардың барлығы сотталған болатын
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz