Файл қосу
Тәжірибелік қазақ тілі. Пәнді оқытудың мақсаты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | | |«Кәсіби қазақ тілі» |______2013 жылғы |УМКД 042-16.1.31/01-2013 | |пәнінің студенттерге |№ 2 басылым | | |арналған ПОӘК-і | | | 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына арналған «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ СЕМЕЙ 2013 Кіріспе 1ӘЗІРЛЕГЕН Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, гум.ғыл.магистрі Әубәкірова Н.Ә., Мүрсәлімов Р.М. – «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындықтың әдістемелері мен теория» кафедрасы аға оқытушысы ____________ «___» _________20__ ж. 2. ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындықтың әдістемелері мен теория» кафедрасы отырысында «____»___________ 20___ж. №____хаттама Кафедра менгерушісі _________________Прохоров Б.Н. 2.2. Жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында «____»___________ 20___ж. №____ хаттама Төрайымы ____________ Абдишева З.В. 3. БЕКІТІЛДІ Университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақулданған және ұсынылған «____»___________ 20___ж. №____ хаттама ОӘК төрайымы ____________ Искакова Г.К. 4.БІРІНШІ РЕТ КІРГІЗЕЛГЕН Мазмұны 1 Жалпы ережелер 2 Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу 3 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары 4 Курс форматы 5 Курс саясаты 6 Бағалау саясаты 7 Әдебиеттер 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет Әубәкірова Нұргүл Әрінқызы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы «Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасы Ақпараттық қатынас - телефон: 35-45-58, №8 оқу ғимараты, №223 бөлме Сабақ өтетін орын - №411 аудитория, №2 оқу ғимараты Мүрсәлімов Рафаэль Мұхаметғалиұлы, аға оқытушы «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындықтың әдістемелері мен теория» кафедрасы Байланыс ақпараты – тел:63-33-39, оқу ғимараты №3, кабинет №239 Сабақ өткізу орны – дәрісхана - бекітілген сабақ кестесі бойынша Берілген пән бойынша кредиттер саны - 2 1.2 Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы: Пәннің оқу-әдістемелік кешені Шәкәрім атындағы СМУ-нің пәндерге арналған оқу-әдістемелік кешені туралы ережесіне сай құрастырылған. Аталған пәнді оқыту барысында тәжірибелік, сондай-ақ СӨЖ және ӨСӨЖ сабақтары құрастырылады. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмұны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Студентке арналған жұмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жұмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. СӨЖ және ӨСӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар. Кәсіби қазақ тілі жалпы білім беру пәні ретінде жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде бакалавр сатысында жүргізіледі. Қазақ тілін үйретудің бұл курсында студенттердің тілді орта мектепте оқып үйренгені, тілдік жүйе жайлы түсініктерінің қалыптасқаны ескеріліп, жоғары оқу орнында оны ары қарай толықтыру қолға алынады. Бакалавр бөлімінде студент мемлекеттік тілді өз мамандығы аясында қолдана алатындай білім дәрежесіне жетуі қажет. 1.3 Пәнді оқытудың мақсаты: Студенттердің «Кәсіби қазақ тілі» оқу барысында пәннің зерттеу нысанын, мән-маңызын түсіндіріп, одан алған теория-практикалық білімнің бүгінгі нарықтық замандағы қажеттілікті өтеп, оның зәру мәселелеріне жауап іздейтін сала екендігі жайында мәлімет беру. Өзінің жұмыс орны туралы толық мағлұматты қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Сонымен бірге бұл пәнде студенттің қазақша жазу сауаттылығына ерекше мән беріледі. Тілден нақтылы тиянақты білім беру, студенттің сауатты жазуын қалыптастыру. Мемлекеттік тілді оқыту барысында халқымыздың тілін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерте отырып, бүгінгі жас ұрпақты парасатты, білімді, білікті, Отанын, халқын сүйетін азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Осы орайда қазақ тілінен білім беру стандартының мақсаттарының бірі-өзге тілді оқушыларды қазақ тілінде еркін сауатты, саналы оқуға үйрету және қазақ тілінде сөйлеу білігі мен дағдыларын қалыптастыру болып отыр. 1.4 Пәнді оқыту міндеттері: -Тыңдаушыларға кәсіби қазақ тілі туралы ғылыми-теориялық білім бере отырып, оның болашақта зерттелуге тиісті проблемаларына байланысты тыңдаушыларды ғылыми ізденіске баулып, олардың шығармашылық ой-пікірін жетілдіріп отыру және ресми стильді қалыптастыру. - Берілген сұрақтарға өзінде бар сөздік қорды пайдалана отырып, дұрыс жауап беруге үйрету; - Белгілі бір тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алатын дәрежеге жеткізу; - Мәтінмен жұмыс істеу барысында көлемді мәтінді оқып түсінуге, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуге дағдыландыру; - Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыру; - Студенттердің танымдық деңгейін көтеру; - Ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту; - Сөйлеу, айту, жазу дағдыларын қалыптастыру. 1.5 Оқытудың нәтижесі: Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек: Алған білімдерін практикада қолдана білуі; Меңгерілген тақырыптар аясында қазақ тілінде еркін сөйлеу, хабарлама жасау; Өтілген тақырыптар бойынша сөздік қорының болуы; Қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық құрылымының негізгі заңдылықтары мен лексикалық құрылымы ерекшеліктерін жақсы білу; Студенттердің тіл байлығын, ой-өрісін дамытуға арналған жаттығуларды орындай алуы тиіс. Тілдік нормаларды сақтай білу, үйренуі тиіс. теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді. кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді. 1.6 Курстың пререквизиттері: 1.6.1 Тәжірибелік қазақ тілі 1.6.2 Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу 1.7 Курстың постреквизиті: 1.7.1 Іскерлік қазақ тілі 2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ Кесте 1 | |Тақырып атауы |Сағат саны | | | | | |Әдебиеттер | | | |Дәріс |Семи |Лаб |ОЖСӨЖ |СӨЖ | | | | | |Нар | | | | | |1 |2 |3 |4 |5 |6 |7 |8 | |1 |Үндестік заңы. Қазақ | |2 | |1 |3 |1 Б. 1-5 | | |тілінде дауысты | | | | | |3 Б. 5-6 | | |дыбыстардың арасындағы | | | | | | | | |үндесу (сингармонизм) | | | | | | | | |және дауыссыз | | | | | | | | |дыбыстардың арасындағы | | | | | | | | |үндесу (ассимиляция). | | | | | | | | |Л: Қазақстан жаһандану | | | | | | | | |дәуірінде | | | | | | | |2 |Лексика және | |2 | |1 |3 |1 Б. 1-5 | | |лексикология ұғымы | | | | | |8 Б. 3-6 | | |туралы. Сөздің тура | | | | | | | | |және ауыспалы мағынасы.| | | | | | | | |Сөз мағынасы өзгеріп, | | | | | | | | |дамып, кеңейіп отыратын| | | | | | | | |өте күрделі құбылыс. | | | | | | | | |Осымен байланысты | | | | | | | | |сөздің тура және | | | | | | | | |ауыспалы мағынасы | | | | | | | | |болады. | | | | | | | | |Л: Білім де бәсекеге | | | | | | | | |түседі | | | | | | | |3 |Диалект және кәсіби | |2 | |1 |3 |1 Б. 1-5 | | |сөздер. Сирек | | | | | |3 Б. 5-6 | | |қолданылатын сөздер - | | | | | | | | |диалект сөздер, кәсіби | | | | | | | | |сөздер мен терминдер. | | | | | | | | |Л: Қазақстан | | | | | | | | |экономикасы | | | | | | | |4 |Жалпылама қолданылатын | |2 | | |3 |1 Б. 1-5 | | |терминдер мен сөздер. | | | | | |8 Б. 3-6 | | |Терминдердің ұғымы мен | | | | | | | | |мағынасы. Маман | | | | | | | | |саласындағы терминдер | | | | | | | | |мен ұғымдар. Жалпылама | | | | | | | | |сөздердің қолданылуы. | | | | | | | | |Л: Нарық | | | | | | | |5 |Кірме сөздер. Басқа | |2 | | |3 |1 Б. 1-5 | | |тілден енген сөздерді | | | | | |3 Б. 5-6 | | |кірме сөздер дейміз. Өз| | | | | | | | |тарихында қазақ халқы | | | | | | | | |көптеген елдермен | | | | | | | | |қарым-қатынас жасап, | | | | | | | | |аралас-құралас болғаны | | | | | | | | |мәлім. Л: Нарықтық | | | | | | | | |экономика | | | | | | | |6 |Фразеологиялық | |2 | |1 |3 |1 Б. 1-5 | | |тіркестер, | | | | | |8 Б. 3-6 | | |мақал-мәтелдердің | | | | | | | | |қазақша-орысша | | | | | | | | |баламалары. | | | | | | | | |Мақал-мәтелдерді кәсіби| | | | | | | | |тілде қолдану. | | | | | | | | |Л: Салық реформасы | | | | | | | |7 |Көнерген сөздер мен | |2 | | |3 |1 Б. 1-5 | | |неологизмдер. Қоғам | | | | | |3 Б. 5-6 | | |дамуына орай | | | | | | | | |тіліміздегі | | | | | | | | |қолданыстан шыққан | | | | | | | | |сөздер көнерген сөздер | | | | | | | | |деп аталады. Көнерген | | | | | | | | |сөздер мағынасына қарай| | | | | | | | |екі түрге бөлінеді: | | | | | | | | |тарихи сөздер, | | | | | | | | |архаизмдер. | | | | | | | | |Л: Салықтың түрлері | | | | | | | |8 |Стиль туралы түсінік. | |2 | |1 |3 |1 Б. 1-5 | | |Стиль турлері. Стиль | | | | | |8 Б. 3-6 | | |терминінің мазмұны кең,| | | | | | | | |оның жұмсалатын орны | | | | | | | | |көп. Стилистика – стиль| | | | | | | | |туралы ілім. | | | | | | | | |Л: | | | | | | | |9 |Ресми іс-қағаздар | |2 | |2 |3 |1 Б. 1-5 | | |стилі. | | | | | |3 Б. 5-6 | | |Ресми-ісқағздардың | | | | | | | | |түрлері. (Үлгілері) | | | | | | | |10 |Ғылыми стиль лексикасы.| |2 | | |3 |1 Б. 1-5 | | |Ғылыми мәтіндердегі | | | | | |8 Б. 3-6 | | |терминдердің қолданысы.| | | | | | | | |Ғылыми және | | | | | | | | |публицистикалық стильде| | | | | | | | |лебіз айтуға дағдылану.| | | | | | | |11 |Публицистикалық | |2 | |2 |3 |1 Б. 1-5 | | |стильдегі сөз | | | | | |3 Б. 5-6 | | |қолданыстары. Жарнама | | | | | | | | |тілі, түрлері. | | | | | | | | |Жарнаманың қысқаша | | | | | | | | |тарихы. | | | | | | | |12 |Сөзжасам. Сөзжасамның | |2 | |2 |3 |1 Б. 1-5 | | |тәсілдері. Сөзжасам – | | | | | |8 Б. 3-6 | | |тіл білімінің жеке | | | | | | | | |саласы. Сөзжасам – атау| | | | | | | | |(номинация) жасау | | | | | | | | |қызметін жүзеге | | | | | | | | |асырады. | | | | | | | | |Л: | | | | | | | |13 |Туынды сөздер. Туынды | |2 | |2 |3 |1 Б. 1-5 | | |сөздердің жасалу | | | | | |3 Б. 5-6 | | |тәсілдері, туынды | | | | | | | | |сөдердің жасалу | | | | | | | | |жұрнақтары. | | | | | | | | |Л: Жеті жарғы | | | | | | | |14 |Жалғаулардың түрлері | |2 | |2 |3 |1 Б. 1-5 | | |(тәуелдік, көптік, | | | | | |8 Б. 3-6 | | |жіктік, септік). Сөздер| | | | | | | | |жекеше түрде де, көпше | | | | | | | | |түрде де қолданыла | | | | | | | | |береді. | | | | | | | | |Л: | | | | | | | |15 |Шылау сөздер. | |2 | | |3 |1 Б. 1-5 | | |Септеуліктер, | | | | | |3 Б. 5-6 | | |демеуліктер, | | | | | | | | |жалғаулықтар. | | | | | | | | |Л: Ұлттық теңге | | | | | | | | |Барлығы | |30 | |15 |45 | | 3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ Студент аталған курс бойынша практикалық мәселелерді игеруі керек. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмұны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Оқушылар мен студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған жұмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жұмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. СӨЖ және ӨСӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар. 4 КУРС ФОРМАТЫ Семинарға дайындық кезінде студент біршама ізденіс жұмыстарын жасау қажет. Ғылыми мақалалар мен монографиялар, сондай-ақ интернет желісінен алынған материалдардағы керекті деректер конспектіленіп алынады. Семинар студенттің ізденіс жұмысы болғандықтан, бір емес бірнеше дереккөздерді пайдалануға тиісті. Курс бойынша білуге тиісті терминдер мен шартты ұғымдарды оқытушы қамтып, түсіндіреді. СӨЖ тақырыптары берілген сұрақтарды қамти отырып, жазбаша және ауызша жұмыс түрінде орындалады. СӨЖ-ді конспект түрінде дәптерге жазып өткізу қажет. Сабақ барысында студенттің теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады. 5 КУРС САЯСАТЫ Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырманы орындауы, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Курсты оқу барысында алынған барлық ұпайлар жинақталып, бір-біріне қосылады. Осы курстан алған жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырама мен рейтинг бақылауынан алынған баға және емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемін ұлғайтылады; Тапсырмалар оқытушы тағайындаған уақытта қабылданады. Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.); Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет. 6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ «Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша ұпай бөлінісі Кесте 2 |Апта |Бақылау түрі |Ұпай жиыны |Ескерту | |1 |2 |3 |4 | |1 |Семинар |30 | | | |Семинар |30 | | |2 | | | | | |СӨЖ |15 | | | |Семинар |30 | | |4 | | | | | |СӨЖ |15 | | | |ОСӨЖ |35 | | | |Семинар |30 | | |6 | | | | | |СӨЖ |15 | | | |ОСӨЖ |35 | | | |Семинарға |30 | | |7 | | | | | |СӨЖ |15 | | | |ОСӨЖ |35 | | |1-7 апта бойынша барлық |300 | | |ұпай саны | | | | |Семинар |30 | | | |Семинар |30 | | |10 | | | | | |СӨЖ |15 | | | |Семинар |30 | | |12 | | | | | |СӨЖ |15 | | | |ОСӨЖ |45 | | | |Семинар |30 | | |14 | | | | | |СӨЖ |15 | | | |Семинар |30 | | |15 | | | | | |СӨЖ |15 | | | |ОСӨЖ |45 | | |8-15 апта бойынша барлық |300 | | |ұпай саны | | | |Емтихан ұпайы |400 | | |Академиялық мерзімге |1000 | | |жиынтық ұпай | | | 7 ӘДЕБИЕТТЕР 7.1 Негізгі әдебиеттер: 7.1.1 Ақанова Д.Х., Алдашева А.М... Ресми-іскери қазақ тілі. Алматы., 2002. –408б. 7.1.2 Әлмұрзина Г. М. Іскерлік қазақ тілін деңгейлік оқыту курсының бағдарламасы: мемлекеттік тілді оқыту курстарының тыңдаушыларына арналған. – Өскемен, 2003. – 56 б. 7.1.3 Манабаева А. Ш. Кәсіпкер мәдениетіндегі іскерлік қарым-қатынастың маңызы - // ҚарМУ хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2006. - №1. - Б. 42-46. 7.1.4 Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын этика 7.1.5 Мукашева Г.Г. Сборник упражнений по развитию навыков диалогической речи для студентов казахских групп неязыковых факультетов. Семипалатинск., 2002. 100 б. 7.1.6 Мухамадиева Н. Қ. Іскерлік қазақ тілі: оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2007. 7.2 Қосымша әдебиеттер: 7.2.1 Салагаев В., Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы: Раритет, 2000, 203 б. 7.2.2 Хазимова Ә. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу. Алматы: Ол-жас, 2004, 117 б. 7.2.3 Алдашева А., Ахметжанова З. Ресми іс қағаздары. Алматы: Сөздік- словарь, 2002,214 б. 7.2.4 Дүйсенбекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы: Ана тілі, 2005, 204 б. 7.2.5 Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 7.2.6 Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz