Файл қосу
Ғимаратты инженерлік - геодезиялық жобалау
«Қолданбалы геодезия - 1» пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В071100 «Геодезия және картография» мамандығына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ Семей 2013 Алғы сөз 1. ӘЗІРЛЕГЕН Құрастырған –Тлебалдина А.Х. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, «Геодезия және картография» кафедрасының аға оқытушысы «_01__» __09___2013 ж. № _1_ 2. ТАЛҚЫЛАНҒАН Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Геодезия және картография» кафедрасының отырысында Хаттама «_02_» __09___ 2013 жылғы, № _1_ Каф. меңгерушісі ____________ Күдеринова Н.А. 3. МАҚҰЛДАНҒАН «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» факультетінің оқу- әдістемелік бюросы отырысында Хаттама «_11_» __09___ 2013 жылғы, № _1_ Төрайым ____________ Бекбаева Р.С. 4. БЕКІТІЛГЕН Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында келісіліп, баспаға ұсынылды Хаттама «_18_» __09___ 2013 жылғы, № _1_ ОӘК төрайымы________________Искакова Г.К. Мазмұны |1 |Лекциялар |4 | |2 |Зертханалық сабақтары |10 | |3 |Студенттің өздік жұмысы |12 | |4 |Курстық жұмысқа қойылатын талаптар мен тақырыптар |14 | 1 ЛЕКЦИЯЛАР Дәріс – мақсаты берілген пәннің теорялық дәрістерін қарауда логикалық тұрақты формасы болып табылатын оқыту-сабақ формасы. № 1 лекция Қолданбалы геодезия пәнi және тапсырмалары. Лекция дәрісінің мазмұны: 1. Инженерлiк-геодезиялық жұмыстардың ерекшелiгi. 2. Қолданбалы гедезия курсының мамандықтын басқа пәндерімен байланысы. 3. Қолданбалы геодезияның қазіргі заманғы құрылыстағы даму сатысы. Қолданбалы геодезия пәнінің зерттеу объектісі болып құрылыс өндірісінде, тау-кен барлау ісінде, табиғи ресурстарды зерттеуде, ғимараттарды салыстыруда туындайтын әртүрлі халықшаруашылық және ғылыми тапсырмаларды қамтамасыз ететін топографиялық-геодезиялық әдістер табылады. Қолданбалы геодезияның құрамдас бөлігіне: 1) Трассалар мен аудандардағы топографиялық-геодезиялық ізденістер; 2) Ғимаратты инженерлік-геодезиялық жобалау; 3) Геодезиялық бөлу жұмыстары; 4) Конструкциялар мен технологиялық құрылғыларға геодезиялық салыстырулар жүргізу; 5) Ғимараттың шөгуін бақылау және оны негіздеу. Осы әрбір бөлік инженерлік-құрылыс процесінің жекелеген кезеңдерінде қолданылып, міндеттерді шешуінде және өлшеу дәлдігінде ерекшеліктерге ие. Топографиялық-геодезиялық ізденістер – ең көп таралған жұмыс түрі. Онда құрылыс ауданында жобалық және биіктіктік тірек торларын тұрғызу; ауданның ірімасштабты топографиялық түсірісін жүргізу; сызықты құрылыстарды трассалау; геологиялық қазындылармен, гидрологиялық створлармен, геофизикалық барлау нүктелерімен геодезиялық байланыстыру жұмыстары жүргізіледі. Топографиялық-геодезиялық ізденістер ғимаратты жобалаудың басты негізі болып табылады, әрі басқа ізденіс түрлерінің бастауы болып саналады. Әсіресе аэроізденіс әдісі кең қолданысқа ие. Инженерлік-геодезиялық жобалауға ғимараттың жобасын әзірлеумен қатар мынадай жұмыс кешендері кіреді: қажетті масштабтағы пландар мен профильдер топографиялық негізден алынады; ғимараттың бас жоспары жасалады; жобаны жер бетіне шығарудың геодезиялық дайындық жұмыстары; горизонталь және вертикаль жобалаудың тапсырмаларын шешу; аудандар мен көлемін есептеу жұмыстары. Ғимараттарды бөлу жобаны жер бетіне шығару кезінде орындалатын негізгі геодезиялық жұмыстың түрі болып табылады. Талапқа сәйкес мұнда геодезиялық негіздің жоғары дәлдігі мен түсіріс жұмыстарына қарағанда, геодезиялық өлшемдердің туралығы қатаң бақыланады. Бөлу жұмыстарының құрамына: бөлу негізін триангуляция, полигонометрия, құрылыс торы, трилатерация түрінде тұрғызу; бөлу негізінен ғимараттың бас өстерін жер бетіне шығару; жерасты коммуникацияларының фундаментінің құрылысына арналған бөлшекті бөлу кіреді. Ғимараттардың шөгуін бақылау жоғары дәлдікті геодезиялық әдістермен орындалып, фундаментті құрайтын шөгінді жыныстарды өлшеуді біріктіреді; ғимараттың жобада араласуын анықтау; биік ғимараттардың, құбырлардың қисайуын (еңістенуін) бекітеді. Қолданбалы геодезияның негізгі ғылыми-техникалық міндетіне: - Инженерлік ғимараттардың негізгі түрлеріне жататын геодезиялық құрылымдардың ғылыми негізделген схемасын және программасын жасау; - Инженерлік ғимараттардағы ізденіс, бөлу және салыстыру жұмыстарын жаңа заманғы ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, геодезиялық аспаптар мен тиімді әдістерді пайдалану; - Ірі инженерлік ғимараттарды салу кезінде жинақталған отандық және шет елдік тәжірибелерді біріктіру жатады. Ұсынылатын әдебиет: 1. Левчук Г.П., Новак В.Е., Конусов В.Г Прикладная геодезия - основные методы и принципы инженерно-геодезических работ.- М.: Недра, 1984 2. Левчук Г.П. Курс инженерной геодезии.- М.: Недра, 1978 № 2 лекция Жобалық инженерлiк-геодезиялық тор Лекция дәрісінің мазмұны: 1. Тор түрлерi және оның дәлдiгi, қолданылуы. 2. Тор дәлдігін есептеу әдістері және саты санының дамуы. 3. Инженерлiк-геодезиялық жұмыс кезiнде салыстырмалық беттi және координат жүйесiн таңдау. Триангуляция тәсілі геодезиялық торды үшбұрыштар арқылы құруға негізделген. Белгілі нүктелерге бекітілген үшбұрыш төбелері тор пункттері деп аталады; әрбір үшбұрыштың үш бұрышын өлшеу арқылы тор пункттерінің координаталары табылады. Полигонометрияда сынық сызық қабырғаларының ұзындығы және олардың бұрылу бұрыштары өлшенеді Бірсыпыра белгілі шарттар орындалғанда, бұл екі тәсілмен (триангуляция және полигонометрия) де геодезиялық тор пункттерінің координаталарын бірдей дәлдікпен табуға болады. Ал бұл тәсілдердің қайсысын пайдалану мәселесі жұмыс жүргізілетін жердің физико-географиялық жағдайына байланысты шешіледі. Жер бетіндегі нүктенің биіктігі нивелирлеу тәсілімен анықталады. Карта жасауда пайдаланылатын нүктелердің биіктігі теңіз деңгейінен есептеледі. Геодезиялмқ тор пункттері жер бетінде арнаулы таңбалармен бекітіледі. Трилатерацияда геодезиялық карталар мен торларды үшбұрыштардан (немесе олардан да күрделі фигуралардан) құру тәсілдері қарастырылады. Мұнда фигуралардың бұрыштары өлшенбейді, тек қана оның барлық қабырғасының ұзындығы анықталады.Трилатерация тәсілі, әзірше, геодезиялық тірек пункттері жоқ жерлерде масштабы 1: 25 000 жәие 1:50 000 карталарды салу үшін жүргізілетін аэрофототүсіруді пландық негіздеуге, яғни түсірудің пландық пункттерін құрудға қолданылады. Әр елдің немесе континенттердің геодезиялық торларын бірыңғай координаталар жүйесіне келтіріп, оларды біріктіру үшін және жер эллипсоидының параметрлерін табу үшін космостың триангуляция тәсілі пайдаланылады. Ұсынылатын әдебиет: 1. Левчук Г.П., Новак В.Е., Конусов В.Г Прикладная геодезия - основные методы и принципы инженерно-геодезических работ.- М.: Недра, 1984 2. Левчук Г.П. Курс инженерной геодезии.- М.: Недра, 1978 № 3 лекция Триангуляцияны жобалау дәлдігін есептеу. Лекция дәрісінің мазмұны: 1. Инженерлік-геодезиялық торлардың ұзындықтиары мен бұрыштарын өлшеу ерекшеліктері. 2. Полигонометриялық торлар мен жүрістерді жобалау. 2. Инженерлік полигонометриядағы бұрыштық және сызықтық өлшемдердің ерекшеліктері. Ұсынылатын әдебиет: 1. Левчук Г.П., Новак В.Е., Конусов В.Г Прикладная геодезия - основные методы и принципы инженерно-геодезических работ.- М.: Недра, 1984 2. Левчук Г.П. Курс инженерной геодезии.- М.: Недра, 1978 № 4 лекция Сызықтық-бұрыштық құрылымдарды қолдану. Лекция дәрісінің мазмұны: 1. Дәл микротрилатерация. 2. Геодезиялық құрылыс торы. 3. Құрылыс алаңдарында және қалаларда геодезиялық торды бекiту. Ұсынылатын әдебиет: 1. Левчук Г.П., Новак В.Е., Конусов В.Г Прикладная геодезия - основные методы и принципы инженерно-геодезических работ.- М.: Недра, 1984 2. Левчук Г.П. Курс инженерной геодезии.- М.: Недра, 1978 № 5 лекция Биіктіктік инженерлік-геодезиялық тор. Лекция дәрісінің мазмұны: 1. Биіктіктік негіз дәлдігіне берілетін талаптар мен тағайындаулар. 2. Биіктік жүйесі. Ұсынылатын әдебиет: 1. Левчук Г.П., Новак В.Е., Конусов В.Г Прикладная геодезия - основные методы и принципы инженерно-геодезических работ.- М.: Недра, 1984 2. Левчук Г.П. Курс инженерной геодезии.- М.: Недра, 1978 № 6 лекция Биіктік торларының жобалау дәлдігін есептеу. Лекция дәрісінің мазмұны: 1. Биіктіктік инженерлік-геодезиялық торларды тұрғызу кезіндегі нивелирлеудің ерекшеліктері. Ұсынылатын әдебиет: 1. Левчук Г.П., Новак В.Е., Конусов В.Г Прикладная геодезия - основные методы и принципы инженерно-геодезических работ.- М.: Недра, 1984 2. Левчук Г.П. Курс инженерной геодезии.- М.: Недра, 1978 № 7 лекция Ірімасштабты инженерлік-топографиялық түсіріс. Лекция дәрісінің мазмұны: 1. Ірімасштабты пландардың жалпы сипаты. 2. Пландағы өлшеу дәлдігі. 3. Ірімасштабты түсірісті негіздеу. Ұсынылатын әдебиет: 1. Левчук Г.П., Новак В.Е., Конусов В.Г Прикладная геодезия - основные методы и принципы инженерно-геодезических работ.- М.: Недра, 1984 2. Левчук Г.П. Курс инженерной геодезии.- М.: Недра, 1978 № 8 лекция Фототопографиялық түсіріс әдістері. Лекция дәрісінің мазмұны: 1. Құрылысы бар территорияны түсіру. 2. Құрылысы жоқ территорияны түсіру. 3. Жерасты коммуникациясын түсіру әдістері. Ұсынылатын әдебиет: 1. Левчук Г.П., Новак В.Е., Конусов В.Г Прикладная геодезия - основные методы и принципы инженерно-геодезических работ.- М.: Недра, 1984 2. Левчук Г.П. Курс инженерной геодезии.- М.: Недра, 1978 № 9 лекция Жерасты коммуникациясын іздеудің индуктивті әдісі. Лекция дәрісінің мазмұны: 1. Жерасты коммуникациясын түсірудің жұмыс технологиясы. Ұсынылатын әдебиет: 1. Левчук Г.П., Новак В.Е., Конусов В.Г Прикладная геодезия - основные методы и принципы инженерно-геодезических работ.- М.: Недра, 1984 2. Левчук Г.П. Курс инженерной геодезии.- М.: Недра, 1978 № 10 лекция Сызықты құрылыстарды трассалау. Лекция дәрісінің мазмұны: 1. Трасса және трассалау туралы жалпы түсінік. 2. Магистральді трассаны іздестірудің жалпы технологиясы. 3. Аэрорадионивелирлеу. Ұсынылатын әдебиет: 1. Левчук Г.П., Новак В.Е., Конусов В.Г Прикладная геодезия - основные методы и принципы инженерно-геодезических работ.- М.: Недра, 1984 2. Левчук Г.П. Курс инженерной геодезии.- М.: Недра, 1978 № 11 лекция Камералдық трассалау. Лекция дәрісінің мазмұны: 1. Трассалау және жобалау жүйесінің автоматтандырылуы. 2. Далалық трассалау. Камералдық трассалау жобалау кезінде орындалады. Бұл кезде 1:25 000 немесе 1:50 000 масштабты топографиялық карта, фотосхема, жергілікті жердің сандық модельін қолданады. Ұсынылатын әдебиет: 1. Левчук Г.П., Новак В.Е., Конусов В.Г Прикладная геодезия - основные методы и принципы инженерно-геодезических работ.- М.: Недра, 1984 2. Левчук Г.П. Курс инженерной геодезии.- М.: Недра, 1978 № 12 лекция Аралық қисықтар. Лекция дәрісінің мазмұны: 1. Қисықтарды бөлшектеп бөлу. 2. Нивелирлеу және түсіру жұмыстары. Ұсынылатын әдебиет: 1. Левчук Г.П., Новак В.Е., Конусов В.Г Прикладная геодезия - основные методы и принципы инженерно-геодезических работ.- М.: Недра, 1984 2. Левчук Г.П. Курс инженерной геодезии.- М.: Недра, 1978 № 13 лекция Геодезиялық бөлу жұмыстары. Лекция дәрісінің мазмұны: 1. Ғимаратты бөлу негізінің теориясы. 2. Бөлу жұмысының принципі. 3. Бөлу жұмысының дәлдік нормасы. 4. Бөлу жұмыстарының элементтері. Ұсынылатын әдебиет: 1. Левчук Г.П., Новак В.Е., Конусов В.Г Прикладная геодезия - основные методы и принципы инженерно-геодезических работ.- М.: Недра, 1984 2. Левчук Г.П. Курс инженерной геодезии.- М.: Недра, 1978 № 14 лекция Негізгі өстерді бөлу тәсілдері. Лекция дәрісінің мазмұны: 1. Бөлшектеп бөлу тәсілдері. Ұсынылатын әдебиет: 1. Левчук Г.П., Новак В.Е., Конусов В.Г Прикладная геодезия - основные методы и принципы инженерно-геодезических работ.- М.: Недра, 1984 2. Левчук Г.П. Курс инженерной геодезии.- М.: Недра, 1978 № 15 лекция Бөлу жұмыстарының технологиясы. Лекция дәрісінің мазмұны: 1. Жобаны геодезиялық дайындау. 2. Негізгі бөлу жұмыстары. 3. Котловандар мен фундаментті бөлшектеп бөлу. 4. Коммуникацияны бөлу. Ұсынылатын әдебиет: 1. Левчук Г.П., Новак В.Е., Конусов В.Г Прикладная геодезия - основные методы и принципы инженерно-геодезических работ.- М.: Недра, 1984 2. Левчук Г.П. Курс инженерной геодезии.- М.: Недра, 1978 2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР Зертханалық сабақтар – студенттің өзіндік дамуында іскерлігі мен дамуын қалыптастыратын оқу формасының бірі болып табылады. Зертханалық сабақтарды жеке пәндер бойынша семинар түрінде және практикалық сабақтарда құралдарды пайдалана өткізу, өзіндік жұмыстарда студенттердің практикалық дағдыларын дамытуына әсер етеді. Практикалық және зертханалық сабақтар пәннің күрделі сұрақтарын тереңдете оқытуына ықпал етіп, студенттің өзіндік жұмысын қорытындылаудың негізгі формасы болып табылады. Тек осындай сабақтарда студенттер өз ойларын, пікірін сауатты жеткізе отырып, кәсіптік деңгейлерін дамыта алады. Осының барлығы қазіргі заманға сай маманның іскерлігі мен дағдысын шыңдауға көмектеседі. №1 зертханалық жұмыс Тақырыбы: Симметриялық базистегі ромбылық пішіндегі паралактикалық буын №2 зертханалық жұмыс Тақырыбы: Асимметриялық базистегі ромбылық пішіндегі паралактикалық буын №3 зертханалық жұмыс Тақырыбы: Створлық өлшемдердің жобалық есебі №4 зертханалық жұмыс Тақырыбы: Суқойма ауданын аналитикалық әдіспен анықтау. №5 зертханалық жұмыс Тақырыбы: Нүктелерді жер бетіне шығарудың орташа квадраттық қатесі. №6 зертханалық жұмыс Тақырыбы: Полярлық және тікбұрышты координаттар тәсілдерінің бөлу элементтерінің есептеулері. №7 зертханалық жұмыс Тақырыбы: Жақындату тәсілімен полигонометриялық жүріс жобасын есептеу. №8 зертханалық жұмыс Тақырыбы: Жер бетіне жобаның бұрышын шығару. №9 зертханалық жұмыс Тақырыбы: Гироскопиялық бағдарлау. №10 зертханалық жұмыс Тақырыбы: Жерлік жұмыстардың балансын анықтау арқылы құрылыс ауданын вертикаль жобалау. №11 зертханалық жұмыс Тақырыбы: Жер бетін квадраттар бойынша нивелирлеу тәсілімен түсіру планын құру. №12 зертханалық жұмыс Тақырыбы: Ғимараттың деформациясын бақылау нәтижесін өңдеу. №13 зертханалық жұмыс Тақырыбы: Жерасты коомуникациясындағы бағдарлау жұмыстары. №14 зертханалық жұмыс Тақырыбы: Екі шахта тәсілімен бағдарлау. №15 зертханалық жұмыс Тақырыбы: Жерасты қазындыларын бағдарлау. Байланыстырушы үшбұрыштар теңдігі. 3 Студенттің өздік жұмысы (тақырыптары) |СӨЖ |Сағат |ОСӨЖ |Сағат | | |саны | |саны | |Қолданбалы геодезия туралы |1 |Жаңа заманға сай құрылыста қолданбалы|2 | |жалпы мәлiмет. | |геодезияның ролi. | | |Пландық |2 |Торлардың дәлдiгiн есептеу әдiстерi. |1 | |инженерлiк-геодезиялық | |Инженерлiк-геодезиялық торларда бұрыш| | |торлар | |және арақашықтық өлшеу ерекшелiгi. | | |Триангуляция жобасының | |Инженерлік-геодезиялық торлардың | | |дәлдігін бағалау | |ұзындықтиары мен бұрыштарын өлшеу | | | | |ерекшеліктері. | | |Сызықтық-бұрыштық |1 |Дәл микротрилатерация. |2 | |құрылымдарды қолдану. | | | | |Биiктiктiк |2 |Биiктiктiк торлардың дәлдiгiн есептеу|1 | |инженерлiк-геодезиялық | |әдiстерi. Биiктiктiк | | |торлар | |инженерлiк-геодезиялық торларды құру | | | | |кезiнде нивелирлеудiң ерекшелiгi. | | |Iрi масштабты |1 |Құрылыс алаңына iрi масштабты |2 | |инженерлiк-топографиялық | |түсiрудi негiздеу.Түсiрудiң | | |түсiрулер. | |фототопографиялық әдiсi. Жер асты | | | | |коммуникацияны индуктивтiк әдiспен | | | | |iздеу. | | |Сызықтық ғимараттарды |2 |Магистральды трассада iзденiс |1 | |трассалау. | |технологиясы. Аэрорадионивелирлеу | | | | |туралы түсiнiк және ол қайда | | | | |қолданылады? Дөңгелек және өткiншi | | | | |қисықты бөлшектi бөлу үшiн | | | | |элементтерiн есептеу. | | |Ғимаратты бөлудiң теориялық|2 |Ғимараттың негiзгi және көмекшi |2 | |негiзi. | |осьтерiн бөлу. Бөлу жұмыстарының | | | | |элементтерi және құрылыс алаңында | | | | |негiзгi және бөлшектеп бөлу | | | | |жұмыстарының тәсiлдерi. | | |Құрылыс және тегiстеу |2 |Жобаны нақтылыққа көшiруге дайындау |2 | |жобаларын нақтылыққа көшiру| |үшiн аналитикалық, графикалық және | | | | |аралас тәсiлдердi пайдалану. Квартал | | | | |бұрыштарының жобалық биiктiгiн | | | | |есептеу және квартал iшiне тегiстеу | | | | |торын құру | | | | |( 20х20 немесе 40х40м). | | |Құрылыстық конструкцияларды|2 |Конструкцияларды түзулету және |2 | |және технологиялық | |пландық орнату тәсiлдерi. | | |құрылғыларды геодезиялық | |Конструкцияны орнатудағы түзулетудiң | | |түзулету | |жоғарғы дәлдiктi тәсiлi. | | | | |Конструкцияны биiктiгi бойынша | | | | |түзулету тәсiлдерi. | | |Атқарушы түсiрулер және |1 |Генплан түрлерi және оның қолданылуы.|1 | |атқарушы генплан құру. | |Түсiру кезiндегi геодезиялық атқарушы| | | | |құжаттар. | | |Құрылымның шөгуiн |2 |Ғимараттың деформациясы туралы жалпы |2 | |геодезиялық әдiстермен | |түсiнiк. Шөгудi өлшеудiң әдiстерiн | | |анықтау | |өңдеу. Реперлердiң тұрақтылығын | | | | |зерттеу. | | |Құрылымның горизонтальдық |2,5 |Ығысуды локальды өлшеу |2,5 | |ығысуын өлшеу. | |технологиясының ерекшелiгi. | | | | |Ғимараттың деформациясын бақылауды | | | | |автоматтандыру. | | 4 Курстық жұмысқа қойылатын талаптар мен тақырыптар Курстық жұмыстың тақырыбы: Жобадағы ғимаратты жер бетіне шығару үшін геодезиялық құжаттарды дайындау және бөлу жұмыстардың дәлдігін бағалау. Курстық жұмыстың мақсаты: Топографиялық план дайындау. Курстық жұмыстың түсіндірме жазбасы: 1. Жұмыс ауданының физикалық-географиялық сипаттамасы. Топографиялық- геодезиялық мәліметтері. 2. Инженерлік-геодезиялық торды жобалау және даму деңгейінің саны. Координата жүйесін таңдау. 3. Триангуляция торын жобалау және тордың дәлдігін бағалау. 4. Полигонометрия торын жобалау және тордың дәлдігін бағалау. 5. Құрылыс торын жобалау және тордың дәлдігін бағалау. Курстық жұмыстың графикалық бөлімі: 1 лист формата А1 форматты 1 бет және А3 форматынан 2 бет. Қажетті негізгі әдебиеттер: 1. Левчук Г.П., Новак В.Е., Конусов В.Г. Прикладная геодезия. Основные методы и принципы инженерно-геодезических работ. –М.: Недра, 1981. 2. Лебедев Н.Н., Новак В.Е., Левчук Г.П. Практикум по курсу прикладной геодезии. М., Недра, 1978. Қосымша әдебиеттер: 1. Сытник В.С. Основы расчета и анализа точности геодезических измерений в строительстве. – М.: Стройиздат, 1977. 2. Инструкция по построению государственной геодезической сети СССР. – М.: Недра, 1966. 3. Справочное руководство по инженерно-геодезическим работам. Под.редак. В.Д.Большакова и Г.П.Левчука. – М.: Недра, 1980.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz