Файл қосу
Жануарлардың психикалық әрекеттінің жалпы сипаттамасы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті | |3 деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК |ПОӘК | | | |042-14.05.01.20.39/03-2012 | |«Зоопсихология» пәнінің |Баспа №3 | | |оқу-әдістемелік кешені |26.02.2010 орнына Баспа | | | |№ 4 ------------ | | ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «ЗООПСИХОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В050300 «Психология» мамандықтарына оқу-әдістемелік кешені Семей 2012 Мазмұны: 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық және лабораториялық сабақтар 4. Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау 5. Студенттің өздік жұмысы 1 Глоссарий – түсініктемеер • Зоопсихология – жануарлар деңгейіндегі психикалық бейнелеудің эволюциясы мен заңдылықтар көріністері жайлы ғылым. • Зерттеу әдістері – психикалық құбылыстар жайлы мәліметтер жинақтау құралы., жануарлар психикалық құбылыстардың заңдылықтары, байланыстары, қарым – қатынастары жайлы ғылыми ақпараттар жинақтау. • Психика – объективті шындақтың жануар психикасында бейнеленуі қоршаған ортаны бағдарлауда белсенділік дағдыларын қалыптастырады. • Қылық – әрекеті – жануарлар психикасының алғы шарты, мінез – қылық функциясына психикалық әрекет қалыптасып қоршаған ортаға организмнің белсенділігін тудырады, бағыттайды. • Экстрополяциялық рефлекстер – заттардың кеңістікте орналасуын алдын – ала танып білу рефлекстері. • Таксистер – қарапайымдылардың кеңістікті бағдарлаудағы қозғалыс белсенділіктің қозғалыс түрі. • Инстинктер - өмірлік маңызы бар, белгілі бір әрекет істеуге бой ұрғызатын тұқым қуалайтын қасиет. • Коацерваттар- белокты молекулалық күрделі қосындысы • Панпсихизм - психика барлығында бар. • Антропропсихизм - психика тек қана адамға тән • Биопсихизм - барлық тірі материяда психика болады. • Фитопсихизм - психика тек қана өсімдіктер мен барлық тірілерде бар. • Нейропсихизм - психика жүйке жүйесі барларда болады. • Анималпсихизм - психика барлық жануарларға тән. • Тропизм - өсімдікке бағытталған ықпалдарға қозғалысы • Настия - өсімдіктердің қозғалысы оған ықпал етуші факторлармен сәйкес келуі. • Таксистер - грек тілінен аударғанда «реттік орналасу» көп клеткалы организмнің сұйықтық қозғалысы • Хемотаксис – химиялық концентрациялық құрамына қарай градиенттердің қозғалыстары: -жағымды,-жаағымсыз • Термотаксис – температураның ықпалына қарай қозғалысы. • Фототоксис – жарықтың ықпалына қарай қозғалысы. • Реотаксис – судың немесе ауаның ықпалы арқылы қозғалысы • Гальвонотаксис – электр тогымен байланысты қозғалыстар. • Инстинктер – биологиялық қажеттіріктерді қанағаттандыруға бағытталған ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге организмнің тұқым қуалау арқылы берілетін күрделі стереотипті қозғалысы, іс-әрекеті, шаралары. • Қажеттіктер – биологиялық, рухани. • Вилюнас – генетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған қажеттілік. • Латенттік үйрету – жасырын үйрету. • Қылық-әрекетті жетілдірудің имитациялық тәсілдері «еліктеу» және «викарлық» (латыннан vikarus – орын басатын) үйрету деп бөлінеді. • Еліктеу дегеніміз – іс-әрекеттің немесе қимылдың мақсатын түсінбей-ақ тура көшіру арқылы үйрету тәсілі. • Викарлық үйрету – тілеген мақсатқа жетуде қылық-әрекет формасын «технологиялық үлгі» (аналог) ретінде көшіру. • Импринтинг (алғаш О. Хейнрот пен К. Лоренц сипаттаған, ағылшынның imprint – із қалдыру, көргенді есте сақтау) дегеніміз – жануар өмірінің алғашқы минуттары немесе сағаттарында ұмытылмайтындай «жазылып, еске сақталынып қалуға» әкелетін тума ерекшеліктердің қосылуымен шартталған құбылыс • Үйрету – жаңа тәжірибені меңгеру немесе жаңаға дағдылану, Провотворовтың анықтамасы бойынша үйрету - жануарлардың белгілі бір сыртқы әсерлерді қабылдау қабілеті: • Оқыту – белгілі бір нәтижеге жеткізетін үрдіс (процесс). • Габитуация (үйрену және бейімделу) жүйке жүйесіндегі реакциялардың бірнеше рет қайталаудың арқасында тітіркендіргіштердің әлсіреуі немесе жойылуы. • Айдия - кез-келген жаңа әсерлерді қолдана отырып, бұрыңғы тітіркеңдіргіштерге бейімделу процесін тоқтату және жаңа тітіркендіргіштерге деген реакцияларды қалыптастыру құрылысы (жаңа әсерлердің бейімделу процесінің бұзылуы). • Сенсибилизация – тітіркендіргіштердің жағымсыз ықпалдармен үйлесе отырып, жауап берудің арту құбылысы. • Гомеостаз–организмнің ішкі жағдайын қалыпта, тұрақтылықта сақтап отырудағы белсенділігі, яғни өзін өзі реттеуі. • Биологиялық (ритмдер) ырғақтар немесе био-ритм - космостық уақытпен организмнің ішкі тұрақтылығы, ішкі ритмінің сәйкестеліп келетін ырғақтық қозғалыстардың әрекеті. 2 ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ № 1-ші дәріс тақырыбы: Жануарлар психикасы мен жүріс-тұрысы Сұрақтары: 1. Жануарлар психикасы туралы түсініктің дамуы 2. Эволюция процессі. 3. Жануарлар психикасының даму кезеңдері. 4. А.Н.Леонтьевтің зоопсихология дамуына қосқан үлесі. Психика – ғылым ретінде психологияның зерттейтін көптеген субъективті құбылыстарын біріктіретін жалпы түсінік. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші түсінік бойынша , психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі жоғары дамудағы тірі материяның ерекшелігі. Ал идеалистік көзқарас бойынша, психиканың түсіндірілуі бір емес екі бастамаға тәуелді. Психика табиғатын түсіндіруде материалдық және идеалистік көзқарастар бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне тең келмейтін жеке бастамалар. Материалистік түсініктер бойынша психикалық құбылыстар ұзақ биологиялық даму негізінде пайда болды. Қазіргі уақыт тірі материаның жоғары дамуын көрсетеді. Қазіргі зерттеулер бойынша бір клеткалы қарапайымдылардың психикалық құбылыстарына тән ерекшелік: биологиялық маңызды деген тітіркендіргіштерге сыртқы белсенділік, ішкі жағдайдың өзгеруін реттеуге деген қабілеттілік. Материалистердің айтуынша, психикалық құбылыстар жерде тіршілік болғаннан кейін, көп уақыт өткеннен кейін ғана пайда болған. Алғашқы кезеңде тіршілік иесі биологиялық тітіркенушілік пен өзін-өзі сақтау қасиетіне ие болды. Ол қоршаған ортамен байланыс механизімін жүзеге асырды, көбейді жәнеұлғайды. Кейін дамудың келесі сатысында оларға сезімталдық пен үйренуге деген қабілеттілік қосылды. Жер бетінде алғашқы тіршілік белгісі 2-3 миллиард жыл бұрын химиялық органикалық қосылулардан басталған, одан кейін қарапайым бір клеткалы тіршілік иелері пайда болған. Олар биологиялық эволюцияға жол салып, көбею, генетикалық жүре п.б. ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы беруге жол салды. Кейін тіршілік иелерінің эволюциялық өзін-өзі жетілдіруі арқылы организмдерде ерекше органдар п.б. Бұл – жүйке жүйесі. Оның дамуы мен жетілуіне орай, психикалық өмір сүруге қажетті: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сана, рефлексия қалыптаса бастады. Ж:Ж құрылысының күрделенуі психика дамуының қайнар көзі болды. Дамудың келесі маңызды стимулы өмір сүру шарттарының күрделенуі. Ол организм құрлысын өзгертуге әкеледі. Дүниені бейнелеу қабілеттілігі п.б. Психиканың жетілуіне шындық өмір әсерін тигізеді: ол тіршілік иелерінде Ж.Ж.Ж. мен психиканың бейнелеу деңгейлері болуын талап етті. Психиканың дамуы мен жануарларда қылық-әрекеттің дамуы қалай жүзеге асты? Жануарлардың қылық-әрекеттерін зерттеу - адамзаттың күнделікті тәжірибесі. Біріншіден, біз қайда тұрмайық және немен шұғылданбайық бізге жануарлармен күнделікті жағдайда қарым-қатынасқа түсуге тура келеді. Мысалы, аңшы өзінің аңдыған аңының әрекетін білуі керек, фермерші - өзінің жануарларының қылық-әрекетін және зиян келтіретін (тышқан, қосаяқ т.б.) жыртқыштардан қалай айырылу керектігін , балықшы – қайда және қалай, қай кезде балық ауланатынын білу керек. Ал қала тұрғындары үйде үй жануарларын ұстамаса да (мысық, ит, құс) жануарлармен күнделікті өмірде бетпе-бет кездесіп жатады. Екіншіден, біз «Homo Sapines»-тің саналы адамның ерекше түрі болғандықтан бір-бірімізбен әртүрлі қарым-қатынасқа үнемі түсе отырып, қарым-қатынас барысындағы қарсыласымыздың іс-қимылы мен көптеген әрекеттерінен көңіл-күйін, сезімдерін, өзімізге арналған көзқарасын (жағымды немесе жағымсыз) ықыласын, қылығын, сөзін және т.б. бақылаймыз. Әдетте біз қарсыласымыздың әдеттеріне баға беріп, жақсы жақтарын өзімізге қабылдап, өмірлік тәжірибеде қолдана аламыз. Алайда адам тек бақылауға ғана талпыныс жасамайды, әрдайым өзі өмір сүріп жатқан әлемін тануға үнемі ұмтылады. Адамның ғылым-білімге деген қызығушылығы мен құштарлығы жаңаны білуге ұмтылысы мен танымдық шығармашылық әрекетінің негізінде пайда болды. Сондықтан адамдардың жануарлар қылық-әрекетін танып білуге деген танымдық қызығушылығы, жануарлардың қылық-әрекетін ғылыми тұрғыдан зерттеуге әкелді. Енді ғана қалыптасып, дамып келе жатқан зоопсихология ғылымының аумағы жануарлар өмірінің жеке қызықты эпизодтарынан ғана тұрмайды. Оның басты мақсаты: жануарлардың психикасындағы бейнеленудің ерекшеліктері, жануарларды тіршілікке итермелейтін қандай күш бар және әртүрлі жағдайларда қимыл–қозғалыстарын қалай өзгертеді, және т.б. жануарлар түсінігіне қатысты мәселелерді анықтау. Жануарлардың қылық-әрекеті дегеніміз не? Бұл сұрақтың қысқа, әрі нақты жауабы жоқ. Дөрекі тілде айтқанда қылық-әрекет дегеніміз – бұл жануарлардың қимыл-қозғалысы. Бірақ бұл бір жерден екінші жерге орын ауыстыру түрлері: жүгіру, жүзу, өрмелеу және т.б. ғана емес, сонымен қатар жануарлардың қоректену, дем алу барысындағы қозғалыстарын да жатқызамыз. Қылық-әрекетке жатқызылатын қимылдар мұнымен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, құлағын тікірейту, дыбыс шығару да жануарлардың қылық-әрекетіне жатады. Ал кейбір жануарлардан адам қабілетіне ұқсас ұяттан қызару сияқты әрекетті байқауға болады. Олар жыртқыштардан қорғану мақсатында, қарсыласына шабуыл жасағанда, не ұрғашының көңілін аулау мақсатында, өзінің реңдерін түрлі- түстерге өзгертуде байқалады. Жануарлардың қылық-әрекетінің көп түрлері бар, оларды ғылыми негізде түсіндіру, сипаттау және талдау үшін көптеген зоолог ғылымдар зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Екі түрлі жануардың қылық-әрекеті бірдей болмайды. Мысалы, Зарянка құсының өлең айтуынан қоректену әдісі, ұя салуы, қауіп- қатер жағдайында түрлі қимылдарды қабылдауы, некелік ойындарын танып білуге болады. Сондайақ түрлері бір жануарлардың қылық-әрекет типтері де әртүрлі болады, мысалы: шағалалар суда сүңгіп балық ұстап, не ауру құсты өлтіріп, не шыбын-шіркей, құртпен қоректенеді; дегенмен жануарлардың қылық- әрекеті шектеулі болады (шағала балықты сұңқар сияқты ұстай алмайды, ал зарянка ұяны печник құсы сияқты сала алмайды). Неге жануарлар қылығы әртүрлі және шектелген? Бұл сұрақ қарапайым көрінгенімен, толық білу үшін маңызды орын алатын мәселелер жан-жақты зерттелуде. Жануарлар қалай қоректенеді және неге қоректенеді? Одан қандай пайда? Бұл сауалдардың алғаш жауабы: тірі қалып, өмір сүру үшін. Қылық- әрекеттің маңызы, көп пайдасы тіршілік үшін күресте көрінеді. Ешбір қимыл- қозғалыссыз тіршілік ету мүмкін емес. Қылық - әрекеттің нәтижесі оның себептері жайлы мәселені қозғайды. Өмір сүруге қажетті қимыл – қозғалыстарды меңгеріп, күнделікті тіршілігінде қолданып, жаңа іскерлік пен дағдыларды игере отырып, кез–келген тірі организм сыртқы ортаға бейімделеді. Орталық жүйке жүйесі жұмысын өз бетімен дербес атқармайды, басқа бастаулардан әсерлер келеді. Ең алдымен ол сезім мүшелері – құлақ, көз, мұрын және т.б. Олар жануарларға сыртқы орта жайлы ақпарат береді. Сондықтан сезім мүшелерінің қызметі – сенсорлық процестерді де зерттеп тану зоопсихологияның негізгі міндеті. Жануарлар қылық-әрекетінің себептерін танып білуде өзіндік қиындықтары да баршылық. Әр себептің өз себебі болады. Жануарлар өмірі көп циклден тұрады: қылық-әрекеттің формалары жиі қайталанып отырады және қоректену кезеңдері кезектесіп отырады: жануарлар алдымен тоқ, одан кейін қарындары аши бастайды, соңынан аш болады. Осы сияқты басқа да циклдер одан көп уақытты қамтиды. Жануарлардың көпшілігі жылына бір рет қана ұрпақ әкеліп, көбейеді. Біз білетін және білмейтін жануарлардың түрлері сансыз, үрім-бұтақтары ауысып отырды, олардың қылық- әрекеттері қазіргі жануарларға қарағанда өзгеше. Жануарлардың қылық-әрекет қызметінің механизмін қалай атқарады? Кез – келген жеке түр қалай дамиды? Эволюция барысында қылық-әрекет қалай қалыптасты? Осы мәселелермен көптеген тәжірибелі зерттеушілер айналысып, бүгінгі күні белгілі нәтижелерге де жетіп жатыр. Жануарлардың қылық- әрекетін мұқият зерттеу біздің өзімізді танып білуге көмектеседі. Сондықтан, жануарлардың қылық-әрекетін, қимыл–қозғалыстарын, тіршілікке бейімделу ерекшеліктерін зерттейтін зоопсихология ғылымының маңызы өте зор. Психикалық бейнелердің даму деңгейі мен стадиясына байланысты болжамдарды А.Н.Леонтьев өзінің “Писихиканың даму проблемасы” еңбегінде ұсынды. Кейін оны толықтырып, нақтылаған К.Э.Фабри жануарлар психологиясының соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, дәлелдемелер келтірді. Жануарлар тәртібі мен психикасының даму деңгейінің стадиялары. (А.Н.Леонтьев, К.Э.Фабри бойынша.) Кесте 2 |Псикалық бейнелеу |Ерекшеліктері |Бұл даму деңгейіне | |деңгейі мен стадиясы | |жеткен тіршілік | | | |иелері | |І.Элементарлы сенсорлы| | | |психика стадиясы | | | |І.І. Төменгі деңгей – |Ортаның биологиялық мәнді |Арапайым төменгі, | |сезгіштік элементінің |ерекшелігіне байланысты нақты, |көпклеткалы | |примитивтілігі, |анық реакцияларды қозғалыс |организмдер. | |тітіркенушіліктің |бағыты мен жылдамдықты | | |дамуы |өзгертуге бағыттау. Қозғалыстың| | | |қарапайым формалары. Мәнерлі | | | |тәртіптің әлсіздігі, | | | |биологиялық бейтарап. Ортаның | | | |өмірлік маңызы бар әсерлеріне | | | |қалыыптаспаған, қабілеттілік | | | |әлсіз, бағытталмаған | | | |қимыл-қозғалыс белсенділігі. | | |І.ІІ. жоғары деңгей – |Биолог. Бейтарап |Сақиналы құрттар, | |түйсіктің болуы, |тітіркендіргіштерге анық |бауырымен | |манипуляцияның негізгі|реакция, дамыған |жорғалаушы | |органы – жақтың пайда |қимыл-қозғалыс, жағымды |молюскалар және | |болуы. Қарапайым |тітіркендіргіштерді белсенді |т.б. | |шартты рефлекстерді |іздеу. Индивидуалды тәжірибе | | |қалыптастыруға |үйрену ролі мөлшерінің аздығы. | | |қабілеттілігі. |Тәртіпте негізгі мән – қатал | | | |туа біткен бағдарламалар. | | |ІІ. Перцептивті | | | |психика стадиясы. | | | |ІІ.І. Төменгі деңгей –|Қозғалыс дағдыларын |Балықтар және т.б. | |сыртқы әрекетті |қалыптастыру. Ригидті, |омырқасыз | |заттардың формасы, |генетикалық бағдарланған |жәндіктер. | |образына қарай |компоненттер басымдылық | | |бейнелеу. Интеграция |көрсетеді. Қимыл-қозғалыс | | |зат образын жүйелеуде |қабілеттілігі күрделі және | | |әсеретуші факторлерді |әртүрлі (сүңгу, жүгіру, секіру,| | |біріктіру. |өрмелеу,ұшу және т.б.., жағымды| | | |тітіркендіргіштерді белсенді | | | |іздеу.Жағымсыздардан бас тарту,| | | |дамыған қорғаныс тәртібі. | | |ІІ.ІІ. Жоғары деңгей –|Әрект-қылықтың жоғары дамыған |Жоғары омыртқалылар| |ойлаудың элементарлы |инстинктивті формалары. | | |формалары. |Үйренуге деген қабілеттілік. | | |ІІ.ІІІ. Ең жоғары |Арнайы маманданған органдар |Маймылдар және | |деңгей – практикалық |манипуляциясын анықтау: табан, |кейбір жоғары | |әрекеттерде ерекше |қол. Әрекет-қылықтың |омыртқалылар. | |бағдарлама |зерттеушілік формаларының | | |–зерттеушілік, |дамуы. Олардың бұрын | | |дайындық формаларын |қабылданған іскерлік, білім | | |анықтау. Бір міндетті |дағдыларын кеңінен пайдалану. | | |түрлі жолдармен шешу | | | |қабілеттілігі. Бір рет| | | |табылған шешімді жаңа | | | |жағдайға тасымалдау. | | | |Қарапайым құралдарды | | | |әзірлеу, оны | | | |іс-әректте қолдану. | | | |Биологиялық | | | |қажеттіліке | | | |байланыссыз қоршаған | | | |ортаны танып білу | | | |қабілеттілігі. | | | Жануарлар психикасының ерекшеліктері эволюцияда қалыптасқан тума (инстинктік. әрект-қылығымен, олардың жеке ауыспалы немесе дағдылы әрекет формаларыжәне интеллекттік әрекет-қылыққа байланысты анықталады. Зоопсихология жануарлардың психикасы пайда болғанға дейінгі эволюциялық дамуын зерттейді. Зоопсихология жалпы психологияның бір бөлімі. Зоопсихология-ға дейінгі қызығушылықтың өсуі әсіресе соңғы кезінде жан- жануарлар-ға экспериментік тәжірибенде мен зерттеу жұмыстары мен творчестволық ойлаудың дамуына байланысты. Зерттеушілер жан-жануарлардың тәртібін зерттеумен қоса зоологиялық таксондарды амеба мен шимпанзені жатқызды. Зоопсихологияның міндеті адамның санасы қалыптасуын түсіну үшін сол сананың қайдан бастаудан белгілеу. Оны білу үшін жануарлардың әр кезіндегі психикасының қалыптасуын оқу керек, оның эволюциясын, тегін т.б. білу керек. Зоопсихология адам психикасына қалыптасуын дамуына негіз болды. Психикалық процестің эволюциялық дамуын ғылыми түрде айтылып көрсетіледі. Жетілу кезеңдері бір клеткалы жабайы организм көп жасушыға дейін олардың ерекшелітері қарастырылады.Нерв жануар адам жүйесінде орналасу ерекшеліктері қызметі. Жануарлар психикасының дамуы онтегенздеген. Зоопсихология пәні әр түрлі топтардағы жануарлардың нейробиологиялық механизмін, спецификалық ерекшеліктерін және белсенділігін қарастырады. Соның ішінде психиканың эволюциялық даму заңдылықтарын, әртүрлі биологиялық түрлердегі бейнеленудің ерекшеліктерін салыстыру. Этология пәні жануарлар әрекетінің координацияланған сыртқы белсенділігін зерттейді. Эпикур, Лукреций жануарларда «жанның бастауы» бар деді. Жанның бастауы материалитсік деді. Сократ: жануарлар мен адамда универсалды «ақыл парасат» бар. Жан тән мен қосылып сезімдікке әсер етеді де өздерінің қимыл әрекеттерінде еліктеумен құмарлыққа бағыттанған. Платон жануарлар тәртібі мен қимыл қозғалысы еліктеумен анықталады, бұл инстинкке анықтамаған алғаш қадам. Аристотель өлмейтін «ақыл парасатты» жаны дегенді енгізді. Ерекше құдай тәріздсе жанға енеді. Аристотель жануарларды бақылау арқылы қорытынды жасайды. Мысалы: құмырсқалардың белсенділігі сыртқы факторларға байланыстылығын анықтайды. Аристотельдің еңбегінде тұңғыш рет жануарлар тәртібінде мінез-құлқы туралы нұсқаулар кездеседі. Мысалы: жаңа туған баланың анадан ажырауы кезіндегі жылауы бөлек. Содан шыққан қортынды өлең айтуға (дауыс шығару, жылау) деген қабілеттілік табиғат сиы, дербес үйрету мен есте сақтаумен байланысты. ХVІІІ ғ. жан-жақты дамуына көзқарас. Ж.О. Ламеттри жануарлар инстинкт арқасында қимыл-қозғалыстарды өзінің тәжірибесінде ойлауына байлыныссыз қолданады деген.Тітіркену барлық тірі организмге тән құбылыс. Объективті заттың организмде бейнелуі үшін сол заттың қасиеті болу керек. Бейнелену организм қажетіне байланысты. Психика дамуының негізгі сатысы сезгіштік «сенсорлық». Тітіркену бейтарап, тітіркендіргіш барлық организмде бірдей, пайдалы және пайдасыз болады. Жоғарғы сатылы айырықша орналасқан қимылға тән биотикалық организм. Тітіркену сыртқы ортаға жауап береді. Белокты молекулалық күрделі қосындысы коацеватор . Белоктың ерекшелік қасиеті сыртқы әсерге жауап қайтарады. Бұл жауап физикалық механикалық болуы мүмкін. Белоктардың күрделі организмдердің өзіне керектеріне жауап қайтару, керек еместеріне бейтарап болу яғни бұл тітіркену. Тітіркену неорганикалық материяның жабайы қасиеті. Неорганикалық тану органикаға ауысады. Яғни қасиеті күрделінеді. Бұнда ассимиляция мен дессимиляция жауап қайтарады. Яғни керек емеске жауап қайтару кезінде белоктың қасиеті өзгереді. Сезгіштік органикалық материяда болады. Сенгіштік тітіркену және сезімге белгіленгкн. Бұл жоғарғы сатылы қасиет. Бұл психикаға байланысты. Сенгіштікте белсенділік болады тітіркенудісыртқы орта өзіне бейімдейді. Мысалы: өсімдіктің күнге қарауы, ылғанды жерге тамырын жіберуі т.б. тек ғана тітіркену арқылы жүреді. Биотикалық «тіршілік» ортаға бейімделу тітіркену организмді әрекеттік жағдайға итермелеу ол сыртқы ортаға байланысты. Тітіркену барлық органикалық организмде бірдей емес. Өйткені олардың құрылысы әртүрлі. Тітіркенудің түрлері көп. Психикалық даму процесі екі түрге бөлінеді: 1.Тітіркену: температуралық, жарықтық, темпералық «термомотропизмдер», химиялық «химотропизм», сәуле он «гелиомотропизм» химиялық, механикалық, физикалық, биологиялық. 2.Тітіркену арнаулы объектілерге жауап қайтарудан турады. Жауап қайтару сыртқы ортадағы заттың қасиетіне байланысты.Тітіркену органикалық ең жабайы организмге (амеба, инфузория туфелькасы т.б.) тән. № 2- дәріс тақырыбы: Зоопсихология пәні, міндеттері мен маңызы Сұрақтары: 1.Зоопсихология пәні жайлы түсінік. 2. Зоопсихологияның міндеттері мен маңызы. 3.Зоопсихологияның ғылым ретінде дамуындағы Ч.Дарвин мен В.А.Вагнер ролі. 4. Зоопсихологияның әдістері мен қазіргі кезеңдегі маңызы. Зоопсихология жалпы психологияның саласы. Жануарлардың психологиялық әрекетінің онтогенезі мен даму заңдарын, функциясын зерттейтін ғылым саласы. Зоопсихология психиканың басқа формаларының салыстырмалы мәліметтерін жинақтайды. Зоопсихология өзінің ғылыми зерттеу объектісімен дараланады: зерттеу объектісі жануарлар әрекетінің психикалық ерекшелігі мен мінез-құлқының ерекшелігі. Зерттеу пәні: жануарларда қоршаған орта туралы түсініктерінің психикада бейнеленуі. Психика өзінің даму ерекшеліктеріне қарай бірнеше формаларға бөлінеді. Жануарлар психикасында қоршаған орта мен заттардың бейнеленуі. Ортаға байланысты бейнелеудің ерекшелігі мен жануарлардың тіршілікке қажетті қылық әрекеті қалыптады. Кез келген жануарлардың қылық әрекеті оның психикасының көрінісі. Зоопсихологияның негізгі міндеттері: 1) Әр түрлі сатыдағы жануарлардың (амебалардан приматтарға дейін) психикалық әрекетін зерттеу. Барлық тіршілік иелеріне жан тән, түйсік психологиялық құбылыстың төменгі деңгейі, ал интеллект жоғарғы деңгейі болып табылады. 2) Жануарлар психологиялық әрекетінің онтогенездік даму ерекшеліктерін зерттейді. Жануарлардың психологиялық әрекетін зерттеу үшін олардың даму деңгейін «кезеңін» анықтап алған жөн. Жануарлардың даму кезеңдері: - эмбрионалдық немесе пренатальдық, құрсақтағы даму кезеңі; - поснатальдық немесе постэмбриондық туғаннан бастап жануарлардағы эмбриондық дамудың өзіндік ерекшелігі, яғни туа біткен тану құбылысы; - импритинг – яғни көргенін есте сақтау, бейнелеу (Лоренцтің пікірінше бұл саланы «этологизм» немесе жануарлар тәртібін, мінез-қылығын зерттеу деп атайды); - ювенилдік – ойын функциялары, ойын процестерінде туа біткен және жүре пайда болатын ерекшеліктердің қатнасы. Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру. (Ойлау, қарым- қатынас, тілдік қауымдастық ерекшеліктерін салыстыру). Зоопсихологияның негізгі мәселелері 1. жануарлар түрінің сан жағынан көптігі 2. жануарлардың экологиялық қоректену ортасына қарай ерекшеліктері 3. сан жағынан бағалау күрделілігі; 4. жануарлар мінез-қылық ерекшеліктерін жете зерттеу саналы мінез-құлық әрекеттері мен дағдыларының қалыптасу ерекшеліктері ашып білу. Зоопсихология көптеген ғылымдармен тығыз байланысты және ғылымдар саласында алатын орны бар: -салыстырмалы психологияда - Ярошевскийдің анықтауы бойынша жануарлар психикасының даму кезеңін салыстыру адам мен жануарлардың психикалық дамуы мен заңдардың негізін көрсете білу; -этология – жануарлардың мінез-құлық ерекшеліктерін және жалпы биологиялық негіздерді көрете білу. Этологтар жануарлардың мінез-құлқын зерттейді. Сондай-ақ генетикалық ерекшеліктерді қалыптастырудағы тұрақтығын көрсетеді. Жануарлардың мінез-құлық ерекшеліктері қалыпты табиғи бейнеленген ортасында зерттеледі. Жоғарғы жүйке әрекетінің физиологиясы, яғни жануарлар әрекетіндегі жүйке процесімен жұлын мен бас мидың физиологиясын жете меңгеруде. Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлталардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлесітіріп отырады. Зоопсихологияның қолданылатын салалары және маңызы 1.Жас кезеңдік психологияда зоопсихологиялық зерттеулер балалар психикасы дамуының биологиялық негізін анықтауға көмектеседі. Балалардың мінез-құлқы әсіресе нәрестелік кезеңде негізгі тітіркендіргіштер арқылы қалыптасады. 2.Педагогикалық психологияда зоопсихологияның жетістіктері тәрбиелік маңызын айқындайды, жануарлармен қарым-қатынасқа түсе отырып, әсіресе балалық шақта мінез-құлқы адамгершілік қасиеттері, ақыл-ойы қалыптасады. 3.Антропологияда адамзаттың қалыптасып дамуында антропогенездік қалыптастырылатындығы биологиялық заңдылықтар туралы білімнің қажеттігі. 4.Медицина ғылымында денсаулығы нашар сырқатталған адамдарды емдеуге жануарлар психикасының өзгерістерімен салыстыра отырып, емдеуге қолданылады. Кез-келген химиялық препараттың психикаға әсерін жануарлар психикасына эксперимент жүргізе отырып, тиімділігін қолданады. 5.Ауылшаруашылығында ірі қара малдардың қауымдастықғын білуде, жабайы жануарлардың құрылымын, адамдардың қарым-қатынасы, балық шаруашылығын арттыруда (ихтипсихология). Жануарларды қолға үйрету мекен-жайларын өзгерту; пайдалы жануарларды көбейту (қолға үйрету); жабайы жануарлардың урбанизация мәселесін шешуге зоопсихология ғылымының жетістіктері өте қажет. Зоопсихологияның зерттеу әдістеріне қойылатын талаптар: - Жануарларды зерттеу міндеті алдын ала ойластырылуы керек. Жүргізілетін тәжірибелер барысында жануарлардың қимыл қозғалысы арқылы психикалық сапасын дәл анықтайтындай маңызда болу керек. - Жүргізілетін әдістер мен сыртқы шарт физиологиялық жағдай және сыртқы шарттар есептелуі керек. - Жануарлардың мінез-құлқын анықтауда сандық бағаланудың болуы. - Бақылау жүргізушінің байқампаздығының жоғарылығы. - Өткізілетін әдістермен тәжірибенің биологиялық шарттарға сәйкестілігі. Зоопсихологияның ғылыми зерттеу әдістері (Жануарлардың психикасын, мінез-құлық әрекетін анықтауда қолданылатын): Лабиринт әдісі жануарлардың негізгі міндеті: алдына қойған белгіленбеген мақсатқа жол табу, жол іздеу барысында ауытқушылық туындаса жазалауды жазалау. Жол табу алдайтын элементтерді (приманка) қолдану. Бұл әдіс барысында мақсатқа жетудегі жануарлардың шапшаңдығы, жіберген қателердің саны тіркеледі. «Жолды айланып өту» әдісі. Жануарлардың мақсаты алдына қойған мақсатқа жету үшін бірінші кедергілерді меңгеру (приманка қолданылады). Бұл әдіс барысында да алдайтын элементтерді іздей отырып, жануарлардың іздену барысындағы шапшандығымен қозғалыс траекториясы тіркеледі. Зерттеуші Крушинский осы әдісті электрополяция тәсілімен алмастырады, яғни Алдауға қолданылатын элементтерді іздестіру негізінде егер де оларды қолданбаса. Дифференциялық жаттықтыру (дефференциация – жай бөлшектерге бөлу немесе дресировка) негізгі мақсат: бір мезгілде бірнеше объектілер мен олардың белгілеріне қарай жүйелі түрде ажырата білу. Мысалы: жануарларға үлгі ретінде затты көрсету және басқа заттардың ішінен дәл осындай затты табу. Мұндай әдіс приматтарға жиі қолданады. Проблемалық клетка әдісі - жануарларға арналған «приманканы» тордың ішінен алу, яғни оған жол табу ашу, кіру. Ол жануар үшін оңай емес. Психикалық пайда болу мәселелері 2 аспектілік бағытта қарастырылады. 1. Психикалық материяның даму деңгейі бойынша қалыптасу аспектісі. 2. Ең алғашқы психика формасының пайда болуы немесе психиканың критериясына қандай негіз болды деген аспекті. Психиканың дамуы мен қалыптасуын және шығу себептерін зерттеген бірінші бағыттылығы зерттеулер бірнеше көзқарастар деңгейінде дамиды. Олар мынандай көзқарастар: 1. панпсихизм психика барлығында бар; 2. антропропсихизм: психика тек қана адамға тән; 3. биопсихизм: барлық тірі материяда психика болады; 4. фитопсихизм: психика тек қана өсімдіктер мен барлық тірілерде бар; 5. нейропсихизм: психика жүйке жүйесі барларда болады; 6. анималпсихизм: психика барлық жануарларға тән; 7. өсімдіктегі психиканың критерийлары: өсімдіктерге электрлік құбылыстың арасында өсуімен қозғала білу қабілеті. Өсімдіктер психикасына тән критерийлер мынандай болып бөлінеді (көзқарастың негізінде өсімдіктің қозғалыс түрлері алынады): тропизм - өсімдікке бағытталған ықпалдарға қозғалысы; настия - өсімдіктердің қозғалысы оған ықпал етуші факторалрмен сәйкес келуі. Настияның мынандай түрі бар: - термонастия – (қызғалдақтардың жылы жерде ашылуы); - ейсмонастия – (сыртқы вибрациялық қозғалыстардан мимоза жапырақтары жиырылады); - хемонастия (өсімдіктің белоктік табиғатқа әсері) Психика дамуы критериялар мәселелерін көптеген ойшылдар қарастырып, әртүрлі пікірлер қалыптасқан. А.Н.Леонтьев психиканың критерийіне түйсік жатады (ықпал ету түйсігі жатады), бірақ ықпал ету түйсігі биологиялық тіршілік негізі деген пікірде. А.Н.Леонтьевтің айтуынша мұндай түйсіктер сигналдар деп аталады. Мұндай сигналдар төніп келе жатқан қауіп қатерді немесе жағымсыз биологиялық объектілердің пайда болуын хабарлайды (мыс. жыртқыштың жақындап келе жатқанын білдіретін вибрациялық жағдайлар, жануарлар үшін дыбыс, иіс). Платоновтың пікірінше эмоция және уайымдай білу организмге өте қажет. Егер сыртқы эмоцияны білдіретін ерекшеліктер болса, оның да психикасы болғаны. Яғни психика барлық жануарларға тән. Ал Гальперин – психиканың қалыптасу негізін эволюциялық процесс барысында түйсіне білу қабілетімен қабылдай білу байланыстылығы негізінде түсіндіреді. Яғни түйсік пен қабылдау бір қалыпта, бір мезгілде болатынын айтқан. Ал жақсы жаман ықпалдарды эмоция арқылы білдіру жеткізу жануарларға да тән. Симонов – Гальпериннің көзқарасын қолдай отырып, түйсіктің эмоционалдық ерекшелігін енгізген. Бернштейн мен Вилюнас: жануарлар психикасының ерекшелігін зерттей келе белгілі бір туындаған жағдайға байланысты бағытталған іс-шараның ерекшелігін атайды. Жоғарыда көрсетілгендей психиканың критериялық мәселелері көптеген ойшылдардың көзқарасында орын тауып, зоопсихиканың ғылым ретінде қалыптасуына ықпалын тигізіп отырды. Психиканың даму қалыптасуының критерилары әртүрлі боғанымен, барлығы психикалық бейнелену мәселелерін қарастырады. Жануарлар психикасының даму деңгейі олардың қоршаған ортамен қарым-қатынас деңгейімен тығыз байланысты. Өйткені жануарлардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы өте маңызды. Ғалымның пікірінше жануарлардың қоршаған ортамен тығыз байланыстылығы мынандай топқа бөлінеді: 1. жануарлардың тұрған мекен-тұрағымен байланыстылығы (туған аймағымен байланысты) (ең негізгі сферасы), яғни, тіршілік ету териториясы және оның құрамы; 2. жануарлардың белгілеріне байланысты бағдарлауы; 3. функционалдық аймақтары (қоректену аймағы, аң аулайтын, тіршілік ортасы, қауіп қатерлі). Кейбір жануарлар өзіне тұрақты мекен-жайды таңдайды, бағалайды, ал екінші біреулері тіршілік ортадағы өзгерісті тез байқайды, бағдарлайды. Психиканың пайда болуы – генезисі және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз бйланысты. Психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің тоериялық ерекшеліктерімен сипатталады. Ғылымда бірнеше теориялық бағыт қалыптасқан. Зоопсихологияның ғылым ретінде қалыптастырылып дамуы және оның ғылыми маңызы адамзат үшін өте маңызды. Күнделікті өмірде зоопсихологияның ғылыми зерттеулері кеңінен қолданылады. Жануарлардың мінез-құлықтары туралы ұғым, білім адамзат үшін ерте кезден қажет болды. Әсіресе аңға шығуға, аңдарды қолға үйретуде, үй жануарларын ұстауда т.б. Зоопсихологияның арнаулы салалары бар және бүгінгі күнде олардың маңызы артуда, мысалы, анималтерапия (анималтерапия психологиялық диагностика саласы, жануарлардың адамға әсерін зерттейтін ғалым). Анималтерапия ғылымының жетістігіне сүйене отырып, мынандай мәліметтер анықталған: 1. жануарлармен қарым-қатынас барысында адамның эмоциялық жағдайы жақсарып артады; 2. стресс жағдайы төмендейді; 3. қанның артериялық қысымымен зардап шегетін адамдардың қан қысымы реттеледі (әсіресе гипертоникалық жағдайларда); 4. шизофрениямен ауыратын адамдардағы жануарлармен қарым-қатынас жағымды әсер етеді (ламамен қарым-қатынас); 5. аутизммен ауыратын балалардың эмоциялық жағдайын арттыруда маңызы зор. Зоопсихологиялық ғылымның жетістіктері бүгінгі күнде басқа да салаларда кең қолданылады. Мысалы балық шаруашылығында, аңдарды көбейту, өсіру жағдайында. № 3-ші дәріс тақырыбы: Жануарлардың психикалық әрекеттінің жалпы сипаттамасы Сұрақтары: 1. Жануарлар мінез-құлқын реттейтін қарапайым түрлер. Таксистер мен тропизмдер. 2. Инстинктивті әрекеттер мен құрылымы, түрлері. 3. Үйрету мен оқыту процестері. Ч.Дарвин жануарлардың психикасын зерттеу әдісінде экспериментальды және салыстырмалы әдістерді қолданады. «Выражения эмоции у животного и человека» (1872 ж.), еңбегінде Ч.Дарвин жанурлармен адамдардың вербальсыз қозғалысының ерекшелігін зерттей келе, жануарлармен адамдардың эмоциялық көріністеріндегі ерекшеліктерді атап өтті. Жануарлар мінез-құлқын мынадай топқа бөлді. 1. инстинкт 2. оқытуға қабілеттілігі 3. ойлау білуге ұмтылысы Дарвиннан кейінгі ілім 2 бағытта дамыды: І. Антропоморфизм ІІ. Механицизм Фабри - Леонтьев жануарлар психикалық әрекеті ілімінің негізін салған. Антропоморфизм ілімінің негізін салушы Джон Ромес. Ол өзінің көз- қарастарында және жануарлардың ақылы еңбегінде адамдарға тән сезімдік сапаның барлығын жануарларға да тән; көптеген жағдайда оларда саналы іс- әрекеттер жасайтындығын дәлелдеген. Механицизм – бұл ілімнің негізін салушылар Жан Гебб; Джон Уотсон, Павлов. Бұл ілімнің негізгі мақсаты -жануарлардың қылық-әрекетін тек қана бақылау арқылы ғана болады. Бұл ілім антропоморфизм іліміне қарама-қарсы ілім. Жак Леб – тропизм теориясының негізін салушы. Оның тропизм теориясы бойынша жануарлардың жағымды, жағымсыз жағдайларға қозғалысын генетикалық кеңістікті бағдарлау механизімімен қозғалыс белсенділігі немесе жануарлар қылығының әрекеттері деп түсінуінде. Сондай-ақ Леб жүйке орталары теориясында қарама-қарсы шыққан. Павлов – жануарлар қылығы атомының негізін рефлекстер арқылы түсіндіреді. Уотсон Дж. Бихиоверистер ілімнің негізін қалаушы жануарлардың тәртібі, қылық-әрекеті организмнің ағзалары мен бұлшық еттері реакциясымен тығыз байланысты. Сыртқы ықпалдармен түсіндірілген. Бихиовиристер жүйке жүйесінде кез-келген ақпараттың өңделу процесін мойындамай олардың қылық әрекетін сапалық талдаумен көрсете білген. Л. Морган – жануарларды үйрету мен инстинктердің рөлін жоғары бағалаған. Ол инстинктерді туа біткен, ал үйретуді жүре пайда болу ерекшеліктері деп қарастырылған. Сондай-ақ көптеген жағдайларда қателесу арқылы танып білуді жануарларға тән деп көрсетеді. Морганның ілімін оқушысы Торндайк қолдайды. Таксистер - грек тілінен аударғанда «реттік орналасу» көп клеткалы организмнің сұйықтық қозғалысы - клеткасының орналасуы немесе организмнің бейімделуі және бұл жүйкесіздерде болады.Таксистердің түрлері (бактериялармен жүргізілетін эксперименттерде олардың бағытталуы анықталған). -Хемотаксис – химиялық концентрациялық құрамына қарай градиенттердің қозғалыстары: -жағымды,-жаағымсыз - Термотаксис – температураның ықпалына қарай қозғалысы. - Фототоксис – жарықтың ықпалына қарай қозғалысы. - Реотаксис – судың немесе ауаның ықпалы арқылы қозғалысы - Гальвонотаксис – электртоғымен байланысты қозғалыстар. Таксистердің атқаратын функциялары: белгілі бір ортада генетикалық қылық-әрекеттің ерекшелігін айқындау үшін, тіршілікке қажеті қозғалыстар. Тропизмдер – грек тілінен аударғанда «бұрылу» деген мағына береді. Ең алғаш өсімдіктің қозғалысын сипаттауда қолданылған. Зоопсихологияда тропизмдер жануарлардың кеңістікте бағдарлауды қажетті қозғалысы және олар жүйке жүйесі барларда болады. Мысалы: құстар электромагнит бағытынан әсер алады. Инстинктер – биологиялық қажеттіріктерді қанағаттарндыруға бағытталған ішкі және сыртқы тітіркендіргішке организмнің тұқым қуалау арқылы берілетін күрделі стереотипті қозғалысы, іс-әрекеті, шаралары. Қажеттіктер – биологиялық, рухани. Вилюнас – генетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған қажеттілік. Инстинктивті мінез-құлықтың бірліктері - яғни жануарлардың жүйелі және стереотипті қозғалыс актісіндегі ерекшеліктер. Жануарлардың қозғалыс актілігіне тән ерекшеліктерді Фабри автономдылығымен шектелгендігі деп көрсетеді. Инстинктивті мінез-құлықтың негізгі функциялары: Кез келген ортаға бейімделу және өмірге қажетті функцияларды атқарады. Әсіресе приматтарда инстинктивті қозғалыстардың жүйке әрекетіне негізделген сенсорлық психиканың бейнеленуі байқалады. Инстинктивті ішкі механизмдері мен рефлекторлық жүйелер маңызды роль атқарады. Ішкі механизмдері – яғни нейросенсорлық жүйенің жиынтығы, сыртқы ортаның ықпалына, организмнің белгілі бір қылық-әрекет актілері. Рефлекторлық жүйелері – жануарлардың қылық-әрекетінің генетикалық түрлері: 1. сыртқы тітіркендіргіштерге анализатордың бағытталуы; 2. танып білуі; 3. тежелуі немесе жүйке орталықтарының белсенділігі. Туа біткен ішкі механизмдер арқылы жануарлар өзіне қажетті тітіркендіргіштерді өзіне қабылдайды, бағалайды және соған лайықты жүйке орталықтары арқылы жауап беруі белсенді не төмен болады. Инстинктивтік іс- әрекет немесе шаралар мынандай фазалардан тұрады. - ізденіс фазасы – бұл фазада жануарлар негізгі тітіркендіргіштерге сүйене отырып, әрекет жасайды; - аяқталу фазасы – яғни жануарлар тіршілігіне қажетті дағдыларды меңгереді; - генетикалық – генетикалық өзіне ғана тән қозғалыстардың айқындалуы. Үйретудің түрлері, латенттік үйрету. Үйретудің аталған формасы «сый берумен» байланысты емес. Латенттік үйрету дегеніміз – табиғатта кеңінен таралған кеңістіктегі ориентация түрі, ол өз «үйі» бар жануарлардың барлаушылық (зерттеушілік) қылық-әрекетінде жақсы көрінеді. Мысалға К.фонКриштің аралардың ориентациялық реакциялары туралы классикалық жұмыстарын алсақ. Осының нәтижесінде үйрету теориясында «когнитивтік» тәсіл пайда болды. Э.Толменнің түсінігі бойынша, қоршаған ортадан миға көптеген сигналдар түседі, осыдан мида сол ортаның схема- жоспарлары немесе когнитивті карталары құрылады. Бұның негізінде ағзаның өзі бір жағдайда кенеттен пайда болатын реакцияның қайсысы неғұрлым адекватты болатынын анықтайды. Егеуқұйрықтың лабиринтте өз жемін табуға байланысты тәжірибесін алсақ. Ол жемге апаратын оптималды жолдарды механикалық емес түрде табатыны ұқсайды. Э.Толменмен мынандай нәрсе көрсетілген: егер егеуқұйрық жеміне ең қысқа жол тауып алса, содан соң оған басқа жем табуға міндет қойса (бұнда егеуқұйрыққа белгілі қысқа жолды жабады), ол өз маршрутын спонтанды түрде ауыстырып, ешбір қатесіз тамағын табады, бірақ ол енді басқа, сәл ұзынырақ (бірақ неғұрлым оптималды) жолмен барады. Бұнда жануар лабиринттегі жол мен бұрылыстарды қадам сайын «есептейді» деп ойлауға болады, бірақ лабиринттегі коридорды сумен толтырғанда да егеуқұйрық жүзіп, дұрыс жол табады. Назар аударсақ – жануар коридорда жүзеді. Жаңа жағдайда жануар алдымен кеңістіктегі элементтердің қойылуын біледі де, өз есінде сол кеңістіктің аңғарылған ерекшеліктерін интеграциялайды. Тамақтан шартты-рефлекторлы түрде қашу. Бұл феноменді түсінудегі кілт–60 ж басында Д.Гарсиа және оның коллегаларымен тәжірибесі: уланудан пайда болатын тамаққа деген жиіркеніш (қармақ жемнен қашу) анализі. Бұл тамаша зерттеулер классикалық шарттық және инструментальды рефлекстерді өнімдеуді бекіту ролін жақсы түсіндірді. Уланудан кейін тірі қалған жабайы егеуқұйрықтар дәм сезу мен иіс сезу арқылы қармақ жемнен қаша бастады; олар өздерінде ауру туғызған құбылыстардан пайда болатын қармақ жемдерден қауіптеніп, бірақ сол жерден ешқашан қашпайды. Бұл жалпы классикалық шартты рефлекс пайда болуын көрсетеді: стимул (жұтынылған улы тамақ) шартты стимулмен (ерекше иіс пен улы тамақ дәмі) қосылып, шартсыз реакцияны (ауру) туындатады, бұл шартты реакцияның (бұндай тамақтан қашу) пайда болуына әкеледі. Бірақ бұндай құбылыстың екі қатынаста (дәм сезу, иіс сезу – көру, есту) радикальды айырмашылықтары бар. Егер де егеуқұйрықтың рефлексі нақты дәм мен иіс пайда болуын туындатса, керісінше, құстарда ауруды көру стимулымен ажыратылады. Гарсианың зерттеулері жануарларда тіршілік үшін күрес үшін елеулі ассоциациялар пайда болатынын көрсетті. Биологиялық маңызды байланыстар басқа ассоциацияларға қарағанда, жеңіл бекітіліп, сөнуге жақсы қарсыласады, олардың пайда болуында бекітудің кеш пайда болуы мүмкін. У пайдаланғаннан кейін көп уақыт өткен соң улану пайда болады, сондықтан бұндай бекітетін стимулдың мәулеттенуін (отсрочка) жіберетін үйрету процесі неғұрлым селективті басымдық береді. Имитациялық үйрету. Өмірінде әлеуметтік формалары дамыған жануарларда белгілі бір үлгіге еліктеу арқылы үйрету кеңінен белгілі. Әлеуметтік белсенділіктің көптеген формалары жас жануармен олар бақылаған басқа особьтардың істері арқылы жақсы меңгеріледі. Үйретудің имитациялық тәсілдері құстарда кең тараған. Қылық-әрекетті жетілдірудің имитациялық тәсілдері «еліктеу» және «викарлық» (латыннан vikarus – орын басатын) үйрету деп бөлінеді. Еліктеу дегеніміз – іс-әрекеттің немесе қимылдың мақсатын түсінбей-ақ тура көшіру арқылы үйрету тәсілі. Практикалық мәселенің «имитациялық шешімі» кезінде міндетті элемент болып «бақылау» стадиясы жатады. Жануарларда (қарапайым көруі негізінде) тілеген мақсаттарға әкелетін іс-әрекеттің «қажетті» тізбектелген елестер құрылуы мүмкін. Еліктеуге қабілетті болып тек қана сүиқоректілер (маймылдар, иттер, мысықтар, тышқандар) келеді. Көбінесе бұл мақсатсыз имитациялық «этюд» болып табылады. Үйде асыралатын маймылдың адам әрекетіне имитациясы сәл өзгеше болып табылады. Бұнда жануардың бүкіл өмірі адамнан алынған қылық-әрекеттің үлгісі болып келеді, және де бұны адам мақтайды. Имитациялық қылық- әрекеттің бұл түрін зоопсихологтар «факультативті еліктеу» дейді. Викарлық үйрету – тілеген мақсатқа жетуде қылық-әрекет формасын «технологиялық үлгі» (аналог) ретінде көшіру. Онда көшіру және игеру «үлгілік» формасы алынатын субъекті орнының салдарларына тәуелді, яғни мұнда өзіндік, бірақ когнитивті процестің жекеленген элементтерін көруге болады. Викарлық үйретудің ең жоғарғы деңгейі адамдарға да тән. Сән «кумирлардан» киім және мәнер стилін көшіру – бұл үйретуге (өте примитивті инстиктивті программалар көмегімен) өзіндік тартылу құбылысы. Эвристикалық үйрету. Бізге белгілі Келердің таяқ арқылы бананды алған маймылдармен тәжірибесі оны жоғары сатыдағы жануарлардағы үйрету көбінесе стимул мен реакция арасындағы механикалық ассоциацияның пайда болуымен шартталмаған деген қорытындыға алып келді. Олар есінде бар тәжірибесі мен нақты проблемалық жағдайды зерттегенде алатын информацияны қосып, аналогия тәсілімен қолданады. Мәселені шешудің бұндай тәсілі әр түрлі елде түрлі аталынады. Ағылшындарда–инсайт (шындыққа жету, түсіну), француздарда – интуиция (intuition - сезу). Бұндай атауы Архимедтің кері итеруші күш заңын ашуынан шықты («Эврика!»). Бұл тәсілдерді көбінесе эвристикалық дейді, себебі бұнда мәселені шешу қатесіз, логикалық пайымдаусыз, кенеттен пайда болды. Мерзімдік реакцияларды зерттеу жануарларда (немесе кішкентай балаларда) «елестің» пайда болуы туралы алғаш сұрақты 1913 жылы Чикаго университетінің жас зерттеушісі У.Хантер қойды. Ол осы болжамды растайтын тәсілді ойлап тапты. Мерзімдік реакциялардың мәні – жануарлар қармақ жемнің қайда тығылғанын еске сақтап, одан соң оны тауып немесе еске сақталынған орынды немесе жемнің қайтадан қайда тығылғанын анықтауда. У.Хантер тәжірибесінде баланың немесе жануардың көзінше тәтті нәрсені, мысалы, шоколад бөлігін бірізді сынауларда әр түрлі орынға жасырды. Әрбір сынау кезінде бірде баланы басқа орынға апарып, бірде тәтті нәрсенің тығылған жер мен бала арасына шымылдық тартылады. Бірнеше минут немесе сағат өткен соң, жасырылған жерге баланы апарады, бірақ бұл орын әр сынау сайын ауыстырылады. Егер де бала оны тапса, онда сол тәтті нәрсе және жасырылған орны туралы «елесі» сақталған деген қорытынды шығады. Және бұл елес шоколад бөлігін жасыру және табылу моменттері арасындағы интервалада сақталынады. Балалар секілді жануарлардың көбі бұл міндетті жақсы орындады, яғни бұл олардың еске түсіру қабілетін дәлелдейді. Мерзімдік реакцияларды зерттеу 50-70 жылдарда бас миының бөлек учаскелері құрылымының жасанды бұзу тәжірибесінде қолданыла бастады. Бұл естің орталық механизмдерін зерттеудің негізін салды. Импринтинг (алғаш О. Хейнрот пен К. Лоренц сипаттаған, ағылшынның imprint – із қалдыру, көргенді есте сақтау) дегеніміз – жануар өмірінің алғашқы минуттары немесе сағаттарында ұмытылмайтындай «жазылып, еске сақталынып қалуға» әкелетін тума програмаманың қосылуымен шартталған құбылыс. Импринтинг құбылысының ашылуы көптеген психологтар мен нейрофизиологтарды дүр сілкіндірді. Бұл психикалық құбылыс нәтижесінде жануар өмірінің қатаң белгілі бір кезеңдерінде ерекше кілтті стимулдың «образын» еске түсіру процесі іске қосылады. Бұл процестер тума реакциялар комплексін (инстинктілер) қосуға қабілетті. Үйретудің классикалық формаларынан ипринтингілік типтің ерекшеленуі: - Есте қалған образдың сонша мықты болуы инстиктивті программалардың қосылу(ояну) тәсіліне қайтымсыз әсер етуге әкеледі; - Импринтинг процесі көптеген қайталау мен бекітулерді қажет етпейді – ол «үлгінің» бір рет көрсетуінен кейін аяқталуы мүмкін. - Жануар психикасының импринтингіге ашық болуы (сенситивті период) уақыт бойынша қатаң шектелген. Есте сақтаудың бұл кезеңінде кілтті стимул іске асырылмаса, берілген программа бұрмаланған, толығымен қосылмайды немесе мүлдем қосылмайды. Бұл – осы программаның геномда болуы мен ағзадағы оның реализациялануына барлық құрылымдық және функционалдық алғышарттар бар екеніне қарамастан. Тек психикалық (идеальды, символикалық) құралдар ғана жоқ. Ерте кездегі импринтингтеленген кілтті стимулдардың бір емес, екі не одан да көп инстинктивті программаларды «қамтуы» сирек емес. Осылайша, мысалы, қаз бен үйректің балаларындағы ерте импринтинг оларға тек: -1. қорғаныста болу үшін, тіршілік үшін күрестің дұрыс технологияларын үйрену үшін кімнің артынан жүру керек екендігін ғана емес, сонымен қоса -2. жыныстық пісіп-жетілуден кейін қандай түрдің өкілімен шағылысуын көрсетеді. Жасанды жағдайлардағы ерте импринтинг стадиясында анасының орнына басқа бір заттың алмастырылуы сол немесе оған ұқсас зат жыныстық құмарлық объектісі болатынын алдын ала шешеді. Және де бұл заңдылық тек құстарға ғана емес, сүтқоректілерге де (маймылдарға дейін) таралады. Маймылдардың балалары өз ата-анасынан тәуелділігі көбірек, сондықтан да оларда импринтинг кешірек өтіп, күштірек бейнеленеді. Осылайша, өткен ғасырда жануарлардың күрделі (және өте күрделі) реакциялардың таңдамалы байытылуын қамтамасыз ететін үйрету механизмдерінің қатары ашылды. Әсіресе өзін-өзі үйрету арқылы кеңеюге, түрлі әдістерді комбинациялауға және әрекеттердің сәтті мақсатталған комбинацияларын есте сақтауға мүмкіндіктері бар тума программалар ерекше әсер етеді. Қабілеттерді және тіпті императив–еліктеу арқылы үйретуді болжайтын программаларды орасан зор мүмкіншіліктер бар. Бұл әсіресе балаларына маңызды болып табылады. Ата-аналарға, үлкендерге және өз түрінің тәжірибелі особьтарына еліктеуге болады. Қылық-әрекеттің көптеген инстинктивті программалары өте күрделі болғандықтан, олардың жас жануарларға нағыз мақсатталған балуы үшін, әдейі қайта жасау мен коррекцияны талап етеді. Көбінесе олар жағымды мотивацияларды кіргізетін ерекше имитациялық жағдайларда – ойындарда қайта жасалынады. Бірақ та дидактикалық мақсаттар белгілі бір маңызды ұжымдық акцияларда іске асырылуы мүмкін. К. Лоренц бұл акциялар қатарына әлсіз қаруланған жануарлар мен құстардың жыртқышқа ұжымдық қарсы тұру қабілетін, «мобинг» (ағылшыннан mob – топ) деп аталатын, табындық жануарлардың жыртқышқа қарсы контратакаға қабілетін жатқызады. Осылайша, «үйретуді» бағыттайтын қылық-әрекеттің күрделі акцияларына жас жануарлардың мақсатталған үйретуге қабілеттендіретін механизмдер қоғамдық жануарларда адамнан бұрын пайда болды. Әрине де, жануарлар қоғамдастықтарындағы «үйретудің технологиялары» мүлдем санасыз, инстинктивті болып табылады және ұжымдарда ғана іске асырылады. Бірақ та барлығын және барлығынан үйрену пайдасыз болып табылады. Сондықтан да жануарларда «білімнің» тума программалары бар – қашан, не нәрсеге және кімнен үйрену керектігі. Дәл осындай білімдер импринтингінің ерте программаларына азды-көпті енгізілуі мүмкін. № 4-ші дәріс тақырыбы: Инстинктивті мінез-құлық пен үйрету Сұрақтары: 1. Жануарлардың мінез-қылығы. 2. Үйретудің түрлерін топтастыру: ассоциативті және неассоциативті 3. Когнитивтік процестер 4. Үйретудің түрлері мен әдістері. Инстинктер – биологиялық қажеттіріктерді қанағаттарндыруға бағытталған ішкі және сыртқы тітіркендіргішке организмнің тұқым қуалау арқылы берілетін күрделі стереотипті қозғалысы, іс-әрекеті, шаралары. Үйретудің түрі, төменгі жан-жануарларда байқалады, ол ақырындап азаю және де уақытша жоғалу анық рефлекторлық реакцияда көрсетіледі, бірнеше рет қайталанып стимуляциялық жағдайда. Сонымен, қашу реакциясы, брюхоногиялық молюскаларда байқалады. Шұғыл жарықтан қараңғыға өтуден, ақырындап әлсіздейді және стимулдар қайталаған кезде мүлдем жоғалады (Пьерон 1910) Осындай құбылыстар барлық жан- жануарларда байқалады, бір клеткалардан бастап, әр түрлі стимуляциялық түрлерде. Біріншіден қарағанда осы құбылыстар сенсорлық адаптациямен (ұзақ тітіркену әсерінен сезіну мүшесінің азаюы). Бірақта, осы ұқсастық жай ғана шын мәнінде осы түрдің әлсіздену және жоғалып кету реакциялары үйретуде әдетте өте тез болады, бірнеше жауапты реакциялардан кейін, жауапты рекациялр көбінесе эффектілі болады. Осы үйрену құбылысы немесе тағы басқа құбылыстар негативтік аспектіде үйретудің адаптапциялық мінезі тамаша өкрнекіліктермен байқалады, сондықтанда оларды феномендік негативті адаптация деп аталады. Шарттылау көбінесе адамда және жан-жануарларда жай (қарапайым) үйретудің прототипі болып саналады. Осы терминді «классикалық» мағынада түсінеміз, бірақта Павлов тәжірибелік ситуациясынада қолданады. а) Негізгі факті осы тәжірибелерде байқалады, белгілі реакция абсолюттіктен немесе шатрсыздан, тітіркену тітіркенуге ауыстырк қабілетін шақырады, біріншіден нейтралдық, ол абсолюттік, шартсыздық, тітіркенулермен келісіп реакция шақырады. Системалық модификацияның тәртібі ситуацияның қайталануына сол кезде реакция өзгермейді, ал тітіркену ауыстырылған кезде өзгереді. Fc r Ec r R1 Eine R Einc R Сурет 1 Сурет 2 Ee – шартты тітіркену Eine – шартсыз тітіркену N – шартты тітіркенуге бірінші жауап R – шартты жауап Осы құбылыс барлық эволюциялық дамуында байқалған. Классикалық схема шартты рефлексі келесіде ауыстырылады (сурет 2). Бірақта белгілеп кетуге болады, жаңа жауап R» бірінші жауап R шартсыз тітіркенумен ұқсаспайды, ол ақырғымен бапйланысқан, байланыс құрылыстың осы тітіркенуді жақсылап қабылдау немесе қашу дайындығын белгілеген. б) Шарттылау құбылыстарында екі аспектіні белгілеуге болады, онда жоғарыда көлсетілген негативтік үйрену формасы суреттелген, үйрену немесе қабілеттенуге бейім. Таңдану екі немесе бірнеше тітіркенудің таңдау реакциясы Иеркстің (1917) аппаратының қолдануымен пайда болған, ол жан- жануарларды психологиялық зерттеуге қолданылады, шарттылау жағдайларына жақын. Аппарат (сурет 3) камерадан тұрады, екі шетінде отсека бар, ол арнайы шығатын орталық камерамен қосылған. Отсекада екі дифференциялдық тітіркену бар. Біреуінде дәмді приманка орналастырылған, басқасында тітіркенуге арналған электрикалық тоқ қойылған немесе бос болады. Тәжірибе барысында дифференциялдық тітіркендіргіштер ауыстырылады. Осы жағдайда абсолюттік немесе шартсыздық тітіркену(тамақ, электрлік соққы) және шартты тітіркену ( жарық, дыбыс және т.б) спецификалық жауапты реакция шақыртатындарды белгілеуге болады. Ереже бойынша тамаққа жақындау кезінде оны жейді, екінші жағдай қашуда және жүгіруде. Дифференциялдық тітіркену реакциясы бір қалыпты бағытты таңдауға негізделеді. Осы бағыт «абсолюттік» тітіркенулердің орналасуына және тітірекнулерден шақырылған реакциясына тәуелді. Е1 Е2 А Сурет 3 Жан – жаққа бағдар жасаудың жолы жануарларды үйрету көбінесе барлық бақылау және эксперименттері лабиринт жағдайымен байланысқан. Қиындығы таңдау жағдайына ұқсас, онда екіге бөлінген жолда жауап таңдауы пайда болады (сурет 4). Сондай – ақ (таңдау жағдайына ұқсас, онда еіге бөліген жолда) әр пункті таңдау кезде, қашу немесе жақындау бағыты локализациямен бір қалыпты белгіленеді, ал лабиринттің спецификалық сенсорлық мінездемесін шартты мінездемеге жатқызуға болады. Сурет 4 Тамақты шартсыз тітіркендіргіштерге жатқызуға болады, әдетте ол жеу және жақындау реакциясын белгілейді, көрсетеді,ал лабиринттің спецификалық сенсорлық мінездемесін шартты мінездемеге жатқызуға болады, ол жақындау және бағыт реакцияларын таңдайды. Осы екі типтік жағдайда – таңдау және лабиринт аппараты – реакция болады, ол қайталаған ситуацияда пайда болады және бекітіледі, оны шартсыз тітіркену (тамақ, тоқтық соққысы), шартты реакция сияқты қарастыруға болады, ол шартсыз тітіркендіргіштен (объектіге жақындау, объектіден алыстау) шақырылады. Кейбір жағдайларда жан – жануарларда жаңа реакциялар пайда болып және ақырындап бекітіледі. Осы реакцияладың формаларын шартты реакцияға жатқызуға болады. а) Осы типтің ренакциясы Миллермен және Конорскимен (1928,1934,1937) классикалық шартты рефлекстардан қарағанда, олар «шартты рефленкстің II типі» деген атағын алды. Сол жағдайда: есту тітіркенуі, мысалы: роялдық дыбысы, тітіркену арқылы жасалған қимыл белгілі сан рет көрсетіледі; иттің аяғын жұлқылаған кезде, қозғалу реакциясын шақырса, егерде осы реакция екінші тітіркенумен ериді, мысалы: тамақтан. Авторларға сәйкес жаңа типтің пайда болуы жалпы классикалық шартты рефлекстің схемасына сәйкес өтеді. (сурет 5) S0 2 1 R0 S1 R1 Ас тітіркенуі шартсыз болып орындайды, ол сілекей бөлінуін шақырады, ал есту бірлігін ( роял дыбыс) және кинетикалық (қимыл орындауы) тітіркендіргіштері сілекей реакциясында басында күрделі киын ашртты тітіркендіргіштері пайда болады. Сол кезде екінші шарттылау біріншісінң негізінде құралады: есту тітіркенуі шартты болады да, қимылды жауапты шақырады. Сол кезден бастап қимылды реакция сілекей реакциясының кеүрделі шартты тітіркендіргіштерінің бөлігі ғана болмвй, сондай-ақ тыңдау тітіркендіргіштерінің шартты реакциясы болады. Конорский мен Миллер ойынша, екінші типтің шартты реакциясының ерекшеліктері біріншіден ол приориоцептивтік тітіркенуді шақыру керек, екіншіден шартсыз тітіркенудің тосу немесе қашу шарты болу керек. б) Скиннердің (1935,1937,1938) суреттерінің және анализдерінің ситуациясы үлкен эксперименттік зертремеге баста болған, жалпы Миллер мен Конорскийдің ситуациясына сәйкес. Оны келесі мысалмен көрсетуге болады: қамауға алынған тышқан, есігі рычагпен жабылған, тышқан рычагты басып үйренеді, егерде ол реакция тамақ алуға әсер етсе. Осы кезде Скиннерге сәйкес «операнттық» типтің рефлексті ісі болады, яғни осындай рефлекс спецификалық тітіркенумен байланыспаған. Бұл рефлекғс шартылау типі R мен мінезделікке онда тітіркену (шартсыз) жауабымен байланысқан, «респоденттік» типінің рефлексінен қарағанда, яғни спецификалық тітіркендіргішпен байланысқан және классикалық шарттылауға мінезделген немесе шарттылау типі S, онда тітіркену (шартсыз) басқа тітіркенумен (шартты байланысқан (сурет 6). Туре R (S0) R0 S R1 Туре S S0 (R0) S1 R1 Шарттылаудың екі типтерінің негізгі айырмашылығы: операнттық шарттылау немесе шартсыз тітіркену жауапты реакцияның уақытымен сәйкес келеді, ал респондентте басқа тітіркендірілген. Классикалық типтің шарттылауы «респонденттік» тәртібінде болады. «операнттық» тәртібінде «шартты» тітіркену айталықтай болмайды.Екінші айырмашылық біріншімен байланысқан, Скиннер және тағы басқа авторлар (Хилгард, Маркис 1940) белгілеген: классикалық шарттылау жауапты реакцияға қарағанда тәуелсіз беріледі, ал операнттық шарттылау жауапты реакцияға қосылады, сол кезде ас жануарға рычагті басқандай болады. Сол байланыста шарттылау типі R операнттық тәртіпті шақырады. в) Жан – жануарларды үйрету ситуациялары Скиннердің немесе Миллердің, Конордың схемаларына келеді. 1-ден барлық ситуациялар жатады, онда жануар бір нәрсемен жұмыс істеу керек, есікті немесе жәшікті ашу (педальға басу т.б), 2-ден барлық ситуациялар қимылдар, жануарға белгісіз, үйренбеген.Үйрету феномендерінің пайда болуы және бекітілу реакциялары тез арада болған жоқ. Басқа үйрену формаға қарағанда жаңа шарттарға адаптациялану формасы болады, онда реакцияның белгілі формасы шұғыл және тез пайда болады, дұрыс адаптациясы «тез» жетеді де және оның ақырындап жақсылауы байқалмайды№ Әсіресе, әрекет тәртіптер маймылдарға Келер (1917) және т.б авторлар суреттеген. Кейбір авторлар белгілеген реакциясы «саналы» немесе «саналы үйрету» болуы мүмкін деп санайды және модификациялық тәртіппен салыстырады. Сөзсіз, осындай жағдайларда «сондай нәрсе» пайда болады, басында болмаған соң, әйтпенсе адаптация сол кезде, сол сәтте бөлінуші еді. Бірақта, осы адаптациялық механизмі күшінен жоғарыда қарастырылған уйрету типтерінің механизмінің айырмашылығы бар. Жануарларды үйрету процесінде көптеген зоопсихологтардың көз- қарасымен, пікірлерін негізге аламыз. Көзқарастың негізінде мынадай пікірлер ерекше орын алады: 1.Үйрету – жаңа тәжірибені меңгеру немесе жаңаға дағдылану. 2.Оқыту – белгілі бір нәтижеге жеткізетін үрдіс (процесс) Провотворовтың көз-қарасындағы анықтама бойынша үйрету яғни жануарлардың белгілі бір сыртқы әсерлерді қабылдау қабілеті: 1. Сыртқы әсерлерді олардың арнайы конфигурацияларын «ұстап тұру» (есте сақтау) 2. Сырттан келген ықпалды «ұстап тұру» арқылы нәтижелі жауап әрекетін қолдану 3. Алғашқы және соңғы ықпалдарды салыстыра отырып, белгілі әрекеттерді ажыратып жаңа нәтижелерге жету. Зорина – үйретуді былайша анықтайды: үйрету – бұл жаңа тәжірибенің арқасында қалыптасатын бейімделуші өзгерістер. Ал Фабри – үйретудің негізін комплексті процестердің нәтижесі, сыртқы және ішкі тітіркендіргіштердің салыстырылуы, бағалануы ретінде қарастырады. Әрекеттерді салыстыра нәтижесін тексере отырып, қалыптасатын іс-әрекет деп қарастырады. Үйрету мен инстинктер бір-бірімен тығыз байланысты. Үйрету бұл белгілі бір құбылыс инстинктің қорытынды фазасындағы қозғалысқа ықпал ететін құбылыс және дрессировка құбылысында ең негізгісі болып табылады. Үйретудің түрлерін топтастыру (О. Меннинг, Г. Томас, Дж. Терс). Топтастырудың түрлері мынандай болып бөлінеді. І. Ассоциативсіз үйрету - (үйретудің ең қарапайым формалары) 1) үйрену немесе бейімделу 2) сенситизация ІІ. Ассоциативті үйрету: 1) классикалық шартты белгілер(КШБ); 2) инструменталды шартты белгілер(ИШБ). ІІІ. Конгнитивті процестер Ассоциативсіз үйрету. Габитуация (үйрену және бейімделу) жүйке жүйесіндегі реакциялардың бірнеше рет қайталаудың арқасында тірікендіргіштердің әлсіреуі немесе жойылуы. Ең алғаш төменгі сатындағылармен жүргізіліп, әсіресе қарпапайым жүйке жүйесі бар құрттарда (планари), зерттелді. Үйрету мен бейімделуде айдия немесе кез-келген жаңа әсерлерді қолдана отырып, бұрыңғы тітіркеңдіргіштерге бейімделу процесін тоқтату және жаңа тітіркендіргіштерге деген реакцияларды қалыптастыру құрылысы (жаңа әсерлердің бейімделу процесін бұзуы). Сенсибилизация – тітіркендіргіштердің жағымсыз ықпалдармен үйлесе отырып, жауап берудің арту құбылысы. Бейімделудің функциялары: жануарлардың қажетсіз реакциялардан сақтануын, шаршамауын реттейді және бұл үйретудің қарапайым функциясы болып табылады. Ассоциативті – үйретуді бекітумен байланыстыру, жүйке жүйесіндегі уақытша байланыстардың қалыптасу процесі және екі түрлі ықпалының арасындағы байланыстық; біреуі жануарларға әсерсіз, ал екіншісі мадақтау немесе жазалау әсерлерімен байланысты болады. Бұлар уақытша байланыс немесе шартты рефлекс. Шартты рефлекстер құрылымына қарай: классикалық – (Павлов) жекеше тітіркендіргіштің негізінде қалыптасатын реакция (слекей сөлінің бөлінуі) классикалық шартты рефлекс (КШР) Павловтың моделі бойынша (S ( Р). Шартты стимул ( шартсыз ықпал ( шартсыз реакция ↓ ↓ ↓ қоңырау тамақ сілекей сөлі S- стимул→R – реакция Инструменталды шартты рефлекс (ИШР) моделінің негізін жасаушы Торндайк - қателесу және қолдану әдісі, проблемалық жәшік. Торндайк бұны проблемалық жәшікке салу арқылы тәжірибе жүргізген. Қолдану және қателесу концепциясы негізінде жануарлар өздерінің нәтижеге қалай жеткенін есте сақтай отырып, нәтижелі қозғалысын іріктеп, бекітіп оны қозғалыс дағдыларында қалыптастырады. Скиннердің пікірінше инструменталды шартты рефлексі арқылы жануарлардың қозғалыс актілерін қалыптастырып үйретуде лабиринттің маңызы зор деп көрсетті. Инструменталды шартты рефлекспен салыстырмалы сипаттамасы. Құрылымдық ерекшеліктері: классикалық шартты рефлекстік байланыс барысында шартсыз реакция арасында ырықсыз шартсыз тітіркендіргіштер пайда болады. Шартты (Бекіту( Реакция ↓ Инструменталды шартты рефлекс барысында жануар орындайтын қозғалыс шарттытітіркендіргіштермен бекітіледі. Қозғалыс ( Бекіту ( Шартты стимул (R (S). Жалпы ерекшелігі: Классикалық шартты рефлекстерде инструменталды шарты рефлекстерде де болатын биологиялық маңызды бекітулер. Классикалық шартты рефлекстердің кемістігі: Жануарлардың ішкі қажеттілігі немесе ішкі органдарының даярлығы болған жағдайда ғана жұмыс істейді. Инструменталды шартты рефлекстердің кемістігі: оның қалыптасуы интенсивті мінез-қылықтың ақырғы фразасымен байланысты, ал бағдарлау фазасы жануарлардың уақыт пен кеңістіктегі қозғалысында ескерілмейді. Фабридің пікірі бойынша Павловтың осы пікірі жануарлардағы мінез-қылықтың табиғи қалыптасу жолын көрсетеді. Өйткені жануарлардың қоршаған ортаны бағдарлауы айқын компоненттердің бейнеленуіне байланысты. Когнитивті процестері (таным) жануарлардың мінез-қылығының қалыптасуы сыртқы стимулдардың ықпалына, шарты рефлексті жауабына байланысты. Қалыпасуы адамдікінен өзгеше қоршаған ортаны қабылдау жануарларда белгілі бір нақты стимулының ықпалынсыз-ақ бейнеленеді. Жануарларда да адамдарға тән қоршаған ортаның бейнеленуі болды (сурет немесе ойша елестету). Үйретудің әдістері: 1. Өтіп кеткен реакциялар әдісі – негізін салушы Хаутер (1813) Жануардың көзінше жәшікке приманка салынады. Біраз уақыттан соң жануарларды қатар тұрған үш жәшіктің ішінен приманканы тауып алуға жібереді. Бұл әдістің негізгі мақсаты: жануарлардың есінде сақталатындығын тексеру (приманканың қай жерде жатқанын). 2. Лабиринттің ойша жоспары – негізін салушы Э. Толмен. Бұл әдіс когнитивті карталар немесе аралық реакция деп аталады 3. Заттардың қасиетіне байланыс тұрақтылық бейнелерін тестілеу – негізін салушы Крушинский, яғни жануарлар заттардың қасиетіне байланысты есте сақтауын анықтау. Крушинский негізінен эмпирикалық заң негізінде жануарлардың мінез қылық әрекетінің қалыптасуын зерттеген. Эмпирика–фактілер, бақылау, яғни жануарлардың мінез-қылығына тән, эмпирикалық заңдар Крушинскийдің пікіріне былайша тоқталады: -Жоғалу заңдылығы – жануарлар заттар туралы түсініктерін ырықсыз қабылдау арқылы есте сақтай алады (қысқа мерзімді). -Қозғалысқа байланысты заңдылық - кез- келген жануарлар кішкентай кезінен ата-анасының және басқа жыртқыштарының ортадағы қозғалысына қарап, тіршілікке қажетті қимыл қозғалыс дағдысын қалыптастырады. - Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстың көлеміне байланысты айрықша белгілеріне байланысты жануарлардың есінде сақталынуы. Үйретудің формалары: Латентік үйрету – жануарлардың өзінің мекен тұрағына байланысты бағдарлауы саналарында бейнеленеді. Кеңістіктегі үйрету – (латентті үйретумен қатар жүреді) кез-келген жануарлар кеңістікте бағдарламаларды үйренеді және үйренуге қабілетті. Жануарларда өздеріне тән қоршаған ортаны бағдарлаудың тәсілдері қалыптастырылған. Мыс: жүріп өткен жолдарына байланысты, уақыттың күн мен түннің ауысуына байланысты. Жануарлар сыртқы ортадағы кейбір элементтері естеріне сақтайды. Ал бұл есте сақтау ассоциативті есте сақтау жүзеге асырылады. «Үлгіге байланысты таңдау» - (эксперименттік әдіс) яғни жануарлардағы когнитивтік әрекеттік қалыптасуына байланысты жүргізілетін экспериментік әдіс. Екі немесе бірнеше үлгіге ұсына отырып, арасындағы айырмашылықтарды есіне сақтайды. Имитациялық үйрету мен еліктеу жануарлардың кез-келген әрекетін, қимылын сол қалпында қайталау. Эвристикалық үйрету мен инсайт. Инсайт – шындыққа жату. Бұл әдістің негізін салушы Келер-гештальт психологиясы ағымының өкілі. Бұл ілімнің негізі жануарлар мінез-қылығының тұтастығы жануарлар белгілі бір көзқарас барысында ойланбайды. Жануарлар демалу барысында ойланады. Импритинг – жануарлардың көргенін есте сақтау, бейнелеуі. Жануарлардағы импритингтің функциялары: - жануарлардың өз арасындағы туысқандық қатынастарды танып білуде импритинг өте маңызды; - паразиттарды танып білу. Инстинктивті әрекеттік факторлар мен құрылымына бейімделу және әрекеттену негіз болады. Инстинктер – биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған ішкі және сыртқы тітіркендіргішке организмнің тұқым қуалау арқылы берілетін күрделі стереотипті қозғалысы, іс-әрекеті, шаралары. Инстинкт жануарлардың ішкі ағзаларындағы функцияларын қалыптастырады. К.Лоренц пен Н.Тинбергеннің концепциялары бойынша инстинктивті қимыл- қозғалыстар жүйке әрекетінің қызметімен тығыз байланысты. К.Лоренцтің пікірі бойынша жануарлардағы көрініс беретін көптеген мінез қылықтарының түрлері генетикалық қимылдары негізінде қалыптасады. Инстинктивті мінез-қылықтың негізгі факторлары. Инстинктивті мінез-қылықтың негізгі факторлары ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі факторларға гомеостаз бен биоритм жатады: гомеостаз – организмнің ішкі жағдайын қалыпта, тұрақтылықта сақтап отырудағы белсенділігі, яғни өзін өзі реттеу. Жануарлардың организмі үнемі ішкі тепе-теңдікке ұмтылады. Сондықтан ішкі ритмнің бұзыуы және физиологиялық функцияның қалыпты деңгейдің ауытқушылығы, жануарларды бірқалыпты күйге тұрақтылыққа жетелейді. Биологиялық ритмдер (ырғақтылықтар) немесе биоритм космостық уақытпен организмнің ішкі тұрақтылығы, ішкі ритмнің сәйкестеліп келетін ритмикалық қозғалыстар әрекеті, мысалы: әтештің шақыруы. Сыртқы инстинкті факторларға негізгі тітіркендіргіштер жатады Негізгі тітіркендіргіштер – яғни сыртқы тітіркендіргіштің организмге әсері және инстинкті мінез-қылықты тудыруы. Өзінің әртүрлілігі мен және өзіне тән ерекшеліктерімен дағдыланады. Негізгі тітіркендіргіштердің түрлері: - физикалық (көлемі, түр түсі, иісі) және химиялық (кеңістік қарым- қатынастар, стимулдардың векторлары) мыс: аралардың векторлық қозғалысы; - қимыл қозғалысқа келтіруші яғни қимыл қозғалыстың белгі түрі қалыптасады; - бағыттаушы белгілі бір реакцияға байланысты пайда болатын тітіркендіргіштер; - әрекетке келтіруші яғни жүйке орталықтарының табалдырығын алдына-ала төмендететін тітіркендіргіштер. Негізгі тітіркендіргіштер сондай-ақ көптеген заттың қасиетін білдіреді. Жануарларда оптималды тітіркендіргіштер де болады. Олар жануарлардағы тән реакцияларды тудырады. Мысал ретінде Н.Тинберген анасының тұмсығындағы қызыл даққа құстың баласының реакциясын келтіреді Суммация – негізгі тітіркендіргіштердің қозғалысқа келу ерекшеліктері яғни негізі тітіркендіргіштер ұлғайған сайын, жануарлардың инстинктивтік мінез-қылық реакциялары да ұлғайады. К.Лоренцтің айтуы бойынша жануарларда қалыпқа келтірілетін ішкі механизмдер бар. Ішкі қылыққа келтірілетін механизмдер нейро - сенсорлық жүйенің шоғырлануы жануарлардың мінез- қылығының актілерімен қоршаған биологиялық ортадағы қалым-қатынасын қалыптастырады. № 5-ші дәріс тақырыбы: Жануарлар психологиясының эволюциясы Сұрақтары: 1. Психиканың кезеңдік даму концепциясы 2. Леонтьев бойынша интеллектуалды әрекет. 3. Фабри бойынша интеллектуалды әрекет. Жануарлар психикасы мен эволюция жайлы көптеген психологтар зерттеулер жүргізген. Соның ішінде жануарлар психикасының дамуын кезеңдерге бөліп, концепциялық негізін жасаушылар Фабри мен Леонтьев. Леонтьев, Ч. Дарвиннің іліміне – организмнің өзра байланыстылығы формалары мен функциялары жайлы принципті негізге ала отырып жануарлардың психикасының даму концепциясын 3 кезеңдік принцип негізінде жасады. Жануарлардың психикасының дамуын жүйке жүйесі негізінде қарастыра келе жануарлардың мінез-қылығының қоршаған ортамен байланыстылығын дене бітімі ерекшеліктерінің жүйке жүйесімен оларға тән психикалық бейненің деңгейлерін терең зерттеген. Леонтьевтің пікірінше жануарлардағы белсенділік дамудың қайнар көзі. Жануарлардағы психикалық бейнелеудің мынандай кезеңін ұсынады. 1) Сенсорлық психиканың қарапайым кезеңі яғни жануарларға жекелеген әсерлердің арқасында түйсіктердің формасы қалыптасады (төменгі жануарлар): тітіркендіргіш, сезгіштік. 2) Психиканың перцептивті кезеңі - яғни қоршаған ортаны қабылдау формасында пайда болуы: психикалық бейнелер, жануарлар әрекетінің күрделенуі байқалады. Сондай-ақ қозғалыс операциялары қалыптасады. 3) Интеллект кезеңі – жекелеген заттың ғана емес сондай-ақ қарым-қатынас ерекшелігі психикада бейімделеді. Яғни интеллект қабылданған жағдайлардың жануарлар психикасындағы бейнесі. Фабри – кезеңдерге бөледі. Анықтамасы бойынша интеллектік әрекет. Фабридің пікірінше интеллектуалдық әрекеттің элементтері немесе белгілері: 1.Омыртқалылардың қимыл-қозғалыс әрекеттері. Омыртқалылардың заттармен қызығушылығы мыс.: бас жәшікті пайдалануы.Мұндай әрекет барысында когнитивті процестің сенсорлық жүйе қызметімен біріге отырып дамуы, көргенін жалпылау, жинақтау қабілеті яғни таным пайда болады. 2.Күрделі тапсырмаларды шешу қабілеті 3.Жаңа жағдайға байланысты қалыптасқан пайдалану қабілеті, яғни кезеңдеп оқыту элементтері. 4.Жаңа жағдайларға байланыс қалыптасқан іс-тәжірибе негізінде жаңа ортаға бейімделу кеңістікті толығымен бағдарлай білу қабілеті. Фабридің айтуы бойынша осындай сатылары бар. Басқа зоопсихологтарға қарағанда Фабри қарапайым биологиялық интеллект пікірін айтқан. Тіпті жоғарғы сатыдағы маймылдардың өзіне елестету қабілеті жоқ. Жануарларда себеп-салдарлы байланыстың болмайтындығы. № 6-шы дәріс тақырыбы: Сенсорлық психиканың қарапайым сатысын сипаттау Сұрақтары: 1. Жануарлар психиикасының төменгі деңгейіндегі дамуы 2. Қозғалыстың ерекшелігі (локомоциялар) 3. Қарапайымдардың кеңістікті бағдарлауы 4. Қарапайымдардың мінез-қылық икемділігі. Түйсік пен қабылдаудың арасындағы ортақ қасиеті мен айырмашылығы. І. Тіршілік иелерінің психикалық даму ерекшелік қасиеті - сезгіштігі. Жануарлар психикасының қарапайым деңгейінің дамуы: 1) Локомоция – қарапайымдылыр қозғалысы 2) Қарапайымдылардың кеңістікті бағдарлауы 3) Қарапайым мінез-қылықтың икемділігі ІІ. Психикалық деңгейдің жоғарғысы: 1. Жүйке жүйесінің құрылымы 2. локомоция 3. сезім органдары 4. кеңістікті бағдарлау қабілеті 5. жоғарғылардың дамуы мен көбеюі. Төменгі деңгейге барлық қарапайымдылар жатады: амёбалар, жасыл эвгленалар, инфузориялар, қарапайым көпклеткалылар. Қарапайым тіршілік иелеріне, олардың мінез-қылығына тән ерекшеліктері, олардың икемділігі - яғни олардың психикасы қорегін табуға және оның қажеттігін анықтайды. Сондай-ақ жағымсыз ықпалдардан керісінше қашады. Осыдан барып, үйрену, бейімделу пайда болады. Егер жануарлар жаңа тітіркендіргіштікке әсер етсе, онда үйрену, бейімделу пайда болады. Егер әсер етпесе, яғни жануарлардың шаршағаны. Локомоция амебаларда кездесетін қозғалыс, яғни кірпігімен, мұртшалардың арқасында қозғалу. Эктоплазма эндоплазмаға қарағанда қоймалжың сұйық, амебалардың қозғалысында - псевдаподия өте қажет. Псевдоподиялар плазманың ыдырауынан немесе белгілі бір қысымның арқасында ішкі қабатты құрайды. Псевдоподиялар цитоплазмамен тығыз байланысты. Цитоплазманың қозғалысы бұлшық еттің ішіндегі аққуыздың актин, миозиннің кезектесіп тұруын құрайды. Мұндай белоктар бұлшық ет ткандарында болады, яғни цитоплазманың қозғалысты қалыпқа келтіру әрекеті қарапайым тіршілік иелеріндегі мұртшаның қозғалысы ұзын шаш тәріздес келеді және жануарлардың денесін спираль формасына келтіріп, қозғалысқа келтіреді. Ал қарапайымдыларда (кірпік тәрізділер) кірпіктер арқылы қозғалыс мұртшаларға қарағанда әлдеқайда қозғалыс аппаратын құрайды. Кірпіктер өте көп болады. Мұндай кірпіктер денеде ретсіз орналасады. Ал кірпікшелер мен мұртшаның қозғалысың миофибрильдің тартылуы нәтижесінде жүзеге асырылады және бұлшық талшықтары мионемаларды құрайды. Қозғалыстың ерекшеліктері (локомоциялық): Кинездер – қарапайымдылардының интенсивті қозғалыс әрекеті. Кинездік қозғалыстың мынандай түрі бар: 1) ортокинез 2) клинокинез 1. Ортокинез – сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен болатын жылдамдығы өзгеріп отыратын қозғалысы. Негізгі ерекшелігі: қарапайымдалардың жағымсыз ықпалдардан жағымды ортаға ауыспалы қозғалысы немесе қозғалыстың ауыспалығы (өзгермелі қозғалыс ауыспалдығы). Қозғалыстың жылдамдығы - жағымды ортаның орналасуына байланысты, егер жағымды болса, - аз болады. 2. Клинокинез – бұл қозғалыс бағытының өзгеруі, яғни қарапайымдылар өзіне жағымды ортадағы тітіркендіргіштер параметрларын қателесе зертей келе (методы проб и ошибок). Ортокинездің негізгі ерекшелігі жануарлар вектор қозғалысынын өзгертеді. Қарапайымдылардың кеңістікті бағдарлаудағы негізгі стимулы - сыртқы тітіркендіргіштердің градиенттері (химиялық құрамының әртүрлілігі, заттың тығыздығы). Таксистер – қарапайымдылардың кеңістікті бағдарлаудағы қозғалыс белсендігінің генетикалық түрі. Таксистер былайша бөлінеді: 1) Ортотаксис – қозғалыстың жылдамдығына қатысты кеңістікті бағдарлаудағы белсенді қозғалыстар, яғни - байланысты болады. 2) Клинотаксис – қозғалыс бағытының өзгеруіне байланысты кеңістікті бағдарлаудағы белсенді қозғалысы. 3) Тигмотаксистер – жанама ықпал еткендерге бағдары. Жағымсызы клинотаксис деп аталады. Қапайымдылардың жалпы ерекшеліктері: 1) қарапайымдылар кез-келген әлсіз тітіркендіргіштерге жағымды әсер етеді. Күшті тітіркендірніштерге жағымсыз әсер етеді. 2) Барлық қарапайымдыларға жағымсыз ықпалдарға жауап бергеннен гөрі олардан құтылу тән. Қарапайымдылардың атқаратын функциялары: 1) геотаксис – жердің тартылыс күшіне байланысты бағдарлауы 2) жағымсыз геотаксис – қарапайымдылар қашанда жердің тартылыс күшіне қарама-қарсы қозғалады. Қарапайымдылар осындай жағымсыз әсерлерді сезінуде тепе-теңдік органы әсер етеді (ас қорыту ваккуоль). 3) Фототаксис – қарапайымдылардың жарыққа бағдарлауы. Көптеген қарапайыдыларда жарыққа бағдарлауы әлсіз дамыған. Ал кейбіреулерінде жағымды фотоктаксис байқалады. Мыс: жасыл эвгленада. Ең алғаш жасыл эвгленада фоторецепторлар пигменттік дақтар пайда болған. Бұл пигменттік дақтар жасыл эвгленаның қарын жағына орналасқан, жарық сәулелерді бағдарлауға ықпал етеді. Эвглена өзінің аз осінде айналып жарық түскен жаққа бұрылуы және жарықтың әсер ету реакциясы инстинктивті түрде қарны арқылы жүзеге асырылады. Қарапайымдылардың мінез-құлығы ерекшеліктерінің бірі - әрекетінің икемділігі. Қарапайым жануарлардың психикасы өзіне қорегін табуға, анықтау, жағымсыз ықпалдан құтылуға бағытталған. Сондай-ақ оларда үйрену- бейімделу қалыптасады: яғни егер қарапайымдылар жаңа тітіркендіргіштерге әсер ететін болса, онда бейімделу қалыптасады. Егер әсер етпесе, онда жануарлардың шаршағаны. Ғалымдардың зерттеуі бойынша қарапайымдыларда жүйке жүйесінде ұқсас ерекшеліктер жоқ. Қарапайымдыларда импульстар-цитоплазмадағы бір заттың сапасынан екінші заттың сапасына өту градиенттік өту жүйесіне бағытталған. Қарапайымдыларды үйретудің ең қарапайым түріне үйрену қабілеті дәлелденген, мыс қарапайымдаларды квадрат, дөңгелек, қозғалысы. Қарапайымдыларды үйретуінің ең қарапайым формасы бейімделу. Сыртқы өзгерген шараларға біртіндеп бейімделу, яғни жануарларда туа біткен реакциялар белгілі тітіркендіргіштерде жоғалады. Егерде биологиялық қажетті нәтиже пайда болмаса. Бейімделу шаршаудан әлдеқайда ерекше. Шаршауы – энергетикалық ресурстардың артық мөлшерде жұмсалуы. Үйрену не бейімделу керісінше энергетикалық ресурстарды үнемдеуге бағытталған белсенді бейімделу реакциясы. Ассоциативті үйрену (шартты рефлекстің белгілері) жоғарғы қарапайымдыларда биологиялық белгілі және нейтралды тітіркендіргіштер-дің арасындағы уақытша байланыстарды орнату эвгленада, инфузория туфелькаларда байқалған. Психиканың қарапайым формаларындағы тітіркендіргіштік иелеріне мыналар тән: 1) қарапайым тітіркендіргіштік иелердің қарапайым формасы – жеке сезім толықтығы тән. 2) Психикалық бейнеленуге дейінгі және психикалық бейнелеу қарапайымдылығы пигменттік дақтар немесе рецептордың аналогы. Аналогы – бұл ұқсастығы. 3)Қарапайымдыларда примитивтік қарым-қатынас, алғашқы интенситві қылық әрекеттері, мінездермен қөарым үйретудің формалары. 4)Қарапайымдылардың әр түрлі топтарына қарай олардың дамуы да әртүрлі. № 7 дәріс тақырыбы: Сенсорлық психиканың жоғарғы формасы Сұрақтары: Жүйке жүйесінің типтері Кеңістікті бағдарлауы Мінез-қылық үнемділігі Жоғарғы мінез-қылықтың белгілері. Фабри сипаты бойынша психиканың жоғарғы сенсорлық формасына гидралар, медузалар, фналарилар, дөңгелек құрттар:аскоридалар мен астрицалар. Инелілерге теңіз жұлдыздары кірпікшелер, малюскаларға: медиалар, устрицалар, виноград улиткалары жаңбыр құрты, пиавкалар жатады. Сақина тәріздес құрттар: олардың ішкі және сыртқы метометриялары бар. Олардың денесі көптеген сигменттерден тұрады. Олар ішкі органдардың құрылымын құрайтын ерекшеліктері. Осы кезеңдегі жануарларда жүйке жүйесі бар. Жүйке жүйесінің типтері: 1) Сечаткалық және диффузиялық жүйке жүйесі (гидра) Сыртқы қабаттарда орналасқан энтодермаларда жүйке клеткалары бар. Олар ұзын, жіңішке өсінділер арқылы топ тәріздес жүйке шоғырын құрап, ауыз қуысымен шеткі аяқтарында тығыздалады. 2) Сақина тәріздес жүйке жүйесі (медузалар) медузалардың шартырша шетіндегі екі жүйке сақинасы тәріздес жүйке клеткасынан тұрады. Біреуі сыртқы (сезімдік), екіншісі ішкі қозғалыс функциясын атқарады. Сыртқы сақинаның негізгі функциясы - тітіркендіргіш органдарынан алған сигналды қабылдау. Сыртқы сақина - тепе-теңдік органына жарық сезінетін кезеңдермен аяқшалардың негізіне жақын орналасқан. Ішкі сақина мусульдық талшықтың шоғырлап орналасқан - парустың негізінде жатар. 3) Радиациялық жүйке жүйесі (теңіз жұлдызы) - бұларда орталық жүйке орталықтары бар және олар көмей төңірегінде сақина тәріздес орналасқан. Олардан қозғалыс органына тарайды. 4) Биотеральдық жүйке жүйесі (симметриялық) яғни жүйке негізі пайда болады. Планариларда жүйке жүйесі денесіне жақын орналасқан жүйке талшықтарынан тұрады. Бұл жүйке талшықтарынан жүйке тканьдарымен жұтқыншақ төңірегінде орналасқан байланыстар тарайды, яғни бас бөлімінің пайда болуы. Сақина тәріздес құрттарда жүйке жүйесінің күрделі түрі бар. Олар жүйке баспалдағы (ортогон) орналасқан. Жұтқыншақтың астыңғы және үстінде орналасқан жүйке байланыстылар арқылы байланысқан және олардан қарын стволын қамтамасыз ететін қос жүйке байланыстары тарайды. Жұтқыншақтың артындағы жүйке байланыстары қарапайым бас миы. Психикалық дамудың деңгейі бұларда жүйке жүйесінің құрылымымен және тіршілік ету ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Локомоция (қозғалыс) сақина тәріздес құрттарда бұлшық еттің дамуы байқалады. Бұлар тері бұлшық дорбасы тәріздес екі қабаттасқан бөлімнен тұрады. 1) Сыртқы тері асты қабығы – көптеген сақинаша талшықтардан тұрады. 2) Ішкі қабығы – көлденең орналасқан бұлшықтардан тұрады. Көлденең және сақина тәріздес бұлшықтардың кезектесіп жиырылуының нәтижесінде қозғалыс пайда болады. Сақина тәріздес құрттардағы жұп аяқ-тәріздес өсінділер - параподиялар пайда болған. Олардың - параподияларының негізгі функциялары қозғалыс сезіну және химиялық сезімталғышты қамтамасыз етуі. Яғни сезім органдары дәм сезу органдарынан тарап қалыптасты деген болжам бар. Сенсорлық психиканың жоғары сатысындағы жануарларда: 1.плюромодания – дамудың эвалюциялық сипатына қарай кейбір органдары рецепторлық ерекшеліктердің пайда болуына әкеп соқты. Мыс: медузалардың көру органдарының ерекшелігі 1) Көз дақтары жарықты сезінетін клеткалар тері қабығындағы эпителлиялық клеткалардың арасында орналасқан. 2) Көз шұңқыры – яғни көз құрылымы пигменттік клетканың инвагинация байқалады. 3) Инвагинация – ішке қарай бағыттау 4) Нағыз көз – шар формасы тәріздес эпителиялық клеткадан тұратын көз көпіршіктері. Эпители өте нәзік және мөлдір функцияны атқарады. Көз көпіршіктерінің қабығы екі типтен тұрады. - ретинальды - пигментті Сенсорлық психиканың жоғарғы формадағы жануарлардың кеңістікті бағдарлауы. Жауын құрттарда арнайы жарықты сезінетін органдары жоқ. Негізгі ерекшеліктері жоғарғы фототаксистік ерекшелік. Жауын құрттары жағымсыз әсерлерден құтылуға тырысады. Мысалы. қараңғыға қарай ұмтылу. Жауын құрттарындағы клеткалары дененің жоғарғы қабатында шашырап орналасқан сезімнің түрлері: ауыр нәрсені, температураны сезіну. Таксистердің кеңістікті бағдарлауы. Сенсорлық форманың жоғарғы сатысындағы жануарлардың сезім органдарының симеттриялық орналасуына байланысты таксистердің жоғарғы формалары пайда болған. А. Кюннің классификацисы бойынша 1) Тропотаксис симметриялы орналасқан рецепторлардағы қозғалудың әсерінен туындайтын жануарлардың қозғалысы. 2) Телотаксис – тітіркендіргіштің белгілі қайнар көзін анықтау және соған бағытталған қозғалысы. 3) Менотоксис – симметриялық емес тітіркендіргіштің симеттриялық рецепторларды тудыратын қозғалысы. Негізгі функциясы кеңістікте тұрақты қалыпты сақтау. Мінез құлықтың икемділігі - бұл кезеңдегі жануарлардың мінез-құлығы ерекшелігі. Олардың қылық әрекетінің икемділігінін және жетекші ролді инстинктер атқарады. Бұл кезеңдегі жануарларды үйретудің түрлері: 1) Үйрену, бійімделу – қалыптасқан реакцияларын тоқтату 2) Асоциативті үйрету – классикалық және инструменталды шартты рефлексі. Фабридің пікірінше үйретудің ерекшелігі бұл топтағы жанураларда асоциативті байланыстар жоқ. Негізгі рөлді суммация заңы орындайды. Көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде құрттардың мінез - қылықтарында икемділік бар екендігі байқалған. Т әріпі тәріздес лабиринтке құрттарды жіберіп екі түрлі шарттар жасаған бір жағында жағымды жағдайлар, екіншісінде электр тоғы 120 тәжірибе жүргізгеннен кейін ғана құрттар ұясына жетуді үйренген. Улиткалар 60 тәжірибеден кейін үйренген, тіпті құрттардың алдыңғы жүйке сигменттерін алып тастағандығының өзінде үйрету нәтижелері сақталған. Сенсорлық психиканың жоғарғы сатысындағы мінез- қылықтың жоғарғы формалары мен белгілері байқалған. Мінез-қылықтың жоғарғы формалары немесе күрделі инстинктивті бағдарламалар. Аталған кезеңде екі функцияны ажыратамыз: 1) белгілі бір тіршілікке қажетті құрастырылуы әрекетінің пайда болуы. 2) тіршілік етуге қажетті ұмтылу бұл кезеңде қалыптасқан ритуализация жоқ. Ритуал – коммуникативтік функцияны жүзеге асыруға бағытталған жануарлардың арнаулы қозғалыстары. Қорыта айтқанда сенсорлық жоғарғы формадағы жануарлар қарапайым сатысымен салыстырғандағы тән ерекшеліктер: 1) затты қабылдау жоқ, бірақ түйсікке негізделген бағдарлау бар 2) сыртқы жағымсыз әсерден құтылу, бірақ, жағымды шараларды іздеуге бағыттамайды; 3) жүйке жүйесінің пайда болуы диффузиядағы биотеральдық; 4) бас қуысындағы жүйке жүйесінің даралауы. № 8-ші дәріс тақырыбы: Перцептивті психиканың деңгейі Сұрақтары: 1. Перцептивті психиканың ерекшеліктері. 2. Жүйке жүйесінің құрылымы. Сенсорлық қабілет пен сезім мүшелері 3. Заттық қабылдау ерекшеліктері. 4. Мінез-қылық түрлері. Өкілдері Бұл кезеңдегі негізгі ерекшелік: заттық қабылдау.Былқылдақ денелі жәндіктер (сегізаяқтылар, кальмарлар және каракатицалар); буынаяқтылар (шаянтәрізділер, өрмекші тәрізділер және шыбын-шіркей, құрт-құмырсқалар). Локомациялық қозғалыс жүйесі – бұлшықет құрылысы, сезім мүшелері және т.б. Жүйке жүйесінің құрылымы Ерекшеліктері: 1. Металмерлі орналасқан жүйке түйіні. 2. Құрсақ жүйке түйіні (тізбегі). 3. Бас миының мықты болуы. Ұлғайған жұтқыншақ үсті жүйке түйіні. Ол келесі үш бөліктен тұрады): - а) протоцелебрум – алдыңғы ми, көру мүшесін жүйкелендіретін, дербес үлкен бөлігі: - б) детоцелебрум – жәндіктердің мұртшаларын жүйкелендіретін бөлігі. - в) тритоцелебрум – үшінші ми, жәндіктердің ауыз қуысын жүйкелендіреді. Протоцелебрумда саңырауқұлақ тәрізді денешіктер (жүйке клеткалары) байқалады. Олар ассоциативті және координациялайтын орталық болып табылады. Бас миының өлшемімен байланысты заңдылық: бас миы үлкен болған сайын, мінез- құлық та күрделі болады. Аралардың денесі мен бас миының арақатынасы – 1/174, құмырсқада – 1/250, ал зауза қоңызында – 1/3220. Сенсорлық қабілет және сезім мүшелері Жәндіктерде күрделі торлы көз пайда болады. Олар көптеген жеке бөліктерден құралған. Әрбір торға сәйкес келетін өзінің көзшесі – оматидий болады. Бұл көзшелер жеке пигменттік қалқалармен көмкерілген. Және олар бір- бірінен тәуелсіз жұмыс істейді. Қабылданатын заттардың мозаикалық бейнесі пайда болады. Жәндіктер жақыннан көргіштер екені айқындалды: 2-3 метр қашықтықтағы объект – анық бейне де,р жақыннан көргіштер екені айқындалды: 2-3 метр қашықтықтағы объект - анық болады. олған сайын, мінез-құлық та күрделі ал алыстағы бейнелер бұлдырлап көрінеді. Жәндіктер қозғалмалы объектілерді жақсырақ көреді. Түрлі-түсті көру – жәндіктерге тән. Олрдың көру спектрі адамдарға қарағанда кеңірек болады. Өйткені олар ультракүлгін сәулелерін көре алуымен ерекшеленеді. Сегізаяқ – олардың жүйке жүйесінің бағандары адамдарға қарағанда жуанырақ келеді. Көздері – адамның көзіне ұқсас болады. Көріу көздің қасаң қабығы, қас, нұрлы қабық және көз бұршағынан тұрады. Олар күшті және әрсіз жарықты көруге бейімделген. Сегізаяқтарда аккомодацияны реттеп отыратын қоңыр пигмент бар. Аккомодация, яғни әр-түрлі қашықтықта орналасуына қарау көру. Сипап сезу, жарық, дәм, иіс сезуге бүкіл беткі жағы ерекше сезімтал келеді. Әсіресе қармау мүшелері сезімтал болады. Ол қару-жарақтық, қорғаныштық қызмет атқарады. Кеңістікті қабылдау. Жәндіктердегі фототаксис. Бәрінен де кең тараған тропо, яғни – дене – және мено таксистер – таксистердің ең жоғарғы формасы және қарапайым таксистер: клино және ортотаксистер (жәндіктердің ұрпақтарында) болып табылады. Ересек жәндіктерде телатаксис, яғни тітіркендіргіштерге қозғалысы жиі кездеседі. Менотаксистердің өзіне тән нұсқалары бар. Мендауэр менотаксистердің келесі төрт жағдайын атап көрсетті: 1. Жарықтың ағымын белгілеу кездейсоқ болып табылады; 2. Туы біткен қозғалыс тұрақтылығы; 3. Бір тип ішіндегі түрлердің арасындағы тұрақтылықты бір-біріне хабарлау. (Мысалы, аралардың билеуі). 4. Фиксация – тұрақтылық жәндіктердің тіршілігінде ерекше қарастыралады. 5. Фиксация жекелей ретте қарастырылады. Бұл таксистердің ең жоғарғы формасы, миелотаксис – жаттықтырылған бейімделу болып табылады. Заттық қабылдау ерекшелігі Бұл деңгейде жеке заттар маңызды рөл атқарады. Ұзақ уақыт бойы жәндіктер белгілерді тек өмір сүру жағдайына байланысты арнайы сипатта қабылдайды (мысалы, аралар гүлдерге тән пішіндерді қабылдайды) деп қарастырылып келген. Тунбергеннің тәжірибесі бұл көзқарасты жоққа шығарады: аралар графикалық белгілер бойынша да пішіндерді айқындайды деген. Былқылдақ денелі жәндіктер заттардың 46 түрлі формаларын ажырата алады. Олар квадраттан үшбұрышты, үлкен квадраттан кіші квадратты. Үшбұрыштан ромбты ажырата алады. Заттық қабылдау осы былқылдақ денелі жәндіктерде пайда болған. Жоғары мінез-құлық формасы 1. Қарым-қатынас: Аралардың коммуникациялық жүйесі – би болып табылады. Билеу арқылы олар қоөректерінің қайда орналасқанын немесе қауіп-қатер төніп келе жатқаны туралы хабар береді. 2. Ритуалдық мінез-құлық (ритуализация) – некелік мінез-құлықтың салт жорасы (көбею инстинктісі); агрессивті мінез-құлық (қорғану инстинктісі). 3. Территориялық мінез-құлық – мекен-тұрақ иелігін шекарасын жасау және түйсіну қабілеті. Биологиялық территория – жануарлардың тіршілігі мен өмір сүру жағдайына байланысты, оларды қорғау және бақылау үшін айқындалған белгілі бір аймақ. Территориялық мінез-құлық инеліктерде кездеседі. Олар өздерінің территориялық аумағын белгілейді де, бөтен инеліктерді (еркек) қуып жібереді. Территориялық мінез-құлық ішкі бәсекелестікке негізделген. Мұндағы негізгі мақсаты бір түрді немесе семьяны қорекпен қамтамасыз ету. № 9-шы дәріс ақырыбы: Перцептивті психиканың жоғарғы деңгейі Сұрақтары: 1.Психиканың жоғарғы және өте жоғарғы деңгейлеріне сипаттама. 2.Локомоторлық даму. Манипуляциялық белсенділік. 3.Сенсорлық қабілеттер. 4.Әр топтағы жануарлардың қабылдау ерекшеліктері. Өкілдері: Хордалық класс: 1. Бассүйексіздіктер (лоцентник); 2. Омыртқалылар (даналық ауыздылар, балықтар, қосмекенділер, бауырмен жоғарлаушылар, құстар, сүткөректілер). Құстар мен сүтқоректілерден басқаларының барлығы перцептивтік психиканың төменгі деңгейіне жатады. Перцептивтік психиканың жоғарғы және төменгі деңгейі элементтерінің сәйкестігі әртүрлілігімен сипатталады. Локомоторлық даму І. Қозғалу органдарының дамуы бойынша хордалық эвалюциясы. ІІ. Шеміршекті заттан хорданың және көлденең жолақты бұлшықеттінің дамуы, (бұл арқа бөлігінудегі төменгі хорда арқылы өтеді, ал бұл түтік тәріздес пішінді төменгі бөлігінде орналасқан (ланцетник маңында). ІІІ. Жақ аппаратының пайда болуы мен дамуы және оның функцияларыныңбіртіндеп кеңеюі. ІV. Сыртқы мүшелерінің пайда болуы мен дамуы. V. Алдыңғы және артқы сыртқы мүшелерінің дифференциясы және алдыңғы сыртқы мүшелерінің функцияларының кеңеюі. VІ. Кеңістікте алдыңғы мүшелерменқозғалудың функцияларынан толық босатылуы. VІІ. Сөйлеу әрекетін орындауға көмектесетін органдарының дамуы. Манипуляциялық белсенділік. Осы фактордың ерекшелігі эффекторлық органдардың болуы. Функциялары: 1. Тірек – локомоторлық (тірек арқылы жерде орын ауыстыру); 2. Манипуляциялық (алдыңғының қатысуы, оның басымдылығы арқылы белсенді әрекет жасау (әртүрлі заттармен) артқыаяқтары сирек және де эффекторлық органдар: жақ аппараты, пілдерде – хобаты, маймылдарда – құйрық). Манипуляциялық белсенділік – жеуге жарамды және жарамсыз заттарды манипуляциялау, яғни оған әрекет жасау, басқару. Жеуге жарамсыз заттарды басқару. Жеуге жарамсыз заттарды басқару жануар үшін танымдық функция болып табылады. Затты алдыңғы мүшелер арқылы манипуляциялық ерекше мағынаға ие (жан- жақты зерттеу). Мұндай белсенділік жануарға затты комплексті зерттеуге көмектеседі; деструктивтік әрекет жасағанда ерекше көмектеседі, бұл психиканың дамуы үшін үлкен мәлімет береді. Манипуляцияның бір түрі – конфорттік әрекеті – жануарлардың өз денесіне дұрыс қарауы. Түрлері: -денені тазарту; -сілкінуі; -субстратта аунау (мысалы сазда жату, бұл биттен құтылуға көмектеседі); -жуыну. Сенсорлық қабілеті Жоғары дамыған сезім мүшелері, адам сезім мүшелеріне құрылысы жағынан жақын. Есту мүшесі – балықтарда пайда болады (ішкі құлақ); қосмекенділер (ортаңғы құлақ (ойық пленка) және ішкі құлақ); сүтқоректілер (ішкі, ортаңғы, сыртқы құлақ). Иіс сезу мүшесі – иіс сезу дорбашалары мен қалқаншалар. Көру мүшесі – көз алмасы. Жанасу, кинетикалық сезгіштік – терникалық (бауырмен жорғалаушыларда), дәм, сезу, электрлік және эколокациялық (тышқандар – вампирлер). Бұл жануарларда доминантты сезім мүшесін атау қиын, өйткені бұл олардың өмір сүруімен байланысты. Яғни психикалық сенсорлық әрекет биологиялық негізделген. Мысалы: сүтқоректілердің басым көпшілігінде басты сезім мүшесі – иіс сезу, құстар мен маймылдарда – көру (жыртқыш құстарда ерекше жақсы). Әртүрлі топтағы жануардың қабылдау ерекшеліктері. Затты қабылдаудың болуы, домалақ ауыздылардан басқалары (құрт тәріздес теңіз жануарлары). Жоғарғы және төменгілерде қабылдаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Балықтар: геометриялық фигураларды ажырата алу қабілеті, оның көлемі үлкейсе де, бірақ оларды танымай қалады (егер кеңістіктегі орналасуы өзгерсе. Құстар: тауық төңкерілген фигураны танымай қалады, бірақ оны ажырата алады, фигураны тани алады: оның түсіне және біртұтастығына мән бермей (біртұтастылық заңы). Сүтқоректілер: фигураның әртүрлі пішінін, әртүрлі орналасуын таниды, ажырата алады. Бұл мысалдар жануарларда заттарды жалпы шолудың бар болуын көрсетеді. Және де бұларға тән күрделі елестету – қабылдағанды объективтік деңгейге ауыстыру. Егер уақытша өмірге қажетті тітіркендіргіштер болмаса, жануарларға қоршаған ортада бейімделе алмайды, немесе өзгерген ортада тітіркендіргіштер арқылы қозғалады, әрекет жасалды. «Алып қою» реакция әдісі: Жануарлардың көз алдында тамақ тығулы тұрады, бұны жануар біраз уақыттан кейін ғана таба алады. Бұл приманканы ақырындап алып тастайды немесе басқа затпен алмастырады. Егер жануар ауыстыруға әрекет етсе, онда сезгіштік елестетудің жануарда бар болуы дәлелденгені. Жануарға көбінесе көру арқылы елестету тән, бұл арқылы олар заттың санын, сапасын ажыратады. Жұмыстарының арқасында үйрету бастапқы кезде мойындалмады. К.Э.Фабридің, пікірінше, жәндіктердің әрекеті инстинкт арқылы ғана жүреді және жәндіктердің жаңа шарттарға үйренуге қабілеттері жоқ. Ол жалғыз тұратын араларға тәжірибе жүргізген. Аралардың табиғи әрекеті; бұл олардың ұядан ұшып шыққан кезде, ішкі қабатты кеміру арқылы сыртқа шығады. Тәжірибе арқылы Фабри К.Э. екі топты үйренуге қабілетін анықтарды: - бақылаушы топ ол араның ұясын қағазбен жауып, ұямен қағаздың арасында орын қалдырмайды (ара ұя қабатын және қағазды кеміру арқылы еркіндікке шығады; - зерттеуші топ – ұяны қағазбен жауып қояды, мұнда ұя мен қағаз арасында орын қалдырып қояды (аралар ұясын кеміріп шығып, қағаз ішінде қалып қойды), мұнан шығатын қорытынды, жануар кеміру актіні қайта қалпына келтіре алмайды (акт үйретуі бір рет қана жүреді). Тәжірибенің кемшілігі: қағаз бетінің жылтыр және сырғанақ болуында, жақ аппаратына байланысты аралар оны кеміре алмады. Қорытынды: шын мәнінде жәндіктер ассоциативті үйретуге қабілетті. Үйретудің мәні аралардың биінде дәлелденген. Бидің көптеген элементтері шартты рефлекс жолы арқылы пайда болады. Тинберген Н. тәжірибесін араға жүргізгу арқылы мынаны дәлелдейді: жәндіктерде үйретуге қабілетті. Бұнақденелі маллюскалардың үйретуге қабілеттіліктер кейбір қайшылықтарға ие. Бір жағынан сегізаяқтарды жәндіктерге – адам ең алғаш үйреткен жануар. Екінші жағынан сегізаяқтар айналып өту арқылы (кедергіні) қарапайым мәселен шеше алмайды (сегізаяққа жүргізілген тәжірибеде). Бұл мысал мынаны түсіндіреді, жануардың психикасының дамуының прогрессивтік және жабайы белгілерінің сәйкестелуі негізінде байқалады. Примитивтік белгі- негативизмдік қатынас. № 10-шы дәріс тақырыбы: Жануарлар психикалық әрекетінің онтогенезде дамуы Сұрақтары: 1.Әртүрлі топтағы жануарлар онтегенездері. 2.Мінез-қылық пен психиканың онтогенезі. 3.Омыртқалар мен омыртқасыздардың онтогенезі. 4.Туа біткен тану мен ерте үйретудің өзара байланыстылығы. Жануарлар түрлерінің арасындағы қарым-қатынас, жануарлардың белгілі ортадағы қатынастары, қимыл әрекеттері жануарлардың бірлесіп топ болып қалыптасуын білу үшін, функциональдық жағын қарастыру қажет. Жануарлардың бір әрекеттен екінші әрекетке ауысу қабілеті жақсы дамыған. Жануарлардың ең жоғарғы тип түрлері қоршаған айналасына, жанындағыларына өте айбатты болады, жануарлардың көп тегін түрлерінде психика жақсы дамыған. Субдоминанттық жануарларда басқа жануардарға қарағанда психикалық әрекеттері басымырақ болады. Осы қабілеттері тек жоғары формадағы жануарларына тән Жануарлар арасында иерархалық қарым-қатынас бар. Мысалы, қасқыр үйірін алайық. Осы үйір саны жағынан бірнешеге жетеді және осы үйірді басқару үшін оның жетекшісі, немесе қасқыр үйірінде арлан қасқыр болуы тиіс. Ол әрине жас, мықты, үйірді басқара алатын, қорғай алатын қасқыр болуы тиіс. Арлан мен қатар үйірде қаншық қасқыр болуға тиіс. Осы үйірдің кішкентай көжектері өзінің қай топқа жататынын, және өзінің дәрежесін біледі. Көжектер үлкендердің мінез-құлықтары мен олардың әрекеттерін жақсы бақылайды және осы әрекеттерді орындауға тырысады. Кейбір күшіктер арланның немесе үлкен қаншықтың баласы болса, кейін жоғары дәрежеде үйірді басқарады. Жануарлар типтері арасындағы әрекеттері мен олардың мінездерін жақсы түсіне алады. Имитациялық үйрену немесе бейімделу. Сүтқоректілердің басқа жануарлардан үлкен бір айырмашылығы, балалық шақтың ұзақтығы мен оның дамуы, сондықтанда осындағы үлкен айырмашылық: сүтқоректілердің осы әлемдегі әрекеті, мен әр нәрсеге деген қабілеті. Сүтқоректілердің аналығы өзінің баласымен көп уақыт өткізеді, бұл уақыт ішінде балаға сырттан көп қауіп қатер төнбейтін сияқты, және көп уақыт бойы баланың ашық тұрде ойнауға қабілеті туады. Балалық шақтың көп уақыт созылуына байланысты оларда имитациялық үйрену және қоршаған ортаға жақсы бейімделу жақсы қалыптасады. Сүтқоректілердің көп түрлері топ болып өмір сүруі бірлесіп топ өмір сүруіне негіз бола алады. Бірлесіп топ өмір сүргеннен кейін олар өздеріне қоректі табуға және оны бөлісіп алу қабілеттерін айтуға болады. Мысалға приматтарды қарастырсақ олар жеміс-жидекті қорек етіп алады, олар өздері тас ағаштың көмегімен өз қорегін табысты қолдана алады. Жануарлардың үйренуге қабілеті. Сүтқоректілердің ассоциативті қатынас 1-ші кезеңде немесе 2-ші кезеңнен бастап қалыптасады. Жануарлардың психикалық қабілеттері өте жақсы дамыған. Қоршаған ортасы мен айналасындағы объектілер, жануарлардың қарым-қатынасы және ортаға бейімделуі психикалық қабілетті дамытады. Онтогенездік құрамы жануарлар организмдегі жұмыртқа дамуымен тікелей байланысты. Қазіргі уақытқа дейін барлық жануарларға тән онтогенездік заңдылығы зерттелмеген. Біріншіден, барлық жануарлар арасындағы өмір сүру ұзақтығы әр түрлі болып келеді. Екіншіден, кейбір жануарларға тән қасиеттің бірі - метаморфоза, ал кейбір жануарларға бұл қасиет тән болмайды. Кейбір жоғарғы омыртқалыларда толық туу және жартылай туу тін. Ал омытқасыздарда онтогенездік қасиеттері, оның өсуімен тікелей байланысты. Омыртқасыздардың дамуы мен мінез-құлығы әрекеттерінің тығыз өсуімен байланысты әрекеттер омыртқасыздарда аса үлкен роль атқармайды. Омыртқасыз жануарлардың онтогенездік дамуы өмір сүруіне тікелей әсер етпейді. Омыртқалылардың онтогенезі Омыртқалылардағы онтогенездік кезеңнің дамуы мен ұзақтығы әр түрлі болады. 1) Эмбриональдық (пренатальдық) – туғанға дейін және бастапқы кезде организме ұлпалардың дамуы мен бөлінуі. 2) Постэмбриондық (постнатальдық) – туа салысымен Онтогенездік эволюцияда қарастырылатын негізгі қасиеттері және олардың өмір ұзақтығы. Мұндағы даму жануарлардың психикалық қабілеті жоғары дамуымен тікелей байланысты. Жануарлардың қабілеттерін құрылымдық жағынан қарастыруға болады. Олардың қабілеттері өте күрделі жануарлар басқа жануарлар арасындағы айырмашылықты сенсорлық қабілеттің арқасынан біле алады. Онтогенездік ерекшеліктер негізінде жануарлардың қабілеттері мен әрекеттері күрделене түсуде. Қоршаған ортамен байланысы, жануарлардың популяциясы, үйірі, ошағы, жануарларға тән қасиеттер өте күрделі болады. Олардың имитативтік әрекеттері мен қосымша қарым-қатынас күштері енуде. Жануарлардың қоршаған ортаны тануға үлкен орын алатыны ойнау әрекеті әсері. Бұл қабілеттер тек жоғарғы жануарларда болады, жануарлар типтеріне тәуелді болады. Пренатальдық қадам: бірнеше зерттеулерде, жануарлардағы туа салысымен олардың қимыл әрекеттерінің ерекшеліктері байқалған.Цин - Ян Куо, тауықтарға зерттеу жүргізе келе, жұмыртқаларға тесік жасау арқылы осы жұмыртқаның ішіндегі балапанның дамуын, қозғалыс қабілетін қарастырған. Уақыт өте салысымен қозғалым әрекеті қалыптасқан. Осы зерттеулер нәтижесінде, жұмыртқадағы балапан баласы жартылай туу дәрежеде болғанда, оның сыртқы әр түрлі әсерге жақсы бейімделу қабілеті туады. «Комплекстік туу». Баланның тууы кезінде оның ассоциативтік қабілетін көруге болады. Жануарларға зерттеулер жүргізу нәтижесінде олардың қимыл әрекеттерін бақылау. Депривация мен изоляция: жануарлардың мекен ететін ортасының бұзылуы және өзгеруімен байланысты болады. Өзгерістер әр түрлі болады, олар: онтогенез қысқа болса, өзгеріс тым әсерлі және айқын көрінеді. Жануарлардың мұндай ортада әрекеттері функциональдық болады. Мысалы аналықтарда құстарда немесе тышқандарда үйсалумен байланысты. Ал қалған жануарларда, мысалы: ит тәріздестерде тіршілік етуі: жүру, қозғалыс қабілетінің төмендеуі, теріс қайшылықтарға қатты эмоциональдық әсер етуі. Кейбір өзгерістерді приматтарда байқауға болады: оларда манипуляциялық әрекеттердің қалыптасуы Дженинг, жануарларды қолға алып оларды сипап, ойнатады (поснатальдық және юневильдік кезеңде). Қорытындысында бұл жұмыстар нәтижесінде жануарлардың өсуі және басқа да қасиеттері қарқынды дамытады. № 11-ші дәріс тақырыбы: Психикалық әрекеттің пренатальдық кезеңдегі дамуы Сұрақтары: 1. Туа біткен және пайда болған мінез-құлықтың пренатальдық дамуы. 2. Эмбриогенездік тәртіптің морфофункционалдық негізі. 3. Эмбриогенездік үйрену мен жетілу. 4. Эмбриогенездік мінез-қылықтың тұқымқуалаушылық негізі. Бүкіл мінез-қылықтың онтогенездік даму процесінің негізі эмбирондық мінез-қылық болып табылады. Омыртқалылардың да, омыртқасыздардың да пернатальдық дамуы – қозғалыстарын туғызады және тіршілікке қажетті қозғалыс, қимылдарының элементтері, бірақ қоршаған ортаға бейімделу функциясын атқара алмайды. Қоршаған ортаға бейімделу функциясы тек постнатальдық кезеңде пайда болады, сол эмбриональдық кезден мінез-қылықтың алдын-ала бейімделуін ерекше қарастыруға болады. Академик И.И. Шмальгаузен онтогенетикалық корреляцияның (тәуелділіктің) бірнеше типтерін ажыратқан. Әсіресе ерекше көңіл аударатыны мінез-қылықтың даму заңдылықтары, «эргонтикалық корреляциялары» (немесе функционалдық), яғни органдары мен оның бөлшектерінің арасындағы функционалдық байланыстар. Аталған органдарға эмбриогенездік кезеңде ұрықтық жүрек пен бүйрек функциялары жатады. Шмальгаузен эргонтикалық корреляциясының үлгісі ретінде жүйке мен орталық жүйке дамуы және перифериалық органдардың: сезім мүшелері мен аяқ-қолы дамуы арасындағы байланысты мысалға келтіреді. Эксперименттік бақылауда аталған органдарды алып тастағанда, жүйке жүйесінің тәуелді элементтері (бөлшектері) дамымай қалған. Эмбриогенездің негізгі сипаты дамушы органдар мен коррелятивтік жылжуға байланысты. Дамып келе жатқан ұрықтың бөлшектері арасындағы өзара тәуелділік. Осылардың нәтижесінде қалыптасып келе жатқан органдардың әрекеттерін сипаттайтын функционалдық өзгерістер пайда болады. Тындайтын қорытынды – жануарлар мінез-қылығының эмбриогенездік қалыптасуын анықтайтын морфофункционалдық байланыстар мен тәуелділіктердің күрделілігі. Функциялардың дамуы таңдамалы сипатта: әрбір орган жеке дамиды, бірақ бір- бірімен тығыз байланысқан бір жүйеде жүріп отырады. Адамның, маймылдың және мысықтық эмбриондық дамудың асинхрониясы: мысалы туғанда өмірге қажетті функцияларды атқаратын жекеленген жүйке талшықтары (ему-сору қозғалыстары). Құрсақтағы қозғалыстар туғанда қажетті қимыл-қозғалыстық бұлшық әрекеттерін байланыстыратын физиологиялық процестер координациясына әсер етеді. Слоним А.Д.-ның мәліметтері бойынша жаңа туған қозылар мен лақтар аяқтарында тұрып, шаршамай екі сағаттай жүгіре алады. Бұндай мүмкіншілік эмбриогенездік дамудағы тіршілікке қажетті функциялар мен қимылдар арасындағы байланыстар мен тәуелділікті сипаттайды. Өмірге келер кезде жүректің минуттық көлемі мен тыныс алу жиілігі, басқа да функциялардың физиологиялық тәуелділігі реттеледі. Жануарлардың қоршаған ортадағы өмірі, қарым-қатынасы ұрықтық дамумен тығыз байланысты. Функциялардың даму бағыты мен жалпы заңдылықтары филогенездегі және генетикалық қалыптасқан факторларға негізделген. Американ ғалымы Цин-Янг-Куо ең бірінші рет тіршілікке қажетті болашақ органдардың түзілуін – эмбриогенездік кездегі «жаттығу», «ал қозғалыс функцияларының дамуы мен жетілуін «эмбриондық тәжірибенің» жинақталуы деп көрсеткен Куо эмбриондық мінз-қылық, қимыл ерекшеліктерін зерттеуде көптеген зерттеулер жүргізген, әсіресе, тауықтардың ұрықтық дамуын ерекше зерттеген. Жұмыртқаның ішін зерттеген, қабығына терезе жасап, ұрықтың - балапанның алғашқы қозғалысын 3-ші, 4-ші тәулікте (басынан денесіне қарай, жан-жағына қозғалысын) анықтаған. «Эмбрионалдық жаттығу», «эмбриондық үйрену» -эмбриогенездің алғашқы деңгейі. Алғашқы деңгейде дағдылану құбылысы, рефлекторлық доға болмайды. Дамушы органдар мен жүйелердің жұмыс істеуі жекеленген түрлерде дараланады. Мінез-қылық белгілерінің қалыптасуы ұрықтың даму ерекшеліктеріне сай дамиды. Эмбриогенездік кезеңдегі сипап сезу және проприоцептивтік белсенділіктері қимыл-қозғалыстың дамуына тәуелді. Тұқым қуалайтын белгілер организмнің құрылымда, оның жүйелері мен органдардың функцияларында қайталанады. Эмбриондық кезеңнің аяғына қарай омыртқасыздардың инстинтивті реакциялары қалыптасады. Қоректілердің эмбриондық қылықтары басқа жануарлардың эмбриондық дамуына ұқсамайды. № 12-ші дәріс тақырыбы: Ерте постнатальдық кезеңдегі психикалық әрекеттің дамуы Сұрақтары: 1.Пре- және постнатальды психикалық әрекеттердің дамуы. 2.Ерте постнатальды мінез-қылықтың танымдық аспектілері. 3.Ерте манипуляцияның танымдық маңызы. Эмбрионның психикалық әрекеті жануарлардың туғаннан кейінгі мінез- қылығы мен психикасы қалыптасу үрдісінің жалғасы. Эмбрион қалыптасушы организм, психика бұл кезеңде тек түзілу формасында болды. Дүниеге келу – туу – қалыптасқан қылық-әрекеттің қайта даму деңгейі. Постнатальдық дамудың жаңа деңгейінде организмнің сыртқы ортамен байланысын анықтайтын жаңа факторлар мен заңдылықтар қалыптасады. Жаңа кезеңде мінез-қылықтың туа біткен элементтерінің жетілуі жалғасады. Пре- және постнатальдық кезеңдердің әртүрлілігіне қарамастан, кезеңдердің онтогенездік даму арасында алшақтық байқалмайды, керісінше, бір-бірімен тығыз байланысып, жалғасып жатады. Әсіресе, эмбриондық қылық-әрекеттің бейімделуі. Мысалы, жұмыртқадан шыққанға дейінгі байланыстылық жүйесі. Жұмыртқадағы қарым- қатынас сақталады және оның жұмыртқадан шығуына маңызы зор. Ерте постнатальдық кезең құстардың өмірінде өте маңызды, бұл кезеңде организмнің сыртқы ортамен маңызды қарым-қатынасы қалыптасып, өмірге қажетті байланыс компоненттері орнайды. Әртүрлі жануарларда постнатальдық қылық әрекет әртүрлі дамиды және бір- бірінен белгілі заңдылықтар негізінде дараланады. Әсіресе ювенильдік және нәрестелік кезеңдерінде. Көптеген омыртқасыздардың және төменгі омыртқалылардың ұрықтары үлкендерге қарағанда мүлдем басқа: қоректену, қозғалыс әрекеттері. Омыртқалылардың балалары өмірге әртүрлі жетілу деңгейлерінде келеді. Орбели жетілген және жетілмей туған жануарлардың қылық-әрекет дамуының нақты биологиялық сипаттамасын келтірген. Жетіліп туғандар сыртқы ықпалдарға түскенімен, жағымсыз ықпалдарға төтеп бере алатындығын; бірақ ары қарай дамудың прогрессиясы баяулап жекеленген шартты рефлексті әрекеті қалыптасатынын көрсеткен. Ал «жетілмей» құрсақтан, жұмыртқадан тыс туғандардың қылық-әрекетінің дамуы өзгеше. Орбелидің мәліметтері бойынша «жетілмей» туғандарға өте қиын және ата-аналарының көмегінсіз болғанымен тіршілікке бейімделуі әлде қайда тиімді: олардың жүйке жүйелері дамуын ары қарай жалғастырады және туа біткен қылық-әрекеттері қалыптасады. Эволюциялық процестердің нәтижесінде жануарлардың көптеген топтарында ұрпақтарына қамқорлқ, қорғау және қоректендіру қалыптасқан. Ұрпақты жалғастыру мен қорағаудың ең жоғарғы формасы: әлсіз және белсенді болып бөлінеді. Әлсіз түрінде: жануарлардың жұмыртқаларын немесе балаларын арнайы қатпаршақтарда, сумкаларда алып жүруі жатады. Балаларын аналарынан бөлінетін заттармен қоректендіреді, мұндай түрі инелілерде, шаяндарда, балықтарда, маллюскаларда бар. Белсенді түрінде: үлкендер ұрпақтарын қорғау мен сақтауда қалыптасқан арнайы әрекеттер жасайды – балаларын жәндіктермен қоректендіреді, мекен- тұрағына бейімдейді, денесін тазалауға, қорғануға, тамақ табуға, қауіп- қатерді ажыратуға үйретеді. Тұрақты, қатал инстинтивті қозғалыстары постнатальды кезеңнің басында қалыптасатынын көптеген зерттеушілер, ары қарай дамымайды және дамуды қажет етпейді деген. Инстинктивті қозғалыстардың постнатальды дамуы генетикалық шарттарға негізделген тәжірибелік бейімделу ортасына тығыз байланысты. № 13-ші дәріс тақырыбы: Психиканың ювенильді кезеңде дамуы Сұрақтар: 1. Жануарлар ойынына жалпы сипаттама 2. Жануарлар ойындарында іс-қимыл белсенділіктің шешілуі. 3. Қарым-қатынастың қалыптасуы. 4. Жануарлардың ойын белсенділігінің танымдық функциясы. Жануарлардың мінез-құлқының дамуының ювенильді немесе ойын кезеңі туралы көптеген зерттеулер бар. Жоғарғы жануарлар балаларында мінез- құлықтың дамуы жыныстық жетілу алдында ойын белсенділігі формасында танылады. Жануарлар ойыны әлі күнге дейін дұрыс зерттелмеген. Осы мәселеге әр түрлі дәуірлерде пайда болған көзқарастардың екі концепциясын біріктруге болады. Оның біріншісі Г. Скенсер, ал екіншісі К. Гроос ұсынған. Бірінші жағдайда жануарлардың ойын белсенділігі «шамадан тыс энергияны» жұмсау ретінде қарастырылады. С.А. Рубинштейн айтып ескерткендей, жануарлардың ойыны «шамадан тыс энергияны» жұмсау ретінде қарастырудың негізгі кемшілігі, белсенділік формасы мазмұнынан үзілуі. Екінші жағдайда жануарлардың ойын әрекеті өмірдің маңызды өрісінің жаттығуы ретінде қарастырылады. К. Плюйд-Морган Гроос ойынды «мінез-құлықтың есеюіне арналған жаттығулар» ретінде қарастырады. Әйгілі голланд зоопсихологы Р. Бойтендийк Гросс концепциясына қарсы шықты. Оның айтуы бойынша ойын тек ойыншыға ғана маңызды, өйткені ол оны жақсы эмоционалдық жағдайға келтіреді, бірақ болашағына ешбір әсерін тигізбейді. Бойтендийк бойынша мінез-құлықтың инстинтиктивті формалары жаттығуға тәуелсіз шешіледі, кейбір әрекеттерде жаттығу байқалса, ол ойын емес. Жануарлар мінез-құлқының қалыптасуына ойынның маңызы бар екендігінен басқа да көптеген зоопсихологтар бас тартады. Мейер-Хольцапфель ойын әрекетінің негізгі критерий ретінде әуестікке негізделген «байқап көруді» таныды. Ойынның функционалдық маңызына келетін болсақ, қазіргі кезде зерттеушілердің көпшілігі ойынды сенсорлық және моторлық өрісте жаттығу арқылы ересек өмірге дайындық ретінде қарастырылғандығын айтып өту жөн. Эльконин пікірінше ойын инстинктивті әрекеттердің ерте қалыптасуына кедергі жасайды. Торпта ойында ювенильді жаттығу ретінде қарастырады. Торп бойынша ойын жануарларда дағдыны қалыптастыру және қоршаған ортамен танысу үшін керек. Ойынның есейген мінез-құлықты қалыптастырудағы маңызды экспериментальды дәлелі де бар. 20-шы жылдарда (Г. Бингхэм зерттеулері) жас шимпанзелердің жыныстық ойындары шағылыстырылуға қабілеттіліктің негізгі шарты болады. Ниссен, Л. Чау және Дж. Семмеспен жасалған зерттеулері өте қызықты. Олар шимпанзе баласының қол әрекеттерін шекте заттармен ойнатпады. Бұның нәтижесінде шимпанзенің басқа шимпанзелерге қарағанда қол әрекеттері дамымай қалды. Жас жануарлардың ойынын түсіндірудің көптігі, оның әр түрлі мінез- құлық актілерінің комплексінен тұратындығына байланысты. Сол себептен Фабри ойын негізінен дамитын әрекет ретінде болатын концепцияны ұсынды. Ойын – ересек мінез-құлықтың «нұсқауы» емес, ол қалыптасу процесіндегі ересек мінез-құлық. Ойын белсенділігінде эмбриональды координацияда және туа пайда болған іс-қимыл координацияларының постнатальдық шешілуінен бастама алатын, мінез- құлық элементтерінің қалыптасуы аяқталады. Бұнымен қоса ойын маңызды танымдық рөлін де атқарады. Ойынды дамитын әрекет ретінде қарастыруға болады. Мысалға, кішкентай түлкінің алғашқы ойындық әрекеті тұғаннан кейін 12- ші күні пайда болады. Оған дейін оның барлық манипуляциялық әрекеттері тек алдыңғы аяқтарымен жасалады. Көзін ашқаннан кейін оның манипуляциялық әрекеттері дами түседі. Манипуляцияның формасы да, объектілері де көбейеді. Кішкентай түлкілердің жаңа әрекеттері көбейе түседі. Ему мен сорудан басқа, көзінің алдында нәрселердің бәрін ауыздарымен тістеп, жұлқылап, сүйретеді. Көбіне жануарлар ойынында көп кездесетін әрекет: кез-келген нәрсені мұрнымен тиісу, иіскеу алдыңғы аяқтарымен өзіне жақындату, арқада жатып өзіне қысу. Алғаш пайда болатын манипуляциялары: ұстау, сипау, қысу болып табылады. Онтопогенездің ювильді кезеңінде жас жануар әрекеттері байи түседі. Манипуляцияның бәрі, ойынға дейінгі кезеңде пайда болған манипуляциялар. Олар тек сапасы жағынан өзгеріске ұшыраған. Барлық ойын әрекеттерде жануардың ауыз аппараты және алдыңғы аяқтардың бастапқы функцияларының кеңеюі байқалады. Қорыта келгенде жануардың манипуляциялық ойындары ойын алдындағы кезеңде пайда болған, бірақ функционалды өзгерген манипуляциялар. Егер де жануар туғанда сору арқылы тамақтанса, енді ол манипуляциялық ойындар арқылы жетілдірген сай әрекеттер арқылы басқаша тамақтанады. Мысалы кішкентай түлкі алғашында сорумен тамақтанса 21-ші күнге дейін ол тамақты жалаумен, одан кейін қатты тамақтарды жейді. Ауыз аппараттарының функциясынан бұндай өзгерісі (алдында тек сорса, одан кейін тістеп жейді) ойын арқылы дамуға байланысты болады. Өйткені манипуляциялық әрекеттерде жаттығулар арқылы бастапқы моторлы элементтер сапасы жағынан өзгеріске ұшырайды. Ит тәріздес жануарлар олигофункциональды аяқтарға ие болады, аюды мысалға алатын болсақ оның манипуляциялық ойындары интенсивтірек және көптүрлі болады. Сондықтан да функциялары сапасы жағынан күштірек өзгереді. Жоғарғы жануарлардың топтық тәртіптеріде ойын процесінде қалыптасады. Бұндай ойындарға бірігіп ойнау жатады. Олар топпен өмір сүретін жануарларға тән. Әрине қарым-қатынас түгелдей ойынға тәуелді емес. Біріккен ойындар көбіне затсыз болады. Р. Шенкель Кенияда екі жыл бойы зерттеулер жүргізді. Соның нәтижесінде ол арыстын балаларының ойынын бақылап, олар ойнагайда бір-бірін аңду, шабуыл жасау және «күрес» жасап ойнайтындығына көзі жетті. Ойындар арқылы жануарларда ересек арыстандардың әрекеттері қалыптасады. Манипуляциялық (емес) ойныдарға мысал келтіретін болсақ сасық кезеңдердің банкамен ойнағандарын айтуға болады. Банканы оны раковинаға тастап, шыққан дыбысқа мәз болған. Ойын бірліктері туа пайда болатын сигнализацияға байланысты болады. Бұған – дыбыстар, қызық тұрыстар, әрекеттер жатады. Жануарлар күресін ойнағанда күрестің ойын екендігін білдіретін белгілер өте маңызды. Топтық ойындар жануарлар өскенде қарым-қатынас жасауда өте маңызды. Мысалы: маймыл баласын өзімен жасты маймылдарымен өсірмей жалғыз өсірген. Нәтижесінде оның басқалармен қарым-қатынас жасауы нашар болды. Ойын барысында жас жануар өзін қоршаған заттардың сапасын және не үшін керектігін түсінеді. Неміс этологы О. Келлер айтқандай жануар ойынында олар өмір тәжірибесін жинайды. Ойынның бәрін зерттеушілік әрекет деп тануға болмайды. Бірақ әр ойында зерттеушілік компонент болады. Манипуляциялық ойындардың бәрінде зерттеулік компоненттер болады. Іс-қимылдар дамуы әр уақытта қоршаған ортаны зерттеумен байланысты болады. Дербес тәжірибені жинау туа пайда болған танымдық қасиетке байланысты болады. Мысалға Лоренц мысықтың ойын объекті болу үшін зат: кішкентай, домалақ, жұмсақ және қашатын екенін таниды. Бірақ ол оның кішкентай, жұмсақ екендігін алын-ала білмейді, ол туа біткен тануға байланысты болады. № 14-ші дәріс ақырыбы: Жануарлар құралдары мен адамдардың еңбек құралдары Сұрақтары: 1. Жануарлар құралдары менадамдардың еңбек құралдары 2. Еңбек әрекетінің шығуы. 3. Қоғамдық қарым – қатынастардың пайда болуы.. Психика - психологияда көптеген түсініктерді біріктіретін субъективтік құбылыс. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші түсінікті бойынша, психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі жоғарғы даму туралы пікір, материяның ерекшелігі. Идеалистік көзқарас бойынша, психиканың түсіндірілуі бір емес екі бастама: материалдық және идеалдық. Олар бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне тең келмейтін, бір-бірінен ажырамайтын жеке бастамалар. Дамудағы байланыс жасай отыра, олар өз заңдары бойынша дамиды. Дамудың әрбір сатысында идеалды психикамен біріктіріледі. Материалистік түсінік бойынша психикалық құбылыстар ұзақ биологиялық даму негізінде пайда болды. Қазіргі уақыт тірі материаның жоғары дамуын көрсетеді. Жер бетінде алғашқы тіршілік белгісі 2-3 миллиард жыл бұрын химиялық, органикалық қосылулардан, қарапайым бір клеткалы тіршілік иелері пайда болды. Олар биологиялық эвалюция ықпалы арқасында, көбею, генетикалық, жүре пайда болған ерекшеліктер, тұқым қуалау арқылы өзгерістер мен қалыптасулар пайда болды. Тіршілік иелерінің эвалюциялық өзін-өзі жетілдіру арқылы органимздерде ерекшеліктер пайда болады, органның дамуы, тәртіпті, қайта жаңғыртуды басқарды. Бұл жүйке жүйесі. Оның дамуы мен жетілуіне орай, психикалық өмір сүруге қажетті: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сапа, рефлексия пайда болды. Нерв жүйесі функциясының құрылысының жақсаруы психика дамуының қайнар көзі болды. Бұл процестің механизміне: организмнің жаңа ерекшеліктерге ие болуы, олардың өзгеруіне байланысты жаңа органдардың өзгерістері, генотиптегі өзгерістер: өмір сүруге қажетті бейімделген органдар мен ерекшеліктердің ортақ бейімделуі жатады. Дамудың келесі маңызды стимулы өмір сүру шарттарының күрделенуі. Организм күтпеген өзгертуге әсер тигізеді. Дүниенің бейнелеу қабілеттілігі пайда болады. Қоршаған ортаны жақсырақ бағалай алу жүзеге асты. Сонда психиканың жетілуіне қоршаған объективті өмір әсер еттті. Психика дамуының екінші стадиясын анықтау қоршаған орта туралы хабарлама алу мінездемесінің әдістерінен тұрады. Бірінші стадияға сенсорлы әдіс, екіншіге – перцептивті әдіс тән. Біріншіден жануарлар адаптациясының деңгейі мен қалыптасуын, жан- жануарлар психикасының даму дәрежесін анықтайды. Қолда бар ғылыми материал жан-жануарлардың психикасының және даму стадияларын көрсетеді. Бұл стадиялар қоршаған орта туралы хабарламаны алу деңгейі, әдістерімен ерекшеленеді. Бірінші жағдайда – түйсіктердің бөліктер деңгейі, екіншісіне заттық қабылдау. Екіншіден, жан-жануардың психикасының ең жоғарғы даму деңгейі - затты қабылдау стадиясында. Жануардың қарапайым интелектісі туралы хабар береді. Жануарлардың тәртібінің ерекшелігі, биологиялық қателікті өтеу, қанағаттандыру. Балалар ойынының бірігу белгісі осы өмірде пайдалану, әсіресе маймылдарда көрінеді. Топта ойынсыз қарым-қатынас жүзеге аспайтынын, приматтарды зерттеген С.Л. Уанберн мен И.Де. Воре айтып кеткен. Жас маймылдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді мұнда, Уанберн мен Де Воре бойынша ересек өмір әрекетінің формалары мен жаттығуын үйренеді. Ойын кезінде жануар қоршаған ортаның объектілері туралы түрлі информацияға байды. Бұл эволюция процесіндегі жиналған тәжірибені өмірдің нақты шарттарына қолдана отырып нақтылауға, толықтыруға мүмкіндік береді. Ойын манипуляциясы өзіне зерттеу компонентін қосады. Жануар қоршаған айналасы, сыртқы объектердің «биологиялық белгілерімен» ғана танысады. Қозғалыс қабілеттіліктерінің дамуы әрқашан қоршаған ортаны зерттеумен байланысты. Мұндай жағдайда ойында әрекеттік моторлы және сенсорлы көрінісі дамиды. Постнатальды онтогенездің басында тума тану бағдар үшін және индивидуалдық тәжірибе жинау үшін қызмет етеді. Ойын кезеңінде тума компоненттер негізі ойын белсенділігімен бірігеді және интеллективті негіз құрайды. Ойынға дейінгі компоненттердің ойын кезеңінде ауысу сыртқы ортаны таңдаумен жүреді. Онтогенез кезінде дамып келе жатқан жануарлардың танымдық іс- әрекеттері күрделенеді, ұядан шыққаннан кейінгі танымдық функциялары өзгереді. Ойын формаларының көп-бейнелілігінде жануарлардың жалпы қозғалмалылығы біріктіріледі. Ойын белсенділігі басқа категориядарда дамиды. Ең алдымен қимыл сенсорлы координациясы және жалпы функциялық қабілеттері (шапшаңдық, тездік, реактивтілік, күй және т.б.) дамиды. Сол уақытта қорректенудің функционалдық өрісіндегі арнайы әрекет элементтері жаттықтырылады. Ойынға дейінгі әрекеттің элемент комбинациясы, нәтижесінде инстинтивті әрекеттің жоғары деңгейдегі көрінісі қалыптасады. Жануарлардың ойын арқылы даму стадиясын А.Н. Леонтьев, кейіннен зоопсихологиялық жаңалықтар негізінен К.Э. Фараби дамытады. Бұл концепцияда екі стадиялы. Бірінші элементарлы сенсорлы психика стадиясы – ол екі деңгейлі жоғарғы және төменгі. Екінші перцептивті психика стадиясы - үш деңгейден тұрады: төменгі, жоғарғы, ең жоғарғы. № 15-ші дәріс Тақырыбы: Адам сөйлеуінің пайда болуының биологиялық алғы шарттары Сұрақтар: 1.Үйірлі қоғамдастық құрудың негігі құралдары 2..Жануарлар қарым қатынасы. 3.Адам сөйлеуінің пайда болуы. 4. Антропоидтер интеллектісі мен адам санасының айырмашылықтары Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эвалюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды. Адамның сапалы әрекетінің үш айрықша белгісі бар. Олар: - адамның саналы іс-әрекеті биологиялық себеп салдармен байланысы жоқ (кейбір жағдайда адам биологиялық қажеттікке мойынсынбай, қарсы шығады). - Адам саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сыртқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан-жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстракттық бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңіле көз жіберіп, тысқа бейне формасын ғана емес, тереңдегі заңдылықтарын тануға ұмтылады да соларға орай өз әрекет қылығына бағыт таңдайды. - Жануар әрекет-қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептіліктері қоғамдық тәжірибені игеру- үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі. Адам иелегінде әрекет-қылық тәсілдері өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттің тарихи-қоғамдық іс-әрекетін игеруден. Жануар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар: 1) тіршіліктің әлеуметтік-тарихи сипаты; 2) өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы; 3) еңбек құралдарын дайындап, пайдалана білу; 4) тілдік қатынастың пайда болуы. Адамның жануардан түпкі ерекшелігі: ол қаруды қолданып қана қоймастан, оны дайындау ұқыбына ие. Қарудың болашақта қолдануын болжай алуға да байланысты, яғни сапалы іс-әрекеттік бірінші формасы. Қару дайындаушы адамның әрекет-қылығы күрделі сипатқа ие болды: тікелей қажеттік қанағаттандыруға бағыталған әрекет ішінен мағынасы болшақта ғана көрінетін арнайы әрекеттер бөлініп шықты. Адамның күрделі құрылған саналы әрекеттік қалыптасуына себепші болған екінші шарт-тілдің туындауы. Тіл деп қоршаған дүние заттарын, олардың әрекетін, сапасын және объеттер арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер (символ, код) жүйесін айтамыз. Тілдің шығу негізі адамның қоғамдық еңбек қатынастарымен байланысты. Ақпараттардың алғашқы белгілері: интонациялар, ишаралар және қарапайым дыбыстар. Дыбысты тіл жалпы әрекеттен бөлініп, дербестігіне жетті. Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді: - қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді, яғни тіл біз танитын дүниені екі есе көбейтіп, ол жөніндегі ақиқатты есте бекіту мен адамның ішкі жн-дүние бейнелерін түзге жәрдлемдесті; - тілдегі сөздер белгілі заттарды атап қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракт танып, қабылдаушы затты тиісті категорияларға жатқызуға көмек берді. Тіл тек тілдесу құралы ғана емес, бейнелеудің сезімдік дүниеден ақыл-сана келтірген бойлаудың формасына айналады; - Т.п.болуы психикалық дамудың түбегейлі жаңа типі өрістеуіне ықпал ету; тіл сана дамуының ең маңызды, шынайы құралы болды. Тіл адамның саналы іс-әрекетінің бар саласына қатысуымен, оның психикалық процестерінің ағымын жаңа деңгейге көтереді. Сана тілмен бірге жасайды, тілсіз сана жоқ. Сана адамның барлық психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы. Сана – психиканы біріктіруші ең жоғарғы өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық-тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Психиканың эволюциясы жануарлар әлемінің эволюцияның жалпы процесінің жартысын құрайды және бұл процестің заңдылықтарымен орындалған. Қимыл-қозғалыс (алғаш рет локомация, ал кейін манипулирование) психика эвалюциясының шешуші факторы болып табылады. Ал басқа жағынан қарағанда психиканың прогрессивті дамуынсыз жануарлардың қозғалыстық белсенділігі жетілмеуші еді, және де биологиялық адекватты қозғалыстық реакцияларды шығармаушы еді, және мүмкін емес еді. Психика сыртқы ортаның біздің жүйкеге тітіркенеуі барлық организмдерге тән. А.Н.Леонтьев (1972 ж) «тірі материаның психикаға дейінгі деңгейін ортаның өмірлік қажетті жағдайларын бейнелеу қабілеттілігінен тұрады» - деді. Осы қабілетті тітіркену деп атаған. Эвалюция даму барысында тітіркенушіліктің жаңа формасы сезгіштік пайда болады. Жануарлар психикасын тәртіптен бөлек қарастыруға болмайды. Егер психика олардың ішкі дүниесі болса, тәртіп осы тәртіп әрекетінің сыртқы жиынтығы. Негізінен ол қимыл-қозғалыс белсенділігінен көрінеді. Қимыл- қозғалысы неғұрлым белсенді болған сайын оның психикасының дамуы жоғарлайды. Барлық психикалық құбылыстардың пайда болуының бірінші себебі: тәртіп, яғни ол қоршаған ортамен байланыс жасайды. Жануарлар психикасы мен олардың тәртібінен арнайы ғылым жануарлар психологиясы (Фараби 1993 ж.) айналысады. Психиканың күрделенуі жүйке жүйесінің эволюциясының дамуымен байланысты. А.Н. Леонтьев және кейіннен Фабри зоопсихологиялық жаңалықтар негізінен жануарлар тәртібінің негізгі даму стадияларын дамытты. Бұл концепцияда 2 стадия: 1. Элементарлы сенсорлы психика стадиясы ол 2 деңгейде: 1) жоғары; 2)екінші. 2. Перцептивті психика стадиясы ол ең жоғарғы; төменгі, жоғарғы, деңгейлерінен тұрады. 3.Семинар сабақтарының сұрақтары: 1. Зоопсихология ғылымы туралы түсінік. 2. Зоопсихология жануарлар психикасы жайлы ғылым.Ғылымдар жүйесіндегі орны. Негізгі салалары.Ғылымның маңызы. 3. Жануарлар психикалық әрекеті. Психика және эволюция. 4. Жануарлар мінез –құлқын реттейтін қарапайым түрлер.Таксистер, олардың функциялары. Тропизм. Жануарлар психикасының даму деңгейлері. 5. Инстинктивті әрекеттің құрылымы мен факторлары. Инстинктер. Инстинктивті мінез – құлықтың бірліктері. 6. Инстинктивті мінез – құлықтың негігі функциясы. Инстинктивті мінез – құлықтың ішкі және сыртқы фактолары. Инстинктивті мінез – құлықтың құрылымы. 7. Үйрету процесінің психолгиялық ерекшеліктері.Үйрету түрлерінің клссификациясы: ассоциативті және неассоциативті. 8. Когнитивті процестер. Үйретудің әдістері мен түрлері. 9. Жануарлар психикасының сенсорлық түрі. Психиканың қарапайым сенсорлық сатысының сипаттамасы. 10. Жануарлар психикасының қарапайым деңгейінің дамуы. 11. Жануарлардың перцептивті психикасы. Перцептивті психика деңгейінің сипаттамаысы. 12. Жүйке – жүйесінің құрлымы мен ерекшеліктері. Сенсорлық қабілеттері мен сезім органдары.Перцептивті психиканың өкілдері. Мінез –құлықтың жоғарғы формалары. 13. Жануарлар психикалық әрекетінің онтогенезде дамуы. Психикалық әрекеттің пренатальды және натальды кезеңдерде дамуы. 14. Мінез – құлық пен психиканың онтогензі. Омыртқалылардың онтогенезі.Жануарлар мінез құлқына әсерететің себептер. 15. Психиканың ювенильді кезеңде дамуы. Жануарлардың ойын белсенділігі. Жануарлар ойының теориясы. Ойын компоненттері.Фабри сипаттамасы бойынша ойын түрлері. 4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау. Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса). Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс- әрекетте қолданылуынан тұрады. СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді. І. Берілген тақырыпты конспектілеу. Негізгі талаптар: 1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. 2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. 3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет- ретімен жүйелі баяндауы қажет. 4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс. 5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. Реферат жазуда не ескеріледі? 1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды. 2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал. 3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады. 4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады. 5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет. 6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады. Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар) 1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару; • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу; • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету; • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру. 4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары 1. Психиканың әлемдегі басқа құбылыстардан айырмашылығы. 2. Жүйке – жүйесі және психика дамуындағы ролі мен жетілуі. 3. Жануарлар психикасы дамуының негігі кезеңдері. 4. Инстинктивті мінез – құлық және үйрету. 5. Адамдардағы психикалық қарапайым және жоғарғы функциялар. 6. Психика мен қарапайым мінез – құлықтың қалыптасуы. 7. Эмбриогенездік мінез – құлықтың тұқым қуалаушылық негізі. 5.СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫСЫ Студенттердің өз бетінше жұмысы – көп күш жігер жұмсауды қажет ететін жұмыстың түрі. СӨЖ – арнаны уақыт ішінде оқытушының тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындайтын жұмыстары. СӨЖ үшін белгілі дәрежеде студенттің ақыл-ойы, күш-жігері, білімі мен қабілеті жұмсалады. СӨЖ-ның түрлері мен типтері, классификациясы педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде бұрыннана қалыптасқан. Жоғары мектептің қазіргі дидактикасы СӨЖ-ның төмендегідей классификациясын тиімді деп есептейді ➢ Үлгі бойынша өз бетінше жұмыс; ➢ Сындарлы-вариативті (конструктивно-вариативный) өз бетінше жұмыс; ➢ Эвристикалық өз бетінше жұмыс; ➢ Ізденушілік өз бетінше жұмыс; өз бетінше іздену студентке ғылыми көзқарасының қалыптасуына және шығармашылық кәсіптік қабілеттің дамуына негіз салады. Студенттердің өз бетінше жұмысының түрлеріне: ➢ Оқулық және қосымша әдебиеттермен жұмыс; ➢ Сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс жасай білу ➢ Коллоквиумда, семинарда өз көзқарастарын ауызша айта білу; ➢ әр пәннің ерекшелігіне сай негізгі ұғымдарды таба білу және қорытынды жасай білу ➢ конспект, шығарма, мәнжазба, баяндама,аннотация жазу; ➢ жаттығулар орындау, кестені толтыру, сызбалар сызу ➢ тезис, жоспар құру, ауызша пікір айту жатады. ----------------------- E1 E2 A
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz