Файл қосу

САЛА БОЙЫНША ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР МЕН ЖАБДЫҚТАР ПӘННІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ                    |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ                                           |
|МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                                   |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты   |ПОӘК               |ПОӘК 042-18-5.1.69/02-2013    |
|ПOӘК                    |«__»____ 2013 ж.   |                              |
|«Сала бойынша           |№ ___ басылым      |                              |
|технологиялық процестер |                   |                              |
|мен жабдықтар»          |                   |                              |
|пәнінің студенттерге    |                   |                              |
|арналған бағдарламасы   |                   |                              |



                       ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ


           5В073200 - «Стандарттау, сертификаттау және метрология»
                            мамандығына арналған


            «САЛА БОЙЫНША ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР МЕН ЖАБДЫҚТАР»

                  ПӘННІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ














                                    Семей
                                     2013
                                  Алғы сөз

    1.  ӘЗІРЛЕНДІ
    Құрастырушы:
    Г. Абдилова ____________   Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университетінің   «Тамақ   өндірісінің    машиналары    мен    аппаратттары»
кафедрасының доцент м.а., т.ғ.к.


                                                       «____» _______2013 ж.


    2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
    2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тамақ
өндірісінің машиналары мен аппаратттары» кафедрасы мәжілісінде қаралды
    «___» __________ 2013 ж., № ___ хаттама


    Кафедра меңгерушісі ___________  М. Акимов.


    2.2  Инженерлі-технологиялық  факультеттің   оқу-әдістемелік   бросының
отырысында қаралды
     «___» __________ 2013 ж., № ___ хаттама


      Төрайым  ___________  С. Толеубекова.


      3  БЕКІТІЛДІ
      Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің  отырысында  талқыланды  және
басылымға рұқсат етілді
      «___» __________ 2013 ж., № ___ хаттама


      ОӘК төрайымы _______________  Г. Искакова

      4  АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН
















                                   Мазмұны



    |1   |Жалпы ережелер                                                       |    |
|2   |Пәннің (модульдің) мазмұны және сағаттарды бөлу                      |    |
|3   |Пәндерді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар                   |    |
|4   |Курс форматы                                                         |    |
|5   |Курс саясаты                                                         |    |
|6   |Бағаларды кою саясаты                                                |    |
|7   |Әдебиеттер                                                           |    |





































      1  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      1.1 Оқытушы және пән бойынша жалпы мәліметтер
Оқытушылардың аты-жөні –Абдилова Галия Бекеновна.
«Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедрасы
Байланыс ақпараты - № 9 оқу ғимараты, № 109 кабинет, тел: 35-05-90
Сабақ өткізетін аудиториялар № 107
Пәннің аталуы – «Сала бойынша технологиялық процестер мен жабдықтар»
Кредит саны – 3


      1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Жоғары  сапалы  құрылыс  материалдарын   алуға   мүмкіндік   беретін   жаңа,
тиімділігі жоғары технологиялық процестер мен аппараттарды өндіріске  енгізу
үшін «Сала бойынша технологиялық процестер мен жабдықтар» жөніндегі  білімді
терендету және жетілдіру қажет.
      1.3  Пәнді оқыту мақсаты:
      «Сала бойынша технологиялық процестер мен  жабдықтар»  курсының  оқыту
барысында  технологиялық  процестердің  негізгі  түрлерімен  таныстыру,  осы
процестерді өткізу үшін қолданылатың аппараттар мен машиналардың  инженерлік
есептеу методикасын оқып үйрену.
      1.4 Пәнді оқытудың маңызы:
      Студенттерге жүйеленген анализын  қолдану  негіздерін;  процестер  мен
апараттарды  жалпы  оқып  білу;  есептеу   схемесын   шығару   және   өндеу;
технологиялық процестердi тиiмдiлігін жоғарлату жолдарын қарастыру.
    1.5  Пәнді оқытудан күтілетін нәтижелер:
       - технологиялық процестерді қолдану туралы;
       - аппараттар мен машиналардың құрылысын және жұмыс істеу тәртібін;
       - аппараттар мен машиналардың геометриялық өлшемдерін анықтауды;
       - процестердің шығын сипаттамалырын есептеу;
       - процестерді басқару және оларды оптимизациялау;
       - есептеулерді іс жүзінде асыру және т.б.
    1.6 Курстың пререквизиттеры:
          1. гидрогазодинамика;
          2. қолданбалы механика;
     1.7 Курстың постреквизиттеры:
         1.7.1 саланың технологиялық жабдықтары.












                  2  ПӘННІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРДЫ БӨЛУ 2-кесте
|Тақырыптың атауы                      |Сағаттары                              |
|                                      |ДС     |ПС   |ОСӨЖ    |СӨЖ    |Әдебиет  |
|1                                     |2      |3    |4       |5      |6        |
|1. Пәнді оқытудың оқытудың маңызы және|1      |     |1       |3      |7.1.1    |
|есептеудің жалпы принциптері          |       |     |        |       |         |
|2. Ұқсастық теория негіздері және     |1      |     |1       |3      |7.1.1    |
|тамақ өндірісіндегі аппараттарға      |       |     |        |       |         |
|қойылатын талаптар                    |       |     |        |       |         |
|3. Жылу процестері                    |1      |2    |1       |3      |7.1.4    |
|4. Жылу алмасу бетін анықтау          |1      |     |1       |3      |7.1.1    |
|5. Буландыру процесі                  |1      |2    |1       |3      |7.1.2    |
|6. Көп корпусты буландыру қондырғылары|1      |     |1       |3      |7.1.1-7.1|
|                                      |       |     |        |       |.3       |
|7. Массаалмасу процесінің негіздері   |1      |     |1       |3      |7.1.1    |
|8. Кептіру процесі                    |1      |2    |1       |3      |7.1.3    |
|9. Механикалық процестер. Ұсақтау және|1      |2    |1       |3      |7.1.1    |
|кесу процесі                          |       |     |        |       |         |
|10. Механикалық процестер. Престеу    |1      |     |1       |3      |7.1.2    |
|және сұрыптау процесі                 |       |     |        |       |         |
|11. Гидромеханикалық процестердің     |1      |     |1       |3      |7.1.1    |
|жіктелуі.                             |       |     |        |       |         |
|12. Араластыру процесінің жіктелуі.   |1      |2    |1       |3      |7.1.4    |
|13. Центрифугалау. Центрифугалардың   |1      |2    |1       |3      |7.1.1    |
|түрлері.                              |       |     |        |       |         |
|14. Тұну процесінің теориясы.         |1      |1    |1       |3      |7.1.1    |
|15. Сүзу процесі. Сүзгілер.           |       |2    |1       |3      |7.1.1    |
|Барлығы                               |15     |15   |15      |45     |7.1.1    |



    3 ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР


    Пәнді меңгеру барысында тақырыптардың негізгі  мазмұнына  көңіл  аудару
керек. Ол үшін студенттің  оқулықпен  жұмысын  жеңілдету  мақсатында  оқыту-
әдістемелік кешені  ұсынылады.  Әрбір  тақырыптың  дәрісі  соңында  өзін-өзі
тексеру сұрақтары бар.
    Оқулықты дұрыс таңдаудың үлкен мағынасы бар. Бірнеше оқулықты қатарынан
пайдалану дұрыс  емес.  Ұсынылған  әдебиеттердің  ішіндегі  біреуін  негізгі
әдебиет етіп таңдап алу керек.  Басқа  оқулықтарды  егер  де  қажет  тақырып
жайында мағлұмат болмағанда немесе аз болған жағдайда пайдаланған жөн.
    Теориялық алған білімдерін студенттер  практикалық  есептерді  шығарған
кезде ғана меңгерілді деп есептеуге болады.



           КУРС ФОРМАТЫ


    Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан 2 рет жүргізіледі. Дәріс сабақтарында
күрделі, мәселелі сұрақтарды қарастырады.  Мысалы дәрістер құрылымы  мынадай
– сабақ  мәнін  талқылау  немесе  блиц-сұрақ  (10(15  минут),  дәріс  (35(40
минут), материалдарды бекіту. Сабақты мұндай  құрылымда  жүргізу  студенттен
жүйелілікті, ұсынылған  әдебиеттермен  өздігінен  жұмыс  жасай  білуді  және
дәрістегі жаңа тақырып бойынша материалдарды білуді талап етеді.
      Зертханалық сабақтар  теориялық  материалдарды  тереңірек  қарастыруды
қажет ететін мәселелерді шешуге арналған.
      Аудиториялық  ОСӨЖ  уақытында  сіздердің  дәріске  немесе  зертханалық
сабаққа дайындалу процесінде, сондай-ақ үйге берген  өздік  жұмысын  орындау
кезінде  туындаған сұрақтарыңызды қарастырамыз.
      Сонымен қатар аптасына  бір рет, кафедрада бекітілген график  бойынша,
мен жекелей немесе топпен консультация түрінде ОСӨЖ сабағын өткіземін.
    Пәнді оқуға арналған сабақ уақытының үштен бір бөлігінде, сіздер  менің
көмегімсіз өздеріңіз жұмыс жасайсыздар. Өздік жұмысына арналған  тапсырмалар
түрлері, ОСӨЖ және СӨЖ жоспары – кестесінде көрсетілген.

        КУРС САЯСАТЫ



    Пәнді  оқуға  берілген   барлық   кезеңде,   менің   сіздерге   қойатын
талаптарымның  барлығын  орныдайсыз   және   бір-бірімізді   түсінеміз   деп
ойлаймын.
      1. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол  сізді  курсты  толық
меңгеруден  босатпайды.  Егер  студент   сабақтарды   себепті   жағдайлармен
босатса, онда  ол  факультет  деканатынан  анықтама-рұқсат  алуға  міндетті.
Рұқсат алғанан кейін студент  сабаққа  қатыса  алады.  Босатқан  сабақтардың
тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және  көрсетілген  уақытта
оны  орындап  тапсыру  қажет.  Тапсырма  тиісті   бағамен   бағаланады,   ал
босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды.
      2. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық  жұмыстарға  және  емтихандарға
белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ  өз  уақытында  және  шамаңыз
келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында  өткізуіңіз
керек. Тапсырмаларынызды пунктуальды және  уақытында  тапсыруларыңыз  керек.
Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге  жетуге  мүмкіндік
береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе  оқытушының  ескертуіне
құлақ аспаса, ол студентті сабақтан шығарып жібере алады және  ол  студентті
тәртіпке салу үшін оған қосымша тапсырмалар беріледі.
      3. Аудиториялық сабақ уақытында  Сіздердің  ұялы  телефондарыңыз  өшіп
тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы  студентті  жауапқа  тартуға
құқығы бар.
      4. Сіздер студенттермен  және  оқытушыларыңызбен  ашық,  шыдамды  және
мейірімді болулары керек.
      5. Біреуден көшіріп алу  және  плагиат  (дайын  тапсырмаларды  қолдану
немесе  көшіріп  алу  және  басқа  студенттердің  көмегін  пайдалану)   үшін
Оқытушының    студентті    аудиториядан     шығарып     жіберуіне     немесе
қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар.
      6. Межелік  аттестация  қорытындысы,  студенттің  сабаққа  қатысуымен,
өзіндік  жұмысты  орындауымен,  сабақта  ауызша  және   жазбаша   жауаптарға
байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады.

      6  БАҒАЛАРДЫ  ҚОЮ САЯСАТЫ


      Пән бойынша үлгерімді бақылау келесі түрде жүзуге асырылады:
  - ағымдағы бақылау («Сала бойынша технологиялық процестер мен жабдықтар»
      пәнінің оқу процесінің күнтізбелік кестесіне сәйкес жүргізіледі)
      - межелік бақылау (7 және 15 апталар)
      - қорытынды бақылау
      Ағымдағы   бақылау   кезінде   студенттің   дәріс   және   зертханалық
сабақтардағы жұмысы бағаланады,  сонымен  қатар  үй  тапсырмаларын  орындау,
рефераттарды жазу және т.с.с.
      Межелік бақылау – оқытушының  қатысуымен  тесттерге  жауап  беру  және
аудиториялық бақылау жұмыс орындау.
      Пән  бойынша  баға  100  %-тік   шкала  бойынша  пайыздық   мөлшерімен
қойылады.


«Сала  бойынша  технологиялық  процестер   мен   жабдықтар»   пәні   бойынша
ұпайлардың үлестірілуі
                                                                     2-кесте
|Апта |Бақылау түрі                               |Ұпайлар         |Ескерту    |
|1    |2                                          |3               |4          |
|1-7 апталарда дәрістерге және зертханалық         |30              |           |
|сабақтарға қатысу                                 |                |           |
|1    |Тапсырмалар түрлерімен танысу              |                |           |
|2    |Ауызша жауап беру                          |20              |ПС         |
|3    |Ауызша жауап беру                          |20              |ПС         |
|     |Аудиториялық бақылау жұмыс                 |15              |ОСӨЖ       |
|4    |Ауызша жауап беру                          |20              |ПС         |
|     |Реферат                                    |30              |СӨЖ        |
|5    |Ауызша жауап беру                          |20              |ПС         |
|     |Аудиториялық бақылау жұмыс                 |15              |ОСӨЖ       |
|6    |Ауызша жауап беру                          |20              |ПС         |
|     |Реферат                                    |30              |СӨЖ        |
|7    |Межелік бақылау 1                          |80              |           |
|1-7 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар      |300             |           |
|8-15 апталарда дәрістерге, практикалық және       |30              |           |
|лабораториялық сабақтарға қатысу                  |                |           |
|8    |Ауызша жауап беру                          |15              |ПС         |
|9    |Ауызша жауап беру                          |15              |ПС         |
|10   |Ауызша жауап беру                          |15              |ПС         |
|     |Аудиториялық бақылау жұмыс                 |15              |ОСӨЖ       |
|     |Ауызша жауап беру                          |15              |ПС         |
|11   |                                           |                |           |
|     |Реферат                                    |30              |СӨЖ        |
|12   |Ауызша жауап беру                          |15              |ПС         |
|     |Ауызша жауап беру                          |15              |ПС         |
|13   |                                           |                |           |
|     |Аудиториялық бақылау жұмыс                 |15              |ОСӨЖ       |
|     |Ауызша жауап беру                          |15              |ПС         |
|14   |                                           |                |           |
|     |Реферат                                    |30              |СӨЖ        |
|15   |Межелік бақылау 1                          |75              |           |
|8-15 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар     |300             |           |
|Емтиханға арналған барлық ұпайлар                 |400             |           |
|Академиялық кезеңге арналған барлық ұпайлар       |1000            |           |


      7  ӘДЕБИЕТТЕР



      7.1. Негізгі әдебиет
      7.1.1  Ә. Ақбердиев, М.М. Молдабеков  Химиялық  технологияның  негізгі
процестері және аппараттары. 1 бөлім. Алматы. 1993 ж.,  302 бет
      7.1.2  Ә. Ақбердиев, М.М. Молдабеков  Химиялық  технологияның  негізгі
процестері және аппараттары. 2 бөлім. Алматы. 1994 ж.,  183 бет
      7.1.3 Ә. Ақбердиев   Тамақ  өндірісінің  процестері  және  аппараттары
/оқулық/, Алматы. 1997 ж., 207 бет
      7.1.4  Какимов А.К., Тусипов Н.О., Еренгалиев А.Е.,  Масленников  С.Л.
Тамақ өндірісінің процестері  мен  аппараттарын  жобалау.  Оқулық  құрал.  –
Шәкәрім атындағы СМУ, 2008. – 204 бет (ҚР БҒМ жанындағы ОӘК ұсынылған)
      7.2  Қосымша әдебиет
      7.2.1 Стабников В.Н., Лысянский В.М., Попов В.Д. Процессы и   аппараты
пищевых производств  М.: Пищевая промышленность, 1985
      7.2.2 Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии
 М.: Химия, 1971
      7.2.3 Павлов К.Ф., Романков П.Г., Носков  А.А.  Примеры  и  задачи  по
курсу процессов и аппаратов химической технологии  Л.: Химия, 1987
      7.2.4 Еренгалиев А.Е., Масленников С.Л., Какимов  А.К.,  Тусипов  Н.О.
Проектирование процессов и аппаратов пищевых производств.  Учебное  пособие.
СГУ имени Шакарима, 2008 – 208 с. (рекомендовано УМС МОН РК)


Пәндер