Файл қосу
Лингвистикалық мектептер
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3-деңгейлі СМЖ | | | |құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-18-28.1.09/03-2014 | |ПОӘК «Қазақ тілінің тарихы» |______2014 жылғы | | |пәніне арналған |№ басылым | | |оқу-әдістемелік материалдар | | | 5В050117- Қазақ тілі мен әдебиеті 5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған «Қазақ тілінің тарихы» ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2014 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәріс сабақтарының мазмұны 3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны 4 Студенттердің өздік жұмысы 5 Өзгерістерді тіркеу парағы 6 Әріптестердің танысуы 1 ГЛОССАРИЙ Салыстырмалы – тарихи тіл білімі – шығу тегі жағынан бір – біріне жақын тілдерді зерттейтін тіл білімінің саласы.Негізгі мақсаты – туыс тілдердің арақатынасын анықтап зерттеу арқылы олардың даму жолдарын сипаттау.Оның қалыптасуы Еуропа ғалымдарының көне үнді әдеби тілінің үлгісі санскритпен танысуынан басталып, 18 ғ. 2 – жартысы мен 19 ғ. Басына сәйкес келеді. Типологиялық тіл білімі – тілдердің шығу тегіндегі өзара қатынасының қандай екеніне қарамастан, олардың құрылымдық және функционалдық белгілерін салыстыра зерттеу нәтижесінде 19 ғасырдың орта шенінде туған. Типологиялық тіл білімі жалпы тіл білімінде анықталған құрылымдық және функционалдық концепцияларға сүйене отырып, жеке тілдерді зерттеуге негізделеді. Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea – кеңістік, аудан) – лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы, 19 ғ. 2 – жартысы мен 20 ғ. Басында пайда болған. Структуралық тіл білімі – тілді таңбалар жүйесі деген қағидаға және тіл құрылымындағы жігі айқын элементтерге сүйене отырып, олардың формалды жағын қатаң түрде (нақты ғылымдарға жақындығын) зерттейтін тіл білімінің саласы.Оның жеке сала ретінде қалыптасқан кезі – 20 ғасырдың 20 – 30- жылдары. Психологиялық тіл білімі – сөйлеу процесінің қалай іске асатыны, адам психикасындағы қабылдау, түйсік, байымдаумен сөйлеудің байланысын, оның тіл жүйесіне қатысын зерттейтін тіл білімінің саласы.Бұл бағыт 19 ғасырдың орта шенінде пайда болған. Этникалық тіл білімі. Этнолингвистика – грекше ethnos халық, тайпа) – тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.Этнография ғылымының құрамында 19-20 ғасырлар арасында дербес бағыт ретінде пайда болған.Оған 19 ғасырдың 70-ші жылдарында Солтүстік және Орталық Америка жеріндегі көптеген үндіс тайпаларының зерттелуі ықпал етті. Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым – қатынас құралы деп қарайтын бағыт, 19-20 ғасырлар аралығында пайда болған. Эстетикалық бағыт - тілді эстетикалық философия тұрғысынан зерттеу нәтижесінде 20 ғ. басында Батыс Еуропа тіл білімінде туған бағыт. Синхрониялық тіл білімі – тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, құрылымын сипаттап зерттейтін тіл білімі.Оны сипаттама тіл білімі, нормативті тіл білімі деп те атайды. Диахрониялық тіл білімі – тілдің тарихи уақыт ішінде өзгеруі мен дамуын зерттейтін тіл білімі.Оны тарихи тіл білімі деп те атайды. Дескриптивтік тіл білімі – Америка үндістерінің тілін зерттеуге байланысты америкалық структурализм құрамында 20 ғасырдың 30-50- жылдарында пайда болған тіл білімі.Оның мақсаты – тілдің лексикалық, грамматикалық мағыналары туралы мәліметтерді пайдаланбай – ақ, тіл элементтерінің өз айналасында болатын өзгерістерін (өзара тіркесімділігі т.б.) зерттеу арқылы сөйлеу процесін сипаттау. Бұл – дистрибуция әдісін қолдану арқылы тілді формалды түрде зерттейтіндіктен, дистрибуциялық тіл білімі деп те аталады. Қолданбалы тіл білімі – тілді практикалық талаптарға сәйкестендіріп қолданудың ғылыми жүйесін қалыптастыратын тіл білімінің саласы.Ол ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың орта кезінен белгілі болды.Мысалы, графика мен орфографияны қалыптастыру, сөздіктер жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, әдеби норманы орнықтыру, терминдерді жүйеге келтіру т.б. қолданбалы тіл білімінің қарайтын мәселелері. Функционалдық тіл білімі – структуралық тіл білімінің тілдің қатынас құралы ретінде функциялық жағына баса назар аударатын саласы.20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дамыған. Паралингвистика - (грекше рara – жанында, қасында) – сөйлеу үстінде қолданылатын тілдік емес, қосымша құралдарды (дауыс ырғағы, дауыс әуені, интонация, бет, қол, дене қимылы т.б.) зерттейтін тіл білімінің саласы. Этнографизмдер – этнолингвистиканың негізгі зерттеу нысаны. Этноографизмдерге жеке сөздер, баламалар, тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, макал-мәтелдер, қанатты сөздер, жұмбақтар т.б.жатады. семасиология - сөз мағынасы, оның өзгеруі, ауысуы. 2 ДӘРІСТЕР № 1,2 дәрістер Ежелгі заман тіл білімі Дәріс жоспары: 1.Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар 2Филологияның тууына түрткі болған себептер. 3Ежелгі заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер. 4 Ежелгі Қытай тіл білімі 5 Ежелгі Үнді тіл білімі 6 Ежелгі Грек тіл білімі Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египеттіктердің, шумерлердің, т.б. шығыс халықтарының жоғары мәдениетті болғандығын, әр түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл ғылымы көне ғылымдардың бірі екендігін байқауға болады. Бірақ египеттіктердің, шумерлердің тілге байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған, біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үндістан, Ежелгі Греция елдеріне тән. Сөйтіп, тіл тарихы дегеніміз тарихи кезеңдерде жалпы тіл туралы, жеке тілдер туралы жинақталған теориялық ілім-білімдердің, тілді зерттеудің әдіс- тәсілдердің, тілді, адам, қоғам қызметінің әр саласында пайдалану тәжірибесінің жиынтығы болып табылады. Тіл ғылымы тарихын әр түрлі кезеңдерге бөлушілік бар. Бірақ онда бірізділік жоқ. Дегенмен, шартты түрде болса да, төмендегідей жіктеуді ұсынуға болады. Олар: 1. Ежелгі дәуір тіл білімі. 2. Орта ғасыр тіл білімі. 3. Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. 4. 19 ғасыр тіл білімі. 5. 20 ғасыр тіл білімі. Ежелгі Қытай тіл білімі. Қытай – мәдениеті, ғылыми ой-пікірі ертеде дамыған, дүниежүзілік мәдениетке зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытай тіл білімінің тарихы екі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Қытай тіл білімі 19 ғасырдың аяғына дейін басқа елдердегі тіл білімінің әсерінсіз өз бетінше дамыған. Тіл ғылымы тарихында өзіндік дәстүр қалыптастырған. Бірақ Қытай тіл білімі әлемдік тіл ғылымына мәнді үлес қосқан жоқ, ұлттық шеңберден шыға алмады. Қытай жазба ескерткіштері біздің заманнан 15 ғасыр бұрын пайда болған. Олар мал сүйектеріне, әсіресе жауырынға жазылып сақталған. Ежелгі Үнді тіл білімі. Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы 5 ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми жүйелілігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үнді тіл білімі бұдан да бұрын болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық қажеттіліктен туған. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған «Веда» деп аталатын жазба ескерткіштері болған. Ежелгі Грек тіл білімі. Ежелгі дәуір тіл білімінің тағы бір отаны - Ежелгі Греция. Грецияда туған тіл біліміндегі ой-пікір бүкіл Еуропа тіл ғылымының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. Ф. Энгельстің: «Греция мен Рим қалаған негіз болмаса, қазіргі Еуропа да болмас еді» деген сөзін тіл біліміне байланысты да айтуға болады. Тіл мәселелеріне байланысты бұл елден біздің дәуірге жеткен жазба материалдар жыл санауымыздан бұрынғы 5 ғасыр жыл санауымызға дейінгі 5 ғасыр шамасынан басталады. Рим тіл білімі. Грецияны жаулап алған римдіктер тіл білімін дамытуға айтарлықтай үлес қоса алмады. Олар Александрия грамматистерінің ілімін өз тіліне сәйкестендіріп қолданудан аса қойған жоқ. Рим грамматистері ішіндегі ең көрнектісі – Варрон (жыл санауымызға дейінгі 1 ғасырда өмір сүрген), кейінірек Доната (4ғасырда) болды. Бұлар латын тілі грамматикасын жазды. Пайдаланылған әдебиеттер: • Амирова Т.А. Олбховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики.М., 1975 • Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985 • Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1978 • Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. М., 1979 • Гумбольдт В.А. Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Бодуэн де Крутенэ Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Звегинцев В.А. Внутренные законы развития языка. М., 1985 • Кодухов В.И. Общее языкознани. М., 1974 • Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі, А., 2004 • Лингвистический энциклопедичесуий словарь. М., 1990 3,4-ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ОРТА ҒАСЫР ТІЛ БІЛІМІ Дәріс жоспары: 1.Орта ғасыр дәуірінің ерекшеліктері. 2.Әлемдік діндердің, канондық тілдердің пайда болуы, тіл біліміне тигізген әсері. 3.Орта ғасыр лингвистикасына тән сипаттар. Орта ғасыр – адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір. Еропа тарихы тұрғысынан қарағанда бұл мезгілді үш кезеңге бөлуге болады: а) 3-5 ғасырлар арасы. Бұл – құлдық дәуірдің ыдырап, феодалдық қоғамның құрыла бастаған кезеңі; ә) 6-10 ғасырлар аралығы. Бұл – феодалдық қатынастың әбден орнығып, гүлденген заманы; б) 11-16 ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың ыдырап, капиталистік қоғамның туа бастаған, тарихта қайта өркендеу дәуірі (ренессанс) деп аталатын кезең. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі - әр түрлі діндердің әлемдік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан діндерін жатқызуға болады. Араб тіл білімі. Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан халықтардың бірі – арабтар. Бұлардың жазбалары 4 ғасырлардан басталады. Арабтар – тіл ғылымының дамуында да елеулі рөл атқарды. Ортағасырлық арабтарда тіл білімінің ерекше дамыған кезі – Халипат дәуірі деп аталатын 7-12 ғасырлар шамасы. Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, Қайта өркендеу дәуірі 14-16 ғасырлар арасын қамтиды. Бұл – қоғам дамуында орта ғасырдың аяқталып, жаңа тарихтың, буржуазиялық қоғамның басталған кезі. 14ғасырдан бастап, алдымен Италияда қалыптасқан «Қайта өркендеу» деген термин феодалдық қатынастың орнына келген капиталистік қоғамдағы буржуазия мәдениетімен тығыз байланысты болды. Өйткені Қайта өркендеу дәуірі озық ойдың еркін дамуына мейлінше кедергі жасаған, догмалық ережелерге сүйенген ортағасырлық кертартпа дәстүрден, мешеу мәдениеттен шынайылықты, гуманизмді уағыздайтын жаңа дәуір мәдениетіне өту болып табылады. Бұл дәуірде орта ғасырда діннің қуғынына ұшырап, елеусіз қалған көне мәдени мұраларға ерекше көңіл бөлу, оларды қайта көркейту, өрлету ұраны көтерілді. Сірә, жаңа дәуірдің «Қайта өркендеу» деп аталуы да осыдан болса керек. Универсал грамматика 1660 жылы жарияланған. Оны француз ғалымдары – логик, философ, профессор Антуан Арно (1612-1694) мен грамматист, филолог, профессор Колод Лансло (1616-1695) екеуі бірігіп жазған. Бұлар өз заманында Франциядағы ғылым мен халық ағарту істерінің орталығы болған Пор-Рояль монастырының ғалымдары болғандықтан және грамматика сол монастырьда шыққандықтан, оны «Пор-Рояль грамматикасы» деп те, «Рационалды жалпы грамматика» деп те атайды. Пайдаланылған әдебиеттер: • Амирова Т.А. Олбховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики.М., 1975 • Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985 • Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1978 • Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. М., 1979 • Гумбольдт В.А. Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Бодуэн де Крутенэ Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Звегинцев В.А. Внутренные законы развития языка. М., 1985 • Кодухов В.И. Общее языкознани. М., 1974 • Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі, А., 2004 • Лингвистический энциклопедичесуий словарь. М., 1990 5,6-ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ХІХ ғасыр тіл білімі Дәріс жоспары: 1.ХҮІІІ-ХІХ ғасыр тіл білімінің зерттелу жайы. Тілдердің бір –біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни 19 ғасырдан көп бұрын белгілі болған. Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд Қашқари 11 ғасырдың өзінде айқындады. Ол түркі тілдерін қыпшақ, оғыз, түркі деп аталатын үш топқа бөліп зерттеді. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жайт19ғасырдың алғашқы он жылдығында орныға бастайды. Әрине, жаңа әдістің қалыптасуы – ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. 18 ғасырдың соңғы жартысы мен 19 ғасырдың алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті. 19 ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбек жарық көрді. 1816 жылы неміс Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің туыстығы дәлелденді. Бопп бұл тілдерден жинаған материалдарын иран, славян, балтық бойы халықтары, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп, 1833-1849 жылдар арасында «Үндіеуропа тілдерінің салыстырма грамматикасын» жазды. Франц Бопп (1791-1867) Майнце қаласында туған. Гимназияда оқып жүрген кезінде-ақ санскрит, парсы, араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген. 1821 жылы Берлин университетіндегі шығыс әдебиеті және жалпы тіл білімінің профессоры, 1829 жылы академик. Оның ең басты еңбегі – «Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы». Бұл еңбек үш томнан тұрады: 1833-1852 жылдары бірінші рет, 1856-1861 жылдарда жөнделіп екінші рет, 1868-1870 жылдары үшінші рет басылды. Расмус Кристиан Раск (1787-1832) Копенгаген университетінде оқыған. 1823 жылдан бавстап осы университеттің профессоры. Ол 20-шақты тілді білген: испан, итальян, француз, көне ағылшын, швед, т.б. көптеген тілдердің грамматикасын жазған. Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, ислан тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» деп аталады. Бұл еңбегінде автор гот (герман) тілдерінің латын, грек тілдерімен туыстастығын дәлелдейді. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі – неміс ғалымы Якоб Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. Мұнда автор неміс тілінің қалыптасу, даму жолдарын, оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір- біріне салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен қатар қоя қарау арқылы айқындайды. Тіл философиясы. Тіл философиясы тіл білімінен көп бұрын пайда болған. Тіл ғылымы дүниеге келген күнінен бастап философиямен тығыз байланыста келеді. Ол туралы алдыңғы тарауларда айтылды. Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға 19 ғасырда ғана ие болды. 19 ғасырда Еуропа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік нысанының айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты – тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары – Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт (1767-1835) болды. Тіл ғылымы тарихында оны салыстырмалы тіл білімінің, жалпы тіл білімінің және тіл философиясының негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Осы әдістің принциптері, проблемалары шеңберінен тысқары да көптеген проблемаларын көтеріп, теориялық тұжырымдар жасады. Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен материалдық дүние, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл білімінің салалары, т.б. Гумбольдт зерттеген проблемалар қатарына жатады. Оның бұл салалардағы тұжырымдарын толық та айқын баяндайтын еңбектері – «Адамзат тілі құрылысының әр алуандығы туралы» (1827), «Ява аралығындағы Кави тілі туралы» (1836) деп аталатын туындылары. В. фон Гумбольдтың философиялық-тілдік ілімі негізінде тілді және оны зерттеу туралы қалыптасқан көзқарастар жиынтығынан гумбольдтианство пайда болды. Ол алдымен Германияда, кейін Ресейде дамыды. Гумбольдт ілімін қостап жалғастырушылардың бастылары Х.Штейнталь, В.Вундт (Германия), А.А. Потебня (Ресей) сияқты ғалымдар болды. 20 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америкада неогумбольдтианство бағыты дамыды. Ол негізінен тілдің семантикалық жағын зерттеуге және тілді халық мәдениетімен тығыз байланыста зерттеуге мән берді. Бірақ идеалистік, метафизикалық философия тұрғысынан тілдің ой-сана мен танымдық процестегі қызметін асыра бағалады. Типологиялық зерттеу. Салыстырмалы-тарихи зерттеу - өзара туыстас, төркіндес тілдер семьясын жеке-жеке зерттегені болмаса, әр семьяға жататын тілдерді бір-біріне салыстыра жинақтап қарау, сөйтіп, дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ типтік сипаттарды ашу ісінде дәрменсіз болды. Ал, жалпы тіл білімі тек тілдер туыстастығын айқындауды ғана көздемейді, ол дүние жүзіндегі тілдердің жалпыадамзаттық сипаттарын, типтік белгілерін ашып, тіл атаулының барлығын да қамти алатын типологиялық классификация жасауды да қажет етеді. Осы мақсатты іске асыру үшін салыстырмалы-тарихи зерттеумен замандас салыстырудың екінші түрі, типологиялық салыстыру дүниеге келеді. Тіл білімінде зерттеудің бұл түрі салыстырмалы әдіс, типологиялық әдіс, кейде типологиялық тіл білімі деп аталады. Типологиялық зерттеу – мәні, функциясы жағынан тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ, жалпылылық сипаты бар нысандарды салыстырады. Мұндай нысан тілдің фонология саласында да, семантикалық, грамматикалық салаларында да болды. Типологиялық тілдердің осы аталған жүйелердегі жалпылық мәні бар нысандарды бір-біріне салыстыра қарау арқылы олардың арасындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктерді ашады. Мысалы, фонология саласында дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың болып бөлінуі, болмаса морфемалардың лексикалық, грамматикалық болып бөлінуі, т.с.с. тілдердің барлығына немесе басым көпшілігіне тән типтік белгілер. Типологиялық зерттеуде осылар сияқты универсал тұлғалар салыстырылады. Типологиялық әдістің тіл білімінде қолданыла бастағанына біраз уақыт болғанымен, ол туралы әр елдің көрнекті тіл ғалымдарының көпшілігі пікір айтқандарымен, бұл мәселе күні бүгінге дейін бір ізді шешімін тапқан жоқ. Дүние жүзіндегі тілдердің Типологиялық белгілерін айқындап, тілдерді сол белгілеріне қарай жіктеуді алғаш ұсынған неміс романтиктерінің көсемі Фридрих Шлегель. Ол 1809 жылы жарық көрген «Үнділердің тілі және даналығы» дейтін еңбегінде сөз тұлғасын түрлендіретін қосымшалардың бар-жоқтығына, сөздердің тұлғалық құбылысқа түсудегі сипатына қарай тілдерді флективті, агглютинативті деп екі топқа бөледі. Пайдаланылған әдебиеттер: • Амирова Т.А. Олбховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики.М., 1975 • Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985 • Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1978 • Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. М., 1979 • Гумбольдт В.А. Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Бодуэн де Крутенэ Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Звегинцев В.А. Внутренные законы развития языка. М., 1985 • Кодухов В.И. Общее языкознани. М., 1974 • Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі, А., 2004 • Лингвистический энциклопедичесуий словарь. М., 1990 7,8 -дәріс Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер. Дәріс жоспары: 1Логикалық бағыт 2Психологиялық бағыт 3.Мәскеу лингвистикалық мектебі, оның негізгі бағыты. 4 Женева лингвистикалық мектебі, оның негізгі бағыты. Логикалық бағыт – тілді ойлауға және логика мен философиядағы әр түрлі ағымдар мен концепцияларға қатысты зерттейтін көзқарастар жиынтығы. 19 ғасырдың 1 жартысындағы философиялық тіл білімі логикалық және психологиялық бағыттардың қарама-қарсы дамуынан көрінеді. Бұл екі бағыттың екеуі де грамматиканың формалдық және семантикалық жағына көңіл аударды. Бірақ ол жайындағы көзқарастары қарама-қайшы болджы. Логикалық бағыттын негізгі мақсаты – ойлаудың танытқыштық қызметін, логикалық категориялар мен тілдік категориялар арасындағы қарым-қатысты зерттеу, тілдік категориялардың логикалық сипатын айқындау. Бұлардың пікірінше, логикалық категорияларға жататын ұғым, байымдау, субъект, предикат пен тілдік категорияларға жататын сөз, сөйлем, бастауыш, баяндауыш сияқтылар арасында үндестік, бірлік бар. Алдыңғы логикалық категориялар соңғы тілдік категориялар арқылы жарыққа шығады: ұғым – сөз, байымдау - сөйлем, субъект - бастауыш, предикат - баяндауыш арқылы т.б. Психологиялық бағыт. Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген бағыт психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі психологизм 19 ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. 19 ғасырдың екінші жатысындағы көрнекті тіл ғалымдарының көбі осы бағытты жақтады. Тіл психологиясының нысаны – адамдардың сөйлеу әрекетінде болатын психикалық процестер. Тіл психологиясын қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің прфессоры Гейман Штейнтальды (1823-1899) жатқызуға болады. Кейініректе Штейнтальдың көзқарасын Харьков университетінің прфессоры Александр Потебня (1835-1891), неміс ғалымдары Вильгельм Макс Вундт (1832-1920), Герман Пауль (1846-1921), тағы басқалар қолдады. Тілдік құбылыстарды психологиялық тұрғыдан сөз ету – 19 ғасырдағы лингвистердің көпшілігінде болды және бұл бағыт тілдік философия ретінде әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың, мектептердің басын біріктірді. Психологиялық бағыттағылар өз ішінен индивидуалистік психологизм, әлеуметтік психологизм деп аталатын екі бағытқа жіктеледі. Индивидуалистік психологизмнің ең көрнекті өкілі Герман Пауль. Бұл бағыт тіл біліміндегі натуралистік және логикалық бағыттарға қарсы күресе отырып, тілдік құбылыстардың барлығын жеке адамдардың сөйлеу және психикалық ерекшеліктеріне, олардың ой-санасындағы өзгеріс-құбылыстарына тәуелді етеді. Жалпы халық тілі, біртұтас ұлт тілі деген – жалған сөз. Тіл жеке индивидуумдікі. Сондықтан тіл білімінің міндеті – индивидуумның тілін зерттеу. Индивидуумның тілін, психикалық құбылысын зерттеу арқылы тұтас халықтың, ұлттың рухани өмірінің заңдылығын ашуға болады деп қарайды. Әлеуметтік психологизм теориясын негіздеуші, оның ең көрнекті өкілі Гейман Штейнталь. Оның тіл мәселелерін психологиялның заң-ережелеріне негіздеп шешетін концепциялары «Грамматика, логика, психология және бұлардың принциптері мен өзара қарым-қатынастары» (1855), «Психология мен тіл біліміне кіріспе» (1881), «Тілдің шығуы» (1851) деп аталатын т.б. еңбектерінде баяндалған. Натуралистік немесе биологиялық бағыт. Натурализм латынның натура (жаратылыс) деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда 19 ғасырдың екінші жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды. Ғылымда натуралистер деп аталатындар – қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар. Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Август Шлейхер (1821-1869) есімімен байланысты. Август Шлейхер - салыстырмалы-тарихи тіл білімінде тіл философиясын қалыптастырушылардың, тіл фактілерін салыстыруда дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап етушілердің, үндіеуропалық ататілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялық ұқсастығы мен генеалогиялық бірліктерін жан-жаұқты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі. Ол славян, балтық, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикаларын жазудағы зерттеулері арқылы тіл білімін теориялық жағынан дамытты, оның бағыт-бағдарына едәуір ықпал жасады. Салыстырмалы-тарихи әдісті жетілдіре, оның нысанын айқындай түсумен бірге, Август Шлейхер 19 ғасырда туған тіл философиясының да көрнекті өкілі болды. Көптеген пайдалы істерімен қатар ол тіл біліміне бірсыпыра концепциялар да енгізді. Ол тіл білімінде натуралистік көзқарасты қалыптастырды. Оның натуралистік көзқарасы «Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу», «Неміс тілі», «Дарвин теориясы және тіл білімі» дейтін еңбектерінен толық көрінеді. Жас грамматикалық бағыт. Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) 19ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Францияда М.Бреаль, Швейцарияда Ф.де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г.И.Асколи, Россияда Ф.Ф. Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды. Бұл ағым өкілдері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің өздеріне дейінгі өкілдерін «бұлар – жорамалға толы қапырық шеберханада үнді-еуропалық ататілді мүсіндеушілер» деп кекетіп, тіл ғалымдарын сол «сасық шеберхананы» тастап, жаңа жол табуға шақырған болатын. Олардың осы қызбалықтарына, албырттықтарына қарап, неміс лингвисі Ф.Царнке оларды «жас грамматистер» деп әжуалаған еді. Осы әжуа ат бірте-біртелингвистикалық мектептің аты болып қалыптасты. Жас грамматистік көзқарасты қалыптастырушылар Бругман, Остгоф, Дельбрюк, Пауль, т.б. Лейпциг университетінің тіл ғалымдары болғандықтан, кейін ол Лейпциг лингвистикалық мектебі деп аталады. Жас грамматистер мектебі өз зерттеулеріне екі түрлі принципті негіз етті. Оның бірі – тарихи принцип те, екіншісі – психологизм принципі. Осы себептен де жас грамматикалық бағытты кейде психологиялық салыстырмалы- тарихи тіл білімі деп те атайды. Мәскеу лингвистикалық мектебі. Мәскеу лингвистикалық мектебін 19ғасырдың 70-80жылдарында Мәскеу университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол кездегі орыс тілі білімінің көрнекті ғалымдарының бірі – академик Филипп Федорович Фортунатов (1848-1914). Ол Германияда, Францияда, Англияда болып, жас грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдаған, өзі де осы бағытты қуаттаған, компаративистиканың Россиядағы көрнекті өкілі болған, Үндіеуропа тілдерінің фонетикасын, морфологиясын зерттеп, бұл салада біраз еңбектер берген. Бұл мектеп құрамында орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері академик Алексей Александрович Шахматов (1864-1920), Александр Матвеевич Пешковский (1878-1933), т.б. болды. Мәскеу лингвистикалық мектебі, негізінде Лейпциг жас грамматистерінің Россиядағы қолдаушылары болды. Бұлар да индивидуалдық психолингвизмді өздерінің методологиялық негізгі принципі деп санады. Лейпциг мектебі сияқты бұлар да тілдің фонетикалық заңын өз зерттеулеріне әрдайым есепке алып отыруға ерекше мән берді. Бұлардың концепциялары, көп жағдайда психологизм принципіне негізделді. Мәскеу лингвистикалық мектебі лингвистикалық бағыт ретінде 20ғасырдың 30-жылдарына дейін, Н.Я. Маррдың «Тіл туралы жаңа ілім» деп аталатын мектебі үстемдік алғанға дейін өмір сүрді. Қазан лингвистикалық мектебі. Бұл Қазан қаласындағы университетте 19 ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған дем беруші – поляк-орыс тіл ғалымы, Қазан университетінің профессоры Иван Александрович Бодуэн де Куртенэ (1845- 1929). Ол жалпы тілдік теориялық мәселелермен көбірек айналысқан. Пайдаланылған әдебиеттер: • Амирова Т.А. Олбховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики.М., 1975 • Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985 • Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1978 • Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. М., 1979 • Гумбольдт В.А. Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Бодуэн де Крутенэ Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Звегинцев В.А. Внутренные законы развития языка. М., 1985 • Кодухов В.И. Общее языкознани. М., 1974 • Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі, А., 2004 • Лингвистический энциклопедичесуий словарь. М., 1990 9,10-ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ:ХХ ғасыр тіл білімі және структурализм Дәріс жоспары: 1.ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар 2.Неолингвизм мектебі. 3.Эстетизмдер мектебі Лингвистикалық мектептер. Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. 19ғасырдың соңғы он жылы мен 20ғасырдың бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестірілді. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қатарына «Сөздер мен заттар», «Эстетизм», «Социологизм» деп аталатын мектептерді жатқызуға болады. Жас грамматизм бағытын сынауда бұлардың өкілдері бірауызды болғандарымен, тілдің өзіндік сипатын, мәнін айқындауға келгенде, әрқайсысының өзіндік көзқарастары, ұстаған жолдары болды. Сөздер мен заттар. Бұл - тіл білімі тарихында жас грамматикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұранын тұңғыш көтерген мектеп. Оның өкілдері 1909 жылдан бастап Рудольф Мерингердің (1859-1931) басқаруымен шыға бастаған (Австрияда) «Сөздер мен заттар» деп аталатын журнал төңірегінде топтасқандықтан, соның атымен аталған (журнал 20ғасырдың 40-жылдарына дейін шығып тұрды). Бұл мектептің ең көрнекті өкілі – роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гуго Шухардт (1842-1927). Эстетизм. 20 ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі – эстетизм немесе эстетикалық лингвистика.Оның қалыптастырушысы – неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949). Неолингвизм. (гр. neos – жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). Неолингвизм де жас граматизм бағытына қарсы 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Неолингвистика деген атауды бұл мектеп өкілдері өздерін жас грамматизм бағытынан мейлінше бөлек етіп көрсету үшін қолданған. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Бонфанте (1904 ж.), В.Пизани (1899 ж) т.б. Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері – Поль Лафарг (1842-1911), Ф. Де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875- 1960), Э.Бенвенист (1902). Фердинанд де Соссюр – Швейцария тіл ғалымы, Париж, кейін Женева университеттерінің профессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған. Ф. де Соссюрді, әдетте, тіл біліміндегі социологиялық мектептің негізін салушы деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын бір ғана ағым, бір ғана мектеп я көзқарас шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық өрісі өте кең, жан-жақты. Ол өзінің еңбектері арқылы тіл ғылымы дамуының жаңа дәуірін ашқан, қазіргі заман тіл білімі дамуының ең басты проблемаларын айқындап, оған бағыт-бағдар сілтеген, жан-жақты ойланылған біртұтас жүйелі лингвистикалық концепция жасаған адам. Ғалымның көптеген теориялық тұжырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлер дамуына күні бүгінгі дейін күшті әсерін тегізуде. Ф. де Соссюр атына байланыстыратын тағы бір мәселе – зерттеудің синхрондық және диахрондық түрлері.Ол тіл білімін синхрондық лингвистика, диахрондық лингвистика деп екіге бөледі. Синхрондық лингвистика тілдің ішкі жүйесін зерттейді де, диахрония бір – біріне байланыста алынған тілдік элементтердің тарихын зерттейді.Тілдің ішкі механизмі дейтініміз – тілдік жүйе.Тілдік жүйенің сырын ашу тек синхрондық зерттеудің ғана қолынан келеді.Сондықтан синхрондық лингвистика диахрондық лингвистикадан маңыздырақ.Ол – тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі туралы теория.Синхрония тілдік жүйе құрайтын элементтердің бір – бірімен логикалық, психологиялық қарым – қатынастарын талдайды. Сөйтіп, Ф.де Соссюр тілді зерттеудің сипаттама (синхрония) және тарихи (диахрония) әдістерін бір – біріне қарама – қарсы қояды.Синхрония тілдік жүйенің сырын ашады, диахрония тілдік жүйені бұзады, оны өзара байланысы жоқ, бөлек – бөлек фактілердің жиынтығына айналдырады деп қарайды.Тіл ғалымдарының басым көпшілігі Ф. Де Соссюрдің бұл пікірін тіл тарихының мәнін елемегендік деп санайды. Пайдаланылған әдебиеттер: • Амирова Т.А. Олбховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики.М., 1975 • Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985 • Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1978 • Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. М., 1979 • Гумбольдт В.А. Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Бодуэн де Крутенэ Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Звегинцев В.А. Внутренные законы развития языка. М., 1985 • Кодухов В.И. Общее языкознани. М., 1974 • Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі, А., 2004 • Лингвистический энциклопедичесуий словарь. М., 1990 11,12-дәріс Тақырыбы: Структуралық тіл білімі. Дәріс жоспары: Структуралық тіл білімі Негізін салушылар 20 ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген тілдік мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі – структуралық тіл білімі деп аталатын бағыт.Бұл мектеп салыстырмалы – тарихи тіл біліміне, оның бір бұтағы жас грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып қалыптасты. Структуралық тіл білімінің немесе структуралық әдістің дүниеге келуінің ішкі – сыртқы себептері бар.Ең негізгісі 20 ғасыр ғылымы дамуында пайда болған жаңа бағыт.19 ғасыр ғылымының негізгі сипаты тәжірибе арқылы бақылаудан туған фактілерді есепке алу, сипаттау болса, 20 ғасыр ғылымы олардың өзіндік мәнін, ішкі заңдылықтарын, зерттеліп отырған нысанның құрылым ерекшелігін, оны құрайтын элементтердің арақатынасын, бір – бірімен байланысын, бір – біріне тигізетін әсерлерін ашуға тырысады. 20 ғасырдың бас кезінен бастап философия, жаратылыстану, әдебиеттану, тарих, эстетика, психология, социология, этногафия сияқты бірсыпыра ғылымдарда өз пәнін өзара шарттас, біріне – бірі тәуелді элементтерден тұратын күрделі біртұтас құрылым деп санап, оны осы тұрғыдан зертеу талабы күшейді.Бұл тіл біліміне де әсер етті.Сонымен бірге, жалпы ғылымның, оның жаңа түрлері – кибернетиканың, математикалық логиканың дамуы, электрондық машиналардың пайда болуы, оны тіл біліміне қолдану талабының өсуі, тілдің практикалық қызметінің бірден – бірге күрделене түсуі структурализм бағытының тууына себепші болды. Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада).Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады. Структурализм мектептерін біріктіретін ортақ бағыт, проблемалар мыналар: 1. Структурализм мектептерінің барлығы да тілді ішкі элементтері бір – бірімен байланысты, тұтас жүйе, бір бүтін құрылым деп санайды.Тіл білімінің міндеті – тілдің құрылымын – структурасын зерттеу дейді.Бұл бағыттың структуралық лингвистика деп аталуы да осыдан. 2. Жас грамматистер тілді зерттеуде тек дифферренциялық принципті қолданса, тілдік элементтерді бір – біріне байланыссыз жеке зерттесе, структуралистер тілдік элементтерді бір – біріне байланыста, тұтастықта қарайтын интеграциялық принципті қолданады.Тілдің құрылымдық элементтерін зерттеуде лингвистикалық сипаттау әдістемесін қолдануға шешуші мән берді. 3. Үш мектептің үшеуі де құрылымдық, құрамдық элементтерге жіктелушілік және олардың бір – бірімен ішкі байланысы тілдің ең негізгі қасиеті, тіл білімінің негізгі міндеті – тілдің құрылымдық элементтері арасындағы байланысты талдау – тіл білімінің тек өзіне ғана тән, оның бірден бір нысаны деп біледі. 4. Структурализм мектептерінің барлығы да Ф. Де Соссюрдің ізімен тілді таңбалар жүйесі деп санайды. 5. Структурализм мектептері синхрония, диахрония проблемасына да мән берді.Синхрондық зерттеу – тіл жүйесінің ішкі механизмін ашуда шешуші рөл атқарады деп, оны бірінші орынға қояды (Прагалықтардан басқалары). І. Прага мектебі. Бұл мектеп өзіндік бағыты бар лингвистикалық үйірме ретінде 1926 жылы қалыптасқан.Оны қалыптастырушы чех ғалымы профессор В.Матезиус (1882-1945). Үйірме құрамында Б.Гавранек, Б.Трнка, В.Скаличка, орыс эмигранттары С.Карцевский, Р.Якобсон, Н.Трубецкой, т.б. болған. Үйірме 1929 жылдан бастап «Прага лингвистикалық үйірмесінің еңбектері» деген жинақ шығарып тұрды.Мектептің теориялық бағдарламасының мазмұны «Прага лингвистикалық үйірмесінің тезисі» деген атпен осы жинақтың бірінші томында жарияланды. Бұлар тіл білімінің негізгі нысаны – тілдің құрылым жүйесі мен тілдік элеметтердің қызметін зерттеу дегенді баса айтты.Әрбір элемент өзінің тілдік жүйеде атқаратын қызметіне қарай бағалану керек, тіл дегеніміз – функционалдық жүйе, белгілі бір мақсат үшін қолданылатын тілдік таңбалардың жүйесі, тіл білімінің міндеті осы жүйені тілдің барлық қабатынан – фонологиядан, морфологиядан, синтаксистен, лексикадан да табу және олардың әрқайсысының өзіндік сипаттарын айқындау деп санайды.Тілдік элементтердің қызметін бірінші орынға қоятындықтарына қарап, бұл мектепті Прагалық функционалды лингвистика деп те атайды. Функционалдық лингвистика өкілдерінің әрқайсысы әр түрлі проблемамен айналысты.Солардың ішінде олардың жақсы зерттеп, айтарлықтай табысқа жеткен саласы – фонология.Фонологияны олар функционалды лингвистиканың ең жетекші пәні деп санады.Бұл мәселеде Прагалықтар Бодуэн де Куртенэнің фонема туралы ілімін басшылыққа алып, оны ілгері дамытты.Бұл салада әсіресе Н.С.Трубецкойдың атқарған рөлі, ғылыми табысы елеулі болды.Ол өзінің «Фонологияның негізі» (бұл еңбек автор қайтыс болғаннан кейін 1939 жылы неміс тілінде басылып шықты, 1960 жылы орыс тіліне аударылды) деген еңбегінде әр түрлі тілдердің екі жүзге жуық Фонологиялық жүйесін сипаттайды.Фонетика мен Фонология тіл білімінің тең дәрежедегі екі саласы: фонетика сөйлеу дыбыстарын, Фонология тіл дыбыстарын зерттейді. Прага мектебі тілдік элементтердің арақатынасын зерттеуде, алдымен, сол қарым – қатынас көрсеткіштерінің (элементтердің) өзіндік сипатына ерекше мән беру керек, қарым – қатынас пен сол қарым – қатынасқа түсетін материал мен формалар өзара байланысты болатындығын естен шығармау керек дейді. Копенгаген структуралық мектебі. Бұл мектеп өкілдері өздерін компаративистикалық бағыттығылардан бөлектеу үшін гректің глосса деген сөзі негізінде глоссематиктер деп атады.Осы атау арқылы олар өздерінің тек тіл біліміне ғана тән мәселелермен айналысатын, тілдің ғылымдарарлық нысандарына жуымайтын зерттеушілер екендіктерін байқатқысы келді. - Глоссемантикалық бағытты қалыптастырушы және оған дем беруші Дания тіл ғалымы профессар Луи Ельмслев (1899-1965). Бұл мектептің теориялық негізін белгілеген алғашқы еңбек – Ельмслевтің 1928 жылы жарияланған «Жалпы грамматиканың негіздері» атты кітабы. Глоссематиктер 1933 жылдан бастап Прага мектебімен бірлесіп, «Тіл білімі жөніндегі еңбектер» атты журнал шығарып тұрған. Журнал структуалистердің халықаралық органы деп жарияланды. Осы журналдың бірінші санында жарияланған глоссематик Вигго Брендальдің «Структуалдық лингвистика» деген мақаласы Ельмслевтің кейінірек те жарияланған «Лингвистикадағы структуалық талдау әдісі», «Тіл теорияларының негіздері», «Тіл теориясына кіріспе» деген мақалаларында (бұл орыс тіліне аударылған) глоссематиканың негізгі ұстанған бағыттарыны кең баяндалған. III. Дескриптивтік мектеп 20 ғасырдың 20-жылдарында Америкада қалыптасқан. Мектепті қалыптастырушылар АҚШ тіл білімінің классиктері профессорлар Эдуард Сепир (1884-1939), Леонард Блумфилд (1887-1949). Бұл структурализмді қалыптастыруда екеуінің атқарған рөлі мен ұстанған принциптері бір емес. Сондықтан бұл екеуі қазіргі АҚШ тіл біліміндегі – этнографиялық, структуралық деп аталатын екі мектептің дем берушілері болып саналады. Америка структурализмі дескриптивтік мектеп немесе дескриптивтік әдіс деп те аталады. Бұл әдіс бойынша, тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі, статикалық қалпы эмпирикалық тәсіл бойынша сипатталады, ондағы өзгеріс- құбылыстар. Даму, тарих дегендер ескерімейді. Дескриптивтік мектеп – тілдік мәтіндерді талдаудың әдіс-тәсілдерін қалыптастыру, жетілдіру, лингвистикалық терминдерді айқындау мәселелеріне ерекше мән берді. Америка структуралистеріне бірден-бір материал болған және сол әдістің дүниеге келуіне себепші болған үндістер тілдерін ең алғаш зерттеген адам – Американың көрнекті тіл ғалымы белгілі антрополог Франц Боас (1858- 1942). Леонард Блумфилд өз зерттеулерінде бихевиоризмдік (мінез-құлық) психологияның концепцияларын басшылыққа алды. Бұларша, психология тек мінез- құлықты ғана зерттеу керек, ал, мінез-құлық дегеніміз – организмнің сыртқы реакциясының жиынтығы, реакция қоршаған орта туғызатын стимулдар арқылы механистік жолмен пайда болады. Леонард Блумфилд те өз ілімін механистік теория деп атады. Бихевиоризм механистік концепциясын сол күйінде сөйлеу процесін түсіндіруге белгілі бір жағдайға байланысты туатын реакциясы деп есептейді. Дескриптивтік әдіс өз дамуының жоғары сатысына 20ғасырдың 40- 50жылдары көтерілді. Леонард Блумфилдтің көрнекті шәкірттерінің бірі Э.Харрис 1951жылы «Структуралық лингвистиканың әдістері» деген монография жазды. Бұл еңбек Америка структуралистері зерттеулерінің жинақталған қорытындысы іспеттес. Онда дескриптивтік әдістің ең түйінді, өзекті мәселелері жан-жақты талданған. Америка структуралистері өздерінің алдына жалпы тіл білімі теориясын дамыту міндетін емес, тілдік элементтерді оңай және тез табу, оларды есепке алып, қандай контексте қолданылатынын айқындау міндеттерін қойды. Дескриптивистер тіл – ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі дейді де, тіл білімін металингвистика, микролингвистика деп екі салаға бөледі. Металингвистика сөздік мінез-құлықтың сыртқы жағын зерттейді. Ол этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, металингвистика, фонетика, паралингвистика (интонация, ымдау-нұсқау сияқтыларды зерттейді) деп аталатын салаларды қамтиды. Микролингвистика сөздік сигналдарды сипаттайды, бірақ оны сипаттағанда металингвистикалық жайттарға, яғни сыртқы өмірмен байланысқа, тарих мәселелеріне, тілдің семантикалық жинағына көңіл аудармайды, оның материалдық жағын ғана зерттейді. Америка структуралистері зерттеудің негізгі әдістемесі ретінде дистрибуцияны алады (бөлу, жіктеу мәнінде). Тіл білімінде дистрибуция дегеннен белгілі бір тілдік элементтің сөйлеу прцесінде қолданылатын орны, контексі деген мағына түсініледі. Этнографиялық лингвистика. Лингвистика тарихында тіл мәселелерін сол тілді қолданушы қауымның мәдени өмірімен, салт-сана, әдет-ғұрпымен байланыстыра зерттеушілік те болды. Бұл жөніндегі алғашқы пікір 18ғасырдың соңғы жартысында өмір сүрген неміс жазушысы және әдебиетшісі Иоганн Бердердің (1744-1803) поэзияға байланысты зерттеулерінде, одан кейінгі кезде Гумбольдт еңбектерінде кездеседі. Бірақ тіл мәселелерін мәдениет, әдет- ғұрып, салт-санамен байланыстыра зерттеуге ерекше көңіл бөлу, оны тіл білімінің күрделі проблемасы ретінде қарау 20ғасырдың 20-30-жылдарында белең алды. Қазіргі тіл білімінде осы негізде туып қалыптасқан екі бағыт бар: оның бірі – Америкада, екіншісі – Германияда. Бұлардың екеуі де этнолингвистика деген шартты атаумен аталады. Оны Америкада қалыптастырушылар – Эдуард Сепир (1884-1939) мен Бенджамин Уорф (1897-1941). Америкалық этнолингвистика мектебінің теориялық негізі Эдуард Сепирдің «Тіл» (1921), «Лингвистиканың жайы» (1929), Бенджамин Уорфтың «Тіл, ойлау және шындық» (1956) деп аталатын жинаққа енген мақалаларында баяндалған. Эдуард Сепир көтерген проблемалар тек этнолингвистикалық шеңберде ғана қалып қоймайды, ол үндістердің бірнеше тайпаларының тілдерін зерттеген, 20 ғасырдың 20-жылдары аяғына дейін тілдің құрылымы жөніндегі проблемалармен де шұғылданған, тілдердің типологиялық жіктелуі, әр түрлі әлеуметтік құбылыстармен байланысты мәселелері де Сепир еңбектерінің өзекті салалары. Германия этнолингвистикалық мектебінің (кейде неогумбольдттық этнолингвистика деп те атайды) құрамына қазіргі неміс тіл ғалымдарының көпшілігі енеді. Мектепті қалыптастыруда Лео Вайсгербер көрнекті рөл атқарған. Бұл мектептің ұстаған жолы, теориялық негізі Л.Вайсгербердің 1950 жылы шыққан «Неміс тілінің күші туралы» деп аталатын төрт томдық еңбегінде баяндалған. Бұл екі мектептің бір-бірімен жақы, ортақ жағы – екеуінің де тіл проблемаларын мәдениетпен, халықтың рухани өмірімен байланыстыра қарайтыны, екеуі де зерттеулерінде В.Гумбольдтың дүниені тану, білу процесінде тілдің атқаратын рөлі жөніндегі ілімін басшылыққа алады, соны әрқайсысы өз тұрғысынан дамытуға тырысады. Америка мектебі, Германия мектебі болсын біраз мәселелерде эстетизм, неолингвизм ағымдарымен, Г.Шумахер, К.Фосслер пікірлерімен үндеседі. Пайдаланылған әдебиеттер: • Амирова Т.А. Олбховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики.М., 1975 • Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985 • Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1978 • Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. М., 1979 • Гумбольдт В.А. Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Бодуэн де Крутенэ Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Звегинцев В.А. Внутренные законы развития языка. М., 1985 • Кодухов В.И. Общее языкознани. М., 1974 • Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі, А., 2004 • Лингвистический энциклопедичесуий словарь. М., 1990 13,14-ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: Кеңестік тіл білімі Кеңестік тіл білімі Дәріс жоспары: 1 ХХ ғасырдағы Кеңес тіл білімі 2 Кеңестік тіл білімінің өзіндік ерекшеліктері 3 Қазіргі орыс тілі теориясының қалыптасуы 4 Қазіргі орыс тіл біліміндегі функционалдық бағыт 5 Н.Я.Марр теориясына сын. 6 Әлеуметтік тіл білімінің қалыптасуы. 7 Е.Д.Поливановтың тіл білімі теориясы туралы еңбектері Кеңес өкіметі жылдарында қалыптасқан Кеңестік тіл білімі көп салалы, жан – жақты дамыған, озық тіл біліміне айналды.Тіл білімінің бірсыпыра бағыттарында Кеңестік тіл білімі революциядан бұрынғы орыс тіл білімі дәстүрін жалғастырды.Әр түрлі мектептер мен бағыттар болғанымен,Кеңестік тіл білімі бірыңғай методологияға – маркстік философияға (диалектикалық материализм) негізделді.Кеңестік тіл білімі тілдің әлеуметтік табиғатын мойындай отырып, тілді қарым – қатынас құралы, сананың шындық өмірдегі көрінісі деп таныды. 20 ғасырдың 30-шы жылдарында Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастыру міндеті тұрған кезде оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді. Н.Я.Марр – иберий-казказ тілдерінің маманы. Ол алғашқыда бұл тілдердің туыстық төркінін, олардың семит тілдерімен байланысын зерттеді де, келе-келе өз теориясын «яфет теориясы» деп атады. «Яфет» деген терминді басында Марр бүкіл Кафказия, Жерорта теңізі бассейндеріндегі толып жатқан тілдердің бәріне ортақ шартты атау ретінде қолданған да, артынан осы тілдерді зерттеуден туған өз тұжырымдарын «яфет теориясы» деп атаған. Бұл атау бертінірек келе «Тіл туралы жаңа ілім» деген атаумен ауыстырылды. Бірақ әдебиеттерде бұл екі атау кейде бірінің орнына бірі қолданыла береді. Н.Я.Марр бастаған «Тіл туралы жаңа ілім» өз қадамын революциядан бұрынғы үндіеуропалық тіл білімі деп аталатын ғылымды Кеңестік дәуір талабы тұрғысынан қайта қарап, үндіеуропа тіл біліміндегі сол кездегі қайшылықтардың, тоқыраушылықтардың біразын дұрыс көре білді. Бұл бағыттың буржуазиялық елдерде бірсыпыра мәселеде реакциялық, нәсілдік бағытта болып, отар елдер мен аз ұлттарды, олардың тілдерін кемсітіп қарайтындықтарын ашық айтты. Шынында да, әсіресе 20 ғасырдың бас кезінде үндіеуропа семьясына жататын тілдерде сөйлейтін халықтарды жоғары бағалау, бүкіл мәдениетті, ғылымды жасаушы солар, прогресс соларға тән қасиет, басқа халықтар жаратылысынан дамуға икемсіз, кертартпа дейтін шовинистік, нәсілдік тенденция едәуір етек алды. 15-16 дәріс Тақырыбы: Ресей тіл білімі Орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері Алексей Александрович Шахматов (1864-1920), Александр Матвеевич Пешковский (1873-1933) т.б. болды. Академик А.А.Шахматов – Фортунатовтың шәкірті, ежелгі орыс мәдениетінің, тілінің тарихшысы, тіл мәселесімен де, әдебиет мәселесімен де айналысқан. Оның ең басты еңбектері “ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы Новгород грамоталары туралы зерттеу” (1886), “ХҮ ғасырдағы двин грамоталары туралы зерттеу” (1903), “ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Псков ескерткіштері туралы бірнеше ескертпелер” (1909), “Орыс тілі тарихы ежелгі дәуірінің очеркі” (1915), “Қазіргі орыс әдеби тілінің очеркі” (1913), “ Орыс тілі синтаксисі” (1925 жылы қайтыс болғаннан кейін жарияланды). А.М.Пешковский – Фортунатовтың, Шахматовтың ізімен орыс әдеби тілінің грамматикасы мәселелерін және мектептерде орыс тілін оқытудың әдістерін зерттеген. Оның орыс тілі синтаксисіне, интонациясына арналған зерттеулері күні бүгінге дейін өз құнын жоймаған еңбектер. Көрнекті еңбектері: “Орыс тілінің ғылыми синтаксисі” (1914), “Ғылыми және мектеп грамматикалары” (1914), “Ана тілі, лингвистика, стилистика, поэтика методикалары” (1925) т.б. Пайдаланылған әдебиеттер: • Амирова Т.А. Олбховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики.М., 1975 • Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985 • Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1978 • Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. М., 1979 • Гумбольдт В.А. Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Бодуэн де Крутенэ Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Звегинцев В.А. Внутренные законы развития языка. М., 1985 • Кодухов В.И. Общее языкознани. М., 1974 • Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі, А., 2004 • Лингвистический энциклопедичесуий словарь. М., 1990 17-18 дәріс Тақырыбы:Қазақстан тіл білімі 1 Қазақ тіл білімі жалпы түркітанудың құрамдас бөлігі. 2 А.Байтұрсынов, Қ.Жұбановтардың жалпы лингвистикалық ілімдері. 3 Қазақ графикасы мәселелері Жалпы тіл біліміндегі ғылымдар арасындағы интеграция процесінің негізінде туындаған когнитивті лингвистика ғылымы соңғы жылдары қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдардың да назарын өзіне аударуда. Бұл сала бойынша қазақ тіл білімінде соңғы кездері когнитивтік лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл бөліп зерттеу нысанына айналдырған Р. Сыздық, Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Г. Гиздатов, Қ. Жаманбаева, Ж. Манкеева, Э. Сүлейменова, Г. Смағұлова, Б. Момынова, А. Салқынбай, К. Күркебаев, Г. Снасапова, Ф. Қожахметова, Н. Айтова, А. Әмірбековалар секілді зерттеушілер бұл мәселені лексикология, этнолингвистика, когнитология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан қарастырып зерттеу үстінде. Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер соңғы он жылдықта ғана қолға алына бастады. Академик Ә.Қайдардың этнолингвистика саласына қатысты ойлары қазақ тіл біліміндегі жағңа ғылыми бағыттардың қалыптасуына негіз болды./10/ Дәлірек айтсақ когнитивтік бағыттағы зерттеу еңбектерінде ретінде Г.Гиздатовтың еңбегін атауға болады. Зерттеушінің «Сөйлеу қызметіндегі когитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы» атты докторлық диссертациясы осы бағыттағы қазақ тіліндегі алғашқы зерттеу болып табылады. Докторлық диссертацияда адам санасындағы білімнің көріну деңгейі, берілу тәсілдері, құрылымы мен динамикасы қарастырылған. Когнитивтік модельдер универсумдар ретінде қарастырылады. Және осы бағыттағы іргелі еңбектердің бірі ретінде Қ.Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері»/11 / атты монографиясын атауға болады. Бұл еңбекте зерттеуші тілдік сананың құрылымын анықтап, гештальт теориясынның негізін жан жақты ашып көрсетеді. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымның қалыптасуына негіз болған аталмыш еңбектер тіл қолданысындағы когнитивтік негіздердің зерттелуіне айтарлықтай өз үлесін қосу үстінде. Когнитивтік құрылымның концептуалды көрінісі, күрделі жүйе тудыру ерекшеліктері де бүгінгі күні жан жақты қарастырылуда. Профессор Ж.Манкеева «Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері»/12 / атты ғылыми мақаласында когнитивтік лингвистикадағы тілдің бейнелеушілік қызметінің зор екендігін атап көрсете келе, негізгі үш ұстанымдарын айқындап береді. Сол секілді ғалым Б.Момынова Қазақ тіліндегі қоғамдық саяси лексика (әлеуметтік-бағалауыштық, сөзжасам)»/13/ атты еңбегінде когнитивтік бірліктердің көріністену (репрезентациялану) ерекшеліктеріне тоқталып, бағалауыштық сипатын қарастырса, профессор А.Ислам өз мақалаларындағы когнитивтік лингвистикадағы «тілдік тұлға» мәселесін көтереді. С.И.Жапақовтың жұмысында этикалық фразеологизмдердегі ақиқат пен бейақиқат, дүние фрагменттерінің тілдік бейнесі мен когнитивтік лингвистиканың басқа да мәселелері туралы сөз етеді./14 / С.Ақаев «Сөздің когнитологиялық сипаттары» атты мақаласында когнитологиялық талдаудың тәсілдеріне тоқталып, ойлау ой түю, қабылдау, қорыту сияқты абстрактілік құбылыстарды зерттеу әдісі ретінде қарастыру жайлы мәселені көтереді. Сонымен қатар жас зерттеушілер Г.Снасапова /15 /, Ш. Елемесова, А.Әмірбековалар көркем мәтінге концептуалдық талдау жасаудың үлгілерін ұсынады. Ал А.Сыбанбаева/16 /, Н.Зайсанбаевалар /17 / метафораның танымдық сипаты туралы пікірлерін ортаға сала отырып, диссертациялық жұмыстарын осы бағытқа арнайды. Пайдаланылған әдебиеттер: • Амирова Т.А. Олбховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики.М., 1975 • Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985 • Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1978 • Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. М., 1979 • Гумбольдт В.А. Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Бодуэн де Крутенэ Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Звегинцев В.А. Внутренные законы развития языка. М., 1985 • Кодухов В.И. Общее языкознани. М., 1974 • Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі, А., 2004 • Лингвистический энциклопедичесуий словарь. М., 1990 23-24-Дәріс: Түркі тілдерінің даму кезеңдері 1. Әр кезеңдегі түрлі тілдердің бөлінісі. 2. Кезеңдерге қатысты тарихи-әдеби мұралар Мақсаты: Әр кезеңдегі түрлі тілдердің бөлінісі туралы. Түркі тілдерінің даму кезеңдерге қатысты тарихи-әдеби мұралар. Мазмұны: Қазақ тілінің қалыптасу, даму кезеңдерін айқындау жалпы түркі тілдерінің даму жолдарымен тікелей байланысты. Түркі тілдері, қазіргі түркология қолданып жүрген, қалыптасқан көзқарас бойынша, алты түрлі дәуірді бастан кешірген. Н.А.Баскаков бұл дәуірлерді былай атайды: Алтай дәуірі (б. з. д. III ғасыр), Хун дәуірі (б. з. д. III ғасырдан — б. з. V ғасыр), Көне түркі дәуірі (V—X ғасырлар), Орта түркі дәуірі (X—XV ғасырлар), Жаңа түркі дәуірі (XV—XX ғасырлар). Түркологияда қазақ тілі түркі тілдерінің, біршама «жаңа» деп қаралатын тобына жатқызылады. Олай болатын себебі: қазақ рулары тарихтың ерте кезінен-ақ мәлім болса да, «қазақ» деп аталатын біртұтас халық XV—XVI ғасырларда барып қалыптасады. Қазақ тарихының осы ерекшелігін ескерсек, қазақ тілінің тарихи кезеңдері мынадай дәуірлерге бөлінеді: 1) Түркі бірлестігіне дейінгі дәуір,— бұл дәуір, шамамен, біздің заманымыздың V ғасырына дейін созылады, екі түрлі белестен тұрады: Алтай бірлестігі, Хун бірлестігі. 2) Түркі бірлестігі дәуірі, екі кезеңге ажырайды: Көне түркі қағанаты кезеңі (V—X ғасырлар). Орта түркі кезеңі (X—XV ғ. б.). 3) Қазақ халық тілінің даму дәуірі (XVI—XVIII ғасырлар). 4) Қазақ ұлттық тілінің қалыптасу дәуірі (XIX ғасыр). «Алтай дәуірі» дейтін атау тіл білімі тарихында белгілі «алтай гипотезасымен» байланысты қойылған атау. Алтай гипотезасы алтай тілдерінің туыстығы жайлы теориялық болжам, жоққа шығаруға да, дәлелдеп шығуға да болмайтын болжам. Сондықтан гипотеза деп қаралады. Жоққа шығаруға болмайтындығы — бүгінгі түркі, монғол, тұңғыс-маньчжур тілдерінде ұқсас фонетикалық, грамматикалық құбылыстар, ортақ лексика бар. Фонетикалық ортақ құбылыстар: тұңғыс тіліндегі т, маньчжур тіліндегі с дыбысы түркі-монғол тілдерінде и дыбысының алдындағы ч, ш, с дыбыстарына сәйкес қолданылады,тұңғыс: гг/ган~маньчжур: гусин~ мон-ғол: гучин (оғыз), түркі: үш, уч — үч он, маньчжур: хусун~моп-ғол: күчүн — түркі:^ күш, күч, күүс, т. б. Алтай тілдері деп атауға себеп — аталған тілдердің арғы аталары болатын рулар мен тайпалардың түпкі, арғы атасы, алғашқы таралған жері — Алтай тауларының маңы, айналасы. Ғылым бұл дәуірде қазіргі түркі, моңғол, тұңғыс, маньчжур тілдеріне ортақ тіл болған деп есептейді. Сол ортақ (немесе: бір- біріне ете ұқсас) тіл құрамынан әуелі екі тармақ — түркі-моңғол және тұңғыс-маньчжур тілдері жіктеледі. Сол жіктелістің ізі жоғарыда көрсетілген дыбыс сәйкестіктері болып табылады. Түркі-монғол тілдері ч~ш~ с сәйкестігін айтатын тілдер болып қалыптасты да, тұңғыс-маньчжур тілдері сол позицияда т (кейде с) дыбысын қолданатын тілдер болып қалды. Осы дәуірдің соңғы кезеңдерінде түркі тілдері моңғол тілдерінен жіктеліп шықса керек. Бұл жіктеліс қазіргі тілдердегі мынадай тілдік құбылыстар арқылы дәлелденеді: моңғол тілдеріндегі р, л дыбыстары түркі тілдерінде з, ш/с дыбыстарына сәйкес қолданылады. Ал түркі тілдері ішінде моңғолдық ротацизм (р) мен ламбдаизмд (л) көне бұлғар тілі мен қазіргі чуваш тілі ғана сақтап қалған: чуваш тілі — сір, шур, хір, иір, пыр, басқа түркі тілдерінде — сүз, саз, қыз, із, музЦбұз, осыдан бұрын түркі-монғол және тұнғыс-маньчжур тілдерін өзара жіктеген белгі т~с~ч~ш дыб.ыс сәйкестігі ішінен якут, башқұрт, хақас тілдері с дыбысын сақтап қалды, күүс, көс, күс, т. б. Тілдердің өзара бір-бірінен аулақтануына, дербестенуіне басты себеп болған мұндай сәйкестіктер түркі тілдерінің өз арасында да, жеке бір түркі тілі (айталық, қазақ тілі) құрамында да сақталып қалған (егер сондай реликтер болмаса, ондай процесті тіл басынан кешкенін білу де мүмкін бола бермес еді).. Дыбыстардың мұндай сәйкестігін өз бойында сақтаған сөздер тарихи синонимдер болып ұғынылады. Ал кейбіреулерінің түбірлес, тарихи дублет сөздер екенін арнайы зерттеу арқылы ғана түсіну мүмкін: семір — семіз, көр~көз, тіре — тайа, саумал~ сауған, аумалы-төкпелі {-мал, есімше тұлғасы, түркі тілдерінің кепшілігінде -мыш), тал-түс (тал — чуваш тілінде «түс», л~ш//с), т. б. Сонымен, бұл дәуірде кейін түркі халықтарының негізін салатын тайпалар моңғол тайпаларынан бөлініп, жіктеліп шықты деп қарау керек. Бұл дәуір — тарихқа дейінгі дәуір. Бұл дәуірде әлі аты белгілі халық та, ру да жоқ. Дұрысында, бізде ондай мәлімет жоқ. Түркологияда бұл раннепратюркский деп аталып жүр. Түркіге дейінгі дәуірдің бұл — бірінші кезеңі болса керек. Екінші кезеңі түркологияда «Хун дәуірі» деп аталатын мерзім. Хун дәуірі деп атау біздің заманымыздың алғашқы жылдарында өмір сүрген Хун империясына байланысты. Хун империясы Орталық Азиядан Шығыс Европаға дейінгі ұлан-байтақ территорияны мекен еткен түркі, монғол, тұңғыс-маньчжур тектес тайпаларды біріктірген қуатты мемлекет болған. I ғасырда империя ауызбіршіліктің жоқтығынан, сондай-ақ көршілердің әсерімен де екіге: Батыс және Шығыс Хун мемлекеттеріне ажырайды. Бұл жіктеліс түркі тайпаларының кейінгі дамуына үлкен әсер етті, мемлекеттің батыс бөлігіне қараған рулар мен тайпалардың кейінгі тарихи тағдыры бірге болды да, мемлекеттің шығыс бөлігінде қалған рулар мен тайпалардың кейінгі дамуы бірыңғай болды. Сөйтіп түркі тілдерінің (халықтарының да) қазіргі батыс және шығыс топтарының қалыптаса бастауы осы Хун империясынан басталады. Бұл дәуірде осыдан бұрын басталған түркі тілдерінің моңғол тілдерінен жіктелу процесі аяқталады. түркі тілдері негізінен з, ш дыбыстарын айтатын тілдер болған мен, олардың ішінде бұлғар тілі (кейін чуваш тілі) түркі-монғол бірлестігінің сипатын (р, л дыбыстарын) сақтап қалды. Сонымен қатар, з дыбысының с варианты, ш дыбысының с, ж варианттары қалыптасты: жаз, жазыл, дъас, дар (дар етті), дарыл (дарылда)— р~з//с, бес//беш, білек, л~ш//с, быш//пыс//піс, быжыл (быжыл-да) шІ/ж//с. Бұл кезеңде оғыз-қарлұқ-қыпшақ тіл бірлестігі қалыптасты. Бірақ оғыз, қарлүқ, қыпшақ тілдері (тілдік бірлестіктері) бір-бірінен айқын жіктеле қойған жоқ. Дегенмен, Хун дәуірінде-ақ оғыздар мен қыпшақтар, қарлұқтар тарих сахнасына шыға бастады. Қытай жылнамаларында, сонымен қатар, қаңлылар мен үйсіндерді атайды, олардың тілі мен тұрмысына қатысты мәліметтер беріледі. Сонымен, Хун империясы — түркі тілдерінің тарихи дәуірі. Қазақтың халық тілінің этногенездік құрамы да осы дәуірден бастап назар аударады. Оғыз-қарлұқ-қыпшақ тіл бірлестігі, екінші жағынан, қазақтың халық тілінің басты арналарының біріне айналса, қыпшақ, қаңлы, үйсін тайпа тілдері (тарихи жылнамалар хабар беретін) қазақтың халық тілінің құрамына енгендер. Түркологияда V—X ғасыр көне түркі дәуірі деп аталып жүр. Бұл алғашқы Түркі мемлекетінің — түркі. қағанатының дәуірі, түркі жазуының, түркі жазба тілінің дәуірі. Дәуірдің тарихи-әлеуметтік үлкен ерекшелігі — түркілер өз тарихын өзі жаза бастаған, өздері жайлы мәліметті өздері хатқа түсіре бастаған кез. Бұл дәуірдегі түркі тілдеріне тән негізгі белгілер деп мыналар аталады: сөз арасында, сөз соңында т//д дыбыстарының сәйкес қолданылуы басым болады: адац. Бұл ерекшелік біздің заманымызда якут тілінде (т) сақталып қалған. Көне түркі дәуірінің өзінде сөз ортасындағы д(т) з дыбысына ауысуы кездеседі. Сөйтіп тарихи р ~ д(т) ~ з(с) дыбыс сәйкестігі қалыптасады. Бұл дәуірдің бізге жеткен ескерткіштерін жазба тілдің мұрасы дейтін көзқарас қалыптаса бастады. Сол жазбалар тілін екі түрлі топқа бөлетін пікір де орнықты. Олар — Орхон-Енисей ескерткіштері және көне ұйғыр тілі ескерткіштері. Орхон-Енисей ескерткіштері тілдік сипаты жағынан бүгінгі түркі тілдерінің қайсысын да еске түсіреді, солардың қайсысының да көне заманғы архетипі ретінде қарастырыла алады. Мысалы, ол тілдің бір белгісі ретінде қаралатын ц//н//й дыбыс параллелінің барлық сыңары қазіргі түркі тілдерінде кездеседі. Немесе сөз басында м//б параллелі түркі тілдері арасында қалыптасқан (мен, бен — қазақ, тү-рікмен) сәйкестік болумен бірге, бір ғана тіл құрамында да қолданылады: мында~бұнда, т. б. Мерзімі жағынан көне үйғыр ескерткіштері соңғы кейінгі уақытқа жатады. Көне ұйғыр ескерткіштерін екі түрлі диалектінің: н — диалект және й — диалектінің көрінісі деп қарау қалыптасты. Көне ұйғыр ескерткіштерінің й — диалект тобы фонетикалық және морфологиялық құрылымы жағынан көне қазақ тілінің алғащқы бастауын байқатады. Дегенмен, көне түркі дәуірінде қыпшақ, оғыз, ұйғыр (қарлұқ) тайпалық тілдер бірлестіктері бой керсете бастады. Көне түркі дәуірі жазбаларында сол тілдік бірлестіктердің, сондай-ақ жеке тілдер: қыпшақ, оғыз, қырғыз, ұйғыр, т. б. тілдердің ерекшеліктері көрініс тапқан. Сонымен, V—X ғасыр аралығы түркі тілдерінің өзара жақындьіқ белгілері бой көрсете бастаса да, әлі толық жіктелмеген дәуір. Осы белгісіне орай бүл түркі бірлестігі дәуірінің бірінші кезеңі — көне түркі қағанаты кезеңі болып табылады. Қазақ тілі тарихы үшін XI—XV ғасырлар аралығы — түркі бірлестігі дәуірінің екінші кезеңі, үлкен мәнді мерзім болды. XI—XV ғасырларда д/т~з/с сәйкестігі жаңа сатыға көше бастады. Сөз ортасындағы д дыбысын айтатын тілдермен қатар й дыбысын айтатын тілдер қалыптаса бастады. Сөйтіп түркі тілдері тарихында белгілі, тілдерді жіктеуде еске алатын дыбыс сәйкестігі: д//т~з//с~й қалыптасады, енді түркі тілдері сөз ортасында қай дыбыстың айтылуына қарай д/т тілдері, з тілдері, й тілдеріне жіктеле бастайды. Түркі тілдері мен моңғол тілдерін жіктеген р~з, л~ш дыбыс сәйкестіктері де жаңа сатыға ауыса бастайды: р~з~ й, л~ш~с. Сонымен қатар түркі тілдері құрамында осы дәуірде жаңа сапалық өзгеріс қалыптасты. Сөз ортасында, сөз соңында ғ, г дауыссыздары мен дауыстылардың тіркесі үш түрлі өзгеріске ұшырады: бір топ тілдерде дифтонгілерге айналды, бір топ тілдерде созылыңқы дауыстыларға айналды және бірсыпыра сөздер құрамында қатаңдап кетті, кейбір сездер құрамында элизияға ұшырап, түсіп қалды. Қысқасы, бұл айтылғандар мына тәрізді фактілер арқылы көрінеді: қазақ — тау, қырғыз — тоо, қазақ — улық, кішік, бек, ұлы, кіші, сары. Бұл өзгерістердің барлығы тілдер қүрамында синоним сөздер мен формалардың молаюына алып келді. Орта ғасырларда, сонымен қатар, жазба тілдер дамыды. Қараханид мемлекетінің территориясында қалыптасып, бүкіл Орта Азияға тараған жазба тілде көп жанрлы көркем әдебиет дамиды, күнделікті іс қағаздары, дипломатиялық қағаздар жазылады. Кейін бұл тілдің негізінде шағатай әдеби тілі, оның негізінде Хорезм әдеби тілі, кейінгі замандарда Алтын Орта әдеби тілі, т. б. жазба тілдер қалыптасып, бүкіл түркі әлемін қамтиды. Бұл дәуірде Юсуф Баласағунидың «Құдатқу білігі», Махмуд Қашқаридың «Диваны» жазылды. Алдыңғысы кітаби жазба тілдің ескерткіші болса, Махмуд Қашқаридың «Диваны» ауызекі сейлеу тілінің жинағы еді. Осы «Диванда» бірінші рет қыпшақ тілі материалдары көрініс тапты. Қашқари кітабында берілген қыпшақ материалдары бүгінгі қазақ тілінің алғашқы сипатын танытады . Осы дәуірде Әлидің «Қисса-и-Жүсіп», Сараидың «Гүлстан бит-түркиі», Хорезмидің «Мухаббат намесі» тәрізді қыпшақ жазба тілінің ескерткіштері мен Абу Хайианның грамматикасы, «Ат-тух-ва», «Қитаб булғат әл-муштақ...», «Әл- Қавани...», 1245 ж. Түрікше-арабша-моңғолша-парсыша сөздік тәрізді грамматикалық зерттеулер мен сөздіктер, «Кодекс Куманикус» тәрізді қыпшақ сөйлеу тілінің мұралары, XV—XVII ғ. армян жазулы қыпшақ қағаздары жасалды. Қыпшақ тілінің бұл дәуірдегі сипаты орыс эпосы «Игорь полкі туралы сөз» арқылы да біздің заманымызға жетті. Қыпшақ тілі сөздік қоры мен фонетикалық жүйесі, грамматикалық құрылымы жағынан қазақ тілінің сипатын байқататыны жайлы пікір түркологияда орныққан деп қарауға болады. X—XV ғасырларда қазақ тілінің рулық, тайпалық тілдер негізінде қалыптасу процесі жүрді. Алғашқы кезеңде рулық тілдердің өзара жіктелу, бір- бірінен ажырауы болса, кейін тайпалық одақтар шығып, қыпшақ тілі бірлестігінің қазақтың халық тіліне ұласуы, дамуы басталады. XV—XVI ғасырларда біртұтас қазақ тілі жайында айтуға мүмкіндік туады. Бұл заманда қазақтың бай ауыз әдебиеті туды, авторлық әдебиет — жазба әдебиет пайда бола бастады. Қазақ тілінің негізгі құрамдық белгілері де осы замандарда қалыптасты. «Қазақ» этнонимінің пайда болуы да, тарихтың айтуы бойынша, XIV ғасырға жатса керек. XVI ғасырдың тарихи деректері қазіргі Қазақстан территориясын мекендеген біртұтас халықтың атын «қазақ» деп қалыптасқан атау ретінде қолданады. XV ғасырдың 60—70-жылдарында алғашқы қазақ хандығы құрылады, алғаш рет жақын тілдерде сөйлейтін әдет-салт жағынан бірыңғай рулар мен тайпалар саяси бір орталыққа бағыну мүмкіндігіне ие болады. Саяси-шаруашылық, географиялық жағдайлардың салдары ретінде осыдан сәл бұрын қалыптасқан қазақтың үш жүзі осы уақыттарда тарих сахнасына шықса керек. Өздерін кейінгі тарих бойында «қазақ» деп атап кеткен халық құрамына енген рулар мен тайпалардың басым көпшілігі сөз басында ұяңдардан гөрі қатаң дауыссыздарды айтатын, созылыңқы дауыстылар орнына дифтонгілер қалыптасқан, сөзді әуезділік жағынан жуан айтуға ұмтылатын, еріндік гармониядан гөрі езулік гармонияны сақтайтын тілдерде сөйлесе керек. Әрине, бұдан басқа сипатта сөйлейтін де тайпалар болды. Тарихи деректер қазақтың құрамына оғыз тектес тайпалардың да, тіпті моңғол тектес тайпалардың да енгендігін дәлелдейді. Қашқари оғыз тілі ерекшелігі деп көрсететін кейбір тілдік құбылыстар қазіргі қазақ тілі кұрамында орнығып қалған. Оның үстіне, орта ғасырларда Сырдария бойында қыпшақ-оғыз тайпалық бірлестіктері болғандығын, Жетісуда қарлұқ тектес тайпалардың қазақ руларымен қоян-қолтық араласқандығын, батыста полозецтермен бірге гуздардың (оғыздардың) бір мемлекеттік одақта өмір сүргендігін еске алсақ, қазақ тілі өзінің алғашқы құралу, қалыптасу дәуірінде бір сипатты болмағандығын білуге болады. Бірақ бұлар сан жағынан көп болмаған және кұралу, қалыптасу дәуірінде мәдени де, саяси-әлеуметтік те жағдайларды айқындамаса керек. Анлаутта ж, инлаут пен ауслаутта й, у дыбыстарын қолданып, сөздің қатаң да жуан айтылуына мән беретін, езулік гармонияны сақтап сөйлеуге тырысатын тілдер көпшілік болумен қатар, халықтың қоғамдық өмірінде ұйымдастырушылық қызмет атқаруы әбден ықтимал. XI ғасырдың соңғы ширегінде саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланысты басқа тайпалар ішінде үстемдік алған қыпшақ тайпасының айналасына басқа да рулар мен тайпалар бірігіп, «қыпшақ» атын алды. Қыпшақ конфедерациясынық құрамына енген тайпалар мен рулар үшін, сөз жоқ, қыпшақ тілі ортақ тіл болды. Қашанда тілдер тарихында бола беретін процесс — бір тілдің негізінде нормалану жүрді. Сөйлеудің бір тілге негізделуі біртұтас тілдік бірліктің жүйеленуіне алып келді және сол тіл құрамында диалектілік ерекшеліктердің де қалыптасуына мүмкіндік жасады. Қазақтың халық тілінің қалыптасуы бұл дәуірде осындай процесті басынан кешірді. XVII—XVIII ғасырлар қазақтың халық тілінің даму дәуірі бол-ды. Біртұтас тілдік жүйелері қалыптасқан халық тілі құрамында нормалану жүреді. Олай етпейінше, тіл сол халықтың қоғамдық қатынас құралы болмас еді. Қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық дамудың басты шарттарының бірі де, ондай дамудың негізі де — біртұтас, сол халықтың барлық өкілдеріне ортақ, барлығына түсінікті қатынас құралы — тілдің болуын қажет етеді. Бұл қай халық тілінің тарихында да болған және болатын тарихи белес. Қазақ тілі сондай белесті XVII—XVIII ғасырларда өткізді деп қарау керек. XVII—XVIII ғасырлар қазақ тілі құрамында жеке диалектілік топтардың (немесе говорлар топтарының) айқындалу негізі болды. Алғашқы негізі рулық, тайпалық тілдер болған тілдік жүйелер қазақтардың жүзге жіктеліп, белгілі территорияларда қоныс тебуінің нәтижесінде этнолингвистикалық жүйе болумен бірге этнорегионалдық сипатқа ие болды. Бұндай жіктеліске әрбір этникалық топтың территориялық байланыстары да ықпалын тигізді. Айталық, оңтүстікті мекен еткендер көрші өзбектермен, олар арқылы парсылармен байланысқа түссе, оңтүстік-шығысты мекендегендер ұйғырлармен көршілік қатынасқа түсті, т. б. Жалпы халықтың тіл жүйелерінің жіктеліп, біртұтас қатынас құралы ретінде дамуы екінші бір тілдік құбылыспен — Орта Азиялық түркіжазба әдеби тілімен де байланысып жатты. Оқығандар мен діни өкілдердің тілі ретінде қазақ даласына келген түркі жазба әдеби тілі өзінің алғашқы таралу кезеңінде-ақ халық тілінің біртұтас қалыптасқан жүйелеріне кез болды. Жүздерге топтасқан қазақ рулары әлеуметтік-саяси жағынан да, экономикалық-географиялық жағынан да бір-бірімен шамалас еді. Белгілі бір руды, рулар одағын ерекшелейтіндей айрықша саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайлар болмаса керек. Рулар мен тайпалық одақтар саяси-әлеуметтік, географиялық жағынан жүздерге белінген кезде де белгілі бір жүздің немесе рудың тілі ерекшеленетіндей тарихи жағдайлар болған жоқ. Сондықтан да қазақ тарихы ондай фактіні білмейді. Жалпы халықтық тіл қазақ халқының құрамына енген негізгі рулар мен тайпалар тілдерінің жинақталған, сараланған түрі ретінде қалыптасты. Лингвистикалық негіз, сірә, «қазақ» дейтін атау алып, өзара топтасқан рулар мен тайпалар тілдік жағынан тек қүрылымдық (агглютинативтік) кана емес, фонетикалық, лексикалык және грамматикалық түрғыдан да осындай сипатқа жақын, бір-бірімен үндес тілдерде сөйлесе керек. Солай екендігі қазақ халық тілі құрамында сақталған тайпалық тілдер (әуелі тайпалық, кейін барып регионалдық) қалдықтары — диалектілерден көрінеді. Қазақ тілі диалектілерінің басқа түркі тілдерімен салыстырғандағы үлкен ерекшелігі — олар (диалектілік айырмашылықтар) тілдің негізгі, яғни түсінуге кедергі болатын салаларын қамтымайды. Орта Азиялық түркі-жазба әдеби тіл сондықтан да қазақ халық тілінің орнына жүріп, оның қызметін атқара алған жоқ. Әрине, қазақтың халық тілі түркі жазба әдеби тілімен қарым-қатынасқа түсті. Соның нәтижесінде қазақ тілінің құрамында сөздердің кейбір семантикалық топтары пайда болды, кейбір синоним сөздер, кейде формалар, жеке фонетикалық өзгерістер келіп шықты. Ол тілдің үлкен әсері қазақ тілінің әдеби болып дамуына тиді жеке сөз топтары мен формалар қызметі жағынан сараланды, жеке стильдік салалардың қалыптасып, дамуы түркі жазба әдеби тілінің ықпалынсыз болған жоқ. XVII—XVIII ғасырларда, сонымен қатар, қазақ-орыс тілдік байланыстары шықты. Половецтер заманынан кейін біраз уақыт баяулаған қазақ-орыс тілдік байланыстары қайта жандана бастайды. 1573 жылы бірінші орыс елшілігі қазақ хандығына келеді, ал 1594 жылы қазақ хандығының өкілі Москваға барады. Бұл замандар өткеннен кейін орыс мемлекетімен ресми байланысқа түсу фактісі, екінші жағынан, орыс-қазақ тілдік байланыстарының қайта жаңғыруы болды. Осыдан бастап екі ел арасында дипломатиялық қағаздар жүре бастады, елшіліктер, жаушылар, олармен қоса тілмаштар пайда болды, қағаз жүзінде де, ауызша да тілдік байланыстар дамыды. Қазақ-орыс тілдік байланысының бүл кезеңінің ерекшелігі — орыс тілінен сөз ауысу басымдау болды. Бүл жағдай да тіл қүрамында өз ізін қалдырды жаңа атаулар пайда болды, синоним сөздермен молықты, тілдің фонетикалық жүйесінде де өзгеше құбылыстардың пайда болуына ықпал жасады. Сонымен, XVII—XVIII ғасырларда қазақ халық тілінің бүгінгі сипатының негізі салынды. Қазақ тілі бір орталыққа бағынған, әдет-салты бірыңғай халықтың тілі ретінде қоғамдық дамудың қүралы ғана болып қойған жоқ, дипломатиялық қатынастар тілі, екінші сөзбен, қазақ халқын дүниелік мәдениетпен байланыстыратын құрал дәрежесіне жетті. Әдеби тілдің негізі де осы дәуірде қалана бастады. Ауыз әдебиетінің сындарлы жүйесінің ықпалы мен ауызша әдеби тіл салаланды авторлы поэзия тілі қалыптасты, туркі жазба тілінің ықпалымен тарихи-мемуарлық шығармалар пайда болды («Жамиғат тауарих», қазақ шежірелері, т. б.), іс қағаздары, дипломатиялық қатынастар тілі жүйеленді, эпистолярлык сипаттағы шығармалар жазылды, т. б. XIX ғасырда қазақтың ұлттық әдеби тілінің қалыптаса бастағаны мәлім. Қазақстанда сауда капитализмі туды. Солардың нәтижесі ретінде қазақтың ұлттық әдеби тілі қалыптаса бастады. Қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін салған Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин осы дәуірде өздерінің атақты шығармаларын жазды. XIX ғасыр қазақтьщ ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптасу, өркендеу дәуірі болды. Сонымен, XIX ғасырда жазба әдебиеті қалыптасты, қазақ баспасөзі туды. Қазақтың халық тілі қазіргі әдеби тілге дейін, сонымен, осындай төрт түрлі дәуірді басынан өткерді. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: • Тарихи грамматика пәнінің мақсаты мен міндеті. • Түркі тілдерінің даму кезеңдері. • Тарихи лексикология мәселелері. • Тарихи этимология. • Тарихи фонетика .Дыбыстардың даму тарихы. • Тарихи морфология. • Есім сөз таптарының даму тарихы. • Етістіктің даму тарихы. • Тарихи синтаксис мәселелері. • Сөйлемнің даму тарихы. Әдебиеттер: 1, 2, 4,5, 7, 8,11. 25-26-Дәріс: Қазақ тілінің түркі тілдері ішінен алатын орны 1. Қыпшақ тілдер тобының басқа түркі тілдерінен айырмашылықтары 2. Қазақ тілінің ерекшеліктері. Мақсаты: Қыпшақ тілдер тобының басқа түркі тілдерінен айырмашылықтары көрсету. Қазақ тілінің басқа түркі тілдерінен ерекшеліктері Мазмұны: Қазақ тілінің дыбыстық, фонологиялық жүйесінің даму, тарихи өзгерістерін анықтап білу көне түркі тілінің бізге жеткен нұсқаларын зерттеуге құрылады. Ғылымда «Орхон-Енесей жазба ескерткіштері дейтін атпен белгілі көне түркі тілінің фонетикалық жүйесі қазақ тілі құрамында негізінен сақталғанымен, дыбыстық құрамда жеке дыбыстардың қолданылуында едәуір өзгерістер болғанын байқаймыз. Ондай айырмашылықтар сол тілдің фонетикалық жүйесін сыйпаттағанда анық көрінеді. Көне түркі тілінің нұсқалары руникалық жазу арқылы жетті. Ал руникалық жазу тілдің морфологиялық құрылымына негізделген. Сондықтан да ол жазу жеке фонеманың өзіндік сыпатынан гөрі фонемаларды бір-бірінен дербестейтін айырмашылықтарды белгілеген. Көне түркі жазуы консонанттық негізде жасалған. Сондықтан жеке дауыстылардан гөрі буын сапасын дауыссыздар таңбасы арқылы белгілеу ол жазуда басым болған. Қазақ тілі – қыпшақ тобындағы тілдер тобына жатады. Ал қыпшақ тобындағы тілдердің қарлуқ, оғыз тобындағы тілдерден фонетикалық негізгі айырмашылықтары мына төмендегідей: 1) 8-9 дауысты дыбыс бар, ы, і, у, и дыбыстары түрлі мәнермен айтылады: татар, башқұрт тілдеріндегі бұл дыбыстар қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдеріндегі сондай дыбыстарға сәйкес келе бермейді; 2) аффикстер құрамында еріндік дауыстылар айтылмайды; 3) сөз құрамындағы еріндік үндесу әлсіз. Қазақ тілінде сөздің бірінші буынында еріндік, кейінгі буындарда қысаң дауыстылар келсе, алдыңғылары соңғыларға әсер етеді. Бірақ өте әлсіз байқалады, сондықтан жазуда ескерілмейді; 4) созылыңқы дауыстылар жоқ. Екінші топқа жататын созылыңқылар орнына қыпшақ тілдерінде дифтонгілер айтылады; 5) көне түркі тіліндегі ғ, г дауыссыздары мен дауыстылардың тіркесі орнына өзгерген жаңа тіркестер (ау, ой, ыу, ей, ій, үй, үу, ұу) қолданылады; 6) көптеген тілдерде сөз басында айтылатын қатаң п орнына ұяң б айтылады, бірақ жіктеу есімдіктері м, б дыбыстарымен мен, бен түрінде дыбысталады; 7) сөз басында қатаң т, қ, к дауыссыздары жиі қолданылады; 8) сөз басында й, ж, дж дыбыстары жарыса қолданылады; 9) сөз ішінде екі дауысты дыбыс аралығында п, қ, к қатаңдары ұяңдап кетеді. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: • Тарихи грамматика пәнінің мақсаты мен міндеті. • Түркі тілдерінің даму кезеңдері. • Тарихи лексикология мәселелері. • Тарихи этимология. • Тарихи фонетика .Дыбыстардың даму тарихы. • Тарихи морфология. • Есім сөз таптарының даму тарихы. • Етістіктің даму тарихы. • Тарихи синтаксис мәселелері. • Сөйлемнің даму тарихы. Әдебиеттер: 1, 2, 4,5, 7, 8,11. 27-28-ДӘРІС Қазіргі тіл білімінің зерттеу парадигмалары 1 Тіл білімінің зерттеу әдістері мен түрлері 2 Салыстырмалы-тарихи зерттеу әдісі 3 Тіл біліміндегі антропоцентрлік парадигма Қазіргі заман тіл білімінде зерттеу әдістерінің көпшілікке танылған, зерттеу нысаны айқындалған бірнеше түрі бар.Олар: сипаттама, салыстырмалы – тарихи, типологиялық, структуралық, математикалық әдістер. Сипаттама әдіс – тіл білімі әдістері ішіндегі ең көнесі.Тілге байланысты алғашқы зерттеулердің барлығы дерлік осы сипаттама әдіс бойынша жүргізілген.Сипаттама әдіс зерттеліп отырған нысанның өткендегі күйін, тарихи даму жолдарын ескермейді, тек оның белгілі бір дәірдегі қалпын, синхрондық күйін сипаттаумен шұғылданады. Сипаттама әдіс бойынша жазылған еңбектер осы әдістің атымен сипаттама грамматика, сипаттама фонетика, сипаттама лексика деп те аталады.тілдің белгілі бір дәуірдегі құрылым жүйесін айқындауда сипаттама әдіс бойынша жүргізілетін зерттеудің мәні ерекше. Сипаттама әдіс зерттеудің көне замандардан келе жатқан тәсілі болғанымен, ол – ескірген, қолданудан қалған тәсіл емес, қазір заман тіл білімінде де үздіксіз қолданылып келе жатқан жасампаз тәсіл.Структуралық тіл білімі түгелдей дерлік осы сипаттама әдіске сүйенеді, соны қолданады.Бірсыпыра ғалымдар құрылымдық әдісті осы сипаттама әдістің жаңарған, жетіле түскен жалғасы дейді де, оны сипаттама әдістің құрамында қарайды, екеуін біріктіріп, синхрондық әдіс деген бір ғана атаумен атайды. Сипаттама әдіс болсын, құрылымдық әдіс болсын тілдің белгілі бір дәуірдегі күйін, статикалық жүйесін зерттейді.Бірақ қолданыла бастау мерзімі жағынан болсын, зерттеу тәсілі, алға қоятын мақсаты жағынан бұл екеуінің арасында бірсыпыра өзгешелік бар. Оны байқау үшін қалыптасу кезңнің көп кейіндігіне қарамастан, құрылымдық әдісті де осы тақырыпқа жалғастыра қарап, екі әдіс арасындағы бірлік пен өзгешеліктерді ашқан жөн. Структуралық әдіс. Бұл әдіс тіл білімінде 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап қолданыла бастады.Бірақ ол ғылыми зерттеу әдісі ретінде басқа ғылымдарда бұрыннан қолданылып келген, тіл біліміне солардан ауысқан әдіс.Құрылымдық әдіс бұл күнде дүние жүзіне кең тарап, тіл біліміндегі ағым ретінде құрылымдық тіл білімі немесе структуализм деп те аталып жүр. Бұл әдістің құрылымдық деп аталуының мынадай себебі бар.Әдісті қолданушылар тілді өзара тығыз байланыста, шартты қатынаста тұратын, біріне – бірі тәуелді бөлшектерден құралған біртұтас, бір бүтін құрылым, жүйе деп санайды да, тіл білімінің міндеті – тілдің сол құрылымын зерттеу дейді.Тіл құрылымын зерттеуде қолданылатын әдіс – құрылымдық әдіс дейді.Бұл көзқарасты жақтаушылар, яғни құрылымдық әдісті қолдана отырып, тілдің құрылымын зерттеу – тіл білімінің бірден – бір міндеті деп санайтындар – структуралистер деп аталады. Тілдің құрылымын зерттеу тіл білімі тарихында структурализмге дейін де болға, сондықтан структуралистердің өзіне дейінгілерден, яғни 19 ғасыр тіл ғалымдарынан, өзгешеліктері соңғылардың тілдің құрылымын зерттеуінде емес, соны зерттеу тәсілдерінде, алға қоятын мақсаттарында.Бұл пікірді талдаңқырап көрсетсек, төмендегідей болып шығады. 1. Өткен ғасырдағы тіл ғалымдары тілдік тұлғаларды бір – біріне байланыссыз бөлек – бөлек алып, оларды мағыналық, дыбыстық жақтан талдауға ерекше мән берсе, структуралистер тілді біртұтас құрылым, элементтер бірлігінен тұратын бір бүтін жүйе, сондықтан оның элементтері жеке тұрғанда өз мәндерін толық көрсете алмайды, олардың семиотикалық сипаты, тіл біліміндегі орны, өз жүйесіндегі өзі сияқты басқа элементтермен байланыста, қарым – қатынаста қарағанда ғана айқындалады дейді де, элементтер арасындағы қарым – қатынасқа, байланысқа ерекше мән берді.Сөйтіп, алдыңғылардың зерттеулерінде тіл тұтастығы ескерілмей, ол бір – біріне байланыссыз жатқан кездейсоқ бөлшектер жиынтығы сияқты болып көрінсе, соңғылардың зерттеулерінде ол – бөлшектері бір – бірімен тығыз байланыста, шартты қатынаста тұратын, бірі бәріне, бәрі біріне тәуелді біртұтас құрылым, сындарлы жүйе болып көрінеді. 2. 19 ғасыр тіл ғалымдары тілдің, тілдік элементтердің тарихын зерттеуге ерекше мән берсе, ғылыми зерттеу деп тек тарихи тұрғыдан жүргізілетін зерттеулерді санаса, структуралистер тілді семиотикалық жүйе, тіл білімінің негізгі міндеті – тілдің жүйесін зерттеу, тіл жүйесін зерттеу тек синхрондық статикалық тәсіл арқылы ғана жүргізілуі керек, диахрондық тәсілдің тіл жүйесін зерттеуге қатысы жоқ, нағыз ғылыми зерттеу тек синхрондық зерттеу дегенді айтады.Сөйтіп, структуралистер тілдің таңбалық қызметіне, жүйелік сипатына, синхзрондық күйіне шешуші мән берді, құрылымдық әдістің табан тірейтін принципі осылар деп санайды. 3. Бірақ құрылымдық әдіс барлық елде, барлық жерде бірыңғай, бір мақсатта ғана қолданылмайды.Бұл әдісті қолданушылар арасында қайшылықтар да, ала – құлалықтар да жеткілікті. Құрылымдық әдіс Кеңес тіл білімінде де қолданылып келеді, қолданылып та жүр.Алдыңғы тарауда айтылғандай, бізде құрылымдық әдісті жақтаушылар да, оған қарсылар да болды.Бірақ түптеп келгенде, бұл әдісті қолдануға болатындығы айқындалды.Сөйтіп, 20 ғасырдың 50 – жылдарынан бастап ол Кеңес тіл білімінде берік орын тепті.Тіл, әдебиет бөлімі бюросы да, осыдан кейін тіл білімінде дамыту жөнінде арнаулы қаулы алды да, осыдан кейін бұл бағыттағы жұмысты өркедетудің әр түрлі жолдары жүзеге асырылады. Кеңес тіл білімінің құрылымдық әдісті қолдануда, оның міндет – мақсатын айқындауда өзіндік ерекшеліктері бпр.Ең алдымен, бұл әдісті қолдану тіл білімі әдістерінің басқа түрлерінен бас тартуды, олардың пайдалы жақтарын жоққа шығаруды көздемейді.Ол басқа да әдістермен қатар қолданыла береді.Екіншіден, құрылымдық әдісті қолдану тіл тарихын, диахрондық зерттеудің маңызын тіпті де жоққа шығармайды.Үшіншіден, құрылымдық әдісті мағынадан жұрдай жалаң формаларды тізімдеудің немесе формалардың абстракт мәнде алынған жалаң қарым – қатынассын ғана зерттеудің құралы етуге қарсы.Кеңес структуралистері тілдік формамен бірге оның мағыналық, қызметтік жақтарына да ерекше мән берді. Құрылымдық әдісті қолдануда Кеңес тіл ғалымдары арасында ала-құлалық бар. Бірақ олардың барлығы да маркстік диалектикалық және тарихи материализм принципін басшылыққа алды. Жоғарыда құрылымдық әдістің белгілі шамада сипаттама әдіспен үндес келетіні айтылды. Бірақ сол үндестігімен қатар, бұл екеуі арасында елеулі өзгешеліктер де жоқ емес. Сондайлардың бірі ретінде мынаны айтуға болады: сипаттама әдістің ерекше назар аударатыны тілде қолданылып жүрген элементтердің, тұлғалардың мағыналық, дыбыстық жақтарын, қызметін жеке-жеке айқындап, оларды түрлі категорияларға топтау болса, құрылымдық әдістің ерекше мән беретіні олардың бір-бірімен қатынасы, байланысы, дистрибуциясы. Тіл біліміндегі талдау тәсілдері. Жоғарыда ескертілгендей, сипаттама әдістің болсын, құрылымдық әдістің болсын алға қоятын мақсаты – тілдің белгілі бір дәуірдегі жүйелік құрылымын синхрондық күйде сипаттап шығу. Ал, оны сипаттау – тілдік тұлғаларды бөлуге, олардың өзіндік ерекшеліктерін, қызметтерін дистрибуцияларын айқындауға байланысты. Тілдік тұлғаларды сипаттау, талдау үш кезеңге бөлінеді: бірінші кезеңде мәтіннен номинативтік, коммуникативтік тұлғалар бөлініп алынады. Екінші кезеңде ажыратылып алынған номинативтік және коммуникативтік тұлғалар әрі қарай құрылымдық бөлшектерге, яғни сөз – морфемаға, сөйлем – сөз тіркестері мен сөйлем мүшелеріне жіктеледі. Ал, үшінші кезеңде алдыңғы екі кезеңде бөліп алынған номинативтік, коммуникативтік және құрылымдық тұлғалар талданып түсіндіріледі. Құрылымдық түсінік, негізінде, категориялар жәнеғ дискреттік талдау арқылы беріледі. Категорияларды талдау арқылы айқындалған элементтер әр түрлі жақындықтарына қарай түрліше парадигмалық топтарға жіктеледі. Ал, дискреттік (латынша – бөлшектік) талдауда құрылымдық элементтер әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең ұсақ элементтерге дейін жіктеледі. Тілдік талдаудың жоғарыда аталған үш кезеңінің алдыңғы екеуіндегісі компоненттік талдау деп аталады. Мұнда сөз – морфемдік, сөйлем – мүшелік бөлшектерге талданады. Компоненттік талдау, сонымен бірге, сөз мағынасын түсіндіруде де қолданылады. Мысалы, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» адам деген сөздің лексикалық мағынасы былай айқындалған: «Ойлау және сөйлеу қабілеті бар, өмірге қажетті өндіріс құралдарын өндіре алатын және ол құралды қоғамдық еңбек процесіне пайдалана алатын жан иесі, кісі». Бұл анықтамада адам деген сөздің лексикалық мағынасының алты түрлі белгісі аталған. Олар: ойлау, сөйлеу, құрал өндіру, құралды пайдалана білу, жан иесі және кісі. Бұлардың әрқайсысы – сөздің лексикалық мағынасының жеке комоненттері. Осы комоненттердің бірігуі арқасында сөз мағынасы жан-жақты айқындалды. Компоненттік талдау дегеннің мәні де осында. Бірақ көптеген сөздердің, басқа да тілдік тұлғалардың мағынасын айқындауда компоненттік талдау жетімсіз болатыны, контекстік талдауды қажет ететіні болады. Контекст деп тілдік тұлғаның орналасқан ортасын айтады. Лексикалық, грамматикалық омонимдердің, полисемиялы сөздердің мағыналарын айқындауда контексті пайдалану шешуші рөл атқарады (күннің көзі, терезенің көзі, бұлақтың көзі, малды суар, малды ауыл, қолын малды). Кейбір әдебиеттерде контекстік талдау дистрибутивтік әдістеме деп те аталады. Бірақ бұлай атау орынсыз, өйткені контекстік талдау мен дистрибутивтік талдау бір емес: алдыңғысы, негізінде, тілдік тұлғалардың мағыналарын айқындауды көздейді, ал, соңғысы кез келген тілдік элементтер арасында я қасында келе алатынын, олардың қызметін айқындауды көздейді, сондықтан ол синтагмалық тіркесудің барлық түрінде, фонема үшін фонема тіркестерін, морфема үшін морфема тіркестерін контекст ретінде қолдана береді. Математикалық әдіс. Кейінгі жылдарда физика, химия, математика ғылымдарының тез қарқынмен дамуы нәтижесінде техниканың рөлі мейлінше артты. Ол өмірдің бар саласына да кең тарала бастады. Күрделі есептер шығаратын, бір тілден екінші тілге аударатын электрондық машиналар жасалып шығарылды. Содан барып математикада қолданылатын әдісті басқа ғылымдарда, солардың ішінде тіл білімінде де, қолдануға болмас па екен деген сұрақ туады. Оған себепші боларлық кейбір жайттың тілде барлығы даусыз. Мысалы, тілдің құрылымында оның элементтерінің сандық шамасының да атқаратын қызметі аз емес. Онда белгілі бір элемент, форма көп болса, екінші біреулері сан жағынан одан әлдеқайда аз болады. Бірі өнімді, актив қызмет атқарса, екінші біреулері өнімсіз, пассив болады, өте сирек қолданылады. Бұларды айқындау, есепке алу – ғылым үшін қажет нәрсе. Өйткені тіл білімі үшін тілдік элементтердің сапалық сипаты қандай мәнді болса, сандық сипаты да сондай мәнді. Математикалық әдісті (кейде сандық әдіс деп те аталады) тіл білімінде де қолдану керек дейтін ғалымдар әр түрлі категориядағы, топтпғы сөздерді, олардың әр алуан формаларын, байланыстарын математикалық көптік, жиынтық деп қарауға, сөйтіп, оларды ғылыми талдауға математиканың көптік теориясы деп аталатын формуласын, ұғымын қолдануға болады дегенді айтады. Бұл әдістің негізгі мақсаты – тілдің, сөйлеудің сандық сипатын, тіл құрылымының қызметімен, дамуымен байланысып жататын сандық заңдылықтарды айқындау, солардың сырын ашу. Оған зерттеу материалы болатындар – тілдік элементтердің, формалардың сандық жағы, сандық сипаттарының жиынтығы. Математикалық әдіс тілді күрделі есептер шығаратын немесе мәтінде бір тілден екінші тілге аударатын электрондық машинамен қалай жақындастыруға болады дегенді зерттейді. Кейбір ғалымдар Математикалық әдістің бұл міндетін автоматтық анализ әдісі деп бөліп қарайды. Математикалық модельдер үлгісін тілге де қолдану, тіл білімін де автоматтандыру талабы хабар, информация теориясы негізінде, соның қасиетінен туып, соңғы жылдары өте тез қарқынмен дамып келе жатқан кибернетика ғылымының әсерінен пайда болды. Бұл әдіс Кеңес тіл біліміне 20 ғасырдың 50-жылдарының екінші жартысынан бастап ене бастады. Содан бергі уақыт ішінде ағылшын, француз тілдерінен орыс тіліне электрон машинасы арқылы аударуға бірнеше әрекет жасалды. Математикалық әдісті тіл білімінде қлдануда қиыншылықтар да жоқ емес. Математикалық әдістер, модельдер тіл білімінде қлдану үшін, алдымен солардың өзін жақсы білу керек. Ал, тіл ғалымдарының барлығы бірдей математикалық идеяларды біле бермейтіні белгілі. Екіншіден, бұл әдісті қолдануды жақтаушылардың өздері де бірауызды емес. Оны қалай қолдану керек және тіл білімінің қай саласында жемісті қолдануға болады дегендер тәріздес сұрауларға беріліп жүрген жауаптар да әр түрлі. Бірақ елеулі қиындықтарына қарамастан, математикалық әдіс, егер дұрыс қолдана білсе, тіл біліміне едәуір септігін тигізері даусыз. Салыстырмалы әдіс. Фактілерді бір-бірімен салыстыра тексеру – ғылыми зерттеу атаулының бәріне де қажетті тәсіл. Сондықтан бұл әдіс барлық ғылымдарға тән, ортақ тәсіл деп есептеледі. Салыстыру тек ғылыми зерттеуде ғана емес, әр түрлі тілдерді үйрену, оқыту істерінде, салыстырмалы сөздіктер жасауда да кең қолданылады. Салыстыру арқылы салыстырылып отырған нысанның өзіндік ерекшеліктері, басқаларға ұқсастық және одан өзгешелік жақтары айқындалады. Салыстырудың жолдары, одан шығатын қорытынды, көздеулердің түпкі мақсаты - әр ғылымда әр басқа болуы мүмкін. Сондай өзгешелік тіл білімінде қолданылатын салыстырмалы әдісте де бар. Басқа ғылымдарда қолданылатын салыстырулардан өзгешелігін айтпаған күнде де, бұл әдістің бір ғана тіл білімінде қолданылуының өзінде де әр түрлілік аз емес. Ондай әр түрлілік салыстырылатын фактілердің ерекшеліктерінен, салыстырудан күтілетін нәтижелерден, көзделетін түпкі мақсаттан туады. Салыстырылатын фактілер әр түрлі тілдерден алынуы да, бір тілдің өз фактілері болуы да мүмкін. Сондай-ақ, салыстырылатын әр түрлі тілдер өзара туыстас, төркіндес тілдер болуы да, бір-бірімен ондай жақындықтары жоқ тілдер болуы да мүмкін. Салыстырылатын фактілердің осындай өзгешеліктеріне қарай салыстырмалы әдіс тіл білімінде салыстырмалы-тарихи әдіс немесе тарихи-салыстырмалы әдіс, салыстырмалы әдіс делініп үш түрге бөлінеді. Енді осылардың ішінен кітаптың бұрынғы тарауларында көп сөз болмағаны - тарихи-салыстырмалы әдіс жайына тоқталалық. Тарихи-салыстырмалы әдіс. Кейбір әдебиеттерде зерттеудің бұл түрін тарихи әдіс деп те атайды. Олай аталатыны: бұл тәсіл тілдік фактілердің тарихын айқындау үшін қолданылады. Оны айқындауда, зерттеліп отырған тілдің әр дәуірдегі фактілерін бір-бірімен салыстыра зерттеу әдісі қолданылады, яғни фактілер тарихи салыстыру арқылы ашылады. Сондықтан біраз әдебиеттерде тарихи деген атауға салыстырмалы деген сөзді қосарлап, тарихи-салыстырмалы әдіс деп атайды. Бұлай атау - әдістің барлық сипатын біршама толық көрсететіндіктен, бұл оқулықта да осы шартты атау қолданылады. Мұндағы салыстырудың салыстырмалы-тарихи әдістен ең негізгі өзгешелігі – алдыңғыда туыстас бірнеше тілдер фактілері салыстырылса, соңғыда бір тілдің өз фактілері де бір-бірімен салыстырылады. Тарихи-салыстырмалы әдіс тілдің өзгеру, даму жолдарын, ол өзгерістің заңдылықтарын және оған түрткі болған ішкі-сыртқы себептерді зерттеу үшін қолданылады. Бұл әдіс тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудың, сөйтіп, оның тарихын зерттеуге мән берудің нәтижесінде 19ғасырда пайда болды. Бұл тәсіл сипаттама әдіске тура қарама-қарсы мәнде. Сипаттама әдіс тілдің белгілі бір ғана дәуірдегі, негізінде, осы заманғы статикалық күйін айқындауды көздесе, тарихи әдіс оны даму, өзгеру үстінде, динамикалық, диахрондық күйде алады. Тіл басынан қандай құрылымдық құбылыстарды өткізді, алғашқы құрылым, норма немесе құрылымдық элемент неге жойылды, оның орнын не басты, соңғының алғашқылардан артықшылығы неде? – деген сияқты сұрауларға жауап іздейді. Ол үшін тілдің белгілі бір дәуірдегі құрылымдық күйін, оның соған жалғас екінші бір дәуірдегі құрылымдық күйімен салыстыра зерттейді. Тілдік өзгерістерге түрткі болған ішкі-сыртқы себептерді айқындайды. Тарихи-салыстырмалы әдісті қолдана отырып, тіл тарихын зерттегенде, тілдік құрылымның әр қабаты – фонетикасы, морфологиясы, синтаксисі, т.б. жеке-жеке зерттелуі мүмкін. Соған қарай, тіл білімі тарихи фонетика, тарихи морфология, тарихи синтакси немесе тарихи грамматика деп бөлектеніп аталады. Пайдаланылған әдебиеттер: • Амирова Т.А. Олбховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики.М., 1975 • Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985 • Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1978 • Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. М., 1979 • Гумбольдт В.А. Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Бодуэн де Крутенэ Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Звегинцев В.А. Внутренные законы развития языка. М., 1985 • Кодухов В.И. Общее языкознани. М., 1974 • Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі, А., 2004 • Лингвистический энциклопедичесуий словарь. М., 1990 29-30 -дәріс Тақырыбы : Тіл білімінің қазіргі күйі Тілдік құрылыстардың көпшілігі, әдетте, қоғам дамуымен, қоғамның рухани өмірінің дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан тіл тарихын зерттеуші ғалым сол тілдің иесі болып табылатын қауым тарихын ескерусіз қалдыра алмайды. Оның үстіне, тілдің әрбір тарихи дәуірдегі күйін білдіретін жазба нұсқа да бола бермейді. Мұндай жағдайда тілдің өткен кезеңдерінен сақталған белгілі фактілерді бір-бірімен салыстыра отырып, белгісіз кезеңдердегі тілдік жүйенің, тілдік элементтердің сипаты туралы ғылыми болжамдар жасауға да тура келеді. Бұл ретте археология, этнография, тарих ғылымдары ашқан фактілердің тигізетін пайдасы да аз болмайды. Осыған байланысты тіл тарихшысы бұл ғылымдардан да хабардар болуы шарт. Бұл жағдайлар тарихи әдіс бойынша жұмыс істеудің қиын да күрделі екендігін байқатады. Солай болғанымен, тарихи әдіс – тіл біліміне өте қажет және бірте-бірте жетіліп, толығып келе жатқан маңызды тәсіл. Тіл фактілерін тарихи тұрғыдан алып зерттеу, білу ғылым үшін де, практика үшін де керек. Өйткені қандай құбылыстың, фактінің болса да, өткенін, тарихи даму жолдарын білмей тұрып, оның қазіргі күйін, сырын жете білу мүмкін емес. Бұл айтылғандар тілдің және тілдік категориялардың тарихи даму жолдарын зерттеп білудің шешуші мәні барлығын байқатса керек. Антропологиялық тіл білімін зерттеушілер «білім, концептуалдылық, концептуалды жүйе, когниция, когнитивтік модель, вербалдылық, менталдылық, концепт, әлем бейнесі, концептілік өріс, ұлттық мәдени бірліктерді» когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары ретінде қарастырады. Аталған ұғымдардың адам санасындағы әрекеттері, тілдегі көрінісі, сол арқылы «әлемнің тілдік бейнесін» тануға мүмкіндік жасау қабілеті туралы мәселе бүгінгі таңда жалпы лингвистер алдында негізгі де өзекті проблемалар санатында тұрғандығын кейінгі зерттеулерден айқын көруге болады. Қазіргі тіл білімінде концептуалдылық таным процесіндегі білімнің нәтижесінен көрініс табуда. Бұл атауға байланысты Е.С.Кубрякова: «Концептуализация интерпретируется как «некоторый» «сквозной» для разных форм познания процесс структура знаний из неких минимальных концептуальных единиц»-деген болатын (2, 93). "Адам және тіл" мәселесі соңғы уақытта мол өзектілікке ие болуда, өйткені тілді адекватты зерттеу ісі оның өз шеңберінен шығып, табиғат пен қоғамдағы белгілі бір ортада өмір сүретіндердің тобына жүгінгеңде ғана толық мүмкіңдікке ие болмақ, себебі, тіл адамды адам ететін айрықша белгі, ерекше нышан қасиетімен танылады. Әрине, тіл пайда болған күннен бастап адамзаттың өз ойын басқаға жеткізу үшін тәжірибесі жинақталып, қалыптасады. Осымен байланысты оған қатысты тілдік бірліктердің табиғатын тануда тілдің когнитивтік, танымдық қызметі ерекше. Бұл - тілдік ойды жарыққа шығару құралы. Когнитивтік қызметтен тілдің танымдық, затдеректік (денотаттық), референция қызметтері бірге танылады. Яғни тіл - тек заттың, ұғымның аты ғана емес, ол халықтың белгілі бір кезеңдегі таным-түсінігі, өмір салтының жемісі, сол себепті тіл әлеуметтік құбылыстардан тыс өмір сүрмейді. Адам баласының таным-түсінігі толысқан сайын өзіне дейінгі ұрпақтар жасаған мұраларды зерттеп, игеруге деген қажеттілігі арта түспек. Бүгінгі таңдағы ғылыми түсінік ғылымды да, әдебиет пен өнерді де, ел-жұрттың білім өрісі мен сауатын да, ойдың оралымдылығы мен тілдің құнарын да "адам және тіл" аясына сыйғызады. Пайдаланылған әдебиеттер: • Амирова Т.А. Олбховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики.М., 1975 • Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985 • Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1978 • Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. М., 1979 • Гумбольдт В.А. Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Бодуэн де Крутенэ Избранные труды по языкознанию. М., 1984 • Звегинцев В.А. Внутренные законы развития языка. М., 1985 • Кодухов В.И. Общее языкознани. М., 1974 • Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі, А., 2004 • Лингвистический энциклопедичесуий словарь. М., 1990 3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР |р/с |Тақырыбы мен мазмұны |Тәжірибелік | |1 | Ежелгі заман тіл білімі |1 | |2 |Орта ғасыр тіл білімі. |1 | |3 | ХІХ ғасыр тіл білімі |1 | |4 |ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер. |1 | |5 |ХХ ғасыр тіл білімі және структурализм |1 | |6 |ХХ ғасыр тіл білімі және структурализм |1 | |7 |Кеңестік тіл білімі |1 | |8 |Ресей тіл білімі | | |9 |Қазақстан тіл білімі |1 | |10 |Түркі тілдерінің даму кезеңдері. Әр кезеңдегі |1 | | |түрлі тілдерінің бөлінісі, кезеңдерге қатысты | | | |тарихи-әдеби мұралар. | | |11 |Қазақ тілінің түркі тілдері ішінен алатын орны. |1 | | |Қыпшақ тілдер тобының басқа түркі тілдерінен | | | |айырмашылықтары... | | |12 |Ареалдық лингвистика. |1 | |13 |Тіл философиясы |1 | |14 |Тіл білімінің зерттеу парадигмалары |1 | |15 |Тіл білімі және оның қазіргі күйі |1 | 4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ 4 1. Ежелгі заман тіл білімі 4 2. Орта ғасыр тіл білімі. 4 3. ХІХ ғасыр тіл білімі 4 4. ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер. 4 5. ХХ ғасыр тіл білімі және структурализм 4 6. ХХ ғасыр тіл білімі және структурализм 4 7. Кеңестік тіл білімі 4 8. Ресей тіл білімі 4 9. Қазақстан тіл білімі 4 10. Түркі тілдерінің даму кезеңдері. Әр кезеңдегі түрлі тілдерінің бөлінісі, кезеңдерге қатысты тарихи-әдеби мұралар. 4 11. Қазақ тілінің түркі тілдері ішінен алатын орны. Қыпшақ тілдер тобының басқа түркі тілдерінен айырмашылықтары... 4 12. Ареалдық лингвистика. 4 13. Тіл философиясы 4 14. Тіл білімінің зерттеу парадигмалары 4 15. Тіл білімі және оның қазіргі күйі 5 ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ |Өзгерістің |Құжаттың |Өзгеріс |Хабарламаның |Өзгеріс енгізілді | |рет нөмірі |тарауы |түрі |нөмірі және | | | |пункті |(ауыстыру, |күні | | | | |жою, қосу) | | | | | | | |Күні |Аты-жөні, | | | | | | |қолы, | | | | | | |қызметі | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | 6. ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ТАНЫСУЫ |№ |Қызметі |Аты-жөні |Уақыт|Қолы |Өзгерту № |Уақыты |Қолы | |о/қ | | |ы | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz