Файл қосу
Химиялық жұмыстардың шығындар сметасын құрастыру әдістемесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК 042-18-1.1.48/02-2013 ПОӘК Студентке << Химиялық-технологиялық өндірістің экономикасы және басқару жүйелері>> пәні бойынша арналған жұмыс бағдарламасы № 2 баспасы 26.09.2013 <<ХИМИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАСЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ>> ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ мамандығы 5В072000 <<Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы>> студенттеріне арналған СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2013 Алғысөз * ДАЙЫНДАҒАН Дайындаған Шәкәрім атындағы Семей мемлекттік университетінің <<Экономика және бизнес>> кафедрасының аға оқытушысы ________________ Нұралина Қ.Т. <<28>> тамыз 2013жыл. 2. ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің <<Экономика және бизнес>> кафедрасының отырысында. <<29>> тамыз 2013 ж. №1 хаттама Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент __________________Жайлаубаева Ш.Д. 2.2. Қаржы-экономикалық факультетінің Оқу- әдістемелік бюросының отырысында. <<5>> қыркүйек 2013 ж. №1 хаттама ОӘБ төрағасы ___________________ С.Қ.Тойкин 3. БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу - әдістемелік Кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған. <<18>> қыркүйек 2013 ж. №1 хаттама ОӘК төрағасы, бірінші проректор _______________ Г.К. Искакова Мазмұны * Жалпы ережелер * Пәннің мазмұны мен сабақ түрлері бойынша сағаттың бөлінуі * Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар * Курстың форматы * Курстың саясаты * Бағаларды қою саясаты * Әдебиет * ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы және пән жөнінде жалпы мәліметтер Нұралина Қ.Т. <<Экономика және бизнес>> кафедрасының аға-оқытушысы Байланыс ақпараты - тел. 530316, оқу корпусы № 8, кабинет 233. Сабақ өту аудиториясы № 1 корпус Берілген пән бойынша кредит саны - 2 1.2. Пәннің қысқаша мазмұны Нарық қарым-қатынастары жағдайында экономикалық қызметтің орталығы бүкіл экономиканың негіэгі бөлігіне - кәсіпорынға ауысып отыр, өйткені тек экономиканың осы деңгейінде ғана қоғамға қажет өнім шығарылады және қызмет көрсетіледі. Мұнда халықтың жұмысқа қабілетті адамдарының негізгі бөлігі жұмыс істейді. Білікті кадрлар да негізінен осында шоғырланған. Кәсіпорында қажет өндіріс қорларын тиімді пайдалану, жоғары сапалы техника мен технологиялар енгізу сұрақтары қарастырылады. Мұнда өндіріс шығындарын ең төменгі мәнге жеткізу, бизнес-жоспарларды құру, маркетинг шараларын жүргізу, нәтижелі басқару әдісі, менеджментті қолдану әдістері іске асырылады. Жұмыстың әдістерін және тәсілін өзгерту қажеттілігі әрбір маманнан тыңғылықты ғылыми экономикалық білімдерге, оларды қолдану дағдысына негізделген белсенділік пен іскерлікті талап етеді. Химиялық-технологиялық өндірістің экономикасы және басқару жүйелері пәнінің негізгі зерттеу объектілеріне келесі жатады: * Кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіптік өндірістің түрлері, өндірістік циклды ұйымдастыру; * Кәсіпорынды басқару процесін ұйымдастыру; * Шаруашылық стратегияны таңдау, қызметтер мен жұмыстарды жасау жоспарын құрастыру; * Кәсіпорын капиталын қалыптастыру, қолдану, пайданың көлемін өсіру; * Химиялық өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету, материалдық қорлар мен жабдықтарды жеткізу, оларды тиімді қолдану; * Химия материалдарын өңдіруге кеткен шығындардың сметаларын құру, шығындар калькуляциясын жасау және тарифтерін құрастыру саясатын анықтау; * Кәсіпорынның инновациялық қызметі, қызметтердің сапасын өсіру, фирманың инвестициялық саясатын жетілдіру, экологиялық сұрақтарды қарастыру; * өндірістік процесті ұйымдастыру сұрақтары, ұйымдастыру қағидаларын және әдістерін зерттеу, жұмыстардың циклын есептеу, ұйымдастыру; * еңбекті нормалау, төлеу сұрақтарын зерттеу, жұмыскерлерді еңбекке уөждеу әдістерін қарастыру, еңбек өнімділігін өсіру жолдары; * кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі. 1.3. Химиялық-технологиялық өндірістің экономикасы және басқару жүйелері ғылымының басты мақсаты-өндірістің, химия саласы кәсіпорынның (бейорганикалық химия материалдарын өңдіру бойынша) шектерінде құрылу, іс-әрекет ету және даму заңдылықтарын, формалын, әдістерін және қағидаларын зерттеу, сондай-ақ, кәсіпорынның маркетингтік қызмет және менеджмент негіздерін оқу 1.4. Пәнді зерттеудің басты міндеттері нарықтық экономика дамуының объективті шарттарымен және мемлекеттің экономикалық саясатымен белгіленген. Негізгі міндеттері: * химия материалдарын өңдіру салаларындағы кәсіпорынды шаруашылық объектісі ретінде тану, оның ұлттық экономика жүйесіндегі орнын түсіну; * кәсіпорынның қор базасын зерттеу және осы қорларлы пайдалану тиімділігін өсіру жолдарын білу; * кәсіпорының қызмет етуінің шаруашылық механизмін зерттеу және оның қаржылық нәтижелерін зерттеу 1.5. Пәнді оқу нәтижесінде студент келісіні орындау керек: - кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің тиімділігін есептеу әдістемесін, ҒТП негізгі бағыттарының тиімділігін, күрделі салымдардың, негізгі қорларды пайдаланудың, еңбек өнімділігін және өндіріс рентабельділігін өсіру тиімділігін анықтауды білу қажет; - нарықтық қарым-қатынастар жағдайларында өндірісті ұйымдастыру және шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін қолдануды білу қажет. - кәсіпкерлік есептеулердің, аналитикалық есептеулер мен болжамдардың сандық әдістерін, өндіріс тиімділігінің жалпылама және жеке көрсеткіштерін анықтау әдістемесін игеру керек - өндірісті дұрыс және құзырлы ұйымдастыруды, нарық талаптарын анықтауды, әртүрлі шаруашылық міндеттерді шешуге шығармашылық тұрғыдан қарастыруды, кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдауды және экономика дамуында сапалық өзгерістерді дұрыс бағалауды білу қажет; - жалпы экономика теориясы бойынша білімі болу керек; - кәсіпорында экономикалық жұмысты дербес жүргізудің, іс жүзіндегі бастапқы ақпаратты және есептелген экономикалық көрсеткіштерді дұрыс талдаудың дағдылары болу керек. 1.6. Курс пререквизиттері: Экономикалық теория, маркетинг, менеджмент және т.б. 1.7. Курс постреквизиттері: Курс мамандықтары бойынша курстық және дипломдық жобаларды орындау және т.б. 2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАР ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ Кесте 1 № Тақырып аты Мазмұны Сағаттар Әдебиет Дәріс пр СОӨЖ СӨЖ * 1 Кәсіпорын - халық шаруашылығының басты буыны ретінде Курстың оқыту заты, әдісі мен мазмұны. Химиялық өндірісінің жалпы экономикадағы алатын орын, рөлі. ҚР Химиялық саласының қазіргі жағдайы. Химиялық жұмыстардың халық шаруашылығы жүйесіндегі орны. Кәсіпорындардың негізгі түрлері мен ұйымдастырушылық формалары. 1 1 1 3 Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.Брыкин П.А. Экономика, организация и планирование химического производства: 3-е изд., перераб и доп. - М.: 1988. 13б. 2 Кәсіпорынның негізгі қорлары Негізгі қорлардың мәні мен қолдану мақсаты. ПӨҚ бағалау әдістері. Химия саласындағы НӨҚ құрылымы. НӨҚ тозуы мен амортизациясы. НӨҚ пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер. НӨҚ қайта өндірісі. Инвестициялар, инвестициялардың тиімділігін есептеу әдістері 1 1 1 3 Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.Брыкин П.А. Экономика, организация и планирование химического производства: 3-е изд., перераб и доп. - М.: 1988.161 б 3 Кәсіпорынның айналым қаржылары Айналым қаржысының құрамы мен жіктелуі. Кәсіпорынның айналым қаржыдағы қажеттілігін анықтау. Айналым қаржыларын нормалау әдістемесі. Айналым қаржыларын пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер. Қорларды басқару. Кәсіпорындағы айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдету жолдары 1 1 1 3 Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.Брыкин П.А. Экономика, организация и планирование химического производства: 3-е изд., перераб и доп. - М.: 1988.167 б 4 Еңбек өнімділігі және еңбекті төлеу Кәсіпорын персоналы. Кадрларды даярлау және олардың біліктілігін өсіру. Еңбек өнімділігі, есептеу әдістемесі. Еңбек өнімділігін өсірудің негізгі факторлары. Еңбекті тарификациялау. Еңбекті материалдық ынталандыру әдістері. Жұмысшылар еңбегін уәждеу әдістемесі 2 2 2 4,5 Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.Корсаков М.Н. Экономика предприятия. Таганрог: ТРТУ, 2002.Экономика предприятия. Оқулық /Под ред Сафронова Н.А. М., 2001 Экономика предприятия. Под ред. В.Я. Хрипача. М.,2000 5 Өндіріс шығындары және оларды анықтау Кәсіпорын шығындарының түсінігі және түрлері. Шығындардың негізгі жіктелуі. Химиялық жұмыстардың шығындар сметасын құрастыру әдістемесі. Шығындарды экономикалық элемент және шығын баптары бойынша топтастыру. Жұмыстардың шығындарын төмендетудің басты жолдары 1 1 1 3 Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.Корсаков М.Н. Экономика предприятия. Таганрог: ТРТУ, 2002.Экономика предприятия. Оқулық /Под ред Сафронова Н.А. М., 2001 Экономика предприятия. Под ред. В.Я. Хрипача. М.,2000 6 Кәсіпорынның табысы, пайдасы және рентабельділі-гі Қызметтерді, жұмыстарды өткізуден түскен табыс. Химиялық өндіріс кәсіпорындардағы жалпы табысты есептеу әдістемесі. Фирманың таза пайдасы. Оны бөлу әдісі және жолдары. Пайданың рөлі, оны өсіру жолдары. Рентабельділік, оның түрлері. Қызметтің шығынсыздығын анықтау 1 1 1 3 Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.Корсаков М.Н. Экономика предприятия. Таганрог: ТРТУ, 2002.Экономика предприятия. Оқулық /Под ред Сафронова Н.А. М., 2001 Экономика предприятия. Под ред. В.Я. Хрипача. М.,2000 7 Бағалар және бағаны жасау Бағаның мәні. Баға жасаудың міндеттері. Бағалардың функциялары. Бағалар жүйесі. Химиялық өнімдер бағаларын анықтау әдістемесі. Кәсіпорынның баға стратегиясы, баға саясаты. Баға стратегиясын таңдау. Баға жасау әдістері. Бағаларды химия өндірісінде қалыптастыру ерекшеліктері. ҚР-ның ерекшеліктері. Бағаларды құрастырудағы әлемдік және сыртқы сауда тәжірибесі 1 1 1 3 Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.Корсаков М.Н. Экономика предприятия. Таганрог: ТРТУ, 2002.Экономика предприятия. Оқулық /Под ред Сафронова Н.А. М., 2001 Экономика предприятия. Под ред. В.Я. Хрипача. М.,2000 8 Сапа, бәсекелестік қабілет, стандарттау және сертификаттау Қызмет сапасының және бісекелестік қабілетінің түсінігі және көрсеткіштері. Сапаны басқару әдістемесі. Химиялық өрістегі стандарттау және сертификаттау жұмыстары. Сапаның халықаралық стандарттары және жүйелері. 1 1 1 3 Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.Корсаков М.Н. Экономика предприятия. Таганрог: ТРТУ, 2002.Экономика предприятия. 9 Инвестициялар, жобалардың тиімділігін есептеу әдістері Инвестициялар түсінігі, түрлері, Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері. Таза келтірілген құн көрсеткіші. Дисконттау көрсеткішін анықтау жолдары. Инвестициялық жобаның қаржы жоспары 1 1 1 3 Сергеев И.В. Экономика предприятия. - М., 2000 Шмален Г. Основы и пробле-мы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.:, 1996 г. 10 Басқару функциясы - жоспарлау Жоспарлау түсінігі, оның түрлері, жоспарлау әдістері, Стратегиялық жоспарлау. Жоспарлардың жіктелуі. Нарық жағдайларындағы бизнес-жоспарлау. Жоспарлау әдістері, Кәсіпорын мақсаттарының жүйесі. Жағдайлық және PIMS-талдау ерекшеліктері 1 1 1 3 Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. М., 1996. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент М., 2000.Мескон М.и др. Основы менеджмента. М., 2002 ж. 11 Басқару функциясы - ұйымдастыру Кәсіпорынның ұйымдастыру-шылық құрылымын жобалау. Олардың эволюциясы және дәстүрлі түрлері. Ұйымдарды құрудың жаңа түрлері. ҚР кәсіпорындарын қайта құру мәселесі. Басқарушылық аспект. Бюрократиялық және органикалық құрылымдар. Эдхократиялық құрылым, Көпөлшемді құрылым Партисипативты ұйымдар, Кәсіпкерлік ұйым 2 2 2 4,5 Брыкин П.А. Экономика, организация и планирование химического производства: 3-е изд., перераб и доп. - М.: 1988. 171 б 12 Басқару функциясы - уәждеу Уәждеудың мазмұнды теориялары. Басқару стильдері А. Маслоу бойынша уәждеу теориясы. Фредерик Герцберг-тың уәждеу теориялары. Виктор Врумның күтімдер теориясы. Тең қараушылық теориясы. Л.Портер-Э.Лоулер уәждеу теориясы. МакГрегордың Х және Ү теориялары. Лайкерт моделі. Блейк-Мутонның басқарушылық торы. Реддинның үшосьтік кестесі1113 Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. М., 1996. Мескон М.и др. Основы менеджмента. М., 2002 ж.13Контроллинг - басқарушы-лық тұжырымдама ретіндеКонтроллинг ұғымы. Контроллингтың негізгі функцияларын сипаттау. Контроллинг алгоритмы. Контроллинг тұжырымдамасы. Контроллинг мазмұны және құрылымы. Контроллинг құралдары1113Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. М., 1996. Мескон М.и др. Основы менеджмента. М., 2002 ж.ЖИЫНЫ15151545 3 ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРБерілген курсты оқу барысында бағдарламаның мазмұнымен танысу қажет. Ұсынылған әдебиетті қарастырып, өздік жұмысқа шығарылған сұрақтарға қатысты конспектілер жазу қажет.Дәріс материалдары мен оқу құралдарымен қатар студенттер біздің еліміздің мерзім сайын шығатын басылымдарды, сондай-ақ, экономикалық журналдар мен салалық журнал мен газеттерді жүйелі түрде оқып отырған дұрыс болады. Осының бәрі курс материалын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді. Ерекше назарды біздің елемізде шыққан немесе шығарылып жатқан заңдарды, ҚР Президентінің Жарлықтарын, экономикалық реформаларды енгізу және іске асыруға байланысты жоспарлар, бағдарламалар мен басқа да нормативтік актілер мен мәліметтерді зерттеуге аудару қажет.Дәрістерде бейорганикалық химия материалдарын өндірісі экономикасының маңызды сұрақтары қарастырылған, мысалы берілген өндірісті ұйымдастырудың тиімді әдістері мен құрылымдық қайта құрулары қарастырылған. Студенттердің дәрістерде және өздік жұмыстарды орындау барысында алған білімдерін бекіту және кеңейту үшін семинарлық және практикалық сабақтар жүргізіледі. Студенттердің семинарлық және практикалық сабақтарға қатысу формаларына келесі жатады: баяндама оқу, диалогтар, пікір таластар, реферат жазу және есеп шығару. Осы аталған барлық формалар әр студентке қол жетерлік болады және оның дамуына мүмкіндік жасайды. Студенттер үшін қажет шарт ретінде семинарлық сабақтарға дұрыс дайындалу. Әр семинарлық сабаққа негізгі сұрақтар тізімі беріледі және негізгі мен қосымша әдебиет ұсынылады.Студенттердің өздік жұмыстарына топографиялық және геодезиялық өндірістерінің қазіргі жағдайына, үрдістеріне және даму болашағына қатысты сұрақтар шығарылады. Аудиториялық сабақтарда талқыланатын сұрақтар жеке көрсетілген. Сонымен қатар, әр студент берілген курс бойынша міндетті түрде ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға қажет, ол реферат түрінде жазылады, рефераттар тақырыптары төменде көрсетілген.Практикалық сабақтарға дайындалған кезде сабақтың жоспарын тыңғылықты қарастырып, дәрістер конспектісін зерттеп, ұсынылған әдебиетті оқу керек;Ұсынылған әдебиетті зерттегенде студент оқыған материалдың негізгі түйінін конспектілеп, басты мәселені көрсете білу керек;Аудиторлық СОӨЖ сабақтарда пікір талас, диспуттар, әртүрлі көзқарастарды тыңдау, талқылау түрінде жүргізіледі, аудиториядан тыс СОӨЖ рефераттар мен баяндамалар түрінде тапсырылады және оқытушы оларды сұрау арқылы тексереді;СӨЖ тапсырмалары жазбаша немесе ауызша түрінде беріледі, ол пәнің жұмыс бағдарламасында келтірілген талаптарға тәуелді болады;СӨЖ бойынша жазбаша тапсырмаларды А4 форматтағы қағаздарда орындалуға тиіс (компьютермен), бет параметрлері: 2:2:2:2. Кегль 14 Times New Roman, интервал 1,5.4 КУРС ФОРМАТЫ Аудиториялық уақытқа кіретіндер: дәрістер, оқылған материалдарды пікір алмасу, әртүрлі материалдарды және кейстерді талдау. Әрбір сабаққа студенттер жоспардағы негізгі және қосымша әдебиеттер тізіміне сәйкес дайындалуы тиіс (негізгі бөлімдер мен тараулар әрбір сабаққа анықталып отырады). Бақылау жұмысқа қатыспаған және кешіккен студент ешқандай балл алмайды.Әрбір сабақтын бас кезінде шағын бақылау жұмысы жүргізіледі, ол өткен дәрісте қарастырылған негізгі ұғымдарға қатысты 5 ашық сұрақтан не болмаса дұрыс/ дұрыс емес типтес сұрақтардан тұрады. Студенттердің барлығы 10 бақылау жұмысын орындайды. Әрбір бақылаудың ең көп шегі 10 балл (2 балл * 5 сұрақ 10 балл)Негізгі ұғымдар әрбір дәріс барысында түсіндіріледі. Сабақтарға қатысу және негізгі ұғымдарды, анықтамаларымен, түсініктерімен жазу студенттердін міндеті. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыспаса, дәрісті ол топтағы басқа бір студенттер алуы керек. Ал оқытушы дәрісті сабақттан тысқары уақытта студентке беруді тиіс емес (қандай себеп-салдары болса да).5 КУРС САЯСАТЫӘрбір сабақта студент қаралатын материалдарды талқылауға белсенділікпен қатысуы керек. Оның белсенділігі жауап беру сапасы негізінде бағаланады. Жеке жауап беру мен топ құрамында сөз сөйлей қарастырылады. 5 аптада әрбір студентке талдау үшін жеке кейс ұсынылады. Оны жоспарға сәйкес талдап, жазбаша түрде оқудың 7 аптасында тапсыруға міндетті (талдау жоспары әрбір кейсте беріледі)Курстың сонында таңдап алынған тақырыпқа сәйкес жеке зерттеу жұмысы ұсынылады.Егер тыңдаушылар бірдемені түсінбесе, оқытушыдан сұрауға боладыСтуденттерге жазбаша жұмыстарды орындау барысында Шәкәрім университетінің компьтерлерді пайдалануға рұқсат беріледіСтуденттер Шәкәрім университетінің кітапханасында жұмыс істеп, кітапхана ережесіне сәйкес кітаптарды үйге алуна баоладыЕмтихан: қорытынды емтихан билеттік жүйе бойынша өткізіледі. Әр билетке курс бойынша 3 сұрақ кіргізіледі. Бақылау жұмыстарында, тестілеу кезінде көшіруге тыйым салынады. Мұндай жағдай байқалған кезде студентке жаза ретінде аудиториядан шығару және қанағаттанарлықсыз баға қою (бүкіл курсқа) қолданылады.Сабақ кезінде ұялы телефондар өшірілуге тиіс. 6 БАҒАЛАРДЫ ҚОЮ САЯСАТЫ Студенттердің рейтингін есептеу Сабақ түрі Апталар 12345671 рб891011121314152 рбДәріс 3030Прак2020202020201201515151515151515120ОСӨЖ-13-13-1339-10-10-10-838СӨЖ17-17-17-5113-13-13-13-52Бақылау түрі СССССБЖРБ 60СССССБЖСРБ 60Балл300300Пайыз 100%100% Кесте 2 Ескерту: С - сұрау, БЖ - бақылау жұмысы; РБ1 және РБ2 - сәйкесінше бірінші және екінші рейтингілік (рубеждік) бақылау БАРЛЫҒЫ - 600 балл - 100 %.Егер студент сабақты босатса және межелі бақылауды белгіленген мерзімде сырқатқа немесе басқа да себепті жағдайға байланысты тапсыра алмай қалса, ол межелі бақылаудан жеке түрде өтеді. Бұл жағдайда факультет деканаты және оқытушы межелі бақылауды тапсырудың жеке мерзімдерін белгілейді, емтихан сессиясына дейін студентке жеке рейтингтік ведомості береді. Студент пән бойынша шекті рейтингтік бақылауға кіруге рұқсат алу үшін семестр ішінде жалпы рейтингтік баллы 50 %-ке тең не одан жоғары. Пән бойынша жалпы баға келесі шкала бойынша анықталады. 7 ӘДЕБИЕТ7.1 Негізгі әдебиет1. ҚР 2003-2015 жылдарға арналған индустриальды-инновациялық даму Стратегиясы // ҚР Президенті мен Үкіметінің шығарған актілерінің Жинағы, 2003, № 23-24.2. ҚР ПРезидентінің Қазақстан халқына жолдауы <<Бәсекелеске қабілетті Қазақстанға, бәсекелеске қабілетті экономикаға, бәсекелеске қабілетті ұлтқа>>, 19 наурыз 2004 ж., Астана.4. ҚР ПРезидентінің Қазақстан халқына жолдауы <<Қазахстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңартулар жолында>>, 18 ақпан 2005 ж., Астана5. ҚР заңы <<Жеке дара кәсіпкерлік туралы>> 19 маусым 1997 ж6. ҚР заңы <<Табиғи монополиялар туралы>> Егемен Қазақстан, 1998, 24 қараша.7. ҚР заңы <<Заңсыз бәсеке туралы>> 9 маусым 1998ж.8. ҚР заңы <<Бәсеке және монополиялық қызметі шектеу туралы>> 19 қаңтар 2001 ж.9. ҚР заңы <<Акционерлік қоғамдар туралы>> 13 мамыр 2003ж.10. ҚР заңы <<Жаупкершілігі қосымша және шектелген серіктестіктер туралы>> 2 сәуір 1998ж.11. ҚР заңы <<Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы>> 24 мамыр 2002ж.12. ҚР Президентінің Жарлығы <<ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған шаралар туралы>> 30 қыркүйек 2004 ж.13. ҚР заңы <<Инновациялық қызмет туралы>> 3 шілде 2002ж.14. ҚР заңы <<Инвестициялар туралы>> 28 ақпан 2003ж.15. ҚР бюджеттік кодексы, 28 сәуір 2004 жыл.16. ҚР кодексы <<Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы>>, Алматы, 2001.17. Волков О. И., Скляренко В.К. Экономика предприятия. - М.: ИНФРА-М 2002.18. Грузинов В.П. и др. Экономика предприятия. М.: Банки и биржи ЮНИТИ, 1999.19. Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003. 20. Оқулық /Под ред Сафронова Н.А. М., 2001 21. Әбдікерімова Г.И. Кәсіпорын экономикасы. Алматы. 2008 22. Брыкин П.А. Экономика, организация и планирование химического производства: 3-е изд., перераб и доп. - М.: 1988. 23. Кәсіпорын экономикасы. Кайкен Ж.Б., Сұлтанов Ө.С., Қалдыбаев М.М. Семей. 2010. 24. Экономика предприятия и предпринимательства./ Грузинов В. М., 2000 25. Экономика предприятия . Швандар В.А.. М., 2000. 26. Экономика предприятия. Под ред. проф. В. Я. Горфинкеля, проф. В.А.Швандара. М.: ЮНИТИ - ДАНА, 2000 27. Экономика предприятия. Под ред. Н.А. Сафронова. М., 2000 28. Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. / Под ред. проф. В.А. Швандара.- М.: ЮНИТИ - ДАНА, 2001. 29. Экономика предприятия. М.: <<Издательство ПРИОР>>,2000. 30. Экономика предприятия. Под ред. В.Я. Хрипача. М.,2000 31. Герчикова И.Н. Менеджемент, - М., 2000 32. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент. - М., 2000 33. Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. - М., 1996. 34. Мескон М. и другие Основы менеджмента. - М., 2002. 7.2 Қосымша әдебиет 1. Большой экономический словарь./Под ред. Л. II. Азрилияна М.: Институт новой экономики, 2002. 2. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана (теория, опыт, проблемы): Учебное пособие - Алматы, 1998. 3. Гольдштейн Г.Я. Основы менеджмента. Таганрог: ТРТУ, 1995.4. Корсаков М.Н. Экономика предприятия. Таганрог: ТРТУ, 2002. 5. Герчикова И.Н. Менеджемент, - М., 1996. 6. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент - М., 1998 7. Веснин В.Р. Основы менеджмента. - М., 1996. 8. Мамыров Н.К. Менеджмент и рынок: казахстанская модель. - Алматы, 1998. 9. Каренов Основы менеджмента. - Караганда, 1995. 10. Кузнецов Ю., Подлесных В. Основы менеджмента, - М., 1997. 11. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. - Алматы: Экономика, 1998. 12. Жиделева В.В., Каптейн Ю.Н. Экономика предприятия: Учебное пособие - М.: ИНФРА-М, 2001. 13. Калдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия (фирмы). Алматы, <<Санат>>, 1997. 14. Мокий М. С., Скамай Л. Г., Трубочкина М.И. Экономика предприятия: Учебное пособие - М.: ИНФРА-М, 2000. 15. Эванс Дж.М., Берман Б. Маркетинж. М.: Экономика, 1993. 16. Осипов Ю.М. Основы предпринимательского дела. М.: изд-во 1992. 17. Кобринский Н.Е., Майминас Е.З., Смирнов А.Д. Экономическая кибернетика. М.: Экономика, 2004. 18. Попов Г.Х. Эффективное управление. М.: Экономика, 2005.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz