Файл қосу

Құрылыс объектілерін жобалаудың негізгі құжаттары



МАЛ ҚОРАЛАРЫНА САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ БАҒА
Мал қораларын жобалап және салу кезінде аса көңіл бөлетін жағдай,  онда орналасатын малдарға қолайлы жәні мал азығын үнемдеуге, технологиялык, процесстерді (желдету, азықтандыру, көң шығару т.б.) механикаландыруға, мал дәрігерлік, архитектуралық және өрттен сақтандыру  ережелеріне сәйкес келетіндігін бақылау. Сондықтан, мал қораларын жобалау және оны салып тұрғызу кезінде мал   мамандарының қатысуы міндетті болып есептеледі. Себебі олар құрлысқа қолайлы жер тандау, оған да керекті жобаны таңдап алу, керек құрылыс материалдарының гигиеналык, қасиеттеріне қарап, алмастырмай пайдалануын, аяқталған объектілерді дер кезінде қабылдауды т.б. қадағалаулары қажет.
Яғни мал мамандары жобалаудың және құрылыс салудың негізгі нормативі құжаттарын білулері, құрылыс сызбаларын, олардың белгілерін ажыратып оқи алулары керек. Сондықтан болашақ мал мамандарына алғашқы бастан қораларды жобалап салудың негізгі нормативті құжаттармеі танысу болып есептеледі.

1. МАЛ ҚОРАЛАРЫН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ САЛЫП-ТҰРҒЫЗУҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАР

Қажетті құралдар мен жабдықтар: жобалар, нормативтік құжаттар, кестелер, плакаттар, нұсқаулар мен оқулықтар. 
Қаралатын сұрақтар:
1. Жоба деген не және оны құрудың мақсаты неде.
2. Құрылысты салудың негізгі типтері.
3. Құрылыс объектілерін жобалаудың негізгі құжаттары.
Жоба деп белгілі бір объектіні жаңадан немесе қайта салып тұрғызудан бұрын жасалатын, құрамында технологиялық есептері, сызбалары, анықтама хаты, бағалау жұмыстары, (смета) техникалық-экономикалық негізі көрсетілген құжаттардың жинагын айтады.
Барлық жобалар пайдалануына және мақсаттарына байланысты негізінен мына түрлерге бөлінеді:
1. Бағытына қарап (бордақылау, сүт өндіру, тұқым алу т.б.)
2. Өндірістік структурасы және бейімделуіне (специализациясына) қарап (бірнеше өнім түрлерін немесе жеке өнімнің біреуін өндіруге бейімделу т.б.).
3. Өнімнің мөлшеріне қарап (комплекстер, фермалар, шағын өндірістер, ұжымдар т.б.).
4. Меншіктену формасына қарап (мемлекеттік, жеке меншіктерге).
5. Салу-тұрғызу типіне қарап (павильонды - жекелеме, блокті-  біріктірілген).
6. Территориясына (жер орайына) қарап (облыстық, аудандық т.б.)
Құрлыс объектілерін жобалап салу тәжірибесінде қазіргі кезде жиі кездесетін салып-тұрғызу типті павильонды түрі. Оның ішінде батареялық жеке-жеке тізбектелген, перимериялық (шеттілік) - өндірістік объектілер шетінде, басқалары ортада орналастырылған, үшінші - централды (орталық) - өндірістік объектілер ортада қалдырылған, ал басқасы шетте орналасады.
Онымен қоса біріктіріп (блокті) жасалған типті құрлыстардың павильондық түріне қарағанда көптеген ерекшеліктері мен артықшылықтары барлығын көрсеткен жөн құрлыстың өзіндік құнының төмендеуі, индустриализациялауға қолайлылығы, механикаландыру, автоматизациялауға жарамдылығы, құрлыс материалы, жер көлемі т.б. үнемділігі. Бірақ блокті типпен салынған объектілерде малдардың арасынан пайда болған, әсіресе жұқпалы аурулардың жылдам тарап кету қаупы өте жоғары екенін ескерту қажет.
Құрлысты жобалау және салу кезінде қолданатын негізгі қүжаттар (документациялар). Бүкілодақтық (мемлекеттік) технологиялық жобалау нормасымен (НТП), құрлыс нормасы және ережелері (СНиП) каталогтар, прейскуранттар т.б. болып саналады. Бұлардың ішіндегі гигиеналық және санитарлық-малдәрігерлік талаптар мен ережелерге сәйкес келетін және құрлыс жобасын жасағанда басты қүжат болып "Технологиялық құжат нормасы" (НТП) есептеледі. Өйткені бұл құжатқа мынандай негізгі сұрақтар енгізіледі:
1. Құрылыс   салынатын   жерге обьектілерді дұрыстап  орналастырып,    жақсы   жабдықталуын    қамтамасыз   ету (қоршау, жасылдандыру, санитарлық малдәрігерлік өткелдер, дезбарьерлер (бөгеттер)) т.б. қарау.
2. Сыртқы қорғаныс құрлыс бөлшектерінің қалыпты жылу ұстағыш қасиеттерін қамтамасыз ету.
3. Қора  ішінің  малдарға деген  қалыпты  жағдайын  микроклиматын туғызу (температура, ылғалдылық, жарықтану, желдету т.б.).
4. Қорадағы малдардың қалыпты орналасуын (жатыр орнының ауданы, көлемі, жайлылығы т.б.) қамтамасыз ету.
5.Ауыр жұмысты жеңілдету жолдары - әртүрлі  технологиялық роцесстерді (механикалық желдету; жылыту; азық тарату, көң шығару, жасанды жарықтандырут.б.) енгізу. 
6.   Өндіру   өніміне байланысты жоспарланған   ішкі орналастыруын қалыптау (байлау жүйелері, қоршау бөлмелері, клеткалары, өнім өңдеу бөлмелері т.б).
Бұл нормативті қүжаттар ұдайы қаралып, керек етсе жаңартылып, түзетулер енгізіліп қайта басып шығаралып  отырады. Оларды басып, қайта басып шығарумен айналысатын орталық жобалау институты мен олардың филиалдары (бөлімшелері) болып келеді. 
Жобалау мекемелері және қажеттілік ететін адамдардың уақытында бұл нормативтік құжаттардағы өзгерістер жөніндехабарландыратын, баспаханадан   мезгіл-мезгіл косымша  пайдалынатын  мемлекеттік құрлыс бойынша       құжаттардың тізбегі, "Құрылыс техникасының бюллетені>> ,   <<Құрылыс экономикасы>>, "Ауыл шаруашылығының экономикасы", "Құрылыс газеті"  тағы    басқа өзгеріс - түзетулер кіргізілген I, П, Ш бөлімді "Құрылыс нормасы және жобасы" (СНиП) шығарылады. 

2. ЖОБАНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚYenРАМЫ

Қаралатын сұрақтар:
1. Жобаның түрлері және оларға сипаттама.
2. Жобаның құрамы. Анықтама хат және оның негізгі бөлімі.

2.1. Мал қораларын салу үшін типті (біркелкі) және жекелеме (индивидуальды) жобалар пайдаланады. Бір объектіні тұрғызуға ғана арналған жобаны - жекелеме жоба деп атайды. Олар ерекше халықтық (музейлер, театрлар, спорт үйірмелері, өндіріс орындары т.б.) құрлыс объектілерін салуға арналады. Ал басқа объектілер (тұрғын үйлер, мектеп - бала бақшалары, мал қоралары т.б.) көп тараған типті жобалармен салынады.
Сондықтан типті жоба деп - конструктивті шешімдері жақсартылған, индустриализациялау және экономикалық талаптарға сәйкестірілген бір емес бірнеше рет қайталап салатын құрылыстарға пайдалануға болатын жобаны айтады.
Типтік жобаларды табиғат және климаты әртүрлі аймақтарға арнап дайындайды, бірақ олар құрылыс салынатын жерлерге байланыстырып жасалмайды. Сондықтан әрбір типтік жобаны, көбінесе салғызушы, мал мамандары салынатын жерге байлаулары қажет, яғни, ол объектіні жер бедеріне, жарық, жел бағытына, басқа өндіріс орындарына, электр, жылу жүйелеріне, жайылым, азық қоры, су көздеріне байла - ныстырып құрлыстың іргетасын құру.
Онымен қоса типтік жобаны құрылыс салуға пайдалану, оны жобалауға кететін уақытты үнемдеуге және құрылыстың сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады. Типтік жобалар объектілерді түрғызуға көбінесе зауаттарда дайындалған, размерлері мен типтік размерлері азайтылған бөлшектерді (конструкцияларды) пайдалануға қолайлы болады.
Кейбір жағдайларда (қораның құрылыс материалдарының қасиеттерінің қорада малдарды ұстау жүйелерінің- бос ұстау, байлау, клеткада ұстау т.б.) малдардың организміне және олардан алынатын өнімнің сапа-санына нендей әсер ететіндігін зерттеу үшін экспериментал (тәжірибе) жобалар жасалады.
Ондай жобалар белгілі бір уақытқа дейін (тәжірибе мезгіліне байланысты) пайдаланылады да, одан соң пайдалы, жарамды болса типтік жобаға айналдырып көптеп шығарады, ал пайдасыз, жарамсыз болса, айналымнан шығарып тасталады.
2.2. Әрбір жобаның өндірістік бағытына байланысты өз таңбасы - номері болады. Мысалы, ірі қара малдарына арналған қоралардың жоба номері 801, шошқаның - 802, щ - 803 т.б. етіп белгіленеді де, оған сызықша арқылы косымша реттік (сандық) номерлері қосылады.
   Жоба  күрделілігіне (объектінің) қарап бір немесе бірнеше альбомдардан тұрады. Неғұрлым күрделі болса, солғұрлым жоба көп альбомды болады, ал жобаның құрамы туралы түсінік әр альбомның алдыңғы бетіне үлкен әріппен жазылып көрсетіліп отырады.
Әр жобаның үш негізгі бөлігі болады.
1. Анықтама хат.
2. Жұмыстық сызбалар (құрлыс, архитектуралы сызба)жұмысшылар, мамандар,  оларды оқытып,
3. Сметалык, документ (ағалық құжаттар).
Өте күрделі объектілердің жобаларының әр қүрлі архитектуралары сызбаларында да осындай үш бөлімдер болуы мүмкін.
Жобамен танысу барысында ең бірінші оның анықта хатын оқып талдау жасау қажет. Өйткені, жобаның анықта хаты оның негізгі түсінік беретін бөлімі болып есептеле Анықтама хаттың маңызы - ол жобаның барлық бөліг технологиялық процесстері мен конструктивті шешімдеріне толықтай түсінік береді.
Анықтама хат мынандай бөлімдерді қамтыйды:
1. Жалпы бөлім.
2. Архитектуралы - құрылыс бөлімі.
3. Техникалы - экономикалық бөлім.
4. Технологиялық процесстер бөлімі.
5. Құрылысты салу және ұйымдастыру бөлімі.
6. Электрлендіру, жылыту, желдету бөлімі.
Бұл бөлімде әрбіреуі жобада жеке бөлім боп, немесе бірігіп кездесулері мүмкін. Мысалы: жалпы бөлімде жоба бойынша салынатын құрылыстың қуаты, бағыты, сыйымдылығы, қай аймаққа негізделген, не өндіреді, сыртқы ауаның  суық мезгілдегі орта температурасы, қар-жауын түсімі, жер асты суларының қашыктығы т.б. болса, құрылыс бөлімінде нтізгі жобаның шешімдері, әсіресе ондағы жарықтандыру, ауа алмастыру, құрылыс бөлшектерінің материалдарын шіруден ден, көгеру, тат басудан сақтандыру шаралары, қосымша құрылыс жабдықтары, бөлмелері т.б. көрсетіледі. 
Қораны жылыту, желдету және ауа құрамын жақсарту шараларын, ондағы температура, ылғалдылық және зиянды газдардың артық мөлшерін қалыптастыру жолдары есептеп шығарылады. Ол қорадан әр сағатта қанша ауа шығарылып (немесе кіргізіліп) отыруға, жылдың қай мезгілінде қандай жылыту көздерін пайдалануға болатындығын көрсетеді.      
 Объектіні сумен қамтамасыз ету және көң тазалау, сақтау, заразсыздаңдыру қалай жүреді, оған тәулігіне қорада тұратын уақытына, мал басына байланысты қанша су керек және оның қоры қандай, қалай анықтайды т.б. қаралады.
Құрылысты салуды ұйымдастыру бөлімінде де оларда жүргізілетін жалпы жұмыстардың түрлері, оларға қажет жұмысшылар, мамандар, оларды оқытып, үйрету жолдары, қай бөлігін қай мезгілде салып, қай уақытта пайдалануға қосу керектігін т.б. көрсетіледі.




3. ЖОБАДАҒЫ СЫЗБАЛАР. ОЛАРДЫ ҚҰРАУ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ КӨРСЕТУ БЕЛПЛЕРІ
Қаралатын сұрақтар:
1. Чертеж деген не және оны құру (жасау) ережесі.
2. Объектіні чертежге түсіру жэне оның кейбір бөліктерінің белгіленуі.
3.1. Чертеж (сызба) дегеніміз техникалық ойдың көрсетілген бейнесі. Ол арқылы объектінің формасын және оның құрамдарының өлшемдерін көруге болады. Бірде бір объекті, не оның бөлігі ішкі құрамы алдын ала чертеж жасалмай тұрғызылмайды.
Өйткені чертежде оның размері, құрам бөлшектері, нендей материалдан салынатындығы, формалары керсетіледі. Сондықтан чертежді өз мәнінде оқып білу қажет. Ал ол ушін оны қалай тұрғызғандығын және көрсету белгілерін, соған қарап формасы мен салатын объектінің размерін айыруға болады.
Чертежді проекция ережесімен жасайды, яғни бір заттың бейнесін, пішінін жазық бетке (қағазға, экранға) түсіру. Заттардың бейнесін проекциялаудың екі тәсілі болады: центральдық және параллелдік.
Егер проекция жасайтын сәуле бір нүктеден шығып, залың бейнесін сол арқылы қағазға немесе экранға түсірсе оны центральдық (орталық) проекциялау дейді. Бұл тәсілмен салынған бейне көзге көрінетін ауытқу өзгерістерімен бірге болады да, оны перспективті проекция деп те атайды. Себебі бұл тәсілмен проекцияланған заттың көрінісі өте жақсы болады да, ал өлшемдері (размерлік) дәлді болмайды. Сондықтан осы тәсілді проекциялауға кино-фото аппараттардың тусіруі негізделген. Мал қораларының арасында (сырт бейнелері) мен интерьерлері (ішкі көрінісі) осы тәсілмен орындалады.
Егер заттың бейнесін түсіретін проекциялау сәулесі нүктеден шықпай бір-біріне параллелді болса оны паралелдік тәсіл дейді. Бұл проекциялаудың екі түрі болады:
1. Егер проекциялау параллель сәулелері жазық беті қағаз, экран көлбеу бұрыштан түссе, олай түсірілген бейне көлбеу бұрышты проекция дейді.
2. Параллель сәулелер бейнелейтін заттың пішіні (суретін) жазық бетке тік (перпендикулярлы) түсірсе, ол тік бұрышты проекциялау болады.
Көлбеу бұрышты проекциялау кезінде түсіретін объектінің көріну бейнесі, орталық проекциядағы сияқты жақсы болып шығып, бірақ оның өлшемдерінен ауытқу жіберіледі. Сондықтан тік бұрышты проекциялау тәсілі негізгі болып есептеледі. Сол арқылы барлық қоралардың және оның бөлшектерінің чертеждары орындалады.
Тік бұрышты проекциялау тәсілі заттың тек бір ғана беттің дәл формасы мен өлшемін береді. Сондықтан мұндай тәсілмен түсіргенде әр затты екі немесе үш оданда көп жағынан (үстінен, алдынан, артынан, қырынан т.б.) бұрышты проекциямен бейнелеп, олардың дәлді өлшемдеі көрсетіледі.
3.2. Чертежде орындалған заттардың (қоралардың) күрделілігіне байланысты әртүрлі бейнелері болады. Мысалы: көрініс, тілігі, қыйығы.
КӨРІНІС - заттың көрініп тұрған бетінің чертежге түсірілген бейнесі болады. Қораның алдыңғы жағынан  түсірілген чертеждегі көрінісін негізгі фасад, артқы жағынан көрінісі - сыртқы фасад, оң және сол бастарының көрінісі оң мен сол фасадтар - торецтер, ал үстіңгі жағынан көрінісі төбенің планы делінеді.
ТІЛІК - затты бір қыю бетімен ойша тіліп түсіру (бейнелеу). Тілік чертежде қыю бетіндегі және оның ар жағындағы да көріністер бейнеленеді.
Мал қораларының чертежде тілік бейнелерін түсіргенде оларды тігінен, көлденеңінен, не ұзынынан жарып көрсетіледі. Ал жалпағынан есік, терезе орталарынан ойша тілініп үстіңгі жағы алынып тасталып, тек астыңғы жағының тігіне түсірілген проекциясы қораның планы (жоспары) деп аталады.
Осы проекция арқылы әр қора (жек-жеке) және ірге тастың, жаппаның т.б тілігі арқылы планын жасайды (төбе планы, іргетас планы, 1-ші қабат қораның планы т.б.). Тігінен орындалған чертеждағы тіліктерде қораның өзінің және бөлшектерінің размерлері көрсетіледі.
ЧЕРТЕЖДЕГІ ҚЫЙЫҚ - затты ойша қыю беті мен тігінен не көлденеңінен кесілігі түсірілген бейнесі. Оның тіліктен айырмашылығы қыйықта тіліктегі сыяқты ойылған беттің аржағы бейнеленбей, тек кесіндіге түскен жері ғана чертеж - де керсетіледі. Сондықтан ойық заттың тілігінің бір бөлігі болып есептеледі. Қыйық екі түрмен орындалады: шығарылған көрініс тұтас сызықпен жасалады және қондырылған -контуры (айналасы) жіңішке сызықпен жүргізілген.
Барлық құрылыс салу жалпы және арнайы құрылыстық жұмыстарды қамтиды. Жалпы құрылыс жұмыстарына сол объектінің ішкі бөліктерімен өңдеу, оны салып-тұрғызу жататын болса, арнайы жұмыстарға ол құрылысқа керек жылыту, желдету жүйелері, көң шығару, азық  тарату, су, газбен қамтамасыз ету, аймақты көгалдандыру, телефон жолдарын жүргізу т.б. жатады. Әрбір осындай жұмыстарды көрсету үшін чертежде олардың арнайы жұмыс түрлерінің бас әріптерінен тұратын белгілері - маркалар болады.
Мысалы, объектінің чертежінде оның планы, тілігі, қыйығы, фасады бейнеленген болса, оны жалпы - архитектурлы құрылыс чертежы деп алып, оның бас әрпінен тұратын маркасы АС болады.
Сол сияқты чертежді құру кезеңінде құрылыстың жобасын да, басқа бөліктерін де маркілейді:
а) Механикалық жабдықтау -"Т"
б) Жылыту және желдету - "ОВ"
в) Суландыру және канализациялау - "ВК"
г) Электрлеу және жарықтандыру - "ЭО"
д) Архитектуралы чертеждер - "АР"
е) Конструкциялар (бөлшектер): темірбетонды- "КЖ", ағашты-"КД", металды - "КМ" т.б.

4. СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР. ОНЫ ЖОБАМЕН БАЙЛАНЫСТЫРЫП БЕКІТУ

Қаралатын сұрақтар:
1. Смета (баға) құжаттарының түрлері.
2. Сметадағы берілгендер қалай таратылады (жұмсалады).
4.1. Объектілерді тұрғызуға арналған жобалардың негізгі бір бөлігі болып сметалық құжаттар (смета) есептеледі. Сметаның бағасы жобалық тапсырмаға байланыстырылып бекітіледі. Смета - жоба тапсырмаларына негізделген ауыл шаруашылық комплекстері мен жеке фермалары, басқа объектілерді салу олардың бөлшектерін және жабдықтарын дайындау (немесе сатып алу) үшін кететін  шығынды көрсететін нормативтік құжат болып саналады.
Смета - жоба жасауға тапсырма алу кезеңінде жасалып ол жұмыс чертежі бойынша бекітіледі де, құрылыс мекемелерінің өнімдерінің шығару бағасы, яғни әрбір істелген құрылыс жұмысына, әр объектіні жабдықтауға кеткен шығынның мөлшерін көрсетуге арналған болып саналады. Ерекше атап айтуға тура келетін мәселе - сметадағы дұрыс жасалмаған баға - шаруашылықтың зиян шегуіне апарып соғады.
Құрылыстың сметасын жоғарлату, салынатын өндірістің болашақтағы өнімінің өзіндік құнының бағасын арттырады. Пайдалануына және бағытына байланысты сметаның екі түрі болады: жинақты және жекелеме.
Жинақты смета (форма 1) - бірнеше объектілердің құрылыс жұмыстарына арналады.
Жекелеме смета (форма 2) - жеке бір объектінің құрылыс жұмысы. Ол объекті ірі комплекстердің құрамына да кіруі мүмкін. Ондай жағдайда жекелеме смета жинақ сметаның бір бөлшегі болып қалады.
Жалпы және арнайы құрлыс жұмыстарына жасалған смета форма N 3, ал смета жабдықтарға және оны құруға арналған болса - форма N 4 болады. Екі сметаның қосындысы (форма 3 және 4) жекелеме сметаға (форма) жатқызылады. Олардың барлығы қосылып - жинақ сметасын құрады.
Егер   құрылыста   жұмыстың бір ғана түрі болса жекелеме смета (форма N 2) жасалмайды.
4.2. Барлық сметалық құжаттарда көрсетілген құрылыс жұмыстарының шығын есебін 100 процентке бағалап, ондағы сметалық структураны анықтауға болады. Өйткені барлық сметада көрсетілген шығын өзінің  экономикалық құрамы  бойынша мына топтардан тұрады: а) тіке шығындар, б) накладнойлық шығын (жабдық алуға қолданылатын құжат), в) жоспарлы қор.
ТІКЕЛЕЙ шығындарға смета бойынша салушылардың жалақысын, құрылыс материалдарын, бөлшектерге, оларды орналастыруын, механикаландыру жұмыстарын тасымалдау және аймақты тазарту т.б. орындауларды жатқызады.
НАКЛАДНОЙЛЫҚ шығын өндірістің технологиялық процесстері-мен тікелей байланысы болмайды, бірақ құрылыстың жалпы жағдайына қатысы болады. Оған құрылыстың жүруін қамтамасыз ету, оны басқару, құрлыстың мәдениет, тұрғын қалдықтарын, еңбек сақтандыру жұмыстарын жатқызады.
ЖОСПАРЛЫ ҚОР құрылыс салушы, жабдық құрылымдарды орнатушы мекемелерге арналған жоспарлы смета ескерілген тікелеме және накладнойлық шығынның алты процентін құратын бөлігі.
Табиғат ерекшеліктері, жер орайы, ауа райының өзгешеліктері, құрлыс обьектілерінің өндіретін өнімдерінің көп түрлілігі, құрылыс материалдары мен керек жабдықтардың ерекшеліктері т.б. Әсіресе қазіргі кезде сметалық құжаттардың көрсеткіштерін тұрақтандырмайды. Олардың бағасы базар бағасына айналдырылып жиі өзгерістерде болады.


































5. ҚҰРЫЛЫС ЧЕРТЕЖДЕРІНІҢ МАСШТАБЫ БІЛІКТІ БӨЛГІШ СЫЗЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЧЕРТЕЖДЕП РАЗМЕРЛІК БЕЛГІЛЕРІ

Қаралатын сұрақтар:
1. Масштаб туралы түсінік және оның түрлері.
2. Құрылыс чертеждегі размерлі өлшемдерді қою тәртібі.
3. Бірыңғай модульді жүйе және оның маңызы.
4. Чертеждегі білікті бөлгіш сызықтар және оларды белгілеу.
5. Құрылыстық объектілердің пролеті (аралық) және қадамы (шаг).
5.1. Кұрылыс объектілерінің үлкен-кішілігіне байлнысты олардың чертежде (сызбада) көрсетілетін өлшемдң негізгі размерлерімен салыстырғанда кішірейтіп немесе үлкейтіп алынады, яғни арнайы масштаты қолданады.
МАСШТАБ деп заттың тікелей (натурлды) өлшемдеріні чертеждегі размерлеріне қатынасын айтады. Масшта сандық - екі санның қатынасы және графикалық болады. Мұнымен қоса мемлекеттік стандартқа байланысты (МЕСТ 2302) масштабтың натуральды (заттың өзіне сәйкес) 1:1 кішірейтілген - 1:2, 1:5, 1:10, 1:20, 1:50, 1:100, 1:200 т.б үлкейтілген - 2:1, 5:1, 10:1 т.б. түрлері болады.
Құрылыс жобаларының чертеждері мынандай масштабтарда орындалады: жер бетінің планы - 1:5000, 1:1000 генеральдық (бас) план 1:500, 1:1000, қораның пландарі мен тілігі, кесінділері 1:50, 1:100, 1:200 т.б., ал қор бөлшектері 1:10, 1:20, 1:40 т.б. өте кіші мөлшерлі (электр жүйелері, олардың құрамдары, аппаратура бөлшектері) - 2: 5:1 т.б.
5.2. Құрлыс объектілерінің, олардың бөлшектеріні размерлері туралы негіз боп чертеждағы қойылған сандар (цифрлар) болып есептеледі. Чертеждағы размерлер бір рет  қана көрсетіліп, миллиметрлі өлшеммен белгіленіп (бірақ өлшем жазылмай) қойылады. Егер размерлер басқа өлшемдермен (сантиметр, дециметр, метр) белгілесек онда өлшемдердің жанына жазылып, немесе техникалық құжаттарында көрсетіліп қойылады.
Чертежда өлшемдерді қою үшін размерлік және шығарылған сызықтар жасалып, олардыңа аяғына керткен таңба (засечка) қойылады. Онымен қоса чертеждағы бөлгіш ра мерлік сызықтар оның (планының) сырт жағынан үш қатармен орналастырылады.
Бірінші қатарда есік, терезе және орталардың аралықтарының размерлері түсірілсе, екінші қатарға қатар орналасқан екі бөлгіш сызықтардың ара қашықтығы белгіленеді, ал үшінші қатарда  -  ең шеткі екі бөлгіш сызықтардың аралық размерлері көрсетіледі. Онымен қоса жоба чертежінде қораның ішкі размерлері қойылады: ұзыны, ені т.б. Бір бөлікің размерін көрсету үшін одан 6-10 мм қашықтықта оған параллель "размерлік" сызық жүргізіледі де өлшемнің аяқталған жерінен перпендикулярлы шығарылатын  (вынось) сызықтар сызылады. Оның аяғы размерлік сызықтан 1-5мм шығып (артып) тұруы керек. Бұрыштың размерлері градус, минут және секундпен өлшемі көрсетіліп (4гр, 45мин, 30сек.) белгіленеді. Бұрыштың мөлшерін көрсеткенде размерлік сызықты ортасы биігіне келтіріліп доғамен белгіленеді, ал шығарылатын сызықтар радиалды (тарамдалып) орналастырады.
Шеңбердің бойымен размерік сызықтар доғада концентриялық (центрлес) жүргізіліп, ал шығарылатын сызықтар - бұрыштың биссектрисасына (бұрышты жарғыш) параллель болады. Размерлі сызықтар екі жағынан стрелкамен шектеледі, ал радиус доға немесе шеңбер жағынан стрелкамен бітеді. Диаметрдің (радиустың) размерлік санының алдында әріп "В" немесе белгі О қойылады.
Сол сияқты есте болатын жағдай объектілердің бөлшектерінің тік (вертикалды) размерлері планда және тілікте көрсетіледі. Олардың өлшеу бойы (ноль) еденнің үсті болып есептеледі, яғни оң таңбалы өлшемдер еденнің үстіңгі жағында орналасқан болшектердікі болса, еденнен темен жатқандардың размерлері теріс таңбалы болады.
Құлама түзу сызықтар осы сызыктың құлама бұрышымен немесе уклонымен (еңіспен) сипатталады. Түзудің уклоны деп құлама сызықтың (іргелес жатқан катеттің) биіктік өлшеміне қарсы катет қатынасын айтады. Ол бір санның екінші санға қатысымен (1:10, 1:15 т.е.), бөлшек санмен (0,1; 0,5 т.б.) немесе процентпен (10 проц.) өлшенеді.
Чертежде уклон (еңіс) стрелкамен немесе бұрышпен олардың ұшы мен бұрышы еңіске қаратылып белгіленеді. Чертеждегі сызықтар негізгі тұтас, тұтас жіңішке, тұтас толқынды, штрихты (уақ, жіңішке сызық) т.б. түрлерімен орындалады. Мемлекеттік стандартқа сәйкестендірілген бір-келкі сызықтардың қалындығы барлық сол чертеждегі бар бейнелерге бірдей болуға тиіс.
5.3. Құрылыс чертеждері жобалаудың бірыңғай модульдік жүйесіне негізделіп орындалады. (ЕМС-единная модульная система).
Модульды жүйенің негізгі бабы объектінің, бөлшектерінің размерлерін белгілеп және бірыңғай модульге (санға) байланыстырады. Бұл модуль 100-ге тең болады, яғни барлык, қоралардың, бөлшек жабдықтардың өлшемдері осы санға бөлінетін болады.
    Құрлыстарды   жобалау   кезінде   бірыңғай   модулі жүйеге сүйеніп үш түрлі размерлер көрсетіледі: номиналу (көрсетілген), натуралды (таза) және конструкциялы (құрылмалық).
НОМИНАЛДЫ деп білікті бөлгіш сызықтар аралығы, құрылыс бөлшектері және жабдықтардың шартты шеттерінің размерлерін айтады.
КОНСТРУКЦИЯЛЫ деп жобадағы бөлшектердің, жабдықтардың т.б. шекті нольдік ауытқуы рұқсат етілген размерлерін айтады. Конструкциялы размерлер номиналды  размерлерге жақын болуы тиіс, тек олар номиналдыларда бөлшектер аралығындағы жіктер мен саңлаулар мәнінде ғана айырмашылығы болады.
НАТУРАЛДЫ деп қора бөлшектері мен жабдықтарды және білікті бөлгіш сызықтардың нақты размерлерін айтады. Кұрылыс сызбасында (планда), ұзындық, көлденең өлшемде де номиналды размерлерді пайдаланса, құрлыс бөлшектері қосқан, жалғаған жерлерінде - конструкциялы размерлед қолданады. Сондықтан құрылысты жобалау кезінде барлық  объектілердің және бөлшектердің размерлері модуль  санын (100) бөлінгіш болуы қажет.
5.4. Құрылыс чертеждегі екі размерлі білікті бөлгіш сызықтармен байланысты болады. Олар планда қабырғалар мен бағаналардыц ортасынан (ішкі жағынан 200 мм) ұзынша (қораның бойымен) және көлденеңінен бөліп өтеді де планнан (10-20 мм) шығып дөңгелекпен (шеңбер) аяқталады. Көлденең өтетін білікті бөлгіш сызықтардың төменгі планнан шығарылған басын (дөңгелектің ішінде) бірден бастап санмен белгіленеді (1, 2, 3 т.б.), ал ұзынынан өтетін білікті бөлгіш сызықтардың сол жақтағы планнан шығарылып шеңберме аяқталған басы алфавит бойынша әріппен белгіленеді.
5.5. Кұрылыс бөлшектерінің тағы басқа жабдықтарының унификациялау (үйлестіру, үндестіру) принципі сәйкес келетін негізгі өлшемдердің қатарына пролет пен қадам жатады.
КҰРЫЛЫСТЫҢ ПРОЛЕТІ (аралық) деп ұзынынан орналасқан қабырғалар мен бағаналардың бір-бірінен қашықтығын, немесе (номиналды размер) ұзынынан келетін білікті бөлгіш (сызықтардың) әріптердің аралығын айтады. Олардың ара қашыклықтары бірдей болып, тек (үш пролетты) кейбір қоралардың екі шеткі пролет арасы басқадай болуы мүмкін.
Мысалы, 21 метрлік пролетті қораның ортасы 6 м, екі шеті 7,5 (7,5, 6, 7,5).
ЖОСПАРЛЫ  ҚАДАМ  көлденең қабырғалардың, бағаналардың ара - қашықтығы, немесе көлденең жүретін білікті бөлгіш сызықтардың (номиналды размерлер) бір-бірінен қашықтығы (сандардың арасы). Қадамдардыңда ара-қашықтығы бірдей болуы керек.
Ауыл шаруашылық құрлыстарында бұлар (пролет пен қадам) үлкейтілген модульге негізделеді, яғни 60М, 30М, 12М т.б. ол 6000 мм, 3000 мм, 1500 мм, 1200 мм т.б. сәйкес келеді.
Анықтау хатының бір ерекше бөлімі ғимарат бөлшектерін маркілеу (белгілеу). Ол сызба жұмыстарының көлемін біршама қысқартуға әсерін тигізеді. Жобадағы нөмірі бар шеңбер маркамен көрсетілген ғимарат бөлшектері екі сызықпен орындалады: ішкі - жуан, сыртқы - жіңішке шеңбер.
Өте күрделі құрлыс бөлшектерінің жобаларын орындағанда маркалы шеңберді горизонтальды сызықпен ортасынан екіге бөліп, алымына бөлшектің нөмірі, ал бөлгішіне жоба бетінің саны қондырылады.
Құрылыс чертеждерін орындауды жеңілдету жолы мен бірнеше шартты графиктерді немесе қысқарылған белгілерді пайдаланады. Олар тиісті мемлекеттік стандартты нұсқауларда көрсетіледі. (МЕСТ 116 91-66).






6. ГЕНЕРАЛДЫҚ (БАС) ПЛАН ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК АЙМАҒЫНА ӘРТҮРЛІ ОБЪЕКТІЛЕРДІ ОРНАЛАСТЫРУ

Қаралатын сұрақтар:
1. Бас планның түрлері және онда қаралатын негізгі сұрақтар.
2. Өндірістік зона (аймақ) және оның орналасуы.
3. Құрылыстың көлемі - жоспарлы шешімдері қандай көрсеткіштермен сипатталады.
Қажетті жабдықтар: плакаттар, макеттер, кестелер және жобалар.
6.1. Мал фермаларын тұрғызған кезде олардың құрамына әр түрлі объектілер кіруі мүмкін. Оның ішінде малдар орналасатын қоралар, олардың серуендейтін аландары, азық дайындап, еңбек сақтайтын жерлері, мал өнімдерін өңдеп сақтайтын қоймалар, су, электр, жылу көздеріне арналған бөлмелер, көң өңдеп сақтайтын қоймалар т.б. жатады. Осының бәрі бас планда көрсетіледі;
ҚҰРЫЛЫСТЫҢ БАС ПЛАНЫ деп барлық уақытша және тұрақты объектілердің, жол тарамдары мен энергия, су, жыл жолдарының тағы басқа құрлысқа қатысы бар құрылымдардың схемасы көрсетілген құрылыс алаңының планы айтады.
Бас планның екі түрі болады:
1. ЖАЛПЫ АЛАҢДЫҚ БАС ПЛАН деп бір комплекске кіріп объектілердің бір құрылыс алаңында салынуын қамтитын планды (жоспарды) айтады. Мұндай планды жобалау мекемелері жасайды.
2. ЖЕКЕ ОБЪЕКТІНІҢ БАС ПЛАНЫ - құрылыс алаңындағы жеке объектінің жалпы жұмысын анықтайды және құрлыс  алаңындағы өндірістік жұмыстың дұрыс жүруін қамтамасыз етуді көздейді. Мұндай план - құрлыс мекемелері мен өндірістің жұмыс жобасын жасау кезінде орындалады.
Құрлыстың бас пландарында мынандай негізгі сұрақтар қамтылады;
1.  Ірі механикаландырылған ауыл  шаруашылытынық өндірістерін  кіші өндірістерді  біріктірудің нәтижетінде экономикалық пайдалы негізінде құру.
2. Бір территорияға өндіріс объектілерін орынды, мүмкін болғанша таяу қашықтықта, бірақ санитарлық-малдәргерлік және өрттен сақтандару ережелері мен талаптарына сәйкес орналастыру.
3. Мүмкін болғанша ауаны, суды, топырақты сақтандырудың  санитарлық - гигиеналық талаптарын орындап жобаланған өндіріс объектілерінің қалдықтарымен ластануынан қорғау.
4. Өндірістік    зонаның бас планының басқа сыртқы инженерлік тарамдар мен коммуникациялық (қатынас) жол, мен объектілердің   біркелкі   ансамблін   (жарасымдығын) келтіретін байланыстыру.
5. Өндірістік зонаның ұлғайту мүмкіндігін және индустриялық әдістермен салудың жолдарын қарастыру.
6.2. Қандай болсын бір өндірістік объектіні салу үшін құрлыс талаптары   мен   ережелеріне сәйкес келетін оның ендірістік зонасын АНЫҚТАУ қажет.
ӨНДІРІСТІК ЗОНА деп ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өңдеуге арналған объектілердің орналасқан территориясын айтады. Өндірістік зонаға мал шаруашылығы, қоян және аң фермалары, құс зауыттары орналастырылады. Оларға орынды таңдаған да, олар шаруашалық және экономикалық талаптарға сай, қалыпты гигиеналық жағдайды бұзбайтын, малдәрігерлік санитарлық және сақтандыру ережелеріне қайшы келмейтіндігін қамтамасыз етуі ескеріледі. Мұнымен қоса өндіріс зонасының қажетті сумен, электрэнергиясымен, азықпен өндірілген өнімді және өндіріс қалдықтарын тасымалдайтын қолайлы жолдармен қамтамасыз етілуі қажет және өндірістік зонаны таңдау кезінде табиғат жер және климат ерекшеліктерін ескеріп, мал басына байланыстырып анықтайды. Межелі өндірістік құрылыс зонасы кестеде көрсетілген.

Кесте 1 - Құрлыс салғанда таңдалатын  жердің межелі мөлшері

Малдардың түсі
Бағыты
Межемен алынған 1 басқа  есептегендегі орын мөлшері, м.кв.
1
2
3
Ірі қара малы
сүттік
100-120
Мегежін шошқалар
сүт және еттік 
140
Қой-ешкілері
арнайы
160
Бордақылау шошқалар

өнімдік 
арнайы
15-20
8,5-9
Жұмыртқалайтын тауықтар
арнайы
0,4-1

Ауыл шаруашылық объектілерді өндірістік зонаға орналастырғанда олардың бір-бірінен ара қашықтығын ең аз мөлшерде, бірақ санитарлық малдәрігерлік және өрттен қорғау ережелеріне сәйкестіріп тағайындайды. Бұл кезде өндірістік зонаға орналасқан барлық тұрғын үйлер мен шаруашылық ғимараттары мен басқа объектілерінің арасындағы қашықтықты - САНИТАРЛЫҚ-САҚТАНДЫРУ ЗОНАСЫ деп атайды.
Ірі қара малына арналған фермаларда олардағы мал басына байланысты санитарлық-сақтандыру зонасының ені 100, 150, 200 м, шошқа фермаларында - 200, 250, 500 м, қой фермаларында - 250 м кем болмауын ескереді. Мұндай зоналар қалыпты жабдықталып жасылдандырылуы қажет.
6.3. Құрлыстың көлемді - жоспарлы (планды) шешімдері мынадай негізгі көрсеткіштермен сипатталады.
1. ҚОРАНЫҢ НЕГІЗП КӨЛЕМІНДЕ (кубатурасы) -жылытуға жататын бөлігі кіріп, сыртымен есептегендегі горизонталды қыйығының ауданын (ірге тастан жоғарғы) еден (жер) бетінен төбенің жапқышына дейінгі биіктігіне көбейту арқылы анықтайды.
2. ҚОСЫМША КӨЛЕМІ (кубатура) қораның жылытылмайтын бөліктері кіріп, оны негізгі кубатура сияқты анықтап қоспа бөлмелер мен қақпа тамбурлары үшін 0,5, ашық қалқандар (көлеңке) үшін - 0,25 коэффициенте көбейтіп қосып табады.
3. КЕЛТІРІЛГЕН КУБАТУРА - өлшемге келтірілген көлем жалпы кубатураны жобалық қораның сыйымдылыгына бөлу арқылы анықтайды.
4. Пайдалы кубатура - еден мен тебе тегіс (шатырлы емес) болған жағдайда барлық бөлмелердің ішкі өлшемімен алынған кубатураларының қосындысы болады, ал әрбір бөлменің кубатурасын жеке-жеке тапқанда оның (еденінің) биіктігіне көбейту арқылы аныктайды.
5. КҰРЫЛЫС АЛАҢЫ (салынған участок) - қораның сыртқы су қағарымен алғандағы аудан өлшемі.
6. КҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ПАЙДАЛЫ АЛАҢЫ - барлық өндірістік және қосымша алаңдардың аудандарының қосындысы:
а) ӨНДІРІСТІК АЛАҢ - барлық малдарға арналған қоралардың (қабырға, бөлме, бағана және пештердіңалып жатқан жерлерінің ауданын шығарған соң) едендердің ауданы.
б) ҚОСЫМША АЛАҢҒА тамбурлардың, қамыт-сайман  қоймаларының, азық дайындау, сақтау бөлмелерінің сүт алу, оны өңдеп сақтау орындарының т.б.( бөлме,  бағана,  пеш орындарынан басқа) алатын аудандары жатады.
7. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІС алаңының тығыздығы - жалпы жобаланған өндіріс территориясының барлық құрылыс объектілері алып жатқан орындардың ауданының қосындысына қатынасының 100 процентімен анықталады.
Құрылыс алаңына - барлық қоралардың жанына көлеңке орындардың, серуен алаңдарының техникалық, электрлік, санитарлық объектілердің, жерасты орналасқан қоймалар (егер үстіне құрылыс салуға келмесе) құрылыс аралық жолдардың алып жатқан жерлері жатады. Бұған запасқа қалдырылған - екінші ретпен құрылыс тұрғызуға арналған жерді де жатқызады.
Құрылыс алаңына жатқызуға болмайды: тратуарлармен, машина - теміржолдармен, уақытша салынған объектілермен, спорт аландарымен, демалу орындарымен, үстіне құрылыс тұрғызуға келетін жер асты қоймалары алып жатқан орындар.
Құрылыс алаңына ғимарат және басқа қора-қопсыларды орналастыру кезінде оларды өндірістік процесстерін ерекшеліктеріне байланыстыра отырып топтауға болады. Мұндай кезде объектілерді мынандай зонаға белуге болады:
а) өндіріс зонасы,
б) қосалқы зона,
в) қойма зонасы.
Мұндай жағдайда ӨНДІРІС ЗОНАСЫНДА барлық малдарға (құстарға) арналған қоралар, ұрықтандыру пункті және рельеф (жер бедері) төмен, ық жағынан 30 метрден таяу емес ветеринарлық объектілер (ветпункт, санитарлық мал сою пункті, изолятор - ауру мал орны т.б.) орналастырылады.
ҚОСАЛҚЫ ЗОНАДА азық цехы, құрама азық сақтайтын орындар және кіретін қақпага таяу тұрғын үйлер, контора (кеңсе), гараж, өлшеу орны, мал тиейтін эстакада т.б. орналасады.
ҮШІНШІ ҚОЙМА ЗОНАСЫНДА қатаң, сулы азықтардың сақтау орындары, төсеніш қораларының қоймасы орналастырылып, бұл зона 1-ші, 2-ші зоналардан жекелеп қоршалып, дезобарьері (бөгеті) бар жеке кірер есігі болуы керек. Мал көңдерін жинап, өңцеп сақтау орындары фермадан қатаң көңдер үшін 50 метрден таяу, ал жартылай қатаң және сұйық көңдерге 300 метрден таяу орналастырмау қажет. Ондай орындар фермадан төмен, ық жағында, су көздерінен қашық орналастырылады.


































7. ІРІ ҚАРА МАЛЫНА АРНАЛҒАН ҚОРАЛАРДЫҢ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСУ

Қаралатын сұрақтар:
1. Ірі қара малдарының фермалары.
2. Ірі қара малын байлап ұстауға арналған қораның планы.
3. Ірі қара малын бос-еркін ұстауға арналған қораның планы.
Қажетті жабдықтар мен  құралдар:  плакаттар,  қора макеттері, жобалары, кестелер.

7.1. Өндірілетін өніміне байланысты ірі қара малдарының фермалары - тұқым және товарлық (өнім) болып бөлінеді. Тұқымдық фермалар негізінен олардан жаңа тұқым алу және ескілерін жақсарту, тұқымдық жас төлдерді өсірумен айналысады. Ал товарлы фермалар негізінен ет және сүт өнімдерін алуға бағытталады.
Сондықтан ірі қара малының фермалары сүт, ет бағытындағылар болып бөлінеді. Сүт бағытындағы ферма - ларда малдарды байлап және бос ұстау тәсілдері тараған болса, ет бағытында көбінесе бос ұстау тәсілі тиімді болып есептеледі. 
Ірі қара малдарының фермаларының құрамында: сиыр қоралар, ұрықтандыру пункті,   бұзаулау бөлімі әрбіреуі 60 сиырдан артық емес бұзау қора (300 бастан көп емес), жас малдардың   қоралары  (тайынша-торпақтарға), сүт  алып, өңдеп, сақтайтын бөлме және жабдықтар, азықтар, төсеніш тұратын   қосымша  бөлмелер   кіргізеді. Ірі қара  фермасының бас планында сүт сауу, өндеу бөлмелерін сиыр қоралармен қосып,   немесе екі   сиыр қораның арасынан жалғастырып салуға, қолдан ұрықтандыру  пунктін  сиыр қоралардан таяу жерге орналастыруды жобалайды. Онымен қоса бас планды жобалау кезінде сиыр бұзаулайтын бөліммен бұзау қораларды біріктіріп салуға рұқсат етіліп және  олар   басқа мал қораларға  қарағанда жел жағынан жоғары орналасулары керек.
Ерекше айта кетер мәселе барлық ірі қара малдарын ұстауға арналған қоралар үнемділік жағынан алда, барлық өндірістік талаптарға сәйкес келулері қажет.
7.2. Байлап ұстауға арналған сиыр қоралардың ішіне байлау (жатар) орындарын екі қатарлы (саны 100 басқа дейін) және азық тарату тұрақты траспортерлер арқылы болса, оның ені 10,5 м, ал азықты көлікпен тарату жоспарланса - 12 м болтаны дұрыс.
Жалпы сиырлар байланатын орындар (стойла) малдың үлкендігіне (денесінің ұзындығына) байланысты үш түрлі болады. Кіші орындар (1,45-1,70 м), орташа (1,70-1,90) және ұзын (1,90-2,20 м). Байлау орындарын екі қатарлы орналастырған кезде малдардың бастарын бір-біріне қаратып, бір азық тарататын (ортаңғы) екі көң шығаратын (шеткі) жолдар қалдырып, немесе мал бастарын шеткі ұзын қабырғаларға карай таратып - екі азық (шеткі), бір көң таситын (ортаңғы) жолдар қалдыруға болады.
Егер сиырдың байлау орындарын қорада төрт қатарлы қылып орналастырса, азық тарататын механизмге байла - нысты, қораның енін 18 м және 21 м, яғни үлкейтілген үш еселенген модульге (6 м) сәйкес болады. Мұндай байлау орындары төрт қатарлы болып жоспарланса, екі азық тарататын, үш көң шығаратын жолдар қаралады, яғни екі малдардың бір-біріне қараған шеткі екі қатарында екі азық жолдары, ал ортада және екі шеткі ұзын қабырғалар бойымен үш көң жолдары болады. Немесе, (екінші вариант бойынша), малдардың бір-біріне басымен қаратып орналас-тырылған ортаңғы және шеткі қабырғалар бойындағы азық холдары (жиыны үш), ал екі қатарлардың аралығынан екі көңжолы қалдырылады.
Азық және көң жолдарын сиыр қораларында оларға дайдаланылатын механизмдерге есептеп қалдырылады. Азықты жер беті қол арбаларымен тарату белгіленсе, азық холының ені - 1,2 м, ал механикаландырған көлікпен болса  -  2,4 м есептеледі.
Көң жолдары екі қатарлы орындар аралығында, сиырдың шығуын есептеп - 2,1 м, ал бір қатарының артына -1,5 м қалдырған дұрыс болады.
Әрбір қатардағы 25 бастық сиыр орнынан кейін бір көлденең жол қалдырылады (3 м) және қораның екі басынан ашық көлденең (ені 3 м) жолдар болады.
 Жас малдарға арналған қоралардың ені - екі қатарлы орындарда - 9 м, төрт қатарлыда - 18 м. Бұзау қораның ен топтап ұстайтын клеткалардың (бөлмелер) екі қатарлысында  -  9 м, төрт қатарлысында - 18 м. Ал сиыр бұзаулайтын бөлмелерде ұзын байлау орындар екі қатар қойылса - 10,5 м, төрт қатарлысында - 21 м қора ені болады.
Ірі қара малдарына арналған қоралардың биіктігі ондағы жарықтың қалыптылығын және ауа алмасу жүйесінің дәлдігін сақтайтын болуға тиіс. Сондықтан қора биіктігі еден үстінен (0,00) төбенің төменгі тұсына дейін (шығыңқы) 2,4 метрдеи кем болмауға тиіс, сонда бір бас ірі қараға шаққанда келетін кубатура 18-25 м.куб. болады.
Сиыр бұзаулайтын бөлме екі бөлікке бөлінеді:
а) Сиыр бұзаулайтын, оны санитарлық тазалаудан өткізетін және азық қорын, жабдықтарды, төсенішті сақтайтын бөлім.
б) Профилакторий (сақтандыру орны) - бұзаулардың 10-15 күнгі жасына дейін жекелеме клеткаларда ұстайтын орын (бөлім).
Бұзау қораларды да екі бөлікке бөледі:
а) 10-15 күнгі жасынан 2 айға дейінгі бұзауларды топтап ұстауға арналған клеткалар орналастыратын бөлім.
б) 2 айдан 4-6 айға дейін топтап ұстауға арналған клеткалар тұратын бөлім.
5.7.3. Ірі қара малын бос ұстауға арналған қоралардың ішкі планы олардан алынатын өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, технологиялық процесстерді механикаландыру мен автоматизациялауға қолайлылығы ескеріледі.
Ірі қара малдарын бос ұстауға арналған фермалар ірі тұтас комплекске сәйкестендіріп жобалайды да екі бөлімнен секциядан тұратын: бірі - жеңіл жабдықталған серуен аландары бар мал қоралары болса, екіншісі - топтап суаратын автоматты суарғыштар, қатаң, сулы және құрама азықтар салып беретін науалармен, көлеңке орындармен қамтамасыз етілген, азықтандырып-серуендететін алаңдары қаралған етіп жасайды.
Мұндай қораларда сиырларды бос ұстауға жобаласа, оның ішін екі бөлікті жасайды. Бір бөлігі жататын тұтас еденді, екінші бөлігі - тор көзді еденді азық науаларымен байланыстырылған болады. Олар жылжымалы тор бөлгіштер мен буаз, жас туған, мол сүтті сиырларды бөлектеп қояды.
Ірі   сиырлар   үшін   бір қатарлы орналастырылған  секцияларда (бөлмелерде) көң-азық жолдарының енін 2,7 метрден кем емес, ал екі қатарлыда 5-6 м жасайды. Жас ірі  қара малдары (торпақ, тайынша) үшін бір қатарлы секцияға- 2м, екі қатарлыға - 4-4,8 м. қалдырады.
Қорадағы малдарды ұстау тәсіліне байланысты бір басқа шаққандағы орындарын нормативке негіздеп есептейді. Егер бір қорада (жобаланған) бірнеше жікті әртүрлі жастағы малдар болса, оны салмағына, табындағы жоспарланған қатысына байланыстырып табады.
Мысалы, ірі қара малдары үшін: сауын сиыр, қысыр сиыр, 6 айға дейінгі бұзаулар, 6-12 ай аралығындағы торпақтар, 1-1,5 жас аралығындағы тайынша, 18 айдан 24 ай аралығындағы құнажын, 24-36 ай аралығындағы дөнежін, бордақыға арналған малдар т.б. Бүкілодақтық технологиялық жобалар нормасына байланысты анықталады.

Кесте 1 - Табындағы мал орындарын анықтауға арналған есептеу коэффициенті

Жіктеу тобы


Сүт өндіру шаруашылығында
Ет өндіру шаруаш ылығында

Топтағы сиырлар, процент

50
60
90
40
85
1
2
3
4
5
6
1.Сиырлар (коэф.)
1,0
1,0
1,0
1,0
1,0
2.Оның ішіндегі сауын сиырлар
0,75

0,75

0,75

-

-

3.Жаңа төлдеген немесе төлдейтін
0,12

0,12

0,12

0,29

0,29

4.Енесінен бөлінген бұзаулар (18 айға дейін)
-

-

-

0,71

0,71

5. Буаз құнажындар
0,12
0,12
0,12
0,2
0,2
6. Жас туған бұзаулар (14 күнге дейін)
0,06

0,06

0,06

-
-

7.Бұзаулар (15 күннен 4 айға дейін)
0,03

0,03
0,03

-

-

8. Жас малдар (6 айдан 12 айға дейін)
0,1

-

-

-

-

9. 8 айдан 12 айға дейін
-
-
-
1,15
-

  Малдардың әртүрлі тобына жігіне қарап, оларға керек орындарды мына формуламен табады: п = П х К мүндағы, 
          П- мал басының саны.
К - есептеу коэффициенті.
Мысалы, 200 бас ірі қара малына жігіне байланыстырып қажет орнын есептеу керек делік. Ол үшін әр ірі қара малының жігіне негізделген есептеу коэффициентіне (кестедегі) сүйену қажет.
Қорадағы малдардың саны есептеу коэффициентіне негіздесек мынадай болады:
1. Сауын сиырлар: 200 бас х 0,75 = 150 бас
2. Буаз сиырлар: 200 бас х 0,13 = 26 бас
3. Буаз құнажындар: 200 бас х 0,12 = 24 бас
Осы 200 бас ірі қара малына арналған сиыр қора жобалап салғанда мына топтарға орындар қаралады (Кесте 21).

Кесте  2 - 200 бас ірі қара малына арналған сиыр қора жобасы

Малдың тобы
Бас саны
Орта салмағы
Тәулік сүті,л
1 басқа шаққанда қорада қаралатын орын,м.кв
Барлығы,м
Сауын сиыр
150

450

6

5,5

825
Буаз сиыр
26
480
-
6,0
156
Буаз (не туған құнажын)
24
420
-
5,0
120

Барлығы




1101

Яғни, байлап ұстауға арналған 200 бас сиырға 1101 м.кв. ауданы бар қорада байлау орындарын төрт қатар орналастырсақ, енін 18 м, ұзынын 61,1 (1101 ; 18) м. жасау қажет.












8. ШОШҚА МАЛДАРЫНА АРНАЛҒАН ҚОРАЛАРДЫҢ ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСУ

Қаралатын сұрактар:
1. Шошқа фермаларына арналған қоралар және оның сиымдылығы.
2. Аналық мегежіндерге арналған қораның жобасы.
3. Буаз және қысыр мегежіндерге арналған қораның жобасы.
4. Енесінен айырған торайларға арналған қораның жобасы.
5. Бордақылау шошқаларына арналған қораның жобасы.
Қажетті құралдар мен жабдықтар; шошқа қораларының макеті, плакаты, жобасы және кестелер.
8.1.Шошқа фермалары мен комплекстерінің бас планын жобалау кезінде технологиялық жобалау нормасына (НТП) сүйеніп, оның құрамына кіретін негізгі өндірістік және қосымша обьектілердің саны мен сыйымдылығын анықтайды.
Шошқа фермасында негізгі өндірістік қораларды жобалау кезінде олардың жасы, жігі және бағытына байланысты мынандай топтарға бөлінетіндігін еске сақтау қажет.
1. Торайлы, мегежіндер және буаздықтың ақырғы екінші тәулігіндегі мегежіндер - жекелеме станоктарда (ауданы 5-7,5 м.кв.) ұсталады.
2. Буаз және қысыр мегежіндер - топты станокта серуенді тәсілмен ұсталады.
3. Негізгі аталық шошқалар - жеке станокта серуендету тәсілімен ұстайды.
4. Енесінен айырған торайлар - топтап станокта еркін серуендеу тәсілімен ұсталады.
5. Әр жасты бордақылауға арналған шошқалар - топтап станокта серуенсіз ұсталады.
Осы топтардағы шошқаларға арнап арнайы төрт типті қоралар салынады:
1. Аналық торайлы мегежіндерге арналған.
2. Буаз және қысыр мегежіндерге арналған.
3. Енесінен айырған торайларға арналған.
4. Бордақы шошқаларға арналған.
8.2. Аналық мегежіндерге арналған қоралардың құрамында жас торайлы мегежіндерді, буаздықтың соңғы аптасындағы (10 күн) мегежіндерді ұстап және тудыратын бөлімдерден тұрады.
Мұндай шошқа қораларында шошқалар тұратын орындарды (станок) екі, төрт, кей кезде алты қатар орналастырады. Мегежіндердің ұстау уақытының ұзақтығына, салмағына және торайлардың санына байланысты жекелеп ұстауға арналған станоктың размері 5-7 м.кв. болады. Соған байла - нысты олардың бір қатардағы размерлері 3,6 х 2, 3 х 2,5, 2,6 х 2,2, 2,25 х 2, 2,4 х 2,4 м. етіп жасалады.
Станоктарды қораның ұзындығы бойына азық және көң таситын жолдарды қалдырып қатарымен орналастырады.  Азық тарататын жолдар, тарату механизміне байланысты 1, - 1,8 м., ал көңжолдары - 1,2 - 1,4 м. мегежіндерге арналған қоралардың ені әртүрлі болуы мүмкін, бірақ механикалы процесстердің бұзылмауына байланысты ені 15-18 м. Жасал ған дұрыс. Ені 15 м. қорада станоктарды үш қатар, ал 18м болса 4 қатар қылып орналастырған жөн.
8.3. Буаз және қысыр мегежіндерге арналған шошқа қораларда станоктарды 2 - 4 қатар қойып, оларда қысыр мегежіндерді 14, буаз - 12 бастан, 1 басқа 1,8 м.кв.- еденнен есептеп топтап ұстайды. Әрбір станоктың екі бөлімі болады: демалып жататын едені тұтас және азықтанатын - едені тор көзді.
Станоктардың қоршауы металдар, кірпіштен немесе темірбетонды плитадан болуы мүмкін.  Мұнда шошқа жатып демалатын   бөлімінің   бөлмелері   тұтас,   ал   азықтануға  арналған бөліктің бөлмелері торкөзді болғаны жөн.
Буаз және қысыр мегежіндерді ұстайтын қоралардың ені 9 м, 12 м. және 18 м. болғаны дұрыс, әрине басқа шаққанда (салмағына байланыст) станок еденнің ауданы 1,1 м.кв., ені 12 м. шошқа қораларында станоктардың ені 4,0 м ден екі қатар етіп, біріктіріп, шеттерінен 1,8 м-ден көң, азы жолдарын қалдырады. 
Ені 18 м. шошқа қораларында топтап ұстайтын станоктарды төрт қатар етіп, екі жүретін және азыққа жолдарын қалдырып салады (сурет 4
8.4. Енесінен айырған (2 айдан 4 айлығына дейін) торайларға арналған шошқа қоралары. Мүндай қораларды енін тар жасаған дұрыс, кебінесе 9м. қылып, ал станоктарды екі қатармен орналастырады. Әр станокта азық - көң бөлігі және дем алып жататын бөлігі болады. Мұндай топтан ұстайтын станоктарда 1 басқа шаққанда еденнің ауданы 0,35 м.кв. келеді (сурет 5). Енесінен айырған торайлар шаруашылықта бірнеше мыңдаған бас болса оларға қораның енін 12, 15 және 18 м. жасап, топтап ұстайтын станоктарды 4 қатардан, жолдар (азық, көң жүретін) қалдырып орналастырады.
8.5. Бордақылау шошқаларына арналған қоралар.
Мұндай қораларда шошқаларды топтап ұстайтын станоктарда, әр басқа шаққанда еденнің станоктағы ауданы 0,8 м.кв. қаралады да, оларды екі, төрт қатар қылып орналастырады. Салмағы 110-120 кг шошқаларды 20-30 бастан біріктіріп ұстайды. Азық тарайтын, жүретін жолдардың ені 1,8 -1,9м. болып келеді, ал қалған ішкі орналасу өлшемдері қысыр шошқаларға арналған қоралардағыдай болып келеді. Жалпы ені 12, 15, 18 және 21 м. болады (Кесте 1).

Кесте 1 - Шошқа фермаларының межелі размерлері

Шошқа қорапарының типтері
Ферманың межелі размері
Негізгі аталық шошқаларға (жасанды ұрықтандыру пунктіқаралған немесе қаралмаға)                                                                  
70 бастан артық емес 

Аналық мегежіндерге (тұқымды
фермада)                                                                     
40 бастан артық емес

Мегежіндер торайлататын қоралар: 
а)Екі қатарлы станок орналастырғанда                                                                
75 бастан артық емес

б)Төрт қатарлы станок орналастырғанда                                                               
150 бастан көп емес
Енесінен айырған торайларға арналған                   
1800 бастан көп емес
Қысыр, жеңіл буаз және жас шошқаларға арналған                                                                       
2000 бастан көп емес
Бордақы шошқаларға арналған                                 
2000 бастан көп емес

Топтап ұстауға арналған станоктардың ені 3,5 метрден кең жасалмайды, себебі одан үлкен болса малдардың жатар орны нормативтен асып, ал кем болса азықтандыру науасы жетіспеуі мүмкін. Топтап ұстауға арналған станоктарда шошқаларды азықтандырғанда оған әр - бір басқа шаққанда косымша орын (азықтандыру участігі) қосады: енесінен айырған торайлар үшін - 0,1, бордақы шошқаларға- 0,15, ремонтты (көбейтіп-толықтыру) жас шошқаларға - 0,3, кысыр жэне буаз шошқаларға 0,4 м.кв. Мұндай жағдайларда станоктардың тереңдігін 4,5 метрге дейін ұлғайтады.
Шошқа шаруашылығына арналған технологиялық жобалау нормасына (НТП) сәйкес малдардың жасына, жынысына, бағытына және ұстау жүйесіне (тәсіліне) байланысты орналастыру станоктарының сыйымдылығымен ауданын мына берілгендерге бейімделіп  негіздейді (Кесте 2).

Кесте 2  -  Станоктарының сыйымдылығымен ауданы

Мал тобы
Ұстау тәсілі
Станоктағы бір басқа шаққандағы орын, м.кв 1бас


Товарлы фермаларда
Тұқымды фермаларда
Аталық шошқалар
Топталған станокта
2,5
-

Жекелеме станокта
7,0
7,0
Ремонта талықтары
Топталған станокта
2,0
2,0
Мегежіндер: торайлы және буаздық соңғы аптасы
Жеклеме станокта

5,0

6,0

буаздық 3 айдан соң
Топталған станокта
2,6
2,5
Қысыр және буаздық тың үш айына дейін
Топталған станокта

1,5

1,8

Енесінен айырған торайлар
Топталған станокта
0,25
0,3
Ремонт жас шошқалар
(4 айдан 8 айға дейін)
Топталған станокта
0,5

0,7

Бордақы жас шошқалар
Топталған станокта
0,5
-
Бордақы үлкен шошқалар
Тоталған станокта
0,7
-





9. ҚОЙ ЖӘНЕ ЕШКІ МАЛДАРЫНА АРНАЛҒАН ҚОРАЛАРДЫҢ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСУ

Қаралатын сұрақтар:
1.Ұсақ малдарды ұстау жүйелеріне қысқаша талдау. 
2.Қой қоралардың  пландарының ішкі шешімдері.
Қажетті құралдар мен жабдықтар: плакаттар, жобалар және кестелер.
9.1. Ұсақ малдардың фермалары - қой және ешкі малдарын бағып өсіруге арналған өндірістік және шаруашылық құрлыстарының жинағы. Қой шаруашылығының өнімі оның бағытына тікелей байланысты: биязы, жартылай биязы, кылшық, жартылай қылшық жүнді және каракул. Осыған қарап қой шаруашылығы асыл тұқымды және өндірістік, яғни әртүрлі өнімдер алуға (жүн, ет, тері, елтірі, сүт) бағытталған. Фермадағы малдарды жігіне, жасына байланысты жэне ауа райы мен жер орайын ескере отырып көлемі әртүрлі отарларға бөледі.
Көбінесе аналық, тоқты (енесінен айырған қозылар) шошқарлар және ет малдары отарларына бөлінеді. Олар жер орайына, ауа райына қарап мынандай жүйелерде күтіліп-бағылады:
1. Тұрғызып қолда ұстап күтіп-бағу жүйесі - көбінесе қары қалың, жайылымы жоқ аймақтарда малдар қысы-жазы қолда тұрып, дайындаған азықтармен күтіліп бағылады.
2. Жартылай тұрғызып, жартылай бағып-күту - жылдың  жартысынан артық мерзімін қолда дайындалған азықпен ұстап күтеді. Көбінесе қардың қалыңдығы 0,4 - 0,5 м. және қыста мұз қататын аймақтарда кездеседі.
3. Бағып жартылай тұрғызып қолда ұстап күту, жылдың 7-8 айы малды бағып, аз ғана уақыт қорада қолда тұрғызып күтеді. Мұндай жүйе таулы, жайылымы мол, қары жүқа, жел қаққыш жерлерде қолданылады.
4. Жайып ұстау жүйесі табиғи жайылымы мол қары жоқ, ауа райы жұмсақ аймақтарда кездеседі.
Осы жүйелердің ерекшеліктерімен байланыстыра оты - рып қой-ешкілерге арнап қоралар мен баздар салынады. Оларды "Технологиялық жобалау норма" мен "Құрылыс нормасы және ережелеріне" (СНиП) сәйкестіріп салады. Қой шаруашылығының объектілерін жобалау кезінде олардағы технологиялық процесстерге бөгет болмайтын санитарлық малдәрігерлік және өрттен сақтандыру ережелеріне қайшы келмейтіндей етіп бірі мен бірін біріктіруге рұқсат етіледі.
Ондай қоралардың размерлері ферма бағыты, ұстау тәсіліне байланысты төмендегі кестеде келтірілген.







Кесте 1- Қоралардың размерлері

Малдар тобы
Қоралар және малдарды орналастыру тәсілдері
Бір  басқа шаққандағы ферма размері, м.кв


товарлы
тұқымды
1
2
3
4
Қошқарлар:
а) Негізгі аталық
қошқарлар 
Қошқар қоралары немессе жасанды ұрықтандыру пункті
Жекелеме клеткада
3

4

б) Ремонтты немесе
байқау (тексеру) қошқарлар

Топты клеткада немесе секцияда
2,0

-

Қой қоралар: 
а) Қозылы аналық қыста, ерте жазғытұры қоздату кезінде 
Секцияда

1,8

2,0

б) Қозылы аналықты
жазғытуры қоздату кезінде 
Секцияда

1,0-1,2

1,2-1,4

Тұсақ қойлар мен ремонттағы жас тоқтылар 
Қораларда 

0,8-1,0

0,9-1,6

Ісек қойлар
Қораларда
0,8-0,9
-

9.2. Қой қораларын көбінесе төртбұрышты Г - немесе П - әріптеріне ұқсас қылып салады. Қой қораларды өндірістік зонада қысқа басының (торец) бір бұрышын өтпелі желдің бағытына қаратып орналастырады. Олардың бір жақ басына азық және құрал-жабдықтарын қоятын бөлме қалдырады. Қора екі отар қойға арналған болса, оның екі басына да ондай бөлмелер қаралады.
Қыста қоздайтын аналық қойларға жобаланған қоралардың бір басынан тұтас, төбеге жететін қабырғамен бөліп, қой қоздайтын және қозы алатын бөлме (төлүйшік) қаралып, қой қоздайтын бөлігінде биіктігі 50-60 см, ауданы 2,0 - 2,5 м.кв. шарбақтан аналық пен қозылар үшін секциялар, ал басқа бөлігінде қозылы қойды жекелеп ұстауға арналған клеткалар жасалады. Қой қоздайтын секцияны жылытатын, ал басқа бөлмелер жылытуға жоспарланбайды. Егер қой қора әртүрлі жасты - жынысты қойларға арналған болса оның іші сол мал тобының санына қарай секцияларға бөлініп, ортасына төл үйшікпен ұрықтандыру пунктін орналастырады.
Ал қошқар қоралардың планы үш бөліктен түрады. Бірінші бөлігінде негізгі қошқарлар тұратын жекелеме немесе топтық клеткалар орналастырылып және олардан ұрық алып, оның сапасын тексеретін манеж қаралса, екінші және үшінші бөлімдеріне байқау-қошқарлары мен ремонт (өсім) жас малдарга арналған секциялар қойылады.
Сыртқы орташа температурасы минус 20 градустан төмен болмайтын аймақтарда және ет-май бағытындағы, каракулді қойларға қораларды екі немесе үш жағынан жабылған күрке типтес, жергілікті арзан материалдардан, талдан тоқылған "катондар" салынады. Олардың бір басқа шаққандағы орташа ауданының мөлшері 0,5 м.кв., ал бір жасқа дейінгі тоқтыларға 0,3-0,4 м.кв. келеді. Қой қоралардың ық жағынан малдарға азық, су беріп, күн ашық күндері серуендету үшін қоранікіне қарағанда екі есе үлкен ауданы бар ашық алаңдар қаралады. Қой қоралардың еден бетінен (0,00) төбенің салбыраңқы жеріне дейін биіктігі 1,8 - 2,4 м болуы керек, кейбір қоралардың төбесі шатырсыз көлбеу жабылған кезде сыртқы қабырғаларының биіктігін төмендетуге рұқсат етіледі. бірақ қабырғаның биіктігі 1,2 метрден темен болмауы керек. Қой қоралардың бөлшектері басқа малдардың қораларымен салыстырғанда арзан, жергілікті материалдардан болуы қаралады. Ішкі бөлшектердің беттері (жүн шығыны болмау үшін) ілгіш, кедір-бұдыр болмағаны (1,0-1,2м.) ескеріледі.


Пәндер