Файл қосу

Тақырыпты мамұнына қарай жинақтау



Дәріс № 1
Жалпы білім беретін оқу орындарында оқушылар білім түрлерін оқып үйренгенмен, сол білімдерін практика жүзінде дұрыс пайдалана алмайды. Бұл олқылықтың орнын оқушыларды ғылыми-ізденушілік жұмысқа баулу арқылы толтыруға болады. Оқу үрдісіндегі ізденушілік бағыт оқушылардың теориялық білімдерін практикалық білік-дағдылар арқылы бекітуге мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, алдарына нақты мақсаттар қоюға, оны орындау әдіс-тәсілдерін таңдай білуге үйретеді.
Мен  бастауыш сынып мұғалімі  ретінде оқушыларды ғылыми жұмысқа тартуды мақсат тұтамын. Оқу-тәрбие бағытындағы барлық өзгерістерді қамтып, озат педагогикалық тәжірибелерді зертттеп, жаңа тұжырымдар жасасақ, бұл бағытта оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулитын, таным белсенділігін арттыратын түрлері қажет-ақ. Солардың бірі  -  оқушылармен жүргізілетін ғылыми орталық аясындағы зерттеу жұмыстары болмақ. Осы бағытта <<Ғылыми зерттеу жұмыстарының>> бағдарламасын даярлаймын. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тақырыптар таңдауға ұсынамын. Өзімнің оқушыларым <<Адамды солақай қылатын жағдайлар>>, <<Тоғызқұмалақтың ұлттық ерекшеліктері>>, <<Адаммен қарлығаш арасындағы достық>>,<<Адамнан кейінгі саналы  -  дельфиндер>>, <<Қарбыздың пайдасы>>, <<Қаламның адам өміріндегі маңызы>> тақырыптары бойынша  зерттеу  жұмыстарын жүргізіп мектепшілік,аудандық,облыстық,республикалық ғылыми  -  зерттеу байқауларына қатысты.Бұл жұмыстардың бірі ең төмен дегенде аудандық кезеңде  алғыс хатқа ие болса, ең жоғарғы нәтиже  -  республикалық кезеңінің ІІ дәрежелі дипломы.
Дәріс № 2-3
Жұмыстарды жүргізу барысында оқушыларды өз бетімен көп ізденуге,шығармашылық  қабілеттерін арттыруға,зерттеуді  үйретуге  тырысамын.Кез келген тақырып бойынша ең алдымен сол тақырыптың тарихына  көп көңіл бөлуді  қадағалаймын.Себебі , шығу тарихын зерттеп алмай  кез келген дүниенің сырын түсіну мүмкін емес. Осыдан кейін  тақырып бойынша  жан-жақта зерттеулер жүргіземіз,барлық қыр-сырын ұғынуға тырысамыз,ғалымдардың осы тақырып төңірінде жүргізген зерттеулерін талдаймыз.Сонымен қоса тақырыпқа сай қызықты деректер жинақтаймыз.Осы жұмыстарды жүргізіп болған соң  өз тарапымыздан қандай жұмыс жасау керектігін (сауалнама,сұхбат,тәжірибе, т.с.с.) айқындап алып   соған  кірісеміз  де нәтижесі бойынша талдау,анализ  жасап,қорытынды шығарамыз.Осы жұмыстардың  барлығын орындау кезінде  дарынды, <<зерттеуші>> оқушылардың  ата-аналарымен  тығыз байланыс  жасаймын.Бұл да өте қажет,себебі ата-ананың қолдауы  баланы  <<қанаттандырады>>.
Ізденуші оқушылар өз тақырыбының ерекшіліктерін, өзектілігін,маңыздылығын сезіне отырып түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өзін қанағаттандыратын нәтижеге жетіп отырады. Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар дүниетанымынң мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде тапсырмалар беріледі. Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындады, осы міндеттер бойынша оқышылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады.
Осы жұмыс барысында ғылыми жұмысты жүргізудің теориялық принциптерін пайдаланып, жұмыстанып келемін.1. Ғылыми жұмысты ұйымдастыруда белгілі бір тақырып бойынша көмек көрсетемін, қосымша мағлұматтар беремін.2. Ғылыми бағыт бойынша зерттеу материалдарының тізбесін жасаймыз және сұрыптаймыз.3. Жұмыстың өміршеңдігіне мән беріп, ортамен байланысына көңіл бөлу.
4.Зерттеу кезеңдері бойынша қолданатын әдіс-тәсілдерді анықтаймыз.5. Оқушының жұмыс барысындағы жеке қолтаңбасы, жаңалық қыры, шығармаларын талдай білуі ескеріледі.6. Жұмыстың соңында қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттердің тізіміне көңіл бөлінеді.
Дәріс № 4
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту  -  оқушы  шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді.
Қазіргі оқытушының басты қызметі  -  білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, шығармашылық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастырылады.Сондықтан мұғалім оқушының қабілеттерін дамыту,талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында  заман талабына сай,жаңа технология  қолдану арқылы  жұмыс жасау керек деп есептеймін.Соның ішінде, бастауыш сынып оқушысына ғаламтормен жұмыс жасауды үйрету,өз бетімен сауалнама,сұхбаттасуларды жүргізіп,оларды  видеоға түсіріп,оларға талдау жасалуын ,нәтижесі бойынша қорытынды жасай білуін қадағалау  керек.
Қай жұмысты болсын қызығушылықпен,ынтамен жасаса нәтиже шығатыны анық.Ал біздің кішкентай білгірлерімізді  қызықтыру,ынталандыру өз қолымызда.
Бастауыш  сынып оқушыларының шығармашылық,зерттеушілік  қабілеттерін дамыту  -  өзекті мәселелердің бірі.
Қазіргі таңда оқушылардың зерттеушілік  қабілеттерін дамыту үшін  оқушыны неге үйрету керек, қалай үйрету керек,әлде оны өзі үйрене ала ма?
Оқушыларды  зерттеу жұмысын жүргізуге  үйрету үшін :
-          мұғалімнің өзі теориялық білімдерін жетілдіріп отыруы қажет;
-          зерттеу процесіне баланы үзбей, сатылы түрде қатыстыру;
-          зерттеу кезеңдері мен әдіс -тәсілдерін айқындап алу;
-          зерттеу барысында өз бетімен қорытынды жасай алу;
-          шығармашылық жаттығу, тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне,қызығушылығына сай таңдау;
-          оқушы жетістігін мадақтап,көтермелеу керек.
Бастауыш сынып оқущыларының зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін осы күнге дейін жинақталған тәжірибесін оқу әрекеті арқылы дамыту қажет.Сол әрекеті білік,білім дағдыларын қалыптастырады.Кез келген тапсырманы оқушы орындау  жағдайында іздене бастайды.Өз бетімен әрекет жасап, шешім қабылдау арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді.
Баланы зерттеу жұмысына дайындау, оны зерттеушілік ізденіс дағдылары мен іскерлігіне үйрету қазіргі білім берудің маңызды міндеті болып отыр. <<Зерттеу>> түсінігі <<Үлкен кеңес энциклопедиясында>> <<жаңа білім шығару процесі және танымдық қызметтердің бір түрі болып табылады>> деп беріледі. Танымдық қызмет үйренушілерге қолданғанда шығарушы <<өнімсіз>> және білімді қайта құру (шығармашыл, зерттеушілік) болуы мүмкін.
Бала-табиғатынан зерттеуші, зерттеушілік ізденіс  -  табиғатпен берілетін қасиеттің ажырамас бөлшегі. Жаңа әсер алу, көп білуге құштарлық, үнемі қадағалауға және эксперимент жасауға ұмтылу, әлем туралы жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеу бала мінезінің маңызды белгілері ретінде қарастырылады. Зерттеушілік, ізденушілік белсенділік  -  баланың табиғи жағдайы; ол әлемді танығысы, білгісі келеді. Баланың бұл табиғи белсенділігі зерттеушілік мінез-құлықтың мәні.
Балаларды оқытуда зерттеушілік әдісті қолдану қажеттілігі балалардың табиғатынан көп білгісі келетіндігімен, қоршаған ортаны түсіну қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері олардың жеке-дара қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыруға ықпал етеді. Бұдан басқа, өзіндік зерттеулер интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.Өз бетінше зерттеудің көмегімен оқушылар қоршаған әлемді тани отырып, өздеріне жаңа білімді дайын күйде алмай,  ашады.

Дәріс № 5-6
Зерттеуші-оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, өзінше эксперимент жүргізу баланың балалығымен бірге жүретін процесс. Зерттеу, іздеу белсенлідігін  -  баланың жаратылысына тән табиғи   құбылыс.
Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандырумен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа, өз бетінше зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады.
Зерттеу жұмысы  жүргізу бастауыш сынып  оқушыларынын  төмендегідей іс-әрекеттерді жасауға мүмкіндік туғызады :
-           өзін  қызықтырған сұрақтарға  жауап  іздеу;
-          іздену барысында түрлі тәсілдер қолдану;
-          өз пікірін, ойын ашық айту;
-          өз  бетімен қорытынды жасау;
-           өзі үшін жаңалық ашу.
-          қызығушылығын  қанағаттандыру.
Демек, оқушы  өз бетінше жұмыс жасауды үйреніп, зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыта түседі 
Дәріс № 7
Қазіргі әлемдік өркениетте әлеуметтік-экономикалық жағдайға сәйкес білімділік мақсаттарды стандарттау, білім берудің бағыты тұлғаның құзыретін жалпы дамыту үшін, ең алдымен оның жеке түйінді құзыреттілігіне негізделген оқушының дарындылық, ғылыми- зерттеу жұмыстарында қабілеттерін анықтай отырып, тәрбиелеу айқындалып отыр. Бүгінгі бала  -  қоғамның ертеңгі мүшесі. Сондықтан баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы, қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Қазіргі заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеудің түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру парызымыз.Оқушыларға тиянақты да, сапалы білім беру ол ізденіс арқылы, оқушының құштарлығы мен қызығушылығы арқылы, сабақта жаңашылдық әдстерді пайдалану арқылы оқушыларды өздігінен еңбек етуге, алған білімін жаңа материалдармен ұштастыра білуге дағдыландыру. Ғылыми жұмыс жазу барысында оқушының бойында ізденіс әрекетін ұйымдастыру, проблеманы тану және оны шеше білу дағдысын қалыптастыру керек. Тәрбие және зерттеу барысына қойылатын талаптар: оқушылардың ойлары мен түсініктерін қалыптастыруға көмектесу, оларды ашық айтуға үйрету. оқушыларды өзінде бар түсініктерді қарама  - қайшы құбылыстармен ұштастыру. алдын ала болжау, тұспалдау, альтернативті түсінік бере білуге үйрету. оқушыларға зерттеу жұмыстарын еркін және оңаша жағдайда, әсіресе, шағын топтарда талқылау арқылы жүргізуге мүмкіндік беру. оқушыларға алған мағлұматтарын кеңінен пайдалануға және оларды қолдану мүмкіндігін бағалай білуге мүмкіндік беру. Жаңа технолгияны меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу  - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Белгілі психолог Л.С. Выготский: <<Дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесі ғана баланың жеке басының дамуын ілестіре алады,>>- дейді. Сондықтан оқыту процесі жаңа инновациялық әдістер мен жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді. Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні - білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Ал инновациялық оқыту дегеніміз  -  жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу. Қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде мектепте білім беру жүйесі көптеген өзгерістерге ұшырауда. Оған себеп: ақпараттық технологияның жедел дамуы; жаңа типті мектептердің пайда болуы; дарынды балалармен жұмыс істеу бағдарламасының дүниеге келуі: балаларды шет елдерге оқыту мүмкіндігі туды.[2: 4-6] Жалпы ғылыми- зерттеушілік жұмыстарға қабілетті, көбінесе шапшаң, тез ойланатын, көп көлемде білім меңгеретін, оны ұзақ уақыт ұмытпайтын және олардың түсінігі өте жоғары, сезімтал, ойға алған нәрсесін, алдына қойған мақсатын қалай да орындауға тырысатын, адамгершілік сезімі ерте дамыған, моральдық қасиеттерге өте бай, қиял күші басым оқушылармен жұмыс жасаймыз. 
Дәріс № 8-9
Оқушылардың тәрбиелік және ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін басты мына мәселелерге тоқтолған жөн. - әрбір оқушының жек-дара ерекшеліктерін ескеру; - оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру; - оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, ізену дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Қабілетті оқушыларды ерте айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі міндет болып табылатынына бүгінгі таңда ешкім шүбә келтірмейді. Арнайы бағдарда оқыту тәсілінің негізінде зерттеуші оқушыларға практикалық көмек көрсету , психо-диагностикасын жүргізу, қабілеттерін зерттеу арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болады. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, зерттеушілік қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Үйірме жұмыстарын, оқушылардың қай пәнге деген бейінділігін анықтап, олимпиадаға дайындау, конференция , КВН, дәстүрлі емес сабақ түрлерін жүргізуді ұйымдастыру жұмыстарын өзін-өзі басқару әдісі бойынша жүргізу керек. Оқушылардың қабілеттерін артыруда , логикалық ойын пайдалану үшін және зерттеушілік қызметін жандандыру да жаңалық ашуға жетелейтін жолдың бірі  -  өздігінен тапсырма құрастыру. Тапсырма құрастыруда оңайдан бастап, біртіндеп күрделендіре түскен пайдалы. [1: 8-9] Бүгінгі таңда жеке тұлға, яғни зерттеушілік тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Осы жолда педогогикалық технология оқыту мақсатында жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оқушылармен ғылыми - зерттеу жұмыстарын дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен соңғы кезде деңгейлеп оқыту, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану өте тиімді. Бұл әдіс педогогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың тұжырымдамасы негізінде жасалған. Жалпы оқушылардың тәрбиелік және ғылыми  - зерттеу жұмысындағы жаңашылдықты қалыптастыру үшін зерттеу топтарын құру өзектілігі мынаған саяды: -бірінщіден, оқушылардың үрдісін демократияландыру және ізгілендіру. Бұл оқушының тұлғалық әлеуетін аша түсуге қажетті жағдай туғызады; -екіншіден, оқушының оқу жәңе тәрбиелік деңгейін анықтайтын педогогтердің кәсіби шеберлігін дамыту міндеттері; үшіншіден, оқушының білімін арттырудағы мектепішілік жүйесінің қажеттілігі. Оқушылардың мүмкіндіктерін айқындап, инновациялық тәрбие мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдану саласын және ынталандыру әдістерін анықтау керек. Мұндағы зерттеу қызметі шығармашылық ізденіс бағдарламасын жасау, қазіргі заманғы әдебиеттерді оқып-үйренуге, оқыту мен тәрбиелеу нәтижелерін жасау, оқушылардың даярлық деңгейін және олардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып даму динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. [1: 10-11] Оқушылардың ғылыми  -  зерттеу жұмыстарын дамыту үшін Дәріс № 10
Тиімді Жалпылау, әдіс-тәсілдер Арнайы Оқушылардың тұжырымдар қолдану жұмыстар өздеріне сол жасау жүргізу, жұмысты тапсырма беру талдату, салыстыру Ғылыми  - зерттеу жұмыстарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын әдіс  - тәсілдер: 1. Тақырыпты мамұнына қарай жинақтау; 2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру; 3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу; 4. Әңгімені салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу; 5. Қиялдау арқылы сурет салу; 6.Өлең шумақтарын құрастыру; 7. Мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау;8. Әр түрлі тақырыпта пікірталас, сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Сондықтан, оқушыларды ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. <<Ғылыми  - зерттеу >> түсінігі <<Үлкен кеңес энциклопедиясында>>: <<жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі>> деп түсіндіріледі. Ғылыми -зерттеу тәртібін ғалым А.И. Савенков күрделі психологиялық құбылыс деп түсіндіреді. Ғылыми  - зерттеу - дарынды балаларды оқытудың негізі деп қарастырады. Онсыз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы танып, жұмыс жасау, оның шығармашылық деңгейін бақылау. Ғылыми  - зерттеу жұмыспен айналысатын дарынды оқушыны қалыптастыру үшін жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындап, оқушының ерекше қабілетін ашу жолдарына бағыт жасау керек. Міндеттері: - Оқушының жек ерекшелігі мен қабілетін зерттеп, зерделеу; - Шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зерделігін дамуын назарда ұстау; - Оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру. Ғылыми жоба жарыстарына дайындауда төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек: 1. Тақырыпты қабілетіне қарай таңдау ; 2. Аталған тақырыпты ашудағы шәкірт еңбегінің сипаты, қосқан жеке үлесі; 3.Шешендік сөз саптауы, сөйлеу мәнері, ойын ұтымды,жағымды жеткізе алуы, өзін ұстауы,аудиторияны тартуы; 4. Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы; 5. Жұмыстың көркем безендірілуі. Оқушының дарындылығын әлеуметтік қажеттігіне сай ғылыми негізіңде дамытудың шарттарын анықтап, оны қанағаттандыруда оқушылар ұжымының дайындық деңгейінің, дәрежесінің диогностикалық әр кезеңде жүргізу керек, себебі, ғылыми  - зерттеу жұмысының екінші, үшінші кезеңдері осыны міндетті түрде талап етеді, өйткені, бұл оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты. 
Дәріс № 11
Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын оқушыны қалыптастыру жолындағы басты мақсат қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.[80-81] Ғылыми- зерттеу жұмыспен айналысатын дарынды оқушымен жұмыс жүргізу үшін тақырыпты талдауға ақыл-кеңестер беріп,ғылыми  - зерттеу орындарымен таныстырып, пайдаланатын әдебиеттерді іздестіру жолдарын көрсету керек. Сонан соң тақырыппен жұмыс жүргізу жолдары, архив материалдарын пайдалану, газет  - журналдар тігінділерімен жұмыс істеу, қариялар аузынан фактілер жинақтауды ұғындыру қажет. Білім ғана адамды адам етеді, жетілдіреді және сақтайды. Білім таусылмайтын байлық . Ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының интеллектуалдық дамуының өсу деңгейін арттырады. Ғылыми сипаттама беруді үйренеді. Ғалымдардың тәжірибесіне негізделген материалдарды іздестіріп, танымдық белсенділігін арттырады. Ғылыми еңбектермен жұмыс жасау әдістерін меңгереді.Ғылыми жұмыстардың теориялық және тәжірибелік аспектілерін шешуде шығармашылық белсенділік көрсетіп, ғылыми нәтижесін алады. Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады. Еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейде көтеретін ұрпақ даярланады. Оқушылардың тиімді ғылыми  - зерттеу ізденіс жұмысына осы айтылғандардың беретіні : а) Ғылыми  - зерттеу жұмысы әрдайым ізденіске жетелейді және оны шығармашылық түрде орындайды.; ә) Күнделікті ғылыми  - зерттеу жұмысына әсер ететін өзіндік білімін жетілдіреді.; б) Алған білімнің әртүрлі ғылыми  -  зерттеу жағдайларына пайдалана білуге және ұтымды нәтиже алуға бағыт береді.[ 5: 7-8] Жеке тұлғаны қалыптастыруын дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жолында неғұрлым тиімді шараларын енгізу бүгінгі ұстаздың жауапты істері болу керек. Мұндай бағыттағы шараларды жүзеге асыру үшін жоғарыда айтып кеткендей бүгінгі күн талабы  -  оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпаратттандыру, халықаралық ғылыми коммуникациялық желілерге шығу екендігі Қазақстан Республикасының <<Білім туралы >> заңында белгіленген. <<Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім>> - деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, Қазақстанның өркениетті әлемге қол созып, бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына бірігудің басты тетігі - білім екендігі анықталған. Қорыта келе, жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту тәрбие мен оқытудың бірлігін сақтай отырып, сабақты шәкірт жанының ішкі қуатынң оянуына ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыру, оқу процесінде әрбір оқушының бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды қарым  - қатынасына түсіру арқылы дамыту және оларды білім, білік, дағдылар негізінде қалыптастыру. Гуманист  - педогог Я. Корчактың сөзімен айтқанда <<Оқушыны ең алдымен көруге, түсінуге және сүюге үйрету қажет, оқуға үйрету одан кейін келеді>>. Шындығында , оқушының білім алу процесінде жеке тұлға ретінде дамуы, қалыптасуы оқу мен тәрбиенің ұштасып, біртұтас процеске айналған жағдайында жүзеге асады. 
Дәріс № 12
"Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының " басты мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, оқушыны ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр.Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектепте, яғни бар ғылымның бастауы  -  мектеп, <<Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры  -  ұстаздың қолында>> деп Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр.Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын  -  ұстаз қолында, сондықтан да біздің басты мақсатымыз  -  білім сапасын жақсарту.Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі кезеңде білім беру жүйелерінде қайта құру жүріп жатыр, білім беру жүйелерінің жаңа ұлттық моделі құрылуда.Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгілерінің бірі жалпы білім беретін орта мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады.Міне, осындай маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман-математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты-математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді.Олай болса ежелгі заманнан-ақ математикалық білімді ғылымдықтың жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған.Математика барлық ғылымдардың логикалық негізі - күре тамыры. Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және шыңдай түседі. Математикалық тілде тілдесу қабілетін, сөз коммуникациясын дамытады. Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі.
Дәріс № 13-14
Білім беру жүйесінің қайта жаңартылуы баланың шығармашылық дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа көзқарасты талап етуде. Дарынды балаларды тану  -  нақтылы бір баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ үрдіс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы сынақтан өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет.Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі.Зерттеушілік, ізденушілік  -  бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет.Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады.Психологтар <<зерттеу тәртібін>> тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуда маңызды деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. Сөйтіп, білімге деген ынтасы басылып, нәтижесінде өзінің қабілетін, мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес.Зерттеу ісі қазіргі кезде ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады.Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі << Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі  -  ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі  -  көрсем, білсем деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, <<ол неге өйтеді?>>, << бұл неге бүйтеді?>> деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді>>, - деген ой-тұжырымы растайды. Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш кластан басталуы тиіс.Өйткені бастауыш класс оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып танысуға деген құштарлығын басым болады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.Дарынды бала қойылған проблеманы тұтастай көре біліп, оған байланысты болмыс сырларын көптеп шешуге, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығады, түсініксіз нәрсені білуге ынтазарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой әрекетімен шұғылдануға бейім келеді.№3 Алға қазақ орта мектебінің де негізгі мақсаты  -  оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау, білімді өз бетінше меңгерту, оқушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру және интелектуалдық іс-әрекетке әзірлеу.Сонымен бірге, жаңаша оқыту жолдарын тауып, оны дамыту мен қалыптастырудың алғы шарттарын іске асыру.Мектебімізде әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибелерді жетік игеру, оқу процесін технологияландыру бағытында шығармашылық топтар жұмыс істейді: дамыта оқыту технологиясы, интерактивті оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы , деңгейлеп оқыту технологиясы. Шығармашылық топтардың басты мақсаты оқу процесінде оқушылардың оқуға қызығуын арттыру, өздігінен білім алуға құштарлығын дамыту, оқушының мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдайлар жасау жұмыстарын шебер, тиімді ұйымдастыруға мұғалімдерге бағыт-бағдар беріп, көмектесу.Оқушыны шығармашылыққа баулу үшін оның танымдық қызығушылығын арттыру бағытында едәуір жұмыстар жүргізілуде.Оны төмендегі сызбадан көруге болады:Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады.Солардың ішіндегі ең тиімдісі (зерттеуге оқыту)- оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.Сондықтан мектеп оқушыларының дарындылығын дамыту жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру басты мақсат, ғылыми проблема болып табылады.Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.Тақырыпты таңдағанда <<мені не қызықтырады?>>-деген сұраққа жауап беру керек.Тек мұғалім оқушыға жоба жаза алатынын және жақсы идеялардың барлығы да жазу кезінде болатынын түсіндіріп, оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса сонда бала зерттеу жұмысын жазуға талпынады.Дәріс № 15
Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру керек. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ең алдымен оқушыны өздігінен шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге үйрету қажет.Қазіргі білім мен тәрбиенің негізгі бағыты-жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру, тұлғаның <<Мен>> менталитетін қалыптастыру, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту мәселесінің айналасында болып отыр.Расында да, тұлғаға дұрыс бағыт беру, даму, қалыптасу аймағына енгізу, өз белсенділіктерін туғызу, өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттерін ықпал ету-ұстаздар алдындағы жауапты міндет.Осы үрдістегі мұғалімнің ролін төмендегіше саралауға болады:- диагностикалық жұмыстар арқылы психологпен бірлесе отырып, ғылымға икемді, дарынды балаларды анықтау;- тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың ғылымға деген жағымдыкөзқарасын қалыптастыруға түрткі жасау;- танымдық белсенділіктерін дамыту үрдісінен іздену. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыру  -  оларды ғылыми-ізденіс аймағына енгізудің басты жолы.Оқушылардың ғылыми қоғамы мұғалімдермен бірлесе отырып, балалардың ынтасы, қабілеттерін ескеріп, өз қалауларына жол ашып, іздену, зерттеу тақырыптарын алуды ұйымдастыру, ғалымдармен тікелей байланыса отырып, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуі керек.Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында <<Мен-зерттеушімін>> , <<Мен - жобалаушымын>> деген дәптер арнату. Дәптерге оқушылар ғылым әлеміне енудің түрлі жолдарын жазады, ұлы ғалымдар еңбегі, өмірінен мәліметтер береді. Оның маңызы оқушыларға практикалық та, теориялық та көмек бере алатынында. Ол әр баланың алдында жатады. <<Мен-зерттеушімін>> тақырыбында оқушылармен <<дөңгелек стол>>, әңгімелер өткізуге болады. Алғашқы әңгімелерде <<ғылыми жұмыстардың түрлері>> сөз болады. Бұл жұмыстың тиімділігі оқушылардың ғылым туралы ұғымдарын кеңейтуге ықпал етіп, іздену, зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстырады.Жалпы айтқанда, педагогикалық ұжым дербес ойлап, кез келген жағдайда шешім қабылдай алатын, дүниетанымы терең, жан-жақты дамыған шәкірттер тәрбиелеуді көздейді.Мектебімізде дарынды баламен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылуда. Балаларды ғылыми-ізденіске, ғылыми жоба қорғауға баулу арқылы білімдерін тереңдету ісі жүріп жатыр. Оны - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы тұлғаны дамыту аймағына кіргізу мақсатындағы бір қадам деп есептеуге болады.Мектеп оқушыларын ғылыми- ізденіске баулу 2000-2001 оқу жылынан бері жүргізіліп келеді. Жыл өткен сайын әр түрлі пәннен ғылыми жоба жарысына қатысушылар саны көбеюде. 2009-2010 оқу жылында математика пәнінен 2 оқушы ғылыми жоба жарысына қатысты. Соңғы жылдары мектебімізде де ғылыми-практикалық конференция өткізіліп жүр.Өткен оқу жылында мектебімізде өткізілген ІІ ғылыми-практикалық конференцияға әр түрлі пәндерден өздері таңдаған тақырыптары бойынша 10 оқушы ғылыми жобаларын қорғап аудандық ғылыми-практикалық конференцияға жолдама алған болатын, одан әрі Кіші ғылым Академиясы Ақтөбе филиалының ХІV ғылыми-практикалық конференциясында өздерініңғылыми жобаларын қорғап шықты. <<Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар>> дегендей қатынасқан 773 оқушының ішінен, мектебіміздің 10 класс оқушысы Д.Смағұлова (биология пәнінен) жүлделі ІІІ орынды иеленіп, математика пәнінен<<Сандардың бөлінгіштігі>> тақырыбына 7 класс оқушысы А.Жоламанова мен <<Үшбұрыштың таңғажайып нүктелерінің қасиеттерін зерттеп, практикалық есептерге қолдану мүмкіндіктері>> тақырыбына 8 класс оқушысы А.Ахметхановалар өз жұмыстарын ойдағыдай қорғап, <<Құрмет грамотасымен>> марапатталды. Мектептің педагогикалық ұжымы үшін мақтаныш 10 класс оқушысы Д.Смағұлова (биология пәнінен) Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда жүлделі І орынға ие болды.Оқушымен шығармашылық жұмыс бастамас бұрын мұғалім өзіне төмендегідей талап қойғаны дұрыс:1. Дарынды баланы анықтауда психологпен бірлескен жұмыс жасау;2. Ата-анасымен педагог ретінде сөйлесе білу;3. Дарынды балаларға арнайы бағдарламалар жасау;4. Дарынды балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тыңтапсырмалар беру, орындалуына талап қою;5. Жаңа технология элементтерін сабақта пайдалану;6. Тапсырманың орындалу нәтижесін қадағалау.Оқушыларды ғылыми жоба жарыстарына дайындауда мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажет:- Тақырыптың ғылыми құндылылығы;- Таңдаған тақырыпты ашудағы оқушы еңбегінің сипаты, қосқан үлесі;- Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;- Ойын ұтымды, жағымды жеткізе алуы, сөйлеу мәнері, өзін ұстауы, аудиторияны тартуы;- Жұмыстың көркем безендірілуі.Оқушылардың бойында дарындылық қасиеттерін, ізденімпаздығын қалыптастыруда кластан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен үйірмелер, факультативтік сабақтардың маңызы зор.Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Мектептегі пәндік сайыстар, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.Мектебіміздің оқушылары халықаралық интеллектуалдық ойын сайыстарына да қатысып, жақсы жетістіктер көрсете білді.<<Бұлақ көрсең, көзін аш>> деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау  -  мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы егемендігімізді нығайтуға үлес қосайық құрметті әріптестер! 




ӘДЕБИЕТ
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер: 
* Законы РК: <<Об образовании>>, 2007; <<О науке>>, 2001; <<Об инновационной деятельности>>, 2002; Концепция научной и научно-технической политики Республики Казахстан, 2000; Стратегия индустриально-инновационной политики РК, 2003.
* ГОСТ 7.32-2001. Отчет о научно-исследовательской работе.  -  Минск: ИПК Издательство стандартов, 2001. - 15 с.
* ГОСТ 7.1-84. Библиографическое описание документа.  -  М.: Госстандарт, 1984.  -  78 с. (доп. ИУС №3, 2001).
* Кауфман Х.Р. Тактика успеха в бизнесе и науке.  -  М: Интеллект, 1993, - 157 с.
* Кембаев Б.А., Ахметов Ф.И., Тулебаев А.К., Дзекунов В.П. Инновационная деятельность в Республике Казахстан: состояние и проблемы развития (Аналитический обзор).  -  Алматы: КазгосИНТИ, 2002.  -  78 с.
* Кембаев Б.А., Комлев Ю.В. Управление научно-техническим развитием в ведущих странах мира.  -  Алматы КазгосИНТИ, 1998.  -  204 с.
* Корюков А.А., Дега Е.Г. Основы научно-технической информации.  -  М.: Высшая школа, 1985.  -  224 с.
* Лахтин Г.А. Организация современной науки: история и современность.  -  М.: Наука, 1990.  -  217 с.
* Международные организации, фонды и программы в Казахстане: Справочник.  -  Алматы: КазгосИНТИ, 1999.  -  124 с.
* Романенко В.П., Орлов А.Г., Никитина Г.В. Для начинающего исследователя-химика.  -  Л.: Химия, 1987.  -  280 с.
* Сборник нормативных и методических материалов.  -  Алматы: ВАК Казахстана, 2003.  -  158 с.
* Состояние к проблеме информационного обеспечения научно-технического развития страны в переходный к рыночной экономике период.  -  Материалы МНПК.  -  Алматы: КазгосИНТИ, 1997.  -  150 с.
* Тацуно Ш. Стратегия - технополисы.  -  М.: Прогресс, 1989.  -  187 с.
* Юшков А.В. Основы планирования научных исследований: Методическое пособие.  -  Алматы: Қазақ университеті, 1999.  -  55 с.

               Қосымша:
* Бурдин К.С., Веселов П.В. Как оформить научную работу. Методическое пособие  -  М.: Высшая школа, 1973.  -  152 с.
* Бюллетень ВАК РК.  -  Алматы, 2004. - №2.  -  128 с.
* Вайнцвайг П. Десять заповедей творческой личности.  -  М.: Прогресс, 1990.  -  165 с.
* Иванов Р.Н. Организация и методика информационной работы.  -  М.: Радио и связь, 1982.  -  192 с.
* Инструкция для потенциальных претендентов по подготовке заявок на грант открытого конкурса проектов Фонда науки для формирования программ фундаментальных исследований на 2003-2005 г.г.
* Кембаев Е.А., Смирнова Н.Г., Тургенбаева Д.А. Состояние и перспективы создания государственных автоматизированных информационных ресурсов Республики Казахстан в области научно-технического развития: Аналитический обзор.  -  КазгосИНТИ  -  Алматы, 1995.  -  50 с.
* Кент Р. Интернет.  -  М.: Компьютер, 1996.  -  367 с.
* Кириллин Ф.А. Страницы истории науки и техники.  -  М.: Наука, 1989.  -  493 с.
* Международные научно-технические программы. Информационные издания: буклеты, проспекты, условия и формы заявок на участие в конкурсах международных грантов и совместных проектов  -  ИНТАС, Фонд СОРОС-Казахстан, ДААД, МАГАТЕ, ФГРИ, МНТЦ и многие другие.  -  Фонд научно-технической документации отдела информационного обеспечения и международных программ, НИЧ КазНУ им. Аль-Фараби, 1994  -  2004 гг.
* Мынбаева А.К. Навигация в Интернет: поиск научных конференций //Вестник КазНУ. Серия информационная.  -  2002. - №1(8).  -  с. 67-70.
* Наука Казахстана в цифрах. Краткий сборник основных показателей научного потенциала за 1995-1999 гг.  -  Алматы: КазгосИНТИ, 1997.  -  50 с.
* Научно-исследовательские институты КазНУ им. Аль-Фараби.  -  Научно-технический сборник: Новости науки Казахстана.  -  Алматы: КазгосИНТИ, 2004.
* Организационно-методические вопросы формирования ГСНТИ Республики Казахстан. Сб. научн. Тр. Под ред. Б.А.Кембаева.  -  Алматы: КазгосИНТИ, 1994.  -  117 с.
* Отчет о научно-исследовательской работе и подготовке научно-педагогических кадров (ежегодник).  -  Алматы: Қазақ университеті, 1995-2004 гг.
* Тажибаева Т.Л., Мынбаева А.К., Утенова М.Ж. Современное состояние научно-организационных Интернет-ресурсов Казахстана и мира //Вестник КазНУ им аль-Фараби. Серия Информационная.  -  2001. - №1(6).  -  52-55 с.
* Флек Л. Возникновение и развитие научного факта: Введение в теорию стиля мышления и мыслительного коллектива.  -  М.: Идея-Пресс, 1999, - 220 с.
*  Научно-методический и информационно-публицистический журнал <<Исследовательская работа школьников>>, 2002-2008 г.г.
*  http://www.edu.gov.kz; http://www.nauka.kz; http://www.inti.kz




Пәндер