Файл қосу
Экономикалық аспектідегі әлеуметтік сала
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-2.1.018/03 -2013 Әлеуметтік саланы реттеу пәнінің оқу-әдістемелік кешені № 2 27.08.2009 ж. басылым орнына Басылым № 3 18.09.2013ж. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ МЕНЕДЖМЕНТ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ РЕТТЕУ 5В051000 <<Мемлекеттік және жергілікті басқару>> мамандығына арналған ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ Семей - 2013 Мазмұны * Глоссарий * Дәрістер * Практикалық сабақтар * Студенттердің өздік жұмысы 1 ГЛОССАРИЙ Әлеуметтік қорғау - бұл өз өмірінің жағдайын қалыптастыруға (кәрілігі, денсаулық жағдайы асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы және басқа да заңды негіздер) экономикалық белсенді бола алмау және лайықты ақы төленетін жұмысы болмай, өзін тұрақты табыспен қамти алмайтын азаматтардың нақты бір өмір сүру сапасы деңге-йіне және өмір сүруге қажетті игіліктерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған жүйе. Әлеуметтікэкономикалық даму тұжырымдамасы - мемлекеттің стратегиялық мақсаттары және әлеуметтік-экономикалық саясатының бағыттарын және оларды іске асыру құралдары мен маңызды бағыттарының жүйесі. Әлеуметтік жоспарлау (Social planning) - әлеуметтік саланың болашақ жағдайын анықтайтын жоспарларды жасау. Білім - білім беру, тәрбиелеу, оқу әдебиеттерін басып шығару және кадрларды дайындау ұйымдары мен мекемелерінің экономика саласы. Зейнетақы - бұл жұмысшының тапқан табысының бір бөлігін арнайы құрылған қорға зейнетақы жасына келгенде жұмысшының өзіне зейнетақы төлемі ретінде қайтарылып берілетін жарна түрі. Еңбек нарығы - бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен анықталады. Мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты - қоғамның әлеуметтiк экономикалық өмiр сүру жағдайын реттеудiң бiр бағыты. Ол елдегi жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екi жақты қызмет атқарады. Бiр жағынан, әлеуметтiк саясатта тiкелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрiнiс алады, өйткенi экономикалық iс-әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екiншi жағынан, әлеуметтiк саясат экономикалық өсудiң факторы болып келедi. Өмір сүру минимумы - адамның өмір сүруін және оның жұмыс күшін қалпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы деңгейі. 2 Дәрістер Тақырып 1. Әлеуметтік сала басқару объектісі мен әлеуметтік даму ретінде Баянды дамудың аса маңызды құрамдас бөлiгi - күштi әлеуметтiк саясат жүргiзу. Бiздiңше ол мыналарды көздеуi керек: - халықтың экономикалық және әлеуметтiк жағынан қауқарсыз жiктерiне мемлекеттiк тиiмдi әлеуметтiк қолдауды қамтамасыз ету; - халықтың ашқұрсақ жiктерi үшiн экономикалық мүмкiндiктердi кеңейту; - еңбекке жарамды халықтың неғұрлым жоғары тұрмыс деңгейiн қамтамасыз ететiн табыс табуына мүмкiндiк беретiн экономикалық жағдай жасау; - медициналық қызмет көрсету мен жалпы бiлiм алудың оңтайлығын және халықтың берiлетiн игiлiктер мен көрсетiлетiн қызметтiң түрлерiн таңдап алуының мүмкiндiктерiн, олардың сапасын қамтамасыз ету. Бұл мақсаттардың бәрi де маңызды, өйткенi олар қоғамдық татулықтың айқындаушы факторы болып табылатын орташа таптың ауқымды жiгiн қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға жәрдемдеседi. Жаһандық тәжiрибе көрсетiп отырғандай, қоғамдық татулықтың негiзi - өкiметтiң көпшiлiк азаматтардың мүддесiн бiлдiрiп, соны қорғауы (мысалы, американдардың көпшiлiгi орташа американдар делiнетiндер; сондықтан АҚШ үкiметi көбiнесе статистикалық орташа американның мүдделерiн бағдар етедi). Ал саяси немесе экономикалық мүдденi анық бiлдiретiн кең әлеуметтiк жiктерi жоқ елдерде үкiмет қоғамның негiзгi жiктерiнiң арасындағы жалпақ шешейге айналады. Әлеуметтiк саясатты iске асыру экономикалық даму қарқыны мен әлеуметтiк кепiлдiктердi сақтау iсiн шебер ұштастыруды талап етедi. Бұл орайда, бүгiнде мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық рөлi өзгергенiн есте сақтау керек: бүгiнде халықтың мемлекет көмегiне шынында да мұқтаж, өз бетiмен күн көре алмайтын топтарына басымдық берiледi. Қоғамның қалған бөлiгi экономикалық еркiндiк принциптерi, олардың құқықтық қорғалуы негiзiнде өзiн-өзi қамтамасыз етуi керек. Осынау құрамдас үш бөлiктiң бiреуiне тым баса көңiл бөлу қоғамның дамуына терiс ықпал етуi мүмкiн екендiгi айқын. Сондықтан бұл проблеманы теңдестiре отырып шешу мемлекеттiк саясаттың басты мiндеттерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2003 жж арналған орта мерзiмдiк әлеуметтiк саясаты соңғы жылдары қоғамда көзге көрiне қалыптасып қалған оңды әлеуметтiк - экономикалық жетiстiктер мен жағдайларды тұрақтандырып, экономиканың дағдарыстан шығып өсуiне қарай жұмыссыздық пен кедейшiлiктi жоюға және әлеуметтiк дамудың ұзақ мерзiмдiк негiзiн қалауға бағытталған. Өтпелi кезеңде қалыптасып отырған әлеуметтiк қиыншылықтардың салдарын мүмкiн болғанша жеңiлдетiп, оны жеңу үшiн салық салу әдiстерiн жетiлдiрiп, салық төлеу тәртiбiн нығайтып, жауапкершiлiктi арттыру; табыстары төмен және мүмкiншiлiктерi шектеулi әлеуметтiк топтарға мемлекет тарапынан мiндеттi түрде материалдық көмек көрсету және қаржылай қолдау; тұрғындардың нарық жағдайына икемделiп, ұсақ кәсiпкерлiкпен шұғылдануына қажеттi жағдай жасау; еңбек нарығында белсендi де ықпалды саясат жүргiзуге көзделiп отыр. Әлеуметтiк саясатта келесi принциптер қолданылады: орталық Үкiмет пен жергiлiктi әкiмшiлiктер арасындағы әлеуметтiк саясатта жүргiзу мiндеттерi мен жауапкершiлiктерiн нақты ажыратып анықтау; әлеуметтiк нормативтердi есепке алып, әр деңгейлi бюджет жүйесiн жасау; әлеуметтiк нормативтердiң негiзi ретiнде бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандырулардың мемлекеттiк стандарттары (үлгiлерi) алынады; әлеуметтiк қызмет көрсетушi мекемелер мен ұйымдарды мемлекет иелiгiне алу немесе жекешелендiру; әлеуметтiк қызмет көрсетуде монополиялық жағдайды жою, арнайы рұқсат беру (лицензиялау) негiзiнде бұл салаға жеке меншiк сектордан капитал тарту және оны пайдалану; әлеуметтiк iс - шаралардың нақты бағдарламасын жасау, олардың нақты орындалу мерзiмдерiн белгiлеу және орындалу нәтижесiн тұрақты қадағалап, тексерiп отыру. Еліміздің әкімшілдік-әміршілдіктен нарықтық экономикаға көшуі адамның әлеуметтік тәукелінің артуына алып барады. Ескерту: трансферттік төлемдер - зейнет ақы, стипендия, білім мен денсаулық сақтау саласындағы тегін қызмет көрсету баспанадағылар жатады. Мұндай топтар табатын табыс мөлшеріне байланысты қалыптасады. Нарықтық экономикаға көшу кезiнде әлеуметтiк қорғау жүйесiндегi басты мәнi зор нәрсе әлеуметтiк кепiлдiктi бекiту. Қазақстан Республикасында әлеуметтік кепілдікке мыналарды жатқызамыз: минималды жалақы,зейнет ақы,стипендия, жәрдем ақы - оның ішінде уақытша еңбекке жарамсызыдық үшін ақы және ақысыз білім алу мен медициналық қызмет көрсету, еңбек жағдайымен байланыстырылған жеңілдіктер,тұрғындар табысын индексециялау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқы, жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы алуға құқылығы, меншікке құқы және одан табыс табу. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінің басты элементі ретінде олардың ақшалай табысын индексациялауды жатқызады. Оның мәнісі: инфляция келтірген зиянның орынын толтыруға қызмет етеді. Тұрғындардың табысын индексациялау өзінің экономикалық мазмұны бойынша- тұрғындардың ақшалай табыс мөлшерін түзететін механизм. Инфляцияның әсерінен болған тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің қымбаттауын сол механизм арқылы некен-саяқ немесе түгел орнын толтырады. Нарықтық экономика жағдайында тұрғындарды әлеуметтiк қорғаудың бiрден-бiр механизмi ретiнде индексация өркениеттi әлемде кеңiнен қолданылады. Ол тұрғындардың ақшалай табысы мен сатып алу қабiлеттiлiгiн сүйемелдеуге бағытталған. Индексациялауға тұрғындардың бюджеттен алатын ақшалай табысы да жатады (жәрдем ақы,зейнет ақы,стипендия,жалақы және т.б.) Индексацияны мынадай түрлерге жiктейдi: - ақшалай табыс индексациясы ; -сақталған ақшаны индексациялау және өмiр сүру минимумыниндексациялау.Жалпы алғанда ақшалай табысты индексациялау механизмi төмендегiдей түсiндiрiледi.Мемлекеттiк статистикалық агенстволар органдары тауар мен қызмет көрсетуге бағаның өзгеруiн бақылап отырады.Осы бақылау тұтыну бағасы индексiн есептеуге мүмкiндiк бередi.Осылар тұрғындардың жоғалтқан (бағаның көтерiлуi т.б.) нәрсесi көлемiнiң бағытын айқындайды және мөлшерiнiң орнын толтырады. Индексация ретроспективтi немесе күтетiндей болуы ықтимал. Әлеуметтiк қорғаудың басты бағыты кедейленген топтарды сүйемелдеу. Кедейлiк әлеуметтiк тәжiрибеде өмiр сүру минимумы арқылы өлшенедi. Күн көру деңгейi дегеніміз не және ол қалай өлшенеді? Өмір сүру минимумы деп адамның өмір сүруін және оның жұмыс күшін қалпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы деңгейін айтамыз. Қоғам дамуы жағдайындағы күн көру деңгейi өмiр деңгейiнiң қоғамға қажеттi төменгi шекарасын анықтайды. Ғалым - экономистер күн көру деңгейін екі тәсілмен анықтауға талпынды. Бірінші тәсіл минималды тұтыну бюджетіне негізделген. Ол отбасы табысының балансы мен шығындарынан тұрады. Мұнда адамның негiзгi физиологиялық және әлеуметтiк мәдени тұтынысы бiрқалыпты қанағаттандыру тiлге тиек етiлген. Бұл бiр адамға немесе бiр жұмыскерге есептегенде ақшалай бағалау әрекетi. Жұмыс күшiн ұдайы өндiрудi қамтамасыз ететiн тауар мен қызмет жасаудың сандық құрамына кеткен шығындарды минималды тұтыну бюджетi деймiз.Минималды тұтыну бюджетi мөлшерiнiң құны тұтыну құны индексiнiң өсуiн ескере отырып, кем дегенде бiр рет жылына немесе кварталына қаралып отырады.Тұтыну қоржынының құрамы да солай қаралуы керек. Минималды тұтыну бюджетi мөлшерiнiң құны мен құрылымы арнайы басылымдарда үнемi шығып тұрады. Күн көру деңгейін анықтаудың екінші тәсіліндде кедей отбасы өз табысының 1/3 бөлігін тамақ өнімдеріне жұмсайтыны ескеріледі.Күн көру деңгейін бюджетінің рационалды тұтыну бюджетінен айырмашылығы сол барлық ойдағы тұтынуды қанағаттандыруға есептелмеген.Минимумның мақсаты-қызмет пен еңбекке қабiлеттiлiктi қалыпты ұдайы өндiрудi қажеттi көлемде қамтамасыз етуi болмақ. Әлемдік тәжірибеде тұрғындар табысын индексациялаудың екі негізгі түрі белгілі: а) автоматты, б) жартылай атвоматты, кейде келісімді дейді. Бірінші түрiнде, жалақы баға индексінің өсуiне қарай пропорциональды көбейiп, кеткен шығынды толық қайырады. Жалақының осындай жүйе бойынша есептелуi оны тиiмдi ұйымдастыруға керi әсерiн тигiзедi. Себебi еңбек ақыны көтеру оның нәтижесiмен ешқандай байланыста емес. Екінші түрі Еуропалық экономикалық қауымдастық елдерінде кеңiнен қолданылады.Оның мәнiсi мынада: жалақының баға өскенiн ескере отырып, өсетiндiгi жайы бүкiл екi деңгейiнде ұсыныс жасалып шешiледi. Мұндай келiсiм кәсiподақ, жұмыс берушi және мемлекеттiң қатысуы арқылы жасалып,көп елдерде ғалым-сарапшыларды шақырады. Мұндай тәртiп индексация механизмiн нақты жағдайға, қаржы мүмкiндiгiне және еңбек қатынастарына бейiмдейдi. Тұтыну бағасы индексiн анықтау үшiн "тұтыну қоржынын" белгiлеп алу керек. Ол әдетте ең қажеттi тауарлардан тұрады. Тұтыну қоржыны - тұтыну игiлiгi мен қызметiнiң жиынтығы және адамға қоғамда белгiленген минималды тұтыну деңгейiнде қамтамасыз етудi айтамыз.Оған жататындар: тағам-тамақтар,киiм,аяқ киiм,iш киiм,гигиена мен санитария заттары,дәрi-дәрмек,жиһаз,ыдыс-аяқ,мәдени тұрмыс заттары,тұрғын-жай,коммуналдық қызмет,мәдени-ағарту шаралары мен демалысты ұйымдастыру,тұрмыс қызметi,көлiк,байланыс,мектепке дейiнгi мекемелерде балаларды тәрбиелеу және әлеуметтiк басқада қажеттiлiктер.Бұларсыз адам өмiрiн елестету қиын. Әртүрлi әлеуметтiк - демографиялық тұрғындар топтарында игiлiк пен қызмет көрсетiлуге тұтыныс бiркелкi емес, сондықтан тұтыну қоржыны олардың әрқайсысына бөлек есептеледi - балаларға, жұмыс iстейтiндерге,зейнеткерге,қала және ауыл тұрғынына. Қазақстан Республикасында тұтыну қоржыны құрамы және құрылымына 33 тауар мен қызмет көрсету тiзбесi енген. Дамыған елдерде минималды тұтыну бюджетiн кедейлiктiң шегi ретiнде қарап, тiзбеге өмiр сүруге қажеттi тауар мен қызмет көрсетудiң 300-ден астамын тiзбесiн қосады. Дамыған елдер тәжiрибесiнiң негiзiнде айтар болсақ,егер өмiр құны жыл бойы + -5 % болса,онда ол қалыпты құбылыс болғаны. Жыл бойы өмiр деңгейi көтерiлсе - онда ол жақсы көрсеткiш; ал 5% төмендесе , онда ол аса қауiптi емес. Егер өмiр деңгейi 5%- дан аса жоғарыласа (немесе өмiр деңгейi төмендесе), ондай құбылысты нарықтық экономикасы дамыған елдерде қолайсыз деп есептеледi. Мұндай жағдайда үкiмет мына шараларды қолданады: жалақы мен жәрдем ақыны көбейтедi немесе салықтарды төмендетедi. Ендi тәуелсiз Қазақстан мемлекетi ұстанып отырған әлеуметтiк саясатты мемлекеттік реттеудің негiзгi бағыттарын қысқаша қарастырамыз. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2003 жж арналған орта мерзiмдiк әлеуметтiк саясаты соңғы жылдары қоғамда көзге көрiне қалыптасып қалған оңды әлеуметтiк - экономикалық жетiстiктер мен жағдайларды тұрақтандырып, экономиканың дағдарыстан шығып өсуiне қарай жұмыссыздық пен кедейшiлiктi жоюға және әлеуметтiк дамудың ұзақ мерзiмдiк негiзiн қалауға бағытталған. Өтпелi кезеңде қалыптасып отырған әлеуметтiк қиыншылықтардың салдарын мүмкiн болғанша жеңiлдетiп, оны жеңу үшiн салық салу әдiстерiн жетiлдiрiп, салық төлеу тәртiбiн нығайтып, жауапкершiлiктi арттыру; табыстары төмен және мүмкiншiлiктерi шектеулi әлеуметтiк топтарға мемлекет тарапынан мiндеттi түрде материалдық көмек көрсету және қаржылай қолдау; тұрғындардың нарық жағдайына икемделiп, ұсақ кәсiпкерлiкпен шұғылдануына қажеттi жағдай жасау; еңбек нарығында белсендi де ықпалды саясат жүргiзуге көзделiп отыр. Әлеуметтiк саясатта келесi принциптер қолданылады: - орталық Үкiмет пен жергiлiктi әкiмшiлiктер арасындағы әлеуметтiк саясатта жүргiзу мiндеттерi мен жауапкершiлiктерiн нақты ажыратып анықтау; - әлеуметтiк нормативтердi есепке алып, әр деңгейлi бюджет жүйесiн жасау; әлеуметтiк нормативтердiң негiзi ретiнде бiлiм беру, денсаулық сақтау, - әлеуметтiк қамсыздандырулардың мемлекеттiк стандарттары (үлгiлерi) алынады; әлеуметтiк қызмет көрсетушi мекемелер мен ұйымдарды мемлекет иелiгiне алу немесе жекешелендiру; әлеуметтiк қызмет көрсетуде монополиялық жағдайды жою, арнайы рұқсат беру (лицензиялау) негiзiнде бұл салаға жеке меншiк сектордан капитал тарту және оны пайдалану; әлеуметтiк iс - шаралардың нақты бағдарламасын жасау, олардың нақты орындалу мерзiмдерiн белгiлеу және орындалу нәтижесiн тұрақты қадағалап, тексерiп отыру. Әлеуметтiк саясатта халықты әлеуметтiк қорғау механизмiнiң орны ерекше. Өтпелi кезеңде экономика дағдарысқа ұшырап, қоғамдажұмыссыздықпе кедейшiлiк қалыптасқан кезде халықты мемлекет тарапынан жаппай қаржыландыру мүмкiншiлiгi қысқарды. Сондықтан, әлеуметтiк қамсыздандыру механизмiн нарық жағдайына икемдеу және оны реформалау мәселесi күн тәртiбiне қойылды. Бүгiнгi күндерi тұрғындардың көбi әлеуметтiк қорғау мен қамсыздандыруды қажет етедi. Қазақстан Республикасының Статистика және сараптау комитетi ай сайын қазақстандықтардың тұрмыс деңгейiн анықтау мақсатында арнайы статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргiзедi. <<Қазақстан - 2030>> ұзақ мерзiмдiк даму стратегиясында халықты әлеуметтiк қорғау, жұмыссыздық пен кедейшiлiктi жою бiрiншi кезекте тұрған негiзгi әлеуметтiк мәселе ретiнде атап көрсетiлген. Ұлттық табыстың жалпы көлемi және халық санына бөлiнiп есептелген деңгейi; азық - түлiк пен өндiрiс өнiмдерi бойынша анықталған нақты тұтыну үлгiсi (стандартты); еңбек жағдайы және еңбекпен қамту деңгейi; денсаулық сақтау және бiлiм беру саласының жағдайы; әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк сақтандыру салаларының даму деңгейi; тұрғындардың орташа өмiр сүру ұзақтығы; тұрғын үймен және тұрмыс қызметтерiмен қамсыздандыру деңгейi; коммуникацияның (көлiк, жол, байланыс т.б.) дамуы; экология және адамның өмiр сүру ортасының жағдайы және басқалар. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуына қарай мемлекеттің шаруашылық субьектілерімен, тұрғындарымен , қаржылық институттармен қарым - қатынасының жаңа түрлері пайда болады. Мемлекеттік реттеу әртүрлі аймақтарға олардың мүмкіндігін неғұрлым толық ашу мақсатында дифференциалданған бағыт принципі бойынша құрылады. Бюджет мемлекеттің экономикалық саясатын реформалаудың басты құралдарының бірі болып табылатынын ескере отырып , өте маңызды болып <<орталық- аймақтар>> бюджеттік реформасын жүргізу табылады. 1999 жылға дейін негізгі қаржыландыру көзі болып бюджеттен тыс қорлар, яғни зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, жұмыспен қамту, міндетті медициналық сақтандыру сияқты қорлары есептелді. Осы әлеуметтік аяны бюджетпен қаржыландыру қажеттілігі, қоғамдық тауар ретіндегі әлеуметтік қызметтердің қасиеттеріне және олардың, елімізді әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөліне тікелей байланысты. Тақырып 2. Экономикалық аспектідегі әлеуметтік сала Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтiк жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнiмдiлiгi төмендеп, жұмыс күшiнiң сапасы кемидi; қоғамда әлеуметтiк тұрақсыздық пен қарама - қайшылық артады.Әлеуметтiк саясат әр елде әр түрлi әдiспен қалыптасады. Әлеуметтiк саясат қоғамның әрбiр мүшесiне заңды түрде анықталып бекiтiлген тұрмыс деңгейiн қамтамасыз ететiн табыс көлемiн алу туралы кепiлдiк бередi. Бұл жерде әлеуметтiк әдiлеттiк принципi iске асады. Нарық жағдайында мемлекет қоғамның әрбiр мүшесiне өз мүмкiншiлiгiн толық iске асырып, табыс табуына жағдай жасауға мiндеттi болады. Әлеуметтiк саясаттың нәтижелiк көрсеткiштерiн халықтың өмiр сүру деңгейi сипаттайды. Халықаралық жiктеу әдiсiне сәйкес тұрмыс деңгейiн өлшеп - сипаттайтын көрсеткiштер құрамасы мынандай: жиынтық ұлттық өнiмдегi (ЖҰӨ) тұтыну қорының үлесi; Ұлттық табыстың жалпы көлемi және халық санына бөлiнiп есептелген деңгейi; азық - түлiк пен өндiрiс өнiмдерi бойынша анықталған нақты тұтыну үлгiсi (стандартты); еңбек жағдайы және еңбекпен қамту деңгейi; денсаулық сақтау және бiлiм беру саласының жағдайы; әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк сақтандыру салаларының даму деңгейi; тұрғындардың орташа өмiр сүру ұзақтығы; тұрғын үймен және тұрмыс қызметтерiмен қамсыздандыру деңгейi; коммуникацияның (көлiк, жол, байланыс т.б.) дамуы; экология және адамның өмiр сүру ортасының жағдайы және басқалар. Мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты - қоғамның әлеуметтiк экономикалық өмiр сүру жағдайын реттеудiң бiр бағыты. Ол елдегi жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екi жақты қызмет атқарады. Бiр жағынан, әлеуметтiк саясатта тiкелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрiнiс алады, өйткенi экономикалық iс-әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екiншi жағынан, әлеуметтiк саясат экономикалық өсудiң факторы болып келедi. Үкіметтің қызметіндегі үшінші басымдық - <<Әлсіздерді қорғайтын және экономика мен елдің дамуын қолдайтын қазіргі заманғы әлеуметтік саясат>>. Үкіметтің әлеуметтік саладағы іс-қимылының нәтижелілігінің негізгі өлшемі Қазақстан халқы өмірінің сапасы мен әлеуметтік стандарттарын тұрақты арттыру болмақ. Осыған байланысты, Үкімет мемлекет, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы жауаптылықты бөлуге және оның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етуге негізделген әлеуметтік қамтудың көп деңгейлі жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған белсенді саясатты жүргізетін болады. Халықтың анағұрлым <<осал>> топтарын атаулы әлеуметтік қолдау. Халықтың анағұрлым <<осал>> топтарын атаулы әлеуметтік қолдауды дамыту үшін Үкімет мыналарды жоспарлап отыр. Атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында қорғау мен даму үйлесімділігіне бағытталған атаулы әлеуметтік көмекті көрсету және аз қамтылған отбасыларға балаларға арналған жәрдемақы төлеу шарттары нақтыланатын болады. Мемлекеттік атаулы көмек тетігіндегі негізгі күш-жігер қоғамдық жұмыстарға тарту, оқыту және қайта оқыту, жұмысқа орналастыру, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын құру сияқты әлеуметтік қорғаудың белсенді әдістерін қолдану есебінен кедейлікті азайтуға бағытталатын болады.. Ана мен баланы қолдау әлеуметтік қорғау жүйесінде ерекше орын алады. Балалы отбасыларды қорғау жүйесін одан әрі дамыту, бала тууды ынталандыру, республикадағы демографиялық ахуалды жақсарту мақсатында 2006 жылдан бастап жаңа екі жәрдемақы түрі қосымша енгізілген: 3-тен 4,5-ке дейінгі АЕК мөлшерінде бір жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі әмбебап жәрдемақы және аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына жәрдемақы (1 АЕК мөлшерінде). Сонымен бір уақытта халықтың әлеуметтік осал топтарының білім берудің, денсаулық сақтаудың және әлеуметтік қызмет көрсетудің кепілді әлеуметтік қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету алда тұр. Әлеуметтік қызмет көрсету саласын, әлеуметтік қызметтер құрамын кеңейту және олардың сапасын арттыру үшін кепілді және қосымша әлеуметтік қызметтер тізбесін әзірлеу және заң жүзінде бекіту және оларды ұсыну тәртібіне өзгерістер енгізу қажет. Әлеуметтік көмек жүйесін нарықтың шарттарына сәйкес келтіруді ескере отырып, мемлекет кепілдік берген қызметтер мемлекеттік тапсырысты орналастыру негізінде қазіргі мемлекеттік ұйымдар немесе мемлекеттік емес бірлестіктер тегін ұсынатын болады. Қосымша қызметтер жеке сектор субъектілерін белсенді тарту есебінен ақылы негізде ұсынылатын болады. Әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу, әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын ұйымдардың қызметін міндетті лицензиялауды және олардың қызметкерлерін аккредиттеуді енгізу алда тұр. Мүгедектерге оңалту қызметтерін көрсетуге өзгерістер енгізілетін болады. Осы қызметтердің нысандары мен көлемі мүгедектіктің туындауы салдарынан адамның жағдайы сипатталатын әлеуметтік қолайсыздыққа барабар болуға тиіс. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың белгілі бір бөлігін әлеуметтік оңалту мәселелері тұрақты көңіл аударуды талап етеді. Жұмыспен жәрдемдесуді қамтуға әлеуметтік кепілдіктерін, еңбек қатынастарының тұрақтылығы мен икемділігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай шаралар қолданылатын болады: - жұмыспен қамтуға бағдарланған, лайықты еңбекке қол жеткiзуді кеңейтетін тұрақты экономикалық өсуді алға жылжыту; - бәсекеге қабілеттілікті арттыру және әрбір өңірде кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау; - кәсіптік даярлықты, үздіксіз оқытуды, білім беруді және еңбек ресурстарын, бірінші кезекте жастардың сапасын арттырудың басқа құралдарын дамыту; - үкіметтің, бизнестің, кәсіподақтардың және басқа да азаматтық қоғам өкілдерінің кедейлікті азайту мен жаңа жұмыс орындарын құрудағы күш-жігерін біріктіретін әлеуметтік серіктестіктің тиімділігін арттыру. Үкімет жұмыстың ақырғы нәтижелеріне бағдарлануын күшейту мақсатында бюджет қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне белгілі бір өзгерістер енгізеді. Бұл ретте творчестволық және инновациялық көзқарас, ұйым жұмысының тиімділігіне әрбір қызметкердің үлесінің деңгейі көтермеленетін болады. 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласы қызметкерлерінің жалақасы 30 %-ға арттырылады. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Үкімет мемлекеттік аппарат құрылымындағы аралық звеноларды тарату жөніндегі жұмысты жүргізеді. Мемлекеттік қызметке біліктілігі жоғары мамандарды тарту үшін жалдау мен еңбекақы төлеудің келісім-шарттық жүйесін көздейтін Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң дайындалады. Тақырып 3. Әлеуметтік саясат әлеуметтік саланы басқару негізі ретінде Қазақстанда мемлекеттің құрылымдық қайта құруға стратегиялық араласуынан қашып құтылу мүмкін емес, өйткені "қуып жететін" экономика моделін іске асыру үшін ғана емес, сонымен бірге әзірше толық көлемде қалыптаспаған нарықтық шаруашылық механизмді толықтыру, түзету үшін қажет. Қазақстандағы аймақтық саясат, менің пікірімізше, тоқырауға қарсы емес, ал ел экомикасында аймақтың сақталуын ғана емес, сонымен бірге атқаратын ролін күшейтуді қамтамасыз ететін, құрылымды-инновациялық саясат болу керек. Ол үшін барлық алғы шарттар бар: алуан түрлі табиғи ресурстар, қуатты өндірістік және ғылыми потенциал, жоғары білікті кадрлар, ыңғайлы геостратегиялық жағдай. Қазақстан экономикасының құрылымдық қайта құру процесінде, біздің пікірімізше, екі кезеңді бөліп көрсету керек: орта мерзімді және ұзақ мерзімді. Жақын кезеңнің стратегиялық міндеті - өнеркәсіптік өндірістің көтерілуін және аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу үшін аймақтың материалдық өндірісін оңтайландыруды қамтамасыз ету. Оңтайландырудың астарында оның құрылымын (көпшілігінде, инфрақұрылымдық және тұтынымдылық кешендер үлесін ұлғайту), салаларын (сала ішіндегі кәсіпорындарын бәсекелестігі және ынтымақтастығы үшін жағдай жасау, кәсіпкерлік ортасын кәсіпорындардың инфрақұрылымы орналасуы және т. б.), кәсіпорындарын (техникалық қайта қаруландыру, қайта құрылымдандыру, басқаруды жетілдіру) қосқанда, материалдық өндірісті кешенді түрлендіру түсіндіріледі. Оңтайландыру үшін дағдарыстағы кәсіпорындарда жоқ болатын қаражат қажет болғандықтан, алдымен нәтижесінде алынған қаражатты материалдық өндірісті оңтайландыруға бағыттай отырып, аймақтағы өнеркәсіптік өндірістің көтерілуін қамтамасыз ету қажет. Ұзақ мерзімді стратегиялық міндет Орталық Қазақстанда аймаққа халықаралық еңбекті бөлуде қолайлы орында қамтамасыз ететін, материалдық өндірістің (алтыншы ТТ-ның "ядросының") "зерделі құрылымын" қалыптастыру болып табылады. Сондықтан Қазақстанның материалдық өндірісін құрылымдық қайта құру үшін ортақ приоритет төмендегілер болып табылады: * өндірісті әлеуметтік қайта бағдарландыру; * қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету; * қолданылып жүрген кәсіпорындарды техникалық қайта қаруландыру, соның ішінде әртараптандыру негізінде; * өндірістік инфрақұрылымды дамыту; * икемді өндірістік құрылымдарды қалыптастыру. Ресурстардың тапшылығынан құрылымдық қайта құру үнемі селективті. Әсіресе жақын міндетті - өнеркәсіптікөндірісті көтеруді шешу үшін селективті қолдау объектілерін таңдау маңызды. Салаларды маңдау критерийлері мыналар болуы мүмкін: * Жиынтық сұрауға салалардың ықпал етуі (ұқсас салаларды, жабдықтаушы-салаларды есепке алумен); * Салалардың жиынтық ұсынысқа ықпал етуі тұтынушы - салаларды және жанама әсерді, соның ішінде қанағаттандырылмаған сұранысты тұтынушы рыногына әсерін есепке алумен; * Саланың экспортты жиынтық ұлғайтуға әсері. Сонымен, жаңа тұжырым - аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдайлар жасауға бағытталуы керек, бұл ең алдымен оның әлеуметтік және экономикалық проблемаларын шешудегі басымдықты болжайды. Оған салық саясаты ынталандыратын, жеңілдікті несиелер қызмет етуге шақырылған. Мемлекеттің шектелген экономикалық мүмкіндіктері жағдайларында барлық салаларды ресурстармен және қаражатпен қамтамасыз ету қиын. Сондықтан тұтынушылар рыногын дамыту және қажетті инфрақұрылымды құру үшін күрделі салымдар түрінде тұтыну сферасына бірінші кезекте бөлу керек. <<Қазақстан - 2030>> стратегиясын іске асырудың бірінші он жылдығы ішінде әлемдегі ішкі және сыртқы жағдайдың өзгеруі елдің жаңа даму кезеңіне және қазіргі заманғы экономикалық және саяси нақтылықтарға бейімделген мемлекеттік саясаттың жаңа әдістемесі мен бағыттарын уақытылы әзірлеуді қажет етеді. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарын іске асырудың бірінші кезеңі аяқталуына байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының 2020жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын әзірлеуді тапсырды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 7 қазандағы № 250-ө өкімімен Қазақстан Республикасының 2020жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын әзірлеу жөнінде жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына Президент Әкімшілігінің, Парламенттің және Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, Астана және Алматы қалаларының, Ақтөбе облысының әкімдері және мемлекеттік органдардың басшылары енді. Жұмыс тобының отырысы шеңберінде 2010 жылға дейінгі даму жоспарының іске асырылуы қорытындыланды, соңғы жылдары жүргізілген реформалардың нәтижелері бағаланды, мемлекеттік жопарлаудың жаңа үлгісі мен әкімшілік реформадағы 2020 жылға дейінгі даму жоспарының орны мен рөлі айқындалды. 2009 жылғы 5 наурыз бен 30 сәуір аралығында мемлекеттік органдардың басшылары мен облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тыңдалынатын болады, яғни тиісті саланың (сфераның), аймақтың ағымдағы жағдайы қорытындыланады, тиісті саланың (сфераның), аймақтың дамуына әсер ететін негізгі үрдістері айқындалады, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық бағыттары мен мақсаттары бойынша нақты ұсыныстары әзірленеді. Тақырып 4. Әлеуметтік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін тиісті нормативтік құқықтық база құру қажет. Бұл Үкіметтің тиісті кезеңдерге арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарларында өз көрінісін табады. Салық салу және салықтық әкімшілендіру құрылымын оңайлату, салық санын оңтайландыру, салықтың жиналуын арттыру жолымен бизнес пен халықаралық сауданың дамуын ынталандыру мақсатында салық заңнамасына өзгерістер салық салу мәселелерін реттейтін кейбір заңнамалық кесімдерге түзетулер енгізу жөніндегі заң жобасы шеңберінде енгізіледі. Мұнай кірістерін пайдалану тетіктерін жетілдіру, бюджеттің әлемдік бағалар конъюнктурасына тәуелділігін төмендету, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру, экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыру және халықтың неғұрлым аз қорғалған жіктерін әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кейбір заңнамалық кесімдерге бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер енгізу жөніндегі жобаның шеңберінде қабылданатын болады. Мемлекеттік сатып алудың сапасын, тиімділігін және уақтылығын арттыру, мұнай-газ және сервистік компаниялар арасындағы ұзақ мерзімді келісімдер жасасу мүмкіндігін бекітіп беру, оның ішінде аутсорсинг сияқты кооперация түрлерін қолдану мақсатында <<Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы>> Заң жобасын әзірлеу ұсынылады. Салауатты бәсекелес орта құру жөніндегі заңнамалық шаралар <<Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы>> Заңының жобасында (жаңа редакциясы) тиісті ережелерді бекітіп беру арқылы жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар <<Концессия туралы>> заң жобасында бекітіліп берілетін болады. Техникалық реттеу саласындағы қолданыстағы заңнамалық кесімдерді ДСҰ негізгі келісімдерінің ережелеріне сәйкестік мәніне талдау қорытындылары бойынша 2006 жылы техникалық реттеу мәселелері бойынша тиісті заң жобаларын әзірлеу жоспарлануда. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері <<Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы>> Заң жобасының шеңберінде қаралатын болады. Халықтың анағұрлым <<осал>> жіктерін әлеуметтік қолдауды заңнамалық дамыту жөніндегі алғашқы қадамдарды <<Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы>> Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу арқылы қабылдау жоспарлануда. Тұрғын үй заңнамасын одан әрі жетілдіру заңнамалық кесімдерге тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер енгізуді көздейтін жоба шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы жүйелендіруге және халықаралық нормалармен үйлестіруге бағытталған реформалауды Экология кодексінің жобасын әзірлеу шеңберінде жүзеге асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, тұтастай алғанда, заңнамалық базаның тұрақтылығын арттыруға жәрдемдесетін заң жобаларын әзірлеуге іргелі ұстанымдарды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау қажет. Конституция ережелерін одан әрі дамыту мақсатында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәртебесін, құзыретін, жауаптылығын, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекітіп беру арқылы олардың қызметін заңнамалық реттеу болжануда. Қабылданып жатқан барлық заңдардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету үшін оларды қаржылық қамтамасыз етудің жеткіліктілігі қағидаты сақталады. Қабылданған заңдарды іске асыруға бағытталған заңға тәуелді кесімдерді қабылдау Үкіметтің норма шығару қызметі басымдықтарының бірі болып қалады. Мемлекеттік органдардың заң қызметтері жұмысының сапасы мен маңыздылығын арттыруға көңіл бөлінеді, бұл да норма шығару қызметінің сапасын жоғарылатуға ықпал ететін болады. Ғылыми негіздеменің және заң жобасы мазмұнының неғұрлым сапалы пысықталуын қамтамасыз ету мақсатында заң жобаларын әзірлеген сәттен бастап қана емес, олардың тұжырымдамаларын дайындау сәтінен бастап ғалымдар тартылатын болады. Заң жобалары реттейтін құқықтық қатынастарға қарай олар бойынша ғылыми сараптама, оның ішінде кешенді сараптама жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасады. Қоғамдық қатынастардың реттеуге ұсынылып отырған салаларын жан-жақты және толық зерделеу мақсатында заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми сараптамаларды міндетті түрде жүргізу енгізілетін болады, бұл сондай-ақ, заңнаманың тұрақтылығына және тұтастай оның сапасын толығымен жақсартуға ықпал етеді. Халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласында мемлекеттік органдар жүргізіп жатқан халықаралық шарттарды түгендеуді аяқтау алда тұр. Заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы заңнаманы жүйелендіру, оны ескірген және қайталанатын нормалардан босату, кейбір қоғамдық қатынастар салаларын құқықтық реттеудегі ақтаңдақтардың орнын толтыру, заңнама салаларын мақұлданған Сыныптама бөлінісінде одан әрі шоғырландыру және Қазақстан Республикасының Заңдар жинағын жасау жөніндегі жұмыс жалғасады. Заң жобаларын әзірлеудегі ғылыми жәрдемді ұйымдастыру мәселелері заң жобаларын дайындау сапасын арттыру ісіндегі айқындауыш болып қалып отыр. Заңға тәуелді кесімдердің мониторингін мемлекеттік органдардың ғалымдармен бірлесіп жүзеге асыруын қамтамасыз ету туралы мәселе қаралады, бұл құқық қолдану практикасына ғылыми талдау жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыс нәтижелері бойынша заңнамалық кесімдердің мониторингін енгізу мүмкіндігі мәселесі қаралады. Бағдарламада белгіленген шараларды орындау Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында Мемлекет басшысы алға қойған және Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі негізгі бағыттарда айқындалған мақсаттарға қол жеткізуге дәйекті және мақсатты сипат береді. Ұсынылып отырған шараларды іске асыру арқылы осы Бағдарламада белгіленген барлық іс-шараларды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету жүзеге асырылады және біздің мемлекетіміздегі одан арғы саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар үшін құқықтық база жасалады. Тақырып 5. Басқару шешімдері, әлеуметтік бақылау және басқару тиімділігі Қазақстандағы жүйелі қайта құрулардың оң бес жылы бағдарында қоғамдағы экономикалық және саяси институттар реформаланды. Қазіргі кезде еліміздің огдан әрі өркендеуіне қажет басым мәселелердің жергілікті жердегі басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Осыған орай, билік органдарын орталықсыздандарып, жергілікті буындарға нақтылы өкілдіктің бір бөлігін беру қажет. Бұл үрдісті жүзеге асыру үшін жергілікті өзін - өзі басқару институттарын дамыту қажет. Мұның өзі мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, басқарудың төменгі буындағ жемқорлық деңгейін азайту, азаматтық қоғамның дамуына ықпал ету сияқты бірнеше стратегиялық мақсаттарға жеткізеді. Баршаға белгілі болып отырғандай жергілікті өзін - өзі басқарудың орталық және жергілікті билік органдары өкілдіктерінің шекарасын айқындауда жатыр. Осының өзінде де жергілікті өзін - өзі басқару тұрғындардың еркінде. Ал бұл мемлекет мойындаған жергілікті маңызы бар мәселелерді олардың өз шешуіне мүмкіндік беретін құқық. Жергілікті өзін - өзі басқару органдары дербес өзара шарт негізінде орталық билік қамқорлығымен өзара іс - қимыл жасайды. Әйткенмен олар орталыққа бағынбайды. Жергілікті өзін - өзі басқару жұйесінде жергілікті органдардың мемлекеттік істерге өз қызмет ауқымында нақтылы ықпал құқығы да кіреді. Сондықтан жергілікті өзін - өзі басқару демократиялық мемлекеттің ең басты институттарының бірі саналып, азаматтардың билікпен қамтамасыз етіп, олардың мемлекеттік басқару ісіне қатысуына мүмкіндік береді. Жергілікті өзін - өзі басқаруды дамытудың Қазақстанда құқықтық мемлекет орнату ісінде ұшан - теңіз манызы бар. Алайда қазіргі кезенде жергілікті өзін өзі басқаруды қоғамдық институты ретінде дамыту үшін қажетті жағдайлар болмай отыр. Жергілікті өзін - өзі басқару бірқатар нормативтік актілермен реттеледі. Заң жобаларының жеріне жеткізілмеуі салдарынан жергілікті өзін - өзі басқару жүйесі күні осы уақытқа дейін заңнамалық іргетасын таппай сол алғашқы нұсқа қалпында қалып қойған. Оның үстіне, бұл ұзын арқан, кең тұсау, осы салада күрмеуі қиын басқада мәселелердің туындауына себепші болып отыр. Ол үшін алысқа бармай - ақ, мысалға, Маловодное мен Казатком селоларындағы оқиғаларды атаса да жетіп жатыр. Бұл жергілікті өзін - өзі басқару ісінің жетілмегендігінен туындаған құбылыс. Айтып келгенде , осы уақытқа дейін жергілікті өзін - өзі басқару органдарының қызметін реттеу жөніндегі заңнамалық бастаманың институтционалдық мәртебесін түсінбеу олардың өкілеттілігін айқындауға мүмкіндщік бермей келеді. Соған қарамастан өткен жыл бұл мәселе Парламет пен Үкіметтегі, сондай - ақ үкіметтік емес ұйымдардағы жиындардың жеке пікірсайыс арнасынат айналды. Сондықтан жергілікті өзін - өзі басқаруды қалыптастыру мәселесін қазіргі кезеңде Демократиялық реформалардың бағдарламасын жақсарту мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның бір жұмысшы тобының ғана талқылап жатқаны дазаңды. Жергілікті өзінт - өзі басқаруды енгізу көпсатылы, ұзаққа созылатын, бірақ кейінге қалдыруға болмайтын үрдіс. Азаматтық қоғамды қалыптастырып дамытудуың өзі елдің әлеуметтік экономикалық дамуының жалпы деңгейі, жалпыдай алғанда, жергілікті қауымдастықтың өміріне тікелей ықпал ететін мәселелер мен жағдайлардың бәрі осы үрдіске байланысты. Жергілікті өзін - өзі басқаруды дербестеңдірудің негізгі мәселелері жергілікті жердегі жұмысқа қолайлы жағдай туғызып, атқарушы органдардың өз аумағында жүзеге асырылуға тиіс өкілдіктерін соларға беруіне жағдай жасайды. Бұл арада биліктің кез келген денгейінде жұмыстын тиімді болуының басты шарты - халық алдында есеп беріп, соның бақылауында болу, өкілеттілік пен міндеттіліктің шегін айқын анықтау, тұрақты табыс көздері бар дербес бюджеттің және меншігінің болуы. Алайда бұл жағдайлардың бәрі де Қазақстандағы жергілікті билік органдарына әлі жасала қойған жоқ. Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесінде бюджет қаражаты және материалдық қамтамасыз ету ісін реттепт отыру маңызды. Мұнда барлық деңгейде бюдженттерді жергілікті өзін -өзі басқаруды нақтылы дамытудың негізгі кепілі ретінде бөлудің маңызы зор. Өйткені қаражат базасының ашық, айқын болмауы биліктің өркендеуіне кері әсер етеді. Аймақтарға субсидиялар мен дотациялар беру тәжірибесінде республикалық бюджетке жергілікті салық қаражатын аударып отыру маңызды. Соған сәйкес, жергілікті өзін- өзі басқару органдарына салық салу және қаржыны жұмсау белгілі бір өкілеттілік беріледі. Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесінің дамуында келесі өзекті мәселелер болды, олар бүгінгі күнге дейін көкейкесті болып отыр.Олар: "жергілікті өзін - өзі басқару" ұғымын, оның елдің қоғамдық - саяси жүйесіндегі мәртебесі мен рөлін анықтауда бірізділіктің жоқтығы. Көпшілігінде жергілікті өзін - өзі басқару органдарына қоғамдық құрылым болғандығымен, саяси институттардың мәртебесі берілмеген; жер - жерде мәселелері шешуге бағытталған тиімді аумақтық басқаруды құру, жергілікті өзін - өзі басқару саласында тиісті кезең - кезеңмен реформа жүргізу тұжырымдамасына негізделетін сол жұйенің дамуы жөніндегі насаналы мемлекеттік саясаттың жоқтығынан қиындап отыр. аумақтық басқару тиімділігі жергілікті өзін - өзі басқару органдарының есепті болу мәселесіндегі заңдағы белгілі бір қайшылықтардан біршама төмендеді. аумақтық басқару әсері ауыл әкімдері қабылдаған кейбір шешімдерінің заңдық - нормативтік құжаттармен қарама - қарсылығы мен сәйкессіздігімен төмендеді. Мәселен, көбінде кейбір аумақтардың ақпараттық оқшалануынан басқару органдарына іс жүзінде қажетті өте маңызды нормативтік - құқықтық құжаттарды жер - жерге жетпей жатады. Осыған байланысты ауыл әкімдерінің кейбір шешімдері қолдыныстағы заңға не қайшы келеді, не оларды қайталайды. Жергілікті өзін - өзі басқаруды дамыту білікті кадр құрамының тапшылығынан едәуір қиындай түседі. Жергілікті билік органдарында көп мамандардың білімдері орындап жүрген қызметтеріне сай келмейтін тәжірибе көрсетіп отыр. Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесін алсақ, бүгінгі күнде бірде - бір жоғары оқу орнында тиісті кадрлар даярланбайды. [10] Осы мәселелер жергілікті өзін - өзі басқару жүйесінің дамуына біраз кедергі болып отыр. Мәселені бүгінгі күні кешенді және жүйелі шешу қажеттілігі отыр. Сайып келгенде, жергілікті өзін - өзі басқару органдарына жергілікті қауымдастықтың аумақты басқару жөніндегі міндеттерін ойдағыдай атқаруына бірқатар мыңызды құқықтар берген абзал. Жергілікті өзін - өзі басқару демократияның негізгі, нақты айтқанда, міндетті атрибуты болып табылады. Егер біз әлемдегі барынша дамығанелу елдің қатарына көрінуге, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге, БСҰ-ға ұмтылып отырсақ, онда аталған беделді халықаралық үйымдардың талаптарына сай болуымыз керек. Екіншіден, жергілікті өзін - өзі басқару бірінші кезекте өзімізге қажет. Өйткені, ол жергілікті жердің түінді мәселелерін шешуге тұрғындардың өздерін тартуға мүмкіндік береді.Үшіншіден, кез келген қзіргі демократиялық мемлекет тым болмаса жергілікті өзін - өзі басқару әдісіне кепілдік бермесе немесе оның бар екенің мойындамаса, эконогмикалық және әлеумкеттік үдерістерін тиімді басқарылуын қамтамасыз ете алмайды. Себебі, басқару саласы аса күрделі және көпқырлы сондықтан қоғамдық дамудың барлық мәселелерін тек орталықтан шешу қиындық туғызады. Сонымен қатар, тағы да бірнеше мәселелерге тоқтала кетейік: - бірінші қиындық - бұл жергілікті өзін -өзі басқаруды құрудағы 50 пайыздық кедергі, яғни оны құру үшін оның аумағында тұрып жатқан халықтың ең кемі жартысының жергілікті өзін - өзі басқару институн енгізуге келісімін беру қажеттігі. - екіншіден, егер функциялардың бірін - бірі қайталауын толықтай болдырмаған жағдайдың өзінде бәрі бір жергілікті өзін - өзі басқару органдарының ауылдық округ әкімдерімен қарым - қатынас орнатуы оңайға түспейді. - үшіншіден, егер жергілікті өзін - өзі басқару органында салық түріндегі тұрақты қаржыландыру көзі болмаса, онда олардың мемлекеттік басқару органдарына тәуелділігі мықтап орнығады. Аталған мәселеге айтарым, тіпті болжамды болашақта шағын ауылдар мен кенттердегі жергілікті өзін - өзі басқару органдары өздерінің бюджетін қалыптастыратындай мүмкіндікке қол жеткізе алмайды. Жергілікті өзін - өзі туралы бір ғана заң жобасы үшін мемлекеттің Негізгі Заңын өзгерту шарт емес. Дегенмен, оны өзгертуге алғышарттар қалайда пісіп - жетілетін болса, онда жергілікті өзін - өзі басқару туралы бапқа өзгерісті міндетті түрде естен шығармау керек. Бірақ жергілікті өзін - өзі басқаруды құру үшін қандай схема таңдап алғанына қарамастан, бұл алдағы ауқымды заңғышығарушылық қызметтегі тек алғашқы тырнақалды қадам ғана болады деуміз керек. Бұған қоса, жаңа заңнамалық актілердің тұтас бір шоғырын қабылдау қажеттілігі туындайды. Олар "Муниципалды қызмет туралы", "Жергілікті өзін - өзі басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негіздері туралы", "Жергілікті референдум туралы", "Муниципалды меншік туралы", "Жергілікті өзін - өзі басқаруды облыстық, республикалық маңыздағы қалалар мен ел астанасында ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы", басқа да бірқатар заңдар. Бірақ мұның барлығы ең басты мәселе қалай шешіліетініне, яғни ел Конституциясын, атап айтқанда, жергілікті өзін - өзі басқаруға қатысты бапты өзгерту қажет пе деген мәселе қалай шешілетініне байланысты болмақ. Жергілікті өзін - өзі басқарудың өзіңдік жергілікті мағызы бар мәселелер жөнінде айрықша обьектісі болады. Бұл мәселелердің тізбектері Заңда көрсетілген. Бұлардың қатарына жататындар тұрғын халықтың өмірін тікелей қамтамасыз ететін жергілікті мпңызы бар мәселелер, бұларжергілікті қауымдастықтың жарғысы арқылы реттелініп отырады. Онда мыныдай мәселелер қамтылуы тиіс: жергілікті қауымдастық аумағының шекарасы мен құрамы; жергілікті қауымдастықтың қарауына жататын мәселелер; жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құрылу тәртібі мен құзыреті; жергілікті өзін - өзі басқару органдары өкілеттіктерінің мерзімі; жергілікті өзін - өзі басқару органдарының өкілеттіктерін қайтарып алудың, мерзімінен бұрын тоқтатудың, өзге де жауаптылық түрлеріне тартудың қабылдаған шешімдерінің негіздемесі мен тәртібі; заңдарға сәйкес жергілікті өзін - өзі басқаруды ұйымдастыру туралы басқа да мәселелер. Қазақстан жергілікті билік деңгейіндегі мемлекеттік органдарға жергілікті сипаттағы мәселелерді (жергілікті бюджет, салықтар, шруашылық мәселелері және т.б.) шешу барысында дербес басқаруды қамтамасыз ететін, бірақ та жалпыұлттық ауқымдағы мәселелерге (қауіпсіздік, территориялық тұтастық және т.б.) қатысты орталық тарапынан нақты бақылау механизімдері бар, құзіреттілікті шектеу жүйесін құру жолына түсті. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді шектеу және 2005-2010 жылдарға арналған жергілікті өзін - өзі басқару жүйесін дамыту бойынша Мемлекеттік бағдарлама деп аталған бұл құжат орталықсыздандыру, жергілікті өзін - өзі басқаруды қалыптастыру бағытындағы манызды қадамдардың бірі. Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесін енгізіп, дамытуда төмендегідей негізгі бағыттарды ұстанғаның пайдасы мол болмақ: Біріншіден, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының кейбір өкілеттіліктерін саты сатымен беріп отыру. Бұл арада алғашқы кезенде жергілікті өзін - өзі басқару органдары өз өкілеттіліктерін селолық округтерге, ал екінші кезеңде аудандық әкімдіктер сондай міндеттерді жергілікті өзін - өзі басқару органдарына беруі тиіс. Бұл өкілеттіліктердің өзегі әлеуметтік сала және оның нысандары, яғни, муниципалдық меншіктің құрайтындар болуы керек. Жергілікті өзін - өзі басқару органдарына әлеуметтік және шаруашылық қызметтегі кейбір шектеулі мүмкіндіктер беріледі. Ең алдымен, жергілікті өзін - өзі басқаруды енгізудің алғашқы сатысы тәжірибелік кезеңі болуы керек. Сөз жоқ, бұл кезең аумақтық және уақытша сипатта болады. Екіншіден, жергілікті өзін - өзі басқару құрылымын құрудағы өнікті әрі тиімді негіз маслихаттар болып табылады. Осыған орай, маслихаттардың өкілдігін едәуір кенейтіп, оларды қаржы құралдарымен қажетінше нығайтуы шарт. Үшіншіден, жергілікті өзін - өзі басқаруды дамыту оның күшіне ену үшін заңнамалық база жасап, заң қабылдауды бір мезгілде жүргізуді кажет етеді. Бұл саладағы бұрыңғы заң салушы тәжірибесі жергілікті өзін - өзі басқарудың заңнамалық базасын жасақтауды ұзаққа созудың жергілікті билікті дамытуға қуатты серпін бермейтінің көрсетеді. Сондықтанда жергілікті өзін - өзі басқару органдары қызметінің бары қырым реттеп отыратын заңдар лебін қарастыру қажет. Төртіншіден, жергілікті өзін- өзі басқаруды дамытқанда, бастамашылық һән жергілікті халықтын азамтаттық белсенділігін сияқты факторларды ескере қажет. Жергілікті өзін - өзі басқарудың заңнамалық базасы жоқтығынан тұрғындардың бастамышылық аймақтардағы шаруашылық және қаражат қызметінің саналуан түлерін ашық дамытуға мүмкіндік береді. Алайда тұрғындардың бастамашылығы бірден тұмайды. Соған сәйкес, кәзірден бастап - ақ жер - жердегі әлеуметтік, тұрмыстық мәселелрді шешуге бағытталған жергілікті өзін - өзі басқаруды дамыту жөніндегі нақтылы ұсыныстарды көтермелеп отыру қажет. Сонымен қатар, халақтын азаматтық белсенділігін арттыру, жергілікті өзін - өзі басқару мәдениеті арнасында азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамыта беру шарт. Бесіншіден, жергілікті қауымдастықтың бастамашылышын дамыту үшін оларды материалдық тұрғыдан ынталандырып отыру маңызды. Осыған орай, алғашқы лекке аймақтық деңгейдегі меншік иесінің тұлғасы шығады. Өйткені, меншік иелерінің бұқарасын жергілікті жерде жасақтамай тұрып, жергілікті өзін - өзі басқару тиімді дами алмайды. Сонымен бірге, меншігі бар адамның дауысы да салмақты болатыны, өзі де азаматтық құқығын жүзеге асыруға ынталы болатыны, ал оның жеке меншігі жергілікті қауымдастықтың аумақты экономикалық тұрғыдан өркендетуге қажет екені белгілі. Демек, Қазақстанда өзін - өзі басқарудаы дамытуда көп мәселені меншік иелерінің ұсақ және орта бұқарасы айқындайды. Сондықтан, жергілікті билікті қалыптастыруға кіші және орта бизнес елеулі әсер етеді, сондықтан оларды дамыта түсу қажет. Ал мемлекетте орта тапты дамытпайынша азаматтық қоғамды өркендету мүмкін емес.[32] Қазақстанда жергілікті өзін - өзі басқару енгізгенде төмендегідей басым жағдайларды іс жүзінде бірте - бірте дамытып отыру қажет: жергілікті өзін - өзі басқарудың аумақтық және ұйымдық негіздерін қалыптастыру, яғни, жергілікті ауымдастықтардың аумақтары мен жергілікті өзін - өзі басқарудың құрыдымын алғаш айқындау; өкілеттіктердің, коммуналдық меншік пен қаражаттың нақтылы пакетін ұсыну, сондай - ақ әлеуметтік, денсаулық сақтау, коммуналдық қызмет сияқты салаларды реттеу ісін дәл анықтау; жергілікті саясатты қалыптастырудағы мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының өзара тиімді іс - қимылының тетіктерін жасақтау;[24] Сонымен қатар Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін дамытудағы бірден - бір маңызда бағыт жергілікті өзін - өзі басқару болды. Жергілікті өкілетті органдар - тиісті мемлекеттік өкілеттілігі бар маслихаттар базасында Қазақсанда жергілікті өзін - өзі басқарудың қазіргі замаңғы жүйесін жасаудың негізі құрылды. Біріншіден, қоғамдық және мемлекеттік институттардың қосылуына жол берілмейді. Екіншіден, жергілікті өзін- өзі басқару тікелей халықтың қатысуымен, сондай - ақ маслихаттар және басқа да аумағында ықшам тұрғындар тобы тұрып жатқан жергілікті өзін - өзі басқару органдарымен жүзеге асырылады. Жергілікті басқару лайықты жағдайда жүзіге асуы үшін мынадай төрт шарт орындалуы керек: жергілікті өзін - өзі басқару органының қызметету аясы нақты айқындалу керек; ол сайлау арқылы жүзеге асуы тиіс; ол органның өз меншігі болуы керек; аз ба, көп пе, өзі басқарып бақылайтын бюджеті болғаны жөн. "Қазақстан - 2030" бағдарламасында айтылған орталықсыздандыру талабы біршама жылдар өткен сон нақты жүзеге аса бастады. Жоғарыда айтып өткен шарттың келесі екеуі - меншік пен бюжет облыс және аудан деңгейінде бұрыннан қалыптасқан жағдайда реттеліп келе жатыр, бірақ ең төменгі атқарушы билік деңгейіне байланысты (ауыл, село, кент, ауданға бағыныстағы қала, қала ішіндегі аудан) аздаған жетіспеушіліктер және соған орайластырыла айтылып жатқан көптеген пікірлер көп кездеседі. Оның біріншісі - ең төменгі атқарушы билікті жауапкершілік мол да, оны жүзеге асырарлық қаржы - қаражат жоқ, ол ғана емес, оларда өз бюджеттерін өздері қарап реттеп алудың мүмкіндігі жоқ. Елбасы өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында да: "Ауылдық жердегі билікте бос кеңістік жағдайы қалыптасып отыр. Жер - жердегі әкімдер жеткілікті өкілеттіліктерге ие емес, ең бастысы - қаржылық ресурстары жоқ. Сондықтан Үкімет пен облыс әкімдері төменгі сатылары тиімді мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруды қамтамасыз етуі тиіс " деп атап көрсетті. Екінші ұсыныстар - ауыл әкімдерін жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің ең төмеңгі сатысы деп емес, оларды жергілікті өзін - өзі басқару саласына жатқызуға қатысты. Біз жергілікті өзін - өзі басқаруды ұдайы дамыта беруге, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай - ақ жергілікті өзін - өзі басқару органдары арасындағы өкілеттіліктің аражігін ажыратуға тиіспіз. Біз жергілікті өзін - өзі басқарудың нормативтік базасын және "әлеуметтік тетіктерін" белсенді түрде дамытып, әкімдердің іргелік деңгейіндегі өкілеттіліктерін нығайтуға беретін боламыз. Алдағы уақытта бюджетаралық қатынастардың жаңа әрі әлдеқайда тиімді жүйесін жасақтауымыз керек. Сонымен қатар, бастапқы кезенде біз маслихаттардың өкілеттіліктерін, әсіресе әкімдердің қызметтеріне бақылауды жүзеге асыруды жөн, едәуір кенейте аламыз. Барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында өз жұмыстарын нәтижелері жөнінде жыл сайын есеп беріп отыруға тиіс. Осы міндеттерге қол жеткізу үшін 2006 жылы жергілікті өзін - өзі басқару туралы заң қабылданып, оны дамыту жөнінде мемлекеттік бағдарлама әзірлену керек. Жергілікті өзін - өзі басқаруды тиімді енгізу үшін жұмысына халықаралық ұйымдардың сарапшылары тартылатын арнайы орган - Жергілікті өзін - өзі басқару істері жөніндегі комитетті құру туралы ойланувмыз керек. Өкілді органдардың өкілеттіліктерін кеңейту шеберінде біз Парламенттің құқықтары мен бақылау функцияларын, оның Үкімет пен басқа да конституциялық органдарды жасақтауға қатысуын күшейтеміз, Мәжіліс пен Сенат депутаттарын санын көбейту мүмкіндігін қарастырамыз. Әкімдердің сайланбалылығын енгізу мемлекеттік билікті жасақтаудағы демократиялық тетіктерді нығайта түсетін орталықсыздандыру үрдісін лайықты түрде аяқтауға тиіс. Мұнын өзі Қазақстандықтардың күнделікті өмірінде туындап, шешімін тауып жататын проблемалар бойынша қағидатты жаңа қоғамдық бақылау мен оның есептілігін енгізуге жағдай жасайды. Саяси партиялардың рөлі мен функцияларын одан әрі нығайту, партиялық фракциялардың рөлі мен өкілеттіліктерін кеңейту жөнінде шаралар қолдану керек. Үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақтардың және олардың қызметінің халық аралық деңгейде қабылданған демократиялық стандарттарға сәйкес нығайтылуы мен дамуына жағдай туғызылуы керек. Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін жетілдіру қажет. Қазіргі кездегі әлеуметтік - экономикалық дағдарыстың басты бір себебі, реформалардың жүйелі түрде орындалуы, аймақтық және жергілікті басқару жүйелері ттолығымен қарастырылмағандықтан. Жергілікті басқару жүйесінің құрылуы, әр елдің даму деңгейі, салт - дәстүрі, мәдениті сияқты факторларының барысында өтілуі қажет. Атап өтсек: - бастапқа кезенде аудандық жергілікті өзін - өзі басқару мен басқарушыларды оқытатын орталық құру; - аймақтардың дамуына қатысты заңды тұжырымдамалар жасау; - базалық нормативтік және актілік мониторингтер мен сараптамаларды өткіэетін, мелекеттік және аймақтық органгдардың дамуына құқықтық - ұйымдастырушылық жағдай туғызатын мелекеттік орталық құру; - қоғамдық - психологиялық институттардың құрылуын жандандыру. Бұл жағдайда ерекше назар аударуды талап етеді. Себебі, белгілі бір дәрежеге жету үшін қазіргі кездегі адамдардың менталитетін өзгертпейінше, әлеуметтік- саяси технологияларды жоғары дәрежеге көтеру мүмкін емес. Олар, өз кезегінде, саяси сұраныс пен қажеттіліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Қазақстандағы биліктің орталықсыздандырылуы мен жергілікті өзін-өзі басқарудың дпму моделін, қоғамның тұрақты даму бағытын жасау үшін басқа елдердің аймақтық зерттеулерінің теориясы мен тәжірибесіне сүйенеу керек. Жергілікті жерлерде өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруға арналған сауалда демократияның ең елеулі түрі ретінде - жергілікті референдумды айтады. Бұл терминнің заманға сай мәні ашылған. Оған мынадай анықтама берілген - "жергілікті референдум - азаматтардың жергілікті маңызды сауалдары бойынша дауыс беруі". Жергілікті референдумды өткізудің нақты тәртібі, оның шешімдерінің қабылдануы және оған өзгерістер енгізілуі ҚР-ның заңдарына сәйкес бекітілді. Жергілікті өзін - өзі басқарудың тиімді енгізу үшін жұмысына халықаралық ұйымдардың сарапшылары тартылатын орган - Жергілікті өзін - өзі басқару жөніндегі комитетті құру туралы ойлануымыз қажет. Еңбек рыногын дамыту үшін мүмкіндіктер бар, оларды ойлап табу керек емес. Біріншіден, бұл коммуналдық желілерді қайта жарақтандыру және жаңғырту. Бұл - сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, энергетика мен кәріз сулардың нысандары мен желілері. Үкіметке әкімдермен бірлесіп осы мақсатқа кететін қажетті шығындарды аңықтауды, жұмыстарды қаржыландыруды ғана емес, сонымен бірге бюджеттен бөлінген әрбір теңгенің пайдаланылуын қатаң бақылауды тапсырамын. Бұл көзге көрінбейтін жұмыс, бірақ та бізге оны бәрібір істеуге тура келеді. Ол болашақ дамудың негізі. Бұл қалалар мен жергілікті орындарда орасан көп жаңа жұмыс орындарын ашудың мүмкіндігі. Біз халқымыздың сатып алу қабілетін арттырамыз. Егер парасатпен жұмыс істей білсек, босаған адамдарды жаңа мамандықтарға үйрету керек. Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты әлдеқашан - ақ ретке келтіру керек еді. Екіншіден, бұл жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын салу, қайта жарақтандыру және жөндеу, сондай - ақ әлеуметтік инфрақұрылымды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңарту. Бұл енді ӘКК-лердің міндеті, олар халықтың барынша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге міндетті. Мәселенің қаржылық жағы - Үкімет пен әкімдердің құзырында. Біз қазір халықпен келісіп, тура айтуға тиіспіз: құрылысы басталған мектептер мен ауруханаларды салып бітіреміз. Жағдай осылай болып тұрғандықтан, біз жаңаларын кейінге қалдыра тұрамыз, алайда қаражатты қолданыстағы мектептерді, ауруханаларды, медициналық пункттерді жөндеуге жұмсалады. Осылай жұмыс орындарын да құрамыз. Сондай - ақ біз салуды белгіленген магистралдық автомобиль және теміржолдарын да тоқтата тұруға тура келеді. Мұның орнына ақшаны облыс орталықтарының, қалалардың төнірегіндегі жолдарды, ауданаралық жолдарды ретке келтіруге жұмсаймыз. Ослайша біз тылымызды бекіте түсеміз. Үшіншіден, әрбір нақты елді мекендегі жергілікті мәндегі нысандар. Бұл жергілікті биліктің шешуі бойынша жолдарды, клубтарды немесе басқа да нысандарды аббаттандыру мен көгалдандыру, жөндеу. Бұл мақсаттарға атулы трансферттер бөлінуі тиіс. Жергілікті өзін - өзі басқару органдары ретінде аудандық маслихаттарға қаражат бөлінуі тиіс. Жұмыспен қамтудың жергілікті проблемалары мен мәселелері мен шешу үшін бұл қаражатты қайда жұмсау керектігін олардың өздері шешетін болсын деген болатын.[23] Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығының қарсанында тұрмыз. Оса күнге орай бүкіл Қазақстанда кең ауқымды жұмыс өрістеуі керек. Бұл біздің ұрпағымыз үшін, біздің халқымыз үшін үмытылмас жылдар. Қазақ ұлтының және бүкіл Қазақстанның тарихында мұңдай кезең болған емес. Осының барлығына тереземіз тен, керегеміз кең ел болғанының арқасында қол жеткіздік, ел ретінде, мемлекет ретінде мұндайлық сәулелі күннің басымызға тәуелсіздіктің арқасында ғана қонғанын біздің ұрпақ үмытпақ емес. Ел шежіресіндегі ерекше бұл белеске барынша дайындықпен баруымыз керек. Қәзірден бастап әр ауылдың кем - кетігін қалпына келтіріп көгалдандырып, жолдарымызды жөндеп, ұйлеріміздің іші - сыртын әрлесек, елдің де көнілі көтеріліуі тиіс. Тақырып 6. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу Денсаулық сақтау ісі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің базалық өлшемінің бірі болып табылады және оның дамуына ерекше көңіл бөлінетін болады: 2005 жылдан бастап Денсаулық сақтау ісін дамыту мен реформалаудың мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы мен іске асырылуы 2010 жылға дейін саланы дамытудың таңдап алынған стратегиялық бағыттарының дұрыстығын және тиімділігін дәлелдеп берді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қойған мақсаттар Үкіметтен мынадай міндеттерді шешуді талап етеді: 1. Денсаулық сақтау ісін дамыту мен реформалаудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды және іске асырылуының түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуді жеделдету; 2. Мемлекеттік бағдарламаны халықтың денсаулық көрсеткіштері бойынша Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруін жеделдетуге жәрдемдесетін жаңа іс-шаралармен толықтыру. Қойылған міндеттерді шешу үшін мыналар көзделеді: 1. 2006 жылы халықаралық стандарттарға көшуді ескере отырып, саладағы заңнамалық және әкімшілік реформалар пакетін іске асыру жөніндегі жұмысты аяқтау. Бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмек, ана мен баланы қорғау, емдеу хаттамалары, медициналық білім мен ғылым, әлеуметтік мәні бар аурулар, пациенттердің құқықтары, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыра, білікті медициналық бірлестіктердің қатысуын кеңейте отырып, оны қаржыландыру және ырықтандыру мәселелеріне қатысты. 2. 2008 - 2009 жылдарға көзделген мемлекеттік бағдарламаның бірқатар іс-шараларына тексеріс жүргізу және оларды іске асыруды 2006 - 2007 жылдарға ауыстыру. Мемлекеттік бағдарламада жаңа және қосымша іс-шаралар қатарында мыналар: - қаржылық қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің қол жетімділігі мен сапасын арттыру, халықаралық медициналық көмек стандарттарына жақындату жүйесін дамыту жөніндегі; - медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ынталандыру және олар көрсететін қызметтердің сапасын жақсарту үшін денсаулық сақтау саласында сараландырылған еңбекақы төлеуді енгізу жөніндегі; - халықаралық стандарттарға негізделген ана мен баланы қорғау жөніндегі; - мақсаты адами әлеуетті дамытумен қатар, денсаулық сақтау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болатын медициналық білім мен ғылымды дамыту жөніндегі; - жаңа республикалық медициналық орталықтарды салуды аяқтау, алдыңғы қатарлы халықаралық менеджмент тәжірибесін және қазіргі заманғы технологияларды енгізу жөніндегі; - алдын алу жұмысын күшейту және туберкулезбен аурушаңдық мен АҚТҚ/ЖҚТБ, балалардың өлім-жітімі мен өмірдің ұзақтығы сияқты көрсеткіштерді жақсарту үшін халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі шаралар көзделуге тиіс. Барлық белгіленген шаралар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін денсаулық жай-күйінің жекелеген көрсеткіштері бойынша Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына кіруіне бағдарланатын болады. Тақырып 7. Білім беру саласындағы мемлекеттк реттеу Бүгінгі таңда білім беру саяси, әлеуметтік және экономикалық прогрестің басты факторы ретінде әділ қаралып отыр. Қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесінен ұтқырлықты және экономиканың даму қажеттіліктеріне сәйкестікті талап етеді. Үкімет білім беру саласында қазіргі заманғы білім берудің бәсекеге қабілетті жүйесін құруды, Қазақстанның анағұрлым дамыған елдер қатарына кіруінің басты факторларының бірі ретінде кадрлар даярлау мен қайта даярлауды өз мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет: 1. ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру; 2. индустриялық-инновациялық дамуды іске асыруды қамтамасыз ету үшін кадрларды қайта даярлау жүйесін қалыптастыру; 3. халықаралық білім беру кеңістігіне ықпалдасу. Осы мақсаттарда мыналар әзірленетін болады: - жаңа <<Білім туралы>> Қазақстан Республикасы Заңының жобасы; - 2006 - 2011 жылдарға арналған <<Қазақстан балалары>> мемлекеттік бағдарламасы; - 2006 - 2010 жылдарға арналған азамттарды патриоттық тәрбиелеудің мемлекеттік бағдарламасы; - 12 жылдық орта жалпы білім беруге көшу жоспары; - <<Балабақшаға барамыз>> атты мектепке дейінгі тәрбие беруді қолдау бағдарламасы; - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар. Ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, білім беру жүйесіне халықаралық индикаторлармен үйлестірілген индикаторларды енгізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жолымен халықтың кең жігінің білім беру және ғылыми қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету, барлық дейгейлерде мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру, барлық дейгейдегі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасын нығайту, білім беру қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің сараланған жүйесін енгізу жөніндегі шаралар қабылданатын болады. Мектепке дейінгі және орта білім беру саласында мектепке дейінгі ұйымдардың балаларды қамту деңгейі ұлғайтылады, 2008 жылы 12 жылдық орта жалпы білім беруге кезең-кезеңмен көшу жүзеге асырылады, отандық оқулықтар, оның ішінде электрондық оқулықтар әзірленеді және енгізіледі; <<Оқып-үйрету теледидары>> құрылады. 2008 жылға қарай оқушылардың компьютерлермен қамтамасыз етілу арақатынасы 20-ға 1-ге дейін жеткізілетін болады. Жоғары кәсіптік білім беру саласында мыналар болжанады: - жетекші техникалық университеттер базасында білім беру мен ғылымның басым бағыттары бойынша өңірлік академиялық қалашықтар құру; - батыстың жетекші технологияларын пайдалана отырып, жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа қағидаттарын қалыптастыру; - жоғары оқу орындарына түсу кезінде өту балын 50-ге дейін, ал медициналық жоғары оқу орындары үшін 60-қа дейін ұлғайту жолымен талаптарды күшейту; - сонымен қатар мұғалімдер мен оқыту әдістемелеріне қойылатын талаптарды да күшейту қажет; - білім беруге кредит беру жүйесін жетілдіру жолымен жоғары білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету; - мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде оқитын мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының түлектерін бекітіп беру тетігін енгізу; - халықаралық сыртқы сарапшыларды тарта отырып, жоғары оқу орындарын аккредиттеудің халықаралық үлгісіне көшуді жүзеге асыру; - ЭЖДҰ елдері пайдаланатын қызметтің нәтижелерін бағалау стандарттарына көшу. Жоғары білім саласында техникалық білім беруге бағдарлана отырып, жоғары оқу орындарының желісін оңтайландыру жүргізіледі. Бұл ретте жоғары оқу орындарының санын қысқарту әкімшілік шаралармен ғана емес, экономикалық шаралармен де жүзеге асырылатын болады. Білім беру жүйесінің дамуын ынталандыру мақсатында жеке меншік сектор мен мемлекет арасындағы серіктестік жолға қойылатын болады. Мемлекеттік-жеке меншік кредиттеуді осындай мысалдардың бірі ретінде келтіруге болады. 2007 жылдан бастап ең алдымен студенттің мүдделерін сақтау қағидаттарында құрылған білім беруге кредит беру жүйесі енгізіледі. Қазіргі заманғы менеджерлерді даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында шетелдік серіктестердің қатысуымен халықаралық стандарттарға жауап беретін басқару мектебі құрылатын болады. Үкімет индустриялық-инновациялық дамуды іске асыруды қамтамасыз ету үшін кадрларды қайта даярлаудың тұтас жүйесін қалыптастыруды жоспарлап отыр. Осы мақсатпен мыналарды көздейтін жүйелі шаралар қабылданады: 1. Кадрларды кәсіптік даярлаудың үш құрылым құрушы құрауыштарын пайдалану негізінде жұмыс күшінің кәсіптік-біліктілік деңгейін арттыру: білім беру ұйымдарында жастарды кәсіптік оқыту; кәсіпорындар мен мекемелердің персоналын өндіріс ішінде оқыту; жұмыссыз азаматтарды кәсіптік қайта даярлау және оқыту; 2. Жұмысшылар мен мамандарды жұмыс берушілердің өндіріс ішінде даярлауы мен қайта даярлауын ынталандыру. Мыналар көзделеді: - еңбек нарығын, кадрлар даярлау қажеттілігін бағалау және болжау мониторингін жетілдіру; - экономиканың жекелеген салалары бойынша кадрлар даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталықтар құру; - бастауыш және орта кәсіптік білім мамандарын даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту; - шетелдік инвесторлармен келісім-шарт шеңберінде кадрлар даярлау мен қайта даярлауға бөлінетін аударымдарды пайдалану тетігін қайта қарау. Тақырып 8. Мәдениет саласындағы мемлекеттік реттеу Үкімет мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және бизнес-сектор арасында берік серіктестік қарым-қатынастар құруға, бизнестің әлеуметтік жауаптылығын арттыруға басым көңіл бөледі. Үкіметтік емес секторды қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат азаматтық бастамаларды іске асыру үшін барлық жағдайларды қамтамасыз ететіндей кезекті және тиімді болуы тиіс. Мұрағат ісі саласындағы, ең алдымен басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны құру және жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Осы мақсатпен Мұрағат ісі мен құжаттандыру жүйелерінің моделін одан әрі жетілдірудің орта мерзімді бағдарламасын қабылдау қажет. Қазақ тілін және Қазақстан халықтарының басқа тілдерін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру маңызды басымдық болып қалады. Мемлекеттік тіл саясатының басты бағыттарының бірі барлық азаматтардың белгілі бір көлемде мемлекеттік тілді игеруі үшін жағдай жасау болып табылады. Өңірлік деңгейде облыстарда Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталықтарын құру үшін ресурстар бөлінуі тиіс. Сондай-ақ 2007 жылы Қазақ диаспорасын қолдаудың 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді және кейінгі жылдарда кезең-кезеңмен іске асыруды қамтамасыз ету қажет. Үкімет маңызды жаңалықтар мен ауқымды жобаларды қамтитын Мәдениет саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдады. Осы жоспарлардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет. 2006 жылы <<Мәдени мұра>> мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңі аяқталады. Үкімет осы бағдарламаның 2007 - 2009 жылдарға арналған жалғасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Екінші кезең шеңберінде тарихи-мәдени мұраның неғұрлым мәнді объектілерін қалпына келтіру жөніндегі жобаларға, Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарған орта ғасырлық қала орталықтарының тарих және мәдениет ескерткіштерін археологиялық зерттеулерге ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл туристік кластерді дамыту тұрғысынан аса маңызды. Үкімет классикалық, халық өнерінің озық дәстүрлерін сақтау және әлемдік мәдени кеңістікке ықпалдастыру үшін мәдениетті дамытуға жағдай жасау жөніндегі шараларды қабылдайды. Үкіметті дене шынықтыру және спорт құралдарымен салауатты өмір салты қағидаттарын одан әрі бекіту жөніндегі жұмысты жалғастыру, жоғары жетістікті спортты дамыту және халықаралық спорт аренасында республиканың имиджін арттыру, саланың материалдық-техникалық базасын нығайту күтіп тұр. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдау қажет. Спорт саласының материалдық-техникалық базасын нығайту, еліміздің әрбір ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, білікті жаттықтырушы-оқытушы кадрларды даярлау, дене шынықтыру мен спортты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді дамыту, спортты насихаттау жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары болып табылады. Жаппай балалар-жасөспірімдер спортын дамыту, спорт резервін және жоғары сыныпты спортшыларды даярлау басым бағыт болып табылады. Тұрғын үй саясаты. Үкімет жүргізіліп отырған тұрғын үй саясатын жетілдіретін болады. Республикалық бюджеттен жеке тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және жайластыруға қаражат бөлу жолымен жеке тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту ынталандырылатын болады. Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасында айқындалған басымдықтарды ескере отырып, жас отбасыларға, мемлекеттік қызметшілерге, бюджет саласының қызметкерлеріне және халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне жеке тұрғын үй салуға жер учаскелерін бөлу жоспарлануда. Тұрғын үй заңнамасын одан әрі жетілдіру көзделіп отыр. Жалдамалық тұрғын үй секторына жеке меншік капиталды тартуды ынталандыру үшін құрылыс салушылар мен жалдамалы тұрғын үй иелері үшін мемлекеттік қолдау және преференциялар мүмкіндігі пысықталуда. Тұрғын үй аудандарын салу кезінде инженерлік-коммуникациялық желілерді және өзге де инфрақұрылым объектілерін салу одан әрі дами түседі. Төлеуге қабілетті сұранысты ынталандыру мақсатында тұрғын үй құрылысына ипотекалық кредит беру және тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі жетілдірілетін болады. Жинақталған тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және тұрғын үй саласында қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдерге қажетті түзетулер енгізіледі. Үкімет Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдауды жоспарлап отыр. Тақырып 9. Әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі зейнетақы қамтамасыздығы Мемлекеттің мүмкіндіктерін және зейнетақымен қамсыздандырудың ортақ жүйесінің халықаралық қағидаттарымен жүрудің қажеттілігін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Заңнаманы жетілдіру жолымен халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен және міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту жөніндегі жұмыс жандандырылатын болады. Үкімет жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін төлеу жүйесін жетілдіруді және зейнетақыны аннуитеттiк сақтандыруды дамытуды ұйғарып отыр. Қаржы құралдарының тізбесін кеңейту және басқа да шаралар есебінен жинақтаушы зейнетақы қорлары кірістілігінің өсуін ынталандыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында әлеуметтік диалогтың рөлін арттыру және жұмыс берушілердің қызметкерлердің пайдасына ерікті, кәсіптік аударымдарды жүзеге асыруы үшін шарттық әлеуетті белсенді түрде пайдалану алда тұр. Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында Үкімет оларға төленетін жәрдемақыларды ұлғайтуды, сондай-ақ балалы отбасыларды әлеуметтік қорғауды одан әрі жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды жоспарлап отыр. Сапалы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту, оларды қоғамға кіріктіру үшін пәрменді шаралар құру арқылы мүгедектерге ерекше назар аударылатын болады. Үкімет жұмыссыздарды оқыту мен қайта оқытудың, жұмыстан босатылған қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлаудың, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, бизнестің жаңа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын құруға қатысуына ықпал етуді ұйғарып отыр. Жергілікті мамандарды кәсіби даярлау мен қайта даярлауға ерекше назар аудара отырып, шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру саясаты жүргізілетін болады. Бұдан басқа, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жағдайында ішкі еңбек нарығын қорғауға бағытталған тетіктерді қалыптастыру алда тұр. Көші-қон ағындарын реттеу мақсатында Үкімет елдің еңбек ресурстарына қосымша қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған ұзақ мерзімді көші-қон саясатын әзірлеуді ұйғаруда. 2008 жылы Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары құрылады, оралмандарға әлеуметтік жалға беру шарттарында тұрғын үй беру, мемлекеттік көмек шараларын оралмандардың өздерінің жеке құрылыс салуын дамытумен ұштастыру мүмкіндігі қаралады. Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің негізінде еңбек қатынастарын реттеудің жаңа моделіне көшу жүзеге асырылатын болады. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау және жаңаларын қабылдау көзделеді. Республика ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мақсатында еңбекті қорғауды басқару жүйесі жөніндегі халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметін жандандыру және олардың рөлін арттыру қамтамасыз етілетін болады. Республика ұйымдарында өндірістік жарақатты азайту жөніндегі ескерту, алдын алу шаралары, сондай-ақ қауіпсіздік нормаларының сақталуын мемлекеттік және ведомстволық бақылау күшейтіледі. Бюджет саласы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін олардың жұмысының сапасы мен тиімділігіне ден қоя отырып, одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамыту Үкімет жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жағдай жасауға, жұмыспен қамту және тұрғын үй проблемаларын шешуге, жастарда азаматтық ынтымақтастық пен ортақтастық сезімдерін қалыптастыруға өз күш-жігерін шоғырландырады. Бұл үшін жастар саясаты саласындағы әлеуметтік қызметтердің стандарттары әзірленетін және енгізілетін болады. Үкімет жастар мен жұмыс берушілер арасындағы өзара өндірістік қатынастарға, жастар кәсіпкерлігін дамытуға көңіл бөлетін болады. Жастарды техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандықтарын алуға ынталандыру жөніндегі шаралар да қабылданатын болады. Мемлекеттік тілді және мәдениетті дамыту Мәдени байлықты өсіруді қамтамасыз ету, ұлттың рухани әлеуетін дамыту, Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтудың аса маңызды факторы ретіндегі мемлекеттік тілдің рөлін арттыру Үкіметтің мәдениет саласындағы негізгі мақсаттары мен міндеттері болады. Еңбек нарығы жоғарғы квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етуі мүмкін. Осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді. Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды. Барлық нарықтағы сияқты, еңбек нарығында да еңбекке ұсыныс және еңбектің анықталған түріне сұраныс құрылады. Еңбек нарығы кез-келген жағдай-шартта қызмет етеді. Қарапайым шарты жетілген бәсеке. Оның нарықтық сипаттамасы: * кәсіпорындар саны көп болуы, керекті жалдама жұмысшыны жалдау үшін өзара бәсекелеседі; * жоғары дәрежелі мамандандырылған қажетті жалданушылардың көптілігі; * еңбек нарығына бірде-бір жұмысшының немесе кәсіпорынның күшті ықпалы жоқ. Өнеркәсіпте, құрылыста және жүк тасымал көлікте өндіруші еңбегі, ауыр қол еңбегі бағаланады. Ауыр және қорғаныс өнеркәсіп саласында ақы төлеу деңгейі жеңіл өнеркәсібінен, ауыл шаруашылығынан және т.б.-дан жоғарырақ болады. Тақырып 10. Үй шаруашылығын басқару тұрғындар өмірінің деңгейін зерттеудің орталық объектісі ретінде Тұтыну нарығы сатып алушылардаң құралады - жеке тұтынуы үшін тауар мен қызметтерді сатып алатын жеке адамдар мен үй шаруашылықтары. Тұтынушылар бір бірінен жасы, табыстарының деңгейі, білімі, көшіп-қонуы, ұнатуы бойынша ерекшеленеді. Тұтыну тауарлары нарығының ерекшелігі осы нарықтар өз талаптары, талғамы, сұранысы, дәстүрі, мәдени ерекшеліктері, төлемге қабілетті сұранымы белгілі категориялары сатып алушылары бар көптеген сегменттерге бөлінетіндігінде. Қандай тауар шығару керек және бизнестің қайсысы табысты болатынын тұтышушы нені, қайда және қашан сатып алатының шешкенде белгілейді. Монополист кәсіпорындар басшыларының көбі жоғары мәртебелі <<жоспарға>> ғана табынады. Алайда нарықты енді ғана сезіне бастағанда, бәрі өз орнына келе бастайды. Және бұл қандай нарық екендігі және онда қандай тауар өткізілетінінің маңызы жоқ, бірінші орынға тұтынушы шығады. Қазіргі кезде коғамның әлеуметтік кұрылымы өзгеріп, тұтынушы сұранымын туғызып отырады. Әлеуметгік топтардың саны өсіп отырады. Тұтынушылардың өмір салты, дәстүрі мен әдет-ғұрып, жеке сипаттамалары сатып алушының кез келген тауар мен қызметке деген ықтимал әрекетін неғұрлым толық сипаттайды. Бұл тұтынушыларды тауар, қызмет керсетуді сатып алу кезіндегі іс-әрекетін зерттеуге, осындай іс-әрекеттің негізгі түрткісін және ықпал ету факторларын айкындауға себепші болады. Сатушы тауарды кабылдауға ықпал етіп қоймай, сатып алу жөнінде шешім қабылдауға ыкпал ете алады. Сол себептен, тұтынушы тауарды өзіне керек екендігін сезініп, сату әрекетін жүзеге асыру үшін нақты тауарды қабылдауды зерттеу қажет. Стып алу женіндегі шеші.м қабылдау түрлі сыртқы және ішкі ынталандырушылар ықпалымен жүзеге асырылады. Сатушының алдындағы негізгі сауал: нарықтын түрткі болатын әр түрлі амалдарына тұтынушы калай жауап кайтарады, яғни тауардың әр түрлі сипаттамаларына - бағаға, жарнаманын себептеріне және т.б. Осынын бәрін білетін болса, баска бәсекелесушілерімен салыстырғанда, ұтымды жағдайда болады. Сол себептен фирмалар көп күш -жігерін нарықтың түрткі болатын факторлары және тұтынушынын қайтаратын жауабы арасындағы тәуелдікті зерттеу үшін жұмсайды. Осы іс -эрекеггің бастамасы - сатып алушылық іс -әрекеттін қарапайым үлгісі. Сатып алушылық іс -әрекеттің кеңейтілген үлгісінде негізгі ынталандырушылар мен сатым алушылардын қайтарар жауабының толық сипаттамасы беріледі. Тұтынушы санасындағы қара жәшікте және баска факторлардың ықпалымен тауар сатып алу туралы шешім кабылданады. Талап-тілектер адамның сана сезімінен өтіп, саналы түрде қалыптасады. Такырып 11. Әлеуметтік қызмет көрсету нарығы және оның ерекшеліктері Нарықтық қатынастар жағдайында өндірістік кұралдар айырбас арқылы нарық субъектілеріне келіп түседі. Өндіріс құралдар саудасына көшу, ендірістік-материалдык өнімдерін айырбастау формасы ретінде тауарлык айналымды мойындау деп түсінуге болады. Өндіріс құралдар нарығы өз алдына біркелкі жүйені, яғни, сұраным, ұсыным және бага негізінде берілген тауарды сату немесе сатып алу барысында құрайды. Капиталдың бірнеше ұғымдары бар: өндіріс құралдары, материалдық-техникалык ресурстар, өндірістік-техникалык бағытқа арналған өнімдер. Өндіріс құралдарының сұранысы өндіріс кұралдарына және өнімнің өсуіне деген тиімді шығындармен тығыз байланысты. Өндіріс кұралдарының сұраным бағасы - ол ең жоғарғы баға, сондықтан келешекте кәсіпкер нақты пайданы табу мақсатымен оны төлеуге мүмкіндік алады. Өндіріс құралдар нарығы қайта өндірудің үздіксіз процесімен қамтамасыз етіледі. Өндіріс кұралдарынын нарығы баскада нарықтар сиякты екі негізгі экономикалық заңға тәуелді: құн заңына және сұраныс пен ұсыным занына. Өндіріс құралдары нарығы сипатына қарай қолданылатың тауарлар келесідей бөлінеді: отын және минералды ресурстар нарығы, ауыл-шаруашылық шикізат нарығы, металл нарығы, химиялык және басқа өнім түрлері, машинамен жабдықтау нарығы, ғылыми-техникалық, білім нарығы. Өндіріс кұралдары нарығының инфрақұрылымы - бұл шикізат, материалдар, станоктар, техника, жабдықтаушы бұйымдар және т.б. ресурстардың еркін айналымын іске асыратын ұйымдардын кешені. Өндіріс құралдары нарығы -ол реттелген кұрылым, соның негізінде сатушы мен айналым саласынан өндіріс саласына немесе тұтынушының иелігіне ауысады. Өндіріс құралдары нарығының қалыптасуы және дамуы тиісті ұйымдастырушылыкқ негізінің қүрылуы шартымен мүмкін -материалдық ағымдар қозгалысын реттейтін, өндірісшілер мен тұтынушылар өнімдері арасында коммерциялык делдалдар ретінде әрекет жасайтын органдар жүйесімен. Өндіріс кұраддары нарығының негізгі кызметтері: 1. Іскерлік қатынастарды ұйымдастыру 2. Өндіріс құралдарын келісім-шарт негізінде жеткізу 3. Сала және аймак бойынша тауар қозғалысы ағымыи қамтамасыз ету. 4. Өндіріс құралдарын өткізуді реттеу. 5. Тұтынушыларға кызмет керсету. Өндірістік құралдар нарығы инфракұрылымынын элементтері: ендіріс құрал жабдықтарын дайындайтын кәсіпорындар, өндірістік кәсіпорындар, өндірістік құралдар өндейтін, дайындайтын кәсіпорындар, лизингтік компаниялар, іскерлік ынтымактастык ассоиияциялар, материалдык ресурстарды бакылайтын инспекциялар саналады. 3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР Тақырып 1. Әлеуметтік сала басқару объектісі мен әлеуметтік даму ретінде Әлеуметтік сала түсінігі және анықтамалары. Қоғамдық өмірдеәлеуметтік сала мен басқа салалардың қатынасы. Әлеуметтік саланың негізгі компоненттері. Әлеуметтік саланы басқару түсінігі және тетіктері. Әлеуметтік даму түсінігі және факторлары. Әлеуметтік даму қажеттілігі және артықшылығы. Тәжірибелік сабақтың жоспары: (1сағат): 1. Пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттері. 2. Әлеуметтік саланы басқару 3. Әлеуметтік саланың дамуы Өзін-өзі тексеру сұрақтары * Әлеуметтік саясат қалай іске асады? * Әлеуметтік саланы басқару құрылымы Әдебиет + Государственное регулирование рыночной экономики /Под ред. Кушлина В.И., Волгина Н.А. М: Экономика, 2001. + Бурджалов Ф.Э. Современная социальная политика.- М., Гардарика, 2006. + Желтов А.М. Государственное регулирование экономики: Учебное. пособие.-Н.Новгород: ВВАГС, 2004. Тақырып 2. Экономикалық аспектідегі әлеуметтік сала Әлеуметтік сфераның салалық жүйесі. Салалар жүйесінің жалпы көрсеткіштері. Әлеуметтік саланы анықтау. Әлеуметтік саланың тарихи эволюциясы. Әлеуметтік саланың экономикалық аспектілері. Әлеуметтік сала секторлары және ұйымның түрлері. Тәжірибелік сабақтың жоспары: (1 сағат): 1. Қоғамның әлеуметтік экономикалық жағдайын реттеу 2. Нарық жағдайындағы мемлекет Өзін-өзі тексеру сұрақтары * Әлеуметтік саясаттың экономикалық аспектілері * Әлеуметтік саясаттағы экономикалық элементтер Әдебиет * Бабич A.M., Егоров Е.В., Жильцов Е.Н. Экономика социального страхования. М.: ТЕИС, 2006. С. 6-20, 27-106. * Коммерческая и некоммерческая деятельность в социальной сфере / Шейман И.М., Якобсон Л.И., Демидова Л.С. и др. М.: Наука, 2005. С. 7-27. * Стиглиц Дж.Ю. Экономика государственного сектора: Пер. с англ. М.: Изд-во Московского университета, 2007. С. 18-28. * Шишкин СВ. Экономика и управление в сфере культуры: поиск новых моделей. М.: НИИ культуры. 2002. С. 12-15, 173-180. Тақырып 3. Әлеуметтік саясат әлеуметтік саланы басқару негізі ретінде Әлеуметтік саясат қоғам мүшелерінің өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын реттейтін мемлекет қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Әлеуметтік мемлекет модельдері және сипаттамасы. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының тетіктері және сипаттамасы. ҚР әлеуметтік саясаты. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат және көмек (күнкөріс минимумы, Ұлы Отан соғысының мүгедектері, ардагерлеріне әлеуметтік көмек, Семей ядрлық полигонынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік қорғау, әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларына әлеуметтік социальная защита көмек, мемлекеттің арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуі). ҚР әлеуметтік төлемдер (көп балалы отбасыларына мемлекеттік көмек, мүгедектерге әлеуметтік көмек, асыраушысынан айырылғандарға және зейнеткерлерге әлеуметтік көмек, мемлекеттік арнайы көмек алуға құқылы азаматтарды әлеуметтік қамту). Қазақстан халқына мемлекеттік көмек көрсету. Мүгедектерге мемлекеттік базалық әлеуметтік көмекті есептеу және беру ережелері, Зейнетақы төлемдерін беретін Мемлекеттік орталық ережелері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері, мемлекеттік арнайы көмектер. Тәжірибелік сабақтың жоспары: (2 сағат): - Қазақстандағы аймақтық саясат - Қазақстанда мемлекеттің құрылымдық қайта құруға стратегиялық араласуы - Жақын кезеңнің стратегиялық міндеті Әдебиет: * Бабич A.M., Егоров Е.В., Жильцов Е.Н. Экономика социального страхования. М.: ТЕИС, 2006. С. 6-20, 27-106. * Коммерческая и некоммерческая деятельность в социальной сфере / Шейман И.М., Якобсон Л.И., Демидова Л.С. и др. М.: Наука, 2005. С. 7-27. * Стиглиц Дж.Ю. Экономика государственного сектора: Пер. с англ. М.: Изд-во Московского университета, 2007. С. 18-28. Тақырып 4. Әлеуметтік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету Әлеуметтік басқарудағы ақпарат түсінігі. Әлеуметтік басқарудағы ақпарат түрлері. Әлеуметтік процестерді басқаруда қолданылатын қазіргі ақпараттық технологиялар. Әлеуметтік басқаруда ақпараттық қауіпсіздікті қамту мәселелері. Тәжірибелік сабақтың жоспары: (1сағат): + Әлеуметтік басқаруды ақпараттық қамтамасыздығы + Басқару құрылымына қойылатын талаптар және оны анықтайтын факторлар Әдебиет: * Афанасьев В.Г. Человек в управление обществом. М,2006. * Иванов В.Н. Основы социального управления. - М, 2004. * Мелюхин И.С. Информационное общество: истоки, проблемы, тенденции развития. - М.: Изд-во Моск. Ун-та, 2008. * Удальцова М.В. Социология управления. - М.: 2005 Тақырып 5. Басқару шешімдері, әлеуметтік бақылау және басқару тиімділігі Әлеуметтік салада басқару шешімдерін жасау түсінігі және түрлері. Басқару шешімдерінің типтері. Басқару шешімдерін қабылдау қағидалары. Шешім қабылдау процесінің стадиясы. Әлеуметтік бақылау жүргізу функциялары, маңызы және әдістері. Әлеуметтік басқару тиімділігі. Әлеуметтік басқаруда тиімділікті анықтау әдістері. Тәжірибелік сабақтың жоспары: (2 сағат): + Қазақстандағы жүйелі қайта құрулар + Жергілікті жердегі басқару жүйесі Әдебиет: * Афанасьев В.Г. Человек в управление обществом. М,2006. * Иванов В.Н. Основы социального управления. - М, 2004. * Удальцова М.В. Социология управления. - М.: 2005. * Гинзбург В. Э.Разработка управленческих решений: краткий курс лекций - Хабаровск: ДВАГС, 2008. * Литвак Б.Г. Экспертные оценки и принятие решений. - М.: Патент,2006. * Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф., Основы менеджмента. - М.: Дело, 2008. Тақырып 6. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу Денсаулық сақтау ұйымында мемлекет рөлі. ҚР денсаулық сақтау субъектілері және жүйесі. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министерствосы: сипаттамасы, миссиясы, міндеттері, құрылымы. ҚР денсаулық сақтау жүйесіндегі заңдары. Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтуы. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жағдайы. Қазақстанда денсаулық сақтау жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер динамикасы. Тәжірибелік сабақтың жоспары: (2 сағат): 1. Денсаулық сақтау ісі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің базалық өлшемінің бірі 2. Денсаулық сақтау ісін дамыту мен реформалаудың мемлекеттік бағдарламасы Әдебиет * ҚР Заңы <<Денсаулық сақтау жүйесі туралы>> 4 маусым 2003 жыла № 430-II * 2011-2014 жылдарға денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Тақырып 7. Білім беру саласындағы мемлекеттк реттеу Қоғамда білімнің анықтамасы және түсінігі. Білім саласын мемлекеттік реттеу рөлі. ҚР білім жүйесінің міндеттері, қағидалары және деңгейлері. Білім беру қызметінің субъектілері. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі: сипаттамасы, қызметтері, міндеттері, құрылымы. ҚР білім беру жүйесіндегі заңдары. Қазақстанда білім беру жүйесін қаржылық қамтуы. Қазақстан Республикасындағы білім жүйесінің қазіргі жағдайы. Қазақстанда білім беру жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер динамикасы. Тәжірибелік сабақтың жоспары: (2 сағат): * Білім беру саяси, әлеуметтік және экономикалық прогрестің басты факторы. * Қоғамдық қарым-қатынастар жүйесі. * Қазіргі заманғы білім берудің бәсекеге қабілетті жүйесі. Әдебиет * <<Білім туралы>> Заңы 27.07.2007 N 319-3 * 2011 - 2014 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Тақырып 8. Мәдениет саласындағы мемлекеттік реттеу Қоғам өмірінде мәдениет түсінігі, рөлі және маңызы. Қазақстанда мәдениет саласында мемлекеттік саясат міндеттері және қағидалары. ҚР мәдениет саласындағы ұйымдар және ұйымдастырушылық қызмет. Қазақстан Республикасындағы мәдениет және ақпарат Министерствосы: сипаттамасы, миссиясы, міндеттері, құрылымы. Қазақстан мәдениет жүйесіндегі заңдары. Қазақстандағы мәдениет саласындағы қаржылық қамту. ҚР мәдениет саласының қазіргі жағдайы. Қазақстанда мәдениет жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер динамикасы. Тәжірибелік сабақтың жоспары: (2 сағат): 1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік реттеу. 2. Мәдениет саласындағы мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін нормативтік құжаттар. 3. Мәдениет саласындағы мемлекеттік бағдарламалар Әдебиет * Сильверстов В.В. Культура. Деятельность. Общение. - Москва: 1998 * <<Мәдениет туралы>> ҚР Заңы 15 желтоқсан 2006 жыл Тақырып 9. Әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі зейнетақы қамтамасыздығы Зейнетақымен қамту жүйесіндегі мемлекет рөлі. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамту негіздері. Зейнетақы қамтудағы мемлекеттік кепілдіктері. Қазақстанда зейнетақы қамту ұйымдарының формалары. Орталықтан зейнетақы қамтудың мазмұны. Жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақымен қамту сипаттамасы. Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамту мазмұны. Жинақтаушы зейнетақы қорларының ұйымдастыру және қызмет етудің заңнамалық негіздері. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамту жүйесінің қайта қалыптасуы. Тәжірибелік сабақтың жоспары: (1 сағат): * Мемлекеттің мүмкіндіктерін және зейнетақымен қамсыздандыру * Үкімет жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін төлеу жүйесі Әдебиет * Государственное регулирование рыночной экономики /Под ред. Кушлина В.И., Волгина Н.А. М: Экономика, 2001. * Бурджалов Ф.Э. Современная социальная политика.- М., Гардарика, 2006. * Желтов А.М. Государственное регулирование экономики: Учебное. пособие.-Н.Новгород: ВВАГС, 2004. * Управление социальной сферой: Учебник / Под ред. В.Э.Гордина:. - СПб., 2008. Тақырып 10. Үй шаруашылығын басқару тұрғындар өмірінің деңгейін зерттеудің орталық объектісі ретінде Үй шаруашылығының түсінігі және экономикасы. Үй шаруашылығының түрлері. Нарықтық қатынастардың дамуында үй шаруашылығының рөлі. Үй шаруашылығын зерттеу тәжірибесі және әдістемесі. Үй шаруашылықтарының өндірістік және экономикалық қызметтері. Үй шаруашылы,ының кәсіпкерлік қызметі және сипаттамасы. Тәжірибелік сабақтың жоспары: (1 сағат): ** Үй шаруашылығының түсінігі және экономикасы ** Үй шаруашылығының түрлері ** Нарықтық қатынастардың дамуында үй шаруашылығының рөлі ** Үй шаруашылығын зерттеу тәжірибесі және әдістемесі Өзін-өзі тексеру сұрақтары * Үй шаруашылығының түсінігі және экономикасы * Үй шаруашылығының түрлері * Нарықтық қатынастардың дамуында үй шаруашылығының рөлі Әдебиет * Государственное регулирование рыночной экономики /Под ред. Кушлина В.И., Волгина Н.А. М: Экономика, 2001. * Бурджалов Ф.Э. Современная социальная политика.- М., Гардарика, 2006. * Желтов А.М. Государственное регулирование экономики: Учебное. пособие.-Н.Новгород: ВВАГС, 2004. * Управление социальной сферой: Учебник / Под ред. В.Э.Гордина:. - СПб., 2008. Такырып 11. Әлеуметтік қызмет көрсету нарығы және оның ерекшеліктері Қызмет көрсету нарығының түсінігі және қызметтері. Қызмет көрсету нарығының экономикалық және әлеуметтік қызметтері. Қызмет көрсету нарығының ерекшелігі және оның тауар нарығынан айырмашылығы: монополизациялаудың төменгі деңгейі, конъюнктураның жоғары деңгейі. Әлеуметтік салада қызмет көрсету нарығын қалыптастыруда мемлекеттің реттеу рөлі. Өмірлік қиын жағдайда жүрген тұлғаларға (отбасыларына) арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуде қоғамдық қарым-қатынастар. Әлеуметтік саладағы кәсіпкерліктің рөлі және кәсіпкерлік қызметке ықпалын тигізетін факторлар. Мемлекеттік және жеке кәсіпкерліктің ерекшеліктері. Тәжірибелік сабақтың жоспары: (1 сағат): * Қызмет көрсету нарығының түсінігі және қызметтері. * Қызмет көрсету нарығының экономикалық және әлеуметтік қызметтері. * Қызмет көрсету нарығының ерекшелігі және оның тауар нарығынан айырмашылығы: монополизациялаудың төменгі деңгейі, конъюнктураның жоғары деңгейі. Өзін-өзі тексеру сұрақтары * Қызмет көрсету нарығының түсінігі және қызметтері. * Қызмет көрсету нарығының экономикалық және әлеуметтік қызметтері. * Қызмет көрсету нарығының ерекшелігі және оның тауар нарығынан айырмашылығы: монополизациялаудың төменгі деңгейі, конъюнктураның жоғары деңгейі. Әдебиет * Государственное регулирование рыночной экономики /Под ред. Кушлина В.И., Волгина Н.А. М: Экономика, 2001. * Бурджалов Ф.Э. Современная социальная политика.- М., Гардарика, 2006. * Желтов А.М. Государственное регулирование экономики: Учебное. пособие.-Н.Новгород: ВВАГС, 2004. * Управление социальной сферой: Учебник / Под ред. В.Э.Гордина:. - СПб., 2008. 4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 4.1 СӨЖ тақырыптары 4.1.1. Әлеуметтік нарықтық экономиканың негіздері 4.1.2. Әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқару 4.1.3. Мемлекеттік әлеуметтік саясат және оны қамтамасыз етудің нарықтық бағыттау механизмі 4.1.4. Әлеуметтік сфераны басқаруды жетілдіру 4.1.5. Қазақтандағы халықты әлеуметтік қорғау 4.1.6. Халықты әлеуметтік қорғаудың шетелдік тәжірибесі 4.1.7. Әлеуметтік жоспарлау және жобалау негіздері 4.1.8. Мемлекетте медициналық қызмет көрсету жағдайы 4.1.9. Жастарды жұмыспен қамту сферасындағы мемлекеттік әлеуметтік саясат 4.1.10. Қазақстан Республикасында мәдениет саласының негізгі көрсеткіштері 4.1.11. Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорлары және негізгі көрсеткіштері 4.1.12. <<Қазақстан Республикасында күнкөріс минимумының орташа жылдық көрсеткішін есептеу және айлық есептік көрсеткіш>> 4.1.13. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының еңбек нарығын мемлекеттік реттеу 4.1.14. Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй саясаты 4.2 СОӨЖ тақырыптары 4.2.1. Халықтың ашқұрсақ жiктерi үшiн экономикалық мүмкiндiктердi кеңейту 4.2.2. Еңбекке жарамды халықтың неғұрлым жоғары тұрмыс деңгейiн қамтамасыз ететiн табыс табуына мүмкiндiк беретiн экономикалық жағдай жасау 4.2.3. Орталық Үкiмет пен жергiлiктi әкiмшiлiктер арасындағы әлеуметтiк саясатта жүргiзу мiндеттерi мен жауапкершiлiктерiн нақты ажыратып анықтау 4.2.4. Медициналық қызмет көрсету мен жалпы бiлiм алудың оңтайлығын және халықтың берiлетiн игiлiктер мен көрсетiлетiн қызметтiң түрлерiн таңдап алуының мүмкiндiктерiн, олардың сапасын қамтамасыз ету 4.2.5. Әлеуметтiк нормативтердi есепке алып, әр деңгейлi бюджет жүйесiн жасау: әлеуметтiк нормативтердiң негiзi ретiнде бiлiм беру, денсаулық сақтау 4.2.6. Әлеуметтiк қамсыздандырулардың мемлекеттiк стандарттары (үлгiлерi): әлеуметтiк қызмет көрсетушi мекемелер мен ұйымдарды мемлекет иелiгiне алу немесе жекешелендiру; әлеуметтiк қызмет көрсетуде монополиялық жағдайды жою, арнайы рұқсат беру (лицензиялау) негiзiнде бұл салаға жеке меншiк сектордан капитал тарту және оны пайдалану; әлеуметтiк iс-шаралардың нақты бағдарламасын жасау, олардың нақты орындалу мерзiмдерiн белгiлеу және орындалу нәтижесiн тұрақты қадағалап, тексерiп отыру; 4.2.7. Билік пен экономиканы орталықсыздандыру, аймақтарға дербестік беру 4.2.8. Аймақтың табиғи-ресурстық әлеетін пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, 4.2.9. Елдің және аймақтардың экономикалық дамуының бірлескен стратегиясын жасау шығару 4.2.10. Аймақтардың экономикалық дамуынң деңгейін теңестіру 4.2.11. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау сферасының мемлекеттік саясатын жүзеге асыру (облыс, Семей қаласының мысалында) 4.2.12. ҚР мемлекеттік тұрғын үй саясатын жүзеге асыру: қазіргі жағдайы және жетілдіру жолдары 4.2.13. ҚР білім сферасындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру (Семей қаласының мысалында) 4.2.14. ҚР еңбек нарығы және жұмыспен қамтуды реттеу сферасындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру <<Әлеуметтік саланы реттеу>> пәнінен межелік бақылауға арналған сұрақтар * Әлеуметтік сала түсінігі және анықтамалары. * Қоғамдық өмірдеәлеуметтік сала мен басқа салалардың қатынасы. * Әлеуметтік саланың негізгі компоненттері. * Әлеуметтік саланы басқару түсінігі және тетіктері. * Әлеуметтік даму түсінігі және факторлары. * Әлеуметтік даму қажеттілігі және артықшылығы. * Әлеуметтік сфераның салалық жүйесі. * Салалар жүйесінің жалпы көрсеткіштері. * Әлеуметтік саланы анықтау. * Әлеуметтік саланың тарихи эволюциясы. * Әлеуметтік саланың экономикалық аспектілері. * Әлеуметтік сала секторлары және ұйымның түрлері. * Әлеуметтік мемлекет модельдері және сипаттамасы. * Мемлекеттің әлеуметтік саясатының тетіктері және сипаттамасы. * ҚР әлеуметтік саясаты. * Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат және көмек (күнкөріс минимумы, Ұлы Отан соғысының мүгедектері, ардагерлеріне әлеуметтік көмек, Семей ядрлық полигонынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік қорғау, әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларына әлеуметтік көмек, мемлекеттің арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуі). * ҚР әлеуметтік төлемдер (көп балалы отбасыларына мемлекеттік көмек, мүгедектерге әлеуметтік көмек, асыраушысынан айырылғандарға және зейнеткерлерге әлеуметтік көмек, мемлекеттік арнайы көмек алуға құқылы азаматтарды әлеуметтік қамту). Қазақстан халқына мемлекеттік көмек көрсету. * Мүгедектерге мемлекеттік базалық әлеуметтік көмекті есептеу және беру ережелері. * Зейнетақы төлемдерін беретін Мемлекеттік орталық ережелері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері, мемлекеттік арнайы көмектер. * Әлеуметтік басқарудағы ақпарат түсінігі. * Әлеуметтік басқарудағы ақпарат түрлері. * Әлеуметтік процестерді басқаруда қолданылатын қазіргі ақпараттық технологиялар. * Әлеуметтік басқаруда ақпараттық қауіпсіздікті қамту мәселелері. * Әлеуметтік салада басқару шешімдерін жасау түсінігі және түрлері. * Басқару шешімдерінің типтері. * Басқару шешімдерін қабылдау қағидалары. * Шешім қабылдау процесінің стадиясы. * Әлеуметтік бақылау жүргізу функциялары, маңызы және әдістері. * Әлеуметтік басқару тиімділігі. * Әлеуметтік басқаруда тиімділікті анықтау әдістері. * Денсаулық сақтау ұйымында мемлекет рөлі. * ҚР денсаулық сақтау субъектілері және жүйесі. * Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі: сипаттамасы, миссиясы, міндеттері, құрылымы. * ҚР денсаулық сақтау жүйесіндегі заңдары. * Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтуы. * Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жағдайы. * Қазақстанда денсаулық сақтау жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер динамикасы. * Қоғамда білімнің анықтамасы және түсінігі. * Білім саласын мемлекеттік реттеу рөлі. * ҚР білім жүйесінің міндеттері, қағидалары және деңгейлері. * Білім беру қызметінің субъектілері. * Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі: сипаттамасы, қызметтері, міндеттері, құрылымы. * ҚР білім беру жүйесіндегі заңдары. * Қазақстанда білім беру жүйесін қаржылық қамтуы. * Қазақстан Республикасындағы білім жүйесінің қазіргі жағдайы. * Қазақстанда білім беру жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер динамикасы. * Қоғам өмірінде мәдениет түсінігі, рөлі және маңызы. * Қазақстанда мәдениет саласында мемлекеттік саясат міндеттері және қағидалары. * ҚР мәдениет саласындағы ұйымдар және ұйымдастырушылық қызмет. * Қазақстан Республикасындағы мәдениет және ақпарат Министрлігі: сипаттамасы, миссиясы, міндеттері, құрылымы. * Қазақстан мәдениет жүйесіндегі заңдары. * Қазақстандағы мәдениет саласындағы қаржылық қамту. * ҚР мәдениет саласының қазіргі жағдайы. * Қазақстанда мәдениет жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер динамикасы. * Зейнетақымен қамту жүйесіндегі мемлекет рөлі. * Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамту негіздері. * Зейнетақы қамтудағы мемлекеттік кепілдіктері. * Қазақстанда зейнетақы қамту ұйымдарының формалары. * Орталықтан зейнетақы қамтудың мазмұны. * Жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақымен қамту сипаттамасы. * Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамту мазмұны. * Жинақтаушы зейнетақы қорларының ұйымдастыру және қызмет етудің заңнамалық негіздері. * Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамту жүйесінің қайта қалыптасуы. * Үй шаруашылығының түсінігі және экономикасы. * Үй шаруашылығының түрлері. * Нарықтық қатынастардың дамуында үй шаруашылығының рөлі. * Үй шаруашылығын зерттеу тәжірибесі және әдістемесі. * Үй шаруашылықтарының өндірістік және экономикалық қызметтері. * Үй шаруашылығының кәсіпкерлік қызметі және сипаттамасы. * Қызмет көрсету нарығының түсінігі және қызметтері. * Қызмет көрсету нарығының экономикалық және әлеуметтік қызметтері. * Қызмет көрсету нарығының ерекшелігі және оның тауар нарығынан айырмашылығы: монополизациялаудың төменгі деңгейі, конъюнктураның жоғары деңгейі. * Әлеуметтік салада қызмет көрсету нарығын қалыптастыруда мемлекеттің реттеу рөлі. * Өмірлік қиын жағдайда жүрген тұлғаларға (отбасыларына) арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуде қоғамдық қарым-қатынастар. * Әлеуметтік саладағы кәсіпкерліктің рөлі және кәсіпкерлік қызметке ықпалын тигізетін факторлар. * Мемлекеттік және жеке кәсіпкерліктің ерекшеліктері.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz