Файл қосу
Ауа қабатының температурасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ МСЖ құжат 3 деңгейлі ПОӘК ПОӘК 042-18.21.1. /02.2013 ПОӘК <<Агрометеорология>> пәнінен оқытушыларға арналған жұмыс бағдарламасы Басылым №2 5В080100 <<Агрономия >> мамандығына арналған <<Агрометеорология>> пәнінің ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ПӘННІҢ ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2013 Алғы сөз Алғы сөз I. Құрастырған Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің <<Агротехнология және орман ресурстары>> кафедрасының аға оқытушысы --------Каламов Бақытбек Хамзаұлы << ___>> ______ 2013 жыл 2. Талқыланды: 2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің <<Агротехнология және орман ресурстары>> кафедрасының мәжілісінде. Хаттама << ___>> ______ 2013 жыл, № Кафедра меңгерушісі, профессор:____________ Сейлгазина С.М. 2.2. Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде Хаттама << ___>> ______ 2013жыл, № Төраға ______________Тлеубаева А.В 3. БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды Хаттама<< ___>> ______ 2013 жыл № ОӘК төрағасы, проректор ____________Г.К.Искакова 4. Бірінші рет еңгізілді Мазмұны 1 Қолданылу аймағы 2 Нормативтік сілтемелер 3 Жалпы жағдайлар 4Оқытушылар үшін пәннің оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны. 5 Студенттің өздік жұмысы үшін тақырыптардың тізімі. 6 Пәннің оқу- әдістемелік картасы 7 Оқу- әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету картасы 8 Әдебиеттер * Қолданылу аймағы <<Агрометеорология>> пәні бойынша оқу- әдістемелік кешеннің құрамына кіретін оқытушылардың жұмыс оқу жоспары 5В080100 <<Агрономия>> мамандығының студенттріне арналған. Ол студенттерді курстың мазмұнымен, оның өзектілігімен және қажеттілігімен, курс саясатымен, оқу процесінде студенттер игеретін тәжірибемен таныстырады. Оқу- әдістемелік кешен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің агротехнология кафедрасында пәнді оқытудың негізгі құралы болып табылады. * Нормативтік сілтемелер <<Агрометеорология>> пәнінің оқытушыларға арналған жұмыс оқу бағдарламасы осы пәннің оқу процесін ұйымдастыру ретін келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес орнатады: - Университет бойынша Агрономия мамандығына арналған -элективтік пәндер бойынша бекітілген каталог. Хаттама №1 22-09-2008 жыл. - Университет стандарты СТУ 042-РГКП-СГУ-8-2007 <<Пәннің оқу- әдістемелік кешенінің дайындауға және әзірлеуге қойылатын жалпы талаптар>>; - ДП 042-08.10.10.12-2007 Құжаттық процедура <<Пәннің оқу- әдістемелік кешенінің құрылымы және мазмұны>> 3. Жалпы жагдайлар 3.1 Пәннің қысқаша мазмұны. 5В080100 <<Агрономия>> мамандығының студенттеріне арналған. <<Агрометеорология>> пәні - климат пен ауа райының ауыл шаруашылық өндірісіне тигізетін әсерін зерттейтін ғылым. Студенттерге агрометеорология жөніндегі білім мынадай жағдайларда қажет болады: а) арнайы мамандық пәндерді оқып-үйренуде; ә) курстық жұмыстарды орындауда; б) диплом жұмысында, магистратурада эксперименттік зерттеулер жүргізу және т.б. Мұндай білім мамандарға қалыптасқан және күтілетін ауа райы жағдайларына дұрыс бағалай білу үшін қажет. 3.2 Курстың мақсаты. Ауа райының оның өзгеріп тұруына көңіл бөліп, ол өзгерістердің: * Ауыл шаруашылық дақылдарының өніп-өсуіне; * Ауыл шаруашылық дақылдарын аурулары мен зиянкестерінің пайда болуы мен таралуына; * Микроорганизмдердің дамуына; * Топырақ құрамының қалыптасу үрдісіне және т.б.жағдайларға тигізетін әсерін бақылап отыру қажет. 3.3 Пәнді оқыудың негізгі мақсаты ауа райы жағдайларын дұрыс бағалай білу. Өйткені дақылдардың географиялық таралуы мен орналасуы, себу мерзімі, қолданылатын агротехника мен егіс айналымы, ең соңында өнім алу климат пен ауа райына байланысты. 3.4 Пәнді игеру нәтижесінде студент: Ауа райы және климат жағдайлардың ауыл шаруашылығына тигізетін үлкен әсеріне байланысты агрометеорология ғылымын оқып үйрену студенттерге төмендегідей міндеттер жүктейді: * Ауыл шаруашылық дақылдарының өніп, өсуіне және өнімділігіне климат пен ауа райының әсерін бақылау; * Метеорологиялық элементтердің және климаттық жағдайлардың географиялық аймақтарда қалыптасу заңдылығын зерттеу; * Жергілікті аймақта қолданылатын агротехникаларға ауа райы және климат жағдайларының тиімді әсерін, бақылау; * Ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестерінің пайда болуына, көбеюіне ауа райы және климат жағдайларының әсерін зерттеу; * Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларымен күресу мерзімі, қолданылған шаралардың тиімділігіне климаттық жағдайлардың әсерін бақы 3.5 Курстың перереквизиттері. Ботаника, өсімдік физиологиясы, химия, микрбиология. 3.6 Курстың постреквизиттері. Өсімдік шаруашылығы, мал азығын өндіру, егіншілік. * Оқытушылардың пәннің оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны Кесте 2 - Пәннің мазмұны. Сабақтың түрі бойынша сағаттарды бөлу № Тақырыптар атауы Тақырыптар мазмұны Сағаттар саны Әдебиеттер 1 2 3 4 5 Дәрістік сағаттар 1,2 Агрометеорология туралы жалпы мағлұматтар Дәріс мазмұны: Агрометеорология пәнi - климат пен ауа райының ауылшаруашылық өндiрiсiне тигiзетiн әсерiн зерттейтiн ғылым. Студенттерге агрометеорология жөнiндегi бiлiм мынандай жағдайларда қажет болады: а) арнайы мамандық пәндердi оқып үйренуде; ә) курстық жұмыстарды орындауда; б) диплом жұмысында, магистратурада эксперименттiк зерттеулер жүргiзу және т.б. Мұндай бiлiм мамандарға қалыптасқан және күтiлетiн ауа райы жағдайларына дұрыс бағалай бiлу үшiн қажет. 1 * Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж. * Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж. * Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976. 3,4 Атмосфера - ауыл шаруашылық өндірісінің ортасы. Атмосфера дегенiмiз - жер шарын қоршап тұрған ауа қабаттары. Ол жер бетiнен бiрнеше мың шақырымға тарап, планетааралық кеңiстiкке өтедi. Атмосфера көлденең бағытта да, тiгiнен де бiркелкi болмайды. Ол физикалық қасиеттерi мен биiктiкке сәйкес температураның өзгеруiне орай 5 қабатқа бөлiнедi. 1 - Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б. - Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИ метеорологического института. М., Гидрометеоиздат., 1981.-60 с. - Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат. 5,6 Күн радиациясы Күн радиациясы метеорологиялық элементтер дiң iшiндегi ең маңыздысы болып табылады. Жер бетiндегi барлық физикалық құбылыстардың жүруiнiң негiзгi күшi күн радиациясы болып есептелiнедi. Күн - үлкен шар тәрiздес, беткейiндегi температура 60000С, ал iшкi жағында температура 40 млн градусқа жетедi. Күнде тоқталмайтын ядерлық реакциялар болып жатады, соның әсерiнен 5,3х1027 кал/мин энергия жан жағына бөлiнiп жатады. Осы энергиядан 1 км2 жер бетiне жылына 2,5х1012 ккал жетедi. Бұл энергияның жер бетiне келуi күн мен жарық ара қашықтығына байланысты болады. 1 * Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж. * Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж. * Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976. 7,8 Топырақтың температуралық режимі Жылу қуатын сiңiру және кескiнiнде тасымалдау процестерiнiң жиынтығын топырақтың жылу қасиеттерi дейдi. Оларға жататындар: жылу сiңiру (қайтару) қабiлетi, жылу сиымдылығы және жылу өткiзгiштiгi. Топырақтың жылу сiңiруi (қайтаруы) деп топырақ бетiне түскен күн радиациясының белгiлi бiр бөлiгiн сiңiру (қайтару) қабiлетiн айтады. Оның мөлшерi альбедомен (А)-жер бетiне жеткен жалпы күн радиациясының одан қайтарылған (дарымаған), пайызбен көрсетiлген қысқатолқынды (1 м) мөлшерi. 2 - Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б. - Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИ метеорологического института. М., Гидрометеоиздат., 1981.-60 с. - Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат. 9,10 Ауа қабатының температурасы Ауаның температурасының өзгеруiне жер бетi қатты әсерiн тигiзедi. Мысалы: орман, дала, батпақ, шөлейт, топырақ (құм, қара топырақ), өйткенi жер бетiндегi аталынған табиғат заттары жылулықты әр түрлi мөлшерде сiңiредi де, әр түрлi мөлшерде жылу бөлiп шығарады. Жер бетiндегi өсiмдiк жамылғысы өздерiне тән фитоклимат құрайды. Бұл жерде температураның таралуы күн радиациясына, ылғалдылыққа және желге байланысты болады. Өсiмдiгi сирек жерлерде ең жоғарғы температура күндiз топырақ бетiнде, ал өсiмдiк қалың болып өскен сайын жоғарғы температура өсiмдiктердiң ең жоғарғы қабатында болады. 2 * Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж. * Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж. * Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976. 11,12 Ауа ылғалдылығы Ауаның ылғалдылығы дегенiмiз атмосферадағы су буының мөлшерi. Атмосферадағы су буы бiр шаршы метрде граммен және мм, мб өлшемдерiмен өлшенедi. Ауаның ылғалдылығы мынадай көсеткiштермен сипатталады: а) Абсолюттiк ылғалдылық (е), мм, мб; ә) Салыстырмалы ылғалдылық (r), %; б) Ылғалдылықтың жетiспеушiлiгi (d), мм, мб; в) Шық нүктесi (). Абсолюттiк ылғалдылық (е) деп 1 м3 ауада болатын грамм есебiндегi су буының мөлшерi немесе осы температурада мб, мм есебiмен ауада болатын су буының (е) нығыздығын айтады. Ол мынадай формуламен есептеп шығарылады: е= Е1-АР (t-t1), мм, мб; 1 - Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б. - Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИ метеорологического института. М., Гидрометеоиздат., 1981.-60 с. - Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат. 13,14 Топырақ ылғалдылығы Өсiмдiктер, топырақ фаунасы мен флорасы үшiн ең алдымен топырақтан алынатын су-олардың өмiр сүруiнiң негiзi. Топырақ ылғалының тағы да бiр қажеттiлiгi - ол болмаса өсiмдiк басқа факторларды пайдалана алмайды. Топыраққа су атмосфералық жауын-шашын түрiнде, жер асты суларынан, атмосферадағы су буының конденсациялануынан (сұйық түрге айналуынан), егiндi суару кезiнде келiп түседi. 2 * Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж. * Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж. * Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976. 15,16 Жел, оның ауылшаруашылығына тигізетін әсері Жел мен ауа райының байланыстығын, желдiң ауа-райының өзгеруiне тигiзетiн әсерiн (384-322 ж.ж. бiздiң эраға дейiн) Аристотел ашқан болатын. Жел деп ауаның көлденең бағыттағы қозғалысын айтамыз. Бiр мөлшерде жер бетiне түскен күн сәулелерiнен жер бетi әр түрлi мөлшерде қызады, соның әсерiнен температура өзгерiп отырады. Жер бетiндегi ауа температурасының әр түрлi болуы ауа қысымының да өзгеруiне әкелiп соғады. 1 - Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б. - Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИ метеорологического института. М., Гидрометеоиздат., 1981.-60 с. - Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат. 17,18 Ауа райы және оның өзгеруі Ауа райы - негiзгi метеоэлементтердiң беткi қабатын өзара қатынас арқылы дәл осы уақытта қалыптасқан атомосфералық физикалық жағдайы. Немесе - ауа райы дегенiмiз - дәл осы уақытта атмосферадағы метеорологиялық элементтердiң (температура, атмосфералық қысым, ауа ылғалдылығы, жел, бұлт, күн радиациясы, жауын-шашын т.б.) жиынтығын айтамыз. Ауарайы өзгермелi және тұрақсыз, ол ауа массасының ауысуына тiкелей қатысты болады. 1 * Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж. * Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж. * Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976. 19,20 Ауылшаруашылығына қатерлі метеорологиялық құбылыстар Кейбiр жағдайларда ауа-райы ауылшаруашылығына (мәдени дақылдарға, малдарға) қолайсыз жағдайлар туғызады. Солардың әсерiнен ауылшаруашылығы үлкен зиян шегедi. Мұндай жағдайларды ауылшаруашылығына қауiптi (қатерлi) метеорологиялық құбылыстар деймiз. Оларға: үсiктер, құрғақшылық, қуаңшылық, бұршақ, нөсер жаңбыр, көктайғақ және т.б. құбылыстар жатады. Бұл құбылыстармен күрес жүргiзу үшiн олармен жақсы таныс болуымыз керек, пайда болу себептерiн, келтiретiн зияндарын және түрлерiн бiлгенiмiз жөн 1 - Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б. - Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИ метеорологического института. М., Гидрометеоиздат., 1981.-60 с. - Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат. 21,22 Агроклиматология негіздері Атмосферада метеорологиялық элементтердiң өзгерiп тұратыны бiзге белгiлi. Ол өзгерiстер әр жерде, аймақта әр түрлi болады. Сол өзгерiстер белгiлi бiр ауданның ауа-райын, климатын сипаттайды. Ауа-райы дегенiмiз бiр мезгiлдегi (уақыттағы) белгiлi бiр аудандағы (аймақ) метеорологиялық элементтердiң жиынтығы, ал климат - бiр аймақтағы ауа-райының көп жылдық режимi. Климат - көп метеорологиялық факторлардың жиынтығы, негiзiнде географиялық орналасуына байланысты болады. 1 * Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж. * Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж. * Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976. 23,24 Ауылшаруашылық өндірісіне агрометеорологиялық көмек көрсету Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық өндiрiсiн агрометеорологиялық қамтамасыз ету (ауылшаруашылығына көмек көрсету) жұмысын Қазгидрометеорология және Қоршаған орта мониторингi ғылыми-зерттеу институты (ҚазНИИГМОС) жүргiзедi. Қазгидромет облыстардағы гидрометеорология және қоршаған орта мониторингы орталықтарын, барлық гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық станциялар мен посттардың бақылау жұмыстарына басшылық етедi. 1 - Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б. - Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИ метеорологического института. М., Гидрометеоиздат., 1981.-60 с. - Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат. Тәжірибелік жане зертханалық сабақтар 1 Практикалық сабақ Агрономия саласында кездесетін терминдер мен анықтамалар.Карантинді зинкестер, аурулар, арамшөптерде қолданылатын терминология. Тәжірибелік сабақта студенттерді карантиндік лабораториямен таныстыру және барлық зиянды организмдер өте ұсақ көзге көрінбейтін себепті, оларды үлкейтіп көрсететін микроскоптар мен үлкейтіп көрсететін құралдармен таныстыру. Сонымен қатар энтомологиялық, фитопотологиялық , гельминтологиялық зертханалық сараптаудың әдістемелерімен жалпылама таныстыру. 2 Е.А. Соколов. Вредители запасов, их карантинное значение и меры борьбы. Оренбург 2004 год Методическое руководство по лабораторной карантинной экспертизе растительных материалов и почвы 2000год. 2 Энтомологиялық сараптаудың негізгі принциптері Зертханалық сараптаудың негізгі міндеті шет елдерден алып келінген заттардың тазалығына тексеру жүргізу. Зерханалық сараптау кезінде тек қана карантиндік зиянкестер ғана емес басқа зиянкестерге де мән беру қажет. Сараптау міндетті түрде мақсатқа жету және өте ұқыпты жүргізілу тиіс. Импорттық өсімдік материалдарын энтомолог мамандары жүктің қай елден қай материалдан және зиянкестің даму фазасы әкелген уақытта қандай фазада екенін білу керек және қай елде қандай зиянды организмдер бар жоғын энтомолог жақсы білу керек. Сонымен қатар жылдың уақыт мерзімін, климаттық жағдайын ескеру қажет 4 Методическое руководство по лабораторной карантинной экспертизе растительных материалов и почвы. Москва, 1980 3 Энтомологиялық сараптаудың жалпы ережелері карантинді зертханада энтомологиялық сараптаудың негізгі ережелерімен таныстыру. Бірінші кезекте ентомолог маманға сараптауға әкелінген посылка түсуі тиіс. Энтомолог посылканы айналасын түгел қарап шығады. Себебі тірі насекомдар өздігінен посылкадан шығып кетуі мүмкін. Онан кейін посылканы ашып, ішіндегі заттарды тексеруі қажет, ашқан кезде тірі насекомдар далаға ұшып кет пес үшін терезені жабық ұстау қажет. Зертханада төмендегі ережелер сақталуы тиіс: 1.посылканы ашық қалдыруға болмайды 2.бір үлгіні толық тексеруден өтпейінше екінші үлгіні бастауға болмайды 3.бірнеше үлгілерді бір мезгілде ашуға болмайды Энтомологиялық тексеруге арналған стол кең және беті шынымен ақ материалмен жабылу тиіс. Сараптау жұмысы табиғи және арнайы жарықтандыру арқылы өте жарық бөлмеде туї тиіс.Оптикалық приборлармен жабдықталуы қажет. Мынандай МБС-1,МБС-2 микроскоптары қолданылады. Шыны беттері спиртпен шайылып жуылады. Сараптау кезінде анықталған немесе табылған зиянкестер арнаулы пробиркаға салынып, этикетка жазылынады. 4 Е.А. Соколов. Вредители запасов, их карантинное значение и меры борьбы. Оренбург 2004 год Методическое руководство по лабораторной карантинной экспертизе растительных материалов и почвы 2000год. 4 Тұқымды сраптау әдістемесі Тұқымдар әртүрлі насекомдармен және кенелермен зақымданады, олар негізінен Қытай дәнек және торт нүктелі дәнек мақта көбелегімен , қамба бізтұмсығы зақымданады. Сараптау кезінде тұқымның сырты дөңгелек немесе сопақ тесіктер пайда болады. Тұқымның сырты кемірілген белгілері болады. Әсіресе бұршақ тұқымдас астықтарды өте кішкентай тесік арқылы дәннің ішіне кіріп, ішан кеуектеп жеп қояды. Бұндай дәндерді залалданғанын анықтау үшін дәндерді тұзды сулы ерітінге салады. Сол кезде іші желініп қойған дәнде беті не қалқып шығады. Бұл флотациялық әдістемеде деп аталады. Сонымен қатар денді реңген аппаратына түсіру арқылы да анықтайды. 4 Методическое руководство по лабораторной карантинной экспертизе растительных материалов и почвы. Москва, 1980 5,6 Зертханалық энтомологиялық сараптау техникасы. Энтомологиялық сараптау жұмыстарын жүргізу үшін келесі аппаратар мен құрал - жабдықтар қажет: 1.Бинокуляр микроскоп МБС-1,МБС-2 2.Бинокулярлық лупа 3.Алюминий күрекшесі 4.Стол беті лік шыны 80*60 5.Электро плитка 6.Петри табақшасы 4 және 10 см 7.Көз пипеткасы 8.Химиялық пробирка 9Мақта 4 Е.А. Соколов. Вредители запасов, их карантинное значение и меры борьбы. Оренбург 2004 год Методическое руководство по лабораторной карантинной экспертизе растительных материалов и почвы 2000год. 7,8 Фитопатологиялық сараптау әдістемесі : Энтомологиялық сараптаудан кейін барлық сараптауға жатқызылған материалдарды энтомолог, фитопатолог маманға тапсырады. Фитопатолог маман әкелінген үлгілерді ақ қағаз бетіне жайып лупамен зерттейді.Саңырауқұлақ аурумен ауырған тұқымдар микроскопиялық зерттеу жүргізіледі.Залалданған дәнде арнаулы ылғалды камераға қойылып, өсіріледі. Сол арқылы саңырауқұлақ мицелдерін зерттейді. Саңырауқұлақ спораларын антракноз ауруларын зерттеу үшін 3 проценттік таза агарды пайдаланады. Бұндай жағдайда өсу кезінде антракноз ауруының белгілері білінеді. Төмендегі аурулар түрлері кездесуі мүмкін: 1.Индиялық бидай қаракүйесі 2.Арпаның ылғалды қаракүйесі 3.Қатты қаракүйе т.б. 4 Методическое руководство по лабораторной карантинной экспертизе растительных материалов и почвы. Москва, 1980 9,10 Фитогельминтологиялық зерттеу әдістемелері фитогельминтологиялық сараптаудың негізгі міндеті. Карантиндік және басқа паразиттік нематодаларды анықтау бұл обьектілер өсімдіктің жерасты жер бетілік бөктерінде кездеседі. Фитогельминтологиялық сараптауға барлық отырғызу материалдары көшеттер, тұқымдар , топырақ т.б жатады. Фитогельминтологиялық зерттеуге төмендегідей нематодаларды анықталады. 1.Күріш тұқымдарының нематодасы, астық нематодасы, бүлдірген нематодасы, қарақат нематодасы, картоптың нематодасы жатады. 4 Е.А. Соколов. Вредители запасов, их карантинное значение и меры борьбы. Оренбург 2004 год Методическое руководство по лабораторной карантинной экспертизе растительных материалов и почвы 2000год. 11,12 Карантинге жатқызылатын арамшөптерді сараптау Карантиндік зертханаға әкелінген материалдар энтомологиялық фитопатологиялық және гельминтологиялық сараптамадан өткеннен кейін арамшөптерді зерттейтін маманға беріледі. Арамшөптерді зертханалық сараптау төмендегі материалдарға жүргізіледі: 1.Барлық тұқым сатуға арналған және жемге арналған астықтардан алынған орта үлгі 2.Барлық ғылыми зерттеу жұмыстарына түскен ұсақ тұқымды өсімдіктердің тұқымдары 3.отырғызу материалдары 4.Гербарий мен топырақ үлгілері 5.Жүн шөп үлгілері 4 Методическое руководство по лабораторной карантинной экспертизе растительных материалов и почвы. Москва, 1980 13,14,15 Карантинді шаралар және күресу жолдары. Карантинді шаралар және күресу жолдары, зертханалық жағдайда колорадо қоңызын анықтау, суретін салу 4 Е.А. Соколов. Вредители запасов, их карантинное значение и меры борьбы. Оренбург 2004 год Методическое руководство по лабораторной карантинной экспертизе растительных материалов и почвы 2000год. * Өздік жұмыстары бойынша тақырыптардың тізімі. 5.1Агрометеорология туралы жалпы мағлұматтар 5.2 Атмосфера - ауыл шаруашылық өндірісінің ортасы. 3.3 Күн радиациясы 3.4Топырақтың температуралық режимі 3.5 Жел, оның ауылшаруашылығына тигізетін әсері 3.6 Ауа райы және оның өзгеруі 3.7 Ауылшаруашылық өндірісіне агрометеорологиялық көмек көрсету 3.8 Агроклиматология негіздері 3.9 Ауылшаруашылығына қатерлі метеорологиялық құбылыстар 3.10 Ауа райы және оның өзгеруі 6 <<Аргометеорология>> пәні бойынша оқу әдістемелік карта Кесте 3 <<Аргометеорология>> пәні бойынша оқу әдістемелік карта Тақырып Көрнекілік құралдар, плакаттар, зертханалық стендтер. Өздігінен зерттеуге арналған сұрақтар Бақылау формасы Дәрістік сабақ Тәжірибелік сабақ 1 2 3 4 5 Агрометеорология туралы жалпы мағлұматтар 1 Әдістемелік нұсқаулық, плакат,таблица, карантин зертханасы Кіріспе. <<Агрометеорология>> пәнінің мақсаты мен міндеті. АБ Атмосфера - ауыл шаруашылық өндірісінің ортасы. 2 Әдістемелік нұсқаулық, плакат,таблица. Атмосфера қабаттары АБ Күн радиациясы 3 Әдістемелік нұсқаулық, плакат,таблица. Күн радиациясы АБ Топырақтың температуралық режимі 4 Әдістемелік нұсқаулық, плакат,таблица. Топырақтың температуралық режимің аңықтау АБ Ауа қабатының температурасы 5,6 Видеоматериалдар, стендтер. Ауа қабатының температурасың өлщеу әдістері АБ Ауа ылғалдылығы 7,8 Видеоматериалдар, стендтер. Ауа ылғалдылығын өлщуу әдістері АБ Топырақ ылғалдылығы 9 Видеоматериалдар, стендтер, таблицалар. Топырақ ылғалдылығын өлшеу әдістері МБ Жел, оның ауылшаруашылығына тигізетін әсері 10 Видеоматериалдар, стендтер, суреттер. Жел, оның ауылшаруашылығына тигізетін әсері АБ Ауа райы және оның өзгеруі 11 Видеоматериалдар, стендтер, суреттер. Ауа райы және оның өзгеруі АБ Ауылшаруашылығына қатерлі метеорологиялық құбылыстар 12 Видеоматериалдар, стендтер, суреттер. Ауылшаруашылығына қатерлі метеорологиялық құбылыстар күресу шаралары АБ Агроклиматология негіздері 13 Видеоматериалдар, стендтер, суреттер Агроклиматология негіздері АБ Ауылшаруашылық өндірісіне агрометеорологиялық көмек көрсету 14 Видеоматериалдар, стендтер суреттер. Ауылшаруашылық өндірісіне агрометеорологиялық көмек көрсету АБ Ауа райы және оның өзгеруі 15 Кетселер, суреттер Ауа райы және оның өзгеруі МБ 7 Оқу- әдістемелік әдебиеттерімен қамтамасыз ету картасы Кесте 4 Оқу- әдістемелік әдебиеттерімен қамтамасыз ету картасы Оқулықтардың, оқу- әдістемелік құралдарының атаулары Экземпляр саны Студенттердің саны Қамтамасыз ету пайызы * Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж. * Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж. * Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976. 1 15 10 - Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б. - Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИ метеорологического института. М., Гидрометеоиздат., 1981.-60 с. - Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат. 1 15 10 8 Әдебиеттер + Негізгі әдебиет Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж. Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж. Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976. 8.2Қосымша: Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б. Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИ метеорологического института. М., Гидрометеоиздат., 1981.-60 с. Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz