Файл қосу

Сөз мағынасының дамуы



ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ  АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3-деңгейлі СМЖ
құжаты
                                       
                                   УМКД


УМКД 042-16.1.32/03-2013

                                   УМКД
<<Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы>>
пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 
______2013 жылғы 
                             № 3 басылым





5 В 050117 <<Қазақ тілі мен әдебиеті>>  мамандығына  арналған
  <<Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы>> 
                                       
          ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ
                                        
             ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР





                                       
                                  СЕМЕЙ
                                     2013

                                Мазмұны

1  Глоссарий
2  Дәрістер
3  Тәжірибелік  сабақтар
4  Студенттердің өздік жұмысы 

















   1 ГЛОССАРИЙ 
Диалект, говор деп халықтың, я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілкті тармақтарын, бөліктерін айтамыз.
Термин сөздер деп ғылым мен техниканың, мәдениет пен шаруашылық -тың түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздерді айтамыз.
 Фразеология - тұрақты тіркестер туралы ғылым.
Эмоциональды-экспрессивті сөздер. Адамдардың көңіл - күйі немесе белгілі бір затқа , құбылыстарға қатысты түрлі көқарасын білдіретін сөздер.
Омографтар- біркелкі жазылып, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше айтылатын сөздер.
Омоформалар  деп сөздердің барлық формаларында емес, формалардың белгілі бір түрінде ғана бір-бірімен омонимдес болып келуін айтады. 
Паронимдер деп ешбір мағыналық байланысы жоқ, бірақ айтылуда бір-біріне өте жақын, тіпті бірдей айтылатын,әр басқа сөздер.
Каламбур. Омонимдер мен омографтардан, омоформалар мен паронимдерден кейде каламбур жасалып, сықақ, әзіл ретінде қолданылады.
Омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек сөздер.
Варваризм тілде баламасы бола турса да, шет тілден орынсыз сөздер қосып сөйлеу, я сол тілдегі сөзді бұзып сөйлеу. 
Этимология сөздің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының  қандай болғандығын айқындайды.
 Неологизм өндіріс пен ғылымның, мәдениет пен шаруашылықтың түрлерімен байланысты тілде жаңадан пайда болған және әзірше көпшілік арасында толық қалыптаспаған жаңа сөздер.
Тарихи немесе диахрониялық лексикология  тілдің сөздік құрамы,шығуы,замандар бойында қалыптасуы және дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихи тұрғысынан зерттеу.
Сипаттама немесе синхрониялық лексикология тілдің  лексикасының осы заманғы қалпы тұрғысынан қарастыру.
Салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің сөздік құрамын,ондағы сан алуан сөздерді  бір бірімен салыстыра отырып зерттеу.
Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер.
 Терминология өндіріс пен техниканы  әр саласына тән терминдер.
Архаизмдер - әр халықтың тұрмыс-салтына, күнкөріс тіршілігіне, дүние танымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, әртүрлі баскаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп мүлде қолданылмай қалып қойған сөздер.
 Тарихизмдер қазіргі қазақ тілінде  өткен дәуірдегі қоғамдық белгілі ұғымдарды білдіретін және лексиканың қазіргі дамыған дәуірінде қолданылмайтын сөздер.
  Семасиология сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын зерттейді.
     2 ДӘРІСТЕР
1 модуль. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының  зерттеу нысаны, салалары, зерттелуі. Сөз мағынасының дамуы.

№1 дәріс тақырыбы: Семасиологияның зерттеу нысаны. Сөз  -  лексикалық бірлік. Ұғым және сөз.Сөз және мағына.

1. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының зерттеу нысаны, салалары,                     	зерттелуі.
2. Лексикологияның ен басты зерттеу объектісі  --  сөз. Сөздің анықтамасы.
2. Семасиологияның зерттеу нысаны.  
3.Сөз- лексикалық бірлік.
  4. Ұғым және сөз.
  5. Сөз және мағына.

    Лексика - тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады. Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология тарихи  лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді. Лексикологияның енді бір саласы салыстырмалы лексикология. Бұдан басқа лексиканың фразеология, терминология, диалектология,  лексикография, этимология, семасиология деп аталатын түрлері бар. Тілдегі жалқы есімдерді зерттейтін ономастика ғылымымен де лексикология өзара тығыз байланысты.Ол өз ішінде антропонимика және топонимика болып бөлінеді.
     Қазақ тіл білімінің лексикологиясы саласы 1950 ж. зерттеле бастады. Бұл кезеңде лексикологияның жалпы мәселелеріне арналған Н.Сауранбаев, С.Аманжолов ,Ғ.Беғалиев, Ғ.Мұсабаев еңбектерінен басқа омонимдер туралы К.Аханов, синонимдер жайында Ә.Болғанбаевтың т.б. зерттеулері бар. 
    Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қаралады. Лексикологияның ен басты зерттеу объектісі  --  сөз. Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөз өзімізді қоршаған кең дүниедегі зат пен құбылыстың атауы болғандықтан, оларға тән телінді дербес өзіндік мағынасы болады.  1. Сөз - өте-мөте күрделі тілдік бірлік. Сөздің екі жағы бар: оның бірі  -  сөздің дыбысталу жағы, екіншісі  -  сөздің мағыналық жағы. Осы екі жақтың бірлігі  -  сөздің өмір сүруінің және қызмет етуінің шарты. Демек сөз  -  дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік дербес бірлік.
     Дәрісті қорытындылау:
1. Лексикология-	тілдің лексикасын, сөздің құрамын зерттейтін ғылым .
2. Лексикология тарихи  лексикология және сипаттама лексикология, салыстырмалы лексикология болып бөлінеді.Бұдан басқа лексиканың фразеология, терминология, диалектология,  лексикография, этимология, семасиология деп аталатын түрлері бар.
3. Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды.
4. Ұғым  -  заттың немесе құбылыстың басты белгілерінің ойда қорытылып , топшыланған бейнесі.
      Бақылау сұрақтары:
1. Қазіргі қазақ тілі лексикасының зерттеу объектісіне не жатады?
2. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының  салалары қалай жіктеледі?
3.Сөзге қандай анықтама бересің? 
4. Сөз- лексикалық бірлік, ұғым және сөз, сөз және мағына бұлардың арасында қандай байланыс бар?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
* Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.,А.,2008.
* Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1996
* Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: 1997
* Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.

№2 дәріс тақырыбы: Сөздің лексикалық мағынасының негізгі түрлері. 

1.Сөз мағынасының түрлері және топтастырылуы.  
2.Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары.
3. Сөздің негізгі мағынасы және тұрақты мағынасы.
4. Сөздің нақты және абстракты мағынасы. Сөздің контекстік мағынасы. 
5. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

     Сөздердің беріп тұратын негізгі ұғымы лексикалық мағына, ал сөздердің сөйлемдегі өзара қатынасы грамматикалық мағына болып табылады. Лексикалық мағына - сөздерді бір бірінен ажырытып танудағы ең негізгі мағына,ол арқылы сөз жеке даралық қасиетіне ие болады. Лексикалық мағына зат, құбылыс,әрекет жайында бір тілде сөйлейтін қауым таныған жалпыға түсінікті әр сөздің меншікті мағынасы болып табылады. 1950ж.  В.В.Виноградов  сөздің лексикалық мағыналарын үш типке бөліп көрсетеді:1) тура немесе номинативті мағына  2) фразеологиялық байлаулы мағына 3) синтаксистік шартты мағына.
    Сөздің негізгі мағынасы - айтушы мен тыңдаушыға ортақ нақты заттық ұғымды білдіретін мағына. Сөздің тұрақты мағынасы- сөзді контекстен бөліп алып ешбір тіркессіз, өзіне арнулы негізгі мағынамен бірге тұрақты мағынасы айқындалып тұрады. Сөздің нақты және абстракты мағынасы - Бір сөзге берілген түпкі атауы  -  нақты мағына болса, сол сөздің жалпылама ұғымды білдіруі абстракт мағына болып табылады. Сөз мағынасы әуел баста көп болмаса да, бертін келе дамып, молайып отырған. Бір сөздің  уақыт өте келе әр қолданыс сапасына қарай, әр түрлі себептермен әр заттың не құбылыстың атауы болып жұмсалуы заттың контекстік мағынасы болады. Сөздің әуел баста берілген және нақ сол зат атауын білдіретін мағынасы  -  тура мағына болып табылады. Ал сөздердің негізгі мағынасынан дамып,соған ұқсатыла айтылатын, сәл ауытқи қолданылатын сөз мағынасы ауыс мағына. 
     Дәрісті қорытындылау:
1. Сөздердің беріп тұратын негізгі ұғымы лексикалық мағынасы.
2.Сөздердің сөйлемдегі өзара қатынасы грамматикалық мағынасы. 
3. Бір сөзге берілген түпкі атауы  -  нақты мағына болса, сол сөздің жалпылама ұғымды білдіруі абстракт мағына болып табылады. 
4. Сөздердің негізгі мағынасынан дамып, сәл ауытқи қолданылатын сөз мағынасы ауыспалы мағына деп аталады. деп аталады.е666666
6.76Бақылау сұрақтары:
1. Сөздің лексикалық мағынасы мен  грамматикалық мағынасы дегеніміз не? 
2.Сөздің негізгі мағынасы дегеніміз не?  Тұрақты мағынасы дегеніміз не?
3.Сөздің нақты және абстракты мағынасы нені білдіреді?
4.Сөздің тура мағынасы, ауыспалы мағына. дегеніміз не?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
* Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: 1997
* Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
* Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.

№3 дәріс тақырыбы: Сөздің көп мағыналылығы, лексикалық омонимдер, синонимдер, антонимдер олардың пайда болу жолдары, түрлері. 
1. Сөздің көп мағыналылығы.
2.Омонимдердің пайда болу жолдары, оның көп мағыналы сөздерден айырмашылығы. Омонимдердің түрлері.
  + 2.Синонимдер және олардың жасалу жолдары. Синонимдік қатар, доминант синоним ұғымы.
3.Антонимдер және антоним болатын сөз таптары. 

      Сөздік қордағы сөздер сан жағынан да дамып, жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады.  Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары бөлек сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар  -  омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер. К.Аханов омонимдердің төрт түрлі пайда болу жолын көрсеткен. Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика  -  семантикалық тәсілі арқылы, сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшарап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде,  сөздердің түбірлеріне омонимдес аффикстердің жалғануы арқылы, кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде жасалады.Омонимдік қатарға енетін сөздердің түрлену жүйелерінің бір-біріне қаншалықты дәрежеде сәйкес келуіне қарай омонимдер лексикалық омонимдер, лексика-грамматикалық омонимдер және аралас омонимдер деп аталады.  Мағыналары бір-біріне жақын, өз ара мәндес сөздер синонимдер деп аталады.Өз ара мәндес сөздерден синонимдік қатар құралады. Синонимдер сөз тудыру тәсілдері арқылы, кірме сөздер арқылы, әдеби тіл лексикасының диалект сөздердің есесінен толығу нәтижесінде, жеке сөздердің айрықша синонимі ретінде қолданылатын тұрақты сөз тіркестері арқылы,  әдеби тілдегі сөздер мен термин сөздер мәндес келуі арқылы, тілде белгілі эвфемизм, дисфемизм, какофемизмдер басқа бір сөздермен немесе сөз тіркестерімен келуі арқылы, сөздің мағыналық жағынан дамуы, қосымша мағынаға ие болуы нәтижесінде  синонимдер жасалады.       Антонимдер - мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер. 
      Дәрісті қорытындылау:
1. Сөздің көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. 
2.Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады .
3. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары бөлек сөздер. 4. Мағыналары бір-біріне жақын мәндес сөздер синонимдер деп аталады. 
5. Антонимдер - мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
          Бақылау сұрақтары:
1.Омоним дегеніміз не, олардың пайда болу жолдары қандай?  2.Омонимдердің  қандай түрлері бар?
  + 3.Синонимдер дегеніміз не  және олардың қандай жасалу жолдары бар? 
4.Антонимдер дегеніміз не  және антоним болатын сөз таптары қандай?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,1997.
3.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
4.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.


№4 дәріс тақырыбы: Лексикалық табу мен эвфемизмдер және дисфемизмдер.
1.Лексикалық табу құбылысының өзіндік сипаты.
2. Табу мен эвфемизмдердің жасалу жолдары
3.Эвфемизм, олардың пайда болу жолдары.
4.Дисфемизм құбылысы.

     Табу, негізінен алғанда, этнографиялық ұғыммен байланысты. Мұнымен бірге оның тілге, тілдің тарихына да қатысы бар. Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның дінге сенушіліктің салдарынан кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салып, оларды басқаша атайтын болған. Бұл құбылысты әдетте табу деп аталады. Кейбір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөркілеу, қолайсыздау болып көрінгенде, олар басқа сыпайы, майда сөздермен ауыстырылып айтылады. Бұл құбылыс эвфемизм деп аталады. Эвфемизм  - бір затты немесе құбылысты я болмаса бір уақиғаны сыпайылап айтып жеткізу амалы. Эвфемизмдердің жасалу жолдары әр түрлі. Солардың ішінде ең өнімділері троптың түрлері арқылы, атап айтқанда, метафора, синекдоха, метонимия, литота тәсілдері арқылы жасалған эвфемизмдер жиі кездеседі.
     Дисфемизм құбылысы эвфемизмге қарама  - қарсы құбылыс.Тілдегі әдепті сөздерді әдепсіз тұрпайы сөздермен ауыстырып айту құбылысын тіл білімінде дисфемизм деп атайды.
     Дәрісті қорытындылау:
1. Табу, негізінен алғанда, этнографиялық ұғыммен байланысты.
2. Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның дінге сенушіліктің салдарынан кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салып, оларды басқаша атайтын болған. Бұл құбылысты әдетте табу деп аталады.
3. Эвфемизм  - бір затты немесе құбылысты сыпайылап айтып жеткізу амалы.
4. Тілдегі әдепті сөздерді әдепсіз тұрпайы сөздермен ауыстырып айту құбылысын тіл білімінде дисфемизм деп атайды.
 Бақылау сұрақтары:
1. Табу,  эвфемизм дегеніміз не?  
2. Табу мен эвфемизмдердің жасалу жолдары қандай?  Кімдер зерттеген?
4. Дисфемизм дегеніміз не?  
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Аханов. К. Тіл білімінің негіздері.  - А.,2002.
2.Ахметов Ә.Қ. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер.  - А.,1995.
3.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962
5. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
2 модуль.
Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы, шығу арналары, қалыптасуы мен дамуы.

№5дәріс тақырыбы: Қазақ  тілінің   сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері.

1. Қазақ  тілінің   сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы.
2.Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы, шығу арналары, қалыптасуы. 
3. Негізгі сөздік қоры. Негізгі сөздік қорға тән басты белгілер.
5.Туынды сөздерді тудыру тәсілдері.


  Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі  -  негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік қор  -  бүкіл лексикалық  байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйтқысы. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорына, мысалы, мынадай сөздер енеді. 1. Табиғат құбылыстарының атаудары : жер, су, өзен, көл, тас, жел, ай, күн, және т.б. 2. Еңбек үдерісіне байланысты сөздер: егу, ору, жырту, кесу, пісіру және т.б. 3. Еңбек құралдарының аттары: орақ, күрек, айыр, біз, пышақ және т.б. 4. Мал атаулары: жылқы, ат, байтал, құлын, өгіз, түйе, қозы және т.б. 5. Аң-құс атаулары: түлкі, қоян, қасқыр, аю, қарға, бүркіт, тауық және т.б. 6. Анатомиялық атаулар: бас, қол, аяқ, ауыз және т.б.  Негізгі сөздік қордағы сөздер сол тілде сөйлеушілердің барлығына ортақ болуы тиіс. Негізгі сөздік қор талай замандар бойында өмір сүреді де , тұрақтылық қасиетімен сипатталады. Негізгі сөздік қор уақыт өткен сайын , әрине, өзгереді, бірақ оның өзгеруі, тілдің сөздік құрамына қарағанда, баяу болады. Қоғамдық өндірістің, әлеуметтік- экономикалық қатынастардың дамуы мен материалдық және рухани мәдениеттің барлық салаларының дамуына байланысты туған жаңа заттар мен құбылыстарды және олардың ұғымдарын тілде сөзбен атаудың қажеттілігінен туынды жаңа сөздер  жасалады немесе олар тілде бұрыннан бар сөздермен аталып, ол сөздердің мағыналарына туынды мағыналар қосылады. Осыдан тілдің сөздік құрамы үздіксіз дерлік толығу, даму күйінде болады.
    Дәрісті қорытындылау:
1.Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды.
2. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі  -  негізгі сөздік қор. 3.Негізгі сөздік қор  -  бүкіл лексикалық  байлықтың негізгі ұйтқысы.
4.Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму үстінде болады.
     Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ  тілінің   сөздік құрамы дегеніміз не? Негізгі сөздік қор дегеніміз не?
2.Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамының шығу арналарына на жатады?
3.Қазақ  тілінің   сөздік құрамы, оның қалыптасуы  туралы не  білесің?
4. Туынды сөздерді тудыру тәсілдеріне не жатады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988
2.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы:Санат, 1997
3.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
4. Аханов К.Тіл білімі негіздері. А., 2002.

№6  дәріс тақырыбы: Сөздік құрамның тарихи арналары.
1. Тілдің сөздік құрамының толығып, үнемі даму үстінде болуы.
2. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары.
 3.Қазақтың байырғы тума лексикасы, оның бірнеше қабаттан тұратыны.
4. Кірме сөздер, олардың бірнеше қабаттан тұратыны.

     Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму үстінде болады. 1.Қазақтың байырғы тума лексикасы, оның бірнеше қабаттан тұратыны: а)жалпы түркілік сөздер, ә)қыпшақ тілдеріне ортақ сөздер, б)қазақтың тума төл сөздері. Кірме сөздер, олардың бірнеше қабаттан тұратыны: а) монғол тілінен ауысқан сөздер, сонымен бірге монғол, қазақ тілдеріне ортақ сөздер бар екені, оның тарихи себептеріне қысқаша шолу, ә)араб, парсы, тілдерінен кірген сөздер, олар-дың ену кезеңдері мен ауысу жолдарына қысқаша шолу. Араб, парсы, сөздерінен лексика-семантикалық топтары, тұлғалық және семантикалық өзгерістерге ұшырап отыруы, бірқатарының қазақ тіліне сіңісіп, игеріліп кету себептері, б) орыс тілінен және ол арқылы Еуропа тілдерінен енген сөздер, олардың ауысу кезеңдері, лексика-семантикалық топтары, тұлғалық өзгерістерге ұшырап отыруы. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары:  байырғы тума сөздер негізінде, кірме сөздер сөздер негізінде іске асатыны.Сөздік құрамның тума сөздер негізінде дамуына сөзжасам тәсілдері қызмет ететіні (түбір сөзге жұрнақ жалғау, сөздердің біріктіру, қосарлау, тіркестіру, қысқартып қолдану, сөз мағынасын жаңарту).
     Дәрісті қорытындылау:
1. Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму үстінде болады.
2. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары:  байырғы тума сөздер негізінде, кірме сөздер сөздер негізінде іске асатыны.
3. Сөздік құрамның тума сөздер негізінде дамуына сөзжасам тәсілдері қызмет ететіні.
4. Түбір сөзге жұрнақ жалғау, сөздердің біріктіру, қосарлау, тіркестіру, қысқартып қолдану, сөз мағынасын жаңарту тәсілдері.
     Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің сөздік құрамына тән қасиетке не жатады?
2. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары қалай жүзеге асады?
3. Сөздік құрамның тума сөздер негізінде дамуына қандай сөзжасам тәсілдері қызмет етеді?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
* Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.,А.,2008.
* Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: 1997
* Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
  4.Қазіргіі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі., А., 198/9.

№7  дәріс тақырыбы: Қазақ лексикасындағы кірме сөздер. 

1.Кірме сөздер және олардың зерттелуі жайлы.
2. Араб-парсы тілдерінен кірген сөздер.
  3.Моңғол тілінен ауысқан сөздер.
4.Орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздер 5.Сөздердің тілден- тілге тікелей және жанама түрде ауысуы.

     Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер, әрбір тілдің лексикасында бар. Сөздердің тілден тілге ауысуының тікелей ауысу және жанама түрде ауысу деп аталатын екі түрі болады. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздердің барлығы бірдей қазақ тілінің сөздік қорына енбегенімен,оның ішінде сөздік қордағы қазақтың тума сөзіндей ұзақ өмір сүріп,жаңа сөздер жасауға ұйытқы болған жасамыс байырғы сөздер көптеп табылады.Мысалы? аса,абырой, ар, дүние, аспан, пайда, бақыт, құдай т.б. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздерді төрт топқа бөлуге болады: 
1.Тілге әбден сіңісіп, қазақтың төл сөзіндей жымдасып кеткен актив сөздер.Мысалы: нан, айна,сабын, шаруа, сынап, әл, қас, ас, зат.
2.Әлеуметтік өмірдің, шаруашылық пен өндірістің, түрлі мамандықтың белгілі бір саласында жұмсалатын терминдік сипаты бар арнаулы сөздер. Мысалы: нарық, емтихан, жәрдем, сабақ, мұғалім, арыз, дәрі, саясат.
3. Әр түрлі экспрессивтік-эмоционалдық сипаты бар сөздер. Мысалы: махаббат, нұр, ғибрат, арай, қайран, мәшһүр, тағдыр, ақырзаман.
4.Әдеби тілден біржола ығысқан немесе ығысуға жақын сөздер. Мысалы: шайыр, дүр, сағыр, зәңгі, уәзір, жарапазан,  мизам, уалаят.
       Қазақ тіліне моңғол тілінен кірген сөздер негізінен әкімшілік,ел билеуге байланысты ұлыс,нөкер,жасақ,ноян т.б. Жер-су атауларына байланысты Тарбағатай, Қатонқарағай, Қорғалжын атаулары кездеседі.Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде ауысқан орыс сөздері баспасөз арқылы жазба тілге тарамаған көбінесе ауызша сөйлеу тілі арқылы енген.
     Дәрісті қорытындылау:
1. Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер.
2. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздер сөздік қордағы қазақтың тума сөзіндей ұзақ өмір сүріп,жаңа сөздер жасауға ұйытқы болған.
3. Қазақ тіліне моңғол тілінен кірген сөздердің дені әкімшілік,ел билеуге байланысты сөздер.
4. Орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздер қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңде ауысқан орыс сөздері баспасөз арқылы жазба тілге тарамаған көбінесе ауызша сөйлеу тілі арқылы енген.
      Бақылау сұрақтары:
1. Кірме сөздер дегеніміз не?
2. Қазақ тілінің сөздік қорына араб-парсы тілдерінен қандай сөздер кірген?
  3.Моңғол тілінен қазақ тіліне негізінен қай салаға қатысты сөздер ауысқан?
4.Қазақ тіліне орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздердің сыр-сипаты мен игерілу дәредесі қандай ?
	Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.  - А., 2002.
2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962.
3.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.1 тарау.,89-98 б.б.
4.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
5.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері. А.2008.83-91 б.б.

№8 дәріс тақырыбы: Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу өрісіне қарай бөлінетін түрлері. 

1.Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу өрісіне байланысты түрлері.
2.Жалпыхалықтық лексика.
3.Диалектілік лексика.
3.Арнаулы лексика.Кәсіби терминология, кәсіби сөздер.

       Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу өрісі ( таралу шеңбері), стильдік қызметі жағынан әр түрлі болып келеді. Сөздердің қолданылу сипатына қарай жіктелетін түрлері үш салаға бөлініп қаралады: 1.  Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері. 2. Сөздердің  стильдік мәніне байланысты түрлері. 3. Сөздердің актив және пассив түрлері. Қазақ тіліндегі сөздердің бәрі жалпыхалықтық сипатта емес, кең таралған жалпыхалықтық сөздерден басқа , қолданылу өрісі тар сөздер де бар. Осыған байланысты сөздер қолданылу өрісі жағынан өз ішінде екі топқа бөлінеді: а) жалпылама лексика, ә) қолданылу өрісі тар лексика. Жалпылама лексика адам баласының күнделікті күн көріс тіршілігіне ең қажетті заттар мен құбылыстарға қатысты жалпы танымал сөздерді қамтиды.
      Диалект, говор деп халықтың, я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз.  Әрбір тілдің сөздік  құрамында жалпылама ортақ лексикамен қатар ғылым мен техниканың, өндіріс пен шаруашылықтың әрбір саласына телінді арнаулы сөздері де болады. Термин сөздер деп ғылым мен техниканың, мәдениет пен шаруашылықтың түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздерді айтамыз. Мұны бір сөзбен айтқанда  терминдер деп атайды.  Арнаулы лексика екі салаға бөлінеді: кәсіби терминология, кәсіби сөздер.
      Кәсіби сөздер  әр алуан кәсіптің, өндірістің туып, дамуымен қалыптасатын сөздер. Кәсіби сөздер екі топқа бөлінеді: жалпыхалықтық кәсіби сөздер, диалектілік кәсіби сөздер.
          Дәрісті қорытындылау:
1. Сөздердің қолданылу сипатына қарай жіктелетін түрлері үш салаға бөлініп қаралады: 1.  Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері. 2. Сөздердің  стильдік мәніне байланысты түрлері. 3. Сөздердің актив және пассив түрлері.
2. Сөздер қолданылу өрісі жағынан өз ішінде екі топқа бөлінеді: а) жалпылама лексика, ә) қолданылу өрісі тар лексика.
3.  Диалект, говор деп халықтың, я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз.  
4. Арнаулы лексика екі салаға бөлінеді: а) кәсіби терминология, ә) кәсіби сөздер.
        Бақылау сұрақтары:
1.Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу сипатына байланысты түрлері қандай ?
2. Сөздердің  қолданылу өрісіне байланысты түрлеріне қайсысы жатады ?
3. Жалпыхалықтық лексика, терминдік лексика дегеніміз не ?
4. Арнаулы лексика неше  салаға бөлінеді?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
	1.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен   фразеологиясы. А.,, 1997.1 тарау.,89-98 б.б.
2.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
3.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.83-91 б.б.



№ 9 Дәрістің тақырыбы: Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлері.
	
1. Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлері.
2. Стильаралық лексика .
3. Тұрмыстық  -  қарапайым лексика.
4. Жаргондық сипаты бар сөздер. Эмоциональды - экспрессивті лексика.
5. Варваризмдер .Ауызша әдеби сөйлеу, кітаби лексика.

      Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына жатқызуға болмайтын сөздер жатады. Мысалы:  көпшілік, келісім, т.б.  Сөйлеу тілінің лексикасына тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпыхалыққа белгілі сөздер жатады. Тұрмыстық  -  қарапайым лексика  -  күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады. Кемсітіп, мұқатуды білдіретін: қортық, қатын, шүйкебас, бозөкпе, сүмелек, тажал, байқұс т.б. Алғыс-тілек мәнді: жолың болғыр, алла жар болсын т.б.
      Варваризмдер - тілге етене болып сіңбеген, соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді. Ауызша әдеби сөйлеу лексикасы - адамдардың әртүрлі тақырыпта өзара сұқбаттасуынан басқа дәріс оқыған кезде, сұхбат бергенде, теледидардан сөйлегенде қолданылады.  Кітаби лексика бұрынғы дәуірдегі жазба мұралардың тілі, соларға тән жазу дәстүрі ескі кітаби тіл деп, ал сол нұсқаларда қолданылған түркі тілдеріне ортақ сөздер ескі дәуірдегі кітаби лексика деп аталады. Қазіргі кітаби лексика  -  сөйлеу тілінің тұрмыстық қарапайым, лексикасынан басқа, әдеби нормалық белгілердің қатаң сақталуын талап ететін ғылыми, ресми құжат стильдерінде, көркем әдебиет тілінде қолданылатын сөздер жатады. Экспресивті  -  эмоционалды лексика адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы .
        Дәрісті қорытындылау:
1.Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына жатқызуға болмайтын сөздер жатады.
2. Тұрмыстық  -  қарапайым лексика  -  күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады.
3. Варваризмдер - тілге етене болып сіңбеген, соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді. 
4.  Кітаби лексика бұрынғы дәуірдегі жазба мұралардың тілі, соларға тән жазу дәстүрі ескі кітаби тіл деп, ал сол нұсқаларда қолданылған түркі тілдеріне ортақ сөздер ескі дәуірдегі кітаби лексика деп аталады.
      Бақылау сұрақтары:
1. Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлеріне қайсысы жатады?
2. Стильаралық лексика дегеніміз не?
3. Тұрмыстық  -  қарапайым лексикаға қайсысы жатады?
4. Жаргондық сипаты бар сөздер. Эмоциональды - экспрессивті сөздер. 
5. Варваризмдер дегеніміз не? Ауызша әдеби сөйлеу, кітаби лексика  нені қарастырады? Экспресивті  -  эмоционалды лексика дегеніміз не?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
  1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.  - А., 2002.3 тарау.,138-147 б.б.
	  2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962.
3.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988
	4.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,, 1997.1 тарау.89-98 б.б.
5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.

№ 10 Дәрістің тақырыбы: Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер.

 1.Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары.
 2. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер.
3. Архаизм сөздер және тарихи сөздер.
     Дамудың барысында тілдің сөздік құрамынан кейбір ескірген сөздердің шығып қалуы немесе өте сирек қолданылуы мүмкін. Мұның есесіне сөздік құрамға уақыт озған сайын туынды сөздер қосылып отырады және ондағы сөздер мағыналық жақтан да дамиды. Сөздердің көнеру, қолданылудан шығып қалу үдерісінен гөрі туынды сөздердің жасалып, сөздік құрамға қосылып отыру үдерісі тілдің лексикасына  өте-мөте тән үдеріс болып саналады.  Тілдегі көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: aрхаизм сөздер және тарихи сөздер. Әр халықтың тұрмыс-салтына, күнкөріс тіршілігіне, дүниетанымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, әртүрлі баскаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп мүлде қолданылмай қалып қойған сөз  --  архаизмдер деп аталады. Өздері белгілеген заттар не құбылыстар  өмірден қолданылудан қалады да да, осының нәтижесінде  олардың атаулары  -  сөздер де көнеленіп, активті сөздерден шығып қалады. Мұндай сөздер тарихизмдер деп аталады. Қазірде басқаша аталатын заттар  мен құбылыстардың бұрынғы көнерген атаулары архаизмдер деп аталады. Неологизмдер- тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер неологизмдер деп аталады. Неологизмдер лексикалық және семантикалық болып екі түрде кездеседі.
   Дәрісті қорытындылау:
1. Тілдегі көнерген сөздер екі топқа бөлінеді: aрхаизм сөздер және тарихи сөздер.
2. Қазірде басқаша аталатын заттар  мен құбылыстардың бұрынғы көнерген атаулары архаизмдер деп аталады.
3. Өздері белгілеген заттар не құбылыстар  өмірден қолданылудан қалады да да, осының нәтижесінде  олардың атаулары  -  сөздер де көнеленіп, активті сөздерден шығып қалады. Мұндай сөздер тарихизмдер деп аталады. 4.Неологизмдер- тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер неологизмдер деп аталады. 
      Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ  тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттарына не жатады?
2.Көнерген сөздердің түрлері мен ерекшеліктері қандай?
3.Неологизмдер дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962.
	2.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,, 1997.1 тарау.,89-98 б.б.
3.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
         4.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.83-91 б.б.


3 модуль
Фразеология, оның зертту нысаны, мақсаты.

№ 11 Дәрістің тақырыбы: Фразеология және оның зерттеу нысаны, өзіндік белгілері, зерттелуі, түрлері.

1. Фразеологияның зерттеу нысаны,  басты белгілері . 
 2. Фразеологиялық оралымдар және олардың түрлері. 
 3. Фразеологиялық оралымдардың құрылымы жағынан топтастырылуы.

     Фразеология - тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады. І. Кеңесбаевтың авторлығымен шыққан <<Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі>> қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлес. Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірлік, әдетте, фразеологиялық оралым деп аталады. Фразеологиялық оралымға  тән, басты белгілер  -  оның даяр қалпында жұмсалу белгісі,  мағына тұтастығы, тұрақтылық қасиетімен сипатталады. Фразеологиялық оралымдардың түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек. 
      Қазақ фразеологиясына қазақ тіл білімінде қосқан ғалымдар қатарында І.Кеңесбаев,Ә.Қайдаров, С.Сәтенова,  Х.Қожахметова,Г.Смағұлова тәрізді ғалымдарды жатқызуға болады.
        Дәрісті қорытындылау:
1.Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы. 
2. Фразеологиялық оралымға  тән, басты белгілер  -  оның даяр қалпында жұмсалу белгісі,  мағына тұтастығы, тұрақтылық қасиеті.
3. Фразеологиялық оралымдардың түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек. 
      Бақылау сұрақтары:
1. Фразеологияның зерттеу нысанына не жатады?
2. Тұрақты тіркестерге тән басты белгілерге қайсысы жатады?
3. Фразеологизмдердің түрлері қандай?
4. Фразеологиялық оралымдар құрылымы тұрғысынан қалай бөлінеді?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І., Ғ.Мұсабаев <<Қазіргі қазақ тілі>>. Лексика, фонетика, А.,1975.
2.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы, А., 1988.
3.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.А., 1997.
4.ҚожахметоваХ.Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы.А. 1972.


№ 12 Дәрістің тақырыбы: Фразеологизмдердің  мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы, фразеологизмдердің лексика-семантикалық топтары, шығу арналары. 
1. Фразеологизмдердің  мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы.
2. Фразеологизмдердің  сөз табына қатысы.
3.Фразеологизмдердің лексика-семантикалық топтары.
4. Фразеологизмдердің шығу арналары. 

      Сөйлеу кезінде жасалынбай, даяр қалпында қолданылу жағынан мақал-мәтелдер  фразеологизмдерге ұқсайды.Мақалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс-әрекеттің жағдайы айтылып, сонымен сол пікірді түйіндеп қорытындылайды. Мысалы, суық шаршатады, жылы жасытады. Сұлу сұлу емес,сүйген сұлу. Фразеологизмдер сияқты мақал-мәтелдер де орныққан,бекем болады. Көп мағыналық( полисемия) пен омонимия құбылыстары әдетте жеке сөздердің төңірегінде көзге айқын байқалады. Полисемия құбылысы әредік фразеологиялық тіркестер арасында байқалып қалады. Көп мағыналы фразеологизмдердің ішінде лексикадағыдай көп мағыналық жиі кездеседі. Фразеологиялық тіркес аясындағы полисемияның өзін де бір текті құбылыс емес.Яғни белгілі бір фразаға тән көп мағыналылық түрлі жолмен жасалатын сияқты.Оның бірі  -  жалғаса туатын мағына,екіншісі  -  жарыса туатын мағына.	
Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан төрт топқа бөліп қарауға болады. Олар: етістік мағыналы , сындық мағыналы, заттық мағыналы, үстеу мағыналы фразеологизмдер. 
        Дәрісті қорытындылау:
 1. Даяр қалпында қолданылу жағынан мақал-мәтелдер  фразеологизмдерге ұқсайды.
3. Полисемия құбылысы әредік фразеологиялық тіркестер арасында байқалып қалады.
4. Фразеологизмдердің ішінде лексикадағыдай көп мағыналық, синонимдік, антонимдік, варианттылық  құбылыстар жиі кездеседі.
5. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан төрт топқа бөліп қарауға болады. Олар: етістік мағыналы , сындық мағыналы, заттық мағыналы, үстеу мағыналы фразеологизмдер.
6. Фразеологиялық оралымдар тарихта болған кейбір жайлардың, дағдылардың негізінде пайда болуы мүмкін.
        Бақылау сұрақтары:
1. Фразеологизмдердің  мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы қандай?
2. Белгілі бір фразаға тән көп мағыналылық қандай жолмен жасалады?
3. Фразеологиялық синонимдер, фразеологиялық антонимдер дегеніміз не?
4. Фразеологиялық варианттар дегеніміз не?
5.Фразеологизмдердің шығу арналарына не жатады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962
2.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988
3.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
4.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.


№ 13 Дәрістің тақырыбы: Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы.

1. Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы.
2. Отандық терминтанудың негізінің калана бастауына ғалым Ахмет Байтұрсынұлының қосқан үлесі.
Терминтаудың қалыптасу, даму тарихы ХХ ғасырдан бастау алады.
 Отандық терминтанудың негізінің калануына Ахмет Байтұрсынұлы есімімен тығыз байланысты. 20-жылдары  Ахаң термин комиссиясының төрағасы бола жүріп, көптеген жаңа терминдерді салалық мамандармен қосыла талқылап, оларды бекітіп, қолданысқа енгізді. Сөз болып  отырған  кезеңдегі терминологиялық лексиканың жасалуы мен қалыптасуына Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы, М.Жұмабайұлы, М.Дулатұлы, Т.Шонанұлы сынды алаш зиялыларының да елеулі үлес қосқанын айту керек.  
30-жылдардан бастап қазақ терминологиялық лексикасын қалыптастыру мен дамытудың жаңа кезеңі басталды. Бұл кезеңді <<қазақ терминологиясы дамуының   кеңестік   дәуірі>>   деуге   болады. Қазақ терминологиясы дамуының бұл кезеңіне тоқталғанда белгілі тілші ғалым Құдайберген Жұбанов есімін атамай өте алмаймыз. 30-90 жылдары Қазақстанда терминтану пән ретінде қарқынды дамыды немесе терминтанудың теориялық, әдіснамалық, әдістемелік негізі жасалды, отандық терминтанудың ғылыми мектептері қалыптасты, ұлт тіліндегі термин шығармашылығы дамытылды деп айта алмаймыз.Алайда бірқатар практикалық жұмыстардың жүргізілгенін, терминологиялық сөздіктер жасалғанын  айту керек.
Ә.Қайдаров, К.Мұсаев, Ө.Айтбаев, Т.Жанұзақова, А.Әбдірахманов, Ж.Молдажаров сынды тілші ғалымдар мен Ә.Сатыбалдиев, Е.Аққошқаров сияқты сала мамандарының термин мәселелеріне арнап қалам тартқан өзге де авторлардың жекелеген ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалары жарық көрді. 
        Дәрісті қорытындылау:
1. Отандық терминтанудың негізінің калануына ғалым Ахмет Байтұрсынұлы есімімен тығыз байланысты.
2.30-90 жылдары Қазақстанда терминтану пән ретінде қарқынды дамыды.
3. Ә.Қайдаров, К.Мұсаев, Ө.Айтбаев сынды тілші ғалымдар мен Ө.Айтбаев (1992), Ш.Құрманбайұлы (1999) терминология мәселелері бойынша докторлық диссертация қорғады.
         Бақылау сұрақтары:
1. Отандық терминтанудың негізінің калана бастауына ғалым Ахмет Байтұрсынұлының қосқан үлесі қандай?
2. Қазақ терминологиясы дамуының   кеңестік   дәуірінде   терминологиның дамуына Құдайберген Жұбанов қандай үлес қосты?
3. Терминтану саласында еңбек еткен зерттеулершілер кімдер?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1 .Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
2.Қайдаров Ә. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. -Алматы, 1993.
3.Құрманбайүлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының кезендік сипаты. - Астана, 2002.     
4.Айтбайұлы Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. А., 1988.  -  208 б.
5.Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. А., 1997.  -  240 б.
5 модуль
Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелу тарихына шолу.

№ 14 Дәрістің тақырыбы: Қазақ тіліне қатысты түркологиялық сөздіктер. 

1. Лексикография туралы түсінік.
2. Қазақ лексикографиясындағы сөздіктердің түзілім тарихына арналған алғашқы еңбектер.
3.Сөздіктердің топтастырылуы.

       Лексикография- грек тілінің  lexis (<<сөз>>)  және grapho (<<жазамын>>) деген сөздерден құралған  сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді. Теоретикалық лексикография екі бөліктен құралады. Оның бірінші, негізгі бөлігі  -  лексикография теориясы болса, екінші бөлігі лексикография тарихы. Қазақ лексикографиясындағы сөздіктердің түзілім тарихына арналған алғашқы еңбектердің бірі  -  М.Малбақовтың <<Қазақ лексикографиясының тарихы>> атты зерттеуі. Қазақ лексикографиясының өткен дәуірдегі тарихын зерттеуге арналған тағы бір еңбек  -  Б.Атабайдың Л.Будагов сөздігіндегі қазақ сөздерінің құрамы мен құрылымын қарастыратын жұмысы. 
   1.  Сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарауға болады.
Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұларға жататындар: Этимологиялық сөздік, Тарихи сөздік.
2.Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: Түсіндірме сөздік, аударма сөздік, терминологиялық сөздік, диалектологиялық сөздік,  фразеологиялық сөздік, синонимдер сөздігі.
3.Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: Фонетикалық сөздік, орфографиялық сөздік.
4.Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: Энциклопедилық сөздік, иллюстративті сөздік.  
          Әлемдік түркітану тарихындағы аса маңызды лексикографиялық туындылар қатарында әсіресе М.Қашқари мен В.В.Радлов сөздіктерін атауға болады. 
       Дәрісті қорытындылау:
1. Лексикография- грек тілінің  lexis (<<сөз>>)  және grapho (<<жазамын>>) деген сөздерден құралған  сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы.
2. Теоретикалық лексикография екі бөліктен құралады. Оның бірінші, негізгі бөлігі  -  лексикография теориясы болса, екінші бөлігі лексикография тарихы.
3. Сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарауға болады.
4. Әлемдік түркітану тарихында аса маңызды лексикографиялық туындылар қатарында  әсіресе М.Қашқари мен В.В.Радлов сөздіктері жатады.
5.Әлемдік түркітану тарихында аса маңызды лексикографиялық туындылар қатарында әсіресе М.Қашқари мен В.В.Радлов сөздіктері орын алады.
       Бақылау сұрақтары:
1. Лексикография нені зерттейді?
2. Қазақ лексикографиясындағы сөздіктердің түзілім тарихына арналған алғашқы еңбектерге қайсысы жатады?
3. Сөздіктер қалай  топтастырылады?
4. Әлемдік түркітану тарихында аса маңызды лексикографиялық туындылар қатарында  М.Қашқари мен В.В.Радлов сөздіктерінің  алатын орны.
         Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962
2.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988
3.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
4.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.
5. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы., А.,1988


6 модуль
Этимологияның негізгі объектісі, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдары.

№ 13 Дәрістің тақырыбы: Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні.

    1.Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні.
    2.Этимологияның негізгі зерттеу объектісі 
    3. Халықтық  және ғылыми этимологияұғымдары. 

    Тарихи лексикологияның бір саласы-этимология. Этимология сөздің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының  қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулер белгілі бір тілдің лексикасына ерте заманда енген кірме сөздердің ену тарихы мен оның жолдарын да қарастырады. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы күшті. Этимологиялық зерттеулердің екі түрлі проблемаға қатысы бар. Оның бірі - тіл мен тарих проблемасы, екіншісі - тіл мен ойлау проблемасы.   Сөз этимологиясы жайында  қазақ тіл білімінде бұрын соңды айтылған   пікірлер де жоқ емес. Қ.Жұбанов, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов, Н.Қарашева т.б. тәрізді  тіл мамандары қазақ сөздерінің төркінін  іздеудің ұстанымдарын, әдістерін сөз етумен қатар, кейбір жеке  сөздердің  этимологиясын да берді. Этимологияның ғылыми этимология, халықтық этимология  және қызықты этимология деп аталатын түрлері бар. Бұлардың әрқайсысының қарастыратын нысандары бар. Қазақ тіл білімінде 1966ж. шыққан <<Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі >> жарық көрді.
  Дәрісті қорытындылау:
1. Этимология сөздің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының  қандай болғандығын айқындайды.
2. Этимологияның ғылыми этимология, халықтық этимология  және қызықты этимология деп аталатын түрлері бар.
          Бақылау сұрақтары:
1. Этимология нені  зерттейді?
2. Этимологияның қандай түрлері бар?
3. <<Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі >> қай жылы жарық көрді?
         Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962
2.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988
3.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
4.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.











                    Тәжірибелік сабақтар
                                       

1.  Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының зерттеу нысаны, жіктелетін салалары, қалыптасу тарихы. Семасиологияның зерттеу нысаны. Сөз  -  лексикалық бірлік. Ұғым және сөз.Сөз және мағына.

1
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.Лексика,фонетика, А.,1962,1975ж.
2.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы., 1997
2. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі түрлері. 


1
1.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. Алматы, 1975ж.
2.  Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1996ж.
3.Сөздің көп мағыналылығы, лексикалық омонимдер, синонимдер, антонимдер олардың пайда болу жолдары, түрлері. 

1
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.Лексика,фонетика, А.,1962,1975ж.
2.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы., 1997.
4.Лексикалық табу мен эвфемизмдер және дисфемизмдер.

1
1. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы:Санат, 1997.
2.Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер.А.,1995.
2 модуль.
Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы, шығу арналары, қалыптасуы мен дамуы. 5.Қазақ  тілінің   сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері.

1
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.Лексика,фонетика, А.,1962,1975ж.
2.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы.,1997.
6.Сөздік құрамның тарихи арналары.

1
 1.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. Алматы, 1975ж.
2. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы., 1997.
7.Қазақ лексикасындағы кірме сөздер. 

1
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.Лексика,фонетика, А.,1962,1975ж.
2.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы., 1997
8.Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу өрісіне қарай бөлінетін түрлері.

1
1.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы., 1997.
9.Қазақ тілі сөздік құрамының стильдік қызметіне байланысты бөлінетін түрлері.


1

1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.Лексика,фонетика, А.,1962,1975ж.
2. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы., 1997.
10.Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер.

1
1.Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1996ж.
2. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы:Санат, 1997.
3 модуль
Фразеология, оның зертту нысаны, мақсаты.
11.Фразеология және оның зерттеу нысаны, өзіндік белгілері, зерттелуі, түрлері.

1
1. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы., 1997.
2. Қожахметова Х.Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы,А,1972.
12.Фразеологизмдердің  мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы, фразеологизмдердің лексика-семантикалық топтары, шығу арналары.
2
1. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы.,1997.
2. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы.А.,1996.
4 модуль
Қазақ терминологиясы.
13.Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы.
1
1. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы.,1997.
2. Айтбайұлы Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. А., 1988.
5 модуль
Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелу тарихына шолу.

14. Қазақ тіліне қатысты түркологиялық сөздіктер. 

1
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.Лексика,фонетика, А.,1962,1975ж.
 2. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы.,1997.
6 модуль
Этимологияның негізгі объектісі, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдары.
15.Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні.

1. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы.,1997.
15 сағат






5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
СӨЖ
Тексеру формасы.
1. Табу мен эвфемизм құбылысының  жасалу жолдары, зерттелу жайы.
 Конспект жасау.
2. Диалектологиялық сөздіктермен жұмыс. 
Мысалдар теру. 
3. Түсіндірме сөздікпен жұмыс. 
Мысалдар теру. 
4. Кітаби сөзге (кітаби стильге) жататын тілдік бірліктер.
Конспект жасау.
5 .Тұрмыстық сөйлеу тілі.
Көркем шығармадан мысалдар теріп, қолданылу ерекшеліктеріне талдау жүргізу.
6.Академик І.Кеңесбаев және қазақ тілінің фразеологиясы.
Конспект жасау. 
7. Мағыналас фразеологизмдер туралы түсінік.
Конспект жасау.
8.А.Байтұрсынұлының қазақ терминологиясын қалыптастырудағы рөлі. 
Ауызша баяндау.
9. М.Қашқаридың <<Диуани лұғат ат түрік>> сөздігіндегі мақал-мәтелдердің қазақ тіліндегі қолданысы.
Реферат жазу.
10. Қазақ тіліндегі көнерген сөздер табиғаты.
Конспект жасау.
11.Сөз варианттарының зерттелуі.
Реферат жазу.
12. Қазақ тілініндегі культтік фразеологизмдер.
Баяндама  жазу.
13.Қазақ тілі терминологиясының қазіргі жағдайы мен қолданысы.
Ғылыми еңбектерге, баспасөз беттеріне шолу жасап, конспектілеу.
14.Синонимдердің мағыналық, стильдік сөз қолданысындағы реңктері.
Синонимдік сөздіктермен жұмыс.
15. Қазақ лексикасының тіларалық байланыс арқылы дамуы.
Конспект жасау.

 Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстары
                                       
1.
Мақал-мәтелдер, афоризмдер.
2.
 Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық- мәдени көрінісі.
3.
Қазақ тілінің диалектілері мен сөйленістеріндегі ерешеліктер.
4.
Жаргон сөздер.
5.
Көнерген сөздердің көркем шығармадағы қолданылуы (Ә.Нұрпейісовтің    	<< Қан мен тер>> романы бойынша)
6.
Абай тілінің фразеологиясы. Ғалым Р.Сыздықованың еңбектерін конспектілеу.
7.
Қазақ тілініндегі қос тағанды фразеологизмдер.
8.
Сөйлеу мәдениеті мәселелері.
9.
Сөздерге этимологиялық талдау жасау.
10.
Қазақтың ұлттық әдеби тілінің сипаттамасы.
11.
Орфоэпиялық , орфографиялық сөздіктермен жұмыс.
12.
Қазақ тіліндегі сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы туралы.
13.
Қазақша-моңғолша сөздікпен жұмыс.
14.
Арабша-қазақша сөздікпен жұмыс.
15   
М.Әуезовтің <<Абай жолы>> романының жиілік сөздігімен жұмыс істеу.

6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ 
3-Кесте Пәннің оқу-әдістемелік картасы
                         Дәріс сабағының
                               тақырыбы
              Семинар сабағының тақырыбы
Көрнекі құралдар, плакаттар, лаборатория-лық стендтер
           Өз бетімен дайындалу сұрақтары
                            Бақылау түрі
                                       1
                                       2
                                       4
                                       5
                                       6
1.Семасиологияның зерттеу нысаны. Сөз  -  лексикалық бірлік. Ұғым және сөз.Сөз және мағына.

1.  Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының зерттеу нысаны, жіктелетін салалары, қалыптасу тарихы. Семасиологияның зерттеу нысаны. Сөз  -  лексикалық бірлік. Ұғым және сөз.Сөз және мағына.

Дәріс тезисі, сызба нұсқа, слайдтар
Ғылыми еңбектерге шолу жасау 
Конспектжасау
2. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі түрлері.








2. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі түрлері. 


Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде
Сөздің лексикалық мағынасының негізгі түрлеріне талдау жасау.
Лексика
лық талдау жасау
3.Сөздің көп мағыналылығы, лексикалық омонимдер, синонимдер, антонимдер олардың пайда болу жолдары, түрлері. 

3.Сөздің көп мағыналылығы, лексикалық омонимдер, синонимдер, антонимдер олардың пайда болу жолдары, түрлері. 

Дәріс тезисі, плакаттар.
Омонимдік, синонимдік, антонимдік сөздіктермен жұмыс жүргізу.
Сөздіктермен жұмыс түрін жүргізу.
4.Лексикалық табу мен эвфемизмдер және дисфемизмдер.

4.Лексикалық табу мен эвфемизмдер және дисфемизмдер.

Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде
Көркем шығармадан мысал теру.
Конспект жасау
5.Қазақ  тілінің   сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері.

5.Қазақ  тілінің   сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері.

Дәріс тезисі, слайд
Мысалдар теру
Конспект жасау
   6.Сөздік құрамның тарихи арналары.

6.Сөздік құрамның тарихи арналары.

Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде,
плакаттар

Көркем шығармадан сөздік құрам
мен негізгі сөздік қорға мысалдар теру
Конспект жасау.
7.Қазақ лексикасындағы кірме сөздер. 
7.Қазақ лексикасындағы кірме сөздер. 

Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде

Кірме сөздерге мысалдар келтіріп, талдау жұмыстарын жүргізу.
Сөздіктермен жұмыс жүргізу.
8. Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу өрісіне қарай бөлінетін түрлері.

8.Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу өрісіне қарай бөлінетін түрлері.

Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде
Плакаттар
Ғылыми әдебиеттерге конспект жасау.
Лексика
лық талдау жасау.
9. Қазақ тілі сөздік құрамының стильдік қызметіне байланысты бөлінетін түрлері.




9.Қазақ тілі сөздік құрамының стильдік қызметіне байланысты бөлінетін түрлері.

Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде
Плакаттар
Көркем шығармадан мысал теру,талдау жасау.
Лексика
лық талдау жасау.
10. Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер.

10.Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер.

Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде
Плакаттар
Көнерген сөздер мен неологизмдердің көркем шығармалардағы қолданысына талдау жасау.
Конспект жасау.
11. Фразеология және оның зерттеу нысаны, өзіндік белгілері, зерттелуі, түрлері.

11.Фразеология және оның зерттеу нысаны, өзіндік белгілері, зерттелуі, түрлері.

Дәріс тезисі кесте слайд түрінде

Конспект жасау.
Ауызша
12.Фразеологизмдердің  мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы, фразеологизмдердің лексика-семантикалық топтары, шығу арналары.
12.Фразеологизмдердің  мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы, фразеологизмдердің лексика-семантикалық топтары, шығу арналары.



13.Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен дамуы.
13.Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы.
Дәріс тезисі таблица слайд түрінде
Қазақ тіл біліміндегі лингвистика
лық терминдерге сипаттама беру
Көркем шығармалардан мысалдар теру
14.Қазақ тіліне қатысты түркологиялық сөздіктер.
14. Қазақ тіліне қатысты түркологиялық сөздіктер. 

Дәріс тезисі, сызбалар слайд түрінде
Конспект жасау.
Сөздіктермен жұмыс
15.Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні.
                                       
15.Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні.

Дәріс тезисі, сызбалар слайд түрінде
Конспект жасау.
Этимоло
гиялық сөздікпенмен жұмыс

7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
1.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.,А.,2008.
                                   Саны 
                      Студенттердің саны
                   Қамтамасыз ету пайызы
2.Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1996
                                      15
                                      31
                                      50%

3.Кеңесбаев І.Қазақ тіл білімінің мәселелері.,А.,2008.
                                      15
                                      31
                                      50%
4.Аханов К. Қазақ тіліндегі омонимдер. А., 1958
                                      15
                                      31
                                      50%
5.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: 1997
                                      15
                                      31
                                      50%
6.Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.

                                      15
                                      31
                                      50%
7.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988
                                      15
                                      31
                                      50%
8.Қожахметова  Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы.А. 1972.
                                      15
                                      31
                                      50%
9.Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. А., 1992.

                                      15
                                      31
                                      50%
10. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 2002.

                                      15
                                      31
                                      50%
11.Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі.А., 1966.
                                      15
                                      31
                                      50%
12. Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. А., 1997. 

                                      15
                                      31
                                      50%
13.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. Алматы, 1989
                                      15
                                      31
                                      50%

* ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиеттер:
  + Негізгі әдебиеттер
8.1.1  Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1996.
8.1.2 Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы  	мен фразеологиясы. Алматы: 1997
  8.1.3  Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
  8.1.4 Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988
  8.1.5 Мұсабаев Ғ.Современный казахский язык.Лексика.А.,1959.
  8.1.6 Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.,А.,2008.
   8.1.7  Белбаева 	
 8.2.  Қосымша әдебиеттер
8.2.1 Кеңесбаев І.Қазақ тіл білімінің мәселелері.,А.,2008.
8.2.1 Қожахметова  Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы.А. 1972.
8.2.2 Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. А., 1992.
8.2.3 Аханов К. Қазақ тіліндегі омонимдер. А., 1958
8.2.4 Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. А., 1997. 
8.2.5 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977
8.2.6  Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. Алматы, 1989
8.2.7 Сағындықұлы Б.Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық 	негіздері. А.,1989
8.2.8 Мусаев К. Лексикология тюркских языков.М., 1984
8.2.9 Жанпейісов Е.Этнокультурная лексика казахского языка.,А.,1989
8.2.10Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы., А.,1988









Пәндер