Файл қосу
Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Элементтер химиясы
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Cемей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-10.1.05/02- 2014 ПОӘК Студенттерге арналған <<Бейорганикалық химия>> пәнінің бағдарламасы << >> 2014 ж. № 2 басылым ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<Бейорганикалық химия>> 5В072100 - <<Органикалық заттардың химиялық технологиясы>> мамандығы үшін СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 1 ӘЗІРЛЕНГЕН ҚҰРАСТЫРУШЫ ________ << 29 >> ___08________ 2014 ж. К.К.Кабдулкаримова, химия ғылымдарының кандидаты, доцент, <<Химия>> кафедрасы 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 <<Химия>> кафедрасы отырысында << 29 >> 08 2014 ж. № 1 хаттама Кафедра меңгерушісі __________ Б.Х.Мусабаева 2.2 Инженерлік-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында << >> __________ 2014 ж. № _____ хаттама Төрайымы __________ С.С.Толеубекова 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған << >> __________ 2014 ж., № _______ хаттама ОӘК төрайымы ____________ Г.К.Искакова 4 18.09.2013жылғы №1 басылым орнына енгізілген Мазмұны * Жалпы ережелер * Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу * Пәнді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар * Курс форматы * Курс саясаты * Баға қоюдың саясаты 7. Әдебиет * ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер Лектордың аты-жөні: Кабдулкаримова Кульбану Кабдулкаримовна, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Кафедра Химия Байланыс ақпараты - тел. 35-05-90, оқу ғимараты №4, кабинет № 419, Сабақ өткізу орны № 407 дәрісхана <<Бейорганикалық химия>> пәні бойынша - 4 кредит 1.2 Пәннің мазмұнын қысқаша сипаттау: <<Бейорганикалық химия>> пәнінің теориялық бөлімінде химияның негізгі стехиометриялық заңдары мен түсініктері, периодтық заң мен атом құрылысы, химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары, термодинамика заңдары, ерітінділер, тотығу-тотықсыздану реакциялары, электрохимиялық процестер, химиялық байланыстар және комплексті қосылыстар сияқты теориялық мәселелер қарастырылады. Олардың қолдану облыстары көрсетіледі. Атом құрылысы қазіргі кванттық теория тұрғысынан баяндалып, оның периодтық жүйемен байланысы көрсетіледі. Химиялық байланыстар, ұқсастықтары мен айырмашылықтары айтылып, ковалентті байланыс ВБТ мен МОТ тұрғысынан түсіндіріледі, сондықтан күрделі материалдарды саналы түрде түсінуге жағдай жасайды. Сонымен бірге <<Бейорганикалық химия>> пәнінде химиялық элементтердің атом құрылысы, табиғатта таралуы, алынуы, қасиеттері, қолданылуы және қосылыстары, олардың қасиеттері қарастырылады. 1.3 Аталмыш курстың мақсаты студенттерге бейорганикалық химияның теориялық негіздерінен және элементтер химиясынан білім беру; + Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті: * студенттердің дүние танымының дамуына әсер ету ; * қоршаған ортаға көзқарастарын қалыптастыру; - химиялық құбылыстар арқылы материалдық философияның заңдарын түсіндіру; * бір заттың екінші затқа айналу механизмін түсіндіру. 1.5 Оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды: - химиялық реакциялар теңдеулерін (молекулалық, иондық, ионды-молекулалық, тотығу-тотықсыздану реакцияларының ) құрастыра білуі; * негізгі стехиометриялық және фундаменталды заңдарды меңгеруі; * зертханалық құрал-жабдықтарды, аспаптарды игеруі; * зертханалық тәжірибелерді жасай алуы; * концентрациялары дәл ерітінділер дайындай білуі; - зертханалық тәжірибелер нәтижелерін өңдей білуі, талдай білуі, графиктер мен диаграммалар сала білуі; - заттың молекулалық формуласын есептеу, зат мольін (грамм) массаға немесе атом, ион, молекула сандарына айналдыруға бағыттаған есептер шешуі, химиялық теңдеу бойынша өнімнің шығымын есептеу кезінде теориялық білімді қолдана білуі; - периодтық заңды пайдалана отырып, периодтық кесте құрылымдарының арасындағы байланыс себептерін аша білуі; - атомдар ішіндегі электрондардың орналасуын сипаттай білуі; - периодтық жүйедегі орналасу орнына, Паули принципіне байланысты, Хунд, Клечковский ережелерін пайдалана отырып, кез-келген элементтің электрондық конфигурациясын жаза білуі; - химиялық байланыстар табиғаты жөніндегі теория дамуының негізгі ережелерін білуі; - <<Тотығу>>, <<тотықсыздану>>, <<тотығу-тотықсыздану реакциясы>> терминдерінің мәнін түсініп, тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіре білуі; - реакцияның жүру бағытына орай, энергия түрлерін және олардың өзара бір-біріне айналуын айыра білуі, сонымен қатар, тепе-теңдік константасымен байланысты есептерді шығара білуі, жылдамдықты, жылдамдық константасын немесе реагенттің тепе-теңдік концентрациясын берілген жылдамдық теңдеуі бойынша есептеуді меңгеруі тиіс; - элементтер химиясының қасиеттерін біліп, теориялық білімді элементтер қасиеттерін сипаттағанда қолдана білуге тиіс. 1.6 Курстың пререквизиттері: Курсты меңгеру үшін студент мектепте оқығанда <<Бейорганикалық химия>>, <<Физика>>, <<Математика>> курстарын терең білуі қажет. 1.7 Курстың постреквизиттері: 1.7.1 Бұл пәнді оқығаннан алынған білім физика пәнінде (газ заңдары, идеал газ күйінің теңдеуі, рентген сәулесі, өткізгіштер, жартылай өткізгіштер, диэлектриктер, кристалдық күйлер, кристалл ерекшеліктері, изоморфизм, полиморфизм); 1.7.2 Органикалық химия пәнінде (молекулалар стериохимиясы. локализацияланған және локализацияланбаған байланыстар, атомдар орбиталдарының гибридизациясы, гибридизация түрлері); 1.7.3 Физикалық және коллоидты химия пәндерінде (реакция реті мен молекулалығы, ішкі энергия, энтропия, энтальпия, термодинамика заңдары, коллоидты жүйелер, суспензия, эмульсия, жоғары молекулалық заттар); 2 ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ БӨЛІНУІ 1-кесте № Тақырып атауы Сағаттар Әде-биет Д ПР 3С БӨЖО БӨЖ 7.1.1-7.1.4; 7.1.7-7.1.8 1 Модуль 1. Атом-молекулалық ілім. 1.1 Химия ғылымы дамуының қысқаша тарихы; 1.2 Химияның негізгі заңдары (Энергия және масса сақталу заңдары; эквиваленттер және Авогадро заңдары; құрам тұрактылық,еселік қатынастар заңдары) 1.3 Газдардың негізгі заңдары. Заттардың эквивалентін анықтау Газ тәріздес заттардың молярлық массасын анықтау 4 2 1 1 2 4 2 Модуль 2. Атом құрылысы. 2.1 Атом құрылысы. Сутегі атомының Бор бойынша құрылысы. Квант сандары. 2.2 Паули принципі, Хунд, Клечковский ережелері. 2.3 Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және жүйесі. ЭТ, ИЭ, атомдар, иондар радиустары. Химиялық процестердің энергетикасы 4 2 2 4 7.1.1-7.1.4; 7.1.7-7.1.8; 7.2.1; 7.2.3 3 Модуль 3. Химиялық процестердің жүру заңдылықтары. 3.1 Химиялық процестер энергетикасы; 3.2 Химиялық кинетика; 3.3 Химиялық тепе-теңдік Химиялық процестердің энергетикасы Химиялық реакциялардың жылдамдығы Химиялық тепе-теңдік 4 3 1 1 1 3 4 7.1.1-7.1.3; 7.1.7-7.1.8 4 Модуль 4. Ерітінділер 4.1 Ерітінділер, концентрациялары; 4.2 Электролиттер, диссоциация; 4.3 Тұздар гидролизі; 4.4 Бейэлектролиттердің сұйытылған ерітінділері Концентрациялары белгілі ерітінділер дайындау Электролиттердің электр өткізгіштіктерін тексеру,буфер ерітінділер дайындау Тұздар гидролизі 4 3 1 1 1 3 6 7.1.1-7.1.5; 7.1.7-7.1.8; 7.2.1; 7.2.2 5 Модуль 5. Электрохимиялық процесстер 5.1 Тотығу-тотықсыздану реакциялары; 5.2 Гальваникалық элементтер, электродтық потенциалдар; 5.3 Электролиз, заңдары; 5.4 Коррозия, металдарды коррозиядан қорғау Тотығу-тотықсыздану реакциялары Гальваникалық элементтің э.қ.к анықтау Электролиз процесі Металдардың коррозиясы 3 3 1 1 1 1 3 6 7.1.1-7.1.3; 7.1.7-7.1.8; 7.2.1; 7.2.4 6 Модуль 6. Координациялық қосылыстар 6.1 Химиялық байланыстар, қасиеттері; 6.2 Комплексті қосылыстар Комплексті қосылыстар 3 2 1 1 4 7.1.1-7.1.4; 7.1.7-7.1.8; 7.2.1; 7.2.2 7 Модуль 7. Элементтер химиясы 7.1 Металдардың жалпы қасиеттері; 7.2 Бейметалдардың жалпы қасиеттері Металдардың жалпы қасиеттері Бейметалдардың жалпы қасиеттері 8 1 1 1 8 7.1.1-7.1.4; 7.1.7-7.1.8; 7.2.1; o 3 ПӘНДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР Курсты оқығанда студент алдымен теориялық негіздерді игеруі қажет. Пәннің теориялық сұрақтары дәрістерде қарастырылады, сонымен бірге күрделі не оқулықтарда жоқ сұрақтар туралы айтылады, сондықтан студент дәрістерге міндетті түрде қатысуға тиіс. Дәрістер конспектілері зертханалық сабақтарға дайындық кезінде, студенттің өз бетімен өздік жұмыстарын игеру кезінде негіз болады, әдебиетпен дұрыс жұмыс істеуге көмектеседі. Сабақтың маңызды түрі - зертханалық сабақтар. Онда зертханада жұмыс орындау, эксперимент қою дағдысы үйретіледі. Зертханалық сабақтарда теориялық негіздер, заңдылықтар дәлелін табады. Зертханалық сабақта студенттердің өздік жұмысы оқытушы басқарумен өткізіледі. Зертханалық практикумда химиялық реактивтермен, ыдыстармен, зертханалық аспаптармен жұмыс істеу дағдысы үйретіледі. Практикалық сабақтарда бейорганикалық химияның теориялық қағидалары талқыланып, теориялық негіздерге сүйене отырып есептер шығарылады. 4 КУРС ФОРМАТЫ << Бейорганикалық химия>> - 4 кредит Курс бойынша 50 минуттық дәріс аптасына 2 рет, 50 минуттық практикалық сабақ аптасына 1 рет, 100 минуттік зертханалық сабақ аптасына 1 рет болады. Студенттер бұл сабақтарға қатысуға міндетті. Босатылған сабақтар қайталанып оқылмайды. Зертханалық сабаққа дайын емес студенттер тәжірибе жасауға жіберілмейді. Зертханалық сабақ бойынша максимал балл алу үшін реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек. 1-ші, 2-шы апталарда оқу-әдістемелік материалда (7.1.7) көрсетілген жазбаша тапсырмаларды әр студент өзіне тиісті номер бойынша алады, 4-шы, 6-шы апталарда берілген тапсырмаларды сағат 18.00 дейін өткізеді(1МБ) және 8-ші, 9-шы апталарда оқу-әдістемелік материалда (7.1.7) көрсетілген жазбаша тапсырмаларды әр студент өзіне тиісті номер бойынша алады, 11-шы, 13-шы апталарда берілген тапсырмаларды сағат 18.00 дейін өткізеді(2МБ). Дәріс бойынша максимал балл алу үшін дәріс соңындағы сұрақтар жауабын келесі дәріс сабағы алдында оқытушыға өткізіп отыру қажет. Сонымен бірге, дәріс соңында міндетті түрде сол материал бойынша білуі керек 5-7 негізгі ұғымдар келтірілген. Практикалық сабақтар мен СОЖӨ тапсырмалары әр теориялық тақырып бойынша мына әдебиетте 7.1.7 берілген, сондықтан әр студент қолында осы әдебиет сабақ кезінде болуы керек. 5 КУРС САЯСАТЫ * Сабаққа кешігуге болмайды; * Сабақты босатуға болмайды, ауырған жағдайда дәрігердің анықтама қағазы болуы қажет; * Тапсырма уақытында орындалмаса, қорытынды баға нәтижесі төмендетіледі; * Оқу процесіне (үрдісіне) белсенді қатысу қажет; * Уақытында және ынтамен ЖҮТ-ты орындау қажет; * Курстас студенттерге және оқытушыға қайырымдылық, ақ жарқындық, ашықтық, жарасымдылық көрсету қажет; Сонымен бірге, студенттің өзі орындамаған жұмыстары қабылданбайды, студент ар кодексін сақтауға міндетті, алдауға жол берілмейді. Сабақта ұялы телефонмен байланыс жасауға, сағыз шайнауға болмайды. 6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ Студенттердің білімін бақылау келесі формада жүргізіледі: * Ағымдағы ( күнделікті) бақылау (әр апта сайын жүргізіледі); * Межелік бақылау (семестрдің 7-және 15-аптасында); * Қорытынды бақылау түрі - емтихан. Ағымдағы бақылау (АБ) - студенттің білімін дәрістерде, зертханалық сабақтарда , СОӨЖ-де және практикалық сабақтарда жүйелік түрде бағалау. Күнделікті бағалаудың бірнеше түрі бар: - Ауызша сұрау; - Аудиториялық бақылау жұмысы; - Үй жұмысын қорғау; - Зертханалық жұмысты қорғау; - Тестілеу; - БОӨЖ және БӨЖ өткізу Межелік (рейтингілік) бақылау (МБ) семестрдің 7-ші және 15-ші аптасында (тезаурустық бақылау арқылы) жүргізіледі. МБ бағасы - 120 (60+60) балл. Баға процентпен 100% - тік шкала бойынша қойылады. Студент емтиханға жіберілуі үшін қосынды рейтингілік балл 50 %-тен асуы керек. Қорытынды бақылау түрі - емтихан , университеттің тестілеу орталығында компьютер көмегімен жүргізіледі. Босатылған сабақтар үшін, уақытында тапсырылмаған жұмыстар үшін айыппұл санкциялары болады, яғни алатын максимал баллдың белгілі бір пайызы алынып қалады. <<Бейорганикалық химия>> пәні бойынша баллдың бөлінуі 2-кесте № Тапсырма түрі Семестрдегі саны ∙ балл Шартты белгілер Макс. балл 1 Білім алушының өздік жұмысы 55∙4 БӨЖ 220 2 Зертханалық сабақ (орындау,есеп беру) Практикалық сабақ 4∙ 9 1∙14 6∙ 7 1∙8 6∙7 1∙8 6∙7 1∙8 3С ЗС ЗС ЗС ПС ПС ПС ПС 36 14 42 8 42 8 42 8 3 Межелік бақылау 2 МБ 60+60 Жалпы 540 Апта Бақылау түрі Балл жалпы Ескерту 1 Дәріс кезінде оқытушы сұрағына жауап беру; Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау ПС, БӨЖО көрсетілген сұрақтарға осы тақырып бойынша (7.1.7 әдебиетінде көрсетілген) жауап беру. Зертх.сабақ Практ.сабақ БӨЖО 2 Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу; Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау ПС, БӨЖО көрсетілген сұрақтарға осы тақырып бойынша (7.1.7 әдебиетінде көрсетілген) жауап беру. 14 14 Зертх.сабақ Практ.сабақ БӨЖО 3 Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру жазып келу; Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; көрсетілген сұрақтарға ПС,БӨЖО тақырып бойынша жауап беру. 9 9 Зертх.сабақ Практ.сабақ БӨЖО 4 Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу; Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; ПС,БӨЖО, БӨЖ көрсетілген есептер мен сұрақтар осы тақырып бойынша (7.1.7 әдебиетінде көрсетілген) жауап беру. 9 9 55 Зертх.сабақ Практ.сабақ БӨЖО БӨЖ 5 Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу; Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; ПС,БӨЖО көрсетілген есептер мен сұрақтар осы тақырып бойынша (7.1.7 әдебиетінде көрсетілген) жауап беру. 9 9 Зертх.сабақ Практ.сабақ БӨЖО 6 Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу; Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; ПС, БӨЖО, ҮЖ көрсетілген есептер мен сұрақтарға осы тақырып бойынша (7.1.7 әдебиетінде көрсетілген) жауап беру 9 9 55 Зертх.сабақ Практ.сабақ БӨЖ БӨЖО 7 Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу; Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; ПС, БӨЖО көрсетілген сұрақтарды орындау керек (7.1.7 әдебиетінде көрсетілген). МБ тест бойынша сұраққа жауап беру керек (7.1.7 әдебиетінде көрсетілген) 60 Зертх.сабақ Практ.сабақ БӨЖО МБ (тезаурустық тексеру) 8 Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру жазып келу; Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; ПС, БӨЖО тапсырма бойынша орындау 7 7 Зертх.сабақ Практ.сабақ БӨЖО 9 Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу; Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; ПС, БӨЖО 7.1.7 көрсетілген есептер мен сұрақтар осы тақырып бойынша (7.1.7 әдебиетінде көрсетілген). жауап беру 7 7 Зертх.сабақ Практ.сабақ БӨЖО 10 Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу; Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; ПС,БӨЖО көрсетілген есептер мен сұрақтар осы тақырып бойынша(7.1.7 әдебиетінде көрсетілген) жауап беру. 7 7 Зертх.сабақ Практ.сабақ БӨЖО 11 Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу; Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; ПС,БӨЖОжәне БӨЖ көрсетілген есептер мен сұрақтар осы тақырып(7.1.7 әдебиетінде көрсетілген) бойынша жауап беру. 7 7 55 Зертх.сабақ Практ.сабақ БӨЖО БӨЖ 12 Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу; Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; ПС,БӨЖО көрсетілген сұрақтар бойынша жауап беру керек(7.1.7 әдебиетінде көрсетілген). . 7 7 Зертх.сабақ Практ.сабақ БӨЖО 13 Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу; Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; ПС,БОЖӨ, БӨЖ көрсетілген есептер мен сұрақтар осы тақырып бойынша(7.1.7 әдебиетінде көрсетілген) жауап беру. 7 7 55 Зертх.сабақ Практ.сабақ БОЖӨ БӨЖ 14 Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу; Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; ПС, БОЖӨ көрсетілген есептер мен сұрақтарға осы тақырып бойынша (7.1.7 әдебиетінде көрсетілген) жауап беру 8 8 Зертх.сабақ Практ.сабақ БОЖӨ 15 Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу; Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; ПС,БОЖӨ көрсетілген есептер мен сұрақтарға осы тақырып бойынша жауап беру(7.1.7 әдебиетінде көрсетілген); МБ тест бойынша сұраққа жауап беру керек(7.1.7 әдебиетінде көрсетілген). 60 Зертх.сабақ Практ.сабақ БӨЖО МБ (тезаурустық тексеру) 7.1. НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР o Бірімжанов Б. Жалпы химия: оқулық. Алматы: Ана тілі. 2002 - 638б. -50дана o Аханбаев К. Жалпы және анарганикалық химия. Оқулық. Алматы. Санат,2005 - 560б. -15дана o Омаров Т.Т., Танашева М.Р. Бейорганикалық химия. Алматы.ЖШС РПБК <<Дәуір>>,2008. - 544б. - 10дана o Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. - М.: Высш.шк.,2001 - 743с. - 4 дана o Шрайвер Д. Неорганическая химия. В 2-х т. М.: Мир, 2009- 679б және 486б - 8 дана o Угай Я.А. Общая и неорганическая химия. М.: Высш.шк.2001 - 518б- 2 дана; 2005 - 527б. - 4 дана o Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М., Абекова Р.С. Жалпы химия курсы бойынша есептер мен жаттығулар. Семей, 2012 - 138 б - 100 дана o Яшкарова М.Г., Омарова Н.М., Кабдулкаримова К.К., Мусабаева Б.Х. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар, Семей,2007- 80 б.-100 дана + Қосымша әдебиеттер o Неорганическая химия. Биогенные и абиогенные элементы / под ред Егорова В.В. М.: Лань,2009 - 313б - 4 дана o Павлов Н.Н. Неорганическая химия. М.: Высш.шк.,2001. - 332б. o Хомченко Г.П. Неорганическая химия. М.:Высш.шк.,1986. - 464б - 1дана o Бишімбаева Г.Қ. Жалпы химия. Алматы: Бастау, 2007 - 136б - 3 дана 7.3. Плакаттар 7.3.1. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі 7.3.2. Металдардың кернеу қатары. 7.3.3. Тұздар мен негіздердің суда ерігіштігі. 7.3.4. Комплекс иондардың тұрақсыздық константасы. 7.3.5.Аз еритін заттардың ерігіштік көбейтіндісі. 7.3.6. Негіздер мен қышқылдардың диссоциация константасы.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz