Файл қосу
Ежелгі Қытай грамматикасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3-деңгейлі CМЖ Құжаты ПОӘК ПОӘК 042-01.00/01-2014 ПОӘК <<Жалпы тіл білімі>> пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы <<_>>_____ 2014жыл №1 басылым 5 В 020500 - << Филология: қазақ тілі >> мамандығына арналған << Жалпы тіл білімі>> пәнінің ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2014 ПОӘК 042-18-28-1.14/01-2014 ______№ ___басылым _______ беттің _____беті Мазмұны * Глоссарий * Дәрістердің қысқаша мазмұны * СӨБӨЖ тапсырмалары бойынша әдістемелік нұсқау * СӨЖ тапсырмалары бойынша әдістемелік нұсқау * Пән бойынша сұрақтары * Пән бойынша тест тапсырмалары ПОӘК 042-18-28-1.14/01-2014 ______№ ___басылым _______ беттің _____беті 1.Глоссарий 1.1 Аккомодация (лат. Accommadatio - бейімделу) - дыбыстардың комбинаторлық өзгерісінің дауыссыз және дауысты дыбыстардың артикуляциясының бейімделуі. 1.2 Акцентология (лат. Accentus - екпін және грек logos - сөз, ілім) - 1) Екпіннің табиғаты мен қызметін зерттейтін сала; 2) Екпінге байланысты болатын тілдік құбылыстардың жүйесі. 1.3 Аллофон - фонеманың әр түрлі айтылуы. 1.4 Апокопа - морфологиялық құбылыс. Соңғы буындардың түсіріліп айтылуы. Мысалы: <<барады- барад>>, <<барамын - барам>> т.б. 1.5 Ассимиляция (лат.Assimilation - үндесу) - дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің кең тараған түрі. Ассимиляция сөздегі немесе сөйлемдегі тетелес келген дыбыстардың артикуляциялық үндесуі. Толық ассимиляция (жазса, сүзсе, жас+са, сүс-се). Жартылай ассимиляция (қазға, тасқа) болып бөлінеді. 1.6 Аферезис - қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұрған дыбыстардың өзара ықпал етуі. 1.7 Биллингвизм (лат. Bi- екі, lingua- тіл) - қостілділік; белгілі әлеуметтік топтың (мемлекеттік) екі тілде сөйлеуі. 1.8 Бихевиоризм (ағылшын - behaviour- мінез-құлық, тәртіп)- тіл білімінде психологияның бір бағытына негізделген тілдің мәні мен қызметі туралы көзқарастар жүйесі. Сыртқы қоршаған орта мен адам мінез-құлқының байланысы бар болғандықтан, бихевиоризм теориясы туындайды. 1.9 Вокализм (лат. Vocalus - дауысты дыбыс) - тілдегі дауысты дыбыстар жүйесі. 1.10Гаплология (грек. Hapleos - қарапайым және logos - сөз, ілім) - дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі. Қатар келген бірдей немесе ұқсас буындардың біреуінің ассимиляция салдарынан түсіп қалуы. Мысалы: бұл күн - бүгін, алып кел- әкел. 1.11Деривация (лат. Depivatio - жасалу) - бастапқы тіл бірліктерінен басқа туынды тіл бірліктерін жасау үрдісі. Дериваттарды суффикс қосу арқылы, сөз тіркесі арқылы, сөздерді біріктіру арқылы т.б. жасауға болады. Лексикалық деривация түпкі (түбірлі) бірліктің лексикалық мағынасын өзгертуге бағытталса (<<бас>> - <<бастық>>), синтакситік деривация тек синтакистік қызметтің өзгеруін білдіреді (<<сайла>> - <<сайлау>>). 1.12Диахрония (грек. diachoponos - уақыттың өтуі) - тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің аспектісі. 1.13Диссимиляция (лат. Dissimilatio - өзгеру) - сөз шеңберіндегі екі немесе одан да көп ұқсас дыбыстың артикуляциясы. Диссимиляция біртектес дыбыстар арасында пайда болады. 1.14Диэреза - сөйлеу кезінде дыбыстар бір-біріне әсер етеді. Диэрезаның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады , мысалы: <<честный - чесный>>, <<қалмады - қамады>>, т.б. 1.15Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері - сөйлеу кезінде дыбыстардың бір-біріне әсер етуінен пайда болатын фонетикалық өзгерістер. Оның негізгі түрлері мынадай: аккомодация, ассимиляция, диссимиляция. 1.16Жасанды тілдер - табиғи тілді қолдану мүмкін емес немесе сапасыз болатын жағдайларда қолданылатын таңбалар жүйесі. Оның түрлері - мамандырылмаған тілдер - халықаралық тілдер (эксперанто), мамандандырылған тілдер - ғылым тілінің символдық тілі (математика тілі, химия тілі) және бағдарлама жасау тілі т.б. 1.17Жест тілі (ым тілі) - кинетикалық (мимикалық) негізде жасалған коммуникативті жүйе. 1.18Интерференция (лат. inter - аралық, ferio -соғу, тигізу) - қостілділік жағдайында тілдердің бір-біріне тигізетін әсері, ықпалы. 1.19Конверсия (сөзжасам) - бір сөз табындағы өзгеріске ұшырамай, басқа сөз табы ретінде қолданылуы (соғыс - соғыс, ақ-ақ-ақ, ат-ат т.б.). 1.20Консонантизм (лат. consonantig - дауыссыз дыбыс) - тілдегі диалектідегі , говордағы тілдер тобының дауыссыздардың жүйесі. 1.21Көптілділік (мультилингвизм, полилингвизм) - бір мемлекет ішінде бірнеше тілді пайдалануы. Бір адамның бірнеше тілде сөйлеуі. 1.22Ларингал (грек. Larynx - көмей) - көмейлік дауыссыз дыбыс. 1.23Метатеза - (грек. Meafofhesis - орын ауыстыру) - сөз ішіндегі дыбыстардың, не буындардың өзара орын ауыстыруы. 1.24Морфема - (грек. Morrhe - форма) - тілдің негізгі бірлігі, ең кіші таңба, яғни бұл бірліктің белгілі фонетикалық тұлғасы ретінде белгілі бір мағына береді. 1.25 Ономасиология - номинация (атау) теориясы. Ономасиологиядағы зерттеу зат немесе құбылыстан осы зат не құбылыстан осы зат не құбылыс туралы ойға қарай бағытталады және оларды тіл құрамдары арқылы белгілейді. 1.26Ономастика (грек. Onomastike (techne) - атау өнері) - жалқы есімдерді зерттейтін тіл білімінің саласы. 1.27 Протеза (грек. Proflogis - алдына қою) - сөз басында қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: ырас - рас, ылай - лай. 1.28 Редукция (лат. Reductio - кейін шегіну, азаю, қысқару) - дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Сандық редукция - екпін болмауынан дыбыс ұзақтығының азаюы, сапалық редукция - сол себептерден артикуляцияның өзгеруі. Мысалы: қат(ы)нас, дәр (і) гер, т.б. 1.29 Редупликация (лат. Reduplication - қосралану) - алғашқы буынның (жартылай редупликация) немесе бүтін түбірдің (толық редупликация) қосарлануынан пайда болатын құбылыс. Мысалы: қап-қара, тәй-тәй т.б. 1.30 Семиотика (грек. Semeion - таңба, белгі) - хабарды сақтап, басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән. 1.31 Сингармонизм (грек. Syn - бірге және harmonia - қос үнділік, үндесу)- морфологиялық бірлік ретіндегі сөздің вокалдық түрленуінің нәтижесі. Бұл түркі тілдеріне тән аса күшті заң. 1.32 Синхрония (грек. Sync - hronos- бір мезгілде болатын) - белгілі бір даму кезеңіндегі тілдің жағдайы. 1.33 Субстрат (лат. Sub. Астыңғы, және stratum - қабат) - белгілі лингвогеографиялық жерде ертеде болған тілден қалған көне элементтер. 1.34 Транскрипция (лат. Trancriptio - көшіріп жазу) - сөз дыбыстарын хатқа түсіру (жазу) әдісі. 1.35 Фонема (грек.phonema - дыбыс, дауыс) - тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік. Фонема мағыналық бірліктерді ажырату үшін қажет. 1.36 Фонология (грек. phone - дыбыс және logos - сөз, ілім) - тілдің дыбыстық құрылысы мене қызметінде болатын заңдылықтарды зерттейтін тіл білмінің бір саласы. 1.37 Фузия (лат. fusio - қосылған жер) - көрші тұрған морфемалардың (негіз бен аффикстің) қосылып кетуі. Фузия түбір мен қосымшалар арасында болады, олар: н// д/т; м//б-п 1.38 Элизия (лат. elisio - шығарап тастау) ілгері тұрған сөзде соңғы дыбыстың жоғалуы. Элизияға қарама-қарсы болатын үрдіс, яғни кейінгі сөздің басында тұратын дыбыстың жоғалуы - аферизис деп аталады. Элизия редукциямен тығыз байланысты. Мысалы: орын- орны; ауызы - аузы. 1.39 Эпентеза (грек.epenthesis - қосынды) - сөздегі қосымша дыбстың пайда болуы. Мысалы: кровать - кереует. 1.40 Этимон (грек. etumon - ақиқат) - сөздің бастапқы тұлғасы мен мағынасы. ПОӘК 042-18-28-1.14/01-2014 ______№ ___басылым _______ беттің _____беті 2 ДӘРІСТЕР 1 Дәріс Жалпы тіл білімінің пәндік ерекшеліктері Дәріс сабағының мазмұны: 1. Жалпы тіл білімінің анықтамасы 2. Жалпы тіл білімі пәнінің мақсаты мен міндеттері 3. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен, әсіресе, жеке тілдер жөніндегі іліммен қарым-қатынасы Тілдегі толып жатқан ортақ сипаттардың, универсалды құбылыстардың барлығы - алуан тілдердің фактілерін бір-біріне салыстыра қарау нәтижесінде айқындалды. Оның айқындалуы тілде болатын ортақ заңдылықтарды, түрлі құбылыстарды зерттейтін, соның нәтижесінде жалпы тілдік теориялық тұжырымдар жасайтын жалпы тіл білімін дүниеге келтірді. Жалпы тіл білімі - лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол - бүкіл лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімі 1963 жылдан бастап енгізілді. Бұл піннің мақсаты - оқушыларды теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру. Оларға тіл туралы ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында тұрған басты мәселелерінен жүйелі білім беру. Осындай мақсаттарға сәйкес курс күрделі төрт бөлімге бөлінеді: лингвистика тарихы, тіл теориясы, лингвистикалық әдістер мен методикалар, тіл білімінің басқа ғылымдармен қарым-қатынасы. Лингвистиканың объектісі мен салалары. Лингвистиканың объектісі - адамдардың дыбысты тілі. Лингвистика тілдің құрылымын да, функциялық сипаттарын да, даму заңдылықтарын да, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-санамен, мәдениетпен қарым-қатынасын да жан-жақты зерттейді. Дыбысты тіл - күрделі құбылыс. Оны бір ғана тәсілмен, бір бағытта зерттеу арқылы танып-білу мүмкін емес. Бұл жағдай тіл білімінің түрлі салаларға бөлшектенуін туғызады және зерттеу ісін түрлі бағытта, түрлі мақсатта жүргізуді қажет етеді. Лингвистикада тіл білімін жеке тіл білімі және жалпы тіл білімі деп екіге бөледі. Жеке тіл білімі сол тілдің немесе туыстас тілдердің атымен аталады: қазақ тіл білімі, өзбек тіл білімі немесе түркітану т.б.Лингвистиканың жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін саласы - жалпы тіл білімі деп аталады. Дүние жүзі тілдері құрылымы жағынан алуан түрлі болғанымен, олардың бір-біріне ұқсас, бәріне ортақ қасиеттері, ортақ заңдылықтары бар. Мысалы, тілдің бәрі де адамдардың өзара қатынас құралы. Тілдердің қайсысында да дыбыс, сөз, грамматикалық форма, сөйлем болады. Тіл бір қалыпта қалып қоймайды, өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Сонымен бірге, дамуға, өзгеріске түрткі болатын әр түрлі ішкі және сыртқы себептер тіл тарихының қай-қайсысында болса да кездеседі. Бұл да барлық тілдерге ортақ, жалпы заңдылық. Жалпы тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелері: 1. Тілдің өзіндік табиғаты мен мәні, ойлаумен, қоғаммен байланысы, атқаратын қызметі. 2. Тілдің құрылымы, құрылым элементтерінің бір-бірімен байланысы, арақатынасы. 3. Тілдің таңбалық, жүйелік сипаты. 4. Дыбыс тілінің шығуы, тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тілдік құбылыстарға ортақ болатын ішкі, сыртқы себептер, тілдер дамуында болатын дифференциялық (саралану), интеграциялық процестер, жалпы халықтық тіл, диалекті, сөйлеу тілі мен әдеби тіл т.б. 5. Тілдердің типологиялық, генеологиялық топтары, жіктелуі. 6. Жазудың пайда болуы, даму жолдары. 7. Тіл білімінің өзіндік зерттеу әдістері. 8. Тіл білімінің негізгі салалары, басқа ғылымдармен қатынасы, өзіндік орны. Жалпы тіл білімі қарастыратын мәселелерді сөз еткенде, олар жөнінде белгілі тұжырымдар жасағанда жеке тілдерді зерттеу нәтижелері басшылыққа алынады. Теориялық тұжырымдар жеке тілдерді зерттеу, айқындалған топшылауларды жинақтау, қорытындылау негізінде жасалады. Ал жеке тіл білімі өз зерттеулерінде жалпы тіл білімі жасаған теориялық тұжырымдарға сүйенеді, соны басшылыққа алады. Осыдан жеке тіл білімі мен жалпы тіл білімінің өзара бірлігі, тығыз байланысы туады. Тіл білімі салалары: 1. Интралингвистика. Интра - латын тілінен ауысқан префикс <<ішкі>> мағынасын білдіреді. Интралингвистика тілдің ішкі жүйелілік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Кейбір әдебиеттерде бұл терминнің орнына микролингвистика сөзі қолданылады. Интралингвистиканың негізгі салалары - фонетика, лексикология, грамматика. Экстралингвистика - экстра латын тілінде <<сыртқы, сыртқары>> мағынасын береді. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Сондықтан онысоциологиялық лингвистика, металингвистика (мета - грекше жарты), сыртқы лингвистика, немесе тілдің қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттеуіне байланысты функциялық лингвистика деп те атайды. Экстралингвистика социолингвистика, менталингвистика салаларына бөлінеді. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента - латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді. Менталингвистика тіл менойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді. Тіл білімін зерттеуде қолданылған әдіс-тәсіліне, зерттеушінің ұстанған бағыт-бағдарларына қарай да жіктеушілік бар. Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы-тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралдық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы (прикладтық) лингвистика жатады. Кейбір зерттеушілер еңбектерінде фонетика бойынша дыбыстардың физикалық, физиологиялық жақтарын зерттейтін саланы предлингвистика деп атайды. Сондай-ақ, әр тілдің дыбыстық мәнерін, экспрессивтік, эмоциялық, көркемдік мүмкіндіктерін зерттейтін саланы паралингвистика деп атайды. Жалпы тіл білімінің тағы да бір қарастыратын мәселесі - лингвистикалық ой-пікірдің қалыптасу, даму жолдары, яғни ғылымның өз тарихы. Өйткені өткенді білмейінше жаңаны тану мүмкін емес. Өткенмен салыстыра қарау арқылы ғана жаңалық ашуға болады. Тіл білімі тарихының тәрбиелік те, танымдық та мәні зор. Өйткені ол қоғамдық ой-сананың, мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Тіл білімін зерттеуде зерттеушілердің басшылыққа алатыны - тарихи принцип. Бұл принцип бойынша, әр дәуірде қалыптасқан, өмір сүрген алуан түрлі лингвистикалық мектептер, концепциялар сол өз дәуірі тұрғысынан бағаланып, зерттеледі. Әдетте, тіл білімінің басқа ғылымдардан бөлініп, жеке ғылым болып қалыптасу тарихы ХІХ ғасырдың бас кезінен басталады. Бірақ бұдан ХІХ ғ. дейін тіл мәселесі сөз болмады деуге болмайды. Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египеттіктердің, шумерлердің т.б. Шығыс халықтарының жоғары мәдениетті болғандығын, әр түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл білімінің көне ғылымдардың бірі болғандығын байқауға болады. Бірақ египеттіктердің, шумерлердің тілге байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған, біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үнді, Ежелгі Грек елдеріне тән. Лингвистика тарихын шартты түрде: 1. Ежелгі заман лингвистикасы, 2. Орта ғасыр лингвистикасы, 3. Қайта өркендеу дәуір лингвистикасы, 4. ХІХ ғ. лингвистикасы, 5. ХХ ғ. лингвистикасы деп жіктеуге болады. Бұлардың әрқайсысы өз ішінен тағы да түрлі кезеңдерге бөлінеді. И.В.Кодухов жазған <<Жалпы тіл білімі>> оқулығында тіл білімі тарихы бес дәуірге бөлінеді: 1. Көне заман лингвистикасы XVIII ғасырға дейінге дәуір. 2. Салыстырмалы-тарихы тіл білімі мен тіл философиясы қалыптасқан дәуір (XVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғ. басы). 3. Логикалық және психологиялық тіл білімі дәуірі (ХІХ ғ. ортасы). 4. Неограмматизм мен тіл социологиясы (ХІХ ғасырдың 3-бөлігі мен ХХ ғ. басы). 5. Қазіргі заман тіл білімі және структурализм (ХХ ғ. 30-60 жж). Соңғыға совет тіл білімі тарихы да қосылады. Ұсынылған әдебиеттер: * Амирова, Б.А.Ольховиков., Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики. М., 1975. * М.Березин. История лингвистических учении. М., 1975. * М.Березин., Б.Н.головин. Общее языкознание. М., 1979. * Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы, 2000 * Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001 * В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974 * Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999 2 ДәрісКөне заман тіл білімі.Ежелгі Қытай грамматикасы. Көне үнді тіл білімі. Көне грек тіл білімі. 1. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар. 2. Философияның тууына түрткі болған себептер. 3. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер. 4. Ежелгі Қытайда қалыптасқан атау теориясы мен иероглифтік грамматика. 5. Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігі. 6. Грек тіл білімінің негізгі объектілері 7. Атау теориясы, тілдің шығуы 8. Александрия тіл мектебі, оның өкілдері 9. Грек тіл білімінің негізгі объектілері 10. Атау теориясы, тілдің шығуы 11. Александрия тіл мектебі, оның өкілдері Әдетте тіл білімінің басқа ғылымдардан бөлініп, жеке ғылым болып қалыптасу тарихын XІX ғ бас кезінен бастайды. Салыстырмалы- тарихи тіл білімі тұрғысынан алғанда оның тарихын өткен ғасырдан баастау, әрине, шындыққа жуықтайды. Бірақ бұдан 19 - ғ дейін тіл мәселесі сөз болмады деген ұғым тумайды. Дыбыс тілінің өзіндік сырын білуге адам баласы ғылымға дейінгі дәуірлердің өзінде де талпынған. Адам қоғамының балаң кездерінен сақталған алуан түрлі мифологиялық, діни түсініктерді былай қойғанның өзінде, өте ертеден басталатын әр түрлі жазу- сызуларда тілдік заң- ережелер ескерілмеді деуге болмайды. Ежелгі дәуір - лингвистикасының ой - пікірдің жаңа туындай бастаған және мейлінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында лингвистикалық түсінік бірте - бірте, өте баяудамиды. Ол өрісі тереңдігі жағынан да жұпыны болды. Соған қарамастан бұл екзеңдегі лингвистикалық мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайғагн тілі білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы деп анаған жөн. Ежелгі дәуір - лингвистикасында ерекше екі күрделі проблема болған. Оның бірі- атау атак, ат қою, екіншісі-грамматикалық өнер проблемасы. Заттарға, құбылыстарға, оқиғаларға қойылған аттардың қайдан, қалай пайда болғандығын, ол атаулардың дұрыс не теріс қойылуының қандай мәні барлығын, яғни тілдің табиғатын сөз етушілер философтар болған және бұл проблеманы олар философиясының ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала қытайда да, үнділерде де, гректерде де бір - біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге сайып отырған . Филология - жазба ескерткіштердің тілін, стилін, тарихи жақтарын зерттейтін ілім. Оның дүниеге келуі жазба ескерткіштердің пайда болуымен, оны зерттеу қажеттігінің тууымен тығыз байланысты. Атау теориясыдай емес, грамматика теориясы көне заман елдерінің әрқайсысында әр түрлі бағытта, әр түрлі мақсатта және әр түрлі дәрежеде болған. Бірақ соған қарамастан ежелгі дәуірдегі лингвистикалық ой-пікірдің барлығына тән ортақ қасиеттер де болды. Бұл кезеңдегі грамматикалық өнер тіл философиясына тәуелсіз, дербес ілім болғанымен, біраз мәселеде оған байланысты болған. Екіншіден, грамматикалық өнер тілдің құрылысын түсіндіруді мақсат етпеген, тілді дұрыс қолданудың, дұрыс сөйлеудің ережелерін жасауды, жазу тілі мен сөйле тілі арасындағы қатынасты түсіндіруді көздеген. Сондықтан да грамматикылық өнерді пікірді дұрыс, дұрыс әдеби етір бере білу өнеріне үйрететін практикалық ілім деген жөн. Үшіншіден, филология дәуірінде тілдің морфология, фонетика саласында едәуір істер атқарылмағанымен олар тек практикалық сипатта ғана еді, ал лексикология синтаксис мәселелерінің зерттелуі тым мардымсыз болды. Төртіншіден, әр елдің филологтары тек өз тұсындағы бір тілге ғана нұсқаларды зерттеді. Сондықтан әр түрлі тілдер фактілерін салыстыра қарау дегенді олар білмеді. Бесіншіден, бір елдегі лингвистикалық ой - пікірдің екінші елге жетуі же жоққа тән болды. Бұларды көне заман елдерінде туған филологиялық зерттеулерді жеке сөз еткенде байқауға болады. Ежелгі Қытай грамматикасы. Ат қою теориясы мен грамматилық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551- 479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым - Конфуций ( Кун - Цзы). Ат қою теориясымен қатар Ежелгі Қытайда Грамматикалық өнердің де негізі қаланды. Грамматикалық ілім қытайлардың көне жазуы - иероглифке негізделген. Қытай иероглифі біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырының өзінде - ақ белгілі нормаға келтіріліп, уставтық,жартылай уставтық және жылдам жазу деп үш стильге бөлінген, грамматика байланысты пікірлер де осы иероглиф жазуын талдап түсіндіруге негізделген. Грамматикалық өнер ежелгі дәуірден сақталған діни жазбалар тілін зерттеу негізінде туған. Тілді зерттеуде қытайлықтардың өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі болған. Оларда ежелден қалыптасқан ұғым бойынша, тілдегі ең негізгі тұлға - сөз. Сондықтан, иероглиф жеке сөзді емес, сөзді таңбалайды. Ежелгі Қытай лингвистикасының міндеті - тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағыналарын, оларды қалаай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған. Біздің заманға жеткен сондай сөздіктің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі - қытайша << Эрья>> деп аталатын сөздік. Б.з.д. үшінші ғасыр шамасында жасалған бұл сөздік бұрыннан сақталған діни жазбаның сөздерін - иероглифін түсіндіруге арналған. Ол жазбалардың сөздері киелі, жоғары стильді, канондық сөздер саналған. Сөздікте оның иероглифін талдау, жүйелеу, оларды оқудың, түсінудің ережелері берілген. Сөздікті грамматикалық еңбектер қатарына жатқызуға себепші болатын сол ережелер. Кейінгі кездерде <<Эрья>> сөздігіне еліктеп, оның сырын аша түсуге арналған тағы да бірнеше сөздіктер жасалған. Олардың барлығы да қытайдың иероглифін талдауға, олардың этимологиясын, мағынасын ашуға арналған. Осы себепті бұл сөздіктерді кейде иероглифтік грамматика деп атайды. Иероглифтік грамматикаларда морфема сөздер мағынасы, этимология мәселесі болмаса, қалыпты грамматикалық әдебиеттердегідей грамматикалық категория мәселелері сөз болмаған. Қытай лингвистикасының өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі осында. . Көне үнді тіл білімі. Өз кезі үшін айтарлықтай жақсы, жан-жақты зерттелген мәселелер қатарына фонетика мен грамматиканы жатқызуға болады. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің аса атақты лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жетті. Яски біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырларда өмір сүрген. Ол - <<Веда>> тілінің бес томдық сөздігін жасап түсінік жазған адам. Панинидің біздің дәуірге дейінгі IV ғасыр шамасында жазған <<Аштадхьяи>> ( Грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі ) деген еңбегінде төрт мыңнан астам грамматикалық ереже берілген. Бұл еңбегінде Панини <<Веда>> тілін қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған үнділердің санскрит деп аталатын көне әдеби тілінің және <<Веда>> жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөз туғызу, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттеген. Панини еңбегі - тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика. Осы санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады. Мұнда сөздердің тапқа, түбірге, түрлі қосымшаларға бөлу, жұрнақ, префикс дегендердің бәрі де бар. Панини грамматикасы ережелерінің дәлелдігіне, зерттеулерінің терең және жан-жақтылығына қарап, бірсыпыра ғалымдар Үндістанда тіл білімі паниниге дейін де даму басқышынан өткен, бірнеше грамматикалық еңбектер жазылған болу керек деп жорамалдайды. Бірақ ондай еңбектердің болған болмағаны ғылымда әлі белгісіз. Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп төрт топқа бөлген де, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттаған. Етістіктің шаққа бөлінуі, есімдерде жеті түрлі септік жалғаудың барлығы, т.б. көптеген грамматикалық мәселелер өте дәлдікпен шешілген. Үнділер тілдік негізгі тұлға - сөйлем, өйткені ой тек сөйлем арқылы ғана беріледі дегендерімен, синтаксис мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлмеген. Ежелгі Үндістан лингвистикасында грамматикадан кейінгі мол зерттелген мәселе - фонетика. Фонетика ежелгі заман тіл білімінің ешқайсында да Үндістандағыдай зерттеудің жоғарғы сатысына көтеріле алған жоқ. Рас, үнділер фонетиканы өз алдына жеке ұғым етпеген, ол морфология мәселесіне, негізінде, түбір сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасындағы дыбыс алмасуына байланысты қарастырылған. Соның өзінде қазіргі заман фонетика ғылымында айтылып жүрген мәселелердің біразын кездестіреміз. Дыбыстардың физиологиялық сипаттары, сөйлеу органдарының тіл дыбыстарын жасаудағы артикуляциясы, дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың болып кездесетіндіктері, олардың себептері жан-жақты және дұрыс сөз етілген. Үндістан лингвистикасының тарихын сөз ете келіп, В.Томсен: <<Үндістан лингвистикасының көтерілген биігі ерекше. Бұл биікке, көп нәрсені үнділерден үйрене тұрса да, европалық тіл білімі XIX ғасырға дейін көтеріле алмады>>, - деп жазады. Ал, И.А.Бодуэн де Куртенэ << XIX ғасырдағы тіл ғылымы, немесе лингвистика >> деген еңбегінде салыстырмалы грамматиканың XIX ғасырдың туындысы екенін айта келіп: <<әдіс жөнінен алғаш түрткі салғандар үнді грамматистері, тілдік талдау, сөздерді құранды элементтерге бөлу солардан басталады. Бұл - түрлі тілдер сөздерін салыстырмалы қарауды дүниеге келтірді. Егерде үнді грамматистерінің XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезіндегі Европа зерттеушілерінің ақыл-ойына тигізген орасан зор әсері болмаса, салыстырмалы грамматиканың, тіпті Европа мен Америка топырағында пайда болған тіл ғылымының гүлдеп дамуы болмаған болар еді>> дейді. Шынында да, үнділер тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан. Тіл фактілерін зерттеуде олар синтетикалық тәсілді де, аналитикалық тәсілді де қолданған. Сол арқылы тілдік элементтердің өзара ұқсастығын және бір-бірінен өзгешеліктерін айқындаған. Кейінгі дәуірлерде Үндістанда Панини грамматикасының мән-мағынасын талдап түсіндірген, оның жолын ұстанған лингвист-ғалымдар болды. Солардың бірі - біздің дәуірдің үшінші ғасырларында өмір сүрген Вараручи Катьяна. Ол Панини еңбегіне талдау жасаумен қатар, орта дәуір үнділерінің пракрит деп аталатын тілін санскрит тіліне салыстыра зерттеген. Сөйтіп, лингвистикада бірінші болып тарихи-салыстыру әдісін қолдануға талпынған, тілдің тарихы, дамуы деген ұғымдардың алғаш сөз еткен ғалым. Ол өзінің <<Пракрит грамматикасы>> дейтін еңбегінде фонетика мәселесіне ерекше көңіл бөледі, әрбір дыбыстың даму жолдарына, оларда болатын өзгеріс-құбылыстарға, үндесу заңдарына талдау жасайды. Мұндай құбылыстарды Катьяна морфологиялық өзгерістерге байланысты қарайды. Ежелгі Үндістан лингвистикасы тарихының тағы бір көрнекті өкілі - философ-лингвист Бхартхари. Бұл - тіл мәселелерін философияға бйланыстыра қараған ғалым. Бхартхари тіл категориясы мен логикалық категория арасындағы қарым-қатынасқа көбірек көңіл бөлген. Басқа лингвистер сияқты бұл да сөйлемді ойды білдіретін негізгі тілдік тұлға, мағыналық жағынан да, құрылым жағынан да бөлшектеуге келмейтін тұтас тұлға деп санайды да, сөйлемнің байымдауымен арақатынасына тоқталады. Көне грек тіл білімі Ғалымдардың айтуына қарағанда Греция лингвистикасы Гомердің <<Илиада>> мен <<Одиссея>> жырының тілін зерттеуден басталады. Көне заманнан сақталған бұл дастан тілінің көр жері гректердің сөйлеу тілінен мейлінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған да, грек ойшылдары сонны зерттеу, айқындау істерімен шұғылданған. Бұл жағынан алғанда үнді тіл білімі мен грек тіл білімін туғызған себеп бірдей. Әдетте, Греция лингвистикасын екі кезеңге бөліп қарастырушылық бар. Оның бірі- философиялық кезең, екіншісі - филологиялық кезең деп аталады. Бірішісі бізідң дәуірге дейінгі V-III ғасырлар аралығында. Бұл - грек лингвистикасы қалыптасуының алғашқы кезеңі. Мұны қалыптасушылар философтар болған. Олар тіл мәселелерін лингвитикалық тұрғыда емес, философия тұрғысынан сөз еткен, философияға тәуелді, соның ажырамайтын бір саласы деп есептеген және нақтылы тілдік фактілерге сүйенбей, абстрактылы болжаулар, философиялық тұжырымдар жасаумен шұғылданған. Бұл бағыт Греция тарихында эллинизм деп аталатын дәуірге дейін сақталады. Грек ғалымдары көтерген тағы бір лингвистикалық проблема - грамматика мәселелері. Грамматиканы да алғашқыда философия, әсіресі логика ғылымына тәуелді, соның бір саласы ретінде, логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қарады. Бұл саладағы алғашқы пікір Платон мен Аристотель еңбектерінде кездеседі. Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топқа бөлсе, Аристотель алдыңғы екеуі үстіне жалғауыш дегенді қосып үш топқа бөледі. Аристотель - грамматика мен логика арасындағы қарым қатынасты алғаш сөз еткен ғалым. Бұл елдегі лингвистика өз дамуның ең биігіне Греция тарихында эллинизм деп аталатын дәуірде көтерілді. Тіл білімі тарихында грамматистердің александрия мектебі деп аталатын бағытт осыдәуірде қалыптасқан. Бұл кезең Греция тілі білімі тарихында филология дәуірі деп аталады. Оның басты бір ерекшілігі - грамматикалық ілімнің , философияның , логиканың ықпалынан босанып, өз алдына дербес пән ретінде қаралуы еді. Грамматистердің александриялық мектебін қалыптастырып, грамматика ілімін дамудың жоғары сатысына көтерушілер - Аристрах, оның шәкірті Дионисий Фракийский, Аполлоний дискол болды. Александрия грамматиктері тілдің дыбыстық жүйесін зерттеумен де айналысқан. Бірақ бұл мәселеде гректер үнділер жеткен деңгейге жете алған жоқ. Лексикология саласы да назардан тыс қалды. Бұл дәуірде филология жазба ескерткіштерді жинау, зерттеу ісімен ерекше шұғылданды. Ежелгі Грек дәуірінен келе жатқан зат пен оның атауы арасындағы қарым - қатыс жөніндегі талас бұл дәуір де болды. Бірақ бұл кездегі талас белгілі бір заңдылық деген бола мА жоқ па деген мәселе төңірегінде болды. Оны бар деушілер анологистер, жоқ деушілер аномалистер деп аталды. Аномалистер зат пен оның атауы және грмматикалық категориялар арасында ұқсастық, заңдылық жоқ десе, анологистер тілде анологияның ролі ереукше, тілдік элементтерде анология жолымен бірыңғай, біркелкі болу тенденциясы күшті болады, тілдігенің барлығы да белгілі заңдылыққа бағынады деді. Анология мен аномалия туралы талас тілід тереңірке зерттеуге түрткі болды. Тіл білімі тарихында елеулі мәні барлығына қарамастан Ежелгі Грек лингвистикасының әлсіз жақары да болды. Тіл мәселелері алғашқыда философия, логика ғылымдарына тәуелді, соның бір саласы ретінде қаралғандықтан, тілдік категорияларды логикалық категориялармен теңестіріп қарау, алдыңғысын соңғысының мүддесіне бағынышты ету әрекеті кейінгі заманға дейін аоылмай келді. Тілдік категорияның өзгеріп, дамып отыратын тарихи құбылыс екеніне гректер де жете мән бермеді. Оның үстіне гректер өз тілінен басқа да тілдерді тіл деп санамады. Сондықтан олардың зерттеулері бір ғана тіл фактісіне негіздіелді. Бұл - олардың лингвистикалық мәліметтердің өсуіне, жалпы тілдік теориялық терең тұжырымдар жасауларына мүмкіндік береді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата? 2. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не? 3. Александрия тіл мектебі, оның өкілдерін ата? 4. Философияның тууына түрткі болған себептер қандай? 5. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктерді атаңыз? 6. Философияның тууына түрткі болған себептер қандай? 7. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктерді атаңыз? 8.Мұнда қалыптасқан атау теориясы мен иероглифтік грамматикасын ата? 9. Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігі қандай? 10. <<Эрья сөздігінің >> ерекшелігі? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 2.Вандриес Ж Язык. Лингвистическое введение в историю. Изд. 3.УРСС, М. 2001. 4.Мигирин В.Н. Методология и лингвистика. -Кишинев: Штиинца 5.Амирова, Ольховиков Б. А., РождественскийЮ.В. Очерки по истории лингвистики - М., 1975. * 6.Березин М. История лингвистических учении. - М., 1975. * 7.Методы лингвистических исследовании. - М., 1973. 8.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. - А., 1985. 9.Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики. - М.,1975. 10.М.Березин.История лингвистических учении.М.,1975 11.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 12.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж 3 ДәрісОрта ғасыр тіл білімі Дәріс сабағының мазмұны: 1.Әлемдік діндердің канондық тілдердің пайда болуы, олардың тіл біліміне тигізетін әсері. 2.Схоластикалық бағыттың ықпалдары. 3.Реалистік номиналистік бағыттар. Орта ғасырдың өзіндік біл ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып. Дүние жүзілік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан, діндерін жатқызуға болады. Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет - парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі деп жарияланды. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят - хадистарды мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл тіл лингвистикада канондық тіл деп аталады. Сөйтіп, дін тараған аймақтардағы халықтар өз анна тілімен қатар канондық тілді де қолданды. Канондық тіл бірден - бір дұрыс тіл деп жарияланды да, әр халықтың өз анна тілі, сөйлеу тілі, теріс тіл, пендешілік тілі деп саналды. Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Мысалы, түркі халықтары, сондай- ақ қазақ халқы үшін де канондық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті, киелі кітабы - құранның тілі болды. Европа халықтары үшін канондық тіл - латын тілі. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым тілі ретінде пайдаланылды. Бүкіл оқу орындарында ғылыми пән ретінде оқылатын да латын тілі грамматикасы болды. Жеке тілдер грамматикасы да латын тілі грамматикасы негізінде сөз болып, соның үлгісінде түсірілді. Сондықтан грамматика деген термин латын тілі грамматикасы деген ұғыммен тең болды. Жалпыхалықтық сөйлеу тілі есукерілмеді. Сөйлеу тілі фактілерін зерттей отырып, жасалатын теорилық тұжырымдардың орнына библейлік жорамалдар, діни нұсқаулар бұлжымайтын заң ретінде қолданылады. Сөйтіп , Орта ғасырлық Европа грамматика іліміне айтарлық ештеме қоса алмады. Солай бола тұрса да орта ғасырдағы грамматикалық ой - пікірдің бір мәнді жағы бар: ол кейінгі заманғы европалық лингвистиканың сол орта ғасыр топырағында тамырлана бастауы еді. Канондық жазбалар мен қатар европа халықтарының біразында жазба жұмысы мен әдебиет едәуір дамыды. Тек ежелгі дәуірден сақталған жазба тілі ғана емес, сөйлеу тілі материалдарына да көңіл аудару, оған мән беру фактілері байқалады. Құдайға құлшылықты пәрмендік жүргізу мақсаты - Канондық тілде жазылған туындыларды жергілікті тілдерді зерттеу, нормалау, олардың грамматикаларын жазу талабын күн тәртібіне қояды. Сөйтіп, 8 -15 ғғ арасында ирланд, исланд, француз, испан, итальян, ағылшын, т.б. тілдердің граммаьтикалары жарық көреді. Грамматика мәселелерімен қатар ежелгі дәуірден келе жатқан зат атауларының табиғаты жөнінідегі мәселеде ескерусіз қалмайды. Оны сөөз етушілер бұл дәуірде де екі лагерьге бөлінеді. Оның бірі - реалистер, екіншісі - номиналистер деп аталады. Реалистер заттар жөніндегі жалпы ұғым - ақиқат, ол, алғашқы, зат соңғы деген идеалистік бағытты ұстанады. Номиналистер керісінше, зат болмаса, ол туралы ұғым соңғы деген матералистік бағытты уағыздайды. Өзін-өзі тексер сұрақтары: 1. Әлемдік діндердің канондық тілдер қалай пайда болды?, 2.олардың тіл біліміне тигізетін әсері қандай болды? 3. Схоластикалық бағыттың ықпалдары. Реалистік номиналистік бағыттар? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики. - М 1975. * 2.М. Березин. История лингвистических учении.- М 1975 * 3.ҚалиевҒ. Жалпы тіл білімі А 2001 4.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985. 4 Дәріс Араб тіл білімі. Дәріс сабағының мазмұны: 1. Араб тіл білімінің дамуы. 2. Араб тілі туралы алғашқы еңбектер. 3. Араб тілінің дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің маңызы Мұның үстіне араб тілінде диалектілер де көп еді. Жаңадан бағындырылған елдердің тілдері әр түрлі болатын. Сондықтан классикалық араб тілінің диалектілерден де, басып алынған басқа елдер тілдерінен де қорғау, оны таза сақтау қажет болды. Бұл жағдайлар араб филологиясының дамуына әсерін тигізді. Арабтар гректер мен үнділіктердің грамматикалық жүйелерін де пайдаланды. Сонымен бірге араб тілі туралы ғылымды жасауға арабтардың тек өздері ғана емес, оларға бағынышты басқа да халықтар өкілдері қатысты. Әсіресе, араб халифатына кірген парсылар, гректер, сириялықтар, еврейлер, берберлер, түркі тағы басқа халық өкілдері тіл туралы ілімді дамытуға ат салысты. Арабтардың тіл туралы алғашқы еңбектері Ефрат пен Тигр бойындағы Баср және Куф қалаларында шықты. Бұл екі қалада грамматикалық екі мектеп - екі бағыт пайда болды. Олар өзара бір-бірімен түрлі мәселелер жөнінде айтысқа түсіп, пікір алысып отырды. Кейіннен грамматикалық ғылым орталығы Араб халифатының сол кездегі астанасы Бағдатқа көшті. Баср мектебінің өкілі Сибавейхи <<Аль-Китаб>> деген үлкен еңбек жазды. Мұнда 1000-нан астам өлең бар. Кітап мысалдары Құраннан және ерьедегі поэзиядан алынған. Арабтардың ертедегі ойшылдардан бір өзгешелігі - олар әріп пен дыбыстың айырмасын ажырата білді, сөдің жазылуы сен айтылуындағы, яғни орфография мен орфоэпияның сай келмейтініне назар аударды. Дыбыстарды физиологиялық тұрғыдан баяндап, олардың 4 түрлі ерекшелігін атады. Сибавейхи дыбыстардың жасалуының 16 түрлі орнын көрсете келіп, оларды соған сай топтастырады: сөз таптарын етістіктер, есімдер, сан есімдер деп үшке бөлді. Арабтар үш дауыссыз дыбыстан құралатын түбірлердің сырын айқындады. Бұл жайт - семит тілдеріне ғана тән құбылыс. Олар түбірдегі флексия мен аффикстік тәсілдің маңызын байқай білді. Араб мамандары басқа да тілдерді, мәселен, түрік, монғол, парсы тілдерін де зерттеді. Бірақ оларда тіл фактілерін салыстыра қарастыру деген болған жоқ. Лексикология мен лексикография саласында арабтар айтарлықтай табысқа жетті. Олар лексика материалдарын көптеп жинап, түрлі сөздіктерге топтастырды; әр пәнге байланысты сөздіктер шығарды. Арабистер араб тілі лексикасының байлығын ерекше мақтан етті. Мәселен, семсер сөзінің 500 синонимін, арыстан сөзінің 500 синонимін табады. Бұл шын мәнінде, тіл байлығының аса бір мәнді көрсеткіші. Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби тіл білімнің бірқатар теориялық және практикалық мәселелері бойынша да маңызды зерттеулер жүргізген. Ұлы ғалым өзінің <<Ғылымды классификация жасау>> деген 5 бөлімнен тұратын еңбегінің бірінші бөлімін адамдардың бір-бірімен қатынас жасап, өзара түсінісетін құралы - тілдің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін ғылымға арнаған. Бұл бөлімі <<Тіл туралы ғылым>> деп аталады. Ол кісінің еңбегінде тіл білімінің барлық заңдылықтар мен мәселелері көрсетілді. Оның ішінде морфология саласы, яғни, сөз құрамы мен аффикстік морфемалар, орфография, пунктуация, орфоэпия мәселелері. Осылардың араб тіліндегі өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. Араб филологтары сөздік жасау ісіне де көп үлес қосты. Мәселен, Фирузабади деген кісі, бір мәліметтерге қарағанда, 60 том, енді бір деректерде 100 томдық сөздік жасапты. Сондай-ақ <<Камус>> (мұхит) атты сөздік те жасаған деседі. Бұл сөздіктер өкінішке орай сақталмаған. ХІ ғасырда лексикографиялық теңдесі жоқ бір ірі еңбек пайда болды. Ол - <<Диуани лұғат-ат-түрік>> (Түркі сөздерінің жинағы) - орта ғасырдағы түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ он мыңнан астам төл сөз және жеке ру-тайпаларға тән көптеген жергілікті сөздерді қамтыған, өз дәуіріндегі түркі тілдерінің белгілі бір ғылыми жүйеге түсірілген түрікше-арабша сөздігі. Бұл сөздіктің авторы ұлы филолог, ғалым Махмұд Қашқари. Махмұд Қашқари сөздігі түркі халықтарының сан ғасырлық тарихында оның өз өкілі жазған тұңғыш ғылыми грамматика, ғажайып лексикография үлгісі болып табылады. Сонымен бірге, бұл сөздік сол ХІ ғасырдағы түркі тілдерінің салыстырмалы диалектологиясының негізі қаланған алғашқы ғылыми зерттеу екені де мәлім. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Араб тіл білімі қай дәуірде дамыды? 2. Араб тіл білімінің өкілдері? 3. Махмұт Қашқари сөздігінің маңызы? Ұсынылған әдебиеттер: 1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 2.Вандриес Ж Язык. Лингвистическое введение в историю Изд. УРСС, М. 2001 3.Теоретическое проблемы языкознание. <<Наука>>, Москва , 1970ж 4.Мигирин В.Н. Методология и лингвистика. <<Штиинца>> Кишинев, 1976. 5 ДәрісҚайта өркендеу дәуірі тіл білімі Дәріс сабағының мазмұны: 1.Қайта өркендеу дәуір тіл біліміне қысқаша шолу 2 Бұл дәуірдегі тіл білімінің проблемалары 3. Ұлттық тілді қалыптастырып дамыту. Жаңа ашылған тілдерді үйреніп зерттеу, Пор - Рояль грамматикасы Қайта өркендеу дәуірі бүкіл қоғам өмірінің басқа да салалары сияқты лингвистика үшін де жаңа, даму дәуірі болды. Бұл дәуірдің лингвистикалық проблемасы: а) Ұлттық тілдердің қалыптасып, дамуы,ә) Бұрын ежелгі дәуірдің лингвистикалық ой - пікірін көркейтіп, қайта дамыту болды. Жаңа жерлердің, елдердің ашылуы - Еуропа тілі білімінің дамына қолайлы жағдай туғызды. Отарлау мүддесі ол тілдерді үйрену, зерттеу, үйрену туралы сөздіктер жасау, грамматикалық мәліметтер жинау міндетін алға қойды. Азия, африка, америка халықтары тілдерінен жиналған орсан зор материалдарды бір- бірімен салыстырып қарау, сол арқылы олардың арасындағы ұқсастық, өзгешеліктерді айқындауғы алғашқы қадамдар жасалды. Қайта өркендеу дәуірінде қолға алынғаг тағы бір мәселе - орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим, жазба нұсқаларын тауып, жариялау, оларға филологиялық талдаулар жасау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағыкүрделі істер қатарында Ж Скалигердің 1540 ж шыққан <<Латын тілінің негіздері туралы>>, Р Стефанустың 1553 ж шыққан <<Грек тілі қазынасы>>, араб ғалымы П Алкаланың << Араб тілі грамматикасы>> 1505, Рапхлиннің <<Еврей тілі грамматикасы>> 1506, атты еңбектерді атауға болады. Осылармен қатар 15- 16 ғ ішінде испан, корей, жапон, нидерланд, парсы, армян. Еврей, венгер, ағылшын, француз, мексикан тілдерінің грамматикалары шығарылды. Универсалды грамматика. Бұл еңбекті француз ғалымдары - логик, философ. Профессор Антуан Арне мен грамматист, философ Колод Лансле екеуі бірігіп жазған. Бұлар өз заманында Франциядағы ғылым мен ағарту істерінің орталығы болған Пор - Рояль монастынрының ғалымдары болғандықтан және сол монастырда шыққандықтан, оны <<Пор - Рояль грамматикасы >> деп те, << Рационалды жалпы грамматика>> деп атайды. Пор - Рояль грамматикасы ежелгі грек, еврей латын және француз тілдері материалдары негізінде жазылған. Бірақ бұл еңбек салыстырмалы туынды емес, логикалық - типологиялық грамматика. Оның алға қойған мақсаты - барлық тілдерге ортақ рационалды негізді және олардың арасындағы өзгешеліктерді ашу. Бұл еңбектің өзіне дейінгі шыққан грамматикадан тағы бір ерекшелігі - оның тілдік материалды жан- жақт ыталдауға негізделуі. Грамматикада екі түрлі принцип негізге алынған - 1) берілген грамматикалық ережелердің жалпы тілдік болуы, екіншісі - ол ережелердің логикаға негізделуі. Универсалды грамматика екі бөлімнен тұрады. Оның бірі - фонетика, екіншісі- грамматика. Бұл еңбек өз дәуірінде Европада зор беделге ие болды. Ол көп ұзамай бірнеше тілдіере аударылды. Көптеген ғалымдар тіл білімі даму тарихындағы ерекше құбылыс, жаңа сапалы тілі білімінің төр басы, жалпы тіл ғылымының алғашықы жаршысы деп жоғары бағалайды. Дегенмен тілі біліміне қосқан жаңалықтарымен бірге бұл еңбектің бірсыпыра қателіктері де бар. Олардың ең негізгісі - логикалық категория мен тілдік категорияларды бір - бірінен ажыратпай, тең құбылыстар деп қарау. Грамматика авторларының пікірінше, әр тілдің өзіндік грамматикасы дегне болмайды. Грамматика жалпы тілдік, универсалды болу керек, өйткені грамматикалық категориялар логикалық категориялардың көрсеткіші, ал логикалық категориялары жеке ұлттық болмайды,жалпы адамдық болады. Тілдердің барлығы да логиккаға тәуелді, соның мүддесіне қызмет етеді. Бұл тұжырымның қаталігі : логикалық категорияларының жалыпы адамдық болатыны даусыз, бірақ тіл олай емес, ол жеке ұлттық, халықтық болады. Ойлау процесін, ой категориясын әр халық өзінше көрсетеді. Тіл білімінің міндеті - барлық тілдерді бір ған грамматикаға тәуелді ету емес, тілдер арсындағы бірлік пен ұқсастықты айқындау. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Қайта өркендеу дәуірінің ерекшелігі? 2 Бұл дәуірдегі тіл білімінің проблемалары 3. Универсалды грамматика еңбегі туралы не айтасын? Ұсынылған әдебиеттер 1.Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975 2.М. Березин. История лингвистических учении М 1975 3.ҚалиевҒ Жалпы тіл білімі А 2001 4.В.И. Кодухов. Общее языкознания. М 1974. 6 Дәріс XVII-XVIII ғасыр тіл білімі Дәріс сабағының мазмұны: 1. 17 - 18 ғ тіл біліміндегі ой пікірдің әрі қарай тереңдеп дамығаны. Бұлардың кейбіреулері әлі де болса, латын тілі грамматикасы үлгісінен шыға алмаған, тілдік материал ретінде сөйлеу тілі фактілерінен гөрі ескі жазба тіл фактілеріне көбірек сүйенген еңбектер болса да, латын тілі грамматикасы тіл атаулының барлығына бірдей жарамды бола алмайтының, әр тілдің өзіндік ерекшеліктері, өзіндік грамматикалық құрылымы болатынын байқатқан әлде осы бағытта жүргізілетінін зерттеулерге жол ашқан, бастама алған еңбектер еді. Нормативтік, практикалық грамматикалармен қатар, нормативтік сөздіктер де жарық көре бастады. Осындай сөздіктер қатарына 1612 жылы Италияда шығарылған <<Курска Академиясының сөздігі>> деп аталатын түсіндірме сөздікті. 1694 жылы Францияда жарияланған <<Француз Академиясының сөздігін>>. 1726-1739 жылдар ішінде әзірленіп жарияланған <<Россия академиясының сөздігін>> т.б жатқызуға болады. Әр түрлі халықтар тілдерінен жиналған материалдарды бір-біріне салыстыра қарау, бір тілдегі сөздерді екінші тілге аудару да осы кезеңде етек алды. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Орта ғасырда пайда болған еңбектер? 2. Осы кезде пайда болған сөздіктер? 3. Бұл еңбектердің қандай кемшіліктері бар? Ұсынылған әдебиеттер: 1. Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождествинскии. Очерки по истории лингвистикии. М, 1975 2. Н.Березин. История лингвистических учении. М, 1975 3. Звегинцев.В.А История язокознания XIX-XX веков в очерках и извелениях. Ч. І,ІІ. Учпедгиз, <<Просвешение>>, М, 1960, 1965 4. Г.Г. Поцепов. Теория коммуникации, изд. <<Ваклер>>, М, 2001 5. Т.Қордабаев. Жалпы тіл білімі. А,1983 7 Дәріс Салыстырмалы-тарихи тіл білімі Дәріс сабағының мазмұны: 1. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің объектісі көздейтін мақсаты. 2. Тілдер туыстығына көңіл бөле алатын тілдік материалдар. 3. Салыстырмалы тарихи тіл білімі дамуының үш кезеңі. Жаңа әдістің қалыптасуы -- ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. XVIII ғасырдың соңғы жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жылдарында лингвистиканың даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті. Өткен ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбек жарық көрді. 1861жылы неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, греман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің туыстастығы дәлелденді. Ол бұл тілдерден жинаған материалдарын, иран, славян, балтық бойы халықтары, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп,1883 -- 1849 жылдар арасында <<Үнді-европа тілдерінің салыстырма грамматикасын>> жазды. Ғалымдардың айтуына қарағанда,Бопптың бұл еңбегіне үнді лингвистикасының, әсіресе Панини еңбегінің әсері тиген болуы керек, Панини сияқты Бопп та, негізгі зерттеу объектісі етіп морфологияны алады да, фонети-каны соған тәуелді жағдайда қарайды, сннтаксиссаласы тіпті сөз болмайды. Тіл білімі тарихында Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы деп саналады. Бопп еңбеітері шынында да, зерттеу ісіне салыстыру әдісін қолдану арқылы тілдер туыстастығын айқындауға болатындытын көрсетті. Ол үнді-европа семьясына жататын тілдерден жиналған орасан мол фактілерді бір-біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың туыстастығын, бастапқы күйін, шыққантөркінін ашпақ болады. Екіншіден, европа тілдері грамматикасына тән флективті құрылыстың тарихи сырын жан-жақты айқындауды көздейді. Ф. Бопп еңбектері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің дамуына ықпалын тигізді. Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі Дания ғалымы Расмус Раск. Олөзінің 1818 жылы басылып шыққан <<Исланд тілінің шығу тарихы жайлы>> еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не екендігін жан-жақты көрсетеді, Ол -- тілдердің сөздік жағынан бір-біріне ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді, тіл туыстастығының белгісі -- олардың грамматикалық жағынан ұқсас болуы, грамматикалық формалар бір тілден екінші тілге ауыспайды, -- деп дұрыс қорытынды шығарды. Тілдер туыстастығының екінші бір кепілі -- дыбыстар алмасуындағы заңдылықтар мен негізгі сөздік қордың ұқсастығы -- дегенді Раск бірінші болып көрсетті. Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген европалық тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттеді, бірақ Раск Бопп сияқты салыстырып отырған тілдердің түпкі төркінін, бастапқы күйін ашуды көздеген жоқ. Ол, негізінде, скандинавия халықтары тілдерінің европалық тілдермен туыстастығын айқындауды мақсатетті. Скандинавия филологиясының негізін салды. Ф. Бопп еңбегінде жете ескерілмеген фонетика мәселелері, дыбыс құбылыстарының заңдылықтары Раск еңбегінде едәуір кең көлемде қойылды. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі -- неміс ғалымы Якоб Гримм, Бұл ғалымның төрт томнан тұратын <<Неміс грамматикасы>> атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. Мұнда автор неміс тілінің қалыптасу, даму жолдарын оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір-біріне салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен қатар қоя қарау арқылы айқындайды. Гримм өзінің еңбектерінде тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын зерттеуге баса көңіл бөледі. Тіл тарихын зерттеуге талпыну XVII -- XVIII ғасырларда да болған, бірақ ол кезде тіл фактілері хронологиялық жолмен салыстырылмай, бір-бірінен мейлінше алшақ жатқан дәуірлерге тән фактілер қалай болса солай салыстырылсатілдік құбылыстарды түсіндіруде, көбінесе, ойдан шығарылған жорамалдарға сүйенсе, Гримм оның орнына тарихи салыстырудың баспалдақты, хронологиялық, жолын енгізіп, қалыптастырды. Сөйтіп, тілдегі өзгеріс-құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте дамуының табиғи нәтижесі екенін дәлелдеді. Тілдік құбылыстарды зерттейтін -- тіл тарихы ғылымының лингвистика құрамында болуы қажеттілігіне көз жеткізді. Гримм тіл тарихынын, қоғам тарихымен байланыстылығын, тілдің қоғам тарихын зерттеуде орасан зор роль атқаратынын баса айтты. Тіл дамуындағы заңдылық дегенді Гримм сөйлеудегі дыбыстардың өзгеру заңдылығы деп түсіндірді. Дыбыс құбылыстарының заңдылығын айқындауда Гримм Раск еңбегіне де сүйенді. Бұл саладағы Гримм ашқан заңдылық XIX ғасыр лингвистикасының елеулі табысы болды. Ол тілдің дыбыстық жүйесін зерт-теуге бет бұрыс жасады. Сөйтіп, тіл ғылымында фонетиканың өз алдына жеке бір сала болып қалыптасуына әсерін тигізді. Салыстырмалы әдісті тіл білімінің зерттеу әдісіне айналдыруда славян тілдерінің маманы А. X. Востоковтың да еңбегі бар. Ол 1820 жылы жарияланған <<славян тілдері жөніндегі пікірлер>> дейтін кітабында славян тілі фактілерін, әсіресе олардың дыбыстық, жақтарын бір-біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың арасындағы ұқсастық, өзгешеліктерді көрсетті. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің жетістіктері марксизм классиктерінің назарына ілікті. Олар тілдің, әлеуметтік, философиялық жақтарымен қатар, тіл зерттеу ғылымында салыстыру әдісінің өте тиімді екенін жақсы білді. Сонымен, айтылғандарды жинақтай, нақтылай, толықтыра түссек салыстырмалы-тарихи әдіс бойынша туыстас тілдер фактілері бір-бірінесалыстырыла зерттрледі. Мұндай салыстыруда екі түрлі мақсат көзделеді.Олар: салыстырылып отырған тілдер фактілері дамуының жалпы заңдылығын, олардың арасындағы туыстастықты ашу, тіл я тілдер тарихын айқындауға қажетті мәліметтер табу. Зерттеу тәсілі -- фактілерді салыстыру, көздейтін мақсаты -- олардың тарихын ашу болғандықтан әдіс -- <<Салыстырмалы-тарихи тіл білімі>> немесе латын тілінен алынған термин бойынша компаративистика (салыстыру) делінеді. Дыбыс тілі жалпы адамдық құбылыс болғандықтан, онда бір-біріне ұқсастық болмай қоймайды. Оның себептері көп. Ұқсастық бір тілдің екінші біреуіне тигізген әсерінен, тілдік тұлғалардың, әсіресе сөздердің бір тілден екіншісіне ауысуынан болуы мүмкін. Мысалы, орыс тілінде қолданылатын колпак, алтын, баба, бак, бар, оба деген сөздер бірлі-жарым дыбыстық өзгешеліктерімен көптеген түркі, солардың ішінде қазақ тілінде де кездеседі. Бірақ соңғыларда басқа мағынада жұмсалады. Жоғарыда айтылған кездейсоқ ұқсастық дейтіндеріміз -- осылар. Мұндай тіларалық омопимдер олардың туыс-тастығының көрсеткіші бола алмайды. Сондай-ақ, қазақ тіліне де орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден ауысқан: база, телефон, радио, демократия, студент, кафедра тәрізді сөздер бар. Бұлар -- қазір бір-бірімен ешқандай туыстық жақындықтары жоқ көптеген тілдерде кездесетін ортақ сөздер. Жоғарыда айтылған, тілдер қарым-қатынасы арқылы пайда болатын ұқсастық, бірлік дейтіндер, міне, осылар. Бұлар да тілдер туыстастығына кепіл бола алмайды. Тілдер туыстастығының төркіндестігінің негізгі кепілі -- сөз туғызушы, сөз өзгертуші формалардың бірлігі, ұқсастығы және негізгі сөздік қор мен дыбыс заңдарындағы жақындық. Сондықтан тілдер туыстастығын айқындау үшін кездейсоқ ұқсастықты алмай, тілдердің фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелеріндегі ұқсастықтарды салыстырған жөн. Тілдер туыстастығын тек осылардағы бірлік пен төркіндестік қана аша алады. Бірақ, туыстас тілдер фактілерін салыстырғанда, олардың бір-бірімен ешқандай жақындығы, бірлігі жоқ фактілерін немесе бір-бірінен ешқандай өзгешелігі жоқ фактілерін салыстыруға болмайды. Мысалы, қазақ тіліндегі сөйлем, үтір, нүкте деген сөздердің мағынасы ұйғыр тілінде жүмлә, пәш, чекит деген сөздермен беріледі. Ал енді, қазақ тіліндегі пай, ат, зиян, қызыл, қызғылт, қымыз, ақ деген сөздер башқұрт тілінде де дәл осы қазақ тіліндегідей дыбыстық құрылымда айтылады. Салыстыру үшін алынатын материалдар, фактілер тарихи жағынан салыстырып отырған тілдерге ортақ о баста бір негізден тарағанмен, кейін өзгерістерге ұшыраған, дифференциацияланған болуы керек. Мысалы, қазақ тілінде тас, тұз, баға, болат, балта, мүйіз, табан, жақсы, жат деген сөздердің ойрот тілінде: таш, тұс, баа, болот, малта, мұұс, таман, дъат болып айтылуын, немесе қазақ тілінде қосымша д, т. дыбыстарынан басталып қосылатын: біздер, тілектестік, мендік, атты дегендердің қарақалпақ тілінде: бізлер, тілеклестік, менлік, атлы болып, л дыбысымен ауысатындығын алуға болады. Салыстыру арқылы бұл фактілердің бастапқы түрін де, қай тілде қалай және неліктен өзгеріске ұшырағандығын да табуға болады. Салыстырмалы-тарихи методтың тіл туралы ғылымды қалыптастыруда, дамытуда ерекше мәні болғандығын, оның лингвистикалық ой-пікір дамуындағы жаңа дәуірдің басы болғандығын ешкім де бекер дей алмайды. Бірақ соған қарамастан ғылымның кейінгі замандардағы дамуы бұл әдістің бірсыпыра осал жақтарының да барлығын айқындап берді. Сондықтан да сөз болып отырған әдістің де, оны қолданушылардың да әлсіз жақтарын батыл сынға алып, зерттеудің жаңа амал-тәсілдерін іздеген ағымдар, лингвистикалық мектептер өткен ғасырдың өзінде-ақ құрылды. Олардың салыстырмалы-тарихи әдіс адресіне айтқан сындары алуан түрлі. Солардың, ішінде жоққа шығара алмайтын бірнеше қағида бар. Ең алдымен, салыстырмалы-тарихи әдісті қолда-нушылар тілдің өткенін зерттеуге, болған-болмағаны беймәлім, жорамалдан туған ата тіл (праязык) дегенді табуға баса назар аударды. Сөйтіп, тілдің қазіргі күйін, оның жүйелік, құрылымдық сипаттарын айқындауға жете мән бермеді. Екіншіден, бұл әдіс тілдің лексикасын, семантикасы мен синтаксисін зерттеуде айтарлықтай жеміс бере алмады. Үшіншіден, туыстас тілдердің өздерінің де бір-біріне жақын, ұқсас келмейтін фактілері ескерусіз қалды. Анықталып, түпкі төркіні табылды деген тілдік элементтердің көпшілігінің қай тарихи кезеңге жататынын және қай тілде солай болғанын тап басып айту мүмкін болмады. Төртіншіден, бұл әдіс бірнеше тілдер фактілеріне сүйеніп қана қорытынды жасады, тілдердің басым көпшілігі, әсіресе қандай тілдермен туыстығы белгісіз тілдер зерттеуден шет қалды. Бесіншіден, туыстас тілдер фактілерін салыстыруда ол фактілердің хронологиялық жақтарына жете мән берілмейді, көп жағдайда өзара жалғаспайтын, бір-бірінен алшақ жатқан дәуірлер фактілері салыстырылады. Алтыншыдан, тілдік фактілерді салыстырғанда, сол тілдердің, иесі болып табылатын қауым тарихына жеткілікті мән берілмеді. Тіл тарихы қоғам тарихына, материалдық мәдениет тарихына жеткілікті шамада ұштастырылмады. Ең ақырында, салыстырмалы-тарихи әдіс тіл біліміндегі бірден-бір әдіс деп есептеліп, оның аты ғылым атына айналды. Өзін-өзі тексеру сұрақтары * Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушыларды атаңыз. * Дания ғалымы Расмус Расктің қандай еңбегі бар және ол тілдер туыстығы туралы не дейді? * Тілдер қарым-қатнасы арқылы пайда болатын ұқсастық, бірлік дегеніміз не? * Салыстыру үшін алынған материалдар қандай болуы керек. * Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің басты мақсаты не екен? Ұсынылған әдебиеттер тізімі: * Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождествинскии. Очерки по истории лингвистикии. М, 1975 * Н.Березин. История лингвистических учении. М, 1975 * Звегинцев.В.А История язокознания XIX-XX веков в очерках и извелениях. Ч. І,ІІ. Учпедгиз, <<Просвешение>>, М, 1960, 1965 * Г.Г. Поцепов. Теория коммуникации, изд. <<Ваклер>>, М, 2001 * Т.Қордабаев. Жалпы тіл білімі. А,1983 8 ДәрісХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдары Дәріс сабағының мазмұны: 1. Натуралистік немесе биологиялық қөзқарастар 2. Психологиялық бағыт. Жас грамматикалық бағыт. 3. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері Натуралистік немесе биологиялық көзқарас. Натурализм латынның натура деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда ХІХ ғасырдың екінщі жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды. Ғылымда натуралистер деп аталатындар - қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар. Тіл білімінде натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Август Шлейхер есімімен байланысты. Салыстырмалы - тарихи әдісті жетілдіре, оның объектісін айқындай түсімен бірге А Шлейхер ХІХ ғасырда туған тіл философиясының көрнекті өкілі болды. Көптеген пайдалы істерімен қатар, ол тіл біліміне бірсыпыра қате концепциялар енгізді. Оның сондай теріс көзқарастардың бірі - тіл біліміне Натуралистік көзқарас. Оның натуралистік көзқарасы <<Лингвистикалық салыстырмалызерттеу>>, <<Неміс тілі>>, <<Дарвин теориясы және тіл білімі>> дейтін еңбектерінде толық көрінеді. Бұл еңбектерінде А Шлейхер тілді табиғи орнанизм, тіл де табиғи организм секілді басқаларға тәуелсіз, өз бетінше өмір сүреді, туады, өседі, қартаяды, жаратылыс заңына бағынады, сондықтан тілді зерттегенде, жаратылыс заңдарын басшылыққа алу керек, тіл білімі жаратылыс тану ғылымдары тобына жатады, соның бір саласы, - дейді. Тіл табиғаты жөніндегі бұл тұжырым әрине, қате. Өйткені тіл қоғамдық құбылыстар қатарына жатады да, оны зерттейтін тіл білімі қоғамдық ғылымдар тобына қосылады. Психологиялық бағыт. Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген екінші бағыт - психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі пс ихолизм ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрнекті лингвистердің көбі осы бағытты жақтады. Тіл психологиясының объектісі - адамдардың сөйлеу әрекетіне болатын психикалық процестер. Тіл психологиясының қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің профессоры Гейман Штейтальды жатқызуға болады. Харьков университетінің профессоры Александр Потебня, неміс ғалымдары Вильгельм Макс Вунд, Герман Пауль, тағы б. қолдады. Бір сөзбен айтқанда, тілдік құбылыстарды психологиялық тұрғыдан сөз ету ХІХ ғасырдағы лингвистердің көпшілігінде болды және бұл бағыт тілдік философия ретінде әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың, мектептердің басын біріктіреді. Жас грамматикалық бағыт. Жас грамматикалық көзқарас ХІЪХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілестес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Бұл ағымның Германиядағы өкілдері К. Бургман, Г. Остгоф, Б. Дельбрук, А Лескин т.б. Францияда М Бреаль, Швейцарияда Ф де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г И Асколи, Россияда Ф Ф Фортунатов бастаған Москва лингвистикалық мектебі мен Бордуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды. Жас грамматистердің мектебі өз зерттеулеріне екі түрлі принципті ұстанды. Оның бірі - тарихи принцип те, екіншісі - психологизм принципі. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері. Бұл Қазан қаласындағы университете ХІХ ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған демеу беруші поляк лингвисі, Қазан университетінің профессоры Иван Алексанрович Бодуэн де Куртенэ. Ол жалпы тілдік теориялық мәселелермен көбірек айналысқан. Бұл саладағы көрнекті еңбектері: <<Тіл білімі және тілдер туралы кейбір ескертпелер>> (1871) , <<Фонетикалық альтернация теориясының тәжірибесі>> (1895), <<ХІХ ғ тіл білімі, немесе лингвистика>> (1901), <<Лингвистикалық ескертпелер және афоризмдер >> (1903), <<Тіл біліміне кіріспе >> (1917) т.б. Мәскеу лингвистикалық мектебі. Мәскеу лингвистикалық мектебін ХІХ ғ 70 -80 ж Москва университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол кездегі орыс тілі білімінің көрнекті ғалымдарының бірі - академик Филипп Федорович Фортунатов. Ол Геранияда, Англияда болып жас грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдап, өзі де осы бағытты қуаттаған, компаративистиканың Россиядағы көрнекті өкілі болған, үнді - еуропа тілдерінің фонетикасының морфологиясын зерттеп, бұл саладағы біраз еңбектер берген. Олардың ішіндегі ең елеулісі <<Салыстырмалы тіл білімі>> (1898)ж <<үнді - еуропа тілдерінің салыстырмалы фонетикасы>> (1902), <<Көне славян тілі фонетикасынан лекция>> (1919) т.б. жатады Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1.Натуралистік немесе биологиялық көзқарас дегеніміз не? 2.Жас грамматикалық бағыт дегеніміз не? 3.Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептерінің маңызы? 4.Мәскеу лингвистикалық мектебі? Ұсынылған әдебиеттер 1. Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975 2. М. Березин. История лингвистических учении М 1975 3. Почепцев ГГ Теория коммуникации . Изд. <<Ваклер>>, М 2001 4. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ - ХХ в в очерках и извлечениях. Ч І,ІІ Учпедгиз, <<Просвещение>>, М 1960,1965. 9Дәріс XX ғасыр лингвистикасы Кеңес тіл білім Дәріс сабағының мазмұны: 1.Жас грамматизм бағытына қарсы күресте қалыптасқан тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер: сөздер мен заттар, эстетикалық бағыт, неолингвизм, социологиялық және этнолингвистикалық бағыттар. Мұндай күрделі міндетті орындау оңай емес еді. Ол кезеңде бірсыпыра негізгі мәселелерге маркстік емес принциптерге негізделген үнді-еуропалық тіл білімі үстем болатын. Сондай қитыншылықтарға қарамастан іздене, кейде шалыс баса жүріп, советтік тіл білімі бірте - бірте күш жинап, үздіксіз алға ұмтылумен болды. Бұл кезеңнің лингвистерінің алдына қойған ең басты міндеттерінің бірі - бүкіл совет халқымен бірлесе отырып, елімізде сауатсыздықты жою, жер-жерде жүздеп мыңдап ашылып жатқан оқу орындарына жаңа әліппелер, грамматикалық әр түрлі оқулықтар жасау, өзіндік жазуы жоқ, Россияның бұрынғы отары болғаншағын халықтардың өз тіліне лайықты жазуға ие болуына, емлесінің, жазу тілінің қалыптасуына жәрдемдесу болатын.Совет лингвистері бұл саладағы орасан қиын да абыройлы жұмыстарды жақсы орындап шықты. Бұрын мүлде жазуы болмаған, немесе қолданып келген жазуы тілдің дыбыстық жүйесіне сай келмейтін елу шақты халық тілін жаңа әліппемен қамтамасыз ету талабы сол тілдердің дыбыстық жүйесін жан-жақты зерттеу міндетін алға қойды.Бұл ,Отан лингвистикасындағы фонетика , фонология ғылымының дамуына түрткі болды.Оның үстіне фонетика ғылымы Россияда И.А.Бодуэн де Крутенэнің және оның талантты шәкірттерінің еңбектері арқылы революциядан бұрын да жақсы жолға қойылған болатын . Фонетика ғылымының әсіресе оның фонология саласының біздің елімізде ерекше дамуына СССР - де құрылымы жағынан алуан түрлі тілдерде сөйлейтін ұлттардың көп болып , олардың тілдерінен бай , соны материалдардың жиналуы да қолайлы жағдай жасады.Сөйтіп,елімізде фонетика , фонология ғылымы бүкіл дүние тіл білімінің күшті бір саласына айналды. Тілдің грамматикасын жазу үщін әр тілдің өзіне тән нормасын айқындаудың қажет болатындығы белгілі.Бірақ , тіл құрамында азды - көпті диалектілік ерекшеліктер , соған сәйкес норма түрлілігі болып отырады.Сондықтан тілдің грамматикасын жазу үшін ол тілдің диалектілік ерекшеліктерін , грамматикалық , тілдік норма етіп ол ерекшеліктердің қайсысын қолданудың жөн болатындығын айқындау қажет .Осыған байланысты совет тіл ғылымында диалектолгиялық зерттеу де кең көлемде етек алды.Одақтағы көптеген тілдердің диалектілік сөздіктері , диалектологиялық карталары жасалды. Бұл жұмыс тек нормалары , тілдік диалектілерді айқындаумен ғана шектелген жоқ , соларға қоса жер жерде әр халықтың ұлттық әдеби тілін қалыптастыру , оның өткені мен қазіргі күйін , болашақ бағыт бағдарын зерттеу жұмыстары да қарқынды жүргізілді.Жер жерлерде әдеби тілдің теориялық және практикалық жақтарын жан - жақты қамтыған көптеген зерттеулер дүниеге келді. Одақ көлеміндегі халықтардың өзара достастық , туысқандық қарым - қатынастарын қалыптастырып дамытуда олардың тіл арқылы бір - бірімен қатынас жасауларының , өзара түсінісіп отыруларының шешуші мәні бар. Бұл қатынастың ең тиімді ,ең қолайлы ретінде орыс халқының ұлттық тілі қолданылады да , ол совет дәуірінде ұлт аралық тілге айналды.Сөйтіп, екі тілді сөздіктер жасау ісі өріс алды.Бұл күнде Отанымыздағы халықтардың барлығының өз сөздерін орыс тіліне , немесе орыс тілі сөздерін өз тілдеріне аударған сөздіктер бар.Екі тілді сөздіктермен қатар әр ұлт тілінде бір тілдік сөздіктердің де алуан түрлері шығарылды.Осындай кең өрісті істердің арқасында Отандық тіл білімінің лексиколгия , лекикография салалары жан - жақты дамыды. Совет тіл білімі дүние жүзілік лингвистикада бірінші болып ұлт тілі , ұлт тілдерінің болашағы , олардың өзара қарым - қатынасы , бір - біріне тигізетін әсері тәріздес күрделі проблемаларды зерттеуде де елеулі табыстарға жетті. Совет тіл білімінің бір ерекшелігі - теориялық мәселелер мен практикалық мәселелерді тығыз байланыста, бірлікте жүргізуі. Бүкіл Совет ғылымының, солардың ішінде тіл білімінің де философиялық негізі - маркстік диалектикалық материализм деп жарияланды. Осы талап тұрғысында жазылған біраз еңбектер жарияланды. Олардың қатарына В.Н.Волошиновтың 1929 жылы шыққан << Марксизм и философия языка >>, Р.О.Шордың << На путях к марксисткой лингвистике >> (1931), << Языковедения и материализм >> деп аталатын еңбектерін және көптеген мақалаларды жатқызуға болады. Жиырмасыншы, отызыншы жылдары совет тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды. Бірақ бұл бағыттар арасындағы қайшылық олардың философиялық принциптері арасындағы қайшылық емес еді. Олардың барлығы дерлік өз зерттеулерінде маркстік лениндік философияны басшылыққа алуды көздеді. Бұлардың арасындағы қайшылық - тіл біліміне марксизмді қалай өндіру принципінде, тіл фактілерін зерттеу тәсілдерінде, үнді-еуропалық лингвистикаға көзқарасында болды. Ондай лингвистикалық бағыттың бірі - үнді-европалық компаративтік лингвистиканың Россиядағы бір тармағы - салыстырмалы-тарихи тіл білімі болатын. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында << Тіл туралы жаңа ілім >> немесе << Яфет тіл ғылымы >> деп аталады. Ол маркстік-лениндік идеяны басшылыққа алған тіл білімін қалыптастыру мақсатындағы ізденістер барысында дүниеге келді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды? 2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты? 3.Совет тіл білімінің ерекшелігі неде? 4.Кеңес тіл білімінің дамуы жайында жазылған қандай еңбектер бар? Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 1. Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. <<Очерки по истории лингвистики>> М.,1975 2. М.Березин. <<История лингвистических учении>> М.,1975 3. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979 4. Қалиев Б. <<Жалпы тіл білімі>> Алматы 2000ж 5. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974 10 Дәріс Тілді зерттеу әдістері Дәріс сабағының мазмұны: 1.Лингвистикалық әдіс туралы ұғым. 2.Сипаттама әдіс. 3.Салыстырмалы әдіс. 4.Құрылымдық әдіс. 5.Математикалық әдіс. 6. Типологиялық салыстыру. Методология - гректің метод және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Мағынасы - метод туралы ілім. Методология - теориялық ойлаудың философиялық негізі. Методология- дүниеге көзқарас, өмірдегі алуан түрлі құбылыстарды, болмысты танып - білудің жолы, философиялық принципі. Маркістік диелетілік және тарихи материализм методы дегенді осы мағынада түсінген жөн. Өйткені бұл метод қоғам мен табиғат ққұбылыстарын, ойлауды, болмысты танып - білудің бірден - бір ғылыми жолы. Орыс тіліндегі үлкен энциклопедиялық сөздікте <<метод - болмысты түсіндірудің тәсілі, жаратылыс пен қоғам өміріндегі құбылыстарды танып - білудің, зерттеудің тәсілі>> деген анықтама бар. Бұл сөздікте <<Метод - болмысты түсіндірудіің тәсілі, жаратылыс пен қоғам өміріндегі құбылыстарды танып - білудің, зерттеудің тәсілі >> деген анықтама бар. Бұл - методқа жалпы ғылымдық, философиялық тұрғыдан, яғни метология деген тұрғыдан берілген анықтама. Бірсыпыра ғалымдар әр түрлі қызметтегі ұғымды бір - бірімен шатастырмау үшін және метод деген терминді моносемиялы ету үшін оның жоғырыда айтылғандай жалпы ғылымдық, философиялық түрін методология деп атаған жөн дейді. Бұл - орынды пікір. Сипаттама әдіс - лингвистикалық әдістер ішіндегі ең көнесі. Тілге байланысты алғашқы зерттеулердің барлығы дерлік осы сипаттама метод бойынша жүогізілген. Сипаттама метод зерттеліп отырған объектінің өткендегі күйін, тарихи даму жолдарын ескермейді, тек оның белгілі бір дәуірдегі қалпын синхрондық күйін сипаттаумен шұғылданады. Сипаттама метод бойынша жазылған еңбектер осы методың атымен сипаттама грамматика, сипаттама фонетика, сипаттама лексика деп те аталады. Оқу құралы ретінде жарияланып жүрген қазіргі тілдер грамматикалары, немесе фонетикасы мен лексикологиялары сипаттама метод бойынша жазылған. Тілдің белгілі бір дәіурдегі құрылым жүйесін айқындауда сипаттама метод бойынша жүргізілетін зерттеудің мәні ерекше. Құрылымдық әдіс. Бұл әдіс тіл білімінде үстіміздегі ғасырдың 20 - ж бастап қолданыла бастады. Бірақ ол ғылыми зерттеу әдісі ретінде басқа ғылымдарда бұрыннан қолданылып келген, тіл біліміне солардан ауысқан. Мұны тілді зерреуге алғаш қолдаушылар - Чехославакия мен Дания лингвистері. Құрылымдық әдіс бұл күнде дүние жүзіне кең тарап, лингвистикалық ағым ретінде құрылымдық тіл білімі, немесе структурализм деп те аталып жүр. Салыстырмалы әдіс. Фактілерді бір - бірімен салыстыра тексеру - ғылыми зерттеу атаулының бәріне де қажетті тәсіл. Сондықтан бұл тәсіл барлық ғылымдарға тән, ортақ тәсіл деп есептелінеді. Салыстыру тек ғылыми зерттеуге ғана емес, әр түрлі тілдерді үйрену, оқыту істерінде, салыстырмалы сөздіктер жасауда да кең қолданылады. Салыстыру арқылы салыстырылып отырған объектінің өзіндік ерекшеліктері, басқаларға ұқсастық жәе одан өзгешішелік жақтары айқындалады. Салыстырудың жолдары, одан шығатын қорытынды, көзделер түпкі мақсат - әр ғылымда әр басқа болуы мүмкін. Сондай өзгешілік лингвистикада қолданылатын салыстырмалы методта да бар. Математикалық әдіс. Кейінгі жылдарда физика, химия, математика ғылымдарының тез қарқынмен дамуы нәтижесінде техниканың ролі мейлінше артты Математикалық әдіс тілді күрделі есептер шығаратын, немесе тексті бір тілден екінші тілге аударатын электрондық машинамен қалай жақындастыруға болады дегенді зерттейді. Кейбір ғалымдар математикалық әдістің бұл міндетін автоматтық анализ әдісі деп бөліп қарайды. Типологиялық салыстыру әдісі жеке морфемаларды, жеке тілдік элементтерді қарастырмайды, материалдық элементтердің ұқсас, ұқсас еместігіне қарамай, жүйелік қатынастар арқылы көрінетін тілдік қатынастар арқылы көрінетін тілдік ярустарды салыстыруда қолданылады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Қандай әдіс түрлерін білесің? 2. Әдіс түрлерін не үшін қолданамыз? 3. Методология дегеніміз не? Ұсынылған әдебиеттер: 1. Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975 2. М. Березин. История лингвистических учении М 1975 3. Қалиев Ғ Жалпы тіл білімі А 2001 4. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985. 5.Мигирин. <<Язык как система отображения>> К1974. 11 Дәріс Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы Дәріс сабағының мазмұны: 1.Тіл білімі және физиология мен медицинамен байланысы. 2.Тіл білім және әдебиеттану ғылымы. 3.Тіл білімі және тарих, археология. 4.Тіл білімі және география. 5.Тіл білімі және кибернетика. Тіл білімі және физиология мен медицина. Сөйлеу әрекеті - физиологиялық құбылыс. Оған мидың да, сөйлеу органдардың да, нерв жүйесінің де қатысы бар.Бұл жағынан тіл білімі, физиология, физика, медицина ғылымдармен де байланысты болады. Тіл білім және әдебиеттану ғылымы. Бұл екі ғылым сол заманнан бірлікте және филология деген ортақ атаулысы келеді. Әдебиет пен тіл -- айырылмас бірліктегі құбылыстар. Тіл - әдебиеттің жаны. Тіл білімі және тарих, археология. Тілдің диахрондық, яғни тарихи жолдарын зерттеу - сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған қоғам тарихымен тығыз байланысты. Тіл білімінің халықтың материалдық мәдениеті тарихын зерттеуін - археология ғылымымен де байланысты. Лингвистер, археологтардың, этнографтардың бірлесіп еңбек етуі - тіл тарихы, ел тарихы сырларын ашуға өлшеусіз пайда келтіреді. Тіл білімі және география. Тіл білімінің география ғылымымен ұштасуы ХIХ ғасырдың соңғы кездерінен басталады. Диалектографияның мақсаты - диалектілік атластар жасау. Мұндай атластыңалғашқы түрін өткен ғасырдың аяқ кезінде (1897 жылы басталып, 1926 жылы біткен), Германияда Винклер, Вреде деген ғалымдар жасаған. Диалектологияның дамуында лингвистиканың географияның ғылымымен ұштасуы ХІХ ғ соңғы кездерімен басталады. Диалектографияның мақсаты - диалектілік атластар жасау. Тіл білімі және кибертнетика. Кибернетика грек сөзі - Мағынасы - басқару, басқару шеберлігі деген сөз. Кибернетиканы ғылым атауы ретінде қолдануды және онвң алға қойған мақсатын алағш айтқан - Америка профессоры Н.Винер. Қолданбалы лингвистика - тіл білімінің тілді практикалық талаптарға сәйкетендіріп қоолданудың ғылыми жүйесін қалыптастыратын бір саласы. Тіл білімі және семиотика. Семиотика әр түрлі хабарлар, мәліметтер беру үшін қолданылатын таңбалар жүйесі туралы ғылым. Семиотика сөйлеу тіліне сондай таңбалардың бірі ретінде қарайды. Тілде таңбалық сипаттың барлығын тіл білімі де бекер демейді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Тіл білімі және медицина арасындағы байланысты ата? 2.Тіл білімі және әдебиеттану арасындағы байланысты ата? 3. Тіл білімі және кибернетика арасындағы байланысты ата? Ұсынылған әдебиеттер: * Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975 2.М. Березин. История лингвистических учении М 1975 3.Қалиев Ғ Жалпы тіл білімі А 2001 4. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 * Мигирин. <<Язык как система отображения>> К1974 3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР 1-тәжірибелік сабақ. Көне заман тіл білімі. Ежелгі Қытай грамматикасы. Көне үнді тіл білімі. Көне грек тіл білімі. Сабақтың мазмұны: 1. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар. 2. Философияның тууына түрткі болған себептер. 3. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер. 4. Ежелгі Қытайда қалыптасқан атау теориясы мен иероглифтік грамматика. 5. Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігі. 6. Грек тіл білімінің негізгі объектілері 7. Атау теориясы, тілдің шығуы 8. Александрия тіл мектебі, оның өкілдері 9. Грек тіл білімінің негізгі объектілері 10. Атау теориясы, тілдің шығуы 11. Александрия тіл мектебі, оның өкілдері Сабақтың мақсаты: Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар, көне заман лингвистикасы жайлы мағлұматтар беру.Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігін атап көрсету.Студенттерге көне үнді тіл білімі туралы жан-жақты мәлімтер беру, түсіндіру, баяндау.Оны қазақ тіл білімімен байланыстыру. Бақылау сұрақтары: 1. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата? 2. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не? 3. Александрия тіл мектебі, оның өкілдерін ата? 4. Философияның тууына түрткі болған себептер қандай? 5. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктерді атаңыз? 6. Философияның тууына түрткі болған себептер қандай? 7. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктерді атаңыз? 8.Мұнда қалыптасқан атау теориясы мен иероглифтік грамматикасын ата? 9. Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігі қандай? 10. <<Эрья сөздігінің >> ерекшелігі? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985 2.Вандриес Ж Язык. Лингвистическое введение в историю. Изд. 3.УРСС, М. 2001. 4.Мигирин В.Н. Методология и лингвистика. -Кишинев: Штиинца 5.Амирова, Ольховиков Б. А., РождественскийЮ.В. Очерки по истории лингвистики - М., 1975. * 6.Березин М. История лингвистических учении. - М., 1975. * 7.Методы лингвистических исследовании. - М., 1973. 8.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. - А., 1985. 9.Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики. - М.,1975. 10.М.Березин.История лингвистических учении.М.,1975 11.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000 12.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж 2 -тәжірибелік сабақ.Орта ғасыр лингвистикасы Сабақтың мазмұны: 1.Әлемдік діндердің канондық тілдердің пайда болуы, олардың тіл біліміне тигізетін әсері. 2. Схоластикалық бағыттың ықпалдары. 3.Реалистік номиналистік бағыттар. Сабақтың мақсаты: Орта ғасыр лингвистикасының маңызын көрсету Бақылау сұрақтары: 1. Әлемдік діндердің канондық тілдер қалай пайда болды?, 2.олардың тіл біліміне тигізетін әсері қандай болды? 3. Схоластикалық бағыттың ықпалдары. Реалистік номиналистік бағыттар? Ұсынылатын әдібиеттер: 1. Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики. - М 1975. 2. М. Березин. История лингвистических учении.- М 1975 3. ҚалиевҒ. Жалпы тіл білімі А 2001 4.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985. 3- тәжірибелік сабақ. XVII-XVIII ғасыр тіл білімі Сабақтың мазмұны: 17 - 18 ғ тіл біліміндегі ой пікірдің әрі қарай тереңдеп дамығаны. Сабақтың мақсаты: 17- 18 ғ тіл білімінің қалай дамығанын көрсету. Бақылау сұрақтары: 1. Орта ғасырда пайда болған еңбектер? 2. Осы кезде пайда болған сөздіктер? 3. Бұл еңбектердің қандай кемшіліктері бар? Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 1. Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождествинскии. Очерки по истории лингвистикии. М, 1975. 2. Н.Березин. История лингвистических учении. М, 1975. 3. Звегинцев.В.А История язокознания XIX-XX веков в очерках и извелениях. Ч. І,ІІ. Учпедгиз, <<Просвешение>>, М, 1960, 1965. 4. Г.Г. Поцепов. Теория коммуникации, изд. <<Ваклер>>, М, 2001 5. Т.Қордабаев. Жалпы тіл білімі. А,1983. 4-тәжірибелік сабақ.Салыстырмалы-тарихи тіл білімі Сабақтың мазмұны: 1. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің объектісі көздейтін мақсаты. 2. Тілдер туыстығына көңіл бөле алатын тілдік материалдар. 3. Салыстырмалы тарихи тіл білімі дамуының үш кезеңі. Сабақтың мақсаты: Мұның көздейтін мақсаты тілдер туыстығына көңіл бөле алатын тілдік материалдарды студенттерге меңгерту. Салыстырмалы тарихи тіл білімі дамуының үш кезеңіне көңіл бөліп, көздеген мақсатқа жету. Бақылаусұрақтары: 1. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушыларды атаңыз. 2. Дания ғалымы Расмус Расктің қандай еңбегі бар және ол тілдер туыстығы туралы не дейді? 3. Тілдер қарым-қатынасы арқылы пайда болатын ұқсастық, бірлік дегеніміз не? 4. Салыстыру үшін алынған материалдар қандай болуы керек. 5. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің басты мақсаты не екен? Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 1. Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождествинскии. Очерки по истории лингвистикии. М, 1975 2. Н.Березин. История лингвистических учении. М, 1975 3. Звегинцев.В.А История язокознания XIX-XX веков в очерках и извелениях. Ч. І,ІІ. Учпедгиз, <<Просвешение>>, М, 1960, 1965 4. Г.Г. Поцепов. Теория коммуникации, изд. <<Ваклер>>, М, 2001 5. Т.Қордабаев. Жалпы тіл білімі. А,1983 5-тәжірибелік сабақ. XX ғасыр лингвистикасы Кеңес тіл білім Сабақтың мазмұны: 1.Жас грамматизм бағытына қарсы күресте қалыптасқан тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер:сөздер мен заттар,эстетикалық бағыт,неолингвизм,социологиялық және этнолингвистикалық бағыттар. Сабақтың мақсаты: Студенттерге кеңес тіл білімі туралы жан-жақты мәлімтер беру, түсіндіру, баяндау.Оны қазіргі қазақ тіл білімімен байланыстыру; Бақылау сұрақтары: 1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды? 2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты? 3.Совет тіл білімінің ерекшелігі неде? 4.Кеңес тіл білімінің дамуы жайында жазылған қандай еңбектер бар? Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 1. Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. <<Очерки по истории лингвистики>> М.,1975 2. М.Березин. <<История лингвистических учении>> М.,1975 3. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979 4. Қалиев Б. <<Жалпы тіл білімі>> Алматы 2000ж 5. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974 6-тәжірибелік сабақ. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы Сабақтың мақсаты: Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысын анықтау Сабақтың мазмұны: 1.Тіл білімі және физиология мен медицинамен байланысы. 2.Тіл білім және әдебиеттану ғылымы. 3.Тіл білімі және тарих, археология. 4.Тіл білімі және география. 5.Тіл білімі және кибернетика. Ұсынылған әдебиеттер: 1. Амирова, Б.А. Альхова, Ю.В. Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975. 2. М. Березин. История лингвистических учении М 1975 3. Қалиев Ғ Жалпы тіл білімі А 2001 4. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985. 5.Мигирин. <<Язык как система отображения>> К1974 Бақылау сұрақтары: 1. Тіл білімі және медицина арасындағы байланысты ата? 2.Тіл білімі және әдебиеттану арасындағы байланысты ата? 3. Тіл білімі және кибернетика арасындағы байланысты ата? 4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС 4.1 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ 4.1.1 Жалпы тіл білімінің пәндік ерекшеліктері. Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Жалпы тіл білімі пәнінің мақсаты мен міндеттері. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салалармен, әсіресе, жеке тілдер жөніндегі іліммен қарым қатынасы. 4.1.2 Көне заман тіл білімі. Көне қытай тіл білімі. Көне үнді тіл білімі. Байырғы грек тіл білімі 4.1.3Орта ғасыр тіл білімі. Әлемдік діндердің, конондық тілдердің пайда болуы, бұлардың тіл біліміне тигізген әсері. Схоластикалық бағыттың ықпалдары. Реалистік, номиналистік бағыттар. Орта ғасыр лингвистикасына тән негіәгі сипаттар. 4.1.4 Араб тіл білімі. Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінінің дамуына елеулі үлес қосқан халықтардың бірі-арабтар. Халипат дәуірі. 4.1.5 Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі. Бұл дәуірдің өзіндік сипатына қысқаша шолу. Қайта өркендеу дәуірі тіл білімінің негізгі проблемалары: а) ұлттық тілді қалыптастырып, дамыту. ә)жаңа ашылған тілдерді үйреніп зерттеу. Пор-Рояль грамматикасы. 4.1.6 ХІХ ғасыр тіл білімі. ХҮІІ-ХҮІІІғ. Тіл біліміндегі ой-пікірдің әрі қарай тереңдеп дамығаны. 4.1.7 Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Мұның объектісі, көздейтін мақсаты. Тілдер туыстығына көңіл бөле алатын тілдік материалдар. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі дамуының үш кезеңі. 4.1.8ХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдар. Натуралистік - биологиялық бағыт. Логика-грамматикалық бағыт. Психологиялық бағыт. Жас грамматикалық бағыт. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері. 4.1.9ХХ ғасыр лингвистикасы Кеңес тіл білімі. Жас грамматизм бағытына қарсы күресте қалыптасқан тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер: сөздер мен заттар, эстетикалық бағыт, неолингвизм, социологиялық және этнолингвистикалық бағыттар. 4.1.10 Тіл білімінің қазіргі бағыт-бағдары. Басты проблемалары Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, күрделі салалары, ол салалардың басқа ғылымдармен байланысы. 4.1.11 Тілді зерттеу әдістері. Лингвистикалық әдіс туралы ұғым. Философиялық және арнайы әдістер. Сипаттама әдіс. Тілдік экспериментжасау әдістемесі. Таксономиялық әдіс. Генетикалық әдіс. Типологиялық, лингвистикалық талдау әдістемесі. 4.1. 12 Тіл білімінің ғылымдар ішіндегі орны және олармен байланысы. Ғылымдардың өзара байланысты болу фактілері, оның себептері. Тіл білімінің қоғамдық ғылымдар тобына қосылатыны, оның себептері. 4.2 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУДА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ Студент <<Жалпы тіл білімі>> курсында пән бойынша алған теориялық білімдерін кеңейту мақсатында курстық жұмыс жазады. Курстық жұмыстың тақырыптары ұсынылады. Таңдау студенттің еркінде. Курс жұмысының орындалу барысында арнайы дайындалған ережелерді сақтау қажет. Курстық жұмыс курсты тамамдауға 1 апта қалғанда, емтихан алдында арнайы қорғалып, нәтижесі, мақсат міндеттері көрсетіледі. Курстық жұмыс балдық жүйемен бағаланады. Курс соңында пән бойынша курстық жұмысты сәтті тапсырған студенттің ғана аталған пән бойынша емтихан тапсыруға құқығы болады. Курстық жұмыстың орындалуы жайындағы ережені кафедрадан алып танысуға болады. Курстың жұмыс компьютерге терілген формада, 20-25 бет көлемінде болуы міндетті. * СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ + Студенттің өздік жұмысының ұйымдастырылуына әдістемелік нұсқаулық + Реферат тақырыптары o Жалпы тіл білімінің пәндік ерекшеліктері o Көне заман тіл білімі. Көне қытай тіл білімі. Көне үнді тіл білімі.Байырғы грек тіл білімі. o Орта ғасыр тіл білімі. o Араб тіл білімі. o Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі. o XVII-XVIII ғасыр тіл білімі. o Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. o ХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдар. o ХХ ғасыр лингвистикасы Кеңес тіл білімі o Тіл білімінің қазіргі бағыт-бағдары. Басты проблемалары o Тілді зерттеу әдістері 12 ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ Өзгерістің рет нөмірі Құжаттың тарауы пункті Өзгеріс түрі (ауыстыру, жою, қосу) Хабарламаның нөмірі және күні Өзгеріс енгізілді Күні Аты-жөні, қолы, қызметі
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz