Файл қосу

Қазақ әдебиеті оқулығы



ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ  АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
                           3-деңгейлі СМЖ
                                 құжаты
                                       
                                   ПОӘК
                                       
                                       
                        ПОӘК 042-18-28.1.23/03-2013
                                       
                                       
                                   ПОӘК
<<12  жылдық  білім  беру жүйесінде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>>
пәніне  арналған  оқу-әдістемелік  материалдар
                             ______2013 жылғы
                             № 3 басылым
                                       
                                       
                                       
          5 В 050117 <<Қазақ тілі мен әдебиеті>>
                                       
                                       
                      5 В 020500 <<Филология>>
                                       
                                       
<<12 жылдық білім жүйесінде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>>
                                       
          ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ
                                       
             ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                  Семей
                                     2013
                                       
                                МАЗМҰНЫ

1  Глоссарий
2  Дәріс сабақтарының мазмұны
3  Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
4  Студенттердің өздік жұмысы 






































1 ГЛОССАРИЙ 

Әдістеме  --  педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар.
Білім беру мазмұны  - жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, педагогикалық адаптацияланған білім, іскерлік, дағдылардың, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен эмоционалдық-жігерлік қатынас тәжірибесінің жиынтығы немесе жүйесі.
Мемлекеттік білім беру стандарты  -  мемлекеттік нормалар деп танылған және қоғам сұраныстары мен тұлға қажеттігі мен мүмкіндіктеріне сай білім деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі.
Оқу жоспары  -  оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат.
Оқу бағдарламасы  - оқу пәніне  байланысты білім, іскерлік, дағдылардың мазмұнын ашатын нормативтік құжат. Оқу бағдарламасы оқу жоспары негізінде жасалады.
Оқулық  -  оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.
Дидактика - (<> - оқытушы, <> -  оқушы) грек тілінен аударғанда оқыту мен үйрету деген мағынаны білдіреді,білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін оқыту теориясы, педагогика ғылымның саласы.
Оқыту  -  оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын  -  ала жоспарланған іс - әрекет. Оқыту - қазіргі заман талаптарын ескере отырып, оқушы тұлғасын, білім, іскерлік, дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалаптастару мен дамыту процесі.
Оқыту процесі - бұл білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушыарасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс - әрекет.
Білім  --  адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы - талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады.
Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекетінің іске асырылуы. Білімсіз қандай болса да іскерлік болуымүмкін емес.
Дағды - бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетте машықтандыру.
Заңдылық  дегеніміз құбылыстар мен процестер арасындағы объективті, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанап  отыратын өзара байланыс.
Дидактикалық принциптер  -  оқытудың негізгі мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдерін, әдістерін  мақсатына,  заңдылықтарына сай орындайтын қағидалар жүйесі.
Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс - әрекетінің сыртқы көрінісі.
Сабақ  -  мазмұны, уақыты, ұйымдастырылуына қарай аяқталған оқыту үрдісінің бөлігі.
Сабақ- ол  ұжымдық оқыту формасы, оған оқушылардың тұрақты құрамы, шектелген оқу уақыты (45 минут), алдын-ала құрылған сабақ кестесі, оқу жұмысын бір ғана материал төңірегінде ұйымдастыру тән.
Сабақ құрылымы -  сабақтың барысында оның құрамдас бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуы.
Оқыту әдістері - оқытудың мақсатты міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.
Оқу тәсілдері - оқыту әдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы "әдіс" түсінігіне байланысты жалқы ұғым.
Оқу құрал-жабдықтары - бұл білім алу, ептіліктерді қалыптастыру көздері. <<Оқу құрал  - жабдықтары>> түсінігі кең және тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу және көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар және т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға көмекші жағдаяттардың бәрі деп түсінеміз, яғни оқыту әдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бәрі осы оқу жабдықтарын құрайды.
Бақылау -  кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
  Бағалау -  оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Сынақ  -  қорытынды бақылаудың айырықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады.
Емтихан  -  оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы.
Педагогикалық технологиялар - теориялық білімдерді тұтас педагогикалық үрдістің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған және сол үрдіс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның да даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін-өздері дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс-әрекеттер кешені.



2  ДӘРІС  САБАҚТАРЫНЫҢ  МАЗМҰНЫ

1 модуль.     Қазақ әдебиеті әдістемесінің қалыптасу, даму кезеңдері.
№1 Дәріс.  Әдебиет пәнін оқыту тарихы мен теориялық бастау көздері.
Мақсаты:  12  жылдық  білім  беру  әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, методологиялық  -  теориялық негіздері  туралы мағлұмат беру. Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу, даму жолдары. Әдістемелік мұра және оны талдау әдістері туралы түсінік беру       
Жоспар:
1.Қазақ әдебиеті пәні  -  ғылыми әдістемесі
2. Қазақ әдебиеті әдістемесінің даму кезеңдері

Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түолілігін ашатын пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.
<<Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның: қамтитын: объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары  кезінде мұғалім мен оқушылардың  өзара қарым-қыатынасы болып табылады,  ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді.Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды>>, - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев. Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика ғылымының өзара байланыста болатынын көреміз. Әдістемеліктің қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын көрнекті педагог Ж.Аймауытұлы айқындап айтқан7
<<Ж.Аймауытұлы жалпы дидактика барлық пәгдерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы  сөз ететіні, ал жеке әдістемелік дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндердә оқытқанда, қалай жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ж.Аймауытұлы сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет етенін үнемі жаңалық табатын өнер>>, -деп бағалайды.
Қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. А.Байтұрсынұлының оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін  жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәслесі болып отырған оқушының өз әрекетіндегі  субъектілік қызметін арттыру  міндетіне сай келеді. Ғылым өзінің 1928жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан <<Тіл жұмсар>> атты әдістемелік еңбегінде: <<Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі- өздігінен алатын ... білімнің ұзақ жолы үшін ... балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа  қарай түзеп отыру>>, - деп жазған А.Байтұрсынұлының бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен алатын жолдарын анықтау- әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз. Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының <<Баяншы>>, <<Әлиф-ба астары>> сияқты жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған. Әдіскер ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы бастаған істі әрі қарай дамытушылардың бірі  Мағжан Жұмабаев баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың жүзеге асырылуын  бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып, өзінің <<Бастауыш мектептегі ана тілі>> атты белгілі әдістемелік еңбегін жазды. Онда М.Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде  төрт жылдық  бастауыш мектептің  әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту  үшін жаттығулар жүйесін жасап ұсынған.Аса көрнекті әдіскер-ғалым М.А.Рыбникова  <<Әдістеме дегеніміз- уақытты үнемдей білу.Оқушы үшін жігерін ақылмен жұмсау,  оқу материалынан негізгі және басты мәселелерді таба білу, сыныптың еңбегін ұйымдастыру шеберлігі,  оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне  ықпал етуді алдын-ала ұйымдастыру>>,-деп әдістеме ғылымына  анықтама береді. Әдістеменің жалпы құрылымы жайында В.В.Голубков  былай дейді: <<Қай пән бойынша болмасын барлық әдістеме  оқытушы жұмысының ұсынымдарын, материалдарын және әдістерін құрастырумен өзара ұқсас, сондай-ақ олар не үшін, нені және қалай деген үш негізгі сұрақтарға жауап береді. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің  қамтитын аймағы  мектептегі әдебиет  пәні сабақтары мен әдебметке байланысты сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар және базистік оқу жоспарының  инвариантты бөлігінен берілетін таңдау курстарында жүргізілетін  әдебиет сабақтарында мұғалім мен оқушының  оқу-тәрбие ісінде өзара қарым-қатынасы болып табылады. Сөз өнерін, көркем әдебиеттің  өзін әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында белгілі дәрежеде  оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім, адамгершілік, ізгілік ,имандылық, тәрбие беру мен білім-білік дағдыларын қалыптастыру  заңдылықтарын ашу-оның қарастыратын басты мәселесі.Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның  рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет- бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады. 
Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде әдеби білім беру негізгі  қағида болып табылатын  оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер  әдебиет пәні құрылымын құрайды. Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең  пайымдауға үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-ықыласты оята отырып, оқырман  мәдениетін қалыптастырады.
Әдебиет пәні  оқушыны  өнер туындысын тануда қажетті біліммен, біліктілік дағдылармен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға қажетті сезім сергектігін, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік тұтастыққа қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма идеясын, жаазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік ой толғамында дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды ғана қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып, қарастыра  алу біліктерін қалыптастыруды көздейді.Осы негізде мектептегі  қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән деген тұжырымға келеміз. Қоғамның  және  мәдениеттің  даму өзгерістеріне  сай әдебиет  пәнінің  бағдарламалары, оқулықтармен қатар оны оқыту әдістемелігі де жетілдіріліп отырады және ол қалыптасқан отандық әрі  әлемдік тәжірибеге негізделеді. Әдістеме ең алдымен мұғалімнің  шығармашылық әрекетінің  жүйелі болуына қызмет ететіндіктен, ол  әдебиетші мұғалімге жоғары талаптар да қояды. <<Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды  білуі керек. Сондай-ақ көркем туындыны  талдаудың ғылыми  әдістемелерін жетік  меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында  бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс>>,-дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева.Сонымен оқытушы және оқушының   оқу әрекетіндегі  бірлестіктер мен дербестік сипаттарын, ұйымдастыру жолдарын қарастыруға әдістеме ғылымы қолда бар бай тәжірибеге сүйенеді және оның таяу болашақтағы даму бағыттарын айқындайды.Ол бағыттар:
- әдеби білімді саралауды жүзеге асыру, бағдарламаларды қайта қарап, тұжырымдама негізінде батыл жаңарту; V-ІХ сыныптарды негізгі базалық біліммен қамтамасыз ететін базалық білім бағдарламаларын, оқушының  жеке сұранысы мен мүддесіне, қызығушылығы мен бейімділігіне қарай  екі жылдық бағдарламада сараланған толық орта білім деңгейлерін қамтамасыз ететін жарыспалы бағадарламалар жасау;- әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілік-эстетикалық сарынын күшейту, сабақ үрдісінде  жазушы көтерген ізгілікті тағылымды, өнегені ашуды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді танытуды, сол арқылы оқушының ұлттық рухани санасын қалыптастыруды нысана тұту;
- оқушының көркемдік-ассоциациялық, образдық ойлануына, әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуіне, шығарманың идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына, кейіпкер тағдырына ортақтасуына жағдай жасап, стандартқа  сай білім, біліктілікпен қаруландырып, оқырман ретіндегі мәдениетін көтеру;- оқытудың шығармашылық сипатын көтеру, оқушылардың оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу-танымдық қабілеттерін дамытуды  қамтамасыз ету, сабақ тиімділігін арттыру нәтижелігіне қол жеткізу;
- оқытуды демократияландыру, сабақта мұғалім мен оқушы арасында бірлескен мақсатты қарым-қатынас, субъект-субъект дәрежесіндегі еркін диалог ахуалын туғызу, нақтылы сынып жағдайында әдеби  білім нәтижелігін қамтамасыз ете алатын мұғалім ізденісін қолдау;- әдебиет пәнінің гуманитарлық циелдегі басқа да пәндермен, білім салаларымен пәнаралық, пәнішілік байланысын тиімді пайдалану, тіл мәдениеті, шешендік өнер, тіл дамыту бойынша тіл мен әдебиетке ортақ бағдарлама жасау;- әдебиет оқулықтарының ,оқу кітаптарының мазмұны, ғылыми-дидактикалық негіздерін түбегейлі жақсарту,оқулықтарға білім  берудің жаңа технологиясын ендіру.Бұл бағыттар жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі әдеби-білім тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің  бұл тұжырымдамада көрсетілген негізгі бағыттары әлемдік тәжірибеге де сай келеді деуге болады. 

№2  Дәріс.  Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі 
Мақсаты:  әдебиетті  оқыту  мәселесінің   теориялық негіздеріне шолу жасау. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің психология, педагогика, логика, философия ғылымдармен байланысын көрсету. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары туралы білім беру       
Жоспар:
1.Озық технологиялық әдістеме жүйесі пәні
2. Дәсүрден тыс оқыту және оның түрлері

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудың жалпыдидактикалық ұстанымдарына қоса, әдебиетті орта мектепте оқытудың жеке ұстанымдары да басшылыққа алынады:
* Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті туындыларын Қазақстанның жаңғыруы, ата-бабалар аңсаған еркіндік пен бостандық, патриоттық идея бағытында оқыту ұстанымы;
* Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін қазақ ұлттық сөз өнері мен оның дамуының, қарыштап қанат қағуының жаңа дәуірі бағытында оқыту ұстанымы;
* Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін Тәуелсіздік орнағаннан бергі кезең тарихы және тұтас <<Тәуелсіздік идеясымен>> тығыз байланыстылығы бағытында оқыту ұстанымы;
* Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі тарихы мен елдің мәдени даму барысы туралы ақпараттарды бірлікте ұстана отырып оқыту ұстанымы;
* Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін қазақ ұлттық және жалпыадамзаттық адамгершілік-эстетикалық құндылықтар бағытында оқыту ұстанымы;
* Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін нақты бір жазушының шығармашылығындағы дәстүрлілік пен жаңашылдықты меңгерту бағытында оқыту ұстанымы;
* Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін пән ішіндегі проза, поэзия, драматургия, сын салаларының өзара тығыз байланыстылығын сақтау бағытында оқыту ұстанымы;
* Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін пән тарихы мен теориясына байланысты негізгі ұғымдарды меңгерту бағытында оқыту ұстанымы;
* Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін жаңа оқыту технологияларын кең арнада қолдана отырып оқыту ұстанымы.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту мазмұны қазақ әдебиетін мектепте оқыту бағдарламасымен анықталады. Ол бағдарлама мұғалімдердің Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінен білім берудің жетекші құралы болып табылады. 
Осы ретте әдіскерлер шешуі тиіс маңызды мәселе бой көтереді. Ол  -  қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұнын түбегейлі жаңа Тұжырымдамалық негізде қайта жүйелеу. Осы кезге дейін мұндай маңызды мәселе шешімін таппай келе жатыр.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін, оның ішкі қалыптасу үрдістері мен даму үдерістері тәуелсіздік идеясына қалай негізделгендігі де жеткілікті деңгейде зерттелмей келеді. Бұл мәселенің алдағы уақытта қарастырылуы тиіс.

Дидактиканың үлкен саласы  -  білім мазмұнын іріктеу мен сұрыптау.

Сондықтан, қазақ әдебиетінің тәуелсіздік жылдарындағы жинақталып келе жатқан қазынасын меңгерту, сұрыптау, мектеп бағдарламасына енгізу, талдау  -   әдіскерлік шеберлікті, мол тәжірибені қажет етеді.
Бұл мәселені әдебиеттануші ғалымдардың өздері де баса атап көрсеткені белгілі. <<Әрине, жаңа кезең көркем кітабының бәрі бірдей қалам ұшына іліккен жоқ. Кейбір татымды туынды әртүрлі себеппен назарға түспей қалды да. Түспей қалуының бір себебі, әдебиет тарихы баспа жүзін көрген шығарманың құнын айырмай, шетінен тықпалай беруді көтермейді. Қазір не көп  -  қағаз топаны көп. 
Проза әлеміне де, өлең өлкесіне де кіруге лайықсыз, әдебиетпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын шалажансар шимайлардың бүгіндері қаптап кеткені жасырын емес. Қара нөпірім басылым арасынан ауыз тұшырлық кісі қызығарлық дүниені айырып алудың өзі бірталай жұмыс. 
Дәмі жоқ, татуы жоқ сүреңсіздіктің насихатталуы бос әурешілдік. Сондықтан кітапта бүгінгі тәуелсіздік әдебиетінің әжетке жарайтыны, жілігі татиды дегендері ғана іріктеліп талданды>> [5].
Мемлекет білім беру орындарына өзіне керекті азамат тұлғасын қалыптастыруға тапсырыс береді. Пәннің оқу бағдарламасы мемлекеттің сол тапсырысына сүйене отырып қажетті білім мазмұнын сұрыптайды. Осы бағдарлама негізінде іріктелген әдеби туындыларды оқыту арқылы оқушылардың саналы азаматтық тұлғасы мен эстетикалық талғамын қалыптастырып дамыту  -   қазақ әдебиетін оқыту әдіскерлері мен мұғалімдерінің басты міндеті.
Әдебиеттанушы ғалымдардың <<қазақ халқының тарихындағы ең бақытты дәуірден, маңдайы жарқырап, тәуелсіздік туын желбіретіп, мерейі үстем болған және елімізді демократиялық жолға түсірген 1991 жылдың 16 желтоқсанынан басталған>>[5] деп анықтаған тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін мектепте оқыту осындай биік пафосты, қазақ халқының терең де нәзік әрі шиыршық атқан иірімдері мол көркем қазынасын меңгерту деген жоғары рухтағы әдістемелік тіректен тұруы тиіс.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің проза, поэзия, драматургия, сын салаларынан берілетін білім мазмұнын анықтау және оны оқыту әдістемесі бойынша алда тұрған екі міндет бар:
* біріншіден, қазақ әдебиетінің 1991 жылдан бергі кезеңде дүниеге келген озық идеялық және эстетикалық құндылығы мен тілдік-танымдық қуаты зор көркем туындыларды сұрыптау; сол арқылы оқушыларға Тәуелсіз Қазақстанның айқын бейнесі мен болмысын таныту, тәуелсіздік мазмұндағы әдебиетте таңбаланған қазақтық әлеуметтік мәдени кодтарды меңгерту;
* екіншіден, тәуелсіздік мазмұнындағы қазақ әдебиетін меңгерту арқылы оқушыларға көркем әдеби талдаудың жаңа тұжырымдамасын, әдеби шығармаларды талдаудың жаңа ұғымдық аппараттарын қалыптастыру. 
Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті туындылары сол кездегі негізгі әдіс  -  социалистиік реализм әдісі арқылы талданып келгені белгілі. <<Жағымды>> және <<жағымсыз>> кейіпкерлердің оппозициялық талдануы арқылы кеңес заманының геройы туындап шығатын әдіс сол кездегі ең тиімді әдіс болып саналды. Ал қазіргі барынша шынайы, мүмкіндігінше өмірдің өзі алға қойып отырған тұрмыс күрмеулерінен шыға алатындай амал-тәсілдердің мектептегі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне кешеуілдеп келуі  -   әдіскерлер тарапынан уақыт оздырып алып жатқаны айқын да ашынарлық жағдай.

2 Модуль.  Қазақ әдебиеті пәнін оқыту барысындағы амал-тәсілдер 
№3  Дәріс.  Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдері.
Мақсаты:   Қазақ әдебиетін  оқыту әдістерінің түрлерін талдап көрсету. Дидактикалық  әдістер  және  олардың  топтастырылуы  туралы мағлұмат беру
Жоспар: 
1.Шығармашылық, эвристикалық оқу әдісі
2. Зерттеу, репродуктивті әдіс.

<<Әдіс>>  -   әдебиет сабақтарындағы мұғалім мен оқушының бірігіп атқаратын оқу-танымдық іс-әрекеті. Сабақ тақырыбына лайық дұрыс таңдалған әдіс арқылы оқушы жаңа блім мазмұнын игереді, жаңа білік-дағдыларға ие болады, қабілеті жетілдіріліп, белгілі бір дүниетанымдық көзқарасы қалптасады.
Қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын сапалы әдістер осы әдістің кішкене құраушы элементтері болып табылатын амал-тәсілдердің алгоритмдік қолданысы арқылы жүзеге асырылып қолданылады. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын әдістерді былайша жіктеуге болады:
* эвристикалық әдіс;
* ізденіс әдісі;
* репродуктивтік әдіс;
* продуктивтік әдіс;
* шығармашылық әдіс.

Эвристикалық әдіс  - орта мектеп оқушыларына <<Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті>> саласын меңгерту барысындағы негізгі әдістің бірі болуы дұрыс болады. Өйткені бұл тақырыптағы қазақ әдебиеті  -   оқушылардың осыған дейінгі меңгерген әдеби білімінің кеңейтілген, жоғарылаған, ғасырлар бойғы ата-бабаның мұрат етіп аңсаған арманының жүзеге асырылған кезеңінің бейнесін сомдаған әдебиет. 
Эвристикалық әдіс арқылы көркем әдеби шығармаларды танып-талдау барысында оқушылардың сезімдік көркемдік қабылдауы санада терең иірімдерге бойлай түседі-дағы, олардың интеллектуалдық дамуы қарқындай түседі.
Осы ретте Ә.Нұрпейісовтің <<Соңғы парыз>> романын таныстыруда эвристикалық әдісті қолданудың беретін пайдасы мол екенін көрсетейік. 
<<Соңғы парыз>> романын ғалымдар идеялық-көркемдік өрісі кең шығарма деп бағалайды. Бұл дилогияда <<Адам-Қоғам-Табиғат>> өрістерінің өзара алмасып отыратын керемет байланысы мен қатынасы гармониялық тізбек пен желіде суреттелген. Ә.Нұрпейісовтің роман-дилогияда оқырманына жеткіземін деген мақсатын анықтау үшін мұғалім мынадай проблемалық-эвристикалық сұрақтарды алдын ала оқушыларға таратып береді:
* Романдағы проблеманың деңгейі қандай деп ойлайсыз? 
А) жеке проблема, 
Ә) аймақтық проблема,
Б)ұлттық проблема, 
В) жалпыадамзаттық проблема.
* Биосфера проблемасын туғызатындар: 
А) табиғат,
Ә) ауа райы, 
Б) адам, 
В) жел.
* <<Жәдігер>> сөзінің мағынасын сөздіктерден анықтап келіңіздер.

Осындай және оған қоса жүргізілетін даярлықтардан соң, эвристикалық әдіс арқылы мұғалім оқушылармен роман-дилогияның түпкі проблемасын талқылау-талдау жүргізе алады. Мұндай әдістің тиімділігі туралы, әрине, көп айтуға болады. 
Эвристикалық әдісті қолданған мұғалім алдына қойылған бірнеше міндет тұтастырылып бір мақсаттың көп қыры ретінде шешіліп жатады. Бұл әдіс жекелеген проблемалардың бір арнаға тоғыстырылып, үлкен мәселе ретінде қарастырылып, оқушылардың түрлі сұрақтардың шешімін тауып, оларды тұтастырып, жинақтап отыратын қабілетін қалыптастырады.
Ізденіс әдісі  -   білім беру үдерісінде ерекше мақсатты көздейтін әдіс түрі. Ізденіс әдісін қолданушы мұғалім тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің болмысындағы өзіндік белгілер мен жаңа қырларын ашатын және осы кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінде болмаған жаңаша құбылыстар мен өзгешеліктерді танытатын амал-тәсілдерді қолдану екендігін жақсы түсінуі керек. 
Қазақ әдебиеті тарихының осы кезеңге дейінгі даму барысындағы көркем туындылардағы еркіндік пен тәуелсіздік деген идеяның қолға бақыт құсындай қонғандығы оқушыларға ашық та еркін әңгіме барысында түсіндіріледі. 

№4  Дәріс.  Сабақ- оқу- тәрбие жұмысының негізгі түрі. 
Мақсаты:  Қазақ әдебиетін оқытудың формалары мен түрлері. Қазақ әдебиеті  сабақтары, Сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар,  сабақты ұйымдастыру жолдары. Қазақ әдебиеті  оқулығы. Қазақ әдебиетін  оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы
Жоспар:
1.Мұғалімге қойылатын талап
2. Сабақтың құрылымдық бөлімдері

Сабақ  -  орта мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудыңнегізгі түрі. Сабақ оқыту жұмысын ұйымдастырудың мақсатын, мазмұнын,оқытудың әдістері мен жабдықтарын сипаттайды. Негізгі сипаттамалардыңішінде сабақтың мақсаты негізгі роль атқарады. Оқушыларға математикалықбілім, білік, дағды қалыптастыру  -  оқытудың білім беру мақсатынан 61туындайды. Сабақ беру барысында математиканы оқытуды барыншатиімді түрде ұйымдастыра отырып, жалпы, білім, білік, дағдыныңқалыптасуына ықпал жасау керек. Мұғалім әрбір сабақтың тәрбие берерлікмүмкіндіктерін барынша мұқият талдауы қажет. Сабақтың мақсатына сай оқумазмұны таңдап, реттеледі. Сабақтың мақсатын дұрыстап қою мұғалімніңоқу бағдарламасына, оқулыққа, әдістемелік құралдарға, дидактикалықматериалдарға сүйеніп оқу материалын тиімді түрде таңдап алуынамүмкіндік береді. Оқу пәні <<математиканың>> ерекшелігі мектепоқулығындағы белгілі бір тақырыптың логикасын сақтай отырып, оныңмазмұнын сабақ түрінде баяндау. Оқытуға үйлесімді әдістерді таңдап алу өтеқиын әдістемелік мәселе. Педагогикалық әдебиетте оқытуға үйлесімдіәдістерді таңдау туралы ұсыныстар бар. Сондай ұсыныстардың бірі: егер әдісөзіне байланысты төмендегі шарттардың ең болмағанда біреуінқанағаттандыратын болса, онда таңдап алынған әдіс оқытуға үйлесімді, яғни,
а) сабақтың мақсатына сай;
б) үйренуге тиісті материалдың ерекшелігі (қиындығы, жаңалығы,сипаты);
в) сынып оқушылардың ерекшелігі;г) кабинеттің дидактикалық материалдармен, көрнекі, техникалыққұралдармен жабдықталуы;
д) сабақ кестесі бойынша сабақтың өтілу мерзімі, сыныпоқушыларының саны сияқты шарттар;
е) мұғалімнің дара ерекшелігі (мінезінің сипаты, әр түрлі әдістерменқарулану деңгейі, оның сынып оқушыларымен қарым - қатынасы).Оқу процесі, оқу жабдықтары, әдістер мен тәсілдер оқытудыұйымдастырудың формасымен тығыз байланыста болады. Әрбір әдіске,оқыту тәсіліне сәйкес өзінің тиісті мұғалім мен оқушының арасындағы,оқушылардың сөз арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын ұйымдастыруформасы болады.
Мұғалім сабақта жалпы топтық және оның дара формасындағы бүкілоқу процесін басқарады. Оқу процесін ұйымдастырудың жоғарыдакөрсетілген түрі сабақта әр түрлі реттілікпен және әр түрлі үйлесімдікпенқолданылады. Қазіргі жағдайда оқыту процесі тиімді түрде білім, білікдағдысын қалыптастыру, ұжымдағы қарым  -  қатынас т.б. үйлесімді түрдеұйымдастыру формасы қолданылады. Сабақта уақыттан ұту, бірін - бірі оқытужағдайын тудыру, жеке бастың дамуына айтарлықтай ықпал жасау сияқтыоқытудың ұжымдық формасы үлкен роль атқарады.Сабақтың құрылымы деп оның тұтастығы мен әр алуанварианттылығын, негізгі көріністерінің сақталуын қамтамасыз ететін сабақэлементтерінің жиынтығын айтады. Сабақтың құрамдас бөліктері өзаратығыз байланысты болады және белгілі тәртіпте жүзеге асырылады. Сабаққұрылымы қойылған мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, қолданылатыноқу әдістері мен тәсілдеріне, оқушылардың дайындық деңгейіне және оқупроцесінде сол сабақтың алатын орнына байланысты анықталады. Сабаққұрылымы әр алуан болады. Тіпті параллель сыныптарда өткізілетін 62сабақтардың құрылымы бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін. Жоғарыдакөрсетілген факторларға байланысты сабақтың құрылымы ұдайы өзгеріп,сыныпқа бейімделіп тұрады. Әр сабақта әрбір мұғалімнің өзіне тәнқолтаңбасы көрінеді.Мысалы, құрама сабақ мынадай жоспарда жүргізілуі мүмкін:
1) ұйымдастыру кезеңі;
2) үй тапсырмаларын тексеру;
3)өткен материалдарды  қайталау;
4) жаңа материалды өту;
5) өткен материалды баяндандыру;
6) үйге тапсырма;
7) қорытындылау, бағалау.
Алайда бұл жоспарды ұдайы сақтауға болмайды, сыныптыңерекшелігіне, оқушылардың дайындық дәрежесіне және т.б. факторларғабайланысты ол өзгеріп, кемелдендіріліп отырады. Жалпы құрылымның әрбірбөлігі өзінің мазмұны және көлемі бойынша, тіпті кең мағынадақарастырылады. Мысалы, бұрын алған білімін қайта еске түсіру қажеттігінкөрсету және амалдар тәсілдері тек бұрын алған білімін жай еске түсіріпқоймай, оны жаңа жағдайларға пайдалану оқушының танымдықбелсенділігін арттыруға, білімнің меңгерілуін тексеруге қолдану т.б. сияқтымәселелерден тұрады. Жалпы дидактикалық құрылымның бөліктеріненоқытудың әр алуан тізбектік, әр алуан байланыстағы барынша нақты үрдісіналамыз. 

№5  Дәріс.  Сабақ және оған қойылатын талаптар.
Мақсаты:  Қазақ әдебиетін оқытудың   бір  түрі  сабақ  болып  табылады. Сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар,  сабақты ұйымдастыру жолдары. 
Жоспар: 
1.Сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарына көңіл бөлу
2. Сабақ талдау үлгілері. Сабақ талдаудың мұғалімнің шығармашылығына, шеберлігіне тигізер рөлі

Сабақтың мақсаты оның құрылымын анықтайды және сабақтыңкезеңдерінің арасындағы байланысты орнатады, сабақтың бір бүтіндігінқалыпқа келтіреді.
Сабаққа қойылатын ең негізгі талаптардың бірі  -  оның мақсаттылығы.Математиканы оқыту әдістемесі жөніндегі әдебиеттерден ең алғаш сабақтыңдидактикалық мақсатттары, бұдан соң математиканың мазмұны арқылытәрбие берудің, оқушы білімін жетілдіруді көздейтін негізгі мақсаттартуралы ұсыныстарды табуға болады. Сабақтың мақсаты оқушыға түсініктіболуы керек. Сабақтың ұйымдастырылуы оқушыны қызықтырып,белсендігін арттыруы тиіс. Мектеп мұғалімі оқушының танымдықбелсенділігін арттыруға жеткілікті сабақ ұйымдастыруы керек. Сабақтыңжалпы мақсаты, мазмұны мен құрылымы жаңа сабақтарда байқалуы керек.
Сабаққа қойылатын екінші бір басты талап  -  сабақ мазмұнындұрыстап орналастыра білу. Математика сабақтарындағы ең маңыздымәселе - оның мазмұны. Қарастырып отырған пәнді логикалық тұрғыда тереңбейнелеу керек. Тек математика сабағының мазмұны арқылы білім, білік,дағды қалыптасады және математикалық фактілерді, математикалықәдістерді қолдану арқылы сабақ мазмұнын дамытуға болады. Егер сабақты 63жаңа тақырыпты түсіндіру жоспарланған болса, онда сабақты дедуктивтік ойқорыту жолымен дәлелдеу, талдау жасап, оқушылардың қаншалықтымеңгергенін білу үшін мұғалім мақсатты жұмыстармен айналысады. Сабақмазмұнының барлық түрлерін жоспарлы, белгілі жүйеде оқыту керек.Сондықтан әрбір сабақтың негізгі мазмұнын білу арқылы, солардыңтөңірегінде материалдар жинастыру керек.
Сабаққа қойылатын үшінші талап  -  сабаққа қажетті жабдықтар менәдістерді, оқытудың тәсілдерін, сабақ кезінде тәрбие берудің тиімді әдістерінтаңдап алу. Сабаққа аса қажетті жабдықтарды, әдістер мен тәсілдерді таңдапалу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жұмыс. Мұғалім жұмысыныңтабысты болуы оқушылардың жалпы дайындығына, олардың жекеерекшелігіне, сабаққа керекті жабдықтардың тиімділігіне және оқуматериалының ерекшелігін мұғалім қаншалықты дәрежеде айта білді, оқужұмысында танымдық мәселелерді оқушылар алдына қаншалықты дәрежедеқоя білуіне тікелей байланысты. Оқыту жұмысында кез келген құрал-жабдық, дәріс, тәсілдердің ешбірі универсалдық сипатта бола алмайтынынескеру керек. Тек бір әдіс не тәсілдің өзін ғана пайдалану нәтиже бермейді.<<Математика>> пәнінің ерекшелігі сонда, оқытуда негізгі мәселе көрнекіжабдықтар әр түрлі формада қолданылуы тиіс. Сондықтан сабақта көрнекіжәне техникалық құралдарды кешенді түрде пайдаланып және кітаппеністелетін жұмыс түрлерін көбейту керек. Математикалық ұғымдардыңабстракциялық сипаты оқушылардың түсінуін қиындатады. Бұл қиындықтыпәндік модельдер, графиктік, таңбалы т.б. модельдер арқылы жоюға болады.Математика сабақтарында әр түрлі күрделі мәселелерді жай түрдебаяндағанда суреттер мен сызбалар қарастырылатын негізгі ұғымдысипаттайтын көрнекіліктер қолданылады.
Сабаққа қойылатын төртінші талап  -  оқушылардың оқу әрекетін әртүрлі формада ұйымдастыру. Өз бетінше білім алу, өзін-өзі бақылау, бағалау,оқу әрекетін жекеше ұйымдастыруды дамыту талабын алға қояды жәнесабақтарда оқушылар көрнекіліктерді қолданады және топтық жұмысформасын пайдаланады. Ғылыми - техникалық прогресстің жедел дамуы,ғылым мен өндірістің біте қайнасуы ой еңбегін одан әрі жетілдіруді талапетеді.

3  Модуль.    Қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технология түрлері.
№6  Дәріс.  Жаңа стратегиялармен оқытудың жаңа технология түрлері.
Мақсаты:   Қазақ  әдебиеті  пәнін  оқыту  барысында  қолданылатын  оқытудың  түрлері  мен   жаңа  технологияларға  аса  мән  беру.  
Жоспар: 
1.Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде қолдану
2. Әр- түрлі стратегияларды қолдану.

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу - білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік - экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар жан - жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан - жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.
Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр бір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп, еліміздің көп жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру көзделген. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескеріп қанағаттандыру.
Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер. Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі - жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі өркениетке жеткізетін құрал тек қана - білім. Білімді ұрпақ қана болашақ иесі болып табылады. Білім - қоғамды әлеуметтік мәдени ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қауым үшін де, қоғам үшін де жоғары құндылық.
Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберілігін қажет етеді. Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан - жақты шәкірт тәрбиелей алады. Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет. Әр ұстаз оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, осы бағдарлама мазмұнына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев кезекті жолдауында <<Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет>> деп көрсеткен еді. Қоғамымыз өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына заманда халық ағарту саласының қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы да анық. Заман талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар қауымына үлкен сын.
Осы орайда мұғалімдердің біліктілігін көтерудің үшінші деңгейлі курсы болды. Курс бұрынғыдан өзгеше, жаңалықтарға толы, түрлі іс - әрекеттер жоспарланған. Курс барысында оқыған бағдарлама жеті модульді қамтиды. (презентациямен жұмыс)Бағдарлама мазмұны нәтижеге бағытталған 7 модульді қамтиды:(әріптестермен сұрақ - жауап ұйымдастыру):: Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер. Оқушыларға білім беруде жаңатәсілдерді <<Диалогты оқыту әдісі>> және <<Қалай оқу керектігін үйрету>> туралы түсінік.:: Сыни тұрғыда ойлауға үйрету. Оқытуда оқушылардың және мұғалімдердіңсыни тұрғыда ойлауын дамытатын түрлі стратегиялар мен әдіс түрлерін қолданудың тиімділігі туралы айтылған;:: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалаудың түрлері туралытеориялық білім және бағалаудың әр түрлі формалары қамтылған;:: Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардыпайдалану. Оқытуда оқушылардың сандық сауаттылықтарын арттыру, жаңа технологиялар, компьютер, интернет т. б. жұмыс жасауға баулу;:: Талантты және дарынды балаларды оқыту. Талантты және дарындыоқушыны анықтау, оларды дамытатын тапсырмалардың т. б. қамтылуы, сабақтарда қолданылуының маңыздылығы айтылған.:: Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту. Оқу барысында сыныптажасы кіші оқушыны анықтап, жас ерекшелігіне байланысты тапсырмаларды беру көзделген, оқушымен жекелей жұмыс жасау.:: Оқытуды басқару және көшбасшылық. Шағын топтарда жұмыс жасатуарқылы көшбасшылықты анықтау, оқушыны көшбасшылыққа жетелеу, баланың көшбасшылығын көре білу, үлкен топтарға көшбасшылыққа ұмтылуға бағыттау және оқытуда мұғалімнің көшбасшылығы.


№7.  Дәріс.  Модульдік технология арқылы оқыту
Мақсаты:  Қазақ  әдебиеті  сабағында  модульдік  технологияны  меңгеру  тәсілдері.  Модульдік  технологияны  тиімді  қолдана  білу  жолдары
Жоспар:
1.Модульдік технологияның сипаты, құрылымы. Модульдік технология арқылы оқытудағы оқушының еркін түрде білім алуы
2. Модульдік технологияны сабақ үрдісінде қолдану және сабақ жоспарын дайындаудағы ерекшеліктер

Модульдік оқыту технологиясы  -  білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Ал <<модуль>> дегеніміз  -  іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы <<модуль>> сөзі <<оқытудың мазмұны мен технологиясын>> білдіреді. <<Модуль мазмұны>> өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.
Модуль  -  оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.
Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады.
Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.
Оқу модулінің өзгешілігі  -  жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып,ғ жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі  -  бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі.
Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.
Оқушыларға: 1) өз ойларын толқы жеткізе алмауы; 2) материалды мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруін қалауы; 3) нақты фактілерге мән бермеуі; 4) білімді жинақтауға мән бермеуі.
С.И.Ожеговтың пайымдауынша <<Модуль дегеніміз  -  белгілі бір тақырып ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі>>. Ал <<технология>> гректің <<шеберлік>> деген сөзі.
Яғни, модуль  --  тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы.
Модульдік технология дегеніміз-білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы.

№8  Дәріс.  Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Мақсаты:  Қазақ  әдебиеті  сабағында  сын  түрғысынан  ойлау  технологиясын  меңгеру  тәсілдері.  Модульдік  технологияны  тиімді  қолдана  білу  жолдары
Жоспар:
1.  Сын тұрғысынан ойлау технологиясының сипаты, құрылымы. 
2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақ үрдісінде қолдану 

Сыни тұрғыдан ойлау  --  бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының  қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін  ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен  бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге  қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.
Білуі қажет:
- алдын-ала сенімділік туғызу;
- білімдерін бір-біріне жеткізу;
- бұл мәселені шешуге осы білімдерінің әсер етуі.
Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:
- Мен не білемін?
- Мен жаңаша нені білдім?
- Менің білімім қалай өзгерді?
- Мен осы біліммен не істей аламын?
XX ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей   құралмен қамтамасыз ету.Білім берудің мақсаты мен міндетінің өзгеруі:
 
                                Ескілер
                                Жаңалар
Оқушы
- Білім мен дағдыны игереді;- Оларды мүмкіндігінше көп көлемде игеру;- Материалдың көлеміне қарай бағдарлау;- Таңдау мүмкіндігінің жоқтығы;- Білім беру мен өмір сүрудің мақсатын дайын түрде  қабылдау;- Бақылаудан құтылуға ұмтылу.
- өзін - өзі дамыту және өзін - өзі жетілдіру;- білім іс-әрекет түрінде келешекте жұмыспен қамтамасыз етілетіндей игеріледі;- бағдарламаларды, тіпті пәндерді өз еркімен таңдау мүмкіндігінің  болуы;- өзінің жеке мақсаттарының қисынын келтіру және оларға жету тәсілдерін қою;- дер кезіндегі және объектілі бақылауға ұмтылу.
Оқу үрдісі
- тәжірибе мен білімді беру;- тұрақты білім негізінде оқыту;- еске түсіру немесе елестету, келтіру, даярлық әдістерін қолдану;- білім беру және оқу бағдарламаларының қатаңдығы.
- оқушының жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін өзі жетілдіру;- сыни тұрғыдан, талдауға бейім, логикалық ойлау негізінде оқыту;- өнімді іс-әрекет тәсілін оқыту, білімді алу тәсілдерін үйрену;- оқу және білім беру бағдарламаларының икемділігі.
Нәтиже
- оқушыларды болашақ тынышты, бір қалыпты, жоспарлы өмірге дайындау;- жоғарыдан сирек жаңа кіріспелер.
- Қазіргі мектепте, қазіргі ұжымда жайлы <<өмірге>> жағдай жасау;- өзін өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің   инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру;- білім беруші бағдарламаларда, әдістерде, технологияларда, білім беру үрдісінің формаларында тұрақты инновациялық үрдіс.
 
Жаңа педагогикалық технологиядағы негізгі үш саты:<<Сыни тұрғыдан ойлау>> технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік сабақты пайдаланады:- Шақыру- Іске асыру (ұғыну, мәнін түсіну)- Рефлексия (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы)
Мұнда сабақтың базалық үлгісі туралы айтылып отыр. Бірақ сабақта барлық үш кезеңді іске асыру мүмкін емес, мысал үшін, бір сабақ толығымен шақыру түрінде немесе т.б. болу керек.<<Сыни тұрғыдан ойлау>> технологиясы бойынша мақсаттары мен  тәсілдерінің мәліметтер кестесі:  
                              Кезеңдері
                                 Шақыру
                              Іске асыру
                              Рефлексия
Мақсаты
- Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету.- Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету.- Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру.- Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою.
- Оқып үйренушімен жаңа білімді алу.- Белгілінің жаңамен арақатынасын білу, түсінігін қалыптастыру және білімдерін жүйелеу.- Жұмыс тәсілін ақпаратпен үйрену.- Шақыру кезеңіне қойылған мақсаттарын қолдау.
- Жаңа білімді беру.- Пән туралы бүтіндей көрініс жасау.- Мәселе өрісін кеңейту, оқу іс - әрекетінде жаңа мақсаттарды қою.- Оқып үйренушінің пәндегі дамуын бағалау және өзін-өзі бағалау бойынша жұмысы.
Тәсілдері
- <<Миға шабуыл>> - Болжам (сурет, портреті бойынша)- Қажетті сөздер бойынша болжам- Альтернативті тест (дұрыс  немесе дұрыс емес пікірлер)- Сұрақтар, мәтіннен тауып жауап беруге болатын жауаптар тұжырымы- Кластер- Кесте <<Б - Б - Б>>
- insert әдісі бойынша белгілеумен мәтінді оқу- Астын сызу арқылы қажетті сөздерді көрсету
- insert таңбалау кестесі- Шығармашылық жұмыс  -  синквейнқажетті сөздерге,дұрыс және дұрыс емес пайымдауға  қайта оралу.  - Досына хат жазу, күнделік жүргізу.- Қажетті сөздерден кластерді бітіру.- Шатысқан қисынды тізбектер
Нәтижелер
- Маңызды тәжірибе- Белсендірілген білім- Қалыптасқан уәж (негіздеме)
- Жүйелі білім- Шақыру кезеңіндегі баяндалған мақсаттарын нығайту.
- Берілген білім- Пән бойынша қалыптасқан бүтіндей көрініс- Келешекте қызмет бабында көтерілуіне қойылатын мәселелер


№9  Дәріс.  Проблемалық оқыту әдістемесі.
Мақсаты:  Қазақ  әдебиеті  сабағында  проблемалық оқыту   технологиясын  меңгеру  тәсілдері.  Модульдік  технологияны  тиімді  қолдана  білу  жолдары
Жоспар:
1.  Проблемалық оқыту әдістемесінің сипаты, құрылымы. Проблемалық оқыту әдістемесі арқылы оқытудағы оқушының еркін түрде білім алуы
2. Проблемалық оқыту әдістемесінсабақ үрдісінде қолдану және сабақ жоспарын дайындаудағы ерекшеліктер 

Педагогика ғылымының дамуында <<проблемалап оқыту>> әдісі кең таралған. Бұл әдісте оқыту және таным әрекеттері өзара бірлікте қарастырылады. Проблемалап оқытудың логикалық негізі ойлау формалары болып табылады. Бұл әдістің ьбасты мақсаты  -  информатика ғылымының негіздерін меңгеріп қана қоймай, информатика сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.
Проблемалап оқыту әдісі  -  оқушыларға пән мазмұнына байланысты дайын білімнің көшірмесін алуды үйрету емес, олардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін дамытуға негізделген.
Мұндағы басты міндет  -  оқушылардың ойлау жүйесін жаттықтыру ғана емес, олардың ойлау жүйесін өздерінің шығармашылық қабілеттері арқылы және игерген білім қорын одан әрі тереңдетуге қажеттіі зейін  -  зердесін тәрбиелеу болып табылады.
Психологтар адамның ойлау операциясын екі түрге бөледі. Біріншісі - өмірдегі дайын өнімді игеру туралы ойлау операциясы. Мұны дайын өнімді көшірме меңгеру деп атайды. Жалпы алғанда, репродуктивті оқыту әдісі дегенімііз осы. Екіншісі  -  шығармашылық ойлау операциясы. Мұндай ойлау операциясы адам баласының өз еңбегі арқылы қажетті өнімді өзі жасау үшін қолданылады. 
Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1. Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.
2. Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.
3. Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.
4. Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.
Проблемалық мәселелердің дұрыс шешілгендігін тексеру, тиісті қорытындылар жасау.
Дәстүрлі оқыту әдісі бойынша мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, мазмұнын түсіндіреді, есептер шығартады, талдау жүргізеді, қорытынды жасайды. Ал, оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдайды, тапсырмаларды орындайды, керекті әдеьиеттермен танысады. Мұнда игеруге тиісті оқу мазмұны күні бұрын дайындалған күнінде оқушылардың қабылдауын талап етеді. Мұндай оқыту жүйесі репродуктивтік немесе дайын білім беру әдісі деп аталады.
Проблемалап оқыту әдісінің екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі, оқыту мақсатына байланысты, мұнда оқу материалының мазмұны зерттеледі, ол белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып, оқу программаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады. Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді.
Проблемалап оқыту әдісінде мұғалім кейбір теориялық материалды баяндай отырып, тақырыпқа байланысты мәселелерді оқушылардың өздерінің шешуіне жағдай жасайды, яғни проблемалық ахуал туғызады. 
Проблемалық ахуал - оқушылардың игерген білімі мен іскерлікті қалыптастырудағы қажетті ұғымдар мен фактілердің арасындағы сәйкессіздік. Информатика пәнінде оның негізгі көзі берілген есептің математикалық моделін жасау, алгоритмін құру болып табылады. Бұл кезде оқушылардың өзіндік шығармашылық әрекеті орындалады.
Проблемалық ахуалды қамтитын есептерді шығару барысында оқушылар шығармашылық іс - әрекет танытады. Бірақ кез  -  келген есептің қойылымы проблемалық ахуал болып есептелмейді. Оқу материалы проблемалық болуыы үшін келесі шарттар ескерілуі тиіс, яғни
  + проблемалық түсініклтілігі;
  + оның танымдылығы;
  + проблеманың мазмұны.


4  Модуль.   Мектептегі әдебиет апталығы.
№10  Дәріс.  Мектептегі әдебиет апталығы және оны ұйымдастырудың әдіс  -  тәсілдері 
Мақсаты:  Мектептегі  әдебиет  апталығын  өткізу  формалары  мен  апталық  барыснда  өткізілетін  шаралар  туралы  жалпы  мағұлмат  беру
Жоспар:
1. Әдебиет апталығының үлгі жоспары
2. Әдебиет апталығын өткізудің маңыздылығы

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: үйірме, сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер  т.б.
    Үйірме жұмыстары -   сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы  -  қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын  -  жазушылар да көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби  -  шығармашылық үйірмелерінің жас ақын  -  жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ. Әдеби  -  шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, <<Шешендік өнер>>, <<Айтыс>>, <<Термеші>> сияқты фольклорға негізделген түрлері  соңғы  кездерде тәжірибеге  көптеп енгізілуде. 
    Әдеби үйірмелердің бір түріне <<Кітап достары>> немесе  <<Кітап  -  білім бұлағы>> деген  үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, V  -  VIII сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері кітапханада арнайы көрме ұйымдастырып өткізеді. Мысалы, <<Құрметтейік те көтерейік ананы!>> (8- наурыз қарсаңында), <<Менің Қазақстаным>> (Республика күніне). Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып, төменгі сынып балдырғандарына әңгімелеп береді. Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы, жүйелі жүргізілуі керек. Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқудың мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді. Мысалы, <<Ұқыпты бала>>, <<Кітап жанашыры>>, <<Білгір>> (кітап көп оқитын), <<Шапшаң>> немесе <<Алғыр>> (кітапты тез әрі қатесіз оқитындар үшін) т.б. тақырыптарда. Жеіңмпаздарға қоғамдық ұйымдар, үйірме, мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде мадақтап отырғаны дұрыс. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соған үйретеді, дағдыландырады. 

№11  Дәріс.  Әдеби кештер ұйымдастыру жоспары
Мақсаты:  Мектептегі  әдебиет  апталығын  өткізу  формалары  мен  апталық  барыснда  өткізілетін  шаралар  туралы  жалпы  мағұлмат  беру
Жоспар: 
1.Әдеби кештер ұйымдастыру үлгісі

Көркем әдебиетті насихаттаудың, олардың маңызын жалпы танытуда сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі - әдеби кештер. дұрыс жүргізілген әдеби кештер  -  тәрбие және білім танымдылығы жолындағы тәрбие ісінің басты түрі. Кешті ұйымдастыру, жүргізу мақсаты әр жақты болады. Мәселен, әдеби оқу, сұрақ пен жауап кештері немесе шығарма қаһармандарымен кездесу,  шығарманы талдау, жазушы не  ақын шығармасына үңілуі, таныстыру. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мектеп кітапханашысымен бірлесе, оқу жылы бойынша жоспарлап, сол жоспарда әдеби кештер өткізеді. 
    Сынып ерекшелігіне қарай бір жылда үш кейде төрт рет кеш өткізіледі. Пән мұғалімдері жүргізілетін әдеби кештің мақсатын оқушылар білімін тереңдетіп, көркем әдебиет оқуға құмарлығын арттыруға негіздейді. Болатын әдеби кештің мақсатын оқушылар материалы дайындалғаннан кейін, сол пән бірлестігінің отырысында талқыланып, өту тәртібі белгіленеді. Жоспар жасалғанда, кеште баяндама жасайтын оқушы алдын-ала көрсетіледі. Оған әдебиетке икемді, көркем сөз өнерін сүйетін, құрметтейтін оқушыны белгілейді. Кеш болардан он күндей бұрын іріктеліп, хабарландыру ілінеді. Оған қосымша оқушылар кеште не мәселелер туралы сөйлеу керектігін қысқаша жазылады. Кешті әзірлеу, жүргізуде мынадай жұмыстар орындалады.
* Хабарлау. Кешке әзірлік, тиісті материалдар жинау, сұрыптау.
* Кешті жабдықтау. Жалдайтын шығарманың бірнеше данасын дайындау, нақыл сөз, дәйек сөз жазу, авторға байланысты оның шығармаларынан көрме, сайыс сұрақтар жасау.
* Кешті жүргізу. 
А) Кешті ашу.  (кіріспе сөз)
Ә)  Баяндама тыңдау және сол бойынша  талдау, пікір айту.
Б) Әдеби викторина: шағын концерт беру, сол шығармалардан көркем сөз оқу.
Г) Автор шығармашылығы туралы әдебиетші, ғалым, қаламдастарының пікірі. Кешке белсене қатысқан, тұжырымды пікір айтқан, шығарманы жан-жақты   түсінген оқушыларға кештің қорытындысы бойынша алғыс, мадақтау, ынталандыру сыйлықтары беріледі. 

№12  Дәріс.  Әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар
Мақсаты:  Әдебиет  пәні  бойынша  сыныптарға  сабақтан  тыс  беруге  арналған  жұмыс  түрлерімен  таныстыру
Жоспар:
1. Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру жолдары. Сыныптан тыс оқу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізудің іс-жоспары
2. Мектептегі әдебиет апталығы және оны ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері. Әдебиет үйірмесін құру және оған оқушыларды қамту жолдары

Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді. 
Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем  -  дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты  -  оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі. 
Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп. 
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: үйірме, сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер т.б.
Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы  -  қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын  -  жазушылар да көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби  -  шығармашылық үйірмелерінің жас ақын  -  жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ. Әдеби  -  шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, <<Шешендік өнер>>, <<Айтыс>>, <<Термеші>> сияқты фольклорға негізделген түрлері соңғы кездерде тәжірибеге көптеп енгізілуде. 
Әдеби үйірмелердің бір түріне <<Кітап достары>> немесе <<Кітап  -  білім бұлағы>> деген үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, V  -  VIII сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері кітапханада арнайы көрме ұйымдастырып өткізеді. Мысалы, <<Құрметтейік те көтерейік ананы!>> (8- наурыз қарсаңында), <<Менің Қазақстаным>> (Республика күніне). Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып, төменгі сынып балдырғандарына әңгімелеп береді. Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы, жүйелі жүргізілуі керек. Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқудың мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді. Мысалы, <<Ұқыпты бала>>, <<Кітап жанашыры>>, <<Білгір>> (кітап көп оқитын), <<Шапшаң>> немесе <<Алғыр>> (кітапты тез әрі қатесіз оқитындар үшін) т.б. тақырыптарда. Жеіңмпаздарға қоғамдық ұйымдар, үйірме, мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде мадақтап отырғаны дұрыс. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соған үйретеді, дағдыландырады. 
Үйірмелердің тағы бір түрі  -  мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады. Драма үйірмесіне мектеп оқушыоары ішінен өнерге бейімі бар балалар өз еркімен тартылады. Үйірмеде кемінде он бес мүше болады. Оқу жылы басында үйірме жетекшісі мектептің оқу  -  тәрбие жоспарын негізге ала отырып, жұмыс жоспарын құрады. Үйірменің мақсаты  -  жекелеген оқушының сан қырлы көркем дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету. Сол арқылы өнерге құлшынысын тәрбиелеу. Үйірме жұмысын жоспарлау көбіне жетекшінің жеке басының біліміне, өнеріне, режиссерлік қабілетіне байланысты. әрбір жетекші ең алдымен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын байқап, жас өнерпаздың қызығушылығын баулып, шығармашылық еңбекке йретеді. Үйірме сабақтарында мектеп бағдарламасына байланысты шағын пьесалардан үзінді, әдеби монтаж қойылымдары даярланады. Үйірменің жұмысы әр оқушының көркем білімін дамытуға әсерін тигізеді. Ал көркем білім ізгілік пен адамгершілікке негізделіп, оқушының нысанасы биік идеясын тәрбиелейді. Ендеше драма жанры бойынша әр сабақта оқушының алған білімі, драма үйірмесінде практикалық істермен ұласып, көркем білім негізін қалыптастырады. Мектептегі әдебиет үйірмесі - әдебиетке жақын, бойында сөзге, өнерге талпынысы бар талантты жастарды тәрбиелейді. Әдебиет үйірмесі де жыл басынан жоспарланып дайындалады. Әдебиет үйірмесін ұйымдастырғанда ұйымдастырушы жетекшілері алдына әртүрлі мақсат қоюы мүмкін. Әдебиет пәнімен оқушылардың үлгерімін арттыру, пәнді игеруге қызықтыру, білімдерін кеңейту, ақын-жазушылардың шығармаларын тереңірек білу мақсатында едәуір жұмыстар атқарып, қазақ әдебиеті тереңдете оқытуға үлес қосады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі тәрбиеге халықтың педагогикаға сүйене отырып мынадай жоспар құруға болады.


3 ТӘЖІРИБЕЛІК  САБАҚТАРДЫҢ  МАЗМҰНЫ

1 модуль.   Қазақ әдебиеті әдістемесінің қалыптасу, даму кезеңдері.
№1 тәжірибелік  сабақ.  Әдебиет пәнін оқыту тарихы мен теориялық бастау көздері.
Мақсаты:  12  жылдық  білім  беру  әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, методологиялық  -  теориялық негіздері  туралы мағлұмат беру. Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу, даму жолдары. Әдістемелік мұра және оны талдау әдістері туралы түсінік беру       
Жоспар:
1.Қазақ әдебиеті пәні  -  ғылыми әдістемесі
2. Қазақ әдебиеті әдістемесінің даму кезеңдері
Әдістемелік  нұсқау: Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түолілігін ашатын пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.

№2  тәжірибелік  сабақ.  Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі 
Мақсаты:  әдебиетті  оқыту  мәселесінің   теориялық негіздеріне шолу жасау. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің психология, педагогика, логика, философия ғылымдармен байланысын көрсету. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары туралы білім беру       
Жоспар:
1.Озық технологиялық әдістеме жүйесі пәні
2. Дәсүрден тыс оқыту және оның түрлері

Әдістемелік  нұсқау. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудың жалпыдидактикалық ұстанымдарына қоса, әдебиетті орта мектепте оқытудың жеке ұстанымдары да басшылыққа алынады:
* Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті туындыларын Қазақстанның жаңғыруы, ата-бабалар аңсаған еркіндік пен бостандық, патриоттық идея бағытында оқыту ұстанымы;
* Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін қазақ ұлттық сөз өнері мен оның дамуының, қарыштап қанат қағуының жаңа дәуірі бағытында оқыту ұстанымы;
* Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін Тәуелсіздік орнағаннан бергі кезең тарихы және тұтас <<Тәуелсіздік идеясымен>> тығыз байланыстылығы бағытында оқыту ұстанымы;
* Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі тарихы мен елдің мәдени даму барысы туралы ақпараттарды бірлікте ұстана отырып оқыту ұстанымы;
* Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін қазақ ұлттық және жалпыадамзаттық адамгершілік-эстетикалық құндылықтар бағытында оқыту ұстанымы;
* Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін нақты бір жазушының шығармашылығындағы дәстүрлілік пен жаңашылдықты меңгерту бағытында оқыту ұстанымы;
* Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін пән ішіндегі проза, поэзия, драматургия, сын салаларының өзара тығыз байланыстылығын сақтау бағытында оқыту ұстанымы;
* Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін пән тарихы мен теориясына байланысты негізгі ұғымдарды меңгерту бағытында оқыту ұстанымы;
* Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін жаңа оқыту технологияларын кең арнада қолдана отырып оқыту ұстанымы.

2 Модуль.  Қазақ әдебиеті пәнін оқыту барысындағы амал-тәсілдер 
№3  Тәжірибелік  сабақ.  Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдері.
Мақсаты:   Қазақ әдебиетін  оқыту әдістерінің түрлерін талдап көрсету. Дидактикалық  әдістер  және  олардың  топтастырылуы  туралы мағлұмат беру
Жоспар: 
1.Шығармашылық, эвристикалық оқу әдісі
2. Зерттеу, репродуктивті әдіс.

Әдістемелік  нұсқау. <<Әдіс>>  -   әдебиет сабақтарындағы мұғалім мен оқушының бірігіп атқаратын оқу-танымдық іс-әрекеті. Сабақ тақырыбына лайық дұрыс таңдалған әдіс арқылы оқушы жаңа блім мазмұнын игереді, жаңа білік-дағдыларға ие болады, қабілеті жетілдіріліп, белгілі бір дүниетанымдық көзқарасы қалптасады.
Қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын сапалы әдістер осы әдістің кішкене құраушы элементтері болып табылатын амал-тәсілдердің алгоритмдік қолданысы арқылы жүзеге асырылып қолданылады. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын әдістерді былайша жіктеуге болады:
* эвристикалық әдіс;
* ізденіс әдісі;
* репродуктивтік әдіс;
* продуктивтік әдіс;
* шығармашылық әдіс.

№4  тәжірибелік  сабақ.  Сабақ- оқу- тәрбие жұмысының негізгі түрі. 
Мақсаты:  Қазақ әдебиетін оқытудың формалары мен түрлері. Қазақ әдебиеті  сабақтары, Сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар,  сабақты ұйымдастыру жолдары. Қазақ әдебиеті  оқулығы. Қазақ әдебиетін  оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы
Жоспар:
1.Мұғалімге қойылатын талап
2. Сабақтың құрылымдық бөлімдері

Әдістемелік  нұсқау. Сабақ  -  орта мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың  негізгі түрі. Сабақ оқыту жұмысын ұйымдастырудың мақсатын, мазмұнын,  оқытудың әдістері мен жабдықтарын сипаттайды. Негізгі сипаттамалардың  ішінде сабақтың мақсаты негізгі роль атқарады. Оқушыларға математикалық  білім, білік, дағды қалыптастыру  -  оқытудың білім беру мақсатынан туындайды. Сабақ беру барысында математиканы оқытуды барынша  тиімді түрде ұйымдастыра отырып, жалпы, білім, білік, дағдының  қалыптасуына ықпал жасау керек. Мұғалім әрбір сабақтың тәрбие берерлік мүмкіндіктерін барынша мұқият талдауы қажет. 

№5  тәжірибелік  сабақ.  Сабақ және оған қойылатын талаптар.
Мақсаты:  Қазақ әдебиетін оқытудың   бір  түрі  сабақ  болып  табылады. Сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар,  сабақты ұйымдастыру жолдары. 
Жоспар: 
1.Сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарына көңіл бөлу
2. Сабақ талдау үлгілері. Сабақ талдаудың мұғалімнің шығармашылығына, шеберлігіне тигізер рөлі

Әдістемелік  нұсқау. Сабақтың мақсаты оның құрылымын анықтайды және сабақтың кезеңдерінің арасындағы байланысты орнатады, сабақтың бір бүтіндігін қалыпқа келтіреді.
Сабаққа қойылатын ең негізгі талаптардың бірі  -  оның мақсаттылығы.Математиканы оқыту әдістемесі жөніндегі әдебиеттерден ең алғаш сабақтыңдидактикалық мақсатттары, бұдан соң математиканың мазмұны арқылытәрбие берудің, оқушы білімін жетілдіруді көздейтін негізгі мақсаттартуралы ұсыныстарды табуға болады. Сабақтың мақсаты оқушыға түсініктіболуы керек. Сабақтың ұйымдастырылуы оқушыны қызықтырып,белсендігін арттыруы тиіс. Мектеп мұғалімі оқушының танымдықбелсенділігін арттыруға жеткілікті сабақ ұйымдастыруы керек. Сабақтыңжалпы мақсаты, мазмұны мен құрылымы жаңа сабақтарда байқалуы керек.

3  Модуль.    Қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технология түрлері.
№6  тәжірибелік  сабақ.  Жаңа стратегиялармен оқытудың жаңа технология түрлері.
Мақсаты:   Қазақ  әдебиеті  пәнін  оқыту  барысында  қолданылатын  оқытудың  түрлері  мен   жаңа  технологияларға  аса  мән  беру.  
Жоспар: 
1.Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде қолдану
2. Әр- түрлі стратегияларды қолдану.

Әдістемелік  нұсқау.  Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу - білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік - экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар жан - жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан - жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.
Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр бір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп, еліміздің көп жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру көзделген. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескеріп қанағаттандыру.

№7  тәжірибелік  сабақ.  Модульдік технология арқылы оқыту
Мақсаты:  Қазақ  әдебиеті  сабағында  модульдік  технологияны  меңгеру  тәсілдері.  Модульдік  технологияны  тиімді  қолдана  білу  жолдары
Жоспар:
1.Модульдік технологияның сипаты, құрылымы. Модульдік технология арқылы оқытудағы оқушының еркін түрде білім алуы
2. Модульдік технологияны сабақ үрдісінде қолдану және сабақ жоспарын дайындаудағы ерекшеліктер

Әдістемелік  нұсқау.  Модульдік оқыту технологиясы  -  білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Ал <<модуль>> дегеніміз  -  іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы <<модуль>> сөзі <<оқытудың мазмұны мен технологиясын>> білдіреді. <<Модуль мазмұны>> өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.
Модуль  -  оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.
Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады.
№8  тәжірибелік  сабақ.  Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Мақсаты:  Қазақ  әдебиеті  сабағында  сын  түрғысынан  ойлау  технологиясын  меңгеру  тәсілдері.  Модульдік  технологияны  тиімді  қолдана  білу  жолдары
Жоспар:
1.  Сын тұрғысынан ойлау технологиясының сипаты, құрылымы. 
2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақ үрдісінде қолдану 

Әдістемелік  нұсқау.  Сыни тұрғыдан ойлау  --  бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының  қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін  ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен  бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге  қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.

№9  тәжірибелік  сабақ.  Проблемалық оқыту әдістемесі.
Мақсаты:  Қазақ  әдебиеті  сабағында  проблемалық оқыту   технологиясын  меңгеру  тәсілдері.  Модульдік  технологияны  тиімді  қолдана  білу  жолдары
Жоспар:
1.  Проблемалық оқыту әдістемесінің сипаты, құрылымы. Проблемалық оқыту әдістемесі арқылы оқытудағы оқушының еркін түрде білім алуы
2. Проблемалық оқыту әдістемесінсабақ үрдісінде қолдану және сабақ жоспарын дайындаудағы ерекшеліктер 

Әдістемелік  нұсқау.  Педагогика ғылымының дамуында <<проблемалап оқыту>> әдісі кең таралған. Бұл әдісте оқыту және таным әрекеттері өзара бірлікте қарастырылады. Проблемалап оқытудың логикалық негізі ойлау формалары болып табылады. Бұл әдістің ьбасты мақсаты  -  информатика ғылымының негіздерін меңгеріп қана қоймай, информатика сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.
Проблемалап оқыту әдісі  -  оқушыларға пән мазмұнына байланысты дайын білімнің көшірмесін алуды үйрету емес, олардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін дамытуға негізделген.
Мұндағы басты міндет  -  оқушылардың ойлау жүйесін жаттықтыру ғана емес, олардың ойлау жүйесін өздерінің шығармашылық қабілеттері арқылы және игерген білім қорын одан әрі тереңдетуге қажеттіі зейін  -  зердесін тәрбиелеу болып табылады.
4  Модуль.   Мектептегі әдебиет апталығы.
№10  тәжірибелік  сабақ.  Мектептегі әдебиет апталығы және оны ұйымдастырудың әдіс  -  тәсілдері 
Мақсаты:  Мектептегі  әдебиет  апталығын  өткізу  формалары  мен  апталық  барыснда  өткізілетін  шаралар  туралы  жалпы  мағұлмат  беру
Жоспар:
1. Әдебиет апталығының үлгі жоспары
2. Әдебиет апталығын өткізудің маңыздылығы

Әдістемелік  нұсқау.  Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: үйірме, сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер  т.б.
    Үйірме жұмыстары -   сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы  -  қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын  -  жазушылар да көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби  -  шығармашылық үйірмелерінің жас ақын  -  жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ. Әдеби  -  шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, <<Шешендік өнер>>, <<Айтыс>>, <<Термеші>> сияқты фольклорға негізделген түрлері  соңғы  кездерде тәжірибеге  көптеп енгізілуде. 
    
№11  тәжірибелік  сабақ.  Әдеби кештер ұйымдастыру жоспары
Мақсаты:  Мектептегі  әдебиет  апталығын  өткізу  формалары  мен  апталық  барыснда  өткізілетін  шаралар  туралы  жалпы  мағұлмат  беру
Жоспар: 
1.Әдеби кештер ұйымдастыру үлгісі

Әдістемелік  нұсқау.  Көркем әдебиетті насихаттаудың, олардың маңызын жалпы танытуда сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі - әдеби кештер. дұрыс жүргізілген әдеби кештер  -  тәрбие және білім танымдылығы жолындағы тәрбие ісінің басты түрі. Кешті ұйымдастыру, жүргізу мақсаты әр жақты болады. Мәселен, әдеби оқу, сұрақ пен жауап кештері немесе шығарма қаһармандарымен кездесу,  шығарманы талдау, жазушы не  ақын шығармасына үңілуі, таныстыру. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мектеп кітапханашысымен бірлесе, оқу жылы бойынша жоспарлап, сол жоспарда әдеби кештер өткізеді. 

 №12  тәжірибелік  сабақ.  Әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар
Мақсаты:  Әдебиет  пәні  бойынша  сыныптарға  сабақтан  тыс  беруге  арналған  жұмыс  түрлерімен  таныстыру
Жоспар:
1. Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру жолдары. Сыныптан тыс оқу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізудің іс-жоспары
2. Мектептегі әдебиет апталығы және оны ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері. Әдебиет үйірмесін құру және оған оқушыларды қамту жолдары

Әдістемелік  нұсқау.  Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді. 
Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем  -  дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты  -  оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі. 



4 СТУДЕНТТЕРДІҢ  ӨЗДІК  ЖҰМЫСЫ
СОӨЖ тапсырмалары және оны орындауға әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Қазақ тілін оқыту әдістемесінен СОӨЖ орындаудың ерекшеліктері  -  тәжірибелі мектеп мұғалімдерінің әдістемелерін терең талдаудан өткізе отырып, студенттің оған сыни көзқараспен қарау дағдысының қалыптастырылуы.  
Студенттер қазақ тілін оқыту әдістемесін оқуы барысында қазақ тілі мұғаліміне тән болуы тиіс деп саналатын іскерліктерді қалыптастырады. Қазақ тілі мұғаліміне тән негізгі іскерліктерге мыналар жатады:
* Мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ тілін оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай білу іскерлігі;
* Әрбір сынып оқушыларының қазақ тілін өз ана тілінің теориялық болмысы ретінде игеру психологиясы мен жас ерекшелігі психологиясын, физиологиялық, жеке бас ерекшелігін баланың қабілетімен байланыстыра алу қабілеті мен іскерлігі;
* Әрбір қазақ тілі сабағының білімділік, тәрбиелік, дамытушылық потенциалын мүмкіндігінше толыққанды жүзеге асыру жолдарын тану;
* Оқу-танымдық процестің заңдылықтарын негізге ала отырып, оқушының танымын кеңейтетін, ойлауын дамытатын, тілін дамытатын танымдық, лингвистикалық, дидактикалық, пән мен оның ішіндегі жекелеген тақырыптардың өз ерекшеліктерінен туындайтын әдістер мен тәсілдер жүйесін тиімді қолдана білу іскерлігі;
* Қазақ тілінен берілетін ғылыми материалдың эиприкалық деңгейде қалып қоймай, оның теориялық деңгейге қарай ұласу жолдарын тану мен ұйымдастыра алу іскерлігі;
* Сабақтағы оқу материалының сабақтан тыс жұмыспен байланыстылығын сақтай білу іскерлігі;
* Жаңашыл әдістерді сабақтарда қолдана білу іскерігі.
Бұған қоса, студенттер сұрақты дұрыс қоя білу, бір сабақта түрлі әдістерді үйлесімді де тиімді қолдана білу, оқушының дәптерлерін жүйелі тексеру, оқыту технологиясын сабақта бірізді және орынды қолдана білу, әр сабақты ғылыми тұрғыдан талдап, сараптай білу іскерлік дағдыларды меңгерулері тиіс.
СОӨЖ орындау барысында студент әдістемені зерттеу бағыттары мен зерттеу әдістерін саралап тани білу керек. Қазақ тілінен тәжірибе жасау, оның нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыдан талдай білу дағдылары да осы курс барысында қалыптастырылады.
              СӨЖ тақырыптары мен мазмұны
                                       
                                   № р/б
                            СӨЖ тақырыбы
                             СӨЖ мазмұны
                          Өткізу мерзімі
                                  (апта)
                       Қойылатын баллдар
                                       1
                                       2
                                       3
                                       4
                                       5
                                       1
          Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі.
Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі бойынша реферат дайындау.


                                       2
Қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технология түрлері.
Қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технология түрлеріне сабақ жоспарларын құрастыру.


                                       
                                       
СӨЖ  тапсырмалары  және  СӨЖ  бойынша  әдістемелік  нұсқаулар
      СӨЖ  бойынша  әдістемелік  нұсқаулар
                                       
<<12 жылдық білім жүйесінде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>>курсының негізгі мақсаты  -  студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру. СӨЖ орындау барысында:
* Қазақ тілі оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары туралы мағлұмат  алу;
* Әдістемелік мұра және оны танып-талдау;
* Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалымдар еңбектерінің маңызын түсіну;
* Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы ғалымдар еңбектерінің орнын тану;
* қазіргі кезеңдегі әдістемелік еңбектерге шолу, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, әдістемені заман талабына сай жаңарту сияқты мәселелер қамтылуы тиіс. Пәнді оқу нәтижесінде ана тілі ретіндегі феномендік ерекшелігіне байланысты оқыту заңдылықтарын меңгеру қажет.

                         Бақылау түрлері
                       Тест тапсырмалары
1-нұсқа
* Әдебиеттен білім беруде пәнаралық  байланысқа  жүгінетін жағдай:
А)өтілетін тақырыпты тереңдете  бергісі келгенде
В)өтілетін білім мазмұны толықтыруды , байытуды қажет етсе
С)оқушылардың   эмоциясына әсер еткісі келгенде
Д)оқушылардың мәдениеттілігін көтергісі келгенде
Е)оқушылардың қабілеті  мен дарынына әсер еткісі келгенде
2.Естуге негізделген көрнекіліктер: 
А)фотографиялар
В)альбомдар
С)музыка туындылары
Д)мүсін 
Е)макеттер
3.Әдебиеттік оқу сатылары:
А)дауыстап оқу
В)әдебиеттің тарихи курсын оқу
С)шығармаларды мазмұндау
Д)мазмұндап оқу
Е)шығармашылық оқу
Ғ)әңгімелеп оқу
4.Көркем туындыны талдау барысындағы  әдеби кейіпккерлерді   оқып- үйренуде басшылыққа  алынатын ұстанымдар:
А)қазақ халқының  саяси-әлеуметтік ,философиялық талап-тұжырымын таныту
В)шығарма тілінің көркемдігін ерекшелігіне байланыстыру 
С)гуманистік көркемдік шығармалардың  басты мақсатты түрде алынуы
Д)рухани  - адамгершілік тталаптар қою ұстанымдарын жетілдіру 
Е)шығарманың кейіпкерлер жүйесін  түр мен мазмұн  бірлігінде  қарастыру
Д)тәлім-тәрбиелік мәніне назар аудару
5.оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетіндегі  басты  мәселелер:
А)сауатты жаза білу
В)сұраққа толық жауап беру
С)мақал-мәтелдерді жатқа білу
Д)Жазбаша ресми тілде  жеткізу
Е)жергілікті тіл ерекшелігін жиі  қолдану
Ғ)мәнерлеп оқи білу
6)8-9 сыныптардағы сабақтан тыс оқуларда негізге  алынатын сабак формалары:
А)ойын сабағы 
В)бақылау емтихан сабақтары
С)жәрмеңке сабақ
Д)семинар сабак
Е)пікірталас сабақтары
7.мектеп оқушыларының әдебиет сабағы бойынша ғылыми ізденіс терінің бастауы :
А)реферат жазу
В)әңгіме жазу
С)шығарма жазу
Д)бақылау  жұмысын жазу 
Е)баяндама жазу
8.Әдебиет мұғалімі өз сабағында айрықша көңіл бөлуге тиіс мәселелер :
А)жаңа ұғымдар 
В)проблеманы шеше білу
С)Алда тұрған мақсаттар
Д)берілетін оқу мазмұнының  ғылымилығы
Е)сабақтың  өмірмен , қоршаған ортамен байланысы
9.әдебиет сабағындағы  ең   басты  жұмыстарддың бірі:
А)көркем шығаманы жатқа  айту
В)ой-толғау,эссе жазу
С)дауыстап оқу 
Д)мазмұндама жазу
Е)көркем туындыдан әсер алу
Ғ)шығарманы бітім  -  болмысымен түсіну
10.көркем шығарманы іштей оқудың жүйесі:
А)дауыстап оқу
В)көзбен оқу
С)тексті рөлмен  оқу
Д)шұбыртпа оқу
Е)талдай оқу
Ғ)көрмей оқу
11.көркем шығармаларды өтудегі  шығармашылық  ізденіске баулитын тапсырмалар : 
А)баға беру (өз шамаларынша)
В)сұрақ-жауап
С)мазмұндама жазу
Д)баяндама  жасау
Е)рецензия жазу
Ғ)жаттығумен жұмыс
12.әдебиет  сабағының ең басты мақсат-міндеттердің  бірі:
А)уақытты тиімді  өткізу
В)мұғалімнің шеберлігі
С)имандылық
Д)әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдауы 
Е)өз бетінше орындауы
Ғ)оқушылардың киіміне  көңіл бөлу
G)көрнекілікті тиімді пайдалану
13.кіріспе жұмыстарының  түрлері:
А)тарихи шындық  пен көркемдік  шындық арасалмағы  жайындағы әңгіме
В)көне дәуір әдебиеті  жайындағы  әңгіме
С)адамзат жайындағы  түсінік 
Д)мәтін тұсында берілетін тақырыптық  - текстологиялық (сөздік) түсінік 
Е)жазушының  өмірбаяны мен творчестволық  жолы жайындағы түсінік
Ғ)халық  өмірі  жайында түсінік
)адам өмірі жөніндегі  түсінік
14.әдебиет пәнін оқытудағы әдістер:
А)есептеу жұмысы
В)баяндау әдісі
С)сыныптағы оқушылар ұғымы
Д)түсіндіру
Е)сабақтың сапалы жүйесі
Ғ)аударма жұмыс
)сызба жұмысы
15.оқушыларға  қойылатын сұрақтар сипаты:
А)әңгімелесу
В)сөз өнері
С)сыншыл
Д)баяндау 
Е)салыстырмалы
Ғ)проблемалық
)жасына сай
16.әдеби-шығармашылық  үйірмелердің  фольклорға  негізделген түрлері:
А)көкпар
В) <<терме>>
С)зергерлік өнер
Д) <<шешендік өнер>>
Е) <<Айтыс>>
17.сабақ жоспарының  басты құрылымдық элементі:
А)мәнерлеп оқу
В)бақылау жұмыстары
С)сабақтың мақсаты  
Д)ұйымдастыру кезеңі
Е)жаңа сабақты түсіндіру
18.драмалық  шығарманы  оқытқанда мұғалімнің  назар аударатын мәселелері:
А)шығарманың  сюжеті
В)кейіпкердің характері
С)кейіпкердің киім үлгісі 
Д)кейіпкердің тұрмыс жағдайы
Е)кейіпкердің  мінезі
19.оқулық бойынша берілетін тапсырма түрлері:
А)ғылыми еңбектердегі пікірлерді саалыстыру
В)өз беттерімен тақырып материалдарына сұрақтар әзірлеу
С)тақырып бойынша  сұрақтарға жауап
Д)қосымша  материал бойынша  хабарлама жасау
Е)ғылыми  еңбектен конспект  жасау
Ғ)тақырыптарды оқу,мазмұндау
20. педагог-жазушы
А)с.Көбеев
В) <<Қалың мал>> романының  авторы
С)Ш.Құдайберрдиев
Д)Ш.Жәңгіров
Е) <<Үлгілі бала>> кітабының авторы
Ғ) <<Үміт еткен көзімнің нұры,балам>> өлеңінің авторы
21.оқыту барысының нәтижелі болу шарттары:
А)қызметіне
В)тыңғылықты  дайындығына 
С)өзіндік жұмыста
Д)сұрақ қоюына 
Е)шеберлігіне
Ғ)әдістемесіне
22.1966 жылдары жаңаша оқытуға негізделген бағддарламалардың  авторы:
А)Ә.Дайырова
В)Ә.Қоңыратбаев
С)А.Ысқақов 
Д)М.Балақаев 
Е)С.Қирабаев
Ғ)Т.Ақшолақов
)А.Көшімбаев
23.қазақтың ұлттық санасын оятуға үлес қосқан қазақтың ағартушы- демократтары: 
А)Шоқан,Абай,Ыбырай
В)Шәкәрім,С.КөбеевС.Торайғыров
С)Д.Исабеков,С.Мұратбеков
Д)М.Әуезов,Ә.Кекілбаев
Е)А.Байтұрсынов,М.Дулатов, М.Жұмабаев
24.1931-1932 ж БКП(б) орталық комитеті  шығарған қаулының  мақсаты:
А)арнайы  бағдарламалар  оқыту 
В)әдебиетті тереңдетіп  оқыту 
С)сыныптан тыс оқыту
Д)оқулықтар арқылы  оқу тиімділігін арттыру
Е)М.Әуезов  еңбектері арқылы оқыту
25.М.Әуезов стилін айқындайтын шығармасы:
А)ХІХ ІІ жартысында қамтитын шығарма
В)С.Мұқанов жайындағы шығарма
С) <<Қараш-қараш оқиғасы>> повесі
Д) <<көксрек>> әңгімесі 
Е)Қазақтың бас ақыны жайындағы шығарма
Ғ) <<Абай жолы>> романы


2-нұсқа
1.Қ.Бітібаеваның оқу құралдары
А) <<М.Әуезов әңгімелерін мектепте оқыу>> (2003)
В) <<Әдебиетті оқыту  методикасының  очерктері>> (1962)
С) <<4-7 сыныптарда әдебиетті оқыту  методикасы>> (1987)
Д) <<Көркем  шығарманың айшықтарын таныту>> (1998)
Е) <<Қазақ  әдебиетін  оқыту әдістемесінің  ғылым ретінде  қалыптасуы  мен дамуы>> (2004)
2. <<таза бұлақ>> , <<Өзен>> шығармаларының авторы:
А)Ғабит Мүсірепов
В) <<Қазақ хрестоматиясының>> авторы
С) <<Ескендір>>  поэмасы
Д)Сәбит Дөнентаев
Е)Абай Құнанбаев
3.Мектепте  әдеби білім беру  бірізділік  принциптерінің   кезеңдері (сынып бойынша)
А)2-кезең 5-8 сыныптар
В)6-кезең  7-9 сыныптар
С)4-кезең 1-3 сыныптар
Д)5-кезең  1-7 сыныптар
Е)7-кезең  7-11 сыныптар
Ғ)8-кезең  11 сыныптартар
4.Қазақ әдебиетін оқыту  әдістемесі  ғылымының  бастауында  тұрған  әдістер  ғалымдар:
А)С.Дүйсенбаев
В)А.Көшімбаев
С)Қ.Бітібаева
Д)Б.Әрінова
Е)Қ.Айтқалиев
Ғ)Г.Құрманбаева
5.Мектепте әдеби білім берудің  үшінші  кезеңінің (9-11 сыныптар) мақсаттары:
А)мазмұндауға үйрету
В)әдебиеттік ғылымнан білім беру
С)оқушының көркем  мәтінді мазмұндауға үйрету
Д)көркем сөздің  көркем шығарманың  маңызын таныту
Е)оқушыны жаза  білуге үйрету
Ғ) көркем сөздің  көркем шығармалардағы рөлін таныту
6. Әдіс- тәсілдерді  үйлестіре қолданудың ерекшелігі : 
А)оқушылар  жалықпайды
В) көркем тілінің  дамуына кедергі болады.
С) тақтамен жұмыс азаяды
Д)кітаппен жұмыс жасауға мүмкіндік азаяды
Е)оқушының белсенділігі артады
7.драмалық шығармаларды  оқытуда  қолданылатын әдістері:
А)пьесадағы  негізгі тартысты  анықтау
В)ұғыну
С)басты кейіпкерлерге  мінездеме беру
Д)иллюстрация  және көрнекілік
Е)түсіну
8. әңгімелеудің түріне қойылатын талаптар:
А)анық,айқын  түсінікті етіп айту
В)мәнерлеп,көркемдеп айту
С)ақырын,сыбырлап сөйлеп
Д)әңгімені өз жадынан  әігімелеу
Е)эмоцияға беріліп сөйлеу
9.Көркем шығармалардың  қыр-сырын  танып білу  үшін  қалыптасқан талдау  жүйесі:
А)мазмұндық  - тақырыптық талдау
В)саяси-хронологиялық талдау
С)кейіпкерлік  -  бейнелік талдау
Д)әлеуметтік-программалық талдау
Е)прозалық-поэзиялық талдау
Ғ)мазмұнын айтқызу
10.Көркем шығарма  тілін талдаудың  буындары:
А)қахарманның тілі
В)автор тілі
С)тіл анықтамасы
Д)оқырман тілі
Е)өзге ұлт тілі
Ғ)бейнелі тіл
11.әдебиетті оқытудың ауызекі  әдістері
А)шығарма жазу
В)мазмұндама жазу
С)жазбаша жаттығулар
Д)мәнерлеп оқу
Е)пікірлесу
Ғ)сұхбат
12.Әдебиет сабағы барысында мұғалімді ойландыратын мәселелер:
А)оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау
В)берілген материалды тиімді әдіспен жеткізе білу
С)тәртібін қадағалау
Д)оқушылардың жақсы түсінгендігін ескеру
Е)оқушылардың сөйлеу мәнеріне көңіл бөлу
Ғ)оқушылардың келбетіне көңіл бөлу
)оқушылардың киіміне көңіл бөлу
13.Оқушылардың сөздік қорын дамытуда қолданылатын сөздік түрлері:
А)аударма сөздік
В)фразеологиялық сөздіктер
С)энциклопедиялық сөздіктер
Д)орысша-қазақша сөздіктер
Е)орфоэпиялық сөздік
Ғ)орфографиялық сөздік
)түсіндірме сөздік
14.Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты:
А)әдістемелік проблемаларды шешу
В)модульді меңгереді
С)рөлдік оқуға үйрету
Д)оқушылардың білімін кеңейтеді
Е)тілін байытып,кітапқа құштарлығын артырады
Ғ)пәндердің жүйелі оқытылуы
15.Модуль сөзінің мағынасы:
А)шама
В)дамыту
С)өлшеме
Д)баска өнер түрлерін айыра білуге тәрбиелеу
Е)зерттеу
Ғ)өнерге тәрбиелеу
)тіл арқылы тәрбиелеу
16.Педагогикалық практикада ұштасатын білімнің негізі
А)аулада
В)колледжде
С)үйде
Д)университетте
Е)институтта
17.педагогикалық практика кезінде практикант-студенттің тығыз жұмыс жасайтын адамдары:
А)оқушылар
В)мектеп  басшылығы
С)мұғалімдер
Д)кфедра меңгерушісі
Е)ата-анасы
18.қазақ әдебиеті сабағындағы жазбаша  жұмыс түрлері:
А)баяндау
В)мінездеме
С)конспект
Д)мәнерлеп оқу
Е)пікір жазу
19.ғылыми еңбектер  ,қосымша материалдар бойынша  берілетін  тапсырмалар:
А)тақырыптарды оқу,мазмұндау
В)конспект жасау
С)негізгі оқиғаларды  сұрыптап ала білу
Д)кейіпкерлердің сөйлеу  тілін жауаптарда пайдалану 
Е)дәйексөз алу
Ғ)хабарлама жасау
20.1914жылы шыққан <<Қирағат>>  оқулығының авторы
А) <<Маса>> жинағының авторы
В) <<Бақытсыз жамал>> романының авторы
С) <<Айтыс>> поэмасының авторы
Д)С.Торайғыров
Е) <<Оян ,Қазақ>> жинағының авторы
Ғ)М.Дулатов
21. 1921 жылы А.Байтұрсынұлы  әдебиет  хрестоматиясын  жазууды тапсырған ақын-жазушылар.
А) <<Шұғаның белгісі>>, <<Көксерек>>  шығармаларының авторы
В)І.Жансүгіров,С.Мұқанов
С) <<Қызыл ат>>, <<Шернияз>> шығармаларының авторы
Д) <<Азамат Азаматыч>>, <<Хан Кене>>  шығармаларының авторы
Е) <<Көкшетау>>, <<Қартқожа>> шығармаларының авторы
Ғ)С.Сейфуллин Ж.Аймауытов
22.Әдебиеттану ғылымының  негізін садлған , тұңғыш  әдебиет   теориясын жазған ғалым:
А) <<Ескендір>> поэмасының авторы
В) <<Қырық мысал>> , <<Маса>> жинактарының авторы
С) <<кедей>> поэмасының авторы
Д) <<Әдебиет танытқыш>> кітабының авторы
Е)Мағжан Жұмабаев
Ғ)Ахмет Байтұрсынов
23.1930  жылы Қызылорда  басылған <<Жеткіншек>> оқу  құралының авторы
А) <<Оян,қазақ>> жинағының авторы
В)М.Әуезов
С)М.Дулатов
Д)А.Байтұрсынов
Е)С.Мұқанов
Ғ) <<Хан Кене>>  драмасының авторы
24. <<Абай- қазақтың классикалық поэиязысының  шұғылалы  шыңы>> деген жолдардың авторы:
А) <<Оян,қазақ>> жинағының авторы
В)М.Әуезов
С)М.Дулатов
Д)М.Мырзахметұлы
Е)С.Сейфуллин
Ғ) <<Абай жолы>> романының авторы
) <<Қорғансыздың күні>> әңгімесінің  авторы
25. Әдебиетті оқытудың негізгі  факторлары :
А) Жаңа әдістермен тәсілдерді қолдану іске  асырылады
В)психологиялық 
С)таптық тұрғыда түсіндіру
Д)экологиялық 
Е)ҚР. Білім заңына ,мемлекет белгілеген  мақсатқа  сәйкес айқындалады
Ғ) ақын-жазушылардың   көптігі

5. ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ

Өзгерістің рет нөмірі
Құжаттың тарауы, пункті
Өзгеріс түрі (ауыстыру, жою, қосу)
Хабарламаның нөмірі және күні
Өзгеріс енгізілді




Күні
Аты-жөні, қолы, қызметі










































6. ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ТАНЫСУЫ
№
о/қ
Қызметі
Аты-жөні
Уақыты
Қолы
Өзгерту №
Уақыты
Қолы
































































































































































































































































































                                       



Пәндер